151 дайындаудың қажетті шарты, білім берудің негізгі жолы – мектепте оқыту. Білім берудің мектепке дейінгі, бастауыш, орта, арнайы орта, жоғары тағы басқа сатылары бар. 10. Ешқандай халықтың, ұлттың тәрбие тәжірибесіне немқұрайды, біржақты қарауға болмайды. Ол халықтық қасиет пен ұлттық намысты аяқасты еткенмен бірдей. 11. Мамандандыру (специализация) – арнайы танымдарға қол жеткізу нәтижесінде белгілі бір нақты іс-әрекет түрімен қызмет ету мүмкіндігін игеру. 12. Оқыту (обучение) – оқу-тәрбие барысының нақты түрі. Мұның нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамытумен тығыз байланысты қоғам талабынан туындайтын білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады. 13. Педагогика – саналы және мақсатқа бағытты ұйымдастырылған барыс ретінде тәрбие жөніндегі ғылым. Педагогика тәрбие барысының міндеттерін, мәнін, заңдылықтарын, талаптарын мазмұнын, әдістерін, тәсілдерін және оның тиімді құру шарттарын зерттейді. 14. Педагогика ғылымдарының жүйесі жалпы педагогикадан, тәрбие теориясынан, оның даму болашағын, педагогика тарихынан салыстырмалы педагогикадан тұрады. 15. Жалпы педагогика бұл ғылымның методикалық, жалпы теориялық мәселелерін, оның болашағын педагогика ғылымының барлық салаларына ортақ педагогикалық зерттеу әдістерінің мәселелерін дайындайды. 16. Тәрбие теориясы оқушы және оның тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастырудың мәні мен заңдылықтарын, міндеттерін, мазмұнын, түрлерін, әдістерін, тәсілдерін және шарттарын зерттейді. Білім беру және оқыту барысының мәнін, заңдылығын, міндеттерін, білім беру мазмұнын түрлерін, әдістерін, тиімді ұйымдастыруды зерттейді. Бұл жағдайда оқыту мұғалім мен оқушылардың білім беру, тәрбиелеу және дамыту мақсатына жетуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекет ретінде түсіндіріледі. 17. Мектептану мектеп ісін тиімді басқарудың, мазмұнын, түрлерін, әдістерін және шарттарын ашып береді.
152 18. Педагогика тарихы бұл ғылымның жарыққа келуі мен дамуын, түрлі тарихи дәуірлердің оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесін зерттейді. Педагогикалық теориялар мен тәрбие тәжірибесіне тән себептерін, даму кезеңдерін айқындайды, оның дамуының тарихи шарттары тенденциясын анықтайды. 19. Салыстырмалы педагогика түрлі елдердегі тәрбиелеудегі даму тенденциялары мен заңдылықтарын, халыққа білім беру жүйелерін зерттейді. 20. Педагогика ғылымдары жүйесінен жеке пәндерді оқыту әдістері де енеді. Жеке оқыту әдістері білім беру және оқытудың жалпы теориялық қағидаларына негіздей отырып, оқу пәнін оқытудың өзіне тән ерекшеліктерін зерттейді. Оқу пәнінің барлық негізгі тақырыптарын оқытудың ең тиімді жолдарын жасап береді. 21. Соңғы жылдарда педагогиканың мектепке дейінгі тәрбие педагогикасы, кәсіптік-техникалық, орта арнайы білім беру, жоғарғы мектеп педагогикасы деп аталатын салалар бөлініп шықты. 22. Педагогиканың методологиялық негізгі жалпы адамзаттық құндылықтар жөніндегі ілім болып табылады, диалектикалық материалистік таным теориясына, социологиялық, этика мен эстетикаға, психология мен физиологияға арқа сүйенеді. Осымен қатар педагогиканың өзі бұларды тәрбие барысында өзіне тән ерекшеліктеріне жалпы заңдылықтары мен нақты көріністерінен қатынасы бар, маңызды нәтижелерімен, нұсқаулармен қаруландырады. 23. Тәрбие теориясы (теория воспитания) – қоғамдық экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуының нақты тарихи жағдайларында адам тұлғасының қалыптасуы мен дамуының негізгі мақсаттары, заңдылықтары, талаптары және идеяларының жүйелерінің баяндалуы. 24. Тәрбие теориясы педагогикалық құбылыстарды теория мен тәжірибенің бірлігі, тарихи және логикалық, әлеуметтік тұрғыда қарайды. Ғылыми тәрбие теориясы нақты тәрбие барысы жөніндегі білімдерді терең жинақтаған, мектеп жанұя, еңбек ұжымдары, мектептен тыс мекемелер әрекеттерінің жан- жақты зерттеуге сүйенеді. Оқушы тұлғасының тәрбиесі және дамуы ырғағының объективтілігі мен ақиқаттылығы мен түрлі зерттеу
153 әдістерін (байқау, әңгіме, құжаттарды зерттеу, интервью, анкеталау, экспримент) қолданумен қамтамасыз етіледі. 25. Тәрбиелеу (воспитание) – адамдарды қоғамдық еңбектік және басқа да пайдалы іс-әрекетке, көптеген әлеметтік қызметтерді орындауға дайындық заңды барысы. Тәрбиелеу деп сонымен қатар бұл барысты мақсатқа бағытты басқару мен басшылық іс-әрекетін де айтамыз. Тәрбиелеу адамзат қоғамының пайда болуымен қатар өмірге келеді. Қоғам бар жерде тәрбиелеу болады. Тәрбиелеу өндірістік, әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа қоғамдық қатынастардың дамуымен тығыз байланысты. Тәрбиелеу – қоғамдық құбылыс. 26. Тәрбиелеу барысының мазмұны адамдардың материалдық және рухани мәдениет байлықтарының бәрін меңгеру болып табылады. Бұл жағдайда білім беруді бүкіл тәрбие барысының жетекші шартына айналдырады. 27. Тәрбиелеу нәтижесі материалистік дүниетаным, саяси білім, лайықты мінез-құлық, әсемдікке талғампаздық, еңбекке дайындық, күшқуатының болуынан көрінеді. 28. Тәрбие мақсаты – адамгершілікті адамды тәрбиелеу. 29.Тәлімгерлік (наставничества) – аға ұрпақтың алдыңғы қатардағы өкілдерінің жас ұрпақ тәрбиесіне, оның өмірге, еңбекке дайындауға қатынасуының бір түрі. Ең бастысы, тәлімгерлік іске қатынасушының адамгершілікті тұлғасы болуы қажет. 30.Бастауыш білім беру мазмұны мектептің жалпы және бейінді білім беру сыныптарында берілетін білімдердің ғылыми негізін қалайды. Баланың болашағы, оның зиялылық дамуы, оқуы және мүддесі, келешекте еңбек ісәрекетіне қатынасы көп жағдайда бастауыш сыныптардағы білім беру мазмұнымен анықталады.
154 ҒАЛЫМНЫҢ АФОРИЗМГЕ АЙНАЛҒАН СӨЗДЕРІ *Бірде біздің ұжымымыз «Жұлдызда» (парк ішіндегі) садақа шәйіне сағат 13.00-ге шақырылдық. Мен кешігіңкіреп қалыппын (сағатым тұрып қалғанын байқамаппын). Адамдардың барлығы жиналып тұр екен. Барсам, Р. Мұхамеджанұлы «Жасы үлкен адамымызды сәл-пәл күте тұрайық» деп, барлығы сыртта менің келуімді күтуде екен. Міне, осындай, мән беруге тұра қоймайтын, ұсақ оқиғаның өзіне тәрбиелік мән беретін. Үлкендерді сыйлау, олардың алдынан кесе өтпеу т.с.с. жастардың бойында қалыптасатынын үнемі сезімінде ұстап, жастарға іс-әрекетімен үлгі беруге тырысатын (С. Рахметова) *Рекең өнегелі істі әзілмен-ақ жеткізетін. Бірде «Наурыз» мерекесі құрметіне жайылған дастарқанға қонақтармен бірге біздерден жасы кіші факультет оқытушылары алдын ала жайғасып қойғаннан кейін, Рекең екеуміз келіп олардан төмен жайғастық. Сол себепті бізге қымыз, шұбат, шай құйылған кеселерді жоғары қарай беріп дегендей күтушілік қызмет атқаруымызға тура келді. Бірақ ешқандай сыр бермедік. Қонақтар тарқағаннан кейін Рекең жасы кіші екі оқытушының есімін атады да: «Ал, Төлеген, оларға шай кесені әперіп жіберейік»,– деді. Осы әзіл сөздің әсері болар, кейінірек әр оқытушы дастарқан басына шамасына қарай жайғасуды әдетке айналдырды (Т.Оспанов). *Ол шәкірттерімен сұхбаттасу сәті түскенде «Біз ұлттық дәстүрді бойымызға толық сіңірмегендіктен, әрі бабаларымыздың тарихи тәжірибесін орынды пайдаланбағандықтан, тәрбие тегінен айырылудың аз-ақ алдында тұрмыз. Кез-келген адам өз ұлтының салт-дәстүрін егжей-тегжейлі, дұрыс сезінсе ғана ол өзге ұлттардың да салт-дәстүрлерін құрметтей алады, олардың жан дүниесінде түсінеді. Сондықтан, ең алдымен, әркім өз ұлтының салт-дәстүрлерін жете білуі және қастерлеуі қажет» деп айтып отыратын. Жай айтып қана қоймай, бастауыш білім беру сатысы оқушыларын қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлері арқылы тәрбиелеу мүмкіндіктерін зерттеуді ізденушілерінің алдын ала проблема қылып қоя білді ( Б.Сайдахметов). *Р.М.Қоянбаевты есіме алғанда ең бірінші екі қолын артына алып, ойланып келе бұрылып, күлімдеп «Қалайсыңдар, мықтылар?» деп амандасатыны көз алдыма елестейді. Ромсейіт Мұхамеджанұлын «біздің ағай» деп айтатынбыз, оқу-тәрбие үдерісінде, жұмыста, жалпы факультет және кафедра арасындағы туындаған сұрақтарды «біздің ағайдан» сұрайық деп тұра жөнелетінбіз. Ағай отырған жерге келіп, мәселені басы жоқ аяғы жоқ бастай бастасақ, «тұра тұрыңдар, асықпай басынан бастап айтшы» дейтін де, қолын көтеріп «ол былай ғой, бірақ бұл менің пікірім, сендер оны
155 басқалардың да ой-пікірлерімен салыстырыңдар» деп аяқтайтын (А.Әлімбекова). *Умейте пробовать и совершенствовать свое мастерство, это может не всегда получается, но необходимо вновь и вновь пробовать и совершенствовать себя. Эти простые истины мы воспринимали от Ромсеита Муктановича, как урок, как заповедь. Он всегда нас поддержовал и говорил: «Друзья, не надо бояться, кроме вас этого никто не сделает». Нам это придавало силы, и мы в своих делах, не опуская рук, шли к новым своим достижениям (Айтпаева А.К.). *1987 жылдың қаңтар айының 31-і болатын. Жаңа жылды қарсы алуға дайындық жүргізіп жатқанбыз. Таңертең жатақхана коменданты, Ромсейіт Мұхамеджанұлы және студенттер кеңесінің төрағасы үшеуі бөлмемізге келіп, ( 4 қыз болып тұратынбыз), оқудан шығарылатынымыз туралы айтты да кетіп қалды. Өйткені алдыңғы күні кеште бөлмемізге келген қонақ жігіттер жатақхана тәртібін бұзып, есік алдында төбелеске дейін барған екен. Жаңа жылдың қарсаңындағы көтеріңкі көңіл-күйіміз су сепкендей басылды. Төртеуіміз не істерімізді білмей, өз төсектерімізде солқ-солқ жылап жатырмыз. Сағат бестің кезінде бөлмемізге Ромсейіт Мұхамеджанұлы және Бедел кірді. Ағайдың бетінде ешқандай ашудың ізі байқалмайды. Беделге қарап: «Мына ауылда жаңа жылдың иісі де жоқ қой, мен бір шай ішемін бе деп келсем», – деп күлгенде, орнымыздан қалай тұрып, ағайға шай дайындағанымызды білсеңіздер ғой (Д.Әзімбаева). * Өзімнің еңбек жолымда ағайдан көп нәрсе үйрендім. Ағайдың күнделікті ақыл-кеңесін тыңдап, оның әкелік қамқорлығын көріп те, сезініп те жүрдім. «Ғылыммен айналасу керек, қашан жұмыстарыңды көрсетесіңдер, Тәкең (Т.С.Сабыров) екеуміз араларыңда қашанғы жүреміз дейсіңдер» - деп Ұлболсын екеумізге кейде жай айтып, кейде ұрысып та алатын. Сол кезде ағайдың сөзіне кәдімгідей ренжіп қалатынбыз. Біз үшін бұл кісілер өлмейтін, мәңгі қасымызда жүретін сияқты көрінетін. Балалық еркелікке салып, кафедрада ағаймен сөйлеспей отыратынбыз. Кафедраның басқа мүшелеріне ағай бізді көрсетіп «мына екеуі маған қыр көрсетіп отыр, шайды үйге барып ішетін болдым», – деп күлетін. Сол кезде орнымыздан тұрып, шай қоятынбыз. Дастарқан басында ағайдың әңгімелерін тыңдап, мәз-мейрам болатынбыз (Д.Әзімбаева). * Бұрын кафедраға кіріп келіп, шкафтың есігін ашып тұратын да, киім ілгіш бос болмаған жағдайда, «мына жаман күртемді кімнің үстіне ілсем екен» деп күлетін (Д.Әзімбаева). * Бірде жұмыс жасап отырған ортада ағайға тапсырған жұмысын өткізгенімде, «Қараңыздаршы, екі тілде бірдей сауатты. Менің мектебімнің түлегі ғой. Қазақ мектебі болса да, біздің мектеп орыс тілін өте жоғары
156 деңгейде оқытатын. Міне, нәтижесі – Кенже екеуміз», – деген еді (К.Бейсенбаева). * К сожелению, у меня недостаточно много воспоминаний, связанных с аташкой как с ученым, точнее, их попросту нет, потому что я его таким не знала, я помню только своего аташку, своего большого такого, доброго аташу, который широко-широко улыбался, двигаясь ко мне на встречу, который не разрешал никому меня обижать и ругать. Помню такого ласкового аташу, которого мы делили с сестренкой и которого я горестно уступала ей, понимая,что старше и что так надо. После он стал видеть во мне человека, а не ребенка и так и говорил: «Это мой большой человек», а я улыбалась и жутко гордилась. От подобных проявлений любви моих дедушки и аташки мне хотелась к чему-то стремиться, куда-то двигаться, чего-то достигать, и до сих пор ощущая их поддержку, я верю, что вырасту в большого человека (Н.Токушева). *Қазақ халқы «Отан отбасынан басталады» дейді. Олай болса, отбасы – тәлім-тәрбиенің негізгі көзі, түп қазынасы. «Қанша заман өтсе де, бабаларымыздың мол тәжіриебесіне, тағылымы мен дәстүрлеріне және отбасы тәрбиесінің негіздеріне сүйене отырып, әке мен ана, ата мен әже ұрпақтың шын азамат болып өсуіне қамқорлық жасаған», – дейді көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз Р.М.Қоянбаев. *Қоғамдық тәрбиенің жетекшілік рөлі мынаған байланысты дейді профессор Р.М.Қоянбаев: баланы тәрбиелеу өз қатарларының ұжымында жүзеге асырылады, бала онда қоғамдық мінез-құлықтың алғашқы дағдыларын үйренеді, ондағы тәрбие ғылыми негізделген сипатта болады, арнайы құрылған педагогикалық ортада өтеді және кәсіби тұрғыдан дайындалған мамандар жүзеге асырады. Әсіресе, кішкене балаларды тәрбиелеуде отбасының маңызы айрықша зор: ата-ананың басшылығымен олар қоршаған дүние туралы бастапқы ұғымдарды меңгереді. Ал «бала дегеніміз – бау-бақша», олай болса, оны күтетін адам болу керек, әйтпесе оның жемісі де болмайды» дейді ғалым Р.М.Қоянбаев. *Өткен күндерді ойға алып, өзіммен-өзім болған сәттерімде Рекеңнің көптеген ақыл-кеңестері, әзіл-қалжыңдары, өзіне ғана жарасатын қылықтары еске түсіп, еріксіз езу тартамын. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын, деген ғой дана халқымыз. Кейде шақырғанға елпектеп жетіп барсаң, болмашы бір нәрсеге қара қазандай бұрқ-сарқ қайнап, ақталуға мұршаңды келтірмей айдап шығатын. Бірақ артында зіл болмайтын. Аз кем уақыттан кейін дәлізде кездесіп қалса, қасына шақырып алып, түк болмағандай «әй, Мұрат-ака, сен маған ренжіп қалған жоқсың ба?» – деп күлетін ( М.Алтыбаев).
157 Сонымен, Ромсейіт Мұхамеджанұлы Қоянбаевтың өмірі мен шығармашылық, басқарушылық қызметін талдай келе төмендегідей қорытындыға келдік: 1) Ромсейіт Мұхамеджанұлы Қоянбаев жоғары кәсіптік білімі бар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау жүйесінің Қазақстанда іргетасын қалаушылардың бірі ғана емес бірегейі; 2) Ромсейіт Мұхамеджанұлы Қоянбаев болашақ мұғалімдерді дайындауды іске асыруда білікті мамандардан ұжым қалыптастырудың үлгісін көрсетті; 3) Ромсейіт Мұхамеджанұлы Қоянбаев бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультетін басқару кезеңінде мамандықтың ғылымиәдістемелік орталыққа айналуына, кафедра оқытушыларының ғылыми және кәсіби шеберлігінің деңгейі жоғары сатыға көтерілуіне, ұжым мүшелерінің оқулық, оқу-әдістемелік құралдар жазуына тікелей басшылық етті; 4) Жоғары кәсіптік білімі бар бастауыш сыныптар мұғалімдерін дайындаудың оқу-әдістемелік мәселелерімен айналысатын орталық құруға септігін тигізді. 5) Жоғары кәсіптік білімі бар бастауыш сыныптар мұғалімдерін дайындауды іске асыратын кәсіби және ғылыми-шығармашылық іс-әрекетке бейімделген педагог-қызметкерлердің ортасын қалыптастырды, тәжірибеліаға ұрпақ пен өскелең-жас ұрпақ өкілдерінің сабақтастық байланысы мен үйлесімді іс-әрекетін жүзеге асырды. 6) Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау үдерісін реттеп отырудың және іске асырудың негізіне алынатын құжаттардың жасалуына жетекшілік етті, олардың қабылдануына және жариялануына қол жеткізді. 7) Ұстаздық іс-әрекетті тиімді үйлестірді. Педагогиканың әр саласынан дәріс оқыды, семинар сабақтарын жүргізді, студенттердің курстық және дипломдық жұмыстарына ғылыми жетекшілік жасады. 8) Пдагогиканы жан-жақты оқып үйренуде ғылымның түсініктерін, ұғымдарын және атауларын мағыналы қабылдауға септігін тигізетін педагогтік оқу орындарының студенттеріне қажетті «Қысқаша педагогикалық сөздікті» ұсынып қана қойған жоқ, оны қолдануға машықтандырды және пайдалануды әрдайым талап етті. 9) Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі студенттеріне арналған төлтума оқу құралдарын жасау туралы бастама көтерді және үлгі көрсетті. Жоғары педагогикалық оқу орындарының студенттеріне арналған «Педагогика», «Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы», «Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеулердің әдістері»» «Педагогикалық сөздік», «Бастауыш мектеп дидактикасы», «Қысқаша педагогикалық сөздік» т.б. еңбектерін жазды.