The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

isaev_s_kazirgi_kazak_tilindegi_negizgi_grammatikalyk_ugymda

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by dungenbay.elmira, 2020-11-24 08:08:05

isaev_s_kazirgi_kazak_tilindegi_negizgi_grammatikalyk_ugymda

isaev_s_kazirgi_kazak_tilindegi_negizgi_grammatikalyk_ugymda

жеке грамматикалық түлға ретінде беріліп жүрген атаулардың
өзі дүрыс емес деген Ы. Е. Мамановтың түжырымы өте орын-

өзіне тән грамматикалық (нольдік) формасы бар бір түрі бола
алмайды. Грамматикалық формалар - сөйлеу кезінде сөздерді
дәнекерлеп, оларға әр түрлі грамматикалық мән-мағына
үстеп, бір-бірімен қатынасын көрсетіп түратын, сөйлемде ғана
қолданылатын сөйлеу (речь) элементтері. Сондықтан нольдік
түлғаның мағыналық, қолданылу, атқаратын қызметі жағынан
алғанда белгілі шеңбері болады.

Осы түрғыдан келсек, атау септіктің табиғаты бүлардан
бүтіндей ерекше. Атау септіктің арнайы грамматикалық
көрсеткіші болмағанмен, түбір түлғалы сөзбен екеуі бір
емес. Олардың айырмашылығы сөйлемдегі қолданылу
ерекшеліктерінен, атқаратын қызметінен айқын көрінеді. Атау
септік түлғасы басқа септік формаларын жасауға негіз болып
түрмайды, атау септік - басқа септіктермен терезесі тең септік
түлғасы, бүл түлғалы сөздің сөйлемде өзіне тән білдіретін
мағынасы мен атқаратын қызметі болады: ол — қимылдың
грамматикалықсубъектісі, бастауышы болу, заттық-атауыпггық
мағына білдіру, баяндауыш формасымен өзінің мағынасы
арқылы белгілі жақта қиысып түру. Ғрамматикалық мағына
білдірудің бірден-бір тәсілі тек қосымшалар жалғану ғана
емес екені тағы белгілі. Мына сөйлемдерге назар аударайық.
Бала кітап оқып отыр. Үйге бала жігіт кіріп келді. Әцгіме
бала жөнінде болып кетті. Бүл кешегі көрген бала. Осы
берілген 4 сөйлемдегі бала сөздері грамматикаларымызда атау
септік, түлғасы деп беріліп жүр. Бүл дүрыс емес. Тек бірінші
сөйлемдегі бала сөзі атау септік түлғада түр, өзі 3-жақтағы сөз
болған соң, баяндауышпен сол жақта қиысып қолданылған.
Ал 2-сөйлемдегі бала атау септікте емес, түбір түлғада келіп,
анықтауыш қызметінде жүмсалған. 3-сөйлемде ілік септік түсіп
қалып, жөнінде шылауымен тіркесіп, толықтауыш қызметінде

50

қолданылған, соңғы сөйлемде бала - үшінші жақ жіктік

жалғаудың нольдік формасында түрып, баяндауыш қызметін

I атқарып түр. Атау септіктің ерекше қызметі зат есімнен басқа

сөз таптарының осы түлғада жүмсалуынан да анық байқалады.

Септік жалғауы басқа сөз таптарына жалғанғанда, оларды

I

субстантивтендіріп, заттандырып жібереді. Осы қасиет атау

Жақсы түиені де

көрмес дегенде жақсы, көрмес сөздері атау септік түлғада

түрып, бастауыш қызметінде жүмсалғандықтан, бүл жерде

сын есім, есімшеден гөрі зат есім мәнінде қолданылған. Міне

сондықтан да грамматикаларда көрсетіліп жүрген: «кейбір

септеулік шылаулар атау септікті сөзбен тіркеседі» деген пікір

дәлелденбей, жеңіл-желпі айта салынған дүрыс емес. Олардың

кейбірі бір кезде басқа септік формасында түрған: үшін, жайын-

да, жөнінде, т. б. көне кезде ілік септікті сөзбен тіркескен. Оны,

біріншіден, соңғы екі сөз қүрамында тәуелдік жалғаудың 3-жақ

көрсеткішінің сақталуы (жай-ы-нда, жөні-нде), екіншіден, көне

жазбаларда, ауыз әдебиет нүсқаларында үшін шылауының

есімдіктермен тіркескенде, ілік септікпен байланысып түруы

дәлелдей түседі: оның үшін, менің үшін, сенің үшін, т. б. Ал

арқылы, туралы, сайын, т. б. септеуліктері де белгілі формамен

тіркескен болу керек, қазір оларды айқындау қиын. Сондықтан

олар тіркескен сөздің түлғасьш атау септік демей, сөз түбірі де-
ген дүрыс болады.

Демек, атау септіктің өз алдына дербес грамматикалық

түлғасы болмаса да, оның білдіретін түбір түлғадан басқа

грамматикалық мағынасы мен атқаратын қызметі бар.

Сондықтан оны да (атау септікті) нольдік түлғаның шеңберінде
қарау керек.

ік форма - парадигмалық түрлену жүйесінің

бір түрі болып табылатын, сондықтан сол түрлену жүйесінің

синтаксистік сөз байланыстырушы қызметін толық атқаратын

форма, бірақ осы мәндер мен қызметті тікелей көрсететін ар-

51

найы формасы жоқ түлға және осы қасиеттері арқылы бір
грамматикалық категорияның басқа да формасы бар түрлеріне
қарама-қайшы, әрі онымен бірлікте болып, бір бүтін қүрайды.
Белгілі бір белгілер жүйесінде бірдей белгінің болмауынын өзі
белгі болып есептеледі. Мысалы, 3 шар алып, оның біреуіне —
белгісін, екіншісіне X белгісін салып, үшіншісіне ешбір белгі
салмасақ, сол шарларды ажыратуда белгінің болмауының өзі

белгі болып табылады.
Нольдік форма парадигмалық сипаты бар грамматикалық

түрлену жүйесінде, түлғалары, сөз байланыстырушы сипаттағы
таза грамматикалық категория шеңберінде гана болады.
Нольдік форманың ерекшеліктері де, басқа үқсас түлғалардан
айырым белгісі де сол жүйенің аясында, сол парадигмалық
жүйенің басқа түрлерімен, бір жағынан, қарама-қайшьшықта,
екінші жағынан, бірлікте түруы арқылы айқындалады. Бүл —
бір ерекшелігі. Екіншіден, нольдік форма сөз байланыстырушы
түлғалар (жалғаулар) жүйесінде ғана болып, өмір сүре алады,
өйткені нольдік форманың шын мәнінде ғрамматикалық фор-
ма ретінде тілде өмір сүруі тек бір грамматикалық магынаны
білдірумен ғана емес, сонымен бірге ол түлғаның синтаксистік
қызметімен, сөздерді байланыстыруынан айқындалып көрінеді.
Грамматикалық магынаның формасыз берілуі, оның бар болуы
оның байланыс қызметінен көрініп отырады, яғни нольдік фор-
маны сақтайтын бірден-бір тілдік фактілер - оның сөз байла-
ныстырушы қасиеті.

§ 9. СӨЗ ФОРМАЛАРЫ

Грамматикалық форма деген үғыммен байланысты
қолданылатын тағы бір үғым - сөз формалары. Түжырымдап
айтқанда, сөз формасы немесе сөз формалары деген
үғымға белгілі бір лексикалық мағынаны білдіретін сөздің
категориялық грамматикалық мағынаны оілдіретін оелгілі

бір грамматикалық түлғада түруы енеді. Мысалы, сөз, сөздер,

52

сөзді, сөздік, сөздіктер, сөздікпен, сөздікте, сөйле, сойледі,
сөйлесе, сөйлеген, сөйлепті, сөйлем, сөйлемнің, сөйлемді де-
гендерге назар аударайық. Ең алдымен, осылардың әрқайсысы
жеке-жеке соз бе? Әрине жоқ. Соз түрғысынан келсек, бүл топ-
тан соз, сөздік, сейле, сөйлем деген торт созді боліп көрсетуге
болады, ал қалғандары осы төрт сөздің бірінің түрлі формалары.
Басқаша айтқанда, сөз, сөздер, сөзді дегендер бір ғана соз - сөз,
сөздік, сөздіктер, сөздікпен, сөздікте дегендер де бір ғана сөз -
сөздік; сөйле, сөйледі, сөйлесе, сөйлеген, сөйлепті дегендер
де бір ғана сөз —сөйле; сөйлем, сөйлемнің, сөйлемді деген-
дер де бір ғана сөз —сөйлем, өйткені осы топтың әрқайсысы
бір ғана лексикалық мағьшаны білдіреді: сөз болса, ауыздан
шығатын, белгілі үғымды білдіретін дыбыстар жиынтығы, ол
мағына сөз десек те, сөздер десек те, сөзді десек те өзгермейді;
сөздік - белгілі мақсатпен (мағынасын түсіндіріп, жазылуын
көрсететін, басқа тілге аудармасын беретін, т. б.) жасалған,
тілдегі сөздерді жинақтап берілетін қүрал, ол мағына сөздік
десек те, сөздіктер десек те, сөздікпен десек те, сөздікте де-
сек те өзгеріссіз беріліп отырады. Сөйле мен сөйлем дегендер
жайында да осыны айтуға болады. Ал бүлардың өз ішінде бір-
бірінен айырмашылығы сол —негізгі лексикалық мағынасы
біреу болса да, демек, лексика ретінде бір сөз болса да, сөз де-
геннен сөздер дегеннің айырмашылығы сол сөздің біреу емес
көп екендігін білдіріп, ол қосымша грамматикалық мағына —
дер формасы үстелу арқылы беріліп отырғанын көреміз,
сөйтіп, сөз деген создің бір формасы сөз болса, екінші бір фор-
масы сөздер екен, үшінші формасы сөзді болады, өйткені бүнда
сөз дегеннің негізгі лексикалық мағынасы сақталған да, оған
қосымша тура обьектілік (сөзді тыңда) мағына -ді деген фор-
ма (табыс септік жалғауы) арқылы үстелген. Дәл, сол сияқты
сөздік деген сөздің формалары сөздік, создіктер, создікпен,
сөздікте болып табылады, сөйле деген сөздің формалары
сөйле, сөйледі, сөйлесе, сөйлеген, сейлепті, ал сөйлем деген

53

сөздің формалары сөйлем, сөйлемнің, сөйлемді болып табы-
лады. Әрине, бүлар - сөздердің жоғарыда берілген ғана фор-
малары (сөз формалары), сондықтан сөз, сөздік, сөйле, сейлем
деген сөздердің формалары осы көрсетілген сөз формалары-
мен ғана шектеліп қоймайды. Айталық сөздің көрсетілгеннен
басқа сездің, сезге, сезбен, сезі, сезіміз, т. б.; сездіктің сездігі,
сездіктерін, сөздікті, сездікке, т. б.; сейле дегеннің сейлейді,
сөйлегелі, сейлейтін, сейлесе игі еді, сейлегісі келеді, т. б.;
сейлемнің сейлемде, сейлеммен, сейлемдер, сейлемі т. б. сөз
формалары бар екенін көрсету керек.

Сұрақ. Сонда сөз формалары деген үгымға сөзге
грамматикалық формалар үстелген түрлері ғана жата ма? Сөз
формасының жаңа сөз тудырумен, созжасам қосымшасымен

байланысы жоқ па?
Жауап. Өзінің аты анық корсететіндей соз формасы де-

ген үғым созге грамматикалық мағына (форма тудырушы
қосымшалар) үстейтін формалар қосылуы арқылы жасала-
ды. Сөз формасы деген үғымның бүл мәні әр уақытта дүрыс
түсініле де бермейді. Мысалы, А. Ысқақовтың сөз формасы
дегенді томендегіше талдауына келісуге болмайды: «тіліміздегі
сөз бен сөзді байланыстыратын (жалгастыратын), сезден
сез тудыратын, демек, кейбіреулері жаңа сез тудыратын,
кейбіреулері тек создің түрін ғана озгертетін я түрлендіретін
(форма тудыратын) қосымшалардың қай-қайсысын алсақ та,
олар өздері жалғанған сөзді я бір грамматикалық категория-
дан екінші я бір басқа грамматикалық категорияға көшіретін, я
болмаса жалпы грамматикалық категорияның ішіндегі жалқы
категорияларды іштей бірінен-біріне аударатын формалар
ретінде қызмет етеді», «синтетикалық тәсіл арқылы туатын
соз формаларын категориялық маңыздары мен қызметтеріне
қарай сез жалгастыратын (соз жалғастырғыш) формалар,
сез түрлендіретін (сөз түрлендіргіш я форма тудырғыш) фор-
малар және сез тудыратын (сөз тудырғыш) формалар деп

54

үш салаға бөлген дүрыс» (Ы. А.-ҚҚТ, 83-84). Бүл жерде сөз
түрлендіру және форма тудыру үғымдарының бір-бірімен
ара ласып кеткенін былай қойғанда, автор қосымша арқылы
жасалған жаңа сөзді де сөз формасы деп қарайды. Сонда мал
мен малшы бір сөздің екі формасы болмақ па? Әрине, жоқ.
Бүлар жеке-жеке сөздер, демек, екі бөлек сөздің формаларын
жасауға неғіз бола алады: малға, малды, малымыз, т. б. және
малшылар, малшының, малшымыздың, т. б. Сөз бен сөз форма-
сы деген үғымдардың ара жігі, айырмашылығы олар білдіретін
лексикалық мағынаның бір я бөлек-бөлек болуына негізделеді.
М ал дегеннің лексикалық мағынасы (үй жануары) бір түрлі де,
малшы дегеннің лексикалық мағынасы (малды бағатын адам)
бүтіндей бөлек, екінші түрлі, бүлар бір түбірден өрбігенмен,
бір сөздің формалары емес, жеке-жеке сөздер. Демек, сөз ту-
дыратын (сөзжасам) қосымшалары үстеліп жасалған сөздер
сол создің жеке сөз формасы болмайды, ол сөзден бөлек жаңа
сөз болып есептеледі, сондықтан да ол морфологиядан гөрі
сөзжасам мәселесінде қаралуға тиіс. Бүл - бір. Екіншіден, сөз
формасы деген үғым сөздердің белгілі бір грамматикалық топ
қүраудың амал-тәсілі болатын парадигмалық жүйелермен
түрлену арқылы туып, морфологияның негізгі мәселелерінің

бірі болып қаралады.
Сөйтіп, сөз әр түрлі түлғалар арқылы түрленудің (сөзге

түрлі форма тудыратын түлғалардың қосылуы) нәтижесінде
сөздің көптеген формасы пайда болады. Сөздің көптеген
формаларының ішінен біреуі сөздің сол формаларын жасауға
негіз болады, яғни сөз формалары сөздің негізгі бір формасы-
нан жасалады. Ол —көбіне белгілі сөз табының түбір (негізгі
және туынды) түлғасы болып табылады. Мысалы, зат есімнің
сөз формаларына (септік түлғаларына, тәуелдік, көптік, жіктік
түлғаларына) негіз болатын —зат есімнің түбір түлғасы. Сын
есімнің сөз формасына (шырай түлғасына) негіз болатын -
сапалық сын есімнің түбір түлғасы. Басқа есім сөз таптарының

55

түрленуіне (субстантивтену арқылы септелу, көптелу, тәуелдену
кейде жіктелу) негіз болатын —сол сөз табының түбір түлғасы.
Дәл осындай етістіктің соз формаларына (етіс, күшейтпелі
етістік, болымсыз етістік және рай, шақ, есімше, көсемше)
негіз болатын - етістіктің түбір түлғасы немесе рай, шақ,
есімше, косемше түлғаларына негіз болатын - сонымен бірге
(яғни түбірмен бірге) етістіктің лексика-грамматикалық (етіс,
күшейтпелі етістік, болымсыз етістік) түлғалары, ал жіктелу
түлғаларын негіз болатын - етістіктің тек функңиялық (рай,
шақ) түлғалары болып табылады. Айта кету керек, оқулықтар
мен көптеген зерттеулерде белгілі бір сөз табының түрлену
формасына негіз болатын түлға қате көрсетіліп жүр. Мысалы,
зат есімнің септелу жүйесіне негіз болатын форма деп атау
септік түлғасы, сын есімнің шырай түлғаларына негіз бола-
тын форма деп жай шырай түлғасы, етістіктің түбір түлғасы
деп 2-жақ бүйрық рай (анайы) түлғасы, етіс түлғаларына
негіз болатын форма деп негізгі етіс тұлғасы көрсетіліп жүр.
Ең алдымен, белгілі бір парадигмалық түрлену жүйесіне негіз
болатын түлға сол түрлену жүйесінің ішіне соның бір түрі бо-
лып кіре алмайды, ол жүйенің шеңберінен тыс түрады, өйткені
ол - сол түрлену жүйесіне тек негіз болатын түлға. Мысалы,
бала-м, бала-ң, бала-сы тәрізді тәуелдіктің түрлену жүйесіне
неғіз болып отырған түлға бала болса, ол сол тәуелдіктің
түрлену жүйесі ішіне кірмейді ғой (нейтральды немесе белгісіз
жақ тәуелдік түрі деген жоқ қой). Екіншіден, белгілі түлға
сол түрлену жүйесінің бір түрі болып есептелсе, онда ол сол
түрлену жүйесіне негіз болатын түлға емес, басқалардай өзіне
тән білдіретін грамматикалық мағынасы бар бөлек форма
(кейде арнайы түлғасы болмаса, нольдік форма) болып сана-
лады. Сөйтіп барып ол сөз формасының бірі, түрлену жүйесі
қатарының бір түрі болып табылады. Сондықтан атау септік
түлғасы - басқа септік түлғаларына негіз болатын форма емес,
басқа септік түлғаларымен тең дәрежеде, септік жүйесінде

56

өзіндік орны бар жеке грамматикалық сөз формасы болатын
тұлға. Ал жай шырай мен негізгі етіс дегендер - сөз түрлену (шы-
рай, етіс) парадигмасына зорлықпен енгізіліп жүрген жасанды
түлғалар, сапалық сын есім (өйткені шырай түлғалары барлық
сын есімңен емес, тек сапалық сын есімнен жасалады), етістік
түбірі тәрізді үғымның орнына жүмсалып жүрген түлғалар.
Ал етістіктің түбірі (негізгі және туынды) мен бүйрық райдың
анайы 2-жақ түлғалары да бір емес: етістіктің түбірі етістіктің
барлық түлғаларына негіз болатын түлға болса, бүйрық райдың
2-жағы етістіктің сол түбір түлғадан өрбіген түрлену жүйесінің
бір формасы, грамматикалық категориясының бір түрінің
көрсеткіші болып табылады. Бүл жерде етістіктің түбірі мен
бүйрық райдың екінші жақ түлғасы —сырттай сәйкес келген-
мен, грамматикалық сипаты жағынан бүтіндей бөлек-бөлек
тілдік қүбылыстар. Олардың өзіндік ерекшеліктері (атау
септіктің сипаты, зат есімнің түбір түлғасынан өзгешелігі,
септік жүйесінің бір түрі екендігі, етістіктің түбір түлғасы
мен бүйрық райдың екінші жақ түлғасы, жай шырай деген
мен негізгі етіс дегендердің шырай, етіс категорияларына еш
қатысы жоқ екендігі) сол түлғаларға байланысты жеке-жеке
тақырыптарда арнайы талданады.

Сырттай үқсас кейбір сөз формаларын шатастыруға себеп
больш отырған нәрсе - жеке сөздерде болатын сияқты сөз
формаларында да кездесетін омонимиялық қасиетті ескермеу-
ден туып отыр. Басқаша айтқанда, сырттай үқсас түлғаларды
олардың қандаи мәнді оілдіретінін анықтамаи, мағыналық
ерекшелігін ескермей, мағыналық байыбына бармай-ақ, сыртқы
қасиеттері арқылы оелгілі оір грамматикалық топқа телудщ
нәтижесінде осындай қателіктерге үрынып отырмыз. Яғни зат
есімнің түбір түлғасы мен атау септік түлғасы, етістіктің түбір
түлғасы мен бүйрық райдың екінші жақ түлғасы (басқаны бы-
лай қойғанда, егер етістіктің түбір мен бүйрық райдың анайы
2-жақ түлғасы бір болса, 2-жақ бүйрық райды білдіретін етіс,

57

болымсыз етістік, т. б. тұлғалардағы етістіктерді де түбір деп
тануға тура келеді ғой: сен оқы-т-қыз-ба, бар-ыңқыра т. б.),
сөздің омонимиялық формалары екенін де үмытпау керек. Жеке
сөздер қатарьшда болатын омонимиялық қасиет сөз формала-
рында да болуы мүмкін екенін ескерғенде ғана әсіресе сырттай
ұқсас формаларының сипаты дұрыс ашылмақ.

Сөз формаларьшың қазақ тілінде екі түрі бар: 1) сөзге
форма тудыратын қосымшалар жалғану арқылы жасалатын
синтетикалық формалар немесе сөздің синтетикалық форма-
лары; 2) негізгі сөзге көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жаса-
латын аналитикалық формалар немесе сөздің аналитикалық
формалары.

Жоғарыда баяндалған мәселенің негізгі желісі сөздің
синтетикалық формалары яғни сөзге форма тудырушы
қосымшалар (жалгау, жүрнақ) жалгану арқылы пайда болған
сөз формалары жайында болды.

Сөздің аналитикалық формалары негізгі сөзге көмекші
создердщ тіркесуі арқылы оір грамматикалық магьша үстеп,
сөйтіп, белгілі бір грамматикалық түрлену жүйесінің бір түрі,
грамматикалық категорияның бір көрінісі болып, жұмсалатьш
тұлға ретінде жасалады. Етістіктің аналитикалық формалары
туралы Н. Оралбаева былай дейді: «Сөздің синтетикалық фор-
масын жасаушы қосымшалар қандай дайын единиңалар болса,
сөздің аналитикалық формасын жасайтын аналитикалық фор-
манттар да сондай дайын элементтер. Осы дайын аналитикалық
форманттар арқылы сөйлеу кезінде сөйлеуші етістікті сөйлемде
керегіне қарай түрлі аналитикалық формада қолданады.
Сөйтіп, аналитикалық формалы етістік сөйлеу кезінде тілдегі
дайын модель бойынша жасалады... Аналитикалық формалы
сөздің әрқайсысы белгілі бір грамматикалық категорияның
формасы екенін көрсетеді. Сөздің аналитикалық формасын жа-
саушы аналитикалық форманттар - етістіктің грамматикалық
категорияларының көрсеткіші. Олар арқылы жасалған

58

аналитикалық формалы етістіктер де сол категорияның пара-

НІ

дигмасына енеді» (О.- КҚАФ, 15-16).

Әрине, негізгі сөзге тіркескен көмекші сөздің бәрі бірдей

сөздің аналитикалық формасын жасай бермейді. Мысалы есім,

еліктеу сөздерге тіркескен көмекші етістіктер сөздің (етістіктің)

аналитикалықформасынжасамайды:баянетті,шаретті,әңгіме

қылды, т. б. күрделі сөздердегі ет, қыл көмекші етістіктері әрі

сөз тудырушылық (сөзжасам) мәнде, баян, шар, әңгіме деген

сөздерді қүранды етістікке айналдырып түр, әрі оған қимылға

қатысты грамматикалық мағыналар үстейді. Сөйтіп, бүл

жердегі көмекші етістіктер әрі сөз тудырушылық (сөзжасам),

әрі форма тудырушылық қызметті бірдей атқарып түр,

сондықтан баян етті - баяндады, шар етті —шарылдады, әңгіме

қылды - әңгімеледі сөздерінің баламасы ретінде жасалған. Де-

мек, бүл жерде көмекші етістіктер таза грамматикалық мәнде

қолданылмаған. Сондай-ақ радио арқылы, оқушы тура-

лы, оқытушы жөнінде сияқты негізгі сөзге шылау сөздердің

тіркесуі де сөздің аналитикалық формасы бола алмайды.

Өйткені шылаулар тіркескен сөздер грамматикалық жағынан

түрақты емес, біріншіден, оның басыңқы компоненті бар екені

байқалып түрады: радио арқылы естідім (тыңдады), оқушы

туралы айтып берді (соз қозғады), оқушы жөнінде тіс жар-

мады (айтты), т. б. екіншіден, бүл тіркес аналитикалық форма

болу үшін белгілі бір түрлену жүйесінің түлғалық көрсеткіші

(түрі) болу керек. Шылау тіркескен сөздер ондай қасиетке ие

бола алмайды.

Етістіктің аналитикалық форманттары мына сияқты етістік

категориясымен байланысты көрсетіліп жүр:

а) қимылдың өту сипатына байланысты, мысалы, келіп

қалды - қимылдың кенеттен жасалғанын, келе қалды, келе

қойды - қимылдың ойда жоқтан жасалғанын, келіп қойды -

қимылдың жасалып кеткенін, келе салды - қимылдың

немқүрайды жасалғанын, келе берді - қимылдың қайталанға-

59

нын, келіп жүрді - қимылдың үзіліспен үзаққа созылғанын,
келіп алды - қимылдың өзі үшін жасалғанын білдіреді.
Сондай-ақ қимыл тәсілін білдіретін (көрмеген бол, қүлай
жаздады ,т. б.), қимылдың даму сатысын (фазасын) білдіретін
(мақтай бастады, айтып сала берді, көріп келе жатты) және мо-
даль мағыналы (айта алмады, сыйлай білмеді, айтқалы келді, т.
б.), ашық рай (осы шақ, өткен шақ келе жатыр, айтқан екен т. б.),
қалау рай (барғысы келеді, айтса игі еді), болымсыз етістіктің
(сөйлеген емес, келген жоқ, т. б.) аналитикалық формаларын да
көрсетуге болады (О. - ҚҚАФ, 72-135).

Сөздің аналитикалық формасына сын есімнің күшейтпелі
түлғасы да жатады. Біріншіден, күшейтпелі буындардың
үстелуі не қосымша, не префикс, не артикль сияқты түлғаларға
жатпайды, мүнда жартылай қайталау бар. Сондықтан үстеме
буындар көмекші сөздер мәнінде қолданылады. Сонымен
бірге күшейтпелі (асырмалы) шырай түлғасын жасайтын
күшейткіш үстеу деп аталып жүрген өте, тым, аса, тіпті, ора-
сан тәрізді көмекші сөздердің сапалық сандармен тіркесуі де
сөздің аналитикалық формасына жатады. Өйткені бүл жер-
де күшейткіш буындар да (үп-үлкен, тап-тамаша, жап-жақсы,
қып-қызыл, т. б.), күшейткіш көмекші сөздер де (өте үлкен,
тым тамаша, аса жақсы, тілті қызыл, т. б.), біріншіден, форма
тудыратын қосымшалар сияқты әзі тіркескен сөзге қосымша
грамматикалық (күшейткіш) мағына үстейді, бірақ лексикалық
мағынасына нүқсан келтірмейді не оны өзгертіп жібермейді,
екіншіден, белгілі бір парадигмалық түрлену жүйесінің бір
түлғалық көрсеткіші, түрі (күшейтпелі шырай) больга табылады.

Етістіктің аналитикалық формасын жасайтын көмекші
етістіктер әдетте непзгі етістіктерден кеиін келіп, онымен
тіркессе, яғни бүл жерде постпозициялық орын тәртібі болса, сын
есімнің аналитикалық формасын жасайтын күшейтпелі буын-
дар мен кәмекші сөздер сын есімнен бүрынтүрып, препозативтік
орын тәртібінің көрінісі болып табылады. Әрине, орын тәртібі

60

жағынан бүл қүбылыстыц моиіи тарихи-салыстырма магсри
алдар арқылы ғана айқыидауга болады. Сондай-ақ күшсй і кііл
мәнді комскші сочдср оқүлықтарла үсгсу дсп таиылыи жүрсс
(Ы. А. ҚҚТ, 356), кейбірғалымдар оларды үстеуге жатқьиудыи
даулы скеидігіи, үстеу болса, стістікпеи тіркесетін с о і табы, ал
күшейткіш мәнді комекші со чдср етістікпсн гіркесивйтіиіи, ксй
жағдайда тіркесс қалса, сын ссім түсіп қалып (оте қатты асық-
ты - өте асықты төрізді) барып, кейін гаиа тіркескенін корсстеді
(О. - ҚҚАФ, 20-21).

II бөлім

ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ

§ 1. ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯНЫҢ СИПАТЫ

Тілдегі негізгі грамматикалық үғымның бірі —граммати-
калық категория. Грамматикалық категория деген үғым, бір
жағынан, грамматикалық мағынамен де, грамматикалық фор-
мамен де байланысты, екінші жағынан олардан күрделі болып
келеді.

Сүрақ. Грамматикалық категория үғымының мәні барлық
зерттеулерде біркелкі, бір түрғыдан анықтала ма?

Жауап. Грамматикалық категория деген үғым барлық
зерттеулерде біркелкі түсініле бермейді. Грамматикалық
категорияның сан сырлы сипатын түбегейлі түсіндіруде пікір
айырмашылықтары да байқалып отырады. Кейбір еңбектерде
грамматикалық категория тек грамматикалық мағына деген
үгыммен қатысты ғана беріліп, сөздердегі нақты лексикалық
мағынадан жалпыланған, жалпы сипаттағы мәнді білдіретін
мағына ден анықталады (СРЯ, 136). Сондай-ақ «тілдегі өзіне
тән грамматикалық формасы (тәсілі) бар жалпы грамма-
тикалық магына грамматикалық категория деп аталады».
(Ы. А. - ҚҚТ. 20), немесе «тілдегі лингвистикалық единица-
лардың яки оның бір тобының грамматикалық амал-тәсілдер
арқылы берілетін жалпы сипаттарының бірі» (А. - СЛТ, 191),
немесе морфологиялық категория деп ортақ грамматикалық
сипаттағы мағынаны білдіретін сөз формаларының жүйесі»
(М. ~ МКСРЯ, 27), не «бірыңғай мағыналы грамматикалық фор-
малар қатарының бір-біріне қарама-қайшы жүйесі түсініледі»
(Б. - ТМҚ, 10-11), тәрізді аныктаулан гвамматикя пнк «ятргп.

морфология
таптары
62

ұғымдар, екінші жағынан жекелеген сөз таптарының түрлену
жүйесіне байланысты тұлғалық топтары (айталық, зат есімде
көптік, септік, тәуелдік, сын есімде шырай, етістікте етіс,
салт - сабақты, болымсыз етістік, рай, шақ, жақ, т. б. катего-
риялар), үшінші жағынан, төменде көрсетілетіндей, олардың
жеке-жеке түрлері (айталық, жіктік я тәуелдіктің I я II жағы не-
месе «I я II жақ категориясы», ілік септік категориясы, өткен
шақ категориясы, ашық рай категориясы тәрізді) еніп кетуі
сөзсіз. Грамматикальщ категориялардың өрісі біркелкі болмай-
ды. Кейбір категориялар тым жалпы, әрі өрісті, әрі қарымды
болса, кейбір категориялардың өрісі тайыз, қарымы аз, тіпті
жалқы да бола береді. Мысалы, тым жалпы категория деп
сөз таптары категориясын, қосымшалар категориясын алсақ,
олардың әрқайсысын іштей саралап, әлденеше ірілі-ұсақты
жалқы қатегорияларга бөлуге болады. Айталық сөз таптары
категориясын жалпы ерекшеліктеріне қараи есімдер катего-
риясы, етістіктер категориясы, көмекші сөздер категориясы
деп топтасақ, одан әрі есімдер категориясын зат есім катего-
риясы, сын есім, сан есім категориясы деген сияқты жіктерге
бөлумен тынбай, олардың әрқайсысын тағы да әрі қарай са-
ралап отырамыз. Мысалы, есімдіктер категориясын жіктеу
есімдігі, сілтеу, сұрау, топтау, белгісіздік, болымсыздық деп,
одан әрі бір ғана жіктеу есімдіктерін тағы да дараландырып,
жақ категориясын анықтаймыз. Сол сияқты қосымшалар кате-
гориясын әуелі жалғау категориясы және жүрнақ қатегориясы
деп жіктеп, одан әрі жалғауларды жоғарыдағыдаи көптік
жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау, жіктік жалғау кате-
гориялары деп бөлеміз. Жұрнақтарды әуелі сөз тудыратын
және сөз түрлендіретін категорияларға, одан әрі іпггей жеке
сөз таптарына тели бөліп, олардың өзара жіктері мен сыр -
сипаттарын ашамыз» (Ы. А. - ҚҚТ, 22-23). Осы үзінділерден
көрінетіндей, грамматикалық категория деген үғымды ғылыми
түрғыда түсінуде әлі бірізділік, нақтылық пен айқындылық

63

байқалмайды. Грамматикалық категория, ең алдымен,
грамматикалық магынамен және грамматикалық формамен
тікелей байланысты. Грамматикалық мағына грамматикалық
форма болмаған жерде грамматикалық категорияның болуы
мүмкін емес. Екіншіден, грамматикалық категорияның болуы
грамматикалық магына мен грамматикалық форманың өзара
бірлігімен, түтастығымен, сәйкестігімен, ягни олар арасындагы
диалектикалық сәйкестікпен, ондагы жүйелілікпен байланы-
сты. Яғни кез келген грамматикалық мағына немесе қайсыбір
грамматикалық форма грамматикалық категория қүрай
бермейді. Белгілі бір грамматикалық мағыналар бірлігі белгілі
бір грамматикалық топ қүрайтын сөздерге тән болып, солардың
парадигмалық түрлену жүйесі болу арқылы грамматикалық
категория қүрайды. Үшіншіден, грамматикалық категория си-
патына жету үшін грамматикалық мағыналар жиынтығы, бір
жағынан өзара бір тектес, бірыйгай сипаттагы, екінші жағынан,
бір-біріне қарама-қайшы мәндегі мағыналар болу керек. Яғни
грамматикалық категория - өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы
қасиетте бола алатын бірнеше (кем дегенде екі түрлі) тектес,
мәндес грамматикалық мағынаның жиынтығы, бірлігі. Сол
бірлік пен өз ішіндегі қарама-қайшылық арқылы және соның
әрқайсысын білдіретін әр түрлі тәсілдер арқылы немесе соған
тән арнайы грамматикалық формалар жүйесі я түрлену пара-
дигмасы арқылы грамматикалық категорияның мәні, сипаты,
шегі байқалып, айқындалады.

Сүрақ. Бір ғана грамматикалық мағына мен оның сыртқы
көрінісі болып табылатын грамматикалық формасының бірлігі
грамматикалық категория болып саналмай ма?

Жауап. Бір ғана грамматикалық мағына мен оны білдіретін
грамматикалық форма грамматикалық категория қүрай алмай-
ды. Мысалы, септік категориясы, тәуелдік категориясы, жақ
категориясы деген грамматикалық категориялар бар да, ілік не-
месе барыс, т. б. септік категориясы, бірінші (немесе екінші) жақ

64

тәуелдік категориясы, осы (немесе өткен) шақ категориясы де-
гендер жоқ, ілік (немесе) барыс септіктің, бірінші (немесе екінші)
жақ тәуелдіктің, осы (немесе өткен) шақтың әрқайсысына тән
грамматикалық мағынасы (грамматикалық меншіктілік немесе
жанама объектілік-бағыттылық, 1-2- жақ тәуелдік қимылдың
сөйлеп түрған сәтте болып жатқанын немесе өтіп кеткенін),
оны білдіретін грамматикалық формасы, түлғасы бар болса
да, бүлар жеке-жеке грамматикалық категория бола алмайды.
Сондай-ақ қазақ тіліндегі көптік категориясы негізінен заттың
көптік үғымымен байланысты да, морфологиялық жағынан
көптік жалғау арқылы беріледі. Бірақ көптік категориясы сөз
болғанда ол тек көптік жалғаумен ғана шектелмеу керек. Көптік
мағына грамматикалық түрғыдан жекелік мағынаға қарама-
қайшы мағына ретінде заттың сандық үғымының шеңберінде
өмір сүреді. Сондықтан бүл категория көптеген тілдерде қазақ
тіліндегідей көптік категориясы деп емес, еан катеғориясы
(мысалы, орыс тілінде категория числа, қазіргі қырғыз тілінде
сан категориясы) деп аталады.

Сөйтіп, грамматикалық категорияның негізінде грам-
матикалық мағыналар жиынтығы, олардың ғрамматикалық
формалар жүйесі сияқты арнайы грамматикалық тәсілдер
арқылы берілуі жатады.

Сүрақ. Бүл баяндаудан байқалатыны - грамматикалық ка-
тегория үғымы негізінен алғанда кез келген грамматикалық
мағынамен емес, оның категориялық грамматикалық мағына
түрімен байланысты. Ал ғрамматикалық мағына деген үғым-
ның жалпы грамматикалық мағына, қатыстық грамматикалық
мағына деп аталатын түрлері грамматикалық категорияға
қатысты емес пе?

Жауап. Грамматикалық мағынаны жалаң түрде
грамматикалық мағынамен қатысты ғана қарау, сол шеңберде
ғана анықтау, жоғарыда көрсетілгендей, дүрыс болмай-
ды. Грамматикалық категория әрі өзара тектес, мәндес,

65

ыңғайлас, әрі бір-біріне қайшы мәндегі бірнеше (кем деген-
де екі түрлі) грамматикалық магынадан немесе мағыналар
жиынтығынан түрып, ол грамматикалық магыналар белгілі
парадигмалық түлғалар жүйелері арқылы беріледі. Сол арқылы
грамматикалық категория белгілі грамматикалық топтағы
сөздердің (сөз таптарының) түрлену жүйесі болып, сөз табы
ретінде ерекшеленеді, әрі сол сөз табының грамматикалық
белгісі болып табылады.

Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда бола-
тын грамматикалық (жалпы грамматикалық) магыналар жүйесі
(кем дегенде екі түрлі мәндес, тектес грамматикалық мағына)
ешбір грамматикалық түлғасыз семантикалық тәсіл арқылы
ғана берілетін болса, онда грамматикалық категория жасай ал-
майды, өйткені грамматикалық категория тек грамматикалық
мағыналар жиынтығы ғана емес сол тектес, мәндес әрі бір-
біріне қарама-қайшы грамматикалық мағыналарды білдіретін,
парадигмалық сипаттағы грамматикалық түлгалар жүйесі
болып табылады. Сондықтан, мысалы, зат есімнің жалпы зат
атауын білдіруін былай қойғанда мүнда тіпті бір-біріне қарама-
қайшы және тектес, мөндес мағыналық та қасиет жоқ, яғни бір
ғана жалпы грамматикалық мағына, (қайшы) оппозиңиялық
және тектес мәнді жалпы және жалпы есім, деректі және
дерексіз зат есім, кімдік (адамға байланысты) және нелік
(адамнан басқа зат атауларына байланысты) зат есім, сапалық
және қатыстық сын есім, т. б. сол сөз табының (зат есім я сын
есімнің) ғрамматикалық категориялары бола алмайды, ол
грамматикалық мағыналардың морфологиялық корсеткіштері
жоқ. Ал грамматикалық мағыналар семантикалық тәсіл
(лексикалық мағынаның жалпылануы) арқылы берілсе де,
олардың (тектес грамматикалық мағыналардың) бір-бірінен
айырмашылығы (қарама-қайшылығы) кейде грамматикалық
формалар арқылы берілетін болса, сөз жоқ бүл мағыналар мен
формалар жиынтығы грамматикалық категория жасай алады.

66

Мысалы, етістіктің салттылық-сабақтылық мағынасы түбірдің
семантикасы арқылы көрінеді, яғни кез келген етістік түбір
ешбір грамматикалық формасыз-ақ я салттылық мағынаны
я сабақтылық мағынаны білдіреді. Салттылық-сабақтылық
мән етістік түбірдің семантикалық сипаты, қасиеті болып
табылатындықтан да, кейбір зерттеушілер бүл қасиетті етістік
сөз табындағы омонимия мен полисемияньщ шегін ажырата-
тын критерий ретінде де үсынады («Етістіктердің салт немесе
сабақты болуына қарай әрқайсысын өз алдына жеке сөз, дер-
бес лексикалық единиңа деп қарау керек» - X. - ЕЛГС, 210).
Соған қарамастан етістіктің салттылық-сабақтылық мәні тура
объектіні талап ету-етпеуіне қарай грамматикалық формаға
байланысты, өйткені тура объект табыс септік формасы (ашық
я жасырын түрінде) арқылы беріледі. Сөйтіп, етістік түбірдің
таза семантикалық тәсіл арқылы байқалатын салттылық-
сабақтылық мағынасы екінші жағынан табыс септік форма-
сы арқылы берілетін тура объектімен тікелей байланысты я
байланысты емес болуы арқасында грамматикалық категория
қасиетіне ие болып отыр.

Орыс тілінде зат есім семантикалық жағынан деректі-
дерексіз (конкретное - отвлеченное имя), жалпы-жалқы (нари-
цательное —собственное имя) сияқты түрлерімен бірге жанды
және жансыз заттар (одушевленные и неодушевленные пред-
меты) болып бөлінетіні белгілі. Қазақ тілінде де зат есімнің
осындаи түрлері орыс тшіндеп зат есімнщ, соңғы түріне
семантикалық сипаты жағынан қазақ тіліндегі кімдік (адамға
байланысты) және иелік (адамнан басқа зат атауларына бай-
ланысты) зат атаулары біршама сәйкес келеді, бірақ бірдей
емес. Орыс тіліндегі зат атауының жанды-жансыз түрлері, бір
жағынан, қазақ тіліндегі кімдік-нелік зат атаулары сияқты таза
семантикалық тәсіл арқылы ажыратылып айқындалса, екінші
жағынан, белғілі бір сәтте грамматикалық формаға қатысы
байқалып отырады. Мысалы, жанды зат атаулары септелгенде,

67

табыс (винительный) септік түлғасы ілік (родительный) сепик
түлғасымен сәйкес келеді де, жансыз зат атаулары септелген-
де, табыс (винительный) септік формасы атау (именительный)
септік формасымен сәйкес келеді: вижу белые пароходы (ақ
кемелерді көріп түрмын) және вижу белых слонов (ақ пілдерді
көріп түрмын). Сондықтан орыс тіліндегі зат есімнің жанды-
жансыз түрі грамматикалық (морфологиялық) категория болып
есептеледі де, қазақ тіліндегі зат есімнің кімдік-нелік түрі ондай
қасиеті (грамматикалық түлғалануға қатысы) болмағандықтан,
грамматикалық категория бола алмайды. Орыс тіл білімінің
кейбір мамандары зат есімнің жанды-жансыз мәнді түрін
топтау, жіктеу мәнді (классифиңирующие) морфологиялық
категорияға (сөз түрлендіру - словоизменительные - мор-
фологиялық категорияларға қарама-қайшы) жатқызады
(М.-МҚСРЯ, 26). Мүның өзі грамматикалық категория әр
тілдщ жүиелік қүрылымына, грамматикалық қүрылысының
парадигмалық сипат-ерекшеліктеріне қарай анықталатынын
көрсетеді. Сондықтан да бір тілдегі грамматикалық категория
екінші бір тілде бола да бермеуі мүмкін. Айталық, үнді - ев-
ропа тілдерінің көпшілігіне зат есімнің тек (род) категориясы
тән. Тек категориясы о баста жыныстық қасиетпен байланысты
туып қалыптасқан болуы керек. Жанды заттарды (адамзатты,
хайуанаттар мен жәндіктерді) биологиялық жынысы жағынан
еркек және үрғашы деп болу және сондай үғымның болуы
дүние жүзіндегі халықтар тілінің барлығына ортақ. Бірақ ол
ерекшеліктердің көрінісі болып табылатын үғымдардың тілде
берілуі бірдей емес. Бір тілде, мысалы, орыс тілінде, ондай
тектік (род үғымына байланысты) ерекшелік белгілі бір жүйелі
түрдегі грамматикалық түлғалар арқылы оерілсе және тектік
жүйе грамматикаланып, ол сипат тек жыныстық ерекшеліктері
бар жанды заттарға ғана емес, жыныстық қасиеті жоқ белгілі
грамматикалық топтағы (заттық үғымдағы) сөздерге, жалпы
зат атауларына тән болып келеді, тіпті жыныспен байланысы

68

жоқ аралық тек (средний род) сияқты грамматикалық мән де
пайда болса, басқа бір тілде, мысалы, қазақ тілінде, жыныстық
ерекшелік жеке сөздердің семантикасы шеңоерінен шықпаи
(мысалы, әке-шеше, бала-қыз, аға-апа, қошқар-қой, арлан-
қаншық, т. б.) немесе сипаттама түрде ғана беріліп (мысалы,
еркек қаз я ата қаз - үрғашы қаз, еркек күшік - үрғашы күшік,
оқушы бала - оқушы қыз, т.б.), белгілі грамматикалық топтағы
сөздердің (сөз табының) жүйелі түлғалық, түрлену ерекшелігі

болып қалыптасқан.
Тілде болатын табиғи қүбылыстардың бірі - заттар ара-

сындағы меншіктілік - тәуелділік қатынас. Өйткені қоғамдық
өмірде бір зат жеке бір адамға, коллективке тән, соның меншігі
болу, бір зат екінші заттың бөлігі болу немесе соган қатысты
болу, т. б. - ақиқат нәрсе. Осындай үғымдар қай тілде бол-
сын белгілі амал-тәсілдер арқылы беріледі. Мысалы ол
мағына орыс және басқа үнді-европа тілдерінің біразында таза
аналитикалық немесе семантикалық-аналитикалық тәсілмен -
тәуелдеу есімдіктері (притяжательные местоимения) мен зат
есімдердің анықтауыштық қатынаста қиысу арқьшы (қазақ
тілінде қиысу тек жақ арқылы және кейде жекеше-көпше ба-
стауыш пен баяндауыштың арасында ғана болады) беріледі:

мой дом, твой дом, наш дом, наша школа, ваша книга, мои

друзья, ваши друзья, т. б. Мүнда парадигмалық сипаттағы
ешбір жүйелі түлғалық қүрылым жоқ, заттың атауы болатын
сөздер оз алдындағы анықтауыштарынсыз ешбір тәуелдік
үғымды білдірмейді. Ал қазақ тілінде менің үйім, сенің үйің,

біздің үйіміз, біздің мектебіміз, сіздің (сендердің) кітабыңыз
(кітаптарың), менің достарым, сіздің (сендердің) достарыңыз

(достарың) дегендерде тәуелділік, жақтық мағына, алдыңғы
анықтауыштарын (менің, сенің, біздің, сіздін, сендердің) алып
тастасақ та, сақталып түрады. Ол грамматикалық мағынаны
білдіріп түрған -ім, -ің, -іміз, -іңіз, -ыңыз, -ың, -ым деген
парадигмалық сипаттағы тәуелдік жалғауы. Сондықтан да бүл -

69

қазақ тілінде (жалпы түркі тілдерінде) жеке бір грамматикалық
категория, тәуелдік категориясы болып табылады.

Сұрақ. Тілдегі грамматикалық катёгориялар айналадағы
объективтік қүбылысты, қоғамдық өмірдегі болмысты,
шындықты қаншалықты бейнелей алады?

Жауап. Жоғарыда көрсетілгендей, грамматикалық
категориялардың негізінде белгілі бір объективтік болмыс,
шындық жатады. Айталық, тек (род), тәуелділік үғымдары
мен жекелеген тілде сондай грамматикалық категориялардың
болуын былай қойғанда, тілдегі етістікке байланысты шақ ка-
тегориясын алайық. Ең алдымен, етістік қимылды, іс-әрекетті,
процесті, қүбылысты білдіреді. Бүл - қандай тілге болса да тән.
Екіншіден, қандай тілде болса да, етістік яғни, іс-әрекет, про-
цесс, қүбылыс белгілі бір мезгілде, сәтте, уақытта және белгілі
бір кеңістікте, мекенде өтеді я өтуге тиіс. Бүл - объективтік
шындық. Ешбір кеңістікке байланыссыз, ешбір мезгілге
қатынассыз қимыл, іс-әрекеттің болуы мүмкін емес. Енді
қимыл, іс-әрекеттің, өту мезгілін (уақытын) белгілі бір сәтпен
байланысты анықтау яғни айтушы түрғысынан сөйлеп түрған
сәтті өлшем ету қалыптасты да, соған байланысты әрбір қимыл,
іс-әрекет мезгілінің (шағының) грамматикалық мағынасы туып,
түрақтап, олар белгілі грамматикалық амал-тәсілдер арқылы
жүзеге асу нәтижесінде грамматикалық шақ категория пайда
болды. Қимыл іс-әрекетке байланысты кеңістік, мекендік мән
грамматикалық сипат ала алмай, бүл сияқты қалыптасу процесі
болмағандықтан, грамматикалық категорияға айнала алма-
ды. Немесе жоғарыда көрсетілгендей, тек (род) категориясы
бар тілдердің өзінде олардың (тектің) сипаты, түрлері бірдей,
біркелкі бола да бермейді. Орыс, неміс тілдерінде зат есімдер
еркек тек (мужской род), аралық тек (средний род), үрғашы
тек (женский род) түрлеріне бөлінсе, араб, француз тілдерінде
зат есімдерді тек еркек тек, үрғашы текке бөлу дәстүрі бар.
Сондай-ақ бүл тілдерде жекелеген сөздердің (зат атауларының)

70

тектік сипаты, еркешеліктері біркелкі емес; бір сөз бір тілде тек
категориясының бір түріне жатса, екінші тілде ол сөз тектің
екінші біреуіне жатуы мүмкін. Мысалы, орыс тіліндегі лож-
ка (қасық), голова (бас) деген сөздер үрғашы текке (женский

Леффель

Кепф
ішінде тектес мәндес, жақын сөздер әр текке де жатуы мүмкін.
Орыс тіліндегі мына сөздер қатарына назар аударайық: изба —
здание - дом, школа - училище - техникум - институт, речь -
слово - голос, вывод - заключение, т. б. Осындағы үйге бай-
ланысты, оқу орнына байланысты, сөз сөйлеуге байланысты,
қорытындыға байланысты сөздер қатарының әрбір сыңары бір-

формасы
жатады
Бүдан тілдегі грамматикалық категориялар о баста қоғамдық
өмірдегі болмыс объективтік шындық негізінде пайда болып
қалыптасып, тілдің даму барысында ол категориялардың абс-
тракңиялану дәрежесіне сай алгашқы мәнін сақтап я одан
алшақтап кететінін көреміз. Сөйтіп, ол осы қасиеттері арқылы
белгілі бір сөз табының грамматикалық немесе лексика-
грамматикалық сипаттағы түрлену жүйесі болып табылады.

§ 2. ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Жоғарыдағы талдаудан байқалатындай, грамматикалық
категориялар грамматикалық сипаты жағьшан, жасалу жолы
мен түлғалық жүйесі жағынан біркелкі емес. Қайткен күнде де
грамматикалық категориялар белгілі грамматикалық топтағы
сөздердің түлғалану, түрлену жүйесімен, соған лайық олардың
грамматикалық мәнімен, сөйлеу процесінде сол сөздердің
атқаратын қызметімен, басқа сөздермен қарым-қатынасымен
байланысты болгандықтан да, грамматикалық категориялар-
ды тілдік деңгейге қатысты шартты түрде морфологиялық
категория және синтакеистік категория деп бөлуге де бола-

71

ды. Сондай-ақ морфологиялық категорияларды сөз түрлендіру
мәнді (слово изменительные) морфологиялық катего-
риялар және топтау я жіктеу мәнді (классифицирующие)
морфологиялық категориялар деп те бөлу дәстүрі бар

(М. - МКСРЯДб).
Сүрақ. Грамматикалық категорияның және олардың

түрлерінің сөз таптарына қатысы қандай?
Жауап. Грамматикалық немесе морфологиялық катего-

риялар сөз таптарына қараи топталып жіктеледі. Бүның өзі
грамматикалық (морфологиялық) категория рол сөз табының
грамматикалық ерекшелігі, түрлену жүйесінің сипаты екендігін
көрсетеді. Бірақ тіліміздегі сөз таптарының барлыгында бірдей
грамматикалық (морфологиялық) категория бола бермейді.
Кейбір сөз табында (Мысалы, сан есім, есімдік, үстеу, т. б.)
грамматикалық категория атымен болмауы мүмкін, өйткені
бүлар (бүл сөз таптарына енетін сөздер) белгілі парадигмалық
жүйемен өзгермейтін, грамматикалық, түлғалық түрлері жоқ
сөздер болып келеді. Ал грамматикалық категориялары бар
сөз таптары - зат есім, сын есім және етістік. Олар мыналар:
зат есімнің сан-мөлшер (көптік) категориясы, тәуелдік ка-
тегориясы, септік категориясы, сын есімнің шырай катего-
риясы, етістіктің салт-сабақты етістік (немесе салттылық-
сабақтылық) категориясы, етіс категориясы, болымсыз етістік
(болымдылық-болымсыздық) категориясы, рай категориясы,
шақ категориясы, жіктік (жақ) категориясы.

Сүрақ. Белгілі сөз табына қатысты грамматикалық
(морфологиялық) категориялардың грамматикалық сипаттары

бірдей, біркелкі ме?
Жауап. Грамматикалық (морфологиялық) категориялардың

түрлену жүйесі мен семантикалық сипаты біркелкі емес.
Олардың морфологиялық көрсеткіші болып табылатын
грамматикалық түлгалары бірде таза грамматикалық қана
магына үстеп, сол сөз табының сөз түрлендіру жүйесінің форма-

72

лары болса, бірде ондай формалар таза грамматикалық сипаттан
гөрі түбірдің семантикасына аздап болса да өзгеріс, мағыналық
реңк үстеп, лексика-семантикалық сипатқа да ие болады. Сьга
есімнің шырай категориясының, етістіктің етіс категориясы-
ның, салт-сабақты етістік категориясының, болымсыз етістік
категориясының семантикалық (магыналық) мәні жагынан,
грамматикалық сипаты, парадигмалық жүйесі жагынан
басқа грамматикалық категориялармен (зат есімнің көптік,
септік, тәуелдік, етістіктің жақ, рай, шақ категорияларымен)
салыстырғанда, ондай ерекшеліктері анық байқалады. Мысалы,
шырай қосымшалары түбірге (сапалық сын есімге) жалғанып,
жаңа мағыналық сөз тудырмағанмен, сын есім түоірінің негізгі
сапалық мағынасына қосымша мән, реңк үстейді. Яғни түбір-
дің семантикасы бүтіндей өзгеріссіз қалмайды. Семантикалық
жағынан үлкен мен үлкендеу, биік пен биігірек, жақсы мен
өте жақсы, таза мен тап-таза, т. б. бірдей емес. Сонымен бірге
шырай қосымшасы үстелгеннен түбірдің грамматикалық сипа-
ты (сөз түрлендіргіпггік, сөз байланыстырғыштық, қызметтік,
басқа сөзге қатыстық қасиеті) өзгермейді. Сондай-ақ етіс, бо-
лымсыз етістік категорияларының түлғалары, біріншіден,
түбірдің семантикасы аз да болсын өзгеріс, магыналық реңк
үстейді (кел-келтір яғни өзінің өз бетімен келуі емес, біреудің
алып келуі, келме - қимылдың болмауы), екіншіден, түбірдің
грамматикалық сипатын, атап айтқанда, етістіктің сырттай же-
кеше, анайы 2-жақ бүйрьщ рай түлғасымен сәйкес келіп, тікелей
жіктеле алмай, сөйтіп, осы күйінде сөйлемде қолданыла ал-
май, түбірге модификациялық түлға жасауы олардың лексика-
грамматикалық категория екендігінің негізгі белгісі болып
табылады. Яғни кел, сөйле деген сияқты етістік түбірлер
(негізгі я туынды бір жағынан, сен кел, сен сөйле деген сияқты
2-жак жекеше, анайы бүйрық рай түлғасымен сырттай үқсас
келіп отырса, екінші жағынан, мен кел-мін, сөйле-мін немесе
кел-ім, сөйле-м, сен кел-сің кел-ің, сөйле-н, т. б. сияқты тікелей

73

жіктеле алмайды, түбір күйінде басқа сөздермен грамматикалық
қарым-қатынасқа түсе алмайтындықтан, сөйлемде сол күйінде
қолданыла да алмайтын болса, етіс және болымсыз етістік
түлғалы етістікке де дәл осы қасиеттер тән: келтір, сөйле-т,
кел-ме, сөйле-ме дегендер, бір жағынан, сен кел-тір, сөйле-т, сен
кел-ме, сөйле-ме тәрізді 2-жақ бүйрық райдың жекеше, анайы
түлғасымен үқсас келіп екінші жағынан, мен келтір-мін, сөйлет-
пін, келме-мін, сөйлеме-мін, сен келтір-сің, сөйлет-сің, келме-
сің, сөйлеме-сің тәрізді жіктеле алмайды да, басқа сөздермен
грамматикалық байланысқа түсе алмай, сөйлемде сол күйінде
қолданылмайды. Ал етістіктің салттылық-сабақтылық мәні
жоғарыда көрсетілгендей, оның семантикалық сипаты болып
саналады да, бүл категорияның жасалуында грамматикалық
түлғалар міндетті түрде қатыспайды, ол сабақты етістіктің тура
объектісі (табыс септік түлғалы сөзді) қажет етуі сабақтылық
мағынаны жасаудың тәсілі емес, керісінше сабақтылық
мағынаның салдары сол мағына болудың нәтижесі болып та-
былады: семантикалық сипата басым болып, бірінші орында
түрады да, грамматикалық сипаты екінші орында ғана қалады.
Осы түрғыдан келгенде, көптік, тәуелдік, септік жалғаулары
түбір білдіретін грамматикалық заттық мағынаға ешбір нүқсан
келтірмей, оған сан-мөлшерлік, немесе тәуелділік, немесе
меншіктілік-объектілік сияқты мағыналар гана үстеп көбінесе
оны сөйлемде басқа сөздермен байланыстыру, қарым-қатынасқа
түсіру қызметін атқарады. Етістіктің рай, шақ түлғалары да
түбір білдіретін грамматикалық қимыл, іс-әрекет мағынасына
ешбір өзгеріс енгізбей, сол қимьшдың орындалуының мезгілін
(шағын), ақиқатқа, шындыққа, болмысқақатысын (модальділігін)
білдіріп, түбірдің грамматикалық сипатын, түлгасын (2-жақ
бүйрық рай түлғасымен сәйкес келуін) өзгертіп, жіктеліп келіп,
басқа сөздермен қарым-қатынас жасаудың негізінде сөйлемде
жүмсалуға негіз болады.

74

Морфологиялық сипаты жағынан грамматикалық кате-
гориялардың бір тобын лексика-грамматикалық категория
деп атап, екінші тобын таза грамматикалық категория деп
бөліп көрсетудің осындай негізі бар. Осы тұргыдан келгенде
морфологияльщ жағынан грамматикальщ категориялардың
күрделі екенін байқаймыз.

§ 3. САН-МӨЛШЕР (КӨПТІК) КАТЕГОРИЯСЫ

Қазақ тіл білімінде сан-молшер үғымы және категориясы
көбіне-көп көптік үғыммен, көптік жалғау түлғасымен байла-
нысты қаралып келді. Қазақ тілінің грамматикаларьгада сан-
мөлшер категориясы деген терминнің болмай, грамматикалық
түлға ретінде көптік жалғау, коптік жалғау категориясы не-
месе коптік категориясы деген терминдердің қолданылуы
осының дәлелі болса керек. «Тілімізде көптік категориясы
да, көптік жалгау категориясы да бар. Ал, осы екеуі бір де
емес және бірдей де категориялар емес. Коптік категориясы де-
ген үғым тым жалпы үғым да, көптік жалғау категориясы онан
гөрі әлдейқайда жалқы үгым. Мысалы, көптік категориясы
тілімізде үш түрлі жолмен беріледі, лексикалық тәсіл арқылы
да, морфологиялық, синтаксистік тәсіл арқылы да айтылады
(Ы. А, - ҚҚТ 40). Әрмен қарай «көптік жалғау категориясы» де-
ген үғымға не кіреді деген ашық айтылмайды, сірә, ол термин
және үғым көптік жалғау дегенмен барабар болу керек. Мүнда
біріншіден,категория(әрине,грамматикалықкатегориямәнінде)
деген термин, жогарыда арнаулы тақырыпта көрсетілгендей,
белгілі бір түрақты грамматикалық қүбылыстың аты ретінде
белгілі бір тәртіпті принциппен қолданылмаған. Екіншіден,
«көптік жалғау категориясы» деген термин «грамматикалық
формалар жүйесі арқылы берілетін тектес, ыңғайлас әрі өз
ішінде бір-біріне қарама-қайшы болып келетін ғрамматикалық
мағыналардың жиынтығы» деп анықталатын грамматикалық
категория үғымын тіпті жоққа шығарады.

75

Көптік үғым мен оған қарама-қайшы жекелік я даралық
ұғымның болуы - жалпы зат атаулыға тән қасиет. Міне, осы
көптік және жекелік үғымдардың грамматикалық
мағыналарының) ара қатынасынан және сол үғымның белгілі
морфологиялық түлғалар арқылы (жекеліктің арнайы түлғасы
болмай, көптік үғым көптік жалғау арқылы) берілуінен
сан-мөлшер категориясы туады. Сан-мөлшер категориясын
(кейбір еңбектерде көптік категориясы деп аталып жүр) тек
көптік жалғау шеңберінде қарастырсақ, одан көптік жалғау
үғымының сыр-сипаттары, қызметі, стильдік ерекшеліктері,
т. б. айқындалғанмен, грамматикалық категориялық си-
паты ашылмай қалар еді, тек жекелік (даралық) үғыммен
сәйкесті, қатысты қарағанда ғана, оның категориялық сипа-
ты айқындалады. Сондықтан да әңгіме көптік жалғау немесе
коптік үғым жайында ғана болса да, ол жерде грамматикалық
түрғыдан оған қарама-қайшы мәндегі жекелік (даралық)
үғым есте болатындығын үмытпаған жөн. Рас сан-мөлшер
категориясының түрі ретіндегі зат атауына байланысты
жекелік және көптік үғымның шартты мәндері де жоқ емес.
Мысалы, жеке-даралап санауға келмейтін су, жел, ұн, боран,
қар сияқты атаулары, жақсылық, жолдастық, білім, ақыл,
ой тәрізді дерексіз зат атаулары, қазақ, орыс, қырғыз, керей,
найман тәрізді халық, ел, ру аттары, т. б. толып жатқан әр алу-
ан әлеуметтік үғымдардың, қоғамдық қүбылыстардың аттары
сыртқы түлғасы, грамматикалық формасы жағынан жекелік
(даралық) үғымның көрсеткіші деп танылғанмен, мән-мағынасы
жағынан олардың әрқайсысы сол бір ғана заттың атауы деуге
болмайды. Ал осы сөздерге көптік жалғауын жалғасақ ол жалғау
неғізінен сол үғымдағы заттардың көптігін емес, олардың
әр түрлілігін білдіреді немесе басқа стильдік мән үстейтінін
байқаймыз. Керісінше кейде даралық мөндегі, жалқы атауға да
көптік жалғауы жалғануы мүмкін. Мысалы, Құдайларыңды
ұмытқан екенсіңдер. Есік алдында Әбдірахмандар әлі тұр
екен тәрізді сөйлемдерде құдайлар, Әбдірахмандар сөздеріндеғі

76

көптік жалғау сол заттардың (қүдай, Әбдірахман) көптігін
білдіріп түрған жоқ, бірінші сөйлемде қаратылып айтылған
адамдардың көп (біреу ғана емес) екендігін, екінші сөйлемде
Әбдірахман жалғыз емес, қасында тағы басқа адамдар бар
екендігін білдіреді. Сондықтан да сан-мөлшер категориясына
байланысты жекелік және көптік мән туралы, әсіресе олардың
грамматикалық сипаты туралы мәселе болғанда мағыналық
жағынан осындай шарттылықтарды ескермей болмайды.

Сүрақ. Көптік үғымды білдірудің тәсілдері қандай?
Жауап. Көптік үғымның бірден-бір грамматикалық
көрсеткіші - көптік жалғау. Ал жекелік үғымның оған қарама-
қайшы грамматикалық арнайы формасы болмайды. Бірақ
көптік үғым тек көптік жалғау арқылы ғана беріліп қоймайды.
Жоғарыда көрсеткеніміздей, бір тектес заттардың жалпыла-
ма атауында, абстракт үғымдағы сөздерде де, жеке-даралап
санауға келмейтін немесе дерексіз зат атаулары сияқты сөздерде
коптік, жалпылық мән болады. Мысалы, үй, ағаш, сәуле, ой,
қарсылық дегендер - бір ғана жеке заттың атауы емес, бір тек-
тес заттардың бәрін қамтитын жалпылама атау. Солай бола
түрса да, бүл сөздердің семантикасынан тікелей көптік үғым
туа ма? Бүларды «көптік үғымды осылайша сөздің тікелей өз
лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп
аталады» (Ы. А. —ҚҚТ, 41), немесе «Көптік мағына тудырудың
лексикалық тәсілі деп отырғанымыз -зат есімнің жекеше, көпше
болып бөлінуінің белгілі бір жалғаудың қызметіне байланысты
болмай, сөздің өз ішкі лексикалық мағынасына (дүрысында жал-
пы грамматикалық мағынасына, ойткені лексикалық мағына
жекелік-көптік мән жағынан бейтарап - И. С) байланысты бо-
лып келуі» (ҚТГ, 53) сияқты қорытынды жасауға, ол сияқты
сөздерді көптік үғымды білдіретін сөздер деп бірден-бір тануға
толық негіз бар ма? Шындығында бүл сияқты сөздер көптік
мәнде ғана қолданылып, жекелік мағынаға қарама-қайшы
болса ғана, яғни үй деген үйлер үғымында ғана, сәуле деген
сәулелер үғымында ғана, т. б. түсінікте ғана, көптік үғымның

77

(мағынаның) толық мәнде лексикалық тәсіл арқылы берілуі бо-
лып танылар еді, дұрысында бұл сөздер көптік мағынадан гөрі
жалпылық, дерексіз абстрактылық мәнді білдіреді.

Көптік ұғым аналитикалық тәсілмен де беріледі. Сан есімдер,
сандық мәні бар сөздер, қайталама қос сөздер, т. б. зат атауының
алдынан келіп, оны анықтап тұрса, ол зат біреу емес, бірнешеу
(көп) екенін тұсінеміз. Әдетте ондайда зат атауын білдіретін сөз
көптік жалғауынсыз қолданылды: талаи жыл өтті, коп адам жи-
налды, жүздеген тонна жүк жіберілді, мыңдаған машина жүк
тасып жүр, мая-мая шөп үйген, тау-тау астық үйіліп жатыр,
т. б. Көптік жалғаудың бірден-бір грамматикалық көрсеткіші
-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. Бұлар - бөлек-бөлек жалғаулар
емес, өзі жалғанатын сөздің соңғы дыбысы мен буынына бай-
ланысты түрленетін бір жалғаудың варианттары. Дауысты
дыбысқа немесе р, й, у үнді (сонар) дауыссыздардың біріне
біткен сөздерге жуан буыннан кейін -лар, жіңішке буыннан
кейін -лер, қалған үнді дауыссыздардың (л, м, н, ң) және з, ж
үяң дыбыстың біріне біткен сөздерге жуан буыннан кейін -дар,
жіңішке буыннан кейін -лер, қатаң дыбыстар мен б, в, г, д үяң
дауыссыздарының (қазақ тілінде бүндай дыбыстарға сөздер
аяқталмайды, ал кірме сөздердің осындай соңғы дыбыстары
айтылуда қатаңданып, олар п, ф, к, т болып өзгеріліп айтыла-
ды) біріне біткен сөздерге жуан буыннан кейін -тар, жіңішке
буыннан кейін -тер жалғанады. Осының өзінен дауыссыздар-
ды үн қатысына қарай үнді деп бөліп берілетін дыбыстардың
сипаты біркелкі емес екенін көруге болады. Бүндай ерекшелік
септік жалғауларының жалғануынан да байқалып отырады.

Сұрақ. Көптік жалғау таза көптік мағынадан басқа мәнде
жұмсала ала ма?

Жауап. Көптік жалғаудың негізгі грамматикалық мағы-
насы - заттың көптігін білдіру: ауыл-дар, үй-лер, кі-тап-тар,
адам-дар, бала-лар, т. б. Осы негізгі мағыналарымен бірге
көптік жалғау басқа да мағыналық реңктерді, мәндерді білдіруі

78

мүмкін: 1) сан есімге, үстеуге жалғанып, сол сөз білдіретін
үғымның жалпы мөлшерін, болжамын білдіреді: жасы қырық-
тарда, ертеңдер барып қалар (бүл жерде қырық та, ертең де көп
емес; 2) абстаркты зат есімдерге жалғанып, оның көптігін емес,
әр түрлілігін немесе салмақ, мөлшер, көлем өлшемін білдіреді:
ой-лар, сәуле-лер, су-лар, ойын-дар, күлкі-лер, т.б. ; 3) даралық
мәндегі зат атауларына, жалқы есімдерге жалғанғанда, олардың
өзінің көптігін емес, көпке ортақ екені және онымен бірге топтау
үғымын (және басқалар деген сияқты) білдіреді: әке-лер, шеше-
лер, Абай-лар қасындағылар), т.б.; 4) заттың өзінің көптігін емес,
көпке ортақтықты да білдіреді: астарыңды ішіңдер дегенде
астьщ көптігі емес, оны ішетін адамның көптігін білдіреді. Сол

сияқты
тарыңды тезірек бітіріңдер, т.б. Осьгадай әр жақты мағьгаада,
мағыналық реңкте жүмсалатындықтан, көптік жалғау әр түрлі
стильдік қызмет те атқарады. Көптік жалғау кейде зат есімнен
басқа сөз таптарына (мысалы, сын есім, сан есім, етістіктің
есімше түрі, т.б.) жалғанса, оларға заттық мағына үстеп,
субстантивтендіріп түрады. Көптік жалғаудың бүл қасиеті
әрқашан дүрыс түсініле бермейді. «Көптік жалғауының бүл
жердегі қызметі (яғни басқа сөз таптарына жалғанып, оны зат-
тандыру - И.С.) жүрнақ қызметімен пара-пар дерлік» - деу (ҚГТ,
52-53) жалпы жалғаудың табиғатына терең үңілмегендіктен
туып отыр. Біріншіден, басқа сөз таптарын заттандыру қасиеті
тек көптік жалғауда емес, септік, тәуелдік жалғауда да жиі
кездесіп отырады: еріншектің ертең таусылмас, Білімдіден
шыққа сөз, талаптыға болсын кез (Абай), т.б. Екіншіден, көптік,
тәуелдік және септік жалғауларының бүндай қасиеті, басқа сөз
таптарьгаа жасалғанда, оларды заттандырып жіберу қасиеті, бүл
түлғалардың зат есімге тән түрлену жүйесі екендігін, зат есімнің
таза грамматикалық категориясы екендігін дәлелдейді.

Қазақ тілінде, көптік мағына болса да, көптік жалғаудың
жалғанбайтын да орындары бар. Көптік жалғау бірыңғай

79

мүшелердің кеиде соңғы сөзіне ғана жалғанады: қалам,
қағаздарыңды алыңдар. Жекеше, көпше мағынаға талғаусыз
қарайтын абстракт, дерексіз зат атауларына да көптік жалғау
жалғанбайды. Егер ондай сөздерге көптік жалғау жалғанса,
онда көптік жалғау сол сөз білдіретін заттың көптігін емес,
басқа стильдік мән үстейді: айталық, заттың әр түрлілігін неме-
се соған қатысты екінші бір басқа заттардың көптігін білдіреді:
достық-тары, күлкі-лері, адамгершілік-тері, т.б. Бүл жерде көптік
жалғау достықтың, күлкінің, адамгершіліктің көптігін емес,
достықтың, күлкінің әр түрлілігін немесе достыққа, күлкіге,
адамгершілікке қатысты адамдардың көптігін білдіреді.

Көптік мағына аналитикалық жолмен берілгенде (сан есім-
дер, көп, көптеген, талай, біраз сияқты көптік үгымды білдіре-
тін сөздер, қайталама қос сөздер зат атауына анықтауыш
болып, ол заттың көптігін білдіргенде), зат атауына көбінесе
көптік жалғау жалғанбайды: көп адам (адамдар емес), жүз
елу кітап (кітаптар емес), талай заман (замандар емес), мая-
мая шөп (шөптер емес), тау-тау астық (астықтар емес), т.б.
Кейде ондай анықтауышы бар зат есімдер көптік жалғауын
үстеп қолданылса, ондаи жағдаида көптік жалғауын үстеп
қолданылса, ондаи жағдаида көптік жалғау көптік мағынадан
гөрі басқа мәнде, стильдік сипатта қолданылады: түрлі-түрлі
бастар бар, көп күндер өтті, т.б.

Көптік мән бір кездегі екілік үғымның көрсеткіші болған
-ыз, -із, -з және 1-жақ жіктік жалғау түлғасы -қ, -к қосымшасы
арқылы да беріледі. Көне түркі тілінде көптік үғымның -т, -д
қосымшасы арқылы берілуі қазақ тілінде жоқ, тек ондай түлға
көптік мәннен айрылып қалған күйде кейбір сөздің қүрамында
кездесуі мүмкін: алпауыт, т.б.

Сүрақ. Көптік жалғаудың сөз байланыстырушылық сипаты
қандай?

Жауап. Көптік жалғау қазақ тілінде жалғау деп аталғанмен,
тікелей көптік мағынаны білдіргенде, басқа жалғаулар

80

сияқты қосымшаның жалғау деп аталатын түріне тән сөз
байланыстырушылық қызмет атқара алмайды. Көптік жалғау
бүл жағынан, сөз байланыстырушылық сипатының болмауы
жағынан, қосымшаның жалғау түрінен ғөрі форма тудыратын
жүрнақтар қатарына өте жақын. Мысалы: Гүл билеп жайқалып,
Бүлбүлдар сайраған (Шәкәрім) дегендегі бүлбүлдар сөзін-
дегі -дар көптік жалғау ешбір сөздерді байланыстырып түрған
жоқ, тек бүлбүлдың көп екенін білдіріп түр. Осы сөйлемді Гүл
билеп жайқалып, бүлбүл сайраған деп қайта қүрсақ, сөйлемдегі
сөздердіңбір-бірімен байланысына, сөйлем білдіретін ойгаешбір
нүқсан келмейді: бүлбүлдар сайраган және бүлбүл сайраған де-
геннен сөйлемдегі сөздердің байланысы бүзылмайды, ойткені -
дар қосымшасының бүл жерде сөздер байланысына ешбір
қатысы жоқ. Сен заттарыңды тастап кет дегендегі заттарыңды
(затыңды десек, бір гана атауды білдіреді) сөзі де дәл осын-
дай -тар көптік жалгауы: осы сөйлемдегі не сен, не тастап кет,
не түсіп қалған өзінің сөздерінің ешқайсымен зат сөзін байла-
ныстырып түрған жоқ, тек заттың көп екенін ғана білдіреді.

Сүрақ- Қазақ тілінде көптік жалғау ешқашан сөз бен сөзді
байланыстырмай ма?

Жауап. Қазақ тілінде көптік жалгау 2-жақта жіктік
жалгаумен қабаттасып келгенде гана сөз байланыстыруға
қатысады: сен-дер бала-сың-дар (келді-ңдер, барған-сыңдар),
сіз-дер ағасыздар (барып-сыздар), сен-дердің баргы-ларың
келмейді, сіздердің көргі-леріңіз келеді, т. б. Бүл сияқты жіктелу
сен баласың-дар (келді-ңдер, барған-сыңдар) немесе сендер
бала-сың (келді-ң, бар-ған-сың), сіз аға-сыздар (барып-сыздар)
немесе сіз-дер аға-сыз (барып-сыз), т. б. болып қолданылмайды.
Бүнда алдыңғы сөз (жіктеу есімдігі) көптік түлғада түрса,
екінші жіктелген сөз (есім я етістік) де көптік формада ғана
колданылады. Сондай-ақ бірінші жақта көптік түлғадағы
жіктік жалғаулар -қ, -к және -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз
1-жақтағы көптік мағына білдіретін жіктеу есімдігімен, яғни

81

біз сөзімен әрі жақтық, әрі көптік мәнде қиысып жұмсалады.
Осы мысалдардан көрінетіндей, көптік жалғау қазақ тілінде
заттың көптігін білдіргенде (зат есімге жалғанғанда), сол затқа
көптік мән үстейді де, сөз байланыстыру қызметін атқармайды.
Көптік жалғаудың сөз байланыстырғыштық қызметі бірінші
және екінші жақта предикаттық қатынасқа түскен сөздерде
ғана байқалады. Бүл жағынан келгенде көптік жалғау тәуелдік,
септік, жіктік жалғаулармен бір қатарда түра алмайды, жалғау
болып аталуы шартты деп үғу керек.

§ 4. ТӘУЕЛДІК КАТЕГОРИЯСЫ

Бір заттың екінші бір затқа меншікті, тәуелді, қатысты бо-
луы - тілдегі ақиқат қүбылыс. Бүндай заттар арасындағы
меншіктілік-тәуелділік қатынас қандай тілде болса да бар.
Бірақ ондай үғымдардың грамматикалық мәні мен сипаты,
берілу амал-тәсілдері барлық тілдерде бірдей, біркелкі бола
бермейді. Қазақ тілінде бүл мән (грамматикалық тәуелділік
үғым) тәуелдік жалғау арқылы (ілік септік пен тәуелдік
жалғаулы сөздің тіркесінен немесе кейде ілік септікті сөз
болмай, жалғыз тәуелдік жалғаулы сөзден, өйткені тәуелдік
жалғаулы сөз сол жалғау арқылы әрі тәуелдік және жақтық
мағынаны білдіріп, әрі өзіне қатысты ілік септікті сөзді меңзеп
түрады) және меншіктелуші зат атауы мен буын үндестіліне
бағынбайтын -нікі, -дікі, -тікі қосымшалы сөздің тіркесі
арқылы беріледі. Осы арқылы яғни жақ түрлеріне байланысты
(қайшы грамматикалық мағыналар) тәуелділік (тектес бір мәнді)
грамматикалық мағыналар жиынтығы парадигмалық жүйе бо-
лып табылатын белгілі грамматикалық формалар (әр жаққа бай-
ланысты бөлек-бөлек қосымшаның - грамматикалық түлғаның
болуы) негізінде берілуі арқылы қазақ тілінде тәуелдік катего-
риясы грамматикалық категория болып қалыптасқан.

Тәуелдік мағына белгілі жаққа және иеленуші ілік септіктегі
сөздің жекеше я көпше түлғасына қарай оңашалық неме-

82

се ортақтық мәнге байланысты тәуелденуші сөздің жекеше я
көпше тұлғаларында сөздің соңғы дыбысы дауысты —дауыс-
сыз, ал буыны жуан - жіңішкелігіне қарай мынадай тұлғалар
арқылы беріледі:

I жақ: -ым, -ім, -м және -ымыз, -іміз, -мыз, -міз
II жақ: анайы -ың, -ің, -ң және (-лар, -дар, -тар) ың,

(-лер, -дер, -тер) ің

сыпайы -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз
және (-лар, -дар, -тар) ыңыз,

(-лер, -дер, -тер) ңіз,

ІП жақ: -ы, -і, -сы, -сі және (-лар, -дар, -тар) ы,

(-лер, -дер; -тер) і.

Тәуелдеудің оңаша және ортақ тәуелдеу түрі тәуелденетін
заттың (заттардың) бір я бірнеше затқа (адамға) тән екенін
білдірумен байланысты. Оңаша тәуелдеуде бір я бірнеше зат бір
ғана затқа (адамға) тәуелді болып келеді, яғни ие болатын зат
(адам) біреу болады, сондықтан ол (ілік септіктегі сөз) тек жеке-
ше түлғада түрады да, иеленетін (тәуелденетін) зат біреу неме-
се бірнешеу болуы мүмкін, сондықтан ол (тәуелдік жалғауын-
дағы соз) жекеше де, көпше де түлғада түра береді.

Оңаша тәуелдеудің үлгісі

Жекеше Көпше

менің бала-м, үй-ім бала-лар-ым, үй-лер-ім
сшің бала-ң, үй-ің бала-лар-ың, үй-лер-ің
сіздің бала-ңыз, үй-іңіз бала-лар-ыңыз, үй-лер-іңіз
оның бала-сы, үй-і бала-лары-ы, үй-лер-і

Ортақ тәуелдеуде керісінше бір я бірнеше зат біреу емес,
бірнеше (көп) затқа (адамға) төуелді болып келеді, яғни ие
болатын зат (адам) көп болады, сондықтан ол (ілік септіктегі
сөз) тек көптік түлғада түрады да, иеленетін (төуелденетін) зат
біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін, сондықтан ол (тәуелдік

83

жалғауындағы сөз) жекеше де, көпше де түлғада түра береді.
Сөйтіп, көп (бірнеше) затқа (адамға) ортақ болып отырады.

Ортақ тәуелдеудің үлгісі

Жекеше 1 Көпше 1

біздің I бала-мыз, үй-іміз I бала-лар-ымыз, үи-лвр-іміз I

сендердің бала-лар-ың, үй-лер-ің бала-лар-ың, үй-лер-ің

сіздердің бала-лар-ыңыз, үй-лер- бала-лар-ыңыз, үй-лер-іңіз I

олардың 1бала-(лар)-ы, үй-(лер)-і | бала-лар-ы, үй-лер-і_______|

Бүнда жақтық қатынас тәуелдік жалғау формасы арқылы
беріліп, ол алгашқы, ілік септігіндегі сөздің семантикасы-
мен байланысады. Соның нәтижесінде тәуелділік, иелік,
меншіктілік мағына, қатынас ілік септігіндегі сөз айтылмай-
ақ, тәуелдік жалгаулы сөздің өзі-ақ қолданылуынан да көрініп
түрады: кітабымды алдым дегенде, кітаптың сөйлеуші 1-жаққа
қатысты яғни менің кітабым екені, кітабы стол үстінде жатыр
дегенде ІІІ-жаққа қатысты оның кітабы екені белгілі.

Қазіргі қазақ тілінде ілік септігіндегі сөз біздің, сіз^ің,
өзіміздің деген есімдіктер болғанда, кейде екінші се.здегі
тәуелдік жалғауы түсіп те қолданылады: біздің үй, сіздің
ауыл, өзіміздің жігіттер. Әрине, бүлардың біздің үйімі з, сіздің
аулыңыз, өзіміздің жігіттеріміз деген нүсқалары да қол данылып
отырады. Тәуелдік жалғаудың 3-жағында түсіп қалу ы тек ауыз
әдебиеті нүсқаларында, жырларда, жыраулар шығаі >маларында
кездесіп қалады: Базарбайдың Төлеген (Төле,ген-і емес),
Қобыландының Тайбурыл (Тайбурыл-ы емес). 3-жақ тәуелдік
жалғау түлгасының түсіп қалып қолданылуы орта ғасырлық
жазба нүсқалар тілінде де (мысалы, М. Қашғаридың сөздігінде,
Ю. Баласағүнның «Қүтадгу білік» дастакында) кимнің иш,
кимниң тавар түрінде кездесіп отырады.

Тәуелдік жалғаулы сөз әдетте ілік септігіидегі сөзбен ма-
таса байланысып қолданылады, өйткені тәуелдік жалғауы, бір

84

жағынан, өзінен бүрынғы еөздің ілік септік түлғасында (кейде
жасырын түрде) түруын талап етсе, екінші жағынан, тәуелдік
жалғауы және жақтьщ ерекшелігі негізінде ілік септікті сөздің
семантикасымен бір жақты байланысып түрады, ал ілік септігі
өзі жалғанған сөзді анықталушыға бағындыра байланысты-
рып, оның (анықталушы сөздің) тәуелдік жалғауында түрады.

Кейбір сөздердің қүрамында тәуелдік жалғау өз мәнінен
айрылып қалғандығын көреміз. Сыйлау, еркелету, кішірейту
мәнінде қолданылатын, не сондай қосымшалардың қүрамында
кездесетін кейбір түлғалар тарихи жағынан тәуелдік жалғау
болған деген пікір бар: көке-м, жарығ-ым, Қож-еке-ң, Байж-
еке-й, апа-сы-ау, әке-сі-ау, т. б. Бірақ бүлар қазір тәуелдік
жалғау деп түсінілмейді. Сондай-ақ «өзінің әуелгі қызметі
мен мағынасынан бірте-бірте алыстай-алыстай келіп,
бастапқы жақтық мағынасынан да, оның көрсеткіші (фор-
масы) болу қабілетінен де біржолата айрылып, тек солардың
қалдық-сілімтігі ретінде ғана сақталып, көнеленген формалар
есебінде жүмсалып жүрген кейбір сөздер мен тіркестер де осы
қағидаға айғақ бола алады. Мысалы, осы күні, сол күні, осы

жолы, сол жолы, бүл жолы, бір күні, ертеңгі күні, кешегі
күні, күні кеше, күні бүгін, күні ертең, күндердің бір күні,

күндіз-түні деген сияқты қалыптасқан күрделі сөздерді (оның
бер жағында, бүлардьщ бәрі де үстеу сөз табына ауысқан),
сондай-ақ дара қалпында да және күрделі қалыптарында
да тәуелдіктің үшінші жағында көнеленіп қалған қай-сы,
қайсы-сы, бәрі, бәрі-сі, бәр-бә-рісі, ең азы, ең көбі сияқты
сөздерді алсақ, олардың қай-қайсысында болса да тәуелдік
жалғаудың бастапқы мағынасынан да, қызметінен де жүрдай
болып айырылған, сөздердің болінбейтін болшегі сияқтанып
кеткен үшінші жағының қосымшасын кореміз» (Ы. А. - ҚҚТ,
55-56) - деген пікірге қайшы пікір де жоқ емес. Бүл қосымша
әдеттегі тәуелдік жалғауы беретін тәуелділік-меншіктілік
мағынаны білдірмеуі және оның үстіне ілік септік жалғаулы

85

сөзбен де байланысып тұрмаитыны, мағынасы жағынан жатыс

септік тұлғасымен синонимдес болып, мезгілдік мәнді білдіруі

негізінде тәуелдік жалғау көрсеткіші емес, үстеу тудыратын

қосымша деп көрсетіледі де, әрі, әдеиі, арнаиы, ұнемі, ұдаиы,

кері, тағы деген тәрізді сөздердің соңындағы және көне түркі

тіліндегі көсемше үстеулерін тудыратын иіті, аты, тегі, т. б. сөз

қүрамындағы -ы, -і түлғаларымен төркіндес деп анықталады

(И. - ҚӘТД, 123-130). я-

Меншіктілікмағынаны білдіретін -нікі, -дікі, -тікі қосымшасы

қазақ тілінде сингармонизм заңына бағынбайды, жуан дауысты

варианттары жоқ. Тарихи түрғыдан бүл қосымша (-ның), -нің,

(-дың), -дің, (-тың), -тің деген ілік септігі мен -кі жүрнағьгаан

қалыптасқаны көрсетіліп жүр. Соңғы -кі қосымшасының мәні

қатыстық мағынаға байланысты болса керек. Түркологияда осы

қосымшалы сөздерді сын есімнщ қатарына жатқызу тәжіриоесі

де бар (Қ. - ГУЯ, 173). Бүл түлғалы сөз өзі меншіктелетін сөзден

кейін түрып, өзі соның грамматикалық предикаты қызметін

атқарып, демек, меншіктелетін сез оның грамматикалық

субъектісі болып, атрибуттық қатьщаста емес, субъектілік-

предикаттық қатынаста қиысады, сөйтіп, осы шақтық мәнде

жүмсалады. Әңгіме өткен шақ я келер шақ жайында болса,

оған сол шақты оілдіретін тұлғада көмекші етістік тіркеседі:

кітап менікі (еді, болған, болар). Көбінесе бұлай байланысып

қолданылған сөздер арасына сөз салмай жүмсалады, яғни басқа

сөздермен көп байланысқа түсе бермейді, тек кейде олармен

мезгілдік, мекендік мағынаны білдіретін сөздер байланысқа

түсуі мүмкін: кітап үйде сенікі болғанмен, класта біздікі;

үстемдік кеше сенікі болса, бүгін үстемдік жарлынікі, т. б.

Егер бүл қосымшалы сөз сөйлемде басқа да түлғада

қолданылып, предикат қызметінен ауысса, меншіктілікпен

оірге тәуелділікті де оілдіріп, екі сөздщ де орнына жүреді:

Әсеттікіне келдік —Әсеттің үйіне келдік.

86

§ 5.СЕПТІК КАТЕГОРИЯСЫ ф

Сөйлемде сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік
қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге әр түрлі
грамматикалық мағына үстеп, сөз бен сөзді байланыстыру-
да үлкен орын алатын зат есімнің парадигмалық түрлену
жүйесінің бірі —септік жүйесі. Әдетте септік жалғау кейде
тікелей өзі, кейде басқатүлғалармен қабаттасып (мысалы, жіктік
жалғаумен, тәуелдік жалғаумен қоса), зат пен қимыл, я зат пен
(сын) арасындағы субъектілік (субъектілік—предикаттық), тура
және жанама объектілік, меншіктілік-қатынастық, мекендік-
мезгілдік, көлемдік, амалдық-қүралдық сияқты қатынастарды
білдіреді.

Сұрақ. Жоғарыдағы айтылған көптік (немесе сан-мөлшер),
тәуелдік жалғауларына (категорияларына) берілгендей, септік
жалғаудың (категорияның) мәнін ашатындай түжырымды бір
анықтама беруге болмай ма?

Жауап. Көптік (сан-мөлшер), тәуелдік жалғауларының
(категорияларының) әрқайсысы өз ішінде бір-біріне қайшы
мәндес мағьшалардың жиынтығынан түратын (мысалы, сан-
мөлшер категориясында жекелік-жекеше және көпше, тәуелдік
категориясында үш түрлі жақ: бірінші айтушы жақ, екінші
тыңдаушы жақ, үшінші бөгде жақ және жекеше-көпше неме-
се оңаша-ортақ мәндер) бір ортақ категориялық мағынаны біл-
дірсе, септік жалғауы (категориясы) ондай ортақ категориялық
мағынаны білдіре алмайды. Септік жалғау түрлерінің ба-
сын біріктіріп, зат есімнің түрлену парадигмасының бір
категориялық түрі етіп отырған — септік жалғауларының
мағыналық ортақтығынан гөрі қызметтік (сөз бен сөзді байла-
ныстыру сипаты), магьшалық-қызметтік (тек зат есім сөздерге
жалгануы немесе басқа сөз табына жалғанса, оны заттандырып
түруы) қызметі. Сондықтан да септік жалғауды (категориясын)
анықтағанда, көбіне оны (септік қосымшаларын) «сөйлемдегі
сөздерді бір-бірімен жалғастырып, селбестіріп түратын»

87

(Ы.А. - ҚҚҚТ, 58) тұлға және «сөздердің жалғауларды қабылдау
өзгерту жүйесін сөздердің септелуі деп немесе септеу деп атай-
ды» (Ы. А. - ҚҚТ, 58) немесе «септелу деп сөздердің сөйлем
ішінде өзге сөздермен дәнекерлесу үщін септік жалғауын
қабылдап, грамматикалық түрғыдан өзгеріске түсуін айта-
ды» (ҚТГ, 56) деп те анықтайды. Бүл анықтамаларға байсал-
ды түрде зер салсақ, септік жалгауының өзіне гана тән үлкен
бір ерекшелігі оның (септік жалғауының) сөйлемде «сөздерді
біайланыстыруында» немесе «сөздерді грамматикалық
тұрғыдан өзгеріске түсіріп түруында» екен. Ал жалғаудың басқа
түрлері, мысалы, тәуелдік, жіктік жалғаулары сөздерді байла-
ныстыруда, «грамматикалық түрғыдан түрлендіріп, өзгеріске
түсіре» алмай ма екей? Бүл бүл ма? Мынадай анықтаманы
түсіну одан да қиынырақ секілді: «Сонымен: септік дегеніміз
жалғау мен грамматикалық мағыналардың бірлігінен түратын
және оір есім сөздщ екінші есімге немесе етістікке қатысьга
білдіретін грамматикалық категория» (А. - ТБН, 435). Дәл
осьгадай анықтаманы тәуелдік, жіктік жалғауларға да әбден
беруге болатын еді. Сондықтан да септік жалғауларына (кате-
гориясына) зат пен оның іс-әрекеті (қимылы), я зат пен заттың
(сынның) арасындағы субъектілік, объектілік, меншіктілік -
қатыстық, мекендік - мезгілдік, көлемдік, амалдық қүралдық,
себеп —мақсаттық сияқты қатынастарды білдіріп, заттық мән
үстеп түратын түрлену тұлғасы деген анықтама беруге бола-
ды. Септік жалғау жүйесінің басқа жалғаулардан күрделілігі де
осында.

Сұрақ. Септік жалғаулардың түлғалық түрлерінде біріз-
ділік бар ма?

Жауап. Қазақ тіліндегі (түркі тілдеріндегі) жалғаулар
жүйесінің түлғалық түрлерінде белгілі дәрежеде бірізділік,
сәйкестік болғанмен, оның өрісі, шеңбері көбіне шартты бо-
лып келеді. Мысалы, тәуелдік жалғауынын жекеше түлғалары
1-жақта -ым, -ім, -м, 2-жақта анайы -ың, -ің, -ң, сыпайы -ыңыз,
-іңіз, -цыз, -ңіз болса, 3-жақта -сы,‘ -сі, -ы, -і екені белгілі.

88

Тұлғалық жағынан 3-жақ жалғауы ерекше. Ал көпше түрінде
1-жақ (-мыз, -міз, -ымыз, -іміз) пен 2-жақ (-лар... ың, -лер... ің,
-лар... ыңыз, -лер...іңіз) түлғалары бөлек-бөлек. Осы тәріздес
үқсастық пен ерекшеліктер (айырмашылық) септік жалғау
түлғаларынан да көрінеді. Оның себебі неде? Себебі әр түрлі
болуы мүмкін. Ең алдымен, әрбір түрінің қалыптасу жолы мен
тәсілі әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, тәуелдік жалғаудың
1, 2-жақ түлғалары жіктік жалғаулары арқылы есімдіктеріне
сайса, 3-жақ жалғауьгаың жағдайы бөлек. Екіншіден, ол
түлғалардың қалыптасып, тұрақталу мерзімі, кезеңі де бірдей,
бір болмауы мүмкін (шығыс, әсіресе, көмектес септіктердің кеш
қалыптасуы оған дәлел). Үшіншіден, әр септіктің мағыналық,
стильдік ерекшеліктері мен қолданылу жиілігі де олардың
түлғалық түрі мен өзгерісіне әсер етсе керек.

Септік Сүрақтары Сөздердің септелуі
түрлері
кім? не? әке, қол, үй, күн, қыз, хат
1. Атау кімнің? ненің? әке-нің, қол-дың, үй-дің,
2. Ілік күн-нің, қыз-дың, хат-тың
әке-ге, қол-ға, үй-ге, күн-ге,
3. Барыс кімге? неге? қыз-ға, хат-қа
4. Табыс қайда? әке-ні, қол-ды, үй-ді, күн-ді,
кімді? нені? қыз-ды, хат-ты
әке-де, қол-да, үй-де, күн-де,
5. Жатыс кімде? неде? қыз-да, хат-та
6. Шығыс кайда? әке-ден, қол-дан, үй-ден,
7. Көмектес кімнен? неден? күн-нен, қыз-дан, хат-тан
қайдан? әке-мен, қол-мен, үй-мен,
кіммен?немен? күн-мен, қыз-бен, хат-пен
қалай?

Қазақ тілінде септіктің жеті түрі бар. Септік жалғау түрлері
мен олардың түлғалық ерекшеліктері таблицадан айқын
көрінеді. •

Септік жалғауларының түлгалық түрлері сөзге үндестік
заңы негізінде мынадаи тәртшпен жалғанады.

өздің
соңғы

дыбысына
қарай

У,И-;щн басқа ның мен
дауыстыларға нің мен
біткен сөз нан
нен мен
У, И және
ауыз жолды

сонор р, л, у,

й-ға біткен сөз

Мүрын жолды
м, н,ң
сонорына
біткен сөз

¥яң ж, з
дыбыстарына
біткен сөз

Қатаң және
б, В, г, д,
үяңдарына
біткен сөз

Қазақ тілінде септелу жүйесінен мынадай ерекшеліктер
байқалады.

1. Септік жалғау тұлғалары үндестік заңы негізінде
жалғанады: а) сөздің соңғы буьгаы жуан болса, оған жуан буын-
ды жалғау жалғанады да, соңғы жіңішке болса, оған жіңішке бу-
ынды жалғау жалғанады; ә) сөздің соңғы дыбысының дауысты
немесе үнді, үяң, қатаңның бірі болып келуіне қарай қосымша
дыбыс үндестігі (ілгерінді ықпал) негізінде жалғанады.

90

2. Оқулықтарда дауысты дыбыс делініп жүрген у, и дыбы-
стары қосар дыбыс немесе дифтонг екені белгілі: у, ұу немесе
у-үу, и-ый немесе и-ій, бүлардың соңғы дыбысы кәдімгі да-
уыссыз (үнді) у немесе й больга табылады, сондықтан да
қосымша бүндай дыбысқа біткен сөздерге дауысты дыбысқа
біткен сөздерге сияқты емес, ауыз жолды сонор дыбыстарға
(р, л, у, й) біткен сөздерге тәрізді жалғанады: ілік және табыс
септік жалғауларьга салыстырыңыз.

3.Қазақ тілінде сөз соңында з және ж дыбыстарынан басқа
үяң кездеспейді, яғни сөз б, в, г, д сияқты үяң дыбыстарға
аяқталмайды, ал кірме (негізінен, орыс тілінен енген) сөздердің
соңындағы бұл үяң дыбыстар айтылуда қатаңданып, п, ф, к,
т болып естіледі де, қосымшаның қатаң дыбыстан басталатын
варианты жалғанады.

4. Септік жалғауларының сөзге жалғану ерекшеліктері қазақ
тілінде үнді (сонор) деп жүрген дауыссыздардың өзі үн қатысы
жағынан сипаты бірдей емес екенін көрсетеді: ілік және жатыс
септік жалғаулары мүрын жолды үнді дыбысқа біткен сөзге н
дыбысынан басталатын, ауыз жолды үнді дыбысқа біткен сөзге
д дыбысынан басталатын қосымша жалғанады.

5. Атау септіктің арнайы қосымшасы жоқ. Бірақ атау септік
түлғасы - түбір түлғамен бір емес және оқулықтарда көрсетіліп
жүргендей, басқа септік тұлгаларьша негіз болатын да түлға
емес, өз алдына жеке нольдік түлға. Ол жайында төменде ар-
найы сөз болады.

6. Басқа 6 септік қосымшаларының түлғаланылуымен сөзғе
қосылуы жағынан кейбір септік түрлерінің бір-бірімен үқсас,
сәйкес жақтары және бір-бірінен айырмашылықтары айқын

көрінеді:
а)ілік,табыс,шығыссептікжалғауларыныңдыбысүндестіғіне

байланысты варианттары н, д, т дыбыстарынан басталады, бүл
жағьгаан осы септік түлғалары бір-бірімен сәйкес келеді; бірақ
сөздің соңғы дыбысына бітуіне байланысты ол қосымшалардың

91

жалғануында ерекшеліктер, сәйкес келмейтін жайттар да бар.

Мысалы, дауысты дыбысқа біткен сөзге ілік және табыс септік

жалғаулары н дыбысынан (-ның, -нің және -ны, -ні: ба-ла-ның

әке-нің және бала-ны, әке-ні) басталса, шығыс септік жалғауы

д дыбысынан (-дан, -ден: бала-дан, әке-ден) басталады, ал

мұрын жолды сонор м, н, ң дыбыстарына біткен сөздерге ілік

және шығыс септік жалғаулары я дыбысынан (-ның,-нің: аң-

ның, түн-нің және -нан, -нен: аң-нан, түн-нен) басталса, табыс

септік жалғауы д дыбысынан (-ды, -ді: аң-ды, түн-ді) бастала-

ды. Бүл ерекшелік осы септік жалғауларының шығу, қалыптасу

кезеңдерімен, ерекшеліктерімен байланысты болса керек; бірақ

бүл топшылау түркологияда айтылып жүрген —ны, -ні та-

быс септік түлғасы -ның, -нің деген ілік септіс жалгауынан

қалыптасты деген пікірді жоққа шығармайды;

ә) жатыс септік жалғауы, жуан-жіңішкелікті есептемеғенде,

екі-ақ вариантты, н дыбысынан басталатын түлғасы жоқ, оның

орнына д дыбысынан (-да, -де; бала-да, түн-де) басталатын түлға

жұмсалады; ■ г- .

б) барыс пен көмектес септік жалғауларының тұлі алары

мүлде өзгеше. Бүл - осы септіктердің әрқайсысьгаың қалып-

тасуы мерзімдік жағынан да, мағыналық жағынан да, қандай

сөзден немесе түлғадан және қалай қалыптасуы жағынан да

басқаша болғанын көрсетеді. Мысалы, көмектес септігі басқа

түркі тілдерінің көпшілігінде жоқ, тек қазақ тілінде гана бар

және ол басқа септік түрлерінен әлдеқайда кеш қалыптасқан:

қазақтың жазба тілінде, жазба нүсқалар тілінде XIX ғасырдың

аяғы мен XX ғасырдың басына дейін ол септік (ғрамматикалық

түлға) ретінде емес, септеулік шылау ретінде білән, бірлән,

мінэн, кейін мәнән сияқты түрде қолданылып отырған. Одан

барып менен арқылы -мен, -бен, -пен түрінде қалыптасқан.

Қазақ тіліндегі көмектес септік жалгауы сырт түрі жағынан

мен, бен, пен деген жалғаулық шылаумен үқсас, бірақ одан

92

қалыгітаспаған, септеулік шылаудан туған, ал септеулік шылау

мен я.алғаулық (мен: менен —білән) төркіндес.
Комектес септік жалғауы, біріншіден, сингармонизмге, буын

үндестік заңына бағынбайды, өзі жалғанатын сөздің соңғы бу
ын ы жуан не жіңішкелігіне қарамай, әр уақытта жіңішке түрде
жшіғанады, екіншіден, дыбыс үндестігі толық сақталады, бірақ
дауысты немесе үнді дыбысқа біткен сөздерге м дыбысынан ба-
сталатын варианты (-мен), үяң ж, з дыбысына біткен сөздерге
б дыбысынан басталатьга варианты (-бен), қатаң және б, в, г, д
дыбыстарына біткен сөздерге п дыбысынан басталатын вари-
анты (-пен) жалғанады. Сөйтіп, көмектес септік жалғауы үш-ақ

түрде кездеседі.
в) керісінше, барыс септік жалғауы, біріншіден, сингармо-

низм (буын үндестігі) заңы бойынша я жуан түрде, я жіщшке
түрде, екіншіден, дыбыс үндестігі бойынша дауыеты, үнді
және үяң ж, з дыбыстарына біткен сөздерге ғ не г дыбыста-
рынан басталатын варианты (-ға, -ге: бала-ға, үй-ге, жаз-
ға); қатаң және б, в, г, д дыбыстарына біткен сөздерге қ не к
дыбыстарынан басталатын варианты (қа, -ке: от-қа, түс-ке)
жалганады. Тәуелдеулі сөздің септелуінде де барыс септік
жалғауының елеулі ерекшеліктері бар екені көрінеді: бірініш
және екінші жақ анайы жекеше тәуелдік түлғасынан кеиін Оа-
рыс септік жалғауы жуан буыннан соң -а (балам-а, балаң-а),
жіңішке буыннан соң -е (үйім-е,т үйің-е) болып жалғанса
3-жақ тәуелдік түлғасынан кейін жуан буыннан соң -не (үш-
не) болып жалғанады. Әрине, 3-жақ тәуелдік түлғасынан кеиін
жалғанатын -на, -не жалғауының алғашқы -н бөлшегі тарихи
түрғыдан барыс септігінің қосымшасы емес, басқа бір түлғаның
қалдығы. Оның 3-жақ тәуелдік түлғасынан кенін жалғанатын
жатыс септік жалғауынан да көреміз: -нда, -нде түрінде толық
жатыс септік жалғауы болып жүрген бүл түлғаның алғашқы
-н бөлшегі де жатыс септік жалғауы емес. Бүл дыбыс (н) 3-жақ
тәуелдік жалғауынан кейін жалғанған -дай, -дей және ша.

-ше сияқты жұрнақтардың да алдынан шыға келеді: баласы-

дай емес, баласы-н-дай, сөзі-дей емес, сөзі-н-дей, (ел) адамы-ша

емес, (ел) адамы-н-ша, (сол) күйі-ше емес, (сол) күйі-н-ше, т. б.;

г) септік түрлерінің біразы (атау, ілік, табыс) адамға байла-

нысты кім? адамнан басқа затқа байланысты не? деген ғана

екі сүрақтың септік жалғаулары арқылы тұлғалаған түрімен

шектелсе, біразы (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) оның үстіне

үшінші түрлі сүраққа да (қайда? қашан? қайдан? қалай?) жау-

ап береді. Бүл - осы септік түрлерінің таза грамматикалық не-

месе сонымен қоса көлемдік мән білдірумен байланысты болса

керек, сондықтан септік жалғауларының грамматикалық және

көлемдік түрлері мен олай бөлудің мәні төменде арнайы сөз бо-

лады; . , ,Ч; | , ^ .

ғ)тәуелдеулі сөздің тұлғалық жагынан септелу ерекшеліктері

табыс септігіне де қатысты: үшінші жақ тәуелдік түлға-

сынан кейін табыс септігі -н түрінде ғана жалғанады.

Тәуелдеулі сөзге септік жалғауларының жалғанудағы түлғалық

ерекшеліктері мына таблиңадан анық көрінеді:

Жақ Септік Ілік
түрлері түрлері Барыс
Табыс
Жатыс
Шығыс
Көмектес

смч1# -ның, -а
*1 -е
, анайы • -да, -нан, -мен
2-ж., сыпайы -ға • -де -НЕН -бен
3-жақ -НІҢ -ге -мен
-ді -да, -дан,
-ның, -(н)е -де -ден
-ні•ң -(н)а -ді -нан,
-н -(н)да -нон
-ның, -(н)де
-нің

94

§ 6. СЕПТІҚ ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ МАҒЫНАЛАРЫ МЕН
ҚЫЗМЕТТЕРІ

Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысында 7 түрлі
септік жалгау бар. Бұл септік жалғаулардың әр түрі өзіне тән
грамматикалық тұлғалар арқылы белгілі грамматикалық
мағына білдіріп, сөйлемде тиісті қызмет (бір жағынан, белгілі
грамматикалық топтағы сөздерді байланыстырып, екінші
жағынан, ол сөздер белгілі синтаксистік қатынаста жұмсалуы
арқасында белгілі сөйлем мүшесінің де қызметін) атқарады.
Септік жалғау түрлері осындай үш түрлі сипаты (грамматика-
лық тұлға - грамматикалық мағына —грамматикалық қызмет)
арқылы, бір жағынан, жеке-жеке грамматикалық тұлға ретінде
танылады, екінші жағынан, бүлардың жиынтығы парадигма-
лық жүйе ретінде септік категориясын қүрайды.

Сұрақ. Жеті септіктің ішінде атау септігінің ерекшелігі
бар ғой. Әсіресе, атау септігінің арнайы грамматикалық
түлғасының (формасының) болмай, басқа септік түрлерін
жасауға негіз ғана болуы осы басқа септік түрлерімен теңдеп
қарауға болмайтындығын көрсетпей ме?

Жауап. Түркологияда да, қазақ тіл білімінде де көп уақытқа
дейін септік парадигмасында (түрлену жүйесінде) атау септігі
дәл осылай басқа септіктерге негіз болатын түлға делініп келді.
Әрине, атау септігінің түлғасы мен грамматикалық мағынасы,
қызметі жайындағы талдау пікір - көзқарастар түркология
мен қазақ тіл білімінде бірдей, біркелкі емес. Атау септігінің
табиғатын дүрыс және жан-жақты түсіну үшін қысқаша болса
да сол пікір —көзқарастарға тоқтала кстейік.

XIX ғасырдың орта кезінен бері жарық көре бастаған
ғрамматикалардан бастап күні бүгінге дейін жүргізіліп кел-
ген түркологиялық зерттеу еңбектерінде зат есімнің септік
жүйесіндегі бірінші септік түрі «арнайы түлғалық көрсеткіші
жоқ, басқа септік түрлеріне негіз болатын түлға», сонымен

95

I

\

бірге «бір ғана мәнде емес, кейде басқа септік түрлерінің, мыса-
лы, ілік пен табыс, қызметінде де қолданылатын ерекшеліктері
болғандықтан» атау (именительный) септік деп атаудан
гөрі негізгі (основной) немесе белгісіз (неопределенныи), я
абсолютті, кейде қосымшасыз (безафиксальный) я түбір (ко-
ренной), немесе аморфты, т. б. септік деп аталады (ИСГТЯ, 57,
Д.-СТЯ, 154). Ал, қазақ тіл білімінде атау септігі басқа септік
түрлерінің (мысалы, ілік, табыс) қызметінде жүмсала алады
деген пікірдің қате екендігі баса көрсетіледі. Яғни атау септік
түлғасы мен ілік, табыс септік түлғаларының түсіп қалып, жа-
сырын түрып (мысалы, колхоз (дың) малы, кітап (ты) оқыды;
тәрізді қолданылуы сырт қарағанда үқсас көрінгенмен, бір
емес, екеуі екі басқа грамматикалық форма, әрқайсысының
өзінс тән бөлек-бөлек грз.ммЕтикз.лық м&ғынйсы, синтэ.ксистік
қыметі бзр екені тзлдзнып көрсетіледі (СК.Я, 160). ІІІынын-
да да қазақ тілінде белгілі бір қолданыстарда сөз бірде кейбір
грамматикалық тұлғалардың ашық түрінде, яғни, міндетті;
түрде қосымшасы жалғанып жүмсалса, енді бірде жасырын,
қосымшасыз түрде, яғни қосымшасы түсіп қалып жүмсалады.
Мысалы, ілік пен табыс септік түлғаларының осындай
қолданылу ерекшеліктері жиі кездесіп отырады, және одан
олардың негізгі грамматикалық мағыналары өзгермейді деі
Абай өлеңін жаттап алдық - Абайдың бүгін жазған өлеңін жат-
тап алдық - екеуінде де Абай және Абайдың грамматикалық
меншіктілік-қатыстық мағынаны білдіріп түр. Мен кітап
оқыдым - Кітапты мен оқыдым дегенде де кітап және кітапты
сөздері тура объектілік мағынаны білдіріп түр. Әрине, бүдан
бүл түлғалардың ашық я жасырын қолданыстары абсолютті
тепе-тең, арасында ешбір айырмашылық жоқ екен деген үғым
тумауға тиіс. Жалғыз бүл ғана емес септік түлғаларыньщ жа-
сырын, тасаланып қалатын басқа да кездері бар. Мысалы, кейде
бірыңғай мүшелердеғі кейбір грамматикалық түлгалар бірың-
гай мүшелердің әрқайсысына емес, тек соңғысына ғана

96

жалғанады: Ол - Бөкенші руынан Сүйіндік, Сүгірдің көштері
(М. Әуезов). Байлар қазір тақырға, шөлғе, тау мен тасқа
қамалған шақ (Ғ. Мүстафин). Абай жүрегі де сыр мен жырға
толы (М. Әуезов). Ащы мен түщыны татқан білер, алыс
пен жақынды жортқан білер (Мақал). Осы сөйлемдердегі
Сүйіндік сөзі де Сүгірдің сияқты ілік септігінде (мағынасы мен
қызметінде), сыр сөзі де жырға сияқты, тау сөзі де тақырға,
шөлге, тасқа сияқты барыс септігінде, ащы сөзі түщыны сияқты,
алыс сөзі жақында сияқты табыс септігінде қолданылған. Бірақ
атау септігінің арнайы грамматикалық формасының болма-
уы мағыналық, қолданыс-қызметтік, парадигмалық сипатта-
рын анықтап, айқын сипаттап беруге, екінші жағынан, септік
жүйесінен оның алатын орнын дәл айқындап беруге кедергі
болған. Сондықтан да атау септігініңжалпы септіктер жүйесінен
алатын орны, басқа септік түрлерімен қарым-қатынасы дүрыс
айқындалмай, шатасып кеткен. «Сырт алып қарағанда, септік
жалғауы қатарында аталып отырғаны болмаса, атау септігінің
арнаулы жалғауы жоқ. Дүрысында атау септік деп отырғанымыз
—сөздің септік жалғауын қабылдамай тұрғандағы күйі.
Оны атау септік деп септік жалгауының басына қою, сөзғе
септік жалғауларының грамматикалық табиғатын .тану үшін
аса қажет, өйткені барлық септік жалғауларына негіз бола-

тын сөз —осы атау күйінде тұратын сөз» (ҚТГ, 57).

«Атау септік формасы, бір жағынан, басқа септіктердің
формалары мен мағыналарын салыстырып ажырату үшін
қабылданған негізгі форма болса, екінші жағынан, ол тек бел-
гілі затты атау үшін ғана емес, онан әлдеқайда кең ғрамматика-
лық қызмет атқаратындықтан, арнайы талдайтын негізгі
форма ретінде қаралады. Осыған орай ол неғізгі септік деп
аталады» (Ы. А. - ҚҚТ, 62). Сөйтіп, қазақ тіл білімінде атау
септік тұлғасы септік жүйесінде басқа септік түрлерімен тең
деңгейде емес, оларға немесе басқа септік түлғаларын үстеуде
неғіз болатын түлға, демек, зат есімнің түбір (негізгі және ту-

97

мнпы түбір) түлғасы деген үғыммен барабар екенін байқаимыз.
Ол - атау септік түлғасының қолданылу аясын анықтаудан да
көрінеді: атау септіктегі сөз бастауыш қызметінен басқа) баян-
дауыш қызметінде (ол —мүғалім), 2) анықтауыш қызметінде
изафет конструкциясында (қол сағат сатып алдым); 3) үшін,
арқылы, туралы, сияқты, жөнінде, жайында, бойы, бойынша
сияқты септеулік шылаулармен тіркесіп қолданылады (СКЯ,
160; Ы. А. - ҚҚТ, 63, Қ.- ГУЯ, 93-95, 297-307, т. б:).

Ең алдымен, атау септігі басқа септік түрлерімен білдіретін
грамматикалық мағынасы, сипаты, атқаратын қызметі
жағынан теңдес, сыбайлас, ыңғайлас болмай, тек басқа септік
түрлеріне «негіз болатын» ғана болса, онда атау септігінің
септіктер жүйесіне оның бір түрі ретінде ене алмайтынын
естен шығармаған жөн. Яғни белгілі бір парадигмалық түрлену
жүйесіне негіз болатын түлға ол жүйенің бір түрі ретінде сол
жүйенің шеңберінде қаралмайды. Мысалы, тәуелдік катего-
риясына (түрлену жүйесіне) негіз болатын зат есімнің негізгі
я туынды түлғасы (мысалы, бала-м, бала-ң; бала-ңыз, ба-ла-сы
немесе білім-ім, білім-ің, білім-іңіз, білім-і дегендерге негіз бо-
лып түрған бала және білім түлғалары) сол түрлену жүйесінің
бір түрі болып енбейді. Жіктелуде де, етістіктің шақ, рай т. б.
грамматикалық категорияларында да осылай. Екіншіден, атау
септік түлғасьга «басқа септіктерге негіз болатын түлға» деп
онда атау септік үғымы зат есімнің түбір (негізгі және туын-
ды түбір) түлғасы деген үғыммен барабар болып, тек септік
түрлеріне ғана емес, сонымен бірге зат есімнің басқа да түрлену
жүйелеріне (тәуелдену, көптелу, жіктелу) негіз болатын түлға
болатынын да естен шығармау керек. Онда ол (атау септік)
септік жүйесі шеңберінен сырт қалуға тиісті.

Рас, атау септігінің басқа септік түрлері сияқты арнайы
грамматикалық көрсеткіші (формалары) жоқ. Сондықтан
атау септік, түлғасы сырттай зат есімнің түбір түлғасымен
сәйкес, үқсас келеді. Бірақ, бүл екеуі бір емес. Атау септігінің

98

өзіне тән арнайы грамматикалық формасы болмағанмен, зат
есімнің түбір түлгасынан өзгеше болып келетін, басқа септік
түрлері білдіретіндей арнайы грамматикалық мағынасы бар
және сол арқылы формасыз атау септік түлғасы басқа септік
түлғалары сияқты семантикалық мән мен синтаксистік қызмет
атқарады, яғни сөз бен сөзді байланыстыруға қатысып түрады.
Міне, осы қасиеттері арқылы атау септігі қазақ тілінің септік
жүйесінде септіктің басқа түрлерімен тең дәрежедегі түлға
және парадигмалық түрленудің бір көрсеткіші болып табыла-
ды да, жоғарыда қазақ тілі грамматикалары көрсетіп, танып
жүрген атау түлғасындағы сөздің баяндауыш, анықтауыш
болу қызметтері, кейбір септеулік шылаулардың тіркесуі атау
септіктегі сөз емес, одан бүтіндей бөлек зат есімнің түбір
түлғасы больш табылады. Айталық, баяндауыш қызметін
атқарып түрған зат есім еш уақытта атау септігінде түрмайды,
ол жіктеліп (3-жақта арнайы көрсеткіші болмаса да, нольдік
формада түрып) жүмсалады. Жіктелген зат есім заттық,
субстантивтік мәннен гөрі номиналдық мәнді білдіруге яғни
субъектінің кім екенін білдіруге айналады, сөйтіп, зат есімнің
жалпы түрлену жүйесінің, соның ішінде септік жүйесінің
мәніне қайшы келеді. Тағы бір ескеретін ж айт- есім баяндауыш
тек зат есімнен ғана болып қоймайды. Сондай-ақ сын есім де,
сан есім де зат есім сияқты есім баяндауыш қызметін атқарады.
Ол кезде сын есім де, сан есім де зат есім сияқты 1, 2-жақтарда
жіктік жалғауын қабылдап, ал 3-жақта жіктік жалғауынсыз
нольдік түлғада бастауышпен қиыса байланысады: мен үлкен-
мін, сендер жақсы-сыңдар, ол - білімді - 0 , біз бесеу-міз, сен
екінші-сің, олар - үшеу - 0 , т. б. Міне, осындай жіктеліп келіп
(3-жақта арнайы формасыз да) баяндауыш қызметін атқарып
түрған сын есім, сан есімдерді де атау септік түлғасында түр
деп дәлелдейміз бе? Бүлардың атау септік түлғасымен ешбір
байланысы жоқ екені өзінен-өзі белгілі.

99


Click to View FlipBook Version