The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

isaev_s_kazirgi_kazak_tilindegi_negizgi_grammatikalyk_ugymda

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by dungenbay.elmira, 2020-11-24 08:08:05

isaev_s_kazirgi_kazak_tilindegi_negizgi_grammatikalyk_ugymda

isaev_s_kazirgi_kazak_tilindegi_negizgi_grammatikalyk_ugymda

I жақ жекеше, II жақ жекеше, III жақ
көпше ________ көпше________
Есімдер,
есімше, -мық -мін, -бын, -бін -сың, -сің, -сыз, -сіз
қалып -пын, -пін, -мыз, -міз -сыңдар, -сіңдер
етістікгері -быз, -біз, -пыз, -піз -сыздар, -сіздер

Көсемше мын, -мін, -пық -пін -сың, -сің, -сыз, -сіз

мыз, -міз, -пыз, -піз -сыңдар, -сіндер

I -сыздар, -сіздер

Жедел ңдер, -ндар, -ңыз
өт-кен шақ, дар, -ңіздер
шартты рай

Бұйрық раи еиін ыңыз, -іңіз, -ъ
ыңдар, -іңдер
аиық, -ешк

ыңыздар, -щіздер
ңцер, -ңдар

Модаль -ғы-мыз кел(е)ді -ғы-ң -ңыз кел(е)ді -ғы —сы
мәнді у-ым -ғы-лар-ың -ыңыз кел(е)ді
тіркес -ымыз -у-ың -у-ларың -у-ы
-ыңыз —ларыңыз -лары
қажет қажет

§ 9. ЕТІСТІК ТҮБШ Ш Ң КЕЙБІР ГРАММАТИКАЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі қазақ тілінде етістік — ең күрделі сөз табының
бірі. Етістіктің ең күрделі сөз табы екендігі оның лексика-
семантикалық ерекшелігінен, түбір түлғасы мен оған үстелетін
грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және
олардың арақатынасынан, грамматикалық категорияларының
эр түрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясы-
нан, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметінен т. б. лексика-
грамматикалық қасиеттерінен байқалады. Етістіктің зат есім

150

сияқты көне сөз табы екендігі, басқа сөз таптарын жасауға негіз
болғандығы, яғни тарихи-генеалогиялық ерекшеліктері өз ал-
дына жеке бір төбе.

Ең алдымен етістік семантикалық жағынан тілімізде
қимылды, іс-әрекетті, процесті, әр түрлі өзгеріс, қүбылысты
білдіретін сөздер болып табылады.

Кейбір еңбектерде етістікке қимылдың, іс-әрекеттің, «түрлі
процестердің атын, білдіретін сөз табы» (М. Ы. - ҚҚТ, 8) деген
анықтама беріледі. Ол дүрыс емес, етістік кимылдың атын
емес, нақ өзін білдіреді; қимылдың атын етістіктің кейбір
түлгалары (қимыл есімі немесе түйық етістік) ғана білдіреді.

Қазіргі кезде сөздерді топтастырудың лексика-семантика-
лық, морфологиялық түрлену жүйесі, синтаксистік қызметі
сияқты үш түрлі принципінің белгілері етістік деп танылып
жүрген сөздердің өн бойынан айқын байқалады да, солардың
негізінде етістіктің жеке сөз табы болып бөлінуі ешбір күмән
тудырмаии ды.

Етістіктер басқа да мағыналы сөз таптары сияқты түбір
күиінде де, өзіне тән әр түрлі түлға күиінде де өзіне тән әр
түрлі грамматикалық түлғаларда да қолданылады деп жүрміз.
Бірақ етістіктің осындай түр - түлғаларының қолданылуында
бірден сырт көзге іліне бермейтін ерекшеліктер бар екенін
көрсеткен жөн. Ең алдымен ол ерекшелік етістіктің бір
түлғасының лексика - грамматикалық сипатымен байланысты.
Қазіргі қазақ әдеби тілінде етістіктің түбір түлғасы (негізгі
түбір болсын, туынды түбір болсын) сырт қарағанда етістіктің
кейбір грамматикалық категорияларының формаларымен, атап
айтқанда, бұйрық райдың жекеше 2-жақ анайы тұлғасымен
сәйкес келеді. Сондықтан да қазақ, тілінің грамматикаларын-
да, тіпті кейбір арнайы зерттеу еңбектерде етістіктің түбір
тұлғасына қимылды білдірумен бірге осындай грамматикалық
мағыналар, яғни бұйрықтық және екінші жақ анайы жекешелік

151

мағына тән деп көрсетіледі де, «етістіктің түбірі - бұирық,
райдың жекеше екінші жағы» деп анықталады.

«Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген, сондықтан
бұйрықтың қай жаққа қатысын білдіру үшін етістікке тек
жіктік жалғау ғана жалғанады» (О. М. - Қ .Т., 164). «Етістіктің
морфологиялық белгілері мынадай: ётістіктің түбірі екінші
жақтық бұйрық райы болады да, оның басқа түрлері оның
осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Яғни
оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп
жатады: оқы-р, -йтын, -ғалы, -й, -ған, -ып- -с, -ды, -пты, т.-б.
(Т. - С, 72). Түбір сөз немесе түбір тұлға деп аталатын тер-
мин тұрғысынан қарағанда етістіктің басқа сөз таптарынан
өзіндік ерекшелігі бар. Ол мейлі негізгі —я туынды түбір (біт,
өкін, өйтіп, өйтпегенде) дара ия күрделі (біліп ал) тұлғаларда
келгенмен, шақ, рай, т. б. грамматикалық категориялардың ар-
найы формалары қосылмағанның өзінде сол категориялардың
белгілі мағыналарында қолданылады. Осы келтірілген әрбір
етістік 2-жақтың жекеше анайы түрінде қаратыла айтылып (сен
оны біліп ал), бұйрық рай, келер шақ мәнін білдіреді. Былай-
ша айтқанда, бұл грамматикалық мағыналар етістік түоіріне
тән қасиеттен деп саналады» (X. - ЕЛГЕ, 35). Демек, 2-жақ
бұйрықтық (оған қоса келер шақтық) мағына етістік түбіріне
тән болып, етістіктің түбірі деген ұғым (сонымен қоса тұлғасы
да) етістіктің 2-жақ бұйрық рай деген ұғымымен (сонымен қоса
тұлғасы да) бір болып белгіленеді.

Етістік түбірін бұлай айқындау туыстас тілдердің граммати-
каларынан да байқалады. Қарақалпақ тілінің грамматикасын-
да «Фейилер (етістіктер - И. С.) тийкар (негізгі - И. С.) түбір
яки дөненди (туынды - И. С.) түбір формасында тұрып, хеш
қандай грамматикалық морфемаларды қабыл етпей-ақ бет (жақ
- И. С), мейил (рай - И. С.) хәм мәхәл (шақ - И. С.) мәнилерин
билдира алады: кел-ёкинши бет, бұйрық мейил, келер мәхәл
(2-жақ, бұйрық рай, келер шақ)» - делініп, «түбір етістіктер де

152

бұйрық рай болып табылады», - деп анықталады. (ХҚТ, 115,
176). Қырғыз тілінің грамматикасында да екінші жақ бұйрық
райы ешбір қосымшасыз келіп, етістіктің негізіне тура келеді
де, бұйрық райдың бірінші және үшінші жақ формаларының
жалғануы үшін морфологиялық негіз болып есептеледі», —деп
көрсетілген (Д. К. - АКТ, 160). Бірден ескертетін жайт - егер
бұйрық райдың 2-жақ формасы бірінші және үшінші жақ
түлғаларын жасауға негіз түлға болса, онда ол (2-жақ) бұл пара-
дигма жүйесіне кірмеуі керек, яғни бір грамматикалық түрлену
жүйесінін түрлері, бір жағынан, бір-бірінен функциялық,
мағыналық, тұлғалық сияқты өзіндік ерекшеліктері арқылы
ажырайтын, бір-бірімен тең дәрежедегі тілдік құбылыс болып
саналады.

Олай болса бір үғымды, яғни етістіктің белгілі бір түлғадағы
грамматикалық мағынасын және оны білдіретін грамматикалық
формасын бірде етістіктің түбір тұлғасы деп, екінші бірде
бұйрық райдың жекеше, анайы екінші жақ түлғасы деп екі түрлі
атаудың қаншалықты қажеттігі бар? Біріншіден, бүл екеуі бір
ғана грамматикалық қүбылыс болса, оны бір-ақ түрінде ғана
атау керек. Екіншіден, бүйрықтық, жақтық (екінші, анайы)
мағына етістік түбірдің маңдайына біткен, соған тән мағына
болса, онда ол тұлға етістіктің белгілі бір грамматикалық
категориясының (райдың) бір грамматикалық түрі, көрінісі
(бұйрық рай) бола алмас еді. Етістіктің түбірі білдіретін жалпы
грамматикалық мағына етістіктің барлық басқа тұлғаларында
сақталып тұратын қимылды білдіру мағынасы да, ал 2-жақтық
бұйрыктық мағына - етістіктің белгілі сөздермен (сен деген ба-
стауышпен) сөйлемде белгілі (жақтық, жекешелік, бұйрықтық)
қарым-қатынасқа түсудің және соның негізінде белгілі тұлғада
жұмсалудың нәтижесінде пайда болатын мағына. Яғни бірінші
мағына-толық мәнді сөз болғандықтан лексикалық мағынаның
жалпылануы (жалпы грамматикалық) негізінде (сөз табы
ретінде) қалыптасқан, түбірге тән қимылды білдіру - жалпы

153

грамматикалық сөйлеу процесінде пайда

Мысалы

тән болса, зат есім түбіріне заттық мағына, сын есім түбіріне

заттың әр түрлі сынын, сапалық, қатыстық белгісін, түсін, т. б.

мағыналарды білдіру тән болып келеді. Ал сырт түлғасы

жағынан зат есімнің түбір түлғасына үқсас, бірақ мағынасы

бөлек тура объектіні, бағыттық, предикаттық, қатыстық, т. б.

мәнді білдіретін мына зат есімдер бір түлғада емес екені

түсінікті болса керек: Ғылым таппай мақтанба (Абай). Филипп

патша баласы ер көңілді (Абай). Мәскеу бардым, не көрдім?

(Жамбыл). Ғашықтың тілі - тілсіз тіл (Абай). Сондай-ақ

бірыңғай мүшелерге кейде грамматикалық түлғалардың

алдыңғы сөздерге жалғануын, мысалы, ащы мен тәттіні татқан

білер, алыс пен жақынды жортқан білер дегендегі ащы мен

алыс сөздерін түбір түлға немесе атау септік түлғасы деуге

ешбір негіз жоқ. Сөздің түбір түлғасы білдіретін негізгі жалпы

грамматикалық мағынасы сөз табына қарай топтаудың бір

межесі болып табылады да, ол сөз сол сөз табының

грамматикалық түлғалары арқылы түрленудің нәтижесінде

пайда болатын категориялық грамматикалық мағыналармен

қатар өмір сүреді. Яғни түбір түлғаға жаңа грамматикалық

форма жалғанып, оған жаңа (категориялық) грамматикалық

мағына үстелгеннен түбір білдіретін негізгі жалпы

грамматикалық мағына жоғалып кетпейді. Мысалы, ағаш, бала,

кітап сөздерінде заттық мағына, жақсы, үлкен, сары сөздерінде

сындық мағына, кел, айт, көр сөздерінде қимылдық мағына

түбір білдіретін мағына болса, бүл сөздердің грамматикалық

түлғалар

сақталады

баланың

объектілік (табыс септік -ты, арқылы), меншіктілік (ілік септік

үстелсе

сөздерде заттық мағына осы түлғаларында да бар. Сондай-ақ

154

келді, айтысқансың, көрмесем тәрізді тұлғаларда бұл сөздер
өткен шақтық (-ді, -қан), ортақ етісті (-с), болымсыздық (-ме),
шарттылық (-се), 3-жақтық (келді дегенде нольдік форма),
2-жақтық (-сың), 1-жақтық (-м) мағынаны білдіріп тұр, соны-
мен бірге түбір білдіретін қимылдық мағына жойылып кетпей
сақталған. Егер түбір түлға білдіретін грамматикалық мағына
ондайда жойылып кетсе, онда жалғанған грамматикалық тұлға
я сол сөз табының сөз түрлендіруші формасы емес, басқа сөз
табын жасайтын сөз тудырушы көрсеткіші болғаны, сөйтіп, ол
сөз басқа сөз табына ауысып кеткені, я бұл сөз табының түбір
тұлғасына ондай ғрамматикалық мағына тән болмағаны болып
табылады. Ал, бұл жерде етістіктің шақтық, болымсыздық,
шарттылық, жақтық, т. б. мағыналарды білдіретін тұлғалары
түбір түлға мағынасын өзгертіп жіберетін сөз тудырушы
көрсеткіш бола алмайтыны түсінікті. Түбір тұлға білдіретін
мағына мен сол сөз табының әр түрлі формалары үстелуі
арқылы пайда болатын грамматикалық мағыналардың салмағы,
қызметтері бірдей емес. Басқаша айтқанда, түбір мен
қосымшалар морфема ретінде морфологияның объектісі
болғанмен, әр түрлі лексика-грамматикалық қаснеттері арқылы
бір-бірінен ерекшеленетіні сияқты олар білдіретін
грамматикалық мағына да, яғни, түбірде жалпы грамматикалық
мағына да, қосымшада жеке грамматикалық мағына да, бір-
бірінен ерекшелінеді. Түбір тұлға білдіретін мағына негізгі
лексикалық мағынасынан туындап, жалпылануы арқылы сол
сөзтабыныңсөзтабы ретінде қалыптасқаннан кейінгі орныққан,
тұрақталған грамматикалық мағынасы, сондықтан ол мағына
сөздің жеке тұрғандағы басынан байқала берсе, сөз табының
тұлғалық мағыналары сөйлеу процесінде, ол сөздің басқа
сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде пайда болатын
және белгілі грамматикалық формалар арқылы берілетін
мағына болып табылады. Ол форма арнаулы грамматикалық
көрсеткіштер арқылы көрінуі мүмкін немесе тілдің даму бары-

155

сында грамматикалық көрсеткіштері түсіп қалып қалыптасқан
я белгілі бір тұлғадағы сөздермен синтаксистік қарым-
қатынасының тұрақталуы нәтижесінде пайда болатын арнайы
грамматикалық мағынаның көрсеткіші ретінде қалыптасқан
формасыз (нольдік) форма болуы мүмкін. Сондықтан нольдік
форманың мән-мағынасы түбір тұлға ыңғайында емес,
білдіретін мағынасы арқылы өзі енетін грамматикалық
категорияның я парадигманың басқа түрлерімен салыстырыла,
жіктеле қарастырылғанда ғана айқындалады. Яғни, мысалы:
атау тұлғаны басқа септік тұлғаларына негіз болатын, түбір
тұлғамен бір деп анықтау дұрыс емес екендігі жоғарыда айтыл-
ды, онда атау септік басқа септіктермен тең дәрежеде болмас та
еді, септік категориясының бір түрі болып есептелмес те еді.
Атау септіктің арнайы грамматикалық формасы болмағанмен,
бір жағынан, оны түбір тұлғадан бөлек етіп танытатын, екінші
жағынан, сол арқылы басқа септік түрлерімен белгілі дәрежеде
бірлікте түрып, іштей олардан саралануға негіз болатын
субстанттық мағынасы, сөйлемнің предикатымен жақтық
жағынан қиыса байланысып, грамматикалық субъект сияқты
атқаратын қызметі бар екенін ескермеуге болмайды. Атау
септіктің бүл ерекшелігі басқа сөз таптарының сөйлем ішінде
атау түлғада тұрып, бастауыш қызметін атқарып,
субстантивтенуінен айқын көрінеді. Дәл осы сияқты ол - инже-
нер не ол оқиды дегендегі 3-жақ жіктік жалғауды, ол қатардағы
1-2-жақтар тұлғалары және мағыналарымен салыстыра қарап,
сен оқы, сен сөйле дегендегі 2-жақ бұйрық рай түлғасын осы
қатардағы 1 және 3-жақ тұлғалары және мағыналарымен,
сондай-ақ сен деген сөзбен байланысқа түсуімен салыстыра
қараудың нәтижесінде бұл түлғаны бұйрық райдың, жіктік
жалғаудың нольдік формалары деп айта аламыз. Ойымыздың
дұрыстығын көрсететін тілімізде тағы мынандай факт бар. Егер
түбір түлға мен сөйлеу процесінде пайда болатын формасыз
түлғаның арақатынасын, сондай-ақ грамматикалық форма мен

156

мағынаның сәйкестігін сыртқы түр ұқсастығы неғізінде ғана
формальді түрде ғана айқындайтын болсақ, әрбір үқсас
түлғалардың мағына ерекшеліктері мен қызметі өзгешеліктерін
ескермесек, олардың табиғатын дүрыс түсініп, сырын ашу
мүмкін болмас та еді. Осыған орай етістік түбір мен 2-жақ
бұйрық рай тұлғаларының сырт сәйкес келуін бір деп қарайтын
болсақ, етістіктіңшақ, басқарай,т. б.түлғалардакездеспегенімен,
болымсыз етістік, етіс, күшейткіш етістік түлғаларында
кездесетін 2-жақбүйрықтүріменсәйкестіктікті қалайтүсіндірер
едік? Яғни, кел, бар деген түбірлерге бүйрықтық 2:жақтық
жекешелік мағына тән дейтін болсақ, ондай мағыналар кел-ме,
бар-ма деғен болымсыз етістік түріне де, кел-тір, кел-гіз, бар-
ғыз, кел-іс, бар-ыл, т. б. сияқты етістіктің етіс түріне де, кел-
іңкіре, бар-ыңқыра тәрізді күшейтпелі етістік түріне де тән деп
мойындауымыз керек, өйткені бүлар - етістіктің түбір түлғасы
емес екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Бүлардың барлығында
да бізді адастырып жүрген жайт, біріншіден, етістік түбірі де,
етістіктің етіс күшейтпелі етістік, болымсыз етістік түлғалары
да, сырт жағынан бүйрық рай формасымен сәйкес келуі, соның
нәтижесінде, екіншіден, етістік осы тұлғаларда айтылғанда,
еріксіз ойымызда сен деген сөздің онымен байланысып тұруы
болып тұр. Яғни кел, бар, келме, барғыз, т. б. сөздер айтылғанда,
олар бірден ойымызда сен кел, сен бар, сен келме, сен барғыз
конструкңиясы түрінде үғынылады да, түбіртұлғаның қасиетіне
өзінде жоқ грамматикалық мағына үстелетін сияқты болып
көрінеді. Ал бүл етістік түлғаларының сен деген сөзбен
конструкциялық үлгіде келуі —ол сөздердің тек қана сөйлеу

процесіне түсу нәтижесі.
Сондай-ақ етістік түбірдің грамматикаларда көрсетіліп

жүрген бір ерекшелігі - олардың тікелей жіктелмеуі. Ал бүйрық
райдың 2-жағы - жіктелу үлғісінің бір көрінісі, яғни сөйлеу
процесі нәтижесінде пайда болатын грамматикалық мағына.
Міне, осы айтылғандардың барлығы етістіктің түбір түлғасы

157

мен 2-жақ бұйрық тұлғасы бір форма емес екендіпн, тек сырт-

тай сәйкес келетіндігін, «етістіктің түбірі - бұйрық райдың

2-жағы» деген анықтаманың қате екендігін, етістіктщ түоірі

басқа сөз таптарының түбірлері сияқты жеке түрып қолданыла

алмайтынын көрсетеді. Ы. Е. Мамановтың: «Түркі тілдерінде

түбір етістіктер ешқашан басқа сөздермен тіркеске енбейді де,

сол күйінде дербес сөйлем мүшесі бола алмайды. Етістіктер

есімше, көсемше, қимыл есімі, рай формаларымен түрленгенде

басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа еніп, сөйлем мүшесі

қызметінде жұмсалады», - деген пікірінің өте дүрыс екенін

байқаймыз (М.-ҚҚТ, 1-т, 65). ^-

Демек етістіктің түбір тұлғасы қимылды, іс-әрекетті,

проңесті, т. б. білдіреді және ол - етістіктің жеке сөз табы

ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жал-

пы грамматикалық мағынасы, ал бұйрық райдың 2-жағы сол

етістіктің сөйлеу проңесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа

Ш

түсудің нәтижесінде пайда болатын, грамматикалық нольдік

форма арқылы көрінетін түрлену мағынасы, яғни категориялық

грамматикалық мағынасы, болып табылады.

Ал енді қазақ тілінде бүйрық райдың 2-жақ анайы түрінің

сырт тұлғасы әуелден-ақ етістіктің түбір тұлғасымен бірдей

болған ба? деген занды сұрақ туады. Оған жауап беру үшін

бұйрық райдың жаққа қарай жіктелу ретін еске түсірейік.

_____ Жекеше_____ біз ________ Көпше________
сендер бар-айық, кел-ейік
мен бар-айын, кел-ейін сіздер бар-ындар, кел-індер
сен бар - 0 , кел - 0 олар бар-ыңыздар, кел-іңіздер
сіз бар-ыңыз, кел-іңіз бар-сын, кел-сін
ол бар-сын, кел-сін

Әрине, 1 және 3-жақтарда бұйрықтық мағына 2-жақтағыдай
емес. Ол түсінікті де, өйткені адам өзіне-өзі (1-жақ) неме-
се көрінбеген бөгде біреуге (3-жақ) тыңдап отырған адамға
(2-жақ) қаратылған сияқты толық мәнде бұйыра алмайды. Сол

158

8

ерекшелігіне және I мен 3-жақтың қосымша тұлғасына қарап,

І қейбір ғалымдар 1 және 3-жақтарды бұйрық рай жүйесінен

бөліп қарау керек деген де пікір айтқан. Бірақ бұлардың он-

Ь дай мағына ерекшеліктері оларды бөлек-бөлек грамматикалық

I категорияның я парадигманың көрсеткіші деуге негіз бола ал-

№I майды. >'

I Осы жұйедегі 2-жақтың жекеше сыпайы тұрі мен

[ 2-жақтың көпше анайы және сыпайы түрінің тұлғаларына на-

[ зар аударайық. Олардың қосымшалары: 2-жақ жекеше сыпайы

1 түрінде -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз, көпше анайы түрінде -ңдар,

-ңдер, -ыңдар, -іңдер, сыпайы: -ңыздар, -ңіздер, -ыңыздар,

-іңіздері. Бұл қосымшаларды -ың (ің, -ң), +ыз(із); -ың (ің,

! -ң), +дар (дер), -ың (ің, -ң) +ыз(із) +дар (дер) деген бөліктерге

* бөлуге болады: -дар, -дер - көптік ұғымның көрсеткіші, -ыз(із)

- сыпайылық мәнді білдіруші, ал -ың, -ің, -ң - екінші жақтың

і көрсеткіші. Демек, бұйрықтық және 2-жақтық (категориялық)

} грамматикалық мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық

; форма, яғни, етістіктің түбір түлғасынан өзге екенін көрсететін

грамматикалық көрсеткіш осы болған. Ол жеке тұрғанда

I (2-жақ анайы, жекеше түрінде) түсіп қалып қолданылған да, бүл

I форма сырттай ғана етістіктің түбір тұлғасымен ұқсас болып

і кеткен, ал басқа қосымшалармен қабаттасып келгенде, оның

I құрамында сақталып қалған. Бұл процесс кейінгі кездің жемісі

І емес, ертеректе болған, сөйтіп, бұйрық райдың 2-жақ жекеше
анайы түрінің мағынасы сақталып, грамматикалық формасы
түсіп қалып, нольдік түлғада жүмсалуы, яғни етістіктің түбір

тұлғасымен сырттай сәйкес келуі, тұрақты нормаға айналған.

Ал кейбір түркі тілдерінде сен кел, сен ал дегендегі етістіктер

I алиң, келиң сияқты болып ол тұлға сақталып қалған. Тек -ың,

[ -ің,-ң формасы ғана емес, 2-жақ бұйрық рай мағынасын басқа

I да түлғалар, мысалы, -ғыл, -гіл немесе -ғын, -гін, -қын, -кін

I (бар-ғыл, бар-ғын, т. б.) беріп отырған. Қазақтың сөйлеу тілінде,

I жергілікті тіл ерекшеліктерінде бұлардың кездесіп қалуы

I 159

щ

■■

тектен-тек емес. Бұның өзі бұирық раи формасы етістіктің
тұбірінен бөлек тұлға екенін, ол —грамматикалық түрленудің
бір көрінісі екенін байқатады. Өкінішке орай, осы күнге дейін
етістіктің түбірінің басқа да көптеген өзгешеліктерімен бірге
осы негізгі грамматикалық ерекшелігі ескерілмей келіп отыр.

Сөйтіп, біріншіден, етістіктің түбір тұлғасы мен бүйрық
райдың 2-жақ тұлғасы бір емес, олар сыртқы түрі жағынан ғана
сәйкес келеді, сондықтан оларды ажырата білу керек, екін-
шіден, етістік түбірлері тікелей жіктелмейді, түбір тұлғасында
белгілі бір мағына (қимыл) білдіргенмен, түбір күйінде
тікелей сөйлем ішінде қолданылмайды, тек етістіктің белгілі
грамматикалық түлғаларын (есімше, көсемше, шақ, рай, т. б.)
жамылып және сол тұлғалар негізінде ғана жіктеліп барып
жұмсалады. Тек қана қазіргі тілімізде отыр, түр, жатыр (жат),

ч/

жүр деген қалып етістіктері тікелі
Қалып етістіктері тек тікелей жіктеле алу жағынан ғана емес,
басқа да сипаттары жағынан ерекшеленеді: 3-жақ жіктіктұлғасы
мен бұйрық райдың 2-жак тұлғасы сәйкес келеді: ол отыр - сен
отыр, ол тұр - сен тұр, ол жүр - сен жүр, тек жатыр етістігі ғана
3-жақта ол жатыр болып, бүйрық райдың 2-жағында сен жат

болып беріледі.
Сондай-ақ қалып етістіктері есімдерше, етістік түлғалары-

ның ішінде есімше жіктеледі:
Мен отыр-мын, түр-мын, жатыр-мын, жүр-мін, инже-нер-

мін, көрер-мін;
Сен отыр-сың, тұр-сың, жатыр-сың, жүр-сің, инже-нер-сің,

көрер-сің;
Сіз отыр-сыз, тұр-сыз, жатыр-сыз, жүр-сіз, инженер-сіз,

көрер-сіз;
Ол отыр - 0 , тұр - 0 , жатыр - 0 , жүр - 0 , инженер - 0 ,

көрер - 0з
Біз отыр-мыз, тұр-мыз, жатыр-мыз, жүр-міз, инже-нер-міз,

көрер-міз;

160

Сіздер отыр-сыздар, тұр-сыздар, жатыр-сыздар, жүр-сіздер,
инженер-сіздер, көрер-сіздер;

Сендер отыр-сыңдар, түр-сындар, жатыр-сыңдар, жүр-
сіндер, инженер-сіңдер, көрер-сіңдер;

Олар отыр - 0 , түр - 0 , жатыр - 0 , жүр - 0 , инженер - 0 ,
көрер - 0 ,

Қалып етістіктерінің бүндай ерекшеліктері олардың түбір
тұлға емес екендігінен болып отыр. Қазіргі кезде түбір деп ай-
тылып жүргенмен, олар етістіктің белгілі формалары негізінде
қалыптасқан да, онда сол формалардың грамматикалық қасиеті
қалып қойған. Жатыр етістігініңжаттүрінде қолданылуы оның
түбірі емес екендігін көрсетеді. Сондай-ақ отыр етістігі ол тү р -
ол тұрұр тұлғасынан қалыптасқандағы белгілі. Ал тұр мен жүр
де, етістіктің тұрұр және жүрүр тұлғаларынан қалыптасқан,
кейін соңгы -үр, -ұр қосымшасы түсіп қалганмен, оның
грамматикалық қасиеті процессуальды мәні сақталып қалудың
нәтижесінде қалып етістіктері осындай ерекшеліктерге, яғни
әрі түбір тұлға ретінде 2-жақ бұйрық рай тұлғасымен омоним
форма құрап, әрі процессуальдық мәні сақталып, осы шақтың
(нақ осы шақтың) негізгі грамматикалық көрееткіші болып
саналып, 3-жақ жіктік жалғау тұлгасында, нольдік формада
жұмсалуға ие болған.

Сұрақ. Сонда қалып етістігінің осы мәндері бір тұлғадағы
ерекшеліктері ме?

Жауап. Қалып етістіктерінің осындай әр түрлі мәндері бір
ғана тұлғасының көрінісі емес. Мысалы, түр - түбір десек, сен
түр —бүйрық райдың 2-жағы (жекеше, анайы түрі), ол тұр —
3-жақта жіктеліп қолданылған, бұлардың мағыналары қандай
әр түрлі болса, формалары да сондай әр түрлі, түбірден басқасы
- әр ғрамматикалық категорияның нольдік формалары.

161

§ 10. ЕТІСТІК КАТЕГОРИЯЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Етістік, жоғарыда көрсетілгендей, семантикалық мәні айқын

^ -------г — 1 7 салалы

әр алуан сөз табы. Басқа сөз таптарындағыдаи морфологиялық

құрамына қарай түбір (мейлі негізгі, мейлі туынды я күрделі
түбір түрлерінде) және әр түрлі грамматикалық түр-тұлғаларға

бөліну етістікке де тән екені белгілі. Бірақ етістік түбір тұлғада

сөздің лексикалық мағынасын және лексикалық мағынаның
жалпыланып, абстракциялану нәтижесінде қалыптасып,

туатын жалпы грамматикалық мағынаны білдіргенмен, сол

күйінде сөйлеу процесінде басқа сөздермен тікелей синтаксистік
қарым-қатынасқа түсе алмайды, сондықтан да етістік сөйлемде

түбір күйінде қолданылмайды (М. —ҚҚТ, 8, 65). Айталық, сын

есім, сан есім, есімдік, үстеулер көбіне сөйлемде түрленбей-
ақ ешбір грамматикалық тұлғалар үстемей-ақ түбір күйінде
қолданылып отырады. Тіпті зат есім де түбір тұлғада екінші бір

зат
(мысалы

тыңдады, бала туралы

ын үй салынды, т. б. тәрізді), тіркесіп, әр түрлі синтаксистік

қатынаста жүмсала алады. Әрине, зат есімнің атау тұлғада

сөйлемнің, бастауыш қызметінде және 3-жақта баяндауыш
қалып
тұлғада

колдануының сыры бүтіндей өзгеше (қара: И. - ЕИП, 33-43;

О. Б. - ТАС, В. Г. , Жамбылды

тыңда екені

белгілі
тыңда) бір емес. Бұл сөйлемде етістік түбір тұлғасында емес,

бұйрық райдың жекеше, анайы, 2-жақ тұлғасында (сен тыңда)

жұмсалған. Ал етістіктің түбіріне тән, бірінші, лексикалық

мағына - нақтылы тыңдау қимылы, екінші, соның негізінде

162

қалыптасқан абстракциялануы, жалпылануы негізінде пайда
болған жалпы грамматикалық мағынасы - жалпы қимылды
оілдіру мағынасы сөздщ лексикалық мағынасы өзгеріп кет-
пей, яғни басқа бір жаңа сөз жасалмай, сол сөзге неше түрлі
грамматикалық түлғалар жалғанып, соның нәтижесінде оларға
сәйкес грамматикалық мағыналар үстелсе де, сақталып оты-
рады. Мысалы, тындасам, тындатқызбайды, т. б. сөз бен сөз
түлғаларында жалпы тыңдау қимылы сақталған да, керісінше
бүйрықтық, екінші жақтық, анайылық мағына жоқ. Сондай-
ақ тында деген түбірге бүйрықтық, 2-жақтық мағына тән де-
сек (Қазақ тілінің ғрамматикалары мен кейбір зерттеулерде
де, жоғарыда көрсетілгендей, етістіктің түбір түлғасы осылай
қате анықталып жүр. Қара: ҚГГ, 127, 129; X. А. - ЕЛГС, 35,
88, т. б.) онда тыңда-т-қыз-ба, тыңда-ңқыра-ма тәрізділерді де
етістіктің түбір түлғасы деп тануға мәжбүр боламыз, өйткені
бүлар да осы қолданысындағы мағынасы жағынан етістіктің
бүйрықтық, 2-жақтық, жекеше, анайы түрімен сәйкес келеді,
сен тындатқызба, сен тыңдаңқырама. Ал бүлардың түбір емес
екендігі өзінен-өзі түсіиікті (И. - ЕТЕ).

Сөйтіп, қазақ тіліндегі сөз таптарының бірі болып таны-
латын етістік өзіне тән белгілі мағына білдіре алатын, бірақ
қазіргі кезде сол күйінде қолданылмайтын түбір түлға және
неше түрлі грамматикалық мағынаның түлғалық көрсеткіштері
болып табылатын формалардың түрлену жүйесінің бірлігінен
түрады. Етістік түбірдің грамматикалық сипатын айқындауда
кездесетін пікір ала-қүлалығы немесе тіпті кейде оның мәніне
түсінбеушілік етістік категорияларының ерекшеліктерін
анықтап, оларды жіктеуден де байқалып жүр. Әдетте етістіктің
түбірден өзге формалардың жүйесі мынадай грамматикалық
категориялар ыңғайында қаралады: 1) қимыл атауы катего-
риясы; 2) салттылық және сабақтылық категориясы; 3) етіс ка-
тегориясы; 4) болымдылық және болымсыздық категориясы;
5) амалдың өту сипаты категориясы; 6) есімшелер категориясы;

163

7) көсемшелер категориясы; 8) рай категориясы; 9) шақ катего-
риясы; 10) жіктік, көптік жалғауларының шаққа қатысы (Ы. А.
- ҚҚТ, 286-287). Кейбір терминдік айырмашылықтарды есепте-
мегенде, бұлай болу қазақ тілі оқулықтары мен етістік жайын-
да жазылған еңбектерге тән болып келеді.

Етістік тұлғаларының жүйесін, оның грамматикалық си-
паттарын түсіну үшін, етістіктің сөйлемде (сөйлеу процесінде)
қолданылу ерекшеліктеріне назар аударайық. Ең алдымен,
жоғарыда көрсетілгендей, етістік түбір тұлғасында тұрып
қолданылмайды. Етістіктің бұйрық рай (2-жақ анайы) сырт-
тай ұқсас қалып етістіктерінің 3-жақта (ол отыр, тұр, жүр
тәрізді) қолданылуын түбір тұлғамен барабар деп түсіну қате
екені тағы да жоғарыда ескерілді, оны естен шығаруға бол-
майды. Екіншіден, етістік тек жіктеліп барып немесе кей-
де -у тұлғалы түйық етістік (қимыл атауы), анықтауыштық
қатынаста есімше, адвербиалдық мәнде кесемше түрлерінде
ғана қолданыла алады: оқу үшін келді, оқыған бала, айтар
сөз, беретін жауап, дауыстап оқыды, жүре сөйлесті, оқығалы
келді, т. б. Үшіншіден, етістік түбірлері отыр, тұр, жүр, жатыр
қалып етістіктері мен бүйрық рай түлғасын есептемегенде
тікелей жіктелмейді. Оның үстіне етістіктің түбір түлғасына
үстелетін грамматикалық формаларының бәрі де, жоғарыда
көрсетілгендей, бірдей жіктеле бермейді, яғни -ыңқыра,
-іңкіре, -ңқыра, -ңкіре тұлғалы күшейтпелі етістік (кей еңбекте
сыпат түлғасы деп аталады), етіс түлғалары, болымсыз етістік
түрлері тікелей жіктелмейді, оларға түбір тұлға сияқты есімше,
көсемше, рай, шақ тұлғаларының бірі үстелгенде ғана, жіктік
жалғау жалғана алады. Төртіншіден, етістік формаларының
белгіліжалғану тәртібі бар: түбіргетікелейжақын етістүлғалары,
одан кейін күшейтпелі етістік, одан соң ғана болымсыз етістік
формасы жалғанып, бүлардан кейін ғана рай, шақ, есімше,
көсемше тұлғаларының бірі қосылып барып етістік жіктеледі:
жүргіз-іңкіре-ме-се-к, сөйле-т-кіз-бей-міз, аит-ыл-ыңқыра-ма-

164

йтын, т. б. Әрине, рай, шақ, есімше, көсемше тұлғалары етістік
түбірге тікелей де жалғана алады: кел-ген, кел-се-к, кел-е-мін,
кел-іп-ті, кел-ер, т. б. Сондай-ақ етіс, күшейтпелі етістік, бо-
лымсыз етістік тұлғалары бірінің үстіне екіншісі қосыла бер-
се, рай, шақ, есімше, көсемше тұлғалары олай бірінең соң екін-
шісі қосылмай, етістікке олардың біреуі ғана жалғанады:
сөйле-т-кіз-бе-й-мін немесе сөйле-т-кіз-бе-п-пін, немесе сөйле-
т-кіз-бе-ген-мін, немесе сөйле-т-кіз-бе-се-м, т. б. Бұның өзі
етістіктің басқа тұлғаларына қарағанда, рай, шақ, есімше,
көсемше тұлғалары грамматикалық сипаты жағынан қатар-
лас, реттес, мәндес, қызметтері жақын, ыңғаилас екендігін
көрсетеді. Бұл сияқты ерекшеліктер етістік формаларының
білдіретін мағыналық сипатынан да байқалады.

Етістіктің салттылық және сабақтылық сипаты
оның жалпы грамматикалық семантикасына, яғни тура
объектіні қажет ету - етпеуіне байланысты екені белгілі.
Салттылық - сабақтылық мәнді көрсетерпік етістіктің ар-
найы грамматикалық (парадигмалық) формалары жоқ. Етіс
жүрнақтарының көпшілігі салттылық-сабақтастық мәнмен
яғни өзгелік етіс сабақтылықпен, өздік етіс пен ырықсыз етіс
салт етістікпен байланысты, бірақ бүл қасиет оның бірден-бір
грамматикалық көрсеткіші емес. Салттылық-сабақтылық мән
етістіктің грамматикалық мағынасы арқылы түсініліп, сөйлеу
проңесінде тура толықтауышты (тура объектіні) меңгеру-
меңгермеу сипаты негізінде көрінеді. Сөйтіп, бұл құбылыс
етістіктің таза грамматикалық сипаты емес, әрі тікелей
семантикалық, әрі синтаксистік - қатынастық қасиеттерінің
көрінісі болып табылады. Сондықтан салттылық-сабақтылық
сипатты (грамматикалық ерекшелікті) етістіктің лексика-
грамматикалық категориясы деп таныған жөн (X. А. - ЕЛГС,

209).
Рас, қазақ тіл білімінде етістік категорияларын осын-

дай ерекшеліктеріне қарап, бірнеше топқа бөлу тәжірибесі

165

бар. Педучилищеге арналған оқулықта етістікті лексика-

семантикалық категориялар (көсемше, есімше, болымды және

салт
бөледі

(Ә. - ҚТ, 175-188). Ы. Маманов е

негізгі етістік және функциялық
гістіктер және модификация-

стіктерге сөздің лексикалық
модификациялы етістіктерге

қосымшалар
грамматикалық мағына білдіретін етістік формаггарын»
жатқызады, яғни модификациялы етістікке етістіктің салт
және сабақты, етіс, күшейтпелі етістік, күрделі етістік, сыпат,
болымсыздық етістік категориялары енеді де, олар мынадай
тәртіппен сатылап бөлінеді: «Бірінші орында түбір етістіктер,
екінші орында модификациялы етістіктер, үшінші орында

функциялық
(М. Ы.-ҚҚТ, 3-5). Автор функциялық

түлғаларына (жіктік және тәуелдік жалғаулары арқылы жаққа

бөлініп жіктелетін» түйық етістік, көсемше, есімше, шартты

рай түрлерін жатқызады. Бірақ автордың «Осы функциялық

етістіктердің жіктелуі арқылы етістіктердің рай, шақ фор

малары (М. Ы. - ҚҚГ

(5-Б) келісуге болмайды, өйткені рай, шақ мағыналары етістік-

тің жіктелу түлғасы (жіктік жалғаулары) емес, одан бөлек ар-

найы грамматикалық формалары яғни олардың грамматикалық

мәні есімше, көсемше формалары арқылы беріледі, ал

жіктелу - жақ категориясының көрсеткіші. Н. Оралбаева

өтістік түбіргс бірінші болып етіс тұлғалары және күрделі

етістіктер, екінші орында қимылдың өту сипатын білдіретін

категория түлғасы, үшінші орында модаль категориясының

көрсеткіштері, төртінші орында рай түлғалары түратынын,

жіктік жалғаулары, көсемше, есімше және түйық епстік

166

көрсеткіштері етістікті аяқтайтын формалар екенін көрсетеді
(О.-ҚТЕК). Бұдан етістіктің грамматикалық тұлғалары өздері
білдіретін мағыналық ерекшеліктері жағынан да, сөзге жалғану
тәртібі жағынан да бірдей емес екенін, оларды бір қатарға қойып
қарауға болмайтынын байқаймыз. Бұл - бір. Екіншіден, осымен
байланысты, жалпы грамматикалық категория деген ұғымды
және етістік сөз табына байланысты оның шегін айқындап
алу қажет, өйткені жоғарыда көрсетіліп өткендей, бұл тура-
лы қазақ тіл білімінде тіпті жалпы тіл білімінде, тиянақты бір
тұжырым жоқ, әр зерттеуші бұл ұғымдарды өзінше түсінеді.
«Қазіргі қазақ тілі» оқулығында грамматикалық категорияны
сөз таптары дегеннен бастап (сөз таптары категориясы, есімдер
категориясы, етістік категориясы, зат есім категориясы, сын
есім категориясы, сан есім категориясы, жалғау, жүрнақ ка-
тегориялары, т. б.) жалғаулар мен сөз тудыратын және сөз
түрлендіретін категорияға дейін бөлініп жіктелуі - осының
көрінісі (Ы. А. - ҚҚГ, 22-23). Бұдан грамматикалық категория
деген ұғымның мәні мен өзіндік сипаты айқындалмай, оның ше-
карасы бөлінбей, басқа ұғымдармен араласып кетіп отыр. Тіпті
кейде бір ғана тұлға бірнеше грамматикалық категорияның
көрсеткіші болып, әр түрлі грамматикалық категория деп
аталу қаупі байқалады. Мысалы: есімшенің -ған, -ген, -қан,
-кен түлғасы, бұл түрғыдан келгенде, біріншіден, есімше ка-
тегориясы, екіншіден, косымшалар категориясы, үшіншіден,
жұрнақ категориясы, төртіншіден, сөз түрлендіретін категория,
бесіншіден, шақ немесе өткен шақ категориясы, т. б. сияқты
танылуға тиіс.

Тіл білімінің кол жеткен соңғы жетістіктеріне сүйенсек,
грамматикалық категорияның мәні мынадай сипаттары
арқылы айқындалады. Ол, әрине, бірден грамматикалық
мағына ұғымымен тікелей байланысты. Бірақ грамматикалық
категория деп тану үшін, ең алдымен, бір ғана грамматикалық
мағынаның болуы жеткіліксіз. Яғни бірнеше (кем деген-

167

де екі) грамматикалық мағына болуы керек. Екіншіден, ол
грамматикалық магыналар бір деңгейдегі мәндес, ыңғайлас
сипатта болуы керек. Айталық, өткен шақтық және айту-
шы (бірінші) жақтық немесе қимылдың болымсыздық мәнін
білдіретін мағыналар бір деңгейдегі ыңғайлас сипатта емес.
Олардың бір грамматикалық категория құрауы жайында әнгіме
болуы мүмкін де емес. Яғни, олар бір грамматикалық катего-
рия шеңберіне ене алмайды. Үшіншіден, ол грамматикалық
мағыналар өз ішінен бір-бірінен ажыратыла алатын қайшы
мәнді сипатта болуы қажет. Төртіншіден, солардың бәріне
лайық түлғалық немесе парадигмалық берілу ерекшеліктері
болуға тиіс. Бесіншіден, сол грамматикалық мағынаның
әрқайсысы - белгілі грамматикалық амал-тәсілдер, тұлғалар
арқылы беріліп отыруы керек. Алтыншыдан, осындай
қасиеттер белгілі бір топтағы сөздердің грамматикалық немесе
лексика-грамматикалық (семантикалық-грамматикалық) си-
патын айқындай алатын мағыналық, тұлғалық белгісі болуға
тиіс. Міне, осындай грамматикалық мағыналар жиынтығы
мен олардың грамматикалық амал-тәсілдері я парадигмалық
түлғалар (формалар) арқылы беріліп, бірлікте тұруын
грамматикалық категория дептануғаболады. Сондықтан белгілі
сөз табының ерекше мағыналық-тұлғалық, құрамдық түрлері
және мағыналық топтары деген сияқты үғымдарды бір-бірімен
шатастыруға болмайды. Мысалы, сын есімнің сапалық және
қатыстық болып бөлінуі сын есімнің мағыналық-қүрамдық
түрлері деп танылады. Есімдіктің жіктеу, сілтеу, сүрау, топ-
тау, белгісіздік, болымсыздық, өздік есімдіктер болып бөлінуі
есімдіктің мағыналық топтары деп аталады. Бүндай топтар
түрленбейтін, грамматикалық жағынан өзгеріске түспейтін
сөз табы үстеуде де бар. Бірақ бұлар грамматикалық катего-
рия болып табылмайды. Демек, морфологиялық тұрғыдан сөз
табының грамматикалық категориясы оның өз ішінде белгілі
топ қүрай алатын грамматикалық мағыналар жиынтығына

168

және еоған сәикес түрлену жүиесімен, парадигмалық си-
патымен тікелей байланысты. Бірақ түбір білдіретін жалпы
грамматикалық мағынағатигізер әсері жағынан, парадигмалық
түрлену түлғалары арқылы берілуі жағынан грамматикалық
категориялар біркелкі емес. Бірде грамматикалық мағыналар
жүйесі түбірдің жалпы грамматикалық семантикасы арқылы
көрініп, жүзеге асып отырады. Әрине, ол грамматикалық се-
мантиканы (мағынан) лексикалық мағынадан ажырата білу
керек. Мысалы, зат есімнің жалпы грамматикалық мағынасы
жағынан жалқы және жалпы болып бөлінуі немесе адамға бай-
ланысты (кімдік) зат және адамнан басқаға байланысты (нелік)
зат болып бөлінуі сөздердің тек грамматикалық семантикасына
байланысты, ондай мағына грамматикалық түлғалар, түрлену
жүйесі арқылы берілмейді. Осындай ерекшеліктер жоғарыда
көрсетілғен етістіктің салттылық-сабақтылық қасиетінен де
анық көрінеді.

Етістіктің грамматикалық категорияларының жіктелуінде
(топталуында) мынадай елеулі ерекшеліктер бар. Біріншіден,
ол етістік түбірінің, бір жағынан, грамматикалық сипа-
тын өзгертпей, екінші жағынан, түбірдің семантикасына
(мағынасына) аздаболсаөзгеріс енгізіп, басқаша грамматикалық
мағына, немесе жаңа мән үстейтін түлғалар. Олар әдетте
етістіктің басқа түлғаларынан түбірге бұрын жалғанады.
Ы. Мамановтыңоларды модификаңиялы етістікдеп ерекше бөлуі
теғін емес. Бірақ оны таза грамматикалық мағынамен сыбайла-
стыру, сөйтіп, «етіс, күшейтпелі етістік, күрделі етістік негіздері
түбір етістіктерге, таза грамматикалық мағына үстейтін моди-
фикаңиялы формалар болып табылады», —деп (М. Ы - ҚҚТ,
3-5-10) түбір мағынасына тиғізетін кейбір өзгерістерді ескер-
меу алмаиды
етістік түлғаларының бұл түріне лексика-семантикалық та,
грамматикалық сипат та тән. Оларға, салттылық-сабақтылық

169

етістік категориясы, етіс категориясы, күшейтпелі етістік кате-
гориясы, болымсыз етістік категориясы жатады.

Бүл категорияның бір түрінде түрған етістік түлғасы
түбір етістіктен грамматикалық сипаты жағынан өзгешелігі,
айырмашылығы болмайды: 1) бүйрық райдың 2-жақ анайы
түрімен сәйкес, үқсас келеді, яғни омоформалық сипатта бо-
лады; 2) сол күйінде қолданылмайды, яғни тікелей басқа
сөздермен синтаксистік қарым-қатынасқа түсе алмайды; 3)
тікелей жіктелмейді, тек рай, шақ (есімше, көсемше) түлғаларын
үстеп барып қана жіктеле алады. Қалып етістіктерінің (отыр,
түр, жүр, жатыр) тікелей жіктеле алуының сыры ерекше, бүлар
тарихи жағынан негізгі түбірлер емес, отыр - ол түрұр, тұр-
т ұ р ұ р , жатыр-жатырүр, жүр-жүрүр дегеннен қалыптасқан да,
қосымшалар түбірге сіңісіп кетсе де, олардың грамматикалық
сипаты (жіктелу қасиеті) сақталып қалған. Бұл етістіктердің
осы қасиеті олардың 3-жақта ол отыр, ол түр, ол жатыр, ол
жүр болып, ұқсас түлғалық түрде қолданылуынан да көрінеді
(X. А. - ЕЛГС, 73) және тікелей осы шақ көрсеткіші болуы
да соған байланысты. Ол түлғалар түбір білдіретін мағынаға
әсері болатындықтан да, сөз тудыру сипатына жақын не-
месе сөзжасамдық қасиеті байқалып отырады. Мысалы,
етістіктің салттылық-сабақтылық қасиетін кейбір ғалымдар
етістік түбірлерінің омоним немесе полисемиялық сипатының
межесі, критерийі ретінде де ұсынуы («Айтылуы мен жазылуы
бірдей, тіпті бір сөз табына енетін омоним сөздерді жеке-жеке
лексикалық единица деп тану үшін, олардың салт немесе са-
бақты етістіктерінде қолданылуы негізгі критерий есепті қар-
алуы керек тәрізді» - X. А. - ЕЛГС, 210, 211), етіс, күшейтпелі
етістік (немесе көрініс) тұлғаларын жаңа мағыналы сөз туды-
ратын (сөзжасам) жұрнақтары деп тануы (X. А. - ЕЛИС, 12)
бұл пікірді бірден-бір шешілген, қа.лыпта.сқз.н деп танымасақ
та, бұларда грамматикалық сипатпен бірге, түлғаларында
парадигмалық түрлену жүйесі болумен бірге лексикалық

170

(сөзжасамдық) сипат та бар екенін көрсетеді. Сондықтан
бұларды етістіктің лексика-грамматикалық категориясы деп
қарау жөн.

Ал етістіктің болымсыз түрін (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе)
Ы. Маманов «етістіктің негіздері (яғни түбір етістіктер мен мо-
дификациялы етістіктер - И. С.) мен жіктелетін формаларының
(яғни етістіктің рай, шақ, есімше, көсемше түлғалары - И. С.)
шегін айыратын қосымша болып табылады»,-десе (М. Ы. -ҚҚТ,
79), А. Хасенова (Қалыбаева): «Етістіктің басқа грамматикалық
категориялары (шақ, жақ, рай, т. б.) тәрізді болымсыздық (-ма,
-ме) жүрнағы да етістік түбірінің лексикалық мәнін өзгертіп
тұрған жоқ», - деп оны таза грамматикалық топқа қосады
(X. А. - ЕЛГС, 57).

Ьолымсыз етістік көрсеткіші сырт тұлғасы жағынан
етіс, күшейтпелі етістік қосымшалары сияқты түбірдің
грамматикалық ерекшеліктеріне сәйкес келеді, бүлардың
грамматикалық сипаты бір-біріне жақын 2-жақ бүйрық раймен
сәйкес, тікелей жіктелмейді. Семантикалық жағынан болым-
сыз етістік түлғасы түоір оілдіретін мағынаға өзгеріс ендіреді,
яғни түбір білдіретін қимылдын болуын емес, керісінше бол-
мауын көрсетеді, сөйтіп, тікелей түбір семантикасына әсер
етеді, ал, рай, шақ (есімше, көсемше), жақ тұлғалары түбір се-
мантикасына (мағынасына) ешбір әсер етпей, тіке соның үстіне
қосымша мән (грамматикалық мағына) үстейді. Міне, осын-
дай лексика-семантикалық және грамматикалық сипаттары
жағынан болымсыз етістік түлғасы рай, шақ, есімше, көсемше
тұлғаларынан гөрі етіс, күшейтпелі етістік түлғаларына жақын
болғандықтан, оны (болымсыз етістікті) да етістіктің лексика-
грамматикалық категориясы қатарына жатқызған дұрыс.

Екіншіден, етістік түбірінен, бір жағынан, грамматикалық
сипаты өзгеше, екінші жағынан, оның семантикасы-
на (мағынасына) ешбір өзгеріс енгізбей, соның (сол түбір
білдіретін және қосымшасы бар болса, лексика-грамматикалық

171

категорияның білдіретін мағынасының) үстіне қосымша

грамматикалық қана мағына үстейтін және тікелей жіктеле ала-

тын рай, шақ сияқты түлғалар жүйесінің жиынтығы етістіктің

таза грамматикалық категориясы деп аталады. Мысалы,

бар-са-м, бар-ғы-ң ке-леді; бар-сын, бар-ған-мын, бар-ып-ты

сияқты етістік формаларында бару қимылы ешбір өзгеріске

түспей, оған тек сол қимылдың болуында шарттылық, қалау,

ниеттілік, бүйрық-тілек, өткен шақтық мәндер үстелген.

Сөйтіп, етістіктің грамматикалық категорияларын лексика-

грамматикалық (салт-сабақты етістік, етіс, күшейтпелі етістік

немесе көрініс, болымсыз етістік категориялары) және таза

грамматикалық (рай, шақ, жақ немесе жіктеу) категорияла-

ры деп екіге бөліп қараған жөн, өйткені рай, шақ категория-

лары етістіктщ мағыналық жағынан оны өзгеріске түсірмеитін

ғана түлғасы емес, сонымен бірге етістікті басқа сөздермен

байланысқа түсіруге дәнекер болып, жіктеліп, сөйлем ішінде

қолдануға негіз болатын түлғалары.

Бірақ бүл категориялардың ішіне есімше, көсемше, тұйы к

етістік немесе қимыл атауы енбеи қалады. Өиткені бүлар

етістіктің грамматикалық категориялары емес, ерекше түрлері

болып табылады. Ал қазақ тілінің грамматикаларында, сондай-

ақ етістікке байланысты зерттеу еңбектердің көпшілігінде-ақ

есімше, көсемшелер өкінішке орай, етістіктің грамматикалық

категориялары деп беріледі. Тіпті кейбір тюркологтар етіс

көрсеткіштерін сөз түрлендіретін таза грамматикалық кате-

гория деп таныса да, етіс жүрнақтарының жаңа сөз тудыру

(сөзжасам) мәнін де ескеріп отырады (К. - ГУЯ, 245, 258 және
Ш
Ю .-ССГБЯ, 10-11).

Түйық етістіктің немесе қимыл атауының өз мәніне сай

етістіктің грамматшсалық категориясы бола алмайтынын көру

қиын емес. Ең алдымен түйық етістік (қимыл атауы) жалпы

грамматикалық жағынан қимылды емес, қимылдың атын,

атауын білдіреді, сөйтіп, ол семантикалық сипаты жағынан

172

етістікке емес, зат есімге жақын. Бұл қасиеті, екінші жағынан,
тұйық етістіктің (қимыл атауының) грамматикалық сипатынан
да айқын көрінеді: ол (тұйық етістік) зат есімдерше көптеледі,
тәуелденеді, септеледі, соның арқасында зат есім сияқты
синтаксистік қызмет атқарады, бірақ етістікке тән модальділік
(рай), шақтық мағына білдіре алмайды және жіктелмейді,
етістікке тән синтаксистік қызмет те атқармайды.

Әрине, есімше мен көсемшенің жайы бұған қарағанда
өзгешелеу. Бірақ есімше де, көсемше де етістіктің бір ғана
грамматикалық сипатымен, мәнімен шектеліп қоймайды. Бұл
екеуі де екі жақты мән, екі жақты қызмет атқарады. Есімше әрі
етістікше, әрі есімдерше тұрленіп екі тұрлі грамматикалық
сипатта, екі тұрлі мәнді білдіріп, яғни бірде қимылды және
соған сәйкес модальділік рай мәні мен шақтық мағынаны
көрсетіп, адъективтеніп, атрибутивтік қатынаста (немесе
сындьщ мәндегі сөздерше белгілі тәсілдермен субстантивте-
ніп те) жұмсалады. Есімшенің осындай етістікке тән емес
екінші бір мәні мен қызметі, ерекше сипаты етістіктің айрықша
бір тұрі болып табылатын есімшенің негізгі қасиеті болса да,
етістіктің грамматикалық категориялық сипаты шеңберіне
сыймайды. Бірақ есімше етістіктің грамматикалық категория-
лары сипатына бұтіндей бейтарап та емес. Өзі (есімше) етістіктің
жеке бір грамматикалық категориясы бола алмағанмен,
етістікке тән бірінші грамматикалық сипаты мен қосымшасы
арқылы тұбірге (қимылға), үстелетін модальділік, шақтық мәні
арқасында етістіктің шақ категориясының бір түрін жасауға
негіз болып, соның бір грамматикалық тұлғалық көрсеткіші

болып табылады.
Есімшенің есім мәнінде қолданысында оның етістікке

тін шақтық мағынасы солғьгадап, әйтеуір қимылға қатысты
болғандықтан және есімше тұлғалары етістік мәнінде
қолданылғанда, белгілі бір шақтық мағынаны тұрақты түрле
білдіріп отыратындықтан, ол (шақтық) мағына факультатив

173

мәнде ғана байқалады. Мысалы: Оған ерекше жағдай жасалған.
Жылтыраған шамдар, көтерілген тозаң көрінеді (Ғ. Мұстафин).
Білгенге маржан (Абай). Үяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың
(Мақал). Айырылар дос ердің артқы қасын сүрайды (Мақал).
Жомарт дәл жиналыс басталарда келді (Ғ. Мұстафин).

Бұл мысалдарда жасалған мен жылтыраған, көтерілген,
білгенге және аларсың мен айырылар, басталар деген
есімшелердің шақтық мағынаны білдіруінде үлкен ерекшелік
көрініп түр. Мысалы, айтылатын сөз айтылды дегендегі айты-
латын есімшеден нақты шақтық мәнді аңғару қиын: біріншіден,
бұл позицияда есімше дағдылы я ауыспалы келер шақты білдіруі
керек (әлі айтылмаған, бірақ айтылуға тиісті), бірақ, екіншіден,
сөйлем (ой) өткен шақтық мәнде жүмсалып тұр. Сөйтіп, есімше
есім сөздер мәндерінде қолданылғанда, категориялық сипаттан
айрылып қалады да, етістік мәнінде қолданылғанда, етістіктің
белгілі категориясын (шақ категориясын) жасауға негіз болады.
Сондықтан да оны бір категорияның шеңберінде ғана қарауға
болмайды да, етістіктің ерекше түрі деп атаймыз.

Көсемшенің грамматикалық сипаты есімшеге үқсас, яғни
көсемше де екі түрлі мәнді білдіріп, екі жақты қызметте
жұмсалады. Бірі - етістіктің грамматикалық сипатын көрсетіп,
қимылды білдіріп, шақ категориясын, күрделі етістікті жасауға
негіз болады. Екіншіден, есімшеден айырмашылығы - қимылды
емес, қимылдың әр түрлі сынын, амалын, белгісін, т. б білдіріп,
адвербиалданып, грамматикалық жағынан түрленбей, үстеу
қызметінде жұмсалады. Мысалы, Үйге сөйлей кіріпті деген-
де сөйлей де, кіріпті де көсемше тұлғасында түр. Бірақ кіріпті

формасы
рамматикалық

категориясын (шақ категориясын) жасауға негіз болса, сөйлей
дегенде ондай категориялық мән де, сипат та жоқ, тек -й тұлғасы
апкылы ғана 6ү л сөзлі етістіктін көсемше т ү о і лей аламыз. ал

174

грамматикалық мағынасы да, сөйлемдегі қызметі де бұл жерде
етістікке жат екенін көру қиын емес.

Сөйтіп, қазіргі қазақ тілінде етістіктің, бір жагынан,
лексика-грамматикалык категориялары, екінші жағынан, таза
грамматикалық категориялары, ал, үшінші жағынан, өзара
жеке грамматикалық категория бола алмайтын, бірақ басқа таза
грамматикалық категория (шақ категориясын) жасауға негіз
болатын ерекше формалары (есімше, көсемше) немесе бүтіндей
басқа сөз табының грамматикалық сипатын ғана көрсететін
айрықша түрі (түйық етістік) бар екенін байқай аламыз. Олар-
ды, жоғарыда көрсетілгендей, грамматикалық, семантикалық
сипаттары арқылы бір-бірінен ажырата білу қажет.

Бүның өзі етістік грамматикалық сөз табы ретінде басқа
сөз таптарынан ерекше екенін көрсетеді. Етістіктің түрлену,
тұлғалану жүйесі, олардың сөйлеуде қолданыстық қасиеті
әрі күрделі, әрі сан алуан екенін байқаймыз. Сол түрлену
жүйесінің негізінде құралатын грамматикалық, лексика-
грамматикалық және таза грамматикалық категориялары мен
ерекше грамматикалық тұлғаларының сипаттары да әр алуан.

ШАРТТЫ ТҮРДЕ ҚЫСАРТЫЛЫП АЛЫНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. А. -ГТН . - Аханов К. Грамматикалық теорияның негіздері,
Алматы, 1972.

2. А. - СЛТ. - Ахманова О. С. Словарь лингвистических тер-
минов, М., 1966.

3. А. - ТБН. - Аханов К. Тіл білімінің негіздері, Алматы,
1973.

4. Ә. - ҚТ. - Әбуханов Ғ. Қазақ тілі, Алматы, 1960.
5. Б. Қ. - ҚҚТ. - Балақаев М., Қордабаев Т., Қазіргі қазақ тілі,
Алматы, 1961.
6. Б. М. - Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері,
Алматы, 1971.
7. Б. - ТМК. - Бондаренко А. В. Теория морфологических
категорий, Л., 1976.
8. В. Г. - ОНП. - Вильданова Н., Гарипов Т. Один нулевой
падеж или нулевые формы разных падежей. ж. «Советская тюр-
кология», 1988, № 4.
9. Г. ССТЯ. - Гапиев Ф. А. Суффиксальное словообразованне
в современном татарском литературном языке, Казань, 1974.
10. Д. - ГБЯ. - Дмитриев Н. К. Грамматика башкирского язы-
ка, М., Л., 1948.
11. Д. - СТЯ. - Дмитриев Н. К. Строй тюркских языков, М.,
1962.
12. Д.К. - АКТ. - Давлетов С, Қүдайбергенов С. Азыркы кыр-
гыз тили, морфология, Фрунзе, 1980.
13. Ж.Н. - ҚТСМ. - Жанпейісов Е., Нурханов С. Қазақ
тіліндегі сөзжасам мәселелері, Қазақ ССР ҒА Хабарлары, фило-
логпя сериясы. 1985, № 1.

176

14. И. - ГМФ. - Исаев С. Грамматикалық мағына мен
форманың сәйкестігі және нольдік тұлға туралы. «Қазақстан
мектебі» ж, 1976, № 8.

15.И. - ЕИП. - Исаев С. Еще раз об именительном падеже
(атау септік) в казахском языке. Известия АН КазССР, серия
филологическая, 1979, Х°4

16. И. —ЕТЕ. - Исаев С. Етістік түбірдің кейбір грамматика-
лық ерекшеліктері, «Қазақстан мектебі», ж, 1987, №10.

17. И - ҚӘТД. - Исаев С. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде
дамуы. Алматы, 1973.

18. И. - НОК. - Исаев С. Некоторые особенности употребле-
ния конструкции с родительным падежом в языке периодиче-
ской печати. Известия АН КазССР, серия обществоведения,
1973, №4.

19. ИСГТЯ. - Исследования по сравнительной грамматике
тюркских языков, П, морфология, М., 1956.

20. К. - ГТЯ. - Кононов А.Н., Грамматика современного ту-
рецкого литературного языка, М-Л., 1956.

21. К. - ГУЯ. - Кононов А.Н. Грамматика современного узбек-
ского литературного языка, М—Л., 1960.

177

МАЗМҮНЫ

Алғы сөз 3
Кіріспе.... 5

I Бөлім. Сөз және оның мағыналық ерекшеліктері............ 7

§ 1. Сөз - т іл білімінің объектісі............................................. 8

§ 2. Сөздің ішкі мағыналық және сыртқы

дыбыстық жағы......................................................................... 11

§ 3. Сөздің лексикалық мағынасы..........................................14

§ 4. Грамматикалық ұғымдар..................................................17

§ 5. Грамматикалық мағына және оның түрлері..................18

§ 6. Грамматикалық мағынаның берілу 28
тәсілдері мен жолдары

7. Грамматикалық форма..................................................... 34

8. Грамматикалық мағына мен грамматикалық

форманың сәйкестігі және нольдік форма............................37

§ 9. Сөз формалары...................................................................52

П Бөлім. Грамматикалық категория.................................... 62
§ 1. Грамматикалық категорияның сипаты..........................62
§ 2. Грамматикалық категорияның түрлері..........................71
§ 3. Сан-мөлшер (көптік) категориясы...................................75
§ 4. Тәуелдік категориясы....................................................... 82
§ 5. Септік категориясы...........................................................87
§ 6. Септік жалғаулардың мағыналары мен
қызметтері.................................................................................95
§ 7. Септік жалғауларды грамматикалық және
көлемдік септіктерге бөлудің мәні.........................................108
§ 8. Жақ (жіктік) категориясы.................................................120

9. Етістік түбірінің кейбір грамматикалық
ерекшеліктері............................................................................ 150
§ 10. Етістік категорияларының ерекшеліктері.................... 162
Шартты түрде қысқартылып алынған әдебиеттер тізімі.... 176

178

С. Исаев

Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі
грамматикалық ұғымдар

ҚАЗАҚ ТІЛ БШМІНІҢ АНТОЛОГИЯСЫ
сериясы

Бұл басылым С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
Бекмаханов

этнографиясын
дайындалды.

Орталықтың директоры
Құдабаев А.Ж.

Бас ғылыми қызметкер
Арын Р.С.

Аға ғылыми қызметкер
Ысқақ Б.Ә.

Ғылыми қызметкер
Аубакирова С.С.

Кіші ғылыми қызметкерлер
Искакова З.С.

Қайырбекова А. А.
Құдабаев Ш.А.

Компыотерде терген
Алдабергеиова Н.Б.

15.03.2010 ж. басуға қол қоиылды.
Көлемі 84x100 1/32. Қаріп түрі К 2 Тігпез.

Офсеттік басылым.
Ш арпы баспа табағы 7,7. Есептік баспа табағы 5,2.

Таралымы 200 дана.

Сытина Е.А. ЖШ-та басылған.
Қазақстан Республикасы, 140000,

Павлодар қ., 29 Ноябрь к., 2,
Тел.: 8 (7182) 32-16-08


Click to View FlipBook Version