еггьЕРЛнжео . ч ІІДЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ТАРИХНАІЙАСЫ ІИЕН ОЕРЕКТЕМЕСІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Е.Т.БЕРЛІБАЕВ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕСІ Оқу құралы «Қыздар университеті баспасы» Алматы, 2017
УДК 94(574) (075) 5 ) ББК 63.3 (5 Каз) я73 Б4§ Баспага Қазац мемлеквттік қыздар педагогикалық университетінің Редакциялық- баспа кеңесі үсынган Пікір жазгандар Құдайбергенов Ә.Н. -т.г.д., профессор Қожакеева Л.Т.- т.г.д., профессор Берлібаев Е.Т. Б 46 Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректемесі: Е.Т.Берлібаев .Оқу құралы/.-Алматы: «Қыздар университеті» баспасы, 2017.-2146. І8ІЖ 978-601-224-895-1 Оку кұралы жоғары оқу орындарының «Тарих» мамандыгы бойынша мемлекеттік оку стандартына сэйкес кұрастырылган. Оку кұралында Қазакстан тарихының тарихнамасы мен деректемесіне байланысты ежелгі дәуірден күні бүгінге дейінгі негізгі ұгымдар мен теориялык әдіс-тәсілдерді тарихнамалык, деректемелік талдау жасалган. Оку кұралы жогаргы оку орындарының тарих мамандыгында окитын студенттер мен магистранттарга арналган. І8В^ 978-601-224-895-1 УДК 94(574) (075) ББК 63.3 (5 Каз) я73 © Берлібаев Е.Т., 2017 ©«Қыздар университеті»баспасы, 2017
Алғы сөз Қазак халқының тарихы басқа халықтардың тарихы сияқты нақты шынайы деректер негізінде жазылған. Сондықтан ұлттық тарихымызға байланысты деректерді тани білу еліміздің тарихын оқып үйренуде жэне зерттелуінде шешуші рөл атқарады. Деректану тарихнамамен қатар болашақ тарихшы мамандардың теориялык және арнайы дайындығын камтамасыз ететін іргелі пэндердің бірі. Тарихи деректерді сын елегінен өткізіп, тарихи сын әдістерін қолданбай, деректерді оқу ешқандай мэн-мағына бермейді. Деректерді сыни талдау арқылы пайдалануға кэсіпқой тарихшыларды үйрететін ғылым-деректану ғылымы. Деректану тарихи зерттеу тэжірибесінің негізінде пайда болды.Тарихнама- тарихи білімнің дамуын зерттейтін ғылым эрі тарих ғылымының тарихы ретінде өзіндік мәртебеге ие. Тарихнама деп- белгілі бір тақырыпқа немесе тарихи дэуірге арналған зерттеулердің жиынтығын атайды. Деректерді зерттеу ісімен тарих ғылымының маңызды саласының бірі «деректану» айналысады.Тарихи деректану гылымы — өзіне тэн ерекшеліктерімен, зандылыктары, методикасы, теориялық принциптері зерттеу эдістерімен тэсілдері бар, жүйелі ғылым. Бүгінгі күннің өзінде тарих ғылымының маңызды саласы ретінде қазақстан тарихынан өзіне лайықты орын алып отыр. Қазақстан тарихының тарихнамасымен деректану ғылымына деген қызығушылық тэуелсіздік алуымызбен уақыт талабына сәйкес маңыздылығы артып отыр. Тоталитарлық қасаң саясаттьщ келмеске кетуімен .ескі жүйеден арылып, Қазақстан тарихын зерттеудің нағыз шындыққа негізделген жаңа методологиялық ұстанымдарының өзгеруіне көп уақыт өте қойған жоқ. Қазақстанның тәуелсіздікке жетуі тарихшыларды жан-жақты, бүгінгі күн талабына сай терендетіп оқытуды талап етеді. Тарихты оқыту барысында тарихшылардың алдында жас ұрпақтың санасында жаңа қазақстандық патриотизмді ұялатып, орнықтыру, ныгайту мәселесі басты міндеттін негізгісіне айналып отыр. Бұл жол Елбасы ұсынған ұлттық мұратымыз «Мэңгілік Ел» идеясының жүзеге асуында басты бағыт болмақ. Осы мәселелердің шешілуінде қазақстан тарихының тарихвдмасьщен деректемесі 3
пэнін оқытуда заман тапабына сәйкес қазіргі сұранысты қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға тиіс деп есептейміз. Деректану ғылымын терең меңгерген зерттеушілердің жетіспеушілігі және шынайы деректерге негізделген тарихымызды жазу қажеттігі деректермен жұмыс істей білу теориясы мен тәсілдерін жетік білетін тарихшыларды дайындау қажет екендігін заман талабы көрсетіп отыр. Тарихтың тарихнамасы теориялық методологиялық негіздерді қалыптастырып білім алушылардың арнайы дайындығын қамтамасыз етуде маңызды рөл аткарады. Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректемесі пәні тарихшылардың осы салада жүйелі мэлімет алуына жол салады. Қазіргі кезенде Қазақстанның тарихнамасы мен деректемесі пэні бойынша оку құралдарының жетіспеушілігі байқалуда. Еліміздің тарихының элі де болса, жете қарастыратын қалтарыстары баршылық. Аталған мәселелерді басшылыққа ала отырып осы оқу құралында бүрын сыңаржақ қарастырылып келген тарихи оқиғаларға жаңаша баға берумен қатар, Қазақстан тарихының кезінде жазуға тиым салған «ақтандақ» беттерін бүгінгі биік талаптар тұрғысынан саралап ғылыми тұрғыда кайта қарастыруды мақсат еттік. Оқу құралында Отанымыздың қазак хандығы пайда болуымен даму тәжірибесін жан-жақты шежіре-баянын жүйелеп, ғылыми-танымдық тұрғьща оқырман назарына ұсынуға алғашқы қадам жасалды. Сондай-ақ халкымыздың тарихын жастардың зердесіне құйып, оларды осы тарихтың тағлымымен таныстырудың, әсіресе ЖОО-да оқып жүрген студенттердің тарихи санасын бүгінгі талаптар тұрғысынан қалыптастыруда белгілі-бір үлес қосады деген ойдамыз. Қазақ жерінде қалыптасқан тарихи ғылым мен білімге, тарихнама жэне деректемелік мәселелер кешенді тұрғыда карастырылды. 4
Кіріспе Тарихнама адамзат қоғамын танудың аса маңызды түрлерінің бірі болып табылатын белгілі бір тақырыпқа немесе тарихи дэуірге арналған зерттеулер жиынтығы. Ежелгі грек тілінен аударғанда“история” - тарих жэне “графия” - тарихты сипаттап жазу дегенді білдіреді. Кеңестік кезеңде тарихты жазу номенклатуралық биліктің тапсырысы шеңберінде эрі қатаң бақылауында болды.Тарихи оқиғалар мен процестерді ұлттык тұрғыда қарастыру мүмкін болмағандыктан төл деректердің көпшілігі ғылыми айналымнан тыс калды. Бұл касақана жасалған саясаттың астарында халықты төл деректерінен айыру, соның нәтижесінде шынайы тарихынан адастыру пиғылы жатқан еді. Осыған орай ғылыми тұжырымдар мен пікірлер бір арнаға тоғысып, балама көзқарастар білдіру мүмкін болмады. Қазақстанның Тәуелсіздік алуымен бұл ұстаным түбірімен өзгерді. Тарихнама- тарихи білімнің дамуын зерттейтін ғыпым эрі тарих ғылымының тарихы ретінде өзіндік мәртебеге ие. Қазақстан тарихы ұзақ эрі күрделі, түрлі тарихи кезеңдерден өтті, және өз тарихында түрлі тарихи деректер мен іздер қалдырды. Қазіргі жаһандану заманында қазак халқының ұлт болып сақталуы үшін ұлттық кұндылықтарды насихаттап, төл деректері, құнды мұралары зерттелуде. Мұндай деректер өз еліміздің жерінде де шетелдік мәліметтерде де молынан кездеседі. Бірақ қолға түскен тарихи деректердің обьективтік шындығына көз жеткізу үшін сын тұрғысынан талдаудан өткізудің маңызы зор. Курста Қазақстан тарихы ғылымының даму тарихын зерттеп, бүгінгі күн талаптары тұрғысынан тарихнама жэне деректеме бойынша қазақстан тарихы бойынша кезеңдердегі тарихшылардың тұжырымдарын, қайта зерделеп, олардың еңбектеріне принципті жэне объективтік баға беру мақсаты алға қойылған. Осы мақсатқа жетуде: • Отандық тарихнамадағы тарихнамалық деректерді, фактлерді жинақтау оларға талдау жасау, деректерді іздеп табу, жүйелеу, сыныптау, сыни талдау, түсіндіре білу қабілетін қалыптастыру; 5
• Отандық тарихнаманың кезеқцерін ежелгі жэне ортағасырлық жэне қазіргі тарихи білімнің даму деңгейінің ерекшеліктерімен таныстыру; • Қазакстан тарихына байланысты әлем халықтарындагы деректерді қолда бар деректер мен архивтік мэліметтермен салыстырып, ұтымды тұстары мен олқылықтарын айқындау; • тарихнамалық фактілердің тарихи оқигалар мен процестерді зерттеуінің деңгейін сараптау; • обьективтік шындыққа қол жеткізу; • Қазақстан тарихының зерттелуіндегі эртүрлі кезеңдердегі тарихи ой мектебінің негізгі багыттарыньщ мазмұньш ашу; • Отандық саяси элитаның шыгармашылық мұрасын оқып үйрену; • Тарихнамалық деректердің саяси-әлеуметтік жүйелер мен идеологияларға тәуелділігін анықтау; • Тарихнамалық деректемелік талдау эдістерін тиімді пайдалану, • ұғым мен терминнің ара-қатынасын ашып, олармен жұмыс істеп үйрену; • тарихнамалық проблемаларды методологиялық талдай алу қабілетін қалыптастыру; • белгілі бір мәселенің зерттелмеген тұстарын айқындап, келешек ізденушілерге тьщ тақырыптар ұсыну деректерді талдау барысында оны пайдалана білу мүмкіндігін игеру; • Тэуелсіз Қазакстан жағдайындағы ресми мемлекеттік құжаттар мәліметтерін дерек ретінде пайдалану міндеттері алға қойылды. Тарихи деректер мынандай топтарға бөлінеді: • Заттай ескерткіштер (еңбек құралдары, қолөнер бұйымдары, үй тұрмысындағы қолданылатын бұйымдар, ыдыстар, киім-кешек, әшекей заттар, металдан жасалған ақшалар, қару-жарақтар, тұрғын үйлердің қалдықтары т.б) Этнографиялык ескерткіштер, халқымыздың тұрмыс - салтының бүгінге дейінгі жеткен қалдыктары: салт-дәстүрлері, діни-наным-сенімдері. • Лингвистикалық есерткіштер немесе халқымыздың тілінде сақталған тарихи деректер, георафиялық жер-су 6
атаулары, жеке адамдардың есімдері, басқа тілдерден кірген сөздер, ескі тілдердің қалдықтары харқымыздың шығу тегін анықтауда, миграциялық проңестер мен ежелдегі қоғамдық қатынастарды зерттеуде көп көмегін тигізетін деректер қатарына жатады. • Ф ольклорлык материалдар халқымыздың ауыз әдебиетіндегі ескерткіштер-эртүрлі аңыз эңгімелер. макалмәтелдер, тарихи, жырлар, шежірелер топтамасы; • Жазба деректер - тасқа металға, сүйекке, керамикаға жазылған ежелгі жазулар мен кағаз бетіне түскен эртүрлі қолжазба жэне басқа құжаттар. • Кино-фото-фоноқркаттар бүл деректердің ең жаңа түрі болып табылады. Археографиялық деректерді түпнұсқаға айналдыру бірнеше кезеңнен тұрады: 1. Археологиялық жэне эпиграфиялық сипатгамаларын жасау; 2. Көне мәтіндер мен тас бетіндегі суретгерді (петроглив), таңбаларды эстемпажға түсіру, қол көшірме жасау,фотоға түсіру; 3. Көшіріліп алынган мэтіндерді транслитеррациялау, транскринция жасау; 4. Аудармасын беру; 5. Тарих жэне лингвистикалық сараптама жасау, түсініктемесін беру; Осы бес кезеңнен өткеннен кейін көне мэтіндер нағыз ғылыми түпнұсқаға (источник) тарихи дерекке айналады. Бұл процес XIX ғасырдың соңғы ширегінен бастау алып, бүгінгі күндер қалыптасып үлгерді. Тарихи факт - бұл өткен кезеңнің шынайы оқиғасы. Адамзаттың өткен өмірі көптеген тарихи фактілерден тұрады. Нақтылы тарихи фактілер жоғарыда көрсетілгендей тарихи дерек көздерінен алынады. Адамзаттың күллі тарихы фактілерден тұрады.Тарихты жазу үшін фактлердегі тарихи мэліметтерді талдап ақиқат тұрғысында көз жеткізе түсіне білу керек. Тарих ғылымында күрделі және қарапайым фактлер көрсетілуі мүмкін. Күрделі фактілерге тарихи құрылымдарды түсіндіретін деректер жатады. 7
Қазақстанда деректанудың ұлттық деректерімізді тануға мүмкіндік беретін ғылым ретінде пайда болып дамуының басы ХІХғ. соңы мен XXI басында басталды. Халқымыздың тарихындағы соңғы жылдары болған түбегейлі қоғамдық өзгерістердің іске асуы, үлттық сананың оянып, халқымыздың өз тарихын іздей бастау кезеңі басталды. Мұның өзі эсіресе Қазақ хандығының 550 жылдығы тұсында ерекше байқалды.Тарихшылар үлттық жэдігерлер негізінде тарихымызды ақиқат тұрғысында негіздеп толық жазуға болатынын түсініп төл деректеріміз жинақталып іздестіріле бастады. Мэдени мұра бағдарламасы бойынша көп томдық шығармалар жарық көре бастады. Қазақ ғалымдарының Ресей ғалымдары мен бірлескен 25 томдық қазақ тарихын жазу қолға алынды. Болашақта кеште болса біздің шынайы тарихымызды тануға мүмкіндік беретін жолға түсіп көп томды төл тарихымызға ие боларымыз сөзсіз. Деректанульщ угымдар мен терминдердің төмендегідей турлері бар: • Дерек- хабар- ошар, мәлімет, мағлұмат; • Дерек к-б>з/-бұлақ, нақты дерек көзі - жылнама, шежіре, дастан; • Тарихи тарихи дерек көздері - адамзаттың, іс-әрекетінің барысындағы жасағанның бэрі; • Деректану - тарихи деректер туралы ғылым; • Деректанулъщ талдау - деректердегі мағлұматтардың шынайылық дәрежесін. ғылыми танымдық дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілген өз-ара байланысты істер; • Деректанулъщ евристика - деректерді іздеп табу; • Деректанулъщ сын - деректердегі маглұматтардың шынайылық дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу әдістері мен тэсілдерінің жиынтығы; • Деректі аналитикалъщ сынау — фактіні анықтау мақсатындағы накты деректі сынау; • Деректерді синтетикалъщ сынау — фактілер жиынтығын анықтау мақсатындағы деректер кешенін сынау; • Деректің пайда болу негіздерін сынау - деректердің сыртқы ерекшеліктерін: авторын, уакытын, жерін, түп-нұсқасын. өмір сүру формасын, тарихи жағдайын, алғы шартын, деректі
жасаудағы әлуметтік мақсаты мен міңдеттерін т.б. анықтау тәсілі; • Деректің мазмұнын сынау - деректердегі мағлұматтардың шынайылық толыктық деңғейін, ғылыми құндылығьш анықтау тәсілі; • Деректерді сыныптау - деректерді ортақ қасиеттері бар бірақ бір-бірінен ерекше белгілерімен айырылатын категорияларға бөлу: • Деректерді түрлік сыныптау — жазба деректердің пайда болуы, мазмұны міндеттерінің бірлігі негізінде, ішкі құрылымдарының ұқсастығына сай тарихи түрлерге бөлу; • Дереюперді типтік сыныптау-деректердщ мазмұны мен формасының сәйкестік принципті негізде сыныптау. • Жылнамалар - уақиғаны болған жылы бойынша баяндайтын орта ғасырлык жазба; • Қайталанатын деректер — формасы мен мазмұны жағынан аса көп мөлшерде қайталанып отыратын деректер: статистикалық, халық санын алу, қоғамдық пікірді білу, іс-қағаздары; • Заманхат - біреудің заманында немесе өз ішінде болған тарихи оқиғадан дерек беруі: • Қолданбалы (нацты) деректану - әртүрлі тарихи кезеңдердердегі деректерді зерттеу: • Деректің өкілдігі — зерттеушінің таңдаған дерегінің өкілеттілігін дэлелдеу арқылы жасаған ғылыми қорытындысын зерттеудегі обьектіге түгел таратуы; • Қайталанбайтын деректер - жеке субьективті туындылар; • Деректің шынайылың деңгейі - мәліметтердің шындыққа қаншалықты сәйкестігі; • Деректің тольщтьщ деңгейі - реальды құбылыстың мэнді белгілері мен негізгі мазмұнының деректе бейнелену деңгейі; • Деректің сацталу формасы - деректің қандай формада жетуі: колжазба, баспа, ауызша тасқа жазу; • Шежіре - шежіре өткеннен дерек болатын сөздің бір түрі; • Мэтін тану-жазба ескерткішін сыни тексерілген түпнұсқалық мәтінін анықтау,оны жариялауға дайындау; • Герменевтика - жазба ескерткіш мэтініне түсінік беру; 9
• Филологиялыц сын — жазба ескерткіштің түпнұсқалық мэтінін қалпына келтіруге бағьпталған сын; • Фактілік сын -жазба ескерткіиггің шындықтың бұрмаланған жерін, автордың ойының шындықтан ауытқу дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін сын; • Синергетика - ғылыми танымның қазіргі тәсілі; • Қүжат - материал негізінде дәлме-дәл жазылып алынған бір ізге түсіруге мүмкіндік беретін ақиқат: • Мемлекеттік мүрагат — ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтауға (сатып алуға), тұрақты сактауға жэне пайдалануды ұйымдастыруға кұқық беретін мекеме; • Мүрагат цорлары — бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты құжаттардың жиынтыгы; • Ресми цұжат - жеке немесе заңды тұлға жасаған, белгіленген тәртіппен рәсімделіп, куэландырылған құжат; Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1. Тарихи деректердің ірі топтары 2. Тарихнамалық эдістердің түрлері 3. Тарихнамалық зерттеудің аспектілері 4. Деректанулық ұғымдармен терминдер Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Назарбаев Н.А. Тарих толқынында. Алматы, 1999 2. Козыбаев И.М. Историческая наука Казахстана. А., 1992 Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұж-сы. Алматы, 1995 3. Қазақстан: көне зам. бүгінге дейін. 5-томдық. 1-3 томдар. Алматы, 1997, 1998, 2002 10
§ 1. КӨНЕ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ І.І.Қазақстанның көне дәуірінің тарихы мен археологиялық зерттеулер тарихнамасы. Ежелгі адамдардың өмірін археология ғылымы зерттейді. «Архео»-көне, «логос» - ғылым ягни көне ғылым деген грек сөзінің қосындысынан алынған. Зерттеулерге қарағанда адамның тіршілік ете бастауы б.з.б 2,5-1 млн жылдар арасында басталған. Ежелгі адамдардың сүйек қалдықтары Африканьщ оңтүстік шығысынан, Қытай, Индонезия жерлерінен табылған. Қазақ жерінен алғашқы адамдардың сүйектері табылған жоқ. Қазақ жерінің мол байлығы, сан алуан ғажайып ескерткіштері, өзіндік этно-мәдени үлгілері, салт-жоралғылары бұл өлкеге эр кезде келіп кеткен жиһанкездер мен елшілер еңбектерінде алғаш рет көрініс тапты. Ежелгі дэуірдегі Қазақстан тарихына қатысты зерттеулер көбінесе археологиялық қазба жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жарияланды. Қазац даласындагы археологиялыц ескерткіштерді зерттеу қазан төңкерісіне дейінгі уақыттарда басталғанымен мардымды ғылыми жұмыстар атқарылмады. Ресейдің Қазақстанды «шыгысқа баратын кілт пен қақпа» ретін-де қарастыруы Сібірмен Қазақстанды зерттеуге жол ашты. 1707 жылы Тобыл боярының ұлы Семен Ремезовтың «Сібірдің сызба кітабында» тұңғыш рет қазақ даласының археологиялық ескерт-кіштері мен географиялық деректер туралы айтылды. Патшалық Ресей Сібірді жаулап алғаннан кейін орасан зор аймақты алып жатқан қазақ сахарасына көз тікті. Осыдан кейін Сібірге 1733 жылы 1768-1774 жылдары алғашқы экспедициялар жіберіле бастады. Осы саясат барысында Қазақстандағы қазба байлықтар туралы мәліметгер жинақтала бастады. Мәліметтерде сол дәуірдегі Қазақстаның археологиялық ескерткіштері, сэулет өнері, эр жерлерден кездейсоқ табылған жәдігерлер жайлы сөз қозғала бастады. 11
XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің Орталық жэне Шығыс Қазақстанның табиғи байлығына кызығупіылығы зерттеушілерді көненің көздеріне ерекше назар аударып олар туралы мэліметтерді сипаттап жазуға мэжбүр етті. Мұның өзі Қазақстан тураты алғашқы мэліметтер қорының ұлғаюына мүмкіндік берді. Олардың кейбірі қазба жұмыстарын жүрғізуге тэжірибесі болмаса да қорғандарды қазып көруге әрекет жасаған. Қазақ жеріндегі көне археологиялық ескерткіштердің бүрын қазылғандығы, (эсіресе сақ қорғандарына қатысты) осыған дәлел бола алады. Қазақстан археологиялық ғылымынын дамуында В.В.Радловтың еңбегін ерекше атап өтуге болады. Ол ғылыми мақсатпен 1862 жылы Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Сібірде археологиялық зерттеу жүргізді. Табьшған ескерткіштерді топтап мыс, қола ғасы-ры, ерте темір ғасыры, жаңа темір ғасыры, ерте орта ғасыры кезең-деріне бөлді. Осындай зерттеуді жалғастырушы шығыстанушы П.И.Лерх 1867ж. арнайы тапсырмамен Сауран, Сығанақ қалаларын, Жанкент қаласының орнын қазды. XIX ғасырдың соңындағы зерттеулер осы жүмысты дамытты. Көрнекті ғалым В.В.Бартольдтың Шу, Талас, Іле алқабын, Ыстық көл ойпатында болып «Ғылыми максатпен Орта Азияға сапар туралы есеп» еңбегі тарихи ақпараттармен жазба деректемелерге сүйеніп жазылды. Кейін В.В.Бартольдтың ұсынысымен ежелгі ескерткіштерді есепке алып, зерттеу мен сақтаудың негізі қаланды. Түркі этносының алғашқы сызбалары мен мәтіндеріне байланысты ғылыми зерттеулер XIX ғасырдың басында басталды. Н.М.Яндерцев экспедициясы Орхон бойындағы Ордабалық Күлтегін ескерткіштерін тауып, элем ғалымдары бұл құндылықтар түркі этносының мұралары екенін анықтаған кезеңнен бастап ежелгі жэне байырғы түріктердің археографиясына деген қызығушылык артты. Оның себебі Орхон-Енисей мәтіндері ерте орта ғасыр жазба деректерінің бастауының қайнар көзі болды. Бұл деректер түркілер дэуіріне аяқ басар бағдаршам болды. Алғаш бұл кезеңці зерттеушілер бұл кезеңнің мәтіндері мен майда жазуларына ғана назар аударды. Мысалы: Күлтегін, Білге қаған кешенінде болған Н.М.Яндерцев, В.В.Родлов, Г.И.Рамстедтер сынақтық қазба жұмыстарын жүргізбеген. 1912 жылы В.Л.Котвич Күлтегін кешеніне сынактык қазба жүргізіп кешеннің құрылымын аныктауға мүмкіндік берген. 1957-59 жылы чех зерттеушісі Ийсл, монғол ар12
хеологы Н.Сэр-оджавтар ескерткішке толық қазба жұмысын жүргізіп археологиялық сипаттама берді. Білге қаған кешеніне 2001 жылы Монғол-Түрік бірлескен археологиялық экспедициясы толық казба жұмысын жүргізіп археологиялық сипаттама берді. 1926 жылы М.П.Грязновтың зерттеулері Андронов мәдениетінің Батыс Сібірмен қатар Қазақстан аймағын қамтитынын дәлелдеді. Бернштамтың басшылығымен Ғылым академиясының Қазақ филиалымен бірлескен 1936-1940 ж.ж. Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігіндегі зерттеулері ортағасырлық қалаларды кешенді түрде тарихи археологиялық зерттеуге жол салды. Соғыстан кейін 1946ж. Қазақстанда Ғылым академиясының қүрылуына байланысты археологиялық ғылыми зерттеу жұмысының негізі Ш.Ш.Уалиханов атындағы Тарих, археология жэне этнография институтының археология бөлімінің құрылуымен археологиялық зерттеулер орталығы Алматыға ауысып, қазақ археологиясының жаңа мектебі қалыптасты. Академик Ә.Х.Марғұланның басшылыгымен орталық Қазақстанда археологиялық ғылыми эерттеу жұмыстары ұйымдастырылды. Экспедиция нәтижесінде ғалымдар Орталық Қазақстанның көшпелілер елі ғана емес отырықшы қала мэдениеті орталықтарының бірі болғанын дәлелдеді. ¥лытау өңірінен табылған қолөнер, сауда, егіншілік орталықтары, қоныстар, қала қалдықтары осы пікірді нақтылады. 1950 жылдары Оңтүстік Қазақстаннан археолог Х.А.Алпысбаев полеолиттік ескерткіш тауып, біздің жерімізде ежелгі адамдардың өмір сүргенін дэлелдеді. Бөріқазған, Тэңірқазған жерлерінен табылған тас құралдарының жасы б.д.б. 800-700 мың жылдарға жататыны анықталды. Бұл 1950 жылдардағы тарихи маңызды ең ірі жаңалық болды. К.А.Акышев Іле өңірінде экспедиция ұйымдастырып сактар мен үйсіндер дэуірінің корған обаларының үлкен тобын тапты. «Есік» қорганы көмбесінің ашылуы, Қазақстан археологиясында дүниежүзілік маңьвы бар даңқты оқиға болды. Обадан табылған мәдени ескерткіштер сақ мәдениетін, олардың діни сенімін, өнерін, жазуын, элеуметтік құрылысьш зерттеуге жаңа жол ашты. Қазақ археологиясының петроглифтік бағытын арнайы зерттеу обьектісіне айналуы 1970 жылдан Қаратау, Маңғыстау аймақ-тарындағы жартастардағы суреттерді кешенді зерттеуден бастапды. 1969 жылы Отырар, 1971 жылы Оңтүстік Қазақстанда 13
кешенді археологиялық экспедициялары ұйьгмдастырылды. Қыш жэне кірпіш күйдіру шеберханалары, қоғамдық құрылыстар мешіттер, кесенелер, моншалар қазылып алынды. Үйлер мен ғибадатханалар аршылды. Нумузматикалық жаңа деректер алынды. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудің мұсылмандық діни сэулет өнері бар. Жаңа материалдар орта ғасырлардағы Қазақстан тұрғындарының өмір сүрген аймақтарында будизмнің, зороастризмнің, шаманизмнің жэне басқа эртүрлі діндердің таралу жолдарын аныктауға мүмкін-дік берді. Ислам дінінің таралу уақыты мен орталықтары анық-талды. Дүние жүзілік өркениеттің ғажайып жетістіктерінің бірі ¥лы Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өткені анықталды. Отырар, Тараз, Түркістан, Сарайшық, Талхир қалаларында жүргі-зілген археологиялық зерттеулер орталықтары Қазақстан аума-ғында болған Батыс Түрік қағанаты, одан кейін Түргеш, Қарлұқ қа-ғанаттары, Қарахан мемлекеттері қыпшақтардың мемлекеттілігі мен мэдениетімен жалғасып жатқаны анықталды. Қазақстандағы ортағасырдағы көшпелілер археолоғиясы аз зерттелген. Бірақ ерте-дегі жэне ортағасырлық тарих пен археология туфалы қорытынды еңбектердің пайда болуы, Қазақстан археологиясы тарихнамасын-дағы маңызды сапалы, жаңа өзгерістердің ашылуына жаңа жол салды. 1.2. Қазақстан тарихын сипаттайтын алғашқы жазба деректермен зерттеулер ежелгі парсы және грек жазба деректері Адамзат жазуды пайдаланғанға дейінгі кезеңде тарихи білімнің кейбір белгілері ауыз эдебиеті үлгілерінде ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыз, әңгімелерде, шежірелерде сақталып келді. Онан кейін тарихи таным белгілері көне жазба ескерткіштерінде (Авеста, Бе-хистунсына жазулары, Күлтегін жазуы, Тоныкөк ескерткіші т.б.) көрініс таба бастады. Адамзат өзінің өткеніне үлкен мэн беріп, одан тағлым, сабақ алу мақсаттарында бастан кешірген оқиғалар мен түрлі жайттарды эр алуан жазу құралдарының беттеріне, ап қағаз пайда болғаннан кейін хатқа түсіруге мүдделі болған. Ал жазуы жүйелі түрде дамымаған халықтар тарихты ауызша айтуды қалыптастырды.Тарихи оқиғалар түрлі сипатта, 14
мемлекеттердегі өзіндік саяси ұстанымдарға, белгілі бір көзқарастарға, идеологияларға байланысты баяндалып отырылды. Мәселен, ежелгі дэуірде тарихи оқиғалар мен процестерді сипаттауда діннің рөлі айтарлықтай еді. Осыған орай көне замандардағы жазбаларда тарихи баяндар “құдайдың еркімен” жүрген қүбылыстар ретінде жазылған. Бірте бірте тарихты танудың анагүрлым жетілдірілген жолдары қалыптаса бастады. Тарихты біршама жүйелі түрде әңгімелеп жеткізудің алғашқы қадамдары жасалды. Мүндай бастамалар дүние жүзінде түңғыш рет ежелгі Грекияда орын алды. Ең бастыларының бірі тарихтың атасы атанған Геродоттың“Тарих” атты еңбегі. Ежелгі Ром мен Грекияда тарихи оқиғаларды “күдай еркімен” байланыстыру тэсілінен тыс баяндау әдістері де көрініс берді. Тарихи деректерге сыни көзқарас танытьш, оқиғаларды жинақтап көрсетуден гөрі оларды біршама жүйелі түрде, алғышарттарын, себеп-салдарын ашуға бағытталған еңбектер жазылды. Осындай бағытта жарық көрген шығармалардың бірі - Фукидидтің туындысы. Тарихты жазуда Фукидид үсташан тәсіл ары қарай өз жалғасын тауып, анағүрлым мэнді тарихи еңбектердің дүниеге келуіне мүрындық болды. Ежелғі дэуірдегі Орта Азиядағы тайпаларға қатысты мәліметгер келтірілген Полибий, Тацит, Тит Ливий, Плутарх, Апиан, т.с.с. еңбектері элемдік тарихнамада жоғары бағаланады. Дегенмен олардың еңбектерінде тарихи фактілерді жалаң баяндау дәстүрі кеңінен орын алды. Қазақ жеріндегі ертедегі халықгардың түрмыс тіршілігі қалалар мен қоныстар туралы орта ғасырларда осы өңірлерде болған саяхатшылар мен тарихшылар еңбектерінде көзімен көргендері жашты алғашқы мэліметтер: көне парсы, көне грек, латын, цытай, көне түрік, араб, парсы, түрік тілдерінде жазып қалдырылған. Бүл деректемелердің ақпараттық деңгейі, эр түрлі болуымен ерекшеленеді. Осыған қарамастан жазба ескерткіштердегі нақты материалдардың жиналып біздің заманымызға жетуінің маңызы ерекше. Осылардың ең көнесі «Авеста» Зороастра дінінің қасиетті кітабы. Иран жеріндегі Аршак дэуірінен басталған жэне әсіресе Сасанилер кезінде бірнеше діни реформалар қалыптасқан қағида болып табылады. Авестаның мэтіні көне парсы тілінен өзгеше жэне бірқатар белгілері бойынша неғүрлым кейінгі шығыс иран (соғды, 15
хорезм, сақ жэне т.б) тілдеріне жақын көне иран тілінде жазылған. Мәтіңдерде сақ кезеңіндегі Қазақстанның ежелгі тұрғындарынын тарихы мен мәдениеті туралы мәліметтер бар. Қазақстанда ерте кезеңде өмір сүрген ру-тайпалардьщ ішінде аты жөні жақсы сақталган тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық жэне жазба деректерге қарағанда сақ тайпалары б.з.б. УІІ-ІУғғ Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпаларды сақтар деп атаған. Грек тарихшысы Геродот Азиялық скифтер деп атаған. Парсы жазба деректері сақтарды 3 ірі тайпаға бөлген: І.Тиграхаудта шошақ қалпақ кигендер; 2. Хаомаварга сақтары (жүзімнен сусын қайнатушылар); З.Парадарая сақтары (теңіздің арғы жағын мекендеушілер). Археолог ғалым К.Акышевтің зерттеулері жазба деректерді археологиялық деректермен дэлелдеді. Шошақ бөрікті сақтар туралы Есік обасьшан табылған биік баскиім. Сондай-ақ Бехустин жартасындағы, Персеполдағы Ксеркс сарайының алдьшда сальшған Иран патшасына салық төлеуге барған сақтардың бас киімдерінің шошактығы олардың шошақ қалпақ кигендігіне күмэн келтірмейді. Хаомаварга сақтары Орта Азия жерінде өмір сүрген тайпалар екендігі олардың жүзім өсіріп сусын жасайтындығы ерте орта ғасыр мезгілінен белгілі. Қазақстан халықтарының тарихы жөніндегі ежелгі жазба деректеме I Дарий (б.з.б 522 - 486жж.) жэне Ксеркс (6.3.6486 - 465жж.) патшалардың Ахеменид державасында қолданылған негізгі үш тілде: көне парсы, элам жэне аккад тілдерінде жазылған ежелгі парсы жазбалары болып табылады. Дарийдің өкімет басына келуінің жэне содан кейін болған азамат соғысының мэн-жайы туралы баяндалатын Бехистун жазбасының маңызы зор. Жазбада Таяу жэне Орта Шығыстың, Орталық Азияның тарихи географиясы жөнінде материал берілген. Қазіргі уақытга ғылыми әдебиетте, әсіресе археологиялық эдебиетте сақ тайпаларының аталған жазбалары - хаумавар мен тиграхауд та Қазақстан аумағына қатысты деген пікір орныққан. Ахменидтер дэуірінің мәдениет пен дінді зерттеу үшін маңызы бар басқа бір ірі жазба Ксеркстің «Дэулер туралы» дейтін жазбасы. Мұнда көне парсы жазбаларында тарихи-географиялық деректерден баска, антик деректемелерінің мэліметтерін тексеру жэне оларды едәуір нақтылай түсу үшін біраз материал бар. Бұл ескерт16
кіштер парсы тілінщ тарихьш, оның ерте замандағы диалектілерін зерттеу үшін маңызды. Қазақстанньщ тұрғындары туралы мэліметтер ертедегі Грекияға Персия арқылы, сондай-ак , Қара теңіз өңіріндегі грек отарлары арқылы жетіп тұрды. Аймақтың тарихи тағдырлары жөніндегі алғашкы анық мәліметтер беретін «Тарих» еңбегін жазьш элемге әйгілі болған Геродот (б.з.б 484-425 жж.) болды. Бұл еңбекте Қазақстан халықгары туралы ең ежелгі хабарлар келтірілген. Еңбекте көшпелі скиф тайпаларының орналасуі>і географиясы, олардың тарихы, рухани мәдениеті, әдет - гұрыптары туралы баяндалады. Геродоттың деректерінде Қазақстан мен Орта Азияның сақ (скиф) тайпалары туралы ауызша фольклорлық дәстүр де келтірілген. Ахемениттер уакытының тарихы жөніндегі бірқатар құнды деректер Ктесийдің «Персия тарихы» деген шығармасында жинақталған. Ктесийдің эңгімелерінде ежелгі Қазақстан этностары, олардың орналасқан жерлері, қоғамның саяси ұйымдастырылуы дэстүрі туралы эртүрлі мәліметтер келтірілген. Ежелгі жазбаша деректемелерде сақтардың тайпалық одақтарына қатысты мәліметтерін екі топқа: 1) антик деректемелерінің деректері: Геродот (б.з.б.У ғ.), Ксенофонт (б. з. б. VI -V ғғ.), Птолемей (б. з. б. II ғ.); 2) ахеменидтік (ежелгі парсы) сына жазбалары топтарына бөлуге болады. Грек және латын тілдеріндегі антик деректемелері де өте құнды. Олардың арасында Геродоттың, тоғыз томдық «Тарих» кітабынан ертедегі Қазақстан тарихы үшін төртінші кітабы неғұрлым маңызды, онда Дарийдің скифтерге қарсы жорығын суреттеуге байланысты Еуразия тайпалары туралы неғұрлым толық деректер жинақталған. Тарихтың атасы” атанған Геродот өзінің “Тарих” атты еңбегінде тарихи оқиғаларды деректердің негізінде сол замандағы “құдайдың еркімен” байланыстырып жазды, апайда пайдаланылған мәліметтер сыни талдаудан өткізілмей, олар бірінен кейін бірі тізбектеліп айтыла берді. Осындай кемшіліктеріне қарамастан шығарма грек тарихнамасының қальштасуына игі әсер етті. Ахеменид заманыньщ тарихы жөнінде Ксенофонт, Ктесий жэне кейінгі кезең авторлары - Беррос, Арриан, Полиен, Диодор, Полибий, Плиний, Гіомпей Трог, Птолемей, Страбон бірқатар 17
құнды деректер қалдырды. Алайда бұларда Қазақстанның ежелгі тайпалары мен халықтары туралы нақты ақпарат көп емес. Оларда келтірілетін тайпалар мен халықгардың аттарын басқа мәліметтермен салыстыру өте қиынға соғады. Гректер көшпелілерді скифтер деп атады. Тайпалардың қоныстануы туралы жазбаша дерек көрсетілгендей б.д.д. УІІ-ІУғ.ғ, ертедегі темір дэуірінде Қазақстан жэне Орал далаларында сақгар мен сарматтар үстемдік қүрды. Сөйтіп жазбаша деректемелер б. з. б. VII—IV ғасырлардағы Қазақстан аумағында бірқатар тайпалар мен тайпалық топтарды орналастыруға мүмкіндік береді: оңтүстікте бүлар тиграхаудасақтар, грек деректемелеріндегі массагетгер солар және дахтар (дайлар); батыста - савроматар (ежелгі аорстар), орталық аудандарда-исседондар, солтүстік-шығыста- аримаспылар. Бүлардың бэрі рулық-тайпалық бөлімшелер ретінде тілі жағынан туыс жэне мәдениеті жағынан жақын сақ жэне сармат тайпаларының этникалық-мәдени бірлігіне кірген. Гректің антикалык авторы Страбон (б.з.б.І ғ - б.д I ғ) Птолемей б. з.І ғас.аягы-ІІ ғас) жағрафиялық еңбектерінде Орта Азиямен Қазақстанның табиғи жағдайы, ондағы тұратын халықтардың әдет ғұрыптары тұрмысы туралы өте құнды деректік материалдар қалдырған. Птолемей Еділден Балқаш көліне дейінгі кен байтақ жерді Скифия деп қарастырған. Бұл құнды деректен сақтардың осыншама кең-байтақ жерде ежелден өмір сүріп келе жатқаны туралы мәліметтер бар. Птолемейдің ( б.з. I ғасырдың аяғы - II ғ) «География атты шығармасы тау тізбектерінің, көлдердің географиялық координаталары беріліп, Орта Азия мен Қазақстанның шекаралары көрсетілген. Птолемей Еділден Балқаш көліне дейінгі кең байтақ жер Скифия деп қарастырды. Бұл мәлеметтердің құндылығы өте зор екені даусыз. Страбон «Жағрафия» еңбегінде сақтар туралы:«бұл көшпелілер қарапайым, инабатты кішіпейіл жандар, бұларда зэлімдік, қараниеттілік деген мүлде болмайды. Ал бұлар көп жағдайда бостандықты, еркін жүруді тәуелсіз болуды қалайды»- деген пікірлер келтірген. Бұл қасиеттер біздің халқымыздың әлемге танымал болған ерекшелігі қонақжайлығы мен ұштасып жатыр. Срабонның айтуы бойынша көшпелілер қарақшылар емес, соғыс құмарда емес. Олар жерін шаруашылығымен айналысатындарга беріп, олардан алынатын алым салықтың дұрыс қайтарылмауына қарсы 18
соғысады. Алым салық алған күннің өзінде баю үшін емес, күнделікті тұрмыс жағдайларын өтеу үшін ғана тырысатын еді деп жазады. Бұл мәліметтер ертедегі Қазақстан тарихы үшін географиялық антик әдебиеті маңызды деректеме болып табылады. Стабонның Каспий теңізін тұйық бассейн емес, мұхит шығанағы деп санады. Арал теңізі жөнінде еш нәрсе білмейді, мұның өзі жалпы көріністің бұрмалануына әкеп соқтыратын еді. Грек тарихшыларының Александр Македонскийдің жорықтарын суреттейтін шығармаларының маңызы бар. Алайда оларда Қазақстанның ертедегі тайпалары туралы нақты акпарат көп емес. 1.3. Қазақтан тарихына байланысты ежелгі қытай деректемелері Ежелгі Қытай тарихшысы Сыма Цян оқиғаларды хронологиялық тұрғыда сипаттаудан бас тартып, Қытайдың саяси жэне мәдени өмірі қамтылған анағұрлым жетілдірілген тарихи шығарма дайындады. Қазақстан мен Орта Азия халықтары туралы ең көлемді және бағалы деректер Сыма Цянның (б.з.б 145 86жж). «Тарихи жазбалар», («Шицзи») деген тарихи еңбегінде, «Өмірбаян» бөлімінің «Сюнну туралы хикая» жэне «Давань туралы хикая» деген екі тарауында, хань императорлары мен қолбасшыларының өмірбаяндық суреттемелерінде көрсетілген. Сыма Цяннан кейінгі қытай тарихшылары оның ұстанған тәсілін үлгі етіп, көршілес орналасқан мемлекеттердің өткенін жазып, жан-жақты қамтылған шығармалар жазуға ұмтылды. Мұнда Ортапық Азия иеліктері, олардың Қытаймен қатынастары туралы маңызды мәліметтер жинаған. Сыма Цян еңбегінде өзі өмір сүрген кезге дейінгі бүкіл тарихи кезеңді қамтуға тырысқан. Қытайдағы түрлі империяларды басқарған әулеттердің ішкі жэне сыртқы саясатына байланысты елдердің тарихьш жазу бірте - бірте дәстүрге айнала бастады. Қытай тарихшыларының еңбектерінен ежелгі Қазақстан аумағында өмір сүрген ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары туралы мол мәліметтер көрініс тапқан. Б.з.б II ғ. бастап Қазақстан тарихын зерттеуде қытай деректемелері айтарлықтай рөл атқарады. Антик авторларына қарағанда, қытай авторлары Қазакстандағы жағдайды жақсырак білді. Қытай 19
тарихшыларының көне жазба деректерінде Іле өзенінің алқабындағы, ежелгі Шиңжаң сақтары жайлы жэне «Хан» кітабындағы сақгар туралы деректер хабарланады. Кітапта: Памирдің батыс жағындағы сақтар елінің әдет — ғұрыптары киім киісі үйсіндерге үқсас келеді. Жайылым мен суат қуалап, көшіп жүреді. Олардың тегі ежелге сақтар», немесе, «Батыс өңір баянының екінші бөлімінде: «Сақтарды үлкен жыужылар Іле өзені алқабынан қуып шыққанан кейін, Сақ билеушісі оңтүстікте Памирден ары өтіп кетті» -деп жазылған мәліметтер бар. «Хан» кітабындағы басты деректің бірі сақтардың өз мемлекетін құрғандыгы. Олар ең жоғарғы билеушісін «Сэй, ваң» (патша) деп атағанын хабарлайды. Бұл хабар грек, парсы деректеріндегідей сақтардың мемлекеттік деңгейде өмір сүргенін аныктай түседі. Бүгінгі Тэуелсіздік алғаннан кейінгі жэне оган дейінгі Жетісу, Шығыс жэне Батыс Қазақстаннан табылып жатқан алтын киімді адамдар патшалардың зираттары екендігін археологиялық жағынан дәлелдеді. Сондықтан сақ дэуірінде мемлекеттік құрылым болған деп айтуға толық негіз бар. Чин патшалығының классикалық шығармалары делінетін келесі еңбектегі хабарда: Іле Шу өзендері бойындағы сақ тайпалары Сары өзенінің батысымен Алтай тауының шығысынан көшіп келген. Ал ата мекенінде қалғандары көбейіп іргелі, күшті тайпаға айналады. Бұлар үлкен жыу-жылардың арғы тегі жыужылар еді. Ал иүн атты жұндардың қалған бөлігі у-сұнның атабабалары. Сондықтан ұлы жыу-жылар үйсіндер мен сақтар тұқымына жатады. (Таным тармақтары, Құраст. Қ.Салгарин А,. 1998, 71 б)-деген пікірлер келтірілген. Гұндар тарихы қазақ тарихшылары үшін күрделі сұрақтарымен терең зерттеуді күтіп тұрған күрделі кезеңдердің бірі. Қытайлардың жылнамаларында өздерінің терістігіндегі көрші түркі тілдес тайпаларды да (далалықтар) деп атаған. Бұл хабарлар ғұндардың түркі тілдес болғандығын көрсетеді. Қытай жылнамаларымен археологиялық зерттеулерге қарағанда б.з.б.ІУ жэне II ғасырларда Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралыкты мекендеген күшті Ғұн тайпаларының бірлестігі құрылған. Олар өздерінің көрші жатқан халықтарымен бірге Қытай жеріне де 300 жылдан астам уақытқа созылған соғыстар жүргізген. 20
Зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата-бабалары деп есептейді. Бұл бірлестікті Модэ басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. Модэ шаньюй б.з.б. 206 ж. Қытайға, б.з.б. 201 ж. Алтай тайпаларына сәтті жорықтар жасады. Б.з.б. I ғ-дың ортасында сюнну қоғамы өз вассалдық иеліктерінен айырылып, Хуханье шаньюй бастаған оңт. және Чжичжи басшылық еткен солт. топтарға бөлінді. Оңт. сюннулер Ордос аумағында қалды да, солт. сюннулер өз тайпаластарының қысымымен солт. пен батысқа қоныс аударды. Б.з.б. 49 ж. Чжичжи ғұн конфедераңиясын қайта біріктіруге деген талпынысы нәтиже бермеді. Ол қаңлылармен одақтаеып, үйсіндермен соғысты. Хань империясының бодандыгындағы оңт.ғұндар 304 ж. Лю-хан атты өз мемлекетін құрды. Солт. ғұндардың Еділ — Жайықтағы үлкен бөлігі IV ғ-дың 2-жартысында Қара теңіз жағалауын, Днестрге дейінгі өлкені бағындырды. Жалпы, ғұндардың батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. Ол Қазақстанды мекен еткен тайпалардың этн.-саяси тарихына елеулі өзгерістер енгізді. Жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) Орта Азиялық тайпалар еді. Олар б.з.б. 160 ж. шамасында өз мемлекетін құрған. Негізгі жері Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас өзендері арқылы өтіп, Қаңлы мемлекетімен шектесті. Шығысында ғұндармен, оңтүстік иеліғі Ферғанамен ұштасып жатты. Қытай жазба деректері үйсіндер иелігінде 630 мың адам болғанын және бір уақытта 188 мың жауынгерге дейін шығара алатынын мәлімдейді. Үйсіндердің археол. Ескерткіштері — қорымдар (Қапшағай, Өтеген, Тайғақ, Қарлақ, Ақтас, т.б.) мен қоныс орындарынан (Ақтас, Кеген, т.б.) табылған заттар олардың мал шаруашылығы мен, егін егумен айналысқанын көрсетеді. Үйсін байларьшың 500-ге тарта жылқысы болғандығы жазба деректерден де белгілі. Үйсін қоғамындағы әлеуметгік айырмашылықтар археологиялық материалдардан да айқын байқалады. Қаңлы (кангюй, канцзюй) мемлекеті жазба деректемелерде б.з.б. II ғ-да айтыла бастайды. Кейбір деректерде қаңлы халқы 120 мың отбасынан, 600 мың жаннан құралатыны жэне саптағы әскері 120 мың адам екені айтылады. Қаңлылар б.з.б. 46-36 ж. Чжичжи бастаған ғұндарды қолдады, кейін үйсін жэне қытайлармен бірігіп, оларға қарсы шыққан. 85 ж. қаңлылар Қашғардағы қытай уәлиі Бань Чаоға қарсы көтерілген ферғаналықтарды жақтаған. Қаңлылар 21
Жібек жолының Сырдария бойымен өтетін Ферғанадан Арал өңіріне дейінгі бөлігін өз бақылауында ұстап тұру үшін күрес жүргізді. Қаңлылардың қала жұрттары мен обаларынан шетелдік бұйымдар көп шыкқан. Ғылыми әдебиеттерде қаңлы, үйсін халықтарының қай тілде сөйлегені жөнінде де бірыңгай пікір жоқ. Зерттеушілердің біразы оларды шығыс иран тайпаларынан шыққан десе, екінші біреулері олар түркілердің арғы аталары, олар түркіше сөйлеген деп есептейді. Қалай болғанда да, қазақтьщ ең ірі тайпалары үйсін, қаңлы деп аталады. Бұл тайпалар құрған мемлекеттер Қытай, Парфия, Рим жэне Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экон. жэне мэдени байланыс орнатқан. Қытайдың экспансиясының батысқа жылжуы Шығыс Түркістандағы, Қазақстан мен Орта Азиядағы жағдайды дэл білу қажеттігін туғызды. Бұл орайда халықтар мен тайпалардың мінез - құлқы мен әдет — ғұрпы, олардың өмір салты, саяси құрылысы мен соғыс оқиғалары туралы материал мақсатты түрде жиналды. Бұл акпарат әдетте барлауды мақсат ететін елшілердің, саудагерлердің, саясатшылар мен миссионерлердің Орта Азия иеліктеріне сапарларының нәтижесінде алынып, жеткізіліп отыратын. Сонымен бірге мәліметтер жинау қытай эскерлерінің жорықтары кезінде жүзеге асырылды, сондай жорықтардың ең ертедегі б.з.б 104-102 жылдардағы Хань әскерінің Ферғана алқабындағы Давань иелігіне жасаған жорығы болды. Қазақстан халықтары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди (б.з.б 140-86жж) батыс облыстарға жіберген тұңғыш қытай елшілігінің жетекшісі Чжан Цяннан алынған. Чжан Цянь «батыска»б.з.б. 138 жылы б.з.б 115 жылы екі саяхат жасады. Сюндарға (ғұндарға) қарсы Орта Азия тұрғындары юэчжилермен жэне Жетісу усундерімен одақтасуға қол жеткізу мақсаты көзделген еді. Чжан Цянь өз миссиясы барысында жат жерліктер шаруашылығының жай - күйіне, олардың әскерлер санына, қару - жарақтарына ерекше назар аударды, сондай - ақ олардың әдет - ғұрпының, мінез - құлқының , киім - кешегінің ерекшеліктерінің бэрін жазып алып отырды. Біздің заманымыздың I ғасырында Бань Гу «Ежелгі Хань тари-хы» («Цянь Ханьшу») еңбегі жазуда бастаған оның оқымысты карындасы Бань Чжао аяқгаған. Бань Гу тарихи шығармалардың жаңа жанрын - бір әулеттің басқару тарихын 22
жазуды бастап берді. Қытай мен орталық Азияның б.з.б II ғасырынан бастап жаңа заманға дейінгі тарихы баяндалатын 26 әулет тарихын баяндады. Еңбек Қытайдың бірегей тарихи мұрасы болып табылады. Бань Гу аталған шығармасының «Сиюй чжуань» («Батыс өлке туралы хикая») деген арнаулы тарауында Орталық Азияның жат жерлік халыктары суреттелетін мәліметтерге тоқталған. Осы тарихи - географиялық жағынан жаңа аймақты бөліп көрсету қытайлардың географиялық білімінің кеңейгенін ғана емес, сонымен қатар Қытайдың сырткы саясаты мен геосаясатывда оған стратегиялық мэн берілгенін де дәлелдейді. Мұнда Хань империясынан Орта Азияға апаратын негізгі жолдар көрсетіліп, оның экономикалық жэне этникалық топтары, олардың айналысатын жұмыс түрі, экономикалық жэне әскери жағдайы, көрсетілген. Шығыс Түркістанның полистері, олардың арасындағы соғыстар мен сауда саяси одақтар суреттелген. Тарауда Қытайдың Батыс өлкедегі дипломатиясы да сипатталған. Бань Гудың еңбегі 200 жылдай кезеңді қамтиды, Еңбекте Давань, Усун, Кангюй, сондай-ак Сюнну иеліктері туралы, сюнну билеушісі Чжичжидің Солтүстік - Батыс Тянь - Шаньдағы иеліктері туралы мэліметтер бар. Алайда Бань Гу өзінің еңбегінде өз кезіндегі оқиғалар туралы жазбаған, сондықтан да оның еңбегі « Ертедегі Хань эулетінін тарихы» деп аталды. Бұл жөнінде осы еңбекке қосымшаны У.ғасырдағы ғалым Фань Е жазған. Фань Е « Цянь Ханыиу» мәліметтерін толықтыра келіп, Бань Гудың еңбегінде баға берген. Фань Е. Қытайдың сырткы саясаты мен Орталық Азиядағы дипломациясына, Қытайдың дэстүрлі «батыс» саясатының саяси тұжырымдамаларына неғұрлым егжей-тегжейлі тоқталған. Бұл фактінің зор маңызы бар, өткені ол Орталық Азия халықтары туралы метериалдарды іріктеп алуға жэне олардың Қытай тарихнамасында көрсетілуі мен бағалануына ықпал жасада. Қытайдың феодалдық тарихында көршілес халықтардың тарихын баяндау ұлы хандық шовинизм мен қытайлық центризм тұрғысынан жүргізілген. Хань әулеті билік еткен кезенде (б.з.б II ғ- б.з ІІғ) Жібек жолы-ның негізі салынған. Орталық Азия халықтарының мәдениеттері мен қытай мәдениетінің өзара әсері мен өзара ықпалы жанданды. Қытайға жэне Қытайдан үлкен сауда керуендерін 23
ілестірген бір-неше елшілік аттандырылды. Қытаймен саудаға Орталық Азия көпестеріде қызу қызығушылық танытгы. Жібек жолының гүлденіп дамуы Қытайда Таң әулеті билік еткен кезеңмен (618-907) сәйкес келеді. Орталық Азия халыктары, олардың тарихы туралы мәліметтер беретін сол дэуірге тэн екі үлкен еңбекті атауға болады. Алғашқысы «Таң эулетінің ескі тарихы» («Цзю Таншу»). Бұл еңбекті Қытайдың бөлшектенуі кезеңінде авторлар ұжымы жазған. Ал «Таң әулетінің жаңа тарихын» («Синь Таншу) Сун дэуірінде (1043 - 60) Қытайдың аса көрнекті ғалымы әрі ақыны суян Сю (1007-72) бастаған авторлар ұжымы жазып қалдырған. Бұл еңбектерде Батыс Түрік, Түргеш мемлекеттік құрылымы этногенезі, қағанатының құрылуы мен олардың ыдырауы туралы мәліметтер бар. Аталған тайпалық мемлекеттік құрылымдардың Жетісуда жэне Қазақстанның оңгүстігінде, қазіргі Қырғызстанда орналасуы туралы мәліметтер беретін бұл қытай материалдары өте кұнды. Ертедегі дэуір мен б.з. VIII гасырына дейінгі Орталық Азия тайпапары мен олардың мемлекеттік құрылымдары тарихы, әсіресе үйсіндердің, каңлылардың, ежелгі түріктердің, түргештердің, қарлұқтардың саяси тарихына байланысты мәліметтер молынан кездеседі. Орталық Азияға саяхатшылардың жазбалары Таң әулеті билеген кезеңде де, XIII ғасырда да ең басты деректеме болып есептеледі. «Синь Таншу» мен «Цзю Таншуда» Жетісуга Шығыс Түркістан аймағы арқылы жүріп өткен қытай саяхатшыларының маршрут-тары: Шу, Талас өзендерінің аңғарлары, Ыстық көл суреттелген. Сюань Цзан Суяб, Невакет, Талас арқылы жүріп өткен. Ол қаһан сарайын, түрік тайпалары мен басқа да тайпалар кәсібінің әдет - ғұрпын суреттеген. Батысқа саяхат жасаушы қытай жазбалары география мен этнография бойынша түсініктерінің едэуір кеңеюіне байланысты монғол дэуірінде толыға түсті. Оған «Сопы Чан Чунның батысқа саяхаты туралы жазбалар» («Чжан Чунь чжэнь жэне Си юцзи») т.б еңбектерді атауға болады. Чан Чунь Солтүстік Қытайдан Орта Азияға 1220-1224 жж. Шыңғысхан жорыктары кезінде саяхат жасаған. Жетісу, Шу жэне Талас аңғарларында болып аймақтың егіншілігі жайлы жазып қалдырған. Шыңғысхан Орта Азияға жорықтар жасағанда онымен бірге еріп жүрген Елюй Чуцай «Батысқа саяхат суреттемесін» жазып 24
қалдырған. Елюй Чуцайдың жазып қалдырғандарынан оның моңғол ханы жаулап алған халықтардың тұрмысы, әдет - ғұрпы, мінез - құлқымен жақсы таныс болғандығын байқауға болады. Біржақты жазылғанына қарамастан, ертедеғі жэне орта ғасырлардағы қытай деректемелері, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуде ерекше құнды мәліметтер болып есептеледі. 1.4. Көне түрік жазуы Түркі жазбаларының алғашқы сызбалары мен мәтіндеріне байла-нысты ғылыми зерттеулер XIX ғасырдың басында басталды. Н.М.Яндерцев экспедициясы Орхон бойындағы Ордабалық Күлтегін ескерткіштерін тауып, элем ғалымдары бұл құндылықтар түркі этносының мұралары екенін анықтаған кезеңнен бастап ежелгі және байырғы түріктердің археографиясына деген қызығушылық артты. Оның себебі Орхон-Енисей мэтіндері ерте орта ғасыр жазба деректерінің бастауының қайнар көзі болды. Бұл деректер түркілер дэуіріне бастайтын бағдаршам болды. Алғашқы Көк Түрік қағанатының екінші қағаны Естеми қаған Батыс түрік қағандығын басқаруға кеткеннен кейін, қағанат тағына келген Мұқан қаған төрт түрлі реформа жүргізген. • Қағанаттың экімшілік басқару жүйесін бұрынғы Ғұн дэуіріндегідей оң, сол қанатка (тардуш, төлеш) жэне Ішкі Орда-лық деп үшке бөліп, әрқайсысына көсемдер тағайындады. • Салық жүйесін жаңалады • Тэңірлік дінге реформа жасап сыйынатын ғибадатханалар салдырды • Байырғы түрік бітіг (руна) алфавитіне реформа жасап түркі тілінің ішкі зандылығы бойынша ғылыми грамматикасын жасады. Міне осы кезеңнен бастап түрік бітігінің арнайы ережелері дайындалып жалпы халықтық альфавитке айналдырылды.Түрік қағанаты қол астындағы халықтар бір ғана альфавитті жазу жүйесін пайдалана отырып, әрқайсысы өз диалектісінде оқи беретіндей мүмкіндік туғызды. Нәтижесінде байырғы түрік бітіг (руна) алфавиті түрік халықтарын топтастыратын саяси құралға айналды. 25
Қазіргі дүние жүзіндегі 38 түркі халықтары өмір сүреді. Бүл жазу осы халықтардың бәріне ортак рухани мұра. Алғаш бүл кезеңді зерттеушілер бүл кезеңнің мэтіндері мен майда жазуларына ғана назар аударды. Мысалы: Күлтегін, Білге қаған кешенінде болған Н.М.Яндерцев В.В.Родлов, Г.И.Рамстедтер сынақтық қазба жұмыстарын жүргізбеген. 1912 жылы В.Л.Котвич Күлтегін кешеніне сынақтық қазба жүргізіп кешеннің кұрылымын анықтауға мүмкіндік берген. 1957- 59 жылы Чех зерттеушісі Ийсл, моңғол археологы Н.Сэр-оджавтар ескерткішіне толық қазба жұмы-сын жүргізіп археологиялық сипаттама берді. Білге қаған кешеніне 2001 жылы Моңғол-Түрік бірлескен археологиялық экспедициясы толық қазба жұмысын жүргізіп археологиялық сипаттама берді. Монғол жеріндегі майда жазулардың эпиграфикалық сипаттамалары 1976 ж. бастап жазыла бастады. Жазулардың орналасқан орны, мәтінмен бірге қашалған, жазылған таңбалар сипаттамалары 1976 жылға дейін берілмей келгендіктен зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болмаған. 1976 жылдан бұл жұмысты кешенді жүргізуге мүмкіндік туды. Б.з.І мыңжылдығында ежелгі түрік жэне түркі тілдес тайпалар мекендеген жерлерден шыққан көне түрік жазба ескерткіштердің елеулі жэне даусыз екі қасиеті бар, олар - автохтондығымен, яғни жергілікті сипатта болуымен жэне түпнұсқалығымен ерекшеленеді. автор өзінің көз алдында не болғаны немесе болғанынан көп уақыт өтпеген оқиғалар жайында, өзі жақсы білетін фактілер туралы жазған. Сол арқылы ежелгі түрік деректемелері түрік қоғамындағы этникалық, элеуметтік жэне мэдени үрдістер туралы жат жерлік байқаушылар жазған мәліметтерге қарағанда негұрлым дэл түсінік береді. Монғолия жерінен мейлінше құнды ежелгі түрік мэтіндері табылды. Деректеме тануда Енисей мен Таластан ашылған ескерткіштердің зор маңызы бар. Ең алдымен түрік хандары Күлтегін (732) мен Білге қаған (735) құрметіне қойылған ескерткіиггер — Кошоцайдам құлпытастарын атап өту керек. Бұл жазбалардың авторы, басқада көпшілігіндегі сияқты, қаған әулетінен шыққан Иолығ-тегін болған, ол түрік тілінде жазған есімі бізге белгілі тұңғыш жазушы. Осы екі ескерткішпен басқа да руна жазбаларының бэрі дерлік салыстыратын өзінше бір өлшемдерге айналды.Тоныкөк ескерткіші (шамамен 26
716), Кұлшора құрметіне орнатылған ескерткіш (722), Онгин жазбасы қосылатын Кошоцайдамның мәнерлі мәтіні негізінен Шығыс түрік кағанаты жөнінде мэліметтер береді. Сонымен бірге оларда Қазақстан мен Орта Азияның батыс түріктері тарихының оқиғаларына қатысты маңызды естеліктер бар, оларға талдау жасау тарихи - географиялық, тарихи-саяси жэне этнографиялық проблемалардьщ түтас кешенді зерттеу жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Ең қүндысы- «он оқ» (он жебе) халқы, түргештер, қарлүқтар, оғыздар, кенгерестер, Жетісу соғдылары туралы мәліметтер. Елетміш Білге - каған (747-759) қүрметіне жазылған эпитафия болып табылатын Селенга тасы (яғни Шине Усу ескерткіші) орхон ескерткіштеріне жатады. Бүл жазбаларда түріктермен бірге үйғыр-лардың тайпалық бірлестігіне билік еткен кыпшақтар уақыты жағынан бірінші рет деректер ауызша жеткізілген. Елетміш - қағанньщ түріктермен, түркештермен, қарлүқтармен жэне баслым-дармен озара қатынастарыньщ тарихы да баяндалады. Терхин қүлпытасы да ( 756) Елетміш - қағанға арналған жэне көп жагынан мазмүны Шине Усу жазбасынан асып түседі, кейде оған жолма - жол сәйкес келеді. Ескерткіште Алтай - Тарбағатай қарлұқтарының Жетісуға қоныстануы уақытына қатысты мезгілі көрсетілген маңызды тарихи оқига айтылады. Батыс Түрік қағанатының Жетісудан табылған ескерткіштері елеулі мәдени - тарихи қазына болып табылады, оған қабірлерге қойылған құлпытастарға, теңгелерге, тұрмыстық заттар мен ағаш таяқшаларға жазылған 12 жазба жатады. Бұл ескерткіштердің жоғары мерзімі VIII ғ, ал төменгі хронологиялық шегі, төменде, VIVII ғасырлар шебі болуы ыктимал. Таласта «қара рудан» шыққан түргеш қағандары- Сұлық Шабыт - шора мен ұлы билік еткен кезде (716-740 жж) жатады. Байырғы түркі дәуірінен бізге жеткен көне мәтіндер, бүкіл түркі этносының ата-бабаларының өз қолдарымен жазып қалдырған тарихи-мәдени жэне рухани түп-нұсқасы. Осы аталғандар Түркі ұрпағы үшін аса қымбат, сирек құндылықтарымыз. 27
1.5. Жазба деректер бойынша ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстанның зерттелу тарихы (б.з.б VII ғ.—б.з. XIII ғ. басы) Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін барлық ғылым салалары сияқты тарих ғылымы да орталықтың басқаруы мен бақылауында болды. Қазақстан тарихын сақтап қалу, жаңғырту, тарихшыларға түсетін ауыр салмақ, жауапты міндет. Бүгінгі тарихи үрдіске өзіндік өзгерістер әкелетін окигаларға жаңа көзкарастар пайда болып, оны оқытудың жаңа әдістері қалыптаса бастады. Қазакстан тарихына жаңаша көзқарас қалыптасып, оны оқытудың әдістемесі де бір ізділікке түсе бастады. Отан тарихын оқытудағы өзекті мәселелердің бірі - деректердің мағлүматтардың арасындағы эртүрлілігі. Бүгінгі тарихшылардьщ алдьшдағы ең маңызды міндеттердің бірі сол деректердің шынайылығьш анықтап бір ізділікке түсіру. Қазақстанның өткен тарихы отандық және шетелдік ғалымдардың көптен бері назар аударып келді. Жалайыр тайпасынан шыққан түрік тарихшысы Қадырэлі адДиннің 1602 жылы ауызша айтылып келген тарихи аңыздар мен Рашид ад-Диннің (XVI ғ.) гарихи жинағы негізінде «Оқиғалар жинагы» деген еңбек құрастырды. Бүл еңбекте монғол шапқыншылығынан кейінгі қыпшак даласында болған оқиғалар суреттеледі. Хиуа ханы Әбілғазы (XVII ғ.) «Түріктер щежіресі» жэне «Түрікмендер шежіресі» -деп аталатын тарихи екі шығарма жазып қалдырды. Шығармада оғыздардың, қыпшақтардың, қаңлылардың, алдыңғы және кейінгі орта ғасырларға қатысты тарихы, түрік этнонимдерінің этимологиясы сол түстағы Қазақстанның тарихи географиясы жөніндегі мәселелер қозғалған. Х^ІІІғ. басында Г.З.Байер Әбілғазының «Түріктердің шежірелік тармағы» деген шығармасын аударумен иіүғылданды. Түрік этностарының орта ғасырлық тарихын зерттеу ісінде Ресей тарихнамасының бастауында В.Н.Татищев, Н.М.Карамзин, С.М.Соловьев, В.Г.Василевский, П.В.Голубовский жэне басқалар болды, олар оғыздар мен қыпшақтардың (половецтердің) тарихын Киев Русінің тарихымен тікелей байланысы болған ыңғайда қарастырды. XIX ғасырдың екінші жартысында А.Шпренгердің, 28
Г.Юльдің, А.Вамберидің, Х.Френнің, В.В.Григорьевтің, В.П.Тизенгаузеннің еңбектерінде ІХ-ХІІғ.г түпнұсқа араб деректемелеріне негізінде түрік тайпалары туралы көптеген анық мәліметтерді анықтауға мүмкіндік берді. Ресей қүрамына енген халықтардың тарихын зерттеуде араб деректемелері негізінде алғашқылардың бірі болып Қазақстанның ортағасырлық тарихы жөніндегі бірқатар бағалы деректемелерді ашып, ғылыми айналымға енгізгендердің бірі Х.Д.Френ (1782-1851) болды. Х.Д.Френнің Якут географиялық сөздігінен (ХІІІғ.) тауып, көлемді түсініктеме берген Ибн Фадланның (Хғ.) 1829 жылы басып шығарылған «Жазбалары» ерекше бағалы болды. Онда Ибн Хаукальдың (X ғ.) басқа да бірқатар араб географтарының мәтіндері болды. Бүл «Жазбалар» бүкіл XIX ғасыр бойы еш тендесі болмаған еңбектердің үлгісіне айналды. Ресейлік В.Б.Григорьев Шығыс тарихы университетінде Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуге ерекше көңіл бөліп, араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (Хғ.) алдыңғы орта ғасырлық Қазақстан тарихы үшін зор маңызы бар деректерін, әсіресе кимектердің, карлүқтардың, шігілдердің, оғыздардьщ шаруашылығы, орналасуы, діні туралы мәліметтерді ғылыми айналымға тұңғыш рет қосты. Нәтижесінде XIX ғасырдың екінші жартысында орыс ориенталистикасыңда қазақ халқының шығу тегі, рулық-тайпалық құрылымына қызығушылық артты. В.В. Григорьев түсініктеме беріп, толықтырған К.Риттердің «Шығыс Түркістан» деген кітабы өзінің ғылыми маңызын әлі де жоғалтқан жоқ. Мүнда ол көшпелі сақтардың қоныстану географиясына көңіл аудара отырып, ертедегі авторлардың материалдарын, сондай-ақ ертеректегі араб географтарының Қазақстан халықтары мен тайпалары туралы, оның жерін басып өтетін сауда жолдары, ортағасырлық қалалармен қоныстар туралы хабарларын пайдаланған. В.В.Григорьевтің пайымдауынша Орталық Азиядағы алғашқы мүсылмандық түрік мемлекеті Қарахандар мемлекеті болып есептелді. В.В.Григорьевтің қарахандар державасының үйытқысы қарлүқтар болғаны туралы пікірін кейінгі зерттеушілер растады. А.Левшиннің. (Описание киргиз-кайсацких, или киргиз казачьих орд и степи Т.І-ІІ СПб., 1832) Н.И.Гродековтьщ зерттеулерінде қазақ халқының күрамына кірген бірқатар рулар мен тайпалардың 29
тарихи тағдырлары туралы, олардың ұрандары мен таңбалары туралы мәліметтер келтірілген. Шығыстың жазбаша ескерткіштерін табу мен басып шығаруға В.Г.Тизенгаузен зор үлес қосты. Оның мүсылман қолжазбалары бойынша көп еңбек етуінің жемісі араб жэне парсы шығармала-рынан Алтын Орданың тарихы жөнінде алынған үзінділер жинағы болды. (Сборник материлов, относящ ихся к историй Золотой орды Т.І - СПб., М-Л 1941) Оның анықтаған материал-дары Еуропа қорларында сақтаулы тұрған әр түрлі қолжазбалардан Шығыс Дешті Қыпшақтың монғолдардан бұрынғы жэне монғолдар кезіндегі тарихы жөніндегі ақпараттың аса кұнды деректемелердің қатарына жатады. Қазақстанда өз халқына ағарту және ғылым саласында қызмет етуғе құлшынған ұлттық кадрлар XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды. Шығыстанушы ғалым Ш.Уәлихановтың түрік халықтарының тарихы мен мәдениеті жөніндегі еңбектері мен зерттеулері орыс жэне дүниежүзі ғылымында жоғары бағаланды жэне қазіргі күндерге дейін өзінің ғылыми маңызын жойған жоқ. Ш.Уәлиханов жазбаша материалдармен бірге тарихи деректемелердің ғалымдарға беймэлім болып есептелетін жаңа саласы эпосты, аңыз-әңгімелерді гылыми қолдаң>та енгізді. Осы деректер негізінде қазақ халқы қалыптасуының ертедегі кезеңінің бастаулары белгілі болып. Халықтың қалыптасуында көшіп-конудың елеулі рөл атқарғаны анықталды. Түркістан өлкесінде 30 жылдан астам уакыт бойы қызметте болған Н.Н.Пантусов тарихқа, этнографияға, нумизматикаға, Шығыс қолжазбаларын оқуға көңіл бөлді. Ертедегі араб географтарының шығармаларынан Бабырдың «Жазбаларынан» аудармалар жариялады. Сонымен бірғе Г.С.Саблуков пен П.И.Демезон Әбілғазының ең алдымен деректеметанушылық маңызы бар «Түріктер шежіресі» деген шығармасын аударған (Родословная тюрок. Библиотека восточных историков Т.ІІІ - СПб., Казан 1854) Қазакстанньщ орта ғасырлық тарихын зерттеуде Н.А.Аристовтың «Опыт выясненіія этнического состава киргиз - казаков большой Орды и каракиргизов ЖИ, Вып 3-4, 1894г»- еңбегінде түрік тайпалары мен халықтары туралы кеңінен мэлім еңбектер ерекше орын алады. Көрнекті ғалым В.В.Бартольд Н.А.Арис30
товтың еңбегіне былайша баға берген «біздің шығыстану жөніндегі эдебиетіміздегі ең қуанышты кұбылыстардың бірі» болып табылады. (В.В.Бартольд сочинение Т.У мм., 1966, 266 -бет) Н.А.Аристовтың еңбегі зерттеліп отырған тақырып бойынша деректемелер мен әдебиет негізінде жазылған. Нэтижесінде ол түрік тайпалары мен халықтарының этникалык құрамы туралы материалдардың мейлінше толық жинағын жасай білді. Қазақтың үш жүзінің этникалық қүрамын анықтаған ол ежелгі түрік тайпаларының атауларын өз заманындағы рулар мен тайпалардың атауларымен салыстырады. Қазақтардың құрылуына қаңлылар мен қыпшақтар барынша көп қатысқанын атап өтті. Ол ғұндар империясын ежелгі түрік мемлекеті ретінде қарастырды. Аристовтың ғұн федерациясының ішінде ежелгі түрік тілдерінде сөйлесетін тайпалардың басым болғандығы туралы пікірі казіргі ғылыми әдебиетте орныққан пікір. XIX ғасырдың орта шенінде Н.Я.Бичуриннің қытай жазбескерткіштерінің ертедегі Орта Азия халыктары туралы мәліметтері жинағын бастырып шығаруы аса көрнекті құбылыс болды. (Собрание сведение о народах, обитавших в Средней Азий в древние времена Т.І-І1І-М 1850). Ол Қытай деректемелерінің Казақстанды ертеде жэне орта ғасырларда мекендеушілердің: хуннулардың (сюннулардың), усундердің, кангюйлердің, яньцайлар мен түрік тайпаларынын тарихы жөніндегі негізгі акпарат жинақтаған. 19 ғасырдың екінші жартысы - 20 ғасырдың басында грек жэне рим авторларының (Геродот, Ксенофонт, Полибий, Полиен, Прокопий Кесарийский) ертедегі Қазакстан мен Орта Азияның саяси жэне экономикалык, сондай-ақ экономикалық жэне мэдени тарихы мен тарихи географиясы жөнінде көптеген кұнды материалдар бар бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылды. В.В.Латышев көптеген антик авторларының еңбектерінен алынған Скифия туралы үзінділерді жарыққа шығарды.(В.В.Латышев Известия древних писателей, греческих и лат. о Скифий и Кавказе Ч.Т.І-И 1904-1906) Монғолиядағы Орхон өзеніқде руналық екі үлкен ескерткіш: Күлтегін жэне Білге-қаған құрметіне койылған ескерткіштер зерттеле бастады. Дат лингвисі В.Томсеннен кейін В.В.Радлов бұл жазбаларды оқудың кілтін тапты. Сол кезден бастап ежелгі түрік 31
эпиграфикасын зерттеу түркологияның орталыгы болған Петербургте маңызды салаға айналды. 1892-1903 жылдары В.В.Радловтың инициативасымен Орхон-Енисей жазбаларын зерттеудің нэтижелері қорытылған іргелі еңбектер шығарылды. Л.М.Мелиоранскийдің Күлтегін қүрметіне орнатылған ескерткішті тарихи филологиялык түрғыдан түсіндіру жөніндегі елеулі еңбегі сол кезде жарық көрді. (Мелиоранский П.М Памятник в честь Кюльтегина ЗВО Т.ХІІ 1899 г. В.В. Бартольдтің ортағасырлық Қазақстанның тарихы жөніндегі зерттеулерінің теңдесі жоқ ғылыми маңызы бар. Оның еңбектері отандық жэне дүниежүзілік шығыстануда тарих түпнүсқа деректемелер бойынша тарихи сынның қатаң талаптарына сәйкес зерттелген алғашқы еңбектердің бірі болды. Ол кимектер, қыпшақтар, қарлүқгар, оғыздар туралы аса маңызды деректеме-Гардизидің «Зайн эл-ахбар» деген еңбегінің түріктер туралы тарауларының түсініктеме берілген аудармасын да жариялады (Извлечение из сочинения «Зай ал ахбар СочТ.УІІІ М. 1973). В.В. Бартольд алдыңғы ортағасырлық Қазақстанның тарихы үшін аса маңызды больт табылатын «Худуд әл-алам деректеменісінің түсінікті болуға жол салды. Еңбектерінде Орталық Азия тарихы жөніндегі аса бағалы деректеме Махмүд Қашғари шығармасының географиялық, этнографиялық жэне тарихи деректерін мүқият пайда-ланды. (В.В. Бартольд Двенадцать лекций по историй турецких народов Средней Азий Соч.Т.У М. 1968 г) В.В. Бартольд «Книга моего Деда Коркута. Огузский героический эпос» М-Л 1962ж. еңбегінде Қазақстан тақырыбына тамаша ескерткіш - оғыздардың «Китаб дәдәм Қорқуд» батырлық эпосын аударуға көңіл бөлді. Оғыздардың эпикалық аңызын тарихи жэне фольклорлық түрғыдан түсіндіру барысында В.В.Бартольд Сырдарияның алдыңғы орта ғасырлық түркі тілдес халкынан мүра етіп алған Қорқыт туралы оғыз (түрікмен) жэне қазақ аңыздарының ортақ көзі туралы елеулі түжырым жасады. 1898 жылы алғаш жарияланған «Жетісу тарихының очерктері» деген кітабы Қазақстан тарихын зерттеуге қосылган бағалы ғылыми үлес болды. (Бартольд В.В. Очеркий историй Семиречья Соч.Т. II часть I М.1963) Бүл қазак тарихнамасында ерекше орны бар б.з.б. II ғасырдан б.з. XVIII ғасырға дейінгі Жетісудың саяси 32
тарихының зерттелуіндегі ғылыми маңызды еңбектердің бірі болып табылады Оның «Туркестан В эпоху монгольского начествия Соч.Т. I—II часть I М. СПб.1900» - деп аталатын екі бөлімнен тұратын, еңбегі ерекше құнды шығармалардың бірі больш табылады. Қазактың жоғары педагогикалық институтында болған кезінде В.В.Бартольд «Түрік-монғол халыктарынық тарихы» (1927) деген лекциясында көп жылдық ізденістермен тэжірибесін пайдалана отырып Махмұд Қашғаридің материалдары негізінде халыктар мен тайпалардың Қазакстан жерінде орналасуын қазақ халқының калыптасуыңда негізгі компонент болган қыпшақтар тілінің лингвистикалық ерекшеліктерін сииаттап берді. 1926 жылы «Орта Азияның түрік халықтарының тарихы жөніндегі он екі лекция» деген еңбегінде жэне «Шығыс тарихын Еуропаның тарихы сияқты ғылыми әдістерді қолдану жолымен ғана түсіндіруге болады» деген тезисін ұсынды. В.В. Бартольдтің орта ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихын бір жүйеге келтіріп белгілеген кезеңдері тарих ғылымына қосқан сөзсіз үлесі болып табылады. Оның ұсынған тұжырымдары Шығыс халықтары тарихнамасынан берік орын алды. Бүгінгі тәуелсіздік алған тұсымызда да В.В.Бартольдтің еңбектері Қазақстан тарихын зерттеуде көп жағынан негізге алынады. XX ғасырдың бірінші ширегіндегі көрнекті шығыстанушы И.Маркварт еуразияның далалық өңірінің хгшықтары мен тайпаларының тарихы жөніндегі мэселелерді кең көлемде сипаттап тілі жөнінен алуан түрлі жазбаша деректемелер негізінде қыпшақтарға (командарға) арналған кең көлемде монография жазды А.П.Чулошниковтың, С.Ж.Асфендияровтың есімдері Қазақстандағы тарихи-шыңысганушылық еңбектердің бастапқы кезеңін зертеулерімен белгілі. А.П.Чулошниковтың ғылыми ізденістері қазақтардың жэне оларды кұрайтын этникалық мэселердің тарихы басқа да түрік хапықтарының тағдырларымен байланыстырып жаңа деректемелер ұсынды. (А.П.Чулошников Очеркий по историй казак-киргизского народа в связий с обіцими историческими судьбами других тюрских племен часть I. Оренбург 1924). С.Ж.Асфендияров қазақтардың этногенезін, қазақ эпосын зерттеді, Қазақстан аумағанда феодалдық құрылыс қалыптасуының күрделі және сонымен бірге элі де аз зерттелген тұстарын ой 33
елегінен өткізіп, қорытуға елеулі әрекет жасады.(Асфендияров С.Ж История казахстана с древнейщих племен Т1 Алматы1936). М.Тынышбаев қазактардың негізгі тайпалары мен ру тарихын тану барысын кысқаша баяндап, алғашқылардың бірі болып тарихи түсініктемелер жасады (Тынышбаев М. Материалы по историй киргизказахского народа Ташкент 1925). Монғолдардың ХІ-ХУІІІ ғасырлардағы қоғамдық қатынастарының сипатына нақтылы материалдар негізінде талдау жасаған Б.Я.Владимирцов жазған монографиясы монғолтануда, түрік халықтарының тарихнамасында да зор рөл атқарды. (Б.Я.Владимирцов Обчественной строй монголов монголский кочевой феодализм.Л.,1934г.) (30-жылдарда Қазақстан тарихы бойынша «Қазақстанның өткені деректемелер мен материалдарда» деген жинақтың шығуы ертедегі жэне ортағасырлық: көне грек, латын, византия, қытай, араб-парсы жазбаша ескерткіштерін кешенді түрде сипаттаган еңбектердің бірі болды. (Алматы, 1935-1936, т. 1-2), 30-жылдары «Авестаны» зерттеу жүмысы жандана түсті. С.П.Толстов, В.И.Абаев, Г.Виденгрсн, И.М. Дьяконов, В.А. Лившиц дерек тану талдау мен мэтіндерді түсіндіруге елеулі үлес қосты. «Авеста» әртүрлі пікірлері бар сыни көзқараспен ерекше талдауды қажет ететін дерек көздері қатарына жатады. Қазақстанның ортағасырлық тарихы саласында А.Н.Бернштам археолог, этнограф жэне тарихшы ретінде қазақ халқы тарихының алдыңғы кезеңін, соның ішінде үйсіндер, ғүддар тарихы туралы жазбаша (көне түрік жэне қытай) деректемелеріне сүйене отырьш, ежелгі түрік мемлекетінің әлеуметтік күрылымын зерттеді. Ол V - VII ғасырлардағы согдылардың қоныстануынының рөлін және оның Түрік кағанатымен өзара қатынасын анықтап Жетісудағы қарлүк кезеңі туралы мәселені нақтылады. А.Н.Бернштам Жетісу мен Тянь-Шаньның ертедегі жэне орта гасырлардағы тарихи дамуы туралы зерттеулер жазды.(Бернштам А.Н Социально экономический строй Орхоно-Енисейских тюрков^І- VIII в.в М-Л. 1946ж) А.Ю.Якубовский VIII ғасырдан XV ғасырға дейінгі түрікмендер тарихы жөнінде үлкен еңбегінде (Якубовский А.Ю. Очеркий по историй Туркменского народа и Туркменстана в 8-12 век Ашхабат 1954 г). оғыздардың алдыңғы орта ғасырлардағы рулық-тайпалық 34
құрылымы, шаруашылык өмірі, элеуметтік-экономикалық қатынастары туралы материалдар жинақталып бір жүйеге түсірілген. А.Ю.Якубовскийдің Алтын Орданың тарихы жөніндегі зерттеуі гылымдағы ірі жетістігі осы мемлекет т>'ралы алғашқы іргелі еңбек жазушылардьщ бірі. УІ-ХУ ғасырлардағы Орта Азияны кезеңдерге бөлуді үсынган. С.П.Толстов Қазақстанның тарих ғылымының дамуына елеуі үлес қосқан ғалымдардьщ бірі. С.П.Толстов Сырдария оғыздары туралы үлкен тарихи-археологиялық материалды ғылыми айналымға енгізушілердің алғашқыларының бірі болды. С.П.Толстов «Древний Хорезм М., 1948., Города огузов» СЭ 1947 №37 - деген еңбектерінде Сырдария атырауындағы X ғасырмен XI ғасырдың басындағы оғыздардың шығу тегі туралы еңбектерді зерттеді. Оның еңбектері Қазақстан мен Орта Азия халықтары мэдениетінің ертедегі жэне ерекше бастауларын анықгауға мүмкіндік берді. 40-50-ж.ж. Қазақстан жерінде мемлекеттіліктің пайда болу және даму тарихының проблемалары зерттелді. Қазақстан жерінде мемлекеттік біршама кейініректе пайда болғаны туралы бүрын жалпы жүрт қабылдаған көзқарас қайта қаралды. 1943 ж Қазақ ССР тарихы жарық көрді. (Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін бес томдық 4-том Алматы «Атамұра» 20 Юж. 5076.) Аталган кітап қайта өнделіп 1949 ж. екінші рет өңцеліп қайта жарық көргенмен ізінше бұл кітаптың өзін қылмысты кітап деп жариялап кітап сауда жүйесінен алып тастау қалған бөлігін жою туралы қаулы шығарды. Осыдан барып «Қазақстан тарихын маркстік-лениндік тұрғыдан баяндау» туралы қаулы шықты. Тарихшы, әдебиетшілер қуғын- сүргінге ұшырады. Галымдар ғылыми талдау мен ақиқатты іздестірудің орнына саяси тапсырыстар және теориялық схоластикамен айналысты. Бірақ зерттеу ісі мұнымен тоқтап қалған жоқ өз жалгасьгн тауып қайта жанданды. 1978 ж бес томдық Қазақ ССР тарихы жарыққа шықты. Қазақ КСР-інің ежелгі заманнан Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі тарихы жөніндегі 1949 жылы шықкан ұжымдық еңбек Қазақстан тарихы жөніндегі алғашқы еңбектердің бірі. Соғыстан кейінгі жылдардың өзінде-ақ шығыстанушылардың Мәскеу мен Ленинградтың ғылыми мектептерін де қалыптасқан ұлттық қазақ кадрлары бірқатар ғьшыми зерттеулерді жүзеге асырды. Ә.Х.Марғұланның еңбектері тақырыптардың алуан 35
түрлілігімен, зерттелетін ескерткіштердің хронологиялык ауқымдылығымен ерекшеленеді. Ғалымның 1966 ж. жазылған - «Орталык Қазақстанның ертедегі мәдениеті» деген монографиясы Орталық Қазақстанның ежелгі заманын зерттеудегі маңызды кезең болып табылады. 50-жылдардың басында ежелгі парсы жазбаларының мейлінше толық басылымы жүзеге асырылды. Ескерткіштерді деректеметану жағынан зерттеу ісі кеңейтілді. Орта Азия халықтарының тарихындағы түңғыш рет массагеттердің Кир әскерін талқандауы (б.з.б. 530 ж.) анықталды. Ежелгі парсы жазбаларын антик авторларының деректеріне салыстыру, талдау жүмыстары жүргізілді. Сақ-скиф тайпаларының орналасу географиясы жөнінде К.В.Тревер, В.В.Струве, В.И.Абаев, С.И.Руденко, М.А.Дандамаев, С.С.Чсрников, И.В.Пьянков. Б.А.Литвинский, К.А.Акышев, М.Қ.Қалдырбаев жэне баскалар эр түрлі көзқарастарын білдірді. 50-жылдар мен 60-жылдардың басында ертедегі жэне ортағасырлық Қазақстаннын этносаяси тарихының проблемалары бойынша зерттеулер екі бағытта: Шьгғыс деректемелерінің аудармаларын жариялау жэне маңызды тарихнамалық проблемаларды зерттеу бағыттарында жүргізілді. Рашид ад-Диннін Азия далаларының көшпелі тайпаларының тарихы жөнінде ерекше орын алатын деректемелік тарихи еңбегі «Жылнамалар жинағын» аударып басып шығару ісі аякталды. Рашид ад-Дин белгілі бір окиғалар туралы өзі мәліметтер алған деректемелерінің арасында қытай, үнді, ұйғыр жэне қыпшак даналарының кітаптары болғанын айтқанмен өкінішке қарай ол еңбектердің өздері де, олардың авторлары да көрсетілмейді. Қазақстан тарихында «қазақ» терминінің пайда болған уақыты мен мэні ерекше мэнді оқиға болып табылады. Осы түрғыда Х.М.Әділгереевтің 1951ж. «К историй образование казахской народностий Вестник АН КазССР», М.Б.Ақынжановтың 1957ж. «Қазақтьщ тегі туралы», В.П.Шахматов 1950 жылы «К вопросу об этногенеза казахского народа», 1948 жылы С.В.Юшковтың «06 основных моментах историй казахского государства» т.б еңбектері жарык көрді С.Е.Малов 1950 жылдары жазған «Памятникий древнее тюркской письментностий.» еңбегінде көне түрік жазуын зерттеп, ежелгі түрік ескерткіштерінің материалдарына негізінде түрік кағанаттары шеңберінде болған этно 36
генетикалық үрдістердің Орталық Азия мен Сібірдің түркі тілдес халықтарының қалыптасу тарихына өте елеулі ықпал жасағаны жөнінде түжырым жасаған. 1957 жылы «Қазак ССР тарихының» жаңа басылымы бүрынғы шығармаларының қателері ескеріліп, түзетілді, олқылықтары толтырылды, Қазақстанның ертедегі жэне ортағасырлық тарихы жөніндегі зерттеулердің өз кезіндегі негізгі нэтижелері қорытылып, кезендерге бөлу мэселелері зерттеледі. Бүл кезеңде жазылған монографиялык талдаулар, зерттеулер түп нүсқаларға негізделіп жазуға үмтылыс жасалды. Қазақ тайпалары мен руларының шығу тегінің мәселелері жөніндегі әр түрлі деректемелердің материалдары қорытылып, олардың нақгы арқауы алдыңғы және соңғы орта ғасырларда жатқан генетикалық байланыстары іздестірілді, олардың ғасырлардағы орналасуын аныктауға ерекше көңіл бөлінді. С.Г.Кляшторныйдың 1964 жылы жарық көрген «Древнетюркские памятники как источник по историй Средней Азий» монографиясында ежелгі түріктердің руналық мәтіндерінен альшған материалдар талданып, жүйеге келтірілген, олар басқа деректемелердің материалдарымен салыстырылып, қол жеткен нэтижелер Қазақстан мен Орта Азия тарихына сәйкес тарихнамалық, деректемелік түрғыдан қорытынды жасалған. Еңбекте түріктер тарихына талдау қаңльшар мәселесі, соғдылардың Жетісуға қоныстануы жан- жақты зерттелді. Л.Н.Гумилевтің 1961 жылы алғаш жарық көрген түрік халықтарының тарихы жөніндегі еңбегінің қазақстан тарихнамасы мен деректемесінде алатын орны ерекше. Еңбек хунну державасы мемлекеті ежелгі түріктердің мемлекетіне арнальш, элеуметтіксаяси көшпелі қауымдастықтардың пайда болу, даму жэне жойылу заңдылықтары жан-жақты деректермен зерттелген. Автор хуннулар мен түріктердің саяси өміріне, олардың түрмысына, дініне, мәдениетіне тоқталған. Еңбекте ертедегі дәуір мен орта ғасырлардағы Ішкі жэне Орталық Азия көшпелілерінің географиялық орналасуына зор көңіл бөлген. Үлттық шығыстанушы кадрларын даярлау мен қалыптастыруда ғалымдар А.Ю.Якубовский, С.Е.Малов, С.Л.Толстов, А.Н.Бернштам, Б.Ғ.Ғафуров, А.Н.Кононов, И.П.Пет37
рушевский,ВА.Ромодин,С.Г.Кляшторный,Е.И.Кычанов, Б.А.Ахмедовтардың сіңірген еңбегі зор. Б.Е.Көмековтың 1972 жылы жарық көрген «Государство кимеков 9-11 в.в по арабским источникам» - деген монографиялық еңбегі IX -XI ғасырлардагы кимектер тарихы қазақ этногенезі мэселелеріне арналды. Өзімен шектесіп жатқан елдермен халықтар сияқты, Қазақстан да өзінің тарихи дамуында еіиқашан томаға-тұйық болған жоқ. Керісінше, сақтар, үйсіндер, қаңлылар, гүндар, түріктер, түргештер, қарлүктар, оғыздар, кимектер, қыпшақтар өздерінің төнірегіндегі этностармен тыгыз саяси, этникалық шаруашылық және мэдени байланыстар жасап отырды. Түркі тіддес тайпалардың тегі бір, тілі жақын, шаруашылықгары, түрмысы мен мәдениеті біртектес болуы бір-бірінің жеріне өтуі, белгілі бір тайпалардың эр түрлі түрік халықтарының қүрылуына қатысуына жэне т.б. әкеп соқты. Осы заңдылықтар себепті ертедегі жэне ортағасырлық Қазақстанды тарихишығысганушылық зертгеулерді дамыту үшін башқүрттар қырғыздар қарақалпақтар өзбектердің этникалық компонеттері ретіндегі қарлүқтар мен қыпшақтар алтайлықгар жөніндегі нақгы талдаулардың қазақстан тарихнамасы мен деректемесінде осы аталған кезеңді танып білуде, түжырымдар мен үстанымдар жасауда ерекше рөл атқаратыны сөзсіз. Қазақстанның ежеітгі, ергедегі жэне ортағасырлық тарихына қатысты қол жегкен дерек көздеріне сүйене отырьпъ жүйелі түрде баяндалған «Қазақ ССР тарихының» I жэне II томдарының шығарылуы (1977, 1979) ғылымға қосылған үлес болды. Пайдаланылатын жазбаша деректемелер шеңбері едәуір кеңейтіліп, түркі тілді, парсы тілді, араб тілді жэне қытай деректемелері пайдаланылды. Жазбаша деректемелердің түпнүсқа мэтіндері пайдаланылды. Авторлар Қазақстан археологтарының қазбаларының нәтижесінде алынған археологиялық материалдарға да, нумизматикалық жэне антропологиялық деректерге де сүйенді. Казақстанның ертедегі жэне ортағасырлық тарихының этникалық, саяси, элеуметтік-экономикалық жэне шаруашылық тарихы егжей-тегжейлі баяндалды. Зертгеу осы кезеңге дейін қол жеткен тарих ғылымының жегісгіктерін толық көрсетуге тырыскэн. 1986 жылы Қазақтың аса көрнекті ғалымы, ағартушы, саяхатшы, этнограф, Қазақстанның Орта жэне Орталық Азияның тарихы мен мәдениетін зертгеуші Ш.Ш. Уәлихановтың туғанына 150 жыл 38
толуына қарай 5 томдық Шығармалар жинаіының жана басылымы жарықка шықгы. 1985 жылы Алматыда ЮНЕСКО шеңберінде «Орта ғасырлардағы Орталық Азиядағы мәдени-тарихи үрдістер» деген атпен халықаралық конференция өткізілді. Онда VIII — XVII ғасырларда Орталық Азияда болып өткен этномәдени үрдістерге, аймактың көшпелі жэне отырықшы халқы өркениетінің элеуметггікэкономикалық базасы мен олардың арасындағы өзара қатынастар, мемлекеттік қүрылыс сипатына, мэдениеттердің өзара байланысы мен ықпалына назар аударылды. Қыгай жылнамаларының материалдарын ғылыми айналымға енгізу, ергедегі жэне ортағасырлық Қазақстанның түрік тайпаларының тарихын талдап шешу В.С.Таскин, А.Г.Малявкин, Ю.А.Зуев, И Рахевильц, А.Ш.Қадырбаевтың еңбектерінде жалғастырьшды. 1992 жылы С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сүлтановтың жазбаша деректемелер мен археологиялық деректердің бай материалына сүйеніп жазған «Қазакстан. Үш мыңжылдық жылнамасы» деген кітабының шығуы Қазақстан тарихнамасында елеулі қүбылыс болды. Ғалымдар Қазақстанның шығыстанушы-тарихшылары мен археологтарының халықаралық үлкен қоғамдастығы жетістіктерін қорыту еңбегін өз мойнына алған. Қазақ халқы этногенезінің ж;злпы үрдісін авторлар 2-3 мың жыл бойы халықтың екі тобын үнді-еуропалық жэне орталық-азиялық топтарының өзара әсері мен қосылуы деп көрсетеді. Нақ солардың арасынан біздің заманымыздың екінші мың-жылдыгында қазақ, қырғыз, қарақалпақ, өзбек халықтары мен басқа да түрік халықтары қалыптасқан. Қыпшақ қоғамы қалыптасуының Солтүстік Монғолия мен Алтай аймағында өткен алғашқы кезеңдері де зертгелген. Қыпшақ этносының күрылуын С.Г.Кляшторный біздің заманымыздағы III—IV ғасырларға жатқызады жэне көне түрік жазбаларындағы сирлермен үқсастырады. Қазақстан Республикасының өз тэуелсіздігі мен мемлекетгік түтастығьш алуына байланысты тарих ғылымы дамуының сапасы жагынан жаңа кезеңі бастапды. Қазір Қазақстанның Орталық Азиядағы, Еуразиядағы жэне жалпы бүкіл дүниежүзілік-тарихи үрдістердегі орны мен рөлін анықгау проблемасы барған сайын зор маңыз алып келеді. Қазақтардың этногенезі, «қазақ» терминінің шығуы, қазақ мемлекеттілігінің генезисі мен эволюциясы, қазақ халкының этникалық аумағының қалыіггасуы проблемаларына республика жүртшылығының ынта-ықыласы артатүскенін атап өту керек. 39
Еуразия көшпенділерінің өркениеті тарихи көршілес жатқан мемлекеттерге Иран, Қытай, Үндістан, Византия, Ресей, Шығыс Еуропа мемлекеттеріне маңызды ықпал етті. Көшпелілердің эскери ұйымдастырудағы жэне шаруашылығындағы көптеген элементтері отырықшы халықтардың да өмірінен көрініс тауып, өздерінің орасан-зор қашықтықтағы аумақтарды игеру ерекшеліктерімен әлемді таң қалдырды. Көшпелілердің қалдырған, сол заманның белгілері, ескерткіштері, тас балбалдары Байкалдан Дунайға дейінгі аралықтағы жер бетін де таралып орналасқан. Аталған кезеңге сәйкес Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректемесіне байланысты кұнды мэліметтер эліде жаңа заманның басталуымен толыға түсетіні еш күмэн туғызбайтын заңды қүбылыс. Бақылау сұрақтармен тапсырмалар: 1. Қазақ даласындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеудің басталуы 2. Қазақстан тарихын сипаттайтын алғашқы жазба деректер жайлы алғашқы мәліметтер 3. Ертедегі жэне орта ғасырлардағы қытай деректемелерінің қүндылығы неде? 4. Түркі этносьшың алғашкы сызбалары мен мәтіндеріне байланысты ғылыми зерттеулер 5. Ертедегі жэне орта ғасырдағы Қазақстанның жазбаша деректер бойынша зерттелу тарихы ( б.з.б VII ғ. - б.з. XIII ғасырдың басы Үсынылатын әдебиеттер: 1. Назарбаев Н.А. Тарих толқьгаында. Алматы, 1999 2. Козыбаев И.М. Историческая наука Казахстана. А., 1992 3. Қазакстан: көне зам. бүгінге дейін. 5-томдық. 1-3 томдар. Алматы, 1997, 1998, 2002 4. Бартольд В.В. Сочинения. Т.1-9. М., 1963-77 40
§2. ОРТА ҒАСЫРЛАР ДӘУІРІНІҢ СОҢҒЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ 2.1. Парсы жазба деректемелері XIII ғасырдың соңында түркі мемлекеттерінің жеріндмұсылмандық шығыстың негізгі үш әдеби тші: араб, парсы, түрік тілдері қалыптасты. Парсы тілінде Мырза Мүхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» жэне Шорастың «Хроника еңбегі, араб тілінде эл- Фарабидің, ибн Синаның, эл Бирунидің еңбектері жазылды. Рашид-ад—Диинің «Жами ат-таеаріос» («Жылнамалар жинагы»), -деген тарихи еңбегі XII—XIII ғасырлардағы моңғол жэне түрік тайпалары мен халықтарының тарихы жөніндегі кеңінен мәлімет беретін қүнды деректер қатарына жатады. Тарихшы Рашид-ад Диннің мәліметтері осы кезеңдегі тақырыптарды зерттеуші кейінгі авторлар үшін көптеген қүнды мәліметтер мен қамтамасыз етті. Осы кезеңдегі Темір дэуірі туралы түпнүсқа деректемелерді зерттеушілер екі топқа бөледі. Бірінші топқа Темірдің немесе оның билік еткен үрпақтарының әмірімен жазылған деректемелер. Оған: Низам ад-дин Шамидің, Шараф ад-дин Әли Иаздидің оны данышпан, әділетті мемлекет қайраткері етіп суреттейтін шығармалары тобы жатқызады. Екінші топқа бейтарап авторлар жазған шығармаларды жатқызды. Рюи Гонзалес де Клавихо жэне Батыс Европаның басқа да саяхатшылары жазған деректерді жатқызды. (Якубовский А.Ю .Тимур- Вопросы Историй, 1946 №8-9). Шараф ад-дин Әли Иаздидің «Зафар-намесіу> Әмір Темірдің өмірі мен қызметінің толық ресми тарихы жазылған. Ол Низам ад-дин Шамидің түркі тілді «Манзума-йи тюрки» хроникасы, күнделіктер, ресми қүжаттар, оқиғаларды көзімен көргендердің айғақтары негізінде жазылған. (Бардольт В.В. Туркестан в эпоху монг. нашествие Соч Т1. М1963 102 6). 41
Автор Ақ Ордада да, Моғолстанда да біртұтас билік болмағанын сипатгайтын көп дәйектер келтіреді.Темірдің жергілікті көшпелі жэне жартылай көшпелі халықпен шайқастарда оңай жеңіп шығуына бұл да көмектескен. Темір ұрпақтары тарихнамасының маңызды туындылары қатарында XV ғасырдың екінші жартысындағы шығармалар ерекше орын алады. Олардың ішінде Абд ар-Раззақ Самарқандидің «Матла ас-са дайн ва маджма эл - бахрайны» бар. Онда да Иран мен Орта Азияның Хулагу жэне Темір ұрпақтарының 1304 жылдан 1471 жылға дейін тарихы баяндалған. XIV- XV ғасырлар шебінде Ақ Орданың құлдырауы кезіндегі Шығыс Дешті Қыпшақтағы оқиғалар туралы, Барақ ханның мемлекеттің ыдырауына қарсы әрекеті, Үлыкбектің заманындағы Моғолстан мен Мауараннахрдың өзара қатынастары туралы жазылған. Мұхаммед Хавенд-шах Мирхондтың «Раузат ас-сафа» деген еңбегінде XV ғасырдың 20-жылдарынан басталатын Оңгустік жэне Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның тарихы жөнінде деректердің бар екенін В.В.Бартольд Үлықбектің Моғолстанға аталған жорығын сипаттауға арналған жазбаларында жан-жакты сипаттап жазған. (Улыкбек и его Времия Соч Том 2. Част 1 178 -196 б.б). Мирхондтың бұл еңбегідегі мәліметтер Темір мен оның ұрпақтарына арналған. Темір ұрпақтарьгаың тарихнамасында осы әулеттің өкілдері жазған еңбектер де бар. («Уложение Тимура. Ташкент. 1968.) Бұлар-түрік тіліндегі, эмір Темір шығарды деп саналатын «Темір ережелері» мен «Улус-арба» (немесе «Тарих-и арба улус»), яғни төрт монғол ұлысының тарихы. Келесі шығарма Үлықбектің өзінің басшылығымен жэне қатысуымен жазылған.Үлы астроном-ғаламнын бұл тарихи еңбегі Шыңғыс ұрпақтарының ұлыстары туралы ХУІ-Х^ІІ ғасырлардағы көптеген авторлардьщ еңбектеріне сілтемелер жасалған. Жошы мен Шағатай ұлыстары туралы материалдар соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына тікелей қатысты. Үлықбек Шағатай ұлысындағы 28 ханның және Жошы ұлысындағы 39 ханның есімдерін келтірген. Б.А.Ахмедовтің пікірінше XVIII ғасырдың бас кезінде-ақ «өзбек» терминінің пайда болуы туралы, оның XVI ғасырда Дешті Қыпшақтың батыс бөлігінде этноним ретінде қолданылғаны туралы мәліметтер ерекше кұнды 42
болып табылады. (Ахмедов Б.А.. Улугбек и его исторический труд «Тарих-и арба улус//Из историй науки эпоха Улукбека Ташкент 1979г.) Темір ұрпақтары тарихнамасы тақырыбы жағынан алуан түрлі. 2.2. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегі және Қазақстан тарихының көне шежірелері Мырза Мүхаммед Хайдар Хижра бойынша 905 жылы (1499/1500жж.) сол кезде моғол хандарының билігінде болған Ташкентте туған. Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы эмірінің үрпағы. Өмір сүрген жылдары 1499-155Іж.ж аралығы. Оныңтолық агы жөні Дулат Мүхаммед Хүсайынүлы Мырза Мүхаммед Хайдар. Мүндагы «Мүхаммед Хайдар»- өз аты, Мүхаммед Хүсайын әкесінің аты, «мырза»-текті эулеттің түқымы екенін білдіретін атау, «дулат» - шыққан тайпасының аты. Мүхаммед Хайдардың ата бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің қүрамына енген қазіргі Оңтүстік Шығыс Қазақстан, Қырғыстан, Шығыс Түркістан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін атқарған. Өздерінің мұрагерлік иеліктері - Маңлай Сүбені дербес басқарған. Әкесі қазак ханы Қасыммен бірігіп Шайбани ханмен жауласып жүргенде, 1508 ж. Шайбани әскерінің қолынан қаза болған. Мұхаммед Хайдардың анасы Хұб Нигар ханым-Шағатай ұрпағынан, Моғолстан ханыЖүніс ханның қызы. Жүніс белгілі мемлекет қайраткері, тарихшы жэне ақын Захир ад-дин Бабыр мен Моғолстан ханы Сұлтан Сайидтың немере туысы еді. Сегіз жасар Хайдар әкесінен жетім қалып үш- төрт жылдай өзінің бөлесі атақты кейін ¥лы Моғол империясының құрган атақты Бабырдың қолында болып тәрбие алған. Бабыр өзінің атақты «Бабырнама» атты мемуарлық кітабында Хайдар Дулатидың ақындық талантын, білімділігін, садақжебе жасаудағы шеберлігін аса жоғары бағалаған. 13 жасқа жеткенде Хайдар өзінің туған нағашысы Жүніс ханның немересі атақты Сұлтан Ахмет Алаша ханның баласы Қашқар өлкесін билейтін Сейіт ханның қолына келіп оның қарамағында эрі би, эрі әскербасы болып қызмет атқарған. Мырза Мұхаммед Хайдар Сейіт ханның сарайында болып, билеушінің мұрагері Абд-ар43
Рашид сұлтанды тәрбиеледі. Сейіт хан қайтыс болғаннан кейін оның баласы Рашит сұлтанға уәзір болып қызмет атқарған. Кейін Рашид хан дулаттардың жоғарылауынан қауіптеніп, оларға жазалау шараларын күшейту әрекеттерінен кейін Мүхаммед Хайдар Кашмирдегі Бабырдың балалары Қарман мен Ғүмайынның қасына барып, олар арқылы Кашмир уалэятын басқарды. Бабырдың сөздері бойынша Мүхаммед Хайдар Дулатидың бойында энциклопедиялық білім болған. Ол өз заманының барлық саяси оқиғаларының бел ортасында жүріп әртүрлі саяси қайраткерлермен тығыз байланыста болды. Мүхаммед Хайдар Дулати Орта Азия мен Қазақстаның тарихын жетік білді. 1541-46 ж Кашмирде Хайдар Дулатидың есімін әлемге танытқан шығармасы «Тарих-и Рашидиді» жазды. XVI ғасырдагы әйгілі тарихшы, әдебиетші Мырза Мүхаммед Хайдар Дулати Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса күнды деректер беретін «Жахһаннаме» дастанының да авторы. Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» деген шығармасы XIVXVI гасырлардың басында Қазақстан аумағы мен көрші аумактарда өмір сүрген ірі мемлекеттердің бірі моғолстан тарихына арнайы арналған. Бүл еңбекті Мүхаммед Хайдар Дулати үрпақтан-үрпақа жеткізіліп отырған әңгімелерге, моғолдардың аңызына, моғол хандарының сарайларында сақталып қалған қүпия қүжаттарға, куәгерлердің мәліметтеріне, қолына түскен тарихи жазба деректерге, өз бакылауымен түжырымдарына сүйене отырып парсы тілінде жазды. Сонымен қатар ғалым бүрындары өмір сүрген Жувейн, Жамал Қараши, Рашид-ад-дин, Әли Иазди, Әбдразақ Самарқанди сынды атақты ғалымдардың тарихи туындыларын қолданды Бүл туындыны архив мәліметтеріне сүйеніп отырған жазылған, тарихи анықтама деуге толық негіз бар. Хайдар Дулати қазақтардың орта ғасырлық тарихы туралы көптеген қүнды деректер қалдырды. «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде қазақ хандығынын қалыптасуы туралы, мүнан кейінгі Жетісу мен Дешті Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның күлауы, феодалдық соғыстар, казақ, қырғыз, өзбектердің сыртқы жауға қарсы күрестетегі соғыстары туралы көптеген деректер келтірген. Дастанда Ауған, Тибет, Үнді елдерінде орын алған кейбір саяси, әлеуметтік, мэдени окиғалар камтылған. Ғалым сол елдерде мекен еткен рутайпалардың, халықтардьщ тарихын, қоғамдық әлеуметтік өмірін, 44
әдебиетін, мәдениетін, эдет-ғұрпын, салт- санасын, жақсы білгендіктен осы шығарманы аса зор деректерге с\йеніп жазьш қалдырған. Бұл еңбектің ең кұндылығы-Хайдар Дулатидың өз көзімен аса маңызды оқиғаларды өзінен бұрынғы жэне өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі тарихи құбылыстармен шебер түрде байланыстыра отырып баяндаған. «Тарих-и Рашиди» қазіргі Қазақстан, Өзбек, Шығыс Түрікстан, Ауғанстан, Үндістан, Тибет елдерінің 15-16 ғасырдағы тарихын, географиясын эдебиеті мен мәдениетін зерттеуші ғалымдар үшін ас құнды таптырмас деректердің көзі болып табылады. Хайдар Дулатидың бұл кітабын қазак халқының төл тарихы, шынайы шежіресі деуге болады. Қазақ тарихы Хайдар Дулатидың айтуы бойынша Моғолстан мемлекетінің өмірге келуімен тікелей байланысты. Моғолстанның шығысында Ертіспен, солтүсігінде-Балкаш көлімен, батысында Түркістан жэне Ташкент шаһарларымен, оңтүстігінде Қашқариямен шектесіп жатқан ұланғайыр мемлекет болған. Сонау 14ғ. екінші жартысында Моғолстанның алғашқы хавдары Тоғұлық Темір мен Ілияс қожа Мэуеренахрды өзіне қарату үшін бір-қатар соғыстар жүргізген. Бертін келе осы мемлекетке қарасты Жетісу жеріндегі билік эмір Қамараддинге көшкен. Бұл кезде Орта Азияның билеушісі эмір Темір Моғолстан жеріне қай-қайта шабуыл жасаумен болды. Моғолстанның билеушілері эмір Қамараддин дулат, Еңке төре, Қызыр қожа хан жэне Ақ орда билеушісі Токтамыс хан бас қосып, Әмір темірге қарсы шықкан. 15 ғасырдың екінші жартысында мемлекеттің ішкі қайшылықтары күшейіп, қазақтың көптеген ру - тайпалары Дешті қыпшақты тастап кеткен. Жетісуға қоныс аударған оларды Шу өңірінде қазақтың хандары саналатын Жәнібек пен Керей бастап барған. Моғолстан ханы Есенбұға көшіп келген қазақтарға негізінен Шу өзені , Қаратау маңайынан қоныс беріп Жәнібек пен Керей Жетісуда қазақ хандығын құрды. Мырза Мұхаммед Хайдар жақсы білім алған, өз дәуірінің саяси оқиғалары мен кайраткерлерінен хабардар болды. Ол түркі тілінде әдеби шығармалар жазғанымен де, мұсылман тарихының тарихнамасына «Тарих-и Рашиди» еңбегінің авторы ретінде енді. Шығарма 1542-1546 жылдары Кашмирде орта Азиялық парсы тілінде жазылған. Еңбек бөлімнен-дафтарлардан тұрады. 45
I дафтар моғолдың Шағатай ұрпақтарынан шыққан хандарының тарихынан арналған. Бұл бөлім эмір Болатшы дуғлаттың 1533 жылы Қашқарияға (Монғолияда) оның билік ете бастағанына дейін Моғолстанда болған оқиғаларды баяндаған. II дафтарда автор 1541 жылға дейін жеткізген Бұл бөлімде өз өмірбаяны жэне сол дәуірдің көптеген тарихи адамдары туралы өмірбаяндық материалдармен қоса, Сұлтан Сайид Ханның моғолстандағы бұрынғы аумақтары-Жетісу мен Тянь-Шань өңірінде Шағатай ұрпақтарының билігін қалпына келтіру әрекеттері туралы мәліметтер бар. II дафтарда XV- XVI ғасырлар шебінде Орта Азияда, Шығыс Түркістанда, Ауғанстанда, Үндістанда болған көптеген тарихи оқиғалар баяндалған. Мұхаммед Хайдар мырза өз еңбегімен моғолдар, атап айтқанда,өз бабалары -дуғлат әмірлері арасында белгілі ауызша аңыздарға, ұлысбек-дуғлаттардың колы жететін ресми мемлекеттік құжаттарға негізделген. «Тарих-и Рашиди» деректемелерінің арасында сол дәуірдегі ықпалды дэулетті, белгілі тұлғалардың әңгімелері-замандастары мен оқиғаларға қатысушылардың айғақтары маңызды орын алады. Мұхаммед Хайдар өзіне дейін белгілі, тарихи шығарма авторлары Жамал ад -дин Қаршидің, Жувейнидің, Рашид ад- Диннің, Хамдаллах Казвинидің, Абд ар-Раззақ Самарқанидің, Шараф ад-дин Әли Йаздидің жэне баска көптеген адамдардың тарихи еңбектерін көптеп пайдаланған. «Тарих-и Рашиди» - XIV ғасырдың екінші жартысы -XVI ғасырдың басындағы Моғолстанның жэне XVI ғасырдың алғашқы он жылдықтарындағы Қашқарияның Шағатай ұрпағынан шыққан хандардың тарихы жөніндеғі ғана емес, сонымен қатар дуғлаттардың шыққан атақты адамдардың Шығыс Түркістан бөлігіндегі (Мандай Сүбе) билік ету тарихы жөніндегі де негізгі түп нұсқа деректеме. Бұл шығармада соңғы орта ғасырларда Жетісуды, Шығыс Дешті Қыпшақты, Тянь-Шань аймағын, Шығыс Түркістанды мекендеген моғолдардың, басқа да тайпалар мен халықтардың, атап айтқанда, қырғыздардың, ұйғырлардың, өзбектердің, ойраттардың жэне басқалардың тарихы жөнінде бірегей материалдар бар.Онда алғаш рет тарихнамада қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің көшіп кетуі туралы хабарланды (көшіп кету - жаңа қазақ хандығының өзінше бір өзін-өзі билеуінің, ерік білдіруінің нысаны), олардың этникалық сана-сезімін 46
қабылдау себептері туралы пікірлер айтылды. Қазақ хандарының Шайбани ұрпақтарымен, моғол хандарымен, қырғыздардың, ноғайлардың, қалмақтардың (ойраттардың) әміршілерімен өзара қатынастары айтылады. Мұхаммед Хайдардың шығармасын XVI- XVII гасырлардағы көптеғен шығыс авторлары мен, Орта Азия тарихын қазіргі зерттеушілер түпнұсқа ретінде пайдаланды. «Тарих-и Рашиди» қолжазбасы парсы тіліндегі көптеген тізімдерде, түрік тіліндегі аудармаларда сақталған. Ағылшын жэне орыс тілдеріндегі аудармалары жарияланған. Бұл еңбек-Қазақ хандығының тарихын зерттеу үшін де аса маңызды бастапқы деректеме. Онда қазақ хандарының тарихы тым қысқа болғанымен, дәйекті түрде баяндалған. С ө й т ііі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегінде қазақтың алғашқы хандары жэне олардың көрші елдермен қарым қатьінасы жан-жақты қарастырылған. Хайдар Дулати қазақ халқының этникалық құрамына енген ру-тайпалар жайында егжей-тегжейлі жаза келіп тайпалык тартыстардың тарихта сан рет қанды қақтығыстарға соқтырғанын, ел ішіндегі алаауыздықты сыртқы жаулар қалай пайдаланып кеткенін жан-жакты деректермен баяндайды. Мұхаммед Хайдар Дулатидың бұл еңбегін Англияның тарихшысы Денисон Рос (1871— 1940) ағылшын тіліне аударып, оны 1895 жылы Лондонда бастырып шығарған. Осы кітап ешбір өзгеріссіз 1972 жылы Лондонда қайта жарық көрді. Шығарманың қазақ тарихына қатысты тұстарын кезінде белгілі шығыстанушы ғалымдар ЕКВельяминов-Зернов, В.Вяткин аударма жасап өз еңбектерінде ғылыми дерек ретінде пайдаланған. Шежіренің кейбір бөлімдерін кезінде қазақтың көрнекті ғалымы С.Асфендияровта аударған. Хайдар Дулатидың қазақ тарихына қатысты жерлері 1969 жылы орыс тілінде жарық көрді. Өзбек ғалымдары «Тарих-и Рашидиді» 1996 жылы Ташкентте бастырып шығарды. Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди еңбегі-түркі тектес халықтар тарихынан, соның ішінде қазақ қауымының көне шежіресінен аса құнды деректер беретін бірден-бір туынды. 1999 жылы Мұхаммед Хайдар Дулатидың 500 жылдық мерей тойы түркі халықтарының ортақ мақтанышы ретінде халықаралық дәрежеде Ташкент қаласында атап өтілді. Тараз қаласында 47
Мұхаммед Хайдар Дулатиге арнап ескерткіш қойылды. Тараз мемлекеттік университетіне оның есімі берілді. 2.3. Соңғы орта ғасырлардағы парсы тіліндегі басқа да жазба деректер Шах-Махмүд Шорастың «Тарих» («Хроника») шығармасы Қазақ хандары Бұйдаш, Хақназар, Тәуекел, Есім жэне оның ұлы Жэңгір кезіндегі ХУІ-ХУІІ ғасырлардағы қазақ-моғол қатынастарының тарихы жөніндегі түпнұсқалық еңбек ретінде Шах-Махмұд Шорастың «Тарих» («Хроника») деген шығармасы ерекше маңызды Еңбек түпнұсқа, көз көргендер мен автордың мэліметтеріне негізделген. Шығармада Шығыс Түркістандағы моғол мемлекетінің әміршілері туралы мэліметтер бар. Шах- Махмұд мырза Шорастың шығармасы шамамен 1676-77 жыл-дарда жазылған. Ол ХУІ-ХУІІ ғасырлардағы қазақ-моғол өзара қатынастырының жекелеген жагдайларын сипаттауда тарихи дерек ретінде рөл атқарады. «Шах-Махмуд Чурас. Хроника Критический текс. Перевод, коментарии иследование и указатели О.ФАкимушкина М.1976». Еңбекте атақты хан Тэуке сұлтан катысқан елшілік туралы мәліметтер бар. (Материалы по историй каз. ханство 385 б). Камал ад-дин Бинай деректері. ХУІ-ғасырдың басындағы Орта Азиялық тарихнамада Камал ад-дин Бинай мен Молла Шадидин тәжік-парсы тіліндегі шығармалары маңызды орын алады. Камал ад-дин Бинаи (1453-1512жж.) әдебиетші Тәжік өлеңцерінің шебері, Гератта, Иракта, Самарканд пен Бұхарада тұрған. Мұхаммед Шайбани ханға қызмет етуге көшкеннен кейін 1504-1510 жылдар арасында оған арнап «Шайбани-наме және Футухат-и-хани» деген екі тарихи еңбек жазған Камал ад-дин Бинаи жастық шағынан бастап, Мауеренахрда Темір ұрпақтары мемлекетінің құлауына дейінгі Мұхаммед Шайбанидің өмір жолын баяндаған. Ол Темір ұрпақтарының күйреуіне Мұхаммед Шайбанидің әскер күші мен қолбасшылық талантынан гөрі, Орта Азияның бұрынға билеушілерімен шонжарларының арасындағы өзара қырқыстар мен кикілжің себеп болғанын көрсеткен. 48
Камал ад-дин Бинайдың қазақтар мен Қазақстан туралы мэліметтері көп эрі маңызды. Зерттеушілер (П.П.Иванов, А.М.Мирзоев, Р.Г.Мукминова, С.К.Ибрагимов, Б.А.Ахмедов жэне басқалар) Бинаи еңбегін маңызды деректеме ретінде қарастырады. (Материалы по историй казахского ханство XVIXVII вв ) Бинаи Әбілхайыр ханнан кейінгі Шығыс Дешті Қыпшақтағы жағдай туралы, ханның билікті қолдан шығарып алғаны туралы, Жошы ұрпақтарының, соның ішіңде қазақ хандары Жәнібек пен Керей, маңғыт мырзаларының қарсы шыққаны туралы, Сыр өңірі қалалары аймағында ықпал жасау жолындағы күрес тура-лы оқиғаларды баяндаған. Түркістанның Отырар, Сығанақ, Сауран қалалары туралы материалдары, сондай-ақ Дешті Қыпшақтың қүсшы, қоңырат, қият, найман тайпалары жэне өзбек қазақ башқүрт жэне басқа да түркі тілдес халықтарының қүрамына кірген өзге тайпалары туралы мәліметтері қүнды деректер қата-рына жатады. (Материалы по историй казахского ханство XVI— XVII вв 96- 127 б.б ). Ибн Рузбихан. Шайбанилік тарихнама қатарында Орта Азия мен Қазақстан тарихы жөніндегі аса маңызды түпнүсқа еңбекФазлаллах ибн Рузбихан Исфаханидін «Михман-наме-йи Бухара»(«Бухар мейманының кітабы») деген еңбегі ерекше орын алады. Ол хижра бойынша 862/6.3. 1457-58 жылы Иранда туған. Қазақстан мен Орта Азия тарихнамасында Ибн Рузбихан «Бухара мейманының кітабын» жазды. Шығарма Мүхаммед Шайбани ханның 1508-1509 жылдың қысында казақтарға қарсы жорығына арналған. ХУ-ХУІ-гасырлардағы қазақтар мен көшпелі өзбектердің әлеуметтік-экономикалық, мәдени, саяси өмірінің көптеген жақтарын сипатгайтын еңбек. Ибн Рузбиханның қазақтардың түрмысы, шаруашылығы, Шығыс Дешті Қыпшақ халқының этникалык қүрамы, Қазақстан мен Орта Азия халқының сауда-экономикалық байланыстары, Қазақ хандығының билеушілері мен шайбанилердің өзара саяси қатынастары туралы баяндайды.. Еңбектегі Дешті Қыпшақ пен Түркістан жөніндегі тарихи-географиялык материалдар, Оңтүстік Қазақстанньщ Сыр өңіріндегі қалалары туралы мэліметтері маңызды. Түркістан, Сауран, Аркөк жэне басқа қалалар жөнінде мәліметтер бар. Масуд Ибн Усман Кухистани. Шайбанилік тарихи әдебиет арасында Масуд Ибн Усман Кухистанидің «Тарих-и Абулхайр 49