The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Қоянбаев Р.М. тағылымды тарих

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search

Қоянбаев Р.М. тағылымды тарих

Қоянбаев Р.М. тағылымды тарих

ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ


ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ Көрнекті ғалым-ұстаз, п.ғ.к., профессор Ромсейіт Мұхамеджанұлы Қоянбаев туралы 1-кітап ТОО «Полиграфия-сервис и К» баспасы Алматы 2014


Кітапты құрастырушылар: п.ғ.д., профессор С.М.Кеңесбаев п.ғ.д., профессор Ә.Е.Жұмабаева п.ғ.к., профессор Г.И.Уайсова психол.ғ.к., доцент А.Н.Аутаева п.ғ.магистрі Ж.Е.Жұмаш Тағылымды тарих. Көрнекті ғалым-ұстаз, п.ғ.к., профессор Ромсейіт Мұхамеджанұлы Қоянбаев туралы 1-кітап. -Алматы: ТОО «Полиграфия-сервис и К» баспасы, 2014.-255 б. «Тағылымды тарих» суретті кітабы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ректорының гранты бойынша жүргізілген «Мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының тәжірибесін жинақтау, талдау және тарату» ғылыми жобасының нәтижесі. 1-кітап көрнекті ғалым-ұстаз, п.ғ.к., профессор Ромсейіт Мұхамеджанұлы Қоянбаевқа арналып отыр. Р.М.Қоянбаев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 28 жыл ұстаздық, басшылық қызметте болып, кәсіби және ғылыми-шығармашылық іс-әрекетке бейімделген педагог-қызметкерлердің ортасын қалыптастырды, тәжірибелі-аға ұрпақ пен өскелең-жас ұрпақ өкілдерінің сабақтастық байланысы мен үйлесімді іс-әрекетін жүзеге асырды. Кітапқа ғалымның өмірі мен шығармашылық еңбегі туралы мәліметтер, естеліктер, қоғамдық қызметінің негізгі кезеңдері және өз еңбектері сұрыпталып енгізіліп отыр.


ОҚЫРМАНДАР ЕСІНЕ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында: «Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз», – атап көрсеткен болатын. Шын мәнінде де, біздің бүгінгі жетістіктеріміз аға ұрпақтың өмірлік тәжірибелерін кейінгі буынның жалғастырып, осы кезге дейін жеткізуінде. Біз үшін аға ұрпақтың жинаған өлшеусіз тәжірибелері баға жетпес қазына болып табылады. Демек өткен тарихымызды, аға ұрпақтың кейінгі ұрпақ үшін жасаған ерен еңбектерін білу, оларды кейінгі жас ұрпаққа таныту – Жолдауды жүзеге асырудағы негізгі мақсаттарымыздың бірі. «Мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының тәжірибесін жинақтау, талдау және тарату» тақырыбында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ректорының гранты бойынша зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде ұрпақтар сабақтастығы дәлелді түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні ашылды. Педагогика және психология институты мен оның құрамындағы дефектология, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, психология және педагогика факультеттерінің тарихы алғаш рет зерттеліп, мамандықтардың қалыптасып дамуына сүбелі үлес қосқан ғалымдар тобы айқындалды: Р.М.Қоянбаев, Т.С.Сабыров, М.Ә.Қараев, С.Р.Рахметова, Р.Т.Мендекинова, Т.Қ.Оспанов, О.С.Сатқанов, Ж.Ы.Намазбаева және т.б. Осы ғалымдарды «Тағылымды тарих» атты кітап арқылы насихаттау ұйғарылып, бұл кітаптың алғашқы сериясы белгілі педагог-ғалым Р.М.Қоянбаевқа арналды.


Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор ҚОЯНБАЕВ РОМСЕЙІТ МҰХАМЕДЖАНҰЛЫ


Р.М.ҚОЯНБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ Ромсейіт Мұхамеджанұлы Қоянбаев 1939 жылы 10 желтоқсанда Қызылорда қаласында туған.


Р.М.ҚОЯНБАЕВТЫҢ АЛҒАН БІЛІМІ, ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕЛЕРІ МЕН АТАҚТАРЫ, ЕҢБЕК ЖОЛЫ, ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ 1947-1957 жж. Қызылорда облысы Шиелі ауданы Октябрьдің 14 жылдығы атындағы қазақ орта мектебінің оқушысы. 1957-1962 жж. Н.В.Гоголь (қазіргі Қорқыт ата) атындағы Қызылорда педагогикалық институты физика-математика мамандығының студенті. 1962-1963 жж. Қызылорда қаласы Ғани Мұратбаев атындағы № 171 қазақ орта мектебінің мұғалімі. 1963- 1969 жж. Қызылорда қаласы Ғани Мұратбаев атындағы № 171 қазақ орта мектебі мектеп директорының орынбасары. 1969-1973 жж. Қызылорда облыстық партия комитетінің ғылым және оқу орындары бөлімінің нұсқаушысы. 1974-1978 жж. Қызылорда облыстық партия комитеті бірінші хатшысының көмекшісі. 1979-1980 жж. Қазақ ССР-ы Жоғары Кеңесі Төралқасы төрағасының көмекшісі. 1980ж. «Совместная работа классного руководителя и родителей по приобщению к опыту старшего поколения»» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Шифрі – 13.00.01– жалпы педагогика Ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Бержанов. 1980ж. СССР Министрлер Советі жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия шешімімен педагогика ғылымдарының кандидаты.


1980-1986 жж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты педагогика кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы. 1987 ж. СССР Жоғары және орта арнаулы білім министрлігінің шешімімен педагогика ғылымдары бойынша доцент. 1986-1999 жж. Абай атындағы ҚазПИ-дың (кейіннен Алматы мемлекеттік университеті) «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» ( ПМНО) факультетінің деканы. 1996 ж. Алматы мемлекеттік университеті Ғылыми Кеңесі шешімімен педагогика кафедрасының профессоры. 1999- 2000 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті бастауыш мектеп педагогикасы кафедрасының меңгерушісі. 1996-2001жж. Республикаға ғылыми кадрларды даярлайтын Абай атындағы АлМУнің ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін арнайы кеңестің мүшесі. 2000-2004 жж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті психология-педагогика факультетінің деканы. 2001ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен «Педагогика және психология» мамандығының жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік жоспары Р.М.Қоянбаевтың жетекшілігімен жасалды. 2001/2002 оқу жылында университетімізде «Педагогика және психология», «Бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» мамандықтары ашылды. 2004-2008 жж. «Бастауыш мектеп педагогикасы, бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» кафедрасының профессоры.


Р.М.ҚОЯНБАЕВТЫҢ ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕРІ I. БІЛІМ СТАНДАРТТАРЫ 1. 540350 – Педагогика дайындау бағытының ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты. Жоғары кәсіптік ғылыми-педагогикалық білім (магистратура). -Астана: ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2001(авторлық бірлестікте). 2. Жоғары кәсіптік білім 031440 – Педагогика және психология мамандығының ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты. – Астана: ҚРеспубликасы Білім және ғылым министрлігі, 2001(авторлық бірлестікте). 3. Жоғары кәсіптік білім 031540 – Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі мамандығының ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты. -Астана:ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2001(авторлық бірлестікте). 4. Жоғары кәсіптік білім 031640 – Дефектология мамандығының ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты. -Астана: ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2001(авторлық бірлестікте). 5.050102–Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының (Бакалавриат) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. -Астана: ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2004(авторлық бірлестікте). 6. 6N0102–Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының (магистратура) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. -Астана: ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2004(авторлық бірлестікте). 7. 050103–Педагогика және психологияі мамандығының (Бакалавриат) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.- Астана: ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2004(авторлық бірлестікте). 8. 6N0103 – Педагогика және психология мамандығының (магистратура) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. - Астана: ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2004 (авторлық бірлестікте). II. ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ 9.Типовые программы. - Алматы: АГУ им. Абая, 2001. 10.Типтік бағдарламалар. - Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2001. III. ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ 11. Білім беру және оқыту теориясы. Оқу құралы. -Алматы: ҚМПУ, 1990. -120 б. 12. Тәрбие теориясы. Оқу құралы. - Алматы: ҚМПУ, 1991. – 82 б.


13. Бастауыш мектеп педагогикасының жалпы негіздері. Лекциялар курсы. -Алматы: ҚМПУ, 1992. – 106 б. 14. Қысқаша педагогикалық сөздік. - Алматы: АлМУ, 1993. –62 б. 15. Педагогика. Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы.- Алматы, 1998.-384 б (Қоянбаев Ж.Б.). 16. Педагогика. Оқу құралы. -Алматы, 2002. -384 б.(Қоянбаев Ж.Б.). 17. Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесінен диплом жұмысы. Әдістемелік құрал. –Алматы, 2004. 18. Педагогика. -Алматы: Эверо, 2004. – 420 б. (Қоянбаев Ж.Б.). 19. Бастауыш мектеп дидактикасы. Әдістемелік құрал. -Алматы, 2004.-38 б.(Бекмағамбетова Р.Қ., Қыяқбаева У.Қ.). 20. Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы. Оқу құралы. - Түркістан: Тұран, 2005. -432 б.(Ыбырайымжанов Қ.Т.). 21. Педагогикалық сөздік. Педагогтік жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, әрі сала мамандарына арналған. -Алматы, 2006. 22. Магистрлік диссертация. 6А0102-БОПӘ мамандығы магистранттарына арналған оқу-әдістемелік құрал. -Алматы, 2007.-16 б.(Жұмабаева Ә.Е.). 23. «050103 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін іздену үшін диплом жұмыстары тақырыптарының үлгісі. -Алматы, 2007.-72 б.(Бейсембаева К.Д.). 24. Диплом жұмысын орындау әдістемесі. -Алматы, 2007. (Қыяқбаева Ұ.Қ.). 25. Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеулердің әдістері. -Алматы, 2007.-32 б. (Г.Р. Қоянбаева ). IY. МАҚАЛАЛАР 26. На пути завершения перехода ко всеобщему среднему образованию// Қазақстан мектебі. –Алматы, 1971. № 10 . 27. По примеру старшего поколения //Қазақстан мектебі. -Алматы, 1973. -№1. 28. Некоторые вопросы профорентации в сельской школе //Қазақстан мектебі. -Алматы, 1973. -№11. 29. Классный руководитель и воспитание //Қазақстан мектебі. - Алматы, 1974. -№ 12. 30. На пути всеобщему среднему образованию // Партийная жизнь Казахстана. -Алматы, 1974. -№12. 31. Воспитание учащихся на опыте старших поколений. Тематический сборник научных трудов проф-преп. высших учебных заведений Минпроса КазССР.-Алматы, 1983. 32. Некоторые вопросы формирования у учащихся коммунистического отношения к труду // Тематический сборник научных


трудов проф-преп. высших учебных заведении Минпроса КазССР. - Алматы, 1984. 33.Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультеті. Факультет педагогики и методики начального обучения. -Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 1986. 34. К вопросу о перестройке подготовки будущих учичелей начальных при многоуровневом высшем образовании // Сборник научных трудов «Совершенствование подготовки будущих учителей для начальной школы».- Алматы, 1995. 35. Организация учебного процесса – основа реализации содержания образования будущих специалистов //Сборник научных трудов «Совершенствование содержания начального образования». -Алматы, 1995. 36. Проблемы межпредметных связей в подготовке будущего учителя начальных классов // Межвузовский сборник научных трудов. -Алматы, 1997. 37. Білім беру жүйесіндегі бастауыш оқытудың орны мен міндеттері және мұғалім даярлаудағы пәнаралық байланыс // Межвузовский сборник научных трудов. -Алматы, 1997. 38. Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі факультетінде // Бастауыш мектеп. Алматы, 1997.-№1 39. История подготовки будущих учителей начальных классов и персепективы её развития в АГУ имени Абая //Научный сборник «Актуальные проблемы подготовки будущих учителей начальных классов: теория и практика». -Алматы, 1998. 40. Новый подход к подготовке кадров для начальный школы// Межвузовских сборник научных трудов. –Алматы, 1998 41. Подготовка учителей начальных классов с высшей квалификаций как пед.Обравания // Межвузовских сборник научных трудов. - Алматы, 1998. 42. Новый подход к подготовке кадров для начальной школе // Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. - Алматы, 1998. 43. Риторика – бастауыш сынып мұғалімі іс әрекетінің ғылыми негіздерінің бірі. -Алматы, 1998. 44. Бастауыш мектеп барлық білімдер бастауы // Зерде. -Алматы, 1998. 45. Сабақ талдауының ғылыми-әдістемелік бағыт-бағдарларын білу – мұғалімдік дайындықтың негізгі көрсеткіші //«Болашақ бастауыш сыныптар мұғалімінің дидактикалық даярлығы» ғылыми жинағы. 1- бөлім. -Алматы, 1999. 46. Реализация интегративной функции государственного стандарта на кафедре педагоги начальной школы // Научный сборник «Теория и практика реализации госстандарта при подготовке будущих учителей начальных классов». -Алматы, 2000.


47. Бастауыш сыныптар мұғалімдерін даярлаудың мемлекеттік білім стандарты және оны жүзеге асырудың кейбір мәселелері//Хабаршы «Психология – педагогика ғылымдары» сериясы. -Алматы, 2001.№3. 48. Оқу-тәрбие барысының технологиясы // Хабаршы.- Алматы: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, 2002. -№2. 49. Педагогиканы оқытудағы мемлекеттік стандарт талаптарының деңгейіне көтерейік//Хабаршы. -Алматы: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, 2002. -№3 (8). 50. Оқытудың кредиттік жүйесіне көшудің кейбір мәселелері // Хабаршы. «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы. -Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2004. –№1(5). 51. Педагогикалық білім беру сапасын арттыру жолдары // Хабаршы. «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті»сериясы. -Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2004. -№2 (6). 52. Білім беруді дамыту тұжырымдамасы жөнінде ой-пікірлер// Хабаршы. «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті»сериясы. -Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2005. -№1 (7). 53.Бастауыш мектептің даму болашағы//Хабаршы, Абай атындағы ҚазҰПУ -2005. №3.-9 54. Жалпы бастауыш білім беру мазмұнының даму болашағы// Хабаршы. «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы. -Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2006. -№1 (10) (Ыбырайымжанов Қ.Т.). 55. Орта білім беру жүйесіне мұғалімдер даярлаудың көкейтесті мәселелері // Хабаршы. «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті»сериясы. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2006. -№2 (11) (Ыбырайымжанов Қ.Т.). 56. Білім туралы Заңға сәйкес «050102 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша мамандар даярлаудың кейбір мәселелері//Хабаршы. «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті»сериясы. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007. -№3.


ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР Р.М.ҚОЯНБАЕВТЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ҚОРҒАЛҒАН КАНДИДАТТЫҚ ДИССЕРТАЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ 1.Ыбыраимжанов Қалибек Тұрдығазыұлы. Ахмет Байтұрсыновтың бастауыш мектеп жайлы педагогикалық мұралары. 13.00.01– Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика. -педагогика ғылымдарының кандидаты.-2002. 2.Сайдахметов Бауыржан Сейітбекович. «Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттары» 13.00.01– Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика. - педагогика ғылымдарының кандидаты.-2008. 3. Қыяқбаева Ұлбосын Қозыбаевна. Қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы мен дамуы (1991–2007 жж.). 13.00.01– Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика. - педагогика ғылымдарының кандидаты.-2008.


ТӘЛІМІ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ Р.М.ҚОЯНБАЕВ ӨСІПӨНГЕН ОРТА Бұл бөлімде берілген материалдар Р.М.Қоянбаевтың жары Қалдан апайдың айтқан әңгімесінен жазылып алынды.


БАУЫРЛАСТЫҚ СЫЙЛАСЫМЫ БАСЫМ ӘУЛЕТ Жалпы қазақ беташар таныстығын бір-бірінің шыққан тегін сұрасудан бастайды ғой. Мен де осы ата-баба салған жолмен Ромсейіттің жеті атасын таныстырудан бастағалы отырмын: Байтақ, Жарқынбай, Мәнтік, Қазанғап, Қоянбай, Мұхамеджан, Ромсейіт. Мұхамеджан сегіз ағайындылардың (Сүлеймен, Қазыбек, Бәжен, Бәзілбек, Жағыпар, Ахметжан, Сара ) ең кенжесі екен. Ең үлкені Сүлейменнің медресе деңгейінде білімі болған, қалған інілерін өзі сауаттандырған. Ата-бабасының түпкі қонысы – Торғай облысының Амангелді ауданындағы Жылыншық өзекшісінің атырауы. Тегі – Қарақойлы қыпшақ. Қиын-қыстау кезеңде, өткен ғасырдың 30-жылдары әкесі және төрт ағасы жер-су асып, Сыр өңіріне, яғни Шиелі жеріне қоныстанған. Мұхамеджан атамыздың жары Жамал анамыз өмірге 11-12 бала әкеліп, оның төртеуі Ромсейітке дейін шетінеп кетіпті. Жамал анамыз «Ромсейіт өмірге келгеннен кейін ол да ана балалар сияқты шетінеп кетпесін деп, 4-5 жасқа дейін қолдан тастамай көтеріп жүрдік. Артынан ініқарындастары ерді. Бірақ сонда да, Ромсейтім – бір төбе, қалған бес балам – бір төбе» деп әңгімесін айтып отыратын. Атамыз балаларын жастайынан еңбекқор болуға үйретті. Әке мен шеше арасындағы сыйластық отбасында бірінші орынға қойылды. Мұндай тәрбиені көрген балалар әке-шеше алдынан кесе-көлденең өтпеді. Мен келін болып келгенде, атамыз ағасы Ахметжанмен көрші тұрады екен. Екі отбасы бір қазаннан тамақ ішетінбіз. Балаларға бір бөлек, үлкен кісілерге бір бөлек табақ қойылатын. Мен қазан-ошақты жайғастырып, енді тамақ жейін деп барсам, табақ бос тұратын. Үлкен кісілермен бірге отырып ішуге ұялатынмын. Мұны байқаған анамыз маған тамақты кішкентай ыдысқа салып, тосып отыратын. Осындай үлкен отбасынан шыққан азаматтар қазір сол ата-анасының дәстүрін сақтап, ұрпақтарының тату-тәтті бір-бірімен араласып тұруын жіті қадағалайды. Құдайға шүкір, Ромсейттің іні-қарындастары алдымнан кесіп өтпейді. Не айтсам да, көңілімді қалдырмайды. Әсіресе, ең кіші інісі Нұғманның «сен әкемнің орнына әкесің, шешемнің орнына шешесің, ағамның орнына ағасың, жеңгемнің орнына жеңгесің» деген сөзі маған әр уақытта қуат береді. Қайным Нұғман ұлын тек өз әулетінің ғана емес, елдің баласы ғып тәрбиеледі. Өйткені, оның ұлы Нұрлан – қазір еліне өнерімен танымал болып отырған азамат. Тіптен оның түр-түсі, келбеті Ромсейіттен айнымайды. Әулет балаларының бір-біріне деген өте мейірімділігі, ұйымшылдығы мені қатты қуантады.


Ромсейтпен 50 жылға жуық бірге өмір сүрдім. Осыған да шүкіршілік жасаймын. Өмірге үш бала әкелдік. Балалар аман-есен. Әрқайсысы өз орнында. Екі немерем Наргиз бен Назым бойжетті. Екеуі де қызмет жасайды. Ендігі Алладан жалбарынып сұрайтыным – осылардың амандығы. Анамның жоққа жасымауға, барға тасымауға, ешкімге ғайып сөз айтпауға үйреткен өнегесін өзімнің ұрпағыма шамам келгенше жеткіздім және немере-шөберелер арқылы осы өнегем жалғаса береді деп ойлаймын. Өйткені сынбайтын темір, озбайтын өмір жоқ. Бірақ барлығы ретімен болса екен деймін. Себебі адам баласынан, оның ішінде жақсы адамнан қалатын тек –жақсы сөз және ізгі ниет. Дана халқымыз «Бір адамның көңілін қалдыру– бір шаһарды бұзумен тең» деп бекер айтпаса керек. Сондықтан өмірде сыйласып өту – менің басты ұстанымдарымның бірі. Р.М.ҚОЯНБАЕВҚА ҰСТАЗДЫҚ ПЕН ҒЫЛЫМ ЖОЛЫН ТАҢДАУҒА ЫҚПАЛ ЕТКЕН ТҰЛҒАЛАР Ромсейіттің Қызылордадағы педагогикалық институттың физикаматематика мамандығын таңдауына мұрындық болған Жылқайдар ағасы (ғалым Жылқайдар Бәзілбекұлы Қоянбаев) болатын. Ол кісі мектепте мұғалім, директор, қалалық білім беру басқармасында басшы, Қорқыт атындағы Қызылорда педагогикалық университетінде оқытушы болған. Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Жылқайдар Бәзілбекұлы Қоянбаевтың 1992 жылы «Рауан» баспасынан «Педагогика» оқу құралы шығып, онымен педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері дәріс алған. Бұл оқу құралы кейін өңделіп, Ромсейіт екеуінің атымен шыққан. Ромсейіт те ағасының жолын қуып, ол да алдымен мұғалім, кейін директордың орынбасары қызметін атқарды. 1969 жылдың қазан айында партияға мүше болғаннан кейін Қызылорда облыстық партия комитетінің ғылым және оқу орындары бөлімінің нұсқаушысы қызметіне бекітілді. Сол жылдары қазақ зиялыларының бірі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қартпай Бекенұлы Бержанов қаладағы қазақ мектебінде болып, ондағы оқу-тәрбие барысымен танысады. Сол жолы Қартпай аға Ромсейітке «Алматыдағы ҚазМУ-дің педагогика кафедрасын тауып алып, маған жолық» – деген екен. «Осының өзі қамқоршы ағаның мені ғылыми жолға жетелеуі екенін кейін түсіндім» деп отыратын әңгіме арасында Ромсейіт. Ал 1980 жылдың ақпан айынан бастап Абай атындағы Қазақ педагогиклық институтына оқытушы болып қызметке орналасты. Сол кездегі педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Григорий Абрамович Умановтың азаматтық қамқорлығы мен қолтықтан демеген көмегінің көп болғанын жиі айтатын еді. Ол кісі әзілдеп «Ромсейт, сен әкім болып көрдің, енді жоғары оқу орнында маман даярлайтын оқытушы, ғалым бол» деген екен. Осы тілегі


ақиқатқа айналып, педагогика ғылымдарының кандидаттық дәрежесін қорғап, доцент атағын алды, университеттің профессорлығына ие болды. Осы тұста қара шаңырақ ректоры болған тарих ғылымының докторы, профессор Тоқмұхамед Салменұлы Садықовтың Ромсейітке жасаған жақсылығын айтпай кетуге болмайды. Ол Ромсейітті «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» факультетіне декандық қызметке тағайындады. Сол азаматтың қамқорлығының арқасында 18 жыл декан болды. Тоқмұхамед Салменұлымен ақылдаса отырып, факультетке төмендегі мамандарды топтастырды: Т.С.Сабиров, М.Ә.Қараев, С.Р.Рахметова, Р.Т.Мендекинова, Т.Қ.Оспанов, Г.И.Уайсова, Б.М.Қосанов, Ә.Е.Жұмабаева, Б.Т.Қабатаева және т.б. Естеріңізде болар, халқымыздың аяулы азаматы Ахмет Байтұрсынұлы 20 жылдары қазақ зиялыларын өз маңына топтастырып, бастауыш ұлт мектептерінің төл оқу кітаптары мен оқу құралдарын жарыққа шығарудың негізін салғаны. Бірақ бұл іс тарих тәлкегіне түсіп, лаулаған жалыны өшті. Дегенмен кәусар бұлақ бастауының шоғы сөнген жоқ. Бұл күнде ол қайта жаңданып, лаулай түсуде. Міне, осыны қайта үрлеп, тұтандырған жоғарыда аты аталған профессорлар мен оқытушылар Қазақстан Республикасының бастауыш мектеп бағдарламаларын, оған сай төл оқулықтарын баспадан шығарып, ұрпақ игілігіне айналдырып отыр. Бұған қоса мамандық бойынша оқу құралдарын шығарып, қолданысқа енгізуде. Әрине, бұл Ромсейіт қалыптастырған ұжымның табысы екені айтпаса да түсінікті. Ұжымның жеткен жетістігінің басында Ромсейіт тұрғаны күдік келтірмесі анық. Бұл туралы педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Т.Қ.Оспанов «бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі студенттеріне арналған төлтума оқу құралдарын жасау туралы бастама көтерді және үлгі көрсетті. ... педагогтік оқу орындары студенттеріне арналған «Бастауыш мектеп педагогикасының жалпы негіздері» және «Тәрбие теориясы» атты лекциялар мазмұнын, университеттер студенттеріне арналған және ғылыми, ынтымақтастық, халық педагогикасының мәліметтері басшылыққа алынып, тұтас педагогикалық үдерісті жетілдірудің және жаңартудың жолдары мен бағыттары қарастырылған «Педагогика» оқу құралын жазды. Бұл құралдар бүгінде мұғалім боламын деген әр студенттің, мұғалімдердің білім алатын, сондай-ақ мектеп жұмысын білімдарлықпен, шығармашылықпен ұйымдастырудың және басқарудың басты құралдарының біріне айналып отыр. Осындай өміршең іс-әрекетке факультет оқытушыларының күнілгері дайындауы, бүгінде өзінің нәтижесін еселеп беруде және маңыздылығын жойған жоқ» дейді. Демек Р.М.Қоянбаевтың ұстаздық пен ғылым жолына түсуіне жоғарыда айтылған тұлғалар – Жылқайдар Бәзілбекұлы Қоянбаев, Қартпай Бекенұлы Бержанов, Тоқмұхамед Салменұлы Садықовтар себепкер болса, ал оның осы жолдардағы жетістіктері талантымен, ішкі, сыртқы мәдениетімен, елге деген сүйкімділігімен, білімділігімен, парасаттылығымен, еңбекқорлығымен, зор адамгершілігімен келді.


ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ Ромсейіт Мұхаметжанұлы Қоянбаев – белгілі педагог-ғалым. Өнегелі өмірінің 28 жылын Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткізіп, 13 жыл бастауыш педагогикасы және әдістемесі факультетін, 5 жыл психология-педагогика факультетін басқарды. Басшылық қызметін абыроймен атқара жүріп, ғылыми зерттеу ісін де ұмытқан жоқ. Бұған оның ғылыми еңбектері мен мақалалары дәлел болады. Ғалымның қаламынан туған «Бастауыш мектепте білім беру және оқыту теориясы», «Бастауыш мектеп педагогикасының тәрбие теориясы», «Бастауыш мектеп педагогикасының жалпы негіздері», «Педагогика», «Қысқаша педагогикалық түсіндірмелі сөздік», «Бастауыш білім беру педагогикасы» т.б. оқу құралдары республика педагог қауымына жақсы таныс. Ол педагогика мамандықтары бойынша, оның ішінде «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі», «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша ресми-құқықтық нормативтік құжаттардың дайындалуына жетекшілік етті, яғни осы мамандықтар бойынша жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының қазақстандық жобасының алғашқы нұсқасын жасауға елеулі үлес қосты, соның нәтижесінде жоғарыда аталған мамандықтардың алғашқы заңдамалық негіздемесі дүниеге келді. Бұл мамандықтар стандарттарының құрылымы және мазмұны алғаш рет анықталды. Р.М.Қоянбаевтың тікелей басшылығымен бастауыш сынып мұғалімдері мен педагог-психологтарды пәндік-теориялық және пәндікәдістемелік тұрғыдан дайындауға мүмкіндік туғызатын оқу пәндерінің тізбесін және мазмұнын, кәсіби білік пен дағдыларды қалыптастыратын және ғылыми ізденіске бейімдейтін педагогикалық практика түрлерін анықтау ісі де оңтайлы шешілді. Ромсейіт Мұхаметжанұлы өз жарияланымдарына арқау еткен және оқутәрбие үдерісіне ендіріп те үлгерген оқытудың кредиттік жүйесі, 12 жылдық білім беру жүйесі, шағын жинақты мектепке маман дайындау, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және т.б. мәселелер қазіргі күнде де өз маңызын жойған жоқ, қайта күннен-күнге өзекті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей келеді. Демек ғалымның ғылыми еңбектері кез-келген оқырман үшін өте пайдалы. Сондықтан бұл кітаптың «Р.М.Қоянбаевтың ғылыми еңбектері» бөліміне қазіргі таңда сұранысқа ие болып отырған кейбір ғылыми еңбектерін енгізіп отырмыз. Мәселен, ғалымның «Білім беру және оқыту теориясы» атты бастауыш оқыту педагогикасы мен методикасы факультеті студенттеріне арналған лекциялар мазмұнының (1990) толық нұсқасын және «Оқытудың кредиттік жүйесіне көшудің кейбір мәселелері», «Жалпы бастауыш білім беру мазмұнының даму болашағы», «Білім туралы Заңға сәйкес «050102 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша мамандар даярлаудың кейбір мәселелері» және т.б. мақалаларын ұсынып отырмыз.


БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ (бастауыш оқыту педагогикасы мен методикасы факультеті студенттеріне арналған лекциялар мазмұны)


БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ (ДИДАКТИКА) 1-лекция. Тақырыбы: Білім беру және оқыту теориясы және оның міндеттері. 1. Білім беру және оқыту теориясы жөнінде түсінік. Білім беру және оқыту теориясы советтік педагогика ғылымының дербес бөлігі болып табылады. Білім беру және оқыту өзара байланысты процестер ретінде болғандықтан, бірлікте сипатталады. Олар оқушының адамзаттың қоғамдық тарихи тәжірбиені меңгерту міндеттерін шешуге бағытталған. Білім беру және оқыту теориясының зерттейтіні – оқыту процесі. Қамтитыны – оқыту процесінің түсінігі мен мәні, оқыту принциптері, мектептегі білім беру мазмұны, оқыту әдістері мен ұйымдастыру формалары, оқушылар білімін тексеру және бағыттау мәселелері. Оқыту процесінде оқушы білім алады, білімді меңгереді. Оқушының бойында еңбекке қатынасуға, ең бастысы қоғамдық өндірісті, жетілдіруге мүмкіндік беретін білік пен дағдылар, көзқарас пен сенімдер қалыптасады. Ғылыми-техникалық процес оқушыларды өмірге, еңбекке дайындау процесіне зор ықпал жасап келеді. Компьютерлік техника қазіргі өндірістің негізгі компоненті болып отыр. Сондықтан оқушы электронды есептеу техникасымен мектепте танысу қажет. Ол келешекте бұл техникамен жұмыс істеп қана қоймай теория мен практикада жаңалықтар ашып, оны жетілдіруі керек. Осыдан келіп, болашақ мұғалім білім беру және оқыту теориясын терең меңгеріп, оны практикада жүзеге асыруды білуі керек. Ол үшін бұл теорияны оқып игерудің жолдарын түсінгені жөн. Ең бастысы, терияны оқып білудің арқауы болып табылатын оның негізгі ұғымдарымен қарулану. Білім беру және оқыту теориясының, атап айтқанда «мән», «принциптер», «мазмұн», «әдістер», «оқыту ұйымдастыру», «білімді бағалау», «бағалық пікірлер», «оқытудың білім беру, тәрбиелеу, дамыту функциялары», «оқытудың қарама-қайшылықтары мен қорғаушы күштері», «мұғалім», «оқушы», «сабақ», «класс», «білім беру», «оқу», «өз бетімен білім алу» және тағы басқа ұғымдары бар. Осындай ұғымдардың мазмұнын және оларға сәйкес түсініктерді білу бастауыш оқыту теориясын терең игеріп, білімдерді жүйеге келтіріп, өзіндік педагогикалық ойлау логикасын дамытуға көмектеседі. Бастауыш оқыту педагогикасында оқыту, білім беру, оқу, өз бетімен білім алу кіші мектеп жасындағы оқушының қоғамдық мәнін тәрбиелеу міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланыс педагогикалық процес тұрғысында сипатталады.


Қоғамдық-тарихи дамуда оқыту салыстырмалы түрде өзіндік және дербес сипат алады. Себебі, біріншіден, білім күрделенеді. Білімнің күрделенуі оқу материалын игеруге бағытталған арнайы танымдық ісәрекетті ұйымдастыруды талап етеді. Мектеп, мұғалімдер, оқушылар, оқу кітаптары, көрнекі құралдар пайда болады. Екіншіден, ғылым мен техниканың дамуына сәйкес оқыту процесінде танымның абстрактылық кезеңі үлкен орын алады. Бала санасында әлем әртүрлі қырларымен көрінеді. Оқытуда білім игеру процесі педагогикалық талдаудың затына айналады. Оқыту өзіне тән мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы бар өзімдік сипатқа ие болады. Үшіншіден, қоғамдық өндірістегі еңбектің бөлінуі жаңа материалдың пайда болуына әкеледі. Осыдан балаларды өмірге мамандықты меңгеруге бағытталған білімдік, еңбектік және арнайы дайындықтың қажеттігі туады. Білім беру және оқыту ғылыми теория ретінде өткеннің алғы қатарлы ойшылдары Я.А.Коменскийдің, Ж.Ж.Руссоның, И.Г.Песталоццийдің, А.Дистервегтің педагогикалық көзқарасында қалыптасты. Я.А.Коменский, өзінің «Ұлы дидактика» /1965/ деген тамаша еңбегінде мектепте оқытудың принциптерін, мазмұнын, әдістерін ұйымдастырудың класс, сабақ формасын негіздеді. Ж.Ж.Руссо «Эмиль, немесе тәрбие туралы» /1762/ деген философиялық, әрі педагогикалық шығармасында баланың қоғамдық мәнінің қалыптасу процесінің, қоршаған табиғи және еңбектік әлеуметтік ортадан оны оқыту шарттарын ашып береді. Күні бүгінге дейін оның шешімі табылуға тиісті мәселе көтеріп, оқыту /проблемалық оқыту/ және жас ерекшеліктеріне сай дамыту идеялары ерекшелігімен, жасампаздығымен таң қалдырды. Оқушының әлемді тануындағы негізгі элементтер ретіндегі форма, сан, сөзді бөле отырып элементарлық білім беру теориясын И.Г.Песталоцци жасады. Орыстың отандық педагогикасында бастауыш білім беру және оқыту теориясын, таным процесін материалистік негізде түсіну және тәрбиенің халықтық идеясын К.Д.Ушинский жасады оның «Адам – тәрбие заты» еңбегі оқытудың психологиялық және педагогикалық негізін қалады. «Ана тілі», «Бала әлемі» оқу кітаптары көптеген ұрпақтар оқуының негізі болды. Ол оқытудың принциптерін, бастауыш оқыту мазмұны негіздерін жасады. К.Д.Ушинский оқытудың еңбегімен байланысына ерекше мән берді. Оның педагогикалық идеялары жеке пәндері оқыту методикасын жасауға зор ықпалын тигізді. К.Д.Ушинскийдің ізбасарлары мен мұрагерлері И.Н.Ульянов, Н.К.Корф, Н.Ф.Бунаков, В.П.Вахтеров, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов және тағы басқа бастауыш оқыту методикасына елеулі үлес қосты. Олардың білім беру және оқыту жөніндегі көзқарастары баланың жас және психологиялық ерекшеліктерін терең түсінуге негізделді. Кіші мектеп жасындағы балалар дамуының білім беру және оқыту теориясына тән кейбір мәселелері Л.Н.Толстойдың педагогикалық шығармасында және Ясная поляна мектебі тәжірбиесінде жаңа және өзіндік қасиетімен көрсетілген.


Білім беру және оқыту теориясы үшін В.Г.Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышевскийлердің революцияшыл-демократиялық және материалистік көзқарастарының үлкен мәні болды. Олардың білім берудің мақсаттары мен міндеттерін оқытудың тәжірбиелік ықпалы, оқушы ойлауының өзіндік дамуының, мұғалім беделігнің рөлін және т.б зерттеулері өте қызық. 2. Білім беру және оқыту теориясының ғылыми негіздері Совет педагогикасының методикалық негізі маркстік-лениндік философия болып табылады. Советтік білім беру және оқыту теориясының қалыптасып, дамуы К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Лениннің тәрбие және халыққа білім беру мәселелері жөніндегі еңбектермен байланысты. Советтік білім беру және оқыту теориясы еліміздегі социялистік құрылыстың практикасымен біртұтас дамыды. Социалистік қоғам өзінің жас ұрпағына жзалпы білім берудің, орта мектепте адамның қоғамдық мәнінің интелектуалдық, адамгершілік, политехникалық, еңбектік, күш-қуаттық, эстетикалық дамудың жоғарғы деңгейін талап етеді. Советтік білім беру және оқыту теориясы адамның қоғамдық мәнінің жан-жақты, үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін жалпы білім берудің принциптерін, мазмұнын, әдістері мен ұйымдастырылуын қарастырды. Білім беру және оқыту теориясының мәселері жөнінде Н.К.Крупская үлкен мұра қалдырды. Маркстік-лениндік философия тұрғысынан оқушыларға тәрбие беру тәжірбиесіне жинақтау негізінде жалпы және политехникалық білім беру мәселерінің терең ғылыми негіздерін берді. Оқыту теориясының дамуына П.П.Лонский, С.Т.Шацкий, Л.С.Выгодскийлерің педагогикалық және психолгиялық еңбектері үлкен үлес қосты. П.П.Блонскийдің оқыту процесін психологиялық негіздеу білім беру және оқытудың теориялық мәселелрін зерттеу елеулі тереңдетті және бастауыш кластарындағы сабақтардың тиімділігін арттырды. Оқыту процесіне маркстік-лениндік философия негізінде мазмұнды талдау совет педагогтерінің еңбектерінде берілген. Олардың зерттеулерінде оқу процесінің логикасын диалектикалық материализмдердің таным теориясын анықтайды. Н.А.Менчинская, В.В.Давыдов, Д.В.Эльконин және т.б. білімді игеруді жас ерекшелігінің мүмкіндіктерін, Л.В.Занковтың кіші мектеп жасындағы оқушылар дамуының жалпы деңгейін қалыптастыру жолдарын, оқытудың мазмұны мен әдістерін жергілікті табиғи және баланың өмір тәжірбиесімен байланыстыруды психолгоялық және педагогикалық тұрғыдан зерттеулері бастауыш оқыту теориясын айырықша байыта түсті. Диалектикалық материализімнің таным теориясына сүйеніп бастауыш білім беру және оқыту теориясы арнайы логикасымен, жеке пәндерді оқыту методикасымен жас ерекшелігінң физиологясы және мектеп гигенасымен тығыз байланысты дамиды.


Бастауыш білім беру мен оқытудың бойында кіші мектеп жасындағы оқушыларды жан-жақты дамытудың қуатты мүмкіндіктері бар. Оыс мүмкіндіктерді ашу және жүзеге асыру – бастауыш білім беру мен оқыту теориясының маңызды міндеті. Білім беру және оқыту теориясының ғылыми негідерінің бірі психология болып табылады. Оқыту процесін психология тұрғысынан негіздеу педогогикалық қағидалар мен нұсқауларды елеулі тереңдетеді. Психологиялық зерттеулер кіші мектеп жасындағы балалардың абстракциялау мүмкіндігін қалыптастырудың мәнін аша түседі. Ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың психологиялық теориясы /П.Я.Гальперин/ сыртқы жоспарға негізделген оқушы ойының материалдандырылған әрекеттің /1-кезеңнен/ ішке өткізуін /2-кезең/, одан әрі теориялық тәуелділікпен идеяларды абстрактылы ұғынуға өтуін терең түсінуге көмектеседі. Бірақ оқу процесінің бәрін тек қана психологиялық теориялар мен концепциялар арқылы баяндауға болмайды. Білім беру және оқыту теориясының психологиялық негізі болғанымен ол психологиядан туындамайды. Педогогика ұлы орыс физиологтары И.М.Сеченев пен И.П.Павлов жасаған жоғарғы нерв жүйесінің іс-әрекеті жөніндегі алдынғы қатарлы материалистік ілімге сүйенеді. Нервтік іс-әрекеттің шартты рефлекторлық теориясын оқушылардың таным процесін және олардың қоғамдық мәнінің дамуын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Жоғарғы нерв іс-әрекетінің қазіргі зерттеулері оқыту процесінің заңдылықтарын және оқушылардың, әсіресе 6 жасарлардың даму мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі. Оқу әдістерінің элементтері мектепке дейінгі тәрбие мазмұнында да болады. Бала әріптермен, есептеумен оқу процесімен танысады. Ата-аналар және тәрбиешілер көмегімен бақыланған табиғат құбылыстарының елеулі белгілерін ажыратады, әңгімелер мен ертегілер тыңдайды, олардың мазмұнын беруді үйренеді. Дегенмен, ғылымның оған сәйкес оқу пәнінің логикасы, ғылыми білімнің элементтерін ұғыну және олардың негізінде білік пен дағдылардың қалыптасу процесінде шешуші ықпал жасамайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінде ойын жетекші болып, ойлау әдістерінде сезімдік таным басым мәнінде қала береді. Ата-ананың қалауы бойынша дәрігердің анықтауына сәйкес 6 жастан бастап көптеген балалар жүйелі оқуға кіріседі. Программалық білім –білік дағдыларын игеру бастауыш оқытудың ақыл-ой дамуының сипатын анықтайды. Кіші мектеп жасындағы балалар дамудың тереңдік деңгейіне ауыса бастайды. Абстрактылай және жинақтай білу – бастапқы теориялық білімдерді игерудің басты шарты. Оқу жетекші іс- әрекетке айналады. Өз бетімен жұмыс жасауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Бастауыш оқыту теориясының негізгі міндеттерін ашып айтыңыз. 2. Бастауыш оқыту теориясында зерттелетін негізгі тақырыптарды атаңыз.


3. Бастауыш білім беру және оқыту теориясының негізін қалаған өткен уақыттың асқан педагогтерін атаңыз. 4. Бастауыш оқыту теориясына үлес қосқан советтік ғалымдарды атаңыз. 5. Бастауыш оқытуға қазіргі ҒТП ықпалын қалай түсінесіз? 2- лекция.Тақырыбы: Оқыту процесінің мәні. 1.Оқыту процесі туралы түсінік. Қазіргі педагогикада оқыту адамның танымдық іс-әрекетінің түрі ретінде сипатталады.Оқушы әрбір сабақта, кез келген класта адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін зерттейді, қоршаған әлемді таниды. Оқу ісәрекетіне байланысты оның бойында білік пен дағдылар қалыптасады. Оның миы шындықтың зерттейтін объектілерін бейнелейді. Сондықтан оқыту процесі оқушының қоршаған әлемді тану процесі болып табылады. Бірақ адам қоршаған әлемді іс-әрекеттің басқа түрлерінде де, мысалы, еңбек, ойын, көркем-бейнелеу, музыкалық-эстетикалық іс-әрекет барысында таниды. Олай болса оқыту процесінің өзіне тән мәндік белгілері қандай болмақ? Ең алдымен, оқыту процесі – оқушының қоршаған әлемді тану процесі. Оқыту процесінің бұл белгісі оның адамның таным іс-әрекетінің басқа түрлері мен формалары ұқсастығын білдіреді. Оқыту процесінің бұл белгісі оның адамның таным іс-әрекетінің басқа түрлері мен формалары ұқсастығын білдіреді. Оқыту процесі адамның қоршаған әлемді тануының жалпы заңдылықтарына негізделген, диалектикалық материализмнің таным теориясы оның методологиялық негізі. Оқыту процесінде де диалектиканың заңдары көрініс береді. Оқыту – арнайы ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет. Оқыту құрылымының ойын, көркем-бейнелеу, еңбек және басқа да іс-әрекеттерден мәндік айырмашылығы болады. Оқытудың бұл белгісінің екі ерекшелігі бар. Бірінші, құрылымы адамның психикалық және қоғамдық даму заңдылықтарының нәтижесінде пайда болған танымдық іс-әрекеттердің түрлері мен формаларында. Екіншісі, адамның қалыптасқан іс-әрекеттердің түрін, құрылымын, механизмін өзгертуінде. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің өзіндік мақсаты, міндеті, мазмұны, принципі, әдістері мен ұйымдастыру формалары болады. Оқыту арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет ретінде биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және басқа да заңдылықтардың негізінде қалыптасатын жеке дамудың қарқынын үдетеді. Мысалы, Ньютон механиканың заңдарын бірнеше жылда ашса, мектепте бұл заңдар арнайы сабақтарда игеріледі. Тілдің грамматикалық заңдылықтары мыңдаған жылдарда қалыптасса, мектепте ол бірнеше жылдар барысында-ақ оқылады. Адамның жеке психикалық дамуындағы танымның бұлай үдетілуі – оқыту процесінің елеулі белгісі. Бастауыш мектепте бала адамзаттың ғасырлар, мыңдаған жылдар барысында қалыптасқан тәжірибесін меңгереді.


Оқыту оқушының өзін қоршаған әлемнің танылған заңдылықтарын меңгеру процесі болып табылады. Адамның заңдылықтарды тануының бір тәсілі – оларды адамның қоғамдық-тарихи дамуында, оның еңбектік ісәрекеті барысында тануы. Басқа тәсілі-заңдылықтарды адамның жеке дамуында тануы. Бұлай тану тек оқыту жағдайында ғана болуы мүмкін. Себебі, адам қоршаған шындықтың заттарымен, құбылыстарымен, оқиғаларымен тек өз қатынасы арқылы тани алатын заңдылықтарды ғана емес, ол адамзаттың тәжірибесінде жинақталған заңдылықтарды игеруі қажет. Баланы оқытпаса, ол өз бетімен білімдердің ғылыми жүйесін игере алмайды. Жоғарыда айтылған белгілерді жинақтап, оқыту процесі ұғымына анықтама беруге болады. Оқыту – бұл жеке психикалық дамуды үдету және қоршаған дүниенің танылған заңдылықтарын меңгеру мақсатында арнайы ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет. Бұлай сипаттау барысында оқыту процесі тарихи дамуда өзіндік логикалық құрылымға ие болады. Адамзат тәжірибесінде білім тез қарқынмен өседі. Бұл – оқушы бірдей оқу мерзімінде, мидың сол бір құрылымымен, тереңдей түскен кең көлемді білімді игеруі қажет деген сөз. Өз бетімен мақсатты басшылықтан тыс, оқушы адамзат тәжірибесін меңгеруі және қоғамдық өндірістік еңбекке дайындалуы мүмкін емес. Осыдан өзінің бойында қоғамдық-тарихи тәжірибенің оқушы игеруге тиісті бөлігін алып жүретін, арнайы дайындығы бар адамның қажеттігі туады. Ол – мұғалім. Оқыту екі жақты сипатта жүретін мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті ретінде көрінеді. Мұғалім іс-әрекетіне сәйкес алға қойылған мақсат мазмұн және программа негізінде жүзеге асырылады, оқу белгіленген нәтижеге жеткізетін басқарылатын процеске айналады. Егер оқушылар жоқ болса, мұғалімнің білім беруі іс-әрекет ретінде өмір сүрмейді. Оқу оқушылардың іс-әрекеті ретінде мұғалім болмаса, білім беру мақсатын орындай алмайды. Тек мұғалімнің іс-әрекеті арқасында ғана оқушы адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін таниды. 2. Оқыту процесінің қарама-қайшылықтары. Диалектикалық материализмнің таным теориясына сәйкес даму дегеніміз қарама-қарсы күштердің күресі болып табылады. Оқыту процесінің ішкі қарама-қайшылықтары оның өздігінен қозғалысын қамтамасыз етеді, оның қозғаушы күштері болып табылады. Таным процесі диалектикалық күрделі және қарама-қайшылықты, сол сияқты оқыту процесі де қарамақайшылықты құбылыс. Оқыту процесінің өзіндік қозғалысының негізіне жеке және қоғамдық-тарихи оқыту арасындағы қарама-қайшылық жатады. Оқыту оқушының жеке дамуының алдына қазіргі білім деңгейін меңгеруді міндет етіп қояды. Оқыту процесіндегі жеке даму әрқашан қоғамдық-тарихи дамудан кейін қалады. Қоғамдық-тарихи даму әрдайым жеке танудың алдында жүреді. Жеке және қоғамдық-тарихи таным арасындағы байланыстырушы буын оқыту болып табылады. Оқытудан тыс


қарасақ, қоғамдық-тарихи даму жеке дамудан ажырайды және мұның өзіөзіне тән қозғалысының қайнар көзін әлсіретеді. Оқыту процесінде басқа да, мысалы, оқытуға дейінгі баланың өз тәжірибесі мен оқыту барысында ол тәжірибенің қайта бағалануы арасында; талап етілетін ой құрылымы мен әдеттегі оқушы ойлауының жүйесі арасында; ғылым мен оқу пәнінің арасында; ғылымдағы жүйелі білім мен оқу пәнін оқытудың логикасы арасында қарама-қайшылықтар бар. Таным іс-әрекеті барысында бастауыш мектеп оқушылары ойдың нақтылыдан абстрактылыққа өту кезеңінде болады. Оқушының танымында сезімдік пен рационалдық, нақтылық пен абстрактылық ара-қатынасында қарама-қайшылық туады. Сезімдік таным алғашқы ғылыми түсініктерді қалыптастырудың негізі ретінде пайдаланылады. Оқу пәні материалдарының мазмұны сезімдік бейнелерге, баланың елестетулеріне негізделеді. Дегенмен, оқу пәндерінің теориялық мазмұнын игерудің негізі ретінде оқу іс-әрекетінде абстрактылық таным жетекші орын ала бастайды. М.А.Данилов оқытудың барысы қоятын танымдық және практикалық міндеттер мен оқушы бойындағы білім, білік және ақыл-ой дамуының арасындағы қарама-қайшылықты оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылатын елеулі қарама-қайшылығы деп көрсетеді. Теориялық немесе практикалық міндет пен осы міндетті шешуге бағытталған оқушылардың танымдық іс-әрекеті оқу процесінің логикасын құрайды, оның өзіндік қозғалысын қамтамасыз етеді. Логиканың бұл ерекшелігі қандай? Біріншіден, оқу міндеті оқушының жас, психологиялық ерекшеліктерімен, оның даму деңгейімен, өмір тәжірибесімен, меңгерген білім, білік, дағдыларымен сәйкестендіріледі. Екіншіден, қойылған міндетті оқушының шешу мүмкіндігі алдын-ала қарастырылады, яғни оқушы түбінде оның шешімін таба алады. Оқушылар оқу міндетін шешу мүмкіндігіне жұмылдырылады, оның өзі олардың ақыл-ой және рухани күштерін жинақтандырады, психологиялық кернеу тудырып, таным процесін белсендіреді. Оқу міндетінің шешілуіне көптеген факторлар: оқушылардың дара айырмашылықтары, олардың оқуға қатынасы, жұмыс қабілеті, мұғалім шеберлігі, оқытудың нақты жағдайы және т. б. ықпал етеді. Оқу міндеті өздігінен оқыту арқылы жететін нәтижеге әкелмейді, ол тек қана ойланып іздену іс-әрекетін туғызады. Осыдан оқу процесін басқару қажеттігі шығады, туған қарама-қайшылықты шешуге ұмтылыс пайда болады. Үшіншіден, оқу міндетін шешу тек оқу материалын игеруге ғана келтіріп қоймайды, сонымен қатар, дамудың жеткен деңгейіне ықпал жасайды, бар білім, білік пен дағдының деңгейін көтеруге себеп болады. Бұл одан әрі қиынырақ оқу міндетін қоюға мүмкіндік береді, осыдан барып, оқыту процесі күрделі мазмұнға көтерілетін үздіксіздікке айналады. 3. Оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту функциялары.


Оқытудағы басты мәселе тек оқушының игеретін білімі деп қарауға болмайды. Мәселе бүкіл мектептегі оқыту барысында оқушының бойында қандай қасиеттердің қалыптасатынында, олар дамудың қандай деңгейіне жететіндігінде. Білім беру функциясының мазмұнын программалық оқу материалын оқыту процесінде оқушының меңгеретін білімі, біліктілігі және дағдылары құрайды. Оқу пәндерінің жиыны, олардың оқу программасында көрсетілген мазмұны оқушыға берілетін білім деңгейін анықтайды. Оқытудың білім беру функциясын жүзеге асыру оқу пәндері мен программалар мазмұнының шартын білдіреді. Тәрбие функциясының мазмұны оқыту процесінде совет адамының қоғамдық мәніне тән көзқарас пен сенімдерді, диалектикалық материалистік дүниетануды, саяси-идеялық, адамгершілік, ерік, эмоционалдық, эстетикалық денсаулық сапаларын қалыптастыруды қамтиды. Бастауыш оқыту адамның қоғамдық мәнінің жан-жақты, үйлесімді дамуының негізін қалайды. Дамыту функциясының мазмұны танымдық психикалық процестер мен адамның қоғамдық мәні қасиеттерінің, логикалық тәсіл, операция, пікір, ақыл-ой қорытындысының, танымдық белсенділік, мүдде, қабілеттердің қалыптасуын қамтиды. Бастауыш оқыту процесінде оқытудың функциясын жүзеге асыру жоғарғы нерв іс-әрекеті қасиеттерінің, баланың танымдық және интеллектуалдық мүмкіндіктерінің дамуын қамтамасыз етеді. Оқушының білім алуы, тәрбиеленуі және дамуы үздіксіз байланысты. Бірін екіншісінен артық не кем деп қарауға болмайды. Білім беру, тәрбие, дамыту функцияларының бірлігі оқушының қоғамдық мәнінің жан-жақты, үйлесімді қалыптасуының негізгі шарты болып табылады. 4. Білімді меңгеру процесі және оқудың себептері Педагогикада оқытудың мәні оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы дәстүрлі қалыптасқан кезеңдер тұрғысынан да қаралады. Бірінші кезең – оқу материалын қабылдауды қамтиды. Оқушылар танымдық міндетті объектіні бақылау немесе нақты материалмен алдын ала танысу негізінде ұғынады. Екінші кезеңде теориялық тәуелділіктер мен оқу міндетін шешудің тәсілдерін мағыналы ойлау жүреді. Оқушылар оқу материалын түсіну деңгейіне келіп, жаңа білім алады. Үшінші кезеңде алған білімдерді жаттығулар, өз бетімен жұмыс, қосымша түсіндірулер жүйесі арқылы бекіту жүреді. Төртінші кезеңде игерілген білім мүмкіндігіне қарай оқушылардың мектеп учаскесіндегі, тұрмыстағы, өндірістегі практикалық ісәрекетіне қосылады. Барлық кезеңдерде де оқушылардың білімі бақыланып, тексеріледі. Бұл мұғалімге оқыту процесіне танымдық іс-әрекеттің бірінші кезеңінен келесілеріне қарай қозғалыстың жалпы барысын сақтай отырып түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.


Оқытудың мәнін дұрыс түсіну мұғалімге оқу-тәрбие процесін тиімді басқаруға көмектеседі. Оқу себептері оқушының қоғамдық мәнінің бағыттылығын, оның жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтайды. Бастауыш мектеп оқушылары оқуының орынды себептері білімге ұмтылу, жақсы баға алу ынтасы, мұғалім мен ата-ананың алғысын алу, құрдастарының арасында сыйлы болу, мамандық алу, Отанға пайдалы азамат болу ынтасы, сүйікті ұстаздарына, көркем әдебиет кейіпкерлеріне еліктеу т.с.с. болып табылады. Мақсат – осы себептерді дамыту және бекіту. Бастауыш класс оқушыларының оқуын тежейтін себептер де жеткілікті. Мысалы, солардың ішінде оқуға ынтасының болмауы, оқи алмауы, оқу еңбегін ұйымдастыра білмеуі, оқудан артта қалуы, білім, білік дағдыларының жеткіліксіздігі, тәртіпсіздігі, жолдастарының және семья жағдайларының теріс ықпалы т.с.с. болуы мүмкін. Кейде мұғалімнің балаларға деген құрметінің жеткіліксіздігі оқуға теріс қатынасты қалыптастырады. Бұның бәрі үлгермеушілікке, білімнің үстірттігіне әкеліп соғады. Ең бастысы – оқушының қоғамдық мәнінің адамгершілікті дамуына кері ықпал жасайтындығы. Осыдан оқушы өзінің орта дәрежедегі немесе үлгермеуші екендігіне дағдыланады, оқудағы кемшіліктерін жоюға, оқу еңбегін және өзінің моральдық сапаларын жетілдіруге белсенді күш-жігерін жұмсамайды. Нәтижесінде, мұғалімнің алдында оқушыны қайта тәрбиелеу сияқты қиын міндет пайда болады. Оқушыны қолдау, оған өз күшіне деген сенімге ие болуына көмектесу – мұғалімнің басты жұмысы. Жалпы нашар оқығысы, үлгермеуші болғысы келетін оқушы жоқ. Мұғалім өз ісін осы қағиданы басшылыққа алып бастауы керек. Оқудың орынды себептерін дамыту мен қалыптастыру негізгі оқу ісәрекетін, оқудағы танымдық қызығуды дамыту болып табылады. Бастауыш мектепте балалардың өзін-өзі басқару, тәрбиелеу тәжірибесі жеткіліксіз. Сондықтан мұғалім шешуші роль атқарады. Педагогикалық шеберлікті игерген, класс оқушыларының мүддесін, олардың жеке қабілеттері мен бейімділіктерін жақсы түсінетін мұғалім танымдық қызығуды дамытуға себепші болатын материал мазмұнын оқушылардың жеке тәжірибелерімен орынды байланыстырады. Сабақ мазмұны оқушы тәжірибесіне жақын, түсінікті, қызық бола бастайды. Оқушылардың оқу ынтасына қызық ұйымдастырылған практикалық жұмыс, экскурсиялар, бақылаулар, сонымен қатар, балалардың кластан және мектептен тыс жұмыстарға белсенді қатынасуы айрықша көмектеседі. Өз бетімен жұмыс жасауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Оқытудың қоғамдағы және баланы жеке дамытудағы ролі қандай?


2. Оқыту процесінің ерекше белгілерін атаңыз. Оқу процесінің адамның қоршаған әлемді тануының жалпы заңдылықтарына тәуелділігін ашып көрсетіңіз. 3. Оқыту процесінің негізгі қарама-қайшылықтарын ашып көрсетіңіз. 4. Оқыту – танымдық іс-әрекет түрі; оқыту танымның жалпы заңдылықтарына негізделеді; бастауыш оқытудың методологиялық негізгі диалектикалық материализмнің таным теориясы деген қағидаларының өзара байланысы қандай? 5. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің қарама-қайшылықтары неден көрінеді? 6. Бастауыш оқытудың білім беру, тәрбие және дамыту функцияларының мазмұны қандай? 7. Білімді меңгеру процесін және оқудың себептерін түсіндіріңіз. 3-лекция. Тақырыбы: Оқыту принциптері Оқыту принциптері туралы түсінік Оқыту принциптері мұғалім іс-әрекеті және оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатын анықтайтын бастапқы, негізгі алынатын қағидалар болып табылады. Оқыту принциптері мұғалім мен оқушылар іс-әрекеттерінің ішкі елеулі жақтарын бейнелейді, кез келген мазмұнда және ұйымдастырылу формаларында оқытудың тиімділігін анықтайды. Олар оқытудың нақты объективті заңдылықтарын көрсетеді. Оқыту принциптерінің саны мен аттары жөнінде біртұтас пікірдің жоқтығына қарамастан, олар негізінен оқыту заңдылықтарын түсінуде бір мазмұнды, бір ой мен мақсатты көрсетеді. Осы заңдылықтар тұрғысынан қарағанда оқуға және білім беруге қойылатын белгілі бір талаптар шығады. Оқыту принциптері осы талаптарды көрсетеді. Әрбір оқыту принципі оқытудың нақты заңдылығы болып табылады. Бастауыш оқыту теориясында тарихи қалыптасқан және ғылыми негізделген, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін анықтайтын төмендегідей бастапқы қағидалар бар. Оқытудың тәрбиелілігі, ғылымилығы, жүйелілігі, қол жетерлігі, көрнекілігі, саналылығы мен белсенділігі, білім, білік дағдылардың беріктігі, оқытудың жекелік сипатқа ие болуы. Кейде бұл принциптердің екі не үшеуін біріктіріп те қарайды. Ол кезде принциптердің саны азаяды. Принциптер жүйесі баланың оқытудағы дамуының барлық жақтарын көруге мүмкіндік береді. Оқытудың тәрбиелілігі


Тәрбие белгілі бір қоғамда оқытудың тыс өзінің негізгі міндеті –адам өмірге даярлауды орындай алмайды. Тәрбие оқытудан тыс жас ұрпақтың адамзат тәжірибесін, табиғат пен қоғам дамуының ғылыми заңдылықтарын игеру мүмкіндігін қамтамасыз ете алмас еді. Былайша айтқанда, бала аға ұрпақты «қуып жете» алмас еді. Бұл - алға басу болмайды деген сөз. Оқыту оқушыны өмірге және болашақ іс-әрекетке даярлау құралы болып табылады. Бірақ мектептегі білімнің күрделі және тереңдігі, оқу материалы мазмұнының игеруге қиындығы, оқу пәндерінің әртүрлігі,ойдың абстрактылығы көп жағдайда баланы оқуға деген субьективтік ынтасын, тәрбиелі, еңбек сүйгіш, өз бетімен өзін еңбекке дайындау ынтасын туғызбайды. Оқушы, әсіресе бастауыш мектеп оқушысы, оқу пәнінің мазмұнын әрі игеріп, әрі ол келешек мамандығы үшін қажет екендігін ойлай алмайды. Оқыту процесінде үлкендермен қарым-қатынас барысында, өмір тәжірибесіне қарай баланың білімге және оқу әрекетіне қызығуы туады. Ал осы қызығу мен ұмтылу шеберіне енбеген оқу пәндері маңызды, өмірге қажетті деп бағаланбайды. Ондай пәндерді бала тек мұғалім, ата-ана талабына байланысты, нашар баға алып жазалану қорқынышынан оқиды. Ғылыми білімдерді меңгеру барысында бала санасында әлем түрлі жақтарға және бөліктерге бөлінеді. Бұл қарама-қайшылық оқытуды тәрбиеден бөлу бағытын туғызады, әлемді біртұтас деп қарамайды. Осыдан оқыту процесінде тәрбие, көзқарас пен сенімдерді қалыптастыру міндеттерін орындау қажеттігі туады. Оқытудың тәрбиелілігі принципінде үш қағиданы бөліп қарастыруға болады: бастауыш кластара әлемді диалектикалық материалистік тұрғыдан түсіну элементтері, баланың қоғамдық мәнінің моральдық сапарларын және мінезінің еріктік белгілерін тәрбиелеу, оқу процесімен байлагысты сезім мен көңіл күйіндегі сезінулерді қалыптастыру. Оқытудың ғылымилығы Ғылыми білімдер шындықты дұрыс бейнелеу болып табылады. Бірақ шындықты кез келген дұрыс бейнелеу ғылыми білім бола бермейді. Мысалы, мектепке дейінгі жастағы бала қоршаған заттарды дұрыс таниды, бірақ оның бейнелеу тереңдігі жеткіліксіз, сондықтан оның білімін ғылыми деуге болмайды. Егер білімде қоршаған әлем заңдылықтары, заттар мен құбылыстардың ішкі мәніне сай қасиеттері мен байланыстары бейнеленсе ғана білім ғылыми білім болады. Бұл білімдер ақыл-ойдың дамуына шешуші ықпал жасайды. Себебі, олар қазіргі ғылым, техника, өндіріс, мәдениет, өнерді меңгеруді қамтамасыз етеді. Оқытудың ғылымилығы принципі оқу материалдындағы заңдылықтарды оқушының дұрыс бейнелеуі, түсінуі және игеруі шартын


жасау үшін қажет. Оқу пәні әрдайым ғылыми білімдерді қамтиды, бірақ оқу пәні және оған сәйкес ғылым арасында бірмәнді байланыс бола бермейді. Ғылым логикасы оқу материалының ғылымилығына ықпал етеді. Дегенмен, оқу материалының мазмұны басқа факторлардың әсерімен, мысалы, оқушылардың жасы, психологиялық және педагогикалық негіздемелер, қалыптасқан дәстүрлер т.б. факторлар негізінде қалыптасады. Ғылыми ой логикасы мен оқу материалы логикасы сәйкес келмейді. Оқушы арнайы жоспарланған, психологиялық және педагогикалық негіздеулерге сәйкес нақты түсіну деңгейіне жақындайды. Теориялық қағидаларды түсіну-оқушының ойлау іс-әрекетінің сипатын анықтайтын ғылыми түсіндірудің ерекше белгісі. Ғылыми білім ғылымилығын жоймай, шындықты әртүрлі тереңдікте бейнелеуі мүмкін. Сондықтан оқытудың барлық кезеңінде әрбір класта ғылыми түсіндіру мүмкіндігі бар. Мысалы, өсімдіктер мен адамдар ауамен дем алады, өсімдіктер мен адамдар дем алғанда оттегін жұтып, көмірқышқыл газын бөліп шығарады деген екі қағида ғылыми білімінің екі түрлі тереңдіктегі деңгейін бейнелейді. Бастауыш оқыту педагогикасында нақты бейнелік ойлаудан танымның ұғымдық формасына көшудің күрделі мәселесі туады. Теориялық материалды оқудың негізгі оқушы санасында ұғымдарды қалыптастыру болады. Кез келген ұғым – заттар, құбылыстар және олардың қасиеттерінің нақты жиынтығын сипаттайды. Мысалы, табиғаттағы су айналысы құбылысын түсіндіргенде балалар жерді шар түрінде, мұхит, теңіз, өзендерді оның су беті, жерді құрлық беті, оларды өз сәулелерімен жылытатын күнді дұрыс елестетуі жеткілікті. Осындай елестету оқу материалын баланың ғылыми игеруінің деңгейін көтере түседі. Неғұрлым іс-әрекетінде нақты заттар, құбылыстар, қасиеттер, оқиғалар елестетілетін болса, соғұрлым оқу материалы балаға түсініктірек болады. Оқытудың жүйелілігі Қоғамдық дамудың тарихи тәжірбиесі белгілі бір жүйеден тыс оқыту міндеттерін орындау мүмкін емес екендігін көрсетеді. Диалектикалық материализмнің таным теориясы негізінде оқытудағы жүйенің қоршаған әлем дамуының жалпы заңдылықтарына тәуелді екендігін ашып көрсетуге болады. Оқыту әлемді өз қолында тану міндетін қояды. Барлық заттар, құбылыстар нақты жүйеде дамиды. Материаның түрлі формада дамуы кеңістік пен уақытта ретсіз орын ауыстыру емес. Әлем қозғалысының заңдары заттардың, құбылыстардың сыртқы және ішкі байланысын анықтауға алып келеді. Қоршаған ортадағы жүйе оқытудағы жүйенің қажеттілігін анықтайды. Шындықтағы өзара байланыс жүйесі қандай болса, оның басындағы бейнелеуі де сондай болуы қажет. Оқыту танымның осы заңдылығына негізделеді, себебі, оқытудың мағынасы оқушының шындықтың нақты жақтарын дұрыс түсінуінде болып табылады. Қоршаған ортаның оқу


материалында бейнеленуі оны оқудың жүйесін анықтайды. Оқытудағы жүйе ғылым логикасына тәуелді. Егер мұғалім оқу материалын ғылым логикасы тұрғысынан бағаламасы, онда ол өз пікірінің дербестігін және сенімін жоғалтады, электрондық есептеу машинасы сияқты тек формалды хабар беру жолында тұрады. Кез келген оқу материалы өз бойында белгілі бір теориялық қағидалар, түсініктер жиынтығын және осы қағидаларды дәлелдейтін құралдырды қамтиды. Оқу программасы оқушы қандай теориялық және практикалық білім алуы керек екенін, оқушының оқу материалын оқу және түсіну мүмкіндігін анықтайды. Кез келген оқу материалы білімдердің ғылыми жүйесінің бөлігі ретінде өз бойында программа белгілеп бергенінен молырақ ғылыми қағидалар мен идеяларды қамтиды. Міне осы екеуінің, яғни программаға сәйкес оқылуға тиісті қағидалар мен идеялар және оқу материалы бойындағы кеңірек қағидалар мен идеялар арасында қарама-қайшылық туады. Осы қарама-қайшылық оқушылардың танымдық іс-әрекеті мен мұғалім жасампаздығын шектеп немесе кеңейтіп сабақта оқу материалын түсіндіру жүйесін таңдап алуға ықпал жасайды. Оқытудың жүйелілігі оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне де негізделеді. Сабақта материалды түсіндіру жүйесіне және оқу материалына талап ұдайы жетілдіріледі. Бастауыш класс оқушыларына сабақ мазмұнын тек есте сақтау ғана тәсілдерін ойлауы да маңызды. Сондықтан түсіндіру оқу матеиалын игеруге қажетті танымдық белсенділікті, оның нақты құрылымын, логикалық операцияларды қалыптастыруға бағытталған болуы керек. Сабақ барысында, түсіндіруде оқушының парасаттылығын дамытудың жан-жақтылығын есепке алу керек. Ақыл-ойды дамытуға бір-жақты қарау оқыту практикасында емес, тек экспериментте ғана болуы мүмкін. Оқу программасы білімдер шеңберін анықтағанмен, оқушылардың ақыл-ойының даму шегін анықтамайды. Бастауыш класс оқушыларының ақыл-ойын дамытудың әсерлі факторы мұқият ойластырылған сабақта түсіндірудің жүйесі болып табылады. Бастауыш класс оқушысы мектептегі бірінші күінен бастап хабарланған білімдердегі жүйені бейнелеп отырып бірізді және дәлелді ойлауға үйретіледі. Оқытудың қол жетерлігі Оқыту берілген сыныпқа, ондағы оқушылардың жасына, даму деңгейіне байланысты қол жетерліктей болуы керек. Керісінше болса, оқыту мағынасын жояды. Білімнің қол жетерлігі деген нені білдіреді? Оқушылар үшін қандай білім қол жетерлік деп есептеуге болады? Қол жетерліктің елеулі белгісі-қабылданылатын білімнің оқушы санасында бұрыннан барымен байланысты. Егер бұл байланысты жасай алмасақ, онда білім қол жетпестей болады. Себептері: материалдың


күрделілігі, оқыту әдістерінің сай еместігі, білімнің атүстілігі т.с.с. әр түрлі болуы мүмкін. Баланың санасында бар оқыту, семья тәрбиесінде оқу, табиғат пен қоғамдық құбылыстарды тікелей бейнелеу, ересектер және құрбықұрдастарымен қарым-қатынас, телехабарлар мен кинофильмдер т.б. процестерден алынған білімге негізделгеннің бәрі де қол жетерлік болады. Білім баланың жеке тәжірбиесіне, сол жеке тәжірбиеге оның бөлігі ретінде енсе ғана қол жетерлікке айналады. Зерттелетін білімнің оқушының жеке тәжірбиесімен байланысының мәні неде? Бұл жерде диалектикалық материализмнің таным теориясына иек артқанымыз жөн. Шексіз әлемнің кішкене бөлігі бала санасында білім, білік, іс-әрекет, қажеттілік, ынта т.б. түрінде бейнеленеді. Оқушының өміріне және жеткен табысына айналған осы бейне қоршаған әлемнің кез келген құбылыстарымен, заттарымен, қатынастарымен байланысты болады, өйткені материалдық дүниені мимен бейнелеуден басқа танымның жолы жоқ және барлығы өзара байланысты. Осы қағида оқытудың қол жетерлігі принципінің негізі болып табылады, адамның дамуын мүмкін етеді. Бұл принцип туралы айтқанда осы қағидадан бастау керек. Негізінде белгілі мен белгісіздің байланысының теориялық шекарасы да, шегі де жоқ. Адамзат жинақтаған білімінің бәрі өз-ара байланысты. Біз белгісіздік туралы айтқанда, есімізде бізді қанағаттандырмайтынды, құбылыстарды терең түсінбеуді, мағлұматтардың жеткіліксіздігін білдіреміз. Белгісіздік-тиісті хабардың жеткіліксіздігі. Әлем шексіз, сондықтан да адам танымының щектеуші мүмкіндгі бар. Бірақ кез келген уақытта деректер, идеялар, теориялар түрінде білімдер жиынтығының белгілі бір шегі мен көлемі болады. Осыдан танымның шектелген шындығы мен шексіз мүмкіндігінің арасында қарама-қайшылық туады. Осы қарама-қайшылықты шешу тәсілдері ақыл-ойдың жеке дамуымен болады. Және оқу материалының игерілуінің қол жетерлігінің әртүрлі дәрежесін анықтайды. Осы арада қол жетерліктің шекарасы, оның өлшемі туралы сұрақ туады. Оқу материалының қол жетерлігі және түсінілу мүмкіндігі оқушылардың баяндау жүргізілетін негізі формальды-логикалық ойлау формалары және ойлау операцияларының даму дәрежесіне тәуелді болады. Қол жетерлік білімдер жүйесінің жалпы білім алу арқылы дамуға ықпал дәрежесі жаңа оқу материалы байланыстырылатын баланың өмір тәжірбиесінің компоненттерімен анықталады. Оқу материалының оқушылардың дамуына пайдалы және қажеттілігін ажырата білу керек. Қоршаған әлемді дұрыс көре біліп, түсінуге мүмкіндік беретін кез келген білім пайдалы болады. Дегенмен, дәл осы кезеңде сол білімдердің жиынтығы баланың дамуы үшін керек екендігіне сеніміміз болуы керек.


Обьективті тұрғыда берілетін білімнің бастауыш мектеп оқушысы пайдалы және қажет екендігіне көз жеткізе алмауы мүмкін. Мысалы, музыкалық тәрбие беруге қажетті нотаны оқып үйренуді өзі үшін қажет емес деп есептеуі мүмкін. Қорыта келгенде, оқытудың қол жетерлік принципі мынадай үш мәселені қамтиды: хабарланатын жаңа білім оқушы бойындағы білімге және оның өмір тәжірбиесіне негізделген болуы керек; оқылатын білім жүйесі жалпы дамудың тереңірек деңгейіне өтуге көмектесуі немесе осы өтуді қамтамасыз ететін бағыт жасау керек; оқытудың нақты жағдайында осы оқу материалының оқушының даму міндеттерін шешу үшін қажеттілігіне көз жеткізетіндей болуы керек. Оқытудағы көрнекілік Оқытудағы көрнекілік принципінің қажеттігі ойдың нақтыдан абстрактылыққа, сезімдіктен рационалдылыққа /орындылыққа/ көшу диалектикасына негізделеді. Таным процесінің барлық кезеңдерінде танымдық іс-әрекеттің қажетті жағы есебінде баланың сезімдік тәжірбиесі қосылады. Оқу материалы қалай абстрактыланбасын, оған оқу процесінде белгілі бір шамада сезімдік тәжірибе қатынасады. Бастауыш мектептегі оқу процесінде сезімдік таным кіші мектеп жасындағы оқушының қоғамдық мәнін дамытудың дербес жағы ретінде немесе абстракциялауды қалыптастырудың құралы ретінде көрінеді. Мысалы, оқушы табиғат зоналарын елестетуде сезімдік бейне дербес мәнге ие болады, ал математикалық есептеуді үйренуде таяқшалар, яғни сезімдік бейнелер, түсініктерді игерудің құралы болады. Оқытуда пайдаланылатын сезімдік бейнелердің сапалық жағы көнекі құрал негізінде оқушыда нақты обьектіні елестетуді қалыптастыру, оқу материалында бейнеленген заттар мен құбылыстарды жинақтап, көру мүмкіндігін береді. Көрнекі құрал оқушының сезімдік танымын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Әдетте, көрнекі құралдарды нақты, бейнелі, схемалық деген топтарға бөледі. Бізді қоршаған материалдық әлем адам танымының мақсаты, ол-құрал емес. Обьективті өмір сүретін зат көрнекі құрал не көрнекілік емес. Сондықтан көрнекі құрал түсінігінен нақты заттарды, табиғи құбылыстарды шығарып тастау керек. Сонымен, көрнекі құрал түсінігінің елеулі белгілері қандай? 1. Кез келген көрнекі құрал шын процестердің моделі, түрлендірілген зат не оның өмір сүру жағдайы; 2. Оқу міндеттерін шешу үшін жасалған кез келген материалдық немесе белгілік модель көрнекі құрал бола алады. Көрнекі құрал-оқу моделі; 3. Көрнекі құрал-әрдайым таным құралы. Көрнекі құрал таным процесін нақты заттарды, олардың табиғи немесе қоғамдық өмір сүру жағдайын елестетуге жақындатады; 4. Көрнекі құрал түйсік пен қабылдау негізінде қорытынды жасауға мүмкіндік беретін сезімдік бейнелерді қалыптастырады. Көрнекі құралдарды


пайдалану арқылы оқушыларда пайда болатын сезімдік бейне таным құрылымында басты мәселе болып табылады. Көрнекі құралмен жұмыс істегенде мұғалім ең кемі мынадай үш нәрсені есепке алғаны жөн: 1. Көрнекі құралдың мазмұнына талдау жасау; 2. Оқушының ойы көрнекі құралдан нақты заттың өзіне өтуі керек, яғни оқушының ойлау әрекетін басқару керек; 3. Қалыптастырылатын сезімдік бейнені оқу міндетін орындаумен байланыстыру керек. Оқушылардың оқуының саналылығы мен белсенділігі Бұл принципте білімді игерулің психологиялық және таным процесінің жалпы заңдылықтары, яғни, теориялық пен эмпирикалық, обьективтік пен субьективтік, сенімдік пен рационалдық, нақтылық пен абстрактылық, даралық, ерекшелік және жалпыға ортақтық қатынастар бейнеленеді. Оқудың саналылығы мен белсенділігі принципі оқушылардың оқу материалын сапалы түсінуіне, мектептегі оқытуда саналы қатынасуын, танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған. Оқу білімдері логикасы оларды оқудың логикасын анықтайды. Теория жинақы берілген сайын оқушының ойпікір жүйесі анығырақ болады. Осыған сай түсініктерді игеру, ой процесінің басқару қарапайым болып, оқушының оқу материалын саналы ұғыну дәрежесі арта түседі. Бастауыш мектепте теориялық қағидаларды игерудің сапасы көп жағдайда сабақта жүргізілетін жаттығуларға тәуелді болады. Бір ережеге жаттығулардың бірнеше жүйесі таңдалып алынады, өз кезегінде олар игеру саналылығының түрлі дәрежесінің болуына ықпал жасайды. Түсінудің саналылығы сабақтағы теориялық және нақты материалдың ара салмағымен анықталады. Егер оқушы сабақта теориялық қағидаларды жеке бөліп, оларды түсінуге ұмтылса, онда ол оның негізін, дәлелдемесін, дәлелін іздейді,. Деректер, мысалдар, түсіндірмелер теорияны игерудің құралына айналады. Оқушылардың, әсіресе бастауыш мектепте оқу ынтасы, көп жағдайды, оқытудың нәтижесін айқындайды. Оқушының өз бетімен ойлауына, дайындығына талапты біртіндеп күшейту керек. Сол кезде білімдерді игеру жасампаздық сипат алады. Оқушының оқу жұмыстарына қатынасына зейін аудару керек. Егер оқушы оқығысы келсе, онда оған оқу материалын игеру жеңілірек түседі. Оқытуға теріс не иемқұрайлы караса, оқушының ойлау іс әрекетін басқару қиынға айналады. Оқушы білімді үлкен күшпен және еңбекпен игереді. Оқудың ниеті мен себептері оқу процесін логикасындағы қажетті түйін. Оқытудың тиімділігін мұғалімнің жұмысында үздіксіз және жүйелі қолданатын, оқушының оқуға ниетін тудыратын тәсілдеріне тәуелді болады. Оқу материалын игеру танымдық-психологиялық процестердің жеткілікті және психикалық күйдің белсенділігі болғанда ғана мүмкін.


Психиканың шындықты бейнелеуі айнадағыдай бейнелеу емес. Психикалық бейнелеу белсенділігі – оқушының ішкі күйінің, танымдық күштерінің, қоғамдық мәнінің көрінісі. Оқу материалын игеру процесінде оқушы өзін қоғамдық мәні бар адам ретінде көрсетеді. Ең бастысы - оқушы үшін оқу материалын және оның танымдық іс әрекетінің қандай мәні бар екенін түсіну. Белсенділік әрдайым адамның қоғамдық мәнінің нақты бағыттылығын, оқушы үшін мәні бар обьектілерге сананың жинақы бағытталғанын көрсетеді. Ең бастысы – оқушы үшін оқу материалы және оның танымдық ісәрекетінің қандай мәні бар екенін түсіндіру. Белсенділік әрдайым адамның қоғамдық мәнінің нақты бағыттылығын, оқушы үшін мәнді бар обьектілірге сананың жинақы бағыттылығын көрсетеді. Оқу материалын игеру процесінде бастауыш класс оқушысының белсенділігі әртүрлі және мұғалім талаптарына сәйкес болмауы мүмкін. Мұғалімнің зейіні ойлаудың логикалық операцияларына аударылса, оқушының ойлау белсенділігі мысалдар мен суреттемелерге аударылады. Оған ережеге қарағанда мысалды есте қалдыру жеңіл және анығырақ көрінеді. Немесе осыған керісінше мұғалім шарты өзгерген жағдайда ережені қолдана білуін қалыптастыру үшін оқушының таным белсенділігін нақты материалға аударса, ал балалар өз бетімен таңдап алған мысалдар арқылы түсіндіре алатын ереже мен түсініктер туралы айтуы мүмкін. Әрбір оқушының таным белсенділігін оқу міндеті мен оның өміріндегі мектептің орнын түсінуінде, оқу материалының ауыр немесе жеңіл игерілуінде, мұғалімнің талабын орындау білігі оқу іс әрекетінде туындайтын сезімі мен көңіл күйінің сезінуінде эмоциясында болады. Мұғалімнің міндеті - бастауыш класс оқушысының жалпы танымдық бедсенділігін көтеру үшін жағдай жасау, оқуға деген орынды қатынасын калыптастыру, өзіндік еңбек қабілетін тәрбиелеу. Оқытудың беріктігі Оқыту процесінде білімнің беріктігіне көптеген факторлардың әсері арқылы қол жетеді. Ол факторлардың ең маңыздысы оқыту принциптерін жүзеге асыру, педагогикалық шеберлік, оқушының оқуға ынтасы, оның еңбек қабілеті мен еқбек сүйгіштігі. Оқу материалының берік сақталуында оқушының өз өмірі үшін білімнің мәні жөніндегі субьективтік бағасы үлкен орын алады. Мысалы, оқушы кейбір оқу пәнін өзіне қажет емес деп есептеуі мүмкін. Мұндай пікір үстірт білімге алып келеді. Ал керісінше ұнатқан пәні бойынша оқу материалын терең және берік оқуға жетелейді. Білімнің ұзақ сақталуына көптеген обьективтік және субьективтік факторлар, атап айтқанда, баланың мектептен тыс оқуының және өмір жағдайы ықпал етеді. Оқытудың беріктігінің шешетін мәселесі оқ фактордың ықпалын күшейтіп, теріс факторлардың ролін төмендету, жою. Оқытудың беріктігі прринципінің мазмұнын құрайтын маңызды


қағидалар мыналар: - Берілген оқу материалының басты мәселесін бөліп алу. Сабакта хабарланатын білімдер өзара шартты байланыста болатын бөліктер мен буындар жиынтығынан тұрады. Зерттелетін білімдегі негізгі ой оқу материалының ең мәнді ерекшелігін бейнелейді, оқу материалының басқа бөліктерін өзіне бағындыратын ең терең қағиданы көрсетеді. Оқушының санасында білімдердің өзара байланысты бөліктерінің логикалық жүйесі пайда болады. Бұл жүйеде оқушы ерекше, болмашы , кездейсоқ байланыстарда бейнелейді. Сабақтың бір мазмұнының өзі оқушының зерттелетін білімнің логикасын анықтауына, басты қағиданы бөліп ала білуіне байланысты ақыл ойдың дамуына әр түрлі ықпал жасайды. Оқу материалын оқушының аса терең түсінуіне логикалық айқын және түсінікті басты ойлар мен қағидаларды бөлу есебінен күшейтуге болады .Әсіресе бастауыш класта үлкен мәні бар. Бастауыш класс оқушысы оқу материалын оны құрайтын логикалық бөліктерге бөле алмайды. Оқу материалын басты, тәуелді, тіпті елеусіз қағидаларға бөлмесе, оқушыға оны игеру өте қиынға түседі. - Негізгі ойдың оқушыда бар білімдермен байланысы. Негізгі мәселе ол жөнінде оқушының білетінімен байланысты болуы керек. Сабақ мазмұнындағы негізгі мәселені бөліп алу үшін осы тақырып бойынша оқушы білімін нақты логикалық тәртіпке келтірген жөн. Мысалы, оқушы табиғаттанудан судың үш күйін оқиды. Негізгі нәрсе қай күйде болмасын /сұйық, қатты, газ/, су өзінің су күйінде қалады. Бір күйден екінші күйге көшкенде су өзгереді, бірақ негізгі қасиетін сақтайды, құрылымы өзгермейді. Бұл негізгі ой оқушының су, қар, мұз, бұлт, бу жөніндегі білімдерін жүйеге келтіру және жинақтау негізінде игеріледі. - Материалистік көзқарастар мен сенімдер, сезім мен көңіл күй сезімін қалыптастыру. Білім оқушының көзқарастары мен сенімдері жүйесіне енуі керек, тек сонда ғана ол оқушының ішкі рухани жан азығына айналып, ұмытылмайды. Адам өз көзқарасын, дүниетанымын, сенімін жоймайды, олар өзгеруі мүмкін, себебі, олар адамның қоғамдық мәнінің бағыттығын көрсетеді, тәртібі мен іс әрекетінің негізін қалайды. Бастауыш класта ғылыми дүниетану элементі қалыптасады. Сондықтан хабарланатын білім бастауыш мектеп оқушыларын қоршаған әлемді жинақтай елестетуге, өзара байланыстылықты, өзгергіштікті, себептілікті, түсінуіне әкелуі керек. Оқушының сеніміне айналған, дүниенің бейнелік суретін жасауға көмектесетін білімді балалар ұмытпайды. Егер оқылатын оқу материалы балада қуаныш не реніш, рақым, сүйіспеншілік туғызса, ол білім есте ұзақ сақталады. Себебі өзіне тән сезім, көтеріңкі көңіл күй сезімі, күйзеліс т.б.оңай ұмытылмайды. Игерілген білімдерді оқушылардың практикалық іс әрекетіне қосу. Бастауыш класс оқушыларында білімнің сақталу беріктігін оқу материалының практикалық әркет және жаттығулармен байланыысы едәуір көтереді. Білім практикалық іс әрекетке қосылса, ол жүйелі түрде қайта жаңғырып, берігірек бекітіледі. Мысалы, жергілікті табиғатты бақылау


күнделігін жүйелі жүргізу мезгілдік табиғат құбылыстары жөнінде берік білім алудың алғышарты болып табылады. Халықтық педагогикада: « Қайталау – білім анасы» деп бекер айтылмаған. Қайталау мағыналау және есте қалдыру мақсатында жүруі керек. Қайталау білімді игеру логикасына жаңалық енгізеді. Қайталау білімдерді жүйеге келтіру, жинақтау, тереңдету, оқушының жеке өмір тәрбиесімен байланыстыру болып табылады. Оқытудың жекелік сипаты Оқудың жекелік сипаты принципінің негізгі қағидасы адам танымдағы және дамуындағы жалпының, ерекшенің және даралықтың, үйреншікті мен жекенің, абстрактылық пен нақтылықтың диалектикасына негізделген. Балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алу, оларға жеке қатынасты ұйымдастыру үлкен мән алады. Жас ұрпақты жан жақты дамыту міндеттерін орындау үшін қоғамдық өмір мектептен басқа да қосымша құралдарды көптеп береді. Айталық, балалардың қолында автоматты ойыншықтар, құрастыру желілері мен бөлшектер бар. Олар түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысады. Балалар радио, теледидар хабарлары, кино, диафильмдер, балалар әдебиеті мен театрларының үлкен танымдық мәні бар. Семья жағдайындағы бала өмірінің ұйымдастырылуы: материалдық жағдай, жастайынан өз бетіндікке, тәртіпке, еңбекке үйретілуі, еркелетілуі, үлкеннің ақылынсыз, жәрдемінсіз ештемеге қалыптаспауы, ересектердің ықпалынсыз өз құрдастарының арасында жүруі т.б. Осының бәрі әр баланың жеке айырмашылықтарына әкеліп соғады. Осымен қатар, бастауыш класс оқушыларының тәртібі мен ісәрекеттерінде жеке айырмашылықтарындың болуына жоғарғы нерв жүйесінің қызметі мен темпераменті де ықпал жасайды. Мектепке түсетін балалардың жоғарыда аталған факторларға байланысты білім қоры көлемі және тереңдігі жағынан әр түрлі болады. Сондықтан оқу себептері жоғарғы мәнге ие бола бастайды. Оқушылар дамуының әртүрлі деңгейі оларды жеке зерттеуді талап етеді. Оқытудың жекелік сипаты принципі оқытудың нақты міндеттерін белгілеуге және шешуге, оқушылардың білімі мен дамуының шамасын анықтауға көмектеседі. Білім нақты оқыту процесінде әрбір оқушымен жеке игеріледі. Дегенмен оқытуда білімді жеке игеру деңгейі класс, топ оқушыларында бір дәрежеде болуы мүмкін. Әрбір баланың жеке дамуында жалпыны анықтауға болады. Осыдан оқыту процесінде балалардың дамуы мен тәрбиесінің жалпылық ұғымдары / категориялары/ шығады. Бұл – ең алдымен, балалар дамуының ортақ деңгейі, бірдей білім қоры, ойлау процестерінің бірдейлік сипаты, іс әрекетімен тәрбиенің ұқсастығы. Әдетте бұндай ортақ деңгейлік оқуға қабылданатын, жас шамасы бірдей балаларда болады. Ортақтық тек биологиялық даму емес, олардың өмір жағдайының ұқсастығы, білімнің мазмұны мен ойлау сипатынанда болады. Мұндай ортақтық неғұрлым жас балаларда көбірек болады. Олардың психикалық дамуында ортақтық аз


болмайды. Жыл санап өмір тәжірибесі көбейген сайын дамуда жеке айырмашылықтар көбейе береді. Бұл жағдай балалар дамуындағы ортақтықты бөліп алуды қиындатады. Класс оқушыларының ортақ психикалық ерекшеліктері оқытуда әр оқушының оқу материалын тусіну мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл жерде оқушылардың жеке ерекшеліктері оқу міндетін шешуді үдететінін немесе тежейтінін ұмытпауымыз керек. Бастауыш мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктері жұмыс қабілетінен, тәртібінен, құрдастары арасындағы қарым-қатынасынан және орнынан , мұғалімге қатынасынан ерекше көрінеді. Кіші мектеп жасындағы балалардың жеке ерекшеліктерін зерттеудің тәсілдері бар. Олар: оқушыны жоспарлы, жүйелі бақылау; алдын ала жоспарланған жеке не топтық әңгіме; қосымша оқу міндеттері және ол жөніндегі оқушының ой пікірін талдау; баланың коллективтегі орны, жолдастарымен қарым-қатынас күйіне байланысты арнайы тапсырма беру т.с.с. ең бастысы баланы жан жақты зерттеп, оның орынды сапаларына сүйеніп, кемшіліктерін жою. Оқушының жеке ерекшеліктері оқу процесіне оң, бейтарап, теріс ықпалы жасауы мүмкін. Осының өзі оқушыға жеке қатынасты талап етеді. Оң сапаларды дамыту үшін кейде тек ата-анамен әңгімелесу жеткілікті. Басқа жағдайда мұғалім мен мектеп коллективінің тер төккен еңбегін қажет етеді. Кейде оқушының ақыл-ойын дамыту үшін арнайы программамен жұмыс істеу де қажет болады. Бастауышта оқушылардың ортақ психикалық және жас ерекшеліктерін терең түсіну оқытуда жеке ерекшеліктердің көрінісін анық сезінуге мүмкіндік береді. Балалардың ортақ және жеке ерекшеліктерін негізделген бастауыш оқыту білімді нәтижелі игеруге, баланың жоғарғы интеллектуалды және ізгілікті дамуына әкеледі. Өз бетімен жұмыс жасауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар. 1. Оқыту принциптері мен заңдылықтарының ара қатынасы қандай. 2. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі оқыту принциптерінің мәнін көрсетіңіз. 3. Оқытудың ғылымилық , жүйелілік және қол жетерлік принциптерінің қажеттігін дәлелдеңіз. 4. Бастауыш мектеп оқушыларының сезімдік танымын басқарудың негізгі қағидалары қандай? Көрнекті құрал негізінде оқушылардың шын объектіні көз алдына келтіруін қалыптастыруды нақты мысал арқылы көрсетіңіз. 5. Нақты тақырыпқа байланысты білімді игеру беріктігінің шарттарына талдау беріңіз. 6. Бастауыш оушыларының оқытудағы саналылығымен белсенділігі принципінің психологиялық негізін ашып көрсетіңіз. 7. Бастауыштың бір оқушысының жеке ерекшеліктерін, мектеп мұғалімінің кепілдемесін басшылыққа алып, зерттеп, оған оқыту процесінде жеке қатынас жасау жөніндегі мүмкіндік болатын ұсыныс беріңіз. 8. Оқытудың беріктік принципін жүзеге асыру тұрғысында байқау негізінде бір сабаққа талдау беріңіз.


4-лекция. Тақырыбы : Мектептегі білім беру мазмұны 1. Мектепте білім беру мазмұнының сипаттамасы Мектептте білім беру мазмүнының тарихи және таптық сипатта болады, қоғамдағы ғылым мен техниканың және жүргізіліп отырған саясатпен анықталады. Совет мектебі адамның қоғамдық мәнінің жан-жақты, үйлесімді дамуының негізін жасайды, жас ұрпаққа коммунистік тәрбие берудің міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді. Мектеп қабырғасында оқушы ғылым мен техника дамуының қазіргі деңгейіне дейін көтеріледі. Міндетті орта білім келешекте кез келген мамандықты меңгеруге мүмкіндік береді. Білім беру мазмұнын жетілдіру үшін төмендегідей міндеттер шешімін табуы тиіс: күрделіленген және бұратана материалдан арылған оқылатын пәндер материалының көлемін анықтау; негізгі түсініктер мен жетекші идеяларды айқын баяндап, оқу пәндерінде жаңа жетістіктердің ғылым мен техникадағы бейнелеуін қамтамасыз ету; оқушыларды қазіргі есептеу техникасын пайдалануға мүмкіндік беретін білім және дағдылармен қаруландыру; оқу процесінде қомпьютерлерді қолдануды қамтамасыз ету; оқыушылар меңгеруге міндетті ең қолайлы білік пен дағдыларды әр пән және жеке класс бойынша анықтау. Еңбекке тәрбиелеу, оқыту және кәсіптік бағдар беру жүйесі білім алуды жалғастыру үшін мектепті бітіруге жақындағанда оқушыны жанжақты ойланып, таңдалған мамандыққа және соған сәйкес оқу орнына әкелу керек. Оқытудың мазмұнын жетілдірудің негізгі қазіргі псхологиялық және педагогикалық, теориялық және эксперименталдық зерттеулер болып табылады. Олар оқушылардың ақыл-ойы дамуының зор мүмкіндіктерін, оларды жүзеге асырудың жолдарын көрсетті, соның арқасында білімді игерудің жасқа байланысты шекаралары қайта қаралады. Бастауыш білім беру мазмұны мектептің орта және жоғарғы кластарында берілетін ғылыми білімдердің негізін қалайды. Баланың болашағы, оның интеллектуалдық дамуы, мүддесі және оқуы, келешекте еңбек іс-әрекетіне қатынасы көп жағдайда бастауыш кластардағы білім беру мазмұны мен анықталады. Жай қарағанда бастауыш мектепте қарапайым есептеу, жазу, оқу дағдыларын қалыптастырады деген дәстүрлі көзқарас кіші мектеп жасындағы балалардың даму мүмкіндігін шектейді. Бірақ, екінші жағынан, бастауыш мектептегі басты нәрсе: баланың ой өрісін дамыту, нақты ақыл – ой әрекетін және ойлау операцияларын қалыптастыру сияқты тым тереңге кетіп қалуға болмайды. Бастауыш білім беру мазмұны математика, ана тілі, табиғаттану, әдебиет пен өнерден оқушыларға бастапқы ғылыми білімдерді хабарлайды.


Бұл білімдер берік игерілуі керек. Тек сол уақытта ғана ол мектептің орта және жоғары кластарында берілетін ғылыми білімдердің негізі бола алады. Бастауыш оқытудың мазмұнын игеру есептеу, оқу, жазу, ән айту, сурет салу, байқау білігі, сабақта зейінді болу, оқу еңбегін ұйымдастыра білу тағы с.с. дағдыларды қалыптастырмайынша мүмкін емес. Бастауыштағы білім, білік, дағдылар оқушылардың ой өрісін, қабілеттерін түрлі дәрежеде дамытып, ойлау іс-әрекетін түрлі сипатқа алып келуі мумкін. Қорытындысында осы мәселе оқушының жалпы ақыл ойының даму деңгейін анықтайды. Егер мұғалім оқушының танымдық іс-әрекетінің нақты құрылымын алдын ала белгілеп алған болса, бастауыш білім беру мазмұны оқушылардың кең дамуын қамтамасыз етеді. Оқушылар түрлі материалдармен, ауылшаруашылығы дақылдарымен, оқу құрал-жабдықтарын жөндеумен, ойыншықтар, мектепке, бала бақшасына үйге пайдалы түрлі заттар жасаумен қол еңбегінің өнерге қажетті қарапайым тәсілдерін меңгереді. Бастауыш білім беруді оқушылардың танымдық күші және ақыл-ой қабілетін дамытуды, қарым- қатынасқа, абстракциялау, жүйелілеу, дедукция мен индукциялау, анализбен синтездеуге үйретуді арнайы оқу міндеті етіп қойып қана шешуге болады. Мұның өзі жоғарғы кластарда оқушылардың ойлануының ерекше стилі – операциялық, алгоритмдік, яғни айтқанда, компьютерлік ойлау дағдыларын бекітуге көмектеседі. Оқу материалы коммунистік мораль, жоғарғы адамгершілік мұраттар мен сезімдерді тәрбиелеуді, дүниеге диалектикалық материалистік көзқарас элементтерін қалыптастырудың қажеттігін алдын ала қарастырады. Кіші мектеп жасындағы балалар үшін материалын зерттеу нәтижесінде іс- әрекеттің жаңа түрі, оның барысында оқушының қоғамдық мәні, мінезінің еркектік сипаты қалыптасады. Бастауыш оқыту мазмұны оқушылардың ақыл-ой, адамгершілік, политехникалық, еңбектік, әсемдікке көзқарастық және дене дамуының міндеттерін шешуге көмектеседі. 2. Оқу жоспары және оқу пәндері Совет мектебі жалпы білім беретін бірыңғай еңбек политехникалық мектеп деп аталады. Бірыңғайлылығы оқу жоспарларының, программаларының, оқу-тәрбие жұмыстарының бір негізділігі мен қамтамасыз етіледі. Орта білім беретін мектептің оқу жоспары – халыққа білім беру органдары, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің міндетті түрде орындайтын, халыққа білім беру министрліктері бекітетін мемлекттік документ. Оқу жоспарын құрудың негізгі – коммунистік тәрбиенің мақсаты мен міндеттері, адамның қоғамдық мәнін жан-жақты дамыту идеясы, КПСС пен совет үкіметінің халыққа білім беру саласындағы саясаты педагогика ғылымының қазіргі деңгейі, адам даму жөніндегі психологиялық, педагогикалық,


гигиеналық зерттеулердің, арнайы ғылымдардың, техника мен өндірістің жетістіктері, Оқу жоспарындағы пәндердің жиыны және оларды оқыту реті белгілі бір жас кезеңінде оқушының игеруі мүмкін және оның ақыл-ой, адамгершілік, политехникалық және еңбектік, әсемдікке көзқарас пен дене дамуының негізін құрайтын адамзат тәжірибесінің түрлі жақтарын бейнелейді. Оқу жоспары жалпы орта және кәсіптік білім беру құрылымына сәйкес келеді және әр класта оқылатын пәндердің санын анықтайды. Оқу жоспарында пәндер оқу жылдарына байланысты орналасады. Пәндерді оқу реті оқушылардың танымдық мүмкіндігін, үласымдылықты сақтауды, оқу пәндерінің өзара байланысын есепке алып, оқу пәндерінің мазмұнын жүйелі меңгеруді қамтамасыз етеді. Оқу жоспары әрбір оқу пәнін оқудың жалпы сағат санын, аптада оқу пәнін оқуға бөлінген уақытты, сонымен қатар әр апталық оқу сағатының мөлшерін анықтайды. Бастауыш класс мұғалімі орта және жоғары кластарда пәндердің оқылу ретін білуі керек, себебі, жалпы орта білім алудағы бастауыш оқытудың орнын анықтап түсінуі қажет. Оқу жоспарын құру ерекшеліктерін білу бастауыш және жоғары кластардағы оқытудың ұласымдылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқу пәні – оқушыларға ғылымның бастапқы негізгі қағидаларын игеруге мүмкіндік беретін алғашқы білім, практикалық білік пен дағдылар жүйесі, немесе оқушы жасына қарай тану мүмкіндіктеріне және даму деңгейіне сәйкес келетін мәдениеттің, еңбек және өндірістің нақты жақтары. Педагогикада оқу пәні ғылым негізі ретінде анықталады, оның мәні оқу пәнінің мазмұны келешекте қазіргі ғылыми меңгеруге мүмкіндік беретіндігінде. Оқу пәндерін бөлудің негізі – олардың адамзат тәжірибесінің белгілі жақтары болып табылуы. Олар: ғылым, идеология, еңбек, өндіріс, әдебиет, бейнелеу және музыка өнері, мәдениет, адам денесінің дамуы т.с.с. Оқу пәні адамзат тәжірибесінің бөлігін бейнелейді және соған сәйкес білім, білік дағдыларды қалыптастырады. Оқу пәндерінің жиынтығы мектептегі оқу барысында оқушының адамзат тәжірибесінен игерілуге тиістінің бәрін анықтайды. Оқу пәндерінің мазмұнында философиялық, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары шешуші фактор болады. Бірақ бастауыш мектеп оқушылары қазіргі ғылымды, адамзат тәжірибесіндегі күйіндей, бірден оқып қабылдауға дайын емес. Сондықтан ғылымнан бастауыш класс оқушысы түсінуі ықтимал, ғылымның негізгі қағидаларын игеруге мүмкіндік беретін, ондаған жылдардың барысында өзгермейтін материалды бөліп алу қажеттігі туады. Әрбір ғылым дамиды, барған сайын өзі бейнелейтін дүниенің жақтарынан тереңірек түсінік береді. Ғылымның көптеген қағидалары ескіреді, күшін жояды, жаңа көзқарас жүйесі мен жаңаша пайымдаулар пайда болады. Бірақ ғылымдағы білімдер жүйесінің өзегі болып табылатынкейбір


негізгі теориялық қағидалар сақталады (мысалы: математикадағы натурал сандар тізбегі, қатары, арифметикалық төрт амал және т.б.). Ғылымның негізгі қағидаларының салыстырмалы тұрақтылығы оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың, оның үздіксіздігінің, бірқалыптылығының шешуші факторы болады. Ойдың тарихи қозғалысына байланысты бір қағиданың өзі әртүрлі сипатталуы мүмкін. Бұл қағида әсіресе білімнің бастапқы жүйесін қалыптастыруда ерекше мағынаға ие болады. Жоғары кластарда оқушылардың бастауышта игерген білімдерінің есебінен ғылыми қағидалар тереңдетіледі. Баланың білімдері, қоршаған дүниені көз алдына келтіре білуі, ойлау операцияларының байланысу мүмкіндіктері оқу материалыныңтереңдігін шектейді. Оқу материалы кең психологиялық негіздемеге ие болуда. Сондықтан білімдерді игеру, оқушы жасының мүмкіндіктерін түсіну ұсынылатын оқу материалының мөлшерін анықтайды. Бастауыш класта ғылыми материалды таңдап алғанда теориялық қағидаларды оқу барысында білік пен дағдыларды қалыптастырудың мүмкіндігінен бастаудың маңызы зор. Кіші мектеп жасында теориялық тәуелділіктер мен қағидалардың негізінде дағдылар мен біліктер жасалатын болса, онда олардың үлкен мағынасы болады. Мысалы, грамматикада сөз таптарын оқу әрдайым сауатты жазу дағдыларын қалыптастыратын теориялық қағидаларды практикалық оқу іс-әрекетіне қосатын жаттығулармен байланысты. Бұл жағдайда теориялық оқу материалы ақылой іс-әрекетінде маңызды және қажетті мәнге ие болады. Ғылымда білім жүйесі тарихи даму ретімен орналасуы мүмкін яғни жинақталған және қысқартылған түрінде ғылым тарихын қайталайды немесе тарау, тақырып, шешімі табылған мәселелерді баяндау ретін анықтайтын, логикасы маңызды және терең қағидаларға тәуелді, логикалық өзгертілген түрінде берілуі мүмкін. Мысалы, физиканың материалы тарихи тізбектестік ретімен не физикалық құбылыстар мен процестер қазіргі атом-молекулярлық теория негізінде берілуі мүмкін. Бұл екі жағдайда да материалдың тізбектестігі мен жүйелілігі едәуір өзгертіледі. Оқу пәнінде бірнеше ғылымдардың жинақталған және қысқартылған түрі бейнеленуі мүмкін. Биология, мысалы, ботаника, зоология, анатомия, физиология сияқты дербес оқу пәндеріне бөлінеді. Бұл жағдайда жеке алынған оқу пәні, мысалы, ботаника жеке ғылыми білім жүйесін анықтайды және оның негізінде балаларда нақты білік пен дағдылар пайда болады. Осымен қатар бұл пәннің мазмұны басқа зоологияны оқып үйренудің тікелей негізі болады. Нәтижесінде табиғаттағы құбылыстардың өзара байланысы толық және терең ашылады. Басқа оқу пәндерінде, мысалы, сурет, музыка, дене шынықтыру, еңбек пәндерін оқушылардың оларға сәйкес іс-әрекеті түрлерінде білік пен дағдыларды қалыптастыру процесі басым роль атқарады. Бұл жерде теория оқу пәнінің мазмұнына аз мөлшерде енеді.


Осыдан келіп не теория, не практикалық білік пен дағдылар анықтаушы роль атқаратын оқу пәндерінің өзіндік құрылымы пайда болады. Осы жағдайларға сәйкес оқу пәндерін жетілдіру жолдары анықталады. 3. Оқу программалары Барлық пәндер бойынша оқу программаларын жетілдіру әлеуметтікэкономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің, оқушылардың жас ерекшеліктерінің талаптарымен анықталады. Оқу программасы жүйелі және тізбектестік ретімен оқу пәнінің мазмұнын бөлімдер, тараулар, тақырыптар ретінде баяндайды. Программа қандай лабороториялық, практикалық жұмыстар, экскурсиялар, тәжірибелер, өз бетімен жұмыстар және арнайы байқаулар жүргізілуі керек екенін көрсетеді. Программа әр оқушы меңгеретін міндетті теориялық білім көлемін, нақты материалды, практикалық білік пен қағидаларды анықтайды. Совет мектебінде оқу программасы – халыққа білім беретін органдар бекітіп, орындалуы міндетті мемлекеттік документ. Мектепте білім беру жүйесінде әрбір оқу пәнінің бекітілген оқу программасы болады. Бұл біздің елімізде мектептің бірыңғай және мемлекеттік болуы принципінен шығады. Тәрбиенің бірыңғай мақсаты – адамның қоғамдық мәнін жан-жақты және үйлесімді дамыту – мектептегі бірыңғай оқумен, барлық мектеп үшін бірдей оқупрограммасымен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік оқу орны ретінде мектеп бекітілген бірыңғай программамен жұмыс істейді. Программа жасалғанда оқу пәні мен ғылымның, оқу материалының баяндау тереңдігі мен баланың жас ерекшелігі мүмкіндігінің өзара күрделі шартты байланысы ескеріледі. Сондықтан оқу программаларыныңнегізін жасағанда педагог, психолог, методист, арнайы ғылым саласындағы маман ғалымдар, физиолог, гигиенистердің бірлесе қатынасуы керек. Әрбір программаның түсінік хатында оқу пәнінің білім беру, тәрбие және дамыту міндеттері түсіндіріледі, программаны оқуда және оқыту әдістері бойынша психологиялық, педагогикалық тұрғыда қарауға қысқаша сипаттама беріледі, жеке тақырыптар мен мәселелердің игерілу ерекшеліктері мен қиындықтарына және кейбір білік пен дағдылардың қалыптастырылуына зейін аударылады және ол оқушылар білімі мен біліктілігіне қойылатын негізгі талаптармен аяқталады. Бастауыш мектепте оқу программалары балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендірілген. Алты жасарлар үшін жаңа программа жасалған. Программа мазмұны қол жетерлік, жүйелілік, ғылымилық тұрғысынан жетілдіріледі. Программалық материал сызықтық және концентрлік болып екі түрде орналастырылады. Уақытты үнемдеу тұрғысынан қарағанда программаны сызықтық орналастыру тиімді, себебі, бір тақырыпты екінші рет қайталамайды. Бірақ оқушы бір рет оқыған тақырыбын саналы және терең түсінбеуі мүмкін, ал мұның өзі басқа тақырыптар мен бөлімдерді оқуға


қиындық туғызады. Бұл артта қалуға, пәнге деген қызығуды төмендетуге итермелейді. Оқушыға мұны өз бетімен жеңу қиын. Мұғалім мұндай жайды ескеруі керек. Көп жағдайда ол үшін оқушымен қосымша сабақтар өткізу жеткілікті. Оқу материалының концентрлі орналастырылуы келесі кластарда жеке тақырыптарды, бөлімдерді түгелдей қайталауды қарастырады. Жаңалығы – тек құбылыстар, қағидалар, түсініктер мен заңдардың тереңірек ғылыми сипаттамаларын игерту. Материалдың бұлай орналасуының кемшілігі оны оқуға уақыттың көп кетуінде. Дегенмен бір мәселені келесі кластарда тереңдете қарау ғылыми білімдерді жинақтауға және жүйеге келтіруге белсенді ықпал жасайды, оқушылар дамуының жалпы деңгейін қарқынды көтереді, дүниетану, көзқарас, сенімдерді қалыптастырудың жақсы алғышарттарын жасайды. Бастауыш мектеп пәндерінің программаларына төмендегідей сипаттама беруге болады. I – IV кластардағы ана тілі программасының мазмұны – мектептің ортаңғы клатарында оқылатын ана тілі мен әдебиеттің бөлінбес бөлігі. Басым көпшілігі – тілдің практикалық курсы. Сондықтан программаның барлық бөлімдерінде балалардың тілін дамытуға басты зейін аударылады. Кіші мектеп жасындағы балалар мағыналы оқуға, сөйлеуге, жазуға үйренеді, тілмен әдебиеттен бастапқы мағлұматтар алады. Сауатты жазу дағдылары мен біліктілігі қалыптасып, қоршаған әлем, Отан туралы түсініктері байиды. Табиғаттану материалының мазмұны оқушылардың жалпы білім алуын дамытып, мектептің орта және жоғары кластарында география, ботаника, зоология, анатомия мен физиология пәндерін жүйелі оқудың негізін жасайды. Еңбекке оқыту программасы бастауыш мектеп оқушыларының еңбек және политехникалық дайындығын жүзеге асыруды көздейді. Басты міндет – адамдардың еңбек тәжірибесі жөніндегі білімдерін қалыптастыру мен кеңейту, еңбекке саналы қатынасты қалыптастырып, балалар түсінетіндей мамандықтармен таныстыру. Бұл жерде зейін практикалық жұмыстарда конструкторлық қабілетін дамытуға, өсімдіктерді өсірудің тәжірибе жұмыстарын жүргізуге аударылады. Программаның мазмұны тапсырмаларды орындаудың жоспарын жасау іскерлігін қалыптастырады, графикалық сауаттану элементтерімен таныстырады, материалдарды жұмсаудың есебін жүргізуге үйретеді. I – IV кластардағы бейнелеу өнерінің мазмұны нақты заттың суретін салу, тақырыпқа сәйкес сурет салу, декоративтік сурет салу, бейнелеу өнері туралы әңгімелер жүргізуді қарастырады. Музыка программасы кіші мектеп жасындағы оқушыларға идеялық және эстетикалық тәрбие беруді, музыкаға деген сүйіспеншілікті, музыкалық қабілетті, көркемөнерге деген талғамды дамытуды көздейді. Балалар музыкалық сауат жөнінде бастапқы мәліметтер алады, мектептегі музыкалық тәрбиенің негізі болып табылатын хормен ән айту дағдысын


қалыптастырады, музыка тыңдау арқылы қабылдау және елестету бейімділігін дамытады, музыкалық ой-өрісін кеңейтеді, эстетикалық сезімін қалыптастырады. Дене тәрбиесі пәнінің программасы келешектегі еңбекке, Отан қорғау ісіне даярлықты жетілдіре түсуге бағытталған. Мазмұны – оқушы денсаулығын бекіте түсу, денесін шынықтыру, табиғи қозғалысты дамыту: жаяу жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, тепе-теңдікті сақтау, лақтыру; бейімділік пен шапшаңдық, дене түзулігі мен қозғалыс үйлесімділігі; ерік сапаларын тәрбиелеу; физкультура мен спортқа деген қызығуын дамыту міндеттерін орындайды. Гигиеналық дағдылары сақтауға, жүйелі жаттығуларға үйретеді. Қозғалыс әсемдігі жөнінде эстетикалық сезімін қалыптастырады. Программа гимнастика, ойындар, жеңіл атлетика, шаңғымен жүру дайындықтары бөлімдерінен тұрады. Бастауыш мектеп пәндері программаларының қысқаша сипаттамасы – міне, осындай. Олар оқушының жан-жақты, үйлесімді дамуын, мектептің ортаңғы және жоғары кластарында нәтижелі оқу мүмкіндігінің негізін қалайды. Оқу программаларын орындау кіші мектеп жасындағы оқушының білім сапасы, оның қоғамдық мәні сапаларын толық қалыптастыру жөніндегі қамқорлық болып табылады. 4. Бастауыш мектеп үшін оқулықтар Оқыту процесінде оқулық қажетті түйін болып табылады. Ол ежелден оқытудың маңызды құралы болып саналады. Оқулықтың оқыту, дамыту және тәрбиелік мәні болады. Оқушылардың жас мүмкіндіктеріне қарай, программа негізінде ол оқу материалының жүйесі қалай оқыту керек деген мәселеге елеулі ықпал жасайды. Оқулықтарға талаптар қойылады. Олар: қоғамдық бағыттылығы, материалдың ғылымилығы, оны құру жүйесі мен мазмұнының психологиялық және педагогикалық негізделуі, хабарланатын білімдердің оқушылар жасының психологиялық ерекшеліктері мен қабілеттерінің дамуына сәйкес келуі. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы оқулық мазмұнына, олардың толықтырылуына, қайта өңделуіне, жаңадан жасалуына ықпал етеді. Оқулық осы заманғы ғылыми білімдерді игерудің негізі болатын тұрақталған ғылыми қағидаларды қамтиды. Осылайша оқулықтың тұрақтылық принципі сақталады. Бастауыш класс оқулықтары идеялылық пен партиялылық, ғылымилық, тұрақтылық, жүйелілік, қажеттілік сияқты жалпы талаптарды қанағаттандыруы қажет. Дегенмен бастауыш оқыту жағдайында оқулықты құрастыруда қосымша қиындықтар пайда болады. Кіші мектеп жасындағы, әсіресе бірінші класс оқулықтарында, баланың өмір тәжірибесімен, ойпікірінің дағдылы логикасымен тығыз байланысты бастапқы ғылыми білімдерді береді. Сондықтан оқулықта көп түсініктер, мысалдар, тапсырмалар, жаттығулар, көркемдеулер қамтылып, мүмкіндігінше ойын, жұмбақтар қосылады. Оқушылардың теориялық тәуелділіктерді ажырата


білуі және игеруі жаттығулар сипаты мен жүйесіне байланысты болады. Оқулық ойландыратындай және қызықты, тырысу және білуге құштарлықты дамытады. Бір оқу пәнінің өзі түрлі формада, әртүрлі логикалық құрылымда, айрықты ой-пікір, дәлелдеме, мысал мен жаттығулар негізінде баяндалуы мүмкін. Бастауыш класс үшін әліппе мен математика оқулығын жасаудың ғылыми негізделген бірнеше жолы бар. Кіші мектеп жасындағы оқушы ойының қарама-қайшылығы, әсіресе нақтыдан абстрактылыққа көшуге, оқу пәндерін оқудың түрлі жолдарын негіздеуге мүмкіндік береді. Ресми оқулық халық ағарту органдары бекіткен оқулық болып табылады. Бастауыш мектеп оқулықтарымен мұғалім жұмыс істеу үшін оқыту мен оқудың тиімді құралдары және тәсілдерін іздеуге көмектесетін, басшылыққа алатын методикалық құралдар жасалады. Басты мәселе – ғылыми білімді, оқу біліктілігін, кітаппен жұмыс дағдыларын жүйелі меңгеруді алғаш бастаған балаға үйрету. Оның мазмұны: оқылған тақырыпты есте ұстау, ережелерді табу және жаттай білу, жаттығуларды орындауда ережелерді білу; көркемдеулердің не үшін керек екенін және оларды жұмыста пайдалана білу; оқулықтармен жұмыс істеуде жинақы болу және зейін қоя білу, алаңдамау; кітапты пайдалануда мұқият болу т.с.с. Әрқайсысы өз функциясын орындайтын: оқулықтар, оқу программалары, оқу жоспары, оқу құралдары, методикалық нұсқаулар, оқушы дәптерлері, бақылау күнделіктері, оқу жабдықтары, көрнекі құралдар, оқытудың техникалық құралдары, оқу кинофильмдері, компьютерлік техника-бәрі оқу методикалық комплексті құрайды. Мұндай комплекс мұғалім еңбегін ұйымдастырады және тәртіптендіреді, іс-әрекетін тиімді жоспарлауға және оның нәтижесін алдын-ала көруге мүмкіндік беріп, жаңа ізденістің, жасампаздықтың негізін жасайды. Өз бетімен жұмыс жасауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Бастауыш оқыту мазмұнын жетілдірудің жолдары қандай? 2. Ғылым мен оқу пәнінің арақатынасы қандай? Бастауыш мектепте оқу пәндерін құрудың ерекшеліктерін түсіндіріңіз? 3. Не себептен совет мектебінде оқу программалары мен оқу жоспары мемлекеттік документ болып табылады? Бастауыш мектептің оқу жоспарына педагогикалық талдау беріңіз. 4. Бастауыш оқыту оқушының қоғамдық мәнін жан-жақты және үйлесімді дамытуға негіз болатынын дәлелдеңіз. 5. Бастауыш мектептің бір пәнінің оқулығы мен оқу программасының сәйкестігіне талдау беріңіз. 6. Бірінші класта сабақты байқай отырып, оөу материялын мазмұнының білім беру, тәрбиелеу және дамыту функцияларына талдау беріңіз.


5 -лекция. Тақырыбы: Оқыту процесін ұйымдастыру формалары 1. Сабақ – мектепте оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы Өз алдына дербес процесс ретінде пайда болып және бөлініп шыққалы бері тарихи дамуда оқыту түрлі ұйымдастыру формаларында жүзеге асып келеді. Совет мектебінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болып табылады. Сабақтан басқа да оқытуды ұйымдастырудың формалары бар. Мысалы, үйірме, экскурсия, практикалық жұмыстар, лекция, семинар, әңгіме, практикум, факультатив, консультация, зачет, емтихан тағы басқалар. Бірақ оқыту процесінде сабақ өзінің жетекшілік мәнін сақтайды. Сабақтың белгілері: белгілі бір уақытта бірдей басталуы; белгілі бір уақытпен шектелуі; үзілістің болуы; жас шамасы қатар және саны шамалас балалардың тобын қамтуы; материялды оқу қарқынының бірдейлігі т.с.с. Бастауыш мектепте сабаққа қойылатын негізгі талап оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту функцияларын жүзеге асыру болып табылады. Әр сабақта бұл функциялар белгілі дәрежеде жүзеге асады. Мұғалім жұмысының бастысы сабақтың білім беру, тәрбие, дамыту міндеттерін біріктіре отырып, осы функцияларды басқару болады. Әр сабақ оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың ғылымилық, жүйелілік, саналылық пен белсенділік, білімді игерудің беріктігі принциптерінің негізінде құралады. Программалық материалды оқу процесінде сабақ белгілі бір орын алады. Әр тақырыпты және оқу пәнінің мазмұнын игеруде сабақтар жүйесін көре білу керек. Сабақта оқытудың қандай жолдарымен жүзеге асырылатыны алықталған болуы қажет. Бұл жолдарды мұғалім алдын ала анықтайды. Нақты белгіленген жолдарды сабақ барысында орынсыз өзгертудің қажеті жоқ. Егер оқушылардың ойлау іс – әрекеті мұғалім ой – пікіріне қарай жүйе мен тәртіпті бейнелейтін болса, оқушылар оқу материалын нәтижелі және жеңіл игереді. Сабақ жақсы дайындалған, ұйымдастырылған және жабдықталған болуы қажет. Мұғалім сабақ жоспарын немесе конспектсін дайындайды, білім беру, тәрбие және дамыту міндеттерін, сабақтың бөліктері мен кезеңдерінің өткізілу ретін белгілейді. Өте тәжірибелі деген мұғалімнің өзі де сабаққа жоспарсыз немесе арнайы дайындықсыз бармайды. Сабақ мағыналы ізденіс, жасампаздық сипатында болады. Мұғалім озат тәжірибені саралап қабылдайды, жаңа білімдерді баяндау және өткенді тиімдірек қайталаудың жолдарын іздейді. Бастауыш класс сабақтарында мұғалім іс – әрекетінде, әсіресе, өзіндік құлшыныс, іздеп табу, жасампаздықтың көрінуінің маңызы зор. Бастауыш


мектеп оқушысына оқу материалын өзінің оқығысы келуі, оқу оларға қызық, онша мезі қылмайтын болуы маңызды. Бастауыш класта тұрақты және айнымайтын қалыпта сабақ өткізу баланың қиын іс-әрекеті. Сабақта материалды оқуда жасампаздық пен өзіндік ерекшелік орынды көңіл-күй туғызады, мұғалім мен оқушыларға қанағаттану мен қуаныш әкеледі. Бастауышта ең бастысы әр сабақта жеке оқушының сабақ мазмұнын игеруде бала ойындағы логикалық операциялар мен тәсілдерді мұғалім көре білуі керек. Әсіресе бұл бастауыш мектеп оқушыларының абстракцмялық ойпікірге көшу кезеңінде, оларда жаңа ойлау әдісі қалыптасу және даму кезеңінде қажет. Егер мұғалім кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау ісәректінің жалпы және жеке ерекшеліктерін жақсы түсінсе ғана, олардың бастауыш оқыту мазмұнын нәтижелі игеруін қамтамасыз ете алады. Сабақ оқушылар тәртібін және мойынсұнуын талап етеді. Сабақ талап ететін тәртіпке бала бастауыш класта үйретілуі керек. Бұл үшін орынды талап және бақылау қажет. Бастауыш класс мұғалімі педагогикалық талап қоюдың түрлі тәсілдері мен формаларын игереді. Бұл жердегі негізгі принцип: балаға қаншалықты үлкен талап қойылса, соғұрлым оған үлкен құрметпен қарау керек. Осы құрметті сезінсе ғана бала мұғалімнің кез келген педагогикалық талабын орындауға тырысады. Бастауыш класта тәртіпті дұрыс ұстау биязылық, қайырымдылық пен қажетті қаталдық және талап етудің қатар жүргенін қалайды. Кіші мектеп жасындағы оқушылар, әсіресе алты жасарлар, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеуді жете білмейді, сондықтан олар қайырымды және қатал талап қоятын мұғалімді қалайды. 2. Сабақ типтері мен құрылымы Сабақта білімдерді игеру, білік пен дағдыларды қалыптастыру – өте күрделі және қарама-қайшылықты проесс. Материалды оқытуда түрлі міндеттер, жолдар, тәсілдер мен формалар пайда болдаы. Мұның өзі сабақтың көп түрлілігіне алып келеді. Сабақты типтерге бөлу оқытудың нақты жағдайында ең қолайлы дегенін таңдап алуға көмектеседі. Сабақтың әр типінің нақты қрылымы мен ерекшеліктері болады, ол өз кезегінде мұғалімге материалды дұрыс және тиімді түсіндіруге, бекіиуге, оқу материалын қайталауға және оның игерілуін бақылауға көмектеседі. Педагогика ғылымында сабақтың мүмкін болатын нұсқалары мен түрлерін қамтитын біртұтас қатып қалған классификациясы /топтауы/ жоқ. Сабақты классификациялаудың ең пайдалы және қолайлысы, біздің пікірімізше, оларды материалды оқытудағы көзделетін дидақтикалық /білім беру, оқыту/ мақсаттарына тәуелді классификациялау. Осы негізде сабақтар төмендегідей типтерге бөлінеді: оқу материалын түсіндіру; білік пен дағдыларды қалыптастыру; жинақтау және қайталау; оқушылардың білімін бақылау, тексеру және бағалау; аралас сабақтар.


Сабақ типінің нақты құрылымы болады. Түсініктірек болу үшін аралас сабақ құрылымын қарастырайық: 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Бұл негізінен оқушыларды сабақтағы оқу жұмысына дайындау болып табылады. Бұл кезең барлық типтегі сабақтарға ортақ, әсіресе бастауыш класс үшін өте маңызды. Сабақ басталарда балалар оқулықтарды, дәптер, қалам, қарындаштарын алып, жұмыс орнын дайндайды. Парта үстінде тек қажетті жабдықтарды ғана қалдырады. Бұл – дайындық сабқтың нәтижелі болуының алғышарты. Оқушылар мұғалімнің бұл талабын, оған байланысты жинақылғын ерекше сезінуі қажет. Ол оқушылардың оқу жұмысына мойынұсынуын қамтамасыз етеді. 2. Оқушылардың алдына сабақ мақсатын қою. Мұғалім оқушылар зейінін сабақтың негізгі мақсаттарына шоғырландырады, мұның үлкен психологиялық мәні бар. Оқушылар тек мұғалімнің сабақтағы іс-әрекетінің міндеттерін ұғынуға үйретіледі. Сабақ міндеттері білім беру, тәрбие, дамыту болып бөлнеді. Білім беру – оқу материалын оқушылардың меңгеруі. Бұл нақты сабақта жүзеге асады. Тәрбие оқу материалы мазмұны, оқу еңбегі оқушыға тәрбие қырларынан қандай ықпал жасауын көрсетеді. Сабақтың дамыту міндеттері логикалық операциялар мен тәсілдер, пікір мен ақыл-ой қорытындысы, танымдық белсенділік пен қызығуды қалыптастыру қырынан көрінеді. Тәрбие және даму сабақтар жүйесінде қаралы жөн. 3. Жаңа оқу материалын түсіндіру. 4. Бекіту және қайталау. 5. Қол жеткен нәтижені тексеру және сабақ қорытындысын шығару. 6. Үйге тапсырма беру және орындау жөніндегі нұсқаулар. Аралас сабақ әсіресе бастауыш мектептегі оқыту процесінде көп орын алады. Әрине бұл ортаңғы және жоғары кластарла да бар, дегенмен ол әр сабақтың міндетіне ене бермейді. Жаңа материалды түсіндіру сабағының құрылымы 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. 2. Жаңа материалды игеруге дайындау: арнайы сұрақтар, тапсырмалар немесе сұрау көмегімен өтілген материалдың игерілуін тексеру. 3. Сабақ міндеттерін оқушылардың алдына қою. 4. Жаңаны түсіндіру. 5. Жаңа материалдың игерілуін және бекітілу нәтижесін талдау мақсатындағы сұрақтар, тапсырмалар, жаттығулар, өз бетімен және практикалық жұмыстар. Негізгі уақыт материалды түсіндіруге бөлінеді. Сабақтың басқа кезеңдері осыған бағындырылады. Басты мәселе сабақтың бұл кезеңдеріне осыған бағындырылады. Басты мәселе сабақтың бұл кезеңдеріне мөлшерлі уақытты қалай болса солай бөле салу емес, онда қажетті логикалық түйін болуы керек: жаңа оқу материалын түсіндіруге дайындық және оқушылардың оны игеруін талдау. Мысалы, алдыңғы сабақта жаңа


Click to View FlipBook Version