The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

isaev_s_kazirgi_kazak_tilindegi_negizgi_grammatikalyk_ugymda

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by dungenbay.elmira, 2020-11-24 08:08:05

isaev_s_kazirgi_kazak_tilindegi_negizgi_grammatikalyk_ugymda

isaev_s_kazirgi_kazak_tilindegi_negizgi_grammatikalyk_ugymda

Зат есімнің түрлену жүйелері, әсіресе, септік жүиесі мен оның
түлғалары заттық мағынаны білдіретін сөздерге (зат есімге)
жалғанып, заттық мағынағатән әр түрлі грамматикалық мағына
үстейді, ал басқа сөз таптарына жалғанса, оған субстантивтік
(заттық) мән үстеп, сөйлемде зат есімнің қызметін атқартады:
Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез (Абай).
Көргеннің көзі жаман, айтқанның сөзі жаман (Мақал). Бүл
сөйлемдердегі білімді, талапты сын есімдері, көрген, айтқан
есімшелері -ден, -га, -нің, -ның деген шығыс, барыс, ілік септік
жалғаулары арқылы адам деген заттық мағынада қолданылған.
Міне, осындай субстантивтік және субстантивтендіру (заттан-
дыру) қасиеті атау септігіне де тән: Бітер істің басына жақсы
келер қасына (Мақал). Малқарға тақау отырған төрт бүрышты
қара - Жәнібек (Ғ. Мүстафин). Шешінген судан тайынбас
(Мақал). Принңип үшін күресу - арыз қуу емес (3. Шашкин). Бүл
сөйлемдердегі жақсы, қара сын есімдері, шешінген есімшесі,
күресу түйық етістігі атау септік түлғасында жүмсалғандықтан,
біріншіден, сөйлемнің бастауыш қызметін атқарып түр, сөйтіп,
бастауыш баяндауышпен (келер, Жәнібек, тайынбас, арыз қуу
емес) жіктік жалғаудың 3-жақ нольдік формасы арқылы қиыса
байланысқан, екіншіден, ол сын есім, етістіктерге (есімше,
түйық етістік) заттық мән үстеп, оларды субстантивтендіріп
түр, олар адам мағынасын білдіріп түр: жақсы адам, қара адам,
шешінген адам, ал күресу - өз бетімен қимыл атауы. Әрине,
бүл сөздер тек осы сияқты қолданыста ғана субтсантивтенген.

Анықтауыштық қатынаста және септеулік шылаулармен
(үшін, арқылы, жөнінде, жайында, туралы, бойы, т. б.) тіркесіп
қолданылған зат есімдер де атау септік түлғасынан өзгеше.
Бүл түлға негізінен зат есімнің түбір түлғасы болып табылады.
Түркі тілдеріндегі түбір - сөздің жеке түрғанындағы мәнді,
мағыналы бөлшегі болғандықтан, сөйлемде сол күйінде өз
бетімен жеке қолданыла алады. Міне, зат есім түбір (негізгі және
туынды түбір) күйінде қолданылғанда осындай қатынастарда

100

(анықтауыштық) және шылаулармен тіркесте соған сәйкес
белгілі синтаксистік қызметте жұмсалады. Ол зат есімдерді
сыртқы түріне ғана қарап атау септік тұлғасымен шатастыруға
болмайды.

Сейтіп, атау септігі сырт тұлғасы жағынан да зат есімнің
тұбір тұлгасымен ұқсас, арнайы грамматикалық көрсеткіші
жоқ болып келсе де, басқа септік тұрлерімен бірдей арнайы
грамматикалық мағынасы бар (субстанттық-заттық мағына, ол
әсіресе, басқа сөз таптарын сөйлемде заттандыру мәнінен айқын
көрінеді), басқа септік тұлғаларындай сөз байланыстырғыш
қызметі бар (субъектілік-предикаттық қатынаста жақ жағынан
қиысып, сөйлемнің баяндауыштық қызметіндегі сөзбен байла-
нысып тұрады), олармен тепе-тең, бірақ нольдік формалы (яғни
арнайы жалғауы жоқ) септік жүйесінің бір тұрі болып табы-
лады. Яғни атау септігі тек арнайы формасы ғана жоқ, басқа
грамматикалық сипаттары септіктің басқа түрлерімен сайма-
сай келетін парадигмалық жұйенің бір тұлғалық түрі болып
саналады.

Сондықтан сырттай бір-біріне ұқсас болса да зат есімнің
түбір тұлғасы мен атау септік тұлғасы бір емес, бөлек-бөлек
грамматикалық тұлғалар, зат есімнің түбір тұлғасы септік
тұлғаларьшың түрленуіне негіз болатын, соның ішінде атау
септігіне де негіз болатын түлға болса, атау септігі - септелудің
парадигмалық жүйесіндегі бір түрлену тұлғасы.

Сұрақ. Сонда ілік, барыс, т. б. септік жалғаулар атау септік
түлғасының үстіне емес, зат есімнің түоір түлғасына жалғана
ма?

Жауап. Дәл солай. Барлық септік түлғаларына, соның
ішінде атау септігінде негіз болатын тұлға - зат есімнің
түбірі. Сондықтан атау септігі - нольдік түлға болады, яғни
түбірдің үстіне нольдік форма (0) жалғасады да, басқа септік
тұлғаларымен тең болып есептеледі.

101

Ілік септігінің білдіретін басты мағьшасы - грамматикалық
меншіктілікті, иелікті, меншіктілік-қатыстықты көрсету.
Әрине, ілік септігі білдіретін меншіктілік мағына иелік-тәндік,
таза меншіктілік (баланың кітабы, Оспанның ішігі, оқушының
дәптері, әкемнің үйі), әр түрлі органикалық, табиғи байланыс
(мүнайдың қалдығы, майдың тортасы, еттің көбігі, шайдың
шамасы), әр түрлі туыстық жақындықтар, адамдар арасьшдағы
қарым-қатынастар (баланың ағасы, агамның жолдасы, әкемнің
нағашысы, әйелдің баласы), бүтіннің бөлшегі, бір заттың
бөлігі (кітаптың беті, үйдің терезесі, үйдің едені, адамның
қолы, таудың басы, ағаштың жапырағы), заттар арасындағы
әр түрлі, әр ыңғайдағы тәуелділік қарым-қатынас (судың
сылдыры, сөздің түйіні, ойдың қорытындысы, аттың сыны,
аңның ізі), заттың әр түрлі қасиеті, сапалық тәндігі (аттың
жүйрігі, қыздың сүлуы, адамның кербезі, ақынның шешені,
адамның үқыптылыгы, баланың үлкені), заттың сандық,
реттік мәні, қатысы (баланың біріншісі, ауылдың жарты-
сы, келгендердің екеуі, конақтардың оны), заттың белгілі бір
қасиетінің артықшылыгьша, ерекшелігіне қатысы (жігіттің
жігіті, шешеннің шешені, сүлудың сүлуы, сараңның сараңы),
т. б. сияқты мәндерді білдіріп, ілік септікті сөз тәуелдік
жалғаулы сөзбен анықтауыштық қатынаста матаса байланы-
сып қолданылады. Демек, ілік септік түлғасының бір ерекшелігі
сол - ол өзі жалғанған сөзді әрі тәуелдік жалғаулы сөзге
бағындыра байланыстырады, әрі басыңқы сөздің тәуелдік
жалғауында түруын талап етіп түрады, әрі ілік септіктегі сөздің
семантикасы (жақтық мағынасы) арқылы тәуелдік жалғаудың
сол жаққа қатысты болуына қарай үш жақты байланыс арқылы
жасалған сөз тіркесі - матасу пайда болады (И. - НОК).

Ілік септік жалғауы кейде түсіріліп те (жасырын түрып та)
айтылады: колхоз малы, ақын өлеңдері, қала жастары, кітап
беті, адам баласы, жер шары, жыл басы,. т. б. Онда бүл тіркестер
(екі сөз арасындағы қатынас) меншіктіліктен гөрі қатыстық,

102

жалпы атаулық, абстрактілік иелік мағына білдіреді: колхоз
малы десек, мал меншік емес, колхозға қатысты екенін (орысша
колхозный скот сияқты), колхоздың малы десек, мал белгілі бір
колхоздың меншігі екенін (скот колхоза сияқты), ақын өлеңдері
де;сек, ақынға қатысты (әрине, ақын шығарған) өлеңдер екешн
(иоэтические стихи немесе вообще стихи поэта сияқты), ал

V•

ақынның өлеңдері десек, белгілі бір нақты ақынның өлеңдері
екенін (стихи поэта), қала жастары десек, жалпы қалада тұратын
жастар екенін (городская молодежь сияқты), ал қаланың жаста-
ры десек, белгілі немесе нақты қаланың жастары екенін (мо-
лодежь города сияқты), т. б. түсінеміз. Бұдан бірден көрінетін
ерекшелік —ілік септік жалғауынсыз байланысқан тіркестер
нақты меншіктілік мағынадан гөрі қатыстық, абстрактілік,
атауыштық мөнді басымырақ білдіреді де, көбіне түрақты,
терминдік, атауыштық сипатқа ие болып қалыптасады. Қазіргі
қазақ тілінде атауыштық мәндегі түрақты тіркестер мен күрделі
терминдердің көбі ілік септік жалғауынсыз қолданылған үлгілер
болып табьшады: тап күресі, космос кеңістігі, Абай көшесі, Ал-
маты к.аласы, күкірт қышқылы, жер шары, күн сәулесі, тап тар-
тысы, товар айналымы, т.б. Қазақ тілінде зат есім мен көмекші
есім ілік септігі (көбіне-көп ілік септігінің түсіп қалған түрі)
мс.ін тәуелдік жалғау арқылы байланысады. ауыл-дың маңы, үй
іглі, стол үсті, аспан асты, үйдің жаны, т. б.(Түркологияда зат
есімнің ілік септік түлғасы мен төуелдік жалғаулы сөздердің
байланысынан түратын тіркесті (колхоз-дың мал-ы, т. б.) иза-
фет ІП, ілік септік түлғасынсыз конструкңияны (колхоз малы)
изафет П деп атайды. Ал изафет I - ешбір жалғаусыз (ілік және
тәуелдік түлғаларынсыз) анықтауыштық қатынастағы екі зат

есімнің тіркесі: қол сағат, тас жол, жібек орамал, ағаш үй, т. б.
Барыс септіғінің басты грамматикалық магынасы —жа-

нама объекті мен қимыл, іс-әрекеттің кімге, неге, қайда
бағытталғанын көрсету, атап айтқанда, қимылдың, іс-әрекеттің
барып тірелер жерін, аяқталар шеғін (қалаға жетті, үйге келді),

103

кімге, неге бағытталганын (кісіге берді, қонаққа ұсынды),
қимылдың мақсатын, не үшін істелгенін (көруге кетті, оқуға
келді), қимылдың мөлшер, мезгілдік шегін (екі метрге созыл-
ды, жазға жетті), сынның неге қатысын (малға бай, сөзге сараң),
т. б. сияқты мәндерді білдіру. Барыс септікті сөз дейін, шейін,
қарай, таман, тарта сияқты септеулік шылаулармен тіркесіп,
сандық, мезгілдік, мекендік шекті білдіреді: ауылға дейін еріп
барды, бірінші қарға дейін күзеуде отырды, үркер ауып барады
айга таман..., ол ауылға қарай жөнелді.

Барыс септік жалғауы кейде (сирек) түсіріліп те қолданы-
лады: Мәскеу(-ге) бардым, не көрдім? Туысқан-туған ел көрдім
(Жамбыл). Сондай-ақ кетті етістігімен тіркесіп айтылған жер-
су, мекен аттарындагы барыс септік жалғауы да кейде түсіріліп
айтылады: Алматыға кетті - Алматы кетті. Қазіргі тіліміздегі ер
жету, бой жету тұрақты тіркестері тарихи жағынан ерге жету,
бойга жету түрлерінен, алдыңғы сөз барыс септікті тұлғадагы
үлгіден қалыптасқан. Қазақтың әр кездегі жазба нұсқалары
тілінде ерге жету, бойға жету түрінде ғана қолданылуы,
сондай-ақ жету етістігінің әдетте барыс септік тұлгадағы сөзді
меңгеретіні: кәмелетке жету, мұратына жету, арманына жету,
жасына жету (жасына жетпей қартайып...), түбіне жету, т. б.
пікірімізді толық дәлелдейді.

Сөздердің семантикасына байланысты әр түрлі түлға-
қүрамдагы барыс септігіндегі біраз сөз адвербиалданып,
үстеуге айналып кеткен: алга, артқа, кешке, бас-басына, алды-
артына, бірге, жатқа, жоққа, күн үзаққа, күніне, текке, қолды-
қолына, өз алдына, т. б.

Табыс септігінің білдіретін грамматикалық магынасы -
қимыл, іс-әрекеттің тура багытын білдіріп, тура объектісі болу.
Сондықтан да табыс септігіндегі сөз сабақты етістікке (мейлі
ол жалаң, мейлі күрделі етістік болсын) меңгеріліп отырады
да, толықтауыштық қатынаста ашық та, жасырын түрып (түсіп
қалып) та жұмсалады. Өзі тіркесіп тұрган етістіктің алдында

104

жалпы абстракты мағынада келгенде, табыс септік кейде түсіп
қалады: кітап оқыдым (яғни әйтеуір бір кітап оқыдым), жеміс
сатып алдым (жалпы жеміс сатып алу), маған ойыншық
әперді (әйтеуір бір ойьгашық әперді), т. б.). Ал табыс септіктегі
сөз айқындылық, белгілілік мәнде айтылса, оған ой екпіні
түссе, оның өзін айқындап, саралап түратын анықтауышы бол-
са, немесе табыс септіктегі сөз бен оны меңгеріп түрған етістік
арасына басқа бір сөз түссе, табыс септік жалғауы түспей
қолданылады: кітапты мен оқыдым немесе кешегі кітап-
ты түгел оқыдым, бүл жемісті сатып алдым немесе жеміс-
ті кеше сатып алдым, маған осы ойыншық-ты әперді, т. б.
Бүларды табыс септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды.

Табыс септігі атау, ілік септіктері сияқты шылаулармен
тіркеспейді. Табыс септігіндегі сөз сөйлемде тура толықтауыш
қызметін атқарады.

Жатыс септігінің білдіретін басты мағьгаасы - істің,
қимылдың болу орнын, мекенін, мезгілін, көлемін, түрағын
білдіру. Жатыс септігінің мағынасы мезгіл, мекенге байланы-
сты болғандықтан да, соған қатысты жатыс септік жалғаудың
үстіне кейде функңиялық сипаттағы -ғы, -гі қосымшасы да
үстеліп қолданыла береді: ауыл-да-ғы үй, кісі-де-гі дүние,

а. Жатыс септігінде

қолданылған сөз әдетте мезгіл, мекен пысықтауыш және жа-
нама толықтауыш қызметін атқарадьі. Сонымен бірге жатыс
септігінде зат есім жіктеліп келіп баяндауыш қызметін де
атқарады: Мен қазір үй-де-мін; қызым үй-де, қылыгы түз-де;
бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы да жатыс септік түлғасында
есімшеден немесе кезде, уақытта сияқты сөздерден де бола
береді: мен келген-де, ол үйде екен. Жатыс септікті сөздердің
ішінде де адвербиалданып, үстеуге айналып кеткендері аз емес:
кейде, жазда, іңірде, осында, ақыр аяғында, аңдаусызда, атам
заманда, оқта-текте, лезде, қаға берісте, қапыда, іңірде, т. б.

105

Жатыс септік жалғауы жуан-жіңішке түрін есептемеген-
де екі-ақ вариантта -да, -де және -та, -те түрінде кездеседі.
Қазақ тілі оқулыгында сонымен бірге 3-жақ тәуелдік жалғау
түлғасынан кейін жатыс септігінің -нда, -нде түрі де беріледі.
Шынында -да, -де қосымшасының алдындағы -н түрінің та-
рихи жағынан жатыс септігіне қатысы жоқ, ол -даи, -деи және
-ша, -ше, -сыз, -сіз жүрнақтарының да алдынан шыға келеді:
баласы-н-ша, ба-ласы-н-сыз т. б.

Тарихи түрғыдан қарасақ, жатыс - көне септіктердің
бірі. Ерте кезде көне түркі жазбаларының тілінде жатыс
септігінің магынасы мен қызметі, қолданылу аясы қазіргімен
салыстырғанда әлдеқайда кең болған да, ол тек қимылдың
орнын, мезгілін ғана емес, сонымен бірге жалпы багытын,
жалпы көлемдік мәнді де білдіріп, қазіргі барыс және шығыс
септіктерінің орнына да жүмсала берген. Қазіргі қаза:қ тілінде
барыс септік те, жатыс септік те мекендік мәнде бір ғана түлғалы.
қайда? деген сүраққа жауап беруі, сондай-ақ осымда, мұнда,
сонда сияқты сөздердің әрі қимылдың мекенін білдіріп, жатыс
септігінің көрсеткіші болуы (осында болды, мүғіда жүр, сонда
түр, т.б.), әрі бағытын білдіріп, барыс септігінін, керсеткіші бо-
луы (осында келді - үйге келді, мүнда келмейді. - үйге кел.мейді,
сонда кетті - үйге кетті, т. б.) көне кездегі қолда.ныстың
қалдығы болу керек. Жатыс септік түлғ?*сы септеут,ііктермен
тіркеспейді.

Шыгыс септігініц басты мағынасы - қимыл, іс-әрекеттің
неден, қайдан шыққанын, басталғаны н білдіру, сөйтіп, барыс
септігінің мағынасына қарама-қайшь,г болып келеді. Сондай-ақ
шығыс септігі қимылдың қандай об ьект төңіпегінде болғанын
(бетінен сүйді, басынан сипады), себебін (айғайдан шошып
кетті), не арқылы неден өткенін Гаяқтан аттады, таудан асты),
салалық, сындық сипаттағы создердің салыстырма мәнін (бе-
тегеден биік, адамнан ақылды), істің, заттың тегін (атадан ал-
тау, анадан төртеу), кейбі^ елшем, мөлшер, мезгіл мәнін (бес

106

жасынан қасына ерді, былтырғы жаздан қасынан қалмайды),
жанама объект (досынан түңілді, жақсыдан шарапат), бөліктің
бірлік, түтастығын (топтан бөлініп, жүбынан жазбай) сияқты
да мағыналарды білдіреді. Шығыс септікті сөз сөйлемде
пысықтауьпн (ауылдан келді, жаздан бері жүмыс істеп жүр),
толықтауыш (жақсыдан көмек күт, менен сүра) қызметінен
басқа жіктеліп келіп баяндауыш (біз ауыл-дан-быз, олар қала-
дан) немесе бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметін
атқарады: ол барғаннан соң, жол түзелді. Шығыс септікті сөзге
соң, кейін, бері сияқгы септеуліктер тіркеседі. Шығыс септікті
кейбір сөздер адвербиалданып, үстеуге айналып кеткен: алдан,
аяқ астынан, баяғыдан, келтесінен, кенеттен. Шығыс септік
жалғауы өте сирек жағдайда түсіп қолданылады: Тескен тау
(-дан) өт, бел(-ден) ас-ты, т. б.

Көмектес септігі - қазақ тіліндегі септік жүйесінің өзіндік
бір ерекшелігі, ойткені басқа түркі тілдерінде бүл септік
түрі жоқ. Жоғарыда көрсетілгендей, көмектес септігінің
қосымшасы да түлғалық жағынан ерекше: буьга үндестігі
заңына бағынбайды, тарихи жағынан бірлән-білән-мынан-
менен септеулік шылауынан қалыптасқан. Негізгі мағынасы -
істің, қимылдың немен, қандай қүралмен (қүралдық) істелгенін
(балтамен шабу, таяқпен түсіру), қимылға ортақтық, қатысқан
затты (жолдасымен хат жазысып түрады), қимылдың амалын,
қалай істелуін (бар зейінімен тыңдау, еңбегімен күн көру), іс-
әрекеттің, қимылдың мақсатын (бір оймен келді), қимылдың
мекенін, мезгілін (жолмен жүрді, күнімен отырды), қимылдың
себебін (сөйлеумен естімей қалды), т. б. білдіру. Сондай-ақ
қарсылықты мағынаны білдіріп, бағыныңқы сөйлемнің баян-
дауышы да болады: мен бар-ған-мен, ол келмейді. Көмектес
септік жалғауын оған үқсас, омонимдес жалғаулық шылаудан
(мен, бен, пен) ажырата білу керек: байланысты сөздер мен, бен,
пен түлғасынсыз айтылмаса, ол —көмектес септік жалғауы, он-
сыз айтыла алса немесе мен, бен, пен дегеннің орнына және,

107

да, де, та, те дегеннің бірімен алмастыруға болса, онда ол -
жалғаулық шылау: Қасым мен бірге келдік (бұл жерде мен
дегенді алып тастауға я өзгертуге болмайды) және Қасым мен
баласы келді дегенді Қасым және баласы (немесе Қасым да,
баласы да) келді деп өзгертіп айтуға болады.

Көмектес септік жалгауы есімдіктерге тікелей жалғанбай,
о баста ілік септік түлгасының үстіне жалғанған болу керек,
қазіргі кезде соның қалдығы сақталған: менімен - меніңмен -
мениң билән, бүнымен - бүныңмен - буның билән, т. б.

§ 7. СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРДЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ
КӨЛЕМДІК СЕПТІКТЕРГЕ БӨЛУДІҢ МӘНІ

Сұрақ. Түркологияда септік жүйесін грамматикалық және
көлемдік септіктер деп бөлу тәжірибесі бар. Ол неге сүйенеді
және оның ғылыми негізі қандай?

Жауап. Қазіргі қазақ тіліндегі септік жалғау жүйесі жоғарыда
керсетілгендей, негізінен алғанда, бір жағынан, басқа да қазіргі
түркі тілдеріндеп, екінші жағынан көне түркі тіліндегі септік
жалғау жүйесімен бірсыдырғы сәйкес келетіндігі көрінеді.
Атап айтқанда қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде атау, ілік,
барыс, табыс, жатыс, шығыс септік жалғауларының сыртқы
түлғаларыда, оілдіретін мағыналары мен қызметтері де негізінен
үқсас болып келеді. (ИСГТЯ, 45-50). Бүның озі тіліміздегі септік
жалғау жүйесі өте ерте кезде қалыптасып, оның сөз түрлендіру,
парадигмалық сипаты, тұлғалық түрлері әрқайсысының
мағыналық шеңбері, сөйлемде атқаратын қызметі мен сөздер
арасындағы ғрамматикалық қарым-қатынастары түрақталып,
кейін жекелеген түркі тілдерінде үлкен өзгеріске түспей
енгендігін байқатады. Осы түрғыдан қарағанда қазақ тілінің
өзіндік үлкен бір ерекшелігі көмектес септігі болып табыла-
ды, өйткені басқа түркі тілдерінде көмектес септік жалғаудың
мағынасы көбіне септеулік шылау арқылы беріледі. Қазақ
тіліндеғі көмектес септік тұлғасы (мен, -бен, -пен) да септеулік

108

шылаудан қалыптасқан: бірлән, білән - бінән, мінән, бынан,

.| "

мынан - менен, бенен, пенен - мен, бен, пен.

Сыртқы тұлғасы жағынан бұл мен, бен, пен деген жалғаулық

шылауға ұқсас болғанмен, одан жасалмаған. Бәлкім, жалғаулық

шылау мең септеулік шылау төркіндес болып, бір сөзден та-

рап, бөлек-бөлек қалыптасып, дамуы мүмкін. Сөйтіп, көмектес

септік жалғауы кейін ғана қалыптасып, септік жалғау жүйесіне

өте кеш енді. Оның бүл ерекшелігін көмектес септік жалғауының

сырт түлғасы да аңғартады: біріншіден, сингармонизм заңына

бағынбайды, жалғаулардың жуан буынды варианты жоқ,

екіншіден, дыбыс үндестігіне қарай вариантталуы да ерекше,

басқа септік жалғаулар тұлғасы н, д, т (барыста г, қ, шыгыста

тек д, т) дыбыстарынан басталатын қосымшалар болса, көмектес

септік жалғауы ол жүйеден мүлде бөлек, м, б, п дыбыстарынан

басталатын вариантты қосымшалар. Көмектес септіктің осын-

дай ерекшеліктері жіктеу, сілтеу есімдіктерінің септелуінен де

көрінеді; көмектес септік жалғауы тікелей түбірге жалғанбайды:

мен - ме-ні-мен (менмен емес), сен - се-ні-мен (сенмен емес),

ол - о-ны-мен (олмен емес), бұл - бұ-ны-мен (бұлмен емес), т. б.

Бұл жердегі түбір мен көмектес септік жалғауының арасындағы

-ны, -ні тұлғасы ілік септік жалғауының қалдығы екені белгілі:

Менімен - менің мен - менің білән, т. б. Бұның өзі септеулік

шылау, кейін одан қалыптасқан көмектес септік жалғауы сөздің

түбіріне ғана емес, ілік септік тұлғасына жалғанған болу керек

деғен тұжырым тудырады.
Септік жалғаулардың басқа да ерекшеліктерін аңғару үшін

олардың мына схемасына назар аударайық.
Бүның үстіне есімдіктердің септелуін қоссақ, мына

ерекшеліктерді байқауға болады: 1) ілік, табыс, жатыс, шығыс

септік түлғаларының сөзге жалғануында бірсыдырғы үқсастық

бар; 2) ол үқсастық ілік пен табыс септік, жатыс пен шығыс

септік түлғаларының өз ішінде дыбыстық сәйкестігі жағьшан

тіпті жақындай түседі: -ның, және -ны, -нің және -ні, -дың

109

және -ды, -дің және -ді, -тың және -ты, гтің және -ті, сондай-ақ
-дан және -да, -ден және -де,-тан және -та, -тен және -те, бірақ
-нан, -нен тұлгаларының сыңары жоқ. Бұл үқсастық олардың
ншғу төркіні жақын, қалыптасуы сәйкес екенін көрсетеді;

о1 #я
ю2ҺН 0)



3
яГ94 н&03
2

кім? не? 1- 1- 1-

кімнің? ның, 1-ның, -ДЫҢ, 1-ТЫҢ, ның
НІҢ
ненің? Інің І-нің -дің І-тің
кімге? -ға, -ға, -ға, -қа,
нгге? І-ге |-ге -ге -ке

4. Табыс қайда? 1-ны, | “ДЫ, \ш т 1-ты,
5. Жатыс кімді? І-ні -ді І-ті
6. Шығыс нені? -ДІ -да, |-та,
7. Көмектес кімді? -Да, -да, -де |-те
нагі? -де І-де -дан, 1-тан,
кімнен? І-дан, І-нан, -ден 1-тен
неден? І-ден І-нш

КІМНЕН? 1-мен 1-мен -мен, | -пен

нвмен? 1 т -бен
калай?

3) сонымен бірге барыс жөне көмектес септік тұлғалары бүтін-
деи ерекше екені, түлғасы жағынан оларға үқсайтын, сәйкес
келетін басқа септік түрі жоқ екені көрінеді. Рас, үқсас септік
түлгаларының өз ішінде айырмашылық та байқалады. Ілік
септік пен табыс септік түлғалары сәйкес келіп, жалғауі.тары 6
вариант болғанмен, кейбір сөзге жалғанғанда дыбыс үндестігіне

варианттары сай келе бермейді. Мысалы
дыбыстарына біткен сөздерге ілік септіктің -ның, -нің жалғауы

жалғанса, табыс септіктің -ды, -ді (-ны, -ні емес) варианты
жалғанады да, бұл жерде н және д дыбыстарынан бастала-
тын жалғау варианттары сәйкес келмейді. Немесе тәуелдік
жалғауының I және П жағынан кейін ілік септіктің -ның, -нің,
ал табыс септіктің -ды, -ді жалғаулары, тәуелдік жалғаудың
Ш жағынан кейін ілік септіктің -ның, -нің, табыс септіктің
-н тұлғалары жалғанады. Жатыс пен шығыс септіктерде де
бұндай ерекшелік айқын аңғарылады. Бұның өзі септік жалғау
жұйесі көне түркі тілінің өзінде түрақталып қалыптасқан
грамматикалық категория болса да, шығу тегі жағынан үқсас,
төркіні бір септік түлғаларының қалыптасу кезі мен орнығып
қолданылу шеңбері, қызметі мен мағыналық аясы, даму жолда-
ры біркелкі емес екенін көрсетеді.

Келесі бір үлкен ерекшелік сөздің барыс, жатыс, шығыс
және көмектес септіктерде негізгі заттық мәндегі сүрақтарын
(кім? не? дегендердің сол септік түлғаларда түруынан, яғни
кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен?) басқа
қайда? (барыс, жатыс), қайдан? (шығыс), қалай? (көмектес)
деғен сүрақтардың қатар жүмсалуымен байланысты. Соған
сәйкес бүл септік түрлері екі жақты мәнғе ие болып, екі түрлі
мағынада жүмсалады. Соның нәтижесінде олар екі түрлі
синтаксистік қатынаста колданылып, екі түрлі қызмет те
атқарады. Атап айтқанда, барыс, жатыс, шығыс, көмектес
септік түрлері, бір жағынан, заттық мағынаға байланысты
жанама объектіні білдіреді де, соның негізінде септік жалғау
жүйесінің бір түрі ретінде зат есімнің бір грамматикалық
түлғалық көрсеткіші болып саналады. Міне осы мәнінде бүл
септіктер заттық мәнге ие болып, кейде басқа сөз таптарына
жалғанса да, оны субстантивтендіріп, зат есімге айналдырып
түрады. Мысалы, талаптыға нүр жауар, жақсыдан шара-
пат, жаманнан кесапат, жақсыда жаттық болмас, жақсымен
жанассаң, жетерсің мүратқа, жаманмен жанассаң, қаларсың
үятқа деген сөйлемдерде барыс (~ға), шыгыс (-дан, -нан), жа-

111

тыс (-да), көмектес (-мен) септік жалғаулары өзі жалғанған
сөзге жанама объектілік мағына үстеп, бүл сөйлемдерде сын
есімдерді заттандырып, адам мағынасын беріп түр. Сөйтіп,
көптік, тәуелдік жалғаулары сияқты зат есімнің грамматикалық
түлғалық көрсеткіші болып жүмсалған. Бірақ бүл септік
түлғалары әр уақыт осындай мәнде қолдана бермейді. Жа-
нама объектілік мағынасы мен өзі жалғанып түрған сөзге
тек заттық мән үстеп түруы олардың басты, негізгі қолдану
аясы бола да бермейді. Керісінше жанама объектілік, заттық
мағынадан гөрі бағыттық, мекендік, мезгілдік, амалдық, жал-
пы көлемдік мағынаны білдіріп, заттық мағынаны адвербиал-
дандырып, үстеуге айналдырып жіберу - барыс, жатыс, шығыс,
көмектес септік түлғаларының негізгі қолданылу аясы болып
табылады. Тіпті бүл септік түлғалары кейде консервациялану
нәтижесінде үстеу де тудырып кетеді. Қайткен күнде де бүл
септіктердің соңгы мәнде жүмсалуы тілімізде жиі кездеседі.
Соған сәйкес сөйлемде бүл септік түлғасында жүмсалған сөз
екі түрлі қызмет атқарады: жанама объект мағынасын білдіріп,
заттық мәнде қолданылғанда, толықтауыш қызметін атқарса,
бағыттық мекендік, мезгілдік, амалдық магынаны білдіріп,
адвербиалдық мәнде жүмсалғанда, пысықтауыш қызметін
атқарады. Бүл сияқты екі мәнді білдіріп, қос қызмет атқару
қасиеті атау, ілік, табыс септіктердің колданылуында жоқ. Атау,
ілік, табыс септіктердің жалғаулары әрдайым субстанттық
меншіктілік және тура объектілік мағынаны білдіріп, тек
заттық мәнде жүмсалып, атау септікте түрған сөз бастауыш,
ілік септікте түрған сөз анықтауыш, табыс септікте түрған сөз
толықтауыш қызметін атқарады да, олардың бүл қызметтері
айқындалып, сараланып түрады. Сөйтіп, бүл үш септік
әрдайым заттық мәнмен тіқелей байланысты қолданылып,
тек зат есімнің грамматикалық түлгалық көрсеткіші болып
түрады. Міне, септік түрлерінің осындай екі жақты мағыналық
және қызметтік ерекшеліктеріне қарап, түркологияда септік

112

жалғауларды екі топқа бөліп, атау, ілік, табысты грамматикалық
септік, барыс, жатыс, шығысты (және кемектесті) көлемдік
септіктер деп жіктеу дәстүрі бар (Д. - СТЯ, 153). Э. В. Севортян
түркі тілдеріндегі септік жалғауларын грамматикалық септік
(негізгі, ілік, барыс-бағыттық, табыс) және көлемдік септік
(барыс-бағыттық, жатыс, шығыс) тобына бөлу, бір жағынан,
шартты болып, олай бөлуден бас тартуға да болатынын айта
келіп, ол екі топтағы септік жалғау түрлері кейде сәйкес келе
берсе де, мысалы, барыс-бағыттық (дательно-направительный)
септік әрі грамматикалық әрі көлемдік септік қатарында бірдей
жүрсе де, сондай-ақ басқа септік түрлерінде де мүндай қасиет
байқалып отырса да, әсіресе негізгі (основной) септік сөйлеу
тілде барлық септік түлғаларының орнына жүре берсе де,
септік категориясын бүндай екі топқа грамматикалық және
көлемдік септік деп бөлудің ғылыми негізі бар екенін көрсетеді
(ИСГТЯ, 45). Айта кету керек, ғалым негізгі септік деген үғымға
атау септіктен басқа, жоғарыда көрсетілгендей, зат есімнің түбір
түлғасын да, басқа септік түлғаларының түсіп қалып, жасырын
түрған қолданыстарының бәрін де енгізген. Бірақ олардың бәрін
бір септік түлғасының шеңберіне зорлап сыйғызуға болмай-
ды. Атау септігі арнайы грамматикалық түлғалық көрсеткіші
болмаса да, өзіндік мәні мен мағынасына, сөилемде атқаратын
қызметіне байланысты зат есімнің түбір түлғасынан да, басқа
септік жалғаулардың тасаланып, түсіп қалған түлғасынан да
өзгеше, басқа септік түрлерімен тепе-тең грамматикалық түлға,
септіктің бір түрі жоғарыда аитылып талданды.

Сұрақ. Қазақ тіл білімінде септік түрлерін грамматикалық

және көлемдік деп бөлу мәселесі қалай?
Жауап. Қазақ тілінің грамматикаларында септік категория-

сын бүлайша екі топқа бөліп қарастыру тәжірибесі жоқ, тек
түркологияда грамматикалық және көлемдік септік түрлеріне
бөлінетіндігі көрсетіледі (ҚТЗ, 57), кейде олай жіктеудің өзі

113

шартты, сондықтан олай бөлуден тиімді қорытынды шығаруға
болмайды деп атап айтылады (Ы. - ҚТ, 79).

Э. В. Севортян септік жүйесіндегі бүл түрлердің көрсетілген
ерекшеліктерімен бірге көне түркі, көне үйғыр, көне және
жаңа өзбек, жаңа үйғыр тілдерінде көлемдік септік түлғалары
есімдікте грамматикалық септік түлғаларыныңүстіне жалғанып
отыратьгадығын көрсете келіп, былай деді: «Грамматические
падежи для енисейско-орхонских, древнеуйгурского, старо- и
новоузбекского и весьма последовательно для новоуйгурского
являются первичными, а пространственные - вторичными»
(ИСГТЯ, 50).

Сөйтіп, білдіретін мән-мағынасына, атқаратын қызметіне
қарай атау, ілік, табыс септік жалғаулары әрдайым заттық
мәнде, бір ғана қызметте жүмсалып зат есімнің таза
грамматикалық түлгалық көрсеткіші болып, грамматикалық
септік деген атқа ие болса, барыс, жатыс, шығыс және қазақ
тіліндегі көмектес септіктер екі түрлі мәнде: әрі заттық, әрі
адвербиалдық мәнде, екі түрлі қызмет атқарып, бірде зат есімнің
грамматикалық көрсеткіші (зат есімге жалғанып, сөз бен сөзді
байланыстыру қызметі мен басқа сөз таптарына жалғанып, —
оларды субстантивтендіріп, зат есімге айналдыруы) болумен
бірге өзі жалғанған сөзге бағыттық, мекендік, мезгілдік мән
үстеп, сол контексте адвербиалданып, үстеуге айналдыруы
арқасында көлемдік септік деп саналады. Бүлай бөліну септік
жалғаулардың шығу, даму тарихымен де байланысты екен.

Сұрақ. Септік түрлерін грамматикалық және көлемдік деп
бөлуге негіз болатын, кейбір түркологтар атап көрсеткендей,
семантикалық (мағыналық) және қызметтік ерекшеліктерден
басқа да грамматикалық өзгеше сипаттар бар ма?

Жауап. Септік категориясын грамматикалық және көлемдік
деп екі топқа бөлуге негіз болатын сипаты олардың білдіретін
мағынасы, атқаратын қызметі, шығу, даму тарихымен оірге
септік түлғаларының сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөз

114

тіркесінің тнпін құрау мәнінің ерекшелігінен де көрінеді. Атап
айтқанда, грамматикалық септіктің (атау, ілік, табыс) тұлғалары
өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзге бағындырып, бағыныңқы
сөзді басыңқымен байланыстырып қана қоймайды, ол екінші
сөздің де белгілі грамматикалық тұлғада я категориялық
тұлғада болуын талап етіп, екінші жағынан, басыңқы сөзді
бағыныңқымен байланысқа тұсіріп тұрады. Ал бұндай қасиет
көлемдік септік тұлғаларында байқалмайды. Мысалы, қазіргі
қазақ тілінде барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің
тұлғалары (жалғаулары)өзіжалғанғансөздіекінші сөзбен(көбіне
етістікпен, кейде есіммен де, мысалы, малға бай, үйден үлкен,
үйде бала, түзде дана, қүрбымен әзіл, т. б.) оның семантикасы-
на сәйкес сабақтаса байланыстырады, бірақ өзі сөз тіркесінің
басыңқы компонентінің грамматикалық түлғасына не семанти-
касына әсер етпейді, оның формалық сипатына бейтарап бола-
ды, яғни бұл септік формасында түрған сөз тіркесінің екінші
сөзіне (яғни басыңқы сыңарына) оның қандай түлғада түруына
қарамай-ақ меңғеріле береді де, ол сөздердің арасындағы бір
жақты ғана байланыстың көрсеткіші болады. Мысалы, Арманға
толы кеудемен кепті талай ыстық жүректі жар. Сан кеуде-
де ашылмай, айтылмай кетті ащы зар. Бірақ бәрінен ауыр,
бәрінен ащы, бәрінен улы қайғы не?.. Қамшысына таянып,
тымағын басынан алмай бір тізерлеп отыр (М. Әуезов) деген
сөилемдердегі оарыс, жатыс, шыгыс, көмектес септік жал ғаулары
арқылы байланысқан арманға толы, кеудемен кепті, кеуде-
де ашылмай (айтылмай кетті), бәрінен ауыр, бәрінен ащы,
бәрінен улы, қамшысына таянып, басынан алмай төрізді сөз
тіркестерінің табиғатына зер салайықшы. Бүлардың басыңқы
компоненттері бірде есім (толы, ауыр, ащы, улы) сөз болса, бірде
етістік (кепті, ашылмай, айтылмай кетті, таянып, алмай) болып,
олардың грамматикалық семантикасы да, грамматикалық түр-
түлғасы да, басқа сөзбен байланысқа түсу сапасы жағынан да
меңғерілген сөз бен оның грамматикалық түлғасынан төуелсіз

115

екенін байқаймыз. Сондықтан бұл сөз тіркестерін арманға
толы боп, кеудеден кетірді (кетсе), бәрінен ауырлау (ауырырақ),
ащырақ, ауыр болған, қамшысына таянтқызып, басынан
алынбай (алдырмай), т. б. етіп басыңқы сыңарын түрлендіріп
қолдана беруге болар еді. Мүндай еркінділік грамматикалық
септіктер арқылы байланысқан сез тіркесінде болмайды,
керісінше, онда басыңқы сөздің грамматикалық түлғасы я се-
мантикасы багыныңқы сөздің формасына сәйкес, тіркес бай-
ланысына қатысты болып түрады. Мысалы, Оразбайга осыны
ғана жеткізу, білгізу шарт... Шешесінің соңгы сөзі Абайдың
құлагына әлі естіліп тұрған секілді (М. Әуезов). Бірінші
сөйлемдегі осыны жеткізу (осыны білгізу) тіркесін байланы-
стырып түрған - табыс септік жалгауы -ны. Бүл форма өзі
жалғанған осы сөзін жеткізу (білгізу) етістігімен байланысты-
рып қана тұрган жоқ, сонымеи бірге өзі сабақтаса байланысқан
бүл етістіктің салт емес, сабақты етістік болуын талап етіп
түр. Сондықтан да жет салт етістігі бүл жерде -кіз өзгелік етіс
жүрнағы арқылы сабақты етістікке айналған. Егер бүл етістік
салт етістік мәнінде жүмсалса, табыс септік түлғасы да қажет
болмай, ол басқа түлғада (атау я ілік) түрар еді. Оразбайға осы
(осының) ғана жетті не жету (жетуі), білу (білуі) шарт. Осы
сияқты алдыңғы сөйлемдегі тымағын басынан алмай деген
тіркесті, басыңқы сөзін өзгертсек, тек тымағы басынан алын-
бай деп қана қүруға болады, ал табыс септік түлғасын сақтап,
тіркесті тымағын басынан алынбай деп қүруға болмайды.
Мүнда да басыңқы сөздің түлғасын ырықсыз етіс қосымшасы
_ын арқылы сабақты етістікті салт етістікке айналдырғанда,
табыс септік түлғасы соған сәйкес басқа түлғаға өзгеріп кетсе,

сол тіркестегі шығыс септік түлгасындағы сөз (басынан) ондай
өзгеріске түспей, басыңқы сыңардың грамматикалық түлгасына
бейтарап екенін байқаймыз: тымагы-н басы-нан алмай, бірақ
тымағы басы-нан ал-ын-баи. Бүның өзі табыс септік жалғауы
арқылы байланысқан сөз тіркесінің типі меңгеру деп аталса да,

116

ол меңгерудщ ерекше түрі екенін көрсетеді. Сондықтан меңге-
рудің бүл түрі (табыс септік жалғауы арқылы байланысқан түрі)
тек етістікті және аралас (басыңқы компонент есім мен көмекші
етістік) сөз тіркесінде (меңгеруде) болып, есімді сөз тіркесінде
жасалмаиды, өиткені есім сөзде саоақтылық сипат оолмаиды.
Ал, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары арқылы
байланысқан сөз тіркестері (меңгеру) есімді де, етістікті де сөз
тіркестерінің түрлерінде бірдей кездесіп отырады.

Екінші сөйлемдегі шешесінің сөзі, Абайдың қүлағына де-
ген тіркестерде алдыңғы, бағыныңқы, компонент ілік септігінде
түрып, екінші компонентке бағынып түрса да бағыныңқы ком-
понент те сол бағындырып түрған сөздің өзін белгілі формада,
атап айтқанда, тәуелдік жалғауында түруын талап етеді. Онсыз
қолданылмайды. Кейде тәуелдік жалғауы түсіп қалса да (мыса-
лы, біздің үй, сіздің ауыл, өзіміздің жігіттер, Қобыландының
Тайбурыл, Базарбайдың Төлеген, т. б.), оның грамматикалық
мән-мағынасы сақталып, қызметі өзгермейді, ол түлғаның бар
(нольдік форма) екені сезіліп түрады. Осы ерекшелікті байқаған
Ф. Г. Исхаков былай дейді: ілік септікте қолданылған зат есім
сөйлемде екінші зат есімді анықтап түрады да, онымен екі түрлі
грамматикалық сабақтастық (бағыныңқы) байланысқа түседі
(меңгеру әрі қиысу): сол тіркестің компоненттері болып табыла-
тын екі зат есімді де морфологиялық түлғаларымен түрлендіру
арқылы екі жақты байланыс пайда болады. Анықтауыш
қызметіндегі зат есім өзі анықтап түрған зат есімге меңгеріліп
түрғандықтан да ілік септігінде жүмсалады да, анықталушы
сөз онымен бір жақта қиысып, грамматикалық бағыныңқы
байланыстың бір түрі болып табылатын тәуелдік жалғаудың
3-жақ қосымшасын қабылдайды (институттың библиотека-
сы, библиотеканың кітабы). Сөйтіп, бүл жерде анықтауыш пен
анықталушы сөздің арасында өзара екі жақты бағыныңқы бай-
ланысты байқаймыз: бірінші компонент септік түлғасы арқылы
екінші компонентке меңгеріліп түрса, екінші компонент

117

алғашқы компонентпен бір жақта қиысып тұрады. Осындай екі
зат есімнің бір-біріне өзара бағына байланысып тіркескен түрі
«түрік изафеті» делінеді (ИСГТЯ, 102). Сөйтіп, ілік септік пен
тәуелдік жалғау арқылы тіркескен сөздердің арасындағы бай-
ланыс түрі өте күрделі. Бүл байланыс жалғыз меңгеру не қиысу
шеңберіне сыймайды, ол үш жақты байланыс арқылы іске
асады. Әрине, оны әрі меңгеру, әрі қиысу деп беру қисынсыз.
Бірак түркологияда бүл синтаксистік байланыс бірде меңгеру
(Р- (Д. - ГБЯ, 205; К. - ГТЯ, 379)
деп те аталып келді. Бүл тіпті де дұрыс емес екенін дәлелдеп
жатудың қажеті жоқ, өйткені, жоғарыда көрсетілгендей, бірінші
сөздегі ілік септік түлғасымен қатар екінші сөздегі тәуелдік
жалғаудың болуы да тек осы конструкңиядағы байланысқа
қатысты. Бүл - қазақ тіл білімінде матасу деп анықталған
(Б. Қ. - ҚҚТ). Меңгеру, қиысу және матасу бір-бірінен
байланыстың мәні мен мағынасы, саны мен сапасы жағынан
ерекшеленеді: меңгеру - грамматикалық түлғаның қатысы
жағынан бір жақты байланыс, қиысу - екі жақты, ал матасу —
үш жақты байланыс.

Меңгеруде белгілі септік жалғауы арқылы бағыныңқы сөз
басыңқымен байланысады. Кейде ол түлға (септік жалғау)
басыңқы сөздің семантикасымен де (мысалы, табыс септік
түлғасы) қарым-қатынаста түрады. Қиысуда екі сөз бір-біріне
бағынбай, тең дәрежеде келіп, екі жақты байланысқа түседі:
бірінші сөз атау септікте түрып, екінші сыңары атау септікте
тұрған сөздің қаи жақта тұруына қараи сол жақтағы жіктік
жалғауда жұмсалады да, сол жіктік жалғаудың жақ түріндегі
түлғасына қарай сәйкестеніп бірінші сөз де семантикасы
арқылы белгілі жақта түрады (мен - 1-жақ, сен - 2-жақ, ол неме-
се кез келген зат есім - 3-жақ). Бірақ бүл байланыс субъектілік -
предикаттық қатынаста жүмсалғандықтан, сөз тіркесі болмай,
сөйлем болады. Матасуда тіркестің бірінші компоненті, бір
жағынан, өзінің грамматикалық түлғасы (ілік септік жалғауы)

118

арқылы екінші сөздің грамматикалық түлғасымен (тәуелдік
жалғауымен) байланысқа түсіп (бүл —қиысуда мүлдем жоқ),
екінші жағынан, өзінің семантикасы негізіндегі грамматикалық
мағынасы (жақтық мәні) арқылы екінші сөздегі грамматикалық
түлғамен (тәуелдік жалғаудың жаққа байланысты түрленуі)
байланысады. Бүл байланыс қиысудағы жақтық байланы-
спен үқсас, бірақ мүнда компоненттер арасында субъектілік
-предикаттық қатынас жоқ, тек атрибуттық қатынастың бір түрі
бар. Үшінші жағынан, екінші компоненттегі тәуелдік жалғауы
өзі бағындырып түрған сөздің ілік септік жалғау түлғасында
түруын талап етеді. Бүл жерде грамматикалық форма ретінде
тәуелдік жалғаудың кем дегенде үш түрлі мағына білдіріп, үш
түрлі форманың: тәуелділік, жақтық және жекешелік-көптік
(оңашалық - ортақтық) мағыналардың көрсеткіші ретінде
жүмсалатынын байқаймыз (И. - НОК, 42).

Міне, осы жақтарынан қарағанда, септік жалғау жүйесінде
грамматикалық септіктер мен көлемдік септіктердің бір-бірінен
олардың мағыналық, қызметтік жағынан да, тарихи қалыптасуы
түрғысынан да, сөз байланыстырушылық қасиеті жағынан да
айырмашылықтары айқын байқалады да, соның нәтижесінде
септік жалғауларды осылай бөлуге негіз болады. Оның үстіне
көлемдік септіктердің қос функциялы қызметтік мәні, бір
жағынан, жанама объектілік мағынаны білдіргенде ғана нақты
зат есімнің түрлену жүйесіне тән болып, тіпті грамматикалық
септіктерше басқа сөз таптарын заттандыру қасиетіне ие бол-
са, екінші жағынан, багыттық, мекендік, мезгілдік, амалдық
мағынада жүмсалғанда, яғни таза көлемдік мағынада
колданылғанда, керісінше зат есімдік қасиеттен, мәннен аиры-
лып, сөзді адвербиалдандырып жіберуі оларды грамматикалық
септіктермен бір парадигмалық жүйе шеңберінде қалдырып,
қазіргі грамматикаларымызда беріліп жүргендей зат есімнің бір
грамматикалық категориясы аясында қарастыруға сыимаиды.
Тілдің даму барысында көлемдік септік түлғаларының консер-

119

вациялануы арқылы кейбір үстеулердщ жасалып, қалыптасуы
көлемдік септіктердің осындай қасиетінің жемісі болып табыла-
ды. Сондықтан көлемдік септіктерді зат есімнің септік жалғау
категориясындағы екінші бір парадигмалық жүйелі түрі деп

қараған жөн.

§ 8. ЖАҚ (ЖІКТІК) КАТЕГОРИЯСЫ (ЖІКТЕЛУ)

Әрине, ж ақ деген үғым мен жіктелу бір-бірімен толық бала-
ма емес. Әдетте мектеп оқулықтары мен грамматикаларда жақ
үгымы таза морфологиялық қана түргыдан ж іктік жалгау я
жіктелу деген парадигмалық жүйенің шеңберінде көрсетіліп
келді. Бірақ одан жіктік жалғаудың табиғаты толық ашыла ал-
майды, әсіресе оның жақтық сипаты мен сөйлеу процесіндегі
қызметі айқындалмай қалады.

Сүрақ. Оқулықтар мен грамматикаларда беріліп жүрген
жіктік жалғау жүйесінде жақтық сипат та берілген ғой.
Морфологиялық көрсеткіш ретіндегі жіктік жалғау үш жақтың
әр жағында бөлек-бөлек болып түрленіп, сол арқылы, бір
жағынан, түтас бір тектес грамматикалық (жіктік) мағынаны
білдіріп, екінші жағынан, әр жақта (жекеше-көпше де әр
түрлі грамматикалық формалар арқылы бір-біріне қайшы
грамматикалық мағына білдіріп, морфологиялық түрлену
жүйесінің яғни парадигмалық жүйенің жиынтығын қүрау
арқылы грамматикалық (морфологиялық) категория болып та-

былмай ма?
Жауап. Сөздердің жіктелу жүйесі, бір жагынан,

морфологиялықтүрлену түлғаларыныңжүйесі, екінші жағынан,
сол арқылы берілетін грамматикалық мағыналар жиынтығы
арқылы грамматикалық категория болып танылатыны рас. Со-
нымен бірге осыған негіз болып отырған жіктік жалғаулардың
синтаксистік қызметі мен сөйлем қүраудағы сипаты ерекше
екенін естен шығаруға болмайды. Әрине, барлық жалғаулардың
да (септік, тәуелдік, жіктік, көптік) сөз байланыстырудағы

120

қызметі ерекше екені белгілі. Сондықтан да олар басқа
қосымша түрлерінен бөлініп, жалғау деп аталады. Ал, жіктік
жалғаудың сонымен оірге сөилем қүрауға, сөидемді тиянақтап,
ой білдіруге, тікелей қатысы болып отырады, өйткені сөйлемнің
діңгегі, ойдың корінісі, негізі болып түратын сөйлемнің баян-
дауышы жіктік жалғау арқылы, бір жағынан, ойдың қазығы,
қимыл, іс-әрекеттің иесі бастауышпен (субъектімен) қиыса бай-
ланысып түрса, екінші жағынан, ойды түжырымдап, тиянақтап,
сөйлемді аяқтап түрады. Сондықтан да түркологияда жіктік
жалғауын баяндауыш (предикат) қосымшасы немесе баян-
дауыш категориясының түлғасы (ИСГТЯ, 5-19) деп атайды.
Н. Қ. Дмитриевтің көрсетуінше, сөзге қосымшалар (аффикстер)
жалғану негізінде болатын грамматикалық категория әдетте
морфологиялық категория деп саналатын болса да, өзінің мәні
жағынан баяндауыштық катеғория (катеғория сказуемости) яғни
жіктелу таза синтаксистік қызмет атқарады. Түркі тілдерінің
ерекшелігінің өзі осында (ИСГТЯ, 5), өйткені, Э. В. Севортянның
көрсеткеніндей, баяндауыштық сипат (сказуемость) дегеніміз
екі түрлі грамматикалық категорияның қатысы: оның бірі, ба-
яндауыш деп аталатыны, белгілі бір қасиетті (іс-әрекет) білдіре
отырып, екінші бірімен, сол қасиеттің (іс - әрекеттің) иесімен
немесе оның жағын білдіретін бастауыш деп аталатынымен
қосылып кетеді. Баяндауыштық сипат ойлау актісінің сөйлеу
арқылы берілуі болып табылады да, сөйлемнің негізін қүрайды

(ИСГТЯ, 16).
Қазақ тіл білімінде жіктелуді, жіктік жалғауды бірде тек

жақтық мағынамен байланысты қарап, оны, жақтық мағынаны,
предикативтік мәнмен барабар деп түсінушілік те бар. «Жіктік
жалғауы өзінің жалғанған сөзіне тек қана жақтық мағына
үстейді яғни предикативтік реңк береді» (М. Ы. ҚҚТ, 85). Бірақ
жіктелу, сол арқылы ғрамматикалық жүйе ретінде жіктік жалғау
тек жақтық мағынамен ғана шектеліп қалмаиды, онда жіктік
жалғаудың тәуелдік жалғаудан бөлек грамматикалық катего-

121

рия боларлықтай ерекшеліктері, айырмашылықтары болмас
та еді. Жақтық мән жіктік жалғауда да, тәуелдік жалғауда да
бар. Оның үстіне жақтық мағынаны тек предикативтік реңк деп
түсінуге де болмайды. Бүлар, жақтық мағына, предикативтік
реқк (дүрысында қатынас я қызмет), бір жағынан, бір-бірімен
қанша байланысты, жақын болса да бір-бірінен бөлек-бөлек,
екінші жағынан, әр тілдік қабаттың жүйесінен шығатын әр
түрлі үғымдар, сөйтіп, олар бірінің орнына екіншісі жүрмейді,
бір тілдік қүбылыстың шеңберінде бір-бірін әр жақтан (бірі
морфологиялық, сөздің бір қүрамды бөлшегі және оның
білдіретін грамматикалық мағынасы ретінде, екіншісі басқа бір
сөзбен қатынасы негізінде) толықтырып отырады.

Әрине, жақ үғымы қимыл, іс-әрекеттің қай жақ арқылы
(сөйлеуші ме, тыңдаушы ма, бөгде ме) іске асатынын немесе
белгілі қасиеттің қай жаққа қатысты екенін я қасиеттің иесі қай
жақ болып түрғанын білдіру болып табылады да, оның мәні екі
сөздің, суоъекті мен предикаттың арасындағы семантикалық
және грамматикалық қатынас пен қызметтен көрініп,
айқындалады. Бүл түрғыдан келгенде жақ үғымы тілдің
грамматикалық қүрылысын синтаксистік сипаттың көрінісі
ретінде өмір сүреді. Бірақ жақ үғымының (жіктелудің)
морфологиялық сипатын ескермеуге болмайды, өйткені
жіктік жалғау - үш жақта (және жекеше-көпше болып),
әрқайсысына (сол жаққа, бүл - грамматикалық мағына) төн
арнайы грамматикалық түлғалары бар парадигмалық түрлену
жүйесі болып табылады. Сондықтан да жақ (жіктік) катего-
риясы немесе жіктелу оның түрлену түлғасы - жіктік жалғау,
баяндауыштық қосымша деп аталса да, синтаксистік сипа-
ты мол болса да, морфологиялық категория болып саналады,
өйткені біріншіден, жіктелудің мәні ең алдымен грамматика-
лық түлгалар (жіктік жалғау формалары) мен солар білдіретін
грамматикалық магыналар сәйкестігі арқылы анықталады,
екіншіден, сөз түрлендіру түлғалары жиынтығынан қүралатын

122

грамматикалық категориялардың синтаксистік қызмет
атқару қасиеті, мысалы, тәуелдік жалғауыньщ ілік септік
жалғаулы сөзбен анықтауыштық қатынаста матаса байланы-
суы, септік жалғауларының ооъектілік, мезгілдік, мекендік
қатынастарда екінші сөзбен меңгеріле байланысуы - заңды
құбылыс. Сондықтан да жақ (жіктік) категориясын, жіктелу
жүиесін оір ғана қырынан түсіну, сөитіп, категориялық сипа-
тын синтаксистік қана қызметінен айқындау, морфологиялық
түрлену (парадигмалық) жүйесін, соған сәйкес бір тектес,
өз ішінде қарама-қаишы мәнді грамматикалық мағыналар
жиынтығын ескермеу бүл тілдік қүбылыстьщ (жіктік
жалғаудың) мәнін толық ашпайды, грамматикалық сипатын
терең айқындай алмайды. Өйткені жақ (жіктік) категориясының,
жіктелу жүйесінің грамматикалық сипатын анықтайтын
ерекшелік оның синтаксистік қатынасы мен қызметінде емес,
жіктік жалғау яғни морфологиялық түрлену жүйесінде жатыр
да, көрсетілген синтаксистік қатынас жіктік жалғаудың сөйлеу
процесіндегі атқаратын қызметінен туындап отыр. Яғни бүл
жерде тілдік қүбылыстың морфологиялық түрлену жүйесі
мен мағыналық сипаты және олардың сөйлеу процесінде
синтаксистік қатынасқа түсіп, белгілі түрақты қызмет атқаруы
диахрондық аспектіде, тарихи түрғыда (яғни қайсысынан
қайсысы пайда болды деген ыңғайда) түжырымдалып отырған
жоқ, синхрондық аспектіде, статикалық түрғыда (яғни белгілі
бір форма, формалар жүйесі белгілі бір грамматикалық
мағыналарды білдіріп, сөйлеу процесінде белгілі бір түрақты
қызмет атқарады) көрсетіліп отыр. Сондықтан да «жіктік
жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау» екенін мойындай от-
ырып, «жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.
Өйткені жіктік жалғаулы сөз сөйлемде әрдайым баяндауыш
қана болады» (Ы. А.-ҚҚТ, 67) - деген түжырымның бір жақты
екенін көрсету қажет. Осы ізбен яғни ілік септік жалғауын ол
түлғадағы сөз тек аньщтауыш қызметін, табыс септік жалғауын

123

ол тұлғадағы сөз тек тура толықтауыш қызметін атқаратыны

үшін және ілік септік жалғауы тәуелдік жалғаумен, табыс септік

жалғауы сабақты етістікпен байланысып қана қолдануына

қарап, оларды басқа септік жалғауларынан, тіпті жалғаулар деп

аталатын қосымшалар тобынан бөліп алып, тек синтаксистік

қызмет атқаратын тілдік единица деу қаншалықты қисынды

болар еді? Сөйтіп, жіктік жалғау —сөйлем қүрайтын негізгі

діңгек сөздерді (бастауыш пен баяндауышты) байланыстыра-

тын предикаттық мәндегі морфологиялық түлға.

Сұрақ. Төрт жалғаудың үшеуі (көптік, тәуелдік, септік

жалғаулар) әдетте сөз табы жағынан зат есімге тән, зат есімнің

түрлену жүйесі деп анықталады да, жіктік жалғау көбіне

етістікпен байланысты сипатталады. Бірақ жіктелетін тек

етістік қана емес. Әдетте жіктік жалғауы етістіктің түбіріне

тікелей жалғанбайды, белгілі бір формаларының ғана үстіне

жалғанады, соған байланысты жіктік жалғаулардың түлғалары

да біркелкі болып келмейді, ал есім сөздерге жіктік жалғау

тікелей түбірге және бір қалыппен жалғана береді. Бүның сыры

неде? ■ •N

Жауап. Рас, қазақ тілінде адамға байланысты есім сөздер-

тікелей жіктеледі де, жіктік жалғау тікелей сол түбірғе жалғана

алады. Ал етістік түбіріне тікелей жіктік жалғау жалғана

алмайды. Тек «функциялық етістік» деп аталатын ерекше

грамматикалық формалары ғана (М. Ы. - ҚҚТ, 83-185) жіктеле

алады, яғни осы формалардың үстіне ғана жіктік жалғаулар

үстеле алады. Бүл-бір. Екіншіден, қазақ тілінде қалып етістіғі

деп аталып жүрген отыр, түр, жатыр, жүр деген 4 етістік те

тікелей жіктеледі. Бүның өзі бүлтөрт етістік түбір емес екендігін,

етістіктің белгілі бір грамматикалық түлғасы екендігін

аңғартады. Үшіншіден, етістіктің жіктелетін түлғаларының

өзіне жіктік жалғаулары біркелкі, бір түрлі жалғанбайды.

Әрине, бүлай болу тегін емес. Бір жағынан, жеке сөз табы

ретінде етістіктщ озі сан салалы, күрделі екенін көрсетсе,

124

екінші жағынан, жіктік жалғаудың грамматикалық мағынасы,

#

әр жаққа байланысты түрлену жүйесі, сөйлемде атқаратын
қызметі, синтаксистік қатынасты білдіруі бір кезде, бір түрлі,
бір ыңғайда қалыптаса қоймағанын көрсетеді. Сондықтан да
жіктік жалғаудың осындай әр жақтылық сипатының себебін
бір сөзбен дәлелді түсіндіру өте қиын. Етістіктің қай түрін
(тіпті есімдерді де) жіктесек те, яғни жіктелу үлгісінің қай түрін
сөз етсек те, жіктік жалғауының сөзге жалғануы жағынан да,
сыртқы түр-түлғасы жағынан да, басқа сөзбен (предикаттың
субъектімен) байланысы жағынан да, бірінші және екінші жак
бір түрлі, ал үшінші жақ өзінше бөлек екені байқалып түрады.
Бүл - тек 1-2-жақтың сөйлеуші мен тындаушы, ал 3-жақтың
бөгде болуымен ғана емес, сонымен бірге шығу, қалыптасу
тарихымен, қолданылу ерекшеліктерімен де байланысты.
Айталық, 1-2-жақ жіктік жалғаулары жіктеу есімдіктерінен
(-мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін түлғалары мен дегеннен, -сың,
-сің ден дегеннен, -сыз, -сіз сіз дегеннен, сондай-ақ біз сөзінен
-мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз, сендер дегеннен -сыңдар, -сіңдер,
сіздер дегеннен -сыз-дар, -сіздер) жасалып, қалыптасқаны
белгілі. Бүнымен бірге 1-2-жақ жіктік жалғаулары 1-2-жақта
кейбір дыбыстық өзгерістерге түсіп, түрін өзгертіп, 1-жақта,
-м, мысалы, келді-м, барса-м (бара-мын дегеннің сөйлеу тілде
бара-м болуы сияқты дамудың салдары болу керек), 2-жақта -ң,
мысалы, келді-ң, барса-ң немесе сыпайы -ңыз, -ңіз: келді-ңіз,
барса-ңыз болуын көрсете кеткен жөн. Осындай өзгеріс үстінде
жіктеу есімдіктері (бәлкім жіктік жалгаулары арқылы) 1-2-жақ
тәуелдік жалғауларын да (-ым, -ім, -м, және -ың, -ің, -ң, -ыңыз,
-іңіз, -ңыз, -ңіз) қалыптастырған. Ал қазақ тілінде -а, -е, -й, -ып,
-іп—п көсемше түлғалы етістік жіктелғенде ғана кездесетін
3-жақ жалғауы -ды, -ді, -ты, -ті тарихи жағынан түр көмекші
етістігінен кейінірек жасалып қалыптасқан. Көпшілік жағдайда
3-жақтың арнайы қосымшасы болмайды да, ол мағына көбіне
нольдік форма арқылы беріледі. Н. К. Дмитриевтің керсетуінше,

125

қазіргі 3-жақ баяндауыш қосымшасы (аффикс сказуемости) тұр
- көмекші етістігіне саяды да, қосымша қатарына кеш келген.
Кейбір түркі тілдерінде 3-жақтағы баяндауыш ешбір қосымша
арқылы берілмейді. Сөйтіп, 3-жақ баяндауыш қосымшасының
шығу төркіні I және 2-жақ жіктік жалғаулардан өзгеше. Тіпті
түр етістігінің болу мәнінде жүмсалуы тек түркі тілдеріне ғана
тән емес, басқа да тілдерден байқалып отырады: бір ғана латын
тіліндегі түбірге саятын итальянша зіаге, испанша езіаг, фран-
цузша ёіге, парсыша истадан, орысша стать, т. б.

Көптеген түркі тілдерінде түр-үр - түр-ыр - ол түр - ол түрар
- ол түрып түр (осы шақ - келер шақ) деген алғашқы түлғасы
әр түрлі дыбыстық өзгерістерге түсті. Түбірдегі дауысты
дыбыстың өзгерісін былай қойғанда (түр-тор), сөз басындағы
қатаң дыбыстың үяңдануы (түр//дур-, тыр-//дыр-) немесе сөздің-
ыр//-ур деген екінші буыны түсіп қалып, соның салдарынан сөз
мүжіліп барып, түр-ур//дур-ур - түр//дур) түр//дүр, тыр-ыр//дыр-
ыр -тыр//дыр-тыр//дыр (қазақша, озбекше -ды//ди, қырғызша -т)
болып қосымшаға айналған (ИСГТЯ, 5).

Бүның үстіне есім сөз таптарының 3-жақта, дүрысында \

және 2-жақта жүмсалуында да белгілі бір ерекшелік бар. Әдетте
адамға қатысты зат есім, сын есім, сан есімдер ғана жіктеле
алады.

Мен бала-мын, жігіт-пін, жалғыз-бын, үлкен-мін, екін-ші-
мін

Біз бала-мыз, жігіт-піз, жалғыз-быз, үлкен-біз, екеу-міз
Сен бала-сың, жігіт-сің, жалғыз-сың, үлкен-сің, екін-ші-сің
Сендер бала-сьщдар, жігіт-сіңдер, жалғыз-сыңдар, үл-кен-
сіңдер, екеу-сіңдер
Сіз бала-сыз, жігіт-сіз, жалғыз-сыз, үлкен-сіз, екеу-сіз
Сіздер бала-сыздар, жігіт-сіздер, жалғыз-сыздар, үл-кен-
сіздер, екеу-сіздер
Ол бала - 0 , жігіт - 0 , жалғыз - 0 , үлкен - 0 , екеу - 0
(Олар) бала-лар 0 , жігіт-тер 0 .

126

Ал, адамға байланысты емес (айналадағы жанды-жансыз)
заттарға, сол заттардың әр түрлі сындық, сандық сипатына бай-
ланысты сөздер бірінші (айтушы) я екінші (тыңдаушы) жақ бола
алмайды, яғни мен үй-мін сен тау-сың деп айтуға болмайды, тек
кейде жанды жансыз заттар адам мағынасында түсініліп, әсіре-
се поэзияда экспрессиялық мәнде ғана қолданылуы мүмкін.

Сонда мен көп өліктің бірімін ғой,
Сүйгеннің аузьгадағы жырымын ғой

(С. Торайгыров).

Жапанда бір гүл едім жеке біткен,
Қызықты дүниеден өмір күткен

(С. Торайгыров).

Жылансың екі басты ел жалмаған,
Қоймаймын не қылсаң да, айтар сөзін

(ЖаяуМуса).

Хан емессің, қасқырсың, Қас албасты басқырсың...
Хан емессің, ылаңсың, Қара шүбар жылансың
Хан емессің, аярсың, Айыр қүйрық шаянсың!

Мен келелі қара бүлтпын,
Келе жаумай ашылман.
Қарсыласқан дүшпанға
Найзағай мен жасылмын

(Махамбет).

Нүрысың сен дүниенің алып түрған
Күйігің сенің мені зарықтырған

(«Дарига» хальщ әні).

Сен жаралы жолбарыс ең. Мен киіктің лағы ем (Абай).
Кейде 1, 2-жақ жіктік жалғаулары тіпті түсіп қалып та
қолданылады:
Мен көмір де, сен темір, Еріткелі келгемін...
Сен қабылан да, мен арыстан, Алысқалы келгемін

(Қазбек шешен).

127

Ардақжан, сен ақ сұңқар бақшадағы, Біреудің мәпелеген ақ

тамағы (Әсет ақын).

бетіңде

(«Шилі
Бейіштің гүл жамылған сарайында Сайраған тоты қүстай

сен бір бүлбүл («Қара торғай» әні).
Сіз асыл тас, қалқатай, сағаттағы, Көңілімді сүйген жар

табаттағы («Ахау керім» әні). Ой, Ардақ, сен ақ қоян секеңдеген

(«Ардақ»), т. б.
Соңғы мысалдарда өлең сөздің ерекшелігіне байланысты,

әр жолда буын санының сәйкестігіне, үйқасқа қарай және
стильдік, экспрессиялық мақсатқа сәйкес 2-жақтың жіктік
жалғаулары қолданылмаған, түсіп қалған, бірақ оның қай
жақта түрғандығы тексте қолданылған қимыл, іс-әрекеттің,
заттық иесі субъектіні білдіріп түрған 1-2-жақтағы жіктеу
есімдіктерінен анық байқалады: мен көмір - мен көмір-мін, сен
темір - сен темір-сің, сен қабылан - сен қабылан-сың, мен ары-
стан - мен арыстан-мын, сен ақ сүңқар, және біреудің ақ тамағы
-сен ақ сүңқар-сың және біреудің ақ тамағы-сың, мен қоңыр
қаз - мен қоңыр қаз-бын, сен бір бүлбүл - сен бір бүлбұл-сың,
сіз асыл тас - сіз асыл тас-сыз, сен ақ қоян - сен ақ қоян-сың.
Ал зат есімнің көмекші етістікпен (көбіне е көмекші етістігі)
тіркесіп жүмсалуы бүл сияқты қолданысқа шақтық мән (әсіресе
өткен шақ) береді, жіктік жалғау әдеттегідей көмекші етістікке
жалғанады: (мен) гүл едім, сен жолбарыс ең (едің), мен киіктің

лагы ем (едім), т. б.
Бүл сияқты өлең сөзде, әсіресе ауыз әдебиеті дәстүріндегі

поэзияда, ақындар айтысында айтушы (автор я кейіпкер) езін
және тыңдаушысын (қарсыласын) белгілі бір қасиеті я сапасы
жағынан сай келетін я айтушы түрғысынан сай болып санала-
тын жанды я жансыз (адамнан басқа) заттарға балау, сөйтіп, бір
жағынан, оны субъектінің предикаты ету, екінші жағынан, сол
арқылы әсем де әсерлі, образды ой, экспрессиялық мән білдіру

128

жиі кездесіп отырады. Мысалдағы (сүйгеннің аузындағы) жы-
рымын ғой —мен өліп қалсам да, өзімнің іс-әрекетім, сезімім,
т. б. арқылы сүйгеннің қол созған арманы, әмән айтып жүретін,
жырлап жүретін адамымын, (мен) жапанда жеке біткен бір гүл
едім - өмірге құштар, жүрттан көмек күткен, қолдаушысы жоқ
өте нәзік адам едім, (сен) екі басты жылансың жұртқа жақсы-
лығы жоқ, обыр, озбыр, жауыз адамсың (Махамбеттегі қара
шүбар жылансың деген де осыған жақын мәнде қолданылған),
(сен) каскырсың, ылаңсың, жылансың, аярсың, шаянсың
дегендер де Жәңгір ханның озбыр, адамдық қасиеттен ада,
қатыгез, айлалы мінездерін көрсету үшін қолданылған; мен
келелі қара бұлтпын - айбарлы, ашулы, кек алатын адаммын,
мен найзағай (мын), жасылмын (жай түсу) - сол айбарлы,
кекшіл мінезді, оір сәтте іске асыратын қуаты оар, мерт ететін
жанмын (өте бір ерекше экспрессия), т. б. Әдетте айтушы өзі
мен тыңдаушысын (қарсыласын) қайшы қойып, шендестіре су-
реттегенде, сол зат білдіретін ұғымның барлық қасиеті емес,
жеке бір қасиеттерін ғана есепке алатын сияқты: сен бұзау
терісі шөншіксщ - әрі кіші, әрі жұқа, әрі осал, мен өгіз терісі
талыснын - әрі үлкен, әрі қалың, әрі мықты; сен жаралы жол-
барыс ен - өмірден опық жеген яғни жаралы, айбарлы, сойқан
күші бар жансың, мен кіиктің лағы ем - басында еркі жоқ,
тағдыры жұрттың қолында, нәзік жаратылған жанмын; мен
көмір - қызуы күшті, көрінгенді ерітіп жіберетін жанмын, сен
темір - өте мықты, берік, бірақ көмір қызғанда балқып кететін
жансың; сен кабылан - дүлей күштің иесі жансың, мен ары-
стан - одан да асқан күші бар адаммын, т. б.

Ал баяндауыш қызметіндегі сөз 3-жақта жүмсалғанда яғни
жіктелудің 3-жағында тұрғанда, біріншіден, грамматикалық
түлға(форма) ретінде арнайы қосымша(жіктік жалғау болмайды,
бұл - нольдік форма деп аталады, яғни жіктік жалғаудың арнау-
лы көрсеткіші - тұлғасы болмаса да, 3-жақтық грамматикалық
мағына бар) болмайды, екіншіден, предикат (баяндауыш)

129

1-2-жақтардағы секілді міндетті түрде адамға байланысты сөз
болмай, кез келген заттың (адамға байланысты болуы тіпті де
міндетті емес) ұғымды немесе соның (заттық ұғымның) сандық,
сан - мөлшерлік, т. б. сипатын білдіретін сөз болып, оның иесі
субъекті де, яғни ол, 1-2-жақтардағыдай (яғни мен, біз, сен, сіз,
сендер, сіздер, тек адамға байланысты, өйткені сөйлеу, ой жеткізу,
пікір айту және соларды тындау, тындату, соған қаратылу тек
қана адамға қатысты, адамға байланысты сипат) тек адамға
қатысты ғана емес, кез келген зат атауы, бөгде зат ұғымы болып
та келеді. Сондықтан да субъектілік —предикаттық қатынаста
3-жақта жіктелу арқылы қолданылған сөз байланыстарының
табиғаты ерекше. Өйткені ондай қолданыстағы, яғни баягн-
дауыш қызметін атқарып, 3-жақ жіктік жалғаудың нольдік
формасында тұрған сөз әр уақытта 1-2-жақтарда яғни жіктік
жалғаудың 1-2-жақ грамматикалық көрсеткіштерін жалғап
жұмсалмайды. Жіктік жалғау белгілі қызметтегі (баяндауыш
қызметіндегі) сөздердің парадигмалық түрлену жүйесі болса
да, адамнан басқа заттарға байланысты жоғарыда көрсетілген
қолданыстардан басқа жағдайларда олардың семантикалық
(мағыналық) сәйкестігіне қарай 1-2-жақтарда жіктелмейді.
Бірнеше мысал: Екеуінің де көңіл түбіндегі бір жүбаныш -
Кәлен. Және Қоңырат, Үшсай, Үйреніш - Кәленнің мүнан бұрын
да талай болған, жалғыз жортқан жерлері (Ә. Нүрпейісов).
Тәкен де алысты болжап отырған сияқты. Сонда теріс - кім?
Талас неден шықты (Ғ. Мұстафин). Өлең —сөздің патшасы,
сөз сарасы. Ғашықтың тілі - тілсіз тіл (Абай). Ар жазасы -
бар жазадан ауыр жаза (М. Әуезов). Көп оқу —білім алудың
негізгі шарты (С Мұқанов). Баланың жақсысы - қызық, жама-
ны - күйік (Абай). Жан болып өз тіршілігімде сүйгенім - ән
(Ғ. Мүсірепов). Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ (Абай).
Біздің алдымызда түрған ең жауапты міндет - қысқы жемшөптщ
мол қорын жасау («Социалистік Қазақстан» газеті). Бақыт -
өз еңбегінің жемісін өз көзімен көру (В. Катаев). Мысалдағы:

130

бір жұбаныш - Кәлен, яғни ол - Кәлен, 1-2-жақтарда мен
Кәленмін, сен Кәленсің, сіз Кәленсіз болып жіктеле алады,
бұл сөз жіктік жалғаудың үш жағында да қолданыла алады,
өйткені Кәлен деген сөз адамға байланысты сөз, адамның аты,
ал Қоңырат, Үшсай, Үйреніш - Кәленнің жерлері яғни ол не
олар - Кәленнің жерлері, бірақ мен жерімін я жерлерімін, сен
жерісің, я жерлерісің, т. б. болып 1-2-жақтарда жіктелмейді және
қолданылмайды, өйткені жер - жансыз зат. Теріс - кім? яғни ол -
кім? сондай-ақ мен кіммін? Сен кімсің? Сіз кімсіз? т. б. болып
жүмсала алады. Патша сөзі адамға байланысты болғанмен, бұл
жерде (сөздің патшасы) тақта отыратын ел билеуші адам емес,
ең жоғарғы көрсеткіш, ұтымды сөз мағынасында қолданылған,
сондықтан да мен сөздің патшасымын, сен сөздің патшасысың
және мен сөз сарасымын, сөз сарасысыз болып жұмсалмайды.
Ғашықтың тілі яғни ол - тілсіз тіл, ар жазасы яғни ол - ауыр
жаза, көп оқу яғни ол - оілім алудың непзп шарты, оаланың
жақсысы яғни ол - қызық, жаманы - яғни ол - күйік, сүйгенім
яғни ол - ән, адасқанның алды яғни ол - жөн, арты яғни ол -
соқпақ, бірақ мен тілмін де емес, сен тілсің де емес, мен жаза-
мын да емес, сіз жазасыз да емес (әрине, жазу етістігі де емес),
мен шарты да емес, сен шарты да емес, мен әнмін де емес, сен
әнсің де емес, т. б. Сондықтан да болса керек, грамматика-
лар мен жеке зерттеулерде баяндауыш қызметіндегі зат есім
жіктік жалғаудың 3-жағында (нольдік формада) тұр делінбей,
ол атау септік тұлғасында тұрған сөз деп уағыздалады. Айта
кету керек, жеке сөздің, зат атауының 3-жақты білдіруі бар да,
оның 3-жақ жіктік жалғауда тұруы бар, ол екеуі - екі бөлек
нәрсе. Мысалы, кез келген зат есім грамматикалық мағынасы
жағынан 3-жақты білдіреді: тау, адам, үй, т. б., сондықтан да бұл
сөздердің орнына ол деген 3-жақ жіктеу есімдігін қолдануға бо-
лады, ал баяндауыш қызметінде - мынау - тау, ол - адам, алы-
стан көрінген - үй, т. б. қолданыста - бұлар жіктік жалғаудың
3-жақ түлғасында жүмсалған, өйткені мен асқар таумын, сен

131

адамсың, т. б. болып мағыналық жағынан 3-жақты білдіретін
сөздері 1-2-жақ жіктік жалғауында қолданыла береді. Зат есім,
әсіресе сын есім мен сан есім тіпті қимыл есімі (тұйық етістік)
баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, еш уақытта атау септік
тұлғасында (грамматикалық формада) тұрмайды. Жоғарыда
септік категориясына байланысты талданғандай, атау септік
тұлғалы сөз грамматикалық мағынасы жағынан субстанттық,
иелік, грамматикалық қызметі жағынан сөйлемнің бастауы-
шы (грамматикалық субъект) мәнінде қолданылатыны белгілі.
Сондықтан да басқа сөз таптары атау септік тұлғасында яғни
сөйлемде бастауыш қызметінде жұмсалғанда, көрініп тұрған
ешбір сыртқы фррмасы болмаса да (бұл жерде нольдік фор-
ма) заттанып қолданылады: бітер істің басына жақсы келер
қасына (Мақал), көрмес - түйені де көрмес (Мақал), т. б. де-
гендерде жақсы, көрмес деген сөздер (сын есім мен есімше)
атау септік тұлғасында тұру арқылы әрі бастауыш қызметінде,
әрі заттанып (субстантивтеніп) жақсы адам, көрмес адам де-
ген мәндерде қолданылған. Атау септіктің бұндай қызметі мен
мәні оны басқа септік түрлерімен категориялық форма ретінде
бір қатарға қоюға негіз болады. Ал атау септік түлғасының
басқа тұлғалармен әсіресе зат есімнің түбір тұлғасымен (бұл -
зат есімнің басқа түрлену формаларына негіз болатын тұлға)
сырттай ұқсас келуі оларды бір екен деп қарауға неғіз бола ал-
майды. Бұлар - грамматикалық омонимдер: зат есімнің түбір
тұлғасы грамматикалық форма емес, оның мағынасы түбірдің
мәнімен, жалпы грамматикалық (лексикалық мағынаның жал-
пылануы арқылы пайда болатын) мағынамен байланысты
болса, атау септігі - грамматикалық форма (нольдік форма),
оның мағынасы - категориялық грамматикалық мағына. Осы
екеуіне сыргтай ұқсас үшінші бір форма - зат есімнің 3-жақ
жіктік жалғауында тұрған формасы. Бұл - зат есімнің түбір
тұлғасы да емес, атау септік түлғасы да емес, категориялық
мағынаны білдіретін (3-жақ субъектінің кім екенін, қандай

132

қасиеті бар екенін білдіретін) өзіне тән грамматикалық қызметі
бар (сөйлемнің баяндауышы) 3-жақ жіктік жалғаудың нольдік
формасы, өйткені бұл - бір тектес грамматикалық (жіктелу я
жіктік) мағынаны білдіретін жүйенің жақтық жағынан бір-
біріне қайшы келетін (мысалы, бірінші мен екінші, бірінші мен
үшінші, екінші мен үшінші жақтары) бір түрі.

Баяндауыш қызметінде түйық етістік қолданылғанда, ол
жіктелу жүйесінен тіпті алшақтап кетеді, өйткені үшінші жақта
тұрған тұйық етістік (мысалы, міндетіміз - жақсы оқу яғни ол -
жақсы оқу сияқты) предикат ретінде белгілі бір шарттылықпен
түсінілсе де, оның (түйық етістік түрінің) предикат қызметінде
бірінші және екінші жақтарда жүмсалуы мағыналық
(семантикалық), түлғалық (формалық) жағынан да қазақ тілі
нормасына сай емес: мен үйрену-мін, келу-мін, сен үйрену-сің,
келу-сің, т. б. болып айтылмайды. Тұйық етістік сондықтан да
етістік түрлерінің (түлғаларының) ішінде жіктелмейтін (бірақ
есімдерше түрленетін, көптелетін, септелетін, тәуелденетін
және мағынасы жағынан қимыл, іс-әрекеттің атын, атауын
білдіретін) ерекше түрі деп аталады. Демек, семантикалық,
грамматикалық сипаты жағынан түйық етістік жіктелмейтін
түлға болса да, баяндауыш қызметінде 3-жақ жіктік жалғаудың
нольдік формасында тұрады. Дәл осындай шарттылық сипат
жатыс септік тұлғасындағы зат есімдер (көмекші есімдер) ба-
яндауыш қызметінде жұмсалғанда да байқалады: жау жоқ
деме, (ол) жар астында, бөрі жоқ деме, (ол) бөрік астында
(Мақал); бас жарылса, (ол) бөрік ішінде, қол сынса, (ол) жең
ішінде (Мақал); қызым үйде, қылығы түзде (Мақал), т. б. Тіпті
кейде негізгі ережеге қайшы келетін (әдетте, мысалы, одағай
сөйлем мүшесі болмайды) бірлі-жарым фактілер, мысалы,
Уһ - одағай дегенде, уһ - бастауыш болып түр, кездесіп оты-
руы тілдің жүйелік сипатын жоққа шығармайды. Сөйтіп, баян-
дауыш қызметіндегі сөз әрдайым жіктеліп жұмсалады, 3-жақта
арнайы жіктік жалғауының болмауы оның нольдік формасы

133

болып табылады. Әдетте көсемше тұлғалары (-а,-е, -й және

-ып, -іп, -п) мен бұйрық райдың 3-жағында ғана арнайы жіктік

жалғауы болады. Тек бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы бо-

лып келгенде ғана, ол баяндауыш кейбір тиянақсыз формада

тұрғанда (мысалы, -а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі

көсемше формалары, есімше формаларына шылаулар мен шы-

лау сөздер тіркескен немесе жатыс, шығыс септік түрлерінде,

мысалы, -ған кезде, -ған сайын, -ғанда, -ғаннан бері, т. б.) жіктік

жалғау жоқ, өйткені ол тұлға үш жаққа да оның жақтық мәні

бастауыштан ғана көрінеді. Мысалы, мен келгенде, сен жас

едің; ол келгеннен бері, күн ашылмай қойды; мен келе алмай,

сен калып койып жүрме, т. б. алғашқы бағыныңқы сөйлем ба-

яндауыштарын жіктеп көреии ік:

Мен келгенде, келгеннен бері, келе алмай ,

Сен келгенде, келгеннен бері, келе алмай

Сіз келгенде, келгеннен бері, келе алмай

Ол келгенде, келгеннен бері, келе алмай

Біз келгенде, келгеннен бері, келе алмай

Сендер келгенде, келгеннен бері, келе алмай

Сіздер келгенде, келгеннен бері, келе алмай

Олар келгенде, келгеннен бері, келе алмай

Бұның себебі неде? Кейбір етістік тұлғаларының есімше,

кесемше, тұйық етістік жіктелмей-ақ (бұл жерде нольдік фор-

ма емес) баяндауыш қызметін атқара беруі жіктік жалғауы

баяндауыштық форма деген қағидаға нұқсан келтіре алмайды,

өйткені бұл сияқты етістіктен болған баяндауыштың жіктелмей

қолданылуы әдеттегі жағдай емес, атап айтқанда, аяқталмай

тұрған (сабақтас құрмаластың бағыныңқы) сөйлемде ғана

кездеседі. Демек, бұл ерекшелік ондай тұлғаның тиянақсыздық,

бітпегендік сипатпен байланысты бағыныңқы сөйлемде

болатындығы байқалады. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш-

тары етістіктің көсемше, шартты рай түлғалары мен есімше

тұлғаларына кейбір жалғау (жатыс, шығыс, көмектес, барыс),

134

жұрнақ (мысалы, -дықтан) үстеліп немесе оған септеулік шы-
лаулар тіркескен түрінен болады. Атап айтсақ: көсемше -а, -е,
-й және -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі, кейде болымсыз
түрде -майынша, -мейінше, шартты рай -са, -се (қарсылықты
бағыныңқыда оған қоса да, де шылауы болады), сондай-ақ
есімше тұлғалары 1) жатыс септігінде (-ғанда, -генде, -қанда,

басталғанда
белг

бір жүрнақтар үстеліп, а) -ғандай, -гендей, -қандай, -кендей
(келгендей, барғандай), ә) -ғанша, -генше, -қанша, -кенше
(келгенше, барғанша), б) -ғандықтан, -гендіктен, -қандықтан,
-кендіктен (келгендіктен, барғандықтан), в) -ысымен, -ісімен,
-сымен, -сімен (бастал-ысымен, кел-ісімен), г) болымсыз етістік
тұлғасына -стан, -стен (келместен, бармастан); 4) есімше
тұлғасына соң, кезде, шақта, уақытта, сайын сияқты шылау
сөздер тіркеседі: барған кезде (соң); 5) барыс септік тұлғалы
есімшеі едейін, шейін шылауытіркеседі: барғанға дейін (шейін);
6) шығыс септік тұлғалы есімше кейін, соң, бері, бұрын тәрізді
септеулік шылаулар тіркеседі: келгеннен бері (соң, бұрын), т. б.
және тұйық етістікке тіркескен үшін шылауы: келу үшін, т. б.
(ҚТГ, П, 150-165).

Қазақ тілінде сөйлемдердің бір-бірімен сабақтаса байланы-
сы яғни қүрмалас сөйлем қүрамына енген жай сөйлемдердің
бірі екіншісіне бағынып қолданылуы, бағыныңқылық қатынас
баяндауыш тұлғалары арқылы, бағыныңқы сөйлемнің баянда-
уыштары жоғарыда көрсетілгендей тұлғалардан тұру негізінде
болады. Орыс тіліндегі сияқты жай сөйлемдерді бір-бірімен
сабақтастыратын бағыныңқы жалғаулықтар (подчинитель-
ные союзы) қазақ тілінде жоқ, егер деген бір ғана сөз олардың
қызметін толық өтей алмайды. Сондықтан да жалғаулықсыз
құрмалас орыс тілінде сабақтасқа да, салаласқа да жатпай-
ды, өйткені жай сөйлемдерді орыс тілінде сабақтастыратын
бағыныңқы жалғаулықтар болса, салаластыратын да тең

135

дәрежелі байланыстыратын жалғаулықтар (сочинительные
союзы). Қазақ тілінде жалғаулықтар тең дәрежелі сөздерді я
сөйлемдерді ғана байланыстырады, жалғаулықсыз құрмалас
салаласта да, сабақтаста да бөлек-бөлек бар.

Бағыныңқы сөйлем баяндауышының тиянақсыз тұлғада
жұмсалуын осындай сипаттар арқылы тұсіндіруге болады,
басқаша жағдайда яғни бағыныңқы сөйлем баяндауышы
тиянақсыз тұлғада келмесе, қазақ тілінде сабақтас құрмалас
сөйлем болмаған да болар еді. «Тіліміздің қазіргі даму саты-
сында көсемшелер - етістіктің ең бір тиянақсыз тұрі. Бұлар
құрмалас сөйлемнің өздері баяндауыш болып келген бөлшегін
оның екінші бөлшегіне бағындыра, соған тәуелді ете байла-
ныстырады да, ол бөлшектердің бірлікте, тұтастықта болу-
ын қамтамасыз етеді. Сондықтан белгілі бір компоненттің
баяндауышы көсемшеден болған құрмалас сөйлемдерде жай
сөйлемдерді бір-бірімен қарым-қатынасқа келтіретін қосымша
тәсілдердің, формалардың керегі болмайды. Өйткені ондай
функңияны жай сөйлем баяндауышы болып келген көсемше
етістік формасының өзі-ақ атқарады. Сөйтіп, көсемшелер әрі
баяндауыштық, әрі сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын
дәнекерлік қызмет атқарады. Мұндай қызметте көсемшенің қай-
қайтүрі болса да қолданылады» (ҚТГ, П, 152). «Жай сөйлемдерді
бір-бірімен құрмаластыру үшін есімшелер де көсемшелер
сияқты құрмалас сөйлемнің бағыныңқы жай сөйлемінің ба-
яндауышы функциясында қолданылады. Бірақ есімшелер мен
көсемшелердің жай сөйлемдерді құрмаластыру жолы бірдей
емес. Егер бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып түрған
көсемшелер басқа бір қосымша тәсілдердің, формалардың
көмегінсіз-ақ жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру функ-
циясын да тікелей өзі атқаратын болса, есімшелерде бұл қасиет
жоқ. Олар атау тұлғада бағыныңқы жай сөйлемнің баяндауы-
шы да бола алмайды, жай сейлемдерді қүрмаластыра да алмай-
ды. Есімшелер жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясында

136

қолданылғанда, әр алуан тұлғапық құбылыстарға ұшырап,
тиянақсыз формаларда айтылады» (ҚТГ, П,156).

Айта кету керек еткен шақ (-ып, -іп, -п) көсемше формасы
да, ауыспалы шақ (осы шақ - келер шақ: -а, -е, -й) көсемше
формасы да жалпы тиянақсыз тұлға деп саналып жүргенмен,
жіктеліп келгенде, кесемше формасына тиянақты сипат бітіп,
жай сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарып, сөйлемді
аяқтап, тиянақтап, бітіріп тұрады. Мысалы: Көп кешікпей біз
де қайтып ораламыз (Ғ. Мүстафин). Бір күні ел көшкенде,
қыр астында ойнап жүріп, екеуі жұртта қалып қойыпты...
Асан айқай салып жылай бастайды (Ы. Алтынсарин). Осы
сөйлемдердегі баяндауыш құрамындағы (қайтып) ораламыз,
(қалып) қойыпты, (жылай) бастайды көсемшетүлғалы етістіктер
жіктеліп қолданбаса, сөйлем аяқталмас еді, тиянақты да болмас
еді: (қайтып) орала, (қалып) (жылай) бастай, ал бұларды 1 және
3-жақ жіктік жалғаулары сөйлемді тиянақты етіп отыр. Ал
есімше тұлгасы - тиянақты форма. Ол багыныңқы сөйлемнің
баяндауышы болу үшін, жоғарыда көрсетілгендей, тиянақсыз
формада тұру қажет болады. Сондай тиянақсыз форманың
бірі - шартты рай тұлғасы. Шартты рай жіктелсе де, онда
тиянақтылық сипат болмайды, сондықтан да болса керек шарт-
ты рай тұлғасынан болған багыныңқы сөйлемнің баяндауышы
жіктеліп қолданылады, ол —өткен шақ тұлғасы сияқты ерек-
ше түлғамен, жіктік жалғаудың мүжілген түрімен жіктеледі.
Майысса да сынбайтын болат па десем, морт кетер шойын
екен ғой (Ғ. Мұстафин). Көрмесем де, көрсем де, Көңілім се-
нен айрылмас (Абай). Қысым көрсеңдер, осында келіндер
(С. Сейфуллин). Бұл тойға Ақан келсе, шығар үн де сонікі
(Ғ. Мүсірепов). Сен болыс болмасаң, Базаралы келер ме еді?
(М. Әуезов). Егер он бес мыңдай кісі жиналса, бірінші кезектің
жер қазу жұмысын осы екі айда бітіріп кетуі мүмкін (С.
Мұқанов). Бұл мысалдардағы 1-жақта (мен) десем, көрмесем,
көрсем, 2-жақта (сен) болыс болмасаң, (сендер) қысым көрсеңдер,

137

3-жақта (ол) келсе, жиналса деген шартты рай тұлғалы етістіктер
сөйлемнің (бағыныңқы сөйлемнің) баяндауышы болып,
жіктеліп келсе де, тиянақсыз, аяқталмаған форма болып тұр.
Осының өзінен шартты рай тұлғасы мен-көсемше тұлғасының
тиянақсыздық, оаяндауыш қызметінде аяқталмағандық сипа-
ты бірдей, біркелкі емес екенін байқаймыз, көсемше тұлғасы
жіктелсе, тиянақты сипатқа ие болады. Ал есімше тұлғасы -
жеке тұрғанның өзінде-ақ тиянақты форма. Сондықтан есімше
бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарғанда,
тиянақсыз формада (жатыс, көмектес, дықтан, т. б.) немесе шы-
лау сөздермен тіркесіп жұмсалады.

Көсемше тұлғасының осындай ерекшелік қасиеті оның басқа
да кейбір қолданыстарынан, әсіресе, бірыңғай мүшелердің,
көбінебірыңғайбаяндауыштардың,қолдануларынанбайқалады,
яғни көсемше формалы етістік түрленбей-ақ (көбіне жіктелмей-
ақ) етістіктің басқа тұлғаларымен, мысалы, есімше, жедел
өткен шақ тұлғалы сөздермен бірыңғай мүше болып сөйлем
ішінде қолданыла береді. Балтабек пен Асқар киініп, шығып
кетті (С. Мұқанов). Ауыл жігіттері сәлем беріп, алдынап
шығып, атын ұстап, аттан түсіріп алып, кұрдай жоргалап,
есік ашып енгізіп, күтіп жатыр (С. Сейфуллин). Құс қанатымен
ұшып, құйрығымен қонады (Мақал). Ол ауылға жаздың басын-
да келіп, күзде ғана кеткен. Берілген мысалдардағы көсемше
киініп деген тұлғалы етістік шығып кетті деген жедел өткен
шақ тұлғалы сөзбен, сәлем беріп, алдынан шығып, ұстап, ат-
тан түсіріп алып, құрдай жорғалап, енгізіп дегендер (бұрынғы
өткен шақ мәнінде) осы шақтағы күтіп жатыр дегенмен, ұшып
(тағы да өткен шақ) деген қонады дегенмен (ауыспалы осы
шақ), келіп деген кеткен дегенмен бірыңғай баяндауыш болып
қолданылған. Көсемше түлғалы етістіктің бұндай қызметі өте
ерте заманнан бері келе жатқан бірден-бір қызмет деуге болады
(ҚТГ, П, 151-152).

138

Сөйтіп, кейбір етістік тұлғаларының баяндауыш қызметінщ
өзінде жіктелмей қолданылуының осындай ерекшеліктері бар
екен.

Жіктік жалғауы есім сөз таптарынан гөрі етістікке тән де-
сек те, оның мынадай ерекшеліктерін көрсетпеуге болмайды.
Біріншіден, жоғарыда көрсетілгендей, етістік түбір тұлғасында
тікелей жіктелмейді. Екіншіден, етістіктің жіктелетін
түлғаларының өзі бірдей, біркелкі жүйемен жіктелмейді. Атап
айтқанда, қазақ тілінде етістік 5 түрлі жіктеледі, 4 түрлі жіктік
жалғауы жалғанады.

Етістіктің есімше түлғалы түрі (-ған, -ген, -қан, -кен, -атын,
-етін, -итын, -итін, -ар, -ер, -р, болымсыз түрі -с, -мақ, -мек, -бақ,
-бек, -пақ, -пек)жәнеотыр,түр, жүр, жатырдеген 4 қалып етістігі,
-уда, -уде түлғалы түйық етістік есім сөздерше жіктеледі: 1-жақ
жекеше -мын, -мін, -пын, пін, көпше -мыз, -мыз, -быз, -біз, -пыз,
-піз; 2-жақ анайы, жекеше -сың, -сің, көпше -сыңдар, -сіңдер,
сыпайы жекеше -сыз, -сіз, көпше -сыздар, -сіздер; 3-жақ-та ар-
найы жалғау жоқ.

Мен келген-мін, көрер-мін, бермес-пін, алмақ-пын, отыр-
мын, жүр-мін, тұр-мын, жатыр-мын

Біз келген-біз, баратын-быз, көрер-міз, бермес-піз, алмақ-
пыз, отыр-мыз, жүр-міз, түр-мыз, жатыр-мыз

Сен келген-сің, баратын-сың, көрер-сің, бермес-сің, алмақ-
сың, отыр-сың, жүр-сің, түр-сың, жатыр-сың

Сендер келген-сіңдер, баратын-сындар, көрер-сіңдер,
бермес-сіндер, алмақ-сындар, отыр-сыңдар, жүр-сіңдер, түр-
сындар, жатыр-сындар

Сіз келген-сіз, баратын-сыз, көрер-сіз, бермес-сіз, алмақ-сыз,
отыр-сыз, жүр-сіз, түр-сыз, жатыр-сыз

Сіздер келген-сіздер, баратын-сыздар, көрер-сіздер, бермес-
сіздер, алмас-сыздар, отыр-сыздар, жүр-сіздер, тұр-сыздар,

жатыр-сыздар

139

Ол (олар) келген - 0 , баратын - 0 , көрер - 0 , бермес - 0 ,
алмақ - 0 , отыр - 0 , жүр - 0 , түр - 0 , жатыр - 0„

Етістіктің көсемше түлғалы түрі (-а, -е, -й және -ып, -іп)
1 және 2-жақтарда есімдерше жіктеледі де, 3-жақта арнайы
-ды, -ді, -ты, -ті деген жалгауы болады. Жіктелудің (жіктік
жалғауларының көсемше тұлғасына жалғанудың) нәтижесінде
көсемшенің осы тиянақсыз тұлғасы тиянақтылық сипатқа,
аяқталғандық мәнге ие болады.

Мен келе-мін, бара-мын, сөйлей-мін, көріп-пін, алып-пын
Біз келе-міз, бара-мыз, сөйлей-міз, көріп-піз, алып-пыз
Сен келе-сің, бара-сың, сөйлей-сің, көріп-сің, алып-сың
Сендер келе-сіңдер, бара-сындар, сөйлей-сіңдер, көріп-
сіңдер, алып-сыңдар
Сіз келе-сіз, бара-сыз, сөйлей-сіз, көріп-сіз, алып-сыз
Сіздер келе-сіздер, бара-сыздар, сөйлей-сіздер, көріп-сіздер,
алып-сыздар
Ол (олар) келе-ді, бара-ды, сөйлей-ді, көріп-ті, алып-ты
Етістіктің көсемше тұлғасы ма, ме сұраулық шылаумен
тіркескенде, 3-жақта жіктік жалғаусыз қолданылады; мен бара-
мын ба, келіп-пін бе, сен бара-сың ба, келіп-сіңбе, сіз бара-сыз
ба, келіп-сіз бе, бірақ ол бара ма, келіп пе? (бара-ды ма емес,
келіп-ті ме емес). Сондай-ақ сөйлеу тілде -мын, -мін жалғауы
тек -м түрінде де кездеседі: бара-мын-барам.
Етістіктің шартты рай (-са, -се) және жедел өткен шақ (-ды,
-ді, -ты, -ті) тұлғалы түрлері шағындалған қосымшалар жалғану
арқылы жіктеледі: 1-жақ жекеше -м, көпше -қ, -к; 2-жақ анайы
жекеше -ң, көпше -ңдар, -ңдер, сыпайы -ңыз, -ңіз, көпше -ңыздар,
-ңіздер; 3-жақта арнайы жалғау жоқ. Кейбір ғалымдар бұл
қосымшалардың сыртқы түріне қарап оларды тәуелдік жалғау
деп көрсетеді. Н. Қ. Дмитриев былай дейді: «Что же касается
прошедших времен изъявительного наклонения (за исключени-
ем перфекта - см. выше), всех времен условного наклонения,
а также повелительного наклонения, то оно производится по

140

типу аффиксов принадлежности. Можно высказать предполо-
жение, что аффиксами сказуемости оформляются такие накло-
нения, содержание которых относится к действию и состоянию,
уже происходящим в действительности или таким, которые
находятся на грани реализации. Их можно рассматривать, как
своего рода объектное выражение факта. Другие же времена и
наклонения, более субъективные по содержанию, оформляют-
ся аффиксами принадлежности» (ИСГТЯ, 15). Э. В. Севортян
да бұндай пікірді қолдайды: «Морфологический или синтакси-
ческий тип выражения сказуемости в свою очередь распадает-
ся на два вида, из двоих один исторически выходит к личным
местоимениям (образуя местоименный тип сказуемости), на-
пример, узб. мен студент буламан «я студент» сен оласан «ты
берешь, возъмешь», а другой - к аффиксам прннадлежностн,
образуя —исторически притяжательный тип сказуемости, на-
пример, аз мән алдым «я взял», сиз алсаңыз «если вы возьме-
те». К притяжательному типу в болыпинстве тюркских языков
восходят личные показатели трех глагольных форм: прошедше-
го объективного времени изъявительного наклонения и, менее
последовательно, настоящего времени условного наклонения,
а также повелительного наклонения (ИСГТЯ, 17). Бұндай пікір
басқа да түркологиялық зерттеулерден (мысалы С. Г. - СИГ,
151-152), қазақ тілі мамандарынан да кездеседі. «Сөздердің
жіктелу жүйесі; яғни жаққа бөлінуі тәуелдік жалғауы арқылы
да көрінеді».:. Жіктік жалғауы, сонымен бірге тәуелдік жалғауы
да етістік формаларына жалғанғанда, тек қана жақтық мағына
білдіреді. Тәуелдік жалғауының зат есімге жалғанғанда
білдіретін меншіктілік, тәуелділік мағынасы етістік тұлғасында
білінбейді. Өйткені етістік —ұғымы жағынан дерейсіз, тек
қозғалыс - процесс түрінде көрінетін, біреудің меншігінде
болуға келмейтін сөз табы. Өзің бір жәрдем етпесең, өзгеден
үміт жоқ (Ғ. Мүсірепов). Бүл дауды менің бітіретінім рас
(Ғ. Мұстафин). Қайыр сұрап күнде өлгенше, бір-ақ өлгенім

141

артық (Ғ. Мүсірепов) (М. И. - ҚҚТ, 85). «Тәуелдік жалғауы
арқылы жіктелетін етістік формалары: түйық етістік, қалау рай,
жедел өткен шақ формасы, шартты рай формасы, бүйрық рай
формасы және есімше формалары. Бүл формалардың тәуелдік
жалғау арқылы жіктелуі біркелкі емес. Әсіресе бірінші жақ
көпше түрі кей формаларға тәуелдік жалғау түрінде жалғанса,
кей формаларға -қ, -к түрінде жалғанады. Сонымен бірге екінші
жақ көпше түрінде көптік жалғауда мен тәуелдік жалғауының
орын тәртібі ауысып келе береді. Осындай ерекшеліктеріне
қарап, тәуелдік жалғауы арқылы жіктелетін етістік формала-
рын екі топқа бөлуге болады» (М. Ы. - ҚҚТ, 87). ІПындығында
грамматикалық түлғалардың қызметі мен мән-мағынасына,
сөзге жалғану ерекшеліктеріне қарамай, сыртқы түлғасы
жағынан үқсастықтары негізінде ғана топтауға я бір* топқа
жатқыза беруге болмайды. Тәуелдік жалғау мен жедел өткен шақ
және шартты раи түлғасына жалғанатын жіктік жалғау жекеше
бірінші және екінші жақта (1-жақ -м, 2-жақ анайы -ң, сыпайы
-ңыз, -ңіз және тәуелдік жалғауы да осындай: келді-м, барса-м,
келді-ң, барса-ң, келді-ңіз, барса-ңыз, және бала-м, ба-ла-ң, бала-
ңыз, бірақ тәуелдік жалғауының бірінші жақта -ым, -ім, 2-жақта
анаиы -ың, -щ, сыпаиы -ыңыз, -щіз варианттарының оар екенін
де ескерте кету қажет) сырт түлғасы бірдей болғанмен, олар
бір емес (қара: ИСГТЯ, 266-268). Біріншіден, тәуелдік жалғауы
грамматикалық мағынасы жағынан ең алдымен тәуелділік
мағынаны, екіншіден, сол тәуелділік мағынаны белгілі жаққа
байланысты білдіреді. Ал жіктік жалғауы тәуелділік мағына
білдірмейді, жақтық мағынаны қимылдың, іс-әрекеттің несі,
субъектісі ретінде білдіреді. Екіншіден, бүлар жекеше бірінші
және екінші жақтан басқа жақ түлғаларында сәйкес келмейді.
Мысалы, 3-жақта тәуелдік жалғауы -ы, -і, -сы, -сі (оның кітабы,
інісі) болса, 3-жақта арнайы жіктік жалғау түлғасы жоқ, нольдік
форма (ол келді - 0 , келсе - 0 ); көпше бірінші жақта тәуелдік
жалғауы -мыз, -міз, -ымыз, -іміз (біздің бала-мыз, кітаб-ымыз)

142

болса, жіктік жалғауы -қ, -к (біз болса-қ, келсе-к) болады; көпше
екінші жақ анайы да, сыпайы да біркелкі емес: тәуелдік жалғау
көптік жалғаудан кейін түрады: лар-ың, -лер-ің, -дар-ың, -дер-
ің, -тар-ың, тер-ің (бала-лар-ың, хат-тар-ың, жер-лер-ің), жіктік
жалғау көптік жалғаудан бүрын тұрады: -ң-дар, -ң-дер, -ңыз—
дар, -ңіз-дер (барса-ң-дар, келді-ң-дер, барса-ңыз-дар, келді-
ңіз-дер): бұл жерде көптік жалғауының орны жай ғана ауысып
келуі емес, жоғарыда (көптік жалғауға байланысты сан-мөлшер
катеғориясында) көптік жалғау жіктік жалғаумен қабаттасып
келғенде ғана сөз бен сөзді байланыстырады деп көрсетілген,
демек, өзі жалғанған сөз білдіретін ұғымның көптігі емес, оны
атқарушы субъектінің көптігін білдіреді, ал тәуелдік жалғаумен
қабаттасып келгенде көптік жалғау ондай қызмет (сөз бен сөзді
байланыстыру) атқара алмайды, тек өзі жалғанған сөз білдіретін
ұғымның (көбіне заттың) көптігін білдіреді.

Үшіншіден, тәуелдік жалғауына екпін түседі де, жіктік
жалғауына екпін түспейді: бала-лар-ың, жер-лерің, бірақ барса-
ңдар, келді-ндер, барса-ңыздар, келді-ңіз-дер, т. б.

Тәуелдік жалғауы мен жіктік жалғауының сырт түлғасы
сәйкесі бір бүл емес. Мысалы, бала-мыз, кісі-міз деғен сөздер
бірде біздің бала-мыз, кісі-міз түрінде тәуелдік жалғау болса,
онда екпін сөз соңына (жалғауға) түседі, екіншіде біз баиа-мыз,
кісі-міз түрінде жіктік жалғау болады, онда жалғауға екпін

түспейді. і; - ' '
Сөйлеу тілде -а, -е, -й тұлғалы көсемшеге жалғанатын

1-жақ жекеше жіктік жалғауы (-мын, -мін) -м болып, 3-жақ
жіктік жалғауы (-ды, -ді) -т болып, -ған, -ген, -қан, -кен
түлғалы есімшеге жачғанатын 1-жақ жекеше жіктік жалғауы
(-мын, -мін) -м болып та айтылады: бара-мын, келе-мін, сөйлеи-
мін деудің орнына бара-м, келе-м, сөйлей-м болып, бара-ды,
келе-ді, сөйлей-ді деудің орнына бара-т, келе-т, сөйлей-т болып,
барған-мын, келген-міН, сөйлеген-мін деудің орнына барға-м,

143

келге-м, сөйлеге-м болып айтыла береді. Әрине, соңғы вариант
толық әдеби норма болып саналмайды.

Сонымен бірге 1-жақ жекеше мәнде тілімізде -ман, -мен,
-бан, -бен, -пан, -пен тұлғалы етістіктер де жиі қолданылады:
Ескі бише отырман бос мақалдап, Ёскі ақынша мал үшін
тұрман зарлап (Абай). Мен келелі қара бұлтпын, Келе жаумай
ашылман (Махамбет). Зерттеушілер -ман, -мен, -бан, -бен,
-пан, -пен формасын ауыспалы осы (келер) шақтың (-ма-й-
мын, -ме-й-мін, -ба-й-мын, бе-й-мін, -па-й-мын, -пе-й-мін)
болымсыз тұлғасының 1-жақ түрінің қысқарған варианты деп
анықтайды. Және әдеттегімен салыстырғанда бұл түлғаның
семантикасында үзілді-кесілділік реңк бары, ол тұлғаның өлең
сөзде көбірек ұшырасуы стильдік мән үстеп, өлеңге батырлық,
жігерлілік сипат беретіні де көрсетіледі (Б. М., 54 және СР.,
56-57). А. Ысқақов былай деп жазады: «Жазуда да, ауызекі
тілде (лебізде) де екінші үлгі бойынша жіктеліп, өкінбеймін,
аямаймын, жібімеймін деген сияқты болып келетін көсемшенің
ауыспалы формасының орнына өкінбен, аяман, жібімен де-
ген форма қолданылады. Мысалы: Ризамын туғаныма адам
болып, Өкінбен қаламын деп бір күн сөніп (Қ. Аманжо-
лов). Тіпті жібімен деп-ақ едім, сай сүйегімді сырқыратты
(Е Мүстафин). Сүйексіз қызыл тілімді жаңылдырман. Бұл фор-
ма етістіктің жекеше түрінің болымсыз формасының бірінші
жағының көрсеткіші ретінде ғана жұмсалады, өзге жақтарда
қолданылмайды. Осындағы өкінбен, жібімен, жаңылдырман
дегендердің өкінбеймін, жібімеймін, жаңылдырмаймын де-
гендерден оқшауланарлықтай ешқандай да айырмашылығы
жоқ, өйткені олардың қолданылу я қолданылмауына қарап
сөйлемдегі сөздердің арасында ешқандай да өзгеріс тумайды.
Бірақ бұл форма көтеріңкі ырғақпен, зілді үнмен айтылып,
белгілі экспрессивтік рай білдіру үшін жұмсалады. Оны мы-
надай көмекші сөздермен қолданудан да аңғаруға болады. Мы-
салы: Бай емен, батыр емен, хан емеспін, Атақты артық туған

144

жан емеспін (Абай). Ес білгелі ондай зор денелі әйелді мең
кездестіріп көрген емен (С. Мұқанов), т. б. (Ы. А. - ҚҚТ, 76).

Ең алдымен, бұл - ауыспалы осы (келер) шақ -ма (ба, па)-
й-мын, -ме (бе, пе)-й-мін тұлғасынан емес, есімшеден болған
болжалды келер шақтың -ма-с-пын, -ме-с-пін ,-ба-с-пын,
-бе-с-пін, -па-с-пын, -пе-с-пін деген болымсыз тұлғасынан
ықшамдалып қалыптасқан. Сондықтан да бұл тұлға үзілді-
кесілділік, жігерлілік реңк білдіреді, яғни мүндай мән осы
түлғаның ықшамдалғаннан кейінгі пайда болған қасиеті емес,
толық түрінде де бар ерекшелігі: бармаймын - бармаспын -
барман. Бармаймын десе, бару қимылының бірінші жақ тарапы-
нан болмайтыны ғана көрсетілсе, бармаспын десе, мақсаттық,
үзілді-кесілділік мән (кейде болжалдық мән де болуы мүмкін)
айқын сезіледі. Екіншіден, -ман, -мен, -бан, -бен, -пан, -пен
формасының келер шақ есімше түлғасынан ықшамдалғанын
е көмекші етістігінің қолданылуы да, яғни -е-мес-пін бар да
-е-мей-мін деген жоқ екендігі де, дәлелдеп тұр. Жоғарыда
берілген мысалдағы: бай емен, батыр емен, бірақ хан е-ме-с-пін
(е-ме-й-мін емес) болуы пікірімізді айқындай түседі. Үшінші,
бүл түлға көбіне өлең-жырларда, айтыста жиі кездеседі. Соны-
мен бірге бүл түлғалы етістік орта ғасырлық кезеңдегі жазба
әдебиеттер тілінде (мысалы, «Мухаббатнаме», «Гулстан бит-
түрки», т. б.) де қолданылып отырған.

Етістіктің бұйрық рай тұлғасы ерекше жіктеледі, ол - етістік
тұлғасының жіктелуінің төртінші түрі болып саналады. Ол
ерекшелік, біріншіден, бүйрықрайдажіктікжалғаудыңбүтіндей
өзгеше болуында болса, екіншіден, етістіктің түбір түлғасы
мен бұйрық рай (2-жақ жекеше анайы) тұлғаларының сырттай
ұқсас, бірақ екеуі бір емес екендігінде, яғни түбір сөз форма-
ларына негіз болатын сөздің статикалық күйіндегі түлғасы
да,бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасы - түбірден
бөлек сөз формасы, грамматикалық түрлену парадигмасының
бір көрінісі болып табылады. Сондықтан да етістіктің түбірі

145

мен бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы түрі омоним форма-
лар болады. Сөйтіп, бүйрық райдың жіктелуінде 1-жақ жеке-
ше -айын, -ейін, -йын, -йін, көпше -аиық, -еиік, -иық, -иік,
2-жақтың (анайы жекеше) арнайы тұлғасы жоқ (нольдік форма),
көпше —ыңдар, -іңдер, -ңдар, -ңдер, сыпайы жекеше -ыңыз,
-іңіз, -ңыз, -ңіз, көпше -ыңыздар, -іңіздер, -ңыздар, -ңіздері
З.-жақта -сын, -сін жалғаулары жалғанады.

Мен бар-айын, кел-ейін, қара-йын, сөйле-йін
Біз бар-айық, кел-ейік, қара-йық, сөйле-йік
Сен бар-Ш, кел-Ш, қара-Ш, сөйле-Ш
Сендер бар-ындар, кел-іңдер, қара-ндар, сөйле-ңдер
Сіз бар-ыңыз, кел-іңіз, қара-ңыз, сөйле-ңіз
Сіздер бар-ыңыздар, кел-іңіздер, қара-ңыздар, сөйле-ңіздер
Ол (олар) бар-сын, кел-сін, қара-сын, сөйле-сін
Жоғарыда нольдік формаға байланысты көрсетілгендей,
бұйрық райдың 2-жақ анайы жекеше түрінде бір кезде арнайы
тұлға болған болу керек. Бір жағынан, басқа түркі тілдерімен
(мысалы, өзбек тілінде ал-алиң болып айтылатыны белгілі),
екінші жағынан, 2-жақтың басқа түрлерімен (мысалы, көпше
және сыпайы түрі) салыстырсақ, бұйрық райдың 2-жағында
(анайы, жекеше) -ың, -ің, -ң қосымшасы болғандығы байқалады.
Кейін ол түсіп қалып, етістіктің түбір тұлғасымен сәйкес болып
қалыптасқан. Бұлай болуға етістіктің түбір тұлғасының тікелей
жіктеле алмайтыны және сөйлемде етістік түбірдің сол күйінде
қолданыла алмайтыны себеп болуы мүмкін. Қазіргі кейбір түркі
(мысалы, өзбек) тілдерінде бұйрық райдың бұл формасы кей-
де сақталып жұмсалады: сен алың, келиң, т. б. Қазақ тіліндегі
2-жақ сыпайы тұлғасында (-ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз) және көпше
тұлғасында (-ыңдар, -індер, -ндар, -ңдер) бұйрық райдың
2-жағыныңжалғауы (-ың, -ің, -н)сақталған, демек, сыпайылықты
және көптікті білдіріп тұрған - қосымшаның -ыз, -із және -дар,
-дер бөлшектері ғана.

146

Сонымен бірге ауыз әдебиеті нұсқаларында, ақындар
шығармаларында, кейбір аймақтағы сөйлеу тілде бұйрық
райдың 2-жақ жекеше анайы формасы ретінде -ғын, -гін, -қын,
-кін қосымшасы да жұмсалады: сең бар-ғын, айт-қын, кел-гін,
т. б. Бұл тұлға кейбір орта ғасырлық жазба ескерткіштер тілінде
(мысалы, «Мухаббат-намеде»), алтай, ұйғыр, қарақалпақ сияқты
қазіргі түркі тілдерінде де қолданылып отырады.

Соңдай-ақ 1-жақ көпше түрінің қосымшасы да тілімізде кей-
де -лық, -лік, -алық, -елік түрінде қолданылады: біз бар-алық,
кел-елік. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге ықыласпен
тоқылық (Ы. Алтынсарин).

Бұйрық рай тұлғасының жіктелуіндегі тағы бір ерек-
шелік - бұйрық рай формасының үш жағына да: -шы, -ші
жұрнағы жалғанып та қолданылады. Ондайда етістікте таза,
бұйрық мәнінен гөрі тілек, ниет мәні басым байқалады: мен
барайын-шы, келейін-ші, сен бар-шы, кел-ші, сіз барыңыз-шы,
келіңіз-ші, ол барсын-шы, кел-сін-ші; біз барайық-шы, келейік-
ші, баралық-шы, кел-елік-ші сендер барыңдар-шы, келіңдер-ші,
сіздер бары-ңыздар-шы келіңіздер-ші, олар барсын-шы, келсін-
ші. -Шы, -ші қосымшасы шартты рай тұлғалы етістіктердің
жіктелген түріне де үстеліп, шарттылық мәннен гөрі өкініш,
аңсау сияқты мән үстейді: мен барсам-шы, кел-сем-ші сен
барсаң-шы, келсең-ші, сіз барсаңыз-шы, кел-сеңіз-ші, ол барса-
шы, келсе-ші, біз барсақ-шы, келсек-ші, сендер барсаңдар-шы,
келсеңдер-ші, сіздер барсаңыз-дар-шы, келсеңіздер-ші, олар
барса-шы келсе-ші.

Сөйтіп, осы талдаудан көрінетіндей, бүйрық рай бұл -етістік-
тің грамматикалық категориясының - рай категориясының бір
түрі ретінде өзіндік жіктелу парадигмасы бар тілдік құбылыс,
сондықтан да оның 11 жақ жекеше анайы түлғасы сырттай
түбірмен ұқсас, сәйкес болғанмен, мысалы, кел - сен кел, ол
екеуі бір емес, тек омоним форма, мағынасы үш жақта бірдей
емес. Бүйрық райдың басты мағынасы қимылдың, іс-әрекеттің

147

орындалу - орындалмауында біреуге бүйыру, тілек ету, түрткі
болу сияқты мәндермен баиланысты болса, бүиыру мәні II
жақта айқын болады да, III жақта бүйыру —өтіну іс-әрекеттің,
қимылдың орындалу —орындалмауына қозғау салу мәні ба-

ал
әрекетті өзі ниет етіп орындаитынын білдіреді (адам өзіне-өзі

бүйыра алмайды ғой).
Етістіктің ерекше жіктелетін түрі - қалау рай түлғасы. Қалау

рай түлғасын (негізгі етістік -ғы, -гі, -қы, -кі тұлғасына тәуелдік
жалғауы жалғанып келді немесе келеді көмекші етістікпен
тіркескен күрделі етістік) тәуелдік жалғау арқылы жаққа
жіктеледі, қимыл, іс-әрекет иесі, жақ иесі (жіктеу есімдігі) атау
тұлғада емес, ілік септігінде тұрады.

Менің

Ді

Біздің бар-ғы-мыз кел(е)ді, кел-гі-міз кел(е)ді, айт-қы-мыз

кел(е)ді
II. Сенің бар-ғы-ң кел(е)ді, кел-гі-ң кел(е)ді, айт-қы-ң кел(е)

Ді

Сендердің бар-ғы-ларың кел(е)ді, кел-гі-лерің кел(е)ді, айт-

қы-ларың кел(е)ді.
Сіздің бар-ғы-ңыз кел(е)ді, кел-гі-ңіз кел(е)ді, айт-қы-ңыз

кел(е)ді.
Сіздердің бар-ғы-ларыңыз кел(е)ді, кел-гі-леріңіз кел(е)ді,

айт-қы-ларыңыз кел(е)ді
III. Оның бар-ғы-сы кел(е) ді, кел-гі-сі кел-е-ді, айт-қы-сы

кел-е-ді
Олардың бар-ғы-лары кел(е)ді, кел-гі-лері кел(е)ді, айт-қы-

лары кел(е)ді.
Бұл түрленудің ерекшелігі сол - қалау рай түлғалы күрделі

етістіктің негізгі етістігі тәуелдік жалғау тұлғасында (3 жақтың
бірінде)түрады дакөмекші етістіккел жедел өткен шақ (келді)не-
месе ауыспалы келер (осы) шақ (келеді) тұлғасында келіп, жіктік

148

жалғаудың 3-жағында айтылады: келді дегенде нольдік форма,
келеді дегенде -ді жалғауы - 3-жақ жіктік жалғауы. Сөйлемді
аяқтап, тиянақты етіп тұратын предикаттық (баяндауыштық)
тұлға, осы, яғни нольдік формалы я -ды тұлғалы 3-жақ жіктік
жалғау болса керек, бірақ бұл басқа жақта қолданылмайды,
өйткені формальды түрде оның (келудің) грамматикалық
субъектісі ретіндегі сөз - тәуелдік жалғау арқылы заттанып
түрған -ғы, -гі, -қы, -кі тұлғалы негізгі етістік, ал логикалық
субъект ілік септігінде анықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Осы қалау рай тұлғалы сөйлем, бұл тұлға баяндауыш болғанда,
бастауышы болмайтын себепті жақсыз сөйлем деп аталып жүр.
Шындығында бұнда логикалық субъект (қимылды іске асыру-
шы) бар, ол 3 жақтың бірінде тұрады, бірақ бастауыш болатын
атау септігінде емес, ілік септікте болады. Кейде ілік септіктегі
есімдіктер жақты сөйлем үлгісімен атау тұлғалы болып та ай-
тылады: мен барғым келмейді, ол барғысы келмейді, т. б.

Сондай-ақ -у тұлғалы тұйық етістікке тәуелдік жалғауы
үстеліп, керек, қажет, мүмкін, тиіс сияқты модаль сөздердің
тіркесуінен жасалған баяндауыштар да осы тәріздес түрде
жіктеледі.

I. Менің бару-ым қажет, керек, мүмкін
Біздің бару-ымыз қажет, керек, мүмкін
II. Сенің бару-ың қажет, керек, мүмкін
Сендердің бару-ларың қажет, керек, мүмкін
Сіздің бару-ыңыз қажет, керек, мүмкін
Сіздердің бару-ларыңыз қажет, керек, мүмкін
III. Онын бару-ы қажет, керек, мүмкін
Олардың бару-лары қажет, керек, мүмкін.
Қазақ тілінде жіктелу тұлғаларын темендегідей топтап бе-
руге болады.

149


Click to View FlipBook Version