The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sanvia, 2018-11-11 09:32:14

6seidimbekov a_ kungir kungir kumbezder

6seidimbekov a_ kungir kungir kumbezder

Енді киіз үйдің бөлік-бөлшегі, мүше атаулары ту-
ралы бірер сөз. Жалпы киіз үй басты-басты төрт түрлі
жабдықтан тұрады.

Бірінші, киіз үйдің сүйегі — бұлар қайың, мойыл,
тал, терек, қарағай сияқты ағаштардан жасалатын
жабықтар (кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, табал-
дырық, жақтау немесе таяныш, сықырлауық бақан
т. б.).

Екінші, киіз үйдің кигіздері — бұлар негізінен қой-
дың күзем жүнінен жасалатын жабдықтар (туырлық,
үзік, түңлік, киіз есік, уық қап, дөдеге т. б.).

Үшінші, киіз үйдің бау-шуы — бұлар қой, түйе жүні-
нен, жылқы қылынан есілетін, тоқылатын жіптер, ар-
қандар, бас бау, аяқ бау, уық бау, түңлік бау, құр, тер-
ме, басқұр, жел бау т. б.

Төртінші, киіз үйдің іші-тысына тұтатын шидің түр-
лері,—шым ши, ораулы ши, кілем ши, алаша ши, ақ
ши. Жалпы тоқылған шиді қазақ алуан түрлі қажетіне
тұтынған. Оны мына атаулардан-ак аңғаруға болады:
ас шиі, аяқ қап, ау, есік, киіз басатын ши, күзеу шиі,
қазан жапқыш, қар ұстағыш, мал соятын ши, масақана,
саба төсеніш, сақар ши, терезе жапқыш, ши қора, ши
қалпақ, өре ши т. б.

Көшпелі елдің өмір салтында киіз үйді тұтыну құ-
ралы, сұлулықтың үлгісі деп қана қарамаған, көк тәң-
ірі тектес шағын әлеміміз деп есептеген. Мәселен, киіз
үйдің шаңырағын ауыл-аймақтың ең қадірменді, бата-
гөй қарттарына көтерту немесе киіз үйді жыққанда
шаңырақты Жолымыз болады деп көшетін жаққа қарай
қисайтып түсіруі киіз үйді айырықша қасиет тұтқан-
дықтан. «Үй болу», "шаңырақты сыйлау", «шаңырақ
шайқалу» деп келетін сөз тіркестерінің мағынасы да
киіз үйді қасиет тұтумен астасып жатыр.

Алыс замандардан бастап бүгінгі күнімізге дейін
ағаш өңдеудің, тоқыма ісінің, бау-шу есудің, киіз басу-
дың, ою-өрнек салудың, тігіншіліктің ғажайып мол тә-
жірибесін киіз үй тал бойына жинақтап, жеткізді десек
әсіре сөз емес. Халықтың осынау аса бай қол өнерін бү-
гінгі кәдемізге де орайластыра жаратып, ілгері дамы-
тып отырыу—тарихи мәні бар игілікті іс. Мұның өзі
түптеп келгенде, халықтың рухани асыл мұрасының
кемел уақытымызға орай гүлденіп-көркеюін, дәстүрлі
сабақтастықтың шешек ата толысуын айғақтайтын бір
нышан болмақ. Рас, қазір Қазақстанда киіз үй басып

191

шығару ісі біршама жақсы жолға қойылған. Үштөбедегі
киіз үй басатын фабриканың іргесі қаланғаннан бері
1979 жылға дейін 180 мың киіз үй шығарған екен. Бұл
киіз үйлердің әр қайсысының көлемі 19 шаршы метр-
ден. Жасырары жоқ, осынау кіші-гірім бір қала көлемі-
мен пара-пар 180 мың киіз үйдің сүйегінен бастап киі-
зіне, бау-шуына дейін мейлінше сұрқай болып шығуда.
Ең өкініштісі сол, бұл киіз үйлердің өн бойы дәстүрлі
қол өнер үлгілерінен жұрдай. Ою-өрнек, ағаштан түйін
түю, тоқыма өнерінің үлгілері шашақты бау-шулары
шегіне жете қарабайырланған. Бұлай тізе беруге бола-
ды. Себебін анықтау да қиын емес. Алайда, бір жағдай-
дың басы ашық, киіз үй бүгінгі шаруашылық ыңғайын-
да да еңбек адамдарына қажет. Ал сол қажеттілікті
тарихи жауапкершілікпен шешу, өткен ғасырлардың
бәрі де қызғанышпен қарайтындай етіп шешу — кемел
уақытымыздың талабы. Бұған ынта болса мүмкіндік
мол-ау...

IX. ҒИМАРАТ

Древности южной половины (южнее параллели
Усть-Урта) Средней Азии вследствие своей рос-
коши и грандиоэности (мечети Самарканда и др.)
затми.ш скромные и бедные памятники северной
ее половины, в то время, как последние по своей
древности и многочисленности заслуживают едва-
ли не большего внимание чем первые1.

И. А. К а с т а н ье.

1. Алаша хан мазары. Байкап отырсақ, жер бетін-
дегі алыс заманалар еншісіне тиетін мәдениет сілем-
дері,адам тіршілігінің іздері, тарих ескерткіштері ең
алдымен арналы өзендердің бойынан, айдынды көлдер-
дің жағасынан көбірек ұшырасады. Бұл әрине, түсінік-
ті... Қасиетті Ұлытау төңірегінен Сарысу, Қаракеңгір,
Сарыкеңгір өзендері ағады. Маңдайын Шуға қаратып,

ұмсына созылған бұл өзендер орта жолдағы Мойынқұм-
ның құрдым шелінен күш біріктіріп, қолдасып, бірінің
етегінен екіншісі ұстап өткендей. Ұлытау аспанының
астында жатқан ашық музей сияқты тарихи ескерткіш
нұсқалары да алдымен осы өзендердің бойынаң, саға-

ларынан, тарауларынан көптеп кездеседі. Соның бірі,
Қаракеңгірдің,Сарыкеңгір өзеніне құяр жерінде тұ

Алаша хан мазары.
Алаша хан мазары өзінің салыну мерзімімен де, бі-

тім-тұлғасымен де, сырлы атауымен де Қазақстандағы
ең алдымен көңіл аударатын тарихи ескерткіштердің

бірі. Ғалымдарымыздың анықтауы бойынша Алаша хан
мазарыXI-XII ғасырда салынған. Бұған, әрине, даула-

су қиын.Дегенмен, дәл сол уақытта салынды деп жүр-
ген Жошы хан, Аяққамыр мазарларына қарағанда
Алаша хан мазарының әлде қайда тозып, уақыт зарда-
бын көп шеккендігі ойға қалдырады. Оның үстіне, Ала-

Орта Азияның оңтүстік жарымының (Үстірттен онтүстікке
қарай) ежелгі ескерткіштері сән-салтанатымен, айбырлы аукымы-
мен Сараарқан мешіттері және басқалары) терістіктің қоңыр-төбел,
карапайым ескерткіштерін көлегейлеп кететіні хақ. Солай десек те,
терістік ескерткіштерінің көптігі мен көнелігі оңтүстік өңіріне қара-
ғанда өзіне айрықша назар аудартпай қоймайды.

И. А. Қ а с т а н ь е

7—729 193

ша хан ескерткішінің бітім-тұлғасы да, көркемдеу тәсі-
лі де әлгі кұрылыстардан мүлдем бөлек, басқа талғам-
мен салынған. Өз төңірегіндегі ескерткіш кұрылыстарға
қарағанда бұл кұрылыс мейілінше көркем үлгімен, тың,
тәсілмен қаланған.

Сонда, осынау ғажайып күмбезді иеленіп жатқан
Алаша ханымыз кім? ХІ-ХІІ ғасырда Ұлытау топырағы-
на мейлі тізесі батсын, мейлі қадірі артсын, әйтеуір
осынша көңіл бөлдіріп, кұрмет көрсететіндей Алаша де-
ген кім еді? Мына сияқты хас өнер осыдан мың жылдай
бұрын мына құла дүзде қалай ғана бой көтерді екен?
Мұның бастау алған көзі қайда жатыр? Мінеки, осынау
мазар сұлулығына телміре қарап өтер әркімнің көкейін
тесер сұрақ осы. Бүгінгідей халық өнерін, халық тари-
хын қадірлейтін уақытымыз тудырып отырған сұрақ
осы. Өйткені, кез келген тарихи, архитектуралық мұра-
ның мән-маңызын талғам безбеніне салып баға беру
үшін -сол мұраның дүниеге келген уақытын, дүниеге
әкелген қоғамын, қандай себептермен, кім үшін салын-
ғанын анықтау керек. Сонда ғана оның көркемдік кұді-
реті жарқырай көрінеді. Сонда ғана асыл-мұра шын мә-
нінде халықтың рухани игілігіне айналды. Өкінішке ор-
ай, Қазақстанның байырғы архитектурасын тарихи
тұрғыдан талдап жазған еңбек әзірше жоқтың қасы
десек, тырнақ астынан кір іздегендік болмас.

"'Күні бүгінге дейін қазақ арасында Алаша хан, Алаш
есіміне қатысты айтылатын аңыз-әңгіме сан алуан.
Ал жазба еңбектерде жарық көрген болжам түрлері
тіптен көп. Бірақ осы жөн деп, табан тіреген байламды
пікір жоқ. Әсіресе осынау Кеңгір бойындағы Алаша
хан мазарының аталу, салыну себебі болжамнан, топ-
шылаудан әрі аспай жүр.

Алаш атауына қатысты ең көне жазба нұсқаны бел-
гілі ғалымымыз Ғ. Мұсабаев өзінің «Кеген жазуы» де-
ген еңбегінде келтірді. Мұнда тек кана «Алаш» сөзі
емес, «алты алаш» сөзінің мән-мағынасына дәлелді
жауап табылғандай. Ғайнекең дәлел ретінде Іле бойы-
нан кездескен тастағы көне жазуды келтіреді. Тасқа:
"Алты елдің ұлы ханы Алаша" («Қаған алты боріг ал-
аш (а) ерті») деген жазу қашалған (91, 27). Мұның жа-
зылу мерзімі ғұндар заманына дейін, бері койғанда
біздің заманымыздан "бұрынғы IV ғасыр дейді. Яғни,
осыдан 2,5 мың жыл бұрын деген сөз.

Бұл жазудағы «алты боріг» (алты қасқыр») деген

194

сөздің «алты алаш» мағынасын беретіні, олар: үйсін,
қаңлы, кырғыз, қақас, татаб-татар, сяньбі-хунн тайпа-
лары екеніне еңбекте нанымды дәлелдер келтіріледі.
Сонсоң, осы жазу жазылған кезден бастап Оғыз зама-
нына дейін Алаш, Алаша сөзінің не Шығыс жазба-
дарында, не Қытай жылнамаларында кездеспейтіні ай-
тады.

Демек, біз сөз етіп отырған мазардағы Алашаның
"алты Алаш" ұғымына, оның пайда болған кезіне қа-
тысы жоқ. Сондықтан қаланған кезін әрі қойғанда түр-
кі-селжүк (VI-VIII ғ. ғ.) мемлекеті кезіндегі Ұлытау
маңындағы оғыздар ортасынан, бері койғанда Кара-хан
заманының (Х-ХІ ғ. ғ.), одан да бергі Шығыс хан за-
манының (ХІІ-ХIII ғ. ғ) сілемінен іздеуіміз керек. Бұл
пікірге мазардың салыну мерзімі де сәйкес келеді. Мұ-
ның өзі, әрине, тарихымызда Алаш, Алаша есімді екі
адам, болды ма деген сауалды еріксіз көлденең тарта-
ды. Оның бірі, күні бүгінге дейін қазақ, кырғыз, өзбек,
түркімен, қарақалпақ және башқұрт елдерінің тілінде
кездесетін, 2-3 мың жылдық тарихы бар Кеген тасында
айтылатын Алаш. Екіншісі, сөз болып отырған мазарды
жамылып жатқан Алаша.

Бұлай болғанда, қазақ арасында айтылатын «алты
алаш», «түбіміз алаш, керегеміз ағаш» деген сөздердің
тамыры арғы заманнан, алғашқы Алаштың кезінен жет-
кен жаңғырық сияқты. Бұған «алаш» сөзінің қазақ,
қырғыз, өзбек, түркімен, қарақалпақ, башқұрт елдерін-
де күні бүгінге дейін кездесетіндігі және «...керегеміз
ағаш» дегендегі меңзеп отырған киіз үйдің біздің за-
манымыздан көп бұрын болғаны дәлел.

Ал енді қара казақ шақыратын "Алаш!" ұраны,
«алаш-алаш болғанда, Алаша хан болғанда...» деп ке-
летін сөз тіркесі кейінгі Алашаның есімімен байланыс-
ты десек қисынға келеді. Ел ішіндегі аңыз-әңгіме де,
жазба деректердің басым көпшілігі де осы пікірмен
төркіндес келіп отырады. Бұл орайда белгілі шежіре-
лер, А. Диваевтың, К М. Федоровтың, Г. Н. Потанин
нің, Ш. Уәлихановтың, А. Янушкевичтің ел арасынан
жинаған аңыз әңгімелері, күнделік жазбалары, ғылыми
мақалалары көңіл аударады. Мейлі, сан тарау болып
жззылып алынған аңыз-әңгімелердің бірінде-алапес
болып туған баланы,—екіншісінде—алашаға отырғы-
зып көтерген ханды, үшіншісінде—Ұлытаудан асырып
тастаған баланың әскер басы болғаны, төртіншісінде —

195

қалмақты қорқыту үшін «Алаш» сөзін ұран еткені не-
месе Алаша ханның дінге мойын ұсынбайтындығы си-
яқты әр түрлі аңызбен астарлана берсін. Соның қай-
қайсысы да Алашаның хан болғанын, қара халықты
соңынан ертіп, айбарының асқандығын айтады.

Бір тамашасы, Алаша хан туралы толып жатқан
аңыз-әңгімелердің алуан түрлі нұсқасы ХVШ-ХІХ ға-
сырларда қырға шыққан белгілі ғалымдар мен саяхат-
шылардың көбінің еңбектерінде кездеседі. Бұл аңыз әң-
гімелердің ішінде тек қана Алаша хан емес, жалпы
қазақ тарихына, қазақтың шығу тегіне қатысты небір
құнды деректер келтіреді. Қысқа қайырым жүгінулер
келтіруге де болады.

Петербург Ғылым Академиясының мүшесі, Сібірді
зерттеу экспедициясына қатысқан, белгілі тарихшы,
археограф Г. Ф. Миллер (1705-1783) жазып алған аңыз
бойынша Алаша хан дәулеті асқан бай ретінде ауызға
алынады. Бұған қоса ел басқару ісіне де белсене ара-
ласқанын, 1489-1508 жылдардағы дипломатиялық жаз-
баларда Алаша есімінің кездесіп отыратынын айтады
(88, 1, 163-250).

Орыс географиялық қоғамының негізін қалаушы-
лардың бірі, мемлекет қайраткері А. И. Левшиннің қа-
зақ арасынан жазып алған аңыз-әңгімелерінде қазақ-
тар өздерін Алтай жұртымен, Сібір татарларымен бір
елміз деп есептеген. Кейін ауыз бірліктері болмай бө-
лінген. Ал, Алаша ел басқарған қаһарлы хан болған.
Ол хан тағына отырған соң көп кешікпей үш жүздің ба-
сын қосып, Бұхарға шабуыл жасайды. Сол жолы қолға
түседі де, Түркістанға жер ауған, яғни куылған, алас-
талған. Сонда дүние салыпты. Алаша хан өлген соң
онық ізін жалғаушы Дайыр-қожа Бұхар хандығын же-
ңіп, таққа отырған. Дайыр-қожа өлген соң, таққа оның
Қара-қожа деген ұлы отырады дейді (63, 27-29).

Г. Н. Потанин бұл аңызды басқаша айтады. Түркіс-
тан ханынан ала ұлдың тууы, оны күндес әйел қызға-
нып, елді бүлдіреді деп, бұл ұлды суға ағызып жіберуі,
одан бір қайыршының құтқаруы, ақыр аяғында ала ба-
ла жігіт болып, оған үш жүздің жігіттерінің қосылуы
сөз болады (97, 67-68).

Шоқан Уәлихановтың айтуында Туранның ханы Аб-
дулланың немесе Абдул-Азиз-ханның алапес ұлы Ала-
ша қуғын көріп, Сырдың солтүстік өңіріндегі далаға
қуылған. Бұл жақта Алаша күш жинап, жігіттерін үш

196

жүзге жеткізеді. Бірақ төңірегіндегі елдің шабуылы,
аштық пен суық қаңғып жүрген үш жүз жігітті әбден
титықтатады. Осындай қиын шақта Алаш есімді дана
қарт ұшырасады да, ақыл береді. Қаңғып жүрген жігіт-
тер мұнан кейін бас құрап, әл жинап, Алашты батагөй
ру басы етеді, ал Алашаны хан сайлайды. Бірақ көрші-
лері бұрынғыша қаңғыбас деген мағына беретін «қа-
зақ» атауымен атап кетеді. Кейін, 1392 жылы Ақсақ Те-
мір Тоқтамысты шабуға бара жатқан жолында Алаша-
ның ұрпағы Амет пен Самет есімді екі ұлын өлтіреді,
Демек, Алаша XIV ғасырдың орта тұсында өмір сүрген
болу керек дейді (28, 1, 206-212).

Дәл осы аңыз-әңгімені подполковник Н. И. Красовс-
кий де келтіреді. Айырмашылығы — үш жүзді Қотан
балалары емес, Алашаның балалары дейді (81, 1, 331)
Бір тамашасы, Алаша ғана емес, оның үш әйелінің де
бейті Кеңгір, Сарысу өзендерінің бойында. Күні бүгінге
дейін жергілікті халық бұл бейіттердің орнын да, атау-
ын да ұмытпаған.

Бүгінге дейін жеткен аңыздарда да, бұрынғы жазыл-
ған аңыздарда да көп жағдайда Алаша хан Шыңғыс
ханмен астастыра айтылады. Мәселен, «Киргизская
степная газетада» жарық көрген «Алаша хан мен оның
ұлы Жошы хан туралы аңыз» атты материалда Жошы
хан Алашаның ұлы ретінде баяндалады (57, 14). Егер
Жошының Алашадан туғаны рас болса, онда әрине
Алаша деп отырғаны Шыңғыс хан болып шығады. Жал-
пы осы аңыздағы Жошының өлімі, Алашаның суық ха-
барды естігісі келмей қаһар төгуі, содан ұлы жыршы
Кетбұғының естіртуі Шыңғыс хан туралы айтылатын
белгілі аңызды еске түсіреді.

Жалғыз бұл емес, "Киргизская степная газетада"
Алаша хан туралы тағы да екі аңыз басылған (57, 13)
(57, 18). Мұның бірінде Алаша Бұхар әмірінің алапес
ұлы екені айтылса, екіншісінде тағы да Жошы ханмен
Домбауылмен қатар айтылады.

Жалпы тарихи белгілі деректер бір ойға қалдырады
Көпшілікке белгілі Жошы хан өлген соң арада терт-бес
ай өткенде Шыңғыс хан да дүние салған ғой. Жошының
денесінің Ұлытау іргесіне жерленгені тарихи шындық
Ал Жошы өлгенде Шыңғысханның сол өңірді жайлап
отырғаны да күмән тудырмайды. Ендеше Шыңғыс хан-
ның сүйегін мыңдаған шақырым жердегі Қарақорым-
нан немесе Қытай жерінен іздеудің қисыны қалай де-

197

ген ой келеді. Ал монғол хандары міндетті түрде Қара-
қорымға жерленеді деудің қисыны тағы да жоқ, бұл
орайда Жошының Ұлытауға, Батудың Сарайшыққа
жерленгенін айтса да болады.

Алаша хан туралы қызықты деректі — Ал. Нестеров
келтіреді. Оның айтуынша қазақтардың пайда болуы,
Алаштың хан, Алашаның би болуы Сыр бойына ноғай-
лылардың келуімен орайлас. Бірде ноғайлыларға орыс
елшісі бейбіт ниетпен келіп, мынадай ұсыныс айтыпты.
Жапсар жатқан екі ел жауласуын қояр емес, сондықтан
екі жақ отыз-отыз жауынгерін бала-шағасымен шыға-
рып, шекараға қоныстандырсын. Бірге тұрып, қыз алы-
сып, қыз берісіп, қан араластырсын. Бейбітшілік сон-
да баянды болады дейді. Бұл ұсыныс татар ханына
ұнайды да отыз құлын бөліп шығарады. Олар өз жол-
дастарын үгіттеп, орыстарды қырып-салады. Іштерінде
ақыл беруші батагөй қарт бар екен, оны әділ қазы деп
таниды. Алаш дегені хан болады, Алаша би болады. Ал
бұлардан тараған елдің аты әлгі Әділ қазының қазылы-
ғы арқасында ұшпаққа жеттік деген мағынамен "қа-
зақ" (қазы-ақ) аталыпты дейді (47, 12, 103). Бұл аңыз-
ды Ал. Нестеров Қазалы уезінің Мақпал болысындағы
78 жасар Тәңірберген Жайлаубаев деген қарттан жа-
зып алған.

Қазақ даласына жер аударылған поляк революцио-
нері А. Янушкевичтің пікірі де тыңдауға тұрарлық.
«Туркияда алашұбар адамды немесе қызыл, жасыл не
басқа өңді дағы барларды қуып жіберу ғұрпы болған.
Бірде... осындай өңді (алаш) бір адам келе қалыпты.
Сұлтан оны қуып жіберуге әмір етеді. Кезбелерден үл-
кен топ құрып, ол жолыққанды тонап күнелтеді. Ойда
жоқта сұлтанның маңдайына біткен сүйікті баласы ауы-
рып, өледі. Оны тірілту үшін елдің шалғай-шалғайынан
емшілер жиналады. Бірақ оған ешқайсысының емі
қонбайды. Осыны естіп Алаш та жетеді, ол ем-домын
қолданып, сұлтанның баласын тірілтеді. Риза болған
сұлтан оған тархандық куәлік береді. Алайда, Алаш
бұл елде қалмай, тобын ертіп Түркияға кетеді де, Пер-
сия арқылы, тіпті Хиуамен көршілес жермен кетіп бара
жатқанда дүние салады. Үш жүз адамнан тұратын қо-
лы бар оның балалары хиуалықтарды тонайды. Көшіп
барып, үш өзеннің бойына қонған кезде, Хиуаның би-
леушісі оларға соққы бермек болып, көп қол ертіп,
қарсы шығады. Оның бұл ниетінен хабар алған Алаш

198

тобы ең жақсы киімді кигізіп, бірнеше ақылды және
тілді билерді терісіне сыймай келе жатқан билеушінің
алдынан шығарады. Билеуші жақындап келгенде, бұ-
лар да аттарынан түсіп, кызыл тілді безеп, жылы-жылы
сөздермен ұзақ құттықтайды, Бұлардың ақылы мен
майда тіліне жібіген хиуалық: «Ау, сендер кәззап, емес,
қазақ екенсіңдер ғой», —дейді (сендер бүлікші де қа-
рақшы да емес екенсіңдер, жақсы адамдар екенсіңдер,
қазақ күшті, ер жүрек деген сөз, ақылмен іс істеген
адамға басқалар: "Е, мынауың қазақ қой»",—дейді).
Қазақтардың аты осыдан тараған екен. Үш өзеннің
бойында көшіп жүрген кезінде тап болғандыктан: "Ал
сендер үш Орда: Ұлы, Орта және Кіші орда" болыпсың-
дар ғой депті ол. Үш орданың аталуы да осыдан шық-
қан»,—дейді А. Янушкевич (120, 179-180).

К. М. Федоров жазып алған аңызда Алаша ханның
өзі емес, оның ұлы алапес болып туады. Бұл ұл да қу-
ғын көреді. Мұның қасына күтуші қырық қыз қосып жі-
берілген екен. Қырғыздар осы қырық қыздан тараған
балалар еді дейді. Солардың ішінде Қалша деген біреу
жорықта қалжырап далада қалады. Шөлден аңқасы
кеуіп, елім халіне келгенде көктен ақ қаз көрініп, аузы-
на су тамызады. Қалша осынау ақ қаз бейнесіндегі қыз-
ға үйленеді. Содан тарағандар «қазақ» атаныпты-мыс
(112,51-57).

Белгілі ақын Нұржан Наушабаевтың (1859-1919)
«Манзұмат қазақия» атты кітабында қазақ пен түркі-
мен шежіресін тарата келіп: «Бүкіл далалық рулардың
түпкі атасы «Ақ-Шолпан еді, одан Аламан, Аламаннан
Алаша хан, Алаша ханнан Сейілхан, Жайылхан есімді
екі ұл туды. Сейілханнан сегіз бұтақты түркімендер та-
раған. Ал қазақтар сол түркімендерден бөлініп шығып
еді"—дейді (93, 27). Бұл аңыз Г. Л. Потанинде кеңдеу
таратылған.

А. А. Диваев жазып алған «Қырғыз ертегі» атты
аңыз-әңгімеде де Алашаның ел басқарғаны, хан бол-
ғаны айтылады (39,9).

Белгілі совет ғалымы А. М. Жирмунскийдің айтуын-
да да 1489-1508 жылдардағы дипломатиялық жазбалар-
да Алаша мырзаның есімі жиі кездесетінін айтады (43,
436),

Алаша ханға қатысты қазақ совет ғалымдары мен
әдебиетші, зерттеушілерінін де айтқан әралуан пікірі
бірқыдыру. Әрине, оның бәрін тізе беру міндетті емес.

199

Алайда, осы келтірген деректердің өзінен-ақ бір мәнді
арқау назар аударғандай. Ол — «қазақ» этнонимінің
дүниеге келуі ұдайы Алаша хан оқиғаларымен қосақ-
таса айтылатыны. Мұнан сон үш жүздің жіктеле таны-
луы да Алаша хан есімімен сабақтасып жататыны назар
аударады. Тек бұл ғана емес-ау, Алаша хан туралы аң-
ыз-әңгімені бір басылым аясына жинақтаса халқымыз-
дың тарихи шежіресінің сұлбасын танытарлықтай құн-
ды мұра болып көрінер еді. Мұндай еңбектің мәні
«Шыңғыснамадан» кем болмауға тиіс.

Қазір Алаша хан республикалық маңызы бар архи-
тектуралық ескерткіш ретінде тіркеуге алынып, мемле-
кет қарауына көшкен. Мұның өзі осынау көне мұраны
қалпына келтіріп, қорғаумен бірге оның тарихи мәнін
саралап беруді де қажет етеді. Сонда ғана күңгірлеп
тұрған ғажайып күмбез бүгінгі, болашақ ұрпақтарды
таң қалдырып қана қоймайды, сонымен бірге халықтың
асыл мұрасы ретінде біздің әрқайсымызды мақтаныш
сезіміне бөлейді.

Алаша хан есіміне қатысты әңгімені осымен тамам-
дайық та енді Алаша хан мазарының жай-күйіне, архи-
тектуралық мәніне тоқталайық. Бұл мазар Қаракеңгір
өзенінің оң жақ қабағында еңселі жонның үстінде
асқақтай көзге түсіп тұр. Төңірегі қалың қорым (нек-
рополь), бейіттің, моланың небір үлгілері тұрғызылған.
Алаша хан мазары бірыңғай күйген кірпішпен өрілген.
Ескерткіштің жалпы аумағы, зерттеушілердің анық-
тауы бойынша. 9, 73 х II, 9 метр, биіктігі-10 метр. Кірер
алды мейлінше салтанатты, бейне бір киіз үйдің жар-
малы сықырлауығын елестетеді. Осы сықырлауық сияқ-
ты кірер ауыздың екі босағасы мен маңдайшасына қос
тілді жолақ тартылған. Бұл жолақ кірпішпен өріле жо-
таланып, мазардың мейлінше жинақы, жеңіл көрінуіне
әсер беріп тұр. Сыртқы қабырғалары кірпіштің қа-
лауын келістіре отырып алаша үлгісіндегі өрнекті шы-
ғарған. Жалпы көшпелілер дәстүрінде сын тастардан
бастап бейіт, молаларға дейін жерленетін адамның ең
басты қасиетін айғақтау ғұрыпы айқын аңғарылады.
Мына мазардың сырт өрнегі Алаша ханның алапес бол-
ғандығын емес, «Алаша» деген есімін көбірек еске са-
лып тұрғандай. Алаша хан мазарының әрі әсем әрі бе-
рік болуы оның айрықша жобасына, архитектуралық
бітіміне де байланысты. Мәселен, табан іргесінен шар-
шы болып келетін төрт қабырға көтеріле келе мейлінше

200

мінсіз үйлесіммен сегіз қырға ұласады. Ол сегіз қыр
дәл сондай үйлесіммен иықтағы он алты қырлы бара-
банға ұласкан. Мұның өзі киіз үй уығының иінін немесе
дөдегесін елестетеді. Сол он алты қырлы барабанның
үстінен мінсіз күмбез көтеріледі. Мазардың кірер боса-
ғасында калың қабырғаны айнала көтерілетін сатылы
қуыс бар. Бұл қуыс мазардың екінші қабатына, яғни
сыртқы иығына алып шығады. Иыққа шықкан соң бал-
кон сияқты кемер қалқанның ішімен әлгі он алты қыр-
лы барабанды айналып шығуға болады. Мазардың осы
иығына шығып алып, айнала төңірекке көз салсаңыз
бұл нүктенін сол маңайдағы ең бір еңселі орын екенін
анғару қиын емес. Мазардың кірпіштерін құбылта қа-
лау арқылы таңдай, қиықша, үшкіл, жұлдызша сияқты
өрнектер салған. Кейбір кірпіштердін, бетіне, бүйіріне
ру таңбалары, ою-өрнектер басылған. Ішіне кірсеңіз
иық тұсындағы шағын-шағын алты терезеден сүт сәуле
құйылып тұрады. Ғалымдарымыздың анықтауынша
Алаша хан мазары Қарахан дәуірінің архитектуралық
озық үлгісін тал бойына жииақтаған асыл белгі (71,
62-71).

Архитектуралық әсем үлгілі белгі ретінде Алаша
хан мазарына ең алғаш мән беріп, қалам тартқан кісі
Шоқан Уәлиханов (28, 3, 34). Мұнан кейінгі деректі
Кенесары қолында тұтқында болып, үш-төрт ай бірге
көшкен, Кавказ халықтарының тарихы мен этнография-
сын зерттеуші ғалым-офицер П. К. Услардың жазба-
ларынан оқимыз (111, 170). Ал 1868 жылы Алаша хан
мазарын көзімен көрген подполковник Н. И. Красов-
ский мазардың әлі де берік, бүтін қалыпта тұрғанын,
күмбезінің көк бояу жалатқан сылағы болар-болмас
қабыршақтанып түсе бастағанын жазады (81, 3, 259).
1894 жылы жарық көрген «Очерк Киргизской степи к
югу от Арало-Иртышского водораздела в Акмолинской
области» деген кітабында геодезит Ю. А. Шмидт былай
деп жазыпты: «...Егер Сарыкеңгір өзенінің сағасынан
оңға қарай бұрылып, Каракеңгір өзенінің ағысын өрлей
жүріп отырса он жеті шақырымнан соң жалаңаш жазық
далада монументальды құрылыс асқақтай көрінеді.
Бұл — хан билігінің заманында салынған Алаша хан
моласы.

Есік орнына салынған кішкене кірер аузы бар осы-
нау кең де биік мешіттің ішінде бесікше жатыр. Мүрде
топырағынан көтерілген бұл бесікшенің үстінде жылқы-

201

ңың бас сүйектері, түрлі-түсті әлеміш шүберектер және
ат құйрығы байланған найза сияқты сырықтар
Жалпы тұлғасы шаршылана қаланған осы үлкен құры-
лыстың биіктігі, күмбезімен қосып есептегенде 24 кез.
Бұрыштарында шағын-шағын кұлақтары бар. Қабырға-
лары күйдірілген кызыл кірпішпен қаланып,
ою-өрнегінің үстінен шыны сияқты ақ сылақ
жүргізілген. Ал күмбезіне жылтыр көк сылақ (бирюза)
жағылған. Күмбез қабырғасының ішінде айнала
көтерілетін тас баспалдақты тар қуыс бар" (119, 17,
12).

Мұнан әрі Ю. А. Шмидт жергілікті тұрғындардың
Алаша хан мазарына немкетті қарайтынын, тіптен
мазарды бұзып, кірпішінен қыстауларына пеш салаты-
нын айтады. Бұл, әрине, жаңсақ дерек. Көшпелі ел
дәстүрінде аруақты сыйлау, әсіресе бейіт, мола сияқты
белгілерді пір тұту айрықша болған ғой. Бұл жөнінде
осы ғасырдың бас кезінде Алаша хан мазарын көзімен
көрген ғалым И. А. Кастанье былай деп жазған: «Қыр-
ғыздар (қазақтар — А . С.) үшін бейіт, мола сияқты
белгілер нағыз діни сыйынатын орындар. Олар өз кінді-
гімен жалғасып жатқан аруақтарға ғана емес, өздері-
мен қырбай рудың бейітін көрсе де- аттарынан түсіп,
аруақтың топырағы торқа болуын тілеседі. Ал аттанар-
да аруақ басына ақтық байлап кетеді. Осы ырымға
адалдықтың айғағындай болып мазар алдындағы
баканға байланған белгілерде қисап жоқ (56, 65-66).
Тағы да бір тұста И. А. Кастанье былай дейді: «Енді
санаулы жылда бұл мазардан жұрнақ қалмайтын
шығар. Себебі қоныс аударушылар өздеріне пеш салып
алу үшің кірпішін талапайға түсіретін шығар (56, 51).

Совет ғалымдарының ішінен Ұлытау төңірегіндегі
тарихи ескерткіштерге алғаш назар аударған ғалым
Қаныш Сәтбаев болатын. Алғашқы хабарлама дерегі
1936 жылы «Казахстанская правда» газетінде жарық
көрді. Алаша хан, Жошы хан мазарлары Алтын орда
заманында тұрғызылған деген болжам айтты. Ал 1941
жылы былай деп жазды: «Халық аңызындағы Алаша
хан дегені 1569 жылы көрші жаткан Ташкент хандығы-
мен сәтті соғыса білген Ақназар (XVI ғ.) сияқты белгілі
адам болуы әбден ықтимал» (103, 1, 71-72). Мұнан әрі
жеке тарихшы, архитектор, зерттеушілер ғана емес,
тиісті орындардың өзі мән бере бастады. 1954 жылы
Қазақ ССР Министрлер Советінің архитектура істері

202

жөніндегі Басқармасы архитектор М. Левинсонды бас
етіп, арнайы-экспедицция шығарды. Бұл экспедицияның
бітіргені — мәні зор тарих ескерткіштеріне Ұлытау төңі-
регінің тұнып тұрғанына көз жеткізді, мазарлардың
кірпішіне, сылағына, архитектуралық бітім-тұлғасына
назар аударумен тынған.
Осы уакытқа дейін жинақталған материалдардың
ішінде тек қана Алаша хан мазары емес, жалпы Орта-
лық Қазақстандағы сәулет өнері туралы, оның тарихи
тамыры туралы аса құнды деректер мен ғылыми баға-
ларды Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі
Ә. X. Марғұлан бастаған Орталық Қазақстан археоло-
гиялық экспедициясы жинақтады. Экспедиция жетек-
шісінің айтуында «өзінің құрылыс бітімі болсын, ою-өр-
негі болсын Алаша хан мазары караханиттер дәуірінің
(Х-ХІ ғ. ғ.) алғашқы кезеңімен көп жағдайда сәйкес
келіп жатады» (71, П, 62-67).
Алаша хан мазарына алғаш қазба жұмысын
жүргізуші де Ә. Марғұлан бастаған археологтар. Мазар
ішіндегі мүрдені қазу барысында 5 килограмдай шыны
шыққан (73-39). Мұның өзі көк түсті пір тұтқан, көк
тәңіріне табынған көшпелілер дәстүрімен сабақтас белгі
екенін еске алсақ, Алаша хан мазарының монғол
заманынан бұрынғы, белгі екенін көңілге орнықтыра
түседі. Жалғыз Алаша хан мазары емес, бұл өңірде
Жошы хан, Жансейіт, Келінтам, Бестам, Киікбайтам
сияқты бірталай мазар, бейіт, молалар көк түспен
(бирюза) боялған.
Белгілі ғалым Л. Р. Қызыласов Алаша хан мазары
салынған өңір қыпшақтар мен оғыздардың мекені
болғанын айтады. XIII ғасырдың орта тұсында Түркі
қағанаты құлаған соң Орталық Қазақстанның байтақ
даласын көшпелі түркі тайпалары қоныс етіп қала
берді. Ұлытаудың батысын оғыздар, шығысын қимақ
қыпшақтар жайлады. С. П. Толстовтың айтуында да
«оғыз жабғасының мемлекеті» (ІХ-ХІ ғ.ғ.) қол астына
Сарысу бойы, Тобыл мен Торғай өңіріне дейін қараған.
(62, 3, 62).
Енді Алаша хан мазарының қазіргі жай-күйі қандай
деген мәселеге тоқталып көрелік. Мазарды алғаш көріп
жазба дерек қалдырғаннан бері бір ғасырдай ғана уа-
қыт етті. Ол деректердегі белгі-бедерге қарап қазіргі
шақта Алаша хан мазарын тану қиын. Бұл күнде мазар
қабырғасындағы ақ сылақ пен күмбезіндегі көк түсті.

203

бирюза жалатқан сылақтан жұрнақ жоқ. Төрт құлағы
да мүжіле опырылып құлаған. Күмбездің ұшар биігі
қазан аузындай дөңгелек тесік қалдырып ішіне түскен.
Ал қабырға аралығындағы қуыс жолға кірер ауыз
құлаған кірпіштермен бекітілуге айналған.

Мазардың іші жаңағы Ю. А. Шмидт жазып кеткен
белгіден де жұрдай. Бесікшенің сорабы да жоқ, киіз үй-
дің іші сияқты теп-тегіс. Тек орта тұсында таспен бас-
тырылған оншақты сарықұлақ — осы күнгінің бір сом-
дықтары жатыр. Бұл төңіректің көне көз қариялары
Алаша хан мазарын қазірге дейін әулие тұтатындығын
аңғартады. Әлгі сарықұлақтар соның айғағы.

Иә, уақыт шіркін Алаша хан мазарын аяусыз мүжіп,
қу сүйегін, қаңқасын ғана қалдырған. Бірақ осы
ескерткіш құдіреті көрер көзді әлі де өзіне ғашық етер-
лік. Риаз ұстаның қалауы, перен оюшының өрнегі,
даңғыл шебердің қол таңбасы әлі де шертіп қалсаң
дыңылдап әнге салып кететін сияқты. Өзін орай аққан
қос бұрым өзеннің ортасында Алаша хан мазары әлі де
біресе дала батыры сияқты асқақтығымен, біресе он
екіде бір гүлі ашылмаған қыздай нәзіктігімен табын-
дырады. Әр кірпіші сыңғырлай сыр шертіп, қайталанбас
әуенге салып тұр.

Кірпіші демекші, Алаша хан мазарының кірпіштері-
не бажайлап зер салған кісі оғыз-қыпшақтардың таңба-
ларын қазір де аңғара алады дедік қой. Мұның өзі,
мазардың салыну мерзімінен шаң беретін белгілердің
ең мәнді айғақтары болса керек.

Алаша хан мазарының көркемдік құдіретін даралап
тұрған негізгі бір ерекшелік—кірпіштеріне бедер сал-
май-ақ сол кірпіштердің өзімен қалап отырып келтірген
өрнегі. Мұның өзі қазақтың тоқыма алашасына немесе
тақталап ораған шым шиіне өте ұқсас.
Мазардың кірпіштен өрнек тоқыған осынау шебер тұл-
ғасы берісі Қазақстанның, әрісі әлемдік архитектура-
ның қалану тәсілдеріндегі сирек кездесетін үлгілердің
бірі. Рас, Алаша хан мазары өзінен кейінгі Ұлытау төңі-
регіндегі құрылыстардың біразына үлгі болған. Мәсе-
лен, Қайып-ата, Талмас-ана, Жұбан-ана, Болған-ана,
Дүзен, Ерден мазарлары тікелей Алаша хан мазарының
үлгісінде салынған. Осылардың ішінде әлі күнге бүтін
сақталуымен де, архитектуралық әсемділігімен де тай-
таласатыны, тіптін ою-өрнегінің молдығымен асып
түсетіні Дүзеннің мазары. Бұл құрылыс Алаша хан

204

мазарынан шығып, Кенгір өзенін өрлей жүріп отырса
25 шақырымнан соң кездеседі.

Дүзен мазары тікелей Алаша хан мазарының үлгісі-
мен салынғандығы туралы сол төңіректе мынадай
әңгіме әлі де айтылады. Сералы деген үйші шебер
Алаша хан мазарының түбіне бір жарау айғырды бай-
латып, 25 шақырым жердегі Дүзен мазарының орнына
екінші жарау айғырды байлатып кояды екен. Содан
Дүзен мазарының әрбір қатарын қалау үшін жарау
айғырға міне салып Алаша хан мазарына барады екен
де, сол мазардың қалану тәсілін көріп алып, сол жерде
тың тұрған екінші жарау айғырға мініп дереу кейін
қайтады екен. Жылына 60 жігіт көмекші ерткен Саралы
шебер Дүзеннің мазарын салу үшін екі жаз дайында-
лып, үшінші жазда әлгіндей тәсілмен қалап шыққан.

Иә, Алаша хан мазары өзінен кейінгі талай құры-
лысқа үлгі болған. Бірақ соның бірде-бірі Алаша
мазарының төрт кұбыласы сай тұрысына, ғажайып
пропорциясына, күйген кірпішті жібек жіптей құбылта
өріп шығарған шеберлігіне шендесе алмайды. Живо-
пистегі жарық пен көлеңкенің мінсіз тоғысуы қандай
кұдіретке ие болса, Алаша хан мазарының қабырғасы-
нан құйылған сәуле де мың құбылып, көзге көрінетін
музыка сияқты әсер береді.

Жалпы хас өнерді айтып жеткізуге болмайды, оны
көру керек, тыңдау керек, оқу керек.

...Ұлытау өңіріндегі Жошы, Аяққамыр, Дүзен мазар-
лары сияқты Алаша хан мазары да жүрдім-бардым
жөндеуден өткен. Осындай жөндеу кезінде (реставра-
ция емес) құрылыс материалдары институты арнайы
тексеру жасап, әлгі мазарлар кірпішінің кұрамынд'а 5
процент органикалық заттың бары анықталды. Мұнын,
өзі ел аузында айтылатын жылқы сүтіне иленген кірпіш
туралы аңыздың шындық екенін әйгілейді. Бұған таң-
дануға да болмас, XIII ғасырда өмір сүрген бір автор
былай деп жазған екен: «қыпшақтар малға өте бай —
түйесі, өгізі, қойы, сиыры, жылқысы көп. Оларда жүк
артатын малдың көптігі сондай, біздің ойымызша, он-
дай мал бүкіл дүние жүзінде жоқ шығар».

Әдетте, тарихи маңызы бар ескерткіштерді шын мә-
нінде ғылыми тұрғыда қалпына келтіру үшін мүмкінді-
гінше сол мұраның түп нұсқасы сақталу керек. Болма-
ған күнде, түп нұсқаға көшірме боларлық шаралар
жасалу керек. Мәселен жөндеу жүргізілетін архитек-

205

тураның алғашқы бітім-тұлғасы, кірпіштерінің көлемі,
оның дайындалу тәсілі, ою-өрнегі, сылағына дейін еш-
қандай ауытқуға ұшырамауы керек. Тарихи мұра сонда
ғана қайта түлеп, жасарып, көптің игілігіне айналады.
Жалпы қалпына келтіру ісінің ғылыми негізге сүйенген
талабы осы.

Ал Жошы, Алаша, Аяққамыр, Дүзен мазарларының
кірпіші оншақты түрлі қалыппен құйылған. Мұның
ішінде арнайы бедер салып, ою-өрнек жүргізіп, бирюза
бояуын жаққан тақта кірпіштер бір бөлек. Ру таңба-
лары басылған маңдай кірпіштер, иықтың бастырма
кірпіштері өз алдына бөлек-бөлек. Міне соның бәрін
жөндеу жүргізгеннің жөні осы екен деп, қазіргі құрылыс
кірпіштерімен жамап-жасқау көз бояғандық. Бұл асыл-
ды жасыту, тарихи мұраға немкетті қарау деген сөз.

Жезқазғанның кірпіш заводындағы жолдастар ашы-
ғын айтады: «Осынау толып жатқан тарихи ескерткіш-
тер үшін кірпіш қалыбын өзгертіп, жылқының қыл құй-
рығын турап, биенің сүтіне илеп отыра алмаймыз»,—
дейді. Әрнне, әсірлеп айтқанмен, мұнда бір шындық
бар. Ешбір кірпіш заводы өз бетімен тарихи ескерткіш-
терге лайықты өнім шығара алмайды. Бұл—тарихшы-
ларымыздың, архитекторларымыздың, маман кұрылыс-
шыларымыздың, шебер жобалаушыларымыздың, тал-
ғампаз реставраторларымыздың күш біріктіріп отырып
атқаратын жұмысы. Сонсоң әрине, республикамыздағы
қаптаған кірпіш заводтарының біреуінің ғана ішінен
реставрация өнімдерін шығаратын цех ашса ғанибет іс
болмақ. Бұл ретте, РСФСР, Украина, Өзбекстандағы
реставрация жасау орындарының тәжірибесіне сүйену
көп тығырықтың түйінін шешер еді.

Еекерткіш — ел мұрасы. Оны келер ұрпаққа күңгір-
леген көркімен жеткізу бүгінгінің абыройлы міндеті.

2. Жошы хан мазары. Жезқазғаннан шығып, Кара-
кеңгір өзенін өрлей; солтүстікке бет қойған жолаушы
кешікпей-ақ буалдыр сағым ортасынан қарая көрінген
белгіге көз тоқтатады. Бұл белгі қалың шаңыт ішінде
біресе елбірей көтеріліп зорайғандай болып, енді бірде
торғынға оралғандай құбыла бұлдырап, құла дүзде
құлазығыш көңілді аулайды. Бір ғажабы, көпке дейін
не жақындатпай, не қашықтап көзден таса болмай
еліктіріп, «мұнда-мұндалап» шақырғандай, ереуілдеп
тұрып алады.

Бұл маң Сарыарқаның оңтүстік қанаты ғой. Жолай

206

қыраны тастақ, ойпаңы шакат талай белес сыртаңдай-
ланып артта қалады. Бірақ қапталдаса аққан Қара-
кенгірдің өлкесі ащылы-тұщылы мол отымен, күлтелен-
ген тал-шілігімен көрер көзді қуантып та бағады.

Осынау ойы мен қыры алмасқан даланың кез келген
қайқаңынан әлгі көз ұшындағы қарауытқан белгі мойын
бұрғызып отырады. Содан 30-40 шақырымдай жүрдік-
ау дегенде Қаракеңгірдің табаны жайылып, жайдақта-
нып сала береді. Сол сәт күнұзын ереуілдеп құбылған
белгінің айтулы мазар, айбарлы мавзолей екенін
ажыратасыз. Бұл — Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы-
ның басына салынған белгі.

Мазардың тұрған жері сырттай қараған кісіге
маңайдағы көп қырқаның біріндей ғана көрінетін коян
жон дөңдес. Бірақ, көңіл аудара қарасаңыз сол елеусіз
дөңестің бұл төңіректегі ең биік нүкте екенін байқар
едіңіз. Риаз үста соққан мына мазардың осынау сағым-
ды даламен, сары белдермен, сабырлы өзенімен жара-
сым тауып, үйлесіп тұрған ғажайып үндестігіне еріксіз
бас иесіз. Осыдан 700-800 жылдай бұрын архитектура-
ның кеңістік мекені деген мәселеге қаншалықты мән
беріп, сарыла еңбектенген шеберлерге тәнті боласыз.
Көлемі шағын ғана мазар сәтімен таңдалған мекенінің
арқасында алыстан асқақтап, айбарлы көрінеді.

Әрине, Жошы мазарын дүниеге әкелген Риаз ұста
бұл құрылыстың алыстан арбайтын айбарына ғана
көңіл бөліп қоймаған. Сол әсердің мазар жанына
келгенде де еш көмескі тартпауына, қайта алыстан
көрінген әсерінізді дәл жанына келгенде он орап әке-
тердей мінсіз сұлу болуына ерекше мән берген.

Мазардың сыртқы тұлғасы төрт бұрыштанып қалан-
ған да, 5-6 метр биіктіктен, әрі қарай геометриялық
дәлдікте ирек қырлар шығара отырып дөңгелете қалап
кеткен. Бұл қырлы шеңбер 1,5 метрдей көтерілген соң
тағы да әрі қарай киіз үй сияқтанып мінсіз күмбез
жасап біткен. Құрылыстың төрттен біріндей бөлігі кірер
алдындағы төртқырлана қаланған қалқаның (портал)
үлесіне тиеді. Биіктігі 8 метрдей, ені 2 метрден астам
бұл қалқа мазар тұлғасын қарапайым, орнықты етіп
көрсетумен бірге, асқақтап айбарландырып та тұр. Осы
қалқаны қалау барысында кірер жақ бетінен зәулім
күмбез есікті қоршай төрткүл жолақ, өзекше қалдыр-
ған. Бұл өзекшеге кезінде көк жасыл бирюза жалатқан
тақта кірпіш жүргізілгенін қазір де аңғаруға болады.

207

Мұның өзі көрер көзге әдемі әшекейден гөрі, осы мазар-
дың қаралы жабуы, қайғылы жолағы сияқты көрінеді.
Күні бүгінге дейін бояуы көмескі тартпаған тотияйын
түстес тақта кірпіштермен кезінде мазар күмбезінің
қырлы иректері де әшекейленген тәрізді. Алайда қазір
ондай бояулы кірпіштердің шашылған сынығы болмаса,
орнында тұрған бірде-бір бүтін тақта кірпішті кездес-
тіру қиын.

Мазардың ішкі бітімі—қағаберіс қалтарысы жоқ
киіз үй ішінің бітімін өте-мөте еске салады. Осы төңі-
рекке біткен қызғалдақ пен тарлаудың, шайыр мен бая-
лыштың сол топырақтан нәр алып өскені сияқты, мына
ескерткіштің де қазақ киіз үйімен бір мәнзелдес екені
көңілге ұялайды.

Бастан-аяқ қанға малынғаңдай қып-қызыл күйген
кірпішпен өріле қаланған мазардың өн бойы ою-өрнек-
тен, әлеміш-айшықтан ада. Көлемімен де қайран қал-
дырмайды. Бірақ алапат айбарлы, көрген жанды
ынтықтырғандай. Біздіңше, мұның басты себебі -
мазардың мінсіз пропорциясында; бітім-тұлғасының
ұстамды қаталдығында; төңірегіндегі бел-белес, жазық
даламен, өзен-су, өсімдігімен мінсіз, гармониялық үн-
дестік табуында; сонсоң, әрине, ғасырлар төрінен бүгін-
гі күнімізге күңгірлеп жеткен көнелігінде.

Осы тұса Жошы хан мазарының сонау Самарқан-
дағы Шахи-Зиндтің әйгілі мавзолейімен сарындас екені
ойға қалдырады. Әсіресе, сондағы Темірге әскер басы
болған, қыпшақ батыры Мұрындықтың (Бурундук)
күмбезі Жошы хан мазарын қатты елестетеді. Мейлі,
Шахи-Зиндтің қалың күмбезі қызылды-жасылды бояуы-
мен, шым-шытырық оюымен, мозайка-бедерімен, көсі-
ліп жатқан көлемімен көздің жауын ала берсін. Әңгіме,
Ұлытау маңындағы Жошы хан, Алаша хан, Аяққамыр,
Белең-ана, Жұбан-ана мазарлары мен Шахи-Зинд ком-
плексінің қанқасының ұқсастығында болып отыр. Жал-
пы сүйек бітімінің үндестігі назар аударып отыр. Бір
ғажабы, Ұлытау төңірегіндегі жоғарыда аты аталған
ескерткіш-мазарлар Шахи-Зинд ескерткіштерінен 100-
300 жылдай бұрын салынған ғой.

Ал Шахи-Зинд комплексіндегі айтулы мавзолейдің
бірін еншілеген - Мұрындықтың қыпшақ әлділерінен
шыққандығы тарихтан мәлім. Боса-болмаса қыпшақ-
тардың ата мекені Ұлытау даласымен тамырласып жат-

208

қанын жоғарыда айттық. Осы жерде қазақ даласын
алғаш зерттеген орыс ғалымдарының бірі И. А. Кас-
таньенің мына бір пікірі еске түседі: «Орта Азияның оң-
түстік жарымының (Үстірттен оңтүстікке қарай) ежелгі
ескерткіштері сән-салтанатымен, айбарлы ауқымымен
(Самарқан мешіттері және басқалары) терістіктің
қоңыртөбел, қарапайым ескерткіштерін көлегейлеп ке-
тетіні хақ. Солай десек те, терістік ескерткіштерінің
көптігі мен көнелігі оңтүстік өңіріне қарағанда өзіне
айырықша назар аудартпай қоймайды»,—депті (55, 9).

Міне, бұл пікірге құлақ аса отырып, Орта Азия рес-
публикаларының, оның ішінде Қазақстанның архитек-
тура тарихын сөз еткенде Ұлытау маңындағы тарихи
құрылыстардың арнайы зерттерлік маңызы барын айт-
қымыз келеді.

Жошы хан мазары салынған заманда (1228-1255
жылдар), тіптен одан көп бұрын бұл төңіректің халқы
кірпіш күйдіруді, түрлі керамикалық бұйымдар жасау-
ды, сапалы бояу түрлерін әзірлеуді, геометриялық дәл-
дікпен және алдын ала әзірленген жобамен қалауды
(27, 62-63) жете меңгерген. Бұған осы ескерткіштердің
өзі-ақ куә болады. Оның айналасында күні бүгінге
дейін ізі жоғалмай жаткан күйдіру пештерінің орыны,
кірпіш әзірлеуге қажет үйінділер, балқыған түрлі-түсті
шыны қалдықтары дәлел.

Енді осы мазар шынымен-ақ Алтын Орданың бүл-
діргесін білегіне ілген Жошы ханның мазары ма? деген
әңгімеге тоқталайық. Себебі осы уақытқа дейін ауызша
алып қашпа әңгімелерді былай қойғанда, қалыңдығы
сере шығатын ғылми кітаптардың өзі күмән келтіруден
арыла алмай келеді: «Бұл тауларда (Ұлытау—А. С.)
ХІ-ХІІІ ғасырлардағы сәулет ескерткіштері—қыпшақ
әлділерінің мавзолейлері күні бүгінге дейін сақталған.
Алаша хан мавзолейі деп аталатын осындай бір мазар-
ға аңыз бойынша Шыңғыс ханның ұлы жерленген», —
деп жазылған «Қазақстан» атты географиялық жазба-
да (52, 255). «Орталық Қазақстандағы енді бір тамаша
архитектуралық ескерткішті жергілікті аңыз Шыңғыс
ханның үлкен ұлы Жошымен сабақтастырады»—деп-
ті «Древние города Казахстана» деген кітапта (20,
206).

Бұл мысалдардың бірі — күні бүгінге дейін жеткен,
бөлек-бөлек аталатын, бөлек-бөлек тұрған Алаша хан
мен Жошы хан мазарларын бір ғана құрылыс деген қа-

8—729 209

те емеуірін білдірсе, екіншісі — аңыз бойынша деп кү-
мәнмен қайыра салады.

Біздіңше, сөз етіп отырған мазардың ішінде Жошы
ханның жерленгені туралы жеткілікті дәлел бар. Ең
алдымен: мазардың Жошының мазары екенін, оның
ішінде Жошының сүйегі жатқанын ел айтады; ғасырлар
жаңғырығындай болып жеткен аңыз айтады; халық
жүрегін жарып шыққан күй айтады; дала реңіне түскен
тыртықтай болып күні бүгінге дейін күндік жерге созы-
лып ырсиып жатқан арналы өзек айтады; кітаптан ем-
ес, атадан бала ауызша естіп, көкірегіне сақтап, бүгінгі
күнге жеткізген сауаты жоқ, саңылауы көп қариялар
айтады... Солай десек те, нақтылы дәлелдер мен дерек-
терді көлденең тартып көрелік.

Шығыс хан заманынан, монғолдың арасынан жеткен
ең көне жазба деректердің ("Монғолдың кұпия шежі-
ресі", "Алтын тобшы") айтуында Шыңғыс хан төрт әйел
алып, төртеуінен де бала сүйген. Солардың ішінде ал-
ғаш үйленген бәйбішесі қоңырат руынан шыққан Дай
шешеннің Бөрте есімді қызы екен. Жалпы Шыңғыс хан-
ның тарихи аренаға шығуына коңырат, ойрат, шүршіт,
жалайыр, найман, керей сияқты рулар айрықша роль
атқарған. Бұл рулардың өз алдына әскері болған. Шың-
ғыс хан олармен қатты санасып, өзіне тең санап, қыз
алысып, қыз берісіп, кейде соғысып, кейде татуласып
отырған. Шыңғыс ханның өзіде, әкесі Есукей де керей-
дің Оң ханымен анда (қандас) болған. Шынғыс хан
оны әкесіндей сыйлап, иығына бір кездері бұлғын ішік
жапқан. Ал анда болу деген сөз, ол кездің дәстүрі
бойынша әкеден кейінгі жақын адам болу деген сөз.
Меркіттер Шыңғыс ауылын шауып, Бөртені қолға түсі-
ріп алып кеткенде, керей Оң хан екі түмен әскерімен кө-
мек беріпті. Ал Шынғыс ханның айбар-алапаты асуына
баспалдақ болған ең алғашқы жорығы тәйжігіттер мен
татаб руларына қарсы жүргізілгені белгілі. Осы жо-
рықта да керей Оң ханмен тізе қосудың арқасында же-
ңіске жеткен. Мұнан соң, тағы да Оң ханмен бірігіп
наймандарды тас-талқан етеді де, Бұйрық ханға Ұлы-
таудың түбінде тізе бүктіреді (67, 135). Шыңғыстың
Бөртеге үйлену тойында жалайырдан Гоа Мұқыл, шүр-
шіттен Чуу Мерген,.ойраттан Хара Хиру болды дейді
(67, 167-169). Ал наймандар Оң ханға шабуыл жасап,
бала-шағасын тұтқынға алғанда Шыңғыс арнайы әс-
керін жұмсап, құтқартып алады. Сонда Оң хан: «Мен

210

осы уақытқа дейін ұлым жалғыз Сенғұм ғой деп жүр-
сем, ұлым екеу екен ғой. Олар — Сенғұм мен Темірші
(Шынғыс)»,—дейді (67, 137).

Әрине, мұндай мысалдарды тізе беруге болады. Со-
лардың қай-қайсысы да бір гәптің басын ашық аңғар-
тады. Ол—Шыңғыс ханның ең мол із қалдырған жері,
оның хан аталуына негізгі ықпалын тигізген өңірі қа-
зақ даласы екені. Бесқұлан, Шыңғыс тау, Ұлытау
сияқты толып жатқан жер атаулары, сол өңірдегі күні
бүгінге дейін қоныстанып отырған рулар, ондағы — Ке-
лін там, Болған-ана, Домбауыл, Жошы хан сияқты
Шыңғыс хан әулетінің төңірегіндегі адамдардың толып
жатқан молалары Шыңғыс хан өмірінің қазақ даласы-
мен қаншалықты сабақтасып жатқанын айғақтайтын
бедерлі мысалдар.

Сөз орайда Шыңғыс ханның жерленген орны туралы
мынадай бір жорамалымызды ортаға сала кетуді парыз
санаймын. Күні бүгінге дейін Шыңғыс ханның қабірі
табылған жоқ. Күні бүгінге дейін, соноу Плано Карпи-
ни, Марко Поло, В. Рубруктерден бастап неше түрлі
болжамдар айтылуда. Ондаған, тіптен жүздеген бол-
жамның қамтитын мекені де сан-сала байтақ өңірлер.
Бірақ тап басылып, дәлелін тапқан жорамал жоқ, сол
жорамал күйінде қалып келеді. Сондықтан да небір
қолмен ұстатқандай дәлелдердің оқырман қауымға таң-
сық емес екенін да жақсы білеміз. Ендеше, көкейдегі
ойды ортаға салып, "Қоңыр әулие" немесе «Қызыр
әулие» үңгірлерін ауызға аламыз. Бұл екі үңгір Се-
мей облысының жерінде пайда болған. «Қоңыр әулие»
үңгірінің бітімі туралы жоғарыдағы тарауларда ай-
тылды.

Осы үңгірлердің маңайындағы жер аттарын қара-
ңыз: Хан тауы, Шыңғыс тау, Орда деп аталады. Тарих-
шылардың небір қиыннан қисынын келтіретін жора-
малынан гөрі, монғол заманынан жеткен осынау топо-
нимдік атаулар ең құнды айғақ болуға тиіс. Өкінішке
орай, күні бүгінге дейін бұл атаулардың тегін тектеген
ешкім жоқ. Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай дала тарихы-
ның білгірі шежіреге жүйрік адам болған. Сол Құнанбай-
дың айтуында Шыңғыс ханның хан көтерілген жері, Бұ-
қарды шабарда екі рет қыстаған жері осы өңір (120, 21-
179-193-203). Ауызша әңгімеге дес берсек, бұл өңірде
күні бүгінге дейін Шыңғыс ханның қыстауы, орда тігуі,
оның орыны, жорыққа аттанарда үңгірге кіріп алып

211

бірнеше күн бойы өзімен-өзі сөйлесетіні туралы небір
аңыз-хикаяны айтып тауыса алмаймыз. Сондықтан бас
ты айғақ ретінде үңгірге мән беру керек. "Қоңыр әулие"
үңгірінің түбінде көлшік жатыр. Көл суы неге ғасырлар
бойы борсымайды, шірімейді деген ой келеді. Шіру бы-
лай тұрсын, балығы шоршып жүр. Демек, үңгірге су жер
астын қазу арқылы іргеден ағып жатқан Шаған өзені
нен тартылған. Тағы да аңыз айтады, үңгір ішіндегі су
дан әрі өрлей көтерілетін қуыс бар дейді. Расында көл
суы арғы жағасындағы тас қабырғаның астына сұғына
кіріп, бір сүйемдей қуыс жасап созылып жатыр. Тағы
да бір дәлел осы үңгірдің ішінде буддалардың үлгісі
мен қашалған тас мүсін жатыр. Бұл да айрықша мән
беретін айғақ. Үңгірдің аузында қорым, мүрде бар
Жергілікті халық мұны қалмақ бейіті дейді. Ол сірә қа
те болар. Бұл қорым Шыңғыс ханды жерлеуге келген
отрядтың өлігі болуға тиіс. Жерлесуге,келгендер әрине
негізінен осы далалық өңірдің адамдары еді. Мұны
олардың күні бүгінге дейін сақталған рулық таңба
ларынан айқын аңғаруға болады.

Тарихи еңбектердің біразында Шыңғыс хан әулеті
нің ұрпақтан ұрпаққа қалдыратын дерегі бойынша ұлы
хақан солтүстік ендіктегі 47-54 параллельдің аралығын
да Хан тауының ішінде жерленген (94, 1, 215). Бұл сіл-
теме осы Семей өңіріндегі Хан тауына, ондағы кұпия
үңгірлерге алып келеді.

Рас, монғол хандарының қай жерге жерленгені құ-
пия сақталатын дәстүр болған. Құбылайдың алдында
өткен Мөңке хан өлгенде (1259) осындай дәстүрмен
жиырма мың адам өлтірілген. Сөз жоқ, Шыңғыс хан
ның мүрдесінің күні бүгінге дейін табылмауына да осы
дәстүрдің қатал сақталғандығы себепші.

Ал Шыңғыс ханның тек қана Қарақорымға жерленуі
шарт па еді? Жоқ, ондай қатып қалған ғұрыпты мон-
ғол хандарының бұлжытпай орындағанын тарих білмей
ді. Керісінше, Шыңғыс әулетінің бәрі дерлік өз ұлысы-
на, өз ордасына, өз хандығына жерленіп отырғанын
көреміз. Жошы хан өзінің орда тіккен жері Ұлытауда
жатыр, Бату хан өз ұлысы Еділ бойына қойылды, Үге-
дей өзінің ордасы Тарбағатайдағы Шұғышаққа жер-
ленді. Ал Шыңғысхан үшін Семей өңірі оның алғашқы
хан сайланған жері деуіміз керек. Шыңғыс өзінің тари
хи билігіне қолын жеткізгенге дейін ең алдымен соғыс
қаны да, сенісіп сүйенгені де байтақ даладағы арғын,

212

найман, керей, уақ сияқты рулар екенін дүние жүзінің
тарихшылары бір ауыздан мойындайды. Ал бұл рулар-
дың судай сапырылысқан ата мекені біз сөз етіп отыр-
ған Хан тауы, Шыңғыс тауы, Орда қонысы. Енді осы
мекендегі үңгірлерді кезбен көрсеңіз, сөз жоқ, үлкен
есептің кұпия әрекеттің ізі сайрап жатыр. Мұндай кесек
әрекетті бұл өңірде тек Шыңғыс хан ғана жасайтындай
болды.

Қалай десек те болжамнан ешкімге келер зиян жоқ.
Ал бұл болжамға тарихшы, археологтарымыз мән берсе
нұр үстіне нұр. Шыңғыс ханның мүрдесі табылмаған
күнде осынау тылсым үңгірлер шежіресінің өзі ғылым-
ға елеулі жаңалық болып қосыларына күмән жоқ...

Жошы хан туралы әңгімемізден сәл ауытқып кеттік.
Түптеп келгенде, осы әңгіменің өзі Жошы хан үшін де,
бұл өлкенің жат болмағанын зерделетеді ғой. Демек,
Жошы мазарының Ұлытауда тұрғанына таңданудың қи-
сыны да жоқ.

Тағы да ой өрбіте түселік, Шыңғысхан Бөрте бәйбі-
шеден Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле есімді төрт ұл
көргені белгілі. Олардың ішіндегі ең еркөңіл, ең ержү-
рек, ең жаугершілі де, сонымен бірге ең адамгершілігі
мол мәрті де Жошы еді дейді (108, 13-14). Осы пікірге
орай мынадай бір дерек еске туседі. Шыңғыс хан Бөрте-
ден туған төрт ұлымен тарасун (сүт-арақ, қымыз болса
керек) ішеді. Сонда қызып отырып: «Дүниенің рақаты
не?» — деп ұлдарына сұрақ қояды ғой. Жошы тұрады
да: «Меніңше дүниенің рақаты жылқыңды көбейтіп, та-
бын-табын етіп семіртсе. Олардың жайылымына киіз
үйді тігіп тастап, сауық-сайран құрса ғой!»—депті.
Шағатай тұрып: «Менің ойымша, дұшпанды жеңсе, бас
көтергеннің еңсесін түсіре езсе, нар атаулы інгенін іздеп
боздаса, патшалар солқылдап жылауға мәжбүр бол-
са!»—депті. Мұнан соңҮгедей тұрады да: «Меніңше, ұлы
отанға, мемлекетке, біздің әкеміз қиындық көріп басын
қосқан елге тыныштық орнаса, әкенің ұлылығы сақта-
лып, халқы күмбез сарайда тұрса, заңды бұлжытпай
орындап, үлкен-кіші бақытты болса!»—депті. Ал Төле:
«Арғымақ атың бәйгіден келсе, айдын көлдің жағасында
қаршығаң сұқсыр ілсе сол қуаныш!"—дейді.

Сонда Шыңғыс: «Жошы жасынан жылқыны сүйеді,
Ол соны айтты. Шағатай ес білгелі жаныма еріп, қалай
ел-жұрт болғанымызды көзімен көреді. Оның айтып
отырғаны сол, Үгедейдің арманы — баланың қиялы се-

213

кілді. Төленің айтқаны да жөн-ау!" деген екен (67, 208-
209).

Міне, осындағы Жошы бейбіт, тыныш өмірді қалап,
серілікке қанша ден койса да, жастайынан әкесінің хұ-
қын орындай жүріп небір қанды жорықтар жасаған.
Нелер қанқасып шайқастарда Шыңғыс ханның арқа
сүйер сенімді серігі де Жошы бола білген. Жошының
әке бұйрығын сәтті орындап, көзге түскен алғашқы жо-
рықтарының бірі—1207-1208 жылдарда Енесай қыр-
ғыздары мен оңтүстік Сібірдегі "орман тұрғындарына"
жасаған шабуылы болды. Осы жолы Селенгінің төменгі
сағасы мен Ертіске дейінгі аралықты бағындырып қайт-
ты. Шыңғыс хан бұл аймақты Жошыға ұлыс етіп берді
де, енді Батысқа қарай «атыңның тұяғы жеткен жерге
дейін» бағындырып ала бер дейді. Жошы хан ұлысының
алғашқы ордасы Ертіс бойына тігілді.

1218 жылы көктемде (барыс жылы) Жошының бас-
қаруындағы қалың әскер қыпшақ даласына баса-көк-
теп кірді. Осы сапарында Хорезм шаһ Мұхаммед сұл-
танның 60 мың адамдық әскерімен Ырғыз бойында
кескілескен ұрыс салды. Жошының қолбасшылық
талантынын жарқылдай көрінген тұсы осы кез. Мұнан
әрі Жетісудың барлық қалаларын, Шу, Талас, Сыр-.
дария бойындағы моншақтай тізілген қалаларды бірі-
нен соң бірін жаулап ала берді.

1221 жылы Жошы әскері Гурганджді 6 ай қоршады.
Әрине, әлі келмегендіктен емес, Жошы бұл қаланы қи-
ратпай қолға түсіріп, өз ұлысына астана етуді ойлаған.
Алайда Шағатай кере алмаушылық жасап, әкесіне Жо-
шыны шағыстырады да, ызаға булыкқан Шыңғыс хан
бұл қаланы алуды Үгедейге бұйырады. Сөйтіп, 100 мың
әйелдер мен балалар қолға түсіп, қаланың күл-талқаны
шығады. Қазіргі Үргеніш қаласы осы Гургандждің ірге-
сінен бой көтерген. Міне, бұл оқиғадан Жошының ор-
нықты тұрақ іздеген ниеті төбе көрсетеді.

Мұндай тұрақ, Жошының өзі қызығын көре алмаса
да, Сығанақ қаласы болды деп айтуға негіз бар. Хафиз
Тыныштың айтуынша, Сығанақ ертеден-ақ қыпшақтар-
дың астанасы болған. Монғолдардың елшісі осы жерде
өлтірілгені үшін бұл қала аяусыз қиратылған. Алайда,
1328 жылдарға қарай тез қалпына келтіріліп, Жошы
ұрпағы өз тиынын да шығара бастады. Көптеген қазақ
хандары қасиетті мекен ретінде осы қалаға жерленген.

Егер Жошы хан тірі болса, ұлыс ордасын сөз жоқ

214

қыпшақ даласынан шығармас та еді. Бұған оның өмір?-
нің соңғы кезеңдері, әкесінің жорықшыл пиғылынан бас
тартып, бірыңғай бейбіт өмір рақатын қызықтап кетуі
дәлел. Жүзжанидің айтуында: «Жошы қыпшақтардың
жері мен суын, ауасын көрген кезде дүниеде бұдан да
артық саф ауаның, мөлдір судың болуы мүмкін емес
екенін ұғып, қыпшақтарды жақсы көріп кеткені сонша,
өзі осында қалып, бұл елді бүліншіліктен азат етуге
бел байлаған; ол өзінің пікірлес адамдарына Шыңғыс-
хан сірә есінен алжасқан, өйткені ол осыншама жерді
ойрандап, халықты қырғынға ұшыратып отыр, сондық-
тан мен аңға шыққан кезде әкемді өлтіріп, мұсылман-
дармен одақ құратын шығармын дегенді айтқан. Оның
бұл ойын Шағатай сезіп қалып, әкесіне жеткізген де,
әкесі білдірмей Жошыға у беріп өлтіруді әмір еткен"
(108, 13).

Қалай да осы бір.ойда қисын бар. Біріншіден, Жо-
шы Бөртеден меркіттерде тұтқында болып келген соң
туған. Бұл жағдайдың Шыңғыс хан сияқты әке ішінде
шемен болып жатары хақ. Екіншіден, Жошы есейе келе
әрісі өзінің көшпелі нағашы жұртына, берісі қазақ дала-
сындағы көшпелі руларға, олардың өмір салтына қызы-
ға ден қойғаны белгілі. Тіптен, Рашид-ад-Диннің ай-
туында Шыңғыс хан солтүстік өңірді бағындырып қайт
деп жұмсағанда Жошы тіл алмай, өзінің сүйікті дала-
сына кеткен (99, 2, 79). Бұл да Шыңғыс сияқты қан кұ-
мар жаратылысқа ұнамайтын мінез еді.

Сөйте тұра Шыңғысхан Жошыны талантты қолбас-
шылығы үшін, өзінің өкшесін алғаш басқан сенімді ті-
регі бола білгені үшін, оның қабілетімен әлі де талай
елді ойрандауға болатындығы үшін өлімге қимайтын.
Шыңғыс хан өз қолымен аңда жүрген Жошыны өлтір-
тіп алып, "жаман хабар әкелген жанның көмейіне қор-
ғасын құямын!" деп алас ұруы да сондықтан. Күні бү-
гінге дейін ауызша да жеткен, жазбаша да жеткен бұл
әңгіменің нұсқалары көп. Ұлытау төңірегінің көнекөз
қарттары қазірге дейін Жошы өлімін найманның ұлы
жыршысы Кетбұғы естіртіп еді, сонда Кетбұғының дом-
бырасын безеп отырып, Шыңғыс ханға айтқаны мынау
еді дейді:

«Уа, иеміз, Шыңғыс хан!
Домбыра не деп жырлайды,
Сарнап бір даусын қырнайды,
Құлағың сал осыған..,

215

Ақсақ құлан, қу құлан,
Қияннан қашқан ту кұлан,
Қиырсыз құба далада,
Анда жүрген балаңа
Кез болып бір қашыпты,
Белден-белге асыпты:
Ақсақ құлан, Жошы хан,
Елсіз құба далада,
Қат-қат бұдыр салада,
Мекендеп өрген, өрбісіп,
Ордалы кұлан жосыған.
Қуып ақсақ кұланды,
Мінгені тұлпар құнан-ды,
Ордалы үріккен құланға
Құйғытып ойнап қосылған,
Өлім деген Тәңір ісі,
Желіккен құлан әңгісі,
Құнан мен тұлпар еліккен,
Жосыған құлан желіккен, .
Баланды шайнап өлтіріп,
Жалмалап, жалмап кетіпті,
Ордалы құлан шошыған.
Жұрттын аузы бармаған,
Сөзді айтып жырлап зарлаған
Домбыраның балаңды
Естірткені осы, хан!
Өзгеге артпа жалаңды,
Еліктірген балаңды,
Сол қу құлан, ту құлан,
Балаң өлді—Жошы хан!
Нансайшы, ханым, осыған!»

Дәл осы тектес әңгімені XIII ғасырда өмір сүрген
арабтың атақты ғалымы Ибн-аль-Асир жазып қалдыр-
ған. Мұнда да естіртуші адам ұлы жыршы Кетбұғы.
Жошы өліміне қатысты Кетбұғы мен Шыңғыс хан ара-
сындағы толғау әңгімені былай келтіреді:

К е т б ұғ ы:
Теңіз бастан былғанды—
Кім тұндырар, ей, ханым?1
Терек түптен жығылды —
Кім тұрғызар, ей, ханым?1

Шыңғыс хан:
Теңіз бастан былғанса,
Тұндырар ұлым Жошы дүр.
Терек түптен жығылса,
Тұрғызар ұлы Жошы дүр.
Көзің жасын жүгіртед,
Көңлің тұлды болмай ма?!
Жырың көңіл үркітед,
Жошы өлді болмай ма?1

816

К етбұ ғы:
Сөйлемекке еркім жоқ,
Сен сөйледің, ей, ханым!
Өз жарлығың өзіңе оқ (жен),
Не ойладың, ей, ханым?!

Ш ы ң ғ ыс х а н:
Кұлынын алған құландай,
Құлынымнан айрылдым!
Айырылысқан аққудай
Ер ұлымнан айрылдым!—

деп, еңіреп қоя берген екен (108, 2, 203-204).
Жошының өліміне қатысты аңыз әңгіме 1897 жылы
«Киргизская степная газетада» жарық көрді (57, 14).
Мұнда да жоғарыдағы аңызбен сарындастық бар. Бұл
материалда естіртуші Кетбұғы. Бір ғажабы күні бүгін-
ге дейін Ұлытау өңірінің наймандары өздерінің рулық
шежірелерін Ұлы жыршы Кетбұғадан құлата таратады.
Біз теріп қана келтірген бұл деректердің шындығы
1946 жылы жүргізілген қазба жұмысында толық дәлел-
денді деуге болады. Казақ ССР Ғылым академиясынан
арнайы шыққан ғылыми қызметкерлер мүрдені қазған-
да, жерленген адамның бас сүйегінің үстіңгі жағы мен
оң қолының жоқ екендігі анықталған.
Әрине, Жошы сияқты ханды жабағының үлкендігін-
дей құланның шайнап өлтіруі қисынға келмейді. Демек,
өз дегенін орындатып үйренген Шыңғыс ханның ашу үс-
тінде өз қолымен өлтірткені сайрап жатыр.
Жошының Ұлытау іргесіне жерленгеніне күмән кел-
тірген академик В. В. Бартольд болатын. Ол кісінің
ойынша, монғол салтында хандардың бүкіл байлығы
мен сүйегі жасырын орынға қойылып, оны «құлақ» деп
атаған. «Құлақ» сөзінің мағынасы түркі тілінде құру,
жоқ болу, құрдым болу деген сөз. Бұл орынды өле-өл-
генше ханның бір әйелі күзеткен. Алайда В. В. Бар-
тольдтың бұл пікірі күмән ретінде ғана айтылады, Ұлы-
тау төңірегінде жерленген деп кесіп айтпайды.
Ал тарихи дерек Жошы ордасының алғашқы Ертіс
бойында болғанымен, кейін Ұлытауға көшірілгенін ай-
тады. 1246 жылы келіп қайткан Плано Карпинидің ай-
туында Жошы ордасы Алакөл маңында болған. Алакөл-
ден Ұлытаудың алыс емес екені белгілі. Оның үстіне
ауызша да, жазбаша да деректерде Жошының жақын-
жұрағаттарының қабірі Ұлытау төңірегінде жатыр.
Сарысу бойындағы Келінтам мазары Жошының кіші

217

тоқалының бейіті екен дейді (69, 7, 19). Ал Болған-ана-
ны академик В. В. Бартольд Жошы ханның қызы дейді
(21, 8, 101). Жошы хан мазарының іргесінде тұрған
Домбауыл кешенін иемденіп жатқан Домбауыл мерген
жазба деректе де, ауызша аңыздарда да Шыңғыс хан
мен Жошы ханның сақшысы, сүйекті жақыны еді дейді.

Осы деректердің барлығын қорыта келіп, Орта Азия
тарихшысы әрі ақын Хафиз Тыныштың дерегіне ден
қоюға болады. Жошы хан мазарының Ұлытау төңірегін-
де екенін Хафиз Тыныш еш күмәнсіз жазып кеткен (83,
275). Ал Абдразақ Самарқанди Жошының Кеңгір бойы-
на жерленгенін тәптіштеп жазады.

Қысқасы, Ертіс бойынан бастап, сонау Орал тауына
дейінгі жердің билігін бір өзі жүргізген Жошы ханның
Ұлытау топырағын жамылуы себепсіз емес деуімізге то-
лық негіз бар. Оған себеп, алдымен—Жошының мінез-
бітіміне, тіршілікке деген түсінік талғамына қатысты
еді. Ол өмірді қарапайым болмыс-көрінісінде сүйе біл-
ген. Әсіре-қызылдан, мәжбүрлік-міндеттен ада даланың
ойын-сауығына, аңшылық-саятшылығына, асыл өнеріне
ғашық, болған. Бұған қоса сахараның еркін өмірі, ду-
манды көш-қоны, саяқ батырлары да көңілінен шығып
отырған. Ол үшін шаһардағы алтын тақтан да киіз үй
ішіндегі құндыз бөстек жамбасына жәйлірек тиген. Мұ-
ның өзі Сарыарқадағы арғын, найман, қыпшақ, керей,
уақ сияқты рулармен, былайша айтқанда, көз көрген,
сыралғы жұрағатымен өмірінің денін бірге өткізуге се-
бепші болған.

Жошының құлай беріліп, қатты қызықтайтыны —
қызу сәттері көп аңшылық-саятшылық; әнші-күйші,
ақын-жыраулар айтысы; мерген-палуандардың белде-
суі; ат ойыны мен бәйге-бәсекелер екен.

Академик Әлкей Марғұланның айтуынша Жошы қа-
зақ даласындағы серілік дәстүрдің негізін салған.

Мұның бәрі де, айналып келгенде, Шынғыс ханның
ындынына қанағат бермеген, сонсоң қанды қолын Жо-
шыға сермеген деген ойдың дәйектілігіне саяды.

Әрние, бұл ескерткіш бүгінгі ұрпаққа Жошы ханның
мазары болғаны үшін құнды емес. Жошы хан заманы-
нан жеткені үшін, сол замандағы қара халықтың ақыл-
ойын, шеберлігін, маңдай терін бойына сіңіргені үшін
құнды. Сондықтан да осынау архитектуралық ғажайып
мұра деректерді жинақтап, оның тарихи мәнін саралап,

218

сол ескерткішті келер ұрпақтарға күнгірлеген көркімен
жеткізе білу бүгінгілердің міндеті.

Тарихшы, саяхатшылар Жошы хан мазарына ерте-
ден-ақ назар аудара бастаған. Ең алғашқы жазба
деректі Шайбани әулетінен шыққан Абдулла ханның
(II) сарай ақыны, тарихшы Хафиз Тыпыштың еңбегінен
оқимыз. Ол өзінің 1589 жылы бітірген (И. И. Умняков)
"Шараф-намейи-шахи" («Абдолданама») атты кітабын-
да Абдулла хаяның (II) қазақ даласында шабуылын,
бұл жорықта олардың Сарысу бойына дейін келгенін
айта келіп: «Сол айдың 6-сы күні (1582 жылдың 30
апрелі) сенбіде Жошы хан мазарының алдындағы са-
райға келіп хан тізгін тартты» дейді (83, 277).

Мұнан кейінгі бір дерек XIX ғасырдың екінші жар-
тысындағы жазбалардан кезігеді. Оңтүстік Қазақстан
Россияға қосылар алдында (1860) орыс офицерлері Ом-
быдан бастап Сарысу, Шу өзендеріне дейінгі байтақ
алапты шолып қайткан болатын. Осы шолғыншылық-
тың нәтижесінде Г. Н. Потанин біраз жазба деректер
қалдырған. Әсіресе, Ұлытау төңірегін басып өткен от-
рядтың дерегі тәптіштеліп жазылған. Міне, осында Жо-
шы хан мазары айтылады.

Жоғарыда айтқан Хафиз Тыныштың «Шараф-наме-
йи-шахи» кітабын өткен ғасырдың орта тұсында белгілі
ғалым В. В. Вельяминов-Зернов орыс тіліне аудару ар-
қылы, бұл кітапты бүкіл Европа ғылымына әйгіледі.
Міне, осы кітапты аудару барысында В. В. Вельяминов-
Зернов: "Жошы хан мазары сол далада әлі де тұр ма
екен?"— деп ден қояды.

Сарыарқадағы тарихи ескерткіштер туралы мол ма-
териал жинақтаған кісінің бірі подполковник Н. И. Кра-
совский болатын. Тіптен, ол кісінің айырықша көңіл бө-
ліп, назар аударғаны соншалық осынау қаптаған
ескерткіш белгілерді тарихи жүйеге бөлуге талпынады.
Рас, қателік, кемшіліктері де болды. Осы еңбектерінде
подполковник Н. И. Красовский Жошы хан мазарын кө-
зімен көргенін, ерекше сымбатты көк күмбезінің барын
жазады.

Мұнан әрі патшалық Россияның геодезисі, Бетпақ-
даланы Сарысу бойымен кесіп өткен. Ю. А. Шмипт 1889
жылы көзімен көргенін жазса, белгілі ғалым В. В. Бар-
тольд 1900 жылы Петербургте отырып Жошы хан ма-
зарының Ұлытау маңында екеніне күмән келтіреді
(«Туркестан в эпоху монгольского нашествия»). Алай-

219

да, 1903 жылы жарық көрген Россияның толық геогра-
фиялық жазбасында (XVIII том, 355-бет) Жошы хан
мазарының қазіргі о р н ы көрсетілді.

Совет ғалымдары ішінен Ұлытау төңірегіндегі тари-
хи ескерткіштердің молдығына, олардың маңыздылығы-
на алғаш назар аударған белгілі ғалым Қаныш Сәтбаев
болатын (103, 71-72). Академик Қ. Сәтбаев Ұлытау ма-
ңындағы ескерткіштердің аса мәнділерін суреттеп та-
ныстырумен бірге, олардың тарихи негіздерін де сара-
лап құнды пікірлер қалдырды.

Тек қана Ұлытау төңірегі емес, жалпы Орталық Қа-
зақстанның, республикамыздың солтүстік өңірінің
тарихи ескерткіштері Ұлы Отан соғысынан кейін жан-
жақты зерттеле бастады. 1945 жылы Қазақ ССР Ми-
нистрлер Советінің жанындағы архитектура ісі жөнін-
дегі Басқарма Орталық Қазақстанның архитектуралық
ескерткіштерін зерттеу үшін арнайы экспедиция шығар-
ды. Бұл, шын мәнінде, алғаш рет Орталық Қазақстан-
дағы тарихи ескерткіштерге мемлекет тарапынан нақ-
тылы көңіл бөлініп, маман пікірлерінің айтыла бас-
тауы еді.

1946 жылы Әлкей Марғұлан бастаған археологтар
Ұлытау маңындағы тарихи ескерткіштерді, оның ішінде
Жошы хан мазарын жан-жақты зерттеп қайтты. Мұның
өзі Жошы хан мазары тарихының бұрынғы-соңғы зерт-
телуіндегі ең құнды, ең маңызды мағлұматтар бере ал-
ған зерттеу болды. Осыдан кейін кешікпей-ақ Жошы
хан мазарын қалпына келтіру шаралары да белгілен-
ді. Суретшілеріміз мазар бейнесін салуға кірісті (13,
152). Архитекторларымыз (Г. Г. Герасимов) жөндеу,
қалпына келтіру шараларына жедел кіріскен болды.
Алайда, осынау алғашқы ғылыми пікірлерден кейінгі
дүр еткен құлшыныстың, өкінішке орай, ешқандай нә-
тижесіз, аяқсыз қалғанын жасыра алмаймыз. Г. Г. Ге-
расимов бастаған архитекторлар тобы кезінде мазар-
дың бұрыш бұрышына, кірер аузына жөндеу жүргізген
болыпты. Бірақ, соның өзі ғылыми реставрацияға үш
қайнаса сорпасы қосылмайтын, жыртыққа жапсырыл-
ған жамау сияқты немкетті жүргізілген. Мазардың 22 х
26x5 сантиметрлік кірпішін (бұл бір ғана үлгісі) осы
күнгі стандарт кірпішпен алмастырып қалаған. Тіптен
кірер ауыздың күмбез маңдайшасына ағаштан тіреме
салып, бүлдіре қалаған. Әрине, мұндай реставрацияның
еш пайдасы болмақ емес.

220

Мұнан кейінгі бір қаузалған әрекет жетпісінші жыл-
дардың басында болды. 1973 жылы Қазақ ССР Мәдени-
ет министрлігінің экспедициясы Жошы хан, Алаша хан,
Аяққамыр, Домбауыл сияқты тарихи ескерткіштерді
қалпына келтірудің жобасын жасап қайту үшін арнайы
жасақталды. Олар Ұлытау маңында назардан тыс ша-
шырап жатқан мол тарихи ескерткіштердің сол кезде
қандай күйде екенін мүқият жазды, геодезиялық түсі-
рімдер жасады, фотоға түсірді, жобаларын сызды. Бір-
ақ, осы уақытқа дейін сол талпыныс нақты іспен дәйек-
телмей, тек игі ниет күйінде қалып келеді. Ал жел-күн,
жауын-шашын ғасырлар қойнауынан жеткен тарихи
ескерткіштерді аяусыз мүжгілеуде.

Жошы хан мазарының бүліне бастағандығы жөнін-
дегі алғашқы деректі геодезист Ю. А. Шмидтің жазба-
сынан оқимыз. Бұл өткен ғасырдың соңын ала айтылған
пікір еді. Онда мазардың алдыңғы жағындағы көк жо-
лақ бояудың бары айтылады. Осы төрткүл жолақта жа-
зу болады екен. Сол жазуды 1911 жылы Атбасар оязы
Далалық өлкенің генерал-губернаторына көрсету үшін
қопарып алған (70, 4, 130). Бұл жазулы кірпіштің қа-
зіргі тағдыры белгісіз. Осыдан кейін-ақ кетиіп тұрған
бояулы тақтаны әркім-әркім қабыршақтап алып, еш-
теңе қалдырмаған.

Жергілікті тұрғындардың айтуында 1927 жылы Шоң
деген біреу қазына іздеп мазардың ішіндегі қос мүр-
дені қазған. Бұл мүрделердің бірінде Жошы хан, екін-
шісінде Жошы ханның бәйбішесі — Керей Тоғрул (То-
қру) ханның інісінің қызы Бектумыш жерленген.

Соңғы жылдарға дейін мазардың ішінде "1250 жыл
(1833-1834)" деген жазуы бар, көпбұрышты жұлдызша
қашалған мәрмәр тас болатын. 1974 жылы бұл тасты да
біреу алып кетіпті. Қазір мазардың ішінде қолдан құйы-
лып, мүрдеге қаланған төрт бұрышты кірпіш жатыр.
Салмағы 20-30 килограмм. Кірпіш бетіне араб әрпімен
"Жошы" деп жазылған жазуды ажыратуға болады. Бұл
да мұқият сақтайтын белгінің бірі. Алайда, мазар ішіне
кіріп үйездеп тұратын саяқ жылқының тұяғы немесе қа-
дырын білмес жолаушының қолы бұл кірпішті сынды-
рып кетуі оп-оңай. Жошы хан мазарының төңірегінде 20-
30 шақырымнан кейін ғана елді мекен кезігеді. Айнала-
сы да жалаңаш, не қоршау, не есік орнатылмаған. Ал
дәл іргесінен ел көп жүретін жол өтеді. Мазар қабырға-
сында «Мавзолей мемлекет қарауында» деген жазу бар.

221

Оның өзін сығалап, жобамен оқымаса танып болар
емес.

Иә, мазар қатты тозған. Күмбезінің жоғары жағы
опырылып ішіне түскен. Сыртын жауын-шашын айғыз-
дап, қабырғасы отыра бастаған, қисайғандықтың да
белгісі байқалады...

Енді Жошы хан мазарының салынған мерзіміне қа-
тысты бірер ауыз пікір айта кеткен жөн секілді. Тарих-
тан белгілі, 1227 жылы Жошы хан өлді. Арада санаулы-
ақ айлар өткенде Шыңғыс хан дүние салды. Бұл екі
өлімнің қатар келуі Шыңғыс хан әулетін ғана емес, най-
заның ұшы, білектің күшімен орнатқан байтақ империя-
ны есеңгіретіп кеткен еді. Ал Жошы өлген жылы, тіптен
келер жылы да мына сияқты қызыл кірпіштен зәулім
мазар соғып, бирюза бояумен сырлай қою көшпелілер
арасында оңай шаруа емес еді. Осы орайда Жошы хан-
ның ізбасар ұрпақтарының жай-жапсарына үңілу біраз
жағдайды аңғартатын секілді.

Жошы хан мұсылман дінін қабылдамаған. Сөйте тұ-
ра мұсылман дінімен күреспеген, тіреспеген. Жошы өл-
ген соң таққа Бату (1208-1255) отырды. Бату жасырын
мұсылман дінін қабылдап еді деп жазады Жузжани.
Алайда Еділ бойында қайтыс болған кезінде монғолша
жерленген.

1255 жылы Жошы ұлысының ханы Батудың інісі
Жошының үшінші ұлы Берке болды (1255-1266). Берке
Дешті-Қыпшақ арасында туған. Жошы хан анда жүріп
Беркенің туғанын естігенде: «Мен бұл балаға мұсылман-
тәрбиесін беремін, кіндік шешесі мұсылман болсын",—
депті (108, 14). Ата тілегі шынында да Беркені мұсыл-
ман етіп шығарған. Берке хан болған соң 30 мың әс-
керіне жұма намазын енгізіп, әр жауынгердің жайнама-
зы болуын бұйырған екен (108, 17). Аруақтарға
мінәжат етіп отырған."

Рашид-ад-Диннің айтуынша Берке хан жорық кезін-
де 1267 жылы Терек өзенінің жағасында дүние салған.
Осыдан кейін-ақ таққа таластың ырың-жырыңы бастал-
ды. Беркеден кейін хан болған Менгу-Темір (1267-1283)
Жошыға мазар тұрғызудан гөрі өзінің тақтан айырылып
қалмауын көбірек ойлайды. Мұнан әрі тарихи аренаға
Өзбек ханның шыққанын көреміз. Ол Жошы ұрпағы-
мен жағаласып өткен. Осы бір тарихи кезең Дешті-Қып-
шақтың даласындағы биліктің тізгінін тұқырта ұстай
аларлық тұлғаның көріне қоймаған шағы,

222

Бұл келтірілген қысқа қайырым шолудың аңғар-
тары—Жошы хан мазары Берке хан тұсынды салынба-
ды ма деген ойды тіленеді. Жузжанидің айтуында Бер-
ке мұсылман ғұрыпына қатты берілген, аруақтарға ай-
рықша бас иетін адам болған. Мұнан шығар қорытын-
ды, Жошы мазары 1227-1255 жылдардың аралығында
салынды деген ойды көлденең тартқызады.

Жошы хан мазарын салысуға Дешті-Қыпшақ дала-
сындағы белді- рулардың бәрі де қатысқан. Мұны мазар
ішінде, кірпіштерінде күні бүгінге дейін сақталған отыз-
дан астам ру таңбаларынан айқын аңғаруға болады.
Бұл таңбалардың басым көпшілігі найман, арған, уақ,
керей, дулат, тарақты, табын сияқты рулар мен төре тұ-
қымының қалдырған таңбалары. Мұның өзі кейін қазақ
халқының негізін құраған үш жүздің де руларының ма-
зар құрылысына қатысқанын көрсетеді.

Сегіз ғасыр бойы небір тарихи өзгерістерді, жеке
адамдардың небір сұғанақ қол әрекеттерін, табиғи құ-
былысының небір аласапыранын бастан өткеріп, Жошы
хан мазары бүгінгі күнімізге жетіп тұр. Тарихтың, мә-
дениеттің асыл айғағы ретінде бұл ескерткішті әлі де
алдағы талай ұрпақтың тамашалай беретіні сөзсіз.

3. Домбауыл. Қазақстандағы ең көне ескерткіш нұс-
қалардың бүгінгі күнімізге жеткен бір үлгісі осы Дом-
бауыл кешені. Бұл ескерткіш Кеңгір өзенін бойлап Жез-
қазғанның солтүстігіне қарай 50 километр жүргенде
кезігеді. Жошы хан мазарынан дауыс жетер жерде тұр.

Домбауыл кешенінің табаны төрт бұрышты болып
төселгенімен, көтеріле келе сфералық күмбезге ұласып
кеткен. Бұл дегеніңіз, Қазақстан мен Орта Азиядағы
орта ғасырда етек алған архитектуралық үлгі болуы-
мен айрықша мәнділігін айғақтайды. Ал Домбауыл ке-
шені ең бері қойғанда он-он үш ғасырлық уақытты бас-
тан кешкен құрылыс екендігін ғалымдарымыз айтады.
Кешеннің биіктігі 9-10 метр. Солтүстік және оңтүстік
иығында терезелері бар. Қаланған материалы жергі-
лікті жердің қызыл сұр граниті, тас арасына бие сүтіне
иленген лай салынып қаланған. Тастарының жел-құзға
мүжілуі бар, бірақ қалауының көбесі сөгілетін емес.
Әлі де мейілінше берік тұр. Қабырғаларының қалың-
дығы екі метрдей болады. Жалпы кұрылысының бітім-
тұлғасы мейілінше қарапайымдылығымен, беріктігімен
қайран қалдырады. Сол беріктік, қарапайымдылық кө-
рер көзге мәңгілік тегеурінді күштің үлгісіндей көрініп,

223

көкейіңізде осы ескерткіш асқақтап, тұлғаланып кет-
кендей әсер пайда болады.

Бұл тектес ескерткіш белгілер Қазақстанда көптеп
кезігеді. Мәселен, Қозы-Көрпеш—Баян-сұлу кешенін ал-
дымен атауға болады. Сол сияқты Балқаштың шығысын
ала жүргенде, Жем өзенін Ақтөбеге қарай бойлағанда,
Мезгілсөре маңында, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан
өңірінде Домбауыл кешеніне ұқсас белгілер көптеп
кезігеді. Академик Әлкей Марғұланның айтуында Дом-
бауыл, Қосүйтас, Қарадың, Үйтас, Жанай, Басқамыр
кешендері бір үлгідегі архитектуралық белгілер. Мұның
бәрі де Орта Азияға ислам діні тарағанға дейін пайда
болған, VІ-ІХ ғасырлар аралығында тұрғызылған ес-
керткіштер (71, 11, 62).

Қазақстанның байтақ даласында кезігетін Дом-
бауыл кешені үлгілес ескерткіштердің мерзімі әркезді
қамтыса да, мекен орыны шалғай тұрса да, осы үлгі-
дегі архитектуралық ескерткіштердің өн бойынан бір
дәстүрдің сілемін, ұқсастығын аңғару қиын емес. Мұ-
ның өзі көшпелілер арасында киіз үйге ұқсаған архи-
тектуралық ескерткіштердің қазақ даласында ислам
діні тарағанға дейін-ақ орнығып, қалыптасқанын ай-
қын аңғартады.

Ел ішіндегі «дің», «діңгек», «дың» деп аталатын сөз-
дің мағынасы осы Домбауыл кешені сияқты құрылыс-
тың үлгісін айтады. Мұндай құрылыстардың бітімін
XIII ғасырда қазақ даласына келіп қайтқан жиһанкез
Рубрук жазып кеткен.

Домбауыл есімі тарихи жазбаларда да, аңыз-әңгі-
мелерде де мол ұшырасады. В. В. Радлов жазып алған
аңыздағы Тохтағұл мерген, Г. Н. Потанин жазып алған
Шыңғыс хан туралы аңыз, А. Янушкевичтің Құнанбай-
дан еститін аңызы — бәрінің негізі бір. Бәрінде де сан-
дық ішіне салып, суға ағызылған қыз, ол қыздың нұр
сәуледен жүкті болуы, оған Домбауыл мергенінің үй-
ленуі сөз болады. Ал, «Монғолдың құпия шежіресінде»
Шыңғыс ханның Домбауыл мергеннен тараған ұрпақ
екені шежірелік жүйемен таратылып айтылады (89, 23-
25). Домбауыл есімі қазақ ру шежіресінде де, жыр-тол-
ғауларында да жиі кезігеді. Тіптен, осындай жыр-тол-
ғаудың бірінде Домбауылдың руы қият екені айтыла-
ды. Енді бір аңыз әңгіме Домбауылды дәулескер күйші
ретінде суреттейді. Ұлытаудың батыс өңіріндегі Сарын
шоқысы Домбауылдың сарын шығаратын, күңірентіп

224

күй тартатын мекені болса керек. Осы орайда Қорқыт
туралы аңыз әңгімеде Домбауыл есімінің қосарлана ай-
тылуы тегін еместігі, Қорқыт сияқты ұлы күйші терең
ойшылдың жұбаныш табар серігі болмады ма деген ой-
ды көкейіңе ұялатады. Домбауыл жаз айларында Кара
кеңгірдің шалғынды алқабына киіз үйді тігіп тастап
отырады екен. Түңлігінен үнемі қобыз сарыны шалқи
көтеріліп, естіліп тұрады екен деп келетін әңгімені көне-
көз қарттар күні бүгінге дейін айтып отырады.

Домбауыл кешені туралы зерттеу еңбектер жазып,
алғаш ғылыми кұнды пікірлер қалдырған ғалым Шоқан
Уәлиханов (28 1, 206-212), (28. 3, 32-34), (28, 4, 24-25),

Ал совет ғалымдарының ішінен Қ. Сәтпаев, Ә. Мар-
ғұлан, М. Левинсон, Т К. Басенов, Г. Н. Новожилов,
Г. Г. Герасимов сияқты зертеуші, тарихшылардың ең-
бектерін атауға болады.

Соңғы жылдары Домбауыл кешеніне қалпына кел-
тіру жұмыстары жүргізілді Сөз орайында Қозы-Көр-
пеш — Баян-сұлу кешеніндей емес, Домбауыл кешеніне
біліктілікпен де, жауапкершілікпен де сәтті реставра-
ция жасалғанын атап айтуға болады.

Ұлытау төңірегіндегі архитектуралық ескерткіштер
туралы әңгімені осымен доғарамыз. Әрине, мұнан сөз
болуға тұрарлық ескерткіштің бар-жоғы осы ғана деген
ұғым тумаса керек. Бұл әңгімеміздің сыртында қалған
Аяққамыр, Ерден мазары, Жансейіт бейіті, Киікбай та-
мы, Алтыбай мазары, Ақмешіт әулие белгісі, Болған-
ана, Қайып-ата, Сырлытам сияқты толып жаткан ескерт-
кіш белгілер тарихи мән-маңызы жөнінен арнайы сөз
етуге, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге әбден
тұрарлық.

4. Үстірттің құпия сызықтары. Жуырда қарақалпақ
археологтары ашқан таңғажайып жаналық туралы кей-
бір ойларымызды ортаға салуды жөн көрдік. Өйткені
осынау таңғажайып жаңалыктың терең тамыры әрісі
байтақ жаткан Евразияның байырғы көшпелілерінің та-
рихымен сабақтасып жатса, берісі сол көшпелі тайпа-
лардың конломераты қазақ халқының өмір салтына да
тікелей қатысты. Бұлай деуімізге ең алдымен археоло-
гиялық жаңалықтың геграфиялык мекені, екіншіден сол
жаңалықтың тарихи мән-мағнасы дес береді.

Өзбек ССР Ғылым Академиясының басшылығымен
жұмыс жүргізген Қарақалпақстан археологтарының аш-

225

қан тамаша жаңалығы туралы әзірше мына сияқты ха-
бар ғана белгілі.

Аэрофото түсірімдері кезінде Арал теңізінің баты-
сында жатқан әйгілі Үстірт жазығынан алып сызықтар
көзге шалынған. Самолетпен бір шақырымдай биіктікке
көтеріліп зер салғанда әлгі сызықтың үлкен ау немесе
қалта сияқты екені байкалады. Қалталана біткен аудың
екі ұшы садақтың үш бұрышты жебесіне ұқсас. Сол
жебе сияқты үш бұрыштан аудың ішіне қарай тартыл-
ған қос сызық бір-бірімен түйісетіндей болып жакында-
сып келген. Бірақ, түйіспеген. Жебеге ұқсас үшбұрыш-
тың әр бұрышында диаметрі он метрдей дөңгелек
шығыршықтары бар. Ал, осынау құпия сызықтың көле-
міне келер болсақ, жаңағы аудың ішіне ондаған футбол
алаңы сыйып кетердей. Аудың үшбұрыш жасап біткен
ұшынан бастап түбіне дейін біржарым шақырым шама-
сында, қос бүйірінің арасы 400-600 метрдей. Құпия сы-
зықты жерге түсіп байқағанда арық сияқты қазылған
арна екенін көрген. Топырағы сызықтың ішінен сыртына
қарай тасталып отырған. Қазірдің өзінде арна сызық-
тың сыртындағы үйінді жалдың биіктігі 80 сантиметр-
дей. Ең таңқаларлығы сол, ау сияқты осындай алып
сызықтар Үстірт жазығында ондап саналады. Әзірше
Арал теңізінің Дуан мүйісінен бастап батысқа қарай жүз
шақырымдық алап қана зерттелген. Соның өзінде жаңа-
ғыдай алып сызықтардың қазіргі Қазақстан территория-
сына сұғына еніп, жалғасып кетіп жатқаны белгілі бо-
лып отыр. Мұның өзі перуан даласындағы дүние жүзіне
әйгілі Наска құпия сызығынан әлдеқайда үлкен екенін
көрсетеді. Өзбек ССР Ғылым Академиясының вице-пре-
зиденті Э. Ю. Юсуповтың айтуы бойынша, Үстірт үстін-
дегі осынау бірегей археологиялық жаңалықтың отан-
дық және дүниежүзілік ғылымда теңдесі жоқ. 1981 жылы
жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде біраз кө-
зе /керамика/ ыдыстар табылған. Жасалу тәсіліне қа-
рап бұл ыдыстарды зерттеуші ғалымдар біздің заманы-
мыздың VII—VIII ғасырында жасалды деген қорытын-
дыға келіп отыр.

Міне, Үстірт жазығынан табылған археологиялық
жаңалықтың қысқаша сыпаттама-хабары осындай. Енді
осынау құпия сызық не үшін салынған, қашан салынған,
кімдерден қалған белгі деген сұрақтар өзінен-өзі тіле-
неді.

Көпшілікке белгілі, мейілінше бағзы замандардың

226

өзінде-ақ байтақ жатқан Евразия даласында, оның ішін-
де Арал-Каспий алабын (регион, ойкумена) адамдардың
тұрақ еткені археологиялық айғақтардан дәлелін тап-
қан. Мұндай айғақтардың ен ежелгісін ғалымдарымыз
ежелгі пелолиттің белгісі ретінде шель-шель дәуіріне
жатқызып жүр (54, 1,62—64).

Арал, Каспий аймағын мекендеген ру-тайпалардың
ең алғашқы атаулары Проконнестен шыққан Аристей-
дің поэмасында (исседондар), грек тарихшылары Гека-
тей Милетскийдің жазбаларында (исседондар-савромат-
тар), Геродоттың «Тарих» атты кітабында (скиф, аргип-
пей), страбонның он жеті кітаптан тұратын география-
сында (дайлар), Үлкен Плиннийдің жазбаларында (дай-
лар, массагеттер) молынан ұшырасады. Бүгінгі таңда
ғылыми пәтуалы сөздің бір парасы дай, массагет, астақ,
қам, аримаспи сияқты тайпалар Скифтердің құрамына
кіретінін, ал «дай» деп отырғаны осы күнгі адайлар
екенін айтады. Парсылар скифтерді (саға, сақа, сақ) деп
атаған.

Үстірт жазығы күні бүгінге дейін сырт көзге құлазып
бос жатқанымен бұл өңір қашаннан қайнаған өмір са-
парының табан ізі болған. Бір сәт географиялық бітімі-
не назар аударып көрелік. Сонау орта ғасыр, одан арғы
кезеңдердің өзінде-ақ "бір жағында Орта Азия, Шығыс
Түркістан, Қытай, Үнді, Иран цивилизацияларды мен
Азиядағы Индоевропалық мәдениеттің ежелгі орталығы
Тарим бассейні, екінші жағында сонау ежелгі грек мем-
лекеттері заманынан ірі сауда орталықтары Қара теңіз,
Кавказ, және қаулап өсіп келе жатқан Еділ бойы мемле-
кеттерінің арасында ұрымтал жатқан Маңқыстау мен
Үстірт ежелгі дүниенің экономикалық қай айналысынан
кайтып тысқары қала алады?!" (Ә. Кекілбаев.). Соның
айғағындай болып күні бүгінге дейін Үстірт үстінде ай-
қыш-ұйқыш тартылған қасқа жолдар жатыр. Бұл әйгілі
«Ноғай жолының», "Ұлы- жібек" жолының тарау-тар-
мақтары.

Енді, мына ғажапқа қараңыз, Арал мен Каспий
ортасындағы Үстірт қылтасы тек кана көшпелі ру-тай-
палардың күнкөріс-тіршілігіне ұрымтал жол болып
қоймаған. Сонымен бірге осы алапта бықып жүретін
құлан, ақбөкен, арқар, жолбарыс, қабан, бұлан (жалғыз
мүйізді), қасқыр, түлкі, қарсақ сияқты аңдардың да
миграция жасайтын бірден бір қылта жолы болған.
Осынау бықыған аңмен бірге көшіп, бірге қонып жүрген

227

көшпелілер, өздері желқанат ат үстінде жүретін көшпе-
лілер аңшылықты кәсіп, нәсіп етпей ғұмырында қарап
жүрсін бе? Кәсіп, нәсіп ету былай тұрсын, аңшылық-
саятшылықты ғасырлар бойы шыңдай-шыңдай далалық
өнердің (шын мәнінде) бір түріне балаған. Әрине, ең ал-
дымен аңшылық-саятшылық көшпелілер үшін күнкөріс-
тіршілігінін өзекті бір саласы еді (24, I, 292). Екіншіден,
әскери жаттығудың, шынығып-шыңдалудың, алғырлық-
төзімділікті сынаудың тамаша үлгісі болған. Үшінші-
ден, әсем табиғат аясындағы ең көңілді демалысы, әсерлі
қызығы саналғанын жоғарыда айтқанбыз. Осы үш қа-
сиетті орнықтыратын мейілінше қызықты деректер орта
ғасырдағы араб, парсы жаһанкездерінің жазбаларында
молынан ұшырасады. Көшпелі түркі тайпаларының
«жейтіні көбінесе жабайы аң еті» дейді белгілі географ
ал-Иакуби. "Көшпелі түркілер аңшылыққа айырықша
төзімді, әсіресе қарақұйрық пен құланды қуғанда қай-
ран қаласың",— деп таңдана жазады ал-Джахиз. «Олар-
дың үйлерінің іші-тысы жолбарыс пен жабайы аңдардың
терісінен көрінбейді»,— дейді Ибн Ийаса (Б. Е. Кө-
меков).

Ел ішінде ит жүгіртіп, құс салған, қақпан-дұзақ
құрып, тор жайған жалғыз-жарым аңшылықты айтпа-
ғанда көшпелілер арасында бүкіл ру-тайпа болып қота-
рыла көтерілетін аңшылық дәстүр болатын. Мұндай
жойқын аңшылық жылына бір-екі рет жауапты науқан
секілді өтіп отырған. Бұл туралы Г.Е. Грумм-Гржимайло
еңбектерінде, Әблғазының (1603—1633) «Түрік шежіре-
сі», «Түрікмен шежіресі» атты кітаптарында кең тоқтала
жазылған. Ру-тайпа болып аңға шығу үшін ел билеушісі
(қахан, хан) арнайы адамдар бөліп, алдымен аңы қалың
жерлерді шолдыратын болған. Сонсоң белгілі бір күнді
белгілеп, байтақ рулардың, бүкіл елдің аңға шығуы ес-
кертілген. Жай ескертілмейді, әрине, әр рудың орны, жү-
ретін жолы, басқа да тәртіптері белгіленеді. Содан
уәделі шақ жеткенде көшпелілер ең жақсы атын мініп,
ең асыл киімін киіп, ең мықты қаруларын асынып атқа
қонады. Олардың соңынан сән-салтанат түзеп қыз-жігіт-
тер, бозбалалар, орта жастағы әйелдер мен еркектер
жүріп отырады. Жазылап тастаған түйелер, жабулап
тастаған сәйгүліктер, сырмақ-текеметпен безенген арба-
лар осынау жойқын шерудің шырайын келтіргендей.

Сөз орайында, Өзбек ханның осы сияқты аңшылығы
туралы Г. С. Саблуков мынадай дерекке жүгінеді:

228

«...Әдетте ханның мұндай көңіл көтеруі бір ай, тіптен екі
айға созылған. Осы мерзім ішінде ханның бүкіл құдірет-
қуанышы мен сән-салтанаты жарқырай көрінеді: ат үс-
тінде лыпып тұрған мың сан адам; ең айтулы атына мі-
ніп, ең таңдаулы қаруын асынған, жауынгерлер; мон-
шақтай тізілген сансыз арбаларына үнді мен гректің
заттарын тиеген саудагерлер; көз жетпес алапқа алқа-
қотан созылып, байлық пен қуаныштан бал-бұл жанған
қалың жұрт—міне, осының бәрі мына жабайы даланы
халқы көп қаланың көшесіне айналдырып жібергендей"
(101, 13,225).

Міне, осынау дүйім жұрт неше күндік жерге созыл-
ған сайын далада алқа-қотан жасап, белгіленген қолай-
лы жазыққа қарай шеңберлерін тарылта береді. Әрине,
мұндай жазықтарда Үстірт үстіндегі "құпия сызық" си-
яқты алдын-ала арнайы қазылған қалта-арандар тығы-
рық сайлар, жары биік өзендердің иіндері ұрымтал
таңдалып отырған. Мәселен, Кұланөтпес өзенінің атауы,
Құлансай деген жер, Шоқан жазатын күні бүгінге дейін
ізі сайрап жатқан Іле өзені мен Тарбағатай арасындағы
ұра осы жайқын аңшылықтың. белгі айғақтары. Іле мен
Тарбағатай арасындағы ұра сызықты күнде аттап өтіп,
мән бермей жүргеніміз болмаса өзінің көлемі жөнінен
Үстірт үстіндегі «құпия сызықтан» (енді құпия демесек
те болады) әлдеқайда үлкен ғой. Демек, Үстірт жазы-
ғындағы ұра сызық Қазақстан жерінде жалғыз емес де-
ген сөз.

Содан, жаңағы байтақ далада алқа-қотан жасаған
жанды қорған шеңберін тарылтқан сайын жауапкерші-
лік күшейе береді. Қай рудың қанатынан аң шығып кет-
се, сол рудың басшысына көпшіліктің көзінше дүре
соғылатын болған. Сондықтан, әр ру айрықша дайын-
далып, шеңбер аясы тарыла бастағанда сырмақ-текемет-
терін қорған ретінде тұтып жинақтала түскен.

Жанды қорғанның шеңбері тарылып келгенде байтақ
даладан сүзілген неше түрлі аң амал жоқ Үстірт үстін-
дегі ұра сызықтың аузынан ішке кіреді. Сол кезде ал-
дын-ала белгіленген қарулы топ ұра сызықтың ішінен
тартылған қос ұра сызықтың аузын қалқалап тұра қа-
лады.

Ең алдымен аң атып, қызық көрудің жолы қаханға
немесе ханға беріледі. Ол өзінің қасына бүкіл семьясын,
оларға қосып қызметші нөкерлерін алып шығады. Бұ-
лар әбден кұмардан шыққанда үшбұрышты ұра сызыққа

229

аң қайта толтырылып енді аң атуға әскер басылары, ба-
тырлар, ру басылары, олардың ержеткен ерке балалары,
сонсоң жауынгер жігіттер бірінен соң бірі кезек алады.
Осылайша аң біткеннің өлгені өліп, өлмегені сансыра-
ған шақта қарттар сауға сұрайтын болған. Онысы
келесі аңшылық-саятшылыққа тұқымдық қалдырыңдар
дегені. Қарттардың тілегі қарсылықсыз қабылданған.

Халкымыздың өткен тарихына қатысты толып жат-
қан жазба еңбектерде аңшылықтың осындай жойқын
түрлері зор таңданыспен жазылған. Ал Үстірт жазығы-
нан соның нақты айғағының табылуы айырықша қуа-
нышты оқиға. Мұның өзі тек қазақ халкының ғана
өткен өмір салтының бір қырын тереңірек білу үшін
емес, жалпы көшпелілер әлемін танып-түсінуде мәнді
айғақ ретінде назар аударады.

ТҮЙІН

Халықтың өміріндегі тарихи оқиғаларға, қоғам-
ның және мемлекеттің дамуына байланысты ғима-

раттар, ескерткіш орындар мен бұйымдар, тарихи,
ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени қазына
саналатын материалдық және рухани творчество
туындылары тарих пен мәдениет ескерткіштері
болып табылады.

Зж"Таәнанрыеинхапнпа.ейндамләандеунитеутраелсыке"ртҚкіашзтаеқріСнСқРо-рінғаіңу

Халықтың рухани таным-түсінігін кемелдендіру, эс-
тетикалық талғамын шыңдау үшін бүгінгі күнімізге
дейінгі жинақталған аса бай рухани игіліктерді игеріп
танымай тұрып, ілгері аттау мүмкін емес. Осы орай-
дағы ерекше күрделі жағдай — бүгінгі кемелденген
талғам-түсінігіміздің орнығуына өткеннің тарихи тәжі-
рибелері ықпал етсе, алдағы өмір кезеңдері біздердің
бүгінгі шыққан биігімізді баспалдақ етеді. Бұл рухани
дамудың бұлтартпас диалектикасы. Кемел түсініктің
қандайы болсын елдің өткеніне зер салу арқылы адам-
заттық дамудың шырғалаң жолын ақылмен шолады.
Сол жолдан түйіп-тоқығаны бүгінгі өмірдің өзекті
түйіндерін дұрыс шешуге көмектеседі. Мәңгілік өмірді
сабақтастықта танып түсіну, өткен мен бүгіннің мәдени
мұраларына адамзаттық дамудың біртұтас күрделі про-
цесі ретінде қарай білу, әрине, оңай емес. Бірақ таным-
ның қатал формуласы соны талап етеді. Күнделікті ки-
ім кию талғамынан бастап, тұтас бір халықтың эстети-
калық ой өрісіне дейінгі аралықтағы үрдіс үлгіні тану
үшін, сол үлгіге лайық ғұмыр кешу үшін өмірді сұлу-
лық заңдылықтарымен игерудің, өмірге сұлулық заң-
дылықтары бойынша бейімделудің тамыр тегіне үңілу
қажет. Рас, кез келген рухани нышаналардың әлеумет-
тік гнезисіне жалаң үңілуден пайда жоқ, онда әрі кетсе
шегіне шыға алмайтын ұсақ-түйектің түсіндірмешісі ғана
болып қаламыз. Өкінішке орай, эмпирикалық-түсіндір-
мешілік функция атқаратын еңбектер бізге таңсық емес.
Демек, мәселенің түйіні — өткен мен бүгінгінің рухани
мұраларына, нышандарына зер салу арқылы парасат-

231

тылық-эстетикалық потенциалымызды жеттіктіретін та-
ным қажет. Ал таным жолына ден қойған кез келген
адам субъективизмнің шеңгелінде көрсоқыр болып қал-
ғысы келмесе әлеуметтік-тарихи зерттеулердің нәтиже-
сіне зейін қояды.

Біз — кемелденген социализм қоғамында өмір сүріп
отырмыз, совет халқы деп аталатын тарихи жаңа тұр-
патты қауымбыз. Осы ортаға, осы қоғамға лайық жаңа-
шыл сезім түйсігіміздің қалыптасқанын мақтан етеміз.
Ал ғарышпен тілдескен, атом кемелерін ауыздықтаған,
ғылым ғимараттары мен ақ шаңқан қалалар орнатқан,
тың құрлығын түлеткен тегеурінді іс-қимылымызды
айтсақ еңсеміз одан әрі көтеріле түседі. Міне, осының
бәріне қоса, тағы да бір мақтаныш сезіміне бөленетін
орнымыз бар. Біз — уақыттың сабақтастығын терең
сезінетін, жанды тарихи сезіміміз шыңдалған ұрпақ
екенімізді мақтан етеміз. Сондықтан да өткеніміз бен
бүгініміз ғана емес, болашағымызға де сеніммен,
жауапкершілікпен қараймыз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения.
2. Маркс К, Энгельс Ф. Из ранних произведений. М., 1956.
3. Маркс К. Капитал. Алматы. 1968.
4. Ленин В. И. Шығармалар.
5. Брежнев Л. И. Тың. Алматы. 1978.
6. КПСС ХХП съезінің материалдары. Алматы. 1962.

***

7. Адамбаев Б. Скифтер. "Жұлдыз", 1968. № 1.
8. Акишев К. А. К проблеме происхождения номадизма в аридной

зоне древнего Казахстана. В кн: Поиски и раскопки в Казахста-
не. Алма-Ата. 1972.
9. Акишев К. А. Курган Иссык. М. 1978.
10. Ал-Якуби. Китаб ал-Будан. В кн: Материалы по истории
туркмен и Туркмении. М. Л. 1939.
11. Амальрик А. С. Монгайт А. Л. В поисках исчезнувших циви-

лизаций. М. 1966.
12. Аммиан Марцеллин. История. Пер. Ю. Кулаковского. Киев.

1906-1908.
13. Археологическая карта Казахстана. Алма-Ата. 1960.
14. Арғынбаев X. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этногра-

фиялық очерк. Алматы. 1969.
15. Асафьев Б. В. О казахской народной музыке. В кн. «Музы-

кальная культура Казахстана» Алма-Ата. 1955.
16. Аттухфатуз закияту филлуғатит түркия. Тошкент. 1968.
17. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. Алматы. 1962.
18. Бажанов В. С, Костенко Н. Н. Атлас руководящих форм млеко-

питающих антропогена Казахстана. Алма-Ата. 1962.
19. Базилевич К В. Дофеодальные державы и развитие феодаль-

ных отношений в Сибири, Средней Азии и Закавказье в І-VІ вв,
В кн: История СССР, под. ред. Б. Д. Грекова и др. М., 1974.
20. Байпаков К. Ерзакович Л. Древние города Казахстана.
Алма-Ата, 1971.
21. Бартольд В. В. Сочинения. т. 1-9. М., 1963-74.
22. Басенов Т. К. Архитектурные памятники в районе Сам. Вест-
ник АН КазССР. 1947.
23. Басенов Т. К. Орнамент Казахстана в архитектуре. Алма-Ата.
1957,

233

24. Бичурин Н. Я. Собрание сведений о народах, обитавщих в Сред-

ней Азии в древние времена. В трех томах. М. Л. 1950.
26. Бичурин Н. Я. Собрание сведений по исторической географии

восточной и Срединной Азии. Составители Л. Н. Гумилев в
М. В. Хван. Чебоксары. 1960.
26. Брашинский И. Б. В поисках скифских сокровищ. Л. 1979.
27. Булатов М. С. Геометрическая гармонизация в архитектуре
Средней Азии ІХ-ХV вв. М. 1978.

28. Балиханов Ч. Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Алма-Ата.
1961-72.

29. Виноградов В. В. О музыкальной археологии. «Советская
музыка». 1975. № 5.

80. Геродот. История. В девяти книгах. Л. 1972.
31. Горький А. М. Собр. соч. 1955. т. 17.
32. Грумм-Гржимайло Г. Е. Рост пустынь И гибель пастбищных а

культурных земель в Центральной Азии за исторический период.
Изв. Георг. об-ва. т. XV вып. 4, 1933. № 5.
33. Гулыга А. В. Искусство в век науки. М., 1978.

34. Гумилев Л. Н. Древние тюрки. М., 1967.

35. Гумилев Л. Н. 1980 жылы дүниеге келген. «Жұлдыз», 1980№9.
86. Гумилев Л. Н. Хунны в Китае. М., 1974.
37. Гумилев Л. Н. Этногенез и биосфера земли. В трех томах.

Л., 1979.
88. Дархевич В. П. Аргонавты средневековья. М., 1976.
89. Диваев А. А. Алача-хан (Киргизкая сказка). «Туркестанские

ведомости», 1902. № 9 (2115).
40. Доманский Я. В. Скифы-кочевники, пастухи, вонны. «Курьер».

1977. № 1.
41. Еремеев Д. Е. На стыке Азии и Европы. М., 1980.
42. Жәнібеков Ө. Халық қазынасы. «Қазақ әдебиеті» газеті.

1980. № 6.
43. Жирмунский В. М. Тюркский героический эпос. Л., 1974.
44. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. Алматы. 1975.
45. Жұбанов Қ. Қазак музыкасындағы күй жанрының пайда болуы

жөнінен. Алматы. 1936.
46. Затаевич А. В. Исследования, воспоминания, письма и доку-

менты. Алма-Ата. 1958.
47. Записки Восточного отделения Императорского Русского ар-

хеологического общества. СПб. 1900, т. 12. (Прошлое приараль-
ских степей в преданиях киргиз Казалинского уезда).
48. Ибраев Б. Космогонические представления наших предков.
«Декоративное искусство СССР", 1980. № 8.
49. «Известия», 1978, № 76.
60. Исқақов М. Халық календары. Алматы. 1980,

234

51. История Казахской ССР. В пяти томах. Алма-Ата. 1977.

52. Казахстан (серия «Советский С о ю з ) . М., 1970.
53. Қазақ ертегілері (Ер Төстік). Алматы. 1957.
54. Қазақ ССР тарихы. Алматы. 1980.
55. Кастанье И. А. Древности Киргизской степи и Оренбургского

края, Оренбург. 1910.
56. Кастанье И. А. Надгробные сооружения Киргизских степей.

"Труды Оренбургской ученой архивной комиссии". Оренбург.

1911.
57. «Киргизская степная газета». Омск. 1897. №№13, 14, 18.
58. Киселев С. В. Древняя история Южной Сибири. М., 1951.

59. Клапчук М. Н. К вопросу об археологических культурах Цен-
трального-Казахстана в верхнем плейстоцене. В кн: «Культура
древних скотоводов и земледельцев Казахстана". Алма-Ата. 1969.

60. Книга Марко Поло. М., 1956.
61. Коыонов А. И. Родословная Туркмен. Сочинения Абу-аль-Гази.

хана хивинского. М.-Л., 1958.
62. Кзыласов Л. Р. Памятники поздних кочевников Центрального

Казахстана. Известия АН КазССР, № 108, серия археология,
вып. 3. 1951.
63. Левшин А. И. Описание киргиз-кайсацких или киргиз-казачьих
орд и степей. СПб. 1832.
64. Локвуд Д. Я — абориген. М. 1971.
65. Лосев А. Ф. История античной эстетики. В пяти томах. М.
1963-79
66. Лосев А. Ф. Классическая калокагатия и ее типы. «Вопросы
эстетики". М. 1960.№ 3.
67. Лубсан Данзан. Алтын Тобчи. М., 1973.
68. Любимов Лев. Ежелгі дүние өнері. Алматы. 1980.
69. Маргулан А. X. Археологические разведки в бассейне р. Са-
рысу. Вестник АН КазССР. Алма-Ата. 1947. № 7.
70. Маргулан А. X. Археологические разведки в Центральном
Казахстане (1946). Известия АН КазССР. № 49. Серия истори-
ческая 1948, вып. 4.
71. Маргулан А. X. Архитектурные памятники в долине р. Кенгир
(1946). Вестник АН Каз ССР. 1947. № 11.
72. Маргулан А. X. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального
Казахстана. Алма-Ата. 1979.
73. Маргулан А. X. Джезказган — древний металлургический центр.
В кн: «Археологические исследования в Казахстане". Алма-Ата.
1973.
74. Маргулан А. X. Казахская юрта и ее убранство. М., 1964.
75. Маргулан А. X. Комплексы Былкылдак. В кн.: «По следам
древних культур Казахстана». Алма-Ата. 1970.
76. Марғұлан Ә. X. Ежелгі мәдениет куәлары. Алматы. 1966.

235

77. Маргулан А. X. О характере и исторической обусловленности
казахского эпоса. Известия Казахского филиала АН СССР, се-
рия историческая. 1946. № 2 (27).

78. Маргулан А. X., Акишев К. А. Кадырбаев М. К. Оразбаев А. М.
Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата. 1966.

79. Марков Г. Е. Кочевничество. Историческая энциклопедия.
т. 7. М. 1966.

80. Материалы для географии и статистики России. Область Сибир-
ских киргизов. СПб. 1868. ч. 1,3.

81. Марков Г. Е. Кочевники Азии. Изд. МГУ. 1976.
82. Материалы по истории туркмен и Туркмении. М. Л., 1939.
83. Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII вв.

Алма-Ата. 1969.

84. Машанов А., Машанова Ж., Ғажайып от ошағында. Алматы.
1978.

85. Медоев А. Г. Гравюры на скалах. Алма-Ата. 1979.
86. Менандр. В кн.: Л. Н. Гумилев. Древние тюрки. М., 1967.

стр. 56.

87. Мерғалиев Т. Күй — өмір үні. «Жұлдыз». 1980. № 2.
88. Миллер Г. Ф. Описание Сибирского царства. СПб. 175
89. Монғолдың құпия шежіресі. Баян-Өлгий. 1978.

90. Музыкальная эстетика западноевропейского Средневековья
и Возрождения. М., 1966.

91. Мусабаев Г. Г. Кегенская надпись. В кн.: Эпиграфика Казах-
стана. Алма-Ата. 1971.

92. Мюллер М. Наука о языке. Пер. с англ. Вып. 1. Воронеж, 1868.
93. Наушабаев Н. Манзумат Казакия. Казань. 1903.
94. Оссон К. (д Оссон) История монголов. От Чингиз хана до

Тамерлана. Чингиз-хан. Иркутск. 1937.
95. Плетнева С. А. От кочевий к городам. М., 1967.
96. Поршнев Б. Ф. О начале человеческой истории. М. 1974.
97. Потанин Г. Н. Казахской фольклор в собрании Г. Н. Потанина.

Алма-Ата. 1972.
98. Потапов Л. П. Этнический состав и происхождение алтайцев.

Л. 1969.
99. Рашид-ал-Дин. Сборник летописей. т. 2. М.-Л. 1960.
100. Рубрук В. Путешествие в восточные страны. СПб. 1911.
101. Саблуков Г. С. Очерк внутреннего состояния Кипчакского

царства. Известия общества археологии, истории и этнографии
при императорском Казанском университете. т. XIII. вып. 1.

Казань. 1895.
102. Сатбаев К. И. Избранные труды. т. 1-5. Алма-Ата. 1967-70.
103. Сатбаев К. И. Доисторические памятники в Джезказганском

районе. «Народное хозяйство Казахстана». 1941: № 1,

236

104. Сейфуллин С. Тар жол, тайғақ кешу. Алматы. 1960.
105. Смирнов А. П. Скифы. М., 1966.

106. Спиркин А. Г. Человек, культура, традиция. В кн. Традиция
в истории культуры. М., 1978.

107. Сулейменов О. Определение берега. Алма-Ата. 1976.

108. Тизенгаузен В. Г. Сборник материалов, относящихся к истории
Золотой орды. Извлечение из персидских источников. М.-Л., 1941.

109. Толстов С. П. По древним дельтам Окса и Яксарта. М., 1962
110. Толыбеков С. Е. Кочевое общество казахов в ХVІІ-начале

XX века. Алма-Ата. 1971.
111. Услар П. К. Четыре месяца в плену в Киргизской степи.

"Отечественные записки". 1848. ч. 10.

112. Федоров К. М. Закаспийская область Ашхабад. 1901.
113. Феофилакт Симокатта. История. Пер. С. П. Контратьева, М.,

1957.

114. Филонец П. П., Омаров Т. Р. Озера Карагандинской области.

Алма-Ата. 1969.

115. Фридрих И. История письма. М. 1979

116. Черных Е. Н. Металл-человек-время. М. 1972.

117. Шешендік сөздер. Алматы. 1967
118. Шиллер Ф. Собрание сочинений в семи томах. М., 1955-57.
119. Шмидт Ю. А. Очерк Киргизской степи к югу от Арало-Иртыш-

ского водораздела в Акмолинской области. (Записки Западно-
Сибирского отдела Русского географического общества). кн. 17,
1894.
120. Янушкевич А. Күнделіктер мен хаттар. Алматы. 1979.

МА3МҰНЫ

I. Құлақкүй

1. Табанымызды шөп сүрткен ......7

2 . Өзгергені бір-ақ нәрсе . . . . . . . . 11

II. Болмыс бедері

1 . Сабақтастық . . . . . . . . . . . 1 4
2 . Қазір Қазакстан жерінде . . . , , . , . 1 9

111. Ұлы дала

1. Дала 22
2. Өткеннің бәрі — өмірбаян . . . . . . . . . .25

IV. Көшпелілер әлемі 42
46
1. Ең биік баспалдақ .50
2. Мысал үшін
3 . Түйін

V. Үңгіртаным

1 . Спелеодогия—үңгір тану . . . . . . . 51

2 . Қыдыра қарасақ . . . . . . . . . 56

3. Үңгірлерге саяхат. Тесіктас 62

4. Шатыр 64

5. Алып үңгірлер 65

6 . Жасанды үңгірлер . . . . . . . . . 6 7

7. Түйін 68

VI. Жердің тілі

1 . Шежіре атаулар . . . . . . . . . . 70

2. Тізе бүккен . . . .. . . . . . . . . . 74

3. Шажағай 75

4. Көш жолы 76

5. Ұлытау 83

6. Жауыртау... жоқ, Теміртау ,90

7. Қызылкеніш 93

8. Шежіре табиғат 99

9. Түйін . . . . . . . . . . . . . . . . 1 0 2

VII. Халықнама

1. Халық туралы жазу , . . . . . . .105
2. Дастарқан. Құрғақ сүт . . . . . . . 114

238

3. Қызыл ірімшік . . . . . . . . . . 115

4. Тасқорық .. . . . . . . . . 1 1 7

Б. Уыз қағанақ. . . . . . . . . . . .. . . 118

6. Шеберлік . . . . . . . . . . . . . ... —

7. Табиғатпен тілдес 122

8 . Итсигектің у ы . . . . . . . . . . . 125

9. Ырым 128

10.Саят . 130

11. Ел аузынан , . . 141

12. Түйін 142

VIII. Өнер

1 . Күй—шежіре , . . . . 144

2. Даналык өрнегі 163

3 . Киіз . ү й . . . . . . . . . . . . 182

IX. Ғимарат

1. Алаша хан мазары 193

2 . Жошы хан мазары . . . . . . . . . 206

3. Домбауыл 223

4. Үстірттің құпия сызықтары 2 2 5

X. Түйін
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . 2 3 3

Для детей старшего школьного возраста
Акселеу Сейдимбеков
ПОЮЩИЕ КУПОЛА

Документальные рассказы о красоте

Редакторы А. А л и м б е к о в , Б. А м а н г е л ь д и е в а
Рецензент Т. А б д и к о в
Художник С. М а й о р о в

Худ. редактор А. Т л е н ш и е в
Техн. редактор Н. К у ш н а р е в а

Корректор Б. А г ы б а е в а
И Б № 1933

Сдано в набор 04.06.81. Подписано в печать 06.10.81. Формат
84Х1081/м. Бумага тип. № 1. Гарнитура литературная. Печать
высокая. П. л. 7.5+0,5 вкл. Усл. п. л. 12,6+0,84 вкл. Уч -изд.
л. 13.55. УГ2П68. Тираж 25 000 экз. Заказ № 729. Цена 60 коп.
Издательство «Жалын» Государственного комитета Казахской
ССР по делам издательств, полиграфии и книжной торговли,
480046, г. Алма-Ата, пр. Абая, 143. Фабрика кннги производ-
ственного объединения полиграфических предпрнятий «Кітап»
Государственного комитета Казахской ССР по делам изда-
тельств, полиграфии и книжной торговли, 480046, г. Алма-Ата,

пр. Гагарина, 93.


Click to View FlipBook Version