The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sanvia, 2018-11-11 09:32:14

6seidimbekov a_ kungir kungir kumbezder

6seidimbekov a_ kungir kungir kumbezder

дігімен, асыл дәстүрімен жаңа заманымызға қызмет
етіп, жаңғыра түлеп отырғанын көреміз. Демек, халық-
тың тарихи шежіресін, этногенетикалық арқауын, ру-
хани дәстүрін тереңнен тартып, сабақтастықта карау,
прогресшіл мұраларын бүгінгі дамуымыздың ұлы
керуеніые теңдей білу —болашаққа бой көтерген мә-
дениетіміздің тұғыр тасын орнықтыру деген сөз. Ал,
қазақ халқының бүгінгі таңдағы түрі ұлттық мазмұны
социалистік мәдениеті кезінде небір кертартпа нигилис-
тік пікірлер тудырған психологиялық тосқауылдарды
жеңе отырып, жарқын болашаққа үдере тартып бара
жатқанын көзіміз көріп отыр.

3. Түйін. Осы тұста жоғарыда сөз болған ой тора-
бына қайтадан бір зер салып, түйін жасай кету кажет
секілді. Сонда, желі тартып, жалғасып жатқан үш ой-
дың шоқтығы көңіл көзіне шалынуға тиіс. Бірінші, дәс-
түрдің тағлымы, дәстүрдің тарихи мәні сөз болды. Екін-
ші, дәстүрдің сабақтастығы, сол дәстүрді дүниеге әке-
летін ұрпактардың сабақтастығы айтылды. Үшінші, ту-
ған дала төсінде алыс заманалардан бері қарай тар-
тылған материалдық және рухани мұралардың мол
үлгісінің бар екенін, бұл мұралардың өзіндік тарихи
ерекшеліктерінің барын айттық. Осынау желілі үш ой-
дың үшеуі де, сайып келгенде, дамудың жарқын жолы-
на түскен халқымыздың рухани тегін тарихи аспектіде
зерделету үшін айтылып отыр. Өткенге ұдайы диалек-
тикалық-материалистік зердемен назар аудару—бүгін-
гі тіршілік-тынысымыздағы, рухани өміріміздегі кемел-
дікті орнықтырады, болашағымызға сеніммен қа-
ратады.

V. ҮҢГІРТАНЫМ

Біз зәрезап күй кешеміз! Біз көк түнеріп, күн қа-
бағын түйсе де, жер мен теңізден жүрек жалғар
талшық табу мұң болады-ау деп қорқамыз. Біз
салқын жатағымызды жайлап алатын жоқшылық
пен аштықтан қорқамыз. Біз күн сайын жаны-
мыздан табылатын ауру-сырқаудан қорқамыз.
Біз өлген адамдар мен аулаған аңымыздың шы-
бын жанынан қорқамыз. Сондықтан да біз
ата-бабаларымыз бұрынғы өткен ұрпақтардың
өмір тәжірибесі мен даналығын тірек еткен... Ал
біз болсақ ештеңе де білмейміз, дуалаушылары-
мыздың көптігіне қарамастан, нені бажайлап біл-
месек, соның бәрінен қорқамыз. Сондықтан да біз
салтымызды сақтаймыз, тәртібімізді бұзбаймыз.
Ауа, эскимос бақсысы.

(Саяхатшы Қнуд Расмусеннің жазбасынан)

Төстік қашып келеді. Кемпір қуып келеді. Бір
мезгілде тау қаңбақтай ұшады, тас бұршақтай
жауады. Шалқұйрықтың қүйрығына қазандай қа-
ра тас орала кетеді. Шалқүйрықтың шапқан сал-
мағына шыдамай, қара жер қақ айырылады.
Шалқүйрық пен Ертөстік жер астына түсіп кетеді.

("Ертөстік" ертегінен)

1. Спелеология—үңгір тану. Үңгірлер туралы ілім.
Бұл — дәл осы мағанасында бүгінгі ғылым тіліне
орныққан ұғым. Орныққанды айтамыз-ау, спелеология-
ның өзі сала-сала болып, небір ғылыми пайымдауларға
өріс ашып беріп отыр. Иә-иә, тас қараңғы үңгірден де
ойға өріс, ұғымға тиянақ табылады екен. Қазір тірші-
ліктің даму эволюциясы туралы айтылатын пәтуалы пі-
кірлер ішінде үңгір мағлұматтарына сүйеніп көлденең
тартылған небір келелі ойлар бар. Үңгірлердің өсімдік
және жануарлар дүниесі ғалымдардың кұмарта зерттеп
жүрген объектісі. Керек десеңіз, жүрегі ауырғандарға
спелеотерапия қолдану — бүгінгі медицина жетістігі
ұсынып отырған жаңалықтардың бірі. Тіптен спеле-
олог ғалымдарды былай қойғанда, табиғат ғажайып-
тарымен таныстыру үшін маманданған экскурсовод
спелеологтар шыға бастады.

Ең кереметі сол адамзат баласының алғашқы сезім-
түйсігіне, алғашқы ұғым-түсінігіне, алғашқы қабілет-

51

дарынына айғақ болар ғаламат белгілер де үңгірлер-
ден табылып отыр. Содан да болар, Ленинградтағы
Мемлекеттік Эрмитажда тұрған, осыдан қырық-отыз
мың жыл бұрын мамонттың азу тісінен жасалған әйел
бейнесіне «Костенков Шолпаны» деген ат беріліпті.
Жо-жоқ, бұл әзіл үшін қойылған есім емес. Бұл аса
дарынды суретшілер мен мүсіншілердің қолынан шық-
қан әйгілі мадонналар мүсінінің алғашқыларынын бірі
болғандықтан, әйел-ана сұлулығына сүйсінудің
алғашқы нышаны болғандықтан, керек десеңіз, Ана-құді-
ретті мадақтайтын жер бетіндегі алғашқы белгі болған-
дықтан Эрмитаждың төрінде тұр. Жай тұрған жоқ,
«Костенков Шолпаны» деген есімді иемденіп, төңірегі-
не асқақ әндей әсер төгіп тұр. «Костенков» дейтіні осы-
нау әйел-ана мүсінін жасаған ежелгі қауым адамы
қазіргі Воронеж облысының Костенков дейтін жерінде
ғұмыр кешіп, ғажайып мұрасын қалдырған. Бұл сияқ-
ты палеолит заманында сүйектен ойылған әйел мүсіні
дүние жүзінде 150-ден астам (11, 45).

Қазір дүние жүзіне аты мәлім айтулы үңгірлер бар.
Бұл үңгірлер ғажайып бітімімен немесе тереңдік-кең-
дігімен ғана белгілі емес, ең бастысы адамзат баласы-
ның рухани әлемінен алғашқы белгілерді жеткізуімен
таң қалдырып отыр. Әсіресе, үңгір ішіне салынған
суреттер өзінің көнелігімен, алғашқы қауымдық құры-
лыс адамдарының ұғым-түсінігіне куә болуымен, орын-
далуындағы айырықша сипаттарымен назар аударады.
Бүгінгі таңда археолог, өнер тарихын зерттеуші ғалым-
дардың тілінде «Үңгір суретшілері», «Алғашқы қауым
бейнелеу өнері» деген ұғымның орнығуына да соңғы
кезде үңгірлерден табылған суреттердің молығуы себеп-
ші болып отыр. Алғаш рет 1868 жылы испан археологы
Марселино де Савтуола әйгілі Альтамир үңгірінің пале-
олит (мадлен) дәуірінен жеткен ғажайып суреттерін
ашқанда, Арлэ сияқты ғұлама палеонтолог қарсы шық-
қан. Альтамир үңгіріндегі шынайы шеберлікпен салын-
ған жабайы сиырлар палеолит дәуіріндегі адамдардың
қалдырған мұрасы дегенге бет бақтырмаған-ды. Алай-
да, бір ғана дәлелді мойындамауға болар, егер ондай
дәлел он, жиырма, одан да көп болса ше? Әрине, онда
айғақтар жиынтығы белгілі бір ғылыми ойды орнықты-
рар тұғырға айналса керек. Үңгір адамдары мен бүгінгі
адамдар арасындағы уақыт шалғайлығынан болар,
адамзат баласының үңгірден кұтылуы қаншалықты

52

азапты кезеңдер арқылы жүзеге асса, сол үңгірден бас-
талатын рухани мұраны танып-білудің жолы да шытыр-
ман. Палеолит дәуірінің адамы шыққан үңгірге ғылы-
ми-техникалық революция дәуірінің адамы кіріп, өзінің
рухани тегін білуге ден қоюы таным- эволюциясындағы
елеулі кезең еді. 1901 жылы дүние жүзіне әйгілі Кам-
барелль және Фон-де-Гом үңгірлері ашылды. Әсіресе,
Фон-де-Гом үңгірінің іші қызыл, қара, түрлі-түсті бояу-
мен салынған бизонның, жабайы жылқының, мамонт-
тың, солтүстік бұғысының небір ширыққан суретіне
толы еді. Ал Камбарелль үңгірінің 216 метрлік ұзына
бойы аңдар мен адамдардың 400-ге тарта ойма суретіне
толы болатын. Бұл суреттердің қай-қайсысы да тамаша
орындалуына, жануарлар бітімі мен қимылындағы
шынайылығына, молдығына, көнелігіне қоса сол кездегі
адамдардың тіршілік-тынысынан, ұғым-түсінігінен жой-
дасыз мол мағлұмат беруімен құнды еді. Мұнан әрі
1914 жылы Г. Францияда «Ағайынды үшеу» деп атала-
тын үңгірді ашты. Белгілі спелеолог Норберг Костерэ
1923 жылы Монтеспан үңгірінің қабырғасынан зубр,
бұғы, мамонт сияқты аңдардың суретін, аюдың мүсінін
тапты. Әрине, бұл кезде алғашқы қауым адамдары
қалдырған үңгір суреттері археолог, тарихшылардың
пәтуалы пікіріне тамаша айғақ ретінде қызмет ете бас-
таған.

Алайда, спелеология тарихындағы ең ірі жаңалық
1940 жылы ашылды. Бұл — Франциядағы әйгілі Ласко
үңгірі болатын. Мұндағы суреттердің молдығы да, көне-
лігі де Альтамира үңгірінен әлде қайда басым еді. Лас-
ко үңгіріндегі суреттердің кереметтігі сонда үңгірге кір-
ген адам бейне бір палеолит дәуіріне тап болып, он-
дағы адамдар мен аңдар арасындағы тіршілік үшін ай-
қасқан қан-касап арпалысты көріп тұрғандай күй кеш-
пек. Найза тиіп, ішек-қарнын шұбата сүйреткен бизон,
шүйдесі күжірейіп жер тарпыған мүйіз тұмсық, осынау
дүлей күш иелерінен жазым болып жан тапсырған
адам, бәрі-бәрі тіршілік үшін жанкешті болмыс-бітім-
дерімен жүрек сыздатады.

Ласкодағы палеолит дәуірінің ғажайып бейнелеу
өнеріне көп ұзамай-ақ «Алғашқы қауым бейнелеу өнері-
нің Сикст капелласы» деп айдар тақты. Микеланджело-
ның әйгілі фрескаларымен бұлайша батыл салыстырып
ат қою тегін емес те еді. Өйткені осы үңгірлердегі бей-
нелеу өнері оны дүниеге әкелген адамдардың ізденіс-

53

талпыныстарын, творчестволық ерік-күшін толық біл-
діріп тұр (68, 17).

Спелеологияның алғашқы айтулы жаңалықтары
бастапқы кезде алыпқашты мақтан сөздерге де тиек
болды. Осынау мінсіз стильдегі бейнелеу өнері жер
бетінде алғаш рет Пириней маңында пайда болыпты-
мыс деп болжам айтушылар да шықты. Олар Пириней
төңірегіндегі үңгір суреттеріне «франко-кантабриялық
өнер мектебі» деп айдар тақты.

Әрине, мұндай ұшқары пікірлерге себепші басты
жағдай — археология ғылымының әліппелік деңгейі
болатын. XIX ғасырдың екінші жартысына дейін алғаш-
қы қауымдық, классикалық, шығыстық, орта ғасырлық
болып бөлшектеніп келген археологиялық зерттеулер
XX ғасырда ғана біртұтас археология ғылымы болып
арна кұрай бастады. Тіптен, әр елдің өз аясындағы
археологиясы бертін келгенше өзімен-өзі мәз болып
келді. Алайда археологиялық мағлұматтардың жойда-
сыз мол жинақталуы, ел мен елдің байланыс-хабардар-
лығының өсуі, жалпы адамзаттық даму туралы зерделі
ойлардың өріс алуы — археологиялық мәдениеттің те-
гін тектеу үшін бүгінгі саяси және ұлттық шекара ая-
сында қалып қоюға болмайтынын көрсетті. Адамзат қо-
ғамы уақыт пен кеңістік аясында ұдайы сабақтастыкта,
байланыста дамитындығына көз жетті. Сондықтан да
бүгінгі таңда алғашқы бейнелеу өнері Пириней маңын-
да пайда болды деген пікір екінің біріне езу тартқыза-
ды. Мұны былай қойғанда: күні кешеге дейін «тіршілік
Батыстан өрбіді» немесе «тіршілік Шығыстан өрбіді»
деп өңеш созған пікірлердің қайшыласып келгені мәлім.
Мұндай пікірлердің сырты кереғар болғанымен, іштей
тектес болатын. Себебі, екеуі де қанаушы тап идеоло-
гиясымен ауызданған шовинистік көзқарастар еді. Бү-
гінгі совет ғалымдары адамзат дамуының тарихын зер-
делеуде лениндік интернационалистік концепцияға арқа
сүйей отырып, халықтарды «текті», «тексіз» деп бөлетін
шовинистік пиғылдардың кез келгеніне тойтарыс беріп
отыр. Тайпалардың, рулардың, халықтардың бір-бірі-
мен жанаспай, араласпай, түрлі салада байланыс жаса-
май оқшау дамығанын тарих білмейді. Бұл әсіресе көне
дүние болмысына ден қойған сайын айрықша айқын
аңғарылады.

Өзгені айтпағанда, сөз болып отырған спелеология-
ның соңғы жарты ғасырдағы жаңалықтарын қараңыз,

54

Тек қана Пириней маңайы емес, палеолиттің тамаша
өнері 1959 жылы Төменгі Оралдағы Коповая үңгірінен
де табылды. Ал 1925 жылы Азияның алыс төріндегі
Монғолиядан Хойт-Цэнкер-Ағүй үңгірі ашылып, оныңі
ішіндегі үңгір өнерінің ғажайып нұсқалары талай зерт-
теуші-ғалымды тамсандырған болатын.Бұл өзінің көр-
кемдік ерекшелігі жөнінен, эстетикалық қасиеті жөні-

нен, тіптен көнелігі жөнінен де Батыс Европадағы
ориньяк өнерінен еш олқы соқпайтын туындылар еді.
Қазір дүние жүзіндегі ең үлкен кең үңгір, ең биік үңгір,
ең терең үңгірлер де тіркеуге алына бастады. Әзірше

дүние жүзіндегі ең терең үңгірлер Франциядағы Пьер-
Сен-Мартен (1332 метр) мен Жан-Бернар (1298 метр)

үңгірлері. Үшінші орынды біздің елде Кавказдың "Қар-
лы үңгірі" (1190 метр) еншілеп отыр.

...Спелеологияның аужайына қатысты осы деректер-
мен шектелсек те болар. Археологиялық ізденісі озық
елдердің танымы қандай өрістерге шыққанын пайым-
дау үшін бұл деректер жетіп артылады.

Енді осы спелеология не береді дегенге келсек, ол —
адамзаттың тарихи-әлеуметтік аядағы даму эволюция-
сын танып-білу үшін, рухани жеттігіуіміздің тегін тек-
теу үшін, сонсоң туған жер төсіндегі саналы тіршілік
сабақтастығын бажайлау үшін қажет дер едік. Сөз жоқ,
мұның қай-қайсысының да мәні айрықша. Өйткені,
үңгірдің бейнелеу өнері былай тұрсын, археологиялық
тас шапқы табылған жерде саналы тіршілік туралы,
адам творчествосы туралы сөз қозғауға болады. «Бірде-
бір маймыл қолы бұрын-соңды ең дөрекі тас пышақты
да жасап көрген емес», — деп жазған Ф. Энгельстің
сөзінде кандай терең мән бар десеңізші (3, 1, 191).
Демек, үңгірдің тас караңғы түкпіріндегі бейнелі сурет-
тен бастап, ең карапайым тас құралға дейін алғашқы
адамдардың күн көріс тырбанысы, еңбек әрекеті
туралы ғана емес, олардың ұғым-түсінігі, творчество-
лық өресі туралы да көшелі ой өрбітуге дес береді
екен. Жануарлар әлемінен адамдардың саналы еңбек-
әрекеті бөлініп шыққан жерден бастап олардың
творчестволық-рухани өмірбаяны басталады. Ол өмір-
баяннан бүгінгі, болашақ ұрпақ бас тарта алмайды. Та-
нымның, тарихи диалектиканың бұлтартпас талабы
осындай. Сондықтан да, біз желі етіп отырған рухани
сабақтастыққа, ұрпақтар сабақтастығына қатысты әңгі-
ме үңгірлер шежіресіне тізгін тартқызбай қоймақ емес.

55

2. Қыдыра қарасақ. Не көп — қазақ даласында үң-
гір көп. Не көп — қазақ арасында үңгірге қатысты
аңыз әңгіме, шынайы әңгіме көп. Небір қиял-ғажайып
ертегілеріміз. үңгірлер «әлемі» туралы. Тіптен, байтақ
дала төсіндегі үңгірлердің тарихи оқиғалармен, тарихи
тұлғалармен сабақтасып жататынын қайтерсіз. Балқан
таудағы Мәдидің қара үңгірі, Семейдегі Еңлік пен Ке-
бекке пана болған Үйтас үңгірі, Ұлытаудағы Асан-
қайғының бәйбішесі Тана жерленген шыңның басын-
дағы Ақмешіт әулие үңгірі, Ойылдағы Құныскерейдің
үңгірі, Көкшетаудағы Кенесарының үңгірі, міне, мұндай
орындар тарихи оқиғалармен, тарихи тұлғалар өмірі-,
мен қойындасып жатуымен назар аударады. Сол сияқты
Баянауладағы үңгірде ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевтың
болуы, Қарқаралыдағы үңгірлерде Шоқан Уәлихановтың
Григорий Николаевич Потаниннің, Абай Құнанбаевтың,
Сөбит Мұқановтың болуы, Бектауатадағы үңгірде қа-
зақ даласын алғаш зерттеген геологтардың бірі Михаил
Петрович Русаковтың болуы, Шымкенттегі Сырлы үң-
гірде айтулы ориенталист ғалым Николай Иванович
Веселовскийдің болуы, Семейдегі Қоңырәулие үңгірінде
Абайдың, Мұхтар Әуезовтың болуы сияқты мәліметтер
туған дала төсіндегі шежіре сырды нұрландыра түседі.
Әсіресе, ұрпақтар тәрбиесіне мұндай мағлұматтар-
дың шапағаты айырықша. Туған жерді сүю, Отанын
сүю сияқты асқақ азаматтық сезімдерді қалыптастыру
үшін ұрпақтар санасына сол асқақ сезімге лайық асыл-
дарды сіңіріп отыру парыз. Әрине, бұл мысалдар жол-
жөнекей тілге оралып жатқан, зияны жоқ, пайдасы мол
дерек қой.

Туған жердің үңгірлерін тілге тиек етудегі негізгі
нысана — сол үңгірлерден басталатын рухани нышан-
дарды саралап тануда болса керек. Аңызбен қойындас-
қан ақиқаттың жігін ажырату, өшуге айналған белгі-
лерден рухани тектің бастауын танып білу, үңгірлердің
өсімдік және жануарлар дүниесін зерттеу, ел-халық
өмірінің тарихымен сабақтастыру — бұл саладағы
темірқазық болуы керек. Ал үңгірлерден басталатын
алыс заманалар жаңғырығы петроглифтер түрінде,
аңыз-әңгіме түрінде, заттық айғақтар түрінде бүгінгі
күнге жетіп отыр.

Осындайда еске түседі, бірде Жезқазғанның алып
шахталарын аралағанымыз бар. Сонда мыс рудасының
кезекті бір кесегін опырып түсіргенде арғы жағынан

56

сау етіп төгілген ордалы жыланды көзіміз көрді. Осы-
нау, төбе құйқаңды шымырлатардай суық көрініске ал-

ғаш куә болғандардың талайы тіксініп, абыржып қал-
ды.Тек байырғы, қарт кеншілер ғана: «Жылан ордасы

ғой, тиіспеңдер, бәрібір өлтіріп тауыса алмайсыңдар,
қазір өздері қуыс-қуысқа сіңіп жоғалады»,—деп басу
айтып жатты.

Бақсақ, мұның өзіндік қисыны бар жағдай екен.
Көпшілікке белгілі, жылан суық қандылар тобына
жатады. Ал түсті металл рудасы шоғырланған өңірдің
температурасы екі-үш градусқа дейін жылы болатыны
ғылым жүзінде дәлелденген. Жылан ордасының көбі-
несе түсті металл рудасы бар жерде болатыны — осы-
нау болмашы жылулықты сағалайды екен ғой. Көрнек-
ті ғалым Қаныш Сәтбаевтың қойын дәптерінде мынан-
дай жазу бар. «Мыңшұңқыр. Демек, бұл жерде байырғы
кен қазба орындары болған. Анықтау керек». «Қара тас.
Халық ұғымында бұлай деп темірді емеурін етеді». «Көк
тас. Бұлай аталған жерде мыс бар деп топшылауға
болады». «Алтын тапқан атауы — алтынның бар екенін
аңғартады. Әрине, тегін емес», Жезқазған. Демек, жез
өндірілген жер деген сөз. Дәл аталған». «Жыланды.
Түсті металл рудасы бар өңір болу керек».

Көреген ғалым топонимиядан халықтың өмір тәжіри-
бесімен сабақтас сыр іздейді. Ол сырды ғылыми өремен
ұштастырады. Онысы негізсіз болмағанын өмір көрсет-
ті ғой.

Енді осы келтірілген мысалдың спелеологиямен бай-
ланысына зер салайық. Қазақтың «Ер Төстік», «Күн
астындағы Күнікей қыз» сияқты қиял-ғажайып ертегі-
лерінің кейіпкерлері үнемі жер астына түсіп шығып
жүреді. Соның қай-қайсысында да жер астындағы
патшалықтың әміршісі Жылан Бапы хан болып келеді.
«Ер Төстік» ертегінен алынған бір үзіндіге зер салып
көрелік.

«Сол кезде Шалқұйрыққа тіл бітіп:
— Біз енді жер астына түстік, бізге бұдан былай
жер астының елі жолығады. Біраз жүрген соң Жылан
Бапы ханның ордасына келеміз. Жылан Бапы ханның
ордасына келгенімізде, мені алысқа койып, өзің ордаға
кіресің. Ордаға кіргеніңде есінде болсын: үйге кіргенде
екі босағадан екі қара шұбар жылан ысылдап тұра
келеді. Олардан сескенуші болма, олар Жылан Бапы

57

ханның есігін күзеткен құлдары. Төр алдына бара бер-
геніңде екі сұр жылан ысылдап келеді де, екеуі екі
жеңіңнен кіреді де, қойныңнан шығады. Қойныңнан
кіреді де, қонышыңнан шығады. Бұлар Жылан Бапы
ханның ұлы мен қызы болады. Төрге отыра бергеніңде
дәу екі сары жылан ысылдап тұра келеді, одан да сес-
кенбе. Бұлар — Жылан Бапы ханның өзі мен әйелі.
Егер де бұлардан сескенсең, сені Ер Төстік демейді,
жер астының еліне қадіріміз болмайды, жер үстіне жол
тауып шыға алмай қаламыз»,—дейді (53, 1, 17-18).
Тағы да бір зер салатын сәт, Ер Төстік, Қарамерген
сияқты батырлар, Алпамыстың Шұбар аты сияқты тұл-
парлар үнемі жез сарайға немесе темір құрсауға қама-
лады ғой.

Сөз жоқ, мұндай ертегілердің ең алдымен кен қаз-
ған өңірде дүниеге келуі күмән тудырмайды. Байтақ
дала төсін мекен еткен ұрпақ көшпелі мал шаруашылы-
ғының ырғақты жүйесіне түскенге дейін отырықшы бо-
лып келгені Андрон, Бегазы-Дандыбай мәдениетінің
айғақтарымен айқын дәлелін тауып отыр. Тарихи жаз-
ба деректер де, археологиялық деректер де жаңағы
отырықшылық кезеңнің мәдени нышандары ретінде кен
қазба жұмыстарының айырықша өрістегенін көрсетеді.
Бір ғана Орталық Қазақстан өңіріндегі Жезказған,
Саяқ, Ақшатау, Кеңгір (Кең үңгір), Мыңшұңқыр,
Қырыққұдық, Милықұдық, Сорқұдық, Айнакөл, Бес-
төбе, Жосалы сияқты жер аттары сол алыс заманның
қам-қаракетінен қалған жаңғырық, белгі іспеттес. Тіп-
тен «Ер Төстік» ертегісінде Сорқұдық деген жер аты-
ның қайта-қайта аталуы да қайран қалдырарлық сәй-
кестік.

«Орталық Қазақстан ескерткіштерінің мағлұмат-
тары бұл жерде қола дәуірінен кейін, біздің заманымыз-
ға дейінгі ХІІІ-ХІІ ғасырларда-ақ темірдің молынан
өндіріле бастағанын спектральды талдау анықтап беріп
отыр»,—деп жазады қадірменді ғалым Әлкей Марғұ-
лан «Орталық Қазақстандағы Бегазы-Дандыбай мә-
дениеті» деп аталатын тамаша енбегінде (72, 160). Ал
белгілі геолог С. X. Боллдың мағлұматы бойынша, бір
ғана Жезқазған төңірегіндегі көне кен-казба орын-
дарындағы қалдықты зерттеу арқылы біздің заманы-
мызға дейінгі кездің өзінде-ақ миллион тоннадан астам
аса бай тотыққан руданың қазылып алынғаны, одан
ондаған мың тонна жездің өндірілгені анықталып отыр

58

(102, 1, 142), (102, 5, 30-44), Әрине, бұл байтақ қазақ
даласындағы назарға іліккен бір ғана өңірдің дерегі.
Аңыз әңгімелердің де, көне жазбалардың да айтары

осы мағлұматтармен үндес. Ғұндардан (Хунн) тарайтын
Ашина руы кейін түркілерге бір бұтақ болып қосыл-
ғаны тарихтан мәлім (98, 7). Бұл пікірді ғұлама ғалым
Сәрсен Аманжолов та мақұлдайды. Сол Ашинаның
арғы бабалары жужаньдарға темір өндіруші болған
(24, 1, 221). 546 жылы жужань ханы Анахуань түркілер-
дің көсемін ең лайықты қасиетімен атағанда: "Менің
басыбайлы темір корытушыларым" дейді (24, 1, 228).
Бірақ сол түркілер көп кешікпей-ақ мұздай қарулану-
ды үйреніп, төңірегінен иық асырғаны тарихтан мәлім.
Олардың қару-жарағы мүйізді садақ, жез сауыт, пайза,
қылыш, семсер, желбегей болғаны жазба деректерден
де (24, 2, 229), археологиялық олжалардан да белгілі
болып отыр. Эрмитажда тұрған түркі жауынгерінің
қыш мүсіні әлгі айғақтарды әдемі дәлелдейді.

Металлургия тарихымен айналысатын ғалымдар
арасында алғашқы металл жер бетінің қай өңірінде
өндіріле бастағаны жөнінде пікір таласы бар. Мұның
пәтуалы байламы болашақтың еншісінде. Осы орайда
тіліміздегі «жез» деген сөздің төркін-тегі қиялымызды
қиян дәуірлерге алып қашқандай. Әрісі түркі тектес
тілдерде, берісі қазақ тілінде ертеден қолданылатын
«жез» деген сөз ерте заманда санскрит, көне грек,
латын, гот тілдерінде де «жез» деген атауда қол-
данылатын (92, 221-222). Римдіктер біздің заманымыз-
ға дейінгі 57 жылы Кипр аралын жаулап алған соң
ғана жезді «куприум» деп атай бастады. Өйткені Кипр-
де жездің мол кен көзі болған. «Куприум» атауын кейін
Европа елдерінің біразы тіліне енгізді. Сол сияқты, осы-
дан жүз жылдан астам уақыт бұрын қалайының ота-
нын анықтау жөнінде сөз қозғаған француз ғалымы
Фурненің болжамы да дәлелді шешімін таппай келген
еді. 1973 жылы белгілі ғалым Әлкей Марғұлан осы
орайда соны пікірмен жұртшылықты елең еткізді. «Ға-
лымдар бұрынғы-соңғы дәстүр бойынша қалайының
отанын Кавказ бен Ираннан іздеп келді,—деп жазды
Әлекең.— Алайда, бұл пікірді орнықтырар деректер
әзірше жоқ. Осы уақытқа дейін Қазақстандағы Қалба,
Нарым тауларындағы қалайы өндірген алып кен орны
сияқты немесе Бетбақ даланың солтүстігіндегі Қалайы-
қазған деп аталатын көне кен орны сияқты орындар

59

Кавказдан ұшыраспайды» (73, 5). Ал көне заман жазба
ларында қалайының «кала» деп аталғаны ғылым жүзін
де белгілі. Демек, «жез», «қалайы» атаулары қазақ
даласын мекендеген ұрпаққа көне заманнан-ақ етене
екені, көрші-қолаң елдерге де сол атау күйінде тара-
ғаны ден қойғызады. Мұның дәлелі археологиялық ай-
ғақ түрінде де, тарихи дерек түрінде де көрініп отыр
Археологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша Жез-
қазған төңірегінен кен өндіру энолит дәуірінен яғни біз
дің заманымызға дейінгі IV мың жылдықтың соңын
ала, III мың жылдықтың басында-ақ көрініс таба бас-
таған. «Мұның өзі қола дәуірі мәдениетінің неолит
мәдениетімен үзілмей жалғасып жатқан сабақтастығын
әйгілейді» (73, 7). Осынау өз заманының деңгейіндегі
биік мәдениетке айғақ болар дәстүр сабақтастығы, яғни
металлургия өндірісі біздің заманымыздың ХІІІ-ХIV
ғасырына дейін үзілмей жалғасып келгені археология
лық айғақтар, тарихи деректер, архитектуралық мұра
лар, топонимиялық атаулар түрінде толық дәлелденіп
отыр (73, 3-42).

Көне дүние авторлары скифтер туралы, олардың
құрамындағы қазіргі Қазақстан өңірін мекендеген көш
пелі ру-тайпалар (арғып, аримас, гриф, исседон, сак,
массагет) туралы сөз еткенде түсті металл өндірісінің
дамығандығын айырықша атап отырады. Тарих атасы
Геродот: «Бұл елде мыс пен алтын аткөпір. Олардың
найза, жебе, айбалта сияқты қару-жарақтары жезден
соғылғанымен, оның есесіне бас киімдері мен белдік
кісесінен бастап ат әбзелдеріне дейін алтынмен аптал
ған»,—деп тамсана жазады (30,79). Осы тұста күн
кеше Есіктен табылған «Алтын киімді адам» еске
түседі.

Гомердің әйгілі «Илиада», «Одиссея» поэмаларында
айтылған қару-жарақтар мен құрал-саймандардың тек
қана жезден жасалғанын зерттеушілер анықтаған (92
221). Сөйте тұра көне Грекияда жездің «жез» деп
аталуы, сөз жоқ, олардың азиялық скифтермен сауда
саттық байланыста болғандығын әйгілейді.

Қазақ даласында көне заманның өзінде-ақ метал
лургия өндірісінің кеңінен дамуы осынау байтақ көш
пелілер өңірінде кең тараған жануарлар стиліндегі
өнер туындыларының дүниеге келуіне де себепші бол-
ды. Олай дейтініміз, жануарлар стиліндегі ең асыл ай-
ғақтар мыс, қола, алтын, күміс сияқты түсті металдан

60

жасалған. Бұл жөнінде кейінгі тараулардың бірінде
арнайы әңгіме өрбітеміз.

Металл өндірісіне байланысты тілімізде күні бүгін-
ге дейін сақталған сөздердің де айтары, аңғартары
мол. Кен кеніш, (жер асты қазынасы), кенші (руда
қазушы), кен ошағы, кенқазған (рудник), кен шоқы, қа-
лайы, қалайышы, қалайылау, қола, қолаба (металл құй-
масы), мырыш, мыршым (мырыштан жасалатын ойын

құмалағы), қорғасын, жез (сары жез), мыс (қызыл
жез), бақыр (қара қоңыр жез), міне, осы сияқты атау-
лар көне кәсіптің тіліміздегі айғағы жаңғырығы іспеттес
(73, 8).

Металл өндірісіне бірден-бір қажет отын қызуы мол
көмір екені мәлім. Қазақ көмірдің не екенін, оның
қадір-қасиетін есте жоқ ескі кезден білген. Бұған ең
алдымен «көмір» деген сөздің өзі айғақ. Өйткені,
көмір» сөзінің түп төркінінде халықтың геологиялық
түсінігі жатыр. Қазақта «көм», «көму», «көмілген» де-
ген сөздердің бәрі де не нәрсенің болсын жер қойнында
болатындығымен байланысты айтылады. Ал көмірдің
тек қана жер астында болатындығы белгілі.

Мұнан соң «көмір» сөзінің ұғым-түсінігімізбен, салт-
дәстүрімізбен қойындаса жеткен мән-мағнасы куә. Ел
аузында мынадай бір байырғы жұмбақ бар:

"Өмір-өмір — өмірден,
Жаққан оты көмірден,
Шыңырау деген бір құс бар
Жұмыртқасы темірден".

Бұл жұмбақтың шешуі — мылтық. Көмірге теңеп
отырғаны — дәрісі, ал жұмыртқа дегені — оғы. Одан. да
гөрі мән бере түссек, ошақтағы отты өмірге теңеген
ұғым-түсінік төбе көрсетеді. Ал өмірдің өзіндей мән-
мағына иемденген отыны — көмір екен. Міне, бұл ха-
лықтың тіршілік-тынысы дүниеге әкелен түйсік,
түсінік.

Немесе, ел аузында ертеден келе жатқан «Сүт көп,
көмір аз» деген тұрақты сөз тіркесі бар. Мұнда да
халықтың тіршілік-тынысына ұғым-түсінігі қосақтаса
жаңғырығып тұрғандай. Яғни, жақсылығын аққа теңеп,
жамандықты қараға теңейді. Бейтаныс жолаушының
хал-жайды сұраған сауалына «жақсылығымыз мол,
жамандығымыз жоқ» деп оң шырай береді.

Тағы да бір сөз ел аузында. «Осал деме көмірді,

61

бұрқылдатар темірді» деп айтылады. Мұнда көмірдің
тек кана отын емес, темір қорыту үшін қажет екендігін
білдіретін халықтық кәсіптің мәні аңғарылғандай.

Халықтың геологиялық ұғым-түсінігіне, көне заман-
дағы металлургия өндірісіне қатысты мұндай қысқа
қайырым деректер айта берсе аз емес. Бұл деректердің
аңғартары — туған дала төсіндегі үңгір-окаптар ежелгі
бабаларымыздың тіршілік-тынысынан, ұғым-түсінігі-
нен, қабілет-қарымынан аса құнды айғақтарды аңғар-
тып жеткізуінде. Сол айғақтар арқылы бұрынғы заман-
дағы озық ұғым-түсінікке, әрекет-тірлікке куә боламыз
Ең мәндісі — Ұлы дала төсіндегі қарымды кәсіптің
металл өндірісінің кешегі XV ғасырға дейін үзілмей
жалғасып келгені, сол жалғасқан дәстүрдің өзіне
лайық рухани әлем қалыптастырғаны болса керек. Күні
бүгінге дейін дүниені таң қалдырудан танбай келе жат-
қан жануарлар стиліндегі өнер туындыларының төркі-
нін, сөз жоқ, ең алдымен металл өндірісі өркендеген
өңірден іздеуіміз керек. Сондай-ак фольклорымыздағы
Шойынқұлақ, Ер Төстік, Жылан Бапы, Қарамерген,
Таусоғар сияқты кейіпкерлер тегін, Көлтауысар су
түбінен алып шығатын мыс қазанын, Шалқұйрықтар
мен Шұбар аттар қамалатын жез сарайлардың бас-
тауын ең алдымен байырғы металлургтердің ғажайып
қиялы дүниеге әкелді деп тануымыз керек. Міне, рухани
сабақтастықтың сара айғақтары, осылайша нобай таны-
тады. Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі металл өндірісі,
оның өнімінен жасалатын қол өнер туындылары Дешті
Қыпшақ заманында, оның бергі VІ-ІХ ғасырларда
Түркі қағанаты аталған кездерде де шаруашылықтың
арналы бір саласы болуын тоқтатпаған (58, 515-516).
Тіптен, Х-ХІІ, ХІІІ-ХV ғасырларда оғыздардың, қып-
шақтар мен қаңлылардың арасында атадан балаға
мирас болып жалғасқан кеншілердің,- теміршілердің
болғаны да айтылады (73, 30). Міне, үңгірлерден, олар-
дың атау-аңыздарынан суыртпақталған ой сорабы
осындай. Енді, сол үңгірлерді көзбен көргендегі әсерлер
мен ойларды ортаға салған жөн болар.

3. Үңгірлерге саяхат. Тесіктас. Бұл үңгір Жезқазған
облысының Шет ауданына қарасты Орджоникидзе
атындағы совхоздың жерінде. Созхоз орталығынан Тас-
шоқы өзенін бетке алып жүрген жолаушының алдынан
Қотыр-Қызылтаудың иректі сілемі көрінеді. Жезқазған
облысының Шет, Ақадыр, Жаңаарқа аудандарының же-

62

рін тұтастыра алып жатқан қызыл тасты Қызылтау сі-
лемі осы. Бұл тау сілемдерінің бітімі бөлек, серейген

жақпар тасты, дөңкиген жалтыр тас төбелі, кейде құж-
құж, арса-арса, аңғал-саңғал болып келеді. Соның қай-
сысы да қиял ғажайып бітімімен көрер көзге өзгеше
жұмбақ, құпия сыр бүгіп жатқандай әсер береді. Ал
осы жалаңаш қызыл тасты жалдардың қолтық қой-
науына күлтеленген тал мен терек, қайың мен мойыл
араласа шығып, аттылы адамның үзеңгісін қағар шал-
ғыны ұйысып жатады. Шалғынын кешіп жүрсең, таба-
ның батқан жерге мөлдіреп су іркіліп. осынау сол-
қылдақ, шымдауытты аңғар-өзектердің айырықша
құнарын сезгендей боласың. Шатқал-сайға кезіккен
сайын көз жасындай мөлтілдеген кәусар бұлақ ұшы-
райды. Бұлақ табаны сыңсыған қарақат, долана, ит-
мұрын, қымыздық, бүлдірген, сарымсақ, түйетабан,
биеемшек сияқты жемісті өсімдіктер. Егер бір сәт еңсе
көтеріп, төңірекке зер салсаң, сауысқаны шықылықтап,
байғызы шақырып, шілі мен құры қыт-қыттап, күзені
мен суыры, саршұнағы мен зорманы шақылдап, думан-
ды тіршіліктің өзгеше әуенін көкірегіңе құяр еді. Сол
өзгеше өмір әуенін тамашалап көгінде кыран қалқиды,
тау иығынан мүсіндей болып арқар үңіледі, бұта-бұта-
ның арасынан қояны мен карсағы, түлкісі мен касқыры
сығалайды.
Қызылтаудың қолтық-қойнауын тесіп шыққан кәу-
сар бұлақ атаулы жең ұшынан жалғасып, әлгінде айт-
қан Тасшоқы өзенін қүрайды. Әрине, әйтеуір арна салып
аққан соң өзен дейміз, әйтпесе балақ түріп, жалаң аяқ
кешіп өткендей. Қызылтаудың сай-саласынан бастала-
тын Тасшоқы сияқты өзендерінің бірі Тоқырауынға,
екіншісі Нұраға, үшіншісі Сарысуға жалғасады да, енді
ел-жұрттың аузына іліккен арналы өзен құрайды.
Сонымен, Тасшоқы өзеніне жеткен соң, өзенді бой-
лап Қотыр-Қызылтаумен қатарласқанша жүресің.
Кешікпей-ақ, жергілікті жұрт Қалақтас деп атап кет-
кен, үлкен балбал тас алдыңнан шығады. Есте жоқ ескі
заманнан бері осы өңірдің тау-тасын, өзен-көлін, аң-құ-
сын кірпік қақпай күзетіп тұрған қарауылшы сияқты.
Бұл өңірде қызыл тастан қашалып, адам бейнесіне кел-
ген осы сияқты балбал, сын тас көп. «Қарқаралы
төңірегінде, — деп жазады Әлекең, — кола дәуірінің
өзінде-ақ жұмсақ қалақ тастан (пагодит, агальматолит)
адам басының мүсінін жасау дәстүрі кең тараған» (72,

63

295-296). Мынау қабағы қатыңқылау бейнеленген мүсіні
қола дәуірінен жеткен сондай балбал тастардын бірі.

Біз сөз еткелі отырған Тесіктас үңгірі осы балбал
тастың іргесінде. Үңгірдің аузы оңтүстік шығысқа қара-
ған. Кім білсін, осы үңгірді паналаған қола дәуірінің
адамы мына тасты адам бейнесіне келтіру үшін қолын-
дағы қарабайыр құралымен апта бойы, яки айлар бойы
қашаған шығар-ау! Сондағы тастың бірсарын шықы-
лына Қызылтаудың анау бір сербек шоқысы куә,
шымырлап аққан Тасшоқы өзені куә, мынау шексіз
кеңістік куә, біз ат басын тіреп түрған Тесіктас үңгірі
куә.

Тесіктас үңгірінің аузы кісі еркін сиятындай. Ішіне
кірісімен іргесі мен төбесі кеңейіп сала берді. Үңгірдің,
жалпы бітімі дөңгелек. Төбесі биік. Ішкі қабырға-
ларындағы қолайсыз біткен сербек тастардың адам
қолымен өңделіп, тегістелгені айқын аңғарылады.

Бұл үңгірдің Қазақстан спелеологиясы үшін айы-
рықша маңызы — оның ішіндегі қызыл-қоңыр бояумен
салынған суреті деп ойлаймыз. Суреттер ішінен тыныш-
тықта күйіс қайырып тұрған жабайы сиырлардың бей-
несі көрінеді. Бұдан басқа көзге түсетін сурет күнге
табынудың нышаны деп танылған шарбақты дөңгелек
бейнесі. Тесіктас үңгірін алғаш зерттеп, пікір білдіруші
белгілі ғалым Әлкей Марғұлан (70). Үңгір аузының
саяздығы іштегі суреттердің көбісінің өшіп, көмескі
тартуына себепші болған.

Тесіктас үңгірімен тектес, бітімі ұқсас үңгірлер деп
Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданына қарасты
«Ақтау» совхозының жеріндегі «Аюшат» үңгірін, Ұлы-
тау ауданындағы «Айдаһарлы» үңгірін, Баян-Ауладағы
Жасыбай көлінің іргесіндегі «Әулиетас» үңгірін, Шым-
кент қаласына жақын жердегі «Сырлы» үңгірді, Шы-
ғыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма өзенінің бойын-
дағы «Қара үңгірді» атауға болады. Бұлардың бәрінің
ішінде де көне заман адамдары салған суреттер кезіге-
ді. Егер осы үңгірлерді тәжірибелі спелеологтар зерт-
теп, олардың ішіндегі ғасырлар бойы қатталған табан
көңіне қазба жұмыстарын жүргізсе туған жердің ру-
хани шежіресіне айғақ болар небір құнды дерек-белгі-
лердің ұшырасатынына күмән жоқ.

4. «Шатыр». Қарқаралының көк сеңгір тауларына
біткен әдемі үңгір осылай аталады. Қарқаралы қаласы-
нан солтүстік батысты бетке алып бір-екі шақырым

64

жүргенде қарағай-қайыңы жарыса шыққан сұлу шоқы-
ның бөктерінен осы «Шатыр» үңгірі көрінеді. Үңгірдің
бітімі бес қанат киіз үйдің аясындай болып, қызыл тас
ішінен ойылып түскен. Ортада ошақ орны бар, іргелері-
нен ас қоятын, ыдыс-аяқ тұратын кемер, ұялар қашал-

ған. Кірер ауыздың кеңдігі бір-екі метрдей. Кірген бетте
екі жақта қалтарыс қуыс бар. Осы қалтарыс қуыс-
тың бірінен көз жасындай мөлтілдеп су келіп тұрады.
Үңгірдің алдында қақырая көтерілген қалқа жартас
бар. Мұның өзі қарсы соққан желге, жауын-шашынға
қойған ықтырма сияқты. Үңгір ішінен қарағанда көк
аспанмен астасқан Қарқаралы тауының сұлу шоқы-
лары көрер көзді қуантып бағады.
«Шатыр» үңгірінің бітімі де, орнының қолайлылығы
да бір кездері мұны адамдардың тұрақ еткенін аңғар-
тады. Ал қазіргі жағдайы — туған өлкенің шежіре
сырына ынтық саяхатшылар үшін тізгін тартпай өтпей-
тін сүйікті бір орынға айналған.
5. Алып үңгірлер. Қазақстан жерінде өзінің бітімі
жөнінен, көлемі жөнінен қайран қалдыратын айырық-
ша үлкен үңгірлер де кездеседі. Біз байқаған мұндай
үңгірлердің қатарына Балқаш көлінің солтүстік іргесін-
де, Тоқырауын және Жәмші өзендерінің жуан ортасын-
дағы Бектау ата тауындағы үңгірді, Семей облысындағы
Шыңғыс тауын жанап ағатын Шаған өзенінің оң қана-
тындағы «Қоңыр әулие» үңгірін, Қарағанды облысы-
ның Егіндібұлақ ауданына қарасты «Арқалық» сов-
хозындағы «Шолақ бұлақ» үңгірін жатқызуға болады.
Енді осы үңгірлердің бітімі туралы айта кетейік.
Бектау ата үңгірінің кірер аузы едәуір кең. Оншақ-
ты қадам басқан соң үңгір іші кеңіп сала береді. Үңгір-
дің ұзындығы 60-70 қадам, биіктігі 5-10 метр болғандай.
Бұрыштанып бітетін төргі түкпірінде тереңдігі бір метр
шамасында тұщы су бар: Суы мейлінше суық, түбінде
ағаш бұтақтары, арша сабақтары бар. Үңгірдің орта
тұсынан асқанда төбесінен саңылау тесік көрінеді. Ішкі
қабырғаның қара қошқыл бітімі бұл үңгірдің ұзақ уа-
қыт адамға тұрақ болғанын аңғартады.
Бектау ата үңгірі туралы алғашқы жазба дерек осы
ғасырдың басында-ақ жарық көре бастаған. 1901 жылы
Семейде тұрған ғалым Н. Я. Коншиннің тапсыруы
бойынша Тоқырауын болысының кісісі Ақтан Бекқұл-
ұлы осы өңірдегі тарихи ескерткіш белгілердің жай-
күйін жазады. Бұл жазба Семей географиялық қоғамы-

3-729 65

ның кітапшасына басылған. Арада жиырма жыл өткен-
де ленинградтық белгілі геолог Михаил Петрович
Русаков осы үңгірде болып, оның ішкі бітімін сипаттап
жазған.

Бектау ата үңгірі туралы. жергілікті жерде айтыла-
тын аңыз-әңгіме көп. Соның қай-қайсысы да осынау
орынның киелі екенін, әулиелі мекен екенін дәріптеуге
саяды. Әрине, оған таң қалуға болмайды. Есте жоқ ескі
заманда бажайлап, оның мәнін түсіне алмаған қара-
пайым халық үшін мұндай орын «құпия күші бар, әу-
лиелі орын» болуды тіленіп тұрғандай еді (55, 150-151),

Екінші бір айтулы үңгір — Шыңғыс таудағы «Қоңыр
әулие» үңгірі. Шыңғыс тауды бектерлеп ағатын Шаған
өзенін бойлай жүргенде, оң жақ жағалаудан Ақтасты-
ның жалдары көрінедІ. Ақтастының алқымында жергі-
лікті тұрғандар «қалмақ қорған» деп атап кеткен
қалың қорым бар. Осы қорымды өрлей жүрген жан
әйгілі «Қоңыр әулие» үңгірінің аузына тап болады. Үң-
гірдің кірер аузы кең. Ішінің биіктігі 7-16 метр шама-
сында, ені 40-50 метрдеи, ұзындығы 120-150 метр бола-
ды. Түбінде тұщы сулы үлкен көл бар.

«Қоңыр әулие» үңгірін кезінде М. П. Разумовский,
Н. И, Наковник сияқты геолог ғалымдар зерттеп, жаз-
балар қалдырған.

Қазақстандағы осы уақытқа дейін белгілі болған
үңгірлердің ішіндегі ең үлкенінің бірі — Қарағанды
облысының Егіндібұлақ ауданындағы «Шолақ бұлақ»
үңгірі. Ол «Арқалық» совхозындағы Едірей тауының
ішінде. Үңгір аузы Едірейдің жатаған жартасты төбесі-
нің алқымынан басталады. Жалғыз адам жүрелеп
кірердей үңгір ауызы 10-15 метрдей төмен кұлдилап
барады да, әрі карай кең сарай алаң болып кетеді. Бұл
үңгірдің ұзындығы 400-500 метрдей. Табиғаттың осынау
ғажайып жаратылысы, сөз жоқ, өз қойнына небір қы-
зықты құпия-сырды бүгіп жатқаны анық. Жергілікті
тұрғындардың айтуынша "Шолақ бұлақ" үңгірінің
ішінде ақ сөңке сүйектер, кісі бойындай ақ жіліктер
болған. Бұл жерде жыл сайын Едірей бөлімшесінің кой
қырқымы өтеді. Ауыл балалары үңгірге кіріп ойнай бер-
ген соң, үлкендер үңгірдің аузын тас пен құм аралас-
тырып бекітіп тастапты. Шынында да «Шолақ бұлақ»
үңгірінің тас қараңғы тұңғиық кемейіне кіру бала-
шағаның ойыншығы емес. Оны маман зерттеушілердің

66

арнайы тексеріп, зерттеуінен өткенсоң ғана, жұртшы-
лықтың саяхат-серуен жасауына ұлықсат еткен дұрыс.

6. Жасанды үңгірлер. Біз жоғарыда табиғи үңгір-
лерді сөз еттік. Туған жер төсінде көне заманнан бас-
тап, соңғы ғасырларға дейінгі аралықта адам қолымен
қазылған үңгірлер, де молынан ұшырасады. Бұлардың
дені байырғы кеншілердің, кейінгі кездегі қазына іздеу-
шілердің қалдырған белгілері. Әрине, мұндай үңгірлер
де туған жердің шежірелі тарихынан сыр шертер қыз-
ғылықты айғақтар екеніне күмән жоқ.

Жасанды үңгірлердін, сәтті айғақтары ретінде Жез-
қазған облысының Жаңаарқа ауданына қарасты «Ақ-
тау» совхозының жеріндегі «Жамантас» үңгірлерін,
Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданына қарасты
Абай атындағы совхоздың жеріндегі «Аманның үңгі-
рін», осы Егіндібұлақ ауданындағы Қитабан тауының
басындағы «Қазыналы үңгірді», Ұлытау төңірегіндегі
көне заманда кен қазған үңгірлерді атауға болады.
Осылардың ішінен бірін ғана — «Аманның үңгірін» сөз
етіп көрелік.

«Аманның үңгірі» Егіндібұлақ ауданындағы Абай
атындағы совхозға қарасты «Мыржық» бөлімшесінің
жерінде. Бір кездері Аман атты қашқын осы үңгірді
паналаса керек, содан «Аманның үңгірі» аталып
кеткен.

Совхоз орталығынан шығып, «Мыржыққа» қарай
жүрген жолда қалың қатпар жатаған сары адырлар
кезігеді. Жол аузындағы сондай бір сары төбенің
астында «Аманның үңгірі» бар. Айнала ауқымы 400-
500 метрдей болатын шағын төбенің алқым іргесінен
бастап қазылған үңгір сол төбенін иығын тесіп шыққан.
Бұл қос ауыздың аралығы 60-80 метрдей. Кеңдігі ат-
тылы адам абайлап кіріп шығардай едәуір кең. Осы
үңгірдің көлбей көтерілетін тұсында терең құдық бар.
Қос орнындай кең апан болып қазылған құдықтың түбі-
ңен су көрінеді. Бұл құдықтың тереңдігі 10-15 метрдей.
Суға жете берген тұста құдықты бүйірлеп қазып кеткен
екінші қабат үңгір бар. Екінші қабат үңгірді 4-5 метр-
дей ғана бойлап жүруге мүмкіндік болды. Бірақ, үңгір
әрі қарай созылып кетіп жатыр.

«Аманның үңгірінің» сыртқы кірер аузынан бастап
өн бойында көк жасыл тотияиын сияқты мыс жынысы-
ның тотығы желі тартып жүріп отырады. Желі тартқан
мыс тотығы жолағының ені 20-30 сантиметрдей. Үңгірді

67

қазушылар осы желі тартқан мыс жолағын қуалап
отырғаны күмән тудырмайды.

Бізді таң қалдырған бір көрініс — үңгірдің ішкі
қабырғаларындағы жақпар тасқа түскен білектің жуан-
дығындай бұрғының тесіктері. Бұл тесіктер бейне бір
сары майға шеге сұғып алғандай, соншалықты асыл
бұрғымен тесілгендікті айқын аңғартады. Біз осы көрі-
ніске қарап өткен ғасырда қойдай өрген ағылшын,
француз миссконерлерінің қалдырған белгісі болар деп
жорамалдаған едік. Алайда жергілікті тұрғындар ал-
тыншы-жетінші аталарының басынан өткен небір
шытырман оқиғаларды осы үңгірмен байланыстырып
айтып отырады. Демек, бұл үңгір өзінің бітімімен ғана
емес, көнелігімен де назар аударады деп ойлаймыз.

7. Түйін. Белгілі бір ой түйіндеу үшін осы келтірген
мағлұматтар жеткілікті болар деп ойлаймыз. Алдымен
көзге түсетіні — туған жер төсінде көне заманнан бас-
тап, бүгінгі күнге дейінгі ұрпақтардың өмір-тіршілігіне
айғақ болар үңгірлердің молынан кезігетіндігі. Әсіресе,
көне заман адамдарының қабілет мүмкіндігі туралы,
алғашқы өнер туындыларының нышандары жөнінде
сөз қозғау үшін көсіп алар белгі-бедердің молынан
кезігетіндігі назар аударады.

Екіншіден, туған жер төсіндегі үңгірлер өзінің
бітімімен, ерекшелігімен, тарихилығымен бірнеше
жүйеге бөліп қарауды кажет ететіндігін байқадык.
Мәселен, тарихи адамдар есімімен байланысты үңгір-
лер, суретті үңгірлер, бітімі айырықша алып үңгірлер,
кен-қазба жұмыстарына айғақ болар жасанды үңгірлер.
Мұның қай-қайсысы да арнайы саяхат жасауға
лайық, туған жердің рухани шежіресіне қызықты айғақ
бола алатын орындар. Сондықтан да мұндай орындар
санаулылардың ғана емес, баршаның қызықтап-тамаша-
лауына мүмкіндік жасаудың жолдарын қарастыруды
қажет етеді.

Үшіншіден, Қазақстандағы үңгір өнерінің, петро-
глифтердің арнайы зерттеулер жүргізіп, ғылыми пайым-
даулар жасауға толық мүмкіндік беретіндігін айтқымыз
келеді. Әсіресе, көне заман өнерінің туған жер төсіндегі
алғашқы белгілері, оның кейінгі дәуірлердегі сабақтас
жалғасы, сапалық өзгерістері, бүгінгі заманға жеткен
нышандары айырыкша назар аударатынын жоғарыда
аңғартқандаймыз. Мұның бәрі рухани сабақтастықтың,
дәстүр тегінің ең жанды айғақтары бола алады.

68

Үңгір өнері туралы айтылған мына бір пікір түйін
сөз болғандай.

"...алаудың қалтырақ сәулесімен аңдардың қызыл
кескіндері тіріліп кеткендей көрінеді. Дегенмен алғаш-
қы қауым суретшісінің бойында өзі жасаған дүниенің
сиқырлы күшіне деген сенім басқаның бәрінен басым
болған күннің өзінде, бұл іс оның өзін және оның жұ-
мысын бақылап тұрғандарды, саналы түрде болса да,
түйсік түрінде болса да, қуанышты да шабытты эстети-
калық ләззатқа бөледі деп қалайша ойламассың..."
(68, 27).

VI. ЖЕРДІҢ ТІЛІ

Названия — это народное поэтическое оформле-
ние страны. Они говорят о характере народа, его
истории, его склоннностях и особенностях быта1

К. Г. Паустовский.
Маған бүтін қазақ, даласы ән салып тұрғандай
болып көрінеді.

Г. Н. Потанин.

1. Шежіре атаулар. Үңгірді тұрақ еткен палеолит
дәуірінің адамы сол үңгірден ұзап шығып, көз алдында
көлбеп жатқан сеңгір таудан асып түсу үшін, немесе
күркіреп ағып жатқан ақ жал толқынды өзеңді кесіп өту
үшін, яки сыңсыған қара орманның келесі шетіне шығу
үшін, тіпті болмаса бұдыры жоқ сайын даланың бір
шалғайындағы өзі тектес адам әулетімен ұшырасу
үшін қанша мыңдаған жыл бойы тірнектеп тәжірибе
жинады десеңізші. Сөз жоқ, сол тәжірибе ұрпақтан-ұр-
паққа ауысып, сананың шыңдалуына ықпал етті.
Көз көрім жердегі ербиген бұтаға қорғаншақтап әзер
тақалатын ұрпақ бара-бара күндік жерді, апталық
өңірді, айлық мекенді көңіл көзімен шолатын халге
жетті. Қысқасы, дәл қазіргі жұмыр жердің тұтас құры-
лықтарын жіліктеп білетіндей халге оңайлықпен жет-
пегеніміз анық...

Археологтар Италия территориясынан тасқа қашал-
ған қызық суретке тап болған. Тас бетіне адамдар мен
аңдардың бейнесіне қоса түрлі сызықтар салынған.
Біздің заманымыздан бұрынғы екінші мың жылдықтан
жеткен бұл тасты ғалымдар ең алғашқы карталардың
бірі деп танып отыр. Әлгі сызықшалар бұлақтар мен
жолдардың, ағаштар мен төбелердің нобайы екен.

Майкопка жақын жерден табылған күміс құмыра-
ның да сыры талайды таң қалдырған. Бұл құмыраның
бүйіріне тау сілемінің суреті салынған. Таудың беткей-

1 Атаулар дегеніміз — халықтың өз елін ақындық тілмен бедер-
леуі. Бұлар халықтың мінез-құлқы, тарихы, ой-аңсары мен тұрмыс-
салт ерекшеліктері туралы сыр шертеді.

К. Г. П а у с т о в с к и й.
70

бауырындағы иін тірескен ағашқа қарағанда бұл бір
шұрайлы өңір болу керек. Етекке қарай жарыса аққан
қос өзен айна көлге жетіп құйып жатыр. Көлдің төңі-
регі мен таудың беткейінен түрлі аңдар көрінеді. Әрине,
бұл да қоршаған ортаны картаға түсірудің алғашқы
нышаны екені анық.

Египеттен, Тигр мен Ефрат өзендерінің алқабынан
табылған қыш тақтаға басылған карталар да төңіректі
танып-білуге талпынудың тамаша айғақтары.

Ал Геродоттан мынандай жолдарды оқимыз:
«Сонымен, Милеттің әміршісі Аристагор Спартаға
Клеомен патшалық кұрған кезде келеді. Патшамен
әңгіме жүргізерде, лакедемондықтардың айтуына қа-
рағанда, Аристагор бүкіл жер бетінің картасы сызыл-
ған, сондай-ақ «небір теңіздер мен өзендер бейнелен-
ген» мыс тақтаны өзімен бірге ала келеді»,— деп жаза-
ды ұлы тарихшы (30, 5, 251). Ал көне Римде әскери
жорықтар үшін, қол астындағы елді басқару үшін ар-
найы сызылған карталар пайдаланыла бастаған. Мұн-
дай картаның бірі бүгінгі күңге дейін жеткен. Ұзын-
дығы жеті метр, ені отыз сантиметр бұл картада Бри-
тан аралдарынан бастап Ганга өзеніне дейінгі байтақ
алап бейнеленген.

Карта жасауда арабтардың өзіндік қолтаңба із-
деністері де назар аударады. Олар теңіз атаулыны гео-
метриялық тузу бітімде бейнелеген. Сондай-ақ өзендер
мен жолдар да түзу сызықтармен көрсетілген. Ал ел-
дер мен қалалар дөңгелек немесе көп бұрышты шеңбер
түрінде белгіленген.

Қайта өрлеу дәуірінде теңіз жағалауларын тәптіш-
теп сызып көрсететін су жолдарының картасы пайда
бола бастады. Мұндай карталардың айрықша мәнді
екенін олардың сапалы пергаментке сызылғанынан-ақ
байқауға болады.

XV ғасырға қарай кітап басу әдісі пайда болды да,
енді картаны қағазға басып шығару өріс алды. Бұл
кездің карталары мейлінше әсем безендіріліп, түрлі
жолдарға лайық көліктердің суреті, теңіз құдайлары-
ның бейнесі салынатын болған. Тіптен айрықша әсем
жасалғандары салтанатты сарайлардың қабырғалары-
на көшіріліп салынған.

Бұл күнде ше? Қазір географиялық карталарға қоса
ауа райының, ел-жұрт құрамының, орман-тоғайдың,
пайдалы қазбалардың, ауыл шаруашылығының, өсім-

71

діктердің тағы басқа да халық шаруашылығына қажет
салалардың карталары сараланып жасалатын болды
(49,4).

Картаның даму кезеңдері адамзат әулетінің жұмыр
жерді танып-білудегі ізденістерінен елес бергендей.
Жай ғана көзбен көріп өтіп кете бермеген, әрине. Адам-
дар апталық-айлық жер былай тұрсын, көз көрім жер-
дің өзіне ат қойып, айдар тағып, естеріне сақтаған.
Топонимия дегеніміз де осыдан бастау алып, дамыды.
Грек тілінде топос — мекен-жай, онома — атауы деген
мағына береді. Сонда, топонимия—географиялық
атаулардың шығу тегі туралы ілім болып шығады. Бұ-
дан түрлі атауларды (географиялық, космостық, ми-
фологиялық, жеке атаулар т. б.) зерттейтін лексиколо-
гияның бір саласы — ономастика өрбиді...

Сонымен, жер бетінен атауы жоқ белгі-бедер таба
алмайтынымыз ақиқат. Өйткені адамзат қоғамының
ілгері дамуы үшін географиялық атаулардың мәні
айырықша болған, бола да бермек. Бір мемлекет ішін-
дегі, тұтас халықтар арасындағы саяси-әлеуметтік өмір
ырғағын былай қойғанда, ең елеусіз деген хабардың
өзін белгілі бір мекен-жайын айтып алмаса түсіну мүм-
кін болмас еді. Демек, топоним атаулы тарихи, геогра-
фиялық және лингивистикалық мәннен хабар беріп
тұрады деген сөз. Мұның өзі белгілі бір өңірдің топони-
міне қарап сол өңірді мекен еткен ұрпақтың тарихы
туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өресі хақында, тіп-
тен сезім сұлулығына дейін тамаша- хабардар болып,
белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ең
бір елеусіз деген географиялық атаудың астарында тұ-
тас романға бергісіз шытырман тарих тұнып жатуы
кәдік. Тарих болғанда қандай, әлде қашан ұмыт болған
ұрпақтың тіршілік-тынысынан жеткен жалғыз ғана
жаңғырық болса қайтерсіз. Себепсіз, мәнсіз-мағына-
сыз кездейсоқ қойыла салатын географиялық атау бол-
майды. Ал егер бір ғана тауды немесе бір ғана өзен-
көлді әр ел өзінше атап, өзінше айдар тақса ше? Ел
мен елдің байланысын білуге, тарихи себептердің сіле-
мін тануға мұның да айрықша септігі тиеді. Көне грек-
тер Амударияны - Окс, Аракс деп атаған. Ал бір ғана
Каспий теңізінің алуан түрлі атауы кезігеді. Олар:
Хвалын, Гиркан, Хазар, Хорасан, Дербент т. б. Неге
бұлай? Немесе Еділ, Жайық, Тарбағатай, Қарқаралы
сияқты атауларға зер салып көріңіз. Тілді ең бір терең

72

білетін жанның өзі бірден бұл атаулардың мәнін сара-
лап бере алмайды. Өйткені, топонпмия - жердің тілі,
оның төсін тұрақ еткен ұрпақтардың ұғым-түсінігінен,

тіршілік-тынысынан қалған мұра. Ендеше тілдік мәнге
қоса тарихи зердеге жүгінбей тұрап географиялық

атаулардың мағынасын айыру оңай болмайды. Әріге
бойламай-ақ, осы көз алдымызда пайда болған мекен-
жай атауларын қараңыз: Теміртау, Целиноград, Ын-

тымақ, Жеңіс т. б. Осы атауларда өзіміз куә болған
тарихи-әлеуметтік жаңғырулар, экономиқалық түлеу-
лер лебі есіп тұрған жоқ па?! Демек, әрбір тарихи ке-
зең жер бетіне топоним түрінде де өзінің белгісін қал-
дырып отырады екен.

Байтақ даланы жыл маусымдарының жағдайына
орай күн көріс көзі ете білген көшпелілер әлемі үшін
географиялық атаулардың мәні айырықша болған.
Шығыс зерттеушісі әйгілі ғалым, академик В. В. Бар-
тольдтың айтқанындай, Орта Азияда, оның ішінде түр-
кі халықтарының арасында топоним атаулы өзінің
қарапайымдылығымен, айқын да түсініктілігімен, мейі-
лінше ұрымталдығымен және тарихи деректілігімен
таң қалдырады. Адамзат баласының күн көріс жағ-
дайы жерге қаншалықты тәуелді болса, сол жердің бі-
тім-қасиетін соншалықты терең білген. Ал көшпелілер
көкті тәңірі тұтса, жерді Ана деп таныған. Өйткені
олардың бүкіл тіршілік-тынысы: қуаныш-қызығы, күн
көріс жағдайы тек қана туған жерімен тамырлас еді.
Сондықтан да көшпелілер «ұлдарына қоймайтын жақ-
сы аттарды жерлеріне қойып баққан» (Ә. Кекілбаев).
Халқына «жер ұйық» іздеген Асанқайғының сөздерінде
қаншама терең мән, қандай мағналы географиялық
зерде, неткен ақын жанды нәзік талғам тұнып тұр де-
сеңізші. Бұл ретте жер атауларын халық творчествосы
демеске хақымыз жоқ. Жер атауларында халықтың тек
қана қоршаған ортаға деген қарым-катынасы, сол орта
туралы ұғым-түсінігі ғана емес, сонымен бірге жеке
адамдарынан бастап тұтас ру, тайпа, ел өміріне қатыс-
ты алуан түрлі шежіре-сырдың жаңғырығын сезуге
болады. Туған жер төсіндегі алыс заманалардан бері
қарай тартылған ұрпақтар сабақтастығы, олардың дү-
ние дидарына қандай талғаммен қарай білгені, табиғат
сұлулығының алуан қырын қалай танып сүйсінгендігі
географиялық атауларда тайға таңба басқандай сай-
рап жатыр. Көне түркі жазуы қашалған Орхон ескерт-

73

кіштеріндегі (VIII ғасыр) Ертіс, Селенгі, Қарақұм, Бұ
қар, Қаракөл, Көміртау сияқты жер-су атаулары бүгін-
гі күнімізге еш өзгерместен жетіп отыр, Сонау V-VIII
ғасырдан жып-шырғасы шықпастан тозбай жеткен дәл
осындай тарихи «ескерткішті» кезіктіре қою оңай бол-
мас. Міне, топоним атаулының тарихи мән-маңызы осы
тұрғыда назар аударады.

Енді осы айтылған пікірлерге айғақ ретінде геогра-
фиялық атаулардың бірнеше түріне, олардың қалай
қойылатынына нақтылы мысалдар келтіріп көрелік.

2. «Тізе бүккен». Арқада осылай аталатын бұ-
лақ бар.

...Сарыарқаның түйе өркеш шоқылары мен сиыр
таңдай қырқалары оңтүстікті бетке алған сайын селді-
реп, сирей береді. Сонан соң Бетпақдала деп аталатын
көз сүрінер бұдыр жоқ сұрқай дала басталады. Бұл
даланың бір пұшпағы сонау Шу өңіріне кұлайды.

Осы Бетпақдаланы белінен басып, «Арқа, қайда-
сың» деп сапар шеккен жолаушы алдымен қалың
шаңыт, буалдыр сағым арасынан Азат, Жуантөбе,
Ағашжайлау, Болат, Тайатқан, Шұнақ, Айғырұшқан
деп аталатын таулардың сілемді сүлдерін көрер еді.
Көрер еді де: «Беу, қайран Сарыарқа-ай, көріндің бе
жоқ па?!»—деп, құлазып келе жатқан көңілін бір дем-
дер еді.

Жуантөбенің Бетпақдала жақ бөктерінде «Тізебүк-
кен» атты ботаның көзіндей мөп-мөлдір бұлақ бар. Әрі
өтіп, бері өтіп жүргенде «не себепті «Тізебүккен» атан-
ды екен?!»—деп қайран қалушы едік. Бірде осы өңір-
дің көне көз бір қариясынан бұлақтың не себепті «Тізе-
бүккен» атанғанын сұрадық. Сонда көне көз қарт ойлы
жүзін Бетпақтың меңіреу жазығына бұрып былай
деп еді:

— Қарашаның бұлтындай жалғаса шұбаған қалың
көшті көз алдыңа келтір, шырағым. Көштің -маңдайы
Сарыарқаға қараған... Түн түнегі түріліп, шөже торғай-
дың әлсіз шырылы «таң келедіні» мәлімдеген шақта
моншақтай тізілген түйе керуені тағы да жолға шыға-
ды. Алды-артында үміт болып елес берер бұдыры жоқ
иесіз дала, бетпақ дала осынау тіршілік қамшысы ай-
дап келе жатқан керуеншілерге қырыстанып, міз бақ-
пастан сазара түседі. Қеруеншілер тілін тістеген үнсіз-
дікте зарыққан үмітпен дамыл-дамыл алға қарайды.
Маңдай тіреп, тізгін тартар мекенді, тізе бүгер орын-

74

ды сағынышпен еске түсіреді. Тағаты таусыла
асығады, аңсайды... Бірақ өмірдің өзі сияқты мына жол,
мынау дала жеткізер ме! Тіршілік атаулының діңкесін
құртып, тандырын кептіріп, қайратын сарқа түседі.
Керуеншілердің емешесі құрып, ентелеп сонда да алға
ұмтылады. Осылайша қажыған көңілді әлсіз үмітпен
жұбатып, жылға бергісіз ұзын сары — көктеменің бір
күнін тағы да батырады. Мұндай сәтте діңкесі құрып
титықтаған керуен жер бетінде ұмыт қалғандай құла-
зып тағы да елсіз, күнсіз сары даланы түнек етеді.
Ұзақ жүріп келіп дамыл алады. Түйелердің бұйдасын
тартып, тізесін бүктіреді. Міне, шырағым, аттың жалы,
түйенің қомында ғұмыр кешкен қазақ атаңның осын-
дай бір тыныс алып, тізе бүккен жері болар бұл бұлақ,—
деп қария сөзін аяқтады.

Шынында да, бір тізе бүгетін жер осындай-ақ болар
деп біз де ойланып қалып едік.

3. Шажағай. Халқымыздың аяулы азаматы Сәкен
Сейфуллин туып өскен Ор, Аба деп аталатын таулар-
дан бастау алатын шағын ғана қыз бұрым өзен Шажа-
ғай деп аталады. Неге екенін кім білсін, осы Шажағай
деген атау естір құлаққа ерекше жағымды естіліп,
сылдырап ағып жатқан үнінде ғажап бір сыр бардай
көрінетін. Ол сыр, сыр емес-ау, сырлы атау халқымыз-
дың әдемі бір қасиетін емеурін еткендей әсерге бөлеу-
ші еді.

Бірде осы өзеннің сырлы атауын сол төңіректің ақ
сақалды, сары тісті қариясынан сұрағанымызда, өзен
жағасындағы батырдың дулығасы тәрізді еңселі мола-
ға мойын бұра тұрып айтқаны ғой:

— Е, шырағым, бұл сонау ертедегі ноғайлы деп ата-
латын заманнан бері де, "Ақтабан шұбырынды, алқа
көл сұлама" заманынан әріде болса керек. Ұлы жүз,
Жетісу бойының Шажы деген ендірдей жас жігіті сүй-
геніне қосыла алмай, өз елінің шынжыр балақ, шұбар
төстерінен зәбір көрген соң, өкпелеп Арқаға көшіп
келіпті ғой. Арқа елі ұлы жүздің жүдеп, жабырқап кел-
ген бір жігітін жалғыз екен деп бетке қақпай, жарлы
екен деп қомсынбай, қолтығынан пана, койнауынан ме-
кен жай беріпті. Көп түкірсе көл емес пе, Шажы аз
жылда-ақ ақ тебедей үй тітіп, ақ бөкендей қой айдап,
Арқаның бір арумен жарасқан екен. Өзінің де, халық-
қа қадірі артып, ел-жұрт санасатындай ақыл-парасаты
мол азамат болып есейсе керек. Ол бітістірген рулар

75

мәңгіге дос болып, айтқан төреліктері жүйесін тауып
естігін құлақтың айызын қандырады екен.

Күндердің бір күнінде Шажының атақ-даңқын есті
ген ұлы жүздің ер-азаматтары аяққа жығыла келіп
Шажыдан елге қайтуын өтінеді ғой. Сонда Шажы
«Мен өз елімде отырмын. Туған жердің сауыры тарлық
етіп еді, арқасына жылжып қоныс тепкен екенмін, оны
несі айып!»—депті ғой жарықтық...

Шажы ұзақ жасап, сексеннен асып дүние салғанда
Орта жүз, Ұлы жүз болып күңіреніп, осы өзеннің бойы-
на арулап қойған екен. Халықтың қалауымен, ел ақса-
қалдарының пәтуасымен ардақты азаматтың есімін ұр-
пақтың есінде қалдыру үшін осы өзенді Шажы деп
атапты. Алайда, қадірлі қарияның есімін баттитып
атай салудан қымсынған кейінгі ұрпақ Шажы-ағай деп
кетсе керек. Бұл өзеннің Шажағай аталуы содан, —
деп көпті көрген қарт сөзін аяқтады.

Міне, бір атаудың астарында қаншама сыр тұнып
жатыр десеңізші! Халқымыздың достық, сыйластық,
әділдік, кішіпейілділік сияқты асыл қасиеттерді қадір
тұтып, ардақтап еткенін осы бір өзен атауына байла-
нысты шағын аңыз-әңгіме дәйектей түседі. Сөз жоқ,
мұндай асыл қасиет бірдің немесе жүздің ақыл әмірімен
пайда болмайды, тұтас халықтың тарихи талғамының,
мәдени болмысының ғана нәтижесі болса керек.

4. Көш жолы. Сүрлеу, соқпақ, сораб, шұбырынды,
жалғыз аяқ жол, қасқа жол, даңғыл жол, айтақыр
жол... Әйтеуір байтақ даланың беті іс-түзсіз емес. Өр-
мекшінің торындай шырмалған үлкенді-кішілі сан та-
рау жол. Көрші мен көршіні, ауыл мен ауылды, ру мен
руды, ел мен елді жалғап жатқан қасиетті дәнекер де
сол. Жол атаулы жер бетіндегі адамзат әулетінің сана-
лы тіршілігіне айғақ тарихи белгі. Өйткені, ол — жал-
ғыз салт аттының немесе бір тобыр дүрмектің ізі емес,
тұтас ұрпақтардың табанының табы, айтулы кезең-
дердің айғағы.

Қазақ даласын айқыш-ұйқыш кесіп өтетін небір
күре тамыр көне жолдар бар. Бұл жолдармен кезінде
Земарх, Сюань-Цзянь, Ибн-Хордадбек, Плано Карпи-
ни, Якуб, Ибн-Батута, Гильом Рубрук, Марко Поло,
Афанасий Никитин, Абу-Дулаф сияқты Батыс, Шығыс
елдерінің әйгілі саяхатшылары жүріп еткен. Қазақ
даласы, оның тіршілік-тынысы, жол жағдайы туралы

76

аса құнды жазба деректер қалдырған. Мұндай жолдар-
дың өн бойын оймен кыдырсаңыз, Батыс, Шығыс дейтін
ұғымдардың арасын жалғап жатқан шытырман шежіре-
нің куәсі боласыз. Өзгені былай қойғанда бір ғана Ұлы
жібек жолын қараңыз. Сан ғасырлар бойы керуен таба-
ны таптаған осынау айтақыр жолдың сорабы біздің за-
манымыздан бұрынғы II ғасырда түсті дейтін дерек
бар. Ұзындығы жеті мың километр болатын бұл жол-
дың бір бұтағы Таяу Шығыс арқылы Жерорта теңізіне
жетсе, келесі бұтағы Алдыңғы Азия мен Орта Азияны
шарлап кетіп жатыр. Соның ішінде қазақ даласын көк-
тей өтетІн бөлігінің өзі сан тарау жүлгеге бөлініп, сала-
сала болып кетеді. Орта ғасыр авторларының енбек-
терінде Ұлы жібек жолы Каспий, Арал теңіздерінің сол-
түстік қабағын басып өтетіні, Тараз (Талас), Баласағұн
сияқты қалаларымызға соғатыны айтылады. Ал Тараз-
дан шыққан жол Ертіске қарай қайқая тартып, одан
әрі Енесайдың (Енисей) бас жағына жалғасып жатқан
(38, 49-55). Тарихтың тұяғымен жазылған шежіре сияқ-
ты бұл жолдарға халық неше түрлі ат қойып, ажырата
атайды. Мәселен, «Сауыр жол», «Хан жолы», «Абылай
жолы», «Сарысу жолы» деп келсе, енді біразы ру ат-
тарымен «Тарақтылар жолы», «Каракесектер жолы»,
«Тамалар жолы» деп аталады. «Сауыр жол» дейтіні —
«Сауран жолы» болу керек. Бұл жол Талас жазығы
мен Қаратаудың солтүстік етегінен шығып Ұлытау да-
ласын басып өтетін, одан әрі Ертіс бойындағы Сароба
(Царева) қаласының маңындағы қыпшақтармен жал-
ғасқан. Жергілікті халық «Хан жолы» деп күні бүгінге
дейін сайрап жатқан Көкшетау, Ақмола өңірінен шы-
ғып Ташкентке дейін созылған дала жолын айтады. Ал
«Сарысу жолының» басы Қазақстанның оңтүстігіндегі
Отырар, Сауран, Жаркент, Сығанақ сияқты қалалары-
нан шығып отырған. 1391 жылы осы «Сарысу жолы»
арқылы Ақсак Темірдің жер қайыстырған қалың қолы
жүріп өткен. Ұлытаудың жартасына қашалған әйгілі
жазуды Темір осы сапарында қалдырған. Ұлытаудан
басталып, Ақтау, Қызылтау, Ор, Аба таулары арқылы
Бетпақдаланы басып өтетін, одан әрі Шу бойына, Ала-
тау бөктеріне құлайтын жолды "Абылай жолы" деп
атайды (28, 3, 200), (120, 202). Қазақстанның оңтүстігі
мен орталық, солтүстік өңірін жалғап жаткан жолдар
біреу-екеу ғана емес. Бұлардың көбінің сорабын әлі де
көруге болады. Тіптен, қайсыбір жолдардың өн бойына

77

қарақшылап қадаған сынтастар, күні бүгінге дейін ер-
биіп «мен мұндалап» тұр.

Осы жолдардың, қай-қайсысы да өзінің әрбір бұры-
лысымен, әрбір еңіс-өрімен, ен бойындағы құдық-бұла-
ғымен өткен өмір шежіресін шертіп қоя бергелі тұр.
Тек зерделі көз, сергек сана болсын деңіз. Бір ғана
мысал. Белгілі ғалым Әлкей Марғұлан басқарған ар-
хеологиялық экспедиция соңғы он бес-жиырма жыл
аясында әлгі жолдардың өн бойынан ондаған қала
орындарын, су жүйелерін, атыз-сілемдерін тауып отыр.
Қаншама тың дерек, қаншама елді мекен өткен өмір
туралы, рухани әлеміміз туралы сөйлеп кетті. Боға-
желі, Тасты, Ожырайтөбе, Кент-Арал, Қызыл-Қоран,
Орда-Шағыл, Талды, Қызылкент, Төрткүл, Басқамыр,
АяқҚамыр, міне, бір ғана Орталық Қазақстан өңірінен
ашылған тарихи қалалар мен елді мекендердің толық
емес тізімі осындай. Осылардың қай-қайсысы да бай-
тақ даламыздың бай тарихына бажайлай қарауды,
оның сан-сала айғақтарын бүгінгі тарихымызбен сабақ-
тастыра білуді қажет етеді.

...Жолдар шежіресін қаузаймын деп, топонимияны
ұмытып кетті-ау деген ойда болар оқырманымыз. Жол-
ды қуалаңқырап кеткен себебіміз - жол бар жерде ел
бар, ел бар жерде географиялық атау бар, тарих бар.
Ал мыңдаған жылдар бойы өмір салты көшпелі болған
елдің топонимдік шежіресі айырықша қою болатыны
табиғи құрылыс. Өйткені қозғалыс бар жерде адам өмі-
рінің өзекті сипаттары тереңірек көрініс тауып, бедерлі
айғақтары мол ұшырап отырады. Ойды орнықтыру
үшін біз бір ғана көш жолының бойымен жүріп өтелік.
Көшпелілер әлемінің тіршілік-тынысы жер атауларына
қалай-қалай қатталғанын аңғаруға әбден болады ғой
деп ойлаймыз.

...Төрт түлік малды тіршілігіне тірек еткен көшпелі-
лер сол малдың амандығы үшін талай қиындыққа бел
буған ғой. Өзгесін былай қойғанда жыл құсы секілді
жылы жаққа үдере көшіп, қатал табиғат құрсауынан
сытылып шығатын әдет үш жүзде де болған. Мұндайда
жүздеген, кейде мыңдаған километрге созылатын көш
жолдары нелер ғажайып сыр-мұңның куәсіндей болып
күні бүгінге дейін сайрап жатыр (110, 495-594).

Сарыарқаның Бетпақдала жақ сауырындағы Орта

78

жүз рулары осы ғасырдың 20-30 жылдарына дейін Шу
өзенінің бойын қыстап қайтып отырған. Ал көктем
шыға құлазып жатқан Бетпақтың даласын белінен
басып, қар суын қуалай шұбаған қалың көш қайтадан
Арқаны жайлауға асыққан.

«Бетпақты басып Шуды қыстап қайтып, Сарысу
өзенін жайлайтын елдерден Ақмолаға қарайтыны жеті
болыс ел. Олар — бес болыс тама, алшын, жағалбай-
лы. Және екі болыс арғын, арғынның тарақты деген
елі» (104,440). Міне, осы рулардың көш жолы бір бол-
ған. Ол жол «Тарақтылар жолы» деп аталған. Жаңағы
рулар Бетпақтың қатерлі де ұзақ жолына бір мезгілде
шығып, бір көштің жұртындағы шоқайнаға екінші көш-
тің қазаны асылып, бірі аршыған құдықтан екіншісі
де шөлін басып, бірін-бірі тірек ете, жалғаса көшіп
отырған. Күзгі түннің төрт-бес сағатында ғана дамыл-
дап, бел шешпей шұбаған қалың.көш араға он алты-
он жеті қонғанда ғана Шудың бойына құлайды екен.

Сырт көзге меңірейіп, құлазып жатқан осынау ұзақ
жолдың бойына ойлана зер салсаңыз — әр қырқасы,
әрбір жұрты, сол жұрттағы шыңырау құдықтар, күн
көзі балқытып жіберген шыны аяқ сынықтары, бел ас-
қан сайын қарауыта мүлгіп көрінетін молалар, тамаша
үйлесіммен тауып қойылған жер аттары, бәрі-бәрі сол
көш жолын салушы бабаларымыздың тіршілігінен
қилы-қилы сыр шерткендей...

Міне, алды-арты күншілік жерге созылған қалың
көш келе жатыр деңіз. Көш маңдайы оңтүстікке, Шу
жаққа қараған. Бұлар—жаз бойы Арқаның шұрайлы
өлкесі: Ақтау, Желтау, Ортау, Сарықұлжа, Бәйбіше,
Тайатқан, Шұнақ, Айғырұшқан таулары мен Сарысу,
Атасу, Шажағай, Көктал өзендерінін бойын еркін жай-
лап мұңсыз-қамсыз күн кешкен қалың ел. Енді міне,
қоңыр күздің салқын демі білініп, қарашаның қарлы
жаңбыры ұшқындай бастаған соң «әуп» десіп, түріле
көшкен беттері осы.

Арқаның күміс бұлақты, мол сулы өзендерінің бойы-
нан шашырай көтерілген қалың ел, Болат тауынан өте
бере бір ізге түседі. Болат тауы — Арқа мен Бетпақ-
дала арасын бөліп тұрған ең биік тау. Әрі көшкен елге
көпке дейін көрініп, «қош-қош» айтысқандай ұзақ уа-
қыт бойы қарауытып барып таса болса, бері келе жат-
қанда «Сарыарқа мұнда-мұнда» дегендей алдымен көрі-
ніп, атой беріп қажыған көңілге қуаныш ұялататын

79

тау. Көш бастаушы көнекөз қарт іштей шүкірлік етіп
«осыған қанағат, осы болады» деген қанағат сезіммен
тауды Болат деп атаған.

Болат тауының бауыздау алқымында «Қасқабұлақ»
деп аталатын бұлақ бар. Қасқа десе қасқа-ау, қалың
кештің тайлы-тұяғы қалмай бас қойғанда сынық сүйем
ортаймастан қасқая созылып, айналы астаудай жар-
қырайды да жатады. «Қасқабұлақ» атануының сыры
да сонда.

«Қасқабұлақтан» әрі қалың кеш құдық суына қа-
райды. Сонсоң да бұл жерден көтерілген ел қарын-тор-
сығына, саба-күбісіне, кұман-шәугіміне дейін су құйып
алып аттанады.

Сонымен көш Болат тауынан өтті деңіз. Енді қоян
жон адырлы, құлазыған жазаңды Бетпақдала бастала-
ды. Аяқ аттаған сайын жер реңі де өзгеріп сала береді.
Арқадағы көдесі ұйысқан сары белдер, селеуі желбіре-
ген боз жазықтар, шалғынына ат омыраулайтын алқап-
тар артта қалып, енді төңірек қарауытып, қошқылдана
бастайды. Тарлау, бетеге, көк жусан, майқара жусан,
бидайық, жоңышқа, қияқ, көде, шалғын, майса, мия,
киік оты сияқты жұпар иісі аңқыған алуан түрлі шөп-
тер көзден бір-бір ұшып селдірей сұйылып, оның орнын
сояу жусан, ебелек, тырбиған қара жусан, күйреуік, ер-
бең, изен, баялыш сияқты кураған, қоңыр сұр, селдір
сояу есімдіктер басады. Әредік-әредік елегізіген көңіл-
ді елеңдете қарауытып, мұжығын, түйеқарын, итсигек
сияқты түп-түп бұталар кездесіп отырады. Айналаңнан
әріге көз жіберсең көкжиекке сұғына кіріп жатқан құ-
ба жонды сұр дала. Мұхит толқынындай мың сан ирек.
Тақала келсең қыраңы тастақ, ойпаңы шақат, тұзды
сортаң. Қашан Шу бойына жеткенше шетсіз-шексіз
көрініс көзді талдырып, көңілді зеріктірумен болады.
Таусылмайтын, бітпейтін есіз дала, меңіреу дала. Ең-
сеңді басып, емешеңді үзеді. Апыр-ай, Бетпақдала деп
қалай тауып қойған дейсің амалсыз. Бетпақ десе бет-
пақ қой...

Болат тауынан шыққан көштің екінші қоналқада
кездестіретін құдығы «Май төккен» деп аталады. Өт-
кен ғасырдағы жаугершілік заманда қазақ даласының
осы бір тұсында сойылған малдан қан сасып, май сіңді
болған жұрт қалыпты. «Май -төккен» атауының бір
аңыз-әңгімесі осылай айтылады.

80

«Май төккеннен» кейінгі жалғыз құдықты «Қаты-
нақ» дейді. Бұлай аталудың өзіндік себебі бар.

Сыдыра көшкен салқар көшті тағы да елестетіңіз.
«Әйт шу-шу, жануар» деген сөзге маңғаздана құлақ са-
лып асықпай адымдаған түйе, бұйра баялышты жүре
шалып заулаған отар-отар қой, қызыл изен мен сұр көк-
пекті тырсылдатып жүре жұлған үйір-үйір жылқы, сол
малды қоғамдап, қайырмалаған адамдар... Арқа жай-
лауындағы көштердей тай-құнанға мініп алып, ерсілі-
қарсылы шауып, масаттанған балалар да көрінбейді,
малына киінген қыз-бозбаланың әзіл-оспағы да
естілмейді. Бірін шөл қысса, енді бірін ұзақ жол
қажытқан. Амал қанша, бір құдықтан көтерілдің екен
келесі құдыққа жеткенше аялдауға хақың жоқ. Өл-ті-
ріл шыдауың керек. Босаңсысаң болды, мына даладан
мейірім жоқ. Бетпақ қой, бетпақ...

«Жығылған үстінде жұдырық» дегендей, күздің
қара суығы да бой жаздырар емес. Терістіктен тұрған
өкпек жел ақпанның ақырған аязынан кем соқпайды.
Етіңнен өтіп, сүйегіңді шытынатқандай зәрлі-ақ.

Міне, осынау қатал табиғат ортасындағы қатерлі
жолда түйе үстіндегі әйел-ананың бірі бебеу қағып тол-
ғатып коя береді. Қайтсін енді, еріні көгергенше тіс-
теніп шыдап-ақ бақты. Бірақ табиғат шіркіннің заңына
тосқауыл болу кімнің қолынан келген.

Әйел-ананың толғағы тым жиілеп, қолды-аяққа тұр-
ғызбас азапты шақтар тақалғанда көшті еріксіз тоқта-
тады. Сол сәтте бар жағдаятты қас-қабағынан танып
келе жатқан пысық әйелдер жүк үстінен домалай түсіп,
түйелерді дөңгелете қоралай шөгеріп жібереді де, тол-
ғатқан ананы жүгімен шөккен түйелердің ығына алып
келіп ішін тартады. Көп кешікпей-ақ шыр-р етіп жарық
дүниеге келген нәрестенің үні қалың көштің еңсесін
көтеріп, ән сияқты естіледі. Бұл екі арада қу баялышты
дүрілдете жағып, біреулер жабағы жүн қарсаласа,
енді бірі езілген құртқа май салып ысытып жатады.
Мұнан әрі дереу нәрестенің аузын үріп, аяғын сыпы-
рып, жабағы жүнге орап тастайды да, шешесіне майға
бөккен бір кесе шым-шым құртты жұтқызып жіберіп,
қалың көш тағы да жүріп кетеді. Жас босанған әйел-ана
түйе үстіндегі жәйлі төсенішке орана отырып, ырғала
тербелген қалпы маужырап, әлсін-әлсін нәрестесін
бауырына қысып қойып кете барады.

Ал жаңа туған нәрестенің әкесі болса екі езуі екі

81

құлағында, көрінгенге қарап ыржалақтап ол да келе
жатады. Сонда оны қоршаған кұрбы-кұрдастары әзіл-
шыны аралас: «Паһ шіркін, несін айтасың, қатының
қатын-ақ қой», — деп риза пейілмен тіл қатысады.

Сол күнгі тізе бүгіп, тізгін тартқан жердің «Қаты-
нақ» атануы содан қалған екен дейді көне көз қа-
риялар.

«Қатынақтан» шыққан көштің тізгін тартып, жаппа
тігер жері — «Жағасы жайлау». Бетпақтың бел орта-
сында жатқан бұл қандай жайлау? — дейсіз ғой. Он-
дай ештеңе де жоқ. Тек қана жылап аққан бұлақ-
сымақтар мен іркінді тымалар кездеседі. Қалың малды
қауғамен суарып қажып келе жатқан жігіттер үшін аз
да болса ашық судың кезігуі мына далада үлкен қуа-
ныш. Көңілі түссе көл болатын қазекем «Жағасы жай-
лау» деп жеріне жеткізе айтып салса керек қой.

Шу өзенін бетке алған калың көштің мұнан арғы ең
бір қиналып өтетін жері «Етекжайған» деп аталады.
Өйткені бұл жердің суы тұздай ащы, өсімдігінің дені
тырбық қара жусан болады. Мұндайда қой мен түйе
түлігі едәуір шыдам көрсеткенімен, қара жусан жеп,
ащы су ішкен жылқы, сиырлардың ішіне қорек тұрмай-
өліп те қалады. Қарын-торсығындағы тұщы суын тауы-
сып алатын адамдардың да ішкен асы тоқтамай, да-
мыл-дамыл көліктен түсіп, етек түре береді. Бұл жер-
дің «Етекжайған» атануында осындай сыр болса керек.

Бетпақтың даласын белінен басып, моншақтай тізіл-
ген қалың көш мұнан әрі «Ақжігіттің көк талы», «Сары
тораңғы», «Байқара-Жамбыл» деп аталатын жерлерді
басып өтіп, Шу өзенінің бойына ілігеді, «Ақжігіттің көк
талы» дегені — сіресе біткен тораңғылы алқап. Бол-
маса Бетпақта тал өсетіндей қисын жоқ.

Шу сияқты арналы өзеннің алқабына тақалғанда
қалың елдің бір тармағы - Тамалар күннің батысын-
дағы Қамқалы, Қандыарал деп аталатын жерлерге
ойысады. Тарақты елі «Қазықты қара қылға» жетіп
тізгін тартады. Ал көш жолының шығысындағы Ақбас,
Қоқи деп аталатын жерлерді Қаракесек, Шұбырталы
елдерінің қалың көші келіп басады.

Бетпақтың даласын белдеулеген көш жолының ең
соңғы нүктесі — «Қазықты қара қыл». Бұл — Шу өзені-
нің ең бір енсіз жері, «Қазықты қара қылды» қысы-
жазы бірдей жалғыз үйлі кедей мекен етсе керек. Істей-
тін кәсібі — өзеннің арғы бетінен келген қаратаулық-

82

тарды, бергі бетінен келген Арқа елін әрлі-берлі
ыспамен өткізіп салады екен. Алатын ақысы — бір үйді
өткізгені үшін бір тері, бір ауылды мал-жанымен өткіз-
гені үшін бір қой. Өткізетін құралы — тал-терекке қа-
мыс тоқып жасалған жалпақ ыспа дейді, Ыспа-салға
байланған ұзын қыл арқанның бір ұшы өзеннің арғы
бетіндегі берік қазыққа бекітілген. Мал-жанды ыспаға
мінгізіп алып, қыл арқанды саумалай тартқанда, әлгі
кедей жел қайықша заулаушы еді деп әңгіме шертеді
қариялар. Бұл жердің «Қазықты қара қыл» атануы со-
дан қалыпты.

Сонымен, қатерлі жолдан өткен қалың көш Шуға
осылай жетеді. Енді елдің арқасы кеңіп, жадырап сала
береді. «От арық, су семіз» деп бекер айтылмаған ғой,
енді мол суға жеткен төрт түлік қыс бойы қамыстың
саусағын теріп жеп-ақ қанағат табады.

...Бетпақдала табиғаты әлі де қатал. Бірақ ондағы
тіршілік бұрынғыдан мүлдем бөлек. Бір өзіне Батыс-
тың бірнеше мемлекеті сиып кететін жалпақ даланың
апай төсіне Жұлдыздар қаласы қоныс тепкен. Әлемнің
ақыл-ойын қайран қалдырған космос кемелері әлсін-
әлсін осы жерден ғарышқа сапар шегіп жатады. Ал
Байқоңыр жайлауындағы қойшылар космос кемелері-
нің жерге түскен сауытынан қой отарларына шарбақ
жасап алғанын көруге болады. Олар үшін Бетпақдала
дегеніңіз — ащылы-тұщылы оты мол, артезиан кұдығы-
нан кәусары атқылаған суы мол, берекелі ен жайлау.

Бетпақты белінен басып өтетін көш жолы әлі де
бар. Сайрап жатыр. Бұл жолмен қазір де ел көшеді.
Жыл сайын көктемде Жамбыл облысының Талас, Сары-.
су аудандарына қарасты малшылар Арқаны жайлап
қайтуға асығады. Ал күзге қарай бір басы екеу болып,
қызық-думанмен кері қайтады.

Сонда жас қойшылар көне көз қариялардан көш
жолында кездесетін жер-су аттарын сұрайды. Неге
олай аталғанын білгісі келіп, құлақ түреді. Ал көпті
көрген қария болса өткен өмірді көңіл зердесінен өт-
кізе сыр шертеді.

Бұл әңгіме жастар үшін бұрынғы өткен ата баба-
ларының тіршілік-тынысынан жеткен жаңғырықтай
болып естіледі.

5. Ұлытау! Бұл — шырқау биіктің символы болған
Монблан шыңы да емес, сұлулыққа сыңар болған ару
Алатау да емес, айбарлы да асқақ Хантәңірінен де бө-

83

лек, сыр ашпайтын сұсты Араратқа да ұқсамайды,
әжім торлаған қарт Қаратауға да, айналы жас сұлудай
Көкшетауға да келмейді. Ұлытаудың бітім-болмысы
мүлдем бөлек қой. Егер осынау қасиетті таудағы Едіге
батырдың сүйегі қойылған шыңға шығып, төңірекке
ойлы көзбен қарар болсаңыз: Сарыарқаның апай төсін-
де анар таудың Торғай тораптарымен торланып, Арға-
наты адырлармен апшылып, Қияқты қырларымен қар-
пылып, Байқоңырдың белдерімен бастырылып, Қара-
құмның шөлдерімен көмкеріліп жатқанын көрер
едіңіз. Әйтпесе, «көк тәңірінің» өзі қызығып, бұл тауды
көтеріп әкетердей екен.

Берісі қазақ халқы үшін, әрісі Алтыалаш үшін
(Алтыалаш ұғымында қамтылатын ел-жұрт әлі анық-
талған жоқ. Белгілі ғалым Ғ. Мұсабаевтың жорамалы
бойынша Алтыалаш құрамына үйсін, қаңлы, қырғыз,
хақас, татаб-татар, сәнбі-күндер сияқты ірі рулар кіре-
ді) Ұлытаудың тарихи маңызы ерекше. Әсіресе, қазақ
халқының тұтастығына, үш жүздің бірлігіне ұйтқы бол-
ған кіндік мекен. Бұл таудың арғы-бергі тарихы — бү-
кіл халқымыздың тарихы. Сондықтан да осынау байыр-
ғы мекенді қасиет тұтқан халық Ұлытау деп атайды.

Ұлытаудың қолтық-қойнауын, құз-қиясын, төңірегін
ерінбей шарлаған жан ашық аспан астында жатқан та-
рихи музейді аралағандай күй кешер еді. Ғасырлар
құпиясының куәгеріндей болып күндік жерден қакырая
көрінетін мазарлар, әсем айшықты мавзолейлер, мәңгі
тыныштыққа шомған ақ сұр бейіттер, тарих соққысы-
нан қалған ісік сияқты дөңкиіп-дөңкиіп жатқан алып
құрылыс қалдықтары, шежіре сырды ішіне бүгіп қа-
тып қалған сәукелелі тас қыздар мен бес қаруын асын-
ған тас батырлар, осынау тылсым тыныштыққа жан
бітіріп сөйлетіп жіберетін кілт сияқты беймәлім жазу-
лар мен ғажайып ою өрнектер, қиырдағыны көңіл көзі-
мен болжап тартқан жолдар, күні бүгінге дейін аңыз-
әңгімемен қойындасқан үңгір-окаптар... міне, осының
бәрі де өзінің бүкіл бітім-болмысымен, ғажайып сұлу-
лығымен, етжақын ерекшелігімен халық тарихын үн-
түнсіз мәлім еткендей.

Ұлытау тарихыңың небір қалың қатпары арғы за-
маналар еншісінде жатыр. Соның ең бір көне, ерекше
мәнді айғағы Сарысу өзенінің төменгі сағасындағы
«таңбалы тас». Бұл тас Жетіқоңыр құмын бетке алып
жүргенде кезігетін Қарақойын атты тұзды көлдің ірге-

84

сінде тұр. Мың сан ру таңбасы басылған жартастың тү-
бінен бұлақ ағып жатыр. Таңбалы тасқа зер салып
қараған жан арғынның көз таңбасын, найманның ба-
қан таңбасын, жалайыр мен тарақтының тарақ таңба-
сын, шапыраштының ай таңбасын, ыстының көсеу таң-
басын, қоңыраттың босаға таңбасын, адайдың оқ
таңбасын, жағалбайлының балға таңбасын көрер еді.
Әрине, бәрін атау мүмкін емес, біз әдейі үш жүздің
белгілі руларының таңбаларын теріп қана атап отыр-
мыз. Осы мысалдың өзі-ақ, мына таңбалы тас көшпелі
дала руларының бірлік-пәтуасына айғақ, тұтастығына
белгі, ант беріп ауыз біріктірген орны екенін аңғарта-
ды. Жай аңғартып қоймайды, далалық көшпелі рулар-
дың ерте заманда-ақ топтасып біріге бастағаны, ел бо-
лып бас құрағаны көрінеді. Әрине, бұл сияқты пәтуа-
бірлікке кіндік болған мекенді, сол өңірдегі көзге түсер
биікті Ұлытау демеске болмайтын да сияқты. Өкінішке
орай, дала руларының осынау мол таңбасы басылған
белгі-ескерткіш күні бүгінге дейін тарихшы ғалым-
дарымыздың назарынан тыс қалып келеді.

Соңғы жылдарда жүргізілген археологиялық зерт-
теулер мен жарық көрген тарихи еңбектер Ұлытау төңі-
регінде қайнаған өмірдің, гүлденген мәдениеттің, тал-
ғампаз өнердің көне заманнан бері қарай үзілмей жал-
ғасып жатқанын әйгілеп беріп отыр. Ілгерідегі
тарауларда біздің заманымыздан көп бұрын Ұлытау
өңірінде кен-қазба жұмыстарының айырықша дамыға-
нына нақты мысалдар келтірдік. Арабтың белгілі гео-
графы Әл-Идрисидің жазуы бойынша Ұлытау төңірегі-
нен өндірілетін алтын, күміс, жез сияқты бұйымдарды
Шаштың (Ташкент) саудагерлері кірелеп тартып, әйгілі
Ұлы жібек жолының бойындағы керуеншілерге еселеп
сататын болған. Бұл товарлар одан әрі Батыс пен Шы-
ғыстың елдеріне тарап отырған (82, 1, 221-222). Геро-
дотты тамсандыратын массагеттердің мол алтын-күмісі
мен олардың тіршілік-тынысы туралы қиял-ғажайып
әңгімелер осы ізбен тарамады ма екен деген ой келеді.

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған
адам сүйектері мен мал сүйектерінің өзі бұл өлке тари-
хының қызық беттеріне куә. Мәселен бізге ертедегі
Римнің айбынды атты әскерінің шоқтық биіктігі 136-
140 сантиметр ғана болғаны тарихтан мәлім ғой. Ал
осыдан үш мыңжыл бұрын Ұлытау маңындағы жылқы-
лардың шоқтық биіктігі 150 сантиметрге дейін жеткен.

85

Сол сияқты, біздің заманымызға дейінгі Эллада дәрі-
герлерінің қояншық (эпилепсия) сияқты ауруларды
емдеу үшін бас сүйекті трепанациялайтынын тарих ай-
тады. Ал Қарабие зиратынан табылған жас жігіттің бас
сүйегіндегі тесікті мұқият зерттеу арқылы біздін ғалым-
дарымыз қазақ даласының ертедегі емшілері емдеудің
мұндай қиын түрін біздің заманымызға дейінгі V-ІІІ
ғасырдың өзінде-ақ игергенін дәлелдеп отыр (78, 432-
433).

Көне Иран эпосында тұрандардың әйгілі көсемі
Афрасиабтың (Тоң-Алып) солтүстіктегі алыс елде,
«Жез қамал» деген жерде өлгенін айтады (21, 7, 397).
Ал Махмұд Қашқаридің (XI ғ.) тарихи дерегі бойынша
«Жез қамал» Сырдария бойыңда деп көрсетеді. Осы
деректерді қорыта келіп академик Әлкей Марғұлан бы-
лай деп жазады: «Егер Сырдарияның төменгі алқабын-
да жез кенінің жоқ екенін ескерер болсак, онда Махмұд
Қашқаридің айтып кеткені Жаңакентпен бір аймақ
құрайтын көне Жезқазған кен орны екені өзінен-өзі ай-
қындалады. Оның үстінде оғыздар, одан соң қыпшақ-
тар Сыр бойын қыстап, жаз шыға Жезқазған төңірегін-
дегі Ұлытау мен Кішітауды жайлауға шығып отырған»
(73,9).

Егер тарихи деректерге зер салсақ VIII ғасырдың
өзінде-ақ Інжу өзені мен Харчук беткейінен бастап
Балқаш көлі мен Құлынды даласына дейінгі ұлан-бай-
тақ жерде, мол сулы Есіл, Ертіс бойында Хорезм мен
Абескун (ертедегі Каспий теңізіндегі Хазарлардын
қаласы) теңізінің жағасында әрі көшпелі, әрі оты-
рықшы тайпалар — үйсін, оғыз, қаңлы, найман, адай,
арғын болған. Бұлар өз заманындағы айтулы Дәшті-
Қыпшақ (VІІ-ХІІ ғ. ғ.) мемлекетін құрап, батысында
бұлғарлармен, түстігінде Сібірмен, шығысында Моғолс-
тан, Жоңғармен, оңтүстігінде Хорезм, Қараханидтер-
мен іргелесіп жатқан. Сонда байқап отырсақ Ұлытау
географиялык орналасуымен ғана кіндік мекен емес,
тарихымыздың бастау алған ордалы ортасы да екен.
Ұлытау сөзінің этимологиясын бұл жағдай да айкын-
дай түседі.

Бұл өлкенің тарихына тереңірек үңілсек, 1672 жылы
жарық көрген «Үлкен кітап сызығы» деп аталатын
картада Ұлытауға ерекше мән беріп, шұқшия көз тік-
кенін көреміз, Мұнда Ұлытаудың тұсына бадырайтып
тұрып белгі соғып, «бұл жерде қалайы бар» деп жаз-

86

ған. Мұның өзі бұл өлкеге әр тілдегі, әр ниеттегі түрлі
экспедициялардың жалғыз-жарым зерттеуші-саяхат-
шылардың ағылып келе бастауына да себепші болған.
Олардың ішінде бүгінгі ұрпақ үшін небір құнды жазба
мағлұмат қалдырған жолаушылар да болды. Мәселен
1771 жылы осы маңға келіп қайтқан орыс натуралисі
Рычковтың жазбалары күні бүгінге дейің тарихшы,
зерттеушілеріміздің ерекше назарын аударып келеді.

Ұлытау маңындағы кездесетін ескерткіш белгілер-
дің басым көпшілігі монғол шапқыншылығы мен жоң-
ғар шапкыншылығы заманының еншісіне қатысты. Үн-
сіз мүлгіген мазарлар, үңірейген қорғандар, төбе болып
жатқан құрылыс үйінділері, жер-су атаулары сол
заманнан қалған жараның орны, басылмаған ісігі, біт-
пеген тыртығы іспеттес.

«Дүние жаралғаннан бері адамзат үшін мұнан өт-
кен аласапыран болған жок, ақыр заманньщ арсы-күр-
зісіне дейін мұндай сұмдықтың болуы мүмкін емес», —
деп жазды монғол шапқыншылығы туралы араб тарих-
шысы Ибн-аль-Асир, Міне, осы сұмдыққа алдымен кеу-
десін төсеген Ұлытаудың сары белдері мен сағымды
далалары. Содан да болу керек Шыңғысхан жорығына
қатысты, оның әулет-бұтағына қатысты ең мол белгі
Ұлытау төңірегінде десек қателеспейміз.

Шыңғыс хан ойранынан кейінгі Жошының жорық-
тары, Темірдің тепкілері, Бату мен Бабырдың батнан
қимылдары, қалмақтардың қанды қырғындары туралы
да белгі-бедер, аңыз-шежіре Ұлытау төңірегінде тұнып
тұр. Мәселен арада сегіз ғасырдай уақыт өтсе де сәңгі-
реп тұрған Жошы ханның мазары анау. Бұл сол заман:
ның барлық алапат-айбарын, қасірет-қайғысын бойына
жинақтаған қалпы бүгінгі күнімізге жеткен ең елеулі
ескерткіш-белгілердің бірі.

Ал Темірдің сарай шежірешісі Шарафуддин Язди-
дің даңқ кітабынан біз күні бүгінге дейін мынандай
жолдарды оқимыз;

«Темір Ұлытауға қелгенде алдымен сол таудың
басына шығып, төңірегіндегі көк жасыл дала мен көк
сеңгір тауларға ұзақты күнге телміре қараумен болды.
Сонсоң әскерін жинап сол жерден үлкен құлпытас
орнатуға бүйрық берді. Бармағы майысқан шеберлер
осынау сәтті оқиғаңың болған күнін тасқа қашап жа-
зып, ұзақ жылдарға жететін мәңгілік ескерткіш қал-
дырды».

87

Міне, осы тастың Ұлытаудағы Алтыншоқты биігінен
табылуы, оны тапқан халқымыздың аяулы перзенті
Қаныш Сәтбаев екені ғажайып оқиға ғой. Бұл тас қа-
зір Ленинградта Эрмитажда тұр. Одан мынадай жазу-
ды оқуға болады:

«Тарихтың жеті жүз тоқсан екінші қой жылы. Жаз-
дың ара (июль—А. С.) айы. Тұранның сұлтаны Темір-
бек жүз мың әскерімен Тоқтамыс ханға соғыспаққа
жүреді. Бұл жерден өтіп бара жатып, белгі болсын деп
осы жазуды қалдырды. Тәңірі нәсіп берсін. Іншалла,
тәңірі бұл кісіге рахым қылып, барша адам есіне алып
жүрсін».

Бұл жазуды профессор Поппэ мен академик Марғұ-
лан шешіп оқыған. Жазудың түп нұсқадағы тілі әрісі
түркі тектес халықтардың, берісі қазақтың тіліне
ұқсас.

Жер тарихы — ел тарихы. Оның бетіне түскен бе-
дер-белгі адамдардың ізі, сол белгі-бедер ішінде бүгін-
гі, ертеңгі ұрпақ үшін, тарих үшін бізге ең қымбаты
материалдық белгілер, адам қолымен жасалған ескерт-
кіштер. Қазірдің өзінде бір ғана Жезқазған облысын-
да көне заманнан бастап, бүгінгі күнімізге дейінгі
аралыққа белгі боларлық жүздеген құнды ескерткіш-
тёр тіркеуге алынып отыр. Солардың ішінен көктей шо-
лып атағанның өзінде Аяққамыр (ХІ-ХІІ), Алаша хан
(XII), Жошы хан (XIII), Ақмешіт әулие (Ұлытаудың
шың басындағы бұл белгі Асанқайғының бәйбішесі
Танаға қойылған —XV ғ). Дүзен (XIX) деп аталатын
мазар белгілердің мән-маңызы ой салғандай. Ал кім-
дікі екені белгісіз, салынған мерзімі белгісіз бірақ
архитектуралық маңызы айырықша мазарлар, бейіт-
қорымдар қаншама десеңізші. Тіптен, жоғарыда аты
аталған мазар-белгілердің өзі күні бүгінге дейін толық
зерттеліп, байламды пікір айтылған жоқ. Айтылған бір-
лі-жарым пікірдің өзі әр кітапта әр түрлі жорамалдың
басын шалып, шашырап жүр.

Қалай болған күнде де, тарихи ескерткіштің кез
келгенінде мейлі ол байдың немесе патшаның яки
батырдың ескерткіші болсын, ең алдымен ондай ескерт-
кіштерде халықтың маңдай тері, көз жасы, өнері мен
білімі, тарихы бар деп қарауымыз керек.

Тарихты білудің, ұрпақтар санасына тарихи зерде
ұялата білудің айырықша тәрбиелік мәні бар. Басқаны

88

былай қойғанда біздің бүгінгі ғажайып тіршілік-тыны-
сымыздың да бір кездері тарих болатынын бажайлауы-
мыз керек. Ал Ұлытау, Жезқазғанның бүгінгі дүбірлі
тынысы бір-ақ күнде осы күйінде орнай қалған жоқ
қой. Мынаған зер салайықшы. 1847 жылы 10 ноябрь
күні Бағаналы руының шонжары Батыр Бақаншин мен
сол рудың биі Шиан Таңсықбергеновтен Қызылжардың
алып-сатары Никон Ушаков Кеңгір өзенінің сағасын
400 сомға сатып алып,. шартқа қол қойысады.

Орыс капиталистерінің іске шорқақтығын сәтті пай-
далана білген ағылшын, американ, итальян капиталис-
тері бұл өлкеге осы ғасырдың бас кезінен бастап-ақ көз
қадай бастады. Содан 1907 жылы ағылшын Фон Штенн
Жезқазғанды 260 мың сомға сатып алды. Олар нысана
еткен қалталы қимыл Ұлы Октябрь революциясымен
тұспа-тұс келді де, большевик Иван Васильевич Деев
бастап, П. И. Холмецкий, Ш. Далабаев, В. Перчаткин,
А. Комиссаров, В. Прокофьев, Н. Саусақов, Ж. Жапбо-
сынов сияқты саналы азаматтардың қолдауы арқасын-
да туған өлке төсіндегі ен дәулет жіп-шырғасы шықпас-
тан Отан игілігіне айналды.

Сөйткен Ұлытаудың бүгінгі келбетіне зер салсақ—
төбеміз көкке екі елі жетпегендей. Бүгінде Жезқазған
комбинаты дүние жүзіндегі мыс комбинаттары ішіндегі
руда өндіру тәсілі толық механикаландырылған алғаш-
қы кәсіпорынға айналды. Бір кезде 400 сомға сатылған
қасиетті мекен бұл күнде Отан игілігіне дүние жүзін-
дегі ең сапалы жез тасқынын толассыз ағызуда. Төс-
кейі төрт түлік малға мыңғырған, қойнауынан түсті
металдың небір түрі өндірілген, қыратынан ғарышқа
жол тартылған Ұлытаудың тарихи атауы бүгін ғана
өзінің мән-мағанасына лайық болғандай...

Түйіндей айтқанда, біздің жыл санауымыздан мың-
даған жыл бұрын мыс кені қазылған шұрып-шұңқыр-
дан бастап, түрлі архитектуралық дөңес-төмпешіктер
мен мазар-мавзолейге, бедер-белгісі бар тастарға
дейін, одан соң шимай салып жатқан тарихи жол бойы-
нан бастап, сол жолдың бойындағы қанды жортуылдар
мен қасиетті жорықтарға дейін, арғы-бергі белгілі
адамдардың қаны тамған, маңдай тері тамған орын-
дарға дейін, бүгінгі салтанат-сәулеті келіскен қадамы-
мыздың алғашқы ізінен бастап, бесжылдықтардың бе-
дерлі белестеріне дейін, қысқасы бәрі-бәрі назардан

89

тыс қалмауы керек. Сол тарихи орындардың бәріне де
белгі тақталар, бедерлі обелискілер қойылса, әсіресе
ыждаһатпен жөндеулер жүргізілсе — ел, халық тари-
хына, мәдениетіне, ұрпақ тәрбиесіне қатысты үлкен игі-
лікті іс болмақ. Тарихи мұраның тәрбиелік мәні деген
ұғымда айырықша терең мағына бар. Тарихи талғам,
сабақтастық бар жерде, сөз жоқ, бүгінгі рухани толысу-
ларымыз өзіндік дара өрнегімен, үнімен көрініс таппақ.
Әсіресе төл өнеріміз түрі ұлттық, мазмұны социалистік
сипатын мейлінше жарқыратып көрсетуіне мүмкіндік-
тер бұрынғыдан молыға түседі. Бүгінгі ұрпақ, келер ұр-
пақ халықтың ғасырлар бойы тірнектеп жинап жария
еткен мол мұрасынан еркін жүзіп жүріп сусындаса
ғана алыс болашақтарға алқынбай жететін, жасқанбай
қарайтын рухани асылдарды тудыра алады. Адамзат-
тың бүкіл дамуы туғызған мәдениетті құнттап білумен
ғана, соны қайта қорытумен ғана пролетарлық мә-
дениетті жасауға болатынын айрықша ескертіп айтқан
ұлы көсеміміз В. И. Лениннің сөзінде терең мән бар
(4, 31,288).

6. Жауыртау... жоқ Теміртау. Қарағанды қаласы-
ның солтүстік қанатынан шығатын қос тілді тас жол-
мен жүріп кеткен машина сүт пісірім уақытта Жауыр-
тау деп аталатын жатаған қырқаға тұмсық тірейді.
Бұл — кәдуелгі, Сарыарқаның сиыртаңдайланып жата-
тын қызыл-күрең, қоян жон қырқалары. Қайран қалды-
рар «мені көрдіңбесі» жоқ үйреншікті мекен.

Жатаған боз бетеге мен алкүрең көдесі ден болған
соң осынау адырлы дала көрер көзге сарғыш тартып,
бірегей көрінді. Теңіз толқынындай мың-сан сары адыр-
лардан Жауыртаудың еңсесі болар-болмас көтеріңкі.
Беткей бауырына әредік-әредік біткен қараған, тобыл-
ғылар қарая ереуілдеп, қыдырған көзге аз сәт алданыш
болғандай. Бұл жердің мұнан басқа "Мен Жауыртау-
мын,!"дейтіндей көзге ұрып тұрған белгісі жоқ. Енде-
ше Жауыртауы несі?

Бұл жердің Жауыртау дегізетіндей айқайлап тұр-
ған белгісі әу бастан-ақ. болмапты. Атадан балаға ауы-
сып отыратын халық аңызы Жауыртау деген атауды
«Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырымен сабақтастырады...

Кәдуелгі «жетпіс жыл баққан малының жеті жапы-
рақ етін тісіне басуға қимайтын» Қарабай әкесі өлген
Қозыны қомсынып қаша көшетін аңыз бар емес пе. Сол
бір асыға көшкен абыр-сабырда Карабайдың сабасы

90

жарылып, қымызы төгілген жер «Ақкөл», «Жайылма"
атаныпты.

Ұзақ көш жолында кырық нары арып өліп, Қарабай
Аякөзге келгенде ноғайлы Шақшақ байдың баласы Қо-
дар Баянға ғашык болады ғой. Кешікпей-ақ тоқсан
мырзасын жалшылыққа берген Қодар Қарабаймен әм-
пей болып алады. Сонда әбден шарасы таусылған Баян
Айбас деген жігітті канатты қара биеден туған Бақа
айғырға мінгізіп, алыста қалған ғашығы Қозыға жібе-
реді. Сәлемдеме деп алтын сандыққа домбырасы мен
моншағын, басындағы қарқара қадаған тақиясын са-
лып берген екен.

Қарабайдың қырық нарын жалмаған ұзақ жол Ай-
бастың арғымағына да оңай тимепті. Шексіз-шетсіз
сары дала Айбастың өзін де, астындағы тоқпақ жал
Бақа айғырды да титықтатса керек. Сол бір қатал та-
биғат ортасында сенделіп келе жатқанда ол Баянның
сәлемдемеге берген моншағы мен домбырасын түсіріп
алыпты. Сол себепті ол жерлер «Домбыралы», «Мон-
шақты» атанған екен дейді. Мұнан әрі сандық ішіндегі
қарқарасы бар топы да түсіп қалыпты. Ол жер содан
"Қарқаралы" атанған дейді. Ең соңында алтын сандық-
тың өзі бір тоқтаған жерінде қалып қойса керек. Қазір-
гі «Алтын сандық», «Ақшатау» деп аталатын жер атау-
лары содан қалыпты дейді.

Алайда қаншалықты қалжырап, қажыса да Айбас
Баянның өтінішін орындау үшін Қозы Көрпештің елін
бетке алып жүре берсе керек. Бірақ, амал қанша, елсіз-
күнсіз сары дала астындағы аттың титығына жетіп, бір
жерлерге келгенде болдырып, тоқырап, тұрып қалыпты.
Содан бұл жер «Тоқырауын-Жәмші» атанған екен (қа-
зір Тоқырауын өзені Жезказған облысына қарасты Ақ-
тоғай ауданының жерімен ағып келіп, Балқаш көліне
құйып жатыр).

Айбас алған бетінен сонда да қайтпайды. Бақа ай-
ғырды Тоқырауын бойының сонысына тынықтырып
алып, тағы да жүріп кетеді ғой. Ай жүреді, апта жүре-
ді, бір жерлерге келгенде мінген атының тұяғы сөгіліп,
арқасы ошақтай жауыр болып, мүлдем міністен қалған
екен. Осынау жауыр аттың қалған жері содан бері
«Жауыртау» атаныпты дейді қыр аңызы.

...Халық өзі ат қойған ата мекенінің атауын өзі ғана
өзгерте алады екен. Кезінде Жауыртаудың жатаған жо-
нын дүбірлетіп Темірланныц мың сан әскері өтіпті; қа-

91

зақ даласын індеттей жайлап, халқын «ақтабын шұбы-
рынды» еткен Жоңғар хунтайшылары да осы төбенің
басында талай рет ат ойнатыпты; өткен ғасырда ен
даламен ерсілі-қарсылы жөңкілген Кенесарының қалың
қолы да Жауыртаудың бауыздау алқымындағы Нұра
өзенінен талай рет ат суарыпты; боса-болмаса патша-
лық Россия көпестері мен ағылшын, француз капита-
листері бұл Жауыртаудың иығына шығып алып, төңі-
регіне тімтіне көз тастағаны да белгілі... Бір ғажабы
соның бәрінде де осы бір жатаған адыр Жауыртау бо-
лып қала беріпті.

Ер жігіттің атын арытқан, қыран құстың қанатын
талдырған Жауыртауды соңғы бір-екі он жылдан бері
ел-жұрт Теміртау деп атайды. Халық өзінің кіндік қаны
тамған жеріне жүрегінен шыққан атауды ғана қояды
екен ғой. Шынында да Теміртау дегеніңіз ел өмірінің
өрен өзгерістерімен біте қайнасқан атау. Теміртау десе
Теміртау. Кәдуелгі «тау-тау темір» деген сөзден шық-
қан қарапайым атау.

Бұрынғы Жауыртау қазір көкке қол созған бойшаң
трубалардың алқымында аяқ астында қалған. Ал
Нұра аңғарына құлай берістегі күндік жерге созылған
ойпаңға ғажайып шаһар пайда болыпты. Мұнда темір-
ден түйін түйіп, болатты майша балқытқан екі жүз
мыңнан астам еңбекқор қауым тұрады. Олардың 70
проценттейі ширек ғасырдан сәл асатын тарихы бар
Теміртаумен түйдей құрдас.

Теміртау «жас ұландай жайнап өскен» жастар қала-
сы ғана емес, сонымен бірге ұлы мақсат біріктірген дос-
тықтың да мекені.Қазір қаланың партия ұйымдарында
қырықтан астам ұлттың, комсомол ұйымдарында елу-
ден астам ұлттың өкілі болса, кәсіпорындарында жет-
піске тарта ұлттың өкілі еңбек етуде.

1956 жылы жарық көрген Үлкен Совет Энцикло-
педиясының 42-томы Теміртаудың өнеркәсібін әңгіме-
лей отырып, небәрі үш өнеркәсіптің ғана атын атаған
еді. Содан бергі аз уақыт ішінде индустриялық қуаты
ғылым мен техниканың соңғы жетістігіне орай салын-
ған отыздан астам завод-фабрика мол берекелі өнім-
дердің ұйтқысы болып үлгеріпті. Олардың ішінде
КарГРЭС, Синтетикалық каучук заводы, Қазақстан
Магниткасы атанған Қарағанды металлургиялық ком-
бинаты сияқты алыптар Теміртаудың даңқын бүкіл
Одаққа, қала берді әлемге паш етті.

92

Теміртауда талай дүркін әлемдік еңбек рекордтары
жасалды, Теміртауда бүкіл Европада теңдесі жоқ кон-
верторлар дүниеге келді, Теміртауда Одақтағы ең қуат-
ты домна пештері шойын селін тасқындатты, Теміртау-
дағы республика химиясының алыбы мол берекеге ұйт-
қы болды, Теміртау еліміздің шығысындағы қара метал-
лургияның қара шаңырағы атанды...

Бұл күндері Теміртаудың белгісі қойылған өнімдер
Совет Одағының барлық республикаларында белгілі.
Ал болат, шойын, қақталған қаңылтыр, қарбит кальциі
және басқа да толып жатқан өнімдер қырыққа тарта
шет елге жіберілді. Олардын ішінде Австрия, Англия,
Италия, ФРГ сияқты елдер бар.

Бір ғана Қазақстан Магниткасы күн сайын 500
вагондай өнімін төрт мыңға жуық тұтынушыларына
жөнелтіп жатады. Егер цифрды мысалға айналдырып
елестетсек, Казақстан Магниткасының соңғы бірер
жыл ішінде өндірген металл өнімдерін темір жол вагон-
дарында тигегенде Қарағандыдан Москваға жететіп
состав құралады екен. Жауыртауға халықтың Теміртау
деп қайта ат коюында да осындай бір мағналы сыр жат-
са керек.

Міне, арғымақ аттың көбесін сөккен, қыран кұстың
қанатын талдырған құла түздегі Жауыртаудың соңғы
ширек ғасырдай уакыт ішінде ғана Теміртау болып қай-
та туған ғажайып келбеті осындай.

7. Қызылкеніш. Арқаның алтын айдары іспеттес
Қарқаралы тауын артқа тастап, көксеңгір Кент тауы-
ның қос өркеші — Доғал мен Қоңыр биіктің қақ орта-
сын бетке алып жүріп берсеңіз, бұл өңірде күні бүгінге
дейін аңыз болып айтылатын Қызылкеніш сарайының
үйінді төмпешігіне маңдай тірейсіз. Мінер жағыңызға
көз салсаңыз «Киргизия» совхозының төртінші бөлім-
шесі көрініп тұрады.

Қызылкеніш сарайының қоныс тепкен жері күні
бүгінге дейін көрер көзді тұсап, көңіліңді қиял-ға-
жайып дүниесіне жетелейді. Сылдырап аққан бұлақ-
тары бар, күлтелене көгерген шоқ-шоқ тал-терегі,
қайың-мойылы бар, көгорай шалғынға оранған ауыл
орнындай жазықты елестетіңіз. Сол жазықты шырық
айнала құж-құж жақпар тасты тау қоршаған. Ұшқан
құстай басқаның осынау қорған таудан асып түсуі мүм-
кін емес. Осы қорған таудан шығар жер біреу-ақ. О л —
әлгі бұлақтардың жиылып келіп, жарып өткен терең

93

сайы. Сай табанының ені жиырма-отыз аттылы тізе
тиістіріп қатар өткендей.

Табиғаттың өзі жасаған осынау бекініс қорған ішін
Қызылкеніш сарайының салынуы ойға қалдырады
Тыныштық, рақатты көксеуден гөрі тығылып, қорғану-
ды көбірек ойлаған жан ғана мынандай мекенді тұрақ
етсе керек. Күні бүгінге дейін жеткен ел аузындағы
аңыз-әңгіменің де айтары осы пікірмен тектес.

Аңыз айтады, ерте-ерте ертеде мына байтақ даланы
мекендеп, бақытты ғұмыр кешіп жүрген елге жау
шауыпты дейді. Жаудың қолбасшысы осы өңірдің бірі
аруына ғашық болып, жорық олжасының басы етіп
оны да-алып жүреді ғой. Осы жолда Арқаның күзі ерте
түсіп, жерді көк айна мұз құрсап қалады. Аттарының
шашасын мұз қиған жаудың қалың әскері амалсыз
жат жерді қыстап шығуға мәжбүр болады. Сондағы
жау жатағына таңдалған орын мына қорған таудың аң-
ғары екен. Ал мынау Қызылкеніш сарайы ел-жұртынан
айрылып, аңырап бара жатқан Арқаның аруын жұ-
бату үшін салынған салтанатты ғимарат -еді дейді...

Ару қыздың кейінгі тағдыры туралы сан тарау қы-
зықты хикая жалғасып айтыла береді. Әрине біз сөз
етіп отырған тақырып арнасы осы Қызылкеніш атауы-
мен сабақтас болғандықтан қырдың қызық хикаясын
қуалап кетудің қисыны жоқ.

Қызылкеніш сарайының құрылыс жобасы әлі де
сайрап жатыр. Бұл — әу баста крест тәріздес үлгімен
екі қабат етіп салынған әсем ғимарат екен. Құрылыс
материалына осы өңірдің қызыл тасын қашап пайда-
ланған. Ғимараттың үш бүйірінен іргелестіре салынған
қосымша бөлмелер ортадағы негізгі бөлмемен ішкі
есіктері арқылы байланысқан. Сарайдың оңтүстікке
қараған сыртқы есігінің алдында алты бағаналы күн-
қағары болыпты. Күнқағардың үсті балкон тәріздес
әсем айшықты ұя екен. Осы бітімі үстіміздегі ғасырдың
бас кезіне дейін сақталыпты. Отызыншы жылдары шо-
лақ белсенділер сарайдың тасын бұздырып, қой қора
салдырған.

Ғалымдар Қызылкеніш сарайының құрылысын
ХІІІ-ХV ғасырлар аралығына жатқызады. Бұл тамаша
архитектуралық мұра жөнінде алғашқы жазба деректі
1832 жылы А. Левшин қалдырған. Ал сарай төңірегіне
қазба жұмысын одан да бұрынырақ, 1825 жылы гене-

94

рал С. Б. Броневский жүргізіп, алтын, күміс, ақық тас-
тан жасалған әшекей бұйымдар тапқан.

Біздің ойымызша Қызылкеніш сарайының оқшау
үлгісі Қазақстан архитектурасының тарихын сөз еткен-
де арнайы тоқталуға тұратын, сол үшін де мұқият зерт-
теуді қажет ететін елеулі мұра.

Енді осы өңірдің, мына сарайдың Қызылкеніш ата-
латыны қалай? Жер атауларының шығу төркіні сол
өңірдің бітім-ерекшелігіне орай, оны мекен еткен ел-

жұрттың тіршілік-тынысына қатысты алуан түрлі дерек
беретіні белгілі. Мәселен бүкіл Кент тауы тұтасып жат-
қан қызыл тас. Оны Қызылкеніш демегенде не десін?!
Сонымен бірге, жер атаулары сол төңіректің өткен не-
месе қазіргі бітімінен хабар беріп қана қоймай, бола-
шақтағы игі істерге де түрткі болғандай екен. Қызыл-
кенішті аралап жүргенде көкейге оралған кейбір
ойларды ортаға салып көрелік.

Жаңағы айтқан қорған таудың шығар аузы бар
емес пе, сол аңғар ауыздың екі босағасында қаз жұ-

мыртқасына ұқсаған екі алып тас тұр. Жәй тас емес,
аса жағымды қызғылт қиыршықтары бар гранит. Бірі-
нің биіктігі шамамен 20 метрдей, екіншісі 10 метрге
жуық. Бір ғажабы осы екі тастың өн бойында бір тал
шаш өтерлік жарықша сызат жоқ.

Табиғат ғажайыбындай осы екі тасқа қарап тұрған-
да мына Қызылкеніш сарайының сиқырлы аңыз-хикая-
сынан да бұрын, мына қорған таудың ертегідей бітімі-
нен де бұрын бүгінгі мүсін өнерімізге қатысты бір жай
мазалай берді. Ол — шіркін-ай, мына тасты көңілінің
шуағы бар, қолының дуасы бар бір мүсінші көрер ме.
еді, көріп қана қоймай қиялына қанат бітіп, өлмес
өнерге айналдырар ма еді деген тәтті арман. Сол тәтті
арман құшағында тұрғанда әлемдегі нелер айтулы
мүсіндердің дүниеге келу жолдары үлгі-өнеге болып,
"мені көрдің бе?" дегендей көз алдыңнан өте береді...

Белгілі мүсінші Фальконе әйгілі «Мыс салт атты»
мүсінін (Петр 1 ескерткіші) дүниеге әкелу үшің тартқан
творчёство азабын айтпағанда, сол мүсіннің тас тұғы-
рының өзі нелер қиындықты артқа тастап барып орна-
ған ғой. Дайын болған мүсінді қолдан қаланған тұғыр
үстіне орната салу пәлендей қиындық келтірмеген бо-
лар еді. Бірақ айтулы мүсін өзінің бүкіл көрік-келбе-
тін паш ету үшін тұтас шомбал тастың үстінде тұру ке-
рек болды, Мұндай тасты табу Академияның белгілі

95

шебері Андрей Пелигинге арнайы жүктелген, Қешік-
пей-ақ бүкіл Санкт-Петербург төңірегі құлақтанып,
ақыры Ляхта түбінде «Найзағай тас» деп аталатын
алып тастың жатқанын Семен Вишняков деген шаруа
хабарлаған. Салмағы 100 мың пұттық /1000 т./ осынау
төбедей тасты Сенат алаңына қою үшін 2 жыл 6 ай қа-
жет болған. Тасты әкелу тәсілімен сол кездің белгілі
әскери инженері Ласкари Карбюри айналысқан. Жүз-
деген шаруа барабан дабылының дем беруімен 6 ай
бойы кендір арқанды иығынан алмай сүйреп отырған.
«Найзағай тас» қала түбіне келіп қалды дегенде Ека-
терина II бастаған Петербург тұрғындары көшкен ел
дей шұбап алдынан шыққан... Міне, осының бәрі ерік-
кеннің ермегі немесе қызық көру емес, өлмес өнердің
халыққа қай уақытта да қажет болғанын, қай уақытта
да хас өнер алапатының артық болғанын пайым-
датады

...Қызылкеніштің қызыл гранитіне қарап тұрмыз.
Көкейге тағы да бір өлмес туындының өмірге келу жо-
лы орала берді. Ол—Москваның Свердлов атындағы
алаңында тұрған Карл Маркс монументі. Мүсінші Л. Е.
Кербельге бұл еңбегі үшін Лениндік сыйлық берілген.

1920 жылы В. И. Ленин тұғыр тасын қалап, нұсқау
берген осы монумент 1961 жылға дейің совет мүсінші-
лерін толғандырумен келді. Ұзақ жылдар сарсыла із-
деніп, шешімін таба алмаған С. С. Алешин сияқты ай-
тулы мүсіншілер де болды. Өнер алдындағы арлы та-
лап, асқақ мұрат осындай болса керек.

Маркстің бұл монументіне қатысты үлгі болар мы-
сал — ескерткіштің жасалған материалына (гранит)
байланысты.

1957 жылы жарияланған одақтық конкурс барысын-
да Л. Е. Кербель жасағаң Маркс монументінің үлгісі
қабылданды да, аз уақыт ішінде—партиямыздың XXII
съезі ашылар күнге дейін ескерткішті орнатып үлгеру
қажет болды. Ол үшін монументтің 7,5 метрлік моде-
лін жасау керек. Сонсоң барып модель бойынша гра-
нитке көшірілмек.

Алдымен Л. Е. Кербельді шеберхана қинайды. Себе-
бі 7-8 метрлік монументті жасайтындай шеберхана
бола қоймайды. Сонда көмекке құрылысшылар келіп
Ленин проспектісінен аз күнде көлемі 400 шаршы метр-
лік, биіктігі 16 метр, көтергіш күші 35-40 тонналық ай-
налмасы бар тамаша шеберхана салып береді.

96

Бұл кезде геологтардың, инженерлер мен жұмысшы-
лардың бір тобы монументке лайық 7-8 метрлік гранит
іздеумен айналысады. Экспедиция Қырымды, Карелия-
ны, Ленинград маңайын, Украинаны шарлап, іздейді.
Қолайлы тас таптырмай қояды. Сөйтіп жүргенде Қы-
рымнан тамаша тас табылыпты, деген куанышты хабар
жетеді де, іле-шала ол қуаныш өкінішпен тынады —
тастың үшінші бүйірін өңдеп жатқанда қақ бөлініпті.

Ақыры не керек, табанды тауыса іздеген тас Украи-
надағы Кудашев гранит карьерінен табылады. Ендігі
проблема бұл тасты Москваға жеткізу болады. Әрине,
әуе жолымен алып жүру мүмкін емес. Су жолы 100
километр қашықтықта жатыр. Ендеше 12 километр
жердегі темір жолға жеткізген жөн. Бұл үшін арнайы
жасалған темір шанамен 12 тягач сүйреп отырып, темір
жолға жеткізеді де, одан әрі алып гранит 16 білікті,
260 тонналық платформаға тиеледі. «Жоғары габарит-
ті жүк» деген жазуы бар бұл платформа Москваға кел-
генде сәт қадам тілеген жүздеген адам қарсы алған.

Енді бұл гранитті Свердлов атындағы алаңға жет-
кізу керек.

1961 жылы май айының маужыр бір түнінде әдеттен
тыс қалың шеру Москваның Мир проспектісімен жыл-
жып бара жатты. Көше бойындағы сым атаулы алы-
нып, жер асты коммуникациялары босатылып, бөтен
жүріс тоқтатылған. Жылжып келе жатқан шеру алдын-
да-мотоциклшілер мен күшейткіш радиосы бар мили-
ция машинасы. Одан әрі автотягачтар тартқан 100 тон-
налық қос платформа. Үстінде бозара шөккен сұр
гранит. Платформа соңында әртүрлі авария машина-
лары. Беті Свердлов алаңды...

Міне, Маркске орнатылған әйгілі монумент матери-
алы осындай қиындық, камқорлықты артқа тастап ба-
рып, қашала бастаған. Өнерді қадірлеген елдің, өнерді
ту еткен ортаның ғажайып қасиеті осындай-ақ болар.

Иә, мүсін өнер туралы әңгіме өз алдына бір желі
болғанда, сол мүсіннің жасалар материалы да сарсыла
іздеуді керек етеді екен. Мүсін атаулы үшін жасалатын
материалдың қаншалықты маңызы барына осы мысал-
дар жеткілікті дәлел болса керек.

...Қызылкеніштің қызыл гранитіне әлі де қарап тұр-
мыз. Бір сәт, Қазақстандағы мүсін өнерінің әлі де кен-
желеп, бауыр жаза алмай келе жатқаны көңілімізге ор-
ала береді. Сол бауыр жазбаудың бір ұшығы алуан түр-

4—729 97

лі мүсін материалдарын батыл пайдалана алмай келе
жатқандығымыздан емес пе екен? Ой зерделетейікші,
республика көлеміндегі үлкенді-кішілі ескерткіштің
дені гипс пен қоладан соғылыпты. Және де жаппай қа-
ра коңыр лакпен жылтыратылыпты, Кім екенін көп
жағдайда астындағы жазуын оқып барып танисын. Кө-
рер көзді, көңіл қиялыңды жалықтыратын құлпы тас
сияқты бір сарын көріністер. Бұл не, мүсіншінің алуан
түрлі бояуы, қанатты қиялы, тапқырлығы мыс, қола,
гранит, гипс, мәрмәр, ағаш сияқты қатты материалдар
арқылы ашылмаушы ма еді? Өкінішке орай, әзірше
ашық аспан астында телміре қарауға тұрарлық алуан
материалды ескерткіштер саусақпен санарлық қана. Тіп-
тен, біздің мүсіншілеріміз жентектеп алып жапсыра бере-
тін гипстен басқа материалдың тілін таба алмай жүр
десек тырнақ астынан кір іздегендік болмас.

Осы жерде мүсін материалының бірсарындылығы
мүсін өнеріміздің тақырыптық жұтаңдығына да себепші
болып отыр-ау деген ойдың төбесін көрсетеді.

Әрине тақырып дегеніміз — өмірдің өзіндей шексіз.
Ат үсті мысалдар келтірейікші. Сонау Рамзес II мен
жұбайы Нефертитидің мүсінін алыңыз. Бұлар ертедегі
Египеттің символына айналған ғой. Афины республи-
касының көркем образы болып Афины мүсіні көз ал-
дыңызға келмей ме? Мәрмәр Давид дегенде әйгілі
Флоренцияның өткені мен бүгінін кім қиялымен шарла-
мас. Вера Мухинаның «Жұмысшы мен колхозшы әй-
елін» алыңыз, совет елінің алғашқы батыл қадамына
символ емес пе! Ереван қаласын елестетіңіз, алдымен
армян халқының айтулы эпосындағы қаһармап Давид-
тің көз алдыңызға келері сөзсіз. Мамай қорғанындағы,
Брест қамалындағы, Перчопистегі, Саласпистегі, Бер-
линдегі ескерткіш-ансамбльдерді, монумент мүсіндері
елестетіңіз, кешегі күндей күркіреген Ұлы Отан соғы-
сындағы ел, халық рухы туралы сөйлеп кетсін. Италия-
дағы 1956 жылы ашылған ескерткіште кәдуілгі халық
ертегісіндегі Пинеккио бейнеленгені қандай ғажап де-
сеңізші. Швейцарияда Альтдорф қаласына қарай жаяу
жүріп бара жатқан әкелі-балалы алып ескерткіш Шил-
лер драмасының кейіпкері екені өлмес өнерге деген ел
құрметі емес пе!- Сол сияқты белгілі ақын, жазушы, ға-
лым, батырларға ғажайып тапқырлықпен орнатылған
ескерткіштер қаншама десеңізші...

Міне, мұның бәрі де алуан түрлі тақырып байлығы,

98

мүсінші қиялының халық рухымен үңдестігі. Және де
осының бәрінде де өзіндік көркемдік шешіміне, тапқыр-
лығына орай әр түрлі материалдар (гранит, мәрмәр,
қола, мыс т. т.) сәтті таңдала білген.

Мұның бәрі де Қазақстан мүсіншілерін ойлантып-
толғантуға тиіс Халқымыздың өткені мен бүгіні, қа-
ласы мен даласы, әдебиеті мен өнері, аяулы азамат-
тары бүкіл бітім-болмысымен тас мүсіндер, ескерткіш-
ансамбльдер тілінде сөйлеуге әбден лайық. Бұл уақыт
талабы, халықтың рухани қажеті.

Ал қазақ даласында өлмес өнерді ойып шығарарлық
гранит, мәрмәрдың жеткілікті екенін тәптештемей-ақ
қояйық.

...Біз Қызылкеніштің 20 метрлік жұмыртқа грани-
итіне әлі қарап тұрмыз. Творчество азабының шеңгелін-

де жүрген бір мүсіншінің б ұ л тасты іздеп келетініне
сенгіміз келеді-ақ.

***
Оқырман дос, әңгіме арқауы топонимдер шежіресі-
нен ауытқығандай әсер беріп отырған болу керек. Мұ-
ның екі түрлі себебін айта кетуге болады. Біріншіден,
жер атауларының төркінін танып білу тек қана дерек,
мағлұмат беріп қоймайды екен. Сонымен бірге халық
даналығының айғағы ретінде қанатты ойларға өріс
ашып, нақтылы әрекетке де бастай алатынын аңғаруға
болады. Географиялык атаулардан геологиялық тұжы-
рымдар түйе білген айтулы ғалым Қаныш Сәтбаевтың
пайымдаулары мұның бедерлі айғағы. Екіншіден, біз-
дің ұстанған мақсатымыз туған дала төсіндегі рухани
мұралардың, мәдени дәстүрдің тереңнен тартылған
сабақтастығына назар аудару. Назар аудара отырып,
халық мұрасын қастерлей білуде өзге жұрттың өнегелі
істерін үлгі ете мегзеу. Қызылкеніштің қызыл гранитіне
қарап тұрып, әлемнің озық мүсін өнерінең кейбір үлгі-
лерді еске алуымызда осындай себептер бар.
8. Шежіре табиғат. Жұмыр жердің қай өңіріне зер
салсаңыз да географиялық атаулардың дені сол жердің
табиғи бітімімен қойындаса қойылатынына ден қоясыз.
Бұл ретте Қазақстанның байтақ даласындағы топоним-
дерді табиғи орта туралы шежіре десе де болғандай.
Еске түсіріп көрейікші: Сарыарқа, Жетісу, Бетпақдала,
Қызылқұм, Қаратау, Алатау, Көкшетау, Қызылжар,
Көкпекті, Жосалы, Сарыжайлау, Былқылдақ, Шилі,

99


Click to View FlipBook Version