51 Қолданушының DOS -пен қатынасы команда түрінде болады. Командалар пенетақтадан қолданушы теріледі .Терілгеннен соң Enter пернесін басамыз. 1. C >HELP - көмекші жүйені шақыру 2. С >CLS - экранды тазарту 3. C >VER- версияны қарау 4. C >DIR немесе DIR/W - дискінің мазмұнын көру 5. C >DIR каталог аты - каталогтың мазмұнын көру 6. C > MD каталог аты - каталог құру 7. C > MD каталог аты\подкаталог аты - бар каталогтың ішінде каталог құру 8. C >CD - каталог айырбастау 9. C >А: - С: дискісінен А: дискісіне көшу C >А: - А: дискісінен С: дискісіне көшу 10. C >COPY CON файлдың аты - мәтіндік файл құру C > COPY CON каталог аты\файлдың аты - каталогтың ішінде мәтіндік файл құру. Файлды сақтау үшін Ғ6 пернесін пайдаланамыз. 11 C > REN файлдың ескі аты\ файлдың жаңа аты - файлдың атын өзгерту 12. C >RD каталог аты - каталогты өшіру C >RD каталог аты \подкаталог аты -каталогтың ішіндегі подкаталогты өшіру. Кталаогты өшіруде оның іші бос болу қажет. 13. C >DEL файл аты - файлды өшіру C >DEL каталог аты \файл аты - каталогтың файлды өшіру. Бір топ файлдарды өшіруге болады: Егер файлдардың аты бір болса ал, кеңеймелері әр түрлі болса, аты .* - өшіруге болады. Егер файлдың аты әр түрлі , ал кеңеймелері бір болса *. кеңейме деп өшіруге болады. 14 C >COPY 1файл аты + 2файл аты - файлдарды біріктіру 15. C >COPY файл аты каталог аты - файлды С дискісінен каталогқа көшіру C >COPY каталог аты\файл аты каталог аты - файлды бір каталогтан басқа каталогқа көшіру C >COPY файл аты дискі аты - файлды бір дискіден басқа дискіге көшіру Файлдар тобын өшіру сияқты , көшіруге де болады. 16. C > MOVE қайдан \не қайда - файлдарды бір каталогтан басқа каталогқа неемесе бір дискіден басқа дискіге кірістіру. Файлдар тобын өшірудегі сияқты орындауға болады. 17. C >COPY файл аты PRN - файлды баспаға жіберу 18. C >DATE - орнатылуы немесе мерзімі туралы мәліметті шақыру 19. C >TIME - орнатылуы немее уақыты туралы мәліметті шығару 20. C >FORMAT A: -дискіні форматтау C >FORMAT A: /S - жүйелік дискетті құру. 21. C > EXIT - MS DOS - тан шығу 1. Негізгі әдебиеттер тізімі
52 1. М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева "Информатика" Астана, 2004 2. Зертханалық жұмыстар. І Арқалық 2008 2. Қосымша әдебиеттер тізімі 1. К Информатика. Базовый курс. Учебник/ Под ред. Н.В.Макаровой, Спб, Питер, 2001, 768с 2.Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ 3.Под ред. Н.В.Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002-256с. 9 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: СЕРВИСТІК ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ. Жоспары: 1. Файлдарды архивтеу туралы жалпы мағлұмат. 2. Архиватор программалары. 3. Компьютерлік вирустар. 4. Анвирустық программалар. Компьютерлiк вирус – арнайы жазылған шағын көлемдi (кiшiгiрiм) программа. Ол өзiнен өзi басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды ңбұлдiругең кiрiседi, сондай-ақ компьютерде келеңсiз тағы да басқа әрекеттердi iстеуi мүмкін. Iшiнен осындай вирус табылған программа ңауру жұққанң немесе ңбұлiнгенң деп аталады. МҰндай программаны iске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кiрiсiп, оның негiзгi функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус iске қосылған жұмыс iстеуге тиiс басқа программаларға да керi әсер етiп, оларға да ңжұғадың және де жалпы басқа да зиянды iс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискiдегi файлдардың орналасу кестесiн бұлдiредi, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.). ґзiнiң жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бұлдiруi және оларға зиян ету әрекеттерi көбiнесе сырт көзге бiлiне бермейдi. Оның керi әсерi белгiлi бiр шарттарды орындағанда ғана iске асады. Вирус өзiне қажеттi бұлдiру әрекеттерiн орындаған соң, жұмысты басқаруды негiзгi программаға бередi, ал ол программа алғашында әдеттегiдей жұмыс iстей бередi. СӨйтiп, ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге ңвирус жұққандығың бастапқы кезде байқалмай қалады. Вирустың көптеген тұрлерi ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзiнiң зиянды әсерiн жүргiзiп отырады. Вирустың зиянды iс-әрекеттерi алғашқы кезде жұмыс iстеп отырған адамға байқалмайды, Өйткенi ол өте тез орындалып әсерi онша бiлiнбеуi мүмкін, сондықтан көбiнесе адамдардың компьютерде әдеттегiден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуi өте қиынға соғады. Компьютерде ңвирус жұққанң программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екенi сырт көзге ешбiр байқалмайды. Бiрақ бiраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегiден тыс, келеңсiз құбылыстар басталғаны бiлiнедi, олар, мысалы, мынадай iс-әрекеттер iстеуi мүмкін: – кейбiр программалар жұмыс iстемей қалады немесе дұрыс жұмыс iстемейдi; – экранға әдеттегiден тыс бөтен мәлiметтер, символдар, т. б. шығады;
53 – компьютердiң жұмыс iстеу жылдамдығы баяулайды; – көптеген файлдардың бұлiнгенi байқалады және т.с. с. Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбiр файлдар мен каталогтар, дискiдегi мәлiметтер бұзылып ѕлгiредi, оның үстiне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергiлiктi байланыс желiлерi бойымен компьютердегi вирус басқа компьютерлерге таралып кеткенi байқалмай да қалады.Вирустардың кейбiр тұрлерiнiң керi әсерi тiптi одан да терең болады. Олар бастапқы кезде өзiнiң жұққанын ешбiр әсерiмен бiлдiртпей, көптеген программалар мен дискiлерге үндемей таралып кетедi де, сонан соң бiрден бел шешiп зиянкестiк жасауға кiрiседi, мысалға, компьютердегi қатты дискiнi өздiгiнен қайта форматтап шығады. Ал зиянкестiк әсерiн программаларға өте аз тигiзiп, бiрақ қатты дискiдегi мәлiметтердi iштен Мұжiп, құртып жататын вирустарға не iстеуге болады?! Осының бәрi вирустан дер кезiнде қорғанбасақ, оның артқы әсерi өте жағдайсыз кезеңдерге душар ететiнi талас тудырмаса керек. Вирус программасының байқалмау себебi олардың көлемi кiшiгiрiм ғана болады да, өздерi ассемблер тiлiнде жазылады. Кез келген жағдайда вирус программасы қай компьютерге арналып жазылса да, ол мәлiмет алмасып жұмыс iстейтiн басқа компьютерлерге де тез тарап кетедi және өте көп зиянкестiк әрекеттер жасауы мүмкін. қазiргi кездегi вирустар негiзгi екi топқа бүлінедi: резиденттiк (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар; – резиденттiк емес вирустар. Вирус жұққан программа iске қосылғанда резиденттiк вирустар әсерлене әрекет етедi, олар жедел жадқа көшiрiлiп жазылып, алғашқы бiрсыпыра уақытта әсерi сезiлмегенмен, артынан бiрден қатты iске кiрiседi. Бұл вирустарды тез анықтау iсiн қиындатады.Дискiлерге мәлiмет жазу кезiнде вирус өзiнiң жабысуына қолайлы сәт iздеп негiзгi операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискiге жазылып алады да, оның қалай ңжұққанынң адамдар бiлмей де қалады. Ал, резиденттiк емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бiрақ вирустың әсерi тиген программа iске қосылғанда ол екпiндене түседi де, өзi жұмыс iстеп тұрған каталогтан немесе PATH командасында көрсетiлген каталогтардан өзi iшiне байқаусыз енiп кететiн файл iздейдi. Ондай файлды тауып, оның iшiне кiрiп алып, ол кейiн жұмыс iстейтiн кезде соған зиянды әрекетiн тигiзедi. Бүлiнген жөне вирус жұққан файлдар Вирус дискiдегi кез келген файлды бұлдiре алады, бiрақ кейбiр файлдарға ол бiрден жабысады, яғни ол файлдың iшкi көлемiнен орын алып, оның қызметiн тұрлендiрiп, қолайлы жағдай туғанда, зиянды әрекетiн бастап кетедi. Дегенмен, көптеген програмалар текстi мен құжаттарға, мәлiметтер қоймасының информациялық файлындарына, электрондық кестелердегi мәлiметтерге вирустар онша әсерiн тигiзе алмайды, тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкін. Вирустардың мынадай файлдарға жұғуы мүмкін:
54 1. Бiрден орындалатын файлдар, белгiлi бiр iс-әрекет iстейтiн кеңейтiлулерi (заты) .com және .exe болып келген файлдар, сондай-ақ басқа программаларға қажет кезiнде қосылатын оверлейлiк файлдар. Файлдарды зақымдайтын Мұндай вирустарды файлдық деп атайды. Вирус жұққан файлдар өздерiнiң керi әсерiн жұмыс iстейтiн, iске қосылған сәттерде жасайды. Ең қауiптi вирустарға резиденттiк түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбiр программаны зақымдап отыратындары жатады. Ал егерде олар AUTOEXEC.BAT және CONFIG.SYS арқылы iске қосылатын программаларға жұқса, онда компьютер өшiрiлiп қайта iске қосылған сайын вирустар өз әсерлерiн тұрақты қайталап жүргiзiп отырады. 2. Операциялық жүйенiң жүктеуiшi мен қатты дискiнiң ең басты мәлiмет жүктеу жазбасы. Бұл аумақтарды зақымдайтын вирустар ңжүктегiшң (загрузочная) немесе Boot - вирустар деп аталады. МҰндай вирустар өз қызметiн комптьютердi iске қосқанда, яғни операциялық жүйенi жүктегенде бiрден бастайды және әрдайым компьютердiң жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсiлi – компьютерге салынған дискеттердiң алғашқы жолдарына жазылған жүктегiш мәлiметiне зақым келтiру болып табылады. °детте Мұндай вирустар екi бүліктен тұрады, Өйткенi дискеттiң жүктеуiш жазбасы мен операциялық жүйенiң басты жазбасы өте шағын көлемнен тұрады, сондықтан вирус бiрден түгелдей олардың iшiне орналаса алмайды. Вирустың екiншi бөлігі дискiнiң түпкi каталогының соңына немесе мәлiметтер кластерлерiне жазылып қалады. 3. құрылғылар драйверлерi, яғни CONFIG.SYS файлының шеткерi құрылғылар көрсетiлетiн Device деген сөз тұрған қатарында жазылған файлдар. Ондай файлдағы вирус сол құрылғыны iске қосқан сайын қызметке кiрiседi. Бiрақ драйвердi бiр компьютерден екiншi компьютерге көшiру өте сирек болатындықтан, Мұндай вирустар көп тарала қоймаған. DOS жүйелiк файлдарына (MS DOS.SYS және IO.SYS) да вирус жұқтырылуы теория жұзiнде мүмкін болғанымен, олардың таралуы iс жұзiнде өте сирек кездеседi. °детте әрбiр вирус түрі файлдың бiр немесе екi типiне (түріне) ғана ңжұғадың. Көбiнесе бiрден орындалатын файлдарға ңжұғатынң вирустар жиi кездеседi. Дискiнiң жүктегiш аймағын зақымдайтын вирустар екiншi орында деп айтуға болады. Шеткерi құрылғылар драйверлерiн зақымдайтын вирустар сирек кездеседi, әдетте олар бiрден орындалатын файлдарға да зиянын тигiзедi. 4. Файлдық жүйенi өзгертетiн вирустар Соңғы кезде вирустiң жаңа тұрлерi – дискiдегi файлдық жүйенi өзгертетiн вирустар көбейiп таралуда, оларды қысқаша DIR-вирустар деп атайды. МҰндай вирустар өз текстiн дискiнiң белгiлi бiр бөлігіне (әдетте дискiнiң соңғы кластерiне) жасырын жазып қояды да, оны дискiнiң файлды орналастыру кестесiне (FAT) файлдың соңы ретiнде белгiлейдi. Барлық .CОМ және .EXE типтi файлдар үшiн – каталогтағы файлдың алғашқы мәлiметi көрсетiлген орынға вирус жазылған қате орын көрсетiлiп, ал дұрыс көрсеткiш – таңбаланған (кодталған) түрде каталогтың пайдаланылмайтын бөлігіне жасырылады. Сол себептi кез келген программаны iске қосқанда дискiден бiрiншi вирус оқылады
55 да, ол тұрақты ЭЕМ жедел жадында сақталып файлдарды јңдейтiн DOS программаларына жабысады. Бiрақ жалпы көрiнiс каталог дұрыс жұмыс атқарған сияқты болып сырт көзге Мұның әсерi бiлiнбей тұрады. Тек вирусы бар дискеттерден программалық файл оқитын сәттерде оның нақты көлемi қысқарып небәрi 512 не 1024 байт қана болып қалады. Бiрақ атқарылуға тиiс вирусы бар әрбiр программа iске қосылғанда оның дұрыс емес екендiгi байқалмайды. Мiне осылай ңауырғанң дискiлердi дұрыс қалпына келтiру үшiн тек арнайы антивирустiк программалар қажет (мысалы, Aidstest программасының соңғы нұсқалары). 5. Көрiнбейтiн және өздiгiнен өрбитiн вирустар ґзiн жай көзге сездiрмес үшiн кейбiр вирустар жасырынудың қилы-қилы тәсiлдерiн пайдаланып жүр. Осындайлардың екi түрін – ңкөрiнбейтiнң және өздiгiнен өрбитiн вирустарды қарастырайық.ңКөрiнбейтiнң вирустарКөптеген резиденттiк вирустар былай жасырынуды әдетке айналдырған, олар DOS жүйесiнiң вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйiнде қалдырады. Бiрақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал вирус жұға қоймаған компьютерлерде файлдар мен дискiлердi жүктеуiш аймақтарының өзгеруiн байқау қиын емес. ґздiгiнен өрбитiн вирустар. Вирустардың жасырыну жолының екiншi тәсiлi – өзiн- өзi аздап өзгертiп, өрбiп толықтырылып отыруы. Көптеген вирустар жасайтын керi әсерiн байқатпас үшiн өз көлемiнiң бiрсыпырасын кодталған (таңбаланған) жасырын күйде сақтайды. Бiрте-бiрте өрби отырып, олар таңбалану тәсiлiн де, таңбаланбаған алғашқы бөлігін де аздап өзгертiп отырады. Осының арқасында вирусты iздеп табатын тұрақты байттар тiзбегi болмай, оларды Үстайтын детектор- программалар жұмысы қиындайды. Компьютерлiк вирустардың қысқаша жiктелуi Қазiргi кезде 10 000 шамасында компьютерлiк вирустар белгiлi. Оларды әдетте әсер етуiне, логикасына байланысты және көлемiне қарай топтарға жiктейдi Жұмыс логикасына және мақсатына қарай оларды шартты түрде төмендегiдей жiктеуге болады: 1. Ұстауыш-вирустар – программалық жабдықтар кешенiндегi қателiктер мен дәлсiздiктердi пайдаланады. Көлемдi программаларды түзету кезiнде белсендiлiк көрсетiп программаға жабысады. Әртүрлі зияндық әрекеттерi бар вирус. 2. Логикалық бомбалар (баяу әсер ететiн бомбалар) – қарапайым программаларға кiрiп алып бiлiнбей тұрады. Тек белгiлi бiр шарттар (көрсетiлген күн-ай мерзiмiнде немесе уақытта, программа орындалуының белгiлi кезеңiнде) орындалғанда ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейiн неғұрлым көп программаларға жұғуға тырысады. 3. құрттар – жүйелiк программалаушылардың информациялық-есептеу желiлерiнiң бос тұрған ресурстартарын анықтау программаларына кiрiп алып, сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс iстеуге мәжбұр етедi. Мысалы,
56 оларды шексiз циклге енгiзiп, құрдан құр жүргiзiп қояды немесе қажетсiз мәлiметтердi баспаға шығартады және т. с. с. 4. Троян аттары – қарапайым қолданбалы программаларға енiп алып, соларға рұқсат етiлмеген әрекеттердi (жасырын информацияны оқып жария етедi, жедел жадтағы мәлiметтердi ңбасқа жаққаң жiберуге дайындайды) орындатады. Жасалу құрылымы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбiнесе компьютер желiлерiн жайлап алады. Мақсаттарына қарай вирустар мынадай 4 бүлікке бүлінедi: 1. Бейсауат (гуманды) – онша қатты зиянын тигiзбейтiн вирустар. 2. Шантаж жасаушы – мысалы, белгiлi төлемақы берсе, вирус әсерi жоғалатынын анонимдi түрде хабарлайтын баяу әсер ететiн бомбалар. 3. Насихатшы– ңөзiн көрсетуң мақсатында жасалған. 4. Мағынасыз – атынан-ақ әсерi түсiнiктi. Бiзде кең тараған Aids антивирустiк программаларының авторы Д.Лозинскийдiң Үсынысы бойынша вирустарды көлемiне қарай жетi топқа жiктеуге болатыны белгiлi, олар 7.1-суретте көрсетiлген. Компьютерлiк вирустардан сақтанудың негiзгi тәсiлдерi Компьютерлiк вирустар ңтазаң компьютерге вирус жұққан иiлгiш дискеттер арқылы таратылады.Егер компьютер жергiлiктi желiге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады. Айта кететiн жайт, вирустардың кейбiр тұрлерi компьютерге келiсiмен зиянды iсiне кiрiсiп кетедi, ал олардың кейбiрi файлдар құрамына енсе де iске кiрiспей, бiраз уақыт тым-тырыс жасырынып жатады, бұл уақытты ңинкубациялық мезгiлң деп атайды. Бұл мезгiл аралығында олар екпiндi күйде файлдар арасына таратылып, зақым келтiрудi белгiлi бiр уақыт мјлшерi өткен соң немесе ол өзiнөзi белгiленген мјлшерде көбейтiп болған соң ғана бастайды. Вирустардан сақтану үшiн мынадай шаралар қолдануға болады: – информация қорғаудың жалпы шаралары – дискiнi физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс iстемейтiн программаларды қолданбауға және жұмыс iстеп отырған адам қателiктер жiбермеуiн тырысу; – профилактикалық шараларды пайдалану, яғни вирусты жұқтыру мүмкіндiгiн азайту тәсiлдерiн қарастыру; – вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану. Жалпы информация қорғау тәсiлдерi тек вирустан сақтануда ғана емес, басқа жағдайда да пайдалы болатынын есте сақтаған жөн. Ондай тәсiлдiң негiзгi екi түрі белгiлi. 1. Информацияның көшiрмесiн алып отыру – файлдарды және дискiнiң жүйелiк мәлiметтерiн көшiрiп сақтау. 2. Керектi информацияңызды басқалардың жиi пайдалануына тосқауыл қою – ол информацияны рұқсатсыз (санкциясыз) көшiрiп алуды, яғни программамен дұрыс жұмыс iстемейтiндерден және қателiгi бар программалардан қашық жүрудi және мәлiметтердi өзгертудi, вирустар енгiзудi болдырмауды қамтамасыз етедi.Жалпы информацияны сақтаудың ортық тәсiлдерiнiң
57 қажеттiлiгiне қарамастан, қазiргi кезде тiптен олардың өзi жеткiлiксiз болып отыр. Вирустан сақтану үшiн арнайы програмалар қажет және оларды тұрақты түрде қолдана бастау керек. МҰндай програмаларды бiрнеше тұрлерге бөлуге болады: детекторлар, докторлар (фаг-программалар), ревизорлар (файлдардағы және дискiнiң жүйелiк аумақтарындағы өзгерiстердi бақылайтын программалар), доктор-ревизорлар, фильтр-программалар (вирустан сақтайтын резиденттiк программалар) және вакциналар (иммунизаторлар). Вирустар әсерiн жоятын антивирустық программаларды үш негiзгi топқа бөлуге болады: – файл мәлiметтерiнiң бақылауға арналған олардың қосындыларын есте сақтауға негiзделген программалар; – программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын резиденттiк программалар; – вирустар жұқтырылғаннан кейiн олардың бар екенiн анықтайтын программалар. Файлдардағы мәлiметтердiң белгiлi бiр сипаттамаларын есте сақтайтын антивирустiк программалардың негiзгi жұмысы – сол файлдардың жаңа сипаттамаларын бұрын белгiленiп жазылып қойылған мәндермен салыстырады. Егер файл iшiне вирус енсе, онда олар бiр-бiрiне сай келмейдi де, программа ол туралы экранға ескертпе хабар шығарады. Осы тәсiлмен бұрын белгiсiз жаңада шыққан вирус түрін де анықтауға болады. Бiрақ бұрын белгiленiп жазылып қойылған сипаттамаларды вирустан Мұқият сақтау қажет. Ал кейде сол сипаттамалардың өзгеруi вирустың әсерiнен емес, тексергеннен кейiн өзiңiздiң өзгертуiңiзден де болуы ықтимал. Оның үстiне, сiз тексеру сипаттамаларын жазу кезiнде компьютерде вирус жоқ екенiне сенiмдi күйде болуыңыз қажет, әйтпесе бұл тәсiл дұрыс нәтиже бере алмайды. Сондай-ақ, бұл программалардың тағы бiр кемшiлiгiне тексеруге көп уақыттың кетуi мен бақылау сипаттамаларының файл көлемiн шектен тыс ѕлкейтетiнiн жатқызуға болады. Оған қоса, ол мәлiметтердi көшiру немесе аттарын өзгерту қажет болса, тағы да сипаттамаларын өзгертiп жазу керектiгi түсiнiктi шығар. Детектор-программалар тек бұрыннан белгiлi вирус тұрлерiнен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсiз боп келедi.Доктор-программалар немесе ңфагтарң вирус жұққан программалар мен дискiлердi ңвирусң әсерiн алып тастау, яғни ңжұлып алуң арқылы емдеп оларды бастапқы қалпына келтiредi. Ревизор-програмалар да алдымен программалар мен дискiнiң жүйелiк аймағы туралы мәлiметтердi есiне сақтап, содан соң оны кейiнгiсiмен салыстыра отырып сәйкессiздiктi анықтаса, оны дереу программа иесiне хабарлайды. Доктор-ревизорлар – доктор-программа мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерiстердi анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде «емдеп» бастапқы қалыпты жағдайға түзейдi. Фильтр программалар – компьютердiң оперативтiк (жедел) жадында тұрақты (резиденттiк) орналасады да, вирустардың зиянды әрекетiне әкелетiн операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс iстеп отырған адамға дер кезiнде
58 хабарлап отырады. Одан әрi шешiм қабылдау әркiмнiң өзiне байланысты болады. Вакцина-программалар (немесе иммунизаторлар) компьютердегi программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус ңжұққанң сияқты етiп модификациялайды да, вирус әсерiнен сақтайды, бiрақ бұл программаларды пайдалану онша тиiмдi емес. Ең көп тараған антивирус – Д.Лозинскийдiң Аidstest программасы. Ол әрбiр жаңадан шыққан вирустан хабардар болып, соларға қарсы шара қолдану жолдарын анықтап, үнемi өзгертiлiп отырады. Бұл программаны пайдаланып компьютердi вирустардан сақтау үшiн жиi-жиi дискiлердi (мысалы, с:) мынадай командамен тексерiп отыру керек: aidstest c: Ал егер компьютерде вирус бар деген кұмән болса, онда оны мына командамен емдеу қажет:aidstest c: /f Тек программалық файлдарды ғана емес, қалған мәлiметтердi де түгел тексеру үшiн мына команда орындалады: aidstest c: /f /g БҰдан басқа И.Даниловтың қуатты полифаг-антивирустар тобына жататын Doctor Web программасы да жиi қолданылып жүр, оның бұрынғы нұсқаларын iске қосу үшiн web c: /f қатарын пайдалану қажет немесе соңғы шыққан нұсқаларын drweb командалық қатары арқылы программалық ортаға кiрiп, меню жүйесi бар терезеде қандай дискiлердi, қалай тексеретiнiмiздi енгiзiп, оның бар мүмкіндiгiн (F1 пернесi - көмекшi мәлiмет ала отырып) толық қолдана аламыз. Вирустардың жаңа тұрлерi күнбе-күн пайда болып жатыр, сондықтан антивирустық программалардың да тексеру-емдеу қабiлеттерi жоғары соңғы шыққандарын қолданған дұрыс болатыны түсiнiктi шығар. Компьютерге вирус енгенiн сезсеңiз, мына ережелердi Мұқият орындаған абзал: 1. Алдымен аспай-саспай, ойланып, iске кiрiскен жөн екенiн Ұмытпаңыз. 2. Дегенмен, бiр әрекет бiрден орындалуы керек – вирустың зиянды әрекеттерiн әрi жалғастырмас үшiн компьютердi бiрден өшiру қажет. 3. Егер компьютерге ңжұққанң вирус түрін емдей алатын детекторпрограммаларыңыз болса, дискiлердi тексеру мақсатында соларды дереу iске қосыңыз. 4. Бiртiндеп вирус жұғуы мүмкін болған барлық дискiлердi тексерiп шығу қажет. 5. Егер дискiдегi барлық файлдарыңыздың архивтiк көшiрмелерi болса, онда дискiнi қайта форматтап, мәлiметтерiңiздi бұрынғы қалпына келтiруге тырысыңыз. Ендi компьютерге вирус жұқтыру мүмкіндiгiн азайтатын және жұққан жағдайда оның зиянкестi әрекеттерiн барынша азайтатын шараларды қарастырайық, оларды бiрнеше топтарға жiктеуге болады: 1. Информацияны әркiмнiң жиi пайдалануын шектеу және оның көшiрмесiн сақтау. 2. Сырттан келген мәлiметтердi Мұқият тексеруден јткiзу.
59 3. Вирустан ңемдеу аспаптарынң дайындап қою. 4. Белгiлi бiр уақыт сайын компьютердi вирусқа тексерiп отыру. Файлдарды архивтеудiң қажеттiлiгi Дербес компьютердi пайдалану кезiнде әртүрлі себептермен магниттiк дискiдегi (МД) информацияны жоғалтып немесе бұлдiрiп алуымыз мүмкін. Бұл МД-нiң физикалық ақаулықтарынан, абайсызда ойламаған жерден файлдарды өшiрiп алудан немесе оларды түзету кезiнде кеткен қатеден, компьютерлiк вирустар әсерiнен информацияның бұзылуынан, файл эталоңдарын сақтауды талап етуден және т. б. болуы мүмкін. Осындай жағдайларда шығатын шығынды азайту үшiн файлдардың архивтiк көшiрмесiн алып, оларды тұрақты күйде жаңалап отыру керек. Архиваторлар – дискiдегi орынды үнемдеу үшiн файлдың көлемiн кiшiрейтiп сақтауға мүмкіндiк беретiн программалар тобы. Олардың сақтау тәсiлдерi әртүрлі болғанымен, жалпы қызметiн былай түсiндiруге болады: файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискiде Үстаудың ешқандай қажетi жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндiк беретiн программалардың жалпы қызметi – файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа мәлiмет жазып, кейiннен оларды өз реттiлiктерiн сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтiретiн мүмкіндiк болуы тиiс. °рине архиватордың әртүрлі мәлiметтер үшiн тиiмдiлiгi әртүрлі болатыны өзөзiнен түсiнiктi, мысалы, текстiк файлдарды екi есеге жуық, ал бояуларының қоюлығы онша емес сұр түстi суреттердi (PCX немесе BMP тәрiздi форматтағы) қанықтылық ерекшелiктерiне қарай екi-төрт тiптi он есеге дейiн тығыздап қысуға болады. Архиваторлар файл көлемiн 10–70%-ке дейiн кiшiрейтуге мүмкіндiк бередi.°детте 20 Мб дискiнi көшiру (СОРУ командасы арқылы) 60-қа дейiн дискет (көлемi 360 Кб-тай) қажет етедi, ал архиватор көмегiмен бұл көлемдi 2 есе қысқартуға болады. Сондықтан мәлiметтердi қысылған, кiшiрейтiлген көлемде сақтауға мүмкіндiк беретiн арнайы архиватор-программалар жасалады. Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискiдегi файлдар көшiрмесiн қысылған күйде архивтiк бiр файлға орналастыруға, кейiннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т. б. iстер атқаруға мүмкіндiк бередi. Архивтiк программалар бiр-бiрiнен қысылған файлдың форматымен, жұмыс iстеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейi сияқты әртүрлі мүмкіндiктерiмен айрықшаланады. Архивтеу программалары тегiн (SHAPEWARE) немесе белгiлi бiр сомаға делдалдық әдiспен таратылады. Олардың iшiнде кең таралған архиваторлар тобына ARJ, RAR, PKZIP және PKUNZIP тәрiздi программалар жатады. Бұлардан басқа да архиваторлар бар. Архивтiк файл Архивтiк файл – қысылған күйде бiр файлға енгiзiлген, қажет болғанда бастапқы күйiнде шығарып алуға болатын бiр немесе бiрнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны (архив құрамындағы қысылған файлдар тiзiмi) және
60 әр файлдың сақтаулы циклдiк бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбiр файл үшiн оның мазмұны тәрiздi мынадай ақпараттар сақталады: – файлдың аты; – файл орналасқан каталог туралы мағлҰмат; – файл көлемiнiң дискiдегi бастапқы және архивтегi қысылған түрдегi мјлшерi (байтпен берiледi); – архив бұтiндiгiн тесеруге арналған әр файлдың циклдiк бақылау коды. ARJ архиваторы программасын қолдану Бұл программаның бiрнеше нұсқасы бар. ARJ программасын қолдану командасның форматы мынадай: ARJ <режимдерi> [-<параметр> [-<параметр>...]] <архивтiк файлдың аты> [<файлдың аты> [файлдың аты>...]] ARJ программасының режимдерi: ARJ программасының орындай алатын бiрнеше функциялары бар. қажеттi функцияны таңдау программаны шақыру кезiндегi командалық қатарда белгiлi бiр латын әрпiн көрсету арқылы орындалады.ARJ программасы функциясын көрсету команда кодын және оның режимiн енгiзу жолымен жұзеге асырылады. Команда коды бiр әрiптен тұрады, ол бiрден программа атынан кейiн көрсетiледi, ол программа орындауы тиiс жұмыс түрін анықтайды. Мысалы: А (add) – архивке файл енгiзу, Т(test) – архивтi тест арқылы тексеру, Е (extract) – файлды архивтен шығарып бастапқы қалыпқа келтiру, D (delete) – архивтегi файлды жою және т. с. с. Ал программадан қандай әрекет талап етiлгенiн анықтау үшiн режим көрсетiледi, ол команда кодынан кейiн командалық жолдың кез келген жерiнде тұра бередi. Режим белгiсi алдында ң–ң немесе ң/ң таңбалары болуы мүмкін, мысалы, –V, –M немесе /V, /М және т. б., бiрақ бiр командада екi таңбаның екеуiн де қатар келтiруге болмайды. Архивке файлдар енгiзу Архивке файлдар енгiзу үшiн мынадай команда форматы пайдаланылады: ARJ <команда> <режимдер> <архив-аты> [каталог\] [файлаттары]... Команда параметрлерi:команда – ARJ командасы үшiн орындалатын жұмыс түрін көрсететiн бiр әрiптен тұратын команда аты, мысалы, А – архивке файл енгiзу, М - архивке файлдарды жылжыту және т. с. с.; режимдер – ң-ң немесе ң/ң таңбаларынан басталатын режим атаулары, олар команда атқаратын жұмысты айқындайды не анықтайды; архив-аты – јңделуге тиiс архивтiк файлдың аты, бiр сөзден тұрады. Егер Мұндай атты архив болмаса, онда осы жұмыс барысында ол пайда болады. Бұл файлдың заты көрсетiлмесе, ол ARJ болып саналады; каталог – архивке енгiзiлуге (шығарылуға) тиiс файлдар орналасқан каталог аты. Каталог атын нақты түрде көрсете отырып, басқа каталогтағы файлдарды осы архивке енгiзуге болады. Егер каталог аты көрсетiлмесе, онда ол ағымдағы каталог
61 болып есептеледi; файл-аттары – архивке енгiзiлетiн (шығарылатын) файл аттары. МҰнда оларды топтайтын нұсқа таңбаларды (? және *) қолдануға болады. Егер файл аттары көрсетiлмесе, онда ағымдағы каталогтың барлық файлдары јңделедi. Файлдарды қысу деңгейiн көрсету. Келiсiм бойынша, ARJ программасы жылдам жұмыс iстеп, файлдарды ең жоғарғы деңгейге жақын күйде қысады. Бiрақ өз қалауыңызша мүмкіндiгiнше жоғарғы деңгейде (бiрнеше процентке жоғары) қысу режимiн пайдалануға болады, ол әдеттегiден көбiрек уақытқа созылып баяулау орындалады. ARJ программасының бұл режимi –JM әрiптерiмен берiледi. Архивтiк файлдарды өңдеу режимдерi: ARJ программасында файлды архивтеудiң үш негiзгi режимдерi бар, олар: 1. Аdd – архивке барлық файлдарды енгiзу (А командасы); 2. Update – архивке тек жаңа файлдарды енгiзу (U командасы); 3. Freshen – архивке тек бұрынғы қысылған нұсқасынан өзгертiлген файлдардың жаңа версияларын енгiзу (F командасы). Мысалдар:ARJ a student – STUDENT.ARJ архивтiк файлына осы ағымдағы каталогтың барлық файлдарын енгiзу; ARJ u a:\student – А:\STUDENT.ARJ архивтiк файлын бұрын архивке енгiзiлгенмен, одан кейiн өзгертiлген файлдардың жаңа нұсқасын енгiзу арқылы жаңарту. ARJ f a:\student b:\*.* – A: дискiсiндегi student.arө архивтiк файлына В: дискiсiнiң түпкi каталогынан тек бұрынғы варианттары өзгертiлген файлдар ғана енгiзiледi. Файлдарды архивке енгiзу Көптеген жағдайларда архивке файлдың көшiрмесiн емес, өзiн толық күйде жылжытып жiбередi, яғни дискiден ол файл өшiрiлiп тасталады. Файлды архивке осылай жөнелту үшiн ARJ программасының келесi –D режимi (А, U, F командаларымен бiрге көрсетiледi) немесе М командасы жеке режимсiз қолданылады. Айта кететiн жайт, – D А командасының режимi болып табылады, ол архивке енгiзiлген файлдарды жоя отырып, файлдарды тек архив iшiнде ғана сақтайды. Сонымен, мына екi команданың орындайтын қызметi бiрдей: arө m student немесе arө a -d student Ескерту: 1.Егер файлдарды архивтеу кезiнде қате кетсе, онда бұрынғы файлдар жойылмайды. 2.Файлдарды архивке жылжытып жiберу дискiсiдегi орынды үнемдейдi. Көбiнесе сирек қолданылатын файлдар мен мәлiметтердi тек архивте сақтап, керек кезiнде оларды архивтен шығарып алу тәсiлi жиi кездеседi. Мысалдар: ARJ а -d myarс – MYARC.ARJ архивiне осы каталогтағы барлық файлдарды жылжытып жiберу; ARJ m arhiv *.tхt – осы каталогтан заты tхt болып келген барлық файлдарды аrhiv.arө архивтiк файлына жылжытып жiберу.
62 1. Негізгі әдебиеттер тізімі 1. М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева "Информатика" Астана, 2004 2. Зертханалық жұмыстар. І Арқалық 2008 4. К.Ахметов. Windows 98 для всех. М., 1998 5. Балафанов Е.К., Бурибаев Б.Б., Даулеткулов А. 30 уроков по информатике. – Алматы: Джагамбек, 1999-442с 2. 2. Қосымша әдебиеттер тізімі 1. К Информатика. Базовый курс. Учебник/ Под ред. Н.В.Макаровой, Спб, Питер, 2001, 768с 2.Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ 3.Под ред. Н.В.Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002-256с. 4.Microsoft Access 2000. Шаг за шагом: Практическое пособие. М.: ЭКОМ, 2000- 352 с. 5.Базы данных: Учебник для вузов/ Под ред. Хомоненко А.Д. –Сиб.: КОРОНА принт, 2000-416 с. 6.Золотова С.И. Практикум по Access, М., Финансы и статистика, 2001, 144 с., ил. 7.Коцюбинский А.О., Грошев С.В. Компьютерная графика: Практическое пособие. – М.: Технолоджи-3000, 2001-752 с. 8.Стил Х. Освой самостоятельно Microsoft Word 2000 за 24 часа, - М.: Вильяме, 2000 – 428 с. 10 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: МS WORD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ. Жоспары: 1. МS WORD мәтіндік редакторы түсінігі, мүмкіндіктері. 2. Редакторды іске қосу, терезе элементтері. 3. Мәзір командалары. 4. Құжатты пішімдеу. Word-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы инсталляциялық дискеттерден немесе компакт-дисеіден компьютерге жазып орнатып алу керек. Орнатылған WORD редакторын іске қосу бірнеше жолмен орындалады: Басты менюдің Іске қосу(Пуск) – Программалар – Microsoft WORD (Microcjft Office немесе Стандартты тобының ішінде де болуы мүмкін) қатарында тышқанды шерту арқылы. Windows жүйесінің Менің компьютерім немесе Сілтеуіш (Проводник) терезелерінің бірін пайдалану арқылы (ProgramFiles – Microsoft Office – Office бумасы ішіндегі Winword.exe файлы). WORD редакторына бұрын дайындалған құжаттың шартбелгісінде тышқанды екі шерту арқылы алдымен WORD программасы жүктеліп, сонан соң көрсетілген құжат терезеге оқылады.
63 Жұмыс үстеліндегі WORD редакторының жарлығында тышқанды екі рет шерту арқылы (жарлық болмаса, басқа тәсілді қолдану керек) т.б. Редактормен жұмысты аяқтау (доғару) кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіле береді, мысалы: Файл – Шығу (выход) меню командаларын таңдау арқылы; Редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғары бұрышындағы Жабу батырмасын Х басу арқылы; Тікелей Alt+F4 пернелерін басу арқылы; Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұнын алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу тарезесін шығарып өзгертілген құжатты дискіге жазу (Ия – Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ – Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауыңыз бойынша, редакторда ары қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау – Отмена) болады. WORD редакторының терезесімен танысу WORD редакторының негізгі терезесі ондағы орналасқан құжат терезесімен бірге 1.1-суретте көрсетілген. Терезеде Windows жүйесіндегі стандартты көптеген элементтер бар. Солардың ішіндегі WORD редакторына тән қосымша элементтерді қарастырып өтейік. Қалып күй қатары Қалып – күй немесе қалып қатары негізгі терезенің төменгі жағында орналасқан, онда теріліп жатқан құжат жөнінде бірсыпыра мәліметтер бар. Қалып қатары көрінбей тұрса, Сервис – Параметрлер командасын орындап, оның Сыртқы түр (Вид) аастарлы бетіндегі Терезе тобының Қалып қатары (Строка қатары) атты жалаушасын көтеріп қою қажет. Енді оның элементтерін қарастырып өтейік. Элемент Нені көрсетеді Стр.1 Теріліп немесе түзетіліп жатқан терезедегі бет нөмері (1-бет) Разд. 1 Терезедегі мәтін бөлігі нөмірін көрсетеді, бұл элемент бөліктерден тұратын Басты құжат (Главный документ) үшін ғана қажет; 1/4 Мәтіннің басынан есептегенде курсор тұрған орын 1-бетте, ал құжат барлығы 4 беттен тұрады; На 17,1см Курсор тұрған ағымдағы жолдан сол беттің жоғарғы шетіне дейін қашықтық, курсор экранда көрініп тұрғанда ғана көрсетіледі; Ст 21 Осы беттің жоғарғы шетінен курсорға дейінгі қатарлар саны, курсор көрініп тұрғанда ғана көрсетіледі; Кол 33 Осы қатардың басынан курсорға дейінгі символдар (орындар) саны, табуляция символдары мен бос орындар да есепке алынады. ЗАП Бұл да курсор көрініп тұрғанда ғана көрсетіледі.
64 Макрокомандаларды жазу(записать) режимі іске қосылған екпінді күйде екенін көрсетеді, бұл режимді іске қосу тышқанмен ЗАП батырмасын көрсетіп тұрып, оны екі шерту арқылы орындалады; ИСПР Түзетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар құжаттық соңғы нұсқасына қарай өзгерістер енгізілгенін білдіреді, бұл режимді де іске қосу немесе алып тастау тышқанды екі шерту жолымен жүргізіледі; ВДЛ Белгілеуді кеңейтетін (Расширать выделения) Ғ8 пернесі екпінді күйде, яғни фрагментті белгілеп алып оны кеңейту режимі іске қосылған, бұл режим белгілеулер көлемін Ғ8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға, сөзге, сөйлемге т.б) көрсетіп тұрады. Белгіленген көлемді кішірейту – Shift+F8арқылы, ал белгілеуді тоқтату – Esc арқылы орындалады ЗАМ Символдарды ауыстыру (заменить) режимі екпінді куйді тұрғанын көрсетеді, символдарды сыналып енгізу тәртібі (вставка) орындалса, ол солғын түске боялады. Бір тәртіптен екіншісіне ауысу ЗАМ батырмасында тышқанды екі рет шерту арқылы жүргізіледі Мәтіннің синтаксикалық қатесін тексеру кезінде оң жақтағы алапқа шығатын көрсеткіш белгі. Тексеру кезінде кітап бетімен жылжып келе жатқан қалам көрініп тұрады. Қате табылса, “Х” белгісі шығады, оны түзету үшін тышқанды сол белгіде екі рет шерту керек Мәтінді фондық режимде баспаға шығару кезінде шығатын көрсеткіш. Осы принтер белгісінің жанындағы бутін сан басылып жатқан мәтінің бет нөмерін көрсетеді. Баспаға шығаруды жедел тоқтату үщін принтер белгісінде тышқанды шерту жеткілікті Мәтінді фондық режимде дискіге жазу кезінде шығатын көрсеткіш. Оң жақ шеткі бос алапқа қозғалып тұрған осы белгі шықса, жазу ісінің орындалып жатқаны Сағат (WindowsN T3751) Windows NT 3.51 жүйесінде үстіміздегі уақыт көрсеткіші, Windows95 немесе Windows NT жүйесінде уақыт бұдан төменірек тапсырмалар тақтасында көрініп тұрады Қалып қатарында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске қосылып тұрғанын, ал солғын түске боялса – іске қосылмағанын білдіріп тұратын жұмыс тәртібі индикаторлары бар, олар: Мәтінді бейнелеу режимдері Мәтінді бейнелеу режимдерін іске қосу немесе қоспау тәртіптері белгілі бір пернелік командалармен орындалады. Оған қосымша ,сол режимді қарамақарсы күйге ауыстыру қалып қатарына жалғаса орналасқан қажетті индекаторға
65 тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шертуменде орындалатынын білген дұрыс. WORD экраны Цифрлік таңбалары бар көлденең және тік жылжу белдеулері мәтін ішіндігі курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді. Бірақ бұл жылжу белдеулері WORD редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар атқарады. Көлденең орналасқан горизонталь белдеу (сызғыш) арқылы тышқан көмегімен Абзац алдындағы азат жол басын; Беттің сол жақ және оң жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс бос орындар (поля) аумағын; Мәтін ішіндегі кестелердін (таблица) бағаналары (тік жолдарының) енін; Көлденен табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәнін бекітуге болады; Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерін өзгерткенде, олардың тек сол абзацқа (курсор тұрған) қатысты екенін естен шығармаған абзал. Аленді тік орналасқан вертикаль белдеу “(сызғыш) терезенің сол жақ жақтауы бойында орналасқан. Оның көменгімен беттің жоғарғы және төмен жақтарында қалдырылыатын бос орындар аумағын (поля) және де кестелер қатарлары биіктігін өзгертуге болады. Тіе, яғни вертикаль белдеуді еөрсетпей алып та тастауға болады, онда экрандағы мәтінге берілетін орын ұлғаяды. Дегенмен ол бейнелеп тұрса, мәтінді форматтау жұмыстары жылдамырақ орындалады. Көру режимдерінің батырмалары қалып қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да олар мыналардан тұрады: Кәдімгі режим (обычный режим) батырмасы – бұл көру режимі келісім бойынша редакторға кіргенде бірден орнатылады. Ол мәтінді форматтау элементтерін қарапайым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир-сызықшамен бейнелеп, символдарды теру түзету және көру процесін жылдам орындайды. Бұл форматта суреттермен және кадрлармен жұмыс істеуге болмайды. Электрондық құжат режимі парақты экранда құжат мәтінің оқуды оңайлататын күйде келтіреді. Бұл режимде парақ белгіленбей әріптер іріленіп қатар ұзындығы жол енінен шықпайтындай етіп бейнеленеді. Мәтінің сыртқы түрі қағазға түсетін бейнесіне сәйкес келмейді. Бұл форматта суреттермен және кадрлармекн жұмыс істеуге болады.
66 Беттерді белгілеу (разметка страницы) режимі мәтін қағазда қалай орналасса, айнытпай солай бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді түзету өте ыңғайлы, өйткені қағаз шеттері (поля) айқын көрініп тұрады. Құрылым (структура) режимі, мәтінді түйіндеп құжатты толық бейнелемей, тек тақырыптарын көрсете алады, сол себепті мәтін тақырыптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкіндіктерін береді. Ал оны түгендемей, ашылған күйде бейнелесек өте көлемді мәтін өңделгенде, оның белгілі бір бөліктерін түгелдей жылжытуға, көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы тәртіп болып саналады. Саймандар тақтасы Саймандар (инструменттер) тақтасы командалар мен іс-әрекеттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдалану тышқан қолтетігінің немесе соған ұқсас басқа аспаптың көменгімен жүргізіледі. Саймандар тақтасының белгілі бір командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту арқылы орындалады. Бұл тақтаны әрқашанда пайдалануға болады, өйткені, қалауымыз бойынша, ол құжат терезесінің жоғары жағында көрініп тұрады. 1-кестеде меню қатарының төменгі жағында Стандартты әрекеттерді ғана атқаруға арналған Саймандар тақтасы орналасқан. Бұл тақтадан басқа Word редактарында бірсыпыра әрекеттерді атқаратын тақталар ( Форматтау, сурет салу, көмек алу т.б.) бар. Нақты тақталар мен олардың әртүрлі батырмаларының атқаратын қызметін жұмыс барысында курсорды сол батырма белгісінің оң жақ төменгі бұрышына алып барып тексеру қажет немесе көмек алу арқылы білуге болады. Терезенің негізгі элементінің бірі болып, бірнеше мәтіндік құжаттар қатар орналаса алатын терезелерден тұраты, ашық түске боялған жұмыс аумағы болып саналады. Word редакторында құжат 1 Жаңа құжат құру 13 Қайтару 2 Құжатты ашу 14 Гиперсілтеме қосу 3 Құжатты сақтау 15 Web тақтасы 4 Жабу 16 Кестелер және шекаралар 5 Баспаға шығару 17 Кестені қосу 6 Баспаға беру алдында қарау 18 Excel кестесін қосу 7 Қатесін тексеру 19 Бағаналар 8 Қиып алу 20 Сурет салу 9 Көшірмесін алу 21 Құжаттың схемасы 10 Буферден қою 22 Басылмайтын белгілер 11 Форматтық қылқалам 23 Масштаб 12 Болдырмау 24 Көмекші Word ортасында бұрын дискіге жазылған құжатты ашу үшін Құжатты ашу (Открытие документа) сұхбат терезесі қолданылады. Бұл открыть терезе мои документы Файл- ашу (файл-открыть) командасын орындағанда немесе
67 батырмасын шерткенде экранға шығады. Құжатты қатты не иілгіш дискіден, әйтпесе желідегі басқа дискіден де ашуға болады. Сұхбат терезесіндегі диск немесе бума таңдау мүмкіндігін беретін батырманы шерткнде диск немесе бумалардың тізімі шығады. Керкті буманы не дискіні таңдап алған соң, ашылуға тиіс құжатты тізімнен іздейміз. Соны таңдап алып тышқанды екі рет шертеміз немесе Ашу батырмасын басамыз. Жаңа құжат ашу Жаңадан құжат құрайтын мәтін жазу терезесін ашу үшін: 1 Файл менюінің Құру ( Создать) командасын таңдау қажет; Оның жалпы (Общие) ішкі бетін таңдап алып, Жаңа құжат( Новый документ) белгісінде тышқанды екі рет шерту керек. Жаңа нұсқа (шаблон) немесе шебер көмегімен құжат ашу үшінсол құжат типіне сәйкес ішкі парақты таңдап, қолданылатын нұсқа не шебер белгісіне курсорды алып барып тышқанды екі рет шерту керек. Келісім бойынша қабылданған нұсқа бойынша жаңа құжат ашу Жасау( Создать) батырмасын басу арқылы орындалады. Басқа шаблонды құжаттар құру үшін, Файл – Құру командасын орындағанда ашылған терезеде қажетті құжаттың түрін, одан кейін үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап алып, тышқанды екі рет шертеміз. Құжатты сақтау Word редакторында терезедегі дискіден оқылған немесе жаңадан жасалған екпінді құжатты дискіге жазып сақтауға болады. Барлық ашылған құжаттардың бәрін сақтау мүмкіндігі де бар. Көрсетілген уақыт аралығы өткен сайын құжатты оқтын-оқтын автоматты түрде сақтап отыруға да болады. Бұлай істеу компьютер кездейсоқ өшіп қалғанда да мәліметті жоғалтпауға мұрсат береді. Мысалы, құжатты автоматты түрде сақтау арқылы 5 минут болса, компьютер өшіп қалғанда, жоғалатын мәлімет көлемі соңғы 2-4 минутте терген мөлшермен ғана шектеледі. Ал алдыңғылары автоматты түрде сақталады. Компьютерді қайта іске қосқанда автоматты түрде жазылып қалған мәлімет қалпына келеді. Бірақ автоматты күйде сақтап қою іске қосылып тұрса да, жұмыс соңында құжатты толық дискіге жазып қою абзал. Өйткені қалыпты күйде жұмыс аяқталғанда және файл толық сақталған шарттарда автоматты күйде жазылып қалған уақытша мәлімет толық өшіріледі. Құжатты автоматты түрде сақтайтын уақыт аралығын өзгерту 1 Сервис менюінің Параметрлер командасын таңдап, оның сақтау ( Сохранение) атты ішкі бетін (парағын) ашу керек. 2 Әрбір … минут сайын автоматты сақтау жолаушасын көтеріп(белгілеп) қою қажет. 3 Минуттер жазылатын өріске есте сақтау жиілігіне тиіс сан енгізіледі, ол сан аз болған сайын кездейсоқ жағдайларда жоғалатын мәлімет көлемі азаяды. 4 Жұмыс соңында Файл – Сақтау командасын орындау немесе Сақтау батырмасын басу керек.
68 Сол сәтте экранға Құжатты сақтау (Сохранение документа) диалог Құжатты сақтау сұхбат терезесі. Терезесі шығады. Терезеде файлға қойылған ат өрісі бар, оны алғашқы рет есте сақтағанда өзгертуге немесе ұсынылған атты қалдыруға болады. Алғашқы ат ретінде құжаттың бірінші жолында тұрған сөз тіркесіқабылданады. Ат енгізілгеннен кейін немесе оны енгізбей-ақ құжатты сақтау ушін терезедегі Сақтау (Сохранить) батырмасын басу жеткілікті. Келісім бойынша Құжатты ашу және Құжатты сақтау сұхбат терезелері жұмысы кезінде дайындалған файлдар С: дискісінің түпкі каталогындағы Менің құжаттарым ( Мои документы) бумасына орналасады. Осы бума дайындалған мәліме, кітап т. б. Деректерді жазуға қолайлы орын болып саналады. Файл көшірмесін басқа атпен немесе сол атпен бірақ басқа орынға жазу үшін Файл - … деп сақтау (Файл – сохранить как …) командасын орындаймыз. Бұл кезде Құжатты сақтау сұхбат терезесі шығып, оған алдыңғы айтылған тәсілмен жаңа файл атын енгізу немесе ол орналасуға тиіс бумаларды біртіндеп таңдап алу қажет. Құжатты форматтау мүмкіндіктері Мәтін фрагменттерін ерекшелеу тәсілдері Құжатты форматтау үшін қажетті бөлікті ерекшелеп белгілеп алу керек. Егер форматтайтын бөлік алдын-ала ерекшеленбесе, орындайтын әрекет жүзеге аспайды. Нені белгілеймі з Кез-келген элемент Сол жақ батырманы басулы күйде ұстап тышқан курсорын белгіленетін мәтін фрагментін бір шетінен екінші шетіне жалғастырамыз Сіз Сөзде тышқанды екі рет шерту Графика Графиканың ішінде тышқанды шерту Мәтін қатары Қатардың сол жағындағы бос орында тышқанды шерту Бірнеше мәтін қатары Сол жақ батырманы басылу күйде ұстап тышқан курсорын сол жақ шеттегі бос орында ұстап белгіленетін қатарлардың бір шетінен екінші шетіне жылжытамыз Сөйлем CTRL пернесін басулы күйде ұстап тышқан курсорын сөйлем ішінде шерту Абзац Тышқан курсорын сол жақ шеттегі бос орында екі рет шерту немесе белгіленетін абзац ішінде тышқанды үш рет шерту Бірнеше абзац Сол жақ батырманы басулы күйде ұстап тышқан курсорын сол жақ шеттегі бос орында белгіленетін қатарлардың бір шетінен екінші шетіне қарай жылжытамыз
69 Барлық құжат Сол жақ шеттегі бос орында тышқанды үш рет шерту Мәтінің тіктөртбұр ышты блогы(кест е ішінде емес) ALT пернесін басып тұрып, тышқанның сол жақ батырмасы басулы күйде курсорды тіктөртбұрыштын диогоналымен жылжыту Мәтін фрагментін ерекшелеуді алып тастау (доғару) үщін: Белгіленбеген аймақта тышқанды шерту керек немесе Кез келген жебелек пернелердің бірін басу қажет. Ескерту: Жаңа сөйлемді мәтін белгіленіп тұрған кезде теріп жазсаңыз, белгіленіп тұрған мәтін тұтас өшіп қалады да, оның орнына жаңа мәтін енеді. Курсорды жылжыту кезінде Shrift пернесі басулы тұрса, курсор өткен фрагменттер түгел белгіленеді. Мәтін фрагментерін пернелер арқылы ерекшелеу. Мәтінді тышқанның көмегінсіз пернелермен де ерекшелеуге болады. Ол үшін іс-әрекетердің бірін орындау қажет: Ерекшеленуді кеңейту Қалай орындалады Бір символ оңға Shrift+→ Бір символ солға Shrift+ Сөз соңына дейін CTRL+SHRIFT+→ Сөз басына дейін CTRL+SHRIFT+ Қатар соңына дейін SHRIFT+END Қатар басына дейін SHRIFT+HOME
70 Бір қатар төмен SHRIFT+ Бір қатар жоғары SHRIFT+ Абзац соңына дейін CTRL+SHRIFT+ Абзац басына дейін CTRL+SHRIFT+ Бір экран төмен SHRIFT+PAGE DOWN Бір экран жоғары SHRIFT+PAGE UP Құжат соңына дейін CTRL+SHRIFT+END Құжат басына дейін CTRL+SHRIFT+HOME Құжатты түгелдей CTRL+А немесе Ctrl+5 Құжаттын белгілі бір жеріне дейін Ғ8+жебелек пернелердің бірі (,,→,) арқылы Тіктөртбұрышты фрагментті ерекшелеу CTRL+SHRIFT+F8 пернелерін басып, сонан кейін тілсызық пернелермен төртбұрышты аймақты ерекшелеу Мәтін белгіленгеннен кейін форматтауды Формат менюінің немесе Саймандар тақтасындағы “Форматтау” батырмаларының көмегімен де орындауға болады. Қаріптерді форматтау Қаріптерді (Шрифтерді) форматтау саймандар тақтасындағы батырмалардың көмегімен іске асырылады. Саймандар тақтасындағы батырмалардың көмегімен компьютерге алдын ала енгізілген қаріптін түрін, көлемін, кесеінделуін мәтінді термей тұрып немесе терілген мәтінді белгілеп алып та таңдау мүмкіндігі бар. Ескерту: Егер саймандар тақтасындағы қаріптің түрімен тапсырмалар тақтасындағы (панель задач) қаріп түрінің көрсеткіші сәйкес келмесе, мәтін дұрыс терілмейді.
71 Қаріп толық форматтау Формат→Қаріп (Шрифт)… командасын немесе құжаттың жанама менюдегі Қаріп… командасын таңдағанда ашылған сұхбат терезесінің көмегімен орындалады. Бұл сұхбат терезесінің (2.2- сурет) өзі Қаріп, Аралық, Анимация деген үш астарыбеттен тұрады. Қаріп астарлы беттің көмегімен саймандар тақтасындағы батырмалардың орындайтын іс әрекетінен (қаріптің жазылу түрі, кескінделуі, көлемі) басқа мәтінің сызылымын, түсін, эффектілерін форматтауға және үлгісін көруімізге болады. Эффектілер ауыстырып қосу амалы арқылы орындалады, яғни қажетті эффектіні таңдау кезінде тышқанды шерткенде қанатбелгі() қойылады және керсінше орындалады. Аралық (интервал) астарлы бетінің көмегімен әріптердің аралық өлшемін (%түрінде), әріптердің аралығын (қысылған, созылған, кәдімгі), жылжытылуын (төмен, жоғары) қалауымызша таңдап аламыз. Анимация астарлы бетінің көмегімен мәтіннің көркемделу түрін берілген тізімнен белгілеп, үлгісін көріп отырып ұнағанын таңдау мүмкіндігі бар. Парақ шетіндегі өрістер мен абзацты форматтау Абзацпен парақтың оң жақ және сол жақ өрісін туралауды шатастырмау керек. Парақ шетіндегі өрістер дегеніміз – мәтінмен парақ шетінің аралығы. Ал, абзац дегеніміз – парақ шетінен мәтіннің сол жағына дейінгі аралық. Абзацты форматтау кезінде қолданылатын параметрлер Мәтінді оң жақ шетке, сол жақ шетке, ортаға жылжыту және ені бойынша туралау Қатарлар аралығын (межстрочный интервал) өзгерту Абзацтар аралығын өзгерту Кестелеудің позициялары, яғни кесте бағаналарының позициялары нөмірлерін белгілеу Абзацтар алдындағы шегініс (отступ) мөлшері және тізімдерді нөмірлеу, маркерлеу кезіндегі сол жақ шетке ұмтылыс (выступ) мөлшері Маркерлеу белгілері және нөмірлеу форматтары Мәтін жиектерін ерекшелеу және олардың түсін өзгерту (границы и заливки) Бет нөмірлерінің форматтары және олардың орналасуы Бетке бөлу кезінде мәтіннің ауысу параметрлері Мәтінді туралау тәртібі қолданылу мақсатында байланысты төрт түрлі болады, олар:Сол жақ шетке қарай туралау – жәй мәтін тергенде қолданылады; Оң жақ шетке қарай туралау – колонтитулдарда, яғни бөлім тақырыптарын беттердің жоғарғы жағына тұрақты күйде жазу кезінде кездеседі; Қатар ортасына қарай туралау – тақырыптарды жазғанда пайдаланылады. Екі жақ шетті де туралау – іс қазағдарын, баспахана материалдарын даярлау кезіндек қолданылады.
72 Саймандар тақтасындағы төрт батырманың көмегімен мәтінді сол жақ, орта, оң жақ, және ені бойынша туралау мүмкіндігі бар. Бір абзацтағы мәтінді туралау үшін оны белгілемей-ақ курсор сол абзацтың ішінде тұрғанда қалаған режим батырмасын басу жеткілікті. Абзацты форматтау амалын Формат-Абзац… немесе құжаттың жанама менюіндегі Абзац командасы таңдағанда ашылған сұхбат терезесінің көмегімен орындауға болады. Абзац сұхбат терезесі «Шегіністер мен аралықтар » және «Парақтағы орналасуы» деген екі астарлы беттен тұрады. Шегіністер мен аралықтар астарлы бетінде парақ өрістерін туралау, жол, қатар, абзац аралығын қалаған шамада өзгерту мүмкіндігіміз бар. Парақтағы орналасуы астарлы бетінде параққа сыймайтын жолдарды болдырмау, абзацтарға бөлмеу, клксіден ажыратпау, жаңа беттен бастау, жолдарды нөмірлеуді және сөздерді автоматты түрде көшіруді болдырмау режимдерін таңдау мүмкіндігі бар. Екі астарлы беттің де көмегімен Кестелеу… сұхбат терезесін ашуға болады. Қатар арасындағы интервал. Бір аралықты (Одинарный) – қатар арасындағы интервал сол қатардағы ең үлкен символ биіктігіндей. Бір аралықты интервал символ мөлшерінен сәл-пәл үлкендеу болады. Бір жарым аралықты (Полуторный) – интервал бір аралықтан бір жарым есе артық болады, мысалы, символ мөлшері 10 пункт болса, аралық 15 пункт шамасында болады. Екі аралықты (Двойной) – бір аралықты интервалдан екі есе артық қашықтық , символдары 10 пункттан тұратын қатарлар арасы 20 пункт мөлшерінде болады; Минимум – WORD редакторында мүмкін болатын ең кіші интервал мәні, ол әртүрлі жағдайларды (жоғары индексті) есепке ала отырып орнатылады; Дәлме-дәл (Точно) – қатар аралығы бүкіл текс үшін бірдей дәрежеде болады, егер символдар қиылғандай күйде болса, онда оны аздап үлкейту (минимум мәнін) керек; Көбейткіш (Множитель) – көрсетілген қатарлар шамасына еселенген интервал, Мәнді (значение) дегенөріс қатарына қажет мәнді енгіземіз (келісім бойынша, үш қатар). Абзац аралығы Абзацтың алдындағы және соңындағы аралық орнына Enter пернесін басып, бос қатар қалдыруға да болады, бірақ оның мөлшері қажетті шамадан артық болып кеткен жағдайда интервал мәнін Абзац… сұхбат терезесінде төмендегідей етіп енгізу мүмкіндігі бар: Қ Формат Абзац… командасын таңдау қажет; Ұ “Абзац” сұхбат терезесінің “Шегіністер мен интервалдар” астарлы бетін ашу керек; Қ Алдында (Перед) және Артында (После) деген өріс қатарына керекті сандық мәндер енгізу қажет немесе тышқанның оң жақ батырмасын басып,
73 шыққан сандар тізімінен керектісін таңдап аламыз. Алдын ала келісім бойынша аралықтар мәні пунктпен (пт) беріледі, оң жақтағы батырманы бір басу оны 6 пунктке үлкейтеді. Егер аралық мәндерін басқаша өлшеу бірліктерімен бергіңіз келсе, керекті өріс қатарына сол өлшеу бірлігінің қысқаша атын енгізу жеткілікті. Негізінде, жалпы мәтін үшін Сервис Параметрлер Жалпы Өлшеу бірлігі командаларын орындау арқылы қажетті бірлікті енгізіп, ОК-ны басу керек. WORD редакторында мынадай өлшеу бірліктері қолданылады: Өлшеу бірліктері Олардың эквиваленттері Сантиметр (см) 2,54 см = 1дйюм Дйюм (“) 1 дйюм = 72 пункт = 6 пика Пика (пк) 1 пика = 12 пункт = 0,677 дйюм Пункт (пт) 12 пункт = 0,677 дйюм = 1 ст Қатар (ст) 1 ст = 12 пункт = 0,677 диюм Кетелеу позицияларының орналасуы 1. Кестелеу позицияларын орналастыратын абзацтарды ерекшелеу (ерекшелендіру) қажет. 2. Көлденең белдеудің (сызғыштың) сол жағында орналасқан кестелеу белгісі қажетті белгінің (сол жағы бойынша), (оң жағы бойынша),⊥(центрі бойынша), (бөлгіш бойынша) біріне өзгергенше тышқанды шертеміз, 3. Кестелеу орналасуға тиісті жерге сәйкес сызғыштың үстінде тышқанды шертеміз. Кестелеу аралығын белгілермен толықтыру 1Кестелеу аралығына белгілер қойылуға тиісті абзацтарды белгілейміз. 2Формат Кестелеу (табуляция) немесе АБЗАЦ… сұхбат терезесіндегі КЕСТЕЛЕУ командасын таңдаймыз. 4 ТУРАЛАУ(выравнивание) тобынан кестелеу аралығы енгізіліп отырған мәтін үшін қажетті түзетудің бірін таңдаймыз. 5ТОЛТЫРУ (зАПОЛНИТЕЛЬ) тобынан қажетті толтыру элементін таңдағаннан кейін ОРНАЛАСТЫРУ (Установить) батырмасында тышқанды шертеміз. Ескерту : Абзацты белгілеп алғаннан кейін, қойылған кестелеуді алып тастау қажет болса, сызғыштағы кестелеу белгілерін тышқанның көмегімен сызғыштың бойынан алып тастаймыз немесе Кестелеу сұхбат терезесіндегі Өшіру командасын таңдаймыз. Ал жылжыту қажет болса, сызғыш бойындағы кестелеудің белгілерін тышқанның көмегімен қажетті орынға тасымалдаймыз. Сол жақ оң жақ шегіністі сызғыштың көмегімен қондыру. Шегініс қондырылған абзацтарды белгіленгеннен кейін, тышқан курсорын қалауымызша мәтіннің оң жақ немесе сол жақ шегінісін қондырғымыз келсе, сәйкесінше сызғыштың үстіне орналастырып тышқанды шерткенде пайда болған бұрыштық белгіні тышқан батырмасын басулы күйінде жылжытамыз. Tab пернесінің немесе саймандар тақтасындағы екі батырманың
74 көмегімен бір немесе бірнеше абзацтың шегінісін азайтуға және үлкейтуге болады. ФорматАбзац... немесе құжаттың жанама менюіндегі Абзац... командасын таңдағанда ашылған сұхбат терезесінде белгіленген абзацтардың оң жақ сол жақ шегінісінің шамаларын таңдап алу мүмкіндігі бар. Жолдың сол жақ шетінде ұмтыла орналасқан мәтіндерді жазу Жолдың сол жақ шетіне ұмтыла орналасқан (ұмтылыс-выступ) мәтіндерді жазу таңбаланған немесе нөмірленген тізім құру кезінде қолданылады. Егер СервисПараметрлерТүзетулер астарлы бетінің Шегіністерді Tab және Backspace пернелерінің көмегімен қондыру командасының алдына қанатбелгі қойылған болса, бір жолды, бір немесе бірнеше абзацты оңға және солға жоғарыдағы пернелер арқылы жылжытуға болады. Сызғыштың көмегімен де прнайы ұмтылыс белгісін тасымалдау мүмкіндігі бар. Абзац үлгісі: Абзацтағы форматталу түрлері: Абзацтан басталатын мәтін. Кері, яғни оң жағынан шегініс қойылған. Ұмтылыспен жазылған мәтін. Маркерлеу және нөмірлеу Бірнеше бөлімдерден , тараулардан тұратын құжаттарды көркемдеу барысында тізімдерді таңбалау және нөмірлеу қажеттігі туады. Маркерлер мен нөмірлерді ФорматТізім (Список) немесе құжаттың жанама менюіндегі Тізім… командасын тандағанда ашылған сұхбат терезесінің көмегімен қоюға болады. Бұл сұхбат терезесі Маркерленген, Нөмірленген, Көпдеңгейлі астарлы беттерінен тұрады. Тізім сұхбат терезесінің көмегімен таңбаны өзгерту мүмкіндігі бар. Қажетті таңбаны таңдағаннан кейін Өзгерту … батырмасын шертсек, төменгі сатылы сұхбат терезесі ашылады. Қаріп … - таңбаланатын абзац қарпін форматтау мүмкіндігін беретін сұхбат терезесі ашылады. Нөмірленген астарлы бетте тізімді нөмірлеу форматын таңдау және өзгерту мүмкіндігі бар. Бұл астарлы бетте Өзгерту … батырмасын шерткенде төменгі сатылы сұхбат терезесі ашылады. Нөмірлеудің форматын, қандай нөмірден бастау, нөмірдің қойылатын орнын (оң, сол жақтан, ортада), шегініс аралығын, қаріп форматын таңдауға болады. Көпдеңгейлі астарлы беті құрылымы күрделірек құжатпен жұмыс жасағанда пайдаланылады. Мысалы, бірнеше тараулардан, бөлімдерден, тақырыптардан тұратын құжаттың осы элементтерін нөмірлеу барысында қолдану өте тиімді. Осы астарлы бетте бөлімдерді, тақырыптарды, т. б. форматын таңдап алу,бұрын қойылған нөмірлерді алып тастау мүмкіндігі бар. Қажетті нөмірлеу форматын таңдап алған соң Өзгерту … батырмасында тышқанды шертсек, нөмірдің қаріп форматын , орналасу орнын, нөмірлеу форматын, қандай нөмірден бастауды таңдап алуға болады.
75 Маркер немесе нөмір қойылатын элементтерді белгілеп алған соң, маркерлеу үшін саймандар тақтасындағы таңбаланған тізім батырмасында, нөмірлеу үшін нөмірленген тізім батырмасында тышқанды шертеміз. Ескерту: Тізімді нөмірлеу және маркерлеу режимін автоматты түрде ұйымдастыруға болады. Егер абзацта саннан кейін нүкте қойылып, теріліп болғаннан кейін Enter пернесі басылса тізім автоматты түрде нөмірленеді. Ал, абзац дефис белгісімен басталып соңында Enter пернесі басылса, абзац таңбаланып отырады. 11 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: МS WORD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ. Жоспары: 1. МS WORD мәтіндік редакторында кестемен жұмыс. 2. Редактордың графиктік мүмкіндіктері: объектілер кірістіру, буфер алмастыру. 3. МS WORD мәтіндік редакторында құжатты баспаға шығару. Word редакторы жұмыс кезінде көптеген практикалық есептердің орындалуын жеңілдететін, әртүрлі амалдар жиынын орындай алатын, сақталынған мәліметтерді реттеу мен форматтауға мүмкіндік беретін кестелерді ыңғайлы пайдалану жолдарын ұсынады. Кез келген кесте ұя түріндегі қатарлар мен бағаналардан тұрады, оларға мәтін немесе сурет орналастыруға болады. Сандарды мәтіндерді тіке туралап жазу үшін де кесте жасауға болады. Кесте құрудың ең бір қарапайым жолы-Кесте салу батырмасын қолдану. Мұнда қолыңызға қалам алып кестені қалай сызсаңыз, экранда да дәл солай кесте саласыз. Келесі қатарлар биіктігін өзгертуге де мүмкіндік бар. Экрандағы көлденең сызықтар түзу сызылып, оның кез келген нүктесінен төмен қарай бағана жасай мүмкіндігі пайда болады. Кестенің сыртқы сызықтарын тышқан батырмасын басып тұрып қаламды жылжыту жолымен саламыз да, сонан соң бағаналары мен қатарларын сызамыз.
76 Алдымен... сонан соң... немесе... тағы да сол сияқты... Керек емес сызықты Өшіргіш батырмасын басып алып тастаймыз. Бос кесте құрудың тағы бір тәсілі - КестеКесте қосу (ТаблицаДобавить таблицу) командасын немесе стандартты саймандар панелінің осыған сәйкес батырмасын басып, бағана мен қатар санын тышқан курсорымен кеңейте отырып нақты белгілеп көрсету қажет. Осы тәсілді қолданғанда бағаналар саны негізінде автоматты түрде бірден анықталады. Қажет болса, әрбір бағаналар енін мұнан кейін де өзгертуге болады. Кесте қосу батырмасының көмегімен бағаналар мен қатарлар саны көрсетуге сәйкес автоматты түрде анықталады. Ал, егер кесте құру процесінде бағаналар енін өзіміз санмен бергіміз келсе, онда Кесте Кесте енгізу (ТаблицаДобавить таблицу) клмандасын пайдаланамыз. Бұл команданың орындалуы нәтижесінде 4.2 – суретте көрсетілгендей. «Кестені енгізу» деген сұхбат терезесі ашылады, онда кестенің қажетті параметрлерін қолмен енгізе аламыз. Кесте құрылған соң, алдын ала жасалып қойған олардың стандартты ықшам форматтары жиынынан өзімізге қажетті форматты таңдап алуға болады, ол үшін КестеАвтоформат командасын орындаймыз. Бұл тәсіл кестелерді форматтау процесін жеңілдетеді. Нұсқасы салынған кестелерді толықтыра отырып өңдеу ісі Кесте (Таблица) менюі арқылы орындалады. Оның құрамында кестеге қосымша бағаналар немесе қатарлар қосатын, екі бағананы (қатарды) біріктіретін, қажет емес бағаналарды (қатарды) алып тастайтын, мәліметтерді сұрыптайтын т.б. командалар бар (4.3 -сурет) . Бұл менюдің ең бір жақсы мүмкіндіктерінің бірі – алдын ала терілген мәтіндерді кестеге түрлендіру десе болады (Преобразовать в таблицу...). Ол үшін терілген мәтіннің бағанаға бөлінетін аралаықтарына кестелеу таңбасы орналастырылады. Ол таңбалар мәтін ішінде қайталанбайтын тыныс белгілері немесе басқа таңбалар (табуляция таңбасы) болуы мүмкін. Көбінесе бағана аралықтары;,: немесе табуляция (→) таңбаларының бірімен бөлініп тұруы тиіс. Сонан соң кестеге түрленетін мәтін аумағын фрагмент түрінде белгілеп аламыз да, КестеКестеге түрлендіру командасын орындаймыз. Сол сәтте бағана саны мен олардың аралығын бөлу таңбасын көрсетуді талап ететін сұхбат терезесі экранға шығады(4-сурет). Бұл терезедегі бағаналар саны автоматты түрде анықталады, ал бөлу таңбасын (разделитель) өзіміз енгізуіміз немесе таңдап алуымыз қажет. Тор сызықтарын бейнелеу және жасыру. Тор сызықтары кесте ұяларының мөлшерін белгілеп көрсету үшін қолданылады. КестеТорды бейнелеу (ТаблицаОтображать сетку) командасы тор сызықтарын бейнелеп көрсетуге, ал, КестеТорды жасыру (Таблица Скрыть сетку) командасын жасыруға мүмкіндік береді. Бұл команда ауыстырғыштар тобына жатады, яғни оны бірінші рет орындау нәтижесінде экраннан тор сызықтары қайтадан экран бетіне шығарады. Кесте ішінде курсорды тышқанмен жылдам жылжыту тәсілдері.
77 Қайда.... Қалай ... Бір экран жоғары Тіке жылжу жолағында курсорды ❏ батырмасынан төмен роналастырып тышқанды шерту. Бір экран төмен Тіке жылжу жолағында курсорды ❏ батырмасынан жоғары роналастырып тышқанды шерту. Бір қатар жоғары Батырмасын шерту Бір қатар төмен Батырмасын шерту Сол жаққа жылжу, мәтін өрісінен аса (кәдімгі режимде) Shift пернесін басып тұрып, батырмасын шерту Сол жаққа қарай жылжу батырмасын шерту Оң жаққа қарай жылжу батырмасын шерту Беттерді белгілеу режимінде келесі немесе алдыңғы параққа көшу батырмасын шерту Керекті бетке ауысқан соң, курсорды мәтін терілетін орынға орналастыру қажет. Кесте ішінде курсорды пернелермен жылдам жылжыту тәсілдері. Қайда... Қалай... Келесі торға бару ТАВ Жолдың алдыңғы торына бару SHIFT+TAB Жолдың сол жақ шеткі торына бару ALT+HOME Жолдың оң жақ шеткі торына бару ALT+END Бағананың ең жоғарғы қатарына бару ALT+PAGE UP Бағананың ең төмен қатарына бару ALT+ PAGE DOWN жоғарғы қатарына төмен қатарына Кесте бөліктері. Word Құжаттарында барлық кесте қатарлары мен бағаналары жіңішке қара сызықпен бөлініп тұрады. Кесте торларында (ұяшықтарында) мәтіннен
78 бөлек ұяшық символы және қатар символы белгілері болады, олар қағазға түспейді, экранда тек арнайы режимде ғана көрінеді. Word редакторында естелерді өңдеудің көптеген мүмкіндіктері – ұялардағы мәліметтердің орнын ауыстыру және көшірмелерін алу, торлардың биіктігі мен енін өзгерту т.б. бар. Ол үшін кестелердің өңдеуге арналған белгілі бір бөліктерін алдын ала таңдап алу, яғни ерекшелеу қажет. Егер де сіз тышқанның көмегімен кестенің бір торын таңдап алғыңыз келсе, онда тышқан курсорын қажетті тордың сол жақ шетіне (сызығына) жақын орналастырыңыз, тышқан курсоры солдан оңға қарай бағытталған тілсызық( ) түріне ауысқан тышқан батырмасын шертіңіз. Ал егер тышқанды екі рет шертсеңіз, кестенің курсор түрған қатары толық белгіленіп шығады. Тышқанның көмегімен кестенің фрагментін таңдау кезінде тышқан курсоры кестеден тыс жерде орналаса алады. Бұл жағдайда белгіленген фрагмент көлемі тышқан курсорының орналасуына байланысты болады. Төменде тышқанның көмегімен кесте ішіндегі фрагменттерді таңдаудың әр түрлі жолдары келтірілген: Кесте ішіндегі элементтерді ерекшелеу Нені белгілейміз Қалай белгілейміз Бір торды Тордың сол жақ шетінде тышқанды шерту Бір жолды Жолдың сол жақ шетінде тышқанды шерту Бір бағананы Бағананы жоғарғы жағындағы сызығында тышқанды шерту Қатар тұрған бірнеше торларды, жолдарды немесе бағаналарды Тышқанның сол жақтағы батырмасын басулы күйде ұстап, курсорды сол торлардың, жолдардың немесе... бір торды, жолды немесе бағананы белгілеп алып, Shift пернесін басып тұрып соңғы торды, жолды немесе бағананы шерту Алдыңғы торды Сол торда тышқанды шерту Келесі торды Сол торда тышқанды шерту Бұған қоса кестедегі жолдарды, бағаналарды немесе оны түгелдей белгілеу үшін Кесте –Қатарларды белгілеу немесе Бағаналарды белгілеу , Кестені белгілеу (Таблица – Выделить строку, Выделить столбец, Выделить таблицу) командаларын орындауға да болады. Әйтпесе төмендегі пернелерді басу арқылы да фрагменттерді белгілеу жүргізіле береді. Кесте ішіндегі мәтіндерді
79 пернелермен ерекшелеу. Нені белгілейміз Басылатын пернелер Келесі тордағы мәтінді TAB Алдыңғы тордағы мәтінді SHIFT+TAB пернелері Белгіленген төртбұрышты мәтін фрагментін (немесе блокты ) үлкейту CTRL+SHIFT+F8 пернелері, содан кейін бағыттауыш жебелек пернелерді (→,←,↑,↓ ) пайдалану керек, бұл режимнен шығу үшін ESC пернесін басу қажет Белгіленген мәтін фрагментін (немесе блокты ) кішірейту SHIFT+F8 перенелрі Кестені түгелдей (толық) белгілеу Курсорды кесте ішіне енгізіп алып, ALT+5 (5 цифрлық пернетақтадан ) перенелерін басу (NUM LOCK шамы сөніп тұрғанда) Кестедегі мәліметтерді жылжыту және олардың көшірмесін алу Бір немесе бірнеше торлар мәліметтерін басқа орынға жылжыту немесе олардың көшірмесін ау үшін келесі әрекеттер орындалады: 1. Мәліметтері жылжытылатын не көшірмесі алынатын қатарлар мен бағаналарды алдымен белгілеп алу керек. Мәтінді көшіргенде ол баратын орындағы бұрынғы символдар тіркесі сақталуға тиіс болса, онда тек символдар ғана (екі шеттегі бос орындарсыз ) белгіленеді. Ал, бұрынғы мәтін жаңасымен толық алмастырылатын жағдайда ұяшық символы қоса (ұяшық немес қатар толық) белгіленеді; 2. Тышқан курсорын белгіленген торлар маңында оның түрі оңнаң солға қарай бағытталған тілсызық () түріне келгенше жылжытып қозғау қажет; 3. Ееркшеленген элементтерді жылжыту үшін бірден тышқанның сол жақ батырмасы басылады. Ал олардың көшірмесін алу қажет болса, онда алдымен Ctrl пернесін басып тұрып, сонан кейін тышқанның сол жақ батырмасын басу керек. Орындалған әрекеттерге байланысты экранның төменгі жағындағы қалып қатарына соған сәйкес мәлімет (қайда жылжытылады немес көшіріледі деген) шығарылатын болады; 4. Тышқан курсорын жылжыта отырып, оны мәліметтер тасымалданып жеткізілетін орынның сол жағына таман немесе жоғарырақ бөлігіне орналастыру керек; 5. Тышқан батырмасын қоя беру қажет. Кестенің торларындағы, қатарларындағы және бағаналарындағы мәліметтерді жылжыту және олардың көшірмесін алу кезінде алмастыру буферін де пайдалана аламыз. Ол үшін Түзету (Правка) менюіндегі Қиып алу ( Вырезать –Ctrl+Х), Көшірме алу (Копировать – Ctrl+С ) және Енгізу
80 (Вставить – Ctrl+V) команадаларын орындап немесе стандарты басқару пенеліндегі соларға сәйкес батырмаларды шерту қажет. Бағаналар енін өзгерту Тышқан көмегімен бағана енін өзгерту үшін тышқан курсорын бағаның оң жақ шекарасына жеткіземіз.Соның нәтижесінде курсор оңға және солға қарай бағытталған тілсызық түріне () айналып, бағана енін өзгерту мүмкіндігіне ие боламыз. Енді тышқан батырмасын басып, қажетті бағана енін алғанша маркерді жылжыту қажет, сонан кейін ғана тышқан батырмасын босатамыз. Егер жылжытпас бұрын сіз толығымен бір бағананы таңдап алсаңыз, онда тек сол бағана мен шекаралас бағананығ ендері өзгереді. Ал егер онда бірде-бір ұяшықты тандамайтын болсаңыз, онда сол курсор (маркер) тұрған баған ені ғана өзгертілетін болады. Алайда, егер де сіз алдымен бір немесе бірнеше ұяшықтарды (бірақ барлық бағананы емес) таңдап алатын болсаңыз, онда тек таңдап алынған ұяшықтар ені өзгеретін болады. Кесте менюіндегі «Ұяшықтың биіктігі мен ені» командасы бір команданың көлемінде бірден бірнеше бағаналадың енін бірдей етіп орнатуға, сондай-ақ белгілі-бір мәнге тең бағаналардың әрқайсысының ендерін бөлекбөлек анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа бұл команлданың көмегімен бағаналар ені мен биіктігін өзгертуге болады. Ол үшін команда орындалып экран бетіне сұхбаттасу терезесі шығып, оған қажетті параметрлер енгізіледі. Осы тәсілмен бағана енін өзгерту үшін мына әрекеттер орындалады. 1. Ені өзгертілетін бағананы белгілеу. 2. Кесте менюіндегі «Ұяшықтың биіктігі мен ені» командасын орындап, оның «Бағана» деген астарлы бетін ашу. 3. Еннің нақты сандық «Бағана ені » өрісіне енгізу немесе оның мәліметіне сәйкес ен орнату үшін «Автотаңдау» (Автоподбор) батырмасын басу қажет. Бағана енінің сандық мәнін білу үшін курсорды көлденең белдеуге орналастырып, ALT пернесін және тышқан батырмасын бірге басу керек. Кесте қатарларымен жұмыс жасау Жаңадан құрылған кестеде барлық қатарлардың биіктігі бірдей болады. Мәтінді енгізу барысында қатар биіктігі енгізілген жолдар санына қарай өзгеріп отырады. Қатарлар биіктігін өзгерту үшін сіздер тік белдеу сызығын немесе «Ұяшықтарды» биіктігі мен енің сұхбат терезесін қолдануларыңызды болады. Егер тез арада тек қатарды дұрыстау қажет болған жағдайда ғана белдеу сызығын қолданған абзал. Бірнеше қатарларды бірдей етіп дұрыстау үшін «Ұяшықтарды биіктігі мен ені» сұхбат терезсін қолданған жөн. Осы терезенің тағы бір артықшылығы қатарлар биіктігінің нақты сандық мәндерін де енгізуге болады, ол белдеу сызығының көмегімен іске аспайды. Бірнеше қатаралардың биіктігін бірдей етіп өзгерту үшін келесі әрекеттер орындалады. • Биіктігі өзгертілетін қатарларды белгілеу;
81 • Кесте «Ұяшықтардың биіктігі мен ені» командасын орындап, «Ұяшықтардың биіктігі мен ені» сұхбат терезесінің «Қатар» астарлы бетіне көшу, сонда сұхбат терезесі 4.5 – суретте көрсетілген түрде енедеі. Бағана енін оның ішкі мәліметіне сәйкес ету үшін «Қатар биіктігі» тізімінен «Авто» параметрін таңдау қажет. Қатар биіктігі (Высота строки) опциясы келесі мәндерді анықтауға мүмкіндік береді: Авто – ең биік ұяшық бойынша қатарлар биіктігін анықтайды; Минимум – қатардың ең кіші (минималды) биіктігін абереді. Егер ұя ішіндегі мәлімет биіктігі минималды биіктікпен асып кетсе, онда сол мәліметтің сыюына мүмкіндік беретін биіктік орнатылады; Дәлме-дәл (Точно) – ұяшықтың анықталып қойылған биіктігін береді. Егер ұяшықтың ішіндегі мәлімет биіктігі анықталып қойылған биіктіктен асып кетсе, онда оның тек көрсетілген көлемдегідей бөлігі ғана бейнеленеді. Осы көрсетілген опциялардың бірін таңдап алу қажет. Егер опциялардан Минимум немесе Дәлме -Дәл мәнін таңдалған болса, онда қажетті сандық шаманы Мән (Значение) өрісіне енгізу керек. Сандық мәнді олардың өлшем бірдіктерін (пт немесе см) нақты көрсету арқылы пунктпен не сантиметрмен енгізуге де болады. Егер басқа қатарларды форматтау қажет болса, сол парақтағы Келесі (Следующая) немесе Алдыңғы (Предыдущая) батырмаларының көмегі мен қажетті қатарға өту керек, сонда Қатар биіктігі (Высота строки) өрісі тақырыбында өнделетін қатар нөмірі көрсетіліп тұратын болады. Соңында ОК батырмасын басу керек. 12 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: MS EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ. Жоспары: 1. MS Excel кестелік процессоры түсінігі. 2. Кестелік процессорды іске қосу, терезе элементтері. 3. MS Excel – де формуламен жұмыс. Шамалар. 4. MS Excel функциялары. 5. Кестелік процессордың графикалық мүмкіндіктері: диаграммалар, графиктер. 6. MS Excel – де бетті баспаға шығару. Microsoft Excel кестелік процессорының мүмкінтіктері Microsoft Excel – Microsoft Office пакетінің электрондық кестелерді әзірлеуге және өндеуге арналған қолданбалы программасы. Электрондық кестенің басты артықшылығы – кез келген перанд мәні өзгерген кезде өрнектіктәуелділік арқылы байланысқан барлық деректерді қайта есептеу мүмкіндігі. Excel -дің қолдану аясы өте кең. Excel терезесі дайын кесте болып табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар (кестелер, прайс-беттер, т.б.) жасау үшін қолданылады. Excel-де сызбалар мен диаграммалардың алуан түрлерін оңай жасауға, қарапайым пайдаланушылар элементар есептеулер жүргізу үшін, көптеген математикалық және статистикалық жетелер болуы арқасында оны мектеп
82 оқушылар мен студенттер курстық және зертханалық жұмыстар есептерін шығару үшін, бухгалтерияда қарқынды қолданылады. Excel құжаты жүмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы әрқайсысы кестелік құрылымнан тұратын жұмыс парақтары жиынтығынан тұрады. Excel программасының құжаты терезесінде жұмыс істеп отырған ағымдағы жұмыс парағы ғана көрінеді. Парақтардың жарлықтары экранның төменгі сол жақ шетінде көрініп тұр. Әдетте электрондық кесте іске қосылған мезетте 1-бет (листі) екпінді болады, келесі немесе басқа бетке өту қажет болса, сәйкес парақтың жарлығында тышқанды шертеміз. Ал кажетті беттің жарлығы экранда көрінбей тұрса, жарлықтардың сол жағындағы бағыттауышта тышқанды шерте отырып, жылжытамыз. Жұмыс парағы қатарлар мен бағаналардан құралған. Бағаналар латын алфавитінің A-Z бас әріптерімен, одан кейін реті бойынша AA-AZ, BA-BZ, ІVлатын әріптерімен белгіленеді. Жұмыс парағында бағаналар 256, ал қатар — 65436. Осы бағаналар мен қатардың қилысқан жерінде ұяшық немесе mop деп аталатын тіктөртбұрыш орналасқан. Оған мәліметтерді (мәтін, сан немесе формулалар) енгізуге болады. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны -16777216-ға тең. Әрбір ұяшыққа 32 мың символ енгізу мүмкіндігі бар. Электрондық кестеде ағымдағы немесе екпінді ұяшықты көрсететін ерекше тіктөртбұрыш кестелік курсор деп аталады. Ұяшықтар және оның адрестері. Қатар мен бағананың қиылысында ұяшық пайда болады. Олар мәліметтерді сақтауға арналған Excel-дің минималды элементі болып табылады. Жеке ұяшыққа сілтеме қиылысқан бағаны мен қатарының нөмірлері арқылы жасалады. Мысалы: А1 немесе DE234. Ұяшық адрестері әр ұяшықта орналасқан мәндердің арасыңда өзара байланысын анықтау үшін және формула жазғанда пайдаланылады. Көрші ұяшықтарда орналасқан мәліметке формула арқылы бүтіңдей сілтеме жасауға болады. Мұндай ұяшықтар тобын диапазон (блок) деп атайды. Ұяшықтар диапазоны адресінде бастапқы және соңғы ұяшықтардың адрестері көрсетіліп, қос нүкте арқылы жазылады, мысалы: А1:С5. Кестеге мәліметттерді жазу тәсілі. Ұяшықтың мазмұны. Excel программасында электрондық кесте ұяшығына енгізілетін мәліметтердің типтері мәтін, сан, уақыт, күн-ай мезгіл және формула болуы мүмкін. Мәліметтерді енгізу үшін кестелік курсорды қажетті ұяшыққа орналастырамыз да, тиісті мәліметтерді жазған соң [Enter] немесе бағыттауыш жылжыту пернелерінің бірін басамыз. Содан соң Excel-де енгізілген мәліметтің бірінші символына байланыстырып оның типін анықгаймыз. Егер мәліметтің бірінші символы әріп немесе апостроф болса, электрондық кесте осы ұяшыққа енгізілетін мәліметті мәтін ретінде кдбылдайды. Егер мәліметтің бірінші символы сан немесе теңдік белгісі болса, оны сан немесе формула деп түсінеді.
83 Енгізіліп отырған мәліметгер сол ұяшықұа және бағаналардың үстінгі жағында орналасқан формулалар қатарында көрініп тұрады да [Enter] пернесі басылғаннан кейін ғана ұяшыққа енгізіледі. Мәтін енгізу. Ұяшыққа кез келген символдарды енгізгенде ол мәтін ретінде қабылданады, егер мәтіннің бірінші сөзі сан болса, міндетті түрде (апостроф) белгісімен бастап жазу керек. Егер мәтін енгізіліп отырған ұяшыққа симай қалса, оның оң жағында көрші ұяшық бос болған жағдайда, сол ұяшыққа жалғасып жазылады. Көршілес ұяшықка басқа мәлімет енгізу кезіңде, алдыңғы жағына енгізіліп мәтіннің ұяшыққа сыйып тұрған бөлігі ғана көрініп тұрады. Ал сыймай қалған бөлігін көру үшін мәлімет сол ұяшыққа сиятындай етіп бағананың өлшемін кеңейту, үлкейту қажет. Сандарды ешізу. Саңдарды ұяшыққа "=", "+" таңбаларынан бастап немесе санның өзін цифрдан бастап енгізуге болады. Егер енгізілген сан ұяшыққа симай қалаған болса, Excel программасы оны экспоненциалды түрге келтіреді немесе сандардьщ орнына #### символдары шығарылады. Әйтпесе сан тұтасымен сол ұяшыққа сақталып тұрады. Санды сидыру үшін бағананың енін үлкейту керек. Ұяшыққа енгізілген сан үлкен болса да, кіші болса да экспоненциалды түр қолданылады. Мысалы 903000000 саны 9,03*108 болғандықтан, 9,03Е+08 түріңде келтіріледі, ал 0,0000006 саны 6* 107 болғандықтан 6Е-7 түріне келтіріледі. Электрондық кестеде үнсіз келісім бойынша санның бүтін бөлігі бөлшектен үтір арқылы ажыратылып жазылады. Excel санның алдында немесе ортасында кез-келген басқа символ жазылса, ол санды мәтін ретінде қабылдайды. Мысалы, егер 4.35 деп терсек, бұл сан мәтін ретінде қабылданады да, мәтін сияқты ұяшықтың сол жақ бұрышына қарай орналасып, есептеу амалдары орындалғанда ескерілмейді. Ал, дәл осы санды үтір арқылы яғни 4,35 деп жазсақ ол сан ретінде қабылданып, ұяшықтың оң жақ шетіне карай орналасады. Сандарды бөлшекке келтіріп жазуға немесе үтір орнына нүктемен жазылатындай етіп параметрлер тағайындау арқылы өзгертуге де болады. Ехсеl
84 электрондық кестесінде сан ретінде кабылданған мәлімет ұяшықтың оң жағынан ығысып орналасады. Уақытты және күн-ай мерзімін енгізу. Электрондық кестеге уақыт және күн-ай мерзімі енгізілгенде Excel оларды арнайы сандар ретіңде қабылдайды, яғни олар ұяшықтың оң жағына қарай ығысқаңдықтан оларға сандық мәндерге қолданылатың барлық амалдарды орындау мүмкіндігі бар. Күн мен ай-жыл мезгіл шамалары бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Мысалы, 3.12.04, 12 март 2004ж. Кестеге енгізілген күн-ай және жыл мезгілдері төменде келтірілген форматтардың бірінде қабылдануы мүмкін. Бұл форматтарды Формат––Ұяшықтар (Ячейки) командасын орындағанда ашылған сұхбат терезесінің Сан (Число) ішкі бетіндегі тізімінен Дата жолын тандау арқылы көріп, өзгерте аламыз. Ұяшыққа енгізілетін уақыт шамасының форматтарын осы ішкі беттегі Уақыт (Время) жолын тандау арқылы көріп, өзгертуге болады. Формулалар құру. Excel программасының кестесінде есептеулер формула көмегімен жүзеге асады. Формула сандық константадан, ұяшыққа сілтемесінен және математикалық операциялардың таңбаларымен біріккен Excel функцияларынан құралады. Егер ұяшық формуладан тұратын болса, онда жұмыс парағында есептеудің нәтижесі ғана көрініп тұрады. Формуланың өзін көру үшін ұяшықты екпінді етіп, формулалар қатарында көрініп тұрған жазбаны көре аламыз. Excel-де барлық формулалар тең белгісінен басталады. Басқа символдан басталатын болса, онда Excel мәтін деп түсінеді. Қорытынды есептерді калып катарында көрсету. Егер де бірнеше ұяшықтар ерекшеленіп тұрса және олардың ең болмағанда біреуінде мәліметтер бар болса, оңда Excel-дің қалып қатарында қорытынды нәтижелерін көруге болады. 2-сурет. Бұл — автоматты түрде қорытындылау немесе автоқорытынды (автоитоги) деп аталады. Көбінесе бұл ұяшықгардағы мәліметтердің қосындысын табуға негізделген. Егер сіз тышқанның көрсеткішін автоқорытынды облысын көрсетіп, жанама мәзірін шақырғанда орта мәнді
85 тандау, мәндердің санын, сандардың максимумын, минимумын есептеуге болатынына көз жеткізесіз. Осы жанама мәзірдегі бұл режимді Жоқ (Hem) командасы арқылы алып тастауға да болады. Автотолтыру. Электрондық кестеде торларды мәліметпен автоматты түрде толтыру мүмкіндігі бар. Ұяшықтарға ай аттарын, сандарды т.б. автоматты түрде енгізуге болады. Мысалы, ұяшыққа кез келген ай атын теріп жазған соң, кестелік курсорды сол ұяшыққа орналастырып, тышқанның көмегімен толтыру өрекетін орындасақ, келесі ұяшықтарға реті бойынша ай аттары енгізіледі. Дәл осы әрекетті орындай отырып, ұяшықтарды белгілі бір зандылықпен реттелген санмен де толтыруға болады. Ұяшықтарды санмен толтыру үшін, міндетті түрде екі сан енгізілуі керек. Excel сандар енгізілгенмезетте сандардың айырмасын есептеу арқылы, қадамды анықтайды да, толтыру әрекеті орындалған кезде келесі ұяшыққа сол қадамды ескере отырып, сан мәндерін есептеп енгізеді. ұяшықтарға сандарды, белгілі қадаммен кему немесе көбею реті бойынша автоматты түрде жазу үшін, екі сан енгізілген ұяшықты оөндеу алып, толтыру әрекетін орындау қажет. Ұяшықтарды автоматты түрде толтыруға болатын мәліметгер тізімін Сервис–– Параметрлер комаңдасын орындағанда ашылған сұхбат терезедегі Тізімдер (Списки) ішкі бетінде оқи аламыз. Осы сұхбат терезедегі тізімге өзіміз көп қолданатын сөздерді тізім ретінде енгізуге де болады. Сервис––Параметрлер командасын орындағанда ашылған сұхбат терезенің Тізімдер (Списки) астарлы беті тізімге жаңа мәліметтер енгізу үшін, Тізімдер (Списки) ішкі бетінде Жаңа тізім (Новый список) қатарын таңдаймыз да, Тізімдер элементтері өрісінде мәліметтерді үтір арқылы терген соң ОК батырмасын шертеміз. MS Excel программасы арқылы электрондық кестемен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру 1-тапсырма. Excel терезесі параметрлерін баптау Windows жүйесін іске қосып, жұмыс үстелінде Excel программасының жарлығын жасаңдар.
86 Excel программасының негізгі файлы - Excel.exe әдетте жүйелік негізгі дискінің мынадай адресінде орналасады C:\Program Files\Microsoft Office\Office. Excel кестелік процессорын іске қосыңдар. Оның терезесін экранды толық алып тұратындай етіп үлкейтіп, командалары мен аспаптар тақтасын Word программасының терезесімен салыстырыңдар. Айырмашылықтарын - жаңа батырмаларды, командаларды дәптерлеріңе жазып қойыңдар. Excel программасының жұмыс параметрлерінің төменде айтылған жаңа мәндерін тағайындаңдар немесе олардың бұрыннан орнатылған мәндерін тексеріп шығыңдар. Егер кейбір параметрлер мәндерін өзгерту көрсетілмесе, олардың бастапқы мәндерін өзгеріссіз қалдырып отыру қажет. Түр - Аспаптар тақтасы (Вид - Панели инструментов) менюі көмегімен экранға: Стандартты және Форматтау топтарының тақталарын көрсетіп қойыңдар. Төмендегі жұмыс параметрлері алдына Сервис - Параметрлер командасының Түр (Вид) ішкі беті арқылы қосқыштарды немесе қанат-белгілерді( v ) тағайындап алу кажет (1-сурет); • Қалып қатары (Строка состояния); • Формула қатары (Строка формул); Объектілерді көрсету (Отображать объекты); • Top (Сетка); • Жолдар мен бағаналар тақырыбы (Заголовки строк и столбцов); • Құрылым символдары(символы структуры) • Құрылым және тіке жылжыту алаптары (Горизонтальная и вертикальная полосы прокрутки); • Парақтар жарлықшасы (Ярлычки листов); • Беттерге автоматты түрде бөлу Терезелер параметрі (Параметры окна) өрісіндегі Формулалар алдында белгі болмауы тиіс. "Сервис - Параметрлер командасының Жалпы (Вид) ішкі беті арқылы мынадай белгілерді тағайындап алу қажет (2-сурет): • Параметрлер өріс-індегі R1C1 сілтеулер стилі (Стиль ссылок R1C1) белгішесін алып тастау керек. Бұдан кейін сілтеу адрестері А1 түрінде
87 бейнеленіп, бағаналар А-дан IV-re дейін белгіленеді. R1C1 стилінде бағаналар мен жолдар цифрлармен белгіленеді; • Бұл кітапшадағы беттер санын - 5 етеміз, келісім бойынша 3 болатын (Листов в новой книге - 5); • Стандартты қаріп (шрифт) - Агіаі Суг, көлемі 10 пт (размер 10); • Жұмыс орындалатын каталог, яғни бума - Менің құжаттарым бумасы, оны өзгертіп өз бумаңыздың атын енгізіп қоюға да болады; • Тұтынушының (компьютерді пайдаланушының) атын да енгізіп қойған дұрыс. Енді Есептеулер (Вычисления) ішкі бетінде мынадай белгішелер орнатылуы тиіс: • Есептеулер автоматты түрде (Вычисления автоматически) орындалады; • Есептеу дәлдігі экрандағыдай (Точность как на экране); • Түзету тікелей ұяда (Правка прямо в ячейке); • Үяларды тасымалдау (Перетаскивания ячеек); • Енгізгеннен кейін келесі ұяға - оңға көшу (Переход к другой ячейке после ввода - вправо); • ¥ялар мәнін автоматты түрде толтыру (Автозаполнение значений ячеек). 2-тапсырма. Электрондық кестелермен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру. ¥яларды, жолдарды бағаналарды, блоктарды және парақтарды белгілеу. Жаңа құжат - жұмыс кітапшасын ашып, оны өз бумаларыңды белгілі бір атпен, мысалы, Kecтe.xls сақтап қойыңдар. Формулалар ішіне пайдаланылатын ұялар блогын көрсетуді олардың қарамақарсы орналасқан екі шеткі ұяларының адресін пернелер арқылы тікелей теру жолымен енгізуге болады, мысалы, А1:В20. 2 парақты, яғни 2 бетті ашып, оны екпінді ету керек. Ол үшін экранның төменгі жағындағы оның (Лист2) деген жарлығын шертсе болғаны. Тышқан арқылы С5 үясын белгілеңдер. Курсорды жылжытатын бағыттауыш пернелер көмегімен А1 ұясына қайтып оралыңдар.
88 5 парақты ашып, оны екпінді ету керек. Курсорды парақ жарлығына орналастырып, жанама (контекстік) меню арқылы 5 парақты алып тастаңдар. Кірістіру (Вставка) менюі арқылы қайтадан жаңа парақ кіргізіңдер. 6 парақтың атын 5 парақ деп өзгертіп, оның жарлығын тышқан арқылы 4 парақтан кейін орналастырыңдар. 1 парақка қайтып оралыңдар да, жанама меню арқылы оның атын (Листі). Кесте деп өзгертіңдер. 2 парақты ашыңдар да, оның 3 жолын белгілеңдер. Белгілеуді алып тастаңдар. D бағанасын белгілеңдер. В, С, D бағаналарын белгілеп шығыңдар. Белгілеуді алып тастаңдар. Тышқан арқылы С4:Ғ9 блогың белгілеңдер. Белгілеуді алып тастаңдар. А2:Е11 блогын Shift пернесін басу арқылы белгілеңдер. Әр жерде орналасқан А5:В5, D3:D15, H12, F5:G10 блоктарын белгілеп шығыңдар. 2 парақты түгелдей белгілеңдер де, Түзету - Тазалау - Барлвіғы (Правка - Очистить - Все) командаларын орындаңдар. Белгілеуді алып тастаңдар. Жұмыс нәтижесін сақтап қойыңдар. ¥яларға мәліметтер енгізу - 2-парақтың А1 ұясына Алматы деген сөз енгізіңдер. Мәліметтерді ұяға енгізіп соң, енгізудің аяқталмағанын программаға білдіріп. оларды бекіту керек. Мәлімет енгізуді аяқтау мынадай тәсілдердің бірімен орындалады: • Enter пернесін басу; • Тышқанды басқа ұяда шерту; • Курсорды жылжытатын бағыттауыш пернелер арқылы басқа ұяға көшу; • Тышқанмен формулалар қатарындағы Енгізудің соңы батырмасын шерту; • Тышқанмен екпінді ұяның оң жақ төменгі шетін шерту. В1 ұясына 1921 санын енгізіңдер (бұлжылы Верный бекінісінің аты Алматы атына ауыстырылған болатын). С1 ұясына үстіміздегі (биылғы) жылды санмен енгізіңдер. Excel-де мәтіндік (текстік) мәліметтер ұяның сол жақ шетіне, ал сандар мен даталар (күн-ай мерзімі) - ұяның оң жақ шетіне жақын жылжып - тураланып орналасатынына назар аударыңдар. D1 ұясын белгілеп, оған Алматы қаласына неше жыл болғанын есептейтін формула =С1-В1 енгізіңдер. Формуланы енгізу әрқашанда теңдік = белгісінен басталады. ¥ялар адрестерін бос орын таңбасын қолданбай, латын регистрі арқылы енгізу керек. Формулаларға ұя адрестерін енгізгенде, пернелерді пайдаланбай, тек сол ұяларда тышқанды шерту арқылы енгізуте болады. D1 ұясындағы формуланы өшіріп, оны қайтадан тышқан арқылы енгізіп шығыңдар. А бағанасының енін бағана тақырыбындағы шекаралық сызықты оңға жылжыту жолымен немесе бағана аралықтарында тышканды екі шерту арқылы кеңітіңдер.
89 Бағана енін өзгерту үшін бұларға қосымша Формат - Бағана - Ені (Формат - Столбец - Ширина) немесе соңғы сөз орнына Енін автоматты түрде таңдау Стандартты ең (Автоподбор ширины немесе Стандартная ширина) командаларын пайдалану арқылы өзгерту мүмкіндігі бар. 2 жол биіктігін тышқан арқылы 30 пт етіп өзгертіндер, сонан соң оны алғашқы қалпын - 12,75 пт етіп кайта орнатыңдар. 5 жол биіктігін Формат - Жол - Жол биіктігі (Формат - Строка - Высота строки) командасы арқылы 40 пт етіп өзгертіңдер, сонан соң оны алғашқы калпына Биіктігі автоматты таңдау (Автоподбор высоты) командасын арқылы қайтарыңдар. А2 ұясына Менің жасым деген сөз енгізіңдер. В2 ұясына өз туған жылдарынды, С2 ұясына - биылғы жылды сан түрінде енгізіңдер. D2 ұясына жастарыңды есептейтін формуланы =С2-В2 теріңдер. Түзету - Тазалау - Барлығы (Правка - Очистить все) командасымен D2 ұясын тазартыңдар. D1 ұясын белгілеп алыңдар. Тышқан курсорын сол тордың оң жақ төменгі бұрышындағы кішкене квадратка - толтыру маркеріне алып барыңдар да, курсор қара плюс таңбасына айналғанда, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап курсорды D2 ұясына дейін тартыңдар. D1 ұясындағы формуланың D2 ұясына көшірілгенін байқаған боларсыңдар. D2 ұясын белгілеңдер, сонда формулалар қатарында сол тордағы формула көрінеді де, ал ұяда -сол формуланың жүмыс нәтижесі - сан көрініп түрады. 2025 жылы өз жастарыңды есептеп шығарыңдар. Ол үшін С2 ұясындағы жылды 2025 етіп езгертіңдер. ¥яға жаңа мән енгізілгенде, кестедегі формулалар автоматты түрде қайта есептелетініне назар аударыңдар. A3 ұясына Өмірімдегі күндер саны мәтінін енгізіңдер де, Формат - Бағана - Ені немесе Енді автоматты тандау (Формат - Столбец - Ширина или Автоподбор ширины) меню командалары көмегімен бағана енін оның ішіндегі сөз толық көрінетіндей етіп кеңітіңдер. В3 ұясына өз туған күніңізді мынадай форматтардың бірінде - 1.04.1985, 1/04/85, 1 апрель 1985 немесе 1 апр. 85 - енгізіңдер. Егер датаны немесе санды енгізгенде, оның алдына бос орын, тырнақша немесе афостроф белгісін қойып қойса, онда программа ондай мәліметті мәтін ретінде қабылдап тордың сол жақ шетіне туралап қоятынын еске сала кетейік. СЗ ұясына бүгінгі күн-ай мерзімін - датаны жоғарыда айтылған форматтың бірінде енгізіңдер. D1 үясындағы формуланы D3 ұясына көшіріңдер, сол сәтте пайда болған сан - Сіздің өмір сүрген күндеріңіздің саны. Егер D3 үясындағы нәтиже дата форматында керсетіліп тұрса, Формат - ¥я (Формат - Ячейка) командасы көмегімен оны Сандьщ (Числовой) форматке өзгертіңдер. Құжаттарңғды дискіге жазып сақтап қойыңдар. Мәліметтерді түзету. А1 үясындағы мәтінді Алматы- алмалы қала деп өзгертіңдер.
90 А1 ұясын белгілеп алыңдар. Оның ішіндегі жартылай көрініп түрған мәтіннің формулалар қатарыңда толық бейнеленіп тұрғанына назар салыңдар. А1 ұясындағы мәтінді Alt + Enter пернелері арқылы екі жолға бөліңдер. Формат - ¥я командасы арқылы Үялар форматы (Формат ячеек) диалог терезесін экранға шығарып, оның қүрылымын, ішкі беттерін, форматтау мүмкіндіктерін мұқият қарап шығыңдар. Туралау ішкі бетінде Сөздер бойынша тасымалдау (Переносить по словам) белгішесін орнатындар. А1 ұясындағы мәтінді қалыңдатылған сызылыммен (полужирное начертание) 14 пт көлемге дейін үлкейтіңдер. Сонан кейін соңғы екі операцияны кері қайтарып бұрыңғы қалыпқа қайта оралыңдар. А2 ұясындағы мәтіннің бейнелеу бағытын тіке 90 градусқа бұрып (Ориентация 90 градусов) көрсетіңдер. Соңғы әрекет әсерін алып тастап, алғашқы қалыпқа қайтып оралыңдар. Көшіру, жылжыту және толтыру операциялары А1 ұясына белгілеп алыңдар да, ондағы мәліметті буферге көшіріп алып, оны А5 ұясына кіргізіп қойыңдар. Сол буфердегі А1 ұясының мәліметін А7 ұясына да енгізіңдер. Enter пернесін басыңдар А7 ұясының мәліметін А9 ұясына тышқанмен жылжытыңдар. А9 ұясының мәліметін қайтадан А7 ұясына жылжытыңдар. А7 ұясының мәліметін А9 ұясына тышқанмен көшіріңдер (Ctrl пернесін басулы куйде ұстап). А5 ұясының мәліметін Түзету - Крып алу (Правка - Вырезать) командасымен буферге алып, сонан кейін Түзету - Крю (Правка - Вставить) командасы арқылы оны А11 ұясына жылжытып қойыңдар. Excel-дегі Қиып алу және Қою командаларының Word-тағы сондай командалардан айырмашылығы қандай? All ұясының мәліметін тышқан арқылы А5 ұясына көшіріңдер. All ұясын белгілеп алып, осы ұяның толтыру маркерін - оң жақ төменгі квадратын төменгі бес ұяға тасымалдап тартыңдар. Қандай әрекет орындалғанын байқадыңдар ма? Енді Ғ1 ұясына кез келген сан, G1 - кез келген сөз, ал HI ұясына 1999 санын енгізіңдер, Ғ1:Н1 блогын белгілеп алып, оның толтыру маркерін басып тұрып, 10 жол төменге қарай тартып тасымалдаңдар. Нәтижесіне түсінік беріңдер. Ғ бағанасын белгілеп алып, Түзету - Жою (Правка- Удалить] командасы арқылы оны өшіріп тастаңдар. Бағаналардағы мәліметтердің солға жылжығанына назар аударыңдар. Ғ бағанасын Del пернесі арқылы тазалап шығыңдар (бос орын қалуы тиіс). G бағанасын жанама (контекстік) меню арқылы тазалап көріңдер. А5:Н14 блогын белгілеп алып, оны Түзету - Тазалау - Барлығы (Правка - Очисппъ - Все) командасы арқылы тазаландар. Файлды сақтап қойыңдар. Автотолтыру маркерін пайдаланып төмендегі операцияларды орындаңдар. 3 параққа көшіріңдер. Е9 ұясына Сәрсенбінің орысшасын (Среда) енгізіңдер де,
91 сол ұяны белгілеп алыңдар. Курсорды толтыру маркеріне жеткізіп, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап, курсорды төмен қарай 5 торға жылжытыңдар. Қайтадан Е9 торын белгілеп алып, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, толтыру маркерін оңға қарай 5 торға жылжытыңдар. Е9 торындағы мәліметті дәл осындай тәсілмен жоғарыға және солға қарай тасымалдап көріңдер. Нәтижесін түсіндіріңдер. Енді Сервис - Параметрлер - Тізімдер (Списки) командаларын орындап, ЖАҢА ТІЗІМ (НОВЫЙ СПИСОК) жолын таңдап алып, Қосу (Добавить) батырмасын шертіңдер. Тізім элементтері деген өріске Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі сездерін теріп, ОК батырмасын басындар. А1:К20 блогын белгілеп алыңдар да, олардың мәліметін тазартып шығыңдар. Е9 торына Сәрсенбі сөзін енгізіп, толтыру маркерін алдыңғы тәсілмен оңға, төмен, солға және жоғары қарай 7 торға тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып тасымалдаңдар. Нәтижесін түсіндіріңдер. Парақты мөліметтен тазартыңдар. Е9 ұясына 1 санын, E10 ұясына 2 санын, Ғ9 ұясына 3 санын енгізіңдер. Е9:Е10 екі торды белгілеп алып, толтыру маркерін жоғары қарай тасымалдап шығыңдар. Е9:Е9 торларын белгілеп алып, толтыру маркерін оңға қарай тасымалдаңдар. Е9:Е9 торларын қайтадан белгілеп алып, толтыру маркерін солға қарай тасымалдап шығыңдар. Нәтижесін түсіндіріп, парақты тазартыңдар. Е5 ұясына 25 санын енгізіңдер. Ғ5 ұясына 50 санын енгізіңдер де, Е5:Ғ5 блогын маркері арқылы оңға қарай бірнеше бағанаға тартып тасымалдаңдар. Қайтадан Е1 торын белгілеп алып, оның маркер солға кдрай парақтың шетіне шейін тартып тасымалдаңдар. Енді бірінші жолды түгелдей белгілеп алып, жолдың сол жақ шеткі А1 ұясының маркерін төмен қар.ай 10 торға тасымалдап тартыңдар. Нәтижесіне түсінік беріңдер. Парақты тазалап, алып, Сервис - Параметрлер - Тізімдер (Списки) командаларын орындап, ЖАҢА ТІЗІМ (НОВЫЙ СПИСОК) жолын таңдап алған соң, Крсу (Добавить) батырмасын шертіңдер де, тізім элементтері деген өріске Қаңтар, Ақпан, Наурыз, Сәуір, Мамыр, Маусым, Шілде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Желтоқсан сөздерін теріп, ОК батырмасын басыңдар. Е1 торына Қаңтар сөзін енгізіп, маркерді алдыңғы тәсілмен оңға, солға, төмен қарай тартып тасымалдаңдар, Нәтижесіне түсінік беріңдер. Файлды сақтап қойыңдар. 13 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: MS POWER POINT ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАР ҚҰРУШЫ ПРОГРАММАСЫ. Жоспары: 1. MS Power Point презентациялар құрушы программасы түсінігі.
92 2. Іске қосу, терезе элементтері. Мүмкіндіктері. 3. Слайд түсінігі. 4. Презентациялар жасау түрлері. Анимация. Дыбыспен сүйемелдеу. 5. Буфер алмасу арқылы дайын шблондармен жұмыс жасау мүмкіндіктері. 6. MS Power Point слайдтарды баспаға шығару. • Prowerpoint программасы тапсырмалар тақтасында Іске қосу батырмасын шерткенде ашылатын бас менюдің Программалар, Microsoft ProwerPoint қата- рында тышқанды шерту арқылы іске қосылады. • Менің компьютерім немесе Сілтеуіш прогрммасының терезесінде С дискісінде сақталған Microsoft Office бумасындағы Microsoft PowerPoint жарлығында тышқанды екі рет шерту арқылы да іске қосу болады. Powerpoint программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкіндігін беретін сұқбат терезе ашылады (1.1-сурет). • Автомазмұн шебері(Мастер автосодержания) ауыстырғышы таңдалса,жаңа презентация,белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап,сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады.Бұл кезде ппрезентация мазмұны автоматты түрде жасалады. •Презентациялар шаблоны( Шаблон презентации) ауыстырғышы өз презентацияңызды бұрыннан безендіру элементтері сақталып қойылған шаблон түріне келтіріп дайындау мүмкіндігін береді. • Бос презентация( Пустую презентацию) ауыстырғышы ешқандай мәтін енгізілмеген және безендіру элеметтері пайдаланылмаған таза,бос презентация құру мүмкіндігін береді. • Презентацияны ашу ауыстырғышы бұрын құрылып,сақталып қойған презентацияны оқу мүмкіндігін береді.Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейін, ашуға қажетті презентация сақталған орынды көрсетуді талап ететін сұқбат терезе пайда болады Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру. Автомазмұн шебері( Мастер автосодержения) көмегімен: • Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;(Доклады по общим вопросам) • Қызмет бабы бойынша баяндамалар;(Доклады по служебным вопросам) • Мекеменің жұмыс істеуі жөнінде мағлұмат; (Сведения о функционировании предприятия) • Сауда-саттық және маркетинг жөнінде іс есеп-қисаптар;(деловые отчеты о продажах и маркетинге) • Жеке хабарламалар(личные сообщения) сияқты тақырыптаоды кеңінен ашуға арналған алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап,өз презентациямызды құра аламыз.Microsoft ProwerPoint программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұқбат терезеде Автомазмұн шебері
93 өрісінен таңдап,ОК батырмасын шертеміз.Осы кезде Автомазмұн шебері іске қосылады. Автомазмұн шебері презентация құру үшін сатылы түрде мынадай сұрақтарға жауап беруді талап етеді. 1-шіқадамда Презентацияның түрі,яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз; Келесі қадамға өту үшін қажетті тақырыпты таңдаған соң,Ары қарай(Далее) батырмасын шертеміз. 2-ші қадамда Презентацияны көрсету тәсілдері ,презентацияның баяндама-шы өзі түсіндіретін болғандықтан тек иллюстративті слайдтардан құралатын немесе ақпараттық киоск түрінде дайындалып,көрермендер өз беттерінше қа-рауға арналатын опцияларының бірін таңдау қажет; 3-ші қадамда Презентацияның шығару материалының форматы, қағазға ба-сылатыннын,фотографиялық слайд немесе электрондық презентация болу ке- ректігін көрсету қажет. 4-ші қадамда Қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы және титул-ды слайдта жазылатын мәтіндерді теріп жазамыз. Осы сұрақтардың бәріне жауап алғаннан кейін автомазмұн шебері презентацияны дайындайды.Тиісті мәліметтерді енгізгеннен кейін Дайын (Готова) ба-тырмасын шертеміз. Дайын болған презентациядағы мәтіндерді өз ыңғайымызға қарай өзгертіп, арнайы эффектілер қосып,көркемдеу элементтерін қолдана аламыз.Автомазмұн шеберін презентациямен жұмыс істеп отырған кезде қосу қажет болса, ФайлҚұру (Файл-Создать) командасын орындап,ашылған сұқбат терезенің Презентациялар ішкі бетінде Автомазмұн шебері шарт белгісінде ташқанды екі рет шерту жеткілікті. 3.Шаблондар көмегімен және бос презентация құру. ProwerPoint прграммасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегімен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады.Оның бірі алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса,екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып,одан кейін көркемдеу болып табылады.ProwerPoint прграммасының бір ерекшелігі осы екі жағдай да, құрылған презентацияны,алдын ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыру болады. 3.1 Презентацияны шаблондар көмегімен құру. ProwerPoint программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін PowerPoint программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны (Шаблоны презентаций) опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы (Общие), Презентациялар дизайндары (Дизайны презентаций), Презентациялар, Web-парақтары (Web-страницы) астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұқбат терезесі ашылады Осы сұқбат терезе Файл-Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады.
94 Сұқбат терезенің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма көмегімен презентациялар тізімін ірі шарт белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады. Презентацияның шаблонын тышқан көмегімен белгіленген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертеміз. Осы мезетте экранға қажетті слайдың түрін көрсетуіміз қажет. Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады. Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз. Бос презентация құру Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін : PowerPoint программасын іске қосу мезетінде экранда пайда болған сұқбат терезенің Презентация құру өрісіндегі Бос презентация (Пустую презентацию) опциясын таңдау арқылы: Файл – Құру командасын орындағанда ашылған сұқбат терезенің Жалпы (Общие) астарлы бетінде Жаңа презентацияны (Новую презентацию) шарт белгісін таңдау арқылы ; Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру (Создать) батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады . Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда Слайд құру сұқбат терезесі ашылады . Презентация слайдтарын еSраспыру ,Sйлестіру схемасын таңдау әрекетін Слайд құру сұқбат терезесінде жүзеге асыруға болады. PowerPoint программасында слайдтар белгілеуінің 24 түрлі варианты бар. Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттісін таңдаған соң ОК батырмасын шертеміз. Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу Шаблон көмегімен немесе бос презентацияны құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық объектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы таңдап, ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады . Әрбір өрісте әрекеттің орындалуына байланысты қандай эелемент енгізілетіні көрсетіліп тұрады. Мысалы, слайдтың жоғарғы жағындағы өріс аймағында тышқанды бір рет шертсек тақырып енгізіледі т.с.с. Бастапқы уақытты слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейін өзгертуге болады. Тышқанды бір рет шертіп, тақырыпты және сол жақтағы өріске мәтінде енгізген соң, олардың қаріп түрін, түсін т.б. өзгертуге, яғни форматтауға болады. Форматталатын мәтінді ерекшелеп, белгіленген соң, Формат - Қаріп (Формат - Шрифт) командасын орындағанда ашылған сұқбат терезеде немесе форматтау саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен тиісті әрекеттерді орындаймыз. Форматтау әрекетін өріс ішіндегі бүкіл мәтінге қатысты орындау үшін, өріс жақтауында тышқанды шертіп, алдымен оны ерекшеклеп аламыз.
95 Мәтін енгізу өрісінде оны таңбаланған тізім түрінде жазған ыңғайлы. Әдетте таңба ретінде қара дөңгелектер немесе төртбұрыштар қолданылады. Осы стандартты таңбаларды өзгерту үшін, таңбаланған тізім жазылған өрісте тышқанды шертеміз де Формат - Таңба (Формат - Маркер) командасын орындаймыз. Таңбалар (Маркеры) сұқбат терезесі ашылады. Қаріптің Wingdings деген түрін ашсақ, ьірнеше символдар тізімі шығады. Осы тізімнен кез келгенін таңдап, ОК батырмасын шерту арқылы таңба ретінде қолдануға болады. Таңбаланған тізімнің соңында Enter пернесін басатын болсақ, келесі жолға таңба қойылады. Бос таңбадан кейін осы пернені қайта бассақ бұл таңба өшіп қалады. Ал, тұтас тізімнің таңбасын алып тастау үшін, оны ерекшеленген соң Ctrl+А қос пернесін басамыз немесе саймандар тақтасындағы Таңбаланған тізім батырмасын шертеміз. Сондай-ақ, слайдқа кесте, диаграмма, сурет сияқты объектілерді слайд схемасын таңдаған кезде шығатын, өріс аймағында тышқанды екі рет шерту арқылы енгізе аламыз. Енгізу-Сурет (Вставка -рисунок) – командасын орындап: Картинкалар (Картинки) - Microsoft Clip Gallery объектілерін ; Файлдан (Из файла ) – файл түрінде сақтаулы тұрған суреттерді; Автофигуралар - әртүрлу автофигуралар; Бірнеше тармақтан тұратын диограмма (Организационная диограмма ), WordArt объектілерін , сканерден көшірме (со сканера), Microsoft Word кстесін енгізу мүмкіндігі бар. Енгізу-Объект (Всавка-Объект) командасынорындап,ашылған сұқбат терезеде қажетті типін таңдау арқылы объект енгізуге болады. Мысалы,слайдқа Microsoft Excel кітабының бір парағын орналастыруға болады т.с.с.. Слайдқа Excel программасында құрылған дайын диаграмманы буферге көшіріп алып,енгізуге де болады.Ол үшін Excel программасында қажетті диаграмманың ерекшелеп, Түзету-Көшіру(Правка-Копировать) командасын орындау арқылы,буферге аламыз.PowerPoint программасына оралып, Түзету-Енгізу (Правка-Вставить)немесе жанама менюдегі Енгізу командасын орындаймыз. Microsoft Office құрамындағы Microsoft Graph арнайы програмасының көмегінің қарапайым диаграммаларды құру мүмкіндігі бар.Енгізу-Диаграмма (Всавка-Диаграмма)командасын орындаймыз немесе слайдқа диаграма енгізу схемасы тандалса,диаграмма өрісінде тышқанды екі рет шертеміз.Саймандар тақтасындағы диаграмма енгізу батырмасында тышқанды шертуге де болады. Осы мезетте экранда мәліметтер кестесі мен диаграмма пайда. Меню қатарындағы командалармен саймандар тақтасында болған өзгерістерді бірден байқауға болады.Кестедегі мәліметтерді тұтас белгілеу үшін қатарлар мен бағаналардын тақырыптары қиылысқан сол жақ жоғарғы бұрышта тышқанды шертеміз.Del пернесін басу арқылы оларды өшіріп,өзімізге керекті мәліметтерді енгіземіз де,меню қатарынан Диаграмма-Диаграмманың типі (Диаграмма-Тип диаграмма) командасын орындап,диаграманың типін таңдаймыз.ДиаграммаПараметірлер(Диаграмма-Параметры) командасын орындап қажетті
96 параметрлеорді тағайындаймыз(түсініктеме,тақырыб,жазбалар,қосу т.с.с).Диаграмманы слайдқа орналастыру үшін,слайдқа тышқанды шертіп,Мәліметтер кестесі тере-зесін жабамыз. PowerPoint программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері. PowerPoint программасының графикалық объектілерді бейнелеуге арналған басқа программалардан айырмашылығы, бір мезгілде бірнеше слайдтардан тұратын презентациялармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Осы себепті слайдтарды қараудың бірнеше режимдері бар: ❖ Слайдтар режимі (режим слайда); ❖ Құрылымдық режим (режим структуры); ❖ Слайдтарды сұрыптау режимі (режим сортировщика слайдов); ❖ Бетке ескертпе жазу режимі (режим страниц заметок); ❖ Слайдтарды көрсету режимі (Режим Показ слайдов); Бұл режимнің әрқайсысы слайдты әртүрлі етіп көрсетеді және бір режимде жасаған өзгерту барлық режимде де іске асады. Слайдтар режимі – презентацияның әр слайдын жеке қарауға және өндеуге өте ыңғайлы. Осы режимде мәтін енгізуге және өндеуге, графикалық объектілер мен кестелер енгізуге болады. Сонымен бірге өзіміз дайындаған немесе дайын суреттер, мәтіндік түсініктемелер енгізу мүмкіндігі бар. Құрылымдық режим – презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді. Бұл режимде презентациядағы мәтінді өзгертуге немесе жаңа мәтін енгізуге болады. Слайд режимінде жасаған безендіру әрекеттерін құрылымдық режимде орындай алмаймыз. Слайдтарды сұрыптау режимінде – презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп, терезеде орналасады. Тұтас презентацияның түріне арналған слайдтардың фоны, түстерді таңдау сияқты ортақ параметрлерді тағайындай отырып, болған өзгерістерді бақылауға ыңғайлы. Нақты бір слайдтың мазмұнын өзгерту мүмкін емес болғанымен, оларды өшіру, қайталау, көрсету ретін өзгерту орындауға болады. Бетке ескертпе жазу режимі - перезентация кезінде баяндамашы қолдану үшін беттерге ескертпелер құруға арналған. Бұл режимге көшкен кезде слайдтың кішірейтілген көшірмесі беттің жоғарғы бөлігіне орналасады да, төменгі бөлігін мәтіндік түсініктемемен толтыруға болады. Слайдтарды көрсету режимінде - дайындалған презентация слайдтары бірінен кейін бірі экранда көріне бастайды. Бұл режимде қолданылған барлық анимациялық эффектілер экранда көрінеді (графикалық объектілер немесе мәтіннің әріптері бірінен кейін бірі жоғарғы, төменгі немесе т.б. жақтан ұшып келуі , түсі өзгеруі т.б.). Осы режимдердің біріне көшу үшін, Түр (Вид) командасының ішкі менюіндегі қажетті режимнің бірін таңдаймыз немесе программа терезесінің сол жақ төменгі шетінде орналасқан режим батырмасының тиістісін шерту жеткілікті. Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктері
97 Құрылымдық режим презентацияның негізгі бөлімдерін жоспарлау мен ұйымдастыруға өте ыңғайлы. Бұл режимде презентациядағы мәтіендерді толық көрінетін болғандықтан, оның мазмұнын анықтап, тексере отырып, өз қалауымызша өзгерте аламыз. Осы режимге көшу ұшін, Құрылымдық режим (Режим структуры) батырмасын шерту жеткілікті. Құрылымдық (Структуризация) саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен слайдтың немесе мәтіннің орнын ауыстыру, слайдтардың тек тақырып аймағын ғана көрсету, презентацияның жаңа слайдын құру т.с.с. мүмкіндіктері бар. Деңгейді жоғарылату (Повысеть уровень) - деңгейді бір сатыға жоғарылатады. Мысалы, презентацияның жаңа слайдын құру қажет болса, жаңа тізім құрғаннан кейін осы батырманы шертеміз. Бұрыннан жазылып тұрған тізім элементінде осы батырманы шертсек, оның деңгейлі жоғарылап, слайд тақырыбына аусыады. Деңгейді төмендету (Понизить уровень) – Деңгейді бір сатыға төмендетеді. Таңбаланған тізім элементтерінің деңгейін төмендетеді. Жоғары (ВВерх) – слайдтың немесе тізім элементінің орнын жоғары қарай ауыстырады. Мысалы, көрсеткіші екінші слайдтың тақырып аймағына орналастырып, осы батырманы шертсек, олбірінші слайдтың соңғы тізім элементінің алдына жылжиды. Яғни бірінші слайдтың тізімінің соңғы элементі екінші слайдтқы орын ауыстырады. Төмен (Вниз) – слайдтың немесе тізім элементінің орнын төмен қарай ауыстырады. Үлкейту (Развернуть) – тізім элементтері жасырылып тұрған жағдайда оларды ашады, яғни көрсетеді. Жасыру (Свернуть) – тізім элементтерін көрінбейтіндей етіп, жасырады. Барлығын жасыру (Свернуть все) – презентациядағы тізім элементтерінің бәрін жасырып, тек слайдтардың тақырыптары ғана көрінеді. Барлығын үлкейту (Развернуть все) - презентациядағы барлық тізім элементтері жасырылып тұрған кезде, оларды қайтадан көрсетеді. Форматталуын көрсету (Отоброзить форматирование) – Мәтіндердің қалай форматталғандығын бейнелейді. 14 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ. (МҚБЖ). Жоспары: 1. Мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізгі ұғымдары. 2. МҚБЖ функционалдық мүмкіндіктері. 3.МҚБЖ жұмыс істеу негіздері. 4.MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі программасы. 5.MS Access іске қосу, терезе элементтері. 6.MS Access –те мәліметтер қорын құру жолдары. Мәліметтер базасының негізгі түсініктері Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер базасы ұғымы жаңадан
98 қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрылымында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатаролардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондақтан біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз. Осы айталғанды мысалмен түсіндіре кетелік. Үлкен банкінің мәліметтер базасын қарастырайық. Мұнда тұтынушы туралы, оның адресі жайлы, қаржылық амалдары, несие алу тарихы және т.б. мәліметтер бар. Бұл мәліметтер базасына көптеген банк қызметкерлері катынай алады, бірақ олардың іштеріне тұтастай базаға кіріп, оған өзгерістер енгізе алатын қызметкер жоқ. Сонымен қатар әрбір қызметкердің өзіне берілген нақты мәліметтермен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мәліметтер базасының әдістері мен құралдары да бар. Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені. Дүние жүзінде мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Сондықтан бізге бір ғана мәліметтер базасын басқару жүйесін қарастырсақ жеткілікті. Солардың ішінен Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесін таңдап алдық. Қарапайым мәліметтер базасының құрылымы Базаға ешқандай мәліметтер еңгізілмеген жағдайда да ол мәліметтер базасы болып қала береді. Өйткені онда мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар – бұл мәліметтер базасының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаулың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер базасы көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер базасы бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым Мәліметтер базасының құрылымы сол кестенің құрылымымен анықталады. Екі өлшемді кестенің құрылымы жолдар мен бағандардан тұрады. Олдардың аналогы ретінде қарапайым мәліметтер базасында өрістер мен жазбаларды аламыз. Өрістердің құрамы мен қасиеттерін өзгерту арқылы, мәліметтер базасының құрылымын өзгертеміз. Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері Өрістер мәліметтер базасынынң құрылымын ғана емес, сонымен қатар мәліметтердің топтық қасиеттерін де анықтайды. ▪ Өріс атауы (наименование поля) – мәліметтер базасында автоматтандыру операцияларын қолданғанда осы өрістің элементтеріне қандай қатынаста болу керектігін анықтайды (жалпы жағдайда өріс атауы кесте бағандарының тақырыптары ретінде қолданылады);
99 ▪ Өріс типі (Тип поля) – берілген өрістегі мәліметтер типін анықтайды; ▪ Өріс өлшемі (Размер поля) – берілген өріске еңгізілетін символдардың ақырғы ұзындығын анықтайды; ▪ Енгізу қалқасы (Маска ввода) – енгізудің түрін анықтайды (енгізуді автоматтандыру құралы); ▪ Қолтанба (Подпись) – берлген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды (егер қолтанба көрсетілмесе, онда баған тақырыбына өріс атауы қасиеті пайдаланылады); ▪ Үнсіз келісім бойынша қабылданатын мән (Значение по умолчанию) – ұяшыққа автоматты түрде енгізілетін мән (енгізуді автоматтандыру құралы); ▪ Мәнге қойылатын шарт (Условие на значение) – мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексеру үшін қолданылатын шектеу; ▪ Қате туралы хабар (Сообщение об ошибке) – қате мәліметтерді енгізу кезінде пайда болатын ескерту (Мәнге қойылатын шарт қасиеті берілген кезде тексеру автоматты түрде жүзеге асырылады); ▪ Міндетті өріс (Обязательное поле) – мәліметтер базасын толтырғанда берілген өрісті міндетті түрде толтыру қажеттігін анықтайтын қасиет; ▪ Бос жолдар (Пустые строки) – бос жолдан тұратын мәліметтерді енгізуге рұқсат беретін қасиет; ▪ Индекстелген өріс (Индексированное поле) – егер өріске осы қасиет берілсе, онда осы өрісте сақталынған жазбаларды сұрыптаумен, іздестірумен байланысты амалдар жылдамдатылады. Индекстелген өрістер үшін жазбалардағы мәндердің қайталануын тексеруді үйымдастыруға болады. Жоғарыда айтылған өрістер қасиеті негізінен мәтіндік типті өріске қатысты. Бұдан басқа типті өрістер осы қасиеттерге ие болуы және болмауы да мүмкін. Мәліметтер типі Microsoft Excel электрондық кестесімен танысқанда біз мәліметтердің үш типін қарастырғанбыз: мәтіндік, сандық және формулалар. Мәліметтер базасының кестесі көптеген мәліметтер типімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар: ▪ Мәтіндік (Текстовый) - өлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі (255символға дейін); ▪ МЕМО өрісі (Поле МЕМО) – (65535 символға дейінгі) үлкен көлемді мәтінді сақтауға арналған мәліметтер типі. Шын мәнінде мәтін өрісте көрсетілмейді, ол мәліметтер базасының басқа жерінде сақталады да, өрісте оның тұрған жері көрсетіледі, бірақ қолданушыға мұндай айырмашылық білінбейді; ▪ Сандық (Числовой) – нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі; ▪ Мерзім/уақыты (Дата/время) – күнтізбе бойынша күнін, айын және уақытты сақтауға арналған мәліметтер типі; ▪ Қаржылық (Денежный) – қаржылық шаманы сақтауға арналған мәліметтер типі; ▪ Санауыш (Счетчик) – жазбаларды автоматты түрде нөмірлеуге арналған мәліметтер типі;
100 ▪ Логикалық – логикалық мәліметтерді сақтауға арналған тип (Иә немесе Жоқ деген мәндерді қабылдайды); ▪ OLE объектілер өрісі (Поле объектов OLE) - әр түрлі объектілерді (мультимедиялық, графикалық, символдық) сақтауға арналған. Бұл да МЕМО өрісі сияқты басқа жерде сақталады, OLE объектілері өрісінде оның тұрған жері көрсетіледі; ▪ Гиперсілтеме (Гиперссылка) – Интернеттің Web-объектілерінің URLадрестерін сақтауға арналған өріс. Сілтемені тышқанның батырмасымен шерткенде автоматты түрде броузер жүктелініп, терезеге Web-объекті шығады; ▪ Ауыстырулар шебері (Мастер подстановок) – бұл арнаулы емес мәліметтер типі. Бұл объектінің көмегімен мәліметтерді енгізуді автоматтандыруды дайын тізімнен таңдап алатындай етіп ұйымдастыруға болады. Мәліметтер базасының объектілері Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесі жеті түрлі объектілерді құруға және қолдануға мүмкіндік береді. Кестелер.Бұл кез-келген мәліметтер базасының негізгі объектісі. Біріншіден, кестелерде мәліметтер базасындағы барлық ақпарат сақталады, екіншіден кестелер мәліметтер базасының құрылымын анықтайды. Сұраныс. Бұл объекті кестедегі мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде шығарып береді. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрыннан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестелерде қарапайым есептеулер жүргізіледі. Сұраныстың ерекшелігі - олар негізгі кестелердегі мәліметтердің негізінде уақытша қорытынды кесте құрады. Негізгі кестемен жұмыс істегенде біз қатқыл дискімен жұмыс істейміз, ал оған кез-келген кезде қатынау көп уақытты алады. Ал сұраныстың көмегімен алынған уақытша кестеде біз тек экрандағы бейнемен жұмыс істейміз, ал оған қатынау тез уақытта жүзеге асырылады. Қалыптар. Егер сұраныстар мәліметтерді сұрыптау мен анализдеудің арнаулы құралдары болса, ал қалыптар мәліметтерді еңгізу құралы болып табылады. Оның мәні мынада – ол қолданушыға тек толтыруға рұқсатетілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады. Қалыптардың көмегімен мәліметтерді экранға бейнелеп беруге болады. Сұраныстың көмегімен де мәліметтерді бейнелеуге болады, бірақ қалыптың көмегімен экранға шығарылған мәліметтерді безендіруге болады. Ол үшін мәліметтерді енгізу кезінде арнаулы безендіру құралдарын қолдану қажет. Есептер. Өзінің қасиеттері мен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте ұқсас келеді, бірақ ол мәліметтерді тек баспаға шығаруға арналған. Сондықтан есептерде баспа құжаттарына арналған арнаулы безендіру элементтері бар (жоғарғы және төменгі колонтитулдар, беттердің көшірмелері, есептің құрылуы жайындағы мәліметтер). Беттер. Мәліметтер базасының осы арнаулы объектілері тек Microsoft Access 2000-да ғана жүзеге асырылған. Бұл – Web-бетте орналастырылатын және қолданушыға сол Web-беттен берілетін, HTML кодына жазылатын өте айрықша