101 запасын бiрдi-екiлi сабақтарда ғана жетiлдiрмей, мектепке алғаш келген күннен бастап байыту қажет екенiн, ол үшiн сөз мағынасын түрлi лексикалық тәсiлдер арқылы ұғындыру жолдарын айтып, екiншiден, бастауыш мектеп оқушыларының байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру қажеттiгiн көрсетедi. С. Рахметова бастауыш мектеп оқушыларының тiлiн дамытудың мазмұны ненi қамтуы қажет деген сұраққа былай деп жауап бередi: «Мұнда бiз мына сияқты негiзгi мәселелердi үйретуiмiз қажет, яғни белгiлi бiр тақырыпты оқыта отырып, баланың сөздiк қорын дамытатын сөздердi үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгеру барысында оларды байланыстырып сөйлем құрауға, сөз тiркесiне, сондайақ ойларын ауызша жазбаша сауатты, жүйелi, дұрыс жеткiзуге, сөйлей бiлуге үйрету мақсат етіледi. Сонда осы үшеуi /сөздiк жұмысы, сөз тiркесi мен сөйлем құрау және байланыстырып сөйлеуге үйрету/ күнделiктi өтiлетiн сауат ашу, грамматика, оқу сабақтарымен байланысты, бiртұтас жүргiзiлiп отырса, тiл дамыту жұмысы да бiршама жүйелi өткiзiледi деуге болады». Сағира Рахметқызы «тiл ширату», «тiл жетiлдiру», «тiл ұстарту», «тiл дамыту», «байланыстырып сөйлеу дағдысы» терминдердiң мағынасын алғаш рет айқындаған. Әдістемеші ғалым терминдердiң әрқайсысына мынадай түсiнiк берген: «... еңбегiмiзде, тiл дамыту» терминiн қолданып отырмыз, өйткенi «тiл ширату» балалардың бiлетiн пассив сөздерiн активтендiру мақсатын көздесе, «тiл жетiлдiру» (усовершенствование) көбiне баланың тiлiн түзету мағынасында қолданылады. Ал «сөз байлығын арттыру» - сөздiкке ғана қатысты. Бiздiң ойымызша, «тiл дамыту» терминi осылардың барлығын қамтиды [2, 23]. Демек, оқушылардың тiлiн ширатуға, олардың тiлiн жетiлдiруге, шәкiрттердi байланыстырып сөйлеуге үйретуге арналған жұмыстардың барлығы балалардың тiлiн дамыту мақсатын көздейдi. Сағира Рахметқызының пікірлері қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушы А.Байтұрсынов: «Тіл -адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі»-, деген [3.173], және Ә.Садуақасовтың:”Адамды бір-
102 бірімен қоғамдастыратын басты құралдың бірі - тіл. Оқушылардың білімді болуының басы айтушының сөзін тыңдай білуден, дұрыс сөйлей алудан басталады. Әрбір пәннен тиянақты білім алу да тілге байланысты”, — деп айтқан пікірлерінің заңды жалғасы [4.26]. Сағира Рахметқызы тілді оқыту әдістемесі туралы ғылымға асқан ыждаһаттылықпен, талапкершілікпен, жауапкершілікпен, сезімталдықпен қарайтын бастауыш оқыту әдістемесін, жеке дүниесін санасымен сезетін ғалым. Бұндай қасиет - Алланың берген сыйы. Апай бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесін табиғи сезімталдықпен меңгерген, оған жан-жақты талдау жасай алады. Осы себепті С.Рахметқызына қарапайымдылық пен ұстамдылық, сабырлылық кішіпейілділік пен мейірлілік тән екенін шәкірттері жақсы біледі. Апайдың өз айтарын, ашық, ешқандай бүкпесіз жеткізерін құрметтейді. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі бекер»- деп ұлы Абай айтқандай, Сағира Рахметқызы - өзінің ұстаздық ғұмырында басқалардан оқ бойы алда тұрған адам. Өйткені ұстаз қасиетті де ардақты есім ұстаз болу, әсіресе ұстаздардың ұстазы болу – екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние. Себебі ұстаз ұғымы- айналасына мейір мен шапағы, жылу шашып, білім нәрін егетін аса парасатты адам дегенді білдіретін ұғым. Қазақ тіл білімінде оның оқыту әдістемесі саласында А.Байтұрсынов, Ғ.Бегалиев, Ә.Ермеков, С.Аманжанов сияқты т.б. алдынғы толқын ағалар жолын жалғастырған академик Рабиға Сыздықова, Нұржамал Оралбаева сынды т.б. ғалым аналармен қатар еңбек етіп, келе жатқан С.Рахметқызының ғылым жолындағы еңбегіне шығармашылық табыс, зор денсаулық тілейміз.
103 СЕҢГІРДЕ СҮРЛЕУ САЛҒАН Оспанов Т.Қ. – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, п.ғ.к Бүгінде біреулер өзінің өмір жолына жоралғы жол сілтеген ағаларын ауызға алады. Ал мен Сағира апамды айтамын. Бәлкім тағы біреулер әйел адамның тәлімін тектіліктің теңі емес дейтін шығар. Бірақ мен осынау бір адам баласының ала жібін аттап көрмеген адал адамның аяулы аясында жүріп, азамат болып қалыптасқанымды мақтан тұтамын. Алғаш рет аспирантураның есігін аңырайып ашқанымда, Сағира апайым Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдардың ғылыми-зерттеу институтының білдей бір қызметкері еді. Ауылда мұғалім, мектеп директоры болып, жеті жылдық тәжірибемен келсем де, «білем» деп жүргенімнің бәрі бос сөз екен. «Ғылым» деген ғажайып әлемнің есік-терезесін шатастырып жүрген сол кездегі үрпекбас балаң жігітке қамқор қолын созған Сағира апай болды. Егер менің бойымнан адалдықтың екі мысқал нәрі табылса, оның бірі - ата-анамның арқасы шығар. Ал екіншісін – сырбаз мінезінен сұңғыла сұлбасы сезілетін апайымнан бұйырған несібе көрем. Адами тірліктегі, ғылыми ғұмырдағы тазалықты таңдай білуге тырысып баққан тұрпатымнан үлп еткен адалдық аңғарылса, бұны апайымнан ауысқан қасиет деп білер едім. Салиқалы Сағира апам кейінгі еңбек жолыма жіп жалғаған қамқоршым да болды. Кейіннен 1988 институтқа оқытушылыққа келуіме де Ромсейіт аға Қоянбаев екеуі септігін тигізді. Апайым жетекшілік еткен кафедрада оқытушы болып жүргенімде, бұл кісінің бойындағы адамгершілік пен әділдіктің қайнарына қанықтым. Бұра тартуды білмейтін бұл кісінің тәрбие мектебі сол кафедрада қызмет еткен екінің біріне тәлім болды. Бертін келе – 1991 жылы апайдың кафедрасынан бөлініп
104 шыққан жаңа кафедраға меңгеруші болып жүргенімде, Сағира апайдың санада қалған сабағы мен өзгермес өнегесі өзіме де өре болды. Сондықтан да болар, мен өзімді осы тұрғыда Сағира апайдың оқушысы санаймын. Бүгінде ойлап отырсам, апайдың атқарған ауқымды ісін жіпке тізгендей етіп айтып шығу да оңай емес екен: әдістемелік ғылымға қосқан үлесі, әдіскер ғалымдар дайындаудағы ерен еңбегі, бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындайтын мамандықтың дамуына ықпал етуі – әрқайсысы бір-бір монографияны мықшитатын тақырып болар еді. Ал өмірдегі өнегесі өз алдына үлкен өлке: балаларының анасы, немерелерінің әжесі, шәкірттерінің ұстазы, қазақ қыздарының эталоны, сіңілілері мен бауырларының үлгі тұтар апайы.
105 САҒИРА РАХМЕТҚЫЗЫНЫҢ ӨНЕГЕЛІ ӨМІРІ Амирова А. С. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Көктемнің осы бір шуақты күнінде ғалым-педагог, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі саласының маманы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сағира Рахметқызы Рахметова 85 жасқа толып отыр. Бүгін бастауышта оқыту әдістемесін, бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі саласында ғылыми мектеп қалыптастырушы әдіскер-ғалым, ұстаз «Ана тілі» оқулығының авторы, 11 және 12 жылдық мектептерге арналған «Қазақстан Республикасы бастауыш білім мемлекеттік стандарттарының», «Жалпы білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған «Әдебиеттік оқу» бағдарламаларының жетекші авторы Сағира Рахметқызы Рахметованың 85 жылдық мерей тойы аталар ерекше күн! Сіздің еңбек жолыңыз туралы шәкірттеріңіз айтар деген оймен Сізді ғалым ретінде бастауыш мектеп педагогикасы саласына қосқан өзіндік үлесіңіз арқылы білетіндіктен құттықтауды өзіме парыз деп санадым. Ғалымның педагогика саласындағы ғылыми еңбектері Қазақстан Республикасының қазіргі білім беру жүйесін модернизациялауға қосылған үлкен үлес болып табылады. Оның зерттеу тақырыптарында әртүрлілік, терең ізденіс, жаңашылдық, шығармашылыққа ұмтылыс пен шынайылықты қабылдаудағы батылдық көрініс тапқанын атап өткім келеді. Мерей той иесі - өз еңбегімен үлкен жетістікке жетіп, Қазақстанның педагогика ғылымына терең із қалдырған, жас
106 ғалымдарды тәрбиелеп, ғылыми орта құра білген ғалым. Сағира Рахметқызының ғалым ретінде қалыптасқан өзіндік ғылыми мектебі бар, оған дәлел педагогика бағытында қорғатқан ғылым докторлары мен ғылым кандидаттарын атауға болады. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деп халқымыз айтқандай, ұстазынан алған барлық ғылыми тағылымдары негізінде бүгінде ғылыми дәрежеге ие болған шәкірттерінің педагогика саласында маман кадр даярлауға сүбелі үлес қосып отырғаны, ғалымның ғылыми мектебінің жоғары деңгейін көрсетсе керек. Сағира Рахметқызы әдіскер-ғалым. Оған дәлел 1960 жылдан бастап оқулық авторларының бірі ретінде «Ана тілі» оқулығын жазуы болса, еліміз тәуелсіздік алған кездегі «Ана тілі» жаңа буын төл оқулықтарының авторлар ұжымының жетекшісі ретінде үлкен жауапкершілік жүгін арқалады. Жаңа буын оқулығы мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындап, республика мектептеріне енгізіліп, барлық қазақ мектептерінің оқушылары осы оқулықтармен білім алып тәрбиеленуде. Ғалым автор ретінде қазақ тілі мен ана тілінің қыры мен сырын меңгертуге, жалпы және шағын жинақталған мектептерге әдістемелік көмек беріп, бастауыш мектеп мұғалімдерінің алғысына ие болды. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сағира Рахметқызымен 2003-2004 оқу жылдары 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты құрылған жұмыс тобында бірлескен авторлық ұжымда жұмыс істедім. Сағира Рахметқызымен бірлескен авторлық ұжымда жұмыс істеу барысында адами сапалардың жоғары деңгейі мен биік парасаттылықтың куәсі болдым. Сізбен бірге 2-3 сыныптар бойынша «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін және 4 сыныптың оқу-әдістемелік кешендерін бірлескен авторлық ұжымда дайындадық. 12 жылдық білім беруге көшудің алғашқы оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін Республиканың 52 тірек мектептерінде тәжірибеден өткізу барысында аймақтық семинарларға іс-сапарларға бірге бардық. Адамның табиғи жаратылысындағы қарапайымдылық, интеллигенттілік, кіші
107 пейілділік, төзімділік, табиғилық, адалдық, сыпайылық сияқты қасиеттерді ешкім айтпай-ақ көрініп тұратынын іс-сапарда Сіздің бойыңыздан байқадым. Қазақ тілі мен ана тілін оқытудың әдістемесінің негізін қалаған авторлардың бірі ретінде әдістемелік тұрғыда айтқан ақыл-кеңестері шәкірттері үшін ғибрат болары сөзсіз. Бірлескен авторлық ұжымда жұмыс барысында ғалымның жұмысқа басшылық жасаудағы әділдігі, адалдығы, кәсіби шеберлігі, ғылыми пайымдаулар жасауы авторлардың жауапкершілігін арттырды. Бұдан әдіскер-ғалымның ғылыми-әдістемелік тұрғыда ғалымдардың авторлар ретінде қалыптасуына ықпал еткенін көруге болады. Академик Әбдуали Қайдари Сіздің еңбегіңізге: «Кез келген еңбектің жарық көріп, халықтың игілігіне айналуы бір бақыт, ал оның үлкен бағаға ие болуы ғылым адамының шығармашылық қуатын еселеп арттыратын зор қуаныш», - деп көрсетуін әділ берілген баға деп түсінеміз. Академиктің берген бағасын халықтың да берген бағасы деп қабылдауға негіз бар, оған дәлел бастауыш оқыту әдістемесіне қосқан үлесіңіз үшін, еліміздің болашағы үшін аянбай төккен тердің нәтижесінде «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісі, «Үздік ұстаз» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасын иеленуіңіз. Ғалымның ғылымдағы сара жолы ұстаз есімінің «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары мен оқытушылары» энциклопедиясына енгізілуінен айқын көрініс тауып отырғанын көруге болады. Ұлы Абай айтқандай: «Биік мансап – биік жартас, оған екпіндей ұшып қыран да шығады, ерінбей жылжып жылан да шығады», – деген сөзімен ойымды тұжырымдайтын болсам, Сіздің ғылыми-педагогикалық еңбек жолыңызды зерделей отырып, екпіндей ұшып қырандай самғаған ізіңіздің кейінгі ұрпаққа самғай жетуіне тілектеспін! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеп, айналаңыз аман, бауырыңыз бүтін болсын демекпін!
108 ҒАЛЫМ ҒИБРАТЫ Дәулетбекова Ж.Т. – Қазақ-Британ техникалық университетінің профессоры, п.ғ.д. (Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сағира Рахметқызының мерейтойына жыр-шашу) Биігінде ғылым көктің самғадың, Қанат қақтың шаршамадың,талмадың. Ана тілін аялаған кие деп, Ізгі ісін Ахметтің жалғадың. Білім жолын тағдырыңа баладың, Алға бастап, талпындырды әр адым. Тіл мен ділді жас өскінге нәр берер, Ұлттың алтын тамыры деп санадың. Ата-баба ары артық жанынан, Бір-ақ сөзге тоқтай білген, бағынған. Шешендердің қасиетін пір санап, Биік тұтқан патшалардың тағынан. Сол дәстүрді сақтасын деп ұрпағым, Аяладың, баптап күттің ТІЛ бағын. Егемен ел көсегесі тілде деп, Жігеріңді, бар күшіңді жұмсадың. Ізсіз кетпес адам ісі келелі, Тіл-кие де Сізді қолдап жебеді.
109 Атандыңыз бастауыштың анасы, Өрге жүзген қайырламай кемесі. Ұстаз болдың қалыптасқан мектебі, Жас шыбығың бәйтерек боп көктеді. Жеміс жинар күзің келіп жетсе де, Нұр дидарың – бейне шуақ көктемі. Тамыр тартқан сонау алыс тереңнен, Тектілікті болмысыңнан көрем мен. Ғибратың таусылмайды санасам, Тілегімді түйдім осы өлеңмен. Сағира апа, сұлу апа, сән апа, Тірлігіңде жатыр биік мән апа. Ғылымдағы томағасын сыпырған, Шәкіртіңнің алғысы деп сана, апа.
110 ӨМІР БЕЛЕСТЕРІ ТУРАЛЫ АРНАУ Уайдуллақызы Э. Магистратура және докторантура институтының 2 курс магистранты «Ұстаз болу – үлкен бақыт білгенге, Ұстаздарға бас имеген қай пенде?! Ұстаздарға тағзым ету парызың Арың болса, жаның болса, кеудеңде!!!» Ұстаз.... Ел ықыласына бөленген ең аяулы тұлға... 85 жас... Бір ғасырға жуық ғұмыр! Ойлап қарасам, бұл аз да, көп те уақыт емес. Бірақ өзінің өмір жолында мейірім мен терең білімін шәкірт бойына сіңірген мен білетін бір ұстаз бар. Ол аяулы ұстаз – Батыс Қазақстан облысы Жанғалы ауданының Саралжын ауылының қасиетті топырағында дүниеге келген Рахметова Сағира Рахметқызы. Оның жанарындағы ұстазға тән мейірім-шапағаттың нәзік иірімді шуағы мен терең білімінің қуатты сәулесі шәкірт жүрегінің тереңінен үлкен орын алары сөзсіз! Халық арасында «ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қанатты сөз бар. Рахметова Сағира Рахметқызы - осы бір қанатты сөзге сөзсіз лайық жан. Өйткені ол – қаншама шәкіртті терең біліммен сусындатып, қияға қанат қақтырған ардақты Ұстаз, өзінің қос жанарындай болған екі ұлы мен екі қызын тәрбиелеп, барлығын саналы әрі адамгершілігі жоғары азамат ретінде өсіре білген аяулы Ана! Білімнің алғашқы баспалдағы, алғашқы қадамы мен ең алғашқы кірпіші де бастауыш мектепте қаланады. Олай болса, білімнің қара шаңырағы – күллі қазақтың мектебіндегі білім
111 нәрін алып жатқан жас ұрпақ атынан өзіңізге мың алғыс! Себебі сіздің Ана тілі оқулығыңыз, бүгінгі жас ұрпақ үшін теңдессіз қазына мен байлық! Бүгінгі таңда көктемнің нұры іспетті күллі шәкірттің жанына жылу ұялатқан аяулы ұстазымыз – Рахметова Сағира Рахметқызы сексен атты алып шыңның асқарына келгенінде, сан шәкірттің жүрегінен: « Алатау шыңдары мен Қаратау тастарына, Көз түсті жеткеннен соң, сексеннің асқарына. Ақ бояу самай менен түскенде шаштарыңа Ақ тілек жыр жолымен жазылды жас жаныма. Ешбір алтын тең келе алмас мәңгілік Дәл өзіңдей менің асыл Ұстазыма!!!» деген ізгі тілек, ақ ниеттің үні естіледі, ал ұл-қызының жүрегінен «Мейірім мен махаббаттан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла бойымызды жылытқан ыстық алақаныңыздан, «Айналайын» деп маңдайымыздан емірене сүйіп, еркелеткен мейірімді үніңізден артық біз үшін ешнәрсе жоқ! Сексен жас мерейтоңыз құтты болсын, әрқашан аман болыңыз, АНА!» деген сәби жүрегінің пәк тілегі осылайша тізбектеле түскендей... Аяулы Ұстаз , ардақты Ана, қадірлі Рахметова Сағира Рахметқызы бүгінгі асқаралы сексен жас мерейтойыңыз құтты болсын! Бүгін сіздің жадыраңқы жүзіңіз, Бүгін сіздің қуанышты күніңіз. Айналаға жылу сыйлап, күліңіз Мәңгілікке аман-есен жүріңіз!
112 ҰСТАЗ. ҒАЛЫМ. ӘДІСКЕР Балтабаева Ж. – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Магистратура және PhD докторантура институты доценті, п.ғ.д. «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей түседі»,– деп Сократ айтқандай, студент-шәкірттер жүрегіне жол тауып, ұмытпас із қалдырып жүрген Сағира Рахметқызының жеткен биігі аз емес. Өз қатарластарымен бірге жоғары білім алған жас маман еңбек жолын ауылдық мектепте мұғалімдіктен бастаса да, қажырлы да қайсар қыз Орал облыстық комсомол комитетінің үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне шақырылып, сол салада жастарға ақылшы болды . Білуге, ізденуге құштар жас көп ұзамай Алматыға келіп, өзінің іскерлігін байқата білді, республикалық педагогикалық «Мектеп» баспасының редакторы, редакция меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды. Бірақ қандай жұмысты да тиянақты, ізденіп орындауға дағдыланған Сағира Рахметқызы білімін Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында жалғастырып, бастауыш мектеп әдістемесіне қатысты тынымсыз зерттеулер жүргізіп, «Қазақ мектептерінде бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тілін дамыту» атты тақырыптағы кандидаттық диссертациясын уақытында ойдағыдай қорғап шықты. Жасынан ұстаздықты армандаған Сағира Рахметқызы өзі қалаған мамандығы бойынша еңбек жолын жалғастыру мақсатында Абай атындағы ҚазПИ-ге жұмысқа ауысты. Сол қасиетті қара шаңырақта ғалым-ұстаз күні бүгінге дейін болашақ мамандарды даярлау ісінде шаршамай, шалдықпай еңбек етіп келеді.
113 «Сүйген іс сүйкімді келеді» дегендей, бір салада ұзақ жылдар атқарған іркіліссіз ізденістің, тынбай атқарған еңбектің жемісі де, жеңісі де ғалымды биікке шығарды. Жоғары оқу орнында еңбек ете жүріп, бастауыш мектепке арналған «Ана тілі» оқулықтарының, әдістемелік құралдарының авторы ретінде республикаға танылып, мектеп мұғалімдерінің құрметіне бөленді. Табиғатынан сыпайы да қарапайым Сағира Рахметқызы ғылым мен ұстаздықты қатар алып жүріп, ғалымның өз сөзімен айтқанда, «қазақ мектептеріндегі ана тілін оқыту ісін жаңа талаптарға сай жетілдіру, оқушылардың ана тілінде шебер сөйлеп, өз ойын баяндау дағдыларын жаңа дәрежеге көтеруді, ана тілінде дұрыс сөйлеп, жазуға үйрету кімді болса да, немқұрайды қалдырмайтын, өзегімізді өртейтін ең бір қиын да, күрделі және көкейкесті мәселе» бойынша «Бастауыш класс оқушыларының тілін дамытудың ғылымиәдістемелік негіздері» деген тақырыпта диссертация қорғап, ғылым докторы атанды. Бұл жалпы бастауыш сыныптың қазақ тілін оқыту әдістемесі, оның ішінде тіл дамыту мәселесі бойынша қорғалған тұңғыш докторлық диссертация болды. Аталған жұмыс – күрделі мәселені жан-жақты зерттеген, өте маңызды әдістемелік мәселелерді қоя білген, оны ғылыми негізде, сапалы шешкен құнды еңбек. Ғалым тіл дамыту бойынша мынадай мәселелерді қарастырып, шешімін тапты: 1) ауызша, жазбаша тіл дамыту әдістемесі, 2) сөз және сөйлемдермен жұмыс жүргізу жолдары, 3) байланыстырып сөйлеу әдістемесі. Бұл мәселелерді жоғары деңгейде шешу үшін, ғалым мәселенің ғылыми әдістанымдық негіздерін анықтады. Сөйтіп, ғалым осы мәселелерді ғылыми тұрғыда нақтылы деректерге сүйеніп, алғаш рет тиянақты дәйектей білді. Б а с т а у ы ш сыныптарда ана тілін оқыту процесі 1) сауат ашу, тіл дамыту (әліппе); 2) оқу, тіл дамыту (ана тілі); 3) грамматика, емле, тіл дамыту (қазақ тілі) секілді үш кезеңді қамтитындығы белгілі. С.Рахметқызы оқушылардың тілін дамыту, сөз қолдану дағдыларын қалыптастыру осы кезеңдердің әрқайсысында
114 белгілі бір тақырыптың оқытылуына сүйене отырып, жүргізілуі керектігін ескерте келіп, сөздік жұмысы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау және байланыстырып сөйлеуге үйрету күнделікті өтілетін сауат ашу, грамматика, оқу сабақтарымен байланысты, біртұтас жүргізіліп отырылса, тіл дамыту жұмысы біршама жүйелі өткізіледі деген тұжырым жасады. Одан әрі ғалым өз еңбегінде бастауыш мектептегі сөздік жұмысының мынадай төрт бағытын атап көрсетті: 1) Балалардың сөздігін байыту, яғни оқушыларға олар бұрыннан білмейтін, жаңа сөздер үйрету, олардың мағынасын түсіндіру; 2) Сөздіктерін анықтау, яғни бұрыннан білетін сөздерінің мағынасына түсініктерін тереңдете түсу (мағыналарындағы түрлі сәл айырмашылықтарды синонимдер, антонимдер) арқылы көп мағыналықты, басқа мәнділіктерді талдау арқылы т.б.; 3) Сөздіктерін қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, ыңғайына қарай, көбірек сөз қосып отыру; 4) Әдеби тілге жатпайтын сөздерді түзету, сөздердің айтылуын дұрыстату [1, 167-168-б.] Әдіскер-ғалым бұл бағыттарды сөз жүзінде айтып қоймай, мектептерде тәжірибе жүргізу арқылы анықтаған. Тәжірибе кезінде ауыл мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қоры, сөйлеу деңгейлері талапқа сай еместігін автор қынжыла айта келіп, «оқушылар біршама жеткілікті сөздік қор жинау үшін, күніне барлық сабақта 20-30 жаңа сөз үйренуге тиіс»,-деген ұсыныс айтады. С.Рахметқызы мәтінді дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмысын үш кезеңде: яғни, 1) мәтінді оқуға дайындық кезеңінде, 2) мәтінді оқу барысында, 3) оқып шыққаннан кейін жүргізуге болатындығын, өйткені мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру оқушылардың мәтінді дұрыс қабылдау шарттарының бірі екендігін баса айтқан. Бірақ, автор бұл үш кезеңді орынды пайдалану керектігін де ескерткен, себебі «мәтінді оқуға дайындық кезеңінде мәтін оқылмас бұрын көп сөздер мен ұғымдарды түсіндіре бергенімен, ұмытылып қалады да, оған қайта оралу керек болады» [1, 173-б.]. Автордың бұл ойын құптай отырып, мәтін мазмұнын
115 түсіндіруде қиындық келтіретін сөздердің қайсысын алдын-ала дайындық кезінде, қайсысын кейінірек ұғындыру мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты деп ойлаймыз. Сондай-ақ әдіскердің екінші кезеңге байланысты айтқан ескертпесі де орынды, өйткені «оқып келе жатқан материалдарды үзіп тастап, сөзді түсіндіруге кірісу – оқушының зейінін алаңдатып, мәтінге деген ынтасы мен қызығуын тежейді де, балалардың бірқатары онан әрі оқылған материалды тыңдамайды ... сондықтан сөз мағынасын оқу барысында түсіндіру сирек қолданылады, оған әуестенудің керегі жоқ» [1, 173-б.]. Сондықтан әдіскерғалымның шығарманың мазмұнын оқушылар тереңірек ұғыну үшін немесе олардың сөздік қорын молайта түсу мақсатындағы сөздік жұмысын мәтін оқылғаннан кейін яғни шығарманың мазмұнын талдау барысында жүргізу жөніндегі пікірі бүгінгі күні мектеп тәжірибесінде кеңінен қоланылып жүр. Одан әрі ғалым сөздік жұмысын жаңа ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу, жаңа көріністерді байқату кезінде де байланыстыра жүргізуге болатындығын, жаңа сөздерді оқушылардың сөздік қорына енгізіп, ол сөздерді сөйлегенде пайдалануға дағдыландыру қажеттігін ескерткен. Ғалым пікірінше, оқушылардың ойын, тілін дамытуда синоним сөздерді пайдалануға үйрету жұмысының да мәні күшті. Сондықтан оның мұғалімдерге арналған мәтінді оқуға дайындау кезінде 1) мәтінде синоним сөздер бар ма, болса, олардың мағыналарын қалай ұғындыру керек, балалар жауаптарында ол сөздерді қолдану үшін, қандай сұраулар қою қажет; 2) егер мәтінде синоним сөздер болмаса, ал мұғалім балаларға синоним сөздерді білдіргісі келсе, оны қалай ұйымдастырған жөн: оқу барысында сөздің синонимін айтып түсіндіре ме, қорытынды әңгімеде кірістіре ме, сурет арқылы ма, әңгімелесу барысында ма – осыларды қарастыру керек деген әдістемелік кеңесі де орынды айтылған. Әдіскер өз зерттеуінде сөздік жұмысын жүргізуде жаңа сөздер үйрету және олардың мағыналарын меңгертумен қатар көркем мәтіндегі бейнелі сөздерді үйрету, синоним, омоним, антоним, көп мағыналы, қанатты, нақыл сөздермен жұмыс
116 жүргізу жолдарына да көрсеткен.. Автор балалардың тілін, ойын дамытудағы мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштардың маңызына ерекше мән бере келіп, оқулықтардағы олардың берілісіне нақты мысалдар келтіре отырып (2-сыныптың оқулығында 12 мақал-мәтел, 13 жұмбақ, 3-сыныпта 6-мақалмәтел, 15 жұмбақ, 4-сыныпта 130 мақал-мәтел, 55 жұмбақ берілген), оқулықтардағы осындай ала-құлалық бастауыш сынып оқушыларының қабылдау, есте сақтау, қиял, тіл дамыту ерекшеліктерін ескере отырып, оқулықтарда мақалмәтел, жұмбақ жаңылтпаштардың қандай түрлерін, қандай жүйемен, қалайша беру керектігі арнайы зерттелмегендіктен деп тұжырымдайды. Қай сыныпта да болмасын мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштардың оқушылар тілін ұстартудағы рөлі, тәрбиелік мәні үлкен екендігі белгілі, тек қана оларды жүйелі түрде пайдалана білу қажет. Ғалым сондай-ақ диссертациясында мектеп мұғалімдерінің күнделікті жұмысында өте қажет болатын тіл дамыту сабақтарының үлгілерін, екінші қосымшада синонимдер, антонимдер сөздігін, үшінші қосымшада ауызша, жазбаша тіл дамыту жұмыстарын жүргізу үшін тақырып үлгілерін берген. Бұның бәрі жұмыстың құндылығын дәлелдейді. Сағира Рахметқызы әдістеме саласында құнды еңбектер жазумен қатар ғылымға шәкірттерді баулуда да өз үлесін қосып келеді. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдістемесіне қатысты мәселелерді ғалым шәкірттері тереңдете зерттеуде. Мысалы, әдіскер-ғалымның жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғаған С.Жораева өз зерттеуінде жаңа технологияларды пайдаланып кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырудың әдістемесін ұсынса, білім берудің жаңару бағытында жасөспірімдерді ұлттық рухта, ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылық негізінде жан-жақты дамыту үшін антропоцентристік бағыттағы адам танымын зерттейтін когнитология аумағындағы ғылымдардың басты қағидалары мен нәтижелерін әдістемеге енгізуге бағыттап зерттеу жүргізген И.Хасанова бастауышта зат есімді когнитивті оқытудың әдістемесін дәләелдеп шықты. Осындай
117 әдістеме ғылымының әр қырын жан-жақты талдап ғылыми диссертация қорғаған ғалым шәкірттері республикамыздың жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында қызмет етіп жүр. Бұл да ғалым-ұстаз еңбегінің үлкен көрсеткіші деп білеміз. Ғалымдық пен ұстаздықты қатар алып келе жатқан Сағира Рақметқызының үлкен де, кіші де үлкен ризашылықпен қызыға қарайтын өмір жолы, ғылым атты киелі әлемдегі шыңдалған еңбек жолы кім-кімге де үлгі боларлықтай. Үлгі болар өмір жолыңыз ұзағынан жалғаса берсін, демекпіз бүгінгі мерейтойында ғалым, ұстаз, әдіскерге!
118 САҒИРА РАХМЕТОВА – ӘДІСКЕР ҒАЛЫМ, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ Молдабекова Н., Шымкент қаласы Ғасырлар бойы жинақталған ұлт тәжірибесін, халық даналығын терең мағыналы сөздермен ұрпақтанұрпаққа жеткізу адам баласына мирас етіліп келеді. Мектеп есігін жаңа ашқан балғын сәбиге алдымен таяқша сызуды, кейін әріп жазуды, бертін келе әріптердің басын құрап сөздер жазып, оқуды, кітап пен білімнің құпия сырын ашуға бүкіл ғұмырын арнаған Сағира Рахметқызын жұрт ұлағатты ұстаз ретінде жақсы біледі. Бар өмірін жас ұрпақты тәрбиелеуге, білім нәрімен сусындатуға арнаған Сағира Рахметқызы ғылыми еңбектер жазып қана қоймай, өскелең өміріміздің ертеңгі, жалынды жастарын тәрбиелейтін, білікті, ғылыми дәрежесі бар, ізденімпаз мамандар даярлап жүр. Қазір Сағира апайдың ғылыми мектебін бітірген 3 ғылым докторы, 10-нан астам ғылым кандидаттары бар. Міне, салтымызды сақтап, дәстүрімізді дәріптеп келген Сағира апайдың даралығы да, даналығы да осыдан байқалады. Ұзақ жылдар бойы сұрыпталып келген үлгі-өнегені әкесінің тектілігімен, анасының ақ сүтімен келген қасиеттің бір қыры ретінде жинақтап, оқтын-оқтын даламызда жауатын ақ жаңбыр секілді, сіркіреп келіп төгіп-төгіп жіберіп, сол нәрімен қоғамды да, жас ұрпақты да сусындатып, қазақ тілі әдістемесінің нар тұлғасы болып келеді. Ғалымның қарымды қаламынан туындаған ғылыми еңбектер де аз емес. Жоғарғы оқу орындары бастауыш оқыту педагогикасының әдістемесі мамандығының студенттеріне арналған «Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы» атты еңбегі білім ордаларында үлкен сұраныспен қолданылады. Ал педагогикалық колледж білім алушыларына арналған «Қазақ тілінің оқыту әдістемесі» – теңдесі жоқ құнды оқу құралы.
119 Себебі бұл ғылыми еңбекте қазақ тілінің заңдылықтары, әдістемесі, сауат ашу мен тіл дамыту әдістемесі, грамматика және жазу мен байланыстырып сөйлеу әдістемесінің қыр-сыры толық ашылған. Сондай-ақ «Кіші жастағы оқушыларының жазу тілін дамыту», «Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту» секілді оқу-әдістемелік құралдары бастауыш мектеп мұғалімдері үшін аса қажетті көмекші құрал. Сағира Рахметқызы Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты мен жалпы білім беретін мектептің екінші, төртінші сыныптарына арналған әдебиеттік оқу бағдарламалары және 1961 жылдан 1998 жылға дейін қолданыста болған төртінші сынып ана тілі оқулықтарының авторларының бірі. 1998 жылдан бері «Ата мұра» баспасынан басылып өндіріске ендірілген жаңа буын және он екі жылдық мектептің екінші, төртінші сыныптары бағдарламалары мен әдебиеттік оқу әдістемелік кешені авторлар ұжымының жетекшісі. Десек те, қазақ тіл ғылымының қыр - сырын жетік меңгерген Сағира Рахметқызының жас буынға әлі де бергенінен берері көп. Қазақта «Атына заты сай, көркіне ақылы сай» деген даналық сөз бар. Қай кезде болмасын Сағира апайдың тұла бойынан тұнып тұрған жақсы қасиеттерді аңғаруға болады. Шынында Сағира апайдың өте әділ ұстанымы, бір сөзділігі, тіке бетке айтатын қайсарлығы, қайраттылығы бар. Бір сөзбен айтқанда ғылым жолында өз уақытын аямайтын, өзгенің уақытын аялайтын, бойындағы сарқылмас ілімін беруге тырысқан жан. Ол бауырмал, қарапайым, ақ жарқын, күлгенде жүзінен мейірім шуағы төгіліп, айналасына нұрлана қарайды. Әйелдік қасиетін қастерлейтін, бос уақытын ұтымды пайдалана білетін, таң сәріден 5 шақырым жерді жүйрік жүріп отыратын, салт дәстүрмен қатар салауатты өмір салтын насихаттап жүретін асыл жандардың бірі. Кешегі елдің қадірлі қызынан, аяулы анаға, бүгінде қазақтың қазыналы қариясына айналып отыр. Осы бір бұралаң өмір жолдарын басынан өткеріп, көзбен көріп көңілге
120 тоқыған, өнегелі істерін жастарға үлгі ретінде айтып отырады. Әсіресе, даналық ойлар, салиқалы сөздер, парасатты пікірлер, бой шымырлататын шындық, тоқтамды бойлататын сабдар сабырлық, ардан қымбат адамгершілік, адам көңіліне ізгілік ұялататын көпшілдік, дархан пейіліне дарыған кеңшілдік, бәрі де жұдырықтай жүрегінің төрінен орын алады. Сондықтан кеудесі кең, бойы да ойы да биік. Осындай Сағира апайдай қазақтың нар тұлғалары еш уақытта да шөкпейді. Таудай биік, баудай мәуелі, ақ пейіліңізбен бұлақтай таза күйіңізде қала беріңіз.
121 ПРОФЕССОР С. РАХМЕТОВА – БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕУШІ Хасанова И.У., М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Соңғы жылдары бастауышта қазақ тілін оқыту ғылыми деңгейде зерттеле бастады. Бүгінгі ғылыми еңбектерде сөз мағыналары, тіл дамыту, грамматика т.б. оқыту мәселелері жаңаша оқыту тұрғысынан қарастырылып, ойлау, таным үдерісін дамытуға көңіл аударыла бастады. Осы орайда, бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту жайында өзіндік құнды пікірлер айтып, арнайы зерттеулер жасауға бағыт беріп жүрген ғалым-ұстаздардың бірі – С.Рахметова. Бұл жөнінде ғалым Г.Уәйісова «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» атты оқу құралында: «Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ш.Сарыбаев, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев сынды белгілі әдістемешілердің пікірлерін жаңа заман талабына орай жетілдіріп, толықтыра отырып, одан әрі тіл ұстартудың мақсаты мен міндетін айқындап берудегі атқарған зор еңбегін айта келіп: «Профессор С.Рахметова – бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту әдістемесін ғылыми негіздеуші», – деп, әр еңбегіне талдау жасап, баға береді [1, 44 б.]. Әдістемеші С.Рахметованың «Қазақ тілін оқыту методикасы» (1991), «Ана тілін оқыту әдістемесі» (1998, 1999, 2000), «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» (2003), «Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы» (2007), т.б. еңбектерінің республикамыздың жоғары, орта оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда атқарар маңызы зор. Ғалымның
122 жас жеткіншектерге ана тілін қалай оқыту керектігі жайында айтылған педагогикалық көзқарастары мен әдістемелік ойларының астары тереңде жатыр. Мәселен, зерттеушінің «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» деп аталатын еңбегінде бастауыш сыныпта грамматиканы оқытуға байланысты айтылған әдістемелік ойлары «Грамматика және тіл дамыту» тарауында жүйелі түрде беріледі. Бұл тарауда грамматиканың ғылыми негіздері, грамматика сабақтарының міндеті мен мақсаты, грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері, грамматикалық материалдарды пайдалану жайында және грамматикалық жаттығулар, грамматикалық талдау, грамматикалық сабақтардың түрлері мен грамматика сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдар нақты мысалдармен дәлелді түрде талданылады. Профессор С.Рахметова өз еңбектерінде оқу мен таным әрекетін бір қарастырып, оқыту әдістерін 3-ке топтап көрсетеді [2, 15 б.]. Оқу-таным қызметін басты есепке алып, өз әдістемесін сол деңгейде құрған ғалым бастауышта грамматиканың күрделі мәселелерін оқытуда жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Мысалы: «Мектепке алғаш оқуға келген балалар заттар мен құбылыстарды әлде де болса, тұтас күйінде қабылдайды, оларды талдап, ішкі заңдылықтарын, себептерін, байланыстарын ажырата қабылдауға әлі машықтанбағандықтан, объектіні қабылдау қиындау болып бара жатса, ол дереу екіншісіне ауыса қояды. Тіпті олар заттардың жеке бөліктерін тізбектеп айтып та береді, бірақ онда жүйе, мән жоқ, негізгі жағдайын айыра алмайды», – деп көрсетеді [2, 101 б.]. Тәжірибелі ұстаз балалардың сөздің лексикалық мағынасын, яғни мұндағы заттық мағынаны бірден қабылдайтынын дұрыс көрсетеді. Заттардың мағынасын индивидтің түсінуі оның қабылдау, яғни танымдық әрекетіне байланысты жүзеге асады. Егер адамда зат не құбылыс туралы түсінік болмаса, ол адамның сол зат пен құбылысты көрмегенін не түйсінбегенін білдіреді. Бір сөздің мағынасын қабылдағанда, индивид, алдымен, заттық бөлікті түсінеді. Бала бірінші сол зат туралы бөлікті түсінеді, екінші соның негізінде ұғымдық бөлік санасында туады. Содан кейін
123 сезімдік бөлік қалыптасуы мүмкін. Мәселен, бір адам екінші адамға «қайда тұрып жатырсың?» деп сұрағанда, ол «үңгірде тұрып жатырмын», – деп жауап берсе, сұрау қойған адамның санасында ең бірінші денотат, яғни үңгірдің бейнесі туады, содан кейін ұғымдық компонент қалыптасады. Атап айтқанда, мынадай сигнификаттық семалар туындайды: «терезе жоқ, жылу жоқ, электр жарығы жоқ, есік жоқ, суық, қорқынышты т.б.». Сосын барып бағалаушы компоненттің жағымсыз түрі, яғни таң қалу, аяу, мүсіркеу туындауы мүмкін. Сонда танымдық қызмет нәтижесінде адам санасында заттың ең ерекше деген белгілері мағына болып саналады. Танымдық әрекетте семантикадағы ұқсату заңы басты қызмет атқарады. Мысалы, үш аяқты мотоцикл дегенде мотоциклде аяқ жоқ екені бәріне белгілі, дегенмен де, «аяқ» сөзінің анықтауыш болуына әсер етіп тұрған «қозғалыс түрі» – денотаттық сема немесе ассоциациялық белгі. Бастауыш сынып балаларында танымдық әрекет ұшқары жүретіндіктен, ғалым айтқандай, заттардың денотаттық, сигнификаттық, конотаттық белгілері олардың санасында жүйелі түрде орналаспауы мүмкін. Біздіңше, оларда көбіне денотаттық және сезімдік компоненттер бір-бірімен тікелей байланыста орналасады. Осы себептерді түсінген ғалым былай деп жазады: «Бұл жұмыстарды ұйымдастыру барысында осы жастағы балалардың дүние таным ерекшеліктерін де естен шығаруға болмайды. Мысалы, 1) грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қоймайды. «Зат, сын, қимыл» т.б. с.с. сөздер олар үшін дерексіз (абстракт) болады. Сондықтан, ондай ұғымдарды әлсін-әлсін нақтылап түсіндіріп отырғанда ғана оқушылар ол сөздердің мағынасын меңгере бастайды. 2) Бастауыш сынып балалары сөздердің тек лексикалық мағынасын қабылдайды, ал оның грамматикалық мағынасын мүлде елемейді. Мысалы, ...жақсылық, адамгершілік деген сөздер заттың сапасын, соған тән белгіні білдіреді. Грамматикалық жағынан алып талдағанда, бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де зат есімге жатады. Осы сияқты сөздердің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін
124 қайшылықтарды оқыту барысында жойып, бір-бірін нақтылай саралап, айқындай түсетіндей әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет» [2, 101-102 бб.]. Әдіскер С.Рахметованың мұнда тілге тиек етіп отырған мәселесі – когнитивті грамматиканың бастауыштағы басталу негізі. Когнитивті грамматикада грамматикалық тұлғалардың, тәсілдердің тек қана сөз құрушы үлгі ғана емес, ойды, адамның танымдық әрекеті нәтижесін беруші құрылымдық жүйе екендігі қарастырылады. Когнитивті грамматиканы семантикалық грамматика деп те атауға болады. Тілдегі грамматикалық әдістәсілдер – көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан адамның тілдік танымын құрып, хабарлаудың нәтижесі. Сонымен қатар, әдіскер ғалым С. Рахметова грамматиканы оқытуда тек білім беріп қана қоймай, балаларды жанжақты жетілдіру мен тәрбиелеуге және олардың игеретін білімін өмір тәжірибесінде шеберлікпен қолдана алуы мен дағдылануына үйрететін тәсілдерге көңіл бөледі. Мысалға, «зат есім» ұғымының мазмұнын ашу үшін «есім» деген сөздің өзінің мағынасы, ал зат есім деген затқа қойылған ат, яғни заттың атын білдіретін сөздер екені тәжірибелік мысалдар арқылы айтылып түсіндіріледі. Зат есімнің неліктен есім тобына жататыны, оның басқа сөз таптарымен өзара ұқсас, ортақ белгілері, айырмашылығы т.б. ұғындырылуы тиіс деп есептейді. Ғалым грамматикалық тақырыптар туралы түсініктерді қорытындылауда оқушылардың көңілін тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз екенін, яғни басқа да белгілеріне қарай қосымша мағлұматтар беру, олардың алған мағлұматтарын толық жинақтап, нақтылау бала ұғымының айқындала түсуіне, танымының кеңеюіне және ойлау, қиялдау әрекетінің дамуына мүмкіндік береді деп түйеді. Ғалым С.Рахметова бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың психологиялық негіздерін талдау арқылы оқутанымдық қызмет барысында оқушылардың жеке тұлғасы дамуына ықпал ететін әдістерге ерекше назар аударады. Мәселен, ол өзінің «Тілді жүйелі түрде оқуға енді ғана кірісе
125 бастаған 6-9 жастағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін еске алсақ, бұларды тілге үйрету барысында нақтылау жақтарына көбірек көңіл аудару қажеттігі туады» деген пікірін білдіре отырып, грамматиканы оқытуда басшылыққа алынатын көрнекілік, саналылық, жүйелілік және сабақтастық, өз бетімен орындау сияқты дидактикалық ұстанымдардың шартына қарай орындалуын талап етеді. Сонымен бірге, оқушылардың мүмкіндіктерін пайдаланып, дамыту мақсатында мұғалімдердің салыстырудың формалары мен түрлеріне, талдау мен жинақтау, жалпылаудың түрлі формалары, оқушы өздігінен орындайтын шығармашылық және қайта жасау қиялын іске қосатын алуан түрлі жұмыстарды орындату сияқты мәселелерге баса көңіл бөледі. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту мәселесіне терең зер салған проф. С.Рахметова өз еңбегінде ұзақ уақыт бойы кіші жастағы оқушының психикалық әрекетінің мазмұны дұрыс бағаланбай, «зейіні табиғатынан еріксіз, сондықтан бақылай алмайды; есінің мазмұны нақты-бейнелі, өту барысы механикалық, сондықтан мағыналы естің жұмысы әлсіз; ойлауы көрнекі әрекетті және нақты-бейнелі, сондықтан жалпылауға, ұғымдарды меңгеруге олардың әлі жетпейді; олар тек салыстырудан басқа ой операцияларын орындай алмайды; ой қорытындысын жасай алмайды, пікір қалыптастыруға да мүмкіндіктері жоқ» [2, 23 б.] деген пікір қалыптасқанын айта келіп, соңғы жылдардағы психологиялық зерттеулерде баланың белсенділігін пайдаланып, оларға теориялық білім беру деңгейін көтеруге болатындығын анықтаған ғалымдардың (Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Н.Ф.Талызина, Л.В.Занков, т.б.) концепцияларындағы ортақ қағидаларды талдап көрсетеді: 1) Оқушыларды оқыту жүйесін қайта құрудағы мақсат олардың үлгерім деңгейін көтеру емес, интеллектуалдық күшін, мүмкіндіктерін дамыту. 2) Балалардың белсенділігін күшейтуге назар аудару. Ғалым зерттеушілердің «оқушының оқу әрекетінде негізгі таным үдерісі – ойлау жұмысы» деген пікіріне қосыла, өз
126 еңбектерінде тілді меңгертуде ойлау мен қиялды іске қосуға ерекше көңіл бөледі. Яғни, оқушыларды тілдік ұғымдарды саналы түсіну үшін салыстыру, жалпылау, нақтылау, анализ, синтез жасау, дерексіздендіруге ғана үйретіп қоймай, онан әрі балада елес туғызу, жаңа бейне туғызу, шығармашылыққа үйретуге жетелейді. 3) Оқу мен дамудың арақатынасы жөніндегі қағидаға сүйенуде зерттеушілер балалардың теориялық білімдерінің деңгейін көтеруді 1-сыныптан бастау қажеттігіне келісіп, қиындық деңгейінде оқыту қағидасын ұсынады. Бұл жаңа жүйенің жалпы негізі оқытудың ертеңгі мүмкіндіктеріне оларды бағыттау, балаларға «таяудағы психикалық дамудың» ең жоғары көріністеріне жетуге көмектесу болып табылады. Бүгінде профессор С.Рахметованың бастауыш мектепте қазақ тілін жаңаша оқытуға байланысты көтерген құнды ойлары, пікірлері қазақ тілінің беделін көтеретін әр мұғалімнің, оқытушының, зерттеушінің еңбектерінде жалғасын табуда. Қорыта келе, жоғарыда айтылған әдістемеші Г.Уәйісованың пікіріне қоса, ғалым-ұстаздың өз шәкірттерімен бірге бастауышта қазақ тілін сапалы оқытуға байланысты жүргізіп жатқан зерттеулерінен «профессор С.Рахметова – бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесін ғылыми негіздеуші» деуге болады.
127 ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЛҒА Рахметова Р., Қазақ-Британ техникалық университетінің доценті, п.ғ.к. «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз», - деп, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, үлкен жүректі ұстаз болу кез-келген адамға бұйыра бермейтіні белгілі. Бауыржан Момышұлының ұстазға берген бағасы өзінің ұстаздық тұлғасымен, үлкен жүрегімен бәрімізге үлгі-өнеге болып келе батқан қазақтың біртуар ғалымдарының бірі Сағира Рахметоваға арналғандай. Сағира апай, біріншіден, А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. ұлылардың ой-пікірін ары қарай жалғастырып, өзіндік мектебін қалыптастырған үлкен әдіскерғалым. С.Рахметова «Қазақ тілін оқыту методикасы» атты еңбегінде ана тілін ұғынудың заңдылықтарын мынандай қағидаттарға негіздейді: 1. Тілді ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілерімен ұғындыру. Ол үшін баланы жанжақты, кең ойлай алатындай етіп тәрбиелеу. Тіл мен ойлауды өзара тығыз бірлікте қарастыру. 2. Грамматиканы үйрету үшін баланың «тілдік сезімталдық» қасиетін жетілдіру. 3. Баланы сөйлеу мәнері мен сезімге бөлене сөйлеуге үйрету. 4. Ауызша және жазбаша сөйлеуді сабақтастықта ала отырып, оларды салыстыра отырып меңгерту.
128 5. Тіл материясына мәне бере отырып игерту. 6. Сөйлеу органдары мен жазатын қолды жаттықтыру арқылы үйрету. 7. Тілді жүйелі түрде сатылап меңгерту. Ғалым балаға тілді меңгертуге қажетті нәрселердің барлығын да назардан тыс қалдырмаған. Олардың әрқайсының мәні мен маңызын айқындап, оны жүзеге асырудың жолдарын тайға таңба басқандай саралап көрсеткен. Ғалымның айтқан ойларының барлығы да бір түйінге келіп тіреледі. Ол – бала ана тілі арқылы адамгершілікке, патриоттық рухқа тәрбиеленеді деген қағида. Ғалымның пайымдауынша, ана тілін терең ұғынған бала ғана оны жан-тәнімен сүйіп, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолданады, ана тілінің қасиетін терең сезініп, құрметтей біледі. Ғалым «ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып» есептелетінін, «ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол» ашылатынын дәлелдейді. «Ана тілінде жақсы оқи алатын бала өзі оқыған немесе айтылған материалдардағы ойды да дәл түсінетінін» айтады. Екіншіден, Сағира Рахметова – кез-келген адам еркін бойлап бара бермейтін, барса да оның құпиясын терең түсіне алмайтын, тылсымы терең психология іліміне көбірек мән беріп, оны ана тілімен сабақтастықта негіздеп берген зерттеуші. Құпиясы мол осы ілімнің сырын өзіміздің ұлы тұлғалардың қағидаларынан іздеуді талап ететін білгір ұстаз. Сағира апайдың ғылыми жұмыстардан Ж.Аймауытов, М.Мұқанов т.б. ғалымдардың еңбегін іздейтінін ғылыми жұмыс қорғағандардың барлығы да біледі деуге болады. Оны әдіскердің бүкіл еңбектерінің өн бойынан да кездестіреміз. Ғалым «ана тілін ұғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан келіп шығады» деген қағиданы басты ұстаным етіп ұстайды. Балаға ана тілінің құдыретін сезіндіру, оның терең табиғатын таныту, ана тілін тілдік қарым-қатынаста қолдана білу, т.б. тәрізді әдіснамалық тұжырымдарды психология ілімімен бірлікте зерделейді. «Дүние тануға қажет ақыл-ой қызметі үшін түйсік
129 пен қабылдау, ес пен ойлау, сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен мәні бар» дей келе, «баланың психикалық дамуы деген не?» деген философиялық сауал тастайды. «Баланың қуануы, шаттануы, қиялдануы, ренжуі, ашулануы, жылауы, сөйлеуі» оның психикалық дамуымен астасып жататынын, «баланың нәзік, өскелең табиғатына жарасымды әдептілік, адамгершілік, естілік т.б.с.с. қасиеттер оның өсетін ортасындағы тәлімтәрбиенің арқасында және қайшылықтарды жеңу үстінде» қалыптасатынын дәлелдейді. Баланың даму жолындағы мәселелердің бәрін талдай келе, «психикалық даму дегеніміз, адамның қалыптасуындағы сапалық және сандық өзгерістер» деген қағиданы ұсынады. Шынында да, адамның бүкіл өмір жолындағы даму сатысы осы сандық және сапалық көрсеткіштерден тұрады емес пе? Адамның адам ретінде қалыптасуын байқататын да, танытатын да осы өзгерістер. Ғалым мұның бәрін қалыптастыру көп еңбекті қажет ететінін санамызға құяды. Баланың «нерв жүйесінің жетілуі, білімінің артуы, дүниеге көзқарасының қалыптасуы, белгілі бір мінезқұлыққа» дағдылануы да оңай емес емес екенін түйсіндіреді. «Дағдыға ие болу балаға оп-оңайға» түспейтінін, ол үшін «көп күш-жігер» жұмсалатынын айтады. Ғалым адам өміріндегі тілдік қатынастың рөлін дәйектеп, «қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарымқатынас жасау барысында үйренеді» деген қағиданы ұсынады. «Баланы ойлау мен сөйлеуге үйрету негізі бастауыш кластарда қаланады, яғни бастауыш класс оқушылары ойлау мен сөйлеу дағдысына төселіп, істі творчестволықпен ұтымды қолдануға үйренеді» деп, ауызша және жазбаша сөйлеудің өзара тығыз диалектикалық байланыста болатынын айтады. «Сөйлемдегі сөздерді жалғаулардың байланыстыратынын балалар есте қалдыра алады; сөйлемдегі сөздердің жалғауларын да ажыратып бере алады. Бірақ өздері сөйлем құрауға келгенде оны қолдана алмайды. ... Оқушылар ... қолдана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасты деп есептеуге болады» деп, кез-келген тақырыпты баланың саналы меңгеруіне және оны тілдік қарым-қатынаста қолдана алуына
130 баса назар аудартады. Қарым-қатынаста «басты жауапкершілік мұғалімге» түсетінін, «ақ жүрек, балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс» жүктейтінін айтып, «білім мен тәрбие негізі, баланың жеке басын қалыптастыру негізі – бастауышта» қаланатынын зердемізге құяды. Үшіншіден, С.Рахметова – қазақ тілінің нағыз жанашыры, ана тілі үшін, қазақ халқының ұлттық мүддесі үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан қоғам қайраткері. Ғалым «қазақ тілі – қазақ республикасының мемлекеттік тілі, ол өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін бай лексикасымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтарымен (көркем сөз стилі, публицистикалық стиль, ресми қағаз стилі және т.б.) сипатталады» дей келіп, оның бала өміріндегі маңызы мен мәнін айқындайды. Сағира апай «ана тілінің баға жетпес құдыреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған халқын сүюге» жетелейтінін, оны дамытып, өркендетуге талпындыратын өзінің шәкірттері, біздерге, ісімен де, болмысымен де танытып келе жатыр. Апай әрбір сөйлеген сөзі, істеген ісі, атқарған қызметі арқылы ана тілінің мәртебесін асқақтатып келеді. С.Рахметова – адамгершілік қасиетімен, шәкіртке деген ілтипатымен жан-жағына шапағат нұрын шашып жүрген ұлағатты ұстаз. «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүрістұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» деп, Мәлік Ғабдуллин айтқандай, өзінен кішілерді баласынбай, ақылын айтып, сара жолға түсіріп жүрген тәжірибелі де білгір ұстаз. Қазақтың осындай біртуар қызымен фамилиямның бір болғанын мақтан етемін. «Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз» деп, ұлы Абай айтқандай, мен сияқты Сізге, Сіз сияқты ұстаздарға ұқсағысы келетін шәкірттер қаншама! Сізбен қатар жүріп еңбек етудің біз үшін өнегелік мәні зор.
131 ӨМІРІ ӨРНЕКТІ, ЕҢБЕГІ КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМ Қыяқбаева Ұ.Қ., Мектепке дейінгі, бастауыш білім беру және педагогика кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к Тәуелсіздік деген алтын құс басына қонған Қазақстан Республикасының көшін болашаққа сүйреп апаратын негізгі күштің бірі – білім. Ал елдің ертеңі терең білімді, ой-өрісі мен таным түсінігі биік, халқын ардақтай алатын, Отан- Ананың қадір-қасиетін білетін жас ұрпақтың қолында. Олай болса, біздің басты міндетіміз – жаңа заман үрдістеріне сәйкес экономикалық әлеуетімізді молайту үшін қажыр-қайрат көрсете білетін, ғылымның жетістіктерімен қаруланған, алған білімдерін әлемдік талаптармен үндестіре алатын жастарды тәрбиелеу. Осындай аумақты мәселелерді жүзеге асыруда аса маңызды, қоғамның белсенді өкілі, жетекші тұлғасы – ұстаз. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы ақын Абай айтқандай, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі саласында ғылыми мектебі қалыптасқан, өзінің өткір ой-өрісімен, шабытты шығармашылығымен Әйел – Ана – Ұстаз деген ұлы есімдерді қатар ұстап, өнегелі өмірі және өрелі істерімен дәлелдей білген, бойына ізгілік шуағын дарытқан ұстаздардың ұстазы Рахметова Сағира Рахметқызы сексеннің сеңгіріне шыққан аяулы ұстаз. Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күншуағы, Азбайтұғын – адамның ақындығы – деп Ғафу Қайырбеков
132 ағамыз жырлағандай шын мәнінде ұстаз кім? Неге ұстазды батырға, ақынға, әртіске теңейді? Өйткені ұстаз ешнәрседен қорықпай, именбей, тайсалмай баланың алдында өзін еркін ұстап, шәкірттің жүрегіне жол тауып, оның көкірек көзін ашу арқылы білімге деген құштарлығын арттырып, қоғамдық белсенділігін, еңбекке деген көзқарасын, мінезіндегі ерекшеліктері мен тәрбиелік деңгейіне ерекше назар аударуы батырлық, ақындық емес пе! Оқушы ұстазының сөзіне, жүріс-тұрысына, оның киіне білуіне, оқушыға деген қарым-қатынасына да еліктейді емес пе! Демек, осы қағидаларды басшылыққа алған ұстаз әртіс емес пе! Өйткені ұстаздың әдемі бір сөзі баланың жүрегінде мәңгі қалады. Балалық – адам өмірінің қайталанбас, ғажайып, маңызды да, қызықты кезеңдері. Осы балалықтың бал дәурені бастауыш сыныпта қаланады ғой. Сондықтан ұстаздың батырлығы, ақындығы, әртістігі, мінезінің жан-шуағы осы кезеңде көрінеді емес пе, – деген ұстанымды біз Сағира апайымыздан үйрендік. Иә, әр ұстаздың өз жолы, өз соқпағы бар. Ол кез келген ұстазды қайталамайды, өз шеберлігі жолында жұмыс істейді, ізденеді. Сондай тұлғалардың бірі – ұстазымыз Рахметова Сағира Рахметқызына 80 жылдық мерей тойында ғибрат берер өнегеңіз таусылмай, әрбір шәкіртіңіз сізден рухани азық ала берсін деп тілек тілейміз.
133 Влюбленные в профессию Сагира Рахметова Х.А.Бекмухамедова, методист по русскому языку. Пока она единственный доктор педагогических наук по методике преподавания родного языка в начальной казахской школе. Вот уже 40 лет, как она работает в Казахском педагогическом институте имени Абая, здесь защитила кандидатскую и докторскую диссертации, стала профессором, научным руководителем аспирантов. Работая на факультете педагогики и методики преподавания в начальной школе, Сагира Рахметовна читает курс методики предподавания казахского языка в начальной школе, вооружает будущих учителей методическими знаниями, особо уделяя внимание психологическим проблемам – мотивации в обучении, привитию интереса к изучению родного языка, развитию памяти, мышления, устной и письменной речи учащихся. Сагира Рахметовна знает школу, много лет учительствовала в сельской школе Уральской области, 10 лет была директором. Впоследствии она написала учебники для школы – книги по чтению для 2-3-4 классов, которое переиздавались в течение долгих лет. Они получили положительную оценку учителей школ. Какое-то время Сагира Рахметовна работала редактором в учебно-педагогическом издательстве «Казучпедгиз» знакомство с издательским делом пригодилось ей при создании учебников для школы. Сагира Рахметовна автор пособия «Методика предподавания казахского языка в начальной школе», где даны методические советы учителям-практикам, как изучать абстрактные явления грамматики казахского языка. Под научным руководством С.Рахметовой защищены
134 диссертации над темы изучения фонетики, лексики, морфологии, синтаксиса, орфографии, пунктуации казахского языка в школе. Сагира Рахметовна проявляет интерес к любой защищаемой диссертации, будь то по филологии или по медодике преподавания языка. Она требует от диссертанта аргументированного ответа на свои вопросы, возмущается, если защищающий отвечает путанно, не ясно. Диссертанты боятся вопросов Сагира Рахметовной, особенно она требовательно относится к психологическим проблемам в диссертации по методике преподавания языка (когда-то она заведовала кафедрой психологии в КазПИ и читала курс психологии). Ученый Совет по защите докторских и кандидатских диссертаций по филологии, казахской и русской, по методике преподавания казахского и русского языка солидный: все члены Совета – доктора наук, профессора, известные в Республике филологи, ученые-мотодисты. Председатель Ученого Совета Фаузия Шамшиевна Оразбаева, автор многих монографий по методике преподавания казахского языка, доброжелательно относится ко всем защищающим по филологии или методике предподавания языка. Она требовательна и строга к диссертантам до защиты, на предварительном методическом семинаре она тщательно просматривает диссертацию, проверяет эрудицию соискателя, научность его работы и лишь после этого допускает к защите на Ученом Совете. Я бывала часто на защите диссертаций по методике преподавания русского языка: меня интересует новые технологии обучения, функционально-коммуникативный подход к обучению языку. Изучение грамматики перестает быть самоцелью, а служит лишь подспорьем для выработки языкового обшения. Приятно, что диссертанты не забывают нас, старейших методистов: нам присылают для отзыва авторефераты. Я с интересом прочитываю автореферат, нахожу новые методы и приемы обучения языку. Об этом говорю выступая неофицальным оппонентам на защите. Надо сказать, что
135 некоторые защищающие – это бывшие наши студенты русскоказахского отделения филфака КазПИ, которое, работая в школе, в вузе, занимались научной работой и написали диссертацию. Я восхищаюсь такими женщинами, как Фаузия Шамшиевна и Сагира Рахметовна. Они успевают заниматься наукой, безкорыстно помогают всем, кто стремится к ней, умеют радоватся жизни. Сагира – жизнерадостная женщина. Несмотря на 85 лет, она выглядит красиво, всегда модно одета, по лицу видно, что она счастлива. У нее четверо детей, два сына и две дочери. Все они состоявшиеся профессионалы: Тимур – доктор наук, Кайрат – журналист, Галия – кандидат наук, Алия – филологпереводчица. У каждого из них есть дети. Внуки Сагири радуют свою бабушку. Недавно я была на свадьбе внука Сагиры – Галымжана, который женился на внучке Рафики Бекеновны. Жаль, что супруг Сагиры, Мифтах не увидел, как выросли дети, внуки. Мифтах был изветным журналистом государственным деятелем, в молодости участвовал в Великой Отечественной войне, был воевым парнем, очень любил свою красавицу Сагиру. Сагира, похоронив мужа, не растерялась, продолжала работать, воспитывать детей, внуков и защитила докторскую диссертацию. Она сильная женщина. Пожелаем ей творческого долголетия в науке, в подготовке учителей для школ Казахстана. «Открытая школа» - информационно-методический журнал. №2, (63) февраль 2007 г.
136 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖАЙЛЫ ЖАЗҒАН ҒАЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ Адам өмір бойы өзінің ана тілінің байлығын меңгерумен, тілін ұстартумен болады. Өзін айнала қоршаған дүниемен, адамдармен қарым-қатынас жасау қажеттілігі, тілге деген мұктаждығы адамда тіпті ертеде, сәби кездің өзінен-ақ басталады. Баланың жасы өскен сайын ойын білдіру кажеттігі де күшейеді. Осы қажеттікті өтеу үшін тіл құралдарын пайдаланады. Бірте-бірте сөздік қоры байиды, фразеологиялық тіркестерді меңгереді; өзі сөйлейтін тілінің сөз жасау, сөз түрлендіру заңдылықтары мен алуан түрлі синтаксистік құрылысын игереді. Қазіргі кездегі зерттеу деректері бойынша жеті жасқа келген бала негізінен морфологиялық кұралдарды және синтаксистік формаларды меңгереді. Ешбір ережені оқымай-ақ, үйренбей-ақ олар сөздерді дұрыс қиыстырады, септеп, тәуелдей, жіктей, көптей алады, сөйтіп, жаңа сөздер жасап, сөйлемдер құрастырады. Мұның барлығы ауызша сөйлеу шеңберінде ғана іске асады. Ана тілін балалар сөйлеу әрекеті арқылы үйренеді. Міне, сондықтан да олардың тілін дамыту, жұмыстарын да мақсатты тұрде ұйымдастырып, үздіксіз, жүйелі жүргізу міндеті туады. Тіл дамыту балалардың ойын дамытумен тығыз байланысты болғандықтан, тілді меңгеру барысында бала анализ, қорытынды жасай алады, заттар мен құбылыстардың арасындағы түрлі байланыстарды бейнелей алады. Сондықтан балаларға сөйлеу үлгісін беру, яғни сөйлеу ортасын жасау қажет. Адамның дамуында, жеке басының қалыптасуында қоғамдық орта шешуші рөл атқаратындықтан, баланың сөз байлығы мен сөйлеу шеберлігі көбінесе сөйлеу ортасының қандай болғандығына байланысты. Ендеше баламен сөйлесуде мұғалімдердің, ата-аналардың тіл шеберлігі, бала тіліне үлкен ілтипатпен қараушылығы орасан зор рөл атқарады. Сөйлеу арқылы бала тек басқа адамдармен қарым-қатынас жасап
137 қана қоймайды, сонымен бірге дүниені де таниды. Сөйлеуді меңгеру – шындықты меңгеру тәсілі. Олай болса баланың сөз байлығы оның түрлі елестері мен ұғымына, өмір тәжірибесіне байланысты. Ендеше сөйлеуге үйрену барысында бала тек қана тілдік материалға ғана мұқтаж болмайды, сонымен катар негізгі материалдың да қажеттігі күшейеді. Керісінше, тілі неғұрлым бай болса, адамның табиғат пен қоғамдағы күрделі байланыстарды дұрыс тану мүмкіндігі де соғұрлым мол болады. Ал тілі жақсы дамыған бала ойын да дәл, шебер жеткізеді, оқуды да ойдағыдай меңгереді. Көптеген зерттеулерге қарағанда, оқудан үлгермейтін оқушылардың көпшілігінің тілдері нашар дамыған, ойларын дұрыс жеткізе алмайтындар. Тілді балалар үлкендермен қарым-қатынас жасау барысында, сөйлеу әрекеті проңесінде меңгереді дедік. Бірақ олардың тілді дұрыс меңгеруі үшін алдымен әдеби тілді меңгерулері қажет. Әдеби тілді жай тілден, диалектіден, жаргоннан айыра білу бала тілін дамытуға қойылатын талаптың бірі болып табылады. Бастауыш сыныптардан бастап балалар әдеби тілге, оның көркем, ғылыми және сөйлеу тілі нұсқаларына жүйелі түрде үйретіледі. Мектеп алғашқы күннен бастап-ақ балаларды оқу мен жазуға үйретеді. Оку да, жазу да – тілдің жүйесіне, оның фонетика, графика, лексика, грамматика, орфографиялық білімдеріне сүйенетін сөйлеу дағдылары. Жазбаша сөйлеу ауызшаға қарағанда қатаң. Өйткені жазуда барлык қателер мен кемшіліктер көрініп тұрады. Жазбаша жұмыстардың фразаларды құрастыруда (жазбашада сөйлемдер ұзақ), сөз таңдауда, грамматикалық формаларды пайдалануда көптеген ерекшеліктері бар. Жазбаша сөйлеуді меңгере отырып, балалар жанр (сипаттау, хабарлау, хат, мақала, іс қағаздары, т. б.) ерекшеліктерін ұғынады. Мұның барлығы балаларда өзөзінен қалыптаспайды, оларға үйретіледі. Мұны тіл дамыту әдістемесі қамтиды. Тіл дамытудың әр сыныпта мөлшері белгіленеді. Сондай-ақ тіл дамыту мәдениеті, оның бүкіл мәнерлілік мүмкіндіктері де анықталады. Оқушыларға тілдің дыбыстық жағын игерту, дұрыс
138 дыбыстау, сондай-ақ сөйлеу арқылы қатынас жасау барысында баланың мінез-құлық мәдениетінің жоғары болуын қадағалау, дұрыс сөйлеу қалпына әдеттендіру, кішіпейілділік бейне, зейіні мен көзқарас мәнері, жаңа жағдайда өзін ұстауы, т.б. толып жатқан мәселелер де тіл дамыту жұмысында іске асырылады. Әрине, бұл мәселелердің барлығы бірдей бағдарламада көрсетіле бермейді. Бастауыш мектеп бағдарламасының жүйелі сөйлеуге үйрету бөлімінде жалпы бағыт қана жасалған. Сондықтан тіл дамыту жұмысын мектепте дұрыс жолға қою үшін әр мұғалім оқулықтар мен әдістемелік құралдарды басшылыққа ала отырып, оның мазмұнын жете аңғаруы тиіс; сөйтіп, мұғалімдеріміз жұмысының жоспарын өз сыныбының ерекшеліктерін ескере отырып жасайды. Шынын айтсақ, тіпті қазіргі кездің өзінде де тіл дамыту жұмысы мектептерде тиісті орын ала алмай келеді. Баланың өзі өсіп келе жатқан сөйлеу ортасында да, сонымен қатар балаларды сөйлеуге үйретудің өзінде де көптеген олқылықтар байқалады. Оқушылардың көпшілігі дерлік өз ойларын тұтығып, қиналып, бір сөзді бірнеше рет қайталай барып әреңәрең жеткізеді. Мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түсу үшін сын шығармаларын жазған оқушылардың не айтқысы келгенін көпшілік шығармалардан түсінудің өзі қиындық келтіреді. Оларды мектеп қабырғасында өз ана тілінің бай қазынасынан нәр алған, тілдің көркемдігі мен үнділігін, сан сырлы мағынасы мен өткірлігін бойына сіңірген деп тіпті де ойлай алмайсыз. Ал сөйлей білуге дағдыланудың негізі бастауыш сыныптарда қаланады: балалар алғаш рет осында ғана әдеби тілмен, тілдің жазбаша түрімен беттеседі, тілді жетілдіру қажеттігін ұғынады. Сөйлеу – адам әрекетінің ең бір кең, күрделі саласы. Тіл дамыту үш салаға бөлінеді: 1) сөздік жұмысы, 2) сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс, 3) байланыстыра сөйлеуге үйрету жұмысы. Бұл жұмыстар бір-бірімен байланыстырыла қатар жүргізіледі. Әсіресе байланыстыра сөйлеуге үйрету жұмысында калған екеуінде (сөздік және сөз тіркесі мен сөйлем құрау жұмысында) үйренген білім, дағды, шеберліктері ұштасады,
139 яғни ойлау, жүйелеу, мәтін құрастыру, материал жинау, сондайорфографиялық шеберліктері іске асырылады. Жазбаша тіл дамытуда көңіл аударатын негізгі мәселенің бірі жүйелілік, мақсаттылық екені мәлім. Әрбір жаңа жаттығу бұрынғы өтілгенмен байланысты бола отырып, сәл ғана болса да бір жаңалық косуға тиіс. Мұндай байланыс грамматика мен орфография курсында оңай анықталады. Ал тіл дамытуда бұл жұмыс оңайға түспейді. Әдістеменің нені, қалай үйрету керек? деген дәстүрлі сұрағы тіл дамытуда үнемі анық көрінбейді. Соның салдарынан кейбір жағдайларда тілдік жаттығулар белгілі бір бағыт-бағдарсыз, нақты мақсатсыз жүргізіледі. Мысалы, «Орманда» тақырыбы бойынша шығарма жаздырылды дейік. Мұнда сипаттау элементі бар әңгіме құрастырылады. Ал мұғалім оның қателерін жөндейді де, оған баға қояды. Негізінен мұндай шығармалар өте пайдалы, өйткені ол балалардың тілі мен ойын дамытады. Алайда барлық мұғалім осы шығарма балаларға не үйретті? Жалпы тіл дамыту жүйесіне кандай үлес қосты? деген сұрақтарға жауап бере алмас еді. Сондықтан әрбір жаттығудың нақты мақсатын анықтау керек. Сайып келгенде, бұл – осы жаттығуда өткендегімен салыстырғанда қандай жаңа шеберлік, дағды, білім берілгенін анықтау. Мысал үшін бір шығармада балалар сипаттау әлементімен таныстырылса, келесіде анағұрлым күрделі суреттерді байқауға, ал онан кейінгі шығармада сипаттау элементін көбірек қамтитындай (мысалы, «Күзгі орман көрінісі») болуы тиіс. Тіл дамыту оқушылар мен мұғалімнің бірлескен ұзақ жұмысын талап етеді. Тіл дамыту жаттығуларын мүмкіндігінше түрлендіре жүргізу, оқыту барысында балалардың жасына лайық жұмыс түрлерін кеңінен қолдану бұл жұмысқа қойылатын басты талаптардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілгендей, баланың сөйлеуіне, сөз қолданысына оқу мен грамматика сабақтарында ғана емес, барлық сабақтарда да үнемі көңіл қойып, бұл мәселені бүкіл коллектив біріге қолға алса ғана едәуір нәтижеге жетуге болады. Сонымен тіл дамыту жұмысында ойдағыдай нәтижеге
140 жеттік деп санау үшін қандай шамада, қандай дәрежеде сөйлеуге (жазуға) болар еді? Алдымен, әрине, мазмұнды сөйлеу (жазу) шарт. Егер әңгіме баланың өзі анық білетін фактілерден, бақылаған, байқалған жағдайлардан ойлана кұрастырылған болса, кызықты, тартымды, мазмұнды шығады, яғни оқушылар өздері жақсы білетін материалдары бойынша тәп-тәуір әңгіме құрастыра алады. Бұл талап мұғалімдер жұртшылығына бұрыннан да белгілі, алайда мектепте әлі күнге дейін балаға таныс емес, дайындығы жок нәрселер туралы әңгімелеу жиі тапсырылады да, міне, соның салдарынан көңілсіз, қалай болса солай, жүйесіз, жүдеу құрастырылған әңгімелерге душар боламыз. Ал осы балалар белгілі бір шығармаға қажетті материал жинастырып, тиісті бақылаулар жүргізсе, оның нәтижесін тәп-тәуір әңгімелеп береді. Әңгіме, шығармалар үшін мазмұн кітаптардан, картиналардан, экскурсиялар мен жорықтардан, арнайы жүргізілген бақылаулардан, өзінің ой толғаныстарынан, толқуларынан, яғни өзін қоршаған өмірден алынады. Мұғалім оқушыларға жинаған материалдарын дайындауға, реттеуге, белгілі бір тақырыпқа топтастыруға көмектеседі. Тек мазмұнды ғана сөйлеп беруге үйрету бастауыш сыныптың міндеті болып табылады. Оқушы ойын белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндай алатын болуы шарт. Бала өзі жақсы білетін материалын алдын ала анализдеп, синтездеп, әуелі не жөнінде, одан кейін нені айтатынын жобалап алуға тиіс. Сөз, сөйлем қалдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан, бір ойдың қайтақайта қайталануынан сақ болған жөн. Қандай болмасын әңгіменің қорытындысы жасалуға тиіс, яғни әңгімені бастау шеберлігі ғана емес, аяқтау шеберлігі де балада қалыптастырылуы тиіс қасиет. Бұл көрсетілген талаптар шығарманың мазмұны мен құрылысына қатысты. Ал оның тілі қандай болуы қажет? Алдымен, дәлдік. Балалар фактілерді бақылағандарын, сезімдерін шындыққа сай білдіруге ғана емес, сонымен қатар тіл құралдарын, яғни сипаттайтын немесе әңгімелейтін заттары
141 мен құбылыстарының ерекшеліктерін көрсететін сөздерді, сөз тіркестерін іріктеп ала білу шеберлігіне төселуге тиіс. Дәлдік тіл байлығын, түрлендірушілікті, әр жағдайда түрлі сөз таба алушылықты қажет етеді. Мәнерлілік тек ауызша сөйлеуде емес, жазбаша сөйлеуде де талап етіледі. Мәнерлі сөйлеу – ойды айқын, сендіре, оқушысына немесе тыңдаушысына әсер ете, оны толқыта білдіру шеберлігі. Мұнда да фактілерді іріктеу, тиісті сөздер таңдау, фразалар құрастыру, жалпы әңгімедегі көңіл күйді білдіре алушылық үлкен роль атқарады. Анық сөйлеу. Сөйлеу үнемі біреуге (ауызша сөйлеу – тыңдаушыға, жазбаша сөйлеу – оқушыға) арналады. Сондықтан айтушы немесе жазушы арнаған адамдардың мүмкіндігін, дәрежесін, мүддесін, т. б. қасиеттерін жақсы білуге тиіс. Мысалы, балалардың өзара достық әңгімелері «Біздің ауыл көрінісі» тақырыбына жазған шығармаларынан мүлде бөлек. Оқушылардың шығармаларында басы артық сөз, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарты жасалуға тиіс (мысалы, Күн жауды, күн жауған соң, жер су болды. Қарғаның қарны ашты. Сосын ол тамақ іздеді. Сосын қораға келіп қонды). Мәнерлілік те, анық сөйлеушілік те таза сөйлеуді талап етеді. Соңғы кезде де балалардың жазба жұмыстарында ана тілінде баламасы бар кейбір сөздерді орысша қолданушылық кездеседі (Қоңырау болды. Портфелімді, ручкамды алдым. Класта парта, стол, доска бар, т. б.). Таза сөйлеу әдеби тіл нормасымен сейлеуді, сондай-ақ жергілікті жерлерде кездесетін сөздердің орын алмауын талап етеді (мысалы, Там төбесін қар басып қалды. Азанда бүлдірген теруге кетті, т. б.). Осы көрсетілген талаптардың барлығы да кіші жастағы оқушылардың тілін дамыту жұмыстарында толық орындалуға тиіс. Бастауыш сыныптарда тіл дамыту жұмысын тек жекелеген сөздер үйрету, сөйлемдер құрастыру және орфографиялық қателерді жөндеу деп түсініп, күрделілерін жоғары сыныптарға сақтаушылықтан арылатын уақыт жеткен сияқты. Қазіргі
142 кезде бастауыш мектепті бітіріп шыққан балалардың ішінде әңгіме құрастырып айтып беру былай тұрсын, өздері отырған сыныптың көрінісін дұрыс әңгімелей алмайтындары да толып жатыр. Біз соңғы кезде жүргізген эксперименттерімізде оқушыларға әр жағдайда әр түрлі тапсырмалар беру арқылы заттарды сипаттап жазу жұмыстарын орындаттық. Бастауыш сынып бағдарламасында сипаттау жұмысына балаларды I сыныптан бастап үйрету кажеттігі көрсетілген. II сынып оқушыларына картина бойынша құлынды биені сипаттау тапсырылды. Ауызша дайындық та жүргіздік. Алайда балалардың орындаған жұмыстарында жылқының дене мүшелері ғана аталған, әсіресе картинада бірден көзге түсіп тұрған белгілері ғана ретсіз тізілген де, ал олардың ерекшеліктері жүйелі сипатталмаған. Сондай-ақ екі мектепте II-III сынып оқушыларына өз сыныптарын сипаттап беруді ұсындық. Мұнда да олар көздеріне сол сәтте тұскен жайларды (сол кезде еден сүртіп жүрген адамға дейін) ғана ретсіз тіркестірген. Мұндай жұмыстарды талдағанымызда бастауыш мектеп оқушылары сипаттаудың ерекшеліктерін ұғынбағандықтарына көзіміз жетті. Әсіресе олар өз ойларын жоспарлауға қиналады; жұмыстарын алдын ала жобалап алуды білмейді. Осы балалармен әңгімелесу барысында олардың мақсат қоюды білмейтіндіктері, сондықтан жұмыстарына нені кірістіріп, нені кірістірмеу керектігін ажырата алмайтындықтары анықталды. Әр түрлі мұғалімдердің жүргізген жұмыстарын салыстырып қарағанда жалпы барлығында да сөз саны толық, ал жүйелілік, айқындылық жақтары жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтіндіктері кезге түсті. Бұл кемшіліктер негізінен оқушыларда ақыл-ой ерекетінің дұрыс тәсілдерінің жоқтығынан; оқытуда педагогтар оқушылардың сөз байлығын арттыруға ғана баса назар аударады да, тұтас бір ой жүйесін білдіретін байланыстыра сипаттауға үйрену шеберлігін қалыптастыруға көңіл бөлмейді. Мысалы, II сынып оқушыларына «Біздің сынып» тақырыбына шығарма жаздыру барысында мұғалім үш сұрақ қойды: 1) Сыныпта не бар? 2)
143 Қабырғада не ілулі тұр? 3) Сынып не үшін керек? Балалар заттарды атады да, сыныптың оқу үшін керектігін көрсетті. Сөйтіп, жаттығу жұмыстары балалардың сипаттау шеберлігін қалыптастыру мақсатына жете алмады. Оқушылардың орындаған тіл дамыту жаттығуларын бағалауда да жоғарыда керсетілген талаптарды толық ескеру қажет. Олар: мазмұндылық, жүйелілік, тіл байлығы, анықтық, мәнерлілік, тазалық және грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық, орфоэпиялық қатесіздігі. 2. Сөйлеу түрлері. Сөйлеу – әрекет, адамның әрекеті, яғни қарым-қатынас жасау үшін, ойын, білімін, сезімін екінші біреуге жеткізу үшін тілді қолдану болып табылады. Мысалы, жақын жолдастардың әңгімелесуі, баяндама жасау, артистің сахнада сөйлесуі, оқушының сыныпта сұраққа жауап беруі, ғылыми еңбек, жеделхат, хат, т. б. жағдайларға қарай сөйлеу де түрлі формада көрініп отырады (жолдасымен сөйлескеннің өзінде де сырласу, ақылдасу, көрген-білгендерін айту, кеңес беру, ренішін білдіру, т. б.). Ендеше тіл дамытуға басшылық жасауда да мұғалімдер сөйлеу түрлерін, оның әрқайсысына тән ерекшеліктерін жақсы білуге тиіс. Сөйлеу сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша, сондай-ақ диалогтық және монологтық болып бөлінеді. Ішкі сөйлеу – ойша сөйлеу, сөйлеудің бұл түрі де тіл материалы арқылы іске асады, бірақ сырттай белгілері болмағандықтан, ішкі сөйлеу дейді. Адам онымен өзі сөйлеседі. Сөйлеудің бұл түрі толық грамматикалық формада болмайды. Ішкі сөйлеудің қалай ететінін адам өз басынан байқай алады. Алайда балалардың да ішкі жан дүниесіне енуге болады. Оқушылар өз пікірлерін әуелі ойша жобалайды, сөйлемді ойша құрастырып алады, кейде тіпті өзіне өзі сыбырлай айтады да. Осыдан кейін ғана сыртқы сөйлеуге айналдырады. Ішкі сөйлеу әсіресе жазбаша мазмұндама, шығарма жұмыстарына дайындық кезінде күшейеді: балалар не жөнінде жазу, қандай сөздер қолдану, сөйлемді қалай құрастыру керектігін ойланады. Кейде тіпті мәтінін, бөліктерін де ойша
144 құрастырып алады. Мұндай ойша дайындық балалардың сөйлеу дағдылары мен шеберліктерін жетілдіре түседі. Егер ішкі сөйлеу өзіне бағытталатын болса, сыртқы сөйлеу біреуге бағытталады. Сыртқы сөйлеуді екінші біреу қабылдайды. Сондықтан да оған қойылатын талап өте жоғары. Диалогтық сөйлеу екі немесе бірнеше адамның арасында өтетін болғандықтан, түрлі жағдайларға, әркімнің көңіл күйіне байланысты толымсыз, сұраулы, лепті сөйлемдер, одағай, шылаулар, мақал-мәтелдер көп кездеседі. Бет әлпет көрінісі, ымдау, интонация колданылады. Мектептерде диалогтың жасанды түрі іске асады. Әдетте оқушы мен мұғалімнің арасындағы әңгімелесуді диалог дегенімізбен, мұнда сөйлемдер толық болады. Біздің кейбір мектептеріміз балалардың диалогтық сөйлеулерін дамытуда өз дәрежесінде жұмыс жасамайды. Ондай мектептерді бітірген балалардың пікір таластыру, кейбір мәселелерді талқылау жұмыстарына белсенді қатыспауларының өзі осының бір айғағы деуге болады. Бастауыш сыныптарда кейбір балалар ұялшақ болады да, мұғалімнің сұрағына кейде жауап қайтармайды. Бұл – қауіпті кұбылыс. Мұндайлармен I сыныптан, мектепке келген алғашқы күннен бастап күресу керек. Егер мұғалім I сыныптан бастап әрбір оқушыны батыл, қатты дауыспен, анық, ашық сөйлетуді үнемі қадағалап, қолға алса, онан әрі сөйлеу дағдылары тиісті дәрежеде қалыптаса бастайды. I сыныпта дыбыстың анық айтылуына, жаңылтпаштарды көбірек айтқызуға, түрлі тақпақтар оқыту, жаттату жұмыстарына қатты назар аударылады. Монолог бір адамның сөзі болғандықтан, ерік күшін қажет етеді. Кейде дайындьқ керек болады. Мысалы, бақылау бойынша әңгіме айту үшін бала екі-үш күндей дайындалады. Монологтық сөйлеуде жанрлық ерекшеліктер (сипаттау, хабарлау, пайымдау, т. б.), стильдік ерекшеліктер (баяндама, көркем, баспасөз, т. б.) болады. Монолог бүкіл қауымға арналады. Сондықтан ол диалог сияқты, бір немесе бірнеше адамға ғана емес, бүкіл жұртшылыққа (оқушыларына немесе
145 тыңдаушыларына) түсінікті болуы тиіс. Ендеше монологтық сөйлеуге де өте жоғары талап қойылады екен. Оқушылар монологтьқ сөйлеуге күнделікті оқу-төрбие жұмыстарында үйренеді. Мектепте түрлі хабарламалар жасау, Мазмұндама, шығармалар құрастыру, сыныпта газет шығару, оқыған кітаптары жөнінде сынып журналына пікірлерін жазу, оқушылар жиынына дайындалу, мектеп радиосынан сөйлеу, т. б. барысында монологтық сөйлеу дағдылары қалыптасып, беки береді. Тіл дамыту тек балаға жаттығулар мен мазмұндама, шығарма жұмыстарын орындату ғана емес, сонымен қатар сөйлеу баланың өзін көрсететін құралына айналып, оны қуантып, көңілін шарықтататын болуы тиіс. Егер оқушы сөйлеуге мұқтажданса, оны сөйлеуге не жазуға итермелейтін түрткі туса, тіл дамыту жұмысында ойдағыдай нәтижеге жеткеніміз деп есептеуге болады. Сөйлеудің жоғарыда көрсетілген түрлерінің ішінде біз тек жазбаша сейлеуге ғана толығырақ тоқталамыз. Мектеп оқушыларының ауызша сөзі мен жазбаша сөзін салыстыра зерттеген белгілі педагог Т.Тәжібаев былай деп көрсетеді: «Ауызекі сөз бен жазба сөздің функциялары (атқаратын қызметі) бір, екеуінің де пайда болуына адам қоғамы себеп болған, екеуі де адамдардың бір-бірімен қатысуына керекті құрал. Бірақ екеуінің арасында үлкен айырмашылықтар бар. Ол айырмашылықтар әсіресе балалар тілінде айқын көрінеді...», – дей келіп, бұл айырмашылықтың себебі жазбаша сөздің өзгешелігінде, оның психологиялық құрылысының кұрделігінде, яғни «Жазба сөз – ауызша сөзге қарағанда өзгеше психологиялық негізі бар, айрықша тіл функциясы. Ол өте қиын, саналы, әдейі бір мақсатпен жұмсалатын тіл формасы» екенін дәлелдеген. Шынында да, пікірді ауызша білдіргенде біреумен әңгімелесу немесе пікір таластыру үстінде дауыстап сөйлеседі, ал жазбаша білдіргенде әңгімелесуші адамның қажеті болмайды, әркім өз пікірін ертелі-кеш жазып жеткізеді. Ауызша сөйлескенде кейбір пікірлерді қысқартып айтуға яки тіпті айтпай-ақ кетуге болады, өйткені ауызба-ауыз
146 сөйлескенде сөздің олқысын ыммен, қас-қабақпен толтыруға мүмкіндік бар. Ал жазып сөйлескенде мұндай мүмкіндіктің бірі де жоқ. Сондықтан ауызша сөзге психологиялық сипат тән, өйткені әңгімелесуші адамдар бір-бірінің кас қабағын, бет пішініндегі өзгерісті байқап тұрады (Т.Тәжібаев. «Бастауыш мектеп окушыларыньщ ауызекі сөзі мен жазба сөзінің салыстырма анализі. «Ауыл мұғалімі», 1939, №8, 1727-беттер). Ауызша сөздің бағыты да, мазмұны да әңгімелесуші адамдардың түріне байланысты кейде өзгеріп те отырады және бір мәселеден екінші мәселеге көшіп, әңгіме барысында үнемі жаңа мотивтер ұсынылумен болады. Ал жазып сөйлескенде логикалық байланыс күшті сақталуға тиіс. Логикалық байланыс арқылы оқушы жазушының ойын дәл түсінеді, пікірін толық аңғарады. Жазып сейлескенде бір айтылғанды қайталауға, керексіз қыстырма сөз қолдануға болмайды. Сондықтан ойды жазып білдірудің мазмұны жүйелі, ауызша сөйлегендегіден толығырақ болуға тиіс. Жазбаша сөз бен ауызша сөздің осындай айырмашылығы жөнінде атақты ғалым, профессор Қ.Жұбанов былай деген болатын: «...Дыбыстап сөйлеген сөздің олқысы, көбінесе, ыммен толады. Тіпті бірінің тілін бірі білмеген, ия болмаса, бірінің тілі мүлде жоқ болған уақытта да, лаждап түсінуге болады. Оның үстіне, сөз-сөздің жігін дыбыс сазымен бірде айырып, бірде қосып айтқасын, сөздің орны жылжып кеткені де онша байқалмайды. Сөздің өңі де басқа жағынан ұқсас сөздерді айырып тұрады. Дұрыс айтылмағанын сезсе, сөйлеушінің өзі де сөзін қайта түзеп айтып, түсінікті қылады. Мұның бәрі де жеткіліксіз болса, ауызба-ауыз сөйлескен адам қайта сұрап алуына болады. Жазбаша сөзде бұл кемшіліктердің бірі де жоқ. Кітаптың сөзі қисық болсын, дұрыс болсын, калай жазылған болса, солай оқылады; қалай оқылса, солай түсініледі немесе түсініксіз күйімен қалып қояды. Мұнда жазған кісіден қайта сұрап алуға болмайды. Жазылған сөздің бөлшек-бөлшегін және тыныс белгілерін өте сақтықпен өз орнына қоймасаң, мұнда оның
147 олқысын толтыратын ым да, дыбыс әні де жоқ». Бұл айтылғандардан жазбаша сөздің қиындығы мен автордан аса жауапкершілікті талап ететіндігі байқалады. Ал бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамытуға келсек, бұл – жоғарыдағы қиындықтардың үстіне өзінің мақсаты мен табиғатына карай бірқатар ерекшеліктері де бар жұмыс. Ол ерекшеліктер мынадай: бастауыш сынып оқушылары жазу дыбысының белгілі үш кезеңінен, атап айтқанда, біріншіден, элементтік кезеңнен, яғни балалардың дәптер мен каламды ұстауға үйрену кезеңінен; екіншіден, әріптік кезеңнен, яғни әріптің жеке элементтерін жаза білу кезеңінен; үшіншіден, тез жазу кезеңінен өтіп, сол кезеңдерде қойылатын талаптарды меңгеруге тиіс болады. Бастауыш сынып оқушыларына тілдің орфографиялық ережелері мен орфоэпиялық дәстүрі де тыңнан үйретіледі. Бастауыш сынып оқушыларының көрген-білгені де, оқыған материалдары да аз, ой-өрісі де тар, демек, сөздік қоры мен ұғым дәрежесі де шағын болады, соның нәтижесінде оларға оқыған материалдарында болсын, табиғатқа экскурсияға шыққанда болсын, кинокартина, сурет сияқтыларды көргенде болсын, түсініксіз нәрселер мен сөздер көбірек кездеседі. Оның үстіне, бастауыш сынып оқушылары, әсіресе мектеп табалдырығын жаңадан аттаған жас балалар, ойын екінші біреуге жүйелі түрде айтып беруге де енді-енді дағдылана бастайды. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту жұмысы үйрету сипатында болады. Профессор Т.Тәжібаев жазу тілінің мектепке дейінгі жастағы балада әлі пайда болмаған, болса да өсіп дамымаған психологиялық функцияларды керек ететінін, мектептің міндеті балалардың жазу тілін дамыту процесінде осы функцияларды жетілдіру екенін көрсете келіп: «Жазба сөзді жақсы білу үшін психологиялық операцияны жаңа түрде пайдалану керек», – дейді. Олай болса, бастауыш мектеп балаларының мектепке келіп түскен кездегі психикалық, дене даму ерекшеліктерін және білім дәрежесін білудің тіл дамыту жұмысын ұйымдастыру үшін үлкен мәні бар.
148 3. Тіл–ой дамыту құралы. Қазіргі кезде мектептің алдына қойылып отырған басты міндет – балалардың ойын дамыту, оларды ойлауға үйрету. Бұл міндетті шешуде тіл дамытудың орны қандай? Тіл дамыту дегеннің өзі ой дамыту болып табылады деп есептеп, екеуін біртұтас, бірдей қарастырамыз ба? деген сияқты сұрақтар туады. Тіл – ойлау кұралы. К. Маркстің сөзімен айтқанда, «Тіл дегеніміз ойдың тікелей шындығы». Адамның ойы тіл арқылы, тілдегі сөздер және олардың тіркесі арқылы ашылады да, материалдык формаға енеді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәлдене түседі. Тіл шындықтағы заттар мен кұбылыстардың, олардың сан алуан белгілері мен адамдардың өзара қарым-қатынасының санадағы бейнелері болып табылатын ойлау формаларын белгілейтін материалдық кұрал ретінде қызмет атқарады. Абстракты ойлауда маңызды рөл атқаратын ұғым болып есептеледі. Ұғымда заттар мен құбылыстардың ең негізгі белгілері жинақталып беріледі. Ұғым арқылы адам танымының ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады. Ұғым сөзбен белгіленеді, сондықтан ол сөз арқылы қарымқатынас үшін қажет материалдық қабықка енеді. Ұғымды білдіретін сөзді меңгеру ойлауға көмектеседі. Ұғымдық ойлау бастауыш сыныптарда қалыптасады да, адамның бүкіл өмір бойына дамиды, жетіледі. Сөйтіп, тілді меңгеру, сөз байлығын арттыру жөне грамматикалық формаларды игеру ойдың дамуына алғышарт жасайды. Психолог Н. И. Жинкин: «Сөйлеу – интеллектінің даму каналы... Тіл неғұрлым ерте меңгерілсе, білім де соғұрлым оңай және толық меңгеріледі» десе, ұлы педагог К. Д. Ушинский: «Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыс ғылымдарын және математиканы үйренген кезде, теореманы, математикалык бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі... басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән екені енді түсінікті емес пе?» – деп көрсетеді. Білім, фактілер – ойлау
149 материалы. Ендеше бұл канал арқылы тілдің дамуы, сөз жоқ, ойды дамытады. Алайда тіл дамытуды ой дамытумен біртұтас нәрсе деп қарау дұрыс болмас еді. Ойлау сөйлеуден әлдеқайда кең, өйткені ол тек тілге ғана сүйенбейді. Ойлау жұмысы байқау, бақылау барысында, басқа да әрекеттер үстінде күрделене отырып, сөйлеуді байытады, күрделендіреді. Ойлау жұмысы сөйлеуді көтермелейді. Екінші жағынан, тілдің дамуының өзі ой дамуына қолайлы жағдай жасайды. Баланың меңгерген жаңа сөздері шындықтағы мәнді білдіруге тиіс. Мұның өзі ойлау мен сөйлеудің байланысын қамтамасыз етеді. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларына балтатұмсық, тоқылдақ сияқты кұс аттары үйретілді делік. Олар бұл құстарды өмірі көрген жоқ, сондықтан да құстардың ешбір белгілерін білмейді. Дегенмен, балалар табиғат туралы, орман немесе құстар жөніндегі әңгімелерінде оларды атайды, жазады, тіпті ешбір қате жібермейді, ұмытпастай жаксылап жаттап та алады. Бірақ осы сөздер олардың санасына мазмұнсыз қонған, яғни бұл сөздер туралы балаларда қалыптасқан ұғым жоқ, сондықтан ол сөздер дәні жоқ қауыз сияқты, мазмұнсыз, кұр қабық дәрежесінде ғана меңгертілген; бұл жерде тіл бар, ой жоқ. К.Д.Ушинский қандай дегенмен тілді меңгерсе, бала ерте ме, кеш пе ұғымды меңгеруге мәжбүр болатынын айтады. Шындығында да дәл осылай. Ал ұлы физиолог И.П.Павлов: «Сансыз көп сөзбен тітіркендіру, бір жағынан, бізді шындықтан алыстатты, сондықтан да біз өзіміздің шындықка көзқарасымызды бұрмаламас үшін мұны үнемі есте сақтауға тиіспіз. Екінші жағынан, тап сөз бізді адам етті», – деп көрсетеді. Егер сөз бала санасында мазмұнмен толтырылмаса, біз нағыз кек мылжыңдарды, бос, сылдыр сөзшеңдерді тәрбиелейміз. Мектептерде көбінесе мынадай жағдайлар көзге түседі: оқушы материалға «түсіндім» дейді; ол тіпті сол материал бойынша кейбір амалдарды іске асыруы да (сурет салу, пластилиннен жасау, т. б.) мүмкін. Ал сол материалды әңгімелеуге келгенде ол әбден бейшаралық халге ұшырайды. Тілі күрмеліп, күмілжіп, сүрініп-кабынып сөз таба алмай
150 қиналады. Бұл неліктен? Мұны елемеуге бола ма? Оның себебі: бала осы тақырыпқа жататын ұғымдарды, әсіресе ол ұғымдардың арасындағы байланыстарды толық меңгере алмаған. Егер окушы өз ойын тіл кабығына енгізе алмаса, ойдың өзінде олқылық болғаны. Егер адам ойын екінші біреуге анық және тұсінікті білдіре алса, оның ойының толық, дәл болғандығы. Кейбір лекторлар тақырыптардағы байланыстарды, тіпті оз ойларының қателіктерін дәріс оқу немесе пікір алысу, айтысу барысында байқаған. Ендеше сөйлеу ойлауды түзейді, жетілдіреді, дамытады. Тіл мен ой дамытудың бір-бірімен арақатынасы, диалектикалық байланысы, міне, осындай. ОЙДЫ ДАМЫТУ – ТІЛ ДАМЫТУ НЕГІЗІ 1. Бақылау. Балалардың сөзі шындыққа негізделуін, мазмұнды болуын мұғалім үнемі қадағалап отырады. Тіл дамытудың негізгі кайнар бұлағы – баланың өзін қоршаған ортасы, өзінің басынан етіп жатқан түрлі оқиғалар, өз тәжірибелері; оның ішінде әсіресе белгілі бір мақсатты түрде әдейілеп қабылдаған, яғни бақылау жүргізген бөлігі. Адамның ойының дамуында байқағыштықтың алар орны ерекше. Осы қасиеттің арқасында адам кез келген уақытта көзге түсе қоймайтын немесе көп мән бермей, үстірт ете шығатын нәрселерге ерекше зейін қояды. Бақылау арқылы жинаған материалдарын сөйлемдер, мазмұндама, шығарма құрастыруға, сол сиякты түрлі жаттығуларға пайдаланады. Тіл дамытуда кітап материалының едәуір пайдасы бар. Ол материалдарға анализ жасау, кейбір жағдайларда бақылау арқылы жинаған материалын кітап материалымен ұштастыра пайдалану балалардың ойын дамытады, тілін байытады. Тіл дамытуда мұғалім ақыл-ой жұмысының белгілі формаларына (анализ, синтез, индукция, дедукция, маңызды белгілерін табу, қорытындылау, ой міндеттерін шешу, себеп-