151 9)заңнаманың нормативті негізі, яғни құқықтық құбылыс секілді құқықтың заңсыз әрекет етпеуі; 10) заңнамаға негізделген адамның әрекеті. Заңдылық қағидалары: 6) Бірлік қағидасы егер заңдылықты ең алдымен заңдардың сақталуы ретінде түсінетін болсақ, ол мемлекеттің бүкі аумағында және барлығына бірдей болуы керек. Ол әр аумақта әр түрлі болуы мүмкін емес. 7) Заңдылықтың деңгейін көтеруде, азаматтардың бостандығы мен негізгі құқықтарына, кепілдік беру; 8) Жасаған құқықбұзушылығы үшін жазадан құтыла алмауы; 9) Заңдылық пен мақсатқа сәйкестілікті өзара қарама қайшы қоюға жол бермеу қағидасы. 10) Заңдылық пен мәдениеттің өзара байланысы, аталған жағдайда заңдылық рухани мәдениетпен қамтамасыз етіледі және қоғамда рухани жетістіктер негізінде дамиды. Заңдар мен заңдылық, жоғарыда көрсетілгендей, заңдар қоғамды өркениетті түрде басқару мен мемлекеттік саясатты жүргізу құралы. Алайда заңдардың жай ғана болуы, тіпті жетілген және сапалы заңдардың болуы көздеген мақсатқа жету, яғни заңдылықтың орнауы үшін жеткіліксіз, себебі заңдарды барша халық барлық кезде орындауы және сақтауы тиіс, олар әлеуметік тұрғыдан тиімді болуы тиіс. Заңның үстемдігі оның халықтың еркін тікелей білдіруі, жоғары заң күшінің болуы, тек қана заң шығарушы органмен және белгілі бір тәртіп бойынша шығарылуымен түсіндіріледі. Заңдылықпен оның қағидаларын жариялау, жақсы заңдарды ойластырып, қабылдау жеткіліксіз, олардың шынайылылығымен қол жетімділігі және тиімділігінің белгілі бір кепілдіктері болу қажет. Бұл жағдайда кепілдіктер ретінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға жағдай жасайтын объективтік және субъективтік факторлар, шарттар мен алғышарттар түсініледі. Сондай ақ бұлардың қатарына аталған мақсаттарға жетуге бағытталған, арнайы бекітілген құралдарда енеді. Бұлар заңдарды сақтауды қоғамда тиісті қоғамдық тәртіпті орнатуды ынталандыруға және кепілдеуге бағытталған шаралар, ұмтылыстар және механизмдер жүйесі. Жоғары маңыздылыққа ие кепілдіктер: 7) Заңды нормалардың толықтай нәтижелілігі, негізгі нақты заңдылықтары және қоғамның даму үрдістері; 8) Құқықбұзушылықтарды жоюдағы және оларды уақытында анықтауға бағытталған бақылаудың жоғары деңгейі мен заңнамалардың жүзеге асырылуын қадағалау; 9) Заңдылық жауапкершіліктің нәтижесінің шеңбері; 10) Қоғамның түрлі тіршілік саласын, құзырлы билік органдарының заңнамалармен қамтамасыз етудегі сапалы жұмысы; 11) Әр қашанда заңи қызметтерді дамытып, жетілдіру; 12) Елдің тұрғындарының дамыған құқық мәдениеттілігі мен құқық сауаттылығы;
152 Құқықтық тәртіп – қоғамдық қатынастардың құқыпен қорғалатын, реттелетін қатынастар жүйесі. Құқықтан тыс немесе құқықсыз құқықтық тәртіптің болуы мүмкін емес. Құқықтың мақсаты адамдар мен олардың бірлестіктері арасындағы өзара қарым қатынастарға белгілі бір тәртіпті енгізу. Сондықтан, құқықтық тәртіп қоғамдық қатынастардың реттелу жағдайы ретінде көрініс табады. Құқықтық тәртіптің сипаты, мазмұны, әрекет етуі және қамтамасыз етілуі белгілі бір дәрежеде құқықтың қалай түсіндірілетініне байланысты болады. Құқықтық тәртіп әр мемлекеттің ішкі ісі болып табылады. Алайда, оның мәні көп жағдайда белгілі бір мемлекеттің ұлттық мүдделерінің шегінен шығып жатады, себебі тәртіпсіздік, тұрақсыздық, адам құқықтарының бұзылуы және басқа да жағымсыз құбылыстар халықаралық ұйымдар мүдделері мен халықаралық тәртіп деңгейіне де ықпал етеді. Құқықтық тәртіп элементтері: 4) Құқық пен заңдылық, оның нормативті заңдылық негізі болып табылады; 5) қоғамдық қатынастар шеңберінде, субъектілермен жасалатын құқыққа сай әрекеттер; 6) құқықтық қатынастар қатысушыларының субъективті құқықтар мен заңды міндеттерді иеленуі. Құқықтық тәртіп пен қоғамдық тәртіп ұғымдарын ажырата білу қажет. Қоғамдық тәртіп құқықтық тәртіпке қарағанда, анағұрлым кең мағынаны білдіреді. Егер құқықтық тәртіп құқыққа негізделіп оның жүзеге асырылуының түпкі нәтижесі болса, қоғамдық тәртіп тек қана құқықтық емес, сонымен қатар қоғамда әрекет ететін басқада әлеуметтік нормаларды сақтауды көздейді. Құқықтық тәртіп пен қоғамдық тәртіптің арасындағы айырмашылықтар мынадан көрініс табады: 6) олар өзінің генезисі шығу тегі, эволюциясы бойынша сәйкес келмейді; егер қоғамдық тәртіп тарихи тұрғыдан адамзат қоғамының үйлесімді бөлігі және өмір сүруінің шарты ретінде оның пайда болуы және қалыптасуымен қатар пайда болса, құқықтық тәртіп саяси құқықтық құбылыс ретінде кейінірек жария билік, құқық және заңдар пайда болған кезде қалыптасты; ол мемлекеттің белгісі. 7) Олардың нормативтік үлгісі әртүрлі; егер құқықтық тәртіп құқыққа негізделсе және түптеп келгенде, оның жүзеге асуының нәтижесі болып табылса, қоғамдық тәртіп құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар, қоғамдағы өзге де әлеуметтік нормаларды сақтаудың салдары болып табылады. 8) Олар түрлі нысанда қамтамасыз етіледі, егер құқықтық тәртіп мәжбүрлеудің ерекше апаттарына сүйенсе, қоғамдық тәртіп қоғамдық пікірдің күшіне, мемлекеттік емес ықпал ету шараларына сүйенеді. 9) Құқықтық тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзған жағдайда түрлі салдар туындайды;
153 10) Қоғамдық тәртіп пен құқықтық тәртіп өздерінің көлемі, мазмұны, құрамы бойынша әртүрлі болады. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы. Олар себеп пен салдар түрінде арақатынасқа түседі: заңдылық болған жерде құқықтық тәртіпте болады, заңдылық жоқ жерде құқықтық тәртіпте болмайды. Егер заңдар мен басқа нормативтік актілер жаппай сақталынса, осындай жағдайдың нәтижесінде құқықтық тәртіп орнайды. Құқықтық тәртіп заңдылық жағдайының шынайы көрсеткіші, ол заңдардың, құқықтық норма талаптарының сақталу дәрежесін көрсетеді. Құқықтық тәртіп заңдылықтың нәтижесі. Ақпараттық –психологиялық тұрғыдан құқықтық құралдар ретінде құқықтық нормалар, шарттар немесе құқық қолдану актілер емес, оларда көрініс табатын ақпараттық –психологиялық ықпал етудің нақты шаралары танылады. Бұлар субъективті құқықтар мен міндеттер, жеңілдіктер мен тоқтатулар, көтермелелулер мен жазалар. Бұл шаралардың барлығы екі топты құрайды: құқықтық ынталандыру және құқықтық шектеулер. Құқықтық ынталандыру тұлға мен қоғам үшін пайдалы құқыққа сай жүріс тұрысқа шақырумен байланысты болса, құқықтық шектеулер тұлға үшін пайдалы болса да, басқа азаматтар мен қоғам үшін тиімсіз, тіпті зиянды әрекеттерді тұлғаның өз әрекеттерін құқыққа қайшы жолмен қанағаттандыруын тежеп отырады. Құқықтық ынталандыру субъектінің жеке мүдделерін қанағаттандыруда анағұрлым қолайлы режим жасау үшін заңға сәйкес жүріс тұрысқа құқықтық тұрғыдан шақыру. Құқықтық ынталандырулар: 6) Тұлғаның мүдделерін жүзеге асырудағы қолайлы жағдайлармен байланысты, себебі белгілі бір құндылықтарды ұсынудан, ал кейбір кездері құндылықтардан айыру шарасын жоюдан немесе төмендетуден көрініс табады; 7) Мүмкіндіктер мен бостандықтар көлемінің кеңеюін білдіреді, себебі, құқықтық ынталандырудың көрініс табу нысандары болып субъективтік құқықтар, заңды мүдделер, жеңілдіутер мен көтермелеулер болып табылады; 8) Оң құқықытқ мотивация болып табылады; 9) Позитивті белсенділіктің артуын көздейді; 10) Қоғамдық қатынастарды өзгерте отырып, реттеуге бағытталады, әлуметтік байланыстарды дамыту функциясын атқарады. Бұл белгілерден олардың қажеттілігі және әлеуметтік құндылығы көрініс табады. Құқықтық шектеу - өзге субъект пен қоғамның мүдделерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайтын, құқыққа қайшы әрекетті заңды түрде тежеу; бұл тұлғалардың әрекет етуінің құқық пен белгіленген шекаралары, олардың қызметіндегі белгілі бір мүмкіндіктерді шектеу. Құқықтық шектеулер : 6) Субъектінің мүдделерін жүзеге асырудағы қолайсыз жағдайлармен (белгілі бір құндылықтардан айыру) байланысты, себебі, оларды тежеуге сонымен
154 қата, қарсы тараптың мүдделерін және қоғамдық мүдделерді қанағаттандыру мен қорғауға бағытталған; 7) Мүмкіндіктер мен бостандықтардың, тұлға құқықтары көлемінің кемуін білдіреді. Оған міндеттер тыйым салулар, жазалар арқылы қол жеткізеді. 8) Теріс құқықтық мотивацияны білдіреді; 9) Негативті белсенділікті төмендетуді көздейді; 10) Қоғамдық қатынастарды қорғауға бағытталған. Құқықтық шектеулердің түрлері : Құқықтық норма құрылымының элементіне қарай заңды факт, шектеу, заңды міндет, тыйым салу, тоқтата тұру, жазалай. Құқықтық реттеу пәніне қарай - конституциялық, азаматтық, экономикалық және т.б. Құқықтық ынталандыру мен шектеулержүріс тұрыс үшін аса маңызды болып табылады және олар субъектінің мүддесімен байланысты құндылықтармен тығыз байланысты болады. Жеңілдіктер, артықшылықтар құқықтық ықпал етудің ақпараттық психологиялық механихміндегі аса маңызды ынталандырушы құрал болып табылады. Олар қазіргі заманғы құқықтық өмірде құқықтық жүйені реформалау жағдайында елеулі рөл атқаруда. Жеңілдіктер әдетте құқыққолдану актілерінің емес, нормативтік актілердің көмегімен бекітіледі. Заңда жеңілдіктерді жекелеген тәртіпте беруге тыйым салу бұл процесте орын алу мүмкін пайдакүнемдік ниеттің алдын алуға бағытталған. Құқықтық жеңілдік ретінде субъектілер мүдделерін анағұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін және оған қосымша, ерекше құқықтар (артықшылықтар) беруден, сондай ақ міндеттерден босатудан көрініс табатын, оның құқықтық мәртебесін құқыққа сәйкес түрде жеңілдеті танылады. Құқықтық жеңілдіктерге келесідей белгілер тән: 4) олар субъектілер мүдделерін анағұрлым толық қанағаттандырады, олардың өмір сүру жағдайын жеңілдетеді. Бұл міндетті түрде қоғамдық мүдделер шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс. Заң шағарушы жеңілдіктерді бекіту кезінде алдына келесідей мақсат қояды жекелеген тұлғаларды әлеуметтік тұрғыдан қорғау, олардың жағдайын жақсарту, олардың мүдделерін қанағаттандыру процесін әлдеқайдақолайлы режимге ауыстыру. 5) құқықтық ережелер жалпы ережеден нормативтік сипаттағы бірыңғай талаптардан тыс болады және құқықтық саралаудың тәсілі болып табылады. Құқық жетілген сайын қоғам өмірінің жекелеген мәселелерін жоғары деңгейде және жан-жақты реттейді. 6) құқықтық жеңілдіктер құзырлы органдар құқық шығармашылықтың демократиялық процедураларына сәйкес нормативтік актілерде бекітетін құқыққа сәйкес айрықша ережелер болып табылады.
155 Жеңілдіктер – ең алдымен тұлғаның арнайы құқықтық мәртебесінің элементі, субъектінің негізгі құқықтары мен міндеттерін құқықтық сипаттағы мүмкіндіктермен толықтыру механизмі. Құқықтық жеңілдіктердің неізгі мақсаты тұлға, әлеуметтік топтар мен мүдделерін үйлестіруде. Жеңілдіктер әлеуметтік игіліктерді үлестіре және жекелеген азамат пен жалпы қоғамның қалыпты дамуына жағдай жасай отырып, мұндай мүдделерді байланыстырады және үйлестіреді. Бір жағынан, жеңілдіктер мүдделері жалпв ережелер шеңберінде тиісінше қамтамасыз етілмейтін және қорғалмайтын субъектілер үшін белгіленеді, себебі, мұндай тұлғаларға қкндай да бір ерекшеліктер тән болады. Екінші жағынан, жеңілдіктер мемлекет пен қоғам үшін әлеуметтік пайдалы қызметті жүзеге асыратын субъектілерге беріледі. Құқықтың сапасы жеңілдіктердің сипаты мен көлеміне тәуелді болады. Әділдік және теңдік идеяларын өмірге енгізуге бағытталған жеңілдіктер құқықтық мемлекет жағдайында құқық бастамаларының, оның негіздерінің ерекше өлшемі болып табылады. Құқықтық жеңілдіктердің ерекше бір түрі болып артықшылықтар табылады. Артықшылықтар ретінде нақты субъектілер, ең алдымен билік органдары мен лауазымды тұлғалар үшін бекітілетін, олардың өз міндеттерін мейілінше толық және сапалы орындауы үшін қажет арнайы (көп жағдайда айрықша сипатағы) жеңілдіктер танылады. Құқықтық нормалардың санкцияларытуындататын салдарының сипатына қарай позитивті және негативті болып бөлінеді. Позитивті санкциялар, ең алдымен құқықтық көтермелеуді көздейді. Құқықтық көтермелеу ретінде субъектінің құқыққа сәйкес жүріс тұрысын заңды тұрғыдан мақұлдау нысаны мен шарасы түсініледі.Яғни, субъектіге қатысты белгілі бір көтермелеушарасы қолданылады. Көтермелеу санкцияларының болуы құқықтың құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды жасаған тұлғаларды жазалау,құқыққа сай жүріс тұрысты ынталадыру, қоғам мүддесі үшін әрекет ететін тұлғаларды көтермелеу міндетімен тығыз байланысты. Көтермелеу шаралары мәжбүрлеу шараларымен бірлесе отырып, мемлекет бекіткен құқыққа сай жүріс тұрыс үлгісін қамтамасыз етеді. Көтермелеу санкциясының ерекшелігі құқыққа сай жүріс тұрыс үлгісі құқықтық құралдармен қамтамасыз етілетін әлеуметтік мақсаттарды, әсіресе басқа тәсілдерімен қол жеткізу мүмкін емес мақсаттарды кепілдеуінде. Және мұнда мемлекеттің сый ақы беру немесе басқа да көтермелеу нысанындағы шараларын санкция деп санауға толық негіз бар, себеб, олар белгілі бір жетістіктер мен көрсетілген қызмет үшін заңда тікелей көзделетін шаралар. Бұлар да тиісті құқықтық нормаларды және олардың көмегімен қол жеткізілген әлеуметтік мақсаттарды мемлекеттік қамтамасыз ету құралдары. Құқықтық көтермелеу келесі функцияларды орындайды:
156 8) әлеуметтік бақылау, көтермелеу (тұлғалардың қандай да бір қызметін үйлестіруші); 9) мотивациялық (көтермелеу әлеуметтік құнды әректтерді жасауға итермелейді); 10) коммуникативті, нақты заңды мәліметтердің мазмұны; 11) бағалаушы қандайда бір жағымды әрекетке басқарушы органның ресми баға беруі, ресми түрде мақұлдауы; 12) кепілдендірілген тәртіпті нығайтуда қолайлы жағдай жасау, өзге заңды құралдардың жүзеге асуын қамтамасыз ету; 13) үлестірімдік ынталы, риясыз әрекеттері үшін көтермелеу шарасын бекітеді; 14) тәртіптік (көтермелеу, адамның жағымды психологиялық күйі, риясыз әрекет үлгісін көрсетеді) . Көтермелеу нормасының санкциясында жағымды салдар, ынталандыру шаралары бекітіледі. Ал қылмыстық құқықтық санкцияда қылмыстық құқықтық көтермелеу санкцияларын есептемегенде, жағымсыз салдар, жазалау шаралары бекітіледі. Сондай ақ, қылмыстық заңнамадағы сияқты көтермелеу нормаларында да ынталандырылатын жүріс тұрыстың саралаушы белгілеріпайдалануы мүмкін. Мысалы бұл жағдай ҚР Ішкі істер органдарында қызмет ету туралы ереженің 36бабында айқын көрініс тапқан. Ғалымдардың басым көпшілігі көтермелеу санкцияларын тануы құқықтағы позитивтік бастамалардың кең өріс алуына, оның ынталандыру әдістерін арттыруға, тұлғаларға ықпал етудің басқарушылық әдістерін жан жақты пайдалануға қатысты ғылыми ой мен құқықтық тәжірибенің одан әрі дамуына жағдай жасар еді. Жоғарыда айтылғандай, қалыптасқан терминологиялық дәстүрге сілтеме жасай отырып, ғылыми зерттеу барысында «санкция» санатын жалпы ғылыми тұрғыдан түсінуді елемеуге болмайды. Құқық – қоғамның қалыпты дамуы және қызмет ету мақсатында адамдар мен олардың ұжымдарының жүріс тұрысын реттеуге бағытталған және бостандық, әділдік, гумманизм, адагершілік, адам құқықтары идеяларын көрсететін, мемлекет шығаратын жалпыға міндетт, формальды анықталған нормалардың жиынтығы. Құқық қоғамдық өмірді ресми, өркениетті және мейілінше тиімді реттеу құралы, аса маңызды әлеуметтік, мәдени және моральдық құндылық тұлғаныңбостандығы мен жауапкершілігінің өлшемі. Бұл анықтама алғашқы анықтамаға қайшы емес, олар бірін бірі толықтырады. Құқық мүдделердің келісімге келуінің жария нысаны, әлеуметтік келісімге қол жеткізу құралы. Құқықтың басты міндеті қатысушылары түрлі мүдделер мен қажеттіліктерге ие қоғамдық қатынастардың объективт, әділ және тиімді реттеу құралы болу. Құқық қоғамдық қатынастардың мемлекеттік реттеушісі болып табылады – оның әлеуметтік мәртебесі осындай. Ал мемлекеттің қызметікөп жағдайда құқықтық сипатқа ие. Сондықтан, мемлекет пен құқықтың қайсысының
157 маңызды екендігі туралы дау тіпті де дұрыс емес, себебі құқық пен мемлекет бірін бірісіз өмір сүре алмайды. Мемлекеттік реттеушілік - қоғамдағы құқықтық реттеудің бір өзегі болып табылады. Құқық пен мемлекеттің мақсаты олардың қоғамдық қатынастарды реттеу ортақ істерді жүргізу құралы. Олар адамдардың тіршілік етуіне қалыпты жағдай жасау, мүдделерді қанағаттандыру, ұжымның еркін білдіру тәсілі ретінде көрініс табады. Мемлекет пен құқық өмірге ұйымдастырушылық бастамалар енгізеді және оны кездейсоқтық пен әділетсіздіктен қорғайды. Заңдылық қондырма – бұл қоғамның экономикалық базисі шегінде анықталатын барлық құқықтық құбылыстардың тұтастай жиынтығы. Мемлекет пен құқықтың өзара әрекеттестігі олардың бір біріне түрліше ықпал етуінен көрініс табады. Мемлекеттің құқыққа ықпалы оны жасауы, өзгертуі, жетілдіруі, құқық бзушылықтардан қорғауы және өмірге енгізуінен көрінеді. Құқық мемлекеттің тікелей қатысуымен қалыптасады, ол мемлекет қызметінің нәтижесінде өмірге келетін өнім. Құқықтың қалыптасу процесі жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қарай жүруі мүмкін. Ол халықтың салт дәстүрінен, әдет ғұрыптарының, жеке өзін өзі реттеуінен туындайды және мемлекет қалыптасқан ережелерді заңдарда бекітуге мәжбүр болады. Бұдан туындайтын, билік құқықты қалыптастыратын жалғыз күш емес. Құқық бүкіл қоғамның қатысуымен пайда болады. Дегенмен, мемлекет қоғамның ресми өкілі ретінде құқықты шығарушы субъектболып табылады. Құқық қоғамды мемлекеттік реттеушісі ретінде құқықтың қоғамдық қатынастарға ықпал етуінің белгілі бір тәсілдері, әдістері және құралдары танылады. Құқықтың өз реттеу рөлін қалай жүзеге асыратынын көрсетеді, себебі құқықтық нормалартүрлі қатынастарды жай реттеп қана қоймайды, олар қатынастарды түрліше реттейді. Мұндай реттеудің тиімділігі, бұл ретте алға қойылған мақсатарға қол жеткізу құқықтық реттеу әдістеріне тікелей тәуелді болады. Жалпы алғанда, құқықтық реттеу әдісі мемлекеттік биліктің қоғамдық қатынастарға ықпал етуіне жағдай жасайтын құқықтық құралдардың белгілі бір жиынтығын білдіреді. Осылайша, мемлекет пен құқықтың арасында күрделі және көп қырлы диалектикалық өзара байланыс пен өзара ықпалдастық орын алады. Бүгінгі таңда мұны ескермейінше толыққанды азаматтық қоғамды құру және мемлекетте тұрақтылықты, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету мүмкін емес.
158 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1.Абдулаев, М. И. Теория государства и права: учебник для юридических вузов и факультетов / М. И. Абдулаев. – М.: Право, 2016. – 320 с. – ISBN 978-5- 904836-11-5. 2.Құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ. 01.01.2019. 3.Бошно, С. В. Теория государства и права: учебник для юридических вузов и факультетов / С. В. Бошно. – М.: Эксмо, 2015. – 464 с. – ISBN 978-5- 699-39043-4. 4.Венгеров, А. Б. Теория государства и права: учебник для юридических вузов и факультетов / А. Б. Венгеров – М.: Омега-Л, 2014. – 608 с. 5.Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі (2022.01.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) 6.Гайков, В. Теория государства и права: учебник для юридических вузов и факультетов / В. Гайков. – М.: Феникс, 2016. – 704 с. – ISBN 978-5-222-19279- 5. 7.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (Ерекше Бөлім) (2022.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен. 8.Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 Заңы (2022.01.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) 9.Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі (02.03.2022 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) 10. Қaзaқcтaн Реcпубликacының Кoнcтитуцияcы 1995 жылғы 30 тaмыз (03.11.2020. берiлген өзгерicтер мен тoлықтырулaрымен) 11. Давыдов, Я. В. Теория государства и права: учебник для юридических вузов и факультетов / Я. В. Давыдов. – М.: А-ПРИОР, 2016. – 244 с. – ISBN 978-5-384-00456-1. 12. Қазақстан Республикасының кодексі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (02.03.2022 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) 13. Дмитриев, Ю. А. Пиголкин, А. С. Теория государства и права: учебник для юридических вузов и факультетов / Ю. А. Дмитриев, А. С. Пиголкин. – М.: Юрайт, 2017. – 768 с. – ISBN 978-5-9916-1577-8. 14. Лазарев, В.В. Теория государства и права: учебник для юридических вузов и факультетов / В. В. Лазарев. – М.: Юрайт, 2015. – 640 с. – ISBN 978-5-9916-1830-4. 15. Любашиц, В. Я. Теория государства и права: учебник для юридических вузов и факультетов / В. Я Любашиц. – М.: Феникс, 2016. – 303 с. – ISBN 978-5-222-16162-3.
159 16. Малько, А. В. Теория государства и права: учебник для юридических вузов и факультетов / А. В. Малько. – М.: РИОР, 2016. – 224 с. – ISBN 978-5-369-01192-8. 17. Ерболатов Е. Е. Судебная власть и принципы правосудия в РК. 4 декабря 2010/http: //www. zakon. kz/192288 -sudebnaja-vlast-i-principy - pravosudija. html Верховный суд Рк/http: //www. supcourt. kz/ 18. Марченко, А. М. Теория государства и права: учебник для юридических вузов и факультетов / М. Н. Марченко. – М.: Проспект, 2015. – 652 с. – ISBN 978-5-392-08794-5. 19. Матузов, Н. И., Малько, А. В. Теория государства и права: учебник для юридических вузов и факультетов / Н. И. Матузов, А. В. Малько. – М.: РИОР, 2014. – 528 с. – ISBN 978-5-7749-0543-0. 20. Нерсесянц, В. Проблемы общей теории права и государства: учебник для юридических вузов и факультетов / В. Нерсесянц. – М.: Норма, 2016. – 832 с. – ISBN 978-5-89123-361-4. 21. www.zakonia.ru/analytics/ 22. Перевалов, В. Д. Теория государства и права: учебник для юридических вузов и факультетов / В. Д. Перевалов. – М.: Юрайт, 2014. – 432 с. – ISBN 978-5-9916-2114-4. 23. Пиголкин, А. Теория государства и права: учебник для юридических вузов и факультетов / А. Пиголкин. – М.: Юрайт, 2016. – 752 с. – ISBN 978-5-9916-1158-9. 24. Радько, Т. Н. Теория государства и права: учебник для юридических вузов и факультетов / Т. Н. Радько. – М.: Проспект, 2016. – 496 с. – ISBN 978-5- 392-09995-5. 25. Интернет-ресурс:һпр:www. oilreview. 26. Рассолов, М. М. Теория государства и права: учебник для юридических вузов и факультетов / М. М. Рассолов. – М.: Юрайт, 2017. – 640 с. – ISBN 978-5-9916-0646-2. 27. Сырых, В. М. Теория государства и права: учебник для юридических вузов и факультетов / В. М. Сырых. – М.: Юстицинформ, 2017. – 704 с. – ISBN 978-5-7205-1094-7. 28. Хропанюк, В. Н. Теория государства и права: учебник для юридических вузов и факультетов / В. Н. Хропанюк. – М.: Омега-Л, 2016. – 334 с. – ISBN 978-5-370-02933-2.