101 объект. Жеке өзін алсақ бұл объект мәліметтер базасы болып есептеленбейді, бірақ ол сервердегі мәліметтер базасын жіберілген Web-бетпен байланыстыратын компоненттерді қамтиді. Осы компоненттерді қолдана отырып Web-тораптағы қолданушы мәліметтер базасындағы жазбаларды көре алады. Макростар мен модульдер. Бұл категориядағы объектілер осы СУБД-мен жұмыс істеу кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және программалау арқылы жаңа функцияларды құруға арналған. Microsoft Access 2000 мәліметтер базасымен жұмыс істеу негіздері Access программасы ұсынып отырған мәліметтер базасының негізгі объектілерін құру құралдары келесідей топтастырылған: • Конструктор режимі (қолмен енгізу құралы); • Шебердің көмегімен (автоматтандыру құралы); • Қарапайым объектілерді жасаудың жеделдетілген құралдары. Оқып-үйрену мақсатында объектілерді құрғанда барлық құралдарды пайдаланған жөн. Бірақ оқу кестелері мен сұраныстарды дайындағанда Конструктор режимінде жұмыс істеген дұрыс, өйткені шеберді қолдану жұмысты жеделдетіп, алғашқы ұғымдар мен әдістерді меңгеруге кедергі келтіреді. Ал қалыптарды, есептерді және беттерді шебер ұсынған автоматтандырылған құралдармен дайындаған қолайлы. Өйткені бұл объектілер үшін олардың сыртқы дизайны басты рөл атқарады. Ал оларды безендіру күрделі жұмыс болып саналады. Сондықтан ол жұмысты шебердің көмегімен орындаған дұрыс. 15 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР. ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР. Жоспары. 1. Компьютерлік желілертүсінігі. 2. Желілік технологиялар. 3. Компьютерлік желілерді ақпаратты қабылдау, беру және өңдеу. 4. Компьютерлік желі түрлері. Жергілікті есептеу желілері. 5. Ауқымды Internet желісі. Internet желісінің қызметі. 6. Ақпаратты қорғау проблемалары. Компьютерлік желі – бұл әртүрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. Бір-бірімен тікелей жақындықта (бір немесе бірнеше көршілес ғимараттарда) орналасқан компьютерлер бірлестігін жергілікті делі деп атайды. Аймақтық немесе ауқымды деп аталатын басқа да желілер бар. Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бір ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты болса, онда корпоративтік деп аталады.
102 Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға тараған желілер ауқымды деп аталады. Олар корпоративтік те, жалпы да бола алады. Компьютерлерді желіге олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және ақпаратпен алмасу үшін біріктіреді. Компьютер ресурстары ақпараттық және техникалық болып бөлінеді. Ақпараттық ресурстарға программалар және деректер, ал техникалықтарға – принтерлер, модемдер, сканерлер, график салғыштар енеді. Ақпаратты сақтау құралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Олар программалар және деректері бар бумалар ретінде қаралады. Орналасқан компьютерінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті деп аталады. Желінің басқа компьютерлеріне де ашық компьютер ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады. Жергілікті және ортақ ресурстар түсініктері шартты. Бұл – жергілікті ресурсты ортақ етуге болады және керісінше. Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Серведегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланылатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады. Интернет деген не және ол не үшін керек Ресурстарды бірге пайдалану мүмкіндігінен басқа компьютерлерді желіге біріктірудің артықшылықтарының бірі – бұл тағы да Интернетке бірге қосылу. Интернет ақпаратқа шектеусіз қатынас құруды және әр түрлі тәсілдермен қатынау мүмкіндігін береді. Сендердің желілерің қалай жаңылсусыз жұмыс істей бастаса, Интернетке жалғастыруды баптауға кірісуге болады. Интернет – миллиондаған компьютерді алып желілердің желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және ең белгілі желі. Интернет сөзі халықаралық желі (INTERnational NETwork) дегенді білдіреді, бұл оның ең нақты анықтамасы. Интернет – бұл барлық әлемдегі компьютерлер мен серверлердің жиынтығы. Бұл клиент-сервер, сондықтан онда ақпаратты сақтайтын серверлер бар және сендер басқа компьютерлерден ақпарат ала аласыңдар. Интернетке миллиондаған клиент пен сервер біріккен, ал жария ақпараттың көлемін бағалау тіпті қиын. Интернетті кім қадағалайды? Интернеттің жұмысына жауап беретін нақты адам жоқ. Интернетте президент жоқ. Сондай-ақ, бас әкім де жоқ. Бірақ Интернет қоғамдастығын (Internet Society, ISOC) құрайтын еріктілер тобы бар. ISOC компьютерлер ақпарат алмаса алатын арнайы ережелердің бар болуына кепілдік береді. Интернет желіге қалай қосылу керек Барлық әлем қазіргі күні телефондық қоңырау қашықтығында тұр. Модем мен компьютерге ие бола отырып, сендер әлемдегі ең үлкен компьютерлік желімен – Интернетпен байланыс жасай аласыңдар (егерде сендердің жолдарың болып жатса, онда модем де кероек емес: көптеген колледжілер мен бірлестіктер өз студенттері мен қызметкерлеріне Интернетке тура қатынауға мүмкіндік береді)
103 В наши дни весь мир находится на расстоянии телефонного звонка. Имея модем и компьютер, вы можете связаться с Internet - самой большой компьютерной сетью в мире (а если вам повезет, то и модем не нужен: многие колледжи и компании предоставляют своим студентам и служащим прямой доступ к Internet). Модем – бұл компьютер мен телефон желісінің арасындағы аудармашыдай. Оның крек болуы телефон желілері мен компьютерлер ақпаратты екі әр түрлі және үйлеспейтін тәсілдермен береді және өңдейді. Компьютерлер сандар тілінде «сөйлеседі» – олар ақпараттарды сандардың тізбегі түрінде жөнелтеді жән сақтайды. Телефондық желілер оссилограф экранында толқындар секілді көрінетін аналогтық сигналдармен жұмыс істейді. Сендердің компьютерлерің мәліметтерді телефон желісі бойынша басқа компьютерге беруге дайын болған кезде, модем компьютерден сандарды сондай толқындарға ( бұл сықырлаудың сырылындай естіледі) түрлендіреді, яғни оларды «модульдейді». Егерде сендердің модемдеріңе ақпарат толқындар түрінде келетін болса, онда оларды компьютерге түсінікті сандарға түрлендіреді – «кері модулдейді». Барған сайын жиі-жиі құрамдас модемдері бар компьютерлерді шығаруда. Егерде сендердің компьютерлеріңде ондай жоқ болса, онда өздеріңе сатып алатын модемнің ақпаратты жеткізу жылдамдығы қандай болуы тиісті екендігін шешуге тура келеді. Модемнің жылдамдығы секунд ішіндегі биттермен (бодпен) өлшенеді. Бодтың мөлшері – бұл бір секунд ішінде модем жеткізе немесе қабылдай алатын биттің саны. Әріп немесе символ сегіз биттен тұрады. Интернетке қосылуға дейін сендерге Интернет провайдерін (ISP) таңдау қажет. Бұл сендердің ақша төлеп Интернетке шығуларыңа мүмкіндік беретін бірлестік. Бүгінгі таңда мыңдаған провайдер бар. Сендерге өз мүдделеріңді қанағаттандыратын бірнеше шартты ескеру қажет: • Қызмет және қызмет көрсету: провайдер базалық деңгейде Интернетке қатынас құруға мүмкіндік береді. Басқа қызмет көрсету веб-сайт дайындау мен орналастыруды, лездік хабарламалар алмасуды, электрондық поштаның есепқисап жазбаларын және қосымша ақша тұратын техникалық қолдауды қамтиды. • Мөлшері: провайдердің мөшері қызметтің деңгейі туралы айтады. Ірі провайдерлер үлкен бірлестіктерге тез қосылуға мүмкіндік береді, ал үлкен емес провайдерлер тек қана әдеттегі баяу қосуды ұсынады. • Келісімдар: Көптеген провайдерлер олардың қызметтерін алуға келісімге қол қоюды талап етеді. Басқалары егерде келісімге қол қоятын болсаң, онда бірінші қосылуға шегерім жасайды не тегін қосады. Барлық ақпаратты жазба түрде алғаныңа көз жеткіз және егерде провайдердің қызмет сапасы жеткіліксіз дәрежеде болатын болса, онда сендер не істей алатындарыңды біліңдер. • Қолдау және жабдық: Интерентпен байланысу үшін провайдер пайдаланатын жабдықтардың сипаттамасын анықтаңдар. Интернет қызметі жұмысын қолдау үшін провайдердің жеткілікті қызметкерлерінің бар екендігіне және сендерде қандайда бір мәселе туындаса, тәулігіне 24 сағат техникалық мамандарға қол жеткізуге болатындығына көз жеткізіңдер. Интернетке шығу
104 үшін аппараттық жасақтама сатып алу қажет пе, әлде провайдер ұсына ма біліңдер. Мысалы, сендерге, атап айтқанда, осы провайдерді пайдалану кезінде бағдарлағыш, ерекше модем немесе өзгеше бағдарламалық жасақтама, брандамаур талап етіле алады. Жұмысшы тобын құру үшін оған қамтуға ұйғарылған компьютерлердің әрқайсысында Желіні орнату Шеберін (Network Setup Wizard) орындау қажет. Шебердің жұмысын аяқтағаннан кейін компьютерлер өзара әрекеттесе алады. Шебер сонымен қатар Интернетке қосылған компьютерді қорғау үшін Интернеттің брандмауерін (Internet Connection Firewall, ICF) де қамтиды. ICF — бұл желі мен сыртқы әлемнің арасындағы шекараны бақылайтын бағдарлама. e-mail, WWW, FTP мүмкіндіктерін қышқаша шолу Интернет алуан түрлі элементтердің жиынтығы болып табылады және Бүкіләлемдік Өрмек тек Интернеттің бір бөлігі ғана. Интернет желіге біріктірілген миллиондаған компьютерден сендерге қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік беретін бірқатар құрал-жабдықтарды ұсынады. Бұл құрал-жабдықтар қарапайым да немесе жеткілікті түрде күрделі де бола алады, оның ішінде: Бүкіләлемдік Өрмек: әдетте WWW (World Wide Web-тен) немесе веб деп аталатын, веб-браузерде қарап шығуға арналған көптеген арнайы құрамдас беттер болып табылады. Веб-браузер мәтінді, графикті және басқа мультимедиалық мазмұнды, мысалы, әуенді қамтитын веб-беттерді бейнелеуге және орнын анықтауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қосымша. Электрондық пошта: немесе e-mail, Интернеттің барлық желісінде ашық. Ол адамдарға файлдарды барлық әлем бойынша тез жөнелтуге мүмкіндік береді. Бұл жай ғана мәтіндік мақалалар болуы мүмкін немесе графиканы, немесе қандайда бір мазмұнды қамти алады. Файлдарды жеткізу: файлдарды бір компьютерден екінші компьютерге орын ауыстырады немесе көшірмелейді. Интернет бойынша мәліметтерді жеткізуді басқаратын Файлдарды жеткізу хаттамасы ретінде белгілі (File Transfer Protocol, FTP) арнайы басқарушы ережелер немесе хаттамалар бар. Usenet жаңалықтары(Usenet News): белгілі бір тақырыпқа мақалалар алмаса алатын компьютерлер желісі, ол бағдарламалық өнімдерге қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді немесе алуан түрлі санаттағы сұрақтарға жауаптар ұсынады. Жаңалық тобы (newsgroups): пікір сайыс жүргізу немесе жаңалықтар алмасу үшін ұйымдастырылған USENET-тегі желілік алқалы жиын. Хабарларды оқу және жіберу пайдаланушылардың компьютерлерінде іске қосылатын және жаңалықтар серверімен қосатын бағдарламамен жүзеге асырылады. Браузермен негізгі жұмыстар Интернетте web-қосымша бағдарламалармен негізінен арнайы клиенттік бағдарламалар – браузерлер арқылы өзара әрекеттеседі. Бұл сөз – бағдарламалардың ағылшындық атауының тура дыбысталуы: web-browser (жақында «браузер» сөзінің жағымдылау естілетін бәсекелесі – «шолушы» сөзі пайда болды). Бараузерді клиенттің компьютеріне орнатады да оны осы компьютерге web-серверлердегі ақпараттарды жеткізу және оларды бейнелеу
105 үшін пайдаланады. Бұл әрекеттер браузердің адрестік жолына URLсұранысты енгізгеннен кейін жүзеге асады. Браузер гиперсілтемемен байланысты сол URL-адреске белсендірілген гиперсілтеме бойынша өтуді қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда ең танымал браузерлер - Internet Explorer және Netscape Navigator. 18.1 суретте web-қатынас (навигация) нәтижелері Internet Explorer браузері арқылы көрсетілген. 18.2 суретте браузер болып Netscape Navigator саналады. Олардың екеуі де қызметтік түрде ұқсас. Осы өнімдерді дайындаушылар-фирмалар арасында, браузерлердің жақсы жақтарына ықпал ететін, қалжыңдасуға болмайтын бәсекелестік жүріп жатыр. Қазір IE және NN (оларды қысқаша осылай атайды) – клиенттерге көптеген қызмет ұсынатын, үлкен мүмкіндіктері бар бағдарламалар. Браузерлердің қайсысын ұсынуға тұрады? Мұнда өздерің анықтауларың керек. Браузердің екеуі де тегін таратылады, екеуін де орнатуға және тексеріп көруге де болады. Көпіне Netscape Navigator ұнайды. Алайда Windows жүйесі орнаьылғанда, браузерді таңдау кезінде таразы табағы Internet Explorer жағына ауады, өйткені қосымша ешнәрсе орнатуды талап етпейді. Internet Explorer операциялық жүйе құрамына кіреді де онымен өзара үйлесімді әрекеттеседі. Windows-тың орыстілді нұсқасының құрамына Internet Explorer-дің орыстілді нұсқасы кіреді де орыс тілінде жақсы ұйымдастырылған анықтамалық жүйемен егжей-тегжейлі жабдықтандырады. Егерде ұнаған web-құжатты өз клмпьютеріңде сақтағың келсе, онда мұны сақтаудың тиімді формасын таңдап алып, Файл > Қалай сақтау (Файл > Сохранить как) (Internet Explorer үшін) командасымен істеуге болады. Графикалық элементтер мен суреттерді жеке сақтауға болады. Ұнаған суретте мауыстың оң батырмасын шерту керек және жанама меньюде Суретті қалай сақтау (Сохранить рисунок как) командасын таңдау керек. Одан әрі Интернетжалғастырулар кезінде алуан түрлі әрекеттерді көрсету үшін браузер ретінде Internet Explore пайдаланылатын болады. Internet Explorer Қызмет > Шолушының қасиеттері (Сервис > Свойства обозревателя) (18.3 сурет, артқы шеп) командасымен шақырылатын Шолушының қасиеттері терезесінен бапталып орнатылады. Терезеде ішіндегісін түсіну күрделі емес бірнеше қазына бар. Бұған терезенің оңжақ жоғарғы бұрышында орналасқан Анықтама батырмасы көмектеседі. Ол сұрақ таңбасымен ентаңбаланған. Егерде қазынаның қандайда бір элементі түсініксіз немесе онымен қалай өзара әрекеттесу ұмытылған болса, онда осы батырма шерту керек. Көрсеткіштің қатарында сұрақ белгісі пайда болады. Егерде енді осындай көрсеткішті қызықтыратын элементке әкеліп және онда маусты шертсе, жанама анықтама қалқып шығады. Онда Баптау батырмасында (ол қоршалған) Ортақ шерту қазынасынан ашылған Баптау терезесі бейнеленген. Қалқып шыққан анықтама енгізу өрісіндегі тұрған сандардың мәнін түсіндіреді (Интернеттің уақытша файлдары бар дискідегі орынның көлемі). Google, Yandex, Rambler ақпараттық іздестіру порталдары
106 Гиперсілтеме бойынша қатынас негіздеріне ие бола отырып, FTP-сеансында компьютерлер арасында файлдарды қалай бағыттауды біле отырып, Интернет-кеңістігіне батыл түрде аттануға болады. Тек қайда бару түсініксіз. Егерде адрес белгілі болса, онда жақсы, ал егерде барлық не бары – тек сөз ғана, қандайда бір атау, қандайда бір ұғым, қандайда бір аббревиатура болса ... , онда Не істеу керек? Қоңыраулату, жазу, кітапхана бойынша іздестіру? Жоқ! Интернетке бару керек! Онда көмектеседі. Интернетте елестетуге болмайтын ақпараттың ғаламат молшылығына араласқан керектіні іздеп табу арнайы іздестіру механизмінсіз мүмкін емес. Ондайлар бар. Бұл ресурстар каталогы (Directories) мен іздестіру машиналарыроботтары (Search Engines). Каталогтар да іздестіру машиналары да түйінді сөздер, тіркес сөздер, арнайы құрастырылған сөздік құрыстырылым бойынша қисынды іздестіруге арналған тапсырмалар кездесетін сол ресурстардың адресін табуға мүмкіндік береді. Іздестіру машиналарын Интернетте қойылғанның барлығын берілген алгоритм бойынша автоматтық режімде сканирлейтін арнайы бағдарламалармен басқарады. Бұл бағдарламаларды әр түрлі атайды – қиялшыл түрда және олай да емес: роботтар (robots), өрмекшілер (spiders), кезбелер (wanderers), жорғалаушылар (crawlers). Робот-өрмекшілер Интернетті үздіксіз тінткілейді де қол жеткізуге тиісті объектілер туралы мағлұматтарды жинайды. Өрмектің барлық желісі бойынша өту ешбір механизмнің қолынан келмейді. Барлық жерге баруға ұмтылатын ең пысық және ақылды роботтар өз аймағын толық аралап шығуға аптадан артық уақыт шығындайды. Тексеріп шығу нәтижесі бойынша қатынаған ресурстарының егжей-тегжейлі тізімін мәліметтердің көрсеткіштік (индекстік) базасын немесе, айтуға қабылданған, көрсеткішін (индексін) құрастырады. (Кейде іздестіру машиналарының өзін автоматтық көрсеткіштер (индекстер) деп атайды). Әрбір жаңа тексеру кезінде мәліметтердің көрсеткіштік базасы жаңартылады да ескі, әрекет етпейтін адрестер жойылады. Мұнда дилемма көрініс табады: жаңа «тауарға» ие болғың келе ме – алысқа барма, әйтпесе қайтқан кезде қандайда бір материал «тауарлық түрін» әлдеқашан жоғалтқаны байқалатын болады. Кейбір іздестіру машиналары іздестіру кеңістігін әдейі тарылтады, бірақ ондағы ақпараттар әрқашанда ең жаңа. Мөлшері алып көрсеткіштер сирек, әдеттегі емес материалдарды іздестіру кезінде немесе «Тап, Ананы, Не білмеймін» сияқты күрделі сұраныс бойынша іздестіру жағдайында таптырмайтын роботтар. Белгілі тақырып бойынша жаңа ақпаратты іздестіру кезінде ең соңғы материалды алу маңызды және мұнда Интернет-кеңістіктің «қызмет көрсететін» аймағын сканирлеу ұзақтығы ерекше мәнге ие болады. Ресурстар каталогы – бұл адрестері бар ресурстардың мәліметтер базасы. Кез келген каталог иерархия бойынша құрамдасқан және тереңдігі бойынша бірнеше деңгейге кетеді. Деңгей бойынша орын ауыстыра отырып, ізделінді объектіге жақын келуге болады. Қаталогты әрбір жаңа объектіні көрсеткішке (индекске) енгізу алдында қарайтын редактор құрастырады. Бұл тез істелінбейді, бірақ әйгілі қаңқу және сандырақ мәліметтер сүзгіленетін болады.
107 Мұндай іздестіру жүйелерімен ақпараттың жиналу жылдамдығы мен оның жаңару жиілігі каталогтаумен айналысатын адамдарлың мүмкіндігімен және санымен анықталады. Интернет қиял-ғажайып жылдамдықпенөсіп барады, редакторлардың да жұмысы аз емес. Мысалы, онша ірі емес, бірақ танымалдықты пайдаланушы 130 мыңнан артық сілтемесі бар List.ru ресейлік каталогке күн сайын жүзден артық жаңа адрестер қосылады. Каталогты «жаңылыс» адрестермен ластамас үшін сайттарды тексеру қажет. Егерде List.ru тізбекті үш тексеруде web-сайт жүктелінбегенін байқаса, онда редакторлерге адресті тағы да тексеру және каталогтен web-сайтқа сілтемені жою командасы түседі. Ерекше емес тақырып бойынша материал жиналғанда стандарттық іздестіру тапсырмаларын шешу кезінде каталог- ең қолайлы бастау алаңы болып көрінеді. Рамблер (Rambler) іздестіру жүйесі танымал. Іздестіруді арнайы өріске түйінді сөзді енгізе отырып, бастауға болады. Алдымен ең қолайлы айдарды ашып, содан кейін түйінді сөзді енгізіп Іздестіру батырмасын шерту керек. Айдарда ең танымал (қатынаулар саны бойынша) web-сайттардың адрестерінің тізімі ашылады. Керектіні іздеу, тіпті интеллектуальды «өрмекшілердің» қуатты қолдауы кезінде де, қарапайым тапсырма деп ойлауға болмайды. Робот – жансыз машина, ресурстарды автоматталған сұрыптау кезінде көрсеткіш кәсіби әлсіз адрестермен, ақпараты аз көздермен шарасыз ластанады да, тізімде, әттеген-ай дейтін, іздестіру нәтижелері ұсынылады. Аз дәрежеде мұндай каталогтарда кездеседі. Бірақ онда кейде иррациональды немесе, ғылыми тілмен айтқанда, релеванттық емес (сұраныс мағынасынан алыс) әлде-не қалқып шығады. Сондықтан, ісделіндіні табу үшін сұранысты түсінікті етіп құу керек, іздестіру тапсырмасын ойластырып қою керек. Интернет Банкинг (www.my.bta.kz, www.homebank.kz/.) Банк жүйесі – нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбес құрылымының бірі. Банктер мен тауарлық өндірістің және айналымдардың дамуы тарихи түрде параллель жүрді және тығыз өрілді. Сол кезде банктер ақша есепқисабын жүргізе отырып, шаруашылықты несиелей отырып, капиталды қайта үлестіруде делдалдыққа кіре отырып, өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырады, қоғамдық еңбек өнімділігінің артуына көмектеседі. Бүгінгі таңда, тауарлық пен қаржылық нарықтың даму жағдайланында, банк жүйесінің құрылымы бірден күрделенеді. Қаржылық мекемелердің жаңа түрлері, клиенттерге қызмет көрсетудің жаңа несиелік аспаптары мен әдістері пайда болды. Шет елде банк қызметінің практикасы Қазақстан мен басқа ТМД елдерінде жинақталып жатқан жаңа шаруашылық жүйеге үлкен қызығушылық көрсетеді. Әкімшілікпен басқарылатын жоғары монополизацияланған мемлекеттік банктік құрылымнан жеке ұжымдық меншікке негізделген, сауда-саттық табысқа, пайда татуға межеленген динамикалық, икемді несиелік мекемелердің жүйесіне өту іске асады. Несиелік жүйенің институттық құрылысының, капитал
108 нарығында тиімді жұмыс істейтін механизмнің, сауда-саттық құрылымдардың жаңа қызмет көрсету әдістерінің тиімді формаларын іздестіру жүріп жатыр. SET аббревиатурасы Secure Electronic Transactions ретінде шифрланады – қауіпсіз (немесеқорғалған) электрондық транзакция. Visa мен MasterCard бірлестіктері бірге дайындаған SET стандарты Интернет арқылы несиелік кәртішке бойынша сату көлемін арттыруға уәде беріп отыр. Әлеуетті сатып алушылардың жиынтық саны – Visa мен MasterCard кәртішкелерін ұстаушылар барлық әлем бойынша 700 миллион адамнан асып түседі. Сатып алушылардың мұндай тобы үшін электрондық транзакциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету банктер мен процессингтік бірлестіктер үшін транзакцияның өзіндік құнын азайтуды көрсететін айтарлықтай өзгерістерге әкелген болар еді. Осыған American Express SET стандартын ендіруге кірісу ниеті туралы жариялағанын қосу керек. SET стандартына сәйкес транзакцияны іске асыру үшін мәмілеге (келісімге) қатысушы екі тарап та – сатып алушы мен сатушы мекеме (жеткізуші) – SET стандартын пайдаланатын банкіде (немесе басқа қаржылық мекемеде) есеп шоттары болуы тиіс, сонымен қатар SET-пен үйлесімді бағдарламалық жасақтамасы болуы керек. Мұндай ретте, мысалы, сатып алушы үшін Web-браузер және сатушы үшін Web-сервер – екеуі, айқын түрде, сандық немесе электрондық қолма-қол ақшаны пайдаланушы SET.Digital Cash-тың қолдауымен іске кірісе алады – электрондық сауда-саттықтың ең сындарлы формасы. Сондықтан оны тарату жеткілікті баяу іске асады. Жоғарыда қарастырылған жүйе қағидалық жоспарда дәстүрлі – кәдігімгі ақша транзакциясы оларда электрондық Internet-нұсқада іске асырылды. Сол уақыттағы электрондық қолда бар ақша – ақшаның жаңа типі. Олар әлеуетті түрде ақша айналысы мен оны реттеуде сындарлы өзгерістерге әкеле алады. Е – төлемдері (Интернет дүкендер) Web-сайттар арқылы электрондық сауда-саттықпен айналысуға болады, айтып отырғанымыз – Интернет-технологиялар негізінде тауарлар мен қызмет көрсетулерді алмасу жүйесін жүзеге асыруға болады. Әдетте электрондық дүкен ақпараттық-сараптамалық сайттармен қатар (немесе сүйемелдеумен) құрылады. Интернет арқылы сауда жасауда электрондық дүкенді құру кезінде санасуға тура келетін мынадай өзіндік ерекшеліктер бар: • дүкенге келушілер тауарды «сипалай», өлшей, керекті өлшемді сұрай алмайды; • келуші қайтару мен қызмет көрсету кепілдігі туралы әрқашанда ойланады (егерде сатып алынған магнитофон түсі бойынша жарасым таппаса, онда оны электрондық поштамен қайтара алмайсың); • келуші жеткізуге қымбат төлегісі келмейды, ал маусты шерту арқылы сатып алынған тауарға өзінің барғысы жоқ; • ресейлік пайдаланушылар, әдеттегідей, электрондық кәртішке бойынша төлей алмайды немесе төлеуге қорқады. Атап айтқанда осы факторлардан қазіргі ресейлік электрондық дүкендерде тауарлардың негізгі түрлері — бұзылмайтындар, сынбайтындар, шағын заттар.
109 Электрондық сауда-саттықты жүргізудың формалары жеткілікті түрде алуан түрлі. Бұл аукциондар, тапсырыстар және театр билеттерінің төлемдері, қонақ үйлеріндегі орны, бұл Уимблдон ипподромындағы ат жарысындағы «қараңғы аттарға» тотализаторлардың ставкасы, бұл электрондық биржалар саудасындағы ойындар. 20.б суретте Интернеттегі аукционның — электрондық сауда-саттық формаларының бірін көрсететін Молоток.Ру web-сайтының беті көрсетілген. Мұнда өзіңнің ұнамды, бірақ онша керек емес заттарыңды қоясың, оның бағасын, саудаласу уақытын тағайындайсың. Ал «зат үшін шайқас» жүріп жатқан кезде өзің басқалардың қойғандарынан әлде-не лайықтысын қарастыруыңа болады. Электрондық дүкенді жасау — өте күрделі техникалық, қаржылык, ұйымдастырушылық процесс. Интернетте дүкен ашу немесе электрондық сауда-саттық жүргізудің басқа формалары үлкен қаржылық салымды талап етеді. Интернеттің Ресейлік сегментінде қазіргі уақытта электрондық саудасаттық өзін-өзі өтемейтінін ескеру керек. Бірақ көптеген фирмалар, осыны жақсы түсіне тұра, бәрі-бір электрондық дүкенді жасайды, дәйектемесі мұнда алуан түрлі. Әлде-кім, таудың ар жағында емес деп айтатын электрондық сауда-саттықтың дауылын күтеді, Әлде-кім, тәжірибе жасай отырып, сынақ үшін істейді. Әлде-кім тауар сатпайды, өзінің бас пайдасына Интернет бойынша қыдыруға сылтау табады. Виртуалбдық сауданы ұйымдастыра отырып, не істеу керектігінің толық емес тізімі мыналар: • Электрондық дүкеннің техникалық атқарушысын табу, әлдеқашан қалыптасқан саудалық қатарға кірігу немесе дайын бағдарламаны таңдап және оның негізінде дүкен құруды маманға тапсыру. • Электрондық дүкенді орналастыратын техникалық аумақты (меншікті сервер сервер, провайдер сервері) және оның кәсіпорындарды қолдаудың ақпараттық жүйесіне астасу дәрежесін анықтау керек. Алдымен бірінші кезекте тауарлар мен қызмет көрсету бойынша мәліметтер базасының ортақ бөлімдері есте болу керек. • Интернет арқылы сатып алынатын тауарлардың төлем жүйесін анықтау керек. • Сатып алушыларға тауарды жеткізіп беру схемасын дайындау және кепілдемелік міндеттерді, техникалық қолдауды атқару механизмін құру, сатып алуға қосарланатын қызмет көрсету жүйесін құру керек. • Дүкеннің әкімгершілік жүйесін анықтау керек (бағаларды басқару, жаңа тауарларды қосу, тауаларды алып тастау, тапсырыстар және басқаларды қадағалау). Келтірілген тізімді талдау, электрондық дүкенді құру туралы шешімнен іс жүргізудің үйреншікті тәртібіндегі барлық өзгерістерге дайындықпен баруға тиіс екендікті көруге болады. Электорндық дүкенді ашудың қандайда бір қалыптасқан әдістемесін және техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық сипаттағы мәселелерді кешенді шешу әлі әзірленген жоқ. Электрондық саудасаттықтың сол немесе басқа формаларын кең практикалық қолданудың
110 қандайда бір тәжірибесі ол да жоқ. Сондықтан әрбір нақты жағдайда ерекше түрде әрекет ету керек. Негізгі элементтер болып мыналар саналады: Алушының аты-жөні мен адресі: сендер әдеттегі хатты қалай жөнелтетін болсаңдар, хатты алатын адамның аты-жөні мен адресін дәл салай көрсетулерің қажет. Жөнелтушінің аты-жөні мен адресі: сендердің аты-жөндерің мен адрестерің әдетте электрондық пошта бағдарламасымен автоматты түрде енгізідеді. Сендердің хабарларыңды алушы үшін олардың түрін сендер өзгерте аласыңдар. Тақырыбы: алушылардың компьютерлерінде жаңа хаттардың тізімінде пайда болатын сендердің хаттарыңның пікір алысу атауы. Уақыты және айы-күні: әдеттегідей, электрондық пошта бағдарламасымен автоматты түрде толтырылады және хабарламаны жөнелту уақытын көрсетеді. Хаттың орны: сендер хабар әзірлейтін кеңістік. Енгізулер: сендер электрондық хабарға графикалық кескіндерді, дыбысты, бағдарламалар мен құжаттарды қоса отырып, файлдарды енгізе аласыңдар. Көшірме (cc): егерде осы хаттың көшірмесін басқа адам алуын қаласаңдар, онда сендер (сс) өрісіне оның электрондық адресін енгізе аласыңдар. Соқыр көшірме (bcc): бұл да сол (cc) көшірме, бір ғана ерекшелігі, алушылар хаттың көшірмесі басқа алушыларға жөнелтілгенін білмейді. Хатты дайындап, оны алушыларға жөнелтесіңдер. Пошталық сервер сендердің электрондық хаттарыңды алғаннан кейін оны сұрыптайды да керекті пошта жәшігіне жөнелтеді, алушылар хатхабарды аша да және оны оқи да алады. Электрондық хабарды алғаннан кейін, егерде хабардағы ақпарат сендерге кейін керек болатын болса немесе оны жою керек болса, онда сендер оны баспаға шығара аласыңдар немесе сақтай аласыңдар. Сондай-ақ, сендер жөнелтушілерге жауап бере аласыңдар немесе хабарды басқа әлде-кімге қайта жөнелте аласыңдар. Сәнді хаттар дайындау Хатты сәндеуге болады, ол үшін қажетті: 1. Дайындау (Создать) пунктін таңдау, 2. Формат (Формат) пунктін таңдау, 3. Фон-да Сурет, Түс және Дыбыс-ты (Рисунок, Цвет и Звук) таңдауға болады.
111 Түсуші менюдегі «Формат» пунктінде хаттың фоны ретінде берілетін дайын бланкты енді пайдалануға болатын «Бланкты пайдалану-ды» таңдаймыз, сондай-ақ басқа бланктерді олардың адрестері бойынша таңдап пайдалануға болады. Файлдарды хаттарға тіркеу Адамдарға ftp-ке қатынамастан орағытып өту мүмкіндігін беру үшін ftp-тің көпшілік бағыныңқы жүйелерінде электрондық поштаның көмегімен файлдарды алуға мүмкіндік беретін (мұрағаттар серверлері ретінде белгілі) пошта серверлері бар. Сендер осындай машиналардың бірінен жай ғана сұраныс жөнелтесіңдер, ал ол мүдделі файлды қайтарады. ftp-пен жұмыс істеген кездегідей, сендер тарихи құжаттардан бастап бағдарламалық жасақтамаға дейін барлығын таба аласыңдар (бірақ естеріңде болсын, ftp-ке тікелей қатынас құру электрондық поштаға қарағанда айтарлықтай тез және аз ресурс шығындалады). Пошталық серверлердің көп бөлігі біртекті жұмыс істейді – электрондық пошта бойынша саған қандай файл керектігін және оны саған қалай жіберуді түсіндіретін хабар жөнелтесіңдер. Ең маңызды команда – "send", ол сендер жөнелтуді сұрайтын кейбір файлдарды компьютерге хабарлайды. Алайда сендер бұл файл пошталың серверде қайда сақталатынын алдын ала білуге тиіссіңдер, өйткені сендер ол қайсы директорияда немесе субдиректорияда тұрғанын хабарлауға тиістісіңдер. Ол үшін екі тәсіл бар. Электрондық пошта бойынша хабарды бір жолдан тұратын мұрағат-серверге жөнелтуге болады: index Осыдан кейін сервер сендерге өзінің түп немесе бас директориясынын тізімді жібереді. Содан кейін сендер сол мұрағат-серверге бір жолдан тұратын екінші хабарды жөнелтуге тиістісіңдер: index директория/субдиректория мұнда сендер алғыларың келетін листингке арналған директорияны немесе директорияға жолды көрсетесіңдер. Екінші тәсіл – мұрағат-сервердегі (архив-серверердегі) файлдың тұрған орнын сендерге дәл айтып, жауап беретін біздің archie деген қарт досқа электрондық пошта бойынша хабар жөнелтесіңдер (алайда параллель түрде листингімен осы файл бар басқа барлық бағыныңқы жүйелерге де). Файлдың атауы мен директорияның жолын біліп, мұрағат-серверге арналған хабарды келесі түрде дайындаңдар: send директория/субдиректория/файл
112 Осы хабарды жөнелдіңдер, шамалы уақыттан кейін – бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін – сендер өздеріңнің пошта жәшіктеріңнен өздерің сұратқан файлдың көшірмесін хабар түрінде табасыңдар. Сол немесе басқа файлды жеткізуге керекті нақты уақыт көптеген фақторларға, оның ішінде сенің алдыңда кезекте қанша сұраныстар тұр (пошталық серверлер бір мезгілде шектеулі сұраныстар санын өңдей алады) және сендер мен сендердің серверлеріңнің арасындағы байланыстың қалып-күйіне де байланысты болады. Бір қарағанда оңай көрінгенімен, егерде сендерге құжат емес, бағдарлама керек болса, онда іс күрделене түседі. Әдеттен тыс символдары бар немесе жолы 130 символдан ұзындау (мысалы, графикалық файлдар) бағдарламалар немесе басқа файлдар электрондық пошта бойынша өтуі үшін, олар пошталық сервердің арнайы өңдеуін талап етеді. Содан кейін оларды пайдаланатындай түрге келтіру үшін олар ең болмағанда бір бағдарлама-корвертор арқылы өтуі тиіс. Бағдарламаның немесе кез келген «пошта бойынша жіберуге жатпайтын» басқа файлдың сендерге келуін кепілдендіру үшін серверге өздеріңнің хабарларыңа тағы бір жолды қосыңдар: encoder Бұл файлды тамғаланған формаға түрлендіреді. Оны кері тамғалау үшін алдымен бұл файл-хабарды өздеріңнің үй директорияларыңа файл түрінде беру керек. Кейбір қосымша қиындықтар сендерге жеткілікті ұзын файлдар керек болған кезде туындайды. Желінің көптеген ішкі жүйелері поштаны шектелген уақыт ішінде ғана бере алады. Сендердің файлды тұтас алуларыңды кепілдендіру үшін пошталық серверге оны шағын үзінділерге бөлу нұсқауын беріңдер. Бұл сендердің хабарларыңа келесіге ұқсас жолды қосу арқылы істеледі: size 100000 Бұл файлдың әрбір сегментіндегі байттардың ең үлкен мөлшері тұралы мағлұматтарды пошталық серверге береді. UUCP ішкі жүйесі үшін осы нақты мөлшер ұсынылады. Internet пен Bitnet ішкі жүйелері 300000-ға дейінгі үзінділермен жұмыс істей алады. Сендер пошта бойынша осындай файлдарды алған кезде оларды өздеріңнің үй директорияларыңа беріңдер. Поштадан шығыңдар да әрбір файлды өз жүйелеріңнің мәтін-процессорына шақырыңдар және тақырыптар мен «құйрықтарды» жойыңдар. Осыдан кейін өз жүйелеріңнің командалық жолына енгізіңдер: cat файл1 файл2 > үлкен_файл (большой_файл) мұндағы файл1 – бірінші файл, файл2 – екінші файл және одан әрі осылайша. > символы жүйеге үлкен файлдың (немесе оны сендер қалай атайсыңдар) атауымен оларды біртұтас файлға біріктіру нұсқауын береді. Файлды өздеріңнің үй директорияларыңда сақтағаннан кейін uudecode, tar және т.б. бағдарламаны іске қосуға болады. Алайда сақтану керек: Егерде файл жеткілікті ұзын және үзінділерге бөлінген болса, онда, әсіресе егерде сендердегі модем 2400 бод! болса, барлық осы ақпаратты шығарып алу қанша уақыт алады, ойланыңдар.
113 ftpmail-ға қатысты ескерту: бұл қызмет танымал болғаны соншалықты, талап етілген файл бір аптадан немесе одан да кеш келуі мүмкін. 2.4 ,2.5 Семинар, Зертханалық сабақтың жоспарлары №1 Зертханалық жұмыс Тақырыбы: Ақпараттардың компьютерде өрнектелуі. Санау жүйелері. Жұмыстың мақсаты: Сандарды түрлі санау жүйелерінде өрнектеуді үйрету. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы: Компьютер екілік кодта жазылған информациямен, яғни 0 және 1 цифрларының тізбегі арқылы цифрланған сандармен жұмыс істейді. Мұндай сандар екілік санау жүйесінде берілгендер делінеді. Жалпы, санау жүйесі дегеніміз – сандарды цифрлық таңбалар арқылы жазу мен оқу тәсілдерінің жиынтығы. Санау жүйелерінің позициялық және позициялық емес болып бөлінетін екі түрі бар. Мұның біріншісі – ерте кезден қалыптасқан ондық санау жүйесі, екіншісі – римдік санау жүйесі. Жалпы алғанда, позициялық жүйе тек ондық санау жүйесі ғана болмауы мүмкін. Егер сан түзетін цифрлар разрядтарының бірліктері оңнан солға қарай есептегенде бір – бірінен тұрақты бір сан q есе артып отыратын болса, онда сан q санау жүйесінде берілген деп, ал q осы жүйенің негізі деп аталады. Ондық санақ жүйесі үшін q=10. Позициялық санау жүйесінде санды жазу үшін 0-ден бастап (q-1) –ге дейін бүтін сандар пайдаланылады да, олар осы жүйенің базистік (негіздік) цифлары деп аталады. Дербес компьютер негізінен екілік, ондық, он алтылық санау жүйелерінде жазылған кодтармен не сандар мен жұмыс істейді (базистік цифрларын 1- кестеден қараңыз) Q Базистік цифрлар 2 10 16 0,1 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,A,B,C,D,E,F Соңғы санау жүйесіндегі A,B,C,D,E,F әріптері – осы жүйенің сәйкес 10,11,12,13,14,15 цифрларын анықтайтын символ дар.
114 q санау жүйесінде n разрядтан тұратын кодтың не бүтін санның жазылу үлгісі: (anan-1…a1a0)q q=2 үшін мұндағы а цифрлары 0 мен 1 болатын екілік санау жүйесінің базистік цифрлары (к=0, 2,…,n). 1-ереже. Кез- келген жүйеде берілген кодты не бүтін санды ондық санау жүйесінде өрнектеу үшін оны an*qn + an-1 *qn-1 + … + a1 * q1+ a0 *q0 түрінде жазып, есептеуді ондық жүйеде жүргізсе болғаны (q=2,16,…) Мысалы: латынша А әріпінің екілік кодын (01000001)2 ондық кодта өрнектеу тәсілі мынадай (n=7, кодтағы цифрларды оңнан солға қарай нөмірлеу): 0*27 +1*26 +0*25+0*24+0*23+0*22+0*21+1*20=0+64+0+0+0+0+0+1=6510 Осы сияқты 111111112 =25510 1*27+1*26+1*25+1*24+1*23+1*22+1*21+1*20=128+64+32+16+8+4+2+1=25510 2-ереже. N- ге ондық кодты (не ондық санау жүйесінде берілген бүтін санды) q санау жүйесінде өрнектеу үшін, алдымен N-ді q-ге бөліп, он N=q*p1 +r1 түрінде жазып алу керек (р1-бөлінді, r1- қалдық). Егер p1>=q болса, он да q –ге бөліп, p1=q*p2+r2 түріне келтіру керек т.с.с. Бұл процесті pk<q болған кезде тоқтатып, соңғы бөлінді мен соңынан басталған қалдықтарды бір – біріне тіркеп жазып шықса болғаны. Яғни Т10 =(зл кл-1 кл-2…к1)q ; k>=1, pk<q. Мысал. 1)65 ондық кодын екілік санау жүйесінде өрнектеу керек. 65=2*32+1 32=2*16+0 16=2*8+0 8=2*4+0 4=2*2+0 2=2*1+0 1=2*0+1 1 0 0 0 0 0 1 6510=100000012 Бұл кодтың байт түрінде жазылуы: 01000001 2) 1998 ондық санау жүиесінде берілген санды он алтылық санау жүйесінде өрнектеу.
115 1998=16*124+14 14 E 124=16*7+12 12 C 7=16*0+7 7 C E 199810=7CE16 Керісінше, 7СЕ16 кодын он алтылық кодқа айналдыру тәсілі: 7СЕ16 = (7*162+C*161+Е*160 )10=(7*256+12*16+14*1)10=(1792+192+14)10=199810 Берілген санау жүйесіндегі бүтін санды екінші бір санау жүйесінде өрнектеу үшін берілген санды ондық кодта жазып, содан соң шыққан санды екінші жүйеде өрнектеу қажет. Екілік санау жүйесіндегі сандарға амалдар қолдану үшін қосуда 1+1=10, 11+1=100, 11+11=110т.с.с болатынын ескеру қажет. Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары: 1. Санау жүйелері. 2. Кодты, санды түрлі санау жүйелерінде өрнектеу тәсілдері. Тапсырма. 1-тапсырма 256-дан кіші кез келген сан алып, оны екілік, сегіздік және он алтылық санау жүйелерінде жаз. 2-тапсырма Кез келген екілік, сегіздік және он алтылық санау жүйелерінде берілген, оны ондық код арқылы жаз. 3-тапсырма Екілік санау жүйесінде берілген санды сегіздік санау жүйесінде, керінше сегіздік санау жүйесінде берілген санды екілік санау жүйесінде жаз. Бақылау сұрақтары. 1.Екілік санау жүйесі 2.Санау жүйесі 3.Позициялық санау жүйесі 4.Позициялық емес санау жүйесі 5.q санау жүйесі 6.Базистік цифрлар 7.Кез келген санау жүйесіндегі 8.Ондық санау жүйесіндегі 9.Берілген санау жүйесіндегі бүтін санды екінші бір санау жүйесінде өрнектеу
116 Әдебиеттер: 1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы. 2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж. 3. “Есептеуіш техника және программалау”, О. Камардинов, Алматы - 1997 №2 Зертханалық жұмыс Тақырыбы: Компьютердің құрылғылары. Жұмыстың мақсаты: Компьютердің негізгі құрылғыларымен, соның ішінде клавиатурадағы клавиштердің қызметтерімен таныстыру. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы: Дербес компьютерлер құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады: • жүйелік блок; • дисплей немесе монитор; • пернетақта; • тышқан. Жүйелік блок Компьютердің ең негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Оның ішінде дербес компьютердің түйіндері орналасқан, сонымен катар жүйені электр тоғына қосатын батырма қойылған.
117 Жүйелік блоктың ішіне аналық тақша (материнская плата) - дербес компьютердің негізгі тақшасы орналасқан. Оның үстіне процессор, жедел жад, шиналар және басқа да құрылғылар орналасқан. Сонымен бірге жүйелік блоктың ішінде қоректендіру блогі, қатты диск, дискжетек, CD-ROM, дыбыс тақшасы, көрініс тақшасы орналасқан. Жүйелі блоктың артқы тақтасында енетін желілерді және порттарды (монитор, порты, тышқан, пернетақта), қосымша құрылғыларды (принтер порты, модем, сканер, микрофон) қосатын қосқыштар орналасқан. Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады Монитор Монитор (дисплей) - текстік және графикалық ақпаратты экранға шығаруға арналған. Монитор түрлі түсті және монохромды (қара-ақ ) болып бөлінеді. Монитор текстік және графикалық режимді қарастыратын видеоадаптер деген арнайы құрылғының басқаруымен жұмыс істейді. Клавиатура Клавиатура арқылы компьютер жадына программалар мен берілгендер енгізіледі. Клавиатурадағы клавиштерді шартты түрде 3 немесе 4 түрге бөлуге болады. 1. Функционалдық клавиштер 2. Алфавитті – цифрлық және таңбалық клавиштер (пробел, 0–9 цифрлар, латын әріптеріә, кириллица тыныс белгілері, түрлі символдар “+; –“ және т.б) 3. Қызметші (басқару) клвиштер. 4. Оң жақтағы ( көмекші ) клавиатура. Функционалдық клавиштер (1) F1,F2, … , F12 арқылы белгіленген, түрді режимдерінде әртүрлі қызмет атқарады. Алфавитті – цифрлық және таңбалық клавиштер арқылы, әдетте, текстер, түрлі берілгендер мен программалар беріледі. Бұл клавиштерде латын әріптері мен қатар қазақ әріптері (кириллица) орналасқан (компьютер іске қосылған кезде тек латын әріптерімен ғана жұмыс істейді, ал қазақ әріптері мен жұмыс істеу үшін компьютерге арнайы прграмманы жүктеп алу қажет). Үлкен әріптерді теру үшін қажет клавишті SHIFT клавишімен бірге қосып басу керек немесе Caps Lock клавишін бір рет басып қою керек. Caps Lock клавишін басқан кезде клавиатураның оң жақ жоғарғы бұрышындағы индикатор (6) жарықталынады. Клавиатурадан кіші әріптерін теру режиміне қайта өту үшін Caps Lock клавишін екінші рет басу жеткілікті. Кейбір клавиштерде екі символ немесе бір символ мен бір цифр бейнеленген. Бұл клавиштердің жоғарғы бөлігінде орналасқан символдарды шығару үшін де SHIFT клавишін бірге қосылып басылуы қажет. Қазақ– орыс әріптеріне өту прграмммасы жүктелген соң, бұл әріптерді теру режиміне көшу SHIFT+SHIFT клавиштерін басу арқылы жүзеге асырылады ( + таңбасы бірнеше клавишті басып тұрып екіншісін басу керектігін білдіретін белгі ретінде қолданылады). Қосымша
118 клавиатураның сол жақ жоғарғы бұрышында Num Lock клавиші бар. Бұл клавиштерінің атқаратын қызметі қосымша клавиатурадағы клавиштерді цифрлық немесе басқару клавиштері қызметіне аустыру. Num Lock клавиші басулы тұрған кезде индикатор жарықталынады, яғни клавиштер цифрлық қызмет атқарады. Курсор– клавиатурадын тексті теру кезінде кезекті символдың экранға шығару орнын көрсетіп тұратын жылжымалы символ. Қызметші (басқару) клавиштер автоматты түрде арнайы командаларды орындауға арналған: Enter– 1) Бір жолда клавиатурадан терілген берілгендер соңын белгілеп не жадқа ендіріп , курсорды келесі жодың басына енгізу (каретканы қайтару) 2) Клавиатурадан терілген команданы орындау. Әдетте бұл клавишті ендіру не каретканы қайтару (КҚ) клавиші деп атайды. SHIFT – регистрді ауыстыру, жоғарғы регистерге өту. Клавиштердің жоғарғы жағында жазулы символдарды теру үшін осы клавишті басып тұру керек. (SHIFT жеке басылған кезде ешқандай команда орындалмайды). Backspace (BS немесе ← ) – курсордың сол жағындағы символды өшіріп, курсорды сол орынға кері қайтару. Delete ( DEL) – курсор тұрған орындағы символды өшіру. Insert (INS) – жолды ығстырып кірістіру. Мысалы, “жұмыс” сөзін клавиатурада теру кезінде “м” әріпі терілмей қалып кетсе , “ы” әріпінің үстіне курсорды апарып, INS клавишін басу керек. Осыдан соң “ м” әріпін клавиатурадан теріп алса болғаны. (Компьютер INS режимінде іске қосылуы мүмкін ) Бұл кезде INS клавишін басудың қажеті жоқ!. TAB - курсорды тұрған орыннан 8 орындық позицияға оңға жылжыту. ESC –Enter клавиші басылмай тұрған кезде берілген команданы өзгертіп, алғашқы режимге өту. Print Screen – экрандағы көріністі принтерде басып шығару. Pаuse- іске қосылған компьютер жұмысын уақытша тоқтату. →,,,– курсорды басқаруға (оңға, жоғары, төмен, солға жылжытуға) арналған кладвиштер. Page Up, Page Down- экран бетін кері, алға аудару (Page Up жоғарғы бетке, Page Down келесі бетке). Home- курсорды жол басына (кей режимдерде экраның сол жақ жоғарғы бұрышына) бірден жылжыту. End- курсорды жол соңына бірден жылжыту.
119 Бос орын (Space)- курсорды басқаруға арналған клавиші сияқты клавиш. Әдетте ол текс ішіндегі бос аралықтарды қалдыру үшін пайдаланылады. Ctrl, Alt- жеке басылған кезде ешқандай команданы орындамайды, ал кейбір басқа кладвиштермен қосылып басылса, оны компьютер команда ретінде қабылдайды. Ескерту:1) Клавиатурамен жұмыс істеу кезінде клавиштерді қатты басу олардың тез істен шығуына әсерін тигізеді. 2) Кейбір дербес жағдайлардан басқа кезде кладвишті көп уақыт басып тұру да дұрыс бемес. Терілдген текст жолының бір бөлігін келесі жолға өткізу керек болса, курсорды келесі жолға өткізілуге тиіс текст бөлігінің бірінші синволының астын әкеліп Enter кладвишін басу керек. Керісінше екі жолды біріктіру үшін курсорды екінші жолдағы бірінші синволын астын әкеліп BackSpace (Bs не ) клавишін басу керек не курсорды бірінші жолдағы ең соңғы синволдың астына әкеліп Delete клавишін басу керек. Мысалы: “Өлен сөздің патшасы,сөз сарасы. Қиынынан қиыстырар реданасы” деп терілген текстің “Қиынынан қиыстырар ер данасы” белгіленген келесі жолға өткізу керек болса курсорды “Қ” әріпінің астына әкеліп Enter клавишін басамыз. Сол кезде терілген текст экраннан төмендегідей көрінеді. “Өлен сөздің патшасы,сөз сарасы. Қиынынан қиыстырар реданасы.” Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары: 1. Компьютердің негізгі құрылғылары. 2. Компьютердің ішкі құрылғылары. 3. Компьютердің сыртқы құрылғылары. Тапсырмалар: 1) Компьютерді қосып Word программасын жүктеу. 2) Қазақ және латын әріптері арқылы кез-келген текст теру. 3) Текст арасына бір сөз қосу. 4) Текстен кез келген бір сөзді алып тастау (өшіру). Өшіруді бірінші BackSpace кладвиші арқылы, екінші Delete кладвиші арқылы орындаңдар. 5) Терілген текстің бірінші жолындағы әрбір сөзді жеке–жеке жолдарға бөліп жазыңдар 6) Осы бөлінген жолдарды қайтадан бір жолға біріктіріңдер. Біріктіруді бірінші BackSpace клавиші арқылы, екінші Delete клавиші арқылы орындаңдар.
120 7) Бір сөзді басқа сөзбен алмастырыңдар (INS кладвишін пайдаланыңдар). 8) Тек бас әріптер арқылы бір текст теріңдер. 9) Page Up, Page Down, Home, End клавиштерін басып, әрқайсысын басқанда қандай өзгерістер болатынын анықтаңдар. 10) Компьютерді өшіру. Бақылау сұрақтары: 1. Жүйелік блок, оның құрамы. 2. Монитор. 3. Тышқан. 4. Клавиатураның негізгі қызметі. 5. Клавиштердің түрлері 6. Функционалдық кладвиштердің атқаратрын қызметі. 7. Алфабитті–цифрлық және таңбалық кладвиштердің атқаратын қызметі. 8. Қызметші (басқару) клавиштерінің атқаратын қызметі. 9. Оң жақтағы (көмекші) клавиатураның атқаратын қызметі. 10. Мәліметтерді баспаға шығару құралдары. 11. Мәліметтерді сақтау құралдары. Әдебиеттер: 1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова, Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы. 2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж. 3. А.Левин “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997. №3 Лабороториялық жұмыс Тақырыбы: WINDOWS жүйесінде жұмыс істеу негіздері. Жұмыстың мақсаты: Терезе түрлерімен танысу. Жұмыс столында ярлық құруды, ярлықтардың көшірмесін алуды, орнын ауыстыруды, орналасуын реттеуді, жұмыс столындағы ярлықтарды негізгі мәзірге, панели задач қатарына орналастыруды үйрену. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы: Windows жүйесіндегі басты ұғым –терезе. Терезе рамка арқылы шектелген тік төртбұрышты экран сегіметі. Әрбір қосымша ( приложение) жеке терезеде орындалады. Қолданбалы программаны қосу – қосымша терезесін ашуды білдіреді. Қосымша терезесін жабу программаны аяқтауды білдіреді. Бір мезгілде бірнеше қосымша өз терезелерінде орындала алады. Егер бірнеше қосымша терезелері ашылса, олардың аттары Панель задач қатарында төмендегідей болып көрініп тұрады. Терезенің төрт түрлі типі болады: 1. Программалар терезесі. 2. Документтер терезесі.
121 3. Диалоктық терезе . 4. Анықтамалық жүйенің терезесі Терезелер экранда үш түрлі варианта Көрінуі мүмкін. 1. Толық экран-бүкіл экранды алып тұрады. 2. Қалыпты (нормалный) –экраның бір бөлігін алып тұрады. 3. Жинақталған (свернутый) –терезе жинақталып кнопка тәрізді түрде көрінеді. Көріну варианттарын терезенің бірінші қатарының оң жағанда кнопкаларо арқылы өзгеруге болады. -жинақтау -толық экран жағдайына келтіру. - қалыпты (нормальный) жағдайға келтіру - терезені жабу. Қалыпты жағдайдағы терезінің орнын, өлшемін өзгерте аламыз. Жарлық – программаны іске қосушы орындалатын файылға сілтеме. Жарлықты тышқан арқылы таңдап, сол жақ батырмасын екі рет бассақ, жарлық құрылған программаның орындалатын файылын машруты бойынша тауып программаны іске қосады. Жұмыс солында жарлық құру үшін орындалатын әрекеттер: 1. жұмыс столының бос жеріне тышқан көрсеткіші апарып оң жақ батырмасын басамыз. Бұл кезде 1-суреттегідей контекстік мәзір көрінеді. 2. Контекстік мәзірден Создать-жарлық командасын таңдау. 2- суреттегідей терезе шығады. 3. Командная строка деген жерге ярлық құрып жатқан программаның орындалатын файылының машрутын клавиатурадан тереміз не болмаса Обзор командасын таңдаймыз. 3-суреттегідей терезе шығады. 4. Керекті программа жазылған католокты ағымды етіп, орындалатын файылын тышқан арқылы таңдап открыть командасын орындаймыз. Мысалы NDD катологын ағымдық етіп, орындалатын файыл ndd _1.exe файылын таңдап Открыть командасын орындау.
122 1-сурет 2- сурет 3-сурет 5. 4- ші суреттегідей терезе шығады. Одан Далее командапсын таңдасақ 5- ші суреттегідей терезе шығады. Укажите название ярлыка деген жерге ярлықтың атын ауыстырғымыз келсе өзіміз қалаған атты клавиатураан тереміз не сол күйінше қалдырып Готовае командасын таңдаймыз. 4-сурет 5-сурет Жұмыс столындағы жарлықтардың орнын ауыстыру үшін орындалатын әрекеттер: 1. ярлыққа тышқан көрсеткішін әкеліп, сол жақ батырмасын басу; 2. кнопканы жібермей тышқанды қозғалтып ярлықтың орнын ауыстыру ; 3. ярлықты қажетті орынға әкелген соң кнопканы жіберу. Жұмыс столында жарлықтардың көшірмесін алу үшін ярлықтың орнын ауыстырудағы 2,3 әрекеттерді CTRL кладвишін басып тұрып орындау жетткілікті. Жұмыс столындағы ярлықтардың орналасуын реттеу үшін жұмыс столының бос жеріне тышқан көрсеткішін әкеліп оң жақ батырмасын басу арқылы 1-ші суреттегідей контекстік мәзірді шақырып алып урорядичить значки командасын таңдап, оның ішкі мәзірінен керекті командаларды таңдаймыз. Жұмыс столындағы ярлықты негізгі мәзірге көшіругеде болады. Мысалы Far жарлығын Пуск → Программы командасының ішіне қою тәсілі: Far жарлығының үстіне тышқан көршеткішін әкеліп сол жақ батырмасын
123 басып тұрып жылжытсақ тышқан көршеткіші Far ярлыгымен бірге жылжиды. Пуск батырмасының үстіне жылжытып сәл ұстап тұрсақ негізгі мәзір ашылады. Программы таңдамасын таңдап, ішкі мәзіріне өтіп қажетті жерге келгесін сол жақ кнопканы жіберсек Far ярлыгы Пуск Программы таңдамасының ішіне орналасады. Негізгі мәзірдегі ярлықтарды да осы тәсіл бойынша жұмыс столына шығаруға болады. Жұмыс столынан жарлықты өшіру үшін белсенді етіп Delete клавишін басамыз не жарлыққа тышқан көрсеткішін әкеліп оң жақ батырмасын басып, контекстік мәзірдегі Удалить командасын орындау керек. Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары: 1. Жұмыс столы. 2. Терезелер. 3. Контекстік мәзір Тапсырмалар: 1. Бірнеше программаның терезесін ашыңдар. Оларды кезек-кезек белсенді етіп, терезені жинақта, қалыпты экран түріне келтір, өлшемдерін, орнын өзгертіңдер. 2. QBASIC, TP, PAINT программаларына жарлық құрыңдар. 2. Жұмыс столындағы жарлықтардың орнын ауыстыру, көшірмесін алу, олардың орналасуын автоматты түрде реттеу. 3. Жұмыс столындағы QBASIC, TP жарлықтарын Пуск- Программы таңдамасының ішіне орналастыру. 4. Пуск- Программы таңдамасының ішіндегі программалардың біреуінің ярлығын жұмыс столына шығарыңдар. 4. Өздерін құрған жарлықтарды өшіріңдер. Бақылау сұрақтары: 1. Барлық операциялық жүйенің ең негізгі қызметі. 2. Windows жүйесінің негізгі функциялары. 3. Терезе, оның түрлері. 4. Жұмыс столы. 5. Белгішелер, жарлықтар. Әдебиеттер: 1.Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова
124 Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы. 2.Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж. 3. А.Левин “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997. 4. Г.Евсеев, С.Симонович “WINDOWS 98 полный справочник в вопросах и ответах”. Москва, 2001
125 № 4 Зертханалық жұмыс Тақырыбы: Windows жүйесін басқару және баптау. Мақсаты: Жұмыс столын, Панель задач қатарын баптауды, басқару панеліндегі командалармен жұмыс істеуді үйрену. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы: Жұмыс столын әр пайдаланушы өз талғамы бойынша безендіріп ала алады. Жұмыс столының фонына әр түрлі суреттер, қалаған түстер, экранға заставкалар қоюына болады. Заставка - компьютер қосулы тұрған кезде пайдаланушы бірнеше минут жұмыс істемегенде экранды қорғайтын әртүрлі қозғалыстарда болатын суреттер. Қыстырма қою үшін орындалатын әрекеттер: 1. Пуск – Настройка – Панель управления – Экран не Пуск – Настройка – Рабочий стол Active Desktop – Настроить рабочий стол не жұмыс столының бос жеріне тышқан көрсеткішін әкеліп оң жақ батырмасын басқанда шығатын контекстік мәзірден Свойства командаларының біреуін орындау. 1-ші суреттегідей терезе шығады. 2. Терезедегі Заставка командасын таңдасақ терезе 2-ші суреттегідей болып өзгереді. 3. Төменгі жағындағы Заставка деген жердегі төмен қараған үшбұрышты бассақ заставкалар аттарының тізімі көрінеді. Керектісін тышқан арқылы таңдап, терезенің төменгі жағында орналасқан Применить батырмасын, одан соң ОК батырмасын басамыз. Жұмыс столының фонына түрлі суреттер қою үшін орандалатын әрекеттер: 1. Жоғарыдағы тәсілмен 1-ші суреттегідей терезені шығарып алу. 2. Фон комендасын таңдасақ, терезе бірінші суреттегідей болып өзгереді. 3. Выберите документ HTML или рисунок деген жерде қажетті суреттің бәрін таңдаймыз немесе өзіміз салып сақтаған суреттерді, не боласа басқа қолдан салынған не сканер арқылы енгізілген суреттерді қою үшін Обзор командасы арқылы суреттер сақталған папканы ағымдық етіп, суретті таңдаймыз. Суретті таңдап болған соң Применить командасын, одан соң ОК батармасын басамыз. Жұмыс столының, ондағы басқа элементтердің түсін өзггерту үшін орындалатын әрекеттер: 1. Жоғарыдағы тәсілмен 1-ші суретті шығарып алу.
126 2. Оформление командасын таңдау. Терезе 4-ші терезедегідей болып өзгереді. 3. Схема деген жерден Microsoft фирмасының дизайнерлері дайындаған формалардың бірін таңдап Применить батырмасын бассақ терезелер түстері сол формаға келеді. Ал терезенің жұмыс столының жекелеген элементерінің түсін өзгерту үшін Элемент деген жерден элемент аттарын таңдап, оң жақтаға Цвет командасынан керекті түсті таңдап Применить батырмасын одан соң ОК батырмасын басу. 1-сурет 2-сурет 3-сурет Эффекты командасын таңдағанда жұмыс столындағы Мой компьютер, Мои документы, Корзина, Сетевое сооружения белгілерінің значоктарын ауыс тыратын терезе ашылады. Параметры командасын таңдау арқылы түстер санын, экранның мүмкіншілігін реттейтін терезені шығарамыз. Жұмыс столының фонына жүйенің өзімен бірге келетін әртүрлі тақырыптағы дайын суреттерді қоюға да болады. Бұл суреттерді қоюға арналған терезені Пуск – Нвстройка – Панель управления – Темы рабочего стола командасын орындау арқылы шақыруға болады. Терезе 4- суреттегідей түрде көрінеді. Тема деген жердегі тізімнен тақырып аттарын таңдап Применить батырмасын, одан соң ОК батырмасын бассақ жұмыс столының экранында сол тақырыптағы сурет көрінеді.
127 4-сурет Панель задач қатарын баптау үшін (настройка) Пуск → Настройка → Панели задач и меню Пуск командасын таңдаймыз не Панель задач қатарының бос жеріне тышқанды әкеліп оң батырмасын басқанда шығатын контекстік мәзірден Свойства командасын орындаймыз. Свойства: Панель задач деген терезе шығады. Терезедегі Параметры панели задач командасын таңдасақ терезе суреттегідей көрініске ие болады. Көрініп тұрған командалардың керектісінің тұсына тышқан көмегі арқылы белгі қойып сол команданы таңдаймыз. Одан соң Применеть командасын, кейін ОК батырмасын басамыз. Негізгі мәзір пунктеріне программа ярлик- тарын қосу үшін терезедегі Настройка меню батырмасын бассақ 5-ші суреттегідей терезе шығады. Негізгі мәзірге программа ярлыктарын қосу үшін Добавить батырмасын бассақ ярлык құру терезелері шығады. Өткен жұмыстағыдай ярлык құру әрекеттерін орындай отрып Негізгі мәзірдегі пунктердің тізімі көрсетілген Выбор папки деген 6-шы суреттегідей терезеге кездесеміз. Терезедегі каталогтар ағашынан керекті пунктты таңдап Далее батырмасын бассақ, Выбор значка деген терезе шығады. Значокты таңдап терзедегі Готово батырмасын басақ программа ярлығы негізгі мәзірдегі өзіміз таңдаған пунктке қосылады. 5-ші сурет 6-шы сурет 7-ші сурет 5- ші суреттігідей терезедегі Улалить кнопкасы негізгі мәзірдегі ярлыктарды өшіру үшін қолданылады. Удалить батырмасын бассақ 7-ші суреттегідей негізгі мәзір пунктерінің тізімі каталогтар ағашы түрінде көрсетілген терезе шығады. Өшірілетін программа жарлығын таңдап Удалить командасын орындау керек.
128 Негізгі мәзірдегі программа ярлыктарын өшірудің оңай жолы ярлык атының үстіне тышқан көрсеткішін оң жақ батырмасын басқанда шығатын контекстік мәзірден Удалить командасын орындау. Пуск→Настройка→Панель управления командалар тізбегін орындағанда Панель управления терезесі ашылады. Бұл терезеде Windows жүйесін баптаушы элементтер жинақталған. Дата/время – компьютердегі ағымдық уақытты, датаны өзгерту үшін қолданылады.Звук Клавиатура терезесіндегі командалар арқылы клавиштерге қандай да бір команданы бекітуге, курсордың жанып-өшу жылдамдығын реттеуге болады. Ең бастысы тілдерді ауыстыруды клавиштер арқылы іске асыру. Мышь программасы сол және оң жақ кнопкалардың орнын ауыстыру, кнопканы екі рет басу жылдамдығын, тышқан көрстекішінің қозғалу жылдамдығын өзгерту үшін және тышқан көрсеткіші қозғалғанда ізін қалдыруды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Система – 4 қосымша командасы бар Свойства:Система деген терезені ашады. 1-ші командасы Общий . Мұнда бұл қандай компьютер, Windows-тың қандай версиясы орнатылған, оперативті жады қанша, т.б. мәліметтер көрсетілген. 2-ші командасы Устройства. Мұнда компьютерге орнатылған құрылғылардың драйверлерінің тізімі көрсетілген. Драйверлердің жағдайын, версиясын көру үшін аттарының үстіне тышқан көрсеткішін әкеліп кнопканы екі рет басу керек. Егер ондағы қандайда бір белгі қызыл крестикпен белгіленсе, онда құрылғының қосылмағаны. Егер құрылғы басқа құрылғылармен конфликте болса, не дұрыс істемей жатса, онда олардың белгілерінің үстінде сары леп белгісін байқауға болады. Управление питанием – электр энергиясын аз пайдалану режимдерін орнату үшін қолданылады. Установка и удаление программ – Установка/удаление, Установка Windows, Системный диск деген командалары бар терезені ашады. Установка/удаление командасы арқылы жаңа программаларды орнатуға және қажет емес программаларды өшіруге болады. Установка Windows командасы арқылы Windows жүйесінің орнатылмаған компоненттерін орнатуға, алып тастауға болады. Системный диск - Windows жүйесінің жүйелік дискетін құру үшін қажет. Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары 1. Жұмыс столы, оны баптау. 2. Панель задач қатары, оны баптау. 3. Басқару панелі. Тапсырмалар: 1. Жұмыс столын безендіру:
129 А) фонын өзгертіңдер; ә) заставка қойыңдар б)безендіріңдер (оформление) 1) дайын формаларды пайдаланып, 2) жекелеген эленттердің түсін өзгерту арқылы в) Темы рабочего стола терезесін пайдаланып әртүрлі тақырыптағы суреттерді қойыңдар. г) Эффекты, Параметры командаларымен жұмыс істеп көріңдер. 2. Жұмыс столының түрін қайтадан бұрынғы қалпына келтіріңдер. 3. TP программасының жарлығын негізгі мәзірдегі Программы пунктіне, BASIC программасының жарлығын Главный меню пунктіне, NC жарлығын программы – Стандартная пунктіне қосыңдар. 4. Қосқан ярлыктарыңды қайтадан алып тастаңдар. 5. Тышқан кнопкаларының орнын ауыстырыңдар. 6. Уақытты, датаны өзгертіңдер. 7. Управление электропитанием командасымен жұмыс істеңдер. 8. Жүйелік дискета құрыңдар. Бақылау сұрақтары: 1. Жұмыс столын күйге келтіру (безендіру) А) Фоны; ә) Заставка; б) Безендіру (оформление); в) Эффекты г) Темы рабрчего стола 2. Негізгі мәзір құрамындағы таңдамалар қызметі. 3. Негізгі мәзір құмындағы пунктерге программа ярлыктарын қосу және алып тастау жолдары. 4. Панель управление терезесі, ондағы командалардың қызметі. 5. Windows жүйесін басқаруда қолданылатын құралдар. Әдебиеттер: 1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы. 2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж. 3. А.Левин “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997. 4. WINDOWS 98 ОЖ анықтамалығы
130 №5 Зертханалық жұмыс Тақырыбы: Папка, файл. Мақсаты: Жаңа папка құруды, файлдарды, папкаларды көшіруді, орнын ауыстыруды, керек емес папкаларды, файлдарды өшіруді үйрену. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы: Папкалармен және файлдармен жұмыс істеуге арналған терезені Пуск – Программы – Проводник командалары арқылы немесе SHIFT клавишін бір қолмен басып тұрып жұмыс столындағы Мой компьютер белгісіне (значогына) тышқан көрсеткішін әкеліп сол жақ батырмасын екі рет жылдам басу арқылы шақырамыз. Терезе көрінісі 1-суреттегідей болады. 1-сурет. Керекті папканы ағымдық ету үшін тышқан көрсеткішін папка атының үстіне әкеліп сол жақ батырмасын екі рет жылдам басу керек. Ішкі папкадан бірінші деңгейлі папкаға өту үшін құралшдар панеліндегі батырмасын басу керек. Жаңа пака құру үшін орындалатын әрекеттер: Мысалы, С:\ NC папкасының ішінен жаңа папка құру керек болсын: 1. С дискісіндегі папкалар тізім көрсетілген бөлікте жаңа папка құрылатын папканы ағымдық етеміз, яғни NC папкасын ағымдық етеміз. 2. Көлденең мәзірдегі Файл – Создать – Папку командасы орындаймыз. NC папкасының мазмұны жағында деген жазу көрінеді. Тақырыптар қатары Көлденең мәзір Құралдар панелі Ағымдық папканың не файлдың маршрутын көрсететін жол С дискісіндегі папкалар тізімі Ағымдық папканың мазмұны
131 3. Новая папка дегенді өшіріп клавиатурадан жаңа ат жазып тышқанның сол жақ батырмасын екі рет жылдам басу керек немесе ENTER клавишін басу керек. Папкадан папкаға файлдарды көшіру үшін орындалатын әрекеттер: Мысалы, TP папкасындағы esep.pas файлын STUDENT папкасына көшіру керек болсын: 1. С дискісіндегі папкалар тізімі көрсетілген бөлікте TP папкасын ағымдық етіп, esep.pas файлына тышқан көрсеткішін апарып сол жақ батырмасын бір рет басу арқылы файлды белгілеп аламыз. 2. Көлденең мәзірдегі Правка – Копировать командасын немесе құралдар панеліндегі Копировать батырмасын басу. 3. С дискісінде папкалар тізімі көрсетілген бөлікте STUDENT папкасын ағымдық етіп, көлденең мәзірдегі Правка – Вставить командасын немесе құралдар панеліндегі Вставить батырмасын басу. Файлдар тобын көшіру үшін файлдарды топтап белгілеп жоғарыдағы 2,3-ші әрекеттерді қайталаймыз. Мысалы, қатар тұрған 8 файлды белгілеу үшін SHIFT клавишін басып тұрып, тышқан көмегі арқылы 1-ші файлды, одан соң 8-ші файлды белгілесек арасындағы файлдарда да белгіленеді. (2-ші сурет) CTRL клавишін басып тұрып, тышқан көмегі арқылы қалаған бірнеше файлды әр жерден белгілеуге болады. (3-ші сурет) Дискетке файлдарды көшіру үшін орындалатын әрекеттер: 1. Керекті папканы ағымдық етіп көшірілетін файлды не файлдарды белгілеп алу. 2. Көлденең мәзірдегі Правка – Копировать командасын немесе құралдлар панеліндегі Копировать батырмасын басу. 3. Дискетті салу. С дискісіндегі папкалар тізімі көрсетілген бөлікте Диск 3,5 (А) дегенді ағымдық етіп, көлденең мәзірдегі Правка – Вставить командасын немесе құралдар панеліндегі Вставить батырмасын басу. 4. С дисксін не оның ішіндегі кез-келген папканы ағымдық ету, одан соң дискетті алу. Дискеттен файлдарды компьютерге көшіру үшін орындалатын әрекеттер: 1. Дискетті салу. С дискісіндегі папкалар тізімі көрсетілген бөлікте Диск 3,5 (А) дегенді ағымдық етіп көшірілген файлды не файлдарды белгілеп алу. 2. Көлденең мәзірдегі Правка – Копировать командасын немесе құралдар панеліндегі Копировать батырмасын басу.
132 3. С дискісіндегі папкалар тізімі көрсетілген бөлікте қажетті папкасын ағымдық етіп, көлденең мәзірдегі Правка – Вставить командасмын немесе құралдар панеліндегі Вставить батырмасын басу. 4. Дискетті Алу. Папкадан папкаға, дискетке, дискеттен компьютерге файлдардың орнын ауыстыру үшін жоғарыдағы көшіру әрекетіндегі 2 пункттегі Копировать командасының орнына Вырезать командасын орындау керек. Керек емес папканы, файлды өшіруге орындалатын әрекеттер: 1. Өшірілетін папканы, файлды немесе файлдар тобын белгілеп алу. 2. Құралдар панеліндегі Удалить батырмасын басу. Файл атына тышқан көрсеткішін апарып оң жақ батырмасын бассақ оның төмендегі суреттегідей контекстік мәзір көрінеді. Дискетке файлды көшіру үшін осы контекстік мәзірден Отправить – Диск 3,5 (А) командасын орындау керек. Бұл команданы беруден алдын дискетті компьютерге салып алу естен шықпау керек. Файлды өшіру үшң Удалить командасын, файлдың атын ауыстыру үшін Переименовать командасын орындаймыз. Контекстік мәзір арқылы файлдар тобын көшіруге, өшіруге болады. Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары 1. Файл. 2. Папка. 3. Проводник программасы. Тапсырмалар: 1. 1-ші суреттегідей Обзор терезесін шақырыңдар 2. С:\STUDENT папкасының ішінен жаңа папка құрыңдар 3. Құрған папкаларыңа С:\Мои документы папкасынан бір файл және файлдар тобын көшіріңдер. 4. Құрған папкаларыңа көшірілген файлды дискетке көшіріңдер. 5. Құрған папкаларыңның ішінен екінші бір жаңа папка құрыңдар 6. Дискетке көшірген файлдарыңды екінші құрған папкаға орын ауыстырыңдар 7. Екінші құрған папкадағы файлдарды, одан соң папканың өзін өшіріңдер. 8. Бірінші құрған папкадағы бір файлды оның контекстік мәзірі арқылы дискетке көшіріңдер, бір файлды өшіріңдер, бір файлдың Атын ауыстырыңдар. Бақылау сұрақтары:
133 1. Проводник терезесі 2. Керекті папканы ағымдық ету. Ішкі папкадан бір інші деңгейлі папкаға өту. 3. Папкадан папкаға, компьютерден дискетке, дискеттен компьютерге файлдарды көшіру, файлдардың орнын ауыстыру. 4. Файлдарды топтау әдістері. 5. Керек емес файлдарды, папкаларды өшіру. 6. Контекстік мәзірі арқылы файлдарды дискетке көшіру, өшіру, атын ауыстыру. Әдебиеттер: 1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы. 2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж. 3. Windows жүйесінің анықтамалығы. №6 Зертханалық жұмыс Тақырыбы: Microsoft Word текстік редакторы терезесі. Жұмыстың мақсаты: Word документтерін құру, сақтау, жүктеуді, текстік документтің негізгі элементтерімен жұмыс істеуді үйрену. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы: Microsoft Word текстік редакторын іске қосу үшін Пуск - Программы – Microsoft Word командалар тізбегін орындаймыз не жұмыс столында ярлыгы болса сол арқылы іске қосамыз. Кей жағдайларда пайдаланушылар Word жарлығын Панель задач қатарына орналастырып қоюы мүмкін. Осы үш жағдайдың бірі арқылы Microsoft Word текстік редакторын іске қоса аламыз. Word текстік редакторын іске қосатын орындалатын файл аты winword.exe. Ол Programm Files папкасының ішіндегі Microsoft Office – Office папкасының ішінде орналасқан. Ярлық құру үшін осы файлға сілтеме жасау керек не болмаса Microsoft Office папкасының ішінде орналасқан дайын ярлыққа сілтеме жасаса болғаны.
134 Word терезесінің элементтері: 1. Тақырыптар қатары – Microsoft Word программа аты, Документ 3 – ашлып тұрған документтің атын білдіреді, егер документке ат қойылса сол ат көрініп тұрады. 2. Көлденең мәзір – Wordта жұмыс істеуді қамтамасыз ететін командалар типтеріне байланысты таңдамаларағ ішкі мәзір ретінде жинақталған. 3. Стандартты құралдар панелі – стандарты командалар кнопкасы жинақталған. 4. Форматтау құралдар панелі – текстің форматын өзгерту командаларының кнопкалары. 5. Таблицы и границы құралдар панелі - таблицамен жұмыс істеу командаларының кнопкалары. Әр кнопканың қандай команданы орындайтынын білу үшін тышқан көресткішін кнопканың үстіне апарып сәл ұстап тұрсақ кнопканың оң жақ төменгі жағында коаданы атын көрсетеді. Кнопканың суретінің өзі де атқаратын қызметін айқындайтын етіп таңдалған. 6. Көлденең және тік сызғыштар – қағаздың жан-жағынан қалған поля өлшемдерін, текстің, суреттің парақта орналасу позицияларын көріп отыру үшін қолданылады. 7. Жұмыс алаңы – текст жазатын жеріміз. Жұмыс алаңындағы парақтың өлшемдерін қажетімізге қарай өзгертуге болады. 8. Тік және көлденең айналдыру жолақтары - жұмыс алаңының, яғни парақтың экранға симай тұрған бөліктерін көру үшін қажет. 9. Рисование құралдар панелі - әртүрлі фигуралар сызу, оларды бояу командаларын орындайтын кнопкалар орналасқан. 10. Сторка состояне (күй қатары) – Стр 1. документте 1-ші парақ ағымдық болып тұр дегенді, 1/ 1 – бөлшектің алымы курсор орналасқан парақтың нөмірін, бөлшектің бөлімін документтегі жалпы парақ санын
135 білдіреді. Ст 1 – жол нөмірін, Кол 1 – парақтың сол жағынан есептегендегі курсор орналасқан позицияны білдіреді. Microsoft Word –ты жүктеген кезде автоматты түрде жаңа документ құрылады. Жұмыс істеу барысында бір документпен жұмысты аяқтап, екінші бір документпен жұмыс істеу үшін жаңа документ құрып алу керек. Ол үшін Файл – создать командалар тізбегін орындаймыз немесе Стандартты құралдар панеліндегі создать батырмасын тышқан арқылы таңдап сол жақ батырмасын бір ерт басамыз. Жаңа документ құрылған соң парақтың жан-жағына поля қойып алғанысыз дұрыс. Поля қою үшін Файл – Параметры страницы командалар тізбегін орындасақ төмендегідей терезе шығады. (1-сурет). Поля командасын таңдасақ 1- ші суреттегідей көрініске ие болады. Верхнее, Нижнее, Левое, Правое дегендердің тұсындағы жоғары – төмен қарағанда үшбұрыштар арқылы қажетті поля өлшемдерін қойып ОК командасын басу к/к. Размер бумаги командасын таңдасақ 2-ші суреттегідей көрініске ие болады. Мұнда біз парақтың өлшемдерін өзгерте аламыз. А4 – парақтың өлшемі (ксерокс қағазының өлшемі ). Басқа парақтың өлшемдерін қою үшін А4 дегеннің оң жағындағы төмен қарағанда ұшбұрышты бассақ парақтың әртүрлі өлшемдері шығады. Керектісін тышқан арқылы таңдаймыз. Ескерту: - парақ өлшемдерін таңдаған кезде принтер мүмкіншілігін ескерту қажет. Кей жағдайларда парақты көлденеңінен қойып жазуға тура келеді. Ол үшін Ориентация деген жерден альбомная командасын таңдасақ болғаны. Қайтадан тігінен қою үшін Книжная командасын таңдау керек. Текст терілетін тілді таңдау экранның оң жақ төменгі бұрышындағы кнопка арқылы орындалады. CTRL+Shift клавиштері арқылы немесе тышқан көмегі арқылы қажетті тілді таңдап алуымызға болады. Шрифтің түрін, өлшемін, стилін, түсін таңдау Формат –Шрифт командасын таңдағанда шығатын терезеде (3-ші суретте ) орындалады не Форматтау құралдар панелі арқылы орындалады.
136 Осы терезеден қажетті командаларының таңдап алуымызға болады. Пайдаланушылардың көпшілігі Формат құралдар панелі арқылы жұмыс істейді. Шрифтің түрін, өлшемін таңдау үшін батырмасын пайдаланамыз. Төмен қараған үшбұрыштарды тышқан арқылы таңдағанда шрифтің түрлерінің тізімі, өлшемдердің тізімі көрінеді. Қажеттісін таңдаймыз. Қазақша жазу үшін Kasakh дегені бар шрифті таңдау керек. Егер қазақша шрифті таңдасақ, текст терілетін тілде қазақша болуы, орысша шрифтерін таңдасақ, терілетін тілде орысша болуы керек. Сәйкес келмеген жағдайда әріптер орнына төртбұрыштар не түсініксіз символдар шығып кетеді. кнопкалары арқылы шрифтің стилін өзгертеміз. - әріптерді жартылай қалың етіп жазу, -қиғаш етіп жазу, - әріптерді астын сызып жазу. Бұл кнопкаларды таңдағанда олар ақшыл болып жанып тұрады. Олардың екеуін не үшеуінде қатар таңдай беруге болады. Өшіру үшін қайтадан арқылы таңдасақ болғаны. -тексті парақтың сол жақ шетіне туралау , -парақтың ортасына туралау, - парақтың оң жақ шетіне туралау, - екі жақ шетінде туралау. Осы кнопкаларды пайдаланып тексті парақтың парақтың қажетті жеріне туралауымызға болады. Жазылған текст әдемі көріну үшін екі жақ шетін туралау батырмасын пайдаланамыз. - текстің түсін өзгерту кнопкасы. Жазылып қойған текстің форматын (шрифтің түрін, өлшемін , тұүсін, стилін т.б.) өзгертуге болады. Ол үшін форматы өзгертілетін тексті блоктап (белгілеп ) алу керек. Тексті блоктауды екі түрлі жолмен іске асыруға болады. 1. Тышқан көрсеткішін блокталатын текстің басына әкеліп тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып тышқанды төмен қарай қозғалту керек. Бұл кезде қара түсті блокқа алына батайды. Текстің керекті бөлігі бокталған кезде тышқан көрсеткішін жіберу қажет. 2. Курсорды блокталатын текстің басына әкеліп Shift клавишін бір қолмен басып, екінші қолмен курсорды басқару клавиштерінің керектісін басу арқылы орындаймыз. Бір әріпті де блоктап, оның форматын өзгертуге болады. Блокты алып тастау үшін тышқан курсорын кез- келген жерге қойып сол жақ батырмасын басу керек. Документті (файлды сақтау) сақтау Документті сақтау үшін Файл – Сохранить командасын орындаймыз не Стандартты құралдар панеліндегі сохранить батырмасын таңдаймыз. Бұл кезде төмендегідей терезе шығады.
137 Имя файла деген жерде файл атын жазып Сохранить командасын орындасақ документ сол атпен Мои документы папкасына сақталады. Файл атын латынша, орысша қоюға болады. Басқа папкаға сақтау үшін керекті папканы ағымдық етіп файл атын жазып Сохранить командасын орындау керек. Документті текст жазбай тұрып не болмаса шамалы жазғаннан кейін сақтап алған жөн. Кейін жазылған текст бөліктерін сақтау үшін Стандартты құралдар панеліндегі Сохранить батырмасын басып отырсақ документ сол атпен сақтала береді. Бұл свет өшіп қалған жағдайда документтің түгел өшіп кетуінен сақтайды. Кей жағдайларда сақталған файлдың атын ауыстырға тура келеді. Ол үшін Файл – Сохранить как командалар тізбегін орындасақ жоғарыдағы терезе шығады, Имя файла деген жерде жаңа ат жазып Сохранить командасын орындасақ болғаны. Файлды жабу үшін Файл – Закрыть командасын орындау керек не көлденең мәзірдің оң жақ шетіндегі батырмасын таңдаймыз. Файлдағы соңғы жазылған текст сақтамай Закрыть командасын орындасақ мынадай терезе шығады. Да - ны таңдасақ өзгеріс сақталады. Нет – ті таңдасақ өзгеріс сақталмайды. Отмена – ны таңдасақ Закрыть командасы орындалмайды. Документті (файлды) ашу Сақталған документті ашу үшін Файл – Открыть командалар тізбегін не болмаса Стандартты құралдары панеліндегі Открыть батырмасын таңдаймыз. Мынадай терезе шығады: Қажетті файлды іздеп тауып, файлдың атын тышқан арқылы белгілеп тышқанның сол жақ батырмасын екі рет жылдам басу керек не Открыть командасын орындау керек. Word – та бірнеше докуметті қатар ашып жұмыс істеуге болады. Ашылған документтердің аттарын көлденең мәзірдегі Окно таңдамасының ішінен көруге болады. Ағымдық документ атының тұсында белгі тұрады. Тышқан арқылы басқа документтің атын таңдасақ сол документ ағымдық болады, яғни мазмұны экранда көрінеді. Ашылған документтерді жоғарыдағы файлды жабу командаларының арқылы біртіндеп жабамыз.
138 Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары: 1. Word терезесінің элементтері. 2. Файл мәзірі. 3. Формат мәзірі. Тапсырмалар 1. Microsoft Word программасын іске қосыңдар 2. Документтің жан-жағына 2 см поля қойыңдар 3. Өмірбаяндарыңды жазыңдар. Шрифтің түрін, өлшемін өз еріктеріңше таңдаңдар. 4. Өмірбаяндарыңды жазып болғасын Мои документы папкасына Автобиография деп сақтаңдар. 5. Файлды жабыңдар. 6. Файлдарыңды ашыңдар. 7. Текстегі әр сөздің форматын өзгертіп, файлды сақтап, жап. 8. Microsoft Word терезесін жинақтаңдар. 9. Проводник терезесі арқылы Мои документы папкасының ішінен өз аттарыңмен жаңа папка құрыңдар. Проводник терезесін жабыңдар. 10. Microsoft Word терезесін толық экран түріне келтіріп, жаңа документ құр, парақтың көлденеңінен (альбомная) қойып, поляны өздерің қалғандарыңша қойыңдар. 11. Өздерің қалаған форматта кез-келген текст жазып, оны өз аттарыңмен құрылған папкаға сақтаңдар. Файлды жабыңдар. 12. Бірінші сақтаған файлдарыңды шақырып Файль – сохранить как командасы арқылы өз папкаларыңа сақтаңдар.Файлды жабыңдар. Бақылау сұрақтары. 1. Microsoft Word іске қосу жолдары. 2. Microsoft Word терезесінің элементтері. 3. Жаңа документ құру. 4. Парақтың жан-жағына поля қою, көлденеңінен, тігінен қою, өлшемдерін өзгерту. 5. Шрифтің түрін, өлшемін, түсін, стилін таңдау. Текстің парақта орналасуын туралау. 6. Жазылып қойылған текстің форматын өзгерту. Блоктау жолдары. 7. Документті сақтау. Файлдың атын өзгертіп сақтау. 8. Файлды жабу жолдары. 9. Файлды ашу. Әдебиеттер: 1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы. 2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж. 3. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000
139 7 .Зертханалық жұмыс Тақырыбы: Кеcтелермен жұмыс істеу. Таблицаның тік орналасқан қатары баған, көлденең орналасқан қатары жол деп, ал, бағандармен жолдардың қиылысындағы таблицадағы ең кіші элемент ұяшық деп аталады. Word редакторында таблица құрудың бірнеше тәсілі бар. Жұмыстың мақсаты: Студенттерді кестелермен жұмыс істей білуге үйрету. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы: 1- тәсіл. Таблица добавить таблицу командасын беру. Бұл кезде экранға суреттегідей терезе шығады.Число столбцов қатарына құрылатын таблицаның баған санын, Число строк қатарына жол санын көрсетіп, OK батырмасын басу керек. 2-тәсіл. Құралдар панеліндегі -батырмасын басамыз. Сол кезде бұл кнопка сурет түрінде ашылады. Тышқан көресткіші арқылы суреттегі ашылған кестеден қажетті таблица бағанымен жолын белгілейміз. Белгіленген ұяшықтар көк түспен боялып көрінеді. Белгілеу аяқталған соң тышқан батырмасын басамыз. Егер бізге суреттегі ұяшықтар саны жеткіліксіз болса, онда қажет бағандармен жолдарды тышқан батырмасын басып жібермей ұстап тұрып белгілейміз, содан соң тышқан батырмасын жібереміз. 3- тәсіл. Құралдар панеліндегі батырмасын басып, таблицы и гарницы панелін ашамыз. Бұл панель қосылу болса ( кнопкасы басылу болса), кнопканы басудың қажеті жоқ. Ашылған панельден батырмасын бассақ, тышқан көрсеткіші карандаш формула болады. Осы карандаш арқылы қажет таблицаны салуға болады. Осы тәсіл арқылы бұрын құрылған таблицаға жаңадан ұяшықтар қосуға болады. Таблица бағанын енін немесе жолының биіктігін өзгертуге болады. Таблица бағандарының аралығындағы сызыққа тышқан көрсеткішін әкелсе, оның формасы түрінде өзгереді. Осы кезде тышқан батырмасын ұстап қозғалса, баған енінің сызығында қозғалады. Баған ені қажетті ұзындыққа ие болған кезде тышқан батырмасын жібереміз. Осы тәсілмен жол биіктігінің ұзындығында өзгетуге болады. Таблица бағандарын, жолдарын, ұяшықтарын, немесе жеке бір ұяшығын белгілеуге (блоктауға) болады. Белгіленген қажет бағытын үстіндегі жағына тышқан көрсеткішін әкелгенде оның формасы түрінде өзгереді. Осы кезде тышқан батырмасын басса, баған түгелімен белгіленеді. Тышқан батырмасын ұстап тұрып қатар тұраған бірнеше бағанды белгілеуге болады. Ал жолды белгілеу үшін тышқан көрсеткіші белгілеуі тиіс жолдың сол жағына әкелсе оның формасы оңға қарай қиалай бұрылған стрелка түрінде өзгереді. Осы кезде тышқан батырмасын басу қажет. Осы тәсілмен бірнеше жолдық қатар белгілеуге болады. Ұяшықтар тобын белгілеу үшін тышқан көрсеткішін белгіленген ұяшықтардың бір бұрышына әкеліп, тышқан батырмасын басып тұрып жылжыту керек. Қажет ұяшықтар тобы белгіленген соң тышқан батырмасын жібереміз. Жеке ұяшықты белгілеу үшін тышқан көрсеткішін белгіленген ұяшықтың сол жағына әкелсе оның формасы оңға қарай қиалай бұрылған стрелка түрінде өзгереді. Осы кезде
140 тышқан батырмасын басу қажет. Жеке ұяшығы белгіленген бағаныңн енін өзгерту тек ұяшыққа қатысты орналасады. Басқаша айтқанда жеке ұяшықтың енін өзгерту үшін оны белгіп алу қажет. Осы тәсілдердің бірі арқылы белгіленген ұяшықтағы бағандағы, жолдағы текстің форматын өзгертуге болады. Ұяшықтан ұяшыққа курсорды өткізу тышқан арқылы немесе курсорды басқару клавиштері арқылы орындалады. Бағана ұяшық жол Таблицадағы қажет емес бір жолды не бағанды өшіру үшін өшірілетен өшірілетін жолға немесе бағанға курсорды орнаастырып, не бірнеше жол мен бағанды өшіру керек болса, оларды белгілеп алып Таблица – удалить ячейки командасын таңдағанда шығатын суреттегідей терезеден қажетті комантаны таңдап ОК батырмасын басу керек. Кейде таблицадаға екі немесе бірнеше ұяшықтарды біріктіруге тура келеді. Ол үшін біріктірілетін ұяшықтарды белгілеп алып Таблица – Обьеденить ячейки
141 командасын не Таблицы и гарницы құралдар панеліндегі кнопканы басу қажет. Ал бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлу үшін ұяшықты белгілеп альп Таблицы – Разбить ячейки командасын не Таблицы и гарницы құралдар панеліндегі кнопканы бассақ суреттегідей Разбечение ячеек деген терезе шығады. Число столбцоы дегеннің тұсына ұяшық санын көрсетіп ОК батырмасын басу керек. Таблицадағы сызықтардың түрін ( ) , қалыңдығын ( ), түсін ( ) сәйкес кнопкаларды ашып, қажетін таңдап алып өзгертуге болады. Таңдалған сызық түрлерін таблицаға қолдану үшін карандаш формалы кнопканы пайдалануға болады, немесе қажет бағандарды, жолдарды, не ұяшықтарды белгілеп алып, батырмасындағы тиісті бегіні пайдалану керек. Ал таблица ұяшығының түсін өзгертуге батырмасын қолданады. Он бірнеше ұяшықтар тобына қолдану үшін, алдымен ол ұяшықтарды белгілеп алу қажет. - кнопкалары арқылы жеке ұяшықтағы немесе белгіленген ұяшықтардағы символдарды сәйкесінше ұяшықтың жоғарғы жағынан, ортасынан, не төменгі жағынан бастап орналастырады. Бірнеше жолдың биіктігін бірдей ету қажет болса, онда оларды белгілеп алып батырмасын басу керек, дәл осы сияқты бірнеше бағанның енін бірдей өлшемді ету керек болса, онда оларды белгілеп алып, -батырмасын басу керек. Таблицаны автоматты түрде форматтау үшін Таблица- автоформат командасын орындау қажет немесе -батырмасын басу керек. Сол кезде Автоформат таблицы терезесі ашылады. Терезедегі форматы: тізімінен қажетті форматты таңдауға болады. Таңдалған форматқа сәйкес таблица үлгісі образец бөлімінде көрініп тұрады. Таблицадағы жазылған символдардың жазылу бағытын өзгертуге болады. Топ топ топ
142 Бағытын өзгерту батырмасын кезекпен басу арқылы не Формат – Направление текста командасы арқылы орындалады. Таблицаға енгізілген әртүрлі берілгендерді автоматты түрде өспелі немес кемімелі түрде реттеуге болады. Ол ұшін реттеулі тиіс бағанда белгілеп алып кнопкаларының қажеттісін басу керек. Жоғарыдағы кнопкалар арқылы орындалған командаарды таблица таңдамасындағы командар арқылы да орындауға болады. Таблицаларға және документ бетеріне формат границы и заливка командасын пайдаланып түрлі безендіру жұмыстарын жүргізуге болады. Бұл команда берілген кезде экранға суреттегідей терезе шығады. Бұл терезе граница, стрница, заливка батырмаларынан тұрады. Граница және страница батырмалары бір-біріне ұқсас. Граница бастырмасында орындалатын іс әрекеттер абзацқа қатысты, ал страница документке қатысты орындалды. Бұл батырмаларда тип бөлімі екеу, олардың біріншісінде қойылатын рамкалардың типтері, екіншісінде рамка сызықтарының типтері таңдалады. Цвет бөлімінде рамка сызықтарының түстерін Ширина бөлімінде сызық қалыңдықтарын өзгертуге болады. Образец бөлімінде рамка үгісі көрінеді.Үлгінің сол және төмеңгі жақтарына орналасқан кішкене төртбұрышты кнопакларды баса отырып рамка сызықтарын көрінетін немесе көрінбейтін етіп қоюға болады.Страница бастырмасында бұларға қосымша рисунок бөлімі бр. Бұл бөлімдегі тізімнен әр түрілі суреттердің бірін таңдай отырып, бокумент бетінің шеттерін безендіретін рамка қоюға болады. Заливка батырмасында белгіленген ұяшықты не таблицаны сондай – ақ документ беттерін түріл түске бояу, узор (өрнек) қою жұмыстары орындалады. Таблица – Своиства таблицы командасы арқылы таблицаның орналасуын реттеуге, белгіленген ұяшықтың немесе баған енінің дәл өлшемін қоюға болады. Таблица бірнеше параққа созылатын болса, табица тақырыбының әр парақты автоматы түрде қойылуын қамтамасыз ету үшін таблица тақырыбын белгілеп таблица – Заголовка командасын орындау керек. Таблицаны екіге бөлу үшін керекті жерге курсорды қойып таблица – разбить таблицу командасын орындау қажет. Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары: 1. Таблица мәзірінің командалары
143 Тапсырмалар: 1 Төмендегідей таблица құрып оны толтыр. № Аты жөні Туылған жылы Мекен жайы Қала Көше 2. Таблицаның әрбін бағандағы әріптердің түрі, түсі, өлшемі, стилі әртүрлі болсын. 3. Кез-келген 3 ұяшықтың енінің ұзындықтарын өзгерт. 4. Таблицаның сызықтарының түстерін, түрлерін, қалыңдықтарын әр түрлі етіп өзгерт. 5. Таблицаның әр жолын әр түрлі түспен бояп шық. 6. Қола және көше бағдарының енін бірдей болатындай етіп өзгерт. 7. Таблицаның көшірмесін ал. 8. Таблицаның барлық бағанын белгілеп, автаматты түрде форматта. 9. Төмендегі таблица формасын жаса. N Фамилясы, аты Сынақ кітапшасының номері Рейтинг Сынақ Ұпай блок саны Орта баға Баға 0,4 Нәтижесі Оқушы қолы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Бақылау сұрақтары. 1.Таблица құру тәсілдері. 2. Баған енін, жолдардың биіктігін өзгерту, бағанды, жоды белгілеу. 3. Керек емес жолды, бағанды өшіру. 4. Ұяшықтарды біріктіру.
144 5. Ұяшықтарды бөлу. 6. Таблица сызықтырының түсін, қалыңдығын өзгерту, ұяшықтардың ішін бояу. 7. Ұяшықтардағы тексті ұяшықтың жоғарғы, төмен жағынан, ортасынан бастап орналастыру. 8. Бірнеше бағанның енін, бірнеше жолдың биіктігін бірдей ету. 9. Автофармат командасы. 10. Текстің бағанын өзгету. 11. Таблицаға енгізілген әр түрлі берілгендерді реттеу (сорттау). 12. Ұяшықттың, бағанның дәл өлшемін қою. 13. Таблица – Загаловки командасының қызметі. 14. Бағандағы сандардың қосындысын автоматты түрде алу. Әдебиеттер: 1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы. 2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж. 3. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000 №8 Зертханалық жұмыс Тақырыбы: Суреттермен, объектілермен жұмыс ісеу. Документті қағазға басып шығару. Жұмыстың мақсаты: Суреттермен жұмыс істеуді үйрену. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы: Документті безендіру, әртүрлі фигуралар сызу үшін Рисование құралдар панеліндегі кнопколарды, әртүолі суреттерді қою үшін Вставка – Рисунок – Картинки командалар тізбегін орындау керек. Рисование құралдар панеліндегі кнопкалардың атқарылатын қызметі: - тік төртбұрыш сызады. - түзу сызық сызу. - стрелкалы түзу сызық сызады. - эллипс немесе шеңбер сызады. - көрсетілген үлгідегідей әртүрлі фигуралар сызады.
145 Жоғарыдағы кнопкалар арқылы фигура сызу төмендегі ретте іске асады: 1. Қажетті кнлопканы тышқан арқылы таңдау, бұл кезде тышқан көрсеткіші + формасына енеді; 2. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып тышқанды жылжыту арқылы керекті өлшемді фигураны сызамыз. Сызылған фигураны өшіру үшін оны беллгілеп алып Delete клавишін басамыз. Сызылған фигураны белгілеу (блоктау) үшін тышқан көрсеткішін фигураның үстіне апарып сол жақ төртбұрышты белгілерге тышқан көрсеткішін әкелсек екі жаққа қараған стрелка түріне енеді. Осы кезде тышқанның сол жақ батырмасын басып жылжыту арқылы фигураның өлшемдерін өзгертеміз. Тышқан көрсеткіші төрт бағытқа қараған стрелка түріне енген кезде тышқан көмегі арқылы фигураның орнын ауыстыра аламыз. Белгіленген фигураның форматын ( өлшемін, түсін, сызықтарының түрін, т.б.) өзгерте аламыз. - белгіленген фигураның ішін қандай да бір түске бояу үшін қолданылады. - белгіленген фигураның сызылған түсін қандай да бір түске өзгерту үшін қолданлады. - белгіленген фигураның сызықтарының типін өзгерту үшін қолданыфлады. - штрих сызықтардың түрін таңдау үшін қолданылады. - стрелкалардың түрін таңдау үшін қолданылады. - белгіленген фигура үшін көлеңкелердің түрін таңдау. - белгіленген фигураны кеңістік фигурасына айналдыру. - WordArt объектісімен жұмыс істеу үшін қолданады. Бұл кнопканы таңдағанда төмендегідей терезе шығады. Керекті стильді таңдап, батырмасын бассақ Изменение текста WordArt деген терезе шығады. Осы терезеде қажетті шрифті ,өлшемді таңдап текст жазып ОК батырмасын бассақ таңдаған стильде текст жазылады. Мысалы
146 WordArt- пен жазылған тексті белгіленген кезде суреттегідей терезе шығады. Осы терезедегі командалар арқылы жазылған текстің форматын өзгертуге болады. - белгіленген фигураны еркімізше айналдыру үшін қолданылады. - бірнеше суретті таңдап, белгілеу үшін қолданылдады. Бірнеше суретті біріктіріп, бір объект ретінде қарастыру үшін суреттерді командасының көмегі арқылы белгілеп алып Действия – Группировать командасын орындау керек. Ал қайта бөлшектеу үшін Действия – Разгруппировать командасын орындау керек. Жазылған кезде кнопкасы арқылы рамка қою үшін мынадай қадамдарды орындау керек: 1. Егер текст жазылмаса, тексті жазып алу керек. 2. кнопкасы арқылы текстің үстіне рамка сызу. Бұл кезде текст рамканың астында қалып көрінбей қалады. 3. Рамканы белгілеп алып Действия – Порядок – Поместить за текстом командасын , рамканың сызықтарының түсін, түрін тиісті кнопкалар арқылы таңдаймыз. - надпись – документтің кез-келген жеріне, суреттің текстің бетіне төртбұрышты рамкамен шектелген текст жазу үшін қолданылады. Вставка→Рисунок→Картинки... командасы орындалған кезде экранға суреттегідей терезе шығады. Рисунки бөлімін таңдап, қажет суреттер тобынан керекті суретті белгілеп алып, тышқанның сол жақ батырмасын басып Вставить клип командасын орындаймыз. Сол кезде экранға белгіленген сурет шығарылады. Экрандағы суретті тышқан кнопкасы арқылы белгілеп алсақ, ( әдетте сурет экранға қойылған кезде белгілеулі болады) суреттің шеттерінде кішкене квадрат белгі көрініп тұрады. Осы белгілерге тышқан, көрсеткішін әкелсе, тышқан көрсеткішінің формасы екі жаққа қараған кішкене стрелка түріне ауысады. Сол кезде тышқан батырмасын басып жылжытса, сурет өлшемі өзгереді. Осылайша суретті қажет өлшемге қоюға болады. Суретті белгілеген кезде тышқан көрсеткішінің формасы төрт жаққа қараған стрелка түріне ауысады. Бұл кезде тышқан батырмасын басып тұрып жылжытса, суреттің орны ауысады. Сурет
147 Белгіленулі тұрған кезде Формат→Рисунок…командасы берілсе ( немесе суретті белгілеп алып, тышқанның оң жақ батырмасын басып, контекстік тәуелді мәзірден формат рисунка… командасы берілсе , экранға диалогтық терезе шығады. Ол терезеде суретке қатысты суретті рамкалау, рамканың сурет жоқ жерін бояу жұмыстарын жүргізу үшін Цвета и линнии батырмасы қолданылады. Суреттің бастапқы өлшеміне сәйкес немесе сурет өлшемінің пропорциясын сақтап, суреттің өлшемін, масштабын өзгертуге Размер батырмасы қолданылады. Положение командасы арқылы суреттің параққа орналасуын, суретті текстің алдыңғы, артқы фонона, текстің ортасына орналастыруды орныдаймыз. Рисунок батырмасында Обрезка бөлімі арқылы суретті жан-жағынан кесіп тастауға болады. Ал изображение бөлімінде суреттің түсінің көрінісін ( яркость, контраст, цвет ) өзгертуге болады. Клавиатурада жоқ символдарды докуме,нтке қою үшін Вставка–символ командасын орындасақ төмендегідей терезе шығады. Шрифт деген жерде шрифтің түрлерін ауыстыра отырып, оның төменгі жағындағы таблицада керекті симвоолды іздеп тауып тышқн арқылы белгілеп Вставить батырмасын бассақ, сол символ курсор орналасқан жерге қойылады. Документті қағазға басып шығару үшін принтерге қағаз салып Файл-Печать командасын орындасақ төмендегідей терезе шығады. Страницы бөліміндегі все дегеннің тұсына белгі қойылып, ОК батырмасын бассақ файлдағы барлық парақты басып шығарады (мысалы 50 парақ болса 50– інде) текущая дегеннің тұсына белгі қойылса, курсор орналасқан парақты ғана шығарады, номера дегеннің тұсына белгі қойылса, оң жағындағы төртбұрыштың ішінде курсор көрінеді, сол жерге керекті парақ номерін жазып, ОК батырмасын бассақ нөмірі көрсетілген парақты ғана шығарады. Егер
148 парақтың нөмірін 5–10 деп көрсетсек 5–ші парақпен 10–шы парақ аралығын шығарады, 2,5,8 деп көрсетсек 2–ші,5–ші, 8–ші парақты теріп шығарады. Копии деген бөлімде копия санын көрсетеміз. Мысалы,2–ші парақты 5 дана етіп шығару керек болсын. Номера деген жерге 2 деп жазып, число копии дегеннің тұсына 5 деп жазып ОК –ді бассақ болғаны. Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары: 1. Word программасының графикалық мүмкіншіліктері. 2. Вставка мәзірінің командалары. Тапсырмалар: 1. Рефераттың мұқабасын дайындау. 2. Түрлі мерекелерге арналған құттықтау хатты бір парақта өз қалауларың бойынша безендіріп дайындаңдар. 3. Өздерің қалаған формада, тақырыпта Шақыру билетін дайындаңдар. 4. Түрлі геометриялық фигуралар салыңдар, форматын өзгертіңдер. Бақылау сұрақтары. 1. Вставка таңдамасындағы командалар, олардың қызметтері. 2. Сервис таңдамасындағы командалар, олардың қызметтері. 3. Рисование құралдар панеліндегі кнопкалар, олармен жұмыс істеу. 4. Суреттерге қолданылатын түрлі амалдар. 5. Шақыру билетін дайындау жолы. Әдебиеттер: 1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы. 2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж. 3. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000 №9 Практикалық жұмыс Мәтіндік редактор MS WORD 1. Мәтіндік редактор MS WORD іске қосыңыз. 2. Экранда құжатты беттік режимге келтіріңіз. (Вид→Разметка страницы) 3. Құжаттың негізгі параметрлерін орнатыңыз (Шрифтің түрін, өлшемін, тексті туралау әдісін). 4. “Enter” пернесін баспай мына тексті теріңіз: Уважаемые госпада! Приглашаем вас на юбилейную презентацию компьютерной фирмы «МАКУЛШИРС». Мы работаем на российском рынке много лет. Информационные продукты нашей фирмы знают и любят многие пользователи страны. Наши компьютеры работают без рекламаций! Будем рады видеть вас. Запомните адрес и время нашей
149 презентации – Компьютерная улица, д. 5, 18-00. Справки по телефону 123- 45-67 5. Терілген тексті Текст 1 деп сақтаңыз. Сохранить как... және Сохранить командаларына көңіл бөліп, олардың қандай айырмашылығы бар екенін түсіндіріңіз. 6. Құжатты жабыңыз. (Файл→Закрыть) 7. Құжатты қайта ашыңыз. 8. Құжатты жабыңыз. (Alt+F4 пернелерімен немесе батырмасы арқылы) №10 Практикалық жұмыс 1. Тапсырма №1 жасалынған Текст 1 файлын ашыңыз. 2. Тексте қателер болса, түзетіңіз. 3. Тексті “Enter” пернесі арқылы абзацтарға бөліңіз. Сонда мынандай түрге келу керек: Уважаемые госпада! Приглашаем вас на юбилейную презентацию компьютерной фирмы «МАКУЛШИРС». Мы работаем на российском рынке много лет. Информационные продукты нашей фирмы знают и любят многие пользователи страны. Наши компьютеры работают без рекламаций! Будем рады видеть вас. Запомните адрес и время нашей презентации – Компьютерная улица, д. 5, 18-00. Справки по телефону 123-45-67 4. Текстің фрагменттерін (сөзді, сөздерді, бір жолды, бірнеше жолды, абзацты) ерекшелеудің түрлі әдістерін көріңіз. 5. Жанама меню арқылы 2-ші абзацты текстің соңына көшіріңіз. 6. Терезедегі негізгі меню командасы арқылы 3-ші абзацты текстің соңына көшіріңіз. 7. Жанама меню арқылы көшірілген 2-ші абзацты қайтадан жанама меню арқылы өшіріңіз. 8. Меню командасы арқылы көшірілген 3-ші абзацты қайтадан меню командасы арқылы өшіріңіз. 9. Тексте Компьютер сөзіне түбірлес сөздерді іздеңіз. 10. Текстен М әрпінен басталатын сөздерге іздеу жасаңыз. 11. Тестен вас сөзіне іздеу жасаңыз. 12. Тексте вас сөзін Вас сөзіне ауыстырыңыз. 13. Текстің орфографиялық қатесін тесксеріңіз. 14. Файлды Текст 2 деп сақтаңыз. №11 Практикалық жұмыс 1. Мәтіндік редактор MS WORD іске қосыңыз, Файл→Создать→Другие документы командасын орындау арқылы өзіңізге резюме құрыңыз.
150 2. Резюме түрін таңдаңыз және өзіңізге қажетті стандартты жолдарды таңдаңыз. Мысалы: Стиль: стандартный Тип: обычный Адрес: введите фамилию, адрес, телефон и пр. Сведение о себе: дата и место рождения, национальность, родители и др. Стандартные пункты: цель, образование, знание языков, хобби и пр. Другие пункты: не устанавливайте 3. Өзіңізге қажетті жолдарды таңдағаннан кейін Готово батырмасын басыңыз. 4. Резюме дайын болса, өзіңіздің атыңызбен дискетіңізге немесе Мои документы папкасына сақтаңыз. №12 Практикалық жұмыс 1. Тапсырма №2 жасалынған Текст 2 файлын ашыңыз. 2. Текстегі Уважаемые госпада! сөзін жартылай қарайтылған шрифт (полужирный), 16 өлшемге ауыстырыңыз (Формат→Шрифт командасы арқылы). Формат→Шрифт→Интервал командасы арқылы параметрлерді орнатыңыз: Масштаб: 100% Интервал: разреженный На: 6 пт Смещение: нет Кернинг: флажок жоқ, ОК батырмасын шертіңіз. 3. Уважаемые госпада! сөзін ортасы бойынша туралаңыз. Ол үшін: - курсорды абзацқа қойып, тышқанмен шертіп ерекшелеңіз - Формат→Абзац→Отступы и интервалы командасын орындаңыз Выравнивание: по центру Отступы: слева и справа – 0 Интервал: перед – 6пт; после -12 пт Уровень: основной текст Первая строка: нет Межстрочный интервал: полуторный, ОК батырмасын шертіңіз. 4. Уважаемые госпада! сөзінің әріптерін қатарлықтан (строчные) бас әріптік (прописные) әріптерге ауыстырыңыз. (Формат→Регистр→Все прописные→ОК). 5. Текстегі фирманың адресін жартылай қарайтылған, өлшемі 12 және абзацқа бөліңіз. (Форматтау жолының батырмалары арқылы).