The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректемесі-Берлібаев

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Арай Абдикаримова, 2024-02-21 02:19:12

Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректемесі-Берлібаев

Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректемесі-Берлібаев

1917 ж. қазан революциясы жэне одан кейін ілі - шала бұеткен 1918-1920 жылдардағы Азамат соғысы Қазақстан дамуының қоғамдық-саяси жэне экономикалық жүйесін айқындап берді. Қазақ мемлекеттіғінің қүрылуы, жерді есепке алу және кеңестік республикалар қүрамында аумақгық шекараны анықтау айтулы кезең больш табылады. Шындығында, қазақтардың өмір салтындағы дэстүрлі жүйенің 20-30 ж.ж. күйреуі мен республиканың социалистік қайта қүру үрдісінің ағымына қосылуы цасіретті оцига еді. Қазақстанның дамыған үлттық республикалардың біріне айнал-ғандығын барлық үлттар мен үлыстардың, олардың қатарында еріксіз жер аударылып келіп, осы өлкені өзінің екінші Отанына айналдырғандардың да қосқан үлесін ескермеу мүмкін емес. 1941 - 1945 жылдардағы ¥лы Отан соғысында неміс - фашист басқыншыларын тойтарған ортақ жеңіске Қазақстанньщ қосқан үлесі де өте қомақты. Республиканың 50 -80 жылдар бедеріндегі тарихы экономика, ғылым жэне мэдениет саласындағы жетістіктермен қоса, Арал мен Балқаштағы, Семей ядролық полигонындағы экологиялық проблемаларды, естен шығару да оңай емес. Қазақстагшың кеңестік кезеңдегі тарихыньщ неғүрлым өзекті мэселелеріне көңіл аударудың үлкен маңызы бар екенін атап өткен жөн. Қазақстандық тарих ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы XX ғасырдың 20ж. үлттық кеңестік мемлекеттің дүниеге келуімен тығыз байланысты. Осы аталғандар І.М. Қозыбаевтың «Қазақстан тарихнамасы: тарих тағылымдары» А.,1990) деп аталатын жүмысыңда егжей -тегжейлі қарастырылды. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің (ХКК)1920 жылғы 21 қырқүйектегі каулысымен Ағарту халық комиссариатының жанынан одан соң, 1921 жылдың 1 желтоқсанынан РК (б)П ОК жанынан бөлім құқығында «Истпарт» (Қазан гөңкерісі тарихы мен Коммунистік партия гарихы жөніндегі материалдарды жинау мен зерттеуге арналған комиссия) деп аталған құрыльгм қазақстандағы қоғамдық ғалымдар бойынша алғашқы ғылыми мекеме болды. Қазақ өлкесінде 1921ж. 24 қарашасынан Семей испарты қызмет ете бастады, 1924 ж. губерниялық партия тарихы мекемелері Ақмола, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей, Жетісу губернияларында іске қосылды. Осымен бір уақытта сол кезде Түркістан АКСР-інің 100


құрамына енген Қазақстан аудандары аумағындағы революциялық қозғалыс тарихын Түркістан партия тарихы мекемесі зерттеді. Аталған мәселені зерттеу ісіне Сібір, Омбы жэне басқада шекаралас аймақтардағы осы секілді комиссиялар өз үлестерін қосты. 20 -жылдары бұрынғыша, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ғылым Академияының мекемелері жүргізді. Алайда бұрынғы жылдардағыға карағанда бұл жұмыс неғұрлым кең ауқымды эрі мақсатты сипатқа ие болды. Мұндай ғылыми мекемелердің ішінен қазактардың саны мен орналасуын зерттеумен айналысатын Ресейдің ұлттық құрылымын зерттеу комиссиясының Түркістан жэне Сібір бөлімдерін; КСРО ҒА- ның қазақстандық экспедициясы антропологиялық отрядын; Материалдық мэдениет тарихы мемлекеттік академиясын, шығыс мәдениеті, антропология мен этнография мұражайларын ерекше атауға болады. Осының нәтижесінде XX ғ.20 жылдары қазақ өлкесінің тарихын зертеудің ғьшыми және ғылыми- ұйымдық ұстанымдарының негізі салынды. Бұл үрдіс таптық-идеологиялық партиялық сипаты болды. Алғашқы тарихи жұмыстар Қазақстан аумағындағы революциялык проблемаларға, Азамат соғысы тарихына арналды. Бұл авторлардың еңбектерінде 1917ж. қарасаңындағы Қазақстандағы элеуметтік-экономикалық жэне саяси жағдай, тұрғындардың эр алуан жіктерінің 1917жылғыекі төңкеріске қарым - қатынасы, 1918 -1920 ж.ж. қьізылдар мен ақтардың қарулы қақтыгыстары туралы зертеушілердің қалың ортасына көп белгілі емес, материалдардың болуымен құнды. Сондай-ақ «Пролетариат диктатуралы» мемлекетінің органы ретіндегі жергілікті кеңестердің қалыптасу үрдісі туралы мэліметтер келтірілген. Сонымен қатар ол жарияланымдарда, орталықтағы Қазан төңкерісінің жеңісі баяндалады. Ал дэл осы орайдағы мәселені А. Байтұрсынов пен бірқатар Алашорда көсемдері басцаиіа ишлшдадьг.МэселеңА.Байтұрсынов өзінің РКФСР Халық Коммиссариатының Ұлттар ісі жөніндегі органы «Жизнь национальностей» басылымында жарияланған. «Революция жэне қазақтар» -деген мақаласында: «Қыргыздарга (казақтарга ) ацпан революциясы қандай түсінікті болса, оларга цазан революцнясы соншалъщты түсініксіз болып көрінді. Олар алгаищы революцияны цандай цуанышпен царсы алган болса, 101


екіншісін сондашыц үрегілі цорцыныитен царсы алуларына тура келді» - деп жазды. Мұны ол Ақпан революция қазақтарды патша үкіметінің езгісі мен зорлық - зомбылығынан азат етті деп түсіндіреді жэне ... олардың өздерін дербес басқару жөніндегі қасиетті арманын жүзеге асыруға деген үміттерін орнықтырды. Ал екінші революцияның қырғыздарға түсініксіз болатын себебі қарапайым ғана шындықпен түсіндіріледі: қазақтарда капитализм де, таптық жіктеліс те жоқ, көптеген түтыну бүйымдары оларда қоғамдық меншік болып саналады. Бірақ мүндай пікірлер мен қөзқарастар қазан революциясы мен 20- 30 жылдардағы Азамат соғысы тарихнамасында озық идея бола қойған жоқ жэне бүл жағдай 80 - жылдардың соңына дейін жапғасты. Кезінде Т.Е.Елеуовтің дүрыс көрсеткеніндей, 20-ж. әдебиеті кемшіліктерінің бірі деректемелік негізінің әлсіздігі еді. Ол кезде Қазан төңкерісімен Азамат согысыньщ қүжаттары жарияланбады. Жекелеген деректерге негізделіп шығаруға мәжбүр болды. Қазан революциясы мен Қазақстандағы азамат соғысының тарихьш зерттеу жүмыстары белгілі бір деңгейде 40-50 ж.ж. жандана түсті, эсіресе ол Отан согысынан кейін мақсатты іске айналды. 1943 жылы 1949 жылдары жарық көрген Қазақстан тарихы жөніндегі жалпы түжырымдар жасалган жүмыстарда, сондай-ақ «Қазақ КСР» тарихы кітабының екінші томында өлкеде Кеңес өкіметі мен Азамат соғысы жеңісінің барысын көрсетуге арналған арнаулы тараулар болды. 1917-1920 ж.ж. Қазақстан тарихы бойынша қүжаттармен материалдар жинақтары шыға бастады. Қазақстанның эртүрлі аймақтарында Кеңес үкіметінің орнау тарихы жэне олардағы Азамат соғысының барысы, сондай - ақ бүл үрдістердің ерекшеліктері зерттелді. 40-50 ж.ж. проблемасы бойынша басылып шыққан жүмыстардың көпшілігі шолу сипатында және негізінен журнал мен газет мақалалары түрінде басылды, оларда талдау мен жалпы қорытындылар аз, деректік негізі әлсіз болды. Мұрағаттық дереккөздер, бірінші кезекте казақ тіліндегі мерзімдік баспасөз материалдары жеткіліксіз пайдаланылды. Сондықтан 1917-1920 жылдар кезеңіндегі Қазан революциясы мен Азамат согысы жергілікті ерекшеліктер ескерілмей жазылды. Қазақстан мен Орта Азия тарихшылары 60-80 ж.ж. екі революция мен Азамат соғысы гарихын зерттеуде елеулі табыс102


тарға қол жеткізді. Бұл уақытга көптеген мақалалармен бірге, Қазақстандағы ревоюция мен азаматтық қарсыласу тарихының маңызды мәселелерін зерттеген байыпты монографиялық жұмыстар жарық көрді. Бұл тұста С.Н.Покровский, Т.Е.Елеуов, П.М.Пахмурный, В.К.Григорьев, А.С.Елагин, К.Нұрпейісов пен С.З.Зимановтың монографияларын, Қазақстанмен Орта Азия тарихшыларының ұжымдык еңбектерін атауға болады. Т.Е.Елеуовтың кітабы Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы мен ірге бекітудің күрделі де қарама - қайшы үрдісін республика тарихнамасында тұңғыш рет зерттеген еңбектің бірі. С.Н.Покровскийдің, П.М.Пахмурныйдың, В.К.Григоьевтің, А.С.Елагиннің, К.Нұрпейісовтің монографияларында Қазақстанда Кеңес үкіметінің жеңісі жолындағы күрес, 1918 -1920 жылдардағы Азамат соғысы мен партизандық қозғалыс тарихы, кеңес өкіметінің өлкедегі элеуметтік саясаты, кеңес мемлекетін құрудың теориялық жэне практикалық аспектілері зерттелген. Осы орайда 60 - 80 -жылдар әдебиеттерінің барлығы да, оның алдындағы кезендердегідей, негізінен, ¥лы Қазан социалистік төң-керісі XX гасырдың басты оқиғасы болып табылады деген тезисті дәлелдеуге қызмет етті. Сондай - ак Қазакстандағы 1918- 1920 ж.ж. өткен қарулы күрес, Кеңестік Ресейге шетелдік испериалистер мен Қазан революциясының жеңісі нэтижесінде құлатылған қанаушы таптар тарапынан таңылған Азамат соғысының ерекше құрамды бөлігі болды деген де тезис те тиянақталды. 60-80 ж.ж.тарихнамасы Қазақстандағы 1918-1920 ж.ж оқиғаларына талдау жасау мен оларға баға беруде, өлкедегі ревлюция мен Азамат соғысы тарихы мэселелерін зерттеуде, коммунистік идеология мен таптык көзқарастар басымдылығы ең айқын белгілері болып табылатын партиялык тұжырымдаманы басшылыққа алды. Тұтастай алғанда КСРО дағы Қазан революциясы мен азамат соғысы тарихнамасының мәселелері, ұзақ жылдар бойы академик И. И. Минц тұрақты жетекшілік еткен КСРО ГА-ның ¥лы Қазан социалистік революциясының тарихы кешенді проблемасы жөніндегі ғылыми кеңесіне топтасқан бірқатар ғалымдардың 103


жұмыстарында сондай ақ КОКП ОК жанындағы Марксизм ленинизм институты іц>ізметкерлерінің еңбектерінде көрініс тапты. З.А Алдамжаровтың Г.Ф.Дахшлейгердің, С.Бейсембаевтың, П.М.Пахмурныйдың жэне В.К.Григорьевтің монографияларында «В.И.Ленин жэне Қазақстандағы Қазан революциясы» тақырыбына, сондай-ақ Кеңес өкіметінің жеңісі жолындағы бұқара халықтың күресіне партиялық басшылық мэселесіне арналған әбиеттерге тарихнамалық талдаулар жасалды. С.М.Кенжебаевтың, С.З.Зимановтың, К.Нұрпейісовтің тағы басқалардың зерттеулерінде кеңестік жэне 1917-1920 ж.ж. Қазақстан-дагы ұлттық - мемлекеттік құрылыстың жекелеген тарихнамалық жэне дереккөздік проблемалары қарастырылды. 1917 жылгы революция мен одан кейінгі Азамат соғысынытарихын зерттеудегі бетбұрыс, кеңес кезеңі тарихының басқа проблемаларындағыдай, КСРО-дағы демократиялық үрдістердің эсерімен зерттеушілер оқиғаларға кешенді жэне объективті талдау жүргізудің мүмкіндігін алған 80-90- жылдар соңында жасалды. Проблемаларды тарихнамалық жэне дереккөздік негізде зерттеуге М.Қ.Қозыбаев пен І.М.Қозыбаевтар айтарлықтай үлес қосты. (Козыбаев М.К. К историй гражданской войный в Казахстане//Вестник АН КазССР, 1982. N8; Соныкі. Из историяграфий октябрской революций и гражданской войный в Казахстане // Козыбаев М.К. История современность. А., 1991; Соныкі комплексное изучений историй, археологий и этнографий Западного Казахстана, І.М.Қозыбаев өлкедегі Қазан төңкерісі мен Азамат соғысының тарихы, жөніндеғі жекелеғен еңбектерге талдау жасап өткен. Жоғарыда айтылғандай, 80-ж. соңынан, Кеңес кезеңіндегі Қазақстан тарихыньщ маңызды мэселелерінің тұтас бірқатарын жаңа көзқарастар тұрғысынан қайта қараумен байланысты, қазан төңкерісі мен азамат соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихнамасының сапалық жаңа кезеңі басталды. Кеңестік тарихнамада Алаш тарихы-жылдардың соңынан бастап, іс жүзінде қазақ халқының XX ғасырдағы ұлт-азаттык қозғалысы тарихынан алынып тасталды. Қазан төңкерісі мен Азамат соғысының тарихы жөніңде кеңестік кезенде жарияланған жұмыстардың барлығьща Алашорда қызметін тек теріс жағынан ғана қарастырды. Алайда бұл жұмыстарда құнды фактілік 104


материалдар бар және олардың авторлары ресми идеологияның арнасынан шықпауға мэжбүр болғанын естен шығармаған жөн. Кеңестік кезенде, тарихнамадан, бірінші кезекте Алаш қозғалысына қатысушылардың өздерінің, ең алдымен оның көсемдерінің еңбектері сырт қалды. Әйтсе де қоғамдық-саяси дамуға жасалған талдаулар мен Қазақстандағы үлттық және мұсылмандық қозғалыстар перспективасы ғасыр басында Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың,М.Дулатовтың,М.Шоқайдың жэне баскалардың еңбектерінде көрініс тапты. Баскарушы биліктің саяси диктатының күшеюіне байланысты 20-ж. екінші жартысы мен 30-ж. басында тарихи зерттеулерде «Алашорданың буржуазиялық-ұлтшылдық идеологиясымен» күрес - Алаш тарихын зерттеудегі большевиктік партияның айқындаушы ұстанымына айналды. 1933 жылы Қазақ марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтында «Алашорданың контреволюциялық мэнін ашып көрсету жэне оның казак халқыньщ тарихындағы «жиренішті», «жексұрын» рөлін түпкілікті жою» деген айдармен арандатушы пікірталас өткізілді. Алаш қозғалысы тарихын зерттеудегі түбірлі өзгерістердің көрініс табуы 80-жьшдар соңы мен 90-жылдардың бас кезінен бастау алды саяды. 1991 жылдан Алаш пен Алашорда тарихын зерттеудің жаңа кезеңі басталды. Проблемалық мақалалар, ғылыми конференциялар мен семинарлардағы, «Дөңгелек үстелдегі» пікірталасты материалдармен бірге, жалпы тұрғыладан зерттеуші, монографиялық сипаттағы еңбектер, энциклопедиялық создіктер, оқулықтар, оқу құралдары, құжаттық-деректі басылымар, қозгалыс көсемдерінің шығармалар жинақтары. жарық көре бастады. К.Нұрпейсовтің, М.Құл-Мұхаммедтің, М.Қойгелдиевтің, Т.Омарбековтің, В.Григорьевтің, Т.Кэкішевтің, С.Аққұлыұлының, А.Сармұрзинның жэне басқалардың ғылыми жұмыстарында Алаш тарихының эр алуан аспектілері көрініс тапты Көптеген жарияланымдардың жекелеген тұлғаларға арналуы Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, Ж.Ақбаевтың, А.Ермектің, М.Тынышьаевтың, М.Шоқайдың жэне басқа да көптеген қайраткерлердің өмірі мен қызметінің белгісіз беттерін ашып көрсетуге, 105


Алаш қозғалысының әлеуметтік табиғатын танып білуге, оның саяси бағдары мен мүмкіндіктерін зерделеуге жағдай туғызды. У.Субханбердинаның «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газеттері туралы библиографиялық түсіндірме көрсеткіші (1993), Ө,Әбдімановтың «Қазақ газеті» кітабы (Алматы,1993) жарық көруі аталған проблеманың деректемелік негізінің кеңеюіне қосылган елеулі үлес болды. «Алаш» партиясы мен қозғалысы тарихыньщ проблемаларын, қазақ үлттық интеллигенциясьщың қатысуын талдап түсіндіруде М.Қүл-Мүхаммедтің зерттеудері ерекше маңызға ие (ҚүлМүхаммед Алаш қайраткерлері саяси қүқықтық көзқарастарының эволюциясы. А: Атамүра 1995., 360-6) Қазақстан тарихындағы «ақтандақгарға» жататьга 1929-1931 жылдардағы үлт-азаттық қозғалыстың проблемалары алғаш рет Т.Омарбековтің зерттеуінде (Омарбеков Т. Зобалаң-А; Санат 1994., 272-6) жоғары гылыми баға алды. Оның «20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті: көмекші оқу қүралы» ғылыми еңбегінде күпггеп үжымдастыру мен байларды тәркілеу саясатының ауыр салдарлары алғаш рет жан-жакты ашып көрсетілді (Омарбеков Т. 20-30 ж. Қазақстан қасіреті, көмекші оқу қүралы-А; Санат 1994.,318-6). М.Қойгелдиевтің Т.Омарбековпен бірлесіп жазған «Тарих тағылымы не дейді?» деғен еңбегі шаруалар көтерілісіне, қазақтардың қоныс аударуына жэне 30-жылдардағы аштық оқиғаларына арналды. (Қойгелдиев М., Омарбеков Т.,Тарих тагылымы не дейдіАлматы; Ана тілі, 1993, 208-6). Монографиялық зерттеулердің пайда болуы аталган проблеманың тарихнамасында сапалық жаңа кезеңнің туғанын айғақтайды. Д.А.Аманжолованың «Казахский автономизм и россия: История движения Алаш »(М.,1994), К.Н.Нүрпейісовтің «Алаш һэм Алашорда» (А.,1995), М.Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» (А.,1995),«Движение Алаш» қүжаттар мен материалдар жинағы (А.,2004,2005) жэне басқалар үлт-азаттық қозғалысының тарихына, қоғам дамуының бетбұрысты кезендеріндегі қазақ зиялыларьшың рөлі мен орнын анықтауға қатысты жаңа көзқарастың қалыптасқанын аңғартты. 106


4.2. Үлттық - мемлекеттік қүрылыс тарихы және Қазақ КСР қүрылуының зерттелуі. Кеңестік тарихнамада мемлекет құрылысының социалистік ұстанымдары негізінде «қазак жерін біріктіру» проблемасы бойынша кең көлемді материалдар берілген. Таптық антагонизм орын алып отырган жағдайда ұлттың дамуы мен ұлттық мемлекеттің кұрылуының марксистік - лениндік эдіснамасына негізделе отырып, қазақстандық зерттеушілер қазақ мемлекеттілігі қалыптасуының тарихи үрдісін зерделеді. Сол кездегі көптеген еңбектер белгілі бір сарында жазылғандығына қарамастан, бұл зерттеулердің осы заманның ең күрделі проблемаларының бірі бойынша іргелі еңбектер ретіндегі ғылыми жэне практикалық мэні болды. Іс жүзінде өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап, мемлекеттік құрылыс тарихын зерттеуде, Қазақстанның егемендік алуына орай, түбегейлі өзгерістер жүзеге асты. Академик М.Қ.Қозыбаевтың эділ түрде көрсеткеніндей, «ұлтаралық қарымқатынас проблмасы, халықтардың егеменді құқықтарын қадағалау таза теориялық талаптар шегінен шығып, өткір саяси пікір таластық сипат алды (Қозыбаев М.Қ Казахстан на рубеже веков размышление и пойски. В двух кнІ-.Алматы. Ғылым,2000,273 б.) А.И.Солженициннің «Ресейді қалай көркейтеміз: қол жетерлік пайымдаулар» макаласы, сондай-ақ Л.Васильевтің, Г.Поповтың жэне басқалардың қазақстандың Алтайды, Қазақстанның солтүстік облыстары мен батыс аудандарының жерлерін қайтаруды талап еткен пікірлері ұлы державалық шовинизмнің ашық көрінісі болды. Дэл осы кездері, «ұлы Темір»империясын қайта өркендету туралы үндеулер де шыға бастады. Осыған байланысты қазақстандық қоғамтанушылар Қазақстанның аумақтық түтастығы, оны, тарихи даму заңдылықтарының ғылыми негізделген тұғырнамасын жасады. «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеттің хаттамалары (1919-1920). Қүжаттар жинағы» (А.,1993); М.П.Сібір мен Қазақстанның үлттық-аумақтық межелік бекінісі (1919-1922)». (Семей,1999); Т.Рысқүловтың «Үш томдық шығармалар жинагы» (А., 1996,1998) секілді жұмыстардың, сондай-ақ халықаралық құқық жөніндегі «Халықаралық құқық бойынша кұжаттар жинағы», Ітом//К.Тоқаевтың редакциясымен (А.,1998) 107


жэне басқа да жұмыстардың жарық көруі аталған проблеманы зерттеу мен оқып үйренудің ауқымын кеңейтті, аумақтық меже бөлінісі мен мемлекеттік шекаралардың қалыптасуы жөніндегі таласты мэселелерді ашып көрсететін жаңа немесе кеңінен белгілі емес деректер мен құжаттық материалдардың тұтас шоғыры айқындалып, ғылыми айналымға енгізілді. Қазақстанды жаңгыртудың кеңестік үлгісі. XX ғасырдың 30- жылдарының ортасына қарай, кең ауқымды индустрияландыру үрдісін жүргізудің нэтижесінде республиканың өнеркәсіптік келбетінде орын алған түбірлі өзгерістерге байланысты өнеркэсіп пен көлік құрылысы бойынша жазылған жұмыстар саны айтарлықтай өсті. Қазақстан аймақтарьшың өнеркәсіптің дамуына қосқан заңды үлесі болып табылатын республиканың жекелеген кэсіпорындарьш зерттеп білу осы проблемаға қатысты тарихнаманың сипатты белгісі больш табылады. 30-жылдадың соңына қарай бұл проблема жөніндегі жұмыстар саны артты, дегенмен ірі монографиялық зерттеулер элі шыға қоймаған болатын. Ғьшыми жұмыстардың негізгі түрін - құнды деректерге сүйене жазылған мақалалар құрады. ¥лы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға қоныс аударған белгілі ғалымдар Д.А.Баевский, С.В.Бахр>тііин, М.П.Вяткин, Н.М.Дружинин, М.П.Панкратова, А.П. Кучкин, С.В.Юшковтар тарих пен экономиканың өзекті проблемаларын зерттеуде, Қазақстанньщ тарих ғылымыньщ дамуына үлкен үлес қосты. Олардың тікелей қатысуымен 1943жылы «Көне заманнан бүгінге дейінгі Қазақ КСР тарихы» деп аталатын іргелі еңбек дүниеге келді. Кәсіби тарихшьшар қатарының аздығына қарамастан, соғыстың соңына қарай Қазақстандағы социализмнің экономикалық негізін жасау проблемасы бойынша зерттеулер санының өсу үрдісі айқын байқалды (Кийкбаев Н.К. История социалистическая индустрализация Казахстане в годы первый Сталинской пятилеткий. А., 1940 ). Соғыстан кейінгі алғашқы жьшдары аталған проблема бойынща зерттеулер саны өсе түсті, бұл ретте тарихшы-ғалымдар мен қоғамтанушылар республиканың индустриялық өзгерістер кезеңіндегі дамуыньщ жалпы зандьшықтары мен үлттық ерекшеліктерін зерттеуге көңіл аударды. Осы кезең эдебиетіндегі жаңа нақты - тарихи материалдар негізінде «Қазақстанның халық шаруашылығы 108


бүкш Кеңес Одағы халық шаруашылығының жалпы дамуымен органикалық байланыста, соның негізінде жэне оның көмегімен дамып, алға жылжи алды» (Кийкбаев Н.К. История социалистическая индустрализация Казахстане в годы первый Сталинской пятилеткий. А., 1940 ) деген түжырымға келді. ХХғ. 60-70-жылдарына қарай, ең алдымен А.Н.Әбішеваның, A.Н.Нүсіпбековтің, С.Б.Бэйішевтің, М.Х.Асьшбековтің, B.Г.Панның, А.Е.Ержанның жэне басқалардың монографиялық зерттеулерімен байланысты экономиканы, республика өнеркэсібінің даму тарихын зерттеу проблематикасының ауқымы айтарлықтай кеңейді. Жекелеген фабрикалар мен зауыттардың тарихын зерттеумен бір мезгілде, ғалымдар жүмысшы кадрлардың, оның ішінде үлттық кадрлардың қалыптасу мэселесіне көңіл аударды. Бүл ретте академик А.Н.Нүсіпбековтің «Қазақстандағы кеңестік жүмысшы табының қалыптасуы мен дамуы» (А.,1966) атты монографиясын жэне ғалымның басқа да зерттеулерін ерекше атап өтуге болады, бүл еңбектерде ХХғасырдың 20-40-жьшдарьшда республикадағы кэсіби жүмысшьшарды дайындау үрдісі отандық тарихнамада алғаш рет егжей-тегжейлі сараланды. Республика жүмысшы табының тарихы «Қазақ КСР тарихы. Социализм дэуірі» (А.,1963, 1967); «Қазақстан Компартиясы тарихының очерктері» (А.,1963) тэрізді іргелі еңбектерде көрініс тапты. Аталмыш проблемаға арналған жүмыстардың ішінде М.Х.Асылбеков, С.Б.Нүрмүхамедов, Н.Г.Панның «Қазақстандағы жүмысшы табы индустриялық кадрларының өсуі (1946-1965) жылдар (Асьшбеков М.Х. Формирование и развития кадров железнодорожников Казахстана (1917-1970) А-А., 1973) деп аталатын үжымдық монографиясын айтуға болады. Сондай-ақ М.Х.Асылбектің теміржол көлігі кадрларын, оның ішінде үлттық кадрларды дайындау үрдісі алғаш рет талданған «Қазақстан теміржолшы кадрларының қалыптасуы мен дамуы (1917-1970)» (А.,1973) деген монографиялық зерттеуін айта кету керек. Жоғарыда аталған жүмыстардың жарық көруі зерттеу аясы мәселесінің тарихнамасын елеулі түрде байытты. Оларда республика жүмысшыларының қүрамында болған сандық жэне сапалық өзгерістер көрсетілген. Бүл ретте өнеркәсіпте, қүрьшыста жэне көлік қатьгнасы саласында жүмыс істейтін нақты индустрия жұмысшыларына ерекше назар аударьшды. Республика жүмысшы 109


табының жекелеген отрядтарының қалыптасуы мен дамуы, оның мэдени техникалық деңгейі тақырыбын зерттеу дағдылы іске айналды. Социалистік жарысты ұйымдастыру, жұмысшылардың еңбекке деген құлшынысына арналған көріністер сол жылдар зерттеулерінен көрнекті орын алды. 1987-1988 жылдар академик М.Х.Асылбековтың жетекшілігімен жарық көрген авторлар ұжымының «Кеңестік Қазақстан жұмысшы табының тарихы» деп аталатын 2 томдық еңбегінде бай фактілік материалдар негізінде Қазақстандағы өнеркәсіп құрылысы мен жұмысшы кадрлардың қалыптасу үрдісі кешенді түрде зерттелінді. С.К. Жақыпбековтың «Жеңіл индустрия тарихы» (А., 1984) монографиясында Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің даму тарихы қарастырылды. Алайда, аталған проблема бойынша тарихи білімнің үрдісі Компартияның идеялық-саяси басшылығымен тікелей байланысты болды, сондықтан Қазақстан өнеркәсібі дамуының тарихы, ұлттық жұмысшы табының қалыптасуы айқын белгіленген партиялық нұсқаулар тұрғысынан қарастырылды. Тарихнамалық еңбектерде «зерттеушілердің негізгі міндеті партияның өсіп келе жатқан басшылық жэне бағыттаушылық рөлін көрсетуде, КОКП-ның лениндік ұлт саясатын бұрмалаушы буржуазиялық жалған сыншыларға соққы беруде» екендігі атап айтылды. Сол кездегі зерттеулердің тұғырнамалық көзқарастары мен бағыттарын неғұрлым толық бейнелейтін тарихи-партиялық жұмыстар аталмыш проблема бойынша кеңестік кезеңдегі жұмыстардың негізгі шоғырын құрағандығы кездейсоқ емес. Деректемелік негіздің кеңеюі проблеманы зерттеудің дерекнамалық жағын байытты, алайда үстем идеологияньщ қатаң шектеуі оқиғалар мен құбылыстарға объективті талдау жасауға мүмкіндік бермеді. Жоғарыда аталған үрдіс, большевиктік тұғырнама бойынша «республиканың аграрлық саласын социалистік қайта құрудың» бірден-бір мүмкін сара жолы деп саналған ұжымдастыру тарихына қатысты жұмыстарда да барынша айқын көрініс тапты. Бұл проблеманың тарихнамасында 30-жылдардардан бастап, шамамен 80-жылдардың соңына дейін үстемдік етті. XX гасырдың 20-жылдарының басындағы аграрлық секторды түбірлі өзгерістерге дайындаудың бастапқьі кезеңінде эдебиттерде республиканың ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясын анық110


тауға сәйкес екі көзқарас орын алды. Радиалдык бағытты жақтаушылар «1925 жылға дейін қазан төңкерісінің ауылмен ісі... болмады», «Қазан дауылы ауылға соқпай, оны жанап өтті» деген оймен, көшпелі ауылды қысқа мерзім ішінде отырықшыландыру қажет деп санады. Осы себептен байларды түбірімен жоюды, көздеген мақсаттың алғышарты ретінде қарастырды. Көшпелі жэне жартылай көшпелі шаруашылык ауылды социалистік қайта құруга кедергі келтіреді деген тұжырымдамаға сүйене отырып, радикалды бағытты жақтаушылар тек өндіріс құлдарын (малды) қайта бөлу ғана кедейлердің орташаға айналуына мүмкіндік туғызады, ал отырыкдіылыққа көшу - өркениет жолы деп есептеді. Қазақ ауылын өркендетудің дэстүрлі баламалы жолын жақтаушылар объективті талдауларды негізге ала отырып, материалдық-техникалык базаның болмауы жэне өндіргіш күштердің жеткіліксіз дамуы жағдайында байырғы тұрғындарды шұгыл отырықшыландыруға жэне экстенсивті мал шаруашылығын шектеуге жол беруге болмайды деп санады. Олар қазақ шаруаларының әлеуметтік жіктелісінің эралуандығын жоққа шығармай, башылдыққа экономикалық әдістермен шек қоюдың мүмкіндіктерін қарастырды. С.Сэдуақасовтың сөзімен айтқанда,« қазіргі кезде ел тіпті де сілкіністерді тілеп отырған жоқ, керісінше, жасампаздық жұмыстарды күтеді және оны жаңа экспроприяциялар емес, еңбек пен ғылым ғана құтқарады» (Тогжанов Г.О казахском ауле. К-Орда.1927) деген сындарлы тұжырым айтылды. Алайда бүл тұжырымға бірден тойтарыс берілді жэне оны жақтаушылар буржуазиялық ұлтшылдарға жатқызылды. 60-80 жылдар әдебиеті ұжымдастыру проблемасына жаңаша көзқараспен сипатталады. Шаруалардың наразылык қозғалыстары бұрынғыша «бай-кұлақтардың қарсылығы, бандиттік-басмашылық әрекеттер» ретінде бағаланады. 80-жылдардың соңында қазақстандық тарихнамада алғаш рет Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих жэне этнология институтының ғалымдары күштеп ұжымдастыру, байларды тәркілеу, саяси қуғын-сүргін, 1931-1933 жылдардағы жаппай аштық, шабындықтыкөшпелі шаруашылық кешенін жэне бүкіл дэстүрлі агроқұрылымды күйрету жағдайларымен байланысты трагедиялық оқиғаларды кешенді түрде зерттеуге кірісті. 1988 жылы алғаш рет академик М.Қ.Қозыбаевтың бастамасымен «Қазақстанда жэне 111


Орта Азия республикагтарында ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: тәжірибе жэне проблемалар» атты Бүкілодақтық ғылыми конференция үйымдастырылып, онда 20-30 жылдардағы трагедияның себеп-салдарлар талқыланды. Академик М.Қ.Қозыбаев жетекшілік етіп, қүрамына ғалымдар Қ.Нұрпейісов, Ғ.С.Сапарғалиев, Ж.Б.Әбілғожин, М.К.Қойгелдиев, К.С.Алдажұманов, Т.О.Омарбеков, М.Б.Тэтімов, В.К. Григорьев, Ю.И.Романов, М.Ж.Хасанаев жэне басқаіар енген ҚР Жоғарғы Кеңесі арнаулы комиссиясының (1991жыл) жұмысы нэтижесінде бұрын құпия жатқан құжаттар ашылып, 30-жылдардағы аштық пен саяси қуғын-сүргіннің қаралы ақиқатын зерделеуге қол жеткізілді. Осымен бір уақытта, 90- жылдардың басынан, Қазақстанға көшіріліп әкелінген халықтардың тарихы да зерттеле бастады. 90-жылдардың бас кезінде алғаш рет мемлекеттік деңгейде қуғын-сүрғінге ұшырағандарға жэне ұжымдастыру мен жаппай террор кезеңінде зардап шеккендерғе қатысты зерітеулер жүргізу жэне әділетті қалпына келтіру проблемалары күн тэртібіне қойылды. 1993 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасының қазірде қолданыстағы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңы қабылданды. Жалпыға мэлім болғандай, КСРО-ның әр түрлі аймақтарына еріксіз көшірілғен миллиондаған арнайы қоныс аударушылар проблемасы секілді, кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін, ұжымдастыру науқаны тұсындағы халыктардың жаппай қырылуы туралы да мүлде айтылмай келді. И.В.Сталин қайтыс болганнан кейін жэне Л.П.Берия саяси аренадан кеткен соң, 50- жылдардың ортасында басталған жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үрдісі аяғына дейін жеткізілмеді. Оның үстіне, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау барысында сан мыңдаған қарапайым адамдарды, сондай-ақ белгілі мемлекет пен қоғам қайраткерлерін, ғылым мен мәдениеттің аса көрнекті өкілдерін жаппай қудапауға негіз болған нақты себептер мен жағдайлар атап айтылмады және ашып көрсетілмеді. Мұның бэрі «Олар И. Сталиннің жеке басына табынудың құрбаны болды» деген желеу сөзбен бүркемелінді. Сөйтіп ол кезде «30-жылдардағы саяси қуғын-сүргін» ұғымының өзіне де баға берілмеді, тоталитаризмнің реакциялық мэні ашьшмады, ал режимнің репрессиялық 112


саясатына қарсылық білдіру, 20-30 жылдар соңында жаппай ұжымдастырылған аудандарда бұқаралық көрініс алған шараулар бүліншілігі мен көтерілістері туралы тіпті сөз де болған жоқ. Сонымен қатар ішкі оппозицияға жэне БК(б) П мен Кеңес үкіметінің жоғарғы эшелонындағы эр алуан жіктерге қатысушылар троцкийшілдер, оңшыл опортунистер жэне басқа «партияға қарсы топтар» деп аталатындарға жатқызылып, соған сәйкес олар ешқандай да ақтауға жатпады. Большевиктер емес партиялар мен козғалыстардың бұрынғы мүшелерінің істері де дэл осындай күйде қалды. Сол қатарға Алаш үлт-азаттық қозғалысы мен «Алашорда» автономиясына қатысушылар, «IV бүкілукраиндық Рада», «Милли Фирка», «Иттихат ва-Таракки» жэне 1917 жылғы төңкеріс пен Азамат соғысы кезеңінде Ресейдің ұлттық шет аймақтарында қызмет еткен көптеген басқа да саяси топтар мен құрылымдар да жатқызылды. Өзгеріс тек 80-жылдардың соңында, коғамдық күштердің талап етуімен мерзімді баспасөз беттерінде саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы жарияланымдар қайтадан көріне бастаған кезде қылаң берді, тек сонда ғана ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мен тұрғындардың аштықтан жаппай қырылуының шынайы тарихи қалпына келтіру туралы мәселе алғаш рет қойылды. 80-жылдардың соңында академик Б.А. Төлепбаевтың, ҚР ҮҒАныі мүше-корреспонденті К. Нұрпейісовтың, тарихшы-ғалымдар М. Қ. Қойгелдиевтің, В. К. Григорьевтің, эдебиеттанушы Т. Кәкішевтің жэне басқалардың бастамасымен, XX ғ. басындағы казақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі Алаш қозғалысы жэне Алашорданың алатын орны мен рөлі туралы мәселе алғаш рет талқыланды. Көп ұзамай Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов жэне баска да көптеген ұлттық мәдениеттің аса көрнекті өкілдері, Алаш қозғалысының көсемдері мен мүшелері ақталды. Олардың шығармашылық мұралары көп жылдар өткеннен кейін қайтадан халықгың рухани игілігіне айналып, қоғамдық пікірде үлкен дүмпу тудырды. Алаш азаматтарын саяси тұрғыдан ақтауға (олардың қылмыстық-азаматтық істері, қылмыс құрамы жок болуына байланысты 60- жылдардың бас кезінде-ақ тоқтатылған болатын) республиканың мемлекет жэне қоғам қайреткерлері, сондай-ақ сол кезде Қазақстан Компартиясының ОК комиссиясының құрамына енген ғалымдар Ө. 113


Жәнібеков, Ә. Кекілбаев, Ж. М. Әбділдин, Р. Б. Сүлейменов, Ә. Т. Қайдаров, Р. Ғ. Сыздықова, С. А. Қасқабасов, С. С. Қирабаев жэне басқалар көп күш салды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі арнаулы комиссиясының (1991 жылы қарашада қүрылған) кызметі арқасында бүрын мүрағаттарда құпия жатқан құжаттар көтерілді, солардың ішінде ОГПУ-НКВД мұрағаттары, БК(б) П ОК жэне Қазақстан К (б) П ОК-нің «Ерекше папкаларда» сақталған материалдары да бар. 20-жылдары кеңестік азаматтарды аса ауқымды түрде саяси қуғындау мен ізіне түсу әрекеттерін жүрғізуге неғіз болған партиялық жэне мемлекеттік органдардың заңды бұрмалаушылық актілері мен қаулыларына баға берілді. Қазіргі кезде бұл жұмыстардың нәтижелері көпшілікке белгілі болып отыр. Комиссия жұмысының қорытындыларын Жоғарғы Кеңес қуаттады, комиссия қорытындысы 1992 жылдың 21-22 желтоқсанында республикалық баспасөз беттерінде жарияланды. Кейінірек, комиссия жұмысының материалдары негізінде «Қазақстанда болған күштеп ұжымдастыру мен ашаршылық» (А., 1998) деп аталатын құжатгы жинақ жарық көрді. Қазақ тілінде К. Н. Нұрпейісовтің «Алаш һэм Алашорда» (А.,199), М, Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» (А.,199) Т.Омаровтың «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті» (А,. 1999) атты терең мазмұнды монографиялары, орыс тілінде Ж. Әбілғожиннің «Очерки социально-экономической истории Казахстана» (А., 1999) жэне басқа көптеген сындарлы ғылыми еңбектер шықты. Осымен бір уакытта 90-жылдардың басынан, Қазақстанға қоныс аударылған халықтардың тарихы қоса зерттелді. Корейлердің депортациясы туралы Г.В.Кан мен Г.В.Кимнің кітаптары бүгінде зерттеушілер мен көпшілік қауымға кеңінен таныс. Күштеп қоныс аударылғандар туралы басқа да зерттеушілердің кітаптары мен жарияланымдары жарық көрді («Депортированные в Казахстан народы: история судьбы» А., 1998; Депортация нар. и проблемы прав человека» А., 1997 т,б.). Кеңестік қуғын-сүргін мен қатаң идеологиялық қысым кезең түлғаларының тарихи келбетіне баға беру тарихнамадағы жаңалық саналды. Мұның атғашқы сүрлеуі эйгілі тарихшы Е. Б. Бекмахановтың қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы мәселесіне қатыс114


ты ғылыми тұгырнамасын саралаған С. Ф. Мәжитовтьщ зерттеуі арқылы салынды. Сөйтіп 90-жылдардың басында 30-жылдары қуғын сүргінғе үшырағандарға, үжымдастыру мен жаппай террор кезеңінде зардап шеккендерге қатысты әділеттілікті қалпына келтіру және тақырыпты тыңғылықты зерттеу мэселесі алғаш рет мемлекеттік деңгейде күн тэртібіне қойылды. Саяси кутын-сүргін тарихын зерттеу, оның қүрбандарын ақтау мэселесінде қазақстандық «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы үлкен жүмыс жүргізуде. «Әділет» қогамы өзінің алғаш қүрылған сәтінен бастап ғылыми семинарлар мен конференциялар өткізуге, деректік жинақтар мен кітаптар шығаруға үйытқы болды. «Әділет» тарапынан Алматыда жэне бірқатар облыстарда 20- 40 жылдары атылғандардың тізімі- «Книга скорби - Азалы кітап» жарық көрді. Қазіргі кезде мүндай кітаптар Алматы қаласы, Алматы жэне Жамбыл облыстары (3-басылым, 1996,1999,2004), Маңғыстау облысы (1998), Ақтөбе облысы (1997) бойынша қайта басылып шықты, бүларда барлық куғын-сүргінге үшырағандар, оның ішінде атылғандар туралы деректі мәліметтер берілген. «Тағзым кітабы» («Книга скорби»), Қарағанды (2001), Шығыс Қазақстан облыстары (2002) т.б аймақтарда жарық көрді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдың «Жалпыүлттық келісім жэне саяси қуғын-сүргін қүрбандарын еске алу жылы» деп аталуы саяси қуғын-сүргін тарихының проблемаларын зерттеуге үлкен серпін берді. Саяси қуғынсүргін тарихын зерттеу елімізде тарихшы-ғалымдар мен үлт зиялылары тарапынан қызу қолдау тапты. Т.Омарбеков пен Қ.Алдажүмановтың зерттеулерінде 20-30-жылдардағы күшпен үжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілістері мен қозғалыстар ауқымы алғаш рет көрсетілді. Қазақстанның барлык облыстары бойынша қуғын-сүргінге үшырағандардың мәліметтер қорын жасауға қатысты жүмыстар жүргізілді. Зерттеуші С.Ә.Жәкішева бүл мәліметтерді ТМД елдерінің «Қайта оралған есімдер» атты бірыңғай электронды қүжаттар қорына енгізді. (Мәскеу қаласы). Кеңестік кезеңде казақстандык тарихнама өзінің бүкіл қызметі барысы бойында «мэдени революцияны-социалистік 115


революцияның құрамды бөлігі, социалистік кұрылыстың маңызды заңдылығы ретінде» қарастырды. Қазақстандағы мәдени жаңғырудың тарихи шьшайы болмысын зерттеу де, базистік процесс ұстанымына-социалистік қоғам кұрылысына бағындырылды. Кеңестік кезеңдегі мэдени құрылыстың басты тұғырнамалық мақсаты КСРО ҒА академигі М.П.Кимнің, Қазақстанның нақты жағдайы да енгізілген, жалпыға ортақ принциптері негізінде анықталды. Мектеп пен жоғаргы білІм берудің бірыңғай жүйесін құру, егде адамдардың сауатсыздығын жою, ғылымизерттеу мекемелерінің желісін қалыптастыру, партиялық жэне шаруашылық буындардың кадрларын оқыту мен тәрбиелеу, атеистік насихат және білім беру мен мәдениет саласының басқа да проблемалары мэдениет саласындағы капиталистік емес дамудың нәтижесі ретінде пайымдалды. 1980 жылдардың екінші жартысынан мәдениет тарихнамасыньщ дамуында жаңа кезең қалыптасты. Бұл түбегейлі қоғамдық-саяси өзгерістердің басталуымен жэне ұзақ жылдар бойы тыйым салынған есімдердің, «ұлттық мәдени іргетасы» атанган Алаш қайраткерлерінің рухани мұраларының тарихымызбен қайта қауышуымен байланысты жүзеге асты. Кеңес өкіметінің алгашқы екі онжылдығында қоғамның мәдениет туралы түсінігі сол жылдардағы газет журналдардың беттерінен айқын көрінеді. Оларда дэстүрлі қазақ мэдениетінің өкілдері мен «жаңа пролетарлық социалистік мәдениет» қайраткерлерінің арасында өткен пікірталас жарияланды. Мәдениет пен білім саласыньщ белгілі қайраткерлері, партиялық жэне мемлекеттік органдардың басшы қызметкерлері өздерінің мэдениет проблемасына көзқарастары мен оның дамыту жолдары, қоғам өмірінің мәдени жағын жедел ілгері бастыру жөніңдегі пікірлерің ортаға салды. ¥лттық тарихи мэдени мұраның тағдыры, жаңа жағдайдағы Қазақстанның Қазан революциясына дейінгі зиялы қауымының орны мен рөлі, қазақ интеллигенциясының автономиялық құқыгы мен мәдени бастауга ұмтылысы - ұлттың осы жэне басқа да көкейтесті мәселелері сол жылдар мерзімді басылымдарынан айқын көрініс тапты. 1920 жылдардағы тарихи мәдени жылнамадан Қазақстанды зерттеу қоғамы мен 1921 жылы ұйымдастырылып, А.Байтұрсынов басшылық еткен Ағарту халық комиссариаты Академиялық орта116


лығының қызметі елеулі орын алады. Олар өз қатарына қазақтардың тарихын, тұрмысы мен мәдениетің зерттеген санаулы ғана ынталы адамдарды топтастырды. Экспедиция қорытындылары бойынша жасалған баяндамалар, хабарламалар Қазакстанның тарихына ғана арналып қалған жоқ. Онда авторлар халыққа білім беруді, кәсіби өнерді, ғылым мен денсаулық сақтауды дамыту жолдары туралы да мәселелерді көтерді. Қазақ тілінде оқулықтар мен құралдар шығару Түркістан республикасы Халық ағарту комиссариаты Мемлекеттік ғылыми кеңесінің жанындағы Ғылыми комиссияның 1921-1922 жылдардығы ең басты міндеттерінің бірі саналды. 1930 жылдары тарихи-зерттеу мекемелері мен кәсіби тарихшылар кадрларын даярлаудын ұйымдық құрылымдары қалыптасты. КСРО ҒА қазақ бөлімшесінің тарихи археологиялық секгоры (1931) , 1- коммунистік университет (аспирантурасы бар) өз жұмыстарын бастады. Ғылыми- зерттеу жұмыстары, сондай ақ Қазақ пединститутының (1928) жэне Қазақ мемлекеттік университетінде қолға альшды (1934). Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мэдениетінің дамуы 1941-1945 жылдардағы ¥лы Отан соғысы кезінде өз жалғасын тапты. 1943 жылы басылған «Көне заманнан бүгінге дейінгі Қазақ КСР тарихы» кітабында, сондай- ақ 1949 жылы шыққан «Қазақ КСР тарихы» (2-том) жинағының «Кеңестік Қазақстандағы мәдени төңкеріс» тарауында кеңестік жылдардағы Қазақстанның білім беру мен ғылым, әдебиет пен өнер жэне баспасөз саласындағы тарихи жолдары мен жетістіктеріне алғаш рет жалпы түрде жағымды баға берілді. ¥лы Отан соғысы кезеңінде мерзімдік басылымдар беттерінде партия жэне кеңес қызметкерлерінің, ғылым мен мэдениеттің қазақстандық жэне Қазақстанға эвакуациямен келген қайраткерлерінің көптеген еңбектері жарық көрді. Оқиғаларды көзімен корген мэдениет қайраткерлері өз еңбектерінде Қазақстанның соғыс жылдарындағы мэдени өмірінің картинасын жаңғыртты. Қазақстан К(б)ПОК жанынан ¥лы Отан соғысы тарихына қатысты материалдарды жинау үшін «Комиссия соғыс жылдарының өзінде ақ жиналған материалдарды жариялай бастады, оларда сондай ақ соғыс күндеріндегі зиялы қауым қызметінің жекелеген қырлары да көрініс тапты. 117


Сол жылдары бірқатар мазмұнды ғылыми танымдық зерттеулер жарық көрді, соғыс жылдарындағы мәдениет тарихына қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинаудың бастамасы жасалды, тақырыптың кәсіби тарихнамалық жэне деректанушылық негізі қаланды. Алайда ғылыми мақалалардың осы заман түсінігіндегі талаптарына барлық жұмыстар бірдей жауап бере алған жоқ жэне авторлардың қолында кең ауқымды деректемелер де болмады. Соғыстан кейінгі екі онжылдық бойы Қазақстан тарихнамасындағы мәдениет тарихы монографиялык зерттеулердің тақырыбына элі де толық айнала қойған жоқ болатын. Алайда бұл ілгері басулар сападан гөрі сандық сипат алды. Үлы Отан Соғысы жылдарындағы Қазақстан мәдениетінің тарихы кең ауқымдық қүжаттық негізде академик М.Қ.Қозыбаевтың іргелі еңбектерінде қарастырылды. Бұл еңбектерде автор Қазақстан мәдениеті, қоғамдық өмірдің осы саласына партиялық басшылық мәселелерімен ғана шектеліп қалмай, еңбекшілердің майдан мен тылга көмегі, соғыс жылдарындағы мэдени өмір жақтарын да терең қамтыған. 1970-1980ж.ж. жарық көрген А.К.Қанапин мен А.Д.Яндаровтың, Н.Жанділдиннің, К.Бейсембиевтің, М.Бурабаев пен В.Черняктің монографиялық еңбектері жэне Р.Б.Сүлейменовтің «Қазақстандағы мәдени төңкерістің зерттелу кезендері» атты мақаласы халқымыздың рухани өміріндегі өзгерістер туралы кең эрі терең түсініктер тұрғысында жазылған. Қазақстан тарихшылары, сондай ақ зиялы қауымның, оның ішінде ұлт зиялыларының да қалыптасу тарихы жөнінде, бұл ретте олардың өздерінің ойынша, бұл үрдістің ерекше жақтарын аша отырып, зерттеулер жүргізді. Осы жылдары тағдырлары еліміздің тарихымен біте қайнасқан бірқатар ғалымдар мен жазушылар, артист, эншілер қазақстандықтардың жаңа ұрпағына өткен өмір жолдары туралы естеліктерін арнады. Қазақстан зиялылары аға буын өкілдерінің шығармашьшық жолы мен тағдыры мәдени даму тарихын жэне осы заманғы мәдениет түрлерінің қалыптасу ерекшеліктерін ашып берді. Сонымен қатар олар өнердің дербес жанрларьшың, тұтастай алғанда мәдениеттің дамуына қосқан эрқайсысьшың жеке үлестерін де бейнелеп көрсетеді. 118


Үлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда қоныс тепкен кеңестік белгілі мэдениет қайраткерлерінің эр жылдары жариялаған естелік-терінде сол жылдары тізе қосып, бірге еткен еңбек пен рухани өмір жайлы айтылады. 1980 ж. соңы мен 1990 ж. бас кезі аралығы (горбачевтік жария-лық пен демократияландыру жылдары) -мәдениет тарихының 4-кезеңіне сәйкес келеді. Жоғарыда атап өтілгеніңдей, Қазақстан КП ОК сол жылдары Ш.Құдайбердиевті, Ж.Аймауытовты, М.Жұмабаевты жэне қазақ мэдениетінің басқа да өкілдерін ақтау туралы қаулы қабылдады жэне соның нәтижесінде әдебиетіміздің барлық өкілдерінің есімдерімен олардың шығармалары халкымен қайта қауышты. Бұл есімдер көп жылдар бойы ауызга алынбады немесе теріс пиғылды топқа жэне Кеңес өкіметінің жаулары қатарына жатқызылып келген еді. А.Байтұрсыновтың, Ш.Құдайбердиевтің шығармалары, «Алаш» партиясының баг-дарламалық құжаттары, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, Ж.Аймауытовтың, Қ.Кемеңгеровтің жэне басқалардың жұмыстары жарияланды. Жарияланған дереккөздер Қазақстан тарихы кеңестік кезеңінің бұрынғыдан мүлде басқаша кескін келбетін көрсетті. Мәдениетке партиялық мемлекеттік басшылық, А.Байтұрсьшов пен Т.Жүргеновтің ағарту халкомындағы жауапты қызметі мен көзқарастары, мәдениет саласындағы Қазақ өлкелік комитетінің бағытымен келіспеген қазақ зиялы қауымының өзіндік ой пікірлері, тіл мен мәдени ұлттық дәстүрді сақтауға ұмтылған қазақ зиялыларын ұлтшылдар ретінде бағалаған Ф.Голощекиннің оларға қарым-қатынасы жаңа сипатта көрінді. Жоғарыда айтылып кеткендей, 1920-30 Жылдардығы Қазақстан тарих ғылымының жағдайы зерттеуші І.М.Қозыбаевтың «Қазакстан тарихнамасы:тарих тағылымдары» (1990)кітабында қарастырылады. Мұра-ғаттық деректемелер негізінде кітапта 1920 жылдардағы мәдениет тарихы мен оның барысы жөнінде құнды мәліметтер келтірілген Р.М.Жұмашевтің зерттеулерінде жэне оның « Қазақстан мәдениетінің тарихнамасы» (Қарағанды, 2003) монографиясында мэдениет проблемасы жаңа тұғырнамалық көзқарас тұрғысынан қарастырылған А.Т.Қапаеваның «Мәдениет жэне саясат» атты іргелі монографиялық еңбегі (Алматы, 2004 ж.) Қазакстан мәдениетінің тарихына арналған, онда 1946-1991 жылдардағы Кеңес өкіметінің Қазақстанның мэдени саласында жүргізген мемлекеттік саясаты қарастырылады. 119


4.3. ¥лы Отан соғысы тарихнамасы жэне Қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесінің зерттелуі. Кеңес өкіметі жылдарында қанқүйлы соғысты зерттеуде тарих ғылымы екі даму кезеңнің бастан өткірді : Біріншісі - соғыстың басталғаның КОКП XX съезіне дейінғі, екіншісі И.В.Сталиннің жеке басына табынушылықты әшкерелеуден КСРОның ыдырауына дейінғі кезеңце басылған еңбектер камтиды. Әр кезенде сол уакытқа тэн міндеттер шешілді. Олар бір біріне мүрағаттарға, шет ел басылымдарына қол жеткізу дәрежесіне, зерттеу тақырыбын таңцау еркіндігіне қарай да ерекшеленеді. Фашистік Германиямен соғыс туралы Қазақстан тарихшыларының сол кездегі зерттеулеріне бүкілодақтық тарихнаманың жетістіктері мен олқылықтары, ортақ еді әрине, айырмашылықтары да болды. Зертгеулерцің географиялық ауқымы жағынан белгілі бір деңгейде табиғи тар шеңберлік көрініс алды, ал олардың тақырыптық шектеулілігі, көп жағдайда, зерттеліп отырған қүбылыстың ішкі мэніне терең бойлай алмаушылық - олардың ғылыми қүндьшығын төмендетті. Бірақ бүл көбінесе зерттеушілердің кэсіби деңгейінің төмендігінен емес, «одақтық заң қүзыретінің» тақырыпты кеңінен көптеген қүжаттарына қол жетпегендіктен еді. Соғыс басталған кейінгі тарихшылардьщ басты міндеті қүжаттар мен материалдарды жинақтау жэне бір жүйеге түсіру болды. 1942 жылдың басында-ақ КСРОҒА- нын Тарих институтында Үлы Отан соғысы бойынша арнайы комиссия, ал 1943 жылдан-әскери-тарихи сектор жүмысьш бастады. 1942 жылдың мамырынан бастап Кеңес Армиясының Бас штабында жүмыс істей бастаған бөлім 1944 жылдың наурыз айында Соғыс тәжірибесін пайдалану жөніндегі басқарма болып қайта құрылып, тарих ғылымы үшін де көп жүмыстар атқарды. 1943 жылы Соғыс тарихы бойынша материалдар жинау жөніндегі комиссия Қазақстанда да құрылды. Мемлекеттік жэне қоғамдық ұйымдардың соғыс уақыты жағдайындағы жұмыс формалары мен эдістері туралы КК(б)П ОК хатшьшары Н.А.Скорцов, Ж.Шаяхметов, М.Әбдіқалықов, ҚазКСР Халық Комиссарлары Кенесінің төрағасы Н.Д.Оңцасынов т.б.өз еңбектерінде баяндады. 120


Үлы Отан соғысы аяқталысымен соғыс тарихы туралы зерттеулер жарық көре бастады. КСРО бойынша 1946-1955ж.ж.1200-ге жуық кітаптар, кітапшалар жэне журналдық мақалалар жарияланды. Соғыстан кейінгі алғашқы он жылдықтағы жарияланымдар ішінен А.Нүсіпбековтің, О.Малыбаев пен Ғ.Әбішевтің жүмыстары жаңа пайымдауымен көзге түседі. Академик А.Нүсіпбековке алғашқы болып мүрағаттың кейбір күжаттарына қол жеткізудің орайы түсті. Ол осы негізде қаһарлы жылдардағы республика өмірінің неғүрлым толыққанды кескін-келбетін бейнеледі.О.Малыбаев халықтар достығын женістің маңызды қүрамды бөлігі ретінде зерттеудің алғашқы сүрлеуін салды. Ғ.Әбішев бүл тақырыпты жалғастырып, Отан үшін күрестегі қазақстандық жауынгерлердің ерлік істерін кеңінен ашып көрсетті. Алайда сол кезендегі қоғамтану саласындағы еңбектерге тән кемшіліктер бүл жүмыстарға да ортақ еді. Тыл еңбеккерлері мен майдангерлердің дэл осы соғыстан кейінгі алғашқы он жылдықта бірінші рет жарық көрген естеліктері тарихнамада көрнекі із қалдырды. Атақты жауынгерлердің есімдері мен ерліктерін насихаттаудың нұсқасы жасалынды. Бүл түрғыдағы алғашқы басылымдардың бірі - (Кеңес Одағының БатырларыҚазақстандықтар) жинағына өмірбаяндық мәліметтер, марапат қағаздардың көшірмелері жэне соғыс жылдарының басқа да қүжаттары мен материалдары енгізілді. Жекелеген батырларИ.В.Панфилов, М.Ғабдуллин, В.Клочков жэне басқалары, сондайақ Кеңес Одағаның Батыры атағын екі рет алған Т.Ж.Бегильдинов, Л.И.Беда, С.Д.Луганский, И.П.Павлов туралы да жүмыстар жарық көрді. И.В.Сталинның жеке басына табынушылықты әшкерелеген КОКП XX съезінен кейін зерттеушілердің мүрағаттарда жүмыс істеу мүмкіндігі артып, монографиялар мен жалпы түжырымды еңбектерді даярлау үрдісі жеңілдеп, қарқын алды. 1950 жылдардың соңы мен 60 жылдардың басында 6-томдық «1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағы Үлы Отан соғысының тарихы» жэне 12 томдық «1939-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы» жарық көрді. Тек Қазакстанда гана Жеңістің 20 жылдығына орай 8 кітап, 24 кітапша және 200-ден астам ғылыми мақалалар басылды. Б.Балқабаевтың 1971 жылы шыққан Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның колхоз шаруашылығы. 1941-1945 121


жылдар монографиясы ауыл еңбекшілерінің тарихын кеңінен қамтьщы. Жекелеген жұмыстар біздің республикамыздағы денсаулық сақтау ісінің хал-жағдайьша жэне госпиталдардың қызметіне арналды. Бұлар - Қазақстандағы денсаулық сатау ісі мен санитарлықэпидемиологиялық қызметін тарихы жөніндегі А.И.Самарин мен А.Р.Чокиннің жэне госпиталдардың қабылдау, орналастыру жэне емдеу қызметттері туралы М.А.Жақыпованың мол мағлұмат жинақтаған еңбектері. 60-жылдардан бастап халыққа білім беру жүйесі қызметін, оның гылыми жэне мэдени өмірін арнайы зерттеулер жолға қойылды. Осы тақырыптағы алғашқы жарияланымдардың бірі академик Қ.И.Сәтбаевтың мақаласы болды, оны М.Қ.Қозыбаевтьщ республиканың шикізат қоры мен өндірістік қуатын қорғаныс қажеттіліктеріне пайдалану мүмкіндіктерін әріптестерімен ынтымақтастығы туралы жазған мақаласы жалғастырды. Л.Ш.Баширова, Р.М.Жұмашев жэне басқалардың жұмыстарында соғыс жылдарындағы мәдениет, әдебиет жэне өнер тарихы мэселелері қарқынды түрде зерттелді. Ол жұмыстардың авторлары соғыс жылдарындағы өнер туындыларьгаың өзара әсер-ықпалын жэне бірін-бірі байытуын, мәдени-ағарту мекемелер жұмыстарының ерекшеліктерін көрсетті. Сондай-ақ Қазақстан халықтары мен Одақтың жекелеген нақты өңірлері іұрғындарының өзара көмегі жөніндегі зерттеулер жарыққа шықты. Жекелеген облыстар мен аймақтарға арналған еңбектер тақырыпнама ауқымының кеңеюіне, республика тарихын барынша толық сипаттауға, ғылыми айналымға жаңа, көбінше өте құнды мәліметтердің енуіне жағдай жасады. Әдебиетте, соғыс тақырыбындағы миллиондаған адамдардың орын ауыстыру проблемаларын, елдің шығыс бөлігінің майданға жақын аудандарындағы материалдық жэне рухани құндылықтарды зерттейтін бағыт қапыптасты. 70-80-жылдары КСРО-нын шығыс аудандарындағы халық шаруашылығының даму тарихын, өндіріс күштерін шығыс аймақтарға шоғырландырудың барысын, Қазақстан мен Орта Азия республикалары, Сібір жэне Қиыр Шығыстың байлығын жедел қарқынмен игеру мәселелерін зерттеуге зор мэн берілді. 122


Г.Докучаев пен М.Қозыбаевтың Өндіріс күштерін дамыту жөніндегі лениндік идеяларды жүзеге асыру атты монографиясында елдің эр түрлі өңірлеріндегі экономикалық дамудың өзіне тэн ерекшеліктеріне, кеңестік қоғамды түтастай алғандағы жэне аймақтардағы, жекелеген таптар мен жіктер ішіндегі әлеуметтік қүрылымның өзгерісіне зор көңіл бөлінді. Бірқатар еңбектерде елдің шығыс оңірлерінің, оның ішінде Қазақстан мен Орта Азия республикаларының экономикалық үлесі айқындалды. Академик М.Қозыбаевтың қатысуымен жазылған «Кеңестік жүмысшы табының тарихы. КСРО жүмысшы табы Үлы Отан соғысы жылдарында жэне оның қарсаңында. 1938-1945 жыл» (М., 1984), «Кеңестік тыл Үлы Отан соғысының алғашқы кезеңінде» (М., 1988), «Кеңестік Отанды қорғау рухымен» (М., 1974, 1984) секілді үжымдық еңбектерде кеңестік, оның ішінде қазақстандық тылдың дамуы мен нығаюының өзекті проблемалары көрініс тапты. Соғыс кезінің күжаттарын жариялауға көп көңіл бөлінді. 1964-1968 жылдары республиканың соғыс жылдарындағы тарихына қатысты қүжаттар мен материалдар жинағы жарық көрді, оған КСРО Қорғаныс министрлігі Орталық мүрағатының (қазіргі Ресей Федерациясында) қүжаттары алғаш рет енгізілді. 1968 жылы 447 Кеңес Одағының Батыры-қазақстандықтар туралы қүжатты очерк-тер жинагының, сондай-ақ Үш дэрежелі Даңқ орденінің иегерлері туралы кітаптың шығуы елеулі оқиға болды. П.С.Белан қазіргі кезге дейін Алтын Жүлдыз иегері - қазақстандықтардың саны 520 адамға жуық екенің, оның 497-сін Батыр атағы Үлы Отан соғысы мацданындағы ерліктері үшін берілгенін дэлелдеді. «Даңқ» ордерінің толық иегерлерінің жалпы саны анықталды. Қазіргі кезде олар-дың саны 110 адам саналады. Республика тарихшылары тарапынан қазақстандық жауынгерлердің жекелеген операциялар мен үрыстарға немесе арнаулы стратегиялық бағыттарға қатысу тарихын зерттеуге байланысты да белгілі бір жүмыстар атқарылды. Академик А.И.Нүсіпбеков пен зерттеуші ғалым Ғ.А.Әбішев жэне басқалар өз еңбектерін дэл осы түрғыда жазды. Белгілі журналист Н.А.Шахов Брест қамалын қорғаушы қазақстандықтар туралы материалдар жинап, очерктер мен мақалалар жариялануда жемісті еңбек етті. Мэскеу үшін болған үрысқа қаты123


сушы қазақстандық жауынгерлер жөнінде А.Н.Нүсіпбеков пен А.Мұхамеджанов тыңғылықты зерттеулер жүргізді. А.Мұхамеджанов өзінің Мәскеу түбіндегі ұрысқа қатысқан қазақстандықтар (А., 1968), атты монографиясында КСРО Қорғаныс министрлігінің мұрағаттық құжаттары негізінде 1941 жылдың жазы мен күзінде Қазақстанда ұйымдастырылған әскери құрамалардың Мэскеу қорғанысына қатысуын қайтадан бүгінгі ұрпақ көз алдына алып келді. Сондай-ақ Ленинград іргесінде жэн Сталинград ұрысында шайқасқан қазақстандықтар туралы зерттеулер жазылды. Олардың ішінде тарихшы-майдангер Х.Әділгереевтің журналистмайдангер В.Скоробогатовтың мақалалары, сондай-ақ Қ.Досқалиевтың, Б.Далабаев пен П.С.Беланның зерттеулері бар. Курск шайқасы академик С.Н.Покровскийдің зерттеу нысанасына айналды. Қазақстандықгардың Украинаны, Белорусияны, Балтық жағалауы жэне Еуропа мен Азия Елдерін азат етуге қоскан үлесі Ғ.Әбішевтің, К.Е.Стамбековтің, А.С.Алданазаровтьщ, И.А.Куртовтың жэне басқа авторлардың еңбектерінде зерттелді. Біздің республикада жасақталған Кеңес Армиясы құрамалары •мен бөлімдерінің жауьшгерлік жолы туралы тарихи очерктер жанрының тууы талас тудырмайтын жетістік еді. Т.Балақаев, Қ.Алдажұманов, Қ.Аманжоловтар өз зерттеулерін қазақ ұлттық 96- 105- жэне 106-атты эскер дивизияларына, 100- жэне 101-атқыштар бригадаларына арнады. Екі атқыштар бригадасының да жауынгерлік істері (атты эскер дивизиялары ұрысқа кіріскенге дейін, бұрын құрылған құраманың жеке құрамына өтуіне байланысты қайта құрылды), сондай-ақ П.С.Беланның, А.Б.Тасболатовтың, 100-қазак ұлттық атқыштар бригадасының ардагері С.С.Жиенбаевтың мақалаларында баяндалды. КСРО-да қайта құрудың басталуымен (1985), Кеңес Одағының тарихы, ¥лы Отан соғысы жэне оған бұрынғы одақтас республикалардың қатысуы проблемалары кеңінен зерттеле бастады. Жабық тақырыптар мен мәселелер тізімі ең төменгі деңгейге дейін қысқарды, мұрағат қорларына кол жеткізу мүмкіндігі артты, зерттеушілердің әдебиет пен ақпарат алмасуы ұлғайды. 90-жылдардың басынан бастап, соғыс тарихы жөніндегі жарияланымдар сан жағынан азайды, сондай-ақ Ресейде жэне басқа елдерде, соғыстың сипаты туралы шындықпен жанаспайтын, шектен тыс теріс пікірді пайым124


даулар, соғысушы жақтарды бір-бірімен теңестіруге тырысушылық әрекеттер де көрініс берді. Сонымен қатар тарихнамалық мұраға сын көзімен қарау барысында, согыс қарсаңындағы кезең мен соғыс жылдарына қатысты кейбір маңызды проблемалар да шешімін тапты. «Дөңгелек үстелдерде» жэне ғылыми конференцияларда, одан соң мерзімді басылымдар мен кітаптарда 30-жылдар қуғын-сүргіні, инд>'стрияландыру мен үжымдастырудың шектен тыс жеделдету әдістерінің кесірінен болған шығындар мен қүрбандықтар туралы, Қырым, Кавказ, Повольже өңірі, ал одан да бұрын Қиыр Шығыс, біздің республикаға күштеп қоңыс аудару, Қазақстанда мэжбүрлі еңбек түрін қолдану туралы мәселелері кеңінен талқылана басталды. Мәселен, М.Қ.Қозыбаевтың («Тарих жэне қазіргі заман» А., 1990; «Ақтандақтар ақиқаты», А.,1992), Қ.С.Алдажүмановтың жэне басқалардың («Қазақстанға күштеп қоңыс аударылған халықтар: уақыт жэне тағдырлар», А., 1998) зерттеулерінде, қуғынсүргінге ұшыраған халықтардың, этникалык топтар мен әлеуметтік жіктердің, Қазақстанға күштеп қоңыс аударылу тарихымен коса. республика тұрғындарының соғыс уақытындағы еңбек армиясына қатысу проблемаласы да арнайы қарастырылды. Кеңестік жылдарда басталған бүкіл одақтық «Боздақтар» («Книга памяти») басылымын баспаға дайындап жөніндегі жұмыстар өз жалғасын тапты. Қазақстанда жоспарланған 97 томның 66-сы басылып шықты. Бас штабтың арнайы комиссиясы мен ғалымдар анықтаған Кеңес Армиясының шығындары туралы мәлімет расталды. Қазақстанның тікелей шығындары алғаш рет нақтыланды: ол қазіргі кезге дейін жиналган мәліметтер бойынша, 602939 адамды кұрады. Майданға алынған қазақстандықтардың санын анықтаудың да сәті түсті. Сонымен бірге соғыс қарсаңында армияда қызмет еткендердің саны 1374 мың адам екендігі белгілі болды. Тарих ғылымдарының докторы П.С.Белан қазақстандық эскери құрамалардың соғыс майдандарына қатысуын зерттеуде үлкен жұмыс тындырды. Оның қазақстандықтардың Ленинградты қорғауға, КСРО-ның басып альшған аумақтарын, оның ішінде Украинаны, Молдавияны, Белоруссияны жэне Балтық жағалауы елдерін азат етуге қатысуы туралы монографиялары жұртшылықтың жағымды бағасын алды. П.С.Беланның Үлы Жеңістің 50 жылдығына орай шыққан Барлық майдандарда атты монографиясы қазак125


стандықтардың кеңес-герман майданы мен Қиыр Шығыстағы ұрыстарға қатысуы жөнінде, әсіресе республикада жасақталған Кеңес Армиясы бөлімдері мен құрамаларының жауынгерлік жолы туралы нақты мәліметтер береді. Дэл осы жылы М.Қ.Қозыбаев пен Н.Е.Едігеновтің «Жеңіс үшін еселі еңбек» деп аталатын соғыс жылдарындағы республика өнеркэсібінің индустриялық дамуы мен жұмысшылардың қажырлы еңбегіне арналған кітабы жарық көрді. Бұл кітапта бұрын белгісіз болып келген көптеген мұрағаттық жаңа мэліметтер келтірілген. Онда кадр дайындаудьщ нысандары, сондай-ақ мэжбүрлі еңбектің, оның ішінде еңбек армиясының рөлі баяндалды. Егемен Қазақстан жағдайында зерттеушілер кеңестік кезең тарихнамасының эр іілуан проблемаларьш үлкен ықыласпен қарастыруда. Бұл ретте Қазақстан туралы шетелдік зерттеулерге қатысты қорытынды жұмыстар жарық көрді, бұған мысал ретінде К.Л.Есмағамбетовтің, Р.М.Таштемхановтың зерттеулерін жэне басқа да жұмыстарды айтуға болады. Мәдениет тарихнамасьшьщ проблемалары Р.М.Жұмашевтың, А.Т.Қапаеваның зерттеулерінде көрініс тапты. О.Х.Мұхановтың, Р.Ж.Қадысованың жэне басқалардың зерттеулерінде Қазақстанның кеңестік үлгедегі жаңғырту тарихнамасы жаңа тұғырнамалық тұрғыдан қарастырылады. Ендігі басты мақсат-өткенді идеологиялық бояулардан тазарту басты парыз саналады. 4.4. Кеңестік Қазақстан тарихының деректерін ғылыми мақсатта пайдалану мәселесі Бұл кезең азамат соғысының аяқталып (1918-1920), бейбіт құрылысқа көшу кезінен бастау алады. Алгашында мерзімді баспасөз материалдары мен ресми құжат үлгілеріне сұрыптау жүргізілді. 1921 жылдың тамызында Қазақ АКСР-і Ағарту халық комиссариатының Академиялық орталығы А.Байтұрсыновтың жетекшілік етуімен ел тарихы мен мәдениетінің жазба дереккөздерін жинау, зерттеу жэне насихаттау жөнінде ұсыныс көтерді. Сол жылдың күзінде құрылған ҚазКСР-і Орталық мемлекеттік мұрағаты үйымдар мен мекемелерден түскен құжаттарды 126


мұрағат қоймаларында жоспарлы түрде жинап, сақтауға кірісті. 1922 жылы қарашада құрылған Партия тарихының ("Истпарт") (РК(б)П жэне Қазан төңкерісі тарихьш зерттеу жөніндегі комиссия) казақ бюросы тарихи мэні бар құжаттар мен революциялық оқиғатарға тікелей қатысқан адамдардың естеліктерін жинай бастады. Төңкеріс пен Азамат соғысы жылдарында жэне Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде көптеген тарихи деректер біржола жоғалды, бүлінді немесе ұрланып, жойылып кетті. Деректердің үлкен бөлігі Қазақстаннан тыскары жерлерде сақталды. 1925 жылы Қазақстан астанасын Қызылордаға көшірген кезде осы кұнды мұрағаттық дәйектемелер Орынборда қалып қойды. 1928-1929 жылдары мұрағат мекемерін Қызылордадан Алматыға көшіргенде деректер мен құжаттық материалдардың белгілі бір бөлігі жоғалды. Оңтүстік Қазақстан, Жетісу жэне Сырдария облыстарының тарихына қатысты құжаттардың елеулі бөлігі Ташкентте қалып, Өзбекстанның мемлекеттік мүлкі саналды. Республикалық мұрағат мекемелері объективті жэне субъективті қиындықтарды жеңе отырып, жазба деректерді бір орталықта жинау мен сақтау, сондай-ақ оларды зерттеу мен жариялауды ұйымдастыру бойынша қыруар жұмыстар атқарды. Бірыңғай мұрағаттық тораптардың қалыптасуы мен орнығуына орай, республикада тарих ғылымының құжаттық негізі қорланып, ұлғая түсті. Мүрагаттардың партііялъщ және мемлекеттік дербес екі жүйесінің цүрылуының Қазацстандагы тарих гылымының дамуына кері әсері. Партиялык мұрағаттар 1927-1929 жылдары республиканың ГІартия тарихы бюросы жанынан партия құжаттарын сақтау үшін арнайы мұрағат ашылды. Кейіннен бұл мекеме Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы партия тарихы институтының мұрағаты-КОКП ОК жанындағы марксизм-ленинизм институтының бөлімшесі (партархив-партмұрағат) деп аталды. 1994 жылдың 14 қаңтарынан бастап бұл мекеме Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты деп аталады. Қазан төңкерісінің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында (1927) партия тарихы комиссиясы С.Сейфулиннің басшылығымен тарихи оқиғаларға қатысушылардың 100-ге жуық естеліктерін жинады. Бұл естеліктер партмұра127


ғаттың ғылыми құндылығы бойынша жоғары баға алған № 811 қорының негізін қалады. Партиялық мұрағаттар қорында сақтауға іріктелінген құжаттар кешенінің негізгі бөлігін РК(б)П - БК(б)П - КОКП -ның қазақстандық ұйымы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің шешімдері мен қаулылары, Қазақ облыстық комитеті (Қыробком,1921-1925), БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті (1925-1937), Қазақстан Компартиясы ОК (1937-1991) секретарияты Бюросы отырыстарының хаттамалары, олармен бірге жолданған құжаттар, республикалық жэне жергілікті партия ұйымдары пленумдарының, мәжілістерінің, құрьштай жиналыстарының материалдары, барлық деңгейдегі партия комитеттері мен ұйымдарыньщ, партиялық, кеңестік бақылау органдарының, халық комиссариаттары мен министрліктердің, мекемелер мен құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың жұмыстары туралы есептері, талдау жазбалары, анықтамалар, баяндамалар, хаттар, статистикалық мәліметтер және басқа құжаттар құрады. Бұл құжаттар, тоталитарлық қоғам шеңберінде жасалган тарихи ақпараттардың күрделі де кең жүйесін сипаттайды. Мүрагаттардың партияльщ және мемпекеттік дербес екі жүйесінің қүрылуының Қазацстандагы тарих гылымының дамуына кері әсері. Бұл құжаттардың басты құндылығы-бастауыш партия ұйымдарының белсенділерінен бастап Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті номенклатурасының басшы қызметкерлеріне дейінгі сан мыңдаған адамдар туралы партиялық істерде жинақталған жеткілікті мөлшердегі ақпараттардың болуында. Партиялық іс құжаттар адамның қызмет баспалдақтарымен жүріп өткен әрбір қадамын-өмірбаян дерегін, мінездемелер мен анкеталарды, анықтамаларды жай тізіп шығу емес, олар Қазақстанның өткен тарихы, бүкіл халықтың тағдыры туралы үлкен тарихи мэні бар мәліметтерге де толы. Екі деректемелік қордың жасалуы және бүған қоса мұрағаттардың партиялық жэне мемлекеттік дербес екі жүйесінің құрылуы Қазақстандагы тарих ғылымының дамуына кері әсерін тигізді. Соған сэйкес ғылымның екі бағыты - жетекші-бағыттаушы партиялық ғылым мен оған бағынышты азаматтық тарих ғылымы қалыптасты. 128


Бұған дейін республика Ағарту халық комиссариатына бағыныиггы болып келғен мемлекеттік мұрағаттар 1938 жылдан бастап Қаз КСР Ішкі істер халық комиссариатының карамағына берілді. Мұрағаттарда жартылый әскери тэртіп енгізілді. құжаттарды пайдалану мен жариялау ережесі күшейтілді. Үзақ жылдар бойы онда жабық мекеме рухы, ерекше құпиялық пен тарихи құжаттарды халықтан жасыру ахуалы үстемдік құрды. Кеңес үкіметі жылдарында Қазақстан мұрағаттарының құжаттық корлары әлсін-әлсін «тазалау» мен аса құпнялық бақылауга алынып отырды. Жалпы алғанда, кеңестік дэуірде жазба деректер сан жағынан әлденеше есе өскеніне қарамастан, Сталиннің кезінде жэне одан кейінгі кезеңде кеңес дэуіріндегі тарихтың кайнар көздеріне орны толмас зиян келтірді. 40-70 ж.ж. жоспарлы тазалау барысында мұрагат қоймаларының партшлық қорларынан, тарихи құндылыгы жоқ деген желеумен, Қазақстан тұргындарының 20-50ж.ж.ауыр жагдайына куәлік ететін құжаттар алып тасталынды және отқа өртелді. Олармен бірге партия комитеттері мен үкіметтік құрылымдар ұйымдарының жұмысындағы қателіктер мен кемшіліктер туралы мәліметтер (немесе сыни пікірлер) бар құжаттар да жойылды. Мемлекеттік мұрағат қоймаларының құжаттарына қатысты да осындай шаралар жүзеге асырылды. Мәселен 1941 жылғы шілде-тамыз айларында ҚазКСР-і Орталық мемлекеттік мұрағатында жүргізілген арнайы тексеруден кейін, республика Халық Комиссарлары Кеңесінің қорынан (№30 қор) 1920-1929 жылдардың 172 мұрағаттық ісі жойылу үшін алынды. Осылайша 1944 жылдың тамызында 1929- 1935 жылдардың 610 мұрағаттық істері, 1945 жылдың шілдежелтоқсанында 1929-1936 жылдарға қатысты 2310 мұрағаттық іс өртелді. Жаппай саяси қуғын-сүргін кұрбандарына қатысты құжаттар тәркіленіп, іссіз-түссіз жоғалып кетті. Қаггған істерге «Құпия», «Ерекше құпия», «Жариялауға жатпайды» деген белгілір соғылып олар арнаулы жабық қорларда ұсталды.ҚК(б)П ОАК Өлкелік Комитеті ЧК-ОГПУ-НКВД-ІІМ салалық мұрағаттарына Алаш қозгалысына қатысушылар, оппозициялық топтар мен жіктер, сондай-ак эр кезеңде, эсіресе 20-жылдары республиканың ұлттық мүддесін табандылықпен қорғағандар туралы қүжаттар сақталды. 20-30-жылдардың соңында бұл материалдар жаппай қуғын-сүргінге ұласқан идеологиялық науқан мен тазалаудың 129


негізінде алынды. Қызметкер орган тарапынан тұткындалып «халық жауы» деген ат алысымен-ақ, тиісті қорларды тазарту жұмыстары жүргізілді жэне оның есіміне қатысты құжаттар алынып тасталды. Кецестік кезецдегі деректемелер ретінде пайдаланылган қүжаттардыц бір жацтыльщ сипаты. Сипаты жағынан, мұрағаттық материалдардың: (1) мемлекеттік мекемелер, (2) қоғамдық ұйымдар, (3) жеке тұлгалар тарапынан жасалынған үлкен үш тобына бөлінеді. Атқаратын қызметіне қарай бұл құжаттар нормативтік-реттеуші (заңдар, жарлыктар, қаулылар т.б.), ұйымдастыру-басшьшық, ақпараттық-анықтамалық, жоспарлар, есеп беру құжатнамалары болып бөлінеді. Қарастырьшып отырған кезеңдегі деректер ҚырОАК, БОАК, ҚазОАК, КСРО жэне ҚазКСР Жогарғы Кеңестері қабьшдаған зандар, заң күші бар нормативтік құжаттар мекемелер мен ұйымдардың мәртебелерін, құқықтары мен міндеттерін анықтауға, құрьшымы мен қызметтік құзыретінің шектерін белгілеуге негіз болды. РК(б)П-БК (б) П-КОКП Орталық Комитеті мен оның Қазақстандағы комитеттерінің қаульшары мен шешімдері белгілі бір міндеттерді шешуде олардың Пленумдарының, мәжілістері мен съездерінің нұсқауларымен бірдей басшылыққа алынып, Коммунистік партияның билігін жан-жақты нығайтуды мақсат етті. Ірі саяси-шаруашылық қайта құруларды жэне іс-шараларды (мысалға, жер-су реформалары, байларды тәркілеу т.б.) жүзеге асырар алдында биліктің барлық үш тармағының - БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің, Қазақ Орталық Атқару комитетінің (ҚазОАК) жэне республика Халық Комиссарлар Кеңесінің (кейіннен-Қазақстан Компартиясы ОК, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі және Министрлер Кеңесі) біріккен қаульшары қабылданды. Орталық билік пен басқару органдарының ресми құжаттарынан кейін кәсіп одақтардың, комсомолдың, бүкілқазақстандық «ерікті қоғамдық ұйымдардың» басшьшығының қабылдаған қаулылары деректемелердің екінші үлкен тобын құрады. Бұл кезеңнің деректері жеке адамдар қалдырған деректермұрағаттық жеке істер материалдары, аныктамалар, хаттар, өтінішарыздар, мемуарлар, естеліктер кеңінен қолданыс тапты. Мұрағаттық қорлардан алынған деректердің көрсеткеніндей, егер елдің жоғары басшьшығьшың нұсқау құжаттары 130


төменгі органдарга өзгеріссіз жетіп отырган болса, ал төменнен жоғарыға жолданған құжаттар формасы мен мазмұны жағынан айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырған. Жергілікті ұйымдардан басшы партиялық-кеңестік органдарға жіберілген құжаттардың басым бөлігі эр деңгейдегі басқару аппараттарында биліктің қалауынша қайтадан «өнделді», соның салдарынан онда берілген деректер мен оқиғалардың мазмұны өзгеріп, басқаша бағаланды. Шаруашылық пен мекеме және ұйымдардың жұмысы туралы ақпараттар мен есептеулер уездік (кейіннен аудандық, округтік) басшылық ақпараттарында сұрыпталып жүйеленді, қажетінше тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Уездерден түскен құжаттар губерниялық (облыстық) деңгейде партиялық тұрғьща қатаң тексеріліп, жинақталды. Құжаттарға қатысты мұндай айлаәрекет басшылықтың ең жоғарғы органдарында - республикалық партия, кеңес органдарьгада жэне Қазақстан үкіметінде жүзеге асырылды. Бұл әрекеттер саяси конъюнктураның айтуымен жасалды. Тарихи деректеме болуга тиісті цұжаттарда көптеген өмір шындьщтары көрініс таппады, олар социалистік коммунистік «еңбек майданынан » жолданган бір сарынды асыра орындау секілді мәлімдемелерге ұңсады. Қагаз беттерінде сан мәрте тексерілген, Коммунистік партияның басшылық қызметін көрсетуге барыниіа тиімді деректер гана қалдырылды. Осыған орай «мәңгілікке сақтау» мұрағаттарының қорларына Компартия басшылығын, оның тек алдынгы жэне биікке қарай қадам басқан жасампаздық ісін куәландыруға оңтайлы саяси мэнді кұжаттар алынды. Партия идеологиясы мен саясатына қайшы келетін куәліктер мұрағаттарға сақталуға қабылданбады, ап сирек жагдайда қабылданған мұндай құжаттарға «Құпия» белгісі соғылып, оларды жабық қорлар мен арнаулы қоймаларда сақталды. Сөйтіп тарихи маңызды құжаттардың ауқымды бөлігі қоғамнан жэне коммунистердің өздерінен де жасырын ұсталды. Мұрағаттық сақтауларға негізінен орыс тіліндегі құжаттар қабылданды. Бұрынғы республикалық партиялық мұрағаттар - Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Партия тарихы институтының Партиялық мұрағат қорларында қазақ тіліндегі құжаттардың үлесі 3-5%-дан аскан жоқ. Қазақстан тарихы бойынша деректемелердің үлкен тобы кеңестік кезеңнің баспасөз жарияланымдарынан тұрады. Қазақстан 20-жылдары жарық көрген алғашқы 131


құжаттық-деректі басылымдар РК(б)П Жарғысы, бағдарламалық құжаттары, жекеленген нұсқаулары, Кеңес үкіметінің декреттері болды. Орыс жэне қазақ тілінде басылған, үгіт - насихат мақсатында түрғандар арасында кеңінен таратылған бұл кітаптар мен кітапшалар мұрағаттар мен кітапханалар қорларынан да мол орын алды. Қазіргі кезде зерттеушілер неғұрлым жиі кездесетін, социалистік жаңғырту барысында басшылыққа алынған материалдар жарияланатын баспасөз басылымдарын, атап айтқанда, РК(б)П Қазақ өлкелік комитеті бекіткен қаулыларды, нұсқауларды, ережелерді, партия съездері, конференциялары мен пленумдар шешімдерін жиі пайдаланылады. БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.Голощекиннің жэне оның ізбасарларының сөздері мен баяндамаларының жинақтары жиі жэне үлкен таралыммен басылып отырды. Қазақ Орталық Атқару комитеті (ҚазОАК) сессияларының стенограммаларында, қабылданған қаулы-қарарларында құнды мәліметтер кездеседі. Одан кейінгі жылдары нұсқаулық сипаттағы кұжаттарға қосымша ретінде заң жинақтары, ақпараттық-анықтамалык, статистикалық жэне талдау тұрғысындағы материалдар кең көлемде жарияланып отырды. Кеңестік кезеңцегі тарихи құжаттардың алғашқы жинақтарының жарық көруі Түрар Рысцұловтың есімімен байланысты. Т.Рысқұлов дайындаған «Түркістандағы РК (б) П Мұсбюросы » (Ташкент, 1922), «Революция жэне Түркістанның байырғы тұрғындары» (Ташкент,1925), жинақтарындағы деректердің басым көпшілігі Қазақстанның оңтүстігіндегі тарихи оқиғаларға арналған. Кітаптарда суреттелген оқиғаларға тікелей қатысқан адамдардың оздері жинаған кұжаттар мен материалдар, салыстырмалы түрде объективті ақпарат береді жэне сондықтан да бүл жинақтар кеңес кезеңіндегі отандық деректанудың бүкіл барысындағы құнды дүниелер болып табылады. Қазақ тіліндегі алғашқы археографиялық басылым. 1925 жылы Орынборда жарық көрген. Ол «Қазақ зиялы қауымының бірінші Құрылтай жиналысы» деп аталды жэне 1924 жылдың 12-18 маусымында өткен аталған Құрылтайдың стенографиялық есебі ретінде шықты. Осы кітаптың арқасында, бүгінгі оқырмандар А. Байтұрсыновтың, Ә. Бөкейхановтың, М. Дулатовтың, X. Досмұхамедовтің, Е. Омаровтың, Н. Төреқұловтың, И. Арабаевтың, М. Мурзиннің т.б. ұлттық мәдениеттің, ғылымның, 132


әдебиет пен өнердің даму жолдары, қазақ тілі, оқу-ағарту бағдарламалары мен оқулықтар жөніндегі көзқарастарын түпнұсқапық деректерден оқып зерттеуге мүмкіндік алды. Сэкен Сейфуллин «Тар жол, піайгац кеиіу» романымен (Қызылорда, 1927ж.) цазац мемуарлық әдебиетінің негізін салды. С.Сейфуллин өзінің жеке бақылау-бағамдауына жэне нақты сенімді деректерге сүйене отырып, тарихи оқиғалардың жэне революция мен Азамат соғысына тікелей қатысушы жүздеген адамдар тағдырының ауыртпалыкты жолын суреттеген. Автордың деректер мен оқигаларды бейнелеудегі айқын саяси үстанымдары жэне қарама-қарсы лагерьлердегі адамдар эрекеттеріне баға берудегі таптық көзкарастарына қарамастан, С.Сейфуллиннің шығармасы 1916-1919 жылдардағы Қазақстан тарихы бойынша күні бүгінге дейін ең жиі пайдаланылатын деректеме болып табылады. Осы жылдары қазақ халқы үлт-азаттық қозғалысының тарихы, атап айтқанда Алаш қозгалысы жайында алгашқы басьілымдар, оның ішінде құжатты-деректі жинақтар жарық көрді. 1927ж. БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің (Казрайком) саяси тапсырысы бойынша А.П.Бочагов жинаған қүжаттар кешені идеологиялық түрғыдан жарамсыз деп танылды. Ол кездегі алға қойылған саяси міндет бойынша, Қазақстандағы Компартияның басты қарсыласы Алаш қозғалысының толық талқылағанына куэлік ететін нақты деректерді таңдап алу керек болатын. Алашорда мен «Алаш» партиясының күжаттарын жариялай отырып, А.Бочагов қажетті деректерді таңдап ала алмады, оларға тиісінше талдау жүргізіп, таптық баға беруде осалдық танытты. Мүны Н.Мартыненко да орындай алмады, оның «Алашорда» жинағы (1929), республиканың идеологиялық басшылығының көзқарасы бойынша, Алаш идеяларын сынаудың орнына оны көбірек насихаттаған болып шықты. Кейіннен, 1935жьшы бүл жағымсыз оқиға, С.Брайнин мен Ш.Шафироның «Алашорда тарихының очерктері» кітабының жарык көруіне байланысты тағы да қайталанды. 1935жыпы 15 сәуірдегі БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бюросы. олардың өз кітаптарына қосымша ретінде енгізген қүжаттары «объективті түрде контрреволюциялық алашордалық үлтшылдық идеологияның насихаты» болып шыққан деп тапты жэне кітапты айналымнан алып тастау, ал авторлар мен баспагерлерді қатаң жазалау туралы шешім кабылданды. Бүл Коммунистік партия идеологтерінің 133


Алаштың талқандалуын құжаттық-дерек жинақтар арқылы негіздеуге тырысқан соңғы әрекеті болды. Бұдан кейінгі кеңестік кезеңде тек жекелеген құжаттарды жэне олардың үзінділерін, міндетті түрде берілетін таптық сипаттағы түсініктемемен бірге жариялау жолымен Алаш қозғалысына кара күйе жағылып отырды. Жоғарыда аталған құжаттық-деректі үш жинақтағы деректемелер 80-жьшдардың соңына дейін ғылыми зерттеулерден сырт қалдырылды. Бұл кітаптардағы материалдар, эсіресе Алашорданың жетекшілері мен белсенді қызметкерлерінің, «Алаш» партиясы мүшелерінің тізімі жарияланған Н.Мартыненконьщ жинағы өз кезінде, 1929-1931 жэне 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезеңінде қазақ зиялыларының таңдаулы өкілдерін қуғындау эрекетінде НКВД үшін таптырмайтын негіз болды. 30-жылдары бірінші кезекте партиялық-идеологиялық мазмұндағы құжаттық жинақтар басылды. Алайда сол кезде, барлық археографиялық деректер бойынша, Кеңестердің алғашқы қазақстандық съездерінің мұрағаттық материалдар жинақтарыньщ жариялануы отандық деректанудағы елеулі түрде алға басушылықтың көрінісі болып табьшды. Қазақстан Жазушьшар одағы бірінші съезінің қазақ тіліндегі стенограммаларының жарық көруі соғысқа дейінгі жылдардағы мәдени өмірдің елеулі жетістігі еді. Естеліктерді жинау мен жариялау ісін ұйымдастыруда да алға жылжу байқалды. Бұл жұмыстар кейінгі жылдары да, әсіресе әскери-патриоттық тақырыпқа арналған бірнеше шағын кітапшалар басьшып шыққан Отан соғысы жьшдарында жалғасьш тапты. Со&ыстан кейінгі жылдары цүжаттьщ-деректі, басылымдар тақырып жағынан айтарлықтай кеңейе түсті. Бірінші кезекте 1941-1945 жылдардағы Үлы Отан соғысынан қазақстандықтардың қатысуы туралы мүмкін болған барлық деректерді мақсатты түрде іздеу жэне жүйелеу жұмыстары басталды. Мұрағатшылармен тарихшылардың бірлікте тер төге жасалған еңбектерінің нәтижесінде, өздерінің шығу тегі жағынан эр алуан дереккөздер -мұрағат құжаттарына, майдан мен тылдан жолданған хаттарға, мерзімді басылымдар материалдарына, естеліктерге жэне басқаларға негізделген жинақтар жарық көрді. Согыстың соңында КСРО-ның жоғары ерекшелік белгілерімен марапатталган жауынгерлер туралы алғаш рет жиналған мәліметтері бар «Қазакстандық Кеңес Одагының Батырлары» жинағы басьшьш шықты. 134


Кеңестік кезеңде Қазан соңиалистік револьюциясының тарихы туралы, оның ішінде деректанушылық тұрғыдағы жарияланымдар бірінші кезекке қойылды. Сондықтан тарихи құжаттарды жариялаушы қазақстандықтар Кеңес өкіметінің алғашкы жылдарынан бастап коммунистік жүйенің соңғы күндеріне дейінгі тақырып аукымын қамтыды. Ол кезде аса өзекті деп саналған бүл тақырыптағы қүжаттык жинақтар адамдар санасында Қазақстанда жүрғізіліп отырған лениндік үлт саясатының эділдігі жэне Қазақстанның мемлекеттік құрылымы халыктардың өз тағдьірын өзі шешу жэне өзін-өзі билеу құқықтарына толық жауап беретіңдігі туралы сенімді орныктыруы тиіс болды. Осындай тұрғыдан іріктелген құжаттар мемлекеттік қүрылыстың барлық салаларындағы бұрын болып көрмеген жетістіктер мен жеңістердің, индустрияны дамытудағы табыстардың, ауып шаруашылығын реформалаудың, мәдени төңкерісті жүзеге асырудың көрнекі негіздемесі ретінде пайдаланылуы кажет болды. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметі жөніндегі мұрағаттық кұжаттар жинағы жарық көрді. Қазацстандыц кеңес тарихының жеке тұлгалар жөніндегі алгаиіцы басылымдары қатарында А.В.Затаевич, Ә.Жангелдин жэне А. Имановтың құжаттар мен материалдар жинақтары жарияланды. Олардан кейін іле-шала ревлюционерлер жэне Коммунистік партияның қайраткерлері туралы бірқатар құжаттық жарияланымдар басылды. Мұндай жинақтарды шығару үшін Қазақстан КП ОК-ның келісімі алынды. Сондықтан 80-жылдары тек Т.Рысқұлов пен А.Иманов туралы деректер ғана жазыпды. 50-жылдардың екінші жартысынан бастап, казақ әдебие-тінің ақталған классиктері С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров жэне басқалардың отызыншы жылдары тыйым салынған шығармаларының жарық көруімен қатар, қазакстандык «формасы жағынан ұлттық мазмұны жөнінен социалистік» мэдениеттің даму туралы деректер де жариялана бастады. Социалистік жаңару "шараларына қатысушылардың естеліктерін ғылыми мақсатқа пайдалану отандық деректанудың маңызды бөлігі ретінде саналды. Қоғамдықсаяси сипаттағы естеліктермен бірге, өткен жылдардың рухани өмірінің шынайы суретін бейнелеуге көмектесетін, мэдениет кайраткерлерінің естеліктері де көптеп жариялана бастады. Қазакстандық тарих ғылымының артта қалушылығы мен 135


деректік негізінің зиян шеккендігі әсіресе Сталиннің жеке басына табыну эшкереленгеннен кейін айқын болды. Тарихи зерттеулердің деректік негізінің элсіздігі 1957 жылдың 5-11 мамырында Алматьща өткен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменістан жэне Өзбекістан Ғылым академияларының біріккен ғылыми сессиясында атап көрсетілді. Деректердің жеткіліксіз пайдаланылуы салдарынан кеңес жылдарындағы Қазақстан мен Орта Азия республикалары тарихы оның алдындағы кезеңдердегі тарихқа қарағанда элдеқайда нашар зерттелгендігі атап өтілді.Тарихшылар жергілікті материалдарды назардан тыс қалдырып, негізінен басқарушы органдардың құжаттарын пайдаланды. Коммунистік партияның ақпараттық кеңістікке толық билік жүргізуі түтастай алғанда Қазақстан тарихының деректік негізіне орасан зор зиян келтірді. Коммунистік партия тарихи ақпараттың барлық дерек көздерін өзінің қатаң бақылауына алып, оны пайдалану мен жариялауды барынша шектеді. Осындай саясаттың салдарынан халық өмірінің өзекті проблемалары және үлттық сана мен дәстүр жөнінде айтылатын деректемелер ашық жариялауға жатпайтын материялдардың қатарына қосылды. 1929-1931 жылдардағы халық көтерілістері, 1931-1933 жылдардағы қүрбан болғандар саны мен жаппай ашаршылық жағдайлары, саяси қуғындау мен оньщ қүрбандары - режимнің жаппай жүргізген терроры жылдары (1937-1938) қаза тапқан "халық жаулары", халық санагының көрсеткіштері, т.б. жөніндегі ма-териалдар бүқара көпшіліктің назарынан жасырын үсталды. 1931-1933 жылдардағы түрғындардың жаппай ашығуы мен қырылуы кезеңінің қүжаттарында көбінше үзік мәліметтер гана сақталған. Сол кездің жағдайын неғүрлым шынайы бейнелейтін баяндама жазбалары мен есептер үзақ жылдар бойы қүпия күйінде қалды. Тарих ғылымының деректемелік неіздерін былайша жасанды түрде шектеу түпнүсқа деректерге үстірт қараудың жағымсыз тәжірибиесін қальштастырып, олардың лайықты бағаланбауына алып келді. Кеңестік кезенде ресми басқару органдарының, әсіресе Коммунистік партия органдары қүжаттарының мазмүны күдік тудырмайтын мәселеге жатқызылды. КОКП қүжаттарынан алынған мәліметтер ең дүрыс деректер деп саналды. Сондыцтан цазірі 136


зерттеуиіілер үшін кеңестік кезеңдегі дерек көздердің дұрыстыгына көз жеткізу мәселесі бастьі проблема болып отыр. Кенестік кезеңнің кркатты к деректемелеріне сыни талдау жасау барлық партиялық-кеңестік құжаттар ресгтубликаның шынайы өткен тарихын толық бейнелеп бере алмайтындығын көрсетті. Партиялық құжаттарға шындықгы өрескел бұрмалау, жалған ақпарат беру, деректі боямалап көрсету, қосып айту, кемшіліктерді жасыру тән еді. Деректер мен оқиғалар басқарушы партия мен оның идеологиялық максат мүдделеріне лайықты қалыпка түсірілді. Жан-жақты бақылау орнатылғанына қарамастан, олардағы мәліметтер жэне сандық-сапалық көрсеткіштер бойынша, ресми басылымдар мен мұрағаттық деректер, статистикалық мағлұматтар т.б. арасындығы айырмашылығы жиі байкалып отырды. Кеңестік тарих ғылымының ең осал тұстарының бірі казақ тіліндегі деректемелердің пайдаланбауында еді. Мәселен, коммунистердің ислам дініне қарсы күресін ең шынайы түрде көрсетуге тиіс саналған жинағында осы мақсат үшін таңдап алынған 145 материалдың ішіндегі тек 3 күжат қана қазақ тілінен аударылған болып шықты. Ал халықтардың интернаңионалдық достығын насихаттауға арналған «Есею кезеңдері» (А., 1990) деп аталатын құжаттар жинағына қазақ тіліндегі небэрі 5-6 ғана дерегі шамалы дүниелер енгізген.Қазіргі кезде зерттеушілери мемлекеттік тілдегі тарихи ақпараттардың жаңа деректерін тауып, пайдаланады жэне бұрыннан белгілі материалдардың ғылььми - практикалық құндылығын жаңаша бағамдайды. 4. 5. 80 ж. екінші жартысындагы ұлттық сананың ояна бастауы түсындағы деректер 80-90 жылдардағы КСРО-дан демокатиялық үрдістерді басталуымен бірге, қоғамдық күштердің қысымымен, Қазақстанда мұрағатты құжаттарды пайдаланудагы негізсіз шектеулерді алып тастауға катысты жұмыстар басталды. Бұрынғы қол жетпейтін құжаттар мен деректердің жариялана бастауы таяуда ғана билік құрған кеңестік шындыктың тарихи деректеріне деген аса зор қоғамдық қызығушылық тудырды. Ә.Бөкейханов, А.Байтурсынов, 137


Ш.Құдаіібердиев, М.Ду.патов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Кемеңгеров, С.Садуацасов және басқалардың саяси ақталуы жаңа серпін берді. Олардың шығармалары мен құжаттық мұраларының жариялана бастау тарихи әдептілікті қалпына келтіруге жаңа жол ашты. ¥зақ жылдар бойы құпия сакталып келген кұжаттарды арнаулы органдар үнемі толтырып, Мәскеуге жөнелтіп отыратын ресубликадағы қоғамдық-саяси жағдайлар туралы мэліметтердің, партиялық-кеңестік бақылау органдары материалдарының, партиялық тазалау мен жеке істер (партиялық істер, партиялық тергеу хаттамалары, пікірталас стенограммаіар, хаттар т.б.) туралы ақпараттардың алғашқы жарияланымдарын жұртшылык оң қабылдады. 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың бас кезіндегі күштеп ұжымдастыру жэне ашаршылық жөніндегі құжаттар мен материалдар, Қазақ өлкелік комитетімен Қазақстан Компартиясы ОКның 30-жылдар соңындағы жаппай саяси қуғындауға қатысіъг хаттары мен ресми құжаттары жеке жинақтар түрінде жарық көрді. Кеңес үкіметі кезеңінің эр жылдарында республика аумағында эрекет еткен кеңес режиміне қарсы пиғылдағы жастар топтары мен жекелеген тұлғалар туралы мәліметтер жарияланды. Теміртаудағы қөтеріліс (1959), Целининград пен Ерейментаудағы шерулер (1979), Алматыдағы көтеріліс (1986) туралы қүгіиялық белгісі алыньш тасталған жекелеген құжаттар алғаш рет БАҚ-та жарияланды. 1991- 1992 жылдары жарык көрген «Алматы 1986. Желтоқсан» жинақтарының үш басылымы объективті шындыкгы ресми кұжаттар жэне наразылық шеруге қатысушылар мен куэлардың әңгімелері негізінде көрсетудің алғашқы талпынысы болды. Құпияландырылған құжаттарды жариялау ісіне құқық қорғау органдарының да бірқатар қызметкерлері белсенді түрде қатысты. Осындай құжаттарды жария етудің, сондай-ақ Кеңес үкіметінің үжымдастыру мен ашаршылық жылдарының ақиқатын, соғыстан кейінгі, КСРО тарағанға дейінгі кезендердегі Кеңес билгіне қарсылықты басьш-жаныштау барысындағы кеңістіктер мен кылмыстьпс эрекеттерді көрсететін, бұрьш жабық саналған тақырыптар бойынша жекелеген деректердің жарық көруі нәтижесінде халықтың ұлттық санасы ояна бастады. 80-жылдардың соңына дейін жаръщ көрген құжаттык жинацтардың кеңестік цогам тарихын тек оң магынада, билікке 138


тиімді жагынан гана көрсеткеніне зерттеушілердің көзі аныц жетті. Шындықты былайша боямалау зерттеушілер тарапынын наразылық тудырды. Оның үстіне жарияланатын құжаттар мен материалдар, статистикалық мәліметтер мазмүны коммунистік партия идеологтері тарапынан катаң қадағаланып отырды. 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басындағы кеңестік кезеңғе арнаған жарияланымдары да қарамақайшылықка жол беру үрдісі айқын байқалды. Бүл бүкіл кеңестік тарихқа нақты дәлелсіз өкініш білдіру бағытындағы жарияланымдардан айқын көрінді. Бүған әсіресе журналистер, публицистер мен жазушылар бейімдік танытты. Кеңес үкіметінің теріс жақтарын ашудың қалың дүрмегінде олар тарихи оқиғаларды түп нүсқа деректемелерден тысқары, өз пайдаларына сүйеніп үстірт бағалауға жол берді. Соның салдарынан оқырмандар кандай да бір оқиғаның деректемелік негізіндегі ғылыми пайдалану орнына, уақыт пен жағдайдан тысқары алынған эмоциялық-публицистикалық туындыны оқуға мэжбүр болды. Қазацстанның мемлекеттік тэуелсіздігі жарияланганнан кейін тарихи деректемелерді гылыми маңсатңа пайдалануда түбірлі өзгерістерге негіз салынды. Тарихшылар бүрын қүпия болып келген қүжаттарға қол жеткізді. Орталық пен жергілікті жерлердегі бүрынғы партиялық мүрағаттар жабылды. Олардың қорлары мемлекет меншігіне өтті. Бүрынғы жабық мұрағаттар мен олардың кұпия сақталған құжаттарына жол ашуға халық депутаты, академик М.Қ.Қозыбаевтың басшылығымен 1931-1933 жылдардағы күштеп ұжымдастыру, аштық, жаппай саяси қуғын-сүргін жағдайларын зерттеу жөнінде 1991жылдың 8 қарашасында кұрылған Қазақстан Республикасы жоғарғы кеңесінің комиссиясы үлкен жұмыстар атқарды. ҚазОАК мен ҚАКСР Халық Комиссарлары кеңесінің «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдары кәмпескелеу жэне жер аудару туралы» (1928 жыл 27 тамызынан), «Кәмпескелеуге және аса ірі байлар мен жартылай феодалдарды жер аударуға қарсы әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы» (1928 жыл 13 қыркүйегінен), «Ауыл шаруашылығын қайта кұруды одан эрі жалғастыру жэне бай-кұлақтармен, ірі байлармен күрес шаралары туралы» (1930 жыл 19 ақпанынан) қаулыларын жэне басқа да нормативті құжаттарын, сондай-ак басқарушы органдардың шешімдерінің жүзеге асырылу барысын жэне 139


олардың сапдарларын зерттей келе Комиссия сәлиқалы ғылыми баяндама жэне қорытынды дайындады. Ол 1992 жылы 21-22 желтоцсан күндері «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды. Комиссия, бұдан да басқа республикалық, ведомствалық жэне жергілікті мұрағагтардағы көпшіліктің пайдалануына берілмейтін құжаттарды, статистикалық мэлметтерді, сондай-ақ режимнің қалауымен арнай сақтауга түскен мерзімдік басылым материалдарын тиянақты тексеруден өткізді. Кең ауқымды талдау жұмысын жүргізу нәтижесінде Комиссия, І\Р Жоғарғы Кеңесінің алданды 1928-1932 жылдар қаулылары мен заң актілерінің тізімін, оларды пайдалануға шектеуді алып тастау ұсынысын түсірді. Мыңнан астам құжат көшірмесі комиссия «Қорытындысында» қосымша түрінде ұсынылды. Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған «Тарихи - мәдени мұраны қорғау жэне пайдалану туралы» (1992), «¥лттық мұрагаттық қор жэне мұрағаттар туралы» (1998жылғы 22 желтоқсан) ҚР Зандары құжаттық және басқа деректемелерді пайдаланудың қолданган проблемаларын жаңа жағдайларға сәйкес шешуде маңызды рөл атқарды. Мұрағаттық қорларды пайдалануды демократияландыру жэне мұрағаттар арасындағы өзара қарым - қатынасты жақсартудың алғашқы қадамы болып табылатын аталган заңдық актілерде зерттеушілер мен жұртшылық үшін бұрынғы қол сирек жететін немесе тіпті мүлде қол жетпейтін мұрағаттық құжаттардан шектеулерді алып тастау жөнінде бірқатар мэнді шаралар қарастырылды. Қазақстан Республикасының «Жаппай саяи қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» (1993 жылғы 14 сәуір) Заңын іске асыру жөніндегі кең ауқымды шаралар барысында, республика мұрағаттарында ізденіс жұмыстары жүргізілді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына жалған қылмыстық іс қозғау негізінде заңсыз үкімдер шығарған ОГПУ-НКВД-нің «үштік» жеке істері мен «Ерекше кеңесу» соттарының материалдары зерттелді. Бұл жұмысқа мұрағатшылар жэне тарихшы-ғалымдар мен қатар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар өкілі де қатысты. Олардан құралған комиссия 50-жылдары, Сталин қайтыс болганнан кейін басталып, аяғына дейін жеткізілмеген саяси айып тағылғандарды ақтау ісін шын мэнінде аяқтап шығуға бел шешіп кірісті. 140


Бұл жұмысты аткару мұрағат мекемелері, тарихшылар, қауіпсіздік органдарының қалтқысыз көмегі арқасында мүмкін болды. Кеііінгі жылдары Қазацстан Тарихшыларының алдында бұрынгы кездері белгілі себептермен жарыц көре алмаган тарихи деректерді бір жүйеге түсіру жэне жариялау міндеті түрды. Қазақстан тарихының «Ақтандақтарын» объективті түрде ашып көрсету үшін қажетті дерек көздері тапшылығы мәселесін шешуге тура келді. Тарихшылар ауыл шаруашылығын үжымдастыруды кең ауқымда жэне күштеп жүргізу, дәстүрлі агроқүрылымды жою, жүт жагдайы, қазақтардың ашаршалыққа үрынуы мен үдере босу мәселелері бойынша қосымша материалдарды іздестіріп табу жолында тер төкті. Бүл қүжаттардың бір бөлігі «Қырдағы аштық» (1991), «Ашаршылық босқындары» (1996), «1931-1933 жылдардағы Қазақстанда болган күштеп үжымдастыру жэне аштық» (1998) жинақтарында жарияланды. Солармен бір уақытта тарихшылар А.Тәкенов пен Қ.С.Қаражанов, М.К.Қойгелдиев, Ф.А.Қозыбаева жэне басқалар жаңа талаптарды ескере отырып жинаған соғысқа дейінгі қүжаттары жарық көрді. Осы жылдар ішінде казақ зиялы қауымының ірі өкілдерінің дүниетанымы мен рухани мүрасын зерттеуге айтарлықтай маңызы бар бірқатар жарияланымдар пайда болды. Мәселен, Қазақстан тарихында алғаш рет үлт азаттық қозғалыс тарихы дерек көздерін көкжиегін айтарлықтай кеңейтетін Алашорда қайраткерлері шығармаларының жинактары басылып шықты. Қалың оқырман қауым Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Шоқайдың жэне басқалардың еңбектерінен танысуға тұңғыш рет мүмкіндік алды. «Үш жүз» партиясының тағдыры туралы осы партияны кұрушы К.Тоғысовтың шығармалар жинағында кеңінен айтылады. Кеңестік тарихтың айрықша күрдері кезеңі 1937-38 жылдар болып табылады. Бұл уақыт туралы шындықты қалпына келтіру үшін ғалымдардың, мұрағатшылардың, республика жұртшылығының, бұқаралық ақпарат құралдарының күш жігерін жұмылдыру қажет болды. Мұрағаттар мен мұражайлардың, кітапханалардан алынған, азаматтардың жеке пайымдауларынан жинақталған эр алуан дерек көздердің мол қоры игерілді. Зерттеушілер бұрын жабық болған мұрағаттарға қол жеткізіп, азаматтарды жаппай қуғын-сүргінге ұшыратудың тарихын барынша тиянақты зерделеуге мүмкіндік алды. Ғылыми мэні бар дерек көздер қоғам қайраткері С.Жандосов, 141


академиктер М.Қозыбаев жэне М.Баймаханов басшылық еткен қазақстандық «Әділет» ағарту қоғамы тарапынан да жинақталды. «Әділет» қоғамыньщ облыстық бөлімшелері қуғын-сүрғінғе үшыраған азаматтар жөнінде жерғілікті дерек көздерден де көптеғен мэліметтер жинады, ал бүл өз кезеғінде «қасірет кітабын» («Книга скорби») жэне бірқатар қүжаттар мен естеліктер жинақтарын басып шығаруға себебін тигізді. Сондай-ақ саяси қуғындауға үшыраған алаш қайраткерлері, қуғын-сүргін қүрбандары, «халық жауына» жатқызылған үлттық зиялы қауымның өкілдері туралы жэне партиялық кеңестік номенклатура қызметкерлерінің, қатардағы азаматтардың жеке іс қағаздары бойынша қүжаттар жинақтары басылып шықты. Қугынсүргінге үшыраған басшылық қызметкерлердің, әдебиеткерлердің, өнер қайраткерлерінің қүжаттық мүршіарын жарыққа шыгаруға ерекше көңіл бөлінді. М.Қойгелдиев, А.Тэкенов жэне басқалар Ә.Бөкейхановты, М.Тынышбаевтың, С.Қожановтың, Т.Шонановтың еңбектерін басып шығарды. Жариялаған мүрағаттық қүжаттар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, сондай-ақ Қазақстан үкіметі мүшелерінің өмір баяндарын барынша толық қалпына келтіруге, олардың өмірі мен қызметінің айтулы сәттерін нақтылауға мүмкіндік береді. М.Дулатов, Н.Қүлжанова жэне басқалар туралы естеліктер мен қүжатты деректі басьшымдар жарық көрді. Сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшырағандар мен АЛЖИР-лық түтқын әйелдер отбасы мүшелерінің қүжаттары мен естеліктерІ жарияланды. Екінші дүниежүзілік соғыс майдандарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына үрпақтар тағзымы болып табылатын бүл басылым олардың есімдерін тарих бетінде мүмкіндігінше толық қалдырудың тамаша талгіынысы болды. Кейінгі жылдары әскери-тақырыпқа жазылған басқа да қүжатты басылымдар жарық көрді. 4.6. Қазақстан мәдениетінің даму жолы деректері Тарихшылар мен мүрағатшылардың тізе қосып еңбектенуі нәтижесінде Қазакстан мәдениетінің көп тер тогілген даму жолы туралы сыр шертетін қүжаттармен материалдар жинақтары дайындалды. М.О.Әуезовтің 100 жылдық мерей тойына эзірлікпен 142


оны өткізу кезеңінде жана құжаттық деректердің тұтас бір катары жарыққа шыкты. Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ.И.Сэтбаевтың 100 жылдығына орай басылған материалдар республикадағы ғылым мен ғылымтанудың даму тарихын жөніндеғі деректемелер ретінде құндылыкқа ие болды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты Қазақстан тарихы бойынша орыс, қытай, араб және басқа да деректемелік материалдары бар көп томдық шығару қолға алынды. 2004 жылы «Қазығұрт» баспасы С.Сейфуллиннің атақты «Тар жол,тайгац кешу» мемуарын алғаш басылған жылындағы (1927) мэтінін калпына келтіріп жарыққа шығарды. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих жэне этнология институтының ғалымдары мен ҚР Президенті мұрағатының кызметкерлері «Алаш қозғалысы» көптомдық құжатты жинағының бастапқы үш томын дайындады. Бұл томдарға XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысқ, қазақ зиялыларының қогамдық-саяси қызметі жайлы баға жетпес сирек қазыналар енді. Аталған басылымның материалдары көптеген іргелі ғылыми зерттеулерғе сенімді деректемелік негіз бола алады. Зерттеулерге мұрагаттық құжаттардың толық мәтіндерін енгізу тэжірибесі, эсіресе жеке тұлгаларга қатысты жиі қолданыс тапты. Д.Аманжолованың ғылыми айнапымға Ресей мұрағаттарына алын-ған, мазмұны жөнінен сирек кездесетін деректерді енгізу ғалымның айтарлықтай табысы болып табылады. О.Қоңыратбаев ізденістері барысьшда Т.Рысқұловтың өмірі мен кызметі туралы жаңа материалдар тапты. Ұлттык республикалар мен облыстардың жауапты қызметкерлерінің 1926 жылғы 12-14 қарашада Мэскеуде өткен дербес Кеңес деп аталатын бас қосуы стенограммасының толык мэтінің М.Қазыбек пен Г.Маймақов алғаш рет қазақ тілінде жариялады. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында тарихи деректемелердің маңызды құрамды бөлігі болып табылатын көптеген естеліктер басылып шықты. Олар: мемлекет жэне қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, жазушылар мен өнер қайраткерлерінің естеліктері болып үлкен үш топқа бөлінеді. Бұл эдебиеттерден, уақыт куәгері ретінде республиканың саяси өмірі туралы айтылатын О.Жандосовтың, Ж.Шаяхметовтың. Н.Оңдасыновтың, Д.Қонаевтың, І.Омаровтың жэне басқалардың 143


естеліктерін атауга болады. Кеңестік кезең тарихы деректемелерінің арасында мерзімді баспасөз материалдарының да алатын орны үлкен. 1917-1940 жылдардағы мерзімді баспасөздің, неғізінен бүрын ғылыми айналымға енбеген материалдарын осы қатарға жатқызуға болады. Отандық тарихтың деректемелік негізін кеңейту ісіне қүжатты деректер жарияланьш түратын «Қазақ тарихы» (1993 жылдан шыға бастады),«Отан тарихыОтечественная история» (1998), «Жас Түркістан» (1998), «Ақиқат», «Мысль» журналдары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының мерзімді ғылыми басылымдары өз үлестерін қосты. Бүл жарияланымдардың ғылыми-танымдық мэні назар аударарлық. Осының барлығы отандық тарих бойынша оқулықтар мен хрестоматиялардың жаңа буынын шығаруға мүмкіндік тудырды. Мектеп оңулыцтары партия съездерініц бірсарьінды ңүжаттарынан тазартылды. Соңғы жылдары халықтардың Қазақстанға еріксіз қоныс аудару туралы мұрағаттық құжаттар жинақгары жарық көрді. Ғалымдар өздерінің зерттеу жұмыстарында Қазақстан туралы мәліметтері бар шетелдік құжатты деректік басылымдар кеңінен пайдаланатын болды. Соңғы жылдары республика ғалымдары шет елдердің мұрағаттық қоймалары мен кітапханаларындағы деректерді жоспарлы түрде іздестіріп, пайдалануға кірісті. Қазақстан тәуелсіздігінің он жылдығын мерекелеу күндері республика президенті Н.Назарбаев еліміздің Орталық Мемлекеттік мүрағатына Франңиядағы М.Шоқай қорынан алынған құжаттар мен материалдарды табыс етті. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан тарихына қатысты шетелдерде сақталған деректерді іздестіру мен олардың көшірмесін алу бойынша кең көлемді жұмыстар жүрғізілді. Бұл іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасын тапты. Отандық тарих жөніндегі материалдарды іздестіру мен жинау, деректемелік толықтыру ісіне мемлекет тарапынан қолдау көрсету өз жемісін берді. Қазакстан Республикасы үкіметінің 2005 жылғы бірінші наурыздағы №183 қаулысымен Астана қаласында «Қазақстан Республикасы мэдениет, ақпарат жэне спорт министрлігі ақпарат және мұрағаттар комитетінің археография жэне деректану ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесі шаңырақ көтерді. Алматы қаласыңда оның бөлімшесі ашылды. 144


ХХғ. деректерді зерттеу мен пайдалану жөнінен тарихшылардың, мұрағатшылардың, қоғамтанушьшар мен гуманитарлық ғалымдардың біріккен бай тәжірибесі жинақталып, Қазақстан тарихи деректерге қатысты білімнің жаңа салалары - мұрағаттану, деректану, археография, құжаттану ісі жолға қойылды. Бақылау сурақгарымен тапсырмалар: 1. Азамат соғысы мен Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнығу үрдісінің зерттелу мэселелері. Қазақстанды жаңғыртудың кеңестік үлгісі. 2. Кеңестік кезеннің Үлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихнамасы. 3. Мұрағаттардың партиялық жэне мемлекеттік дербес екі жүйесінің құрылуының Қазақстандағы тарих ғылымының дамуына кері әсері. 4. Қазак тіліндегі алғашқы археографиялық басылым 5. Кеңестік кезеңнің құжаттық деректемелеріне сыни талдау жасау 6. 80 ж .демокатиялық үрдістер ұлттық сананың ояна бастауы тұсындағы деректер.Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мэдениетінің даму жолы деректері. ¥сынылатын әдебиеттер: I.Қозыбаев І.М «Қазақстан тарихнамасы : тарих тағылымдары » (А ., 1990) З.Такенов А.С. Узы интернаңиональной отряд (К историй экспедиций А Жангелдина) А., 1974) Козыбаев М.К. Исгория современность. А., 1991; II. Омарбеков Т. Зобалаң-А; Санат 1994.,272-6) 17.Қойгелдиев М. «Алаш қозғалысы» (А.,1995), К.Н. 19.Қозыбаев М.Қ. Казахстан на рубеже веков размышление и пойски. В двух кнІ-.Алматы. Ғылым,2000,273 б. 21 .Нұрпейісов К.Н. «Алаш һэм Алашорда» (А.,199), 22.Қойгелдиев М. «Алаш қозғалысы» (А.,1999) 23 Омарбеков Т. «20-30-ж.ж.Қазақстан қасіреті» (А,. 1999) 145


§ 5. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛІК БАЗАСЫ 5.1. Қазіргі Қазақстан тарихының деректемелік базасының негізгі қорлары Қазіргі Қазақстанның тарихы даму үстінде. Бүгінгі таңда жүріп жатқан қогамдық-саяси жэне әлеуметтік-экономикалық үрдіс-термен тыгыз байланысты. Мүның өзі бұған дейін орын алган мұрағаттық базаның жеткіліксіздігімен оған қол жеткізудің шек-теулі болғандығына байланысты болды. Кез келген ақпарат тарихи деректемеге айнала бермейді. 90-жылдардың ортасына дейін құжаттаманы мұражайда сақтауға аударудың бұрынғы кеңестік кезеңде қалыптасқан тэртібі өзгерді. Мэселен, 1991 жылдан 2001 жылға дейінгі Қазақстан тарихының кезеңі Қазақстан Республика-сының Орталық мемлекеттік мұрағатында өте аз жинақталған. Негізінен ұйымдастырушылық сипатта. Олар ҚазКСР (1990-1991 жылдар) және Қазақстан Республикасының (1992-1994 жылдар) Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі, Баға жэне монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет (1991-1997 жылдар), Қазақстан Республикасының Білім министрлігі (1992-1999 жылдар), Астана қаласына көшу жөніндегі комиссия, Орталық сайлау комиссиясы (1988-1997 жылдар) жэне 1991 жылғы Қазақсган Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі құжаттары түрінде болып келеді. Қазақстан Республикасының Үкімет аппаратының, Конституциялық Соттың жэне Инвентиция жөніндегі агенттіктің қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасының Орталық мүрағатының мұрағат сақтау қоймасында сақталған құжаттамасы республиканың жаңа елордасы-Астана қаласына көшірілді, мұнда қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үлттық мұрағат қоры шеңберінде қазіргі заманғы тарихты құжаттамалық жолмен қамтамасыз ету қалыптасуда. Сонымен, 90-жылдардың алғашқы жартысында іс қағаздарын жүрғізу құжаттамасының елеулі бөлігіне мұрағат қызметі тарапынан көңіл аударылмаған болып шықты. Елдің бүкіл коғамдық өмірін ақпараттандырумен қатар 146


қазіргі адамдардың менталдық қызметінің өзгеруі жағдайында Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректемелер кешенінің кұрылымында, түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Мэселен, адамдар арасындағы қатысым қүралдарының өзгеруіне байланысты дэстүрлі тарихи деректемелердің көптеген түрлері мен сан алуандығы мэнін жоғалтуда. Мысалы, жаһандануға байланысты бүкіл дүниежүзілік Интернет ақпараттық желісімен электрондық ресурстары, атап айтқанда, электрондык ақпаратты, интернетресурстар, электрондық іс қағаздарын жүргізу тарихи деректердің бір түріне айналып келеді, оның үстіне олардың сақталуы туралы мэселені қаншалықты маңыздылығын қазіргі уақытта элемнің түрлі елдерінің мүрағат қызметтері қарастыруда. Шынында да, тәжірибе көрсетіп отырғандай, бүгінгі таңда қоғамымыздың ақпаратты қажетсінуі қазақстандык мүрағат ие болып отырған мүмкіндіктерден асып түсті. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының түрлі қырларын зерделеу ақпараттың ең жаңа деректерін пайдаланбайынша мүмкін емес. Интернет тарихи деректемелердің сипаты жэне ондагы ақпарат туралы түсінікке біраз өзгеше көзқарасты талап етеді. Қазіргі дүниедегі Интернеттің ықпал ету аясының кеңеюі тарихи ақпараттың жаңа формаларын тудырды. Деректердің электрондық мүрағаттарын қалыптастыру институттық негізге айналды. Мемлекеттік мүражайларға сақтауға түсетін қазіргі заман тарихы жөніндегі қүжаттар мыналар: орталық, жергілікті билік органдарының, муниципалдық ведомстволардың материалдары. Қазақстанның электрондық үкіметінің түжырымдамасын іске асыру осыған қоса желілік электрондық қүжаттық деректер қорын жасақтауға байланысты болып отыр. Сондықтан бүгінгі таңда қазіргі заман тарихы бойынша үлан-ғайыр қүжаттық ақпараттың көп бөлігі электронды формада сакталады. Мүрағаттык мекемелер мемлекет азаматтарының қүжаттық ақпарат алу құқығына материалдык сипат беретін орын ретінде қазіргі заман тарихы қүжаттық мұрасының бірыңғай ақпараттық өрісін қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Қазакстанда бұл ережелер 2006 жылы 30 қарашада қабылданған Қазақстан Республикасының Мұрағаттық іс пен құжаттама жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналган бағдарламасында көрініс тапты. Бұл құжатта мұрағат мекемелеріне қазіргі заманғы қоғамның экономи147


калық, әлеуметтік жэне адамгершілік дамуын ақпаратпен қамтамасыз ету міндеті қойылды. Қазіргі заманғы тарих бойынша деректердің электрондық мұра-ғаттарын қалыптастыру мынандай топтамаларға бөлінеді: - тарихи деректемелердің электронды көшірмелері; -мұрағатгық құжаттар бойьшша деректердің компьютерлік қоры; -электрондық үкіметтің жұмыс істеуі шеңберіндегі ақпараттық қызмет.Мұның өзі қазіргі заман тарихы бойынша қажетті ақпаратты тез орналастырудың жэне кейіннен керек кезде алып пайдаланудың сенімді тэсілі больш табылады. Тарихи білімді - мұрағаттар мен мұражайларды ақпараттандыру мен компьютерлендіру үрдісінің белсенді түрде енгізілуі қазіргі заманғы тарихшы-зерттеуші қызмеіінің бағыты ретінде зерттеуді, деректемелік зерттеулердің қазіргі заманғы құралдарын иеленуді қажет етеді. Интернетте жарияланатын деректердің мазмүны ауқымы алуан түрлі, олардың ішінен сгатистиканы, заңдарды, нормативтік құжаттарды, мерзімді баспасөздің, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын, публицистика мен мемуарларды бөліп көрсетуге болады. Деректемелердің жарияланымдары мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ-тың, ақпарат агенттіктерінің, электрондык баспалардың жэне электрондық кітапханалардың сайттарында жүзеге асырылады. Қазақ, орыс жэне ағылшын тілін пайдаланушы үшін бұл деректемелерге жол ашық. Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректе-мелік базасы мемлекеттің өзінің қалыптасуы мен дамуының құқықтық негізімен байланысты кең ауқымды құжаттырды қамтиды. Олар 1990 жылғы 25 қазандағы "Қазақ Кеңестік Социатистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация", "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы" Жоғарғы Кеңес 1991 жылы 10 желтоксанда қабылданған Заң, бұл заңмен КазКСР Қазақстан Республикасы болып қайта аталды, 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тэуелсіздігі туралы" Конституциялық Заңы, 1993 жылғы Қазақстан Конституциясы жэне 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы еліміздің мемлекет ретінде конституциялық жолмен рәсімделуінің түпкі дереккөздері болып табылады. 148


Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы", 1995 жылғы 16 қазандағы "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы", 1993 жылғы 13 каңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы", 1996 жылғы 24 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рэміздері туралы", 1997 жылғы 11 шілдедеғі "Қазакстан Республикасының тілдер туралы", 1998 жылғы 26 маусымдағы "Қазақстан Республикасыньщ мемлекеттік қауіпсіздігі туралы" Конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазакстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" 1993 жылдың 12 карашасындагы Жарлығы т.б. Қазақстанда мемлекеттіліктің негізгі нышандарының калыптасу барысын көрсетеді. Әлеуметтік қатынастарды реттейтін, мемлекеттік жэне қогамдық өмірдің түрлі сапаларын басқаратын эрі тәртіптейтін заңнамалык жэне басқа нормативтік құжаттар кешеніне, олардың баспа нұсқаларымен катар жаһандық ақпараттық желіден қол жеткізуге болады. Ең алдымен, бұлар мемлекеттік мекемелердің сайттары, сондай-ақ "Юрист" анықтамалык-ақпараттық жүйесі деректерінің тақырыптық базалары. Бүгінгі таңда тарихи дереккөздердің жаңа түрлерінің бірі деп атауға болатын ресми мемлекеттік сайттар олардьщ шынайылығы мен демократиялығы тұрғысынан қызыгушылық туғызып отыр, өйткені бұл сайттардағы құжаттар ресми жэне арнайы ведомстволық басылымдардың жарияланымдары негізінде санмен таңбаланады, оларға ашық қол жеткізуге көбінесе шек қойылады. Қазақстан Республикасы Президентінің сайты жеткілікті дәрежеде ақпаратты сипатта болып келеді, эрі Қазақстанньщ элеуметтікэкономикалық жэне қоғамдық-саяси өмірінің негізгі оқиғаларына арналған. Негізгі ресми құжаттардың арасында ҚР Конституцисы, ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР заңы, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы", "Конституциялық Кеңес туралы", "Сот жүйесі жэне судьялардың мэртебесі туралы", "Сайлау туралы", "Республикалық референдум туралы", "Қазақстан Республикасының Парламенті жэне оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы, "Қазақстан-2030", Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 1997 жылдан бастап қазіргі 149


Click to View FlipBook Version