51 Бастауыш мектептің оқулықтарында отан өмірінен жеңіл естерінде қалатын жаңа балаларға күшті әсер ететін материалдарды беру қажет.Толстой өзінің оқулықтарына қойылатын дидактикалық көзқарастары мен талаптарынасәйкес 1872 ж.жарық көрген “Әліппесін” құрастыруды содан кейін екі рет қайта өңделіп басылды. 1875 жылы “Жаңа әліппе” деген атпен қайта басылды. Ол сонымен қатар төрт “Оқу кітабын” құрастырды. “Әліппе” де және “Оқу кітаптары” да әрқайсысы 30-дан астам қайта басылып шықты, миллиондаған таралыммен Ушинскийдің “Ана тілімен” қатар бастауыш мектептердегі ең кеңінен таралған оқу кітаптары болды. Бұл оқулықтардың жарыққа шығысымен, педагогикалық басылым бұл оқу кітаптарын жоғары бағалады. Толстойдың оқулықтары үшін жазған әңгімелері мазмұны жағынан бай және жан-жақты, олар балалар әдебиетіне қосылған құнды үлес болып табылады. Бұл балалар әңгімелерінің негізгі кемшілігін кейбір әңгімелерінде Толстойдың діни көзқарастары орын алды. Толстой оқу кітаптарының тіліне ерекше мән берді. Толстой білімнің әртүрлі салаларынан білімдік материалдардан басқа оқу кітаптарына әртүрлі жұмбақтар мен мысалдар енгізудің қажеттілігін ол ескеріп отырды. Жұмбақтар мен мысалдар балалардың ойын дамытуда және жағымды қасиеттерді тәрбиелеуде құнды құрал болып табылады. Л.Н.Толстой халық мұғалімінің негізгі сапаларына педагогикалық еңбекке және балаларға сүйіспеншілік, сонмен қатар педагогикалық өнер немесе “талантты” жатқызды. Л.Н.Толстой мұғалім туралы былай деді: “Егер мұғалім жеке басында өз ісіне сүйіспеншілікті және оқушыларына сүйіспеншілікті ұштастыра білсе, ол нағыз мұғалім”. Л.Н.Толстой мұғалімнің шығармашылық қабілеттігіне, оның педагогикалық шеберлігіне педагогикалық ізденістеріне ерекше мән берген болатынды.Толстойдың жан-жақты педагогикалық қызметінде орыс, педагогикалық ойпікірін және Ресейдің төңкеріске дейінгі мектебін байытқан көптеген жағымды жақтары мен құнды тұстары мол болды. Оның педагогикалық ілімінің жағымды жақтарына балаға деген сүйіспеншілік, баланың жеке басына құрметпен қарау, балалардың шығармашылығын ояту және дамыту ептілігі, әрбір жеке оқушының ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдау жатады. Толстойдың әруақытта да педагогикалық ізденістерін, педагогикалық қызметпен ерекше айналысуы, шығармашылыққа үндеуі, оның мұғалім және оқу құралдарының авторы ретіндегі орасан зор шеберлігін атап өту қажет.Л.Н.Толстой орыс педагогикасының тарихына аса көрнекті педагог-ойшыл және жаңашыл ретінде енді. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1. Университеттердің және арнаулы орта және жоғары оқу орындарының ашылуы. 2. К.Д.Ушинскийдің халық педагогикасы. 3 К.Д.Ушинский тіл шұбарлығына қарсы күресі. 4. Педагогикалық қозғалыстардың пайда болуы, мақсаты мен мұраты. 5. Оралдағы алғашқы тау-кен мектебі ашылуы. 3-ТАРАУ Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы. 3.1. Кеңес дәуіріндегі педагогтардың педагогикаға қосқан үлесі. Жоспар: 1. С.Т.Щацкий, П.П.Блонскийдің педагогикалық көзқарастары. 2. А.С.Макаренконың тәрбие жүйесі және педагогикалық қызметі. 3. В.А.Сухомлинсикйдің тәрбиені гуманистік тұрғыдан қарауы. Әдебиеттер: 1.Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006. 2.Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 2003. 3.Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. Алматы, Білім 2008 4. А.С.Макаренко. Ұстаздық дастан. Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру төңкерістің алғашқы күндерінен басталады.1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы
52 ұйымдасты, ол халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрумен айналысты. Халық ағарту ісін басқарудың ескі жүйесі таратыла бастады. 1918 жылы қабылданған мектеп жүйесі азамат соғысы жылдары кейбір өзгерістерге ұшырады. Жұмысшы факультеттері екі жылдық мектептер ұйымдасты. Кеңес жастарға кәсіптік білім берудің негізгі түрі техникумды (индустриялдық, ауылшаруашылық, экономикалық, педагогикалық т.б. оқыту мерзімі 4 жылдық), ұсынған еді. 1930 жылы сәуір айында өткен халық ағарту ісі бойынша II Бүкілодақтық партия кеңесі дамудың қазіргі сатысында жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру мәселесі негізгі мәселе екендігін атап көрсетті. Кеңес үкіметі жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім берудің кең ауқымды бағдарламасын белгіледі. 20-жылдары өзінің жан-жақты педагогикалық және ғылыми қызметімен белгілі болған кеңес педагогикасының көрнекті өкілі Станислав Теофилович Шацкий (1878-1934). Ол халық ағартуісінің бірінші тәжірибе станциясын ұйымдастырды. Тәжірибе станциясы жас кеңес педагогикасының негізгі практикалық және теориялық міндеттерін шеше білді. Шацкий еңбек тәрбиесіне, оқытуды еңбекпен, қоғамдық пайдалы еңбекпен ұштастыруға ерекше мән берді. Еңбек мектебі құрылысының алғашқы онжылдығында кеңес дидактикасы бұл бағытта елеулі табыстарға жетті. Кеңестік педагогиканың алдына бірінші күндерден бастап, балалар ұжымын ұйымдастырмайынша, тәрбие міндеттерін жемісті шешу мүмкін еместігі белгілі болды. Педагогика ғылымының қайраткерлері мектептердің озат тәжірибесін зерттеу және жинақтаумен айналысты. Кеңеңстік педагогика ғылымының өсу көрсеткіші педагогикадан жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын басып шығару болып табылады. 30-жылдары дидактика және тәрбие теориясы мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. Дидактика мәселелері таным теориясы тұрғысынан қарастырылды. 20-30- жылдары балалар ұжымы мәселесіне ерекше қызығу аңғартқан көрнекті кеңес педагогтары мен психологтары Н.М.Шульман, П.П.Блонский, А.С.Залужный, М.М.Пистрак, С.П.Шацкий, А.С.Макаренко, Ф.Ф.Каролев. Ұжым мәселесін зерттеуге А.С.Макаренко елеулі үлес қосты. Ұжымдық тәрбие теориясын талдай отырып, А.С.Макаренко: «Жеке тұлғаны қоғамнан, ұжымнан бөліп қарауға болмайды, тек ұжымда жеке тұлғаның нышандарын жан- жақты дамыту оның нағыз еркіндігі және қызығулары мен қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін», деді. А.С.Макаренко Белополье қаласы, бұрынғы Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері отбасында дүниеге келді. Кременчук қаласындағы қалалық училещені және педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол 1905 ж. Крюковадағы екі сыныптық теміржол училишесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1905-1907 революция жылдары Макаренконың көзқарасы қалыптаса бастады. А.С.Макаренкоға М.Горкийдің шығармалары ерекше әсер етті. Ол өзінің естеліктерінде: «Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлік ұстазым болды» деп жазды. 1914-1917 жылдары Макаренко оқытушылар институтында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады. 1920 жылы Полтава губерниялық халық ағарту бөлімі Макаренкоға Полтаваның жанында жасы камелетке толмаған заң бұзушы балалар үшін колония ұйымдастыруды және оны басқаруды тапсырды. Жаңа ашылған мекемеге жартылай қираған бұрынғы жасы толмаған қылмыскерлердің колониясының ғимараты берілген болатын. Олармен 8 жыл жұмыс істеді. Макаренко осындай жастардан өз Отанына шын берілген, тәртіпті, еңбек сүйгіш және жұмыс істей білетін нағыз азаматтарды тәрбиелейді. Бұл жылдар қиын да ауыр еңбек пен күрестің жаңа, қазіргі адамды тәрбиелеудің кеңестік әдістері үшін ол Макаренкоға тек тәжірибе ғана емес, сонымен қатар педагогикалық теорияда тамаша жеңіс әперген жылдар болды. А.С.Макаренко 3-4 жылдың ішінде үлгілі тәрбие мекемесін, А.М.Горкий атындағы еңбек колониясын ұйымдастыра білді. А.М.Горький 1928 жылы колонияға қатысып, ол туралы: «Сіз ұлы істерді бастадыңыз, өз жемісін беруге тиісті. Сіз тамаша адамсыз, Ресей Сіз сияқты адамдарға зәру», деп жазды. Ол педагогикалық қызметінде сол кезде Халық ағарту комиссариатында жұмыс істейтін
53 педагог бюракраттар мен педагогтардың тарапынан қарсылық көрсетті. 1928 жылы Горький атындағы колонияны тастауға мәжбүр болды. Одан кейін бірнеше жыл бойы ол бар күш жігерін Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқаруға арнады, онда ол тәрбие әдістерін жетілдіре түсті. Дзержинский атындағы еңбек коммунасында еңбек тәрбиесінің жаңа әдістері қолданылды. Коммунаның тәрбиеленушілері өндірісте күніне 4 сағаттан жұмыс істеді. 1935 жылы А.С.Макаренко коммунадағы жұмысын тастап, Украйнаның еңбек колониялары оқу тәрбие жұмысының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, одан кейін Москваға келіп, А.М.Горкийдің кеңесімен әдеби қызметпен, екі колониядағы қызметін жинақтаумен айналысты. 1933-1935 жылдарда «Ұстазтық дастан» жарық көрді, 1937 ж. отбасы тәрбиесінің мәселелерін ашып көрсететін «Ата аналар кітабы» жарияланды (1том). Автордың алғашқы ойы отбасы тәрбиесі туралы 4 томдық кітап жазуды жоспарлаған болатын. 1938 ж. ең ірі «Мұнара үстіндегі тулар» атты көркем педагогиалық шығармасы жарық көрді. А.С.Макаренконың «Ата аналар» кітабы және «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар» атты еңбектері отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелерін зерттеуге арналды. Макаренконың балаларды тәрбиелеудегі сіңірген еңбегін жоғары бағалай келіп, оны Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады.1939 жылы 1 сәуірде аса дарынды педагог Макаренко кенеттен дүние салды. Макаренконың педагогикалық қызметте табысқа жетудің бірінші қолайлы шарты болып табылатын тәрбиенің мақсатын анық та айқын елестете білу деп түсінді, онсыз ешқандай тәрбие жұмысы мүмкін емес. Оның айтуынша қабілетсіз немесе бұзылған бала «сәтсіз педагогтардың» ойлап тапқандары, барлық «бұзылғандық, тәртіпсіздік және балалардың қылмыскерлігі туа біткен және түзетуге болмайтын сапалар емес». Макаренконың айтуынша педагог оптимист болуы керек. Адамды неғұрлым құрметтеген сайын, соғұрлым талап қоя білу керек. Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу Макаренконың жүйесінде ең негізгі орталық идея, оның бүкіл педагогикалық қызметі мен барлық педагогикалық қағидаларының өзекті мәселесі
54 болды. Оның ойынша, ұжым дегеніміз адамдардың жай ғана жиынтығы немес кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге ұмтылушылардың тобы. Макаренконың түсіндіруінше, әрбір жеке тұлғаға әсер ету үшін ұжымға әсер ете отырып, оның әрбір мүшесін қалыпты тәрбиелеуге болады. Осы қағида негізінде «паралелді әсер ету қағидалары» деп атады. Ұжымның негізгі заңдарының бірі «Ұжымның қозғалыс заңы» деп атады Макаренко. Егер ұжым алдына қойған мақсатты орындаса, бірақ ол болашаққа жаңа мақсаттар қоймайтын болса, онда ұжым мүшелерін жігерлендіретін ұмтылыс болмайды, қол жеткен табыстарға тоқмейілсу басталады, ондай ұжымның болашағы болмайды. Мұндай жағдайда ұжымның дамуы тоқталады.Ұжым әруақытта да қызу өмір сүруі, белгілі мақсатқа ұмтылып отыруы қажет. Осыған сәйкес Макаренко алғаш рет «Болашақ жолдар жүйесі» қағидасын педагогикаға ұсынып, жан жақты талдады. «Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүра алмайды. Адам өмірінің ең жақсы қозғаушысы, ертеңгі қуаныш» деп жазды Макаренко. Ұжымның өмір сүруінің ең негізгі заңын Макаренко ұжымның қозғалысы, өсуі дамуы деп атады. Макаренко балалар ұжымы өмірінде берік ұйымдасқан активке ерекше мән берді, оны педагогтің ең жақын тірегі деп қарады. Макаренконың педагогикалық жүйесінде тәрбиенің қажетті факторы еңбек болып табылады. Горький атындағы колонияда ауыл шаруашылығы еңбегінің ең қарапайым түрлерінен бастап, өз ұжымының негізгі қажеттілігі үшін Макаренко тәрбиеленушілердің өнімді еңбегін ұйымдастыруға көшті. Дзержинский атындағы коммунада оның жоғары түріне қол жеткізді, онда тәрбиеленушілер орта мектепте оқыды және жоғары мамандықты еңбекті талап ететін күрделі техникалы өндірісте жұмыс істеді. Макаренко отбасы тәрбиесінің мәселелеріне ерекше мән берді. Ол ең бірінші болып, кеңес педагогтарының ішінен бұл өте маңызды мәселені талдаумен айналысты. Қазіргі кезде зерттеу жұмыстары мен бақылаулар көрсеткендей, тәрбиенің басты негізі 5 жасқа дейін қаланады, бұл барлық тәрбие үдерісінің 90 пайызы, ал содан әрі адам тәрбиесі, адамды өңдеу жалғасады, сіз жалпы алғанда жемісін жей бастайсыз, ал сіз бағып отырған гүлдер 5 жасқа дейін болған, деген Макаренконың қорытындыларын дәлелдейді. Макаренконың үй тәрбиесіне қосқан үлесі орасан зор. «Ата аналар кітабы»және «Балаларды тәрбиелеу туралы» лекциялары балаларды отбасында тәрбиелеу жөніндегі маңызды ғылыми және көркем әдебиет болып табылады. Макаренконың ұжым туралы ілімі белгілі бір кеңестік идеологияның негізінде дүниеге келгенмен, кейбір уақыттың талаптарына сай жіберілген кемшіліктеріне қарамастан, бүгін де маңызды, бүгін де өміршең. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1. Кеңес үкіметінің жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру бағдарламасы. 2. Қайта тәрбиелеу процесінің нәтижелі болуы. 3. А.С.Макаренконың тәрбие принциптерінің негізін қалауы. 4. Еңбекпен түзету колониясының пайда болуы. 3.2. Ресейдегі қазіргі мектеп және педагогика. 1. Қазіргі педагогикалық технологиялар обьективтік қажеттілік. 2. Педагогикалық технологияларға шолу. 3. Ш.А.Амоношвилидің гумандық тұлғалық технологиясы. Әдебиеттер: 1. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006. 2. Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 2003. 3. Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. Алматы, Білім 2008
55 4. Интернет bilimdinews.kz Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің оқыту ісі және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру, жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық процесті жоғары ғылыми әдістемелік жастарға білім және тәрбие беру ісі, қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады. Жаңашыл экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке-жеке, керек десе бірін-бірі білмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бүған қарамастан олардың жұмыстарының қорытындысы бірдей нәтиже берген. Экспериметшіл мұғалімдер зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін бір-бірімен кездесуді, пікірлесуді, тәжірибе нәтижесін ортаға салып, талқылауды ойластыра жаңа педагогикалық шешімдер қабылдау керек деп шешті. Бұл пікірлердің мазмұны «Учительская газета» беттерінде жариялады. Осы газеттің шақыруы бойынша экспериметшіл мұғалімдер үш жылдың ішінде төрт рет кездесті. Бірінші кездесуінде (18- қазан, І986), «Ынтымақтастық педагогика», екінші кездесуінде (І7-қазан, 1987 ж.), «Тұлғаны демократияландыру», үшінші кездесуінде (19-наурыз, 1988ж.), «Жаңарту әдістемесі», төртінші кездесуінде (18-қазан, 1988ж.) «Жаңа мектепке кіреміз», тақырыптары бойынша эксперимент жұмыстарының нәтижесіне сүйсініп, білім және тәрбие саласында көптеген жаңа үдемелі педагогикалық пікірлер үсынды. Бүл пікірлердің біразын атап кеткен жон. Мысалы: балалар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы ынтымақтастық, ұжымдық шығармашылық тәрбие, орындаушылық және шығармашылық қабілеттер, балаларды дербес және ұжымдық өзін-өзі талДАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН үйрету, тұлғаның дамыту тірек идеясын, жаңарту әдістемесін кету идеясы, жаңа мектеп және ғылым үздіксіз білім т.т. мынандай мақсатқа бағытталған педагогикалық идеялардың іске асырылуының нәтижесінде мектеп өмірінде тек қана мұғалім емес оқушы жайлы көп өзгерістер байқалады. Бұрын оқуға қабілетсіз оқушы екінші, үшінші жылы сыныпта қалып, мектептен шығып кететін. Енді оқушыларды оларды оқыту керек. Дамудың артта қалушылығының басты себептері біріншіден, үйелмендегі рухани қатынастың жетіспеуі; екіншіден, мұғалімдер мен ата-аналардың зорлап оқыту нәтижесінде балалардың оқу материалының мазмұнына түсінбей жаттап оқуында; үшіншіден, балалардың дамушы қабілеттерін еске алмай, мектептің тек қана оқыту процесінің үш компонеттеріне (білім, іскерлік, дағды) сүйену т.б. Осының салдарынан балалардың көпшілігінің даму процесі тоқтайды. Жаңашыл мұғалімдердің тұжырымдамалары бойынша ең алдымен баланың дамуын бірінші орынға қою керек. Бүл оқушының білімді іздеп табуына, игеруіне мүмкіншілік жасайды, іскерлікті, дағдыны меңгереді. Сонымен, баланы әр жақты дамыту үшін бәрінен бұрын құлық, рухани, ақыл-ой, дене тәрбиесі бірінші кезекте болуы қажет. Кейбіреулер ынтымақтастық педагогиканың осы заман педагогикасынан айырмашылығы бар ма деп сұрақ қояды. Бұл сұраққа бір мағыналы жауап беру қиынырақ сықылды. Бірақ екеуіне анықтама берсек артық болмайды. Осы заман педагогикасы - бұл тұлғаның және ұжымның тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу процестерінің диалектикасы туралы ғылым. Білім беру жүйесі дегеніміз қазіргі тарихи кезеңде еліміздің әлеметтік экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне және негізгі саяси экономикалық міндеттеріне жауап беретін принциптер негізінде құрылған оқу-тәрбие мекемелері мен оны басқару органдарының жүйесін атайды Өзіндік ұйымдастырушылық құқықтық түрлеріне қарай білім беру мекемелері мемлекеттік, мемлекеттік емес болып бөлінеді. Бірақ заңдылықтың білім беру саласындағы күші белгілі бір мемлекеттің территориясында олардың ұйымдастыруушылық құқықтық түрлері мен бағыныштылығына қарамастан бірдей таратылады. Бүгінгі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық (оқыту) технология ұғымы терең тамыр жайды. Дегенмен де, осы ұғымды түсіну мен пайдалануда әр түрлілік басым. Технология- tehne - искусство, ремесло, мастерство, учение деген мағынаны білдіретін грек сөзі.
56 «Технология- өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы»,- деп шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде анықтама берілген. Педагогикалық технология- педагогикалық мақстақа жету үшін пайдаланатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді (Кларин М.В.). Технология- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан- жақты ойластырылған үлгісі (Монахов В.М.). Педагогикалық технология- практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы (Беспалько Б.П.). Ал педагогиалық жүйе дегеніміз- белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. Оқыту технологиясы оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оқыту процесінде нақты жүйе қызметін атқарады. (Селевко Г.) Педагогикалық технология үш деңгейде қолданылады: Жалпы педагогикалық педагогикалық жүйе ұғымының синонимі. Оған: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту процесінің субьектілері мен обьектілерінің әрекет алгоритмі кіреді. Салалық (пәндік)- бір пән шеңберіндегі оқыту, тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдардың жиынтығы. Локальдық (модульдік)- жеке әрекеттер технологиясы, ұғымды қалыптастыру; дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабағының технологиясы; жаңа материалды меңгерту технологиясы; қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы; жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы. Салалық (пәндік) және локальдық (модульдік) деңгейлеп оқыту әдісімен үндес, тек айырмашылық технологияда процессуалдық өлшемдік, сапалық және вариативтік бағдарлық компоненттерге басым көңіл бөледі. Технология әдісімен оқыту әрекеттерінің өңдеуге болатындығымен ерекшеленеді. Педагогикалық технология құрылымы: 1. Концептуальдық негізі. 2. Мазмұндық бөлігі: • Жалпы оқыту мақсаты; • Нақты оқыту материалдық мазмұны. 3. Процесуальды бөлігі- технологиялық процесс: • Оқыту процесін ұйымдастыру; • Оқушының оқу әркетінің әдістері мен түрлері; • Ұстаздың оқу материалын меңгеру процесін басқару әрекеті: • Оқу процесін диагностикалау. Біз алдымен «техника», «технология», «оқыту технологиясы», «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «жаңа педагогикалық технология», «жаңаша педагогикалық технология» терминдерінің мағынасын түсініп, терңінде не жатыр, соны ажыратуымыз керек. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн. «Техника» терминінің екі мағынасы бар: • Біріншісі өндіріс құралдарының жиынтығы; • Екіншісі бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жинағы. Білім беру саласындағы технологиялық идеялар жаңадан пайда болған жоқ. Оқытуды технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский айтқан болатын. Шетел мамандары оқыту технологиясының үш кезеңінде мұғалім бірде бір көмекші құрал жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға білім берген. «Бұл кезде оқыту технологиясының функциясын адамдар тәжірибесі атқарған» дейді А.Талызина. Екінші кезеңде кітап басып шығару
57 игерілген соң оқыту технологиясы елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әр түрлі дидактикалық материалдар көмекке келді. Қазіргі кезеңде де оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді. «Оқыту технологиясы» терминін алғаш рет АҚШ-та қолдана бастады. Польшаның делгілі дидакторы У.Куписевич пен Ф.Янушкевич оқыту технологиясы жалпы дидактиканың бір бөлігі ретінде оқытудың ең оңтайлы жолын анықтайтынын терең түсіну керектігін қолдады. ОТ дидактиканың жетістіктерін педагогикалық практикаға кеңінен енгізіп, таратады. Оқу үрдісінің негізгі элементтері: а) Оқытудың мақсаты, жоспары және бағдарламасы; ә) Оқытудың мазмұны, әдістері мен тәсілдері; б) Оқушылардың формалары мен құралдары; в) Оқушылардың оқу және зерделеу (зерттеу) қызметі; г) Оқытушының педагогикалық және ғылыми қызметі. Оқу үрдісінің осы басты бөліктері оқу ақпаратының әр алуан легінің толассыз қозғалысы арқылы өзара тығыз байланыста болады. (С.Архангельский). Білім беру технологиясының мазмұны екі бөліктен тұрады: 1. Оқыту мақсатына сай арнайы жасалған техникалық құралдардың екі типі: а)Проекторлар, магнитофондар, компьютерлер: ә)слайдтер, кинофильмдер, оқу дискілері. 2. Жоспарланған нәтижеге жеткізетін педагогикалық үрдістердің ғылыми суреттемесі. Оқытудың технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 60-жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология дегенімізтәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана» (В.Беспалько). Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практика аралығында қалып отыр. Педагогикалық технология деп-мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі жаңа ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үрдісін айтамыз. Оқу үрдісін жаңа ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияның басты мәселесі екені түсінікті. Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өмірен енгізіліп жатыр. Олар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанкиннің есептер шығару, Палтышеваның физикадан есептер шығару, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі, т.т. Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М.Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі. Ж.Қараевтың жаңа педагогикалық компьтерлік технологиясы қолданылып жүр. Мәселен, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір- бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады: 1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту. 2. Теориялық білімнің жетекші ролі. 3. Оқу материалын жеделдете оқыту. 4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі. 5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу. Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктер мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін- өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды. Шалва Александрович Амонашвили – 1931 жылы 8 наурызда Тбилиси қаласында дүниеге келген. Амонашвили психология ғылымдарының докторы, профессор; Ресей білім беру Академиясының академигі, Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Украина
58 педагогика ғылым академиясының шетелдік мүшесі; сәуегей Климент Охридский (Болгария) атындағы София университетінің құрметті докторы; Мәскеу Мемлекеттік педагогикалық Университетінің еңбегі сіңген профессоры, әр түрлі мемлекеттердің бірнеше университеттерінің құрметті профессоры. Шалва Александрович Амонашвили еңбектері және оның негізгі идеясы 20-ғасырдың өзінде үлкен классикалық педагогиканың негізі болып саналды. Шет тілдер сөздігінде гуманизм-латынның “Нumanitas” – адам табиғаты және адамдық қасиеттерге құрметпен қарау деген сөзін білдіреді. Ізгілік-бұл адамдарға деген адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі. Өзінің эксперименттік мектебінде Ш.Амонашвили ынтымақтастық педагогика, жеке ықпал, тіл және математика пәндерін оқытудың әдістерін жасап, ендірді. Амонашвили еңбектерінің негізгі мақсат бағыттары: баланың жеке касиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу; баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату; танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; алған білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағай жасау; рухани жетілдіру; бала психологиясын дамытуға, есейтуге және еркіндік құштарлығына қалыптастыру; әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау; ата-ана педагогикасының қайнар көзі; балалар қызметін бағалау. Ш.Амонашвили: – Рухани ізденістің биіктігі оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасында ерекше, сенім орын алады, ал білім – адамға жүрекпен ақыл арқылы беріледі, өйткені ол адам жанына сүйіспеншілік арқылы жол табады.…, – дегендей, бала тәрбиесіндегі ең бастысы тәрбие – рухани тәрбие. Оның басты еңбектерінің бірі «Ізгілік педагогикасы жайлы ойлар» деп аталады. Бұл еңбегінде ол авторитарлы білім беруді қатты сынға алады. Ол өз еңбегінде көп жағдайда экперименталдыпедагогикалық процеске және оның нәтижесіне сүйенеді. Авторитарлы жүйенің қалыптасуын тарихи салдармен байланыстырады, яғни консерватизмнің басымдылығы. Сондықтан да ол көптеген идеялардың, бастамалардың дамуына тосқауыл болды. Әр бала туылғаннан бастап белгілі бір миссиямен туылады деп санайды, яғни әр бала өзіне тән нышан,белгілермен туылады дейді. Сол ерекшеліктерді дамыту үшін авторитарлы білім беруді жойып, ізгілендіру арқылы жүргізіледі деп атап өткен. Сонымен гумандық педагогика баланы өзіндік табиғи ерекшеліктерімен қабылдайды Ізгілікті тұлға педагогикасы- Ізгі Адам тәрбиелеуді өзінің басты мақсаты етіп қояды. - Ізгіліктік педагогика- педагогиканың рухани аспектілерін анықтай отырып, оның жаңа Ізгіліктік қырын ашады. - Рухани-ізгіліктік педагогика- Руханилық және Ізгілік ұғымдары тығыз байланысты, ол екеуі ізгілік педагогикасының негізін құрайды.
59 Ізгілік педагогикасының идеясы: - Педагогикалық үдерісте баланың шынайы адами құндылықтарды танып білуі және оны меңгеруі; - Педагогикалық үдерісте баланы әлеуметке қарсы бағыттайтын тәсілдердің қолдануына жол берілмеуі; - Педагогикалық үдерістерге адами сипат беру; - Мектеп ұжымы өмірінің заттық-материалистік және рухани ортасын, моральдық- психологиялық ортасын ізгілендіру. Бұл – технологияның өзгелерінен ерекшеліктері: онда ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады; бала психикасын дамыту, есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру; әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау; ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау; рухани жетілдіру; атаанамен бірлесіп жұмыс істеу жүзеге асырылады. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1. Жаңашыл педагогтардың идеялары қандай? 2. Педагогикалық технология арқылы оқыту мақсаты. 3. Шалва Александрович Амонашвилидің ізгілендіру идеясы. 4. Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдары. 4-ТАРАУ. Қазақстан тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой- пікірлер. 4.1. Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына (YI-XY ғғ.) дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер. Жоспар: 1. Қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің даму тарихы. 2. Қоғамдық процестің (ежелгі түркі жазба ескерткіштері, Қорқыт ата, Әл Фараби мұрасы, Алтын Орданың құлау дәуіріндегі ойшыл ақындардың туындылары). 3. Қазақ халық педагогикасы. 4. Орта ғасырлардағы исламдық педагогикалық ойлар. 5. Ұлы Дала ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері (Қ.А.Иссауи). Әдебиеттер: 1. Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. 1 том. Алматы, 2005 2. Ақынжанова М. Қазақ ағартушылары. Алматы, 1995. 3. Әсіпов С. Ы.Алтынсарин – ұлы ағартушы. Алматы, 1989 4. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006 5. Әлсатов Т. Орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері. Тараз. 1999 6. Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1984 7. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы. 1995 8. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы 1995 9. Қазақ халқының тәлім – тәрбие тарихынан. Алматы 1992 10. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы 1995 Қазақ халқының педагогикалық ой-пікірлер мәдениетінің даму тарихы көне ғасырлар қойнауынан басталады. Халқымыздың жалпы даму тарихына сүйене отырып біз педагогикалық ой пікірлердің қалыптасуын басты үш кезеңге бөліп қарастырамыз. Бірінші кезең - педагогикалық ойпікірлердің ілкі бастау, түп – төркіндері, басы ҮІ-ҮІІІ ғасырлырдан басталатын қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ қоғамдық сананың алғаш дүниеге келу кезеңдері. Бұлар халықтық психология - Орхон – Енесей жазба ескерткіштері, Қорқыт ата, әл-Фараби, Ж.Баласағүни, т.б. ғұламалардың тағылымдары. Екінші кезеңі Қазақ хандығы дәуірінен басталып, Қазан төнкерісіне дейінгі психологиялық ой-пікірлердің даму жағдаяттары. Үшінші кезеңі–психологиялық ғылымының Қазақстанда Кеңес өкіметі жылдарында даму тарихы. ҮІ ғасырда Жетісу Алтай, Орта Азияны мекен еткен ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты дейтің үлкен мемлекет құрды.
60 Зерттеушілердің айтуынша «түрік» деген халықтың аты 542 жылдан белгілі болса керек. Түрік қағанатының қоғамдық экономикалық, саяси-әлеуметтік өмірінде сол кездері жаугершілік дәстүр маңыздыорын алады. Олардың алғашқы көсемдерінің бірі – Бумын қаған айналасындағы көрші елдерді өзіне қаратады. Қағанаттың орталығы Орхон өзенінің жағасында болады. Истеми қағанының тұсында елдің териториясы бұрынғыдан да ұлғайып , әскери қуаты арта түсті. Көп үзамай, өзара қырғын соғыстар басталады да, қағанат екіге бөлінеді. Батыс түрік қағанаты аварларды батысқа ығыстырып, Еділ, Жайық бойын өзіне қаратты. Білге қаған мен оның інісі Құлтегін осы ұлан – ғайыр қағанаттының тәуелсіздігін Таң шабуылынан үнемі қорғап келді. Батыс түрік қағандығын құрған әр түрлі райпалар кейінен қазақ халқының құрамына еңгені тарихтаң белгілі. Осы кезеңінің саяси – қоғамдық, әдеби өмірін баяндайтың жазба ескерткіштер бізге жетіп отыр. Солардың бірі- «Құлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» дастандары. Құлпытасқа жазылған осы ескерткіштер Орхон – Енесей жазбалары деп аталады. Бұлардың авторы Иоллығ – Тегін дейтін шежіреші екендігі белгілі болып отыр, бірақ қайда туып, қашан өлгендігі жөнінде еш мағлұмат жоқ. Шамамен ҮІІІ ғасырдың орта шенінде өмір сүрген болу керек. Жазба ескерткіштердің мазмұнына қарағанда оның өз заманында білімді адамдардың бірі болғаны байқалады. Білге қаған інісі Құлтегін қайтыс болғанан кейін оның өмірлік есте қалдыру үшін шетжұрттан шеберлер алдырып, Қожа – Сайдам ойпатына үлкен ескеркіш орнатады да, мұндағы өсиет сөздерді өз ағайыны Иоллығ-Тегінге жаздырады. Кейіннен Білге қаған қайтыс болып, інісінің қасына жерленеді. Осы ескерткіштің текстін жазғанда Иоллығ- Тегін. «Құлтегін» ескерткішіне дейін де халық жадында сақталған ежелгі бабаларымыздың ерлік істерін, тұрмыс салтын жалпы жұртқа паш ететін шежірелер болуы ықтимал. Бірақ бұл жөнінде әзірше мәлімет жоқ. Автор түркі тарихын олардың саяси аренаға шыққан кезі – ҮІ ғасыр ортасынан бастайды, яғни түркі ордасын құрған дәуірден бергі 200 жылдық тарихты сөз етеді. «Құлтегін» ескерткіш желісі жағынан екі бөлімнен тұрады. Біріншісі-жазылу мерзімінің кейін тұрғанына қарамай – түркі тарихының кіріспе бөлімі іспеттес те, екіншісі мемлекет тарихының негізгі бөлімі, «ел өсиеті» болып есептеледі. Құлтегін ежелгі түркілердің тамаша ерлік сипаттарын бойына жан–жақты дарытқан жаужүрек батыр, ұлан – ғайыр кең даланы еркін билеген дала халқының қайсар жауынгері. Ал Тоныкөк болса талай қанды жорықтардың куәгері, үлкен өнер иесі, ойшыл, философ, халық дипломатиясының білгірі. Тас жазуларында ерлік пен ездік, соғыспен бейбітшілік, құлдық пен тәуелсіздік, тәлім – тәрбие, тұрмыс салт мәселелері әсем айшық өрнектермен, жанды бейнелерге толы сезім толғаныс тербеністерімен баяндалады. Бірінші дәуір- алғашқы қауымдық құрылыс. (Тапсыз қоғам, тәрбие барлық адамға ортақ болды.) Екінші дәуір-7-3ғ.ғ.Сақтар мен Ғұндардың жауынгерлік тәрбиесі.Үшінші дәуір-Ұлы Түрік қағанаты кезіндегі тәлім-тәрбие.Төртінші дәуір-Араб-Шығыс мәдениетінің Қазақ даласына тарауы, орта ғасыр
61 оқымыстыларының тәлімгерлік ой-пікірлері. Бесінші дәуір-Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлімтәрбие. Алтыншы дәуір-Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар және ағартушылық демократия лардың өркен жаюы. Жетінші дәуір-Кеңес дәуіріндегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып, қалыптасуы. Сегізінші дәуір-Егемен Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиенің қайта жандануы. Қазақтың халық педагогикасында туыстық қарым-қатынасты әдептілкке көп көңіл бөлінеді. «Баланың кішісі болғанша, иттің күшігі бол» деген әзілдік мақалдың мәні-кіші адам үлкендердің бәрін сыйлап, бәріне де қызмет етуге міндетті деген мағынаны білдіреді. Тасқа жазылған дастандардың тәлім тәрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі – Қорқыт ата тағылымдары. ҮІІІ-ІХ ғғ. төңірегінде Сырдарияның орта және төменгі бойын жайлаған Оғыз – Қыпшақ тайпаларының мемлекеті болды. Оғыздар арасынан шыққан әйгілі күйші, музикант, жыр алыбы, аңыз кейіпкері ұзақ өмір сүріп, жазымышқа қарсы күресіп, адамның мәңгі жасауын арман етіп өткен кемеңгер ғұлама Қорқыт еді. Өлім қатері, одан құтылу туралы өзінің асыл ойлары мен тебіреністерін қобыздың зарлы әуеніне қосқан Қорқыт туралы аңыз – жырлар, бізге жеткен «Қорқыт ата кітабы»- Орта Азия, Қазақстан мен Әзірбайжан халықтарының аса көрнекті жазба ескеткіші. Қорқыттың музикалық- этнографиялық мұрасы бұрынғы кеңес одағы мекендейтің түркі тілдес халықтардың барлығының ортақ рухани игілігі. Қорқыт ата тағылымдарында тәлімдік мәні күшті түрлі афоризімдер, қанатты сөздер, ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Бұлар тек тарихи этнографиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге осы аймақтағы халықтардың ілкі орта ғасырлардағы тәлім – тәрбиелік ой пікірлерінің өзіндік ерекшелігін бейнелейді. Қорқыт есімі көшпелі қазақ жұртының арасында ерте заманнан- ақ қастерленіп келеді. Сондықтанда халқымыз: Жыраудың үлкен пірі – Қорқыт ата, Бата алған барлық бақсы , ақын асқан ата. Таңқалып жұрттың бәрі тұрады екен, Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда,- деп тегін жырламаған. 1980 жылы Сырдарияның төменгі сағасында Жосалы станциясының солтүстік–батысына таман Қорқыт мекенінен бір жарым шақырым жердегі оның зиратының басына тамаша ғимарат ескерткіш орнатылуы оған деген құрметтің белгісі. Қорқыт ата нақылдарында тәлім – тәрбиелік сипаттағы ақыл – кеңестер әр қырынан сөз болғанын жоғарыда айттық. Мәселен, имандылық, кісілік, қанағатшылдық, әрекетшілік жайындаайтылған мынадай ақылдарға құлақ түргеніміз абзал. «Тәңіріне сиынбаған адамның тілегі қабыл блмайды... Жігіт тірісінде Қаратаудай қылып, бір күн тыныштық көрмей дүние жияды,
62 байиды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. Менмен, тәккапар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Дана ойшылдың ата -ананы сыйлап, құрметтеу, үйішілік жарасымдықарым – қатынас, ұл мен қыз тәрбиесі, адамның әр түрлі мінез құлық сипаттары жайында айтқан тағылымдары да бүгінгі ұрпаққа өнеге боларлықтай: «Өзіңнен тумаса ұл өгей:қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. .. Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрып, үйінен дәм беруге жарамайды. Ананаң көңілі балада болар ... Ұлың өсіп жетілсе, от басының мерейі, бас көзі». Қорқыт ата жеткіншек жас өспірімдердің жанымен қоса тәнінің шынығуына, елі мен жерін жан – тәнімен сүйіп, оны қасықтай қаны қалғанша жаудан қорғайтың жаужүрек батыр болғаның аңсайды. Осыған орай ол былай дейді: «Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Кавказ арғымағын мінгізуден келер пайда жоқ . Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білген қорқаққа қылыш сермеп күшінді сарап етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі...Қолына ұстаған болат қылышын мұқалмасын. Жауға атқан садағың өткір болсын.» . Кемеңгер дала ойшылы жас жеткіншектің көпшіл, қонақжай, ата жолын қуған ақ – пейіл адам болғаның қалайды. От басы, ошақ қасының, үй іші тыныс тіршілігінің берекесі, ұрпақ тәрбиесінің әйел жұртының кескін – келбетімен қатар, әдепті, көрегенді, адамгершілік, иман жүзділік қасиеттерімен де тікелей байланысып жатады. Осыған орай Қорқыт ата әйелдердің төрт түріне берген сипаттамасы психологиялықжағынан ерекше көңіл аударады. Әбу-Насыр әл Фараби - өмiр сүрген заман Шығыс әлемiнде бүкiл араб халифатында гылым мен бiлiмнiң дәуірлеп тұрған кезi едi. Ұлы ғұламаның балалық, жiгiттiк шақтары өткен қазақ даласы, әсiресе оның оңтүстiк өлкесi сол кездегi үлкен мәдени орталықтардың бiрi болатын. ҮIII-ХII ғасырларда философиядағы басты идеялар араб тiлiнде сөйлейтiн халықтардың еншiсiне тиген едi. Осы кездерi Платон мен Аристотельдiң, Галей мен Архимедтiң еңбектерi Орта Азияда Индияға, одан сонау Испаниядағы Пиреней түбегiне дейiн араб тiлiне сан рет аударылып, көшiрiлiп, түсiндiрiлiп жатгы. Ғалымдар өз зерттеулерінде табиғат сырларының заңдылықтарын тәжірибе жүзінде ашуға талпынады, олар Платоннан гөрі Аристотель іліміне ден қойып, оны армен қарай дамыта түсті. Шығыс философиясында сол кезде басты үш бағыт болды. Мұның бiрiншiсi — ортодокстiк ислам (халифатгағы ұстам таптардың идеологиясы), екiншiсi — неоплатондық ағым (суфизм), үшiншiсi — перипатетизм немесе аристотелизм, яғни Аристотельдiң жолын қуушылар Соңғысы қоғамның прогрессивтiк топтарының көзқарасын бейнеледi. Осы ағымның өкiлдерi философияның мәселелердi зертгеуде алдымен табиғатгану заңдарына жүгiндi, прогреске қатысты мәселелердің бәрін табиғат заңдарынан iздедi. Осы ағымның кернектi өкiлдерiнiң бiрi Әл-Фараби болды. Ол Аристотелдің пантеистік пікірлерін қайта қарастырып, мұнің нешгізінде натуралистіпк пантеизм деп аталатың ілім жасады. Фараби мұрасын зерттеушілердің айтуынша оның пәлсапалық концепциясы дүниені пантеистік тұрғыдан тұсіндіретің «Алла тағаланың ақыл парасаты» ілімге негізделген. Ұлы ғұлама өзінің пәлсапалық пайымдауларын негізінен идеалистік сарында өрбіткенімен, оның еңбектерінде сол дәуірдегі ғылым жетістіктерін қортыңдылайтың прогрессивтік, материалистік идеялар баршылық. Кезінде ол болжам жасап, пікір айтпаған ғылым-білім саласы кемде – кем. Мәселен, тек психология саласында ғана жеті еңбек («Жанның мәні туралы», «Түс көру туралы сөз», «Жан туралы», «Ақыл және ұғым», «Жас өспірімнің ақылы жайлы кітап», «Ересектердің ақылы туралыкітап», «Темперамент туралы») жазған екен. Бірақ бұлар біздің заманымызға жетпеген. Фараби адамның жан қуаттарының табиғатың қазіргі термин бойынша тәннің құрылысына орайлас түсіндіруге тырысады. Тәннің де, жанның да иесі – жүрек, бұған мидың да қатысы бар, бірақ тәннің басқа мүшелері сияқты ми дс жүрекке бағынышты. Жүрек – тіршілік тірегі, олқан айналысы мен қимыл – қозғалыстың орталығы . Жүрекпен байланыспайтын мүше жоқ, ми да жүректен қорек алып содан кейін ғана адамның жан дүниесін басқарады. Жан туралы іліміде Фараби ұстазы Аристотельдің ықпалында болады. Ғұлама ғалым адамның тану процестері екі басқыштан тұратыңдығын айтады. Оның біріншісі – сезімдік кезең. Бұған түйсік, қабылдау, ес процестері жатады. Фараби жан қуаттарының басты түрлеріне сипаттама бере келіп, психологияның бүдан басқада ілгері проблеммалары туралы сөз қозғайды. Мәселен ол психиканың қалайша өсіп жетілгендігі жайлы мәселеге де ерекше мән береді. Жан – айрықша сапада тұрған қасиет.
63 Жануармен адамның тән құрылысының өзгешелігіне қарай олардың жан қуаттарыда өзгеше болады. Материялдық элементтердің қосындысынан жануар психикасы түзілген. Осы элементтердің ең жоғарға қосындысынан барып адам психикасы пайда болған. Адам-жанды дүниенің теңдесі жоқ туындысы. Оның жануарлардан негізгі айырмашылығы ақыл – парасатпен сөйлей алу қабілеті, өнермен, белгілі кәсіппен айналасуы. Адам қоғамнан, түрлі топтардан тыс өмір түсіре алмайды, оның бар тіршілігі адам қауымының арасында өтеді. Жеке адам өзінің тілек талпынысымен, мұң – мұқтажын жеке жұріп қанағаттандыра алмайды. Сондықтан ол басқа адамдармен қарым – қатынасқа түседі. Өйткені жеке жүрген адамның тәні де, жаны да ойдағыдай дамымайды. Ұлы ойшылдың еңбектерінде бала психикасы қалайша дамып, жетілетіндігі жөнінде қызғылықты пікірлер көп. Баланың жасы өскен сайын оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Фарабидің психологияның түрлі салалары (әлеуметтік, музика, өнер, медицина, т.б.) жайлы айтқан салиқалы пікірлері, сондай – ақ психологиялық терминдердің жүйесін жасағандығы жайлы мәселе өз алдына бір төбе. Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактатында» қала адамдарының әр түрлі топтарына жеке-жеке сипаттама беріп бұларды қоғамдық психологияның негізгі котегориялары ретінде үсынып, талдау жасайды. Адам – қоғамның ажырамас бөлшегі. Ол қоғамнан тыс өмір түсіре алмайды, өйткені белгілі бір топтың мүшесі. Адам өмір түсіру үшін көптеген нәрсеге мұқтаж болады. Мұның бәрін ол жалғыз өзі жасай алмайды, сондықтан да ол басқалармен қарым–қатынасқа түсуі қажет. Адам өсіп -өне келіп, түрлі топтарға, қоғамдастыққа бірігеді. Осындай қоғамдардың бірі- толық, екіншісі – толымсыз , яғни толық емес қоғам деп аталады. Толық қоғамның өзі үшке бөлінеді. Олар: үлкен, орта және кіші қоғам. Үлкен қоғам жер бетін мекендеуші барлық адамдардың қауымдастығы. Орта қоғамға белгілі бір халық, тайпалар бірігеді. Ал кіші, шағын қоғамға жекелеген қалалардың тұрғындары, ондағы көшелер мен жеке үй тұрғындары кіреді. Мұндай қоғамның ең шағын түріне отбасы жатады. Ғұлама қайырымды, қайырымсыз қала тұрғындарының тұрмыс – тіршілігіне талдау жасап, ондағы жекелеген топтардың әлеуметтік жағдайын, атап айтқанда олардың нендей кәсіппен айналысатындығың, тұрмыс салтың, өмір түсіру ерекшеліктерін саралайды. Сөйтіп
64 Әл-Фараби әр алуан топтың өкілдері туралы сөз қозғап, қоғамдық психологияның іргелі мәселелерін күн тәртібіне тұнғыш қоя білген Шығыс ғұламасы. Ізгіліктің, бақыт туралы надан қала тұрғындарының бар білетіні байлық, рахаттану, құмарлыққа ерік беру, мансап пен сый -құрметке еліру. Бұлардың бәрі надан қаладағылар үшін бақыт болып есептелінеді. Фараби надан қала тұрғындарының дүние танымы мен әлеуметтік жағдайына, айналысатың кәсібіне, талғам - тілегіне қарай бірнеше топқа бөледі. Олар: қажеттілік, айырбас, опасыздық пен бақытсыздық, атаққұмар, билікқұмар және бетімен кеткендер. Мәселен, қажеттілік қаласы тұрғындары, ондағы кедей шаруалар мен қала кедейлері жылы лебіз білдіріп, оларды феодалдар мен қала әкімінің қанауына түсіп отыр дейді. Қажеттілік қаласының тұрғындары ауыл шаруашылығы жұмыстарының сан – саласымен, сондай-ақ аң аулау, қол өнері сияқты тағы басқа еңбек түрлерімен шұғылданады. Осындай қала тұрғындары аса еңбеккер келеді, олар тек өздеріне керекті, пайдалы нәрсені ғана өндіруге тырысады. Және еңбек үстінде олар бір біріне көмектесіп, ынтымақтасып отырады. Осы қаланың өкілдері кей кезде ұрлықпен де айналысады. Бұған итермелеуші-олардың күн көріс тауқыметінің тартуы. Сондақтан да Фараби бұларды ұрлық жасадыдеп сөгіп, айыптамайды, өйткені тұрмыс адамның адамгершілік нормаларын, мінез құлық сапаларын белгілейді. Айырбас қаласының тұрғындары байлыққа ерекше құмар келеді. Олар саудамен айналысады, сауда жұрген жердеұрлықта, зорлықта кездеседі. Осы қаланың тұрғындары ауқаты тұрады, олар баюжолында бір- біріне көмек тесуге тырысады. Ұрлықты күн көру үшін емес, тек жеке басын байыту үшін жасайды. Бұлар өз күшімен еш нәрсе өндірмейді , адал еңбекті білмейдіг, тек алыпсатарлықпен айналысып, баюды ғана көздейтің өсімқорлар мен саудагерлер, көпестер. Опасыздық пен бақытсыздық қаласының тұрғындары да белгілі бір әлеуметтік топ болып табылады. «Ождансыздар мен бейбақтар қауымының адамдары, - дап жазды ол,- жан рахатың ішіп – жеуде, азғындық қылықтармен айналысуда деп түсінеді, қысқысы олар тек көңіл көтеру мен түрлі ермектерге бой ұрып, сезімі мен ойын сонымен былғайтыңдар болып табылады. Фарабидің шығармашылығындағы психологиялық тұрғыдан маңызды ғылыми проблемалардың бірі – оның музыка жайлы толғаныстары. Ол өз еңбектерінде, әсіресе, «Музыканың үлкен кітабында» әуездің адам сезімдеріне қалайша әсер ететіндігі, оның жағымды, жағымсыз көңіл – күйлерін қалайша туғызатындығы, адамның көріксіздікті бағалай алуы, музиканың адам организімін бірқалыпты күйге келтіретіндігі жайынан сөз қозғайды. Ұлы ғұламаның музыка ғылымырына сипаттама бере келіп, психологияның бұдан басқаілгері проблемалары жөнінде сөз қозғайды. туралы айтқандарына қысқа түрде психологияның талдау жасай келiп, төмендегiше түйсiк жасауға болады: 1) музыкалық — адамның жан-дүниесiне көркемдiк жағынан әсер етуде таптырмайтын құрал. 2) музыкалық әуендер жақсы мiнез-кұлық нормаларын, адамның армандары мен мұратгарын калыптастыруда елеулi роль атқарады; 3) Ән мен музыка адамда көркем адамда эстетикалық сезiмдердi туғызу арқылы кiсiнiң өзiн өзi тәрбиелеуіне бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етедi; 4) музыканың дарын гуыстан болатын қасиеттерімен қатар өлшеусiз еңбекпен үздiксiз жаттығу мен дайындықтардың жемiсi; 5) Музыка теориясының есту түйсiктерiн дамыту елеулi роль атқарады. Фараби түсінігі, ғылым, өнер, музыка атауларын бәрі – бәрі – зор дарын, арнаулы қабілеті, өлшеусіз етуінің жемісі. Дарындылық ақыл парасат, қиял қиюласы келіп отырса ғана нағыз өнер туындайды, ол адамды азқиқатқа жетелейді. Әл- Фараби медецина саласынада да өз мәнің күні бүгінге дейін жойылмаған көптеген еңбектер жазды. Оның «Адам дене мүшелері хақында» «Аристоталь мен Галенге қарсы айтылған дау хақында», «Түс көру туралы сөз» т.б. трактаттарында медициналық психологияның біраз мәселелері сөз болды. Х-Х Амудария мен Сырдарияның төменгi ағысынан бастап, Шығысында Жетiсу мен Кашарға дейiнгi кең өлкеде екi ғасыр бойына түрік тайпасының Қарахан мемлекетi өмир сурдi (астанасы Баласағұн каласы). Алғашқы-феодалдық турiк мемлекеті экономккалық әлеуметгiк, саяси мәдени, ғылым-бiлiм жақсы жолға қойылған едi. Мұндағы акын жазушылар, ғұлама ғалымдар,
65 сәулетші, сол сол кезегi түрiк дамуына зор үлес қосты. Осылардың арасында бурынғы кеңес одағын мекендеген турiк тектес халыкгардың тәлім пiкiрлерiнің iркi бастау, түп төркiнi болып табылатын рухани мүралардың iшiндегi комақтысы-Ж.Баласағұнидің (Хғ). «Кұдатғу бiлiк» атгы шығармасы. Бұл — дидактикалык және этикалык жанрда жазылған шығарма. «Кудатғу бiлiк» - турiк сөздерi. Мұның бiрiншiсi «Кұдатғу» сөзі «кұт», «бақыт», «құтты» деген мағыны, екiншiсi — «бiлiк», ягни «бiлiм», «кiтап » деген мағынаны бiлдiредi. «Кудатғу бiлiктi» казақша «Құтты бiлiк» - «бiлiмдi кұтайтушы кiтап» немесе «бақытқа жету ғылымы» деуге болады.Дастан 85 тараудан, 6645 өлең жолынаң (бәйттен) тұрады. Шығарма көшпелi қазактарда айтыс жанрлардың тууы жайында да кызық деректер бередi. Дастан Қарахан мемлекетiн нығайту, оның даңқын зорайту мақсатында жазылған. Осы өлке кезiнде шаруашылығы шарыкгап өскен, жазу, сызу өнерi дамып, мәдениеті өрге өрлеген зиялы оқымыстылары көп ел болса керек. Мәселен осы каладан келесi бiр ғулама М.Кашқари 1072-1074 жылдары «диуан лұғат - ат турiк» сондай-ақ Жамал Қарши «Мүлкамат ул Сурах» атты кiтаптар жазған. Бұл казiргi Шу өзенiнің бойындагы Тоқмақ каласынан онша кашык емес, кейiнiректе каңлы тайпасының астанасы болган. Баласағунидың Жусiптiң моральдық-этикалык, психологиялық кағидалары Ибн сина мен Әль Фараби iлiмiмен сабактасып жатады. Өйткені аталмыш дастаннан да адамдарды мемлекет көздейтiн негiзгi шаралардың бiрi зұлымдық барып тұрған әлеуметгiк ауру, оны оқу-тәрбие аркылы ғана жоюға болады. Адамдардың жаксы қылықгары мен қасиеттерiн жетiлдiре берсе қоғамдық да мемлекеттi де жақсартуға болады дейтiн ағартушылық идея аңғарылады. Автордың философиялық кисындарын сөз еткенде ежелгi гректер мен Эль фараби, Ибн синалар iлiмiне теориялық аркау болган букiл әлемдiк үйлесiмдiлiк теориясы ерiксiз еске туседi. Дастаннан әлем төрт түрлi элементтен жер, су, ауа, оттан құралған. Мемлекеттің билеушiсінен әдiлет, дәулет, қанағат, парасат сияқты төрт қасиет түгел табылса онда мұндай басшысы бар елдiң қойының үстiне бозторғай жұмыртқалайтын заман болады, оның дәлдiгi тек барша жұртты ғана бақытқа жеткiзбейдi, сонымен бiрге әкiмнің өзiнде бақытты етедi, атын бүкiл әлемге жаяды. Бiлiм мен ақыл әдiлетке қосақтасып журуi тиiс. Бұларсыз дәл заң шығаруға болмайды. «Құтты біліктің» 29-30 тарауларында Қарахан мемлекетінің ел билеген басшылары мен игі жақсылары жайлы айтылады. Автор бұларды жұртқа үлгі етіп ұсынады, оларға еліктеу қажеттігін еске салады. Жүсіп басшы атаулыға тиянақты білім, мол тәжірибе қажет дейді: «Ақылмен іс қылған бек елге сүйкімді келеді» «Халқының аурытпалығын олармен бірге көтерген адам – басшысының төресі», «Жақсы қызметкер төменнен төрге барады», т.б. осы түйіннің дерегі, Әрбір басшы, ел билеуші жан – жақты, әмбебап білімді, ақыл ойы ерекше жетілген, білгір адамы болуы шарт. Ел басы, халық ағасының табанды да қайсар, ерік жігері күшті адам болғаны абзал. Басшы ел билеу, шаруашылықты ұйымдастыру туралы ғылымның негіздерін жақсы білуі қажет. Бұған қоса ол адал, шыншыл, халыққа қиянат етпейтің жан – жақты қабілетті болып келуі тиіс. Дастанда көтерілген тәлімдік маңызы зор келесі бір мәселе – адамның мінез құлқы, оның қоғамдағы орны жәйттер. Адам – бұл дүниеге қонақ, оның өмірі өткінші , сондықтан ол артына ылғи жақсы сөзбен жақсы ісін қалдырып орыруы қажет. Бұл үшін ол әр кез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жұріп – тұруы тиіс. Екі жүзді болмай, сөз бен істі бір жерден шығару керек. Автор адамды моралдық жағынан жетілдіруде ақыл – ойға ерекше мән береді. Ол ақылдылықты адамның адам болуының адамгершілік жағынан жетілуінің бірден бір өлшемі деп, ақылдың көмегінсіз бұл дүниеде ешбір нәрсе шешілмейді деп түйіндейді. Сана – сезімі жақсы жетілген адам ғана өмірдін сан түрлі құбылыстарын таразыға салып, оның әр түрлі ағымына төтеп бере алады. Жақсы адам көрсеқызар жел өпке емес, тек «антына адал, уәдесіне берік адам ғана ер кісі деуге ылайық. Бейбастық, өсек аян әңгіме айту, әсіресе ер адамға жараспайды. Тек байсалды, сабырлы, қайырымды адам ғана ақылдылыққа бір табан жақын тұрады. Ақылды адам өзіндік ойы, өзіндік мақсаты, өзіндік бағыты бар кез келгеннің жетегінде еріп кетпейді. Адамға төмендегідей қылықтар атап айтқанда - өтірік айтып, дандайсу, ішкілікке салыну, нәпсіге құмартып, іштарлық, күншілдік пен бас араздық, бұзық жолға түсу босқа күйіп – пісу, ашушаң болу, адамның өзін -өзі ұстай алмауы т.б. еш уақытта опа бермейді. Ал бақ пен бақытқа жету адамның өз қолында. Кісі - өз бақытының қожасы. Бұл үшін ол аянбай еңбек етіп, өз бойына адамгершілік қасиеттерді егіп отыру тиіс. Автор сондай-ақ адамның
66 сезім дүниесіне көңіл күйіне де ерекше мән береді. Ілкі орта ғасырлық Қазақстанда «Құтты білікке» тілім – тәрбиелік мағынасы жағынан үндес басқа туындылары да болған. Бұлардың қатарына Махмұд Қашқари, Ахмет Жүйенеки, Қожа Ахмет Иассауилардың шығармаларын жатқызуға болады. Мәселен Қашқари қаласының тұрғыны, ғұлама – ғалым Махмұд Қашқаридің «Диуан лұғат-ат түрік» атты сөздігінде екі жүздени астам өлең, үш жүзге тарта мақал мәтедлдер, сондай-ақ Орта Азия, Шығыс Түркістан, Қазақстанды Мекендеген халықтардың әлеуметтік және мәдени өмірдің әр алуан салалары туралы қызғылықты деректер көптеп кездеседі. «Сөздіктегі» ғылым –білім, әдеп, тәлім – тәрбие, моралдық психологиялық сипаттағы ой пікірлер Әл – Фараби, Жүсіп Баласағұни идеяларымен астастырылып жатады. Одан адамның кейбір жекелеген жаман қасиеттері айыпталып, ерлік, ізгілік, әділдік, ақ ниеттілік секілді кісінің әр түрлі жақсы қасиеттері дәріптеледі. Автор жастарды батыр, ержүрек, отан сүйгіш болып өсуге шақырады. Тіршілік пен еңбек етуді сүйетін, ел бірлігі мен азамат тірлігін қастерлейтің, білімге құштар, өз бақыты үшін күресетін қарапайым адамдар- «Сөздік», мазмұнының негізгі арқауы. «Диуанның», көптеген тұжырымдары «Құлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған», сондай-ақ
67 «Құтты білік пен »үндесіп жатады. М.Қашқари түрік этносы жайындазор мақтаныш, мақсаттану сезімімен айтады. Олардың ата мекеніне, отанына, өзінің шығу тегіне деген потриоттық езімі этностық сана сезімі қаншалықты биік деңгейде болғаның жақсы байқауға болады. «Адамға дәулет пен данқ - дұшпан», «Жақсы киімің болса өзің ки», «Жоғалған затқа қайғырма», «Құрмет қылсаң қонаққа, артады даңқың халыққа» «Беттің көркі мен көріксіздігіне қарама, адамның тәрбиелігіне, имандылығына қара», т.б. осы іспеттес имандылық мазмұндағы тәліми сөздердің психологиялық астары терең, бұларда адамның ойлауы мен жүріс тұрысы, қасиеттері жан – жақты сөз болады. Л.Н.Гумилов еңбектерінде «түркілерде сөздің күші ақиқатты, шынайы күш болып есептеледі, айтылғанның айғағы деп тегін айтылмаған. «Құдатғу білікте » де, «Диуана» да тіл жайлы айтылған түйіндер, тіл немесе сөз қадірін білу – кісінің тәрбиелігінің көрсеткіші дейтің Қашғари қағидасы аса маңызды. «Әдептің басы – тіл», «Тіл тәрбиелік пен қайырымдылықтың басы», «Ақылды сөз – алтын табаққа жеткізер» т.б. қазіргі кездеде ерекше мәнге ие болып отырғаны белгелі. Қазіргі Түркістан маңындағы Жүйнек қыстағының шыққан Ахмет Жүйнекидің «Хибатул хакайык» атты еңбегі барлық түркі тілдес халықтарға ортақ дүние болып табылатың осы шығарма бұрынғы дастандармен салыстырғанда өзінің бұқаралық, яғни кедей – кепшіктің мұн – мұқтажын көрсетумен ерекшеленеді. Іштен соқыр боп туған ақын тіршіліктегі өмірдің әсемдігін жырлайды, адамгершілікпен, имандылықты, ізгі істерді, қарапайым адамдардың ұнамдыіс - әрекеті мен жарасымды мінез-құлқын дәріптеп, білім алу жалпы, адамзат үшін, әсіресе бұхара халық үшін зор игілік болуы тиіс бейді. 5000-дей өлең жолынан тұратың дастанның бірінші бөлімінде білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы ақыл – кеңестер берілді. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан обылысының көне Испиджаб, қазіргі Сайрам жеріндедүниеге келегн Қожа Ахмет Иассауи, алғашында ғылым – білімді жергілікті ғұлама шайқы Арыстан бабадан алады. Есейе келе Бұхардағы Жүсіп Хамаданидан сопылық білімін тереңдетіп, сопы ретіңде Иассы қаласына келіп «Иассауишілік» діни тақуалы ағымының негізін салады. Ұлы ұстаз Қожа Ахмет Иассауидің өз халқына қызмет етуге ұмтылысы оның мәні өшпес, ойгілі мұрасы "Диуани хикмет" (Ақыл, даналық кітабы) атты жинағынан айқын көрініс берді. Ол халық даналығы мен оған түсінікті тәрбие туралы идеяларды қорытыңдылай келе, оларды ерекше бейнемен өзгертті және халықтың өзіне кайтарды. Мүнда халықтың болашаққа мазасыздықпен қарауы, адамгершілік сабақтары қызметін атқарған сол тарихи зерденің өзі, орындалуы бүгінгі күні де мағыналылығын жоймаған келешек ұрпаққа өсиеттер бар. "Көшпелі жартылай көшпелі қыпшақ,
68 оғыздардың тұрмыс-тіршілігін, көзқарас-танымын ескере отырып, сол жұрттың өз тілінде төгілте жырлаған, араб тіліңдегі кұран мен шариғат заңдарын өлеңмен сипаттап берген"13 бұл шығарма, сонымен бір мезгілде педагогикалық аса көрнекті туынды екендігі күмән туғызбайды. Автор тәрбиенің мақсаты тұлғаның кемелденуі жайлы қамқорлық деп ұдайы есіңде үстайды. Мәселен шығармадағы "Басты ізгіліктердің" олардың маңыздылығы есепке алынып бірізділікпен орналастыруы қызығушылық тудырады: жетілудің нәтижесі - ақыл, бірақ анықтаушысы адамгершілік түрғыда кемелдену: Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпайы болғын, Көре қалсақ мүсәпірді сырлас болғын,... Әрі қарай еңбек ақыл, денсаулық, әсемдік жөне басқалары ілеседі. Және де ақыл ұтымы адамгершіліктің кептеген маңызды белгілерін енгізетін аса ауқымды мәнге ие: Ақылға ерсең ғаріпгтерді мейіріммен сүй, Мұстафадай елді кезіп, жетімді жый, Дүниеқоңыз, пасықтардан бойыңды тый... Жетілудің шексіз жөне ете кең мүмкіңдіктері айрықша атап көрсетіледі. Автор өзін-өзі тәрбиелеу жолымен жастар өз бойына ең жақсы адамдық сапалар; мейірімділік, әдептілік, еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, әділеттілік, ададдық пен шыншыдцықты сіңіре алатынына сенімді. Шығармадағы иедагогикалық түрғыдан қызығушылық туғызатын орталық сюжетті желілердің бірі - ол жас сипаттамалары: Бір жасымда аруақ маған үлес берді, "Еқі жаста пайғамбарлар келіп керді. Үш жасымда шілтен келіп халім білді,... Бес жасымда шариғатқа белім будым, Дін жолында ораза ұстап әдет қылдым... Зерттеушілер "Қазақ поэзиясындағы жас мерзімдерін шалқыта суреттеу де" осы Қожа Иассауи дәстүрінің әсерінен екенін аңғару қиын емес. Рас, мұның көптеген ұқсастықтарымен қатар, кейбір өзгешелік белгілері де жоқ емес. "Диуани Хикметте" жас бейнелерін жинақтап түйіп айту басымырақ болса, бізде бұл үрдістің жалғаса жырлану арқылы тың сапаға ие болғанын көреміз – деп шығарманың байлауы болып табылатын жасқа бөлу идеясын жоғары бағалайды. Еңбекте автордың өмірі педагогикалық цикл ретінде толық баяңдалумен қамтамасыз етілген: Жазуменен жасым жетті жиырма бес, Субхан ием, зікірменен көкейім тес. ' Көкірегімдегі түйіндерді сен өзің шеш, Сол себептен хаққа сиынып келдім міне... Отыз тоғыз жасқа кірдім, қылдым қасірет, Уә дариға, өтті ғұмырым, қане тағат? Қанағатшыл хақ қасында хош сағадат, Қызыл жүзім тағат қылмай солды, достар... Сыртқы кейпі және мазмұны бойынша да айқын педагогикалық құбылыстар ретінде көрінетін мүңдай үлгілер осылай жалғасып кете береді. Мұның барлығы "Диуани хикметті" поэзия мен педагогиканың ұлы ескерткіші ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Оның өмірде неге ұмтылып, неден безіну керектігін белгілейтін моральдық ұғымдарын оқып үйренудің бүгінгі кезең үшін мәнді тұсы жастардың тәртібі, этикалық жөне эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру ісіңде тәлімтәрбиелік бағдар бола алатын мүмкіндігінде. "Диуани Хикмеи" көп уакыттар бойы ел аузында айтылып, қолжазба түрінде сақталған, араға көп уақыт салып барып, Стамбул, Қазан, Ташкентте басылып шыққан. Оның казақ тіліндегі тұңғыш нұсқасы 1901 жылы Қазаңда жарық көрген. Ал толық күйіңде жеке кітап болып қазакшаға түсірілуі 1993 жылы жүзеге асты. Ғалымдар көрсетілуінде коғамдық-педагогикалық ойдың қалыптасуына үлкен ықпал жасаған ірі тұлға Қожа Ахмет Иассауи жайлы хикаяттар да аз емес екен.
69 Кезінде Орта Азиядан бастап Еділ жағалауына дейінгі көшпелі түркі тайпаларының арасында кең тараған. Мұнда өлеңмен 149 хикмет берілген. Иассауидің өсиеттерінің толық нұсқасы Қазан басылымы болып табылады. Ең ескі нұсқасы ХҮ ғасырдың орта шенінде арап қарпімен көшірілген. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1. Қазақ халқының педагогикалық ой-пікірлер мәдениетінің даму тарихы. 2. Орхон – Енесей жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы. 3. Қорқыт ата кітабының тарихи маңызы. 4. Ж.Баласағұнидың ел басшысына қойған талаптары. 5. Әл Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегіндегі адамзат бақыты. 6. Қ.А.Яссауидің сопылық ілімі. 4.2. XY ғасыр мен XYIII ғасыр аралығындағы Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер. Жоспар: 1. Қазақ жырауларының жырларының тәрбиелік-қолданбалы және идеялық-эстетикалық мәні. 2. Асан қайғы, Шалкиіз, Ақтанберді жыраулардың ел бірлігі мәселесіндегі жырлары. 3. Бұқар жыраудың «жат бойынан түңiлсiн, бәріңіз бiр енеден туғандай болыңыз идеясы. Әдебиеттер: 1. Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. 1 том. Алматы, 2005 2. Ақынжанова М. Қазақ ағартушылары. Алматы, 1995. 3. Әсіпов С. Ы.Алтынсарин – ұлы ағартушы. Алматы, 1989 4. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006 5. Әлсатов Т. Орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері. Тараз. 1999 6. Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1984 7. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы. 1995 8. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы 1995 9. Қазақ халқының тәлім – тәрбие тарихынан. Алматы 1992 10. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы 1995 ХҮ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысы қазақ халқының өз алдына хандық құрып , тайпалар бірлестігі мен феодалдық мемлекеттің нығая бастаған дәуірі еді. Осы кездері қазақтың өзіне тән рухани мәдениетінің өзіңдік беті де айқындала бастайды. Ол, әсіресе, халықтың тілімен, жол жоралғысы, жөн жосық, салт – дәстүрінен айқын сезілді. ХҮІІІ ғасырдың отызыншы жылдарынан басталған патшаның қазақ жерін отарлау саясаты «жұт жеті ағайынды» дешгендей «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасына ұласып өмір бойы бейбітшілік аңсаған дала халқының басына теңдесі жоқ қайғы қасірет алып келді. Бұл айтылғанар жайсаң психологиямызға қолайсыз әсер етіп, жұртты мықты жан күйзелісіне үшыратқаны белгілі. Әсіресе, патша отаршылдары хандық дәуірді жойып, өздері ойлап тапқан «жаңа низам» атты ел билеу хұқын жарыққа шығарып, «бөліп алда бейлей бер» деп, ойына келген неше түрлі заңзәкүндерді ойлап тапты. Осы кездері дала ойшылдарының ішінде моральдық- психологиялық толғаныстарымен ерекше көзге түскендерің бірі – кейінен көшпелі елдің филосфы атанған алғашқы қазақ хандығының айналасында ақылгөй, ықпалды кеңесшісі, Әбілқайыр ханның тұсында Керей мен Жәнібек сұлтандардың ақылшысы болған туған халқының тағдырына, оның күйкі тіршілігіне қабырғасы қайысқан Асан қайғы елі қайғы – мұнсыз, жаны да, жері де жайсаң, жауласуы мен араздасуды білмейтін «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтың» жерді іздеп тапқысы келеді. Осы мақсатпен желмаясына мініп алап қазақтың кең – байтақ даласын, тау-тасын шарлап кезумен болады. Асанқайғы жайлы қиял-ғажайып аңыздар ХҮ ғ. Орта шеніндегі қазақ даласындағы қоғамдық тарихи жағдайды бейнелейді. Жырау бейбітшілікті өз толғауларына ту етті, барша әлемге гуманистік пиғылмен қарады. Ол Алтын Орда мен Ақ Орда құлағаннан кейін күшейе түскен феодалдық өзара қырқысуларды Дешті Қыпшақтан Жетісуға, Шу мен Талас өзендері алқабына қазақ рулары мен
70 тайпаларының жаппай көшіп қонуына риза болмады. Жырау қартайған шағында Сарыарқада өзінің арманы–қайғы қасірет шеккен көшпенді халқын бақыт пен игілікке кенелте алмай, арманын орындай алмай дүние салады. Жырау ру – тайпалық одақтардың генеалогиясын, халықтық әдет – ғұрып дәстүрлерді дәріптеп, өмір сүрудің мәні туралы, жақсы – жаман адамдар, үлкенді сыйлап қастерлеу, олардың ақылын алу бір бірімен босқа қырқыспау, бейбіт өмір кешуге , ізгі ниетті, қарапайым, адал, шыншыл, иманды болуға шақырады. Асанқайғы толғауларына сабақтас көшпенділер өмірінің жықпылдарын, оның өзіне тән психологиясын тамаша суреттеген дала ақылманы Қазтуған жырау біздің шамалауымызша ХҮ ғасырдың 20-30 жылдарында Еділ жағасында, Қазіргі Астрахан облысының Қызылжар қаласына жақын маңда дүниеге келген. Жыраудың өмірі туралы нақты мағлұматтар сақталынбаған. Көшпенділердің әскери ақсүйектері арасынан шыққан Қазтуған Еділдің салалары Ақтұма мен Бұзын бойына қоныс тепкен ноғай тайпаларының әскер басы және ру көсемі болған. Бүкіл ХҮ ғасыр бойына созылған Дешті – Қыпшақтың өзара қырқысқан күресі кезіңде сол өңірдегі руларды Қазақ хандығының құрамына еңгізген. Бұл уақиға қазақтардың қазіргі Орталық және Батыс Қазақстан территориясында түбегейлі орныққан кезінде, яғни шамамен 1460-1480 жылдары болса керек. Қәзіргі әлеуметтiк (қоғамдық) психологиялық ғылыми түсiнiктерiне бiр табан жакын тұтқан идея — оның адамның жас ерекшелiктерiне берген сипаттамасы. Жырау әр жастағы адамдардың көңiл-күйi, сезiмдерi, мiнез ерекшелiктерi, түсiнiк талғамдары, сенiм, қызығулары, әдет дағдылары әр түрлi болып келетiндiгi жөнiнде қызықты ой толғайды. Ол адам өмiрiнiң жас кезеңдерiнiң iшiнде жiгiттiк пен кәрiлiк шаққа ерекше көңiл бөледi. Өскелең ұрпаққа ақыл ой, адамгершiлiк, имандылық тәрбиесiн беруге ерекше мән берiп, шешендiк өнердi жастар тәрбиесiнiң басты өлшемдерiнiң бiрi деп есептейдi. Жастық кезеңде адамның көңiл-күй белсендiлiгi, күш-қуаты мол болатынды сондыктан да осы шақта кiсiге шама-шаркынша қимылдап қалудың кажетгiлiгiн ескертедi. Бұқар жырау қазақ акын жыраулары арасынан тұңғыш рет кәрiлiк құпиясына ерекше үңілiп, оның сан қилы ерекшелiктерi туралы терең пiкiрлер айткан ғұлама. Жырау адам максатына жетпей еш уакыттаа тыным таппайды, ылғи да iздену, iс-әрекет үстiнде болады дейдi. Оның кәрiлiк туралы айткандары, көптi көрген, ақылман қариялардың тәлiмгерлiк үлгi өнегелерi, туған жерге, ата-мекенге деген патриоттық сезiмдерге толы толғаулары адам жанын ерiксiз баурап алады. Әсiресе, оның,
71 қазақ даласындағы табиғат сұлулығы — көшпелiлердiң жан саясы екендiгi жалпы тебiренiстерi тартымды да шебер шыққан. Жырау толғауларының тәлiмдiк мәнi ерекше бағаланатыны да сондықтан. Осы кезде өзiнiң психологиялық ой-толғаныстарымен көбiрек көзге түскен акынның бiрi — Шал ақын (1748—1819). Ол казiргi Көкшетау облысының Азат темiр жол станциясы маңында туған. Ол ақындык, дәстүрдiң iлкi бастауында тұрды. Халықтың қалың ортасында жүрген ол акын он бес жасында-ақ даңқы шыкты. Сол тұста онсыз бiрде-бiр мереке, той-думан етпейтінді. Ол өзiнiң ағайын, жекжат-жұрағат туыстарының достығын, береке-бiрлiгiн жырлап, оларды топтастыруға, бiрбiрiне қол ұшын беруге, iзеттi де әдiлеттi болуға үндедi. Адам ғұмырының әр түрлi кезеңдерiндегi (балғын балалық, жiгiттiк, кемел жас пен карттык шақ) адам өмiрiнiң, ерекше көрiнiстерi-ойшыл ақын туындыларының өзектi тақырыптарының, бiрi. Ол тiршiлiктiң байлығы — денсаулық, еңбек ету, от басы жайлы да ұйыған ғұмыр кешу дейдi. Оның жiгiт-желеңнiң үш түрiне сипаттама беруi көңiл аударарлық. Мәселен, соның бiрiншi үлгiсi болбьр, солапай, бозекпе, арамтамақ, надан, жалқау, бұл «құржан», тура мағынасында адам атын жамылған жансүлде. Мұндай адам өмiрде мақсаты жоқ, сондықтан өмiрi мағынасыз етедi. Екiншiсi — керенау, кербез, мешкей, мақтаншақ, өркөкiрек, екiжүздi, тойымсыз. Сөздiң екiншi мағынасы мұндай адам «етi тiрi», «пысық» жан. Қызғаншақтық, жеңiлтектiк мұның ерекше қасиеттерi. Үшiншi үлгiсi — жаны жайсаң адам, ақын мұндайларды «жiгiтжан» ден атайды. Оның ой-мақсаты жан-жақты, өрiстi, сабырлы да салиқалы келедi.
72 Осы кезең рухани өмiрiнiң көрнектi өкiлдерiнiң бiрi — Ақтанберді жырау /1675-1768/ Қаратау бойында, Оңтүстiк Қазақстанда дүниеге келген. Оның ақындық таланты тым ерте танылып, өзiнiң жалынды жырларымен халықты жат жұрттың басқыншыларға қарсы күреске жiгерлендiредi. Жырау толғауларында көшпендiлердiң өзiндiк психологиясы көрiнiс тапқан. Көшпендiлер ежелден ақ көңiл, қонақ жайлылылығымен, меймандостығымен баршаға мәшһүр. Осынау ұлттық қасиет Ақтамберді толғауларындағы басты тақырыптың бiрi. Осы кезеңдегi қазақ ойшылдарыньң көрнектiлерiнiң бiрi — Бұхар жырау /1685-1777/ қәзіргi Өзбекстанның Бухара шаһары маңындағы Елiбай ауылында туған. Өмiрi жайлы нақты мағлұматтар аз. Жыраудың әкесi қазақ батыр жеке басының каһармандығымен даңқы шыққан, ұзак өмiр сүрiп, тоқсаннан аса жасаған. Бұкар қазақ даласындағы iрi-iрi қоғамдық-саяси оқиғалардың бел ортасында жүрдi. Мұсылманша сауаты бар Бұқар қазақ топырағында ислам уағыздарын шама-шарқынша насихаттаумен айналысқан, ел басқару iсiне белсене араласкан жырау Абылай ханның ақылгөй, тәжiрибелi дана кеңесшiсi болды. Өмiрiнiң бiразы хан сарайы маңында өткен ақын хан мен карашының iс-әрекетiн таразыға салып, сан-алуан өмiр құбылыстарын ой елегiнен өткiзiп отырды. Ойшыл жырау өзi өмiр сүрген дала ерекшелiктерiн реалистiк тұрғыдан дұрыс суреттей алды. Оның «жат бойынан түңiлсiн, бәріңіз бiр енеден туғандай болыңыз»— деген жыр жолдары ағайын татулығы, ел берекесi туралы айтқандары, яғни «ағайын тату болса, жат жанынан түңiлер» деген халық мәтелiн кұптай, халыктың тату-тәтті өмiр сүруiн армандауы — осы айтылғанның жаксы дәлелі. ХIХғ І - жартысындағы қазақ ғұламаларының iшiнде өзiндiк психологиялық түйiндемелерiмен Дулат Бабатай ұлы да /1802-1871/ ерекше көзге түседi. Ол қәзіргі Семей облысының Аягөз ауданының жерiнде туған. Аз уақыт молдадан дәріс алған. Ақындық өнері ерекше дарыған талант иесі өзінің бұрынғы ақын – жыраулардың мұраларын бойына мол сіңіре білді. Әлеуметтiк қоғамдық психологиялық ғылыми түсiнiктерiне бiр табан жақын тұрған идея — оның адамның жас ерекшелiктерiне берген сипаттамасы. Жырау әр жастағы адамдардың көңiл-күйi,
73 сезiмдерi мiнез ерекшелiктерi, түсiнiк талғамдары, сенiм қызығулары, әдет — дағдылары әр түрлi болып келетiндiгi жөнiнде қызықты ой — толғайды. Ол адам өмiрiнiң жас кезеңдерiнiң iшiнде жiгiттiк пен кәрілік шакқа ерекше көңiл бөледi. Өскелең ұрпақ акыл-ой, адамгершiлiк, имандылық тәрбиесін беруге ерекше мән берiп, шешендiк өнердi жастар тәрбиесінің басты өлшемдерiнiң бiрi деп есептейдi. Оның кәрiлiк туралы айтқандары көптi көрген, ақылман қариялардың үлгi өнегелерi, туған жерге, ата мекенге деген патриоттық сезiмдерге толы толғаулары адам жанын ерiксiз баурап алады. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1. Асан қайғы көшпелілер философы. 2. Ортағасырлық қазақ жырауларының тәлім тәрбиелік ой пікірлері. 3. Бұқар жырау өлеңдеріндегі ел бірлігі мәселесі. 4. Дулат Бабатайұлының шығармаларындағы ұлттық тәрбие. 5. Шал ақынның жiгiт-желеңнiң үш түрiне сипаттама беруi. 4.3. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер. Жоспар: 1. Ш.Ш.Уалихановтың көзқарасындағы білім беру, оқыту және тәрбиелеу жүйесіне байланысты мәселелер. 2. Ы.Алтынсариннің педагогикалық ой- пікірлері. 3. А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары. Әдебиеттер: 1. Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. 1 том. Алматы, 2005 2. Ақынжанова М. Қазақ ағартушылары. Алматы, 1995. 3. Әсіпов С. Ы.Алтынсарин – ұлы ағартушы. Алматы, 1989 4. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006 5. Әлсатов Т. Орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері. Тараз. 1999 6. Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1984 7. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы. 1995 8. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы 1995 9. Қазақ халқының тәлім – тәрбие тарихынан. Алматы 1992 10. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы 1995 Дала халқының сана сезімі оянып түскен осынау кезенде қоғамдық аренаға халқымыздың аяулы перзенттері – ұлы демократ ойшылдары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар шықты. Қазақ топырағында қоғамдық прогрес үшін ғылым – білімнің маңызын ерекше көре білген Шоқан Шыңғыс ұлы Уалиханов (1835-1865 жж. ) бүкіл әлемдік өркениет қорынан мейлінше мол сусынданған, жан – жақты білімді, озат ойлы, ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы ерінбес этногроф, батыл саяхатшы, талмас геогроф, білгір әдебиетші, шебер суретші, жалынды публист, жан сырын ұққыш нәзік психолог ретінде көрсете білді. Не бары отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз ғұмырының ішінде білім – ғылымның көптеген салаларына бағасы мәнгі жойылмайтын үлес қосты. Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық, осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны – халқымыздың ұлттық санасы, оның ішіндеөзіндік психолоиялық ерекшеліктері туралы мәселе еді. Ұлттық психика өнер саласында ерекше көрінеді, өйткені өнер адамдарының өз айналасын көркем түрде қабылдап алу ерекшеліктерін, біртіндеп қалыптасқан халықтың эстетеикалық талғамдарын көрсететін қоғамдық сананаң бір формасы. Шоқан қазақ ақындарының төгілдіре жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп бағалады. Күні бүгінге дейін халқымыздың ұлттық психологиясынан елеулі орын алып келе жатқан айтыс өнері, адамның төгілдіре жырлау, суырып
74 салма сияқты ой қабілетінің үлкен тапқырлығын, қиыннан қиыстырар қас шеберлігіе ерекше қажет етеді. Мұндағы түйдек –түйдегімен айтылатың сөз нөсері, бұлтаруға ырық бермейтің ащы шындық , әзәл шыны аралас өткір сөзбен қарсыласының қапысын тауып, оны кенеттен мүдіртіп тастау, беталды, мақсатсыз айтылған пікір таласының орын алмауы, әр сөзінің мірдің оғындай болуы – Шоқан айтқандай қазақтардың шешендік өнерге қабілеті , өнермен жырға икем келетіндігің айқын айғағы. Шоқан жалпы көшпелі қалықтардың қай – қайсына да осындай қасиеттің тән екендігін атап көрсетеді. Шоқан Уалихановтың пікірінше, халықтардың ұлттық психологиясын көрсететің белгілерінің бірі – сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Алғыр ойлы, сезімтал Уалиханов көп заманнан бері қазақтармен аралас – құралас Орта Азия, Шығыс түркістан халықтарының тіршілік тұрмысындағы өзіндік өзгешеліктерін де шұқшия зерттеп, бұларды ғылыми әлемге паш етіп анықтап береді. Онын этнопсихологиялық пікірлерінің бұдан басқада кейбір келісе бермейтін жақтары бар. Мәселен, ол халқымыздың басты – басты психологиялық ерекшеліктерін дұрыс көрсете келіп, осы ұлттық мінезде кейбір өзгермейтің , тіпті тұқым қуалайтың жақтары да бар деген пікір айтты. Шоқан психологиялық өзіндік теориялық тұжырымдамалар ғана жасап қоймай, өзінің шін мәніндегі практик психолог ретіндеде көрсете алады. Оған ғылымның жекелеген адамдарға берген сипаттамалары жақсы дәлел. Шоқанның психологиялық пікірлері осы айтылғандармен шектелмейді, оның мол рухани мұрасында жан сырлары туралы басқа да түйінді ойлар баршылық. Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) Шоқан сияқты арнаулы психологиялық еңбектер жазып қалдырмаған кiсi, оның сан алуан ойға толы шығармаларын қоғамдық және педагогикалық психологиямен орайлас айтылғанмен көптеген қызықты деректер табылды. Психология ғылымыадам өмiрiнде әр түрлi деректердің алатын орны ерекше екендiгiн, iстеген iстiң, жүрiс тұрысгың, демалыстың, яғни өмiрдiң сан алуан саласының қай-қайсысы да бiртiндеп ұнамды, не ұнамсыз әдетке айналып отыратындығын, бiрақ әдеттiң де әдетi бар, яғни адамды жарамды жақсы әдеттермен де болатындығын, қатар жарамсыз, жаман әдеттермен де болатындығын ескертедi. Ы.Алтынсарин көптеген психологиялық мәнді мәселелердің ендi бiр тобы оның әдiстемелiк пiкiрлермен астарласып жатады. Ыбырай жақсы тәрбиеші, ана емес, ол сонымен бiрге тәжірибелі ой- пiкiрi озық мұғалім де едi. Ы.Алтынсариннiң тәрбиеші ұстаз, мұғалімдік өнер жөнiндегi айтқан психологиялық түйiндер аз емес. Ы.Алтынсарин олардың iске қатысы жоқ сөздерiне қарап емес, олардың егiстерiнiң бетiне
75 шыққан жемiстерiне ягни окушыларына карай бағалау қажет. Ы.Алтынсарин қазақ халқының мал бағу өнерiне жетiк халық екендiгiн талай рет атап көрсетті. Қазақтарға деп жазған ол осы дарынды ақыл есi мол халықа казiр кешiкпей тұрып рухани жене қоғамдық жол түсетiн бағыт беру, қалай дегенмен аса қажет болып отыр. Ы.Алтынсарин халық бұқараны қазақ еңбектерiн зор қадiр тұтынып силаушы едi. Бұл пiкiрлер оның өз айтқан практикалық iстерiн тұтынуын сияқты. Ой қозғаған осындай туйiндерге бала және оны тәрбие жолдарын оқыту практика проблемалары қоғамдық психология мәселелері т.б. жатқызган болатын Ы.Алтынсарин өз «Хрестоматиясында» жас өспiрiмнiң жан дүниесi акыл ойын қалыптастыруға ұдайы көңiл бөлу мектеп пен ата-аналық ортақ мiндет деп есептедi. Көшпелi казақ балалық айналасын дұрыс қабылдай алуы, осыған орай оның байкампаздық қасиетiн арттыру жетiлдiру максатын көздеген ғалым. Бала жанының зергерi Ы.Алтынсарин әңгiмелерiнiң бәрі-бәрі де балалардың жас ерекшелiктерiне орай, тiлi жеңіл мазмұны тартымды касиеттерге тәрбиелеу максаты көзделедi. Ы.Алтынсарин көтерген психологиялық мәнді мәселелердің ендi бiр тобы оның әдiстемелiк пiкiрлермен астарласып жатады. Ғұлама педагогтың осы ойларында қаншама тамаша психологиялық түйiндер жатыр. К.Д.Ушинскийдің тiлi мен айтканда оку жүйесiне барлық сезiм мүшелерiн қатыстырып оқушылардың қызығу белсендiлiгiн арттыра берудiң ерекше маңыз алатындығын ескерттi. Мәселен оның өзi қазақ балалары үшiн «Хрестоматия» құрастырғанда осы жағдайды катты ескерген. Ы.Алтынсарин өз халқының жаркын келешегi үшiн бар саналы өмiрiн сарып еткен, халыққа қызмет етуден артық iс- жоқ деп түйген туған халқын ел жұртын шексiз сүйген нағыз отаншыл азамат едi. Сондықтан да оның көптеген шығармаларында казiргi казақ халқының
76 өзiндiк психологиялық касиеттерi салт санасы әдет-ғұрпы жайлы айтқандары ерекше назар аудартады. Ақын творчествосында психологияның негізгі мәселесі – жан мен тәннің арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратың қызметі, сондай – ақ бала психологиясы мен қоғамдық ұлттық психологиясының жекелеген мәселелері де көрініс тапқан. Абай Құнанбаевтың(1845-1904) педагогикалық көзқарасы қазақ жерінде патриархалдық-феодалдық қатынастар әлсіреп, капиталистік қатынастардың өмірге ене бастаған кезеңінде қалыптасты. Ақынның ағартушылық ой-пікірлерінің қалыптасуына игі әсер еткен табиғи арналардың алғашқысы - ақынның дүниеге келген ортасы, жас Абайдың бойына адамгершіліктің ізгі қасиеттерін ақ сүтімен қоса дарытқан ана мейірімінің қуаты. Кеудесі шежіре-тарих, аңыз-әңгімеге толы, халықтың салтдәстүрлерін жетік білетін мейірбан әжесі Зере мен мінезге бай, тілге шешен анасы Ұлжан бала Абайды өз алдына бір бөлек рухани қазына бесігі болып тербетті. Талантты жастың өз бетінше ден қоя оқыған, құныға тыңдаған ауыз әдебиеті шығармалары туған халқының өмірі мен дәстүрін, арманы мен мұңын ертерек танып білуіне себепші болды. Өмір заңдылықтарын түсінуге игі ықпал еткен әке тағылымы да ақын бойында ұстаздық қасиеттің қалыптасуына үлкен әсер етті. Туған халқының рухани мұрасын жан-жақты игеріп, Батыс пен Шығыстың ғылыми ой-санасын сыншылдықпен бойына сіңіру арқылы Абай қазақтың қоғамдық ой-пікірін өзінің ағартушылық тұрғыдағы тұжырымдарымен байытты. Ақынның жастарды білім алуға, ғылымға, адамгершілікке үндеген педагогикалық топшылаулары шығыстың атақты ғұламалары Әлішер Науаи, Ғ. Дауани, әлФараби т. б. ой-пікірлерімен сабақтас, өзектес келеді. Ол орыстың алдыңғы қатарлы ойшылдары мен көрнекті педагогтарының маңызды тәлім- тәрбиелік ой-толғаныстарын өзіндік құнды қағидалармен толықтырып, кейінгі ұрпаққа ағартушылық жаңа дәстүр қалдырды. Абайдың педагогикалық көзқарастарын айқындайтын бүгінгі оқу жүйесімен үндес төмендегідей дидактикалық пікірлерін атауға болады: 1. Оқытудың жеңілден ауырға қарай бағытталуы. Күшпен, ерекше талап қойып оқыту нәтиже бермейді. Баланың қабылдануына, қызығушылығына, білгенінен білмегеніне негізделіп оқыту қажеттілігінайтады. 2. Абай ұлы ойшылдар Пифагор мен Аристотельдің пікірлерін толығымен қолдап, баланы күш көрсетіп, ұрып-соғу арқылы оқытуға қарсы болады. Оқытудың мұндай антипедагогикалық түрі, бірінші-ден, баланың ілім-білім игеруге деген талабын, қызығушылығын жойып, екін-шіден, жалған сөйлеуге,қорыққанынан сыйлауға мәжбүр болатынын айтады. 3. Оқытудың көрнекілігіне ерекше мән береді. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам деген тән құмары, екіншісі- не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткенге қызығып, аузына салып, дәмін татып, бетіне басып қарап, «ол немене?», «бұл немене?», «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көріп, құлағы естігеннің бәрін сұрап, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген жан құмары» делінген жетінші қара сөзінде. Олай болса, жас жеткіншектің осындай тән, жан ерек-шелігін ескеру –- ұстаздардың қолында. 4. Балалардың жас және психологиялық ерекшелігін ескеру керектігін айтады. Балаға берілетен тапсырма деңгейі балаға түсінікті, қабілетіне сай, қабыл-дауына сәйкес болуы керек. Кемеңгер ақын, ұлы данышпан Абай өз педагогикалық көзқарасында жастарды ақыл-ой тәрбиесіне, ілім-білімге үндей отырып, болашақтың тұтқасына ие бола-тын жастар білімді, зерек, көкірегі ояу болмаса, ешқандай нәтиже болмайтынын баса айтады. Ақынның бұл педагогикалық ғұлама ойының оптимистік сипаты бар екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Абай психологиялық тұжырымдамаларының ауқымы мен терендігі – оның әлем писхологтарының еңбектерімен таныс болғандығын айқын дәлелдейді. Нақтырақ айтсақ оның, психологиялық көзқарастары Аристотель, әл-Фараби көзқарастарымен астарласып жатады. Оныңтаным процестеріне байланысты матералистік түсініктерін аллаға сену мен жанның мәңгілігі туралы ұғымдармен астарласып отырады.
77 Абай адамның танымдық қасиеттерінің табиғатың ғылыми тұрғыдан түсіріндіреді. Сезіну және түйсіну мәселелерін де дәл осы бағытта талдайды. Ақын сыортқы дүниенің адамның сезім мүшелеріне әр түрлі сипатта әсер ететінің айта келіп : «Құлақ болмаса, не қаңғыр, не күңгірт, дауыс, жақсы үн, күй, ән – еш бірінен ләзат ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді. Таңдай тіл дәм білмесе, дүниеде не тәтті, не дәмдінің қайсысынан, лаззат алар едік?», - деп көрсетеді. Алайда сезім мүшелерінң мимен байланысты дейтің ғылыми түснікке ол бара қоймады. Бірақ түйсіну, қабылдаудың басқада танымдық құбылыстарымен, дәлірек айтқанда, ойлау еестету, ұғым сияқты түйсіктермен байланысты екенін ашып айтады. Ақының ес туралы пікірлеріде қызықты. Абай естің мәнің ашу үшін ерекше «ұмытпастық себептер» деген психологиялық атау еңгізген. Абайдың психологиялық мәселелерге көз қарасы, ең алдымен, поэзия мен өнердің мәтіні – адам өмірін, оларды көңіл – күйі мен іс - әрекеттерін шыншылдықпен көрсете білу деген түсінігіне орай қалыптасқан. Ол поэзия саласындағы талант иелерінің психологиялық қызметінің ерекшеліктерін, оның даму заңдылықтарын жете зеріттеуі керектігіне зор мән бережді. Ол өнердің кез келген адамның белсенді шығармашылық қызметінің барысында қоршаған орта шындығынан нәр алып мазмұндық жағынан баии бермек деп есептеді. Ән мен күй , өлең мен музыка қазақ халқының өмірі мен тұрмысынан ерте заманнан- ақ берік орын алып, олардың сенімді де айнымас серігіне айналған дүниелер. Абай ән мен музыканы адамның әсемдікке деген құлшынысын қанағаттандыратын аса маңызды құрал, оның рухани дамуының негізі деп есептеді. Ол өзі де соңына көптеген тамаша әндерді мұра етіп қалдырды.
78 Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1. Ш.Уалихановтың Қашқария сапарында ашқан жаңалығы. 2. Ш.Уалихановтың педагогикалық көзқарастары. 3. Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі. 4. Ы.Алтынсариннің шығармаларындағы әлеуметтік экономикалық мәселелер. 5. А:Құнанбаетың «қара сөздерінің» тәрбиелік мәні. 4.4. Қазақстандағы мектеп пен педагогика (1920-1930 жж.) 1. XX ғ. басындағы Қазақстандағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс. 2. Ұлттық мәдениет және ана тілде оқытатын мектептер ашу туралы ойлар. 3.А.Байтұрсыновтың қоғамдық- ұйымдастырушылық және ғылыми- педагогикалық қызметі. 4. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары. 5. Ж.Аймауытовтың педагогикалық іс- әрекеттері. 6. С.Көбеевтің педагогикалық мұрасы Әдебиеттер: 1. Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. 1 том. Алматы, 2005 2. Ақынжанова М. Қазақ ағартушылары. Алматы, 1995. 3. Әсіпов С. Ы.Алтынсарин – ұлы ағартушы. Алматы, 1989 4. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006 5. Әлсатов Т. Орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері. Тараз. 1999 6. Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1984 7. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы. 1995 8. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы 1995 9. Қазақ халқының тәлім – тәрбие тарихынан. Алматы 1992 10. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы 1995 Ұлттық тәлім – тәрбие ілімінің іргесін қалаған қазақ зиялылырының педагогикалықпсихологиялық ой пікірлері қазіргі таңда жастарға тәлім тәрбие беруде ең басты ұстын болып отыр. Шәкәрәм (1858-1931) ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамдық - әлеуметтік, мәдени - әдеби өміріне белсене араласып, туған халқына ізгілік пен имандылық, ғылыми ағартушылық идеяны тарату жолында ұлы Абайдың ұлттық нақышқа толы пәлсапалық – психологиялық дәстүрін әрмен қарай жалғастырып, халқына мол мәдени мұра қалдырған ғұлама. Шәкәрім көптеген пәлсапалық психологиялық шығармалардың авторы. Шәкәрәм шығармаларында адамның жан сыры, психологиясы турала айтылған сындарлы ғылыми ой пікірлер көптеп кездеседі. Шәкәрім адам жанының әр түрлі жағдайда көрінетінін айтады. Өзінше бұлардың орысша – қазақша термин жасағысы келеді. «Инстинк – сезімді жан, сознание– аңғарлық жан, мысль –ойлайтын жан ум- ақылды жан» дегендей әр түрлі қасиеттерді тізбектейді. Дене әр түрге түскен сияқты жан да өсіп, өніп жоғарылайды..., толық терең ақыл адамнан шығады ... Совесть (ұждан )- жанның тірегі... ми, жұлын...- жанның тұрағы, ол бұзылса, электрия сияқты жан да кетеді, дейді. Ол - XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздаған, мол көркем мұра қалдырған ұстаз. Ақынның өз шығармаларындағы өмір–баяндық деректерге қарағанда, Құнанбайдың Күңке дейтін бәйбішесінен туған жалғыз ұлы-Құдайберді. Құдайбердінің Дәметкен (Төлебике) дейтін бәйбішесінен төрт ұлы болған: Омар, Мұртаза, Шаhмардан(Шәке), кенжесі Шаhкәрім(Шәкәрім). Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжаннан туған балаларының бірі - Абай. Сөйтіп, Құдайберді Абайдың ағасы болады. Құдайбердінің баласы Шәкәрім - Абайдың немере інісі . Шәкәрім бес жасынан Семей медрессесін бітірген ауыл молдасы Өтебайдан сауат ашқан. Тоғыз жасынан шешек аурудан соң молданың дәрістері тоқталады...дарынды ұлы Абай көмегімен өз ақыл-
79 қайратына сүйеніп,білім табатын жолға түседі. Ағасының шақыруымен келген домбырашы Біткенбай бір жыл ішінде Шәкәрімді домбыра шертуге үйретеді. Осылай Құдайбердіұлының тағы бір таланты өрбіді. Ол тек ғана қазақ аспабында күй шертіп қоймай, басқа халықтардың скрипка мен гармонын меңгеруді, ән-күй шығарып музыка зерттеушісіне айналды. 13 жасында құсбегілікке үйір болған бала, кейін мерген аңшысымен бірге саяхатқа шыққан. 17 жасында скрипка аспабымен қоса орыс тілін үйренуге бет қойды . Шәкәрім жеті жасында әкесінен жетім қалды. Әкеден жетім қалды деген аты болмаса, оның бал дәурен балалық шағы беделді де, дәулетті қажы атасы Құнанбайдың саясында сүйкімді немересі болып, уайым – қайғысыз,емін-еркін, тоқшылық баршылықта өтіпті. Шәкәрім – ауылдан ұзап шығып,ешбір оқу орнында оқымаған адам. Оның мектебі де, университеті де – Абай. Шәкәрімнің бозбала жастық шағы іздену, үйрену, оқу бағытында Құнанбай қажы ауылында қалыптасқан өнерлі ортада өтті, яғни ұлы Абай ұйтқы болған өнер-білім мектебінің шәкірті болып өсті: қолөнеріне, музыка өнеріне төселіп тәлім –тәрбие алды, үлгі-өнеге көрді. Ақын ағасы Абайдың ықпалымен 16-17 жасында Шәкәрім өлең жаза бастады. Бірақ Шәкәрім осы тұста жазу жұмысымен біржолата айналысып кете алмады. Абай шет тілдерін игеруде Шәкәрімге жәрдем берді: түрік, араб, парсы тілдерінде кітап оқытты, орыс тілін жақсы білетін көршісі Нұрпейісті шақыртып, Шәкәрімге ұстаз етті.Басқа балаларына қарағанда болашақ ойшыл әке-шешесіне жақын болды. Отбасында үнемі келісім, ынтымақ, түсінушілік, нәзік қарым-қатынастар биікте тұрған. Фольклор арқылы ақын туған даланың әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын, тарихын жетік білді. Сын көзбен қарап, қазақ елінің этикалық, педагогикалық талаптарын бойына сіңірді. 19 жасынан бастап Шәкәрім халықтың дәстүр,тағылымдарын өнеге ету мақсатымен шежіре жинауға кірісті. Шәкәрім «Жеті жарғы» заңдарынан әке-шешеге ,үлкендерге деген балалардың сүйіспеншілігін,қыз бала мен ұл бала тәрбиелеудегі ата-ана рөлін ,әйелге деген қамқорлықты, адам өмірінің (туылмаған нәрестеде) маңызы мен байлығын көріп білді. «Жеті жарғының» қазақ халқының қоғамдық өмірін қалыптастыруға, елді бірлікке, жұртшылықты адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуге еткен әсері туралы ол үнемі әңгіме етіп отырған. Жастар өздері туып-өскен жерде осындай құжат болғанын біліп өссін, адамгершілікті жоғары дәріптеген тұстарынан тәлім алсын деп насихаттаған. Автор қазақ жастарын Абайдан үлгі алуға, оқуға, үйренуге, уақытты босқа өткізбей, әркім өз бойына ар, рахым, иманшылықты сіңіруге, қажыр-қайратын халық үшін сарқып жұмсауға жалқаулықтан, жатыпішерліктен, мансапқорлықтан аулақ болуға шақырады. Ойшыл ақын өзінің жеткен жетістіктерін,бойындағы барлық жақсылықтарды Абайдың арқасы деп біледі. Білімге, ғылымға деген құштарлықты дәріптеген Абай жас Шәкәрімге былай деген: «40
80 жасқа толысымен саған қаражат беріп, жаңа білімді іздеуге жіберемін. Көне грек ғалымдарының еңбектерін Стамбулдан табасың, Мекке мен Мәдинада араб елінің ғылымынан сусынданасың, ал Египетте Ескендір Зұлқарнайын ашқан кітапханада әр дәуірдегі әртүрлі халықтың шығармаларымен танысасың» Халық мақал-мәтелдерін қолданумен қатар өзі де көптеген нақыл сөздердің авторы болған. Шәкәрімнің ұлы Ахат Құдайбердіұлы Қазақстанның Ғылым академиясына 200-ге жуық әкесінің мақалмәтелдерін, нақылдарын жинап тапсырған. Кейбір халық дана сөздерін өзгертіп,педагогикалық түрін жаңғыртып,жастардың сезімі мен ақылына әсер етуін күшейткен. Қазақ ғылымы мен мәдениетінің аса көрнекті өкілі, әмбебап ғалым, қоғам қайраткері А.Байтұрсынов (1873-1937) оқу ағарту, тәлім – тәрбие саласында да өзіндік қолтаңбасымен дараланады. А.Байтұрсыновтың психология ғылымының төңірегінде ой қозғаған терең мәнді, салиқалы пікірлері «әліппе- таңбалар жұмбағы» дейтің еңбегінен елеулі орын алған. Мұнда ол арап әріпінің латын таңбасынан әлде қайда ұғынуға тез жазып, миға тоқуы жеңіл екендігін психологиялық тұрғыдан дәлелдеп береді. Мұнда екі таңбаның қайсысымен басылған, иә жазылған сөз оңай оқылады, бұлардың қайсысымен жазылғанын тану жеңіл, қайсысы баспаға сыйымды, қайсысы көркемдік, сондай – ақ көруге көзге жайлылығы жағынан қайсысы артық дегендей психологиялық жәйттарға тоқталады. А.Байтұрсынов адамда жазу дағдысының қалыптасу жолын да психологиялық тұрғыдан түсіндіреді. Ғұлама ғалымның телегей – теңіздей рухани мұрасында осы айтылғандардан басқада психологиялық мәні терең ой – тұжырымдары көптеп кездеседі. Бұларды саралап, зарттеп, халық игілігіне айналдыру – қазақ психологиясының келешектегі міндеті, парызы болма. Ахмет Байтұрсынов қазақ мәдениетінің тарихында үлкен, бір дәуірді алып жатқан алып тұлға. Оның тарихи тағылымы мол, тәрбие туралы өзіне тән прогрессивтік ой-пікірі бар ұлы – ғалым. Қазақ философиясының негізін салушы педагог-ағартушы, мәденйет және қоғам қайраткері. Ахмет Байтұрсынов-алғашқы қазақ тілінің авторы (1912). Сол кездің өзінде ол жүзеге асырған қазақ жазуы айнала ортадан тиісті бағасын алды. Оған прогрессивтік зиялы қауым ерекше назар аударады. Ал, 1924 жылы, ол жаңа қазақ графикасы ретінде қабылданып, оған ғалымның құрметіне - Байтұрсынов аты берілді. Ол өз заманының барлық түркі тілдес халықтардық ең жақсысы үлгісі ретінде қабылданды. Сондай-ақ, біздің шетелдік отандастар күні бүгінге дейін Байтұрсынов графикасын пайдаланады.
81 Ол өмірінің алғашқы жылдарын бала оқытудан бастайды. Ол жөнінде былай деп жырлайды. Адамдық диқаншысы – қырға шықтым, Көлі жоқ, көгалы жоқ – құрға шықтым. Тұқымын, адамдықтың шаштым ектім, Көңілін көтеруге бұл халықтың – деп бейқам жатқан халқын сауаттандырып, өнер-білімге, мәдениетке жетектеді. Бұл тұста 1890 жылдар үстінде Ахмет Байтұрсынов тәрізді оқыған, білім алған, мектеп бітірген, орысша сауат ашқан өзге де қазақ азаматтарының алғаш көріне бастаған кезі еді. 1896 жылы Байтұрсынов Омбыда жұмыс істеп отырып Ақмола, Семей оқу жүйесін басқарды. Сол жылдары ол Қазақ даласында бала оқыту жайы, оны қатты толғандырады. Осы кезеңде қазақтарды оқыту Ахметтің ой-түюінше өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың халық алдындағы парызы-деп түсінеді. Байтұрсыновтың осындай мақсаттарды көздеп саяси-көзқарастарын шыңдай түсуі Қарқаралыда өмір сүрген 1896-1907 жылдар кезеңімен байланысады. Осы жылдары оның айналасына қазақ зиялылары топтала бастайды. Байтұрсынов 1907-1917 жылдар арасында Орынборға жер аударылып сонда тұрған жылдарында ғылым, білімге бұрынғыдан да терең үңіліп, қазақ балаларын оқытудың әдістерін, қазақ тілі мен әдебиеті, өнер, тарихы мәдениеті туралы өрен ойлар айтып, бастауыш мектептерге арнап оқулықтар мен құралдарын жаза бастайды. Халық мұраларын, ауызәдебиетін – эпос, ертегі, жұмбақтар жинап бастыру ісімен айналысады, ғылыми-зеріттеу жүмыстарымен шүғылданады. Ахмет Байтұрсыновтың қазақ елінің жоғын жоқтап, санасының сәуле құюға байланысты жасап жүрген еңбектері елге тарай бастайды. 1913-1918 жылдар арасында бейресми газет «Қазақ» газетінің редакторы болып жүмыс істеген жылдарында – халықты оқыту, білімге, өнерге, бостандыққа, теңдікке шақырған ойларын газет бетіне ашық жариялады. Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық, ғалымдық, қайраткерлік, ақындық қасиеттерін сараласаңыз - өзінен бұрынғы үш ғүламаның Абайдың ақындығын, Ыбырайдың ағартушылығын, Шоқанның ғалымдылығын, оны бір өзі таңдап алғандай. Ахмет Байтұрсыновтың бойынан осы үш қасиет бірдей табылған. Өлеңнің, ақындық шеберлігін Ахмет абайша түрлеп, адам бойындағы надандықтышеңейді, саналыққа ел бірігуге шақырады. Қазақ АССР-і құрылғаннан кейін Ахмет Байтұрсынов 2 жыл бойы республиканың халық ағарту комисары, Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің, Қазақ Орталық Атқару Комитетінің газетінің мүшесі болып жұмыс істеді, одан соң Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің газеті «Ақ жолда», Халық ағарту комисариатының жанындағы Қазақстан академиялық орталығында еңбек етті. Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми-творчестволық мұрасын негізінен үш үлкен салаға бөліп қарауға болады. Олар: авторлық ағартушы, ғалым, тілтану әдебиеттанудың алғашқы іргесін қалаушы ретінде еңбегі ақындық және аудармашылық творчествосы. Ахмет Байтұрсынов өзінің саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның жоғары бағаланып, ағартушылық бағыт әбден қалыптасқан кезде бастады. Әдебиеттану ісіне Ахмет Байтұрсыновтың қосқан үлесі аса мол. Қазақ тілі мен көркем сөзі, санасалты дүние танымы Ахмет Байтұрсыновты семинарияда оқып жүрген кезінен бастап қатты қызықтырған ұқсайды, өйткені ол Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын семинарияны бітірген 1895жылдың өзінде тургайская газетаның 39-санында Казахские приметы и пословицы деген мақала жариялаған. 1926жылы осы баспа арқылы Ахмет «жоқтау» деп аталатын жинақ жариялаған. Ахмет Байтұрсынов-қазақ музыкасы мен ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әрі әнші болған. Қазақ халқының 1000 әні атты еңбегінде А.В.Затаевич былай деп жазған: Ахмет Байтұрсынов өз халқының әндерін жақсы біледі және оларды тамаша орындайды, ол – жақсы домбырашы. Қазақ халқының тарихын, этнографиясын, тұрмысы мен әдет-ғүрпын терең білгендіктен, Ахмет Байтұрсынов Тоғай, Ақтөбе, Бөкей ордасы, Қарқаралы өлкесінің әндерін жазғанда маған көп жәрдемдесті тамаша екі, күйді, тіпті өзі орындады. Қазақ халқының мәдениеті, оның тарихы, қалпы, келешегі туралы толғаныстар Ахмет Байтұрсынов еңбектерінде көп үшырайды. Бірсыпыра жыл қатар өмір сүріп қызымет еткен жазушы М.О.Әуезов бір мақаласында Ахмет Байтұрсынов 1923 жылы «Мәдениет тарихы» атты кітаптың
82 қолжазбасын тәмәмдағаны туралы да хабарлаған. Бірақ ол қолжазбасының тағдыры әлі күнге белгісіз. Ахмет Байтұрсынов алғаш рет аударма жинақ бастыру ісін бастаушы болды. Ол орыстың классик жазушысы И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен Петербургте 1909 жылы жеке кітап етіп бастырды. Бұл И.А.Крылов шығармаларының қазақ тілінде тіпті орта азияда десе де артық емес, тұңғыш жеке кітап болып бастырылуы. Мағжан Жұмабаевтың (1893-1938) ақындық өнерді өзінің қысқа өмірінде асқан шабытпен жырлап нағыз поэзия биігіне самғаған, оның асқан асуларынан өлшеусіз нәр алған бір туар әмбебап зиялы қайраткер болды. Оның қаламынан сондай – ақ көптеген әңгімелер мен мақалалар, оқу құралдары мен оқулықтар мен зерттеу, еңбектері туды. В.И.Ленин мен А.М.Горкийдің, Вс.Иванов пен Д.Ж.Мамин – Сибиряктің көптеген әңгімелерін қазақ тіліне тәржімалады. Мағжан поэзиясы адамның жан дүниесіне қыры мен сырына терең болмайтыны, оның адамның жан сезімін дөп басып суреттейтіні көпшілік оқырманды сүйсіндіріп келді. Сонымен бірге ол тәлім тәрбие ғылымының теориялық жағына төңкерісітен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжандарының тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан Мағжан 1922 жылы «Педагогика» атты ғылыми – еңбек жазды. Сол кездегі көрнектіқазақ зиялыларының бірі белгілі ғалым –педагог, публицист М.Жолдыбаев осы кітаптың беташарына былай деп жазыпты: «Заманға дәл жаңа кітап шыққанша малданып», одан кейін оқып салыстырып қарап, бұрынғы жазылғандардың адасқан жерін тауып отыруғаа мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал. Бұл пікірден аумалы – төкпелі заманда «құлықтың құлынындай қызғанышты» дүниені додаға салудан тартынған салмақты сыңай сезіледі. Кітап автторының өз сөзімен де еңбектің бағыт – бағдарын жақсы аңғартқан. Өз кітабы жөнінде автор былай дейді: - «Бұл кітап 2-3жыл бұрын қысқа уақыттық мұғалімдер курсында оқытылған дәрістерден түзілген еді. Бұл күнге дейін басылып шығып, жарық көре алмады. Бұл айып менікі емес. Бүлінген замандікі». Сірә, кітаптың басылуы оған оңайға түспесе керек. Өйткені мұның
83 көпшілік талқысына түсіп, тәжірибелі мұғалімдердің сыннан өткен еңбек екендігі байқалады. М.Жұмабаев тағы да былай дейді: «Тәрбие ғалымдардың пікірінен талдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым...... Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан түрлі терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда курстарға оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза орыс сөздері қазақшаға айналдырылды. Ал енді жиһан тілі болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиіс таппадым». Ақын осылайша ағынан жарылып, өз еңбегін төрт аяғынан тең басқан дүние демейді. Сөйте тұрса да, бұл ғылыми әлемді елең еткізетін керемет туынды екені хақ. Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп – құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да бірнеше түрлері бар, ол мұның басты – бастыларын ғана айтқысы келген болуы керек. Автор олардың бір – бірімен табиғи тамырластығын тәптештей түсіндіре келіп, былай дейді: «Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңыштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, ситқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп, тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата – ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасың.....» «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайыұ ұып шығару» - деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді. Оның туған халқының тәлім – тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт – бағдары да құптарлық. «Ұлт тәрбиесі – деп жазды ол, - баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуы тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті». Жұмабаев халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп қабылдаудың қажеттігін ескертеді. Мағжанның көшпелі қазақ тұрмысындағы тәлім – тәрбиеге байланысты көзқарасында ұлттық бояу ерекше байқалады. «Киіз үйдің зиянды жағы болғаны сияқты, - деп жазды ол, - пайдалы жағы да бар.Әңгіме сол киіз үйдің ішінде баланы ұстай білуде. Шын таза ауа сол киіз үйде болмағанда, қайда болады? Тегінде жаратылыспен бауырласып құшақтасқан, алдындағы малымен бірге жүріп, бірге өскен қазақ баласын аса нәзік қылып, үлбіретіп тәрбиенің қалмағаны дұрыс болар еді. ....қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысының қабысуы мақұл». Оның ойлары адамның табиғатпен кіндіктестігін ескере келіп, оқу – тәрбие жұмысының жаратылыспен астарластығына мегзейді. Табиғат – анадан алшақтап, оған немқұрайды салқындықпен сырт айналудың зардабын бүгінгі ұрпақ көріп отырғаны белгілі. Қалай десек те, ғылымның ұстаздық жүрегі, ақындық сезімі ұрпақ тәрбиесін табиғаттан тыс қарастыра алмағаны анық. Бұрқыраған боран мен сатырлаған жаңбырда, сақылдаған аяз бен ми қайнатқан аптапта ұлан – ғайыр сахараны кезіп жүрген қазақтың көшпелі тұрмысында сәбидің ыстық – суықұқа ұрынбай өсуіне бесіктің ғасырлар бойы игі қызмет еткенін, әрине, жоққа шығаруға болмайды. Автор осыған байланысты: «Қазақ бесігі аса ұсталықпен жасалған нәрсе. Жөргегі, тартпалары, астындағы тесігі, шүмегі, түбегімен баланың таза, жинақы жатуына көп себепші» дей келе қазақ бесігінің құрылысын жетілдіре түсу қажет дейді. Мағжан өз еңбегінде психология пәніне төте кең орын беріп, оны барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласыда өз білімдарлығын байқатады. Оның жан қуаттары жайлы пікірлерінде дала өмірі мен өзінен бұрынғы және заманындағы қазақ зиялыларының туындыларын, ұлттық психологиялық бояу, нақышын шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық. Жан көріністерін ол «білу яки ақыл, сезім яки көңіл, һәм қайрат көріністері, болып үш тармаққа бөле келіп, олардың өзара табиғи үйлесімді Абай тұжырымидарымен байланыстырып, оларды ежелгі Шығыс ғұламаларының гуманизмімен үндестіре, тарих тереңінен сөз қозғайды. Шытырман мәселенің арқауын осылайша түйіндеп Шығыс кәусарынан мейірі қана сусындай, есейе келе Еуропа мәдениетіне құлаш ұрған Мағжанға етене жақын да түсінікті нәрсе.
84 Ол сыртқы мезімдерді көру, есту, тату, сипау, ет сезімі деп алты айырыммен анықтап алып, оларды дұрыс жетілдіру тәрбиесіне ерекше назар аулдарды. М.Жұмабаевтың пікірінше, бұл сезімдердің сау һәм берік болуына, олардың өткір, терең, дұрыс қалыптасуына ыждаһат қылу керек. Бұлардың біреулері жақсы. Біреулері нашар тәрбие қылынса, жан тұрмысы да тегіс, бүтін болмақ емес». Әр сезімді психологиялық трұрғыдан қарастыра келіп ақын олардың әрқайсысына өзінше анықтама беріп, бұларды тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлерге сүйену қажеттігін айтады. Мәселен, жарық дүниеге келген күннен бастап нәрестенің есту сезімін дамыту үшін түрлі дыбыстардың мән – мәнісіне көңіл бөліп, әсіресе бесік жыры үнінің тәрбиелік мәнінің зо екендігін атап өтеді. М.Жұмабаев: «Адамның әдемілікті сүю сезімін тереңдететін осы есту сезімі», - дей келе, өзінің осы пікірін гректің Орфей жайлы, қазақтың Қорқыт туралы айтылған терең тұнық ойларымен тиянақтайды. Кітап зейін туралы да біраз деректер бар. «Абай – дегеніміз, - деп жазды ол, - сыртқы дүниедегі бір затқа яки ішіміздегі бір жан көрінісімізге – олйға, ішкі сезімге, қайратқа жанның тұнуы, нүктеленуі». Оның бала зейінін тәрбиелеу жөніндегі айтқандары қысқа да болса нұсқа. Автор шәкірттерде зейін даму үшін әсердің күшті, жеке, жаңа болуын жаңа алынған білім мен ескі білімнің байланысуын және оның болашақ әсерге даярлану есебінде болуын талап ете отырып, оқу жүйесінің сабақтастығына мұқият зер салады. Ол кейбір оқушылардың абайлы болмауының себептерін аша кетеді. Бұған дененің һәм жағынын шаршауын, зейіннің толқынданып тұруын, бейғамдықты т.б. жатқызады. Автор бейғамдықтың екі түрін көрсетеді. Оның бірінші еш нәрсеге абай тоқтама алмайтын өте қолайсыз түрі. Оған терең, ұзақ тәрбие жатады. Екінші түрі бір нәрсеге абайлы болып, басқа нәрсеге абайлы болмаытын адамдардың бейғамдығы. Ғұлама ғалым мұндай қасиеттің зиянсыздығын, мұның көбінде ғалымдарда кездесетінін ескертеді. Автор «Ақыл көріністері» тақырыбын әсерлену, оның пайда болу шарттары, күші һәм тоны деп жеке – жеке талдай келіп кейбір психологиялық терминдердің мәніне тоқталады. Міселен, «әсерленуді туғызған себепті, яки затты табуды перцепция, әсерленуді бұрынғы болған тәжірибемен толықтыруды аперцепция, ал апперцепция перцепцияны жеңіп кететін болса, ол уақытта иллюзия, яғни сезімде алдану пайда болады»- деп осындай психологиялық ұғымдардың әрқайсысына анықтама беріп, оларды жеке – жеке талдап ересек пен бала әсерленуінің айырмасын да арнайы сөз етеді. Адам өміріндегі естің алатын орнын көрсете келіп автор оларды есту, көру, қозғалу т.б. деп жеке – жеке қарастырады. Естің даму жасына байланысты өзгеріске түсетіндігін айта келіп баланың есін дамыту жолдарына тоқталады. Автор қиялды еріксіз және ерікті деп екіге бөледі. Қиял, фантазия туралы ол былай дейді: «... жанымызда бар суреттеулерден қайрапт жұмсап өзіміз тілеп жасау ерікеті қиял, берекелі қиял, яки фантазия деп аталады». Өзінің осы ойын әрмен қарай жалғастырып, фантазияның жасалу жолдарына тоқталады. Олар: заттардың өздерін, яки олардың бір мүшелерін зорайту, яки күшейту; 2) әр заттың түрлі мүшелерін бір – біріне қосу; 3) реті келгенде һздері де жиыла алатын көріністерді бір суретке ... не адам мінездерін бір адамға жиюмен жасалатынын көрсете келіп: «Фантазиясыз адам өмірі өңсіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ. Мылқау өмірге үн беретін, ақау өмірге тіл беретін, бізді асыға аяқ бастырып, тәңірімен тілдестіретін сол – фантазия» дейді. Бала фантазиясының табиғатына ерекше көңіл қойып, оны өркендетуге ертегіге, бала ойындары мен ойыншықтарының роліне тоқталады. М.Жұмабаев сұлулық сезімдері жайлы ғылыми ұғымдарды да әр қырынан ашып, өнер адамына тән өрнекті сезімдерді тәптіштеп түсіндіреді. Кітапта ойлау, ұғым ,ой, қорытындылары ішке сөйлеу т.б. мәселелері, ерік – жігер, қажыр –қайрат, импульс, рефлекс, инстинкт, әдет категориялары да талдауға алынған. Автор «ойлау, ұғым, хұкім, һәм ой түзулер жасауға болады» дейді де, олардың өзін іштей әлденеше тармақтарға таратып қарастырады. Ой шығаруға да осы ретпен келіп, «дедукция», «индукция», «аналогия» ұғымдарының мәндеріне зейін қояды. Ақын тілдің адам өміріндегі маңызы жайлы айта келіп, оның ұлттық мәнін мәйекті мәнермен жеткізеді: «Ұлттың тілі, - кеми бастауы, - деп жазды ол, - ұлттың құри бастағаның көрсетеді. Бұл ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихи, тұрмысы, мінез айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде
85 қазақтың сары сайран даласы, біресе құйындай екпінді қайратты, біресе желсіз түндей тымық сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінездері көрініп тұр». Бала темпераментін сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик деп бөліп, бұлардың әрқайсысына тән қасиеттеорді ұтымды тілмен баяндайды, баланың жалпы жаратылысы, табиғаты туралы түсініктері де қазақ ұғымына жатық, түсінікті берілгендігі байқалады. Мағжанның аталмыш кітабы «Педагогика» деп аталғанмен түгелдей дерлік психология мәселелерін сөз етіпті. Міселен шағын еңбектің 17 тарауының он үші тікелей психология мәселелеріне арналған. Мұнда тікелей педагогика қисындарына екі – ақұ тақырып арналып, оларын автор бар болғаны 13 бет көлемінде баяндапты. Сөйтіп, барлығы 106 беттен тұратын кітаптың қалған тараулары адамның жан дүниесінің әр түрлі жақтарын сипаттайды. Сөзіміз дәлелді болу үшін «Педагогиканың» 1923 жылы Тәшкенде шыққан екінші басылымының мазмұнына көңіл аударайықшы: Олар 1. Сөз алды. 2. Жетекші сөз. Тәрбие деген не? 3. Педагогика бөлімдері. Жалпы педагогика, дене тәрбиесі. 4. Жан тәрбиесі. Психология. 5. Жан көріністерінің топ –топқа бөлу. Ақыл көріністері, яки жанның білуі, әсерленуі. 6. Әсерленуді бөлу. 7. Абай. 8. Суреттеу. 9. Ес. 10. Қиял. 11. Ойлау. 12. Хүкім. 13. Тіл. 14 Ішкі сезім көріністері, яки көңіл. 15. Қайрат. Әрине М.Жұмабайұлы сөз етіп отырған психология ғылымының мәселелері сонау жиырмасыншы жылдар деңгейінде, әсіресе оның терминдерінде өзі Еуропа, орыс тілдерінде де белгілі бір жүйеге түсіп, ттоптаса қоймаған кезінде төл тілімізде ғылыми жағынан сөз болған. Сондықтан да бұл еңбекке қазіргі күн тұрғысынан қарап баға беру әділ болмас еді. Ал, мұның қазақтың ұлттық ғылыми терминдері ілгі бастауында төрден орын алатыны даусыз. Енді мұнда сөз болған кейбір психологиялық ғылыми түйіндер мен атаулардың олпы – солпы жақтары туралы қысқаша тоқталып өтейік. Кітапта кейбір түйінді тұжырымдары дәл беріле қоймапты. Мәселен, «перцепция - әсерленуді туғызған себепті яки затты табу» (дұрысы – бұл затты тұтастай, толық, зат күйінде қабылдау, «перцепцияның» өзі латын сөзі, қазақшасы – қабылдау деген ұғымды білдіреді.) «Иллюзия, - деп жазыпты автор, болып тұрған әсерленудің бұрынғы әсерлену жеңіп кеткенде болатын сезім алдауы». Дұрысы, иллюзия әр түрлі себептерге айналадағы объектілерді қате, теріс бұрмалап қабылдау, яғни қабылдаудың затқа сәйкес келмеуі Автор иллюзия ұғымын «елес» деп алыпты, оның қазақша баламасы «алдану» немесе «көз баййлау» дегенге келеді. Мұндай дәлдігі кем ғылыми тұжырымдар кітаптың әр жерінен кездесіп қалады. Енді термин олқылықтарына келейік. Автор абстракция деген ұғымды «жалаңаштану» деп алыпты, бұдан гөрі «оқшаулау», «дерексіздендіру» деген дұрыс. Күні бүгінге дейін осы термин ана тілінде «абстракция» күйінде алынып жүр, абстракция заттың сынын заттан бөліп алып, сол сынды жеке бір зат қылып ойлау, депті. Дұрысы, - заттар мен құбылыстары жалпылау арқылы оның бір елеулі қасиетін қалған қасиеттерінен ойша бөліп алу. Мәселен, «бор», «қант», «айран», «сүт» т.б. ақ заттардың ортақ белгісі «ақшыл», осы соңғы абстракция деп аталынады. М.Жұмабаевтің орыс педагогикасының білгір классигі К.Д.Ушинский педагогиканы жан сырының заңдылығын зерттейтін психология ғылымымен байланыстыра қарастырған тұңғыш қазақ ойшылы. Ол педагогиканы психологиясыз, яғни тәлімгенр атауы шәкірттердің жан жүйесі ерекшеліктерін ескермейінше, оқу тәрбие процесінің теориялық қисындарын педагогикалық ой – түйіндерінің негізгі арқауы «....адам баласын тәрбие қылу дегенде, әрине, адам баласының, әсіресе жаны, тәрбие қылу керек, деп ұғу керек.... Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең.... Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады.... Ұлы ақынның әдістемелік еңбектері де психологиялық жағынан ерекше көңіл аударарлық. Мәселен, оның қазақ мектептеріне оқу құралдарын қандай етіп жазу керектігі жәйлі газет – журналдарда жарияланған ғылыми – методикалық мақалалары өз алдына әңгіме етуді қажет ететін тақырып. Кезінде «қазақ Пушкині» атанған дүлдүл Мағжан Жұмабаевтің сонау дүрбелең шақта тұжырымдаған тәлім – тәрбиелік ойлары арнаулы зерттеуді қажет ететін прблема. Педагог зерттеуші А.Қыраубаева айтқандай
86 «...... болашақ мұғалімдерді қазақ баласының жан дүниесі мүлде ескертілмеген орысша оқулықтардың аудармасымен оқытпай, Мағжан «ПЕдагогикасындағы» ойлармен нәраендіретін кез келді. Мағжан педагогикасы аса сезімтал, саясаттан тыс, бала жүрегін жараламайтын адамгершілікті педагогика» Ұзақ жылдар бойы «ұлтшыл» әдебиеттің өкілі деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен қкзкқ әдебиті мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлердің бірі Ж.Аймауытов (1889-1931) жазушылығымен қоса қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология көркем өнер ғылымдары саласында қалам тартып, құнды-құндығылыми зерттеу еңбектерін жазумен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарын авторы болумен дараланған ірі тұлға. Ж.Аймауытов бұрынғы Семей губерниясының Кереку (қазіргі Павлодар) уезінің Қызылтау болысында, кедей шаруасының снмьясында дүниге келген. Ол Павлодардағы орыс-қазақ мектебін, одан соң Семейдегі мұғалімдер семинариясын (1918) бітірген. 1917-1919 жылдары алашорда ұйымына кіреді, алайда көп ұзамай қиялымен ой-өрісінің шектеулігін жеңіп, төңкерісшілер жағына шығады. 1911-1914 жылдар арасында Баянауылда бала оқытады, кейінгі жылдары әр-түрлі қызметтер атқарады. 1920 ж РКП(б) қатарына кіреді. Қазақстан советінің съезінде делегат болып сайланады. ҚАССР халық ағарту комиссариятының коллегия мүшесі «қазақ тілі», «Ақ жол» газеттерінің қызметкері, мектеп мұғалімі, 1926-29 жылдары Шымкенттегі педтехникумның директоры болып қызмет істейді. 1929 ж тұтқынға алынып 1931 ж өлім жазасына кесіледі. Ж.Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт-бағдарын 1918 ж Ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми қоғамдық «Абай» атты журналдың бас мақаласын аңғартады. Онда Аймауытов: «… қазақ сахарасында мыңмен жалғыз аласып, жапа шеккен ұлы ағартушы Абайдың көздеген мақсаты халқын өнер-білімге, оқуға, отырықшылдыққа, мәдениетті ел дәрежесіне жеткізу еді» -деп жазады. Ол Абай ұстаған ағартушылық жолды тыныс тіршілігінің негізгі арқауы етіп алады. Осы журналдың 1918 жылғы 1,2 сандарында Аймауытовтың «тәрбие» атты көлемді мақаласында тәлім тәрбиелік ой-пікірлер ғылыми тұрғыда кең баяндалған мақала авторы «адам мен хайуанның өмір сүруінің айырмашылықтарын көрсете келіп адамдық қасиет саналы өмір сүру, қауым болып бірлесіп, тіршілік істеу» дейді. Ол сондай-ақ «адамның қоғамдық еңбегінің жемісі, нәтиежиелі болуы тәрбиеге байланысты», деп қорытынды жасайды. Ғалым өзінің осы тұжырымын ертедегі римдіктер, афиндіктер өмірінен мысалдар келтіріп дәлелдейді. Ж.Аймауытов «адам мінезінің, ақыл-қайраттарының әр-түрлі болуы тәрбиенің түрлітүрлі болуынан… Адам баласының ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісі тонауы, өлтіріуі сыйқылдыбұзақылықтар жасауды, тәрбиенің жетіспегендігінен» дейді. Ол тәрбиенің екі түрі болатындығын; дене тәрбиесі және жан тәрбиесі болып бөлінетіндігін атап көрсетеді. Аймауытов балаға әсер ететін нәрсе медрессе(мектеп) және тәрбиеші деп санайды. «Кейде,-деп жазды ол –белгісіз себептер мен еүшті ықпал ететін, әсер туғызатын жағдайлардың да болуы мүмкін. Ол замандастары, туған аулы, өскен ортасы, оның діні,тілі һәм басқа нәрселер деп, тәрбиесіне ықпал ететін факторларды тізбектеп талдайды.» Автор ең алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының роліне ерекше тоқталады «баланы бұзуға яки түзеуге себеп болатын бір шпрт жас күнде көрген өнеге. Ол өнеге әке-шешесінің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Ата-ананаң берген тәрбиесі баланың мінезіне салған ізге байланысты» «Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» деп атамыз қазақ тауып айтқан. Балаға қайырымдылықты, қаталдықты, кішіпейілдікті, күйгелектікті, шыншылдықты, өтірікшілікті беретін кім? Ол, әрине ата-ана тәрбиесі. Баланың бойына басынан сіңген мінезді қайта түзету қыиындық келтіреді «сүттен сіңген мінез сүйекпен деген сөз ата-ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді…» деп автор бала мінезін қалыптастырудағы жанұя мүшелерінің, әсіресе әке-шеше ықпалын айқын ашып береді. Ол бала мінезін жас шыбыққа теңейді. Жас кезде дұрыс тәрбие алмаған бала, өскенде қыйсық ағаш сияқты болып өсктінін, отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен қыйындық келтіретіндігін айтады.
87 Ж.Аймауытов өнегелі үйелменнен бұзық мінезді баланың шығуы немесе тәрбиесі нашар отбасынан да тәрбиелі, өнегелі баланың өсуі мүмкін дей келеді де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас, құрбы-құрдастардың ықпалынан, соларға еліктеуден болотынын дәлелдейді. Тәлімгер ғалым бала тәрбиесіне туған елдің әдет-ғұрпы, салт-санасыныңда белгілі мөлшерінде әсер ететін ғылыми тұрғыдан дәлелдей түскен. Ойын-сауық өлең-жырды естіп өскен елдің баласы өнерге бейім болад, діндар елдің бапасы діншіл келеді. Жастайынан кемдік жоқшылық қағажу көріп өскен ауылдың баласы, жасқаншақ, бұйығы болады-деп қоғамдық салт-сана әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигізетін ықпалына тоқталады. Ж.Аймауытов; «тәрбиенің негізгі мақсаты мінезді түзеу, адамшылдыққа қызмет ету, адам еңбек ете білуге тәрбиелеу» деген қағиданы қуаттай келіп, «баланы тәрбиелеу үшін әр-бір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебе, бала айтып ұқтырғаннан көрі,көргеніне көп еліктегіш келеді. Солайболған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек »-дейді. Ж.Аймауытов сол кездері орыс оқымыстыларының тәрбие жөніндегі еңбектермен адам тәрбиесіне қоршаған ортаның әсері жөнінен жақсы таныс болуы ықтимал. Өйткені оның жазбаларынан орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың «тәрбие дегеніміз бір адамның екінші бір адамға жасайтын ықпалы » немесе заңғар педагог А.С.Макаренконың «адамды қоршаған орта тәрбиелейді. Адамдар тұтыну заттары, табиғи құбылыс т.б бәрі тәрбиеге белгілі әсерін тигізеді. Соның ішінде ең әсерлісі адамның қарым-қатынасы, әсіресе ата-аналар мен ұстаздардың ықпалы ерекше. Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін әуелде дұрыс тәрбие беруге тырысу керек » деген секілді таныс пікірлер жиі ұшырысады. Автор мақаланың соңында адамның тән сырқатын емдейтін дәрігер мамандығымен адам жанын сауықтыратын, ақыл-есін, мінез-құлқын тәрбиелеп жетілдіретін тәрбиеші-ұстаз еңбегін салыстыра
88 отырып, бұл екі мамандықтыңда, тәні сау, рухани байлығы мол, еңбегінің маңыздылығын өте орынды атап өткен. Ж.Аймауытов педагогика ғылымы саласындағы жүйелі ой-пікірлері 1924 ж. Орынборда басылған «Тәрбиеші-жетекші» атты еңбегінен байқалады. Бұл еңбекте Аймауытов «баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндап, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімдері-дидактикаға ғылыми анықтама берген. Оның пікірінше, мұғалімнің айналысатыны-үнемі қозғалып, өзгеріп өсетін өркендейтін адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан аумау шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан табатын өнер.... Дидактика мұғалімге жалпы жол жоба көрсетіп жетекшілік етеді... Сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды.» - деп оқыту, білім бкру әдісінің қатып семіп қалған догма емес, үнемі ізденуден тұратын іс әрекет екенін дұрыс атап өтеді. Ж.Аймауытовтың бұл пікірі қазіргі қазақ мектептеріндегі оқудың мазмұнын қайта құру жөніндегі жалпы орта білім беру тұжырымдарын айтылған «педагогикалық процестің сапасын көтерудің маңызды бағыты-сабақты өткізу тәсілдерін одан әрі жетілдіру. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру үшін мұғалімнің ұстаздық шеберлігінің жоғары болуыжәне оның профессионалдық еркіндікке ие болуы керек» деген идьеямен астарласып жатқандығын байқау қыиын емес. Автор білім алуды күнделікті өмір тәжірибесімен ұштастыра білудің қажеттілігін, мектепте алған білімінің келешек өмірдегі мамандыққа қазық болатындығынжақсы айтқан. Ж.Аймауытов білім негіздерін ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келе; «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бері жан дүнмесінің айнасы болып, өсіп-өңіп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі: жүректің терең сырларын басынан кешкен дәуірлерін қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап, отыратын қазынасы мол халықтың тілі» - деп оның қоғамдық рольін адамзат баласы жасаған бар рухани мәдени байлықты меңгерудің басты құралы екендігін, оны жан-жақты және терең меңгерудің қажеттілігін баса көрсетеді. Бұл пікірдің ұлт тірлігінің абыройын көтеру жөніндегі бүгінде жүргізіліп жатқан шаралармен үндес, өзінің акьтуалдылығын жоймаған жаңаражандана түскенін дәлелдеуді қажет етпейтіні ақиқат. Тәлімгер ғалым баланың тіл байлығын артырудың, еркін сөйлеп білу мен оның ой-өрісін өрістеуге ерекшекөңіл бөлудің өзге пәндерді оқыту кезінде олардың тіл үйренуге деген ықыласын арттыру жағын қарастырудыңтиімділігін айта келе, пәнаралық байланыстыкүшейтіп ғылымбілімдердің бір-бірімен тығыз бірлікте интеграциялау рқылы оқытудың қажеттіліктеріне тоқталады. Автор адамның жан қуаттарының өсіп жетілуін тарих пәнінің алатын орнын былайша сипаттайды. «Осы заманғы ғылымның көбі тарихпен тікелей байланыста жатыр. Тұрмыс жүйесі әлеумет заңы, заң пәлсафа әдебиет, мәдениет өнер-бәрі тарихы бар, осы тарихтың бәрі жалпы адамзат тарихымен байланысты». «Тарихты оқып-білу арқылы шәкірттерге қазіргі өмірлік өткен заманның байланыс заңдылықтарын ажырата білерлік сана туғызамыз» - дейді. Ж.Аймауытов тарихты оқытуды қай класстардан бастау керек деген мәселелерге талдау жасап, тарихи мағұлұматтар қарастырады. Балалар әр тарауды біліп алаып, әзірленгеннен кейін, жазуға оқуға әбден төселген соң, тарихи жеңіл әңгімелерді ұғынып айтып берерлік дәрежеге жеткен кезде, төңіректегі жұмыспен табиғаттан, жағрафиядан едуір білім алғғаннан кейін, үйретілетін болсын дейді. Осы пәнді тарихи әңгімелер есебінде 4-ші кластан бастап оқыту дұрыс деген тұжырым қуаттайды. ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының эканомикалық, мәдени, саяси өмірде елеулі өзгерстер бола бастады. Ауыл шаруашылығында егіншілікпен айналысу күшейді, қазақ көшпелі елден отырықшылыққа аусты. Осы кезде қазақ даласында орыс және шетел капиталистерінің қаражатымен салынған кәсіпшіліктердің де саны көбеиді. Кәсіпшілікте жұмыс істеушілердің көбі бұрынғы көшпелі, тозғындап жүрген қазақ кедейлері еді. Олар алдыңғы қатарлы, демократиялық ой – пікірдегі орыс жұмысшыларымен қоян – қолтық араласып,саяси күрестің сырын, оның мән – жайын біліп, тәрбие ала бастайды.
89 ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында бүкіл Росияның эканомикалық және саяси өмірінде болған зор өзгерсітер,толғағы жеткен ревалюциялық толқынның дүмпуі қазақ даласын да қамтып, жаңғыртты. Дала өмірінде жаңа кіре бастаған капиталистік қатынастар бұрынғы феодалдық томаға – тұйық шаруашылықты домалата түсті. Қазақ кедейлерінің санасы оянып, қанаушылар мен қаналушылардың жігі ажырады. С.Көбеев (1878-1956) қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуына 1905 – 1907 жылдарындағы бірінші орыс ревалюциясы әсер етті. Осы кезден бастап ол сол дәуірдегі қазақтың демркратияшыл интелегенциясының қатарына қосылып, орыстың еңбекші бұқарасы мен қазақ халқының тағдыры, мүдесі ортақ екенін терең түсінеді. 1905 – 1907 жылы ревалюция кезінде Қазақстаның социял – демократ ұйымдары – Перовск, Қостанай, Қазалы ұйымдары - ревалюциялық пікірдегі бұқар арасында күрделі ұйымдық – саяси, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізді. Спандияр Көбеев 1878 жылы 1-октябрьде бұрынғы Торғай облысы Обаған болысында туған. Ол алғаш ауылдық мектепте, кейін Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, мұғалімдер даярлайтын курста оқиды. Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің шәкірті, әрі жолын қуушы Спандияр ұстазының дәстүрлерін бекем ұстанды. ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда халық ағарту жұмысында, сахарада мектептер ашуға, прогресивті педагогикалық ой – пікірдің қалыптасуына, жастарды орыстың озық білімі мен мәдениетінен үлгі – өнеге алуға шақырып, ұлы адамдардың ізімен жүрген, олардың ағартушылық, гуманистік, демократтық идеияларын ілгері дамытқан бір топ қазақтың ағартушылық – демократтарының бірі Спандияр Көбеев болды. ХХ ғасырдың бас кезінде сахарадан көптеп салына бастаған орыс – қазақ мектептерінің қазақ халқының білімін, мәдениетін көтеруде ролі өте күшті еді. Бұл мектептер арқылы қазақ жастары орыс тілімен, мәдениетімен, тарихымен, қоғамдық ой –пікірімен танысты, одан үлгі өнеге алды. Қазақ халқының тарихында ерекше орны бар ағартушы – демократтар: Шоқан, Абай, Спандияров, Мұхаметжан, Бекет, т.б. орыс мектептерінде оқып, орыс және бүкіл дүние жүзі мәдениетінен үлгі – өнеге алған – ды. Олар қазақ – орыс достығының жалынды жыршылары болды. С.Көбеев қазақ балаларын орыс мәдениетінен үлгі алуға шақыра отырып, оларды орысша оқытты, Ыбырай жолын әрі қарай жалғастырды. Ол діни мектеп пен медреселерде өтілетін пәндердің баланың ақыл – ойын, дүниеге тану көзқарасын дұрыс қалыптастырып, білімін көтермейтінін жақсы ұқты. Спандияр Көбеев ескі мектепті баланың сезімтал да талғампаз ойын тежеп, дүние тану, рухани дүниесін топтастырып, тек үстем тап өкілдеріне шын жүректен берілген тоғышарлар дайындап шығаратын орын – деп дұрыс көрсетті. Педагогикалық қызыметінің алғашқы кезінде - ақ С.Көбеев қазақ балаларына ана тілінде оқытудың тиімді де бірден – бір дұрыс жол екенін қуаттада.ол сабақты ауылдық мектептерде тек орыс тілінде өткізу керек болса, ана тілінде оқытудың қажеті жоқ деген миссионерлік пікірсымаққа қарсы тірды. Оқуды тек орыс тілінде жүргізу, - деп жазды ол, - біріншіден, қазақ балаларының сабақты жақсы түсінуіне кедергі жасаса, екіншіден, мұғалімдердің оқыту, тәрбиелеу ісіне зиянын тигізді. Ұлт мектептерінде жастар, ең алдымен, ана тілінде сауатын ашу қажет. Сабақты өзінің табиғи ана тілінде түсіндіру жас өспірімнің ақыл – ой дүниесіне сезім қиялына күшті әсер етеді. Көркем сөз зергерінің бояулыда сырлы, асқақта әсем, кестелі де, айшықты, мағыналы бедерлері оқушыларға өмір құбылыстарын, табиғат көрнісін, адамдар арасындағы түрлі қарым – қатынастарды, дүнйетанымын дұрыс қалыптастырды. Оқушыны ана тілінде жазылған әңгіме, өлеәдер арқылы оқыту халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет – ғұрып, рухани өмірімен, арман – мүдесімен таныстырып, патриоттық сезімін оятады. С.Көбеев мұғалімдердің, тәрбиешәлердің, ата – аналардың адына қоғамдық идея жағынан ұстамды, адамгершілік қасиеттері мол, жан – жақты жарасымды жетілген адамдар тәрбиелеу мақсатын қояды. Ол жеке адамды қоғамға қарсы қойған жоқ, керсінше, тек қоғамда және қоғам арқылы ғана адамдар айрықша және адамзаттық қасиетке ие болды деп көрсетті. Оның дұрыс көрсетіп бергеніндей, егер адам коллективті пайдасы үшін, көпшілік игілігі үшін қызымет ету идеясын тәрбиеленген болса, онда оның адамгершілік қасиетіде болмайды. Адам коллктив мүддесінен өз мүдесін артық қойу идеиясы рухында тәрбиеленсе, онда ол эгоист, тек өз
90 пайдасын ойлайтын тұйық мещанин болып өседі, - деп жазды С.Көбеев. Адамдарды тәрбиелеуде Көбеев еңбеке үлкен мән берді. Ол еңбеке тек қана өмір сүру үшін қажетті құбылыс емес сонымен бірге аса пәрменд тәрбие құралы деп түйіндеді. Көбеевтің пікірінше, еңбек – қоғамның алға басуының негізгі және тәрбиелік үлкен маңызы бар күш. Еңбек, - деп жазды ол, - адамның ақыл – ойын, білім дәрежесін ғана дамытып қоймайды, оған жақсы адамгершілік қасиеттің ұрығында себеді. Сондықтан оқушы, ең алдымен, еңбек сүигіштік сезімге тәрбиелеген жөн. Көбеев өзіне тұтас замандас мұғалімдер сияқты еркін тәрбие теориясын бірыңғай даттамай, оның зиянды және пайдалы жақтарын айыра білді. Ол еркін тәрбие теориясының кеибір қате жақтарын: баланы қоғамнан, ата – анадан бөліп жақсы тәрбиешінің қолына беру, иектепте мемлекет қарамағынан айыру сияқты маркстік – лениндік педагогикаға жат көзқарасты әшкерелеп, баланың жеке басын силау, оның дамуына, өз алдына білімін толықтыруына мүмкіндік, еркіндік беру сияқты пайдалыда бағалы әдіс – тәсілдерді советтік оқыту, тәрбиелеу системасында пайдаланудың тиімділігін сан рет атап көрсетті. Оның қазан ревалюциясына деиін жазған Үлгілі тәржімә (1910), Үлгілі бала (1912), Қалыңмал (1913), шығармаларында өнегелі, өсиеттік, табиғаттану сиақты бала тәрбиелеуге қажет, педагогикалық, дидактикалық, ағартушылық мәселелерімен қатар, әлуметтік өмірдегі теңсіздңңңік, әйел теңдігі, ескіліктің көптеген қатал тәртібін, феодалдық әдет – салт заңдарын әшкереледі. Көбеев Қалыңмал романында қазақ әйелінің ауыр, аянышты халімен бірге феодалдық дәуірдегі адам айтқысыз тағылықты сынады. Ол әйелге бостандық беріп, оны қадірлеуді оны оқуға, қоғамдық жұмыстарға тартуды жақтады. Спандияр Көбеев педагогика, методика мәселелері туралы батылда бағалы пікірлер айтып, Қазақстанда озат советтік педагогика гылымының өсіп – өркендеуіне іс – тәжірибесімен, құнды пікірлермен үнемі көмектесті. С. Көбеев ойшыл да педагог дәрежесін бірден жете алған жоқ. Ол жатпай – тұрмай шетел мен орыстың прогресивті бағыттағы педагогтарының еңбектерін зерттеп, үйренді. Бұрын А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Некрасов, Н.В.Гоголь, Крылов,
91 Салтыков – Щедрин, А.П.Чехов шығармаларын оқыса енді В.Г.Билински, Н.Г.Чернычевский, Добролюбов, Л.Н.Толстой, Пирогов, Ушинский, Лесгафт, Коменский, Пестолоции, Ж.Ж Руссо сияқты тамаша педагогтардың идеялары мен ойларын үлгі тұтады үйренеді. Осындай ізденудің оқудың нәтижесінде ол шын мәніндегі жаңашыл да озат халық мұғалімі дәрежесіне көтерілді. Міржақып Дулатов (1885-1935) Екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалған ол 1897 жылы Торғайдағы орыс-қазақ мектебіне түсіп, он 1902 жылы бітіріп шыққаннан кейін алтыжеті жылдай ауылда бала оқытады. Кейіннен Омбы, Қарқалы қалаларын аралайды, Петербургте шығатын «Серке» газетінде «Жастарға» (1907) деген өлеңін бастырады. 1909 жылы Уфада «Оян, қазақты», содан соң Қазандағы ағайынды Кәрімовтар баспасынан «Бақытсыз Жамал» романын бастырып шығарады. «Айқапқа» түрлі тақырыптар төңірегінде (оқу-ағарту, мәдениет, тіл, т.б.) үзбей мақала жазып тұрады. Осы жылдары А.Байтұрсыновпен бірлесіп, «Қазақ» газетін шығаруға ат салысады. Қазан төңкерілісіне дейін, сондай-ақ Кеңес өкіметі жылдарында бірнеше рет түрмеге жабылады. Оның Алаш өкіметі мен партиясы мен басшыларының бірі болғаны белгілі. Ол 1920 жылдардан бастап жаңа өкіметке де аянбай қызмет істейді. («Ақжол» газеті, облыстық сот, т.б.), 1922-26 жылдары Орынбордағы Қазақ ағарту институтында оқытушы болады. 1922 жылы екі бөлімнен тұратын «Есеп құралын», 1924 жылы «Қирағат» кітабын, қазақ кітаптарының библиографиялық көрсеткішін бастырады. 1928 жылғы зобалаңда бір топ қазақ оқығандарымен бірге тұтқынға алынып, ату жазасына кесіледі, онысын кейін 10 жыл абақтыда қамаумен алмастырады. 1935 жылы тұтқында жүріп Балтық каналының бойындағы Сосновец деген жерде қайтыс болады. 1988 жылы Республика Жоғары сотының коллегиясы қылмыс құрамы болмағандықтан оны біржолата ақтайды. Әмбебап ағартушының артына қалдырған рухани мұрасында кешегі көшпелі қазақ елінің әдетғұрпы, дәстүр-салты, жол жоларғысы, тәлім-тәрбиесі мен үлгі-өнегесі, өзіне тән этикалық, эстетикалық ұнам-талғамдары ұлттық колоритке толы сан алуан нақты деректермен безендіріле баяндалған. Осы тұрғыдан «Оян, қазақ» атты туындысының орны бөлек. Ұстазы Ы.Алтынсариннің оқу ағарту мәселесіне байланысты идеяларын әрмен қарай дамыта келіп, ол да А.Байтұрсынов сиқты, оқу-тәрбие мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға, атап айтқанда оқытудың жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, ғылыми-дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән береді. Бұл айтылғандарды оның «Мұғалімдерге» атты мақаласынан, «Қирағат» кітабына жазған алғы сөзін жақсы байқауға болады: «... балаларды, -деп жазады ол, -оқыту өз алдына бір ғылым. Ғылым-педагогика... мектеп программасында бірінші орын алған нәрсе қирағат, баяндап оқыту... Қирағаттың мақсатын түсінбеген мұғалім үміт еткен пайданы бере алмайды... Жас балаларды оқыған нәрсесі хақында ойлануға, оның мағынасын, қасиетін сездіруге қалай үйретпек керек? Балаларды оқыған нәрсесін бір-біріне ұқсастырып ойлануына, оқып шыққаннан кейін жадында ретті һәм толық мағынасымен қалдыруға әдеттендіру керек. (М.Дулатов. шығармалары, - Алматы: «Жазушы», 1991, 238 бет) ол орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский айтқандай, оқутәрбие процесіне (жазу, сызу, есептеу, оқу, т.б.) шәкірттердің сезім мүшелерін (көз, құлақ, т.б.) түгелдей қатыстырып отыру қажеттігін орынды аңғартып, мұны тәлімгерлердің жадына салуды ойластырады. Осыған орай ол былай деп жазды: «Әр бір жазылған сөз – жазушының сезінуімен, естуімен, көруімен (табиғаттан һәм адамның тұрмысынан) шыққан нәрсе». Табиғатынан тәлімгерлік қасиеті мол жазушы қазақ арасында көбінде көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым- білімге, өнерге, зерек, дарынды балаларды оқытып-тәрбиелеудің мәні жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір табиғи астарына үңіледі. Осы жәйт автордың мына төмендегі түіндеуінен жақсы аңғарылып тұр: «Туысында қанша зеректік болса да, - деп жазды М.Дулатов, - ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзінің табиғатына не нәрсеге шеберлік барлығын сезіп, өз жолына түссе ғана көзге көрінеді... жақсы суретші адамның сыртқы түрін айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанын да көріп тұрғандай боласың...» Халқымыз егемендік пен тәуелсіздікке ие болып жатқан кезде жас өрендерді жерге шырылдап түскен кезден, есейіп, есі кіріп болғанға дейінгі аралықта ана тілінің уызына жарытып қана қоймай, олардың ұлттық рухпен, дәстүр-салт, әдет-ғұрыптан мейлінше сусындауына ерекше көңіл
92 аударуымыз қажет. Бұл жөнінде ол мектепке зор міндет жүктелетіні жайлы жеріне жеткізе айтқан: «бастауыш мектепте алған тәрбиенің,-деп жазады ол, - әсерлі, күшті, сіңімді болуы, қай халықтың мектебінде болса да, оқу кітаптары ана тілімен, өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғаттан жазылып, баяндап оқытудың асыл мақсатына муафик үйретуден, осылай біліп, баяндап оқытқанда, балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, ана тілін анық үйреніп, керекті мағлұмат алып шығады. Мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың медресесінде оқыса да, қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. Қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де, ұлт ұлы болып қалады. Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру... М.Дулатовтың психология ғылымының оқу-тәрбие процесінде алатын орны жайлы айтқандары осы айтылғандармен шектелмейді. Бұлар арнаулы зерттеуді қажет етеді. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1. Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегіндегі философиялық-педагогикалық ой-пікірлер. 2. С.Торайғыровтың психологиялық-педагогикалық пікірлері. 3. А.Байтұрсыновтың «Мектеп керектері» еңбегіндегі дидактикалық принциптер. 4. Х.Досмұхамедовтың жаратылыстану ғылымы саласындағы ғылыми терминдерді жасауы. 5. М.Дулатовтың тәлім тәрбиелік тағылымы. 6. М.Жұмабаевтың тәрбиені төртке бөліп қарауы. 7. Ж.Аймауытовтың психологиялық көзқарастары. 4.5. XX ғасырдың 1940-1960 жж. Қазақстандағы педагогикалық теорияның дамуының негізгі мәселелері. 1. Т.Тәжібаевтың педагогикалық көзқарастары мен идеялары. 2. А.И.Сембаевтың мектептің тұтас тарихы және кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы педагогиканы жасауы. 3. Қ.Бержановтың педагогикалық мұрасы. Әдебиеттер: 1. Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. 1 том. Алматы, 2005 2. Ақынжанова М. Қазақ ағартушылары. Алматы, 1995. 3. Әсіпов С. Ы.Алтынсарин – ұлы ағартушы. Алматы, 1989 4. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006 5. Әлсатов Т. Орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері. Тараз. 1999 6. Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1984 7. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы. 1995 8. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы 1995 9. Қазақ халқының тәлім – тәрбие тарихынан. Алматы 1992 10. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы 1995 1941 жылы фашистік Германияның Кеңестер Одағына соғыс ашуы тарихшы ғалымдар айтқандай, аса ірі әскери қақтығыс болды. Соғыс кезіндегі ауыр жағдайдың өзінде де оқуды қоғамдық еңбекпен байланыстыру ісіне ерекше назар аударылады. 8-10 сыныптарға міндетті түрде тракторды, автомашинаны үйрену жүктелді. Ал 4-7 сыныптарда ауыл шаруашылығының қарапайым негіздерін үйрету енгізілді. Көптеген мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылары майданға аттанды. Халықтың өмірінде жас ұрпақты оқытуға және тәрбиелеуге байланысты әртүрлі қиындықтар пайда болды, мұғалімдер жетіспеді. Белгілі бір деңгейде білім алған мамандардың майданға кетуімен байланысты кейбір пәндерден оқытатын адамдар болмады. Республикаға Россия, Украинаның батыс облыстарынан көп адам көшірілді. Қазақстандықтар орталық аудандардан Қазақстанға көшірілген үлкендер мен балаларды жылы қарсы алды. Оларды жұмыспен, тұрғын үймен, қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етіп, жұмыс істеу үшін, мүмкіндігінше жағдай жасады
93 1943 жылы маусым айында КСРО Халық комиссарлар кеңесі "1943-1944 оқу жылында облыстық, өлкелік қалаларда, одақтық және автономиялық республикалардың орталықтарында және ірі өндірісті қалалардағы орта және орталау мектептерде ұлдар мен қыздарды бөлек оқыту туралы" қаулы қабылдады. Бөлек оқыту соғыс уақытындағы жағдайда практикалық қызметке сай оқушыларды арнайы дайындау мақсатымен ұлдар мен қыздардың дене тәрбиесінің даму ерекшелігін ескеруге қатысты болды. 1944 жылы "8 жас пен 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді есепке алуды ұйымдастыру және жалпыға бірдей міндетті білім беру жөніндегі заңның орындалуын бақылаудың тәртібі туралы" міндетті нұсқау жарық көрді. Жаңа нұсқауда әрбір бастауыш, орталау және орта мектеп жасындағы балалардың сауатын ашуды қамтитын өзінің учаскесінің болуы және оның орындалуын жергілікті кеңестердің атқару комитеттерінің бақылауға алуы қарастырылды. Соғыс жағдайы оқу орындарының жұмысында үлкен қиындықтар туғызды. Олардың ғимаратының бір бөлегі госпитальдарға берілді. Кейбір жағдайларда қорғаныс кәсіпорындары иеленді. Соғыс жылдарында басқа республикалар сияқты Қазақстанда да жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру ауылда және онжылдық білім беруді қалада жүзеге асыру уақытша тоқтатылды, мектептің балаларды оқумен қамтуы төмендеді. Осы жағдайларды ескере отырып, Отан соғысынан кейін жетім балалар мен материалдық халахуалы төмен көпбалалы отбасының балаларын мектеп-интернаттарда тегін оқыту, киіммен, 3 мезгіл тамақпен қамтамасыз ету ісі қолға алынды. Соғыс жылдарында орта білім ала алмай қалған жұмысшы жастардың орта білім алуына жағдай жасалды. Жұмысшы жастардың кешкі мектептері ауыл, селолар мен қалаларда көптеп ашыла бастады. Төл тіліміздегі ғылыми психология Ұлы Отан соғысынан бұрынғы жылдардың өзінде-ақ өркен жая бастағанған еді, 1938 жылдардан бастап «Халық мұғалімі» журналынын, беттерінде Тәжібаевтың осы ғылым төңірегінде жазған біраз мақалалары жарық көрді. Ғылыми жағынан мазмұны терен осынау дәрістер мен мақалалар студенттер мен мұғалімдердің психология саласында тиянақты да жүйелі білім алуына кезінде біраз кемегін тигізді. Осы еңбектерінде Т.Тәжібаев бұрын әр жерде шашырап, белгілі жүйеге түспей жүрген ұлттық психологиялық терминдерді саралап, бұл ғылымның тол тілімізде тамыр жая түсуіне жағдай жасады. Т.Тәжібаевтың «Жалпы психология» деген атпен «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген еңбегіне (1992) психология ғылымының, теориялык негіздері баяндалады. Бұл 1940, 1946 жылдары жарық көрген проф. С.Л.Рубинштейннің «Основы общей психологии» (1990 жылы орыс тілінде 2-том болып басылып шықты.—Қ. Ж.) атты кітабының ғылыми принцинптерімен астарлас дүниежүзілік классикалық психологияның іргелі теориялық кағидаларынан мол мағлұмат беретін, Ж.Аймауытов кітаптарынан кейінгі кесек психологиялық еңбек. Қазіргі таңда еліміздегі кайта құру күресінің ықпалымен республикадағы өзі тектес оқу орындарымен бірге қазақ мектептері жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жұмысын шұғыл жақсартуға, сөйтіп өздері еңбек ететін оқу орындарының көлеңке шалған беделін, береке – бірлігін, белсенділігін қаитаруға емес, үстем түсуге батыл бет бұрды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен республика Министрлер Советінің қазақ тілін оқып - үйренуде жақсарту туралы қаулысы, тілімізге мемлекеттік тіл мәртебесінің берілуі осы тілдің ең жақын жанашыры, қамқоры іспетті қазақ мектептері мұғалімдерін зор серпіліске басты. Мұғалім белсенділігін бұғаулап келген бейжайлықтың, немқұрайлықтың көнбестіктің көбесі сөгілді. Мұғалім творчество адамы деген үстемдікке жете бастады. Бұл әр пән мұғалімінің көтеруімен бірге, оның оқу - тәрбие жұмсының барлық мәселелріне белсенді араласуына жол ашты. Одақ көлеміне кең қанат жайған жаңашылдық, өткенді зерттеу, оны қайталап жазу, тарихи ірі тұлғалар еңбегін оқып – үйрену ісі қолға алынды. Тарих – өткен өмір, оны өзгертіп, өңдеп жазуға болмайды. Бірақ, тарихта жақсы да, жаман да болады деиміз. Ол – өмір. Сол тарихты қалай зерттеу керек. Тек сонда ғана тарихи тұлға халықтық, дұрыс бағасын алады. Қазақ халқы – мәдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи
94 ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие әдіс – тәсілдері бар халық. Жас ұрпақтың рухани жан дүниесі бай, ой парасаты кемелденген, адамгершілігі жағынан кіршіксіз таза, жан – жақты дамыған,білімді де мәдениетті етіп тәрбиелеу міндеті бүгінгі заманның ең келелі мәселесі. Біздің қоғам үшін әр кезеңде, әр семьяда өсіп келе жатқанөрімдей ұл, қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке,білімге құштар болып өсуі, туған халқы мен Отанына адал,өнегелі азамат болып өсуі - ең жоғары тілек, ең биік мақсат. Жалпы білім беретін орта мектептердің жұмысын одан әрі тереңдету, жеделдету міндеті совет ағартушыларын, ғылым - педагоктарды, жаңашылдарды ізденуге жетелеуде. Соның айғағы ретінде, жаңа мектеп концепциясы, жаңа мектеп ережелері дүниеге келеді, озат ойлы жаңашыл пелагоктардың тәрбие мен оқыту жөнінде айтқан ой – пікірлерін зерттеп, күнделікті іс – тәжірибесінде пайдалану көп ілгері басты, халық ағартуды ұйымдастыру және басқару ісінде түбегейлі өзгерістер орын ала бастап, батыл бетбұрыс жасауға бағыт алды. Мектеп ісіндегі осындай өмірлік маңызды бетбұрыстың тұтқасы – мұғалім. Оның қуат алатын қайнар бастауы – мұғалім жауапкершілігі, беделі мен белсенділігі. Мектеп ісіндегі сан – салалы игі істердің, жаңарулардың, жақсы бастамалардың қай – қайсысы болсын мұғалім жұмысында толысып, практикалық шешімін, творчестволық жалңасын тапқан күнде ғана жас ұрпақ бойына ізгі сезім, терең білім нәрі болып құйылып, өмірдегі өрісі кеңейе бермек.Сондықтан да ел ішінде мұғалімді құрметтеп, ұстаз атап, ұлағатты ойдың, өнегелі ойдың өрісі кеңейе бермек. Өз еңбегін сүйетін, шәкірттерін жақсы көретін, туған колективтің абройлы болуы үшін күресе білетін әрбір ұстаздың осындай сый – құрметке лайық болуға ұмтылуы – парыз. Мектепке деген жұртшылық сеніміне, құрметіне дақ түспеуі үшін мғалімдер коллективінің әр мүшесі үлкен – кіші демей, ынтымақтаса, творчестволықпен еңбек етіп, оқу – тәрбие жұмысының үнемі ілгері басуы үшін күресуі керек. Өйткені, ұстаз шәкіртімен, мектеп түлектерімен көрікті, құрметті. Тоқырау жылдарында мектеп ісінің кері кеткені бүгүн жасырын сыр емес. Сөз жоқ, бұл мұғалімдердің де өз кәсібіне ынта – ықласын кемітіп, оқу - тәрбие жұмысында көп кемшіліктің орын тебуіне, жас ұрпаққабілім беруде сапасыздықтың белең алуына,мұғалімдер коллективі қожрап, негізгі мақсатқа жүрдім – бардым қарайтын жауапсыздықтың тамыр жаюына әкеліп соқты. Нұрғалиев Қ.Н. 1925 ж қазан айының 29 күні Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында дүниге келген.Шыңғыстай мектебінің сегізінші класын бітіріп, еңбекке араласады. 19 жасында отан соғысына аттанған.1944ж ауыр жараланып, екі аяғы, бір қолынан айырылады. Москва госпиталында екі жыл емделіп, он екі операциядан өткен. Сол госпитальда емделген жылдарында сегізінші, тоғызыншы, оныншы сыныптар емтихандарын экстерно тапсырып, орта білім туралы аттестат алады. Сонымен қатар бухгалтерлік курсты сырттай оқып бітіреді. Ауылға оралған бойда бірінші топтағы мүгедектігіне қарамастан, педагогтық еңбек жолын орыс тілі пәнінен сабақ беруден бастайды. Қазақтың Абай атындағы педагогика институтының тарих факультетін сырттай оқып бітіреді. Қ.Н.Нұрғалиевтің жауынгерлік ерлігі мен халыққа сіңірген еңбегі жоғары үкімет наградалары Әскери қызыл Ту, Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бес медальмен марапатталды. Құмаш Нұрғалиұлы 1948 жылдан СОКП мүшесі, ССРО Халық мұғалімі және Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі. Жаңашыл ұстаздың жеке басына тән қасиеттері. Қ.Н.Нұрғалиевтің жеке басының ерен ерлігі, ерік күшінің молдығы, қызметіне деген жауапкершілігі, жұмысқа берілгендігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті, жоғары идеялылығы, адамгершілік турашылдығы, өз пәнін жақсы білумен қатар, әр кез білімін көтеруге құлшынғыштығы, қасиеті, педагогтық ізденімпаздығы, творчествалық еңбегі Боран мектебін еліміздің таңдаулы мектептері қатарына қосуға жәрдем етті. Соңғы жылдары мектепке Қ.Нұрғалиевтің есімі берілді. Қазір ол мектеп-гимназия 800 жуық оқушысы бар. Мектеп жанындағы оқу-өндірістік комплексінде 9-10 кластағылар екі жыл ішінде шоферлік, тракторшылық, электрик мамандықтарын алып шығады. Мектептің бүкіл оқу-тәрбие жұмысы техникалық құралдарды қолдануға негізделген. Барлық қырық пән кабинеттерінің техникалық орталығы Республикамызда тұңғыш рет осы мектепте жасалған. А.Ысқақов 1953 жылы туған. Жаңашыл ұстаз. 1957 ж С.М.Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітіріп, Алматы және РСФСР мектептерінде математика пәнінен сабақ беріп, мол тәжірибе жинақтаған дарынды ұстаз.1988-1989 оқу жылынан
95 бастап ерекше тәжірибені қажет ететін жоғары класс оқушыларына арналған экспериментті мектептің директоры қызметін атқарады. Бүкілодақтық халыққа білім беру қызметкерлері съезінің делегаты және халыққа білім беру Советінің мүшесі (1988 ж, желтоқсан айы). Көпшілік «Архимед мектебін»-«болашақ мектебі» дейді. Еліміздің өміріндегі сапалық өзгерістерге сай мектептің оқу – тәрбие жұмысында түбегейлі бетбұрыс жасау идеясы. Әрбір жеке оқушының жеке дамуына азаматтық белсенді позицияның қалыптасуына мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясы. Педагогикалық процесті еріктілік, демократиялық принцпке негіздеу идеясы. Архимед мектебінің басым көпшілігі ерекше тәрбиені қажет ететін әдеттегі «қиын» балалар деп аталып жүрген 9-10 класс оқушылары. Алайда, педагогикалық коллектив өз еріктерімен келген жасөспірімдердің ешқайсысында «қиын» оқушы деп есептемейді. 200 астам жасөспірімнің барлығын да өздерінің бейімділігі мен ынта-ықыласына қарай іске тартып, сенім артып, адал еңбектің абыройәрекетіне жеткізу. Архимед мектебінің әлеуметтік міндеті- балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру. Олардың өмірдегі өз жолын табуға көмектесу. Бұл мектеп жартылай шарушылық есепте жұмыс істейді. Оқушылар түске дейін қаланың жүзден астам өндіріс орындарында міндетті түрде 4 сағат еңбек етеді. Еңбегіне қарай тиесілі табыс табады, оның 50 сомын мектеп қорына өткізеді. Бұл қаржы олардың өздерінің бос уақыттары мен каникулдарын мәнді ұйымдастыру үшін жұмсалады. Оқуға деген ынтасына қарай оқушыларға 10 сомнан 50 сомға дейін стипендияда төленеді. Оқушылар сағат 14 –тен бастап сабақ оқуға отырады. Программаның ерекшелігі: жалпы білім беретін пәндерден басқа әр оқушының қалауына сай бір-екі пәнді тереңдете оқып-үйрену үшін міндетті түрде, таңдамалы курс белгіленген. Бейнелеу өнері, кинотеатр, музыка және дін тарихы пәндері енгізілген. Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатымен дене шынықтыру сабағы аптасына бес рет(бір сабағы міндетті түрде бассейнде) өткізіледі. Сондай-ақ, ағылшын тілінде аптасына төрт сағат берілген. Компьютер класымен қатар, арнайы 12 курс: «Журналистика негіздері», «Социология және психология негіздері» т.б. бар. Мектепте мектеп кеңесі құрылған. Мектептің мұғалімдерімен тең құқылы түрде оқушыларда мектеп кеңесінің мүшелері басқарады. Мектеп бітіруші түлек аттестат, паспорт, екі жыл еңбек стажы бар еңбек кітапшасын, жұмысшы мамандығын алып шығады. Т.Тәжібаев еңбектерінің біразы халкымыздың ғұлама перзенттері Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың психологиялық және педагогикалық көзқарастарын зерттеуге арналған. Әсіресе, Абайдың психологиялық көзқарастарын көп жылдар бойына сарыла зерттеп, "бірнеше енбектер жазды. Абайдың саяси-әлеуметтік/ пәлсапалық көзқарасына жан-жақты талдау жасай келіп, оның психологиялық ойлары мен пайымдауларына кең тоқталады. Ғалымның тұжырымдауынша Абай тек асқан кемеңгер, ойшыл ақын ғана емес, ол сонымен біріге қазақтан шыққан ірі философ, психологиялық білімдер жүйесін насихаттаумен айналысқан ғұлама. Байырғы қазақ тілінің сарқылмас бұлағынан сусындай отырып, Абай ұлттық психологиялык, ұғымдардың негізін қалады. Ол қазақтың жазба әдеби тілінін негізін. қалаумен шектелмей, сонымен қатар ұлтық пснхологиялық білімдер саласына катысы бар ұғым, түсініктерді саралап тусіндірген еді. Бар өмірін туған халқының игілігіне сарп еткен Тәжібаев еңбектерінің қазіргі жас буынға ғылыми-тәлімдік тағылымы аз болмаса керек. Республикадағы психология ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Оған да бірнеше сәтті жағдайлар себеп болды. Мәселен, 1947 жылы КазПИ-де республика бойынша тұңғыш психология кафедрасы құрылды. 1946 жылғы БК(б)П Ррталық Комитетінің орта мектептерде логика мен психологияны оқыту жөніңдегі қаулысына сәйкес Қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтың бөлім ашылды. 1951—1953 жылдар орайында осы бөлімде жүзге жуық адам бітіріп шықты. Бұлардың көпшілігі психологиядан мамандық алып, республиканын жоғары және орта арнаулы оқу орындарында мұғалімдік қызметке жолдама алды. 50-жылдары республика үшін психолог кадрларын даярлауда профессор Т.Тәжібаевпен бірге соғыс жылдары Саратовтан Алматыға келген профессор И.Л.Стычинский (1896— 1969) зор үлес қосты. Қартбай Бержанов (1924-1976)- педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым–ұстаз. Қорыта айтқанда, Қазақстанда педагогика ғылымын 20 ғасырдың 2-ші жартысынан бері тез қарқынмен дамыды Педагогика ғылымының докторы, профессор Қ.Бержанов артына үлкен
96 педагогикалық мұра қалдырған, Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуына қосқан өзіндік үлесі бар көрнекі ғалым. Ғалымның ұзақ жылдар бойғы зерттеулері нәтижесінде жазылған бағалы еңбектерінің бірі- "Педагогика тарихы" оқулығы. Бұл жоғары оқу орындары оқушыларының мектеп мұғалімдерінің, студенттердің қолтума кітабына айналды. Ғалым зерттеулерінің басты бір өзегі - педагогиканың білім беру және оқыту теориясын жетілдіретін саласы дидактиканы зерттеуі еді. Ол дидактиканы қазақ топырағымен байланыстыра зерттеді. Мысалы, ол біріншіден прогрессивті орыс педагогикасының дидактикалық үлгі-өрнектері қазақ мектептерінде Ы.Алтынсарин ашқан мектептердің тәрбиесі арқылы жүзеге асырылды десе, екіншіден, С.Көбеевтің "Үлгілі бала"оқулығын дидактикалық еңбектер қатарына қосады. Үшіншіден, ол "Айқап" журналының материалдарын да дидактикалық еңбкктер қатарына косуы да оның еңбектерінің жан-жақтылығын дәлелдейді. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы ғылым мен білімнің даму жағдайы. 2. Т.Тәжібаевтың педагогика ғылымына қосқан үлесі. 3. Әбдіхамит Сембаевтың ғылыми–педагогикалық еңбектері. 4. Қ.Бержановтың «Педагогика тарихы» оқулығы. 4.6. Егеменді Қазақстандағы мектеп және педагогика (1992 жылдан қазіргі күнге дейін). Жоспар: 1. Бастауыш, орта және жоғары мектептің даму тенденциялары. 2. Қазіргі оқу тәрбие орындары. 3. ҚР Конститутциясының білім беру жөніндегі аспектілері. Әдебиеттер: 1. Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. Алматы, 2005 2. Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің педагогикалық кафедрасының авторлар ұжымы. Алматы, 2003 3. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Астана, 1998 4. Ж.Асанов. Оқушы оның дамуы және тәрбиесі. Қ.1993 5. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Мектеп, 2006 Халыққа білім беру ісін жетілдіру мемлекет саясатының өзекті мәселелерінің бірі. Білімнің мазмұны оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми көзқарасы, мінезі қалыптасады. Мектеп халық шаруашылығының әр саласына белсенді, қызметке қабілетті, саналы, жоғары білімді адамдарды тәрбиелеу үшін қоғамның тапсырмасын орындайды. Білім беру мазмұны дегеніміз- жеке тұлға қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгерумен жүйелі білім алуы, іскерлікпен дағды қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру. Нағыз білімді адам деп өзінің ақыл ойы жетілген, әдіс тәсілдерді меңгерген, қабілетті, өз пікірін дәлелдей алатын, жеке тұлғаны айтамыз. Білімнің мазмұны мектептің негізгі мақсаты. Білім беру мазмұнының мәні әр пәннен ғылыми білімді қамтамасыз ету. Педагогика тарихында қалыптасқан рухани мұралар білімнің негізгі мазмұны, ғалымдардың пікірі бойынша білімдік сапа білім мазмұнының құндылығы. Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда соңғы он жылдықта білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында, жеке тұлғаны дамыту бірінші орынға қойылды. Білім мазмұны туралы И.Я.Лернер, М.И.Скаткин, В.С.Леднев, Б.М.Бим Бада, А.В.Петрофский т.б. еңбектерінде баяндалған. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру Лернер мен Скаткин білім беру мазмұнының теориялық тұрғыда білім, іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде, шығармашылық ісәрекет пен ерікті сезім тәжірибесін меңгеруді ұсынды. Бірқатар елдің педагогтары жеке тұлғаға
97 жалпы адамзаттық тәрбие беруді негізге ала отырып, оқу мазмұнына табиғи құбылыстардың және қоғамдық өмірдегі өзара байланысты түсіндіруде оқу пәндерін кіріктіруді негізге алып отыр. Әртүрлі оқу пәндеріндегі материалдарды оқушылардың игеруі үшін оқу бағдарламасының негізі етіп пәнаралық байланысты басшылыққа алуда. Білімнің мазмұны тұлғаның жан жақты үйлесімді дамуына бағытталуы тиіс. Осы талаптардың негізіне мынадай принциптерді қолдану білім мазмұнының деңгейін көтеруге өте қажет. 1. Оқушыларды біліммен қаруландыратын табиғатты қорғауға, еңбекке және өмірге жауапкершілік қатынасты тәрбиелеудің қажеттігі. 2. Білім мазмұны негізінде ұлттық мәдени тарихи байлықты жалпы азаматтың мәдени мұрасымен ұштастыру. 3. Білім мазмұнында әлеуметтік экономикалық даму жолдарын ескерудің маңыздылығы. 4. Пәнаралық байланысты ғылыми әдістемелік негізде жүзеге асыру. 5. Қазіргі үдемелі ғылыми техникалық жағдайда ақпаратты технологияны пайдалану, білім мазмұнын жаңарту. 6.Ұлттық тілді, халықаралық қатынас тілдерін оқып үйренудің тұрмыс, мәдениет және ғылым салаларындағы маңыздылығы. 7. Жалпы білім мазмұнының политехникалық және кәсіптік білім мазмұнымен ұласуы теориялық, практикалық білімнің негзі. Мектепте білім мазмұнын анықтау мына мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс: - Табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімді қалыптастыру; - Ғылыми жаратылыстану көзқарасын тәрбиелеу; - Адамды жан-жақты дамыту міндеттерін жинақты шешу; - Жастарды өмірге, еңбекке, мамандық таңдауға даярлау. Білім беру мазмұнының негізгі құрылымдық ұстанымын әртүрлі деңгейде қалыптастыру барысында теориялық мазмұнының негізін құраушы пән, оқу материалдары, педагогикалық ісәрекет оқушының тұлға болуымен сәйкестенуін қалайды. Жалпы білім беру мазмұнының құрылымдық ұстанымдарын тағдағанда соңғы жылдары білімдік бағдардан жеке тұлғаның бағдарлы білімге өтуге байланысты берік гуманитарлық тенденция қалыптасты. Жалпы білім беру мазмұнын гуманитарландыру ұстанымы ең алдымен шығармашылық және практикалық жағынан игеруге жағдай жасауға тікелей байланысты. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға және қазіргі қоғамдағы жағдайды ескере отырып жеке тұлғаның гумандық мәдениетінің негізгі компоненті: өмірде өзін-өзі анықтау мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті; саяси және құқықтық мәдениеті; интеллектуалдық адамгершілік, экологиялық, көркемдік және дене мәдениеті, отбасы және қарым-қатынас мәдениеті сияқты қалыптастыруға байланысты. Бұл ұстаным көп қырлы. Ю.К.Бабанский ғылымдар негіздерінің мазмұнын таңдап алу үшін төмендегі критерийлер жүйесін атап көрсетті. 1.Тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру міндеттері білім мазмұнындағы тұтас бейнелеу критерий. Бұл критерийді пайдалану үшін жүйелі құрылым талдау әдістері қолданылады. Осы әдістердің негізінде оқу бағдарламасында көрсетілген барлық негізгі теориялар, заңдар мен ұғымдар ғылымның осы саласы жөніндегі жеткілікті тұтас түсінік береді, ғылым өндірісте, қоғам мен мәдени өмірде қолданылады; оқушылардың дағдысын, танымдық ынтасын, ақыл-ойын дамытуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерінің негізгі түрлері пайдаланылады. 2. Ғылым негіздеріне кіретін мазмұнның жоғары ғылыми және практикалық мәнділік критерийі. Мұны қолдану арқылы өте қажетті теориялардың, заңдарын және негізгі ұғымдардың мәнін ашу үшін эксперттік бағалау жолымен бағдарламада тым универсальды элементер мазмұнын қалдырады. Осы жастағы оқушылардың нақтылық оқу мүмкіншілігіне мазмұнының сәйкестік критерийі. Мұны пайдалануда төменгі әдістер қолданылады: диагностикалау, бақылау жұмыстары, жоғары оқу орнына түсу емтихандарының нәтижесін талдау т.б. 3. Осы пәнді білуге берілген уақытқа мазмұн көлемінің сәйкестік критерийі. Мұны пайдалануда қолданылатын әдістер: материалды толық меңгеруге жұмсалатын уақытта лабораториялық
98 эксперимент арқылы зерттеу, оқушының тапсырманы орындауда жұмсаған уақытын жалпы мектеп бақылау жұмыстары арқылы дәл жазып алу және нашар үлгеретін оқушыларға көмек көрсету. Осыларды қолдану нәтижесінде бағдарламаның бірінші вариантынан маңызы азырақ кейбір мәселелер, мәліметтер, фактілер алынып тасталады. 4. Орта білім мазмұнын құрауда халықаралық тәжірибені ескеру критерийі. Осыған сәйкес білім мазмұнына басты лабораториялық және практикалық жұмыстардың кіруі қажет. Оларды өткізу ұшін мектеп өмір талабына сай жабдықталуы тиіс. «Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Ең бастысы жалпы білім беретін қазақтың ұлттық мектебін жасау. Білімнің мазмұны оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми көзқарасы, мінезі қалыптасады. Білімнің мазмұны тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталуы тиіс. Осы талаптарды негізінде мынадай принциптерді қолдану білім мазмұнының деңгейін көтеруге қажет. 1.Оқушыларды біліммен қаруландырудың табиғатты қорғауға, еңбекке және өмірге жауапкершілік қатынасты тәрбиелеудің қажеттілігі. 2. Білім мазмұны негізінде ұлттық мәдени тарихи байлықты жалпы азаматтың мәдени мұрасымен ұштастыру. 3. Білім мазмұнында әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын ескерудің маңыздылығы. 4. Пәнаралақ байланыстарды ғылыми-әдістемелік негізде жүзеге асыру. 5. Қазіргі үдемелі ғылыми-техникалық жағдайда ақпаратты технологияны пайдалану, білім мазмұнын жаңарту. 6. Ұлттық тілді, халықаралық қатынас тілдерін оқып үйренудің тұрмыс, мәдениет және ғылым салаларындағы маңыздылығы. 7. Жалпы білім мазмұнының политехникалық және кәсіптік білім мазмұнымен ұласуы теориялық, практикалық білімнің негізі. Мектепте білім мазмұнын анықтау мына мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс: -Табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімді қалыптастыру; - Ғылыми жаратылыстану көзқарасты тәрбиелеу; - Адамды жан- жақты дамыту міндеттерін жинақты шешу; - Жастарды өмірге, еңбекке, мамандық таңдауға даярлау. Жалпы орта білім мазмұнын қалыптастырудың көзі адамның өз тағдырын өзі шешудегі негізгі өрісі (ортасы) адам, табиғат, ноосфера болуы қажет. Адам қоршаған ортада тұлғаның өз тағдырын өзі шешу үшін тіршілік әрекетін, білімнің гумандық негізде қамтамасыз етеді. «Қоғам» өрісінде өз тағдырын өзі шешу Отан, адамзат, құқықты мемлекет, демократия, жариялылық, үйелмен, еңбек, азаматтық жауапкершілік сияқты құндылықтарды игеру арқылы болады. «Адам табиғат» қатынас жүйесінде адам өзін табиғаттың бөлшегімін деп тануы экологиялық мәдениетті меңгеруі, жас ұрпақ алдында жауапкершілігін түсінуі керек. Ноосфера (грек сөзі- ноос- ақыл және сфера)- қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігін ойдағыдай ұйымдастырып, қоршаған ортаның нашарлауына әсер ететін, талан-таражға салатын жыртқыштық, апатты әрекетке жол бермеу. Осы мәселелерді мектепте, білім беру процесінде қолдана білуі қажет. Жалпы білім- оқуышылардың ғылым негіздерін игеру процесі және нәтижесі. Жалпы білім мазмұнына оқылатын пәндердің негізгі үш циклы кіреді: ғылыми- жаратылыс, гуманитарлық, еңбек және дене дайындығы. Ғылыми жаратылыстану пәндері (физика, математика, химия, биология т.б.) табиғат заңдылықтары жайында оқушыларға терең білім береді, олардың ойлау қабілеттерін дамытудың
99 негізгі құралы болады. Гуманитарлық білім беруде тарих, әдебиет, музыка, бейнелеу өнері үлкен роль атқарады. Олар оқушылардың эстетикалық талғамын, адамгершілік сезімін қалыптастырады, оларды дүние тарихымен, мәдениетімен, рухани байлықтармен таныстырады. Еңбек және дене шынықтыру пәндері оқушылардың денсаулығын нығайтады, түрлі ісәрекеттер процесінде олар іскерлікке, дағдыға икемденеді. Еңбек сабақтары кәсіптік бағдар беру ісіне болымды әсер етеді. Сонымен оқушылар ғылыми білімдер жүйесін меңгере отырып, құбылыстардың мәніне түсінеді, ғылыми-зерттеу әдістері және ғылымның даму тарихымен танысады, табиғаттың және қоғамның әділетті даму заңдарын таниды. Жалпы білім, политехникалық және кәсіптік білімнің негізі және олармен өзара тығыз байланысты. Политехникалық білім берудің мәні өндірістің барлық процестерінің негізгі принциптерімен таныстыру. Қазіргі жағдайда оқушыларға политехникалық білім беру радиоэлектрониканың, кибернетиканың және телемеханиканың, атомдық энергетиканың, генетиканың т.б. ғылым мен техника салаларының соңғы жетістіктеріне байланысты. Біздің елімізде кәсіптік білім берудің екі сатысы бар: орта мамандар даярлайтын арнайы оқу орындарын (әр түрлі техникалық колледждер), жоғары маман даярлайтын оқу орындары (институттар, университеттер, академиялар). Арнайы орта және жоғары оқу орындарында кәсіптік білім беру мазмұны бір-бірімен өзара байланысты үш бағытта құрастырылады: а) мамандыққа байланысты теориялық білім беретін арнайы пәндер; б) практикалық білім кәсіптік шеберлікті меңгеру; в) жаратылыс математикалық және гуманитарлық ғылымдарын негіздерін меңгеру. Кәсіптік білімнің негізі жалпы және политехникалық білім. Осы білімнің негізінде арнайы орта және жоғары оқу орнын бітіретін мамандардың жалпы ғылыми даярлығы кеңиді, сауаттылығы артады, өз мамандығын терең меңгереді. Жалы білім беретін оқу орындары үшін арнайы нормативті құжаттар, яғни, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар және оқу құралдары жасалады. Оқу жоспары- бұл оқу пәндерінің құрамын әрбір сынып және пән бойынша апталық сағат санын анықтайтын мемлекеттік құжат. Оқу бағдарламаларында білім мазмұны сипатталады, пәндер бойынша әр жылға және оқылатын курс тараулары мен тақырыптарына бөлінетін сағаттар саны белгіленеді. Әр пән бойынша түсінік хат жазылады. Онда пәндерді оқыту жайындағы негізгі міндеттер көрсетіліп, мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулар ұсынылады. Оқулықтар оқу бағдарламаларының негізінде жасалады. Олар оқушыларға білім берудің негізгі көзі. Әрбір оқулыққа қойылатын талаптар: - Оқу материалының жоғары идеялық және ғылыми деңгейінде түсінікті болып баяндалуы; - Пәнаралық байланысты жетілдіру; - Оқу материалының жас ерекшелігіне сәйкестігі; - Жалпы орта білім мазмұнында табиғат, қоғам, техника, мәдениет және адам жайындағы ғылымдардың барлық негізгі бағыттарын тұтас бейнелеу; - Біздің елімізде және басқа елдерде салыстырмалы бағалау әдістерінің көмегімен жалпы білім мазмұнын таңдап алу жайындағы халықаралық тәжірибені ескеру. ҚР 12-жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнелейтін негізгі құжат болып табылады. Бұл тұжырымдама ҚР «Білім туралы» Заңына; «ҚР 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына»; ҚР білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; БОЛОНьдегі Еуропа елдері білім министрлігінің кеңесіне, ЮНЕСКО- ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді. Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-
100 ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады. Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес , айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасатын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік,белсенділік, төзімділік, әлеуметтік жауапкершілік, ойөрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы. Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына алып кеп соғады. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірден тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне енуіне дайындығын қамтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыру қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің ролін күшейтудің маңызы зор. Тұжырымдаманың мақсаты- 12 жылдық мектеп жағдайында ҚР жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау. Тұжырымдаманың міндеттері: 1) 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсету; 2) 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылық-экономикалық негіздемесін дайындау; 3) осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау; Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады: 1. Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибеге сүйене отырып,12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі. 2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері. 3. Жалпы орта білім беру құрылымы. 4. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары. 5. Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. 6. Педагогикалық кадрлар. 7. Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі. 8. Жалпы орта білім беру жүйесін басқару. 9. 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары. I. Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі. Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады: - қоғам дамуының қарқындылығы; - ақпараттық қоғамға көшу, мәдениетаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі; - халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі; - қоғамның демократиялануы; - экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі; - адам капиталы мәнінің артуы; Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде төмендегідей тенденциялар байқалып отыр: