51 ғылым, мәдениет және барлық басқа өркениет деңгейімен жеткен әлеуметтік өмірдің салаларымен де анықталады. Қаншама жүзжылдықтар бойы құқықтың қалыптасуы мен дамуына қуатты әсер беріп келе жатқан табиғи, туылғаннан, ажыратылмайтын адам құқықтары туралы ілімдер ретіндегі мемлекеттің құқығының шегінде позитивті, ресми әрекет етуші негізде жатуы тиіс жалпы адамдық рухани факторды ерекше бөліп айтуға болады. Тек осы жағдайда ғана соңғысы (табиғи – құқықтық теория мағынасында) адам ақылына, адам табиғатына сәйкес келуші ретінде, одан кейін барып, гуманды және әділ деп бағаланады; 2) нормативтілік. Құқық қоғамның мемлекеттік еркі ретінде нақты өмірде ресми мойындалған және осы мемлекетте олардың материалдық түсінігінде құқықтық нормалар ретінде әрекет етуші жүйе ретінде шығады. Егер құқықтың мәні қоғамның мемлекеттік еркін барлық нақты өмірде бейнелейтін болса, онда оның мазмұны осы еріктің нормативтік көрінісін құрайды. Құқық тек өзіне ғана тән арнайы ерекшеліктер мен сипаттарға ие болып, басқа әлеуметтік нормалардан (әдет – ғұрыптар, мораль, қоғамдық бірлестіктердің нормалары) ерекшеленеді: а) мемлекетпен байланыстылығымен. Құқықты құрайтын қоғамның мемлекеттік еркін жүзеге асыратын нормалар басқа әлеуметтік нормалардан ерекше тек мемлекетпен шығарылады немесе санкцияланады және тәрбиелеумен қатар, қажет кезінде құқықтық санкцияларды қолдану мүмкіндігімен де қорғалады; б) жалпыға міндеттілігімен. Әлеуметтік нормалардың барлық басқа түрлері халықтың тек бір бөліктеріне ғана міндетті. Және тек құқық ғана – барлығы үшін міндетті нормалар жүйесі. Сонысымен, құқыққа қоғамның барлық құқықтық жүйесінің заңдылығы мен құқықтық тәртібінің нормативтік негіз рөлі беріледі; в) формальды анықтылықпен, яғни, құқықтық нормалардың құрылымындағы сипаты мен арнайылығында, ерекшелігінде ұсынушы – міндеттеуші көрінісін алатын нақтылық, анықтылық, тұрақтылық; г) институтциональдылықпен. Құқықты құраушы нормалар мемлекетпен өзіндік белгілер жүйесімен қатаң, арнайы нысанда шығарылады немесе санкцияланады, ол әр түрлі құқықтық қайнар көздер ретінде қызмет атқарады; д) қоғамдық қатынастарды ресми реттеуші ретінде; 3) биліктік – реттеуші табиғатымен, онда құқықтың қоғамдық қатынастарды ерекше мемлекеттік реттеуші ретіндегі арнайы әлеуметтік маңызы ашылады. Құқық – бұл экономикалық, рухани және басқа да өмір жағдайларымен түсіндірілген қоғамның мемлекеттік еркін, оның жалпы адамдық және таптық сипатын бейнелейтін жалпыға міндетті, формальды анықталған нормалардың жүйесі; арнайы, белгілі бір нысанда мемлекетпен шығарылады немесе санкцияланады және тәрбиелеу шараларымен қатар, бұзылудан мемлекеттік
52 мәжбүрлеу мүмкіндігімен қорғалады; қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші болып табылады. 35. Обьективті және субьективті мағынадағы құқықтың түсінігі Обьективті және субьективті мағынада құқық түсінігінің өмір сүруі әрқашанда заңгерлерде қарама – қайшы ойлардың туындауына әкеледі. Құқықтың обьективті және субьективті түсінігін құқықтағы обьективті және субьективті мәселелермен шатастыруға болмайды. Олар өзара байланысты болғанымен әр түрлі сұрақтар. Заңгерлер ерте кезден-ақ «құқық» сөзін екі басты маңызда қолданып келді – обьективті және субьективті. Құқықтық анықтылық, нақтылық екі бөлікпен қарастырылғанда болды: бұл бөліктің бір жағында мемлекетпен бекітілетін жалпыға міндетті нормаларды көрді, ал екінші жағында – оларды жүзеге асырумен байланысты әрекеттер, осы нормалар негізінде және шегінде қолданылуы мүмкін және фактілі қолданған адамдардың нақты мүмкіндіктері, өкілеттіктері, әрекеттері. Құқық норма, заң, мемлекеттік ұстаным және құқық ретінде субьектілердің осы ұстанымдардың шегінде өздерін қалай ұстау керектігінің мүмкіндігі мен басқарушылық қабілеттілігі – міне осы құқықтың обьективтілігі мен субьективтілігінің айырмашылығының мәні. Обьективті мағынадағы құқық – елдегі осы кезеңдегі заңнама, заңшығармашылығы; субьективті мағынадағы құқықты осы заңнама негізінде және шегінде заңдық қатынасқа қатысушы тараптарда пайда болатын нақты мүмкіндіктер, құқықтар, талаптар, арыздар. Құқықтық ғылым «обьективті» және «субьективті» терминдерді жайдан – жай қолданған жоқ және екі бір-бірімен тығыз байланысты, қиылысатын, бірақ сәйкес келмейтін құбылыстардың айырмашылығымен шектеу үшін де емес, олардың қоғамдық – құқықтық табиғаиын, қызметтік рөлі мен әлеуметтік маңызын толық бейнелеу үшін қолданады. Субьективті құқық (оның мүмкін тәртібінің шегі ретінде) субьектіге тиісті құқықты тек көрсетіп қана қоймайды, субьектіге тиісті құқықтың, әсіресе оның пайдаланылу мағынасанда оның өзінің жеке қалауы мен көзқарасының шегіне байланысты болатын фактіні де бейнелейді. Норма обьективті құқық, ол жекелеген тұлғаның еркі мен қалауына байланысты болмайды, онымен жеке, дербес билікетуге болмайды. Жалпы, жеке емес, тәртіппен белгіленген норма біреудің қолында болмайды және болуы мүмкін емес. Философияда, белгілі болғандай, обьективтілік және субьективтілік ретінде, сәйкесінше осы құбылыстың осы уақытта адамға тәуелділігі немесе тәуелсіздігі түсіндіріледі. Осы көзқараспен қарастырылып отырған мәтін өзінің мазмұнында құқықтық материядағы спецификалық мағынадағы белгілі бір философиялық мағынаға ие болады. Құқықтық ғылымда мұндай мәтінде көп. Бұл жағдайда субьективтілік – бұл тек субьектіге тиесілі ғана емес, сондай-ақ оған байланыстылық, ал обьективтілік – бұл тек субьектіге тиістілігі жоқ ғана емес, сондай-ақ оған байланысты емес те жағдай. Субьективті құқық
53 субьективті мағынада болады егер, біріншіден, субьектіге байланысты болса, екіншіден, оның еркі мен санасына байланысты болса. Обьективті құқық обьективті мағынада болады, егер, біріншіден, нақты бір субьектіге арналмаса, екіншіден, оның ерік білдіруімен және жеке көзқарасымен байланысты болмаса. Бұл құбылыстардың дәл осы қасиеттері (тәуелсіздік және тәуелділік) «обьективтілік» және «субьективтілік» сөздерін ашады. Бұл анықтамалар субьектіге қатысы бойынша белгіленген обьектілердің жеке даралығының әр түрлі деңгейлерін көрсетеді. Обьективті мағынада құқық ретінде сәйкес нормативтік актілерде (заңдар, жарлықтар, кодекстер, конституциялар) бейнеленген (обьективтендірілген) және әр бір жекелеген индивидке байланысты болмайтын құқықтық нормалардың жүйесі түсіндіріледі; субьективті мағынадағы құқық ретінде – субьектілердің құқықтары мен бостандықтарының жүйесі, жоғарыда аталған актілерден туындайтын немесе туылғаннан оларға тиісті болған, олардың еркі мен санасының белгілі бір шегіне, әсіресе пайдалану үдерісінде байланысты болатын олардың нақты құқық қабілеттілігі. 36. Құқықтың қағидалары және олардың әлеуметтік түсіндірілуі Құқық қағидалары – бұл құқықтың мәнін анықтайтын және бейнелейтін, оның негізін қалаушы, жетекшілік ететін бастаулар. Қағидалар – құқықтың обьективті қасиеттері. Олар қоғамдық дамудың заңдылығын, осы қоғамның қажеттіліктерін бейнелейді. Құқықтың қағидалары заңшығарушылардың немесе ғалымдардың субьективті көзқарастары емес, құқыққа органикалық тән сапалар. Құқық қағидаларының жалпы құқықтық, салааралық және салалық болып бөлінуі жалпы қабылданған болып табылады. Мемлекет және құқық теорисы үшін құқық қағидаларының негізгілері (жалпы) маңызға ие: 1) әлеуметтік әділдік қағидасы. Сонымен, құқықтық реттеу – бұл қоғамдық қатынастарды әділеттілік негізінде реттеу. Құқықтық әділеттеліктің ерекшелігі, ол, құқықтық салада нақты, формальды анықталған сипатқа ие, жиі мемлекеттік мәжбүрлеумен байланысты болады. Барлық құқықтық жүйе әділеттілікті қорғауда болады, оның бейнеленуі мен бекітілуі, күзетілуі мен қорғалуы қызметтерін атқарады. әділеттілік қағидасы нормативті – бағалаушылық сипатқа ие, құқықтың өзінің мазмұнына салынған және өзінің іске асуын құқықтар мен міндеттерден, мадақтау мен жазалаудан т.б. табады. Заңнаманың барлық салалары (азаматтық құқық, еңбек құқығы, тұрғын үй құқығы, кәсіпкерлік құқық, табиғатты қорғау құқығы, қылмыстық құқық) өздері реттейтін қоғамдық қатынастарда әділдікті жүргізуге арналған; 2) азаматтардың тең құқықтылығы әділдік қағидасының дамуы және демократияның маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Тең құқықтылық саяси – құқықтық қағида және заңдық категория ретінде теңдік түсінігінен
54 ерекшелей білу керек. Соңғысы теңқұқықтылықтың материалды негізі болып табылады. Теңдік – теңқұқықтылыққа қарағанда кең түсінік, өйткені әлеуметтік теңдік элементтерінің барлығы құқықта бекітіле алмайды; 3) құқықтар мен міндеттердің бірлігі азаматқа берілген құқықтар мен бостандықтар қоғам алдындағы міндеттерімен сәйкес болуы, түйісуі арқылы бейнеленеді. Кез – келген құқық тек біреудің міндеті арқылы жүзеге асуы мүмкін. Егер бір тарапта барлық құқықтар болып, екіншісінде тек міндеттер болса, онда біртұтастық, бірлік ыдырап кетеді; 4) гуманизм кең мағынада адам мен қоғамға деген көзқарастар жүйесінің, жеке тұлғаға деген құрметпен, оның құрметі мен құқықтарымен енгізілген тарихи ауысуын білдіреді. Қарастырылып отырған қағида қоғам мен жеке тұлғаның өзара қатынасын бейнелейді. Гуманизм қағидасы тек қылмыстық құқықта ғана емес, ол құқықтың барлық салаларына (әкімшілік, қаржылық, еңбек, азаматтық ж.т.б.) енеді.; 5) сендіру мен мәжбүрлеудің құқықтағы сәйкестігі – демократизмнің, гуманизмнің және әділдіктің көрінісінің маңызды нысаны. Сендіру мен мәжбүрлеу қоғамға мемлекеттік жетекшілік етудің әдістерін құрайды. Демократиялық құқықтық мемлекеттің басты міндеті олардың саналы және ақылмен сәйкес келуін бекіту. Олардың өзара қарым – қатынасының сәйкес келу сұрағының дұрыс шешілуі тоталитаризмнен демократияға өту кезеңінде ерекше маңызға ие болады. Қоғамға жетекшіліктің негізгі, басты әдісі әр түрлі нысандарда жүзеге асырылатын сендіру болып табылады. Оның тікелеу бейнеленуімен, көрінуімен нормалардың өздері көрініс табады; 6) демократизм барлық биліктің халыққа тиістілігін білдіреді. Келтірілген жалпы құқықтық қағидалар құқықтың барлық жүйесіне таралады. Олар өзара бір – бірімен тығыз байланысты, бірін бірі толықтырып отырады, ал жиі-жиі олар бір-біріне еніп кетеді. Олар құқық жүйесінің барлығына, барлық оның салаларына тән. Бірақ та әр бір салада оның ерекшелігіне, әрекет ету аймағына, реттеудің пәні мен әдістеріне байланысты олар әр түрі көрініс береді. 37. Құқықтың қызметтері: түсінігі мен түрлері Құқық қызметтері заңдық түсінікте ішкі жағынан өзара бір-бірімен байланысты екі түрде айтылады: құқық немесе белгілі бір құқықтық институт жүзеге асыратын рөл және субьектінің тәртібін құқықтық реттеудің (әсер етудің) нақты бағыттары. Құқықтың қызметтерін қоғамның және оның жекелеген компоненттернің нақтылығының құқықтық сипаты ретінде анықтауға болады. Құқықтың қоғамдық ментелитетте болып жатқан сыртқы жағдайлармен, үдерістермен, өзара әрекеттесуі нәтижесінде жаңа жағдайлардың құқықтық жүйесіне сәйкес құқық қызметтерінің өзі қайта құрылады, түрі өзгереді, өңделеді. Құқық қызметтерінің көп түрлері өмір сүреді, олардың арасында ерекше атап өтетіндері бар:
55 1) мәдени – тарихи. Құқық өзіне тән нормативті нысандағы ұлттық және әлемдік құбылыс ретінде адамзаттың, халықтың рухани құндылығы мен жетістіктерін (адам құқығы, демократия, қоғамның моральды ұстанымдары, әлеуметтік әділдік) реттейді; 2) тәрбиелік. Құқық субьектілердің тәртібіне жекелеген нормалар, институттар және механизмдер арқылы, сонымен қатар, біртұтас елдің рухани өмірінің жеке дара факторы ретінде тәрбиелік әсер етеді; 3) әлеуметтік – қадағалаушы. Құқық бұл бағытта субьектілердің тәртібіне бір жағынан ынталандырушы, мадақтаушы құрал ретінде, ал екінші жағынан тәртіптің қандай да бір түрін шектеу арқылы әсер етеді. 4) ақпараттық – бағыттаушы. Құқық нақты осы қоғамда субьектілердің (ұйымдар, заңды тұлғалар) моральды бағыттарының қуатты қайнар көз ретінде шығады. Осы мағынада құқық қызметі – құқыққа сай тәртіптің әлеуметтік пайдалы, субьективті тараптың жағымды бағытын қалыптастыру. Өзінің қайнар көздері (заңдар, қаулылар, жарлықтар ж.т.б.) арқылы адамдар қандай да бір тәртіптің әлеуметтік мүмкіндіктері туралы ақпараттар алады, ол ақпарат оларға өмір сүріп отырған құқықтық тәртіптің аясында алға қойылған мақсаттарға жетуге көмектеседі; 5) реттеуші. Бұл берілген қызметтің мәні құқықтың басты әлеуметтік бағытымен, маңызымен – қоғамдық қатынастарды реттеуден көрінеді, яғни, құқықтық қатынастардың субьектілік құрамын белгілеу; құқық нормалары қандай да бір заңдық салдардың болуымен байланыстыратын өмірлік жағдайлардың шеңберін анықтау; құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қалыптастыру; 6) қорғаушы. Бұл құқық қызметінің мазмұны адам әрекеттерінің маңызды әлеуметтік – экономикалық, мәдени – адамгершілік және мемлекеттік – саяси салаларын құрайтын қоғамдық қатынастарды қорғауға, және сәйкесінше, адам үшін, оның өмірі, денсаулығы үшін қауіпті қатынастарды шеттету, ығыстыру мен жоюға, әлеуметтік және экономикалық табысты өмірге бағытталған құқықтық әрекет етумен көрінеді. Құқықтың қорғау қызметтері негізінде тыйым салатын құқықтық нормалар болады. Қорғау қызметінің мазмұны құқықтық жауапкершілік үшін негіз қалайтын санкцияларды және әрекеттің құрамын бекітуден тұрады. Есте ұстайтын жағдай, реттеуші және қорғаушы қызметтерді құқықтық әрекет етудің жеке дара бағыттары ретінде бөлінуі, шектелуі, айырмашылығы арнайы теориялық шартқа ие, өйткені реттеу қызметі де қорғау қызметі сияқты құқықтың негізгі әлеуметтік маңызы мен бағытын жүзеге асырады – қоғамдық қатынастарды ретке келтіру және оларды сыртқы кері әсерлерден тәуелсіздігін, тұрақтылығын, мықтылығын қамтамасыз ету. Осы мағынада құқықтың қорғау қызметі арқылы азаматтар мен ұйымдарға олардың мүдделерін заңды және мақсатты түрде жүзеге асыру жолдарын көрсете отырып, әлеуметтік құндылықтарды белгілі бір үлгіде қорғайды және күзетеді.
56 38. Құқық теорияларының жіктелуі Құқықтың пайда болу сұрағына қатысты көптеген көзқарастар өмір сүреді. Бұл жерде олардың ішінде кеңірек таралғандарын бөліп алу керек, олар: 1) табиғи – құқықтық теория. Ол құқықтың екі жүйесінің өмір сүргенін ұсынады – табиғи және позитивті. Позитивті немесе жағымды, белгілі бір мемлекеттегі ресми мойындалған, әрекет етуші, мемлекеттік биліктің заңдарында және басқа да құқықтық актілерде бейнеленген, сонымен қатар, онымен әдет –ғұрыптардағы санкцияланған құқықты көрсетеді; 2) құқықтың тарихи мектебі барлық халықтар үшін біртұтас құқықтың өмір сүру мүмкіндігін жоққа шығарды, әр бір мемлекеттің басқа кез-келген халықтар сияқты өзіне тән өзіндік құқығы болады, ол қандай да бір басқа елдің құқығына ұқсамайды және оған халықтық рух тән тарихпен анықталады. Әр бір халықтың құқығы халықтың «жалпыға ортақ санасын», «жалпыға ортақ сенімін» бейнелейтін осы халықтық рухтың көрінуі болып табылады. Ол тарихи үдерістің нәтижесі. Ана сүтімен ұрпақтан – ұрпаққа берілетін, құқық өзінен - өзі дамиды және жайлап сәйкес тіл мен ділге сіңеді, енеді. Сонымен қатар, қарастырылып отырған мектептің жағымды жағымен бірге ескерте кетер жағдай, ол құқықтың тарихын, оның қайнар көздерін оқып – үйренудің қажеттілігіне назар аударуға шақырды және онымен байланысты өте кең материалдар жинақтады, әсіресе рим құқығының тарихы бойынша, бірақ, өкінішке орай, оларды қажетті деңгейде тәртіпке келтіруге шамасы жетпеді; 3) құқықтың психологиялық теориясы, ол мемлекетте ресми әрекет ететін позитивті құқық пен бастауы адамдардың психикасына барып тірелетін және адамдар, олардың топтары мен бірлестіктері құқық ретінде уайымдауынан қалыптасатын интуитивті құқықты бөледі. Заңдарды және басқа да актілерде бейнеленетін позитивті құқық әрқашанда азаматтарға қол жетімді емес, олардың осы ресми құқық туралы көзқарастары мен иллюзиялары фантазм деп аталады. Интуитивті құқық басқаша, ол адамның басқа адамдармен өзіндік қатынасының әр бір қадамында кездесіп жатады. Адамдардың әр түрлі психологиялық жағдайларының ішінде бірінші орынға эмоциялар шығарылады – адамды белгілі бір әрекеттерді жасауға қоздыратын, импульсивті уайымы; 4) құқықтың әлеуметтік теориясы. Құқық бұл жағдайда тек әрекет кезінде, қолданылу үдерісінде қарастырылуы керек. Құқықтың өзі әрекет, оның араласуымен басқа әрекеттерді жүзеге асыруға болады. Құқықты шығаруға соттар қабілетті: құқық тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып сот бекітетін нормалардан тұрады. Сондай-ақ соттардың нақты істі шешу барысындағы құқықтың бар екендігі туралы психикалық уайымы маңызды; 5) құқықтың марксистік теориясы, марксизм ілімі сияқты жалпы материалистік философияға негізделеді. К.Маркс пен Ф.Энгельстің көзқарасына сәйкес құқық қоғамның экономикалық базисі құрылысының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Ол өмірдің материалдық жағдайларымен түсіндіріледі, ол оларға кері әсер етеді. Марксизмнің негізін қалаушылар
57 құқықтың ең алдымен, бастысы таптық мәнін көрді. Марксистік теория үшін құқықты тек қана қалыптастырып қана қоймайтын, сонымен қатар, оны жүзеге асыру үдерісінде қолдау көрсететін мемлекетпен тығыз байланыста қарастыру тән. Құқықтың марксиситік теориясы құқықтың материалистік түсінігінің дамуында маңызды әсер етті. Бұл ілімнің әлсіз жақтарын, оның кейбір жекелеген жағдайларының шындыққа сәйкес келмейтінін тарихтың өзі, нақты жағдайлар қателіктерін тапты. Бірақ та, басқа жағынан қарағанда, бұл ілімнің барлық жақтарының басынан жалған, өтірік екенін мойындау дұрыс болмас еді. Марксистік ілімнің құқық туралы, және мемлекет туралы да көптеген қорытынды нәтижелері қазіргі жағдайларда да өзінің маңызын сақтауда. 39. Құқықтық сана түсінігі, құрылымы мен рөлі Құқықтық сана – бұл адмдардың, әлеуметтік қауымдастықтың әрекет етуші немесе қалаулы құқыққа қатысты білдірген пікірлері мен сезімдерінің жиынтығы. Құқықтық сана – қоғамдық сананың бір нысаны. Ол шындықты, ақиқатты рухани тануда арнайы ерекше тәсіл болып шығады. Құқықтық санаға рухани мәдениетте тиісті жеке даралық тән. Құқықтық көзқарастар, идеялар, теориялар, сезімдер өзінше өмір сүреді, экономикадан, саясаттан, мемлекеттен және тіпті жағымды, позитивті заңнамадан да тәуелсіз. Соңғысының өзгеруі құқықтық сананың дамуы үшін арнайы параметрлер береді, бірақ, ешқашанда құқықтық сананың мәдени – тарихи мағынасын түбірімен қайта құруға және жойып жіберуге қабілетсіз. Құқықтық сана күрделі мазмұнды моҚРологияға ие. Ғылымда құқықтық сана құрылымы түсінігі шығарылған. Құқықтық сана құрылымдық жағынан екі негізгі элементтен қалыптасады: 1) құқықтық психологиядан. Құқықтық психология – құқықтық сананың дүлейлі, жүйеленбеген қабаты, ол кез – келген адамның немесе әлеуметтік топтың мемлекетке, құқыққа, заңнамаға, басқа да заңдық феномендерге жекелеген психологиялық реакциясында бейнеленеді. Құқықтық психология – құқыққа, заңнамаға жеке және жалпы реакция типтерін беретін, қандай да бір заңнамалық бағдарламаның табысты немесе табыссыздығын тұтасымен анықтауға қабілетті тікелей қабылдау мен түсінуден жасырын құқықтық көрініс саласы; 2) құқықтық идеологиядан, құқықтық ақиқатты, шындықты және нақтылықты жүйеленген түрде бейнелейтін және бағалайтын құқықтық идея, теория, көзқарастар жиынтығын білдіреді. Идеология құқықты біртұтас әлеуметтік институт ретінде, оның жекелеген көріністерінде емес, қоғамның жеке дербес элементі ретінде мақсатты, ғылыми немесе философиялық мағынада сипаттайды. Жекеліктің, тұлғалықтың элементі құқықтық шындық пен ақиқаттылықтың идеологиялық бейнеленумен де қатысады: қандай да бір идеологиялық доктрина тәртіп бойынша жекелеген адамдармен (ғалымдармен, философтармен, қоғамдық – саяси қайраткерлермен) қалыптасады және құрылады, ал ары қарай мемлекет пен құқықты өздерінің санасында жүйелі,
58 біртұтас бейнеленеуіне жететін көпшіліктің немесе нақты бір тұлғалардың байлығы, қазынасы болып табылады. Құқықтық идеологияда, жалпы құқықтық мәдениетте концептуальды түрде тек мамандарға ғана емес, сондай-ақ өмірдің, жұмыстың мәнін насихаттайтын кең халық қабатына, әр бір адамға қол жетімді, оларды күрделі де қарама – қайшы әлемде бағытқа салатын құқықтық білімдер синтезі деген бар. Құқықтық сана арқылы қандай да бір нақты жеке тұлғада әлеуметтік докрина өмірде адамның тұрақты моральды позициясының негізі болғанда меңгеру және қоғамдағы субьектілердің белгілі бір құндылық бағыттары жүреді. Мұнда құқықтық сана тәртіпке әлеуметтік – құқықтық қадағалаудың қуатты құралы ретінде шығады. Құқықтану теориясында құқықтық сананың келесі түрлері бөлінеді: 1) қарапайым (адамдардың жалпы көзқарастары, олардың сезімдері, эмоциялары, құқық пен заңдылық бойынша көңіл күйлері). Бұл сезімдер адам өмірінің тікелей жағдайларының әсерінен, олардың тәжірибелік өтілінен пайда болады; 2) кәсіби (кәсіби – заңгерлер арасында қалыптасатын түсініктер, көзқарастар, идеялар, сенімдер, дәстүрлер, стереотиптер); 3) ғылыми (құқықты жүйеленген, теориялық меңгеруді бейнелейтін идеялар, тұжырымдар, көзқарастар). Қазіргі заманғы қоғамдарда ғылыми құқықтық санаға құқықтың, заңнаманың, саяси – конституциялық қатынастардың даму жолдарын көрсету рөлі берілген. 40. Құқық пен құқықтық сананың өзара әрекеттесуі Құқықтық сана – құқықтық ажырамас, бөлінбес серігі. Құқықтың өмір сүруі адамдардың еркі мен санасын жүзеге асырудан бөлінбейді. Құқықты жүзеге асыру әрекеті қызметінде құқықтық сананың рөлі маңызды. Құқықтық сананың мәртебесі бұл салада екі бағытпен анықталады: 1) құқықтық сана субьектілердің заңдық нормаларды өз еріктерімен сақтау үшін қажетті психологиялық және идеологиялық контекстті құрады. Құқық пен заңдылықтың дамыған сезімі, әрекет етуші құқықтық тәртіп пен құқықтық мәдениеттке кіру, араласу, ынтымақтасу құқықтық жазбалардың талаптарын жалпы сақтауға жетелейтін кепіл болып табылады; 2) құқықтық сана лауазымды тұлғалардың құқықтық нормаларды қолдану үдерісінде маңызды қызметті орындайды. Құқықтық норманы судьяның, прокурордың, тергеушінің т.б. құқықтық санасынан тыс қолдану жағдайларын елестету қиын. Лауазымды тұлғалар құқық мағынасындағы, оның талаптары мен рұқсат бергендерін түсінуге, ұғуға, анықтай алуға міндетті. Дамыған құқықтық санасыз мұны жасау мүмкін емес. Құқықтық сана негізінде іс бойынша дәлелдемелерге баға беру жүргізіледі. Құқық пен құқықтық сана байланысы өзара әрекеттесу сипатына ие, яғни, мұндай қатынастан, осы құбылыстардың арасында қарама – қайшы байланыс туындайды. Бір жағынан, құқықтық сананың дамуы мен жағдайы көбінесе
59 заңнамамен түсіндіріледі. Адамгершілік пен интеллектуальдық әсер етудің қуатты құралы болып табылатын құқық әр түрлі, қандай да бір құқықтық көзқарастар мен сезімдердің дамуына белсенді қолдау жасайды. Екінші жағынан – құқық пен заңнама мемлекеттік құқықтық тәртіптің жағымды феномені ретінде қоғамның құқықтық санасының деңгейі мен сипаты қалыптасқан күшті және қуатты алаңда болады. Мұнымен құқықтық сана шектелген, одан құқық шығармашылығы, және құқықты жүзеге асыру үдерісінде тәуелділікті сезеді. Құқықтық сананың құқық шығармашылығы қызметіндегі рөлі мынада, құқықтық идеология нысанындағы сана қазіргі заманғы құқықты жасауда жетекші детерминант болып табылады. Құқықтың арнайы дайындалған құқық шығармашылық процедурасы арқылы қалыптасуы заң жобаларын дайындаудың нақты бейнеленген сатыларын білдіреді, олардың арасында мыналар маңызды мәнге ие, қоғамдық қатынас саласы, берілген сұрақтың реттелудің қажеттілігі мен сипаты туралы азаматтар мен құқықты қолданушылардың пікірлерін алдын – ала зерттеу; болашақ нормативтік актінің құқықтық реттеудің тәсілдері мен мүмкін нәтижелерін, жүйеленген түрде мақсатын, міндетін, құралдарын анықтайтын тұжырымдамасын дайындау. Бұл сатыларда құқықтық сана адамдардың құқық саласындағы психологиялық күтулері мен ұмтылыстар түріндегі, сонымен қатар, қоғамдық қатынастардың қандай да бір салаларын қажетті деңгейде тәртіпке келтіру туралы насихатталған заңнамамен философиялық, әлеуметтік –экономикалық және саяси қағидалар мен көзқарастар нысаны ретінде де жетекші рөл ойнайды. Сондықтан, құқықтық сана құқықтың генезисі үшін жалғыз мүмкін сезім, заңшығармашылығы үдерісінің әр түрлі субьектілерінің (жеке және заңды тұлғалар), қоғамның барлық рухани мәдениетінің көзқарастары түріндегі «құрылыс материалын» береді. Мемлекет құқықтық нормаларды ең бірінші кезекте құқықтық сана арқылы түсіндіре отырып, қоғамдық қауіпті әрекет пен әрекет жасаушының сипаты мен деңгейін, тұлғаның ерекшелігін, оның кінәсін жеңілдетітін және ауырлататын мән – жайларды есепке алады. Сонымен, құқықтық сана құқықтық реттеудің және қоғамдық қатынасқа құқықтық әсер етудің бүкіл механизіміне енеді: ол құқықтық нормалардың құрылуына алғышарт жасап қана қоймайды сонымен қатар, ол нормалардың барлық әрекет етуінде, тіпті олар жойылғаннан кейін де қолдап отырады. Құқықтың күші, барлық құқықтық реттеудің тиімділігі қоғамның құқықтық санасының ерекшелігіне, өсіп – жетілуінің деңгейіне байланысты болады.
60 41. Құқықтық мәдениет Белгіленген мәселенің мәнін ашу үшін құқықтық мәдениет теориясының алғышарттары мен қалыптасу қағидаларын қарастыру қажет, соңғысын оқып – үйрену обьектісі және осы обьекті туралы білімдер типі ретінде талдау керек, құқықтық мәдениеттану білімінің зерттелу сұрақтарының шегін анықтап, мәнді тұжырымдар мен тәсілдерге тоқталу керек. Мәдениеттке ғылыми көзқарастар үш топқа бөлу мүмкіндігін ұсынады: 1) антропологиялық, табиғидан басқа, адаммен жасалған барлық игіліктердің жиынтығын мәдениет деп түсіндіреді; 2) әлеуметтік, оны рухани құндылықтардың жиынтығы ретінде бейнелейді: мұнда мәдениет қоғамдық өмірдің компоненті ретінде шығады; 3) философиялық, мәдениетті қоғамдық дамумен байланысты емес құбылыстардың арасында таза аналитикалық түрде бөліп қарастырады. Антропологиялық тәсілдің жағымды жағы талдаудың кеңдігінде, өйткені мәдениет қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларының көрінісі ретінде қарастырылады. Екінші тұжырымның жақтастары, өкілдері қоғамдық өмірдің жан – жақты қасиеті ретінде мәдениеттің жалпы үлгісін ұсынады. Осы позицияның әр қайсысының өкілдері жетуге ұмтылған әр түрлі мақсаттар ғылыми ізденістердің ерекшелігі ретінде, сондай-ақ тәжірибеден де хабардар болудың өзгеше болатындығын ескертті. Мәдениеттің үшінші тұжырымының жақтастары өздерінің барлық назарын қоғамдық өмірдің жан – жақты қасиеті ретінде барлық әлеуметтік ағзаның қызмет атқаруы мен дамуының талдауына аударды. Осы мақсатпен олар жүйелі талдау мен этнография, археология, антропология, әлеуметтік басқару сияқты ғылымның салаларын зерттеу тәжірибесін оқып – үйрену қағидаларына бұрылды. Ақыр соңында олардың алған нәтижелері адамның шығармашылық әрекетіндегі мәдениеттану феноменінің мәнін тереңірек білуге мүмкіндік берді. Сонымен, құқықтық мәдениет адамның да, қоғамның да сапалы құқықтық жағдайы ретінде қабылдануы мүмкін әр түрлі негіздер бойынша құрылымдануға жататын ерекше әлеуметтік құбылыс. Құқықтық мәдениет теориясында жинақталған материалды кешенді пайдалану ең алдымен мәселені жан – жақты оқып – білуді қамтамасыз ету үшін қажет. Сонымен қатар, әр бір нақты жағдайда бірінші кезекке мәдениеттің әр түрлілігін түсінудегі қатаң анықталған белгілі бір критерийлер алға шығарылады. Құқықтық мәдениет – құқықтық әрекеттегі оның нақты қызмет атқаруындағы құқықтық ойлардың, заңдық техниканың және тәжірибенің жетуін іске асырған барлық жағымды компоненттердің жиынтығы. Жағдайдың жағымды құқықтық нақтылығын құрайтындар оның элементтері болып шығады. Ол құқықтың өзінің ішіне, құқықтық санаға, құқықтық қатынастарға, заңдылық пен құқықтық тәртіпке, заң шығармашылығы мен құқық қолданушылық, сонымен қатар, басқа да құқықтық әрекеттерге, оны құраушы
61 бөліктердің қызмет атқаруы мен дамуындағы барлық жағымды заңдық ақиқатқа енеді. Құқықтық мәдениет адамсыз және оның қызметінсіз, осы қызметтің прогрессивті бағыттылығынсыз және озық ойлаусыз ақылға сыймайды. Ол құбылыстың түсінікті де жақсы бейнеленген мақсатына ие, құқықтық ақиқаттың шын мәнәнде қызмет атқаруы мен дамуындағы маңызды құнды компоненттердің жиынтығының барлығын қамтитын әлеуметтік ретінде шығады. Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті – қоғамның құқықтық жағдайының қажетті алғышарты және бастауын жасаушы, оның мақсаты мен құрылымдық бөлігі, бірақ, сонымен қатар, бұл жеке тұлғаның құқыққа сай қызмет деңгейінде көрінетін өзіндік құқықтық дамуының дәрежесі мен сипаты. Ескертілгендей қоғамның құқықтық жағдайының белгілі бір дәрежесінде ол оның негізінде біртұтас ядро құрайды. 42. Әлеуметтік және техникалық нормалар, олардың ерекшеліктері мен өзарабайланысы Қоғамда барлық әрекет етуші нормаларды үлкен екі топқа бөлу қабылданған: 1) әлеуметті; 2) техникалық. Бұл негізгі мағынадағы, алғашқы ретіндегі жалпы бөлу. Ары қарай норманың екі тобы да әр түрлі негіздер бойынша көптеген түрлерге және бөліктерге жіктеледі. Олардың арасындағы шекара реттеу пәні бойынша өтеді. Егер әлеуметтік нормалар адамдардың, олардың бірлестіктерінің арасындағы қатынастарды, басқаша айтқанда, әлеуметтік өмірді реттесе, ал техникалық нормалар – адамдардың сыртқы әлеммен, табиғатпен, техникамен арадағы қатынастарды реттейді. Бұл қатынас «адам және машина», «адам және еңбек құралы», «адам және өндіріс» типінде болады. Көрсетілген қатынастардың ерекшелігі мынада, олардың екінші жағында жансыз заттар болады, сондықтан олар таза әлеуметтік емес, «жартылай әлеуметтік» сипатқа ие. Техникалық нормалар табиғи және жасанды обьектілермен, технологиялық операциялар мен үдерістердің ғылыми негізделген әдістерін, қолданылу тәсілдерін анықтайды. Техникалық нормаларды обьективті өмір сүруші, тұрақты, құбылыстардың арасындағы қайталанушы байланыстар ретінде табиғат заңдарымен теңестіруге болмайды. Біріншілері адамдармен жасалады, екіншілері адамдардың еркіне байланысты болмайды. Әлеуметтік және техникалық нормалар пәнінен басқа, тағы да олардың мазмұны, құрылысы, бекіту тәсілі, жалпылық дәрежесі, формальды анықтылығы және басқа да бірнеше параметрлер бойынша ерекшеленеді.
62 Қарастырлып отырған нормалар түрлерінің өзара байланысы мынада, әлеуметтік те, техникалық та нормалар адам қызметімен, әрекетімен бірге істе болады, ал ерекшелігі, реттеу обьектісі мен әдістерімен бейнеленеді. Техникалық нормалар арасында құқықтық актілерде бекітіліп, заңдық күшке ие болатындары да болады. Оларды техникалық – құқықтық деп атауға болады. Бұл негізінен материалды - өндірістік және басқарушылық салада (өрт қауіпсіздігіне қарсы ереже, барлық көлік құралдарының түрлерін, атом станциясын, құрылыс жұмыстарын эксплуатациялау, энергиямен жабдықтау, жарылғыш және улы заттарды сақтау мен алып жүру, қаруды қолдану, әсіресе ядролық, әр түрлі мемлекеттік стандарттар ж.т.б.) әрекет ететін нормалар. Олардың кейбіреулері санкциямен жабдықталған. Өзінің ұйымдастырушылық – техникалық сипатын жоғалтпастан мұндай нормалар құқықтық норманың сапалы белгілеріне ие болады: олар мемлекеттен шығады, оның еркін білдіреді, мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі, арнайы нормативтік актілерде бекітіледі, ерекше болғанымен, бірақ маңызды қатынастарды реттейді. Аталған нормалар бланкеттік норамлармен тығыз байланысты. Тұрмыстық салада әрекет етуші қалған техникалық нормалар құқықпен қолданылмайды, және, сәйкесінше оларды бұзу қандай да бір заңдық жауапкершілікке әкелмейді. Салмақты салдарлар экологиялық жағдай мен тепе – теңдікті бұзуда пайда болады. Табиғи балансқа жасанды араласу, әсер ету, эволюциялық даму адамның өмірлік тіршілігі үшін өте қауіпті. Қоршаған ортаның ластануы, оның обьектілеріне зақым келтіру қазақстандық заңнама бойынша жазаланады, бірақ та мұндай әрекеттер үшін санкциялар жеткілікті түрде қатаң емес. Тағы да, адамдардың жануарларға (жабайы және үй), жалпы жануарлар әлеміне қатынасын анықтайтын нормаларды да атап өту қажат. Бұл нормалардың көпшілігі сәйкес құқықтық актілерде (иттерді, жылқыны, ірі мүйізді жануарды асырау ережесі; аңшылыққа рұқсат беру немесе тыйым салу; әр түрлі санитарлық талаптар ж.т.б.) бекітілген. Мұндай нұсқаулықтарды, ұстанымдарды бұзғаны үшін сәйкес жауапкершілік бекітілген. 43. Құқық пен мораль арақатынасы: бірлігі, айырмашылығы және өзараәрекеттесуі Бұл сұрақты қарастыра отырып, ескерте кету қажет, құқық формальды бекітілген, қоғамның өнегелік идеалдарын жүзеге асыратын ресми құрал. өнекгелілік, мораль, этика сабақтарынсыз құқық ақылға сыйымсыз. Мораль – қоғамдық сананың бір нысаны, маңызды әлеуметтік институт. Ол өмірлік қағидалардың, көзқарастардың, бағалардың, сенімдердің және соларға негізделген тәртіп нормаларының, адамдардың бір біріне, қоғамға, мемлекетке, отбасына, қоршаған ақиқатқа қатынасын анықтаушы және реттеуші тарихи қалыптасушы және дамушы белгілі жиынтығын білдіреді. Олардың бірлігі, біртұтастығы: 1) құқық пен мораль әлеуметтік норманың түрлері болып табылады;
63 2) құқық пен мораль бір ғана мақсаттар пен міндеттерді қорғайды – қоғамдық өмірді тәртіпке келтіру және жетілдіру; 3) құқық пен мораль бір реттеу обьектісіне ие – қоғамдық өмір; 4) құқық пен мораль нормативтік құбылыс ретінде субьектілердің тиісті және мүмкін қылықтарының шекарасын анықтайды; 5) құқық пен мораль экономикалық, саяси, мәдени және басқа да анықтаушы факторлармен ескертілінген категорияларды білдіреді; 6) құқық пен мораль негіз қалаушы жалпы тарихи құндылықтар, қоғамның әлеуметтік және мәдени дамуының көрсеткіші ретінде шығады. Құқық пен мораль ерекшеленеді: 1) олардың бекітілу, қалыптасу тәсілдерімен; 2) олардың қамтамасыз ету әдістерімен; 3) олардың бейнелену, бекіту нысанымен; 4) адамдардың санасы мен тәртібіне әсер ету сипаты мен тәсілдерімен; 5) оларды бұзғаны үшін жауаптылықтың сипаты мен тәртібімен; 6) адам тәртібіне қоятын талаптарының деңгейімен; 7) әрекет ету аймағымен, саласымен. Одан басқа, құқық пен мораль арасындағы ерекшелік соңғысы қоғамдық сананың бір нысаны болып табылуынан тұрады. Қарастырылып отырған реттеушілердің (құқық пен мораль) өзара тығыз байланысынан тура сондай тығыз олардың әлеуметтік және қызметтік өзара әрекеті туындайды. Олар қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіруде, жеке тұлғаға жағымды әсер етуде, азаматтарда тиісті заңдық және өнегелік мәдениетті, құқықтық сананы қалыптастыруда бір-бірін қолдап отырады. Олардың талаптары көп жағдайда сәкес келеді: құқықпен марапатталатын субьект әрекеті моральмен де марапатталады. Мораль құқықбұзушылықтың жасалуын және әсіресе қылмысты кінәлайды. Мұндай әрекетті бағалауда құқық пен мораль бірге. Кез – келген құқыққа қайшы тәртіп, ереже бойынша өнегелілікке де қарсы болып табылады. Құқық заңдарды сақтауды ұсынады, мораль да соған жетуге ұмтылады. Құқық пен мораль ортақ мақсатқа жету үшін өздерінің қызметтерін жүзеге асыру үдерісінде өздеріне тән әдістерді пайдалана отырып бір-біріне көмектеседі. Моральды бұзбай мемлекеттік заңды бұзуға болмайды. Және олар тек қана шығрып, жойып қана қоймай, бір – бірін ұсынады және толықтырады. Құқықтық нормалар қоғамның өнегелік ұстанымдарын бекіте жіне қорғай отырып, моральдың серігі болып қызмет еткен және ары қарай да қызмет етеді. Құқықтың тиімділігі көп жағдайда осы талаптарды қаншалықты толық, түсінікті бейнелейтіндігіне байланысты болады. Егер ол тек билікке (ерекше аппарат) ғана сүйеніп қоймай, моральға да жүгінсе заңның күші жүз есе артады. Өз кезегінде басқа да әлеуметтік нормалар сияқты моральдың да әрекеті нақты қызмет атқарушы заңдық жүйеге байланысты. Өйткені бұл реттеушілердің барлығы біртұтас нормативтік алаң құрайды.
64 44. Құқық нормасының негізгі белгілері мен түсініктері Құқық нормасы – құқық негіздері жүйесінің бастапқы элементі. Құқық нормалары құқықтың элементтік құбылыс ретіндегі көрінісі тән. Дегенмен, құқық нормалары мен құқық түсінігін шатастыруға болмайды. Құқықтық норма (заңды норма) қоғамда әрекет ететін әлеуметтік нормалардың ішіндегі аса маңыздыларының бірі. Сондықтан құқықтық нормаға қоғамдық қатынастарды реттеу құралы ретіндегі кез келген әлеуметтік нормаларға тән қасиеттер тиесілі. Дегенмен, құқықтық норманың өзіне тән айрықша ерекшеліктері де бар. Соның ішінде, ол субъектілер жүріс тұрысының құқыққа сәйкестілігінің өлшемі болып табылады және нақты, дәл бекітіледі. Құқықтық норма белгілі бір дәрежеде жүріс тұрыстың үлгісі болып табыладыжәне қандай да бір қатынастардағы мүмкін жіне міндетті жүріс-тұрыстардың шектерін анықтайды және сол арқылы жеке тұлғаның бостандығын қамтамасыз етеді. Құқық пен заң нормалары бір бөлім болып көрінгенімен, бір-бірінен ерекшеленеді. Құқықтық норма -өзіндік құбылыс, ол бізге құқық туралы түсінігімізді, болмысы мен мазмұнын, қоғамдық қарым-қатынасқа байланысы туралы түсінігімізді нақтылайды. Құқықтық нормалар өзіндік нышандарымен ерекшеленеді. 1.Құқықтық норма – мемлекеттік еркіндікті ресми көрсететін, мемлекеттен тарайтын жалғыз әлеуметтік норма. 2.Құқықтық норма басқа әлеуметтік нормалардан басқа өзіне ғана тән ресми анықтамалармен ерекшеленеді, құқық ережелері мемлекет тарапынан құрылып, бақылауға алынады және бекітілген үлгіде жүргізіледі.(заң түрінде, заңды нормативті акт, нормативтік негіздеме келісім шарт) 3.Құқықтық норма - іске асырылу барысында қолдау табатын, мемлекет күшінің мәжбүрлеп бақылауынан сақтайтын жалғыз әлеуметтік норма. 4.Құқықтық норма екі түрлі жалпыға міндетті құқықтан құралады: тәртіп ережесі; негізгі норма. Тәртіп ережесі – тікелей реттеуші норма. Ол қоғамдық қарым-қатынас мүшелерінің мемлекет кепіл болатын және сақтайтын шарттарын өзара субъективті құқықтары мен заңды міндеттерін реттейді. Мұндай тәртіп ережелері құқықтық норманың көп бөлігін құрайды. Заңды норма – құқық секілді тек әлеуметтік емес, қоғамдық қатынастың мемлекеттік реттеушісі. Заңды норма – жалпылама сипаттама болып табылады. Ол тек бір қатынас пен жеке тұлғаға арналмаған, белгілі бір қарым-қатынасқа түсетін көптеген және түрлі тұлғаларға бағытталған. Құқықтық нормалар адамдар арасында жиі көрініс табатын, көп қайталанатын, мемлекет қатысатын қарым-қатынасқа негізделеді. Мысалы: меншікке байланысты саясат, басқару, сот, еңбекті ұйымдастыру, қылмысқа қарсы күрес. Мемлекет кепіл болатын және
65 қорғайтын қатысушылардың қарым қатынасын реттей отырып, құқықтық норма құқықтық қарым-қатынас ретінде көрінеді. Қоғамдық қатынастың қай түрінде болмасын өмірде кездесетін жағдайда заңды нормалар құқықтық қатынастың моделі ретінде көрінеді. Құқықтық нормалар онда көрініс табатын мемлекет еркіндігінде адамдар тәртібінің моделі ретінде анықталады. 45. Құқықтық нормалардың құрылымы Құқықтық норма – ол мемлекет негіздеген және рұқсат еткен тәртіп ережелері, құқықтың бір бөлшегі. Ол соған сай мазмұн мен формаға ие бола отырып құқықтың мазмұнын құрайды. Құқықтық норма құрылымы – ол заң шығарушының анықтаған ішкі құрылыс формасы. Құқықтық норма жоғарыда айтылған барлық жүйе негізінде іске асады. Бұл ереже құрылысынан көрінетіні, ереже мазмұны тек құқық пен міндеттерден тұрмайды, жалпы ереже ретінде де көрінеді. Ереже құрылымын түзеген элементтер байланысы, ішкі құрылысы жекелігімен беріктігімен ерекшеленеді. Осы бөліктердің бірінің жоғалуы жалпы заң ережелерінің жоғалуына алып келеді. Құқықтық норманың құрылымы –оның функционалдық дербестігін қамтамасыз ететін қажетті элементтердің бір ретке келтірілген тұтастығы. Бұл құрылым норманың қандай бөліктерден тұратынын және олардың бірін бірі қалай толықтыратынын көрсетеді. Біртұтас жүйе түріндегі бұл бөліктер құқықтық норманы автономды, белглі бір дәрежеде дербес құқықтық құбылыс ретінде сипаттайды. Сондықтан ереже құрамына 3 негізгі бөлім кіреді. 1) гипотеза (болжам) 2) диспозиция (жүріс тұрыс ережесі) 3) санкция (салдар) Гипотеза – аталған ереже іске асатын, өмірден алынған нақты жағдайлар (оқиғалар, адамдар әрекеті, мән жайлар т.б.)Бұл мән жайлар заңды фактілерді бекіту жолымен анықталады. (мысалы, қылмыстық құқыта жауапкершілікке тартудың жалпы мән жайларына қылмыстық субъектісінің жалпы белгілері, яғни жасы мен есі дұрыстығы жатады). Гипотеза көрсететін құқық ережелерінің бөлшегі. Гипотеза тұлғада заңды құқық пен міндеттер пайда болатын нақты жағдайлар сипатталады. Диспозиция – құқық ережесінің негізгі яғни субъектілер мойындаған тәртіп ережелері. Диспозиция тәртіп ережелерін құқық заңдылықтарының мазмұны мен міндеттерін айқындайды. Диспозиция құқықтық норманың негізгі реттеуші бөлігі, оның өзегі болып табылады (мысалы, азаматтық құқық және де бірқатар реттеуші құқық салаларында диспозиция тараптардың сату шы мен сатып алушының, мұрагер мен мұра қалдырушының тиісті құқықтары мен міндетерін бекітетін құқыққа сәйкес жүріс тұрыс ережелері түрінде көрініс табады; қылмыстық құқық және де басқа да қорғаушы құқық салаларында диспозициялардың бөлігі тыйым салынған әрекеттердің белглерін қамтиды –
66 кісі өлтіру, ұрлық жасау, бұзақылық және басқа да әрекеттерді жасауға тыйым салады). Санкция – егер субъектілер диспозиция нұсқауын орындамаса, мүмкін болған жазаның түрі мерзімін анықтайды. Олар негативті, жағымсыз (жазалау шаралары – бас бостандығынан айыру, айыппұл салу, айып төлеу т.б.) және позитивті (көтермелеу шаралары – қызметкердің қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін сыйақы тағайындау, мемлекеттік марапаттау т.б.) болуы мүмкін. Сондықтан санкция субъектілерге құқық нормасына сәйкес әрекет етуді міндеттейді. Диспозиция нормасы анықтаған тәртіп ережені бұзғанда жазалайды немесе мадақтайды. Кейде заңның бабында құқық нормасының бір бөлігі ғана көрсетіледі, ал қалған бөлігін басқа бапта немесе нормативтік актіде жазылады. Сондықтан құқық нормасы мен заң баптарын ажырата білу керек. Аталған құрылым элементтерінің кез –келгені болмаса, құқық нормасы өз ролі орындамас еді. Сондықтан заңгер нормаларды тұжырымдағанда әр бөлімді жеке талдап, негізге алуы тиіс. Норманы орындаушы заңды әрекет ету үшін барлық норма элементтеріне назар аудару қажет. Аталған элементтердің әрқайсысы құқықтық норманың құрылымында өз орны мен ерекеше рөлге ие. Заң ғылымында кеңінен таралған пікірге сәйкес, құқықтық норма гипотезасыз мәні жоқ, диспозициясыз мүмкін емес, ал санкциясыз дәрменсіз деп саналады. 46. Құқық нормасы мен нормативтік актінің сәйкестігі Құқықтың бастауы нормативтік актілер, мәтін (тарау, бөлім,бап), ал қоғам субъектілерінің өзара қатынасынан пайда болған құқықтық қатынастарды реттеуші. Нормативтік актілерді қабылдамас бұрын құқық нормаларының ерекшелігін ескеру керек (жалпы бейнесі, келешекке бағытталуы т.б.) Құқық нормасы заң баптарына сәйкес келмейді.Ол жағдайға қарай анықталады. Нормативтік актінің бір бабында құқық нормасының барлық элементі көрініс таба алмайды. Нормативтік актілер шығаруға дайындалуда заңды тұрғыда шағын және жеңіл қабылданатындай етіп топтастырылады. Сондықтан заң жобасы немесе басқада нормативтік актілер баптарға, бап бөлімдеріне байланысы бар жалпы ереже жазылады. Мағыналас нормаларды бір бапқа немесе нормативті акті бөліміне енгізу қайталаудан сақтайды.Бір құқықық нормасын бірнеше нормативтік актіде сипаттау, түрлі құбылыстардың атқару қызметіне байланысты. Нормативтік актілердің түрлі баптарында, түрлі кодекстерде материалдық құқық нормалары сипатталады. Құқық нормаларының бөлшектері, элементтері нормативті нормативті актінің баптарында, пункттарында, бөлімдерінде көрініс табады.Олардың кейбірі аяқталған, кейбірі міндетті ретінде құқықтық ұйғарым деп аталады. Құқықтық ұйғарым қоғамдық қатынастың бір түріне бағдарлауға бағытталған.Кейбір құқықтық ұйғарымдар мазмұнына, құрылысына қарай
67 құқықтық нормаға жақын.Бірақ олар заңның жалпы ережесінсіз қолданылмайды. Көптеген құқықтық ұйғарымдардың құқықтық норманың мазмұнын анықтайды. Басқарылатын, міндеттейтін , тыйым салатын құқықтық нормалар.Заңдылықта санкция нормаларын көрсететін құқықтық ұйғарымдардың болуы заң шығарушының әрекетін жеңілдетеді. Құқықтық нормалар мен заң баптары әрқашан тұрақты емес, нормативтік актілердің мазмұны кез-келген әдеби шығарма секілді жаңарып, қоғам талаптарына сай, жалпы құқықтық сананың бағытына қарай өзгеріп отырады. 47. Құқықтық норма классификациясы, құқықтық норма мазмұны Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді, ол түрлі негізге қарай, ондай негізге құқық саласы, құрылымы, тәртіп ережелерінің мазмұны мен нормативті –құқықтық актілерде құқықтық норманың элементі ретінде көрініс табуы т.б. Құқықтық норманың ғылыми классификациясы; 1) Мемлекеттік іске асып жатқан құқықтық жүйеде заңды нормалардың әр түрін нақты анықтау. 2) Құқықтық норманың ролі мен механизм құрылымын айқындау 3) Құқықтың қоғамдық қатынасқа әсерінің шекарасын нақты анықтау 4) Мемлекттік органдардың құқықты шығармашылығы, құқықты қолдану әрекетін жандандыру Құқықтық нормаларды классификациялаудың ғылыми және тәжірибелік құндылығы оның критерийлерін саналы таңда Құқықтық реттеу нормаларына қарамай құқықтық нормалар мемлекеттік норма, әкімшілік, еңбек, қылмыстық және т.б. салаға бөлінеді. Құқықтық реттеудің әдісіне қарай құқықтық нормалар бөлінеді: 1)Императивті, берік тәртіп ережелерін сақтау 2)Диспозитивті, құқық қатынасындағы жүріс-тұрысты анықтайды, сондай-ақ субъектіге заңды қатынас жасауға мүмкіндік береді. 3) Бағалау мемлекет пен қоғам қолдаған, өздеріне пайдалы вариант 4) Нұсқаулық, субъект қатынасының өзі қалаған әрекетін бекіту. Заң нормаларын шығарған шығарушы органның субъектісіне қарамай олар жоғары заңдылық күші бар, заңды нормалар, заң негізіндегі нормативті актілер шығарушы сияқты бөлімшелерге бөлінеді.Әрекет саласына қарай нормалар бөлінеді. 1) Жалпы әрекет етуші , шексіз әрекет етуші: 2) Шектеулі әрекет етуші, субъектілі уақытша жағдайға қарай әрекет етуші 3) Жергілікті жеке серіктестік мекемеде немесе оның құрылымында: Казуалды (жүйеленбеген) әдіс – нормативті – құқықтық актідегі бағыттарды айқындайтын, яғни нақты мәлімет жеке көрініс арқылы белгіленеді. Бұл бапта заң шығарушы құқықтық норманың барлық элементін тізіп айқындайды. Құқықтық норма сілтеме ретінде көрініс табуы мүмкін, онда кейбір норма
68 элементтері нормативті-құқықтық актіде көрінбейді, басқа нормаға сілтеме жасалады. 48. Құқықтың түрі мен мазмұны Құқық формасы- құқықтық нормалардың көрінісі мен нәтижесінің обьективтілігі, заң шығарушының еркіндігінің мазмұны, сот шешімінде , келісім шартта, мемлекеттік орган актілерінде көрініс табады. Құқық формасы ішкі және сыртқы құқық формасы болып табылады. Ішкі құқық формасы – нормативті актінің ішкі құрылысы, ал сыртқы құқық формасы – құқық нормаларын бекітетін заңды бастамалар комплексі. Құқық формасы – құқықтық құбылыс мазмұнынан тұратын, құрылым мен элементтерден тұратын құқықтық бастамасы (источник). Құқық формасының түрлері 1) Құқықтық әдет-ғұрып – кез келген жағдайда адамдар әрекетінің дәстүрлі түрде қайталануының нәтижесі, ал нормаларды жүзеге асыру қоғам және мемлекет тарапынан орындауды міндеттейді. 2) Құқықтық прецедент - бұл сот шешімі, қаралған мәселе тәртіп ережесі ретінде қолданады. Прецедент соттық және әкімшілік болуы мүмкін. Ол сотқа немесе заң қызметкеріне мәселені шешуде өзіндік шешімін білдіруге мүмкіндік береді, себебі олар өмірлік жағдайды бағалай алады. Прецедентте алдыңғы шешімдер маңызды емес, тек соттың алғашқы шешім шығарған құқықтық позициясы. 3) Нормативтік шарт – құқық шығарушы субъектілердің арасындағы келісімнің нәтижесінде жаңа құқықтық норманы тудыратын шарт (мысалы, ҚР 1992 жылғы шарты; кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподаі арасында бекітілетін ұжымдық шарт). Қазіргі заманғы жағдайда нормативтік шарттардың қоғамдағы рөлі күннен күнге өсуде. Олар конституциялық, еңбек, азаматтық, әкімшілік және басқа да құқық салаларында кеңінен таралған. Нормативтік шарттар (шарт-мәмілелер) нақты бір жағдайларға және бір мәрте қолданылмайды. Нормативтік шарт бекітуші тұлғалар жүріс – тұрыстың жаңа ережесін – жаңа құқықтық норманы жасайды және сол арқылы құқық шығармашылқ субъектілері болып табылады. 4) Нормативтік құқықтық акт - уәкілетті орган қабылдайтын және құқытық нормалардан, яғни жалпы сипатқа ие, тұрақты түрде әрекет ететін, ұзақ уақыт бойы өолдануға арналған ережелерден тұратын құқықтық акт. 5) Нормативтік актілер мынадай белгілерге ие: 1) құзыретті органдардың және лауазымды тұлғалардың құқықшығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылады және жалпыға міндетті тәртіп ережелерін қамтиды; 2) ұйғарым немесе бұйрықтармен қамтамасыз етілген мемлекеттің еркін білдіреді;
69 3) ерекше процессуалды ретте бекітіледі және жүзеге асырылады; 4) қатаң түрде нақтыланған құжатардың түрлері; 5) әдеттегі қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталады, бұл уақытта актілердің қолданылу нормалары негізінен нақты өмірлік жағдайларға қатысты болады. 6) Үнемі немесе ұзақ әрекетке жоспарланған, құқыққолдану актілерінің бір-ақ рет жүзеге асырылуы; 7) Барлығына немесе көптеген субъектілер санына жолданады, ал құқық нормасының қолданылатын акті нақты жолданым иесіне жолданада. Құқықтың мазмұны мен нысаны заңшығарушының ерікті әрекетінің нәтижесі емес, бұл әрекет алдын ала жоспар бойынша заң шығарушы органның белгілеуімен жүзеге асырылады. Осылайша, заң күшіне қарай барлық нормативтік актілер белгілі бір жүйеге топтастырылады және әрбір актінің бұл жүйедегі орны мен рөлі ерекше. 49. Құқықтың қайнар көздері Құқықтың қайнар көзі – міндетті ережелерді орындау нысаны және оларды нормативті-құқықтық атілермен күшейту. Құқықтық нормалар объективті түрде сырттай көрініс тауып, белгілі бір нысанда бекітілуі тиіс. Бұлай болмаған жағдайда құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуге қатысты өздерінің міндеттерін орындай алмайды. Сондай-ақ құқықтың қайнар көздері түсінігі бойынша, мемлекеттің құқықшығармашылық қызметінің сыртқы нысаны көмегімен, құқықшығарушының еркін орындауға міндеттілікпен сипатталады. Құқықтың қайнар көздері –құқықты қалыптастыру қайнар көзі, факторлар жүйесі, оның мазмұнын алдын ала нақтылау және нысанын айқындау болып табылады. Құқықтың заңдылық қайнар көзі ретінде ресми нысаны түсіндіріледі, мұнда құқықтық норма туралы баяндалады. Ол жалпыға міндеттілік туралы куәлік етеді. Бұл құқық нысаны мемлекеттің еркін білдіріп, жазбаша түрде бекітіледі. Егерде құқытық нысан ретінде қандай да бір әлеуметтік процестерді құқытық реттеуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысатын барлық құқықтық құралдар (мысалы, экономиканы реттеудің құқықтық нысандары) түсіндірілсе, құқық нысаны ретінде құқықтық нормалардың сыртқы көрінісі түріндегі ерекше ұғым танылады. Құқықтың қайнар көздері – мемлекеттік ерік пен жүріс тұрыстың құқықтық ережелерінің сырттай көрініс табу тәсілі. Құқықтың «қайнар көзі» ұғымы «құқық нысаны» ұғымына қарағанда әлдеқайда ауқымды деген көзқарас бүгінгітаңда ғылыми ортада үстемдік етуде. Шын мәнінде, егер «қайнар көз» ұғымын кез келген құбылыстың негізі, түп тамыры және себебі ретінде қарастыратын болсақ, құқықтық құбылыстардың негізін құрайтын құқықтың қайнар көзі ретінде үш факторды айтуға болады:
70 1) Материалдық мағынадағы қайнар көздері (қоғам өмірінің материалдық жағдайлары, меншік нысандары, адамдардың мүдделері мен қажеттіліктері және т.б.); 2) Идеологиялық мағынадағы қайнар көз (түрлі құқықтық ілімдер мен доктриналар, құқықтық сана және т.б.); 3) Формальдық құқықтық мағынадағы қайнар көз құқық нысанын білдіреді. Құқықтың қайнар көздерінің келесі түрлері: 1) Нормативтік құқықтық акт - құқытық нормалардан тұратын және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық акт. Олардың қатарына келесідей актілер жатады; Конституция, заңдар, заңға сәйкес актілер және т.б.; 2) Сот прецеденті – нақты іс бойынша қабылданатын, құқықтық норма күшіне ие және ұқсас істерді шешу барысында басшылыққа алынатын сот немесе әкімшілік шешім. Сот прецеденті Ұлы Британия, АҚШ, Канада, Австралия және Жаңа Зеландияда кеңінен тараған; 3) Құқықтық әдет-ғұрып – ұзақ уақыт бойы қолданудың нәтижесінде дағдыға айналған, адамдардың санасында көрініс табатын, құқықтық салдар туындататын және тарихи тұрғыда қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелері. Әдеп-ғұрып құқығы – хронологиялық тұрғыдан феодализм дәуірінде үстемдік құрған құқықтың алғашқы нысаны; 4) Құқықтық қағида – бұл құқықтың негізгі қайнар көзі (әділдік, халық билігі, кінәсіздік презумпциясы, келтірілген заладың өтемін алу және т.б.); 5) Құқықтық доктрина – беделді азаматтардың баяндауымен құқықты ұғыну, оның қағидалары туралы көзқарастар жүйесі; 6) Нормативтік шарт - құқық шығарушы субъетілердің арасындағы келісімнің нәтижесінде жаңа құқықтық норманы тудыратын шарт; 7) Әдеттегі іскерлік - бұл ереже іскерлік айырбас барысында туындайды, ол сауда-іскерлік қатынастары, әдеттегі іскерлік ережелері. 50. Құқық шығармашылық: ұғымы, қағидасы мен түрлері Құқық шығармашылық – мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларды қабылдау, өзгерту жіне жоюмен байланысты қызметі. Құқық шығармашылық субъектілері ретінде тиісті өкілеттіктерге ие мемлкеттік органдар, мемлкеттік емес құрылымдар (жергілікті өзін өзі басқару органдары, кәсіподақтар т.б.), сондай-ақ заңдарды референдум арқылы қабылдау кезінде азаматтар танылады. Құқық шығармашылық анағұрлым кең мағынада білдіретін құқы қалыптастыру процесінің құрамдас бөлігі. Құқық қалыптастыру дегеніміз құқықты қалыптастырудың табиғи-тарихы процессі. Бұл процесс барысында құқықтық ақиқатқа талдау жасалып, баға беріледі, құқықты реттеудің болашағы туралы көзқарастар мен тұжырымдамалар жасалады, сондай-ақ нормативтік
71 ережелер жасалып, қабылданады. Құқық шығармашылық құқықты қалыптастырудың соңғы кезеңі ретінде танылады. Құқық шығармашылықтың мәні – мемлкеттің еркін құқықтық нормаға, яғни жалыпыға міндетті сипатқа ие құқықтық ережелер нысанына айналдыру. Құқық шығармашылық қызмет Конституцияда, регламенттерде, жарлықтарды бекітілген іс жүргізушілік нормалар мен процедуралардың шеңберінде жүзеге асырылады. Құқық шығармашылық жаңа құқықтық нормаларды қабылдаудан немесе ескі құқықтық нормаларды жоюдан не өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы жетілдіруден көрініс табады. Құқық шығармашылық мынадай қағидаларға негізделеді: 1) Демократизм - және жариялылық азаматтардың бұл процеске қатысу дәрежесін, қоғамдағы процедуралық нормаар мен институттардың даму деңгейін және құқық шығармашылық процестің қоғам үшін ашықтығын, ақпарат айналымының қалыпты болуын білдіреді; 2) Кәсібилік - құқық шығармашылықтың сапалылығымен байланысты және шешімдердің қабылдануындағы мемлекеттік механизмдердің нәтижелілігі, мұндай қызметпен өкілетті, арнайы дайындығы бар адамдар – заңгерлер, басқару саласындағы қызметкерлер айналысуы тиіс. 3) Заңдылық - құқық шығармашылық қызметінің нормативтік актілерді дайындауы, қабылдауы және жария етуде Қазақстан Республикасының Конституциясының шеңберінде жүзеге асырылады. 4) Ғылымилық – нормативтік актілерді дайындау процесінде әлеуметтікэкономикалық, саяси және де өзгеде жағдайларды, қоғам дамуының объективтік қажеттіктерін зерттеу маңызды. Құқық шығармашылық – мазмұны бойынша күрделі құбылыс. Жүріс тұрыстың жалпы ережелерін қалыптастыру жөніндегі күрделі қызмет Органдардың субъективтік құрамын есепке ала отырып, құқық шығармашылықтың үш түрін бөліп қарастыруға болады: мемлекеттік органдардың құқық шығармашылығы (мысалы, жалпы мемлекет және сол сияқты республикалық), санкциялық құқық шығармашылық, халықтың құқық шығармашылығы мемлекет және қоғам өмірінің аса маңызды мәселелері бойынша бүкіл халықтың дауыс беруі барысындағы құқықшығармашылығы (референдум). Заңға сәйкес құқық шығармашылық мейілінше жедел және икемді болуымен, формалбдылықтың аз болуымен, оны жүзеге асыратын субъектілердің біліктілігі мен сипатталады. Сондай ақ, заңға сәйкес құқық шығармашылыққа қоғам үшін жабық болу және нормативтік актілердің шамадан тыс көп болуы тән. 51. Нормативті актілердің ұғымы мен түрлері, олардың құқықтық норма актілернің қолданылуынан айырмашылығы Нормативтік құқықтық акт - уәкілетті орган қабылдайтын және құқықтық нормалардан, яғни жалпы сипатқа ие, тұрақты түрде әрекет ететін, ұзақ уақыт
72 бойы қолдануға арналған ережелерден тұратын құқықтық акт. Нормативтік акт құқықтық тұрғыдан маңызды ақпаратты таратушы ресми құжат болып табылады. Нормативтік акт норма шығару қызыретіне ие органдар қатаң белгіленген нысанда қабылдайды. Нормативтік акт құқықтық актілер жүйесінде ерекше орынға ие. Оны құқықты қолдану және түсіндіру актілерінен ажырата білген жөн. Нормативті құқықтық актілердің түрлеріге бөлінуге қойылатын маңызды талаптарға тікелей немесе оларды бір бірімен ұштастыру болып табылады. Келесі талаптар: нормативті- құқықтық актілердің мазмұны, оның қабылдану рәсімі, орган, актіні қабылдаушы, тұлғалардың ортасы, оның заң күшінің болуы, кеңістігі және уақыты, акт қызметін қамтиды, заңдылық маңызының жойылуы, ішкі құрылымы, ұйымдастыру сатылары және т.б. Нормативтік актінің нақты реквизиттері, оны тиісті түрлеріне жатқызады (мысалы, заң немесе қаулы екендігін ажырата білу және оның қабылданған уақыты мен күшіне енетін уақытты, кіммен қабылданғанын, бекітілгенін, кол қойылуынсанықтау тиіс). Ресми реквизиттер лауазымды тұлғаны, актіге қол қойған, акт түрі, актінің нөмері мен қабылданған уақыты туралы мәліметтерді ұсынады. Нормативтік актілер келісімділікпен сипатталып, өзара әрекеттесуі, иерархиясы, мамандығы және салалық институттар дифференциясы арқылы бірыңғай жүйе ретінде қызмет етеді. Нормативтік актілер келесі түрлерге бөлінеді: 1) Мемлкеттік органдардың нормативтік актілері; 2) Қоғамдық бірлестіктердің нормативтік актілері; 3) Бірлескен сипаттағы актілер; 4) Референдумда қабылданатын актілер; 5) Жалпы мемлекетқ актілер; 6) Республика субъектілерінің актілері; 7) Жергілікті қзін өзі басқару органдарының актілері; 8) Локалды актілер; 9) Ұзақ мерзімдік актілер; 10) Уақытша актілер; а) заңдар; б) заңға сәйкес актілер. Осылайша, заң күшіне қарай барлық нормативтік актілер белгілі бір жүйеге топтастырылады және әрбір актінің бұл жүйедегі орны мен рөлі ерекше болады. Нормативтік құқықтық актілердің қолдану актілерінен айырмашылығы: 1) Нормативті құқықтық акт – бұл акт басқарушы және нақты ортадағы қоғамдық қатынастарды реттеуші, көптеген тұлғаларға қатысты, жойылғанынша заң күшінің болуымен сипатталады. Құқық қолданылу акті нақты қоғамдық қатынастарды реттеуші, нақты тұлғаларға қатысты, оның күші нақты жағдайларға ғана қолданылумен сипатталады. 2) Нормативті құқықтық – бұл акт, қоғамдық қатынастарды қалыптастырумен қатар өзгертетін, тоқтататын, құқықтық норманы
73 бекіту және жою, құқықтық реттеудің жалпы нормативтік негізі. Құқықты қолдану актісі мұны жүзеге асыра алмайды. Ол нормативтік актінің жалпы ұйғарымын жүзеге асырады, жалпыға міндетті нормативтік ұйғарымдарды нақты өмірлік саладағы жағдайларға және нақты тұлғаларға қолданылу құралын аудармасы. Құқыққолдану актілері – қоғамдық өмірдің түрлі салаларында, түрлі өмірлік жағдайларды реттеу осы акті көмегімен жүзеге асырылып, барлық мемлекеттік билік органдарымен қабылданады. Құқыққолдану актілерін түртүрге жіктеу түрлі негіздерге сүйене отырып жүргізіледі. 52. Нормативтік актілер жүйесіндегі заңның үстемдігі. Заңның түрлері. Заңдылық күшіне қарай нормативтік актілер мынадай түрлерге бөлінеді: а) заңдар; б) заңға сәйкес актілер. Заң - заң шығару органымен немесе референдумда ерекше ерекше тәртіпте қабылданатын, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заң – қалыптасқан рәсім бойынша ережелерді сақтай отырып, құзырлы заң шығарушы билік органдарымен қабылданады (парламент, конгресс, жоғары кеңес, жиналалыс және т.б.). Заңдар референдумда қабылдануы мүмкін, яғни арнайы рәсім барысында тікелей халықтың ерік білдіруімен, қоғамдық өмірге қатысты аса маңызды мәселерді шешу үшін қабылданады. Заң – бұл нормативті заңдылық акт жоғары мемлекеттік органның (өкілдік) немесе тікелей халықтың бастамасымен, жоғары заң күшінің болуы және алғашқы (бастапқы) мемлкеттің құқықтық нормаларымен қамтамасыз етіледі. Заңдар алуан түрлі, сондықтан да жіктеуді қажет етеді. Жіктелу талаптары қатынастардың шарттасуымен ерекешеленеді, олар құқықшығармашылық субъектілерімен ерекшеленеді және аумақтарға, адресаттарға бағытталады. Заңды күшіне қарай барлық нормативтік актілер үлкен екі топқа бөлінеді: заңдар және заңға сәйкес актілер. Заңдардың түрлері: 1) Конституциялық заңдар – конституцияда көзделген және онымен байланысты мәселелер бойынша қабылданатын заңдар (мысалы, сот және сот жүйесі туралы конституциялық заң, референдумдар туралы конституциялық заңдар және т.б.). Конституция – конституциялық құрылысты, адам мен азаматың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін, басқару және мемлекеттік құрылм нысаны анықтайтын, мемлекеттік билік органдарын құрутәртібін бекітетін негізгі саяси құқықтық акт. Қазақстан Республикасы Конституциясында нақты мемлекет заңдардың тізімі айқындалған. Аталған заңдар тұжырымдамасында дауыс беру кезінде Республика Кеңесі мүшелерінің мақұлдауы ¾ дауыстан кем болмауы тиіс, бірақ бұл
74 дауыстарға Қазақстан Республикасы Президентінің ветосы басымдылық етуі мүмкін мемлекет конституциялық заңдарды қабылдауда Президенттіңде өкілеттігі бар. 2) Жай заңдар – қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани өмірінің түрлі салаларын реттейтін ағымдық заңнамалық актілері. Олда барлық заңдар секілді заңдылық күші болады, бірақ Конституцияға, конституциялық заңдар шеңберінде қабылдануы тиіс. Өз кезегінде заңдар кодификациялық және ағымдық заңдарға бөлінеді. Заңдар арсында бөліп қарастыратыны: а) мемлекетқ заңдар – бұл заңдар, мемлекетқ заңшығару органымен қабылданады (Мемлекетқ Жиналыспен) және бүкіл Қазақстан Республикасы аумағына таратылады. б) Республика субъектілерінің заңдары - (республикалық заңдар, облыстар заңдары, шет аумақтар) үлестеріне сәйкес Республиканың өзге субъектілері, яғни құзырлы республикалардың аумағына ғана тарайды. 53. ҚР заң шығармашалық ұғымы және сатылары Заң шығару процесі – құқық шығару процесінің басты құрамдас бөлігі, оның өзегі. Заңдарды қабылдаудың сапасына қарап, жалпы құқық шығару процесі туралы қотынды жасауға болады. Заңдарға қоса, заңға сәйкес актілер, құқықтық әдептер, нормативтік шарттар және құқықтық прецеденттер де құқық шығармашылықтың өнімі болып табылады. Заң орындауға міндетті құқық нормаларын бекітеді. Заң шығару құзырлы билік өкілдері органдарына жүктеледі. Қабылданған заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмеуі тиіс. Заң шығару күрделі процесс және ол келесідей сатылардан тұрады: 1) заң шығару бастамасы – Конституцияда бекітілген белгілі бір субъектілердің заң шығару органына заң және тиісті заң жобасын шығару туралы ұсыныс жасау құқығы. Заң шығару бастамасы құқығы заң шығару органының ұсыныс пен заң жобасын қарау міндетін тудырады, алайда, заңды қабылдау немесе оны кері қайтару заң шығарушының еркінде. Әдетте заң шығару бастамасы Президентке, Үкіметке, Парламент депутаттарына тиесілі болады. 2) заң жобасын талқылау - заң жобасын енгізген субъект өкілінің баяндамасын заң шығару органында тыңдаудан басталатын маңызды сатысы болып табылады. Бұл саты құжаттың сапасын жоғары деңгейге көтеру, қарама қайшылықтарды, олқылықтарды және де өзгеде кемшіліктерді жою үшін қажет. Аса маңызды заң жобалары бүкілхалқтық талқылауға шығарылады. Заң жобасы заң шығару органының барлық депутаттарына мәлімделеді және талқылауға, дайындау және пікір алмасу үшін, ұсыныстар мен ескертулер жасауға Қазақстан Республикасының Президентіне, ҚР Үкіметіне және Конституциялық Сотқа, Жоғары Сотқа, ҚР Арбитраж Сотына
75 жіберіледі. Мемлекеттік Дума комиттетрінде заң жобасын талқылау заң шығарушы құқық субъектісінің өкілінің шақырылуымен ашық түрде жүргізіледі және бұқаралық ақпараттар құралында жарияланады. 3) заңды қабылдау - дауыс берудің екі механизмінің жай және білікті көпшілік көмегімен жүзеге асырылатын саты. Бұл кезде заң шығару органы заңды қабылдап, Президент оған қол қояды. 4) заңды жариялау – заң шығарудың қортынды сатысы. Мысалы, Қазақстан Республикасында мемлекетқ заңдар Қазақстан Республикасының Президенті оларға қол қойған соң жеті күн ішінде ресми түрде жариялануы тиіс, ал жарияланбаған заңдар қолданысқа енгізілмейді. Заң жобасы талқыланған соң қарастыруға және заң ретінде Мемлкеттік Думаның қабылдануы үшін дайындалады: а) заңның қарастырылуы және талқылануы. Бұл заң шығару сатысының барысы заңды қарастырады және үш рет оқу рәсімі жүргізіледі. Өкілдік органы палатасының ашық отырысында заң жобасына жауапты тұлғаның баяндамасымен және даярлық комиссиясының(комитет) баяндамасымен жобаның негізгі бөлімдері қарастырылады. Қажет болған жағдайда халыққа қатысты маңызды жағдайларды шешуде бүкілхалықтық талқылауға жіберілуі мүмкін. Мәтіннің тікелей қарастырылуы баптар бойынша немесе бөлімдер бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда әрбір түзету енгізу үшін жеке-жеке дауыс беріледі. Бірініші оқу жүргізілгенде заң жобасы негізгі ережелер бойынша қарастырылады. Екінші оқу кезінде түзетулер енгізілген заң жобасы ретінде қарастырылады. Үшінші рет оқығанда заң жобасы билік органының өкілімен қабылданады. б) билік органдары өкілдерінің отырысында заң қабылданады. Палатаның жартысынан көп бөлігі дауыс берген жағдайда заң қабылданды деп есептеледі. Қабылданған заң бес күн ішінде қол қоюға Президентке жолданады және халыққа жария етіледі. ҚР Президенті мемлекетқ заңға он төрт күн ішінде қол қойып, оны халыққа жария етеді. Мемлекетқ заңның толық мәтіні «Парламенттік газетте», «Қазақстан газетінде», «ҚР Заң шығару газетінде» бірінші рет жарияланған кезде Мемлекетқ конституциялық заңы ресми түрде жарияланды деп есептеледі. 54.Нормативті актілердің уақыттағы, кеңістіктегі және тұлғалар арасындағы қызметі Заңның қызметі –бұл нормативті актілердің және әрбір мемлекеттің барлық заңнама жұмысының қасиеті. Жалпы ереже бойынша заң қызметі барлық азаматтарға , несиелерге, мемлекеттікоргандарға, ұйымдарға қатысты жүзег асырылады. Заң уақытта және кеңістікте, сонымен қатар, жеке тұлғалар арасында өзінің қызметін атқарады. Құқықтық норманың кеңістіктегі және
76 уақытпен байланысы келесі шарт негізінде алынады, нақты айтқанда , құқықтық норманың өзін құрастыру әрекет болып сонанда, өйткені ол уақытта және кеңістікте жүргізіледі. Әр форма берілген іс-әрекеттің қай жерде және қай уақытта жүзеге сыратылынын анықтай алады. Сонымен оның қызметі уақыттық және кеңістіктік сипатта бола алады.Норманың іс-әрекеттегі орта шеттемеге де, ол кеңістікте және уақытта тәуелсіз болады деген мағынаны білдірмейді, өйткені нормаларға қатысты құбылыстар нақты орындап және нақты уақытта байқалады. Уақыттағы заңның қызметі күшіне енуменен және күшінен айыруымен сипатталады. Заңдар келесі жағдайларда міндетті болуы мүмкін. Егер нормативті акттің уақыты заңның мәтінінде анықталады, заңның мәтінін ресми түрде қабылдап жариялағаннан кейін; нақты заңға арналған арнайы көрсетілген мерзімің аяқталуынан кейін (нормативті құқықтық актісі), оны жариялағаннан кейін . Нормативті актілердің кеңістіктегі кеңістіктегі қызметі аймақтық және экс аймақтық принциптер негізінде жүзеге асырылады.Аймақтық принципіне құқықтық шығармашылық орган іс-әрекетінің мемлекеттік пен әкімшілдік аймақтық шекаралар деңгейінде нормативті-құқық қызметі енеді. Оның әкімшілік барлық аймаққа таралады. Эксаймақтық принцип дегеніміз белгіленген субъектінің барлық құқықтық актілерінің аймақтан тыс жақтарға таралады. Мәселе, сот тарапынан сыртқы сауда келісімдерін қарастырған кезде мұрагерлік бойынша бірнеше істер бойынша шетел заңнамасын қолдануға болады.Жеке тұлғаларға арналған нормативті актілердің қызмті оның аймақтық шектерімен тығыз байланысты. Заңнамада жалпы ереже бар, соған сәйкес нормативті актілер барлық тұлғаларға тарады, құқықтық шығармашылық органың аймақтардағы бақылауындағы , мемлеке азаматтарымен қатар шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар. Бірақ кейбір жағдайда заңнаманың қызметі Қазақстан аймағында тұрып жатқан азаматтарымен қатар, шетелдегі оның азаматтарына да таралады. Сондай-ақ, ҚР нормативтік актілердің қызметі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға да тарады. Олар ҚР азаматтары ретінде қызмет атқару мүмкіншіліктерінен айрылады, шет ел мемлекеттерінің өкілдері дипломатиялық иммунитет құқықтарына ие бола алады (эксаймақтық) . Осыған орай, Қазақстанде ҚР атазаңында адамның құқықтары мен еркіндіктері жайлы жазылған халықаралық құқық процестері мен нормаларына 55. Нормативтік актілерді жүйелеудің түсінігі және түрлері. Нормативтік актілерді түрлі органдар, түрлі уақытта, түрлі кеңістікте және түрлі себептермен қабылдайды. Мұндай жағдай қолданыстағы заңдар мен заңға сәйкес актілердің табиғатына ықпал етеді және олар біріне-бірі қарамақайшы болуы мүмкін. Сондықтан, қоғамдық қатынастарды реттеместен бұрын, нормативтік актілерді бір ретке және тиісті жүйеге келтіру қажет.
77 Осылайша, жүйелеу – нормативтік актілердібір ретке және белгілі бір жүйеге келтіру. Ол заңнамаға қол жетімділікті және оны пайдаланудың қолайлылығын қамтасыз ету, ескірген және тиімсіз құқықтық нормаларды жою, құқықтық шиеленістерді жою және олқылықтарды жою үшін қажет. Нормативтік актілерді жүйелеу келесідей түрлерге бөлінеді: 1) инкорпорация – нормативтік актілердің мазмұнын өзгертпестен, бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Жүйелеудің бұл нысанында әрбір акт өзінің дербес құқықтық мәнін сақтап қалады. Инкорпорацияның қағидалары: хронологиялық (қабылданған уақыты бойынша) және т.б. Инкорпорация жүйелеудің ең қарапайым түрі. Инкорпорация ресми және бейресми деп бөлінеді. Ресми инкорпорацияға мемлекеттің заңдар жинағы, ал бейресми инкорпорацияға оқу және халықты ағарту мақсатында шығарылатын нормативтік материалдардың құқық салалары бойынша жинақтары жатады. Іс жүргізі кезінде, мысалы сотта, бейресми инкорпорациялық материалдарға сілтеме жасауға болмайды; 2) кодификация – нормативтік актілердің мазмұнын өзгерте отырып, оларды біртұтас қисынды актіге біріктіру жолмен жүзеге асырылатын жүйелеу нысаны. Кодификация барысында ескі құқықтық материалдар мен нормалардағы қарама- қайшылықтар жойылып, жаңа жүріс-тұрыс ережелері жасалады, олардың өзара сәйкестігі мен қисындылығы қамтамасыз етіледі. Сондықтан, кодификация – жүйелеудің анағұрлым күрделі және еңбекті көп қажет ететін түрі, құқық шығармашылық тәсілі. Заңнама кодификациясы жалпыға ортақ (заңнаманың басым бөлігінің өзгеріске ұшырауы), салалық (белгілі бір заңнама саласы нормаларының өзгеріске ұшырауы), арнайы (белгілі бір құқықтық институт нормаларының өзгеруі) болуы мүмкін. Кодификация құқықтық нормаларды мазмұнына қарай жаңа заңға (кодекс, заңдар жинағы және т.б.) жүйеленген, ғылыми негізделген түрде біріктіре отырып өңдеуді көздейді. Кодификацияның белгілері: біріншіден, онымен тек арнайы органдар айналыса алады; екіншіден, оның нәтижесінде жаңа нормативтік акт – кодекс пайда болады; үшіншіден, кодификацияланған актсол салада әрекет ететін барлық өзге актілердің арасында басты орынды иеленеде. 3) консолидация – нормативтік актілердің мазмұнын өзгертпестен, біртұтас актіге біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Жүйелеудің бұл нысанында әрбір акт өзінің дербес құқықтық мәнін жоғалтады. Консолидация кезінде нормативтік актілер қызметтің бір түріне қатыстылығы бойынша біріктіріледі (табиғатты қорғау, білім беру және т.б.). Консолидацияның ерекшелігі оның инкорпорация мен кодификацияның белгілерін иеленетін аралық сипатта болуы. Кодификация жасауға мүмкіндік болмаған жағдайда консолидация пайдаланылады; Нормативтік актілерді жүйелеудің негізігі түрлерін қарастыра отырып, нормативтік құқықтық ақпаратты белгілі бір жүйеге, тәртіпке келтірудің тағы
78 бір ерекше түріне тоқталап өткен жөн. Бұл құқықтық актілерді жүйелеудің электрондық жүйесі. Мұндай жүйе мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың, сонмен қатар, әрбір жекелеген азаматтың құқықтық ақпаратқа қол жеткізіуін, құқықтық актілердің барлық мүдделі тұлғалар үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Құқықтық актілерді жіктеудің жүйесі заңнаманы жетілдіру және жүйелеу процесіне жағдай жасайтыны сөзсіз, себебі, материалдың орналасуының жүйелілігі аса маңыздыкодификацияланған актілердің оңтайлы құрамын, олардың өзара тәуелділігін және дәйектілігін анықтауға мүмкіндік береді. 56. Құқық жүйесінің түсінігі мен құрылымы Құқық жүйесі ретінде оның ішкі құрылымы (құрылысы, ұйымдастырылуы) түсіндіріледі. Құқық жүйесі шынайы өмір сүретін және дамушы қоғамдық қатынастардың объективті көрінісі ретінде қалыптасады. Құқық жүйесі заң шығарушының қалауымен жасалмайды, ол ақиқаттың көшірмесі ретінде өмірге келеді. Қоғам мен мелекеттің іс жүзіндегі әлеуметік құрылысы түптеп келгенде құқық жүйесіне, оның салаларына, институттарына және басқада элементтеріне ықпал етеді. Құқық жүйесі құқықтың қандай бөліктерден тұратынын және олардың өзара қандай арақатынаста болатынын көрсетеді. Жүйелілік құқықтың барлық типтеріне тән ортақ белгі, ал құқықтық норманы жүйелеуге мұндай қасиет тән емес. Құқық жүйе ретінде мынадай белгілермен сипатталады: 1) объективтілік құқық жүйесінің аса маңызды қасиеті. Ал құқықты жүйелеуге негізінен субъективтік сипат тән, себебі, ол мемлекет еркіне тәуелді болады. Құқық бар жерде қашанда оның өзіне тән жүйесі болады, ал құқықты жүйелеу әрқашанда орын ала бермейді. Құқық қоғамның қажеттілігін бейнелеуі тиіс. Егер құқық өзінің нормаларында қоғамдық өмірдің қажеттіліктерін дұрыс бейнелей алмаса, онда ол қоғамның дамуында тежеуішке айналады. ( өлі заңдар немесе нормалар ерікті құқық шығармашылықтың нәтижесі, қоғамдық өмірдің объективті қажеттіліктерімен санаспауы).; 2) бірыңғай және өзара байланысты нормалар, оның құрамы олар оқшауланып қызмет ете алмайды. Оларды реттеуші күш өзара келісім мен жалпы мақсатқа бағытталуды құрайды. Кез келген құқық жүйесінен шығарылған құрылым элементі, жүйелік қызметтерден айырылады, демек әлеуметтік маңызы жойылады. Құқық нормаларынан тұратын құқық институттары мен құқық салалары белгілі бір мемлекетте әрекет ететін тұтастай білім, барлық нормаларды қамтиды және күрделі көп деңгейлі жиынтықты құрайды. Құқық жүйесіндегі төрт деңгейдің өзара байланысы: 1) Құқықтық норма элементтерінің ортасы; 2) Құқықтық институттардың бірігуі ортасы;
79 3) Институттардың құқық саласына сәйкес келуі ортасы; 4) Құқық саласының жеке ортасы; Құқық жүйесі – бірлік, айырмашылық, өзара әрекеттестік, бөліну қабілеті, объективтілі, өзара келісімдік, материалдық байланыс сияқты белгілерімен сипатталады. Құқық жүйесінің элементтері болып мыналар табылады: а) құқықтық норма; б) құқықтың ішкі саласы; в) құқықтық институт; г) құқық саласы; д) субинститут. Құқық жүйесінің элементін дәл осы жүйелер құрайды. Құқықтық институт – қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін реттейтін құқық нормалардың салыстырмалы түрде шағын тұрақты тобы. Егер құқықтық норма «бастапқы» элемент, құқықтық материяның «тірі» жасушасы болса, құқықтық институт құқықтың ең бастапқы оқшаулануы болып табылады. Құқықтық институттар қоғам өмірінің жекелеген бөліктері мен қырларын реттеуге арналған. Институт саланың құрамдас бөлігі, буыны. Кез келген сала көптеген институттардан тұрады. Олар салыстырмалы түрде автономды және белгілі бір дәрежеде дербестікке ие. Құқықтық институттардың түрлері ең алдымен құқық салаларына қарай азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, қаржылық және басқада түрлерге бөлінеді. Қанша институттар саласы болса, сонша институттар тобы болады. Құқықтық институттардың саларға бөлінуі оларды жіктеудің анағұрлым жалпылама өлшемі болып табылады. Дәл осы белгісі бойынша олар материалдық және іс жүргізішілік болып бөлінеді. Құқық саласы – қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін, жүйе ішінде оқшауланған, біртектес құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтың салаларға бөлінуі объективтік қажеттіліктен туындайды. Өз кезегінде құқық саласы қоғамдық қатынастарды реттейді. 57. Жеке және жария құқық Жеке және жария құқықтың осы немесе басқа нысандағы бөлінуі барлық дамыған құқық жүйелерінде бар. Жеке және жария құқықтың бөлінуі мына сипаттарға ие: жалыпыға маңызды (жариялылық) мүдделерін қамтамасыз ету бейімділігі, нормаларды жүйелейтін, құқықтық топтарға бөлінуі, яғни қоғамдық мүдделер, мемлекеттің тұтастай (конституциялық, қылмыстық, ісжүргізушілік, әкімшілік, қалжылық, әскери құқық), және жеке тұлғалардың мүдделерін қорғайтын (азаматтық, еңбек, отбасы және неке, сауда, кәсіпкерлік, кооперативтік құқық және т.б.). Жария құқығы жария билігімен байланысты оның қорғаушысы мемлекет болып табылады. Жеке тұлғалардың (жеке және заңды) билік құзырлығына қатысы жоқ және ерікті, тең құқылы иелері ретінде қажеттіліктерін қамтамасыз етуде негізінен жеке құқық қызмет етеді. Жеке құқық ең бастысы жеке меншік институтының және негізгі туындайтын қатынастардың дамуымен пайда болған. Тарихи тұрғыдан жеке құқық жеке меншіктің пайда болу кезінен бастап дамыған.
80 Жеке құқық нормаларының жүйеленуі институционалдық (тәлімгерлік) және пандекеттік (ерікті, бірлескен) негізде жүзеге асырылады. Жалпы бөлім нормаларын реттеуші, сәйкестілік, жалпы сұрақтар қамтыса, ал ерекше бөлім нормалары нақты институттарды немесе олардың бірігуін қалыптастырады. Жеке құқық – жеке меншік иелерінің өндіріс және айырбас барысындағы қатынастарын, олардың нарықтық еркін субъектілері ретіндегі мүдделерін қорғайтын және реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Ал жария құқық – мемлекеттік билік және басқару органдары қызметінің, парламенттің, өзге де өкілдік және үкіметтік мекемелердің құрылу және жұмыс істеуінің, сот төрелегін жүзеге асырудың, мемлекеттік құрылысқа қол сұғумен күрес жүргізудің тәртібін бекітетін және реттейтін нормалардың жиынтығы. Әрине, аталған функциялар түптеп келгенде барлық тұлғалардың мүдделерін қорғайды. Сондықтан, жеке құқық жариы құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, жария құқық жеке құқықты қорғап отырады. Жеке құқық жария құқыққа сүйенеді. Жария құқықсыз жеке құқық өз құндылығын жоғалтады. Жалпы құқықтық жүйеде олар өзара тығыз байланыста болады және оларды жіктеудің өзі белгілі бір дәрежеде шартты сипатқа ие. Жария құқық жеке-ерікті құқық болып табылады. Жария құқық – билік пен бағыныстылық саласы, ал азаматтық құқық бостандық пен жекее бастамашылық саласы. Бұл ереженеі негізге алатын болсақ, бір тарабы ретінде мемлекет танылатын барлық құқықтық қатынастар жария құқықтың объектісі болып табылады. Бүгінгі таңда жеке меншік заңды түрде танылып, бекітілген мемлекет нарықтық қатынастарға бет бұрған жағдайда жеке құқықтың заңдастырылуы міндеті болады. Онсыз азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті құру, жеке кәсіпкерлік қызметті ынталандыру мүмкін емес. Дәл осы жеке құқық жарияқұқықтық институттарды басып озып, құқықтық прогреске түрткі болады. Жеке құқық – негізінен «нарықтық құқық» және бұл тұрғыда ол бірың,ай құқықтық кеңістікті орнатуда маңызды рөл атқаруы мүмкін, себебі, нарық қашанда мемлекетаралық шекараларға бағынбайды. 58. Құқықтық реттеудің пәні мен әдісі құқықтық нормалардың салаларға бөліну негізі ретінде Құқықтың салаларға және институттарға бөліну негізінде екі талап қойылады: 1) Құқықтық реттеу пәні; 2) Құқықтық реттеу әдісі. Ол жүйелер қалыптастырушы факторлар ретінде бейнеленеді. Құқықтық реттеу пәні мен әдісі, яғни қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін білдіреді. Қоғамдық қатынастар күрделі, көп қырлы санаттар болып тыбылады. Құқықтық реттеу пәні – құқықтың нормалардың ықпалына ұшырайтын қатынастар. Басқаша айтқанда, құқықтық нормалар таралатын және оның
81 реттеу аясында болатын сала. Мұндай жалпы шекаралар көп жаңдайда құқықтық немесе заңды кеңістік деп аталады. Құқықтық емес кеңістік бұл кеңістіктен тыс орналасады. Құқықтық реттеу пәнінің құрылымына келесідей элементтер кіреді: субъектілер – жеке және ұжымдық; олардың жүріс-тұрысы, әрекеттері; адамдардың өзара қарым-қатынасқа түсуіне негіз болатын қоршаған орта объектілері(заттар, құбылыстар); тиісті қатынастардың пайда болуының немесе тоқтатылуының тікелей себептері болып табылатын әлеуметтік фактілер (оқиғалар мән-жайлар ). Құқықтық реттеу пәні қандай да бір құқық саласының бөлініп шығу қажеттігін анықтайды. Ал белгілі бір құқық саласы бөлініп шыққан соң оның реттеу әдісі де пайда болады және ол көп жағдайда заң шығарушының еркіне тәуелді болып келеді. Заң шығарушы реттелетін қатынастардың сипатын ескере отырып, оларға құқықтық тұрғыдан ықпал етудің қандай да бір тәсілін таңдай алады. Ол бұл тәсілдерді түрлі нысандарда пайдалана отырып, ауыстыра алады. Құқықтық реттеу пәнінінң субъектитвтілігі осыдан көрініс табады. Және ол ең алдымен, осы белгісі арқылы құқытық реттеу пәнінен ажыратылады. Алайда, құқықтық реттеудің пәні мен әдісі бірлесе отырып, құқық жүйесін қалыптастыруда маңызды рөлге ие болады және олар бір бірімен тығыз байланысты. Нормаларды салалар мен институттар бойынша топтастыру, ең алдымен, қоғамдық қатынастардың түріне, олардың ерекшеліктеріне байланысты болады. Бірақ, құқық салалары бірінен бірі тек пәндік белгісі бойынша ғана ажыратылмайды, себебі, бірқатар салалардың нормаларымен реттелетін қатынастар түріде болады. Құқықтық реттеу пәні құқықтық нормаларды салалар бойынша бөлудің басты, материалдық өлшемі болып табылады, себебі ол объективті мазмұнға ие, қоғамдық қатынастардың сипатымен тығыз байланыстыболады және заң шығарушының еркіне тәуелді емес. Әр салалның өзінің пәні болады, яғни қоғамдық өмірдің ерекше аумағы, қоғамдық қатынастардың жалпы бір тұтас кешені (конституциялық, еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б.) Әр саланың өзінің заңнамасы, ережеге сәйкес, өзіндік кодекстері, басқада кодификациялауға ұшыраған заңнамалық актілер болады. Құқықтық реттеу әдісі ретінде құқықтық қоғамдық қатынастарға ықпал етуінің белгілі бір тәсілдері, әдістері және құралдары танылады. Әдіс құқықтың өз реттеу рөлін қалай жүзеге асыратынын көрсетеді, себебі, құқықтық нормалар түрлі қатынастарды жай реттеп қана қоймайды, олар қатынастарды түрліше реттейді. Құқықтық реттеудің тиімділігі, бұл ретте алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу құқықтық реттеу әдістеріне тікелей тәуелді болады. Құқықтық реттеу әдісі қосымша, құқықтық өлшем болып табылады, себебі ол құқықтық реттеу пәнінен туындайды. Алайда құқықтық реттеу әдісі құқықтық реттеу пәнімен бірлесе отырып, құқықтық салалар мен институттарға дәл және айқын бөлінуіне жағдай жасайды. Өйткені, қоғамдық қатынастардың алуан түрлі болып келуі өз бетінше құқық жүйесін қалыптастырмайды, оның салаларын туындатпайды.
82 Жиынтық санат ретіндегі құқықтық реттеу әдісінің жалпы ұғымын келесідей құрамдас бөліктер құрайды:реттелетін қатынастардың шегін анықтау; бұл өз кезегінде, бірқатар объективтік жіне субъективтік факторларға байланысты (аталған қатынастардың ерекшеліктері, экономикалық және өзгеде қажеттіліктер, мемлекет мүдделері және т.б.); субъектілердің құқықтары мен міндеттерін, олардың тиісті және болжамды жүріс-тұрысы туралы ережелерді көздейтін нормативтік актілерді шығару; қоғамдық қатынастардың қатысушыларына (азаматтар мен заңды тұлғалар) түрлі құқықтық қатынастарға түсуге мүмкіндік беретін құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілікті тиесілі ету; бұл ережелер бұзылған жағдайда жауапкершілік (бұлтартпау) шараларын анықтау. Соңғы уақытта нарықтық қатынастар мен кәсіпкерліктің дамуына байланысты реттеудің жеке дара әдісі (немесе ерік білдіру әдісі) кеңінен таралуда. Жоғарыда қарастырылған әдістердің барлығы өзара тығыз байланыстыжәне олар оқшауланған түрде емес, бірлесе, үйлесе әрекет етеді. Сонымен қатар, олар белгілі бір дәрежеде дербес сипатқа және өзіндік ерекшеліктерге ие, сол арқылы оларды жіктеуге мүмкіндік туады. 59. Құқық салалары. Негізгі құқық салаларының қысқаша сипаттамасы. Құқық салалры – қоғамдық қатынастардың анағұрлым ауқымды салалрын реттейтін, құқық жүйесінің негізгі, мейлінше ірі құрылымдық бөлімшелері. Мұнда құқық салалрына жан –жақты сипаттама беру көзделіп отырған жоқ. Тек кез келген құқық саласының өзіндік ерекшелікке ие, дербес пәні мен әдістері, жалпы құқық жүйесінде өзіндік орны бар екендігін көрсетіп өтеміз. Бұл құқық саласының дербес өмір сүре алатынын және өзгешелікке ие екендігін білдіреді. Құқықтың өзіндік сала құруда, келесі талаптар орын алады: 1) әрбір қатынастың өзіндік ерекшеліктерінің болуы; 2) олардың үлесті салмағы; 3) пайда болған қатынастардың басқа сала нормаларымен реттеуге келмеуі; 4) реттеу әдісін ерекше қолдану қажеттіліг. Құқықтық салалар – бұл құқық жүйесіндегі негізгі қоғамдық қатынастардың кең саладағы реттеуші, тиісті және құрылымдық негізі болып табылады. Конституциялық құқық - бұл аса маңызды мемлекеттік қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығы. Конституциялық құқық өкілдік, атқарушы және сот билігін, олардың қызмет ету қағидаларын қалыптастыру, саяси жүйе, экономикалық негіз, меншік нысандары, мемлекеттік құрылым, әкімшілік-аумақтық бөлініс, сайлау жүйесі, азаматтардығ құқықтық мәртебесі, олардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, қоғамдық құрылыс сияқты мәселелерді реттейді. Мемлекет Конституциясының бұл салада нормативтік акт болып табылатыны сөзсіз. Ол бүкіл ағымдағы құқық шығармашылық үшін негіз
83 болып табылады. Жоғарыда аталған қатынастар конституциялық құқық саласының пәні. Ал оның әдісі құқық бұзушылық үшін нақты бір санкция көрсетпейтін жалпы (негізгі) реттеумен байланысты бекітуші нақтылаушы сипатта болады. Дегенмен, конституциялық нормалардың басым көпшілігі тікелей әрекет етеді. Әкімшілік құқық – мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және лауазымды тұлғалардың, (үкімет, министрліктер, ведомстволар, кәсіпорындар, мекемелер, жергілікті әкімшіліктер) басқарушы, атқарушы-өкілдік қызметі саласын реттейді. Аталған субъектілер өздерінің жедел функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттіктер мен құзыретті иеленеді. Қаржылық құқық - бұл саланың пәні қаржы қатынастары, мемлекеттік бюджетті қалыптастыружәне орындау, ақша айналымы, банк операциялары, несиелер, қарыздар, салықтар. Барлыұ заңды және жеке тұлғалар қаржы қатынастарының субъектілері болып табылады. Қаржы құқығының нормалары мемлекеттік құқықпен және әкімшілік құқықпен тығыз байланысты, себебі, бұл үш сала көбінесе өзара тәуелділікте болады. Жер құқығы - бұл сала жер пайдалану және жерге орналастыру жер қорын сақтау және үлестіру, жер түрлерінің әкімшілік шаруашылық мақсатына қарай құқықтық режимін анықтау мәселелерін реттейді. Еңбек құқығы – бұл еңбек қатынастары саласы. Еңбек қатынастарының субъектілері болып жұмысшылар мен қызметкерлер, мемлекеттік, қоғамдық және корпоративтік ұйымдар, кәсіподақтар табылады. Реттеу әдісі – көтермелеу, ынталандыру, тиістң шарттарды нормативтік деңгейге көтеру. Азаматтық құқық – мүліктік және мүліктік емес қатынастардың кең көлемін реттейті ірі сала (мұрагерлік құқық, авторлық құқық, патенттік, тұрғын-үй, көлік және т.б.). Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және азаматтардың шаруашылық қызметі, жалпы азаматтық айналым азаматтық құқық нормаларының негізінде жүзеге асырылады. Негізгі құқықтық акт - Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Кейбір салалары кодификациялауға ұшыраған. Нарықтық қатынастардың қалыптасуында азаматтық құқықтың рөлі артуда. Отбасы құқығы – азаматтық құқықпен тығыз байланысты сала. Соған қарамастан, бұл некені тіркеу мен бұзудың тәртібін, ерлі-зайыптылардың, атааналар мен балалардың арасындағы қатынастарды, асырап алу, қорғаншылық және қамқоршылық, отбасы мүшелерінің мүліктік жағдайы, олардың өзара құқықтары мен міндеттері мәселелерін реттейтін дербес сала. Қылмыстық құқық – қандай қауіпті (зиянды) қылмыстық тұрғыдан жазаланатынын, құзыретті органдардың қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты қандай шаралар қолданатынын, оларды жауапкершілікке тартудың негіздері мен шарттарын; мемлекеттік жазалаушы саясатының қағидаларын, санкциялардың түрлері мен жүйесін, нақты әрекеттердің құрамын, кінәнің нысандары мен дәрежесін анықтайтын нормалар жиынтығы. Азаматтық іс-жүргізу құқығы – сот органдары мен процеске қатысушылардың азаматтық құқықтары бойынша дауларды шешу кезіндегі,
84 сонымен қатар, еңбек, отбасы, жеке, қаржы және өзге де істер бойынша қызметін реттейтін нормалар жиынтығы 60. Құқықтық институт ұғымы мен түрлері. Құқық институты – бұл топтастырылған құқықтық нормаларының жиынтығы, құқық саласында қалыптасқан және әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттейді және аталған салалардағы реттеу пәніне тікелей қатыстылығымен ерекшеленеді. Заңды норма – бұл құқықтық материяның негізгі элементі, ал құқықтық институт бастапқы тұтастай құқықтық құрамы болып табылады. Институт – сала түйіні, құқықтың жиынтыңы, құрамдас бөлігі. Әр салада бұл ұғым өте кө қолданылады. Олар біршама дербестікке ие, яғни белгілі бір мөлшерде нақты сұрақтарға қатысты болады. Құқытық институттарға мысал келтірер болсақ: 1) қылмыстық құқықта - қажетті қорғану институты, аса қажетті институт; 2) азаматтық құқықта – талап іс институты, мұра, келісім шарт, сату-сатып алу институты; 3) мемлкеттік құқықта – азаматтық институты; 4) әкімшілік құқықта – лауазымды тұлға институты; 5) отбасы құқығында – неке институты және т.б. Барлық институттар аталған салаларда бір-бірімен өзара тығыз байланыста әрекет етеді. Құқықтық институттардың түрлері. Ең алдымен институттар құқық саласы бойынша азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, қаржылық және т.б. болып бөлінеді. Қанша құқық саласы болса, сонша инститтар тобы болады. Құқықтық институттардың салаларға бөлінуі оларды жіктеудің анағұрлым жалпылама өлшемі болып табылады. Дәл осы белгісі бойынша олар материалдық және іс жүргізушілік болып бөлінеді. Одан әрі институттар салалық және салааралық (немесе аралас), жай және күрделі (немесе кешенді), реттеуші, қорғаушы және бекітуші деп бөлінеді. Салалық институт бір құқық саласының, ал салааралық институт екі және одан да көп құқық салаларының нормаларынан тұрады. Мысалы, мемлекеттік меншік институты, қамқорлық және қорғаншылық институты. Жай институт әдетте шағын болады және өзінің құрамы бойынша құрылымдық элементтерді қамтымайды. Күрделі немесе кешенді институт салыстырмалы түрде ірі болады және өз кезегінде, бірнеше дербес субинституттан тұрады. Мысалы, азаматтық құқықтағы жеткізіп беру шарты, айыппұл институты, жауапкершілік субинституттардан тұрады. Реттеуші институттар тиісті қатынастарды реттеуге, қорғаушы институттар олардықорғауға (қылмыстық құқыққа тән), құрылтайшы
85 институттар қандай да бір органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың жағдайын (мәртебесін) бекітуге, анықтауға бағытталған (мемлекеттік және әкімшілік құқыққа тән). Құқықтық институт – қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін реттейтін құқықтық нормалардың салыстырмалытүрде шағын, тұрақты тобы. Сонымен, құқық жүйесі күрделі, көпжақты құрылымдық динамиканы құрайды, мұнда төрт сатысын бөліп қарастыруға болады: 1) жеке нормативтік ұйғарым құрылымы; 2) құқықтық институттың құрылымы; 3) құқықтық сала құрылымы; 4) құқықтың жалпы құрылымы. Қортындылай келе, құқық жүйесін қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне қарай ішкі бірлігі және айырмашылығымен сиаптталатын, өзара байланысты құқықтық нормалар, институттар мен салалардың жиынтығы деп анықтауға болады. 61. Құқық жүйесі мен заңнама жүйесінің өзара байланысы Құқық жүйесі мен заңнама жүйесін ажырата білу қажет. Бұл ұғымдар өзара тығыз байланысты болғанымен, бір мағынаны білдірмейді. Олар мазмұны мен нысан ретінде өзара байланысты. Құқық жүйесі бірлік, айырмашылық, өзара әрекеттестік, бөліну қабілеті, объективтілік, өзара келісімдік, материалдық байланыс сияқты белгілермен сипатталады. Құқық жүйесі ретінде оның ішкі құрылымы түсіндіріледі. Құқық жүйесі шынайы өмір сүретін және дамушы қоғамдық қатынастардың объективті көрінісі ретінде қалыптасады. Заңнама жүйесі - құқықтың сыртқы формасы, бірыңғай, тұтастай, яғни нормативтік құқықтық акті жүйесін қалыптастырады. Құқық заңнамадан тыс қолданылмайды, ал заңнама ауқымды мағынада құқықты тұтастай қамтиды. Заңнама жүйесі құқық жүйесінің көрінісі болып табылады және оның негізінде құрылады, сол себепті құқық жүйесі бастапқы, негізгі мәнге ие. Сонымен қатар, құқық жүйесі объективтік сипатқа ие, яғни шын мәнінде әрекет етуші қоғамдық қатынастардың көрінісі ретінде заң шығарушының еркінен тыс қалыптасады. Заңнама жүйесі белгілі бір дәрежеде мемлекеттің заң шығарушы және өзге де органдарының еркіне тәуелді болады, сондықтан да, ол субъективті сипатқа ие. Қарастырылып отырған құбылыстардың объективтілігі мен субъективтілігінен олардың басты (әдістемелік) айырмашалағы көрініс табады. Бұл ретте заңнама ретінде тек заңдар ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттегі барлық нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы. Әрине, заңнама жүйесінің субъективтілігі салыстырмалы сипатқа ие. Ол құқық жүйесінің объективтік заңдылықтарынан тыс өмір сүре алмайды,
86 сондықтан да заң шығарушы өзінің қызметі барысында аталған ерекшелікті ескеруі тиіс. Дегенмен заңнама жүйесін ақылға қонымды және тиімді етіп жасауға, яғни ауқымды көлемге ие құқықтық нормалар мен актілерді ретке келтіріп, жүйелеуге толық мүмкіндік бар. Заңнама жүйесі құқық жүйесіне қарағанда ауқымдырақ, себебі ол көптеген салалар мен кодекстерден тұрады. (мысалы, Әуе, Тұрғын үй, Салық, Бюджет, Су, Жер, Кодекстері). Аталған кодекстер азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқықтар сияқты дербес құқық салаларынемем, олардың жекелеген бөліктерін кодификациялайды. Сонымен қатар, заңнама жүйесінде кешенді құрылымдар да болады. Мысалы, денсаулық сақтау туралы заңнама кешенді заңнама саласы болып табылады. Құқық жүйесінің негізгі құрылымдық элементі болып құқықтық норма, ал заңнама жүйесінің негізгі құрылымдық элементі болып нормативтік акт (заң, жарлық, қаулы және т.б.) табылады. Конституция заңнаманың негізін құрайды. Соған қоса нормативтік актілердің иерархиясы болады. Бұл иерархияда заң үстемдікке ие. Қалған актілердің барлығы заңға сәйкес болып табылады. Құқық жүйесі мен заңнама жүйесінің арасында келесідей айырмашылықтар орын алады: 1) құқық нормасы құқық жүйесінің бастапқы элементі, ал заңнама жүйесінің бастапқы элементі болып нормативтік-құқықтық акті табылады; 2) заңнама жүйесі құқық жүйесімен салыстырғанда, ұсынылған ақпараттардың көлеміне қарай ауқымдырақ болады; 3) заңнамамен салыстырғанда, құқықтың салаларға және инстиуттарға жіктелуі құқықтық реттеудің әдісі мен пәні бойынша жүзеге асырылады; 4) құқықтық жүйенің құрылымының заңнама жүйесінің құрылымымен сәйкес келмеуі; 5) құқық жүйесі объективтік сипатқа ие болса, ал заңнама жүйесі заңшығарушының ықпалымен субъективтік сипатқа ие болады. Құқық жүйесінің заңнама жүйесінен басты айырмашалағы оның мемлекет деңгейнде жалғыз (жалпы ұлттық) болуында. Ол құқықтық жүйе сияқты мемлекеттің құқықтық кеңістігінің біртұтастығын көрсетеді. Бұл тұрғыда құқық жүйесі көлденеңінен, ал заңнама жүйесі тігінен орналасады. Заңнама жүүйесіндегі нормативтік құқықтық актілер бір бірінен қарама қайшы келмеуі тиіс және онда иерархия қатаң сақталады. 62. Құқықты жүзеге асырудың түсінігі мен нысандары. Құқықты жүзеге асыру – бұл құқықтық нормаларды қоғамдық өмірдің тәжірибесінде жүзеге асыру үрдісі, рәсімі болып табылады. Бұлай болмаған жағдайда, бұл институттың мәнісі болмас еді. Заңдар орындалмайтын болса, оларды шыңғарудың мәні жоқ. Құқықтық жүзеге асыру ретінде азаматтар, органдар, ұйымдар, мекемелер, лауазымды тұлғалар мен өзге де құқықтық
87 қатынас қатысушыларының құқыққа сай жүріс-тұрысынан құқықтық ережелердің көрініс табу процессі. Аса жетілген заңнама мен тамаша және парасатты заңдар бар бола тұрып, оларды ешкім мойындамай, жүзеге асырылмаса мұның барлығы игі тілектердің жиынтығы болып қала бермек; заң шығарушы мен құқық шығарушы органдардың бүкіл еңбегі босқа кетеді. Заң өзінің абстрактілі қасиеттерімен емес нақты, позитивті әрекетімен күшті. Құқықты жүзеге асыру –құқықтық нормаларда бекітілген талаптардың қоғамдық қатынас субъектілерінің құқыққа сай жүріс-тұрысынан көрініс табу. Бұлай болмаған жағдайда билік қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге дәрменсіз болады. Құқыққа сай жүріс тұрыс ерікті болуымен қатар мәжбүрлі сипатты да иеленуі мүмкін, яғни санкциялар қолдану арқылы орныдалуы мүмкін. Жаңа құқықтық нормаларды жаппай қабылдау өз бетінше әлеуметтік нәтиже бермейді. Оларды іс жүзінде жүзеге асырып, реттеліп отырған қатынастарға шын мәнінде ықпал етуіне және түпкілікті нәтиже беруіне жағдай жасау қажет. Бұл процесті ескермейінше, құқықтың шынайы мәнін түсіну мүмкін емес. Құқықты тек қолдану барысында және даму барысында ғана түсінуге болады. Ғылымда құқықты жүзеге асырудың төрт нысаны ажыратылады: 1) сақтау; 2) орындау; 3) пайдалану; 4) қолдану. Бұлайша жіктеудің негізіне субъектілердің құқықтық нормаларды жүзеге асырудағы белсенділік дәрежесі қолданылған. Құқық нормаларын сақтау - кезінде субъектілер құқыққа қайшы әректтерді жасаудан бас тартады, яғни құқықтық нормалардың талаптарын сақтайды. Құқықтық тұрғыдан тұлғаның жүріс тұрысы құқыққа сай не құқыққа қайшы немесе немқұрайлылық түрінде болуы мүмкін. Құқықтық нормаларды сақтау құқыққа сай жүріс тұрыстың бір түрі және құқықты жүзеге асырудың ең алғашқы, басты және мейілінше жалпы нысаны болып табылады, себебі, егер адамдар құқыққа сай әрекет етіп, өмір сүрңп, жұмыс істеп, ешқандайда бір құқықтық нормаларды бұзбаса, заң талаптарын орындайтын азаматтар ретінде саналып, заң шығарушы көздеген мақсаттарға қол жеткізеді. Құқық нормаларын орындау кезінде субъектілер өздеріне жүктелген міндеттер, функциялар мен өкілеттіктерді орындайды және сол арқылы тиісті құқықтық нормаларды жүзеге асырады. Құқықты жүзеге асырудың бұл нысанының ерекшеліктері мынада: негізінен міндеттеуші нормаларға таралад; бірінші нысанға қарағанда субъектілердің белсенді әрекеттерін көздейді; қатаңдықпен, билік сипатымен ерекшеленеді, себебі құқықтық ережелерді орындамау санкцияларды қолдануға әкеп соғуы мүмкін; көп жағдайда құқықты орындауға бағытталған әрекеттер белгілі бір дәрежеде бекітіліп, рәсімделеді. Құқықтық нормаларды пайдалану – субъектілердің өздеріне тиесілі құқықтар мен мүмкіндіктерді өз қалауы бойынша пайдалануы, заңды мүдделерін қанағаттандыруы және өздерінің құқық және әрекет қабілеттілігін іске асыруы арқылы көрініс табатын құқықты жүзеге асыру нысаны. Бұл
88 нысанның айрықша белгісі – еріктілігі. Ешкімде азаматты өз құқықтарын пайдалануға мәжбүрлей алмайды. Бұл жағдайды негізінен ұүұыұ беретін нормалар жүзеге асыра алады. Құқықтық нормаларды қолдану – ресми органдар мен лауазымды тұлғалардың биліктік әрекеттерімен байланысты құқықты жүзеге асыру нысаны. Органдар мен лауазымды тұлғалар мемлекеттің атынан әрекет ете отырып, өздеріне жүктелген арнайы функциялар мен өкілеттіктерді орындайды. Бұл құқықтық ережелерді өмірге тәжірибеге енгізуге бағытталған мемлекеттік қызметтің бір нысаны. Ол көбінесе мәжбүрлеу, санкциялау және жазалау арқылы жүзеге асырылады. Құқық қолдануды тек арнайы субъектілер жүзеге асырады. Дәл осы себепті қарапайым азаматтар құқықтық нормаларды қолдана алмайды; олар мұндай артықшылықтарды иеленбегенімен, бұл мәселе әлі күнге дейін даулы болып келеді. 63. Құқықтық нормаларды қолдану барысындағы негізгі сатылары Құқық қолдану – заңдар мен өзге нормативтік актілердің әрекет ету тиімділігімен, құқықтық реттеу механизімін жетілдірумен, қоғамда құқықтық тәртіпті сақтаумен тығыз байланысты. Құқықты қолдану процесі қатаң заң шеңберінде жүргізілуі қажет және бұл жағдайда әділетсіздік, бассыздық, бюрократизм, парақорлық және сыбайлас жемқорлық сияқты теріс құбылыстарға жол бермеу керек. Оның мақсаты адамдар мен олардың бірлестіктерінің арасындағы өзара қарым-қатынастарды бір ретке келтіру, оларға ұйымдасқан және тұрақты сипаттама беру. Құқықты қолданудың үш негізгі сатылары: 1) негізгі істің ақиқаттың анықталуы; 2) негізгі істің заңды қалыптасуы; 3) іс бойынша шешімнің қабылдануы. Негізгі істің ақиқаттың анықталуы. Аталған нысан нақты өмірлік жағдайларды анықтайды. Ақиқатты анықтау аса күрделі іс. Әсіресе, кәсіби қылмыскерлер дайындап жасаған қылмыстар (мысалы, тапсырыспен кісі өлтіру, сыбайлас жемқорлық, тонау, қарақшылық, ұрлық туралы істер) бойынша ақиқатты іздестіру қиынға соғады. Бұл ретте ақиқат абсолютті болуы керек және оған ұмтылуы қажет. Негізгі істің заңды қалыптасуы. Құқық қолданудың бұл нысанына нақты орын алған құқықтық біліктілік (заңды бағалау) жағдайлары сипатталады, яғни нақты жағдайда қандай құқықтық норма көп таралғаны туралы сұрақ қарастырылады. Жасалған әрекеттер құқықтық тұрғыдан сараланады. Бұл саты құқықтық норманы қолданушы тұлғаның жоғары дайындығы мен кәсібилігін талап етеді. Іс бойынша шешімнің қабылдануы. Қортындалайтын және құқық қолдану процесінің негізгі нысаны болып табылады. Бұл өте маңызды саты себебі, орындалмаған шешім бүкіл құқық қолдану процесін жоққа шығарады. Мәселен,
89 мүлікті өндірумен байланысты сот шешімдерінің тең жартысы ғана орындалып жатады. Тек соңғы уақытта, сот орындаушыларпы институтын енгізуге байланысты жағдай біршама жақсарады. Құқықты қолдануға тән ерекшеліктер: бұл құқықты жүзеге асырудың биліктік императивтік нысаны; құзыретті, уәкілеті органдар және лауазымды тұлғалармен жүзеге асырылады; іс жүргізушілік және рәсімдік сипатқа ие; бірқатар сатылардан тұрады; тиісті заңды негіздерге ие; құқық қолдану актілерін шығарумен байланысты; жекелеген субъектілерге қатысты бір жолғы жеке қодданылатын әрекет болып табылады; нақты бір жағдайларды реттеуге бағытталған. Аталған белгілер құқық қолданудың ерекшеліктерін көрсетіп, оны құқықтық жүзеге асырудың алғашқы үш нысанын – сақтау, орындау және пайдаланудан ажыратады. Атап өтерлік жайт, құқықты пайдалану кезінде де ьиліктің белгілі бір деңгейде араласуы орын алады, алайда, мұнда азаматтың өз құқықтарын жүзеге асыруына көмектесу, жәрдем беру сипатын иеленеді. Себебі, онсыз субъект өзіне заңмен берілген мүмкіндіктерді пайдалана алмайды (мысалы, жұмыстан босату, некеге тұру, кәсіпкерлік қызметімен айналысу). Жалпа алғанда, орындау, сақтау және пайдалану кезінде құқықтық ерікті және мәжбүрлеусіз жүзеге асырылады. Құқықтық нормаларды қолдану қарапайым және бір жақты әрекет емес. Ол бірқатар дәйекті сатылардан тұратын күрделі процесс. Жалпы алғанда, құқықтық нормаларды қолдану әділ, заңды, негізді, уақытылы және жариялы болуы тиіс. Тек осылай болған жағдай да ғана ол тиімді болып, өз мақсаттарына жетіп, қоғам үшін пайда әкеле алады. 64. Құқықтық нормаларды қолдану актілері; ұғымы, ерекшеліктері мен түрлері Құқық қолдану актісі – құқықтық актілердің бір түрі. Ол заң ғылымында құзыретті орган немесе лауазымды тұлғаның тиісті құқықтық норманың негізінде нақты бір субъектіге немесе субъектілерге қатысты қандай да бір іс (мәселе) бойынша шығарған ресми құжаты ретінде анықталады. Құқық қолдану актілерінің мақсаты олардың аталуынан туындайды олар құқықтық нормаларды тиісті тұлғаларға қатысты қолдануға арналған. Алайда, құқық қолдану актілері жаңа нормаларды жасамауы және ескі нормаларды өзгертпеуі не толықтырмауы тиіс; бұл құқық қолдану актісінің функиясы емес. Құқық қолдану актілеріне тән ерекше белгілер: 1) олар жеке анықталған сипатқа ие, яғни нақты бір тұлғаларға қатысты болып келеді. Бұл белгісі арқылы олар жалпы халыққа арналған нормативтік актілерден ерекшеленеді. 2) Биліктік сипатқа ие және орындауға міндетті болып табылады, себебі, оларды мемлекет немесе оның келісімімен қоғамдық бірлестіктер, жергілікті өзін өзі басқару органдары және өзгеде құрылымдар шығаралы; мұндай актілерді орындамағаны үшін санкция қолданылады.
90 3) Құқықтық нормадан (жүріс тұрыстың жалпы ережелерінен) тұрмайды, сондықтан да құқықтың қайнар көзі және нысаны болып табылмайды; олардың мақсаты құқықтық нормаларды жасау емесе, қолдану. 4) Норманы қолданатын және нормалар қолданылатын тұлғалар арасында нақты құқытық қатынастарды тудыратын заңды факт болып табылады, сол арқылы бұл актілер жалпы ережелерді нақтылай отырып, локальды (казуальды) құқықтық реттеуді жүзеге асырады. 5) Тек бір рет қана қолданылады және басқа жағдайлар мен субъектілерге таралмайды, бір рет қолданылған соң өз күшін тоқтатады. 6) Мемлекеттік мәжбүрлеу қамтамасыз етіледі, себебі мұнда заң шығарушының еркі жүзеге асырылады және қажет болған жағдайда билік күші қолданылады. Актілердің бөлінуі түрлі белгілермен сипатталады. Мұның қатарына төмендегі белгілерді жатқызуға болады: 1) Құқық қолдану актінің мақсаты; 2) Қолдану саласы; 3) Реттелетін қатынастардың сипаттамасы; 4) Құқық қолдану актілеріндегі құқықтық норма сипаттамасы; 5) Құқық қолдану актілеріндегі нормативтік үстемдіктер; 6) Құқық қолдану актісін шығарушы орган; 7) Актіні қабылдау әдісі; 8) Актінің мазмұнының ерекшелігі; 9) Айқындылық нысаны. Атап өткен жайттар, барлық ресми құжаттар құқық қолдану актілері болып табыла бермейді (мысалы, түрлі анықтамалар, сенімхаттар, түбіртектер, жүк құжаттары, төлем тапсырмалары, дипломдар, аттестаттар, мақтау қағаздары және куәліктер және т.б.) себебі, олар жоғарыда аталған белгілерге жауап бермейді. Мұндай құжаттар азаматтар мен ұйымдардың арасындағы, сонымен қатар, ұйымдардың өзара арасындағы қызметтік өзара қарым қатынастардың техникалық және операциялық құралдары болып табылады. Құқық қолдану актісі мысалы, сот үкімі қажетті сыртқы белгілерге (реквизиттерге) ие болуы, яғни белгіленген ережелер мен талаптарға жауап беруі тиіс. Сонымен қатар, оның белгілі бір ішкі құрылымы болуы тиіс: сипаттама, негіздеме және қортынды бөлімдер. Атауы бойынша құқық қолдану актілері жарлық, қаулы, бұйрық, өкім, хаттама, резолюция, рұқсат, үкім, нұсқау нысанын иеленуі мүмкін. Көп жағдайда олардың атауы нормативтік актілердің атауына сәйкес келеді. Құқық қолдану актісінде жүріс тұрыстың жалпы ережелерінің болмауы маңызды. Құқық қолдану актілерінің түрлері өте көп, сондықтан олар түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Құқық қолдану актілерінің түрлері: Салалық белгісі бойынша олар қылмыстық құқықтық, азаматтық құқықтық, әкімшілік құқықтық, қаржылық және т.б. түрлерге бөлінеді. Шығарған субъектісіне қарай сот, арбитраждық, прокурорлық, тергеу, бақылау органдырының актілері; өкілдік және атқарушы билік, жергілікті қзін
91 өзі басқару органдарының актілері, президент, ведомстволар және министрліктер актілер. Құқықтық табиғсты бойынша құқық қорғау, құқықты орнату, құқықты қалпына келтіру және құқықты қамтамасыз ету актілері. Салдары бойынша құқықты қалыптастыратын, құқықты тоқтатын және құқықты өзгертетін актілер. 65. Құқық нормалардың түсіндіру ұғымы және субъектілер бойынша түсіндіру түрлері. Құқықтық нормаларды түсіндіру – оларды дұрыс түсіну мен қолданудың аса маңызды шарты. Құқықты түсіндіру болмаса, құқықты жүзеге асырудың бүкіл күрделі процесі тығырыққа тірелер еді. Түсіндірудің көп ғасырлық құқықтық тәжірибемен, заң тәжірибесімен және нақты тұлғалардың тағдырымен расталған. Түсіндіру ежелден келе жатқан құқықтық институт. Ол әлдеқайда ауқымды ұғым болып табылатын герменевтиканың бір бөлігі. Герменивтика грек тілінен аударғанда қандайда бір затты, құбылысты түсіндіру, мәлімдеу, талдау. Түсіндірудің себептері: 1) Құқық нормасының мағынасын түсіну қажеттілігі; 2) Заңнамалардың жетілмеуі; 3) Құқық жүйесі; 4) Дедукцияның қажеттілігі. Түсіндіру интеллектуалды актілердің, нормалардың мағынасын ерікті ұғындыру қызметін атқарады. Құқықтық нормаларды түсіндіру – бұл нақты мағыналарды қалыптаструға бағытталған ерікті түсінік берудің күрделі құбылысы. Аталған процесс екі бөлімнен (элементтен) тұрады: түсіндірме субъектісі (интерпретатор) бастапқы кезеңде өзі үшін құқық нормаларының мазмұнын анықтайды, қалай қызмет ету керектігін шешеді, бірыңғай түсініктің қалыптасуын мақсат етіп, сондай ақ құқықытық ұйғарымның мазмұны барлық қызығушылықты танытқан тұлғаларға мағынасы анықталып, қолданылады. Түсіндірудің әдістері – бұл қабылдау, құқықтық нормаларды ұғыну құралы, құқықтық нормаларға қатысты түсінікті субъектінің саналы немесе интуитивті тұрғыда қолдану ережелері. Бірақ құқық теориясында «қабылдау» және «әдіс» түсініктерін ажырата білік керек. Түсіндіру әдісі - бұл аса ауқымды түсінік, арнайы техникалық құралдарды (түсінікті қабылдау) қамтиды. Құқықтық нормаларды түсіндіру нәтижесінде интерпретатордың алынған қортындылары бойынша түсіндірілетін нормалардың мақсаттары мен мазмұнының дұрыс екендігіне іштей сенімінің пайда болуы. Құқықтық норма түсінігінің қалыптасуында және құқықтық норма туралы нақты түсінік
92 қалыптастыруда барлық қажетті мәліметтер есепке алынады және бұл үшін нақты сенімділік қызмет етеді. Бұл жағдайда түсіндірудің субъектілеріне қарай жіктелетін түрлері сөз болып отыр және түсіндіру субъектілері бойынша, ең алдымен ресми және бейресми деп бөлінеді: 1) Ресми түсіндіруді уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалар береді. Ол әдетте арнайы актілерде (түсіндіру актілерінде) рәсімделеді және оларға қатысты тұлғалардың барлығына құқықтық тұрғыдан міндетті болып табылады. Мұндай түсіндіру құқықты жүзеге асыратын субъектілердің түсіндірілетін норманы дұрыс түсінуіне және қолдануына жағдай жасайды. Әрине оны қарапайым азаматтарда ескеруі тиіс. Өз кезегінде ресми түсіндіру екі түрге бөлінеді: а) нормативтік (жалпы) түсіндіру субъектілерге кең мағынада таралады және жалпы ережелер сипатынан көрініс табады. Нормативтік түсіндірудің өзі аутентикалық (авторлық) және легалды (рұқсат етілген, өкілдік берілген) болып екіге бөлінеді. б) нормативтік түсіндірумен салыстырғанда казуалдық (жеке) түсіндіру нақты бір фактіге, іске және әрекетке байланысты болады. Ол жалпыға міндетті сипатқа ие емес, оның мақсаты күрделі, нақты жағдайларды дұрыс шешуді мақсат етеді. 2) Бейресми түсіндіру мемлекеттік қызметпен айналыспайтын, ресми мәртебесі жоқ субъектілер жүзеге асырады және сол себепті оның заңды күші болммайды және ешқандай құқықтық салдарды туғызбайды. Оның басты ерекшелігі билік, мәжбүрлеу және жазалаудан тыс болуында. Мұнда қандай да бір санкцияларға жол берілмейді. Бейресми түсіндіру мына түрлерге бөлінеді: а) қарапайым түсіндіру құқықты кез келген азаматтың түсінуі. Қарапайым түсіндіруден халықтың басым көпшілігінің құқықтық ссанасы көрініс табады. Мұндай түсіндіруге тән белгі болып оның көп жағдайда қате болуы және эмоцияға берілуі болып табылады. б) кәсіби түсіндіру қолданыстағы заңнаманы және оны қолдану тәжірибесін жақсы білетін тұлғалар жүргізеді. Мұндай түсіндіру ауызша (кеңес беру, нақты бір сұрақтарға жауап беру түрінде) және жазбаша (анықтама, қортынды, баспасөзде сөз сөйлеу түрінде) болуы мүмкін. Кәсіби түсіндірудің құндылығы түсіндіруші тұлғалардың терең білімі мен біліктілігінде. в) доктриналық түсіндіруді ғалымдар, ғылым өкілдері береді. Оның құндылығы дәлелдә және негізді болады. Мұндай түсіндіруге мысал ретінде қодданыстағы қылмыстық, азаматтық, еңбек және өзгеде кодекстерге берілетін ғылыми түсіндірулерді айтуға болады. Мұндай түсіндірулер сонымен қатар, түрлі мақалалар, баядамалар, нормалар мен баптарды түсіндіреді және оларды қалай түсінуді және пайдалануды көрсетеді. Ғалымдар пікірі ресми органдар мен тұлғалар үшін міндетті болмағанымен
93 олардың көзқарастары мен ұсыныстары құқық қолдану тәжірибесіне елеулі түрде көмектесіп, ықпал етуі мүмкін. 66. Ресми түсіндірме актісінің екі белгісі бар: 1) Оның өкілетті органдарға тиістілігі. 2) Мәлімдеме құрамындағы мемлекеттік нұсқаулардан шығатын заң салдары. 2. Бейресми түсіндірме. Бұл – мемлекеттік өкімет ұйымдарымен (орган) жүзеге асатын түсіндірмемен байланысты емес, мұндай түсініктемені барлық субъектілердің қолдануы міндетті емес, дегенмен ол бұл сфералық қатынаста мамандандырылған түсінік беруішінің құқық ережелерінің мазмұны мен мәнін қайта ашып береді. Түсіндірме актілерін түрлі негіздер бойынша жүйелеуге болады: 1) Сыртқы формасы бойынша олар жазбаша және ауызша болуы мүмкін. Жазбаша актілердің нақты құрылымы бар, онда реквизиттер болуға тисіті (бұл актіні кім, қашан шығарды, қандай құқық ережелеріне – институтқа салаларға, нормативті актілерге жатады, қашан әрекетке кірісті). Олар сәйкес органдар шығарған нормативті құқықты актілерге сүйенулері мүмкін (бұйрықтық құралдар). 2) заңдық маңызы бойынша актілер нормативті түсіндірмелер және болып бөлінеді. Нормативті түсіндірмелер өз әрекетін субъектілердің белгісіз щеңберіне жатады және әр кезде түсіндірілетін ерекше жүзеге асқан кезде қолдануға есептелген, бұл жерде олар жалпы міндетті сипатта болады. Казуалды актілер нақты жағдайға жатады және нақты тұлғаларға байланысты, бұл тұрғыда оларда жеке деп атауға болады; 3) түсіндірме актісінің заңды күші бойынша, оның әрекет сферасына және билік органдарына байланыстылығына байланысты орындаушы – үкімдік, соттық, прокурорлық т.б. деп бөлінеді. 4) шығарушы субъектіге байланысты олар субективтік және легалдық болуы мүмкін. 5) нақты салалары бойынша олардың түрлі актілері болады. Құқық түсіндірмесі және оның нәтижелері құқықтық жүзеге асу үрдісінде маңызды рөл атқарады. Заң шығарушы еркіне сәйкес құқықты пайдалануды практиға бағыттай және анықтай отырып, ол қоғамдық қарым-қатынас құқықтық жөнге келтіру үрдісін аяқтайды. 67. Құқықтық ережелерді түсіндіру тәсілдері Түсіндіру тәсілдері – бұл әдіскер мен құралдар жиынтығы, олар заң шығарушының еркін білдіретін құқық ережелерінің мазмұны мен мәнін түсінуге мүмкіндік береді, саналы және серне арқылы субъектінің құқық нормаларына байланысты ақпараттарды алуына және беруін жүзеге асырады. Түсіндіру тәсілдері – бұл жинақы, арнайы техникалық құралдарды бейнелейтін түсінік. Өз кезегінде түсінік – бұл интерпритатордың нақты әрекетін білдіретін
94 термин. Құқық ережелерін түсіндіру тәсілі интерпритатордың мақсатына және құқық әрекетінің спецификасына байланысты болады. Түсіндірудің негізгі тәсілдері: 1) Түсіндірудің грамматикалық тәсілдері – құқық ережелерінің мәнін қандай да бір нормативті акті тексінің талдауы негізінде түсіндіру, мұндай түсіндірме ең асуымен кейбір сөздердің маңызын жалпы қолданылатын және теорманолгиялық түрде анықтауды меңзейді. 2) Логикалық тәсіл – логика заңын басқа тәсілдерге қарағанда өзіндік қолдану. Сонымен қатар, заңның кейбір түрлерінің логика ережелеріне байланыстылығын зерттейді. Логикалық ойлап шығару, екінші нормаларды бөлу, түсініктерден қорытынды жасау сияқты тәсілдердің көмегімен жүзеге асады. 3) Жүйелі тәсіл (систематический) арқылы құқық ережелерін мазмұны олардың орны мен берілген нормативті актілерден, институтпен, салалармен байланысты түсіндіріледі. Бұл түсіндіру тәсілі құқықтық ішкі қасиеттерімен, жүйелілікпен алдын ала анықталады. Кез-келген құқықтық ереже, басқа құқық ережелерімен байланыса отырып құқықтың негізгі бөлігін құрайды. Сондықтан, ереженің мазмұнын талдағаннан кейін, оны байланыстырып ашу қажет. Нақты құқық ережесін мазмұны бойынша оған жақын басқа ережелерді талдағаннан кейін түсінуге болады. Жүйелі түсіндірме құқықтық ережелер арасындағы коллизия фактілерін анықтауға мүмкіндік береді. 4) Тарихи-саяси тәсіл. Ресми түрде алынып тастамаса да қолданылмайтын құқық ережелерін анықтауға көмектеседі, демек ереже сұрыптаған қоғамның қарым-қатынастар жоқ. Тарихи-саяси тәсілдің мазмұны құқық ережесінің мәнін түсінуге бағытталған, оны қабылдау мақсаттары мен себептерін түсіндіру үшін тарихқа жүгіну арқылы жүзеге асқан әрекет болып табылады. 5) Арнайы заңдық. Заң ғылымын және заң шығарушы техниканы кәсіби білуге негізделген түсіндіру. Мұндай түсіндіру техникалық-заңдық құралдары және заң шығарушы еркін білдіретін тәсілдерді әрекеттеуді қарастырады. Түсіндірменің ерекшелігі мөлшері бойынша құқық ережелерінің мәнін түсінумен және түсіндірумен шарттасқан. Мөлшері бойынша түсіндіру түрлері: 1) Әріпік түсіндіру – түсіндірілетін құқық ережелерінің мәні және оның нәтижесі түсіндірілетін құқықтық мәтінімен толық сәйкес болады. Рух пен заң әріптері сәйкес болғанда, демек құқық ережелерін сөздік бейнелеу мен оның шын мәнінде бірдей болғанда қолданылатын, толы кездесетін түсіндірудің типтік түрі. 2) Кең түрдегі түсіндіру, құқық ережесінің мәні мен мазмұны, оның сөздік айтылуынан кең мағыналы болады. 3) Шектелген түсіндіру – түсіндіру нәтижесінде ереже мазмұны оның мәтініне қарағанда тар мағынада болған кезде қолданылады.
95 67. Құқықтық нормаларды түсіндіру әдістері. Түсіндіру әдістері ретінде құқықтық нормаларды ұғынуға және түсінік беруге, оларда көрініс тапқан заң шығарущының еркін анықтауға мүмкіндік беретін нақты әдістер, процедуралар және технологиялар болып табылады. Түсінік өз кезегінде интерпретатордың танымдық әрекетін нақты білдіретін термин болып табылады. Құқықтық норманы түсіндіру әдісі интерпретатордың мақсатына және өзіндік құқықтық әрекетіне байланысты болады. Түсіндірудің негізгі әдістері: 1) Түсіндірудің грамматикалық әдісі - норманы лексикалық сатистикалық және моҚРологиялық талаптар тұрғысынан талдауды, жекелеген сөздер, сөйлемдер және жалғаулық шылаулардың мәнін анықтауды көздейді. Заң ғылымында нақты және формальды сипатқа ие мұндай факторлар маңызды рөл атқарады. Көп жағдайда олар адамдардың тағдыры шешеді, қандай да бір шешіс қабылдауға ықпал етеді. 2) Логикалық әдісі – құқықтық норманы логика заңдарының негізінде талқылау. Бұл тәсіл кезінде, ең алдымен, норманың бүкіл ішкі (логикалық) құрылымы, оның элементтерінің гипотеза, диспозиция және санкцияның өзара байланысы анықталады, кездесуі мүмкін логикалық қарама қайшылықтар жойылады. Бұрмаланған ауыспалы мағынадағы сөздер, түсіндірілетін ереженің рухы мен әріпінің арақатынасы талданып, бағаланады. Құқықтық норма логикалық құрылымы бойынша заңшығару техникасының ерекшеліктерімен сипатталады. 3) Жүйелік әдісі – құқықтық норма оқшау түрде қаралмай, басқа нормалармен, әсіресе сабақтас біртекті қатынастарды реттейтін нормалармен байланысты түсіндіріледі. Бұл құқықтың жүйелілігімен тікелей байланысты. Құқық жүүйесіндегі нормалар бір бірімен тығыз байланыста болады, белгілі бір тәртіпте иерархиялық сипатта орналасып, бір бірімен тәуелділікте болатыны белгілі. Әсіресе бұл сілтемелік және бланкеттік нормаларға қатысты. Норманың жалпы мәнін дұрыс түсіну үшін оның қай құқық саласына, институтқа жататыны, оның жекелеген актіде орнын анықтап алу қажет. Түсіндірудің бұл әдісі кезінде норманың ішкі мазмұнына емес, оның сыртқы байланыстарына ерекше көңіл бөледі. Жүйелік әдісі түрлі ережелердің арасындағы қарама қайшылықтарды анықтап, жоюға заң аналогиясын қолдану кезінде қажетті норманы табуға, құқықты біртұтас жүйе ретінде түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық норманы басқа нормалардан оқшаулай отырып түсіндіру кезінде қателіктерге бой алдыруға болмайды. 4) Тарихи саяси түсіндіру - кезінде құқық қолданушы қандай да бір норманың қабылданған кездегі әлеуметтік жағдайларына назар аударуы тиіс. Бұл ретте аталған жағдайладың, саяси және экономикалық жағдайлардың елеулі түрде өзгерген немесе өзгермейтіндігі ескеріледі. Белгілі бір акті қабылдау қажеттігі болғанын анықтап, ол қажеттілік әлі де бар екендігін анықтап алған жөн. Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ, белгілі
96 бір жағдайда қабылданған және формальды түрде күшін жоймаған заңдардың кейінгі кезде де қолданыста болғаны белгілі. Дегенмен, бұл жағдайда мұндай заңдар іс жүзінде (өлі заңдар) ретінде болды. Тарихи саяси әдіс, салыстыру әдісі белгілі бір жағдайларда және қатынастарда қандай нормаларды қолдануға болатынын немесе болмайтынын анықтауға көмектеседі. 5) Арнайы заңды түсіндіру заң ғылымы мен заңнамада арнайы терминдер мен ұғымдардың болуымен байланысты және мұндай терминдер бұл саладан хабары жоқ тұлғалар үшін түсініксіз болғандықтан, түсіндіруді қажет етеді. Әрбір ғылым саласының өзіне тән қасиеттері болатыны белгілі. Заңгерлер бірін бірі түсінгенімен, қарапайым азаматтар үшін бірқатар терминдер түсініксіз болатыны белгілі. Түсіндіру көлемі бойынша үш түрге бөлінеді: сөзбе-сөз, шектелген және кеңейтілген талқылау. 1) Cөзбе-сөз түсіндіру кезінде құқықтық норманың мәтіні мен мәні дәлме дәл келеді, басқаша айтқанда оның рухы мен әріпі сәйкес келеді. Мұндай нормалар өте көп кездеседі. Әрине қателіктерге жол бермеу үшін оны алдымен мұқият талдаудың көмегімен анықтап алған жөн. 2) Кеңейтілген түсіндіру кезінде құқытық норманың сөзбе сөз мәтініне қарағанда ол кең мағынада талқыланады. Кеңейтілген түсіндіруден оған ұқсас институт құқықты аналогия бойынша түсіндіруді ажырату қажет. Құқықты аналогия бойынша түсіндіру кезінде нақты бір норма емес, құқыққа жалпылама түрде кең мағынада түсіндіру беріледі және іс құқықтың жалпы рухын, қағидаларын, әлеметтік бағытын ескере отырып түсіндіріледі. 3) Шектелген түсіндіру кезінде құқықтық норманың сөзбе сөз мәтініне қарағанда ол тар мағынада талқыланады. 68. Заңдық коллизиялар және оны шешу жолдары Заңнама – күрделі көпсалалы құрылым. Мұнда көптеген түрлі оқулар, келіспеушіліктер, бәсекелес, жанжалшыл ережелер мен институттар кездеседі. Заңдық коллизиялар – бірдей қоғамдық қарым-қатынасы жөндеуші құқықтық актілердің арасындағы қарама-қайшылық. Олар құқықтық жүйеге келіспеушілік, кемістік алып келеді, құқықты қолдану тәжірибесінде ыңғайсыздық туғызады, заңнаманы пайдалануды қиындатады. Коллизияның объективті себептерін атауға болады (мысалы, құқықтық жағдайдың артта қалуы себебінен кейбір ережелер ескіреді, басқалары пайда болады) және субъективтік (заңнамалық тәжірбиенің жетіспеушілігі, заңдар сапасының төмендегі, нормативтік актілердің жүйесіздігі т.б.). Заңды коллизия деп бірдей қоғамдық қатынастарды жөндеуші нормативті – құқықтық актілердің арасындағы қайшылықты, сонымен қатар құқық қолдану
97 процесінде пайда болатын, құзырлы ұйымдармен жүзеге асатын қайшылықтарды айтамыз. ҚР коллизия түрлері: 1) Конституция мен басқа актілер арасындағы (конституция пайдасына шешіледі). 2) Заңдар және заң астындағы актілер арасында (заңдық үлкен күштің актісі ретінде заң пайдасына шешіледі). 3) Жалпымемлекет актілер мен Республика субъектілерінің актілері арасында (егер соңғы кіріспе негізінде қабылданған болса, онда ҚР конституциясын ст.76 6 б. Сәйкес әрекет етеді, егер соңғы кіріспеден тыс қабылданса, егер жалпымемлекет акт жұмыс жасайды). 4) Түрлі уақытта шығарылған бір ұйымның актілері арасында (соңғы қабылданған акт қолданылады). 5) Түрлі ұйымдар қабылданған актілер арасында (жоғары заңдық күші бар акт қолданылады). 6) Жалпы және арнайы актілер арасында (егер олар бір ұйыммен қабылданған болса, онда соңғысы қолданылар, егер әртүрлі ұйымдармен қабылданса, онда біріншісі әрекетте болады). Коллизияны шешу тәсілдері: 1) Жаңа акт қабылдау; 2) Ескі актіні жою; 3) Қолданыстағы актілерге өзгертулер енгізу; 4) Заңнаманы жүйелендіру; 5) Референдулар; 6) Соттар іс-әрекеті (ҚР конститутция соты); 7) Келісуші комиссиялар арқылы сөйлесу; 8) Түсіндірмелер т.б. Заңды коллизия, саяси келіспеушіліктер қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылыққа нұқсан келтіреді, адамдардың құқықтық санасын бұрмалайды, дағдарысты жағдайлар мен әлеуметтік шиеленісті туғызады. Аталған жағымсыз құбылыстардың барлығы құқықтық нигилизмнің барлық деңгейлерінде көрініс табатын құқықтық мәдениеттәі төмен деңгейінің белгісі. Заңды коллизияны шешудің тәсілдері ретінде оларды жоюдың нақты әдістері, құралдары, механизмдері және рәсімдері болады. Коллизияны жою үшін, істің нақты жағдайын анықтауда, мақсатты шешім қабылдауда, дұрыс нұсқауларды таңдауда жоғары кәсібилікті талап етеді. Бұл, әдетте күрделі аналитикалық міндет. Әрине, коллизиялық ережелерді шығару арқылы қарамақайшылықтарды алып тастауға болады. 69. Құқықтағы кемшіліктер және оларды жою жолдары Құқықтағы кемшілік жұмыс асап жатқан заңнамаларға қажетті заң ережелерінің толық немесе жартылай жоқ болуы, олар заңдық және шындық
98 негіздегі қоғамдық құқықтық қатынастарды маңызына қарай істі шешуге мүмкіндік береді. Құқытағы кемшілікті жұмыстағы заңнама жүйесіндегі құқық ережелерінің болмауы деп түсінеміз. Оның екі жағдайын қарастыру маңызы: 1) Фактілік жағдайлар құқықтық жөңдеу сферасында (аясында) болуы қажет. 2) Берілген фактілік жағдайды жөнге салатын құқықтық нақты ережелері болмауы керек. Құқықтағы кемшілік объективті және субъектитвті себептері бар. Олар өз уақытында жойылып отырылуы қажет. Кемшілікті жою құқықтың жаңа ережелерін қабылдау арқылы да жүзеге асады. Кемшілікті құқық қолдану процесінің көмегімен де жеңуге болады, бірақ мұнда құқықтың жаңа ережелері құрастырылмайды және құқық қолданушы әрқашан жоқ ережелік ескертпелерді заң және құқық ұқсастықтары (аналогия) арқылы толықтырып отыруға мәжбүр болады. Құқытағы кемшілік мәселесі аналогия (ұқсастық) арқылы шешіледі. Заң беруші кемшілікті жаңадан екі мүмкіндігін қарастырды: 1) Заң ұқсастығы. Бұл нақты заңдық істің берілген жағдайға емес, оған ұқсас жадайға есептелген құқықтық ереже негізінде шешіледі. Заң ұқсастығы қарастырылып отырған нақты өмір жағдайына арналған құқық нормалары болмаған кезде, соған ұқсайтын басқа ережелер заңнамада болғанда қолданылады. 2) Құқық ұқсастығы. Бұл нақты заңдық істің құқықтың жалпы принциптеріне және мәніне негізделген шешім. Кемшілікті жеңудің берілген тәсілі – нақты ереже болмағанда, оның берілген салада да, ұқсас жерлерде де болмау жағдайында мүмкін болады. Құқық ұқсастығы заңнамада ұқсас жаңдайларды басқаратын құқық ережесі болмағанда жеке іс құқықтың жалпы принциптері негізінде шешілгенде қолданылады. Шындық, ізгіліктілік, заң алдындағы теңдік т.б. құқық принциптері туралы сөз болмақ. Мұндай принциптер конститутциялармен және басқа заңдарда бекітіледі. Құқықтағы кемшілік жоғарыда көрсетілген аналогиялар жолымен ғана жойылмайды, сонымен қатар, қажетті өкілеттікке ие бола отырып, биліктің заңберуші органдары, тәжірбиеде кемшіліктерді жөңдейтін, жүйелейтін, құқық қолданатын ұйым болып табылады. Сонымен, құқытағы кемшілік – бұл заң және шыңдық негізінде қоғамдық қатынасты басқаруға және істі маңызы бойынша шешуге қажетті, құқықты ережені, қатынас сипатына ұқсас жағдайларда қолдануды сот арқылы жою барысында заңдық ережелер мен институттардың заңнамада болмауы.
99 70. Заң тәжірибесінің түсінігі және құрылымы Заң тәжібиесі – бұл әлеуметтік – құқықтың тәжірбиеде жинақталған заңдық алғышарттары (түсініктеме, жүзеге асыру және т.б.) шығару бойынша жасалатын іс-әрекет. Заңдық практиканың кез-келген практика сияқты, әлеуметтік-тарихи тәжірибесінің негізгі түрі ретінде өз ерекшеліктері бар. Субъектілердің заң тәжірбиесіне қатысушылардың әрекеттері, олардың белгілі әрекеттер мен құралдарды қолдануы, шығарылған шешімдерді безендірудің тәсілдері және жинақталған тәжірбиелердің бекітілуі жөнге салынған, құқықтық ережелермен және басқа заңдық ескертпелермен тәртіпке келтірілген. Заң тәжірбиесінің құрылымы – бұл элементтермен байланыстардың дұрыс құрылуы, олар оның толықтығын, қажетті объективті қасиеттердің және оған түрлі өмір әрекеті факторларының ықпал ететін функцияларының анықталуын қамтамасыз етеді. Заң тәжірбиесінің элементтері: 1) Практика нысанасы. Бұл заңдық іс-әрекетке және оның субъектілері мен қатысушыларының операциясына бағытталған нәрсе. Оған тұрмыстық және тұрмыстық емес жағдай, қоғамдық қатынас және адамдардың нақты әл-қуатының әрекеттері (әрекеттің болмауы), сәйкес заңдық процеске кірістірілген және қоғамдық, жеке бас қызығушылықтары мен қажеттіліктерді қанағаттандыруына қызмет ететін басқа да заттар мен құбылыстар жатады. 2) Құқықтық қатынас қатысушылары үшін құқық салдарына апаратын заңдық әрекеттер. 3) Практика құралдары – бұл мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге көмектесетін заттар мен құбылыстар. 4) Тәсіл – бұл нақты құралдар көмегімен және әрекеттің сәйкес жағдайлары мен алғы шарттарының болуы барысында алға қойылған мақсатқа жетудегі оның жолы. 5) Заң операцияларының нәтижесін көрсететін, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүміндік беретін қорытынды. 6) Заң тәжірибесінің формалары – бұл ұйымдастырудың, мазмұнының болуының және оның сыртқы бейнеленуінің тәсілдері. Қоғамның құқықтық жүйесі үшін практиканың әртүрлі типтерінің, түрлерінің және түршелерінің бір мезгілде жұмыс жасағаны абзал. Сипатына байланысты қоғамдық қатынастарды түрлендірудің тәсілдерін келесідей бөлуге болады: құқық шығармашылықты, құқық қолданушылық (құқық іске асырушылық), үкім беруші, қорытынды жасаушы және т,б, жатады. Функционалды аспектіде құқық нақтылаушы, бақылаушы, құқық жүйелеуші және басқа типтерге бөлуге болады. Бұл типтердің ерекшеліктері – қоғамдық қатынастардың өзгерістері бұл жерде құқық шығарушылық, құқық қолданушылық, үкімдік және құқық түсіндіруші құрамдар мен тәсілдердің көмегімен жүзеге асады. Заң тәжірбиесінің кез келген түрін
100 белгілі түрлерге және түршелерге бөлуге болады. Ал, құқық қолданушы және юрисдикциялық түрлері бар, соңғысы өз кезегінде превентивті, қанушы деп бөлінеді. Субъект бойынша заң тәжірибесі заң беруші соттық, тергеуші, нотариалдық деп бөлінеді. Сондықтан, критерийге өте детальды жүйелеу қажет. Соттыққа ҚР жоғарғы Соты облыстық, қалалық, аудандық соттардың практикалары жатады. Ал практика нысаналарының классификациясы мен шешілетін істердің категорияларын негізге алып, соттық практика туралы айтуға болады, тыс азаматтық және қылмыстық істер бойынша. Заң тәжірибесінің функциялары объективті және субъективті шындыққа гомогендік ықпалдың ерекше бағыттарын білдіреді. Функция – бұл қоғамдық өмірге заң тәжірбиесінің мақсатты түрде әсер етуі. Сондықтан функциялар практиканың мақсатымен, міндеттерімен тығыз байланысты. 71. Құқықтық қатынастар: түсінігі мен белгілері Құқықтық қатынастардың барлығы да толықтай заңды нысанды иелену мүмкін емес. Құқықтық қатынастар адамдар мен нақты өмірлік қатынастардың аспектісін бейнелеп, құқықтық нормалармен анықталады. Құқықтық қатынастар – құқықтың әлеуметтік және мемлекеттік институт ретінде ықпал етуінің салдары. Жалпы қалыптасқан құқықтық нормалардың (объективтік құқық) нақты (субъективтік) құқыққа және құқықтық қатынастардың қатысушыларының міндеттері құқықтық қатынастардың құралы болып табылады. Құқықтық қатынастар – бұл, құқықтық нормамен анықталып ерекше нысанымен бейнеленетін қоғамдық қатынастардың шынайы жағы. Құқықтық қатынастың объектісі болып оның қатысушыларының субъектитвтік құқықтары мен заңды міндеттері неге бағытталғандығы, басқаша айтқанда, құқықтық қатынасты туындататын құндылықтар табылады. Субъективік құқыққа ие тұлғаның белгілі бір затты иелену, пайдалану, билік ету, белгілі бір жүріс-тұрысқа ие болу және өзгелердің әрекеттеріне ықпал ету мүмкіндігі болады. Мұның барлығы объект ұғымына жатады. Міндет құқықтың жүзеге асырылуын қамтасыз етуге, яғни, құқықтық қатынастың құқыққа ие тұлға мен мемлекеттің мүддесіне қалыпты қызмет етуіне бағытталған. Құқықтық қатынастар құқық сияқты мемлекетпен қорғалады. Өзге қатынастар мұндай қорғауға ие болмайды. Әрине, мемлекет барлық құқықтық қатынастарға мүдделі емес (мысалы, құқық бұзушылықтардан туындайтын қатынастар) және оларды қорғамауы да мүмкін, алайда, мемлекет осындай әлеуметтік теріс құбылыстардың дұрыс шешілуіне, кінәлі тұлғалардың тиісті жаза алуына мүдделі болады. Сондықтан да мұндай қатынастарды өз назарына алады және осы себептерден пайда болатын