1 2 - к і т а п ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ Алматы-2016 Көрнекті ғалым-ұстаз, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сағира Рахметоваға арналады.
2 ӘОЖ 37.0 КБЖ 74.00 Т14 Кітапты құрастырушылар: п.ғ.д., профессор.Жұмабаева Ә.Е п.ғ.к.,аға оқытушы Базарбекова Р.Ж. Т 14 Тағылымды тарих. Бастауыш сыныптардың, «БОПӘ» мамандығы бойынша «Ана тілі» оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы, ғалым-ұстаз, п.ғ.д., профессор Рахметова Сағира туралы 2-кітап. Құрастырушылар: п.ғ.д., профессор.Жұмабаева Ә.Е., п.ғ.к., аға оқытушы Базарбекова Р.Ж.-Алматы: 2016.- б. ISBN 978-601 7399-61-0 «Тағылымды тарих» суретті кітабы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ректорының гранты бойынша жүргізілген «Мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының тәжірибесін жинақтау, талдау және тарату» ғылыми жобасының нәтижесі. 2-кітап көрнекті ғалым-ұстаз, п.ғ.д., профессор Рахметова Сағираға арналып отыр. С.Рахметова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 28 жыл ұстаздық, басшылық қызметте болып, кәсіби және ғылымишығармашылық іс-әрекетке бейімделген педагог-қызметкерлердің ортасын қалыптастырды, тәжірибелі-аға ұрпақ пен өскелең-жас ұрпақ өкілдерінің сабақтастық байланысы мен үйлесімді іс-әрекетін жүзеге асырды. Кітапқа ғалымның өмірі мен шығармашылық еңбегі туралы мәліметтер, естеліктер, қоғамдық қызметінің негізгі кезеңдері және өз еңбектері сұрыпталып енгізіліп отыр. ӘОЖ 37.0 КБЖ 74.00 ISBN 978-601 7399-61-0 © Құрастырушылар: Ә.Е.Жұмабаева Р.Ж. Базарбекова, 2016
3 ОҚЫРМАНДАР ЕСІНЕ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында: «Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз», – атап көрсеткен болатын. Шын мәнінде де, біздің бүгінгі жетістіктеріміз аға ұрпақтың өмірлік тәжірибелерін кейінгі буынның жалғастырып, осы кезге дейін жеткізуінде. Біз үшін аға ұрпақтың жинаған өлшеусіз тәжірибелері баға жетпес қазына болып табылады. Демек өткен тарихымызды, аға ұрпақтың кейінгі ұрпақ үшін жасағанеренеңбектерінбілу, оларды кейінгі жасұрпаққа таныту – Жолдауды жүзеге асырудағы негізгі мақсаттарымыздың бірі. «Мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының тәжірибесін жинақтау, талдау және тарату» тақырыбында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ректорының гранты бойынша зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде ұрпақтар сабақтастығы дәлелді түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелікмәні ашылды. Педагогикажәне психология институты мен оның құрамындағы дефектология, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, психология және педагогика факультеттерінің тарихы алғаш рет зерттеліп, мамандықтардың қалыптасып дамуына сүбелі үлес қосқан ғалымдар тобы айқындалды: Р.М.Қоянбаев, Т.С.Сабыров, М.Ә.Қараев, С.Р.Рахметова, Р.Т.Мендекинова, Т.Қ.Оспанов, О.С.Сатқанов, Ж.Ы.Намазбаева және т.б. Осы ғалымдарды «Тағылымды тарих» атты кітап арқылы
4 насихаттау ұйғарылып, бұл кітаптың алғашқы сериясы белгілі педагог-ғалым Р.М.Қоянбаевқа арналса, екінші кітап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесінің ғылыми негізін салған Сағира Рахметоваға арналып отыр. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор РАХМЕТОВА САҒИРА РАХМЕТҚЫЗЫ
5 С.РАХМЕТОВАНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ САҒИРА РАХМЕТҚЫЗЫ – 1931 жылы 8 наурызда Батыс Қазақстан облысы Жанғалы ауданы Саралжын аулында туған. 1936-1946 жж. – Батыс Қазақстан облысы Жанғалы ауданы Саралжын орта мектебінің оқушысы 1947-1951 жж. – А.С. Пушкин атындағы Орал мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінің студенті 1966-1968 жж. – Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының аспиранты 1969 ж. – «Бастауыш класс оқушыларының жазба тілін дамыту» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Шифр – 732 – қазақ тілін оқыту әдістемесі. Ғылыми жетекшісі: ҚазССР-на еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор А.И.Искаков. 1969 ж. – СССР Министрлер Советі жанындағы Жоғары аттестациялық Комиссия шешімімен педагогика ғылымдарының кандидаты 1970 ж. – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аға оқытушысы 1977 ж . – СССР Министрлер Советі жанындағы Жоғары аттестациялық Комиссия шешімімен психология кафедрасының доценті 1994 ж. – «Бастауышкласс оқушыларының тілін дамытудың
6 ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми кеңесшісі: филология ғылымдарының докторы, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Н.Оралбаева. 1995 ж. – Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның шешімімен педагогика ғылымдарының докторы 1996 ж. – Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның шешімімен педагогика мамандығы бойынша профессор ЕҢБЕК ЖОЛЫ 1947-1951 жж. – А.С.Пушкин атындағы Орал мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінің студенті 1951-1952 жж. – Орал облысы Саралжын мектебінің мұғалімі 1953-1954 жж. – Саралжын мектебінің директоры 1954 жж. – Батыс Қазақстанда ЛКСМ-нің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі 1954-1956 жж. – Республикалық «Мектеп» баспасының редакторы 1957- 1960 жж. – Республикалық «Мектеп» баспасының «Қазақ тілі мен әдебиет» бөлімінің меңгерушісі 1965 ж. – Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми зерттеу инсти
7 тутының аспиранты, ғылыми қызметкері 1967 -1970 жж. – Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми зерттеу институтының оқу педагогикалық баспасының редакторы 1985-1986 жж. – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің психология кафедрасының меңгерушісі 1988-1992 жж. – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі 1992-1997 жж. – Бастауыш мектепте қазақ тілі мен оны оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі 1997-2011 жж. – Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ 1952-1954 жж. – Орал облыстық комсомолдар комитетінде үгіт-насихат бөлімінің орынбасары 1998-2001 жж. – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті жанындағы «Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі», «Орыс тілі теориясы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша филология (10.02.02.) және педагогика (13.00.02.) ғылымдарының докторы дәрежесін беру жөнінде мамандандырылған Д 14.09.04 диссертациялық кеңес төрағасы 2002- 2011 жж. – Абай атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті жанындағы филология және педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.09.04 диссертациялық кеңестің мүшесі
8 МАРАПАТТАЛУЫ 1957 ж. – СССР Жоғары Кеңестің Президумының жарлығымен «За освоения целенных земель» төсбелгісімен марапатталды. 1964 ж. – ҚазақССР Оқу Министрлігінің «ҚазақССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталды. 2008 ж. – Кәсіптік мамандар даярлауда сіңірген еңбегі үшін «Үздік-ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. ӨМІРДЕРЕК Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық идеяларын Тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму кезеңіндегі білім беру жүйесінде жалғастырып, отандық педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан қайраткер ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Рахметова Сағира Рахметқызы 1931жылдың 8 наурызында Батыс Қазақстан облысы Жанғалы ауданының Саралжын ауылында дүниеге келген. С.Рахметова 1951 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген соң, еңбек жолын Жанғалы ауданындағы ауылдық мектепте мұғалім болып бастады. 1952 жылы Орал облыстық комсомол комитетінің үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне қабылданды. Ал 1954-1966 жылдары Алматы қаласындағы республикалық педагогикалық «Мектеп» баспасының редакторы, редакция меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1966-1969 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика
9 ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында «Қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарында ана тілін оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша білім алды. 1969 жылы «Қазақ мектептерінде бастауыш сынып оқушыларының жазбашатіліндамыту» тақырыбындакандидаттық диссертация қорғады. Сағира Рахметқызы 1970 жылдан осы кезге дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аға оқытушы, доцент, профессор қызметтерін атқарып келеді. Ол 1985-86 жылдары психология, 1988-1992 жылдары бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 1992-1997 жылдары бастауыш мектепте қазақ тілі мен оны оқыту әдістемесі кафедраларының меңгерушісі бола жүріп, отандық педагогика ғылымының жетілдірілуіне ұйытқы болып, оның дәуір талабына сай өрістеп дамуына қомақты үлес қосты. Үздіксіз ізденістерінің нәтижесінде Сағира Рахметқызы 1994 жылы «Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылымиәдістемелік негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1997 жылдан осы кезге дейін мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры. 1961 жылдан 1998 жылға дейін қолданыста болған 4 сынып Ана тілі оқулықтары авторларының бірі ретінде жас буынның бойына рухани құндылықтарды сіңіруді мұрат етті. Осы жылдар аясында ол өзінің ғылыми мектебін қалыптастырды, бастауыш білім беру саласында 10-нан астам ғылым кандидаты мен 3 ғылым докторын дайындады. Бар саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне, қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының дамуына арнаған ұстаз-ғалым Сағира Рахметқызы – Тәуелсіз Қазақстанның белгілі ғалымы ретінде қазіргі жаңарулардың тұғырықаланған мемлекеттік деңгейдегі базалық-нормативтік құжаттарды дайындауға атсалысқан, Ұлттық мектептің моделін, егеменді ел мектебіндегі Тарих – Білім – Мәдениет үштағанына негізделген білім мазмұнының жаңа макромоделін айқындауға еңбек сіңірген көшбасшы ғалым. Ол – 11 және 12 жылдық мектептерге арналған «Қазақстан Республикасы бастауышбілім берудің мемлекеттік
10 стандартының», «Жалпы білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған әдебиеттік оқу бағдарламаларының» және заман талабымен өмірге келген 2-4-сыныптарға арналған «Ана тілі» жаңа буын оқулықтарының, оқу-әдістемелік кешендердің жетекші авторы. Ғалым қаламынан туған 200-ден астам ғылыми еңбектердің ішінде жоғары оқу орны бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенттеріне арналған «Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы» мен педагогикалық колледж білім алушыларына арналған «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқу құралдары, «Кіші жастағы оқушылардың жазу тілін дамыту», «Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту» және т.б. оқу-әдістемелік құралдары, әр кезеңнің сұранымына лайық жарық көрген ғылыми мақалалары бар. Сағира Рахметова – егемен еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуіне мүмкіндік беретін асқаралы міндеттерді шешуіне аянбай атсалысқан айтулы тұлғалардың бірі. Ол 1998-2001 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Д 14.09.04 филология, педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Диссертациялық кеңесінің төрағасы, ал 2002 жылдан бастап осы кеңестің белді мүшесі бола жүріп сандаған жастардың ғылым өлкесінде өз мүмкіндіктерін танытуына жол ашты. Сағира Рахметқызының еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, ол «Тың игеру» (1959), «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен (1964), «Үздік ұстаз» (2008) медальдеріменжәнеҚазақстанРсепубликасыБілімжәнеғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Оның есімі «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары мен оқытушылары» энциклопедиясына енгізілген (2005).
11 ҒАЛЫМНЫҢ ОТАНДЫҚ БАСЫЛЫМДАРҒА ШЫҚҚАН МАҚАЛАЛАРЫ
12 БІЛІМ ДЕҢГЕЙІ МҰҒАЛІМГЕ БАЙЛАНЫСТЫ Әлеуметтік тұрмысты зерттеген ғалымдардың болжамын есімізге түсіріп көрейікші. Экономикасы жоғары дамыған елдерден тамаша жетілдірілген машиналар мен өндіріс саймандарын нашар дамыған елге әкелген де, керісінше бұл елдегі нашар техниканы жоғары дамыған елге жіберген екен дейік. Сонда біраз уақыт өткен соң екі елдің жағдайын салыстырғанда, тамаша техника металл сынықтарына айналған да, нашар техниканы алғандар бойындағы білімі мен дағдысының шеберлігінің арқасында оны жөндеп, адам танымастай жаңалап алып, экономикасын одан әрі өркендете берген. Осындай құбылыстың нышандары өз елімізде болып жатқан кейбір жайлардан да байқалады. Мысалы, бұдан біраз жыл бұрын біз әуелі түрлі күрделі есептеу машиналарын өте қымбатқа сатып алдық. Бірақ ол машиналармен жұмыс жасайтын адамдардың жоқтығынан бірнеше жыл қораптың, ішінде тот басып, пайдасыз болып жатты. Осы жылдардан қоғамның басты өндіргіш күші – адам – оның білімі мен дағдысы, шеберлігі екендігі анық көрінеді. Қоғамның даму заңдылықтарының ішкі сырын түсінген Жапон ғалымдары бір кезде Европа мен Америка елдерінен артта қалған экономикасын жақсарту үшін бәрінен бұрын білім дәрежесін көтеруге кіріскен. Олардың негізгі Тұжырымдамасы мынадай болды: егер Европа өнеркәсіпшілері әуелі фабрика мен заводтар салуға кірісіп, онда жұмыс жасайтындар жөнінде сосын барып қамданған болса, жапондар ең бірінші адамдарға білім беруге көңіл бөлді. Білімді мамандар фабрика мен заводтарды өздері-ақ тұрғызып, ондағы жұмыстарды да өздері ұйымдастыра алады. Жапонияның Оқу министрі Мори Аринори: «Халыққа білім беру саласында істеліп жатқанның бәрі, сайып келгенде, бала үшін емес, мемлекет мүддесі үшін екенін әрбірмұғалімұмытпауға тиіс», – деген. Міне, Жапонияда
13 халыққабілімберуосылайшамемлекет саясатыныңеңмаңызды бағытының біріне айналды. Ал ол елдің экономикасының қазіргі кезде қандай деңгейге көтерілгені біздің бәрімізге аян. Заманының озық ойлы өкілдері болған ұлы адамдар өз халқының болашақта көркейіп-көгере түсуі алдымен оның білім қазынасының молаюына байланысты деп санағаны белгілі. Бұл тұрғыда қазақ зиялыларының да айтқан бағалы пікірлері аз емес. Тіпті, ұлы Шоқан, Абай, Ыбырайларды айтпағанда, кешегі М. Жұмабаевтың өзі: «Қазақтың тағдыры келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі, мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізде құра алмасақ, келешегіміз күнгірт», деген еді. Қазіргі кезде біз «Егеменді Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Халық кеңесі», «Қазақстан мұғалімі», «Жас алаш» газеттері мен түрлі-түрлі журналдардан қазақ мектебінің жайкүйіне байланысты жүздеген мақалаларды оқып жүрміз. Тіпті «Ұлан» газетініңбетінен «Мектебіңді түзе» аттыжаңа айдармен берілетін мақалаларды оқып, көңілімізді бір демдеп қаламыз. Бұлардың бәрінде ұлттық таным-талғам, жаңа ғимараттарды еншілеу, оқушылардың киім-сипаттары, класс кабинеттерінің ішкі көрініс-жайы сияқты ең көкейтесті мәселелер сөз болады. Дей тұрғанмен, осы айтылғандардың бәрі мұғалімге келіп тірелетініне, мұғалімсіз олардың бірінің де іске асып, өрге басуы мүмкін емес екендігіне көңіл аудармасқа болмайды. Тамаша ғимараттарды былай қойғанда, тіпті ең үлгілі жасалған Тұжырымдама мен Бағдарламадан да жақсы мұғалімсіз жөнді нәтиже шыға қояр ма екен? Кезінде Ыбырай атамыз: «Ал мектеп жұмысын нәтижелі қылуда, оны дұрыс жолға қоюда мұғалімнің шешуші рөлі ерекше. Халық мектептері үшін ең керектісі – мұғалім. Тамашажақсыпедагогика құралдарыда, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды», – деген болатын. Ендеше «мектебімізді түзеу» әуелі «мұғалімді түзеуден», яғни мамандарды даярлаудан басталатынын ескеріп,
14 осы мәселе жөнінде пікірімізді білдіруді жөн көрдік. Әрине, жалпы мұғалім даярлау дегеннің өзі – мұқият талдау мен тұжырымдауларды талап ететін күрделі мәселе. Біз бұл шағын мақалада мектептің ең негізгі табан тірейтін буыны – бастауыш мектеп мұғалімдері жөніндегі ойларымызды ортаға салмақпыз. Алдымен осы күнгі бастауыш мектептің қанлай екеніне ой жүгіртейікші. Қазіргі кезде, тіпті, 1-класқа келетін сәбилердің, өзі бұдан 50–60 жыл бұрынғы балалармен салыстырғанда әлдеқайда өзгерді. Мысалы, бұрын мектеп табалдырығын аттауға именетін, мектеп оған бір ғажайып қол жетпес биік қасиетті мекен сияқты көрінетін болса, қазір мектептің өзі аяқ асты болып кетті. Кез келген адам оны жазғырады, жамандайды. Мұғалім де сол сияқты. Бұрын мектепке барғанда көп ретте әріпті тану түгілі ол жөнінде баланың хабары да болмайтын. Сондықтан да мектеп олар үшін білім ордасы сияқты көрінетін. Қазіргі балалардың бойын «мен бәрін білемін» деген алдамшы сезім билепалған. Солсебептідеолардыбірнәрсементаңқалдырудың өзі де қиын екенін тәжірибелі мұғалімдер жиі айтады. Мысалы, олар мұғалімнің айтып тұрғанын бір жерден есітті ме, көрді ме (теледидар, радио, кітап, газет-журнал) – әйтеуір, бұрыннан білетін адамдардың өзі де сөзшең болып кетті. Ал осы үлкендердің сөздерін бөбектер мән-жайына түсінбестенақ ми таспасына жазып ала береді. Мұндай мән-мағынасына түсінбей, жүйесіз естіп-білгендері олардың жан жүйкесіне салмақ түсіріп, өмірінде ат үстілікке, немқұрайлылыққа соөқтырады. Бұрын балабақша деген түсімізге де енбесе, қазір оған баратын балалар баршылық. Немере тәрбиелеуге әжелердің қатысы да азайды. Оның есесіне экологиялық зиянды әсерлер күшеюде. Міне, осының барлығы бөбектің жан жүйкесін қалыптаспай жатып, тоздырады. Бір-бірімен ұрысу, төбелесу, өштесу сияқты теріс қылықтарға қазіргі балалардың бейім тұратындықтарын да мұғалімдер таңдана әңгімелейді. Ал мектептегі оқыту жұмыстарын мұғалімдер бала бойындағы осы өзгерістерге және қазіргі талаптарға сәйкес жүргізе ала ма?
15 Біз педагогикалық практика кезінде, әсіресе, оқу мен қазақ тілі сабақтарында жиі қатысамыз. Сонда бастауыш кластарда осы пәндерді жүргізетін мұғалімдердің білімдері қазіргі талаптарға толық жауап бере бермейтініне куә боламыз. Мысалы, терминдер мен ұғымдарды түсіндіруге келгенде қиналады, көркем шығарманы тұтас талдай алмайды. Мұғалімдердің бірқатары шығарманы талдаудың мәнін «шығармадағы басты ойды табу», «тексті бөліктерге бөлу», «оқығанға өз пікірін білдіру», «автор туралы мәлімет беру» деп түсінеді. Кейбір мұғалімдер мұны да іске асырмай тексті оқып (мәнерлеп, шапшаң, дұрыс, саналы) шығып, оның мазмұнын айтқызумен шектеледі. Енді мектеп бітіріп, оқуға түскен І курс студенттерінің білім деңгей қандай деген мәселеге келсек. Олардың «Әдебиеттің пәні не?», «Әдебишығармалардың қандай түрлерін, жанрларын білесің?» сияқты сұрақтарға берген жауаптарынан, басқа да байқау жұмыстарының қорытындысынан көпшілігінде тіл мен әдебиеттен білімдерінің тапшы екеніне көзіміз жетті. Себебі олар тек тіл, әдебиет қана емес, математика, орыс тілі, табиғат тану, еңбек, ән-күй, дене шынықтыру сияқты пәндердің бәрі бойынша маман болып шығуға тиіс. Мұндай мамандар бұрын педагогикалық училищерде ғана даярланып келсе қазір бұл жұмыс бастауыш мектеп педагогикасы м ен методикасы факультеттері (немесе кафедралары) бар педагогикалық институттар мен Абай атындағы университетте де жүргізіледі. Осы факультеттердің оқу жоспарында бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау ерекшеліктері егжей-тегжейлі есепке алынады. Яғни, біріншіден болашақ мұғалімнің баланың нәзік табиғатын дәл сезетін тәрбиеші болуы ескерілсе, екіншіден, тоғыз пәнді (жоғарыда көрсетілген) және оларды оқыту методикасын жанжақты меңгеруіне жете көңіл бөлінеді. Мұндай бесаспап, тоғыз пәннің бәрін тең меңгерген маман даярлау оңайға түспейді. Бастауыш мектепке ертең мұғалім болып баратын бүгінгі студенттердің тілдік әзірлігі жөнінде де көпшілік болып шешетін бірсыпыра мәселелер бар. Бірақ студенттерді әдеби
16 және тілдік дайындау мәселесі лекциядағы, практикалық сабақтардағы жұмыс жүйесі мен түрлері, аудиториядан тыс жүргізілетін жұмыстар, өз алдына сөз болуға тиіс. Сайып келгенде, бастауыш мектеп мұғалімдерін білікті маман дәрежесіне жеткізбейінше, мектепті түзеу жөнінде айтылғандардың бәрі құр сөз жүзінде ғана қалуы мүмкін. Бәлкім, болашақта бастауыш мектепте оқылатын пәндерді топтап, сол пәндерді ғана оқытатын мұғалім дайындау жағы қолайлы болмас па екен? Себебі қазірдің өзінде бастауыш кластардағы орыс тілі, дене шынықтыру, ән-күй, сурет, еңбек сабақтарын пән мамандарының өздері жүргізуде. Бастауыш мектептегі оқыту методикасының ерекшеліктерін оқымаған, кіші жастағы балалардың жан дүниесіндегі өзгерістерін толық меңгермеген пән мұғалімдерінің бұл жұмысты жүргізуде пайдасы көп бола қоймас деп ойлаймын. Тағы бір жағдай: бастауыш мектепті бітірген бала 5-класқа барғанда бірден бірнеше мұғалімге тап болады. Осы кезге дейін бір ғана мұғалімге, өзінің тұрақты бір класына үйренген бала ілкіде абыр-сабырлылыққа түседі. Түбінде осы сияқты өмірдің өзі туғызып отырған көріністер болашақта бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау мәселесіне де өзгеріс енгізуді талап етері сөзсіз. («Бастауыш мектеп» журналы, 1992, №1, 3-6-бет)
17 ЖАУАПКЕРШІЛІК БИІГІНЕН Балам жаман болсын дейтін - ата-ана, шәкіртім жаман оқысын дейтін ұстаз жоқ. Амал не, өмірде ождансыз бала да, қырсыз оқушы да кездеседі. Бір таңғаларлығы – осы мәселелер төңірегінде сынға алынатындар бұрынырақта жас өспірімдер, яғни жоғары класс оқушылары еді, ал қазір бірте-бірте білім мен тәрбие берудің ең алғашқы буыны – бастауыш мектеп мұғалімдері мен методистерінің жұмысы жұртшылықты көбірек толғандыруда. Мұның себебі де бар. Егер әрқайсымыздың сөз арасында айтатынымыздай, «Білім мен тәрбие негізі – бастауышта» болса, баланың адам болып қалыптасу негізі де бастауыш буында қаланатыны белгілі ғой. Ендеше, жас өспірімдерді тәрбиелеу мен оларға білім беру негізін бастауыш кластарда бүгін қалай бағамдасақ, оның болашағы да соған қарай қанат жаймақшы. Бұл мәселені қалайша ойдағыдай жүзеге асыруға болады? Яғни бүгінгі шәкірттерді қоғам талабына сай қалыптастырып, жүйелі біліммен тәрбиежұмысын, әсіресе, бастауышкластарда дұрыс жолға қою үшін не істеу керек? Бұл мәселенің түйіні алдымен мұғалімге келіп тіреледі. Неге? Себебі бастауыш кластарда баланың сауатын ашып, оқу-жазуға үйрететін, тәрбиелейтін, жан-жүйесін жетілдіріп, адамдық қасиеттердің негізін қалыптастыратын да – мұғалім. Бастауыш класс оқушылары үшін мұғалімнен асқан үлкен де, үлгілі де ешкім жоқ. Олар осы мұғалімнің бүкіл әрекетіне, тіршілігіне, сөзіне, мәнеріне – бәріне-бәріне еліктейді. Олар үшін мұғалімнің айтқаны – заң. Сондықтан оқушының қоғамдағыорны, көбінесе, мұғалімніңжеке басының үлгісімен, айтқанымен, балалармен қарым-қатынасының мазмұнымен анықталады. Ендеше, ұрпақ алдындағы мұндай ұлан-асыр жауапкершілік жүктелетін бастауыш мектеп мұғалімдерінің жеке басы қандай болу керек? Адамның жеке басы әрекет барысында қалыптасатыны белгілі. Бастауыш класс мұғалімі әлеуметтік тұрмыста қоғам
18 мақсатына сай, белсенді қызмет атқаратын адам болуы қажет. Сонымен қатар ол өзін-өзі тәрбиелеу, білімін көтеру әдістерін жақсы меңгерген, мамандығы мен көркемөнер салаларында шығармашылықпен еңбек ететін адам болғанда ғана жоғарыда көрсетілген рольге ене алады. Ұлы педагог К. Д. Ушинский адамның жеке басының дамуына, адам болып шығуына адам ғана әсер ете алатынын, тек «мінез арқылы ғана мінездіжасауға болатынын» атап көрсеткенін болатын. Мұғалімдердің қоғамдағы құбылыстарды дұрыс талдай білуі,байсалды да байыпты сөзі мен әрекеті, мейірімділігі, адалдығы мен әділдігі, еңбек сүйгіштігі мен мейірімділігі, дәйектілігі мен тәрбиелілігі оған бедел әпереді. Шәкірттері алдында абыройға ие болып, олардың сүйікті мұғалімі аталғанадам – ең бақытты ұстаз. Осыған орай, бастауыш класс мұғалімінің жеке басы оның мамандығымен, педагогикалық іс-әрекетімен сипатталатынын атап айтуымыз керек. Ал осы бастауыш класс мұғалімдерінің басында маман ретінде қандай қасиеттер қалыптастыру қажет дейтін болсақ, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде берілген мәліметтерге сүйене отырып, мынадай жайларға назар аударар едік: мұғалім баланың жеке басына қызығып қарауы қажет; баланың жан-жүрегіне үңіліп, ерекшелігін айыра білуі; мұғалімнің педагогикалық байқампаздығы; балаларды аузына қаратып, үйіріп алып кете алуы; әдептілігі мен ілтипаттылығы; алдын болжай алушылығы; ұйымдастыру шеберлігі; рухани жан дүниесінің ауқамдылығы; зейінін бөле алу қабілеті; сезімталдығы; әлеуметтік жағдайларды түсіне білім беру ісіне құлшына кірісуі; мектеп коллективінде қолайлы, жайлы жағдай жасауға мүдделілігі сияқты қасиеттер. Өзінің оқытатын пәнін қалтқысыз білу, жалпы білім беру шеңберінің кең боулы, ойлауы мен сөйлеу мәдениетінің жоғарылығы, әрине, мұғалімге оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін ғана емес, сонымен қатар оны ұйымдастыруда жалт еткен бір ерекшелік, жаңалық табу, балаларды қызықтырып, ертіп алатын өзіндік ізденіс жолын табу үшін де қажет. Сондай-ақ мұғалімнің жеке басы оның
19 ізденімаздығымен де сипатталады. Мұғалімадамменжұмысжасайды. Дүниеде «бір адамекінші адамдыешқашан, ешбіржағдайда, ешуақытта қайталамайтын» болғандықтан, әрбір класс, ондағы әрбір оқушы бір жағдайдың өзіне түрлі-түрліжауап береді. Жоғарыоқу орындарында оқыту барысында оның барлығын алдын ала толық қамтып, модель жасап беру, яғни оқыту мен тәрбиелеудің барлық жағдайына сай келетін әдіс-тәсілдерді түгелдей қамтып білдіру мүмкін емес. Сондықтан әрбір мұғалім өз жолын таба алатын, өзінше із сала алатын, жаңашыл, ізденімпаз адам болуы тиіс. Бастауыш класс мұғалімдері ата-аналарымен тікелей және тығыз қарым-қатынас жасайды, әсіресе, алғашқы кластарда көптеген жұмысты ата-анамен бірігіп атқарады. Осыған орай, мұғалімдер психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді ата-аналар арасында насихаттауда, олардың педагогикалық білімдерін жетілдіруде, ғылым мен мәдениеттегі қол жеткен табыстарды бұқараға жеткізуде үлкен белсенділік көрсетеді. Бастауыш класс мұғалімі өз басындағы мамандығына қайшы келетін жағымсыз қасиеттер болса, оны өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жоюға міндетті. Мысалы, мұндай қасиеттер: балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысына немқұрайды қарау, баланың өзіне және оның тағдырына жаны ашымайтын, тас жүрек, күйгелек, асығыс, ойланбай, байыбына бармай шешім қабылдай салу; көңілсіз, зорлана, біреу үшін жұмыс жасап жүргендей бұлдану, ақыру, жекіру, ыза шақыру, орынсыз қатыгездік, тәкаппарлық, менмендік, менсінбегендік, жәбірлеу, кекету-мұқату сияқтылар. Міне, қорыта келгенде, бастауыш кластарда кез келген мұғалім жұмыс жасай алмайды. Ақкөңіл де адал, қулықсұмдықтан бейхабар, бүкіл жан-дүниесі мөп-мөлдір кіші жастағы балаларға үлкен ілтипатпен мейірім төге қарап, оларды жүрек жылуына бөлей, қамқорлық жасай оқытып тәрбиелей алатындар ғана бастауыш маманы қызметін таңдай алады. Балаларды оқытып, тәрбиелеу үшін алдымен болашақ маман өзіне-өзі талдау жасап, өзін-өзі тануға ұмтылуы қажет. Яғни қандай жағымды, қандай жағымсыз қасиеттері бар екенін
20 анықтап, жағымды қасиеттерін тәрбиелеп жетілдіре түсетін, жағымсыз қасиеттерін жоя алатында ғана балаларға жеке басымен үлгі болу дәрежесіне көтеріле алады. Бұл айтылғандардан бастауыш класс мұғалімдерінің жеке басына әрі маман, әрі адам ретінде қоғам ауыр салмақ салатынын көруге болады. Бастауыш класс мұғалімдері оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жүргізу үшін нені білу керек? Қазіргікездебастауышклассмұғалімдеріреспубликамыздың педагогикасы және методикасы факультеттерінде жоғары білімді мамандар ретінде даярлануда. Бұл жерде жекелеген пән мұғалімдерін дайындау мен бастауыш класс мұғалімдерін дайындаудың арасында үлкен айырмашылық бар екенін айта кетуіміз керек. Мысалы, олардың кейбіреуін атаса: 1. Бастауыш класс мұғалімдері бірден 8-9 пәнді оқытады. Жоғары класс мұғалімдері 2-3 пәнді оқытатын болса (мысалы, «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Биология мен география», т.б.), бастауыш класс мұғалімдері әрі тілші, әрі әдебиетші, әрі математик, әрі әнші-музыкант, әрі суретші, әрі еңбек пен дене шынықтыру маманы, әрі табиғаттану маманы болып шығуы тиіс. Сонымен бірге осы пәндердің оқыту методикасын ойдағыдай меңгеруі тиіс. 2. Бастауыш класс мұғалімі балалардың психологиялық және анатомиялық-физиологиялық дамуын өте терең біліп, жеке ерекшеліктері жөнінде мағлұматты жан жақты болғанда ғана жұмысын дұрыс ұйымдастыра алады, жоғары кластарда мұғалім бір күнде бір класта өз пәнінен бір сағаттық сабақ жүргізеді, ал бастауыш класта мұғалім бір күнде бір класта әр пәннен 4-5 сабақ жүргізеді. Ендеше, ол (бастауыш класс мұғалімі) біріншіден, оқушылардың күш-жігерін сол 4-5 сабаққа белсенді қатыстыру және сабақтың аяғына дейін шаршатпай алып шығу жағына басты назар аударуы қажет; екіншіден, өз күш-жігерін де дұрыс бөле білуді қаперінде ұстайды. Мысалы, алғашқы сабақтарды белсенді, жігерлі, көңілді жүргізіп, соңғы сабақтарда шаршап қалып, баяу, сылбыр, көңілсіз жүргізуге болмайды; үшіншіден, түрлі сабақтарды
21 бір-бірімен ұштастыра, байланыстыра білу, яғни бір күнде оқытылатын әртүрлі пәндердің арасындағы жалпы ұқсастықтарды тауып, оны негізге алып, соған сүйенеді. Осы мақсатпен студенттер жоғары оқу орындарында тарих, философияжәне саясиэкономия сияқтықоғамдық ғылымдарды оқып үйренеді. Бастауыш класс мұғалімдері балалардың денсаулығын сақтауға, тұла бойын таза ұстауға қамқоршы болады. Сондықтан олар оқушыларды гигиеналық тәрбиелеудің педагогикалық негізімен танысып, балалардың денсаулығын сақтауға байланысты қажетті медициналық білімдер алады. Болашақ мұғалім, әсіресе, адам жөніндегі ғылымдарды ойдағыдай меңгеруі тиіс (педагогикалық психология, педагогикалықілімдердіңтарихыменмектептарихы, бастауыш мектептерге байланысты қазіргі алуан түрлі педагогикалық ой-пікірлерді мейлінше салыстыра тұжырымдау, озат мұғалімдердің тәжірибелерін жинақтап, қорытып пайдалану, т.б.). Бұл ғылымдарды оқып үйрену барысында: - біріншіден, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесінің теориялық негізін игереді, оларды бір-бірімен ұштастыра, бірлікте жүргізудің әдіс-тәсілдерін үйретеді; әрбір оқушының жеке басын үйлесімді дамыту, оның қабілетін, таным және әлеуметтік белсенділігін арттыру жағына көңіл бөліп, оны іс жүзіне асыру шеберліктеріне шыңдала түседі; - екіншіден, бастауыш кластарға арналған программалар мен оқулықтарға қойылатын психологиялық педагогикалық және методикалық талаптарды біледі, тіпті программалар мен оқулықтар дегеннің өзі не екенін түсінеді; бұл құралдармен қалай жұмыс жасау керектігін, олардың білімдік, тәрбиелік және дамыту қызметтерін іске асырудың жаңа, озық тәсілдерін меңгереді; - үшіншіден, дамыта оқыту, оқушылардың таным белсенділігін арттыру, программалық оқыту және жұмбақ міндеттерді қойып оқыту, психологиялық-педагогикалық ұсыныстардыбіліпалады, ойындардықолдануметодикаларына
22 үйретеді; - төртіншіден, педагогикалық жұмыстарды тұтас ұйымдастырудың негізі талаптарын біледі; оқыту мен тәрбиелеудің тиімді формалары, әдістерін және құралдарын дұрыс таңдай алады; балалардың материалды ұғыну деңгейімен оларды тәрбиелік, даму дәрежесін анықтауға шамалары жетеді, сондай-ақ, қиындық пен қателіктерді көріп, олардың себебін түсініп, жоюға әрекеттенеді; - бесіншіден, оқушыларколлективінде, ұзартылғантоптарда, октябрядтар мен пионерлер арасында кластан тыс, мектептен тыс, ұйымдастырылатын жұмыстарға қойылатын негізгі талаптарды біледі; оқу пәндерінен сабақтан тыс өткізілетін алуан түрлі жұмыстарға балаларды тарту тәсілдерін игереді; - алтыншыдан, қарым-қатынасжасау заңдылықтарын біледі; оқыту және тәрбиелеу барысында балалар өте сезімтал, әдепті қатынас жасау мектептің оқу тәрбиесі, денсаулығы және даму жағдай туралы оқушылардың ата-аналарымен қатынас жасау шеберліктерін игереді. Қазіргі кезде бастауыш класс мұғалімдеріне сол кластардың программасы көлеміндегі білім жеткілікті деген сияқты пікірлермен келісуге болмайды. Көлемі жағынан болсын, толықтығы мен сапасы жағынан болсын, мұғалімнің білімі мектеп программасынан әлдеқайда жоғары, әлдеқайда кең болуы тиіс. Яғни студенттер тіл ғылымдарын оқу барысында тілдің әлеуметтік ролі, тіл мен сананың ойлау мен сөйлеудің байланысы туралы ұғымдарды игереді; оқу, жазу, сөйлеу мәдениеті, әдеби шығармалардың идеясы мен көркемдігін талдау, мәнерлеп оқу шеберліктерімен дағдыларын меңгереді; тілдік теорияларды біледі; оқудың, сауатты жазудың, өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс жеткізу шеберліктерімен дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін игереді; қазақ тілі, ана тілі сабақтарының алуан түрлерін қарастырып үйренеді. Математика курсын оқу барысында курстың маңызын, негізін түсінеді, математикалық мәдениетке, логикалық ойлауға үйренеді; балаларды ауызша және жазбаша санауға дағдыландыру, өлшеу мен есептер шығаруға төселдіру
23 және олардың логикалық ойлауыменшығармашылық қабілетін дамыту әдістерін игереді. Биология, экология, өлкетану курстарын оқу барысында жергілікті жануарлармен өсімдіктер дүниесі туралы мағлұмат алады. Мұның өзі жас бүлдіршіндерді табиғат жанашыры етіп тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Еңбек курсын оқу барысында студенттер бастауыш класс оқушыларынтехникақауіпсіздігінеүйрету, мектептебалаларды техникалық, үй-ішілік, ауылшаруашылық жұмыстарға баулу, оларға кейбір құралдарды пайдалануды үйрету, модельдер, қолдарынан келетін пайдалы заттар жасау, тіпті ана тілі, математика сабақтарына қажетті көрнекі құралдар жасау және т.б. әдістерін меңгереді. Мектептерде оқыту мен тәрбиенің мазмұнын анықтайтын негізгі құрал оқулық екенімәлім. Әрине, оқулық программаның негізінде жасалады: оқулықтан басқа да оқу материалдары, түрлі таблицалар, көмекші, методикалық, т.б. құралдар болатыны белгілі. Осының барлығы да оқулыққа ыңғайласа жасалады. Қазіргі қолданылып жүрген оқулықтарды зерттеу, оның дидактикалық теориясын жасау, негізгі ұғымдарын анықтау, методикалық талаптарын топтау, тапсырмаларын теориялық мән-мағынасын анықтау, т.б. күні бүгінге дейін қолға алынбаған мәселе. Сондықтан қазіргізаман талабына сай бастауыш мектептегі білім мен тәрбиенің мазмұнын жаңаша қарастырудың уақыты жеткен сияқты. Мұнда, бірақ әр елдің бастауыш мектептеріндегі берілетін білім мен тәрбие мазмұндарын болжаммен ғана біздің мектептерімізге тасымалдай салу атүстілікке әкеліп соқтыратынын айта кетсек жөн. Біз болашақ ұрпақ тағдырына «құлқын» тұрғысынан емес, қоғам тұрғысынан, халқымыздың, ұлтымыздың рухани мәдениетін кейінгі ұрпаққа жеткізу тұрғысынан қарасақ, алдымен мектептерге байқау, зерттеу жұмыстарын қолға алғанымыз дұрыс шығар. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика университетінің жаңа мәртебе алуына байланысты қазіргі студенттер
24 тек мектептерге ғана емес, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарына немесе институттарға мұғалімдік қызметтерге даярланады. Сондықтан университеттің бастауыш оқыту педагогикасымен методикасы ССРО Жоғары және арнаулы білім беру министрлігінің 1987 ж. 1-қыркүйектегі №611 бұйрығына сүйене Ғылыми оқу-методикалық комплекс жасады. Мақсат – бір жағынан университет қабырғасында оқып жүрген студенттерді даярлау мәселесін түбегейлі өзгерту; екінші жағынан қоғамдағы қазіргі өзгерістерге орай бастауыш мектептерде оқыту мен тәрбиенің біртұтас жүйесін жасау. («Бастауыш мектеп» журналы 1991ж, №1, 5-9-бетте)
25 ЖАҢА МАЗМҰНДЫ «АНА ТІЛІ» ОҚУЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (2 сынып) Ана тілі адамның түрлі коммунативтік жағдайларға еркін араласып қатысуын, сауатты бағдарлай алу қабілетін дамытып, жүзеге асыратын табиғи тіл. Сондықтан пәннің тіл туралы оқушының қажетті білім алуына, ауызекі сөйлеуін дамытып, ойын жазбаша сауатты жеткізу біліктерін қалыптастыруға, дүниені көркем сөз өрнектері арқылы бейнелеп қабылдауына кеңінен жол ашатын танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндіктеріне мол. Осы тұрғыдан қарағанда ана тілін оқудағы елеулі ерекшелік бұрынғыдай оқушыларға түсінік беру мен оқы техникасын меңгертіп қана қоймай, көркем шығарманың рөлін күшейтуге, әдебиеттік оқу әрекетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамытып, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге, дүниетанымын кеңейтуге мән беру болып отыр. Осыған орай «Ана тілі» оқулығының құрылымына ірі блоктік-тақырыптық және жанрлық-эстетикалық, танымдықдамытушылық бағыттағы ұстанымдарды басшылыққа алды. Бұл ұстанымдар оқушыларға дүниенің біртұтас көркем бейнесін беруге ұмтылған, қарапайым әдеби білім беруді мақсат тұтқан, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруды көздеген шығармаларды мынадай бес тарауға жүйелеуге ықпал етті: І. Өз елімді сүйемін. ІІ. Асыл сөз. ІІІ. Адам болам десеңіз... 1. Мейірімділік жүректен. 2. Еңбек түбі – береке. 3. Табиғат - өмір бесігі. IV. Өнегелі өмір. V. Біздің тілегіміз – достық. Аталмыш тараулар мазмұны халқымыздың ауыз әдебиеті
26 мен қазақ балалар әдебиетінің көрнекті шығармалармен елеулі түрде байытылды. Оқулық мазмұны ұлттық мәдениет шеңберімен шектелмей, өзге халықтардың балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыруды көздейді. Оқулықтың алғашқы беті Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың суреті және ұлттық рәміздер жайлы айтқан сөзімен ашылады. Бұл мұғалімдерге оқудың алғашқы «Білім күні» сабағының беташары болуға тиіс. Сонымен жаңа мазмұнды оқулықтың құрылымында мынадай басты – басты ерекшеліктер орын алды: - Оқулықтың көркем безендірілуі (тарау және кейбір мәтін мазмұнын ашатын иллюстрациялы суреттер, әйгілі азаматтар және жазушылар суреттері); - ірі тараулардың ашылуы мен аяқталуы тұсындағы (кейіпкерлер: Талапбек пен Зерделі) қатыстырулы; - танымал (классик жазушы дәрежесіндегі) ақынжазушыларымыз туралы қысқаша дерек берілуі; - кейбір әдеби ұғымдарға қарапайым түсінік беру (мысалы, ертегі, мақал-мәтел, т.б., негізгі ой, кейіпкер туралы т.с.с.); - әдет-ғұрып, салт-дәстүрге қатысты нақыл сөздермен тиым сөздердің тиісінше орын алуы; - кейбір ғылыми ұғымдар мен күрделі сөздерге және архаизмдер мен неологизмдерге түсіндірмелі сөздіктің берілуі; - әдістемелік аппаратының күшейтілуі (оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастырудың міндетті және мүмкіндік деңгейлеріне бағытталған сұрақ-тапсырмалар). Ал оқулықтың мазмұны оқушыларға өмір шындығын танытуды көздейді және ақиқаттың ғылыми бейнесін көркем сөзбен өрнектеп берудің қуатты сезімдік әлеуеті болатынын түсінуіне жәрдемдеседі. Бастауыш сатыдағы білім мазмұны тұжырымдамасының авторы ғалым Г.Жүнісова өзінің «Жаңа білім мазмұнының негізі – дамыта оқыту» атты еңбегінде: «Біздің пікірімізше, бұл идея төрт түрлі логиканы біртұтас педагогикалық үрдіске жақындастырып оқушының интеллектуалдық дамуын (оқу
27 әрекеті арқылы), іскерлігін (дағды қалыптастыру арқылы), адамгершілік-этикалық (балалар бірлестігіндегі ұжымдық еңбек, қарым-қатынас) және рухани тәрбиесін (өз халқының мәдениетінің иесі, басқа мәдениеттер құндылығын түсіну) қамтамасыз етеді», - деп көрсетеді. Осы айтылған ғылыми тұжырым ана тілін оқудың да мақсат приоритетін өзгертуге жағдай жасады. Ендігі жерде «Ана тілі» оқулығы оқушылардың көркем шығармаларды түсініп оқу дағдысын қалыптастырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеуге, сөз өнеріне баулу арқылы ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға барынша ықпал етіп, рухани бай жеке тұлға тәрбиелеуге ат салысу тиіс. Осы тұрғыдан қарағанда оқу мазмұны ауыз әдебиетінің озық үлгілері: төрт түлік жырлары, мақал-мәтелдер мен жұмбақжаңылтпаштарды, ертегілер мен мысалдарды, аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздерді т.б. қамтиды. Сондай-ақ балалар әдебиетінің озық үлгілері - әңгіме-мысалдарға, авторлық ертегілерге, өлең-тақпақтар мен ғылыми мақалаларға кең орын берілді. 2-сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай алған көркем шығармалар оқушылардың көңіл-күйі мен сезіміне, ойқиялына әсер етіп, шығармашылық қызметін қалыптастыруға жағдай жасайды. Сондай-ақ, көптеген көркем және ғылымитанымдық шығармаларды оқи отырып, ұлттық тәрбие негізі – халқымыздың әдет-ғұрып,салт-санасы, дәстүрі жөнінде біршама білім беріледі. Оқушыларға халқымыздың адамгершілік, ізгілік қасиеттері үлгі-өнеге етіледі. Соныменқатарбастауышсыныптардакөркемшығармаларды оқуға үйретудің үш түрі де: салыстыру, сипаттау, талқылау 2-сыныпта қарапайым жолдармен іске асырылады. Мұның өзі біріншіден, білімнің теориялық деңгейін көтеру болса, екіншіден теориялық білімді оқу тапсырмаларын орындату арқылы іске асыру болып табылады. «Ана тілі» оқулығы оқушылардың сөздік қорын арттырып, сөйлеу тілін дамытуға барынша жағдай жасайдын. Сөйтіп, мәтін мазмұнындағы бейнелі сөз оралымдары, көркем
28 суреттерге тоқталы, мазмұнын ашуға, жан-жақты талдауға мүмкіндік беріледі. Ендігі жерде оқулықтың негізгі тараулары бойынша тоқталы көрелік. Алғашқы тарау – «Өз елімді сүйемін» деп аталады. Тарау мазмұны оқушылардың оқу-білімге үндеген және туған еліміз бен жерімізге деген, Отанымызға деген сүйіспеншілікті жырлаған шығармалар (мысалы, «Мектеп – біздің анамыз» Ө. Тұрманжанов, «сен ғылымға» Шәкәрім, «Шәкірт балаларға» Жамбыл, «Ыстық қой шіркін, туған жер» Ж. Аймауытов, «Туған өлкем» Ө. Тұрманжанов, «Отан туралы» М. Мақатаев, т.б.): - ел байлығы – төрт түлік мал мен астық алқабы, ел еңбекшілерінің еңбегін суреттеген шығармалар (мысалы, «Бақша ағаштары» Ы. Алтынсарин, «Бидай мен қаңбақ» А. Тоқмағамбетов, т.б.); - туған ел табиғаты, ауа райын ерекшеліктерін жырлаған шығармалар (мысалы «Күз» Абай, «Ақ жаңбыр» Ж. Карбозин, т.б.) орын алды. Келесі тарау – «Асыл мұра» деп аталады. Мұнда қазақ халқының асыл мұрасы – ауыз әдебиетінің озық үлгілі шығармалары топтастырылды: - тұрмыс-салт жырларынан (мысалы, «Бөбектің тілегі», «Шопан атаға», «Сиыр», «Торпағым», «Түйе», т.б.); - аңыз-әңгімелерден (мысалы, «Күй құдіреті», «Бала Жиренше», «Әпенді мен Алдар көсе», «Қожа қонақта», т.б.); - шешендік сөздер үлгілерінен («Төле би», «Жақсы жігіт белгісі», «Кедейлік неден?», «ҚазыбектіңТөле бимен кездесуі», «Не қымбат?»); - ертегілерден («Ұр тоқпақ», «Байлықпенақыл», «Жақсылық пен Жамандық») сияқты дүниелер алынды. Оқулықтағы ең көлемді тарау – «Адам болам десеңіз». сондықтан оны өз ішінде мынандай үш тақырыпқа: 1. Мейірімділік жүректен; 2. Табиғат – тіршілік бесігі; 3. Еңбек – түбі береке, - деп жүйелеуге тура келді. 4. Сонымен «Мейірімділікжүректен» бөліміне адамгерші
29 лік, ізгілік пен имандылық тақырыбындағы шығармалар «Ғылым таппа мақтанба» Абай, «Бұл кім?» Ы. Алтынсарин, «Ағаш» А. Байтұрсынов, «Көксерек» М. Әуезов, «Ешкімге жауыздық қылма» М. Дулатов, «Көбелек пен ебелек» Ш. Смаханұлы, «Лағым», «Құлыншағым» Ә. Тәжібаев, «Апаның тілін алсаң егер» Ж. Смақов, «Нұржанның екі арқары» Ш. Мұртаза, «Жылу», «Әже» Ф. Оңғарсынова, т.б. алынды. «Еңбек – түбі береке» бөліміне еңбектің адам үшін маңызы, халқымыздың ата кәсібі туралы және оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелейтін (мысалы, «Байлық» М. Дулатов, «Еңбекпен ел көгерер» С. Көбеев, «Жұмыстың жылуы» Қ. Мырзалиев, «Археолог» Ф. Оңғарсынова, «Киізүй», «Шаңырақ» Н. Айтов, «Қолғабыс» Қ. Толыбаев, т.б.) шығармалары енді. «Табиғат – тіршілік бесігі» аталатын бөлімде туған жер табиғаты, оның аң-құсы, орман-тауы, өзен-көлі және табиғи өсімдіктерін, таза ауасы мен суы көркін суреттеген, оқушыларды табиғаттың ерен сиын қастерлеп, оны аялауға үндеген шығармалары (мысалы, «Алатау» Жамбыл, «Түлкі мен қырғауыл» С. Көбеев, «Көктем келді» М. Әлімбаев, «Бұлбұл мен тоқылдақ» Ш. Смаханұлы, «Мен жайлауды сағындым» Т. Молдағалиев, «Сұр көжек» Ә. Қоңыратпаев, т.б.) топтастырылды. Оқулықтың білімдік, танымдық және дамытушылық мәні зор мазмұнды, мағыналы, көлемді тарауы – «Өнегелі өмір». Елдің елдігін, ұлттың ұлттығын танытарлық тарихи мәнді оқиғаларды баяндайтын және де сол жолда халқына аянбай еңбек еткен азаматтарының өмір жолынан мағлұмат беретін оқушыларды Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелейтін туындылар (мысалы, «Әбілмансұр» М. Әуезов, «Батырлар туралы» Бұхар жырау, «Бала Абай» М. Әуезов, «Алғашқы қоңырау» Ғ. Қайырбеков, «Мүсінші Мысық» С. Бегалин, «Қоңыр қозы» Т. Жыртпаев, «Батылдық» С. Мұқанов, «Алып бала» Т. Әбдіқадыров, «Балғын суретші» Ә. Бәриев, «Ұшқан ұя», Б.Момышұлы, «Мәншүк», «Әлия», С.Жиенбаев) жинақталды. Оқулықтың бір тарауы «Біздің тілегіміз- достық» деген
30 атпен алынды. Ел президентінің ізгі саясатының бірі – көрші және шет елдермен достық, ынтымақтастық қарым-қатынаста болу. «Ана тілі» оқулығы бала жүрегіне мейірімділік, бауырмалдық, достық сияқты ізгі қасиеттерді дарытушы қасиетті құрал болып табылады. Халқымыздың болашақ азаматтарын тәрбиелеу жолында жасалып жатқан тың тұрпатты, жаңа мазмұнды оқулықтар оқушыларымызды әлем мәдениетімен таныстырып, рухани бай тұлға, іскер азамат болуын мұрат тұтады. Осындай ізгі ниеттер бұл бөлімге туысқан, көрші, шет елдердің бай мұрасынан озық үлгі шығармаларды («Бұғы туралы аңыз» Ш. Айтматов, «Білгір қарға» М. Зверев, «Кәсіптер иесі» Д. Родари, «Өрттен құтқарушы иттер» Л. Толстой, «Қыранның ұясы» М. Пришвин, «Арыстан мен қозы» Леонардо да Винчи, «Құмырсқа мен көгершін» үнді ертегісі, «Шыдай біл» К. Д. Ушинский, «Дельфин» С. Венгели, т.б.) енгізді. Қорыта келе, айтарымыз шағын мақала арқылы мұғалімдерімізді оқулықтың құрылымы мен мазмұнын, негізгі ұстанымдарын, өзіндік ерекшеліктерінен мағлұмат беру болды. Ал мазмұнға алынған дүниелерді қалай оқыту қажет, нендей әдіс, тәсілдерді пайдаланған тиімдірек, оқушылардың оқу әрекетін қалай қалыптастыруға болады? деген мәселелер жеке-жеке ғылыми еңбектердің тақырыбы болса керек. (Ы. Алтынсарин атындағы Білім академиясының бастауыш білім зертханасының ғылыми қызметкері. П. Жаманқұловамен бірігіп жазылған) («Бастауыш мектеп», 1998ж. №10-11)
31 ОҚУЛЫҚТАРДЫ ҚҰРАСТЫРУДА ЛИНГВОСТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТІ ҚОЛДАНУ Жас ұрпақтытәрбиелеу ісі қоғамдамуыныңқайкезеңінде болмасын уақыттың талап-тілегіне сай үздіксіз жүзеге асырылып отырады. 50-60-шы жылдарда алдыңғы орынға ана тілін оқыту әдістері мен оқу үрдісіне жаңа, күрделірек мазмұн беру арқылы балалардың таным қызметін кеңейту, жетілдіру міндеттері алға қойылды. Бастауыш сыныпта әліппе, ана тілі оқулықтарына берілетін тілдік материалдарды ғылыми тұрғыдан оқушылардың әдеби сөздік қорын кеңейту, байыту мақсатында пайдаланылған жоқ. Сонымен қатар, бастауыш сыныптағы ана тілінің бұрынғы оқулықтарында саясатқа баса көңіл бөлініп, ұлттық ерекшелігіміз, дәстүрлеріміз назардан тыс қалды. Ал, бүгін жаңа бағдарлама бойынша жаңа әдіспен оқыту жолыкезделуде. Зерттеу әдістері де өзгерді: тұтас сыныптармен зерттеу жұмыстары басталды. Мұндай оқытудың тиімді тұсы біліммен дағдыныжетілдіру үрдісімен байланыстысыныптағы орындалатынжұмыстардыжылдамдатып, жетілдіруге қатысты болды. Сонымен бірге төменгі сыныптарда қазақ тілі мен ана тілі, әліппе пәндерін оқытуда мәтін түрлерін саналы түсініп оқу арқылы есте сақтап, өз ой-пікірлері мен тұжырымы бойынша белгілі тақырыпқа сай ауызша-жазбаша сөйлеу икемділіктерін арттырып, ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру болмақ. Қазіргі мектеп оқушыларының ойлау мен сөйлеу әрекетін дамыту күн тәртібінде өткір қойылуда. Ал сөйлеу ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Сондықтан оқушының сөйлеу икемділіктерін дамытуда әліппені, қазақ тілі мен ана тілі пәнін оқытудың маңызы ерекше. Мәселенің өзектілігі соңғы онжылдықта көптеген лингвистикалық зерттеулерге арқау болуда.
32 Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда оқулықтар мазмұнына жаңа, күрделірек мазмұн беру арқылы олар таным қызметін кеңейту, ойын жетілдіру олардың сөйлеу қызметінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Қазақ тілінің жұмсалу аясына, тіл тазалығына қатысты қазақ тілі фонологиялық жүйесінің ерекшеліктерін сақтау, үндестік заңын бұзбау мақсатында оқушыларға өзге тілдерден енген сөздерді жаздырып, оқытуда белгілі бір жүйенің болмауына байланысты орфографиямыздағы келеңсіздіктерге статистикалық талдау жасалынып, мектеп оқулықтарындағы олардың үлесі анықталып, сөздердің дұрыс жазылуын реттеуді бастауыш сынып оқулықтарынан бастау туралы ұсыныс, пікірлер айтылған. Мектеп оқушыларына ана тіліміздің лексика-грамматикалық жүйесін меңгерту үшін оқулықтардағы сөздік қор мен оның құрамын анықтап, оны жетілдіру жолдарын қарастыру, сөздердің кездесу жиіліктеріне сәйкес тіл заңдылықтарын түсіндіру, мектеп оқулықтарының тілдік ерекшеліктерін анықтау секілді теориялық мәселелер де қамтылады. Бұл жүмыстың басты мақсатының бірі - бастауыш сынып оқушыларының тілін байыту, оны дамытудың жолдарын қарастыру. Ол үшін мектеп оқулықтарының мәтіндеріне тілімізде жиі кездесетін және сирек қолданылатын танымдық маңызы бар, жаңа мәнге ие сөздерді сұрыптап ала білу қажет. Бұл мақсаттарды шешу үшін бастауыш сынып оқулықтарына лингвостатистикалық әдіспен зерттеу жүргізіп, ондағы сөздік қорды анықтап алу керек. Сирек қолданыстағы сездер оқулық тілінің байлығын, жан-жақтылығын көрсететінін ескерсек, болашақтағы бастауыш мектеп оқулықтарының сапасын жақсартуда лингвостатистикалык зерттеу нәтижелерін ескеріп, сирек қолданылатын жаңа мәнге ие, танымдық, мағыналық құндылығы жоғары сөздердің қамтылуы болашақта оқулық құрастыру барысында ескерілуі тиіс. Ал, бастауыш сынып оқулықтарының жиілік сөздігін ашу нәтижесінде кейінгі жылдар оқулықтарында кездеспейтін сирек қолданыстағы,
33 сөзжасамдық қабілеті өнімді, мағыналық құндылығы жоғары сөздердің лексикалық минимумы әзірленді. Бұл болашақ бастауыш сынып оқулықтарын құрастыруда құнды материал бола алады. Психологиялық тұрғыдан алғанда, баланың екінші сигналдық жүйесі ретіндегі сөйлеу бірінші сигналдарға қарағанда жетекші орында болады да, екінші сигналдар оған қызмет етеді. Ал, сөздік қоры мен ойлау жүйесі нашар дамыған балалардың сөз байланыстары тек белгілі бір бағытта болады. Тек баланың ақыл-ой қызметін активтендіру және ұйымдастыру нәтижесінде ғана білімді меңгертуге болады. Сондықтан да, мектепте лексика мен морфологияны үйретудің жүйелі тәсілдеріне көшу, яғни баланың ақыл-ой қызметін активтендіру үшін мектеп оқулықтарындағы мәтіндердің сөздігіне мүмкіндігінше жоғары сөздерді сұрыптап ала білудің айрықша маңызы бар. Мұнда әрбір сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктерін де ескеру қажет. Ол үшін әрбір сыныптағы сөздердің санын анықтап, тілдік материалдарды іріктеу, оқушылар тілінде жиі қолданылмайтын сездердің минимумдарын әзірлеу керек. Бұл мақсаттардан бастауыш сынып оқулықтарын лингвостатистикалық әдіспен зерттеу міндеті туындайды. Алынған сандық нәтижелерді сапамен ұштастыру бағытында әрбір кезең аралығындағы балалар лексикасындағы ерекшеліктерді ескеріп, болашақта оқулықтарды құрастыруда әрбір кезеңге тән сирек қолданыстағы лексикалық түлғаларды іріктеу, танымдық қызметі жоғары болғанымен, оқушылар тілінде белсенді қолданылмайтын сездерді бастауыш сынып оқулықтарынан сүрыптау 50-жылдардағы тіл тарихына қатысты материалдарды қамтуымызға негіз болады. Оқулық мәтіндерінің құрастырылуы мен нақты грамматикапық жағынан толықтығы ана тіліміздің грамматикасын оқытуды ұйымдастырумен бір деңгейде аса маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар морфологиялық талдау бастауыш сынып оқулықтарындағы сөздердің парадигмалық арақатынасы фактілерін зерттеу және синтаксистік деңгейде
34 зерттеуге қажет болатын сөздер мен олардың тіркестерін байланыстырушыграмматикалық керсеткіштерді анықтауүшін қолданылды. Осы бағытта алған статистикалық мәліметтеріміэ бастауыш сынып оқулықтарының морфологиялық құрылымының кейбір заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. («Бастауыш мектеп» журналы, №12, 3-5-бет)
35 СУРЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ Бұл суреттер, негізінен, жалпы тіл дамыту сабағында, әдеби оқу немесе грамматикалық материалдарды түсіндіру, пысықтау кезінде пайдаланылады. Бірақ мұндай сабақтарға пайдаланудың алдында мұғалімнің өзі суреттерді қарап шығып, сол алатын тақырыбына лайықтысын белгілеп, оның мазмұнын әбден анықтап алуы қажет және мынадай жағдайларды ескеруі де керек: 1. Белгіленген суреттің сюжетін оқушылардың игере аларлықтай дайындықтарының бар-жоғын дәл анықтау: а) сурет бойынша қойылатын сұрауларға оқушы-лар жауап бере ала ма; ә) олардың сөздік қорлары жете ме; б) суретте кездесетін сөздерді қатыстырып сөйлем құрай ала ма? 2. Тіл дамыту сабағына қатысы бар сөздердің тізімін дайындап, ең негізгі сөздерді ерекшелеу. 3. Ондай сөздерді мұғалімнің басқаруымен тақтаға, кейін дәптерлеріне жазғызу. 4. Суретті қалай пайдаланудың методикасын нақтылы жағдайға, яғни сол кластың білім дәрежесіне, оқушылардың ой өрісінің даму шамасына, сәйкес белгілеу. 5. Қай суретті пайдаланғалы отырса да, оның қандай мақсатты көздейтіндігі анық болу: а) заттарды санамалап, жай атау ма; ә) алдын ала дайындалған не белгіленген сұрауларға жауап беру ме; б)жалпы әңгімелесу ме; в) оқушылардың өздері сұрақ қойып, жауап беру ме; г) жаңа түсінік беру үшін бе; ғ) алған білімдерін пысықтау не қайталап қорыту үшін бе? Осындай қойылған мақсатқа қарай, суретті пайдаланудың уақыт шамасы белгіленеді. Әдетте бұл сабақтың бір бөлігі ретінде өткізіледі, кейбір жағдайда оған бөтен бір сабақ та
36 арналады. Суреттердің сабақта қайсысын қай уақытта қолдану пайдалы деген мәселені мұғалім өз класының жағдайына және оқу жылының қай мезгілі екеніне қарай өзі белгілейді. Дегенмен, қай суретті қолданса да, мұғалім соған байланысты жүргізілетін жаттығудың шамасын, тіл дамыту сабағының мына сияқты түрлерін сақтауға тиіс. 1. Ауызша жүргізілетін жұмыс кезінде: а) окушыларды сұраққа жауап беруге баулу; ә) өздерін сұрақ қоя білуге үйрету; б) көрсетілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраттыру; в) өз ойларын байланыстырып айтып беруге дағдыландыру және оны бекіту; г) сурет бойынша, бірінің берген сұрауына екіншісі жауап беру арқылы өз ара сөйлестіру; ғ) суреттің мазмұнын жалпы айтып беруге әдеттендіру; д) суретті бірнеше тақырыпшаларға бөліп, оған ат қойып, сол бойынша мазмұндап шығуға үйрету. 2. Жазуша жүргізілетін жұмыс кезінде: а) суреттіңжалпыатынжазып қою (бұл негізгі бас тақырып); ә) бөлімшелерінің атын жазу (бұлар тақырыпшалар); б) әрбір тақырыпшаға қысқаша жауап ретінде әңгіме жазғызу; в) тақырыпшалар бойынша жазып болғаннан кейін, жалпы қорытынды беру (бұл суреттің әр белігін талдап жаза келіп қорыту). 3. Сөздік жұмысы кезінде: а) ауызша жаттығуда кездескен жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазғызып, мағынасын түсіндіру; ә) оқушылар ауызша әңгімелескенде бұл сөздерді орынды пайдаланып, жазған кезде олардың сауатты жазуларын мұғалім үнемі қадағалап отыруға тиіс.
37 4. Тіл дамыту сабағының мақсатын анықтау кезінде: а) белгілі бір пәннің материалын түсіндіру, пысықтау, бекіту, қайталау үшін жүргізілетіндігі ескерілуге тиіс; ә) осылардың қай түрі жүргізілсе де, оның өзегі сол пәннің материалы болу керек. Мысалы, тіл дамыту сабағын беруші тіл мен әдебиет пәндерінің маманы болсын дейік. Бұл суреттер арқылы қай пәнді негізге алса да ол мүғалімнің жоғарыда көрсетілген жұмыстардың қалаған түрін жүргізуіне болады, яғни суреттердің қай-қайсысын болса да, әдебиеттен және тілден берілетін сабақтарда толық қолдануға мүмкіншілік мол. (С.Р.Рахметованың «IV-класта тіл дамытуға арналған суреттерді пайдалану туралы методикалық нұсқаулығынан алынды. «Мектеп» баспасы, 1966 ж.)
38 С.Р.РАХМЕТОВАНЫҢ ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕРІ
39 БІЛІМ СТАНДАРТТАРЫ МЕН ТИПТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ 1. ҚР бастауыш білім берудің мемлекеттік бағдарламасы, РИК. – Алматы, 1997. 2. ҚР бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты, – Алматы, 1998. 3. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың әдістемесі бағдарламасы. Типтік оқу бағдарламалары. /Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған/ - Алматы, 2001. -13-32 бб. 4. Шағын комплектілі мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі бағдарламасы. Типтік оқу бағдарламалары. / Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған / – Алматы, 2001. -36-39 бб. 5. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту әдістемесі бағдарламасы. Типтік оқу бағдарламалары. / Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған / – Алматы, 2001. -59-62 бб. 6. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы. Типтік оқу бағдарламалары. /Бакалавриат. 050102. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша/ – Алматы, 2005. -32-42 бб. 7. Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту технологиясы. Типтік оқу бағдарламалары. Бакалавриат. 050102. /Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша/ - Алматы, 2005. -32-42 бб. 8. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы. Типтік оқу бағдарламалары. /Бакалавриат. 050102. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша/ - Алматы, 2007. -3-12 бб. 9. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы. /Бакалавриат. 050102. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша/ - Алматы, 2007. -3-12 бб.
40 10. Сауат ашуды оқыту әдістемесі. Типтік оқу бағдарламалары. /Бакалавриат. 5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша / - Алматы, 2010. -32-42 бет. 11. Қазақ тілін оқытудың әдістемесі. Типтік оқу бағдарламалары. /Бакалавриат. 5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша/ - Алматы, 2010. -32-42 бет. 12. Әдебиеттік оқу әдістемесі. Типтік оқу бағдарламалары. /Бакалавриат. 5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша/ - Алматы, 2010. -32-42 бет. ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ 13.Педучилище үшін бағдарламалар жобасы ( 2001, 2002, 2003, 2010, 2008, 2009 мамандығы үшін қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша) - Алматы, 1987. - 63 бет. 14. Қазақ тілін оқыту бағдарламасы мен оқыту әдістемесінің жобасы. Авторлық бірлестікте М.Қараев (2121 мамандығы үшін) ҚазССР. Хал. білім беру. министр. Абай атындағы Қазақ мемл. унив., 1987. - 132 бет. 15. «Педучилищеде орыс топтарына қазақ тілін оқыту бағдарламасының» жобасы /бастауышта оқыту мамандықтары үшін/ - Алматы: республикалық мет. кабинет, 1988. - 60 бет. ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ 16. Психология пәнінен сырттай оқу бөліміне арналған бақылау жұмыстары, әдістемелік нұсқау және бағдарламалары / 2010 мамандығы бойынша / Алматы:
41 республ. әдіст. кабинет, 1982 . - 77 бет. 17. Жас ерекшелік және педагогикалық психология бағдарламасы (аударма) . /2121 мамандығы үшін/ Алматы: республ. әдіст. кабинет, 1982. - 29 бет. 18. Педагогикалық училищеге арналған бағдарламалар /аударма/ Авторлық бірлестікте Б.Айтмамбетов. - Алматы: Халыққа Білім беру Министр. әдістемелік кабинет, 1984. -32 б. 19. Қазақ тілінен мемлекеттік емтихан бағдарламалары және педучилищеде оны оқытуға арналған әдістемелік нұсқау. Авторлық бірлестікте: М.Кухметов және З. Өскембаева. - Алматы: респуб. әдіст. кабинет, 1986. - 15 бет. 20.Педагогика институтының программалары. /№17 жинақ. Педагогика және бастауыш оқыту методикасы мамандығы үшін/ Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігі. - А: РОМК, 1989. - 92-бет. 21. Қазақ тілі мен қазақ тілін бастауыш мектепте оқыту методикасынан мемлекеттік емтихан бағдарламасы. Оқу ісі жөніндегі Методикалық әдебиет. Баспа кабинеті. - А., 1991. - 0,75 п.л. 22. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту әдістемесі бағдарламасы, 23. -А., 1994, Абай атындағы ҚазМемУнив. редакциясы, - 0,7 п.л. 24.Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары. Оқу және тіл дамыту. Алматы: ҚР Парламентінің баспаханасы, 1997.–80-110 бб. 25. Бағдарламалар. Әдебиеттік оқу. Жалпы білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған. – Алматы: ROND, 2003. – 16 бет. 26. Бағдарламалар. Әдебиеттік оқу. Жалпы білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған. – Алматы: Атамұра, 2007.– 18 бет. 27. Бағдарламалар. Әдебиеттік оқу. Жалпы білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған. – Алматы: Атамұра, 2010. – 16 бет.
42 ОҚУЛЫҚТАР 28. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 3-класына арналған оқу кітабы. 1-ші басылым. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: ҚазМемОқуПедбас, 1960. - 287 бет. 29. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 4-класына арналған оқу кітабы. 1-ші басылым. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: ҚазМемОқуПедбас, 1960. - 214 бет. 30. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 3-класына арналған оқу кітабы. 2-ші басылым. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: ҚазМемОқуПедбас, 1961. - 272 бет. 31. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 4-класына арналған оқу кітабы. 2-ші басылым. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: ҚазМемОқуПедбас, 1961. - 212 бет. 32. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 3-класына арналған оқу кітабы. 3-басылым. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: ҚазМемОқу Педбас, 1962. - 272 бет. 33. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 4-класына арналған оқу кітабы. 3-басылым. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: ҚазМемОқу Педбас, 1962. - 212 бет. 34. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 3-класына арналған оқу кітабы. 4-басылым. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: ҚазМемОқу Педбас, 1963.- 264 бет. 35. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 4-класына арналған оқу кітабы. 4-басылым./Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: ҚазМемОқу Педбас, 1963. - 212 бет. 36. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 3-класына
43 арналған оқу кітабы. 5-басылым./Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: ҚазМемОқу Педбас, 1964. - 264 бет. 37. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 4-класына арналған оқу кітабы. 5-басылым. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: ҚазМемОқу Педбас, 1964. - 212 бет. 38. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 3-класына арналған оқу кітабы. 6-басылым. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: «Мектеп» 1965. - 264 бет. 39. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 4-класына арналған оқу кітабы. 6-басылым. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: «Мектеп» 1965. - 211 бет. 40. Ана тілі. Сегіз жылдық мектептің 3-класына арналған оқу кітабы. 7-басылым. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов - Алматы: «Мектеп» баспасы. 1966. - 264 бет. 41. Ана тілі. Сегіз жылдық мектептің 4-класына арналған оқу кітабы. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов /- Алматы: «Мектеп» баспасы, 7-басылым. 1966. -211 бет. 42. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 3-класына арналған оқу кітабы. 8-басылым. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: «Мектеп» баспасы, 1967.- 264 бет. 43. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 4-класына арналған оқу кітабы. 8 -басылым. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: «Мектеп» баспасы, 1967. - 211 бет. 44. Ана тілі. Сегіз жылдық мектептің 3-класына арналған оқу кітабы. 9-басылым. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: «Мектеп» баспасы, 1968. - 211 бет. 45. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 4-класына арналған оқу кітабы. 9-басылым. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов - Алматы: «Мектеп» баспасы, 1968. - 262 бет. 46. Ана тілі. Сегіз жылдық мектептің 3-класына арналған байқау оқулығы. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов - Алматы: «Мектеп», 1969. - 262 б. 47. Ана тілі. Сегіз жылдық мектептің 3-класына арналған оқулық. 10-басылым. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/
44 - Алматы: «Мектеп» баспасы, 1969. – 264 бет. 48. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 3-класына арналған оқулық. 11-басылым. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: «Мектеп» баспасы, 1970. – 264 бет. 49. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 3-класына арналған оқулық. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: «Мектеп» баспасы, 1971. – 292 бет. 50. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 3-класына арналған /Т. Әбдірахманов, С. Рахметова/. - 2-басылым. - Алматы: Мектеп, 1972. – 292 бет. 51. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 3-класына арналған оқулық/ Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - 3-бас. - Алматы : Мектеп, 1973. – 260 бет. 52. Ана тілі: Сегіз жылдық және орта мектептің 3-класқа арналған /Т. Әбдірахманов, С. Рахметова/ - 4-бас. - Алматы : Мектеп, 1974. – 260 бет. 53. Ана тілі: 3-класқа арналған оқулық /орта және сегіз жылдық мектепке арналған /Т. Әбдірахманов, С. Рахметова/ - 5-бас. - Алматы : Мектеп, 1975. – 249 бет. 54. Ана тілі: 3-класқа арналған оқулық /орта және сегіз жылдық мектепке арналған /Т. Әбдірахманов/ - 6-бас. - Алматы : Мектеп, 1976. – 248 бет. 55. Ана тілі: 3-класына /орта және сегіз жылдық мектепке/ арналған оқулық /Т. Әбдірахманов, С. Рахметова/ - 7-бас. - Алматы : Мектеп, 1977. – 248 бет. 56. Ана тілі: 3-класына /орта және сегіз жылдық мектептерге/ арналған оқулық. Өңделген. 8-басылым/ Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: «Мектеп», 1979. - 248 бет 57. Ана тілі. 3-класына /орта және сегіз жылдық мектептерге/ арналған оқулық. Өңделген. 9-басылым/ Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: «Мектеп», 1979. – 248 бет. 58. Ана тілі: 3-класқа арналған оқулық. 10-басылым. / Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: «Мектеп», 1980. - 224 бет.
45 59. Ана тілі: 3-класс арналған оқулық /Т. Әбдірахманов, С. Рахметова/ - 11-басылым. - Алматы : Мектеп, 1981. - 224 бет. 60. Ана тілі: 3-класқа /орта және сегіз жылдық мектептерге/ арналған оқулық. – Өңделген. 12-басылым. Алматы : Мектеп, 1983. -224 бет. 61. Ана тілі: 3-класқа арналған оқулық /Т. Әбдірахманов, С. Рахметова/- 13-бас. - Алматы : Мектеп, 1983. - 223 бет. 62. Ана тілі: 5 күндік оқу аптасына көшірілген мектептің 3 класына арналған. - Алматы: «Мектеп», 1984. - 160 бет. 63. Ана тілі: 3-класқа арналған оқулық /Т. Әбдірахманов, С. Рахметова/. - 14-бас. - Алматы : Мектеп, 1985. - 224 бет. 64. Ана тілі: 3-класқа арналған оқулық. 15-басылым. / Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов / - Алматы: «Мектеп», 1987. -316 б. 65. Ана тілі: Сегіз жылдық мектептің 3-класына арналған оқу кітабы. 66. 16-басылым /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: «Мектеп» баспасы, 1989. -292 бет. 67. Ана тілі: Төрт жылдық бастауыш мектептің 6 жасарларға арналған 4-класс оқулығы. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ - Алматы: «Мектеп», 1989. -286 бет. 68. Ана тілі: Бастауыш мектептің 4-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толық. 3-басылым. /Авторлық бірлестікте Т.Әбдірахманов/ Алматы: «Рауан», 1993. -223 бет. 69. Ана тілі: Бастауыш мектептің 4-сыныбына арналған оқулық. 4-басылым. Алматы: «Рауан», 1996. -224 бет. 70. Ана тілі: Арнаулы көмекші мектептің 4-класына арналған оқулығы / арнайы мектептер үшін, авторлық бірл. К.Бектаева/ - Алматы: «Рауан баспасы», 1996. - 43 бет. 71. Ана тілі: Кемтар балаларға арналған 4-класс оқулығы /арнайы мектептер үшін/ Өңделген, толық. 2-басылым/ авторлық бірл. К.Бектаева/. - Алматы: «Рауан баспасы», 1997. -160 бет. 72. Ана тілі: Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныпқа арналған оқулық /П.Жаманқұлова, Б.Қабатаева/. –Алматы: «Атамұра», 1998. - 264 б.
46 73. Ана тілі: Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған байқау оқулығы. - Алматы: /Т.Әбдікәрімова, Б.Қабатаева/. «Атамұра», 1998. –304 б. 74. Ана тілі: Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық. - Алматы: /Т.Әбдікәрімова, Б.Қабатаева/. «Атамұра», 1999. –304 б. 75. Ана тілі : Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған байқау оқулығы /Т.Әбдікәрімова, Б.Қабатаева. - Алматы : «Атамұра», 1999. – 320 бет. 76. Ана тiлi: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 4-сыныбына арналған оқулық /Т. Әбдiкәрiмова, Б. Қабатаева/ - Алматы: «Атамұра», 2000. - 320 бет. 77. Ана тiлi: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 2-сыныбына арналған оқулық /С. Рахметова, П.Жаманқұлова, Б. Қабатаева/ 2- басылым, өңд. - Алматы: «Атамұра», 2002. - 256 бет. 78. Ана тілі: Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық. 2-басылым, өңделген. /Т.Әбдікәрімова, Б.Қабатаева/ -Алматы, «Атамұра», 2003. -320 бет. 79. Ана тілі: Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық /Т.Әбдікәрімова,Б.Қабатаева/ -Алматы, «Атамұра», 2003. -320 бет. 80. Ана тілі: Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған байқау оқулығы /Т.Әбдікәрімова,Б.Қабатаева/ - 2-ші бас. – Алматы: «Атамұра», 2004. -320 бет. 81. Ана тiлi: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 4-сыныбына арналған оқулық. - Өңделген. /Т. Әбдiкәрiмова, Б. Қабатаева/ - Алматы: «Атамұра», 2004. - 320 бет. 82. Әдебиеттік оқу. Жалпы білім беретін 12 жылдық мектептің 2-сыныбына арналған байқау оқулығы /Т. Әбдiкәрiмова, Б. Қабатаева/ - Алматы, «Атамұра», 2004. -252 бет. 83. Әдебиеттік оқу. Жалпы білім беретін 12 жылдық мектептің 3-сынып оқулығы /Т. Әбдiкәрiмова, Б. Қабатаева/ -Алматы, «Атамұра», 2004, -252 бет. 84. Жалпы білім беретін 12 жылдық мектептің 3-сыныбына арналған байқау оқулығы /Т. Әбдiкәрiмова, Б. Қабатаева/ -
47 Алматы, «Атамұра», 2005, - 288 бет. 85. Ана тілі: Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық / Б. Т. Қабатай, П. Қ. Жаманқұл/ - 3-басылым, өңделген. - Алматы: «Атамұра», 2009. - 272 бет. 86. Ана тілі: жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық / Б. Т. Қабатай, Т.Әбдікәрім/ - 3-басылым, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2010. - 376 бет. 87. Ана тілі: жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық / Т.Әбдікәрім, Р.Ж.Базарбекова / - 3-басылым, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2011. – 345 бет. 88. Ана тілі: жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық / Т.Әбдікәрім, Р.Ж.Базарбекова / - өңделген. - Алматы: Атамұра, 2015. - 356 бет. ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ 89.Педучилищеге арналған оқулық. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –- Алматы: «Ана тілі» баспасы, 1991. - 250 бет. 90.Мультимедиялық электрондық оқулық «Ана тілі» (2-сынып), С.Рахметова, Б. Қабатаева , П.Жаманқұлова. – Алматы: Атамұра, 2005. 91. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Өңделіп, толықтырылған екінші басылымы. Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігі педагогикалық училищелерге арналған оқу құралы ретінде ұсынған. – Алматы: «Ана тілі», 1991. -184 бет. 92. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Педучилищеге арналған оқу құралы, Алматы: «Мектеп», 1975. - 184 бет. 93. Ана тілін оқыту әдістемесі. БОПӘ мамандығы бойынша студенттерге арналған оқу құралы. Алматы, «Өлке», 2005, -160 бет. 94. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультеттерінің студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Өлке, 2005. -136 бет. 95. Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен
48 технологиясы: Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: ҚазҰПУ, 2007. -184 бет. 96. Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы: Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: ҚазҰПУ, 2009. –184 бет. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРЫ 97.І-ІІІ класта сыныптан тыстан оқу // Оқупедагогикалық басылым. - Алматы, 1965 ж. - 112 бет. 98.ІІІ класс оқушыларының сюжетті картинкалар бойынша тіл дамыту // Оқу-педагогикалық басылым, - Алматы, 1965 ж. -11бет. 10 бөлек суретті плакат. 99.ІІІ класта картинка бойынша тіл дамытуға арналған әдістемелік нұсқаулар // - Алматы, 1965 ж. -11бет. 10 бөлек суретті плакат. 100.4 класс оқушыларының сюжетті картинкалар бойынша тілін дамыту. авт.бірлестікте К.Кабиева // Оқупедагогикалық басылым, - Алматы, 1966. -11 бет. 10 бөлек суретті плакат. 101.4 класта сюжетті картинкалар бойынша тілін дамытуға арналған әдістемелік нұсқаулар. - Алматы, 1966 ж. – 32 бет. 102.Кластан тыс оқу: 1-3 кл арналған: Мұғалімге көмекші құрал. - Алматы, Мектеп, 1968. - 66 бет. 103.Бастауыш оқудың тиімділігін арттыру (М.Жазыбаев. С.Рахметова, А.Асқарова) – Алматы, «Мектеп» баспасы. 1968. - 212 бет. 104.ІІІ класс ана тілі байқау оқулығына методикалық нұсқау. – Алматы, Мектеп. 1969. - 55 бет. 105.«Ана тілі» оқулығына әдістемелік нұсқау (3 класс) - Алматы: «Мектеп», 1971. - 56 бет.
49 106.Оқушыларының тілін дамытуға арналған суреттер (3класс) – Алматы: «Мектеп», 1974. -15 шт. 107.Кіші жастағы оқушылардың жазу тілін дамыту.– Алматы: Мектеп, 1978. – 72 бет. 108.3 сынып «Ана тілін» оқытуға әдістемелік құрал. – Алматы: «Мектеп», 1981. - 61 бет. 109.4 сынып «Ана тілі» оқулығына әдістемелік құрал. – Алматы: «Рауан» баспасы, 1990. - 56 бет. 110.Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту. Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: «Рауан», 1997. -144 бет. 111. Ана тілін оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған. -Ана тілін оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін мектептің 3-сынып мұғалімдеріне арналған. -Ана тілі оқыту әдістемесі. жалпы мектептің 4-сынып мұғалімдеріне арналған: ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған /Т.Әбдікәрімова, Б.Қабатай/ - 2-бас. - Алматы : Атамұра, 2000. - 96 бет. 112.Ана тілі: Мазмұндамалар жинағы. Жалпы білім беретін мектептің 4-сынып мұғалімдеріне арналған (Т.Әбдікәрімова, Б.Игенбаева) – Алматы, 2000. – 94 бет. 113.Ана тілін оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін 4-сынып мұғалімдеріне арналған оқу құралы. Алматы, «Атамұра», 2003. - 112 бет. 114.Әдебиеттік оқу әдістемесі. Жалпы білім беретін 12 жылдық мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған оқу құралы. Алматы, «Атамұра», 2004. -80 бет. 115.Әдебиеттік оқу әдістемесі. Жалпы білім беретін 12 жылдық мектептің 3-сынып мұғалімдеріне арналған оқу құралы. Алматы, «Атамұра», 2005. -72 бет 116.Ана тілі оқыту әдістемесі. Жалпы мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған: ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған / Б.Т. Қабатай, С.Рахметова/ - 2-басылым. – Алматы, «Атамұра», 2007. - 80 бет. 117.Ана тілі оқыту әдістемесі. Жалпы мектептің 3-сынып
50 мұғалімдеріне арналған: ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған / Б.Т.Қабатай, С.Рахметова/ - 2-басылым. – Алматы, «Атамұра», 2009. - 89 бет. 118.Ана тілі оқыту әдістемесі. Жалпы мектептің 4-сынып мұғалімдеріне арналған: ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған / Т.Әбдікәрім, Р.Ж.Базарбекова / - 3-басылым, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2011. – 112 бет. 119.Әдебиеттік оқу әдістемесі. Жалпы мектептің 4-сынып мұғалімдеріне арналған: ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған / Т.Әбдікәрім, Р.Ж.Базарбекова / - өңделген. - Алматы: Атамұра, 2015. – 116 бет. МАҚАЛАЛАР 120.Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тілін дамыту. Мазмұндама және шығарма (кітап бөлімі) АлмаАта: «Мектеп», 1968. – -160 бет. 121.1 класс оқушыларының тілін дамыту // «Қазақстан мектебі», 1968. -№5. – 96 бет. 122.Дайын әңгіме бойынша мазмұндама түрлері // «Қазақстан әйелдері», 1968. - №9. – 48 бет. 123.Жазбаша сауат ашу кезеңінде тілді дамыту // «Қазақстан мектебі», 1969. -№7. – 96 бет. 124.Жазбаша сауат ашу кезеңінде тіл дамытуды жоспарлау // «Қазақстан мектебі», 1969. -№9. – 96 бет. 125.Слово о наследственности // «Қазақстан мұғалімі», 1971.- 18 апрель. 126.1 класс оқушыларының тілін дамыту // Сб. «Ана тілін оқыту» Алма-Ата: Мектеп, 1972. – 14 бет. 127.Балалардың психикалық дамуы жайлы // Бастауыш мектеп, 1972. №1, - 11-14 бб. 128.Қазақ оқушыларының сөйлемді құраудағы тілдің ықпалы // Абай атындағы ҚазПИ жинағы, Алма-Ата: «Мектеп», 1972. - 76 бет.