The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Қоянбаев Р.М. тағылымды тарих

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search

Қоянбаев Р.М. тағылымды тарих

Қоянбаев Р.М. тағылымды тарих

работы над ней преподавателями факультета был опубликован ряд статей. Эта тема является особенно актуальной в условиях перехода на 12 – летнее среднее общее образование. Стратегией развития Республики Казахстан до 2010 года поставлена цель: обеспечить создание национальной модели образования и его интеграцию в международное образовательное пространство, обусловившее модернизацию системы образования страны (2). В 1999 году факультет был переименован в психолого-педагогический в связи с расширением спектра предлагаемых абитуриентам специальностей, изменилась и его структура. В настоящее время на факультете четыре кафедры: педагогики начального и дошкольного образования, теории и методики дошкольного и начального образования, психологии, дефектологии. Осуществляется подготовка студентов по дополнительным специальностям «Иностранный язык» и «Информатика». На кафедрах работают более 20 выпускников факультета, многие из них имеют ученые степени кандидатов наук. Кандидатские диссертации были защищены непосредственно под руководством Р.М.Коянбаева. Среди выпускников факультета двое успешно защитили докторские диссертации (К.Ибраимжанов, А.Е. Жумабаева). В настоящее время к числу приоритетных направлений высшего педагогического образования относится подготовка будущих учителей начальных классов к реализации вариативного личностно-ориентированного образования в условиях перехода на 12-летнее обучение. В качестве основной цели высшего педагогического образования называется такая подготовка студентов, которая обеспечивала бы их способность к самостоятельному выбору способов и средств педагогической деятельности и принятию ими самостоятельных педагогических и методических решений. Направлениями модернизации профессиональной подготовки учителей начальных классов могут стать: – реализация принципов гуманизации, гуманитаризации, дифференциации и интеграции в содержании образования будущего учителя; – преемственность содержания образования в условиях многоуровневого обучения; – освоение студентами личностно-ориентированных программ обучения в современной начальной школе; – расширение и углубление предметной подготовки к преподаванию по инновационным программам и обеспечение педагогических условий эффективности такой подготовки. Углубленная предметная подготовка студентов, обучающихся по специальности «Педагогика и методика начального образования» становится возможной в условиях дифференциации и вариатизации учебного процесса в многоуровневой системе педагогического образования. На первой ступени многоуровневого обучения осуществляется подготовка учителя к работе по традиционной системе, на второй ступени происходит систематическая и


целенаправленная подготовка к работе в русле концепций развивающего обучения в начальной школе. Одна из основных целей второй ступени обучения – реализация идеи вариативного образования. Студенты получают возможность выбора углубленной подготовки по циклу дисциплин – филологических или естественно-математических. Таким образом, достигается углубление предметного фундамента профессионального образования. Существенное отличие многоуровневой подготовки учителей начальных классов от моноуровневой обусловлено различием в механизме овладения знаниями в рамках профилирующих дисциплин. Основываясь на этих идеях Р.М. Коянбаева, каждый преподаватель-предметник может предложить углубление изучения преподаваемой дисциплины. Например, углубленная математическая подготовка студентов, обучающихся по специальности «Педагогика и методика начального обучения» рассматривается как вид профессиональной подготовки учителя, который обладает целостным математическим мировосприятием, обеспечивающим приоритет математики в преподавании всех дисциплин начальной школы. Углубление математической подготовки учителя начальных классов позволяет направить качественно новое содержание образования и способы его освоения на повышение уровня теоретической подготовки учителей; на формирование их научного мировоззрения; на приобщение их к проблемам овладения технологиями развивающего обучения; на формирование готовности к научному анализу, оценке и практической реализации систем развивающего обучения, уже используемых в реальной школьной практике и тех, которые появятся в будущем; на формирование готовности к самостоятельной творческой педагогической деятельности. Реализация углубленной математической подготовки студентов на факультете может осуществляться по двум основным направлениям: – обновление содержания образовательного процесса за счет совершенствования традиционно читаемых курсов; – разработка концепций специальных авторских курсов, обеспечивающих углубленную математическую подготовку. Содержание теоретической подготовки студентов в области углубленного изучения математических дисциплин включает три основных элемента: – базовые курсы; – курсы по выбору, читающиеся после изучения базовых курсов всем студентам, получающим углубленную математическую подготовку; – самостоятельная работа студентов по каждой из дисциплин учебного плана. В условиях многоуровневой системы подготовки учителей начальных классов на первом уровне обучения изучается базовый курс «Основы начального курса математики». Содержание базового курса корректируется в соответствии с поставленными задачами в направлении повышения уровня теоретической подготовки за счет привлечения данных современных


научных и методических исследований, установления межпредметных связей с методикой преподавания математики и усиления практической направленности в результате укрепления связей с педагогической практикой в школе. Основная задача первого уровня обучения математике – дать студентам основополагающие знания по предмету, познакомить с его содержанием и терминологией, привить навыки работы с таблицами и справочными пособиями. На этом этапе в учебный план факультета целесообразно включить практикумы по выбору, например, «Практикум по решению задач». Расширение и углубление теоретических основ математических дисциплин, подготовка студентов к специализации в области математики – цель обучения на втором уровне. Основной формой обучения теоретическим основам разных наук на этом уровне являются курсы по выбору. Они нацелены на систематизацию и углубление знаний в области представляемой науки в свете личностно развивающего обучения младших школьников математике. В рамках углубленной математической подготовки студентам может быть предложена система курсов по выбору: «Статистические методы», «Элементы теории вероятностей и математической статистики», «Вероятностные и комбинаторные задачи». Все предлагаемые курсы имеют ярко выраженную профессиональную направленность и способствуют становлению личностных качеств будущих учителей начальных классов. (Мақала профессор Р.М.Қоянбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Болашақ мамандарды 12 жылдық оқытуға көшу жағдайында даярлау мәселелері мен келешегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарынан алынды). ҰСТАЗ ТӘЛІМІ Г.И.Уайсова, Абай атындағы ҚазҰПУ, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, п.ғ.к. Ромсейіт ағайды ең алғаш рет сонау 1990 жылдың күркүйек айында көргенмін. Осы университетке жұмысқа қабылданар алдында Сағира апай деканға таныстырайын деп кабинетіне алып кірген. Төрдегі үлкен үстелде отырған өр тұлғалы, реңді, келісті кісі – осы Ромсейіт ағай болып шықты. Содан бері жиырма жыл уақыт өте шығыпты. Соның он сегіз жылын өзіңіздің басшылығыңызбен өткізіппіз. Аға, Сіздің факультетті басқарған


кезіңізді қазір сағынышпен еске алатын болдық. Пенде емеспіз бе, кезінде Сіздің бізге «ұрысқаныңызға» қатты ренжитінбіз. Сонымыз бекер екен ғой, оны енді түсініп жүрген жайымыз бар. Өйткені Сіз қаншалықты қатаң талап қойсаңыз да, «ұрыссаңыз» да ешқашан ешкімнің алдына жығып бермейтінсіз, қандай жағдай болса да бізді алға сүйреп алып шығатынсыз. Есіңізде ме, Аға, «ертең сағат онға дейін әрқайсысын бір-бір мақала жазып әкеліп өткізесіңдер», – деп, аяқ астынан тапсырма бергеніңіз. Алғашында бәріміз «бір күннің ішінде қалай жазамыз, ол мүмкін емес қой», – деп тулап-тулап алдық та, Сізге қарсы ештеңе айтуға шамамыз жоқ, тапсырманы орындауға кірістік. Сөйтіп, ертеңіне сағат онда болмағанымен жұмыс аяғына дейін бәріміз бір-бір мақала жазып өткіздік (өз басым бір емес, 3-4 мақаланы тікелей Сіздің нұсқауыңызбен жазыппын). Сіздің бізді осылай «қамшылып» жүріп ілгері жылжытқаныңызды енді ұғып жүрміз. Қазір жазған мақалаңыздың саны өзгелерден артық болса, ол Сіздің еңбегіңіз, Аға! Ромсейіт ағаның бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына сіңірген еңбегін бәрі де айтатын болар. Мен ағаның осы мамандықты бітірген шәкірттеріне деген ұстаздық қамқорлығын ерекше атап айтар едім. БОПӘ мамандығына осы мамандықта оқыған адам ғана сабақ беруі керек, – дейтін. Үздік студенттерді қырағы көзі тез шалып жұмысқа алып қалатын. Ондай шәкірттері ағаның ақтап, ғылым кандидаты (Б.Т.Қабатай, Ұ.Қ.Қияқбаева, Б.С.Сайдахметов, А.Қ.Айтпаева, Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева), ғылым докторы (Ә.Е.Жұмабаева, Қ.Ыбырайымжанов, А.Х.Әрінова) дәрежелеріне дейін өсті. Ұстаздық тағы бір қасиеті – жастарды үнемі қолдап, ғылыми жұмыстарының оңға басуына, ілгері жылжуына қамқорлық жасауы. «Жастарға көмектессеңіздерші», – деп отыратын. Аға, Сіз ұжымдағы әрбір оқытушының болашағын ойлап отыратын едіңіз-ау! Олардың келешекте «қысқарып кетпеуін» де алдын-ала ойлайтынсыз. Сол үшін мамандықтың мемлекеттік стандартын, бағдарламасын жасаған кезде көп тер төккеңізді ешқашан ұмытпаймыз. Қалай десе де, бұл мамандықтың барлық құжаттарының негізін салған Сізсіз, аға! Осының бәріне қоса, Ағай шебер ұйымдастырушы, ұжымның татутәтті тіршілік істеуіне ұйытқы, бағыт-бағдар беруші тұлға еді. Біреуге «ұрсып» алса да, ертесіне «кеше қатты айттым білем, ренжіп қалған жоқсын ба?», – деп арқасынан қағушы еді. Осының өзі үлкен кісіліктің белгісі екен ғой. Мұны тек Сіз ғана істей аласыз, аға! Артыңызда өзіңіз дайындаған, ісіңізді жалғастыратын шәкірттеріңіз және әріптестеріңіз бар. Өзіңізді шын түсініп, шын қадірлейтін шәкірттеріңіз тұрғанда Сіз мәңгі тірісіз, әрдайым бізбен біргесіз, Аға! Сондай шәкірттеріңіздің бірі – менмін. (Мақала «Бастауыш мектеп» журналының 2009 жылғы №12 санынан алынды).


Р.М.ҚОЯНБАЕВ ШӘКІРТТЕРІНІҢ ҰСТАЗДАРЫ ТУРАЛЫ ОЙТОЛҒАНЫСТАРЫ, АРНАУЛАРЫ, ЖЫЛЫ ЛЕБІЗДЕРІ


Бұл бөлімде Ромсейіт Мұхаметжанұлы Қоянбаев шәкірттерінің ғалым ғылыми еңбектерін талдап, олардың маңыздылығын көрсеткен мақалалары және ұстаздары туралы ой-толғаныстары мен арнаулары берілген. «Шәкіртсіз ғалым – тұл» деген қағиданы берік ұстанған Ромсейіт Мұхаметжанұлы өзінің ұйымдастырушылық және ғылыми жұмыстарын шәкірт даярлау ісімен де тығыз ұштастырды. Өмірінің соңына дейін оның алдынан мыңдаған жас өмірге жолдама алып шықты. «Ұлық болсаң, кішік бол» деген ұстанымды берік ұстанған Ромсейіт Мұхамеджанұлы ұжымның үлкен-кішісін бірдей құрметтеп, әсіресе, жастарды үнемі оң бағытқа жөн сілтеп отырды. Қол жеткен жетістікке қанағаттанып қалмай, ылғи ізденіп, алға ұмтылу қажеттігін олардың есіне салды. Шәкірттерінің қандай да бір жетістігін көрсе қатты қуанып, «осының өзімен-ақ тарихта қаласыңдар» деп, оларды қанаттандырды. Шәкірттері ол кісіден осы заманның білікті де іскер маманы болуы керек екенін, адалдықты, әділдікті, кішіпейілділікті және адам баласы үнемі бір-біріне қамқор болып, сүйеніш болып жүрулері керек екенін үйренді. Олар ұстаздарын нағыз ғалым, ғылым мен білім саласын ұтымды ұйымдастырушы және жастар талантын терең таразылайтын адамгершілігі жоғары, ой-өрісі биік білгір азамат ретінде таныды. Аяулы ұстаздың айтқан әрбір өнегелі сөзін жадыларында сақтап, өмірде іске асыруға ұмтылды. Тіптен ол кісінің жүрген жүрісі, әдемі әзілі шәкірт үшін таптырмас тәрбие құралы болды деп айтуға болады. Оның әрбір әзілінің астарында үлкен мән жатқанын түсінген шәкірт өз іс-әрекетін тез өзгертіп, жөнделуге тырысты. Ромсейіт Мұхамеджанұлын өзінің тірегі, ақылшы ұстазы санаған шәкірттері ол кісі өмірден озғаннан кейін көпке дейін ұстаздарының қастарында жоқ екеніне үйрене алмай жүрді. Алғашқы кезде факультет жиналысында Ағайдың орнына біреу отырса да, соны жақтырмай, әлі де ұстаздарын сол орны өзін күтіп тұрғандай күй кешті. Бұл айтылғандар ағайдың әріптесі Алтыбаев Мұраттың өлеңінде көрініс тапты: Нар тұлғаңды көре алмай ортадан, Жалтақтаймын адамдарға отырған. Бөтен адам отырмауы керектей, Сіз отырар сол орынды қызғанам. Бүгінгі күні ұлағатты ұстаздың өз мектебі, яғни «Қоянбаев мектебі» қалыптасты деуге болады. Өзінің тікелей жетекшілігімен диссертация қорғаған шәкірттерімен қатар оқытушылық қызметте қалған мамандық түлектері де бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мәселелерін ғылыми жұмыстарына арқау етіп, ұстаздарының алдындағы борышын, шәкірттік парызын атқаруда. Р.М.Қоянбаевтың білімі мен тәлім-тәрбиесін, өнегесін бойына сіңірген шәкірттерінің аяулы ұстаздары салып кеткен сара жолын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетініне сенім мол.


ОРТА ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА Р.М. ҚОЯНБАЕВ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ӨМІРШЕҢДІГІ Ә.Е.Жұмабаева– Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Ромсейіт Мұхамеджанұлы Қоянбаев болмыс-бітімі бөлек, біртуар тұлға еді. Оның бойында өзгелерден дараланып тұратын қасиеттер мол болатын. Әль-Фарабидің «Ел басқарушыға туа біткен парасаттылық, тұлғасы келісті болу, есте сақтау қабілетінің жоғары болуы, мақсатқа беріктік, көрегенділік, шешендік, ұқыптылық, оқуға құштарлық, адалдық, әділетті болу, дүниеқұмар болмау, өтірік айтуға қас, кекшіл болмау сияқты он екі қасиет қажет» деген сөздері Р.Мұхамеджанұлына арналып айтылғандай, өйткені осы қасиеттің бәрі асыл ағаның бойынан табылатын. Осы мақала арқылы педагогикалық қызметте басқарудың қыр-сырын үйреткен үлкен ұстазымның өзімізден басқа көпшілік жұрт біле бермейтін, ескерілмей жүрген идеяларының өміршеңдігін жан-жақты ашып көрсетсем деймін. Ромсейіт аға көреген болатын. Қоғамда болатын өзгерістерді алдын-ала болжап, ұжым мүшелерін (әрине, бұл жерде болашақ мамандарды) соған алдын-ала дайындайтын. Жай сөзбен емес, нормативті құжаттарға енгізіп, соларды басшылыққа алу арқылы жан-жақты дайындайтын. Қазіргі кезде өзекті боп отырған оқытудың кредиттік жүйесі, 12 жылдық білім беру жүйесі, шағын жинақты мектепке маман дайындау, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және т.б. мәселелерін осыдан 10-15 жыл бұрын өз жарияланымдарында көтеріп кеткен болатын. 2004 жылы Абай атындағы Алматы университетінің «Хабаршысында» «Оқытудың кредиттік жүйесіне көшудің кейбір мәселелері» тақырыбында жазған мақаласы – осының жарқын бір мысалы. Осы мақаласында «Оқытудың кредиттік жүйесінің ережелері» жобасын талдай отырып, «осы жүйемен жұмыс істеуде оқытуды, оқуды ғылыми-теориялық негізіне жақындата түсу көзделген. Оған бір мысал: ғылым бакалавры деңгейінде жоғары білім диплом жұмысын қорғау мен кешенді мемлекеттік емтиханды тапсырумен аяқтау көзделген. Диплом жазу, қорғау деген сөз мамандыққа сай бүкіл педагогикалық процеске қатысы бар іс-әрекет пен қарым-қатынастар табиғатын бүгешүгесіне дейін меңгерту деген сөз. Бакалавр деңгейінде «ғылым бакалавры» деген дәреженің берілуінің сыры осында» деуі қазіргі жағдайда диплом жұмысын жаздыру-жаздырмау тұрғысында туындап отырған дау-дамайға берілген нақты жауап дер едік. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша диплом жұмысын орындауды міндетті компонент ретінде алғаш рет қолға


алған Р.Мұхамеджанұлы бүкіл оқу мерзімі барысында студенттердің курстық және басқа да ғылыми жұмыстарын диплом жұмысын орындаумен ұласымды жүргізілуін үнемі қадағалап отырды. Педагогикалық және өндірістік практикалар жүйесінің мүмкіндіктері толығынан пайдаланылып, диплом жұмысының тақырыптары бастауыш мектеп педагогикасының және бастауыш оқыту әдістемелері дамуының қазіргі деңгейіне, бастауыш мектептің өміршең міндеттеріне, кафедралардың қалыптасқан ғылымизерттеу бағыттарына сәйкес таңдалуына үлкен мән берді және оған тікелей басшылық етті. Тіптен диплом жұмысын кандидаттық диссертациялармен ұластыру жұмыстарына да көп көңіл бөлді. Кезінде сырттай бөлімде оқып жүрген студенттің (Н.Сламбекова) бойынан ғылымға деген құштарлықтың бар екендігін дер кезінде байқап, оның күндізгі бөлімде дәріс алуына, кейін бітіргеннен кейін факультетімізде қызмет істеп, кандидаттық диссертация қорғауына мүмкіндік те жасады. Білім беру мазмұнын жаңартудың басым бағыттарын айқындайтын 12 жылдық білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнының қоғам талабы мен мемлекеттің даму болашағына сай құрылуы жоғары білім беру жүйесінде де өзгерістің болуын қажет етеді. Бұл, сөз жоқ, кәсіби құзырлы, дербес пәндер әдістемесінің теориясы мен тәжірибесі негіздерін игерген және оны өз кәсіби іс-әрекетінде қолдана алатын маман даярлау мәселесін шешуді талап етеді. Осындай өзекті мәселені 2000 жылдардың басында көрегендікпен байқаған Р.М.Қоянбаев 2004 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартының (031540 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша) құрылымы мен мазмұнына қазіргі 12 жылдық орта мектеп бастауыш сатысының мемлекеттік-базистік оқу жоспарында қарастырылып жүрген «Информатика», «Ағылшын тілі» оқу пәндерін оқыту үшін «Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың теориясы мен технологиясы», «Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың теориясы мен технологиясы» пәндерін енгізіп, осыған сәйкес профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік қызметін студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді технологияларын іздестіруге және жүзеге асыруға бағыттады. Болашақ мұғалімдерге 12 жылдық білім беру жүйесінің қажеттілігі мен тиімділігін түсіндіру, оның құрылымы мен мазмұнындағы ерекшеліктерді, оқыту әдістері мен құралдарын, оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формаларын, құзыреттіліктерге бағдарланған білім беру нәтижелерін меңгерту мақсатында аталмыш мамандық оқу жоспарына арнаулы курстар (2004-05 оқу жылынан бастап): «12 жылдық бастауыш мектеп оқу пәндерінің оқу-әдістемелік кешені» және т.б. енгізді. Қазіргі таңда өзіндік ерекшелігі бар шағын жинақты мектепке мамандар даярлау – мемлекет тарапынан қозғалып отырған келелі мәселелердің бірі. Бұл мәселені сонау 90-жылдардың соңынан бастап, Р.Қоянбаев тәжірибеге енгізіп үлгерген еді. Бастауыш сынып мұғалімінің шағын жинақты мектептерде жұмыс істеуге дайындығын қалыптастыру мақсатын көздей отырып, «Бастауыш


оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының жұмыс оқу жоспарына «Шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі», «Шағын жинақты бастауыш мектепте қазақ (орыс) тілін оқыту технологиясы», «Шағын жинақты бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясы» оқу пәндерін ендірді. Осының нәтижесінде студенттер шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысып, сабақ кестесінің түрлерін, оларды құру технологиясын, басқа оқу пәндерімен кіріктірілуін, жоспарлауды, өзіндік жұмыс түрлерін, оларды ұйымдастыру әдістемесін, оқушының іс-әрекетін басқарудың қазіргі жаңа технологияларын т.б. үйренді. Р.Қоянбаевтың шәкірттері Ж.Астамбаеваның «Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясы», п.ғ.к., доцент Л.А.Лебедованың «Методика преподавания математики и русского языка в МКНШ» атты оқу-әдістемелік құралдары – тек болашақ мамандардың ғана емес, шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің де таптырмас құралы екендігі даусыз. «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» факультетінің құрылғанына 10 жыл толу мерекесіне арналған кітапшада Р.М.Қоянбаев «БОПӘ факультеті университетіміздің жарғысына сәйкес көп сатылы жоғары білім құрылымына (бакалавриат және магистратура) көшіп отырғандықтан, ендігі міндет – бағдарламаны жан-жақты ойланып, ізденісті іскерлікпен ұштастыра жүргізуге бүкіл ұжымды ұйымдастыра біліп, жан аямастай шығармашылықпен шама келгенше еңбек ету» дейді. Бұл айтулы мерекеден кейін де 8 жыл декан болған Р.Мұқтанұлы бакалавриат пен магистратураның нормативті құжаттарын, жаңа оқу құралдары мен әдістемелік құралдарын жазуға белсене қатысты. Ол педагогика ғылымы мен студенттер қауымы зәру боп тұрған кезеңде қазақ тілінде «Педагогика» оқу құралын жазды. Бұл оқу құралы бүкіл ұстаздар қауымы мен студенттердің таптырмас игілікті құралына айналды. Р.М.Қоянбаев – жоғары оқу орнынан кейінгі педагогика ғылымын жетілдіруге және жаңа технологияларды әзірлеу мәселелерін шешуге қабілетті жаңа тұрпатты ғылыми педагогикалық кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін жасаушы ғалым. Ол 2001 жылы Н.Д.Хмель, С.И.Қалиева, Т.С.Оспанов, Ә.Е.Жұмабаевалармен бірге 540350 – Педагогика дайындау бағытының ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кәсіптік ғылымипедагогикалық (магистратура) білім стандартын, 2004 жылы Т.С.Оспанов, Ә.Е.Жұмабаевалармен 6N0102–Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 6N0103–Педагогика және психология мамандықтарының (магистратура) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жасауға тікелей басшылық жасады. Осы стандарттармен бүкіл республика магистранттарының жан-жақты біліктілігі жоғары маман боп шығуына тікелей ықпал етіп, сауатты да саналы қазақстан азаматтарының өсіпөркендеуіне бар ғұмырын арнады. Магистратураның осы дайындау бағытының алғашқы түлектері Г.Арынова, А.Сайдиновалар – қазір біздің


факультеттің аға оқытушылары. Кейінгі жылдары бітірген Г.Садуақас, Ж.Кенебаевалар кафедрамызда табысты қызмет етеді. Оның магистратура саласына арнаған еңбектерінің де орны ерекше екенін айта кету керек. Магистранттар мен ізденушілерге арналған «Магистрлік диссертация» әдістемелік және «Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеулердің әдістері» оқу құралдары магистрлік диссертация тақырыбын таңдаудан бастап диссертацияны қорғауға дейінгі мәселелермен, педагогика әдіснамасы, педагогикалық зерттеулердің әдістерімен жан-жақты таныстыруды мақсат тұтқан. Көреген ғалымның «Өз мамандығының иесі ғана табысты еңбек ете алады. Осы факультеттің болашағы да, иесі де – өздеріңсіңдер» деген аталы сөзі әлі күнге дейін жадымызда, біздің өмірдегі басты ұстанымымыз болып келеді. Қашанда ақ батасын беріп, ағалық қамқорлығын аямаған ұлы ұстазымыз шәкірттерінің болашағынан көп үміт күтетін. Біз сол үмітті ақтауға тырысып келеміз. (Мақала профессор Р.М.Қоянбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Болашақ мамандарды 12 жылдық оқытуға көшу жағдайында даярлау мәселелері мен келешегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарынан алынды). Р.М.ҚОЯНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ Ыбырайымжанов Қ.Т. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты педагогика факультетінің деканы, п.ғ.д., доцент Бүгінгі қоғамдық құрылыста бастауыш білім беру жүйесінің дамуына ондағы білім мен тәрбие берудің мазмұнына ерекше мән беріліп зерттелуі философиялық әдіснаманың жетекші идеясы негізінде педагогика, психология және жеке пәндерді оқыту әдістемесі т.б. ғылымдары тарихының тұтастық тұғырнамасының бірлігі мен жүйелік сипатына бағытталған. Қай кезеңде болмасын қоғамдық-экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге толы қоғамның дамуының бастау бұлағы болып табылатын құбылыстың бірі – бастауыш білім беру негіздері. Бастауыштағы білім берудің мазмұны мен міндеттері адамзаттың тарихи дамуындағы қоғам құрылысының сипатына, бағыты мен идеологиялық, саяси-әлеуметтік және басқа да қатынастардың бірлігіне байланысты оны ұйымдастыру жолындағы формалары мен әдістері талапқа сай, өмір сұранысын қанағаттандыру бағытына икемделіп, шығармашылықпен дами отырып, тарихи міндеттері жаңа тұрғыдан айқындалады.


Бастауыш білім берудің дамуына, оның неғұрлым қоғамдық және әлеуметтік талап деңгейге сай келуіне үлес қосып, жаңа бір белестік деңгейге көтерілуіне ықпал еткен жеке тұлғалардың ғылыми шығармашылық еңбектерінің мазмұнына ақиқаттық тұрғыдан баға беріп, талдап, таныта білуіміз біздің парызымыз және ұлттық болмысымыздың бейнесін көрсету болып табылады. Бастауыш білім беру кезеңінің даму тарихында мәселен, ХХ ғасырдың бас кезінде ғалымдар, педагог-әдіскерлер А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Т.Шонанов, Х.Досмұхамбетов т.б. ұлттық білім беру мен тәрбие беруді бастауыш білім беру кезеңінен бастау керектігі туралы ғылыми тұжырымдар жасап, осы бағытта ғылыми еңбектер жазған ұлы ғұламаларымыз еді. Бүгінгі күндегі білім беру жүйесінің сатылануы бастауыш білім беруді өз алдына дербес қарауға, оның құзырлығын анықтауға алып келді. Қазақстанның тәуелсіздікке ие болуы білім беруді жетілдіру мен дамыту мәселесінде яғни, педагогика ғылымының даму жолын қайта қарау қажеттілігін туындатты. Білім берудің тармақталуы мен жаңа бағыттылығын анықтау бастауыш білім беруді жіктей қарап, жете тануды қажетсінді. Осы тұста Қоянбаев Ромсейіт Мұхтанұлының педагогикалық мұрасындағы бастауыш білім беру жайлы ой-пікірлері мен ғылыми еңбектерінің мазмұнына зерттеу жасап, ақиқаттық бағасын беру қажет. Өйткені бастауыш білім беру педагогикасындағы ғылыми зерттеулерінің әдіснамалық мәселелері мен әдістері, бастауыш білім беруді заман талабына сай реформаланудың тәжірибелік сипатының көрініс табуына ғалым- педагогтың өзіндік үлесі бар деуге болады. Өйткені ғалымның өз кезегінде бастауыш білім беруге жаңаша көзқарас танытуы және осы көкейкесті мәселелер бойынша ғылыми-шығармашылық еңбектерінің жарық көруі бастауыш білім берудің орны мен мәнін, бастауыш сыныптарда оқу жұмысын ұйымдастыруға қатысты өткен тәжірибелердің нақтылық бағыты мен қол жеткізген нәтижелерін анықтап, бүгінгі бастауыш білім беруде оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік жасаудың бағытын айшықтай түсуге мүмкіндік берді. Р.М.Қоянбаевтың педагогикалық мұрасындағы бастауыш білім беру, тәрбие мен мектеп және жоғары оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау жөніндегі ой-пікірлері оларды жіктей отырып, салалап қарастыруға итермелейді. Ең алдымен, ғалым-педагогтың жекелеген ғылыми зерттеулеріндегі, яғни мақалаларындағы үздіксіз білім беру жүйесіне көшудегі бастауыш білім беруге философиялық тұрғыдан көзқарас танытуы. Ғалым өз еңбектерінде бастауыш білімді жекелеген ғылымдардың бастапқы негіздерінен құрай отырып, олардың теориялық қорытындыларын ықшамдап, оқушының жас ерекшелігіне сай және әр балаға жеке тұлғалық қарымқатынас жасау жолымен бастауыш сынып оқушысының дүниетанымының даму логикасын жасау мен жеке ғылыми танымдарға қол жеткізу мәселелеріне баса көңіл аудару керектігін тұжырымдайды. Сондай-ақ, Қазақстандағы бастауыш білім беру міндеттері мен мақсаттары туралы ой-


пікірлерін осы саланың даму жолындағы тәжірибелік мәселелеріне ғылыми талдаулар жасау арқылы негіздейді. Яғни, қазіргі кездегі ғылым жетістіктері мен оны біртұтастық тұрғысынан қарауының негізі ғылымдағы топтастыру және олардың өзара ықпалдастығы жөніндегі заңдылыққа сүйенудің негіздері. Кейінгі уақыттағы ғылыми, негізінен философиялық еңбектердегі ғылымдардың ықпалдастығының жоғары деңгейден қаралуы, педагогика ғылымы үшін де үлкен мәні бар әдіснамалық жүйе ретінде білім мен тәрбие берудің келелі мәселелерінің түйінін тауып, шешуге бағыттылық жасаған. Әлемдегі біртұтастық кеңістік тұрғысындағы ойлар жүйесінен ғылымның дамуы, оның тармақталуы мен топтастырылу үрдістерінің бір уақытта әртүрлі ғылыми білімдер саласының өзара бірігуі, олардың сұрыпталып, ықпалдасуы бірге жүретінін байқаймыз. Бұдан ғылымның ішкі дамуы ғылыми ізденістің жаңа жақын міндеттерін қоя отырып, білімнің бұрыннан даралана ашылған салаларының межеленуіне мүмкіндік беріп жаратылыстану, қоғамдық және техникалық ғылымдардың өзара байланысының нығаюына алып келеді. Бірақ, мәселе ғылымның өзінің ішкі логикасында ғана емес. Қазіргі кезде ғылыми білімнің басты салаларын біртұтастықта қарастыру бағыты қоғам дамуының қажеттілігінен туып отырған көкейкесті мәселелерді кешендік тұрғыдан шешуді қажет етеді. Ғылымдардың өзара байланысының артуы ақиқаттың өзіндегі құбылыстардың өзара байланысын көрсетеді. Білімдердің ықпалдасу үрдісінің жетілуі мен дамуы - ғылымның жаратылыстағы табиғи болмысты обьективті ақиқаттық тұрғысында бейнелеуі адамның дүние танымдық ойөрісінің жетілуі және қоғамдық өркендеуде неғұрлым тереңірек енуінің куәсі бола алады. Ғалымның еңбектерінде бүгінгі таңда ғылыми танымның алдында тұрған, кешенді шешімі табылуға тиісті келелі мәселелер біртұтас ғылыми дүниенің бейнесін жасаумен анықталады. Білім философиясы тұрғысынан бастауыш білім берудің тұтастығын педагогика ғылымы негізінде көрсетеді. Білімнің тарихи қалыптасқан дербес бөліктерін негізге алып, жекелеген ғылымдардың сан ғасырлық ғылыми зерттеулері ой елегінен өткендігін ескере отырып, олардың өзара үйлесімділік заңына бағынатындығына мән бере келе олардың бірлігін ғылыми жағынан негіздейтін әдіснамалық ортақтығының қажеттігін түсіндіреді де Р.М.Қоянбаев бастауыштағы білімді игерудегі ақиқаттық дүниенің заңдылықтарын зерделеуді бастауыш сынып оқушыларында дүниенің ғылыми бейнесінің қалыптасуын ғылыми таныммен өзара байланыстыра қарауға мән беру керектігін айтады. Р.М.Қоянбаевтың педагогикалық мұрасындағы екінші мәселе – бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау. Мәселен, қоғамның ғылыми және тәжірибелік талабына сай теориялық, әдіснамалық жүйе негізі болатындай бастауыш білім беру сатысының дәрежелік деңгейін анықтай отырып, бастауыш білім беру сатысының міндеттері туралы және оның қоғамдағы қызметі жөнінде ғылыми түсінігін анықтау үшін, осы сала бойынша жұмыс атқаратын бастауыш сынып мұғалімі мамандарын педагогтік қызметке


даярлаудағы алда тұрған тәжірибелік мақсатқа аса көңіл бөлінуі керектігіне де мән береді. Мақсат қазақстандағы қоғамдық даму мен бастауыш білім беру саласындағы әр түрлі үдерістерді зерттеп, талдауды қажет етуі. Олардың оңтайлы және қолайсыз кері беттерін екшелеп, сұрыптап, анықтау мен даму тенденциялары арқылы тарихи мұралық білімдерді игеру жалпы бастауыш білім беру сатысының теориясы мен тәжірибесін дамыту мақсатында ұлттық негіздегі оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізудің негізі болмақ, деген ой түйіндейді. Бұл жөніндегі ғылыми тұжырымдары ғалымның «Бастауыш мектеп педагогикасының жалпы негіздері», «Тәрбие теориясы», «Дидактика» еңбектерінде кейіннен толықтыра отырып, өңдеп жазған «Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы» атты оқу құралдарында мәнді ашылған деуге болады. Бастауыш білім беруге жаңа құрылымдық тұрғыдан қараудағы басты ұстанымның бірі – оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқылатын жеке пәндердің орнын анықтап, бағалау болмақ. Оқушы алдындағы оқу міндеттерін шешудің түрлі тәсілдерін игеруі; жеке әрекетін саналықпен бақылап, бағалауы; оның нәтижесін қалыптасқан өлшеммен салыстыра білуі - бала табиғатының дамуын, жас ерекшелігіне орай туындайтын сұраныс, талап, қажеттілігін қанағаттандырады, сонымен бірге басқа әрекет түрлерінің жетілуіне оң ықпал жасайды деген қорытындылар береді. Сондықтан бастауыш сыныптардың мұғалімі оқу жұмысын ойдағыдай нәтижелі етіп орындауы үшін осыған сәйкес дайындалуы керек. Бастауыш сынып мұғаліміне негізгі қасиет ең алдымен ол өз ісін сүйетін жоғары дәрежедегі жеке тұлға болуы шарт. Жалпы мұғалім ой-өрісі жоғары, кең дүниетанымдық көзқарасқа ие болған және өз кезеңіндегі педагогикалық теория мен алдыңғы қатарлы әдістемелік біліммен қаруланған балаларды тәрбиелеуде және оқыту ісінде маңызды табыстарға жете алатын жоғары білімді кәсіби маман болуы керектігін түсіндіреді. Біз бұдан бастауыш сынып мұғалімі өзі жүргізетін пәндердің ғылыми негіздерінің өз кезеңіндегі жайкүйін жақсы біліп, осы білімдердің дамуын үзбей қадағалап отыруы мен оны заман талабына сай жетілдіруге, жеке пәндерден білім беруде оқытудың жаңашылдық сипат алуына күш салуымен технологияларды өз жанынан шығармашылық ізденістер тұрғысынан жетілдіре пайдалана білуі қажет деп ұғамыз. Сонымен бірге өзі оқытатын пәндерді терең және негізін жақсы білумен қатар, мұғалімнен педагогика мен психология негіздерін және жеке пәндерді оқыту әдістерін жақсы білуді талап етуі. Бұл ғылымдар оның педагогикалық қызметімен байланысты негізгі мәселелерді дұрыс шешуге, білуге көмектеседі. Сондықтан бастауыш сынып мұғаліміне жоғары дәрежедегі саналы және мәдени ой-өрісін кеңейтудің, өзінің педагогикалық сапасы мен білім дәрежесін арттырудың негізі, өз бетімен жұмыс істеу керектігін айта келе, ол үшін түрлі жаратылыстану қоғамдық және техникалық ғылымдарының озық жетістіктерін біліп, хабардар болып, тәжірибеге қолдана білу керектігін қазіргі талап екендігімен қорытындылайды.


Бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіптік бағыт берудің теориялық негізін жасап, оның ерекшелігін айқындау үшін ғалымның педагогикалық еңбектерін және жоғары білім беруге арналған оқу жоспарларының мазмұнын тұжырымдау барысында байқағанымыз, мұғалімдер дайындауға қойылатын талап, негізінен мамандық бойынша оқылатын пәндердің мазмұнының өзара ішкі үйлесімдікте ықпалдастыруын қарастырғандығында. Сондай-ақ, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға байланысты олардың іс-әрекетін әрбір жеке пәндердің әдістемесін меңгеру арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлікті игертуі болып табылған. Сондықтан да болар маман даярлау мәселесіне оқытуда өзара ықпалдастықта қарауды ұсынады. Болашақ маман әр жеке пәннің әдістемесін ғана емес, бүкіл педагогикалық жүйенің мақсатын, міндетін, мазмұнын, негізін, түрлі әдістемесін және тәрбие жүйесін біртұтас қабылдап, меңгеруге тиіс деп қарайды. Р.М.Қоянбаев педагогикалық үдерісте мұғалімнің іс-әрекеті мен олардың кәсіби шеберлігіне бағыт беру сабақтастықта жүзеге асатын жағдайда ғана болашақ мамандарды өз дәрежесінде дайындау жүзеге аспақ деп тұжырымдайды. Педагог-ғалым Р.М.Қоянбаевтың өз қолынан туындап жазылған еңбектерінде мұғалім өз мамандығының шынайы иесі, шебер болуын талап етеді. Мұғалім педагогика мен әдістемелік ғылымдарды жетік меңгеруін және оларды орынды пайдалана білуін шартты мәселе екенін айта келе өскелең ұрпаққа саналы тәртіп пен сапалы білім беруін жүзеге асырады. Мұғалімнің тек ғылымның жетістіктерін біліп оны меңгеру арқылы ғана іске асыратын ғылыми тұрғыдан жүйеленген өз мамандығының шебері болмағыоқушылардың жүрегіне жол тауып, көптеген амалдары мен тәсілдерді меңгеруінде. Өз өмірін адамзаттың ең маңызды ісіне-жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне арналған әр адам мұғалімдік мамандықтағы шеберліктің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын педагогтық қасиеттерді меңгеруді қажет деп ұғындырады. Одан әрі жоғарыдағы пікірлерге сай мұғалімдердің сапалы болуын қарастыру барысындағы мәселенің шешімін табуда мұғалімдерді жоғары оқу орындары арқылы даярлаудың тиімділігін қарастыруды басшылыққа алып, өзі басқарған факультете 10 жылдан астам уақыт бойында тәжірибелік – эксперименттер жүргізіп, бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудағы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартын жасауды алғашқы болып қолға алады. «Қазір егеменді Қазақстанда жалпы бастауыш білім беру деңгейіндегі, «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша мұғалім даярлау педагогика ғылымы және тәжірибесінің дамуына, өткен тарихтың тєжірибесіне негізделіп дамытылып отыр. Бүгінгі күнгі негізгі мақсат білім берудің әлемдік кеңістігіне ену, білім берудің ұлттық моделімен жұмыс істеу, білім берудің тәжірибесіне еніп отырған педагогикалық инновациялардың негізінде педагогикалық жаңа құбылыс білім беруді стандарттау ендіріліп отыр» – деген еді. Бұл күнде болашақ бастауыш сынып мұғалімін даярлауда, олардың мұғалімдік шеберлікке жетудің теориялық және практикалық жақтары жөнінен жан-жақты білім беріп, республика көлемінде озық мамандар


даярлауда Абай атындағы Қазақтың ұлттық педагогикалық университетінің психология-педагогика факультетіне қарасты бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі бөлімінің орны ерекше болып отыр. Бұл бөлімдегі дәріс беруші аға-ұрпақ болашақ жас мамандарға психология, педагогика ғылымдары мен бастауыш сыныптарда оқытылатын әр пәннің оқу әдістемелік жүйесінің теориялық-практикалық негіздерін мектепте өтілетін іс-тәжірибелерді қолданылуы мен іске асырылуы жолдарын толық үйретуде. Бұл өз кезінде Қоянбаев Ромсейіт Мұхамеджанұлының басшылығымен және ой-пікірлері бір арнаға тоғысқан профессорлар Сабыров Талғат Сабыржанұлы, Сатқанов Олжабек Сатқанұлы т.б. ғалымдармен жүзеге асырылса, бүгінгі күнде ғалымның замандас әріптестері Қазақстанға белгілі ғалымдар Сағира Рахметова, Мендекенова Рабиға Тауырбайқызы, Оспанов Төлеген Қаражанұлы, Гулнар Уайсова және т.б. Шәкірттері Қайынбаев Ж, Қосанов Б, Жұмабаева А, Қабатаева Б, Сайдахметов Б, Қияқбаева Ұ, Азимбаева Д, т.б. ғалымдар бастауыш мұғалімдерін даярлаудағы ісін жалғастырып, оны одан әрі жетілдіруде. Өз кезінде жазылған еңбектердің мазмұнына зер салып қарасақ, ғалымның жас ұрпаққа білім-тәрбие беруде, шешуші рөл атқаратын мектеп, мұғалім, оқу барысы, оқу бағдарламалары, оқытудың әдіс-тәсілдері, оқутәрбиені ұйымдастыруда, оның нәтижелі болуына педагогикалық принциптерді ұстану, мұғалім шеберлігінің шыңдалуы және жалпы педагогика ғылымында қамтылған ғылыми нұсқалар мен тұжырымды дәлелдемелерді әрдайым басшылыққа алып отырғанын аңғарамыз. Сондықтан профессор Р.М.Қоянбаевтың педагогикалық мұрасын бүгінгі бастауыш білім беру жүйесінде қолданудың мүмкіндігі мен потенциалы жоғары деп есептейміз. (Мақала профессор Р.М.Қоянбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Болашақ мамандарды 12 жылдық оқытуға көшу жағдайында даярлау мәселелері мен келешегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарынан алынды). ПРОФЕССОР Р.М.ҚОЯНБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІН ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ Б.С.Сайдахметов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, п.ғ.к. Еліміздің ұлттық саясатының басты қағидаларының бірі – ана тілінде таза сөйлеп, ұлт тарихын, салт-дәстүрін құрметтейтін ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Осы мақсатта бастауыш сыныптарда қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдалану – бүгінгі өмір талабына сай жеке тұлғаны қалыптастырудың негізгі жолдардың бірі. Себебі оқыту үдерісінде және сабақтан тыс уақытта қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде


пайдалану оқушылардың өз халқының салт-дәстүріне деген қызығушылығын арттырады, сол арқылы оқушылардың елін, жерін сүюіне, ана тілін, туған жерін, халық дәстүрлерін қастерлей білуге жағдай жасайды. Қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдалану ісінде іргелі пікірлер айтып, қомақты жұмыстар атқарған, өз оқу құралында бұл мәселені жан-жақты қарастырған, шәкірттеріне ғылыми-зерттеу тақырыбы ретінде ұсынып қорғатқан ғалымның бірі – Р.М.Қоянбаев. Ол шәкірттерімен сұхбаттасу сәті түскенде «Біз ұлттық дәстүрді бойымызға толық сіңірмегендіктен, әрі бабаларымыздың тарихи тәжірибесін орынды пайдаланбағандықтан, тәрбие тегінен айырылудың аз-ақ алдында тұрмыз. Кез-келген адам өз ұлтының салт-дәстүрін егжей-тегжейлі, дұрыс сезінсе ғана ол өзге ұлттардың да салт-дәстүрлерін құрметтей алады, олардың жан дүниесін де түсінеді. Сондықтан, ең алдымен, әркім өз ұлтының салтдәстүрлерін жете білуі және қастерлеуі қажет» деп айтып отыратын. Жай айтып қана қоймай, бастауыш білім беру сатысы оқушыларын қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлері арқылы тәрбиелеу мүмкіндіктерін зерттеуді ізденушілерінің алдына проблема қылып қоя білді. Бүгінгі бастауыш білім беру сатысындағы мектеп бағдарламасы мен құжаттарына жасаған талдау қарастырылып отырған проблеманың оқутәрбие жұмысында аз пайдаланылатынын, мұғалімдер назарынан тыс қалғандығын, оқушылардың бұл саладан білім деңгейінің төмендігін, пән мұғалімдерінің қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін толық пайдалана алмай отырғандығын дәлелді айтып көрсетті. Тақырыптың практикалық жағы маған етене таныс болғанымен, педагогикалық-теориялық мәні мен мазмұнын ашып көрсету, бастауыш білім беру сатысы оқушыларын қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің педагогикалық шарттарын айқындау қиынға соқты. Міне, осындай кезде көмекке ақылшы ұстазым келді. Ғылыми жетекшімнің басшылығымен қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрінің халқымыздың әрбір отбасында атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, берік орнығып, заңдылыққа, халықтық тәрбие құралына айналған ізгі іс-әрекеттер, тәлім-тәрбиелік қағидалар, жалпыға ортақ әдептілік, инабаттылық нормалар жиынтығы екендігін айқындауға мүмкіндік алдым. Ұлттық тәрбие қағидасы бойынша әрбір ұрпақ ең кемінде жеті атасына дейінгі ата тегін білуі міндетті. Егер жеті атасына дейін ата тегін, тарихын білмейтін ұрпақ болса, оны «Жеті атасын білмейтін жетесіз» деп халық кінәлайды, айыптайды. «Шыншыл, әділетті, иманды болу – сонау арғы атабабамыздан бері қалыптасып келе жатқан дәстүріміз» дейді де, халық сол игі дәстүрді бұзған ұрпаққа айып тартқызады. «Ат тұяғын тай басар» деп, кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын талап етеді, әулеттік тағылымдар ата дәстүріне айналып, санаға сіңіп, салтқа тірек болады. Сол себепті де шәкірттерге бастауыш білім беру сатысынан бастап-ақ жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлерінен білім мен тәрбие берудің мәні зор. Олар, әсіресе,


«Қазақ тілі», «Ана тілі» пәндерін оқу барысында туыстық атаулармен танысып, солардың мағынасын түсінеді. Оқушылардың сол түсініктерін тірек ете отырып, жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлерін танытудың толық мүмкіндігі бар деп түйіндейміз. Оқушыларды жеті ата шежіресін білуге тәрбиелеу: – әрбір баланы өзінің жақын және алыс туыстарын танып білуге, ажырата алуға, туыстық қарым-қатынас жасауға үйретеді; – рухани адамгершілік, кісілік, имандылық қасиеттерін қалыптастырады; – үлкеннің алдындағы парыз, борыш, міндеттерін сезінуіне мүмкіндік жасайды. Жас ұрпақты үлгі, өнеге негізінде дәстүрлерді тәрбие құралына айналдыра отырып тәрбиелеу қазақ дастарқанының басындағы ісәрекеттерімен, барысында шешіледі. Қай халықтың да болмасын дастарқаны сол халықтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен болар, қазақ халқының тағамдары да өзгеше. Оның дені: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік секілді алынатын өнім түрлері. Дастарқан – қазақ дәстүрінде пейілдің, ықыластың, жомарттықтың белгісін танытатын, үйдің ниетін көрсететін берекесі. Қазақ қоғамында адамның пиғылы, ашық қолдығы, көңілінің кеңдігі, дарқандығы дастарқан жаюына қарай бағаланады. Ақылшы ұстазымның жетекшілігінің арқасында қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлері арқылы бастауыш білім беру сатысы оқушыларын тәрбиелеудің әдістемесі, «Ата дәстүр – асыл қазынаң» атты бағдарламаның тақырыптық үлгі жоспары, «Қазақ халық дәстүрлері» электрондық оқу құралы жасалып, бастауыш мектеп практикасына ендірілді. Бастауыш сынып оқушыларында қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлері жөнінде қалыптастырылатын білім деңгейлерін тұрақтандыру мен бекіту мақсатында біз өзіміз ұсынған бағдарлама негізінде қазіргі мектептің жаңа талаптарына, яғни оқу үдерісін ақпараттандыруға, интерактивті оқу әдістерін енгізуге байланысты компьютерлік ойындардың оқу-әдістемелік құралдарын жасап, мынадай тақырыптарда компьютерлік ойындар ұсындық: «Қазақ халқының жеті ата шежіресі», « Қазақ халқының дастарқан дәстүрі», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Өз жұртыма кіретін туыстық атаулар», « Дастарқан басында өзін-өзі ұстау ережесі»т.б. Мысал ретінде мына ойындарды алуға болады: 1. «Топтастыру ойыны». Ойынның шарты. 10 компьютерге екіден 20 оқушы отырады. Мониторда қазақ дастарқанының төрт табақ түрлері және табаққа салынатын мүшелер түрлі түсте көрінеді, аттары жазылып тұрады: Бас табақ Сый табақ Жай табақ Сурет 1–Топтастыру ойынының сызбасы.


Әр компьютердегі оқушылар тобына компьютердегі табақтарға салынатын мүшелерді табу тапсырылады. Қай топ бірінші, әрі дұрыс орындаса, сол топ жеңімпаз аталады. 2. «Орнына қой» ойыны. Ойынның шарты. 10 компьютерге екіден 20- оқушы отырады. Мониторда қазақ халқының туыстық атаулары көрінеді. Оқушылар сол атаулардан өз жұртына кіретін туыстық атауларды тауып, монитордағы төмендегідей суретке орналастырулары керек: Сурет 2 - Өз жұртына кіретін туыстық атауларды білдіретін сызба – Жеті ата шежіресі мен қазақ дастарқаны дәстүрлерінен берілетін тапсырмалар неғұрлым интеллектуалдық жағынан күрделірек, ойландыратындай болса, соғұрлым оқушылардың белгісіз нәрсенің сырын ұғуға деген қызығушылық ынтасы арта түседі; – Жеті ата шежіресі мен қазақ дастарқаны дәстүрлерін дәріптейтін материалдардың неғұрлым қызықты, әрі танымдық мәні жоғары болуы оқушылардың ата дәстүрін білуге, үйренуге деген құлшынысын ұштайды; – дастарқан басындағы тәлімдік үлгілер: әңгіме, өсиет-өнеге, өнер, бата т.б. ұрпақтың мұрагерлік міндетін жалғастыруына мүмкіндік береді; – туыстық және қазақ дастарқаны ұғымдары және оларға байланысты құқықтық қарым-қатынас ғұрыптары түсініктері оқушылардың өзіндік танымы мен рефлексия әдісі арқылы өткенде ғана нәтижелі болады. Қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлерінің тәрбие формалары мен әдістерін мұғалімнің оңтайлы пайдалануы бастауыш білім беру сатысы оқушыларының рухани адамгершілік қасиеттерін, ұлттық салтдәстүрлерді қастерлеп, құрметтей білу іс-әрекеттерін жетілдіреді. (Мақала профессор Р.М.Қоянбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Болашақ мамандарды 12 жылдық оқытуға көшу жағдайында даярлау мәселелері мен келешегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарынан алынды). Өз жұрты


ОБ ОСОБЕННОСТЯХ СТАНОВЛЕНИЯ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ БУДУЩЕГО УЧИТЕЛЯ НАЧАЛЬНЫХ КЛАССОВ Лебедева Л.А. – к. п. н., доцент кафедры ТиМДНО КазНПУ им.Абая Акпаева А.Б – к. п. н., доцент кафедры ТиМДНО КазНПУ им.Абая В конце 80-х мы учились на факультете Педагогики и методики начального обучения, деканом которого был Ромсеит Мухамеджанович Коянбаев. С большим теплом мы вспоминаем годы, проведенные в педагогическом университете, и большая часть воспоминаний связана с именем Ромсеита Мухамеджановича. Сейчас, оценивая его вклад в развитие факультета, в дело становления подготовки будущего учителя начальных классов, можно смело сказать, что его взгляды были направлены далеко в будущее. Нынешние изменения в системе образования, связанные с переменами в экономической, политической и социокультурной жизни казахстанского общества, выдвигают качественно новые требования к формированию и становлению личности специалиста в области образования. В настоящее время востребован учитель, способный на высоком профессиональном уровне самостоятельно, творчески и ответственно решать поставленные задачи, профессионально действовать в постоянно меняющихся условиях педагогической действительности, мыслить нестандартно и критически, способный сформировать и реализовать свою педагогическую и методическую позицию. Особое значение в подготовке педагогических кадров в современных условиях приобретает сочетание глубокого усвоения теоретических основ профессиональной деятельности с практическим овладением ею. В настоящее время остро встал вопрос об единице измерения профессиональной пригодности специалиста (как начинающего, так и уже имеющего определенный стаж и опыт работы). Ныне такой единицей является профессиональная компетентность. В беседах с нами, студентами и далее молодыми преподавателями, Ромсеит Мухамеджанович часто повторял, что «отличие компетентного специалиста от «дипломированного» заключается в том, что он не только владеет определенным уровнем знаний, умений и навыков, но и реализует их в профессиональной деятельности; обладает внутренней мотивацией к качественному осуществлению этой профессиональной деятельности и отношением к своей профессии как к ценности». Компетентный специалист способен выходить за рамки преподаваемого предмета, видеть как внутрипредметные, так и межпредметные связи, он имеет большой творческий потенциал саморазвития, способен к самоанализу и самообразованию.


«Подготовка учителя начальных классов отличается от подготовки любого другого учителя-предметника тем, что профессия учителя начальных классов уникальна и неповторима» – подчеркивал всегда Ромсеит Мухамеджанович. Учитель начальных классов является поли-предметником, одновременно являясь и классным руководителем, и психологом, и социальным педагогом. В подготовку учителя входят предметы гуманитарного и политехнического циклов. Учитель начальных классов – и филолог, и математик, и биолог, и физрук, и музыкальный работник, и учитель изобразительного искусства, и трудового обучения – и всё это в одном лице. Для того чтобы полноценно проводить уроки по всем этим дисциплинам, необходима основательная подготовка по основам этих дисциплин. Профессиональная педагогическая компетентность, по Н.В. Кузьминой, включает пять элементов или видов компетентности. Это: 1. Специальная и профессиональная компетентность в области преподаваемой дисциплины. 2. Методическая компетентность в области способов формирования знаний, умений учащихся. 3. Социально-психологическая компетентность в области процессов общения. 4. Дифференциально-психологическая компетентность в области мотивов, способностей учащихся. 5. Аутопсихологическая компетентность в области достоинств и недостатков собственной деятельности и личности [1, 90]. Подготовка будущего учителя долгий трудоемкий процесс. Студент погружается в профессию поэтапно. Приняв за основу психолого-педагогические положения об организации учебно-познавательной деятельности школьников, можно выделить определенные дидактические умения учителя начальных классов, которые служат базой для формирования профессиональной компетентности в разрезе преподаваемых дисциплин. Это умения: осуществлять постановку целей усвоения учебного материала; стимулировать положительную мотивацию в процессе усвоения; организовать успешное восприятие учебного материала; обеспечить осмысливание изучаемого; организовать закрепление и применение знаний, выработку умений и навыков; осуществлять контроль за ходом усвоения знаний; выполнять корректировку процесса усвоения. Однако уровень образованности, особенно в современных условиях, не определяется только объёмом знаний, их энциклопедичностью. С позиций компетентностного подхода уровень образованности определяется способностью решать возникающие проблемы различной сложности на основе имеющихся знаний, умений и способов деятельности.


Компетентностный подход не отрицает значения знаний, но он акцентирует внимание на способности использовать полученные знания в стандартных и нестандартных условиях. Исходной для каждого педагогического умения является педагогическая деятельность, направленная на достижение определенной цели и состоящая из педагогических действий, которые в совокупности образуют способ ее выполнения. Совершаясь и осваиваясь, эти действия переходят в соответствующие (простые, частные) педагогические умения, которые входят в состав более сложных (обобщенных) педагогических умений. Профессиональные дидактические умения, необходимые для управления процессом усвоения младшими школьниками знаний и способов деятельности, представляют собой обобщенные умения учителя, образуемые некоторой совокупностью частных умений, с помощью которых осуществляется творческое решение конкретных дидактических задач. При правильно организованном процессе обучения в ВУЗе, эти умения формируют профессиональную компетентность будущего педагога. Отметим «слабые», на наш взгляд, места современной профессиональной подготовки будущих учителей начальных классов. Преобладание фронтальных и групповых форм работы со студентами. Следствием этого является несформированность у будущих педагогов творческих способностей, неумение связывать в единое логическое целое информацию из смежных областей знаний. Построение единой системы психолого-педагогического сопровождения учителей начальных классов в процессе профессиональной подготовки в вузе позволит повысить уровень их профессиональной компетентности. Формами сопровождения будущих учителей могут быть: педагогические мастерские, проблемные группы, коммуникативные группы. Таким образом, при подготовке будущего учителя начальных классов, для эффективного формирования его профессиональной компетентности, необходимо учитывать не только общепедагогические, психологические, методические, организационные аспекты этого процесса, но и специфические особенности подготовки этих уникальных по своей сути специалистов – закладывающих основы всех наук и формирующих характер и мировоззрение подрастающего поколения своей страны. Такая работа, на наш взгляд, была бы продолжением идей, заложенных в свое время руководителем нашего факультета, Ромсеитом Мухамеджановичем, человеком, отдавшем много лет делу воспитания будущих учителей начальных классов, которому мы, ученики останемся всегда благодарны. Литература: 1. Кузьмина Н.В. Профессионализм личности преподавателя и мастера производственного обучения. -М., 1990.


2. Клименко Н.Ю. Социально-педагогическая компетентность специалистов социальной сферы // Педагогика, 2003. №2. (Мақала профессор Р.М.Қоянбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Болашақ мамандарды 12 жылдық оқытуға көшу жағдайында даярлау мәселелері мен келешегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарынан алынды). ПРОФЕССОР Р.М.ҚОЯНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СӨЗДІК ЖАСАУ ТӘЖІРИБЕСІ: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ Қабатай Б.Т., Абай атындағы ҚазҰПУ доценті, п.ғ.к. Қазақ елінің тәуелсіздік алуымен қатар м е м л е к е т т і к т і л ретінде жарияланған қазақ тілі құндылық деп танылуда. Өткенімізге көз жіберсек, «қазақ тілі Қазан төңкерісіне дейін тек халықтың ауыз әдебиетінде, тұрмыс және отбасында ауызекі тіл дәрежесінде кең қолданылғаны болмаса, оның мемлекеттік тұрғыдағы қызметі жоқтың қасы болды, баспасөз бетінде өрісі өте тар болғаны белгілі»(1,29). Тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы– тәуелсіздігіміздің басты нәтижесі, оны қоғамның рухани жаңаруына сай өмірдің өзі туғызды. Жалпы «сөздік» термині тіл білімінде екі мағынада қолданылады:1) белгілі бір тілдің, диалектінің, әлеуметтік топтың немесе жеке бір жазушының лксикасы, сөздік құрамы; 2) сөздер мен морфемалардың, сөз тіркестері мен идиомалардың т.б. әліпби тәртібімен орналастырылып, түсінігі мен аудармасы берілетін анықтамалық кітап. Көне түркі тілінде "лұғат " деп те атаған. Түркі халықтары әлемде сөздік жасауда ең ерте бастаған халықтардың бірі. Атап айтқанда, атақты Махмұт Қашқари "Диуани лұғат-ит түрк"(Түркі сөздігі) атты еңбегін 1073 жылы жасап шығарған еді. Сөздікте сол кездегі көптеген түркі халықтары мен тайпаларының тарихы, әдебиеті, әдет-ғұрпы, тілі, қоныстануы жайында құнды мәліметтер берілген. Сөздікте түркі тілдерінің 31 диалектілерінен он мыңға жуық сөз, сөз тіркестері мен арабшаға аударылып, жан-жақты талданған, 300-ге жуық ауыз әдебиеті үлгілері, өлең-жырлар, мақалмәтелдер берілген. Бұл сондай жан-жақты және терең дайындалған сөздік ретінде әлі де құнын жоймаған. Мұны тілімізге тиек етіп отырған себебіміз, тіліміздегі сөз байлығынан халықтың бүгінгісін ғана емес, өткендегісін де білуге болады, өйткені тіл халықтың өткен өмірінің куәсі, бүгінгінің – шындығы. Өткендегісін білген халық бүгінгісіне де мығым болып, болашағын дұрыс болжай алады. «Қоғамдағы небір өзгерістер қоғамдық санадағы таным – білімдер түрінде тілде «тіркеліп» жатады. Міне, тілдегі үздіксіз болып жатқан бұл үрдісті оның лексикографиялық форматқа түскен


сөз байлығы – яғни түсіндірме сөздігінен айқын байқауға болады»(3). Оған қоса жекеленген ғылым салаларының дамуы ғылыми-ұйымдастыру шараларына тікелей байланысты екенін ескерсек, сөздіктер жасау әрбір ғылымның өрістеуі үшін аса қажетті шарт деп топшылауымызға болады. Бұл пікіріміздің дұрыстығын Халел Досмұхамедұлының сөзі де дәлелдей түседі: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі-бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз керек»(2, 251). 1993 жылы жазылған профессор Р.М.Қоянбаевтың «Қысқаша педагогикалық сөздік» құралы біріншіден, педагогиканың өз алдына дербес ғылым екендігін дәлелдеу; екіншіден, қазақ тілін ғылым тілі ретінде айналымға түсіру сияқты қиын да күрделі міндеттерді шешуге бағытталған. Олай дейтініміз, педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пәнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде әртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мәдениет, саясат және т. б.) қабылданары сөзсіз. Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан (психология, жаратылыстану, әлеуметтану және т. б.) алынған білімдерді жанама түрде пайдаланып, оқу және тәрбие аймағында туындайтын мәселелерді шешуге икемдестірілген қолданбалы пән рөлін таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ, жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне аян. Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз тиімділігімен танылып отыр: педагогика - өзіндік нысаны мен зерттеу пәніне ие салыстырмалы дербес білім саласы. Дәл осы тұжырымды қазақ топырағына әкелген М.Жұмабаев болса, педагогиканың сырын терең зерттеген қазақ ғалымдарының бел ортасында Р.М.Қоянбаев оны психология ғылымымен байланыстыра қарастырып, педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде батыл ой ұсынды: «Педагогика- саналы және мақсатқа бағытты ұйымдастырылған барыс ретінде тәрбие жөніндегі ғылым. Педагогика тәрбие барысының міндттерін, мәнін, заңдылықтарын, талаптарын, мазмұнын, түрлерін, әдістерін, тәсілдерін, және оны тиімді құру шарттарын зерттейді»(4,78).


Тіл өзінің ғасырлар бойы жинақтаған «дүниеліктерін» сақтап, саралай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса келіп, сөз қазынасын жаңалықтармен жасарта түседі. Бұрыннан барды жинақтау, жаңаны саралау, мағыналық өзгерістерді көрсету, оларды дұрыс танып, орынды қолдануға бағыт-бағдар беру сөздіктердің нысаналы міндеттерінің бірі болып табылады. Мұндай міндеттердің ойдағыдай орындалуы ғалым Нұргелді Уәлидің пікірінше, «ең алдымен оның төрт тағанына, атап айтқанда: 1) сөзтізбенің базалық корпусына; 2)сөзтізбедегі сөздердің анықтамасына (грамматикалық, этимологиялық, стилистикалық белгілерге); 3) сөз мағынасының түсіндірілуіне; 4) сөздік мақалада берілетін дәйексөзге байланысты болады»(3). Педагог-ғалым Р.М.Қоянбаевтың педагогикалық сөздігін осы талаптарға сай талдап көрейік: 1. Сөзтізбенің базалық корпусы. Сөздік жасау жұмысы, әдеттегідей, ең алдымен сөзтізбе түзуден басталады. Аталған сөздіктің сөзтізбе құрамына педагогика ғылымында жиі қолданыстағы сөздер алынған. Құралда педагогика саласына қатысты екі жүзге тарта сөздер іріктеліп алынған. 2. Лұғаттық мақалаларда түсіндірілетін сөздердің анықтамасы. Ғалымның аталмыш еңбегі анықтамалық құрал ретінде қабылданады. Ол тіл жайындағы ақпараттардың көзі. Әрбір сөздікті пайдаланушы сөздік арқылы педагогтік құзіретке қажетті тілді меңгере алады. 3. Сөз мағынасының түсіндірмесі сөздіктің ең түйінді, әрі аса күрделі бөлігі болып табылады. Сөздікте сөз мағыналары негізінен сипаттама жолмен түсіндірілген, сондай-ақ анықтама беру тәсілі қолданылған. Сөз мағынасының сәтті ашылуы – бір ғана басылымның немесе бір ғана сөздікшінің жеке үлесі емес, бұрын-соңды жарық көрген сөздіктерге қатысқан лексикографтардың да тәжірибесі мен кәсіби біліктілігінің, сондайақ тіл зеректігінің де нәтижесі. Ғалымның сөз мағынасын тануда дәлдік, нақтылық, түсініктілік, аз сөзге көп мағына сыйғызушылық талаптарын ұстанғаны байқалады. 4. Сөздіктің дәйектемелік корпусы. Әрине, үлкен көлемдегі мұндай еңбектің нәтижелі аяқталуы үшін оның лексикографиялық негізі, практикалық базалары болуға тиіс. Профессор Р.М. Қоянбаев бұл құралды жасауда ана тіліміздің сөздік қорын түгенделіп, ондағы әр сөздің мағынасы ашылып, мәні анықталып көрсетілген көптомдық түсіндірмелі сөздікке сүйенген. Қорыта келгенде, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары «педагогиканы жан-жақты оқып үйренуде ғылымның түсініктерін, ұғымдарын және атауларын мағыналы қабылдауда педагогтік оқу орындарының студенттеріне қажетті»(5,3) аталған педагогикалық сөздіктің құрастырылуын ана тіліміздің нық басып кетуіне жасалған қадам, жас маманға қамқорлық, батылдық, бір сөзбен айтқанда азаматтық деп бағалауға болады. Р.М.Қоянбаев «Қысқаша педагогикалық сөздігінде»: «Азаматтық – адам тұлғасының жетекші сапаларының бірі. Іс-әрекет, қарым-қатынас және тәрбие жүйесінен


қалыптасады. Азаматтықтың мәні адамдық міндеттерін және борыштарын саналы, белсенді атқару, құқын орынды пайдалану, қоғам белгілеген ережелерді дәл орындау болып табылады. Азаматтық адам тұлғасының патриоттық, интернационалистік, еңбекке қоғамдық тұрғыдан қасиеті болып табылады» (4,5), –деп жазады. Шын мәнінде өмірдегі қандай да болмасын мәселені орындау, шешу, жүзеге асыру барысында тек азаматтық танытқан профессор Р.М. Қоянбаевтың аталмыш еңбегі педагогика ғылымының қыр – сырын меңгеруге бет алған әрбір жас үшін бағыт – бағдар болмақ. «Аға ұрпақ тәжірибесіндегі жинақталған білім, білік, дағдылармен қаруланып, қоғамның адал азаматы болуға ұмтылған» (4,4) педагог маманның жұмыс үстелінде жататын көмекші жол сілтеу құралы болары сөзсіз. Әдебиеттер: 1. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.-Алматы: «Сөздік-Словарь», 2006 ж. 2. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі.- Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005 ж. 3. Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма.- Алматы, 1998 ж. 4. Қоянбаев Р.М. Қысқаша педагогикалық сөздік.-Алматы: Абай атындағы мемлекеттік университеті, 1993ж. 5. Сөздікті жарияланымға ұсынған профессор Т.С.Сабыров, п.ғ.к. З.Әбілова, М.Қараевтың пікірлерінен: ҚоянбаевР.М. Қысқаша педагогикалық сөздік.-Алматы: Абай атындағы мемлекеттік университеті, 1993ж. Р.М.ҚОЯНБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ БАСҚАРУ МЕН ЛИДЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ Жалпы, жас ерекшелік және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы Алимбекова А.А. Қоғамның құндылықтарын сақтау, келешекте саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайы нығайған, тұрақты мемлекет орнату біздің еліміздің басты мақсатына айналды. Кез-келген мемлекеттің дұрыс бағытта дамып, өркендеуі әлеуметтік бірлестіктер, ұйымдар, мекемелер, түрлі салалар бойынша қызмет атқаратын кадрлардың кәсіби сапаларына байланысты. Сондықтанда Елбасы соңғы жылдары болашақ мамандарды дайындауда сапа мәселесіне ерекше талап қойып отыр. Дегенмен кәсіби, сапалы мамандардың еңбек потенциалын, тиімді пайдаланып, дұрыс бағыттап, іс-әрекетті ұйымдастыру басқару органына тікелей байланысты. Жұмысты дұрыс ұйымдастырап, шебер басқара білген басшы өзі басқарып отырған бірлестіктің өркендеп, дамуына елеулі үлес қоса алады.


Басқару құбылысы ХХ ғасырдың басында зерттеле басталды. 1930-1950-шы жылдары басқару мәселесіне жүйелі түрде бір қатар ірі зерттеулер жүргізілді. ХІХ ғасырдың соңында менеджменттің ғылым ретінде қалыптасуы басқарудың нәтижелігін арттыруға, оның жаңа формалары мен әдістерін қолдануға деген шынайы қажеттілікті сезінуден басталады. Менеджменттің ғылым ретінде өзіндік зерттеу пәні, көкейтесті проблемалары және оларды шешу жолдары бар. Оның ғылыми негіздерін концепция, теория, принциптер, басқару құралдары мен формалары ретінде жинақталған басқару туралы барлық білімдер жиынтығы құрайды. Қазіргі кезде басқару ісінің эволюциясын бейнелеп, менеджменттің әдіснамалық негіздері ретінде танылатын концепциялар бар. Басқарудың теориялық ережелері Ф.Тейлордың (1856-1915) есімімен тығыз байланысты.Оның «Управление фабрикой», «Принципы научного управления», т.б. еңбектеріндегі тұжырымдамасының негізгі ережелерін былайша сипаттауға болады: - тәжірибеде қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерін алмастыра алатын ғылыми фундамент жасау, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу; - жұмысшыларды ғылыми өлшемдер негізінде іріктеу, оларды жаттықтыру және үйрету; - еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негізделген жүйесін енгізуде әкімшілік пен жұмысшылардың ынтымақтастығын қамтамасыз ету; - еңбекті біркелкі бөлу, әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы өзара жауапкершілі; - еңбекақы жүйесіне белгілі бір норманың орындалуына қарай ерекшелік енгізу, т.б. [1]. Басқарудың «классикалық» мектептің көрнекті өкілі Анри Файоль (1841-1925) өзінің «Общая и промышленная администрация» еңбегінде әкімшілік қызметті талдай отырып, оның 5 элементін бөліп көрсетті: жоспарлау, ұйымдасыру, басшылық ету, үйлестіру, бақылау. Сонымен қатар, А.Файоль әкімшілік басқаруда басшылыққа алынуға тиісті мынадай принциптерді сипаттады: жұмысты бөлісу, билік, бұйрық беру жауапкершілікпен ұштасуы тиіс, тәртіп, дара басшылық, жеке мүддені жалпыға бағындыру, сыйақы төлеу, иерархиялық тізбек (төмен шенділердің жоғарғыларға бағыну тәртібі), бастамашылық, корпоративтік рух, т.б. [2]. Басқару теориясында жаңа бағыттың негізін қалаған американдық ғалым Элтон Мейо (1880-1949) болды. Ол басқаруда адамгершілік қарым-қатынас мектебін қалыптастырды. Ол жұмысшылар тобымен бірлесіп 13 жылдай тәжірибе жүргізу нәтижесінде мынадай қорытындыға келді: жұмысшылардың еңбек өнімділігі еңбек жағдайы мен әкімшіліктің әрекетіне ғана байланысты емес, ол, сондай-ақ жұмысшылар ортасының психологиялық және әлеуметтік климатына, олардың қанағаттану сезіміне де тәуелді болады. Сондықтан еңбек тиімділігі үшін жағымды психологиялық жағдайлар мен адамдардың жақсы көңіл-күйі аса маңызды. Мектептің


көрнекті өкілдері Дуглас Макгрегор, Фоллет Мэри Паркер, т.б. адам факторына баса көңіл аудару қажеттігін көрсете отырып, басшыларға өз қарамағындағы жұмысшыларға барынша қамқорлық жасауды, олармен жағымды қарым-қатынас жасауды ұсынды. Басқарудағы аталған принциптерді ұстану Қазақстан ғалымдарының еңбектерінен де көрініс тапты. Атап айтатын болсақ көптеген жылдар бойында басқару қызметінде болған п.ғ.к., профессор Р.М.Қоянбаевтың кәсіби тәжірибесі негізінде туындаған идеялары оның педагогика оқулығының төртінші бөлімінде көрініс тапқан. Р.М.Қоянбаев «Мектеп жұмысын басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты бөлімінде басқару және ұйымдастыру мәселелерін: - Қазақстанда білім беру жүйесі; - Мектеп педагогикалық процесті басқарудың орталығы; - Қазіргі кездегі мектеп басшысының рөлі; - Мектеп жұмысын басқаруда халық педагогикасының кейбір мәселелері деп бөліп қарастырған. Р.М.Қоянбаев мектепшілік басқару жүйесінің ғылыми анықтамасын былай берген: мектепшілік басқару жүйесі - өзара әрекет арқасында басқару функцияларын жүзеге асыруға және басқару объектісіне оларға сәйкес әсерлерге мүмкіндік болатындай өзара байланысты элементтердің (құрамалардың) жиынтығы. Ромсейт Мұхамеджанұлының «Педагогика» оқулығының «Қазіргі кездегі мектеп басшысының рөлі» деген үшінші бөлімінде мектеп басшысы және оған қойылатын талаптарды, басқарудың әдістері мен стилдерін көрсеткен. Еңбегінде ғалым белгілі бір психологиялық қасиеттердің жиынтығын меңгерген адам ғана жақсы басшы бола алады деген ойын былай баяндаған: «Мектеп - қоғамның әлеуметтік ұясы. Онда демократияландыру, ізгілендіру негізінде педагогикалық ұжым нығаяды, қалыптасады, идея жағынан шынығады. Осыған орай мектеп басшысы жаңа ойлармен, жаңа идеялармен қаруландырады, оқу-тәрбе жұмысына заман талабына сай жаңа көзқарастармен қарайды, басқарудың жаңа демократиялық стилі пайда болады. Жаңашыл директор мұғалімнің шығармашылық ынтасын, құзыретін, дербестігін, ынтымақтастығы мен жауапкершілігін ондықтан мұғалім мектеп басшысына бағынышты болмайды, ол қажымайтын ізденуші, шындық үшін курескер адам» [3]. Басқару – бұл ғылым емес, ол өзгеше бір өнер. Басқарушы – бұл әртіс десек те болады, оның қызметі туа біткен дарынына негізделеді. Р.М.Қоянбаев – өзінің қызмет барысында туындаған кикілжіндерді үйлесімді шешіп, ізгілікпен, адамгершілік тұрғыда басқара білген тұлға. Ол қарамағындағы адамдардың белсенді жұмыс жасауына жағымды көңіл-күй тудырып, керек кезінде орынды жазалау және мадақтау әдістерін дұрыс қолдана білген. «Басшы болуға ешкім үйрете алмайды, басшы болуды үйретуге болатындығына біз сенбейміз, – деп американ психолог Д.Бойд айтқан. Осы пікірді ұстанушы Е.Шумахер: «Басшылық ету өнері сырттан үйренуге болатын құбылыс емес. Ол сіздің жүрегіңізден және өз күш-


қуатыңыздан шығады. Басшылықтың жүзеге асырылатын іс-әрекеттері нақты ғылымдарға емес, поэзия саласына қатысты болады». деген. К. Лайкерт “Стили руководства” оқулығында басшылардың біліктілік деңгейіне байланысты 2 бағытын анықтайды: Жұмысқа бағытталған басшы - басшының ойы, қызметі, іс-әрекеті міндеттерді орындауға бағытталған, ең алдымен тапсырмаларды жобалауды және еңбек өнімділігін арттыру жолындағы жүйелерін жасауды ойлау. Адамға бағытталған басшы - ең бірінші орында адам тұрады. Адамдар арсындағы қарым-қатынастарды жетілдіру – еңбек өнімділігінің артуына ықпал ететінің түсінеді, өзара көмекке сүйенеді, оның тірек етеді, және ұйымға бөлімшелерге жоғарғы еңбек өнімділігін анықтайды, белгілейді [4]. Р.М.Қоянбаевтың даралық қасиеті мен өмірлік тәжірибесі басқарудың теориялық негіздерін жасуға ықпал еткен. Ол басқарудың адамға бағытталған жағын ұсынды. Р.М. Қоянбаев оқулығында басшыға қойылатын талаптарды екіге бөліп қарастырады. Бірінші: кәсіби талаптар – бұл кәсіби бағытталған ғылыми білімді және педагогикалық іскерлікті кешенді игеру қажеттігі. - оқу-тәрбие процесінің даму жолдарын алдын ала болжай білу; - мұғалімдердің шығармашылық еңбегін ұжымда ұйымдастыру; - оқушылар мен мұғалімдер ұжымының даму жолдарын зерттеу, бағалау, қортындылау; - өз іс-әрекетін шығармашылық пен мақсатты және шебер ұйымдастыру. Екінші: өнегелі талаптар – бұл басшының жеке басындағы адамгершілік қасиеттерді көрсетеді: - ізгілік, ұстамдылық, әділеттілік, қайырымдылық, тілектестік қарым-қатынас, талап қоюшылық; - тәртіптілік, өзін-өзі ұстай білу, тәжірибелілік, іскерлілік; - қоғамның, халықтың мүддесін, мектеп ұжымның қажеттігін қанағаттандыру; - іс-әрекетінде ұжымға сүйену, қоғамдық пікірмен санасу, шешімінің жариялылығы, жұмысты дұрыс жоспарлай білуі [3]. Басшылық – бұл белгілі дәрежеде топтағы басқару және бағыну рөлдерін бөлу тұрғыдан қарағанда, қарым-қатынастардың әлеуметтік сипаттамасы. Басшылық құқықтық қарым-қатынастардың, әлеуметтік бақылау және әкімшілік тәжірибенің қағидаларына негізделеді. Басқарудың негізгі функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау. Сонымен, Р.М.Қоянбаевтың идеясы бойынша мектептегі басқарудың рөлі былайша анықталады: нәтижені алдын ала болжау, мектеп жұмысын дұрыс ұйымдастыру, жоспарлау, реттеу және жан-жақты бақылау. Бүгінгі күні бұл тізім толықтырылып, мынадай логикалық әрекеттер жүйесі түрінде ресімделуі мүмкін: мақсат болжау, яғни ұйымның немесе мектептің келешектегі жағдайын анықтау; стратегия құру, яғни мақсатқа


жетудің тиімді тәсілдерін айқындау; жұмысты жоспарлау – нақты орындаушының міндеттерін белгілеу; жұмысты жобалау – орындаушылардың функцияларын анықтау; қызметті ынталандыру – қызметкерлерге мақсатты ықпал жасау; жұмысты реттеу – орындаушылардың әрекеттерін үйлестіру; жұмысты есепке алу және бағалау – нәтижені мақсатпен салыстыру; кері байланыс – мақсаттарға түзетулер енгізу. Питер Лоранж менеджмент саласында стратегиялық жоспарлаудың 4 қызметін бөліп көрсеткен 1. Ресурстарды бөлу; 2. Сыртқы ортаға бейімделу; 3. Ішкі бірігу; 4. Ұйымдық стратегияны алдын ала көру [5]. Ал Р.М.Қоянбаев басқарудың негізгі функциялары ретінде жұмысты жоспарлауды мектеп жұмысын жақсарту мен жетілдірудің ең басты жолы екенін айта отырып, мектеп жұмысын жоспарлауды алты бөлім бойынша жіктеп көрсеткен. Олар: 1. Оқу жұмысы. 2. Тәрбие жұмысы. 3. Мектеп пен үйелменнің бірлестігі. 4. Педагогикалық кадрлармен жұмыс. 5. Қаржы және шаруашылық жұмыс. 6. Педагогикалық кеңестің жұмыстары[3]. Р.М.Қоянбаев осы аталған жоспарлаудың әр қайсысының атқартын міндеттерін егжей-тегжейлі ашып көрсеткен. Жоспарланған ісшаралардың дер кезінде орындалып, уақтылы белгілі бір нәтижеге жетуі жауапты тұлғалардың іс-әрекеттереіне байланысты екенінде естен шығармаған. Р.М. Қоянбаев еңбектерінде және өзінің кәсіби іс-әрекетінде басқару және ұйымдастыру жұмыстарына ерекше көңіл бөліп, бұл қызметті кезкелген адам сәтті орындай алмайтынын атап айтқан. Сонымен басшылық дегеніміз басшыға мемлекет немесе топ берген билік негізінде (басшы сайланатын жағдайда) басшы жүзеге асыратын құқықтық ықпал ету үрдісі. Басшылық – бұл белгілі дәрежеде топтағы басқару және бағыну рөлдерін бөлу тұрғыдан қарағанда, қарым-қатынастардың әлеуметтік сипаттамасы. Басшылық құқықтық қарым-қатынастардың, әлеуметтік бақылау және әкімшілік тәжірибенің қағидаларына негізделеді. Ресейлік ғалымдар Ю.Адлер мен В.Липкиннің ойынша, «басшы» және «лидер» түсініктерінің ортақ жақтарының көптігі соншалық, сондықтан олар синоним болып табылатынын айтады. Психологтардың пікірінше, лидерлік - жалпы топтық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған топ мүшелері арасындағы топ ішілік қарым-қатынастың оңтайлы жүйесін жүзеге асыру.


Лидерлік, ғалымдардың түсінігінде, бірінші кезекте, жоғары басшылықпен байланысты, сондықтан олар лидер басшы ретінде қарастырады. Лидерлік – бұл адамдардың бір бірін қабылдау, сендіру, түсіну негізінде жүзеге асырылатын олардың бірлескен өмір сүру кезінде бір адамның басқаларға психологиялық әсер ету үрдісі болып табылады. Лидерлік – топтың белгілі мүшелерінің нағыз психологиялық сипаттамасы. Лидерлік еркін қарым-қатынас жасау, өзара түсіну және бағыну еркіндігі қағидаларына негізделеді. Осылайша, басқару қызметін, осы сөздің кең мағынасында тек басшы емес, сонымен қатар лидер де жүзеге асыра алады. Қазіргі жағдайда лидерлік түрінде жүзеге асырылатын адамдарды басқару әлеуметтік тұрғыдан қолайлы және тиімді болып табылады. Осы екі рөлді бір адам орындаса онда күтілетін нәтиженің оңтайлы шешілуі сөзсіз, алайда, өкінішке орай, бұл өте сирек кездесетін жәйт. Басшылық және лидерлік мәселесімен айналысқан Л.И.Уманский топтың түпкі жетекшісі - әрдайым лидер, алайда бұл өзара қарым-қатынас бір жақты болып табылады. Ғалымның ойынша, лидердің бойында басшыға қажет қасиеттер болмаса, ол басшылық қызметті атқара алмайды деген ойды айта отырып, лидерге былай деп анықтама береді - «лидер – табиғатынан нақты бір нышандарға ие адам, оның нақты адамгершілік мәдени құндылықтарды меңгеруі және нақты ақпараттық дәрежеде болуы, өз мүмкіндіктерін іске асыру шеберлігі болуы керек» деген. Шеберлік білім барысында және тәжірибе іс-әрекетінде ашылатын адамның қабілеттілігі, яғни лидердің жақсы басшы болуына лидер емес тұлғаға қарағанда мүмкіндігі зор. [6]. Лидерлік пен басшылық феномендерін зерттеген ғалымдардың лидер мен басшыға тән әртүлі қасиеттерді сипаттаған. Н.С.Жеребова, P.Кричевский и Б.Д.Парыгин лидер қасиеттері ретінде өзіне-өзі сенімділікті, белсенділікті, бастамашылықты атайды. Р.М.Қоянбаев еңбектерінде лидер ұғымын атап анықтама бермегенімен лидерге тән ерекшеліктері мен қасиеттерінің барлығын айтып кеткен. Бірінші: лидерлікті анықтайтын бірден бір қасиеті - белсенділік. Ол белсенділік, оның түрлері және тұлға дамуындағы ролін айтқан. «...Қарымқатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің марқабаттық, қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің қылықтары жайлы жауапкешілік сезімі қалыптасуына мүмкіндік туғызады деген [2]. Бұл қасиеттер бүкіл әлемге танымал лидерлік мәселесінің жетекші экперті Джон Максвеллдің анықтаған Лидердің 21 міндетті қасиетінің ішінде кездеседі. Олар: қарапайымдылық, қамқорлық, жігерлік, ерлік, жомарттық, сенімділік, жауапкершілік, құзыреттілік, тыңдай білу, қырағылық т.б [7]. Екінші: «сенімділік – ғылыми білімнің дәлдігіне сүйенеді, адамның қабылдған, қажет екендігі терең түсінілген идеяға немесе іске тұлғаның көтеріңкі көңіл күй сезімімен қатынасы арқылы беки түседі. Сенімділікке нақты деректерге сүйенген дәлелдің жан-жақты негізделуі деректердің дұрыс арақатынасы және оған негізделген жинақтау


логикалық қортындылар және сенім тұжырымдамалар арұылы қол жетеді» [8]. Үшінші: бедел – жеке аданың, әлеуметік институттың, идеялар жүйесінің нақты сапаларының, сіңірген еңбегінің күшіне қарай көпшілік мойындаған мағана, ықпал. Тәрбие мен оқытуда бедел оқушылардың жасампаз құлшыныстар жігерін, тұлғаның іс-әрекетінің мақсаттылығының, жауапкершілігінің және тәртіптілігінің шарты болады [8]. Р.М.Қоянбаев беделді бір адамның беделі, абыройы арқылы шиеленісті шешуге, елде тұрактылық, татулық орнатуға көпшілік мойындаған касиеті ретінде түсіндірген. Адамдарды, жұртшылықты, халықты өзіне, сөзіне, сендіру үшін бедел – лидерге де басшыға да қажетті ісәрекет барысында дәлелденетін сапа белгісі. Төртінші: креативтік – тұлғаның салыстырмалы беріктігін сипаттайтын құрамасы, шығармашылығының қабілетін, шығармашылық дарындылығының деңгейі [8]. Осы аталғандардың барлығы лидерлердің бойында табылатын сапа белгілері. 1930-шы жылдардың аяғында американдық психолог Курт Левин (1890-1947) лидерлік стильдер жіктемесін ұсынды. Ол басқарудың классикалық: авторитарлық, демократиялық және либералдық стильдеріне анықтама берді. Курт Левиннің (1890-1947) лидерлік стильдер жіктемесі № Авторитарлық стиль. Демократиялық стиль Либеральдік стиль 1 Шешімді басшы жеке қабылдайды. Ол бағынышты адамдарға қарай өктем әрекеттеніп, қатысушылардың рөлдерін қатаң орнатып, егжейтегжейлі бақылауды жүзеге асырады, басқарудың барлық негізгі қызметтерін өз қолына жұмылдырады. Бұл стиль бағынышты адамдардың алгоритмиленген сипатқа (берілген ережелер жүйесі бойынша) ие болған Шешімді басшы бағынышты адамдармен бірге қабылдайды. Бұл стиль бойынша лидер өз шешімдерінің талқылануын ұйымдастыра отырып, бастамасын қолдай отырып, бағынышты адамдармен бірге топты басқаруға ұмтылады. Бұл стиль нашар құрылымдасқан жағдаяттарда тиімді болып, Шешімдерді бағынышты адамдар басшыға зорлап міндеттейді. Басшы топты белсенді басқарудан шеттетіліп, қатардағы қатысушы ретінде әрекеттенеді, топтың мүшелеріне толық еркіндік береді. Топтың қатысушылары өз ниеттеріне сәйкес әрекеттеніп, олардың белсенділігі ұйымдастырылмаған сипатқа ие болады. Бұл стиль топтық қызметтің едәуір өнімді бағыттарын іздеу жағдаяттарында аса тиімді болып табылады.


жақсы реттелген (құрылымдасқан) жағдаяттарда нәтижелі болады. Алгоритмикалық міндеттердің шешуіне бағытталған. тұлғааралық қатынастарға, шығармашылық міндеттерді шешуге бағытталған. Р. М. Қоянбаевтың басқаруда басшының ұстану стилінің жіктемесі 1 Өктемдік стиль Демократиялық стиль Ымырашылдық стиль Бұл әкімдікке құмар, шексіз билеуге, құрғақ беделге ие болу, басшының ролін көтеруғ ұжымның мүмкіншіліктерін бағаламау. Мұндай басшы қарамағындағы қызметкерлермен құрғақ ресми сөйлеседі, сынды көтермейді, өз пікірін зорлап міндеттейді. Бұл стильмен өз жұмысын басқаратын мектеп директоры басқару міндеттерін өзара орынбасарларымен бөліседі, ұжым мүшелерінің кәсіби өсуіне жағдай жасайды, оқутәрбие процесін жетілдірудің негізгі жолдарын іздестіруді, жұмысты нақты жоспар бойынша істеп, ұжым мүшелерініғ қатысуымен мәселелерді шеші үшін дәлелді шешімдер қабылдайды. Директор өзінің іс-әрекетін осылай ұйымдастырғанда ғана уақытын тиімді пайдаланады, білімін, істәжірибесін мектептің басты мәселелерін зерттеуге, шешуге жұмсайды. Бұл стиль бойынша ісәрекетін басқаратын мектеп директоры оқутәрбие процесінің мәніге жете түсіне бермейді, сондықтан басқаруәсінде білмеушілік байқалады. Ымырашыл басшы еңбек бұзушы адамдармен өзінің қатынасын бұзбау үшін жұмыстағы кемшіліктерді байқамайды., кейде болып жатқан теріс іске де біле тұра жол береді. Қарамағындағы адамдардың шығармашылық еңбегін бағалауға оның қабілеті


жетпейді. Б.Д.Парыгиннің басшылық және лидерлік феноменін салыстыруы: Іс-әрекет Лидерлік Басшылық Нені реттейді? Іскери емес сипаттағы тұлғааралық қатынастарды Әлеуметтік институт аясында институционалды қатынастарды реттейді Қандай жағдайда анықталады? микроорта макроорта Қалай пайда болады? Қандай қызмет атқарады? - Кенеттен - Ресми емес басшы рөліне белгілі бір жағдайларда шығарылатын топ мүшесі. - Әлеуметтік ұйымдар мен институттардың тұтас жүйесінің мақсатты және бақыланатын қызмет нәтижесінде. - - Сайланады, тағайындалады Топтағы қатынастардың ахуалы мен өзгерістеріне қандай дәрежеде байланысты болады? Аса тұрақты емес Тұрақты Өз санкцияларын қалай пайдаланады? Анықталмаған Нормалар аясында пайдаланылады. Беделдің негіздері Жеке әсер етуге негізделген Ресми мәртебемен анықталған Шешімді қабылдаудың сипаты қандай? Көбіне тура сипатқа ие Жанама сипатқа ие Қызмет саласы қандай? - Ортақ мақсаттарға тез және сәтті қол жеткізу үшін адамдардың бірігіп, ұжымның ұйымдасуын қамтамасыз етеді Қызмет ету саласы кең. психологиялық климатты, сыртқы байланыстарды қолдау қажеттілігі қарастырылады.


Қорыта айтқанда, қазіргі таңда қоғамда орын алған өзгерістерге байланысты лидерге деген қызығушылық айтарлықтай артты. Р.М. Қоянбаев басқаруға тән ұғымдарын кеңейту мен нақтылауға үлкен үлес қосты. Оның ғылыми талдаулары мен идеялары қазіргі отандық психологиялықпедагогикалық ғылымында пайдаланылатын «лидер», «лидерлік», «лидерлік қасиеттер» түсініктерінің көптеген әртүрлі анықтамаларының ауқымын кеңейте түседі. Жоғарыда айтылған теорияларда басшылық – бұл белгілі дәрежеде топтағы басқару және бағыну рөлдерін бөлу тұрғыдан қарағанда, қарымқатынастардың әлеуметтік сипаттамасы. Басшылық құқықтық қарымқатынастардың, әлеуметтік бақылау және әкімшілік тәжірибенің қағидаларына негізделеді. Ал лидерлік – бұл адамдардың бір бірін қабылдау, сендіру, түсіну негізінде жүзеге асырылатын олардың бірлескен өмір сүру кезінде бір адамның басқаларға психологиялық әсер ету үрдісі болып табылады. Лидерлік – топтың белгілі мүшелерінің нағыз психологиялық сипаттамасы. Лидерлік еркін қарым-қатынас жасау, өзара түсіну және бағыну еркіндігі қағидаларына негізделеді. Осылайша, басқару қызметін, осы сөздің кең мағынасында тек басшы емес, сонымен қатар лидер де жүзеге асыра алады. Қазіргі жағдайда лидер түрінде жүзеге асырылатын адамдарды басқару әлеуметтік тұрғыдан қолайлы және тиімді болып табылады. Демек Р.М. Қоянбаевтың басқару идяларының астарында басшының лидерлік сапаларын анықтайтын ұғымдардың барлығы кездеседі. Әдебиеттер: 1. Тейлор Ф.У. Менеджмент. - М.: Контроллинг, 1992. 2. Файоль А. Общее и промышленное управление. - М.: Контроллинг, 1991. 3. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Университет студенттеріне арналған оқу құралы. 3-басылым. – Алматы, 2004 4. К. Лайкерт Теория стилей руководства Р. Лайкерта DOCX. ДНУ, Днепропетровск. Украина. - 2012, 16 стр. 5. П. Лоранж. Новый взгляд на управленческое образование задачи руководства. Издательство ЗАО. Олимп-Бизнес, 2004 6. Уманский, A. JI. Педагогическое сопровождение детского лидерства. Автореф. дис... докт. пед. наук: 13.00.01. - Ярославль, 2005. - 39 с. 7. Д.Максвели. 21 неопержимый закон лидерства. Изд. Попурри. 200 8. Р.М. Қоянбаев, Қ.Т. Ыбыраимжанов. Педагогикалық сөздік. – Түркістан, 2006


ӨНЕГЕЛІ ІСТЕРІ БАРШАМЫЗҒА ҮЛГІ ҰСТАЗ Р.Е.Каримова, Абай атындағы ҚазҰПУ- дың аға оқытушысы Ромсейіт аға – өзінің өнегелі, тағылымды істерімен бәрімізге үлгі. Ол әрдайым айналасындағы жастарға қамқоршы, ақылшы болуымен ерекшеленетін. Оның жарқын мысалын ғалым А.Н.Ильясованың «Білім көкжиегі» газетінде жариялаған мақаласынан табуға болады. «Университетіміздің орталық кітапханасында студенттердің 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне байланысты қойылымы көрсетіліп, бұған университет ұстаздарымен бірге желтоқсанға қатысқан түлектер де көптеп келген еді. Сонда «Желтоқсан көтерілісіне қатысты» деген айыппен оқу орындарынан студенттер жаппай қуғындалып, оқудан шығарылып жатқан кезде Ромсейіт ағаның студенттерге жасаған қамқорлығы кеңінен әңгімеленіп, естеліктер айтылған еді. Университеттің көптеген түлектері алаңға барғаны үшін жазадан құтылып кеткенінің ең басты себебі ұстаздары Ромсейіт Мұхамеджанұлының ара түскенінен екенін тебірене әңгімеледі. Бірқатар түлектер көздеріне жас ала тұрып естеліктерін айтып, осынау қиын сәтте өзге университеттерде, өзге факультеттерде студенттер оқудан шығарылып жатқанда, өздерін батылдықпен қорғап алып қалғаны үшін Ромсейіт ағаға алғыстарын жаудырды». Қиын-қыстау кезде шарасыз жастарға көмекке келу, ақылын айту, оларды тығырықтан шығару – тек ақылмен шеше алатын, көреген адамның қолынан келетіні сөзсіз. Мұндай асыл қасиеттер Ромсейіт Мұхамеджанұлына ғана тән еді. Тағы бір мақала (Ә.Е. Жұмабаева «Ұстаз өнегесі») Ромсейіт Мұхамеджанұлының өнегелі істерін паш етеді. Аталмыш мақалада студент қамын көбірек ойлайтыны, барлық күш-жігерін солардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына жұмсайтыны айтылып, студент қауымының да айтар кеңесі де, жазары да жетерлік, тағлымы мол Ромсеиіт ағамен кездесіп, әңгімелесуді асыға күтетіні жазылған. «Шәкіртсіз – ғалым тұл» деген қағиданы берік ұстаным тұтқан Ромсейіт Мұхамеджанұлы өзінің ұйымдастырушылық және ғылыми жұмыстарын шәкірт даярлау ісімен де тығыз ұштастырған. Осы уақытқа дейін алдынан мыңдаған жас өмірге жолдама алып шықты. Ұстаздың «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының болашағы сендерсіңдер»,– деп шәкірттеріне сенім артуы, сол сенімнен шыққан шәкірттерінің бірі – кафедра меңгерушісі, екіншісі – декан, ал үшінші біреуі – жоғарғы оқу орындарының оқытушылары боп қызмет етуі – ұстаз еңбегінің жемісі емес пе? «Ұстаз өнегесі» мақаласында Ә.Е.Жұмабаева «60 жылдық мерейтойы қарсаңында (1999ж.) қабырға газетіне мақала дайындау үшін ол кісімен сұхбаттасып, «Ұрпаққа дәулет қалдырсаң, бір жылға жетеді, білім қалдырсаң,


мың жылға жетеді» деген аталы сөзі бар. Шәкірттеріңізге қандай тілек айтар едіңіз? дегенімде, «Балам, қолыңнан келсе, адамға жақсылық ет, келмесе – зияның тимесін» деп аталы сөзін айтты» деген еді. Бұл аталы сөз біздің өмірдегі ұстанымызға айналары сөзсіз. Қамқор болып, өнегелі тәрбиесін көрген шәкірттерінің де, тағылымын алған педагог, ғалымдардың да ол кісінің озық дәстүрін одан әрі жалғыстыра береді деп көңілге медет етеміз. Мұның өзі – ұрпақтар жалғастығы деуге тұрарлық іс. Демек Ромсейіт Мұхамеджанұлының жеткен жетістіктерін, білімділігін, парасаттылығын, еңбекқорлығын, адамгершілігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету – келелі мәселе. 1.Шежірелі Шиелі Алматы РПО «Кітап» 2000 ж. 2.А.Н.Илиясова. Білім көкжиегі №1-2 (63-64) 2008 ж. 3.Ә. Е. Жұмабаева. Ұстаз өнегесі Хабаршы № 1(16), 2008 ж. 4.А. Н. Ильясова. Азамат, Ғалым, Ұстаз Хабаршы № 1(16), 2008 ж. ҰСТАЗЫМ ТУРАЛЫ БІР ҮЗІК СЫР Абай атындағы ҚазҰПУ Мектепке дейінгі, бастауыш білім беру және педагогика кафедрасының аға оқытушысы Азимбаева Д.Қ. Адам өзінің өмірінде сан-алуан адамдармен кездесіп, қарым-қатынас жасайды. Кейбіреулерімен өмірлік дос болып, қайсы бірін ұмытып та жатады. Осындай өмірдің қызық та қиын белестерінде адамның есінде қалатын өшпестей із қалдырған адамдар да болады. Сондай адамдардың бірі, бірі де емес бірегейі десем, қателеспеспін Ромсейм Мұхамеджанұлы Қоянбаев болды. Ағайды алғаш көргеннен-ақ жылылықты сезіндім. Осы кезден бастап-ақ әкемдей көріп, балаша еркелей беретінмін. Ромсейт Мұхамеджанұлы студенттердің қамын көбірек ойлайтын, барлық жағдайларда өзінің ақылкеңесін беруге жалықпайтын. Ағай қаншалықты зор денелі, қаһарлы болып көрінгенімен, оның жүрегі мамықтай жұмсақ болатын. Оған дәлел ретінде бір оқиға ойыма түсіп отыр. 1987 жылдың қаңтар айының 31 болатын. Жаңа жылды қарсы алуға дайындық жүргізіп жатқанбыз. Таңертеңмен жатақхана коменданты, Ромсейт Мұқтанұлы және студенттер кеңесінің төрағасы үшеуі бөлмемізге келіп (4 қыз болып тұратынбыз), оқудан шығарылатынымыз туралы айтты да кетіп қалды. Өйткені, алдыңғы күні кеште бөлмемізге келген қонақ жігіттер жатақхана тәртібін бұзып, есік алдында төбелеске дейін барған екен. Жаңа жылдың қарсаңындағы көтеріңкі көңіл-күйіміз су сепкендей басылды. Төртеуіміз не істерімізде білмей, өз төсектерімізде солқ-солқ жылап


жатырмыз. Сағат бестің кезінде бөлмемізге Ромсейт Мұхамеджанұлы және Бедел кірді. Ағайдың бетінде ешқандай ашудың ізі байқалмайды. Беделге қарап: «Мына ауылда жаңа жылдың иісі де жоқ қой, мен бір шәй ішемін бе деп келсем»-деп күлгенде, орнымыздан қалай тұрып, ағайға шай дайындағанымызды білсеңіздер ғой. Ағай кеткеннен кейін, бөлмемізді тазалап, тамақтарымызды пісіріп, жаңа жылды қарсы алуға дайындық басталып кетті. Сол оқиғаны ағай екеуіміз көп еске алатынбыз. Уақыт өткен соң ағай сол оқиғаны былай деп түсіндірді: «Үйге барып, еркін жүре алмадым, балаларға қатты ұрысып қойдым ба, жаңа жыл алдында көңілдерін түсіріп кеттім-ау деген ой миымнан кетпеді. Неде болса, жатақханаға бір барып қайтайын деп келдім»- дейді. Міне, осы оқиғаның өзінен-ақ ағайдың әкеге ғана тән кешірімділігін, аса жауапкершілігін, биік адамгершілігін байқауға болады. Студенттік қызықты мол жылдар көзді ашып-жұмғанша өтті де кетті. Алдымда өмірімнің жаңа белесі басталды. Осы белеске алғашқы қадам жасауға ағайдың көмегі көп болды. Өйткені ол жылдары Алматыда қалып, жұмысқа орналасу өте қиын болатын. Соған қарамастан үлкен үміт пен сенім артып, факультетке жұмысқа алып, қазіргі еңбек жолымның бастамасын қалаған да Ромсейт Мұхамеджанұлы. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп қазақ атамыз тегін айтпаған. Оқуды бітіріп, отбасын құрып, жаңа өмір белесін бастадым. Жастар үшін ең өзекті мәселе - баспана ғой. Бұл жерде де Ромсейт Мұхамеджанұлының әкелік қамқорлығын сезіндім. Университеттің жатақханасынан бір бөлме алып беріп (менен де басқа түлектерге берілді), сонда 8 жыл тұрдық. Сәбиіміз Әсел де сол жатақханада дүниеге келді. Осы жылдардың ішінде үйіміз жоқ екен-ау деп қинала да қоймаған секілдіміз. Жатақхана бөлмесін керемет бір зәулім үйдей көріп, тіпті қонақтарды да шақыратынбыз. Өзімнің еңбек жолымда ағайдан көп нәрсе үйрендім. Ағайдың күнделікті ақыл кеңесін тыңдап, оның әкелік қамқорлығын көріп те, сезініп те жүрдім. «Ғылыммен айналысу керек, қашан жұмыстарыңды көрсетесіңдер, Тәкең (Т.С.Сабыров) екеуіміз араларыңда қашанғы жүреміз дейсіңдер»- деп Ұлбосын екеуімізге кейде жай айтып, кейде ұрысып та алатын. Сол кезде ағайдың сөзіне кәдімгідей ренжіп қалатынбыз. Біз үшін бұл кісілер өлмейтін, мәңгі қасымызда жүретін сияқты көрінетін. Балалық еркелікке салып, кафедрада ағаймен сөйлеспей отыратынбыз. Кафедраның басқа мүшелеріне ағай бізді көрсетіп, «мына екеуі маған қыр көрсетіп отыр, шәйді үйге барып ішетін болдым»- деп күлетін. Сол кезде орнымыздан тұрып, шай қоятынбыз. Дастархан басында ағайдың әңгімелерін тыңдап, мәз-мәйрам болатынбыз. Өмір өзінің кезегімен жүріп жатыр. Ромсейт Мұхамеджанұлының арамыздан кеткеніне екі жылдай уақыт өтті. «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»- деп Абай атамыз айтқандай бүгінде ұлы педагог, ғалым Ромсеит Мұхамеджанұлы Қоянбаев туралы өткен шақта айту өте ауырға соғып отыр.


Ол кісінің арамызда жоқтығын саналы сезінсек те, жүрегімізде өшпейтін орны бар. Кейде кафедра есігі ашылып, Ромсейт Мұхамеджанұлы күлімсіреп кіріп келетіндей көреміз. Бұрын кафедраға кіріп келіп, шкафтың есігін ашып тұратын да, киім ілгіш бос болмаған жағдайда, «мына жаман күртемді кімнің киімінің үстіне ілсем екен» деп күлетін. Кейде сол қылығын сағынамыз. Кафедраға қатысты кейбір орысша мәтіндерді қазақшаға аударып отырып, ағайды тағы да еске аламыз. Өйткені кәсіби аударманы да ағайдан үйренгенбіз. Аударма жасап отырған кезде «қалай, қазақша болды ма»- дейтін сөздері әлі құлағымыздан кетпейді. Аяулы аға, ұлағатты ұстаз, белгілі ғалым Ромсейт Мұхамеджанұлының жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады. Ұ.Қ.ҚЫЯҚБАЕВА «Жалпы, жас ерекшелік және әлеуметтік педагогика» кафедрасының профессоры., п.ғ.к Р.М.ҚОЯНБАЕВТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАР ДАЙЫНДАУДАҒЫ ҮЛЕСІ Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – оқушыны жан-жақты дамытуда, білім беруді, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыспен шұғылданатын қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай, ұлттық қасиеттерді жете түсінетін ұрпақ дайындау. Кез-келген тұлғаның ой-санасының, дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына, дамуына өзін қоршаған ортасы, алған білімі мен атқарған қызметі, қоғамдық-саяси ахуал міндетті түрде әсер етеді. Адам – санасы тәңірлік жаратылыс ғана емес, қоғамдық ақыл-ойдың да жиынтық көрінісі. Сондықтан да белгілі тұлғалардың шығармашылығымен дүниетанымдық көзқарастарын қарастырған уақытта оны тікелей тұлға өмір сүрген кезеңмен, сол тұстағы қоғамдық даму ахуалымен бірлікте алып зерттеген жөн. Адам санасы өткені мен бүгінін қорыта отырып қалыптасады, жетіледі, өседі. Олай болса, ғалым-педагог Р.М.Қоянбаевтың та педагогикалық көзқарастарын сол кезеңнің тыныс-тіршілігімен байланыстыра қарап, өз кезеңі тұрғысынан бағалаған жөн болар деп есептейміз. Шынында да, бүгінгі күні Ромсейт Мұхамеджанұлының терең ойлы педагогикалық пікірлері мен өзекті ұстанымдарынан кез келген мәселені шешу барысында, әсіресе педагогика ғылымында кешенді-жүйелі қадам жасаудың бастамасы екенін айқын аңғаруға болады.


1985 жылдан кейін педагогикалық оқу орындарында жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын бөлімдер мен факультеттер ашыла бастады. Мақсаты бастауыш сыныптарға іргелі білім алып, жанжақты шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңа типті әдіскерлер дайындау еді. Сол кезеңде педагогика саласындағы соны бағыттарды анықтап қана қоймай, бастауыш оқытудың педагогика мен әдістемесі мамандығының қажеттілігін алғаш рет саралаған Ромсейт Мұхамеджанұлы еді.Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде Ромсейт Мұхамеджанұлының орны ерекше. Әр саланың өз көшбасшысы болады емес пе? Кез келген дамудың жақын, орта, қашық болашағы болатынын педагогиканың теориясын жасап, ілгері апарушылар ежелден-ақ дәлелдеген болатын. Ал жалпы бастауыш білім берудің негізгі тетігі – бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау болып табылатынын Ромсейт Мұхамеджанұлы көрегенділігі деп айтуға болады. Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі факультетінің қалыптасуы мен дамуы, жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындаумен байланысты болды. Адамгершілігі мол, парасаты биік, білімі телегей теңіз басшының арқасында ПМНО факультеті тарихта жаңа белеске көтерілді. Ромсейт Мұхамеджанұлы ғылым мен білімнің ұшар басында тұратын ғылым саласы педагогикаға, оның болмысы мен болашағына қатысты проблемаларын шешуде аянбай, сенімді көзқараспен күш жігерін, өзіндік қағидаларын ұстанған ғалым. Педагогика ғылымының негізгі қағидаларын мыңдаған студент жастарға өмірлік құрал- бағдар ретінде сыйлаған ұстаз болатын. Тарихтың бір шешуші кезеңінде педагогика ғылымының классикалық қағидаларын сақтап, теорияға негізделген стратегиялық жоспар жасауды уағыздайтын. Яғни, педагогика ғылымының басым бағыттарындағы теориялық мәселелерді шешуге әрдайым белсенді қатысатын. Профессор Р.М.Қоянбаев өзінің ұлан-ғасыр педагогикалық және қоғамдық қызметімен Қазақстанның педагогика ғылымына үлкен үлесін қосты. Ұлағатты ғалым-ұстаздың жоғары оқу орындарына арналған оқулықтары, оқу құралдары бастауыш сынып мамандарын даярлауда үлкен рөл атқарды. Бұл еңбектерінде ғалымның педагогика, этнопедагогика, педагогика тарихы, тәрбие теориясы, мораль, этика мәселелері әр қырынан сөз болады. Әсіресе, кең байтақ қазақ жеріндегі оқу-ағарту істерінің түрлі сипаттағы бағыттары, ұлттық тұрғыдан білім беру мен оқыту ісінің түйінді мәселелерін ғылыми зерттеу тұрғысынан көрсете білді. Ромсейт Мұхамеджанұлы кез келген педагогикалық құбылыстың шындық негізінің қарама-қайшылығы бола алатынын көре білгені оның ғалымдық зеректігімен ұштасады. Егемендігімізді алғанға дейінгі тарихи кезеңде күрделі педагогикалық мәселелерді шешуде салмақтылық танытып, оны дәуірдің заңды құбылысы деп қарсы алды. Республикалық, университетаралық конференцияларға қатысып, өзінің сындарлы пікірін ғылыми қауымның санасына сіңіре білді. Парасатты, ұтымды пікір иесі - Ромсейт Мұхамеджанұлының барлық ғылыми болмысы гуманистік ұстанымдарға сай болатын.


Ромсейт Мұхамеджанұлы ғылымда, қоғамдық өмірде, шәкірт алдындағы борышын өтеуде айтулы тұлға. Педагогика ғылымына қосқан жаңалықтары өзінің өміршеңдігімен, құндылығымен дара еді. Еліміздің ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласында – қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби дайындау проблемаларын шешу қажеттігіне баса назар аударған Р.М.Қоянбаев болатын. Ромсейт Мұхамеджанұлы басты тәрбиесі ойлауға, талдау жасай біліп, одан шешім шығаруға үйрету болды. Ол өз өмірінің соңғы күндеріне дейін шәкірттеріне қызмет етті, студенттерге дәріс беріп, педагогиканың өзекті мәселелерін қозғап, жаңа әлемдік педагогикалық ойлау жүйесінің бағыттарына талдау жасады. Университеттің «бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы бойынша шығарылатын педагогикалық басылым «Хабаршыда» 2004 жылы «Оқу-тәрбие барысының технологиясы», «Оқытудың кредиттік жүйесіне көшудің кейбір мәселелері», «Педагогикалық білім беру сапасын арттыру жолдары», 2005 жылы «Білім беруді дамыту тұжырымдамасы жөнінде ой-пікірлер» және «Бастауыш мектептің даму болашағы», 2006 жылы шәкірті Қ.Т.Ыбырайымжановпен авторлық бірлестікте жазған «Жалпы бастауыш білім беру мазмұнының даму болашағы», 2007 жылы «Білім туралы заңға сәйкес 050102-«Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша мамандар даярлаудың кейбір мәселелері»,»Орта білім беру жүйесіне мұғалімдер даярлаудың көкейтесті мәселелері» тақырыптарында жарияланған мақалалары соның дәлелі. Жоғарыда көрсетілген мақалаларында ғалым-педагог Ромсейт Мұқтанұлы педагог кадрларды даярлауда көкейтесті мәселелерді туындататын себептерді төмендегідей атап өткен: - бүкіл әлемдік білім беру кеңестігіне ену; - білім берудің ұлттық моделін құру; - орта білім берудің сатыларының арақатынас құзырының айқындала түсуі; - білім беру мазмұнының мемлекеттік стандарттар талабына сай қажетті және жеткілікті деңгейіне баса назар аударылуы; - инновациялық технологиялардың оқу-тәрбие барысына кеңінен ендірілуі; - педагогикалық барысты менеджмент теориясы тұрғысынан қарау; - оқу-тәрбие барысын кредиттік жүйеде ұйымдастыру; - оқу-тәрбиенің нәтижесіне аралық бақылаулар мен мониторингтік зерттеулердің енгізілуі; Болашақ мұғалімдерді даярлау жоғарыда аталған көкейтесті мәселелердің теориялық және тәжірибелік негіздерінен олардың тұлғасында білім, білік, дағдыларды берік қалыптастыруды талап ететінін, ал бұл


талаптардың білім беру стандарттарын даярлауда мұқият ескерілуінің қажеттілігіне де назар аударған. Сонымен қатар, орта білім берудің әр сатысына мұғалім даярлаудың өзіндік ерекшеліктеріне де жан-жақты тоқталған. Еліміздің ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласында – қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби дайындау проблемаларын шешу қажеттігіне Ромсейт Мұқтанұлы баса назар аударған. Оқушының психологиялық ерекшеліктері, баланы мектепке дайындау мәселелері, көп ұлтты Қазақстандағы отбасы тәрбиесі, ұстаздар ұжымы ынтымақтастығының ролі, жастардың еңбек, имандылық тәрбиесі мен мамандықтарды таңдау,жастардың ерік-жігер қасиеттерінің қалыптасуы секілді толып жатқан тәлімдік сипатта жарық көрген мақалалары осы айтылғанның айғағы болып табылады.Ғылыми еңбектерінің барлығында да Ромсейт Мұхамеджанұлы сан ғасырлық тарихы бар, қазақ халқының көне заманнан бергі тәлім-тәрбиесін, педагогикалық оқу-ағарту туралы ой-пікірдің қалыптасу бағыттарын саралап, бүгінгі өмірдің талаптарына сәйкес зерттеп жазды. Р.М.Қоянбаевтың ғылыми ізденіс бағыттарының негізі - ағартушылықты, тәрбие, оқу-ағарту, білім беруді, оның ішінде тарихи педагогикалық ілімді зерттеуді, жаңа рухта жас ұрпақ тәрбиелеу, адамгершілік, жақсы мінез-құлық қалыптастыруды өзінің биік межесі етіп ұстанған. Ромсейт Мұхамеджанұлы өзінің мағыналы өмір жолымен, ішкі рухани байлығымен, адами асыл қасиеттерімен, ақыл-парасатымен бәрімізге үлгі болған Тұлға. Зерделілік пен зиялылығы, парасаттылық пен қарапайымдылығы, білімділігі мен біліктілігі жоғары тұлғаның бірі, бастауыш білім беру педагогикасының негізін қалаған тұңғыш ғалым-педагог Р.М.Қоянбаев студенттердің қамын көбірек ойлайтын, солардың саналы тәрбие алуына ерекше назар аударатын. Студенттермен жиі кездесіп, оларға қатысты мәселелерді әрқашанда бірінші орынға қоятын. Студенттің жеке тұлға ретінде дамуына, олардың университет өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына жағдай жасап, үнемі бақылауда ұстайтын. Сонымен қатар, ғалым ұстаздың ғалым-педагогтарды даярлаудағы еңбегі ерен. Ғалым еңбегін жалғастырып, келешек ұрпаққа тән тәрбие мектебін одан әрі дамытып, идеяларын таратушы шәкірттері Р.М.Қоянбаевтың жетекшілігімен диссертациялар қорғады. Солардың бірі «Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған Сайдахметов Бауыржан Сейітбекұлы. Бауыржан Сейітбекұлы – Р.М.Қоянбаевтың қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдалану идеяларын насихаттай отырып, қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастархан дәстүрінің әрбір қазақ отбасында атадан балаға,


ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тапқан, тәлім-тәрбиелік қағидаларының жиынтығын тәжірибе жүзінде тұңғыш рет жүзеге асырған ғалым. Шынында да, ұстазымның педагогика ғылымына қосқан идеялары өзінің өміршеңдігімен, құндылығымен ерекшеленеді. Ұстаздық ету, ғалым болу, ғылым мен білім саласын ұтымды ұйымдастыру Ромсейт Мұхамеджанұлы Қоянбаевтың тұлғалық бейнесін нақты сипаттайды. Нағыз ұстаздық биікке көтерілген жанды ірі деп те, ұлы деп те тануға лайықты. Қазақтың біртуар азаматы Р.М. Қоянбаевтың 75 жылдық мерей тойы біздің университетіміздің мерейтойы деп білемін. Өйткені ол әріптестері мен шәкірттерінің құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленген рухы асқақ, ұстаздық ісі ұлағатты, шәкірттерінің талантын терең таразылай білген, бергенінен берері мол тұлғалы азамат еді. Өмір өтсе де жақсы адамның аты жадыңда сақталып, ұмытылмайтыны, керуен көші жылжыған сайын, уақыт өте келе оның даралық, даналық тұлғасының биіктей беретіні сөзсіз. «Таулар алыстаған сайын, биіктей түседі» деген даналық сөз ұстазым Ромсейт Мұхамеджанұлына арналғандай көрінеді маған. Өмірден озғанына 6 жыл толса да, оның тұлғалық келбеті, қоғамдағы орны туралы әріптестерінің, шәкірттерінің мәңгі есінде. БІЗДІҢ МАМАНДЫҚТЫҢ АТАСЫ Адам баласы өзінің өмір сүрген жолындағы тәжірибесін кейінгі ұрпақтың өмірі жақсы болуы үшін жинақтап, үйретіп кетеді. Осындай алдыңғы лек ұрпақтың тәжірибесін, оның ішінде Р.М.Қоянбаевтың бастауыш білім беруді қалыптастырудағы еңбегін танып-білуіміз – біздің шәкірттік парызымыз. Қазақ даласында оқу-ағарту ісін ұйымдастыру, қазақ балаларының сауатын ашу мәселелеріне арнап алғаш рет ғылыми еңбектер жазған ғалым Ы.Алтынсарин болса, бастауыш мектеп педагогикасы проблемасына арнап тұңғыш оқу құралдарын жазған Р.М.Қоянбаев болды. Оның «Бастауыш мектепте білім беру және оқыту теориясы», «Бастауыш мектеп педагогикасының тәрбие теориясы», «Бастауыш мектеп педагогикасының жалпы негіздері», «Педагогика», «Қысқаша педагогикалық түсіндірмелі сөздік», «Бастауыш білім беру педагогикасы» оқу құралдары Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығында дәріс алып жүрген тек біздердің ғана емес, бүкіл қазақстандық студенттердің ортақ игілігіне айналып отырғаны сөзсіз. Біз аз ғана уақыттың ішінде «Педагогиканың жалпы негіздері» оқу пәнін оқу барысында, тобымызда өткізілген «Мамандығым – мақтанышым» кешінде, әңгімелесу сағаттарында, ол кісіні көрген ғалымдармен кездесу сәтінде Ромсейіт Мұхаметжанұлының өмірімен, еңбектерімен жан-жақты танысып та үлгердік. Оның бүкіл саналы өмірін жастарды тәрбиелеуге, білім нәрімен сусындауға арнағанына көзіміз жетті. Ромсейіт Мұхаметжанұлын тек жақсылыққа ұмтылып, жақсыдан үйреніп, әділетке


қамқор болған, бір Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғана емес, бүкіл Қазақстан ғылымының мақтанышына айналған зиялы Тұлға деп таныдық. Ол кісінің жеткен жетістіктері талантымен, ішкі, сыртқы мәдениетімен, елге деген сүйкімділігімен, білімділігімен, парасаттылығымен, еңбекқорлығымен, зор адамгершілігімен келгенін білдік. Сондай-ақ, қамқор болып, қанаттандырған шәкірттерінің де ол кісінің озық дәстүрін одан әрі жалғастырып, бізге сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүргені қатты қуантады. Біз де осы ұстаздарымызға ұқсап, Ромсейіт атамыздың жолын жалғастырамыз деп сенім білдіргіміз келеді. БОПӘ мамандығының 1 курс студенті Жұмабаева Жазира Алматы, 2009 РОМСЕЙІТ АТАҒА АРНАУ Ғылым-теңіз, тым терең бойлағанда, Көңілде сәуле ұялар ойлағанда. Ұстаздың ұлылығын бойға жиған, Тұлғаның келбеті тұр ой-санамда. Санадағы ойларды саралайық, Жүрек төрін үңіліп аралайық. Көзден кетті, көңілден кеткен емес Ромсейіт Мұхтанұлы Қоянбаев. Биік еді парасат, адалдығы, Тым жоғары расында адамдығы Сәулеге айналарын сезбеппіз-ау, Бұл күні жарық қылар қараңғыны. Ұрпаққа мұра еткен даналығын, Ұмытпас күллі қазақ даралығын. Ұмытпас ғылым жолын жалғастырған, «Педагогика» кітабын, жаңалығын Сансыз шәкірт білімін тоқығанда, Ой-сананы ақылмен толтырғанда. Әз атамыз осындай кештің әттең, Төрінде көрермен боп отырғанда. Ұстаз еді жасынан жаңылмаған,


Көздері ғылым десе жалындаған. Жүрегіне шәкірттің жол табам деп, Ұлы ұстаздың кезі аз дамылдаған. Күллі ұрпағың өзіңді ұмытпайды, Еске алып еңбегіңді ұлықтайды. Үнемі ұлы Ұстаз еске түсер, Көргенде көктегі үлкен жарық айды. Ұлы Ұстаздың өмірі үлгі-өнеге, Ұлы тұлғаң жоғалмас көңілден де. Арамызда сіз барсыз мәңгілікке, Бейнеңіз жоғалмайды өмірден де! БОПӘ мамандығының 1 курс магистранты Уайдуллақызы Элмира Алматы, 2009 БІР СӘТТІК СҰХБАТТАСУДА –Төлеген ағай, біз – сіздің бастауыш мектепке арнап жазған «Математика» оқулықтарыңызбен сусындап өскен шәкірттеріңізбіз. Бұл оқу ордасында сіздің қызмет етуіңіз – біз үшін үлкен қуаныш. Адам баласына жақсылық тілеу – ертеден қалыптасқан дәстүр. «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер» дегендей, сіздердің салған сара жолдарыңызды жалғастырушы мына біздерге, яғни бүгінгі мерейтойда БОПӘ мамандығының намысын қорғаушы «БілімАРТ» тобына ақ батаңызды берсеңіз... – Төлеген Қаражанұлы: Қайырлы болсын, қарақтарым, Мамандық таңдаған талаптарың. Қиып түсер қыран болыңдар, Ел-жұртқа ұран болыңдар! Оза шауып бәйгеденОзып келер құлан болыңдар! Ұстаздықтың ұлы жолын жалғаңдар, Білім жолын ізденуден талмаңдар. Парасатты, білімді, зиялы Ромсейіттей ұстаз-ғалым болыңдар! Сұхбаттасқан БОПӘ 1 курс студенті Илиясова Ұлбала Алматы, 2009


145 НАРҚАСҚА РУХПЕН СЫРЛАСУ Мусатаев Т.– Ақын, демалыстағы полковник Күндер де өтті, айлар да өтті, Білінбей-ақ қаншама уақыт кетті. Кеше ғана бір үйде екеу еді, Сол екеудің біреуі, оу ағайын, қайда кетті? Әр кезде де керек-ақ, қайраттылық, Жана берсін жаққан шамың лаулап тұрып. Өшпейді аға, артыңда ұрпақ барда, Дайындалған шәкірт кандидат, доктор барда. Отырғанда ортада бүгін шапан киіп, Айтатын ем өлеңді домбырамен келістіріп. Қайран өмір не деген қатал едің, Әкеттің-ау асылды, ортадан ойып тұрып. Рахмет ұжымыңа тойыңды тойлап жатқан, Қалсын деп атың мәңгілікке, ойлап жатқан. Еңбегің сіңді аға, еліңе, жеріңе де, Жайлы болсын жатқан жерің, Мәңгілік сен ұйықтап жатқан. Сен барында айналам жарық еді Өлеңдерім сыныңнан талай нәр алып еді. Өзін барда жан едім, жайсаң едім Төнірегім көк орай шалғын бұлақ еді. Болып жатыр барлығы жазылған маңдайына Амал қанша осы болды бұйырған Жетпісің де өтті міне өзіңсіз, оу ағажан, Көнеміз де Жаратқанның жазғанына. Естимін түнде анда-санда даусыңды мен, Қанша естідім, - есептен жаңылдым мен. Деп кейде дауыстайды «Оппозиция қайдасың?» деп, Шын айтамын ағайындар, сол дауысты сағындым мен. 10-12-2009 жыл.


146 НАҒАШЫМА АРНАУ Жақсылық бойыңызға теріліпті, Туған жерің Шиелінің жері мықты. Атом бомба жасаған ғалым аты, Ғалым болсын деп сізге беріліпті. Жасынан тек кітапқа құмар болған, Ғылым жолы мойныңызға тұмар болған. «Оқы,оқы және оқы» деген сөздер Сіз үшін ұлы сөздер сыңар болған. Еңбек жолын мектептен бастадыңыз, Әрдайым жарқырады аспаныңыз. Жастығына қарамай сол кезде-ақ, Біраз шаруа тындырып тастадыңыз. Мұның бәрі еңбекқорлық арқасында Қарамадың биік құз жартасына Ғылыми еңбектерді көп жаздыңыз Жүрдіңіз ғалымдардың ортасында. Жақсы адамдар өмірде тапшы бүгін, Көрсетеді елі үшін ащы үнін Сексен алты желтоқсанда атқарылған, Шәкірттері айтуда жақсылығын. Сол кездегі саясатта тұтқа мықты, Алаңға шықтыңдар деп сұқтаныпты. Шыққан жоқ деп жолатпай жан баласын, Шәкірттерін бір өзі құтқарыпты. Жан едіңіз бәріне қабілетті, Мен үшін пірім болған құдіретті. Шыншыл да, ұлағатты ұстаз болдың, Жаны сүйген қай кезде де әділетті. Жақсылықты адамдар кеш ұғады тек, Ұрыспаушы едің көп сұрақ сұрады деп. Еркелетіп жүруші едің мына мені, Сенен жақсы мұғалім шығады деп. Өлді деген мен сөзге сенбедім де, Жылағаннан ешкімге көнбедім де. Жұмысымда еске алып отырамын, Пайдаланып міне енді еңбегіңді. Өзіңізді жүрегіме құлыптаймын, Болмайтын да шығар менің ұмыт қайғым. Қазір кіріп келетіндей боп тұратын, Мен сізді ешуақытта ұмытпаймын. 1992-97 жылы оқыған түлегі Дина Тұрғанбаева


147 Асыл ағамыз, ұстазымыз Ромсейт Мұхамеджанұлына арнау Уа, жұртым ,тілім жетсе жорғалайын, Мен неге бүгінгі күн қорғалайын. Еске алып, асыл туған ағамызды Ет жүрек елжіреп бір жалғанайын. Тірлікте еліне ақыл, асыл аға, Жарқ еткен найзағайдай жасын аға Дәл бүгін бізбен бірге болмасаң да, Жетпіске келіп отыр жасың аға. Арнауым жетер ме екен құлағыңа Келіп тұр көңілім босап, жылағым да Ертерек ортамыздан неге кеттің, Асқар боп арамызда тұрарыңда. Ағажан, қайта оралып келесің бе? Жабықтым жан таба алмай кеңесуге Асықтың неге ғана бақилыққа, Келместің мініп алып кемесіне. Жиналдық бүгін біздер ордаңызға, Сіз жоқсыз, Қалдан апай ортамызда. Қос аққу ұшып жүрген сыңары жоқ, Ағажан,сол батты ғой арқамызға. Өмір-ай, не болмаған бұл ғаламда, Талайлар тайғақ кешкен тарғалаңда, Ағамыз толған айдай толып өтті, Бас иіп шәкірттер мен мың ғалым да. Ағамыз апамызбен шуақтады Ар менен ақиқатты қуаттады. Гүлнары, Ғалымжан мен Бауыржаны Немере өмірінің құрақтары (шырақтары). Сағынар өзіңізді сайын далам, Құдайым түбін берсін қайыр ағам. Мәңгілік жатқан жерің жәннат болсын, Әр кезде саған құрмет дайын аға. Ұрпағы ағамыздың аман болсын, Бақытты қазағымыз аман болсын. Дос-жаран, елі-жұрты құрметтейтін, Көптен-көп Ромсейттей ағаң болсын. Бағдат Молдахметұлы Мәженов Алматы,2011


148 МӘҢГІ БІЗБЕН БІРГЕСІЗ Асыл аға, сынығы едің асылдың, Дара туған бір ұлы едің ғасырдың. Көрген кезде ойсыраған орныңды, Өкініштен іштей жылап, жасыдым. Асыл аға, руҺың бірге бізбенен, Бәрі есте өткен күндер сізбенен, Қабыл алшы жүрегімнің әуенін, Бота үніндей боз інгенді іздеген. Нұр тұлғаңды көре алмай ортадан, Жалтақтаймын адамдарға отырған. Бөтен адам отырмайы керектей, Сіз отырған сол орынды қызғанам. Әттең арман, таусылған ба, біткен бе? Ең құрығанда жетпей кеттің жетпіске. Жетспіс емес, мәңгілікке қаласыз, Сізден тәлім алған, шәкірттердің есінде!!! Алтыбаев М.


149 ЖАҚСЫНЫҢ ІСІ ДЕ АҢЫЗ, ӨЗІ ДЕ АҢЫЗ


150 Р.М.ҚОЯНБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ОЙ МАРЖАНДАР 1. Отбасы – неке немесе туыстықпен, тұрмыстық қауымдықпен өзара моральдық және материалдық жауапкершілікпен байланысқан кіші әлеуметтік топ. 2. Білімді сүю – жаңа білімдерді алуға бейімділік, ізденгіштік. 3. Білім сапалаларының бәрі өзара байланысты және салыстырмалы өзіндігі бар, олар бірін-бірі ауыстырмайды. Білім сапасының жүйесін қалыптастыруда барлық әдістер, білім мазмұнының барлық элементтері қатысады. 4. Эстетикалық тәрбие – табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі ең жақсы атаулыны бағалай білуге, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге үйрету. 5. Үйелмен – ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарды сақтаушысы. Сондықтан үйелмен тәрбиесі – халықтың ой-арманымен, әр түрлі іс-әрекеттермен, мол тәжіриебесімен дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан тарихи мұра. 6. Үйелмен – ең алғашқы жастарды тәрбиелеу ұясы. Оның негізгі мақсаты – балалар тәрбиесі. Үйелмендегі ең басты тұлға – ана мен әке, ата мен әже. Оларды қазақ халқы өте жоғары бағалайды, сыйлайды, ізет етеді. 7. Ана мен әке тәрбиесі бұл өзара ынтымақтастық, тілектестік мақсатқа сәйкесті тәрбие, дене тәрбиесін іске асырудың жолдары мен тәсілдерін іздестіру арқылы ұлдары мен қыздарын адалдыққа, кішіпейілділікке, инабаттылыққа, қарапайымдылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұстамдылыққа, төзімділікке, өмірдегі және табиғаттағы сұлулықты сүюге, қазақ халқының ерлік дәстүріне тәрбиелейді. 8. Халық педагогикасында жастарды некелік-үйелмендік өмірге дайындау – ана мен әкенің басты міндеттерінің бірі. Ерлі-зайыптының бірлігі, ынтымақтастығы мен сүйіспеншілігі, бір-біріне жылы қамқорлығы, олардың өзара адамгершілік қарым-қатынастарын байытты. Мұндай үйелмен балаларға өнеге көрсететін қуанышқа бөлейтін ұстамды, берік, баянды, бақытты әлеуметтік жанұясына айналды. 9. Білім беру (образования) – жүйеге келтірілген білім, білік, дағдыларды игеру барысы және нәтижесі оқушы өмірге және еңбекке


Click to View FlipBook Version