The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Қоянбаев Р.М. тағылымды тарих

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search

Қоянбаев Р.М. тағылымды тарих

Қоянбаев Р.М. тағылымды тарих

материалға байланысты тапсырма берілген болса, оны тексеру жаңа білімдерді игеруге дайындықтың құралы болады. Түсіндіруден кейінгі тексеру сұрақтары мен тапсырмалары балалардың жаңа мазмұнды игеру процесіне көз жеткізу үшін қойылады. Мұғалім шеберлігі мен тәжірбиесі түсіндіру барысында-ақ балалардың оқу материалын игеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін бала психологиясын, танымдық іс-әрекетерінің заңдылықтарын жете білу қажет. Егер оқушылар тез және жеңіл түсінетін болса, онда бекіту сабақтың аз ғана уақытын алады. Егер материалдың елеулі жақтарын қиындықпен түсінсе, онда түрлі түсініктемелер беру нәтижесінде бекіту ұзаққа созылады. Мұғалім сабақты қорытындылағанда негізгі қағидаларды, оқушы өз бетімен оқыған уақытта және үй жұмысын орындауда не нәрсеге зейінді шоғырландыру қажеттігін біледі. Бастауыш мектепте сабақта түсіндіру көп жағдайда 10-15 минут уақыт алады. Бұл кіші мектеп жасындағы оқушылардың жасына сай психологиялық ерекшеліктеріне тәуелді, оларға біртекті ақыл-ой жұмысына ұзақ уақыт зейіндерін шоғырландыру қиын. Сондықтан да мұғалім жаңа түсініктер, қағидалар, ережелерді қысқаша түсіндіріп, оқушылардың іс-әрекетінің сипатын тез өзгертуге тырысады. Мысалы, жаттығу өз беімен жұмыс, практикалық тапсырмалар тағы с.с. арқылы. Сабақты түрлендіріп түрлендіруді кейде 20-25 минутқа дейін созуға болады. Бастауыш мектепте жаңаны түсіндіру сабақтарын өткізу пайдалы. Кіші мектеп жасындағы түсіндіру сабақтарын өткізу пайдалы. Кіші мектеп жасындағы балалар ұзағырақ түсіндірулерге қағидаланады., ол келешекте мектептің орта және жоғары кластарына тән болады. Бекітіу сабағының құрылымы 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. 2. Міндеттерді қою. 3. Үй жұмысын тексеру және жаттығулар, практикалық, лабораториялық, өз бетімен жұмыс түрінде орындалған материалды бекіту. 4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма. Түсіндіру дербес кезең ретінде бөлінбейді, бірақ түсіндірулер, анықтамалар, хабарламалар арқылы бекітуде жаңа, қосымша мәліметтер беріледі. Жаттығулар және өз бетімен жұмыс түрлерінде оқылған материалды қайталау сәттері де кездеседі. Үй жұмысын тексерудің өзін ерекше бөлмей, мұндай сабақтарда бекітумен біріктіруге, бекітудің логикалық құрылымына өндіруге болады. Бастауыш кластарда білімді бекітудің негізгі құрылу жаттығулар мен практикалық жұмыстар болып табылады. Қайталау сабағының құрылымы Бұл сабақтың құрылымы бекіту сабағы сияқты. Айырмашылығы тек қайталаудың мазмұны, формасы, жүзеге асырылу жолдарында ғана. 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. 2. Міндеттерді қою.


3. Оқу материалын қайталау. Үй жұмысын тесеруді қайталаудың бір сәті ретінде қайталау логикасына өндіру қажет. Кезекті қайталауды біле тұра алдыңғы сабақта мұғалім лайықты үй жұмысын таңдап алады. 4. Қайталауды қорытындылау, сабақтағы оқу жұмысының нәтижесін тексеру, үйге тапсырма. Қайталанатын оқу материалының мазмұны мен көлемін мұғалімнің жұмыс істеу жолдары мен формалары және оқушылардың танымдық ісәрекетінің сипаты анықтайды. Қайталау мен бекітудің ұқсастығы көп, бірақ сабақты ұйымдастыруда олардың айырмашылығын көре білу керек. Әдетте жеке ережелер мен қағидалар түсіндіруден кейін тікелей бекітіледі. Бекіту кезінде алғашқы оқу біліктілігі мен дағдылары қалыптасады. Қайталау әдетте күнделікті тоқсан, жарты жылдық не тұтас оқу жылында өтілген жеке тақырып, оқу программасының бөлігін немесе бүкіл оқу материалын қамтиды. Сондықтан қайталау сабағындағы басты міндет оқу материалын жүйеге келтіру және жинақтау, басты қағидаларды бөлу, теориялық және нақты материалдың ара қатынасын түсіну. Білімді тексеру сабағының құрылымы Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Бұл жерде байыпты жұмыс жағдайын туғызу қажет. Балалар бақылау жұмысынан үрейленбеуі немесе шамадан тыс күйзеліске ұшырамауы керек. Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сабақ міндетін алға қою. Мұғалім балаларға қандай материалды тексеретінін немесе бақылайтынын айтады. Балалардың қандай материалдарды еске түсіруі және пайдалануы қажет екенін сұрайды. Өз жұмыстарын өздері міндетті түрде тексерулері керек екенін еске салады. Бақылау жұмысынң мазмұнын баяндайды: есептер, мысалдар, диктант, шығарма, сұраққа жауап немесе басқа түрлері. Бақылауға арналған тапсырма көлемі немесе қиындық дәрежесі жағынан программаға сай және әрбір оқушының қолы жететіндей болуы керек. Сабақтың қорытындысын шығару. Оқушылар жұмыстарын тексергеннен кейін мұғалім жақсы жұмыстарды айрықша бөледі, ұқсас қателіктерге талдау жасайды, кеткен қателерді түзету мақсатында жұмыс ұйымдастырылады. Сабақта оқушылардың білімін тексеру мұғалімге өзінің оқыту ісәрекетінің артықшылықтарын түсінуге және кемшіліктерін анықтауға ұйымдастырады. Алты жасарлармен сабақ жүргізудің өзіндік ерекшеліктері бар: сабақтың ұзақтығы /35 минут/, материалды оқу қарапайым және қол жетерлік, ойын және қызықтау элементтерін қосу, бағалық ой-пікірдің орындылығы. 3. Экскурсия – оқу жұмысын ұйымдастыру формасы Оқу экскурсияларының мәні оқушылардың тікелей бақылауы барысында оқу материалын жергілікті табиғи және қоғамдық құбылыстармен


байланыстыруында. Олар өздерінің іс-әрекетінде үнемі оқулыққа, оқу кітаптарына, мұғалімнің түсіндірулеріне бағытталған. Экскурсия танымдық іс-әрекеттің құрылымын өзгертеді. Таным мақсаты өзінің табиғи жағдайындағы шын обьектілер түрінде кездеседі. Оқушы адамзат білімінің қайнар көзі болып табылатын шындыққа жақындайды. Оқушы үшін оқу материалы экскурсия кезінде көріп және бақылайтын заттарды тану құралына айналады. Оның ойлау іс-әрекетінде бақылау арқылы шын алған әсері анықтаушы күшке айналады. Табиғи ортада, табиғи обьектілерді табиғи жағдайда көріп зерттейді. Бұған әсіресе бастауыш мектеп оқушылары әуес болады. Оқу экскурсиялары бастауыш класта ерекше орын алады. Себебі кіші мектеп жасындағы оқушыларыдың абстракуиялау, теориялық ой-пікір әлеміне енуі қиын. Оқу материалын оқушыны қоршаған ортаның шындығымен байланыстыру мүмкіндігі оған оқу материалын түсінуді жеңілдетеді, танымдық қызығуды қалыптастыруға көмектеседі, ойлау ісәрекетінің жоғары көңіл-күйін және белсенділігін көтереді. Бастауыш кластарда экскурсиялар ең бірінші жалпы білім беру мақсатында жүргізіледі. Балалар табиғаттағы мезгілдік өзгерістерге жүйелі байқау жүргізеді. Экскурсиялар бұл байқаулардың нәтижесін жүйеге келтіруге және жинақтауға, табиғатқа сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, оны қорғауға және оқушылардың әсемдікке көзқарасы қалыптасып, дамуына көмектеседі. Өлкетану музейіне, тарихи және ескерткіш орындарға бару патриотизм, ұлттық ар-намыс және интернационалдық достық сезімдерін қалыптастыруға жағдай туғызады. Бастауыш кластардағы өнер туындыларын зерттеу экскурсиялары қоршаған өмір құбылыстарына талғамды қатынастарды қалыптастырады. Өндіріс орындарына экскурсиялар политехникалық білім алу элементтерін қалыптастыруға көмектеседі. Балалар еңбекшілер еңбегінің қоғамдық мәнін түсініп, олардың мамандыққа деген қызығуын, еңбекшілердің қатарында болу ынтасын туғызады. Бастауыш кластағы экскурсиялар әсіресе табиғи ортаға байланысты жеке оқу тақырыптарын тереңірек түсіндіру мақсатында жүргізіледі. Бастауыш мектеп мұғалімі оқу жылына жоспар жасағанда оқу материалының ерекшелігіне қарай ең кем дегенде айына бір экскурсия жоспарлауы керек. Бұл жерде экскурсия міндеттері айқындалаы: экскурсияның оқу материалын саналы және берік игеруге көмектесуі; экскурсия барысында және одан кейін нені байқауды өз бетінен не мұғалім басшылығымен жүргізе ме т.с.с. Экскурсияның мақсаты балаларға алдын ала айтылуы қажет. Оның әрі мұғалім экскурсияның өткізілетін орнын, уақытын, өздерімен алатын қажетті оқу жабдықтарын, құралдары мен материалдарын анықтайды. Бару, келу уақытын есептемегенде экскурсияны жүргізу бір сбақтың уақытынан аспағаны жөн. Бұл- алған әсерлерін ұтымды, жинақтап, оларды сабаққа тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді.


Кіші мектеп жасындағы балалардың үй жұмысы Үй жұмысы-сабақтан тыс уақытта оқушылардың оқу материалын оқуда өз бетімен, жеке ұйымдастырудың формасы. Үй жұмысын орындау оқу материалын терең түсінуге көмектеседі, сабақта оқыған материалды оқушы өз бетімен қайта жаңғыртып, өзінің не біліп, не білмейтінін анықтауға соның нәтижесінде білім, білік және дағдыларын бекітуге жәрдемдеседі. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың үй тапсырмасы - өз бетімен білім алудың алғашқы қадамы. Үй жұмысы оқушы ойының және дәлелдемелерінің жолдарын, тәсілдерін және құралдарын өзі іздеуге мәжбүр ететін болғандықтан, ол оқушының ойлау іс-әрекетін шапшаңдатады. Қасында мұғалім не жолдастары болмағандықтан, жұмыс барысында өзін-өзі бақылауға үйретеді., еңбекті ұйымдастыру білігі мен дағдыларын қалыптастырады. Оқушы өз жұмыс орнын өзі ұйымдастырады, белгіленген уақыт ырғағын ұстайды, қажетті құрал-жабдықтар мен оқу материалдарын дайындайды. Бастауыш класта үй жұмысын орындауға қойылатын талаптар бар. 1. Бірінші класта тапсырманы балаларда алғашқы білік пен дағдылар қалыптасқаннан ке йін беруге болады. Басында кез келген оқу жұмысын балалар класта мұғалім басшылығымен орындайды. Демалыс және керек күндері қарсаңында тапсырма берудің қажеті жоқ. Бұл күндері балалар ата-ана, туыстары, қатар құрбыларымен тәрбиелік ықпалы бар түрлі ісәрекетке қатынасуы мүмкін. Қауырт оқу жұмысынан аптасына бір күн тыныққаны жөн. 2. Кіші мектеп жасындағы балаларға үй жұмысы жүйелі берілгені дұрыс. Себебі оқушы мұғалім тапсырмасының тұрақсыздығына үйреніп кетуі мүмкін. Бұл оқудың орынды себептерінің қалыптасуына нұқсан келтіреді. мұғалім үй тапсырмасының көлемін реттеп отыруы қажет. Үй тапсырмасының көлемі, оның орындалуы белгілі бір уақыт мөлшеріне лайықталғаны дұрыс. Көптеген педагогикалық, психологиялық және басқа да зерттеулер үй тапсырмасының орындалу уақытын былайша белгілейді: 2 класта – 1,5 сағ.,3–4 кластарда – 2 сағ. 5-6 кластарда – 2,5 сағ.,7 класта – 3сағ., 8-11 кластарда – 4 сағатқа дейін болуы мүмкін екендігін дәлелдейді. Кластағы түсіндіру жүйесіне қарағанда үй жұмысынң логикасы қарапйым және көрініп тұратындай жаттығу, есеп, мысал, текст таңдап алу керек. Баланың жасы неғұрлым кіші болған сайын, соғұрлым тапсырма қызық болғаны жөн. Баланың үй жұмысына қызығуын туғызудың ең күшті құралытапсырманың оқушы өмірінің тәжірбиесімен байланысты болуы. Кіші мектеп жасындағы балаларға үй тапсырмасын орындаудың тәсілдері жөнінде түсініктемелер мен кеңестер өте қажет: қай ережені қайталау, оларды қалай пайдалану, жазу жүргізу тәртібі, орындалған


жұмысты өзі қалай тексеруі керек т.с.с. Үй тапсырмасына ұқсас жұмысты класта орындау өте пайдалы. Көп келген үй жұмысы мұғалім тарапынан тексерілуі қажет. Жүйелі бақылау оқу материалын игерудегі жетістіктер мен кемістіктерді анықтауға, оқушыны жауапкершілікке үйретеді. Тексерудің түрлі тәсілдері бар. Мысалы фронтальдық /жаппай сұрау/, жекелеп тексеру т.б. Бастауыш мектепте мұғалім оқушылардың дәптерлерін үнемі жинап, үй және класс жұмыстарының орындалуын тексереді. Қажет болған жағдайда сабақта оқылған ережелерді бекіту және қайталауға арналған қосымша жұмыстар ұйымдастырады. Кіші мектеп жасындағы балалардың үй тапсырмасын нәтижелі орындауының маңызды шарты балаларға шамаға сай және орынды көмек көрсетілуі туралы ата-аналарға берілетін консультациялар болып табылады. Өз бетімен жұмыс жасауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Қазіргі мектепте оқытуды ұйымдастырудың класс-сабақ жүйесінің белгілерін атаңыз. 2. Сабақ мектепте оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы болып неліктен есептеледі? 3. Сабақ типтерін атаңыз. Біреуінің құрылымын сиапаттаңыз. 4. Бастауышта сабақты ұйымдастыру ерекшеліктері қандай? Қандай жағдайда оқушылар дұрыс таңдап және тәртіпті болады? 5. Бастауыштағы экскурсиялардың түрлерін атаңыз. Табиғаттың нақты құбылыстарын бақылау негізінде орындалған балалар шығармаларының ерекшеліктері қандай? Бірнеше шығармаға талдау жасаңыз 6. Бастауыштағы үй тапсырмасының мәні қандай? Оқушыға үй жұмысын ұйымдастыруға мұғалім қандай ықпал жасай алады? Оқушы күнделігін, дәптерін, класс журналын зерттеп, мұғаліммен әңгімелесіп жеке пән бойынша үй тапсырмасының жүйесін анықтаңыз. 6-лекция. Тақырыбы: Бастауыш мектептегі оқытудың әдістері Оқытудың әдістері туралы Оқытудың нәтиежесі әдістерге тәуелді болады. Әдістер мұғалім іс әрекетінің жасампаздығынын, тиімділігін, оқу материалының игерілуін және оқушының қоғамдық мәні сапаларының қалыптасуын анықтайды. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың, әсіресе алты жасарлардың ақыл ой, адамгершілік, еңбек, әсемдікке көз қарасын, денесінің даму міндеттерін жүзеге асыру оқыту әдістеріне тәуелді болады. Әдіс таным жолы дегенді білдіреді. Ол – теория, ілім. Оқыту әдістері адамның қоршаған дүниені танудың жалпы заңдылықтарын түсінуіне тәуелді болады. Яғни айтқандай әдістердің философиялық, методологиялық негіздемелері бар және оқыту процесі, оның мағынасы мен принциптерін дұрыс түсінуден шығады.


Оқыту әдісі – оқушыға білім, тәрбие беру және оның қоғамдық мәнін дамыту міндеттерінен шығатын оқу материалын теориялық және практикалық меңгеру формасы. Оқыту әдісі – білім беру міндеттеріне бағыттылған мұғалім мен оқушылардың теориялық және практикалық таным жолы. Мұғалім адамзат тәжірибесінің нақты жақтарын игеру үшін оқушының ететін таным жолын ұсынада. Мұғалім тек білім беріп қана қоймайды, ол оқу материалын игерудің наақты жолын, тәсілін, айласын ұйымдастырады. Оқыту әдісі – оқу материалын хабарлау және балалардың оны игеруіне бағытталған іс-әрекет тәсілі. Бұл оқыту әдістерінің бір жағын ғана. Дегенмен оқушылардың танымдық іс-әрекеті күрделі және диалектикалық қарама-қайшылықты болады. Мұғалімнің танымдық ісәрекеттерінің тәсілдері оқушылардың өздігінен ойлау іс-әрекеттерінің сипатын анықтамайды. Мұғалімнің ұсынатын таным жолы оқушылардың соған лайықты танымдық іс-әрекетінің нақты бағыттары мен жағдайларын жасайды. Балалардың оқу материалын игеру тәсілдері мен оқыту тәсілдерін тепе-теңдікте бола бермейді. Сондықтан оқыту тәсілдерніне тәуелді және солар арқылы анықталады, бірақ олардан бөлек болады. Сондықтан пелагогикадан оқыту әдістері жөнінде айтканда ол оқу міндетін шешуге бағытталған тәсілдері ретінде айтылады. Оқу әдістері білім беру мақсаттары мен мазмұнына тәуелді болады. Оқушының қоғамдық мәнін жан-жақты үйлесімді дамыту тәрбиенің мақсаты ретінде совет мектебінде оқытудың мазмұны мен әдістерін анықтайды. Оқыту әдістері оқу пәнінің мазмұнды айқындаған ғылыми ойдың логикасына тәуелді жағдайда болады. Оқыту әдістерінің психологилық негіздемелері бар. Жасына қарай білімді игеру мен оқушының қоғамдық мәнінің даму мүмкіндігі оқыту мен оқу тәсілдеріне елеулі ықпал жасайды. Оқушылардың ойлау іс- әрекеті мен олардың қоғамдық мәндерінің қасиеттерін терен түсіну оқытудың тиімдірек тәсілдерін табуға мүмкіндік береді. Оқыту әдістері дамып келе жатқан организмнің анатомиялық ісәрекеттерінің, физиологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне тәуелді. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру процесінде олардың жасына сай биологиялық дамуын есепке алған жөн. Себебі бұған жұмыс істеу қабілетін, шаршауы, жасампаздық күйі, денсаулығы мектептегі гигиеналық жағдайы сияқты оқту компоненттері тәуелді болады. Оқыту әдістері педагогикалық теориядан туындауы керек. Бірақ оқыту әдістері практикада пайдаланылмаса, практикадан тыс қалса өз мәнін жояды. Практиканың бағыттылығы оқыту әдістерінің қажетті, елеулі жағы. Оқыту әдістерінде педагогикалық теория терең және ғылыми болса, солғұрлым оқыту әдістері тиімді болады. Оқыту әдестіріне оқыту мен оқудың қалыптасқан дәстүрі елеулі ықпал жасайды. Педагогика ғылымы мектеппен мұғалімдер жұмысының озат


тәжірибесін жинақтайды, дәстүрлі оқытудың ғылыми негіздерін ашады, тиімдірек әдістерді жасампаздықпен ізденуге көмектеседі. Оқыту әдістеріне қойылатын талаптар бар. Оқыту әдістері оқушылардың диалектикалық-материалистік ойлау тәсілдерін, көзқарастары мен сенімдерін, моралін, мінезі мен тәртібінің еріктік белгілерін қалыптастырулары керек. Бұл тұрғыдан қарағанда оқыту әдістері тек білімді игеруге жетелеу емес, сонымен қатар олардың тәрбиелік сипаты да бар. Оқыту әдістері айқын және нақты болуы керек .Бұл жағдайда мұғалім берілген оқыту әдісі арқылы қандай міндеттер қойып және оларды қалай жүзеге асыруға болатынын болжай алады. Оқыту әдісінің ғылымилығы оқушылар ойының айқындығы мен нақтылығын көрсетеді. Яғни оқу материалын игеру процесіндегі мақсатының, құралдарының , тәсілдерінің , дәлелдемелері мен ой- пікірлерінің негізгі және жанама нәтижелерінің нақтылығы мен айқындығы. Оқыту әдістерінің жүйелілігі олардың тиімділігінің шамасын анықтайды. Нақты бір сабақта қолайлы болып табылатынын оқу материалын оқудың жеке тәсілі әдістерді пайдалану жүйесінен тыс қалса, оқушылардың дамуына тиісті ықпал жасай алуы мүмкін. Мысалы , табиғаттың нақты құбылысын байқау соған сәйкес тақырыпты оқуға қолданылатын әдістердің жүйесінде қажетті түйін боп кірсе ған нәтижелі болады. Оқыту әдістеріне қойылатын талаптардың бірі – олардың қол жетімділігі. Оқытудың жолдары оқушыға түсінікті және қолайлы, ал оқу материалын оқу тәсілдері олардың жасына қарай білімдерді игеру мүмкіндіктеріне сай болуы керек. Оқыту әдістерінің оқытудың сапалылығы мен белсенділігі тұрғысынан негіздемелері болуы қажет. Баланың оқу жұмысына саналы қатынасы, оқу материалының мазмұнын саналы түсінуі, танымдық белсенділігі мен қызығуы мұғалімнің тандап алған түсіндіру әдістері мен балалардың білімді игеру тәсілдеріне тәуелді болады. Қойылатын талаптардың бірі – оқыту әдістерінің нәтижелілігі. Мұғалімнің кез келген түсіндіру, оқушының білімді игеру тәсілі жоспарланған немесе алдын ала болжанған нәтижені беру керек. Оқыту әдістеріне оқушылардың танымдық іс-әрекетінің формаларын жекелендіру және дифференциялау талабы қойылады. Себебі оқушының жалпы және жеке ерекшеліктері білімді зерттеу мен игеру әдістерін, балалардың білігі мен дағдыларын қалыптастыру жолдары мен тәсілдерін таңдап алу мен негіздеуге елеулі ықпал жасайды. Теория мен парктиканы біріктіру оқытудың қажетті талабы болып табылады. Оқушыларды оқытудың нақты жолын ұсыну бір жақты жүрмеу керек. Теориялық негіздеменің практикалық бағыты болған жөн. Практикалық ұсыныстардың, кеңестердің, шарттардың теориялық негіздемелері болуы керек.


Білім беру мен оқыту теориясы және жеке пәндерді оқыту методикаларында нақты оқыту әдістері негізделіп, ұсынылады. Мұғалімнің практикалық іс-әрекетінде олар өзіндік арнайы сипатқа ие болады, оның жеке игілігіне айналады. Сондықтан педагогикалық әдебиетте нақты әдіс жөнінде жазылғанмен оның мұғалімнің практикалық іс әрекетінде көрінуінің арасында айырмашылық болады. Әдіс педагогиканың теориясында жақсы негізделіп, ал нақты мұғалім тәжірибесінде орташа дәрежеде көрінуі мүмкін. Керісінше, ғылыми педагогикалық әдебиетте бейнеленуіне қарағанда әдіс мұғалімнің тәжірибесінде нәтижелірек болуыда мүмкін. Бұл жағдайда оқытудың тиімді әдістерін іздеу және жасау мақсатында мұғалімнің озат тәжірибесі жинақталады және сипаттап жазылады. Оқыту әдістеріндегі басты нәрсе – оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту функцияларын жүзеге асыру. Өзінің құрылымы жағынан әдіс танымдық оқу іс-әрекетінің табиғатын, әлеуметтік, психологиялық, анатомиялық және физиологиялық, санитарлық – гигиеналық және басқа да өзара байланысты жақтарының жиынын көрсетеді. Танымдық оқу іс-әрекетінің бұл жақтары оқу міндетіне, материалдық мазмұнына, оқу процесінің педагогикалық методикалық негіздемесіне тәуелді оқыту әдістерінде әр түрлі берілген. Оқыту әдісінің педагогикалық мазмұны әдістің құрылымына енетін компоненттер мен барлық жақтардың диалектикалық бірлігін беру және сақтау болып табылады. Әдіс өзінің құрылымына енетін әрбір компоненттің оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту функцияларын жүзеге асырудағы орны, мәні және мүмкіндігі анықталғанда ғана, шын мәнінде педагогикалық болады. Мұндай бірлікті оқытудың мәні принциптері мен әдістерінің өзара байланысы қамтамасыз етеді. Оқыту процесінде оқушылармен қарым- қатынастары , ғылыми және оқу әдебиеттерін оқып зерттеудегі мұғалімнің әрбір қадамы дүниенің өзін тануды және оны адамның тану процесін түсінуді тереңдетеді. Тәжірибеде бұл оқыту әдістерін жетілдіруде, оқушының танымдық іс- әрекетін ұйымдастыру және оны басқару тәжірибеснің жинақталуында көрінеді. Әдістің диалектикалылығы оқыту процесінде оны шексіз жетілдіру мүмкіндігін береді. Әдіс оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастырады, ойлау бағыты мен мазмұнын қамтамасыз етеді, әлемді көре білуге мүмкіндік жасайды, заңдылықтарды түсінуге жетелейді, көңіл-күй сезімін және ақыл-ой кернеуін туғызады, танымдық оқу процесімен байланысты оқушының қоғамдық мәні сапаларын қалыптастырады. 3. Оқу әдістері мен тәсілдері Тәсіл – әдістің құрамды бөлігі, ойлаудың жеке операциялары білімді игеру, іскерлік пен дағдыларды қлыптастырудағы сәттер. Тәсілдің өз алдына оқу міндеті болмайды, сондықтан ол әдіс шешетін міндеттерге бағынады.


Оқытудың бірдей тәсілдері әр түрлі әдістерде пайдаланылуы мүмкін. Әдіс тәсілдерді қамтиды, бірақ ол оқыту тәсілдерінің жиыны емес. Оқытудағы әдіс- оның құрылымының бірлігі. Оқыту әдісі әрдайым белгілі бір мақсатқа бағынады, қойылған оқу міндетін орындайды, белгілі бір мазмұнды игеруге жетелейді, жоспарланған нәтижеге жеткізеді. Оқыту әдістерінің жиыны – қоршаған шындықты танудың жолы. Оқушылардың ақыл-ойының даму сипаты анықтаудың, білімді игеру мүмкіндігін жүзеге асыратын, оқушының қоғамдық мәнінің сапаларын қалыптастыратын жол. Оқыту тәсілдерінің жиыны – таңдап алынған жолдың бағыты. Оқыту тәсілдері мұғалімнің жұмыс тәсілдерінің өзіндік бейнесін жасайды, оқыту сипатына жекелік қолтаңба береді, оқушылардың білімді игеруінің жеке ерекшеліктерін қалыптастырады. 4. Оқу әдістерін топқа бөлу классификациялау Оқытудың мағынасы оқушының адамзат тәжірибесін игеруінде оларды оқу мақсаттарында икемдейді. Оқу әдістері үздіксіз жаңарады, жетіледі, ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс негізінде сонылары пайда болады. Әдістердің бәрі оқытудың логикалық жақтары, құрамды бөліктері, міндттеріне байланысты топталады. Оқыту әдістерін топтаудың бірнеше жолы бар. Олар біріне-бірі қарама-қайшы емес, бірін екіншісі бекерге шығармайды, керісінше, бірін-бірі толықтыра отырып , оқыту процесін жанжақты көру мүмкіндігін жасайды. Қазіргі кезде педагогикада ең көп тараған оқыту әдістерін үш топқа бөлуді қарастырайық. Олар оқытудың сөздік, көрнекілік және тәжірибелік / практикалық/ әдістері . Бұлай топқа бөлудің негізгі танымдық іс-әрекеттің сипатын білім алудың көзі тұрғысынан қарау болып табылады. Мұғалімнің түсіндіру және балалардың білім алу процесі оқу хабарларының көзі – мұғалім сөзіне сүйенсе, онда оқытудың сөздік әдістерінің тобы пайда болады. Олар: баяндау, әңгіме, түсіндіру, оқу кітабымен, арнайы текстпен, магнитафондық жазбамен, теле-радио программамен өз бетімен жұмыс. Оқытудың әдістерінің бұл тобымен оқыту нәтижесі мұғалімнің сөйлемді дұрыс құруына және оқушының сөзбен баяндалған материал мазмұнын түсіну білігіне тәуелді болады. Оқытудың сөздік әдістері мұғалімнен түсіндіруде логикалық тізбектестікті және дәлелділікті материалдың күмән тудырмай бейнелі және көтеріңкі көңіл-күйі сезіммен баяндалуын, тілдің әдеби айқындығын талап етеді. Оқытудың көрнекілік әдістеріне көрнекі құралдарды пайдалану жолдары жатады. Көрнекі құрал оқу материалын түсінуге елеулі ықпал жасайды, оқушы ойының мазмұны мен құрылымын анықтайды. Көрнекілік әдістерді сөздік әдістерден оқшау қарауға болмайды. Себебі кез келген көрнекі құрал түсіндіріледі, талданады, зерттелген мәселе бойынша негізгі не қосымша хабардың көзі болып табылады. Сондықтан көрнекілік әдістер тек


көрнекі құралдар көмегімен әрі әңгіме, әрі суреттеп айту , әрі баяндау, әрі түсіндіру, әрі өз бетімен оқу болып табылады. Көрнекі құралдарды пайдалану оқушының сезімдік бейнелеуіне, түйсігі мен қабылдауына сүйену оның танымдық іс-әрекетінің өзіндік құрылымын жасайды, баланың бейнелі, нақты ойлауын, абстракциялануының жақсы негізі қалыптастырып, зерттелген теориялық қағиданы түсінуін қамтамасыз етеді. Оқытудың тәжірибелік /практикалық/ әдістеріне оқушылардың білігі мен дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру процесіне байланысты әдістер жасайды. Сөз жоқ оқытудың кез келген әдісі тәжірибемен байланыстырылады. Тәжірибелік әдістер оқушылардың сабақтары негізгі ісәрекеті тәжірибелік тапсырмаларды орындаумен байланысты деген сөз. Бұл әдістерге жазбаша және ауызша жаттығулар, практикалық және лабораториялық жұмыстар, өз бетімен орындалатын жұмыстардың кейбір түрлері жатады. Аталған жұмыс түрлерінің ерекшеліктері қалыптастырылатын біліктер мен дағдыларда болып табылады. 5. Оқыту әдістерінің сипаттамалары Әңгіме – оқытудың ең көп тараған әдісі. Мұны оқыту мақсаттарында сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады: үйдегі өз бетімен жұмысты тексергенде, жаңа материалды түсіндіргенде, бекіту мен қайталауда, оқу жұмысын қорытындылағанда, оқушылардың сұрақтарына жауап бергенде т.с.с. әңгіме зерттейтін материал бойынша оқушылардың кейбір мәліметтері мен білімдері болған уақытта жүргізіледі. Әңгіме оқу материалын оқушының жеке өмір тәжірибесімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Әңгіме процесінде оқушы қажетті білімді қайта жаңғыртып және оларды жаңа оқу материалымен байланыстырады. Мұғалім кері байланысты жүзеге жақсы асыра алады. Оқу – нені біліп , нені білмейтінін анықтап, түзетулер енгізіп, жаңа мәліметтер бере алады. Әңгіме әдісін кез келген класта пайдалануға болады. Дегенмен оның бастауыш оқытуда мәні барырақ. Себебі бастапқы ғылыми білімдер баланың жеке өмір тәжірибесіне, олардың елестетулеріне негізделеді. Әдетте жаңа оқу материалын түсіндіру әңгімеден басталады. Оның негізгі мақсаты-жаңаны бұрынғы оқылған, балаға таныс нәрсемен байланыстыру. Оқытуда негізінен әңгіменің екі түрі пайдаланылады: катехизикалық /сұрақ, жауап негізіндегі әңгіме/ және эвристикалық жаңаны ойлап табу жолындағы әңгіме/. Бастауышта катехизикалық әңгіме оқушылардың білімін тексеру және бағалау, бекіту, оқылған тексті талдау жұмыстары үшін, ал эвристикалық әңгіме жаңа білімдерді хабарлау мақсатында қолданылады. Эвристикалық әңгімеде сұрақтар мен берілуге тиісті жауаптар оқушылар ойын жаңа қағидалар мен қорытындыларға әкелу бағытында құрылады, оқушыларда жаңалықты өздері ашып отырғандай әсер қалдырады. Қазіргі кезде әңгіменің бұл түрі шешімі табылуға тиісті мәселе көтере отырып оқытуда /проблемалық/ кең қолданылып жүр.


Әңгіменің нәтижесі сұрақтарды орынды қойып, оқушылардың мүмкін боларлық жауаптарын білуге көп байланысты. Мұғалім сұрақтары өте жинақы, артық түсіндірмелі сөздерсіз құрылғаны жөн. Сұрақтың құрылымын тек оқушылар жауабына қарай өзгерту керек. Сұрақтар белгілі бір ойдың логикасын сақтайды. Мысалы, жалпыдан жекеге қарай /дедукция/, жеке және нақты деректерден жалпы қағидаға / ережелерге/ қарай /индукция/, салыстыру, талдау, сұрыптау, абстрактілеу және басқа да ойлау операциялары. Бастауыш кластарда оқушыларды толық жауап беруге дағдыландыру керек. Бұл – оқушыны логикалық ойлауын дамытады. Мұғалімнің негізгі міндеті – қойылған сұраққа жауап алу , оқушының түсіне білу, қажет болғанда қосымша сұрақтар арқылы оқушы ойын анықтап отыру. Айналып келгенде, мұның бәрі оқушының танымдық іс –әрекетін басқару болып табылады. Баяндау әдісі хабарланатын мәліметтер оқушыларға белгісіз немесе жеткіліксіз болған жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда баяндау оқушылардың танымдық белсенділігін көтеріп, қызығуы мен білуге құштарын дамытады. Түсіндіру – ғылыми дәлелдемелерде, ғылыми ұғымдар мен қағидаларды қалыптастыруда, заңдар мен заңдылықтарды зерттеуде қолданылатын негізгі әдіс. Бұл әдістегі басты мәселе – ой-пікірдің логикалық ғылыми дәлелділігі. Түсіндіру әдісін пайдаланғанда оқу материалының ғылыми сипатын еске аламыз. Ғылыми ойдың логикасы түсіндіруге қойылатын негізгі талаптарды анықтайды. Осы тұрғыдан қарағанда мұғалім оқу пәнінің ғылыми мазмұнын терең білуі , сабаққа қажетті материалды таңдап ала білуі, түсіндіру тереңдігін білуі керек. Одан әрі түсіндіру жүйесінде балалардың берілген материалды оқуының мақсатын белгілеуі, теориялық қағидаларды бөліп алуы, дәлелдемелер құрамын анықтауы, деректі материалды таңдап алуы керек. Түсіндірудің қол жетімділігі көбінесе баяндау стиліне тәуелді болады. Алдын ала не түсіндіру барысында, әсіресе бастауыш мектепте, балаға түсініксіз жеке атаулардың /терминдердің / мәнін ашып айтып отыру қажет. Өте күрделі, оралымсыз сөйлемдерден аулақ болып, мұғалім сөзі түсінікті, сендірімді , сенімді келіп, одан оқушыға деген құрмет сезілуі тиіс. Түсіндіру – логикалық жағынан біртұтас дәлелдемелі ой-пікірдің жүйесі. Сондықтан сабақта түсіндіру барысын өзгертпеуге тырысу керек. Оқушылардың жаңа материалын арнайы теле-радиохабарлардан, магнитафондық жазулардан, тексттерден өз бетімен оқуын түсіндіруді сөздік әдіске жатқызуға болады. Бұл жұмысты орындауда мұғалім тарапынан жақсы нұсқау керек. Өз бетімен жұмыс жасау барысында білім алудың негізгі жолы болғандықтан, оқушылар бұған бірінші кластан бастап тартылады. Бастауыш кластарда дағдының алғышарттарын қалыптастыру үшін математика, ана тілі, табиғаттану, еңбек, музыка, бейнелеу өнері сабақтарында дайындық, машықтандыру және жасампаздық жаттығулар кең қолданылады. Оқушылар қалыптастырылатын дағдылардың негізінде қандай


міндеттер жатқанына көз жеткізуі керек. Оқушылардың әрбір орындалатын жаттығуды әсіресе дағдыны қалыптастыратын алғашқы амалдарды бақылауға мүмкіндігі болғаны жөн. Мұғалім тексттер мен тапсырмаларды алдын ала таңдап алады, балалардың жұмысқа дайындығын тексереді. Мұғалім тарапынан оқушының әрбір орындаған жаттығуы дер кезінде, әділ және дұрыс бағаланады. Практикалық және лабораториялық жұмыстарды бастауыш класс оқушылары көбінде еңбек, сурет, табиғаттану сабақтарында, мектеп жанындағы участоктерде орындайды. Жұмыстар нақты тақырыптар бойынша, оқушылардың алдын ала жақсы дайындығымен өтеді. Оқушылар алдын ала еңбек және басқа оқу құралдарымен жұмыс істеу, қауіпсіздік ережелері, еңбекті ұйымдастыру мәдениетімен таныстырылуы керек. Өз бетімен жұмыс жасау оқу материалын игеру тәсілі ретінде оқу ісәрекетінің барлық түрлері мен формаларына тән. Кез келген оқыту әдісінде материал оқушылардың өзі арқылы игеріледі. Сондықтан ойлауда , қабылдауда , елеcтетулерде үйренудің тәсілінде ереже, теорема, заңдар және оларды түсіндіретін мысаладарды игеруде өзінділік байқалады. Оқушылар өз бетімен жұмыс жасау барысында практикалық тапсырманың шешілуі тәсілдерін өздері іздеп табуы керек. Тек осы жағдайда ғана өз бетімен жұмыс жасау жасампаздыққа, бастама көтерушілікке, сенімділікке тәрбиелейді. Мұғалімнің басшылық рөлі – оқушының тапсырмалар мен жаттығуларды орындауда өзін , шамасын көрсете білуін қамтамасыз ету. Мұның өзі мұғалім класс оқушыларының даму деңгейін жеке ерекшеліктерін, орындалуы мүмкін тапсырмаларды таңдай білгенде ғана жүзеге асады. 6.Программалап оқыту Программалап оқыту оқушылардың арнайы өңделген оқу материалымен өз бетімен жұмыс істеуінің ерекше түрі болып табылады. Программалап оқыту ой-пікірдің өздігі болуына көмектеседі, оқушыларға логикалық негізделген, берілген қалыпқа келтірілген ойлау операцияларының тізбегін меңгеруге мүмкіндік береді, ал бұл, сөз жоқ, өз кезегінде ұсынылған оқу материалын игеруге әкеледі. Программаланған жаттығулар мен практикалық жұмыстар бастауыш кластарда өз бетімен оқудың бір жолы ретінде қолданылуы мүмкін. Әдетте жоғары кластарда оқыту машиналары емтихан алушы /экзаменатор/, сабақ үйретуші /репетитор/ ретінде пайдаланылады. Бастауыш кластарда техникалық программалау жабдықтары мен компьютерлері көп жағдайда балалардың танымдық белсенділігін, қызығуын білуге құштарын дамыту мақсатында, әрекеттің тізбектестігін, ұласымдылығын логикалық операциялар мен оқу біліктілігін қалыптастыруда пайдаланылады. Программалаудың кибернетикалық және математикалық шарттарын қанағаттандыратын программаны ғана оқу материалының программалануы деп түсінеміз. Кез келген оқу материалын программалауға болмайды. Нақты логикалық математикалық құрылым түрінде беруге болатын оқу материалы ғана программаланады. Логикалық құрылым деп ерекше белгілерді дәл


бейнелеуді, бұл белгілерді бөліп алуға көмектесетін ойлау операцияларын бейнелеуді түсінуіміз керек. Осы негізде берілген оқу материалын зерттеп оқудың алгоритмін құрау, яғни материалды құрамды бөліктерге бөлу, бұл бөліктерді игеру тізбегін белгілеу, әр бөлікті оқуға көмектесетін логикалық операциялар жиынын сипаттап жазу игеру дәрежесін өз бетімен бақылаудың тәсілдерін анықтау болады. Осыдан кейін сызықтық немесе тармақталған программа құрылады. Қазіргі кезде программаланған оқу құралдары және жеке тексттер жасалуда. Олар оқушылардың өзіндік танымдық іс- әрекетін ұйымдастыруға ыңғайлы оқу материалдары жеке бөліктерге /порцияларға/, олар өзара логикалық байланыста болады. Алдыңғы бөлікті /порцияны/ игергеннен кейін ғана соңғыны игеруге болады. Материалдың әр бөлігіне оның игерілуі дәрежесін өз бетімен тексеру құралдары беріледі. Бастауыш класс мұғалімі оқушылары жоғары кластарда компьютерді меңгеруге дайындауы тиіс. Мектеп микрокалькуляторы /МКШ-2/есептеу мәдениетін көтереді. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың информатика және электрондық есептеу техникасы жөнінде алғашқы ұғымдары болуы керек. 7.Оқытуда шешімі табылуға тиісті мәселе көтеріп оқушылардың таным әрекетін жасау күйін туғызу /Проблемалық оқыту/ Оқыту процесінде шешімі табылуға тиісті мәселе көтеріп оқушылардың таным әрекетін жасау күйін туғызуды проблемалық оқыту деп атайды. Мұндай жағдайды бала санасында кез келген оқыту әдісі арқылы жасауға болады. Шындығына келгенде кез келген оқыту мұғалім, қоғам, оқушы үшін шешімі табылуға тиісті мәселе болып табылады. Өсер ұрпақ алдынғы ұрпақтың тәжірибесін саралап игеруі керек. Бұл қоғамдық дамудың кез келген кезеңінде оқыту жүйесінде шешілетін мәселе. Социалистік қоғамда адамның қоғамдық мәнін жан- жақты және үйлесімді дамыту да оқыту процесінде шешілетін өте күрделі әлеуметтік мәселе. Кез келген сабақ, оны дайындау мен өткізу мұғалім үшін түсіндіру логикасында, жұмысты ұйымдастыруда , қосымша материалды таңдап алуда, баяндау стилі мен формасында әрдайым шешімі табылуға тиісті мәселе болып көтеріледі. Оқушы үшін де кез келген оқыту – шешімі табылуға тиісті мәселе, себебі ол осыған дейін оған таныс емес нәрселерді таныстырады. Оқушы жаңа материалды игеруі, мұғалім мен мектептің өзіне қоятын барлық талабын орындауы керек. Әрине, балаға, әсіресе, кіші мектеп жасындағы оқушыға, өмірдің өзгерген жағдайына бейімделу оңай емес. Оқушының ойлау іс-әрекетінде мәселенің шешуін табу күйін қалыптастыру оның бойында білім құмарлық, зеректік, өз бетіндік, оқуға қызығу, жасампаздыққа талпыну сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге ықпал жасайды.


Бастауыш оқытуда оқушы санасында мәселенің шешімін табу күйінің тууына көптеген түрлері болуы мүмкін. Мұғалім бастауыш кластарда ойлап табу арқылы оқушының қызығуы мен білім құмарлығын туғызу мақсатында жұмбақтар, есептер, қол жетімдік жұмбақ сөздерді пайдаланады. Бұл жерде шешімі табылуға тиісті мәселе олардың мазмұнында болады және дұрыс жауап беруге жеткілікті білімді оқушы өз бойында бар екенін біледі, мәселені шеше алатынын сезінеді. Мысалы, оқушылар 3+1=4 деп шеше алады. Ал оларға екі санның қосындысы 4 болатын барлық жағдайды жазу мәселесі міндет етіп қойылады. Осы жерден бастап ізденіс жүреді. Нәтижесінде оқушылар математикалық операциялар мен есептеулердің тегі туралы элементарлық түсінік алады. Бұл жерде тек алға қойылған мәселені шешу ғана оқу материалын игеруге әкелетінін ұмытпаған жөн. Шешімі табылуға тиісті мәселе көтеріп танымдық әрекет күйіне келтіруді қалыптастыру – оқушылардың ойлау іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарының бірі. Ол басқа оқыту әдістерімен бірлесе оқу материалын табысты және пайдалы зерттеуге көмектеседі. Өз бетімен жұмыс жасауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Оқыту әдісінің анықтамасын беріңіз. Бастауыш класс мұғалімі жұмысы әдістерінің әртүрлілігін көрсетіңіз. 2. Оқыту әдістерін топтаудың түрлілігі. Әдістерді топтауды мұғалімнің түсінуін оқыту практикасындағы мәні неде? 3. Балалар күз белгілерін оқиды. Сабақта қандай әдістер мен тәсілдерді пайдаланар едіңіз? 4. Бастауыш класта жинақтау, қорытындылау сабағын өткізудің қиындықтары неде? Осындай сабақтардың мүмкін тақырыптарын атаңыз. 5. Оқу материалын игеруде шешімі табылуға тиісті мәселе көтеріп оқытудың кіші мектеп жасындағы оқушы ойлауына тигізетін ықпалы қандай? Бастауыш класта оқушылардың танымдық іс-әрекет күйін туғызу мысалдарын келтіріңіз. 6. Көрнекі құрал негізінде нақты объект жөнінде оқушының түсінігін мұғалім қалай қалыптастыратын байқалған сабақтар арқылы талдау беріңіз. 7. Микрокалькулятор немесе компьютер қолданып арнайы дайындалған сабақты суреттеп беріңіз. 7-лекция. Тақырыбы: Бастауыш класта білімді тексеру және бағалау 1.Кіші мектеп жасындағы оқушыладың білімін тексеру мен бағалаудың білім беру, тәрбие және дамытушылық мәні Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау мемлекеттік маңызы бар және халыққа білім беру органдары мен мектеп әкімшілігінің мұғалім


жұмысын бақылауының құралы болып табылады. Оқытудың барлық кезеңдерінде бақылау жұмыстары, байқау, оқушылар жұмысын талдау, бақылаудың басқа да формалары тексеру мақсатында пайдаланылады. Білімді тексерудің білім берушілік мәні мұғалім үшін де, оқушы үшін де оқушының қандай білім мен білікті меңгергенінің белгілі болуында. Білімді бағалау сол білімнің игерілу сапасын анықтайды. Бағаға кіші мектеп жасындағы оқушылар оқыту нәтижесінің негізгі және шешуші көрсеткіші деп қарайды. Сондықтан да тексеру мен бағалау оқыту әдісі ретінде оқушылардың оқу материалын талдауына тікелей қатынасы бар. Тексеру мен бағалау оқушылар бойында оқудың орынды себептерін туғызады, қызығуын, білімге құштарын және бейімдігін, оқу жұмысындағы коллектившілдік пен достық сезімдерін тәрбиелейді. Оқушылар жолдастары жақсы, өте жақсы баға алғанда қуанады, үлгермеушілерге көмектесуге тырысады. Мұғалім білімді тексергенде баға класс коллективінде қандай әсер қалдырғанын, оқушылар жолдастарының табысы мен сәтсіздігіне қалай қарайтынын ұдайы бақылап отыруы қажет. Білімді тексеру мен бағалау баланың ойлау қуатын дамытады, білімді игерудің логикасын ашады, ой-пікір ұласымымен, оқу материалын игерудің логикалық амалдарымен, тәсілдерімен, жолдастарымен таныстырады. Бастауыш кластарда оқу материалын оқушылардың игеруін тексерудің түрлі тәсілдері мен формалары мен формалары танымдық құштарлықты дамытуға көмектеседі, материалды нәтижелірек игеруге жетелейді. Оқушылар мұғалімге қалай жауап беруді емес, тапсырманы қалай дұрыс орындауды ойлайды. Білімді тексерудің оқушы үшін объективтік жағы – баға, мұғалімнің баға беру пікірі, білімдегі жетістіктер мен кемшіліктердің сипаттамасы болып табылады. Ал білімді тексерудің субъективтік жағы кіші мектеп жасындағы оқушының өз біліміне, білімінің бағасына қатынасы болып табылады. Білімді тексерудің объективтік және субъективтік жағының тепетеңдігі болуы мүмкін емес. Білімді бағалауда аз болсын немесе көп болсын, әрдайым субъективтік жағының тепе-теңдігі болуы мүмкін емес. Білімді бағалауда аз болсын немесе көп болсын, әрдайым субъективтік пен объективтік қарама-қайшылығы болып отырады. Ең бастысы – мұғалім тарапынан оқушы білімін объективті талдауға талапты көтеру, оқушыға мұндай талдаудың түсінікті болып және оқушы тарапынан оның қабыл алынуы. Оқыту процесінде білімді тексерудің мәні мұғалімнің бұл жұмыс формасын ұйымдастыруына қойылатын талаптарды анықтайды. Олар: 1. Мұғалім программалық оқу материалы игерілуінің сапасын тексеріп, бағалайды. Сонымен қатар ол балалардың қандай қосымша материал оқитынын білуі қажет. Бірақ оқылған қосымша материал бағаланбайды, тек оның программалық материалды оқып, зерттеуге қандай ықпал тигізетінін ғана тексереді.


2. Мектептегі оқу жылдарының бәрінде білімді тексеру мен бағалау жүйелі және үздіксіз болуы керек. Кейбір пәндерден оқушының білімін бағалау оның өмірінің бір көрінісі ғана болып қалмағаны жөн. Оқушы кезкелген сабақта жауап беруге дайын болуы керек. Бұл оқушының танымдық іс-әрекетінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. 3. Білімді тексеру мен бағалау оқушылардың ақыл-ой қабілетін дамытуға, оқудың қиындықтарын жеңе білуге байланысты моральдық және еріктік сапаларын тәрбиелеуге жәрдем етеді. Барлық мұғалім осы талаптарды жүзеге асыруға ұмтылады, бірақ оның қоғамдық мәнінің ерекшеліктері, мамандық дайындығының деңгейі білімді бағалаудың және тексерудің түрлілігіне, өзіндік екрекшелігіне әкеледі. Бір мұғалім оқушының оқулықтағыны баяндау іскерлігіне, екіншісі, ойпікірдің өз бетіндегі, үшіншісі, теориялық қағидаларды өз мысалдарының негізінде түсіндіруіне, кейбіреулері оқушының әрдайым толық не қысқа жауап беруіне зейін аударады. Осы әр қилылықтың өзі мұғалімді білім тексерумен бағалаудың дағдылы жүйесін қалыптастыруына әкеледі. Оқушылар осындай дағдылы жүйеге бейімделеді. Сондықтан білімді тексеру мен бағалауды түрлендіріп отыру қажет. Бұл жерде мұғалімнің тапқырлығы мен жаңа бастаманың ұйытқысы болуы айқындалуы керек. 2. Кіші мектеп жасындағы балалардың білімдерін тексеру мен бағалаудың түрлері және формалары Білімді тексерудің төмендегідей түрлері қалыптасқан. Күнделікті тексеру. Әр сабақта мұғалім оқушылардың жаңа білімдерді игеруге даярлығын тексереді, бүкіл сабақ барысында оқу материалының мазмұнын балалардың игеруін бақылайды. Қорытынды тексеру. Оқушылардың білімдерді игеруін мұғалім бірнеше апта, тоқсан, жарты немесе толық оқу жылы бойынша сегіз жылдық немесе орта мектеп көлемінде тексереді. Тақырыптық тексеру. Мұның мақсаты жеке сабақтар мен тапсырмалар емес, оқушының бүкіл тақырыпты түсінуін тексеру. Бұл тексеріс тақырып бойынша білімдерді жүйеге келтіруге және жинақтауға көмектеседі. Тексерудің бұл көрсетілген түрлері ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Балалардың оқу материалын игеруінің сапасын бақылау мен тексерудің құралы мұғалім сұрақтарына жауап, өз бетіндік және практикалық жұмыстар, арнайы тапсырмалар, ауызша немесе жазбаша, бақылау және тексеру жұмыстары, білімді игеру сапасы жөнінде пікір туғызатын оқушының сабақтағы таным белсенділігі болып табылады. Сабақта білімді тексерудің негізгі формалары жеке және жаппай сұраулар болады. Жаппай сұрауда қысқаша жауап беруді талап ететін сұрақ бүкіл класқа қойылады. Оқушы мұғалім рұқсатымен орнынан тұрып не отырып жауап береді. Бір сұраққа бірнеше жауап алып, мұғалім оқушыға оқу


материалының бедгілі бір бөлігін тұтас, жүйелі қайталайтындай мүмкіндік беретін келесі сұрақты құрастырады. Жеке сұрау барысында да сұрақ бүкіл класстың зейінін аударатындай етіп қояды. Сұрақты қоя салып оқушының жауап беруге шақырудың қажеті жоқ. Оқушыларға ойлану мүмкіндігін беру керек. Оқушылар өз жолдасының жауабын мұқият тыңдап, толықтырады және түзету енгізді. Бір оқушыдан сұрай отырып бүкіл класпен жұмыс істеу мұғалім шеберлігі болып табылады. Оқушылар білімін қорытынды тексеруде ең қолайлысы бақылау жұмыстарын жүргізу, арнайы ауызша және жазбаша тапсырмалар беруге болады. Бақылау жұмысы алдын ала ескертілмесе, оқушы бойында өте күшті сезімдік қобалжу туады. Себебі бақылау бағасыз болмайтындықтан, оқушы ең алдымен сол туралы ойлайды. Тағы бір себебі олар үшін баға өз құрдастарының, мұғалімдердің, ата-ана, таныстардың қатынасын анықтайды. Сондықтан бақылау жұмысы мазмұны мен өткізу формасы жағынан алдын ала дайындалған және жан-жақты ойластырылған болуы керек. Жұмыстың шамаға сай және қол жетерлігіне сенімді болу үшін ең алдымен оқушылардың мүмкіндігі мен даму деңгейін жақсы білуі керек. Бақылау жұмысын жүргізгінде оқушыларды шаршатпай, жұмыс қабілетін төмендетпейтіндей қалыпты гигиеналық жағдайдарды ұйымдастыру және балалардың зейінін алдын ала жұмысқа бағыттаудың маңызы зор. Мұғалім барлық бақылау жұмыстарын мұқият тексереді, бағалайды, нәтижесін класта талқылайды. Ең бастысы бәріне тән қателерді анықтап соған сәйкес ережелерді қайталау болып табылады. Тоқсандық және жылдық қорытынды баға оқушының бүкіл оқыту барысындағы бағалардың жиынынан шығарылады. Қорытынды бағаны шығара отырып, мұғалім оқушының өтілген материалды игеру сапасын білуі керек. Мұғалім оқушы біліміне қойылған бағаның әділдігіне күмәні болса, қосымша сұрау жүргізуі керек. 3. Мектепте білімді бағалаудың жүйесі Қазіргі кезде совет мектебінде білімді бағалаудың бес балдық жүйесі қабылданған: «5»- тік /өте жақсы/ баға программалық материалды терең және толық түсінгені, оқып-зерттелген қағидаларды түсіндібілігі, логикалық және әдеби дұрыс құрылған жауабы, жауаптың сенімді және анықтығы, қате жібермегені үшін қойылады; «4»- тік /жақсы/ баға программалық материалды дұрыс және толық игергені, юірақ жаубының мазмұны мен құрылу формаларындағы ескерусіз қателері үшін қойылады; «3»- тік /орта/ баға оқушы оқу материалының негізгі, пәнді қагидаларын біліп, бірақ оларды түсіндіре алмағанының, білім мазмұнында және жауапты құру формасында жеке қателіктер мен жетімсіздіктерінің куәсі болады.


«2»- лік /нашар/ баға білімнің жоқтығы емес, оның нащар игерілгені үшін қойылады. «1»- лік /өте нашар/ баға оқушының оқу материалымен таныс еместігін көрсетеді. Бірінші класта алты жасар балаларға баға қойылмайды. Себебі, біріншіден, бала бағаның мәнін түсінбей, өзінше орынсыз жорамалға келуі, екіншіден, баға оқудың орынды себептерін қалыптастыру және қолдау,функциясын арқаруы мүмкін, оларға тек бағалық қолдау, мадақтау, нақты нұсқау тағы сол сияқты пікірлер қажет. Мұғалімнің кеңес беру, қайырымды қатынас, жақсы оқушы боларына сендіру, болашағына үмітпен қасау арқылы көмектесуі алты жасар балалармен жұмыстағы ең басты нәрсе болады. Мектепте оқудың бүкіл барысындағы білімді қорытынды емтихан формасында өткізіледі. Мектеп бітірушілерге жогары және орта арнайы оқу орындарына, кәсіптік-техникалық училишелерге түсіп оқуға беретін орта білім жөніндегі аттестат беріледі. Оқудағы ерекше жтістіктері үшін алтын медальмен, «оқудағы және еңбектегі үздік табыстары үшін» мақтау грамотасымен награтталады. Өз бетімен жұмыс жасауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Cабақтағы байқау және балалармен әңгіме негізінде мұғалімнің білімдерді бағалауы мен бағалақ пікірлерінің білім беру, тәрбие, дамытушылық мәніне талдау жасаңыз. Оқушылар жауабының бағасын дәлелдеудің мүмкін болатын жолдарын ұсыныңыз. 2. Бастауыш мектепте білімді тақырыптық тексеру мен бағалаудың пәні пәні неде? Арнайы дайындалған сабақты байқау нәтижесіне талдау беріңіз. 3. Мұғаліммен әңгіме және оқу документациясын талдау негізінде тоқсан, жарты жылдық немесе оқу жылының қорытынды бағасына негіздеме беріңіз. 4. Нашар үлгеретін немесе үлгермейтін оқушылармен олардың өз бағаларына қатынасы жөнінде әңгіме өткізіңіз.


ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАРЫ


ОРГАНИЗАЦИЯ УЧЕБНОГО ПРОЦЕССА – ОСНОВА РЕАЛИЗАЦИИ СОДЕРЖАНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ БУДУЩИХ СПЕЦИАЛИСТОВ Общеизвестно, что жизнеспособность будущего специалиста во многом зависит от содержания и уровня организации учебного процесса по его реализации. Задача данной статьи заключается в раскрытии основных направлений организации учебного процесса на факультете педагогики и методики начального обучения Алматинского государственного университета имени Абая. В организации учебного процесса факультет руководствуется Законом об образовании Республики Казахстан, Концепцией высшего педагогического образования и Государственным стандартом образования. На факультете разрабатывается проблема, связанная с системой подготовка учителей начальных классов при многоступенчатом образовании и определения содержания обучения начальной школы. Результаты данного исследования составляют научную основу организации учебного процесса. В разработке проблемы участвуют 17 ведущих специалистов факультета педагогики и методики начального обучения. В настоящее время разработаны: типовой учебный план двухступенчатого высшего педагогического образования учителей начальных классов на уровне бакалавриата и магистратуры; проекты типовых учебных программ специальных дисциплин; спецкурсов, спецсеминаров, семи видов педагогической практики; квалификационная характеристика специалиста; учебно-методическая литература по кафедрам. Типовой план учитывает специфику факультета, где психологопедагогические дисциплины входят в круг спецдисциплин, поэтому вместе взятые на бакалавриате они составляют 63 %, в магистратуре - 48 % учебных часов. Проекты типовых учебных программ для бакалавриата по всем кафедрам по своему содержанию и структуре представляют нормативный документ для подготовки бакалавров по специальности «Педагогика и методика начального обучения». Так, на кафедре математики и методики ее преподавания в начальной школе (зав. кафедрой доцент Т.К.Оспанов) программы состоят из трех разделов: 1) из содержания и компановки тем; 2) обьектов изучения по каждой теме; 3) требований госстандарта и подготовке студентов по изучаемому курсу. На кафедре казахского языка и методики его преподавания в начальной школе (зав. кафедрой доцент С.Р.Рахметова) в программах выдвинуты первоначальный, а затем продвинутый курсы обучения. Проекты типовых программ кафедры русского языка и методики его преподавания (зав. кафедрой доцент Р.Т.Мендекинова) дополнены концепцией двухступенчатого образования. Программы кафедры методики трудового обучения, изобразительного искусства и физического воспитания в


начальной школе (зав. кафедрой доцент О.С.Сатканов) учитывает особенности национальных элементов труда и воспитания в условиях современного Казахстана. Кафедра педагогики начальной школы (зав. кафедрой профессор Т.С.Сабыров), являющаяся связующим звеном всех кафедр частных методик, работает по программам бакалавриата, составленным пед руководством заведующего кафедрой. Некоторые из них, например, «Типовая программа для казахского отделения», апробирована в печати. Считаем, что достаточно четко и разумно продумана программа по всеми видам педагогической практики с I по IV курсы (на бакалавриате 3 года). Каждому виду педагогической практики предшествует свой спецкурс. Выпуск учебно-методической литературы регулируется общей научнометодической проблемой факультета и является ариным результатом комплексных исследований преподавателей кафедр. Так, на кафедре педагогики начальной школы имеются следующие печатные труды: профессора Т.С.Сабырова «Программа педагогики начальной школы», «Основы дидактики», доцента Р.М.Коянбаева «Общие основы педагогики начальной школы», «Теория образования и обучения», «Теория воспитания», «Краткий толковый педагогический словарь». На кафедре казахского языка и методики его преподавания в начальной школе: монография «Методика преподавания казахского языка» (15 п.л., доцент С.Р.Рахметова); «Учебник казахского языка» (12 п.л., доцент М.А.Караев). На кафедре математики и методики ее преподавания в начальной школе: учебное пособие «Математика» (под общей редакцией доцента Т.К.Оспанова); выпущены тексты лекций по математике и методике ее преподавания. На кафедре русского языка и методики его преподавания в начальной школе: учебные пособия по русскому языку (для студентов очного казахского отделения и студентов-заочников); лабораторные работы по русскому языку; хрестоматия по введению в языкознание и т.д. На факультете реальные возможности для дифференцированного подхода к подготовке магистров создает организация учебного процесса по блокам, на основе циклового изучения дисциплин. Отменены традиционные экзаменационные сессии, ведется систематический учет знаний, выводятся итоговые оценки, служащие основой экзаменационных оценок. Логике дифференцированного подхода подчинена и система выполнения курсовых работ, которая идет по шкале нарастания от 1 курса до последнего, когда студент на основе курсовых работ (психологопедагогических дисциплин, частной методике) выполняет дипломную работу по специальности «Педагогика и методика начального обучения». Таким образом, все компоненты системы организации учебного процесса на факультете дают возможность расширения и углубления содержания образования и творческой деятельности каждого преподавателя. (Сборник научных трудов «Совершенствование содержания начального образования». -Алматы, 1995).


БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАСТАУЫШ ОҚЫТУДЫҢ ОРНЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМ ДАЯРЛАУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС Қазіргі кезеңде жалпы орта білім беруді қамтамасыз етудің алғашқы сатысы ретінде бастауыш мектепке аса зор мән беріліп отыр. Бастауыш оқытудың негізгі көздейтін мақсаты-оқушыларды үздіксіз білім берудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына сай жоғары сыныптарда ғылым негіздерін терең игеруге дайындығын мүмкіндігінше көтере түсу. Мектептің бастауыш сатысы кіші мектеп жасындағы оқушылардың табиғат, қоғам, адам және оның еңбегі жөніндегі жалпы мағлұматтарды, оқуды, жазудың, айналаны бақылаудың, өлшеудің, есептеудің берік біліктері мен дағдыларын меңгеруін қамтамасыз етуі қажет. Бастауыш мектеп бала тұлғасын, оның қабілеттерін, сөйлеуін, ойлауын дамытады, қарым-қатынасқа үйретеді, оқу, жеке гигиена негіздерін, орнықты өмір салтын, мінез-құлқын, талғамын, күш-қуатын, жүйелі еңбек ету білігін қалыптастырады. Мектепті және оның оқу-тәрбие барысын демократияландыру мен гумандандыру бастауыш мектеп мақсаттары мен міндеттерін, оның көптүрлілігін, оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар мен оқу құралдары вариативтілігін, оқыту мен тәрбиенің формаларын, әдістері және құралдарын жасампаздықпен пайдалануды мұғалімнің, ерекшеліктерін тиімді ұштастырумен жүзеге асады. Осыған орай бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлаудың ролі мен мағынасы ұлғая түсуде. Бастауыш сынып мұғалімі-мектептегі басты тұлға. Мамандық даярлығы жағынан күрделі тұлға. Себебі бастауыш білім беру ісін, оқу-тәрбие барысын ұйымдастыруды, оқушы тұлғасын дамытуды тікелей өз іс-әрекетімен шешеді. Мұндай мұғалім тұлғасының қалыптасуы жоғары оқу орнындағы жанжақты даярлыққа тәуелді. Бастауыш сыныптар мұғалімі бастауыш мектептегі пәндерді түгелдей дерлік өзі жүргізетін болғандықтан, олардың өзара байланысын жүзеге асыруға мүмкіндігі зор. Ол үшін жоғары мектеп қабырғасында игеретін білімнің ұштастырылуы ең басты шарт болып табылады. Болашақ бастауыш сыныптар мұғалімі мемлекеттік стандартқа сай бекітілген оқу жоспарында қарастырылған пәндер ауқымында білім алады. Ол пәндер: әлеуметтік-гуманитарлық, ғылыми жаратылыстану, арнайы теориялық, арнайы мамандық пәндер блоктарына бөлінген. Осы пәндерді оқытудың барысында пәнаралық байланыстың төмендегідей қағидаларын басшылыққа алған жөн болар деп есептейміз. Ең бастысы – әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқыту жүйесі мен қазіргі қоғам дамуының талаптарына сай білім мазмұнын айқындау. Адамзаттың осы заманғы даму кезеңіне сәйкес әлем құрылымының ғылыми, философиялық және діни сипатын, адам және оның өмірінің мән-мағынасын, қарым-қатынас психологиясын игеруі, рыноктық экономика, түрлі саяси ағымдар мен партиялар, өз құқы мен міндеттері жөнінде білім алуы


философия, психология, мәдениеттану, социология, экономика, саясаттану сияқты пәндердің үлесіне тиеді. Жоғары білімі бар бастауыш сыныптары мұғалімін даярлауда психологиялық, педагогикалық, арнайы пәндердің оқытылуы жетекші орын алады. Бұл пәндердің оқытылу реті мен жүйесі теориялық және практикалық білімдерді мағыналы және терең меңгеруді қамтамасыз етеді. Бұл пәндерді оқытудың методологиялық негізі комплекстік тұрғыдан қарау және оларды пәнаралық байланыс негізінде интеграциялау болып табылады. Болашақ маманның кәсіпқойлық даярлығын, педагогтік мамандыққа ертерек бейімдеуді және психологиялық-педгогикалық пәндер байланысын жетілдіру мақсатында психология пәні 1 курстан бастап оқытылады. Анатомия, физиология және кіші мектеп жасындағы бала гигиенасы психологияны оқытудың негізі деп қарауымыз керек. Ал педагогика курсы студенттердің жалпы, жас ерекшеліктері және педагогикалық психологиядан алған білімдеріне негізделеді. Бастауыш оқыту әдістемелері педагогиканың білім беру теориясынан берілген білімдердің арқасында жүргізіледі. Осыған орай пәнаралық байланысты әдістемелік кафедралар өз ісін болашақ маманның психологиялық-педагогикалық даярлығының біртұтас жүйесін жасауға бағыттаулары қажет. «Педагогика тарихы» студенттердің терең педагогикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру мақсатында оқытылады. Кіші мектеп жасындағы балалар тәрбиесін жүзеге асыру даярлығын тиімді жүзеге асыру «Тәрбие жұмысы әдістемесі» арнаулы курсы арқылы жүргізіледі. Бұл курс педагогиканың тәрбие теориясы негізінде құрылған, оны қайталау емес, тәжірибеде жүзеге асыру болып табылады. «Дефектология негіздері» курсы баланың қалыпты дамуынан ауытқуы мәселелерінде мұғалімнің дұрыс бағдар алуына көмектеседі. Оқу жоспары болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ана тілі, балалар әдебиеті, математика, табиғаттану ауқымында қажетті теориялық және практикалық даярлықтан өтуін қарастырады. Бұл пәндер мұғалімнің әдістемелік даярлығының ғылыми негізін қамтамасыз етеді. Педагогикалық еңбектің негізгі құралы сөйлеуді меңгеру тіл ғылымы негізінде жүретін «Шешендік өнер әдістемесі» арнаулы курсы арқылы жетілдіріледі. Ғылыми-жаратылыстану пәндерінен алынған теориялық білім негізінде олардың әдістемесі оқытылып, нақты тәжірибелік жұмыстарда бекітіледі. Арнайы дала практикасы белгіленген. Бұл жерде педагогиканың дидактикасынан алған білім әдістемелік және практикалық даярлықтың негізіне айналады. Осы мәселелердің бәрі пәнаралық байланыс қағидасының төңірегіне шоғырланады. Эстетикалық пәндер және олардың әдістемелері болашақ мамандардың бұл саладағы іс-әрекетіне қажетті блім және дағдыларын қамтамасыз етеді. Бастауыш сыныптар мұғалімдерін даярлауда педагогикалық практиканың алатын орны ерекше. Педагогикалық практика барысында шын мәнінде пәнаралық байланыстың жүзеге асырылуының деңгейін айқындауға болады. Осы тұрғыдан келгенде, «Тәрбие жұмысы әдістемесінен», «Ғылыми-


педагогикалық зерттеу жұмыстары әдістемесінен», «Оқу-тәрбиелік жұмыстар» практикаларының ұйымдастырылуы пәнаралық байланысты тұжырымдай түсудің құралы болуы тиіс. Пәнаралық байланысты жүзеге асыруды бүкіл оқу мерзімінде екі курстық жұмыстың орындалуы (педагогика және жеке пән әдістемесінен), интеграциялық негізде дипломдық жұмыстың қорғалуы қорытындылайды. Қорыта айтқанда, бастауыш сынып мұғалімдерінің психологиялық, педагогикалық, әдістемелік даярлығының негізі пәнаралық байланыс бойынша ғылыми білімдердің интеграциялануы болып табылады. (Межвузовский сборник научных трудов. -Алматы, 1997) ЖАЛПЫ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ Қазақстан Республикасындағы білім берудің даму болашағы ресми құжатпен айқындалған. Сол құжатта жалпы бастауыш білім беру кезеңі бұрынғымен салыстырғанда күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Бұл өзгерістердің басты сылтауларын төмендегіше анықтауға болады. Біріншіден, оқуға қабылдау алты жастан басталып, оқу мерзімі төрт жыл болып белгіленді. Бұл не деген сөз? Жалпы бастауыш білім беру барысы мектепке дейінгі тәрбие кезеңімен оңтайлы ықпалдаса түсті. Бастауышта оқитын балалардың жас ерекшеліктері бойынша анатомиялық, физиологиялық дамуы, өмір салтына қатыстыру, қабілеттерін дамыту мазмұнын лайықты анықтау деген сөз. Екіншіден, жалпы бастауыш білім берудің мақсаты өзгеруде. Негізгі жалпы білім беру сатысындағы базистік оқу пәндері бағдарламаларын кейіннен игеруге қажетті және жеткілікті оқу, жазу, есептеудің берік дағдыларын қалыптастыруға келіп тірелді. Үшіншіден, мұның өзін бастауышта білім негіздерінен қарапайым жүйелері білім беру сияқты бұрынғы бастауыш білім беру мақсатында белгіленген қызметті негізгі жалпы білім беру сатысына қарай өткізу деп түсінуіміз керек. Төртіншіден, жалпы бастауыш білім беру жүйесіне шетел тілінде қарапайым тілдік қатынас және информатикалық сауат ашу құрамалары ендіріліп отыр. Бұған сәйкес жалпы бастауыш білім беру мазмұнына өзгеріс ендірілмекші. Бесіншіден, бастауыш сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылық әрекетті, мінез-құлық мәдениетін, жеке гигиена және салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру бағдарланып отыр. Жоғарыдағы тұлға қасиеттерін дамытумен қатар, ең кемі үш тілді ұрпақ қалыптастырудың негізін жасау көзделіп отыр.


Алтыншыдан, бастауыш сатыдағы білім сапасын анықтау үшін аралық бақылау мен оқу жетістіктерін ішінара мониторингтік бағалау енгізіліп отыр. Біздің пікірімізше, мұның өзі жалпы бастауыш білім беру сатысынан өткен ұрпақтың келесі сатыдағы білім алу тілін таңдау құқын белгілейді. Бұл мұғалімдердің соңғы болып өткен съезінде Республика президентінің негізгі орта білім беру сатысында жеке пәндерді, жеке сынып пәндерін, бүкіл пәндерді толық шетел тілінде оқытуды ұйымдастырудың алғышарты болып табылады. Жоғарыда баяндалған мақсат-міндеттердің қажетті және жеткілікті деңгейде орындалуы көбіне білім мазмұнын дұрыс анықтауға тәуелді. Оның педагогика теориясы мен тәжірибесі негізінде құрылуында. Олай болса, білім беру мазмұнын анықтаудың теориясы мен тәжірибесіне жүгінейік. Білім беру мазмұны – дидактикалық категогрия. Табиғаты жағынан өте күрделі және көпқырлы. Сондықтан білім беру түсінігіне оқытудың нәтижесі ретінде білім, білік, дағдыларды ғана емес, оқушының іс-әрекет пен қарымқатынастың үздіксіз барысында мінез-құлықтық ұстамдарында сындарлы ойлау, жасау, бағалау біліктеріне қоса қарау керек. Осыған орай білім берудің мәнін көре білу керек. Оқушының білімі және білігі қажетті және жеткілікті болуы керек. Бастауыш сатыда осы жеткілікті, онан әрі пәндік оқуға көшу. Ал бұл мәселенің өзінің ғылыми негізі бар. Біріншіден, білім ретінде белгіленген танымдық іс-тәжірибесі; екіншіден, біліктері түріндегі белгілі іс-әрекет тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі үлгісімен жұмыс істеу; үшіншіден, шешімі табылуға тиісті түрлі мәселелердің нәтижесіне жету біліктері түріндегі шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі; төртіншіден, тұлға бағдарлануы түріндегі сезімталдық-құндылық қатынастарды жүзеге асыру тәжірибесі. Дидактикалық көзқарас тұрғысынан бұлар оқытудың технологиясымен тығыз бірліктегі оның мазмұндық жағын ашып береді. Осыған байланысты жалпы бастауыш білім беру мазмұнын іріктеудің негізгі талаптарын, бастауларын анықтауға болады. Олар: - жалпы бастауыш білім беру мазмұнының дамып отырған гуманистік демократиялық қоғамның негізгі талаптарына сәйкес келу принципі; - оқу материалын құру және жобалауда оқытудың мазмұндық және технологиялық жақтарының бірлігін есепке алу принципі; - жалпы бастауыш білім беру мазмұнының оқушының тұлғалық дамуы мен қалыптасуын есепке алудың құрылымдық бірлігі принципі. Міне осы принциптер білім беру мазмұнына нені ендірудегі басты бағдарлар болып табылады. Осы принциптерге сәйкес жалпы бастауыш білім беру мазмұнын таңдап алу шарттары бар. 1. Білім беруді дамыту бағдарламасындағы жалпы бастауыш білім беру міндеттерінің тұтас бейнеленуі. 2. Оқу бағдарламаларындағы білім беру материалдарының жоғары ғылыми тәжірибелік мәні болуы.


3. Бастауыш жасындағы оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне білім беру материалдарының күрделігінің сәйкес болуы. 4. Білім беру мазмұнының оны оқуға бөлінген уақытқа сәйкестігі. 5. Білім беру мазмұнын белгілеудің халықаралық тәжірибені есепке алу. 6. Қазіргі мектептің оқу-әдістемелік және оқу материалдық базасына сәйкестігі. Міне бұл жалпы бастауыш білім берудің жалпы дидактикалық шарттары. Қазіргі кезде жалпы бастауыш білім берудің принциптері мен шарттарын таңдап алуда, оның бағдарын анықтаудың құралы ретінде мемлекеттік білім беру стандарты болып отыр. Білім беруді стандарттау ұлттық модель негізінде әлемдік білім беру кеңістігіне ену, жалпы бастауыш білім берудің мемлекеттік және жеке оқу орындарында біртұтас білім деңгейін қамтамасыз ету. Білім беру стандартын қазіргі педагогика ғылымының дамуының жаңа деңгейі деп қарау керек. Жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты – бұл міндетті талап деңгейі. Ол онан әрі негізгі мектепте ғылым негіздерінен жүйелі білім алуға даярлықтың барысы. Осы талапқа сәйкес оқыту мен бақылау мазмұны, әдістері, түрлері, құралдары. Бұл – белгіленген «меже», «үлгі», «өлшем». Білім беру стандарты, бір жағынан, мемлекеттің жас ұрпақ алдындағы, екінші жағынан, білім алу ауқымындағы жас ұрпақтың мемлекет алдындағы міндеттемесі. Білім беру стандартынан оқу бағдарламаларының бағыты анықталады. Біздің пікірімізше, тікелей бастауыш мектеп мұғалімі қызметіне және арнайы пән мамандарының қызметіне енетін оқу бағдарламаларын ажырататын уақыт жетті. Бастауыш білім беру мамандарының құзырына: - негізгі жалпы білім беру сатысындағы қазақ тілі және әдебиеті (орыс тілі және әдебиеті, шетел тілі) ғылымы негіздерінен жүйелі білім алуға даярлық; - негізгі жалпы білім беру сатысындағы математика ғылымы негізінен жүйелі білім алуға даярлық; - негізгі жалпы білім беру сатысындағы биологиялық пәндерден жүйелі білім негіздерін алуға даярлық; - информатика негіздерінен сауат ашу даярлығы; - қарапайым еңбек технологиясының білім, білік, дағдыларын қамтамасыз ету сияқты оқу бағдарламалары жүзеге асыру жүктелгені дұрыс деп есептейміз. Осылардың өзі бастауыш білім берудің оқу жоспарында аптасына 20-25 сағаттық педагогикалық жүктемемен енуі мүмкін. Ал музыка, көркем өнер, денешынықтыру оқу бағдарламаларын негізгі жалпы білім беру сатысындағы базистік пәндер мұғалімдерінің құзырына енгені жөн. Сонда бастауыш мектеп оқушысының апталық жүктемесі шамамен 24- 28 сағаттан болады.


Біздің пікірімізше, вариативті оқыту базистік пәндер жүрген кезден негізгі мектепте басталуы керек. Бастауыш мектепте ғылым негіздерінен пәндік оқу болмағандықтан оқу жоспарындағы ол бөлім алынып тасталғаны дұрыс деп есептейміз. Сонымен жалпы бастауыш білім беру сатысында ойымызда жүрген педагогикалық ой-пікірлерімізді жеткізуге ұмтылдық. (Хабаршы. «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2006. -№1 (10)). ОҚЫТУДЫҢ КРЕДИТТІК ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Кәсіпқой мамандар даярлау, оның ішінде жоғарғы білімді білікті мұғалімдер даярлау – бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе. Себебі Отан, қоғам болашағы осы мамандардың жеткіншек ұрпақты өмірге дайындауына тікелей байланысты. Оның үстіне дүниежүзілік даму, білім беру жүйесінен жетіле түсуімізді, кешеуілдеп қалмауымызды үнемі ойластырып, іс-әрекеттің арқауына айналдыруымыз қажет. Өскелең өмір білім берудің әлемдік дамуының тәжірибесін басшылыққа алып, әр халықтың тәрбие тәжірибесінің тегін айырылып қалмауды көздейді. Осыған орай егеменді елдің білім беру жүйесінің негізі Қазақстан Республикасының Ата заңында, одан туындаған білім беру жайлы Заңда, басқа да ресми құжаттарда белгіленген. Мұны жүзеге асыру жолдарын, айла -шарғы, амалдарын еліміздегі білім беру жүйесінің басшы мекемелері, оқу орындары ұжымдары ынтасын салып зерттеуде. Осының айғағы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқытудың кредиттік жүйесінің ережелері» атты жобасын талқыға ұсынуы. Бұл жобаны: - білім беру, оқыту, тәрбиелеу, тұлғаны дамытудың құралы; - оқытуды ұйымдастырудың күрделі формасы; - жеке тұлғаның оқу іс-әрекетін белсендіру; - білім мазмұнын оқушы игеруін ұйымдастырудың жаңа әдістемесін жасау; - оқытушы және оқушы іс-әрекеті әдістемесінің айқындалу шекарасын сезіне білу; - қалыптасқан оқу процесінің графигін жаңаша кұру; - оқушы білімін, біліктілігін, дағдыларын бақылау және бағалау формаларын түрлендіру; - оны тікелей оқу процесіне үздіксіз ендіру; - білімді бағалаудың үздіксіздігін қамтамасыз ету; - оқытудың технологиялық негізін сөзден іске көшіру;


- оқытушылардың және студенттердің жауапкершілігін арттыру, т.с. ретінде қарау керек. Міне азғантай ғана тізбенің өзінен оқытудың кредиттік жүйесінің атқаратын сан-түрлі қызметін байқауға болады. Ең бастысы – оқыту процесінің графигін дұрыс құра білу. Әр мамандықтың ерекшелігін ескере отырып; - тікелей аудиториялық оқытуды ұйымдастыру формалдарының мерзімдік күйі; - cеместрдің ұзақтығы (біздің пікірімізше аудиториялық сабақ 15 аптадан екі семестр болғаны дұрыс деп есептейміз); - практика мерзімін оқу процесінің графигіне болашақ мамандыққа сай оқу орнының жұмыс ырғағына үйлестіре жасағаны; - барлық типтік және жұмыс жоспарлары қайта құралып, оқытушы және оқушы іс-әрекеттерінің әдістемелік негізі айқындалған бағдарламалары; - әрбір оқытушының жүргізіп жүрген пәні бойынша студент үшін оқу материалының мазмұны, т.с.с. құралғаны жөн. Аталған және басқа да оқытудың материалдық базасын қамтамасыз етудің технологиялық құралдарымен оқу орындары қамтамасыз етілген жағдайда ғана бұл жүйенің мақсатына жетуге болады. Осы жүйемен жұмыс істеудің ерекшелігі: - жеделден; - қосымша оқытуды; - типтік жоспарлаудың аралық пәндерін оқып бақылаудан өту үшін 12 аптаға дейін мерзімде жазғы сессияны ұйымдастыруға мүмкіндік беруі болып табылады. Оқытуды, оқуды ғылыми-теориялық негізіне жақындата түсу көзделген. Оған бір мысал: ғылым бакалавры деңгейінде жоғары білім диплом жұмысын қорғау мен пәнаралық мемлекеттік емтиханды тапсырумен аяқтау көзделген. Диплом жазу, қорғау бұл – мамандыққа сай бүкіл педагогикалық процеске қатысы бар іс-әрекет пен қарым-қатынастар табиғатын бүгешүгесіне дейін меңгерту деген сөз. Бакалавр деңгейінде «ғылым бакалавры» деген дәреженің берілуінің сыры осында. Жоғарыда айтылғандай, бұл жүйе – студенттің өзіндік жұмысына негізделгенінің бір айғағы, оның уақыт мөлшері, яғни өзіндік жұмыс, оқытуды ұйымдастырудың басқа түрлеріне бөлінген уақыттан кем болмауы керек. Бұрынғы жүйеде бұл 33-34 пайыз уақыт мөлшерін құрайтын. Білім беруді ұйымдастыру формаларының мәні мен мағынасының өзгеруі де көзделген. Мысалы, лекция оқу процесінде студенттердің ісәрекетін ұйымдастыру және бағыттау қызметін атқарады: проблема, оның алатын ғылымдағы орны, бұл жөнінде ғылыми-тәжірибелік деректерді табу, пайдалану көздері, тәжірибедегі орынды пайдалану жолдары, т.с.с. Сондықтан да оқытушы мен студент іс-әрекетінің ғылыми-теориялық және тәжірибелік негізіне терең үңілу қажет. Әр түрлі жоспарлардың талап етілуінің сыры да осында.


Бұрынғы оқыту жүйесінен тағы бір айырмашылығы – оқыту процесінен білімді бағалаудың бөлінуі және пайдаланылған кредиттердің қорлануы, үздіксіз өсуі. Күнделікті, межелік, аралық бақылаудан аттестацияланбаған студенттің бақылаудан қайта өтуіне жол берілмеуі, аттестациядан тәуір өткен студенттердің түрлі деңгейде академиялық жеңілдіктерге ие болуы да білім сапасын жақсартуға әсер етуінде күмән жоқ. Студенттерге көрсетілетін түрлі жеңілдіктер мен талаптар Ережеде нақты көрсетілген. Әрине министрлік тарапынан қосымша ресми құжаттардың боларына кәміл сенеміз. Игі бастамаға ақ жол тілейміз! (Хабаршы «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы № 1 (5). Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2004) БІЛІМ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА СӘЙКЕС 050102 – «БАСТАУЫШ ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАМАНДАР ДАЯРЛАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 15 тамызда 2007 жылы Білім туралы Заң жарияланды. Білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін, саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайтын, Қазақстан Республикасының азаматтарының, Қазақстанда тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ететін бұл Заң аталған мамандарды даярлаудың мәселелерін педагогикалық теория және тәжірибесі тұрғысынан қайта қарауды қажет етеді. 1. Заңда пайдаланылған ұғымдардың мағынасын ашатын түсініктемелер берілген. Бұл мамандардың таным өрісін кеңейтудің бірден-бір жолы. Осы негізде құрылған педагогикалық атаулар, түсініктер, ұғымдарды бір жүйеге келтіретін, кеңейтілген құрал ретінде сөздік жасайтын уақыт жетті. Мұның негізі Р.М.Қоянбаев және Қ.Т.Ыбыраймжановтардың педагогикалық сөздігінде қаланды. Мұндай типтегі сөздіктерді ғылымды ғылым ретінде оқып, білім алудың әліппесі деп қараған жөн. Заңдағы бастама құптарлық жайт. 2. Елімізде білім беру жүйесі құрылған. Заңда білім беру жүйесі ұғымының құрамалары: мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары, білім беру, оқу бағдарламалары, білім беру ұйымдары, білім берудің басқару органдары, оның ішінде білім беру процесінің мониторингін ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ететін ұйымдардың жиынтығы ретінде берілген. Білім беру жүйесінің аталған мамандарды даярлауда осылардың ықпалдасқан іс-қимылына тәуелді. 3. Білім берудің үздіксіз жүйенің діңгегі Заңдағы орын алған білім беру деңгейліктерінің:


- мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; - бастауыш білім беру; - негізгі орта білім беру; - орта білім беру; - орта білімнен кейінгі білім беру; - жоғары білім беру; - жоғары оқу орнынан кейін білім беру деп анықталуы педагог ғалымдарға зор міндеттер жүктейді. Себебі әр деңгейліктің педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік, философиялық құзыретін анықтау жаңа тұрғыдан қаралуы керек. Білім беру қызметтерді деңгейліктерге сай ығысулардың ерекшеліктерін түсіне білу қажет. Бұл өз кезегінде педагогикалық, әдістемелік, психологиялық ғылыми зерттеулердің көптеген ұстамдарын мұқият қайта қарауды талап етеді. 4.Заңның 4- тарауында қарастырылған білім беру мазмұны – жеке адам-ның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесін терең зерттеу қажет. Жоғарыда айтылған ығысулардан туындайтын құбылыстар сыры педагогика, әдістеме, психология ғылымы саласындағы ғалымдардың, тәжірибелік мамандардың кезек күттірмейтін зерттеулерінің ауқымы. Әр деңгейліктердің оқу-әдістемелік кешендері күрделі өзгерістерге ұшырайды. Себебі білім беру жүйесіндегі ең құдіретті құрама – білім берудің мазмұны. Мұны дұрыс анықтау – білім беру сапасының кілті, білім беру жүйесіндегі жастардың болашақ кәсіби іс-әрекетінің тірегі. Білім беру мазмұны экономикалық, әлеуметтік, саяси дамудан озыңқы тұруы – прогрестің тетігі. 5. Енді қарастырылып отырған мамандығымызға сай іс-әрекет объектісі болып табылатын бастауыш білім беру деңгейіне оралайық. Заңда: «Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгерту үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған», – деп анықталған. Өзгерістерді аңғарайық. Бұрын бұл жерде аталған мәселелердің қарапайым дағдыларын дамытуды көздейтін, ал бүгінгі таңда ол мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың білім мазмұнына қарай ығысып отыр. Әрине мұны білім беру жүйесі моделіндегі ғылыми және тәжірибелік маңызды мәселе, болашақтың асыл мұраттарының бірі, өмір талабы, білім беру кеңістігінің талабы деп қарау керек. Жүзеге асырылудың негізгі шартының бірі еліміздің әлеуметтікэкономикалық дамуының білім беруді дамыту талаптарынан кешеуілдеуі болып отыр. Шындығында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың орасан


олқылықтары бұл Заңның аталған талабын жүзеге асыруды тежейді. Бірақ Заңның болашақ үміт дүниесіне иек артатынын естен шығармағанымыз жөн. Мәселе енді Заңның осы тарауындағы талаптарды жүзеге асыратын мемлекеттік стандарттың, оның оқу-әдістемелік кешендерінің дұрыс құрылуында. Оқу бағдарламаларын түбегейлі қайта қарау қажет. Әрине бұл тұста Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі каферасының мүшелелері: С.Р.Рахметова, Р.Т. Мендекинова, О.С. Сатқанов, Г.И. Уәйісова, Ә.Е. Жұмабаева, Ә.С.Акрам ова, Б.Т. Қабатай, З.Ж.Искакова, Л.А.Лебедева, А.Б.Акпаева, А.К. Маханова, Р.Н.Валиуллина, Ж.Қ.Астамбаева, Б.М.Қосановтардың, кезінде кафедра мүшелері болып, басқа жұмысқа ауысқан Т.Қ. Оспанов, Ж.Т. Қайыңбаев, Т.А. Кульгильдинова, Т. Әбеновалардың зор үлесін атап өту қажет. Мәселе енді өзгерген талаптар тұрғысынан қалыптасқан тәжірибені қайта қарауда. Бұл – ата-аналар, бастауыш мұғалімдері, оқушыларының терең ризашылығының көзі. 6.Енді осы бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын жоғары білімді кәсіби мамандар даярлау мәселесіне тоқталайық. Ең бірінші, қандай қалыптасқан тәжірибе жинақтағанымыз жөнінде бірер сөз. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде бұл мамандық бойынша өткен ғасырдың 80-ші жылдарының екінші жартысынан бүгінгі күнге дейін мұғалім кадрларын даярлап келеді. Қысқаша айтқанда, егеменді Қазақстанның осы бағытта жұмыс істейтін оқу орындарының оқу жоспарлары, білім және ғылым министрлігінің жариялаған бірінші және екінші мемлекеттік стандарттардың жобасын тендірлік конкурста жеңіп алынды. Ал үшінші, төртінші мамандықтың мемлекеттік стандарттары аталған мамандық иелері жоқ. Жоғарғы оқу орындарына бөлініп берілгендері өкінішті-ақ. Аталған оқу орнындағы бастауыш мектеп мамандарын дайындау бағытындағы профессор-оқытушылар ұжымның 25 пайызын құрайды. Мамандықтың күні бүгінге дейін оқу бағдарламалары осы бөлімнің күшімен жасалынуда. Маман дайындаудың теориялық және озық педагогикалық тәжірибесі 30-дай факультеттің ғылыми-әдістемелік жинақтарында жарияланды. Мамандықтың педагогика пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені: - жалпы бастауыш білім беру педагогикасы (Р.М. Қоянбаев және Қ.Т. Ыбырайымжанов); - оқытудың педагогикалық сөздігі (Р.М. Қоянбаев және Қ.Т. Ыбырайымжанов); - бакалаврлық диплом жұмысын орындау әдістемесі (Р.М. Қоянбаев және Ұ.Қ. Қыяқбаева); - магистрлік диссертация (Р.М. Қоянбаев және Ә.Е. Жұмабаева); - педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеулердің әдістері (Р.М. Қоянбаев және Г.Р. Қоянбаева ) атты оқу-әдістемелік құралдар жасалды.


- Екі-үш оқу құралы жасалу үстінде. Олар аяқталған соң педагогиканы оқу-әдістемелік кешені толық жасалады деп ойлаймыз. Бұл тәжірибе ғылыми зерттеулердің көздеріне айналуда. Өкінішке орай шешімі табылмай келе жатқан үлкен мәселе бар. Ойланайықшы. « 050102 – Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бар. Табиғаты педагогика және әдістеме ғылымдары интеграциялауға (ықпалдастыруға) негізделген. Ал осы үлкен педагогикалық проблеманы зерттеуге бағытталған арнайы Кеңес республикада жоқ. Мұндай арнайы кеңес болмай негізі орта білім беру мәселелері дұрыс жетілуі мүмкін емес. Әлемдік тәжірибеге қараңыздаршы, ең алдымен білім берудің іргетасы бастауыш білім беру мәселелері шешіледі де, педагогикалық іргетасы ретінде, сосын келесі басқыш мәселелері шешіледі. Бізде керісінше. Шешілер деген үміттеміз. 7. Заңдағы 4- тараудың 21-ші бабаның бірінші және екінші тармақтары жайлы пікір. Бірінші тармағында: «Жоғары білім беру кәсіптік оқу бағдарламалары біліктілікті және (немесе) «бакалавр» академиялық дәрежесін бере отырып, мамандар даярлауға, олардың кәсіптік даярлығының деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталған», – делінген. Осы мәтіннің және деген сөзіне қарасты тұжырым жасасақ, әрі «біліктілік», әрі «бакалавр» академиялық атағы беріледі деп түсінуге болады. Ал жақша ішіндегі «немесе» сөзіне қарасты тек «біліктілік» деңгейі, не «бакалавр» деңгейі берілетін сияқты. Егер соңғысындай болса, дайындалған мамандардың құзіреті тарамдалып анықталуы қажет сияқты. Күмәнмін. 8. 7-ші тараудағы 50-бабының 7 тармағында бастауыш сынып мұғалімдерінің апталық жүктемесі 18 сағат деп бекітілген. Әрине бұл білім беру саласы қызметкерлері үшін әлеуметтік құқықтың әділеттілік негізге көшуінің, білім беру саласындағы демократиялық принциптің жүзеге асуы деп бағалауға болады. Ал енді мұның жүзеге асырылуында терең педагогикалық сырлар жатыр. Ең оңай жолы бастауыштағы пәндерге берілген апталық сағат санын арифметикалық жолмен қысқарта салып, бұрынғыша пәндерді бастауыш мектеп құзырына бере салу. Ал терең педагогикалық тұрғыдан, білім берудегі дамыту тұрғысынан қарастырсақ (және дұрысы осы жол) көп жұмыс атқаруға тура келеді. Олар: 1. Заңда бекітілген бастауыш білім берудің оқу пәндерінің ішінен қазақ, орыс, шетел тілдері, табиғаттану, математика, еңбек, информатиканы бастауыш мектеп мұғалімінің құзырына қалдырып, жалпыға міндетті мемлекеттік стандартты құру. 2. Бастауыш сынып мұғалімінің құзырынан тыс қалған денешынықтыру, музыка, сурет пәндерін тиісті физкультура және спорт, педагогикалық музыка, көркем-сурет сияқты факультеттер мамандық стандарттарының құрамына көшіріп, жаңа бағыттағы стандарттар құру. Тіпті мектепке дейінгі мекемелерде музыка, денешынықтыру, сурет сияқты пәндерді мамандар бергенде, бастауыштың ПМНО бітірген бұл өнерден шала-сауатты мамандарға тапсыруымыз қате деп ойлаймын.


3. Бастауыш сатыға маман дайындағанда шетел тілін қосымша мамандандырудан негізгі маманданудың құзыретіне ендіру қажет. Сол жағдайда орта білім беруде халқымыздың тіл мәдениетін көтере отырып, Президентіміздің көтерген әлемдік кеңістікке енудің Бәсекеге қабілетті елдер қатарына көшуді жеделдетер едік. Заңға түбегейлі талдау жасадық деуден аулақпыз, тек «050102–Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша туған пікірлерді баяндадық. (Хабаршы. «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті»сериясы. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007. -№3).


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРДЫҢ Р.М.ҚОЯНБАЕВТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ МЕН ҰСТАЗДЫҚ, БАСШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ОЙПІКІРЛЕРІ


ПРОФЕССОР Р.М. ҚОЯНБАЕВ – ҚАЗАҚСТАНДА БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ТҰҢҒЫШ ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГ Қалдыбек Бөлеев, п.ғ. д., Ұлттық Білім академиясының академигі, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің профессоры Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы «Жоғары кәсіптік білім» саласында «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін сапалы даярлау басты міндеттерінің бірі болып саналатыны айрықша көрсетілген. Бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби дайындауда жоғары педагогикалық оқу орындарында оқытылатын «Бастауыш білім беру педагогикасы» пәнінің алатын орны мен рөлі айрықша. Өйткені болашақ мұғалім бастауыш білім беру педагогикасының негіздерін, бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориясы мен технологиясын, бастауыш мектепте оқытылатын барлық пәндердің әдістемесін және бастауыш мектепті басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздерін «Бастауыш білім беру педагогикасы» оқу пәнін меңгергенде ғана ол өзінің кәсіби жұмысына даяр болуға негіз қалайды. Қазақстанда болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби дайындау бойынша қажетті бастауыш мектеп педагогикасын тұтастай қамтитын 2005 жылы жарық көрген Р.М.Қоянбаев пен Қ.Т.Ыбыраймжановтың «Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы» атты оқу құралы [1]. Құрал төрт бөлімнен, отыз бір тараудан тұратын «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттеріне арналып, қазақ тілінде шыққан тұңғыш еңбек. Бірінші бөлім «Жалпы бастауыш білім беру педагогикасының негіздері» деп аталып, ондағы бес тарауда төмендегідей мәселелер қарастырылған: жалпы бастауыш білім беру педагогикасы, оны тану саласы, негізгі ұғымдары және әдіснамалық негіздері; оқу-тәрбиенің біртұтас барысы – оқушыларды жан-жақты дамытудың негізгі қозғаушы күші; оқу-тәрбие барысын күшейту мен қолайлы ету негізінде ғылыми ұйымдастыру; педагогикада адам жасын кезеңдерге бөлу, педагогтік мамандық және мұғалім тұлғасы. Бұл бөлім материалдары студенттерді бастауыш білім беру педагогикасының теориялық-әдіснамасымен қаруландырып, оларды бастауыш мектеп мұғалімінің тұлғасымен таныстырады. Екінші «Тәрбие теориясы» бөлімінің он екі тарауында келесі мәселелер баяндалған: тәрбие барысының мәні, тәрбиенің жалпы әдістері, оқушылар ұжымын ұйымдастыру мен тәрбиелеу, саяси-идеялық тәрбие, материалистік дүниетануды қалыптастыру, оқушыларды өнегелікке тәрбиелеу, оқушыларды еңбекке тәрбиелеу, оқушылардың әсемдікке көзқарасын тәрбиелеу, оқушылардың дене тәрбиесі, құқықтық тәрбие, бастауыш мектептегі


сыныптан тыс тәрбие жұмыстары, мектеп, отбасы және еңбек ұжымдары жұртшылығының бірлескен тәрбие жұмысы, мектептен тыс мекемелер. Бұл бөлім материалдары болашақ бастауыш мектеп мұғалімін оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориясы және технологиясымен қаруландырады. Үшінші «Білім беру және оқыту теориясы (дидактика)» атты бөліміндегі сегіз тарауда қарастырылған мәселелер: білім беру және оқыту теориясы, оның мазмұны мен міндеттері, оқыту барысының мәні, оқыту принциптері, мектептегі білім беру мазмұны, оқыту барысын ұйымдастыру формалары, бастауыш мектептегі оқытудың әдістері, бастауыш сыныпта білімді тексеру және бағалау, педагогикалық білім берудің маңызды мәселелері. Бұл бөлім студенттерді бастауыш сыныпта оқытылатын барлық пәндердің әдістемесін игеруге даярлайды. Төртінші «Мектеп жұмысын басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері» бөлімінің алты тарауында қарастырылған мәселелер: Қазақстанда халыққа білім беру жүйесі, мектеп – педагогикалық процесті басқарудың орталығы, қазіргі кезеңдегі мектеп басшысының рөлі, мектеп жұмысын басқарудағы халық педагогикасының кейбір мәселелері, үйелмен – халық педагогикасының негізі, балалар мен жастар ұйымдары. Мұндағы мектеп жұмысын басқарудағы халық педагогикасының пайдаланылуы қазақ этнопедагогикасы ғылымында бұрын-соңды сөз болмаған зерттеуді қажет ететін инновациялық авторлық идея. Бұл бөлім материалдары болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін бастауыш мектеп жұмысын басқару негіздерімен таныстырып, оларды халықтық педагогика арқылы мектеп жұмысын басқаруға және отбасында балаларға ұлттық тәрбие беруге үйретеді. Сонымен, мазмұндық талдауға алынған оқу құралы автордың көп жылғы зерттеу жұмысы мен іс-тәжірибесінің нәтижесі [2-6], ол бастауыш білім беру педагогикасын тұтастай жүйелі қамтыған жалғыз еңбек екендігі профессор Р.М.Қоянбаевтың Қазақстанда бастауыш білім беру педагогикасының негізін қалап, мазмұнын жасаған тұңғыш ғалым-педагог болғандығын дәлелдейтін шындық пен ақиқат. Әдебиеттер: 1. Қоянбаев Р.М., Ыбыраймжанов Қ.Т. Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы. Оқу құралы. – Түркістан: Тұран, 2005. – 432 б. 2. Қоянбаев Р.М. Бастауыш мектеп педагогикасының жалпы негіздері. Лекциялар курсы. – Алматы: ҚМПУ, 1992. – 106 б. 3. Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. Оқу құралы. – Алматы: ҚМПУ, 1990. – 120 б. 4. Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы. Оқу құралы. - Алматы: ҚМПУ, 1991. – 82 б. 5. Қоянбаев Р.М. Қысқаша педагогикалық сөздік. - Алматы: АлМУ, 1999. –62 б. 6. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Оқу құралы. – Алматы: Эверо, 2004. – 420 б.


ӨМІРІ ӨНЕГЕЛІ АЛЫП ТҰЛҒА С.Р.Рахметова, Абай атындағы ҚазҰПУ, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Елімізге, әсіресе педагогтық қызметімен ерекше еңбегі сіңген, білім негізінің алғашқы баспалдағы болып табылатын бастауыш сыныптарға жоғары білімді мұғалімдер дайындайтын факультетті ұйымдастырған да және осы факультеттің деканы болып жиырма жылдың үстінде қызмет атқарған да осы – Ромсейіт Мұхамеджанұлы Қоянбаев еді. Қабырғасы қаланбаған, тіпті «он екі нұсқада бірі» жоқ, жоғары оқу орны тарихында мүлде болмаған жерде факультет ашу, оның қыруар жұмысын (оқу жоспарлары, оқылатын пәндер т.б. с.с.) реттеп атқару еншісі де осы Азаматтың мойнына жүктеліпті. Факультеттің әрбір «кірпішін» орынды қалап, аяғынан тік тұрғызып, кәдімгі, баяғыдан бар, басқа факультеттердің қатарына теп-тез қосты. Факультетке жұмысқа республикаға аты мәлім Т.Сабыров, Т.Оспанов т.б. білікті мамандарды жинады. Содан бері жиырма бес жылдай уақыт өтіпті. Қазір біздің факультеттің түлектері республикамыздың түкпіртүкпірінде алдыңғы қатарда еңбек етуде. Олардың ішінде «Еңбегі сіңген» мұғалімдер де, «үздік» мұғалімдер де, ғалымдар да бар. Осы факультетті алғаш бітірушілер: Жұмабаева Әзия – ғылым докторы, «Қазақ тілі» оқулықтарының (1,2,3,4-сыныптар үшін), бірнеше «әдістемелік нұсқаулықтардың» авторы; Қабатай Бидана – ғылым кандидаты, доцент, «Ана тілі» (2,3,4-сыныптар үшін) оқулығының және мұғалімдерге арналған «Әдістемелердің» авторы т.б. Бұл шәкірттерімізді айтып отырған себебім: Р. Мұхамеджанұлы факультетті «өте жақсы» оқып, «үздік дипломға» бітіргендерді үнемі қадағалап, «факультетті кейін осылардың өздері басқарып, жұмысын қоғам талабына сай жүргізіп, жетілдіретін азаматтар болып шығуға тиіс...» деген сөздерді жиі-жиі есімізге салып жүретін-ді. Р.Мұхамеджанұлының білімі жан-жақты, сан қырлы тамаша педагог еді; бүкіл өмір бойына осы бастауыштағы бөбектерге білім, білік, дағды қалыптастыратын ұстаздардың жеке тұлғасы дарынды, шебер тәрбиеші, патриот, жалынды ұстаз болып шығуларына жанын аямай, қызмет істей жүріп, бастауыш оқыту факультеттері үшін «Педагогика» оқулығын, «Педагогикалық терминдер» сөздігін, бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындауға арналған Мемлекеттік стандарттар жасады. Бұл Стандарттар бірнеше жыл бойы тендрден бірінші орынды жеңіп алып, республика бойынша басқа институт, университеттердің Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультеттеріне ұсынылды.


Соңғы жылдары он екі жылдық білім беру мәселелері жөнінде де бірнеше мақала жазып, журнал беттерінде өз ой-пікірін білдірді. Осындай еңбектері үшін оған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры атағы берілді. Р.Мұхамеджанұлы орыс, қазақ тілдерінде дәріс оқып, қандай құжаттарды болмысын екі тілде өте сауатты жаза білетін ұлы ұстаз, ғалым, белгілі педагог деген атқа ешбір шаң жұқтырмастан 2008ж. 2 қаңтарда дүниеден озды. Р.Мұхамеджанұлы соншалықты білімділігіне, декандық орнына қарамастан өте қарапайым, ұстаздармен де, шәкірттерімен де тең дәрежеде қарым-қатынас жасай білетін, салмақты, ойлы, ұстамды, шыдамды және менмендік пен тәкаппарлықты білмейтін кішіпейіл, өзінің бүкіл саналы ғұмырын осы бастауыш оқыту ісі мен ғылымын жетілдіруге жұмсап, адам тәрбиесіне бағыштап өткен жан болды. Р.Мұхамеджанұлы қазақтың салт-дәстүрі мен тәрбие жүйесін өте жақсы сақтаған және оны шәкірттеріне үйретуге дайын тұратын азамат еді. Тіпті есіктен кіріп-шықанға дейін студенттерге ұстаздармен таласыптармасып, топырлап, апыл-ғұпыл жүрмей, үлкендерге сәл тоқтап, жол беру т.с.с ұсақ-түйекке дейін көңіл бөліп, үйрететін. Бірде біздің ұжымымыз «Жұлдызда» (парк ішіндегі) садақа шәйіне сағат 13.00-ге шақырылдық. Мен кешігіңкіреп қалыппын (сағатым тұрып қалғанын байқамапын). Адамдардың барлығы жиналып тұр екен. Барсам, Р.Мұхамеджанұлы «Жасы үлкен адамымызды сәл-пәл күте тұрайық» деп, барлығы сыртта менің келуімді күтуде екен. Міне, осындай, мән беруге тұра қоймайтын, ұсақ оқиғаның өзінен үлкен тәрбиенің ізі байқалып тұр ғой. Үлкендерді сыйлау, олардың алдынан кесе өтпеу т.с.с. – жастардың бойында қалыптасатынын үнемі сезімінде ұстап, жастарға іс-әрекетімен үлгі беруге тырысатын. Деканаттың жұмыс жүйесін жүргізудегі Р.Мұхамеджанұлының ұстанымы мүлде басқаға ұқсамайтын стиль еді. Мысалы, қандай шаруа (іріліұсақты) болмысын, 5-6 адамнан құрылған (ішінде бірді, екілі жас болады) ақылдасатын кеңесшілер алқа болады. Мәселенің мәнісі, қалай жүретін жөнінде ақылдаспай, еш уақытта ештеңе істемейді; сосын, егер қажет болса, кеңеске талқылауға жібереді. Р. Мұхамеджанұлының адам тану, оның ішкі жан-дүниесін сезіп білуі де ғажап! Қателеспейтін. Мұндай қасиет басшы қызметкерлер үшін өте қажет екені белгілі ғой. Адамдарды жұмысқа алу жағдайында Р.Мұқтанұлының осы тұрғыдан да бізге көмегі аз болған жоқ. Енді бір айтайын дегенім, кейінірек, факультетте оқуды бітіретін студенттерге диплом жазу талабы қойылды. Бұл жұмысты алғашқыда неден бастап, қалай жазу керектігі жөнінде ешбір нұсқау болған жоқ. Диплом жұмысын қалай жаздыру, оған қойылатын талаптарды алғаш жасаған біздің факультет болды. Р.Мұхамеджанұлы бұл жөнінде семинарлар ұйымдастырып, диплом жетекшілерін бірнеше күн оқытты деуге болды. Онда диплом жұмысын тек соңғы ғана жылда емес, 1 курстан бастап,


реферат жазуға үйретуден курстық жұмысқа, бірте-бірте бұл жұмыстарды жалғастырып, дипломға айналдыру процесін түсіндірген де және ғылыми негізде жолға қойған да Р.Мұхамеджанұлы болды. 3-4 курстарда педпрактика кезінде студенттерді зерттеу тақырыптары бойынша эксперимент жүргізуге үйрету талабын қойып, диплом жұмысының психологиялық-педагогикалық ғылыми негіздері мен әдістемелік жүйесінің сапалы дұрыс жолға қойылуына көп еңбек сіңірді. Сондықтан да біздің факультет студенттерінің орындаған диплом жұмыстары сапа жағынан өте жоғары деңгейде болды. Р.Мұхамеджанұлы студенттерге декандық жұмысы жағынан ғана емес, адамгершілік тұрғысында нағыз әкелік қамқорлығын көрсететін-ді (Қарындарың ашып жүрген жоқ па? Бәтеңкелерінің жыртылып қалған жоқ па? т.т.) Р.Мұхамеджанұлының ғылыми жетекшілігімен бірнеше шәкірті педагогика ғылымдарының кандидаты және докторлық дәрежелеріне диссертация қорғады. Ол өмірінің соңына дейін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде педагогика ғылымдарының кандидаты (докторы) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі болды. 2007 жылдың желтоқсанында бір шәкірті докторлық диссертация қорғайтын болып, Түркістанға барып келген-ді. Сол 27 желтоқсан күні факультет ұжымы жаңа жылды тойлауға мейрамханаға жиналатын болды. Өзі ауырып отырып, біздің «бармай-ақ қойсаңызшы» дегенімізді тыңдамастан, «жаңа жылды ұжыммен бірге өткіземін» деп, мейрамханаға кетті. Қайран, Ромсейіттің ұжымның әрбір мүшесін қимай, мәңгіге қоштасқысы келгенін білсекші сонда! Ұжыммен бір дастарқанда татқан ақтық дәмі екенін байқасақ-шы! Ойпыр-ай, «күні кеше» арамызда жайраңдап жүрген Ромсейіт Мұхамеджанұлының бұл дүниеден кеткеніне де екі жылдай уақыт болып қалыпты. Тірі болса, 2009 жылы желтоқсанның 10-ы күні 70 жасқа толар еді. Амал не, өмірдің заңы осылай ғой, «қас-қағымдай өмірді» тоқтату да, ұзарту да мүмкін емес. (Мақала «Бастауыш мектеп» журналының 2009 жылғы №12 санынан алынды).


АЗАМАТ, ҒАЛЫМ, ҰСТАЗ А.Н.Ильясова, п.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ-ның профессоры «Өлі риза болмай, тіріге береке жоқ». Тағдыр бірімізге әріптес, бірімізге басшы, жетекші, ал, бірімізге ұстаз болған Ромсейт Мұхамеджанұлын ұмытпай, еске түсіріп жүру үлесін ғана қалдырды. 2008 жылдың қаңтар айының 2 күні Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика-психология факультетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру педагогикасы» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымының кандидаты Ромсейт Мұхамеджанұлы Қоянбаев дүниеден өтті. Ромсейт Мұқтанович қазасы ол кісіні танып-білгендердің барлығын достарын, әріптестерін, шәкіртерін қатты күйзелтті. Аяулы аға, ғалым, ұстаз туралы өткен шақта айту өте ауыр. Бірақ, «... өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» – деп Абай айтқандай, Ромсейт Мұхамеджанұлы шын мәніндегі педагог, ғалым ретінде артында өлмейтін, өшпейтін мәңгілік із, ғылыми мұра қалдырды, ісін жалғастыратын шәкірт дайындады. Педагогика ғылымының кандидаты, профессор Қоянбаев 1939 жылғы қаңтардың 10 күні Сыр өңірінде дүниеге келген. 1957ж. орта мектепті бітіргеннен кейін Қызылордадағы Н.В.Гоголь атындағы (бүкіл Қорқыт ата атындағы университет) педагогикалық институттың физика-математика факультетіне оқуға түсіп, оны ойдағыдағыдай тәмәмдады. Ромсейт Мұхамеджанұлы Қоянбаевтың бүкіл саналы өмірі мен ісәрекеті ұстаздық қызметпен шектелген жоқ, кең ауқымда болды.Ол қазақ орта білім беретін мектепте мұғалім, мектеп директоры орынбасары, содан соң Қызылорда облыстық партия комитеті бірінші хатшысының, Қазақ ССРы Жоғары Кеңесі Президиумының төреғасының көмекшілері қызметтерін атқарды. Қандай қызметте жүрсе де Ромсейт Мұхамеджанұлының бойында ұстаздықтың таразысы басым болды. Сөйтіп 80-ші жылдан бастап Ромсейт Мұхамеджанұлының соңғы күнге дейінгі өмірі бұрынғы КазПИ, қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде ұстаздық қызмет және ғылыми жұмыспен тығыз байланысты болды. Ең алдымен республикаға талай ғылыми кадрларды даярлап шығарған, педагогика ғылымының докторы, профессор Г.А.Уманов басқарған жалпы университеттік педагогика кафедрасында мұғалім, кафедра меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды. Кең диапазондағы қызығушылығы мен білімі, ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеттері, қандай да болмасын мәселеге өзіндік пікірі бар Ромсейт Мұхамеджанұлына «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» факультетін, оның құрамына енетін бүгінгі күндегі «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру педагогикасы» кафедрасын ұйымдастыруға мүмкіндік беріп оның алғашқы деканы, кафедра меңгерушісі болды.


Профессор Р.М.Қоянбаевтың басшылығымен факультетте басқа да мамандықтар ашылды. Ромсейт Мұхамеджанұлы Қоянбаевтың ғылыми қызығушылығы Қазақстанға белгілі ғалым-педагог, қоғам қайраткері, педагогика ғылымының докторы, профессор Қартбай Бекенович Бержановтың басшылығымен және ықпалымен қалыптасқан болатын. Өкініштісі Қартбай Бекеновичте өмірден ерте озды. Содан соң Ромсейт Мұхамеджанұлы өз бетінше ғылыми жұмысын жалғастырды. Алғашында ғылыми іс-әрекеті класс жетекшісінің қызметін зерттеумен байланысты болды. 1980 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының ғылыми кеңесінде педагогика ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Совместная работа классного руководителя иродителей по приобщению к опыту старшего поколения» тақырыбына диссертация қорғады. Профессор Ромсейт Мұхамеджанұлы Қоянбаев 1996-2001 жылдар аралығында республикаға ғылыми кадрларды даярлайтын Абай атындағы АлМУ-нің ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін арнайы кеңестің мүшесі ретінде өз үлесін қосты. Ғалым-педагогтың басшылығымен Қ.Ыбыраимжанов «Ахмет Байтұрсыновтың бастауыш мектеп жайлы педагогикалық мұралары» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. Ромсейт Мұхамеджанұлы Қоянбаев университет қабырғасындағы негізгі ғылыми іс-әрекеті мен бағыты бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау мәселесін зерттеуге байланысты болды. Нағыз ғалым ретінде Ромсейт Мұхамеджанұлы өзінің ұзақ емес өмір жолында көптеген іргелі ғылыми еңбектер де жазды. Сол жұмыстарының арқасында еңбегіне лайықты қадірі де артты. Педагогика ғылымы мен қауымдастыққа оның жоғарғы педагогикалық оқу орындарының студенттері мен ұстаздарына арналған «Педагогика», «Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы», «Педагогикалық сөздік», «Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеулердің әдістері», «Дипломдық жұмыстары тақырыптарының үлгісі», «Бастауыш мектеп дидактикасы», «Қысқаша педагогикалық сөздік» атты еңбектері және көптеген ғылыми мақалалары кеңінен танымал. Десе де, Ромсейт Мұхамеджанұлының айтқанынан айтары мол ұстаз, ғалым еді. Әсіресе, 1929ж. өз заманындағы ұлттық психологияны ескере жазған М.Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығынан кейін 69жылдық үзіліспен 1998 жылы жарық көрген қазақ тіліндегі Ромсейт Мұхамеджанұлының төл оқулығы «Педагогикасымен» республиканың талай мұғалім кадрлері даярланып шықты және әлде де даярлана береді деп сенеміз. Бұл еңбектің мазмұнында Ромсейт Мұхамеджанұлы Қоянбаевтың тек ғылыми позициясы емес, сонымен қатар өмірлік позициясы, көзқарасы, қатынасы адамгершілік және азаматтық бейнесі де айқын көрінеді. Ромсейт Мұхамеджанұлы Қоянбаевтың еңбектерінің мазмұнымен танысу оларға жаңалықтың, ойдың өткірлігінің, фактілерге қызықты талдау, жаңа түсінік беру тән екендігін көрсетеді. Жастарды оқыту мен тәрбиелеудің


теориясы мен тәжірибесіне, педагогика ғылымының дамуына керемет азаматтың, ғалымның үлесі елеулі. Ромсейт Мұхамеджанұлы Қоянбаевтың қызметтес болған әріптестері мен шәкірттері ол кісі шынайы патриотизмнің, ерліктің, жоғары дәрежелі адамгершіліктің және кәсіпқойлықтың үлгісі болды. Аяулы аға, ұлағатты ұстаз, белгілі ғалым Ромсейт Мұхамеджанұлы ғылыми эстафетасын ғана әрі қарай жалғастырып қоймай, оның педагогика тарихы мен теориясының қосқан жеке үлесін зерттейтін ізденушілер табылады деп сенеміз. Ромсейт Мұхамеджанұлы өзінің күнделікті өмірі мен қызметін жеке басына тән мынандай қасиеттерді байқатады. Олар:қарапайымдылық, кішіпейілділік, жауапкершілік, жоғары азаматтылық, ғылымдағы шығармашылық ізденістігі, қажырлылық, еңбектегі қажымас қайрат.Қаншалықты қатты науқастанып жүрседе бір де бір рет өзінің кәсіби міндетін атқарудан, қызметін орындаудан бас тартқан емес. Бұл орайда орыс педагогі К.Д.Ушинский сөзі еске түседі: «...в воспитании все должно основываться на личности воспитателя, потому что воспитательная сила изливается только из живого источника человеческой личности. ... Только личность может воздействовать на развитие и определение личности, только характером можно оброзовать характер». К.Д.Ушинский айтқандай Ромсейт Мұқтанович жеке басының қасиеттері негізінде басқа адамның қалыптасуына ықпал жасай алатын ірі тұлға еді. Аяулы, аға, ұлағатты ұстаз, белгілі ғалым Ромсейт Мұхамеджанұлының жарқын бейнесі өзі қатар, үзеңгілес жүрген, қызметтес болған адамдардың, әріптестерінің, шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталады. (Мақала «Бастауыш мектеп» журналының 2009 жылғы №12 санынан алынды).


БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МАМАНДАРЫН ТАЛАПҚА САЙ ДАЯРЛАУДА ПЕДАГОГ-ҒАЛЫМ Р.М.ҚОЯНБАЕВТЫҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ Оспанов Т.Қ.– Абай атындағы ҚазҰПУ мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, п.ғ.к. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Бастауыш сыныптардың жоғары кәсіптік білімі бар болашақ мұғалімдерін құзыреттілік қалыптастыруға бағдарлай дайындауды, белгілі бір деңгейде мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушылары іске асыра бастады. Ал оның негізін салған және жоғары кәсіптік білімі бар бастауыш сыныптар мұғалімдерін дайындау жүйесінің Қазақстанда іргетасын қалаушылардың бірі ғана емес бірегейі – педагог-ғалым Р.М.Қоянбаев деуге толық негіз бар. Осы пікірімізді дәйектейтін және біздер куәгер болған іс-әрекеттерден мысалдар келтірейік. Біріншіден, жоғары кәсіптік білімі бар бастауыш сыныптар мұғалімдерін дайындау мәселесінің оңтайлы шешілуінің іргетасын қалады және әрі қарай жетілуіне, дамуына білгір басшы, шебер де құзыретті ұйымдастырушы, білікті ғалым ретінде өз үлесін қосып, ширек ғасыр ғұмырын арнады. Себебі кезінде музыка-педагогикалық факультеттің бір бөлімі ғана болған бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығын жеке факультет деңгейіне дейін көтерді. Бөлім басшысы және факультет деканы қызметін атқарғанда әріптестерін ортақ іске жұмылдара білді, өзіне ілестіріп қызмет етуге жетеледі, өрелі сөз айтып және өнегелі ісәрекетімен үлгі көрсетті, нәтижелі істі ұйымдастыру қолынан келетінін дәлелдеді. Әрине өмір – тіршілік ағын тәріздес қой, өзгеріп және жаңарып тұрады, сонда өрге өрмелеп шығуға да, ылдидан құлдилап түсуге де тура келеді. Мәселен, жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімдерін дайындайтын бөлімге студенттер қабылдаудың құлдыраған, осы мамандықтың жабылып қалу қаупі туындаған кездер де болды. Осындай жағдайда Рекең мамандық үшін күресе білді және сақтап қалды, ал оның замандас-әріптестері қажет кездің бәрінде де иықтарымен демеп, тірек болды, көмектесті, қолдады, мамандыққа қызмет етті және оны әрі қарай жалғастыруда. Екіншіден, осы мамандық бойынша болашақ мұғалімдерді дайындауды іске асыратын ұжым қалыптастырды. Өйткені жоғары білімді болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау біршама тың мәселе болғандықтан, студенттерге дәріс оқитын, практикалық және семинар сабақтарын жүргізетін, лабораториялық жұмыстар өткізетін кәсіби біліктілігі жоғары деңгейдегі оқытушыларды қызметке тарту бірінші кезекте тұрды. Сол кездегі бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі С.Рахметовамен бірлесе отырып, мектептің бастауыш сатысында


оқытылатын пәндердің териялық негіздері және әдістемесімен айналысып жүрген мамандардың (Р.Т.Мендекинова, М.Қараев, О.Сатқанов, А.А.Қыдырбаева, Г.И.Уайсова, Ә.Қ.Маханова, Т.Қ.Оспанов және т.б.) жұмысқа алынуына ықпал еткенін теріске шығару мүмкін емес. Еліміздің әр аймағындағы осы сала мамандарының факультетте шоғырлануын мақсат тұтты және мүмкіндігінше іске асырды. Әсіресе, психология және педагогика ғылымдарының білгір маманы, қазақстандық дидактиканың іргетасын қалаушылардың бірі және бірегейі – ғалым-педагог Т.С.Сабыровты бастауыш мектеп педагогикасы кафедрасының меңгерушісі қызметіне шақырғандығы факультетке соны серпін әкелгендігін ерекше атап өткен жөн. Үшіншіден, жоғары кәсіптік білімі бар бастауыш сыныптар мұғалімдерін дайындаудың оқу-әдістемелік мәселелерімен айналысатын орталық құруға септігін тигізді. Өйткені декан болып қызмет жасаған кезең факультет дамуының шарықтаған, өсіп-өркендеген және кемелденген дәуірі болды. Оны кезінде үзеңгілес болған, бүгінде зейнеткер мәртебесінде ұстаздық іс-әрекетті жалғастырушы С.Р.Рахметова, Р.Т.Мендекинова, Т.Қ.Оспанов, А.А.Қыдырбаева, Ш.Ә. Нұржанова және т.б. оқытушылар растайды. Оған дәлел бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша күндізгі бөлімге әр оқу жылында 120 студент, ал сырттай оқу бөліміне 100- ден аса студент қабылданған уақытта факультетте алты кафедра (бастауыш мектеп педагогикасынан және бастауыш мектептегі қазақ тілінің, орыс тілінің, математиканың, музыканың, еңбекке баулу мен бейнелеу өнері және дене тәрбиесінің теориялық негіздері мен әдістемесінен жеке-жеке) құрылды. Осының нәтижесінде біздің университет бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ғылыми-әдістемелік орталыққа айналды, кафедралар оқытушыларының ғылыми және кәсіби шеберлігінің деңгейі жоғары сатыға көтерілді, оқытушылар оқу-әдістемелік құралдар және оқулықтар жазуға белсене қатыса бастады. Төртіншіден, жоғары кәсіптік білімі бар бастауыш сыныптар мұғалімдерін дайындауды іске асыратын кәсіби және ғылымишығармашылық іс-әрекетке бейімделген педагог-қызметкерлердің ортасын қалыптастырды, тәжірибелі-аға ұрпақ пен өскелең-жас ұрпақ өкілдерінің сабақтастық байланысы мен үйлесімді іс-әрекетін жүзеге асырды. Әсіресе жас мамандарға деген қамқорлығы ерекше болды. Болашағынан үміт күттіретін, үздік оқыған және ғылымға бейімділігі бар бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім алған студенттерді факультет кафедраларына қызметке алып қалды, кафедра меңгерушілерімен бірлесіп тәрбиеледі, ғылыми ізденіске баулыды және оған мүмкіндік туғызды. Соның нәтижесінде осы мамандықтың түлектерінің бірнешеуі (А.Х.Аренова, Қ.Т.Ыбырайымжанов, А.Е.Жұмабаева) бүгінде докторлық диссертация қорғады, бір тобы (А.К.Айтбаева, Ә.Б.Ақпаева, Л.А. Лебедева, Б.Т.Қабатай, Б.С.Сайдахметов, Ұ.Қ.Қияқбаева, Г.Садуақас,) кандидаттық диссертация қорғады, біразы (Ж.Қ.Астамбаева, Д.Қ.Әзімбаева) кандидаттық зерттеу жұмыстарын аяқтап, қорғауға әзірленуде. Сондай-ақ факультет оқытушыларының (А.А.Қыдырбаева, О.С.Сатқанов, Г.И.Уайсова,


Т.Қ.Оспанов, Б.М.Қосанов, Ж.Т.Қайыңбаев және т.б.) кандидаттық диссертация қорғауына ықпал етті және қамқорлық жасады, бірнеше кандидаттық диссертациялық жұмысқа (Қ.Т.Ыбырайымжанов, Б.С.Сайдахметов, Ұ.Қ.Қияқбаева және т.б.) тікелей ғылыми жетекшілік етті. Бесіншіден, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау үдерісін реттеп отырудың және іске асырудың негізіне алынатын құжаттардың жасалуына жетекшілік етті, олардың қабылдануына және жариялануына қол жеткізді. Өйткені тәжірибеде жаңадан ашылған мамандық бойынша құқықтық, ресми және нормативті құжаттардың болмауы көптеген қиындық келтірді. Оған қоса осы кезде білім беру жүйесінің кез келген сатысында берілетін білімді стандарттау мәселесі көтеріле бастады. Сондықтан бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі мамандығына арналған жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты қазақстандық жобасының алғашқы нұсқасы жасалды, яғни мамандықтың заңдамалық негіздемесі дүниеге келді. Әрі қарай әр төрт жыл сайын стандарт жетілдірілді, оның өңделген және жаңғырған нұсқалары, 2006-жылға дейін жоғары оқу орындарының тәжірибесінде басшылыққа алынды. Осы мамандық бойынша қазіргі кездегі қолданыстағы стандарт нұсқасы – Рекеңнің жетекшілігімен біздің ұжым дайындаған алғашқы үш нұсқаның өңделген, қазіргі талапқа бейімделген көшірмесі. Жоғары кәсіптік білім беру стандартын жасау барысында оның құрылымын және мазмұнын алғаш рет анықтауға тура келді. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдерін пәндіктеориялық және пәндік-әдістемелік тұрғыдан дайындауға мүмкіндік туғызатын оқу пәндерінің тізбесін және мазмұнын, ал кәсіби білік пен дағдыларды қалыптастыратын және ғылыми ізденіске бейімдейтін педагогикалық практика түрлерін анықтаудың оңтайлы шешілуіне қол жеткізілді. Осыған орай туындаған пікірталас кезінде, бастауыш сынып мұғалімдерінің тоғыз пәнді оқытатынын және әр пәннің мазмұны мен әдістемесіне тән ерекшеліктердің болатынын, сондай-ақ мұғалімнің әр алуан қызметі мен іс-әрекетіне машықтандыру қажеттігін алға тартып, педагогикалық практика түрлерін қысқартуға болмайтындығын басқаларға мойындату қаншалықты қиындық туғызғанымен, бүгінгі күні өміршең пікір болып отыр. Алтыншыдан, осы стандарттың негізінде мамандық бойынша әр оқу пәнінде берілетін базалық білім мазмұнын және оның көлемін анықтауға басшылық жасады және сол іс-әрекетті орындауға ұжымды ұйымдастырды. Білгір басшы, шебер де құзыретті ұйымдастырушы, білікті ғалым ретінде белсене қатысуының нәтижесінде бастауыш сыныптардың болашақ мұғалімдеріне берілетін білім және білік пен дағдылардың көлемі мен түрлері, оларды игеру деңгейіне қойылатын талаптар нақтыланған әр оқу пәні бойынша типтік оқу бағдарламалары дайындалды және баспадан жинақ болып шығарылды. Әрине, кейіннен олардың өңделген нұсқалары жасалды. Жетіншіден, жоғары кәсіптік білімі бар бастауыш сыныптар мұғалімдерін дайындау үдерісіне белсене қатынасты және өзіндік үлесін қосты. Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі факультетінің


негізін қалап, бірнеше жыл декан қызметін атқару барысында ұжымды басқару мен ұстаздық іс-әрекетті тиімді үйлестірді. Педагогиканың әр саласынан дәріс оқыды, семинар сабақтарын жүргізді, студенттердің курстық және дипломдық жұмыстарына ғылыми жетекшілік жасады. Осындай ұстаздық іс-әрекеттің қай түрін болмасын жоғары теориялық және тиімді әдістемелік деңгейде атқарды. Мұны сабақтарында қарастырылатын мәселе мазмұнын жүйелі баяндауынан, сөздік қорының кеңдігінен және шеберлік өнерінен, студерденттердің білімді игеру белсенділігін ұйымдастыруынан және т.б. байқауға болатын. Сегізіншіден, студенттердің мамандық бойынша алған білім сапасын көтеру жолдарын анықтауға бағытталған ізденіске факультет оқытушыларын бейімдеуге әсер етті және үлгі көрсетті. Мәселен, студенттердің білім сапасы жайында пікірлескенде, олардың жаттанды сөз тіркестерін жиі қолданатынын, ғылыми категориялардың мән-маңызын ашып бере алмайтындарын жиі айтатын. Осы тығырықтан шығудың негізгі жолы – әр ғылым саласынан түсіндірме сөздіктер жасау және оларды пайдалануға студенттерді машықтандыру екеніне назар аударып, педагогиканы жанжақты оқып үйренуде ғылымның түсініктерін, ұғымдарын және атауларын мағыналы қабылдауға септігін тигізетін педагогтік оқу орындарының студенттеріне қажетті «Қысқаша педагогикалық сөздікті» ұсынып қана қойған жоқ, оны қолдануға машықтандырды және пайдалануды әрдайым талап етті. Тоғызыншыдан, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі студенттеріне арналған төлтума оқу құралдарын жасау туралы бастама көтерді және үлгі көрсетті. Әр оқу пәні бойынша сапалы дайындалған оқу құралдарымен қамтамасыз етуді студенттердің мамандық бойынша алған білім сапасын көтерудің жолына балап, факультет кафедраларындағы әр оқытушының өз пәнінен төлтума оқу құралын дайындауын армандайтын еді. Кейде, оқытушыларды намыстандыру мақсатында, өз пәнінен оқу құралын жаза алмағандарды нағыз ұстаздар қатарына қосуға болмайды дейтін. Осы бағытта өзі басқаларға үлгі көрсетіп, педагогтік оқу орындары студенттеріне арналған «Бастауыш мектеп педагогикасының жалпы негіздері» және «Тәрбие теориясы» атты лекциялар мазмұнын, университеттер студенттеріне арналған және ғылыми, ынтымақтастық, халық педагогикасының мәліметтері басшылыққа алынып, тұтас педагогикалық үдерісті жетілдірудің және жаңартудың жолдары мен бағыттары қарастырылған «Педагогика» оқу құралын жазды. Бұл құралдар бүгінде мұғалім боламын деген әр студенттің, мұғалімдердің білім алатын, сондай-ақ мектеп жұмысын білімдарлықпен, шығармашылықпен ұйымдастырудың және басқарудың басты құралдарының біріне айналып отыр. Осындай өміршең іс-әрекетке факультет оқытушыларының күнілгері дайындауы, бүгінде өзінің нәтижесін еселеп беруде және маңыздылығын жойған жоқ, өйткені қазіргі кездегі кредиттік оқыту жүйесінің тәжірибеге енгізілуі әр оқу пәнінен дайындалған оқуәдістемелік кешен (ОӘК) арқылы жүзеге асырылып отыр. Сонда оның құрамында оқу пәні бойынша берілетін білім мазмұны, глоссарий, бақылау


сұрақтары мен тестік тапсырмалар және т.б. болуы көзделеді. Ал осылардың барлығын пән бойынша дайындалған оқу құралдары да қамтыды, олар оқуәдістемелік кешеннің баламасы болды және қызметін атқарды. Бүгінде Рекеңнің замандас-әріптестеріне өзі білім берген және тәрбиелеген шәкірттерінің легі келіп қосылды. Ендеше факультетте қалыптасқан дәстүр жалғасатынына және келесі ұрпақтың іс-әрекетіне ұласатынына үмітпен қараймыз. Сондықтан бастауыш білім беру мамандарын қазіргі талапқа сай даярлау мәселелері және оған педагог-ғалым Р.М.Қоянбаевтың қосқан үлесі жайындағы ой-пікірімізді қорытындылай келе, ол болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерін дайындаудың теориясы мен тәжірибесіне өзінің қомақты үлесін қосты және замандастарының ғана емес, келешек ұрпақтың да жадында мәңгі сақталады деп түйіндемекшіміз. (Мақала профессор Р.М.Қоянбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Болашақ мамандарды 12 жылдық оқытуға көшу жағдайында даярлау мәселелері мен келешегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарынан қысқартылып алынды). РОЛЬ Р.М. КОЯНБАЕВА В ФОРМИРОВАНИИ ЛИЧНОСТИ БУДУЩЕГО УЧИТЕЛЯ НАЧАЛЬНЫХ КЛАССОВ Р.К.Бекмагамбетова – доктор пед.наук, профессор, завкафедрой педагогики, дошкольного и начального образования КазНПУ имени Абая Преобразования, происходящие в казахстанском обществе, повлекли за собой изменения в содержании подготовки учительских кадров для начальной школы. Это связано с тем, что деятельность современного учителя начальных классов наполнилась новым содержанием, совершенно изменился социальный заказ на формирование личности младшего школьника. Учитель начальных классов от урокодателя превратился в скульптора, создающего своими руками яркую личность, интеллектуально развитую, любознательную, с критическим и креативным мышлением, активной жизненной позицией. Это обстоятельство связано с изменением миссии ЧЕЛОВЕКА в обновляющемся Казахстане. Сегодня казахстанскому обществу нужна интеллектуально развитая личность, мобильная, творческая, инициативная, а формирование такой личности начинается с детства, ее основы закладываются в начальной школе. И в этом большая роль принадлежит учителю начальных классов.


Именно поэтому учитель начальных классов сам должен быть творческой личностью. Творчески деятельная личность может воспитываться только творчески работающим педагогом, а формирование творческой личности будущего учителя начальных классов должно осуществляться в студенческие годы Отрадно, что в условиях совершенствования подготовки будущего учителя начальных классов находят последовательную реализацию многие идеи профессора Ромсеита Мухамеджановича Коянбаева, к числу которых относится и идея формирования личности будущего учителя в стенах вуза. Еще в 90-годы профессор Р.М.Коянбаев неоднократно поднимал проблему формирования личности будущего учителя начальных классов в вузе. Он убедительно доказывал, что будущий специалист начальной школы должен быть конкурентоспособной, творческой и инициативной личностью, которая стремится ко всему новому, обладает педагогическим даром, умеет на научной основе организовать педагогический процесс в начальной школе. По его мнению, основная цель учебных заведений, готовящих специалистов для начальной школы, заключается в формировании всесторонне развитой и профессионально подготовленной личности будущего учителя начальных классов, личности с разносторонними интересами, признающей в ребенке личность, ориентирующейся на процесс и результат личностного роста младшего школьника, относящейся к ученику как высшей ценности педагогической деятельности. Ромсеит Мухамеджанович шагал в ногу со временем. Он ясно осознавал необходимость формирования личности будущего учителя начальных классов именно в процессе обучения в вузе. По его убеждению, для этого необходимо: - во-первых, признать студента главной фигурой всего образовательного процесса в вузе. Ромсеит Мухамеджанович высшей ценностью педагогической деятельности считал личность студента. Приоритет в педагогической деятельности факультета отдавал развитию личности будущего педагога. Он хорошо знал и понимал студентов; - во-вторых, учебно-воспитательный процесс вуза должен быть направлен на формирование личности будущего специалиста, учебные дисциплины, преподаваемые в ходе обучения, должны способствовать формированию гражданской позиции будущего педагога начальной школы, развитию творческого мышления студентов, способствовать его интеллектуальному развитию; - в-третьих, он считал, что немаловажное значение в формировании личности будущего учителя начальных классов играет создание творческой атмосферы в студенческих группах, очеловечивание среды, в которой живут будущие педагоги, создание благоприятной атмосферы для развития личности, поддержка благоприятного психологического климата в студенческих группах;


- в-четвертых, демонстрация со стороны профессорскопреподавательского состава полного доверия к будущему педагогу, предоставление свободы в принятии самостоятельных решений, проявление гуманной педагогической позиции к студентам. Ромсеит Мухамеджанович был очень близок к студентам. Он считал, что личность студента уникальна, поэтому главная задача вуза формировать его индивидуальность, создать условия для развития его творческого потенциала. Он принимал будущего педагога таким, каким он есть, строил свои отношения на основе педагогики сотрудничества. В каждом студенте пытался видеть личность, понять его внутренний мир, его чувства и переживания. Видя отеческую заботу, и студенты тянулись к нему, как к родному отцу; - в-пятых, развитие личности в коллективе и через коллектив. Он, как талантливый педагог, хорошо понимал, что личность будущего учителя начальных классов формируется в коллективе и через коллектив. Для этой цели все усилия педагогического коллектива были направлены на формирование студенческих коллективов. В поле зрения Ромсеит Мухамеджанович держал складывающиеся отношения в студенческих коллективах, способствовал самоутверждению студента в коллективе, а также созданию гармоничного отношения личности и коллектива. Он приложил немало усилий по сплочению студенческих коллективов, воспитывал в них чувство локтя, толерантность, создавал в коллективах доброжелательное отношение друг к другу. Ромсеит Мухамеджанович считал, что при развитии студенческого коллектива надо сохранять и оберегать внутреннюю свободу личности, ее право на инициативу. Коллектив должен помочь каждому студенту найти свой собственный путь в жизни, самоопределиться. По его мнению, в процессе гармонизации отношений личности и коллектива происходит развитие индивидуальности. Студент должен осознать себя субъектом коллективной деятельности, жить с убеждением, что здесь он всем необходим, и осознать ценность коллективной деятельности для самого себя. - в-шестых, создание студенческого самоуправления. Огромное значение он придавал выбору старост и организации студенческого самоуправления, способствовал укреплению позиции актива. Несмотря на свою занятость, студенческое самоуправление воспитывал сам, учил их сложному делу управления другими людьми. Он постоянно общался с активистами как со своими единомышленниками, проявлял к ним доверие и уважение; - в-седьмых, развитие личности будущего учителя начальных классов в деятельности. Ромсеит Мухамеджанович делал студентов активными участниками педагогического процесса факультета, поэтому будущие педагоги были организаторами интересных дел на факультете.


По его глубокому убеждению, процесс обучения будущего педагога в вузе должен рассматриваться как становление личности педагога. Благодаря огромному заделу, созданному талантливым ученым и педагогом, сейчас на факультете успешно ведется работа в этом направлении. Идеи Р.М. Коянбаева не утратили своего значения и сегодня. (Мақала профессор Р.М.Қоянбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Болашақ мамандарды 12 жылдық оқытуға көшу жағдайында даярлау мәселелері мен келешегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарынан алынды). Р.М. КОЯНБАЕВ – МАСТЕР ПЕДАГОГИЧЕСКОГО ТРУДА А. А. Кдырбаева – к.ф-м.н., профессор кафедры теории и методики дошкольного и начального образования КазНПУ им.Абая Ромсеит Мухамеджанович Коянбаев начал педагогическую деятельность в качестве декана факультета педагогики и методики начального обучения в 1985 году. Дела коллектива с приходом нового руководителя сразу пошли в гору. Даже в нестабильные перестроечные и постперестроечные годы он сумел достичь больших успехов: вверенный ему факультет всегда находился в числе лучших, успешно решал учебнопедагогические задачи, постоянно совершенствуя формы и методы педагогического образования будущих учителей начальных классов. Что всегда отличало факультет, так это постоянный поиск новых путей развития. Факультет одним из первых в университете начал открывать новые специальности, переходить на сокращенные сроки обучения выпускников средних специальных учебных заведений, вводить кредитную технологию обучения, разрабатывать систему дистанционного обучения. Все это привело к изменению структуры подготовки профессиональных кадров для школы. Наряду с традиционной для факультета специальностью «Педагогика и методика начального образования» были открыты еще четыре: «Дошкольное обучение и воспитание», «Психология», «Социальная педагогика», «Педагогика и психология». Свою главную цель декан Р.М.Коянбаев видел во внедрении новых идей по гуманизации воспитательно-образовательного процесса, персонализации воспитания и обучения студентов. Под его руководством коллектив факультета разрабатывал тему: «Система подготовки будущих учителей начальных классов при многоуровневом образовании и определение содержания образования начальной школы» [1]. В рамках


Click to View FlipBook Version