1 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ “АРҚАЛЫҚ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ” КМҚК Информатика пәніне арналған Оқу әдістемелік құралы Мамандығы: 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» Квалификация: 1304012 «Электронды есептеуіш машинасының операторы» Арқалық қ, 2019
2 ӘОЖ КБЖ Арқалық политехникалық колледжінің әдістемелік кеңес отырысында мақұлданған. Әдістемелік кеңес отырысы № 4 15 наурыз 2019 ж. шешімімен баспаға ұсынылды. Құрастырған: Ахмет Т. М., өндірісте оқыту шебері, информатика пәнінің оқытушысы Пікір жазғандар: Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық «Информатика» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы PhD докторы Еденов А.Е Арқалық политехникалық колледжінің жоғарғы санатты өндірістік оқыту шебері Бекеева Д.Х Информатика пәніне арналған оқу – әдістемелік құрал/ Құрастырған: Ахмет Т. М., өндірісте оқыту шебері, информатика пәнінің оқытушысы. Арқалық, 2019 - 44 б. ISBN Информатика - бұл компьютердің көмегімен ақпаратты түрлендіру үрдісімен және олардың қолдану ортасымен өзара әсерімен байланысты адам қызметінің болмысы, сонымен бірге қоршаған әлемді талдаудағы жүйелі-ақпараттық тәсілді бейнелейтін, ақпараттық үрдістерді, ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізіп беру, сақтау және пайдалану әдістері мен құралдарын зерттейтін ғылыми білімнің облыстарының бірі. Сондықтан бұл оқу-әдістемелік кешен білім алатын барлық білім алушыларға арналған. ӘОЖ КБЖ © Арқалық политехникалық колледжі, 2019
3 Дәріс сабақтарының мазмұны І. Информатика және ақпарат. Информатиканың арифметикалық, логикалық және алгортмдік негіздері. 1. Дәріс тақырыбы: Информатика пән ретінде және оның объектілері, құрама бөліктері. Жоспары. 1.Информатика пәні түсінігі. 2.Информатика пән объектілері, құрама бөліктері. 3.Информатиканың басқа ғылымдармен байланысы. 2 дәріс тақырыбы: Ақпарат түсінігі және түрлері. Жоспары. 1.Ақпарат түсінігі және түрлері.. 2.Ақпараттың өлшем бірліктері. 3.Информатиканың арифметикалық негіздері. 4.Информатиканың логикалық негіздері. 5.Санау жүйесі. Әр-түрлі санау жүйелеріндегі әрекеттер. 6.Логикалық амалдар. 3 дәріс тақырыбы: Информатиканың алгоритмдік негіздері. Жоспары. 1.Алгоритмдер түсінігі. 2.Негізгі қасиеттері, берілу тәсілдері. 3.Алгоритмдердің базалық құрылымдық элементтері. 4 дәріс тақырыбы: Есептеу техникасы және дербес компьютер. Компьютерлік графика негіздері. Жоспары. 1.Дербес компьютердің архитектурасы. 2. Құрылысының ақпараттық-логикалық негіздері. 3.Функциональды-құрылымдық ұйымдастыру. Микропроцессорлар. 4.ДК есте сақтау құрылғысы. Жадының құрылымы, мәліметтердің берілу тәсілдері. 5.ДК негізгі және сыртқы құрылғылары. 6.Компьютерлік графика негіздері. 5 дәріс тақырыбы: Программалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы Жоспары. 1.Дербес компьютердің программалық жабдықтау түсінігі. 2.Программалық жабдықтаудың негізгі ұғымдары мен терминдері, топтамасы. 3.Программалық жабдықтау түрлері. 6 дәріс тақырыбы: Программалық жабдықтау түрлері: жүйелік және қолданбалы. Жоспары. 1.Жүйелік программалық жабдықтау. 2.Операциялық жүйелер, утилиттер түсінігі. 3.Қолданбалы программалық жабдықтау.
4 7 дәріс тақырыбы: Операциялық жүйелер. Windows типті операциялық жүйелер. Жоспары. 1.Windows операциялық жүйесінің түсінігі. Жұмыс столы. 2.Windows объектілері, олармен жұмыс. 3.Windows-тың программалық құралдары. 4.Windows операциялық жүйесінің стандартты программалары. 8 дәріс тақырыбы: MS DOS операциялық жүйесі. Жоспары. 1.MS DOS операциялық жүйесі. 2.MS DOS операциялық жүйесі сипаттамасы мен мүмкіндіктері. 3.MS DOS командалары. 4.MS DOS –та жұмыс істеу технологиясы. 9 Дәріс тақырыбы: Сервистік программалық жабдықтау. 1.Файлдарды архивтеу туралы жалпы мағлұмат. 2.Архиватор программалары. 3.Компьютерлік вирустар. 4.Антвирустық программалар. 10 дәріс тақырыбы: МS WORD мәтіндік редакторы. Жоспары. 1.МS WORD мәтіндік редакторы түсінігі, мүмкіндіктері. 2.Редакторды іске қосу, терезе элементтері. 3.Мәзір командалары. 4.Құжатты пішімдеу. 11 дәріс тақырыбы: МS WORD мәтіндік редакторы. Жоспары. 1.МS WORD мәтіндік редакторында кестемен жұмыс. 2.Редактордың графиктік мүмкіндіктері: объектілер кірістіру, буфер алмастыру. 3.МS WORD мәтіндік редакторында құжатты баспаға шығару. 12 дәріс тақырыбы: MS Excel кестелік процессоры. Жоспары. 1.MS Excel кестелік процессоры түсінігі. 2.Кестелік процессорды іске қосу, терезе элементтері. 3.MS Excel – де формуламен жұмыс. Шамалар. 4.MS Excel функциялары. 5.Кестелік процессордың графикалық мүмкіндіктері: диаграммалар, графиктер. 6.MS Excel – де бетті баспаға шығару. 13 дәріс тақырыбы: MS Power Point презентациялар құрушы программасы. Жоспары. 1.МS Power Point презентациялар құрушы программасы түсінігі. 2.Іске қосу, терезе элементтері. Мүмкіндіктері. 3.Слайд түсінігі.
5 4.Презентациялар жасау түрлері. Анимация. Дыбыспен сүйемелдеу. 5.Буфер алмасу арқылы дайын шаблондармен жұмыс жасау мүмкіндіктері. 6.MS Power Point слайдтарды баспаға шығару. 14 дәріс тақырыбы: Мәліметтер қорын басқару жүйесі. (МҚБЖ). Жоспары. 1.Мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізгі ұғымдары. 2.МҚБЖ функционалдық мүмкіндіктері. 3.МҚБЖ жұмыс істеу негіздері. 4.MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі программасы. 5.MS Access іске қосу, терезе элементтері. 6.MS Access –те мәліметтер қорын құру жолдары. 15 дәріс тақырыбы: Компьютерлік желілер. Желілік технологиялар. Жоспары. 1.Компьютерлік желілер түсінігі. 2.Желілік технологиялар. 3.Компьютерлік желілерді ақпаратты қабылдау, беру және өңдеу. 4.Компьютерлік желі түрлері. Жергілікті есептеу желілері. 5.Ауқымды Internet желісі. Internet желісінің қызметі. 6.Ақпаратты қорғау проблемалары. Зертханалық (тәжірибелік) сабақтардың мазмұны . 1. Зертханалық сабақ тақырыбы: Ақпарат түсінігі және түрлері. Жоспары. 1.Ақпараттың өлшем бірліктері. 2.Информатиканың арифметикалық негіздері. 3.Информатиканың логикалық негіздері. 4.Санау жүйесі. Әр-түрлі санау жүйелеріндегі әрекеттер. 5.Логикалық амалдар. 2. Зертханалық сабақ тақырыбы: Информатиканың алгоритмдік негіздері. Жоспары. 1.Алгоритмдер түрлері. 2.Негізгі қасиеттері, берілу тәсілдері. 3.Алгоритмдердің базалық құрылымдық элементтері. 3 Зертханалық сабақ тақырыбы: Операциялық жүйелер. Windows типті операциялық жүйелер. Жоспары. 1.Windows операциялық жүйесінің түсінігі. Жұмыс столы. 2.Windows объектілері, олармен жұмыс. 3.Windows-тың программалық құралдары. 4.Windows операциялық жүйесінің стандартты программалары. 4. Зертханалық сабақ тақырыбы: MS DOS операциялық жүйесі. Жоспары.
6 1.MS DOS операциялық жүйесі. 2.MS DOS операциялық жүйесі сипаттамасы мен мүмкіндіктері. 3.MS DOS командалары. 4.MS DOS –та жұмыс істеу технологиясы. 5. Зертханалық сабақ тақырыбы: Сервистік программалық жабдықтау. Жоспары. 1.Файлдарды архивтеу. 2.Архиватор программалары. 3.Компьютерлік вирустар. 4.Анвирустық программалар. 6. Зертханалық сабақ тақырыбы: МS WORD мәтіндік редакторы. Жоспары. 1.МS WORD мәтіндік редакторы түсінігі, мүмкіндіктері. 2.Редакторды іске қосу, терезе элементтері. 3.Мәзір командалары. 4.Құжатты пішімдеу. 7. Зертханалық сабақ тақырыбы: МS WORD мәтіндік редакторы. Жоспары. 1.МS WORD мәтіндік редакторында кестемен жұмыс. 2.Редактордың графиктік мүмкіндіктері: объектілер кірістіру, буфер алмастыру. 3.МS WORD мәтіндік редакторында құжатты баспаға шығару. 8. Зертханалық сабақ тақырыбы: MS Excel кестелік процессоры. Жоспары. 1.MS Excel кестелік процессоры түсінігі. 2.Кестелік процессорды іске қосу, терезе элементтері. 3.MS Excel – де формуламен жұмыс. Шамалар. 4.MS Excel функциялары. 5.Кестелік процессордың графикалық мүмкіндіктері: диаграммалар, графиктер. 6.MS Excel – де бетті баспаға шығару. 9. Зертханалық сабақ тақырыбы: MS Power Point презентациялар құрушы программасы. Жоспары. 1.MS Power Point презентациялар құрушы программасы түсінігі. 2.Іске қосу, терезе элементтері. Мүмкіндіктері. 3.Слайд түсінігі. 4.Презентациялар жасау түрлері. Анимация. Дыбыспен сүйемелдеу. 5.Буфер алмасу арқылы дайын шаблондармен жұмыс жасау мүмкіндіктері. 6.MS Power Point слайдтарды баспаға шығару. 10. Зертханалық сабақ тақырыбы: Мәліметтер қорын басқару жүйесі. (МҚБЖ). Жоспары. 1Мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізгі ұғымдары. 2.МҚБЖ функционалдық мүмкіндіктері. 3.МҚБЖ жұмыс істеу негіздері.
7 4.MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі программасы. 5.MS Access іске қосу, терезе элементтері. 6.MS Access –те мәліметтер қорын құру жолдары. 11. Зертханалық сабақ тақырыбы: Компьютерлік желілер. Желілік технологиялар. Жоспары. 1.Компьютерлік желілертүсінігі. 2.Желілік технологиялар. 3.Компьютерлік желілерді ақпаратты қабылдау, беру және өңдеу. 4.Компьютерлік желі түрлері. Жергілікті есептеу желілері. 5.Ауқымды Internet желісі. Internet желісінің қызметі. 6.Ақпаратты қорғау проблемалары. 3. Студенттің өзіндік жұмысы тапсырмалары: № Тапсырма тақырыптары Бақылау түрі Орындалу мерзімі (апта) 1 Информатика және ақпарат. Информатиканың арифметикалық, логикалық және алгортмдік негіздері Мәнжазба, тірек сызбалар. 1-апта 2 Есептеу техникасы және дербес компьютер. Есептеу техникасы және дербес компьютер. Компьютерлік графика негіздері. Венн диаграммасы, оқулықпен жұмыс. 2-апта 3 Операциялық жүйелер. Операциялық жүйе түрлері.ДК пайдаланушының жұмысын ұйымдастырудағы операциялық жүйенің ролі. ОЖ қызметі., топтамасы. Конспект. Ұғымдарды баяндау мен талдау. 3-апта 4 Сервистік программалық жабдықтау. Файлдарды архивтеу туралы жалпы мағлұмат. Архиватор программалары. Компьютерлік вирустар. Анвирустық программалар. Конспект. Ұғымдарды баяндау мен талдау. 4-апта
8 5 MS OFFICE 97/2000 қолданбалы программалар пакеті. Слайд дайындау 5-апта 6 Компьютерлік желілер. Желілік технологиялар. Ақпаратты қорғау проблемалары Компьютерлік желілерді ақпаратты қабылдау, беру және өңдеу. Слайд дайындау. 6-апта Әдебиеттер тізімі 1. Негізгі әдебиеттер тізімі Қолданылған әдебиетер тізімі 1.М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева, Информатика, Астана-2004 2 Исаев С.Ә., Мұхамади А.Н., Ахметова О.С., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум, Алматы 2000 3 Верлань А.Ф., Широчин В.П. Информатика и ЭВМ К:Техника, 1987 4 Фигурнов В.Э. IBM для пользователя. М:Инфра, 1998 5 ЭВМ В 8-ми кн. Кн. 2 Основы информатики/Под ред. А.Я. Савельева .М:Высшая шк.,1991 6 Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере /Под ред. Н.В. Марковой. М,2003 7 Симонович С. Информатика. Базовый курс. – Москва, 2000 8 Хомоненко Ф. MSWORD, Санкт-Петербург, 2004 9 Угринович Н. Информатика и информационные технологии, Москва, 2002 10 Гиляровский Р. Основы информатики, Москва, 2004 11 Бешенков С. Информатика, Москва, 2001 12 Семакин И. Информатика, Москва, 2002 13 Савельев В. Основы информатики, Санкт-Петербург, 2005 14 Тимошок Т. Access 2002, Санкт-Петербург, 2003 15 Морозевич А.Н. основы информатики, М., 2005 16 Алферов А.Н. Информатика для начинающих, 2003 17 Угринович Н. Практикум по информатике и информационным технологиям, М., 2004 18 Соболь Б.В. Информатика, Ростов/Дон, 2005 19. Зертханалық жұмыстар. І Арқалық 2008 20. А.Гончаров. Microsoft Excel 97 в примерах. Санкт-Петербург, 1997 21. К.Ахметов. Windows 98 для всех. М., 1998 22. Балафанов Е.К., Бурибаев Б.Б., Даулеткулов А. 30 уроков по информатике. – Алматы: Джагамбек, 1999-442с 23Самоучитель. Интернет. Санкт-Петербург, 200
9 2. Қосымша әдебиеттер тізімі 1. К Информатика. Базовый курс. Учебник/ Под ред. Н.В.Макаровой, Спб, Питер, 2001, 768с 2.Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ 3.Под ред. Н.В.Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002-256с. 4.Microsoft Access 2000. Шаг за шагом: Практическое пособие. М.: ЭКОМ, 2000- 352 с. 5.Базы данных: Учебник для вузов/ Под ред. Хомоненко А.Д. –Сиб.: КОРОНА принт, 2000-416 с. 6.Золотова С.И. Практикум по Access, М., Финансы и статистика, 2001, 144 с., ил. 7.Коцюбинский А.О., Грошев С.В. Компьютерная графика: Практическое пособие. – М.: Технолоджи-3000, 2001-752 с. 8.Стил Х. Освой самостоятельно Microsoft Word 2000 за 24 часа, - М.: Вильяме, 2000 – 428 с. Бақылау сұрақтары 1. Ақпарат түсінігі және түрлері.. 2. Ақпараттың өлшем бірліктері. 3. Информатиканың арифметикалық негіздері. 4. Информатиканың логикалық негіздері. 5. Санау жүйесі. Әр-түрлі санау жүйелеріндегі әрекеттер. 6. Логикалық амалдар. Информатика пәні түсінігі. 7. Информатика пән объектілері, құрама бөліктері. 8. Информатиканың басқа ғылымдармен байланысы. 9. Алгоритмдер түсінігі. 10. Негізгі қасиеттері, берілу тәсілдері. 11. Алгоритмдердің базалық құрылымдық элементтері. 12. Дербес компьютердің архитектурасы. 13. Құрылысының ақпараттық-логикалық негіздері. 14. Функциональды-құрылымдық ұйымдастыру. 15. Микропроцессорлар. 16. ДК есте сақтау құрылғысы. 17. Жадының құрылымы, мәліметтердің берілу тәсілдері. 18. ДК негізгі және сыртқы құрылғылары. 19. Компьютерлік графика негіздері. 20. Дербес компьютердің программалық жабдықтау түсінігі. 21. Программалық жабдықтаудың негізгі ұғымдары мен терминдері, топтамасы. 22. Программалық жабдықтау түрлері. 23. Жүйелік программалық жабдықтау.
10 24. Операциялық жүйелер, утилиттер түсінігі. 25. Қолданбалы программалық жабдықтау. 26. Windows операциялық жүйесінің түсінігі. Жұмыс столы. 27. Windows объектілері, олармен жұмыс. 28. Windows-тың программалық құралдары. 29. Windows операциялық жүйесінің стандартты программалары. 30. MS DOS операциялық жүйесі. 31. MS DOS операциялық жүйесі сипаттамасы мен мүмкіндіктері. 32. MS DOS командалары. 33. MS DOS –та жұмыс істеу технологиясы. 34. Сервистік программалық жабдықтау. 35. Файлдарды архивтеу туралы жалпы мағлұмат. 36. Архиватор программалары. 37. Компьютерлік вирустар. 38. Анвирустық программалар. 39. MS OFFICE қолданбалы программалар пакеті. 40. МS WORD мәтіндік редакторы түсінігі, мүмкіндіктері. 41. Редакторды іске қосу, терезе элементтері. 42. Мәзір командалары. 43. Құжатты пішімдеу. 44. МS WORD мәтіндік редакторында кестемен жұмыс. 45. Редактордың графиктік мүмкіндіктері: объектілер кірістіру, буфер алмастыру. 46. МS WORD мәтіндік редакторында құжатты баспаға шығару. 47. MS Excel кестелік процессоры түсінігі. 48. Кестелік процессорды іске қосу, терезе элементтері. 49. MS Excel – де формуламен жұмыс. Шамалар. 50. MS Excel функциялары. 51. Кестелік процессордың графикалық мүмкіндіктері: диаграммалар, графиктер. 52. MS Excel – де бетті баспаға шығару. 53. MS Power Point презентациялар құрушы программасы түсінігі. 54. Іске қосу, терезе элементтері. Мүмкіндіктері. 55. Слайд түсінігі. 56. Презентациялар жасау түрлері. 57. Анимация. 58. Дыбыспен сүйемелдеу. 59. Буфер алмасу арқылы дайын шблондармен жұмыс жасау мүмкіндіктері. 60. MS Power Point слайдтарды баспаға шығару. 61. Мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізгі ұғымдары. 62. МҚБЖ функционалдық мүмкіндіктері. 63. .МҚБЖ жұмыс істеу негіздері. 64. MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі программасы. 65. MS Access іске қосу, терезе элементтері.
11 66. MS Access –те мәліметтер қорын құру жолдары. 67. Компьютерлік желілертүсінігі. 68. Желілік технологиялар. 69. Компьютерлік желілерді ақпаратты қабылдау, беру және өңдеу. 70. Компьютерлік желі түрлері. 71. Жергілікті есептеу желілері. 72. Ауқымды Internet желісі. 73. Internet желісінің қызметі. 74. Ақпаратты қорғау проблемалары.
12 ДӘРІСТЕРДІҢ ТЕЗИСТЕРІ 1 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ИНФОРМАТИКА ПӘН РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ, ҚҰРАМА БӨЛІКТЕРІ. Жоспары: 1. Информатика пәні түсінігі. 2. Информатика пән объектілері, құрама бөліктері. 3. Информатиканың басқа ғылымдармен байланысы. Информатика – компьютер арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек компьютерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында ақпаратты кеңінен тарату заңдары мен тәсілдерді туралы түсініктер береді. Қазіргі кезде жаңа компьютерлер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық прогреске айналып отыр. Сонымен қатар ақпаратты өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделіленіп барады. Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі ақпарат болып саналады. Сондықтан ақпарат ұғымы информатика мен компьютерде жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі. 1. Негізгі әдебиеттер тізімі 1. М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева "Информатика" Астана, 2004 2. Зертханалық жұмыстар. І Арқалық 2008 2. Қосымша әдебиеттер тізімі 1. К Информатика. Базовый курс. Учебник/ Под ред. Н.В.Макаровой, Спб, Питер, 2001, 768с 2.Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ 2 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: АҚПАРАТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ. Жоспары. 1 Ақпарат түсінігі және түрлері.. 2. Ақпараттың өлшем бірліктері. 3. Информатиканың арифметикалық негіздері. 4. Информатиканың логикалық негіздері. 5. Санау жүйесі. Әр-түрлі санау жүйелеріндегі әрекеттер. 6. Логикалық амалдар. «Информация» термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін information сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.
13 Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз. Ақпарат дегеніміз – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, ат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Ақпараттың қасиеттері: дәлдігі және толықтығы, бағалылығы және қажеттілігі, анықтылығы және түсініктілігі. Ақпараттың түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т.б. Қоғамның даму кезеңдерінде адамдар көптеген тілдерді пайдаланды, олар: қимылдар мен мимика тілі, сызу-сурет тілдері, музыка тілі, сөйлесу тілдері т.б. Көптеген тілдердің негізі алфавит болып саналады. Алфавит – белгілі бір тілдің кез келген сөздерін құрай алатын символдардың жиыны. Компьютерде латын, орыс, қазақ алфавиті әріптері, 0-9 натурал сандар жиыны, 0,1 екілік сандар алфавиті пайдаланылады. Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері – сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары – бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1 сандарынан тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады. Бит – ағылшын тіліндегі bit (binary digit – екілік таңба) деген қысқарған сөз. Компьютерде қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды «байт» (ағылшынның byte деген сөзінен) деп атау келісілген. 1 байт=8 бит 1килобайт=1024 байт 1 мегабайт=1024 килобайт 1 гегабайт=1024 мегабайт Санау жүйесі туралы түсінік. Әр-түрлі санау жүйелеріндегі әрекеттер. Санау жүйесі екі топқа бөлінеді: позициялық және позиициялық емес. Позициялық емес санау жүйесінде әрбір цифрдың мәні оның алатын орнына байланысты емес.Мұндай санау жүиесінің мысалы ретінде римдік жүиені алуға болады. Осы жүиеде жазылған ХХХ санды Х цифрды кез келген позиция 10-ды (онды)білдіреді. Позициялық емес санау жүйесінде арифметикалық әрекеттерді орындау біраз қиын болғандықтан, бүкіл дүние жүзі біртідеп позициялық санау жүйесіне ауысты. Позициялық санау жүйесіне цифрдың мәні оның орнына(позиция)байланысты болды. Позициялық санау жүйесінің негізі деп қолданылатын цифрды санын айтады. Ондық санау жүйесі Мектеп қабырғасында біз сандармен жұмыс істегенде тек қана бір ондық санау жүйесін қолдануға дағдыландық. ''Ондық” аты мынамен
14 түсіндіріледі: бұл жүйенің түп төркінінде он негізі жатыр. Бұл жуйеде санды жазу үшін он цифр қолданылады –0 ,1,2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 , 9 . Ондық жүйе позициялық болып табылады , өйткені ондық санды жазуда цифрдың мәні оның позициясына немесе санда орналасқан орнына байланысты. Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды. Екілік санау жүйесі Компьютерде әдетте ондық емес позиция екілік санау жүйесі, яғни 2 негіздеуші бар санау жүйесі қолданылады. Екілік жүйеде кез келген сан екі 0 және 1 цифрларының көмегімен жазылады және екілік сан деп аталады. Тек қана 0 және 1 цифрларынан тұратын екілік саннан ондық санды ажырату үшін екілік санды жазуда екілік санау жүйесінің индиксіне белгі қосылады, мысалы, 110101 , 1112 Екілік жүйенің маңызды құндылығы- цифрды ұсыну ыңғайлылығы (мысалы, 1 цифрына электр кернеуінің бар болуы, ал 2 цифрына электр кернеуінің жоқ болуы сәйкес келуі мүмкін) және компьютер апаратурасының қарапайымдылығы, жарым-жартылай екілік сандарымен орындалатын арифметикалық және логикалық операцияларды жүзеге асыруға арналған арифметикалылогикалық құрылғы. Ондық сандар сияқты, кез келген екілік санды екілік санға кіретін цифрлар салмағының айырмашылығын анық бейнелейтін қосынды түрінде жазуға болады. Бұл қосындыда негіздеуші ретінде 2 санын қолдануға болады. Мысалы,1010101, 101 екілік сан үшін қосынды мына түрде болады: 1*26+0*25+1*24+0*23+1*22+0*2 1+1*20+1*2-1+0*2-2+1*2-3. Бұл қосынды ондық сан үшін жазылған қосындының ережесінің бойынша жазылады. Берілген мысалда екілік сан жетісанды бүтін және үшсанды бөлшек бөліктерінен тұрады. Сондықтан бүтін бөліктің үлкен цифрі,яғни бірі 27-1=26 -ға көбейтіледі, бүтін бөліктің нөльге тең келесі саны, 25 -ке көбейтіледі және т.с.с.,кішкентайға, үшіншіге, дейін екінің дәрежесі кемуі бойынша цифрдың бөлшек бөлігі 2-3 -ке көбейтіледі. Осы қосындыда ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық операцияларды орындай отырып, 85,625 санын аламыз. Осылайша, 1010101,101 екілік саны 85,625 ондық санына сәйкес келеді, немесе 1010101,1012=85,6251 Ауыстыру ережесі. Санды екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстыру үшін екілік санды коэффициент- сандармен екілік дәреже қосындысы түрінде ұсынып, осы қосындыны табу керек. Екілік жүиенің елеулі кемшілігі – мұнда санды жазу үшін 0 және 1 цифрлары көп қажет болады. Бұл адамның екілік санды қабылдауын қиындатады. Мысалы, 156 ондық санның екілік жүйедегі түрі мынадай: 10011100.Сондықтан екілік жүие әдетте компьютердің ‘’ішкі қажеттілігі’’ үшін қолданылады, ал адамның компьютермен жұмыс істеуі үшін үлкен негіздеуішті санау жүйесі таңдалады. Бұл кезде
15 сегіздік немесе он алтылық жүйелер жиі қолданылады, өйткені кейін көрсетілетіндей, осы екі жүиелердің және екілік жүйенің арасында санды бір жүйеден басқаға ауыстыруды жеңілдететін қарапайым байланыс бар. Сегіздік санау жүйесі Сегіздік санау жүйесі, яғни 8 негіздеуші санау жүйесі, сегіз цифрдың көмегімен санды көрсетеді : 0,1,2,3,4,5,6,7.Мысалы,357 сегіздік санда жеті бірлік, бес сегіз және квадраты үш сегіз бар, яғни 3578=3*82+5*81+7*80 ,мұнда 357 санының индексі ‘’8’’ санау жүйесін білдіреді. Жазылған қосындыда ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық әрекеттерді орындай отырып,3578=23910 аламыз, яғни 357 сегіздік саны 239ондық санға сәйкес келеді. Он алтылық санау жүйесі. Екілік санау жүйесін компьютерден тыс жерде қолдану өте қолайсыз екенін сіз білесіз.Мысалы,89512810=110110101000100110002 Екілік санды жазуды қысқарту үшін 16 негіздеуші бар санаужүйесі қолданылады. Бұл жүйені он алтылық деп атайды. Он алтылық позициялық санау жүйесінде санды жазу үшін ондық санау жүйесінің цифрлары 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.және жетпейтін алты цифрды белгілеу үшін ондық сандарының мәні 10, 11, 12, 13, 14 және 15 болатын сәйкес латын алфавитінің алғашқы үлкен әріптері: А, B, C, D, E, F қолданылады. Осылайша ондық жүйенің барлық цифрлары және сонымен қатар латынның алты әріптері он алтылық жүйенің “цифрлері” болып табылады. Он алтылық жүйенің барлы цифрларын келтірейік: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, A, B, C, D, E, F. Он алтылық санау жүйесінде ондық жүйеде 15+1=16 дегенге сәйкес F санынан кейін F+1 саны келеді. Сондықтан он алтылық сандарда ,мысалы, 3F5А1 түрі болуы мүмкін осы санды негіздеуші 16 қосындысы түрінде есептеп жазсақ,мынаны аламыз: 3E5A116=3*164+E*163+5*162+A*161+1*160 Ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық операцияларды орындай және A=10, E=14 ескере отырып, 3E5A116=25539310 аламыз. Ондық жүйеге қарағанда он алтылық жүйе өте тұрақты екенін байқаңыз. 1. Негізгі әдебиеттер тізімі 1. М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева "Информатика" Астана, 2004 2. Зертханалық жұмыстар. І Арқалық 2008 4. К.Ахметов. Windows 98 для всех. М., 1998 5. Балафанов Е.К., Бурибаев Б.Б., Даулеткулов А. 30 уроков по информатике. – Алматы: Джагамбек, 1999-442с 2. Қосымша әдебиеттер тізімі 1. К Информатика. Базовый курс. Учебник/ Под ред. Н.В.Макаровой, Спб, Питер, 2001, 768с
16 3ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ИНФОРМАТИКАНЫҢ АЛГОРИТМДІК НЕГІЗДЕРІ Жоспары: 1. Алгоритмдер түсінігі. 2. Негізгі қасиеттері, берілу тәсілдері. 3. Алгоритмдердің базалық құрылымдық элементтері. Қазіргі заманда адам көп істі компьютерді пайдалану арқылы атқарады. Кез келген міндетті орындау алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын-ала жазылып қоюын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде программа түзіледі, яғни есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті шешу процесінің мәні алгоритмді құру екені көрінеді. Алгоритмдік алдын-ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады. «Алгоритм» сөзі ІХ ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл-Хорезми атының латынша жазылу – algoritmi қалпынан шыққан. Алгоритм түрлері. Егер алгоритмдердің жасалу құрылымын қарасақ, олардың жасалуының үш негізгі түрін атап көрсетуге болады: сызықты, тармақталған, циклдік. Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін ілесу тәртібімен орындайтын болса, алгоритм сызықты деп аталады. Орындаушының әрекеттері кейбір шарттарды тексеру нәтижелерімен белгіленетін болса, ол алгоритм тармақталған болып саналады. Жеке командалар немесе команда топтары көп рет қайталанатын болса, алгоритм циклдік деп саналады. Кез келген күнделікті көптеген жұмысқа кезігеді, ал оларды атқарудың жолдарын көрсететін белгілі ережелер (нұсқаулықтар, ұйғарымдар) болады. Бұл арада компьютерді өшіру жөніндегі ретті әрекеттерден тұратын сізге таныс нұсқаулық үлгі бола алады: Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл ұйғарым алгоритм деп аталады. Алгоритм ұйғарымдары сондай-ақ команда деп те аталады. Әрбір алгоритм белгілі бір орындаушыға, орындаушының осы алгоритм командаларын түсінуіне есептелген. Орындаушының орындауы мүмкін командалардың жиынтығы орындаушының командалар жүйесі деп аталады. Алгоритм орындаушысы дегеніміз – құрастырылған алгоритммен басқарылуға тиісті объект немесе субъект. Алгоритмді құрастырғанда келесі талаптар ескерілуі керек: 1. Алгоритм айқын, аяқталған әрекеттер болып табылатын жеке қадамдарға бөлінуі керек. Орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғысын аяқтағаннан кейін ғана мүмкін. Алгоритмнің жеке қадамдардан құрыла алатын қасиеті дискреттігі деп аталады. 2. Алгоритмнің әр ұйғарымы немесе командасы орындаушыға түсінікті болуға тиіс, яғни олар бір мағынада түсініліп, қайталанатын алғашқы деректер
17 бойынша бірыңғай нәтижелерге әкелуге тиіс. Алгоритмнің бұл қасиеті анықтығы деп аталады. 3. Алгоритмнің нақты бір мәселені ғана емес, бүкіл біртипті мәселелерді шеше алатын мүмкіндігі бар. Мысалы, квадрат теңдеуін шешетін алгоритм оны түбірін кез-келген коэффициент мәндерінде табуға мүмкіндік береді, ал жол жүру ережелері баршаға ортақ. Алгоритмнің бұл қасиеті көпшілікке бірдейлігі деп аталады. 4. Нәтижелілігі. Айқын белгіленген әркеттер тізімінің әрқайсысы нәтижеге жеткізе бермейді. Мысалы, шахматта 10120 жүрістен тұратын ұтылыссыз ойын стратегиясы бар, бірақ оны түгел орынадуға адам баласының ғұмыры жетпейді. Орындаушы үшін ол орындап отырған әркеттер тізімі, егер олар мәселені қолайлы мерзімде шешуге жеткізсе, алгоритм болып есептеледі. Осылайша алгоритм мынадай қасиеттерге ие: дискреттік, анықтық, көпшілікке бірдейлік, нәтижелілік. Алгоритмдердің базалық құрылымдық элементтері. Алгоритмдер көрсетімінің әдістері Алгоритмдер сипаттамасының, көрсетімінің әдістері көп. Біз төртеуіне тоқталамыз: табиғи тіл, графикалық тіл, алгоритмдік тіл және программалау тілі. Көрсетімнің әр түрі алгоритмдерді сипаттаудың өз орындаушысына бағытталған өзіндік құралдары бар: • табиғи тіл (орындаушы -адам) – орыс, қазақ, ағылшын тілдерінің сөздері; • графикалық тіл (орындаушы - адам) - әрекеттер сипаттамасы бар графикалық схемалар (блок-схемалар); • алгоритмдік тіл (орындаушы - адам) - әрекет немесе орындаушыға арналған командалар мағынасы берілетін табиғи тілдің белгілі сөздері; • программалау тілі (орындаушы - компьютер) – программалау тілінің командалары. Алгоритмдердің құрылымын, құру әдістерін үйрену үш көрсетімде бірден жүреді: блок-схемалар түрінде, алгоритмдік тілде, программалау тілінде. Көрсетім әдістерінің әрқайсысының алгоритмдерін сипаттайтын құралдардың элементтері қажеттігіне қарай енгізіліп отырады. Алгоритмдерді алгоритм тілінде көрсету Алгоритм тілі – бұл алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі. Алгоритм тілі, бір жағынан, кәдімгі тілге жақын, сондықтан әдеттегі мәтін ретінде оқылады және жазылады. Екінші жағынан, алгоритм тілі пішіні жөнінен программалау тіліне жақындайды, бұл ЭЕМ үшін программалау тілін тез үйренуге мүмкіндік береді. Алгоритм тілінің қызмет етуші сөздері әдетте қысқартылған нұсқада ерекшеленеді және жазылады да, алгоритмді безендіру үшін пайдаланылады. Алгоритм аты қызмет етуші алг (алгоритм) сөзінен кейін жазылады және мүмкіндігінше ол осы алгоритммен сипатталатын есептің шешуін көрсетуі керек.
18 Алгоритм атынан соң командалар келеді, олар алгоритмнің басталуы мен аяқталуын көрсететін қызмет етуші басы (начало) және соңы (конец) сөздерінің арасында тұрады. Алгоритмнің жалпы көрінісі мынадай болады: алг алгоритмнің аты басы алгоритм командалары (серия) соңы Алгоритм командалары рет-ретімен жазылады. Бір жолда бірнеше команда жазылуы мүмкін. Мұндай жағдайда олар нүктелі үтірмен «;» бөлініп жазылады. Бірінен кейін бірі орындалатын бірнеше команданың жиынтығы серия деп аталады. Серияның бір командадан тұруы да мүмкін. 1. Негізгі әдебиеттер тізімі 1. М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева "Информатика" Астана, 2004 2. Зертханалық жұмыстар. І Арқалық 2008 5. Балафанов Е.К., Бурибаев Б.Б., Даулеткулов А. 30 уроков по информатике. – Алматы: Джагамбек, 1999-442с 2. Қосымша әдебиеттер тізімі 1. К Информатика. Базовый курс. Учебник/ Под ред. Н.В.Макаровой, Спб, Питер, 2001, 768с 2.Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ 4 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР. КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА НЕГІЗДЕРІ. Жоспары. 1. Дербес компьютердің архитектурасы. Құрылысының ақпараттық-логикалық негіздері. 3.Функциональды-құрылымдық ұйымдастыру. Микропроцессорлар. 4. ДК есте сақтау құрылғысы. Жадының құрылымы, мәліметтердің берілу тәсілдері. 5. ДК негізгі және сыртқы құрылғылары. 6. Компьютерлік графика негіздері. 1. Дербес компьютердің архитектурасы. Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады: ❖ жүйелік қондырғы; ❖ дисплей немесе монитор; ❖ пернелік тақта; ❖ тышқан.
19 Жүйелік қондырғы Компьютердің ең негізгі құрылғысы - жүйелік қондырғы. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік қондырғының құрамына процессор, жедел жад, тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және ақпарат тасуыштар енеді. Жүйелік қондырғының ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады. Монитор Монитор – мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы. Компьютерден кез келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады. Монитор негізгі шығару құрылғыларының бірі болып табылады. Оның негізгі тұтыну параметрлері: экранның мөлшері, экран қалқасының қадымы, бейнені жаңартудың максималдық жиілігі, қорғау класы. Экранның мөлшері оның диагоналінің өлшемімен анықталады. Өлшеу бірлігі ретінде дюйм қабылданған. Экранның стандартты мөлшерлері: 14'', 15'', 17'', 19'', 20'', 21''. Қазіргі кезде мөлшерлері 15, 17 дюйм болатын мониторлар кеңінен тараған. Ал графиктік кескіндермен жұмыс істеу үшін 19-21 дюйм мониторларды пайдаланған тиімді. Кейбір мониторлар бейненің айқындылығын күшейтетін тік сымдардан тұратын қалқамен жабдықталған. Осы тік сымдар арасындағы қадым (экран қалқасының қадымы) неғұрлым кішкене болған сайын, алынатын бейне соғұрлым анық болады. Қалқа қадымы миллиметрмен өлшенеді. Қазіргі кездегі ең көп тараған мониторлардың қалқа қадымы 0,25-0,27 мм. Пернелік тақта Пернелік тақта – дебес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп қызмет атқаруын қолданушы интерфейс деп атайды. Пернетақта дербес компьютердің стандартты құрылғыларының қатарына жатады. Пернетақтаның құрылысы. Стандартты пернетақта жүзден аса пернелерден тұрады. Олар бірнеше фиункционалдық топтарға бөлінген. Алфавиттік-цифрлық пернелер тобы символдардан тұратын ақпаратты енгізуге арналған. Функционал пернелер тобына пернетақтаның жоғарғы бөлігінде орналасқан он екі перне кіреді (F1-F12). Бұндағы әрбір перне қандай да бір функционалдық қызмет атқарады. Қызметтік пернелер алфавиттік-цифрлық пернелер тобының маңайында орналасқан. Төменде пернелер тізімі мен олардың атқаратын қызметі сипатталған: • Enter пернесінің көмегімен команда, мәтіннің азат жолы енгізіледі; • Alt және Ctrl пернелері басқа пернелермен бірігіп командалар түзеді; • Tab пернесі мәтінді терген кезде табуляция позициясын енгізу үшін қолданылады;
20 • Esc пернесі соңғы орындалған команданы қайтару үшін қолданылады; • Print Screen – ағымдағы экранның күйін баспаға жіберуге немесе оны алмасу буфері деп аталатын жедел жадтың арнаулы аймағына сақтауға арналған; • Shift пернесі жоғарғы регистрдегі символдар мен бас әріптерді енгізу үшін, сонымен қатар басқа пернелермен бірігіп кейбір командалардың орнына қолданылады; • Home - меңзерді жолдың басына алып келеді; • End – меңзерді жолдың аяғына апарады; • Delete - мәтіндік меңзердің оң жағындағы символды өшіруге арналған перне, сонымен қатар қаптамаларды, құжаттарды, экран объектілерін жою үшін де қолданылады; • Backspace – мәтіндік меңзердің сол жағындағы символдарды өшіруге арналған; • Page Up және Page Down – бір бет жоғары немесе бір бет төмен жылжу; • Caps Lock пернесі бас әріптер режимін қосады немесе ағытады; • Num Lock пернесі қосымша цифрлық пернетақтаны қосады немесе ағытады. Тышқан Тышқан – графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тышқанның жазық беттегі қозғалысы экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьюетреді басқару үшін ташқынды жазық бетте жылжытады және оның оң немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды. Монитор мен тышқан бірігіп қолданушы интерфейсінің жаңа түрі – графиктік интерфейсті құрайды. Тышқанның көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі. Дербес компьютердің ішкі құрылғылары Аналық тақша (Материнская плата) Аналық тақша дербес компьютердің негізгі тақшасы болып табылады. Онда келесі құрылғылар орналасады: • процессор; • шина; • жедел жад; • тұрақты жад; • слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыш тақшалар). Процессор
21 Процессор – көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді. Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Егер екі процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, онда олар программалық деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған программа екіншісі үшін де орындалатынын білдіреді. Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық Intel Pentium процессорлары х86 топтамасына жатады. Бұлардың негізін қалаушы 16 разрядты Intel-8086 процессоры болып табылады. IBM РС компьютерінің ең алғашқы моделі осы процессордың негізінде құрастырылған. Процессордың бір-бірінен өзгешілігі олардың типтері мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік – олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді. Мысалы, Intel Pentium типтегі процессорлар 75, 90, 100, 120, 133, 150, 166, 200, 233 МГц жиілікпен жұмыс істейді. Шина Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадпен шина деп аталатын іткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер шинасы, адрестік шина және командалық шина. Компьютердің жады Компьютердің жады – оның құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге білінеді және бір-бірінен ілшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне және т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады. Жадтың кілемі байтпен ілшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Қазіргі кездегі компьютерлердің жадының кілемі миллиондаған байтқа жетеді, сондықтан оны килобайт, мегабайт, гигабайт арқылы қысқаша ірнектеген ыңғайлы: 1 Гбайт=1024 Мбайт 1Мбайт=1024 Кбайт 1Кбайт= 1024 байт Жедел жад (ОЗУ) немесе жедел есте сақтау құрылғысы ақпараттың кез-келген білігіне лезде қатынауды қамтамасыз етеді. Бірақ компьютерді ішірген кезде жедел жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады. Дербес компьютерлердің жедел жадының ілшемі жылдан жылға ісіп келеді. Pentium типтес компьютерлердің жедел жадының кілемі 8 Мбайттан 256, 512, 1024Мбайт жетеді. Компьютердің жедел жадының кілемі іскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады. Тұрақты жад (ПЗУ) – стандартты программаларды, ізгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпаратты (BIOS, таңбагенераторларының кестесін және т.б.) энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад. Компьютер жұмысы кезінде бұл жадтан мәліметтерді тек оқуға болады, ал оған ақпарат жазу арнаулы құралдар
22 арқылы жүргізіледі. Жадтың ізгермейтін түрін құрады. Мұнда компьютер құрылғыларын басқаруға арналған жүйелік программалар орнатылған. Компьютерді іске қосқаннан кейін жабдықтарды біртіндей тестілеу процесі басталады. Процессор мен бейнеадаптерді тестілеу процесі аяқталған соң мониторға диагностикалық хабарлама шығарылады. Содан соң компьютердің бастапқы жүктелу процесін басқаратын программа орындалады. Қатқыл диск Қатқыл диск үлкен кілемдегі мәліметтер мен программаларды ұзақ уақытта сақтауға арналған негізгі құрылғы. Шындығына келгенде ол бір диск емес бірнеше дискілердің жинағынан тұрады. Қатқыл дискінің негізгі параметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс інімділігі жатады. Қазіргі кезде қатқыл дискінің кілемі 40 Гбайтқа жетті және ол одан әрі ұлғайтылуда. Иілгіш дискілерге арналған дискжетек Иілгіш дискілер бір компьютерден екінші компьютерге ақпарат алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін қажет. Иілгіш магниттік дискілер (дискет) арнаулы дискжетек деп аталатын тасуышқа салынады. Дискжетек жүйелік блокта орналасқан. Қазіргі дербес компьютерлерде 3,5 дюймдік дискеттер қолданылады. Оған 1,44 байт кілеміндегі ақпарат жазылады. Жинақы-дискіге арналған дискжетек 1994-1995 жылдары аралығында дербес компьютерлердің құрамына кіретін диаметрі 5,25 дюймдік дискілерге арналған дискжетек алып тасталынып, оның орнына ілшемдері тура сондай болатын CD-ROM тасуыштар енгізілді. CDROM (Compact Disc Red-Memory) сізінің аудармасы жинақы-дискіге негізделген тұрақты есте сақтау құрылғысы. Кәдімгі жинақыдиск кілемі 650 Мбайтқа жуық мәліметті сақтай алады. Мәліметтер кілемінің үлкен болуы мультимедиалық ақпараттарға (графиктік, музыка, бейне) тән, сондықтан CDROM дискжетегін мультимедиа аппараттық құралдар қатарына жатқызады. Лазерлік дискіде таратылатын программаларды мультимедиалық басылымдар деп атайды. Бейнекарта Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта (бейнеадаптер) деп аталатын басқару блогы атқарады. Қазіргі кезде кең тараған бейнеадаптер SVGA. Ол 16,7 миллион түстерді экранға шығарып беруді қамтамасыз етеді. Экранның шешуі бейнекартаның негізгі параметрлері болып табылады. Әр монитор үшін ізіне сәйкес тиімді экран шешуі анықталған. Мысалы, ілшемі 14 дюйм болатын монитордың экран шешуі 640х480, ал 19 дюймдік экрандар үшін 1280х1024 шешуі пайдаланылады. Мәтіндік құжаттармен жұмыс істеу үшін 640х480 шешулі мониторлар жеткілікті. Кіптеген қолданбалы программалармен жұмыс жасау үшін шешуі 1024х768 болатын мониторлар қажет болады. 2. Құрылысының ақпараттық-логикалық негіздері. 3.Функциональды-құрылымдық ұйымдастыру. Микропроцессорлар.
23 4. ДК есте сақтау құрылғысы. Жадының құрылымы, мәліметтердің берілу тәсілдері. Компьютерлердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылыпп, кімекші қызмет атқарады. Сыртқы құрылғыларды келесідей тірт топқа білуге болады: • мәліметтерді енгізу құрылғылары; • мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары; • мәліметтерді сақтау құрылғылары; • мәліметтермен алмасу құрылғылары; Енгізу құрылғылары Мәліметтерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар қолданылады. Сканерлердің кімегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы программалық құралдардың кімегімен іңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді. Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары Мәліметтерді баспаға шығару үшін мониторға қосымша принтер деп аталатын баспаға шығару құралы қолданылады. Принтердің кімегімен экрандағы құжаттың кішірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерлерді жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік деп біледі. Мәліметтерді сақтау құрылғылары Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге қосымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер, ZIP-тасуыштар және HiFD-тасуыштары жатады. ZIP-тасуыштарды мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларын жасауға негізделген Iomega компаниясы шығарады. Бұл құрылғы ілшемдері стандарттық иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын дискілермен жұмыс жасайды. ZIP-тасуыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5 дюймдік иілгіш дискілермен үйлесімсіздігінде. Sony компаниясы жасап шығарған HiFD құрылғысы кәдімгі стандарттық иілгіш дискілермен үйлесімді болып келеді. Олар сыйымдылығы 200 Мбайт болатын арнайы тасуыштармен де, кәдімгі иілгіш дискілермен де жұмыс істеуге бейімделген. Мәліметтермен алмасу құрылғысы Модемдер (Модулятор + Демодулятор) алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы. Мұндағы байланыс арналары деп кабельдік, радиожиіліктік және сымдық байланыстарды түсінеміз. Байланыс арналарының типіне қарай қабылдау-жіберу құрылғыларын радиомодемдер, кабельдік модемдер және т.б.
24 деп біледі. Компьютерден модемдерге түскен сандық мәліметтер модуляциялық жолмен түрленіп, телефон желісіне бағытталады 1. Негізгі әдебиеттер тізімі 1. М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева "Информатика" Астана, 2004 2. Зертханалық жұмыстар. І Арқалық 2008 4. К.Ахметов. Windows 98 для всех. М., 1998 5. Балафанов Е.К., Бурибаев Б.Б., Даулеткулов А. 30 уроков по информатике. – Алматы: Джагамбек, 1999-442с 2. Қосымша әдебиеттер тізімі 1. К Информатика. Базовый курс. Учебник/ Под ред. Н.В.Макаровой, Спб, Питер, 2001, 768с 2.Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ 7.Коцюбинский А.О., Грошев С.В. Компьютерная графика: Практическое пособие. – М.: Технолоджи-3000, 2001-752 с. 5 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ. Жоспары. 1. Дербес компьютердің программалық жабдықтау түсінігі. 2. Программалық жабдықтаудың негізгі ұғымдары мен терминдері, топтамасы. 3. Программалық жабдықтау түрлері. Әдебиеттер: 1. Дербес компьютердің программалық жабдықтау түсінігі. 2. Программалық жабдықтаудың негізгі ұғымдары мен терминдері, топтамасы. 3. Программалық жабдықтау түрлері. Программа – магниттiк тасымалдаушыда (дискiде) файл түрiнде сақталып, әрбiр адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктелiп, орындауға арналған машина тiлiндегi нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бiр-бiрiмен бiрiгiп отырып жұмыс iстейтiн программалар кешендерiнiң көмегiмен шешiледi .Алдын ала келiсiм нақты программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды. Yнсiз келiсiм егер жұмыс iстеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетiлген немесе басқа әрекеттiң, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерiн (басқа да варианттары болғанда) тағайындайды. Интерфейс - программалық жабдық пен жұмыс iстейтiн адам арасындағы сұхбат жѕргiзу шарттары мен келiсiмдер жиыны.Программалық жасақ - информациялық технологиялардың елеулi бiр бөлiгi. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе iстей алмайды. ЭЕМ программалары екi топқа бөлiнедi, олар: 1) жүйелi программалық жасақ; 2) қолданбалы (кәделi) программалық жасақ.
25 Жүйелi программалар ЭЕМ-нiң аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс iстеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады. Жүйелi программалық жасақты бiрнеше топқа жiктеуге болады: 1) операциялық жүйелер; 2) утилиттер; 3) сервистiк программалар. Операциялық жүйелер - компьютердi басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшiн кең тараған операциялық жүйелерге MS (PC) DOS, WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX жатады. Дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелердiң барлығы да тек бiр адамдық болып табылады. Расында да екi адамның бiр мезетте бiр компьютерде жұмыс iстеуiн елестету қиын ғой .WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық – бiр компьютерде бiр уақытта қатарласа бiрнеше есептi шығару мүмкiндiгi немесе бiрнеше әрекеттiң қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сiз мәтiн көшiрiлiп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға болады, өйткенi бұл жұмыстарды әртүрлi құрылғылар атқарады немесе ол құрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келедi.Көптеген IBM - үйлесiмдi компьютерлер дискiлiк MS DOS операциялық жүйесi мен көп терезелi WINDOWS графикалық операциялық жүйесiн пайдаланады. Операциялық жүйелер көптеген функцияларды орындайды: информацияны дискiге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәлiметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс iстеуiн, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етедi. Бұл жүйе ЭЕМ iске қосылғаннан кейiн иiлгiш не қатты дискiден алғашқы жүктелетiн кешендi программа болып табылады. Белгiлi бiр қосымша қызмет атқаруға керектi программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретiнде антивирустiк (вирустерге қарсы) программаларды, мәлiметтердi архивтеу (қысу) программаларын, компьютердiң жұмыс iстеу қабiлетiн (диагностика) тексеретiн программаларды (тест программалары) айтуға болады. Сервистiк программалар – әрбiр адамның операциялық жүйемен жұмыс iстеуiн жеңiлдететiн программалар тобы. қолданбалы программалар арқылы бiздер өз есептерiмiздi шығарамыз. Мұндай программалар қосымшалар (приложения) деп те аталады. қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделi есептердi шығара алатын қуатты мамандандырылған жүйелердi (мәтiндiк процессор, графикалық редактор, баспаханалық жѕйелер т.б.), ғылыми мәселелерге арналған және жалпы көпшiлiкке қызмет ету кешендерiн де жатқызуға болады. қолданбалы (кәделi) программалық жасақ – белгiлi бiр мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгiлi бiр мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екiге бөлiнедi.
26 Белгiлi бiр мақсатта пайдаланылатын программалық жасақ әр адамның нақты есептерiн шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулi. Мұндай программаларды жұмыс иесi өзi жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап бередi. Дербес компьютерлердiң кең тарауына басты себеп болған олардың алдын ала дайындалған әмбебап программалық жасақтарың кең таралуы едi, бұл программалар тек бiр есептi шығарып қана қоймай, белгiлi бiр мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгiлi бiр түрлерiн өңдеудi түгел қамти алатын болды. Әртүрлi информацияларды өңдеуге мүмкiндiк беретiн әмбебап программалық жасақтың негiзгi түрлерi мыналар: – мәтiн редакторлары; – графикалық редакторлар; – электрондық кестелер; – оқыту және ойнау программалары; – информациялық жүйелер және т.б. Мәтiндiк информацияларды даярлау мен өңдеуге арналған программалар мәтiн редакторы деп аталады. Өмiрде кез келген ЭЕМ-де жұмыс iстейтiн адамдар әртүрлi есеп-қисаптар мен құжаттар дайындау, мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтiн дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дердi осы мақсаттарға пайдаланса, баспа машинкасына қарағанда жұмыс өнiмдiлiгi күрт өсетiнi талас тудырмаса керек. Мәтiн редакторлары экранда мәтiндердi түзетуге, қателерiн уақытында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерiн туралауға, мәтiндердi дискiлерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бiрден тауып алуға, бiрнеше алфавиттi (латын, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бiрнеше дана етiп басып шығаруға мүмкiндiк бередi. Дербес ЭЕМ-дер кiтап, журнал, газет, т.б. шығаруда кең пайдаланылады. Компьютердiң машинкаға қарағанда көптеген артықшылығы бар: қате оңай түзетiледi, материалдарды дайыңдау шапшаңдайды, оларды безендiру жолдары жеңiлдейдi. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын лазерлiк принтерлермен жабдықталған шағын баспахана жүйелерiнiң одан да күштi мүмкiндiктерi бар (осы оқулық та компьютерлiк баспа жүйесiнде дайындалды). Кең тараған мәтiн редакторларына WordPerfect, Microsoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker т.б. жатады.Графиктiк редакторлар графиктiк информацияны дайындау мен өңдеуге арналған программа болып табылады. Олар өмiрде жиi кездесетiн есептеу нәтижелерiн график түрiнде шығаруда өте ыңғайлы. Оның үстiне графикалық редакторлар бейнелердi әртүрлi етiп – схемалар, сызбалар, суреттер және т.б. түрлерде бере алады. Графикалық редакторлар мәлiметтердiң есептелу нәтижесiн график бейнесiнде көрсетуде де және өз қалауымызша түрлi сызықтар тұрғызуда да қолданылады. Графиктердi әртүрлi қылып, мысалы, түзу немесе қисық сызық түрiнде, дөңгелек диаграммалар мен гистограммалар бейнесiнде алуға болады, оларға автоматты түрде масштаб енгiзуге, керек болса координата үстерiне сандар мен
27 атауларды жазып қоюға да болады. Күрделi графикалық бейнелер тұрғызу кезiнде түрлi-түрлi фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын әртүрлi түстерге бояуға да болады. Осындай мүмкiндiктерi бар графиктiк редакторларға Paint, CorelDraw, Graf-in-the-Box, PC Illustrator т.б. жатады. Электрондық кестелер жүйесiнде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, олар пернелермен информацияны енгiзу арқылы немесе формулалар өрнегiн есептеу нәтижесi бойынша компьютермен жазу арқылы толтырылады. Мұнда кестелiк мәлiметтердi түзету, оларды дискiлерде жазып сақтау, түрлендiру, қағазға басып алу сияқты көптеген әрекеттер өте жылдам орындалады. Кең тараған электрондық кесте жүйелерiне Lotus 1-2-3, SuperCalc, QuatroPro, Excel сияқты программалар жатады. Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегi қызғылықты, кез келген жан әуестенетiн топқа жатады. Дербес компьютерлердiң кеңiнен тарауына да себепшi болған ойын программалары едi. Компьютерлiк ойындар – демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен шектен аса әуестенудiң зиян екенiн есте сақтау жөн. 1. Негізгі әдебиеттер тізімі 1. М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева "Информатика" Астана, 2004 2. Зертханалық жұмыстар. І Арқалық 2008 3. А.Гончаров. Microsoft Excel 97 в примерах. Санкт-Петербург, 1997 4. К.Ахметов. Windows 98 для всех. М., 1998 5. Балафанов Е.К., Бурибаев Б.Б., Даулеткулов А. 30 уроков по информатике. – Алматы: Джагамбек, 1999-442с 2. Қосымша әдебиеттер тізімі 1. К Информатика. Базовый курс. Учебник/ Под ред. Н.В.Макаровой, Спб, Питер, 2001, 768с 2.Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ 3.Под ред. Н.В.Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002-256с. 4.Microsoft Access 2000. Шаг за шагом: Практическое пособие. М.: ЭКОМ, 2000- 352 с. 5.Базы данных: Учебник для вузов/ Под ред. Хомоненко А.Д. –Сиб.: КОРОНА принт, 2000-416 с. 6.Золотова С.И. Практикум по Access, М., Финансы и статистика, 2001, 144 с., ил. 8.Стил Х. Освой самостоятельно Microsoft Word 2000 за 24 часа, - М.: Вильяме, 2000 – 428 с. 6 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ ТҮРЛЕРІ: ЖҮЙЕЛІК ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ. Жоспары. 1. Жүйелік программалық жабдықтау. 2. Операциялық жүйелер, утилиттер түсінігі. 3. Қолданбалы программалық жабдықтау.
28 Оқыту программалары оқу-үйрену сабақтарын ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан, тiлден, биологиядан, математикадан, физикадан т.б. пәндерден сабаққа дайындалу кезiнде өте ыңғайлы екенi талас тудырмайды. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық және тренажерлер түрiнде, Зертханалық аспап әрi информациялық анықтамалық жүйе есебiнде кеңiнен пайдаланылады. Институттарға қабылдау емтихандарын өткiзу кезiнде компьютерлер қазы рөлiн де әдiл атқара алатын құрал екенi белгiлi. Iс программалары қызметте керектi әртүрлi информацияларды дайыңдау, сақтау және өңдеу үшiн кеңiнен қолданылып жүр. Бұлар iс қағаздарын жүргiзудi компьютерлендiру кезiнде де құжаттар дайындау, жұмыс кестелерiн жасау, кезекшiлiк графиктерiн салу сияқты әрекеттерде де өте ыңғайлы болып табылады. Информацияның көптеген түрлерiн сақтау, iздеу, жалпы ұйымдастыру жұмысында информациялық жүйелер қолданылады. Бұларға мәлiметтер базасы, кiтапханадағы информация iздеу жүйелерi, театрлардағы, әуе жолындағы және темiр жолдағы билет сату мен оларды тiркеу тәсiлдерi жатады. ЭЕМ желiлерi мен информациялық коммуникациялар негiзiндегi осы сияқты жүйелердi жасау мен дамыту қоғамымызды информацияландыру бағдарламасының iрге тасын қалайды. Болашақта перспективасы бар информациялық құралдарға бiлiмдер базасы мен эксперттiк жүйелердi жатқызуға болады. Олардың көмегiмен кейбiр мамандық салаларында эксперттер тәртiбiн модельдеу арқылы медициналық тақырыптардан консультациялар мен әртүрлi қызмет салаларынан анықтамалар беру, өнертапқыштарға, технологтар мен конструкторларға көмек беру iстерiн жүзеге асыруға болады. Әмбебап программалық жасақтың дамуының арқасында күрделi бiрiктiрiлген жүйелер (интегралданған) жасалынып жатыр. Олар бiрыңғай командалар жүйесi арқылы бiр форматты пайдалана отырып мәтiн редакторын, электрондық кестелердi, графикалық редакторды, мәлiметтер базасын басқару жүйесiн, калькуляторды және тағы басқаларды бiрiктiрiп, бiр интерфейс арқылы осылардың барлығын да пайдалану мүмкiндiгiн бередi. Бiрiктiрiлген жүйелердiң iшiнде кең таралып, белгiлi болғандарына Frаmework, Symphony, Master және т.б. жатады. Әмбебап программалық жасақ дербес компьютерлермен жабдықталған әртүрлi мамандық иелерiнiң жұмыс орындарын автоматтандыруды iске асырады. Мұндай жүйелерге, мысалы, конструкторлық жобалауды, электрондық тақшалар жасап дайындауды, экономикалық және бухгалтерлiк жұмыстарды автоматтандыру iстерiн жатқызуға болады. Инженерлiк практикада қазiр осындай мақсаттарға MatLab, MatCad, Eureka сияқты программалық дестелер кеңiнен қолданылып жүр. қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желiлерiмен және информациялық қорлармен толық қамтамасыз ету бұрынғы қағаздағы
29 мәлiметтердi қолдану жұмыстарын толықтыра отырып, информация алу, тарату, пайдалану жұмыстарын ұйымдастыруды жаңа белеске көтердi. Мұны өзi қоғамымызды информацияландыру процестерiн дамытудың негiзi болады деп толығынан айта аламыз. қолданбалы програмалар арасындағы ерекше топқа қосымша программаларды даярлаудың аспаптық құралдары (инструментальные средства) жатады. Аспаптық құралдар – басқа программалар мен автоматтандырылған жүйелер даярлау ѕшiн программистер пайдаланатын программалар мен программалық кешендер. Дербес компьютерде кең тараған аспаптық құралдарға BASIC, PASCAL, C және ASSEMBLER сияқты программалау тiлдерi жатады, олар ѕшiн соңғы кездерде әмбебап программалау жүйелерi жасалған болатын. Бұл тiлдердiң әрқайсысы белгiлi бiр мәселелер тобын шешуге өте қолайлы. Оның үстiне, әртүрлi ЭЕМ-дерде белгiлi бiр тiлге ғана үстемдiк берiледi. Программалау жүйелерi шыққанға дейiн әр адам өзi қолданатын программа мәтiнiн программалау тiлiнде жазып, оны ЭЕМ-ге арнаулы мәтiн редакторы арқылы енгiзiп, сонан соң тағы бiр арнайы программа – компилятор (транслятор) көмегiмен өз мәтiнiн машина тiлiне аударатын. Ең соңында үшiншi бiр арнаулы жинақтаушы программаның арқасында бјлек модульдерден орындалатын программалық файл алынатын. Бүгiнгi күн талабына сәйкес келетiн программалық жүйелердi пайдалансақ, мұндай күрделi жұмыстар атқарудың ешбiр қажетi жоқ сияқты. қазiр бiрiктiрiлген бiр-ақ программалық десте осы аталған операцияларды түгел қамтиды. Соңғы кездердегi ДЭЕМ программалық жүйелерiн жасайтын алдыңғы қатарлы фирмаларға Microsoft Corporation және Borland International сияқтыларды жатқызуға болады. Microsoft фирмасы өзiнiң Quick Basic, Visual Basic және Microsoft С++ деген программаларын, ал Borland фирмасы – Turbo Basic, Borland C, Turbo Pascal программалық тiлдерiн жасап таратуда. Бұл жүйелердiң әрқайсысының күштi әрi әлсiз жақтары бар, сондықтан оларды таңдауды алдына қойған мақсатына қарай әр адам өзi шешедi. қазiргi кезде жасалынып жатқан программалар теледидар, тоңазытқыш, шаңсорғыш тәрiздi өндiрiстiк өнiмдер санатына кiредi. Бұл программаларды жасау мен тарату – өндiрiстi жүргiзу заңдылықтарымен бiрдей деңгейде болады деген сөз. Бұл күндерi тегiн берiлетiн, шартты түрде (жартылай) тегiн және сатылатын программалар бар. Программаларды сатып алу және тарату шарттары сол программамен бiрге берiлетiн оның сатушысы не авторы дайындаған құжаттарда жазылады. Бiреудiң программасын пайдалану үшiн осындай мәселелерге көңiл бөлiп отыру қажет екенiн естен шығармаған жөн. Рұқсатсыз көшiрiп алынған программаларды пайдаланудан сақ болыңыздар! Оның арты келеңсiз жағдайларға душар еткiзуi мүмкiн. 1. Негізгі әдебиеттер тізімі 1. М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева "Информатика" Астана, 2004 2. Зертханалық жұмыстар. І Арқалық 2008 3. А.Гончаров. Microsoft Excel 97 в примерах. Санкт-Петербург, 1997
30 4. К.Ахметов. Windows 98 для всех. М., 1998 2. Қосымша әдебиеттер тізімі 1. К Информатика. Базовый курс. Учебник/ Под ред. Н.В.Макаровой, Спб, Питер, 2001, 768с 2.Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ 4.Microsoft Access 2000. Шаг за шагом: Практическое пособие. М.: ЭКОМ, 2000- 352 с. 5.Базы данных: Учебник для вузов/ Под ред. Хомоненко А.Д. –Сиб.: КОРОНА принт, 2000-416 с. 6.Золотова С.И. Практикум по Access, М., Финансы и статистика, 2001, 144 с., ил. 7.Коцюбинский А.О., Грошев С.В. Компьютерная графика: Практическое пособие. – М.: Технолоджи-3000, 2001-752 с. 8.Стил Х. Освой самостоятельно Microsoft Word 2000 за 24 часа, - М.: Вильяме, 2000 – 428 с. 7 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР. WINDOWS ТИПТІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР. Жоспары. 1. Windows операциялық жүйесінің түсінігі. Жұмыс столы. 2.Операциялық жүйенің жүктелуі 3.Windows-тың программалық құралдары. 4.Windows операциялық жүйесінің стандартты программалары. 5. Объектілермен жұмыс істеу. Қапшықтарды , файлдар мен таңбашаларды жылжыту және көшіру. Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасақтауды басқару үшін қажет. Ол компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Операциялық жүйе - компьютер қосылғанда бірге жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. Операциялық жүйе қолданушы мен компьютер арасында диалог ұйымдастырады, орындауға басға программаларды іске қосады, компьютердің ресурстарын (оперативті жад, дискідегі орынды, т.б.) бөледі. Адамның көзқарасынша, операциялық жүйе компьютердің электрондық құрауыштары, қолданбалы программалар және адам арасындағы келістіруші болып қызмет етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге жѕне оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, шынында да, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады. Дербес компьютерді, яғни олардың операциялық жүйесін дүние жүзі бойынша жүздеген миллион адамдар қолданады. Дербес компьютердің операциялық жүйесімен танысу да телефон шалу және теледидарды қосу, банкіні жѕне поштаны, сөздіктерді жѕне анықтамаларды қолдана білу сияқты, қазіргі қоғамда соншалықты қажетті болып келеді.
31 Қазіргі операциялық жүйе - бұл бірнеше жыл ішінде жүздеген және мыңдаған құрастырушылар құратын күрделі программалық комплекстер. Операциялық жүйенің толық үйрену талай жылдарға созылуы мүмкін. қуанышқа орай, операциялық жүйені жақсы қолдану үшін көп білудің қажеті жоқ - жұмыс істеудің жалпы принципін және негізгі операцияларды орындаудың әдістерін білсе болғаны. Нақты операциялық жүйемен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгермейінше, онымен жұмыс істеу мүмкін емес; жалпы принциптерін білмейінше, жүйені тиімді қолдануды үйрене алмайсыз және қазіргі дербес компьютердің кез келген қолданушысында ерте ме, кеш пе пайда болатын проблемаларды шеше алмайсыз. Көптеген операцияларды орындаған кезде операциялық жүйе бізді қызықтырмайтын әрекеттерді: мысалы, белгілі секторда оқитын бастиекті қалай орнатуды, нақты жолшықтан ақпаратты оқуды, дискідегі бос жерді тауып және сонда файлды жазуды және т.б. жасырын орындайды. Біз үшін компьютермен танысудың ыңғайлы әдісі - операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейспен жұмыс істеу. Операциялық жүйенің жіктелуі Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйелер бірнеше параметрлер бойынша ерекшеленеді. Көп жағдайда операциялық жүйе: - Бір есепті және көп есепті; - Бір қолданушылық және көп қолданушылық болып жіктеледі. Бұдан басқа, операциялық жүйеде командалық немесе графикалық (немесе екеуі бірдей) көп терезелі интерфейс болуы мүмкін. Бір есепті операциялық жүйе әрбір кезеңде компьютерде адамға бір ғана есепті шешуге, яғни тек бір ғана іспен айналысуға мүмкіндік береді. Мұндай жүйелер әдетте негізгі режимде бір программаны және фондық режимде көмекші тағы бір программаны іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режимде мәтіндік редакторды, ал фондық режимде басу программасын іске қосуға болады. Көп есепті операциялық жүйе бір мезгілде бірнеше программаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейтін болады. Мысалы, бір программа адаммен шахмат ойнайтын болса, ал тағы бірі басқа компьютерлермен бірге модем арқылы мәліметтерді тексереді. Бір есепті жүйелер қарапайым, шағын, ең аз қуатты компьютерлерде жұмыс істей алады, бірақ жұмыс істеу қолайлылығы жағынан көп есептіден ұтылады, сондықтан оларға жылдам жол беріп, ығыстырылып келеді. Бір қолданушылық операциялық жүйе компьютерде тек бір ғана адамға жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрине, дербес компьютерде кезекпен бірнеше адамға жұмыс істеуіне болады және де олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпараттармен байланыса алады. Көп қолданушылық жүйеде әрбір қолданушы барлық ақпараттармен және пароль енгізу арқылы тек өзіне қатысты жеке ақпараттармен байланыса алады.
32 Кейбір көп қолданушылық жүйелер, мысалы UNIX, бір мезгілде бірнеше қолданушыларға бір компьютерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әрбір қолданушының жұмыс орнында терминал орнатылуы қажет. Терминал қызметтік не арнайы бағытталған құрылғылар (пернетақтасы бар бейнемонитор), не дербес компьютерде жүктелген арнайы программа орындауы мүмкін. Өз терминалындағы бірнеше қолданушылар бір-бірін байқамай және кедергі келтірмей, бір мезгілде бір компьютермен ғана жұмыс істей береді. Терминал компьютерден бірнеше метрде немесе бірнеше мың километрде орналасуы мүмкін. Егер мекеме компьютерінде көп қолданушылық операциялық жүйе және бірнеше модемдер орнатылған болса, онда әрбір қызметкер компьютермен модем арқылы байланыса алады және өзінің дербес (жұмыс орындық немесе тасымалданатын) компьютерін терминал ретінде қолдана отырып, ол өзінің жұмыс орнында отырғандай жұмыс істей алады. Терминал негізгі компьютермен және дүниежџзілік компьютерлік желі арқылы Internet-пен байланыса алады. Жиырма жылдай бұрын адамның операциялық жүйемен қарым-қатынасы командалық режимде болған: Қолданушы жүйенің шақыруына жауап ретінде команданы теретін, жүйе оны орындайтын. Мұндай командалық режим көптеген командалардың пішімдерін білуді және ұзын командалық қатарды қатесіз енгізуді талап ететін. Соңғы жылдары графикалық көп терезелі интерфейс жиі қолданылады, мұнда қажетті әрекеттер және объектілердің сипаттамасы мәтін түрінде енгізілмейді, мәзірден, файлдар тізімінен немесе тышқан арқылы таңдалады. Бұл көп терезелі интерфейс бір мезгілде бірнеше программалармен жұмыс істегенде ерекше қолайлы: олардың әрқайсысымен адам жеке терезеде жұмыс істейді. Бұдан бірнеше жыл бұрын Microsoft компаниясының қарапайым бір есепті, бір қолданушылы командалық интерфейсі бар MS-DOS операциялық жүйесі ең танымал болған. Бұл жүйе дербес компьютерде ең қарапайым ресурстармен жұмыс істеуге қабілетті болатын. Бүгін дербес компьютерлер қуаты соншалықты күшті болғандықтан, оған көп терезелі графикалық интерфейсі бар қуатты, көп есепті операциялық жүйені орнату мүмкін және тиімді. Windows жайлы жалпы мағлұматтар DEC фирмасы компьютерлерiнiң операциялық жүйесi ретiнде UNIX қолданылды, олар ѕлкен және орташа ЭЕМ-дерде жұмыс iстеген болатын. UNIX oперациялық жүйесiнiң MS-DOS жүйесiнен негiзгi артықшылығы болып, оның бiр мезетте бiрнеше есептi қатар шығару мүмкіндiгi, яғни бiрнеше программаларды параллель орындау қасиетi есептелдi. 80-шi жылдардың ортасында MS (РС)-DОS-тың Мұндай кемшiлiгiнен арылу үшiн, Micrоsoft фирмасы IВМ тәрiздi компьютерлерге арналған бiрнеше есептi қатар шығара алатын операциялық жүйелер жасау жұмысын қолға алды,
33 солардың бiрi Windows жүйесi болатын. Алайда, осы уақытқа дейiн олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердiң есептеу мүмкіндiктерiнiң төмендiгiмен түсiндiруге болады. 80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар iске қосыла бастаған Windows графикалық ортасының жаңа версиясы Windows 3.1 бiртебiрте бұрынғы мәтiндiк программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериялы процессорлардың шығуына байланысты дербес компьютерлердiң көптеген жаңа тұрлерiне графикалық мүмкіндiгi мол Windows 3.1 немесе одан кейiнгi Windows 3.11 версиясы қондырылған MS-DOS операциялық жүйесi орнатыла бастады. Microsoft корпорациясының ОС жасау жолындағы келесi елеулi қадамы болып ондағы графиктiк интерфейстiң қондырылған программа күйiнде емес, сол жүйенiң ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйенi құру болып саналады. Осылайша Windows 95 және Windows NT операциялық жүйелерi пайда болды. Windows 95 жүйесiнiң, сондай-ақ Windows NT жүйесiнiң соңғы версияларының графиктiк интерфейсi стандарттары Windows 3.1 жүйесiнiң стандартынан өзгеше тұрге ендi, бiрақ негiзгi идеологиясы бұрынғыша сақталған болатын. Windows 3.1-ден Windows 95-ке јту әрине MS-ДОS-тан бiрден Windows 95-ке јтуге қарағанда бiршама жеңiл екенi түсiнiктi. қазiргi операциялық жүйелердiң адамға беретiн жеңiлдiктерi MS-DOS жүйесiнiң мүмкіндiктерiне қарағанда өте жоғары, ал графиктiк интерфейс солардың тек бiр қыры ғана. БҰдан былай Windows жүйесi деген сөздi Windows 3.1х (кез келген сан) және Windows 95 операциялық жүйелерi деп Ұққан жөн. Windows жүйесiнiң негiзгi функциялары Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердiң орындалуын қамтамасыз етуi тиiс: – компьютердiң барлық құрал-жабдықтарын (аппараттарын) басқару; – файлдық жүйемен жұмыс iстеудi қамтамасыз ету; – қолданбалы программаларды iске қосу. БҰған қоса Windows жүйесi: – бiр уақытта бiрнеше программалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; – әртүрлі программалар арасында мәлiметтер алмасу; – масштаб бойынша өзгерiле алатын қарiптер қолдану; – мультимедиа мүмкіндiктерiн қолдану; – жалпы ортақтастырылған анықтамалық жүйенi пайдалану iстерiн қамтамасыз ете алады. Windows жүйесiнiң негiзгi түсiнiктерi Терезе Терезе – Windows жүйесiндегi ең негiзгi ұғым болып саналады, Windows сөзiнiң нақты аудармасы ңтерезең екенi осыны бiлдiредi. Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәлiметтер јңделiп түзетiледi және
34 басқару әрекеттерi жүргiзiледi. Windows терезесi экранды толығымен, жартылай алуы немесе белгiлi бiр бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Экран бетiнде бiр мезетте бiрнеше терезе орналаса бередi. МҰнда кез келген программаның өзiне тән жұмыс iстеу терезесi болады. Егер терезенi жабатын болсақ, дәл сол уақыт та дейiн екпiндi күйде болып жұмыс iстеп тұрған программаның жұмысы да аяқталады. Болашақта Windows ортасының әр түрлi терезелерiн қарастырамыз, олардың жұмыс iстеуiнде айырмашылық болса да, бәрiнiң ортақ элементтерi, қасиеттерi бар. Ендi сол элементтермен танысайық. Терезе жақтаулары (шекаралар) - бұл терезенiң периметрi бойынша өтетiн тiк және көлденең сызықтар. Терезенiң жоғарғы жағында тақырып қатары орналасқан. Тақырып қатарының сол жағында Жұйелiк меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенiң көлемiн өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып қатарынан төменiрек меню қатары орын алған. Ал меню қатарынан төменгi төртбұрышты аудан – терезенiң жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әр түрлі информация бола бередi: орындалатын программа, өңделуге арналған мәлiметтер, басқа кiшiгiрiм терезелер және т. б. Кез келген терезенiң белгiлi бiр шектеулi көлемi болады, сондықтан информация көп болса, ол терезеге симай да қалады. Мұндай жағдайда терезенiң оң жақ шетiнде (төменгi шетiнде де) айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады. Бұл элементтiң пайда болуы осы мезетте терезе iшiне симайтын информацияның бейнеленiп тұрғанын көрсетедi. Экран бетiндегi программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады: - толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады; - қалыпты күйдегi терезе, яғни терезе экранның белгiлi бiр бөлігін алып тұрады; - шартбелгi (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кiшiрейтiлiп шартбелгiге айналып кеткен. Жұмыс столы Жұмыс столы - екiншi негiзгi түсiнiк болып саналады. Әдеттегi өзiмiздiң жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кiтаптар, мәлiметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар (қалам, қарындаш, өшiргiш, т.б.) орналасуы мүмкін. Олар, сiздiң қалауыңызша, столда әр түрлі күйде орналаса алады. Стол бетi әдемi дастарқанмен жабылуы мүмкін немесе ештеңе төселмей таза болуы да ықтимал. Сiздiң стол бетiндегi заттарды алма-кезек қолдануға, орнын ауыстыруыңызға болады. Дәл осы стол бейнесi экранда да жұзеге асырылып отыр. Windows ортасында жұмыс столының рөлiн дисплей экраны орындайды. Онда жұмыс iстейтiн программалардың терезелерi, құжаттардың жеке файлдары шартбелгiлер (немесе белгiлер) түрінде орналасқан Өзіміздің жұмыс столыңызды реттеп таза ұстауыңыз сияқты экранда да қоқырсып жатқан столда жұмыс iстеу тiптен ыңғайсыз. қажеттi құжаттарды,
35 құрал-жабдықтарды жоғалтып алмайтындай экранда артық зат ұстамай жұмыс iстеуге көңiл бјлейiк. Шартбелгiлер, жарлықтар, бумалар Шартбелгi (Icon) – бұл экран бетiндегi қысқаша жазуы бар кiшiрейтiлген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезенi, функцияны, файлды т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. әр шартбелгi белгiлi бiр терезеге сәйкес келедi және ол қажет болғанда ѕлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай шартбелгiлер кездеседi: – қосымша программалар шартбелгiсi; – белгiлi бiр топтар шартбелгiсi; – функциялар шартбелгiсi. Жарлық (shortcut) – бұл белгiлi бiр объектiмен тiкелей қатынас жасауды iске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желiдегi дискiнiң iшiндегiсiн көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды iске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады және т. б. Жарлықты пайдаланғанда негiзгi объектiлердiң өздерi (файлдар, каталогтар және т. б.) өз орындарында ешбiр өзгерiссiз тұрады. Ал сол объектiлермен қатынас жасау Shortcut файлында сақталған информацияның көмегiмен iске асырылады. Мысалы, егер жұмыс столында файлдың (каталогтың) өзi орналастырылған болса, онда олардың бiрiн өшiру командасын қолданған кезде ол дискiден жойылады. Ал егер де сiз жұмыс столынан Shortcut шартбелгiсiн орналастырып, оны артынан өшiрсеңiз, онда жарлық берiп тұрған командалық файл өшiрiледi де, бастапқы файлдар ешбiр өзгерiссiз қалады. Бума (folder) экранда бумаларды және программалық топтарды белгiлеу үшiн қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгiлi бiр объектiлердi орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Каталог – файлдарға арналған контейнер, программалық топ – жеке программаларға арналған контейнер, т.с.с. Мәлiмет алмастыру буферi Жұмыс iстеу кезiнде Windows жүйесi программалар мен құжаттар арасында мәлiмет алмастыру үшiн компьютер жедел жадтың арнаулы бөлігін алмасу буферi (Clipboard) ретiнде пайдаланады. Буфер (дәнекер жад) әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында мәлiметтердi тасымалдап, олардың фрагменттерiн бiр-бiрiне ауыстырып отыру үшiн қоланылады. Тасымалданатын мәлiмет ретiнде текст үзiндiлерi (фрагменттер), сурет, кесте және т. б. объектiлер алынуы мүмкін. Windows - ті iске қосу Windows операциялық жүйесi компьютер токқа қосылысымен жедел жадқа жүктеле бастайды. Оның толық жүктелу уақыты 1–2 минутқа созылады. Егер Мұндай уақыт өткенде де стандартты бейне экранда тұра берсе, онда жүйенiң
36 жұмыс iстеуiнде ақау болып қалғаны, Мұндайда мамандар көмегi қажет болады. Windows жүктелгеннен кейiн экранға жұмыс үстелi шығуы тиiс, Windows жарлықтары мен шартбелгiлерi және iске қосу қатары бар қалыптағы көрiнiс пайда болады. Windows жүйесiмен жұмысты аяқтау Windows жүйесiмен жұмыс iстеу барысында компьютердi өшiрмес бұрын мынадай әрекеттердi орындау қажет: – жұмыс iстеп тұрған программаларды жабу (аяқтау); – Windows-ден шығу. Тек осыдан кейiн компьютер өшiрiледi. Windows жүйесi компьютер құрылғыларын толық пайдаланып, оларды толық басқарып отырады. Windows жұмысты дұрыс аяқтаса, ол файлдар өз-өзiнен өшiрiледi. Егер жұмыс дұрыс аяқталмаса, ол файлдар дискiде сақталып қалып, бiраз орын алып тұрады. Сондықтан Windows жүйесiнде тұрып жұмысты аяқтау үшiн мынадай әрекеттер орындалуы тиiс: 1. Тышқан курсорын Жiберу (Пуск немесе Start) батырмасына алып барып, оны бiр рет сырт еткiзу керек те, меню командаларының iшiнен ңWindows-пен жұмысты аяқтауң (Завершение работы с Windows) командасын таңдау қажет. МҰнан кейiн ңWindows-пен жұмысты аяқтауң атты сұхбат терезесi экранға шығады. Бұл терезенi Alt+F4 пернелерi арқылы да шығаруға болады. Alt+F4 пернелерi кез келген терезенi (программаны) жабу iсiн атқарады. 2. Экрандағы сұхбат терезесiнде көрiнiп тұрған ауыстыру тобындағы «Компьютердi өшiру» («Выключить компьютер») қатарын таңдап алып, «Иә» («Да») басқару батырмасын басу керек. Ауыстыру тобындағы бiр әрекеттi таңдау үшiн – тышқан курсорын сол әрекетке сәйкес дјңгелекке не текстке алып барып, тышқанды бiр сырт еткiзсе болғаны. 3. Windows жұмысын аяқтап, терезенi жапқанша күте тұрып, соңынан компьютердi өшiру қажет. Егер iстеп тұрған бiр программаның жұмысын аяқтамай кетсеңiз, Windows жүйесi аяқталмаған программа бар екендiгiн айтып хабар бередi де, сол программаны жабуды ұсынады. Windows жүйесiнiң cтандартты программалары Windows жүйесiнiң стандартты программалары құрамына бiр топ программалар жиыны кiредi. Олар әр адамға қажеттi операциялық жүйе орындай алмайтын бiрсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi, мысалы: – мәтiндiк құжаттар құру; – графиктiк бейне-көрiнiстер құру және оларды редакциялау (өңдеу, түзету);
37 – жұмыс уақытын жоспарлауды ұйымдастыру; – математикалық есептеулердi орындау және т. б. Әдетте, бұл қосымша программалар «Реквизиттер» тобында орналасқан.
38 WordPad мәтiндiк редакторы WordPad редакторы күрделі де қиын мәтiндiк құжаттарды құруға мүмкіндiк бередi. Алайда кейiнгi шығып жатқан мамандандырылған текстiк редакторларға қарағанда оның мүмкіндiгi төмендеу. қазiргi кезде кеңiнен қолданылып, ең қуатты, мүмкіншілiгi мол деп танылып жүрген мәтiндiк редакторлардың жаңа тұрлерiмен сiздер кейiнiрек таныс боласыздар. Сондықтан WordPad редакторын қысқаша түрде оның тек негiзгi жұмыс мүмкіндiгiмен таныстырамыз. Windows жүйесiнде – Iске қосу-Программалар-Стандартты- WordPad командасын орындау қажет. WordPad редакторы мәтiндiк құжаттарды пернелерде терiп дискiлерде сақтауға, оларды өңдеуге – iшкi көрiнiсi мен қарптiмәтiндiк өзгертуге, құжат iшiнде символдарды iздеу мен ауыстыру әдiстерiн iске асыруға, графиктiк суреттердi қосуға, оның беттерiнiң параметрлерiн өзгертуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндiк бередi. Осы атап өткен мүмкіндiктердiң iшiнен бiз, келешекте қажет болатын, мәтiндi қағазға басып шығару жолын кеңiнен қарастырып өтемiз. Windows жүйесiнiң бiр ерекшелiгi – ондағы кез келген қосымша программадағы текстi қағазға басу бiр тәртiппен жүргiзiлетiнi. Программа терезесiнде орналасқан құжатты баспаға шығармастан бұрын, принтер түрін және оның параметрлерiн енгiзу қажет болады. Бұл жағдайда «Файл-Принтер таңдау» (Файл-Выбор принтера) және «Файл-Баспаға шығару» (Файл-Печать) деген командаларды меню жүйесiнен таңдау қажет болады. Бұл командалардың сұхбаттасу терезесiнде құжатты басып шығару үшiн қолданылатын принтердiң аты мен маркасы көрсетiледi. Пайда болған тiзiмнен өзiмiзге қажеттi принтерiмiздi таңдауымызға болады және де принтерден басып шығарылатын қағаздың мөлшерін де алдынала белгiлеп анықтаған жөн (әдетте, бұл А4 форматындағы 210х299 мм көлемiндегi қағаз). Егер де сiз Параметрлер батырмасын басатын болсаңыз, онда экранға шығатын сұхбаттасу терезесiнде принтерден сапалы басылым шығарудың параметрлерiн қолдануыңызға болады. Принтер түрін және баспаға шығарудың параметрлерiн анықтап болған соң, меню жүйесiнен «Файл-Баспа» (Файл-Печать) командасын таңдау қажет. Сұхбаттасу терезесiнде басып шығару аумағы (құжатты толығымен, құжаттың белгiленген бiр бөлігін немесе белгiлi бiр беттерiн басып шығаруға болады) мен оның көшiрмесiнiң саны анықталады. Бұдан кейiн ОК пернесiн бассақ, онда параметрлерi анықталған принтерге экран бетiнде алдын-ала дайындалған ақпарат қағазға басылып шығады. Блокнот Блокнот – кiшiгiрiм мәтiндiк файлдармен жұмыс iстеуге арналған редактор. Оның мүмкіндiгi көптеген қарапайым мәтiндiк редакторлар мүмкіндiктерiне қарағанда төмендеу, бiрақ жылдам iстейдi. Оның бiр талассыз жақсы жағы бар – ол қарапайым әрi жинақы жұмыс iстеуге мүмкіндiк бередi, жедел жадта тiптен ешқандай орын алмайды десе де болады және басқа программалардың қатарласа жұмыс iстеуiне ешбiр кедергiсiн тигiзбейдi. Бұл программаны iске қосу үшiн «Реквизиттер» тобында орналасқан Блокнот атты шартбелгiнi таңдау
39 қажет. Блокнот мәтiндi форматтамай (қарыпты өзгертпей, безендiрмей) тек қана оның сөздерiнен тұратын файлдарды құрады, дискiде сақтайды. Көптеген жағдайларда, мысалы, командалық файлдарды дайындау, редакциялау немесе модем арқылы басқаларға жiберiлетiн мәтiндi дайындау кездерiнде бұл шынында да жылдам iстейтiн, таптырмайтын қосымша программа екенiне көзiңiз жетедi. Блокнот тек бiр ғана қарiп түрін (жүйелiк қарiп) ғана пайдаланады. Мұнда мәтiн фрагменттерiмен жұмыс iстеу iсi, керектi символдарды iздестiру, мәтiндi файлдарға жазу мен оқу, баспаға шығару жұмыстары жақсы жолға қойылған. Калькулятор Калькулятор программасы – бүгінгі күндерi тiптi төменгi класс оқушылары да көптеп қолданатын компьютерлiк калькулятор болып табылады. Программаны iске қосу үшiн «Реквизиттер» тобында «Калькулятор» шартбелгiсiн таңдау қажет. Программа екi режимде жұмыс iстейдi: – кәдімгі (жады бар қарапайым арифметикалық калькулятор) режим; – инженерлік (қиын да күрделі есептеулер жүргiзуге арналған қуатты калькулятор) калькулятор режимi. Есептеуге қажет сандар тышқанмен немесе пернелер көмегiмен енгiзiледi. Енгiзiлген сандар мен де есептеулер нәтижесi индикатор бетiне шығарылады. Калькуляторда төрт арифметикалық амалдан, проценттi есептеп шығарудан, квадрат түбiрден және керi шаманы табудан басқа стандартты режимде есте сақтай отырып келесi әрекеттердi орындауға болады: ЗП – индикатордағы санды жадқа жазады; П+ – жадтағы санға индикатордағы санды қосады; ИП – жадта сақталған санды индикаторға шығарады. ПО – жадты тазалайды. Индикаторға енгiзiлген соңғы санды өшiруге арналған Кейiн (Назад) батырмасының бар екенi есте болсын. Paint графикалық редактор Графиктiк редактор – графиктiк бейне түріндегі суреттер салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. қазiр кезде нүктелiк (немесе растрлық) және векторлық. деп аталатын графиктiк редакторлардың екi түрі белгiлi. Нүктелiк графиктiк редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кiшкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердiң әрқайсысы түрлі түске бояла алады. Paint– Windows жүйесiнiң стандартты программалар тобына кiретiн қарапайым нүктелiк графиктiк редактор. Paint өзiнiң мүмкіндiктерi жағынан профессионалды графиктiк редакторлардан бiршама төмендеу болып саналады. Сөйтсе де, ол едәуiр күрделі әрi тартымды, түрлі-түстi және ақ-қара суреттер, схемалар, сызбалар (чертеждер) салуға мүмкіндiк бередi. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым құрал-жабдықтар (құрал-саймандар не инструменттер) бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графиктiк форматында сақталады.
40 Редакторды iске қосу үшiн Реквизиттер тобында орналасқан Paint шартбелгiсiн таңдаймыз. Ал, Windows жүйесiнде Iске қосу - Программалар - Стандартты - Paint командалар тiзбегiн орындасақ, экранда программаның терезесi пайда болады. Оның құрамында бiзге осыған дейiнгi таныс элементтермен (жұмыс аумағы, меню тақырып қатарлары) бiрге бiрсыпыра жаңа элементтер де бар. Терезенiң сол жақ шеткi қабырғасына жақын тiзбектеле саймандар немесе инструменттер панелi орналасқан. Кез келген сайманды таңдау үшiн соның бейнесiне тышқан курсорын жеткiзiп, оны сырт еткiзсе жеткiлiктi. Осыдан кейiн таңдап алынған сайманның бейнесi (шартбелгiсi) айқын түске боялып тұрады. Терезенiң төменгi жақтауы бойымен түстер палитрасы орналасқан. Paint-та бiр уақытта екi түспен сурет салуға болады: қалам түсiмен (Мұнан былай оны қысқаша негiзгi түс деп атаймыз) және фон түсiмен (Мұнан былай оны фондық деп атаймыз). Палитраның сол жақ шетiнде бiрi екiншiсiнiң iшiне орналасқан кiшкене екi тiктөртбұрыш тұр, осылардың. үстiңгiсi – негiзгi түстi және астыңғысы – фондық түстердi көрсетiп тұрады. Кез келген сәтте түстердi өзгерту мүмкіндiгi бар. Ол үшiн курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын сырт еткiзе отырып негiзгi түстi, ал оң жақ батырмасын басу арқылы – фондық түстi өзгертуге болады. Саймандар панелiнiң төменгi жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын таңдап алған соң, соның көмегiмен түзу сызықты, доғаларды, тiктөртбұрыштар мен эллипс контурларын салуға болады. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға да әсер етедi: – аэрозоль балонының сыясының енi; – өшiргiш (ластик) енi; – бояуыш (кисть) енi. ЖҰмыс аумағы – салынатын графиктiк бейне орналаса алатын экранның тiктөртбұрышты ауданы (бөлігі). Егер жұмыс аумағынан да ѕлкен көлемдi сурет салынса, онда терезе шеттерiнде жылжу сызғыштары пайда болады. Олар экран бетiнде жылжи отырып, бейненiң кез келген бөлігін көруге мүмкіндiк бередi. Ал егер жұмыс аумағынан кiшi сурет салынса, онда ол терезенiң жоғарғы сол жақ бұрышында қара жақтаулармен қоршалып көрсетiлетiн болады. Бума - объектілер бірлестігі. WINDOWS объектілерін негізгі және арнайы деп шартты түрде бөлуге болады. Windows 98-дің негізгі объектілеріне қапшықтар, бағдармалар, құжаттар мен таңдашалар жатады.Арнайы объектілеріне: Бас меню, басқару тақтасы, Менің комьютерім (Мой компьютер)және Себет (Корзина) жатады. Қапшықтар компьютерде белгілі тәртіппен орналасады, оны иерархия деп атайды. Қапшықтар иерархиясын Бағыттауыш қолданбасының терезесінің сол жағында немесе келтірілген схемадан көруге болады. WINDOWS қапшықтарының иерархиясының шыңы Жұмыс орны қапшығы болып табылады. Бұл қапшық қалған барлық қапшықтардың аналық қапшығы болып табылады.
41 Оның бірқатар ерекше қасиеттері бар. Жұмыс орны барлық терезелердің астыңда болады, ол барлық терезелер жималанған кезде ғана толық көрінеді. Жұмыс орны қапшығына Мой компьютер және Себет (Корзина) қапшықтары салынған. Олар: бар дискілердің белгішелері А:, С:, D: және екі жүйелік қапшықтар: Басқару тақтасы мен Принтерлер. Дискілердің ішіндебасқа қапшықтар, файлдар мен таңбашалар болуы мүмкін. Ол қапшықтардың шінде басқа да қапшықтар, файлдар мен таңбашалар болады. Бұл принцип әр қапшық үшін қайталанады, ал соңғы қапшықта тек файлдар мен таңбашалар ғана бола алады. Файл дегеніміз не? Файл - аты бар бірқатар байттар тізбегі Файл не бағдарлама, не құжат болуы мүмкін. Widows-та бағдарламалардың басқа атауы – қолданба да қолданылады. Құжат бағдарламаға бағынышты, себебі ол не бағдарламаны өңдейтін обьекті, не бағдарламаның өңдеу нәтижесі ретінде пайдаланылады. Әр файлдың аты болады.Оның аты: оң және сол бөліктерден тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды . Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-ден 255 символға дейін болады, оның пайдалануы үшін құжаттың қызметін анықтайтын мазмұндық жүктемесі бар. Файл атында \?: « <>/ символдарын пайдалануға болмайды.Файлдың типі бойынша компьютер оның бағдарлама немесе құжат екндігін анықтайды.Егер файлдың типінде .exe немесе.com белгілеулері тұрса, онда бұл бағдарлама болғаны. Ал қалған белгілеулері барлардың бәрін компьютер құжат деп анықтайды. Файл типтерінің кейбір негізгі “құжат ретіде” белгіленулеріңің тізімі төменде келтірілген : .bmp paint графикалық қолданбасының суреті .doc Word және WordPad мәтіндік редакторларының құжаттары. .txt Блокнот қолданбасының құжаты .wav Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы .avi Бейне - клип .xls Excel кестелік процессорының құжаты .ppt Power Point қолданбасының тұсаукесері Компьюетерде құжаттың типі бойынша құжат қай қолданбасында өңделгенін анықтайды. Мысалы екі рет шерткеннен кейін, компьютер құжаттың типін анықтай отырып, ол құжатты жасалған қолданбада ашады. Қапшықтар жүйелік және жұмыс қапшықтары болып екіге бөлінеді. Windows’ 98 - дің объектілері жүйелік қапшықтарда сақталады. Жүйелік қапшықтарға қандайда бір өзгерістер енгізілсе, жүйе жұмысының дұрыс істелмеуі немесе жұмыс барысында тұрып қалуы мүмкін. Жүйелік қапшықтарға: Windows, Program Files қапшықтары және бағдарламалар арқылы құрылған қапшықтар жатады. Жұмыс қапшықтарына өздерің құрған немесе сендер үшін Windows’ 98 құрған қапшықтар жатады. Мысалы, менің құжаттарым (Мои документы) қапшығы.
42 Windows’ 98 – де қапшықтардың ішіне қапшықтарды шексіз кірістіре беруге болады. 1. Негізгі әдебиеттер тізімі 1. М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева "Информатика" Астана, 2004 2. Зертханалық жұмыстар. І Арқалық 2008 4. К.Ахметов. Windows 98 для всех. М., 1998 5. Балафанов Е.К., Бурибаев Б.Б., Даулеткулов А. 30 уроков по информатике. – Алматы: Джагамбек, 1999-442с 2. 2. Қосымша әдебиеттер тізімі 1. К Информатика. Базовый курс. Учебник/ Под ред. Н.В.Макаровой, Спб, Питер, 2001, 768с 2.Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ 3.Под ред. Н.В.Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002-256с. 8 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: MS DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ. Жоспары: 1. MS DOS операциялық жүйесі. 2. MS DOS операциялық жүйесі сипаттамасы мен мүмкіндіктері. 3. MS DOS командалары. 4. MS DOS –та жұмыс істеу технологиясы. Операциялық жүйе ДЭЕМ-дегi кез келген программалық жабдықтардың ажырамас екiншi бiр бөлігі болып саналады. Әрбiр адамға ЭЕМ-нiң барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілiгiн беретiн, сол себептi басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс iстегiсi келетiн әрбiр адамға өте қажет операциялық жүйенiң немесе системаның (ОС) алатын орны ерекше болып есептеледi.ОС-тың екi негiзгi қызметiн атап айту қажет, олар: 1) барлық қолданбалы және жүйелiк программалардың жұмысын, оларды бiрбiрiмен және аппараттық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету; 2) әрбiр адамға ЭЕМ-дi жалпы басқару мүмкіншілiгiн беру. ОС-тың негiзгi жұмысына программалардың бiр-бiрiмен және сыртқы құрылғылармен байланыса отырып әрекет етуiн қамтамасыз ету, оған керектi ЭЕМ-нiң жадын бөлу, программаларды және жұмыс нәтижесiн қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәлiметтердi сыртқы ортадан алу және беру сияқты функциялар жатады. ОС-тың негiзгi ядросы машина iске қосылған сәттен бастап ЭЕМ-нiң жадында болады. Машинаны басқару ОС-тың командалық тiлi арқылы жүргiзiледi, ол дискiнi басқару, мәлiметтердi көшiру, кез келген программаны iске қосу, керектi жұмыс режимiн орнату сияқты әртүрлі әрекеттерден тұрады. Сонымен, ОС – адам мен ЭЕМ аппараттарының арасындағы байланысты Ұйымдастыратын программа немесе бiрiктiрiлген программалар тобы. Оның
43 құрамына өз командалары және драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер – жұмысты жеңiлдететiн программалар және тағы басқалар кiредi. ОС дербес компьютердiң аппаратурасының жалғасы сияқты, ол атқаратын iстердi мынадай үш топқа жiктеуге де болады: 1) мәлiметтердi енгiзу-шығарудың барлық тұрлерiн Ұйымдастыру; 2) ЭЕМ-дi сыртқы ортамен байланыстыру; 3) мәлiметтердi сақтау мен өңдеу жұмыстарын атқару. Компьютерлердiң әртүрлі моделдерiнде қолданылатын ОС-тердiң мүмкіндiктерi де әрқалай бола бередi. Ең көп тараған ОС тұрлерiне MS-DOS (PS-DOS), CDOS, MSX, UNIX және де соңғы кезде кеңiнен қолданыла бастаған көп терезелi операциялық жүйелер – Windows программалары жатады. Бiз қарастырғалы отырған MS-DOS жүйесi 1981 жылы IBM PC компьютерлерiмен бiрге шығып, ол әрбiр компьютерге орналастырылған болатын. қазiргi кездерде стандартты операциялық жүйе ретiнде Windows есептеледi, бiрақ MS DOS жүйесiнiң негiзгi түсiнiктерi операциялық жүйелердiң бәрiнде де толық пайдаланылады. Негiзгi ұғымдар мен белгiлеулер Дербес компьютерлерде программалар мен мәлiметтердi сақтаушы рөлiн магниттiк дискiдегi жинақтауыштар (МДЖ) атқарады, сондықтан ЭЕМ жұмысының пәрмендiлiгi оларды дұрыс қолдана бiлуге байланысты. Дискiлер латын афавитiнiң алғашқы бас әрiптерiмен А: , В: , С: , D: және т. с. с. болып белгiленедi. Компьютерлердiң көбiсiнде иiлгiш магниттiк дискiдегi екi мәлiмет жинақтауыштар болады, олар А: және В: болып, ал қатты дискiдегi жинақтауыштар бiр немесе бiрнеше бола бередi де С:, D:, Е: және т. с. с. түрiнде белгiленедi. ДЭЕМ iске қосылғанда ОС көбiнесе С: қатты дискiсiнен немесе А: иiлгiш дискiсiнен оқылып жедел жадқа жүктеледi де, экранға ОС-тiң қызмет атқаруға дайындығын бiлдiретiн төмендегiдей стандартты түрдегi жұмысқа шақыру белгiсi шығады. A:\> – бұл А: дискiсiнiң жұмыс iстеуге дайындығын көрсететiн шақыру белгiсi, егер компьютер iске қосылғанда А: дискiжетек Ұясына дискет салынбаса, онда ЭЕМ автоматты түрде В: немесе С:дискiлерiнен ОС-тi оқуға тырысады; C:\> – С: дискiсiнiң жұмыс iстеп тұрғанын көрсететiн шақыру белгiсi. ОС ЭЕМ жедел жадына дұрыс жүктелген соң, экранға A:\> немесе C:\> тәрiздi команда енгiзу жолдары шығады.Сонымен, ОС магниттiк дискiде (қатты) немесе дискетте (иiлгiш) сақталады. Дискiлердiң негiзгi бөлігі мәлiметтердi немесе программаларды сақтауға арналған. Оның шамалы бөлігінде ғана ОС пен әрбiр адамның программаларының мазмұны (каталог не директорий) сақталады.
44 Файлдық жүйе Мәтiндер мен программаларды бар тұрақты сақтауға арналған мәлiметтер жиыны файл деп аталады да дискiде сақталады. Файл (file – бума, десте) белгiлi бiр атпен магниттiк дискiде жазылған бiртектес информациялар жиыны. ОС жұмысы үшiн керектi мәлiметтер рөлiн әртүрлі типтегi файлдар атқарады. Файл программадан, не оларға қажеттi берiлген сандар тобынан, мәтiннен тұруы мүмкін. Әрбiр файлдың файлдар каталогында тiркелген өзiндiк аты болуы керек. Дискiде аттары әртүрлі көптеген файлдар болады. Файлдың толық атауы екi бүліктен құралады: аты және типi. Файлдың аты – 8 таңбаға дейiнгi әрiптен басталатын сандар мен әрiптер жиыны, ал оның 3 таңбадан аспайтын екiншi бөлігі оның типi не атының кеңейтiлуi (тiркеуi) деп те айтылады. Бiр каталогта аттары бiрдей файлдар болмауы тиiс. Файлдың типi кейде болмауы да мүмкін. Файлдың аты мен типi нүктемен бүлінедi. Файлдың толық аты латынның бас не кiшi әрiптерiмен берiледi (цифрлар да кiредi). Мысалы: COMMAND.COM NORTON.EXE TANIA5.DOC START GAME.BAS AIGUL.TXT MARAT.DOC TEXT1 Файлды дискiге жазғанда не өзгерткенде, оның көлемi, жазылған уақыты, мерзiмi де тiркеледi. Файлдың аты, типi, символмен берiлген (байт) көлемi, операциялық жүйенiң календары мен сағатынан алынып жазылған күнi, айы, сағаты файлдың атрибуттары (көрсеткiштерi) деп аталады. Олар файл жазылғанда, өзгертiлгенде немесе көшiрiлгенде тiркелiп отырады. Файлдарды топтап белгiлеу Кейбiр командалары орындау барысында файлдардың атын толық көрсетпеуге болады,бул жағдайда ОС файлдар тобын iздейдi. Кейде файлдардың бiреуiн ғана емес, қатар орналасқан бiрнешеуiн топтауға тура келедi. МҰны файлдың атына шаблондарды немесе нұсқаларды, яғни * және ? белгiлерiн қою арқылы iстеуге болады. * – файлдың атындағы осы таңбадан бастап кез келген сөз тiркестерiн орналастыруға болатынын бiлдiредi; ? – файлдың атындағы болуы мүмкін кез келген таңбаны немесе оның болмауын да көрсетедi. Мысалы: – KOL*.* - аты KOL әрiптерiнен басталатын барлық файлдар тобын көрсетедi (kolia.txt, kolem.doc, koli5.bas ...); – *.EXE – типi не заты EXE болып келген бар файлдар тобы (alma.exe, talon.exe, kolia.exe, a141.exe, beta.exe ...); – *.* – жұмыс iстеп отырған ағымдағы (үстiмiздегi) каталогтағы барлық файлдарды топтап белгiлейдi; – * – типi көрсетiлмеген файлдар тобын көрсетедi (yakitsha, alia, ...);
45 – ???.BAS – типi BAS болып келген аты бiр, екi және үш таңбадан тұратын файлдар тобы (ali.bas, a.bas, t1.bas, tor.bas, olia.bas ...); – A?.* – аты А таңбасынан тұратын және А әрпiнен басталып екi таңбадан тұратын заты кез келген сөз болатын файлдар тобы (a.txt, a.com, as.doc, a2.bas, ad.pas ...). Файлдар каталогы Дискiде сақталатын файлдар өте көп болып, олар бiрнеше мыңдаған сандарға жетуi мүмкін. МҰндай мәлiметпен жұмыс iстейтiн адам қандай информация қай жерде орналасқанын және ол файлдар аттарын есте сақтауы тиiс.Файлдарды дискiлерде сақтауды оңайлатып, белгiлi бiр жүйеге келтiру мақсатында оларды каталогтарға (директорийларға) бiрiктiрiп қояды. Каталог немесе директорий – белгiлi бiр ортақ қасиеттерiне қарай магниттiк дискiде бiрбiрiмен қатар орналастырылған бiр топ файлдар тiзiмiне қойылған атау. Бұл тiзiмдi ЭЕМ-нiң сыртқы жадының бiр бөлігі не тарауы деп қарауға болады. Windows жүйесiнде каталогтар атқаратын қызметiн толығырақ ашатын бума (папка) терминi қолданылып жүр. Әрбiр каталогтың өзiндiк белгiлi бiр аты болады. Бiрнеше каталогтардың аты басқа тiзiмге тiркелуi де мүмкін, онда ол басқа каталогқа бағынышты каталог болады. Осы тәрiздi тармақталған бұтақ тәрiздес файлдар жүйесi құрыла бередi (5.1-сурет). Каталог файл тәрiздi өз иесi қойған атпен аталады. Әр адам каталогтарды қалай деп атап, қалай құратынын өзi шешедi. Мысалы, ол бiр каталогқа текстiк файлдарды, екiншi бiр каталогқа кесте түріндегі файлдарды, ал үшiншiсiне – өз программаларын енгiзуi мүмкін. Дискiлердi форматтағанда онда автоматты түрде әртүрлі мәлiмет жазыла алатын басты немесе түпкi каталог құрылады. Бiр каталогқа аттары бiрдей екi файл орналастыруға болмайды, оның соңғысы жазыларда алдыңғысы бiрден өшiрiлiп кетедi, бiрақ аттас файлдар әртүрлі каталогтарда орналаса бередi.Бiр каталог екiншi бiр каталогтың iшiнде орналаса бередi, Мұндайда ол бағынышты атанып, сатылы түрде бұл каталогқа да басқа бiркаталог бағынышты болып орналасуы мүмкін. Осындай түрде бiрбiрiнiң iшiнде орналасқан каталогтар бұтақ тәрiздi көп сатылы (иерархиялы) файлдар жүйесiн құрады. Дискiде мiндеттi түрде түпкi немесе 1-деңгейдегi каталог болуы тиiс. Оған файлдар жазылып, олармен бiрге 2-деңгей каталогы бола бередi, ал оның iшiне 3-деңгей каталогы, т.с.с. бола беруi мүмкін. Әртүрлi деңгейдегi атаулар бiр-бiрiнен \ таңбасымен бүлінiп отырады, мысалы: С:\DEMO> – 1-деңгейдегi DEMO каталогы жұмыс iстеп тұр; С:\DEMO\SYS> – 2-деңгейдегi SYS каталогы жұмыс iстеп тұр;әрбiр мезетте бiр каталог жұмыс атқаратын болып, ол екпiндi күйде болуы тиiс. ЭЕМ iске қосылғанда Мұндай каталог рөлiн түпкi каталог атқарады немесе ЭЕМ өшiрiлердегi екпiндi болған каталог атқарады, әр адам өз қалауынша команда көмегiмен басқа каталогты екпiндi ете алады.
46 Файлдар маршруты Файлдар бұтақ тәрiздi күрделі түрде құрылса, онда оның тек өз атын ғана емес, сонымен қатар тұрағын, басты каталогын, оның деңгейлерiн көрсету қажет. МҰндай файлдың нақты тұрағын (адресiн) көрсететiн тiзбектелген файлдар атауы – маршрут не жол деп те аталады. Сонымен, файл толық түрде былай көрсетiледi: 1) дискiнiң аты көрсетiледi, ол бiрақ кейде көрсетiлмей де кетедi; 2) тiзбектелген бiрiнiң iшiне бiрi кiретiн каталог аттарынан тұратын маршрут көрсетiледi (ол да кейде көрсетiлмей кетедi); 3) файлдың өз аты тiзiмдi аяқтауы тиiс (файл тiзiмдегi ең соңғы каталогта орналасады). Әр мезетте бiр диск екпiндi күйде болып, оның аты мен жұмыс iстеп тұрған каталог аты ОС-тың жұмысқа шақыру қатарында көрсетiлiп тұрады. Мысалы:А:\> немесе С:\> C:\DEMO\VICTOR> немесе С:\SYS\BLAD\LORA> Сонымен файлдың маршрутын немесе адресiн толық көрсету үшiн дискiнiң атын, тiзбектеле орналасқан каталог аттарын, ең соңында файлдың атын және түрін толық көрсету қажет. Жалпы ереже бойынша файлдың толық аты төмендегiдей болады. [дискiнiң аты:\] [маршрут\] файлдың аты[.түрі] Тiк (квадрат) жақшаның iшiндегi сөздер көрсетiлмеуi де мүмкін. ЭЕМ iске қосылып ОС жұмысқа кiрiскен соң экранға жұмысқа шақыру (немесе дайындық) белгiсi шығарылып отырады. Ол жұмыс iстеп отырған екпiндi диск аты мен ағымдағы каталог аты тiзбегiнен тұрады, мысалы, C:\DOS\> – С: дискiсiнiң DOS каталогы жұмыс iстеп тұр; C:\> – С: дискiсiнiң түпкi, ең жоғарғы деңгейдегi каталогы iске қосылып, жұмыс iстеуге дайын тұр; D:\BAS\STUDENT\> – D: дискiсiнiң BAS каталогындағы бағынышты STUDENT каталогы екпiндi күйде жұмысқа дайын тұр; A:\> – А: дискiсiнiң түпкi каталогы жұмысқа дайын т. с. с. Әрбiр iс-әрекет орындалған сайын экранға ЭЕМ-нiң келесi команданы орындауға дайын екендiгiн көрсететiн осындай шақыру тiзбегi автоматты түрде экранға шығып отырады. Маршрутта екпiндi диск аты көрсетiлмесе де болады. Егер маршрут С: таңбаларынан басталса, файл орны осы дискiнiң түпкi каталогынан есептеледi, диск көрсетiлмесе, файл орны үстiмiздегi (екпiндi не ағымдағы) каталогтан бастап есептеледi. Мысалдар: C:\> prog1.bas – ағымдағы каталогтағы файл iске қосылады; С:\> \EXE\format.com – ағымдағы дискiнiң 1-деңгейiндегi EXE каталогындағы format.com файлы жұмысқа кiрiседi; A:\PR> \VICA\help.txt – үстiмiздегi А: дискiнiң PR каталогына кiретiн VICA каталогындағы help.txt файлы iске қосылады Пайдалануға болмайтын файл аттары
47 Кейбiр үш әрiп тiркестерiнен тұратын аттар стандартты құрылғылардың аттары болып келедi. Оларды файлдардың аттары немесе заттары (типтерi) ретiнде пайдалануға болмайды. Мысалы, PRN (LPT1) – негiзгi баспаға беру құрылғысы, 1-шi принтер; LPT2 – қосымша 2-шi принтер; CON – консоль, яғни берiлген мәндердi енгiзетiн болсақ, пернелiк, экранға шығаратын болсақ - дисплей; AUX (COM1) – негiзгi (1-шi) коммуникалық канал; NUL – программаны қалыптастыру, жетiлдiру және орындау мақсатында қолданылатын жалған (бос) құрылғы. DOS операциялық жүйесiнiң сыртқы (кiрме) командалары 1. FORMAT – дискiнi форматтау (белгiлеу) командасы. Кез келген жаңа диск қолданардың алдында форматталынуы тиiс, яғни ОС талаптарына сай арнаулы құрылым бойынша оның бетi белгiленуi (жолдарға, секторларға бүлінуi) қажет. Егер дискiнiң бетiнде дефектi (ақау) секторлар бар болса, онда FORMAT командасы ондай жолдарды пайдаланылмайтын етiп, дискiнiң iске жарамды бөлігін азайтады. Әдетте қатты дискi форматталмайды, Өйткенi ол заводта жасалған кезде форматталады да, сол күйi оның кейiнгi жұмыс iстеуiн толық қамтамасыз ете алады. Дискеттi форматтау мысалдары: C:> format__a: – А: дискiқозғағышына (Ұясына) салынған дискеттi форматтау. Бұл командадан кейiн экранға DOS версиясына байланысты ағылшын не орыс тiлiнде мынадай хабар шығады:Insert new diskette for drive A, and strike ENTER when ready А дискiқозғағышына жаңа дискет салыңыз да, ENTER пернесiн басыңыз.Осы операцияларды орындағаннан кейiн дискiнi форматтау басталады. Егер форматтау процесi дефектi секторларсыз дұрыс аяқталса, экранға келесi мәтiн шығады: Format complete 362496 bytes total disk space 362496 bytes available on disk Format another (Y/N)? Форматтау аяқталды Дискiде барлығы 362496 байт бар Оның жұмысқа жарамдысы 362496 байт Тағы да диск форматтайсыз ба (Y/N)? Егер тағы дискет форматтау керек болса, Y (не y) – әрпiн, қажет болмаған жағдайда N (не n) әрпiн енгiзу керек. Дискеттi келесi жолы пайдаланарда форматтаудың қажетi жоқ, форматтау кезiнде ондағы барлық мәлiмет жойылатынын есте Үстаған жөн. FORMAT командасында мәлiмет жинақтауыштың атынан кейiн ң/ң таңбасын қойып, төмендегi параметрлердi көрсетуге болады: /1 – дискiнiң бiр жағын форматтау; /4 – сиымдылығы ѕлкен дискiқозғағышта (1,2 Мб) 360 кбайт көлемге арнап дискiнi форматтау; /8 – дискi структурасын сегiз секторлы түрде Ұйымдастыру, яғни әрбiр жолға сегiз сектордан жазу мүмкіндiгiн орнату; /V – дискiге белгiлi бiр ат беру;
48 /S – операциялық жүйенiң арнаулы файлдарын дискiге көшiре отырып форматтау. Мысалы, мынадай команда: C:\> format__a:/s – жүйелiк (системалық) дискет дайындайды, яғни DOS операциялық жүйесi жазылған компьютердi iске қосу iсiн атқара алатын дискет жасайды. C:\> format__a:/v/4 – А: Ұясында форматталатын дискетке белгiлi бiр ат қою, ол ат ешқандай жұмыс атқармайды, тек қағазға жазылған белгi тәрiздi бiр дискеттi екiншiсiнен ажырату үшiн қолданылады. Оның үстiне 1,2 Мбайт көлемге форматтай алатын дискiқозғағышты 360 кбайт көлемдi дискет дайындауға пайдаланып отырмыз, дискет сапасыз болған жағдайда осылай iстеледi. Ескерту: қатты дискiнi форматтап жүрмеңiз, онда винчестерге жазылып жинақталған барлық мәлiметтердi өшiрiп аласыз. 2. DISKCOPY – дискiнiң толық көшiрмесiн алу командасы. Команда параметрi ретiнде 1-шi көрсетiлген жинақтауыштағы (1-шi аргумент) мәлiметi бар дискiнiң iшiндегi информациялар дәл сол күйiнде 2-шi жинақтауыштағы (2- шi аргумент) таза дискiге жолма-жол көшiрiледi. Бұл команда дискiдегi барлық файлдарды көшiргенде ыңғайлы.A:\>diskcopy_b:_a: – b: дискiсiнiң мәлiметiн толық күйде а: дискiсiне көшiру. Егер командада екiншi дискi атауы көрсетiлмеген болса, онда ол ағымдағы жұмыс iстеп тұрған диск деген Ұғымды бередi. Дискiлердiң аттары бiрдей болса, онда команда екiншi дискеттi (көшiрмесiн алатын) ауыстыруға мүмкіндiк берiп тосады; егер көшiрме дискет форматталмаған болса, бұл процесс көшiру барысында орындалады. 3. MODE командасы мәлiмет шығару құрылғыларының (принтердiң) жұмыс параметрлерiн өзгерту iсiн атқарады, мысалы, C:\> mode LPT1:132,8 – қағазға түсетiн текст жолдарының ара қашықтығын кiшiрейтедi және бiр жолға 132 таңба сиятын жағдайға көшiредi; C:\> mode LPT1:80,6 – қағазға түсетiн текст жолдардың ара қашықтығын ѕлкейтедi және бiр жолға 80 таңба сиятын жағдайға көшiредi. 4. TREE командасы көрсетiлген дискiнiң бұтақ тәрiздес каталогтар құрылымын экранға шығарады. Ал /F параметрi каталогтармен қоса олардың құрамындағы файлдарын да көрсетедi. C:\> tree – С дискiнiң бұтақ тәрiздес каталогтар құрылымын экранда қарау; C:\> tree a: –А дискiсiнiң бұтақ тәрiздес каталогтар құрылымын экранда қарау; C:\> tree/f – С дискiнiң бұтақ тәрiздес каталогтар құрылымын олардың iшiндегi файлдар тiзiмiмен қоса қарау. 5. ATTRIB командасы – файлды кездейсоқ өшiруден немесе өзгертуден сақтауды тағайындау және қажет болмағанда алып тастау. Кездейсоқ өшiруден сақтау атрибуты R параметрi арқылы берiледi. Параметрдiң жанындағы ң+ң таңбасы сақтауды тағайындайды, ң–ң таңбасы сол тәртiптi алып тастайды, мысалы, A:\> attrib__ +r__program.txt – файлды сақтау режимiн тағайындау; C:\> attrib__ –r__a:\proba1.txt – сақтау тәртiбiн алып тастау. 6. ASSIGN командасымен дискiлердiң логикалық аттарын өзгертуге болады, яғни уақытша диск аттары алмастырылады.ASSIGN А=С
49 БҰдан кейiн А: дискiсiнiң орнына С: дискiсi қолданылады, жазылған командада А: дискiсiн көрсеткенмен ОС С: дискiсiн пайдаланады ASSIGN командасы осы команда арқылы бұрын өзгертiлген дискiлер аттарын алғашқы қалпына келтiредi. Компьютер конфигурациясын (құрамын) анықтау Компьютердiң конфигурациясы (құрылғыларының құрамы мен құрылымы) оның құрамындағы барлық құрылғылармен анықталады. Конфигурацияны анықтау немесе бекiту деп құрылғыларға байланысты ОС-тың кейбiр жұмыстық параметрлерiн енгiзудi айтады. ОС жүктелгеннен кейiн ол өзi бiрден автоматты түрде бұрын ңкелiсiлген шарттарң бойынша керектi параметрлердi анықтап, олардың мәндерiн дұрыстайды. °йтсе де, әрбiр адам қажет болған жағдайда ол мәндердi өз қалауынша өзгерте алады. Бұл мақсатта компьютердi пайдаланатын әрбiр адам арнайы екi жүйелiк файл жасайды, олар: – конфигурациялық CONFIG.SYS файлы; – автоматты түрде орындалатын AUTOEXEC.BAT файлы. Бұл екеуi де ОС жазылған жүйелiк дискiнiң түпкi каталогына орналасады. ЭЕМ жадына ОС жүктелгенде алдымен конфигурациялық файлды, сонан соң автоматты түрде орындалатын файлды iске қосады. Конфигурациялық файл компьютерге қосылып тұрған шеткерiқұрылғыларды сипаттайды, ол құрылғылардың сәйкес параметрлерiн анықтап, ОС-тың мүмкіндiктерiн кеңейтедi. Конфигурация файлдың кейбiр командаларын қарастырайық. 1. BREAK командасы жұмыс iстеп отырған адам Ctrl+Break (Ctrl+Scroll Lock) пернелерiн басқанда орындалып жатқан кез келген программа жұмысын дереу тоқтату iсiн қамтамасыз етедi. Файлдағы BREAK=ON – қатары аталған тәртiптi орнатады, алBREAK=OFF – қатары осы орнатылған тәртiптi алып тастайды. 2. FILES командасы бiр мезетте ашық күйде қатар жұмыс iстей алатын файлдар санын анықтайды. Бұл файлдар мәлiметтер қоймасын басқару, электрондық картотека және т.б. сол сияқты программалар жұмысы кезiнде керек болады. °детте ашылатын файлдар санын 15 етiп бекiтедi. 3. BUFFERS командасы ДЭЕМ-нiң жедел жадында уақытша мәлiмет сақтай тұратын буферлер (қосалқы сақтау орны) санын анықтайды, ол мәлiмет соңынан дискiге жазылады немесе сол жерге дискiден мәлiмет оқылады. Бiр буфер жедел жадтан 512 байт орын алады. Буфердiң санын көбейту дискiмен информация алмасудың жылдамдығын арттырады, бiрақ ол жедел жадтағы өзiмiзге керектi пайдалы орынды азайтатынын да есте сақтаған жөн. Буфердiң саны тиiмдi шамадан артып кетсе, программалардың орындалу жылдамдығы төмендеп кетедi. Буфер саны көбiнесе 20 болып алынады. 4. DEVICE командасы компьютерге жаңа құрылғылар қосқан кезде қажет болады. Бұл командада жаңа құрылғыны басқаратын драйвер деп аталатын программа орналасқан файл аты жазылады. Мысалы, gmouse.sys файлы
50 ңтышқанң тәрiздi тетiктi, ал ansi.sys файлы – ЭЕМ пернелiгi мен дисплейдi басқаруда қосымша мүмкіндiктер беретiн драйверлер болып табылады. Компьютерге бiрнеше құрылғылар жалғануы мүмкін, сондықтан конфигурациялық файлда Мұндай команда саны да бiрнешеу бола бередi. Ендi config.sys файлының бiр текстiн мысал етiп келтiрейiк: break=on files=15 buffers=20 device=c:\gmouse.sys device=c:\ansi.sys ЭЕМ iске қосылғанда автоматты түрде орындалатын autoexec.bat файлының да ОС-тың бастапқы параметрлерiн бекiтетiн, бiртiндеп атқарылатын бiрнеше қатарлары болады. Солардың да кейбiрiн қарастырайық. 1. ECHO (жауап беру) командасы экранға әртүрлі мәлiметтер шығара алады. Егер ECHO ON командасы берiлсе, онда autoexec.bat файлының атқарылатын әрбiр командасы экранға шығып отырады, ал егер ECHO OFF командасы берiлсе, онда командалар экранға шықпайды. °детте экранға көп мәлiмет шығарып, ойды бјлмес үшiн ECHO OFF командасы жазылады. 2. PROMPT (айту, шақыру) командасы ОС-тың жұмысқа шақыру қатарының текстiн анықтайды. Шақыру қатарының түрі мынадай басқару символдары арқылы жұзеге асырылады: $р – шақыру қатарында ағымдағы каталог аты көрсетiлiп тұрады; $g – шақыру қатары ң>ң символымен аяқталады; $t – шақыру қатарында ағымдағы уақыт көрсетiлiп тұрады; $d – шақыру қатарында ағымдағы мерзiм (дата) көрсетiлiп тұрады. 3. PATH (жол) командасы ОС-тың орындалуға тиiс керектi файлдарын iздейтiн каталогтар тiзiмiн бередi. Егер сiздiң жиi пайдаланатын файлдарыңыз бiр каталогта орналасса, сол каталог атын осы командадағы тiзiмге енгiзiп қою қажет. 4. SET (орнату, орнықтыру) командасы қолданбалы программаның файлдары орналасқан каталог атын көрсетiп тұрады.Оның үстiне автоматты түрде атқарылатын autoexec.bat файлының iшiне бiрден орындалуға тиiс программа аттарына сәйкес әртүрлі ОС командаларын жазуға да болады. Ендi AUTOEXEC.BAT файлының бiр нұсқасынан мысал келтiрейiк: echo off prompt $p$g path==c:\;c:\exe;c:\dos set lib=c:\lib set include=c:\tс\include cd \ Конфигурациялық файл мен автоматты түрде атқарылатын файлға өзгертулер енгiзгеннен кейiн Ctrl+Alt+Del пернелерi арқылы компьютердi қайта iске қосу керек.