хани» деген 1428-1468 ж.ж. Шығыс Дешті Қыпшақта билік еткен көшпелі өзбектер ханы Әбілхайырдың тарихына арналған. Шыңғыс хан мен оның мирасқорларының тарихы, Темір мен оның ұр-пақтарының тарихы сияқты жоғарыда аталған XVI -XV ғасыр-лардағы авторлар қолжазбаларының негізінде баяндалған. Шығарма 1543-1544 жылдарда, Шайбани ұрпағы, Самарқандта 1540-1551 жылдарда билік еткен Абд ал-Латиф ханның (Әбілхайыр хан немересінің) тапсыруымен тэжік ( ортаазиялық парсы) тілінде жазылған. Бұл ханға қызмет еткенге дейін Масуд Ибн Ку-хустани Әбілхайырдың ұлы Сүйініш-Қожа ханның хатшысы болған. Дешті Қыпшақ пен Түркістандағы XV ғасырдагы оқиғалар туралы ақпаратты Сүйініш-Қожа ханнан жэне Әбілхайыр ханнан басқа да серіктерінің ұрпақтарынан жинактаған. Еңбек Әбіл-хайырдың билік ете бастаған кезі, оның Қазақстанның далалық аймақтарындағы Жошы ұрпақгарымен жүргізген соғыстары, Хо-резм мен Сыр өңірі қалаларын жаулап алуы, Мауернахрдағы Темір ұрпақтарымен өзара қатынастары туралы айтылады. Кухустани еңбегінде Шығыс Дешті Қыпшақ халқының рулықтайпалық құрамы, көшпелі, өзбектер хандарының серіктері-эмірлер мен бектердің есімдері, әлеуметтік терминдер жөніндегі деректері, тарихи география жөніндегі деректері мен басқа да мәліметтерінің маңызы зор. (Материалы по историй казахского ханств.) Зайн ад-дин Васифи. Орта Азияның соңғы орта ғасырлардағы тарихын зерттеушілер үшін Зайн ад-дин Васифидің «Бадаи элвакай» («Ғажайып оқыиғалар») деген еңбегінің деректік маңызы зор. Ол XVI ғасырдың бірінші жартысындағы аймақ халкының түрлі топтарының қоғамдық, мәдени өмірінің, тұрмысының көптеген жақтары жөніндегі аса маңызды түпнұсқа деректеме болып саналады. Васифидің шығармасында Қазақстан тарихы жөніндегі -Шайбани ұрпағы Үбайдаллах ханның қазақтарға жасаған жорықтары туралы мәліметтер бар. Сыр бойы қалалары өмірінің түрлі жақтары, Саурандағы медресе құрылысы туралы, суландыру жүйесі туралы, жер бөлу жэне т.б. мағлұматтар жазып қалдырған. Васифи Сауранда Түркістанда, Ташкент қаларында болган. (Болдыров А.Н. Зайн ад-дин Васифи таджикский писател XVI в. 1957г). 50
Хафиз Таныш ибн мир Мұхаммед Бұхаридің XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазакстан тарихын зерттеушілер үшін «Шараф-наме-йи-шахи» («Шахтар даңқы кітабы») деген еңбегінің маңызы зор. Еңбекте автор Шайбани Абдаллах ханның қызметін әскери жорықтарын, Орта Азия мен көршілес өлкелерде болған оқиғаларды жазып отырған. Абдаллалх өзінің шайбанилік мемлекетті біріктіру жолындағы күресінде қазак ханы ПІығай мен оның үлы Тәуекелдің әскери күштерін пайдаланғаны жөнінде мәліметтері бар. Қазақтардың Сыр өңірі қалалары үшін күресі туралы да жазған мәліметтері. Абдаллах ханның Сарысуға Дейінгі қазақ жеріне жасаған жорығы туралы мәліметтерден сол түстағы қалалар мен далалық аумақтың, экономикалық жағдайы туралы деректер алуға болады. (Материалы по ист. каз.ханств). Махмуд Ибн Әмір Уэлидің «Бахар әл-асрар фи манакиб элахйар» (« Өнегелі адамдардың ерліктері жайлы ғаламат күпиялар») деген энциклопедияльщ еңбегінде де соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жөнінде алуан түрлі құнды материалдар бар. Автор XVII ғасырдың 1-жартысында өмір сүрген, Балхта туған, Үндістанда т.б елдерде болған. Сол түстағы тарихи кітаптардан, білімді, адамдармен сүхбаттардан ғылыми мәліметтер жинап Аштархани Нәдір-Мұхаммед шахтың тапсыруымен өзінің негізгі еңбегі ғарышнама, география, жалпы тарих жөніндегі 7 томдық «Бахр аль-асрар» шығармасын жазған. УІ-томда Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының тарихы баяндалады. Томның екінші бөлімінде Мәуеренахрдағы, Моғолстан мен Шығыс Түркістандағы Шағатай ұрпақтарының тарихы баяндалған. Соңғы бөлімнің көптеген материалдары Қазақстан тарихына, әсіресе Орта Азия мен XVII ғасырдың онжылдықтарындағы қарым-қатынастары тарихына қатысы бар. Махмұд Ибн Уәлидің мәліметтері оқиғаларды көзімен көргендер мен қатысушылардың айтқандарына негізделген. Қазақ сұлтандары Есім мен Тұрсьшның егестері туралы, Есімнің ойраттарға қарсы жорығы, Имамкули ханның Ташкент пен Түркістанды Есімге беруі туралы оқиғаларды баяндаған. Махмуд Ибн Уәлидің Жошы мен Шағатай ұрпақтарының тарихы жөніндегі мәліметтері бар. Ақ Орда хандығының, Моғолстанның Қазақ хандығының тарихына қатысты; тарихи география, Орта Сырдария өңіріндегі қалалардың сипат51
тамасы жөнінде материалдар бар. Бұл деректемені ғылыми айналымға бірінші рет В.В. Бартольд енгізген. ( Бартольд В.В. Отчет о командировке в Туркестан Соч Т.8 М. 1973 170- 196 с) 2.4. Соңғы орта гасырлардагы түрік тілді деректемелер Орта Азия мен Шығыс Түркістанда жазылған түрік тілді әдебиет ескерткіпггері соңғы орта ғасырлар дәуіріндегі Қазакстан тарихы жөніндегі деректемелер арасында маңызды орын алады. Оларда орта гасырлардағы Қазақстан тарихының қазақ халқының қүрылуы, Қазақ хандығының пайда болуы дамуы, ХҮ-ХУІІІ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы өмірінің көріністерін баяндайтын мәліметтер бар. Абдаллах Балхи. «Зубдат әл-асар» («Маңызды жылнамалар») деген шығармасы Шахрухияның, кейіннен Ташкенттің билеушісі Келді-Мұхаммед сүлтанның тапсыруымен жазылған Қүрастырма хроника болып табылатын шығармада мүсылман әулеттерінің тарихы 1525 жылға дейінгі оқиғалар баяндалған «Зубдат әл-асарда» қазақтардың саяси тарихы мен олардың билеушілері жөнінде материал бар. Мүхаммед Шайбани ханның 1510 жылғы өзбектердің жеңілісімен аяқталган қазақтарға жорығы туралы айтылады. Басқа деректермен қатар, Қасым ханның Түркістан мен Ташкентке жорығына байланысты мәләметтер де келтіріледі.(Материалы по историй казских ханств 15-18 веков Алма-Ата 1969 г. 128-134 б.б). Бабыр деректемелері. Бабыр тарихшы, ақын, билеушіҮндістанда Үлы Моғолдар империясының негізін салушы. Бабырдың (1483-1530) тарихнамада «Бабыр-наме» («Бабыр жазбалары») деген атпен белгілі болған еңбегі орта ғасырлардың тамаша тарихиәдеби ескерткіштерінің бірі болып саналады. Жас кезінде Бабыр Ферғананың мүрагер билеушісі болған. Уақыт өте келе Орта Азияда Темір үрпақтарының орталықтандырылған мемлекетін қүру жолындағы өзара қырқысқан күресіне белсене қатысады. Алайда Дешті Қыпшақтан келген Мүхаммед Шайбани Темір ұрпақтары әулетінің түбіне жетті. Бұл жағдай Бабырды 1504 жылы Ауғаныстанға кетуге мэжбүр етіп, сол жерден ол Орта Азия мен 52
Үндістанға жорыктар жасады. 1526 жылы Бабыр Үлы Монғолдар эулетінің негізін қалап, онда 1530 жылға дейін билік етті. Бабыр сол дэуірдегі көптеген оқиғалардың куәгері ғана емес, тікелей қатысушысы да болды. Ол қалдырған «Жазбалар» Орта Азия, Ауғаныстан және Үндістан тарихы жөніндегі өте кұнды деректеме болып табылады. Бұл кітапта сол замандағы ғұрыптың мейлінше толық көрінісі берілген. Қазақстан тарихы үшін Бабырдың Жетісу моғолдары, Шыгыс Дешті Қьшшақтағы Әбілқайыр мемлекеті туралы, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың тарихи географиясы жэне Орта Азиядағы баскада түрік тілдес халыктардың этникапық тарихы туралы мәліметтері ерекше маңызды.(Бабур Захир ад- дин Мухамеммед Бабырнама. Орыс тілінен аударған Б Қожабеков. Алматы 1990.ж) Өтеміс қажы. XVI ғасырда «Шығыс-наме» деген тарихи шығармасын жазды. Хиуа тарихшысы Өтеміс қажы ибн Маулана Мұхаммед Дост. Елбарыс ханның (1512-1525) қызметінде болған ықпалды отбасынан шыққан. Өтеміс қажының өзі әуелгі кезде Елбарыс хан жанында, сарай хатшысы болып қызмет еткен атқарған. «Шығыс-наме» орта ғасырлардағы Қазақстан халқының саяси, этникалық-саяси, шаруашылық, элеуметтік-мэдени өмірі жөнінде мәліметтернің береді. Өтеміс қажының туындысы Шыңғысхан мен оның ұрпақтары билік еткен уақытты қамтиды Еңбек көбінесе ауызша айтылған аңыздарға негізделген. Алтын Орданы тарихын, XIV ғасырдағы Қазақстан тарихын зерттеушілер үшін, маңызды мәліметтер береді. Утемиш-хаджи. Чингиз-наме. (Факсимиле, перевод, транскрипция, текстологические прюлечание, иследование В.П.Юдина, Алма- Ата, 197-92 с). Мухаммед Салих Шайбани ханның ресми тарихының авторы ақын эрі ғалым болып табылады. Оның «Шайбани-наме» («Шайбани туралы кітап») ретінде белгілі шығармасында Шайбани ханның туғанынан бастап, оның көшпелі өзбектермен бірге Мауараннахр мен Хорезмді жаулап алу кезіне дейін (1500- 1509жж.) Қазақстан (Шығыс Депші қыпшақ) мен Маураннахр аумағында болған саяси оқиғалар, Шайбани ханның Кереймен жэне Жәнібекпен, Бұрындық ханмен Қасыммен өзара қатынастары, Сыр бойының қалалары үшін күресі баяндалады. 53
«Таварих-и гузида-йи нусрат-наме» («Жеңістер кітабыньщ таңдамалы тарихы») Әулеттік тарихта НІыңғыс хан мен оның патшалық еткен ұрпақтарының тарихы, Монғолияда, Дешті Қыпшақта, Орта Азияда билік етуші Шайбани ханның тарихы баяндалады. «Таварих-и гузи -дада» Әбілқайыр хан өлғеннен кейін Шығыс Дешті Қыпшақ далаларында қалыптасқан жағдай туралы да, Керей мен Жәнібектің сол даладағы ісқимылдары туралы да айтылады. Хандардаң тархан атақтары мен беруі туралы мағлұматтар бар. Құжаттардың Сығанақ өңіріндегі жер иелену тарихын зерттеудегі маңызы зор екені дау туғызбайды. Қадырғали Жалайырдың «Жами ат-таварих» («Жылнамалар жинағы») еңбегі Қазақтың жалайыр тайпасының өкілі Қадырэли бек (Қадырғали, 1530-1605жж.) бізге дейін жеткен, «Жами аттаварих» («Жылнамалар жинағы») деген тұңғыш тарихи еңбекті жазды. Бұл шығарма ауызша тарихи аңыздар мен Рашид ад-Диннің тарихи жинағы(ХІУ ғ.) негізінде жазылган. Белгілі би Қадырәли бек Ондан сұлтанға, ал одан соң оның ұлы Ораз-Мұхаммедке қызмет еткен. Қалмақтардың қолынан Ондан сұлтан өлгеннен кейін Қадырғали Ораз-Мұхаммедпен бірге Көшім ханның қамқорлығымен Сібір хандығына қоныс аударған. Мұнда ол Сібір хандарына кеңесші болып қызмет еткен. 1588 жылы Сібір воеводасы Д.Чулков Ораз-Мұхаммедті оның барлық туысқандарымен жэне нөкерлерімен бірге алдап, тұтқынға түсіріп, оларды Қадырғалимен бірге Москваға аманат етіп жіберді. 1592 жылы Феодор Иванович патша Ораз-Мұхаммедке Касимов хандығынан жер бөліп берді. Ал 1600 жылы Борис Годунов оны Касимов қаласының билеуші ханы етіп қойды. Қадырғали 1607 жылы өз туындысын сонда жазды, онда Рашид ад-Дин еңбегінің Шыңғыс-хан мен оның мирасқорлары тарихымен байланысты жекеленген бөлімдерінің қысқаша мазмұны келтіріледі. Кітаптың қазақ хандары тарихын көп жағынан айқындайтын екінші бөлігінің дербес жэне өте құнды маңызы бар. Әбілгазы (1603-1664жж.) ерекше мэні бар дерек ретінде екі шығарма жазьш калдырған. Олар:«Шаджара-йи тюрк» («Түріктердің генеалогиясы») «Шаджара-йи таракима» («Түркімен шежіресі») қаламынан шыққан. Әбілғазы Үргеніште туған. Өзара кырқысқан күрестің салдарынан Бұхараға қашып барған. Содан соң Хорезмге қайтып оралып, Үргенішті үлеске алған. 1627 жылы өзбек54
тер (Әбілғазы бастаған) мен түрікмендер (оның бауыры Исфендияр бастаған) арасындағы саяси бақталастық салдарынан Хорезмнен кетуғе мәжбүр болып, қазақтарға қашып барды, онда оны Түркістанда Есім хан қабылдады. Содан соң екі жыл бойы Ташкент ханы Түрсынның жанында болған. 1643 жылы Арал өзбектері Әбілғазыны өздерінің ханы деп жариялады. Әбілғазы «Түріктердің ғенеалогиясында» Қазақстан мен Орта Азиядағы, Маңғыт (Ноғай) Ордасындаға Шайбанилер әулеті туралы мәліметтер кездеседі. Әбілғазының «Түрікмен шежіресі» маңызды тарихи деректеме ғана емес, сонымен қатар көпшілігі орта ғасырлар дәуіріндегі түфік халықтарының халық әңгімелері, аңыздары, этнонимдердің әдет-ғұрыптар, мақалдар мен мәтелдер баяндалатын әдеби ескерткіш . Шер-Мұхаммед Әуез би. XVIII ғасырда Мунис деп аталып кеткен Шер-Мұхаммед Әуез би «Фирдаус әл-икбал» («Жұмақтағы бақыт бағы») деген тарихи шығарма жазды. Ол сарай маңындағы тарихшы, ақын, мемлекет қайраткері болды. Мунистің «Фирдаус эл-икбалды» еңбегі 1829 жылы қайтыс болуған соң бұл еңбекті Мунистің хан қызметіндегі мирасқоры, шәкірті болған туған жиені Агахи аяқтаған. «Тарих-и Қашгар» («Қашғар тарихы») Шығыс Түркістанда XVII ғасырдың екінші ширегінде жазылған. Автордың есімі белгісіз. Мазмұны жэне құрылымдық жағынан «Тарих-и Қашғар» орта ғасырлардағы Шығыс Түркістан Орта Азия тарихнамасынан мәліметгер береді. Оғыз хан туралы аңыз, Шыңғыс хан мен оның мирасқорларының тарихы алдыңғы жазбаша деректемелер негізінде баяндалады. Шағатай мен оның ұрпақтарының едәуір еғжей-тегжейлі тарихы берілген.,1670 жылдан кейінгі оқиғалардың баяндалуы толық мағынасында алғанда түпнұсқа болып табылады. «Тарих-и Қашғардағы» қазақтар туралы соңғы мағұлмат XVII ғасырдың басында Даниал қожаның Шығыс Түркістанда Шығатай ұрпақтарының әулеті құртылған аласапран кезенде Шыңғыс ұрпағы ретінде қазақ сұлтаны Есімді Жаркент тағына шақыруы туралы хабарлар бар. (Ибрагимов некоторые данные к историй казахов 15-16 веков. Материалы по историй казахского ханств. 476-492). Мұхаммед-Салық Қашгари жазған «Тазкира-йи ходжаган» («Қожаның ғұмырнамасы») деген шығармада Есім ханның Шығыс Түркістандағы іс-қимылдары туралы мағлұмат бар. Бұл еңбек 55
қазақтардың Жоңғария қалмақтарымен қарым-қатынастарының жекелеғен жақтарын, сондай-ақ қазақтар мен моғолдардың арасындағы саяси байланыстарды зерттеулілер үшін материал бар, атап айтқанда, Материалы по историй казахского ханства 476-492 б.б) Мысалы Хақназар ханның Абд әл-Латиф сүлтанды өлтіруі жэне Моғолстан ханы Абд ар-Рашид ханның қарсы жорығы туралы мағлүмат келтіріледі. Молла Мүса Айса қожа Сайрами. Оңтүстік Қазақстанда, Сайрам қаласында туған Молла Мүса Айса қожа Сайрамидің қаламынан шыққан «Тарих-и амнийа» («Тыныштық пен қауіпсіздік тарихы») деген тарихи шығармада соңғы орта ғасырлардағы қазақтар тарихы жөнінде мағлүматтар бар. Шығыс Түркістанда жазылган бүл еңбекте осы аймактың Нүхтан бастап, XIX ғасырға дейінгі тарихы баяндалады. Молла Сайрами өз туындысында, қазақ-қалмақ қатынастарының тарихынан деректер, келтірілген. Сайрам түрғындарын Шығыс Түркістандағы өздері көшіп жүретін жерлерге көшіруі туралы мағлүмат келтіреді. «Тарих-и амнийада» келтірілген ¥байдаллах хан грамотасының мэтіні ерекше қүнды. Грамотаның мазмүнында XVI ғасырдағы Оңтүстік Қазақстанның Сыр өңірі қалаларының тарихы туралы мәліметтер бар. Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихының проблемаларьш талдап шешу үшін халық шығармашылығының ескерткіштерінің (шежірелер) орны бөлек.. Халық шығармашылығының ескерткіштері қазақ халқының үш жүзі туралы аңыздар, халық қүрамына енген эр түрлі этникалық компоненттердің тарихы, орналасуы жэне мэдениеті жөніндегі бағалы ақпараттар береді Қазақтардың шежіресін ғылыми айналымға енгізудегі негізгі қиындық оларды өңдеу мен түсіндіру әдістемесін эзірлеуге байланысты. Әл-Омари. Мысыр қаласында туған ғалым эрі сяхатшы. Әл-Омари (1301-1349) жазған «Масали әл-абсар фи мамалик әламсар» деген еңбек маңызды географиялык шығармалардың бірі. Бүл шыгармада моңғол шапкыншылығының зардаптары Қазақстан мен Орта Азия халықтарының өмірі туралы, Жетісудагы қалалар мен сауда жолдары туралы, қыпшақтардың орналасуы мен этнографиялық ерекшеліктері туралы мәліметтер бар. Әл-Омаридың татар мен моңғолдардың қыпшақтар арасына сіңісіп кету үрдісін баяндауы ерекше маңызды. 56
Ибн Баттут жол жазбалары. Бүкіл мүсылман дүниесін шарлап шыққан атақгы саяхатшы Ибн Баттутаның (1304-1377) жол жазбалары- Дешті Қыпшақ тарихы жөніндегі маңызды деректемелердің бірі. Ибн Баттутаның саяхаты суреттелген «Тухфат аннуззар фи гараиб әл-амсар ва аджаиб әл-афсар» («Қалалардың гажайыптары мен саяхат кереметтерін аңғаратындарға сыйлық») 1356 жылы эл-Капби жасаған әдеби өндеу болып табылады. Ибн Батгутаның Қырым арқылы Солтүстік Кавказ далаларына, Еділ Бұлғариясы мен Алтын Орда және сол жерден Хиуаға, Бүхара мен Ауғанстанға сапарының «Туфатта» келтірілген егжей-тегжейлерінің баға жеткісіз маңызы бар. Алтын Ордадағы күнделікті түрмыстың көріністері, әлеуметтік қүрылыс, шауашылық, сауда жолдары, даладағы коныстар мен калалар және түрік халықтарының тарихына қатысты жэне басқа да көптеген мәліметтер ерекше күнды. Ибн эл-Фураттың (1334-1405), әл-Калкашандидің (1355- 1418), эл-Макризидің (1364-1442), Ибн Тангрибердидің (1411- 1465), Ибн Иястың(1448-1524) жэне басқаларының энциклопедиялық еңбектерінен этникалық, саяси тарихи жэне рухани мәдениеті түрғысынан алғанда Мамлюк мемлекеті сүлтандарының Дешті Қыпшақ хандарымен байланыстары туралы едәуір нақты материал алуга болады. 2.5. Деректеметануда IX-XVII ғасырдағы араб, парсы және түрік әдебиеті Орта ғасырларда араб тілінде жазған авторлардың шығармалары деректік материалдарының молдығымен ерекшеленеді. Мэселен, тарихшы географтар Әл - Якуби, Ибн - Хордадбек, Ибн эл - Факих, Ибн - Русте, Ибн - Хаукаль, Әбу - Дулаф, Әл - Масуди, Әл - Макдиси, Әл - Марвази, Әл - Идриси, Г ардизи өз көздерімен көргендеріне негізделген тарихи - географиялық деректер түріндегі еңбектер жазған. Авторлар орта ғасырлардағы Қазақстан аумағында мекендеген түркештер, оғыздар, қарлүқтар, қыпшақтар, кимектерд.б. туралы ауқымды мәліметтер беріп, олардың орналасуы, шаруашылығы, қалалары, сауда жолдары, қолөнері жайында мол деректер келтірген. Араб 57
тіліндегі деректердің авторлары кұрастырушыларға айналып, уақыт өткен сайын олардың шығармалары ездерінің мэнін жойған. Құрастыру эдісі бойынша еңбек жазган орта ғасырлық авторлар тарихи оқигаларды баяндауда елеулі кемшіліктерге жол беріп, қателіктерге бой алдырған. Әйтсе де мұндай шығармалардың тарихи білім қа-лыптастырудағы, эрі орта ғасырлық тарихнамадан өз заманынан мәлімет беретін деректік тұрғыдағы еңбектер ретіндегі маңызы айтарлықтай. Осы дэуірде пайда болған араб тіліндегі жазба деректердің де біразы топтамалар түрінде жарияланды. Мұсылман тарихнамасы Мұхаммед эл- Насауи, Мұхаммед Иакуб Бухари, Мұхаммед Карминаги, Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулати, Мұхаммед Юсуф Мунши, Мир Мұхаммед Амин Бухари, Хафиз Тыныш, Мұхаммед ибн Наджип Бекран, Хайдар ибн Хусаин Рази, т.б. авторлардың шығармаларымен толыға түсті. Мұхаммед Хайдар Дулат тарих жазуда шынайылық принңипіне үлкен мэн берді. Тарихи оқиғаларды баяндау шындығында орьга алған жайттарға сәйкес болуы қажет екендігін басшылыққа алып, өзі әңгімелеген процестердің ақиқатына кепілдік беріп отырды. Мұхаммед Хайдар “Тарих и Рашиди” еңбегін объективтілік принципін ұстану арқылы жазғандығына көпшіліктің назарын аударып, ХУ-ХУІ ғ.ғ. Дешті-Қыпшақ пен Орта Азия аумағындағы тарихи оқиғаларды анағұрлым шынайы көрсетуге тырысқан. Сондықтан да бұл еңбек деректік жағынан аса құнды шығарма болып табылады. Сонымен қатар өз заманының куәгері болып табылатын шығарманың тарихнамалық дерек ретіндегі де маңызы зор. Еңбекте Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы бойынша маңыздалығы мен сипаты жөнінен едэуір құнды материалдар бар. Арабтардың орта ғасырлардағы тарихнамасының Қазақстан аймағына ерекше ден қоюы олардың Орта Азиядағы жаулап алған жерлерін нығайту жэне Қазақстанның жауынгер көшпелі тайпаларынан сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі де байланысты болды. эл - Балазур (ІХғ) мен ат - Табаридің (IX) туындыларында VIVIII ғасырлардың орта шенінде араб шапқыншылығына қарсы күресте Орта Азия халықтарына елеулі көмек көрсеткен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның түркі халықтары туралы маңызды мәліметтер бар. Оңтүстік Қазақстанның жекелеген аудандарына 58
арабтардың басқыншылық жорықтары туралы деректер келтірілген. Арабтардың аса ірі тарихшысы, парсы текті эл -Балазур Орталық Азия тарихы жөніндегі кұнды деректемелердің бірі «Елдерді жаулап алу Кітабы» («Китаб футух әл - булдан») деген шыгарманың авторы болып табылады. «Пайғамбар мен патшалар тарихы» («Тарих эр - русул уэлмулук») деген елеулі еңбек жазған ат-Табари да парсылық болды. Кейін Бағдатқа қоныс аударып өмірінің ақырына дейін сонда тұрып, өз өмірін ғылымға арнады. Оның еңбегінде халықтар туралы мэліметтер келтіріліп, халифат тарихы жылнама ретінде баяндалады. Ат-Табаридің замандасы, Бағдатта туған, энциклопедиялық білімі бар адам- эл — Жахиз (ІХғ) «Түріктердің қасиетгері» («Манакиб эл атрак») деген кітабына Қазақстанның көшпелі түрік тайпаларын түңғыш рет этнографиялық тұрғыдан суреттеп берді. Ол түріктердің әскери қасиеттерін, олардың қалада тұратын арабтың көзіне әдетте тыс ерекшелігімен айрықша көрінген немесе халифтардың төңірегіндегілерге маңызды болған эдет-ғұрпын суреттейД І. Араб Тамим ибн Бахрдың Солтүстік - Шығыс Қазақстандағы Ертіс аңғарында жатқан кимектер елі арқылы Тоғыз - ғұз қағанының астанасына кимектердің орналасуы, шаруашылығы туралы мәлеттер келтіреді, Тараздан қимектер патшасының ордасына барған жолын да айтып өтеді. IX ғасырда араб тілді географиялық шығармаларында да байланыс жэне хабар беру қызметінің бастығы Ибн Хордадбехтің «Жолдар мен мемлекеттер кітабы» (Китаб әлмасалик уә-л- мамалик) сауда жолдарын сипаттап, эр түрлі елді мекендер ара-сындагы қашықтықты керсеткен. Ибн Хордадбехтің еңбегі көп жағынан халифаттың пошта кызметінің мұрағаттарына негізделген. Тарихшы эрі географ эл - Якубидің «Елдер кітабы» (Китаб эл - бұдан) деген географиялық шығармасында Қазақстан түріктері туралы ауқымды тарихи-этнографиялық материал бар. Оның жазғандары хабарларының дәлдігімен ерекшеленеді. Әл - Якубидің оғыздар, карлұқтар, кимектер, тоғыз оғұздар мемлекеттілігі мэліметтері ерекше маңызды. Араб географы жэне филологы Кудама ибн Жафар «Харадж және хатшы өнері туралы кітапта» (Китаб әл - фарадж уэ санъат эл - китаба) географиялык - экімшілік мәсеелер жазылған. Ол 59
пошта бастығының жоғары қызметін атқарған. Оның шығармаларында өзендер, жеті климат (белдеу) туралы мәлеметтер келтіріліп байланыс жолдарына жэне жерге орналасуы мен алынатын салықтар туралы деректер келтіріледі, провинцияларды суреттеуге едэуір көңіл бөлген. Мұсьшман елдерімен, түрік тайпалары: карлұқ, кимектер, оғыздар, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу шегіндегі сауда жолдары туралы, маршруттар, қалалар, қоныстар жэне олардың арақашықтығы туралы материалдар бар. Араб географы Ибн - эл- Факихтің (IX ғ. аяғы-Х ғасырдың басы) «(Елдер туралы әңгімелер кітабында» Азия мен Шығыс Еуропаның көптеген елдері туралы тарихи - географиялық материалдар жеткілікті. Еңбектің Түріктер туралы тарауында түрік тайпалары (қарлұқ, кимектер, қыпшақтар, оғыздар, тоғыз - ғұздар жэне басқалар) туралы, қалалары, сауда жолдары, орналасуы, шаруашылық жэне мәдени қызметі туралы құнды мәліметтер келтіріледі. Ибн Рустенің «Қымбат тұратын алқа туралы кітап» (Китаб элалак эн -насифа) деген шығармасы түрлі саяхатшылар мен географтардың туындыларынан құнды фактілерді жинақтап жазған. Оның түркі тілдес тайпалар мен олар мекендеген жерлер туралы бөлімдерінің зор маңызы бар. Араб географиялық әдебиетінің ең гүлденген шағы -X ғасыр. Араб географы әрі саяхатшысы, Орталық Иранның тұрғыны эл - Истахри «Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап» деген еңбегі эл - Балхидің неғұрлым ертедегі, бізге дейін жетпеген географиялық еңбегінің өнделген жэне толықтырылған нұсқасы болып табылады. Кітапта Аравия, Парсы теңізі, Магриб, Мысыр, Сирия, Румдар теңізі, Ирак, ҮндІстан, Иран, Хазар теңізі, Армения, Әзірбайжан, Хорасан жэне Мауараннахр суреттеледі. Әрбір ел шекаралары, қалалары, қашықтығы, маршруттары саудасы, қолөнері туралы жекеленген деректер келтіріледі. Қазіргі Қазақстан аумағында тұрған түрік тайпалары: оғыздар, кимектер, қарлұқтар туралы жекеленген деректер келтіріледі. Шығыс Еуропа хазарлар, буртастар, орыстар, бұлғалар өмірі суреттеледі. Онда «Дүние жүзінің картасы» келтіріліп, түрік тайпаларының шоғырланған жерлері көрсетілген. Ибн Хаукаль солтүстік Мосопотамиядан шыққан, өз кезінде көп саяхат жасаған. Әл - Истахри мен Ибн Хаукаль еңбегінің 60
маңызды бөлігі «Жер келбеті» (Сурат эл - арт) деген географиялық карта болып табылады. Мәтінімен бірге картаны зерттеу түрік тайпаларының орналасуы туралы мәліметтер бар. X ғасырда арабтың екі саяхатшысы Ибн Фадлан мен Әбу Дулаф Қазақстан жері арқылы жүріп өткен. Ибн Фадлан туралы ешқандай өмірбаяндық мәлеметтер жоқ. Ол «Жазба» (Рисала) деген елеулі туынды жазған, онда хазарларға қарсы араб - бүлғар одағын орнату жэне бүлғарлар арасында ислам негіздерін орнықтыру мақсатымен араб халифатының астанасына Еділ бүлғарларына бірнеше адам болып барған делегацияның сапары суреттелген. Елшілік Бағдаттан 921 жылғы маусым айында шығып, бүлғарларға 922 жылдың мамырында жеткен. Жолды Хамадан, Рей, Нишапур, Мерв, Бүхара, содан соң Хорез, Үстірт жэне Жайық арқылы Еділ бойына қарай жүріп өткен. Онда орыстардың, хазарлардың әлеуметтік жэне рухани тарихы жөнінде маңызды мәліметтер келтіріледі. Этнографиялық сипаттағы мәліметтер әсіресе қазіргі Қазақстанның батыс облыстарын мекендеген оғыздарға қатысты мәліметтерді айтуға болады. Бүқарада самани билеушісі II Насырдың сарай қызметшісі болған Әбу Дулаф 942 жылы Қытай мен Үндістанға сапар жасап, өз замандары арасында саяхатшы атанған. Әбу Дулаф саяхаттары туралы өз естеліктерін екі «Жазбада» (Рисала) баяндаған, оларда оғыздардың, кимектердің, қарлүқтардың, жікілдердің шарушылығы, діні мен түрмысы туралы мәліметтер айтылады көзімен көргендері туралы жазған. Араб тарихшысы эрі географ эл - Масудидің (Хғ) шығармалдары бағалы тарихи деректеме болып табылады. Оның білімінің негізгі көзі Үндістаннан Атлант мұхитына, Қызыл теңізден Каспий теңізіне дейінгі елдер қамтыған «Уақыт тарихы» (Ахбар эл - заман) деген 30 томдық тарихи - географиялық энциклопедиядан бізге жеткені- «Алтын жуғыштар мен асыл тастар кеніштері» (Мурудж эз -захаб уэ маадин эл -джавахир, 943ж.) мен «Тәлімгерлік жэне қайта қарау кітабы» (Китаб ат - танбих уә -л - ишраф, 956ж). Әл - Масудидің еңбектерінде түрік тайпалары (кимектер, оғыздар, қарлүқтар, барысхандар, тоғыз - ғүздар, хазарлар) туралы тарихи - географиялық мәліметтер мен алдыңғы ортағасырлық Қазақстанның тарихи географиясы жөнінде деректер келтірілген. IX ғасыр61
дың екінші жартысында Батыс Қазақстанда болған тарихи оқиғалар туралы деректер бар. Әл - Марвазидің (ХІІғ) «Жануарлардың табиғи қасиеттері» (Табаи эл - Хайауан) деғен шығармасын Қазақстанның орта ғасырлардың тарихьшың құнды деректеме. Арабтың ғеоғрафы - ғалымы эл - Идриси арабтардың орта ғасырлары жөнінде «Аймақтарды аралап қажыған адамның көңіл көтеруі» ( Нузхат эл - муштак фи - хтирак эл - афак) деген аса ірі географиялық шығарма жазды. Ол Сеутте туып, Кордовода оқыған, Лиссабонда, Англияда, Франңияда, Мароккода, Кіші Азияда болған. Ол Шығыс Еуропаны, Кавказды, Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген халықгар туралы этнографиялық жэне тарихи - географиялық сипаттағы қызыкты эрі бірегей хабарлар айтады. Орта ғасырлардағы Қазақстан аумағында мекендеген түрік тайпалары: кимектер, қыпшақтар, оғыздар, қарлұктар, түргештер, туралы, олардьщ орналасуы, шаруашьшығы, қалалары, сауда жолдары, қолөнері туралы маңызды мэліметтер келтіріледі. Ол кимектер елін суреттеген кезде ол Шығыс Қазақстан далаларында туған кимек ханзадасы Жанақ ибн Хакан эл - Қимеки (X- XI ғғ) жазған кітапты пайдаланған. Әл - Идрисидің еңбегінде келтірілген жэне «Жер келбеті» (Сурат эл - ард) деп аталатын географиялық карталар ерекше ынта - ықылас туғызады. XIII ғасырдан бастап ғарышнамалық әдебиет дамып, алуан түрлі экзотика мен кереметтерге ынта - ықылас туғызады. Араб географы Ибн Санд (ХІІІғ) «Жеті климат туралы» шығармасы Қазақстанның Еділ бойы мен Орта Азияның XIII ғасырдың орта шеніне дейінгі тарихи географиясын зерттеуге мүмкіндік береді. Қыпшақтар мен кумандар туралы, олардың қоныстануы, қалалық қоныстары мен діні туралы мэліметтер жеткілікті. Тарихшы жэне географ Закария әл-Казвинидің (ХІІІғ) туындылары да деректемелердің осы тобына жатады. Автордың есімі «Жан - жануарлардың кереметтері» (Аджанб эл - махлукат) жэне «Қалалар ескерткіштері» (Асар әл - билад) деген екі тарихи - географиялық еңбектерімен эйгілі болды. Бұл еңбектер эр түрлі жарық көздері жердің жеті климаты (ықылым), теңіздер, өзендер, таулар, минералдар, өсімдіктер, жануарлар мен эр түрлі экзотика туралы нақты материалдарға бай. Сонымен бірге оларда IX - X ғ.ғ. қазіргі Қазақстан аумағында мекендеген түркі тілдес тайпалар: оғыздар, қарлұқтар, 62
жікілдер, кимектер туралы тарихи - этнографиялык маңызды деректер де келтірілген. XIII гасырда Сирия галымы Якут «Елдер тізбесі» (Муджам эл - бұлдан) деген географиялық эмбебап түсіндірме сөздік жасады. Якуттың орта ғасырлардагы Қазақстан мен оған шектес жерлердің XIII ғасырдың басына дейінгі көшпелі түркі тайпалары туралы деректері толықтығымен ерекшеленеді. Сөздікте, моңгол шапқыншылығы, моңғол әскерлерінің қыпшақтар, алаңдар, бүлғалар жэне Саксин аймағы арқылы жүріп өтуі келтірілген. Месопотамияда туған көрнекті араб тарихшысы Ибн - эл - Асир (ХІІІғ) Якуттың замандасы эрі жақын танысы болған. Ол Аравияны, Сирияны, Палестинаны аралап саяхат жасаған, 1188 жылы Салах ад - Диннің кресшілерге қарсы шайқастарына қатысқан. Ибн- эл Асир «Тарихтың толық суреттемесі» (Әл - қамил фи - т - тарих) деген іргелі тарихи хроника жазған, онда монғол шапқыншылығын қоса алғанға дейінгі мүсылман дүние-сінің тарихы баяндалады. Ғалым орасан зор нақтылы материал жинаған, біркатар жағдайларда ол бізге келіп жетпеген жазбаша деректемелердің пайдаланған. Мүсылман әулеттері мен оларға шектес мемлекеттердің (Араб халифатының, Саманилердің, Қара-хандардың, Хорезмшахтардың, Қарақытайлардың жэне басқаларының) саяси тарихы суреттеледі. Хорезмнен шыққан араб тілді тарихшы, ең соңғы хорезмшах Жалал аддиннің сарайындағы хатшысы жэне өмірбаяншысы эн - Насави монғол шапқыншылы-ғының карсанындағы және сол кездегі Хорезмшахтар мемлекетіндегі оқиғаларға арналған (Жалал ад - дин Манкубирти сүлтанның өмірбаяны» (Сиратас - сүлтан Жалал ад - дин Манкубирти) деп аталатын шығармасында Хорезмнің ішкі жэне сыртқы істері туралы мәлеметтер бар. Еңбекте Қазақстан даласы қыпшақтарының Хорезм мен бейбіт қатынастары қарулы қақтығы-сының фактілері көрсетілген, сондай - ақ қыпшақ қоғамының ішкі қүрылымы туралы деректер келтірілген. Мэмлүктер (қыпшақтар) әулетінің билік басына келуімен арабтардың Алтын Ордамен байланыстарының жандануына себеп болды. XIV- XV ғасырларда Мысырда тарихи әдебиет едәуір дамьщы. Әкімшілік мақсаттары үшін энциклопедиялар жасапады, оларға түрік әулеттері, халықтары жэне олардың елдері туралы тарихи - географиялық деректер де енгізіледі. 63
Қыпшақтан шыққан сұлтан Рукн - ад - дин Бейбарыстың (1260- 1277) өмірбаянына арнап, оның хатшысы Әбді аз - Захир жазған тарихи еңбек XIII ғ пайда болады. Өмірбаяндык шығармада Алтын Ордамен өзара қатынастар туралы мәлеметтер келтіріледі. Қырымнан Итилге (Еділге) дейінгі қысқаша жолнұсқа беріліп сол кездегі Дешті Қыпшақтың діни жэне идеологиялық жағдай туралы хабарланады. Көрнекті тарихшы эн - Нувайри (ХІУғ) «Әдеп тэртіптері жөніндегі тілектер шегі» деген энңиклопедиялық жинағы 5 бөлімге бөлінеді, олардың соңғысы тарихқа арналған. Тарих бөлігі негізінен құрастырма баяндау 1331 жылға дейін жеткізілген. Автор түрік халықтары туралы тарихи- этнографиялық келтіреді. «Қыпшақтар елін» қысқаша сипаттап, қыпшақ рулары арасындағы өзара соғыс туралы хабарлайды, қыпшақ тайпалары туралы қүнды мәліметтер береді. Монғол шапқыншылығының Орта Азия, Еділ бойы мен Кавказ тағдыры үшін зардаптары туралы, олардың әдет - ғүрыптары туралы мәлеметтер бар. Араб саяхатшысы Ибн Баттутаның (ХІУғ) 25 жыл (1325-1349) саяхат жасап, 150 мың шақырымнан астам жол жүріп өткен. Мысырда, Палестинада, Сирияда, Йракта,Үндістанда, Бенгалияда, Цейлонда, Қытайда. Ауғанстанда, Орталық Африкада болған. Ол сапарлары туралы «Қалалардың ғажайыптары мен саяхаттардың кереметтері туралы пайымдаушыларға тарту» (Тухфат эн - Нузар фи гаранб эл - амсар уэ аджанб эл - асфар) деген кітабында баяндаған. Ғалым Астраханнан Константинопольге барған, сонан соң Алтын Ордаға қайтып келіп, хан ордасы Сарайда болған, Еділден жүзіп өтіп, Үстірт, Хорезм, Бүқара мен Ауғанстан арқылы жүріп өткен. XIV - ХУғасырдың басында Ибн Халдун аса көрнекті араб тарихшыларының қатарына жатады. Ол «Өсиеттер мен ғибратты үлгілер кітабы» (Китаб эл - ибар...) деген тарихи еңбегінде, мәдениетке жэне адамдардың шаруашылық қызметіне өзінің философиялық жэне саяси-экономикалық көзқарастарын, дүниетанымын баяндайды. Екінші кітапта ежелгі халықтардың жэне автор заманындағы мүсылмандардың Шығыстағы мемлекеттерінің, соның ішінде Таяу Шығыс пен Орта Азияда билік еткен Қарахандар, Салжүқтар, Хорезмшахтар, Мәмлүктер, Монғол эулеттері мемлекеттерінің тарихы баяндалады. Үшіншісі арабтар мен берберлердің тарихына арналған. Ибн Халдунның еңбегінде турік тайпаларыньщ; оғыздар, қарлүқтар, кимектер, қыпшақтардың ал64
дыңғы ортағасырлык тарихы жөнінде де мол нақтылы материалдар кездеседі. Орта ғасырлық авторлар құрастыру әдісін кеңінен пайдаланған жэне жекелеғен фактілерді анықтаудағы қателіктерге барғаны байқалады. Олардың ақпарат бергенде бір-біріне каншалыкты жэне не жөнінен тәуелді екенін, олардың туыңдылары қандай дэуірде, қандай саяси жэне элеуметтік жағдайларда жасалғанын жан-жақты анықтауды қажет етеді. Өкінішке орай осы аталған әдеби шығармалар басқа деректердің түрлері сияқты түпкілікті тұрғыда зерттелмеген. Араб парсы түрік тілдеріндегі эдеби деректерді жазушы саяхатшылар, географтар, ақындар, жыраулар, ғалымдар, ислам дінінің білгірлері, ислам өркениетінің өкілдері болды. Кеңестік дэуірдегі қазақстан тарихына байланысты осы деректердің аз зерттелуі осы мэселеге байланысты болды. Тіпті зерттеуге тиым салынған кезендерде болды. Қазақстанның бүгінгі Тэуелсіздік алуымен келген жаңа бетбұрыс ата -бабаларымыздың дәстүрлі рухани жолын дұрыс танып, жас ұрпақтың тура жолдан адаспауына үлес қосады деген сенімдеміз. 2.6. Соңғы орта ғасырлардағы қытай орыс жэне батыс деректемелері Қазақстан тарихына байланысты қытай деректемелері өзінің жүйелілігімен, уақыты жағынан ұзақтығымен жэне жанжақтылығымен ерекшеленеді. Қазақстан жеріндегі әр түрлі мемлекеттер Қытайдың Мин жэне Цин империяларымен эр түрлі байланыстар жасап отырды. Осы кезеңнен «Мин әулетінің тарихы» («Мин ши»), «Мин әулеті билік етуінің анық жазбалары», («Мин шилу») жэне «Мин империясына жалпы шолу» («Мин хой яо»).т.б еңбектерде эртүрлі деңгейде мэліметтер бар. Қытай деректемелерінің келесі тобына Моғолияға, Моғолстанға, Темір мемлекетіне жэне Орталық Азияның басқа да елдеріне қытай елшілерінің, барлаушылары мен жолаушыларының, көпестердің жазбалары, ортаазиялық елшілер мен мұсылман көпестерінен алынған мэліметтер қосымша материалдар болып табылады. Бұлардың басты ерекшелігі ресми деректер ретінде кейін Мин империясы күйрегеннен кейін қайта өндеуден 65
өтіп жазылған.(Китайские документы и материалы по историй Восточного Туркестана 15-19 в.в А. 1994). Дүниежүзілік мэдениеттің басты ескерткіштерінің бірі болып табылатын «Мин ши» де Қытайдың 25 әулетінің тарихы жазылган. Көп томдық еңбек «Мин шиді» авторлар үжымы жазған. Еңбек 1645-1735 жьшдарды қамтиды Соңғы бөлімінде Орталық Азия мемлекеггері туралы тарихи, этнографиялық, географиялық материал бар. Бірақ Орталық Азия мемлекеттерінің өз аумақтарының көлемі, саяси маңызы жэне әскери күш-қуаты жағынан кем түспеген, көбінесе қьггай мемлекетіне елеулі қауіп төндіргеніне де қарамастан бүл ресми дайындалған жинақтағы деректемеде олар сыңар жақтылықпен «сауда вассалдары» етіп көрсетілген. Солай болғанмен «Мин шилу» - көптеген императорлар билеуінің хроникасы, онда олардың күннен күнге жасаған қызметі туралы жазбалар бар. Қытай әскерлерінің Ортальгқ Азия халықтарына қарсы соғыс қимылдарының әзірленуі мен барысыныд мэселелері, сарайда олардың елшілерін қабылдауы жөнінде мэліметтер бар. «Мин хой яо» - тақырыптық белгісі бойынша жасалған тарихи қүрама еңбек. Онда шет жерлердегі елдер, қалалар, халықтардың әдет-ғұрыптары, елшілік байланыстар туралы мәліметгер бар.. Бүл деректеме де сыңаржақты. Мүнда да оқиғаларды баяндағанда Қытайды орталық деп көрсетушіліктің басымдығы байқалады. Осыған қарамастан Қытай деректемелерінен «қазақ» этнонимі қытай мемлекетінің XVII ғасырдың алдындағы Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарына байланысты мәліметтер бар. Соңгы орта гасырлардагы Қазақстан тарихын зерттеудегі орыс деректемелері. Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеуде XIV - XVII ғасырлардағы орыс қүжаттары мен мүрағат материалдарьшың зор маңызы бар. Бұл деректерде Мамай, Тоқтамыс, Едіге, эмір Темір заманына қатысты жэне бүл билеушілердің ыдырап бара жатқан Алтын Орданың тағдырына ыкпал етуге жэне сол арқылы Москва Русіне, Литваға, Польшаға олардың мемлекеттік орталықтану жолындағы күресіне кедергі жасауға тырысқан эрекеттерін сипаттайтын материал бар. Жылнамада Жошы үлысының батыс бөлігі үшін неғүрлым дэл, шығыс бөлігі үшін жанама географиялық деректер хабарланған. Үлкен 66
немесе Алтын Орданың астанасы Сарай қаласы болғаны, Жайықтың арғы жағындағы барлық жер — орталығы Самарқандта болған «Көк Орда» деп аталғаны айтылған. Көк Орда деп «Ақсақ Темір басып алған» «жерлер мен патшалықтар» арасында аталған, бірақ олардың ішінде Қытай да аталған Бұл деректердің кейбір бөліктері шындыққа жанаспайды. Қазақстанның солтүстік бөліғінің тарихы жөніндеғі маңызды деректемелер Сібір жылнамалары: Строғанов жылнамасы (XVII ғасырдың орта шені шамасында), С.Есиповтың «Сібір жылнамасы» (1687ж) жэне «Ремезов жылнамасы» (XVII ғасырдың аяғы - XVIII ғасырдың басы) болып табылады. Оларда бұл аумақтагы жэне Сібірдеғі тайпалардың, соның ішінде керейттердің (керейлердің) орналасуы туралы, бұл жерлерде, Сібір жұртында керейден шыққан Тайбұғы әулетінің, содан соң Сібір хандығындағы Шайбани әулетінің билік етуі туралы мәліметтер бар. Ресейдің орталық (ЦГАДА, АВПР), сондай-ак жерғілікті мұрағаттарында сақтаулы материалдар мен құжаттарда Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Жоңғария, Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы хандықтар жөніндегі Ресей саясаты ғана көрсетіліп қоймайды, сонымен қатар бұл мемлекеттердің ішкі өмірі, олардың қарым-қатынастары туралы да мол ақпарат берілген. Жарияланған жэне жарияланбаған бұл материалдар арасында хандар мен патшалардың грамоталары мен жолдаулары, дипломатиялық миссиялар басшыларының есептері, жазбалар, күнделіктер, «ертегілер», «сұралып алынған сөздер», қолтаңбалар жэне т.б бар. XVI ғасырдың аяғында қазақ - орыс елшілік байланыстартуралы мағлұматтар пайда болды. 1594 жылы Москваға достық қатынастар жасасу жэне Бұхара ханына қарсы күресте көмек алу мақсатымен Тәуекел ханның елшісі Құл-Мұхаммед жіберілді. 1595жылы Тэуекел ханның Сырдариядағы ордасына Вельямин Степанов жауап грамота алып келді. XVII ғасырда қазақ даласы арқылы Бұхара мен Хиуадан Ресейге қырықтан астам жэне Орта Азияға 9 орыс елшілігі жүріп өтті (Маслова О.В.Обзор руских путечествий и экспедиций В Среднуюю Азию Ч 1, Ташкент 1955, 5-бет) Сібір приказының материалдарында XVII ғасырдың аяғындағы, Тәуке хан тұсындағы қазақ-орыс келіссөздері туралы мәліметтер бар. 67
Елшіліктердің есептерінде сауда, өлкедегі саяси оқиғапар, этнографиялық материалдар Қазақстан аумағында ноғайлардың башкұрттардың, қарақалпақтардың орналасуы туралы мәліметтер берілген. XVII ғасырдьщ аяғына қарай қазақ жүздері солтүскенде Тобыл мен Ертістен, оңтүстігінде Сырдария мен Ташкентке дейінгі, шығысында Еділ өзенінен, батысында Жайыққа дейінгі кең-байтақ аумақты алып жатты. Мүның бәрі Х^ІІ-Х^ІІІ ғасырлар шебінде жинақталған картографиялық материалда көрсетілген. XVI ғасырдың аяғында жасалған орыстың түңғьпп ресми жиынтық картасы «Үлкен Чертеж» «Үлкен Чертеж» жоғалып кеткен, бірақ «Үлкен Чертежге Кітап» сақталған, онда қазақ жерлері туралы мәліметтер көптеп кездеседі. Чертежді жасаудың алдында XVI ғасырда Ресейде зор көлемде картографиялық жүмыстар жүргізген. (Татищев В.Н. история российская М-Л, 1962,Т1). Егер ертедегі шетелдік карталарда -- Петр Виконтидің картасынан (1320ж), Каталон картасында(1375ж), Фра Мауронның картасында (1459ж) — Қазақстан жері мүлде дерлік айтылмай, Төменгі Еділ бойы мен Каспий теңізінің солтүстік - шығыс жағалауын бойлай жатқан жерлер көрсетілсе, С. Герберштейн (1546ж) мен А. Видтің (1555ж) орыстың картография.лық материалы пайдаланылған карталарында енді Жайыққа дейінгі аумақ көрсетілген. 1558 жылы ағылшынның «Москва компаниясының» тапсыруымен сауда максатын көздеп Орта Азияға аттанған А. Дженкинсонның картасы Қазақстан туралы географиялық мэліметтерді нақтылай түседі. Оның саяхатының суреттемесінде қазақтар мен ноғайлар туралы мәліметтер бар. Картада ол қазақтарды Сыр өзенінде көрсеткен, ноғайларды Жайыққа орналастырған. «Үлкен Чертеж» оның алдындағы карталарға қарағанда қазақ даласы мен Сырдариядағы қалалардың географиялық орналасуы жөнінде ақпараттар береді. XVII ғасырдың аяғында Қазақстан мен Орта Азия турапы барлық картографиялык материалдарды орыстың көрнекті галымы С. Ремезов қорытты. Оған барлық географиялық объектілерді - тауларды, өзендерді, шатқалдарды, өткелдерді, қүдықтарды, сондай-ақ елді мекендерді олардың арасындағы қашықтықты көрсете отырып, « Тобылдан Қазақ Ордасына дейінгі, Үлкен Бүхарияға дейінгі, Хиуаға дейінгі, Жайыққа дейінгі, Астраханға дейінгі даланы жазу» тапсырылған болатын. 68
С. Ремезов жұмысының қорытындысы Қазақстан аумағы жөнінді тарихи-географиялық мэліхметтер бар «Сібірдің Чертеж кітабы» Бұл картада Арал тұңғыш рет өз атымен аталып, жеке бассейн ретінде көрсегілген. (Бартольд В.В История изучения Востока В Европе и Росий Соч.Т.9 М.1977, 392-6. Орыс құжаттары мен мұрағат материалдарының деректерінің соңғы орта ғ. Қазақстан тарихын зерттеуде тарихи деректемелік зор маңызы бар Соңгы орта гасырлардагы қазақстан тарихына байланысты батыс деректемелері ХУІ-ХУІІғ.ғ. дипломаттардың, саудагерлердің, миссионерлердің (Гонзалес де Клавихо, Сигизмунд Герберштейн, Иософат Барбаро, Амброджо Контарини, Антоний Джениксон, Адам Олеарий) жэне соғыс тұтқындарында (Ганс Шильтбергер) болған басқа да адамдардың Азия елдері мен Московияга саяхаттары мен сапарлары қазіргі Қазақстан аумағындағы этникалык - саяси бірлестіктер, Темір билік еткен кезеңдегі әскери-саяси оқиғалар мен оның Тоқтамыс пен Едігемен қарымқатынастары, ноғайлар мен қазақтардың одақтастық қатынастары туралы тарихи-этнографиялық мәліметтер бар жаңа нарративтік деректердің жасалуына негіз болды. Венеция дипломаты И. Барбаронның « Таң мен Персияға саяхат» деген кітабында «Татария» деп жалпы атаумен дала тұрғындарын атаған. Ол осы аймақтардағы халықтардың діни нанымдарын, сот жүргізу ісін, әскер ісін, сауданы, қолөнер мен егіншілік туралы жазған. И. Барбарон Едіге жэне оның ұлы Мүртаза, ҮлықМехмет, ханзада Кішік-Мехмет, Жәнібек (1343-1357) хандар билік еткен кезеңнің кейбір тарихи оқиғаларын да жазған. Темірдің 1395-1396 жылдары Оңтүстік Дешті Қыпшақтың қалаларына жасаған жойқын жорықтарьін айтып өткен. Үлы жерге И. Барбаро XV ға-сырдың 50-жылдарында келген еді. Персияда 1474-1477 жылдары болған А. Контарини «татарлардың» түрлі топтарын, соның ішінде «Еділдің арғы жағында тұратын, солтүстік-шығыс және шығыс жағына көшіп жүретіндерді» бөліп көрсеткен. Дипломат С. Герберштейнің «эр түрлі татар ордаларына» катысты, мәліметтер айтып солардың арасында қазақтарды да көрсетеді. 69
1562 жылы А. Дженкинсон жасаған «Ресей, Московия, Татария» картасында Еділ мен Жайық арасы - ноғайлар мекендейтін жер олардан шығысырақта «Қазақия» жері деп көрсетілген. Ағылшын көпесі А. Дженкинсон саяхатының күнделігі - Қазақ хандығының қалыптасу кезеңінің оқигалары, соның ішінде Хакназар ханның Сыр өңірі қалалары үшін соғыстары көрсетілген ең алғашқы еуропалық еңбек. Орта Азия мен Қазақстан туралы XVII ғасырдагы еуропалық еңбектер арасында голланд географы Н.К.Витсеннің «Солтүстік жэне шығыс Татария туралы» деген кітабы ерекше КҮНДЫ. XVII ғасырдағы эдебиеттерден голландықтар Стрейстің, Корнелий де Бруиннің, швед дэрігері эрі дипломат Энгельберт Кемпфердің, француздар Жан Батиста Таверньенің, А. Мотренің, ағылшындар Самюэль Коллинздің, Джон Перридің жэне басқаларьгның Қьггайға, Үндістан мен Иранға сапарлары нәтижесінде жазылған еңбектерін айтуға болады.. Қазақ халқының тарихы мен этнографиясының белгілі бір жақтарьгн көрсететін бүл ёңбектердің ақпараттық деңгейі бірдей емес. Бүл жағынан шведтің соғьгс түтқыны Филипп Иоғанн Страленбергтің «Еуропа мен Азияның солтүстік жэне шығьгс бөліктерінің тарихи-географиялық сипаттамасы» деген кітабында ерекше, онда өзбектерден, түрікмендерден, қырғьгздардан сондай-ақ қарақалпақтар мен Қазақ Ордасьшан түратьгн Сібір мен «Үлы Татария» туральг XVIII ғ.басьша дейін белгілі материалдардьг жүйеге келтіру ісіне бәрінен де көбірек коңіл бөлінген. Ол Тобольскіде алғаш рет «бүхарльгқтардан» Әбілғазьгньгң «Түріктер шежіресі» қолжазбасын қолына түсіріп, оньг «татар» тілінен орыс тіліне жэне орыс тілінен неміс тіліне аударуды үйым дастьгрған., сөйтіп жергілікті деректермелерді ғьгльгми айналымға енгізудің негізін қаладьг. Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Парсы тілінде жазьглған деректемелердің ақпараттардың дәрежесі. Рашид-ад-Диннің «Жами ат-таварих» («Жьглнамалар жинағы»), еңбегінің тарихи қүндьглығьг. 2. Шараф ад-дин Әли Йаздидің «Зафар-намесі» деректік мэліметтері. 70
3. Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди еңбегінің тарихи құндылығы 4. Ертедегі жэне орта ғасырдағы қазақстанның жазбаша деректер бойынша зерттелу тарихы ( б.з.б VII Ғ. - б.з. XIII ғасырдың басы. 5. Соңғы орта ғасырлардағы парсы жэне түрік тілді тіліндегі қытай орыс тіліндегі жазба деректердегі қазақ тарихына байланысты мәліметтер. Қадырғали Жалайырдың «Жами ат-таварих» («Жылнамалар жинағы») еңбегінің қазақ тарихындағы тарихи құндылығы. Үсынылатын әдебиеттер: 1. Якубовский А.Ю.Тимур.-Вопросы Историй, 1946 №8-9 2. Бортольт В.В. Двенадцат лекций по историй турецких народов Средней Азий Соч Т.5 М. 3. Бардольт В.В. Туркестан в эпоху монголского нашествие Соч Т1. М1963 102 6 4. Китайские документы и материалы по историй Восточного Туркестана 15-19 в.в А. 1994. 5. Татищев В.Н. история российская М-Л, 1962,Т1 §3. ХУІІІ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫМЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ 3.1. Қазақстан тарихнамасы (ХУИІ-ХХ ғасырдың бас кезі) ХЛШІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы алуан түрлі тарихи оқиғаларымен ерекшеленеді. 1730-1770 жылдары қазак билеушілерінің едэуір бөлігі Ресей империясының басшылық рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына экеп соқтырып, шын мэнінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мэжбүр болған алғашқы 71
күндерден бастап-ак қазақ халқының бүрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы үлт-азаттық согыстар кезеңі басталды. Халық наразылыгының кез келген уақытта түтануына үлттық жэне әлеуметтік қысым себеп болды. Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мэселелеріне отандық тарих негізінен еліміз тэуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады. Өйткені бүл кезеңге дейін отар елдер халықтарының тарихы «жабайылар» тарихы - деген атқа ие болып, шет аймақ халықтарының тарихи мәселелері империялық өктемдіктің жэне марксизмнің қалсаң қағидасына негізделіп тоталитаризммен жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен қасақана бүрмалаушылықка үшыратылды. ХУІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразия даласьшың халықтарына дүниежүзілік тарих үғымынан тыс, Ресейлік көзқарас түрғысынан пайымдалды. Осының бэрі бүгінгі танда тарихи өткен кезеңге объективгі қарауды, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді. Ресей мемлекетінің қүрамындағы қазақ халқы тарихының (ХУІІІ-ХІХ ғғ.) ең өзекті жақтарын ғьшыми түрғьща қайта қарастырып, зерттеушілердің назарын Отандық тарихнаманың қол жеткен жетістіктеріне назар аударатын жаңа заман туды. Көрші мемлекетермен өзара қатынастар. XVIII ғасырдың алғашқы он жылдықтары қазақ халқы үшін қиын-қыстау сынақ жылдары болды. Халық алдында «ел болу, не табанға түсіп қүл болу» сүрақтары ең басты мәселе болды. Қазақ жоңғар қатынастарын XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында М.Ж. Көпеевтің, III. Қүдайбердиевтің, М. Тынышбаевтың, М. Дулатовтың, Ә. Бөкейхановтың күш жігер салуы арқасында ғана неғұрлым егжей-тегжейлі саралап зерделеу мүмкін болды. Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі, жоңғарлардың 1723-1726 жылдардағы жеңіске жету себептері, қазақтардың саяси жэне экономикалық ауыр жағдайы, басқа да мәселелер XX ғасырдың 70-80- жылдарындағы тарихнамада: И.Я. Златкиннің, Н.Г. Аполованың, В.Я. Басиннің, В.А. Моисеевтің монографияларында ғылыми түрғыдан көрсетілді. Қазақстан тарихшылары жарияланған деректемелер мен еңбектерге сүйене отырып, қазақтар қорғаныстық азаттық соғысьш жүргізіп жаткан кезенде, ел басына күн туған зобалаң жылдарда, 72
Ресей империясы Ертіс бойымен оңтүстікке қарай ілгерілеп, жоңғарлар басып алған қазақ жердеріне бекіністер салынғанын, дипломатиялық эскери экспедициялармен нығайта бергенін бүкпесіз атап өтеді. Ресей-ойрат қатынастарының тарихын мүқият зерделеу XVIII ғасырдың 30-жылдарында Ресей дипломатиясының отаршылдық саясатты жалғастыра бергенін дэлелдейді. 1742-1743 ж.ж. Сенат, одан соң Орынбор комиссиясының бастығы И.Неплюевтің ойрат эміршісінің ордасына жіберген К.Миллер миссиясы Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарын сол кездеақ Ресей бодандары деп қарап, Жоңғария хандарынан оларға шабуыл жасауды тоқтатуды алғаш рет талап етті. Ресей империясы Кіиіі жүз бен Орта жүз цазацтары Ресей бодандыгын цабылдаганнан кейін 11-12 жыл өткен соң гана цазацтарды цолдауга әрекеттенген. Қазақстан тарихы жөніндегі қорытушы еңбектерде империяның шығыстағы саясатының әскери-стратегиялық мэні қазақ хандықтарының Ресеймен экономикалық жэне саяси байланыстарын нығайтуға бағытталған эрекеттер деп түсіндірілді. И.Д. Бухгольцтің, И.М. Лихревтің, П.Ступиннің т.б. әскери-барлау экспедицияларына «бейбіт саясат» жүргізілген деп пайымдалып келді. И.Д.Бухго-льцтің жэне басқа да экспедиция басшыларының бекіністер салуы жөнінде басылымдарда оны орыстар иесіз жатқан жерлерде жүргізді деп қарастырылган. Шынына келгенде, Ресейдің эскери экспедициялары ежелден бері қазақтардың иелігіндегі, сол кезде жоңғар басқыншыларының бақылауында болған жаңа аумактарға бекіністер салып, Ресейдің иеліктері етіп бекітті. 3.2. Ресейге қосылу немесе империя билігін мойындау проблемары. Кеңестік тарихнамада Қазақстанды отарлаудың басталуы Ресейге «қосылуы» түрғысынан пайымдалды. Кейбір авторлар отаршылардың мүдделерін жақтап, патша үкіметінің, патшалық Ресейдегі үстем таптардың қазақ халқына қатысты "қүкықтары" мен "міндеттерін" іздеп табуға тырысты. 73
КСРО ыдырағаннан кейін, тәуелсіз мемлекеттер пайда болған кезде де империялық ойлауды жақтаушылардың барлығы да Ресей «отаршыл империялық держава болған жоқ»- деген пікірді айтады Бірақ Ресейдің тарих ғылымының негізін салушылардың бірі Н.М. Карамзин, В.О. Ключевский "Ресейдің тарихы - отарлаушы елдің тарихы" деп айқын жазып қалдырған. Ш. Уәлиханов қазақтардың дүниежүзілік өркениет тарихында алатын орнын анықтай келіп, кейбір ресейлік шовинистердің қазақ көшпелілері туралы "мал сияқты түрпайы варварлар" -деген сияқты түсініктерін үзілді-кесілді теріске шыгарды. "Біздің әдеттен тыс жабайылығымыз бен дөрекілігіміз туралы пікір, - деп жазды ол, - қырғыз-қазақ халқы орыс қоғамының бейбітшілік сүйгіш, демек, онша жабайы емес бүратаналары қатарына жатады".(Таңдамалы шығ. А,.1985,Т.4 81 б) Ә. Бөкейханов "Қырғыз өлкесінің тарихы тағдыры жэне оның мәдени табыстары" деген еңбегінде "қосылу", "өз еркімен" деген терминдерді мүлде қолданбайды, керісінше, "жаулап алу", "бағындыру" деген терминдерді қолданады. (Бөкейханов А Историчес. Судьбы Киргизкого края и культурные его успехи/ танд.шығ, А. 1992 49 б.) Кіші және Орта ордалар қазақтары "оңтүстіктегі жаулары Горькая шебіне дейін тықсырғандықтан, орыс билігін тануға мэжбүр болды" деп атап көрсетеді. Әлихан Бөкейханов өзінің Қазақстан тарихы жэне жер пайдалану нысандарының дамуы мәселелері жөніндегі еңбектерінде өлкенің солтүстік-орталық жэне шығыс бөліктерін жаулап алумен отарлауын жан-жақты деректермен қарастырған. XIX ғасырдың үшінші ширегіне дейін «барлық қазақ рулары біртіндеп орыс билігін мойындады» деп атап өтеді. (Бөкейханов А Ист. Судьбы Киргизкого края и культ. его успехи/ Таңд .Шығ, А. 1992 49 б.). Ә.Бөкейхановтың пікірінше, Қазақстанның империя қүрамына кіруі отарлау (ерікті түрде жэне үкімет арқылы) мен жаулап алудан түрады. Автор өзінің барлық зерттеулерінде «жаулап алу» деген үғымды қолданып, сол арқылы ХУІІІ-ХІХ ғасырлардағы орысқазақ қатынастарының барысында қалыптасқан күрделі өзара қатынастарды жан-жақты сипаттайды. Сонымен бірге орыстардың Орталык Азиядагы ерекше өркениеттілік миссиясы туралы негізсіз түжырымдамасын ашыктан-ашық эшкереледі. «Олкені бағындырған соң орыстар мәдениетті жүмысқа көше алмады, өйткені бастап74
қыда жаулап алу тек қана баю мақсатымен жасалды жэне алғашқы жаулап алушылар мәдениет рөлін атқаруға мүлде дайын емес болатын. Олар адамгершілігі алғашқы кауым адамдарынан аспаған, өткендегі өмірі күмэнді, дөрекі, надан адамдар еді; рас, осының бәрі бола отырып, олар бүратаналардан жетілгендеу болып шықты, бірақ оларды бағындырған соң, саналы түрде бейбіт мәдени жүмысқа көше алмады; олар тіпті табиғаттың бай тартуларын ақылмен пайдалануға немесе өздерін өз еңбегімен асырауға күш-жігер жүмсаған жоқ. Керісінше, олар баюдың неғүрлым жеңіл басқа әдісін-бағындырылған бүратаналарды талап-тонау мен табиғи байлықтарды талан-тараж ету жолын таңдады».(Бүлда сонда 62 бет). 1917 жылдан кейін отандық тарих проблемаларына ден қою арта түсті. Бүл тұрғыда көптеген еңбектер ішінен Т.Рысқүлов, Х.Досмұхамедов, П.Г.Галузо, С.Мендешев, Г.Тоғжанов еңбектері мен баска еңбектерді атап өту керек. П.Г.Галузо Ресей мен Қазақстан серіктестігінің тең құқылы еместігін атап көрсетіп, империяньщ өзге өлкелерді «қосып алуға» өте мүдделі екенін атап айтқан болатын. П.Г.Галузо отаршыл империя теоретиктерінің агрессияға бейім болғанын, өркениетті сипат беруге неліктен тырысқанын түсіндірді. «Патшалық Ресей эскерлерінің қазақ даласына қарай ендеп кіруі XVIII ғасырдың бірінші жартысында-ақ басталған болатын. Орыс патшалары елге ентелей эрі толассыз дерлік сұғына түсті. Дегенмен олар бұл бағытта біраз жалтақтай отырып жылжыды...».- деп баға береді. (Галузо П.Г. Туркестан- колония (Очерки историй колониальной политикий руского царизма В Средней Азий М., 1929.) Орта Азия шекарасындағы орыстардың агрессиялық саясатына бейбітшілік сүйгіш сипат беру Ресейдің алысты көздейтін агрессиялық жоспарларын нақгылай түседі. Орта Азияға аяқ басқанда, өзінің отаршылдық басып алушылық жөніндегі батыс еуропалық бақталастарынан, ең алдымен Англиядан қатты қорыққан-дығын көрсетеді. П.Г.Галузо Ресейдің «отаршылдық табыстары» тарихын Орталық Азияның барлық аймақтарымен өзара тығыз байланыста алып қарады. Ол Қазақстанның империя құрамына кіруі:біріншіден -халықтарды саяси дербестіктен айырудың; екіншіден-экономикалық жағынан кіріптар етудің; үшіншіден-дүние жүзін болашақ отарларға бөлу жөнінен орыс-ағылшын бақталастығының салдары75
нан болды деп есептейді. П.Г.Галузоның сіңірген еңбегі-ХІХ-ХХ гасырдың басындағы Ресейдің Қазақстандағы отаршылдьгқ үстемдігі көрінісін ашып көрсету жэне үлт-азаттық қозғалысы проблемасын ғылыми түрғьщан қою болды. «...Дэуір екі бөлікке: өлкені жаулап алу кезеңі мен шаруашыльщ үшін игеру кезеңіне бөлінеді...» (Бүлда сонда 59 бет). Х.Досмұхамедов Ресейдің жаулап алушылық саясаты қазақ жерін Азияға ендей кіру кезінде алғы шеп ретінде пайдалану болды деп есептеді. Қазақ өлкесінің біржола «Ресейге бағынуын» ол XVIII ғ. аяғы-ХІХғ. басындағы қазақтардың үлт-азаттық күресінің жеңіліс табуы салдарынан болды деп санады. Ол Әбілқайыр жэне ру ақсақалдарының шағын тобы патша өкіметімен сөз байласуға барып, елді бодандық алуға мэжбүр етті деп есептеді. X. Досмұхамедов қазақтардың Ресей мемлекетіне бағыну актісіне халыктың негізгі бұқарасының қатыспағанын келіссөз үрдістеріне Кіші жүз бен Орта жүз руларынан біркелкі өкілдер болмағанын мысалға келтіре отырып дәлелдеді( Досмұхамедов X Таң.шығ. А., 1998 33 бет). Қазақстанның Ресейге қосылу проблемасы Т. Рысқүловтың тарихы мұрасында да көрініс тапқан. Қазақстанның жалпы Ресей бодандығына өтуі тұрғысынан карастыра келіп, ол «бағындыру», «қазақтарды жуасыту», «жаулап алушы күш» деген терминдерді қолданған. Автор «патша өкіметінің отырщылдық саясатын» екі кезеңін: XVI ғасырдың аяғынан бастап - казактардың, XIX ғасырдың ортасынан бастап - шаруалардың отарлауы болғанын бөліп көрсетеді. «ілгері жылжыған жолында орыс өкіметі жаңадан жаулап алған аудандарда дереу бекіністі мекендер тұрғызып, оларға казактар мен келімсек шаруаларды қоныстандырыгі отырды.(РысқұловТ.Таңдамалы шығ. А., 1997,Т.2. 2015-бет) Т.Рысқұлов қазақ жүздерінің Ресей бодандығына өту себептерін бірінші кезекте Қазақстанның сыртқы саяси жағдайымен байланыстырды. Оның сыртқы саяси жағдайы қазақтарды шыгыстан - жоңғарлардың, оңтүстіктен - Хиуа, Бүқара, Қоқан хандығы, батыстан ноғайлар мен қалмақтардың қысым жасағанын атап көрсетеді. Т. Рысқұлов: Ресейдің Қазан (1552ж.), Астрахан (1557ж.) хандықтарын жаулап алу, Батыс Сібірді бағындыру (1581 ж.), орыстардың Орал мен Ертісті бойлай жылжуын күшейтуі 76
жөніндегі шығыста белсенді саясат жүргізуі едәуір рөл атқарғанына тоқталған».(Сонда 214 бет) XX ғасырдың 30-жылдары С.Асфендияров «Қазақстан тарихы» еңбегінде: «Патшалық жаулап алу қазақ бүқарасына бейбітшілік пен мәдениет экелген жоқ. Күйзеліс, талаптонаушылық пен кісі өлтірушілік әкелді».(Асфендияров С.Д История Казахстана сдревнейщих времен.А.,-М.,1935.,Т1) -деп атап өткен. Г.Ф.Дахшлейгердің, Д.Дулатовтың, Ж.Қасымбаевтың, І.Қозыбаевтың, И.В.Ерофееваның 1970-90-жылдарда жарияланған тарих-намалық зерттеулерінде XVIII ғасырдың 40-80-ж.ж. отандық тарихтағы Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттеу қорытындылары шығарылды. «Отаршылдык жағдайындағы үлттық қозғалыстар: Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Кавказ» атты Бүкілодақтық «Дөңгелек стөлге» (1990 ж. 27-28 маусым) катысушылар «қосылу» үғымын «империяның билігін өз еркімен тануды ғана емес, сонымен қатар (шаруалар арқылы және әскери) жаулап алуды, отарлауды қамтитын» сан қырлы үрдіс ретінде түсіну керек деген қорытындыга келді. «Қазақстанның көне заманнан бүгінге дейінгі тарихында» (1994ж) Қазакстанның Ресейге қосылу тарихын баяндау қазіргі ғылыми аналымдағы деректердің қорытындысы болды. «Қазақстан Ресей империясьшың күрамында» деген бөліміндегі бір тарау «Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап алуы, отрлауы» деп аталады. Онда XVI - XVIII гасырлар бойындағы екі халық арасындағы патша өкіметі саясатының отыршылдық бағытының күшейе түсуіне, оның жаңадан қосылған жерлерде ішкі саяси жағдайды киындатқанына баса көңіл бөлінеді. Қорыта келгенде, мыныдай айқын баға берілген: «Кіші жүздің едэуір бөлігі, Орта жүздің кейбір аудандары Ресей бодандығын өз еріктерімен қабылдады. Орта жүздің көпшілік бөлігі мен Оңтүстік Қазақстанның бірқатар аудандары патша үкіметі әскери күштерінің көмегімен қосылды. ...Халықтың басым көпшілігінің үстінен бақылаусыз билік жүргізуге ие болған Ресей барлық салада дерлік отарлау саясатын кеңейте түсті». Бүл бөлімде Қазақстанньщ Ресейге қосылуы кезеңіндегі үлт-азаттық күреске қатысты материалдар молынан қамтылған. 77
Ресейдің Сібірді отарлауы Қазан, Астрахан жэне Қырым хандықтарын жаулап алғаннан кейін басталды. Сенаттың жауапты қызметкері И.Кириллов пен дипломат, Сыртқы істер коллегиясының тілмашы А.И.Тевкелевке (православие дінін қабылдағанға дейін - Құтлымбет мырза, Мәмет мырза) империялық отарлаушы үкімет қазақтарды Ресей бодандығына өткізу жобасын әзірлеуге тапсырма берген.. Келіссөз бір жыл 49 күн бойы жүргізілді. Келіссөз кезінде дала жұртының билеуші жоғары топтары екіге: Әбілқайыр ханның жақтастарына, сондай-ақ бодандықты қабылдауға қарсыларға бөлінді. Жанталас кездерінде ханды жақтаушылар басқа бір амал тапты. Бодандық туралы келіссөз Жетіру тайпалар одағынан шыққан, Кіші жүздің көрнекті көсемдерінің бірі Бөкенбай батырдың Тевкелевке деген ізгі ықыласының арқасында ғана табысқа жетті. Бөкенбай батыр өзіне башқұрттар мен жайық казактары тарапынан көмек көрсетілсе, оньщ өзі мен күйеу баласы (Құдайназар батыр) «қырғыз-қайсақ» ордасын екі жылда қылыштың күшімен Ресей бодандығына келтіруге уэде беретіндігін» айтты. (Казахский руский отношение ХУІ-ХУІІІв.в А., 1961 ,т. 1,63-бет) Кейін А.И. Тевкелев миссиясының барлық материальш қорыта келіп, тарихшы А.И. Левшин былай деп тұжырымдайды: «Тевкелевтің Ордага келуі айлакер Әбілқайырдың билік сүйгіш бүкіл ойын ашып көрсетті. Ресейдің жаңа бодандарынан ант алуға келген шенеуніктер өз ойларыңдағы дәрежеде қабылданбағаны былай тұрсьш, келген бойда-ак өмірмен қоштаса жаздады...Кіші ордадағьщай Ресейді жақтаушылар өз ішінде соншалық болмаған қарапайым халық өз тәуелсіздігінен айырылғысы келмеді, бэрін де басқаша түйсінді, сондықтан да өздерінің Ресейге бағынған тайпаластарына қатты қарсыласты». Қазақстанды бағындыру кезіңде Ресей саясатының табысқа жетуіне Орталық Азия аймағындағы ¥лы дала көшпелілері мен оньщ көршілеріне тиімді болмаған жағдайда себепші болды. XVIII ғ. бас кезі қазақтар үшін сыртқы саяси жағдайдың қиындауымен ерекшеленеді. Жан - жақтан: солтүстік пен батыстан - Ресей мемлекетінің, шығыстан - жоңғарлардьщ, оңтүстіктен - Орта Азия хандықтарының саяси кысым жасауы айкын аңғарылды. Сонымен бірғе қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты құбылыстар өріс алды: көшпелі ұжымдар арасында ынтымак болмады, 78
алауыздық етек алып. Рулық тартыс, бштік құрылымдары жолындағы ішкі саяси күрес күшейді, Бүл соғыстар мемлекеттің экономикалық негізін элсіретті, оның материалдық ресурстарын азайтып, адамдар шығынын көбейтті. Бүл дэстүрлі көшіп-қону жолдарының өзгеруіне жэне жалпы алғанда көшіп жүру жүйесінің бүзылуына экеп соқты. Ақырын-да, қазақ қоғамының дамуындағы келеңсіз оқиғалар мен қайшы-лықтардьщ шырқау шегіне жеткен кезеңі, жоңғарлардың жаулап алуымен қазақтан тарихына «Ақтабан шүбырынды» деген атпен енген 1723-1727 жылдардағы қайғылы кезенді өткеруге мэжбүр болды. Бүл кезең қасіретке толы ашаршылықпен адамдар қүрбан орасан зор болған, экономика күйзелген, өндіргіш күштер қүлдырап мәдениет кері кеткен заман еді. Отан тарихында үзаққа созылған қазақ-жоңғар соғысының болғаны, онда жоңғарлар агрессиясына қарсы қазақ халқыньщ халықтық жасағының шешуші рөл аткарғаны аньщ. Бүл кезеңде туған жер жэне ата-бабалар қонысы жат-жерлік басқыншылардан қорғалды сондыктан осы кезенді Отан соғысы деп баға беруге толық болатын мезгіл жетті деп есептейміз. Туған жерінің батыс жэне солтүстік-батыс шекарасьша қарай ығыстырылған қазақ рулар Еділ мен Жайық арасындағы кең жайылымдарды пайдалану шиелінісіне тап болды, мүның өзі Орал казактарымен жэне қалмақтармен қайшылықтарға әкеп соқты. Оның үстіне жоңғарлар агрессиясы салдарынан қазақ жүздері арасындағы шаруашылық-саяси байланыстар едәуір элсіреп кетті, ал оның одан эрі асқынуына ру аралық араздық пен бытыраңқылық себепші болды. XVIII ғасырдың бірінші ширегіңде еуропалық өнеркәсіп өркениеті өрістеуінің басымдығы айқын аңғарылып, ол эскери істің пэрменді дамуынан көрінді. Оқ ататын қару мен артиллерия атты эскерді ығыстыра бастады. Ресей империясына Қазақстанның бағынуы 1731 жылдан бастау алады. Бүл Кіші жүздің билеушісі Әбілқайыр ханның Ресей императрицасы Анна Иоанновнадан бодандыққа қабылдап, қамқорлыққа алуын өтінген жылы. Әбілқайыр ханның жасаған эрекеті тарихнамада өте қайшылықты бағаланды. Оның жагымсыз жацтары деп: жеке-дара билікті көздеген зымияндық; ол барлық қазақтардың атынан эрекет жасағандықтан, қазақ руларының мүдделерін елемеу; Әбілқайыр 79
мен оның айналасындағылардың құдіретті державаның қамқорлығы арқасында баска бақталастарынан үстем болу болуға үмтылысы айтылады. Әбілқайыр бастаған Кіші жүз қазақтарының Ресеймен қүжатқа қол қоюын ақтайтын себептер арасында мына мәселелер бар: сыртқы саяси факторлар - жоңғарлар агрессиясына тойтарыс беру қажетгігі; Иран шаһы Нәдірдің жаулаушылық әрекеттеріне байланысты Қазақстанның оңтүстік шептеріне қауіп төнуі; Орта Азия хандықтарының Оңтүстік Қазақстан жерлеріне сүқтануы; қазақтардың шекаралас жерлеріне башқүрттардың, Еділ қалмақтарының, Жайық казактарының, Сібір әскерлерінің жиі-жиі шапқыншылық жасауы аталады. Ішкі жэне басқа да кейбір фаторлар - рулық ақсүйектер мен жергілікті билеушілер сеператизмін түп-тамырымен жою қажеттігі; бір орталыққа бағынатын мемлекет қүру керектігі; қазақ халқьшың жоңғарлар тарапынан үзақ уақыт бойы жасалған агрессиядан, хандар, сүлтандар, ақсақалдар арасындағы өзара қырқысқан соғыстардан, сыртқы дүниеден оқшауланудан шаршағандығы; Ресей экспедицияларының қазақ даласына жасаған барлаушылық қызметі мен калмактар жаулап алған қазақ жерлерінде бекіністер салуы; А.И. Тевкелев, И.И. Неплюев жэне басқалар арқылы Әбілқайырдың орыс бодандығын қабылдауға итермелеген Ресей дипломатия-сының қызметі; XVIII гасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстанның экономикалық жағдайының қиындығы айтылады. 1731 жылғы 19 ақпанда императрица Анна Иоанновна Әбілқайыр ханға Кіші жүзді Ресей бодандығына кабылдау туралы сыйлық грамотаға қол қойды. 1731 жылғы 10 қазанда Әбілқайыр ханмен бірге эр рудан өкіл болған 56 адам: арғыннан -17, найманнан -7, қыгішақтан -4, тамадан -2, жағалбайлыдан - 3, кердеріден -1, алаштан-4, байбақтыдан-2, жаппастан-2, масқардан2, табыннан-10, шөмекейден -1, кетеден -1 адам қол қойып, Ресей тағына ант берді. (Крафт И. И. Қазақтардың орыс бодандығын алуы. Орынбор, 1897; Сондай-ақ қараңыз: «Айқап». Қүрас: Ү.Субханбердина, С.Дэуітов. А., 1995, 49-52-6.). Кіші жүзбен Орта жүз аксақалдары мен сүлтандарының 1740 ж. Орынбор маңында өткен съезі Ресей бодандығының алғашқы нэтижелерін нығайтуға себепші болды. Оған қатысқан Әбілмәмбет хан мен Абылай сүлтан қалыптасқан жағдайды ескере келіп, Ресей бодандығын қабылдауды жақтап, Қазақстанды 80
жоңғарлар-дың басып кіру қаупінен қорғауға ұмтылды. Кіші жүз бен Орта жүз сүлтандары мен ақсақалдарының 1740 жылғы ант беруі Ресейғе Орта жүздің бір бөліғінің ғана бағынғанын көрсетті. Ал Солтүстік-Шығыс жэне Орталық Қазақстанның неғізғі аймақтары империя-ның қүрамына патша өкіметінің әскери-саяси эрекеттері салдары-нан XIX ғасырдың 20-40 ж.ж. ғана кірді. М.Мағауин Қазақстан тарихына өз көзқарасын «Қазақ тарихының әліппесі» деген кітабында (А., 1995) баяндаған. Онда қазақ мемлекеттілігінің көкейкесті проблемалары, қазақ халқының жоңғар басқыншыларымен күресінің негізгі кезеңдері қарастырылып, кейбір елеулі олқылыктар анықталған. Кеңестік қоғамтанушылар үшін К. Маркстің өз серігі Ф.Энгельске хаты үзақ жылдар бойы методологиялык нүсқау болып келгені мәлім, бүл хатында ол былай деп жазған: «Ресей Шығысқа көзкарас жөнінен шынында да прогресшіл рөл атқарып отыр. Бүкіл пасықтығына жэне славяндық ластығына қарамастан, Ресей үстемдігі Қара теңіз бен Каспий теңізі жэне Орталық Азия үшін, башқүрттар мен татарлар үшін өркениеттендірушілік рөл атқаруда» (К. Маркс пен Ф. Энгельс. Шығ., 24-т., 241-6.). Алайда ресей зерттеушілері бүл мәтіннен «бүкіл пасықтығына жэне славяндық ластығына қарамастан» деген тіркесті алып тасталған. Кейбір Қазақстан зерттеушілері бүрынғысынша Шығыс жөніндегі Ресейдің өркениетшілдік рөлін барынша атап айтады. Патша өкіметінің отарлық саясаты такырыбына байланысты мәселелер эліде өз зерттеушілерін күтіп жатқан қүпия деректерге толы кезеңге жатады. Казак отарлауын зерттеу проблемапары. Қайшылыққа толы әрі қазақ халқына өте ауыр тиген Қазақстанды отарлау үрдісі жүз жылдан астам уакытқа созылды. Казак отаршылдығын зерттеуге алғаш назар аударғандардың бірі П. Г. Галузо болды. Оның «1867 - 1914 жылдардағы Қазақстанның оңтүстігіндегі аграрлық қатынастар» деген еңбегінде (А.,1965) осы аймақты казактардың отарлауы туралы мәліметтер береді. Соңғы жылдарда, қазіргі демографиялық проблемаларға жэне Қазақстанда казактардың жандануына тығыз байланысты мәселе қайтадан өзекті сипат алды. М.Әбдіровтың «Қазақстан қазақтарының тарихы» (А.,1994) жэне Т.Б.Митропольскаяның «Жетісу казактары тарихынан» (А.,1997) деген еңбектері жазылды. Әбдіров өзінің алдына: қазақ даласына 81
алғашқы орыс казактарының келу уақытын, өлкедегі отаршылдық үстемдік жүйесінде казактардың алатын орнын, казактардың Қазақстанды жаулап алуға және қазақ халқының ХУІІІ-ХІХ ғасырлардағы үлт-азаттық көтерілістері мен қозғалыстарын казактардың басып-жаныштауда атқарған рөлін анықтауды міндет етіп қойған. Патшалық Ресейдің он бір казак әскери жасағының төртеуі: Орал, Орынбор, Сібір және Жетісу казак эскери жасақтарының тікелей Қазақстанда орналасқан Астрахан казак әскери жасағы тікелей Бөкей Ордасына жақын жерде болды. Автор казактар үш міндетті алға қойғанын айтып: 1) ең жақсы жэне қүнарлы жерлерді жаппай тартып алу, қазақтарды шөл далаға ығыстырып шығару, қазақтардың дәстүрлі көші-қон аймағын тарылтып, сол арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық үрдісін бүзу; 2) әскери жорықтар кезінде мал атаулыны жаппай айдап әкету, сөйтіп қазақгарды негізгі тіршілік көзінен айыру; 3) бейбіт ауылдарға нақ сондай гонаушылық шапкындар кезінде қөшпелілердің ең басты тіршілік түтқасы жэне әскери күші - ер адамдарды жаппай қырып-жою мен қолға түсіру міндеттерін орындады -деғен қорытындыға келеді. Бірегей этнологиялық үрдіс ретінде казактардың бүкіл тарихын М. Әбдіров нақты екі кезеңде, олардың тарихи тұстасуы мен қақтығысуы кезендерінде қарастыруға болады деп санайды. Біріншісі - Моңғолиядан Дунайга дейінгі үлы дала белдеуінің кең-байтақ аумағында орта ғасырлар дэуірінде (УІ-ХҮІ ғғ.) пайда болған ежелгі түрік қүбылысы ретіндегі казактар. Екіншісі - оңгүстіктегі жэне оңтүстік-шығыстағы далада бүрын осында өмір сүрген түрік халқының ішкі ресейлік негізі ықпалымен көбінесе славян казактарының қалыптасуы. ХУІІІ-ХІХғ.ғ. Ресей империясының басты саяси мақсаты Қазакстанды отарлық шет аймаққа айналдыру болды. 3.4. Қазақтардың отаршылдық езгіге қарсы ұлтазаттық күресінің зерттелуі. ХУІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстандағы халық бүқарасының патша өкіметіне қарсы наразылық қозғалысының бай тарихы бар. XVIII ғасырдың екінші жартысында (1783-1797 жылдары) Кіші жүзде Сырым Датов бастаған көтеріліс болды. 1836-37 жылдары 82
Бөкей Ордасында Исатай Таймановтың басшылығымен көтеріліс жасалды. 1856-57 жылдарда Сырдария өңірі қазақтарының отаршылдық езгіге қарсы Жанқожа Нұрмұхамедов бастаған көтерілісі болып, шаруалардың Есет Көтібаров басшылық еткен көтерілісі Батыс Қазақстан аумағын қамтыды. 1870 жылы патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы Орал жэне Торғай облыстарында көтеріліс, Маңғыстауда толқу болып өтті. Сол кезеңдегі барлык жарияланымдарда халық бұқарасының бой көрсетулері «бүлік» деп түсіндірілді, ал көтерілістер басшыларының жеке басы автордың көзқарасына қарай түрліше сипаттама алды.Қарсылық қозғалыстарын зерттеуді алғашқылардың бірі болып А.Ф. Рязанов бастады, ол Орынбордың мүрағат материалдарымен мәселеге деректермен танысып, ғылыми айналымға енгізді. Жекелеген даулы мәселелеріне қарамастан, бүл зерттеулер бүгінгі таңда да өз мэнін жоғалтқан жоқ. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов басшылық еткен көтерілісіне М. П. Вяткиннің «Батыр Сырым» деген монографиясы (М., 1947) арналды. Нақты деректемелерді кең көлемде пайдалана отырьш, кәсіби қолдан шыққан орнықты зерттеуде Кіші жүз қазақтарының көтеріліс қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайына, шаруалардың наразылығын туғызган себептерге, көтерілістің барысы мен оның жетекшілерінің көзқарастарына; Игельстром бастаған Орынбор экімшілігінің рөліне жэне оның хан билігін жою үшін жасаған сәтсіз әрекеттеріне деректемелік жэне тарихнамалық шолу жасалып, ол мәселелер кең көлемде егжей-тегжейлі көрсетілген. Көтеріліс кезеңдері айқын зерделеніп, Сырым Датовқа, ол сүйеніш етіп, мүдделерін корғаган элеуметтік топтарға сипаттама берілген; патша өкіметіне қарсы жаппай бой көрсетулердің бірі не себептен жеңіліске үшырағаны ашып көрсетіледі. Еңбек осы кезге дейін көтерілген тақырыпқа жасалған толық ғылыми талдамалардың бірі. Сонымен қатар Е. Бекмаханов XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өмірі туралы зерттеу жазды (Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында. А., 1947). Кітаптың басым бөлігі Кенесары Қасымов басшылық еткен азаттық қозғалысына арналған. Мүнда көтерілістің қозғаушы күштері, оның Орта жүзде қүлаш жаюы, Кенесарының қазақ мемлекеттілігін нығайту жөніндегі іс-шаралары, Қоқанға қарсы 83
күресі, оның бүл күреске қырғыздарды тартпақ болған әрекеттері, сондай-ақ Кенесары мен оның жақындарының қырғыз билеушілері қолынан қаза табуы айқындалады.Қорытындысьшда автор Қазақстандағы 20-40 жылдардағы оқиғаларды жинақтап, олардың жалпы Орта Азиядағы қазақ халқының содан кейінгі тағдырына жасаған ықпалын анықтап берді (1992 жылы Е. Бекмахановтың кітабы екінші рет басылып шықты). XX ғасырдьщ 50-жылдарының аяғы - 60-жылдарының басында Кенесары Қасымовтың көтерілісіне көзқарас түбегейлі теріс бағытта болды. Түтас алганда, көтеріліс феодалдьщ-монархиялыц деп танылды, ал зерттеу авторы үлтшыл деп айыпталып, қугынга түсті (қараңыз: Е.Б.Бекмахановтың «Қазақстан XIX ғасырдың 20—40 жылдарында» деген кітабы бойынша пікір сайыс. Стенограмма. А., 2000). Көтеріліске қатысты ғылыми көзқарас 90-жылдарда қайтадан жаңарды. 1990 жылғы 27-28 шілдеде Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология жэне этнография институты мен «Вопросы истории» журналының редакциялық алқасы «Отаршылдық жағдайындағы үлттық қозғалыстар (Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Кавказ)» проблемасы бойынша үйымдастырған Бүкілодақтық «Дөңігелек стол» өткізілді. Ғалымдар халық бүқарасының азаттық күресінің көп жақты объективті көрінісін жасауға жэне қоғамдық санада орын альш отырған таптаурын ескі сенімдерді жоюға, сондай-ақ зерттеу объектілеріне де, оньщ тарихнамасы мен деректеметану проблемаларына да жаңа методологиялық көзқарастар іздестіруге шақырды. Үсыныстарда «Ауызша айтылатын жэне фольклорлық материалдарды тарту арқылы ХУІІІ-ХІХ ғасырдың басында Қазақстанда, Орта Азияда, Солтүстік Кавказда, Еділ бойында болған үлттық қозгалыстарды жан-жақты сипаттайтын қүжаттар мен материалдарды анықтау, жинау жэне басып шығару», сондай-ақ С. Асфендияров, Е. Бекмаханов еңбектеріне жаңсақ берілген бағаны қайтадан ой елегінен өткізіп, олардың Қазақстандағы үлгтык қозғалыстарға арналған еңбектерін қайта шығару көзделді. 1992 жылы Ақтөбе қаласында ғылыми-теориялық конференция өткізіліп, оның «XVIIXX ғасырлардағы Қазақстандағы үлт-азаттық қозғалыс біртүтас тарихи үрдіс: проблемалар, ізденістер, шешімдер» деген материалдары жарық көрді. Конференцияның айрықша белгісі қазақтардың тәуелсіздік жолындағы күресінің аз зерттелген 84
проблемаларын көрсету жэне қазақ халқының азаттық күресінің тарихын зерттеу методологиясы мен тарихнамасы мэселелеріне жоғары деңгейде көңіл аудару болды. Бүл жылдарда жарық көрген әдебиеттерде империяның отаршылдық саясаты: орыстандыру, христиан дініне кіргізу, әскери жэне шаруалар арқылы отарлау зерделенді. Жоңғарларға жэне орыс отаршылдығына қарсы үлт-азаттық соғыстардың тарихы тэуелсіздік алганнан кейін түтас он жылдықтың өзекті тақырыбына айналды. Отаршылдықтың жэне тоталитаризм идеологиясы үстемдігі кезеңіндегі үзақ уақыт бойы үнсіздіктен кейін объективті баға беруге, қайтадан ой елегінен өткізуге мүмкіндік туды. 260 жыл бойы тәуелсіздік жолында, үлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолында үздіксіз халыктык соғыс жүргізіліп келгені расталды. Мың-мыңдаған батырлар туған Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін күрбан етті. Кеңестік тарихнамада шет аймак халықгарының эрбір үлт-азаттық бой көрсетуі бір-біріне тәуелсіз алынып, аймақтык мемлекет ішіндегі қүбылыс ретінде қасаң таптық тұрғыда қарастырылды. Жоңғарларға қарсы азаттық соғыстары да сол сиякты назардан тыс қалды. Тәуелсіз мемлекеттің хшіқы тэуелсіздік жолындағы күрестің негізгі кезеңдерін бірінші рет жалпы халықтық ауқымда атап өтті. 1990 жылдың жазында Абылай ханның 280 жылдығына арналған республикалық ғылымитеориялық конференңия болып өтті. Ол Бүқар жыраудың 300 жылдығына, Бөгенбай батырға, Қабанбай батырға, Шақшақ Жэнібек Тарханға, қазақ халқының үш үлы биі - Төле биге, Қазыбек биге, Әйтеке биге, үш жүз қазақтарының Ордабасындағы бірігуіне арналған конференциялар. 1992-1998 жыдарда Кенесары ханның, Исатай мен Махамбеттің, Ағыбай батырдың, Жэуке батырдың, Қарасай батырдың жэне басқапарының мерейтойлары жалпы үлттык ауқымда атап өтілді. Кеңестік кезеңде әдебиеттің басым көпшілігі өлкедегі XX ғасырдың басындағы революциялық қозғалыстың тарихы бойынша жинақталды. 1905-1907 жылдардағы революциялық оқиғаларды соғыс алдындағы жылдарда зерттеудің қорытындылары Ұлы Отан соғысы жылдарында шыққан бір томдық «Қазақ СССР тарихында» жарияланылды, оның бір тарауында революция, столыпиндік реакция жэне жаңа революциялық өрлеу кезеңін көрсететін материал баяндалды. 85
Қазақстан мен Орта Азиядағы 1905-1907 жылдардағы революция проблемаларын зерттеуге Мәскеу мен Ленинградтың жетекші ғылыми мекемелері тартылды. «Вопросы истории» журналының «Орта Азия халықтары тарихының кейбір мәселелері туралы» бас мақаласында Ресейдің шет аймақтарындағы 1905-1907 жылдардағы оқиғаларды жазудағы екі ұштылық туралы айтылды. Е. Бекмаханов, Е. Ділмұхамедов, Б. Сүлейменов, Г. Ф. Дахшлейгер және басқалары еңбектерінде тарихи-революциялық тақырыптың талдануы өлкедегі революциялық қозғалыс пен ұлт-азаттық қозғалысының ерекше белгілерін тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді. Е. Бекмаханов Қазақстандағы XIX ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысының тарихын патша өкіметінің қоныстандыру саясатымен тығыз байланыста қарады. Өлкедегі 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс тарихын Б.Сүлейменов қарастырған. (Сүлейменов Б. Революционное движение в Казахстане в 1905-1907г.г., 1977.) Автор революциялық қозғалыс феодолизммен, империализмге қарсы сипатта болды деген пікір айтады. Бірінші буржуазиялық-демократиялық революция тарихының проблемалары бес томдьж «Қазақ ССР тарихы» басылымында жэне бірқатар монографияпық зерттеулерде баяндапған. 1905-1907 жылдардағы революция тарихы тарихнамасының жетістіктерін бағалай отырып, біз тарихшылардың Қазақстандағы жұмысшы табының тап күресін тым тартысты етіп жібергенін, қоныс аударушы шаруалардың, қазақ шаруаларының революцияшылдық деңгейін сыңаржақ әсірелеп көрсеткен деген пікірдеміз. Ә. Бөкейханов бастаған қазақ демократияшыл зиялыларының көзқарастары, қазақстандағы жастар, мұсылман қозғалысы жергілікті дэрежеде зерттелмеді. Отаршылдық экімшіліктің миссионерлік қызметі назардан тыс калдырылды. 3.5.1916-1917 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың проблемалары. Көпжылдық пікірсайыстардан кейін 1916 жылы тарих бойынша тұжырымдама қабылданып, ол бес томдық «Қазақ ССР тарихында», Орта Азия республикаларының тарихы жөніндегі тиесілі зерттеулерде көрсетілді (қараңыз: Қазақ ССР тарихы, 86
3-т. А., 1982; Тұрсынов Х.Т. Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс. М., 1961 жэне басқалар). III томның «Бірінші дүниежүзілік соғыс. 1916 жылғы көтеріліс» деп аталған үшінші тарауында оның неғізғі қағидалары баяндалған. Қазір тарихшылар бұл проблеманың жаңа түсіндірмесін беруғе ұмтылуда жэне мүндай ізденістің алғашқы нәтижелері мамандарға М. Қозыбаевтың, Ә. Бисенбевтың, К. Нұрпейісовтың, М. Қойгелдиевтың еңбектері арқылы жан-жақты зерделенғен. Академик М. Қозыбаев бес томдық «Қазак ССР тарихы» III томның бұл тұжырымдамасын мынадай дәлелдермен қайта қарауды жөн деп тапты: 1.1916 жылғы оқиғалар «көтеріліс» деп жэне сонымен бірге «азаттық қозғалысы» деп аталған. Басқаша айтқанда, авторлар ұжымы, сірә, ұлт-азаттық қозғалысы көтеріліс нысанын алды деп ойласа керек. В. Даль бойынша, «көтеріліс - бүлік, ашу - ыза» (қараңыз: Даль. В Күнделікті қолданыстағы ұлы орыс тілінің түсіндірме сөздігі. М., 1989, 270-6.). 1916 жылғы оқиғалар бүлік, ашу-ыза аясына сыймайды. Кеңестік тарихнамада Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ұлт-азаттық соғысы шағын аймақтық көтерілістерғе жатқызылды. Бұл түжырымдаманы Түркістан аймағындағы жазалау әрекеттерін басқарған патша генералдары негіз салған болатын. Нақ солар саны 50 мың адамға дейін жететін халықтық армияны «қарақшылар», «бүлікшілер тобыры» деп атады; оның бер жағында басқа ешкім де емес, нақ генерал А. Н. Куропаткин 1916 жылғы Орта Азияға жасалған жазалау экспедициясына қатысқанда, “Черняев, Романовский, Кауфман, Скобелев Сырдария, Самарқан жэне Ферғана облыстарын аз күшпен жаулап алдьГ- деп көрсетгі. 2. Бес томдық «Қазақ ССР тарихында» авторлар ұжымы 1916 ұлтазаттық қозғалысты азаттық қозғалысының маркстік-лениндик кезеңі деп санады. Орталық шығыстың халықтары өздерінің құл болғысы келмейтінін көрсетіп, қарсыласу жолына түсті. Бұл адамгершілік-психологиялық өзгерістердің революциялық, ұзақ мерзімді сипатта болғаны күмәнсіз. Орталық Азия халықтары Ресейдің екі революциясы мен азаматтық тайталас шеңберінде ұлт-азаттық қозғалыс алға қойған мақсаттар мен міндеттер үшн күресті, болашақтагы 87
демократиялық мемлекет құрамында ұлттың өзін-өзі билеу жолында шайқасты. З.Бес томдық «Қазақ ССР тарихында» 1916 жыл ұлт- азаттық көтерілісті жалпы ресейлік үрдістің кұрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Ал 1916 жыл көтеріліс азиялық шығыс халықтарының сан ғасырлық ұлт-азаттық күресінің жалғасы деп қарастыру керек. 4. Бес томдық «Қазақ ССР тарихында» авторлары қозғалыс феодализмге қарсы сипатта болды, сондай-ақ феодалдық билік басындағыларға да қарсы бағытталды деп пайымдады. 1916 жылды өзін империяға қару қолданып тайталаса алатын күш деп ұғынған халыктардың ұлы жеңісі деп санау керек. 5.Бес томдық «Қазақ ССР тарихында» «көтеріліс патша экімшілігі үшін де жергілікті феодалдық билік иелері үшін де күтпеген жерден басталды» делінген. Мұндай пайымдау қисынды бола алмайды. Кеңестік тарихнамада ұлт-азаттық қозғалысының әлеуметтік негізі көтеріліс басшылығына таптық көзқарас тұрғысынан қарастырылып, олардың көшбасшылары элеуметтік жағынан төменгі топтардан шыққан деп көрсетіліп келді. Ал шындығында көтеріліс тұсьгнда хандар, сардарбектер, бектер сайланып Шығыстың дәстүрлі басқару институтгарын қалпына келтіруге ұмтылыстары ескерусіз қалдырылды. Тарихнамада ұлттық зиялылардың 1916 жылғы халыктық соғысқа көзқарасы эр түрлі бағаланады. 1970 жылдардьщ аяғындаақ академик С. Зиманов ұлт зиялылары мен олардың жетекшілерінің ұлт-азаттық қозғалысындағы, қазақ халқының ұлттық санасезімін оятудағы қайшылықтарға толы рөлін тереңірек анықтау қажет деп атап өткен болатын. М. Қозыбаев, Қ. Нұрпейісов, Д. Аманжолова, М. Қойгелдиев, М. Базарбаев т.б зерттеушілердің пікірінше казақ халқының ұлттық көшбасшылары өздерінің даму дәрежесі жағынан еуропалық деңгейде болды. Халық бұқарасы халықтың кедей табынан шыкқан зиялыларды жақын тұтты. 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалысында бір-біріне кереғар жақта болған қазақ зиялылары мінез-құлқының эр түрлі бағытын осымен түсіндіруге болар.
Тарихнамалық еңбектерде көтерісшілердің эскери өнері және көтеріліске қатысушылар мен олардың көшбасшыларының тағдыры зерттелмегені атап өтіледі. Кеңестік тарихнамада 1916 жылғы көтеріліске қатысушылар Ақпан жэне Қазан революциялары мен азамат соғысына, Кеңес өкіметінің алғашқы он жылдығындағы демократиялық өзгерістерге белсене қатысушылар болды деп саналады. Бірақ қазір біздің қолымызда олардың көпшілігіне тағдыр күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерге қатысушылар болуды жазған дерек бар. Кейкі батыр, сияқты түлгалар көтеріліс басшылары қатарынан сызылып тасталғаны кейін мэлім болды. Бүгінгі таңда Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтүрсынов, Міржақып Дулатов, Мүхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Халел Досмұхамедов сияқты көптеген ұлт зиялылары өкілдерінің еңбектерін оқуға мүмкіндік алдық Осыған байланысты зерттеушілер өздерінің ізденістерін олардың өмірі мен қызметін мұқият жэне жан-жақты зерттеуге, негізгі баспасөз органы - «Қазақ» газетінің мазмұны мен рөлін объективті түрде анықтауға, сондайақ «Алаш» қозғалысының бағдарламасына эділ талдау жасауға бағыттады. О.Әбдімановтың «Қазақ газеті» деген кітабында (А.,1993) газеттің пайда болуы алдындағы тарихи жағдай айқын көрсетілген. Автор шетелдік қазақ диаспорасының өкілі Хасен Оралтайдың «Алаш» партиясының 1905 жылдың өзінде-ақ құрылғаны жэне оның жария партияға айналған 1917 жылға дейінгі құпия қызметі туралы айтқан көзқарасына қосылады. «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің қызметін көрсететін, бұрын қол жетпеген мұрагат қорларын пайдалану мүмкіндігінің іс-жүзіне асуы арқасында зерттеушілер бұл проблеманы белсенді түрде зерттеп, мерзімді баспасөз беттерінде ғылыми нэтижелерін жекелеген мақалалар немесе мақалдардың топтамалары етіп жариялауда. Осы тұрғыдан алғанда Д.Аманжолованың «Алашорда. Қазақ автономизмі», К.Нұрпейісовтің «Алаш һэм Алашорда» жэне М.Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» деген еңбектері жарияланды. Д.Аманжолованың «Қазақ автономизмі жэне Ресей(«Алаш» қозғалысының тарихы)» деген монографиясы «Тұңғыш монография» сериясының топтамасымен шығарылып, қазіргі ұлттық проблемалардың бастаулары мен себептеріне, Еуразия 89
халықтарының болашағының ортақтығын ұғынуға арналды.. Зерттеудің басты жаңалығы -қазақ автономизмі, Алашорданың Колчактың Уақытша Сібір үкіметімен, Орынбор, Орал,Сібір жэне Жетісу қазақтарының басшылығымен, алаш кұрамаларының тұрақты «ақтармен» жэне қазақ бөлімдерімен өзара қатынастары тарихының өзекті беттерін жүйелі түрде көрсетілуі болып табылады. К.Нұрпейісовтың кітабында «Алаш» қозғалысының бастауларына, монархия құлатылғаннан кейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың өзгерістеріне, «Алаш» партиясының құрылуына, Алашорда мен Кеңес өкіметінің езара қатынастарына баса назар аударылады. К.Нұрпейісов «Алаш» қозғалысының мэнін неғұлым толық ашып көрсету үшін зерттеушілерден элі де көп күш-жігер жұмсауды керек ететін бірқатар мэселелерді атап өткен..К.Нұрпейісовтің монографиясында XX ғасырдың басындағы Қазақстанның тұңғыш саяси партия мен оның үкіметі қызметінің неғізгі кезендері, мұрағат қорынан алынған жаңа құжаттар негізінде жазылған М.Қойгелдиевтің монографиясында XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы Қазақстанның тарихи дамуына байланысты проблемалардың кең ауқымы камтылған. Кітаптың бүкіл арқауы басты мәселе — Алаш қозғалысына арналған. Патша өкІметінің отаршылдық саясаты, ұттық езгіге наразылықгың күшеюі жэне қазақ зиялыларының 1905-1916 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі; ұлт зиялыларын қудалау саясаты; Қазақ газеті жэне 1908-1916 жылдарда тәуелсіздік жолындағы күрес идеологиясының қапып-тасуы; бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы жэне 1916 жылғы ұлт-азаттық күрес кезеңіндегі қазақтың демократияшыл зиялылары; Акпан революңиясының жеңісі жэне ұлт-азаттық қозғалысының жаңа міндеттері; қазақ демократияшыл зиялылары-ның Уақытша үкімет жұмысына қатысуы; жалпы қазақтың бірінші жэне екінші съездер, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрьшуы жан-жақты көрсетіледі. М. Қойгелдиевтің кітабында Алаш қозғалысьшың тарихнамасы жан-жақты сипатталған.ҚР ҮҒА-ның корреспондентмүшесі К. Нұрпейісовтьщ эділетті атап өткеніндей, ең алдымен алаш қозғалысы терминінің мэні элі де толық емес. Мэселен, М.Қойгелдиев алаш қозғалысы ұғымын, бір жағынан, тұтас 90
алғанда XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс деп, екінші жағынан Алаш партиясын, Алашорда үкіметі-Халықтық кеңесті, бэрін қосып алғанда Алаш автономиясын бір мағынада түсіндіреді. (Ә.Бөкейханов.Шығ.А., 1994,93-6) Осы мэселені Д. Аманжолова: Қазақтың үлттық алаш қозғалысының дамуын үш кезенді бөліп карастырады. 1905 жылы зиялылардың батыстық пиғылдағы либерал тобы бастаған ағым ретінде пайда болып, бірінші кезенде (1905-1916 жылдар) ол конституциялық-демократиялық жэне земстволық жүртшылық оппозициялық қозғалысы арнасында дамыды. Келесі кезең оньщ пікірінше, үзаққа созылмады, бірақ өте маңызды болды, өйкені революциялық 1917 жылға түтас келді. Д. Аманжолова 1918-1920 жылдарды Алаш тарихының соңғы кезеңі деп санайды. (Аманжолова Д.А Казахстанский автономизм и Россия. М., 1994, 185-186 бет) К. Нұрпейісов Алаш һэм Алашорда монографиясында Алаш партиясы бастауының түп-тамыры 1905-1907 жылдардағы орыс революциясының кезінде жатыр деп атап көрсетеді. Ол Алаш, Алашорда ұғымын ғасырдың басынан бастап қоғамдық-саяси аренада жұмыс істеген барлық қазақ зиялыларына беталды қолдана беруге болмайды деп санайды. К.Нұрпейісов 1917 жылғы шілде1920 жыл аралығындағы Алаш қозғалысының хронологиялық шеңберін көрсетіп береді. (Нұрпейісов К. Алаш һэм алашор.122 б) Алаш идеялары Алашорда таратылғаннан соң да өмір сүре берді. Осы аталғандарды қорыта айтқанда: 1. Алаш, Алашорда, алаш қозғалысы тарихы - бүкіл XX ғасырдағы азаттық қозғалысының түйінді проблемасы. 2. Алаш қозғалысы өзінің әлеметтік түп-тамырлары, Ресейдің өмір шындығын ұғынуы, саяси бағдарлары жөнінен біртектес болған жоқ. Ол оңшылдар, орталықшылдар жэне солшылдар болып бөлінді. Олардың арасында қозғалыстың еуропалық стандарттар бойынша жоғары білімді, өздерінің даму деңгейі жөнінен замандастарынан алға кеткен жетекшілері болды. Алаш партиясының сыртқы дүниемен, соның ішінде Ресейдің өз ішіндегі эр түрлі саяси ағымдармен байланыстарын барынша орнықты зерттейтін кез болды. 3. Қазақ-кырғыз съезінің (5-12.12.1917ж.) шешімінде былай деп жазылған: Қазак-қырғыз автономиясы Алаш деп аталсын 91
(Ә. Бөкейханов 1995 таң. Шығ. 50 бет.). Кеңесінің құрамына қырғыз халқының қайраткері Ж. Солтанаев енген (Бұлда сонда 73 бет) (мұны проф. М. Қойгелдиев те дұрыс атап өткен). Қырғызстанның сол'гүстік-аудандарында «Алаштың» ықпалы күшті болды, оларда «қырғыз қоғамдық комитетгері» «Алаш» комитеттері деп қайта аталды. Алаштың Пішпектегі (қазіргі Бішкек) филиалында 800 мүше болды. Алаш партиясының қатысуымен Қоқан автономиясы құрылды. (Очерки коммунистический партий Узбекистана Ташкент, 1974, 58 бет) Бүкілқазақстандық II съездің жұмысына татар, башқүрт азаттық қозғалыстарының өкілдері қатысты. Алаштықтар Өзбекстан мен Қырғызстанның шура-исламшылдарымен тығыз ынтымақтастық жасады. Алаш қозғалысы бүкіл түркілер дүниесіне ықпал етті. 4.Алаш қозғалысының тарихы - Ресей империясындағы бүкіл азаттық қозғалысы тарихының құрамдас бөлігі. Ғасырлар тоғысында Ресей интеллектуалдарының жаңа ұрпағы қалыптасты. Бұл Ресей империясъшың барлық халықгары сана-сезімнің өсу кезеңі болды. Басыбайлыкты жою, земстволық өзін-өзі басқаруды ёнгізу, монархиялық Ресейдің, баяу болсада біртіндеп констит>- ционализм жолына түсуі, көп партиялылықтың пайда болуы. П.А.Стольпин реформалары, рьшоктық экономиканың қүндылықтарын қабылдаушы эр түрлі әлеуметтік топтар арасында либералдық идеологияның таралуы, Ресейдің жаңғыру жэне еуропалану, парламенттік демократия жолымен баяу болса да, сеніммен ілгері басуы-қазақ реформатоларының да жаңа ұрпағы тәрбие алған әлеуметтік-экономикалық саяси орта болды. Сонымен бірге Ә.Бөкейханов пен оның пікірлестері дүниежүзілік қоғамдық ойпікір жетістіктерін де қабылдады. Олар Француз революциясының«Адам жэне азамат құқықтарының декларациясы» идеясында тэрбиеленді. 5. Алаш қозғалысы қайраткерлері көзқарастарында ағартушылық, отаршылдыққа қарсылық, ұлттық дербестікке ұмтылыс, буржуазиялық - демократиялық бостандықтарды қорғау, ал екінші кезеңінде - автономизмге, ұлттық егемендікке қамтылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев "Тарих толқынында" деген кі габында былай деп өте дұрыс атап көрсеткен: "Үлттық саяси ұйьшның жасақталуының өзі отандық тарихымызда жеріне жете зерделенбей келеді. Оның үстіне кезінде "Алаш" пар92
тиясының жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр. Бүл үлттық емес, патриоттық үйым, алдына қойған мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, оны осы заманғы шындыққа бейімдеу еді". (Назарбаев Н.Ә. Тарих толкынында А., 1999,173 бет) Биыл 1916 жылғы үлт- азаттық қозғалыс тарихына 100 жыл толып отыр. Зерттеушілер мәселеге байланысты жаңа мүрағат мате-риалдарын жариялап мәселеге жаңа көзқарасты байытуға тиісінше үлес қосуда. 3.6. ХУІІІ-ХХ ғ.ғ. басындағы Қазақстан тарихына қатысты деректемелер ХУІІІ-ХХ ғасырдың бас кезі кезеңіндегі қазақтардың тарихы жөнінде тарихи деректемелер жазбаша, ауызша жэне заттай тарихи деректемелері түрінде болып келеді. Бүл кезеңдегі жазбаша жэне заттай деректемелердің көпшілігі ғылыми айналымға енгізілді. Осы кезең туралы қазақ шежірелерінің материалдары деректеметануда қүнды тарихи мәліметтер болып табылады. Кеңестік кезенде қазақ шежірелеріне үзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеуге көңіл бөлінбей келді. Сол түстағы тоталитарлық жүйе мен идеологиялық цензура үлттык тарихи деректемелерді пайдалануға тыйым салды. Әйгілі ғалымдарды (мысалы, Е.Бекмахановты, Ә.Марғүланды) қудалау кейінгі тарихшыларды шежірелердегі қазақтардың тарихи деректемелеріне гылыми талдау мен зерттеу проблемасынан айналып өтуге мәжбүр етті. XIX ғасырдың екінші жартысы-ХХ ғасырдың басы қажазба шежіресі дәстүрінің қальштасу уақыты болды. Қазақтардың шежіресінің жазбаға көшуде Мэшһүр Жүсіп Көпеев, Шэкэрім Қүдайбердиев, Қүрбанғали Халид, Мүхамеджан Тынышбаев, Әлихан Бөкейханов т.б ғалымдардың табанды еңбегі нэтижесінде жүзеге асты. Олар үзақ уақыт бойы атадан - балаға беріліп келген қазақ шежіресінің ауызша деректерін жазбаға көшірудің келер үрпақ үшін ғылыми маңызы зор екендігін жақсы түсінді. 93
Бірақ көп кешікпей бұл ұлттың тарихнамалық дәстүрлер үмыт қалдырылды. Шәкәрім Құдайбердиевті өкімет орындары өлтірді, Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев қуғынға ұшыратылды. Мэшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесі қиратылды, ұлттық дәстүрді жақтаушы Ермұхан Бекмаханов сотталды. ¥лттық тарихи деректемелер мен оларды ғылыми зерттеу проблемаларына жақын болған С.Асфендияров, К.Кемеңғеровтер қуғынға ұшырады. 80-жылдардың аяғы 90 - жылдардың басында ғана қазақ қазақ шежірелерін жариялайтын мезғілі туды. Сөйтіп қазақ деректемелерін жаңа тарихи тұжырымдар тұрғысынан қарастыратын кез келді. Деректеметану тарихы мен тарихнамада қазақ шежірелерін іс жүзінде пайдалануда ғалымдар П.И.Рычков, А.И.Левшин, В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, Ш.Уәлиханов, А.Н.Харузин, А.Н.Аристовтар мен басқалардьщ есімдерін ерекше атау керек. XVIII ғасырдың басынан Қазақ хандығы Тэуке хабилеуімен (1680-1715) мэлім. Тэуке өз заманының едәуір күшті эміршісі болды, оның билігі аумақтық жағынан қазактың барлық үш жүзіне тарады. А.И.Левшин қазақ материалдарына сүйене отырып, ұлы Тэуке ханға мынадай мінездеме берғен: «Оның атымен өздерінің қызба отандастарының тобырынан рухы біршама жоғары тұрған кез келғен қырғыз-қазақтың жүрегі ізгілік пен имандылыққа толады. Ол Қазақ Ордаларының Ликургі, Айдаһары» (Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсаңких, орды и степи СПб 1832, ч2, 69-бет) Халық арасында ол жөнінде оның халықты жақсы басқарғандығы туралы айтылады. Әз Тәукенің билік етуі туралы «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деген сөз нақ сол кезден қалған. XVIII ғасырдың 20-жылдарының бірінші жартысы таржалпы «ақтабан шұбырынды» жылдары деп аталды. Ақтабан шұбырынды жылдарында қазақтар жан-жақтан қауіп күшеді. Бірінші жоңғар қалмақтары, екінші еділ қалмақтары, үшінші башқұрттар, төртінші сібір жағы бесінші жайык казактары тарапынан жасапған шабуылдан ауыр шығынға ұшырады. Ең қауіптісі жоңғарлар болып олармен 1723-1725 жылдарда шайқастарда қазақтар жеңіліс тапты. «Шақшақұлы Ер Жәнібек» эпикалық дастанында қасіретті халықтың жай-күйі жан-жақты айтылған. 1723-1725 жылдардағы жеңілістеріне жэне Мауараннахр мен 94
Сарыарқаға ретсіз көшуіне қарамастан, қазақтар 1726 жылдың өзінде - ақ Жоңгарияға қарсы жаңадан ашық күреске шығуға күш жинап үлгерді. А.Левшиннің жазғанындай, «... жан ашуы олардың (қазактардың) бүрынғы қоныстарын қайтарып алу қажеттгіне көз жеткізді, ал басқа түскен таукымет сол мақсатқа жетуге итермеледі. Үлкен нәубет ішкі өзара қырқысты бітістірді, жалпы келісімді қайта туғызып, олардың бэрін бір нәрсеге бағыттады».( Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степи СПб 1832, ч.2. 70-71 б.б) Алғашқы ірі шайқас 1728 жылы Үлытаудың оңтүстікбатыс жағында, Шұбар көлінің жағасында болды. Қазак аңыздарында бүл шайқаста қазақ колдарын Шақшақ Жәнібек батырдың басқарғаны айтылады. Қазақтардың өршеленген қарсылығын жеңе отырып, жоңғарлардың қалың қолы сол дэуірде қазақтар қарсыласуының басты ошағы жэне Қазақ мемлекетінің аумақтық саяси орталығы болған Үлытау жағына мақсатты түрде үмтылды. Ә.Диваев Тайлақ пен Саңырак бастаған Орта жэне Кіші жүз батырларының Бүланты мен Білеуті өзендерінің жағаларындағы орасан үлкен шешуші шайқастарға қатысуы туралы қазақ аңыздарын жазып алған. Бүл жерде цальщ жоңгар цолының күйрей жеңілуі халыц жадында «Қалмац цырылаан» деп сацталган. Бүланты және Білеуті өзендерінің арасында сол кезден бастап «Қалмац цырылган» деп аталган шагын цырца бар. Оның төбесінде цүлпытастарына ру таңбалары цаиіап салынган цазац сарбаздарының бейіттері деп шагиырап жатыр. Тарихи аңыздарга цараганда, бүл зиратца сол шайцаста цаза тапцан цазац батырлары жерленген. Батырлар жырында бұлантыда шайқасқан қазақ сарбаздарының рухы мен ерлік көңілкүйі, жауынан үстем балғандығы жырланады. Қазақ-жоңғар соғыстары тарихта даңқты батырлар есімін қалдырды, оларды халық жырға косты, ал олардың қаһармандык ерліктері халық есінде- шежірелерде мэңгі сақталады. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шежіресінде Абылай хан туралы тарихи мәліметтер бар: «Абылайдың әуелгі аты Сабалақ». Мэшһүр Жүсіп Көпеев былай деп жазады: «...Жасы жиырмаға жетпеген Абылайдың қасында барлық кезде Оразақ деген өзбек-сарт еріп жүрді. Олар Есілді жағалай көшіп жүрген Атығай жэне Қарауыл руларына келіп, онда Дәулеткелді байдың жылқысын баққан, оның 95
атшылары болған. Абылайдан: «Атың кім?»- деп сұрағанда ол, - «Менің атым Сабалақ!»- деп жауап қайтарыпты».(Көпейұлы М.Қ Қазақ шежІресі 35 бет) Абылай хан дэуірін Шоқан Уәлиханов жоғары бағалаған. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Қазақ шежіресінде» даңқы шыққан жауынғерлердің есімдері аталады, ол былай деп жазады: «Абылай ханның заманындағы қазақ жұртынан шыққан батырлар Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөғенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Көкжарды көкжал Барақ (жауды кеп қашырады, жақсы аты Бараққа қалады делінғен Барақ батыр деғен осы), Шанышқалы Бердіқожа, Сырым Малайсары. Бұл батырлардың бэрі де қалмақтың қамалын бұзған батырлар. Қазақта Қаркерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін Төле биден асқан би жоқ. XVIII ғасырдағы қазақ жыраулары- Ақтамберді жырау, Тэтіқара ақын,Үметей жырау, Бұқар жырау, Көтеш ақын, Шал ақын- қазақ халқының ерлік кезеңінің өкілдері болды жэне өз шығармаларымен көшпелі қоғамның әлеуметтік идеолоғиясының қалыптасуына жэрдемдесті. Халыққа олар ерекше тұлғалар больш танылды. Олардың шығармаларында ғасырдың аса маңызды оқиғалар, аңызға айналған тұлғалар, эскербасылар жэне басқалар туралы айтылды. Ацтамберді жырау (4675-1768) - жоңғар басқыншыларына қарсы өліспей беріспейтін шайқасқа шақырған халық жаршысы. Өз шығармаларында ол қазақ халқының бейбіт жэне еркін өмірі туралы, әлеуметтік кайшылықтар, халыктың ізгі үміті, орындалатын заман туралы арманын білдіреді. Үмбетей жьірау өмір сүрген кез (1706-1778). Қазақ хандығының ең ауыр заманында, халық арасында аталып кеткеніндей, жаугершілік заманға тұспа-тұс келді. Бұл кездің барлық оқиғалары толғауларда, жоқтауларда, естіртулерде жырланған. Үмбетей жыраудың батырлық жырларьгнда Абылай туралы батырларҚаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Сары, Баян, Сағынбай батыр жэне басқа да көптеген батырлар туралы құнды тарихи мәліметтер бар. Мэшһүр Жүсіп Көпеев шежіресінде Абылайдың әскери жорықтары туралы айтылған. «Бұқар жырау туралы тарихында» Абылай ханның ақылшысы, жаршысы Бұқар жырау қызметі туралы көптеғен аңьвдар мен әңгімелерде баяндалған.Қазақ 96
шежірелерінде, әсіресе Мэшһүр Жүсіп Көпеевте Бүқар жыраудың бейнесі зділетті көреген, қазақ халқының бірлігін белсене жақтаушы, өз бойына заманының ең жақсы белгілерін жинақтаған адам бейнесі көрінеді. Жоңғар мемлекетінің қүлауына байланысты орыс-қытай қатынастары қайшылықка тірелді, олардың әрқайсысы қазақ жерін аумақтық тұрғыдан иеленуге ұмтылды.Қазақ- орыс қатынастарына жэне қазақ қоныстары мен бекіністерін салуға байланысты оқиғалар Мэшһүр Жүсіп Көпеевтің шежіресіндегі «Сиыр жылы орыстар Баянауылға қала салмақшы болады», «Шорман Мұса екеуінің бірі туралы», «Едіге би», «Шоң-Торайғыр» жэне басқалары сияқты тарихи шығармаларда баяндалған. Қазақ деректемелері негізінде қорыта келгенде, XVIII - XIX ғасырлардағы қазақтардың тарихы қарастырылып отырған екі ғасыр тарихы қазақ халқының сыртқы экспансияға қарсы, әуелі Жоңғар хандығына, сонан соң шүршіттерге, (яғни - Цин билеушілеріне), қоқандарға, хиуалықтарға жэне Ресей империясының белсенді отарлау саясатына қарсы үздіксіз күресімен сипатталады. Ол уақыттағы қазақ деректемелері қаһармандық жырлар, толғау, шежіре т.б. түрінде болады. XIX ғасырдағы қазақ деректемелерінің XVIII ғасырдағы деректемелерден едэуір айырмашылығы ауыздан ауызға беріліп келген қазақ шежірелерінің жаңа жазбаша үлгімен толықтырылды. Бұл деректемерде Ресейдің отаршылдық саясаты, қазақ халқының ұлттық тэуелсіздік жолындағы күресі, өзекті мэселеге айналды. Өз поэзиясында қоршаған ортаны, заманының көкейкесті маңызды проблемаларын белсенді түрде көрсеткен Көтеш ақын (1745 -1818), Шал ақын (1748 - 1819), Тэттіқара ақын (XVIII ғ) жэне басқалар Бұқар жыру мен Дулат Бабатаевтың дәсүрлерін жалғастырушылар болды. Олар заманындағы көптеген тарихи оқиғаларға тікелей қатысушылар ретінде белгілі. Жоңғарларға қарсы азаттық күреспен Қазақстан аумағына қытай билеушіерінің тарапынан болған экспансиясына қарсы іс жүзінде қатысқан батырлар болды. Шернияз Жарылғасов (1806 - 1867) Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовтің көтерілісіне белсене қатысқан замандасы болды. Оның өлеңдерінен біз көтерілістен кейінгі кезендегі эр түрлі элеуметтік топтардың қатынастары туралы, 97
халық бұқарасы бой көретуінің жеңіліс табуына әкеп соққан күиггердің орналасуы туралы ақпарат аламыз (Шерниядың Баймағанбеттің Махамбетпен кездесуі кезіндегі Исатай жэне Науша батырлармен басқалар туралы өлеңдері). 1852 - 53 жылдардағы Орынбор -Ақтөбе аймағындағы оқиғаларға арналған «Бекет туралы аңыз» жэне «Исатай - Махамбет» деген тарихи дастандар болды. Дастандардың қүндылығы: халық өзінің оқиғаларға толы өмірбаянын жазуға элі де мүмкіндігі болмаған кезде акын шығарған тарихи жыр оның зердесіне, жылнамасына, тарихи тэжірибенің кортындылауына айналды. «Бес ғасыр жырлайды» жинағының (Үш томдық, А., 1989) шығуы сол дэуірдің рухы мен тарихын кезең - кезеңмен қайта жаңғырту болды. «Абылай хан» (А.,), «Хан Кене» (А., 1993) деректі жинақтарының маңызы бага жеткісіз. Бақылау сұрақтарымен тапсырмалар: 1. ХУІІІ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан тарихнамасы. 2. Ресейге қосылу мэселесіндегі пайымдаулар мен көзқарастар. 3. Казак отарлауын зерггеу проблемалары. 4. Отаршылдьпс езгіге қарсы үлт-азаттық күрестің зерттелу тарихы. 1916-1917 жылдардағы үлт-азаттық қозгалыстар тарихнамасы. Үсынылатын әдебиеттер: 1. Уәлиханов Ш. Тандамалы шығ. А,. 1985,Т.4 81 б 2. Бөкейханов А Историчес. Судьбы Киргизкого края и культурные его успехи /Таңд, Шығ, А. 1992 49 б 3. Казахский руский отношение ХҮІ-ХУІІІв.в А.,1961,т.1.63- бет 4. Қазақстан XIX ғасырдың 2 0 ^ 0 жылдарында - деген кітабы бойынша пікірсайыс. Стенограмма. А., 2000ж. 5. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында А., 1999,173 бет 6. XVогсіеіі п Іһе Кіг§іг 8іерре5.Ь.1958. Іёеш.Ап ассоипі оГ іһе һаррепіп§ аі 8раз§кіу Зп Кагакһзіап ЬеІ\үееп 1914-1919// 98
Сепігаі Азіап Кеүіе\ү.1964 у о і.Х Н .п о . Живописное путечествие по Азий I -III М. 1840,108,109,, 163- б Оланьон К Сибир и ее экономическая будущность Пер с фр СПб 1905) 7. Кгасіег Ь Еко1о§и оГ Сепігаі Азіап Ыотаёізт//8оиІҺ\үезІет Іоитаі оҒапІгоро1о§и.1955 уо1.ХІ.по.4.р.499-510) 8. Кіазапоүзки Ү.А.Ор.сіІ. р. 128-129.142.). § 4. КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕСІ 4.1 Қазан революциясы және Азамат соғысы тарихының зерттелуі Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы Кеңестік қатаң идеологиялық қысым мен одан азат болуға ұмтылуы Отандық жылнаманың негізгі бөлігі болып табылады 1917 жылы қазақтарға екі төңкерістің Ақпан буржуазиялық демократиялық жэне Қазан социалистік революцияларының куәгері болды. Бұның біріншісі монархия мен орыс патшалығы билігін құлатуға мүмкіндік жасады. Ақгіан революциясының нәтижесінде елде қос өкімет орнады. Қазакстан үшін мүның маңызы аз болған жоқ. Егер кеңестік тарихнамада Уақытша үкіметтің қызметі бір жақты қарастырылған. Қазіргі қазақстандық тарихнамасында бүл мәселені зерттеуге басқаша көзқараспен қарау мүмкіндігі туды. Бірқатар қазақстандық галымдардың, атап айтқанда, академик М.Қ. Қозыбаевтьщ еңбектерінде Ақпан буржуазиялык демократиялық революциясының, дэлірек айтсақ, Уақытша үкімет қызметінің Қазақстан үшін жағымды нәтижелеріне назар аударылды. Тарихтың кеңестік кезеңі Алаш һәм Алашорда туы астында үлт бірлігін нығайту жолындағы ұмтылыспен жэне қазақ автономияшылдары қозғалысының жеңілуімен, Бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы ұлт- азаттық көтерілісті басып - жаншу, 1917 жылғы революция жэне Азамат соғысы салдарынан күйреген шаруашылықты согыстан кейін қалпына келтірумен ерекшеленеді. 99