The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search

Тағылымды тарих 7

Тағылымды тарих 7

51 Гүлнәр Уайсоваға арналады лей тілді оқып-үйрену процесінде меңгереді. Осы жағдай бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндер жүйесінде қазақ тілінің жетекшілік рөл атқаратынын көрсетіп, мұғалімнен тілден берілетін теориялық білімді жетік меңгеруді талап етеді. Сондықтан бұл пән студенттерге тілдің фонетикасынан, лексикологиядан, сөзжасамнан, морфологиядан және синтаксистен жүйелі білім беру мақсатын көздейді (Қазіргі қазақ тілі негіздері. «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқу құралы. – Алматы, 2018. 3-беттен алынды). «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқу құралында оқушылардың тілін дамытуға, оқу-танымдық қызметін белсендіруге, нәтижесінде жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыруға бағытталып жүргізілетін бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарының құрылымын көрсете отырып, оны дұрыс жоспарлап жүргізілуіне мән береді. «Жаңа сабақ пен өткен сабақты байланыстырамын деп, бүкіл өтілген материалдардан ауызша сұрақтар қойыла беретін жағдайлар да кездеседі. Сондықтан жаңа тақырыпқа тиісті мәселені нақты белгілеп алған дұрыс. Мысалы, жаңа сабақ сын есімді түсіндіру болса, оның тұрақты белгілерін анықтап қою міндеттеледі. Олар: а) сын есім сөз табының бірі екені; ә) заттың сипатын білдіретіндігі; б) қандай? қай? деген сұраққа жауап беретіндігі; в) сын есімге тән арнаулы сөз тудырушы жұрнақтары бар екендігі. Мұнда жаңа сабақты түсіндіруде неден бастау, не мәселеге көңіл бөлу, нені қамту керек және олар не арқылы жүргізіледі деген мәселелер анықталады. Мысалы, жаңа тақырыпты түсіндіруді кезеңдерге бөліп көрейік. Бірінші, сын есімнің бір тақырыбына қатысты өзіндік белгілерін айқындайтын сөйлемдер кестеге жазылып, ол сұрақ-жауап арқылы талданады, яғни көрнекілікпен жұмыс жүреді. Екінші, сол объектілерге мұғалім мен оқушылар мысалдар тауып айтады. Үшінші,


52 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ оқулықтағы немесе дидактикалық материалдан дайындап алған мәтінмен нақтылы жұмыс жүргізіліп, негізгі объектіні тапқызады. Ол плакатқа немесе тақтаның екінші жағында күні бұрын жазулы тұрады. Төртінші, бұл талданған объектілерге көз жеткізіп алғаннан кейін оқулықтағы ережеге мән беріліп, зейін қойып оқытылады. Міне, мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі осы төрт бөліктен тұрады» (Жұмабаева Ә.Е., Уайсова Г.И. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы.– Алматы, 2019 . 17-беттен алынды). «Үй тапсырмасын орындау – күрделі еңбектің бір түрі. Оқушы үй тапсырмасының шартын түсінбегендіктен, қызықпағандықтан, еріншектіктен немесе ауырып қалғандықтан қате орындайды, кейде мүлде орындамайды. Сондықтан үй еңбегі белгілі бір мақсатқа бағытталып, шарты дәл көрсетіледі. Онсыз мүмкін емес. Үй тапсырмасы оқушы білімінің дәрежесін терең білгенде ғана жүзеге асырылады. Үй еңбегін берерде жақсы және нашар оқушылардың үлгірімін есептей отырып тапсырған жөн. Өтіліп отырған материалды бүкіл сынып оқушылары толық меңгерген мезетте ғана осы тапсырмаға сәйкес жұмыс беріледі, олардың барлығына тең дәрежеде орындау талабы қойылады. Ал, керісінше, оқылып отырған материалдың көлемі ауырырақ болып, оны жақсы оқушылар ғана меңгеріп, басқалары толық меңгере алмаса, ондайда жақсы меңгерушілерге қосымша шығармашылық жұмыстар тапсырылады. Өйткені толық меңгерілген материалды қайталап оқу, біріншіден, оқушыларды зеріктіреді, екіншіден, ой-өрісінің кеңеюіне кедергі жасайды. Сондай-ақ нашар оқитын оқушыларға жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Оның орындалу-орындалмауы үнемі тексеріліп отырылады. Өйткені нашар оқитындарды жақсылар қатарына жеткізген жөн». (Жұмабаева Ә.Е., Уайсова Г.И. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы.–Алматы, 2019. – 19-беттен алынды).


53 Гүлнәр Уайсоваға арналады «Жаңа форматты сабақ балаларды оқыту үдерісіне белсенді тартуды, олардың талқылауға қатысуын, өткен материалды талдау және қорытуын, зерттеу жүргізуін, бағалау пікірлерін айту, өзін-өзі бағалау және т.б. көздейді. Сабақтың міндетті элементі ретінде оқушыны қолдауға бағытталған мұғалімнің әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс» (Жұмабаева Ә.Е., Уайсова Г.И. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы.–Алматы, 2019. – 26-беттен алынды). Бастауыш сынып мұғалімі өз сабағын үлкен ізденіспен, әдістемелік шеберлікпен түрлендіріп қызықты өткізуі керек. Осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін, келесі талаптар ескерілуі жөн: а) Берілетін оқу мазмұнының ғылимылығы. Қазақ тілі сабағында тілдік материал берілетіні белгілі.Ол фонетика, лексика, грамматикамен байланысты. Қазақ тілін оқыту ережесін оқыту емес, бірақ тілдің бұл салаларынан тілді оқытуға керекті деректер беріледі. Сол деректердің ғылыми негізі нақтылы болуы өте қажет. Оқу материалын таңдауда психология және педагогика ғылымдарына да сүйену керек. Оқу материалын ғылыми негіздерге сүйене отырып белгілеу оның ғылыми жағын қамтамасыз етеді. ә) Сабақтың өмірмен, қоршаған ортамен байланысы. Сабақта оқылатын текст, әңгімелесу тақырыбы, тақпақ, жұмбақ, жаттығулардың мазмұны т.б. материалдар оқушыны қызықтыратын болуы керек. Оқушыға әсері жоқ, оқушы өмірінен алыс, оқушыны өзіне тарпайтын материал тілді үйретуге көмектеспейді, пайдасы аз. Сондықтан оқу материалын оқушыға таныс, оқушы тез түсінетін, оқушы өмірімен байланыстырудың маңызы өте зор. б) Сабақтың тәрбиелік мәні. Оқу мен тәрбие мектепте бірлікте жүргізіледі.Сондықтан қазақ тілі сабағында да


54 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ бұл принцип сақталады. Қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын барлық материалдың тәрбиелік мәні күшті болуға тиісті. Әсіресе ұлттық дәстүрмен таныстыратын материалдарда қазақ халқының үлкенді сыйлау, ата-әжеге, ата-анаға, үлкенге көмектесу, сый-құрмет көрсету, туыстық қарым-қатынасты сақтау, үзбеу сияқты адам тәрбиелеуде үлгі болатын әдет-ғұрыптарды оқушыға білгізуге тырысу өте қажет. Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуының мәні, сабақтың әдістемелік тұрғыдан ойдағыдай өтуі, біріншіден, мұғалім мен оқушының бір-бірімен қарым-қатынасына байланысты. Екіншіден, мұғалім өз сабағында оқыту әдістерін шеберлікпен қолданып, сабақты дұрыс ұйымдастырып, дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып отырғанына байланысты. (Жұмабаева Ә.Е., Уайсова Г.И. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы.–Алматы, 2019. – 20-беттен алынды). Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе – оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына ендіру. Мұның өзі танымдық қырынан анықтау деңгейіндегі эвристикалық және ізденім-зерттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер мұғалімнің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің нысаны» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару», қалыптасуы тиіс «әрекеттің жалпы моделін» құру, «нысанның жаңа қызметін көру», т.б.сияқты оқушыларды шығармашылық ізденіске жетектейтін іс-әрекетке қосатын, оқушыны «өз көзқарасының авторы», «құзырет иесі», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады (Жұмабаева Ә.Е., Уайсова Г.И. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы.–Алматы, 2019. – 34–35 беттен алынды). Қазақ тілі сабақтарында өздік жұмысқа түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима қағаздармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен


55 Гүлнәр Уайсоваға арналады жұмыс тапсырылады. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, олар жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады. Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығу ұғымы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу − мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас тәжірибелік жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі. Балалардың қазақ тілі сабақтарында өз беттерінше грамматикалық талдау жасауы төменгі сыныптардың өзінде-ақ іске асырыла бастайды. 1-сыныптың балалары оқу жылының екінші жартысынан бастап тақтадан, болмаса оқулықтан қысқа мәтіндерді көшіріп жазатын болады, кейбір сөйлемдерді бөліп, жеке айырып жазып қояды, мұғалім астын сызып көрсетіп берген сөздерді жазып алады, кеспе әріптерден сол сөздерді құрастырып, сөздің әрқайсысын буынға бөледі, мәтіннен көшіріп жазып алған сөздердегі дауысты және дауыссыз әріптерді көрсете алатын болады. 2-сыныптың балалары нәрсені, сапаны, әрекетті білдіретін сөздермен танысып болғаннан кейін, олар мәтінде кездескен сол сөздерді өзбеттерінше тани біледі, оған өздерінше сұрақ қоя алады. Заттың атын, сапасын, әрекетін білдіретін сөздерді алдымен жеке-жеке, содан соң топтап жазады, ол сөздердің астын сызып қояды. Содан кейін заттың атын білдіретін сөздерді, оның сапасын болмаса әрекетін білдіретін сөздермен біріктіріп құрастырады. Сол сияқты 2-сыныпта сөздерді буынға бөлу, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстарды


56 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ табу, сөз екпіні түсетін буындардың астын сызып қою, екпінді дауысты дыбыстарды табу балалардың өз беттерінше істейтін жұмыстары есебінде жүргізіледі. Сөздің түбірімен танысып болғаннан кейін балалар мұғалімнің оқып берген мәтініндегі біріне-бірі ұқсас сөздердің астын сызып, көшіріп жазуға дағдыланады. Балалар біраз уақыт дағдыланғаннан кейін сол түбірге ұқсас түбірлі сөздерді іздеп табуға жаттығады. Өз бетінше жұмыс істеудің бұл түрлері кейінгі сыныптарда да кеңінен қолданылады. 3 және 4-сыныптарда балалардың өз бетінше грамматикалық талдау жасауын ұйымдастыру кең өріс алатын болады. Балалар өз беттерінше сөзге морфологиялық, грамматикалық талдау жасайды. Жазбаша грамматикалық талдау жұмыстарын алғашқыда сызба бойынша өткізген қолайлы. Сызба балалардың зейінін тәртіпке келтіреді, сөз таптарының грамматикалық тұлғаларын есте сақтауға жәрдемдеседі және әртүрлі грамматикалық тұлғаларды өзара салыстыруға мүмкіндік туғызады. Сызбаны пайдаланбай мәтінді жазбаша грамматикалық талдау жасау көбінесе бақылау жұмыстары сияқты болып жүргізіледі. Балалардың өз беттерінше қандай да болсын грамматикалық талдау жасау түрлері грамматика және орфография сабақтарының бір бөлімі болып өтуге тиіс. (Уайсова Г.И., Астамбаева Ж.Қ. Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Оқу құралы. – Алматы, 2011. – 36 беттен алынды). Жеке сабақтардың мазмұнын бірнеше күн бұрын белгілеп қою үшін, мұғалім оқу материалымен жете таныс болуы қажет. Мұнымен қатар мұғалімнің міндетіне материалды әрбір сабаққа дұрыстап бөліп орналастыру ғана емес, олардың өзара тығыз байланыстарын табу да жатады. Мұғалімнің жасаған жұмыс жоспарында жеке сабақтар өзара ішкі байланыста болып, белгілі жүйеге келтірілген


57 Гүлнәр Уайсоваға арналады болуы қажет. Осының арқасында балалармен жүргізілетін жеке сабақтардың, әсіресе оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының мазмұны мен түрлерін қалай болса солай кездейсоқ іріктеп алуға жол берілмейді. Мәселен, мұғалім қазақ тілі сабақтарында 4-сыныптың оқушыларын грамматикалық талдау жасатқан кезде, бұл жұмысқа 2-сыныптың оқушыларын да тартады. 2-сыныптың оқушылары талдауға арналып, тақтаға жазылып қойылған сөйлемдердегі затты, қимылды, заттың сапасын білдіретін сөздерді табады. Сөздердің қандай сұрауларға жауап беретіндігін айырады, мұғалімнің тапсырмасы бойынша сөздердегі дауыссыз, дауысты дыбыстарды т.б. табады, ал 4-сыныптың оқушылары осы сөздерді мұғалімнің тапсырмасы бойынша өзгерте отырып, олардың грамматикалық тұлғаларына, мофологиялық құрамына қарай талдайды. Немесе мұғалім қазақ тілі сабақтарында төменгі сынып оқушыларына тақтаға жазылған мәтінді көшіріп жазып алу және дауысты дыбыстарды тауып, астын сызуға балалардың өздеріне тапсырма береді. Балалар алдымен мұғалім жетекшілігімен ауызша орындайды. Содан кейін балалар сөйлемді оқып шығып, асты сызылған сөздердің әрқайсысында неше буын барын және сөз екпіні қай буынға түскенін айырады. Мұғалім тапсырманы қиындата отырып, талдау жұмысына жоғарғы сыныптардың оқушыларын да қатыстырады. Мәселен, асты сызылған сөздер мен түбірі бір сөздерді ойлап тауып, сол сөздер бойынша сөйлем құрастыруды және т.б. тапсырады (Уайсова Г.И., Сәдуақас Г.Т. Шағын жинақты бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту: Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы, 2012. – 18 беттен алынды).


58 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ ЕСТЕЛІКТЕР, ОЙ-ТОЛҒАНЫСТАР мен ЖЫЛЫ ЛЕБІЗДЕР


59 Гүлнәр Уайсоваға арналады ГҮЛНӘР ХАҚЫНДА БІР ҮЗІК ОЙ Бақыт Демеуқызы ҚАЛИМҰҚАШЕВА, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, п.ғ.к. Уайсова Гүлнәр Инаматқызы Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Қызылқоға ауданының Тайсойған аулында өмірге келген. Ата-баба мекені Тайсойғанды кезінде халқы үшін жерұйық іздеп, ел кезген Асан Қайғы бабамыз қазақтың «қақпақты қара қазаны» деп атаған. Яғни, өмір сүруге қолайлы мекен, суы, өзені, аң-құсы, шөптің түрі бар. Ойылдың жағасында атақты Қазбек тоғайы бар «қақпақты қара қазанды» мекен. Қызылқоға – ежелден ерліктің, батырлықтың, ақындықтың, билердің мекені. Асан қайғы, Қазтуған, Жиембет жыраулар, Сырым батыр, Алдар, Есет, Бөкен би, Мұхит сынды бабалардың ат тұяғының ізі қалған, Исатай мен Махамбеттің тұлпарларының дүбірі қалған, атақты Ығылман Шөрековтың, Нұрым Шыршағұлұлының, Мұрат Мөңкеұлының сөзі қалған қасиетті мекен. Алашорда көсемі, дәрігер, ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, бірнеше оқулықтың авторы Халел Досмұхамедов, жазушы Ғабдол Сланов, академик Зейнолла Қабдолов, академик заңгер Салық Зиманов, белгілі әдіскер ғалым Сабыр Қазыбаев та осы Қызылқоға топырағынан жаралған тас түлектер. Міне, осындай батырлар мен билер, аузы дуалы ақындар, шайырлар, ғалымдар шыққан мекенде дүниеге келген Гүлнәрдің ғалым болмауы мүмкін емес еді. Ата-ана шаңырағының қуаныш пен шаттыққа толы әр күні өмір бойы есіңде шуақ болып жарқырап, көңіліңде үне-


60 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ мі жаңғырып тұратыны анық. Гүлнәрдің әкесі Инамат Уайсов елге танымал азамат болды. Облысымыздың ауыл шаруашылығының өркендеуіне зор еңбек сіңірген тәжірибелі маман, тағылымы мол тұлға еді, негізгі мамандығы педагог-мұғалім. Институт бітіріп келген жас маман Ойыл бойындағы «Қазбек» тоғайында аудандағы алғашқы пионер лагерін ашуға мұрындық болған жан. Қаладан, облыс орталығынан 300 шақырым қашық елді-мекеннен лагерь ашу сол жердің тұрғылықты адамдары үшін үлкен қуаныш болған. Балалары жазғы демалысын сол жерде өткізген. Бұл жөнінде ел аузында әлі күнге дейін жыр қылып айтылып жүр... Мектепте жұмыс істеп жүрген жас коммунистің ұйымдастырушылық қабілетін, іскерлігін, ұжыммен тіл табысуын, білім, біліктілігін байқаған облыс басшылары Инамат Уайсовты мектептен өндіріске қызметке ауыстырады. «Энгельс» совхозының ақсап тұрған шаруашылығын жан-жақты көтеру міндетін осы жас маманға жүктейді. Облыстық партия комитетінің тапсырмасымен «Энгельс» совхозында жұмысшылар комитетінің (рабочком) төрағасы, кейін (өмірінің соңына дейін) партия комитетінің хатшысы болды. Сол кезде «Гурьев» асыл тұқымды қаракөл зауытының аспан түстес (көгілдір) және сұр түсті қаракөл шығарудан Кеңес Одағына аты шықты. Осы шаруашылықтың бәрінің басы-қасында жүріп, шебер ұйымдастыру, бақылауға алу, совхоз еңбеккерлерінің, малшыларының жағдайын жасау, жаз-жайлауларда, қыс-қыстақта малдың жағдайын жасау, қора жөндеу, қыста жиналған қиды шығару, малшыларға тамақ, киіммен автолавка, кинолавка, т.б. жұмыстарды ұйымдастыруды қадағалау оңай емес еді. Ол кездегі Социалистік девиз: «жүз қойдан жүз елу қозы алу» үшін совхоз еңбекшілері барынша күн-түн демей аянбай еңбек ете білді. Ауа-райының қолайсыздықтарына қарамай, сақман кезінде парторгтың малшылардың басы-қасында болуы оларға күшті серпін беріп, жауапкершілігін арттыратын. Жоғарыда айтылған маңызды жұмыстарды белсенді


61 Гүлнәр Уайсоваға арналады ұйымдастыра білген Инамат Уайсов елдің алғыс, құрметіне бөленген адал, халық мұңын түсінетін және мәселенің тез арада шешімін табатын, ақыл-парасаты мол да ибалы, қарапайым, жоғары мәдениетті, өте беделді кісі болған. Инамат көкеміз өмірінің барлық кезеңінде заманның талабына сай лайықты еңбек ете білді. Сол үшін өзінің ортасына, еліне, әріптестеріне, отбасына да қадірлі болды. Өз жұмысын жетік білетін, ұлағатты тұлғаны бүкіл ел аса құрметпен сыйлайтын. Еш уақытта өзіне тапсырылған жауапты жұмыстарды аяқсыз қалдырған емес. Жаңбыр, боран, шыжыған аптап ыстықта фермаларға, малды ауылға шынайы ынтамен жолсапарға шығатын, қиындыққа тайсалмайтын адамгершілік биік қасиеті оны құрметке бөледі. Совхоз қызметкерлеріне сенім мен жауапкершілікті сезіндіре білді. Осындай іскерліктің бәрінде бауырмалдығымен, қарапайымдылығымен, адалдығымен, өз ісіне деген шексіз берілгендігімен ерекшеленді. Жақсылық жасау адамның адамдығын көрсетеді. Ол кезде айлық аз, артық табыс көзі жоқ. Балаларының үшеуі де студент. Солай бола тұрса да, бар ауысқанын ағайын-туған, дос-жараннан көмегін аямайтын. Әке өмірінің әр оңды сәті, жеткен жетістіктері мен алған асулары, халықтың құрметі ұрпағына ұлағат екені осы болса керек. «Әкеміз өзі жүрген сара жолды білім, білік, дағдымен өмірлік тәжірибені, ұлттық тәрбиені, көргенділікті балаларына, біздерге мұра ретінде тастап, бағыт, бағдарың осы дегендей болады да тұрады», - дейді тұңғышы – Гүлнәр Инаматқызы. Збира анамыз да бүкіл өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз болды, аса сабырлы, көп сөйлемейтін адам еді. Балаларының жеткен жетістіктерінің барлығы да әке-ананың арқасы. Гүлнәрдің сөзімен айтсақ, «Маған әкем сенімділік пен табандылықтың, даналық пен мейірбандықтың шуағын төгіп, қасымда қатар жүріп келе жатқандай болады


62 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ да тұрады». Ата-ананың жолын қуған балалары оқуға, білім-ғылымға ұмтылып, өмірден өз орындарын тауып, қоғамға қалтқысыз қызмет етіп келеді. Тұңғышы Гүлнәр Инаматқызы ғылым кандидаты, профессор, Абай атындағы Қазақтың ұлттық университетінде ұзақ жыл қызмет етіп келеді. Қазақ қоғамының білім жүйесін реформалау бағытындағы жаңа ізденістерге аянбай тер төгіп, қайраткерліктің биік шыңына шыққан Гүлнәрдің есімі республикаға танымал, кемеліне толған ғалым, тұлға ретінде ерекшеленеді. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориялық, әдістемелік, әдіснамалық мәселелерін зерделеу бағытында өзіндік жолын қалыптастырған жетекші маман, ғибраты мол ұстаз-ғалым. Әке алғысын арқалаған ұлдың қолы қандай биікке жететінін өзінің ісі арқылы дәлелдеген ұлдың бірі - Ерболат. Ол өз ісіне берілген, еңбекқор, ыждағатты, қай тапсырманы да аяқсыз қалдырмайтын табанды, қай мәселені де жеті рет ойлап, бір рет кесетін сабырлы, ар-намысын жоғары ұстайтын, адал да парасатты жігіт. Ермұрат Инаматұлы – медицина ғылымының кандидаты, білгір дәрігер, көп жыл Атырау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық стансасының басшысы қызметін атқарды. Білгір басшы, кәсіби маман, шебер ұйымдастырушы, әке-анадан келген берік ұстаным, іскерлік қабілет және көп басшыда бола бермейтін адалдық пен үлкен адамгершілік, кішіпейілділік, қарапайымдылық, аз сөйлеп, көп іс тындыратын қасиеттері әрдайым оны өз ортасынан даралап тұрады. Баймұраты Алматыдан зооветеринарный институт бітірген білікті мал дәрігері болды. Көп жыл қала іргесіндегі қаланы ет-сүт, көкөніспен қамтамасыз ететін «Теңдік» совхозында мал дәрігері қызметін атқарды. Өзі жүрген ортасына сыйлы, аз сөйлеп, көп іс тындыратын, аузын ашса жүрегі көрінетін ақкөңіл, ұстанымына берік жақсы маман болды. Келгеннен елмен араласып, бірден тіл табысып, совхоз еңбеккерлерінің алдында үлкен беделге ие болды.


63 Гүлнәр Уайсоваға арналады Менің әкем Демеу мен Баймұрат жұмыстас болды. Әкем зоотехник, ол – мал дәрігері (ветврач). Есіме енді түсіп отыр, Баймұрат бірде көңілі толқи отыра, әкесін есіне алып, былай деген: «Басшы болған соң, ұжым болған соң, адамдар әртүрлі болады, бәрінің көңілінен шығу оңай емес. Әкеміздің де біреуге өкпелеген де, көңілі қалған кездері де болған шығар. Бірақ біреуді жамандап, біреуге ғайбат айтып, не дауыс көтеріп, біреуінің де көңілін қалдырған емес. Әкем әділ де турашыл еді, ұнатпайтын ісін жаймен қысқа қайыратын. Совхоздың парторгі, қолында бәрі бола тұра ешқандай дүниеге қызықпаған адам. Совхозға келген, малшыларға келген автолавкамен машиналап әкеліп жатқан нәрсеге қолын да созбайды. Бәрі алып жатқан (ол кезде кезекпен беріледі) машинаны да алмады... Алғаны газет-журнал, кітаптарды үйге толтырып алып келетін. Біздер жапырлап таласып оқитынбыз» - деген. «Гүлнәр апам білім қуып елге келе алмады, Алматыда қалды. Қыз бала бауырға жақын болады дегені рас екен. Алыста жүрсе де көңілі ауылда, әкеміздің орнын жоқтатпай, бәрімізге ескертуін уақытында айтып, ақыл-кеңесін беріп отырады» дейтін. Қалқаман – Қарабауда Инамат әулетінің үлкен қарашаңырағын ұстап отырған кенже ұл. Ол сол ауылдағы МТСта білгір механик болып қызмет істейді. Қолынан келмейтіні жоқ, алдына барған техниканы зауыттан шыққандай қылып жөндеп береді. Қолы алтын «бір сырлы, сегіз қырлы шебер маман» деп отырады ауылдастары. Гүлнәрмен таныстығым жөнінде аз-кем шегініс жасап тоқталсам... «Энгельс» совхозының орталығы Қарабау ауылы еді. Менің Гүлнәрді алғаш көруім де сол Гурьевтен 300 шақырым қашықта бүйректі құмы, шағылдың ортасында жатқан Қарабау ауылында еді. Бұл шамамен 1966-67 жылдар болса керек. Менің Жәрдем атам (әкемнің ағасы) Қарабау кеңшарында зоотехник, ветврач (ол кезде солай атайтын) қызметін атқарды, сол жер-


64 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ де тұрды. Мен жазғы демалыста әжеммен сол ауылға баратынмын. Ол кезде қыста бару мүмкін емес. Жол жоқ (асфальт арман) қара жолды қар басып, баратын жолаушылар 10-12 сағат жүріп (онда да адаспай барса жақсы) межелі жерге әзер жететін... Сөйтіп ауыл балаларымен бірден танысып, ойнап кететінбіз... Жәрдем атамыздың қызы Гүлбаршын мені бүкіл ауыл балаларына мақтанып айтып шығатын... «Қаладан келген менің бауырым қарбыз, қауын, қызанақ, алма, балық әкелді, міне, жеңдер» деп алма тарататын. Бәріміз (Гүлнәр да бар) шағылға «құмсағыз» теруге шығамыз. Бір шөптің түбінде (қалай аталатыны есімде жоқ) сағызы бар, соны қазып алып, құмын бір қағып, шақыршұқыр шәйнап, мәз болатынбыз. Қайран, балалық-ай! Балалық балдәурен бітіп, 1974 жылы ҚазМУ-дың (КазГУ) филфагіне оқуға түстім... Содан Гурьевтен кім бар дейміз ғой... Бір курс жоғары 2 курста үш қыз бар екен, іздеп жоғары көтерілдім... Есікті қағым ем, іштен бір дәу қыз шықты, мен ұялыңқырап, «бірінші курспын, Гурьевтен кім бар деп іздеп келдім» дедім. Даусы гүр етіп әлгі қыз «Мен бармын, атым Дәу Гуля» демесі бар ма. Сельхоздан келген бетіміз, елді сағынып жүрміз. Әлгі қызды (Дәу Гуляны) құшақтай алдым... «Жүр, мен сені Қызылқоғаның құйттай Гулясымен, Құлсарының Бәтимасымен таныстырайын, - деп бір бөлмеге ертіп келді де, «Әй, Гүлнәр, мына қыз біздің Гурьевтің қызы, бірінші курс екен» деді. Мен Гүлнәрға қарап, орнымда қаттым да қалдым. Кәдімгі Тайсойғандағы Жәрдем көкемнің ауылындағы Инамат ағайдың қызы Гүлнәр... Сөйтіп шұрқырасып, қайтадан араласып кеттік... Содан бері ол Алматыда, мен Атырауда «сіз, біз» десіп бірге келеміз. Мәңгілік ғұмыр жоқ. Адам бұл өмірдің уақытша қонағы. Адам сол бір-ақ рет берілетін қысқа ғұмырын қалай, кімдермен, қандай адамдармен өткізеді, міне, соған байланысты болса керек. Кім-кімнің де алатын бағасын бірге өскен, бірге оқыған, бірге жұмыстас болған, күнделікті өмірде араласқан туыс­


65 Гүлнәр Уайсоваға арналады тары мен жолдас, замандас, достары, ұжымдастары бере алады. Әр адамның ой-пікірі бір жерден шықпас, бірақ жақсы адамның алар бағасы биікте тұратыны сөзсіз. Өз қатарларының, өз құрбы-құрдастарының алдыңғы сапында орын алатын адамның бірегейі – Гүлнәр Инаматқызы лингвистика ғылымының тереңінен сүзіп алған білімін, кемелденген тәжірибесін әдістеме ғылымымен ұштастыра білді. Өзіне сенім артып, жүктелген істің бәрін әрдайым мұқият орындау, бойына біткен жоғары жауапкершілік сезімді адамгершілік қасиетінің және жанкешті еңбекқорлықтың арқасында ұзақ жыл табысты еңбек етіп келеді. Гүлнәрдің ата-анадан, отбасынан, өмірден алған өнегесі, тал бойындағы табиғи асыл қасиеттері болып дарыған бекзаттығы, адамгершілігі оған әкенің қаны, ананың сүтімен келген асыл қасиеттер. Сондықтан да әріптестер арасында оның беделі биік, абыройы асқақ. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен адамгершілік қасиеттер оны әрдайым өз ортасынан даралап тұратыны шындық. Гүлнәр Инаматқызының Қазақстан Республикасының ғылымы мен білім беру саласына сіңірген ұшан-теңіз еңбегі бір төбе. Ғалымның атқарған ауқымды істерін жіпке тізгендей етіп айтып шығу да оңай емес екен. Сондықтан жүйелеп қысқаша тоқталдық. Оның республикалық, халықаралық басылымдарда жарияланған (200-ден аса) ғылыми-әдістемелік еңбегін саралай отырып, алты бағытта қарастыруды жөн көрдік. 1. Мемлекеттік деңгейдегі нормативтік құжаттар (стандарттар мен типтік оқу бағдарламалары; 2. Бастауыш мектепке арналған (бірнеше басылымдағы) «Қазақ тілі», «Ана тілі» оқулықтары; 3. оқу-әдістемелік құралдар (жеке өзі және авторлық бірлестікте); 4. студенттерге арналған оқу құралдары (11 кітап); 5. жарияланған ғылыми мақалалар мен SCOPUS материалдары; 6. Ғылыми жетекшілік (оның жетекшілігімен 1 ғылым


66 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ кандидаты мен 1 докторант (PhD), 25 магистрант қорғады. Бірнеше докторантқа (PhD) ғылыми жетекшілік жасауда). Енді міне, қаншама еңбек, төккен тер өз жемісін беріп, мерейлі жасында елдің құрметіне, шәкірттерінің ықыласына бөленіп жатыр. Гүлнәр Инаматқызының жоғарыда аталған ғылыми-шығармашылық еңбектеріне ғылыми және әдістемелік талдау жасауды ғылым докторы, профессор Әзия Елеупанқызы басқарып отырған «Бастауыш білім беру» кафедрасының жас ғалымдары үлесіне қалдырдық. Қашан, қай жерде көрсең де Гүлнәрдың бойынан кісіліктің, жоғары мәдениеттіліктің лебі есіп тұрады. Сол себепті оны үлкендер «сіңлі» деп, кішілер «апа» деп құрмет тұтады. Оның кішіпейілдігі, жүріс-тұрысы, байыппен сөйлер байсалдығы, ұстазымыз, профессор Сағира Рахметқызын жиі көз алдымызға әкеледі. Бар саналы ғұмырын педагогикалық білімге, ғылымға арнап, БОПӘ мамандығының жаңа легін дайындап шығаруға бар күш-жігерін салып, жауапкершілікпен еңбек етті. Оның ішінде ешкімге ұқсамайтын адами болмысы мен жанының тазалығы, көңілінің адалдығы қарапайым пейілі, ұстаздық жолындағы ғылыми-әдістемелік білгірлігі өкшесін басып келе жатқан жас әріптестерге үлгі боларлықтай. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-де бірге оқыған, бір жатақханада тұрған дос-жолдас, республикаға танымал, энциклопедиялық білімі бар филолог, жазушы, аудармашы Жұмаханов Тілеуханның аяулы жары Гүлнәр оның шаңырағын көзінің қарашығындай сақтап, сол әулеттің қамқоршысы болып отыр. Екеуі мәнді де сәнді ғұмыр кешіп, көздің ағы мен қарасындай екі бала - Арал мен Әсетті тәрбиелеп өсірді. Өкініштісі, Тілеухан өмірден ерте кетті, артында шығармашылық мұрасы, азаматтық келбеті қалды. Жетпіске таялған ғұмырымның жүріп өткен жолдарында кездескен жақсылар мен жайсаңдар туралы ой кешкенде, осы бір жанары кісіге мейірім шаша қарап, қамқор қолын


67 Гүлнәр Уайсоваға арналады созуға даяр тұратын, айтқан ақылы кәдеге асып, мерейімді арттыратын осы бір әзиз жан Тілеухан досымыз бірден еске түседі... Тілеухан мен Гүлнәрдің курстас достары Әділғазы – Гүлнәр, Әмірхан – Клара, Амантай – Бақыт, Бота – Досандар үнемі қастарында. оған моральдық-рухани сүйеу болып жүретіндері, оларға деген құрметімізді арттырады. Гүлнәр әр уақытта туған жерді, елді, Тайсойғанды, Қарабауды, Қаракөлді, Ойтаңды, Миялыны ерекше құрметтеп, бәрінен биік қойып, қастерлеп отырады. Қанша жұмыс басты болса да ылғи да туған жерге ұмтылып, сол жердің жусанын иіскеп, шағылына шығып, Ойылына шомылып, аға-жеңгелерге еркелеп, аунап-қунап, ата-баба, әке-шеше басына зиярат етуге келіп тұрады. Төмендегі тілекті ата жұрттың атынан қабыл алыңыз. Құрметті жерлесіміз Гүлнәр Инамақызы! Егемен еліміздің жарқын келешегі жолындағы ізгі істеріңіз, жаңа ғылыми-әдістемелік ізденістер мен кәсіби жетістіктеріңіз табысты жалғаса берсін! Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз жоғары болсын! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз.


68 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ БІЗДІҢ КУРСТЫҢ ҒЫЛЫМДАҒЫ ПИОНЕРІ Камал ӘЛПЕЙІСОВА, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ілеспе аудармашы Адамның қандай ортада болмасын, аулада, оқып жүргенде, қызмет орнында араласатын жандардың ішінде кейбіреуін ғана өзіне жақын тартып, жақсы көруі – жиі кездесетін жай. Мұндайда бұрын бейтаныс жанды не себептен жақын тартатыныңды кейде өзің де түсінбейсің. Алматыға келіп, КазГУ-ге оқуға түскенімде курстағы 55 студенттің ішінде Уайсова Гүлнарға неге «бүйрегім бұрғанын» мен де білмеймін. Сырт қарағанда екеумізді жақындастыратын ештеңе жоқтай. Ол – «подкурстан» түскен, еңбек өтілі бар, мінезі салмақты, айтарын он ойлап барып, ортаға салатын қараторы өңді, әдемі бойжеткен. Ал мен сол жылғы бір орынға он түлек дәмелі болған конкурстан өткен аз оқушының бірі, Гүлнардың тілімен айтқанда «сары ауыз балапанмын», ойыма келгенді бүкпей айта салатыным бар. Балалықтан арыла қоймаған кез, айналаға таңдана қарап, тыным таппайтын едім. Ол – ауылдың қызы, сол кездегі Гурьев (Атырау) облысының Қызылқоға ауданындағы «Тайсойған» деген жерден, мен Арқалық қаласында өскенмін. Жасым кіші болған соң кейде еркелеп, «менікі дұрыс» деп


69 Гүлнәр Уайсоваға арналады қырсыға қалатыныма қазір өзім де таң қаламын. Танысқанда бойларымыз шамалас болғанына қарап, Гүлнардың жасы өзімнен сәл үлкен екенін мойындағым келмей: «Бәрібір, үлкен емессің, пионер сияқты кіп-кішкентайсың ғой» дегенімді курстастар әлі күнге күліп еске алады. Содан кейін курстағы басқа «Гүлнар» атты қыздардан ажырату үшін «Пионер Гүлнар» дейтін едік. Аузыма Құдай салған болар, Гүлнар – ішімізде диссертацияны бізден бұрын қорғап, ғылыми жолға түскен алғашқы пионеріміз болды. Алған біліміне, қорғаған тақырыбына адал курстасымыз өткен ғасырдың 1990-шы жылынан бері қазақ педагогикалық білімінің қара шаңырағы – Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінде ұстаздық етеді. Реті келгенде онымен аттас басқа Гүлнарлар туралы айта кетейін. Курсымызда Гүлнар атты бес қыз болды – біреуін шақырса, бесеуі де жүгіріп баратын. Не біреуі де «әу» демейтін. Әрқайсысының бір-бір «қосалқы атқа» ие болуына да осы жағдай себеп болды. Әкесінің қасында жүріп, үйдің сыртқы шаруасын істеп өскендіктен қолы қарулы, денесі ірі Гүлнәр Есқалиеваға «Дәу Гүлнәр» деген атты қуақы тілді, ойынпаз досымыз Әли (марқұм) «жабыстырды». Қызымыз түк те ренжіген жоқ. «Дәу!» десе, «әу?» деп жымия күліп тұратын. Ұйымдастырушылық қабілеті мол, игі істердің басынан табылатын комсоргіміз Гүлнәр Нүркенова көбіне шалбар киіп жүретін. Шашы қысқа қиылған. Қимылы ширақ, ойынпаз, жігіттермен күресе кетуден де тайынбайтын мінезіне қарай болар, бір күнде «Ұл Гүлнәр» боп шыға келді. Гүлнәр Құдабаева – біздің курстан шыққан бірнеше жұптың ішінде берекелі отбасының ұйытқысы болып отырған досымыз. Белгілі ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбековтың жары. Домбыра тартып, сызылта ән салатын. Мектеп бітіре сала келген аз


70 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ абитуриенттің біріне «Кішкентай Гүлнәр» деген ат жараса кетті. Оқуға түскен жылы «Тескенсуда» қолымыз шырыш-шырыш болып, түшкіріп-пысқырып, темекі теріп жүргенімізде ұстаздарымыз 1 жігіт, 5 қызды ертіп әкелді. Монғолияның Баянөлкесінен келген Мұрат, Ботагөз, Хибадет, Дәметкен, Арман, Гүлнәр курсымызға осылайша қосылды. Сырттан келген Гүлнәрді аз уақыт «Монгол Гүлнәр» деп жүріп, ата-анасы «Күнішай» дейтінін естіген соң, біз де солай атап кеттік. Біздің Гүлнарлардың кейін өмір жолында осалы болған жоқ. Оны оқып жүргенімізде-ақ сезгенбіз. Олар стипендиясының соңғы тиынын беретін, жатақханадан орын ала алмай, пәтер жалдауға жағдайы келмей жүрген курстастарын вахтерлерге көрсетпей бөлмелеріне кіргізіп алатын қайырымды, досқа адал қыздар болды. Конспектісін көшіріп, пиязға қуырылған макаронына тойып алып, бір жігітіміздің: «Сессия келіп қалғанда// Ашқұрсақ жүрсең – сол қайғы// Көжесін құйып беретін//Білімнің нұрын себетін//Гүлнарлар осал болмайды» деп жырлағаны – дәл сөз. Бұл жерде «білімнің нұрын себетін» деп – біздің бүгінгі кейіпкеріміз Гүлнарды сипаттағанын білдік және кейін оның шын мәнінде білім нұрын себетін ұстаз болатынына кәміл сендік. Өйткені ол алғашқы курстан бастап-ақ білімге деген құштарлығымен көбімізге үлгі болып, ізденімпаздығымен, еңбекқорлығымен ұстаздарымыздың назарын аударды. Ештеңеге алаңдамай 1978 жылы оқуын бітіріп, туған жеріне аттанып кетті. Екі жыл бойы Гурьев педагогикалық институты Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы болып еңбек етіп, 1980 жылы Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми зерттеу институтының аспирантурасына оқуға түсті. Бірнеше жыл бойы тіл, қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесі тақы-


71 Гүлнәр Уайсоваға арналады рыбын індете зерттеп, «Қазақ мектебінде ана тілінің лексикасын оқыту әдістемесі» тақырыбы бойынша 1993 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап шыққанда, біз, курстастары, «арамыздан ғалым шықты» деп қатты қуандық. Гүлнар тіл ғылымына бала кезден қызығушылық танытқан болар деп ойлаймын. Оны біз филология факультетіне түскен соң бейімімізге қарай «әдебиетшілер», «тілшілер» деп аталатын екі топқа бөлінгенімізге қарап айтып отырмын. Ортақ дәрістер көп болғанмен, екі топ екі бағытта оқитын сабақтарымыз алғашқы курста-ақ басталды. Мен бірінші, Гүлнар екінші топта болып шықтық. Шыны керек, филолог боламын деген ой басыма да келмеген бала шақта әдебиеттің небір жауһарын оқып үлгірген мен мұндай бөліске қатты қуандым. Тобымызда ертегілер мен аңыздарды айтқанда ойдан қосып та жіберетін, жырларды жатқа оқитын, заманауи жазушылардың шығармаларын кәсіби сыншыдай талдайтын студенттер көп еді. Әдебиетті құныға оқуымыз әсер етті ме екен, сөзіміздің көркем, әдеби және әсерлі болуын ойлап, көп оқып, үлкендерге еліктеп, солардан көбірек үйренуге ұмтылатынбыз. Осындай ынта мен сүйіспеншіліктің арқасында курстан бірнеше ақын, жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым шықты. «Дыбыстарды ажыратамыз, сауатты жаза аламыз, жалғау мен жұрнақты, сөз таптарын мектепте-ақ біліп алғанбыз... олардан басқа тағы не бар?» деп «әдебиетші» курстастар екінші топтағыларды қажайтын. Тілдің тереңіне бойламаған бізге екінші топтың сабақтары қызық еместей көрінетін. Ол ойымыздың жаңсақ екеніне өзіміз қолымыздан тастамайтын «Тіл білімінің негіздері» деген кітаптың авторы, профессор Кәкен Аханов кіріспе дәрісінде-ақ көзімізді жеткізген. Біз орайы келгенде К.Ахановтың деканымыз болғанын, қазақ  тіл білімінің теориясы, әдіснамалық тұрғыдан жүйеленуі, сондай-ақ қазақ тілінің әлемдік тілдер арасындағы


72 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ алатын орны мен ерекшеліктерін зерттегенін мақтанышпен айтып жүреміз. Аудиторияға аңыз-адам, өзіміз мектепте оқыған қазақ тілі кітаптарын жазған Мәулен Балақаев басын асқақ ұстап кіріп келгенде у-шу болып отырған студенттердің тына қалғаны әлі есімде. Қазір қалай екенін білмедім, біздің заманда филолог болам деп келген әр түлекке М.Балақаевтың аты таныс болатын. Кейін оның «Жай сөйлем синтаксисі» деген докторлық диссертациясы тіл білімі тарихындағы жаңалық деп танылғанын білгенімізде ұстазымызға деген құрметіміз еселене түсті. Мәулен ағай студенттердің мысын баспай, сәл ойнақы сөйлейтін. Өзінің түрі «қазаққа ұқсас емес» болғандықтан, қызық оқиғаларға тап болатынын айтып, күлдіретін. Мархабат Томанов ағайымыз көне түркі жазба ескерткіштерінің сырын ашу арқылы қазақ тілі грамматикасының тарихын білуге жетелесе, басқа оқытушыларға қарағанда бізге жақындау жүретін кураторымыз Мырзатай Серғалиев ағай тіл мәдениеті туралы керемет дәрістер оқитын. «Шаршадық, ағай» деп шуласақ, әдемі қоңыр даусымен «Маралдымды» айтып беретін. Сосын: «Енді сендер айтыңдар» деп бізге кезек беретін. Ал Талғат Сайрамбаев ағайдың «оқуға жұмыс істеп, әскерге барып, сәл қарайып келді» деп, дайындық курсынан түскендерге ерекше жылулықпен, жанашырлықпен қарайтыны байқалатын. Қазір Т.Сайрамбаевтың есімі қазақ тіл білімі синтаксисінің өзекті саласы – сөз тіркесінің қалыптасу кезеңдері, даму тарихы жəне тілдік қолданыстағы өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген үлкен ғалым ретінде үлкен құрметпен аталады. Гүлнардың қабілетін дайындық курсында-ақ байқап, 3-курстан бастап ғылыми конференцияларға қатыстыра бастаған да сол ағайымыз. Болашағынан үміт еткен шәкіртінің диплом жұмысына да өзі жетекшілік жасады.


73 Гүлнәр Уайсоваға арналады Айта берсек, әңгіме көп. Сондықтан мен барлық ұстаздарымызды емес, Гүлнар ден қойған тіл саласында бізге сабақ берген оқытушылардың бір тобын ғана айтып отырмын. Осы кісілердің дәрістерінен қазақ тілі біз ойлағандай «жұрнақ-жалғау, септіктер» ғана емес мұхит сияқты шетсіз-шексіз ғылым екенін, оның көне түркі жазба ескерткіштері, грамматика, синтаксис, қазақ тілі грамматикасының тарихы, қазақ  тіл білімінің теориясы, емле, терминология, стилистика, тіл мәдениеті, қазақ әдеби тілі, қазақ тілін оқыту әдістемесі... тағы басқа, біздің түсімізге де кірмеген көптеген салалары бар екенін білдік. Міне, сондықтан да, осындай мұхитқа жүрексінбей қойып кеткен Гүлнарымыздың батылдығына сүйсіндік және біліміне сендік. Бүгінде Гүлнар Инаматқызы Уайсова – ұстаздарынан алған эстафетаны қолда ұстап, 45 жыл бойы лайықты алып келе жатқан ғалым. Оның негізгі зерттеу объектісі – бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері. Өйткені бар білімнің негізі бастауышта қаланатынын жақсы біледі. Мысалы, қазіргі уақыттың ең үлкен проблемаларының бірі – балалардың ана тілінде дұрыс сөйлей алмауы. Тіпті қазақ мектебіне барған бала да сөйлемін сауатты құра алмай жатады. Осыны байқаған ғалым бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту мәселелерін саналы түрде ғылыми қызметінің арқауы етіп алған. Оның бір еңбегінің алғысөзінде былай деп жазылыпты: «Мектепте оқытылатын қазақ тілі грамматикасының оқушыларға білім-тәрбие берудегі маңызы зор. Оқушылар қазақ тілі грамматикасын оқу арқылы қазақ халқының ана тіліндегі сөз байлығын меңгереді, сөздерді түрлендіріп, олардан алуан түрлі ұғым беретін мағыналарды туғызады, сөйлемдер құрап өздерінің логикалық ойын дамытады, соның нәтижесінде грамматикалық категориялар мен оның қызметін талдап білетін болады». Бұл – автордың мұндай еңбек жазудағы игі мақсатын айдан анық етіп көрсететін


74 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ сөздер. Гүлнар «Бастауыш сыныпта морфологияны тұлғаға бағдарлап оқыту» тақырыбын зерттеп, «Бастауыш сынып оқушыларында дереккөздермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру», «Бастауыш мектептің болашақ мамандарын жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуге дайындау», «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы», «Шағын жинақты бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту» (Г.Т.Сәдуақаспен авторлық бірлікте), «Қазіргі қазақ тілі негіздері», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» (Ә.Е.Жұмабаевамен авторлық бірлікте), «Қазақ тілі» (Жалпы білім беретін мектептің 2,3,4-сыныптарына арналған оқулықтар. 1,2-бөлім) (бұларды «Атамұра» баспасы 2017, 2018, 2019 жылдары қайталап басып шығарған), «3-кластың «Қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау» (М.Балақаевпен бірге), «Қазақ тілі. Диктанттар жинағы» (жалпы білім беретін мектептің 4-сынып мұғалімдеріне арналған) (А.С. Бесіровамен авторлық бірлікте) ... осы сияқты 150-ден астам ғылыми мақала, оқулық, оқу құралын, әдістеме, бағдарлама жазды. Не деген еңбек! Өзіміз де зерттеу жүргізетін болғандықтан, бұлардың ар жағында қаншама ізденіс пен қара жұмыс жатқанын жақсы түсінеміз. Бұл жерде ғалымның оқулықтары бірнеше рет қайталанып басылуы, оның өз ұстазы, тіл білімінің аңыз-адамы Мәулен Балақаевпен бірлесе кітап жазуы, жай мектепке ғана емес, ерекше балалардың қабілетін ескере отырып, олар оқитын мектептерге арналған оқу құралдарын шығаруы – мақтауға, мақтануға тұрарлық, құрметке лайық еңбек. Ғалымның педагог ретіндегі ұстанымы, қолынан шыққан әр жұмысқа асқан жауапкершілікпен қарайтыны оның еңбектерінің алғысөзінен-ақ байқалады. Мысалы «Диктанттар жинағы» деген еңбекте оны «оқушылардың алған білім деңгейін және білік мен дағдының саналы түрде меңгерілуін


75 Гүлнәр Уайсоваға арналады тексеру» үшін мұғалімдердің көмекші құрал ретінде пайдалануына болатыны жазылған. Диктанттың бұл түрі сабақтың кез келген кезеңінде жазғызуға болатыны және ол білім алушылардың фонетикалық, орфографиялық, лексикалық талдаулар жасап жаттығуын мүмкін ететіндігімен құнды. Гүлнар Инаматқызының ғылыми-педагогикалық тәжірибесін салалық министрлік бағалап, республикалық, халықаралық деңгейдегі конференция, форумдарға шығаратыны ғалымның өзі үшін ғана емес, ол қызмет ететін оқу ордасы үшін де зор мәртебе деп ойлаймын. Осыдан бірер жыл бұрын ҚР БҒМ Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының ұйымдастыруымен үлкен форум өткізілді. Соның оқулық авторлары мен сарапшылар, баспалар өкілдері, министрлік басшылары мен өкілдері және облыстық, қалалық әдістемелік кабинет әдіскерлері қатысқан «Заманауи оқулық: мазмұн мен форматқа жаңаша көзқарас» тақырыбындағы панельдік сессиясында мектеп оқулықтарының мазмұны мен форматына қатысты заманауи өзгерістер туралы баяндамалар жасалды. Міне, сол жиында жаңа оқу жылында енгізілетін «Әліппе» оқулығын оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдемелері, «Ана тілі» оқулығының мазмұны мен құрылымы туралы Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдары, профессор, п.ғ.д. Әзия Жұмабаева және профессор, п.ғ.к Гүлнар Уайсованың баяндама жасауы – аталған ғалымдардың ғана емес, еліміздегі көшбасшы педагогикалық университеттің абырой-беделін арттыратын фактор екені сөзсіз. Біз оқу бітіргелі де көп жыл өтті. Заман мың құбылды, қоғамдық формация да, мемлекеттік құрылым да өзгерді. Өзгермеген Гүлнар ғана: әлі баяғыдай талдырмаш бойлы, биязы мінезді. Сол қарапайым, салмақты қалпы ұзақ жыл бойы жастарға білімін, күш-жігерін, жүрек жылуын сыйлап келе жатқан, өзі екінші үйіндей көретін университетіне кетіп


76 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ бара жатады. Бұл оқу ордасы – Гүлнар Уайсованың жарты ғасырлық ғұмырының, оның қуанған, жылаған, қиналған, жігерленіп, бойын тіктеген сәттерінің куәсі. Ал аудиторияларда бір кездегі өзіміз сияқты шуылдап отыратын бакалавриат студенттері оның «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Кіші мектеп жасындағы балалардың жаңартылған тілдік білім негіздері» тақырыптарында өткізетін сабақтарын, ал магистратура тыңдаушылары «Тіл және әдебиет» саласы бойынша бастауыш білім берудің қазіргі мәселелері тақырыптарында оқитын дәрістерін асыға күтеді деп ойлаймын. Өйткені ол – Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институты Бастауыш білім беру кафедрасының профессоры Гүлнар Инаматқызы Уайсова – қазақ тіл білімі алыптарының алдын көріп, солардың сабақ беру шеберлігін бойына сіңірген, студент пен ұстаз арасында жібектей нәзік, болаттай берік көпір орната алатын өресі биік оқытушы, зиялы ғалым.


77 Гүлнәр Уайсоваға арналады ЖҰЛДЫЗДЫ ЖЕТІ ШУМАҚ ЖЫР АРНАДЫМ Әділғазы ҚАЙЫРБЕКОВ, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты От ұшқын жанарлардан аңдағанбыз, Қиялдың қанатында самғағанбыз. Филфакта бірге оқыған қырық қыздың Ішінен Гүлнәрларын таңдағанбыз. Білімнің теңізіне бойлағанбыз, Құрастырып алушы ек ойдан аңыз. Тілеухан мен Уай.Гүлнәр отау құрып, Пәтерде жүріп талай тойлағанбыз! ...Керек болып жақсы адам алды Құдай, Құлақта дауысы тұр жаңғырып-ай! Жоқтатпай Тілеуханды жары Гүлнәр, От маздап ошағында жанды ұдай! Қарайды көздерінде үміт тұнып, Қашанда достық қымбат жүр ұқтырып. Ақпанда борандатып келген соң ба, Айтады ақиқатты тіліп тұрып! Ұрпақпен жалғанады ерен өнер, Жаратқан шапағатын төге берер.


78 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ Қос қанаты – Арал мен Әсетінен, Өмірге келді алтын немерелер! Тағдырдың сынағынан бірге өтеміз, Көңілі шалқып жатқан күнде теңіз. Қайраткер, ұстаз, ғалым досымызды, Біз-дағы мақтан тұтып, үлгі етеміз! Тірлікте таусыла ма мың арманың, Серпілсін қуаныштан мұнар қалың. Асқанда жеті белес Уай. Гүлнәр, Жұлдызды жеті шумақ жыр арнадым! Алматы, 2024 жыл


79 Гүлнәр Уайсоваға арналады ПАРАСАТТЫ ҰСТАЗ Рақымғали Абрарұлы ҚҰЛ-МҰХАММЕД, «Атамұра» корпорациясының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сіз бар ғұмырыңызды ұлағатты ұстаздық жолына арнап, білім саласында білімді де, білікті көптеген шәкірт тәрбиеледіңіз. Еліміз тәулсіздігін алып, алғашқы буын оқулықтарын шығара бастағанда ана тіліміздің дамуына үлкен үлес қосып, бастауыш сыныптарға арналған «Ана тілі» мен «Қазақ тілі» оқулықтарының бірнеше рет авторы болдыңыз! Оқулықтарды басып шығару барысында жақынырақ танып-біліп, баспамыздың беделді авторларының бірі ретінде бағалап, сіздің ана тілімізді, ұлттық құндылықтарымызды, қазақы дәстүрімізді қадірлеп, әрқашан алдыңғы қатарға қоятыныңызға, жас ұрпақты білімді, жан-жақты тәрбиелеуге бар күш-жігерін салатын парасатты ұстаз екеніңізге талай мәрте көзіміз жетті. Бүгінгі мерейлі жасыңыз құтты болсын! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, білім саласындағы игілікті істеріңізгн сәттілік тілеймін. Өмір жолындағы біліммен сусындатып, саналы тәрбие берген шәкірттеріңіздің де, отбасындағы асықтай ұлдарыңыздың да, балдай тәтті немерелеріңіздің де қызық-қуаныштарын көре беруіңізге шын жүректен тілектеспін!


80 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ ӨМІРІН ЕҢБЕКПЕН ЕГІЗДЕГЕН ГҮЛНӘР Жұмабай ҚАЙРАНБАЙ, Баспа ісінің үздігі, жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Жазам-ау деп ойға алған тақырыбыма кірісуден бұрын аздап шегініс жасауыма тура келіп тұр. Олай етпеуге де болмады. Өйткені айтпақ сөздерімді қағазға түсіру үшін көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз Мәулен Балақаевты тілге тиек етпеуге әсте болмады. Мәселен, кез келген бір үйге немесе ғимаратқа кіру үшін алдымен оның есігін ашу кіру керек қой. Менің жазатын нәрсемді оқшау тұрған шағындау ғана үй екен деп ойласақ, профессор Мәулен Балақаевқа қатысты мына төмендегі деректер сол үйдің есігі болып, алдымен соны ашуыма тура келді. ... Қазақстан Республикасы егеменді ел, тәуелсіз мемлекет атана бастаған 1991 жылдың қарсаңында мен, яғни осы жолдардың авторы Жұмабай Қайранбай, «Мектеп» баспасында қазақ тілі мен әдебиеті редакциясының меңгерушісі қызметін атқарып жүрген кезім еді. Біздің баспа басып шығаруға тиісті 3-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығының сол жылдардағы авторы филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мәулен Балақаев болатын. Белгілі ғалым Балақаевтың аты-жөнін мен ғана емес, мен сияқты оқушы жастардың бәрі де мектепте оқып жүрген кезімізде-ақ ол кісі «Қазақ тілі» оқулығының авторы ретінде біліп өскенбіз. 1970 жылы ҚазМУ-дің филология факуль-


81 Гүлнәр Уайсоваға арналады тетіне оқуға түскен кезімнен бастап Мәулен ағайды екі күннің бірінде көріп жүретін болғанмын. Бұл тұста профессор Мәулен Балақаев осы факультетте Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаратын және бізге «Қазіргі қазақ тілі» пәнінен дәріс беретін. Аса білімдар, мәртебелі ұстазымның оқулығының редакторлық жұмысы 1983 жылдан бастап менің еншіме тиіп, «бұдан былайғы жерде мәртебелі ғалым ағаммен етене жақын араласып, пікірлес, сұхбаттас болып тұрамын» деп ойлағанымда біртүрлі ішім жылып, шәкірттік ілтипат сезімім қайта оянғандай күй кешкенім әлі есімде. М.Балақаевтың 3-сыныпқа арналған оқулығы менің редакторлығыммен екінші рет басылып шығудан кейін оның ішіндегі теориялық мәліметтер де практикалық жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі де жадымда жатталып қалған-ды. Яғни автордың оқулықты жазудағы ұстанымы, оқу, жазу материалдарын қалай сұрыптап, қағазға қалай жүйелеп түсіру машығы - бәрі-бәрі санама өз таңбасын өшпестей етіп түсірген болатын. Міне, осы тұста Кеңестер Одағы дейтін алып держава іштен іріп, ортақ биліктен құтыла алмай жүрген Одақтас Республикалар оп-оңай-ақ жай-жайына ыдырап кетіп, әрқайсысы өз алдына шаңырақ көтерген. Осы кезден бастап оқулықтарымыз да социалистік жүйеге бас ұруды қойып, өз бағытын өзгертуге, өз сөзін жаңаша айтуға тиіс болған еді. Өстіп, барлық оқулықтың әрбір беті жаңаша сөйлеп жатқанда, 3-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығының біразға дейін беті ашылмастан жатып қалған жағдайы болды. Оның басты себебі сексеннен асқан Балақаевты кәрілік жеңді ме, әлде аурып жатып қалуының әсері ме, әйтеуір, автор оқулықты жаңаша сөйлетуге де, өзі баспаға келіп жайын айтуға де әл-дәрмені келмей жатқанын білдік. Оқушыларды оқулықсыз қалдыруға болмайтыны тағы белгілі жайт. Тығырыққа тіреліп, осындай қиын шаққа тап болып тұрғанымызда, мен нар тәуекел деп оқулыққа қоғам талабына сай өзгерістер енгізуге кірістім. Екі аптаның ішінде оқулықты коммунистік, таптық идеологиядан арылтып, оған егемен-


82 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ діктің исі шығып тұратын ұлттық мазмұн беріп шықтым да, авторға алып бардым. Мәулен ағамыз тұрып-жүруге дәрмені болмай, төсекте жатыр екен. Қасына орындық әкеліп отырып, өзіне ескертпестен оқулыққа тиісті өзгерістер жасағанымды көрсете отырып баяндап бердім. Жүзіне аздап жылу дарығандай болған оқулық авторы: «Жұмабай-ау, менің оқулығымды бүге- шігесіне дейін біліп алыпсың ғой. Мен өзім де осылай істермін деп ойласам да, соған күш-қуатым жетпей, дәрменсіз күйде қолым байланып жаттым. Тіпті келістіріп-ақ жасап қойыпсың. Көп-көп рақмет! -деді. Кәріліктің әсері ме, болмаса ауру жанына қатты батты ма екен, еті сылынып, тым жүдеп-жадап қалғанын көрдім. Оның үстіне мен жанында отырған екі сағаттай уақыт ішінде үйде өзінен басқа қалайсыз, дәрі ішесіз бе деп айтатындай да тірі пенде болмады. Ұстазымның үйінен көңілім құлазып қайттым... * * * Сөзді алыстан қозғағаныма қарап үлкен бір дүние жазады екен деп ойлап қалмаңыздар. Алайда жазатын нәрсең үлкен болсын, кіші болсын әрқайсысы да қолына қалам алған кісіге белгілі бір жауапкершілік жүктейтіні айдан анық қой. Ең аяғы біреуге жарты беттен асар-аспас хат жазудың өзі оны кәдімгідей ойға жетелейді. Не жазам, қалай жазам деп өзіңше толғанасың.... Редакцияның әдеттегі бітіп болмайтын қарбалас жұмысына көміліп отырған күндердің бірінде есік қағылып, оның ізінше орта бойлы, ашаң жүзді, бидай өңді дерлік әдеміше жас әйел кіріп келе жатты. Өз қызметкерлеріміздің бірі болмаған соң назар аударыңқырап қарадым. Кірген кісі еркін адымдап емес, имене басып келе жатты. Жүрісі мен бет-әлпетінен кішіліктің белгісі ме, әлде ұяңдықтың нышаны ма, болмаса қаймағы бұзылмаған алыс түкпірдегі таза қазақи ортаның тәрбиесімен өскен шынайы ибалылықтың көрінісі


83 Гүлнәр Уайсоваға арналады ме, әйтеуір, кабинетке сондай бір ізетті жан кіргені анық еді. Сәлемдесуіміз де сыпайы болды. Орын ұсыну, жөн сұрау, әрине, менің тарапымнан болып жатты. Ал орындыққа жайымен тізе бүккен ол аузындағы лебізін әрең айтатын сияқты болғанымен, әр сөзі қолмен қойғандай нақты да жүйелі шыға бастады. «Мен Мәулен Балақаев ағайдан келдім», - деп бастап, аты Гүлнәр, фамилиясы Уәйісова екенін айтты. Аты-жөнін білмесем де, жүзі көрген бетте-ақ таныс адам болып шыққан. Мен жоғары курстардың бірінде оқып жүргенімде бұл қызды төменгі курстардың арасынан көріп қалып жүретінмін. Айтқан сөздерінен белгілі болғанындай, Уәйісова да Балақаевтың шәкірті екен. Бұл келісінде ұстазы М. Балақаевтың 3-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығының «Методикалық құралына» қосалқы автор ретінде қабылданып, соның ендігі жұмыстарын өз мойнына алатындығын айтты. Осының алдында ғана өзім өңдеп, авторлық рұқсатын алғаннан соң өндіріске (басып шығару орнына кітап фабрикасына немесе полиграфияға) өткізгелі отырған оқулығымның «Методикалық құралын не істеймін», - деп әрі-сәрі болып жүргенімде мына Гүлнәрдің келе қалғаны қандай жақсы болды деп қуанып кеттім. Бірден іске көшіп, Уәйісованың қолына «Методиканың» алдыңғы басылымын ұстатып тұрып: «Басып шығаруға жіберейін деп тұрған мына оқулықты екі күннен қалдырмай оқып, қайыра алып келіңіз. Оқу барысында көзіңізге түскен кем-кетігі болса, оны маған міндетті түрде айтатын болыңыз. Содан соң осы оқулықтың негізінде «Методиканы» тиісті өңдеуден өткізесіз» дегендей тапсырма беріп қайырдым. Сөйтіп Гүлнәр Уәйісова «Методиканың» қосалқы авторы болып кіруімен бірге оқулықтың сол және кейінгі басылымдарына әрқандай өзгерістер мен түзетулер енгізу кездерінде редактордың, яғни менің сенімді ақылдасым бола білді. Мен 1994-1998 жылдары жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар шығаратын «Ана тілі» баспасына бас редактордың орынбасары болып барып, бес жылдай уақытым сонда өтті. Бұл кезде мектеп оқулықтарын шығаруды


84 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ тендерден ұтып алған «Атамұра» баспа-корпорациясы өз қолына алған болатын. Солардың шақыруымен «Атамұра» баспасына жетекші редактор қызметіне алынғанымда баспа 1-сыныпқа арналған оқулықтар кешенін шығарып болып, 2-сыныптың оқулықтарын дайындауға кірісіп кеткен екен. Маған берілген 2-сынып оқулықтарының ішінде «Қазақ тілі» де болды. Бірінші кезекте аты мен заты өзіме баяғыдан белгілі «Қазақ тілін» өндіріске дайындауды қолға алдым. Егеменді Қазақстанның «Жаңа буын оқулықтары» деген ат айдармен жазылған бұл оқулықты Гүлнар Уәйісова жетекшілік еткен авторлық топ жазыпты. Бағдарламаға сай оқулық жаңа сипатқа ие болыпты. Есте болатын бір ақиқат: оқулықтың аздаған қаламақысы мен атақ дәрежесінен оның жұмыс кезіндегі азабы мен жауапкершілігі әлденеше рет асып түсіп жатады. Оқулықтың ішінде абайсызда кетіп қалған бір кішігірім қатенің өзі автор мен редакторды, тіпті баспаның осы кезге дейін жинап-терген абыройын бір ғана сәтте айрандай төгеді. Автор бүкіл елдің алдында кінәлі боп шыға келеді. Сол кезде бүйткен авторлығы бар болсын деп, көз көрмес бір жаққа безіп кеткісі келетін де жағдайлар болып тұратын. Жылдар бойы төккен терің мен оқулыққа сіңірген еңбегің бір ғана сәтте еш болып кететін. Оны оқулық шығаратын баспаларда 43 жыл жұмыс істеген мына мен әбден-ақ біліп болғанмын. «Қазақ тілі» оқулығының редакторлық жұмыстарын тездетіп бітіріп, өндіріске жібергенім бойынша ол өзге оқулықтардан көп бұрын басылып шықты. Сүйінші дана (сигнальный экземпляр) қолыма тиген бойда түнделетіп болса да бастан-аяқ оқып шықтым. Сондағы ойым мен күдігім – қате кетіп қалған жоқ па деген қорқыныш болатын. Түстен кейінгі мезгілде «Сізді президент шақырып жатыр» деген хабар келді. Ол кездегі президентіміз бүгінде елге кеңінен танымал болған ғалым әрі қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед еді. Бұл баспаға келгеніме үш айдың ғана жүзі болғандықтан, о кісімен білісіп кетпеген кезім еді. Кірсем, менің редакторлығыммен шыққан Гүлнар Уәйісова-


85 Гүлнәр Уайсоваға арналады ның 2-сыныпқа арналған «Қазақ тілін» аударыстырып отыр екен. Президент бірден маған көз тастап: – Мына Уәйісова деген авторыңыз Тілеуханның әйелі емес пе? – деді, мені не басқаны мақтары да, даттары да белгісіз сыңайда. – Иә, дедім мен. Баспаның бірінші басшысы «Дұрыстап қарамайсыздар ма? Мына жерінде мынадай қате бар ғой» деп айтпаса жарар еді деп ойлап тұрғанмын. Оны мен ғана емес, басылымға қатысы бар баспа қызметкерлерінің бәрі де ойлайтын әдетіміз еді. Жанды жеріміз де осы қате кету деген безгелдек-тұғын. Мұхтар айтқан Тілеухан Гүлнәрдің күйеуі екенін, біздің президентіміз Мұхтар Құл-Мұхаммедпен «Энциклопедияда» бірге істегенін және ҚазМУда Уәйісовамен бір курста оқығанын бұл кезге дейін біліп болғанмын. Тілеухан студент кезінде кейін үш төрт жыл «Мектеп» баспасында істеген Әмірхан Меңдекеевпен жолдас-дос сияқты болып бірге жүретіні де еміс-еміс есімде түскені бар-ды. Қайта тілге келген Мұхтар: – Менің көзқарасымда оқулық өте жақсы жазылыпты, – деді. Бұған менің кәдімгідей көңілім көтеріліп қалды. Сөйте тұрып, «Кеше кеште ғана қолымызға тиген оқулықты шынымен ақ бастан-аяқ оқып шыға қойғаны ма?» деп таңданып тұрдым. Сол күннен бастап Мұхтардың өте тез оқитынын, оқығанының артық-кемін қалт жібермей байқайтын ұшқыр ойлы, өте өрелі баспагер екеніне куә болып жүрдім. Соның бір мысалы - Г.Уәйісованың «Қазақ тілінің» ішіндегі сәтті жазылған кейбір детальдарын редакторлармен болған жиындарда бірнеше рет айтып жүрді. Бұл, әрине, жас ғалым Г. Уәйісованың білімділігінің, таным-талғамының жоғарылығының, еңбекқорлығының жемісі еді. Гүлнәрдің оқулық жазудағы сәтті басталған осы шығармашылық еңбек жолы бүгінге дейін жалғасып келеді. Кейінгі жаңа бағдарлама бойынша жазылған оқулықтардың бас авторы педагогика ғылымдарының докторы, про-


86 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ фессор Әзия Жұмабаева болса, оның жанында Гүлнәр Уәйісова қазақ тілінің сол саладағы ауыр жүгін әлі де бірге арқаласып келеді. Әзия Елеупанқызы Жұмабаева мен Гүлнар Инаматқызы Уәйісова өздерінің өкшебасар серіктерімен бірге оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін өскелең заманның жаңа талаптарына сай етіп жазып шығара беретін қарым-қабілеттері жеткілікті екеніне сенемін. Өйткені бұл екі автор – төселген, ысылған, мол тәжірибе жинақтаған, оқу құралдарын жазу ісінде әбден машықтанған, жігерлері ешбір мұқалмаған нағыз еңбек тарландары. Әзия Елеупанқызы – білімді де алғыр, жаңалықты тез қабылдауға бейім де икемді және оқулық жазудың қас шебері. Мен оған толық көз жеткізіп, тіпті таңырқап келе жатқаныма, міне, жиырма жылдың жүзі болды. Педагогикалық қызметінде қандай екенін білмеймін. Ал қазақ тілі оқу құралдарын жазуда және оларды мектеп мұғалімдерінің жетесіне жеткізіп түсіндіру мен насихаттау жолында сіңірген еңбектерінің ұшы-қиыры жоқ десем, ешбір артық айтқандық емес. Басшы қосшысыз болмайтыны сияқты, Әзия Елеупанқызының оң қолы ретіндегі мықты көмекшісі, сенімді серігі Гүлнәр Инаматқызының сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз. Бұлар – нағыз сеніскен серіктер. Сеніскен серіктер дейтінім бұлар бірін-бірі даттау емес, жұмыс барысында жандары канша жерден қиналса да бірін-бірі «жауға» бермейтін еңбектің зор майданында табысып шыңдалған, қасындағы серігін сыйлай, құрметтей білетін кісілігі мол өнегелі жандар. Негізінде мектеп оқулығын жазу оңай шаруа емес. Лев Толстойдың бір оқулық жазғаннан бір роман жазғаным жеңіл еді дейтіні содан болса керек. Оқулықты жеке бір адамның жазуы өте сирек кездеседі. Соңғы жылдары бастауыш сынып оқулықтарын жазуға сол саланы зерттеп, зерделеген бір ғалым, бір танымал әдіскер және бір озат мұғалім қатыстырылып жүр. Қырық жылдан асқан редакторлық жұмысымда екі немесе одан да көп адамнан біріккен оқулық авторларының біреуі бәрін мен жаздым, аналар әншейін ғана қатысып жүр деп, бір-бірінің сыртынан пыш-пыш сөз-


87 Гүлнәр Уайсоваға арналады дер айтып, бірде жабық, енді бірде ашықтан ашық жауласып жүретін авторлар тобын да көргенмін. Бір-бірімен алауыз болып, аңдысумен жүріп тындырған жұмыстарында қайбір береке болушы еді?! Жақында ұзақ жылдардан бері таныс-біліс болып, бір терінің пұшпағын бірге иледік дейтіндей, оқулықты жазып, жарыққа шығару ісінде үнемі жұдырықтай жұмылып кететін белсенді авторларымның бірі, тіпті бірегейі Гүлнар Инматқызы 70-ке толады екен дегенді естідім. Артыңа қарап қартаясың деген осы да. Бір кезде «Мектеп» баспасындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» редакциясының есігін имене ашып кірген ибалы Гүлнәр университетте ұстаздық етумен, жанын жалдап оқулықтар жазумен қатар ана ретінде дүниеге ұрпақ әкеліп, оларға білім мен тәрбие беріп, бүгінде ардақты әже атағанын да естіп біліп жатамыз. Гүлнар оқулық авторы, ал мен сол оқулықтың редакторы ретінде көрініп білісіп келе жатқанымызға да отыз жылдай уақыт өтіпті. Осы бір шағын жазбамды Гүлнәрдай жақсы адамның, Гүлнәрдай еңбек майталманының мерейі әрқашан үстем бола берсе екен деген ниетпен қағаз бетіне түсіріп отырмын.


88 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ БІЛІМІМЕН ҰРПАҚТЫ СУСЫНДАТҚАН Райхан Сәметқызы РАЙБАЕВА, «Атамұра» баспасының жетекші редакторы «Ана тілі» мен «Қазақ тілі» бастауыш сынып оқулықтарының авторы Гүлнәр Инаматқызы Уайсованы 1997 жылдан бері танимын. «Атамұра» баспасы алғашқы жаңа буын оқулықтарын басып шығара бастаған жылдары мүйізі қарағайдай аға редакторлардың қасында оқулық жасауға қатысқан ең жас редактор едім. Авторлар мен үшін ерекше білімді, сабырлы, салиқалы жандар болып көрінетін. Сол авторлар арасынан Гүлнәр апайды да көріп жүретінмін. Ол кісінің оқулығына тікелей қатысым болмаса да, жаны жайсаң, жүзінен жылылықтың лебі есіп, жақсылықтың нышаны сезіліп тұратын осы бір жанды жаныма жақын тұтатынмын. Гүлнәр апайдың жұбайы Тілеухан Жұмаханов ағамызбен «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясында бірге қызмет еттік. Тілеухан аға өте білімді энциклопедист-ғалым адам болатын. Бізге туған қарындасындай ізет көрсетіп, біз де туған ағамыздай сыйлап өттік. Гүлнәр апай екеуі керемет жұп еді. Тілеухан ағамыз көңілде өкініш ізін қалдырып, өмірден ерте кетті. «Орнында бар оңалар» демекші, Гүлнәр апайымыз – ағамыздан қалған қос ұлын әлпештеп өсіріп, немере сүйіп отырған қадірлі әже. Гүлнәр апайдың ғылым саласына сіңірген еңбегі ұшантеңіз. Білікті де білімді ғалым, п.ғ.к., профессор, доцент Гүлнәр Уайсова – ең алдымен, қазақ мектептерінде ана тілінде білім беру әдістемесінің аясында қазақ тілі лексикасын меңгерту әдістемесін зерделеген әдіскер ғалым. Гүлнәр


89 Гүлнәр Уайсоваға арналады апай қазақ тілі лексикасын оқытудың лингвистикалық, психологиялық және педагогикалық негіздерін жасауға, лексикалық түсінік мазмұнын нақтылауға атсалысты. 5–6-сынып оқушыларына лексикалық ұғымды және оның тиімділігін арттыратын түрлі әдістер ұсынды. Ана тілі лексикасы бойынша теориялық білім мен дағдыларды қалыптастыратын жаттығу түрлерін жасап, оқу бағдарламалары мен оқулықтарға қазақ тілінің лексикасына қатысты негіздемелер жасады. 1990 жылдан бастап осы кезге дейін Абай атындағы ҚазПҰУ Бастауыш білім беру кафедрасында қызмет етіп, бірнеше буын әдіскер ғалымдар дайындады. 1997 жылы ҚР Жоғары ғылыми кадрлерді аттестациялау комиссиясының шешімімен доцент және 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен берілген профессор атақтары – соның айғағы. 1998 жылдан бастап қазіргі таңда бастауыш сыныптарда оқытылып жатқан «Ана тілі» мен «Қазақ тілі» оқулықтарының авторы, Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты мен жаңартылған оқу бағдарламасын жасауға да қатысқан білікті ғалым. Бірге жүрген жиналыстар мен конференцияларда қазақ тілі мен бағдарламаларға қатысты мәселелер көтерілген сәттерде өз ойын бүкпесіз айта білетін батылдығын да байқап, риза болған сәттерім баршылық. Кейінгі жылдары Гүлнәр апай жетекшілік еткен 1-сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығына редактор болудың орайы келді. Осы оқулықты жасау барысында Гүлнәр апайды да, оның қасындағы авторлар ұжымын да ғылыми тұрғыда жақын таныдым десем болады. Бұған дейін мейірімді, қамқор жан ретінде білетін Гүлнәр апайды енді нағыз ғалым, автор ретінде бағаладым. Оқулық құрастыру барысында бұл кісімен бірлесе жұмыс істеу қызықты әрі тартымды болды. Редакторға жұмыс барысында автордың көтерілген мәселелер мен сұрақтарды аса дәлдікпен тез арада шеше алатыны маңызды. Бұл жағынан Гүлнәр апайдың авторлар ұжымы қамшы салдырмады. Оқулық жазу оңай шаруа емес, алайда қанша қиындығы болса да, кез келген автор мен редактор


90 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ үшін үлкен бір ғанибет іс. Гүлнәр апай жетекші автор ретінде оқулыққа көп еңбек сіңірді. Қазақстанның оқулық шығару тарихында кез келген автордың өз орны бар. Бұған дейін де қазақ ұрпағын білім нәрімен сусындатқан оқулықтар жасау жолында қызмет еткен ғұлама ғалымдарымыз сияқты Гүлнәр апайымыздың да «Ана тілі» мен «Қазақ тілі» оқулықтарының авторы ретінде оқулық шығару тарихында есімі алтын әріппен жазылып қалары сөзсіз. Гүлнәр апай, мерекелі мерейтойыңыз құтты болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шығармашылық шабыт тілеймін.


91 Гүлнәр Уайсоваға арналады УНИКАЛЬНАЯ ЛИЧНОСТЬ Тулебике Алимжановна КУЛЬГИЛЬДИНОВА, д.п.н. профессор, проректор КазУМОиМЯ им. Абылай хана Гульнар Инаматовна Уаисова – педагог с большой буквы. Поздравить ученого, профессора Гульнар Инаматовнау – означает: выразить признательность за многие годы успешной созидательной работы на благо казахстанской науки и Казахского национального педагогического университета имени Абая. Под ее началом были созданы учебники Казахский язык , учебные пособия для общеобразовательных школ , методические рекомендации для начальной школы. Философское наполнение смысла жизни Гульнар Инаматовны Уаисовой переплетается с рационализмом и реализмом, которые характерны для цельной личности, достойной всего самого лучшего в этой жизни: лучшего супруга и семьи, замечательных коллег и соратников, успешных детей и внуков. Природная простота чувств, непосредственность, живое стремление к совершенству, внутреннее достоинство – это жизненное кредо Гульнар Инаматовны. Отмечая, что она автор учебников Казахский язык нового поколения для начальных классов, подчеркнем, что в этих учебниках заложены глубоко разработанные концепции языковой картины мира учащихся начальных классов на основе когнитивного подхода к систематизации единиц языка и речи. Она как автор учебников реализовала принцип необ-


92 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ ходимости изучать язык в процессе речевой деятельности, учитывая явления, происходящие при порождении и восприятии текста. Важной чертой характера Гульнар Инаматовны выступает ее принципиальность и очень корректное и бережное отношение к молодому поколению ученых и преподавателей. С особой признательностью подчеркнем ее личностные качества как учителя и ученого, которые проявляются как компонент ее общей коммуникативной компетенции и внутренней культуры. Она умеет убедить человека, потому что мир ее ценностей, эмоций и убеждений совершенен, чист и гуманен. Плодами ее неустанных трудов стали на отлично защищенные студенческие дипломные работы, большое количество научных статей, учебников и, конечно же, магистерские диссертации. Его воспитанники продолжают педагогический путь и сейчас работают во многих школах и вузах нашей республики. Ее педагогический талант и трудолюбие не прошли незамеченными и были неоднократно отмечены грамотами и дипломами университета. Вудро Вильсон говорил: «Мы должны сами верить в то, чему учим наших детей». Поэтому сегодня решающую роль играют не коллективные усилия одинаково обученных людей, а совокупность индивидуально подготовленных специалистов с уникальными знаниями и навыками, которыми владеет Гульнар Инаматовна Уаисова . Ее профессиональная карьера является ярким примером деятельности человека, гармонично сочетающего в себе профессионализм, творческое отношение и ответственность к осмыслению профессионального предназначения. Пожелаем Гульнар Инаматовне Уаисовой дадьнейших успехов на ниве просвещения и крепкого здоровья!


93 Гүлнәр Уайсоваға арналады ВЫДАЮЩИЙСЯ УЧЕНЫЙ-ЛИНГВИСТ, МЕТОДИСТ, ПЕДАГОГ Азатгуль Ахметовна КДЫРБАЕВА, профессор КазНПУ им. Абая Вначале 2024 года исполняется 70 лет со дня рождения Уаисовой Гульнар Инаматовны, кандидата педагогических наук, профессора Казахского Национального педагогического университета имени Абая, профессионала высокого уровня, обладающего фундаментальными теоретическими знаниями, качествами творческого научного исследователя, педагога, пользующегося заслуженным авторитетом у студентов, магистрантов, докторантов, коллег не только в своем университете, но и в других вузах Казахстана и за его пределами. Гульнар Инаматовна Уаисова – замечательный педагог высшей школы, автор серии учебников нового поколения по казахскому языку для начальных классов, учебников и учебных пособий для вузов. Ее ученики работают во многих вузах и школах Казахстана и за его пределами. Она постоянно оказывает научную и методическую помощь школам, республиканским вузам в подготовке учителей начальных классов, по разработке программ, методических рекомендаций, госстандартов дошкольного и начального образования, других нормативных документов. Гульнар Инаматовна родилась 10 февраля 1954 года в поселке Тайсойган Кызылкоганского района Гурьевской (ныне


94 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ Атырауской) области. Закончив среднюю школу в 1971 году, поступила сначала на подготовительное отделение Казахского Государственного университета имени С.М. Кирова, а затем на факультет казахской филологии этого университета, который в 1978 году успешно закончила, получив специальность «филолог, преподаватель казахского языка и литературы». В том же году как молодой специалист была направлена на работу в Гурьевский педагогический институт, в котором проработала два года старшим преподавателем на кафедре педагогики и методики начального обучения и за успешную работу получила направление для поступления в целевую аспирантуру. В 1980 - 1984 гг Гульнар Инаматовна – аспирант дневного отделения научно – исследовательского института педагогичеких наук имени Ы. Алтынсарина. После окончания аспирантуры в период с 1984-1990 гг работала младшим научным сотрудником отдела дошкольного обучения и воспитания вышеназванного института. С 1990 года по настоящее время Гульнар Инаматовна работает на кафедре «Начальное образование» Казахского Национального педагогического университета имени Абая и с этого времени ее научная и педагогическая деятельность тесно связана с этим вузом. В апреле1993 года она защитила кандидатскую диссертацию в специализированном Совете 13.00.02 по специальности «Теория и методика обучения казахскому языку», в июне 1997 года по решению Высшей аттестационной комиссии Республики Казахстан по аттестации научных кадров получила ученое звание доцент (ДЦ №0002306), а в 2007 году решением ученого Совета КазНПУ имени Абая ей присвоено академическое звание «Профессор университета». В период с 1990 по 2023 годы Г.И.Уаисова прошла основные должностные ступени университета: преподаватель,


95 Гүлнәр Уайсоваға арналады старший преподаватель, доцент, профессор университета. С 1998 - 2018 годы возглавляла авторский коллектив по переработке содержания действующих учебников казахского языка для начальных классов. В эти же годы Г.И.Уаисова разработала Государственный общеобязательный стандарт начального образования и учебную типовую программу по казахскому языку для начальных классов. Она является соавтором учебно – методических комплексов по казахскому языку для 2 – 4 классов издательства « Атамура», включающих учебник, методические рекомендации для учителей, сборники диктантов, дидактические материалы, допущенных МОН РК в качестве учебного пособия, а также является одним из разработчиков учебных программ «Обучение грамоте», «Казахский язык», «Литературное чтение», созданных в рамках обновления содержания образования. Много внимания Гульнар Инаматовна уделяла работе с учителями начальных классов, работающих по обновленным учебникам. Совместно с республиканским научно – практическим центром «Дарын» в рамках обновления содержания образования она с коллегами проводила учебно – методические семинары (27 – 31 марта 2016г.), (28 – 31 марта 2017г.); выступала с докладами об особенностях работы с указанными учебниками на международных, республиканских и областных научно – практических конференциях и семинарах, опубликовав ряд статей. Г.И.Уаисова известна в республике как талантливый организатор лекций и мастер – классов для углубления знаний учителей начальных классов в рамках обновленного содержания образования. Особое отношение вызывают у нее люди, обладающие способностью четко и образно изложить и передать свои мысли. Поэтому особое внимание Г.И.Уаисова уделяет ра-


96 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ боте с магистрантами и докторантами, постоянно обновляет тематику научных работ обучающихся. Она всегда имеет свой взгляд на конкретную проблему, умеет ясно и грамотно изложить свои соображения по поводу актуальности разрабатываемой темы. В ней гармонично сочетаются почитание лучших традиций национальной культуры с прогрессивными взглядами на развитие общества. Приведем некоторые темы исследований, выполненных под руководством Гульнар Инаматовны: «Формирование у будущих учителей начальных классов ценностного отношения к здоровому образу жизни на основе здоровьесберегающих технологий», «Подготовка будущих учителей начальных классов к использованию цифрового дизайна при изучении художественных текстов», «Подготовка будущих учителей к развитию эмоционального интеллекта младших школьников на основе интерактивных мультимедийных технологий», «Подготовка будущих учителей к формированию у младших школьников навыков проектирования цифрового дизайна», «Подготовка будущих учителей к развитию интеллектуально-творческого потенциала младших школьников». На протяжении многих лет Г.И.Уаисова целенаправленно и творчески разрабатывала со своими учениками актуальную и социально востребованную проблему методической подготовки педагога начального обучения . Под ее руководством защищены магистерские и докторские диссертации PhD. Она внесла значительный вклад в развитие педагогической мысли и подготовку научно - педагогических кадров для начальных, средних и высших учебных заведений республики. Высокая внутренняя культура, профессионализм, организаторский талант, чувство ответственности Гульнар Инаматовны вызывают глубокое уважение особенно среди воспи-


97 Гүлнәр Уайсоваға арналады танников - студентов, магистрантов и докторантов, которым она отдает свои знания, прививает настойчивость, требовательность к себе, трудолюбие и добросовестное отношение к делу, желание помогать и передавать свой педагогический и жизненный опыт. Гульнар Инаматовну Уаисову можно отнести к группе женщин-педагогов инновационного типа, которые способны к самореализации и в профессиональной, и в семейно - бытовой сфере. Таким женщинам свойственна достаточная степень удовлетворенности своими деловыми качествами, высокая профессиональная самооценка, оптимальная согласованность семейных и служебных обязанностей. Гульнар Инаматовна – типичный представитель женщины-педагога инновационного типа – опытный учитель, талантливый ученый, строгий наставник, вдумчивый воспитатель, успешный автор серии учебников и учебных пособий как для начальной, так и высшей школы, заботливая мать двух замечательных сыновей, которые являются высококвалифицированными специалистами и трудятся в народном хозяйстве республики, бабушка пяти внуков. За плодотворную учебно - педагогическую, научную и общественную деятельность Г.И.Уаисова отмечена знаками «За особые заслуги» КазНПУ им Абая, юбилейными медалями «90 лет КазНПУ имени Абая», «95 лет КазНПУ имени Абая» и грамотами Министерства высшего образования и науки Казахстана. Коллектив кафедры Начального образования КазНПУ им Абая сердечно поздравляет Уважаемую Гульнар Инаматовну с Юбилеем и желает крепкого здоровья, успехов и удачи во всех сферах жизни!


98 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ ТІЛ ӨНЕРІНІҢ БІРЕГЕЙ ТҰЛҒАСЫ Берікжан Айтқұлұлы ӘЛМҰХАМБЕТОВ, п.ғ.д профессор, ҚР Білім ғылым саласының құрметті қызметкері, Құрмет орденінің иегері, ҚР АПН құрметті академигі Тіл байлығын дұрыс меңгеру, сөз қорын байыту, мәнерлі сөйлеу мәдениетін жетілдіру асқан шыдамдылық пен шеберлікті қажет етеді. Әсіресе, аға ұрпақ тәрбиесін өз көзімен көргендігі көркем сөздерді, астарлы ойды беретін ол өмір мектебі. Көз жүгіртіп қарасақ, сонау Атырау өңірінің Қызылқоға ауылы, Қарабау орта мектеп табалдырығынан бастап, киелі жоғары оқу орны С.М. Киров атындағы университет, Ы.Алтынсарин атындағы ғылым ордасы, қасиетті Абай атындағы педагогикалық институт киесі Уайсова Гүлнәр Инаматқызының ғылымы мен ұстаздық жолын даңғыл қылды десек артық болмас. «Әркімнің туған жері – өз Мысыры» демекші, осындай ғалым, ұстаз әріптесімізді дүниеге алып келген киелі жерге, дәріс берген білім ордаларына Уайсова Гүлнәр Инаматқызындай білгір ғалым-ұстаз шығарғанына ұжым атынан мың да бір алғыс. Өз дәуірінің тіршілік тынысын, бағыт бағдарын, болмыс бітімін жүрекпен сезе білетін Гүлнәрдай тұлғаның ғылым жолына өзіндік нақышпен танылуы оңай болған жоқ. Елеулі еңбек пен тынымсыз ізденудің арқасында ғана жетістікке жетіп отыр. Гүлнәр Инаматқызы еңбекқорлығы, қай істе де қиыннан жол таба білуі арқасында бар жасаған дүниесін ел кәдесіне жаратып, қазақ тілінің дамуына үлес қосып отыр. Әрбір студентке тілдік ұғымдарды меңгертуде өзіндік әдістемелік


99 Гүлнәр Уайсоваға арналады ұстанымын берік ұстап, білікті де құзыретті тұлға қалыптастыруда шеберлік танытып жүр. Ғылым жолындағы шәкірттеріңіздің – педагогика ғылымдарының кандидаты Ізғұттынова Р.О., PhD доктор Жұмабаева Ж.А. – беделін түсірмей, мәртебесін көтеріп, ғылыми қамқорлық танытудың бапкері боп отырсыз. Гүлнәр әріптесімнің мінезі ашық, бауырмашыл. Осындай қасиетімен адамды бірден баурап алады. Әсіресе, қарапайым қазақи мінезі көңіліңе қуаныш ұялатады. Құрметті әріптес, Сіздей нәзік жанды сөз өрнегімен суреттеу оңай емес, сондықтан сөзімнің тобықтай түйінін тілегіммен аяқтайын. Қызығы мен қиындығы да бар мамандықтың ауыр жүгін арқалап жүрген ұлағатты еңбегіңізге табыс тілей отырып, алдыңызда дарынды, ізденімпаз шәкірттеріңіз мол болсын демекпін.


100 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ ҰСТАЗДЫҚ – МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ Амина Слямхановна АМИРОВА, Бастауыш білім беру кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Бүгін қасиетті білім ордасында, тіліміздің бұзылмаған қаймағы мен ұлтымыздың ұлық дәстүрі сақталған қара шаңырақта, ұлт ұстаздарының алтын ұясында үлкен той. Бұл той – өмір жолы үлгі боларлық, мәртебелі ғалым, ең бастысы ұлағатты ұстаз – Уайсова Гүлнар Инаматқызының тойы. Себебі ұстаздық – аса үлкен жауапкершілікті арқалаған, кемел ақыл мен терең парасаттылықты, қарапайымдылық пен қайраттылықты, сонымен қатар үздіксіз қажырлы еңбекті қажет ететін киелі мамандық десек, бүгінгі той осы қасиеттерді ұзақ жылдық қажырлы еңбек, аянбай іздену мен өзіне де, өзгеге де талап қоя отырып, ұрпақ тәрбиесін, ұлт мүддесін қашанда сақтай білген күш-жігердің иесі Сізге арналады. Бұл сый-құрмет қиыны мен қызығы мол өресі биік, өнегесі кең еңбегіңіздің бағалануы деп білгейсіз. Уайсова Гүлнар Инаматқызы 1978 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетін бітіргеннен бастап қазақ тілі мен әдебиетін оқыту саласында еңбек етіп келеді. Алдына келген шәкіртінің бойынан құнды қасиетті көре, тани біліп “Бұлақ көрсең, көзін аш” дегендей шәкірттің дарындылығын бағалай отырып, оны білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаз, жас буынды өзінің өмірдің қыр-сырына баулыған дәріскер, білім мен ғылым көкжиегінде адами тұлғаны қалыптастырған жаны таза, пейілі ақ Сіздің бүгінгі


Click to View FlipBook Version