The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

isaev_s_kazirgi_kazak_tilindegi_negizgi_grammatikalyk_ugymda

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by dungenbay.elmira, 2020-11-24 08:08:05

isaev_s_kazirgi_kazak_tilindegi_negizgi_grammatikalyk_ugymda

isaev_s_kazirgi_kazak_tilindegi_negizgi_grammatikalyk_ugymda

б81.2Каз шшшш.

И83



О

ск

о

О

<

ш

<

го

<

ъ п .я

И

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛШ ІНІҢ АНТОЛОГИЯСЫ

С. Исаев

Қазіргі қазақ
тіліндегі негізгі
грамматикалық

ұғымдар

Павлодар

2010

УДК 811.512.122’36
ББК 81.2 Каз-2

И 83

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады

БАС РЕДАКТОР
Арын Е.М.

ҚҮРАСТЫРУШЫ, ЖАУАПТЫ РЕДАКТОР
Құдабаев А. Ж.

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Айтбаев Ө., Әбілқасымов Б., Жанпейісов Е., Жанұзақов

Жүнісбеков Ә., Қалиев Ғ., Қайдар Ә., Құсайынов К., Нақысб

Оралбае Ш., Сарбалаев Ж

Серғалиев М

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМШЩ АНТОЛОГИЯСЫ

И 83 Казіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматика. ІІавло-

дар: С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,

2010. -1 8 0 б.

І8ВИ 978-601-238-072-9

Ұсынылып отырган оқу құралында жоғарғы оқу орындарын-

да негізгі пән ретінде жүретін «Қазіргі қазақ тілі» курсының

көлемі жағынан аса ірі саласы — грамматикалық ұғымдар сөз
болады. Грамматикалық ұғымдардың грамматикалық мағына,
грамматикалық форма, грамматикалық категория сияқты
құбылыстардың тілдегі орны, олардың бір-бірімен езара сәйкестігі,

байланысы мен ерекшеліктері салыстырыла талданады.
Осы кітап зиялы қауымға, ғалымдарға, аспиранттарға, қазақ тіл

білімін терең білгісі келетін жалпы көпшілікке арналады.
Еңбек материалдары 1992 жылы «Ана тілі» баспасы басып

шығарған автор еңбегінің негізінде алынды.

.— УДК 811.512.122’36
ББК 81.2 Каз-2
и С.Торайғы

ІЗВИ 978-601-238-072-9 © Исаев С. .
Құрастьфушы А.Ж.Құдабаев
С. Торайғьфов атынд. ПМУ 2010

АЛҒЫ СӨЗ

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ - қазақ тілінің әр жақтары (дыбыс
жүйесі мен сөздік құрамын, грамматикалық құрылымы) мен
салаларын (фонетика, лексикология, грамматика) олардың да-
муын, оз ара байланысын, ішкі заңдылықтарын жан-жақты
зерттейтін ғылым саласы. Қазіргі қазақ тілі —саяси, ғылыми
көркем әдебиет, публицистика, күнделікті радио мен теледи-
дар хабарларында қолданылып жүрген Қазақстан Республика-
сының мемлекеттік тілі.

Қазақ тілінің өсуі мен дамуын қазақ тіл білімі түрғысынан
ғана емес, жалпы түркология ғылымы түрғысынан алып
қарағанда, шығып жатқан ғылыми еңбектерінің саны жағынан
болсын, жаңа әдістерді қолдану, ғылыми проблемаларды шешу,
мамандар даярлау жағынан болсын, әлемдік түркологияда
алдыңғы қатарға шықты.

Тіл білімінің жаңа саласы статистика, қолданбалы лингвис-
тика әдістерін түркология ғылымында алғаш қолданған да
Қазақстан ғалымдары болатын.

Бүгінгі кезде үлттық тілге деген сүраныстың көптігіне бай-
ланысты осы еңбекті шығару ісі қолға алынды.

Сіздердің қолдарьгңызға тиген «Қазақ тіл білімінің
антологиясы» атты сериялық басылым үлттық тілдің дамуына
мол үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін белгілі жүйемен топ-
тастыруды жөн көрдік.

Қазақ тіл білімі антологиясының басты мақсаты -
классикалық үлгідегі жазылған ғылыми еңбектердің, тілдік
зерттеулердің, ғылыми ой-түжырымдардың көрсеткішін
кейінгі жас ғалымдарға, үрпағымызға үлгі ету. Талдаудың,
пайымдаудың, дәлелдеудің сан қырлы төсілдеріне бойлатудың
нақты мүмкіндігін үсыну.

Қай елдің болмасын рухани мүрасын танып - талдаудың,
бағалаудың ғылыми қалыптасқан шарттары бар. Мүндағы

3

ғылыми ізденістер осы талаптардың биігінен көріне алған.
Қазақ тіл ғылымындағы жетекші ойлар —тіл салаларының
барлық бастау көзінің бұлағы.

Бұл антолоғияны құрайтын ғалымдардың еңбектері қазіргі
кезде кітапханалардың сирек қорларьгада өте аз әрі санаулы
болғандықтан және кейбіреулері тіпті жетіспейтіндіктен қайта
жинақтап, жариялату ісі қолға алынды.

Редакциядан

4

КІРІСПЕ

Жоғары оқу орындарында негізгі пән ретінде жүретін
“Қазіргі қазақ тілі” курсының басты жөне негізгі сала-
сы - грамматика болып табылады. Тілдің грамматикалық
қүрылысы тіл деңгеилерінің көлемі жағынан да, мазмүны
жағынан да әрі күрделісі, әрі ауқымдысы екені даусыз, өйткені
тілдің қоғамдық қүбылыс ретіндегі өзіндік ерекшеліктері,
атқаратын қызметіндегі сан алуан жүктері, даму барысындағы
диалектикалық заңдылықтары —бәрі-бәрі тілдің грамматика-
лық қүрылысынан анық көрінеді. Сондықтан да “Қазіргі қазақ
тілі” ғылыми курсының 80-95% грамматика болып табылады.

Осындай маңызды саланың көп қағидалары 50-60 жылдар-
да қалыптасқан қалпында келе жатыр. Оқулықтар мен ғылыми
грамматикаларда тілдің грамматикалық қүрылысының бас-
ты үғымдары болып табылатын грамматикалық мағына,
грамматикалық форма, грамматикалық категория, олардың
тілдік қүбылыс ретіндегі орны және бүлардың бір-бірімен
өзара сәйкестігі, байланысы, ерекшеліктері, әрқайсысының
шекарасы, т. б. күні бүгінге дейін айқындалған жоқ. ¥сынылып
отырған оқу қүралында бүл мәселелер нақты тілдік материал-
дар арқылы ғылыми дәлелдеулер нәтижесінде талданып, сара-
ланады. Тілдің грамматикалық қүрылысының басты, ең негізгі
үғымдары - грамматикалық мағына мен грамматикалық фор-
ма, олардың әрқайсысының жасалуы, тілде көрінуі, түрлері,
бір-бірімен сәйкестігі осы ғылыми курстың бағдарламасына
сай қүрылып, басқа деңгейлердегі кейбір үғымдармен, мысалы,
лексикалық мағынамен, салыстырыла отырып талданды.

Бүл қүралдың екінші бір ерекшелігі — ғылыми баяндау,
дәлелдеме әдеттегідей монолог түрінде емес, сүрақ және
сүраққа жауап ретінде яғни диалог түрінде болуы. Бүл - тек
оқытушының ғана емес, студенттердің де өз беттерімен оқып,

5

үйренуіне, әрмен қарай талдауды жалғастыра түсуіне, сөйтіп,
ғылыми пікір қалыптастыруына көмек етеді.

Оқу қүралы филология факультеттерінің студенттеріне,
аспиранттарға, филолог галымдарға үсынылады.

Автор

6

I бөлім

СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Тіл - қоғамдағы адамдар арасындағы аса маңызды
қатынас құралы болғандықтан да, ол, бір жағынан, ойлау-
мен, екінші жағынан, сол арқылы санамен, үшінші жағынан,
қоғамдық өмірде белгілі-белгілі қызметтер (коммуникативтік,
эстетикалық-экспрессивтік, т.б.) атқаруымен және дыбыстық
материалға негізделуі, оньщ белгілі мәнге ие бола алуымен
байланысты болып келеді. Тіл, ең алдымен, ойды жарыққа
шығарып, жетілдірудің қүралы болу арқылы ойлаумен тікелей
байланысты. Сондықтан тілдің негізгі-негізгі деген единица-
лары ойлаудың басты категорияларымен сәйкес келіп жатады.
Мысалы, сөз үғымды білдіріп, соның тілдік көрсеткіші болса,
ойды білдірудің бірден-бір тілдік көрінісі сөйлем болып табы-
лады. Міне, осы қасиеттері арқылы тіл айналадағы объективтік
әлем, шындық туралы адамның санасын үйымдастырып
қалыптастырады, олардың арасындағы әр түрлі байланы-
стар мен қатынастарды, олардың сан салалы бөлшектері мен
түтастықтарын, ондағы жүйелер мен заңдылықтарды адам сана-
сына үялатып, есте сақтауға негіз болады. Осы жағынан келген-
де де тіл бірдеңені үйренудің, білудің, шындықты бейнелеудің,
тіпті абстракты түрде ойлаудың қүралы да болып табылады.
К. Маркстің «Тіл де сана сияқты өте көне қүбылыс», - деуі осы-
дан болса керек. Міне, осы қасиеттердің барлығы тілдің
қоғамдық қызметтері - коммуникативтік, эстетикалық-
экспрессивтік қызметтері арқылы жүзеге асады.

Сүрақ. Сөздің тілге және ойға, ойлауға қатысы қандай?
Жауап. Ойды білдірудің ең кіші тілдік единицасы - сөйлем.
Сөйлемнен кіші тілдік единицалар (сөз тіркесі, сөз, т. б.) ойды
білдіре алмайды. Сонда ойлаудың бір бүтағы ой білдіру, тілде

7

сөйлем арқылы көрініп іске асады. Ал сөйлем сөздерден, сөздер
жиынтығынан белгілі.

Сұрақ. Сөйлем тек сөздерден ғана емес, сөз тіркестерінен,
морфемалардан да тұрады ғой?

Жауап. Бұл жерде сөйлем мен сөздің тікелей қатынасы ойды
білдірудің ең кіші тілдік единицасының (сөйлемнің) ең кіші
мағыналы (мәнді) тілдік бөлшектерден тұратынымен байла-
нысты. Ондай ең кіші мағыналы тілдік бөлшек - сөз болып
табылады. Дыбыстарды былай қойғанда морфемалардың өзі
жеке түрып мағына білдіре бермейді, ал сөз тіркесі —сөзден
әлдеқайда үлкен единица. Бүл —бір. Екіншіден, осы қасиеті
арқасында сөз тіл білімінің барлық саласына да (фонетика, лек-
сика, сөзжасам, морфология, синтаксис) қатысты болып келеді:
бірде тіл білімі саласының, енді бірде келесі бір саланың тікелей
объектісі айқьгадалатын жүйелік фоны, контексі болып келеді.

§ 1. СӨЗ - ТІЛ БІЛІМІНІҢ ОБЪЕКТІСІ

Тіл білімінің қай саласын алсақ та, оның зерттеу объектісі
я тікелей, я жанама түрде сөзге келіп тіреледі. Өйткені сөзде
фонетикалық қасиет (дыбыстық комплекс) те, лексика-
семантикалық қасиет (ішкі мағына) те, сөзжасам қасиеті (жаңа
сөз я жаңа мағына) де, грамматикалық қасиет (морфологиялық
қүрам мен қүрылысы, сөздердің түрленуі, сол арқылы бір-
бірімен байланысқа түсіп, сөйлем құрауы) те бір-бірімен
қабысып, қабаттасып келіп отырады.

Сұрақ. Дегенмен сөз тіл білімінің бір саласының,
лексикологияның ғана, негізгі объектісі емес пе?

Жауап. Сөз жоқ, сөз - лексикологияның тікелей және басты
объектісі. Өйткені тілдегі сөздік құрам, оның баюы, дамуы,
сөз мағыналарыньщ түрлері мен өзгеруі, дамуы т. б. сияқты
сөздің тікелей басындағы қасиеттері лексикология саласында
қаралып, шешімін табады. Сондай-ақ сөз—сөзжасам саласының
да тікелей объектісі. Әр түрлі тәсілдер арқылы жаңа сөз жасау

8

проблемасы, сөз мағынасының өзгеруі арқылы да жаңа сөздщ
пайда болуы, сөйтіп, тілдің сөздік қүрамын байыту процесі де
сөзге тікелей қатысты қасиеттер болып табылады.

Ал, грамматика (гректің §гаттайке - оқи алу, әріп жаза білу
деген сөзінен қалыптасқан) болса, ол сөздердің түрлену жүйесі
мен грамматикалық мағыналарын, олардың арасындагы бай-
ланыс пен қарым-қатынастарды, сәйтіп, сөздердің түлғалану
ерекшеліктерін, сөздердің бір-бірімен тіркеске түсіп, сөйлем
қүрау сияқты қасиеттерін қарастырады. Грамматиканың бір
саласы морфологияныц (гректің тогрһе - форма, түлға және
1о§оз - сез, ілім деген создерінен қүралған) да зерттейтін басты
объектісі - сөз. Әрине, морфологня лексикология сияқты жеке
создердің нақты мағыналарын, олардың қайдан шыгып, қалай
қалыптасқанын, функциональдық-стильдік сипаттарын емес,
создердің жалпы қасиеттерін, ортақ қасиеттері арқылы сөздер-
дің белгілі топ қүрай алуы мен түрлену, түлғалану жүйесін,
соның нәтижесінде пайда болатын жалпы мән-мағыналарды
топтап, категориялық ерекшеліктерін зерттеп сипаттайды.
Сойтіп, морфология создердің грамматикалық сипаттарын зерт-
теп айқындайды. (СРЯ, 87, 135). Морфология сияқты синтаксис
(гректің зупіахіз - қүрылыс, тізбек, тіркес, тәртіп деген созінен
қалыптасқан) те грамматиканың бір саласы. Егер морфология
создің жалпы сипатын, атап айтқанда, создің грамматикалық
мағыналарын, олардың берілу жолдарын, түрлену жүйесі мен
парадигмалық (гректің рагайеі§та - үлгі, мысал, рет созінен
алынған, яғни белгілі бір тәртіппен түрлену, озгеру қатарының
түрақты жиынтығы, үлгісі, мысалы, септелу, тәуелдену, жіктелу
үлгілері, т. б.) қасиетін, соз формаларының ерекшеліктерін,
соның нәтижесінде пайда болатын грамматикалық мағыналар
жүйесін жеке-жеке емес, жалпы түрде қарау арқылы, ортақ
белгілері негізінде, яғни создердің грамматикалық сипаттары
негізінде грамматикалық топтарға, олардың категорияларға
жіктелуін қарастырса синтаксис сол түрлену түлғаларының

9

басқа сөздермен синтаксистік қатьшасқа түсу ерекшеліктерін,
сөйлемде сөздердің сол түлғаларында атқаратын қызметтерін,
сөйтін, сөйлем қүрау, олардың қүрамдық, қүрылыстық түрлері
мен типтерінің ерекшеліктерін қарастырады. Сөйтіп, мор-
фология мен синтаксистің ортақ жерлері көп-ақ. Мысалы,
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін... (Абай) деген сөйлемді
талдап көрейік. Мен - 1-жақ жекеше жіктеу есімдігі, атау
түлғада түр, жазбаймын —сабақты етістік, болымсыз түлғада
(-ба), -й - көсемше түлғасы арқылы ауыспалы осы - келер шақты
білдіріп түр, -мын - 1-жақ жекеше жіктік жалғау, өлеңді - жалпы
зат есімді табыс септік арқылы тура объекті мағынасын білдіріп
түр, ермек - жалпы зат есім, түбір түлға, үшін - септеулік шы-
лау. Бүл —морфологиялық талдау. Синтаксистік жағынан: мен —
бастауыш, атау септікте, жазбаймын — баяндауыш, жіктік
жалғау арқылы бастауышпен 1-жақта жекеше қиыса байланы-
сып түр, өлеңді (нені жазбаймын?) тура объектіні (табыс септік)
білдіретіндіктен тура тольщтауыш болады, өлеңді жазбаймын -
табыс септік жалғауы арқылы байланысқан етістікті меңгеру
(сөз тіркесі), ермек сөзі үшін шылауымен тіркесіп келіп мақсат
пысықтауыш (не үшін, не мақсатпен жазбаймын?) қызметін
атқарып түр, сол үшін шылауы арқылы ермек сөзі жазбаймын
дегенге меңгеріле байланысып, етістікті сөз тіркесін қүрап
түр. Жалпы бүл —жай, жайылма, жақты, толымды, хабарлы
сөйлем:

Міне, осы талдаудан грамматиканың екі саласы морфология
мен синтаксистің ортақ, жақын қасиеттері мен бір-бірінен ай-
ырма ерекшеліктері анық көрінеді.

Фонетиканың негізгі зерттеу объектісі дыбыстар, олардың
жүйелілігі мен қолданылу ерекшеліктері, заңдылықтары
болса, дыбыстардың қыр-сыры, жасалу, артикуляңиялық
ерекшеліктері мен қолданылу заңдылықтары сөзге тікелей бай-
ланысты, сөз арқылы, сөздер қүрамында ғана олар толық көріне
алады. Жеке дыбысты айтқаннан, оның барлық сипаты толық

10

айқындала бермейді. Сөздің бар сипаты оның қолданысында,
ш

сөйлем ішінде айкындалатыны сияқты дыбыстардың да бар

қасиеті сөз құрамында қолданылуы арқылы айқындалады.

Сондықтан да сөз фонетикаға да қатысты. Міне, осы қасиеттері

негізінде сөзді өте күрделі тілдік единица деп түсінеміз. Сөз -

сөйлемнен кейінгі ерекше тілдік единица, өйткені ол - тілдің

мәнді, мағыналы бөлшегі.' ‘ іГ ' ғ ‘

Демек, сөз әр қырынан тіл оілімінің әр саласына тікелеи я

жанама қатысты оолып, тш оілімінің непзп ооъектісі оолып

саналады.

§ 2. СӨЗДІҢІШКІ МАҒЫНАЛЫҚ ЖӘНЁ СЫРТҚЫ
ДЫБЫСТЫҚ ЖАҒЫ

Тілдегі ең кіші мағыналы бөлшек - сөз. Сондықтан сөз
белгілі бір үғымды білдіреді, яғни белгілі бір заттың аты не-
месе сынның, сапаның белгісін, санды, әр түрлі әрекет-
қүбылысты, қимылды, т. б. білдіреді. Сондықтан сөз туралы
әңгіме болғанда, ең алдымен, сол сөз білдіретін мағына, яғни
сөздің ішкі сипаты, мазмүны қоса жүреді.

Сұрақ. Морфема - сөзден де кіші тілдік единица ғой. Ал
түбір морфема да мағыналы бөлшек емес пе?

Жауап. Түбір морфема мәселесіне қазақ тілі (сондай-ақ
түркі тілдері) түрғысынан келсек, түбір белгілі бір мағынаны
білдірумен байланысты. Бүл түрғыдан келгенде, түбір деген
үғым мен сөз деген үғымдар сайма-сай келеді де, сөз деген
үғымға енетін туынды түбір дегендер ғана одан өзгеше бола-
ды. Сондықтан да түбір жеке сөздің баламасы ретінде ешбір
түрленусіз түбір күйінде тілде қолданыла да алады. Мысалы,
Зеңбірек снарядтары суға үсті-үстіне түсіп, аспанға шапшыған
судан күміс бағаналар орната бастады (Ғ. Мүсірепов). Ызғырық
суық сұр бүлт Аспанды тегіс қаптаған (Б. Майлин). Төрт
бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғ. Мүсірепов).

11

Берілген сөйлемдердегі күміс, сұр, төрт, тас деген сөздер
түбір күйінде қолданылған, яғни олар —әрі түбір, әрі сөз. Бірақ
түбір деген үғымға қазіргі кезде ешбір мәнге ие бола алмайтын
не жеке қолданыла алмайтын өлі түбірлер де енеді. Мысалы,
оян, оят, баданадай, алпамсадай, момын, момақан, шалқақ,
шалқалау, т. б. сияқты сөздердің түбірі, сөз жоқ, оя, бадана, ал-
памса (я алп), мом, шалқа екенін бір түбірден өрбіген түбірлес
сөздер де көрсетіп түр. Бірақ бүлар қазір тілімізде түбір күйінде
қолданылмайды, жеке түрып ешбір мағына да білдіре алмайды.
Сондықтан да оларды өлі түбір дейміз. Ал басқа тілдерде, мы-
салы, орыс тілінде, түбір әр уақытта мағыналы бола бермейді,
жеке түрғанда ешбір мәнді, үғымды білдіре алмайды. Мысалы,
прочптать (оқып шығу) деген сөздің түбірі - чит, про - при-
ставка, ать - жүрнақ, бүндағы чит бөлшегі жеке түрып ешбір
мәнге ие емес. Сондай-ақ тілімізде өте сирек болса да сөз бен
дыбыстың да сәйкестігі кездеседі. Мысалы, у (Мен ішпеген у
бар ма? —Абай) и (басыңды и) тәрізді сөздер бір-бір дифтонг
дыбыстан түр. Осыған қарап кейде жеке дыбыстар да мәнді
болады, мағына білдіре алады деп түжырым жасауға бола ма?
Әрине, жоқ. Сондықтан әр уақытта белгілі бір үғымды білдіре
алатын, тілдің ең кіші мағыналы бөлшегі сөз болып табылады.
Бүл - сөздің басты және тұрақты лексика-семантикалық және
грамматикалық қасиеті. Осы қасиеті арқылы сөз тіл білімінің
барлық саласының зерттеу объектісі болып табылады.

Сөздің белгілі бір мағынаны, үғымды білдіруі оның ішкі
мазмүны болса, сөз белгілі бір дыбыстар жиынтығынан
түратындықтан, оның сыртқы дыбыстық жағы да бар. Кез кел-
ген сөз белгілі бір дыбыстар жиынтығынан, демек, дыбыстық
комплекстен түрады.

Мысалы, бала деген сөз төрт дыбыстан түрады, оның бірі (а)
екі рет қайталанған, келмеген - 8 дыбыстан түрады, оның бірі
(е) үш рет қайталанған.

12

Сұрақ. Сөздің ішкі мағыналық жағы мен сыртқы дыбыстық
комплекс жағы арасында байланыс бар ма? Байланыс болса,
оның сипаты қандай?

Жауап. Сөздің ішкі мағыналық жағы мен сыртқы дыбыстық
комплекс жағы арасында, әрине, байланыс бар. Егер олардың
арасында ешбір байланыс болмаса, кез-келген дыбыстар
жиынтығы сөз бола берер еді ғой, жаңағы бала, келмеген деген
сөздер белгілі дыбыстар жиынтығынан және ол дыбыстардың
белгілі бір тәртіппен орналасуынан жасалып тұр. Ондағы ды-
быстарды абла немесе лаба немесе лбаа, т. б. етіп қосқаннан
сөз жасалмайды. Бұның өзі лексикалық единица ретіндегі сөз,
оның білдіретін мағынасы мен сыртқы дыбыстық қабыршағы
арасында белгілі бір байланыс бар екенін көрсетеді. Бірақ ол
байланыс - табиғи байланыс емес. Өйткені дыбыстар жеке
түрғанда, ешбір мәнге ие бола алмайды б, а, л, а, дегеннің
әрқайсысынан ең бір мән туып түрған жоқ. Сондықтан да
белгілі жастағы адам мәніндегі бала сөзінің магынасы сол төрт
дыбыс білдіретін мәннен қүралып түрған жоқ (жеке дыбыста
мән жоқ). Тілімізде біркелкі дыбыстар жиынтығынан түратын,
тіпті бірдей дыбысталатын сөздердің мағыналары әр уақытта
бірдей бола бермеуі, лексикалық омонимдер - осының дәлелі.
Мысалы, қара дегенге қарама-қайшы түсті білдіретін ақ (ақ
шәйі орамал) және адал, кінәсыз, жазықсыз деген мағыналар-
дағы ақ (Ынсапсызға не керек істің ақ пен қарасы - Абай) сөздері
мен малдың сүті және сол сүттен өндірілетін айран, қатық,
қымыз сияқты тағамдар мәніндегі ақ (ақ ішіп оңалып) сөзі мен
жоқ болу, суалу деген мәндегі ақ болып кету сөзі, шындық
ақиқат, хақ мәніндегі ақ (ақ өлім немесе ақ сөйле), судың ар-
насымен жылжуы мәніндегі ақ (судай ақ) сөздерінің (ҚТТС, 1,
126-137) дыбыстық қүрамында, айтылуында бір-бірінен ешбір
айырмашылығы жоқ. Соған қарамастан яғни қаншалықты
бірдей дыбыстардан түрып, бірдей айтылғанмен әрқайсысы
бір-біріне байланыссыз кейде байланысты (көп мағыналық

13

негізіндегі омоним болса) әр түрлі мағынаны білдіреді. Сондай-
ақ қорек, тағам, тамақ мәніндегі ас (ас адамның арқауы), тамақ
пісіру, әзірлеу мәніндегі ас (ет ас), бір жерден екінші жерге
қарай өту, өрлеу мәніндегі ас (таудан ас), т. б. сөздер де (ҚТТС,
1, 365-367) дәл осындай. Бүл сияқты омоним сөздерді көп теп
келтіруге болады.

Демек, сөздің ішкі мағыналық жағы мен оның сыртқы
дыбыстық комплекс жағы арасындағы байланыс табиғи емес,
тарихи қалыптасқан дәстүрлі байланыс болып табылады.
Басқаша айтқанда жекелеген дыбыстардан түратын, қалыпта-
сқан дыбыстық комплекс жеке бір тілдік единиңа ретінде
белгілі бір үғымды білдіретін болған. Міне ол үғым - сол сөздің
мағынасы, өйткені сөз айналамыздағы зат, қүбылыс я оның
сыны мен саны, қимыл, іс-әрекет, оның әр түрлі амалы, т. б.
жайындағы үғым не соның аты, атауы.

Сөздің мағынасы әр түрлі болады. Сөздің жеке түрғанда да
белгілі бір үғымның, аты ретінде танылатын нақты мағынасы
да, одан туындайтын әр түрлі ауыс, келтірінді мағынасы
да, сөйлеу проңесінде неше түрлі түлғалар қосылуының
нәтижесінде пайда болатын немесе басқа сөздермен қарым-
қатынасқа түсу арқылы туатын сан салалы жалпы мағыналары
да болады.

Әрине, ол мағына түрлерінің бір-бірімен байланысы,
жалғастылығы болумен қатар бір-бірінен айырмашылықтары,
өзгешеліктері болады. Ең алдымен сөз білдіре алатын
мағынаны екі түрге бөліп жүрміз: лексикалық магына және
грамматикалық мағына.

§ 3. СӨЗДІҢ ЛЕКСИКАЛЫ Қ МАЕЫ НАСЫ

Сөйтіп, айналадағы заттар мен қүбылыстардың біздің са-
намызда бейнеленуінің нәтижесінде пайда болатын үғымы
сөздің білдіретін ішкі мазмүны яғни мағынасы болып табыла-
ды. Сөздің осындай әуелдегі (о бастағы) негізгі тура мағынасы

14

лексикал ы қ мағына деп аталады. Сөздіңлексикалық мағынасы
Щ

ол сөздің жеке тұрғандағы қалпынан да, яғни сөйлем ішінде
емес, бөлек тұрғаньгада да, көрініп отырады. Өйткені сөздің бұл
(лексикалық) мағынасы талай рет қолданылудың нөтижесінде
санамызда әоден қалыптасқан, ол сол тілдің сөздік құрамына
еніп, семантикалық шеңбері анықталған. Сондықтан да ешбір
контекссіз-ақ ол (сөз) сөздіктерде (мысалы, тұсіндірме сөздік,
екі тілді сөздік, т. б.) реестр сөз ретінде жеке беріліп, мағынасы
көрсетіледі. Сондықтан да тілдегі кейбір сөздердің мағыналары
кейде бір-бірімен жақын болуы мүмкін, бірақ толық бірдей бола
алмайды, тілдегі әрбір сөздің өзінше бөлек-бөлек лексикалық
мағьшасы болады. Әрине, сөздің лексикалық мағынасы сол сөз
білдіретін зат, құбылыстың белгілі бір қасиетіне я қасиеттеріне
негізделіп, ол сөз аталғанда, санамызда сол қасиеттер
мағынаның басты көрсеткіштері, мәндері ретінде көрінеді.

Сұрақ. Сонда лексикалық мағьша сөздердің нақты тура
мағынасы ғана ма? Бір сөзде бір ғана лексикалық мағына
бола ма?

Жауап. Сөздің лексикалық мағынасына, ең алдымен оның
нақты тура мағынасы жатады. Айталық, көл, құс, тау, үй,
көк, биік, үш, бес, келу, жүру сияқты сөздердің лексикалық
яғни нақты мағынасы: табиғи су қоймасы, үстін қауырсын
жапқан үшып жүретін жануар (мақүлық), жердің әр түрлі та-
стар арқылы биік болып қалыптасуы, адамның түратьга баспа-
насы, бір заттың нақты түсі (көк), бір заттың жоғарыға қарай
сьгадық сипаты, заттардың нақты сандары (үш, бес), сөйлеушіге
қарай беттеу қимылы, нақты қозғалу қимылы немесе бір
жаққа аттану қимылы. Сонымен бірге бір сөз осындай нақты
тура мағынамен бірге басқа да мағыналарды білдіріп, ауыс,
келтірінді мағыналарда да жүмсала береді. Мысалы, айыру
етістігі, ең алдымен, дыр еткізіп жырту және қақ жару, екіге
бөлу мағыналарын білдіреді. Бүл —етістіктің тура мағыналары.
Сонымен бірге айыру етістігі бөліп шығару (қаймақтан майды

15

айыру), ажырату (ешкімді айырып болмайды), жер жырту, тілу
(жерді тайыз айырады), адамдар әсіресе туыстар, көңілі жақын

адамдардың қарым-қатынасы үзілуі, ажырауы (досынан айы-

ру, ағайынынан айырды), арашалау, қүтқару (бишара шалды
үрылардан айырып алды), бөлектеу, алалау, бірдей көрмеу (олар-

ды бізден неге айырасыз?) танып, білу, анықтау (түнде айыра
алмадым), т. б. Бір сөздің басында, міне, қаншама мағына бар?

Енді айыру етістігінің ауыс мағынасы - үнем қылу, күн көру.

Осы заттардың майымен, үн, шайын айырсын, - деді Абай (М.
Әуезов). Сондай-ақ айып сөзінің мағынасына көз жіберейік:

ескі әдет-ғүрып заңын бүзғаны үшін тағылатын кінә, жаза,

жауапкершілік, штраф, ал оның ауыс мағынасы - мін, кемшілік:

Жалғыз-ақ тал бойыңда бір айыбың: Даусың жоқ, не себепті

сыбырлайсың (Н. Ахметбеков), т. б. (ҚТТС, 1, 117-118, 114-115).

“Абай жолы” романынан алынған мына бір үзіндіге де назар

аударайық. “Ол Абайды көре отырып, Қүнанбайдың өзге жас

балаларын да еске алды.

- Осы, ана Ысқақ бір жошын. Бір түрлі пысық та сергек неме

- деді. .

- Ол әлгі Күңкенің қолындағы ма? - деп сүрап алып, Бөжей:

- Рас, қүлдырап түр! - деді.

- Я, рас-ау, соның оты бар! - деп, Байсал да қостады. Мүның

бәрі - қиялап айтқан Қүнанбайдың қошаметі. Үндемей түйіліп,

сүп-сүр боп отырған Қүнанбай ол сөздерге көп шіміркенген

жоқ. Қайта теріс көргендей мойын бүрып, Абайга қарап:

- Одан да не күтсеңдер де, осы жаман қарадан күтсеңдерші

- деді (М. Әуезов).
Осындағы жаман сөзі тіпті де жаман емес. Жаман қара деп

отырғаны - Абай. Оған іщтей риза болып, Абайдың келешегінен

зор үміт күтіп, солай деп отыр. Бүл - сөздің контекстік

келтірінді магынасы, өйткені бүл мағына тек осы контексте,

осы қолданыста ғана осылай түсініледі.

16

Сөйтіп, сөз бір я бірнеше лексикалық мағынаны білдіреді
екен. Және сол негізгі лексикалық мағынаның негізінде бел-
гілі стильдік мәндегі әр түрлі экспрессивтік, келтірінді мағы-
наларды да білдіре алады. Бірақ сөз сөйлемде қолданылғанда,
ол қаншама полисемиялы (көп мағыналы) болғанмен, оның
бір ғана мәнінде жүмсалып, бір ғана мағынасын білдіріп
түрады. Сондықтан да сөзде бір ғана лексикалық мағына бола-
ды дейміз. Демек, сөз жалпы бірнеше мағынаны, көп мағынаны
білдіре алғанымен, сөйлемде соның бір ғана мағынасында
қолданылады, басқа мағыналары ол жерде ескерілмейді.
Бүған керісінше сөздің бір ғана қолданысының өзінде бірнеше
грамматикалық мағына болуы мүмкін.

§ 4. ГРАММАТИКАЛЫҚ ¥ҒЫМДАР

Грамматиканың басты объектісі тілдің грамматикалық

қүрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктерін анықтауда

(сол арқылы ғана сөздің грамматикалық сипаты ашылмақ)

оған (тілдің грамматикалық қүрылысына) тән басты-

басты грамматикалық үғымдарды ажыратып, олардың

ерекшеліктерін, сипатын айқындап алу қажет. Өйткені

тілдің грамматикалық қүрылысы сала-сала жүйелерден

қүралады да, олардың түтастығы сол жүйелерге тән белгілі

заңдылықтардың негізінде болып отырады. Ол жүйені

аиқындап, заңдылықтарын ашу үшін, ондағы грамматикалық

әр түрлі амал-тәсілдерді, сөздердің белгілі бір ортақ қасиеттері

арқылы топ-топқа бөлінуін, олардың мағыналары мен сөйлеу

процесіндегі қызметтерін білу қажет. Демек, сөздің сөйлеу

процесіндегі басқа сөздермен әр түрлі қатынастарының

негізінде пайда болатын ішкі мәндері, оның көрінісі болатыны

сыртқы түр-түлғасы, солардың барлығы негізінде сөйлемдегі,

т. б. тілдің грамматикалық қүрылысымен байланысты болса,

оның өзіндік ерекшеліктері тағы да сездің грамматикалық

сипатымен анықталады. Сөйтіп ең басты грамматикалық

Іакадвмик С.БвйсвмбаеыІ 1?

ұғымдарға грамматикалық мағына оның оерілу тәсілінің
бір түрі грамматикалық форма және осы екеуінің жүйелі
жиынтығы қүрайтын грамматикалық категория дегендер
енеді. Бүл үшеуі бір-бірімен диалектикалық бірлікте болып,
тілдің грамматикалық қүрылысын қүрайды да, қалған жекеле-
ген грамматикалық единиңалар мен қүбылыстар, жүйелер осы
үғымдардан туындайды.

§ 5. ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Тілдегі әрбір сөздің (белгілі үғымды білдіре алатын

мәнді сөздің) нақты лексикалық мағынасымен бірге жал-

пы грамматикалық мағынасы да болады. Сөздің лексикалық

мағынасы - нақты, үғымдық мағына яғни бір сөзден екінші сөзді

айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса грамматикалық

мағына - сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі

тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа

сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда

болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше бедгілі бір

грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылвГбіріктіретін
/X .
жалпы мағыналары болып табылады.

Сұрақ. Грамматикалық мағына боздің лексикалық

мағынасымен тікелей байланысты бола ма?

Жауап. Грамматикалық мағыналардың өзі біркелкі емес.

Тікелей лексикалық мағынадан туатын да, сөздің түрлену жүйесі

негізінде тұлғалануынан да пайда болатын грамматикалық

мағыналар бар. Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен

жер қойнына кірер денең (Абай) деген сөйлемді талдап

көрейік. Сөйлемде қолданылған әрбір он соз бір-бір лексикалық

мағынаны және бірнешеден грамматикалық мағынаны білдіріп

тұр: 1. туғанда, лексикалық мағынасы - нақты туу қимылы;

грамматикалық мағыналары - 1) жалпы қимылды білдіру;

2) салттылық мән; 3) өткен шақтық мән; 4) бір қимылдың

(ашудың) мезгілін білдіру; 2. дүние, лексикалық мағынасы -

18

әлем мағынасындағы дерексіз зат; грамматикалық мағына-
лары: 1)жалпы абстракт зат атауы; 2) қатыстық-меншіктілік мән.
3. есігін, лексикалық магынасы —үйдің бір бөлігі болып та-
былатьга (есік) нақты заттың ауыспалы магынада қолданылуы;
грамматикалық магыналары: 1) жалпы зат атауы болуы,
2) екінші бір затқа (дүние) тәуелді соның бөлшегі болу, 3) ол
тәуелділік 3-жаққа қатысты, 4) тура объектіні білдіру; 4. аша-
ды, лексикалық магынасы —ауыс мағынадағы ашу қимылы;
грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіруі,
2) ол қимылдың сабақты болуы 3) ауыспалы осы шақ мәнін
білдіру, 4) 3-жақтағы субъектінің қимылы; 5. өлең, лексикалық
мағынасы - накты өлең деген зат атауы; грамматикалық
мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) ашу қимылының
грамматикалық субъектісі болуы; 6. өлеңмен, лексикалық
мағынасы —нақты өлең деген зат атауы; грамматикалық
мағыналары: 1) жалпы зат атауы, 2) кіру қимылының амалын
білдіру; 7. жер, лексикалық мағынасы —нақты жер деген зат;
грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы,
2) қатыстық-меншіктілік мән; 8. қойнына, лексикалық
мағынасы — нақты қойын деген зат; грамматикалық
мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) екінші бір затқа
(жер) тәуелді болуы, 3) тәуелділік 3-жақта'болуы, 4) қимылдың
(кірер) бағытын білдіруі; 9. кірер, лексикалық мағынасы
—нақты кіру деген қимыл; грамматикалық мағыналары:
1) жалпы қимылды білдіруі, 2) ол қимыл салтты, 3) келер
шақ мәні, 4) 3-жақ субъект арқылы ол қимылдың іске асуы;
10. денең, лексикалық мағынасы - дене деген зат;
грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы,
2) тәуелділік мағына, 3) 2-жақ, жекеше, анайы, 4) кіру
қимылының грамматикалық субъектісі.

Осы шағын талдаудан көрінетіндей, сөйлемдегі әрбір мәнді
сөз бір лексикалық мағына және бір я бірнеше грамматикалық
мағынаны білдіреді. Және грамматикалық мағыналар біркелкі

19

емес, олардың берілу тәсілдері де әр түрлі. Осы сөздерді кейбір

ортақ грамматикалық мағыналарына қарап топтауға да бола-

ды. Мысалы, жалпы затты зат атауын білдіруіне қарай дүние,

есігін, өлең, өлеңмен, жер, қойнына, денең создерін бір топ

етіп, жалпы қимылды білдіруіне қарай туғанда, ашады, кірер

сөздерін бір топ етіп, салттылық сипаты жағынан туғанда,

кірер сөздерін бір топ етіп, 3-жақ субъектінің қимылын білдіруі

жағынан ашады, кірер сөздерін бір топ етіп, тәуелділік мәніне

қарай есігін, қойнына, денең сөздерін бір топ етіп, т. б. топтауға

болар еді. Сөйтіп, жалпы мағына, грамматикалық мағынаның

бірыңғайластығы, ортақтығы жағынан сөздерді белгілі

топтарға жіктеуге болады. Сонымен бірге ол грамматикалық

мағыналардың түрлері де, берілу жолдары да біркелкі емес.

Мысалы, туған. Щ

әрекетті білдіруі мен салттылық (туғанда, кірер) я сабақтылық

(ашады) мағыналары нақты қимылдың абстракцияланып, жал-

пылануы арқылы пайда болған. Сондай-ақ дүние, есігін, өлең,

өлеңмен, жер, қойнына, денең сөздерінің жалпы зат атауын

білдіруі нақты заттардың абстракцияланып, жалпылануы

арқылы пайда болып отыр. Демек, бүл тәрізді грамматикалық

мағыналар сөздердің лексикалық мағыналарының аб-

стракциялануы, жалпылануы арқылы беріледі. Сойтіп, бүл

-грамматикалық мағына білдірудің семантикалық тәсілі

(жолы) екен.

Сүрақ. Нақты заттың аты немесе нақты қимыл болса; ол

лексикалық мағына да, жалпы заттың аты немесе жалпы қимыл

болса, ол грамматикалық мағына бола ма?

Жауап үние, есік, жер сөздерінщ

әрқайсысы - жеке-жеке үғымды білдіретін заттың аты, туғанда,

ашады, кірер -нақты қимыл үғымын білдіретін сөздер, сондай-

ақ төрт, жеті - нақты санды білдіретін сөздер, ақ, көк, сары -

заттың нақты түсін білдіретін сындар, т. б. Атап айтқанда,

дүние - өмір, тіршілік (ҚТТС, III, 204), есік - ауыс. өмірге, іс

20

пен еңбекке алғаш аттап, қадам басып кіру, араласу (ҚТТС, III,

453), жер —жер планетасының үстіңгі қабаты, сыртқы қыртысы

қүрылық (ҚТТС, 14,90)дегендердің осы көрсетілген лексикалық

мағыналарында ешбір ортақтық, жақындық жоқ, эрқайсысы —

бөлек-бөлек заттардың атауы; туғанда - ана қүрсағынан

шығу, дүниеге келу (ҚТТС, IX, 254), ашады - ауыс, жабық

түрған нәрсенің есігін, бетін шалқайту, аңқайту (ҚТТС, I, 507),

кірер - ену, келу (ҚТТС, V, 411) дегендердің осы көрсетілген

лексикалық мағыналарында ортақтық, үқсастық жоқ, бір-

бірінен осы мағыналары арқылы ажыратылады; төрт —үштен

кейінгі есептік сан (ҚТТС, IX, 243), жеті - алтыдан кейінгі сан

(ҚТТС, IV, 113) дегендердің де лексикалық мағыналары бөлек-

бөлек; ақ - қардың, сүттің, бордың түсіндей (қараға қарама-

(ҚТТС (ҚТТС

V, 118), сары, піскен егіннің немесе апельсиннің түріндей түс

(ҚТТС, VIII, 187) дегендердің де лексикалық мағыналары бөлек-

бөлек, өйткені бүлар әр түрлі түсті білдіреді. Сонымен бірге

бүл нақты (лексикалық) мағыналары жалпылануы да мүмкін.

Атап айтқанда, дүние, есік, жер жалпы зат атауларын білдіреді,

туғанда, ашады, кірер жалпы қимылды, іс-әрекетті білдіреді,

төрт, жеті - жалпы бір санды білдіреді, ақ, көк, сары - жалпы

түсті білдіреді ягни сапалық сынның белгілері. Міне бүл соңғы

көрсетілгендер - нақты лексикалық мағыналардың жал-

пылануы арқылы пайда болған жалпы грамматикалық

магыналар яғни бүлар белгілі бір сөздің гана мағыналық си-

паты емес, белгілі бір топтағы (айталық, заттың атын білдіру

немесе қимыл іс-әрекетті білдіру, т. б.) сөздердің ортақ жалпы

мағынасы. Осы жалпы мағыналарының ортақтығы арқылы

сөздер топтасып, белгілі бір грамматикалық топ қүрайды:

дүние, есік, жер - заттың атын білдіретін сөздер - зат есім,

туғаида, ашады, кірер - кимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер -

етістік, төрт, жеті - заттьщ санын білдіретін сөздер - сан есім,

ақ, көк, сары (жақсы, үлкен, биік) заттың сынын білдіретін

21

сөздер - сын есім, т. б. Сөйтіп, сөз лексикалық мағынасы
арқылы басқа сөзден дараланып, жекеленіп, бөлініп отыр-
са, жалпы грамматикалық мағынасы арқылы керісінше басқа
сөздермен ортақ сипат алып, жақындап, жалпы грамматикалық
топ қүрауға бейімделеді.

Сүрақ. Сөзде жалпы заттың атын, немесе жалпы қимылды,
немесе жалпы сынды, т. б. білдіретін бір ғана жалпы
грамматикалық мағына бола ма?

Жауап. Сөзде лексикалық мағынаның жалпылануы негізінде
пайда болатын жалпы грамматикалық мағына (жалпы заттың
аты, жалпы қимыл т. б.) басқа да жалпы грамматикалық
мағыналарды білдіруге негіз болады. Яғни, мысалы, жалпы
заттың атауы болу мағынасымен бірге ол жалпы грамматикалық
мағына жекелеген (жалпы) заттың атауы болуы мүмкін немесе
алуан түрлі заттың жалпы ортақ атауы болуы мүмкін (жалпы
есім); деректі немесе дерексіз зат атауы болуы мүмкін; адамға
байланысты (кімдік) немесе адамнан басқа затқа байланысты
атау болуы мүмкін, т б. Сондай-ақ заттың сынын білдіретін
сөздер сапалық сынға немесе қатыстық сынға байланысты
болуы мүмкін, қимылды білдіретін сөздер салттық неме-
се сабақтылық сипатпен қатысты болуы мүмкін немесе
қимылдың неше түрлі семантикалық сипаты болуы мүмкін
(қалып, қозғалыс, амал - әрекет, ойлау қабілетіне байланысты,
көңіл күйіне байланысты, т. б.). Бүлардың барлығы да сөздің
жалпы семантикасынан туындайтын жалпы грамматикалық
мағыналары. Сөйтіп, сөзде жалпы грамматикалық мағьгаа
біреу ғана емес, бірнешеде болуы мүмкін.

Сұрақ. Оқулықтарда грамматикалық мағына деп лексика-
лық мағынаны айқындай, саралай түсетін немесе грамматика-
лық түлғалар арқылы және басқа сөздермен қарым-қатынасқа
түсу арқылы пайда болатын (туатын) жалпы мағына деп
көрсетіледі. Бүл дүрыс ереже ме және оны қалай түсінеміз?

22

Жауап. Рас, оқулықтарда грамматикалық мағына көбіне со-
лай анықталады. “Сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен
жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай
түсетін я сөйлемдегі басқа создермен қарым-қатынасқа түсу
нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына
дейміз. Грамматикалық мағына сөздің түрленуі арқылы да
сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынастары арқылы да ай-
тылады” (Ы. А.-ҚҚТ, 14). Ең алдымен грамматикалық мағына -
лексикалық мағынамен жарыса отырып, сол лексикалық
мағынаны айқындай, саралай түсетін мағына емес, сөздің сол
лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы туатын жалпы
мағынасы.(Лексикалық мағынаға қарағанда грамматикалық
мағына одан кейін пайда болады. Атап айтқанда, грамматикалық
мағына алдымен лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы
пайда болып, содан кейін сөйлеу процесінде сөздің жүмсалу
мақсатына қарай оған әр түрлі түлғалардың қосылуы арқылы
немесе сөйлемде басқа сөздермен әр қилы қарым-қатынасқа
түсуі арқылы үстеледі, демек, осының нәтижесінде екінші
қатардағы мағына болып табылады. Сондай-ақ лексикалық
мағынаның мәні дара болса, сөйтіп, сөздерді бір-бірінен са-
ралап, бөлуге негіз болса, грамматикалық мағына жалпы бо-
лады, жеке сөздерге (формаға) ғана емес, солардың белгілі
топтарына тән оолатындықтан, сөздерді грамматикалық си-
паты жағынан, жоғарыда көрсетілгендей, топтауға негіз бола-
ды. Оның үстіне сөз бір ғана лексикалық мағынаны білдірсе,
грамматикалық мағына сөйлемдегі сөзде әдетте бірнешеу бо-
лады. Екіншіден, грамматикалық мағына, дүрыс көрсетіліп
жүргендей, сөйлеу процесінде сөздің әр түрлі грамматикалық
түлғалар арқылы түрленуінен де туады, көрінеді. Үшіншіден,
грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздердің басқа
сөздермен әр қилы қарым-қатынасынан да пайда болады.
Бүлардың барлығы да грамматикалық мағына деп танылғанмен,
олардың әрқайсысының мәні, сипаты, грамматикалық ка-

23

тегория үғымына қатысы, сөздің белгілі топтарға бөлініп,
олардың грамматикалық сипатын айқындаудағы ролі бірдей
емес. Сондықтан да грамматикалық мағына атаулыны жасалу
тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне
қарай жалпы грамматикалық магыиа, категориялық
грамматикалық магына және қатыстық грамматикалық
мағына деп үш түрге бөлуге болады.

Сұрақ. Жалпы тіл білімінде, сондай-ақ түркологияда
грамматикалық мағынаны бұндай бөлу тәжірибесі бар ма?
Грамматикалық мағьгааны осындай үш түрге бөлудің қандай
теориялық және практикалық негіздері бар?

Жауап. Жалпы тіл білімінде грамматикалық мағынаны
дәл осындай үш түрге бөлу тәжірибесі жоқ. Қазіргі қырғыз
тілінде грамматикалық мағынаның типтері ретінде оны екіге
бөліп қарау тәжірибесі бар: бірі - жалпы категориялық
мағына және екіншісі - жеке грамматикалық магына.
Жалпы категориялық мағынаға, мысалы, зат есімнің заттық,
сын есімнің сындық, етістіктің қимыл-әрекеттік мағыналары
яғни сөздің әр түрлі формада түрленіп өзгеруінен емес, түбір
білдіретін және сөздің барлық грамматикалық формаларын-
да бола беретін мағыналары жатады да, жеке грамматикалық
мағынаға сөздің түрленіп түлғалануы арқылы пайда бола-
тын мағыналары жатады, сондықтан бір сөзде бір жалпы
грамматикалық мағына және бірнеше жеке грамматикалық
мағына болады (Д. К. - АКТ, 7-8).

Грамматикалық мағына жоғарыда көрсетілгендей, ең ал-
дымен, сөилеу процесінде лексикалық мағынадан туын-
дайды, ягни лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы,
сөздік үғымның жахгпылық-абстрактылық сипатқа ие болуы
арқылы грамматикалық мағына пайда болады. Жалпы, сөйлеу
процесінен (сөйлемнен яғни контекстен) тыс грамматикалық
мағына болмайды. Үй, тас, жасыл немесе кел, т. б. дегендердің
заттық және иелік, жалпылық немесе сындық, түсті білдіру

24

немесе қимылдық, т. б. грамматикалық мағыналары сөйлеу
процесінде әбден қалыптасқан, сондықтан ондай тиесілі мағына
сөйлемсіз-ақ ойымызда тұрақталып қалган. Одан әрмен сол
сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен қарым-қатынасқа
түсуі арқылы да, тұрлі грамматикалық формалар үстелуі
арқылы да, дауыс ыргағы, орын тәртібі, ішкі флексия, т. б.
арқылы да грамматикалық мағына үстеледі.

Грамматикалық мағынаның түрлері оның берілу жолда-
рына байланысты және соған сай олардың (грамматикалық
мағыналардың) грамматикалық немесе лексика-грамматикалық
(семантикалық), қызметтік (функциялық), т. б. сипаттары
айқындалады.

Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда бо-
латын грамматикалық мағынаны жалпы грамматикалық
мағына деп бөлуге болады. Жалпы грамматикалық магына
грамматикалық формасыз-ақ ішкі семантиканың абстракция-
лануы, жалпылана түсуі арқылы қалыптасады да, сол арқылы
сөздердің семантикалық жақындығы, ортақтығы пайда бо-
лып, грамматикалық топтар құралады. Жалпы грамматикалық
мағынаның әрі қарай шектеле, ұсақтай түсуі нәтижесінде үлкен
грамматикалық (шынында лексика-грамматикалық) топтары-
нан өз ішінде кіші топтар да бөлініп шыгып отырады. Мысалы,
үй, бала, Алматы немесе жақсы, көк, тасты, құмсыз немесе
кел, тұр, ойла, т. б. сөздердің лексикалық мағыналарының жал-
пылануы нәтижесінде жалпы заттық немесе жалпы сындық не-
месе жалпы қимыл, іс-әрекеттік сияқты жалпы грамматикалық
мағына туған. Ал солардың әрқайсысының өзінде тағы да
кішірек жалпы грамматикалық мағына байқалып, кішірек топ-
тарды көрсетуге болады. Жалпы заттық мағынадағы сөздерді
адамға байланысты (кімдік) заттар (бала, кісі, жолдас, т. б.),
адамнан басқа затқа байланысты (нелік) заттар (үй, тас, ағаш,
т. б.), жалпылық немесе жалқылық ерекшелігіне байланысты
(Алматы, Қүлагер, Ертіс, т. б.), сондай-ақ деректі-дерексіз, т. б.

25

топтарға бөлуге болады. Жалпы сындық мағынадағы сөздерді
сапалық сын-белгі (жақсы, жаман, үлкен, биік, т. б.), түске
байланысты сын (көк, қызыл, ақы, т. б.), қатыстық сын (та-
сты, қүмсыз, аудандық, т. б.) деп, жалпы қимылды білдіретін
сөздерді қимылдық мәнді (кел, кет, шап, т. б.), қалыпты білдіру
(түр, отыр, жатыр, т. б.), абстракты іс-әрекет (ойла, қиялда),
т. б. толып жатқан мәнді білдіруіне қарай топтарға бөлуге бо-
лар еді.

Сөйтіп, жалпы грамматикалық магына сөз таптарының
семантнкалық сипаты болып табылады. Сөздерді таптас-
тырудың семантикалық деп аталатын принципі сөздердің
осы жалпы грамматикалық мағынасына негізделеді.

Грамматикалық мағына арнайы грамматикалық формалар
арқылы да беріледі. Грамматикалық форма деген үғымға, ең ал-
дымен, сөзге (түбірге) үстелетін қосымшалар, сондай-ақ префик-
стер мен жүиелі түрдегі ішкі флексия, супплетивтік тәсіл жата-
ды. Ал қазақ тілінде префикстік те, флексиялық та, супплетивтік
те тәсіл жоқ. Бірлі-жарым кірме сөздің қүрамындағы бей, би
(бишара, беймаза), на (наразм) сияқтылардың жеке басында
ешбір грамматикалық, семантикалық сипат жоқ, олар тілімізде
сөз қүрамынан болінбей, түтасып кеткен.

Қазақ тілінде грамматикалық форма арқылы берілетін
мағынаны категориялық грамматикалық мағына деп атау
қажет. Жалпы грамматикалық мағына лексикалық мағынаның
жалпылануы арқылы оерілш, сөздщ сыртқы түлғасына, түріне
қатысты болмай, демек, түрлену жүйесіне қатысты болмай,
таза грамматикалық семантика ретінде болса, категориялық
грамматикалық мағына, ең алдымен, белгілі грамматикалық
формалар арқылы беріледі де, екіншіден, сол арқылы белгілі
грамматикалық топтағы сөздердің (сөз таптарының) түрлену
жүйесі болып табылады, үшіншіден, соның нәтижесінде
сол топтағы сөздердің грамматикалық немесе лексика-
граммагикалық категориясын қүрауға негіз болады. Мыса-

26

лы, шақтық мағына белгілі шақ түлғалары (есімше, көсемше

немесе қалып етістіктері, т. б.) арқылы беріліп, етістіктің шақ

категориясын жасауға негіз болады. Сойтіп, категориялық

грамматикалық мағына белгілі грамматикалық сөздер тобының

түрлену жүиесін, парадигмалық сипатын, соның нәтижесінде
I ол топтардың грамматикалық, лексика-грамматикалық катего-

риялар шеңберін, мәнін айқындайды.

Грамматикалық мағына сөйлеу процесінде создің басқа

сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші

II сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация, т. б.
аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы да беріле береді.

Оны қатыстық грамматикалық мағына деп атау қажет.

Түсінікті болу үшін бірнеше мысалды талдап көрелік. Тал-

дан таяқ жас бала таянбайды, Бала бүркіт түлкіден аянбайды

дегендегі екі бала сөзін салыстырып көрейік. Бірінші бала зат

атауы (адам), атау септігі арқылы субстанттық, иелік (таянбау

қимылының иесі), 3-жақ мағыналарын білдіріп түрса, екінші

бала заттық мағынада емес, сындық-қатыстық мағынаны

білдіріп түр. Бүл грамматикалық (сындық-қатыстық) мағына

бала сөзінің бүркіт сөзімен тікелей тіркесуінен пайда болып,

I соның арқасында адъективтену процесіне ие болған. Менде
ақыл түра ма? (Шәкәрім) дегенде сүраулық мағына ма шыла-

уы арқылы беріліп түр. Бұл - кітапты көп оқиды және Бүл кітап

дүкенде сатылып жатыр деген сөйлемдегі бұл сөздерінің ин-

тонациясына назар аударсақ та жеткілікті. Әрине, бірінші бүл

дегеннің атау септік түлғасында түрғаны - бөлек әңгіме. Неме-

се мына диалогта үйде сөзінің мағынасына назар аударайық:

, - Қайда болдың?
і Үйде.

Қай

I - Басқа грамматикалық мағыналарды ескермегеннің өзінде

1 екінші үйде дегенде сүрау мағынасы тек интонация арқылы

берілген.

27

Сөйтіп, қатыстық грамматикалық мағына сөздердің
сөйлемде атқаратын қызметтерімен байланысты және көбіне
контекстік болып келеді де, сөздерді таптастыруда сөздердің
синтаксистік қызметі принципіне негіз болады. Сонымен
бірге грамматикалық мағынаның бұл үш түрі, бір жағынан,
грамматикалық мағынаның грамматикалық форма деген
үғыммен байланыстылыгын және грамматикалық категория
деген үгымның мәнін, шеңберін айқындауға негіз болатынын
(категориялық магына) көрсетсе, екінші жағынан, кейде тек ол
морфология саласымен шектеліп қоймай, синтаксиске де еніп
кететінін (қатыстық грамматикалық мағына) көрсетіп, мор-
фология мен синтаксистің арасын жымдастыра түсуге себін
тигізеді. Үшінші жағынан, жалпы грамматикалық мағына же-
келеген сөз топтарыньщ семантикалық сипатын айқындайды.

§ 6. ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАНЫҢ БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ
МЕН ЖОЛДАРЫ

Сұрақ. Ең алдымен грамматикалық мағынаның берілу
тәсілдері деғен ұғым мен жолдары деген ұғым бір ме, бөлек-
бөлекпе?

Жауап. Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері деген
ұғым белгілі бір мағына типтерінің (түрлерінің) не арқылы
және қалай берілуінің тілдік қабат негізіндегі жиынтығы, тобы
болып табылады да, ол өз ішінде жекелеген түрлерден тұрады.
Міне грамматикалық мағынаның белгілі бір берілу тәсілінің
бірнеше түрлері болуы мүмкін. Сол түрлер ол тәсілдің немесе
мағына берілудің жолдары деп аталады.

Грамматикалық мағынаны білдірудің ең бірінші тәсілі
-семантикалық тәсіл. Ол - сөздің лексикалық мағынасының
абстракцияланып, жалпылануы арқылы іске асады. Сөйтіп,
жалпы грамматикалық мағына пайда болады. Екінші - син-
тетикалық тәсіл. Грамматикалық мағынаның синтетикалық
тәсіл арқылы берілуінің тіл білімінде бірнеше жолы бар. Олар:

28

қосымша қосылу жолы, яғни грамматикалық тұлғалардың
(формалардың) үстелуі арқылы грамматикалық мағынаның
берілуі, префикс қосылу жолы, яғни сөзге префикс (приставка)
қосылу арқылы ғрамматикалық мағынаның берілуі; ішкі флек-
сия жолы, яғни сөздің ішкі кейбір дыбыстарының өзгеруі, алма-
суы, қосылуы арқылыграмматикалық мағынаның берілуі; екпін
арқылы, яғни екпіннің өзгеруімен грамматикалық магынаның
берілуі, супплетивті жол, яғни грамматикалық мағынаның
жеке-жеке сөздер арқылы берілуі. Үшінші - аналитикалық
тәсіл. Аналитикалық тәсілдің бірнеше түрі, жолы бар. Олар:
негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық магынаның
берілуі (мысалы, алтын сағат, темір күрек, ағаш үй, шәкірт бала
сияқты тіркестерде алғашқы зат атаулары алтын, темір, ағаш,
шәкірт екінші зат атауын оілдіретш создермен тіркесу арқылы
заттық мағынада емес, қатыстық; сындық мәнде қолданылған)
негізгі сөз бен көмекші сөздің (комекші етістік, шылау, т.б.)
тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің
қосарлануы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі,
создердің орын тәртіоі арқылы грамматикалық мағынаның
берілуі, дауыс ырғағы, интонация арқылы грамматикалық
мағынаның берілуі. Сондай-ақ аралас тәсілдер де болуы мүмкін
яғни грамматикалық мағынаның оерілуінде оір емес, оірнеше
тәсілдің элементі болуы мүмкін.

Сұрақ. Грамматикалық мағынаны берудің осы көрсетілген
тәсілдері мен жолдары барлық тілдерге де тән бе? Бүл жағынан
қазақ тілінің ерекшелігі бар ма?

Жауап. Грамматикалық мағынаны білдірудің бүлкөрсетілген
тәсілдері мен жолдары бір тілде толық кездесе бермеуі мүмкін.
Бір тілде олардың кейбіреулері ғана қолданылуы мүмкін. Қазақ
тшінде оұл тәсілдердің кездесетіндері мыналар:

1. Семантикалық тәсіл. Лексикалық мағынаның жал-
пыланып, абстракңиялануы арқылы жалпы грамматикалық
мағынаның пайда болуы. Мысалы, белгілі бір топ сөздердің

29

жалпы зат атауын немесе заттың сынын я санын, немесе жал-
пы қимыл, іс-әрекетті білдіру, сөйтіп, белгілі бір топтарға (сөз
таптарына) жіктелуі.

2. С интетикалы қ тәсілдің қазақ тілінде ең жиі кездесе-
тіні —қосымша арқылы грамматикалық мағынаның берілуі.
Әсіресе форма тудыратын қосымшалар арқылы неше ал-
уан грамматикалық магына беріледі: көптік, тәуелдік, жақтық
мағыналар, жіктік жалғау арқылы жақтық, жекешелік-
көпшілік мағыналар, септік жалғаулары арқылы қимыл, іс-
әрекеттің иесі, меншіктілік, тура және жанама объектілік,
мезгілдік, мекендік-бағыттық, қүралдық-амалдық сияқты
мағыналар, шырай жүрнақтары арқылы бір тектес сынның са-
лыстырмалы я күшеитпелі сипаты, етіс жүрнақтары арқылы
қимыл, іс-әрекеттің субъекті мен объекті арасындағы әр түрлі
қатынастарды білдіру, болымсыз етістік жүрнағы арқылы сол
қимылдың болмауы, шақ жүрнақтары арқылы сөйлеп түрған
сәтпен байланысты қимылдың болып кеткенін, я болып
жатқанын, я әлі болмағанын (шақтық мағыналарды) білдіруі,
рай түлғалары арқылы қимылдың болу-болмау шартын, тілек-
ниетін, біреуге бүйыруын, т. б. білдіруін көрсетуге болады.
Ал қазақ тілінде грамматикалық мағынаны префикс арқылы
білдіру жолы жоқ. Мысалы, орыс тілінде при-шел (келді),
у-чил (оқытты, үйретті), за-шел (келіп кетті), про-читал (оқып
шықты), пере-шел (өтіп кетті), т. б. сөздердегі при, у, за, про,
пере приставкалары белгілі грамматикалық мағына тудырып
түр. Қазақ тіліндегі бірді-екілі сөздің қүрамындағы бей (би) -
бейшара, беймаза, бейуақ, на - наразы, т. б. префикс емес,
олар кірме түбірдің қүрамына еніп кетеді. Сондай-ақ ішкі
флексия жолы да қазақ тілінде жоқ. Мысалы, араб тілінде
сөздің қүрамындағы ішкі дыбыстардың өзгеруі арқылы жаңа
грамматикалық мағына туады: катаба -жазу, жазды етістігі
болса, китаабун - кітап та, кутбун - кітаптар деген көптік
мәнді білдіреді. Ішкі флексияның элементтері орыс тілінде

30

де кездесіп отырады: собирать (жинау) - собрать (жинап алу),
бегать (жүгіру) - бежать (жүгіріп кету), т. б. сияқты етістіктің
видтік мағыналары, сөздің қүрамындағы дыбыс өзгерістері

флексия)
Қазақ

болымсыз етістік пен етістік түбірден зат есім тудыратын -ма,
-ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшалары арқылы жасалған сөздердегі
екпіннің әр түрлілігі (мысалы кеспе —кеспе, мінбе - мінбе,
көрме —көрме, қоспа —қоспа, т. б.) екпіннің сөз мағынасын ай-
ыру сипаты бола алмайды. Орыс тілінде екпін сөз мағынасын
(лексикалық) айырумен бірге (мысалы, замок - қорған, замок -
қүлып, кілт, мука —азап, мука —үн, т. б.) грамматикалық
мағына тудыруға да негіз болады: окна - терезенің (жекеше ілік
септік), окна - терезелер (көпше атау септік), руки - қолдың,
руки - қолдар, воды - судың, воды - сулар, т. б. Сондай-ақ қазақ
тілінде грамматикалық мағынаны берудің супплетпвті жолы
да жоқ. Мысалы, орыс тілінде адам деген үгым человек сөзі
арқылы берілсе, оның көпше түрі бүтіндей басқа сөзбен (люди -
адамдар) беріледі. Сондай-ақ хорошо - жақсы және лучше -
өте жақсы, сказал - айтты, говорил - айтты параллельдері
де супплетивті жол арқылы грамматикалық мағына білдіруге

жатады.
3. Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің барлық түрлері

дерлік кездесіп отырады. Негізгі сөздердің тіркесуі арқылы
грамматикалық мағынаның берілуі дегенде, әдетте ол
сөздердің сол түлғаларында бір-бірімен тіркесуі арқылы жеке
түрғандағысынан озгеше, жаңа грамматикалық мағынаны
білдіруін айтамыз. Бүл —әсіресе түбір түлғадағы зат есімдердің
бір-бірімен тіркесіп қолданылуынан анық көрінеді. Әдетте зат
есім заттың атын білдіру мағынасымен байланысты колданыл-
са, енді бір зат есім екінші зат есіммен түбір түлғада тіркессе,
зат атауын білдіруге жат мағынада, қатыстық-сындық мағынада

Мысалы, Мықшима

31

байпақ тоңдырмас ызғар өтіп (Абай). Тоқпағы мықты бол-
са, киіз қазық жерге кірер (Мақал). Бір-бір киіз үй әкелгенде,
бәрінен Итбайдың үйі үнамды боп шыққан (С. Мүқанов). Бүл
сөйлемдердегі былгары, киіз сөздері заттық магынада емес,
етіктің, байпақтың, қазықтың, үйдің, қатыстық-сындық сипаты
мәнінде ягни осы соңгы заттардың неден жасалганын білдіру
мәнінде қолданылған. Зат атауын білдіретін сөздердің бүндай
әдеттен тыс ерекше грамматикалық мағыналары ол сөздердің
заттық мағынаны білдіретін екінші сөзбен тікелей тіркесінен
пайда болған. Сол сияқты қол сағат, қалта сағат, қабырга
сағат, алтын сағат, жібек орамал, тас үй, тас жол, кигіз үй,
кірпіш үй, ағаш үй, оқушы бала, т. б. тәрізді тіркестердің
бірінші зат есім сыңары зат есімге тән емес қатыстық-сындық
мәнді білдіріп, қандай? деген сүраққа жауап береді.

Негізгі (толық мағыналы) сөз бен көмекші сөздің тіркесуі
арқылы да грамматикалық магынаның берілуі қазақ тілінен
үлкен орын алады. Негізгі сөздерге септеулік шылаулар тіркесу
арқылы мақсат, себеп, арнау, мекендік, мезгілдік, саралау,
үқсату, жәрдемдік, комектік, молшерлік сияқты магыналар
үстеледі. Мысалы, Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-
барды, ертегіні термек үшін деген сөйлемдегі үшін шылауы
031 тіркескен ермек, термек сөздеріне мақсат мәнін үстеген.
Ал демеулік шылаулар озі тіркескен сөзге я түгел сөйлемге
әртүрлі күшейткіш, сүрау, болжам, шектілік тәрізді мән
үстейді. Ашаршылық жоқ па? Ақ жағы қалай? Сауыны тәуір
ер бар ма? Осының бәрін қадағалап сүрайды (М. Әуезов). -
Шүғаның белгісін сіз білмейтін шығарсыз-ау! - деді (Б. Май-
лин). Сондай-ақ көмекші етістіктердің өздері қатысты негізгі
сөздерге (етістікке не есім сөздерге) үстейтін грамматикалық
мағыналары сан алуан. Мысалы, тек қана оқып сөзіне
тіркескен мына комекші етістіктердің үстейтін грамматикалық
магыналары қаншама: оқып отырды, оқып жүрді, оқып түрды,

32

оқып болды, оқып шықты, оқып қалды, оқып қойды, оқып
көрді, т. б.

Сөздердің қосарлануы арқылы жалпылық, көптік,
сөздердің қайталануы арқылы көптік, дүркінділік, сындық
мәндегі сөздерде үстеме буын арқылы күшейткіш мағыналар
үстеу де грамматикалық мағына білдірудің белгілі бір жолда-
ры болып табылады. Мысалы, аяқ - табақ, үлкен - кіші, кәрі -
жас дегендер жаңа туынды (сөз) болумен қатар жалпылық мән
сияқты грамматикалық мағына да білдіріп түр, ал қора-қора қой,
тау-тау астық, көре-көре, сөйлей-сөйлей дегендегі қайталама
қос сөздер көптік, дүркінділік үғымды білдіреді, қып-қызыл,
жап-жақсы, үп-үлкен дегендегі үстеме буындар (қап, жап, үп)
күшейткіш мәнді білдіреді.

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі әр тілде әр түрлі
қызмет атқарады. Қазақ тілінде ол (сөздердің орын тәртібі) -
грамматикалық мағына білдірудің негізгі бір жолы болып табы-
лады. Сондықтан да сөйлемде сөздердің (сөйлем мүшелерінің)
белгілі түрақты орын тәртібі бар. Ол орын тәртібінің өзгеруі
белгілі бір мән үстелумен байланысты болады. Мысалы,
Тарт қолыңды Вьетнамнан! (Әдеттегі орын тәртібі - Вьет-
намнан қолынды тарт) деген сөйлем үлкен бір жігермен ай-
тылады да, орын тәртібінің өзгеруі (инверсия) белгілі бір
стильдік жүк котеріп түр. Создердің орын тәртібінің өзгеруі
олардың грамматикалық мағыналары мен сөздер арасындағы
синтаксистік қатынастардың мүлдем өзгеріп кетуіне де се-
беп болады. Мысалы, қалта сағат (сағаттың қалтаға салып
жүретін бір түрі), көз әйнек (көзілдірік яғни көзге салатын
әйнек), біз өкше (үшкір биік өкше), мосы ағаш (мосы жасайтын
ағаш) тәрізді тіркестер бір түрлі мәнде қолданылса, олардың
орнын ауыстырып жүмсағанда, басқа мағынада және басқа
синтаксистік қатынаста айтылады: сағат қалта (сағат салуға
арналып тігілген қалта), әйнек көз (шыныдан салынған жасан-
ды коз), екше біз (жуан біз яғни ағаш шегені өкшеге қағу үшін

33

пайдаланылатын ең жуан біз), ағаш мосы (ағаштан жасалған

мосының түрі, темір мосы да болуы мүмкін), т. б. Қалай

үғындыратынын білмей:

- Жүрек, - деді тракторист. -*

- Жүрек? Мүның да жүрегі бола ма? (Ғ. Мүстафин). Бүл

мысалдағы екінші жүрек ерекше сүрау интонациясымен

айтылған. Сондықтан да ол - жалғыз жүрек сөзінің өзі-ақ

сүраулы сөйлем болып түр.

Немесе: Бүл - бала берген кітап. Бүл бала кітапты әкеп

берді деген екі сөйлемдегі бүл сөзі екі түрлі дауыс ырғағымен

(интонациямен) айтылған, сондықтан да екі түрлі мағынада

қолданылған: бірінші бүл субстантивтеніп 3-жақ субъ-

ект мағынасында, екінші бүл атрибутивтік-анықтауыштық

қатынаста жүмсалған.

§ 7. ГРАММАТИКАЛЫҚ ФОРМА

Грамматикалық мағына әр түрлі тәсілдер арқылы оеріледі.
Грамматикалық мағынаны білдіретін синтетикалық төсілдің
бір типі - грамматикалық формалар. Яғни грамматикалық
мағынаның белгілі бір түрі, атап айтқанда, категориялық
грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы
беріледі. Сойтіп, грамматикалық форма белгілі топтағы
сөздердің қосымшалар, грамматикалық түлғалар (жалғау,
жүрнақ) арқылы белгілі жүйелі парадигма бойынша түрленуі
болып табылады да, сол арқылы әр түлғаға сай категориялық
грамматикалық мағына беріледі.

Сұрақ. Оқулықтарда грамматикалық форманы анықтағанда
грамматикалық мағынаны білдірудің сыртқы жағы,
грамматикалық тәсілі деп, грамматикалық мағынаны түр-

түрге бөлмейді ғой?
Жауап. Рас, осы уақытқа дейін грамматикалық мағына мен

грамматикалық форма деген ұғымдарды әрдайым бір нәрсенің
ішкі жағы, мазмүны мен сыртқы жағы, тұлғасы немесе сол

34

мазмұнның іске асу, көріну тәсілі деп анықтап келдік. “Қандай
грамматикалық мағына болса да, оның өзіне тән грамматикалық
формасы болады, керісінше қандай бір грамматикалық форма
болса да, оның өзіне тән грамматикалық мағынасы болады.
Грамматикалық мағынасы жоқ грамматикалық форма болмай-
ды, грамматикалық формасы жоқ грамматикалық мағына бол-
майды”(Ы. А.-ҚҚТ, 18), “Тілдегі мағынамен форма, соныңішінде
грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір-бірімен
тыгыз байланыста болады. Белгілі бір грамматикалық формасы
болған жағдайда гана грамматикалық мағына жайында сөз ете
аламыз. Керісінше белгілі бір форманың грамматикалық фор-
ма ретінде танылуы үшін, оның міндетті түрде грамматикалық
мағынаны білдіруі қажет” (А.-ГТН, 16) - деген пікірлер осыған
дәлел. Бүл екі ұғымды осындай балама мәнде, бір нәрсенің екі
жағы ғана (біреуі ішкі мазмүны, екіншісі сыртқы түрі) деп түсіну
тіпті де дұрыс емес, өйткені олар (грамматикалық мағына мен
грамматикалық форма) әр уақытта бір-бірімен балама, сай бола
бермейді. Лексикалық мағынаның абстракцияланып жалпы-
лануы арқылы пайда болатын жалпы грамматикалық мағына,
сондай-ақ аналитикалық тәсіл арқылы берілетін қатыстық
грамматикалық мағына ешбір грамматикалық формасыз-ақ
берілетінін жоғарыдан байқадық. Мысалы, тау, тас, үй, көл
және бала, қыз, әке сияқты сөздердегі жалпы заттық мағына,
алғашқы топтағы сөздерде жансыз (нелік) заттар, соңғы
топтағы сөздерде адамға байланысты (киімдік) заттар мағы-
насы грамматикалық мағыналар екендігінде ешбір күмән жоқ.
Бірақ бүлардың ешқайсысы да ешбір грамматикалық форма
арқылы берілмеген. Сондай-ақ аналитикалық тәсілдің түрлері
болып табылатын негізгі сөздердің бір-бірімен тіркесуі, негізгі
сөз бен көмекші сөздің тіркесі арқылы, сөздердің қосарлануы,
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен дауыс ырғағы (инто-
нация), т. б. арқылы грамматикалық (дүрысында қатыстық
грамматикалық) мағынаны білдіруде ешбір форма жоқ.

35

Сондықтан да грамматикалық форма арқылы грамматикалық
магынаның берілуі дегенде әңгіме жалпы грамматикалық
магына атаулы емес, грамматикалық мағынаның бір түрі бо-
лып табылатын категориялық грамматикалық мағына жай-
ында гана болу керек.

Қазақ тілінде грамматикалық форма дегенге белгілі бір
грамматикалық топтагы создердің (сөз табының) түрлену,
озгеру жүйесі болып табылатын, парадигмалық сипаттағы
түлғалары, форма тудырушы қосымшалары (форма тудыратын
жүрнақтар мен жалғаулар) жатады. өйткені олар (сөз табының
парадигмалық сипаттағы түлғалары), ең алдымен, белгілі
бір грамматикалық (категориялық грамматикалық) мағына
білдірумен байланысты, екіншіден, грамматикалық мағына
біреу ғана емес, түрлену жүйесіне байланысты әрі тектес,
бір ыңғайлас, әрі өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы мәндегі
грамматикалық мағыналардың бірлігінен түрады.

Сөйтіп, қазақ тілінде грамматикалық формаларға жалғаулар
(көптік, тәуелдік, септік, жіктік) және форма тудыратын
жүрнақтар (сын есімнің шырай түлғалары, етіс, күшейтпелі
етістік, болымсыз етістік, түйық етістік, рай, шақ, есімше,
косемше түлғалары) жатады.

Грамматикалық форма, бір жағынан, создің сөйлеу
проңесінде түрлену жүйесінің түлғалық көрінісі болып есеп-
телсе, екінші жағынан, белгілі мәндегі грамматикалық
мағынаны білдірудің жолы болып табылады. Яғни белгілі бір
грамматикалық (категориялық грамматикалық) мағына белгілі
бір грамматикалық формалар жүйесі я оның бір түрі арқылы
беріліп отырады. Мысалы, тәуелдік мағына (оңаша түрі)
1-жақта -ым, -ім, -м, 2-жақта анайы -ың, -ің, -ң, сыпайы -ыңыз,

Міне осьгадай мәндегі түлга грамматикалық форма деп аталады.

36

§ 8. ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНА МЕН
ГРАММАТИКАЛЫҚ ФОРМАНЫҢ СӘЙКЕСТІГІЖӘНЕ

НОЛЬДІК ФОРМА

Тілімізде белгілі бір грамматикалық (категориялық
грамматикалық) мағына белгілі бір грамматикалық форма —
түлға арқылы берілетіні белгілі. Яғни грамматикалық мағына
мен грамматикалық форма (түлға) бір-бірімен тығыз байланы-
сты.

Сұрақ. Грамматикалық мағынаның грамматикалық фор-
мамен сәйкестігі дегенде әңгіме грамматикалық мағына
атаулының бәрі туралы бола ма, әлде оның бір түрі жайында

бола ма?
Жауап. Грамматикалық мағына мен грамматикалық

форманың сәйкестігі сөз болғанда, әдетте категориялық
грамматикалық мағына негізге алынады, өйткені жоғарыда
көрсетілгендей, грамматикалық мағынаның осы түрі ғана ар-
найы грамматикалық форма арқылы беріледі.

Әрине, грамматикалық мағына мен грамматикалық форма
бір-біріне сай келеді дегенде, сөздің құрамында ол екеуінің
саны да әрдайым бірдей болады деген қорытынды тумайды.
Кейде бір тұлғаның өзі бірнеше грамматикалық мағынаны
және керісінше бірнеше грамматикалық форма бір мағынаны
білдіріп те түрады. Мысалы, кітабым стол үстінде жатыр
дегендегі кітабым сөзі кітап деген түбір мен -ым деген тәуелдік
жалғауынан түрады.

Ал осы -ым деген бір тұлға үш мағынаны білдіреді:
1) тәуелдік мағына, яғни кітап деген зат екінші затқа тәуелді,
соның меншігі екенін білдіреді, бүл —негізгі мағынасы. Бүл
жағынан қарағанда кітабың, кітабы, кітабымыз, кітабыңыз, т. б.
сөздер қүрамындағы -ың, -ы, -ымыз, -ыңыз деген түлғалардың
бір-бірінен мағынасы жағынан ешбір айырмасы жоқ, бәрі де
тәуелділік, екінші затқа меншіктілік мағынаны білдіреді. Міне,

37

осыдан бір грамматикалық мағына, бірнеше грамматикалық
түлға арқылы берілетіні анық көрінеді. Бірақ -ым қосымшасы
тек тәуелділік мағынаны білдіріп қоймайды, сонымен бірге
2) жақтық мағынаны да білдіреді. Яғни зат (кітап) қай жаққа
тәуелді екенін көрсетіп түр. Ол - айтушы жақ. (тілімізде үш
жақ бар екені белгілі: айтушы жақ, тыңдаушы жақ және бөгде
жақ немесе бірінші, екінші, үшінші жақ). Әрбір жақтың өзі де
бірнешеге бөлінеді: көпше, жекеше және II тыңдаушы жақ -
анайы, сыпайы. Міне, сондықтан 3) -ым түлғасы бірінші, ай-
тушы жақты білдірумен бірге сол затқа (кітапқа) ие бір-ақ адам
(жекеше), мен екендігін көрсетіп түр.

Сөйтіп, сөз таптарының әрбір грамматикалық форма -
түлғасы сөзге арнайы форма тудырушы косымша (жүрнақ,
жалғау) қосылу арқылы грамматикалық (категориялық
грамматикалық) мағынаны білдіреді. Ол грамматикалық
мағына сөйлеу процесінде, контекст ішінде айқындалады.
Сондьщтан да грамматикалық мағына мен грамматикалық
форма сәйкес болады дейміз.

Сүрақ. Грамматикалық мағынасыз грамматикалық фор-
ма болмайды және грамматикалық формасыз грамматикалық
мағына берілмейді дегенді қалай түсінеміз?

Жауап. Грамматикалық мағына білдірмейтін грам-
матикалық форма болмайды және грамматикалық форма-
сыз грамматикалық мағына да болмайды дегенді бүлардың
жаңағы қасиетінің негізінде ғана тек шартты түрде айта-
мыз. Өйткені кейбір жағдайларда қазіргі тілімізде ешбір ар-
найы грамматикалық түлғасыз-ақ белгілі бір грамматикалық
мағына беріліп түрады. Сондай-ақ кейде сөз қүрамында
белгілі бір грамматикалық форма болғанмен, ол өз бетінше
грамматикалық мағына білдіре алмай, факультативті түрде

формасыз
форма

Мысалы

38

менімен қайтатын тәрізді сөйлемдердегі әрбір сөзге, олардың
түлғаларына және сол түлға білдіріп түрған мағыналарға назар
аударайықшы. Морфологиялық жағынан бүл сөздерді мынадай
белшектерге бөлуге болады: он (ол, л дыбысына біткен жіктеу,
сілтеу есімдіктері септелгенде, л не түсіп қалады, не н дыбысы-
на айналып кетеді), үй, сөйле, ауыл, мен, қайт дегендер сөздің
түбірі, -мен, -де, -а көмектес, жатыс, барыс септік жалғаулары,
-с ортақ етіс, -тын, -тін есімше жүрнақтары. Үйінде, аулына
сөздеріндегі -і, -ы тәуелдік жалғауы (3-жақ), одан кейінгі -н
түлғасы қазіргі грамматикаларымызда септік жалғауларының
қүрамында қаралып жүр: -нде - жатыс септік, -на - барыс септік
болып, шындығында -н —септік жалғауының көрсеткіші емес,
түркологияда бүл тәуелдік жалғаудың 3-жағының қалдық фор-
масы деген пікір бар, яғни тәуелдік жалғауы 3-жақта қазіргідей
-ы, -і, -сы, -сі болмай, -сын, -сін болған да, кейін соңғы -н түсіп
қалған. Бүл арасы тіл білімінде әлі шешілген жоқ. Қайткен
күнде де 3-жақ тәуелдік түлғада түрған сөзге барыс, жатыс
септік жалғаулары жалғанғанда, бүлардың арасында пайда
болатын -н септік жалғау қүрамында қаралғанмен, белгілі бір
грамматикалық категорияның көне көрсеткіші болған. Бертін
келе өзі білдіретін грамматикалық мағынадан айырылып қалған
да, сөз қүрамында факультативтік элемент ретінде сақталып
қалған. Бүл -н түлғасы тек септік жалғауларының ғана алды-
нан емес, тәуелдік жалғаудың 3-жағынан кейін жалғанған -ша,
-ше, -дай, -дей жүрнақтарының алдынан да -нша, -нше, -ндай,
-ндей болып шыға келді: біреудің кез-і-нше, айту-ы-нша, бала-

сы-ндай, үн-і-ндей, т. б.
Сөйлемдегі онымен, менімен деген сөздердің қүрамында да

түбір (ол-он, мен) менкөмектес септік жалғаудың (мен) арасында
қазір ешбір грамматикалық мағына білдірмейтін -ы, -і-түлғасы
жүмсалады. Тарихи түрғыдан қарасақ, бүл түлға (дүрысы -ы,
-і емес, -ны, -ні болу керек) - ілік септік жалғауының қалдық
көрсеткіші. Өйткені кемектес септік жалғауы -мен, -бен, -нен

39

және осы түлғалас жалғаулық шылау да) бірлен (білен, илян)
септеулік шылаудан қалыптасқаны күмән тудырмайды және
бүл шылау (білән) көне кезде өзі қатысты негізгі сөздің ілік
септік түлғасымен байланысқан. Бүны әр дәуірге жататын көне
жазбалар тілінің материалдары дәлелдейді. Сонда менімен де-
ген сөз түлғасының қалыптасуы былай болған: менің бірлән
- менің білән - мені(н) менен - меніменен - менімен. Ал енді
қазір кезде менімен деген сөздегі -(н)і(-ы) түлғасы ілік септік
мағынасынан айрылып қалған, басы артық реликт форма
ретінде ғана сөз қүрамында жүмсалады.

Ілік септік түлғасының үстіне басқа септік жалғауларының
үстеліп қолданылуы —тілдің дамуындағы әр кезеңінде бо-
лып отырған қүбылыс. Мысалы, үйғыр тілінде 1-жақ жіктеу
есімдігіне барыс септік жалғауы ілік септік формасына да
жалғанып менинге болып жүмсалады, ілік септік формасына
“Қүтадғу білікте” (XI ғасыр) жатыс, шығыс септік жалғаулары
да жалғанған: сәннң - дин, аның - да, сениң - дә, т. б. Бүның
өзі септік жалғауларының қалыптасу кезеңі мен жолы әр түрлі

екенін көрсетеді.
Сондай-ақ сөйлесетін, қайтатын деген сөздердің

қүрамындағы -а, -е көсемше тұлғалары да өз мағыналарынан
айрылып қалып, бүл жерде көсемше көрсеткіші бола алмай
түр. Тарихи жагынан келгенде, есімшенің -тын, -тін жүрнағы
түрған көмекші етістіктен қалыптасқаны белгілі. Сөйлесетін,
қайтатын деген сөздер былай қалыптасқан: сөйлесе тұрған
- сөйлесе тұғын - сөйлесетін, қайта тұрган - қайта
тұгын - қайтатын. Көсемше жүрнағы -а, -е алғашқы негізгі
етістіктің құрамында өзінің грамматикалық мағынасында
жұмсалып, көмекші етістікпен (тұрған) тіркесіп, күрделі
етістік қүраған, кейін көмекші етістік түлғасын өзгертіп, бірте-
бірте ықшамдалып, жүрнаққа айналып кеткен кезде, көсемше
жүрнагы мағынасынан айрылып қалған, бірақ түсіп қалмай,
реликт түлға ретінде сақталып қалып қойған. Сондықтан да

40

қазіргі кезде оқулықтарда -а, -е, -й көсемше тұлғасы -тын,
-тін есімше жүрнағынан бөліп алынып қаралмай, түтас түлға
ретінде беріледі.

Сөйтіп, тілімізде қазіргі кезде ешбір грамматикалық мағына
білдіре алмайтын қалдық формалар да бар екен. Осындай
қасиетінің арқасында (грамматикалық мағынадан айрылып
қалуының нәтижесінде) әдетте оларды жеке бөліп алмай, басқа
формалардың қүрамында қараймыз.

Сүрақ. Грамматикалық мағынасыз грамматикалық фор-
ма болмайды десек те, ондай қүбылыс тілдің грамматикалық
қүрылысынан кездесіп отырады дейміз бе?

Жауап. Грамматикалық мағына білдірмейтін грамматика-
лық форма болмайды десек, оны диалектикалық мәнде түсіну
керек. Тілдің грамматикалық қүрылысында кездесіп отыратын
ондай түлғалар, біріншіден, бір кезде грамматикалық мағынаны
білдірген. Ал кейін, екіншіден, ол білдірген грамматикалық
мағына жоғалып кеткенде, ол форма сөз қүрамында факуль-
татив түлға ретінде сақталып қалған (мысалы, есімдіктің
көмектес септігінде ілік септігінің қалдығы -ы, -і, дүрысында
-ны, -ні) немесе басқа түлғаньщ қүрамына еніп кеткен (мысалы,
3-жақ тәуелдік жалғауынан кейін барыс, жатыс септіктерінің
қүрамындағы -н: -на, -не, -нда, -нде, т. б.)

Сүрақ. Грамматикалық формасыз да ғрамматикалық мағына
беріле ме?

Жауап. Кейбір жағдайларда ешбір грамматикалық
түлғасыз-ақ белгілі бір грамматикалық мағына беріліп
түрады. Ол грамматикалық мағына сөз түбірі білдіретін
грамматикалық мағынадан бөлек болады. Яғни әңгіме
категориялық грамматикалық мағына жайында. Міне, сондай
арнайы қосымша көрсеткіші болмай, түлғасы көрінбей түрып-
ақ белгілі грамматикалық (категориялық грамматикалық)
мағына білдіруді нольдік түлға (форма) деп атауға болады,
өйткені арнайы көрсеткіш, формалық түлғасы болмағанмен,

41

онда түбір білдіретін мәннен бөлек арнайы грамматикалық
мағына болады. Осы айтылғандар түсініктірек болу үшін мына
сөйлемге назар аударып, талдап көрейікші. Жартасқа бардым,
Күнде айғай салдым. Одан да шықты жаңғырық (Абай).
Тыңда, дала, Жамбылды (Жамбыл). Мысалдағы етістік
баяндауыштың әрқайсысы бірнеше морфема бөлшектен түрып,
сөздің әрбір түлғасы ойға лайық жеке-жеке грамматикалық
мағына білдіріп түр: бар-ды-м, (айғай) сал-ды-м, шық-ты,
тың-да. Осындағы түбір түлғалар қимылды білдіріп, одан
кейінгі -ды, -ты морфемалары сол қимылдың айтып түрған
сәтке байланысты болу мезгілін, шақтық мағынаны, яғни осы
қимылдың айтып түрған кезден бүрын болғандығын білдіріп
түр. Алғашқы екі сөздегі -м түлғасы қимылдың иесін, яғни
сол қимылды орындаушы кім (субъект) екенін және қимыл иесі
кез келген біреу емес, бірінші яғни айтушы жақтың өзі (мен)
екенін көрсетіп түр. Ал үшінші сөзде ондай грамматикалық
түлға жоқ, бірақ соған қарап бүл сөз қимыл иесін (субъектіні)
білдірмейді екен деп ойлауға болмайды. Осы сөздің фор-
масы арқылы қимылды (шығуды) іске асырушы субъектіні
біле аламыз, ол субъект үшінші, бөгде жақ, ол (жаңғырық).
Сонда қимыл иесін мегзеп, үшінші жақты білдіріп түрған
қандай форма? Сөздің соңғы формасы -ты ондай мағынаны
білдіре алмайды, оның мағынасы - тек өткен шақтық мағына.
Міне, осы сөздің қүрамында формальдық түрде арнайы түлға
болмағанмен, ерекше грамматикалық мағына, жақтық мағына
бар. Ол мағына контекс арқылы, айқын сезіледі. Осындағы
3-жақтық магына нольдік түлга арқылы берілген. Сондай-ақ
тыңда сөзі жалпы іс-әрекетті және кимылдың сабақты мәнін
білдірумен бірге (бүл мағыналар түбір арқылы яғни лексикалық
мағынаның абстракңияланып, жалпылануы арқылы беріліп
түр) бүйрықтық мағынаны және ол 2-жаққа қаратылып,
онымен бірге анайылық және жекешелік мағыналарды
білдіріп түр. Бүл соңғы грамматикалық мағыналар, біріншіден,

42

категориялық грамматикалық мағыналар болып табылады,
екіншіден, тұлгасы бар арнайы грамматикалық форма арқылы
берілмеген. Соған қарамастан мұнда грамматикалық форма бар,
ол - тұлгасыз форма, ягни сол жүйедегі басқа парадигмалық
түрлену көрінісінде бүл мағынаға қарама-қайшы, оппозиция
болатын, бірақ бір грамматикалық категорияның (түрлену
жүйесінің) шеңберінде бірлікте түратын форма бар: 2-жақ сы-
пайы түрі -ңыз (тыңда-ңыз), 2-жақ көпше түрі -ңдар (тыңдаң-
дар), т. б. Сондай-ақ бірінші мысалдағы шықты сөзіндегі
3-жақтық мағына жіктік жалғаудың түлғасыз формасы (нольдік
форма) арқылы берілген. Оны да осы сөйлемдегі 1-жақ жекеше
мағынада қолданылған бардым, (айғай) салдым сөздеріндегі
-м формасымен салыстыру арқылы тануға болады.

Тілімізде осындай арнайы белгілі грамматикалық мағынасы
бар, бірақ арнайы көрсеткішсіз түлғада жүмсалатын (кейде
сөйлемде түсіп қалатын) ерекше форма 3-жақ жіктік жалғауы
ғана емес, басқа да грамматикалық түрлену жүйесінен кездеседі.
Мына мысалға назар аударайық, Мәскеу бардым, не көрдім
(Жамбыл). Кел, балалар, оқылық (Алтынсарин). Ғылым тап-
пай мақтанба (Абай). Интернатта оқып жүр талай қазақ бала-
сы (Абай). Иығымда сіздің шаш, Айқайласып тайталас (Абай).
Осы сөйлемдердегі бөлініп көрсетілген сөздердің формасы
мен грамматикалық мағыналарына көз жіберейік: Мәскеу осы
сөйлемде ешбір грамматикалық формасыз қолданылған, бірақ
соған қарамастан қимылдың (барудың) бағытын білдіріп, ба-
рыс септіктің мағынасын беріп тұр: Мәскеуге бардым. Ғылым
сөзі ешбір көрсеткішсіз тура объект болып, табыс септік
мағынасын білдіріп тұр: ғылымды таппай. Кел, мақтанба
етістіктері негізгі түбір күйінде және өздік етіс пен болымсыз
түлғада, 2-жаққа қаратылып, бүйрықты мағынада қолданылған,
бірақ соңғы мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық фор-
ма жоқ. Қазақ сөзі иелік, меншіктілік мағынада жүмсалган,
бірақ оны білдіретін ілік септік жалғауы жоқ. Шаш сөзі

43

керісінше тәуелділік мағынаны білдіріп тұр сіздің шашыңыз.
Ол мағынаны білдіреген тәуелді жалғауы түсіп қалған. Міне,
осы көрсетілген сөздерді; бәрі де берілген сөйлемдерде ешбір
түлғасыз-ақ (нольдік формада) белгілі грамматикалық мағына
білдіреді, ол грамматикалық мағына сөздің түбірі білдіретін
мағынадан бөлек. Сондай-ақ бүл қүбылыс қазақ тілінде анда-
санда ғана кездесетін кездейсоқ жайт емес. Әйтпесе бұл жайын-
да сөз қозғаудың қажеті де болмас еді...

Сүрақ. Нольдік форма да грамматикалық форма болып са-
нала ма?

Жауап. Нольдік түлға өзінше грамматикалық форма бола
алатынын тіл зерттеуші ғалымдар атап көрсеткен болатын.
Бірақ нольдік түлғаға нелер жатады деген мәселеге келгенде,
ғалымдардың пікірі бір жерден шықпайды. Мысалы, академик
И. И. Мещаников “Бір топтағы сөздердің нольдік түлғалары
морфологиялық көрсеткіштері түлғаланған түріне қарама-
қайшы оларды жеке бөліп қарауға критерий бола алады”, - дейді
(М-22). Сондай-ақ О.П. Суник те атауыш сөздердің негізгі түбір
күйінде формасыз түлғалардың бәрін нольдік грамматикалық
форма дейді, - “Мысалы, іс сөзі іс деген түбір зат есім мен
бүл жерде жекешелікті білдіретін нольдік форма тудырушы
қосымшадан түрады. Сөздің бүндай структуралық типі барлық
алтай тілдерінде ғана емес, индоевропа тілдерінде де бар: орыс
тіліндегі стул, қол сөздері түбір мен еркек тектің (мужской род)
атау септік нольдік формасында түр” (МСС, 66, 77).

Ал В. Г. Жирмунский де, Б. А. Серебренников те атау септік
формасын нольдік формаға жатқызуға болмайтынын, бүлай
анықтау шындыққа үйлеспейтінін айтады. В. Г. Жирмунскийдің
көрсетуінше, орыс тіліндегі нольдік формаға бірінші (первое
склонение) септеудің көпше түріндегі ілік септік түлғасын
жатқызуға болады, өйткені, мысалы, роз түлғасын розы, ро-
зам, т. б. сияқты түлғалармен қатар қойып қарауға болады
(МСС, 19, 20, 220). Нольдік форманы осылай тануды И. Е. Ма-

44

манов та қолдайды. Түркологиялық әдебиеттерде ілік, табыс,
т. б септік мағыналарында, бірақ ешбір формасыз жүмсалып
түрған сөздерді атау септік терминінен басқа негіз (основной)
септік немесе белгісіз (неопределенный) септік деп атау тіпті
де кездейсоқ емес. И. Е. Маманов қазақ тілінде нольдік формаға
ілік, табыс, барыс септік түлғаларының түсіріліп айтылуы
мен бүйрық райдың екінші жақ жекеше түрін ғана жатқызады
(М.-ҚҚТ ЛТ, 74-79).

Міне осы ыңғайда нольдік форма мен грамматикалық
форманың ара қатынасын ашып алған жөн. Рас, қазақ тілінде
де, оасқа да түркі тілдерінде де негізгі сөз таптарына жататын
сөздер ешоір қосымша көрсеткіштерсіз-ақ негізгі түоір күиінде
түрьга белгілі лексикалық мағынаны білдіреді, міне соның
нәтижесінде ол сөз жалпы грамматикалық мағынаға да ие бо-
лады. Өйткені сөздің жалпы грамматикалық мағынасы оның
лексикалық мағынасы негізінде, атап айтқанда, лексикалық
мағьгааның жалпылануы арқылы туындайтыны талассыз нәрсе.
Соның арқасында сөздер белгілі ортақ қасиеттері арқылы топ-
талады. Мысалы, үй, бала, тас, қала, ойыншық, т. б. сөздер
лексикалық мағынасы жағынан бір-біріне ешбір жақындығы
жоқ: әрқайсысы жеке-жеке заттың атауы. Сол лексикалық
мағынасы негізінде қалыптасқан грамматикалық мағынасы
жағынан қарасақ, бүл сөздерде ортақ белгі бар: ол - зат атауын
білдіру. Сондықтан да бүл сөздер грамматикалық түрғыдан бір
топ - зат есім қүрайды. Сондай-ақ қызыл, үлкен, биік, жақсы,
т. б. сөздер заттың сын-сапасын білдіруі, он, екеу, жүз елу, т.
б. сөздер заттың санын білдіруі, кел, жүр ойна, жүгір, т. б.
сөздер қимылды білдіру жағынан жеке-жеке грамматикалық
топ (сөз таптары) қүрайды. Сондықтан да кейбір еңбектерде ай-
тылып жүрген “түбір сөздерде лексикалық мағына болады да,
грамматикалық мағына болмайды” деген қағида шындыққа жа-
наспайды. Бірақ түбір сөзде грамматикалық мағынаның болуы
оны нольдік формада түр деуге негіз болмайды, өйткені түбірдің

45

тұлғасына тән ерекше қызметі, синтаксистік қарым-қатынасы
бола бермейді және ол сөйлеу кезінде туатын форма емес.
Ы. Е. Мамановтың өте дұрыс көрсетуіндей, “грамматикалық
формалар - сөйлеу негізінде сөйлемде ғана қолданылатын
сөйлеу (речь) бүтіндері”. Оның білдіретін грамматикалық
мағынасы да сөйлеу кезінде айқындалады. Демек, нольдік
форма болу үшін ол сөз сөйлемде белгілі бір түрақты қызмет
атқарып, басқа бір сөзбен қарым-қатынасқа түсуі, түбір
білдіретін грамматикалық мағынадан басқа грамматикалық
мағына білдіріп түруы керек. Мысалы, Одан да шықты
жаңғырық. Кел, балалар, оқылық деген сөйлемдерде ш ықты,
кел деген сөздер қимылды білдіріп тұр. Бұндай мағына кез
келген негізгі етістікте бола береді, яғни қимылды білдіру
осы екі етістіктің шық, кел деген түбірлеріне тән. Сонымен
бірге осы мысалдағы ш ы қты , кел деген сөздерде осы топтагы
(етістік) басқа сөздерден ажыратылатын грамматикалық
мағына бар: ол - бірінші сөзде өткен шақтық (-ты қосымшасы)
және 3-жақ жіктік, екінші сөзде 2-жақ жекеше, анайы,
бүйрықтық мағына. Демек, етістік түбір мен нольдік форма
(2-жақ бұйрық), етістіктің бір формасы (шақтық) мен басқа
нольдік форма (3-жақ жіктік) бір емес. Кел, дегенмен сен мұнда
кел деген (яғни жеке түрғандағы етістік түбір мен сол түбірдің
бұйрық рай формасында сөйлемде қолданылуы) бірдей емес.
Біз әдетте сыртқы тұлғасында айырма болмаған соң, бір деп
үйреніп кеткенбіз. Біріншісі (жеке түбір күйінде тұрғандағы кел)
қимылды білдіреді, екіншіде (сен мұнда кел деген сөйлемде) сол
мағынаның үстіне тыңдаушы жаққа қаратылып бұйыра айтылу
мағынасы үстелген. Етістік түбірдің осындай ерекшелігі қазақ
тілі оқулықтарында болсын, тіпті етістікті зерттеуге арналған
монографиялық еңбектерде болсын дұрыс көрсетілмей жүр.
Соның салдарынан бір қараганда онша оғаштығы жоқ сияқты
көрінетін қате ережелер осы уақытқа дейін көрсетілмей қеледі.
Мысалы, мектепте де, жоғары оқу орындарында да: етістік

46

түбірі бүйрық райдың 2-жақ жекеше түрі деп үйретеміз. Соған
қалыптасқан оқушы бүл екеуін бір деп түсінеді де, одан басқаны
үқпайды. Ал шындығында бүл екеуі бір емес. Мысалы, сен
сөйлеме, алдырыңыз, мақтанба дегендер бүйрық рай форма-
сы емес пе? Етістік түбірлері сөйле, ал, мақта екені белгілі.
Сонда етістіктің болымсыз және етіс түлғаларын да бүйрық
райдың 2-жақ көрсеткіші демекпіз бе? Дүрысында, “етістік
түбірі бүйрық райдың 2-жақ жекеше түрімен сәйкес келеді”-
деу керек.

2-жақ бүйрық рай мағынасы қазіргі тілімізде нольдік форма
болғанмен, бір кезде оның да өзіне тән грамматикалық түлғасы
болғанын салыстырма-тарихи фактілер көрсетеді. Қазіргі кейбір
түркі тілдерінде (өзбек, үйгыр, т. б.) оның көрсеткіші бар: - иң.
Қазақстанның оңтүстік-батыс аудандарында, Қарақалпақстанда
түратын қазақтар тілінде 2-жақ бүйрық райдың -ғын, -гін, не-
месе -ғыл, -гіл қосымшасы болуы (бар-барғын) кездейсоқ емес.
Сондай-ақ бүйрық райдың басқа жақтарында (I. -айын, -ейін,
-йін, -йын, II. сыпайы -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз, III. -сын, -сін) ар-
наулыграмматикалық көрсеткіштердіңболуы біркездетілімізде
бүйрық райдың 2-жақ жекеше түрінің жалғауы болғанын
дәлелдей түседі. Бүйрық райдың 2-жақ көпше түрінің түлғасы
-ыңдар, -іңдер, -ңдар, ңдер. Демек, көптік, мағынаны білдіріп
түрған -дар, -дер жалғауы да, -ың, -ің, -ң - бүйрық райдың
2-жақ көрсеткіші, өткен жіктік жалғаудың 2-жағында жекеше-
ден бөлек көпше түрінің ерекше грамматикалық түлғасы бол-
майды, ол мағына көптік жалғауы қосылуы арқылы беріледі:
оқушысың - оқушысыңдар, келдің - келдіңдер, т. б.

Осы тәріздес жіктік жалғаудың үшінші жағында да бір кез-
де арнаулы грамматикалық көрсеткіш болганын айқындауға
болады. Жіктік жалғаудың 1, 2-жақтарында және көсемше
(-а,-е,-й,-ып,-іп,-п) формасьгаан кейін 3-жақтың өзінде де
(-ды, -ді, -ты, -ті: ол түр етістігінен қалыптасқаны өлдеқашан

47

дәлелденген) жалғаудың жұмсалуы бір кезде 3-жақта жіктік
жалғау болғанын, ол кейін түсіп қалғанын көрсетеді.

Демек, жалғамалы (агглютинативті) тілдердегі нольдік
түлға сөйлеу процесінде сөздің формалық көрсеткіші түсіп
қалып, ол түлға білдіретін грамматикалық мағына сақталып
қалуынан туған немесе сөздердің грамматикалық байланысы-
нан қалыптасқан. Сөйлеу процесінде сөз алгашқы формалық
көрсеткішіне лаиық қызметте жүмсалғанда, грамматикалық
мағына формасыз түрған яғни түбір күйінде қолданылған
сөз (бүйрық райдың 2-жағы) не басқа мағыналы сөз формасы
(3-жақ жіктік жалғау формасы) арқылы беріледі.

Кейбір грамматикалық түлғалар бірде нольдік форма ретінде
ешбір морфологиялық көрсеткішсіз, бірде нольдік формаболмай,
арнайы морфологиялық көрсеткіштері сөзге қосылып, жарыса
қолданыла береді. Оған ілік, барыс, табыс, шығыс септіктері
мен тәуелдік жалғауын жатқызуға болады. Әрине, бүлардың
нольдік түлғада қолданылу мүмкіндігі мен шеңбері бірдей,
біркелкі емес. Барыс, шығыс септіктерінің нольдік түлғалары
өте сирек кездеседі: қала (га) барды, ол бел(ден) асты. Кейбір
түрақты тіркес қүрамында бүл септіктердің нольдік түлғалары
кездеседі, бірақ онда грамматикалық мағына сақтала да бер-
меген, сондықтан әуелгі түлғасын салыстырмалы-тарихи
фактілер негізінде ғана айқындауға болады: бой(ға) жету, ер(ге)
жету, ірбіт(ке) шабу, т. б. ілік пен табыс септік формаларының
түсіп қалуы жйі кездеседі және бүлардың өзіндік ерекшелігі
де жоқ емес. Әрине, бүл септік формаларының түсіп қалу-
қалмаи қолданылуының арасында аиырмашылық та жоқ емес.
Ол мәселе грамматикамызда біршама толық баяндалған. Тек
мына бір жайтқа ғана назар аудара кетуді мақүл көрдік. Ол -
ілік септік түлғасы. Ілік септік түлғасы өзі жалғанған сөзді
тәуелдік жалғаулы сөзбен қайшы байланыстырып түрады,
басқаша айтқанда, ілік септікті сөз бен тәуелдік жалғаулы
сөздің грамматикалық байланысы, мейлі ілік септік жалғауы

48

тұрсын, мейлі түсіп қалсын, берік болады. Ілік септік жалғауы
түсіп қалғанда, ол екі сөздің мағыналық, синтаксистік қарым-
катынасында өзгеріс пайда болады - ол тіркес түрақталып,
номинациялық қасиетке бейімделеді. Соның арқасында бүл
жеке синтаксистік үлгі болып қалыптасып отыр. Мысалы, Арал
теңізі, Абай көшесі, космос кеңістігі, почта қатынасы тәрізді
тізбектер Аралдың теңізі, Абайдың көшесі, космостың кеңістігі,
почтаның қатынасы деген түлғада ешбір қолданылмайды.

Тәуелдік жалғауының түсіп қалуы қазіргі кезде ілік септік
жалғаулы сөздің қандай сөз екеніне тікелей байланысты. Яғни
ілік септікті сөз біздің, сіздің, өзіміздің деген жіктеу, сілтеу
есімдіп оолса ғана, екінші создегі тәуелдік жалғау түсіп
қолданылуы мүмкін: біздің ауыл, сіздің үй, өзіміздің жігіттер.
ырақ тәуелдік жалғауының түсіп қолданылуы кеиін ғана паида
болған құбылыс емес. Әр кезеңдерге жататын жазба нұсқалар
тіліне көз жіберсек, ерте кезде тек бірінші (көпше), екінші (сы-
пайы) жақ тәуелдік жалғауы емес, бірінші (жекеше), үшінші
жақ көрсеткіші де түсіріліп қолданыла берген. Ақын-жыраулар
шығармалары мен қазақ эпостарының тілінде Қобыландының
Тайбурыл, Базарбайдың Төлеген тәрізді, сондай-ақ «Құтадғу
білік» (Юсуп Баласағүн) пен «Дивану луғат - ит турк» (Мах-
муд Қашғари) атты XI ғасыр жазба ескерткіштер тілінде мениң
тилек, мениң йурек, кимиң тозар сияқты конструкциялардың
кездесуі пікірімізді долелдей түседі.

Нольдік тұлға сырт қарағанда түбір түлғамен сәйкес келген-
мен, соз түбірінің барлығы жеке-жеке грамматикалық нольдік
форма бола алмайды, ол тек грамматикалық форма жасауға негіз
болады. Грамматикалық нольдік форма болу үшін ол түлға түбір
күйіндегіден өзгеше грамматикалық магына білдіріп, белгілі
бір топтағы түрлену жүйесінің бір түрі болып саналып, сөйлеу
процесінде белгілі бір түрақты өзіне тән қызмет атқаруға тиісті.
Сондықтан да кейбір грамматикаларымызда «зат есімнің жеке-
ше түрі», «сын есімнің жай шырай түрі», «негізгі етіс» деген

49


Click to View FlipBook Version