The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Оқу құралы Мемлекет және құқық теориясы

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by ganiabdumalik, 2023-04-23 23:41:38

Оқу құралы Мемлекет және құқық теориясы

Оқу құралы Мемлекет және құқық теориясы

1 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Сабиров А.И., Кансеитова А.К. Мемлекет және құқық теориясы Электронды оқу құралы Шымкент 2023


2 Орталық Азия инновациялық университетінің оқу-әдістемелік кеңесінің қаулысы бойынша іс қағазы № хаттама « » ____2023 ж. баспаға ұсынған Пікір берушілер: Имашев Б.Е. – з.ғ.к. аға оқытушысы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Қарамырза Ж.Т.- з.ғ.к. аға оқытушысы, Ортылық Азия ииновациялық университеті © Сабиров А.И., Қансеитова А.Қ. «Мемлекет және құқық теориясы»: электрондық оқу құралы. Оқу құралы “Мемлекет және құқық теориясы” курсының оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған және жалпы теориялық мәселелермен танысуда бағытбағдар беруші рөлін атқаруға, окушыларды аса маңызды теориялық ережелермен, заң ғылымының ерекше тілімен таныстыруға бағытталған. Оқу кұралы, ең алдымен, заң білімдерін беретін жоғары оқу орындары мен факультеттердің сыртқы бөлімінің білім алушыларға арналған.


3 МАЗМҰНЫ 1. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдістері.................................6 2. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясы және оның басқа гуманитарлық ғылымдармен қатынасы......................................................7 3. Құқықтық мәдениеттің қызметтері...................................................................9 4. Құқықтық нормаларды саралау.......................................................................10 5. Құқықтың пайда болуы....................................................................................11 6. Әлемнің әр түрлі халықтарында мемлекеттің пайда болу себептері мен нысандары..............................................................................................................13 7. Құқықтық мәдениеттің құрылымы.................................................................14 8. Мемлекеттің пайда болуы туралы негізгі теориялар....................................16 9. Азаматтық қоғам...............................................................................................17 10. Саяси билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі ретінде................................18 11. Мемлекет түсінігі............................................................................................20 12. Мемлекеттің мәніндегі жалпыадамзаттық және топтық бастаулар...........21 13. Мемлекетті басқа мекемелер мен қоғамдық ұйымдардан ерекшелейтін белгілері.................................................................................................................22 14. Құқықтық презумпциялар, аксиомалар мен құқықтық фикциялар...........23 15. Формациялық және өркениеттік түсініктер.................................................25 16. Мемлекет нысанының түсінігі мен түрлері.................................................26 17. Басқару нысаны. Мемлекеттік құрылым нысаны........................................27 18. Мемлекеттік құрылым нысаны......................................................................29 19. Саяси режим: түсінігі және түрлері..............................................................30 20. «Заңмен тыйым салынбағанның бәріне рұқсат» қағидасы.........................31 21. Адам құқығын сақтау мен қорғаудағы мемлекет міндеті...........................33 22. Мемлекет қызметтерінің түсінігі мен саралануы........................................34 23. Негізгі сыртқы қызметтеріне сипаттама.......................................................35 24. Негізгі ішкі қызметтеріне сипаттама............................................................37 25. Қоғамның саяси жүйесі және оның құрылымы...........................................38 26. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі..........................39 27. Мемлекет механизімінің түсінігі мен құрылымы........................................40 28. Мемлекет органдары және олардың саралануы..........................................42 29. Мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы және қызмет қағидалары... 44 30. Әлеуметтік нормалар және олардың саралануы..........................................45 31. Қазіргі әлемнің құқықтық жүйелерінің саралануы мен жалпы сипаттамасы...........................................................................................................46 32. Құқықтық мемлекет........................................................................................48 33. Құқықтық мемлекетті ұйымдастырудың негізі...........................................49 34. Құқықтың түсінігі мен мәні...........................................................................50 35. Обьективті және субьективті мағынадағы құқықтың түсінігі...................52 36. Құқықтың қағидалары және олардың әлеуметтік түсіндірілуі..................53 37. Құқықтың қызметтері: түсінігі мен түрлері.................................................54 38. Құқық теориясының саралануы....................................................................56


4 39. Құқықтық сана түсінігі, құрылымы мен рөлі...............................................57 40. Құқық пен құқықтық сананың өзара әрекеттесуі........................................58 41. Құқықтық мәдениет........................................................................................60 42. Әлеуметтік және техникалық нормалар, олардың ерекшеліктері мен өзара байланысы...................................................................................................61 43. Құқық пен мораль арақатынасы: бірлігі, айырмашылығы және өзара әрекеттесуі.............................................................................................................62 44. Құқық нормасының түсінігі және негізгі белгілері.....................................64 45. Құқықтық нормалардың құрылымы.............................................................65 46. Құқық нормасы мен нормативтік актінің сәйкестігі...................................66 47. Құқықтық норма классификациясы, құқықтық норма мазмұны.............67 48. Құқықтың түрі мен мазмұны........................................................................68 49. Құқықтың қайнар көздері...............................................................................69 50. Құқық шығармашылық: ұғымы, қағидасы мен түрлері..............................70 51. Нормативті актілердің ұғымы мен түрлері, олардың құқықтық норма актілернің қолданылунан айырмашылығы........................................................71 52. Нормативтік актілер жүйесіндегі заңның үстемдігі. Заңның түрлері......73 53. ҚР заңшығармашылығының түсінігі мен деңгейлері.................................74 54. Нормативті актілердің уақыттағы, кеңістіктегі және тұлғалар арасындағы қызметі..............................................................................................75 55. Нормативтік актілерді жүйелеудің түсінігі және түрлері...........................76 56. Құқық жүйесі түсінігі және оның құрылымы..............................................78 57. Жеке және жария құқық.................................................................................79 58. Құқықтық реттеудің пәні мен әдісі құқық нормасының салаларға бөлінуінің негізі ретінде ......................................................................................80 59. Құқық саласы. Құқықтың негізгі салаларына қысқаша сипаттама............82 60. Құқық институты. Түсінігі мен түрлері........................................................84 61. Құқық жүйесі мен заңнама жүйесінің арақатынасы...................................85 62. Құқықты жүзеге асыру түсінігі мен нысандары..........................................86 63. Құқық нормасын қолдану үдерісінің негізгі деңгейлері.............................88 64. Құқық нормаларын қолдану актілері: түсінігі, ерекшеліктері мен түрлері....................................................................................................................89 65. Құқық нормасын талқылау: түсінігі және субьектілері бойынша түрлері....................................................................................................................91 66. Ресми талқылау актілері, олардың ерекшеліктері мен түрлері..................93 67. Құқықтық нормаларды түсіндіру әдістері....................................................95 68. Заңдық коллизиялар және оны шешу жолдары...........................................96 69. Құқықтағы кемшіліктер және оларды жоюдың тәсілдері...........................97 70. Заң тәжірибесінің түсінігі және құрылымы.................................................99 71. Құқықтық қатынас: түсініг мен белгілері...................................................100 72. Құқықтық қатынастың топтасу талаптары.................................................101 73. Құқықтық қатынастың ұғымы және субъект түрлері...............................103 74. Құқық субъектісінің құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі..........105 75. Құқықсубъектілік..........................................................................................106


5 76 ҚР жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі.......................................................107 77. Құқықтық қатынастарға қатысушылардың субьективтік құқықтары мен заңды міндеттілігі.............................................................................................109 78. Құқықтық қатынастардың объектісі: түсінігі мен түрлері.......................111 79. Заңды фактілердің түсінігі мен жіктелуі....................................................112 80. Құқықтық реттеу механизмдерінің түсінігі мен элементтері...................113 81. Құқық бұзушылықтардың түсінігі мен белгілері......................................115 82. Құқық бұзушылықтардың түрлері.............................................................116 83. Құқық бұзушылықтардың заңды құрамы...................................................118 84. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері.........................................119 85. Заңды жауапкершіліктің мақсаттары мен қызметі....................................121 86. Әрекеттің құқыққақайшылығы және заңды жауапкершілікті болдырмайтын жағдайлар..................................................................................122 87. Заңдылықтың негізгі қағидалары, түсінігі. Заңдылық кепілдіктері: түрлері мен түсінігі..........................................................................................................124 88. Құқықтық тәртіп түсінігі..............................................................................125 89. Құқықтық ынталандыру мен шектеудің түрлері мен түсінігі..................126 90. Құқықтық жеңілдіктердің түсінігі, белгілері, қызметі..............................128 91. Құқықтық көтермелеу функциялары және түсінігі мен белгілері. Көтермелеу санкциялары...................................................................................129 92. Құқық – қоғамдық қатынастардың мемлекеттік реттеушісі ретінде..................................................................................................................130 Пайдаланған әдебиттер......................................................................................158


6 1. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдістері Осы немесе басқа ғылымның пәні – бұл оның зерттейтін негізгі, мәнді сұрақтары. Кез – келген ғылымның өзіне тән пәні болады, сол арқылы оның басқа ғылымдардан дербестігі, өзінділігі және ерекшелігі анықталады. «Мемлекет және құқық теориясы» ғылымы қарастыратын пәннің өзіндік ерекшеліктері бар: 1) мемлекет және құқық теориясы мемлекет пен құқықты біртұтас, жалпы түрде зерттейді. Ол мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет атқаруының жалпы заңдылықтарын біртұтас және бөлінбейтін жүйе ретінде зерттейді. 2) негізгі түбірлі сұрақтар. Мемлекет және құқық теориясы пәніне қатысты сұрақтардың шеңбері оның заңдылықтарымен шектелмейді. Бұл сұрақтар мемелекет пен құқықты жалпы сипаттауы және анықтауы қажет. Мемлекет пен құқықтың, құқықтық жүйенің мәні, тұрпаты, нысаны, қызметі, құрылымы мен әрекет ету тетігін оқытуы және талдауы керек. 3) жалпы теория. Бұл жерде мемлекет және құқық теориясы мемлекет пен құқық туралы барлық ғылымдар жетекшілікке алатын және қолданатын құқықтанудың негізгі теориялық және түсініктері мен түрлерін дайындайды және анықтайды; олардың көпшілігі құқықшығармашылығы мен құқыққолдану тәжірибесінде пайдаланылады. 4) ғылымның біртұтастығы. Мемлекет және құқық теориясы – пәні болып мемлекет пен құқық, мемлекеттік және құқықтық құбылыстар, олардың өзара байланысы мен өзара әрекеттесуі болып табылатын ғылым. Айта кетер жағдай, мемлекет және құқық теориясы пәнін мыналар құрайды: 1) мемлекет пен құқықтың пайда болу, даму және қызмет атқару заңдылықтары; 2) Мемлекет пен құқықтың, құқықтық жүйенің мәні, тұрпаты, нысаны, қызметі, құрылымы мен әрекет ету тетігі; 3) барлық заң ғылымдары үшін жалпы, негізгі мемлекеттік – құқықтық түсініктер. Мемлекет және құқық теориясының әдісі болып зерттеуде қолданылатын тәсілдер мен құралдар болып табылады. Әдістерді көптеген ғылымдар қолданатын жалпы және жекелеген ғылымдарды немесе кейбір бөлімдері зерттеу үшін қолданатын жеке деп бөлуге болады. Мемлекет және құқық теориясының жалпы зерттеу әдістерінің арасында тарихи және логикалық әдістерді ерекше атау қажет. Зерттеуде соңғы мақсаттары бойынша сәйкес келетін тарихи және логикалық әдістер бір-бірінен шығыс материалдары бойынша, сонымен қатар, тікелей зерттеу міндеттері бойынша ерекшеленеді. Бірінші әдіс материалдарды түсіндіруде нақты – тарихи, тарихи – эмпирикалық нысандарымен, екіншісі – абстрактілі – теориялық нысандарымен сипатталады.


7 Жалпымен қатар, мемлекет және құқық теориясы қазіргі заманғы таным бойынша жеке ғылыми әдістері бар, нақты айтқанда: 1) жүйелі – құрылымдық талдау. Аталған әдіс мынадан шығады: а) бір-бірімен байланысты бөлшектердің жалпы кешенін құрайтын жүйені білдіреді; б) жүйе ортамен біртұтастықты қалыптастырады; в) кез-келген зерттелетін жүйе ереже бойынша жоғары тәртіп жүйесі бөлшектерін білдіреді; г) кез-келген зерттелетін жүйенің бөлшектері өз кезегінде төменгі тәртіп жүйесі ретінде шығады. 2) функционалды (қызметтік). Мемлекеттік – құқықтық жүйеде құрылымдық бөліктерді, олардың әлеуметтік маңызын, рөлін, қызметін, олардың арасындағы байланыстырды ерекшелеу, бөліп көрсету үшін пайдаланылады. 3) статистикалық. Мәліметтерді сандық тәсілдермен алуға негізделеді. 4) үлгілік. Мемлекет пен құқық, демократиялық үдерістер мен құқықтық реттеудің қызметтік әрекеттер тетігінің құрылымын көрсетуге бағытталған; 5) нақты әлеуметтік зерттеулер, жүйелі құрылымдық, функционалдық, статистикалық әдістер мен үлгілік әдістердің біртұтастығы негізінде жүзеге асады; 6) салыстырмалы ж.т.б. 2. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясы және оның басқа гуманитарлық ғылымдармен қатынасы Мемлекет және құқық теориясы әр түрлі гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланыста. Біріншіден, ол басқа ғылымдар (мемлекеттік, конституциялық), әкімшілік, еңбек, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу, ж.т.б. ғылымдар пайдаланатын негізгі, бастапқы түсініктерді қалыптастырады; екіншіден, мемлекет және құқық теориясы өзінің пәнін зерттеу үдерісінде басқа заң ғылымдарының мәліметтеріне жүгінеді. Мұндай өзара байланыстың мысалы ретінде осы қарастырып отырған ғылым мен жекелеген елдердің, аймақтардың әр түрлі уақыт кезеңіндегі мемлекеттік институттары мен заңнамасын зерттейтін мемлекет және құқық тарихы арасындағы байланыс бола алады. Осы жерде екінші ғылым мемлекет және құқық теориясы қалыптастырған мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуының жалпы заңдылықтары, мемлекет, құқық, олардың мәні туралы, мемлекеттік басқару нысаны туралы, мемлекеттік механизм және оның құрылымы, құқықтың бастаулары, заң, құқық салалары ж.т.б. түсініктерге жүгінеді. Сондай-ақ, айта кету қажет, мемлекет және құқық теориясы халықаралық құқық пен мемлекет және құқық туралы басқа да ғылымдармен өзара байланысты.


8 Мемлекет және құқық теориясы көптеген гуманитарлық ғылымдармен органикалық байланыста. Ең алдымен ол адамзаттың нақты және көптүрлі өткенін зерттейтін тарихпен байланысты. Мемлекет пен құқықтың пайда болу себептерін анықтай отырып, олардың болашақтағы дамуын зерттейді, мемлекет және құқық теориясы тарих ғылымының нақты мәліметтеріне жүгінеді. Бұл жерде жер бетінде миллиондаған жылдар өмір сүрген алғашқы қауымдық қоғам туралы, шамамен алты мың жыл бұрын әлемнің әр түрлі елдері мен аймақтарында пайда болған мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық жағдайлары туралы мәліметтер кіреді. Мемлекет және құқық теориясы мен экономикалық ғылымдар. Экономикалық ғылымдар бір-бірінің орнын тарихи алмастырып отыратын әлеуметтік – экономикалық формациялардың дамуын реттейтін өндірістік қатынастар мен экономикалық заңдарды оқытады. Мемлекет және құқық теориясы бұл жерде мемлекет пен құқық қоғамның экономикалық базисінің бөлінбейтін маңызды бір бөлшегі болып табылатындығы туралы алғышарттан шығады, адам өмірінің экономикалық жағдайларымен байланысты барлық мемлекеттік – құқықтық құбылыстарды қарастырады, олардың белсенді түрде экономикаға әсерін ашады. Мемлекет және құқық теориясы мен саясаттану. Саясаттану қазіргі әлемнің саясаты мен саяси жүйелерін оқытады. Қоғамның саяси жүйесі туралы саясаттанушылық мәліметтерге негізделе отырып мемлекет және құқық теориясы ондағы мемлекеттің алатын орны мен рөлі көзқарасымен, оның партиядан, қоғамдық ұйымдар мен саяси жүйенің басқа да субьектілерінен ерекшелейтін айырмашылықтары мен сипаттамаларын, мемлекеттің пайда болу мен қызмет етуінің құқықтық нысандарын қарастырады. Өз кезегінде саясаттану мемлекет және құқық теориясының саяси билік пен мемлекет, мемлекеттің қызметтері мен механизмі, мемлекеттің басқару нысандары мен ұлттық – мемлекеттік құрылым, саяси режим, заңдылық және құқықтық тәртіп ж.т.б. сұрақтар бойынша түсіндіретін ережелер мен қорытындыларды пайдаланады. Айта кетер жағдай, мемлекет және құқық теориясы мен жеке немесе құрылымдық заң ғылымдары арасындағы кері байланыстың тереңдеуі олардың тек кәсіби жағынан ғана емес, студент-заңгерлерді дайындаудағы жалпы теориялық рөлінің өсуіне алып келеді.мемлекет және құқық теориясының басқа гуманитарлық ғылымдармен тығыз қарым – қатынасы оның мазмұнын байытады, оның әлеуметтік бағалылығын көтереді, студент – заңгерлердің зияткерлік әлеуетін дамыту мен танымдық көзқарасын кеңейтуге, жалпы адамзаттық мәдениеттің құқықтық және құндылығын қоса отырып тиімді әсер етеді.


9 3. Құқықтық мәдениеттің қызметтері Құқықтық мәдениет ретінде сөзсіз қоғамның тек құқық шеңберінде ғана емес, басқа да салаларда даму көрсеткіші болып табылатын, тұлға мен қоғамның құқықтық жағдайы ретінде қабылдануы мүмкін ерекше әлеуметтік құбылыс түсіндіріледі. Құқықтық мәдениет нақты өмірде бірден бірнеше арнайы қызметтерді орындайды: 1) танымдық – қайта құрушылық қызметі, ол құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастыру бойынша теориялық және ұйымдастырушылық қызметпен байланысты болады. Ол қоғамдық, топтық және жеке мүдделермен келісе отырып әрекет етуге жаралған, адамды қоғамдық дамудың ортасына қояды, оған жеткілікті түрде жоғары өмір мен еңбек жағдайын қалыптастырады, әлеуметтік әділдікті, саяси бостандықты қамтамасыз етеді, жан-жақты дамуға мүмкіндік береді. 2) құқықтық реттеушілік қызмет, құқықтық жүйенің барлық бөліктерінің, сондай-ақ, жалпы қоғамның тұрақты, біркелкі, динамикалық және тиімді қызмет атқаруын қамтамасыз етуге бағытталған. Реттеу қызметі құқықтық және басқа да әлеуметтік нормалар арқылы жүзеге асырылады. Осы қызметтің арқасында құқықтық мәдениет әлеуметтік идеалардың бағынуын, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің бірлігін, қамтамасыз етеді, осы қатынастарға тәртіптілік бөліктерді енгізеді. 3) құқықтық мәдениеттің бағалық – нормативтік қызметі, аксиологиялық сипаттамалар жүйесі көмегімен көрініс табады. Ол әрекет етуші индивидтердің санасында және адамдардың, әлеуметтік институттардың іс-әрекеттерінде бейнеленетін, бағалы маңызға ие болатын әртүрі фактілерде көрініс табады. Осыдан шыға отырып құқықтық нормалар, басқа да құқықтық мәдениетті құраушылар бағалаудың обьектісі болып табылады. Бұл жерде құқықтағы бағалық және құқықтың өзін бағалы мүдде ретінде айтылуда. 4) құқықтық әлеуметтену қызметі, тұлғаның құқықтық сапасын қалыптастыру призмасы арқылы оқытылады. Сөзсіз бұл үдеріске құқықтық ақиқат маңызды әсер етеді. Сонымен қатар, мақсатты түрде бағытталған құқықтық тәрбиелік жұмыс қажет, халықты құқықтық ағарту жұмыстарының ұйымдастырылуы, оларға заңдық көмектер көрсетілуі, тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеу үдерістерін белсендіру бойынша іс-шаралар маңызды болып табылады. 5) коммуникативті қызмет. Ол азаматтардың заң саласында бір-бірімен қатынасқа түсуі қамтамасыз етіледі, сол арқылы бір-біріне әсер етеді. Бұл жерде азаматтардың тікелей тек құқық әрекеті шеңберінде қатынасуы ғана емес, сондай-ақ, олардың өткен дәуірлердегі тұлғалармен немесе қазіргі кезеңдегі замандастармен, бірақ, бізден аумағы жағынан, уақыты жағынан қашықта орналасқан тұлғалармен жанама түрде «қатынасқа түсуі» айтылады. 6) болжамдық қызмет, ол құқықшығармашылығы мен құқықты жүзеге асыруды, азаматтардың құқыққа сай мінез – құлқын қамтамасыз етуді, олардың әлеуметтік белсенділігін, барлық құқықтық жүйелер үшін ортақ


10 дамудың талдауын қамтиды. Қазіргі уақытта ғылыми болжам мен жоспарлаудың бөлшектері (мысалы, заңшығару қызметінде) күшейуде, соның өзінде, заң актілерін дайындау мен қабылдаудың логикасы мен бірізділігі әлі де жетілдіруді қажет етеді. Құқықтық салада болашақты болжайтын ақиқат қызмет тек құқықтық мәдениет мақсаттарына жету үшін сәйкес келетін құралдарды анықтаудан ғана емес, сондай-ақ, жаңа құқықтық бағалықтың пайда болуын қажет ететін, болуы мүмкін салдарларды айтып отырады. Құқықтық мәдениеттің дамуын болжайтын алғышарт ретінде тек құқықтық мүдделердің жағдайын зерттеп қана қою емес, заңшығармашылығы мен құқықтық жүйеге қарсы келетін жағдайларды жою, тұлғаның құқықтық дамуын қамтамасыз ететін жолдарды іздеп табудан тұрады. 4. Құқықтық нормаларды саралау Заң нормаларын әр түрлі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады: 1) қызметтік рөлі бойынша: а) жалпы нормалар – құқық саласының осы немесе басқа жалпы бөліміне қатысты және сәйкес құқық саласының барлығына немесе көп бөлігінің институттарына таралатын жазбалар; б) арнайы нормалар. Олар осы немесе басқа құқық саласының жекелеген институттарына қатысты және қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекшелігі, нақты жағдайлары ж.т.б. байланысты анықталған түрін реттейді.арнайы нормалар жалпыны бөлшектерге бөледі, олардың жүзеге асу жағдайларын уақыттық және кеңістік жағынан, тұлғаның тәртібіне құқықтық әсер ету тәсілдерін тексереді; 2) заң нормалары құқықтық реттеу пәні бойынша әр түрлі құқық салалары нормаларына бөлінеді, олар: а) мемлекеттік; б) әкімшілік; в) қаржылық г) жер; д) азаматтық; е) азаматтық іс – жүргізу; ж) еңбек; з) қылмыстық ж.т.б. салалық нормалар бөлінеді: а) материалдық; б) іс жүргізушілік, ол материалдық құқық нормаларын жүзеге асыру процедурасын, тәртібін, нысанын және әдістерін реттейді; 3) құқықтық реттеу әдісі бойынша құқық нормалары сараланады: а) императивті, немесе қатаң міндетті, жазбада көрсетілгеннен айналып кетуді, шегінуді болдырмайтын. Оған әр түрлі салаларына қатысты құқық нормаларының көпшілігі жатады.


11 б) диспозитивті, олар тәртіптің нұсқасын көрсетеді, субьектілерге заң шеңберінде өз қалаулары бойынша қатынастарын реттеу мүмкіндігін береді. Мұндай кең құқықтық автономияның мәні қатысушыларға өздерінің өзара құқықтары мен міндеттері туралы өздері келісуге мүмкіндік ұсынуға негізделеді. Егер олар мұны жасамаса, арнайы тәртіптің міндеті жазылады. Диспозитивті нормалар қазақстандық құқықтың көптеген салаларына тән, бірақ та көптеген жағдайда ол азаматтақ құқыққа қатысты, мұнда құқықтық реттеудің әдісі субьектілердің жағдайы жеке – даралығана негізделеді.; в) марапаттаушы. Субьектілердің өздерінің заңдық және қоғамдық міндеттерін ар – ұятымен орындайтын тәртіп нұсқасы үшін мемлекет пен қоғам қолдайтын пайдалы іс-әрекеттері үшін ұсынылатын марапаттау іс-шараларына қатысты жазбалар. г) ұсынушы, бағытталған субьектілер өздерінің жергілікті жағдайлары, мүмкіндіктері мен қорларын есепке ала отырып ұсынылған қалауды өздерінің құзіреттеріне сәйкес іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету үшін мемлекет қоғамдық қатынастарды реттеу барысында қалау нұсқасын бекітеді. Субьектілер – ұсынушы нормалардың адресаттары әртүрлі, бірақ қазақстандық құқықта қалыптасқан тәжірибеге сәйкес олардың бастылары болып ұжымдық ұйымдар және мемлекеттік кәсіпорындар табылады; 4) құқықшығармашылық субьектілері бойынша нормалар бөлінеді: а) жоғары заң күшіне ие заң нормалары; б) заң негізінде шығарылатын заңға қосымша нормативтік актілерде мазмұндалатын заңға қосымша нормалар; 5) әрекет ету аймағы бойынша заң нормалары шектеледі: а) жалпы әрекет етуші; б) шектелген әрекет; в) локальді; Заң нормаларының саралануы құқықтық реттеуді жетілдірудегі бай, жан – жақты мүмкіндіктерді тәжірибе жүзінде пайдалануға, қоғам дамуында үдайы түрде рөлінің өсуіне қолдау жасайды. 5. Құқықтың пайда болуы Құқықты басқаша әдет – ғұрыптар деп атауға болады, олар құқықтың бастауы, қайнар көзі болып табылады. Олар алғашқы қауымдық қоғамда қатынастарды реттеп отырды және тұрақталған нұсқадағы адамдардың тәртібін, өмірдегі нақты оқиғаларды бекіте отырып ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отырды. Әдет – ғұрыптармен алғашқы қауымдағы адамның барлық саласындағы қызметі реттелді. Олар кейінірек пайда болған жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық туралы көрініс берген мораль нормасымен, сонымен қатар, діни сенімдермен бірге кешенді түрде әрекет етті. Әдет – ғұрыптар жиі діни дәстүрлер нысанына жатқызылды және әдет болып қалыптасқан, өмірлік


12 қажеттілік болған тек қана қоғамдық пікірмен, ақсақалдардың беделімен ғана емес, жоғарыдан келетін жазаның қауіптілігімен де қолдау тауып отырды. Әдет – ғұрыптар, мораль нормалары, сонымен қатар, діни сенімдер алдыңғы кезекте барлық ұлымдық мүдделерді бейнеледі және қорғады. Жеке тұлға қоғамнан тыс ешкім емес болып танылды. Бірақ та, өндірістік экономикаға өту жеке адамның еңбегінің өнімділігін көтергені соншалықты, барлық әлеуметтік қатынастар жүйесі қайта құрылды, қоғамдағы адамның жағдайы өзгеріске түсті. Әрбір меншік иесінің мүддесі мүмкін болатын оқыс оқиғалар мен басқа тұлғалардың тарапынан болатын алдаудан кепілдендірілуі керек. Мұндай кепілдің рөлінде қоғамды бейнелейтін және оның өмірлік қызметін басқару үшін нақты, анықталған биліктік өкілеттіктермен қамтамасыз етілген органдар табылады. Бұл рөлді бұрын ру басылары және басқа да алғашқы қауымдық құрылыстағы биліктік органдар, кейінірек шіркеулер атқарды. Әдет – ғұрыптардың, мораль мен діни нормалардың әлеуметтік табиғаты қалыптасушы қатынастардың арнайы салаларын реттеуге аз жауап берді. Олар жаңадан туындап келе жатқан әлеуметтік байланыстар жүйесі қажет ететін қоғамдық және жеке мүдделердің жағдайын жеткілікті түрде есепке алып отырмады, бекітілген құқықтар мен міндеттер нақты, егжей – тегжейлі реттелмеді. Құқықтың қалыптасуына белсенді түрде қоғамның мүліктік қабаттарға бөлінуі қолдау білдірді. Жаңадан туындап келе жатқан мүлкі бар топтың өкілдері олардың жеке мүдделерін тек қорғап қана қоймай сондай-ақ бейнелейтін әлеуметтік нормалардың туындауына аса қатты қызығушылық білдірді. Бұл үшін өздеріне экономикалық қожайындықты қамтамасыз етіп, жайлап жалпыға міндетті тәртіп ережелерін шығаратын тұлғалардың шеңберін шектей бастады, және де өздерінің қоғамдағы жағдайының арқасында бұрыннан қалыптасқан тәуелділіктен құтылып, жасаған құқық бұзушылығы үшін материалды түрде өз бостандығын сатып ала-алатын мүмкіндікті алды. Жария биліктің күшейу шегі бойынша, қалыптасып келе жатқан мемлекеттік аппараттың құрамының өсуі, оның қоғамнан бөлінуіне байланысты халықтың негізгі бөлігі құқықтық жазбалардың мазмұнын қалыптастырудан шет қалды. Бұл тек таңдаулылардың ғана қолында болды. Заң нормаларындағы есепке алынған мүдделердің балансы қоғамда экономикалық және саяси қожайындықты жүзеге асыратын тұлғалар тарапына қарай көбірек бөліне бастады. Құқықтық жүйелердің көп мағыналылығына қарамастан, құқық әлеуметтік нормалардың ішіндегі ерекше бір түр ретінде, алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік нормалардан салмақты да, мәнді ерекшеленеді: 1) әдет – ғұрыптар барлық қоғаммен шығарылды, ал құқық не тікелей мемлекетпен, немесе басқа да әлеуметтік ұйымдардың (қоғамдық, ұжымдық, шіркеулік ж.т.б.) қатысуымен және оның бақылауымен қалыптастырылады; 2) әдет – ғұрыптар жалпы ерікті бейнеледі және қоғамдық мүддені қорғады, ал құқық қоғам мүшелерінің еркі мен қоғамдық, ұжымдық және жекелердің баллансын бейнелеуші болып табылады;


13 3) әдет – ғұрыптар негізінен арнайы бекітілмеген нысанда болды, ал құқық өз кезегінде өзінің сыртқы бейнесін ие болады және ол әр түрлі нормативтік актілер, прецеденттер, нормативтік мазмұнға ие шарттар, құқықтық әдеттер түрінде бекітіледі; 4) әдет – ғұрыптар бұзылуынан барлық қоғам болып қорғалды, ал құқық мемлекеттің ұйымдастырған арнайы құрылған мәжбүрлеу аппаратымен қамтамасыз етіледі. 6. Әлемнің әр түрлі халықтарында мемлекеттің пайда болу себептері мен нысандары Ескерте кету керек, әр түрлі елдердегі мемлекеттің қалыптасу үдерісі ір түрлі жүрді. Мемлекеттің пайда болуының үш негізгі нысаны ерекшеленеді: 1) афиндік. Афинадағы мемлекеттің пайда болуы классикалық жолмен жүрді, яғни, ішкі қарама-қайшылықтардан. Бұл үдерістегі маңызды кезең Тезейдің, Солон мен Клисфеннің реформалары болып табылады. Тезей орталық билік құрды және шығу тектеріне байланыссыз, қатыссыз халықты үш топқа бөлді: эвпатридтер (қайырымдылар), геоморлар (жермен айналысушыларй) және демиургтар (қолөнершілер). Бұл жерде тек қайырымдылар ғана лауазымды қызмет атқару құқығына ие болды. Солон азаматтарды төрт топқа бөлуде оларды мүліктік жағдайларымен байланыстырды (жер иеленуден түсетін кіріс пен оның көлемі). Басқару лауазымдарын тек жоғарғы үш топ қана жүзеге асыра алды, ал оның ішіндегі жауапты қызметтерді тек бірінші топ қана иеленді. Төртінші топтың тек қана халық жиналысында сөз сөйлеуге және сайлауға ғана құқығы болды. Клисфен Аттиканың барлық аумағын 100 өзін - өзі басқарушы қауымдық – округ (демге) бөлді, олардың басында ақсақалдар (демархтар) тұрды. 2) ерте римдік. Ердедегі римдіктерде мемлекеттің қалыптасуына рим аристократиясының түбірін қалаушы патрициялармен қоғамды басқаруға жіберілмейтін құқығы жоқ басқа жақтан көшіп келген халықтар плебеялар арасындағы күрес әсер етті. 3) ерте германдық. Ертедегі германдықтарда мемлекеттің пайда болуын үлкен аумақты Рим империясының жаулап алуы тездетті. Рулық құрылыстың билік органдары мұндай аумақты басқару үшін дайын болмады. Сол кездегі тарихи жағдайларда рулық бірлестіктердегі рим халықтарының санының көп болғанын ескермесе болмайды. Обьективті түрде қоғамнан жоғары тұратын және тармақтарға бөлінген басқару аппаратына ие басқа жария биліктің ұйымдастырылу қажеттілігі туындады. Әр түрлі халықтарда мемлекеттің қалыптасуына әр түрлі факторлардың (еңбектің, жеке меншіктің, топтардың бөлінуі) әсер ету деңгейі әр түрлі көрініс тапты. Егер Афинада олардың жиынтығының әрекеті өте жоғары болса, Азия мен Ежелгі Шығыс елдерінде жеке меншік те, әлеуметтік топқа бөлінген класстар да мемлекеттің құрылысына маңызды бір әсер еткен жоқ. Керісінше,


14 мемлекеттің өзі әлеуметтік топтар мен қабаттардың қалыптасуына қуатты катализатор болды. Бұл елдерде ру-тайпалық қауымдардың өмір сүруінің негізгі жағдайы олардың өздерімен орындалған ұйымдастырлған аса ауқымды ирригациялық және басқа да қоғамдық жұмыстар болды. Қауымаралық басқару органдары осы жұмыстарды басқарды, қауымдық әкімшіліктер мемлекеттік билік аппаратының негізін қалады. Мемлекеттің пайда болу насандарының көптүрлілігінің барлығы жинақталып, мемлекеттерді алғашқы қауымдық ұйымдардың жария билігінен даралайтын, оған өзіндік бір ерекшеліктер береді: 1) алғашқы қауымдық ұйымдардың билігі ру-тайпа бірлестігі барлық мүшелерінің қандық туыстығана негізделді, ал мемлекет - өзінің азаматтары мен құлдарының аумақтық қауымына. Аумақ бір мемлекетті екінші бір мемлекеттен бөліп тұратын кеңістіктің шегін, шекарасын, мемлекет органдарының қалыптасу тәртібі мен құрылымын, олардың міндеттері мен қызметтерін анықтайды; 2) мемлекет – бұл барлық халықтармен сәйкес келмейтін, саяси сипатқа ие, жария биліктің ерекше ұйымы. Егер алғашқы қауымдық құрылыстың қоғамдық билігі бүкіл қоғамның мүддесін бейнелесе және оның қалыптасуына барлық ересек адамдардың барлығы қатысса, саяси билік бірінші кезекте нақты бір бөліктің, әлеуметтік топтың, класстың ұжымдық мүддесін көрсетеді. 3) саяси билікті бейнелейтін мемлекеттік аппараттың көптеген қызметкерлерін қамтамасыз ету үшін салықтар, төлемдер, әр түрлі жинаулар өте қажет болып табылады. 7. Құқықтық мәдениеттің құрылымы Құқықтық мәдениеттің құрылымдық элементтері болып заң ақиқатының компоненттері табылады: 1) құқық; 2) құқықтық сана; 3) құқықтық қатынастар; 4) заңдылық; 5) құқықтық тәртіп; 6) субьектілердің құқыққа сай әрекеттері. Қоғамның құқықтық мәдениетін құраушы элементтер бірмезетте басқа құрылымдарға да қосылады. Одан басқа, бұл элементтер бірнеше әр түрлі жүйелерді құраушы компоненттер болып табылады. Құқықтық мәдениеттің қызметтік жағы ерекше назар аударуды қажет етеді. Бұл жағдайда ең алдымен қызметтің екі саласына ие болу қажет: 1) тікелей құқықтық аймақ; 2) құқықтық әрекет саласымен байланысты, бірақ, құқықтық емес сипатқа ие аймақ.


15 Жеке тұлғаның құқықтық мәдениетінің құрылымы көптүрлі, көп шекті. Мұнда құрылымның бірнеше жақтары туралы айтуға болады: көрініс табу нысандары, әлеуметтік деңгей, мазмұны ж.т.б. Жеке тұлғаның заңдық білімінің болуы үш жағдайда көрініс табады – құқықтық және мәдениеттік бағытта, олардың жүзеге асуы бойынша шығармашылық қызметте және жүзеге асудан алынған нәтижелерде. Жеке тұлғаның құқықтық мәдениетінің құрылымы екі жақты сапада көрініс береді (адам қызметінің типі және оның құқыққа, салаға, жекелеген заңға бағыты). Жеке тұлғаның құқықтық мәдениетін бағалауда оның ие болған құқықтық құбылыстарға деген танымының деңгейі мен тереңдігін есепке алу керек. Бұл жерде құқықтық мәдениеттің қарапайым, кәсіби (арнайы) және теориялық деңгейлері бөлініп шығады. Қарапайым деңгей адамдардың күнделікті өміріндегі құқықтық құбылыстарға байланысты шеңберімен шектелген. Мұндай мәдениет көмегімен құқықтық тәжірибенің барлық жақтарына обьективті түрде ой білдіруге және бағалауға болмайды. Бірақ та оны ескермеске, екінші топтағы деп, елемеуге болмайды. Кәсіби деңгей арнайы құқықтық қызметпен айналысатын тұлғаларда бекітіледі. Тікелей, күн сайын, құқықтық түсініктер мен құбылыстармен қатынаста болғаннан кейін заңгерлерде кәсіби құқықтық мәдениет қалыптасады. Оларда басқаларға қарағанда құқықтық мәселелер, міндеттер, мақсатар, сонымен қатар, кәсіби тәртіп туралы жоғары білім деңгейі мен түсініктер тән болады. Құқықтық мәдениеттің теориялық деңгейі құқықтық құбылыстардың мәні, сипаттамасы және олардың өзара әрекеттесуі туралы жалпы ғылыми білімдерді, тек жекелеген бағыттар емес, құқықтық реттеу тетіктерінің барлығы бейнелейді. Ол ғалым – философтардың, әлеуметтанушылардың, заңгерлердің ұжымдық күшімен, тәжірибеде қызмет атқарушылардың қоғамдық тәжірибесінен пайда болады. Құқықтық мәдениеттің теориясы өмірдің осы және басқа да салаларын құқықтық реттеудегі қоғамның концептуалды саналы қажеттіліктерінің нысаны ретінде құқықтың идеялық – теориялық қайнар көзі болуы мүмкін және қажет. Құзыретті органдар құқықшығармашылығында және құқық қолдануда жеткілікті жоғары теориялық деңгейге ие болады. Қарапайым, кәсіби және теориялық құқықтық мәдениет деңгейлері бір-бірімен тығыз өзара байланыста. Жеке тұлғаның құқықтық мәдениетінен айырылмайтын, біртұтастықта болатын үш категорияны бөлуге болады: 1) идеялық – теориялық құқықтық көзқарастар. Бұл әрекет етуші немесе болашақта болуын қалайтын құқыққа, құбылыстарға, жалпы құқықтық өмірге деген көзқарастар жүйесі; 2) позитивті құқықтық сезімдер, құқықтың әрекет ету саласында көңілкүймен, психологиямен, әдеттер мен дәстүрлермен бірге әлеуметтік – құқықтық психологияны құрайтын құқықтық сезімдер. Оның позитивті түрде көрініс беруі құқықтық мәдениеттің құрамды элементі болып шығады. Құқықтық көзқарастардың теориялық, жүйелік түрде бейнеленуі құқықтық мәдениеттің жетекші тарабы ретінде шығатын құқық теориясын құрайды. Жеке тұлғаның құқыққа және құқықтық түсініктерге деген позитивті эмоциялық қатынастары; 3) индивидтің құқықтық саладағы шығармашылық қызметі.


16 8. Мемлекеттің пайда болуы туралы негізгі теориялар Мемлекеттің де, құқықтың да пайда болуы туралы көптеген теориялар өмір сүреді. Мұндай теориялардың көп мағыналы, көп түрлі болуы адамдар ертеденақ мемлекет пен құқыққа қатысты сұрақтарға қызығушылық танытуынан деп түсіндіріледі. Әр түрлі тарихи кезеңдерде ғалымдар мен ойшылдар көптеген тиісті теориялар ұсынды, соның ішінде мемлекеттің пайда болуы туралы. Оларға: Аристотель, Ф. Аквинский, Р. Филмер, Н.К. Михайловский, Т. Гоббс, Дж. Локк, Ж.Ж. Руссо, А.Н. Радищев, Е. Дюринг, К. Маркс, Ф. Энгельс, В.И. Ленин ж.т.б. жатқызуға болады. Барлық теориялар уақыттың әр түрлі кезеңдері мен дәуірлерінде шығарылған және экономикалық, қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты өзгеріске түсіп отырды. Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориялары болып: 1) теологиялық. Бұл теорияның негізін мемлекет пен құқықтың бастауы құдайдан басталады деген идея құрайды. Бұл институттар құдыреттің еркі, Құдайдың жердегі билігінің жүзеге асуының көрініс беру нәтижесі болып табылады. Бұл жағдайда кез-келген билік шіркеудің билігінен, діни ұйымдардың билігінен шыққан, ал халық өз кезегінде сөзсіз мемлекеттің барлық еркі мен қалауына бағынуы тиіс деп бекітілді. 2) патриархалдық. Аристотельдің ұстанымына сәйкес мемлекет отбасының өзіне тән өсіп-өркендеуінің көрінісі. Бұл жағдайда монархтың билігі отбасындағы әке билігімен сәйкестендіріледі. Ол өзінің отбасы мүшелеріне қамқорлық жасайды және олардың қалауын, айтқанын қамтамасыз етеді. Соңғылары өз кезегінде барлық жағынан отбасының басшысына бағынуы тиіс. 3) келісім – шарттық. Берілген теорияға сәйкес мемлекет қоғамдық келісімнің нәтижесінде пайда болған. Мемлекет адамдардың «барлығының соғысы барлығына қарсы» жағдайында болуы және олардың құқықтары жиі бұзыла бергеннен кейін пайда болған. Адамдар өздерінің қорғалуын қамтамасыз ететін ұйымның құрылу қажеттілігін сезінгеннен кейін аталған қоғамдық келісім – шарт пайда болды, онда адамдар өздерінің құқықтарының бір бөлігін өз еріктерімен мемлекетке береді, соңғысы өз кезегінде келісімге қатысушыларды қорғауға міндеттенеді. 4) күштеу теориясы. Берілген теорияға сәйкес мемлекет әлсіз және қорғансыз тайпаларды күштілер мен жақсы ұйымдасқандары жаулап алу жолымен, күштеудің нәтижесінде пайда болған. Бұл теория өкілдерінің көзқарасынша мемлекет күштілерінен гөрі, әлсіз тайпаларға көбірек қажет. Жаулап алушылардың ұймдастыру және басқару әркеттері жақсы құрал ретінде жаулап алынғандарды басқа күшті тайпалардың жаулап алу мүмкіндігінің алдын – алатын қуатты қорғау құралы болып табылды. 5) психологиялық. Мемлекеттің пайда болуы адамның психикасына тән индивидтің ұжымда өмір сүру қажеттілігімен түсіндіріледі. Күнделікті өмірде тапсырмасын жетекшілікке алып отыратын беделді іздеуге тырысудан, басшылық ету мен бағынуды қалауынан пайда болған. Берілген теорияның өкілдері өздерінің идеясын түсіндіру үшін адам санасының діни және саяси


17 қайраткерлердің, патшалардың, корольдардың ж.т.б. жетекшілердің беделіне бағынышты болған тарихи мысалдарға сілтеме жасайды. 6) маркстік. Бұл теорияға сәйкес мемлекет әлеуметтік – экономикалық қатынастардың, өндіріс тәсілдерінің өзгеру нәтижесі, класстардың пайда болуы мен олардың арасындағы күрестің қорытындысы. Адамдарды қанау құралы, бір класстың екіншілеріне қожалық етуді қолдау ретінде көрініс табады. Бірақ та класстар жойылса мемлекет те жойылады. Мемлекеттің пайда болуы туралы басқа да теориялар өмір сүреді. Олардың ешқайсысы да мемлекеттің пайда болуын нақты, жеткілікті түсіндіріп бере алмайды. Олар әр қайсысы тарихтың сол кездегі дәуіріндегі әлеуметтік – экономикалық қатынастардың, идеологияның және басқа да көрсеткіштердің даму деңгейіне байланысты өзіндік кемшіліктермен түсіндіріледі. 9. Азаматтық қоғам «Азаматтық қоғам» термині нақты бір қоғамның әлеуметтік – экономикалық, саяси және құқықтық табиғатын, даму, аяқталу деңгейінің типін бейнелейді. Басқаша айтқанда, бұл түсініктің астарында тарихи тәжірибелерден жинақталған критерийлерге жауап беретін қоғам тұрады. Бұл әлеуметтік қауымның дамуындағы жоғары деңгей, өсіп - жетілуінің, ақылдылық пен әділеттіліктің шегі. Азаматтық қоғам идеясы көпшілікке, қоғамдық санада әлсіз таралған. Одан гөрі құқықтық мемлекет идеясы кең бекітілген. Азаматтық қоғам ретінде мемлекеттен белгілі бір тәуелсіздікте болуы қажет мүліктік, нарықтық, отбасылық, адамгершілік қатынастарының ерекше саласы түсіндіріледі. Осы мағынада азаматтық қоғам цивильдік, жеке т.б. мағынада талқыланды, яғни ресми институттардан басқа өмірде тіршілік ететін олармен бақыланбайтын жекелеген индивидтер мен олардың ұжымдары мүдделерін жүзеге асыру саласы, тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзарақатынастармен де талқыланды. Мұндағы сөзде биліктің жеке тұлғаның азаматтық істеріне, адамдардың жеке өміріне араласпауы туралы айтылды. Еркін кәсіпкерліктің әлеуметтік ортасы назарға алынады, мемлекет бұл жерде тек қана түнгі қарауыл, арбитр, бақылаушы рөлін ғана атқаруы қажет болады. Азаматтық қоғам ресми билікпен қатты қадағаланбайтын нарықтық қатынастардың және басқа да қызмет нысандарының синонимі ретінде пікірленді. Гегель бойынша, азаматтық қоғам – ең алдымен жеке меншікке негізделетін тұтынушылық жүйесі, сонымен қатар, дін, отбасы, сословия, мемлекеттік құрылым, құқық, мораль, міндет, мәдениет, білім, заңдар және осылардан туындайтын субьектілердің үйлесімді заңдық байланыстары. Азаматтық қоғам туралы сұрақ адам тұрмысының саналы және мақсатты құрылысы туралы сұрақ ретінде тарихи қойылды. Әңгіме өркениет дамуының жаңа кезеңі, саналы түрде ресми мойындау мен көрініс табуды алуы тиіс қоғамдық үдерістің жаңа белесі туралы болды. Мұнда барлық ұсынылған


18 үлгілер мен тұжырымдарда нақты бір лейтмотив болды – ол меншік және мемлекеттің жалғыз ұйымдастырушық және қадағалаушық рөлінен, барлық әлеуметтік түйіндер мен байланыстарды өз қолына жинақтауға тырысудан бас тартуы. Әр елдің өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, тәуелсіз, кез-келген азаматтық қоғам негізінде барлығына ортақ, жалпы идеялар мен қағидалар тізімі өмір сүреді: 1) экономикалық бостандық, меншік нысандарының көптүрлілігі, нарықтық қатынастар; 2) адам мен азаматтың табиғи құқықтарының сөзсіз мойындалуы мен қорғалуы; 3) биліктің легитимділігі және демократиялық сипаты; 4) заң мен әділсот алдында барлығының тең болуы, жеке тұлғаның заңмен сенімді қорғалуы; 5) биліктің бөлінуі мен өзара бірлесіп қызмет атқару қағидасына негізделген құқықтық мемлекет; 6) саяси және идеологиялық плюрализм, шын мәнінде әрекет етуші оппозицияның болуы; 7) сөз бен баспасөздің еркіндігі, бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі; 8) мемлекеттің азаматтардың жеке өміріне араласпауы, олардың үйлесімді, өзара міндеттері мен жауапкершілігінің болуы; 9) класстық әлем, серіктестік және ұлттық келісім; 10) адамдардың жеткілікті өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін тиімді әлеуметтік саясат. Азаматтық қоғам – мемлекеттік – саяси емес, бастысы адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік – экономикалық және жеке саласы, олардың арасындағы нақты қалыптасқан қатынастар. Бұл жеке басқару режимі, класстық қызғаныш, жек көрушілік, тоталитаризм, адамдарға күш көрсету жоқ, еркін, демократиялық, құқықтық, өркениетті қоғам, мұнда, заң мен мораль, гуманизм мен әділеттілік қағидалары құрметтеледі. 10. Саяси билік әлеуметтік биліктің ерекше бір түрі ретінде Мемлекет қоғаммен бірікпейтін, одан бөлек, ерекше жария билік ретінде танылады. Сонда да бұл категорияны өзінің түбірін дәл қоғамнан табатын ойдан шығарылған ретінде қарастару керек. Сондықтан саяси билікті әлеуметтік биліктің ерекше бір түрі ретінде қарастыру қажет. Билік - әр түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың қоғамдық өмірдің сипаты мен деңгейіне сәйкес қызмет атқаратын, сол қауымдастық жетекшілерінің еркіне жекелеген тұлғалар мен олардың бірлестіктеріінің бағыныштылық еркі қатынасында болатын құрал. Саяси билік мәселесін түсіну үшін жалпы биліктің не екенін түсініп алу қажет, яғни, билікті жалпы әлеуметтік категория ретінде


19 қарастыру керек. Билік кез-келген адамдардың ұйымдасқан, тұрақты қалыптасқан, мақсатты қауымына тән. Кез-келген биліктің мазмұнының ажырамас элементі мәжбүрлеу болып табылады. Қоғамдық билік тарихи жағдайлар мен биліктің сипатына сәйкес әр түрлі мазмұн мен нысандарға ие болатын мәжбүрлеусіз болмайды. Тағы да айта кету қажет, билік бойынша қатынас немесе биліктік қатынас ерікті сипатқа ие және өзінің құрылымы жағынан «қожалық ету - бағыну», «жетекшілік - бағыну» көзқарасымен қалыптасады. Нақты тарихи жағдайларға байланысты билік «қожалық ету - бағыну» және «жетекшілік - бағыну» қатынастарының байланысы ретінде шығуы мүмкін, немесе «жетекшілік – бағыну» қатынасында ғана көрініс беруі мүмкін. Саяси (мемлекеттік билік) қоғамдық биліктің ерекше бір түрі ретінде көрініс береді. «Мемлекеттік билік» және «саяси билік» терминдері артында тұрған түсініктері сияқты бір-бірімен тең, ұқсас – синонимдер. Саяси билік өзіндік мағынада мемлекеттік билік деген ұғым, яғни, ол мемлекеттен шығады және соның қатысуымен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады. Тарихқа, рулық құрылысқа көз жүгірте отырып мыналарды атап өту қажет: 1) рулық құрылыста қоғамдық билік тапқа бөлінбеген, барлық қоғамның, оның барлық мүшелерінің мүддесін білдірді. Мемлекеттік билік таптық сипатқа ие, жекелеген әлеуметтік топтардың мүддесіне бағытталады, қорғайды. 2) тапқа бөлінбеген қоғамда рулық билік ру басылармен, ақсақалдармен және басқа да таңдаулы тұлғалармен жүзеге асырылды, олар барлық тең адамдардың ішіндегі біріншілері болды, олар басқару үшін арнайы құрылған қандай да бір ерекше аппаратты немесе тұлғалар қабатын білген жоқ. Саяси, жария биліктің рулықтан айырмашылығы, тікелей халқымен сәйкес келмейді, ол адам қоғамынан бөлінген басқаларды басқарумен айналысатын адамдар санатынан құралған басқару аппаратымен жүзеге асырылады. 3) рулық құрылыста қоғамдық пікір мен көзқарастан басқа әдет – ғұрыптарды сақтау мен ру басшыларының билігіне бағындырудың басқа ешқандай әдістері болған жоқ. Саяси билік мемлекеттің мәжбүрлеу мүмкіндігіне жүгінеді, оны жүзеге асыру үшін жазалаушы және құқыққорғаушы органдар деп аталатын, осы мақсатта арнайы дайындалған аппарат, қарулы күштер құрылады. 4) материалдық игіліктерді өндіруге тікелей қатыспайтын, тармақтарға бөлінген мемлекеттік аппаратты асырауүшін, мұндай жария билікті қамтамасыз ету үшін қоғамның рулық құрылысында белгісіз болған азаматтардың жарнасы – салықтар қажет. 5) қоғамның рулық ұйымында адамдар қандық туыстығы қағидасы бойынша бөлінді, саяси билік мекемесі халықты аумақтық белгілері бойынша топтастырады, бөледі.


20 11. Мемлекет түсінігі Мемлекет ең алдымен аумақтық құрылымды білдіреді. Демократиялық мемлекетте биліктің шегі, қалыптасуы, қызмет атқаруы құқыққа негізделеді, оның жоғарғы мақсаты болып адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғау табылады, ол сонымен қатар, құқықтық мемлекет деп те аталады. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету – демократия мен құқықтық мемлекеттің өмір сүруі мен мықтылығының негізі. Мемлекет – бұл таптық міндеттермен қоса, жалпы істерді орындау үшін қажетті, кез – келген қоғамның табиғатына тән саяси биліктің ұйымы. Мемлекет болып қоғаммен бірігіп кетпейтін, қоғамнан бөлінген ерекше жария билік табылады. Мекмлекеттік билік тек басқарумен айналысатын органдармен жүзеге асырылады. Бұл билікке қарама – қайшы жүзеге асырылуында арнайы жария мекемелердің жоқтығымен сипатталатын қоғамдық билік болады. Бұл жерде қоғамды немесе әлеуметтік топты басқаруды жүзеге асыру қоғамның немесе топтың ішінде болатын, сыртында емес, институттар көмегімен жүзеге асырылады, сондықтан, басқару әрекеті туралы емес, өзін - өзі басқару туралы айтуға болады. Мемлекет қоғамдық өмірді тек ұйымдастырумен айналысатын, бірақ өздері ештеңе өндірмейтін органдар арқылы көрініс табатын болғандықтан, олар халықтан ақшалай төлемдер жинауға құқығы бар. Салықтар, төлемдер, займдар мемлекеттік аппаратты асырауға және саясатты экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге кетеді. Мемлекеттің бұл сипаты оның жария билік ретіндегі түсінігінен шығады. Мемлекеттің билігі, мысалыға, алғашқы қауымдағы өмір сүрген биліктен ерекшелігі нақты бір анықталған аумаққа ғана таралады. Соңғысы орналасқан жеріне қарамастан ру мүшелерінің барлығына таралды. Мемлекет егемендікке ие. Егемендік – бұл биліктің ел ішіндегі жоғарылығы және елдің сыртындағы тәуелсіздігі. Егеменді билік жоғары, тәуелсіз, бөлінбейтін, қол сұғылмайтын, жалпыға бірдей билік ретінде түсіндіріледі. Егемендік мемлекет ие болатын билік сипаттарының бірі болып табылады. Мемлекет билігінің егеменді болуы билікке қатысты оның шегінде және аумағынан тыс орналасқан барлық жеке тұлғалар мен ұйымдардың билігінен жоғары және тәуелсіз болуын білдіреді. Егемендікті құрайтын осы екі белгілерінің ішінен негізінен көп уақыт бойы екіншісі туралы айтылды (тәуелсіздігі, мемлекеттік суверен ретіндегі кез – келген мемлекеттен жоғары құрылымға немесе басқа мемлекетке бағынбауы). Әлеуметтік дауларды шешу құралы ретінде артықшылыққа ие мемлекет ереже бойынша қоғамдағы демократияның даму деңгейіне сәйкес болуы керек. Билігінің шегі қатаң түрде құқыққа негізделетін, сонымен қатар, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғау басты мақсаты болып табылатын демократиялық өркениетті мемлекет құқықтық мемлекет ретінде мойындалады. Демократия мен құқықтық мемлекет барлық қоғам үшін қажет заңдылық пен құқықтық тәртіпті туындатады. Мемлекетті өте күрделі


21 құбылыс екенін ескере отырып, оның мәні мен әлеуметтік маңызына жоғарыда аталғандардан басқа, тікелей әсер ететін факторлар қатарында, нақты тарихи жағдайлардағы жекелеген елдердің дамуында діни факторды (Иран, Пәкістан, Ауғанстан), ұлттық факторды (Балтық мемлекеттері) және тағы да басқаларды атауға болады. Бірақ та, айтылғандар барлық осы факторлардың барлығы жалпы мемлекет анықтамасында көрініс беруі керек дегенді білдірмейді. Мұнда оған тән жалпы адамзаттық және таптық бастауларын айтсақ та жеткілікті. 12. Мемлекеттің мәніндегі жалпыадамзаттық және таптық бастаулар Мән жалпы алғанда пән, зат және құбылыстың ең керекті де, қажетті маңызды, тұрақты, деген терең байланыстар мен қатынастарды анықтайтын, басқа барлық белгілері мен өзіне тән жақтары соған байланыста болатын ерекшеліктерінің жиынтығын білдіреді. Соған сәйкес, мемлекет мәнінің мәселелері – оның ең маңызды сипаттарын анықтайтын мәселелер. Теорияның бекітуінше, мемлекет қоғамдық құбылыстар саласына жатады. Мемлекет мәнін қоғамның таптық құрылымы, қоғамдық қатынастар жүйесінде қай таптың билік ететіндігі, соған байланысты мемлекетті өздерінің билігінің құралы ретінде құруы анықтайды. Эксплуататорлық қоғамда мемлекеттің мәні экономикалық билік етушілер мен эксплуататорлыққа ұшыраған тап арасындағы антагонистік қарама – қайшылықтармен түсіндіріледі. Капитализмнен социализмге өту барысындаға өтпелі қоғамда мемлекеттің мәні жеңіске жеткендер мен жеңілген таптар арасындағы антагонизммен, сонымен қатар, барлық еңбек етуші халықтардың достастығымен анықталады, ал социалистік қоғамда мемлекеттің мәні жұмысшылар, шаруалар мен интеллегенция (зиялы қауым) одағынан тұрады. Мемлекеттің мәнін түсіндіретін экономикалық, таптық және жалпы адамзаттық бастаулар оның негізгі әлеуметтік маңызын, бағытын да – экономикалық билік етуші таптың мүддесі үшін қоғамдық қатынастарды реттеуді анықтайды. Жоғарыда аталғандардан шыға отырып, айтуға болады, таптық қоғамнан тұратын мемлекеттен теориялық тұрғыдан ең алдымен таптық билік етушілердің құралын көрдік, одан кейін барып – қоғамдық өмірді ұйымдастыру үшін қажетті жалпы әлеуметтік басқару аппаратын көрдік. Қазіргі заманғы философиялық көзқарасқа сәйкес мән, яғни, кез – келген адаммен жасалған және пайдаланылатын заттың, құбылыстың, үдерістің басты сипатын анықтайтын, басты нәрсе, әдетте, оның маңызымен, адам қажеттілігін қанағаттандыру тәсілімен байланыстырылады. Осы бағыттан алғанда мемлекет мәні оның әлеуметтік маңыздылығынан тұрады, нақтырақ айтқанда қоғамдық қатынастарды реттеуден, қоғамды басқарудан құралады. Адам қоғамының ары қарай өмір сүруі үшін қоғамды өмірді ұдайы, тұрақты өндіріп және қайта өндіруді қамтамасыз ету қажет. Ол әлеуметтік басқарудың болуына жеткізеді. Биліктің ерекше ұйымы ретіндегі мемлекеттің маңызы қоғам алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үдерістерін басқаруен нәтижеленеді.


22 Мемлекеттік басқару – бұл мемлекеттің мақсатты түрде қоғамдық қатынастар жүйесіне оларды тәртіпке келтіру мен жоспарлы түрде дамыту мақсатымен әсер етуі. Мемлекеттің мәндік сипаттамасы үшін кейде «мемлекет құндылығы» категориясы пайдаланылады; мемлекеттің құндылығы қоғамдық дамуды бағыттай алу нақты қабілетінен тұрады. Мемлекет мәнінің екі жағын бөліп қарастыру қабылданған, өйткені қоғамды басқару мемлекетпен бүкіл қоғам мүддесі үшін, сондай-ақ жекелеген тұлғалар немесе билікте тұрған әлеуметтік топтар мүддесі үшін жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан, бір жағынан мемлекет қоғам өмірін ұйымдастыру құралы ретінде шығатын, ең алдымен бүкіл қоғамдық мүдделерді есепке алатын басқару құралы, биліктің ерекше ұйымы деп айтылады. Екінші, басқа жағынан, мемлекет азшылықтың қолындағы көпшілік халықты басып отыру үшін қызмет атқаратын құрал, экономикалық немесе саяси билігі бар аз ғана әлеуметтік топтың тиісінше мүддесін жүзеге асыру құралы болып табылады. Мәннің осы екі жағы әр түрлі мағынада, мазмұнда қазіргі өмір сүріп отырған, және де адамзат тарихында әр кезеңдерде өмір сүрген барлық мемлекеттерде болады. 13. Мемлекетті басқа мекемелер мен қоғамдық ұйымдардан ерекшелейтін белгілері Мемлекет, құқық сияқты мемлекет және құқық теориясы ғылымының пәнінде орталық орынды алады. Берілген категорияны терең түсіну үшін мемлекеттің басқа қоғамдық бірлестіктерден ерекшелейтін сипаттамалық белгілерін анықтап алу керек: 1) тек басқарумен айналысатын органдармен жүзеге асырылатын жария билік. Мемлекет қоғамдық өмірді тек ұйымдастырумен ғана айналысатын және өздері ештеңе өндірмейтін органдардың көрінісі болып табылатындықтан, халықтан ол ақшалай алымдар жинауға құқығы болады. Әр түрлі салықтар, алымдар, займдар мемлекеттік аппаратты асырау және саясатты экономикалық қамтамасыз ету үшін жұмсалады; 2) мемлекет билігі тек белгілі бір нақты аймаққа ғана таралады; 3) мемлекет егемендікке ие болады. Егемендік – бұл биліктің ел ішіндегі жоғарылығы мен сыртта басқа елдерге тәуелсіздігін білдіретін категория. Егеменді билік жоғары, тәуелсіз, бөлінбейтін, жалпыға бірдей, ортақ, қолсұғылмайтын билікті білдіреді. Егемендік – бұл мемлекет ие болатын биліктің бір сипаты. Мемлекет билігінің егемендігі оның аумағы шегіндегі және одан тыс орналасқан барлық тұлғалар мен ұйымдардың билігіне қатысты оның жоғарылығы мен тәуелсіздігін білдіреді. Мемлекет егемендігі ішкі және сыртқы саясат саласында шешімдерді қабылдауда жеке даралықтан; мемлекеттік биліктің оның барлық ел аумағына таралуынан; мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдерінің кімге қатысты болса соларға жалпыға міндеттілігінен; басқа биліктің шешімдерін жоя алу мүмкіндігінен көрінеді. Құқықтық көзқарас бойынша егемендік барлық азаматтар, ұйымдар мен


23 мекемелер үшін міндетті заңдарды, әр түрлі нормативтік құқықтық актілерді, құқық қолдану актілерін шығара алу құқығынан; заңды түрде күш қолдана алу құқығынан (соның ішінде, бас бостандығынан қысқа мерзімге айыру мен өмірінен айыру мүмкіндігі бар физикалық күш) көрінеді. Бұл үшін мемлекетте арнай соған сәйкес органдар бар (соттық, әскери, қауіпсіздік қызметі ж.т.б.); 4) мемлекеттің оның барлық аумағына тарайтын заңдар мен заңға қосымша нормативтік актілер шығара алу мүмкіндігі және құқық нормалары орындалуы үшін міндетті болып табылады. Локальды актілер де орын алуы мүмкін, олар мемлекет ішінде орналасқан әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктер шығарады және олар шектеулі тұлғалар шеңбері үшін міндетті сипатқа ие. Бірақ та соңғылары заңмен және заңға қосымша актілермен бекітілген норма шеңберінде ғана жасалады. 5) мемлекет саяси жүйедегі күшті аппаратқа ие жалғыз ұйым болып табылады. Оның қол астында сот, прокуратура, әскер, полиция, қауіпсіздік қызметі ж.т.б. бар. Олардың барлығы мемлекет ішінде тәртіп орнатуға, оны қолдауға, оның шекарасындағы қауіпсіздік пен егемендігін қамтамасыз етуге жаралған. 6) мемлекет құқықпен тығыз байланыста болады. Жоғарыда келтірілген мемлекеттің белгілерінің барлығының сипаттары – бұл мемлекет билікке (жария, аумақтық, егеменді) ие болатын ұйым екендігін сипаттайды. Мемлекеттік билік – мемлекеттік – құқықтық институттарға берілген, таралған және қоғамды басқаруды ұйымдастыру үшін арналған әлеуметтік биліктің бір түрі. Мемлекет және құқық мемлекеттік билікті ұйымдастыруды рәсімдейтін, оны тұрақты түрде қызмет атқаратын және міндетті ететін әлеуметтік институттар. Мемлекеттік билік құқықтық нысанда мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады. 14. Құқықтық презумпциялар, аксиомалар мен заңдық фикциялар Құқықтық презумпциялар және аксиомалар – бұл құқық теориясы мен тәжірибесінің ұзақ уақыт бойы дамуындағы қалыптасқан арнайы тәртіп, ереже (қағидалар) түрлері. Олар құқық шығармашылығында, құқық қолдануда, сот, прокуратура, тергеу әрекеттерінде маңызды реттеушілік – ұйымдастырушылық рөл атқарады, заңдылықты орнатуға әер етеді. Презумпция қандай да бір фактілер, оқиғалар, жағдайлардың өмір сүруі (немесе алда болу мүмкіндігі) туралы ұстанымдарды білдіреді. Оның негізінде өмірлік оқиғалардың қайталануы жатады. Егер бір жағдай жүйелі түрде болып жатса, онда баламалы жағдайда ол қайталанды немесе осы жолы қайталанады деген ұстаным жасауға болады. Мұндай қорытынды шығару дәл, нақты емес, тек мүмкіндікті білдіреді. Ізінше, сәйкесінше презумпциялар болжамдық сипатқа ие болады. Сонда да олар қоршаған ортаны тануда маңызды қосымша құрал ретінде қызмет атқарады. Олар ақиқатты бекітуде көмектесуші құрал ретінде шығады. Олардың ғылыми және тәжірибелік құндылығы осында.


24 Құқықтық презумпциялар әдебиеттерде құқық нормасындағы заңдық актілердің бар немесе жоқ екендігі туралы ұстанымдар ретінде анықталады. Құқықтық презумпциялар – жалпы презумпциялардың бір түрі. Біріншілердің ерекшелігі, олар тікелей немесе жанама түрде нормативтік актілерде бейнеленеді, қоғамдық қатынастарды заңдық тұрғыдан реттеу қажеттілігімен түсіндіріледі, тек қана құқықтық ортада ғана өмір сүреді. Құқықтық әдебиеттерде келесі презумпциялар бөлінеді: 1) заңды білу презумпциясы. Бұл жерде біздің қоғамның әрбір өкілі осы елдің заңын білуі керек дегенді білдіреді. Заңды білмей, оны бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатылмайды деген қорытынды шығаруға болады. 2) кінәсіздік презумпциясы. Оған сәйкес егер кінәсі дәлелденбесе құқық бұзушылық жасағаны үшін әр кім кінәсіз болып табылады. 3) заңның әділдігі презумпциясы. Құқықтық аксиомалар дәлелдеуді қажет етпейтін, анықталған, белгілі ақиқат, шындықтар. Олардың маңызы олар бекітілген және жеткілікті, мәлім білімдерді бейнелейді. Ғылым оларға өмірмен тексерілген мәліметтер ретінде жүгінеді. Жалпы құқық теориясында аксиоматиялық жағдайлар көп: 1) кім заң бойынша өмір сүрсе, ол ешкімге зиян келтірмейді. 2) өзінің жеке ісіне өзі судья болмау керек. 3) тыйым салынбағанның бәріне рұқсат. 4) кез- келген күдік кінәлінің пайдасына шешіледі. 5) адамдар еркін және тең құқылы болып туылады. 6) заң кері күшке ие болмайды. 7) бір құқық бұзушылығы үшін екі немесе одан да көп жазалау әділетсіз. 8) екінші тарап та тыңдалсын. 9) кек алу құқықбұзушылықты ақтамайды. 10) бір куә куә емес. 11) егер кінә дәлелденбесе күдікті ақталуы тиіс. 12) жауап есептелмейді, оқылмайды, ол сарапталады, салмақталады. 13) кінәліні кешірген, ақтаған, босатқан, кінәсізді жауапқа тартады. 14) әділ сот мемлекетті күшейтеді, мықты етеді. 15) билік тек қайырымдылық, жақсылық үшін өмір сүреді ж.т.б. Бұл аксиомалардың барлығы маңызды реттеушілік, қолданбалы және танымдық рөл ойнайды. Заңдық фикциялар – ақиқат өзіне сәйкес келмейтін, кейін осы формуладан қандай да бір нақты нәтиже, қорытынды жасау үшін қандай да бір формулаға сүйенетін ерекше әдіс. Бұл кейбір тәжірибелік қажеттілік үшін керек, сондықтан фикциялар құқықта бекітіледі. Фикция ақиқатқа, шындыққа қарсы тұрады, бірақ шындық ақиқат ретінде қабылданады. Фикция ешкімге зиян келтірмейді. Керісінше ол пайдалы.


25 15. Формациялық және өркениеттік түсініктер Мемлекеттіліктің даму тарихы туралы, мемлекет типологиялары туралы айта отырып, мына келесі тәсілдерді қарастыру қажет. 1. Формациалық тәсіл. Мемлекет типіндегі формациалдық тәсіл мемлекет пен құқықтың маркстік - лениндік теориясы шегінде дайындалып, жасалған. Осы тәсілге сәйкес мемлекет типі таптық қоғамның экономикалық құрылысымен, оған сәйкес келетін таптық құрылыммен, оның таптық мәнімен анықталады. Бұл жерде тарих қоғамдық экономикалық формацияның ауысу үдерісі ретінде қарастырылады. Әрбір қоғамдық экономикалық формация – бұл нақты белгілі бір өндіріс тәсіліне негізделген қоғамның тарихи типі. Қоғамның әр бір типіне белгілі бір өндірістік қатынастар типі және соған сәйкес келетін саяси құқықтық мекемелер тән болады. Мемлекет пен құқық аталған құрылыстың ең маңызды бөліктерін көрсетеді, олардың мәні, мазмұны т.б экономикалық базиспен анықталады. Бұдан қорытынды шығаруға болады, осы теорияға сәйкес мемлекеттің тарихи типі мемлекеттерге тән бір қоғамдық экономикалық формацияның маңызды, мәнді белгілерінің жиынтығын көрсетеді. Бұл тәсіл келесі мемлекет типтерін бөледі: 1. құл иеленушілік; 2. феодалдық; 3. буржуазиялық (саяси билік буржуазияға тиісті); 4. социалистік, барлық халықтарды еркін көрсетеді. Мемлекет тарихи типтерінің бірізділікпен ауысып отыруы үшін қозғағыш күш ретінде бұл жерде таптық күрес қарастырылды, ал бұл үдерістің өзі қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуымен алдын – ала анықталған. Мемлекет типтерінің ауысуы қоғамның саяси құрылысындағы өзгерістерді білдіреді. Ол өзгерістер мен өндірістік қатынастарды талап ететін өндіретін тәсілінің, өндіруші күштердің дамуымен байланысты. 2. Өркениеттік тәсіл. Мемлекет типологияларына қатысты өркениет тәсілдің бірнеше трактовиялары өмір сүреді. «Өркениет» термині жиі жалпы мәдениеттің синонимі ретінде қолданылады және қоғам дамуының деңгейін, шығармашылық күш пен адамның қабілет деңгейінің тарихи анықталған деңгейін білдіреді. Ол өмірді ұйымдастырудың типтерімен нысандарындажәне адам әрекеті, қызметінде, олардың өзара қатынасында, сонымен қатар, олармен жасалған материалдық және рухани бағаларда көрініс табады. Сондықтан айтуға болады: 1. Ерте және қазіргі өркениеттер туралы. 2. Батыстық және Шығыстық өркениет туралы және т.б. Ескерте кету керек, құқықтық көзқарас бойынша мемлекеттіліктің қызмет атқаруының сыртқы емес ішкі ерекшеліктеріне негізделген мемлекет типологиясына өркениеттік көзқарас бағалы болып көрінеді.


26 Бұл тәсіл мемлекеттік билікті ұйымдастырушы ретінде анықтайды, сондықтан әртүрлі мемлекеттік ерекшелікті талдай отырып, ең алдымен мемлекеттік биліктің қалыптасу, ерекшелігі, жүзеге асырылу аспектілеріне көңіл аудару керек. Мұндай позициямен мемлекет типі өркениетті тәсілде мемлекет пен жеке тұлғаның қарым-қатынасы негізге алынады. Бұл тәсілге сәйкес бөлінеді: 1. Дәстүрлі мемлекет, оған ең алдымен құлиеленушілік пен феодалдық монархия жатады. Бұл жерде халық мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылмайды, мемлекет көпшілік халыққа қатысты шексіз өкілеттіліктер мен құзіреттерге ие болады. Адамдардың тең құқықтылығы, оның ішінде табиғи құқықты қосқанда теріске шығарылады. 2. Қазіргі мемлекет. Негізінен буржуазиялық республика мен конституциялық монархиялар болып табылады. Халық мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Олармен заң шығарушы органдар қалыптасады, мемлекет қоғамға бағынады, оның қызмет ету шеңбері шектелген, адамның құқықтары мойындалады және оған кепілдік беріледі 16. Мемлекет нысанының түсінігі мен элементтері Мемлекет нысаны – бұл мемлекеттің құрылу тәртібін және жоғарғы билік органдарының ұйымдастырылуын, мемлекеттің аумақтық құрылымын, мемлекеттік биліктің жүзеге асу әдістері мен тәсілдерін көрсететін оның сыртқы белгілерінің жиынтығы. Мемлекеттің нысаны категориясы мемлекеттің ішкі ұйымдастырылу ерекшелігін, мемлекеттік билік органдарының құрылуы мен құрылымы тәртібін, олардың арнайы аумақтық орналасуын, бір –бірімен және халықпен өзара қатынасының сипатын, сонымен қатар, олардың ұйымдастыру мен басқару қызметін жүзеге асыру үшін пайдаланытын әдістерін көрсетеді. Мемлекеттілік нысанының әр түрлі аспектілерін ғылыми зерттеу маңызды теориялық және тәжірибелік маңызға ие. Оған дәлел ретінде қазіргі Қазақстан Ресапубликасының мемлекеттік құрылысы болады. Бұл өмірлік сұрақтарды шешуде аз ғана қателіктің өзі өткір саяси қақтығыстарға, ауыр материалдық және моральдық зардаптарға, тіпті адам өмірінен айыру қауіпіне әкелуі мүмкін. Бұл жерде шаблондар мен стереотиптерден қаша отырып, жинақталған халықаралық тәжірибелерге жүгіну қажет. Нақты бір мемлекеттің нысаны туралы толық түсінікті оны құрайтын үш – басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, мемлекеттік – құқықтық режим нысандарына талдау жасағанда беріледі. Басқару нысаны – бұл мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, құрылу тәртібі, өкілеттіктері мен құзыреттерінің бөлінуі және халықпен өзара қатынасы. Бұл берілген категория мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының құрылу және ұйымдастырылу тәртібін, бір – бірімен және халықпен өзарақатынасын сипаттайды, яғни, бұл категория мемлекетті кім және қалай басқаратынын көрсетеді. Мемлекеттің


27 басқару нысаны ерекшеліктеріне байланысты монархиялық және республикалық болып бөлінеді. Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің саяси – аумақтық құрылымы, орталық және жергілікті биліктің арасындағы өзара қатынас сипаты. Ол мемлекеттің аумақтық құрылымын, біртұтас мемлекет пен оның құрылымдық аумақтық бірліктері арасындағы қарым – қатынасты бейнелейді. Құрылым нысаны бойынша барлық мемлекеттер қарапайым, жай (унитарлы) және күрделі (федеративті және конфедеративті) болып бөлінеді. Саяси режим – бұл саяси билікті жүзеге асыру әдістері, тәсілдері, құралдарының жиынтығы. Оған жатқызуға болады: 1) құндылықтар - өмсірлік маңызды қылаулы мақсаттар мен оқиғалар; 2) нормалар – оның негізінде мемлекет өмірі, азаматтардың өзара байланысы ұйымдастырылатын тәртіп. Мұнда нормалар әдеттегі (ұрпақтан – ұрпаққа берілетін, саяси және тарихи тәжірибеден жинақталған, өзінен өзі, жайлап қалыптасатын) және легальды (мемлекетпен арнайы бекітілген және ресми құжаттарда жазылған (конституция, кодекс, жарғы ж.т.б) болуы мүмкін; 3) бедел – азаматтардың қабылданған тәртіп пен құндылықтар шеңберінде әрекет етуге деген қалауы мен қабілеті, әрекет етуші мемлекеттік билік жүйесіне бағынуы. Жоғарыда аталған әдістердің, құралдардың мазмұны мен арақатынасына саяси режимдердің типтері байланысты болады: 1) демократиялық, халықтың мемлекеттік істерді шешуге қатысу құқығы қамтамасыз етіледі, адам құқықтары құрметтеледі және сақталып, қорғалады; 2) авторитарлық, қоғамды басқару қызметтері бір тұлғамен немесе тар әлеуметтік қабатпен бағытталады; 3) тоталитарлық, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары теріске шығарылады немесе маңызды шектеледі, авторитарлы мемлекетпен қоғамның барлық жақтары қатаң бақылауға алынады. Мемлекеттік – құқықтық режим мемлекеттік биліктің жүзеге асу құралдары мен тәсілдерінің жүйесін білдіреді. Құқықтық әдебиеттерде мемлекет нысанының элементі ретінде тәртіп бойынша мемлекеттік емес, саяси режим ерекшеленеді. Мемлекеттік билік етудің құралдары мен тәсілдерінің жиынтығының ерекшеліктеріне байланысты демократиялық және авторитарлық мемлекеттік – құқықтық режимдер болып бөлінеді. 17. Басқару нысаны. Мемлекеттік құрылым нысаны. Басқару нысаны – бұл мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, құрылу тәртібі, өкілеттіктері мен құзыреттерінің бөлінуі және халықпен өзара қатынасы. Басқарудың негізгі екі нысаны бөлінеді: 1. Монархия. Бұл тәртіп, ереже бойынша жоғарғы билік мұрагерлік арқылы алынған бір тұлғамен жүзеге асырылатын басқару нысаны. Басқарудың бұл


28 нысанында мемлекеттегі билік толығымен барлығы бір адамға – монархқа беріледі. Монарх әр түрлі титулдарға ие болады (король, патша, император, фараон, князь, герцог ж.т.б.), мемлекеттік қазынадан өзін және отбасын (сарай, қызметшілері, күзеті т.б.) асырау, қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарын алуға құқығы болады. Монарх тәртіп бойынша билігін мұрагерлік арқылы өткізеді, көп жағдайда мұрагер ретінде билік етуші монархтың үлкен ұлы табылады. Билікте болудың арнайы бір белгіленген мерзімі алдын – ала белгіленбеген, шектелмеген. Монарх билігінің ерекшелігін, жоғарылығын сипаттау үшін бұл билік жиі құдыретті күшке теңестірілді. Монарх қолындағы биліктік құзыреттердің көлеміне байланысты, бөлінеді: 1) абсолютті (шексіз) монархия; 2) шектелген монархия. Абсолютті монархияның басты, ерекше сипаты – барлық биліктің толықтай монарх қолына жинақталуында; монарх құзыреттері мен өкілеттігін заңдық тұрғыдан шектеу болмайды. Абсолютті морхиялар көбінесе әр түрлі авторитарлы саяси режимге ие дәстүрлі мемлекеттер үшін тән. Бұл басқару нысанын шығыстық деспотия атауына ие, ерте және кейінгі феодализм дәуіріндегі Батыс Еуропа аумағында орналасқан мемлекеттер қолданған. Қазіргі кезде абсолютті монархия – сирек кездесетін басқару нысаны. Ол таза тәжірибеде тек Оманда ғана өмір сүреді. Мұнда өкілді орган жоқ, король бір мезгілде жоғарғы сот болып табылады. Шектелген монархияда монарх билігі заңдық тұрғыдан шектелген, тәртіп бойынша заң шығарушы өкілді орган өмір сүреді. Мұнда, биліктің бөліну қағидасының жүзеге асу деңгейі туралы айтуға болады. Монарх билігінің қаншалықты шектелгеніне байланысты бөлінеді: 1) дуалистік монархия. Бұл шексіз және парламенттік монархия нысандарының арасындағы аралық нұсқа, шектелген монархияның бастапқы нысаны; 2) парламенттік монархия. Парламенттік монархияда заң шығару билігі парламентке тиесілі. Атқарушы билік парламентпен қалыптастырылатын және соның алдында жауапты үкіметпен жүзеге асырылады. Монарх қолында тек дәстүрлі өкілеттіктер ғана сақталуы мүмкін. Жекелеген мемлекеттерде ол үкімет басшысын тағайындайды. 2. Республика – бұл мемлекетте жоғарғы билік сайланған органдар арқылы жүзеге асырылатын басқару нысаны. Республикаларда биліктің қайнар көзі мемлекеттің жоғарғы өкілді органдарын белгілі бір мерзім аралығында сайлайтын халық болып табылады. Жоғарғы заң шығарушы орган – парламент (оның мүшелері - депутаттар) және кейбір жағдайларда – президент те халықпен сайланады. Мемлекеттің барлық басқа жоғарғы органдары тәртіп бойынша осы өкілді органдармен қалыптастырылады. Мемлекеттің жоғарғы сайланбалы органдарының өкілеттігі билікті шексіз иемденіп алу мүмкіндігінің алдын – алу үшін белгілі бір мерзімдермен шектелген. Республикалық басқару нысанында биліктің бөліну қағидасы енгізілген. Заң шығарушы және атқарушы билік тармақтары арасындағы өзара қатынастың сипаты бойынша республиканың келесі нысандары бөлінеді:


29 1) парламенттік; 2) президенттік; 3) аралас. 18. Мемлекеттік құрылым нысаны Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің саяси – аумақтық құрылысы, орталық және жергілікті билік арасындағы өзара байланыс сипаты. Мемлекет алдында тұрған барлық міндеттерді толығымен орталқтан шешу мақсатсыз, ал көптеген жағдайларда ол тіпті мүмкін емес. Сондықтан мемлекет аумағы халық санының белгілі бір шегіне және аумағының көлеміне байланысты бөліктерге бөлінеді, олардың әр қайсысы өзінің билік пен басқару органдарына ие болады. Орталық және жергілікті билік арасындағы қатынастың әр түрлі нұсқалары болуы мүмкін. Мемлекеттің құрылым нысаны бойынша бөлінеді: 1) унитарлы мемлекет, бөліктері мемлекеттілік белгілеріне ие емес, біртұтас мемлекет екендігін білдіреді. Унитарлы мемлекеттер өз ішінде әкімшілік – аумақтық бірліктерге бөлінеді. Олар саяси дербестікке ие емес, бірақ экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларда сол жердің ерекшеліктерін есепке ала отырып, аумақты басқару үшін маңызды құзыреттерге ие болуы мүмкін. Унитарлы мемлекет ел аумағының барлығына біртұтас мемлекеттік аппарат құрылымымен сипатталады. Жоғарғы органдардың құзыреті құқықтық та, фактілік те жергілікті органдар құзыретімен шектелмеген. Әкімшілік – аумақтық бөлінуге байланысты мемлекетте бір деңгейдегі жоғарғы органдар және бір немес әр деңгейлі жергілікті органдар әрекет етеді. 2) федеративті мемлекет. Республика – бөліктері мемлекеттілік белгілеріне ие болатын, күрделі, одақтық мемлекет. Республикалар бұрынғы тәуелсіз мемлекеттердің арасында жасалған келісім – шарт (кейде ол жазбаша нысанда бекітіледі) нәтижесінде, немесе белгілі бір мемлекеттік жеке – даралығын сақтай отырып басқа мемлекетке аумағының қосылуы жолымен, немесе унитарлы мемлекеттердегі әкімшілік – аумақтық және автономды бірліктердің мемлекеттілікті алуға тырысуынан құрылуы мүмкін. Субьектілер, яғни, Республиканың құрылымдық бөліктері көп немесе аз деңгейде жеке – дара мемлекеттілік белгілеріне ие болады, бірақ бір мезгілде Республика – біртұтас егеменді мемлекет. Осыған байланысты ір түрлі федеративті мемлекеттер үлгісін құрастырғанда және теориялық түсінуде тәжірибелік және теориялық көптеген мәселелер туындайды. Федеративті мемлекеттердегі мемлекеттік аппараттың құрылымының негізгі айрықша ерекшелігі – жоғарғы мемлекеттік органдардың екі деңгейлі (біртұтас Республикалық және Республика субьектілерінің) болуы. 3) мемлекеттердің бірігуі. Бұл жерде мемлекеттік құрылымның конРеспублика нысанын атап өту қажет, яғни, мемлекеттердің қандай да бір саяси, әскери, экономикалық, әлеуметтік міндеттерді шешу үшін бірігуі.


30 КонРеспублика субьектілері егемендігін толық көлемде сақтайды. Олар жеке мемлекеттік органдарына, азаматтығына, аумағына, өзінің конституциясына және заңнамасына, өзінің кіріс қайнар көздеріне ие болуды жалғастыра береді; өзінің аумағында билігін жеке дара жүзеге асырады. Егемендіктің кейбір шектеулері осы мемлекеттердің ерікті бірігуіне әкелген қызмет жақтарына қатысты болады. Конфедератциялар егемендікке ие болмайды. КонРеспублика органдары белгілі бір салаларда құзыреттері болады, бірақ, олар шектеулі болады, онда егемендік туралы мәселе болмайды. КонРеспубликада конституция және заң шығармашылығы болмайды: тек қана конРеспубликаны құру туралы конРеспубликаның барлық мүшелерінің өкілдері қол қойған келісім – шарт болады. КонРеспублика субьектілеріне нормативтік құжаттар шығаруға құқық беріледі, бірақ олар тек ұсынушы сипатқа ие болады немесе оның заңдық күшіне енуі үшін конРеспублика субьектілерінің жоғарғы органдарының келісімі болуы қажет. 19. Саяси режим: түсінігі және түрлері Саяси режим – солардың көмегімен мемлекеттік билік жүзеге асырылатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Әр бір мемлекеттің өзінің саяси режимі қалыптасады. Мемлекеттік – құқықтық режим мемлекеттік механизмнің қызмет атқару ерекшелігін көрсетеді. Мемлекет органдары өздерінің қызметтік мақсаттарын орындау барысында бір – бірімен және халықпен өзара әрекетке түседі, бұл жағдайда белгілі бір басқарушылық әсер ету құралдары мен тәсілдерінің жиынтығын пайдаланады. Саяси режим қоғамдағы демократияның даму деңгейі мен нысанын бейнелейді. Барлық саяси режимдерді анықталған нақты, жалпы белгілері бойынша үлкен екі топқа бөлуге болады. 1. авторитарлық. Авторитарлық саяси режимнің негізгі сипаттамасы келесі түрде болады: 1) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының болмауы, шектелуі немесе жойылуы; 2) мемлекеттің өкілді органдарының болмауы, қызметінің шектелуі немесе жойылуы; 3) биліктің жүзеге асуына халық тарапынан бақылаудың болмауы; 4) барлық биліктің толығымен бір адамның (монарх, диктатор), бірнеше тұлғаның немесе бір органның қолына жинақталуы; 5) мемлекеттік биліктің қатаң бұйрықтық - әкімшілік, кейде террористік әдістермен жүзеге асуы; 6) алға сүйрейтін, дамытушы (тәртіп бойынша оппозициялық) саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың болмауы, қызметінің шектелуі немесе жойылуы; 7) саяси монизм – мемлекеттік деңгейге шығарылған бір идеологияның (діни немес жалған ғылыми) билік етуі;


31 8) азаматтық қоғамның болмауы немесе оның аясының шектелуі, мүдделерді еркін білдіру аясының болмауы. Мемлекет және құқық теориясында авторитарлық саяси режимның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді: 1) деспотиялық; 2) тирандық; 3) тоталитарлық) 4) фашистік ж.т.б. Сонымен, тоталитарлық мемлекет – бұл барлығын қамтыған, барлығына араласатын, қоғам өмірінің барлық салаларын (экономикалық, саяси, рухани) толық бақылауға алуға ұмтылатын билік. 2. Демократиялық. Демократиялық саяси режимнің негізгі сипаттамалары: 1) азаматтардың кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарының болуы; 2) өкілді мекемелердің қалыпты қызмет атқаруы, халық – мемлекеттік биліктің жалғыз қайнар көзі; 3) саяси шешімдерді қабылдауда халықтық бақылаудың болуы; 4) биліктің бөлінуі, мемлекеттегі барлық билікке бір де бір орган толығымен жеке өзі ие болмайды; 5) құқық қорғау органдарының қызметі қатаң заңдылық негізінде болуы, азаматтарға мемлекеттік күштеудің шектелуі; 6) оппозициялық саяси партиялардың, әр түрлі қоғамдық ұйымдардың еркін қызметі, әрекеті; 7) саяси плюрализм – қоғамның барлық әлеуметтік топтарының мүдделерінің еркін бейнеленуі, көрінуі (ал оның көрсеткіштері - әр түрлі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың еркін қызметі, әрекеті); 8) азаматтық қоғамның болуы. Авторитарлық саяси режимдер дәстүрлі мемлекеттерде өмір сүрді. Демократиялық саяси режимдерге өту буржуазиялық революция кезеңінде (қазіргі заманғы мемлекеттіліктің қалыптасу дәуірінде) басталды және қазіргі күнге дейін жалғасуда. 20. «Заңмен тыйым салынбағанның бәріне рұқсат» қағидасы Бұл қағида демократияның көрінісі ретінде қарастыруға болады. Ол феодалдықтан кейінгі нарықтың обьективті қажеттіліктерінің, тауар айналымының, жеке кәсіпкерліктің, сауданың, бәсекелестіктің тез дамуының, бостандық, демократия, адам құқығы идеяларының бекітілуінің бейнесі ретінде пайда болды. Бұл қағидада жеке бостандықтың мәні, тең мүмкіндіктер, тең жағдайлар идеясы қарастырылды. Рұқсат ету қағидасы – бұл қоғамдық қатынас субьектілерінің өздерінің тәртіптері (себеп, мақсат, мүдде) анықтайтын тетіктер мен артықшылықтарға сенім мен ар – ұят өлшемі.


32 Бізде «заңмен тыйым салынбағанның бәріне рұқсат» қағидасы басынан бастап жазылмаған, әкімшілік – бұйрықтық жүйеде жазылуы мүмкін де емес болды, сондықтан, ол туралы айтылған жоқ, немесе «тәртіпті» қоғамды қатаң басқару үшін сыйыспайтын деп тікелей кері қайтарылды, қолдандырылмады. Қазір аталған қағидадан көпшілік сансыз ашу мен қиындықтардың себебін көруге икемді. «Заңмен тыйым салынбағанның бәріне рұқсат» қағидасы толық көлемде тек жетілген азаматтық қоғамда ғана жүзеге аса алады, Қазақстан әлі ондай болып табылмайды. Қарастырылып отырған қағиданың маңызды бір жағы, бізде қоғамдық қатынастардың толық аясы ешқандай заңдық тұрғадан реттелмеген, бірақ ол оны обьективті түрде қажет етеді. Алдымен қоғамдық қатынастардың жаңа кеңістігі пайда болады, одан кейін барып қана оларды реттеу қажеттілігі туындайды, сондықтан, заң шығармашылығында көптеген кемшіліктер, ақаулар бар. «Заңмен тыйым салынбағанның бәріне рұқсат» қағидасын кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Тар мағынада заң ретінде тек биліктің заң шығарушы органының актісі түсіндіріледі. Ал бізде заңдар (басқа құқықтық актілермен салыстырғанда) соншалықты көп болмағандықтан (және олар тек жалпы сипатқа ие), олар, тікелей айтқанда, аз ғана нәрсеге тыйым салады. Нәтижесінде субьектілер алдынан заңды түрде әрекет ету үшін кең мүмкіндіктер ашылады. Кең мағынада заң ретінде мемлекеттің кез – келген нормативтік құқықтық актісі түсіндіріледі. Бұл жағдайда тыйым салынған әрекеттердің шеңбері өте үлкен мөлшерге ұлғаяды, өйткені барлық мүмкін тыйымдар мен шектеулер негізінен басқарушылық, бюрократиялық аппарат, министрлік, ведомства, жергілікті органдар ж.т.б. шығады. Басқаша айтқанда, мәселе заң шығармашылығы, заңнама деген түсінікке келіп тіреледі: ол өзіне тек заңдарды ғана қосады ма немесе барлық басқа да құқықтық нормаларды қосады ма. Заңдарды айналып өту тәжірибесі бар. Оның негізінде мынадай қағида жатыр «рұқсат етілмеген, бірақ өте қатты қалап тұрсаң, онда болады». «Тыйым салынбағанның бәріне рұқсат» қағидасы тек мықты адамгершілік негізі болғанда, заңды орындау мен тыңдау, мәдениет, өзін -өзі шектей алуға ішкі дайындық сияқты тұрақты демократиялық дәстүрлер болса ғана тиімді болатындығы түсінікті. Бұлардың барлығы да бізде жетіспейді. Оның үстіне, «иә» мен «жоқ», «болады» және «болмайды» арасында көптеген ерекшеліктер бар. Бұлардың арасындағы шекара, тәртіп бойынша, нақты емес, шартты, түсініксіз. «Тыйым салынбағанның бәріне рұқсат» қағидасы құқықтық реттеудің жалпыға ортақ рұқсат беру, еркіндік беру типін бейнелейді. Мұндай реттеу ең алдымен азаматтық – құқықтық әдістермен жүзеге асырылады, ол өзінің табиғаты бойынша «субьектілеріне ең алдымен олардың құқықтық теңдігіндегі құқыққа ие болушылық, диспозитивтілік және белсенділікте қабілеттілігімен, рұқсат беру, еркіндік беруімен сипатталады, құқықтық дербестігі негізінде құқықтық қатынастардың бекітілуін қамтамасыз етеді».


33 Сонымен, еркін рұқсат беру криминалды элементі бар емес, ең алдымен ар – ұяты бар, позитивті бағытталған азаматтарға арналған. Көрсетілген қағиданы жамандыққа пайдалану мүмкін, бірақ олар барлық жерде мүмкін, осы негізде оны жоққа шығаруға болмайды. Мәселе, жүйелі және тұрақты түрде қоғам мүшелерінің бәрінің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін көтерумен қорытындыланады. 21. Адам құқығын сақтау мен қорғаудағы мемлекет міндеті Мемлекет халықтың жалпы егеменді еркін жүзеге асыратын құрал болып табылады. Мемлекет өзінің қызметін құқықтық нысандармен жүзеге асырады, ол халықпен, барлық қоғамдық және құқықтық қатынас қатысушыларымен тек құқықпен ғана емес, сондай – ақ әлеуметтік, заңдық міндеттермен байланысты. Мемлекеттік аппаратыты қалыптастыру барысында оған халық алдында, әр түрлі әлеумтеттік құрылымдар, жеке тұлғалар алдында Негізгі Заңда белгіленген міндеттер жүктеледі. Конституция мемлекет пен жеке тұлғаның өзара үйлесімді еркіндіктері мен жауапкершіліктерін бекітеді, индивидтің жеке өмірлік әрекеттерінің аясына араласу шектерін анықтайды, сонымен қатар, тұлғаның жеке автономиялық шекарасын және оның орындалуының кейбір маңызды нысандары мен тәсілдерін де анықтайды. Демократия барысында заң тек билікке бағыныштыларға ғана міндетті емес, мемлекеттің өзіне де заң шығарушы, атқарушы және сот органдарына және олардың лауазымды тұлғаларына да міндетті. Мемлекетпен билікке бағыныштыларға бұрын берілген бір жақты міндет құқықтық мемлекет және биліктің бөлінуі жағдайында тек өзара міндеттемелер ғана емес құқықпен мазмұндалған нормаларға айналады. Индивид тек қана міндетті тарап ретінде ғана емес, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының міндеттеріне сәйкес келетін құқықтарға да ие болады. Конституция адам мен азаматтың құқықтарын бекіте отырып, осы құқықтарды қамтамасыз ету бойынша мемлекетке жүктелген міндеттерді де анықтайды. Мемлекеттік билік адам мен азаматтың бостандығы мен құқықтарына үшін белгілі бір шектермен шектелген. Бірақ мемлекеттің қызметтерін әлеуметтік салада түнгі қарауыл рөліне теңестіру дұрыс болмас еді. ҚР Конституциясы адам мен азаматтың әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтарын бекіте отырып мемлекеттің индивид алдындағы тек экономикалық бағыттағы әлеуметтік жалпы сипатқа ғана ие емес, заңдық жазбаларға ие, нақты анықталған, міндеттерін де көрсетеді, сонымен қатар, еріксіз еңбекке, еңбек қатынастарындағы теңсіздікке жол бермеу, мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау мекемелеріндегі медициналық көмектің тегін көрсетілетіндігі, негізгі жалпы білімнің міндеттілігі ж.т.б. тыйымдарды да сипаттайды. Мемлекеттің міндеттерінің көлемі қоғамдық және жеке өмірдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени аясымен бекітіледі. Оның жүзеге асуы сәйкес


34 мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының құзыреттілігімен қолданылады. Ал азаматтардың құқықтары соттық қорғаудың тиімділігі үшін қажетті пәндік анықтылыққа ие болады. Мемлекеттің міндеттерінің Конституцияға сәйкес және соның негізінде қабыладанатын заңдарда және басқа да әр түрлі нормативтік актілерде дұрыс көрсетілуі, олардың конституциялық бекітумен нақтыланған түсінікті болуы қоғамдық қатынастағы әр түрлі тараптардың құқықтарын дәл реттеуге мүмкіндік береді, құқықтың әрекет ету механизімін әлеуметтік күшейтуге және оның тиімділігін арттыруға, адамның жеткілікті өмірі мен еркін дамуын қамтамасыз ететін жағдайды қалыптастырады. Осыған байланысты, Конституцияны әлеуметтік құқықтық мемлекет қағидасын, оның саяси саладағы нақты мазмұнын, сонымен қатар, еңбекті қорғау мен азаматтардың денсаулығы саласындағы, отбасының, ананың, әкенің және баланың, мүгедектер мен қартайған адамдарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік қызметтің дамуы, кепілдендірілген әлеуметтік қорғауды ж.т.б. дұрыс, түсінікті талқылайтын Конституциялық Кеңестің рөлі өседі. 22. Мемлекет қызметтерінің түсінігі мен жіктелуі Мемлекет қызметтері – бұл оның алдында тұрған міндеттерді шешу бойынша оның әрекет етуінің негізгі бағыттары. Басқаша айтқанда, қызметтер – бұл мемлекеттің айналысатын жұмысы. Қызметтерде мемлекеттің мәні, оның әлеуметтік маңыздылығы нақтыланады, яғни, қоғамды басқаруды мемлекет қандай бағыттармен жүзеге асырады. Батыстық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне қарағанда қызметтері туралы көп айтыла бермейді. Отандық оқу және ғылыми әдебиеттерде де «мемлекеттің міндеттер» туралы және «мемлекеттің қызметтері» туралы түсініктер дайындалуда, жасалуда. Мемлекеттің міндеттері ең басты анықтаушы элемент болып табылады, ол мемлекет пен қоғам алдына белгілі бір міндеттерді, тапсырмаларды қояды, соған сәйкес ол арнайы қызметтердің жүзеге асырылу қажеттілігін туындатады. Мемлекет міндеттері, яғни, мемлекет әрекеттерінің сипаттары мен бағыттары мемлекеттік аппараттың құрылымына әсер етеді. Сондықтан, мемлекеттің атқаратын бағыттары көзқарасымен оны зерттеу фундаментальды деп есептеуге болады. Мемлекет қызметтеріндегі өзгерістер мемлекеттік аппараттың құрылымында да өзгерістердің болуына әкеледі. Мемлекеттің қызметін басқа арнайы бір әрекеттің түрімен айналысу үшін құрылған әр түрлі мемлекеттік органдардың қызметтерінен ерекшелеп, бөліп қарастыру керек. Мемлекеттің қызметі олардың әрекеттерінің барлығын біртұтас ретінде қамтиды. Мемлекеттің қызметтерінің көп түрлілігі туралы айта отырып, оларды әр түрлі негіздер бойынша саралауға болады. Сонымен, мемлекеттің атқаратын әрекетінің жүзеге асу ұзақтығын ескере отырып, мемлекеттің мынадай қызметтерін бөлуге болады:


35 1) тұрақты және уақытша; 2) негізгі және қосымша (мемлекеттің мәні үшін маңызы бойынша); 3) жалпы әлеуметтік және таптық (мемлекет қызметінің бағытталғандығына сәйкес); 4) ішкі және сыртқы (мемлекет қызметінің аясына байланысты). Мемлекет қызметтерінің өзі қоғам дамуының үдерісінде мазмұны және маңызы жағынан өзгереді. Бұл ұарастыруға болады: 1) дәстүрлі мемлекеттер қызметтері және қазіргі заман мемлекеттерінің (конституциялық) қызметтері. Адам қоғамының даму тарихына формациялық тәсілді пайдалана отырып құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық (монополиялыққа дейінгі және монополиялық капитализм кезеңіндегі), социалистік және қазіргі заманғы мемлекет қызметтерінің түрлерін сипаттауға болады. 2) мемлекет қызметтерінің әр қайсысының даму тарихы, яғни, пайда болу мерзімі, қоғам дамуымен байланысты мазмұны мен маңызының өзгеруі ж.т.б. Құқықтық әдебиеттерде мемлекет қызметтерінің типі мен әрекет ету саласына байланыссыз, қатыссыз біртұтас саралау ұсынылады, олар: 1) экономикалық (экономиканың қалыпты жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету, соның ішінде, өмір сүріп отырған меншік нысандарын, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды, өндірісті жоспарлауды, сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыруды т.б. қорғау арқылы); 2) саяси (мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, әлеуметтік және ұлттық келісімді қамтамасыз ету, күресуші әлеуметтік күштердің қарсылығын басып отыру, сыртқы қолсұғушылықтан мемлекет егемендігін қорғау ж.т.б.) 3) әлеуметтік (барлық халықтың немесе оның бөліктерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау, адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша іс – шараларды жүзеге асыру, халықтың өмір сүру деңгейіне қажеттілікті қолдау, қажетті еңбек жағдайын, оның ақысын, тұрмысын қамтамасыз ету ж.т.б.) 4) идеологиялық (белгілі бір идеологияны қолдау, білім беруді ұйымдастыру, ғылымды, мәдениетті қолдау ж.т.б.) 23. Негізгі сыртқы қызметтерге сипаттама Мемлекеттің сыртқы қызметтері – бұл мемлекет қызметтерінің басқа мемлекеттерге қатысты негізгі бағыттары. Соңғы кездер ағымында тек Қазақстан ғана емес бүкіл әлем өзгеріске түсті. Жаһандық конфронтация және тікелей ядролық соғыс қауіпі өткен өмірге кетті. Сәйкесінше, Қазақстан Республикасының негізгі сыртқы қызметтері де көптеген өзгерістерге ұшырады. Олардың бірі жойылды (социалистік елдермен достастық және өзара көмектесу, дамушы мемлекеттер мен халықтарға көмек), екіншілері – жаңа даму жағдайымен саналы түрде жалғасын тапты (елдің қорғаныс саласындағы қызметтер, бейбітшілік үшін күрес), үшіншілері – қайта


36 пайда болды (ТМД елдерімен достастық, әріптестік қызметтері, әлемдік экономикаға ынтымақтасу ж.т.б.). Ұлттық мүдделердің ашықтық пен халықаралық қатынастарда достастық арқылы бірізділікпен алға жылжуы, ішкі даму мен реформалардың жалғасуы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі сыртқы саясатының міндеттері осылар болып табылады. Соған сәйкес ол өзінің сыртқы қызметтерін жүзеге асырады. Мемлекеттің негізгі екі сыртқы қызметтерін бөлуге болады: 1) әскери. Мемлекеттің бұл қызметінің мазмұнында жаулап алу соғыстарын енгізу, соғыс жағдайында елдің қорғанысы, бейбіт кезде қорғанысқа дайындық, мемлекеттік шекараны қорғау енуі мүмкін. Құлиеленушілік және феодалдық мемлекеттер өте белсенді сыртқы саясатты жүргізді: егер көршілері әлсіз болса олар көп жағдайда жауланып алынды. Қазір әр бір мемлекет өздерінің әскери доктринасын дайындайды. Ертеде өмір сүрген идеологиялық ұстанымдардан шыға отырып КСРО-да капиталистік мемлекеттермен қарсы тұруға курстар өткізілді. Бүкіл экономикалық, ғылыми әлеует ең бірінші кезекте Кеңес Одағының Қарулы Күштерін дамытуға жұмыс істеді. Қарулануға кеткен өте көптеген шығындар елді дағдарыстық жағдайға итермеледі, және сәйкесінше осы бағыттағы мемлекеттің қызметтері дұрыс дамымады. Қазіргі кезде мемлекетаралық, ұлтаралық өткір қарама – қайшылықтар жеткілікті түрде сақталуда. Қазіргі заманғы мемлекеттермен «жеткілікті қорғаныс» доктринасы мойындалған, оның мәні қаруланудың санымен емес, кепілдендірілген қауіпсіздік үшін қажетті әскери әлеуетпен қамтамасыз ету жеткілікті. Бұл доктрина қарулануға кететін шығындарды жеткілікті түрде қысқартуды қамтамасыз етеді, қарулы қақтығыстардың туындау мүмкіндігін төмендетеді. 2) басқа мемлекеттермен ынтымақтасу қызметі. Ол қазіргі мемлекеттер үшін әр түрлі қызмет аясында обьективті қажеттілік болып табылады. Әлем басқа сапаға ие болды, қазіргі кезде жеке өзіндік саясат жүргізу мүмкін емес, тіпті пайдасыз. Экономикалық, табиғатты қорғау, құқық қорғау, мәдени және басқа да қызмет саласында біріккен келісім әр бір мемлекеттің мүддесіне сәйкес келеді. Мемлееттер арасындағы жалпы үйлестіру ынтымақтастығы Біріккен Ұлттыр Ұйымымен, оның арнайы маманданған мекемелерімен, басқа да халықаралық ұйымдармен екі жақты немесе көпжақты келісім негізінде жүзеге асырылады. Мемлекетаралық ынтымақтасудың негізгі бағыттары арасында келесі ынтымақтасуларды бөлуге болады: 1) экономикада; 2) бейбітшілікті қолдауда; 3) әлемдік құқықтықтәртіпті қолдауда; 4) халықаралық қылмыстылықпен күресуда; 5) табиғатты қорғау қызметінде; 6) мәдениет, білім ғылым салаларында; 7) демографиялық, шикізат, энергетикалық мәселелерді шешуде, ғарышты игеруде.


37 24. Негізгі ішкі қызметтерге сипаттама Ішкі қызметтер – бұл мемлекеттің қоғамның ішкі дамуындағы міндеттерді шешумен байланысты әрекет бағыттары. Ішкі қызметтер санына жатады: 1) экономикалық – қоғам өмірінің экономикалық саласына әсер етуді мемлекеттік басқару арқылы жүзеге асыру. Бұл басқарушылық қызметтің обьектісі болып экономиканың мемлекеттік те, мемлекеттік емес те секторындағы өндірістік қатынастар табылады; 2) қаржылық. Ақша қаражаттарын жинау мен бөлу саласындағы басқарушылық қызметті жүзеге асыру, тұтасымен мемлекеттің экономикалық қызметіне кіреді, бірақ та жеке дара қаржылық қызмет туралы да айтуға да мүмкіндік береді; 3) әлеуметтік. Бұл жерде мемлекеттің қоғамның барлық мүшелеріне әр түрлі әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша әректтер келтіріледі, сонымен қатар, халықтың аз қамтамасыз етілген қабатына жақсы өмір сүруіне қамқорлық жасау туралы айтылады, оларға материалдық және басқа да көмектер көрсету. Әлеуметтік қызметтің маңызы қазіргі кезде өте жоғары; 4) саяси. Бұл мемлекет қызметінің мазмұнына барлық мемлекеттік органдардың жұмысын қалыптастыру мен ұйымдастыру бойынша әрекеттер кіреді. «Саясат» деген сөз бұл жерде өте тар мағынада қолданылған, жалпы бұл терминмен мемлекет қызметінің кез – келген бағыттарын – экономикалық, қаржылық, әлеуметтік саясат ж.т.б. белгілеуге болады. Әдетте мемлекет органдарының жұмысын қалыптастыру мен ұйымдастыру бойынша қызмет мемлекеттің жеке бір қызметі ретінде бөлінбейді, бірақ, бқл қызметтің маңызы мен жеткілікті кең көлемін мойындау керек; 5) экологиялық – бұл мемлекеттің табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша қызмет бағыттары. Экологиялық қызмет қазіргі заманғы өндірістік дамыған мемлекеттердің барлығына тиісті. Көптеген мемлекеттерде қоршаған ортаны қорғау бойынша ұлттық бағдарламалар қабылданған, дамыған экологиялық заңнамалар өмір сүреді. Мемлекеттің экологиялық саясатының мазмұнын табиғатты пайдаланудың тиімді режимін дайындау бойынша, кәсіпорындарды экологиялық қауіпсіздік көзқарасымен қайта жабдықтау бойынша қызметтер құрайды; 6) мәдени – рухани, қоғамның интеллектуалды дамуы бойынша мемлекет қызметтерінің бағыттары. Қазіргі жағдайларда қоғамның өмір сүруі мен дамуы үшін рухани және интеллектуалды дамыған адамдар, сауатты, білікті мамандар қажет. Терең, арнайы танымға ие емес адам қоғамдық өндіріс үдерісінен шығарылған, ол қоғамға өте аз пайда әкеледі немесе тіпті ешқандай да пайда әкелмейді; 7) құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – бұл мемлекеттің азаматтардың, олардың бірлестіктері мен мемлекет органдарының құқықтарын тиімді жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру мақсатында құқық бұзушылықпен күрес бойынша қызмет


38 бағыттары. Құқық қорғау қызметінің негізгі сипаты – мемлекеттік күштеу мүмкіндігі, мемлекеттік органдардың қоғамдағы тәртіпті қолдау үшін мәжбүрлеу, зорлық әдістерін қолдана алуы. Кез – келген мемлекетте құқық қорғау органдары өмір сүреді, оларға әдетте соттарды, прокуратураны, ішкі істер органдарын және мемлекеттік қауіпсіздікті жатқызады; 8) қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Оның мазмұнына адам мен қоғамның қалыпты өмір сүруіне қауіп төндіретін әр түрлі қолайсыз құбылыстардың салдарын ескерту және жою бойынша іс – шаралар кіреді. Оған дүлей апаттар, үлкен өндірістік апаттар, жаппай тәртіпсіздіктер, ұйымдасқан қылмыстар жатады. 25. Қоғамның саяси жүйесі және оның құрылымы Саяси жүйе – бұл бір бірімен өзара әрект етуші нормалар, идеялардың, соларға негізделген саяси институттар, мекемелердің және саяси билікті ұйымдастыратын әрекеттердің, азаматтар мен мемлекеттің өзара байланысының жиынтығы. Бұл көп өлшемді бірліктің негізгі мақсаты адамдардың саясаттағы әрекеттерінің біртұтастығын, бірлігін қамтамасыз ету болып табылады. Саяси жүйе құрылымындағы, оның мәнін толығымен ашатын мынадай негізгі компоненттерді бөлуге болады: 1) саяси және құқықтық нормалар – конституция, кодекс, жарғы, партия бағдарламасы, саяси дәстүрлер мен іс – шаралар түрінде өмір сүретін және әрекет ететін, саяси қатынастарды реттейтін, қалыптасқан немесе бекітілген тәртіп ережелері, тәсілдері. 2) саяси құрылым – саяси, мемлекеттік ұйымдардың, институттардың, мекемелердің және олардың арасындағы қатынастардың жиынтығы. Ол аясат саласындағы адамдардың арасында бекітілетін тұрақты, мықты қатынастардың тараптарын бейнелейді; 3) саяси әрекет – қоғамда саяси биліктің жүзеге асу жүйесінің қызмет атқаруын, қайта құрылуын және қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған адамдардың әр түрлі әрекеттері. Саяси әрекеттер біркелкі емес, оның құрылымынан бірнеше нақты бейнеленген жағдайларды бөлуге болады. Олардың талдауы мақсаттты түрде әрекет ету түрінен басталған, оның саяси маңызы сөзсіз өте жоғары, бірақ, мағынасы саясатты қабылдамау және одан бас тартумен бекітіледі. ----- Ол адам күшінің жеке өмірлік мәселелерді шешуге бағытталуымен және қоғамдық, саяси нықтылықты қарама – қарсы қоюмен бейнеленеді. Саяси белсенсіз – бұл субьект өзінің жеке мүдделерін жүзеге асырмайтын шеңбердегі саяси әрекеттің түрі, оның саяси дербестіктен шеттеліп, басқа әлеуметтік топтың ықпалында болуы. Белсенді әрекеттің өлшемдері болып саяси билікке ықпал ете отырып немесе оны тікелей пайдалана отырып өзінің мүдделерін жүзеге асыруға ұмтылу және мүмкіндік алу табылады. Саяси белсенділіктің туындауы кез – келген әлеуметтік топтың қарама –


39 қайшылықтармен өмір сүру мәселелеріне біртұтастықта барлық қоғамға тән обьективті байланыстармен шыға отырп әрекет ету қабілетінің қалыптасқандығын білдіреді. 4) саяси сана және саяси мәдениет. Саяси сана ретінде саяси билік механизімдерінің әрекетін бейнелейтін және адамдардың тәртібін саяси қатынастар саласына бағыттайтын руханилықтың көрініс беруінің көртүрлілігі саналады. Саяси санада ұймдастырудың екі деңгейі бөлінеді: а) концептуальды (саяси теориялар, доктриналар, бағдарламалар, ілімдер); б) қарапайым (саясат, дәстүрлер, тәртіп нормалары туралы жүйеленбеген көріністер); 5) саяси мәдениет – саяси қауымның мүшелерімен қабылданған саяси идеялар, рәміздер, ұстанымдар және олардың қызметі мен қатынасын реттеу үшін пайдаланылатын құндылықтар жүйесі. Құндылықтар адам үшін қоршаған әлем обьектілерінің маңыздылығы, оның оларға субьективті қатынасын бейнелейді. Саяси жүйенің орталық элементі – мемлекет. Ол саясатта негізгі басқару құралы болып қызмет атқарады: 1) саяси жүйенің маңызды міндеттерін жүзеге асыратын басты құрал ретінде шығады; 2) оның әр түрлі компоненттернің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Мемлекет материалдық игілік, әлеуметтік артықшылық, мәдени жетістіктер және тіпті тынығу нысаны ретінде шығатын құндылықтарды авторитарлық бөлу саяси қызметтерін орындайды. 26. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде орталық орынды алады. Бұл мемлекеттің әлеуметтік институт ретіндегі мәні мен кейбір белгілерімен түсіндіріледі. Мемлекеттің мақсаты қоғамды басқаруды ұйымдастырудан тұрады. Басқаша айтқанда, мемлекет – бүкіл қоғам көлемінде басқарушылық, саяси шешімдерді қабылдау үшін арналған арнайы мекеме. Саяси жүйенің ешқандай басқа элементі мұндай арнайы мақсатқа ие емес. Мемлекет өзінің саяси қызметі үшін маңызды экономикалық негізге ие. Мемлекет меншігінде тұтас өндіріс, қаржылық – несиелік жүйе мекемелері салалары болуы мүмкін. Қоғамды басқаруды ұйымдастыру үшін мемлекет арнайы басқару аппараттарына, заңшығарушы, атқарушы, соттық және бақылаушы – қадағалаушы органдарға, яғни, ерекше жария билікке ие болады. Саяси жүйенің басқа элементтері мұндай тармақтарға бөлінген, барлығын қамтитын жария органдарға ие болмайды. Мемлекет халықтан, ұйымдардан ақша қаражаттарын (салық, займ ж.т.б.) жинауға құқығы болады. Таптарға, қабаттарға, этникалық, мәдени, кәсіби топтарға бөлінген қоғамды біріктіретін күш мемлекетке мынадай арнайы белгілер тәні болып табылады:


40 1) әлеуметтік әр түрлі ерекшеліктері бар және олардың арасында мүдделері үшін күрес туғызатын қоғамды ынтымақтастыра алу қабілеті. Ішкі және сыртқы саясатты анықтай отырып, қоғамдық тәртіп пен елдің қорғанысын қамтамасыз ете отырып мемлекет қоғамның, оның әр бір мүшесінің ресми өкілі ретінде шығады; 2) мемлекеттілік. Мемлекет – бұл қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру тәртібін, өзі бекіткен нормаларды сақтағаны немесе бұзғаны үшін көтермелеу мен жазалау санкцияларын белсенді пайдаланушы биліктің органы. Мемлекеттік биліктің арнайы ерекшелігі қоғамдағы басқа мүмкін билік субьектілерімен салыстырғанда толық және жоғары оның егемендігінен тұрады. Ол жеткілікті тармақтарға бөлінген, оның міндеттері мен еркін жүзеге асыруды қамтамасыз ету қабілеті бар күштеу аппаратына ие. 3) құқықшығармашылық. Оның мүшелерінің барлығы үшін міндетті сипатқа ие шығарылған заңдар негізінде қоғамды басқару жүзеге асырылады, құқықтық заңдарға бағынатын көптеген адамдардың бірлестігі болып табылатын мемлекет өз қызметін регламенттейді; 4) мемлекеттік биліктің жариялылығы, ортақ істерді басқаруды кәсібилендіру, мемлекеттік органдар мен олардың қызметшілеріне басқа адамдарды басқару құзыреттерін ерікті немесе еріксіз тапсыру; 5) саяси кеңістік шекарасының арнайылығы және нақтылығы. Мемлекет географиялық шекке (оның билігі таралатын аумақ) және құқықтық ареалға (ол мемлекетке заңмен бекітілген құқықтарға мен міндеттер, салық төлеу бойынша қатысы бар, яғни, мемлекеттік органдардың өмір сүруі мен қызметін қамтамасыз ететін және материалдық қолдайтын оның мүшелері – азматтарды қамтиды) ие. Көптеген онжылдықтар бойы адамдардың ақылы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан мемлекет пен адам бір біріне жауласпайтын, дұшпан болмайтын, керісінше әлеуметтік өмірінің бастауларымен бір – бірін толықтыратын саяси жүйе жағдайын іздеумен бос емес. Егер олардың күші мен ұмтылысы өзара бірін бірі құрту мен басып отыруға бағытталмаса, жеке даралықты, мемлекет пен жеке тұлғаның автономиялығын сақтау шеңберінде өзара біріккен әрекеттер жасаған жағдайда сондай болуы мүмкін. Егер саяси жүйе азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қағидасы негізінде құрылса ондай жағдайға жетуге болады. 27. Мемлекет механизімінің түсінігі мен құрылымы Қазіргі заманғы Қазақстан Республикасы мемлекетінің механизмі – бұл біртұтас, заңмен бекітілген қағидалармен, биліктің бөлінуіне негізделген және қажетті материалдық құралдарға ие болатын мемлекеттік органдар жүйесі, солардың көмегімен мемлекеттің міндеттері мен қызметтері жүзеге асырылады. Мемлекет қызметі мен оның механизімінің тығыз өзара байланысы мемлекет механизімін құрылымдық – қызметтік тәсілмен оқып – үйренуге қажеттілік туғызады.


41 Құрылымдық – қызметтік тәсіл негізі құрылым мен қызметтер категорияларының органикалық өзара байланысын зерттеуден тұратын, ортақ жүйелік талдау бағыттарының бірі. Қазіргі заманғы Қазақстан Республикасы мемлекеті механизімінің құрылымдық – қызметтік талдауы ондағы қалыптасқан элементтердің рөлі мен орнын, яғни, мемлекеттік органдардың және олардың жүйелік құрылуын, ҚР Конституциясында олар қалай бекітілгенін, олардың мемлекет қызметтерін орныдауға сәйкестігін оқып – үйрену. Мемлекет механизімінің құрылымдық бөлімдеріне сүйене отырып және олардың органдарының қызметтерді орындауын есепке ала отырып, яғни, құрылымдық – қызметтік талдаудан шыға отырып, келесі қазіргі заманғы мемлекет механизімін құрайтын, органдардың түрлерін (тобын, жүйесін) жіктеуге болады: 1) ҚР Пезиденті. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. ҚР-ның Президенті жоғары лауазымды тұлға ретінде мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жүйелеуі мен билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігі қамтамасыз етеді. 2) билік тармақтарының өкілдік және заң шығарушы органдары. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Мәслихаттарды тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады. 3) атқарушы билік органдары. Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы органдардың жүйесін басқарады, сондай-ақ олардың қызметіне басшылық жасайды, оны үйлестіреді және оған бағыт-бағдар нұсқайды. Осы мақсатпен Үкіметке экономика, қаржы, әлеуметтік-мәдени, құқық қорғау, әкімшілік-саяси құрылыс салаларындағы қызметтерде кең өкілеттіктер берілген. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдiк Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзудi қамтамасыз етедi. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдiктi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмi басқарады. 4) сот билігі. Сот билігі 1995 жылғы ҚР Конституциясы бойынша заң шығару және атқарушылық биліктен бөлінген және мемлекеттік биліктің дербес тармағын білдіреді. “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және


42 судьялардың мәртебесі туралы” ҚР конституциялық Заңының 1-бабының 2- тармағына сәйкес сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. 5) ҚР Прокуратурасы. Прокуратура алдында тұрған мақсат ҚР-нда заң үстемдігін, заңдылықтың дәл және бірыңғай қолданылуын қадалағау мен құқық тәртіпті күшейту мен қамтамасыз ету. Ол өзінің барлық қызметтік мүмкіндігімен азматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, ҚР-ның егемендік құқығын, оның саяси және экономикалық жүйесін, өндіріс, мекеме, ұйымның құқығын бағыныштылығына, тәуелдігіне және меншік нысанына қарамастан кез келген кемсітушіліктен қорғауға, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын көтеруге міндеттенді. 6) ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскерлер, әскери құрылымдар мен органдар. Қазақстан Республикасында ең жағарғы әскери Бас Қолбасшы ел Президенті болып табылады. Қарулы күштер, әскери құрылымдар елдің аумақтық тұтастығы мен оған қол сұғушылығынан, Қазақстан Республикасына жасалуы мүмкін сыртқы агрессиядан әскери қорғау үшін, сонымен қатар, халықаралық келісім – шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін құрылады. 28. Мемлекет органдары және олардың саралануы Мемлекет органы – бұл бекітілген заңдық тәртіпте құрылатын, заңмен бекітілген құрылымдарға және белгілі бір құзыреттерге ие мемлекет аппаратының жеке дара құрылымы. Мемлекет органы – бұл органдар жүйесінің құрылымдық бөлігі, звеносы. Бұл жүйенің әр бір элементі өздерінің міндеттерін орындайды, ал бәрі бірге олар мемлекет аппаратын құрайды. Мемлекет органы мемлекеттік аппараттың әр бір бөлімінің ұйымдастырылуы мен қызметі туралы мәселелер нақты анықталған нормативтік – құқықтық актілер негізінде құрылады. Сонымен, биліктің бөлінуі теориясына сәйкес мемлекет органдары сараланады: 1) заң шығарушы (Парламент); 2) атқарушы (Үкімет, жергілікті әкімшіліктер); 3) соттық (Жоғарғы Сот, жергілікті сот, ). Одан басқа, жоғарыда аталған билік тармақтарының ешқайсысына да жатпайтын ҚР Президентінің де жеке дара маңызын айта кетпесе болмайды. Бірақ та, тәжірибеде мұндай жеке даралық жиі бұзылады және мемлекет басшылары биліктің атқарушы тармағына жақындастырылады. Құрылу тәртібі бойынша бөлінеді: 1) халықпен тікелей сайланатын органдар 2) басқа мемлекеттік органдармен қалыптастырылатын органдар


43 Шешім қабылдау тәсілдері бойынша: 1) алқалы органдар. Олар қарапайым және маманданған шешімдерді көпшілік дауыспен қабылдайды; 2) біртұтас органдар, шешімдер тек басшы жетекшінің өзімен қабылданады. Мемлекеттік органдардың құзыреттілік сипатына байланысты мынадай органдар өмір сүреді: 1) жалпы құзыретті. Олар өз өкілеттігі шегінде кез – келген сұрақтар бойынша шешімдер қабылдайды; 2) арнайы құзыретті. Бұл органдар қоғам өмірінің қандай да бір саласына байланысты әрекеттерді жүзеге асырады. Мемлекеттік аппарат құрылымындағы иерархиялық жағдайы бойынша бөлінеді: 1) мемлекеттің жоғарғы органдары. Жоғарғы органдар ретінде олардың өкілеттігі бұл мемлекеттің барлық аумағына таралады. Мұнда ескерте кететін жағдай, унитарлы мемлекеттерде жоғарғы органдардың бір деңгейі бар, ал федеративтілерде – екі (мемлекет жоғарғы органдар және Республика субьектілерінің жоғарғы органдары); 2) мемлекеттің жергілікті органдары. Олар өздерінің қызметтерін қандай да бір әкімшілік – аумақтық бірлік аумағында жүзеге асырады. Мемлекеттің әкімшілік – аумақтық бөлінуіне байланысты жергілікті органдардың бірнеше деңгейі болуы мүмкін. Бағыныштылық сипаты бойынша өмір сүреді: 1) жоғарыдан төмен қарай тікелей бағынышты органдар; 2) екі деңгейлі бағынышты органдар, мысалы, салалық басқарудың әр түрлі органдары (министрлік). Өкілеттілік мерзімі бойынша бөлінеді: 1) тұрақты қызмет атқаратын мемлекет органдары, бірақ олардың құрамы бекітілген мерзімде жаңартылып тұрады; 2) мерзімсіз органдар, бұл қызметте болудың қандай да бір мерзімі алдын – ала шектелмеген, белгіленбеген. Қызмет атқару уақыты бойынша бөлінеді: 1) мемлекеттің тұрақты органдары; 2) мемлекеттің уақытшы органдары. Тұрақты органдар көпшілікке ие, өйткені мемлекет аппараты қалыпты жағдайда қызмет атқаруға негізделген. Уақытша органдар төтенше жағдайда немесе жалпы мемлекеттік маңызға ие қандай да бір кең көлемді міндеттерді жүзеге асыру үшін құрылады.


44 29. Мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы және қызмет қағидалары Қағидалар – мемлекет аппаратын ұйымдастыру мен қызметі негізінде болатын негіз қалаушы, ережелер, жағдайлар, идеялар, бастаулар. «Қағида» категориясының өзі мемлекет және құқық теориясымен әр түрлі құқықтық құбылыстарды сипаттау үшін пайдаланылады (құқықтың, құқық шығармашылығының, құқықтық жауапкершіліктің ж.т.б. қағидалары). Қазіргі кездегі конституциялық мемлекеттерде мемлекеттік органдардың қызметі мынадай қағидалармен құрылады: 1) гуманизм. Адам құндылығын жеке тұлға ретінде мойындауды білдіреді, мемлекет қызметіндегі оның мүдделерінің артықшылығын білдіреді. Гуманизм ең алдымен мемлекеттік органдардың қызметіндегі қарапайым, күнделікті адам құқықтарының есепке алынуы мен құрметтелуін білдіреді. Гуманды мемлекет адамға зорлықты тек ерекше жағдайда ғана қолданады (мысалы, құқыққа қарсы тәртіп жағдайында); 2) демократизм. Демократия (грек тілінен demos –«халық», kratos – «билік») халық билігін білдіреді. Демократизм қағидасының мазмұны халықты мемлекеттік биліктің қайнар көзі, бастауы ретінде мойындаудан тұрады, саяси решімдерді қабылдаудағы олардың құқықтарының мойындалуы, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың кең көлемінің жариялануы; 3) жариялылық. Мемлекеттік органдардың қызметі туралы қоғамды қажетті жекткілікті ақпараттандыру, өйткені нақты халық билігі тек жариялылық негізінде ғана мүмкін. Бұл қағида мазмұнына әр кімнің өзінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты ақпаратты алу құқығы кіреді, ал кең мағынада – мемлекеттік аппарат қызметі туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру; 4) заңдылық. Мемлекеттік органдардың барлық қызметі көп санды және көп мағыналы нормативтік актілерде мазмұндалған құқық нормасымен реттелген. Олардың қатаң және тікелей, бұзылмай, қисаймай жүзеге асырылуы заңдылық қағидасының мазмұнын құрайды. 5) ұлттық тепе – теңдік құқығы. Мемлекеттік аппараттағы қызметке орналасуға қол жеткізу олардың ұлттық ерекшеліктеріне байланыссыз барлық тұлғаларға бірдей берілуі керек. Әр түрлі елдерде ұлттық сұрақтардың қойылу өткірлілігі әр түрлі, бұл қағиданың өткірлілігі де тікелей осыған байланысты. 6) орталықтандыру. Мемлекеттік аппарат иерархиялық құрылымға ие, және төмен тұрған мемлекет органдары жоғары тұрған органдардың шешімдерін орындауы тиіс, олардың алдында есеп беріп тұруы қажет. Мемлекет органдары тігінен бойынша, немесе екі деңгейлі бағыныштылыққа ие болады – жоғарыдан төмен қарай және көлбеу бойынша. Соңғы жағдайда, салалық аумақтық басқарудың органы салалық басқарудың жоғары тұрған аумақтық немесе орталық органына, жоғары тұрған аумақтық органға да бағынады. 7) басқару қызметіне ғылыми тәсіл, кадрларды таңдаудағы кәсібилік. Басқару қызметі – бұл қызмет жеткілікті күрделі және арнайылыққа ие, ол


45 қазіргі заманғы адам қоғамының даму деңгейімен, қоғамдық қатынастардың көп түрлілігі мен күрделілігімен түсіндіріледі. Тәжірибе көрсеткендей қоғамды сапалы және тиімді басқару мамандармен жүзеге асырылады. 8) шешімдер қабылдаудағы біртұтастықты және алқалылықты есепке алу. Басқарушылық шешімдерді қабылдаудың біртұтастық та, алқалылық та тәсілдері өзіндік артықшылықтар мен кемшіліктерге ие. Бірінші жағдайда шешім тез, жедел, аз шығындармен қабылданады, басқарушылық қызметті жүзеге асырудың тиімділігі үшін алғышарттар жасалады; 9) биліктің бөлінуі. Бұл жерде биліктің мынадай үш тармақтары бөлінеді заң шығарушы, атқарушы және сот. 30. Әлеуметтік нормалар және олардың саралануы Адамзат өздерінің күнделікті өмірі мен қызметінде жетекшілікке алатын көптеген әр түрлі нормалар мен ережелер шығарған. Олардың арасында моральды, құқықтық, саяси, эстетикалық, ұжымдық, діни әдет – ғұрыптар, дәстүрлер, әдеттер, іскерлік, салттар, этикеттің, нақтылықтың, сыпайылықтың талабы және т.б. бар. Әлеуметтік нормалар – бұл біріккен адамзат тұрмысының обьективті қажетті ережелері, міндеттілік пен мүмкіндіктің шекарасы. Әлеуметтік норма қалаулы тәртіптің жай ғана абстрактілі ережесі ғана емес. Ол сонымен қатар, өмірде, тәжірибеде фактімен бекітілген нақты әрекеттің өзінде де білдіреді. Бұл жағдайда нақты әрекеттер, қылықтар ереже болып қалыптасады. Басқаша сөзбен айтқанда, әлеуметтік норма тек міндеттілікті емес, сондай-ақ мәнділікті де бейнелейді. Норма – бұл нақты бір нәтижеге, мүддеге жетуге бағытталған қоғамдық пайдалы тәртіптің позитивті шегі. Түсінікті де, «нормаға сәйкес келетін тәртіп, одан бас тарту – патологияға қарағанда жиі кездеседі». Әлеуметтік нормалар кез – келген емес, типті, массалық қатынастарды реттейді. Күтпеген байланыстар, қылықтар, әрекет нормада көрініс табуы мүмкін емес. Норма – бұл әрқашан ішкі бұлқыныстарға сияқты, сыртқы детерминацияға да негізделген стереотип. Біздің қазіргі қоғамның дағдарыстық жағдайы барлық әлеуметтік нормаларды, және ерекше құқықтық, адамгершілік, саяси сияқты нармаларды сақтауды талап етеді. Олардан бас тарту, яғни, ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыстың негіздерінен қиындықтардың пайда болу себептерінің бірі болып табылады. Бүкіл әлем ұстанған артықшылықтар мен бағыттар шеттетілді. өркениеттің бағаналы жолын айналып өтуге тырысу, өзіндік жаңа жолды іздеп табу табыссыз аяқталды және жалған мақсатқа сенген қоғамға қымбатқа түсті. Жалпымен қабылданған нормалардан және адамзаттың өмір сүруінің жағдайынан бас тартумен байланысты тәжірибе тарихи тығырыққа әкелді. Енді ел үрдістің басқа салынған даңғылымен шығуға мәжбүр. Диалектика жалпы алға жылжуда қиын қозғалыстарды, айналма жолдарды, бір орында тапталып тұрып қалуды жоққа шығармайды, бірақ оған уақыт жоғалтылған. Сондай-ақ,


46 тығырық ретінде кең мойындалған және көзқарастардың біртұтас гуманды жүйесі ретінде социализм болып табылмайды, ол бізде және кейбір әр түрлі Шығыс Еуропа елдерінде табыссыз тексеріліп көрген көптеген құрбандардың өмірлік бағасы болған үлгі болып табылады. Әлеуметтік нормалар көптүрлі және көпмағыналы, ол қоғамдық қатынастардың өздерінің – реттеу пәнінің бай және біртекті болмауымен байланысты. Әлеуметтануда олар әр түрлі негіздер бойынша сәйкес түрлерге, таптарға, топтарға (қарапайым және күрделі, интенсивті және экстенсивті, прогрессивті және регрессивті, күтпеген жерден болатын және директивті, тірі және өлі) бөлінеді. Заң ғылымы мұндай терең жіктелуге бармайды, ол көрсетілген нормаларды негізінен мынадай критерийлер бойынша қалыптасу тәсілі, әрекет ету аймағы, әлеуметтік бағытталуы бойынша бөледі. Осы көзқараспен нормалар бөлінеді: 1) құқықтық; 2) моральды; 3) саяси; 4) эстетикалық; 5) діни; 6) отбасылық; 7) ұжымдық; 8) дәстүрлі (әдеттермен, салттармен байланысты). Одан басқа, іскерлік, этикеттік, нақтылық, сыпайылық, салттық т.б. тәртіптері болып бөлінеді. Бұл жалпымен қабылданған және кең таралған жіктелу. Бұлардың техникалық сипатқа ие емес, әлеуметтік норма екендігі бұл жерде бәрінің басын біріктіруші бастау болып табылады. Олардың ерекшеліктеріне қарамастан олар бір – бірімен тығыз өзара байланысты, олардың бір де біреуі басқалардан бөлек әрекет етпейді, майдаланған, ұнтақталған түрде өмір сүрмейді. Ондай қатынастың саласы жоқ. 31. Қазіргі әлемнің құқықтық жүйелерінің саралануы мен жалпы сипаттамасы Құқық – шегінде көптеген құқықтық жүйелер қалыптасқан және әрекет ететін әлемдік өркениеттің құбылысы. Әлемдік мәдениет үрдісінің бір құраушы бөлігі ретіндегі құқықтық дамуды түсіну үшін құқыққа сол өркениеттің құқықтық жүйесін нақты тарихи уақытымен және аймағымен, ұлттық, діни ерекшелігімен сәйкестендіруге мүмкіндік беретін көзқараспен қарау керек. Қоғам дамуының құқықтық реттелуінің тарихи дамуында бұл факторлардың байланысын белгілеу үшін құқықтың ішкі құрылымын оқып – үйренумен айналысатын құқықтанудың бөлімі қажет. Құқықтық жүйелердің типологиясы сұрақтары бойынша әр түрлі тәсілдер өмір сүреді. Жіктеудің негізі ретінде идеологиялық, құқықтық, этикалық, экономикалық, діни, географиялық және басқа да критерийлер қабылдануы


47 мүмкін, сәйкесінше құқықтық жүйелердің әр түрлі типологиялық топтары қалыптасады. Критерийлер мен типологиялар арнайы бір нақты комбинацияларда сәйкес келуі мүмкін. Қазіргі кезде ереже бойынша құқықтық жүйелерді саралау үшін негіздер пайдаланылады, олар құқықтың этногеографиялық, техно – құқықтық және діни – этикалық белгілеріне жүгінеді. Қазіргі әлемде әдетте ұлттық құқықтық жүйелер, құқықтық отбасылар, құқықтық жүйелердің топтары сияқты құқықтық массивтер бөлінеді. Ұлттық құқықтық жүйе – бұл жекелеген елдердегі билік ететін құқықтың, құқықтық идеологияның және құқықтық тәжірибеінің нақты – тарихи жиынтығы. Ұлттық құықтық жүйе – нақты бір қоғамның әлеуметтік – экономикалық, саяси, мәдени, ерекшеліктерін бейнелейтін элемент. Ұлттық құқықтық жүйелер құқықтық жүйелердің топтары мен құқықтық отбасыларға қатысты біртұтас, ерекше құбылыс ретінде шығады. Қазіргі кезде әлемде 200-ге жуық ұлттық құқықтық жүйелер бар. Құқықтық отбасы – бұл құқықтың құрылымына және оның тарихи қалыптасу жолына, қайнар көздердің жалпылығы, ортақтығына негізделген ұлттық құқықтық жүйелердің жиынтығы. Осы критерийлерге сәйкес келесі құқықтық отбасыларды бөлуге болады: 1) жалпы құқықтық; 2) романо – германдық; 3) дәстүрлі; 4) мұсылмандық; 5) индустық; 6) славяндық. Құқықтық отбасылардың жіктеу түрлерінің ешқайсысы да әлемнің құқықтық жүйелері үшін нақты болып табылмайды, сондықтан әдебиеттерде ұлттық құқық отбасыларының әр түрлі типологиялық құрылымдарын кездестіруге болады. Келтірілген жіктеуде құқықтық отбасының өзіндік ерекшелігі оның қайнар көздерінің сипатымен анықталады. Жекелеген жағдайда, романо – германдық құқықтық отбасы үшін құқық заңнамалық бейнеге ие норма түрінде шығады, ал құқық қолданушы тек нақты жағдайды жалпы нормамен салыстырады және одан істің шешімін табады. Англо – саксондық құқықтың негізгі қайнар көзі – сот прецеденті. Құқықтық отбасының қайсысының болса да шегінде нақты құқықтық жүйелердің топтарымен ұсынылған терең элементтер болуы мүмкін. Сонымен романо – германдық құқықтық отбасының ішінде Франция, Италья, Бельгия, Испания, Швейцария, Португалия, Румыния сияқты елдерінің құқықтық жүйелері кіретін романдық құқықты бөледі, одан басқа, латын – американдық елдердің құқығы, конондық құқық және Германия, Австрия, Венгрия, скандинавиялық елдер т.б. құқықтық жүйелері кіретін германдық құқық тобы. Англо – саксон құқықтық отбасының ішінде Англия, АҚШ құқықтық жүйесі және бұрынғы ағылшын тілді Ұлыбритания колонияларының құқығы бөлінеді.


48 32. Құқықтық мемлекет Құқықтық қоғамның қалыптасуы мемлекет пен адамның мәртебелерін, олардың құқықтық реттеудегі өзарақатынасының тәсілін өзгертеді. Мұнда жеке тұлға бірінші орында тұруы керек, ал шектеудің құқықтық режимі мемлекет үшін ғана тән. Құқықтық мемлекет «заңмен тыйым салынбағанның бәріне рұқсат» қағидасы негізі жатқан, адамға қатысты оның құқықтық еркіндігі үшін барлық жағдайлардың жасалуымен сипатталады. Адам автономды субьект ретінде өзінің күшімен, қабілетімен, мүлкімен еркін билік ете алады. Құқық еркіндіктің нысаны мен шегі бола отырып жеке тұлғаның ең алдымен экономикадағы, өндіріске ғылыми – техникалық үрдістерді ендіру саласындағы шектеулерінің шекарасын максималды түрде жылжытуы керек. Құқықтық мемлекетті құрудың құралдары мен тәсілдерін іздеу жолында адамдар құқыққа жүгінді. Дәл соның арқасында қоғамның мүдделерін көрсету мен жүзеге асыруға көп мүмкіндіктер болды. Ол басқа әлеуметтік нормалардан (мораль, әдеттер, діни тәртіптер ж.т.б.) ерекше формальды – нақты, жазбаша сипатқа ие және бір жағынан мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілердің құзыреттері мен өкілеттігінің шегін реттей алса, екінші жағынан – азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, олардың құқықтық жағдайларын реттей алады. Саяси билік әр түрлі қиянат етуге бейім болса, ол үшін ондай қабілеттерді шектейтін сенімді құқықтық қорған қажет. Мемлекеттік биліктің құқықтың көмегімен жүйелі байланысының қағидасы өмірде белгілі бір тәсілдер мен құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асуы мүмкін. Мемлекеттік билікті ең алдымен адам мен азаматтың өзіндік құқықтары мен бостандықтары шектейді. Құқықты шектеуші шаралардың арасында ерекше орынды биліктің бөлінуі институты алады. Оның басты талабы қандай да бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке бір тұлғаның билікті асыра пайдалануын жою үшін мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және соттыққа бөлу қажет. Бұл билік тармақтарының әр қайсысы жеке дара және өзара бір бірін толықтырушы бола отырып өздерінің қызметтерін органдардың ерекше жүйесі және арнайы нысанда жүзеге асыруы қажет. Конституцияда, заңдарда бекітілген тепе – теңдік және тежемелік жүйесі нақты бір мемлекеттік билікке қатысты құқықтық шектеулердің жиынтығын білдіреді. Федерализм де мемлекеттік билікті шектеу ісінде өзіндік үлесін қоса алады. Мемлекеттің өзіне тән құрылымы ретінде Республика биліктің бөлінуін көлбеу түрде бөле отырып, оны тігінен де бөлумен толықтырады, және сонысымен мемлекеттік билікті шектеу құралы, тепе – теңдік пен тежемелік жүйесі болып табылады. Қоғамдық өмірдегі заңның жоғарылығы және оның үстемдігі құқықтық мемлекетте барлық конституциялық үрдістерді қатаң сақтаумен биліктің


49 жоғарғы органы қабылдаған заң атқарушы органның актілерімен жойылуы, өзгертілуі, немесе тоқтатылуы мүмкін емес. Заң барлық халықтың өкілі болып табылатын депутаттармен қабылданады және сәйкесінше министрліктер мен ведомствалар қабылдайтын өздерінің тар салалары немесе тіпті ұжымдық мүдделеріндегі нұсқаулық пен бұйрықтан ерекше, басқа, жалпы қоғамдық мүдделерді білдіреді. Ведомствалық өкімдердің заңмен айырмашылық болғанда заң әрекет етуі тиіс. Мұндай жағдайда мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі туралы айтылады. Қоғам мен жеке тұлғаның еркіндігін заңнама нысанында бекіте отырып мемлекет өзінің шешімдері мен әрекеттерінде шектеулерден еркін емес. Заң арқылы ол өзіне азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа да мемлекеттермен өзінің қатынасында әділеттілікті қамтамасыз ететін міндеттеме алады. 33. Құқықтық мемлекетті ұйымдастырудың негізі Құқықтық мемлекет деспотиялық немесе полицейліктен айырмашылығы өзін - өзі белгілі бір тұрақты нормалар мен тәртіптердің кешенімен шектейді. Олардың арасында орталық орынды билікті басты үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сотқа бөлетін норма алады. Бұл қағида бір жағынан заң шығарушы биліктің жоғарылығын, ал екінші жағынан – атқарушы мен сот биліктерінің заңға бағыныштылығын анықтайды. Биліктердің теңдігі тек өзара байланысты ғана емес, сондай – ақ бекітілген шекте өкілеттіктерді өзара шектеуді қамтамасыз ететін арнайы ұйымдастырушы – құқықтық шаралармен қолдау табады. Бір мезгілде олар бір билік тармағының басқаларынан сол өкілеттілік шегінде тәуелсіздігіне кепілдік береді. Құқытық мемлекетті ұйымдастырушы негіз ретінде биліктің бөлінуі теориясын қарастыра отырып келесі сұрақтарды анықтап алу қажет: онда халықтық билік, хылықтық егемендік, құқықтардың ажыратылмайтындығы, олардың шектелуіне жол бермеу, тең құқықтық, заң мен сот алдында азаматтардың теңдігі қамтамасыз етілген бе, адамның жеке, саяси, әлеуметтік – экономикалық және басқа да құқықтар сақталған ба. Заңшығарушы билік жоғарылыққа ие, өйткені ол, мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық басымдылығын, бастауын, ел саясатының негізгі ішкі және сыртқы бағыттарын бекітеді, сәйкесінше, атқарушы және сот билігі қызметтерінің құқықтық ұйымдастырылуы мен нысандарын анықтайды. Заң шығарушы органдардың басты орында тұру жағдайы құқықтық мемлекет механизімінде олардың қабылдайтын заңдарының жоғары құқықтық күшке ие болатындығын ескертеді, құқықтың нормаларына жалпыға міндеттілік сипат береді. Бірақ та, заң шығарушы биліктің жоғарылығы шексіздік сипатқа ие емес. Ол халықтың және көмегімен әрекет етуші конституцияға заңдардың сәйкес келуін қамтамасыз етілетін арнайы конституциялық органдардың бақылауында, қадағалауында.


50 Атқарушы билік өзінің органдары арқылы заң шығарушымен қабылданған құқықтық нормаларды тікелей жүзеге асырумен айналысады. Ол тек билікке заңмен бағынышты болғанда ғана, заңдылық бастауында ғана әрекет еткенде құқықтық сипатқа ие болады. Құқықтық мемлекетте әр бір азамат атқарушы органдар мен лауазымды тұлғалардың кез – келген заңсыз әрекеттеріне сот тәртібімен шағым беріп арыздана алады. Сот билігі құқықты, мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық тіреуін кім жасаса да кез – келген бұзулардан қорғауға құрылған. Құқықтық мемлекетте әділ сот тек сот органдарымен ғана жүзеге асырылады. Ешкімде сот қызметтерін өзіне иемдене алмайды. Әділсоттың тәуелсіздігі және заңдылығы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, тұтас алғанда құқықтық мемлекеттің маңызды кепілі болып табылады. Сот билігі құқықтық ұстанымдарды (ең алдымен конституциялық) мемлекеттік биліктің заң шығарушы тарабымен қатар, атқарушы органдардың да бұзуыне ескертуші баяулататын фактор ретінде шығады, сол арқылы биліктің нақты бөлінуін қамтамасыз етеді. Биліктің бөлінуі теориясы заңдардың жоғарылығы, адам құқықтары мен бостандықтарының ажырамайтындығы; мемлекет органдардың қызметінің нақты реттелуі; мемлекеттік аппарат қызметіне қоғамдық бақылаудың болуы қағидаларымен байланысты. Биліктің бөлінуі құқық қоғамын сақтаудың, мемлекеттік тұрақтылық пен әлеуметтік табыстың маңызды кепілдерінің бірі болып табылады. Биліктің бөлінуінің барлық қағидалары мен институттарының жүйесі билікті артық, асыра пайдалануды жоюға, қоғамдық өмірдің белгілі бір саласына биліктік құралымдардың араласуын шектеуге бағытталған. Биліктің бөлінуі – мемлекеттік құрылымдардың қатып қалмаған жағдайы. Бұл келісім негізіндегі күрделі үдерістің және қақтығыстық жағдайларға арнайы қарастырылған құқықтық процедуралар негізінде біртұтастыққа жеткізетін жұмыс істейтін механизм. 34. Құқықтың түсінігі мен мәні Құқық түсінігін аша отырып оның белгілеріне назар аудару керек. Сонымен, құқықтың маңызды да мәнді белгілеріне жатады: 1) мемлекеттік – еріктік сипаты, мұнда құқық қоғамның экономикалық және рухани, сонымен қатар, ұлттық, діни, демографиялық, табиғи және т.б. өмір жағдайларымен түсіндірілген мемлекеттік еркін бейнелейді. Құқық адамдардың еріктік әрекеттерінен, санадан тыс мәнсіз. Құқық әрқашанда ерік болып табылады, бірақ барлық ерік – құқық болып табылмайды. Сонымен, жекелеген индивидтің, әлеуметтік топтың, қабаттың, таптың еркі құқық болып табылмайды. Сондай-ақ, саяси партиялардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің құжаттарында көрсетілген еркі өзінен өзі құқық болмайды. Бұл еріктің мемлекеттік емес түрлері. Құқықтың мәні мен мазмұны қоғамның даму кезеңіндегі экономикалық құрылымымен ғана емес, сонымен қатар, саясат, мораль, құқықтық сана,


Click to View FlipBook Version