The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Оқу құралы Мемлекет және құқық теориясы

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by ganiabdumalik, 2023-04-23 23:41:38

Оқу құралы Мемлекет және құқық теориясы

Оқу құралы Мемлекет және құқық теориясы

101 құқықтық нысандар мен процедуралардың, азаматтар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді. Құқықтық қатынастар – бұл субъектілер арасында туындайтын қатынастардың заңды байланысы. Құқық қатынастар арқылы қатынастардың нақты жағдаяттары реттеледі. Құқықтық қатынастар құқықтық реттеу механизмінің компоненті болып сааналады. Құқықтық қатынастар құқықтық нормалардың негізінде пайда болып, өзгеріп, тоқталып отырады. Құқықтық норма бар болғандықтан ғана емес белгіілі бір қоғамдық қатынастардың құқықтық реттеуді қажет утіуне байланысты пайда болады. Мұндай жағдайда алдымен құқықтық норма қабылданып, тек соның негізінде құқықтық қатынас қалыптасады. Құқықтық қатынастардың қатысушылары болып субъектілер табылады. Құқық субъектілері ретінде заңда көзделген құқықтар мен міндеттерге ие тұлғалар мен олардың бірлестіктері табылады. Түптеп келгенде, құқық субъектілерінің шкңбері мемлекет еркіне байланысты болады. Кез келген құқықтық қатынастар іс жүзінде, заңды және ерікті, мазмұнға ие. Құқықтық қатынастардың іс жүзіндегі мазмұны құқықтың шынайы, яғни, іс жүзіндегі қатынасты реттеуіне байланысты өзгермейді. Құқықтық қатынастардың заңды мазмұны ретінде қатысушыларының субъективтік құқықтары мен міндеттері түсініледі. Құқықтық қатынастардың ерікті мазмұны мемлекет еркі мен субъектілер еркінен тұрады. Кез келген құқықтық қатынас мазмұн мен нысанның бір тұтастығы ретінде көрініс табады. Құқықтық қатынастар интеллектуалдық және ерікті элементтерден тұрады. Интеллектуалдық элемент – бұл құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне, тоқтатылуына ықпал ететін саналы әрекет, сондай ақ құқықтық қатынас субъектісінің өзінің әрекеттеріне жауап беруіне және оларды басқаруына қабілеттілігі. Бұл жағдайда құқықтық қатынас қатысушысының заңды норманы басшылыққа алуы міндетті емес. Ол құқық нормасының адамгершілік үйлесімділігін әдет бойынша сақтау мүмкіндігі бар. Субъектінің еркі негізі қоғамның және мелекеттің заңды нормасы мен құқықтық қатынастылығымен нақтыланған еркіне сәйкес келуі тиіс. Құқықтық қатынас құқық сияқты мемлекетпен қорғалады. Өзге қатынастар мұндай қорғауға ие болмайды. 72. Құқықтық қатынастың топтасу талаптары Құқықтық қатынастар ҚҚ бірнеше түрге бөлінеді. Құқықтық қатынастардың топтасуының әр түрлі критерийлері бар. Ең қарапайым және ең көп тпрплған критерийлерге қ.қ.-ң топтасуы саладағы бекітілген ережелерге байланысты, олардың пайда болу


102 негізінде өзгертілетінін немесе тоқтатылатындығына байланысты бөлінеді. Осы критерийлерге сай барлық құқықтық қатынастар мынадай түрге бөлінеді. 1) Әкімшілік құқығы 2) Қылмыстық құқық 3) Азаматтық құқық Кең көлемде таралған құқықтық қатынастар топтастыру қатысушылардың саны мен қатар олардың өзара құқығы және міндеттеріне байланысты. Осы критерийлер бойынша 1) Бір жақты 2) Екі жақты 3) Көп жақты болып бөлінеді. Біржақты құқықтық қатынастардың айқын ерекшелігі қатысушы екі жақта келесі жаққа тек міндетті екендігі. Қарапайым мысал ретінде сыйға тартукелісім шартын келтірсек болады. Ал екі жақты құқықтық қатынаста қатысушы екі жақтың құқықтары мен міндеттері өзара тең болады. Құқықтық қатынастардың көп жақты құқықтық қатынастың айқын ерекшелігін үш немесе оданда көп қатысушылардың болуымен қатар олардың бір-біріне қатысты міндеттері мен құқықтарының болуы болып табылады.Мұндай құқықтық қатынастарбір жақтың әрбір субъекті құқығы екінші жақтың басқа ортада делдалдық болуын келтіріуімізге болады. Құқықтық қатынастардың топтасуының басқада критерийлері бар. Кейбір белгіленгендерінің теориялық және практикалық мағыналары бар.Жекелеп алғанда құқықтық қатынастар реттеуші, субъекттік құқық пен міндеттердің орнатылуы мен орындалуына байланысты,ал және сақтаушы деп субъективтік құқық пен міндеттің бұзылуы мен қайтадан құрылуына байланысты жағдайда пайда болады. Сонымен қатар құқықтық қатынастар қатысты және абсолюттік деп бөлінеді.Заңды әдебиеттерде бір жақтың субъективті құқығы, екінші жақтың міндетті ісәрекетіне байланысты орындалуы мүмкіндігін айтамыз. Субъективтік құқық заңды түрде қамтамасыз етілген мүмкіндіктерге байланысты жеке құқығын еркін қолдану болса құқықтық қатынастың абсолюттік категориясына жатады. Классификалық мысал ретінде меншіктенуші өздігінен билееуге, пайдалануға және жеке меншігімен басқаруға құқылы екендігі . Мүмкін және жиі пайда болатын кедергілерді жою. Субъективті құқықты орындау (қолдану) жолында пайда болуы мүмкін әрі жиі пайда болатын кедергілерді жою меншіктерінің талабы. Өмірлік жағдаяттарға байланысты құқықтық қатынастар пайда болады, өзгереді және доғарылады. Заңды фактілер деп құқықтық қатынастың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуына байланысты нақты өмірлік жағдаяттар. Құқықтық нормалар гипотезасында заңды фактілер қалыптасады. Заңды фактілердің болу болмауынан белгілі субъекттің құқығы мен міндеттерін мойындауына немесе мойындамауына байланысты болады. Міне сондықтан да заңгер жан-жақты зерттеу мен заңды фактілерді дұрыс білу керек, Осылай құқықтық қатынастың қандай орын алатынын және қатысуын құқықтық қатынастың қандай орын


103 алатынын және қатысушылардың заңды құқығы мен міндеттерін нақты анықтайды. Мысалы қылмыс жасау –ол заңды факт және ол қылмыс жасаушымен жеке адам арасындағы қарым-қатынас қылмыстық құқық туғызады. 73. Құқықтық қатынастың ұғымы және субъект түрлері. Құқықтық қатынастың қатысушылары, құқықтық субъектілер адамдар және олардың жиынтығы құқық пен заңды түрде қарастрылған міндеттерді орындаушы. Құқықтық қатынастың субъектілері деп - субъективті заңды құқық пен міндеттерді құқық нормаларына сәйкес орындап жүрген (жеке тұлға) индивидті ұйым. Жалпы тәртіп осындай. Кез-келген индивид немесе ұйым құқықтық қатынастың субъетісі бола алмауын әртүрлі объективті факторлармен түсіндіруге болады (писхологиялық, педагогикалық, экономикалық). Құқықтық қатынастың қалыптасушылары деп объективті құқық шеңберінде табылатын субъектілерді айтамыз. Олардың басым көпшілігі құқықтық мемлекетте.Қандайда бір себептермен құқықтық реттеуге енбеген тұлғалар басқада қоғамдық қайырымдылық қорлары мен мемлекет қорғауында. Құқықтық субъектілер ең алдымен былай бөлінеді. 1. жеке 2. ұжымдық Жекеге жатады 1.Қ.Р азаматтары 2.шетелдіктер 3.азаматтығы жоқ тұлғалар 4.екі азаматтығы бар тұлғалар Ұжымдық құқықтық субъектілер ауқымдырақ топтасуға ие. Олардың мынадай түрлері бар. 1.мемлекет 2.мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер 3.қоғамдық бірігулер 4.Қ.Р. субъектілері 5.әкімшілік –аумақтық бірліктер 6.діни ұйымдар 7.заңды тұлғалар Құқық субъектісі кез-келген адамдар ұжымы бола алмайтынын біле жүру керек.Мысалы: отбасы немесе оқыту топтары курстар, кафедралар, өндірістік бригада және басқа да топтар бұл қасиеттерге йе емес. Құқықтық субъект болып тек мағыналы, орнықты, тұрақты бірігулер жатады, себебі олар бірдей мақсат пен ерікке ие.Бұл жай әншейін (құрылған) басқосқан азаматтар немесе құрылым емес.


104 Құқықтың қатысуына байланысты қабылеттілік және әрекет қабылеттілік болып бөлінеді. Құқық субъектісі деп –өздеріне артылған міндетті орындап, құқықтарын пайдаланатын жалпы құқығы мен міндеті бар құқықтың қатысушыларын айтамыз. Құқықтың субъектісі көбінесе құқықтық қатынастардың ерекшелігін анықтайды,себебі бұл құқықтардың әртүрлі саласындағы жалғыз үздік элемент. Құқық қабылеттілігі дегенде мемлекетпен қарастырылған жалпы мүмкіндіктер, заңды құқықтар мен міндеттерді орындау және пайдалануды түсінеміз. Барлық адам бірдей шамада құқық қабілеті Құқық қабылеттілік – заңнамада бекітілгендей субъектінің заңды құқығы мен міндеттерін қолдану мен орындау. Ол туылған кезден басталып өлгенге дейін жалғасады.Құқық қабылеттілік адамның табиғи қасиеті емес, объективті құқығы. Субъект қолданатын құқықтар мен міндеттер шоғырланады, заңды құқық бірақ бұл әліде олардың құқыққа қабылетті болуы жеткіліксіз. Құқықтардың шынайы қатысушысы болу үшін құқық қабылеті азамат әрекетін қабылетті болуы керек. Әрекет қабылеттілік деп –азамат өз еркімен, жете ұғынуымен, заңды құқықтарымен міндеттерін орындай және қолдана білсе айтамыз. Әрекет қабылеттілік жалпы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Құқық субъектілерінің құқық қабылеттілігі және әрекет қабылеттілігі. Құқық қабылеттілік –ол азаматтың азаматтық құқыққа ие болуы мен міндеттерді орындау қабылеттілігі тек оның заңды фактілерді іс-әрекетерде және жағдайларда пайда болатын құқықтық қатынастар нақты субъективті құқықтық алғышарттары болып табылады.Заңда қарастырылған құқық пен міндеттерге ие болу –құқық қабылеттілігі түсінігіне тең. Құқыққа ие болу және міндеттерді орындау құқық қабылетті субъективтің құқықтары жалпылама құқық пен міндеттерге сәйкес анықталады.Заңнамада тең ең керекті құқықтық мүмкіндік беріледі. Субъективті құқықтан құқық қабылеттіліктің айырмашылығы. 1.тұлғадан айырылмайды, адамды құқық қабылеттіліктен айыруға, тартып алуға немесе шектеуге болмайды; 2.жынысқа (қарамайды) жасқа, мамандыққа,ұлтына, тұрғылықты орнына , материалдық жағдайына және басқа да өмірлік жағдайларға қарамайды. 3.басқаның қолына өткізуге болмайды. 4.субъективтік құқыққа қарағанда алғашқы алғышарттың ролінде 5.абстрактты, субъективті құқық нақты. Әрекет қабылеттілік ол-субъектінің өз әрекеттерімен құқықты йеленуі және іске асырды , өзіне міндеттер қойып соны орындай білу қабылеттілігі.Әрекет қабылеттілік теориясы барлық субъектілердің құқықтары ер жетулеріне құқықтары ер жетулеріне байланысты анықталады. Әрекет қабылеттілік арнайы және жалпы болады. Жалпы, мысалы бірін қалдырмай кез-келген заңды келісімдер жатады, ал арнайы болса осылардың тек кейбіреуіне


105 жатқызады. Табиғи себептерге байланысты құқықтық пен әрекет қабылеттілік әрдайым сәйкес келмейді. Барлық адамдар құқық қабылетті, бірақ керісінше әрекет қабылетті азамат құқығы қабілетті. Толық әрекет қабылеттілік бірін қалдырмай барлық құқықтар мен міндеттерді қолдану.Толық әрекет құқығы 18 жасқа толған соң, ал толмаған жайдайда да үйленген соң және тәуелсізденген соң ғана қол жеткізеді. Ішінара әрекет қабылеттілік 2 дәрежеде болуы мүмкін. 1.Жасөспірім әрекет қабылеттілігі 6 мен 14 жас аралығы.Келісімге тек атаанасы, қамқоршысы және асыраушысы ғана отыра алады. 6 мен14 жас аралығындағы жас өспірім кішігірім зияны жоқ, пайда алып келетін, нотариялық мемлекеттік анықтаманы қажет етпейтін келісімге отыруға және еркін сатылымдағы заттарға қол жеткізуге құқылы.Жасөспірімнің келісімге деген жауапкершілігін оның ата-анасы, асыраушысы немесе қамқоршысы алады, егерде міндеттер олардың кесірінен орындалмаған болса. 2. дәреже: Кәмелеттік жасқа толмаған 14 пен 18 аралығындағы әрекет қабылеттілік . Олар жасөспірімдердің келісімін, авторлық құқыққа ие болып, несие ұйымдарына үлес қоса алады. 16 жастан шаруашылыққа араласады.Басқа келісімдерге заңды өкілдердің қатысуымен отырады. Кәмелетке толмағандар туралы заңға сәйкес олар заттың келісімге жауапкершілікті өздері береді. 74. Құқық субъектісінің құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі. Құқық қабілеттілік – бұл азаматтың нақты міндеттер мен азаматтық құқықтарды иелену қабілеттілігі. Атап айтқанда құқық қабілеттілік қандай да бір құқықтардың жиынтығы, олардың сандық көрінісі емес, ол тұлғаның тұрақты азаматтық жағдайы, оның құқықтық мәртебесінің элементі, құқықты иеленуге қатысты алғышарттары. Құқық қабілетілік мемлекетпен танылатын жалпы (абстрактілі) заңмен қарастырылған құқықтар мен міндеттер, субъектінің қабілеттілікті иеленуге мүмкіндігінің болуын білдіреді. Құқық қабілеттілік мазмұны құқықтық қатынастардың субъектісінің құқықты тұтастай иеленуімен анықталады, яғни құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігі беріледі. Құқық қабілеттіліктің субъективті құқықтан айырмашылығы: 1) тұлғадан бөлектенбеуі, адамды құқық қабілеттіліктен айыруға, тартып алуға немесе шектеуге болмайды; 2) жынысына, жасына, мамандығына, ұлтына, тұрғылықты жеріне, мүліктік жағдайына және өзгеде өмірлік жағдаяттарға тәуелді болмайды; 3) ол өзге адамға беруге, табыстауға болмайды; 4) субъективтік құқыққа бастапқы қатынасы; 5) субъективті құқық нақты, абстрактілі. Әрекет қабілеттілік ретінде субъектінің тек құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті емес, соған қоса, оларды өзінің жеке әрекеттері арқылы жүзеге


106 асыру, олардың салдары үшін жауап беру, құқықтық қатынастар қатысушылары болу қабілеті танылады. Әрекет қабілеттілік тұлғаның жасына және психикалық жағдайына байланысты болады, ал құқық қабілеттіліктің аталған жайттарға тәуелсіз болатыны белгілі Толық әрекет қабілеттілік – құқықтар мен міндеттерді шектеусіз иелену мүмкіндігі. Әрекет қабілеттілік толық көлемде кәмелеттік жасқа, яғни, 18 жасқа толған сәттен бастап туындайды; кәмелеттік жасқа толмаған азамат, толық әрекет қабілеттілікті некеге тұрғанда, эмансипация жағдайда иелене алады. Ішінара әрекет қабілеттілік екі сатыдан тұрады: бірінші саты – бұл әррекет қабілеттілік 6-14 жас аралығын қамтиды. Мәмілелерді олардың атынан ата аналары, асырап алушылары немесе қамқоршылары жасай алады. 6- 14 жас аралығындағы жас балалар ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз бетінше жасауға хақылы; қайтарымсыз, қарызды қайта талап етпейтін, нотариалдық куәландырусыз және мемлекеттік тіркеусіз жасалған мәмілелер жасауға хақылы; жас балалардың өздерінің жасаған мәмілелері үшін жауапкершілікті ата- аналары, қамқоршылары, асырап алушылары алады. Ішінара қабілеттіліктің келесі сатысы – бұл 14-18 жас аралығындағы кәмелелетке толмағандардың әрекет қабілеттілі. Заңға сәйкес олар барлық мәмілелерді жасауға және өздерінің табыстарына билік етуі, авторлық құқықты жүзеге асыруға құқылы болады. 16 жастан бастап кооператив мүшесі бола алады. Өзге мәмілелерді заң өкілінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылпды. Алайда олар өз жалақысына, стипендиясына және өзгеде табыстарына билік ете алады, авторлық өнертапқыштық құқықтарды жүзеге асырып, несиелік мекемелерге салымдар сала алады. Заңға сәйкес 14-18 жастағы кәмелетке толмаған азаматтар мәмілелер бойынша мүліктік жауапкершіліктер үшін өздері жауапты болады. 75. Құқықсубъектілік Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік екеуі бірге құқықсубъектілікті құрайды. Бұл құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің біртұтастығы туралы түсінік қалыптастырады. Бұл жиынтық ұғым құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік уақыт бойынша ажырамайтын , тығыз байланысты болатын жағдайларды көрсетеді. Мысалы, ұйымдар мен ересек азаматтар бір мезетте құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілікке ие болып табылады. Ұжымдық субъектілер құқық қабілеттілікке ие болса, әрекет қабілеттікке ие болады. Олардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезетте пайда болады және бір бірінен ажырамайды. Азаматтардың көптеген құқықтары өзгеге берілмейтін сипатқа ие, әрекет қабілетсіз тұлға үшін басқа тұлға құқықтарын жүзеге асыра алмайды (мысалы, некеге отыру, білім алу, еңбек шартын жасау және т.б.). Мүліктік құқықтар мен салыстырғанда мұндай құқықтарды иеленуші тұлғаның өзі жүзеге асыруы тиіс.


107 Құқық субъектілік жинақтаушы санат. Ол төрт элементтен тұрады: 1) Құқық қабілеттілік – бұл заңнамада бекітілген субъектінің заңды құқықтар мен заңды міндетерді иеленуі. Ол тұлғаның өмірге келуі кезінен басталып мен өмірден өткен кезінде тоқтатылады. Құқық қабілеттілік адамның табиғи қасиетінен емес, объективті құқықтан туындайды. Онда, субъект иеленетін заңды құқықтар мен міндеттер шоғырланып, бірақ мұның өзі шындығында оны иеленетіндігін білдірмейді. Құқықтық қатынастардың қатысушысы болу үшін, субъект әрекет қабілетті болуы тиіс. Азаматтардың құқық қабілеттілігінің түсінігі құқықтар мен міндеттердің тұтастығымен анықталады, яғни құқықтар мен міндеттерді иеленуге мүмкіндік беріледі. Заңнамада азаматтың иелене алатын құқықтың жан-жақты тізбесі болмайды, мұнда аса маңызды құқықтық мүмкіндіктер тізбесі беріледі. Осылайша, азамат мүліктік меншік құқығына; меншігін мұра етіп қалдыруға; кәсіпкерлікпен және заңмен тыйым салынбаған іспен айналысуға; заңды тұлғаларды өзінің құру мүмкіндігі немесе өзге және заңды тұлғалармен бірігуі; заңға қайшы келмейтін мәмілелерді жасауға және міндеттемелерге қатысуға; тұрғылықты жерін таңдауға; ғылыми шығармашылықта, әдебиетте, өнерде, авторлық құқықты иеленуге; өзге меншік және жеке меншік емес құқықтарды иелену мүмкіндіктерінің болуы. 2) Әрекет қабілеттілік адамдардың еркіне тәуелді фактілер. Себебі, оларды адамдар ерікті түрде жасайды. Өз кезегінде әрекеттер құқыққа сай және құқыққа қайшы болады. Әрекет қабілеттілік тұлғаның жасына және психикалық жағдайына байланысты болады. Әрекет қабілеттілік жалпы дәне арнайы болып екіге бөлінеді. Табиғи себеп-салдарға байланысты құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік бір-бірімен сәйкес келмейді. Барлық адамдар құқық қабілетті болып саналғанымен, олар әрекет қабілетті болып табылмайды. Және қарама қайшылық барлық әрекет қабілетті адамдар құқық қабілетті болып саналады. 3) Деликт қабілеттілік, яғни азаматтық құқық бұүзушылықтар деликттер үшін жауап беру қабілеті; 4) есі дұрыстық – қылмыстық жауапқа тартудың шарты. Түптеп келгенде соңғы екі элемент әрекет қабілеттілікпен қамтылатынына қарамаста, аталған ұғымды ослайша жіктеу оны анағұрлым тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Құқықсубъектілік құқықтық қатынастардың міндетті құқықтық алғышарттарының бірі болып табылады. Құқықсубъектілік – тұлғаның құқық субъектісі болу мүмкіндігі немесе қабілеті. 76. ҚР жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің құрамын қарастырмай құқықтар мен бостандықтар туралы толық және шынайы көзқарастарды қамтуға болмайды.


108 Біріншіден, бұл категория жинақтаушы, жан-жақты сипаатта болады. Ол өз қатарына құқықтық қатынастар мәртебелерін жинақтайды: 1) азамат; 2) шет ел азаматы; 3) азаматтығы жоқ тұлғалар; 4) қашқындар; 5) мәжбүрлі қоныс аударушылар. Екіншіден, аталған категория адамның жеке ерекшеліктерін көрсетеді және қоғамдық қатынастардың көп жақты жүйесінде шынайы орнын бейнелейді. Үшіншіден тұлғаның негізгі құқықтық қатынастар мәртебесін құруда құқықтар мен бостандықтар оның өзге құрамынсыз жүзеге аспайды (заңды міндеттердің құқықтық сәйкестендірілімінсіз (корреспонденция), қажетті жағдайдағы жауапкершіліксіз, құқықтық қатынастар кепілдемесіз, адамның ерікті және саналы белгілерін анықтайтын әрекет қабілетсіздік пен құқық қабілетсіздік). Төртіншіден, тұлғаның құқықтық қатынастар категориясы құқық, бостандық, тұлғаның тұтастай міндеттері, жүйелі түрде мәртебелерді салыстыруға мүмкіндік беруі, ары қарай қалтқысыз дамуы жолдарын айқындайды. Құқықтық мәртебе тұлғаның мемлекетпен танылатын және кепілденетін құқықтары, бостандықтары, міндеттері және заңды мүдделерінің жиыетығы болып табылады. Жеке тұлғаның іс жүзіндегі жағдайын құқықтық тұрғыдан рәсімдеу түрлі жолдармен және тәсілдермен, бір қатар арнайы құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Рәсімдеу адамды құқықтың субъектісі деп танудан және оған ерекше мәртебе – құқық және әрекет қабілеттілік беруден басталады. Осыдан соң ол құқықтық қатынастарға өз атынан қатысып, өз әрекеттері үшін жауапкершілікте болады. Жалпы, конституциялық, салалық, туыстық және тұлғаның жеке құқықтық мәртебесін ажыратады. Құүқықтық мәртебелердің түрлері көп, бірақ теориялық тұрғыдан тек алғашқы үш түрі елеулі мәнге ие. Жалпы құқықтық мәртебе тұлғаның мемлекет азаматы және қоғам мүшесі ретіндегі мәртебесі ол, ең алдымен, Конституцияда анықталады және түрлі ағымдағы жағдайларға (қызметі, отбасылық жағдайы, лауазымы, орындайтын функциялары) тәуелді болмайды, барлық тұлғалар үшін бірыңғай және бірдей болып келеді, салыстырмалы түрдк тұрақтылыққа, жалпылама сипатқа ие. Мұндай мәртебенің мазмұнын Конституциямен ұсынылып кепіл етілген құқықтар мен міндеттер құрайды. Және бұл мәртебенің мазмұнын өзгерту әрбір жекелеген тұлғаның еркіне емес, заң шығарушының еркіне байланысты болады. Жалпы құқықтық мәртебе субъектілерінің барлық ерекшеліктерін, айырмашылықтарын және өзіне тән белгілерін ескере бермейді және оның құрамына субъектілердің еңбек қызметіне, олар қатысатын құқықтық қатынастардың сипатына және басқада жағдайларға байланысты туындап, тоқтатылып отыратын көптеген субъективтік құқықтар мен міндеттер енбейді. Егер аталған құқықтар мен міндеттер азаматтың жалпы мәртебесінің ұғымына енетін болса түрлі сипатқа ие, аса тұрақсыз және анықталмаған мәртебе орын


109 алар еді. Мұндай мәртебе барлығына ортақ болмас еді. Жалпы құқықтық мәртебе басқа мәртебелер үшін базалық, бастапқы болып табылады. Арнайы мәртебе белгілі бір санаттағы азаматтардың (мысалы, зейнеткерлер, студенттер, әскери қызметкерлер, ЖООның қызметкелері, ұстаздар және т.б.) жағдайындағы ерекшеліктерді көрсетеді. Жеке мәртебе нақты бір тұлғаның ерекешеліктерін бекітеді (жынысы, жасы, отбасылық жағдайы, орындайтын жұмысы, өзгеде сипаттамалар). Қарастырылып отырған мәртебенің үш түрі бір-бірімен жалпы, ерекше және жалғыз ілікті санат ретінде арақатынасқа түседі. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, біріне бірі тәуелді және тәжірибеде ажыратылмайды. Кез келген тұлға аталған мәртебелердің барлығын бір мезгілде иеленуі мүмкін – өз мемлекетінің азаматы ретінде жалпы мәртебеге ие болса, белгілі бір топқажатуына байланысты арнайы мәртебені иеленуі мүмкін және жеке тұлға ретінде жеке мәртебеге де ие болады. Жалпы құқықтық мәртебе барлығы үшін ортақ, арнайы мәртебелердің саны көп, ал жеке мәртебенің саны азаматтардың санына тәуелді. Құқықтық мәртебе – адамның қоғам, мемлекет, ұжым және қоршаған адамдар мен байланыстарының бүкіл кешенін көрсететін күрделі, жинақтаушы санат. 77. Құқықтық қатынастарға қатысушылардың субьективтік құқықтары мен заңды міндеттілігі. Субьективті құқық пен заңды міндеттілік құқықтық қатынастың жүйелі элементтері, нақты қоғамдық қатынастарға ерекше сапа белгілейді. Құқықтық қатынастарға қатысушының ерік білдіруі, оның мүддесінің қорғалу деңгейі құқықтық нормамен айқындалады. Субъективтік құқықтар құқықтық нормамен белгіленеді. Құқықтық қатынастарда оның субъектілеріне нақтылық қолданылады. Құқықтық реттеу, ең алдымен, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер механизмі арқылы жүзеге асырылады, дәл осы қасиеті арқылы ол реттеудің өзге түрлерінен, мысалы, моральдық реттеуден ерекшеленеді. Аталған құқықтар мен міндеттер белгілі бір құқықтық қатынас шеңберінде бірін бірі толықтыра отырып, оның заңды мазмұнын құрайды. Субъективтік құқық - тұлғаның мүмкін немесе рұқсат етілген жүріс – тұрысының заңмен кепілденген түрі және өлшемі ретінде анықталады, ал заңды міндет тұлғаның міндетті немесе талап етілетін жүріс-тұрысының түрі және өлшемі. Субъективтік құқықтың негізінде заңды түрде қамтамасыз етілген мүмкіндік; ал мүмкіндік негізінде заңды түрде бекітілген қажеттілік жатады. Мүмкіндікке ие тұлға құқыққа ие; ал міндетке ие тұлға құқықтық тұрғыдан міндетті деп аталады. Біріншісі белгілі бір әрекеттер жасауға құқылы; екіншісі оларды орындауға міндетті. Субъективтік құқық белгілі бір құқықтық


110 мүмкіндік, алайда бұл мүмкіндік көпұырлы сипатқа ие, ол кемінде үш элементтен тұрады: 1) құқыққа ие тұлғаның оң жүріс-тұрысқа мүмкіндігі, яғни, өз әрекеттеріне қатысты құқығы; 2) міндетті тұлғадан тиісті жүріс-тұрысты талап ету құқығы, яғни, өзге тұлғалардың әрекеттеріне қатысты құқығы; 3) қарсы тарап өз міндетін орындамаған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеуге жүгіну мүмкіндігі. Басқаша айтқанда, субъективтік құқық жүріс–тұрысқа, талап етуге шағымдануға және пайдалануға қатысты құқық ретінде көрініс табуы мүмкін. Субъективтік құқықтан субъективтк міндеттің айырмашылығы тараптардың қойылған талаптарға сай өз іс-әрекетін ұғыну болып табылады. Құқықтық қатынасқа қатысушы субъектілер өздерінің құқығын және міндетін орындау барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына зиян келтірмеуі тиіс. Субъективті құқыққа тән белгі болып, тек заңмен емес, сонымен қатар, өзге тұлғалардың міндеттерімен қамтамасыз етілген жүріс тұрыс өлшемі табылады. Бұлай болмаған жағдайда бұл субъективтік құқық емес, ал жай рұқсат етушілік болып табылады. Мұндай рұқсат етушілік қоғамда қолданылатын «тыйым салынбағанның барлығына рұқсат етіледі» қағидасынан туындайды. Күнделікті өмірде мұндай рұқсат етушілік жиі кездеседі. Мысалы, ешкімге серуендеуге, табиғатпен сүйсінуге, теңізге шомылуға, ән тыңдауға, спортпен айналысуға және басқа да осындай әрекеттер жасауға тыйым салынбайды. Алайда, бұлар субъективтік құқықтар емес және құқықтық қатынастардың мазмұнын құрамайды. Заңды міндеттілік – заңнама бойынша қарастырылған және мемлекетпен қорғалатын құқықтық қатынасқа қатысушының тиісті іс-әрекеті. Егер субъективті құқықтың мәні рұқсат етілген іс әрекет шегін белгілесе, онда жауапкершіліктің мәні құқықтық қатынастағы міндетті әрекетті жүзеге асырады. Міндетті тұлғаға басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру мақсатында шектелген тиісті әрекет ұйғарымы жүктеледі. Заңды міндетің құрылымы субъективті құқықтың құрылымына сәйкес келеді және ол екі түрлі мағынада түсінік береді: 1) Құқықтық қатынасқа қатысушы өзге тұлғалардың пайдасына қажеттілік бойынша белсенді оң әрекет жасалады. 2) Құқықтық нормамен тыйым салынған, іс әрекеттердің бейтарапталуы. Мұндай заңды міндеттілік пассивті сипатта қалыптасады, себебі құқықтық қатынасқа қатысушының құқықтық тыйым салынған әрекеттен бейтарапталуды талап етеді. Заңды міндет құқыққа ие тұлғаның мүддесі үшін де бекітілуі мүмкін. Заңды міндет аталған мүдделерді жүзеге асырудың кепілі. Субъективтік құқық құқықтық қатынас субъектісінің құқығы. Бұл жағдайда «субъективтік» сөзі, біріншіден, құқықтық құқықтық субъектіге тиесілігін, екіншіден құқытық нормамен салыстырғанда құқықтық субъектіге тәуелділігін


111 білдіреді. Құқықтық норма ешкімге тиесілі емес және жекелеген тұлғалардың еркіне тәуелді болмайды. Осы тұрғыдан заңды міндетті де субъективті міндет ретінде саралауға болады. Құқықтық қатынас шеңберінде субъектілердің құқықтары мен міндеттері тең дәрежеде субъективті болып табылады. 78. Құқықтық қатынастардың объектісі: түсінігі мен түрлері. Құқықтық қатынастардың объектісі құқықтық қатынастардың ісер етуімен пайда болады. Жалпы құқықтар мен міндеттер құқықтық қатынастармен айқындалады, жеке нормамен қарастырылып жеке исубъектілерге қолданылады. Субъективті құқық пен заңды міндеттіліктің мағынасына сай тәртіптік құқықтық қатынастарға қатысушылар орнықтырады. Адамдардың іс әрекеті туындаған жағдайлардың әр түрлілігіне байланысты, құқықтық қатынастар объектісі пайда болады. Мүліктік қатынастардың объектісі ретінде, нақты өмірлік құндылықтарды қанағаттандыруға бағытталған адамдардың іс әрекетін айтамыз. Құқықтық қатынастар объектісі екі кәсіпорынның шарт жасасу негізінде, өнімнің бір кәсіпорыннан келесі кәсіпорынға жеткізілуі туралы кәсіпорындардың қызметтеріне түсінік береді. Барлық құқықтық қатынастар мүліктік бола бермейді. Құқықтық нормамен қарастырылған әрекет етуге байланысты, құқықтық қатынастарға қатысушылар өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Құқықтық қатынастың объектісі тек қоғамдық және жеке тұлғалардың мүдде мақсатын реттеп, басқарып отыратын қарым қатынастарды қамтиды. Осы мүдде мақсаттарды орындауға субъектілердің іс әрекеті, атқаратын жұмыстары құқықтық қатынас объектісі болып табылады. Заң әдебиеттерінде құқықтық қатынастардың объектісі туралы көптеген ұғымдар бар. Бірақ ұзақ уақыт ішіндегі пікір таластар нәтижесінде негізгі екі теория қалыптасты - плюралистік және монистикалық. Монистикалық теорияға сәйкес құқықтық қатынастың объектісі ретінде тек қана субъектілердің әрекеттерін айтуға болады, себебі олардың әрекет етуі құқықтық нормалармен реттеледі. Плюралистік теория (шынайылыққа сай) құқықтық қатынастардың объектілерін төмендегідей топтастырады: 1) Материалдық игіліктер – ақша, бағалы заттар, бұйымдар, жеке меншіктер және т.б. Мұндай объектілер әдетте азаматтық құқықтық қатынастарға сай келеді. Мұнда сатып алу сату келісім шартының объектісі ақша және сатылымдығы меншік, қарыз ақша, заттар, бұйымдар. Материалдық игіліктер басқа құқық саласының да объектілері болуы мүмкін (мысалы, қылмыстық құқық объектісі болу). 2) Материалдық емес игіліктер – өмір, денсаулық, ар- намыс, қадір-қасиет, бостандығы және қауіпсіздігі, жеке басына қолсұқпаушылық және т.б. Материалдық емес игіліктер қылмыстық құқықтық қатынастардың қорғау объектісі, олар әдетте іс жүргізу, еңбек және басқада құқықтық қатынастар.


112 3) Мәдени құндылықтар және басқада адам еңбегінің материалдық емес құндылықтары – өнер туындылары, әдебиет, ғылыми жаңалықтар, зерттеу жүргізулер, түрлі қызметтер, адамдардың рухани шығармашылығының нәтижелері. Олар, азаматтық құқықтық еңбек қатынастары секілді қылмыстық құқық қорғаушылық. 4) Құнды қағаздар, құжатар акциялар, куәлік, дипломдар, тергеу жұмыстарының хаттамалары т.б. Бұл объектілер әкімшілік іс жүргізу қатынастарына сай келеді. 5) Субъектілердің әрекеттері басқару саласындағы әкімшілік құқық нормасы негізінде, тұрмыстық қызмет, шаруашылық, мәдени, құқықтық қатынастарда қалыптасқан әрекет болып табылады. Сонымен, құқықтық қатынас объектісі – құқықтық қатынастардың пайда болу, субъективті құқықтар мен екі жақты міндеттілікке бағытталған. 79. Заңды фактілердің түсінігі мен жіктелуі. Субъектілердің құқытық қатынастарына әсер ететін әртүрлі әлеуметтік фактілер - заңды фактілер болып табылады. Заңда көрсетілген, объективті шынайылықтың көрінісі. Заңды фактілер – бұл шынайы өмірлік құбылыс, құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын құқықтық нормамен байланыстырады. Заңды фактілер құқықтық норманың гипотезасымен қортындыланады. Заңды фактінің болуына немесе болмауына байланысты субъектінің құқықтары мен міндеттерін мойндау немесе мойындамауы болып табылады. Заңды фактілердің материалдық-әлеуметтік сипаттарының мойындалуы нақты заңды фактілердің әр қайсысының оқшауланған құбылыстарының кездейсоқтығы емес, кеісінше құқықтық жүйенің туындауын білдіреді. Заңды фактілердің оңды үлгісі (заңды құрамы) заңдылық нормасының гипотезасын бекітеді. Заңды фактілердің белгілеріне қарай екі топқа бөлінеді: Бірінші топ заңды фактілердің материалдық жағын сипаттайды. Заңды фактілердің нақты құбылыстары: 1) Сыртқары нақтылай, анықталған түрде бейнеленеді. Ойлар, ішкі рухани өмірдің оқиғалары және басқада осындай құбылыстар заңды фактілер болып табылмайды. Сонымен қатар заңнама әрекетердің (кінә, мақсат, себеп) субъективті жақтардың заңды фактілерінің күрделі элементтерін қарастырады. 2) Нақты материалдық құбылыстар әлемінің болуы немесе болмаумен белгіленеді. Заңдылық түсінігінде міндетті ескерілуге тиіс, яғни жағымды (шынайылықпен) ұштасатын фактілер ғана емес, жағымсыз фактілерде орын алады. 3) Құқықтық жүйе қоғамдық қатынастардың жағдайы туралы мәліметтерді қамтиды. Заңды фактілердің үлгісі басқа топтардағы оңды әрекеттер мен


113 нормативті анықтайтын үлгімен байланыстырылады. Заңды фактілердің нақты құбылыстары : 1) Тікелей немесе жанама құқықтық нормамен қарастырылған; 2) Заңнамамен қарастырылып рәсімдік іс жүргізу формасымен айқындалған; 3) Заңмен қарастырылған құқықтық салдарды барлау Заңдылық фактілерінің жіктелуі: 1) Фактілердің анықталуы бойынша салдар (құқықтың қалыптасуы, құқықтық өзгертулер немесе құқықтың тоқтатылуы, бұл динамика субъектілердің өзімен субъективтік құқықтар мен міндеттерді анықтайды. 2) Фактілердің гносеологиялық жаратылысы (ерікті сәттер): а) оқиғалар, яғни адамдардың еркінен тыс фактілер; б) әрекет, яғни адамдардың саналы ерікті әрекеттерінен туындайтын фактілер; 3) Әрекеттердің заңды жаратылысы: а) заңға сәйкес әрекеттердің барлығы құқықтық белсендіжүзеге асырылатын актілер, әкімшілік актілер (бұйрықтар, өкімдер), юрисдикциялық органдардың актілері(әкімшілік, соттардың), келісімдер нақты заңға сәйкес әрекеттер (шығармашылық, әдеби, ғылыми т.б.) б) заңға сәйкес келмейтін, әкімшілік құқық бұзушылықтар, азаматтық құқық бұзушылықтар және заңды фактілер; 4) Құрылымы бойынша заңды фактілер: а) жай (элементтік) құрамдары; б) күрделі (нақтылық) құрамдары; Нақтылық құрамдарының екі түрі: 1) Құрамдарды ерікті жұмылдыру элементтерінің қағидасы - жай жиынтылық болуы маңызды; 2) Элементтердің дәйекті жұмылдырылу қағидасының реттілік тәртібі бойынша нақты элементердің құрамы толықтырылған жағдайда ғана заңдылық салдары пайда болады. 80. Құқықтық реттеу механизмдерінің түсінігі мен элементтері «Құқықтық реттеу механизмінің» мәні құқықтық реттеу түсінігінен туындайды. Құқықтық реттеу құрылымының құқықтық реттеу механизміндегі ерекшелігінің негізі реттеу әдіс тәсілдерімен сипатталады. Әрбір құқық саласына құқықтық реттеудің әдістері немесе әдістерінің үйлесімділігі тән. Құқықтық реттеу теориясында құқықтық ықпал етудің екі әдісі қалыптасқан: 1) Мақсаттарды үйлестіре құру және қоғамдық қатынастардағы мүдделер мен жеке құқытық саласы сипаталып, реттеудің орталықсыздандыру әдісінде қолданылады;


114 2) Орталықтандыру әдісі, императивті ретеудің қоғамдық қатынастарға қатысушылар арасындағы тәртіптілікке негізделген және де жария құқық саласында қолданылады. Құқықтық реттеу әдістері заңды ықпал ету жолдары, заңды нормалармен және құқық жүйесінің өзге элементтерімен сипатталады. Құқықтық реттеу әдістерінің келесі түрлері: 1) Рұқсат етілген құқықты тұлғалардың өздеріне тиісті белсенді әрекет етулеріне ерік беру; 2) Тыйым салу міндеттердің тұлғаларға жүктелуі, нақты бір тыйым салынған іс әрекеттерді жасауға жол бермеу; 3) Жағымды, оңды міндеттілік белсенді әрекет ету міндеттерін жүктеу (белгілі бір затты келесі бір адамға тапсыру, төлем жасау). Құқықтық міндеттердің орындалуына тәуелді мән жайлар әрбір құқықтық реттеудің үрдісі. Құқықтық реттеудің үрдісі, әрбір нақты жағдайлардағы ерекшелік. Құқықтық міндеттердің орындалуына тәуелділік (ерікті, мәжбүрлі). Құқықтық реттеу түсінігінің мәні құқықтық реттеудің пәні немесе саласы болып табылады. Құқықтық реттеудің пәні бойынша объективті, нормативті ұйымдастырушылық жағына тәуелді қоғамдық қатынастар. Құқықтық реттеу құрамындағы әртүрлі құқықтық қатынастардың жиынтығы: 1) Құндылықтарды айырбастау негізінде құрылған адамдардың қатынасы; 2) Қоғамды басқару бойынша құрылған қатынастар; 3) Адамдардың құқытық жағдайларын реттейтін ережелерді бұзудан пайда болған құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуші қатынастар. Құқықтық ықпал –бұл нәтижелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастарға ықпал, арнайы жүйе ретіндегі құқықтық құралдар. (құқық нормалары, құқықтық қатынастардың, құқықтық нормаларының актілерін жүзеге асыру және басқа құқықтық құбылыстарды, құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті, құқықтық қағидаларды, құқықтық шығармашылық процестерін қолдану. Құқықтық реттеу пәні құқықтық құқықтық нормалардың ықпалына ұшырайтын қатынастар. Басқаша айтқанда, құқықтық нормалар таралатын және оның реттеу аясында болатын сала. Мұндай жалпы шекаралар көп жағдайда құқықтық немесе заңды кеңістік деп аталады. Механизмдердің әрқайсысы өзінің құқытық реттеу сатысында әсерін тигізеді. (құқық шығармашылық, заңды жауапкершіліктің қолданылуы) құқықтық амалдардың өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады. Құқықтың қатыстылық субъектілері бір-бірімен заңдық құқық пен міндеттерді байланыстырады. Құқықтық қатыстық мүшелері бір-бірімен құқықтық міндетті және құқықтық жауапты адамдар ретінде қатыстылықта болады. Құқық нормасының өзі құқықтың қатыстылықты тудыра отырып міндетті сипатта болады және кейбіреулерді белгілі бір әрекетті орындауға міндеттеп отыру қажет Құқықтың қатыстылық зияны және еріктік элементтерге ие


115 болады. Зиянды элемент іс-әрекетінің саналалығын, құқықтың қатыстылықтың өзгермелі тоқталатындығын сипаттайды және құқықтың қатыстылыққа қатысушы субъектінің өз әрекеттерін саналы түрде меңгеру қабылеттілігімен сипатталады. Бұл жағдайда құқықтың қатыстылық мүшесі тек қана заңдық нормаларымен ғана жетекшілікке ие болады. Құқықтық норманың моральдық аналогін ұстанады жән әдеппен жұмыс атқарады. Субъекті ерігі қоғам мен мемлекеттің заңдық нормасы мен нақты құқықтық қатыстылыққа тәуелді болуға тиіс. Құқықтың қатыстылық құқық сияқты мемлекет тарапынан қорғалады. Құқықтың қатыстылық субъектілерді дербес ерекшеліктерімен, жеке құқықтарымен міндеттеріне қатысты қатаң түрде анықталатындығымен ерекшеленеді. 81. Құқық бұзушылықтардың түсінігі мен белгілері. Құқық бұзушылық термині бұзылған құқықтар деген мағынадан пайда болған, яғни акт, нормалар мен заңдарға, құқыққа қарсылық. Құқық бұзушылық – заңды бұзу деген мағынадан туындайды. Құқықтық нормалармен белгіленген міндеттерді орындамау, тыйым саланған әрекетерді жасау, құқық бұзушының мүделерінің қоғамның мүдделеріне қарама қайшы болуы. Әрекеттердің деформациясы (өзгеруі), әлеуметтік және психологиялық себептерге байланысты кейбір жағдайларда құқыққа қайшы әрекеттер, яғни құқық бұзушылыққа итермелейді. Әрбір жекелген нақты құқық бұзушылық: ол бір мезетте және нақты бір жерде белгілі бір тұлғаның жасалған қолданыстағы құқықтық нормаларға нақты қарсы болу белгілерімен сипатталады. Бірақ нақты құқық бұзушылықтар мен онығ түрлері әрқилы, бірақ қоғамға қарсы құбылыс ретінде бір бірімен сай келетін жақтары да бар. Жалпы құқық теориясында құқық бұзушылықтардың түрлерін бөліп қарастыру туралы тұтас мынадай түсінік қалыптасқан: 1) Құқық бұзушылық – бұл іс –әрекет (әрекеттілік немесе әрекетсіздік) 2) Құқық бұзушылық - бұл әрқашанда кінәлі әрекет Құқық бұзушылық – нақты құқықты бұзуға тыйым салу және заңды міндеттерді құрайтын нормалар. Құқық бұзушылық бұл әрекет, тәртіп, әрекеттілік пен әрекетсіздік. Әрекет - бұл сырттай объективті акт, субъектінің шындыққа, басқа субъектілердің мемлекетке және қоғамға қатынасы. Әрекеттің субъективтік жағы ретінде субъектінің өз әрекетіне және және оның салдарына қатысты психикалық қатынасы түсіндіріледі. Яғни, құқықбұзушының қылмысты жоспарлап, жүзеге асыру кезінде басшылыққа алған мақсаттары, себептарі, ұстанымдары. Сонымен құқық бұзушылық бұл құқыққа қайшы, кінәлі әрекеттер (әкімшілік, қылмыстық, тәртіптік). 3) Әрекет, міндетті түрде құқықтық нормаға қарама қарсылық, яғни нақты заң шығарушының заңда көрсетілген тәртіп ережелерін бұзу;


116 4) Әрекет қоғамдық қауіптілік, яғни қоғамға, мемлекетке, жеке тқлғаларға зиян келтіру. Құқық бұзушылық құқықтық норманы бұзу, қоғамдық және жеке мүдделердің, қоғамдық құқықтық тәртіп пен субъективті құқықтардың бұзылуы. Құқық бұзушылық қоғамдық, мемлекеттік, ұйымдық немесе жеке мүдделерге зиян келтіру. Құқықтық ретеуге итермелейтін қатынастар қаншалықты көп болса, құқық бұзушылық салдарынан туындаған зиянда соншалықты көп болады. Зияндылық материалдық және моральдық, өлшемді және өлшемсіз, табиғи және рухани, маңызды және маңызды емес, қалпына келетін және келмейтін болады. 5) Құқық бұзушылық, заңды жауапкершілікке тарту, яғни құқықбұзушылықтағы заңды жауапкершілік міндетті заңдылықтың алғышарттары. Құқықбұзушылықпен күресудің бірден бір құралы жауапкершілік қажетті нышан, белгі. Мұндағы құқық бұзушының қоғамға іс-әрекетінің қауіптілігіне қарай қоғамның баға беруі. Белгілі бір жасалған құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тарту шарасы қолданылады (мысалы, қылмыс үшін), немесе санкциялар тізімі түрінде, оның бірі нақты құқық бұзушылық істерінің мән жайын ескере отырып, қолданылу болып табылады. Құқық бұзушылықтардың белгілері тұтастай қарастырылуы тиіс. Оның бірінің болмауына байланысты әрекет құқық бұзушылық ретінде қарастырылмайды. Сонымен, құқық бұзушылық – саналы ерікті акт, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекет. Қоғамдық қауіптілік, құқық бұзушылықтардың зияндылығ, олардың жағымсыз әлеуметтік құбылыс ретінде сипатталады. Тұлғаның құқық бұзушылық әрекеті теріс көзұарастарға ие. Сонымен, құқық бұзушылықты құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе субъектілердің әрекетсіздігі мемлекетке, ұйымға, қоғамға немесе жеке тұлғаларға келтірілген зиян ретінде анықталып, соңында заңды жауапкершілікке тартылады. 82. Құқық бұзушылықтардың түрлері Құқық бұзушылықтардың түрлері сан қилы. Бұл әр түрлі қоғамдық қатынастардың (мән-мағынасының әртүрлілігімен сипатталады). Құқықбұзушылар жағынан қастандық ойластыру, субъектілердің құқықтық қатынсатардағы өмірлік жағдйлардың ерекшеліктері және т.б. Мұндай көптеген құқыққа қайшы жүріс-тұрыс актілері, әртүлі негізде жүктеуге түрткі болады. Қоғамдық өмірдің сала-салаларға бөлінуіне байланысты, жасалатын құқық бұзушылықтың түрлері: 1.Экономика саласындағы құқық бұзушылықтар 2.Басқару саласындағы құқық бұзушылықтар 3. Отбасы тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар Құқық бұзушылықтың алдында қойған мақсаттарының сипаталуына байланысты бөлінеді: 1.Нақты мақсатқа жету үшін бағытталған құқықбұзушылықтар;


117 2.Бір немесе бірнеше нақтыланбаан мақсаттарға жету үшін бағытталған құқықбұзушылықтар; Қоғамдық қауіпті әрекеттерге байланысты құқықбұзушылықтардың жіктелуі: 1.қылмыс 2.басқа да құқықбұзушылықтар (жағымсыз әрекеттер) өз кезінде мына түрлерге бөлінеді. а. азаматтық б. әкімшілік в. тәртіптік Құқықбұзушылықтардың бір ғана түріне байланысты шектеулерге, көптеген талаптпр қойылады (мысалы зиян). Құқықбұзушылықтың нақты бір түріне (әртүрлі іс жүргізу тәртібі бойынша жауапкершілікті жүктеу, түрлі органдар құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тарту) заңнамалық жауапкершілікті бекітіп беру.Мұнда шектеу қою бойынша қойылатын негізгі 2 талап: 1. нақты түрдегі құқықбұзушылықтың салдарының сипаты; 2. нақты құқықбұзушылық бойынша жауапкершілікті заңнамамен бекіту; Теріс қылықтар қылмыстарға қарағанда туындайтын салдары мен апаттары бойынша қауіптілігі төмен болып келеді. Олар қылмыстық құқықтық саласында кездеспейді және оны қылмыскерлер жасамайды. Әдетте қылмыстар қарапайым азаматтармен экономикалық, шаруашылық, еңбек, әкімшілік, мәдени, отбасы, өндірістік қызмет салаларында жасалады және олардың қолдары үшін қылмыстық жаза емес өндіріп алу көзделеді. Теріс қылықтардың түрлері әр түрлі болады: 1) азаматтық 2) әкімшілік 3) тәртіпсіздік Азаматтардың теріс қылықтары ретінде құқыққа қайшы әрекеттер арқылы азаматқа, ұйымға не олардың мүлкіне зиян келтіру, шарттық міндеттерді орындамау, меншік иесінің құқықтарын бұзу заңға қайшы мәміле жасау қарастырылады. Мұндай құқықбұзушылықтар үшін берілген санкциялар – моральдық немесе материалдық зиянды өтеу, бұзылған құқықты қалпына келтіру, субъектіге өз міндеттерін орындату, борышты күштеп өтеу және жауапкершіліктің өзге талаптарын орындау. Әкімшілік теріс қылықтар ретінде қоғамда белгіленген тәртіпті, басқару жүйесін, экономикалық объектілерді, санитарлық-гигиеналық талаптарды, өртке қарсы ережелерді, көлік пайдалануды және басқа да қатынастарды қорғайтын әкімшілік құқық нормаларды бұзу болып табылады. Әкімшілік теріс қылықтар үшін берілетін жазалар – айыппұл, жүргізуші құқығынан айыру, 15 тәулікке қамау(жеңіл бұзақылық үшін), 2 айға дейін түзету жұмыстар, аңшылыққа тыйым салу т.б.


118 Тәртіптік теріс қылықтар өндірістік, қызметтік, әскери, оқу қаржылық тәртіпті, түрлі ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар және басқа да мемлекеттік құрылымдардың ішкі еңбек тәртібін бұзуымен байланысты. Тәртіптік теріс қылықтар үшін белгіленген негізгі санкциялар – сөгіс, ескерту, лауазымын төмендету, сыйақыдан айыру, жұмыстан босату. 83. Құқық бұзушылықтардың заңды құрамы Құқық бұзушылықтың құрамы – Қазақстан заңнамаларымен сипатталатын нақты қоғамдық зиянды іс-әрекет сияқты құқықбұзушылық. Әрбір құқықбұзушылықтың құрамы құқықбұзушылықтың объектісін сипаттайтын, объективті жағы, субъективті жағы мен құқықбұзушылық субъектісінің қатарына қосылады. Адамның әрекеті (әрекеттілігі немесе әрекетсіздігі) қоғамға қауіпті болмаса, онда мұндай әрекеттілік немесе әрекетсіздік құқық бұзушылық қатарына жатқызылмайды. Әрекеттің (әрекеттілік немесе әрекетсіздіктің) қоғамға қауіптілігі ұғымы екі сәттен тұрады, олар: зиянның болуы және оның қоғам тарапынан бағалануы. Құқық бұзушылық дегеніміз, адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін кінәлі, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігін білдіреді. Құқық бұзушылық дегеніміз құқықтық талаптарды бұзудағы немесе оларды орындамау барысындағы әрекеттер (әрекеттіліктер немесе әрекетсіздіктер). Адамдардың қандай да әрекеттері (әрекеттіліктері немесе әрекетсіздіктері) қоғамға қауіп тудырған немесе туындататын болса ондай әрекеттілік немесе әрекетсіздік құқық бұзушылық деп бағаланады. Адамның әрекеті (әрекеттілігі немесе әрекетсіздігі) қоғамға қауіпті болмаса, онда мұндай әрекеттілік немесе әрекетсіздік құқық бұзушылық қатарына жатқызылмайды. Әрекеттің (әрекеттілік немесе әрекетсіздіктің) қоғамға қауіптілігі ұғымы екі сәттен тұрады, олар: зиянның болуы және оның қоғам тарабынан бағалануы. Құқық бұзушылық дегеніміз, адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін кінәлі, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі Құқық бұзушылықтың белгілері (нышандары): а) қоғамға зияндылығы, қауіптілігі б) кұқыққа қайшы келушілік в) кінәлілік - басқаша айтқанда - құқық бұзушылыққа бару құқық бұзушының тысқарыдан ешбір ықпалсыз-ақ өзінің ерік-ықтиярын әлгіндей түрде білдіруі г) әрекеттілік немесе әрекетсіздік түріндегі әрекеттер. д) жазаланушылық. Құқық бұзушылықтың субъектісі – кінәлі, құқыққа қайшы (қарсы) әрекет жасаған адам. Мұндай субъект ретінде деликт қабілеттілігі бар адам және заңды тұлға танылады.


119 Құқық бұзушылықтың объектісі - қандай затқа құқық бұзушылық бағытталып, оған нұқсан келтірілсе сол зат аталған объект болып табылады. Мұндағы тектік объекті - қоғамдық қатынастар, ал түрлік объект - өмір, ар-намыс, денсаулық, т.б. Құқық бұзушылықтың субъективтік себебі — бұл, мемлекеттік идеологияға, адами құндылықтар мен қоғамдық мүддеге қарама-қайшы құқықтық сананьщ төмен деңгейлігі. Ал объективтік себебі — өмірдегі, экономикалық және әлеуметтік қатынас саласындағы нақтылы кайшылықтар. Құқық бұзушылықты тудырушы объективтік жағдайға — оның субъективтік және объективтік себептерінің орнын алуына жол беретін, ұйымдастырушылық және техникалық тәртіптің жеткіліксіздігін айтуға болады. Құқық бұзушылық қашан да жекелік сипатта болады. Жеке тұлғаның қабылдаған және оның қажеттілік мақсаты арқылы анықталатын құқыққа қайшы шешім, құқық бұзушылықтың тікелей себебі болып табылады. Бірақ құқық бұзушылық себебін белгілі бір әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру жеткіліксіз. Кінә – бұл белгілі тұлғаның жалпы психикалық жағдайы емес, тұлғаның сыртқы әрекетінен туындаған зардаптардың психикалық жағдайы болып табылады. Құқық кінәнің негізгі екі түрін бөліп қарастырады: 1) қасақана 2) абайсыздық Құқық бұзушылықтың объективтік жағы ретінде оның «не, қайда, қашан, қалай орын алды» деген сұрақтарға жауап беретін сыртқы белгілерінің жиынтығы. Объективтік жақты қалыптастыратын элементтерге: тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі, қоғамға тигізген зиянды салдар, қоғамға қауіптілік, сондай-ақ әрекет пен оның зиянды салдары арасындағы тікелей сеьеп салдық байланыс. Аталған объективтік жақтың элементтері құқық бұзушылықтардың жан-жақты мағынасын білдіреді, нақтылап айтқанда, әкімшілік, азаматтық–құқықтық және тәртіптік теріс қылықтар. 84. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері Жауапкершілік – күрделі, көпжақты ұғым. Мемлекет орнатқан тәртіп ережелеріне сәйкес тұлғаның қоғамға қатынасы. Оның басты айырмашылығы – нормаларды, заңдарды бұзумен байланысты және ол мемлекеттік мәжбүрлеу аппаратымен жүзеге асырылады. Қазіргі заманғы ғылым жауапкершіліктің екі аспектісін ажыратады – негативті (ретроспективті), және позитивті (перспективті). Құқықтық жүйенің қалыпты әрекет етуі және тұлғаның жүріс – тұрысы үшін бұл екі аспекті де аса маңызды. Жауапкершіліктің негативті аспектісі жасалған әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейді, ол заң ғылымында бұрыннан және жан – жақты зерттелген, барлық елдердің заңнамасында жете реттелген. Ол жауапкершіліктің ғасырлар бойы –мемлкет,


120 құқық, заңдар қылмыстылық пайда болғалы бері өмір сүріп келе жатқан классикалық түрі. Жауапкершіліктің позитивті аспектісі аз зерттелген, себебі, ғалымдар тек соңғы он жылдықтарда ғана оған көңіл бөле бастады. Соған қоса, жауапкершіліктің бұл аспектісіне қатысты ортақ пікір жоқ, тіпті кейбір мамандар оны жоққа шығарады. Позитивті жауапкершілік ретінде жасалған әрееттер үшін емес, ал өз міндеттерін, тапсырылған істі тиісті орындау, адал жүріс-тұрыс үшін, қоғам, мемлкет, ұжым, отбасы мен қоршаған ортаның алдындағы жауапкершілік. Бұл – моральдық – құқықтық борыш сезімі, азаматтық ұстаным, дамыған құқықтық сана. Позитивті жауапкершілік – өзіне және өзгелерге қатысты талап қою. Ол субъектінің шынайы әлеуметтікқұқықтық мәртебесінен туындайды және мәртебелік жауапкершілік деп те аталуы мүмкін. Ретроспективті және позитивті жауапкершілік бір бірімен тығыз байланысты аспектілер, заңды жауапкершіліктердің түрі ретінде қалыптасқан. Позитивті жауапкершілік – бұл ретроспективті жауапкешіліктің орнын ауыстыратын болашақтағы жауапкершілік. Позитивті жауапкершілік біздің көзқарасымыз бойынша, тұлғаның өз іс-әрекетіне жауапкершілік қатынасы, қоғамдағы азаматтардың іс-әрекетіне баға беру, құқықтық тәрбиенің жоғары деңгейі, жауапкершіліктің ең дамыған формасы. Олар бір-біріне қарамақайша келмей, қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық реттеудің өзара тығыз байланысымен қоса нығайтылуы тиіс. Заңды жауапкершілік міндеттердің ерікті түрде орындалуы туралы кепілдік береді. Жауапкершілік өзге міндеттерден мазмұны бойынша ерекшеленеді. Бұл әрқашанда субъектінің қалауынсыз, оның құқықтық дәрежесіне нұқсан келтіру. Заңды жауапкершілікті тек мемлекеттік мәжбүрлеу ретінде анықтау дұрыс емес, себебі мұндай мәжбүрлеу ешқандай құқықбұзушылық жасамаған тұлғаларғада қолданылуы мүмкін. Мұндай шаралар әдетте әлеуметтік, қауіпсіздік шаралары деп аталады. Заңды жауапкершіліктің сипаттамасы: 1) қолданыстағы заңнамамен көзделеді; 2) Мемлекеттік органмен қолданылады, мемлекет қана мәжбүрлеу шараларын қолдана алады. 3) Құқықбұзушылық жасағанда, яғни мемлекеттің қалыптастырған тәртіп ережелерін бұзу; 4) заңмен көзделген процессуалдық формада жүзеге асырылады; 5) нақты материалдық нормалармен жүзеге асырылып, процессуалдық нормаларға сай қолданылады; Болжанған немесе міндетті тәртіп формасы құқықтың материалдық нормаларымен қарастырылып, орнатылады 6) құқық бұзушы тек мемлекет атынан ғана жазаланады. Заңды жауапкершілік – кінәлі тұлғаны мемлекеттік ықпал ету шараларына тарту, белгілі бір жағымсыз салдарға ұшырау қажеттілігі немесе тұлғаны белгілі бір игіліктерден мәжбүрлі түрде айыру түрі және шарасы ретінде анықтауға болады. Кез келген жағдайда заңды жауапкершілік – мемлкеттің құқықбұзушылыққа қарсы әрекет ету тәсілі, заңда көрсетілген санкцияларды


121 жүзеге асыруы. Жауапкершілікке тарту құқықты жүзеге асыру нысандарының бірі, нақты айтар болсақ, ол құқықты қолдану. Себебі, бұл жағдайда заң шығарушы көздеген мақсатқа қол жеткізіледі. Құқықтық ережелер өмірге енгізіліп, жүзеге асырылады, қисынды түрде аяқталады. Заңды жауапкершіліктің бастамасы және негізі болып құқық бұзушылық, қылмыс жасау табылады. 85. Заңды жауапкершіліктің мақсаттары мен қызметі. Заңды жауапкершіліктің мақсаты – конституциялық құрылысты, құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқытары ме бостандықтарын қорғау, құқық бұзушыны жазалау, қоғамның қалған мүшелерін орын алу мүмкін құқыққа қайшы әрекеттерден және олардың салдарынан сақтандыру. Аталған «мақсат» категориясы аспектісінде барлық заң институтының заңды жауапкершілігін көрсетеді. Заңды жауапкершілік мақсаты кеңістіктен (вакуум) пайда болмайды. Олар қоғамда пайда болған кемшіліктерден көрініс табады. Заңды жауапкершіліктің мақсаты нормативтік актіде бекітілген нормативтік сипаттамамен бейнеленеді және құқық қорғаушының логикалық тәсілімен жүзеге асырылады. Осылайша, заң әдебиеттерінің авторлары жалпы мақсаттан заңды жауапкершіліктің өзгеше салалық мақсаттарға тәуелділігін атап өткен. Заңды жауапкершілік қызметі – бұл қоғамдық қатынастарға заңды жауапкершілік нормаларының құқықтық әсер етуі бойынша бағытталған, сол арқылы мақсаттар белгіленіп, тағайындылық пайда болады. Заңды жауапкершілік қызметі күрделі құбылыс. Олар қоғамдық даму кезеңіне үйлесімділігімен сипатталады. Тәртіптік, превентивті, қайта қалыптастыру, заңдылық жауапкершіліктің жазалау әсері азаматтық қоғамды, құқықтық мемлекетті құру, адамның және азаматтың құқықтары мен бостарын жүзеге асыру қажеттілігінің нәтижесінде анықталады. Бұл қызметтердің атауларынан олардың мәні айқын көрініп тұр және олар жан жақты қарастыруды қажет етпейді. Қазіргі заманғы елдердің заңнамасында бұл функциялар түрлі үйлесімділікте әрекет етуде. Әрбір функцияның ерекшелігі мазмұны арқылы сипатталады. Реттеуші қызметі аталған функция заңшығарушының субъектіге құқықтар мен міндерге ие ете отырып, тәртіптің құқық шегіндегі нұсқасын көрсете отырып, құқық бұзушылық әрекеттерін болдырмауды көздейді. Первентивті қызметі жаңа құқық бзушылықтар болмау үшін ескерту шараларын қолданады. Первентивті қызметте тәртіптілік құқық қорғау қызметімен белгіленеді. Заңды жауапкершіліктің первентивті құқығы бұл заңды жауапкершілік нормаларының қоғамдағы қатынастарға субъектінің әрекетінен және қоғамға қарсы әрекеттерді ығыстырудан тұрады.


122 Жазалау қызметіне келер болсақ, мұны белгілі мақсат ретінде (қайткенде жазалау, қинау, мәжбүр ету, қайғыға душар ету және т.б.) түсінуге болмайды, құқы бұзушы үшін құқыққа қайшы әрекеті үшін жазалау шарасы ретінде қолданылуы тиіс. Бұл жағдай өлім жазасына қатысты да орын алып отыр. Көптеген елдерде өлім жазасының орнына өмір бойына бас бостандығынан айыру шаралары қолданылады. Құқықты қалпына келтіру қызметі адамдардың саналы әрекет етуіндегі құқықтарды қалпына келтіру жағдайы. Құқықты қалпына келтіру қызметі моральдық және материалдық тұрғыдан келтірілген залалды төлем ақы төлеу, арқылы субъектінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді мақсат етеді. Тәртіптік қызметі заңды жауапкершіліктің адамдардың ерікті және саналы әрекет етуіне әсерін тигізуі болып табылады. Тәртіптік қызмет адамдардың құқықтарын, бір біріне құрмет көрсетуін, қоғамдағы құндылықтарын, құқықтық белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Заңды жауапкершілік институтының болуы қоғамның қылмыстық элементтердің, заң, мораль мен өркениетті өмір сүру тәртібіне қарсы тұлғалардың қол сұғуынан өзін өзі қорғай тәсілі. Сондай ақ, бұл адал және құқыққа сай жүретін тұлға бостандығының, оның ар- ожданы, қадір қасиеті және қауіпсіздігінің кепілі. Яғни, бұл ежелден келе жатқан ақиқат әрекет пен жазалау мәселесі. 86. Әрекеттің құқыққа қайшылығы және заңды жауапкершілікті болдырмайтын мән жайлар Адам мәжбүрлі түрде немесе күштеу, өзінің азаматтық борышын орындау арқылы тәуекелге бара отырып, қандайда бір өзге қоғамдық маңызға ие мақсатқа жету үшін әрекет етуі мүмкін. Бұл ретте субъектінің психикалық жағдайы да шешуші рөл атқарады. Мұндай жағдайларда тұлғаның жүріс тұрысы құқыққа сай деп танылады және тиісінше ешқандай заңды жауапкершілікті тудырмайды. Заңды жауапкершілікті болдырмайтын келесі жағдайларды бөліп қарастырады: 1) қажетті қорғаныс; 2) аса қажеттілік; 3) қылмыскерді ұстау кезінде зиян келтіру; 4) бұйрықты немесе өкімді орындау, дәйекті қауіп; 5) күштеп және психикалық мәжбүрлеу; 6) есі дұрыс еместік, орынды тәуекел ету. Қажетті қорғаныс – бұл жағдайда қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті


123 қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды. Аса қажеттілік – қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтір, егер бұл қауіпті басқа жолдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды. Қылмыскерді ұстау кезінде зиян келтіру – қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге адамдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берімесе, қылмыс болып табылмайды. Бұйрықты немесе өкімді орындау – өзі үшін бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде іс әрекет жасаған адамның қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіріуі қылмыс болып табылмайды. Мұндай зиян келтіргені үшін заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам қылмыстық жауапқа тартылады. Дәйекті қауіп қатер тәжірибеге, біліктілікке, есепке, соңынан оңды нәтижеге жету, қойылған мақсаттарға жетуде өзге тәсілдерді қолданбауы, қауіп әрекет арқылы қоғамдық оңды мақсаттарға жету үшін бағытталады. Күштеп және психикалық мәжбүрлеу Мәжбүрлеу қылмыс жасаудағы әрекеттердің бірі болып табылады; мәжбүрлеу түрлі әсер ету факторларымен жүзеге асырылады. Бұл әсер ету факторларын мына түрлерге бөліп қарастыруға болады: 1) механикалық; 2) физикалық; 3) химиялық; 4) биологиялық; 5) физиологиялық. Күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды. Тұлға өз әрекеттерін басқару мүмкіндігін сақтап қалған жағдайда психикалық мәжбүрлеудің нәтижесінде келтірілген зия үшін жауапкершілік қылмыстық заңнама ережелерін ескере отырып шешіледі. Есі дұрыс еместік қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни, созылмалы психикалық ауруы (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдлық қауіптілігін ұғына алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес. Орынды тәуекел ету қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте ҚК қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.


124 87. Заңдылықтың негізгі қағидалары, түсінігі. Заңдылық кепілдіктері: түрлері мен түсінігі. Заңдылық – құқықтанудың өте күрделі және орталық ұғымдарының бірі. Тиісінше оынң анықтамалары да көп, олардың біреулері мағынасын дұрыс ашса, кейбір жағдайда мағыналары мүлдем ұқсамайды. Заңдылық ретінде елдегі барлық субъектілердің, заңдар мен оларға негізделген заңға сәйкес нормативтік актілерді қатаң және бұлжытпай сақтауы. Заңдылықты құқықтық заңдарда көрініс табу идеясы, талабы ретінде түсіндіру оған анықтама беруде жалпылама және көмескі сипатқа ие. Заңдарды сақтауды қаншалықты талап еткенімен, заңдылық бірден орнамайды. Заңдардың сақталуын талап ету емес, олардың іс жүзінде сақталуы ғана нәтиже береді. Заңдылық құрылымының сипаттары: 1) ой, пікір, қағидалар, заңдылықтың негізгі теориясының негізгі көзқарастары; 2) жүйе қалыптастыру теориясы заңнаманың бастартпай орындалуы мен нақты нысанын бағытталған; 3) мақсаты, яғни қоғамдық қатынастардың қатысушыларының құқықтық норманы бұлжытпай орындауы; 4)заңнаманың нормативті негізі, яғни құқықтық құбылыс секілді құқықтың заңсыз әрекет етпеуі; 5)заңнамаға негізделген адамның әрекеті. Заңдылық қағидалары: 1) Бірлік қағидасы егер заңдылықты ең алдымен заңдардың сақталуы ретінде түсінетін болсақ, ол мемлекеттің бүкі аумағында және барлығына бірдей болуы керек. Ол әр аумақта әр түрлі болуы мүмкін емес. 2) Заңдылықтың деңгейін көтеруде, азаматтардың бостандығы мен негізгі құқықтарына, кепілдік беру; 3) Жасаған құқықбұзушылығы үшін жазадан құтыла алмауы; 4) Заңдылық пен мақсатқа сәйкестілікті өзара қарама қайшы қоюға жол бермеу қағидасы. 5) Заңдылық пен мәдениеттің өзара байланысы, аталған жағдайда заңдылық рухани мәдениетпен қамтамасыз етіледі және қоғамда рухани жетістіктер негізінде дамиды. Заңдар мен заңдылық, жоғарыда көрсетілгендей, заңдар қоғамды өркениетті түрде басқару мен мемлекеттік саясатты жүргізу құралы. Алайда заңдардың жай ғана болуы, тіпті жетілген және сапалы заңдардың болуы көздеген мақсатқа жету, яғни заңдылықтың орнауы үшін жеткіліксіз, себебі заңдарды барша халық барлық кезде орындауы және сақтауы тиіс, олар әлеуметік тұрғыдан тиімді болуы тиіс. Заңның үстемдігі оның халықтың еркін тікелей білдіруі, жоғары заң күшінің болуы, тек қана заң шығарушы органмен және белгілі бір тәртіп бойынша шығарылуымен түсіндіріледі.


125 Заңдылықпен оның қағидаларын жариялау, жақсы заңдарды ойластырып, қабылдау жеткіліксіз, олардың шынайылылығымен қол жетімділігі және тиімділігінің белгілі бір кепілдіктері болу қажет. Бұл жағдайда кепілдіктер ретінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға жағдай жасайтын объективтік және субъективтік факторлар, шарттар мен алғышарттар түсініледі. Сондай ақ бұлардың қатарына аталған мақсаттарға жетуге бағытталған, арнайы бекітілген құралдарда енеді. Бұлар заңдарды сақтауды қоғамда тиісті қоғамдық тәртіпті орнатуды ынталандыруға және кепілдеуге бағытталған шаралар, ұмтылыстар және механизмдер жүйесі. Жоғары маңыздылыққа ие кепілдіктер: 1) Заңды нормалардың толықтай нәтижелілігі, негізгі нақты заңдылықтары және қоғамның даму үрдістері; 2) Құқықбұзушылықтарды жоюдағы және оларды уақытында анықтауға бағытталған бақылаудың жоғары деңгейі мен заңнамалардың жүзеге асырылуын қадағалау; 3) Заңдылық жауапкершіліктің нәтижесінің шеңбері; 4) Қоғамның түрлі тіршілік саласын, құзырлы билік органдарының заңнамалармен қамтамасыз етудегі сапалы жұмысы; 5) Әр қашанда заңи қызметтерді дамытып, жетілдіру; 6) Елдің тұрғындарының дамыған құқық мәдениеттілігі мен құқық сауаттылығы; 88. Құқықтық тәртіп түсінігі Құқықтық тәртіп – қоғамдық қатынастардың құқыпен қорғалатын, реттелетін қатынастар жүйесі. Құқықтан тыс немесе құқықсыз құқықтық тәртіптің болуы мүмкін емес. Құқықтың мақсаты адамдар мен олардың бірлестіктері арасындағы өзара қарым қатынастарға белгілі бір тәртіпті енгізу. Сондықтан, құқықтық тәртіп қоғамдық қатынастардың реттелу жағдайы ретінде көрініс табады. Құқықтық тәртіптің сипаты, мазмұны, әрекет етуі және қамтамасыз етілуі белгілі бір дәрежеде құқықтың қалай түсіндірілетініне байланысты болады. Құқықтық тәртіп әр мемлекеттің ішкі ісі болып табылады. Алайда, оның мәні көп жағдайда белгілі бір мемлекеттің ұлттық мүдделерінің шегінен шығып жатады, себебі тәртіпсіздік, тұрақсыздық, адам құқықтарының бұзылуы және басқа да жағымсыз құбылыстар халықаралық ұйымдар мүдделері мен халықаралық тәртіп деңгейіне де ықпал етеді. Құқықтық тәртіп элементтері: 1) Құқық пен заңдылық, оның нормативті заңдылық негізі болып табылады; 2) қоғамдық қатынастар шеңберінде, субъектілермен жасалатын құқыққа сай әрекеттер;


126 3) құқықтық қатынастар қатысушыларының субъективті құқықтар мен заңды міндеттерді иеленуі. Құқықтық тәртіп пен қоғамдық тәртіп ұғымдарын ажырата білу қажет. Қоғамдық тәртіп құқықтық тәртіпке қарағанда, анағұрлым кең мағынаны білдіреді. Егер құқықтық тәртіп құқыққа негізделіп оның жүзеге асырылуының түпкі нәтижесі болса, қоғамдық тәртіп тек қана құқықтық емес, сонымен қатар қоғамда әрекет ететін басқада әлеуметтік нормаларды сақтауды көздейді. Құқықтық тәртіп пен қоғамдық тәртіптің арасындағы айырмашылықтар мынадан көрініс табады: 1) олар өзінің генезисі шығу тегі, эволюциясы бойынша сәйкес келмейді; егер қоғамдық тәртіп тарихи тұрғыдан адамзат қоғамының үйлесімді бөлігі және өмір сүруінің шарты ретінде оның пайда болуы және қалыптасуымен қатар пайда болса, құқықтық тәртіп саяси құқықтық құбылыс ретінде кейінірек жария билік, құқық және заңдар пайда болған кезде қалыптасты; ол мемлекеттің белгісі. 2) Олардың нормативтік үлгісі әртүрлі; егер құқықтық тәртіп құқыққа негізделсе және түптеп келгенде, оның жүзеге асуының нәтижесі болып табылса, қоғамдық тәртіп құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар, қоғамдағы өзге де әлеуметтік нормаларды сақтаудың салдары болып табылады. 3) Олар түрлі нысанда қамтамасыз етіледі, егер құқықтық тәртіп мәжбүрлеудің ерекше апаттарына сүйенсе, қоғамдық тәртіп қоғамдық пікірдің күшіне, мемлекеттік емес ықпал ету шараларына сүйенеді. 4) Құқықтық тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзған жағдайда түрлі салдар туындайды; 5) Қоғамдық тәртіп пен құқықтық тәртіп өздерінің көлемі, мазмұны, құрамы бойынша әртүрлі болады. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы. Олар себеп пен салдар түрінде арақатынасқа түседі: заңдылық болған жерде құқықтық тәртіпте болады, заңдылық жоқ жерде құқықтық тәртіпте болмайды. Егер заңдар мен басқа нормативтік актілер жаппай сақталынса, осындай жағдайдың нәтижесінде құқықтық тәртіп орнайды. Құқықтық тәртіп заңдылық жағдайының шынайы көрсеткіші, ол заңдардың, құқықтық норма талаптарының сақталу дәрежесін көрсетеді. Құқықтық тәртіп заңдылықтың нәтижесі. 89. Құқықтық ынталандыру мен шектеудің түрлері мен түсінігі Ақпараттық –психологиялық тұрғыдан құқықтық құралдар ретінде құқықтық нормалар, шарттар немесе құқық қолдану актілер емес, оларда көрініс табатын ақпараттық –психологиялық ықпал етудің нақты шаралары танылады. Бұлар субъективті құқықтар мен міндеттер, жеңілдіктер мен


127 тоқтатулар, көтермелелулер мен жазалар. Бұл шаралардың барлығы екі топты құрайды: құқықтық ынталандыру және құқықтық шектеулер. Құқықтық ынталандыру тұлға мен қоғам үшін пайдалы құқыққа сай жүріс тұрысқа шақырумен байланысты болса, құқықтық шектеулер тұлға үшін пайдалы болса да, басқа азаматтар мен қоғам үшін тиімсіз, тіпті зиянды әрекеттерді тұлғаның өз әрекеттерін құқыққа қайшы жолмен қанағаттандыруын тежеп отырады. Құқықтық ынталандыру субъектінің жеке мүдделерін қанағаттандыруда анағұрлым қолайлы режим жасау үшін заңға сәйкес жүріс тұрысқа құқықтық тұрғыдан шақыру. Құқықтық ынталандырулар: 1) Тұлғаның мүдделерін жүзеге асырудағы қолайлы жағдайлармен байланысты, себебі белгілі бір құндылықтарды ұсынудан, ал кейбір кездері құндылықтардан айыру шарасын жоюдан немесе төмендетуден көрініс табады; 2) Мүмкіндіктер мен бостандықтар көлемінің кеңеюін білдіреді, себебі, құқықтық ынталандырудың көрініс табу нысандары болып субъективтік құқықтар, заңды мүдделер, жеңілдіутер мен көтермелеулер болып табылады; 3) Оң құқықытқ мотивация болып табылады; 4) Позитивті белсенділіктің артуын көздейді; 5) Қоғамдық қатынастарды өзгерте отырып, реттеуге бағытталады, әлуметтік байланыстарды дамыту функциясын атқарады. Бұл белгілерден олардың қажеттілігі және әлеуметтік құндылығы көрініс табады. Құқықтық шектеу - өзге субъект пен қоғамның мүдделерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайтын, құқыққа қайшы әрекетті заңды түрде тежеу; бұл тұлғалардың әрекет етуінің құқық пен белгіленген шекаралары, олардың қызметіндегі белгілі бір мүмкіндіктерді шектеу. Құқықтық шектеулер : 1) Субъектінің мүдделерін жүзеге асырудағы қолайсыз жағдайлармен (белгілі бір құндылықтардан айыру) байланысты, себебі, оларды тежеуге сонымен қата, қарсы тараптың мүдделерін және қоғамдық мүдделерді қанағаттандыру мен қорғауға бағытталған; 2) Мүмкіндіктер мен бостандықтардың, тұлға құқықтары көлемінің кемуін білдіреді. Оған міндеттер тыйым салулар, жазалар арқылы қол жеткізеді. 3) Теріс құқықтық мотивацияны білдіреді; 4) Негативті белсенділікті төмендетуді көздейді; 5) Қоғамдық қатынастарды қорғауға бағытталған. Құқықтық шектеулердің түрлері : Құқықтық норма құрылымының элементіне қарай заңды факт, шектеу, заңды міндет, тыйым салу, тоқтата тұру, жазалай. Құқықтық реттеу пәніне қарай - конституциялық, азаматтық, экономикалық және т.б.


128 Құқықтық ынталандыру мен шектеулержүріс тұрыс үшін аса маңызды болып табылады және олар субъектінің мүддесімен байланысты құндылықтармен тығыз байланысты болады. 90 . Құқықтық жеңілдіктердің түсінігі, белгілері, қызметі Жеңілдіктер, артықшылықтар құқықтық ықпал етудің ақпараттық психологиялық механихміндегі аса маңызды ынталандырушы құрал болып табылады. Олар қазіргі заманғы құқықтық өмірде құқықтық жүйені реформалау жағдайында елеулі рөл атқаруда. Жеңілдіктер әдетте құқыққолдану актілерінің емес, нормативтік актілердің көмегімен бекітіледі. Заңда жеңілдіктерді жекелеген тәртіпте беруге тыйым салу бұл процесте орын алу мүмкін пайдакүнемдік ниеттің алдын алуға бағытталған. Құқықтық жеңілдік ретінде субъектілер мүдделерін анағұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін және оған қосымша, ерекше құқықтар (артықшылықтар) беруден, сондай ақ міндеттерден босатудан көрініс табатын, оның құқықтық мәртебесін құқыққа сәйкес түрде жеңілдеті танылады. Құқықтық жеңілдіктерге келесідей белгілер тән: 1) олар субъектілер мүдделерін анағұрлым толық қанағаттандырады, олардың өмір сүру жағдайын жеңілдетеді. Бұл міндетті түрде қоғамдық мүдделер шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс. Заң шағарушы жеңілдіктерді бекіту кезінде алдына келесідей мақсат қояды жекелеген тұлғаларды әлеуметтік тұрғыдан қорғау, олардың жағдайын жақсарту, олардың мүдделерін қанағаттандыру процесін әлдеқайдақолайлы режимге ауыстыру. 2) құқықтық ережелер жалпы ережеден нормативтік сипаттағы бірыңғай талаптардан тыс болады және құқықтық саралаудың тәсілі болып табылады. Құқық жетілген сайын қоғам өмірінің жекелеген мәселелерін жоғары деңгейде және жан-жақты реттейді. 3) құқықтық жеңілдіктер құзырлы органдар құқық шығармашылықтың демократиялық процедураларына сәйкес нормативтік актілерде бекітетін құқыққа сәйкес айрықша ережелер болып табылады. Жеңілдіктер – ең алдымен тұлғаның арнайы құқықтық мәртебесінің элементі, субъектінің негізгі құқықтары мен міндеттерін құқықтық сипаттағы мүмкіндіктермен толықтыру механизмі. Құқықтық жеңілдіктердің неізгі мақсаты тұлға, әлеуметтік топтар мен мүдделерін үйлестіруде. Жеңілдіктер әлеуметтік игіліктерді үлестіре және жекелеген азамат пен жалпы қоғамның қалыпты дамуына жағдай жасай отырып, мұндай мүдделерді байланыстырады және үйлестіреді. Бір жағынан, жеңілдіктер мүдделері жалпв ережелер шеңберінде тиісінше қамтамасыз


129 етілмейтін және қорғалмайтын субъектілер үшін белгіленеді, себебі, мұндай тұлғаларға қкндай да бір ерекшеліктер тән болады. Екінші жағынан, жеңілдіктер мемлекет пен қоғам үшін әлеуметтік пайдалы қызметті жүзеге асыратын субъектілерге беріледі. Құқықтың сапасы жеңілдіктердің сипаты мен көлеміне тәуелді болады. Әділдік және теңдік идеяларын өмірге енгізуге бағытталған жеңілдіктер құқықтық мемлекет жағдайында құқық бастамаларының, оның негіздерінің ерекше өлшемі болып табылады. Құқықтық жеңілдіктердің ерекше бір түрі болып артықшылықтар табылады. Артықшылықтар ретінде нақты субъектілер, ең алдымен билік органдары мен лауазымды тұлғалар үшін бекітілетін, олардың өз міндеттерін мейілінше толық және сапалы орындауы үшін қажет арнайы (көп жағдайда айрықша сипатағы) жеңілдіктер танылады. 91. Құқықтық көтермелеу функциялары және түсінігі мен белгілері. Көтермелеу санкциялары Құқықтық нормалардың санкцияларытуындататын салдарының сипатына қарай позитивті және негативті болып бөлінеді. Позитивті санкциялар, ең алдымен құқықтық көтермелеуді көздейді. Құқықтық көтермелеу ретінде субъектінің құқыққа сәйкес жүріс тұрысын заңды тұрғыдан мақұлдау нысаны мен шарасы түсініледі.Яғни, субъектіге қатысты белгілі бір көтермелеушарасы қолданылады. Көтермелеу санкцияларының болуы құқықтың құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды жасаған тұлғаларды жазалау,құқыққа сай жүріс тұрысты ынталадыру, қоғам мүддесі үшін әрекет ететін тұлғаларды көтермелеу міндетімен тығыз байланысты. Көтермелеу шаралары мәжбүрлеу шараларымен бірлесе отырып, мемлекет бекіткен құқыққа сай жүріс тұрыс үлгісін қамтамасыз етеді. Көтермелеу санкциясының ерекшелігі құқыққа сай жүріс тұрыс үлгісі құқықтық құралдармен қамтамасыз етілетін әлеуметтік мақсаттарды, әсіресе басқа тәсілдерімен қол жеткізу мүмкін емес мақсаттарды кепілдеуінде. Және мұнда мемлекеттің сый ақы беру немесе басқа да көтермелеу нысанындағы шараларын санкция деп санауға толық негіз бар, себеб, олар белгілі бір жетістіктер мен көрсетілген қызмет үшін заңда тікелей көзделетін шаралар. Бұлар да тиісті құқықтық нормаларды және олардың көмегімен қол жеткізілген әлеуметтік мақсаттарды мемлекеттік қамтамасыз ету құралдары. Құқықтық көтермелеу келесі функцияларды орындайды: 1) әлеуметтік бақылау, көтермелеу (тұлғалардың қандай да бір қызметін үйлестіруші); 2) мотивациялық (көтермелеу әлеуметтік құнды әректтерді жасауға итермелейді); 3) коммуникативті, нақты заңды мәліметтердің мазмұны;


130 4) бағалаушы қандайда бір жағымды әрекетке басқарушы органның ресми баға беруі, ресми түрде мақұлдауы; 5) кепілдендірілген тәртіпті нығайтуда қолайлы жағдай жасау, өзге заңды құралдардың жүзеге асуын қамтамасыз ету; 6) үлестірімдік ынталы, риясыз әрекеттері үшін көтермелеу шарасын бекітеді; 7) тәртіптік (көтермелеу, адамның жағымды психологиялық күйі, риясыз әрекет үлгісін көрсетеді) . Көтермелеу нормасының санкциясында жағымды салдар, ынталандыру шаралары бекітіледі. Ал қылмыстық құқықтық санкцияда қылмыстық құқықтық көтермелеу санкцияларын есептемегенде, жағымсыз салдар, жазалау шаралары бекітіледі. Сондай ақ, қылмыстық заңнамадағы сияқты көтермелеу нормаларында да ынталандырылатын жүріс тұрыстың саралаушы белгілеріпайдалануы мүмкін. Мысалы бұл жағдай ҚР Ішкі істер органдарында қызмет ету туралы ереженің 36бабында айқын көрініс тапқан. Ғалымдардың басым көпшілігі көтермелеу санкцияларын тануы құқықтағы позитивтік бастамалардың кең өріс алуына, оның ынталандыру әдістерін арттыруға, тұлғаларға ықпал етудің басқарушылық әдістерін жан жақты пайдалануға қатысты ғылыми ой мен құқықтық тәжірибенің одан әрі дамуына жағдай жасар еді. Жоғарыда айтылғандай, қалыптасқан терминологиялық дәстүрге сілтеме жасай отырып, ғылыми зерттеу барысында «санкция» санатын жалпы ғылыми тұрғыдан түсінуді елемеуге болмайды. 92. Құқық - қоғамдық қатынастардың мемлекеттік реттеушісі ретінде Құқық – қоғамның қалыпты дамуы және қызмет ету мақсатында адамдар мен олардың ұжымдарының жүріс тұрысын реттеуге бағытталған және бостандық, әділдік, гумманизм, адагершілік, адам құқықтары идеяларын көрсететін, мемлекет шығаратын жалпыға міндетт, формальды анықталған нормалардың жиынтығы. Құқық қоғамдық өмірді ресми, өркениетті және мейілінше тиімді реттеу құралы, аса маңызды әлеуметтік, мәдени және моральдық құндылық тұлғаныңбостандығы мен жауапкершілігінің өлшемі. Бұл анықтама алғашқы анықтамаға қайшы емес, олар бірін бірі толықтырады. Құқық мүдделердің келісімге келуінің жария нысаны, әлеуметтік келісімге қол жеткізу құралы. Құқықтың басты міндеті қатысушылары түрлі мүдделер мен қажеттіліктерге ие қоғамдық қатынастардың объективт, әділ және тиімді реттеу құралы болу. Құқық қоғамдық қатынастардың мемлекеттік реттеушісі болып табылады – оның әлеуметтік мәртебесі осындай. Ал мемлекеттің қызметікөп жағдайда құқықтық сипатқа ие. Сондықтан, мемлекет пен құқықтың қайсысының маңызды екендігі туралы дау тіпті де дұрыс емес, себебі құқық пен мемлекет бірін бірісіз өмір сүре алмайды.


131 Мемлекеттік реттеушілік - қоғамдағы құқықтық реттеудің бір өзегі болып табылады. Құқық пен мемлекеттің мақсаты олардың қоғамдық қатынастарды реттеу ортақ істерді жүргізу құралы. Олар адамдардың тіршілік етуіне қалыпты жағдай жасау, мүдделерді қанағаттандыру, ұжымның еркін білдіру тәсілі ретінде көрініс табады. Мемлекет пен құқық өмірге ұйымдастырушылық бастамалар енгізеді және оны кездейсоқтық пен әділетсіздіктен қорғайды. Заңдылық қондырма – бұл қоғамның экономикалық базисі шегінде анықталатын барлық құқықтық құбылыстардың тұтастай жиынтығы. Мемлекет пен құқықтың өзара әрекеттестігі олардың бір біріне түрліше ықпал етуінен көрініс табады. Мемлекеттің құқыққа ықпалы оны жасауы, өзгертуі, жетілдіруі, құқық бзушылықтардан қорғауы және өмірге енгізуінен көрінеді. Құқық мемлекеттің тікелей қатысуымен қалыптасады, ол мемлекет қызметінің нәтижесінде өмірге келетін өнім. Құқықтың қалыптасу процесі жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қарай жүруі мүмкін. Ол халықтың салт дәстүрінен, әдет ғұрыптарының, жеке өзін өзі реттеуінен туындайды және мемлекет қалыптасқан ережелерді заңдарда бекітуге мәжбүр болады. Бұдан туындайтын, билік құқықты қалыптастыратын жалғыз күш емес. Құқық бүкіл қоғамның қатысуымен пайда болады. Дегенмен, мемлекет қоғамның ресми өкілі ретінде құқықты шығарушы субъектболып табылады. Құқық қоғамды мемлекеттік реттеушісі ретінде құқықтың қоғамдық қатынастарға ықпал етуінің белгілі бір тәсілдері, әдістері және құралдары танылады. Құқықтың өз реттеу рөлін қалай жүзеге асыратынын көрсетеді, себебі құқықтық нормалартүрлі қатынастарды жай реттеп қана қоймайды, олар қатынастарды түрліше реттейді. Мұндай реттеудің тиімділігі, бұл ретте алға қойылған мақсатарға қол жеткізу құқықтық реттеу әдістеріне тікелей тәуелді болады. Жалпы алғанда, құқықтық реттеу әдісі мемлекеттік биліктің қоғамдық қатынастарға ықпал етуіне жағдай жасайтын құқықтық құралдардың белгілі бір жиынтығын білдіреді. Осылайша, мемлекет пен құқықтың арасында күрделі және көп қырлы диалектикалық өзара байланыс пен өзара ықпалдастық орын алады. Бүгінгі таңда мұны ескермейінше толыққанды азаматтық қоғамды құру және мемлекетте тұрақтылықты, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету мүмкін емес. Құқық субъектісі кез-келген адамдар ұжымы бола алмайтынын біле жүру керек.Мысалы: отбасы немесе оқыту топтары курстар, кафедралар, өндірістік бригада және басқа да топтар бұл қасиеттерге йе емес. Құқықтық субъект болып тек мағыналы, орнықты, тұрақты бірігулер жатады, себебі олар бірдей мақсат пен ерікке ие.Бұл жай әншейін (құрылған) басқосқан азаматтар немесе құрылым емес. Құқықтың қатысуына байланысты қабылеттілік және әрекет қабылеттілік болып бөлінеді. Құқық субъектісі деп –өздеріне артылған міндетті орындап, құқықтарын пайдаланатын жалпы құқығы мен міндеті бар құқықтың қатысушыларын айтамыз.


132 Құқықтың субъектісі көбінесе құқықтық қатынастардың ерекшелігін анықтайды,себебі бұл құқықтардың әртүрлі саласындағы жалғыз үздік элемент. Құқық қабылеттілігі дегенде мемлекетпен қарастырылған жалпы мүмкіндіктер, заңды құқықтар мен міндеттерді орындау және пайдалануды түсінеміз. Барлық адам бірдей шамада құқық қабілеті Құқық қабылеттілік – заңнамада бекітілгендей субъектінің заңды құқығы мен міндеттерін қолдану мен орындау. Ол туылған кезден басталып өлгенге дейін жалғасады.Құқық қабылеттілік адамның табиғи қасиеті емес, объективті құқығы. Субъект қолданатын құқықтар мен міндеттер шоғырланады, заңды құқық бірақ бұл әліде олардың құқыққа қабылетті болуы жеткіліксіз. Құқықтардың шынайы қатысушысы болу үшін құқық қабылеті азамат әрекетін қабылетті болуы керек. Әрекет қабылеттілік деп –азамат өз еркімен, жете ұғынуымен, заңды құқықтарымен міндеттерін орындай және қолдана білсе айтамыз. Әрекет қабылеттілік жалпы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Құқық субъектілерінің құқық қабылеттілігі және әрекет қабылеттілігі. Құқық қабылеттілік –ол азаматтың азаматтық құқыққа ие болуы мен міндеттерді орындау қабылеттілігі тек оның заңды фактілерді іс-әрекетерде және жағдайларда пайда болатын құқықтық қатынастар нақты субъективті құқықтық алғышарттары болып табылады.Заңда қарастырылған құқық пен міндеттерге ие болу –құқық қабылеттілігі түсінігіне тең. Құқыққа ие болу және міндеттерді орындау құқық қабылетті субъективтің құқықтары жалпылама құқық пен міндеттерге сәйкес анықталады.Заңнамада тең ең керекті құқықтық мүмкіндік беріледі. Субъективті құқықтан құқық қабылеттіліктің айырмашылығы. 1.тұлғадан айырылмайды, адамды құқық қабылеттіліктен айыруға, тартып алуға немесе шектеуге болмайды; 2.жынысқа (қарамайды) жасқа, мамандыққа,ұлтына, тұрғылықты орнына , материалдық жағдайына және басқа да өмірлік жағдайларға қарамайды. 3.басқаның қолына өткізуге болмайды. 4.субъективтік құқыққа қарағанда алғашқы алғышарттың ролінде 5.абстрактты, субъективті құқық нақты. Әрекет қабылеттілік ол-субъектінің өз әрекеттерімен құқықты йеленуі және іске асырды , өзіне міндеттер қойып соны орындай білу қабылеттілігі.Әрекет қабылеттілік теориясы барлық субъектілердің құқықтары ер жетулеріне құқықтары ер жетулеріне байланысты анықталады. Әрекет қабылеттілік арнайы және жалпы болады. Жалпы, мысалы бірін қалдырмай кез-келген заңды келісімдер жатады, ал арнайы болса осылардың тек кейбіреуіне жатқызады. Табиғи себептерге байланысты құқықтық пен әрекет қабылеттілік әрдайым сәйкес келмейді. Барлық адамдар құқық қабылетті, бірақ керісінше әрекет қабылетті азамат құқығы қабілетті.


133 Толық әрекет қабылеттілік бірін қалдырмай барлық құқықтар мен міндеттерді қолдану.Толық әрекет құқығы 18 жасқа толған соң, ал толмаған жайдайда да үйленген соң және тәуелсізденген соң ғана қол жеткізеді. Ішінара әрекет қабылеттілік 2 дәрежеде болуы мүмкін. 1.Жасөспірім әрекет қабылеттілігі 6 мен 14 жас аралығы.Келісімге тек атаанасы, қамқоршысы және асыраушысы ғана отыра алады. 6 мен14 жас аралығындағы жас өспірім кішігірім зияны жоқ, пайда алып келетін, нотариялық мемлекеттік анықтаманы қажет етпейтін келісімге отыруға және еркін сатылымдағы заттарға қол жеткізуге құқылы.Жасөспірімнің келісімге деген жауапкершілігін оның ата-анасы, асыраушысы немесе қамқоршысы алады, егерде міндеттер олардың кесірінен орындалмаған болса. 2. дәреже: Кәмелеттік жасқа толмаған 14 пен 18 аралығындағы әрекет қабылеттілік . Олар жасөспірімдердің келісімін, авторлық құқыққа ие болып, несие ұйымдарына үлес қоса алады. 16 жастан шаруашылыққа араласады.Басқа келісімдерге заңды өкілдердің қатысуымен отырады. Кәмелетке толмағандар туралы заңға сәйкес олар заттың келісімге жауапкершілікті өздері береді. Құқық қабілеттілік – бұл азаматтың нақты міндеттер мен азаматтық құқықтарды иелену қабілеттілігі. Атап айтқанда құқық қабілеттілік қандай да бір құқықтардың жиынтығы, олардың сандық көрінісі емес, ол тұлғаның тұрақты азаматтық жағдайы, оның құқықтық мәртебесінің элементі, құқықты иеленуге қатысты алғышарттары. Құқық қабілетілік мемлекетпен танылатын жалпы (абстрактілі) заңмен қарастырылған құқықтар мен міндеттер, субъектінің қабілеттілікті иеленуге мүмкіндігінің болуын білдіреді. Құқық қабілеттілік мазмұны құқықтық қатынастардың субъектісінің құқықты тұтастай иеленуімен анықталады, яғни құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігі беріледі. Құқық қабілеттіліктің субъективті құқықтан айырмашылығы: 6) тұлғадан бөлектенбеуі, адамды құқық қабілеттіліктен айыруға, тартып алуға немесе шектеуге болмайды; 7) жынысына, жасына, мамандығына, ұлтына, тұрғылықты жеріне, мүліктік жағдайына және өзгеде өмірлік жағдаяттарға тәуелді болмайды; 8) ол өзге адамға беруге, табыстауға болмайды; 9) субъективтік құқыққа бастапқы қатынасы; 10) субъективті құқық нақты, абстрактілі. Әрекет қабілеттілік ретінде субъектінің тек құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті емес, соған қоса, оларды өзінің жеке әрекеттері арқылы жүзеге асыру, олардың салдары үшін жауап беру, құқықтық қатынастар қатысушылары болу қабілеті танылады. Әрекет қабілеттілік тұлғаның жасына және психикалық жағдайына байланысты болады, ал құқық қабілеттіліктің аталған жайттарға тәуелсіз болатыны белгілі Толық әрекет қабілеттілік – құқықтар мен міндеттерді шектеусіз иелену мүмкіндігі. Әрекет қабілеттілік толық көлемде кәмелеттік жасқа, яғни, 18 жасқа толған сәттен бастап туындайды; кәмелеттік жасқа толмаған азамат, толық әрекет қабілеттілікті некеге тұрғанда, эмансипация жағдайда иелене алады.


134 Ішінара әрекет қабілеттілік екі сатыдан тұрады: бірінші саты – бұл әррекет қабілеттілік 6-14 жас аралығын қамтиды. Мәмілелерді олардың атынан ата аналары, асырап алушылары немесе қамқоршылары жасай алады. 6- 14 жас аралығындағы жас балалар ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз бетінше жасауға хақылы; қайтарымсыз, қарызды қайта талап етпейтін, нотариалдық куәландырусыз және мемлекеттік тіркеусіз жасалған мәмілелер жасауға хақылы; жас балалардың өздерінің жасаған мәмілелері үшін жауапкершілікті ата- аналары, қамқоршылары, асырап алушылары алады. Ішінара қабілеттіліктің келесі сатысы – бұл 14-18 жас аралығындағы кәмелелетке толмағандардың әрекет қабілеттілі. Заңға сәйкес олар барлық мәмілелерді жасауға және өздерінің табыстарына билік етуі, авторлық құқықты жүзеге асыруға құқылы болады. 16 жастан бастап кооператив мүшесі бола алады. Өзге мәмілелерді заң өкілінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылпды. Алайда олар өз жалақысына, стипендиясына және өзгеде табыстарына билік ете алады, авторлық өнертапқыштық құқықтарды жүзеге асырып, несиелік мекемелерге салымдар сала алады. Заңға сәйкес 14-18 жастағы кәмелетке толмаған азаматтар мәмілелер бойынша мүліктік жауапкершіліктер үшін өздері жауапты болады. Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік екеуі бірге құқықсубъектілікті құрайды. Бұл құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің біртұтастығы туралы түсінік қалыптастырады. Бұл жиынтық ұғым құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік уақыт бойынша ажырамайтын , тығыз байланысты болатын жағдайларды көрсетеді. Мысалы, ұйымдар мен ересек азаматтар бір мезетте құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілікке ие болып табылады. Ұжымдық субъектілер құқық қабілеттілікке ие болса, әрекет қабілеттікке ие болады. Олардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезетте пайда болады және бір бірінен ажырамайды. Азаматтардың көптеген құқықтары өзгеге берілмейтін сипатқа ие, әрекет қабілетсіз тұлға үшін басқа тұлға құқықтарын жүзеге асыра алмайды (мысалы, некеге отыру, білім алу, еңбек шартын жасау және т.б.). Мүліктік құқықтар мен салыстырғанда мұндай құқықтарды иеленуші тұлғаның өзі жүзеге асыруы тиіс. Құқық субъектілік жинақтаушы санат. Ол төрт элементтен тұрады: 2) Құқық қабілеттілік – бұл заңнамада бекітілген субъектінің заңды құқықтар мен заңды міндетерді иеленуі. Ол тұлғаның өмірге келуі кезінен басталып мен өмірден өткен кезінде тоқтатылады. Құқық қабілеттілік адамның табиғи қасиетінен емес, объективті құқықтан туындайды. Онда, субъект иеленетін заңды құқықтар мен міндеттер шоғырланып, бірақ мұның өзі шындығында оны иеленетіндігін білдірмейді. Құқықтық қатынастардың қатысушысы болу үшін, субъект әрекет қабілетті болуы тиіс. Азаматтардың құқық қабілеттілігінің түсінігі құқықтар мен міндеттердің тұтастығымен анықталады, яғни құқықтар мен міндеттерді иеленуге мүмкіндік беріледі. Заңнамада азаматтың иелене алатын құқықтың жан-жақты тізбесі болмайды, мұнда аса маңызды құқықтық


135 мүмкіндіктер тізбесі беріледі. Осылайша, азамат мүліктік меншік құқығына; меншігін мұра етіп қалдыруға; кәсіпкерлікпен және заңмен тыйым салынбаған іспен айналысуға; заңды тұлғаларды өзінің құру мүмкіндігі немесе өзге және заңды тұлғалармен бірігуі; заңға қайшы келмейтін мәмілелерді жасауға және міндеттемелерге қатысуға; тұрғылықты жерін таңдауға; ғылыми шығармашылықта, әдебиетте, өнерде, авторлық құқықты иеленуге; өзге меншік және жеке меншік емес құқықтарды иелену мүмкіндіктерінің болуы. 2) Әрекет қабілеттілік адамдардың еркіне тәуелді фактілер. Себебі, оларды адамдар ерікті түрде жасайды. Өз кезегінде әрекеттер құқыққа сай және құқыққа қайшы болады. Әрекет қабілеттілік тұлғаның жасына және психикалық жағдайына байланысты болады. Әрекет қабілеттілік жалпы дәне арнайы болып екіге бөлінеді. Табиғи себеп-салдарға байланысты құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік бір-бірімен сәйкес келмейді. Барлық адамдар құқық қабілетті болып саналғанымен, олар әрекет қабілетті болып табылмайды. Және қарама қайшылық барлық әрекет қабілетті адамдар құқық қабілетті болып саналады. 3) Деликт қабілеттілік, яғни азаматтық құқық бұүзушылықтар деликттер үшін жауап беру қабілеті; 4) есі дұрыстық – қылмыстық жауапқа тартудың шарты. Түптеп келгенде соңғы екі элемент әрекет қабілеттілікпен қамтылатынына қарамаста, аталған ұғымды ослайша жіктеу оны анағұрлым тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Құқықсубъектілік құқықтық қатынастардың міндетті құқықтық алғышарттарының бірі болып табылады. Құқықсубъектілік – тұлғаның құқық субъектісі болу мүмкіндігі немесе қабілеті. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің құрамын қарастырмай құқықтар мен бостандықтар туралы толық және шынайы көзқарастарды қамтуға болмайды. Біріншіден, бұл категория жинақтаушы, жан-жақты сипаатта болады. Ол өз қатарына құқықтық қатынастар мәртебелерін жинақтайды: 6) азамат; 7) шет ел азаматы; 8) азаматтығы жоқ тұлғалар; 9) қашқындар; 10) мәжбүрлі қоныс аударушылар. Екіншіден, аталған категория адамның жеке ерекшеліктерін көрсетеді және қоғамдық қатынастардың көп жақты жүйесінде шынайы орнын бейнелейді. Үшіншіден тұлғаның негізгі құқықтық қатынастар мәртебесін құруда құқықтар мен бостандықтар оның өзге құрамынсыз жүзеге аспайды (заңды міндеттердің құқықтық сәйкестендірілімінсіз (корреспонденция), қажетті жағдайдағы жауапкершіліксіз, құқықтық қатынастар кепілдемесіз, адамның ерікті және саналы белгілерін анықтайтын әрекет қабілетсіздік пен құқық қабілетсіздік). Төртіншіден, тұлғаның құқықтық қатынастар категориясы құқық, бостандық, тұлғаның тұтастай міндеттері, жүйелі түрде мәртебелерді салыстыруға мүмкіндік беруі, ары қарай қалтқысыз дамуы жолдарын айқындайды.


136 Құқықтық мәртебе тұлғаның мемлекетпен танылатын және кепілденетін құқықтары, бостандықтары, міндеттері және заңды мүдделерінің жиыетығы болып табылады. Жеке тұлғаның іс жүзіндегі жағдайын құқықтық тұрғыдан рәсімдеу түрлі жолдармен және тәсілдермен, бір қатар арнайы құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Рәсімдеу адамды құқықтың субъектісі деп танудан және оған ерекше мәртебе – құқық және әрекет қабілеттілік беруден басталады. Осыдан соң ол құқықтық қатынастарға өз атынан қатысып, өз әрекеттері үшін жауапкершілікте болады. Жалпы, конституциялық, салалық, туыстық және тұлғаның жеке құқықтық мәртебесін ажыратады. Құүқықтық мәртебелердің түрлері көп, бірақ теориялық тұрғыдан тек алғашқы үш түрі елеулі мәнге ие. Жалпы құқықтық мәртебе тұлғаның мемлекет азаматы және қоғам мүшесі ретіндегі мәртебесі ол, ең алдымен, Конституцияда анықталады және түрлі ағымдағы жағдайларға (қызметі, отбасылық жағдайы, лауазымы, орындайтын функциялары) тәуелді болмайды, барлық тұлғалар үшін бірыңғай және бірдей болып келеді, салыстырмалы түрдк тұрақтылыққа, жалпылама сипатқа ие. Мұндай мәртебенің мазмұнын Конституциямен ұсынылып кепіл етілген құқықтар мен міндеттер құрайды. Және бұл мәртебенің мазмұнын өзгерту әрбір жекелеген тұлғаның еркіне емес, заң шығарушының еркіне байланысты болады. Жалпы құқықтық мәртебе субъектілерінің барлық ерекшеліктерін, айырмашылықтарын және өзіне тән белгілерін ескере бермейді және оның құрамына субъектілердің еңбек қызметіне, олар қатысатын құқықтық қатынастардың сипатына және басқада жағдайларға байланысты туындап, тоқтатылып отыратын көптеген субъективтік құқықтар мен міндеттер енбейді. Егер аталған құқықтар мен міндеттер азаматтың жалпы мәртебесінің ұғымына енетін болса түрлі сипатқа ие, аса тұрақсыз және анықталмаған мәртебе орын алар еді. Мұндай мәртебе барлығына ортақ болмас еді. Жалпы құқықтық мәртебе басқа мәртебелер үшін базалық, бастапқы болып табылады. Арнайы мәртебе белгілі бір санаттағы азаматтардың (мысалы, зейнеткерлер, студенттер, әскери қызметкерлер, ЖООның қызметкелері, ұстаздар және т.б.) жағдайындағы ерекшеліктерді көрсетеді. Жеке мәртебе нақты бір тұлғаның ерекешеліктерін бекітеді (жынысы, жасы, отбасылық жағдайы, орындайтын жұмысы, өзгеде сипаттамалар). Қарастырылып отырған мәртебенің үш түрі бір-бірімен жалпы, ерекше және жалғыз ілікті санат ретінде арақатынасқа түседі. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, біріне бірі тәуелді және тәжірибеде ажыратылмайды. Кез келген тұлға аталған мәртебелердің барлығын бір мезгілде иеленуі мүмкін – өз мемлекетінің азаматы ретінде жалпы мәртебеге ие болса, белгілі бір топқажатуына байланысты арнайы мәртебені иеленуі мүмкін және жеке тұлға ретінде жеке мәртебеге де ие болады. Жалпы құқықтық мәртебе барлығы үшін ортақ, арнайы мәртебелердің саны көп, ал жеке мәртебенің саны азаматтардың санына тәуелді.


137 Құқықтық мәртебе – адамның қоғам, мемлекет, ұжым және қоршаған адамдар мен байланыстарының бүкіл кешенін көрсететін күрделі, жинақтаушы санат. Субьективті құқық пен заңды міндеттілік құқықтық қатынастың жүйелі элементтері, нақты қоғамдық қатынастарға ерекше сапа белгілейді. Құқықтық қатынастарға қатысушының ерік білдіруі, оның мүддесінің қорғалу деңгейі құқықтық нормамен айқындалады. Субъективтік құқықтар құқықтық нормамен белгіленеді. Құқықтық қатынастарда оның субъектілеріне нақтылық қолданылады. Құқықтық реттеу, ең алдымен, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер механизмі арқылы жүзеге асырылады, дәл осы қасиеті арқылы ол реттеудің өзге түрлерінен, мысалы, моральдық реттеуден ерекшеленеді. Аталған құқықтар мен міндеттер белгілі бір құқықтық қатынас шеңберінде бірін бірі толықтыра отырып, оның заңды мазмұнын құрайды. Субъективтік құқық - тұлғаның мүмкін немесе рұқсат етілген жүріс – тұрысының заңмен кепілденген түрі және өлшемі ретінде анықталады, ал заңды міндет тұлғаның міндетті немесе талап етілетін жүріс-тұрысының түрі және өлшемі. Субъективтік құқықтың негізінде заңды түрде қамтамасыз етілген мүмкіндік; ал мүмкіндік негізінде заңды түрде бекітілген қажеттілік жатады. Мүмкіндікке ие тұлға құқыққа ие; ал міндетке ие тұлға құқықтық тұрғыдан міндетті деп аталады. Біріншісі белгілі бір әрекеттер жасауға құқылы; екіншісі оларды орындауға міндетті. Субъективтік құқық белгілі бір құқықтық мүмкіндік, алайда бұл мүмкіндік көпұырлы сипатқа ие, ол кемінде үш элементтен тұрады: 4) құқыққа ие тұлғаның оң жүріс-тұрысқа мүмкіндігі, яғни, өз әрекеттеріне қатысты құқығы; 5) міндетті тұлғадан тиісті жүріс-тұрысты талап ету құқығы, яғни, өзге тұлғалардың әрекеттеріне қатысты құқығы; 6) қарсы тарап өз міндетін орындамаған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеуге жүгіну мүмкіндігі. Басқаша айтқанда, субъективтік құқық жүріс–тұрысқа, талап етуге шағымдануға және пайдалануға қатысты құқық ретінде көрініс табуы мүмкін. Субъективтік құқықтан субъективтк міндеттің айырмашылығы тараптардың қойылған талаптарға сай өз іс-әрекетін ұғыну болып табылады. Құқықтық қатынасқа қатысушы субъектілер өздерінің құқығын және міндетін орындау барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына зиян келтірмеуі тиіс. Субъективті құқыққа тән белгі болып, тек заңмен емес, сонымен қатар, өзге тұлғалардың міндеттерімен қамтамасыз етілген жүріс тұрыс өлшемі табылады. Бұлай болмаған жағдайда бұл субъективтік құқық емес, ал жай рұқсат етушілік болып табылады. Мұндай рұқсат етушілік қоғамда қолданылатын «тыйым салынбағанның барлығына рұқсат етіледі» қағидасынан туындайды. Күнделікті өмірде мұндай рұқсат етушілік жиі кездеседі. Мысалы, ешкімге серуендеуге, табиғатпен сүйсінуге, теңізге шомылуға, ән тыңдауға, спортпен


138 айналысуға және басқа да осындай әрекеттер жасауға тыйым салынбайды. Алайда, бұлар субъективтік құқықтар емес және құқықтық қатынастардың мазмұнын құрамайды. Заңды міндеттілік – заңнама бойынша қарастырылған және мемлекетпен қорғалатын құқықтық қатынасқа қатысушының тиісті іс-әрекеті. Егер субъективті құқықтың мәні рұқсат етілген іс әрекет шегін белгілесе, онда жауапкершіліктің мәні құқықтық қатынастағы міндетті әрекетті жүзеге асырады. Міндетті тұлғаға басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру мақсатында шектелген тиісті әрекет ұйғарымы жүктеледі. Заңды міндетің құрылымы субъективті құқықтың құрылымына сәйкес келеді және ол екі түрлі мағынада түсінік береді: 3) Құқықтық қатынасқа қатысушы өзге тұлғалардың пайдасына қажеттілік бойынша белсенді оң әрекет жасалады. 4) Құқықтық нормамен тыйым салынған, іс әрекеттердің бейтарапталуы. Мұндай заңды міндеттілік пассивті сипатта қалыптасады, себебі құқықтық қатынасқа қатысушының құқықтық тыйым салынған әрекеттен бейтарапталуды талап етеді. Заңды міндет құқыққа ие тұлғаның мүддесі үшін де бекітілуі мүмкін. Заңды міндет аталған мүдделерді жүзеге асырудың кепілі. Субъективтік құқық құқықтық қатынас субъектісінің құқығы. Бұл жағдайда «субъективтік» сөзі, біріншіден, құқықтық құқықтық субъектіге тиесілігін, екіншіден құқытық нормамен салыстырғанда құқықтық субъектіге тәуелділігін білдіреді. Құқықтық норма ешкімге тиесілі емес және жекелеген тұлғалардың еркіне тәуелді болмайды. Осы тұрғыдан заңды міндетті де субъективті міндет ретінде саралауға болады. Құқықтық қатынас шеңберінде субъектілердің құқықтары мен міндеттері тең дәрежеде субъективті болып табылады. Құқықтық қатынастардың объектісі құқықтық қатынастардың ісер етуімен пайда болады. Жалпы құқықтар мен міндеттер құқықтық қатынастармен айқындалады, жеке нормамен қарастырылып жеке исубъектілерге қолданылады. Субъективті құқық пен заңды міндеттіліктің мағынасына сай тәртіптік құқықтық қатынастарға қатысушылар орнықтырады. Адамдардың іс әрекеті туындаған жағдайлардың әр түрлілігіне байланысты, құқықтық қатынастар объектісі пайда болады. Мүліктік қатынастардың объектісі ретінде, нақты өмірлік құндылықтарды қанағаттандыруға бағытталған адамдардың іс әрекетін айтамыз. Құқықтық қатынастар объектісі екі кәсіпорынның шарт жасасу негізінде, өнімнің бір кәсіпорыннан келесі кәсіпорынға жеткізілуі туралы кәсіпорындардың қызметтеріне түсінік береді. Барлық құқықтық қатынастар мүліктік бола бермейді. Құқықтық нормамен қарастырылған әрекет етуге байланысты, құқықтық қатынастарға қатысушылар өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Құқықтық қатынастың объектісі тек қоғамдық және жеке тұлғалардың мүдде мақсатын реттеп, басқарып отыратын қарым қатынастарды қамтиды. Осы мүдде мақсаттарды орындауға субъектілердің іс әрекеті, атқаратын жұмыстары құқықтық қатынас объектісі болып табылады. Заң әдебиеттерінде


139 құқықтық қатынастардың объектісі туралы көптеген ұғымдар бар. Бірақ ұзақ уақыт ішіндегі пікір таластар нәтижесінде негізгі екі теория қалыптасты - плюралистік және монистикалық. Монистикалық теорияға сәйкес құқықтық қатынастың объектісі ретінде тек қана субъектілердің әрекеттерін айтуға болады, себебі олардың әрекет етуі құқықтық нормалармен реттеледі. Плюралистік теория (шынайылыққа сай) құқықтық қатынастардың объектілерін төмендегідей топтастырады: 6) Материалдық игіліктер – ақша, бағалы заттар, бұйымдар, жеке меншіктер және т.б. Мұндай объектілер әдетте азаматтық құқықтық қатынастарға сай келеді. Мұнда сатып алу сату келісім шартының объектісі ақша және сатылымдығы меншік, қарыз ақша, заттар, бұйымдар. Материалдық игіліктер басқа құқық саласының да объектілері болуы мүмкін (мысалы, қылмыстық құқық объектісі болу). 7) Материалдық емес игіліктер – өмір, денсаулық, ар- намыс, қадір-қасиет, бостандығы және қауіпсіздігі, жеке басына қолсұқпаушылық және т.б. Материалдық емес игіліктер қылмыстық құқықтық қатынастардың қорғау объектісі, олар әдетте іс жүргізу, еңбек және басқада құқықтық қатынастар. 8) Мәдени құндылықтар және басқада адам еңбегінің материалдық емес құндылықтары – өнер туындылары, әдебиет, ғылыми жаңалықтар, зерттеу жүргізулер, түрлі қызметтер, адамдардың рухани шығармашылығының нәтижелері. Олар, азаматтық құқықтық еңбек қатынастары секілді қылмыстық құқық қорғаушылық. 9) Құнды қағаздар, құжатар акциялар, куәлік, дипломдар, тергеу жұмыстарының хаттамалары т.б. Бұл объектілер әкімшілік іс жүргізу қатынастарына сай келеді. 10) Субъектілердің әрекеттері басқару саласындағы әкімшілік құқық нормасы негізінде, тұрмыстық қызмет, шаруашылық, мәдени, құқықтық қатынастарда қалыптасқан әрекет болып табылады. Сонымен, құқықтық қатынас объектісі – құқықтық қатынастардың пайда болу, субъективті құқықтар мен екі жақты міндеттілікке бағытталған. Субъектілердің құқытық қатынастарына әсер ететін әртүрлі әлеуметтік фактілер - заңды фактілер болып табылады. Заңда көрсетілген, объективті шынайылықтың көрінісі. Заңды фактілер – бұл шынайы өмірлік құбылыс, құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын құқықтық нормамен байланыстырады. Заңды фактілер құқықтық норманың гипотезасымен қортындыланады. Заңды фактінің болуына немесе болмауына байланысты субъектінің құқықтары мен міндеттерін мойндау немесе мойындамауы болып табылады. Заңды фактілердің материалдық-әлеуметтік сипаттарының мойындалуы нақты заңды фактілердің әр қайсысының оқшауланған құбылыстарының кездейсоқтығы емес, кеісінше құқықтық жүйенің туындауын білдіреді. Заңды фактілердің оңды үлгісі (заңды құрамы) заңдылық нормасының гипотезасын бекітеді. Заңды фактілердің


140 белгілеріне қарай екі топқа бөлінеді: Бірінші топ заңды фактілердің материалдық жағын сипаттайды. Заңды фактілердің нақты құбылыстары: 4) Сыртқары нақтылай, анықталған түрде бейнеленеді. Ойлар, ішкі рухани өмірдің оқиғалары және басқада осындай құбылыстар заңды фактілер болып табылмайды. Сонымен қатар заңнама әрекетердің (кінә, мақсат, себеп) субъективті жақтардың заңды фактілерінің күрделі элементтерін қарастырады. 5) Нақты материалдық құбылыстар әлемінің болуы немесе болмаумен белгіленеді. Заңдылық түсінігінде міндетті ескерілуге тиіс, яғни жағымды (шынайылықпен) ұштасатын фактілер ғана емес, жағымсыз фактілерде орын алады. 6) Құқықтық жүйе қоғамдық қатынастардың жағдайы туралы мәліметтерді қамтиды. Заңды фактілердің үлгісі басқа топтардағы оңды әрекеттер мен нормативті анықтайтын үлгімен байланыстырылады. Заңды фактілердің нақты құбылыстары : 4) Тікелей немесе жанама құқықтық нормамен қарастырылған; 5) Заңнамамен қарастырылып рәсімдік іс жүргізу формасымен айқындалған; 6) Заңмен қарастырылған құқықтық салдарды барлау Заңдылық фактілерінің жіктелуі: 3) Фактілердің анықталуы бойынша салдар (құқықтың қалыптасуы, құқықтық өзгертулер немесе құқықтың тоқтатылуы, бұл динамика субъектілердің өзімен субъективтік құқықтар мен міндеттерді анықтайды. 4) Фактілердің гносеологиялық жаратылысы (ерікті сәттер): а) оқиғалар, яғни адамдардың еркінен тыс фактілер; б) әрекет, яғни адамдардың саналы ерікті әрекеттерінен туындайтын фактілер; 3) Әрекеттердің заңды жаратылысы: а) заңға сәйкес әрекеттердің барлығы құқықтық белсендіжүзеге асырылатын актілер, әкімшілік актілер (бұйрықтар, өкімдер), юрисдикциялық органдардың актілері(әкімшілік, соттардың), келісімдер нақты заңға сәйкес әрекеттер (шығармашылық, әдеби, ғылыми т.б.) б) заңға сәйкес келмейтін, әкімшілік құқық бұзушылықтар, азаматтық құқық бұзушылықтар және заңды фактілер; 4) Құрылымы бойынша заңды фактілер: а) жай (элементтік) құрамдары; б) күрделі (нақтылық) құрамдары; Нақтылық құрамдарының екі түрі: 3) Құрамдарды ерікті жұмылдыру элементтерінің қағидасы - жай жиынтылық болуы маңызды; 4) Элементтердің дәйекті жұмылдырылу қағидасының реттілік тәртібі бойынша нақты элементердің құрамы толықтырылған жағдайда ғана заңдылық салдары пайда болады.


141 «Құқықтық реттеу механизмінің» мәні құқықтық реттеу түсінігінен туындайды. Құқықтық реттеу құрылымының құқықтық реттеу механизміндегі ерекшелігінің негізі реттеу әдіс тәсілдерімен сипатталады. Әрбір құқық саласына құқықтық реттеудің әдістері немесе әдістерінің үйлесімділігі тән. Құқықтық реттеу теориясында құқықтық ықпал етудің екі әдісі қалыптасқан: 3) Мақсаттарды үйлестіре құру және қоғамдық қатынастардағы мүдделер мен жеке құқытық саласы сипаталып, реттеудің орталықсыздандыру әдісінде қолданылады; 4) Орталықтандыру әдісі, императивті ретеудің қоғамдық қатынастарға қатысушылар арасындағы тәртіптілікке негізделген және де жария құқық саласында қолданылады. Құқықтық реттеу әдістері заңды ықпал ету жолдары, заңды нормалармен және құқық жүйесінің өзге элементтерімен сипатталады. Құқықтық реттеу әдістерінің келесі түрлері: 4) Рұқсат етілген құқықты тұлғалардың өздеріне тиісті белсенді әрекет етулеріне ерік беру; 5) Тыйым салу міндеттердің тұлғаларға жүктелуі, нақты бір тыйым салынған іс әрекеттерді жасауға жол бермеу; 6) Жағымды, оңды міндеттілік белсенді әрекет ету міндеттерін жүктеу (белгілі бір затты келесі бір адамға тапсыру, төлем жасау). Құқықтық міндеттердің орындалуына тәуелді мән жайлар әрбір құқықтық реттеудің үрдісі. Құқықтық реттеудің үрдісі, әрбір нақты жағдайлардағы ерекшелік. Құқықтық міндеттердің орындалуына тәуелділік (ерікті, мәжбүрлі). Құқықтық реттеу түсінігінің мәні құқықтық реттеудің пәні немесе саласы болып табылады. Құқықтық реттеудің пәні бойынша объективті, нормативті ұйымдастырушылық жағына тәуелді қоғамдық қатынастар. Құқықтық реттеу құрамындағы әртүрлі құқықтық қатынастардың жиынтығы: 4) Құндылықтарды айырбастау негізінде құрылған адамдардың қатынасы; 5) Қоғамды басқару бойынша құрылған қатынастар; 6) Адамдардың құқытық жағдайларын реттейтін ережелерді бұзудан пайда болған құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуші қатынастар. Құқықтық ықпал –бұл нәтижелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастарға ықпал, арнайы жүйе ретіндегі құқықтық құралдар. (құқық нормалары, құқықтық қатынастардың, құқықтық нормаларының актілерін жүзеге асыру және басқа құқықтық құбылыстарды, құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті, құқықтық қағидаларды, құқықтық шығармашылық процестерін қолдану. Құқықтық реттеу пәні құқықтық құқықтық нормалардың ықпалына ұшырайтын қатынастар. Басқаша айтқанда, құқықтық нормалар таралатын және оның реттеу аясында болатын сала. Мұндай жалпы шекаралар көп жағдайда құқықтық немесе заңды кеңістік деп аталады. Механизмдердің әрқайсысы


142 өзінің құқытық реттеу сатысында әсерін тигізеді. (құқық шығармашылық, заңды жауапкершіліктің қолданылуы) құқықтық амалдардың өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады. Құқықтың қатыстылық субъектілері бір-бірімен заңдық құқық пен міндеттерді байланыстырады. Құқықтық қатыстық мүшелері бір-бірімен құқықтық міндетті және құқықтық жауапты адамдар ретінде қатыстылықта болады. Құқық нормасының өзі құқықтың қатыстылықты тудыра отырып міндетті сипатта болады және кейбіреулерді белгілі бір әрекетті орындауға міндеттеп отыру қажет Құқықтың қатыстылық зияны және еріктік элементтерге ие болады. Зиянды элемент іс-әрекетінің саналалығын, құқықтың қатыстылықтың өзгермелі тоқталатындығын сипаттайды және құқықтың қатыстылыққа қатысушы субъектінің өз әрекеттерін саналы түрде меңгеру қабылеттілігімен сипатталады. Бұл жағдайда құқықтың қатыстылық мүшесі тек қана заңдық нормаларымен ғана жетекшілікке ие болады. Құқықтық норманың моральдық аналогін ұстанады жән әдеппен жұмыс атқарады. Субъекті ерігі қоғам мен мемлекеттің заңдық нормасы мен нақты құқықтық қатыстылыққа тәуелді болуға тиіс. Құқықтың қатыстылық құқық сияқты мемлекет тарапынан қорғалады. Құқықтың қатыстылық субъектілерді дербес ерекшеліктерімен, жеке құқықтарымен міндеттеріне қатысты қатаң түрде анықталатындығымен ерекшеленеді. Құқық бұзушылық термині бұзылған құқықтар деген мағынадан пайда болған, яғни акт, нормалар мен заңдарға, құқыққа қарсылық. Құқық бұзушылық – заңды бұзу деген мағынадан туындайды. Құқықтық нормалармен белгіленген міндеттерді орындамау, тыйым саланған әрекетерді жасау, құқық бұзушының мүделерінің қоғамның мүдделеріне қарама қайшы болуы. Әрекеттердің деформациясы (өзгеруі), әлеуметтік және психологиялық себептерге байланысты кейбір жағдайларда құқыққа қайшы әрекеттер, яғни құқық бұзушылыққа итермелейді. Әрбір жекелген нақты құқық бұзушылық: ол бір мезетте және нақты бір жерде белгілі бір тұлғаның жасалған қолданыстағы құқықтық нормаларға нақты қарсы болу белгілерімен сипатталады. Бірақ нақты құқық бұзушылықтар мен онығ түрлері әрқилы, бірақ қоғамға қарсы құбылыс ретінде бір бірімен сай келетін жақтары да бар. Жалпы құқық теориясында құқық бұзушылықтардың түрлерін бөліп қарастыру туралы тұтас мынадай түсінік қалыптасқан: 6) Құқық бұзушылық – бұл іс –әрекет (әрекеттілік немесе әрекетсіздік) 7) Құқық бұзушылық - бұл әрқашанда кінәлі әрекет Құқық бұзушылық – нақты құқықты бұзуға тыйым салу және заңды міндеттерді құрайтын нормалар. Құқық бұзушылық бұл әрекет, тәртіп, әрекеттілік пен әрекетсіздік. Әрекет - бұл сырттай объективті акт, субъектінің шындыққа, басқа субъектілердің мемлекетке және қоғамға қатынасы. Әрекеттің субъективтік жағы ретінде субъектінің өз әрекетіне және және оның салдарына қатысты психикалық қатынасы түсіндіріледі. Яғни,


143 құқықбұзушының қылмысты жоспарлап, жүзеге асыру кезінде басшылыққа алған мақсаттары, себептарі, ұстанымдары. Сонымен құқық бұзушылық бұл құқыққа қайшы, кінәлі әрекеттер (әкімшілік, қылмыстық, тәртіптік). 8) Әрекет, міндетті түрде құқықтық нормаға қарама қарсылық, яғни нақты заң шығарушының заңда көрсетілген тәртіп ережелерін бұзу; 9) Әрекет қоғамдық қауіптілік, яғни қоғамға, мемлекетке, жеке тқлғаларға зиян келтіру. Құқық бұзушылық құқықтық норманы бұзу, қоғамдық және жеке мүдделердің, қоғамдық құқықтық тәртіп пен субъективті құқықтардың бұзылуы. Құқық бұзушылық қоғамдық, мемлекеттік, ұйымдық немесе жеке мүдделерге зиян келтіру. Құқықтық ретеуге итермелейтін қатынастар қаншалықты көп болса, құқық бұзушылық салдарынан туындаған зиянда соншалықты көп болады. Зияндылық материалдық және моральдық, өлшемді және өлшемсіз, табиғи және рухани, маңызды және маңызды емес, қалпына келетін және келмейтін болады. 10) Құқық бұзушылық, заңды жауапкершілікке тарту, яғни құқықбұзушылықтағы заңды жауапкершілік міндетті заңдылықтың алғышарттары. Құқықбұзушылықпен күресудің бірден бір құралы жауапкершілік қажетті нышан, белгі. Мұндағы құқық бұзушының қоғамға іс-әрекетінің қауіптілігіне қарай қоғамның баға беруі. Белгілі бір жасалған құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тарту шарасы қолданылады (мысалы, қылмыс үшін), немесе санкциялар тізімі түрінде, оның бірі нақты құқық бұзушылық істерінің мән жайын ескере отырып, қолданылу болып табылады. Құқық бұзушылықтардың белгілері тұтастай қарастырылуы тиіс. Оның бірінің болмауына байланысты әрекет құқық бұзушылық ретінде қарастырылмайды. Сонымен, құқық бұзушылық – саналы ерікті акт, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекет. Қоғамдық қауіптілік, құқық бұзушылықтардың зияндылығ, олардың жағымсыз әлеуметтік құбылыс ретінде сипатталады. Тұлғаның құқық бұзушылық әрекеті теріс көзұарастарға ие. Сонымен, құқық бұзушылықты құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе субъектілердің әрекетсіздігі мемлекетке, ұйымға, қоғамға немесе жеке тұлғаларға келтірілген зиян ретінде анықталып, соңында заңды жауапкершілікке тартылады. Құқық бұзушылықтардың түрлері сан қилы. Бұл әр түрлі қоғамдық қатынастардың (мән-мағынасының әртүрлілігімен сипатталады). Құқықбұзушылар жағынан қастандық ойластыру, субъектілердің құқықтық қатынсатардағы өмірлік жағдйлардың ерекшеліктері және т.б. Мұндай көптеген құқыққа қайшы жүріс-тұрыс актілері, әртүлі негізде жүктеуге түрткі болады. Қоғамдық өмірдің сала-салаларға бөлінуіне байланысты, жасалатын құқық бұзушылықтың түрлері: 1.Экономика саласындағы құқық бұзушылықтар 2.Басқару саласындағы құқық бұзушылықтар 3. Отбасы тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар


144 Құқық бұзушылықтың алдында қойған мақсаттарының сипаталуына байланысты бөлінеді: 1.Нақты мақсатқа жету үшін бағытталған құқықбұзушылықтар; 2.Бір немесе бірнеше нақтыланбаан мақсаттарға жету үшін бағытталған құқықбұзушылықтар; Қоғамдық қауіпті әрекеттерге байланысты құқықбұзушылықтардың жіктелуі: 1.қылмыс 2.басқа да құқықбұзушылықтар (жағымсыз әрекеттер) өз кезінде мына түрлерге бөлінеді. а. азаматтық б. әкімшілік в. тәртіптік Құқықбұзушылықтардың бір ғана түріне байланысты шектеулерге, көптеген талаптпр қойылады (мысалы зиян). Құқықбұзушылықтың нақты бір түріне (әртүрлі іс жүргізу тәртібі бойынша жауапкершілікті жүктеу, түрлі органдар құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тарту) заңнамалық жауапкершілікті бекітіп беру.Мұнда шектеу қою бойынша қойылатын негізгі 2 талап: 1. нақты түрдегі құқықбұзушылықтың салдарының сипаты; 2. нақты құқықбұзушылық бойынша жауапкершілікті заңнамамен бекіту; Теріс қылықтар қылмыстарға қарағанда туындайтын салдары мен апаттары бойынша қауіптілігі төмен болып келеді. Олар қылмыстық құқықтық саласында кездеспейді және оны қылмыскерлер жасамайды. Әдетте қылмыстар қарапайым азаматтармен экономикалық, шаруашылық, еңбек, әкімшілік, мәдени, отбасы, өндірістік қызмет салаларында жасалады және олардың қолдары үшін қылмыстық жаза емес өндіріп алу көзделеді. Теріс қылықтардың түрлері әр түрлі болады: 4) азаматтық 5) әкімшілік 6) тәртіпсіздік Азаматтардың теріс қылықтары ретінде құқыққа қайшы әрекеттер арқылы азаматқа, ұйымға не олардың мүлкіне зиян келтіру, шарттық міндеттерді орындамау, меншік иесінің құқықтарын бұзу заңға қайшы мәміле жасау қарастырылады. Мұндай құқықбұзушылықтар үшін берілген санкциялар – моральдық немесе материалдық зиянды өтеу, бұзылған құқықты қалпына келтіру, субъектіге өз міндеттерін орындату, борышты күштеп өтеу және жауапкершіліктің өзге талаптарын орындау. Әкімшілік теріс қылықтар ретінде қоғамда белгіленген тәртіпті, басқару жүйесін, экономикалық объектілерді, санитарлық-гигиеналық талаптарды, өртке қарсы ережелерді, көлік пайдалануды және басқа да қатынастарды қорғайтын әкімшілік құқық нормаларды бұзу болып табылады.


145 Әкімшілік теріс қылықтар үшін берілетін жазалар – айыппұл, жүргізуші құқығынан айыру, 15 тәулікке қамау(жеңіл бұзақылық үшін), 2 айға дейін түзету жұмыстар, аңшылыққа тыйым салу т.б. Тәртіптік теріс қылықтар өндірістік, қызметтік, әскери, оқу қаржылық тәртіпті, түрлі ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар және басқа да мемлекеттік құрылымдардың ішкі еңбек тәртібін бұзуымен байланысты. Тәртіптік теріс қылықтар үшін белгіленген негізгі санкциялар – сөгіс, ескерту, лауазымын төмендету, сыйақыдан айыру, жұмыстан босату. Құқық бұзушылықтың құрамы – Қазақстан заңнамаларымен сипатталатын нақты қоғамдық зиянды іс-әрекет сияқты құқықбұзушылық. Әрбір құқықбұзушылықтың құрамы құқықбұзушылықтың объектісін сипаттайтын, объективті жағы, субъективті жағы мен құқықбұзушылық субъектісінің қатарына қосылады. Адамның әрекеті (әрекеттілігі немесе әрекетсіздігі) қоғамға қауіпті болмаса, онда мұндай әрекеттілік немесе әрекетсіздік құқық бұзушылық қатарына жатқызылмайды. Әрекеттің (әрекеттілік немесе әрекетсіздіктің) қоғамға қауіптілігі ұғымы екі сәттен тұрады, олар: зиянның болуы және оның қоғам тарапынан бағалануы. Құқық бұзушылық дегеніміз, адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін кінәлі, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігін білдіреді. Құқық бұзушылық дегеніміз құқықтық талаптарды бұзудағы немесе оларды орындамау барысындағы әрекеттер (әрекеттіліктер немесе әрекетсіздіктер). Адамдардың қандай да әрекеттері (әрекеттіліктері немесе әрекетсіздіктері) қоғамға қауіп тудырған немесе туындататын болса ондай әрекеттілік немесе әрекетсіздік құқық бұзушылық деп бағаланады. Адамның әрекеті (әрекеттілігі немесе әрекетсіздігі) қоғамға қауіпті болмаса, онда мұндай әрекеттілік немесе әрекетсіздік құқық бұзушылық қатарына жатқызылмайды. Әрекеттің (әрекеттілік немесе әрекетсіздіктің) қоғамға қауіптілігі ұғымы екі сәттен тұрады, олар: зиянның болуы және оның қоғам тарабынан бағалануы. Құқық бұзушылық дегеніміз, адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін кінәлі, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі Құқық бұзушылықтың белгілері (нышандары): а) қоғамға зияндылығы, қауіптілігі б) кұқыққа қайшы келушілік в) кінәлілік - басқаша айтқанда - құқық бұзушылыққа бару құқық бұзушының тысқарыдан ешбір ықпалсыз-ақ өзінің ерік-ықтиярын әлгіндей түрде білдіруі г) әрекеттілік немесе әрекетсіздік түріндегі әрекеттер. д) жазаланушылық. Құқық бұзушылықтың субъектісі – кінәлі, құқыққа қайшы (қарсы) әрекет жасаған адам. Мұндай субъект ретінде деликт қабілеттілігі бар адам және заңды тұлға танылады. Құқық бұзушылықтың объектісі - қандай затқа құқық бұзушылық бағытталып, оған нұқсан келтірілсе сол зат аталған объект болып табылады. Мұндағы тектік


146 объекті - қоғамдық қатынастар, ал түрлік объект - өмір, ар-намыс, денсаулық, т.б. Құқық бұзушылықтың субъективтік себебі — бұл, мемлекеттік идеологияға, адами құндылықтар мен қоғамдық мүддеге қарама-қайшы құқықтық сананьщ төмен деңгейлігі. Ал объективтік себебі — өмірдегі, экономикалық және әлеуметтік қатынас саласындағы нақтылы кайшылықтар. Құқық бұзушылықты тудырушы объективтік жағдайға — оның субъективтік және объективтік себептерінің орнын алуына жол беретін, ұйымдастырушылық және техникалық тәртіптің жеткіліксіздігін айтуға болады. Құқық бұзушылық қашан да жекелік сипатта болады. Жеке тұлғаның қабылдаған және оның қажеттілік мақсаты арқылы анықталатын құқыққа қайшы шешім, құқық бұзушылықтың тікелей себебі болып табылады. Бірақ құқық бұзушылық себебін белгілі бір әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру жеткіліксіз. Кінә – бұл белгілі тұлғаның жалпы психикалық жағдайы емес, тұлғаның сыртқы әрекетінен туындаған зардаптардың психикалық жағдайы болып табылады. Құқық кінәнің негізгі екі түрін бөліп қарастырады: 3) қасақана 4) абайсыздық Құқық бұзушылықтың объективтік жағы ретінде оның «не, қайда, қашан, қалай орын алды» деген сұрақтарға жауап беретін сыртқы белгілерінің жиынтығы. Объективтік жақты қалыптастыратын элементтерге: тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі, қоғамға тигізген зиянды салдар, қоғамға қауіптілік, сондай-ақ әрекет пен оның зиянды салдары арасындағы тікелей сеьеп салдық байланыс. Аталған объективтік жақтың элементтері құқық бұзушылықтардың жан-жақты мағынасын білдіреді, нақтылап айтқанда, әкімшілік, азаматтық–құқықтық және тәртіптік теріс қылықтар. Жауапкершілік – күрделі, көпжақты ұғым. Мемлекет орнатқан тәртіп ережелеріне сәйкес тұлғаның қоғамға қатынасы. Оның басты айырмашылығы – нормаларды, заңдарды бұзумен байланысты және ол мемлекеттік мәжбүрлеу аппаратымен жүзеге асырылады. Қазіргі заманғы ғылым жауапкершіліктің екі аспектісін ажыратады – негативті (ретроспективті), және позитивті (перспективті). Құқықтық жүйенің қалыпты әрекет етуі және тұлғаның жүріс – тұрысы үшін бұл екі аспекті де аса маңызды. Жауапкершіліктің негативті аспектісі жасалған әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейді, ол заң ғылымында бұрыннан және жан – жақты зерттелген, барлық елдердің заңнамасында жете реттелген. Ол жауапкершіліктің ғасырлар бойы –мемлкет, құқық, заңдар қылмыстылық пайда болғалы бері өмір сүріп келе жатқан классикалық түрі. Жауапкершіліктің позитивті аспектісі аз зерттелген, себебі, ғалымдар тек соңғы он жылдықтарда ғана оған көңіл бөле бастады. Соған қоса, жауапкершіліктің бұл аспектісіне қатысты ортақ пікір жоқ, тіпті кейбір мамандар оны жоққа шығарады. Позитивті жауапкершілік ретінде жасалған


147 әрееттер үшін емес, ал өз міндеттерін, тапсырылған істі тиісті орындау, адал жүріс-тұрыс үшін, қоғам, мемлкет, ұжым, отбасы мен қоршаған ортаның алдындағы жауапкершілік. Бұл – моральдық – құқықтық борыш сезімі, азаматтық ұстаным, дамыған құқықтық сана. Позитивті жауапкершілік – өзіне және өзгелерге қатысты талап қою. Ол субъектінің шынайы әлеуметтікқұқықтық мәртебесінен туындайды және мәртебелік жауапкершілік деп те аталуы мүмкін. Ретроспективті және позитивті жауапкершілік бір бірімен тығыз байланысты аспектілер, заңды жауапкершіліктердің түрі ретінде қалыптасқан. Позитивті жауапкершілік – бұл ретроспективті жауапкешіліктің орнын ауыстыратын болашақтағы жауапкершілік. Позитивті жауапкершілік біздің көзқарасымыз бойынша, тұлғаның өз іс-әрекетіне жауапкершілік қатынасы, қоғамдағы азаматтардың іс-әрекетіне баға беру, құқықтық тәрбиенің жоғары деңгейі, жауапкершіліктің ең дамыған формасы. Олар бір-біріне қарамақайша келмей, қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық реттеудің өзара тығыз байланысымен қоса нығайтылуы тиіс. Заңды жауапкершілік міндеттердің ерікті түрде орындалуы туралы кепілдік береді. Жауапкершілік өзге міндеттерден мазмұны бойынша ерекшеленеді. Бұл әрқашанда субъектінің қалауынсыз, оның құқықтық дәрежесіне нұқсан келтіру. Заңды жауапкершілікті тек мемлекеттік мәжбүрлеу ретінде анықтау дұрыс емес, себебі мұндай мәжбүрлеу ешқандай құқықбұзушылық жасамаған тұлғаларғада қолданылуы мүмкін. Мұндай шаралар әдетте әлеуметтік, қауіпсіздік шаралары деп аталады. Заңды жауапкершіліктің сипаттамасы: 7) қолданыстағы заңнамамен көзделеді; 8) Мемлекеттік органмен қолданылады, мемлекет қана мәжбүрлеу шараларын қолдана алады. 9) Құқықбұзушылық жасағанда, яғни мемлекеттің қалыптастырған тәртіп ережелерін бұзу; 10) заңмен көзделген процессуалдық формада жүзеге асырылады; 11) нақты материалдық нормалармен жүзеге асырылып, процессуалдық нормаларға сай қолданылады; Болжанған немесе міндетті тәртіп формасы құқықтың материалдық нормаларымен қарастырылып, орнатылады 12) құқық бұзушы тек мемлекет атынан ғана жазаланады. Заңды жауапкершілік – кінәлі тұлғаны мемлекеттік ықпал ету шараларына тарту, белгілі бір жағымсыз салдарға ұшырау қажеттілігі немесе тұлғаны белгілі бір игіліктерден мәжбүрлі түрде айыру түрі және шарасы ретінде анықтауға болады. Кез келген жағдайда заңды жауапкершілік – мемлкеттің құқықбұзушылыққа қарсы әрекет ету тәсілі, заңда көрсетілген санкцияларды жүзеге асыруы. Жауапкершілікке тарту құқықты жүзеге асыру нысандарының бірі, нақты айтар болсақ, ол құқықты қолдану. Себебі, бұл жағдайда заң шығарушы көздеген мақсатқа қол жеткізіледі. Құқықтық ережелер өмірге енгізіліп, жүзеге асырылады, қисынды түрде аяқталады. Заңды жауапкершіліктің бастамасы және негізі болып құқық бұзушылық, қылмыс жасау табылады.


148 Заңды жауапкершіліктің мақсаты – конституциялық құрылысты, құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқытары ме бостандықтарын қорғау, құқық бұзушыны жазалау, қоғамның қалған мүшелерін орын алу мүмкін құқыққа қайшы әрекеттерден және олардың салдарынан сақтандыру. Аталған «мақсат» категориясы аспектісінде барлық заң институтының заңды жауапкершілігін көрсетеді. Заңды жауапкершілік мақсаты кеңістіктен (вакуум) пайда болмайды. Олар қоғамда пайда болған кемшіліктерден көрініс табады. Заңды жауапкершіліктің мақсаты нормативтік актіде бекітілген нормативтік сипаттамамен бейнеленеді және құқық қорғаушының логикалық тәсілімен жүзеге асырылады. Осылайша, заң әдебиеттерінің авторлары жалпы мақсаттан заңды жауапкершіліктің өзгеше салалық мақсаттарға тәуелділігін атап өткен. Заңды жауапкершілік қызметі – бұл қоғамдық қатынастарға заңды жауапкершілік нормаларының құқықтық әсер етуі бойынша бағытталған, сол арқылы мақсаттар белгіленіп, тағайындылық пайда болады. Заңды жауапкершілік қызметі күрделі құбылыс. Олар қоғамдық даму кезеңіне үйлесімділігімен сипатталады. Тәртіптік, превентивті, қайта қалыптастыру, заңдылық жауапкершіліктің жазалау әсері азаматтық қоғамды, құқықтық мемлекетті құру, адамның және азаматтың құқықтары мен бостарын жүзеге асыру қажеттілігінің нәтижесінде анықталады. Бұл қызметтердің атауларынан олардың мәні айқын көрініп тұр және олар жан жақты қарастыруды қажет етпейді. Қазіргі заманғы елдердің заңнамасында бұл функциялар түрлі үйлесімділікте әрекет етуде. Әрбір функцияның ерекшелігі мазмұны арқылы сипатталады. Реттеуші қызметі аталған функция заңшығарушының субъектіге құқықтар мен міндерге ие ете отырып, тәртіптің құқық шегіндегі нұсқасын көрсете отырып, құқық бұзушылық әрекеттерін болдырмауды көздейді. Первентивті қызметі жаңа құқық бзушылықтар болмау үшін ескерту шараларын қолданады. Первентивті қызметте тәртіптілік құқық қорғау қызметімен белгіленеді. Заңды жауапкершіліктің первентивті құқығы бұл заңды жауапкершілік нормаларының қоғамдағы қатынастарға субъектінің әрекетінен және қоғамға қарсы әрекеттерді ығыстырудан тұрады. Жазалау қызметіне келер болсақ, мұны белгілі мақсат ретінде (қайткенде жазалау, қинау, мәжбүр ету, қайғыға душар ету және т.б.) түсінуге болмайды, құқы бұзушы үшін құқыққа қайшы әрекеті үшін жазалау шарасы ретінде қолданылуы тиіс. Бұл жағдай өлім жазасына қатысты да орын алып отыр. Көптеген елдерде өлім жазасының орнына өмір бойына бас бостандығынан айыру шаралары қолданылады. Құқықты қалпына келтіру қызметі адамдардың саналы әрекет етуіндегі құқықтарды қалпына келтіру жағдайы. Құқықты қалпына келтіру қызметі моральдық және материалдық тұрғыдан келтірілген залалды төлем ақы төлеу, арқылы субъектінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді мақсат етеді.


149 Тәртіптік қызметі заңды жауапкершіліктің адамдардың ерікті және саналы әрекет етуіне әсерін тигізуі болып табылады. Тәртіптік қызмет адамдардың құқықтарын, бір біріне құрмет көрсетуін, қоғамдағы құндылықтарын, құқықтық белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Заңды жауапкершілік институтының болуы қоғамның қылмыстық элементтердің, заң, мораль мен өркениетті өмір сүру тәртібіне қарсы тұлғалардың қол сұғуынан өзін өзі қорғай тәсілі. Сондай ақ, бұл адал және құқыққа сай жүретін тұлға бостандығының, оның ар- ожданы, қадір қасиеті және қауіпсіздігінің кепілі. Яғни, бұл ежелден келе жатқан ақиқат әрекет пен жазалау мәселесі. Адам мәжбүрлі түрде немесе күштеу, өзінің азаматтық борышын орындау арқылы тәуекелге бара отырып, қандайда бір өзге қоғамдық маңызға ие мақсатқа жету үшін әрекет етуі мүмкін. Бұл ретте субъектінің психикалық жағдайы да шешуші рөл атқарады. Мұндай жағдайларда тұлғаның жүріс тұрысы құқыққа сай деп танылады және тиісінше ешқандай заңды жауапкершілікті тудырмайды. Заңды жауапкершілікті болдырмайтын келесі жағдайларды бөліп қарастырады: 7) қажетті қорғаныс; 8) аса қажеттілік; 9) қылмыскерді ұстау кезінде зиян келтіру; 10) бұйрықты немесе өкімді орындау, дәйекті қауіп; 11) күштеп және психикалық мәжбүрлеу; 12) есі дұрыс еместік, орынды тәуекел ету. Қажетті қорғаныс – бұл жағдайда қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды. Аса қажеттілік – қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтір, егер бұл қауіпті басқа жолдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды. Қылмыскерді ұстау кезінде зиян келтіру – қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге адамдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берімесе, қылмыс болып табылмайды. Бұйрықты немесе өкімді орындау – өзі үшін бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде іс әрекет жасаған адамның қылмыстық заңмен қорғалатын


150 мүдделерге зиян келтіріуі қылмыс болып табылмайды. Мұндай зиян келтіргені үшін заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам қылмыстық жауапқа тартылады. Дәйекті қауіп қатер тәжірибеге, біліктілікке, есепке, соңынан оңды нәтижеге жету, қойылған мақсаттарға жетуде өзге тәсілдерді қолданбауы, қауіп әрекет арқылы қоғамдық оңды мақсаттарға жету үшін бағытталады. Күштеп және психикалық мәжбүрлеу Мәжбүрлеу қылмыс жасаудағы әрекеттердің бірі болып табылады; мәжбүрлеу түрлі әсер ету факторларымен жүзеге асырылады. Бұл әсер ету факторларын мына түрлерге бөліп қарастыруға болады: 6) механикалық; 7) физикалық; 8) химиялық; 9) биологиялық; 10) физиологиялық. Күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды. Тұлға өз әрекеттерін басқару мүмкіндігін сақтап қалған жағдайда психикалық мәжбүрлеудің нәтижесінде келтірілген зия үшін жауапкершілік қылмыстық заңнама ережелерін ескере отырып шешіледі. Есі дұрыс еместік қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни, созылмалы психикалық ауруы (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдлық қауіптілігін ұғына алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес. Орынды тәуекел ету қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте ҚК қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды. Заңдылық – құқықтанудың өте күрделі және орталық ұғымдарының бірі. Тиісінше оынң анықтамалары да көп, олардың біреулері мағынасын дұрыс ашса, кейбір жағдайда мағыналары мүлдем ұқсамайды. Заңдылық ретінде елдегі барлық субъектілердің, заңдар мен оларға негізделген заңға сәйкес нормативтік актілерді қатаң және бұлжытпай сақтауы. Заңдылықты құқықтық заңдарда көрініс табу идеясы, талабы ретінде түсіндіру оған анықтама беруде жалпылама және көмескі сипатқа ие. Заңдарды сақтауды қаншалықты талап еткенімен, заңдылық бірден орнамайды. Заңдардың сақталуын талап ету емес, олардың іс жүзінде сақталуы ғана нәтиже береді. Заңдылық құрылымының сипаттары: 6) ой, пікір, қағидалар, заңдылықтың негізгі теориясының негізгі көзқарастары; 7) жүйе қалыптастыру теориясы заңнаманың бастартпай орындалуы мен нақты нысанын бағытталған; 8) мақсаты, яғни қоғамдық қатынастардың қатысушыларының құқықтық норманы бұлжытпай орындауы;


Click to View FlipBook Version