1 Л.С.Майлыбаева «Педагогика тарихы» (Оқу құралы) Шымкент-2023 ж.
2 УДК Ә14 ББК .74.00я7 Орталық Аймақтық инновациялық университеті «Педагогика» кафедрасының мәжілісінің шешімімен баспаға ұсынылған. Пікір жазғандар: 1. Омарова Г.Ә. - п.ғ.к.,қауымд.профессор Мирас университеті 2. Қожагелдиева С.С. - п.ғ.к.,доцент Орталық Азия инновациялық университеті Л.С.Майлыбаева Педагогика тарихы: оқу құралы-Шымкент, 2023ж.
3 Кіріспе Егеменді еліміздің саясатын орындау қазіргі таңда Жоғары оқу орындары мен мектеп мекемелеріне үлкен жүк артып отыр. Себебі мемлекеттің ертеңгі болашағы өскелең ұрпақ. Ұрпақты саналы, сауатты, иманды, арлы, білімді, білікті етіп тәрбиелеу бала бақша мен мектепке одан әрі жоғары оқу орнына артылар үлкен жауапкершілік. Осы мәселелерге жауап беру мақсатымызда біз «Педагогика тарихы» пәнінен аз да болса сөз қозғамақпыз. Ондағы ойымыз болашақ мамандарды дайындауда Жоғары оқу орнының алар орны ерекше. Болашақ мамандар өз ісінің шебері болу үшін өткен аға ұрпақ салып кетскен сара жолдан өтуі тиіс. Біріншіден аға ұрпақтың кейінгі ұрпаққа берген үлкен мұрасын оның ішінде: халық ауыз әдебиеті арқылы жеткен шығармаларын, екіншіден жазба әдебиеті арқылы жеткен мұраларымен танысу, тәжірибесін алу, оны іске асыру, жаңа форматта жаңғырту. Өткенін білмеген болашағын болжай алмайды демекші «Педагогика тарихы» пәнінің мақсаты болашақ мұғалім мамандарын: Шетел педагогика тарихы, Ресей педагогика тарихы, Кеңестік педагогика тарихы және Қазақ педагогика тарихымен және қазіргі таңдағы Педагогика тарихыны пәнінің мақсаты мен міндеттерін, тәрбие, оқыту, білім берудегі өзекті мәселелермен таныстыру. «Педагогика тарихы» педагогтардың өмірі мен ағартушылық қызметі, өмір сүрген ортасының олардың көзқарастарының қалыптасуына тигізген әсері, педагогикалық ойларының өміршеңдігі және әлі күнге дейін маңызын жоймай жаңа өмір салтына жауап бертіндігінменде құнды. Сондықтан болашақ педагог мамандар «Педагогика тарихы» пәнін оқымай алға жетілуі мүмкін емес. «Педагогика тарихы» пәнін оқи отырып тарихқа көз жүгіртіп өткен кезеңдегі халықтың, ұлттың тарихын білу, тарихи кезеңдердегі ұлт зиялыларының сахна төріне ұлтым деп шығуы, озық ойлы идеялары, көрген азаптары мен қиыншылықтары, идея үшін өздерін құрбандыққа шалуы т.б. да көптеген мәселереге көз жеткізіп аға ұрпақтың кейінгі ұрпақ үшін жасап кеткен жанкештілік әрекетіне көз жеткіземіз. Қазіргі жастар бақытты, баянды ғұмыр кешуде. Бірақ әр заманның өзінің өзекті мәселесі болады. Ол мәселе шешімін табу үшін біздің тәрбиелеп отырған жастарымыз өткен кезеңнен тарихи сабақ алып халықтың бір мақсат бір мүддеге жұмыс жасауы үшін ұлттық тұтастықпен алға жылжуын жақсы түсінуі қажет. Сонда ғана педагогтардың мақсаты мен миссиясы орындалмақ. Осы мақсатты орындауды «Педагогика тарихы» пәнінің алар орны зор болмақ. «Педагогика тарихы» пәнін жазудағы басты мақсатымыз жоғарыда айтқан мәселелерді шешуде бұл оқу құралының болашақ мамандарға көмегі тисе деген ізгі тілек. Әрине «Педагогика тарихы» туралы бізге дейін де көптеген педагог ағартушы ғалымдар қалам сермеген. Дегенменде Жоғары оқу орнының талабын ескере отырып өзіміз жасаған Силлабус, Тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқаулықтарын басшылыққа алып, ондағы сұрақтарға жауап іздеген ізденуші білім алушыларға көмек құралы ретінде осы оқу құралының электронды нұсқасын ұсынбақ ниеттіміз. Егерде көмегі тиіп жатса қуанбасақ ренжімейміз. Абай Құнанбаев атамыз Қара сөзін жазарда не үшін жазғандығын түсіндіріп оқырманға керек болса қажетіне жаратсын, керек болмаса өз сөзім өзіме деген екен, бізде осы сөзге тоқтап білім алушылар керек етіп оқып жатса біздің мақсатымыздың орындалғандығы демекпіз.
4 1-ТАРАУ. ШЕТЕЛ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТАРИХЫ 1.1. «Педагогика тарихы» курсының теориялық-әдіснамалық негіздері. Жоспар: 1. «Педагогика тарихы» курсы пәні және міндеттері. 2. Алғашқы қауымдағы тәрбие. 3. Тәрбиенің пайда болуы. Әдебиеттер: 1.Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006. 2.Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 2003. 3.Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. Алматы, Білім 2008. Педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелердің және педагогикалық теориялардың дамуын зерттеді. Педагогика тарихы мұғалімдердің педагогикалық білімі мен шеберлігін қалыптастыруға көмектеседі. Әдістеме шындықты танудың ерекше жалпы жолдары туралы ғылым ретінде қарастырылады. Тарихи педагогикалық білімді әдістемелік негіздеу үшін тәрбиенің мәнін түсінудің маңызы орасан зор. Педагогика тарихы ғылым ретінде және өз негізінде құрылған оқу пәні қоғам өміріндегі тәрбиенің теориясы мен тәжірибенің даму заңдылықтары үрдісін жалпы түрде зерттейді. Тәрбиені әлеуметтік және педагогикалық құбылыс ретінде қарастыру қажет. Тәрбие үрдіс ретінде белгілі әлеуметтік, қоғамдық жағдайларда пайда болды. Ол қоғамдық дамудың тарихымен тығыз байланысты. Тарихи педагогиканың білім беруде маңызды әдістемелік негіздеуге өркениет тұрғысынан қарау жатады, ол тәрбиенің тарихи педагогикалық идеялары мен тәжірибенің дамуын бағалауда әлеуметтік алғышарттарды енгізуге мүмкіндік жасайды. Оның дамуын, қозғалысын әлеуметтік себептермен негіздейді. Келесі педагогика тарихының мәнді әдістемелік негіздеріне мәдениеттану тұрғысынан қарауды жатқызуға болады. Оның мәні мәдениет ұғымының өз мәнімен байланысты, мәдениетті өмір сүру үрдісінде адамзаттың жинақтаған тәжірибесі деп анықтама беруге болады. Сонымен қатар тәрбие жалпы алғанда тәжірибені бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беру мағынасында қолданылады. Осы мәдениет, адамзат тәжірибесі, тәрбие ұғымының өзара байланысында мәдениеттанудың негіздері жатыр. Екінші байланысы, тарихи педагогикалық ілімнің өзі бұл мәдениеттің бір бөлігі. Әрбір педагогикалық ілім ғылымның даму тарихында белгілі орын алады және басқа ғылымдармен бірге мәдениеттің дамуына көмектеседі, оны байыта түседі. Педагогика тарихының мақсаты педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан қарауды қамтамасыз ететін, педагогикалық ұғымдармен жаңаша ойлай білетін, болашақты болжай білетін студенттердің ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Педагогика тарихы оқулығы төрт бөлімнен тұрады: Шетел педагогика тарихы Ресей педагогика тарихы Кеңестік педагогика тарихы Қазақ педагогика тарихы Жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлау барысында педагогикалық пәндер жүйесінде педагогика тарихының алатын орны ерекше. Ол ерте кезден бастап, қазіргі кезеңге дейінгі тәрбиенің, мектептің және педагогикалық теориялардың қалыптасуы мен дамуын тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан зерттейді. Педагогика тарихы ғылым және оқу пәні ретінде біздің елімізде ондаған жылдар бойы өзінің әдістемелік негіздеріне маркстік-лениндік ілімді, диалектикалық және тарихи материализмді жатқызды. Әртүрлі тарихи кезеңдегі, белгілі педагогтардың педагогикалық көзқарастарын
5 қарастырғанда және оған баға бергенде, олардың тәрбие мен білім беру тарихындағы орны біржақты таптық тұрғыдан пайымдалды. Дей тұрғанмен, педагогика дамуының бүкіл кеңестік кезеңде қалыптасқан тәжірибені жағымсыз тұрғыдан бағалау дұрыс болмас еді. Әртүрлі тарихи кезеңде өмір сүрген, өзінің педагогикалық еңбектерімен педагогика ғылымына елеулі үлес қосқан педагогтар мен ойшылдар қаншама өшпес мұра қалдырды. Атап айтқанда Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Пестолоции, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов т.б. педагогикалық мұралары тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан дұрыс бағалауды қажет етеді. Екінші жағынан, өткен тарихи кезеңнің педагогтарын асыра бағалауға және олардың ілімдерінің әлсіз тұстары мен кемшіліктеріне көзжұмбайлықпен қарауға болмайды. Тек тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан ғана өткен мұраны дұрыс түсіну және бағалау қажет. Педагогика тарихы өткендегі ұлы педагогтардың жүйелер мен идеяларды сын көзбен пайымдай отырып, адамзат ақыл ойы мен мәдениетінің дамуындағы ең алдыңғы қатарлы құнды және өміршең мұраларды шығармашылықпен пайдаланады. Педагогика тарихында өткендегі педагогтардың ілімдерін қарастырумен қатар, ғұлама философтардың, ойшылдардың, ағартушылардың және қоғам қайраткерлерінің педагогикалық көзқарастары қарастырылады. Олар кәсіби педагогтар болмағанымен, педагогикалық теорияны дамыту үшін елеулі үлес қосқандығы белгілі. Педагогика тарихының міндеттері: - Тарихилық және қазіргі кезеңнің арақатынасы туралы базалық әдіснамалық ережелерді студенттердің меңгеруі және түсінуі; - Педагогика тарихының қалыптасу, даму үрдістерін, заңдылықтарын, кезеңдерін және ерекшеліктерін білмей, педагогика ғылымының, білім беру жүйесінің қазіргі жағдайын бағалау мүмкін емес. - Әрбір халықтың мәдени дамуы мен барлық адамзат қауымдастығының даму арақатынасы жағдайында қазіргі мектептің жетілу сабақтастығын анықтау. Педагогика тарихын оқыту барысында студенттер төмендегідей біліктілікті меңгеру қажет. - Тарихи білімнің мәдени және қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық дамуына әсерін талдау; - Отандық мектептердің және педагогика тарихын түсіну мен обьктивті тұрғыдан ашып көрсету, әрі бірыңғай әлемдік тарихи педагогикалық үрдіспен байланысын тереңірек меңгеру; - Қоғамның қазіргі даму жағдайында өткендегі жағымды тәжірибені шығармашылықпен пайдалану. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1. Педагогика тарихы пәнінің болашақ мамандарды дайындаудағы маңызы. 2. Алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбиенің түрлері. 3. Педагогика тарихы пәнінің негізгі қызметі мен міндеті. 4. Педагогика тарихы пәнінің басқа ғылымдармен байланысы. 1.2. Ежелгі Шығыс елдеріндегі мектеп пен тәрбие. Жоспар: 1. Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқу. 2. Ежелгі Египет мектебі. 3. Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие. 4. Ежелгі Грециядағы мектеп пен тәрбие Әдебиеттер: 1.Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006. 2.Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 2003. 3.Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. Алматы, Білім 2008. Тарихи дамудың нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс жаңа қоғамдық формация құлдық қоғаммен ауысты.Ежелгі шығыс алғашқы таптық қоғам пайда болып, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дрежеде Ежелгі Греция мен Рим
6 мемлекетіне әсерін тигізді. Сол кездегі Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер) біртебірте ашыла бастады. Ал мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары оқыды. Ежелгі Индияда мектеп ашыла бастады. Мыңдаған жылдар бойы қарапайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен қауымдық мектеп өмір сүрді. Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізіп, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады. Ежелгі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істеді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі иероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, философия мен мораль туралы жазушылар мен ақындардың шығармаларын оқып үйренді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытайда, Индияда, Мысырда) тәрбие туралы, мұғалімдермен тәрбиеге қойылатын талаптар туралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауы кеңінен қолданылды. Ежелгі Шығыстың, Греция мен Римнің құл иеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастады. Алғаш педагогикалық теориялар дүниеге келді. Ежелгі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б.з.д. үш мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Ніл сағасында белгілі психологиялық жеке тұлға қалыптасады. Ертедегі египеттіктердің идеалы сөзге сараң, тағдырдың қиындығы мен соққысына шыдай білетін, табанды адам болып табылады. Осындай адамды оқыту мен тәрбиелеу мақсатын қойды. Ежелгі Египетте отбасы тәрбиесі мен оқыту әйелдер мен ерлердің өзара қарым-қатынасын сипатын бейнелейді. Бұл қарым-қатынас тепе-теңдік негізінде құрылды. Сондықтан да ер балалармен қыз балаларды оқытуға бірдей көңіл бөлінді. Сол кездегі қолданылған әдістер мен тәсілдер тәрбие мен оқытудың мақсаты мен идеалына сәйкес келді. Оқушыны ең алдымен тыңдай білуге үйретті. «Тыңдай білу адамның ең негізгі қасиеті»- қанатты сөзі кеңінен қолданылды. Египеттіктер дене жазалауына ерекше мән берді. Дене жағынан жазалау табиғи және қажетті деп есептеді. Көп ғасырлар бойы Египетте әкенің, тәлімгердің ерекше беделін қастерледі, әруақытта да әкеңнің және ата- бабаңның жолымен жүр деген дәстүр мен тұқым арқылы мамандық беру қалыптасты. Кесте 1 — Ежелгі өркениет елдеріндегі мектеп Р/с Елдердің аты Мектептерде сипаттама 1 2 3 1. Месопотамия (б.э.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықта), Барлық Шығыс мәдениетінің көш басшысы, оның территориясында Ур, Урук, Лагаш сияқты ертедегі классикалық мемлекеттердің өркениеті өте жоғары болған Мектептерінде: ● барлық деңгейдегі хатшылар – эдубтер- тақта үйі, шумер және аккад тілдерінде оқу және жазуға даярлағанда олар тарих, география, геология, ботаника, математика, зоология, медицина, мифология, құқық және іс қағаздарын жүргізу, музыка, ән, әдебиеттерді оқып-үйренген. ● діни қызметкерлер- жазу, оқу, билер, музыка, әдеби сипаттағы жаттығулар. Көшіру, ақындық және діни мәтіндерді жаттау арқылы даярланды. 2. Египет және Қосөзен (б.э.д. ІІ мың жылдықтың 2 жартысы б.э.д. І мың жылдықтың І жартысы) ● мектептегі білім беру орнына тәрбиесі аясында жеке оқыту келді; білім беру орталықтары храмдар бола бастады. 3. Ежелгі Египет (б.э.д. ІІІ-ІІ мыңжылдық), Мектептері ● храмдар жанында: діни адамгершілік тәрбие, астрономия, математика, медицина
7 ● фараон сарайы жанында: денелік және әскери жаттығулар, иероглифтерді оқу және жазу, мінез-құлық ережелері және сарай этикеті ● ірі мемлекеттік мекемелер жанында хатшылар даярлаған. Элементарлық мектеп (5 жастан 12 жасқа дейін) оқу, жазу, арифметика және геометрия практикалық қолдану деңгейінде берілді. Кеңсе (12 жастан 16 жасқа дейін), атақтарды, географиялық атауларды, техникалық терминдерді, балықтардың, тастардың, өсімдіктердің атауларын жаттау. Жазудың әр түрлі типтерін және египет тілінің түрлерін меңгеру, айтысу өнері және ауызша, жазбаша этикет ережелерін білу 4 Үнді (б.э.д. І мыңжылдық), Білім берудің касталық жүйесі мектепке қабылдау- “екінші рет туылу” Мектептер ● брахмандардың жоғары касталары үшін (жрецтер) 6-12 жастан 22-24 жасқа дейін ● кшатрийлер үшін (әскерлер, биліктегілер) — өлеңдер мен әнұрандарды жаттау, философия, шешен сөйлеу, грамматика, әдебиет, математика, тарих, медицина, этика, билер, музыка. Сондай-ақ салықтар мен өтенімдерді жинайтындарды, казначейлерді даярлады. Вайшілер (саудагерлер, жер өңдеушілер, қолөнершілер) де оқи алды. Судрлар (тиісуге болмайтындар) білім алуға жіберілмеді. Б.э.д.VI-Vғғ. Буддизм пайда болды. Буддизм- адами ұмтылыстың ең жоғары мақсаты- жанның денеден ажырауы арқылы адам қанағаттануының ең жоғарғы күйіне жету деп түсіндірілді. Адамгершілік идеялар: туысқандық махаббат, қайырымдылық, тірілерді өлтіруге тыйым салу, ұрламау, ащыны ішпеу, өз бетінше қыдырмау т.б. 5. Қытай. Конфуцийге дейінгі кезең (б.э.д. IV мыңжылдық) Артықшылықпен пайдаланатын сөздік: жрецтер мен аристократия Аристократ ақ сүйектерді жазудың 6 түріне, оқуға, есептеудің 9 түріне, ауызша сөйлеу дағдыларына, өлеңдерді мәнерлеп оқуға шежірені оқып- үйренуге баулыды. Әскери дене тәрбиесі; садақпен атудың 5 түріне, дөңгелекпен жүрудің 5 түріне үйретілді. Жрецтік мектептер: космология, магия, музыка, би, жалпы білім беретін пәндер оқытылды. Ерте кездегi Таяу Шығыс (Египет, Месопотамия, Сирия және Палестина) өркениет адамзат қоғамының даму тарихы мен мәдениетiне ерекше ықпал жасады. Антикалық кезден бастап Шығыс пен Батыстың байланысуына және Батыс өркениетiнің қалыптасуына Шығыстың тигiзген әсерi орасан зор болды. Сол себептен де ертедегi Таяу Шығыстың білім беру практикасын тыңғылықты зерттеу дүние жүзi тарихи — педагогикалық үрдiстiң тұжырымдамасын жасауға негiз болды. Ертедегi Таяу Шығыстағы мемлекеттердiң экономикалықшаруашылық өмiр тiршiлiгiнде б.з.д. II-I мыңжылдықта елеулi ілгерілеу байқалды. Осы кездерде мектептердiң пайда болып дамуы мемлекеттiң оған деген қажеттiлiктерiнен туындаған. Алғашқы кездерде Таяу Шығыстағы мемлекеттiк саяси жүйенiң қалыптасуына байланысты оның дамуына бiлiм ұйытқы құралы ретiнде қаралғандығын байқауға болады. Ежелгi Египеттегi патшалық кезеңде (б.з.б. 2800-2250 ж.ж.) отбасының тәрбие дәстүрi негiзiнде шенеунiктердi даярлау формасы тұрақты қалыптаса бастады. Тәжiрибелi шенеунiктер
8 даярлауда қабiлеттi басшы болуға лайықты деген жеткiншектерден топ құрып, олардың басқару дағдысымен, құжаттар толтыру iстерiмен таныстырып, адамгершiлiк және рухани құндылықтарын қалыптастырып отырған. Әрине, жинаған шәкiрттерiнiң санына байланысты жетекшiлiк жасайтын шенеунiктiң абырой-атағы қандай деңгейде екендiгi байқалады. Ауқатты отбасылардың балалары таққа жақын ақсүйектердiң балаларымен бiрге фараон (Египет) сарайларында тәрбиелендi. Сарай жанындағы тәрбиеде дене және әскери жаттығулар (жүзу, садақ ату, қашыққа жүгiру, атқа жегiлген екi дөңгелектi арбаны игеру, т.б.) ерекше орын алған. Сонымен қатар, оқу мен жазуға оқушыларды үйретiп, мiнез-құлық ережелерiн сарайда ұстануға дағдыландырылды. Орта патшалық дәуiрiнде шамамен б.д.б. 2050-1700 жылдары Египетте мемлекеттiк басқарудың қалыптасуымен байланысты бiлiмдi адамдар қажеттiлiгiне орай мектептер ашылып, оқушылар жасына және бiлiм деңгейлерiне қарай топтарға бөлiндi. Орта және жаңа патшалықтардағы мектептерде оқитын кедей отбасы балалары да ұшырасады. Өйткенi, мемлекеттiк билiкке қызмет ету орындаушы мiндетiн атқаратын қолөнершi және кедей отбасы балаларынан шенеунiктер даярлау және олар мектепте оқығандары үшiн мемлекет алдында қарыздар болатын. Египеттегi жалпы бiлiм беру алдында тұрған мақсат — хатшы даярлау едi. Қарапайым халықтар арасында хат танудың ерекше қолданыс табуы мемлекетте жүргiзген шаруашылықтарының сұранысынан және хатшы мен дiн қорғаушыға деген қажеттiліктен туындайды. Қыз балалар жазу, оқуға үйретiлмей, мектептерге тартылмады, бiрақ олардан бишiлер мен әншiлердi дайындау мақсатымен арнайы кәсiби мекемелер ашылды. Ежелгi Египеттегi мектеп бiлiм жүйесi екi басқыштан тұрды. Бiрiншi саты – элементарлық мектеп. Осындағы кiшi жастағы балалар оқу мен жазуды игергеннен кейiн, бiрнеше жылдардан соң тәжiрибе жинақтаған жеткiншектер шенеунiктерге “көмекшi” ретiнде қабылданып, олар балалармен жүргiзген жұмыстарын қорытып, iс-тәжiрибелерiн мектеп “Ережелерiне” енгiзiп оқу материалдары ретiнде пайдаланды. Екiншi саты – ежелгi Египеттегi бiлiм берудiң жоғары сатысында арифметика мен геометрияға (жер ауданын есептеу, құрылыс материалдарының көлемiн анықтау, т.б.) ерекше көңiл бөлiнген. Аталған пәндердiң теориялық мәселелерiне назар аударудан гөрi, классикалық мәтiндердi, мысалдарды жаттау, практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру мектеп жұмысының негiзi болып саналған. Сөйтiп, ежелгi Египет мектептерiнде алғашқы күндерден бастап математикаға ерекше көңiл бөлiнген.
9 Египетте отбасы тәрбиесiнiң ықпалы басым болған. Мектептерде мұғалiмдi “әке”, оқушыны “ұлым” деп есептеу тәжірбиеге енген. Мұғалiм сөйлемдi дауыстап айтса, оқушылар оны бар дауыстарымен қайталаған соң, саз балшықтан жасалған ыдыс-аяққа немесе тақтаға жазып түсiрген. Содан кейiн, қателердi жөндеу, жазылған жазуды дауыстап оқу, оқу барысында оқушылардың тыныш отыруы талап етiлген. Ережелерде көрсетiлгендей “қолыңмен жаз, ауызша оқы” деген ұстанымдар мұғалiмдер тарапынан қайталанып отырылған. Ежелгi Египет мектептерінде оқушыларды жазалау тәрбие беру құралы ретiнде қаралған. Кейбiр деректерге қарағанда, мектептерде дүре соғу, ұру орын алған. “Ұл баланың құлағы арқасында, тек ұрған кезде ғана тыңдайды” деген ата-аналар арасында түсiнiк қалыптасқан. Әрине, тәжірбиеде кездесетiндей, жазалау да кейде ешқандай пайда келтiрмейдi. Бiр мұғалiмнiң айтқанындай: “Егер де жазалаудың басқа түрi болса, ол өз нәтижесiн берсе, мен сендей оқушының жүрегiне жол тауып, ақыл қосар едiм. Сонда сенiң саусақтарың жазуға бейiмделiп, аузың оқудан нәр алған болар едi” деген. Месопотамияда бiрiншi мыңжылдықтың бiрiншi жартысында патша билiгiнiң әлсiреуiне байланысты, жекеменшiктiң белсендi түрде дамуының барысында мектептегi жүйелi оқудан гөрi отбасы тәрбиесiнiң ықпалы күшейе түскен болатын. Египет те осыған ұқсас үрдiстi бастарынан өткiздi. Кейiнгi патшалық дәуiрiнде (б.з.д. XI-VI ғғ.) мемлекеттiк билiк ықпалының төмендеуiне орай жеке меншiктiк қарым-қатынастар өрбiп, отбасы тәрбиесiнiң ықпалы арта бастайды. Отбасы тәрбиесiнде әкесi баласына мамандық жайлы бiлiмдер бередi. Мәселен, Египетте осы құрметтелген хатшы мамандығы әкеден балаға, ұрпақтан ұрпаққа берiлiп отырылды. Египетте дiнді жақтаушылардың ежелгі көп құдайға табынушылық дәстүрiн ұстанған ғибадатханалар бiлiм беру орталықтарына айналды. Вавилон қалаларында сауаттылықтың жоғары деңгейге жеткендiгi сонша хатшылардың арқасында кедейлердiң – малшылардың, дихандардың, балықшылардың, тоқымашылардың көпшiлiгi сауаттанып шықты. Халық арасында сауаттылықтың көтерiлуiне жазуға арамей әлiппесiн енгiзу көп көмегiн тигiздi. Элефантин қаласынан табылған (б.з.д. V ғасыр) арамей тiлiндегi құжаттар әскери колонияның адамдары (арамей, иудей, т.б.) арасында да сауаттылықтың кең жайыла бастағанын аңғартады. Египет шаруаларының бiразы сауатты болғандығын Египеттегi “Ақыл-кеңес” авторының: “Балаңды жазуға, жер жыртуға, аң аулауға, қапқан салуға, жыл мезгiлдерiн ескеруге үйрет” деп ақыл-кеңес бергендiгi дәлелдейдi. Сонымен қатар, Египет мемлекетiнде Месопотамиядағы сияқты оқушы жастарды ежелгi мәдени салт-дәстүрлермен таныстыру дiн иелерi – абыздардың тiкелей қадағалауымен жүргiзiлген, оларға әдеби және ғылыми бiлiм беру iсi жүктелген. Дәрежесi жоғары дiн иелерi бiлiмдi өздерiнiң басты әлеуметтiк үстемдiгiнiң құралы ретiнде санаған. Египетте медициналық бiлiмдi қалпына келтiруге ынталы болған парсы патшасы Дарий I (б.з.б. 522- 486 ж. ж.) жоғары лауазымды Египет адамының бiрiне тапсырма берген. Ол Нейт құдайының храмы жанынан медициналық мектептi ашу туралы жазба түрде “бiрде-бiр кедей баласы оқуға алынбасын” деген нұсқау берген. Египетте Рим үстемдiгiне дейiн (ж.ж.с. I-IV ғасырларда) дiн иелерi “Өмiр үйiн” (мектеп, кiтапхана, мұрағат) ұйымдастырып, өз балаларының бiлiм алуына мүмкiндiк жасаған. Грек тарихшысы Диодор Сицилийскийдiң (ж.ж.с. I ғ.) жазба деректерiнде Египеттiң дiн иелерi өз балаларына “қасиеттi” жазуды, геометрия, арифметика және астрономияны оқытқан. Египеттiң қалған балаларының көпшiлiгi отбасында немесе туған-туыстарының көмегiмен әке жолының мамандықтарын игерген. Қолөнершiлердiң балалары жалпы халықтық (демотикалық) тiлде оқу мен жазуға үйренумен шектелген, оларға арналған мектептерде спорт және музыка пәндерiне назар аудармағаны туралы деректер тарихшы Диодор жазбаларында берілген. Диодордың айтуынша, мектептердегi бiлiм беру, жоғарғы топ (жрецтерге) және төменгi топ (қолөнершiлер) балаларын оқытудағы айырмашылық эллиндiк дәуiрде де сақталған, шаруалар мен қолөнершiлерге мамандық әкеден балаға берiлiп отырған. Таяу Шығыс өркениетiне байланысты
10 материалдарды талдау бұл тұста оқыту әдiстерi мен тәрбиелеудiң жаңа нышандары пайда бола бастағанын көрсетедi, бiлiм беру практикасында оқушының жеке тұлғасына ықпал жасауға, оның оқуға деген ынтасын, ықыласын дамытда сезiледi. Оқу үрдiсiнде оқушылардың белсендiлiгi жоғары бағаланған. Эллин заманындағы папирус қабығына жазылған жазуда оқушы әкесiнiң бiрi: “Құрметтi төрешi, менiң балам түсiнбеген оқуын сұрайды, өйткенi, оқудың нәтижесi болмаған болар, баланың еркiн қиюға болмас” деп ойын бiлдiрген. Египет педагогтары эллин кезеңiнде дәстүрлi қатал талап қойып оқыту әдiсiн жиi пайдаланған: “Марапаттау мен таяқ ақылшының қолындағы салмағы тең құрал” деген мәтел бұған нақты дәлел бола алады. Оқушыны жазалау өзiн ақтайтын тәрбие құралы деп санаумен қатар, баланың iшкi жан дүниесiне ықпал жасау бiрiншi орынға қойылған. Адам мiнез-құлқының адамгершiлiк қасиеттерiнiң қалыптасуы, содан бастау алатындығы жайлы ежелгi жазба ескерткiш: “Құдай тентек баланы тәрбиелеу үшiн жер жүзiнде таяқты жаратты, ал ақылды балаға арды бердi. Ол алдына келген қастықтан бойын аулақ ұстайды. Бала өзiн сақтыққа бейiмдеп, ақылға мойын бұрса, қатты жазалауға ұрынбайды”,-деп түйiндейдi. Ежелгi Иранда отбасы тәрбиесi басым болды, бұл тәрбие қаталдығымен өзгешеленеді. Баланы жетi жасқа дейiн ата-анасы ерекше құрметтеп, оның талабын орындаттырған. Одан кейiн бала әкешешелерiнiң тiлiн алмаса, яғни, олардың талап-тiлектерiн үш рет орындамаған жағдайда баласын өлтiрiп тастауға құқылы болған. Өйткенi мұндайда баланы жын-шайтан билеп алған, ендi ол өмiрден өз орнын таба алмайды, сондықтан өлтiру одан ерте құтылудын жолы дегендей түсiнiк орын алған. Мектептерде оқуға жетi жастан бастап қабылданып, алғашқы бiлiм алу Авестадағы қасиеттi кiтаптар жинағындағы дiн негiзiндегi адамгершiлiк нақылдарды оқудан басталған. Оқушылар саз балшықтан жасалған тақтаға таяқшамен сүрiп жазып, жазу дағдыларына үйретiлген. Мектептi аяқтағанда оқушылар әскери және шенеунiк дайындықтарынан өткен соң дiн қорғаушы мамандығын игерулерi тиiс болған. Ал, Бен-Сира (Палестина б.з.б. II ғ.) иудей тiлiндегi кiтапшасында практикалық өмiрден туындаған тәжiрибенi бiлiмнiң құрамдас бiр бөлiгi ретiнде санайды. Ақылдылықты iздейтiн адам билiкте қызмет жасап тәжiрибе жинақтайды және басқа елдерге саяхат жасау барысында адамдар арасындағы мейiрiмдiлiк және қастандық қатынастарынан қорытынды жасайды. Шенеунiк мұратына жеткiзу Таяу Шығыстағы бiлiм берудiң басты мақсатының бiрi ретiнде саналған. Эллин дәуiрiнде де шенеунiк өмiр жолын, тiршiлiгiн, адамдармен қарым-қатынасын оқыту, үйрету сол қалпында сақталып қалғандығын оны Бен-Сираның “философиялық тұрғыдан” негiздеуге тырысқандығынан да байқауға болады. Оның көзқарасы бойынша шенеунiк адамдағы ақылдылықты жетiлдiрудiң басты шарты болып табылады, адамның бос уақытын үнемдеп, көп жетiстiкке жетуге өзiн даярлауға, дамытуға тәрбиелейдi. Қолөнершiлер мен шаруалардың бiлiмдерi, Бен-Сираның пiкiрiнше, практикалық тұйықтығымен сипатталынады: “Олар өздерiнiң қол күшiне сенедi, бейiмiне қарай өз iсiнiң шеберлерi” деген мiнездеме бередi. Олардың қажымай-талмай жасаған еңбектерi адамдар қоғамына қажет, бiрақ Бен-Сираның топшылауынша кедейлердiң балалары және олардың әкелерi ақылпарасатты ұғынуға қабiлетсiз, дүние мен қоғамдағы құбылыстарды толық қабылдай алмайды делiнедi. Сонымен бiлiм саласындағы кейбiр өзгерiстер ежелгi Таяу Шығыс қоғамының әлеуметтiк эволюциялық жолмен дамығандығын көрсетедi. Б.з.д. екiншi мыңжылдықта Египет пен Месопотамиядағы ескi мәдени-тарихи негiздегi экономикалық-саяси және мәдени даму көршiлес елдер Сирия, Палестина және Финикияға ықпал жасаған. Сирия, Палестина аумағы Египет пен Месопотамия өркениетiнiң қиылысында орналасқандықтан, ұзақ жылдар бойы олардың әсерi болғандығы анық. Италия археологтары тапқан жәдiгерлерi Сирияның Эбле қаласында мемлекеттiк басқару жүйесiнде – бұл әсердiң елеулi болғандығын көрсетедi. Патша әкiмшiлiгiнiң қызметiн анықтайтын сансыз құжаттарды (Эбле мұрағатында он мыңдаған құжаттар бар) толтыру хатшылардың қолынан өткенiн көрсетедi. Түптеп келгенде, Эбледе (б.з.д. екiншi мыңжылдықтың екiншi жартысы) мектеп тақталарына жазылған суреттер, жазулар, шумер және аккад тiлдерiндегi грамматикалық жаттығулар, сөздiктер, оларды тексерген мұғалiмнiң қойған қолы ұшырасады.
11 Мұндай материалдар Сирияның басқа қалаларынан, соның бiрi Угарит қаласынан да (б.з.д. бiрiншi мыңжылдық) табылған. Содан кейiнгi б.з.д. екiншi мыңжылдықта Сирия мен Финикиядан табылған 29 жүйелi әрiптерден кейiн, мектеп практикасында 22 белгi-әрiптер пайдаланылды. Соның арқасында жазу үрдiсi жеңiлдеп, жазу мен оқуға талаптанушылар саны көбейiп, бiлiм алу ауқымы кеңейе түскен. Палестина мемлекетiнiң эллиндiк ықпалға қарсылық көрсетуiнiң басты себебi дiни ұстанымдардың ішкі қайшылығында болды. Эллиндiк бiлiм беру мектептерiнiң дербестiгi храмдық қауымдастықтардың дәстүрлi жеке билiгiн ескермейтiн болды, оның үстiне қарапайым халық пен билiк басындағы адамдар арасындағы қайшылықты күшейттi, екi мәдениеттiң бiр-бiрiне қарсы тұруына жағдай жасады. Эллиндiктерге және оны қолдаушы Сирия патшасы Антиоха IV Эпифаннаға қарсы Маккавей көтерiлiсi (б.з.д. 166 ж.) басталып, 20 жылға созылған көтерiлiстiң ақырында елдiң тәуелсiздiк алуына қол жеткiздi. Сөйтiп, Палестинада эллиндiк тәрбиенiң ошағы жойылды. Мектептегi оқытуда оқу материалдары төңiрегiнде пiкiр-талас туғызу, мұғалiм мен оқушылар күнделiктi өмiр-тiршiлiк жайлы өзара әңгiмелесу әдiстерi мұғалiм тарапынан дидактикалық сипат алып, оқу үрдiсiнiң маңызды бiр құрылымы ретiнде қаралып, бұл ұстаным мектеп практикасына толықтай енген. Жоғары сатыдағы оқу ауызша жүргiзiлген, өйткенi өкiм шығару және оның мазмұны тек ауызша баяндалған, оларды жазбаша қалдыруға рұқсат берiлмеген. Соттың шешiмдерi, пiкiрталас тудыратын мәселелер ауызша айтылып, бiрiнен-екiншiсiне ауызша таратылған. Сонымен Ежелгi Шығысқа тән бiлiм берудегi дәстүрлі оқыту әдiстерi көпке дейiн сол қалпында сақталып, одан әрi жетiлдiрiле түскен. Оқушыларға бiлiм беру түгелдей ауызша баяндаумен шектелген жоқ, дәстүрлi оқытуда шығармашылық жазу элементтерi де орын алған. Әрбiр мұғалiм мазмұнына қарай топталған аңыздарды, белгiлi авторлардың шығармаларын дидактикалық сипатына қарай жүйелеп, оқушыларға оқыту әдiстерiн (әңгiмелесу, сұрақ-жауап, т.б.) қолдана отырып ауызша баяндайды. Ал оқушылар болса өз сезiмдерiне, қабiлеттерiне қарай аңыздардан өзiне керегiн таңдап алып отырған. Қытайда б.з.д. бiрінші мыңжылдықтың ортасында педагогикалық бiлiмнiң көлемi арта түскен. Ежелгi Қытай қоғамы шаруашылығының бұл тұста дағдарысқа ұшырауы бала тәрбиелеуге деген ықыластың артуына ұйытқы болған. Себебi қоғамның тұрмыс-тiршiлiгiн жөнге келтiрудегi таптырмайтын құралдың бiрi – бiлiм деп саналды. Сондықтан балаларды тәрбиелеуде рухани iзденiстiң ұстайтын бағыты – оқытуда және тәрбиелеуде үлгi тұтуға болатын құбылыстар мен материалдарды мектептерде жүйемен беруге бағдар алу талап етiлдi. Отбасында, мектептердегi тәрбие үрдiсiнiң деңгейiн көтеру, оның мәнiн, заңдылықтарын ашу жолында Конфуций ерекше тер төктi. Ежелгi Қытайдағы мыңдаған жылдардағы тәрбие дәстүрлерiн және өзiнiң жеке меншiктi мектебiндегi педагогикалық тәжiрибесiн талдай келiп, Конфуций адамның мiнез-құлқын жөндеу, оны ақыл-ой жағынан кемелденген қоғамдық тәрбиенiң басты мұраты деп белгiлейдi. Конфуцийдiң этикалық-саяси iлiмiн зерттеушi Л.С.Переломовтың пiкiрiнше, Конфуций адамның табиғи қасиетiн қалыптастыру, яғни мемлекеттiң, қоғамның үлгiсiне сай тәрбиелеу үшiн алдымен адамның табиғатын бағдарлап алып, содан кейiн белгiлi бағытта оған нәтижелi ықпал жасау қажет деп есептеген. Адамның табиғи ұмтылысын iске асыруға жағдайлар жасау, оның мұратқа жетуге өзiнен-өзi талпынып, дамуына мүмкiндiк туғызады. Конфуций әлеуметтiк-саяси iлiмiнде “Дао” ұғымын қолданған, оның мәндiк мағынасы: “адамды шындыққа, адалдыққа бағыттай басқару, мақсатты ықпал жасап тәрбиелеуде “Дао”- ны меңгеру, бұл адалдыққа, шындыққа, мақсаттылыққа, талаптылыққа апаратын басты жол” деп санаған. Конфуций дәлелдегендей, адамдар табиғаты бiр-бiрiне жақын, бiрақ әдет-дағдылары мен мiнезқұлықтары жағынан айырмашылықтары бар. Ал, адамдардың мiнез-құлықтарындағы айырмашылықтарға тәрбиелiк тұрғыдан ықпал жасағанда, барлығына бiрдей бiркелкi тәрбиелiк iсшаралар жүргiзiлуi керек.
12 Сонда да болса кей адам өз қабiлетiне қарай “Дао” ұстанымын толықтай игерсе, кейбiреулерi “Дао” адамгершiлiк нормаларын бойларына қалыптастыра алмайды. Конфуций адамдарды бiлiмдiлiгiне (даналығы), бiлiмдi алғаны мен қолданудағы жеткiлiксiздiгiне, бiлiмдi игеруге қабiлетсiздiгiне қарай адамдарды төрт санатқа бөлген. Бiрiншi санатқа ерекше ақылдылығымен, даналылығымен бiлiмдi менгерген және тыңдаушыларына жүйелей жеткiзе алатындар кіреді. Бұл қасиет аспанның құдiретiнен жаралған. Екiншi санаттағы адамдар тиянақты оқу, iздену арқылы бiлiмдi игеретiндер: бұлар жетi терiн төгiп, еңбегi арқылы бiлiм алатын аспан балалары туа бiткен ақылдылығымен мiнезделедi. Үшiншi санатқа жататындар оқудың қиындығына қарамай оқиды. Төртiншi санатқа кiретiндер оқуды қиындық көретiн бiлiм алуға қабiлетсiз адамдар деп бөлген. Конфуцийдің айтуынша, соңғы санатқа жататын адамдар оқудан қиындық көрген соң оқуды жалғастырмайды, яғни, олардың оқуға бейiмi болғанымен, ынтасы жоқ немесе тiптен оқығысы келмейтiн жандар. Дравидтiк-арилiк дәуiрде тәрбие мен оқытуда, әрбiр оқушы өзiнiң адамгершiлiк ақыл-ой және дене күштер мен қасиеттерiн дамытулары тиiс. Мәселен, брахмандар интеллектiлiк қабiлеттерiн дамытса, кшатрлар — күшi мен жау жүректiлiгiн, вайшылар — еңбексүйгiштiк пен төзiмдiлiгiн, шудлер — бағыныштылығын тәрбиелеген. Осы типтес идеалдық тәрбиелер үндiстердiң ертедегi эпостарында да ұшырасады.“Бхагават – пуран” аңызында құдайшыл және ақыл-парасатты Кришна бейнесі арқылы үндiарилық тәрбиенiң үлгiлерi берiлген. Эпикалық патша — әскери және шопан — қатар-құрбыларымен ойын-сауықта және еңбекте бiрге ойнап, бiрге еңбектенiп өседi. Идеалдық тәрбие алған Рамаға ерте үндiлердiң “Махабхарата” эпосы кейiпкерiнiң адами қасиетi бiлiмдiлiгiне, ақыл-ойына, күштiлiгi мен ерлiгiне ешқандай адам сәйкес келмейдi. Ол адамдармен қарым-қатынастарында адал, үлкен-кiшiнi сыйлай бiлетiн, бос уақытында әскери өнермен айналысатын, заңдар мен салт-дәстүрлердi ұстайтын, шешендiк өнердi игерген, толық қалыптасқан адам ретiнде саналады. Сонымен қатар қасиеттi және оқу құралы мiндетiн атқарған “Бхагавадгит” кiтабында оқушыларды тәрбиелеу мен бiлiм берудiң мазмұндары мен жолдары анықталған Ұстаз бейнесінде құдайшыл Кришна болса, оқушы бейнесінде – патшаның баласы Арджун алынған. Қиындық жағдайға ұшыраған Арджун ұстазы Кришнадан кеңес сұрап, танымның бiр сатысынан екiншi сатысына көтерiлiп, бiлiмiн толықтырды. Бiлiм алудың алгоритмдiк жолы, мұғалiм жаңа бiлiмдi түсiндiредi, содан кейiн көлемдi бiлiм материалдарын бөлшектеп ұғындырады. Кришна Арджунның алдына айқын мақсаттар қойып, оны өздiгiнен бiлiм алуға ынталандырып, оқудың әдiстәсiлдерiмен қаруландырады. Үндістанда б.з.д. бiрiншi мыңжылдықтың орта шенiнде отбасы – қоғамдық тәрбие дәстүрi қалыптасып, жоғары үш кастаның балаларын есею рәсiмiнен өткеннен кейiн мектепке қабылдайтын. Брахман баласы 8 жаста, кшатр 11 жаста, вайшы 12 жастан бастап бiр-бiрiнен айырмашылығы бар бағдарламалармен оқытылды. Мысалы, Брахман оқушылары толық бiлiм алу бағдарламасымен оқыса, кшатрлар әскери өнерге, вайшылар ауылшаруашылық жұмыстар мен қолөнерге бағдарланған толық емес бағдарламалармен оқыды. Оқу мезгiлi сегiз жылдан аспай, оқығандарын ауызша айтып беру, оқу мен жазуға үйретiлдi. Толық бағдарламамен оқыған брахман балалары поэзия мен әдебиет, грамматика мен философия, математика, астрономия пәндерiнен сабақтар алды. Мұғалiмнiң үйiндегi оқу отбасылық қарым-қатынас түрiнде ұйымдастырылып, оқушылар мұғалiмнiң отбасы мүшесi ретiнде есептелiп, отбасыаралық қарым-қатынастар ережесiне дағдыланды. Бiрiншi мыңжылдықтың ортасында (б.з.д.) ежелгi үндi өркениетiнде жаңа дәуiр басталды. Үндi мемлекетiнiң экономикалық, рухани өмiрлерiндегi өзгерiстер тәрбие мен оқытуға ықпалын тигiздi. Жаңа дiн – буддизм ежелгi үндi халықтарының өмiр-тiршiлiктерiне ауқымды өзгерiстер әкелдi. Буддистiк оқу дәстүрiнiң басында Будда немесе Шакия — Муни (б.з.д. 623-544 ж.ж.) тұрды. Ол жоғары рухани жетiстiкке жеткен тұлға, буддизм касталардың теңсiздiк ұстанымын жоққа шығарып, адам дүниеге келгенде бiрдей болып келедi, олай болса адам тең құқықты, сол себептен буддистiк қауымдастыққа әрбiр адамды ниетiне қарай қабылдаған.
13 Буддистiк iлiм бойынша тәрбиенiң басты мақсаты – адам жанын жетiлдiру, өзiн-өзi танып, өзiн-өзi дамытуға тиiс. Буддистiк дәуiрде оқу бағдарламаларына өзгерiстер енгiзiлiп, грамматикаға ерекше көңiл бөлiндi. Сол кездерде ежелгi үндi елiнде буынды әлiппе — брахми мектептерге енгiзiлiп, әлiппе – буынды жазу бiлiм сапасын көтерген. Элементарлық бiлiмдер дiни мектептерде және зайырлы оқу орындарында берiлдi. Дiни мектептерде бiлiм сословиелiк сипатта болса, зайырлы мектептерде оқушыларды кастасына, дiнiне қарамай оқытатын. Кейбiр буддистiк монастырларда жоғары деңгейдегi философиялық ежелгi трактаттар, математика, дәрiгерлiк бiлiмдер берiлген. Ежелгі Индияның тарихы екі дәуірге бөлінді: дравид-арийлік және будда дәуірі. Индия түбегіндегі б.з.д. екі мың жылдықтың I жартысына дейін жергілікті халық дравид тайпаларының өркениеті Ежелгі өзеннің аралығындағы алғашқы мемлекеттің мәдени деңгейіне сәйкес келеді. Тәрбие мен оқыту отбасылық тектілік сипатта болды, оның ролі ерекше болды. Ежелгі Индиядағы тәрбие мен оқытудың дамуына касталық құрылыс өзіндік із қалдырды. Тәрбие мен оқытудың генезисінің екінші жағдайы діни идеологиялық (буддизмнің) әсері болды. Индияда әлеуметтік жағынан үстемдік еткен каста брахмандар болды. Әрбір адам өзінің адамгершілік, ақыл-ой және дене сапаларын дамытуға ұмтылды. Брахмандарда ең негізгі сапаларинтеллектуалдық артықшылыққа , екінші каста кшатрилер- мықтылық пен ерлікке, вайшьилереңбексүйгіштікке және шыдамдылыққа, ал шудралар- құлшылық етуге ерекше мән берді. Идеялық тәрбие беруге тек қана жоғарғы касталардың мүмкіндігі болды. Тәрбиенің мақсаты ақыл-ойдың дамуы, рухани тәрбие, дене жағынан жетілу, табиғатқа, сұлулыққа сүйіспеншілік, өзін-өзі меңгеру және ұстамдылық. Ежелгі Индияда ерекше қасиетті және сонымен бірге оқу кітабы болып табылатын «Бхагавадгита»(б.з.д. I мың жылд) ерекше атауға болады, шәкірттерді тәрбиелеу және оқыту мазмұны мен жолдарының үлгілері ұсынылды. Ежелгі Греция көптеген құлиеленуші мемлекеттерді полистерді біріктіретін ел. Греция тарихында екі мемлекеттің Афина мен Спартаның ерекше мәні, ықпалы зор болды. Олардың әрқайсысында ерекше тәрбие жүйесі қалыптасты, оның ерекшелігі мынадай жағдайға байланысты болды: 1- жағынан құлиеленуші құрылыстың жалпы заңдылықтарымен; 2- жағынан, сол елдің даму ерекшеліктерімен байланысты. Ежелгі Грецияда тәрбиенің екі жүйесі қалыптасты, спартандық және афиналық. Спартандық тәрбие жүйесі. Спарта мемлекеті Ежелгі Грециядағы ең алғашқылардың бірі болды. Негізгі шаруашылығы егіншілік еді. Спарта мемлекетінде құлдардың көтерілісі жиі болып тұрды. Осындай жағдайда ерекше спартандық мемлекеттік тәрбие жүйесі қалыптасты, оның мақсаты спартант балаларының әскери даярлығы күшті, шыныққан, табанды, болашақ құлиенелушілер етіп тәрбиелеу болды. Мемлекет сол балаларды туғаннан бастап, отбасы тәрбиесінде бақылап отырды. Ақсақалдар жаңа туған баланы тексеріп, тек дені сауларын ғана әкесіне қайтарып берген, ал аурулары мен әлсіздерін өлтіріп отырған. Осы аталғандар спартандық тәрбие жүйесінің ерекшелігін білдірді. 7 жасқа дейін спартиат балалар үйде тәрбиеленді. 7 жастан бастап мемлекеттік тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі және әскери жаттығулармен айналысуына ерекше мән берілді. Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп үйрету көзделді. Жас спартиаттарды жүгіруге, секіруге, найзаласуға, күресе білуге, жекпе-жек тәсілдерін меңгеруге, әскери әндер айтуға үйретті. Дене тәрбиесімен қатар сөз, ән айту және діни билер қатар жүргізілді. 18-20 жаста эфебия деп аталатын ерекше топқа аударылды, онда әскери қызметін атқарды. Спартада қыз балаларға да әскери дене тәрбие берілді. Оның мақсаты ерлер әскери жорықтарға қатысқан кезде әйелдер ерлердің орнына әскери міндеттерін атқару үшін қажет. Афиналық тәрбие жүйесі. Афинаның жағрафиялық жағынан ыңғайлы орналасуының арқасында Ежелгі Шығыс елдерімен сауда-саттық ісі ерте дамыды. Егін шаруашылығынан басқа онда кейбір қолөнер кәсібі жан-жақты дами бастады.
14 Афина мәдениеті өз дамуының жоғары дәрежесіне жетті. Афина мемлекеті Спарта мемлекетінен өзінің қоғамдық құрылысы, мәдениет деңгейі жағынан өзгеше болды. Сонымен қатар тәрбие мен білім беру жүйесінде де ерекшеліктер кездеседі. Афина тәрбиесі мен білім беру жүйесінің мақсаты, әскери жауынгер даярлау ғана емес одан гөрі білімді, қабілетті, жан-жақты үйлесімді дамыған жастарды тәрбиелеу еді. Афиналық тәрбие жүйесі б.з.д. YI-Y төмендегіше қалыптасты. 7 жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар анасының басшылығымен үйде тәрбиеленді, оларға бекітілген құлдар тәрбие ісін де көмек көрсетті. Қыз балалар 7 жасқа толғаннан кейін анасының басшылығымен үйде отбасы тәрбиесін жалғастырды. Ер балалар 7 жастан бастап, үйде жекеменшік мектептерге қатынасады (мемлекеттік мектептер болмады). 7-14 жасқа дейін грамматист мектебіне (оқу, жазу, санау) және кифарист мектебіне (саз, ән күй, тақпақ айту) 14 жаста полестра мектебіне (күрес) қатынасады, онда 2-3 жыл жаттығулармен айналысады. Полестра мектебінде жаттығулардан басқа оқушылармен саяси және адамгершілік тақырыптарда әңгімелер өткізілді. Ауқатты отбасылардың балалары мемлекетті басқару лауазымдарына даярланды, гимназияда білімдерін жалғастырды, онда философия мен саясатты оқып үйренді. 18-20 жаста олар әскери қызметке даярланды, онда өздерінің саяси білімдерін жалғастырды, елдің заңдарын оқып үйренеді. Ежелгі грек ғалымдары мен философтары еңбектерінде тәрбие мен оқыту мәселесіне ерекше мән берді. Педагогика ғылымы алғашында философия ғылымының құрамында дамыды. Ертедегі грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит т.б. Сократ (б.з.д.469-399) философ, идеалист болды, өзінің шығу тегіне қарамастан (кедей қолөнершінің баласы) ол аристократияның идеологы болды. Оның түсіндіруінше, дүниенің құрылымын тануға болмайды, адамдар тек өзін- өзі тануы мүмкін. Тәрбиенің мақсаты, Сократтың көзқарасы бойынша заттардың табиғатын зерттеу емес, ол өзін-өзі танып білуі, адамгершілікті жетілдіруі болуы керек деді. Платон (б.з.д. 427-347 ж) белгілі грек философы, идеалист Сократтың шәкірті болды. Оның айтуынша,1-ші тәрбиені мемлекет ұйымдастыруы қажет, 2-ші өзінің мақсаты, әдістемесі бойынша үстем таптың мүддесіне толықтай сәйкес келуі керек. 3-ші Спартандық және Афиналық тәрбиені біріктіруге ұмтылды. 4- ші Ойын тәрбие құралы «Мемлекет», «Заңдар» еңбегінде жазды. 5-ші 3-6 жастағы балалар ойын алаңында көп уақытын өткізу керек деді.
15 Аристотель ( б.з.д.384-322ж) Платонның шәкірті, көрнекті философ, идеалист. Ол өз ұстазы Платонның көзқарасымен келіспеді. Аристотель жанның үш түрі : өсімдік, жануар, адамның ойлау және танымға тән ақыл-ой түрі бар болады дейді. 1.Тәрбиенің мақсаты табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту. Аристотель баланың табиғатына сәйкес дене, адамгершілік, ақыл- ой тәрбиесін ұйымдастыру, сонымен қатар балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отырды. 2. Педагогика тарихында алғаш рет баланың жас кезеңдерін бөлді: 1) 0-7 жас, 2) 7-14 жас, 3) 14-21 жас. 3. Мектептер мемлекеттік болуы тиіс деді. 4. Дене тәрбиесіне ерекше мән берді. 5. Эстетикалық және адамгершілік тәрбиенің құралы саз өнерін ерекше бағалады. Демокрит (б.з.д.460-370): 1. Балаға кішкентай кезінен бастап талаптар қою керек. 2. Табиғаттан гөрі, жаттығудың арқасында көптеген адам жақсылық қасиеттерді меңгереді. 3. Үлкендердің үлгі-өнегесі, сөзі, сендірумен тәрбиелеу, еңбекке үйретуге ерекше мән берді. Ежелгі Римнің көп ғасырлық тарихының дамуында отбасы мен мектеп тәрбиесі және білім берудің өзіндік тәжірибесі қалыптасты. Ұзақ уақыт Рим отбасында рулық қауымның тәрбие дәстүрі сақталды, бұл Рим қоғамының әлеуметтік баспалдағынан отбасының қандай орын алатындығын көрсетті. 4-5 жастағы балалар мен қыздар отбасында бірге тәрбиеленді, содан кейін оларды бөліп тәрбиеледі. Қыздар негізінен тігіншілікпен айналысты, музыка, биге үйретті, ауқатты үй ішінде грек тілін оқыды. Ер балалардың тәрбиесімен ер адамдар шұғылданды. Ең алдымен қаруды қалай ұстай білуге үйретті. Ауқатты емес үйдің балалары бастауыш білімді элементарлық мектептерде алды, олар ақылы, жекеменшік мектептер болды, қыздар да оқыды. Ауқатты семьяның балалары үй мүғалімдерінен сабақ алды, ең алдымен грек тілі мен әдебиетін үйретті. Грецияның әсерімен грамматикалық мектептер пайда болды, онда 12-18 жасқа дейін бай, ауқатты ата-аналардың балалары оқыды. Оларға грек тілінен, шешендік өнерден, заңтанудан, математикадан, философиядан білім берді. Оларды жоғары мемлекеттік қызметке даярлады. Рим империясының пайда болуымен (б.з.д.II ғ.) императорлар грамматикалық мектеппен шешендік мектептерді мемлекеттік мектептерге айналдырды. Олардың міндеті императорлық өкіметке берілген шенеуніктерді тәрбиелеу. Христиан діні мемлекеттік дінге айналған кезде мұғалімдік қызметке дін өкілдері тағайындала бастады. Отбасындағы және мектептегі тәрбие біртебірте діни сипатқа ие бола бастады. Марк Фабий Квинтилян белгілі Рим шешені және педагог, шешендік мектептің - негізін салушы. Өз мектебінің тәжірибесінен және көне дүниенің педагогикалық ой- пікірінің жетістіктері негізінде Квинтилян «Шешеннің тәрбиесі туралы» педагогикалық еңбегін жазды. Квинтилян адам табиғатының дамуындағы оның ролі туралы мәселені түсінуге өз үлесін қосты. Балалардың табиғи қабілетін өте жоғары бағалады, сонымен қатар тәрбие арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болатындығын түсінді. Квинтилян отбасы тәрбиесіндегі балалардың жағымсыз адамгершілік қасиеттерін және үлкендердің жағымсыз мінез-құлқын қатты сынады, жеке тұлғаның қалыптасуында балалардың жас ерекшеліктерін бағаламағаны үшін ата-аналарға ескерту жасады. 5-7 жасқа дейін Квинтилян Аристотель сияқты мектепке даярлыққа ерекше мән берді. 7 жасқа дейін 2 тілді меңгеруге тиіс ол ана тілі мен грек тілі. Квинтилян балаларды мақтап отыруға кеңес берді, жарыстырып, марапаттау қажет деді. Ол оқыту үрдісін көрнекті құралдар арқылы өткізуге ерекше назар аударды, оқытуда жүйелілік пен бірізділік қағидаларды сақтап отыруға құнды кеңестер берді.
16 Квинтилян болашақ шешенге дамыған ес, көркем сөз, жақсы дауыс ырғағы, мәнерлі сөз, мимика қажет деді. Шешенді тәрбиелеудің негізгі құралы өлеңдерді жаттау, оның адамгершілікке тәрбиелеуге көмектесетініне тоқталды. Логикалық ойлауда математиканы оқыту қажет деді. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1. Құл иеленушілік қоғамдағы шетел мектебіндегі тәрбие мен оқыту. 2. Ежелгі Грециядағы құлдық қоғамдағы мектеп пен тәрбие. 3. Ежелгі философтардың бала тәрбиесі туралы айтқан құнды пікірлері. 4. Сократтың «Өзін өзі тану» идеясының қазіргі таңдағы құндылығы. 5. Спартандық тәрбие мен Афиналық тәрбиенің ұқсастығы мен ерекшелігі. 1.3. Ортағасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық ойлар. Жоспар: 1. Византиядағы мектеп пен тәрбие. 2. Ортағасырлық Үнді және Қытайдағы тәрбиелеу мен оқыту. 3. Қайта өрлеу және реформация дәуіріндегі педагогикалық ойлар. Әдебиеттер: 1.Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006. 2.Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 2003. 3.Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. Алматы, Білім 2008. 4. Қазақстан Ұлттық энциклопедия 2 том, Алматы 1998ж 572-573 бет. Византия империясы 395-1453 ж аралығында өмір сүрген мемлекет. Алғашында «Ромейлер империясы» деп аталған. «Византия» (грекше- buzantion) деген Босбор бұғазы жанындағы б.з.д.680ж. Іргесі қаланған ежелгі грек қаласы. 324 ж. Рим империясының астанасы осы қалаға көшті де, 330 ж. бастап Константинополь, ал 1453 ж. бері Стамбул деп аталды. Византия атауын Ромейлер империясын түріктер жаулап алғаннан кейін зерттеуші ғалымдар енгізген. Астана Константинопольге көшкеннен кейін Рим империясы біртіндеп Батыс және Шығыс болып бөліне бастады. Толық бөліну 395 ж. жүзеге асты. Византия құрамына Балкан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Киреноико (Ливияның солтүстік шығысы) Месопотомия, Арменияның біраз бөлігі, Эгей теңізіндегі аралдар (Кипр, Крит, Родос т.б.) Қырым түбегінің оңтүстігі кірді. Халқының этникалық құрамы әртүрлі болды. (гректер, дактар, капттар, фракийліктер,сириялықтар, еврейлер, армяндар, грузиндер т.б.). 4-6 ғасырлар арасында халқының саны 50 миллионнан 60 миллонға жетті. Экономикада, саяси өмір мен мәдениетте гректер үстемдік құрды. 6 ғ. дейін мемлекеттік тілі латын тілі болса, 7 ғ. бастап империя құлағанға дейін грек тілі болды. Византия тарихы шамамен 3 кезеңге бөлінді: 1 кезең 4ғ-7 ғ. ортасы құл иеленушілік қоғам ыдырап, жер иеленушілік қатынастар құрыла бастады. Барлық өкімет билігі императордың қолында болды. Ол күшті армия мен флот ұстап, өз шекараларын қорғап, тіпті басқыншылық соғыстар жүргізді. Ірі жер иелеріндегі құл еңбегі біртіндеп ерікті шаруалар еңбегімен алмастырылды. 5 ғ. Константиполь, Александрия, Антиохия сияқты ірі қалалар сауда мен құлөнердің орталығына айналды. Византия Европадағы ең дамыған мемлекетке айналып, шыны ыдыс аяқ, зергерлік бұйымдар жасалынды, папирус өндірілді. Саудагерлер Иранмен, Үндістанмен, Қытаймен сауда жасап, батыс Европаға шығыстың қымбат тауарларын апарып, қатты байыды. Батыс Рим империясы бірнеше корольдікке бөлініп кеткен кезде, Византияда саяси экономикалық, тұрақтылық сақталды. Әсіресе Юстинианның тұсында (537- 565) мемлекеттің әскери қуаты артып, төңірегіндегі ұсақ мемлекеттерді өзіне қосып алды. Ол императордың билігін заң арқылы күшейтіп, аса күшті армия құрды. Православие шіркеуіне қолдау көрсетіп, сол арқылы Батыс пен Шығыс Рим империяларын қайтадан біріктірмекші болды. Италияда орналасқан Остюттар королдігін өзіне қосып алды. Мемлекеттің оңтүстік шығыс шекарасын нығайту үшін әрі Батыс пен Шығысты жалғастырып жатқан Ұлы жібек жолына үстемдік жасау мақсатында Иранға қарсы Түрік қағанатымен әскери одақ құрылды. 2 ел арасында саяси, дипломатиялық, әскери, сауда байланыстары біршама тез дами бастады. Византиямен шекаралас жатқан кебір түркі тайпалары Византия әскеріне қызметке тұрып кіші Азияға, Кавказға, Балкан
17 түбегіне қоныстана бастады. Бірақ Юстинианның мұрагерлері билікті ұстап тұра алмады. Ислам дінінің ықпал алуына байланысты қатты күшейген арабтар 632-642 ж. Сирия, Месопатамия, Палестинаны, ал 693-698 ж, Солтүстік Африкадағы иеліктерді басып алды. 7 ғ. аяғында Юстинианның түсындағы ел аумағының 3/1 ғана қалды. 2 кезең (7 ғ. ортасы 13ғ. басы) жер иеленушілік қатынастардың өте тез қарқынмен дамыған кезеңі болды. Бұл кезеңде Византия бірте бірте грек славян мемлекетіне айналды. Жерінің кішірейгеніне қарамастан ол Жерорта теңізіндегі ең қуатты державалардың бірі болды. Бірақ 11-12 ғ. империя ыдырай бастады. 1204 кресшілер Константинопольді басып алғаннан кейін, Византия мемлекет ретінде өмір суруін тоқтатты. 3 кезең (1204-1453) мемлекетте бытыраңқылық күшейіп, шетелдіктерге қарсы үздіксіз күрес жүргізумен сипатталады. Византияны кресшілер жаулап алған бөлігінде Латын империясы (1204- 1261) құрылды. Олар грек мәдениетін басып тұншықтырды, бірақ бүкіл империяны басып ала алмады. Қалған бөліктерінде Никей империясы (1204-1461), Трапезунд империясы (1204-1461), Эпир мемлекеті деген тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Олар латын империясына қарсы үздіксіз күрес жүргізді. Бұл күресте Никей империясы шешуші роль атқарды. Оның императоры Михаил YIII ғ. Пансолог 1261 ж. Константинопольді басып алып, Византияны қалпына келтірді. Бірақ Трапезунд пен Эпир мемлекеті оған қосылмай, дербестігін сақтап қалды. 14 ғ. басында түріктер Византияның Кіші Азиядағы иеліктерін толығымен басып алып, Балкан түбегіне шабуылдаумен болды. Олар1362 ж. Андринопольді (1365 жылдан түріктердің астанасы) 1369 ж. Фракияны, 1371ж. Сербияны, 1453ж. 29 мамырда Константинополь қаласын басып алды. 1461 ж. Түріктер Трапезунд империясын басып алғаннан кейін, Византия империясы өз өмір сүруін тоқтатты. Оның территориясы толығымен Осман сұлтандығының құрамына енді. Византияның архитектурасы мен бейнелеу өнері адамзат мәдениетінің дамуына зор әсерін тигізді. Мұнда құрылысы жағынан күрделі, еңселі ғимараттар бой көтерді. Атап айтқанда равеннадағы әулие Сан Витали шіркеуі (526-547), Константинополь әулие София соборы (532-537) әлі күнге дейін әсемдігімен таң қалдырады. 9 ғ. бастап крест күмбезді ғибадатханалар пайда болды. Хосиос Лукас монастры (10-11ғ.) Константинопольдегі Феодор 11 ғ., Солонникидегі Аностандар (1312-1315) шіркеулер т.с.с. көптеген шіркеулер, сарайлар, бекіністер салынды. Икона салу өнері және кітап көркемдеу ісі де өркендеді. Мүсін өнері, тас, піл сүйектерін әрлеу де кең қанат жайды. Өкімет билігінің император қолында болуы шіркеу музыкасының халықтық музыкамен байланысын күшейтті. Ақсүйектер арасында орган музыкасын тыңдау дәстүрге айналды. Түрлі ұлт (сирия, грек, славян, еврей) музыкалары негізінде Византия гимндерінің әуені келіп шықты. Кейіннен Византияның мәдениетінің кейбір элементтері христиан дінімен бірге Шығыс европа елдеріне ауысты. IY ғ. Рим империясы Батыс және Шығыс империясы болып екіге бөлінді. Батыс империя бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлінді. Шығыс империясы Византия деген атпен 1000 жыл сақталды. Бүкіл Византия мәдениетінің діни сипатта болуына қарамастан, онда Ежелгі Шығыс мәдениетінің кейбір элементтері сақталды. Шіркеу жанындағы мемлекеттермен қатар кейбір қалаларда жоғары мектептер болды, ол мектептерде діни кітаптар, Ежелгі Шығыс философтарының, ақын жазушыларының еңбектері оқытылды. Византия мәдениетін Шығыс Европа жеріне таратуда славяндар үлкен роль атқарды. Ол мәдениет Ежелгі Русь жеріне де тарады. Бірнеше ғасырлар бойы Батыс Европа елдеріне католик шіркеуі күшті әсер етті. Олар бүкіл оқыту мәселесін өз қолына ұстады. Орта ғасырлық монастырларда дінді тарату мақсатымен діни кітаптар қолдан көшіріліп, көбейтілді. Кітап көшіретін адамдар даярланды, кітапхана және мектептер құрылды. Кейбір шіркеулердің жанынан да мектептер ашылды. Бұл мектептерде ер балалар ғана оқыды. Шіркеу мектептерінде латын тілінде дұға оқуға, діни әндер айтуға, кейде жазуға үйретті. Оқу тек қана латын тілінде болғандықтан, балалар оқығандарының мазмұныны түсінбеді. Монастар және собор мектептерде мұғалімдік қызметті діни қызметкерлер атқарды. Мектептерде оқудың белгіленген мерзімі болмады. Шіркеу мектептерде оқу мерзімі 5 және одан да көп жылға созылды. Оқуға пайдаланатын діни кітаптардың мазмұны балаға өте ауыр тиді және олар қолдан көшірілгендіктен, біреудің жазуын айырып оқу өте қиындық келтірді. Құстың қауырсынынан
18 жасалған қаламмен жазу да ауыр еді. Мектептерде ұрып жазалау көп қолданылды. Төменгі мектептерге алғашқыда дін иелерінің балалары ғана оқуға алынса, XI ғ. бастап басқа сословиенің балалары да алынатын болды. Бірақ халықтың негізгі көпшілігінің балалары мектепте оқуға қамтылмады, олардың балалары ата аналарының еңбегіне араласу арқылы ғана тәрбиеленді. Монастрь және собор мектептерінде білім берудің көлемі бірте бірте кеңейтілді. Грамматика, риторика, діни философияның негіздері енгізілді. Арифметика, геометрия, астрономия және музыканы оқытатын мектептер де болды. Бұлардан басқа дін ілімі оқытылды, дін «ғылымның негізі» деп саналды. Әсіресе, грамматиканы оқуға көп көңіл бөлінді. Риториканың міндеті дінді уағыздауға даярлау болды. Диалектика оқушыларды діни тақырыпта таласуға, діни қағидаларды қорғауға даярлады. Барлық оқытылатын пәндердің мазмұны діни сипатта берілді. Кирилл мен Мефодий славян ағартушылары, христиан дінін уағыздаушылар және діни кітаптарды алғаш рет славян тіліне аударушылар. Кирилл 869 ж. Басында монахтықты қабылдағанға дейін Кирилл, (827-869) және оның ағасы Мефодий 815-885 ж.ж. Фессалоники (Солунь) қалаларында әскери адамның семьясында туады. Кирилл мен Мефодий славян жазуының және әдебиетінің негізін қалады. Нарбадда өзені мен Виндхи тауларынан солтүстікке қарай жатқан жерлер Солтүстік Индия, ал олардан оңтүстікке қарай жатқан жерлер Декан («Дакхин»-оңтүстік) деп бөлінеді. Бұл жерлерде көптеген тайпалар тұрды. Олардың тілдерінде біраз ерекшеліктер болды. Көптеген археологиялық қазба материалдары: тиындар, әдеби шығармалар Индияда сыртқы сауданың дамығандығын көрсетеді. Индияның Риммен саудасы сонау ғасырларда-ақ кеңінен қанат жайған болатын. Рим Индиядан тәтті тағамдар, бояу, иіс су, үлбіреген мата алып тұры. Ол товарлар үшін Рим Индияға алтын, шыны ыдыс-аяқтар, қорғасын, шарап, құлдар беріп отырды. IY ғасырдан бастап бұл сауда Византия қолына көшті. Индия көпестері батыста Аденге, шығыста Бирмаға, Үндіқытайға, Ява мен Суматраға дейін барып сауда жасады. Қытаймен тек сауда байланысы ғана емес, діни байланыста орнады. Индияның экономикалық дамуы оның мәдениеттегі жетістіктерінен байқалады. Үнді математиктері мен астрономдары айтарлықтай табыстарға жетті. «O»- нольді есепке үнділіктер енгізді. Жалпы, қазіргі цифлар жүйесін солар құрған. Олар алгебраны білген, түбірден шығаруды да солар ашқан. Үнді астрономдары жұлдыздар мен планеталардың қозғалысын есептей алған. Y ғасырда көрнекті ғалым Арьябхата жердің өз өсін айналатындығын дәлелдеген. Үндістер сондай-ақ химиядан да жақсы хабардар болған. Үнді медицинасы да зор табыстарға жетті. Үнді дәрігерлері адамның тамырының қағысы мен денсаулығының арасында тығыз байланыс бар екендігін дәлелдеді, күрделі операциялар жасай алды. Емдеу жолдарын білді. II-Y ғасырларда үнді философиясы дамыды. Оның көрнекті өкілдері II ғ. Нагарджуна, IIIғ. Джаймини, Y ғ. Васубандху т.б. болды. Осы ғасырларда брахман заңдарының жинақтары өмірге келді. Олардың ішінде әсіресе Яджнавалкья заңдары үлкен беделге ие болды. Әдеби ескерткіштердің ішіндегі ең бағалысы Каутильянның «Артхашастрасы» болды. Ол сол кездегі Индияның саяси, әлеуметтік өмірін баз қалпында бейнеледі. Үндістанда университеттерге татитын оқу орындары училищелер болды. Оның ең көрнектісі Наландтағы (Бихар) будда монастырында болды. Шебер құрылысшылар тамаша сарайлар мен храмдар салған. Олардың тек іздері қалды. Сол іздердің өзі үнді құрылысшыларының тамаша талғамдарын дәлелдейді. Үнді мүсіндерінің ішіндегі ең көрнектілері әр түрлі құдайлар мүсіндері. Олардың кейбіреулері таза үнді стилінде жасалса, енді біреулерінен эллиндік мүсін ықпалы байқалады. Индуизм деп аталатын Индия қоғамының діни иделогиясы касталық бөліністі қолдап, бекітті. Индуизм әр түрлі діни нанымдарды қамтыды. Индустар деп христиандық, ислам, буддизм, иуда дінін ұстанбайтын Индияның байырғы тұрғындары есептелді. Индуизмнің қалыптасқан, бекітілген жарғысы, ережесі болмады. Кәсіпқой брахман абыз болу үшін брахманнан туғандығы да жеткілікті болды. Бұл жүйенің негізіне ежелгі замандағы брахманизм дінінің догматтары алынды. Ол догмат қоғамның төрт варнаға: брахмандарға, кшатрилерге, вайшилер мен шудраларға бөлінуін қолдап, қорғады.
19 Феодалдық қоғамның дамуымен бірге Индия мәдениеті дамып жетіле берді. Ол жетілу туралы бізге жеткен сәулет және мүсін өнерлерінің, әдеби шығармалардың қалдықтарынан білеміз. Үндінің сәулетшілері XI ғ. тас пен кірпіштен зәулім Танджур храмын салды. Оның биіктігі I00 метрдей. Ортағасырлық үнді мүсіні діни нанымдарды уағыздауға бағытталды. Көп қол, аяғы бар құдайлардың әсерлі мүсіндері көптеп жасалды. Діни бағыттағы мүсіндер қасиетті жануарларды бейнеледі. Пілдің, жылқының тамаша бейнелері XII-XIIIғғ. Ориссадағы храмдарда жасалған. Қытайдағы феодалдық қатынастардың орнауы едәуір уақытқа созылды. Жаңа дәуірдің алғашқы кезеңінде Қытай экономикасының негізін жақсы дамыған ауыл шаруашылығы қамтыды. Ол елдің көптеген аудандарында жасанды суару жүйесі арқылы жүргізілді. Ертеде Қытай халқы жібек мата тоқуды ойлап тауып, оның құпиясын көпке дейін сақтады. Қытайда басы бас шаруалар көп болды. Жер мемлекет меншігі болып табылды. Ол әр отбасының жұмысқа жарамды адамының санына қарай үлестірілді. Жер иемденуші шаруалар негізінен азық түлік салығын төледі. (астық, мал, қолөнер бұйымдары). YI-XI ғ. Қытай мәдениеті өз заманының ең озық мәдениеті болды. XI ғ. Қытайда 2 мыңнан астам қала болды. YIII ғ. басында Қытайда «Астана жаршысы» атты газет шықты. Ол XX ғ. басына дейін өмір сүрді. Қытайлықтар математиканы, астрономияны, жағрафия мен тарихты жақсы оқып үйренді. Олар IX-XI ғғ. компас пен оқ дәріні ойлап тапты. YIII ғ. Қытайда Ханьлин академиясы ашылды. Ортағасырлық Қытай жылнамалары өте көп болды. Тек Сунь империясынан 500 томдық жылнама қалды. Қытайда мыңдаған қолжазбалары бар көптеген үлкен кітапханалар болған. Орасан зор елді басқару үшін үкіметке сауатты адамдар керек болды. Ірі қалаларда мектептер болды. Чиновник болып шығу үшін қиын емтихандар тапсыратын болды. Егіншілік, метал қорыту, фарфор жасау, т.б. кәсіптер жөнінен оқулықтар шығарылды. Қытай дәрігерлері көптеген өсімдіктерден дәрі жасау тәсілін білді. Олар қиын операциялар жасады. Қытай медицинасының табысы шешек ауруына қарсы егу болды. Қытайлықтар өз елінің тарихын мұхият зерттеді. Бұл туралы Қытай мәтелінде: «Өткенді ұмытпа, ол болашақтың ұстазы» делінді. YIII-IX ғ. Қытай поэзиясының «алтын ғасыры» деп атайды. Оның өкілдері Ли Бо (702-762), Ду Фу (712-770), Бо Цзюй-й (772-846) болды. Импероторлар мен ірі феодалдардың заказдары бойынша зәулім сарайлар мен погодалар салынды. Пагода деген көп қабатты мұнара түрінде ағаштан, тастан, қоладан және темірден храмдар салды. Көптеген үйлер түрлі әшекейлі оюлармен өрнектелді. Төбесінің жиегі жоғары иілгендігі, жалпақ карниздері оны жеп-жеңіл, көкке қарай қанатын қомдағандай етіп көрсетеді. Суретшілер арнаулы мектептерде білім алды. Астанада сурет академиясы ашылды. Бейнелеушілер картиналарды ұзын жібекке немесе бүктемелі қағазға бояумен немесе тушьпен салды. Орта ғасырлық Қытай халқы ғылымда, техника мен өнерде үлкен табыстарға жетті. Өнеркәсіптің дамуы, мануфактураның құрылуы, техникалық жетістіктер, сондай- ақ алыс елдерге жүзу арқасында дамыған сыртқы және ішкі сауданың нығаюы осының бәрі Қытай жұртшылығының ғылым, білімге құштарлығын арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына ықпал етті. XY ғ. басында Қытай ғұламалары бұрынғы атам заманнан бері жинақталған білім жүйесін қамтитын көлемі жағынан алып энциклопедия жасады. Ол астрономия, медицина, математика, биология, тарих, философия, дін, ауыл шаруашылығы жөніндегі шығармалардан құрылды. Географиялық мәліметтеер мен Қытайдың толық дәлме дәл картасы пайда болды. Жаңа типті тарихи материалдар мемуарлар өмірге келді. IV — XVI ғасыр тарихқа Қайта өрлеу дәуірі деген атаумен енген болатын. Бұл кезең феодалдық қоғамның ішінде өндірісті капиталистік тәсілінің алғашқы қауымдарының пайда болуымен мануфактураның сауданың дамуымен, сол кездегі прогрессивтік таптық-буржуазияның аренаға шығуымен сипатталады, ол ертедегі дүние мәдениетінің жаңғыруымен, оның ішінде грек мәдениетінің өрлеу кезеңімен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл кезең ғылым мен өнердің тез қарқынмен дамуына мүмкіншілік жасады. Қайта өрлеу дәуірі кезінде өмір туралы діни түсініктерге қарсы жер бетінде көңілді өмірге адам құқығын жариялады. XIV — XVI ғ.ғ. мәдениетте ең негізгі көңіл бөлінген мөселе адам
20 болғандықтан, ол гуманистік деп аталды (латын тілінен аударғанда humanus — адамды сүю деген мағынаны білдіреді). Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманизм, сөзсіз, прогрессивтік құбылыс болып табылады, бірақ ол салыстырмалы түрде тар шеңбердегі оқыған адамдардың идеологиясы болды және әлеуметтік шектеулі сипатта еді. Гуманистердің жариялаған «адамға табынуы», адамды сүюі, қастерлеуі тек үстем таптың өкілдеріне ғана кеңінен тарады және бұқара халықтың өкілдерінің ондай мүмкіншіліктері болмады, оларды феодалдар мен жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазия қатал қанап отырды. Педагогтар-гуманистер дені сау, әртүрлі қызығуларды меңгерген, өмірге белсенді адамдарды төрбиелеу мақсатын қойды. Олар балалардың дене және ақыл-ой тәрбиесіне ерекше мән берді, шығармашылық белсенділігін, өзіндік іс-әрекетін дамытуға көмектесті, оларды терең біліммен қаруландырды. Гуманистердің айтуынша, оқыту үрдісі көрнекілікке негізделген болу керек және оқушылардың білімді саналы меңгеруін қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды. Гуманистер орта ғасырға тән таяқ тәртібін, жазалауды қатты сынға ала отырып, қарсылықтарын білдірді, балаларға ерекше көңіл бөлуге, жеке түлға ретінде сыйлай білуге, құрметтеуге шақырды. Тәрбиенің феодалдық жүйесіне, догматизмге және балалардың ақыл-ой күш-жігерін басып-жаншуға қарсылық білдіре отырып, гуманистер өз кезеңі үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық талаптар ұсынды. Бірақ гуманистік педагогика, басқа да қайта өрлеу дәуірі гуманизмінің барлық мәдени қозғалысы сияқты көпшілік бұқара халықтың мүддесі үшін күресімен байланысты болмады. Оның ықпалы тек ауқатты, үстем таптың балалары оқитын мектептерде кеңінен тарады. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1. Орта ғасырдағы Византиядағы білім мен тәрбиенің дамуы. 2. Ортағасырлық Үндістандағы ғылым мен білімнің дамуы. 3. Қытайдағы тәрбиелеу мен оқыту. 1.4. Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие (XYII ғ. ортасы-XYIII ғ. аяғы). Жоспар: 1. Жаңа дәуірдің басындағы педагогикалық ойлар.
21 2. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы. 3. Дж.Локк және Ж.Ж. Руссоның педагогикалық көзқарастары. Әдебиеттер: 1.Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006. 2.Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 2003. 3.Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. Алматы, Білім 2008. XIY-XYI ғасыр тарихқа Қайта өрлеу дәуірі деген атаумен енген болатын. Бұл кезең феодалдық қоғамның ішінде өндірісті капиталистік тәсілінің алғашқы қауымдарының пайда болуымен мануфактураның сауданың дамуымен, сол кездегі прогрессивтік таптық буржуазияның аренаға шығуымен сипатталады. Ол ертедегі дүние мәдениетінің жаңғыруымен, оның ішінде грек мәдениетінің өрлеу кезеңіімен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл кезең ғылым мен өнердің тез қарқынмен дамуына мүмкіншілік жасады. Қайта өрлеу дәуірі кезінде өмір туралы діни түсініктерге қарсы жер бетінде көңілді өмірге адам құқығын жариялады. XIY-XYIғ.ғ. мәдениетте ең негізгі көңіл бөлінген мәселе адам болғандықтан, ол гуманистік деп аталды (латын тілінен аударғанда humanus- адамды сүю деген мағынаны білдіреді). Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманизм, сөзсіз, прогрессивтік құбылыс болып табылады, бірақ ол салыстырмалы түрде тар шеңбердегі оқыған адамдардың идеологиясы болды және әлеуметтік шектеулі сипатта еді. Гуманистердің жариялаған «адамға табыну», адамды сүю, қастерлеуі тек үстем таптың өкілдеріне ғана кеңінен тарады және бұқара халықтың өкілдерінің ондай мүмкіншіліктері болмады, оларды феодалдар мен жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазия қатал қанап отырды. Педагог гуманистер дені сау, әртүрлі қызығуларды меңгерген, өмірге белсенді адамдарды тәрбиелеу мақсатын қойды. Олар балалардың дене және ақыл-ой тәрбиесіне ерекше мән берді, шығармашылық белсенділігін, өзіндік іс-әрекетін дамытуға көмектесті, оларды терең біліммен қаруландырды. Гуманистердің айтуынша, оқыту үрдісі көрнекілікке негізделген болу керек және оқушылардың білімді саналы меңгеруін қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды. Гуманистер орта ғасырға тән таяқ тәртібін, жазалауды қатты сынға ала отырып, қарсылықтарын білдірді, балаларға ерекше көңіл бөлуге, жеке тұлға ретінде сыйлай білуге, құрметтеуге шақырды. Тәрбиенің феодалдық жүйесіне, догматизмге және балалардың ақыл-ой күш жігерін басып жаншуға қарсылық білдіре отырып, гуманистер өз кезеңі үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық талаптар ұсынды. Бірақ гуманистік педагогика, басқа да қайта өрлеу дәуірі гуманизмінің барлық мәдени қозғалысы сияқты көпшілік бұқара халықтың мүддесі үшін күресімен байланысты болмады. Оның ықпалы тек ауқатты, үстем таптың балалары оқитын мектептерде кеңінен тарады. Қайта өрлеу дәуірінде математика, астрономия, механика, жағырафия, жаратылыстану ғылымдары жан-жақты дамуға мүмкіншілік алды. Бұл ғылымның әр түрлі салаларында жаңалықтарды табу мен ашу кезеңі болды: Еуропада кітап басып шығаруды ойлап табу, Американы, Индияға теңіз жолын ашу т.б. ірі жаңалықтармен ерекшеленеді. Әртүрлі елдерде Қайта өрлеу дәуірі кезінде педагогикалық ой-пікір әрқилы дамыды, әр елдің дамуының ерекше белгілерін бейнеледі. Мәселен, Италияда антикалық философияның белгілі білгірі Витторина да Фельтре (1378- 1446 ) «Қуаныш үйі» деп аталатын мектеп ұйымдастарды. Бұл мектепті ұйымдастырудың негізіне гуманистік педагогиканың қағидалары жатқызылды. Мектеп тамаша сарайда, табиғат аясында ашылды. Ғимараттың барлығы мектептің қажеті үшін, Витторинаның айтуынша, арнайы қайта жабдықталған болатын. Орта ғасырлық мектептерден айырмашылығы жаңа мектепте жарық пен ауа көп болды. Әсіресе, оқушылардың дене тәрбиесіне ерекше мән берілді. Оқытудың негізгі пәндері болып табылатын классикалық тілдер және классикалық әдебиет басты назарда тұрды, балалар математикамен, астрономиямен айналысты, табиғатқа саяхат жасады. Балалардың ойындарына, дене және рухани күштерін дамытуға көңіл бөлінді. Барлық балаларға тегіне қарамастан, әкелік
22 қамқорлық жасалды. «Қуаныш үйі» үстем тап өкілдерінің балаларына арналғанмен, онда аз мөлшерде болса да, кедей балалары оқып білім алды. Гуманизм идеялары Италиядан Францияға енді. Қайта өрлеу дәуірі педагогикалық ой-пікірінің көрнекті қайраткерлерінің бірі, француз жазушысы гуманисі Франсуа Рабле (1494-1553) болды. Өзінің белгілі «Гаргантюа және Пантагрюль» атты романында ортағасырлық схоластикалық тәрбиені қатты сынға алды және оған бала үшін тәртіппен ойластырылған гуманистік тәрбиені, жан-жақты біілім беруді, өз бетімен ойлауды дамытуды, шығармашылықты және белсенділікті қарсы қоя білді. Рабле романда король қалай өз баласы Гаргантюаны тәрбиелеу үшін ғалым схоластарды шақырғандығы, олар баласына бәрін жаттауды талап еткендігін әңгімелейді. Ол мүмкіншілігі келгенше кейбір схоластикалық кітаптарды басынан аяғына дейін, одан керісінше айтып беру салдарынан ештеңе де білмей шыққандығы айтылады. Содан кейін әкесі схоласт мұғалімдерді қуып жіберіп, орнына гуманист мұғалімдерді шақырады, олар біршама өзгерістер енгізеді. Гаргантюа көп уақытын дене жаттығуларына арнады, ғылымдарды дұрыс және бірізді оқып үйренді. Гаргантюа таиғатты бақылай бастады, табиғатқа серуенге шығып, өсімдіктерді жинап, гербарий жасады; астрономияны, аспандағы жұлдыздарды бақылау арқылы зерттеді. Оқу үрдісі әңгіме, кітаптарды оқу, көрнекі құралдарды пайдалану арқылы жүргізілді. Гаргантюа бірнеше саздық аспаптарды ойнай білуді және ән салуды үйренді. Білімді меңгеру саналы іске асты. Рабле оқытудың көрнекілік идеясын жақтаушылардың бірі болды. Ол оқытуды қоршаған ортадағы шындықпен байланыстыру туралы кеңестар берді. Адамзат рухының қайта өрлеуінің тамаша көрінісі болып табылатын жас ұрпақты еңбек ісәрекеті үрдісінде тәрбиелеу туралы ойды алғаш рет айтқан ағылшын ойшылы гуманисі Томас Мор (1478-1535) болды. Ол білім беру теориясын еңбекпен байланыстыру идеясын ұсынды. Томас Мор өзінің белгілі «Мемлекеттің дұрыс құрылысы туралы және жаңа Қиял аралы туралы Алтын кітабында (1516) еуропалық ойшылдардың ішінде алғаш рет екі негізгі және маңызды қағиданы ұсынды: адамзат қоғамының көркеюі үшін жеке меншіктің зияны туралы және барлық адамзаттар үшін міндетті өнімді еңбекке қатысу. Автордың фантазиясымен Қиял мемлекетінде барлық азаматтар еңбектенуге міндетті (күні 6 сағаттан), қоғамдық еңбектің жемісі барлық адамдардың арасында бірдей бөлінеді. Бұл мемлекетте болашақ азаматтарды оқыту жалпыға бірдей және міндетті, бұл жерде баланың жынысына қарамастан толық және тең құқықты. «Барлық ерлер мен әйелдердің бір ғана ортақ ісі бар, деп жазды Т.Мор, ол жер шаруашылығы, одан ешкім де бас тарта алмайды. Оған балалық кезеңнен бастап оқиды, кейбіреулері мектепте теорияны меңгеру барсында қалаға жақын далада ойнау үшін шығады, онда олар көріп қана қоймайды, сонымен қатар дене жаттығулары арқылы жұмыс істейді». Мордың замандастарына өте маңызды идея болғаны балаларды тек қана ана тілінде оқыту, алынатын білімнің негізінен ғылыми жаратылыстану мазмұны туралы. Мор дене тәрбиесіне ерекше мән берді, ол дене тәрбиесінің афиналық жүйесін ұстанды. Өте қызықты әрі прогрессивті идеяларды ұсынуда өз замандастарынан көш ілгері болды. Атап айтсақ, оқыту үрдісінде көрнекілікті қолдану және барлық ересектер үшін олардың айналысатын кәсібіне қарамастан, әруақытта да өзіндік білім алуын жетілдіріп отыру идеяларын күн тәртібіне қойды. Томазо Кампанелланың педагогикалық идеялары оның «Күннің қаласы» деп аталатын еңбегінде айқын байқалады, бұл еңбек белгілі дәрежеде оған дейінгі ойшылдардың, оның ішінде Томас Мордың идеяларын одан әрі дамыту болып табылады. «Күннің қаласы» бұл мемлекет қиял мемлекеті сияқты қоғамдық қағидалар негізінде құрылған, міндетті және жалпыға бірдей еңбекке, азаматтарға ғылым мен өнермен айналысуға барлық мүмкіншіліктер жасалған. Кампанелла Морға қарағанда жетілген қоғамда бала тәрбиелеу жүйесін толық қарастырды. Оның айтуынша, мемлекет жұбайларды іріктерде бақылау жасап отыруы керек, оның мақсаты «ерлер мен әйелдердің үйлесуі дұрыс тұқым беру керек» деген қағиданы ұстанды.
23 Кампанелла 2 жастан бастап балаларға қоғамдық тәрбие беру керектігін ал 3 жастан бастап дұрыс сөйлей білуге және әліппеге үйрету қажеттігін, көрнекілікті кеңінен қолдануды ұсынды. Осы жас кезінен бастап балалардың күшейтілген дене тәрбиесін беру, 8 жастан бастап, әртүрлі ғылым негіздерін жүйелі меңгертуді жөн санады. Ғылым негіздерін меңгеруді әртүрлі шеберханаларға қатысумен ұштастыру, тәрбиеленушілерге техникалық білім беру үшін және болашақ мамандықты саналы таңдай білу мүмкіншіліктері үшін қажеттігін атап өтті. 12 жастан азаматтарға әскери дайындықты бастау керектегі, оның жынысына қарамастан, соғыс бола қалған жағдайда әйелдер өздерінің балаларымен қатыса білу қажеттігін атап көрсетті. Алғашқы социалист утопистердің педагогикалық идеялары прогрессивті педагогикалық теориялардың одан әрі қалыптасуына елеулі әсер етті. XYII ғ. Англия экономикалық жағынан даму үстіндегі ел еді, Англияда өндіріс төңкерісін әзірлеген буржуазиялық революция болды. Бұл революция феодалдық құрылысқа қарсы бағытталды да жаңа заманның, яғни капиталистік шаруашылықтың жүйесі мен буржуазиялық үстемдіктің орнай бастағанын көрсетті. Бірақ бұл революцияның ерекшелігі сол ол буржуазиялық революциялардың бастамасы еді, сондықтан ол іри бастаған фоедалдық қоғамның негізінде дамыды. Ол кезде әлі ірі машиналы капиталистік өндіріс те, пролетариат та жоқ еді. Революция буржуазия мен феодалдардың арасындағы ымырамен аяқталды. XYII ғ. ортасында, революция кең етек ала бастағанда, оған қарсы реакцияның шабуылы басталды. Осындай тарихи жағдайлар Джон Локктың саяси әлеуметтік, философиялық және педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына әсер етті. Джон Локк буржуазиялық семьяда өскен, адвокаттың баласы. Оксфорд университетін бітірісімен 1658 жылдан бастап, сонда сабақ берді, кейіннен жаратылыстанумен әуестенді, медицинаны зерттеді. Локктың философиялық көзқарастарының қалыптасуына Бэкон мен Декарттың шығармалары күшті әсер етті. Ол таным теориясын зерттей отыра, Бэкон негізін салған ағылшын материализмін ілгері дамытты. Өзінің «Адам ақылы жөніндегі тәжірибе» (1690) деген негізгі еңбегінде елестеулер мен идеялардың адамның туысынан пайда болмайтындығын дәлелдеуге тырысты. Бала жаны оның ойынша табиғатынана ақ тақта сияқты тап таза болады. Локктың ойлары адамның дамып жетілуіндегі тәрбиенің мәнін жоғары бағалауға мүмкіндік берді. Оның философиясы дуалистік (екі жақтылық) ерекшелікте еді.
24 Локк өзінің педагогикалық көзқарасын «Тәрбие жөніндегі ойлар», «Ақылды тәрбиелеу туралы» деген еңбектерінде баяндады. Локктың ұсынған тәрбиесінің мақсаты өз ісін ойластыра отырып сақтықпен жүргізе алатын, өз мүдделерінің реттілігін қамтамасыз ете алатын үстем таптың жас өспірімін тәрбиелеу. Сөйтіп Локк тәрбие арқылы қарапайым адамдардың балалары емес, дворян балаларын жетілдіруді, тәрбие арқылы оларға буржуазиялық пысық іскерлік сапалар мен ерекшеліктер сіңіруді арман етті. Демек, Локк ұсынған тәрбиенің негізінде Англия үкіметінің басына келген жаңа буржуазияның болашағы үстем таптың жас өспірімін қалыптастыру мақсаты болды. Локктың ойынша тәрбиенің бір саласы ғана емес, оған дене және адамгершілік тәрбиелері берілуге тиіс. Локк оқу тәрбие жұмысының мектепте жүргізілуіне қарсы болды. Оның дәлелінше, мектеп балаларды теріс және келіссіз тәрбиелейтін ұя, сондықтан буржуазия табының перзенті үй тәрбиесінен өтуі тиіс, себебі өз кемшіліктері бар үй тәрбиесі мектептің беретін білімдері мен дағдыларынан да артық деп есептеді. Сөз жоқ, Локк ұсынған тәрбиені ұйымдастыру жолдарының өрісі тар болды: ол буржуазия табының перзентін семьяда ғана тәрбиелеуді және тәрбиені гувернерлік түрде ғана жүргізуді көздеді. Мұнан әрине, Локктың буржуазия идеологы екендігі айқын көрінеді. Локктың дәлелінше, адамгершілік тәрбиесінің нақты тәсілдері мен құралдары мынадай принциптерге негізделуі тиіс: 1) табиғатқа сәйкестілік, 2) бала табиғатын жете зерттеу және балаға деген даралық қатынас орнату, 3)тәрбиедегі қаталдықты балаға сүйіспеншілік білдірумен ұштастыру. Локк іріктеп ұсынған тәрбиенің жолдарымен құралдары: 1) үлгі-өнеге көрсету, 2)әдеттендіру, 3)балалармен пікір алысу және олардың әуестенушілік ынталарын қанағаттандыру, 4 ) намыс және теріс ұғымдарына назар аудару. Оқыту әдістері жөніндегі мәселелерді қарастырғанда Локк ең бірінші орынға баланың ойлауын тәрбиелеуді қойды. Бұл жөнінде өзінің «Ақылды тәрбиелеу туралы» және «Оқу туралы» атты еңбегінде бірнеше нақты кеңестер ұсынады. Ол ойлау операциясының саласы жинақтап топшылау жөніндегі мәселені көтере отыра, жинақтап топшылауды деректермен және қорытындылаумен байланыстыру жөн деді. Өздігінше ойлау дағдыларына үйрету Локктың оқыту әдістерінің негізгі принциптерінің бірі. Демек, Локк құр жаттауға қарсы болды, ол ойлауды дамытатын методиканы жақтаушы болды. Құр жаттау есті де, ақылды да дамыта алмайды, сондықтан мақсатты түрде балаларды өздігінше ойлау жұмысына үйрету қажеттігін дәлелдеді. Жалпы алғанда Коменский сияқты Локк та оқуды күшпен зорлап жүргізуге қарсы болды. Оның ұсынған методикасының мәні балалардың білімге деген ынтасы мен сүйіспеншілігін дамыту. Оның тәрбие жөніндегі пікірлері оқу мен тәрбиені тәжірибеге және балалардың өміріне негіздей жүргізудің қажеттілігін дәлелдеді. Коменский мен Локктан іріктелген педагогикалық мұра буржуазиялық революция кезеңінде зор мағынаға ие болды. Педагогикадағы догматизммен, схоластикамен, бос сөзділікпен XYIIғ. француз материалистері және ағартушылар Д.Дидро (1713-84), К.Гелвеций (1715-1771), Л.Гольбах (1723- 1789), әсіресе Ж.Ж.Руссо (1712-1778), қажымай күрес жүргізді. Ж.Ж.Руссо-көрнекті француз ағартушысы, жазушы және философ- ойшылы. Ол 1712 жылы сағат шеберінің отбасында дүниеге келді.Руссо жүйелі білім ала алмады. 16 жасында ол Женеваны тастап, 30 жасына дейін әртүрлі жұмыстарды атқарды, қара жұмыс, музыкант, музыка оқытушысы және т.б. жұмыстар. Осы жұмыстармен қатар Руссо өз бетінше білім алумен айналысты. Лейбництің, Декарттың, Локктың, Вольтердің және басқа да көрнекті ойшылдардың шығармаларын ерекше қызығушылықпен оқып үйренді. 1741 жылы ол Парижге келіп, Франциядағы ағартушылық философияның көрнекті өкілдерінің қоғамына кіріп, олармен бірге белгілі Энциклопедияда жұмыс істеді. Руссо бірнеше еңбектер жазды: «Ғылымдар мен өнерлер туралы» (1750), «Адамдардың арасында теңсіздіктің пайда болуы және себептері туралы»(1754), «Жаңа Элоиза» (1761), «Қоғамдық
25 шарт» (1762), педагогикалық роман «Эмиль, немесе тәрбие туралы» (1762), бұл еңбектер оның есімін әлемге танытты. Өзінің қоғамдық саяси көзқарасы бойынша Руссо ұсақ буржуазиялық демократ, ұлттық тәуелсіздіктің сенімді жақтаушысы болды. Руссо адамдардың арасында қалыптасқан теңсіздікті қатты сынға алды. Руссо Плехановтың айтуынша, «аяғының тырнағына дейін демекрат», қоғамның барлық мүшелері бірдей құқыққа ие болатын қоғам құруға ұмтылса, үкімет халықтың өзіне бағыну керек. Егер ол халықтың еркіне қарсы шықса, халық өз өкіметін құлатуға құқылы. Сондықтан да Руссо француз буржуазиялық революциясын идеологиялық дайындауда ерекше роль атқарды. Руссоның шығармаларын Париждің көшелері мен клубтарында оқыды. «Эмиль және тәрбие туралы» деген романында Руссо феодалдық қоғамның шырмауынан еркін адамды тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп беруге талпынды. Бұл роман прогрессивті ортада ерекше қызығушылық танытты, ал реакциялық топтардың арасында жеккөрушілікпен қарады. 1762 ж. Париж парламенті романды өртеуге, ал оның авторын түрмеге қамауға шешім қабылдады. Руссо Швейцарияға қашып кетуге мәжбүр болды. Оның «Эмиль және тәрбие туралы», «Қоғамдық шарт» еңбектері өртелді. Швейцариядан да кетуге мәжбүр болды. Тек 1770ж. ғана Парижге қайта оралуға мүмкіндік алды. Ауру, қайыршылықтың күнін кешіп, 1778 ж. Париждің қасында қайтыс болды. Руссо әрбір балада табиғатынан жағымды нышандар берілетіндігін атап көрсетті. «Табиғи тәрбие» Руссоның теориясы бойынша, тәрбиеші баланың жеке басын терең құрметтеудің және табиғи жас ерекшеліктерін ескеру негізінде өзінің негізгі міндеті балада нышандары мен қабілеттіліктерінің дұрыс дамуы үшін жағдай жасау және оны бұзылған ортаның ықпалынан сақтау болып табылады. Ол баланың жас кезең ерекшеліктерін терең түсінді. Руссо «табиғи және еркін тәрбиеге» ерекше мән берді. Руссоның айтуы бойынша, балалар табиғатқа сәйкес тәрбиеленуі тиіс. Оның себебі: тәрбие жұмысында баланың табиғатына сәйкес оның жас ерекшелігін ескеру. Оның түсіндіруінше, тәрбие үш түрлі қайнар көзден нәр алады. Дейді: табиғаттан, қоршаған адамдардан және қоршаған заттардан. Руссо таби,и тәрбиемен тікелей байлансты еркін тәрбиені қатар қойды. Адамның табиғи құқының біріншісі еркіндік, сондықтан да ол еркін тәрбиеге ерекше мән берді. Руссо балалардың жас ерекшеліктерін төмендегідей кезеңдерге бөлді: Бірінші кезең туғаннан бастап, екі жасқа дейінгі кезең; екінші кезең екі жастан он екі жасқа дейін; үшінші кезең он екі жастан он бес жасқа дейін; төртінші кезең он бес жастан ересектік жасқа дейін. Бірінші кезеңде, Руссо баланың дене тәрбиесіне ерекше мән берді. Бұл кезеңде, оның пікірі бойынша, баланы қоршаған заттармен таныстыру қажеттілігіне тоқталды. Мейлі бала заттарды ұстап қарасын, ойыншықтарды мейлі қиратсын, сындырсын. Осылай ол көруді сипай сезумен байланыстырудың алғашқы дағдыларын меңгереді және кеңістікті елестете алады. Екінші кезеңде, Руссоның айтуы бойынша, бала әлі де ойлауға және дерексіз ұғымдарды меңгеруге қабілетсіз, сондықтан да балаларға әртүрлі үгіт, насихат айту және мәтіндерді жаттауға зорлаудың қажеттілігі жоқ. Ол балаларға кітап беруді ұсынбайды, оның түсіндіруінше, олар үшін ең жақсы кітап қоршаған табиғат болып табылады. Бұл кезеңде дене тәрбиесін жалғастыру, денсаулығын нығайту, әсіресе баланың сыртқы сезімдерін дамыту қажет. Көру, сипай сезу,органдарын дамыту, демек, балаға қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бақылауға, өлшеуге, саалыстыруға, санауға жан-жақты мүмкіншіліктер беру. Сезім органдарын дамыту ақыл-ой дамуының негізгі алғышарттары. Сондықтан да балаға еркіндік беру керек. Руссо былай деп жазды: «мейлі ол жүгірсін, секірсін, мейлі ол ойнасын, әрекет етсін, әруақытта да үздіксіз қозғалыста болады». Үшінші кезең, Руссоның сипаттауынша, ақыл- ой және еңбек тәрбиесінің кезеңі болып табылады. 12 жасқа келгенде бала дене жағынан жеткілікті жетілген және еңбекке қабілетті, өзінің сыртқы сезім органдарының көмегімен қоршаған дүниедегі негізгі заттар мен құбылыстарды тез бағдарлай және қабылдай алады. Ал жағырапиядан, астрономиядан және табиғаттанудан білімдерді
26 түсіну және меңгеру қабілеттілігін толық іске асырады. Руссоның айтуынша, бала дамуының бұл кезеңінде ақыл-ой тәрбиесі осы үш пән бойынша білімдерді меңгерумен шектелуі тиіс. Үшінші кезеңде Руссо еңбек тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді. Еңбек тәрбиесінің негізгі құралы, Руссоның айтуынша, тәрбиеленушінің еңбек үрдісіне тікелей қатынасы болып табылады. Төртінші кезеңді Руссо адамгершілік тәрбиесінің кезеңі деп атады, бұл кезеңде тәрбиеленуші адамгершілік ұғымдарды қабылдауға қабілетті болып табылады. Руссо тәрбиенің алдына үш міндет қояды: 1) жақсы сезімдерді тәрбиелеу немесе «жүрек тәрбиесі»; 2) жағымды пікірлерді тәрбиелеу; 3) жағымды ерікті тәрбиелеу. Осы міндеттерді шешу, Руссоның пікірінше, ақыл айтумен ғана емес, басқа жолдармен: жағымды үлгілермен, жағымды істерді орындаумен және ұлы адамдардың ғұмырнамасын оқып үйрету арқылы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Руссоның әйел тәрбиесі туралы ойлары (Эмильдің болашақ зайыбы) оның әйел табиғаты және оның әлеуметтік мәні туралы көзқарастарымен анықталды. Руссоның көзқарасынша, оның мәні ана болу, шаруашылықты жүргізе алу, отбасында жағдай жасай білу, жолдасына ұнай білу, пайдалы болу. Сондықтан да қыз баланың табиғи тәрбиесі, Руссоның айтуынша, ер баланың тәрбиесінен түбірімен ерекше болу керек. Қыз балаға тән қасиет тәуелді болу, басқаның көзқарасын меңгеруге даяр болу. Әйел адам дені сау және мықты бала тууға жаратылған, сондықтан да табиғи сұлулықты және әдемілікті меңгерген болуы керек, демек, оларға білім берудің қажеті жоқ деген болатын. Руссо Эмильдің болашақ зайыбына білім беруді шектей отырып, балалық жастан бастап, оларды дінге үйрету керек деген пікір айтты. Руссоның педагогикалық теориясының кейбір қарама-қайшылықтары мен қате пікірлеріне қарамастан, оның педагогикалық мұрасының тарихи прогрессивтік мәні ерекше және кейінгі педагогикалық ой-пікірдің дамуына үлкен әсер етті. Руссо баланың жеке басын басып жаншитын өмірі өтіп бара жатқан феодалдық тәрбие жүйесін қатты сынға алды: білім беру саласындағы таптық шектеушілік, сөздік оқыту, догматизм мен құрғақ жаттау, таяқ тәртібі, дене жазалауы. Өз кезегінде алдыңғы қатарлы адамдардың көзқарасын білдіре отырып, ол адамды феодалдық қанаудан құтқару, балалардың құқығын қорғау мәселелерін алға тартты. Руссо балаға сүйіспеншілікпен қарауға, оның жас және дара ерекшеліктерін зерттей білуге, оның қажеттіліктерімен есептесуге шақырды. Руссо оқушылардың белсенділігін арттыруға, ойлау ерекшеліктерін, қабілеттерімен өзбетімен жұмыс істеуін дамытуға ерекше мән берді. Ол балалардың сезім органдарын тәрбиелеу, олардың байқампаздығын дамыту қажеттігін ерекше атап көрсетті. Сонымен қатар Руссоның педагогикалық тұжырымдарының барлығын дұрыс деп айта алмаймыз: мысалы: оның дара «еркін тәрбие», әртүрлі педагогикалық әсерлердің қажеттігін жоққа шығару, баланың жеке басының тәжірибесін бүкіл адамзаттың тәжірибесіне қарсы қою, қоғамдағы әйел адамдардың орнын дұрыс бағаламау т.б. атауға болады. Дей тұрғанмен, Руссоның белсенді ойлай білетін еркін адамды тәрбиелеу туралы идеялары көптеген елдерде педагогикалық теория мен практиканың дамуына жағымды әсер етті. Коменскиймен салыстырғанда Руссо феодалдық тәрбие жүйесіне қатты соққы берді. Ол балалардың психологиялық ерекшеліктер туралы ілімді біршама тереңдетті. Руссоның әдеби және педагогикалық мұраларын Ресейдің сол кездегі алдыңғы қатарлы озық ойлы өкілдері жоғары бағалаған болатын. Эмильдің санаулы алғашқы даналары Петербургке 1763 жылы ақпанда алынды, бірақ бұл кітаптың таралуына тиым салынды, оған қарамастан кітап құпия түрде таратылды. XYIII ғ. Ресейдің жалынды революционері, ағартушысы А.Н.Радищев Руссоның мұрасына ереше баға берді. А.Н.Радищев тәрбие мәселелеріндегі жүргізген өзгерістері үшін Руссоға «Европа көп міндетті» деп жазды. Декабристер де XIX .ғ 60 жылдарындағы революцияшыл-демократтар Руссоның педагогикалық еңбектерін жоғары бағалады. Руссоның педагогикалық мұрасының көптеген мәселелері бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен сөзсіз үндесіп жатқандығын айтып өткен орынды.
27 Ян Амос Коменский 28.03.1592 жылы Морави қаласында дүниеге келді. Германияда білім алып, жасында ол туыстар общинасының дін қызметшісі міндетін атқарды. 1618 жылы Коменский 240 километрге орналасқан Праганың ығысындағы Фульнекеге келді. Сол жылдары Еуропада протестанцизмге қарсы күш католиктік контиреформация құрылды. Жылдық соғыстан кейін Римдік католиктік дін Моравияда заңды түрде жеңіп билік алды. Жоғары сословия өкілдері Коменскийге соған мүше болып кіру немесе отанын тастап кету ұйғарылған. Коменский соның әсерінен жер аударылып, отбасымен бірге Лешноға келді. Бұл Польшаның белгілі Общиналық орталығы болатын. Осыдан бастап, ол қуғын көріп 42 бойы айдауда жүрді. Отанына қайта орала алмады. 1656 жылы Лешнода оның жазбаларын өртеді. Бұл жылдары ол бала-шағасынан айрылды. Өмірінің соңғы кезін ол Амстердамда өткізді. Голландия да ол өзінің көптеген еңбектерін шығаруға мүмкіндік алды. 1657 жылы латын тілінде «Ұлы дидактика» басылды. Я.А.Коменский өмірінің соңғы төрт жылы ішінде «Адам ісін түзетудің бүкіл жалпылық Кеңесі» атты еңбегін жариялады. XYII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғылым болып бөлініп шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогі Я.А.Коменскийдің (1592-1670) беделі және еңбектерімен әрі қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден бастап Коменскийдің теориялық ой-пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүниежүзілік аренаға шығып педагогика әлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты. Коменский дәуірі Еуропада буржуазиялық формацияның үстемдік етіп тұрған кезі болатын, ол соған соқтығысып өзінің философт-гуманист, қоғам қайраткері, аса көрнекті педагог екенінін таныта білді. XYII ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы түсінген Коменский Еуропадағы оқу ағарту ісін мүлде қайта құрумен айналыса бастады. Ол оқудың жаңа әдістері мен әдістемелігінің қажеттілігін айтып, білім беру жүйесінің, оқудың прогрессивтік жүйесін оның барлық адамға бірдей және тиімді де түсінікті болуын, өзіне мақсат етіп қойды. Оның дәлелдеуінше «Балаларды оқыту қажет, біртіндеп қарапайым, элементарлық ұғымдардан күрделіге көшіп отыру педагогикалық талаптардың негізі деп көрсетті». Коменский бастауыш оқуды ана тілінде жүргізуді ұсынды. Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту оқудың ең басты міндеті деп есептеді.Тәрбиенің ролін жоғары бағалаған педагог «адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады», «Адам болу үшін ол білім алуы тиіс», «Білімділер нағыз адам»-деді. Коменский мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты балаларға өмірдің тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектері, оны бүкіл Еуропаға және жер жүзіне танытты. Оқуды түбегейлі өзгертті. Оның прициптері, әдістері мен әдістемеліктері, оқыту формалары, мысалы: сынып сабақ жүйесі педагогиканың теориялық негізі болып сақталып қалды. Оқытудың жаңа әдісінің қажеттілігі. Коменский дәуірінде мектепте білім беру жүйесі бытыраңқылық күйде болды. Мысалы, ер балалар ғана білім алуға құқықты болды. Кедей балалары оқуға қабылданбады. Сабақтарда латын әрпімен оқытылды. Мақсат мектепті латын тілінде оқытып дін иелерінің орнын толтыру еді. Педагогтар оқыту мақсаты мен міндетін ешбір ойламады. Тәртіп қатаң болды. Коменский 1631 жылы «Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» атты еңбегі жарық көрді. Бұл латын тіліндегі оқуға соққы берген еңбек болды. Бұл кітаптың құндылығы сонда, ол 16 елдің тіліне аударылды.1657ж. Коменский Латын тілінде «Ұлы дидактика» атты еңбегін жариялады. Бұл кітап оны дүние жүзіне танытты. Кітап Коменский педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды. Коменскийдің кейбір педагогикалық принциптері: Мұғалім материалының көлемі. «Мұғалім материалды қанша, білгенінше үйретуі қажет емес, оны оқушылардың меңгергенінше үйретуі тиіс» деп көрсетті. Оқыту әдістері. «Барлық уақытта практикалық, әр кезде қызығатын тартымды, осының нәтижесінде мектепте шын мәнінде өмірдің барлық үлгілерін көрсетіп тамаша шығармашылық өнер бастауы болуы тиіс». «Жақсы оқу біреуге жай ғана көмек сияқты болмауы керек, ол аса бір ғанибеттілікпен шын мәнінде білімді меңгеру»- деді Коменский.
28 Я.А.Коменскийдің оқыту әдістері туралы тағлымы “Мұғалім материалды қанша, білгенінше үйретуі қажет емес, оны оқушылардың меңгерінше үйретуі тиіс”-деп көрсетті “Барлық уақытта практикалық, әр кезде қызығатын тартымды, осының нәтижесінде мектепте шын мәнінде өмірдің барлық үлгілерін көрсетіп, тамаша шығармашылық өнер бастауы болуы тиіс”-деген “Жақсы оқу-біреуге жай ғана көмек сияқты болмауы керек, ол аса бір ғанибеттілікпен шын мәнінде білімді меңгеру”,- деді Коменский “Қабілетті мұғалім деп соларды ғана атауға болады, кім өте шыдамдылықпен балаға білім бұлағын үйрететін, қиыншылықпен оны жеңе білетін адамды айтамыз “Оқыту жай ғана көрсету емес, бір заттың пайдаланатын орнына байланысты, екінші заттан айырмашылығын, формасын, шығу тегін, т.б. кім жақсы түсіндіріп, талдай білсе, сол ғана жақсы оқыта алады «Қабілетті мұғалім деп соларды атауға болады, кім өте шыдамдылықпен балаға білім бұлағын егетін, қиыншылықпен оны жеңе білетін адамды айтамыз» «Оқыту жай ғана көрсету емес: бір заттың пайдалатын орнына байланысты, екінші заттан айырмашылығын, формасын, шығу тегін т.б. кім жақсы айыра, талдай білсе, сол ғана жақсы оқыта алады» Коменский. Логикалық байланыстар. «Мағынасыз нәрсені қанша айтсаңдар, түсіне алмайсың, бағалай да алмайсың, дәлірек айтсақ, оны еске түсіру де мүмкін емес. Бір бөлшегі жоқ дүние түсініксіз де, материалды талдай да алмайсың, алайда оны есіңе де түсіре алмайсың». Түсіну. «Түсіну көп жағдайда адамдар арасындағы ұғынысқа және қарым- қатынасқа байланысты. Неге, ол кіммен, немен байланысты, қандай жағдайда, қалай бірінен бірінің айырмашылығы, ұқсастығы неде? «Оқудың негізгі айнала затты және құбылысты таным процесімен байланыстыру, басқалар байқағанда және зат туралы куәлікті жаттаудың қажеті жоқ». «Құлақ көру мен сөзді байланыстырады қолмен де жалғастырады». Үйрену сыртқы сезім мен ақылдың арақатынасын айқындайды. Коменский мектепке ана тілін кеңінен ендіру және оны дамыту жолында қажымас күрес жүргізді. Басқа тілді меңгеру сол ана тілінің көмегімен жүруге тиіс деген пікір ұсынды: «Алдымен, әрине, ана тілі, содан кейінгі ана тілінің орнына жүретін, атап айтқанда, көрші халықтың тілі» деді. Оқыту теориясы. Коменский мектеп үшін жалпы бағдарламалар, оқулықтар, оқыту әдістерін жасап шығару ісін ең негізгі міндет санады. «Жұрттың бәрін қалайша арнаулы бір кітаптан оқытуға болар еді» деген сұраққа ол әр ғылым мен өнер білім саласы бойынша оқу кітаптары болу керек деп жауап берді. Ол оқулықтарға қойылатын талаптар арқылы дидактика мәселелерін анықтады. «Мұнда кітаптарды жеңілдік, тиянақтылық және ықшамдылық жөніндегі принциптерімізге сәйкес барлық мектептерге арнап шығару керек; олардың баяндалуы толық, негізді және дәл, яғни бүкіл дүние жүзінің дәл суреті сияқты болуға тиіс. Менің айрықша тілейтінім, талап ететінім мынау ғана: ол кітаптар түсінікті және
29 жеңіл тілмен жазылып, оны пайдаланған шәкірттер барлығын, тіпті мұғалімнің көмегінсіз-ақ, өздері түсінетіндей дәрежеге көтерілетін болсын». «Ұлы дидактика» төмендегіде 4 дидактикалық сұраққа жауап берілді: 1.Қалай жақсы оқытып, тәуір оқуға болады. 2.Оқыту мен оқудың жеңілдігі. 3.Оқыту мен оқудың негізділігі. 4.Тез оқытудың ережесі мен тәсілдері. “Ұлы дидактика” еңбегі 4 дидактикалық сұраққа жауап береді Оқыту мен оқудың негізделігі Қалай жақсы оқытып, тәуір оқуға болады Оқыту мен оқудың жеңілділігі Тез оқытудың ережесі мен тәсілдері Коменский өмірге келген адамның ақылын жас ұрық тұқыммен салыстырады да, оны дамытса, адамның дүниеде түсініп танымайтын нәрсесі жоқ деп тұжырым жасайды. «Ұлы дидактиканың» арнаулы тарауларында оқыту ісіне қойылатын басты басты дидактикалық талаптар баяндалды. Олар: 1. Оқытуға қолалы уақытты таңдау. 2 Оқушыларды сабақ оқуға ынталандыру. 3. Материалды біртіндеп күрделендіру. 4. Анық пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту. 5. Саналы түрде меңгеретін нәрседен басқаны жаттатпау. 6. Бала табиғатын ескеріп отыру; қалаған нәрсені немесе оның меңгере алатын нәрсесін ғана оқыту. 7. Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше сыртқы сезімдерді де қарастырып отыру. Коменскийдің өз кезіндегі білім беру жүйесін, схоластикалық мектепті әр жақты және дәлелді сынға алды. Әсіресе оның халықтың төменгі тобының мектепке қолы жетпей отырғандығын, осының арқасында халық арасындағы көптеген таланттар мен дарындардың көзге түспейтіндігін, мұның мемлекет тағдырына зияндылығын көрсетті, мектеп құрылысын қатаң сынады, бұл сол кездегі демократиялық топтардың наразылығын туғызды.
30 Оқытуға қолайлы уақытты таңдау Оқушыларды сабақ оқуға ынталандыру; Материалды біртіндеп күрделендіру (дәйектілік, жүйелілік) Анық пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту Саналы түрде меңгеретін нәрседен басқаны жаттатпау Бала табиғатын ескеріп отыру, қалаған нәрсені немесе оның меңгере алатын нәрсесін ғана оқыту Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше сыртқы сезімдерді де қарастырып оқыту “Ұлы дидактиканың “ оқыту процесіне қойылатын дидактикалық талаптар: Тәрбие мен білім берудің маңызы. Тәрбиенің басты принциптері. Коменский өз заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрылысына мектептің жаңа түрі жөніндегі идеяны қарсы қойды. «Ұлы дидактиканың» негізгі тарауларында ол өмірге пайдалы, іске қажетті білімдерді оқытуды талап етті. Сондықтан мектептің мақсаты ақылды адамды тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетудің бірден бір жолы жас жеткіншектерге тәрбие және білім беру. Оның ойынша, адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады. Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде алып қарап, тәрбие ісін адамның табиғатына сәйкес , оның табиғи қабілеті мен қасиеттерін дамытуға бағыттап жүргізу керек деп кеңес берді. Осы талап оның бүкіл педагогикалық іліміне енді және мұны ол тәрбие мен оқытудың жалпы принципі ретінде санады. Кейіннен Коменский анықтаған бұл идея педагогикада «табиғатқа сәйкестік принцип» деп аталады. Адам ақылының шыңдалатын шеберханасы ол мектеп. Мектеп «барлық адамды барлық нәрсеге үйрететін» адамгершіліктің шеберханасы. Мектеп оқушылардың «адамгершілігін, «ақылын» тәрбиелеудегі білім мен оқытуды ұйымдастыратын орталық. Мектеп оқуының жүйесі. Ол адамның өсіп жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отырып, бір-бірімен байланысты құрылған оқудың 4 сатылы кезеңін, осыларға сай 4 түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды. 1. Баланың туғанынан «6» жасқа дейінгі кезеңінде «Ана мактебі». 2. «6» дан «12» жасқа дейінгі балалар үшін әрбір қауымда «Ана тілі» мектебі. 3. «12»ден «18» жастағы жастар үшін әрбір қалада латын мектебі(гимназия). 4. «18» ден «24» жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болуы керек. Көрсетілген әр сатыдағы оқу бір бірімен байланысты болды; сөйтіп Коменский XYII ғасырдың өзінде бір тексті мектеп жүйесі жөнінде демократиялық принцип ұсынды.
31 Мектептегі оқу жүйесінің 4 сатылы Ана мектебі “Ана тілі” мектебі Латын мектебі гимназия Баланың туғанынан 6 жасқа дейінгі кезеңінде үйде тәрбиелеу Баланы 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар үшін әрбір қауымда мектеп 12 жастан18 жастағы жастар үшін әрбір қалада латын мектебі. Академия 18-ден -24 жастағы жастар үшін әрбір мемлекетке академия Коменский оқудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда келтіру деп білді. Ол дидактикалық принциптерді анықтады. Оқытудың көрнекілігі, саналы оқу, оқудың жүйелі болуы,сатылы оқу, оқудың оқушы шамасына сай болуы, оқудың негізді болуы. “Ұлы дидактика” еңбегіндегі Коменский көрсеткен дидактикалық принциптер мынадай: Көрнекілік принципі Саналы оқу принципі Оқудың жүйелі болу принципі Оқудың оқушы шамасына сай болуы принципі Коменский білім беру ісінің ұйымдастыру түрлерін түбірімен бір тәртіпке келтіруді ұсынды. Ол алғаш рет оқу тоқсандарына жіктелген оқу жылы жөніндегі ұғымды анықтады, оқу күнін, оқушыларға арналған демалысты, оқушыларды мектепке белгілі кезде қабылдау тәртібін оқу күнінің мерзімін енгізді. Міне, осылайша педагогика тарихының тұңғыш рет оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі болып сынып-сабақ жүйесі ұсынылды. Коменский сабақты ұйымдастыру жөнінен құнды нұсқаулар берді.(жаңа материалды өту, оқушылардан сұрау, қайталау және жаттығулар жүргізу оқушылар білімін тексеру, сабақты жоспарлау, сабақтағы тәртіп т.б.) Ұлы
32 педагогтың мұғалімдерге қалдырған өсиеттерінде: бүкіл педагогикалық процестің жастарды оқуға қызықтыра тартатындай болып ұйымдастырылуы, оқу баланың жас ерекшелігіне сай құрылып, қарапайым, балаға жатық болу қажеттігі қарастырылды. Я.А.Коменскийдің оқулыққа қойылатын талаптары мынадай болды: ⚫ Оқулықтарды жеңілдік, тиянақтылық және ықшамдылық жөніндегі принциптерге сәйкес барлық мектептерге арнап шығару керек; ⚫ Оқулықтардың баяндалуы толық, негізді, дәл, яғни бүкіл дүниежүзінің дәло суреті сияқты болуға тиісті; ⚫ Оқулықтардан талап ететіні: ол кітаптарды түсінікті және жеңіл тілмен жазылып, оны пайдаланылған шәкірттер барлығын, тіпті мұғалімнің көмегінсіз-ақ, өздері, түсінетіндей дәрежеде көрсетілетін болсын. Адамгершілік тәрбиесі, тәртіп. «Ұлы дидактиканың» XXYI тарауында мектеп тәртібі адамгершілік тәрбиесі және тәрбие мәселелері қаралды. Адамгершілік тәрбиесі жөніндегі мәселелерде Коменскийдің діни бағыты айқын байқалды. Коменскийдің үлкен еңбегі сонда, ол ортағасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, баламен гуманды қатынас орнатуды жақтады, сонымен бірге мұғалім оқушыларынан тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек деді. Бұл туралы оның мынадай пікірі бар. Егер егістікті отамайтын болса, егіске қауіп төндіретін арамшөп өседі. Егер ағаш бұтақтары кесіліп отырылмаса, жабайыланады. Бұл пікірден мектепте ұрып соғып жазалау орын алсын демеген, мұғалімдер де, оқушылар да сергек және бірін бірі қадірлеп отыратын болсын, тәртіптің үлгісін мұғалімнің өзі көрсетіп отырсын деген сөз аңғарылады. Мұғалім өзі тәрбиелейтін оқушылардың әкесі деп есептеді. Оның ойынша, мұғалім «мәңгі-нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі». Мұғалімнің балаға әсер ету күшіне ешбір күш тең келе алмайды деген пікірді айта келіп: «Оларға тамаша қызмет тапсырылған күн астында одан жоғары еш нәрсе болмақ емес», деді. Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы. Сонымен адам баласы орта ғасырлық идеологияның шырмауынан шыға бастаған айрықша идеялар алғашқы рет зор күш ретінде баяндалып, ғылыми тұрғыдан қорытылды. Коменский батыл түрде жаңа бағыт, жаңа жол сала білді, сондықтан да ол «тәрбиенің Галилейі» деген әділ атаққа ие болды. Коменский 1641жылы мен 1654 жылдың аралығында әдейі шақырумен Англияда, Швецияда және Венгрияда болып, мектеп реформаларын әзірлеу ісіне оқулықтар және оқыту әдістемелерін жасаумен айналысты. Осы жылдары «Әлемді суреттеп бейнелеу» оқулығы, «Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары» және «Жастарға арналған мінез-құлық ережелері» деген педагогикалық шығармалары аяқталды. «Әлемді суреттеп бейнелеу» өмірдің әр саласынан мәлімет беретін энциклопедиялық кітап XIX ғасырға дейін балаларға арналған негізгі мектеп оқулығы болды.
33 Я.А.Коменскийдің еңбектері: ◼ Отбасында тәрбиелейтін аналар мен бала күтетін адамдарға арналған кітабі ◼ “Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі” ◼ “Картинаға бейнелейтін әлем заттарының көрінісі” ◼ “Ұлы дидактика” ◼ “Әлемді суреттеп бейнелеу” оқулығы ◼ “Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары” ◼ “Жастарға арналған мінез-құлық ережелері” ◼ “Адам ісін түзетудің бүкілжалпылық Кеңесі” Өмірінің соңында ол Амстердамда өткізді. Ол 1670 жылы Амстердамға таяу жерде Неарденде қайтыс болды. Орта ғасыр мен жаңа дәуірдің, федалдық және капиталистік формациялардың аралығында өмір сүрген Коменскийдің көзқарасы сол дәуірдің ерекшеліктері мен қайшылықтарына байланысты қалыптасты. Коменский дидактикасында реалистік те, материалистік көзқарастар сесуализм тұрғысынан түсіндірді. Бірақ оқу мен тәрбиенің жүйелерін құруда маңызды болып саналатын таным проблемасын шешуде оның көзқарасы екі жақты болды. Коменский ақиқаттың бір саласы логикалық, оның көзі-діни сапа. Ақиқаттың екінші саласы табиғатты танудан шығады. Табиғат жер бетіндегі бақыттың, байлықтың көзі, бұл көзді ретті иемдену үшін табиғатты білу керек, ол үшін білім қажет деді. Қайта өркендеу дәуірінің әсерімен Коменский адамға оның ықпалы мен күшіне сенушілікті бірінші қатарға қойды, адам ақылы «ақиқатында бүкіл дүниеде зор» деген тұжырымға келді. Коменскийдің дидактикасы өте зор тарихи роль атқарды. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1. Қайта өрлеу дәуіріндегі ағартушы педагогтардың педагогикалық ойлары және қазіргі таңдағы педагогика тарихындағы маңызы. 2. Шетел педагогикасының тарихи сахнаға шығуы. 3. Озық ойлы педагогтардың педагогикалық көзқарастары. 4. Ян Амос Коменский жаңа педагогиканың негізін қалаушы. 5. Ян Амос Коменскийдің «Ұлы дидактикасы». 1.5. Батыс Европа елдеріндегі XIX-XX ғ.ғ. мектеп пен тәрбие. Жоспар: 1. XIX ғғ. педагогикалық классиктері. 2.И.Г.Пестолоццидің, Ф.А.Вильгельм Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжірибесі. 3. Оқу мен тәрбие жүйесін реформалау. Әдебиеттер: 1.Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006.
34 2.Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 2003. 3.Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. Алматы, Білім 2008 Батыс Еуропада ХІХ ғасырдың алғашқы он жылдығында ертедегі утопиялық социализм идеясы ағарту саласында орын алды. Социал-утопистер жеке тұлғаларды қалыптастыруда орта мен тәрбиенің ролдерін өте жоғары қойды. Олар классикалық білім берудің тарихи болашағы жоқ, сондықтан ғылым мен өндірістің дамуына байланысты оқу мекемелерінің бағдарламалары мен ұйымдастыру үрдістерін реформалауды талап етті. Сол кездегі қоғамдық құрылымдағы адамдар арасындағы қатыгездік, адамды адамның қанауы сияқты жат элементтерден арылудың жолы – жаңа қоғам орнату, онда еңбек етуге бостандық беру, ғылымның жетістіктерін өндіріске ендіру. Сол арқылы өндірістік өнімдер өседі, онымен бірге адам да жан-жақты дамиды деп есептелінді. Жаңа қоғамдық қарым-қатынастарға ынталандыратын адамдардың туыстығы, парасаттылығы, ғылымның қарқынды дамуы және жаңа қоғамдық пікірлердің қалыптасуымен байланысады. Бұл күрделі мәселені шешетін басты фактор – халық ағарту ісі делінді. Олар оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуде еңбек тәрбиесінің мәні мен мазмұнын ашып, оқуды өндірістік еңбекпен ұштастыру және оған қоса дене тәрбиесін бергенде ғана толық қалыптасқан адамдар тәрбиеленеді деп есептеді. Жоғарыда айтылған социалист-утопистердің ішінде әлеуметтік-педагогикалық идеяларын практикада іске асыруда Роберт Оуэн – көрнекті ағылшын қоғам қайраткерінің еңбегін ерекше айтуымыз керек. Жиырмаға келген шағында ол қағаз иіру фабрикасын басқарып, еңбекші халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында 14 сағаттық жұмыс күнін 10 сағатқа төмендетіп, 10 жасқа толмаған балаларды жұмысқа алуға тыйым салды. Өзінің фабрикасы жанынан оқу мекемелерін ұйымдастырды: сәбилер мектебінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленді; бастауыш мектепте 6 жастан 10 жасқа дейінгі оқушылар оқыды; кешкі мектепте өндірісте жұмыс жасайтын жеткіншектер оқыды. Ата-аналарға тәлім-тәрбие жайлы насихат жүргізіп, педагогикалық оқутәрбиені ұйымдастыру істерімен тиянақты шұғылданды. Сәбилер мектебі бала бақша мақсатында ұйымдастырылып, оларды ән айтып, би билеуге үйретті. Табиғат, айналасын қоршаған заттар мен нәрселерді, құбылыстарды тануға орай әңгімелер өткізетін болды. Бастауыш мектепте оқушылар ана тілі, арифметика, жараталыстану және тарих, география пәндерін оқыды. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай білім беріп, ақыл-ой қабілеттерін дамытуға көңіл аударылды. Олар үлкен адамдардың еңбектерімен танысып, мектепте еңбек әрекеттеріне дағдыландырылды. Фабрикада жұмыс жасайтын 10 жастан жоғары оқушы-еңбеккерлер кешкі мектепте оқып, білімді өндірістік еңбекпен ұштастырды. 1816 жылы Р.Оуэннің тікелей қолдауымен Нью-Ленаркте “Адам мінезін қалыптастыру” атты жаңа негіздегі институт ашылды. Сонымен оқу-тәрбие үрдісін жаңа негізде құра білген Р.Оуэн оқушыларға жан-жақты тәрбие мен білімнің ғылыми сипаттауын тиянақтаған, ақыл-ой тәрбиесін дене тәрбиесімен және өнімді еңбекпен ұштастыра білген көрнекті ағартушы педагог болды. Адольф Дистервег XIX ғасырдың орта кезіндегі герман буржуазиялық-демократиялық педагогикасының көрнекті өкілі болды. Ол шағын келген өндірістік қала Зиген Вестфалияда чиновник заңгердің отбасында дүниеге келді. Дистервег өзі оқыған орта мектептегі догматикалық оқыту жүйесіне көңілі толмады. 1808 жылы ол Гербон университетіне оқуға түседі, онда математика, философия және тарих ғылымдарын оқып, одан кейін Тюбинген университетіне ауысып, 1811жылы толық курсын бітіреді және кейінірек философия докторы ғылыми дәрежесін алды. Студент кезінде Дистервег Жан Жак Руссоның және Пестолоццидің педагогикалық идеяларымен танысады, оның прогрессивтік педагогикалық көзқарасының қалыптасуына Франкфурт Майнадағы үлгілі мектепте 1813-1818 ж. еңбек еткен жылдары шешуші әсері болды. Онда Пестолоццидің шәкірттері мен ізбасарлары жұмыс істеді.
35 Пестолоццидің демократиялық көзқарасына қалай болса солай қараған Гербарттан Дистервегтің айырмашылығы оның педагогикалық көзқарасын өте қызу жақтаушылырдың бірі болды. Бірнеше жылдан кейін мұғалімдер семинариясының біріне директор болып тағайындалды. Дистервег өзінің тәжірибесінің негізінде қайта қарай отырып, Пестолоццидің дидактикалық қағидаларын бірізді насихаттай бастады. 1827 жылы Дистервег «Тәрбие және білім беру үшін Рейн бетшелері» атты демократиялық журнал шығара бастады. Онда 400 ден аса мақала жариялады. 1832 жылы Дистервег мұғалімдер семинарияснының директоры болып Берлинге ауыстырылды. Онда «Педагогикалық қоғамды» ұйымдастырады. Дистервегтің неміс мұғалімдерін біріктірудегі қызметі осылай басталады. Оның осы қызметі, сонымен қатар оның дін мәселесіндегі еркіндігі қарапайым халықты қолдады, пруссия өкіметі тарапынан Дистервегті қуғындауға себепші болды. Өзінің мақалаларында сол қоғамдағы байлар мен кедейлердің қарама қайшылығын көрсете білді және еңбекшілерді ізгіліктің және адамдарға деген сүйіспеншіліктің негізінде өзара көмектесу үшін бірігуге шақырды. Өзінің қызметі және «чиновниктерге сүйкімсіз» танылған мақалалары үшін Дистервегке сөгіс берілді. 1835 жылы өз тәжірибесін жинақтаған «Неміс мұғалімдерін ұйымдастыруға басшылық» атты көрнекті еңбегін жариялады. Бұл еңбек екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелері мен дидактиканың негізгі ережелеріне, екінші бөлімі жеке пәндерді оқыту әдістемесіне арналған. Бұл бөлім белгілі неміс әдіскер мұғалімдерінің қатысуымен жазылды. Дистервегтің еңбегі көптеген жылдар бойы алдыңғы қатарлы неміс мұғалімдерін халыққа білім беру үшін күресте қаруландырды. Бұл кітаптан анық байқалған Дистервегтің көзқарасы ресми педагогиканың ұстанымымен сәйкес келмеді; ол өз бетінше ойлай білетін, белсенді азаматтарды тәрбиелеуді талап етті. XIX ғ. орта кезінде педагог демократтың пруссия өкіметі тарапынан оның ізіне түсу бірте бірте күшейе түсті.1847 жылы мұғалімдер семинариясы директоры қызметінен босатылды. 1848 жылы революция кезінде Дистервег жаңадан ұйымдасқан «Барлық жалпы неміс мұғалімдері одағының» төрағасы болады және мектепті реформалау бойынша ұсыныстар жасайды. Ол мектепті шіркеуден бөлуді және балаларды жалпыға бірдей оқытумен қамтамасыз етуді, «жалпы адамзаттық», азаматтық және ұлттық тәрбиені іске асыруды талап етті. Революция басылғаннан кейін Дистервегті біржола жұмыстан шығарып жіберді. Бірақ Дистервег өз мақалаларында мектепті шіркеу бақылауынан азат етуді, мұғалімдерді жалған беделге бағынудан азат етуге шақырды. Ол «тек ерікті адам басқаны еркіндік және дербестік үшін тәрбиелей алады» деп дәлелдеді. Нағыз реакцияның күшейген кезінде осылай тікелей және ашық қарсылық білдіру орасан зор қажырлықты қажет етті. Халықтың арасында Дистервегтің беделі арта түсті.1858 жылы ол депутаттар палатасына сайланды және онда өзінің белсенді күресін әрі қарай жалғастырды. Ол «ережелердің» зияндылығын дәлелдеді, діни мәтіндерді құрғақ жаттау балаларды топастыққа алып келетіндігін атап көрсетті. Ол 1866 жылы қайтыс болды. Дистервег жалпы адамзаттық тәрбие идеясын жақтады. Ол педагогикалық проблемаларды сословиялық және шовинистік көзқарасқа қарсы күресті. Мектептің міндеті, деп көрсетті Дистервег, ізгілікті адамдарды және саналы азаматтарды тәрбиелеу, ал нағыз пруссиялықтар емес. Тәрбиенің негізгі қағидасы Пестолоцциден кейін Дистервег табиғатқа сәйкестік деп көрсетті. Оның қарастыруында тәрбиенің табиғатқа сәйкестігі бұл адамның жас және дара ерекшеліктерін ескеріп отыруды айтады. Ол мұғалімдерді баланың зейінінің, есінің, ойлауының ерекшеліктерін жан жақты зерттеп отыруға шақырды; психологияда «тәрбие туралы ғылымның негізін» көре білді. Дистервегтің елеулі еңбегі оқытудың дамытушылық, тәрбиелік және білімдік идеяларын талдауы және негіздеуі болып табылады. Осы негізде ол өзінің дидактикалық қағидалары мен ережелерін құрды, мұғалім өз шәкіртін, оның ерекшелігін, даму деңгейін, оның елестетулері мен ұғымдарының көлемін жақсы білуі қажет. Тек осындай жағдайда қиындықты бірте бірте және бірізді
36 жеңе отырып, сабақты «табиғи жолмен» жүргізуге болады деді. Оқушылардың пәнді терең түсінуі меңгерудің міндетті алғышартытары болып табылады.Жас мұғалімдер өздерінің не білетіндігінің барлығын оқушыларды үйретуге ұмтылады шын мәнінде оқушыларға тек қана негізгісін, мәндісін хабарлауы қажеттігін баса айтты. Оқушылардың білімін бекітуде қиын жерлерді дер кезінде қайталап отырудың роліне, жаттау мәселесіне ерекше мән берді. Мәселенің негізгісін ғана жаттау керек, оны бүкіл өмір бойы еске алуға болады. Оқытудың негізіне тікелей көрнекілік, нақтылы қабылдау жататындығына тоқталды. Мұғалімнің алдында тұрған бұл қиын да, күрделі міндет, егер мұғалім сабақты жақсы бере білсе және балалармен жұмыс істей алса ғана іске асады. Өз пәнін жақсы білетін, балалардың ғылыми қызығуымен өмір сүретін, сонымен қатар педагогикалық даярлығы жоғары мұғалім шәкірттерінің пәнге деген қызығуын нығайта алады. Дистервег дамыта оқытудың дидактикасын жасады, оның негізгі талаптарын ол оқытудың 33 заңдары мен ережелері түрінде көрсетті. Мұғалімнің міндеті жастарды шындық өмірге бағыттау, шындыққа және жақсылыққа ұмтылысты ояту, балалардың күштері мен қабілеттіліктерін дамыту және әркім өзі бұл жағдайда қажетті сапаларды меңгерген адам болу керек. Дистервег әруақытта да жоғары, жалпы, арнаулы, ғылыми және педагогикалық мәдениеттің 81 қасиетінің нағыз мұғалімге қажеттігін көрсетіп отырды. Мұғалім өзінің жеке басын жетілдіруге жұмыс істей отыруы керек; егер сәл тоқтап қалатын болса, ол қалып қояды және алдыңғы қатарлы мұғалімдердің қатарынан шығып қалады. Дистервег мұғалімдерді даярлауға ерекше көңіл бөлді. Өзі басқарған семинариялар үлгілі болды. Ол теориялық білімді тәжірибемен байланыстырды, көп уақытты болашақ мұғалімдердің мектептегі тәжірибелік жұмысы үшін арнады. Дистервегтің өзі де мектепте сабақ берді, мұғалімдер семинариясында педагогикадан, әдістемеден, неміс тілінен сабақ берді. Дистервегтің сабақтары жоғары педагогикалық шеберліктің үлгісі болды. Дистервегтің теориялық педагогиканы дамытудағы орны өзінен бұрынғы педагогтардың ойларын одан әрі дамыта және жинақтай отырып, бірізді дидактикалық жүйеге енгізумен анықталады. Ол әсіресе, бастауыш мектеп педагогикасына белгілі үлес қосты, оны көпшілік мұғалімдердің жетістігіне айналдырды. Мұғалімдерді ол ескіге қарсы күреске шақырды. Оның неміс мұғалімдеріне ықпалы XIX ғасырдың ортасында ерекше болды, оны «Германия мұғалімі», «неміс Пестолоцциі» деп атауы кездейсоқ емес. Дистервегтің дамыта оқытудың дидактикасы және оның оқулықтары бастауыш мектепті одан әрі дамытуға ерекше ықпал етті. Оның прогрессивтік идеялары XIX ғасырдың ортасында Ресейде кеңінен тарады. Бірақ Германияның өзінде педагог демократ Дистервегтің педагогикалық мұрасын аса мойындамады. Песталоцци әуелі неміс бастауыш мектебінде, кейін латын орта мектебінде оқыды. Мектептен кейін қоғамдық ғылым беретін жоғарғы оқу орны-колеггиумге түседі. XVIII ғасырдың ортасында Швейцария артта қалған феодалдық мемлекет еді. Пестолоций әуелі кеміс бастауыш мектебінде, кейін латын орта мектебінде оқыды. Мектептен кейін қоғамдық ғылым беретін жоғары оқу орны-коллегиумге түседі. Жан Жак Руссоның «Эмиль» және «Қоғамдық шарт» атты еңбектері Песталоцциге үлкен әсер етті. Песталоций 1774 жылы «кедейлер үйін» ашып, оған елуге тарта және панасыз балаларды жинады.Балалар ауыл шаруашылық еңбегімен және тоқыма кәсібімен шұғылданды.Өзі балаларды оқу, жазу және санауға үйретті. Песталоцци оқуды еңбекпен ұштастырды.Ол еңбекті жан-жақты тәрбие берудің құралы деп бағалады. Бұл бағытта Песталоццидің екі кемшілігі болды.1-шісі балалардың еңбегімен тәрбие үйін қаржыландыруға болады деді.2-шісі осы еңбектің ғылымилық жағын балаларға түсіндірмеді. Қаражаттың тапшылығынан тәрбие үйі 1780-ші жылы жабылып қалды.Бұдан кейінгі жылдары Пестолоцци әдеби еңбек жазумен шұғылданды.Өз еңбектерінде Швейцария шаруаларының тұрмысын жақсарту, білім, әлеуметтік жағдайына көп-шіліктің назарын аударуға тырысты.Ол «Лингард және Гертруда» деген әлеуметтік-педагогикалық роман жазды. Бұл еңбегінде шаруашылықты ұйымдастыру және балаларды тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қою арқылы шаруалардың тұрмысын жақсарту идеясын насихаттады. Песталоцци 1799 жылы Бургдорф қаласындағы мектепте мұғалім болып ор-наласады.
37 Бұл мектептегі тәжірибе жұмыстарының нәтижесінде оқыту және санауға үйретудің тиімді әдістерін ұсынды. Ол әдістерді кеңінен тарату үшін Бургдорфта мектепті басқару және оның жанынан ашылған мұғалімдер дайындайтын бөлімге басшылық ету-Песталоцциге тапсырылды. XIX ғасырдың басында жарияланған «Гертруда балаларын қалай оқытады», «Аналар кітабы», «Бақылау азбукасы», «Сан жөнінде көрнекілік ілім» атты еңбектерінде Песталоцци бастауыш білім берудің жаңа әдістерін ұсынды. Тәрбие туралы. Песталоццидің дүниеге көзқарасы демократиялық сипатта болды.Ол халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігін, олардың сауатсыздығынан деді.Оларға білім, тәрбие берсе жағдайы жақсарады деп, сол кезеңдегі қоғамдық қатынасқа мән бермеді. Песталоцци қоғамды қайта құрудың негізгі құралының бірі-мектеп деп есептеді. Ол еңбек тәрбиесіне үлкен мән берді. Дін және оның қызметкерлеріне Песталоци қарсы болды. Тәрбиенің міндеті-адамның барлық табиғи күштерін, қабілетін дамыту және ол даму жан-жақты болу керек деп санады. Оқыту туралы. Оқыту арқылы білім беру әрі ойлау қабілетін дамыту пікірі сол дәуірдегі ағар-ту ісінде үлкен мәнге ие болдвы. Білім белгілі жүйемен, ретпен берілу керек деп есептеді.Балаға оның әлі келе-тін білімді ғана берген дұрыс. Баланың ойлауын дамытумен қатар, онда белгілі дағдыларды қалыптастыру қажет екенін атап көрсетті. Песталоцци бастауыш білім берудің методикасының негізін салды. Балалардың сөздік қорын дамыту жөнінде бірнеше бағалы кеңестер берді. XVIII ғасырдың ортасында Швейцария артта қалған феодалдық мемлекет еді. Иоганн Генрих Песталоцци жас кезінен Швейцария шаруаларының ауыр тұрмысын өз көзімен көрді. Оларды, бір жағынан дворян-помещиктер қанаса, екінші жағынан тоқыма өндірісінің иелері қанады. Песталоцци әуелі неміс бастауыш мектебінде, кейін латын орта мектебіндс оқыды. Мектептен кейін қоғамдық ғылым беретін жоғарғы оқу орны-колеггиумге түседі. Бүл оқу орнындағы профсссорлардың ішіңде француз ағартушыларының пікірін қуаттаушылар болатын. Олар жастарды философиялық және саяси әдебиеттермен таныстыратын. Жан-Жак руссоның "Эмиль" және "Қоғамдық шарт" атты еңбектері Песталоцциге үлкен әсер етті. Оның халыққа қызмет ету жөніндегі ойын нығайта түсті. Песталоцци 1774 жылы "кедейлер үйін" ашып, оған елуге тарта жетім және панасыз балаларды жинады. Балалардьщ өздері еңбек етіп, тапқан табыстарымен бүл үйді ұстауға болады деп есептеді. Баалалар ауыл шаруашылық еңбегімен және тоқыма кәсібімен шұғылданды. Өзі балаларды оқу, жазу және санауға үйретті. Сөйтіп Песталоцци оқуды еңбекпен ұштастырды. Ол еңбекті жан-жақты тәрбие берудің қүралы деп багалады. Песталоццидің бүл тәжірибесінің кемшілік жақтары да бодды. Біріншіден тек қана балалардың табысымен тәрбие үйінің қаражатын өтеуге болады деуі қате пікір еді. Екіншіден, оқу мен еңбекті ұштастыру ойдағыдай іске аспады. Балалардың ауыл
38 шарушылығындағы және тоқыма кәсібіндегі еңбектерінің ғылыми негізі түсіндірілмеді. Қаражаттың тапшылығынан тәрбие үйі 1780 жылы жабылып қалды. Бұдан кейінгі жылдары Песталоцци әдеби еңбек жазумен шұғылданды. Өз еңбегінде Швейцария шаруаларының шаруашылығы мен олардың тұрмысын жақсарту, білімін және адамгершілік дәрежесін көтеру мәселесіне көпшіліктің пікірін аудармақ болды. Ол "Лингард және Гертруда" деген әлеуметтік-педагогикалық роман жазды. Бүл еңбегінде шаруашылықты дұрыс үйымдастыру және балаларды тәрбиелеу ісін дүрыс жолға қою арқылы шаруалардың тұрмысын жақсарту идеясын насихаттады. Бұл еңбек басылып шыққаннан кейін Песталоццидің есімі көпке әйгілі болды. Песталоцци 1799 жылы Бургдорф қаласындағы мектепке мұғалім болып орналасады. Бұл мектептегі тәжірибе жүмыстарының нәтижесінде оқыту және санауға үйретудің тиімді әдістерін ұсынды. Ол әдістерді кеңірек тарату үшін Бургдорф та интернаты бар орта мектепті басқару және оның жанына ашылған мүғалімдер даярлайтын бөлімге басшылық ету Песталоцциге жүктелді. XIX- ғасырдың бас кезінде жарияланған" Гертруда балаларын қалай оқытады", "Аналар кітабы", "Бақылау азбукасы", "Сан жөнінде көрнекі ілім" атты еңбектерінде Песталоцци бастауыш білім берудің жаңа әдістерін ұсынды. «Дін жөне оның қызметкерлеріне Песталоцции қарсы болды. Әрекет етуге ұмтылу адамға тән қасиет, тәрбиенің мақсаты, оның дамуына көмектесу деп есептеді. Оның көзқарасындағы құнды жақтар - гуманизм, демократиялық талаптар.Тәрбиенің міндеті - адамның барлық табиғи күштерін, қабілетіп дамыту дұрыс бағыт беруі тиіс, дұрыс бағытталған тәрбие ғана баланың жан-жақты дамуына негіз болады деп көрсетті. Баланың тәрбиесін дұрыс ұйымдастыруда отбасының, әсіресе ананың ролін өте зор бағалады. Баланы тәрбиелеу алғашқы күннен басталу керек. Сондықтан, педагогика тәрбиелеудің әдістерімен әр ананы қаруландыруы қажет деп санады. Семьядағы тәрбие мектепте ары қарай жалғастырылуы қажет. Қоғамдық тәрбиеде семьядағы тәрбиенің жақсы жақтары әрі қарай дамытылады. Олар: балаға деген сүйіспеншілік, балаға сенім білдіру, тәртіп, шыдамдылық, борыштық сезім. Мұның бәрі ананың балаға деген қатынасынан туады. Песталоццидің педагогикалық жүйесінің негізгі мәселесі-балаларға элементарлық білім беру теориясы. Бүл теория бойынша тәрбиелеу ең жай элементтерден басталып, бірте-бірте күрделене түсуі керек. Элементарлық білім беру теориясына Песталоцции дене тәрбиесін, еңбекке тәрбиелеуді, моральдық, эстетикалық және ақыл-ой тәрбиесін беруді жатқызады. Тәрбиенін бүл салалары өзара байланысты түрде берілуге тиіс, сонда ғана олар адамды жан- жақты тәрбиелейді деп есептеді. Дене тәрбиесінің мақсаты - баланың күшін дамыту. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі үмтылады. Осыдан келіп оның, тағы басқа әрекеттер туады деп, Песталоцции дене тәрбиесінде ойын мсн қатар, әскери жаттықтыруларға үлкен мән берді. Дене жаттығуларының жүйесі арқылы баланы болашақ еңбск әрекетіне даярлауға болады деп есептеді. Оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру Песталоццидің педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Оның пікірінше, мектепте балалар оқумен бірге жүн иіру, мата тоқу станоктарымен жүмыс істейді, мектеп жанындағы учаскеде ауыл шаруашылығы жұмыстарымен шүғылданады, мал өсіреді, шаруашылықтың басқа салаларымен танысады. Жұмыс кезінде бос уақыттарда мүғалім балаларды оқытады, хат танытады, санауға үйретеді және өмірге керекті білімдср береді. Бірақ мұнда оқуды еңбекпен қатар жүргізу ғана болды, шын мәнінде оқу мен еңбекті ұштастыру болмады. Еңбектің тәрбиелік мәніне Песталоццидің зор баға беруі өте құнды айтылған пікір еді. Песталоцци еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бірімен-бірін өзара және олардың ересектермен дұрыс қарымқатынаста болуын қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақылойын дамытады, моральдық қасиеттерін қалыптастырады. Тәрбиенің негізгі мақсаты - қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру. Адамға пайдалы істерге баланы араластырып жаттықтыру арқылы ғана дұрыс мінез-құлыққа тәрбиелеуте болады. Моральдық тәрбиенің негізі семьяда қалыптасады, - деді. Песталоцци. Баланың анаға деген сүйіспеншілігі біртебірте семьядағы басқа адамдарға да ауысады. Баланың моральдық дамуы әрі қарай мектепте жалғастырылады, оңда мұғалімнің балаға қатынасы әкелік қамқорлық негізінде құралады. Мектепке келуге байланысты баланың қарым-қатынасы кеңейеді. Мұғалімнің міндеті- баланың айналасындағы адамдарға, жалпы адамзатқа сүйіспеншілікпен қарайтын етіп тәрбиелеу.
39 Моральдық тәрбиенің негізгі бір мақсаты балаларды адамгершілікке жататын қылықтарға жаттықтыру. Осының нәтижесінде олардың еркі дамиды, ұстамдылыққа үйренеді. Песталоцции моральдық тәрбиені діни тәрбиемен байланыстырады. Ол дінді сынағанмен, егер адам құдайды қадірлесе бір-біріне туыс болып табылатын барлық адамдарды да қадірлейді, - деп есептеді. Оның діни көзқараста болуы - дүнииеге идеалистік көзқараста болуының айғағы. Адамды жан-жақты дамыту идеясын ұсына отырып, Песталоцции білім беруді моральдық тәрбие берумен байланысты жүргізуді, яғни оқыту арқылы тәрбиелеуді талап етті. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1. Социал-утопист Роберт Оуэннің әлеуметтік-педагогикалық идеялары. 2. Жан Жак Руссо мен Пестолоццидің прогрессивтік педагогикалық көзқарасының қалыптасуы. 3. Пестолоццидің тәрбие мен оқыту туралы айтқан пікірлерінің маңызы. 4. Песталоццидің педагогика ғылымына сіңірген еңбегі. 2-ТАРАУ. РЕСЕЙ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН МЕКТЕП ТАРИХЫ 2.1. Ресей тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогика. X-XYII ғғ. Ресейдегі тәрбие мен білім беру. Жоспар: 1. Ресейде христиандықты қабылдау және мектептер дамуының басталуы. 2. Шіркеулік діни педагогика. 3. Туысқандық мектептер, академиялар. Әдебиеттер: 1. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006. 2. Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 2003. 3. Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. Алматы, Білім 2008 Ертедегі славяндар қауымдық құрылыс жағдайында өмір сүрген басқа халықтар сияқты қауымда балаларды өмірге даярлай отырып, өскелең ұрпақты тәрбиеледі. Оларға жер шаруашылығының, ал кейінірек қолөнер еңбегінің дағдыларын берді. Балалардың бойына ержүректікті, шыдамдылықты сіңіре отырып, әкелері оларды әскери істің дағдыларына үйретті. Баланың жасы кәмелетке толғанда әкесінің садақ пен жебені баласына сыйлау дәстүрі кеңінен сақталды. Отбасында және рулық қауымда балаларды адамгершілікке тәрбиелеумен айналысты, оларды салт дәстүрлерді орындауға, құдайға құлшылық етуге, қауымның аға мүшелерін сыйлауға, бұрынғы өткендерді қастерлеуге үйретті. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде шығыс славяндардың, оның бай ауыз әдебиеті ерекше роль атқарды: ертегілер, өлеңдер, батырлар жыры. Тегінде ең берекелі, ең парасатты тәжірибе, әрине, халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зерделік ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар болса керекті. Бұл халық ауыз әдебиеті, халықтық педагогиканың үлгілері. Бұлар ғасырлар бойы қалыптасқан, ауыздан ауызға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан даналығы, олар балаларды өмірлік құбылыстармен таныстырады, оларға отбасылық және қоғамдық қатынастар туралы түсініктер береді. Ертегілер, батырлар жыры балаларды еңбекті сүюге, оларда отанына деген сүйіспеншілікті, адамдар мен табиғатқа деген жақсы қатынастарды, қанаушыларға деген жеккөрушілікті тәрбиелейді. Орыстың классик педагогы К.Д.Ушинский ертегілер туралы былай деп жазды: «Ол халық ауыз әдебиеті шығармаларынан орыс халық педагогикасының алғашқы және ғажап талпыныстарын көруге болады». IX ғасырда Батыс Еуропа жерінде мықты Киев мемлекеті пайда болды, феодалдық құрылыс қалыптасты. X ғ. аяғында княздердің енгізген ресми мемлекеттік діні христианство осыған көмектесті.
40 Княздер мен шіркеу халық арасында аударма жинақтарды таратты, онда әртүрлі діни әдебиеттерден алынған мақалалар мен педагогикалық сипаттағы үзінділер болды. Балаларда құдайдың алдында қорқыныш сезімін тәрбиелеу, үлкендердің, діниелерінің және бастықтардың еркіне бағыну ұсынылды. Балалардың жас кезінен бастап, діни салттарды орындау, құдайға құлшылық ету, ораза ұстау тәрбиенің құралдары деп есептелді. XI ғасырда Киев мемлекетінде жасақшылардың, боярлардың, княздардың арасынан білімді адамдарды даярлау үшін мемлекеттік мектептер ашылды. Княздар мен шіркеу діниелерін даярлайтын мектептер ұйымдастырылды. Орыс мемлекетінде сауаттылық жоғары бағаланды. Орыстың батырлар жырларының барлық кейіпкерлерінде батырлар сауатты адамдар ретінде бейнеленді. XII ғ. басындағы тамаша әдеби педагогикалық ескерткіш болып табылатыны «Владимир Мономахтың балаларына өсиеті». Ақылды мемлекет қайраткері В.Мономах балаларының батыр, ержүрек, өз жеріне берілген болып өсуіне қамқорлық жасады. Ол білімге және кітапқа құрметпен қарауды балаларының бойына сіңіруге ұмтылды, бес тілді меңгерген және ол үшін шетелден құрметке ие болған өз әкесіндей болуға еліктеу қажет екендігін айтты. Мономах тәрбиенің негізгі мақсаты балаларға құдайдың және діниелерінің алдында қорқынышты сендіру, провославиелік шіркеудің әдет ғұрыптарын қатаң орындауды үйрету. В.Мономах балаларына қалай өмір сүруді үйретті. Балаларынан Отанын сүюді, Отанын жаулардан қорғауды, батыр, ержүрек болуды талап етті. Сонымен қатар «В.Мономахтың балаларына өсиеті» Киев мемлекетінің өмір сүрген кезінде Ресейде мәдениет пен педагогикалық ой пікір дамуының жоғары деңгейде екендігін дәлелдейтін тамаша дерек болып табылады. Орыс княздіктері екі ғасырдан астам уақыт монғал татар басқыншыларының қоластында болды. Басқыншылар орыс халқын қайғы қасіретті басынан кешіруге мәжбүр етті. Көптеген материалдық және мәдени құндылықтар жойылды. Басқыншылар ертедегі орыс қалаларын жоқ қылып жіберді. Сонымен қатар қаншама кітапханалар, мектептер, кітаптар, ескерткіштер жойылып кетті.
41 Бірақ археологиялық қазбалар көрсеткендей, тіпті осы қиын кезеңің өзінде орыс мәдениеті одан әрі дами түсті, жергілікті халықтардың арасында сауаттылық жан жақты таралды, әсіресе, солтүстік княздіктерде, мысалы: Новгород жерінде, Тверь мен Владимир княздіктерінде, жаңа күшейіп келе жатқан Москва княздіктерінде. Халық арасында сауаттандырумен айналысқан адамдар «сауаттылық шеберлері» деп аталды. «Сауатттылық шеберлері» баланың әкесімен немесе туысқандарымен келісім бойынша өз үйінде немесе оқушының отбасында сауаттылыққа үйретті. Кей жағдайда сауаттылық шеберлерінде біруақытта бірнеше бала оқыды, сонымен шағын мектептер ұйымдастырылды. Әліппеге, діни оқуға үйретті, халық ауыз әдебиетінің шығармаларын пайдаланды. Батыс Еуропа мектептерінен айырмашылығы, егер онда барлық оқыту латын тілінде жүргізілсе, Ресейде сауаттылыққа оқыту ескі славян тілінде іске асты, оқушылардың ауызша сөйлеу тіліне жақын болды. Москва қаласының төңірегіне орыс княздіктерінің саяси бірігуі, бірыңғай орталықтандырылған орыс мемдекетінің ұйымдасуы товар ақша қатынастарының және қалалардың өсуінің күшеюіне, Ресейде қолөнер мен өнеркәсіптің, мәдениеттің және ағарту ісінің дамуына көмектесті. XY-XYIғ. Москвада дарынды шеберлер тамаша ғимараттарды тұрғызды, олар қабырғаларында бейнелеу өнерінің керемет өрнектерімен безендірілді. Монастырлар мен княздіктердің сарайларында кітап сақтайтын орындар жасалынды, көптеген грек кітаптары алынды, оның кейбіреулері ескі славян тіліне аударылды. XYI ғ. Москвада кітап бастырып шығару пайда болды, көптеген кітаптар оның ішінде оқулықтар басылды, мектептер ашылды. XY-XYI ғ. тәрбие туралы анық түсінік беретін ескерткіштердің бірі «Домострой». Онда бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық, отбасылық және шаруашылық қатынастар бейнеленген. «Домостройда» христиан дінінің ережелері айтылады. XYI-XYII ғ. халық ағарту ісінің тарихына құнды үлес қосқан тамаша оқиға болып табылатын Украина мен Белоруссияда туысқандық мектептердің пайда болуы. «Туысқандық» бұл орыс, украин және белорусь халықтарының поляк католиктік езгісіне қарсы күресте бірігу орталықтарының ролін атқаратын ерекше бірлестіктер. Ресейдің Батыс және Оңтүстік батыс жерлері ол кезде Польша Литва мемлекетінің құрамында болатын ды. «Туысқандық» бірлестігі поляк пандары мен католиктік діниелеріне, олардың поляктандыру және католиктік дінін енгізу мақсатындағы ұмтылыстарына қарсы бағытталған әртүрлі шараларды іске асырды. Солардың ең негізгілерінің бірі православие діні және туысқандық ұлттық тәуелсіздігі үшін католиктік шіркеуге қарсы күресте өз мектептерін ашып, оны кеңінен пайдаланды. Жарғысы бойынша, туысқандық мектептерге барлық сословиенің балалары қабылданды. Мектептің жарғысы мұғалімдерден балаға ерекше мән беру және ізгілікпен қарау, олардың арасында ата аналарының жағдайына қарай айырмашылық болмау керектігін талап етті. Қатаң жазалауға тиым салынды. Туысқандық мектептерде оқу жұмысын ұйымдастырудың жоғары деңгейі қалыптасты, мектепте ойластырылған әдістемелік жұмыстар іске асырылды. Мектептерде оқушылардың топтық оқытуы ұйымдастырылды. Украина мен Белоруссияның туысқандық мектептерінде сынып-сабақ жүйесі қалыптасты. 1586 жылы бірінші украин туысқандық мектебі Львов қаласында пайда болды. Одан кейін Виленск, Брест, Могилев, Луцк, Киев және басқа да Украина мен Белоруссияда туысқандық мектептер ашылды. Туысқандық мектептердің ректоры және мұғалімдері туысқандықтың жалпы жиналысында сайланды. Туысқандық мектептерде бірінші орынға славян тіліне оқыту қойылды. Сонымен қатар грек және латын тілдері, грамматика, риторика, диалектика оқытылды. Осы пәндердің толық курсы ірі қалалардағы туысқандық мектептерде оқытылды.
42 Украина мен Белоруссияның туысқандық мектептері тәжірибесінде тәрбиенің негізгі құралы ретінде халық ауыз әдебиеті пайдаланылады. Мектеп өмірін дұрыс ұйымдастыру, сынып-сабақ жүйесінің элементтерін пайдалану, балалардың қатысы мен үлгерімін ескеру дұрыс жолға қойылды. Туысқандық мектептердің демократиялық белгілері өз кезінде алдыңғы қатарлы мектептер ретінде Коменскийдің «Ұлы дидактикасының прогрессивті қағидаларымен үндесіп жатыр». XYII ғ. екінші жартысында Москвада көтеріңкі білім беретін мектептердің саны артты. 1686 жылы Москвада славян-грек-латын академиясы ашылды. Академияның көптеген шәкірттері оқулықтың авторлары, академияның және басқа мектептердің оқытушылары болы, сонымен қатар XYIII ғ. Петрдің ағартушылық реформаларының белсенді қатысушылары. Академияларды бітіргендердің ішінене орыс ғалымы М.В.Ломоносов, жазушы А.Д.Кантемир, архитектор Баженов т.б. шықты. 1755 жылы Москва университетінің ашылуымен жоғары оқу орны ретінде академия өз мәнін жойды және діни академияға айналды. Ғылымның дамуы, білімді адамдардың санының өсуі, типографияларды ұйымдастыру оқу әдебиетін шығаруға қолайлы әсер етті. Көп тиражбен әліппелер шыға бастады. Бірнеше рет басылып шыққан Василий Бурцевтің әліппесі кеңінен пайдаланылды. XYII ғ. екінші жартысында Епифаний Славинецкий “Балалар тәртібінің ережелері» атты белгілі педагогикалық кітапты құрастырған болатын. Бұл еңбек қоғамдағы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Ережелер негізінен балалар өздерін үйде, қонықта, басқа адамдармен қарым- қатынаста қалай ұстауы керектігі туралы айтылды. Бұл кеңестер сол кездің өзінде психологиялық тұрғыдан негізделген еді. Кітапта баланың дене жағынан дамуына, денсаулығын нығайтуға, сергек көңіл күйін сақтауға көмектесетін көптеген құнды гигиеналық ережелерден тұрады. Балалардың моральдық қылықтары туралы айта отырып, автор баланың сыртқы мінез-құлқы оның ішкі қасиеттерінің көрінісі болып табылатындығын атап көрсетті. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1. IX ғасырда Киев мемлекетінің пайда болуы. 2. В.Мономахтың халқына христиан дінін мәжбүрлеп қабылдатуы. 3. Москвада кітап бастырып шығарудың пайда болуы. 4. «Домострой» христиан дінінің ережелері. 2.2 XYIII ғғ. Ресейдегі ағарту, мектеп және педагогика. Жоспар: 1. Халықтық педагогика құралдары. 2. Білім беру мен тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі. 3. Халықтық тәрбие және халықтық мектеп. Әдебиеттер: 1. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006. 2. Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 2003. 3. Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. Алматы, Білім 2008 Шығыс славяндарда алғашқы тапсыз рулық қоғам кезінде де және кейінгі дәуірлерде тәрбие мәселесіне үлкен көңіл бөлінді. Балаларды егін егуге, аң аулауға, қолөнеріне, қару ұстай білуге, әскери өнерге үйретті. Мұның бәрі еңбек әрекетінің арқасында іске асырылды. Қатаң табиғатпен күресте күшті, шебер еңбекші, жақсы егінші, сонымен бірге, өз мекенін жаудан қорғай алатын батыл әскер керек болды. Балаларды тәрбиелеуде мақал мәтелдер, ертегілер, батырлар жыры, өлең шын мәнісінде тәрбие құралы болды. Бұлардың педагогикалық мәнін орыс педагогы К.Д.Ушинский өте жоғары бағалады. Халық даналығынан туған жоғарыда айтылған шығармаларда адамның қандай болу керектігі, моральдық тәрбиесінің міндеті суреттелді.
43 XYIII ғ. Басында Ресейдің экономикалық және мәдени өмірінде елеулі өзгерістің болуына қарамастан, ол Батыс Еуропамен салыстырғанда әлі де артта қалған ел еді. Бұл артта қалғандықты екі ғасыр бойы монғол татарлар езгісінің салдарына байланысты түсіндіруге болады. Ресейдің экономикалық және саяси жағдайын нығайту мақсатында XYIIIғ. Басында шешуші қадамдар алынған болатын ды. Бұл кезде Ресей мемлекетінің басына көрнекті мемлекет қайраткері Петр I тұрды. Өндіріс мекемелерінің құрылысы кең қанат жайды, каналдар салынды, сыртқы және ішкі сауда дамыды, армия мен флот құрылды. Сонымен қатар ғылым мен мәдениет дамыды. Білімнің практикалық механика және корабль құрылысы, навигация, астрономия, жағырапия, минерология, геодезия және математика сияқты салалары дамыды. Бұл кезеңде ел өміріндегі ірі оқиғалар мемлекеттік жалпы білім беретін және арнаулы мектептерді ашу. Ғылым академиясы мен Москва обсерваториясын құру болып табылады. Ағарту ісін дамытуға жаңа азаматтық алфавитті енгізу, бірінші көпшілік кітапхананы және мұражайды ұйымдастыру, біршама діни емес әдебиеттерді басып шығару, бірінші орыс газетін «Әскери және басқа істер туралы хабаршы» шығаруға шешім алынуы. 1701 жылы Москвада бірінші математикалық және навигациялық ғылымдардың мектебі ашылды. Оның құрамына жалпы білімі беретін, сонымен қатар арнаулы сыныптар кірді. Онда арифметиканы, алгебраны, геометрияны, тригонометрияны оқыды, одан басқа арнаулы ғылымдармен танысты: навигация теңіз ісі мамандары үшін, фортификация әскери инженерлерге қажетті ғылым, астрономия, жағырапия және жер өлшеуші ғылымдары оқытылды. Бұл мектепте негізгі мұғалім болып леонтий Магницкий жұмыс істеді. Ол математикадан алғашқы оқу құралын құрастырған, өз кезінің мәдениетті, білімді адамдарының бірі болды. Ол көптеген тамаша мамандарды математиктерді, теңіз ісінің, артиллерия қызметінің, мұғалімдерді және оқулықтарды жасаушыларды даярлады. 1715 жылы математикалық және навигациялық ғылымдар мектебінің жоғары сыныптары Петербургке ауыстырылды және онда оның негізінде Теңіз академиясы теңіз офицерлері мен корабль құрылысшыларын дайындау үшін теңіз әскери оқу орны ашылды. XYIII ғ. басында Оралда бірінші мемлекеттік металлургиялық зауыттар ашылды. В.Н.Татищевтің ұйымдастыруымен тау кен ісі мамандарын даярлау үшін тау кен училищесі құрылды. Олардың ерекшеліктері жалпы білім беретін және арнаулы даярлықтың орынды ұштасып келуі болып табылады. Орыс дворяндары өздерінің құқықытары мен жеңілдіктерін әртүрлі тәсілдермен бекіту және кеңейтуге ұмтылды. Бұл ұмтылыс Петр I өлгеннен кейін ерекше байқалды. Дворяндар өздерінің балалары үшін мемлекет есебінен жабық оқу орындарын ашуға ұрықсат алуға қол жеткізді. Мәселен, 1731 жылы петербургке дворян балалары үшін тәрбиелік білімдік әскери мекеме кадет корпусы ашылды, ол тәрбиеленушілерін әскери және азаматтық қызметке даярлауға тиіс болды. Ресей ғылымы мен ағарту ісін дамыту үшін ғұлама орыс ғалымы Михайл Васильевич ломоносов қызметінің мәні ерекше болды.Шаруа теңізшінің баласы, ол сауатын ерте ашты. Сол кездегі орыс балалары сияқты ол білімін діни кітаптарды оқудан бастады, оның алғашқы оқыған кітаптары Смотрицкийдің грамматика оқулығы мен Магницкийдің арифметикасы болды. Ол 19 жасында Москваға жаяу келіп, өзінің шыққан тегін жасырып, Славян грек латын академиясына оқуға түседі. Ломоносовтың дара қабілеттілігі, ерекше еңбек сүйгіштігі және тез қалыптасқан жетістіктері Академия басшыларының оған көңіл аударуына себепші болады. 1736 жылы ол 12 үздік шәкірттің бірі болып Петербургке жолдама алады, содан кейін білімін жалғастыру үшін шет елге жіберіледі. 1741 жылдан М.В.Ломоносовтың белсенді, ерекше жемісті, жан жақты ғылыми және ағартушылық қызметі басталады. 1745 жылы Петербург Ғылым академиясының химия профессоры болып тағайындалады, кейіннен академик болып сайлананды. Ломоносов Ресейде көптеген ғылымның негізін қалады. Оның жан жақты ғұламалығы туралы А.С.Пушкин өте орынды бағалады: «Ғажайып күш жігерді ғажайып ғұламалықпен ұштастыра отырып, Ломоносов ағарту ісінің барлық
44 саласының дәмін татты. Ғылымға деген шөлдеу жандүниесінің күшті құмарлығы еді. Тарихшы, шешен, механик, химик, минеролог, суретші және ақын ол бәрін сынап көрді, бәріне бойлай білді». Ломоносов философиялық материализм негізінде құрылған орыс классикалық философиясының Ресейдегі ғылыми жаратылыстану негізін салды. Ол бірінші рет әлемдік ғылым тарихында табиғаттың негізгі заңы материя мен қозғалыстың сақталу заңының бірден бір толық және дәл анықтамасын берді. М.В.Ломоносовтың ғылымға сіңірген еңбегін европа ғалымдарының замандастарының мойындауының обьективтік дәлелі болып табылатын оның швеция академиясының құрметті мүшесі (1760) және Балон академиясының құрметті мүшесі болып (1763) сайлануы, ал француз ғалымы н.Леклерктің мойындауынша, М.В.Ломоносовтың есімі «адамзат ақыл ойының жылнамасында бір дәуірді құрайды» деп жоғары баға берген болатын.Орыс ғалымы мен ағарту ісінің жалынды жаршысы, Ломоносов орыс ғылымын дамытуға және отандық ғылыми кадрларды даярлауға қарсы болған реакционерлермен белсенді күрес жүргізді. Ол қарапайым адамдар үшін университеттерге еркін түсе алатын болуы керектігін талап етті, текке бөлінбейтін мектептер ашуға ұмтылды. Ломоносовтың айтуынша, жоғары мектептің «регламенті» жарғысы болуы керек деді. Жоғары мектепке еркіндік және жеңілдіктер берілуі қажет. М.В.Ломоносовтың ұсынысымен және оның жобасымен 1755 жылы Москва университеті ашылды. Үкімет басындағылар университетті чиновниктер даярлайтын және тек дворяндарға түсуге мүмкіншілік беретін оқу орны ретінде ашуды көздегеніне қарамастан, Ломоносов университетті ұйымдастырудың өз жобасын өткізді, яғни ғылымға қабілетті барлық адамдарға бірдей есіктің ашық болатындығын іске асырды. Жоғары мектептер үшін Ломоносовтың оқу құралдары мен оқулықтар жасау еңбегі ұшан теңіз.
45 «Эксперименталдық физика», «Риторика», «Ресей грамматикасы орыс тіліінң бірінші ғылыми грамматикасы болды». XYIII ғ. II жартысында көптеген орыс зиялылары арасында Ломоносовтың төңірегіне топтасқан прогрессивті бағыттағы алдыңғы қатарлы ғалымдар пайда болды. Сол кезде өте негізгі мәселе ретінде «табиғи ресейліктердің» ғылыми кадрларын даярлайтын отандық ғылымның орталығын құру туралы міндет күн тәртібіне қойылды. Ломоносов ғылымның жаңа орталығы Москвада ұйымдастырылуы қажеттігін дәлелдеді, онда петербург салынғаннан кейін орыс өмірінің экономикалық, мәдени және қоғамдық орталығы болып жалғаса берді. 1755 жылы сәуірде Ломоносовтың тікелей қатысуымен Москвада құрамында 3 факультеті бар университет ашылды: заң, философия және дәрігерлік. Батыс еуропадан айырмашылығы онда діни факультет болмады. Ғалымдар ғылыми зерттеулермен айналысуы үшін қамқорлық жасай отырып, университет жанына әртүрлі қосымша мекемелерді (физикалық кабинет, анатомиялық театр т.б.) құруды қарастырды. Университет жанына екі гимназия ашылды. Ол гимназияның екеуі де дворяндар мен әртүрлі шенді адамдардың балаларына, шаруалардан басқаларына арналды. 1779 жылы университет жанына Ресейде бірінші мұғалімдер семинариясы ашылды, ол негізінен Москва және Казан гимназиялар, сонымен қатар пансиондар үшін мұғалімдер даярлады. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1. XYIII ғ. басында Ресейдің экономикалық және мәдени дамуы. 2. 1 Петрдің реформалары. 3. М.В.Ломонософтың жемісті еңбегі. 4. Москва университетінің ашылуы, ерекшеліктері. 2.3. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы Ресейдегі білім беру мен тәрбиелеу. Жоспар: 1. Педагогикалық теориялар және оларды білім, тәрбие беру тәжірибесінде жүзеге асыру. 2. К.Д.Ушинский ғылыми педагогиканың негізін салушы. 3. Л.Н.Толстой, Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарастары. Әдебиеттер: 1.Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006. 2.Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 2003. 3.Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. Алматы, Білім 2008 XIX ғ. бірінші жартысында Ресейдің ішкі жағдайы ең алдымен дами түскен капитализмнің әсерімен крепеостнойлық құрылыстың ыдырауының күшею үрдісімен сипатталды. Осыған байланысты елде таптық қарама-қайшылықтар шиеленісе түсті, соның нәтижесінде шаруалар толқуының өсуін революциялық бағыттағы дворян жастарының (декабристер), ал одан кейін әртүрлі тектегі зиялылардың бой көтерулерін байқауға болады. Алдыңғы қатарлы қоғамлық пікірге осындай жеңілдіктерге мәжбүрлік еткен 1804 жылғы мектеп реформасы болып есептеледі, бірнеше қалаларда (Харьков, Қазан) университеттердің және арнаулы орта және жоғары оқу орындарының ашылуы. Бұл мектеп реформасының ағартушылық идеялары ерекше әсер еткен еді. 1802 жылы алғаш рет халық ағарту министрлігі ұйымдастырылды. «Халық ағарту ісінің ережелері» жарияланды. Бұл ережелердің негізінде Ресейде жаңа мектеп жүйесін енгізу қарастырылды. Барлық Ресей алты округке бөлінді.1804 жылы «Университеттердің қарамағындағы жоғары оқу орындарының жарғысы» жарияланды, бұл құжат 1804 жылғы мектеп жарғысы деп аталды. Университеттерді сайланған кеңестер басқарды, профессорлар сол сияқты ректорды, декандарды сайлады. Университеттердің негізгі міндеті мемлекеттік қызметтің барлық түрлеріне шенеуніктерді даярлау болып табылды.
46 Алдыңғы қатарлы орыс жазушыларының және ойшылдарының крепестниктік құрылысқа қарсы шығуы крепостниктік тәртіппен келіспеушіліктің өсуіне көмектесті. Осының бәрі 50- ші жылдардың аяғында Ресейде қоғамдық қозғалыстың пайда болуын туындатты. Қоғамдық қозғалыстың құрамды бөлігі сол кездегі күшті дамыған педагогикалық қозғалыс болды. Кропостниктік тәрбиені қатаң сынау, сословиелік мектепке қарсы күрес, ой өрісті дамытуға дінсіз білім беру, адамды, азаматты тәрбиелеу, әйелдерге білім беру, догматизм мен схоластикаға, баланың жеке басын қадірлеу, прогрессивтік негізде дидактикалық мәселелерді талдау, жоғары мектептің автономиясын талап ету XIX ғ. 60-жылдардағы орыс прогрессивтік педагогикасының ұсынған негізгі мәселелері осындай еді. Педагогикалық қозғалыс біртекті болған жоқ. Әртүрлі қоғамдық бағыттарды ұстанған педагогтар негізгі мәселелерді әртүрлі көзқарас тұрғысынан түсіндірді.1859 жылы Петербург педагогикалық жиналысы құрылды, кейін Петербург педагогикалық қоғамына айналды. Оның жұмысына П.Г.Редкин, К.Д.Ушинский, В.Я.Стюнин, В.И.Водовозов, Д.Д.Семенов, А.Н.Герд және көптеген басқа да педагогтар қатысты. К.Д.Ушинский 1824 жылы Тула қаласында шенеуніктің отбасында дүниеге келді. Өзінің балалық шағын Новгород-Северск қаласына жақын әкесінің имениесінде өткізді. Орта білімді Новгород-Северск гимназиясында алды. 1840 жылы К.Д.Ушинский Москва университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, оны 1844 жылы бітіріп, 2жыл профессорлыққа дайындалып 22 жасында Ярославль заң лицейінде профессордың міндетін атқарушы болып жұмыс істейді. Студенттерге ерекше әсер еткен өзінің лекцияларында Ушинский ғалымдардың халық өмірінен қол үзгендігін сынай отырып, оны жақсартуға ғылымның көмектесуінің қажеттігі туралы айтты. Лицей басшылығы оның қызметінің жастарға зиянды әсер ететіндігін, сол кездегі тәртіпке оларды қарсы қояды деп есептеп, көп кешікпей ол жұмыстан шығарылды. Ушинскийге өмір сүрудің ауыр жылдары басталды. Ол бірнеше жыл шенеуніктік қызмет атқаруына тура келді, ұсақ әдеби жұмыстармен айналысты. Осының барлығы оны қанағаттандырмады. «Өз Отаныма мүмкіндік болса,
47 көп пайда келтіру- бұл менің өмірімнің бірден бір мақсаты; мен соған барлық өзімнің қабілетімді бағыттауым қажет»,- деп жазды. 60-жылдардағы педагогикалық қозғалыс Ушинскийдің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына көмектесті. Осы қоғамдық педагогикалық қозғалыстың әсерімен 1857-1858 ж. «Тәрбие үшін журналда» өзінің «Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы», «Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы», «Мектептің үш элементі» деген құнды мақалаларын жариялады.1854 жылы Ушинский Гатчинадаға жетімдер институтында инспекторы қызметін атқарды. Ол оқу жұмысының жоспары мен бағдарламаларына өзгерістер енгізді, оқыту үрдісін ұйымдастыру мен әдістемесіне көптеген жаңалық енгізді. 1859 жылы Ушинский Смольныйдағы инабатты қыздар институтының инспекторы болып тағайындалды. Онда ол түбірлі өзгерістер жүргізді: дербес жұмыс істеген дворяндар және мещан қыздар бөлімдерін біріктірді, оқу пәндерін орыс тілінде оқыту енгізілді, педагогикалық сынып ашты, мұнда тәрбиешілер даярланды, институтқа талантты оқытушылар шақыртылды. Осы жерде ол «Балалар әлемі» оқулығын шығарды. Смольный институтындағы прогрессивтік көзқарасы үшін институт әкімшілігі тарпынан қуғын көрді. Ол 1862 институттан шығарылды. Ол шетелге жер аудырылды. Денсаулығының асқынғанына қарамастан Ушинский Германия мен Швейцарияда жемісті еңбек етті, ол шетел қыздар мектебін зерттеумен айналысты. 1864 жылы «Ана тілі» атты оқулық жазып шықты. 1870 жылы 22 желтоқсанда 46 жасында қайтыс болды. Ушинскийдің педагогикалық жүйесінің негізіне халықтық идея жатты. Ушинский халықтық идеяны басшылыққа ала отырып, халық ағарту ісі халықтың қолында болуы керек, ал балаларды оқыту ісі олардың ана тілінде іске асуы қажет, ол халықтың ең айқын көрінісі болып табылады деген қорытындыға келді. Ушинский «Тәрбиенің мақсаты қоғамның пайдалы мүшесі жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу» деп түсінді. Адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралы оқыту деп есептеді. Ол оқытудың тәрбиемен тығыз байланыстылығын айта келіп, мұның тәрбиелік сипатының ерекше мәнін дәлелдеді. Ушинский барлық оқу пәндері бай тәрбиелік мүмкіншіліктермен ерекшелетіндігін атап көрсетті. Халық мектебінің оқу пәндерінің ішінде ол ана тілін ерекше бағалады және ана тілін меңгере отырып, балалар тек қана білім алып қана қоймайды, сонымен қатар халқымыздың ұлттық санасымен, оның рухани өмірімен, моральдік ұғымдармен және түсініктермен танысады. Ушинский адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі сендіру деп түсінді. Ушинскийдің пікірі бойынша, адамгершілік тәрбиесінің құралдарына төмендегілерді жатқызады: 1. Оқыту (бұл жағдайда оның оқулықтарының мәні орасан ерекше, оларда тіл дамыту, білімді хабарлау және адамгершілік тәрбие орынды ұштасады); 2. Мұғалімнің жеке басының үлгісі (бұл жас рух үшін ешнәрсемен өзгертуге болмайтын күн көзінің жарқын сәулесі); Сендіруге ерекше мән берді; Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу (педагогикалық такт); Ескерту шаралары; Мадақтау мен жазалау. Адамгершілік тәрбие балалардың адамдарды құрметтеуі және оған сүйіспеншілікпен қарауы, олармен ізгілік, жағымды, әділ қарым қатынас жасай білуі. Ол оқытуды балалардың дамуының жас кезеңдерін және олардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру негізінде құруды талап етті. Ушинский оқытудың сынып-сабақ жүйесін жақтады. Ол сабақ оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі екендігін және мұғалімнің сабақты тиімді өткізуді сипаттайтын негізгі белгілерін анықтап берді. Бұл белгілерді төмендегіше түсіндіруге болады: 1. Оқыту үрдісінде сабақтың басты түйінін немесе негізгі мәселені алға қою ептілігі; 2. Жаңа сабақты балалардың бұрынғы меңгерген білімдерімен табиғи байланысты қамтамасыз ету; 3. Шәкірттерін жоғары деңгейдегі қызығушылығы мен белсенділігін қамтамасыз ету;
48 4. Сабақ кезінде шәкірттердің білімдерін толық мәнді және берік меңгеруін қамтамасыз ету. 5. Сыныпта үлгілі талап пен тәртіптің болуы. Оқытудың үрдісінде әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолданудың қажеттігін талап ете отырып, Ушинский олардың ішіндегі негізгілерді түсіндіріп оқыту мұғалімнің әңгімесі, әңгіме, жаттығудың әртүрлі түрлері (ауызша, графикалық, жазбаша) деп есептеді. Дұрыс ұйымдастырылған мектепте өз халқын сүйетін және оның дамуы туралы қамқорлық жасайтын мұғалімге тәрбиешіге басты роль берді Ушинский. Ешқандай жарғы және бағдарлама ешқандай оқу орнының жасанды орталығы, қаншалықты жетілдіргенмен, тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес. «Мұғалімнің жеке басы бұл ешнәрсемен айырбастауға болмайтын жас жандүниесі үшін күн көзінің жарқын сәулесі». Тәрбиеші өз ісіне ақыл-ойын және бүкіл жан дүниесін салуы және өзінің барлық қызметі арқылы табанды жүргізуі қажет. Жас ұрпақты халықтық рухта тәрбиелеуге лайықты халық мұғаліміне ең жақсы өз халқына тән қасиеттерді меңгеру өте қажет. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы туралы айтқанда, ең алдымен ауызға ілінетіні тәрбие пәні адам туралы терең де ғылыми біліммен қаруланған, жан- жақты білімді ойшыл гуманист ретінде педагогика теориясы, оның ішінде педагогика ғылымы және тәрбие өнері туралы айтқан құнды ойлары, тәрбиенің халықтық идеясын күн тәртібіне орынды қоя білуі, жеке адамды қалыптастыру және жан-жақты тәрбиелеу, адамгершілік, еңбек тәрбиесінің жеке адамды қалыптастырудағы орны, еңбектің тәрбиелік және психологиялық сипаты туралы, дидактиканың көптеген мәселелерін жан-жақты талдауы, мұғалім туралы айтқан пікірлері бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерімен астарласып жатыр. Ушинский педагогикалық теориясының психологиялық негіздерін тұңғыш зерттеген қазақстанның көрнекті педагогы Т.Тәжібаев. Ол бірінші болып Ушинский орыс психологиясының тарихына қосқан еңбегіне жан-жақты талдау жасады.Ушинский жайында Т.Тәжібаев: «Педагогика ғылымының саласында Ушинскийді педагогикалық ойдың асқан алыптары Я.А.Коменский және Пестолоццимен қатар қоюға болады. Орыс ғылымының көрнекті қайраткерлері Ломоносов, Менделеев, Лобачевский және басқалары қандай қадірлі болса, Ушинский де сондай қадірлі»,- деп ерекше жоғары бағалады. Педагогика тарихында ХІІ-ХХғасыр аралығында оқу-тәрбие мәселелерінің өрбуі мен шешілуі ұлы өзгерістер әкелді. Педагогикалық теорияны дамытушы педагогтар қатары әр елде өсті. Алғашқы жаңа типті оқу орны 1701 жылы I Петр Москвада ашқан математика және навигация ғылымдарының мектебі болды. Бұл Европадағы өмірге ңажетті білім беретін алғашқы реал-дық училище еді. Мемлекет қаржысына ашылған алғашқы бұл мектеп XVIII ғасырдың бірінші жартысында жыл сайын 200-ге тарта бала оқытты. Кейбір жылдарда баланың саны 500-ге жетті. Бұл мектепте математика (арифметика, алгебра, геометрия, тригонометрия), астрономия, географиялық мәліметтер және арнаулы ғылымдар (геодезия, теңізде жүзу және т. б.) оқытылды. Кең профильді арнаулы білім беретін бұл мектеп әр мамандыңтан кадрлар даярлады. Бұл мектепте «төменгі сословиенің» (қала халқының және солдаттың) балалары да оқыды. Мектептің негізгі мұгалімі Леонтий Филиппович Магницкий (1669—1739) болды. Ол білімді математик және шебер педагог еді. Мектеп жұмысына Л.Ф.Магницкий көп үлес қосты. Математика және навигация ғылымдарының мектебі үшін бірнеше оқу құралдары даярланды, солардың ішінде Л.Ф.Магницкийдің арифметикасы (1703) үлкен роль атқарды. Бұл мектептің теңіз мамандарын даярлайтын кластары 1715 жылы Петербург қаласына көшіріліп, соның негізінде теңіз академиясы ашылды. Математика және навигация гылымдарының мектебін бі-тіргендер өнеркәсіптің эр салаларына қызметке жіберілді. Олардың ішінде шет аймақтагы мектептерге мұғалімдік қызметке жіберілгендері де болды. I Петр Петербург, Москва және басқа ірі қалаларда артиллерия мектептерін, порттың қалаларда — навигация мектептерін, Москвада хирургиялың, инженерлік мектептер ұйымдастырды. 1721 жылы Оралда алғашқы тау-кен мектебі ашылды, кейін Оралдағы ірі заводтардың жанынан арифметикалық мектептер, кейбір заводтар жанынан тау-кен мектептері ашылды. Бұл мектептер жалпы дәрежелі білім берумен қатар, оқушыларға белгілі мамандықтан арнаулы даярлық берді. XVIII ғасырдың бас кезінде жалпы дәрежелі білім бере-тін мемлекеттік мектептер ашу ісі қолға алынды. 1718 жылы 42
49 есеп мектептері ашылды. Бұл мектептерде оңу, жазуға үйретумен ңатар, арифметика оқытылды, алгебра, геометрия және тригонометриядан алғашқы мәліметтер берілді. Бұл мектептерге де крепостной шаруадан басқа сословиенің балалары оңуға алынды. Діни мектептерде де өзгерістер болды, архиерей мектептері мен діни семинарияда едәуір жалпы дәрежелі білім берілетін болды. I Петрдің оқу-ағарту жөніндегі жаңалықтары үстем тап өкілдеріне арналса да, жалпы оқу-ағарту ісінің дамуына үлкен әсер етті. Әсіресе Ресей озық педагогикалық ойдың отанына айналды. Олар К.Д.Ушинский, Н.И.Пирогов, В.И.Водовозов, Л.Н.Толстой, 60-шы жылдары революционер педагогтар Н.Г.Чернышевский, В.Г.Белинский, А.Г.Герцен, Н.А.Добролюбов сынды педагогтар педагогиканың демокраиялық бағытта дамуына және халық ағарту проблемаларының түпкілікті қайта құрылуы және шешілуі халық революциясына тәуелді екенін дәлелдеді. Пирогов ағартушы демократ, Орыстың әскери хирургінің негізін салушы. Анатом алғаш университет ашқан адам. Москва университетін бітірген. Петербург ғылым академиясының мүшекорреспонденті. Пирогов «Вопросы жизни» деген мақаласында сол кездегі тәлім тәрбие жүйесін қатты сынап, жалпыға бірдей білім беру мәселесін насихаттады. Ол оқыту әдістемесін жасады.Оның айтуынша, әдістемелік жұмыстар балаға адамгершілік тәрбие берудің бастапқы күші болады. Пирогов жоғары білімге ерекше көңіл бөлген педагог. Ғылым оның пікірінше қоғамды өзгертуші және жаңа құрушы күш. Орыстың ұлы жазушысы және педагогі Л.Н.Толстой шаруа балаларына арнап Ясная Поляна мектебін ашып,онда өзі де сабақ берді. Л.Н.Толстой өзінің педагогикалық көзқарастары және жігерлі ұйымдастырушылық қызметі арқылы халықпен мейлінше тығыз байланыста болды және халықтың мұң мұқтажын қанағаттандыратындай мектептер құруға тырысты. «Мектеп халықтың өмірлік мүдделерінің негізгі заңдылықтарын аңғарған жағдайда ғана жақсы болмақ», деді. Бұл ескі мектепке қарағанда оқушылар үшін қолайлы жағдайды жасады және олар мектепке ерекше қызығумен қатысып отырады, қызыға оқыды, үлкен шығармашылық белсенділікпен дербестік аңғартты. Ясная Поляна мектебінің тәжірибесімен өте қызыға айналысқан, оның нәтижелерімен қанағаттанған Толстой бұл тәжірибені басқа мектептерге тарату ісін қолға алды. Осы мақсатпен ол “Ясная Поляна” педагогикалық журналының басылымын ұйымдастырды, оның бірінші кітапшасында Ясная Поляна мектебінің тәжірибесі жан-жақты суреттелді. 1862 жылы Ясная Поляна мектебінде полицияның жүргізген тінтуінен кейін Ясная Поляна мектебі өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Толстой да педагогикалық қызметін біржола тоқтатып, “Соғыс және бейбітшілік” романын аяқтауға кірісті. 1870 жылы Толстой тағы да педагогикалық қызметке оралды (романмен жұмыс аяқталғаннан кейін). Осы кезде Толстой “Әліппе” атты алғашқы оқыту үшін оқу кітабын құрастырды, кейін “Жаңа әліппе” жарық көрді және сауат ашуға оқытудың жалпы мәселелерін талдайтын “Оқу кітабын” құрастыруға ерекше көңіл бөлді. 70-жылдардың екінші жартысында Толстой діни мәселелерге ерекше мән беруге байланысты педагогикалық қызметтен уақытша алыстауға тура келді, өмірінің соңғы кезінде ол педагогика мен тәрбие мәселелеріне қайта оралады. 70-жылдары Толстой балаларды тағы да Ясная Поляна мектебінде шәкірттерді қайта оқыта бастады, шаруа мұғалімдер семинариясының жобасын жасады. Өмірінің соңғы кездерінде Толстой тәрбиенің негізіне дінді қоя отырып, діни-адамгершілік ілімді насихаттады. Л.Н.Толстой педагогиканы және сол кездегі орыс, шетел мектептерін қатты сынға алды. Ол педагогика, оның ішінде неміс педагогикасы мектеп өмірінен алшақ, педагогикалық тәжірибе оның негізі болып табылмайды, онда формализм, бірсарындылық басым екендігін атап көрсетті. Сол кездегі мектепті қатты сынай отырып, Толстой баланың жеке басын құрметтеуге, белсенділігі мен шығармашылығын дамытуға негізделген өзінің тәрбие жүйесін қарсы қойды. Толстойдың 60- жылдардың бас кезіндегі педагогикалық ізденістерінде тәрбие баланың жеке басына жасалған қатыгездік болып табылады, сондықтан да оған жол беруге болмайды, тек ғана білім берумен ғана, демек, үлкендердің балаларға берілетін білімімен ғана шектеу керек дегенді айтты. Бірақ ол шаруалар мектебінде оқуға, жазуға, арифметикаға және т.б. тек ғана оқытып ғана қойған жоқ, сонымен қатар тәрбие жұмысын жүргізді. Сонымен, бұлай деп пайымдау Толстойдың педагогикалық көзқарасы мен қызметіндегі көптеген қайшылықтарының бірі болды. Шын мәнінде
50 ол жалпы тәрбиеге қарсы шыққан жоқ, бірақ сол кездегі мектептерде жүргізілген тәрбиеге, құрғақ жаттауға, шәкірттердің жеке басын аяққа басуға, формализмге қарсы болды. Осыған өзінің “Педагогиканың өлшемі – тек бір ғана еркіндік” деген ұранын қарсы қойды. “Еркіндік тәрбие” теориясына тән қасиет баланың жеке басын асыра бағалалаушылық, оның “табиғатының” алдында бас ию болып табылады. Сонымен қатар Толстойдың балалардың жеке басын аяққа басуға қарсылықтың, балаларға деген сүйіспеншіліктің үні естіледі. Толстой нәзік психолог болды, баланың жан дүниесін жақсы білді. Оған дәлел: оның тамаша әдеби шығармалары, барлық оның педагогикалық қызметі Толстой балаларды қызықтыра, олардың шығармашылығын оята және жан-жақты дамыта білді, оларға өз бетімен ойлауға және терең сезіне білуге көмектесті. Ол педагогикалық жұмыспен ерекше қызыға айналысты, үздіксіз іздеу үстінде әрбір мектеп педагогикалық зертхана болуы керек деген талап қоя білді. Осындай зертхана 1861-62 жылдары Толстойдың ашқан Ясная Полянадағы мектебі осындай зертхана, экспериментальдық мектеп бола білді. Бұл мектепте сабақ мұғалімдердің оқушылармен еркін әңгімесі түрінде ұйымдстырды. Оқу, жазу, таза жазу, грамматика, құдай заңы, орыс тарихынан әңгімелер, арифметика, табиғаттанудан және жағырафиядан қарапайым түсініктер, сурет әне ән салу пәндері оқытылды. Белгілі бір белгіленген оқу жоспары, бағдарламасы және сабақ кестесі болмады. Оқушыларға үйге тапсырма берілмеді. Толстойдың айтуынша, балалардың сабаққа қызыққаны соншама, кешке дейін үйлеріне кетпей тыңдаушы еді дейді. Ясная Поляна мектебінде қандай ма болмасын жазалау және мадақтау әдістері болмады. Толстойдың Ясная Поляна мектебі, сөзсіз, құнды педагогикалық тәжірибе болып табылады. Бірақ соншама тамаша тәжірибе аяқсыз қалды. Ясная Поляна мектебінің негізгі кемшіліктері: біржүйелі білімді бағаламау, оқу жоспары мен бағдарламасының және сабақ кестесінің болмауы,балаларды жауапкершілікке, ұйымшылдыққа және тәртіпке үйрететін мектеп ережесінің болмауы. “Еркін тәрбие” теориясымен Толстой өзінің жаңа дидактикалық қағидаларын тығыз байланыста дамытты. Мектеп пен мұғалімнің борышы-оқытуды оқушылар толық үлгеретіндей етіп, ұйымдастыруға қол жеткізу керек. Оқушыларға берілетін материал түсінікті және қызықты болу керекетігін ерекше атап өтті.