51 129. Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тілін дамыту ерекшеліктері // Абай атындағы ҚазПИ жинағы, Алма-Ата: «Мектеп», 1972. - 46 бет. 130.Сөз – тәрбие құралы. «Социалистік Қазақстан», 1973, 8 июнь. 131.Бастауыш мектеп оқушылары дегеніміз кімдер? // «Бастауыш мектеп». 1976. -№2. - 5-6 бб. 132.Бастауыш мектеп жасындағы балалардың психикалық ерекшеліктері // Бастауыш мектеп. 1976, -№3, - 3-7 бб. 133.Бастауыш мектеп оқушыларының ойлау және сөйлеуін дамыту мәселелері // «Бастауыш мектеп», 1976, -№3. - 8 бет. 134. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары // Сб. «Психология человека и проблемы обучения», Целиноград, 1976. - 3 бет. 135. Ойлау мен тілді дамыту // «Сб. «Обучение в 1 классе» Алма-Ата: Мектеп, 1977. – 25 бет. 136. Бастауыш мектеп оқушыларының жазбаша тілін дамыту / / мұғалімдер мен студенттерге арналған // Абай атындағы ҚазПИ жинағы, Алма-Ата: «Мектеп», 1978. - 16 бет. 137. Ана тіліне енген материалдарды оқытуға көмек. Жинақ: «ІІІ класта оқыту», «Мектеп» баспасы, 1980. -74 бет. 138.Советтік Қазақстанда психологиялық әдебиеттердің жарық көруі // жинақ: «Создание СССР – живое воплощение идей В.И.Ленине о многонациональном государстве» // Материалы общеуниверситетской научнотеоритической конференции, А, 1983. -18 бет. 139.Ойлау мен сөйлеуді дамыту // «Бастауыш класта қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Мектеп», 1987. - 30 бет. 140.Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту ерекшеліктері // Абай атындағы ҚазПИ жинағы. 1989. – 2 бет. 141.Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультеті студенттерінің педагогикалық практикасының
52 ерекшеліктері // Абай атындағы ҚазПИ жинағы, 1990. - 2 бет. 142.Т.Тәжібаевтың бастауыш сынып оқушылырының тілін дамыту туралы ойлары // Киров атындағы Қаз Мем Университеті, 1990. - 160 бет. 143.Қазақ мектептерінің бастауыш класс мұғалімдерін дайындау мәселелері // Абай атындағы ҚазМемПед Универ. 1991. - 50 бет. 144.Қазіргі студент – болашақ маман // «Бастауыш мектеп» , 1991. -№1. - 7 бет. 145.Білім деңгейі мұғалімге байланысты // «Бастауыш мектеп», 1992. -№1. - 5-6-бб. 146.Бастауыш кластарда Абай шығармаларын оқыту // «Бастауыш мектеп», 1996. -№1, -27-28 бб. 147. «Оқу» пәні жаңа бағдарламасының ерекшеліктері // «Бастауыш мектеп». 1996. -№3, -4-6 бб. 148.Жаңа мазмұнды «Ана тілі» оқулығының басты ерекшеліктері //«Бастауыш мектеп». 1998. - №10-11. - 46-48 бб. 149.«Қазақ тілін оқыту әдістемесін» мектептегі 12 жылдық білім беру жүйесіне бағыттай жүргізу // «Бастауыш сатыда білім берудің бүгіні мен келешегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция жинағы. –Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, 2000. – 4-6 бб. 150. Шағын комплектілі мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттелу жайы // «Хабаршы», 2001. -№3. -15- 16 бб. 151.«Әдебиеттік оқуды» жаңаша оқыту. // «Хабаршы» журналы. 2005. -№4. -7-8 бб. 152.12 жылдық білім беруде «Әдебиеттік оқуды» жаңаша жүргізу // Хабаршы. Ғылыми-методикалық журнал. - Қызылорда, 2005. - №4. -10-13 бб. 153.Оқулықтарды құрастыруда лингвостатистикалық әдісті қолдану: бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда оқулықтар мазмұнын жетілдірудің маңызы // Қалыбеков Б., Молдабек Н. «Бастауыш мектеп.- 2005.- №12.
53 - 3-5 бб. 154.«Қазақ тілін оқыту әдістемесін» мектептегі 12 жылдық білім беру жүйесіне бағыттай жүргізу // «Бастауыш сатыда білім берудің бүгінгі мен келешегі» атты республикалық ғылыми-пратикалық конференция жинағы. – Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, 2006. -4-6 бб. 155.Оқушы сөздігін дамыту – бастауыш оқу сатысының негізгі міндеті // Шығармашыл іс-әрекетті дамыту арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері атты Халықаралық ғылымипрактикалық конференция материал-дары. – ШымкентМосква, 2009. 156.«Абай атындағы қазақ ұлттық университеті жанынан алғаш ашылған бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультетінің негізін қалаған Р.М.Қоянбаевқа 70 жас» // Бастауыш мектеп. - №10. 2009. -7-8 бб. 157.Оқытудың жаңа технологиялары // Бастауыш мектеп. 2010. -№ 7-8. -19 б. 158.Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік ой –пікірлері // Бастауыш мектеп», 2010. №5-6. -7-8 бб. 159.Болашақ педагогтің коммуникативтік мәдениетін жетілдіру // «Айқын» газеті, 2010. - №78. – 2-3 бет. ПУБЛИКАЦИЯЛАР: 160.Ата-аналар назарына /ата-анаға кеңес/. Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1976. №360/1 161.Адам және гүлдер / ата-анаға кеңес/ бұл да сонда, 1976. 360/1 162.Сіз өз мүмкіндіктеріңізді білесіз бе? / ана-анаға кеңес/ . Бұл да сонда, 1976. 360/1 163.Есті қалай жаттықтыруға болады? / ата-анаға
54 кеңес/. Бұл да сонда, 1976. 360/1 164.Балаңыз мейірімді болғанын қалайсыз ба? / атаанаға кеңес/. 1976. 165.Шаршаған зиян ба? / ата-анаға кеңес/. Бұл да сонда, 1976. 360/1 166.Тыйым дегеніміз не? / ата-анаға кеңес/. Бұл да сонда, 1976. 360/1 167.Тәрбие тәсілі. Алматы: «Мәдениет тұрмыс, 1984 , -№9. 168.Ашық айтайық. Алматы: ЦК ЛКСМ Казахстана. «Казақстан пионері». 1981. 4/0,3 169.Семьядағы міндеттерді бөлісу. «Мәдениет тұрмыс», 1985, №3 170.Қиын сөзден қаша берсек, балаңыздың тілін қалай байытамыз? /Г.Уәйісова, А.Жұмабаева/ Айқын. -2009. №75 -5 бет. 171.Тұңғыш оқулық: 1992 ж. Н.Оралбаева мен К.Жақсылықованың құрастыруымен жарыққа шыққан «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі атты оқулық туралы // Егемен Қазақстан.- 1996. 26 қыркүйек.
55 ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР С.Р.РАХМЕТОВАНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖҰМЫСТАРЫ
56 ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОРС.Р.РАХМЕТОВАНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ҚОРҒАЛҒАН КАНДИДАТТЫҚ ДИССЕРТАЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ 1. Жұмабаева Әзия Елеупанқызы. Бастауыш мектепте қазақ тілі синтаксисін дамыта оқытудың ғылымиәдістемелік негіздері. 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі) – педагогика ғылымдарының докторы. – 2009. 2. Мұхамеджанова Әлия. Бастауыш білімді интеграциялау арқылы оқушылардың дүниетанымының ғылыми бейнесін қалыптастырудың теориялық әдіснамалық негіздері. 13.00.01 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі – педагогика ғылымдарының докторы. – 2001. 3. Кульгильдинова Тулебике Алимжановна. Научнометодические основы формирования когнитивнокоммуникативной компетенции на уроках русского языка в начальных классах (в школах с русским языком обучения): 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі) – педагогика ғылымдарының докторы. - Алматы, 2010. \
57 ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОРС.Р.РАХМЕТОВАНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ҚОРҒАЛҒАН КАНДИДАТТЫҚ ДИССЕРТАЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ 1. Жұмабаева Әзия Елеупанқызы. Сауат ашу кезеңінде тіл дамыту әдістемесі. 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі) – педагогика ғылымдарының кандидаты. –Алматы, - 1998. 2. Уәйісова Гүлнар Инаматқызы. Қазақ мектептерінде ана тілінің лексикасын оқыту әдістемесі. 13.00.02.- Қазақ тілін оқыту әдістемесі – педагогика ғылымдарының кандидаты. Алматы, -1993. 3. Қалимұқашева Бақыт Демеуқызы Студенттерге шешендік өнерді үйрету әдістемесі. 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі) – педагогика ғылымдарының кандидаты. –Алматы, - 2000. 4. Мовкебаева Зульфия Ахметвалиқызы Формирования пространственно – графических навыков как предпосылка к обучению грамоте. 13.00.02 –– Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі орыс тілі) –педагогика ғылымдарының кандидаты. - Алматы, -1999. 5. Қабатай Бидана Тұрсынханқызы. Ана тілі сабақтарында оқушыларды шығармашылыққа баулу әдістемесі.. 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі) – педагогика ғылымдарының кандидаты. – Алматы, - 2005.
58 6. Игенбаева Бижан Құрманғалиқызы.Ана тілі сабағында жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытудың әдістемесі. 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі) – педагогика ғылымдарының кандидаты. – Алматы, - 2002. 7. Сламбекова Несіпкүл Мұратқызы. Шағын комплектілі бастауыш мектепте шығармашылыққа негізделген тіл дамыту әдістемесі. 13.00.02. – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі) – педагогика ғылымдарының кандидаты. – Алматы, - 2001. 8. Жораева Сәуле Базарбайқызы. Кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі. 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі) – педагогика ғылымдарының кандидаты. – Алматы, -2007. 9. Базарбекова Рабиға Жолшықызы. Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі. 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі) – педагогика ғылымдарының кандидаты. – Алматы, - 2008. 10. Бражникова Елена Дмитриевна. Методика использование динамических наглядности на уроках русского языка в начальной школе. 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі орыс тілі) – педагогика ғылымдарының кандидаты.- Алматы, – 2003. 11. Қасанова Инкар Утебайқызы. Бастауыш мектепте зат есімді когнитивті оқыту әдістемесі (4 сынып). 13.00.02
59 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі) – педагогика ғылымдарының кандидаты. - 2010. 12. Молдабекова Нұржамал Сайдалықызы. Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытудың әдістемелік негіздері. 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі) – педагогика ғылым-дарының кандидаты. - 2009. 13. Сәдуақас Гүлбану Теміриязқызы. Бастауыш сыныптарда қиын сөздерді меңгерту әдістемесі. 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі) – педагогика ғылымдарының кандидаты. - 2010.
60 ТӘЛІМІ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ С.Р.РАХМЕТОВА ӨСІП-ӨНГЕН ОРТА
61 Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі С.Ж.Пірәлиевтің ғалым С.Р.Рахметованың 80-жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі Құрметті конференция қонақтары, қадірлі әріптестер! Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі профессор Рахметова Сағира Рахметқызының 80 жылдық мерейтойына арналған «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориялық негіздері мен тәжірибесі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қош келдіңіздер! Құрылғанына 80 жыл толып, әлемдік 80 университеттің алдыңғы сапында келе жатқан қазақ білімінің қара шаңырағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті білімді де білікті мамандар даярлайтын алтын көрікті ұстаханаға, еліміздің мақтанышына айналып отыр. Университет ұжымы бүгінде отандық білім беру жүйесіне жүктеліп отырған зор міндеттерді жүзеге асыруда. Егемен еліміздің алға қойған ең басты мақсаттарының бірі – өркениеті жан-жақты дамыған, алдыңғы қатарлы елдермен теңесу десек, оған жетудің басты межесі — әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға көтеру қажеттілігін міндеттейді. Осыған орай, білімді де білікті жеке тұлға қалыптастыру жолында, оқушының өзін-өзі тануына және өзін-өзі тәрбиелеуіне ықпал ете отырып, оған бағыт-бағдар беріп отыру ісі алдыңғы орынға шықты. Қазақстан Республикасының «Білім беру тұжырымдамасында»: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу,
62 оның мүмкіндігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру − білім берудің түпкілікті мақсаты», – деп атап көрсетілген. ХХІ ғасыр – ғылыми прогрестің барынша қарыштап, жаңа заманауи технологиялар адамзат өміріне етене ене бастаған, ғылым мен білімде және экономикалық-стратегиялық дамуда өзара ықпалдастықпен қатар, бәсекелестіктің де қанат жайған, сондай-ақ, тосқауыл қоюға еш мүмкіншілік бермейтін жаһандану үдерісі кеңінен етек алған заман. Қазіргі кездегі әлемде жүріп жатқан күрделі саяси-экономикалық өзгерістер мен ғаламтор арқылы толассыз ағылып жатқан ақпараттар тасқынының күн өткен сайын күшейе түсуі мектептегі білім беру жүйесіне де әсер етіп, білім беру мен тәрбиелеу ісіне өз әсерін тигізе бастады. Демек, оқу-ағарту саласындағы өзекті мәселелердің бірі – оқушыны білім нәрімен сусындата отырып, ұлттық идеологиямен қаруландыра білу және жанжақты сапалы қарым-қатынасқа даярлау болып табылады. Бұл мәселенің оң шешілуінің мәні — еліміздің ертеңіне қызмет етер, кемел ойлы, ұлтжанды азаматтарды қалыптастыруда. Қазақ мектептерінде ана тілін оқытуды жаңа талаптарға сай жетілдіру мен оқушылардың ана тілінде көркем де шебер сөйлеп, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдылануын жаңа дәрежеге көтеруді аталмыш мәселенің қажетті алғышарттары ретінде қарастыру керек. Бұл міндеттің жүзеге асуы бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің мазмұндық, әдістемелік тұрғыдан жетілдірілуімен тікелей байланысты. Сондықтан осындай қомақты да қордаланған мәселелерді талқыға салып, түйінін шешуде бүгінгідей бас қосулардың маңызы зор деп білемін. Бүгінгі «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориялық негіздері мен тәжірибесі» атты республикалық ғылымипрактикалық конференцияның педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сағира Рахметованың 80 жылдық мерейтойына арналып отырғандығының да өзіндік себебі бар.
63 Қырық жыл бойы Қазақстанның білім саласының қара шаңырағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ұстаздық етіп, мыңдаған білім қарлығаштарын қанаттандырған, саналы ғұмырының тең жартысын ұрпақ тәрбиесіне арнап, қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан профессор С.Рахметқызының еңбектерінде жас жеткіншектерді ұлттық салт-санаға, әдетғұрыпқа тәрбиелеудің, туған тіліне үйретудің түп-негізі, іргетасы бастауыш мектепте қаланатындығы және оқушы тілін дамытудың ең алдымен ана тілді оқыту әдістемесі ғылымының даму дәрежесіне байланысты екендігі айтылады. Ғылымның қай саласын алсақ та, оның дамуы оны жасаушы ғалымның тұлғасымен тікелей байланысты. Үлкен ғылымды үлкен ғалымдар жасайды. Осы тұжырымды талай бұлақтың көзін ашып, «білім» атты «мәңгі нұрдың қызметшісі» болған, сауабы мен жауабы мол, зейнетінен бейнеті көп ұстаздық жолды таңдап, бүгінгі күні сан мыңдаған педагог-мамандар тәрбиелеп өсірген Сағира Рахметқызы есіміне қатысты айтуға әбден негіз бар. 1960 жылдан бері жарық көріп келе жатқан үшінші, төртінші сыныптарға арналған «Ана тілі» оқулықтарының авторы, міне елу жылдан астам уақыт бастауыш сынып бүлдіршіндерінің сауатын ашып, тілін сындырып, саналы, салиқалы тәрбие беріп, білім кеңістігіне қадам басуына өз үлесін қосты. Ғалым С.Рахметова бастаған авторлар ұжымы егемен еліміздің бастауыш сыныптарына арналған «Ана тілі» оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешенін жазуға да ұйтқы болып келеді. С.Рахметқызы 11 және 12 жылдық мектептерге арналған «Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартының», «Жалпы білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған әдебиеттік оқу бағдарламаларының» жетекші авторы. Ол − бастауыш сынып оқушылары үшін оқулық жазу, оқыту әдістемесін жасау жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз, әдіскер-ғалым Бүкіл саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне, ұлт болашағына арнаған профессор С.Рахметқызының 200-ден астам ғылыми
64 еңбектерінің ішінде «Бастауыш мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Бастауыш кластарда оқушының жазба тілін дамыту», «Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту», «Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы» және т.б. оқу құралдары еліміздің жоғары оқу орындарының бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын факультеттеріндегі студенттердің, мұғалімдердің негізгі оқу құралына айналып отыр. Ұлағатты ұстаз, әдіскер-ғалымның ғылымның дамуы мен талантты ғалымдар тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі, сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Қазіргі шақта ғалым С.Рахметованың өзіндік ғылыми мектебі қалыптасып, бастауыш білім беру саласында үш ғылым докторы, оннан аса ғылым кандидаты өз жұмыстарын жалғастырып жүр. Бүгінде есімі елге танылған ұлағатты ұстаз, шын мәнінде егемен еліміздің жаңа заманғы бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі саласының өсіп-өркендеуіне істәжірибесімен, құнды пікірлерімен өз үлесін қосып, білікті жетекшіге айналып отыр. С.Рахметқызының еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Тың игеру», «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен, «Үздік ұстаз» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Мектеп ісіндегі сан-салалы игі істердің, жаңарулардың, жақсы бастамалардың қай-қайсысы болсын мұғалім жұмысымен толысып, практикалық шешімін, шығармашылық жалғасын тапқан күнде ғана жас ұрпақ бойына ізгі сезім, терең білім нәрі құйылып, өмірдегі өрісі кеңейе бермек.
65 РАХМЕТОВА МЕКТЕБІ Әбдуәли Қайдари, академик. «Шәкіртсіз – ұстаз тұл» деген ғой, егер жолын қуған шәкірті ибн Сина болмаса Әбу Насыр әл-Фараби бабабыз еңбектерінің жаңа дәуірде бүкіл Европаға танылып, адамзаттың осы заманғы ғылыми түсініктерінің негізіне қалануы мүмкін бе еді?! Ғылым мен білімнің одан кейінгі даму тарихының ен бойынан да дәл осындай сабақтастықты, ұстаз бен оның шәкірттері ынтымағының жарқын үлгілерін көптеп кездестіруге болады. Қазақ қоғамы тарихындағы өркениет орталықтарына қатысты «Ясауи тариқаты», «Абайдың айналасы», «Алтынсарин мектебі», «Сәтбаев мектебі», «Марғұлан мектебі» деген ұғымдардың ғылыми әдебиеттерде берік орныққаны бекер емес. Мұндай тұлғалар өнегесінің ұшқынын бүгінгі таңда білікті де беделді ғалымдар маңына топтасқан қазіргі ғылыми ортадан да байқауға болады. Қазіргі Қазақстан ғылымында тарихшылардың, әдебиеттанушылардың, философтардың, тіл білімі мамандарының, математиктердің т.б. өзіндік орталықтары қалыптасқандығын бұл күнде ешкім жоққа шығара алмайды. Дәл осындай бір орталық әдістемеші педагогтар арасында да бар. Кез келген еңбектің жарық көріп, халық игілігіне айналуы – бір бақыт, ал оның үлкен бағаға ие болуы ғылым адамының шығармашылық қуатын еселеп арттыратын зор қуаныш. Шыны сол, қазір республикамыздың мыңдаған мектептерінде бүгінгі бүлдіршіндер – ертеңгі егемен еліміздің еркін азаматтарының сауатын ашып, тілін сындырып, ілімбілім әлеміне қадам басуына негіз болып отырған төл оқулықтарымыздың бастауыш сыныптарға арналған алғашқы
66 легінің басым көпшілігін бір ғылыми орта өкілдері жасапты. Олар Алматы мемлекеттік университетінің бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі факультетінің (қазіргі психология және педагогика факультетінің бір бөлімінің) ұстаздар ұжымы екен. Ғылыми ортада бұл ұжымды ұзақ жыл бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі болған, бастауыш мектептерге арналған барлық оқулықтар мен оқу құралдарын сараптаудан өткізген республикалық, ғылыми-әдістемелік кеңеске осы саладан білікті мамандар даярлайтын диссертациялык кеңеске жетекшілік еткен педагогика ғылымының докторы, профессор «Сағира Рахметова мектебі» деп орынды атайды. Кезінде Орал педагогикалык институтын бітіріп, еңбек жолын Жанғалы ауданындағы орта мектептің оқытушылығынан бастаған Сағира Рахметова ұйымдастырушылық қызметімен жарқ етіп көзге түсіп, облыстық, комсомол комитетіндегі бөлім меңгерушісінің орынбасарлығына дейін өскен. Содан соң журналист жұбайымен бірге Алматыға қоныс аударып, «Мектеп» баспасында қарапайым редактордан бөлім меңгерушісі қызметіне дейін көтерілген жас ғалымның мол өмірлік тәжірибесі, шығармашылық қабілеті мен ерекше біліктілігі мамандар назарын бірден аударған еді. 1960 жылы жарық көрген, үшінші және төртінші кластарға арналған жаңа «Ана тілі» оқулығының жас авторының есімі содан бері, міне, қырық жыл бойы бастауыш сынып бүлдіршіндерінің тілін дамытып, қиялын ұштауға қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде автордың өзі де өсті: тынбай еңбектеніп алғаш кандидаттық, содан соң докторлық диссертация қорғады, профессор атағын иеленді, сан мың маман педагогтар даярлап, топтасқан талантты шәкірттерінен қуатты ғылыми орта құра білді. Ал бастауыш сыныптың «Ана тілі» оқулығы да әр басылым сайын жаңарып, толыға түсті. Жалпы саны 160-тан астам ғылыми еңбек жариялап, есімі елге танылған педагог ғалым, шын мәнінде, республикамыздағы жаңа заманғы бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі саласының білікті жетекшісіне айналды. Оның «Бастауыш мектептерде
67 қазақ тілін оқыту әдістемесі», « Бастауыш кластарда оқушылардың жазба тілін дамыту», «Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту» және т.б. кітаптары еліміз жоғары оқу орындарындағы бастауыш сынып мұғалімдері даярланатын факультеттер студенттерінің негізгі окулықтары қатарына қосылды. Егемен еліміздің бастауыш сыныптарға арналған жаңа буын төл оқулықтарын жазу жауапкершілігінің С.Рахметова бастаған авторлар ұжымына тапсырылуының міне, осындай табиғи заңдылығы бар еді. Талантты шәкірттері Т.Әбдікәрімова, П.Жаманқұлова, Б.Қабатаевалармен бірлесіп жаңа буын «Ана тілі» окулықтары мен оларға қосымша әдістемелік кешенін жазуға жетекшілік еткен ұстаз тек өз саласымен ғана шектеліп қалмай, басқа да пәндердің оқулықтарын жасаушы шәкірттерінің жұмысына ақылкеңестерімен үлкен көмек көрсетіп отырды. Ғалым Сағира Рахметқызының шәкірттерін бұл күнде Алтайдан Атырауға дейінгі кең байтақ, еліміздің барлық ауылдары мен қалаларынан кездестіруге болады. Ұстаздарының жолын қуып, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып жүргендері қаншама. Ұстаздары оларға бастауыш сынып балалары үшін оқулық жазудың, оқыту әдістемесін жасаудың өзіндік сырларын үйретуден бір жалыққан емес. «Бұл – білгеніңді ересектерге баяндап беру емес, бұл – балалардың өзіндік, психологиялық қабылдау ерекшеліктерін қатаң ескере отырып, қажетті білім мен дағдыны оларды қызықтыратындай, сонымен бірге тілі мен ойын дамытатындай, алға жетелейтіндей оңтайлы әдіс-тәсіл таба білу»–дейді Сағира Рахметқызы. Психология ғылымының М.Жұмабаев пен Ж.Аймауытов еңбектерінің, Л.Выготский мен Б.Эльконин жаңалықтарының, В.Давыдов пен Ш.Амонашвили ойларының тереңіне бойлап, өзі қырық жыл бойы айналысқан қиын да қызықты әлемді шарлап кетеді. «Шынайы педагог қасиеті оның өз балаларының тәрбиесінен басталады» дейтіні бар кейде жымиып. Шәкірттері үшін бұл да сабақ. Ұстаздарының журналист М.Жантекиннің жары екенін, Әлия мен Ғалия, Темір (еліміздің Атом энергиясы жөніндегі
68 ұлттық агенттігінің төрағасы Т.Жантекин) мен Қайрат (белгілі спорт шолушысы) сынды бүгінде елге танымал ұл-қыздардың анасы екенінен хабардар шәкірттері оның әр сөзінен үлгі-өнеге алғандай болады. Отандық педагогика саласында өзіндік мектеп қалыптастырған ұстаздың айналасына жеке өмірлік өнегесімен де дәл осылай үлгі шашып жүруі табиғи заңдылық та болар. («Егемен Қазақстан» газетінен. 10 сәуір 2001 жыл)
69 САҒИРА РАХМЕТОВА – БАСТАУЫШ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ АНАСЫ ОРАЗБАЕВА Ф.Ш. – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы буыны саналатын, адам тәрбиесінің негізі қалыптасатын, болашақ тұлғаның өзіне тән қасиеттері қаланатын кезең – бастауыш мектеп. Сондықтан бұл буында оқылатын әрбір пәннің өз ерекшелігі бар. Оның мазмұн-құрылымының бітімі бөлек, мақсат-міндеттерінің өлшемі өзгешелеу келуінің сыры да сонда болса керек. Олай болса, осы салаға қатысты оқу-тәрбие мәселесімен айналысатын әрбір маманның: ғалымның да, әдіскердің де, мұғалімнің де табиғатында осынау талапқа сай білімі мен білігі болуы керек. Егер осы ғалымдық, әдіскерлік, ұстаздық, адами қасиеттер бір адамның бойында жарасымды ұштасып, әдемі үйлесім тауып жатса, онда мұндай жан жеке бір пәннің, жеке бір саланың ғана емес, ұлттық педагогиканың бірегей тұлғасына айналары сөзсіз. Бүгінгі мерейтой иесі – қадірлі Сағира Рахметқызы осындай тұғырлы тұлға дәрежесіне көтерілген адам екені көпшілікке аян. 50 жыл бойы республикадағы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытып, қиялын ұштауға қызмет етіп келе жатқан «Ана тілі» оқулығының авторы, есімі елге танылған әдіскер-ғалым, әрі ұстаз Сағира Рахметқызы бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі саласында ғылыми мектеп қалыптастырып, республикамыздағы отандық бастауыш мектеп педагогикасының анасына айналып отыр. Сағира
70 Рахметқызы мұндай тұлға тұғырына өзінің табиғи дарынымен, мәдениетті қалыбымен, шығармашыл келбетімен көтерілді. Қарапайым қазақ қызы Орал облыстық комсомол комитетінің үгіт-насихат бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметіне шақырылып, өрімдей жастардың ақылшысы болды. Жастарға қатысты кез-келген өткір де өзекті мәселелерді шешуден ешқашан тартынбады. Іскерлігімен елге танылып, жақсы лебізімен айналасына жылылық сепкен талантты жас республикалық педагогикалық «Мектеп» баспасында редактор, редакция меңгерушісі қызметтерін де абыроймен атқарды. Өзінің ғылымдағы жолын 1966 ж. Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми зерттеу институтында аспирант болудан бастаған тілші 1969 жылы аспирантураны бітіріп, «Бастауыш класс оқушыларының жазба тілін дамыту» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәрежеге ие болды. Жасынан ұстаздықты армандаған Сағира Рахметқызы оқытушылық қызметті Абай атындағы ҚазПИ-де толық іске асырды. Осы қасиетті қара шаңырақта ғылым мен ұстаздықты қатар ұстанған Сағира Рақметқызы 1994 жылы «Бастауыш класс оқушыларының тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» деген тақырыпта диссертация қорғап, ғылым докторы атанды. Әдіскер-ғалым 1977 жылы доцент, 1996 жылы профессор ғылыми атағын алды. Мектепте мұғалімдіктен басталған өмір белесі қазақтың киелі шаңырағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі лауазымына дейін жалғасты. Ұстаз 1997 жылдан қазіргі кезге дейін осы университеттің мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры қызметін атқарып келеді. Сағира Рахметқызы – жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сатысындағы ана тілімізді оқытудың ғылымиәдістемелік мәселелерін тереңнен толғап, зерттеп келе жатқан жаңашыл ғалым. Бүгінгі ғаламдану үдерісінде ұлттық құндылықтарды
71 сақтау ұлттық сананы сақтау үшін күрес екенін түсіну қиын емес. Анықтап айтқанда, мұның бәрі мәдениет, діл, тіл секілді ең негізгі құндылықтарды жас ұрпақ санасына сіңіре білуге келіп саяды. Өйткені бұлар – халықтың рухани дамуының түп қазығы, тірегі. Соның ішіндегі барлық өнердің алды саналатын, қоғамның да, жеке тұлғаның да мәдениетінің өлшемі болып табылатын, ұлттың рухани дамуының бірден-бір тетігі-тіл. Ол – бүкіл құндылықтың бастау көзі. Сондықтан да, тілді сақтау – елдікті сақтау, тілді сақтау – ұлтты сақтау деген ұғыммен барабар. Бұл орайда Сағира Рахметқызы негіздеп, мектеп тәжірибесіне енгізген ана тілінің білім мазмұнының, жаңа оқыту талаптарының осы бағытта дамуының маңызды екенін өмір тәжірибесінің өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан Сағира Рахметқызының «Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы» мен «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқу құралдары, «Кіші жастағы оқушылардың жазу тілін дамыту», «Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту» және т.б. оқу-әдістемелік құралдары қазақ тілі әдістемесі ғылымының өрісіне қосылған сүбелі үлес болып табылады. Тілші ғалымның оқу-әдістемелік құралдарындағы басты ерекшелік – ұлттық және адамзаттық рухани құндылықтарды бала психологиясына бейімдеу арқылы оқушының ой-өрісін дамыту және сөйлеуге үйрету. Осы тұрғыдан келгенде, ғалым ұсынған пән мазмұнының тақырыптары – оқушының дүниетанымын арттыратын және қоршаған дүние туралы көзқарасын кеңейтетін, оның терең білімін қамтамасыз ететін ұтымды материалдар. Әдіскер оқушының айналадағы дүниемен, қоғамдық ортамен қарым-қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеуде халқымыздың мәдени-рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін пайдалануды еңбектерінде берік қағида етіп ұстанады. Осымен байланысты ғалым 2-4 сыныптарға арналған жалпы білім беретін мектептің әдебиеттік оқу бағдарламасында халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік. сияқты қасиеттерді; біздің халықымызға тән екшеліктерді ұлағатты философиялық-
72 логикалық ой-пікірлер туралы білім мен біліктер беретін әдістемелік жаттығуларды молынан пайдаланады. Тілші ана тілі оқулықтарындағы оқушы тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру жұмыстарының негізіне халқымыздың мәдени, рухани дүниесін бейнелейтін мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды, ертегілерді, аңыз-әңгімелерді алады. Бастауыш мектепте ана тілін меңгертуде дамыта оқытудың басты ұстанымдарын қамтитын; оқушының эстетикалық талғамын, экологиялық-салауатты өмір сүру мәдениетін, білім мазмұнын ізгілендіру бағыттарын айқындайтын әдіскерғалымның маңызды пікірлері тілді сапалы игерудің басты шарттары болып табылады. 50 жыл бойы республикадағы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытып, қиялын ұштауға қызмет етіп келе жатқан «Ана тілі» оқулығының авторы ретінде тілшіғалым салған соқпақ бүгінде барған сайын кеңейіп келеді. Сағира Рахметқызы – еліміз егемендікке алғаш қол жеткізген кезеңде, қоғамдық реформалардың іргетасы қаланып, Тәуелсіз Қазақстан мектептерінің даму бағытын айқындау проблемалары күн тәртібіне өткір қойылған жылдарда, ұлттық мектептің ғылыми-тұғырнамалық жүйесі айқындалған шешуші сәттерде тілші-ғалым, ұстаз ретінде замана жүгін әріптестерімен бірге көтерді. Ұлт тарихының жаңа кезеңінде бастауыш мектепте ана тілін оқытудың әдіснамасын анықтап, оның алғашқы соқпағын салу абыройына ие болған ғалым С.Рахметованың «тілді өз табиғатына сай оқыту керек» деген тұжырымы Қазақстанның ұлттық мектептерінде қазақ тілін ана тілі ретінде оқытуды түбегейлі жаңартуға іргетас болды. Кеңестік кезеңде өзге тілдің қалыбына зорлықпен таңылған қазақ тілінің әлемдік тілдер аясында қайталамасы жоқ ерекшелігін, даралығын, қасиетін барынша зиялылықпен, тереңдікпен танытуға мүмкіндік туған бүгінгі таңда тілдік білім беру сапасын көтеруде бұл ойдың маңызы арта түсті. Осы идеяны өзек етіп ұстанған ғалым мемлекеттік деңгейдегі базалық-нормативтік құжаттарды дайындауға атсалысты, Ұлттық мектептің моделін, білім мазмұнының
73 жаңа макромоделін айқындауға еңбек сіңірді. 11 және 12 жылдық мектептерге арналған «Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартының», «Жалпы білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған әдебиеттік оқу бағдарламаларының» және заман талабымен өмірге келген 2-4-сыныптарға арналған «Ана тілі» жаңа буын оқулықтарының, оқу-әдістемелік кешендердің жетекші авторы болды. Сағира Рахметқызы – өз еңбектерінде тіл білімі мен психология ілімінің байланысын ғылыми негіздей отырып, ана тілі, қазақ тілі пәндерінің бала болмысымен сабақтастығына, тіл мен тәрбиенің бірлігіне айрықша назар аударған зерттеуші. Өйткені тіл тұлғаның сапа көрсеткіші болғандықтан, адамдық қасиеттерді қалыптастырумен де тығыз ұштасып жатады. Сол себепті ғалым сөздiң iшкi мәнi мен сыртқы сұлулығының үндесімі, адамға әсерлілігі, тыңдаушы мен сөйлеушінің арасындағы сөз арқылы болатын тылсым байланыс, т.б. жөнiнде өзіне дейінгі зерттеушілер түйген тұжырымдарға сүйеніп, бастауыш сатыдағы тілді оқытуға қойылатын басты талаптарды айқындады. Тілдің тарихпен, мәдениетпен, қоғаммен, тәрбиемен сабақтастықта меңгертілуі оқушының дүниетанымын, адами қасиеттерін қалыптастыруға оң ықпал ететінін дәйектеп көрсетті. Мәселен, профессор С.Рахметованың бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселесіне арналған «Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту» атты оқу-әдістемелік құралы – тіл дамытуға қатысты өзекті мәселелерді ғылымиәдістемелік жағынан жан-жақты зерделеген іргелі зерттеу. Аталмыш құралында Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ш.Сарыбаев, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев сынды белгілі әдіскерлер негізін қалап, іргетасын бекіткен іргелі мәселелерге талдау жасаған. Автор өз еңбегінде аталмыш тұлғалардың балалардың сөздік қорын байытуға, сөз мағыналарын түсіндіруге, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету жолдарына мән бергендігін саралай отырып, олардың пікірлерін жаңа заман талабына орай жетілдіріп, толықтыра
74 отырып, одан әрі тіл дамытудың мақсаты мен міндетін айқындап көрсетті. Автордың «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» еңбегінде бастауыш сыныптағы сауат ашу, әдебиеттік оқу, грамматика, жазу тіл дамытумен біртұтас қарастырылып, олардың әдістемесі қатар ұсынылды. Ғалым тіл ұстарту бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар шәкірттердің материалды тереңірек меңгеруіне, әрі өз беттерімен ойланып жұмыс істеулеріне мүмкіндік беретінін ғылыми-практикалық тұрғыдан жан-жақты дәлелдеді. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сағира Рахметқызы – бүгінде парасатты педагог. Әуел баста ауыл мектебінде мұғалім болып басталған өмір жолы кейін жоғары оқу орнының оқытушылығына ұласты. Қай кезде кімге сабақ берсе де, шәкірттерді өзінің мейіріміне бөлеп, шынайы біліммен сусындатудан танбаған мұғалім – бүгінде бас әріппен жазылатын ҰСТАЗ деңгейіне көтерілген танымал тұлға. Қырық жылдан астам ұстаздық еткен жылдарында оның алдынан дәріс тыңдап, сабақ алған, бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек етіп жатқан жүздеген шәкірттер – қазіргі тәуелсіз еліміздің өркениетін дамытуға ықпал етіп жүрген жаңа буын өкілдері. Сағира Рахметқызы – бастауыш мектептегі қазақ тілін оқыту мәселесінің теориялық, әдістемелік, әдіснамалық мәселелерін зерттеу бағытында өзіндік ғылыми мектебін қалыптастырған жетекші маман, ғибраты мол ұстаз. Тілші-ғалым 1970 жылдан күні бүгінге дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-де өзінен дәріс тыңдаған талантты шәкірттерін шыңдап, бағыт беріп, 12 ғылым кандидаты мен 3 ғылым докторын тәрбиелеп, қуатты ғылыми орта құра білді. Ол 1998-2001 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Д 14.09.04 филология, педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Диссертациялық кеңестің төрағасы, ал 2002 жылдан бастап осы кеңестің белді мүшесі бола жүріп сандаған жастардың ғылым өлкесінде өз мүмкіндіктерін танытуына жол ашты. Шәкірт-ғалым тәрбиелеуде де Сағира апайдың әркімге де
75 үлгі болар үлкен бір қасиеті бар. Сағира апай өз шәкірттерін тек дәрісханада немесе жұмыс кабинетінде ғана қабылдамайды. Ол үнемі балапандарын ерткен мамыр қаздай көшбастап, шәкірттерін өзі жүрген ғылыми орталарға араластырып, ғалымдық пен адамдыққа қатар баулып отырады. Сондықтан да Сағира Рахметова «бастауыш білім саласының анасы» деген мәртебелі атқа әбден лайық. Оның ізін жалғап отырған ондаған ғалым-шәкірттері – қазір отандық педагогиканың дамуына атсалысып жүрген талапты да талантты зерттеушілер. Сағира Рахметқызы – еңбегінің зейнетін көріп, өз әріптестерінің, шәкірттерінің құрметіне ие болып отырған беделді жан. Ғалымның отандық педагогикаға сіңірген еңбегі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланып, ол «Тың игеру» (1959), «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен (1964), «Үздік ұстаз» (2008) медальдерімен және Қазақстан Рсепубликасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Оның есімі «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары мен оқытушылары» энциклопедиясына енгізілді (2005). Сүйікті жар, балаларының, немерелерінің бақыт шуағына бөленген аяулы ана, асыл әже ғибратты ғалым, ұлағатты ұстаз Сағира Рахметқызының 80 жасын ғылыми ортада сүйікті ісінен қол үзбей қарсы алып отыруының сыры оның табиғи болмысындағы үйлесімнің нәтижесі екені сөзсіз.
76 САҒИРА РАХМЕТОВА – БАСТАУЫШ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ АНАСЫ ОРАЗБАЕВА Ф.Ш. – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Белгілі бір тұлға жайлы ой толғап, сөз айтар тұста ол адамның тұлғалық бейнесін, ең алдымен, оның қоғамға, ел-жұртына сіңірген еңбегінен іздейтініміз хақ. 50 жыл бойы республикадағы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытып, қиялын ұштауға қызмет етіп келе жатқан «Ана тілі» оқулығының авторы, есімі елге танылған әдіскер-ғалым, әрі ұстаз Сағира Рахметқызы бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі саласында ғылыми мектебін қалыптастырып, республикамыздағы отандық бастауыш мектеп педагогикасының анасына айналып отыр. Сағира Рахметқызы мұндай тұлға тұғырына өзінің табиғи дарынымен, мәдениетті қалыбымен, шығармашыл келбетімен көтерілді. Еңбек жолын ауылдық мектепте мұғалімдіктен бастаған қарапайым ғана қазақ қызы Орал облыстық комсомол комитетінің үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне шақырылып, өрімдей жастардың ақылшысы болды. Жастарға қатысты кез-келген өткір де өзекті мәселелерді шешуден тайсақтап, тартынбады. Іскерлігімен елге танылып, жақсы сөзімен айналасына жылылық сепкен талантты жас республикалық педагогикалық «Мектеп» баспасының редакторы, редакция меңгерушісі қызметтерін де абыроймен атқарды. Бойындағы ізденгіштік қасиет
77 Сағира Рақметқызының білімін Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында жалғастырып, бастауыш мектеп әдістемесіне қатысты тынымсыз зерттеулер жүргізуіне мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде «Қазақ мектептерінде бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тілін дамыту» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап шықты. Жасынан ұстаздықты армандаған Сағира Рахметқызы еңбек жолын Абай атындағы ҚазПИ-де жалғастырды. Осы қасиетті қара шаңырақта ғылым мен ұстаздықты қатар ұстаған Сағира Рақметқызы «Бастауыш класс оқушыларының тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» деген тақырыпта диссертация қорғап, ғылым докторы атанды. Әдіскер-ғалым 1977 жылы доцент, 1996 жылы профессор ғылыми атағын алды. Мектепте мұғалімдіктен басталған өмір белесі қазақтың киелі шаңырағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің меңгерушісі лауазымына дейін жалғасып жатыр. 1997 жылдан осы кезге дейін осы университеттің мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры қызметін атқарып келеді. Бар саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ғалым талантты шәкірттерінен ғылым кандидаттары мен ғылым докторларын шығарып, қуатты ғылыми орта құра білді. Ғалымның тікелей жетекшілігімен қазақ тілін оқыту әдістемесінде ауызша және жазбаша тіл дамытудың, уақыт талабымен үндес шағын жинақты мектеп оқушыларының байланыстырып сөйлеуін жетілдірудің, шешендікке үйретудің, шығармашылыққа баулудың, бастауышта зат есімді когнитивті оқытудың қыр-сырын зерделеп, ғылыми дәйектеген 3 докторлық, ондаған кандидаттық еңбектер қазақ әдістеме ғылымының қоржынын толтыра түскені сөзсіз. Сағира Рахметқызы – 1998-2001 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Д 14.09.04 филология, педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Диссертациялық кеңесінің төрағасы,
78 ал 2002 жылдан бастап осы кеңестің белді мүшесі. Ол осы Кеңес арқылы сандаған жастардың ғылым өлкесінде өз мүмкіндіктерін танытуына жол ашып келеді. Сағира Рахметқызының еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, ол «Тың игеру» (1959), «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен (1964), «Үздік ұстаз» (2008) медальдерімен және Қазақстан Рсепубликасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Оның есімі «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары мен оқытушылары» энциклопедиясына енгізілген (2005). Ғалым қаламынан туған екі жүзге тарта жарияланымдарының ішінде қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты еңбектері мен жоғары оқу орындарында оқытылатын қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің типтік бағдарламалары, жаңа мазмұнға құрылған бастауыш білім беру стандарты мен әдебиеттік оқу пәнінің бағдарламалары және жаңа заман талабымен өмірге келген жаңа буын, 12 жылдық оқулықтары, пәнді жаңаша оқытуды ғылыми дәйектеген оқуәдістемелік құралдары, басылымдарда жарияланып тұратын мақалалары да бар. Оның «Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқу құралдары, «Кіші жастағы оқушылардың жазу тілін дамыту», «Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту» және т.б. оқу-әдістемелік құралдары Қазақстан Республикасының жоғары және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында, мектептерде пайдаланылып, қазақ тілі әдістемесі ғылымының дамуына қосылған сүбелі үлес болып отыр. Сағира Рахметқызының 1960 жылдан осы кезге дейін жас буынның бойына рухани құндылықтарды сіңіруді мұрат еткен «Ана тілі» оқулықтарының да орны ерекше екенін айта кету керек. Ол мемлекеттік деңгейдегі базалық-нормативтік құжаттарды дайындауға атсалысты, Ұлттық мектептің моделін, білім мазмұнының жаңа макромоделін айқындауға еңбек сіңірді. 11 және 12 жылдық мектептерге арналған «Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік
79 стандартының», «Жалпы білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған әдебиеттік оқу бағдарламаларының» және заман талабымен өмірге келген 2-4-сыныптарға арналған «Ана тілі» жаңа буын оқулықтарының, оқу-әдістемелік кешендердің жетекші авторы. Әдебиеттік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын дамытуға, адамгершілік-имандылыққа тәрбиелеуге, сөз өнерін түсінуге, тілін, қиялын арттыруға мүмкіндік береді. Ендеше ғалым ұсынған осы пән мазмұнының тақырыптары оқушының дүниетанымын арттыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыратын, оның тұлға ретінде өсіп-дамуын қамтамасыз ететін мәселелерді қозғайды. Тек әдістемені оқытуды үйретумен ғана шектелмей, аға ұрпақтың жас ұрпаққа аманат етіп кеткен рухани құндылықтарын оқу-тәрбие үдерісінде, тәжірибеде танытуға ерекше мән берді. Әсіресе, әдебиеттік оқу пәнінің білім мазмұнын, оның құрылымын анықтауда дамыта отырып оқытудың ұстанымдарынан басқа оқушының адамгершілігін, эстетикалық талғамын, экологиялық-салауатты өмір сүру мәдениетін халықтың озық салт-дәстүрі, рухани-мәдени мұрасы негізінде тәрбиелеу ұстанымдарын, яғни білім мазмұнын ізгіліктендіру ұстанымын тікелей басшылыққа алды. Оқушының айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеуде халқымыздың мәдени-рухани мұрасының, салтдәстүрінің озық үлгілерін пайдалануды берік қағида етіп ұстанды. Осымен байланысты әдіскер-ғалым 2-4 сыныптарға арналған жалпы білім беретін мектептің Әдебиетік оқу бағдармаларында халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарымқатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер (жыланға ақ құйып шығару, өрмекші, қарлығаш, киік, көгершін сияқтыларды қасиет тұту т.б.), тіпті табиғат пен адамды бірлікте қарастыратын ұлағатты философиялық-логикалық
80 ой-пікірлері туралы білім мен біліктер беретін материалдарды мол қамтыды. Ана тілі оқулықтарындағы оқушы тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру жұмыстары негізіне халқымыздың мәдени, рухани дүниесінің терең деңгейін көрсетіп бейнелейтін мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер т.б. алынды. Ғалым жеке тұлғаның рухани байлығын, оның бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарын жетілдіруде білім мазмұнын жаңартудың адами мінез-құндылықтарды меңгерту, рухани-мәдениет құндылықтарды қастерлеуге ықпал ету, отансүйгіштік пен ұлттық дүниетаным аясында патриоттық тәрбие беру сияқты ең басты деген бағыттарын айқындап берді. Әдіскер-ғалымның «Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы» оқу құралы – қазіргі білім беру талабына сай дайындалған ғылыми мәні терең еңбек. Еңбекте бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың толық жүйесі зерделенген: қазақ тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері, әдістемелік ұстанымдары, пән мазмұнын айқындаудың теориялық негіздемесі, соған орай пәннің мазмұны, оның жүйелі, бірізді берілуі, мазмұнды жеткізудің әдіс-тәсілдері, оқушылардың игерген білімін тексерудің жолдары т.с.с. айқындалып, студенттің пәннен игеретін теориялық материалы мен өз бетімен орындайтын жұмыстарына басты көңіл бөлінген. Бастауыш сыныптарда жүретін «Әліппе», «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндерінің барлығы оқыту тұрғысынан «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» құрамында тұтастай қарастырылуы оқу құралының сапасын арттыра түскен. Профессор С.Рахметованың бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселесіне арналған «Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту» атты оқу-әдістемелік құралы – тіл дамытуға қатысты өзекті мәселелерді ғылымиәдістемелік жағынан жан-жақты зерделеген іргелі зерттеу. Аталмыш құралында Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ш.Сарыбаев, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев сынды белгілі әдістемешілердің балалардың сөздік қорын байытуға,
81 сөз мағыналарын түсіндіруге, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету жолдарына мән бергендігін саралай отырып, олардың пікірлерін жаңа заман талабына орай жетілдіріп, толықтыра отырып, одан әрі тіл дамытудың мақсаты мен міндетін айқындап береді. Сөздік жұмысының әдістемесіне, сөз тіркесі, сөйлеммен жұмыс жүргізу жолдарына толық талдау жасайды. Мазмұндама, шығарма жазу жолдарын көрсетеді. Қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарын сөздік жұмысы, сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс, байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы деген құрамдас бөліктерге бөле отырып, осы жұмыстардың әрқайсысына тән ерекшеліктерге талдау жасайды. Ғалымның «Бұл жұмыстар бір-бірімен байланыстырыла қатар жүргізіледі, әсіресе байланыстыра сөйлеуге үйрету жұмыстарында қалған екеуінде (сөздік және сөз тіркесі мен сөйлем құрау жұмысында) үйренген білім, дағды, шеберліктері ұштасады, яғни ойлау, жүйелеу, текст құрастыру, материал жинау, сондайақ графико-орфографиялық шеберліктері іске асырылады» деген тұжырымы қазіргі қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарындағы тіл дамыту сабақтарында негізгі жүйе ретінде басшылыққа алынып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге себеп болып жүр. Ғылымда көш бастаған өз жолы бар, ел құрметіне бөленген Сағира апайдың 80 жасын ғылыми ортада, саналы ғұмырын арнаған сүйікті ісінен қол үзбей қарсы алып отыруының сыры оның табиғи болмысындағы жан мен тән сұлулығының үйлесімінде болса керек.
82 ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ Қалимұқашева Б.Д. – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Мектепке дейінгі және бастауыш біліммен тәрбие» кафедрасының профессоры, п.ғ.к., ҚР-нің білім беру ісінің құрметті қызметкері Сократ өзінің данышпандық ойларының бірінде былай деген екен: «Ұстаздардың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай». Осындай «биік» те «терең» ұстаздың бірі - бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту жұмыстарының тұтас ғылыми жүйесін зерттеп, Республикамызда алғаш монография жазған, еліміздің ұлттық білім беру саласында өзіндік орны бар маңдай алды ғалымдарымыздың бірі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сағира Рахметқызы Рахметова. Әрбір халықтың тарихында оның ұлттық ғақлиятты ой-пікірлері мен ғылымының, мәдениетінің мықты алтын дінгегі болатыны сияқты қайталанбас мәңгілік дара тұлғалар болады. Сондай дара тұлғаның бірі Сағира апамыз десек ешкімнің дауы жоқ болар. Әрбір ұстаз артына жарқын із қалдыруды армандайды сол жолда барынша ізденіп, аянбай тер төгеді..... Әрине, апайдың қол жеткізген осындай табыстары өздігінен көктен түсе салған жоқ, күндіз-түні тынбай еңбектенудің, көз майын ұсынып, талай таңды шарқ ұрып ұйқысыз өткізудің нәтижесі деп білеміз. Профессор Сағира Рахметқызының ғылыми еңбектеріне қысқаша көз жүгіртер болсақ, апай бүкіл саналы ғұмырын қазақтың жаны, қаны, ділі, жалпы қазақ арының күре тамыры – қазақ тілін дамыту, үйрету және оны оқыту әдістемесіне арнғаны әмбеге аян. Апай еңбек жолын өзінің туып өскен, кіндік қаны тамған
83 Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы (бірнеше ханның ордасы болған) Саралжын ауылдың мектебінен бастайды.... Бізге тарихтан батырлығы мен шешендігі мәлім атақты қолбасшы, қазақтың ел басқару тарихында алғаш «Халық кеңесін» ұсынушы (бұл жөнінде зерттеу басталып та кетті) мемлекеттік қайраткер дәрежесіндегі тұлға – Сырым Датұлы. Сағира апай осы текті атаның ұрпағы, алтынның сынығы. Апайдың бітім болмысынан, жүріс – тұрысынан келбет, кербездігінен сол тектіліктің нышаны байқалады... Кей сәтте апай өзінің дұрыстығын дәлелдеуде «айтым-бітті, кестімүзілдіге» салуы, бойындағы - батырлықты, ал енді тіліндегі сөздік шеберліктер қанындағы - шешендікті байқатқандай. Ия, сол Саралжын ауылдық мектебінде мұғалім бола жүріп, бастауыш мектептің 3- сыныбына оқулық жазудан басталған (1961) Сағира апайдың ғылымға соқпағы өзінше түседі де, бүкіл апайдың саналы ғұмыры қазақ тілін дамыту әдістемесіне арналғанын көреміз. Сол жылдардан (1961) апайдың бірнеше әдістемелік құралдары жарық көреді. «Сыныптан тыс оқу» (1,3 сыныптарға) және 3-сыныпқа тіл дамыту үшін «Сюжеттік картиналар». Ал 1968 жылы «Бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту» баспадан жарық көреді. Сағира Рахметқызының аса бір ерекше айтар білімділігі екі тілде бірдей (орыс,қазақ) сауаттылықпен ғылыми еңбек жазуы.Мұның дәлелі «Развитие письмнной речи учашихся в ночальных классах казахской школы (методика изложения и соченения) тақырыбында зеріттеу жүргізіп, кандитаттық жұмысын орыс тілінде қорғауы (1969). «Ана тілін оқыту жөнінде» 3 сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал (1971 ), «Қазақ тілін оқыту методикасы»(1975 ), «Сыныптан тыс оқыту» (1977 «Кіші жастағы оқушылардың жазба тілін дамыту» (1978), « 2 сыныптағы оқыту» (1978),. « 3 сыныптағы оқыту» (1979). Бұған дейінгі жазылған еңбектердің жиынтық нәтижесі ретінде «Бастауыш мектеп методикасы» (1987) атты көлемді еңбегі және 4 сыныптың. «Ана тілі» оқулығына методикалық нұсқау (1990) жарияланды. «Научно-методические основы развитие речи учащихся
84 начальных классов»(1994) тақырыбында докторлық диссертациясын тағы да орыс тілінде қорғайды.Бұл еңбек бастауыш мектепте тіл дамыту, әдістемесінің зерттелу тарихынан ойып орын алатын, өзіндік рөлі бар үлкен еңбек. Осы саладағы яғни бастауыш мектептегі тіл дамыту өдістемесінің ғылыми негізі қаланып, бір тұтас жүйесі жасалған алғашқы докторлық зерттеу, алғашқы монография жарыққа шықты, сонысымен де маңызды сонымен де құнды. «Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту» (1997) еңдегі жарияланды. Профессор С.Рахметқызының жетекшілігімен авторлар бірлестігімен «жаңа буын» оқулықтарының жасалуына байланысты бастауыш мектепті (1-4) сыныбына арналған жеке-жеке оқулықтар (1998) және оқу-әдістемелік кешен шығарылғаны мәлім. Бұған дейінгі жарық көрген оқулықтарға қарағанда жаңа буын оқулықтарының жетістіктері көп болды. Атап айтқанда: - оқулық мәтіндері білімділік, тәрбиелік, танымдық міндеттерді шешуге лайықты іріктелген; - берілген мәтіндер арқылы халқымыздың мәденирухани мұрасын, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оқушы бойына дарытуға , осымен байланысты ұлттың әдептілік, қонақжайлылық, мейірімділік т.б. қасиеттерін, табиғатқа деген ізгі қарым-қатынасты, халықтың өткені мен бүгінгісін таныстыру; - ұлттың намыс, мақтаныш сезімдерін қалыптастырып, дамытып ізгілендіруге бағытталған. Сол арқылы бала бойындағы адами құндылықтардың (адамгершіліктің, ақылпарсат, ерік, жігер) қалыптасуына септігін тигізеді. Оқулықтағы әдебиеттанудан келтірілген теориялық мағұлыматтар оқушының бойында ғылыми көзқарастың қалыптасуына негіз болады деген авторлар пікірінің дұрыстығын осы саладағы зеріттеуші ғалым ұстаздар мен мектеп мұғалімдері де құптайды. Сонымен қатар бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларының тілін ұстарту» (1999) әдістемелік құралы жарық көрген.
85 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы студенттеріне арналған «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты көлемді оқулығы (2005) баспадан шығарылды. Еліміздің барлық педагогикалық оқу орындарының «бастауыш оқыту педогогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттердің жастанып жатып, жаттайтын осы оқу құралының таралымы өте аз, жеткіліксіз десекте болады. «Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен психологиясы» (2007) атты соңғы көлемді еңбегінің шыққанынан хабардармыз, бірақ қолымызға әлі тиген жоқ. Біздің облысымызда сатылымда болған жоқ, соған қарағанда таралым данасы аз шығарылған деп ойлаймыз. Жалпы айтқанда профессор С.Рахметованың 200-ден асып жығылатын ғылыми әдістемелік (оқулықтар, әдістемелік құралдар, бағдарламалар т.б.) еңбектердің авторы. Профессор С.Рахметқызы еңбектерінің жалпы ішкі мазмұнына көз жүгіртер болсақ, басты идея: бастауыш мектептегі қазақ тілі екені белгілі. Мектепте ғылым саласының қай-қайсынан болмасын, берілетін білімнің негізі бастауышта қаланады. «Бастауыш мектепте үйренетін білім жұрттың бәріне тегіс керек білім ғой. Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектептерде үйренетін білімде сондай керек», - деген А.Байтұрсыновтың сөзін Сағира Рахметқызы былайша беріктендіре түседі.«Қазақ тілін үйрену ісі бірыңғай, үздіксіз білім беру жүйесіндегі ең маңызды буын – балабақша мен бастауыш сыныптардан бастау алатыны белгілі.Салиқалы білімнің көзі , саналы тәрбиенің өзі сәбилік кезеңнен бойға сіңеді; тіл үйретуді жолға қоюды білім беру мен тәрбиелеудің түп негізі; іргетасы- бастауыш мектептен мықтап қолға алу керек»-деп тайға таңба басқандай нықтап ескертеді. «Тілді оқыту, жетілдіру оны дамыту алдымен ана тілді оқыту әдістемесі ғылымының даму дәрежесіне байланысты» дей келе ғалым, біздің көздеген мақсатымыз –жекелеген тұжырымдар мен пікірлерді, әдіс-тәсілдерді ескере отырып , мұғалімдер тәжірибелеріне оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижелеріне педагогикалық психология ғылымдарындағы жаңалықтарға
86 сүйене отырып, оларды жаңа көзқараспен байыту, сөйтіп бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін үйретудің жүйелі әдістемесін жасау» – деп түйіндеп осы мақсатқа жету жолында ғалым Қазақ тілін оқыту методикасы» атты оқулығында келтірілген бастауыш мектептің оқу сабақтарына қойған талабын, жоғары оқу орнында өтілетін қазақ тілі сабағына да негізге алуға болады. С.Рахметқызы өзіне дейінгі оқыту әдісінің түрлерін ұсынған ғалымдардың пікірлерін саралай келе, оқыту әдістерін 3-ке топтап көрсетеді. 1)балалардың оқу-танымдық әрекет ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері. 2)оқу-таным әрекетке түрткі жасау, әсер ету әдістері. 3) оқу-таным әрекеттерінің тиімділігі тексеру әдістері. Ғалым бұл үш топтың әр қайсысына бірнеше жекелеген әдістердің енетінін ашып көрсетеді де ана тілін оқыту барысында бұл әдістердің қайсысының қай кезде пайдаланудың тиімді екенін мұғалім өзі айқындап алып, іріктеп қолданады мұғалімнің тиімді әдісті іріктеуі өзінен еркінде біліктілігінде, ұстаздың шеберлігінде С.Рахметқызы өзінің «Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту»(1997) еңбегінде тіл дамыту жұмыстары екі бөлімге бөліп қарастырылады. Біріншісі сөз және сөйлемдермен жұмыс жүргізу жолдары, екіншісі байланыстарын сөйлеу әдістемесі яғни ғалым бастауыш мектепте оқушылардың ауызша және жазбаша тілін ұстарту мәселесін бір тұтас қарастырады.Ал енді шығарма және мазмұндама жазу жұмыстарын байланыстырып жазуға үйрету әдістемесінің негізгі компаненті ретінде қарастырылады. Қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарын жүйелеп, кешенді зерттеу жұмысын атқарып шыққан профессор С.Рахметова бұл жұмыстарды төмендегідей құрамдас бөліктерге бөледі: 1.сөздік жұмысы; 2.сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3. байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ғалым осы жұмыстардың әрқайсысына теориялық тұрғыдан талдау жасай отырып , олардың бір-бірімен байланыстылығына тоқталады». Бұл жұмыстар бір-бірімен
87 байланыстырыла қатар жүргізіледі. Әсіресе байланыстыра сөйлеуге үйрету жұмыстарында қалаған екеуінде (сөздік және сөз тіркесі мен мен сөйлем құрау жұмысында) үйренген білім, дағды, шеберліктері ұштасады, яғни ойлау, жүйелеу, текст құрастыру, материал жинау, сондай-ақ графикоорфографиялық шеберліктері іске асырылады». Ғылымның осы құжырымы қазіргі қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарындағы тіл дамыту сабақтарын оқыту барысында негізгі жүйе ретінде басшылыққа алынып, оң нәтижелерге қол жеткізуге негіз болуда. «Орташа мұғалім - жәй айтады, жақсы мұғалім - түсіндіреді, өте жақсы мұғалім - ой салады, ал, ұстаз тыңдаушыларды - қиялға бөлендіреді, - рухын күшейтеді» - деген халықтық түсінік бар. Бүгінгі күні сол апай салған сүрлеу жолдан «ғылыми қиялға» бастау алып таралған соқпақ қаншама десеңізші». Профессор С.Рахметқызының басшылығымен жазылған бастауыш мектеп проблемаларына қатысты 20-ға тарта кандидаттың, (тіпті докторлық та бар) диссертациялар тақырыптары, апайдың ғылыми еңбектерінің ішкі логикалық құрылымынан өрілген десек, артық айтқандық емес. Мысалы; лексиканы оқыту - (Уайсова Г.И.) сауат ашу (Жұмабаева.Ә.Е.), шешендікке үйрету (Қалимұқашиева.Б.Д), шы-ғармашылыққа баулу (Қабатай Б.Т), сауат ашу (Молдабекова Н.С), ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру (Жораева С.) жазбаша байланыстарын сөйлеу (Базарбаева Р.), зат есімді оқыту (Хасанова.И.) және т.б. «Шәкіртсіз ұстаз-тұл» дегендей Сағира Рахметқызының «камзолынан» шыққан бастауыштың проблемасымен «басы ауырып» жүрген ғалымдар тобы Республикамыздың түпкіртүпкірінде «профессор», «доцент» ретінде ұстаздың міндеті абыройлы атқаруда. Апайдың алдынан дәріс алып өнеге тұтқан мыңдаған шәкірттері 60-жылдан бері «Менің алғашқы ұстазым», «Аяулы ұстазым» бола жүріп «Балаға жасаған бір жақсылық, еліңе жасаған мың жақсылық» принципімен еңбек етіп, мемлекеттік марапаттар мен «Еңбек сіңірген», «Құрметті қызметкер» т.б. дәрежесінде «Ауыл академиктері» атағын биік ұстауда.
88 Демек, профессор С.Рахметқызы бастаған бастауыш мектептегі тіл дамыту дәстүрі болашаққа нық қадаммен, адымдай басып жалғасын табатынына сеніміміз мол. Менің де ұстазымның алдында есеп беруім жөн шығар, ұстаздың мамандықты болмысына ұялатып, оның қыры мен сырын меңгерген үлкен парасат иесі, пенделігінен періштелілігі басым ... періште демекші. Періштелілігін айтайын сонау жылы апайға: «Апай осы көпшілік жетекшісімен авторлық бірлестікте кітап шығарып жатыр. Мен де «Шешендік өнерді оқытуға» байланысты жазып, жобалап қойып ем, бірге шығарсақ қайтеді» деген сөзіме, өзіне тән сырбаздықпен жымиа қарап, байыппен «Қарағым, жаздырту идеясы менікі болғанымен жазған – сенсің , менің атым өзінің орынды жерінде тұрсын шәкіртік ибалығыңа көп рахмет, айналайын! Өзің жазып, өзің шығар, еңбегіңнің жемісін жеп рахатын көр» деп батасын берген. .Досмұхаммедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры қызметін атқарып Сіздің өрелі өнегеңізді алып, ғалымдық тұрпатыңызды үлгі тұтып, жұмыстанудамыз. Сіз салған сүрлеу жолдың ізін тауып, бірнеше оқулық, әдістемелік құрал, электрондық оқулықтар алып 100-ге тарта мақалалар т.б. жариялап, магистранттарға жалпы Қазақстанда алғашқы болып «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына PHD-жетекшілік жасап жүрмін. Сағира Рахметқызының алдында, ұстазға деген ризашылық сезіммен басымды иіп, былай дегім келеді.Алланың берген өлшеулі ғұмырын ұлғатты да мәнді, мағыналы еткізуге жазып, лайымда жаратқан ием деніңізге қуат, шаңырағыңызға шуақ, отбасыңыңыздан береке, қызметіңізден дүбірлі думанға толы мереке айырмай, жастарды тәрбиелеуде халық алғысына бөленіп, ұрпақ игілігіне кенеліп, терең де жан-жақты білім беру ісіндегі елі сенген іскер ғалым ретінде Сізге шығармашылық шыңдалу мен толағай табыстар, биік белестер тілейміз!
89 С.РАХМЕТОВАНЫҢ «АНА ТІЛІ» ОҚУЛЫҚТАРЫ – ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИАДАМГЕРШІЛІГІН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ Игенбаева Б. – Астана қаласы Білім беру жүйесіндегі педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының доценті, п.ғ.к. Бәрімізге белгілі қазақ әдебиеті пәнінің атасы, әдебиет оқулығын жасаудағы алғашқы тәжірибе деп бағаланатын Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» оқулығында қазақтың әңгіме, аңыз, ертегілеріне кеңірек орын беріп, адамгершілік қасиеттерді дәріптеу үрдісін бүгінгі күнге үзбей жеткізген әдіскер-ғалым С.Рахметқызы. Ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің: «Бастауыш сыныптағы әдеби оқыту процесі саналы және дамыту сипатында болуы қажет. Сондай-ақ шығармамен жұмыс жасағанда оқушы жылдам және дұрыс оқитындай ғана емес, сонымен қатар оқығанын терең түсініп, сезінетіндей деңгейде ұйымдастырған дұрыс» — деген ойын ғылыми зерттеулердің өзегіне айналдырып, ізденуші шәкірттерінің есіне әрдайым салып отыратын парасатты тұлға. Ол – алғашқы «Қазақша әліппе» оқулығы авторларының бірі К.Сырғалиннің «ана тілін оқытқан уақыттарыңызда жылы жүрек, жұмсақ сөз, адамгершілікпен оқытыңыз», — деген ұсынысын оқыту үдерісінің ұстанымына айналдырған әдіскер-ғалым. Ш.Сарыбаев, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, А.Садуақасов және басқалар негізін салған адамгершілік қасиеттерді
90 қалыптастырудың әдістері — белсенді сөйлеуге үйрету, көргенбілгендерін, алған әсерін түрліше жеткізе білуге баулу әдістәсілдерін С.Рахметова бүгінгі күн талабына сай әдістемелік жүйеге түсірді. Адамның бойында қалыптасатын жалпыадамзаттық құндылықтардың негізі – жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқыту жөнінде ғылыми зерттеу жұмысымның арқауы С.Рахметованың бастауыш буынға арналған «Ана тілі» оқулықтары болды. Ана тілі оқулығы мен оқу-әдістемелік кешенін С.Л.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Ш.Амонашвили, В.Ф.Шаталов. И.П.Волков, Е.Н.Ильин, Г.Селевко, В.П.Беспалько, Монахов т.б. ғалымдардың дамыта оқыту жөніндегі тұжырымдарына негіздеп құруды көздеген ғалымның еңбегі бүгін өз жемісін беріп, ғылыми-зерттеулердің қайнаркөзіне айналып отыр. Зерттеуге негіз боларлық мазмұн мен құрылым профессор С.Рахметованың бастауыш буынға арнаған «Ана тілі» оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешенінен табылды. Ол оқыту жүйесінің мақсаттары мен міндеттерінің мазмұны мен формаларының және әдістері мен құралдарының өзара байланыс заңдылықтарына тәуелділігін жеке тұлғаның руханиадамгершілігін дамыта оқыту әдістемесін жасауда ашып берді. Ғылыми жетекшім ретінде ортақ мақсатты көздеген жанжақты шолулар мен терең ізденістер кезінде ұстаз-ғалымның бойынан биік парасаттылық пен шебер ой зергерлігін аңғардым. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуды педагогикалық-психологиялық тұрғыда негізделуі мен жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту ұғымының мәні әдіскер-ғалымның кеңесі арқасында асқан шеберлікпен ашылды. Зерттеуде жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту мәселесі ғылыми-теориялық бағытта алғаш рет қарастырылып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту ұғымының мәні анықталды және педагогикалық термин ретінде алғаш рет әдістеме ғылымына айналымға енгізілді. «Жалпы ана тілі сабағының мазмұны білімнің тәрбиелік
91 сипатымен айқындалады. Мәтінді талдау кезінде оның құрылымы мен мазмұны жеке тұлғаның рухани дүниесіне бойлайтындай, сөйтіп, оның өзіндік пікірін туғызатындай деңгейде ұйымдастырылғанда ғана жеке тұлғаның руханиадамгершілігінің дамуына мүмкіндік туады» – деп ой түйген тәлімгер ұстаз ғылыми еңбектің практикалық сипатын мәтінді талдаудың бірегей жүйесіне негіздеп өзі құрып берген еді. Ал бастауыш сыныптардағы ана тілі сабағында оқытудың мазмұнын өмірмен байланыссыз игерту мүмкін емес. Біз жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту бағдарламасын жасауда материалдардың өмірмен байланысты жақтарына баса назар аудардық және жеке тұлғаның таным қабілетін жетілдіріп, айналасына ізгілік қатынасын туғызатындай, сөйтіп олардың бойындағы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал ететіндей етіп таңдадық. Осы сәтте тың тақырыптық жүйеге құрылған жаңа буын оқулықтары санатындағы «Ана тілі» оқу-әдістемелік кешені жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуға игі ықпал етіп, зерттеу нәтижесіне қол жеткізуге даяр қайнаркөз болды. Сондықтан біздің тәжірибемізде жеке тұлғаның рухани дүниесіне әсер ете оқыту арқылы оның дүниетанымын кеңейтуге, өмірде болып жатқан құбылыстарды пайымдай білуге, алған білімін өмір шындығымен байланыстыра білуге үйретуге мол мүмкіндік туды. Өйткені ана тілі – оқушыларды сөз өнеріне, сөйлеу техникасына үйретіп, сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын пән. Бастауыш білім мазмұнында тілдің қарым-қатынастық қызметіне басымдық берілуі жеке тұлғаның оқу мотивтерін дамытуға, жалпы оқыту жүйесінде мақсат пен мотивті ұштастыруға әкеледі. Бұл оқушының тілдік дүниетанымы негізінде логикалық ойлау қабілеттері мен бірге руханиадамгершілігін де дамытады. Осылайша С.Рахметқызы – оқулықтың құрылымы мен мазмұнын: - баланың дүниетанымын кеңейтетін танымдық бағытта; - көзқарасын қалыптастыратын тұрмыс-тіршілік бағытта;
92 - жеке қабілеттерін ашатын шығармашылық бағытта құрылуына тікелей басшылық жасап, ғылыми-әдістемелік негізін қалаған ғалым. С.Рахметова ана тілі сабақтарында оқушының тек тіл заңдылықтарын біліп қана қоймай, сонымен бірге тіл мен ой бірлігіне сүйене отырып, тілді ауызша және жазбаша дамытудың бағыт-бағдарын айқындап берді. Бастауыш мектепте ауызша тіл дамыту жұмыстары, көп жағдайда жазба жұмысына дейін жүргізіледі. Жазба жұмыстарының сәтті орындалуы ауызша тіл дамыту жұмыстарының сапасына тікелей қатысты. Өйткені ауызша сөйлеу тілінің мәнділігі сөйлеушінің көңіліндегі көрікті ойын тыдаушысына жеткізе білу шеберілігіне байланысты. Бұл жөнінде лингвист ғалым Қ.Жұбанов: «Ауызекі сөйлеген сөз бір айтылғанда өтіп кетеді де, қайтарып айтқанда, алдыңғысын қайта айтып шыға алмайды (жаттап алғанда болмаса)», - дейді. Шынында да, жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуда оқушының ауызша жауабы оның сөйлеу мәнеріне, сөз қолданысына, дауыс екпіні мен интонациясының дұрыстығына қарап бағалануы тиіс. Ана тілі сабағында мәтін талдауға байланысты жүргізілетін жұмыс түрлерінің ішінде сөзбен жұмыс істеу басты орын алады. Өйткені жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуда жеке сөздердің мән-мағынасын, сөйлемдегі орын тәртібін меңгерту, сөздік қорын байытып, күнделікті қолданысқа енгізу бағытындағы жұмыстардың маңызы зор. Мәтін баланың жас ерекшелігіне, таным қабілетіне, білімді игеру мүмкіндігіне жауапкершілікпен қарайтын психологғалым С.Рахметқызы жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту процесінде пайдаланылатын сұрақтапсырмалардың баланың психологиялық ерекшеліктері мен олардың таным деңгейіне сәйкестендірілуіне терең мән береді. С.Рахметова көрсетіп берген бастауыш мектептегі тіл дамтыудың негізгі үш бағыты бүгінгі күні оқытудың тұлғалықбағдарлы тәсілдеріне айналған. Олар: 1. Оқушылардың сөздік қорын дамыту. Мұнда:
93 а) жаңа сөздер үйрету; ә) көркем мәтіндегі бейнелеу құралдарын үйрету; б) қанатты, ақыл сөздермен жұмыс; в) мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтар үйрету; г) оқушылардың үйренген сөздерін қолдану белсенділігін арттыру. 2. Сөз тіркесі, сөйлемдермен жұмыс. 3. Байланыстырып сөйлеуге үйрету: ауызша, жазбаша әңгіме, мәнерлеп оқу, мазмұндама, шығарма жазу. «Егер сабақтарда берілетін білім мазмұны мен әдіс-тәсілдері оқушының өзін-өзі өз әрекетінің субъектісі ретінде тануына мүмкіндік туғыза отырып, оның жан-жақты рухани дамуына бағдарланса, онда бастауыштан бастап, жеке тұлғаның руханиадамгершілік қасиеттерін дамыта оқыту толық жүзеге асады» – деп тұжырымдайды өз ойын ғалым. Осылайша мәтін талдаудың жүйелі, бірізді, өзара байланысқан біртұтас құрылымды әдістемесін жасап берген С.Рахметқызының талдау-жинақтау әдіс-тәсілдер жүйесі оқушының логикалық ойлауын дамыта оқыту үдерісіндегі темірқазық іспетті. Бұл әдістемелік жүйе заман талабына сай жаңғырта отырып, инновациялық, интеллектуалдық оқыту технологияларымен ұштастыруды сұранып тұрған секілді.
94 ІЗГІЛІК ШАПАҒАТЫМЕН, АҚЫЛ-ПАРАСАТЫМЕН ТАНЫЛҒАН ҰСТАЗ Уәйісова Г.И. – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, п.ғ.к Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады. Абай Бүгінгі күні жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесі тым күрделі болып отырғаны жасырын емес. Оның себебі де сан алуан. Бұрынғыдай кейбір киноны көруге болмайды, мына кітапты оқуға болмайды деген тәрізді тыйым салу жоқ, бәрі еркін, тым өрескел дүниені үлкен-кіші демей көре беретін болды. Тағысын тағы, толып жатыр. Осындайда жақсы ісі мен адами қасиеттерін үлгі ететін тұлғалар ойға оралады. Біз сөз еткелі отырған – жан өзінің өнегелі ісімен, ізгілік шапағатымен, ақыл парасатымен, жүрек жылуының молдығымен елге танылған ұлағатты ғалым-ұстаз. Бұл – біздің аса қадірлі ғалым апамыз Сағира Рахметқызы. Ғалымның ғылыми жұмысын кішкентай балақандардың тілін дамыту мәселесіне арнауы да тегін емес-ау! Ана тілі – біздің бойымызға ана сүтімен еніп дарыған, өзіміздің туған тіліміз. Осы ана тілі арқылы айналадағы дүниемен танысып, оның тылсым сырларын меңгеру, өзара түсінісіп, ұғысу мүмкіндігіне ие болатынымыз белгілі. Сол себепті де әдістемеші кішкентай бүлдіршіндердің тілін дамыту, сол арқылы олардың ақыл-ой өрісін кеңейту мәселесін зерттеу объектісіне айналдырып, қиын да күрделі проблеманың шешімін тауып берді. Сағира
95 апайдың кіші мектеп жасындағы балаларға арналған оқулық жазуда да басқа пәнді емес, дәл осы АНА ТІЛІН таңдауы бекер емес. Өзі жазған «Ана тіліндегі» көркем шығармалар арқылы шәкірттерге мектепке келген күннен бастап туған тілінің қадірқасиетін танытуды, туған елі мен жерін, халқын сүюді; атабаба дәстүрімен, туған елінің тарихымен, табиғатымен, тағы басқа толып жатқан сарқылмас қазынасымен таныстыруды, сол арқылы шәкірттерді ұлтжандылыққа, патриоттыққа, имандылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен болса керек. Осы тұста апайдың «Ана тілі» оқулығындағы Д.Әбіловтің мына бір өлең жолдары ойға оралады: Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. Бұдан ғалымның оқулыққа мәтін іріктеуге ерекше талғаммен қарайтындығы, көркем шығармалардың танымдық, тәрбиелік мәнінің, эстетикалық әсерінің жоғары деңгейде болуына қатаң назар аударатыны аңғарылады. Ұстазымыздың біз таныған қырлары: ана тіліміз бен әдебиетіміздің шын жанашыры екендігі, ғалымдығы, ғалымдығымен адамдық асыл қасиеттерінің ұштасқандығы, жүрек жылуы, аналық мейірімділігі, айналасындағы адамдарға ізгілік нұрын шашып жүретіндігі, үлкенді құрметтеп, кішіні қамқорлап жүретіндігі, шәкірттерін тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, шынайы адалдыққа, ізгілікке тәрбиелейтіндігі, төңірегіндегілерді әділ бағалайтыны, мәдениеттілігі. Сағира Рахметқызының шәкірттеріне айтар өсиетінің бірі – ғылым жолында жеткен жетістіктерімен қатар адам адамгершілік жағынан да байып толыса түсуі керек, яғни өзгелерге қолыңнан келсе жақсылық жаса, келмесе кедергі келтірмей жөніңе жүр. Осы тұста бір шегініс жасап, өткенді еске алуға тура келіп тұр. Туған жерден жырақ, ағайын-туыстан алыс жырақта жүргеніңде жаныңа жақын болып, кеудеңе жылылық сезімін
96 ұялататын адамдар болады екен. Алғаш алып шаһар Алматыға келгенімде сондай адамдар болатынына сенбейтін едім, мұндағы адамдар тым суық, қатал тәрізді көрінген. Әрине, ол кезде заман да басқа болатын, бәрібір қалалықтар салқын қанды еді. Кейін осында тұрақтанып жұмысқа орналасып, ұжымдағы адамдармен араласқаннан соң ғана әлгі ойым өзгере бастады. Сөйтіп жүріп бір күні Сағира апаймен танысудың да сәті түсті. Алдында әдістеме саласы бойынша ізденіп жүргендіктен, апайдың әдістемелік еңбектерімен жақсы таныс болатынмын. Еңбектерін ғана білетін үлкен ғалымды көру бір ғанибет! Әпәдемі, сүп-сүйкімді, сыпайы, мейірімді де мәдениетті адам екен деп ой түйдім ең алғаш көргенімде. Сол алғашқы түйсік жаңылыспапты. Содан соң қызмет бабында, нақты айтсам, УМС-та кездесіп жүрдік. Өйткені сол кезде Сағира Рахметқызы білім министрлігі жанындағы УМС-тың төрағасы еді, кейін мен хатшысы болғам-ды. Бір күні министрліктегі Қайша Қалмұханбетовна мені шақырып алып, «Сағира Рахметовнаның кафедрасына бір оқытушы керек екен қазақ тілінен, соған барғың келе ме?» деді. Мен «әлі кандидаттық жұмысымды қорғаған жоқпын, қалай болады, мені ала қояр ма екен?» деп, бірден келісуге жүрексініп бір айдай ойланып жүрдім. Сөйтіп жүргенде УМСтың кезекті мәжілісінен соң, Сағира апайға «Сіз бір филолог керек деп едіңіз ғой, мына Гүлнарға қалай қарайсыз, мен осы қызды ұсынамын» дегені Қайша апамыздың. Сағира апай бірден келісе кетті. Осылайша аяқ астынан ҚазПИ-дің БОПӘна аға оқытушы болып шыға келдім. Бұл 1990 жылдың күзі болатын, содан бері осы жерде еңбек етіп келемін. Апайдың мені жұмысқа алуы менің бүкіл өмірімді өзгертті, институтта дәріс оқу оңай ма, жауапкершілік артты. Сенімді ақтауым керек қой, оның үстіне апайдың «қорғамасаң, қорғайтын боласың, қорғатамыз» деген сөзі де қанат бітірген болу керек. Әйтеуір қуаттанып, бәріне үлгеруге ұмтылдым, үш жылдың ішінде кандидаттықты да қорғадым. Содан бері апаймен бірге келеміз. Осы жылдар ішінде апайды үлкен жүректі, күн шуақты ғалым
97 ретінде танып білдік. Күн ғой барша адамзаттың бәріне ортақ, барлығына бірдей шуағын төгіп тұрады, біздің апай да дәл сондай. Айналасындағыларға мейірім төгіп, жанын жылытып жүреді. Бұған қоса апай ақкөңіл, әрі сенгіш, сенгіштігі құдды жас сәбидей. Тым сенгіштігіне кейде біз реніш білдіріп «туу, апай, аңқау болмасаңызшы, тым сене беруге болмайды ғой», – деп қоямыз. Мүмкін адал адамдар осындай болатын шығар, сірә?! Өзі ғылыми жетекші болған шәкірттеріне ғалым ретінде бағыт-бағдар берумен қатар, аналық ақыл беруден ешқашан жалыққан емес. Ең алдымен, ер азаматты сыйлау, бала тәрбиелеу; жарға, досқа адалдық мәселелерін бірінші орынға қою керектігін үнемі есімізге салып отырады. Классик жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім» дегені тегін емес екен. Біз де қандай да бір құпия ойларымызды алдымен апайға сыр етіп айтып, проблемаларымыз туралы Сағира апамызбен ақылдасатынбыз. Сіз біздің екінші анамыздай болдыңыз, кейде өзіміздің кейбір әрекеттерімізді сіздің қолдамайтыныңызды алдын ала біліп, апай бәрібір бізді қостамайды деп күліп қоятынбыз. Бізді бар жан-тәніңізбен шыр-пыр болып қорғайтыныңызды ешқашан ұмытпаспыз-ау! Жұмыс бабында кейде декан, кейде деканның орынбасары дегендей бізге ұрыса қалса, бізден бұрын Сіз жүгіріп барып біз үшін жауап беріп жататынсыз. Өзіңізден басқа ешкім де олай істемейтін шығар, сірә! Біз сондықтан біздің қамқоршымыз, арқа сүйер адамымыз– Сағира апай дейтінбіз. Қандай да бір проблеманы шешу керек болса, өзімізбен бірге апайды ертіп алатынбыз. Себебі Сағира Рахметқызы барса, қандай мәселе болса да оң шешілетіні хақ. Шынында да, Сіз тұрғанда біз ешкімнен қаймықпайтынбыз, әлі күнге дейін өзіңізді арқа тұтамыз. Сіз адалдық, тазалық, әділдік, нәзіктік, адамгершілік, биік парасаттылық иесі ретінде шәкірттеріңіз бен әріптестеріңізге жан жылуын шашқан ерекше мейрімді ұстазсыз! Жаныңыз тұнған ізгілік.
98 Сағира апай, Сіз – айналаңызда ұл-қыздарыңыз, немерешөберелеріңіз, құда-жекжаттарыңыз, ағайын-туыстарыңыз, өзіңізді риясыз құрметтейтін шәкірттеріңіз бар тамырын тереңге жайған мәуелі бәйтерексіз. Аллаһ осы бергенінің бәрін баянды етсін! Өзіңіздің сексен жылдық мерейтойыңыз қарсаңында сізге мықты денсаулық, әлі күнге қолыңыздан қаламыңыз түспей келе жатқан ғылыми-шығармашылық істеріңізге нәтижелі табыс, отбасыңызға береке-бірлік, сәттілік тілейміз. Жан-жағыңыз тегіс аман болсын!
99 ҒАЛЫМ – ҰСТАЗ Молдабек Қ. ф.ғ.к , доцент, М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ ғылыми істер жөніндегі проректоры Ермекбаев М. ф.ғ.к., доцент, М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ «Филологиялық пәндер» кафедрасының меңгерушісі О бастан бала жанды, нәзік мінезді жаралған Сағира Рахметқызы – жаны жақсылыққа құмар, ізденгіш, әрі адал, ешқашан да жалықпайтын, имандылықты, игілік пен ізгілікті, адамгершілікті бүкіл ғұмырының мәні мен мақсаты санайтын абзал жан. Сағира апай – Республикамызға белгілі ғалым, тәжірибесі мол ұстаз әрі бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының іргетасын қалаушылардың бірі. Сондықтан еш күмәнсіз ол кісіні бастауышта қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының анасы деп мақтанышпен айта аламыз. Оның үстіне апай данышпан Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға»,-деген ұлағатты сөзін бүкіл саналы ұстаздық өмірінде есінен шығармаған адам. Ғылым мен ұстаздықтың туын қатар ұстаған ғалым өзін еш уақытта атақты ғалыммын деп биік ұстаған емес, қайта бастауыш мектеп мұғаліміне тән кішіпейілділік, қайырымдылықты баламен балаша сөйлесе білуді, өз іс-әрекеттерімен, болмыс бітімімен көрсетті, үлгі өнеге бола білді. Осы ниеті мен пейіліне орай Жаратқан Алла апайға ғылым докторы, ұлағатты ұстаз, қасиетті ана, кафедра меңгерушісі, диссертациялық кеңестің мүшесі сияқты т.б абыройлы атақтарды сыйлады. Бастауыш мектеп оқушылары - халқымыздың асыл қазынасы, болашағы. Оларды қазіргі заманауи нық педагогикалық технологияларға сай оқыту мен тәрбиелеуде ұстанды, атқарар
100 еңбек, көрер тауқыметі орасан зор. Өйткені ол қоғам алдында оның болашағын отансүйгіштік, адамгершілік т.б. рухта тәрбиелеу мен оқыту ісіне жауапты. Сондықтан халқымыз ғалым туралы айтқанда ілім дарыған көзі ашық, ілім қуған, оқыған адам дейді. Осындай адамдар әр уақытта қазақта аз болған емес. Әл-Фараби, Ы. Алтынсарин, Ш. Уалихановтардан бастау алатын бұл ұғым қазақ санасында толық қалыптасты. Оның үстіне халқымыз ғалымды үнемі ізденгіш халық үшін қызмет ететін жаны таза, халқының қазірі мен болашағына байланысты мәселелерді зерттейтін, оларды шешу жолында тың ой ұстанатын, зерек әрі ақылды адам деп түсінеді. Оны бүкіл саналы ғұмырында ізгілікті, игілікті, білімділікті дәріптеген, жамандыққа жаны қас, зорлық – зомбылықты адамзат баласының қас жауы деп білетін адам ретінде қабылдайды. Ғалым адам өз ісінің белгілі бір нәтиже беретініне, оның болашағына сенеді. Ол өз ісін ғылымдағы таңдаған саласының бүкіл қыр мен сырын терең біледі. Қандай бір қоғамдық формация болмасын ғылымның ғылым ретінде сақталуына, жүзеге асуына, алға басып, дамуына себепкер болатын да осы кісілер. Сондай ғалымдардың бірі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сағира апай Рахметқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі сонау А. Байтұрсынов салған сара жолды С. Рахметқызы өрге сүйреп, өз алдына отау етіп шығарды. Бұл бағытта көптеген талантты да, ізденімпаз ғалымдар шоғырын тәрбиелеп ұшырды. Соның нәтижесінде бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелiктерiн ескере отырып, олардың тiлiн дамытуда қандай әдiстер тиiмдi екенiн айқындау, лексикалық дағдыларды қалай, қандай жолдармен қалыптастыру, сауат ашу кезеңiнде оқушылардың тiлiн жетiлдiру, сөздiк қорды молайту мәселелерiне арналған бiрнеше iргелi ғылыми жұмыстар сәттi қорғалды. Осындай жұмыстардың бастамасы бастауыш мектеп оқушыларының тiлiн дамыту мәселесiн түбегейлi қарастырған әдiскер-ғалым профессор С. Рахметованың еңбегiнен бастау алды. Ғалым өз еңбегiнде оқушылардың тiлiн дамыту үшiн, бiрiншiден, балалардың сөздiк қорын молайту керектiгiн айтып, сөз