101 Гүлнәр Уайсоваға арналады шыққан шыңыңыз – жастарға үлгі болар мәртебелі шың. Өзінің кәсіби өмір жолын Гурьев педагогикалық институтында бастаған ол пайымды педагог, шебер ұстаз, жаңашыл маман ретінде жан-жақты танылған ғалым. Гүлнар Инаматқызы 1980 жылы Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының өндірістен қол үзіп оқитын аспирантурасына қабылданды. Аспирантураны тәмамдағанннан кейін аталған институттың бастауыш оқыту методикасы бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып істей жүріп, өзінің әдістеме ғылымына бейімділігін анық көрсетті. Гүлнар Инаматқызы 1990 – 1991 оқу жылынан бастап осы университеттің мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі (бұрынғы – бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы) кафедрасында қызмет етіп келеді. Ол 1993 жылдың 23 сәуірінде 13.00.02 – қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент қызметін атқарды. 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен профессор атағы берілді. Уайсова Г.И. университетте қызмет істей жүріп, қоғамның білім жүйесін реформалау бағытындағы жаңа ізденістерге белсене атсалысты. Атап айтқанда, оның «Бастауыш класта қазақ тілін оқыту тұжырымдамасы», «Қазақ тілінің жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты» (бастауыш саты), «Қазақ тілінің 1- 4 сыныптарға арналған оқу бағдарламалары», БОПӘ мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілінің типтік бағдарламасы» секілді мемлекеттік деңгейдегі құжаттардың жетекші авторы ретіндегі сіңірген еңбегі ерекше болды. Г.И.Уайсованың жетекшілігімен (әрі авторы) дайындалған 2, 3, 4 сыныптардағы «Қазақ тілі» жаңа буын оқулықтарын республика мұғалімдері мен әдіскер мамандар жоғары бағалап отыр. Ғылыми зерттеу институтының қызметкері, жоғары оқу орны оқытушысы болып еңбек еткен жылдарының
102 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ барлығында да өзінің білімі мен кәсіби шеберлігін шыңдап, республикалық, халықаралық конференциялар мен мерзімді басылымдар арқылы жаңа көзқарастары мен озық тәжірибесін бөлісіп отыратын Г.И.Уайсованың авторлығымен 200-ден аса ғылыми-әдістемелік еңбек жарық көрген: оның ішінде 16-і – мемлекеттік деңгейдегі нормативтік құжат, 42 оқулық пен 52 оқу құралы, 1 диафильм, 100-ге тарта – ғылыми мақала. Оның бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы студенттеріне арналған «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы», «Қазіргі қазақ тілі негіздері», «Лексикологияны оқыту әдістемесі», «Шағын жинақты бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту» тәрізді оқу құралдары республика көлемінде пайдаланылуда. Гүлнар Инаматқызы бастауыш сыныптан бастап қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде танытуды, мәтін арқылы шәкірттердің байланыстырып сөйлеуі мен сөздік қорын байыту және пәнішілік интеграцияны іске асыру қажеттігін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеген ғалымдардың көшбасшысы болды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда бұл идея іске асырылып, оқыту жүйесіне толық енді. Г.И. Уайсованың жүргізген сабақтары жоғары мектеп талаптарына сай, жоғары кәсіби деңгейде өтетіндігімен ерекшеленеді, оқу үдерісінде ғылым мен практиканың қазіргі жетістіктерін, инновациялық технологияларды белсенді түрде пайдаланады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді түрде қатысады, университет ішілік «Қазақстан Республикасы шағын жинақты мектеп мұғалімдерін дайындау және біліктіліктерін үздіксіз арттыру технологиясын жүзеге асыру (On-line режимін қолдану арқылы)» ғылыми жобасына қатысып, он-лайн режимінде ғаламтор-дәріс, сынып шеберін өткізді. Осы тақырып бойынша авторлық бірлестікте оқу құралын жазды. Ол студенттердің дипломдық жұмыстарына, магистрлік, докторлық диссертацияларға жетекшілік жасайды, жас мамандарға үнемі көмегін аямайды. Г.И.Уайсованың қосалқы
103 Гүлнәр Уайсоваға арналады жетекшілігімен ізденуші Р.Ызғұттынова кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, дипломын алды. 1 PhD доктор (Жұмабаева Ж.А.) қорғады 27 магистрант (Түкенова М., Арғымбаева Г., Мусағұлова С. т.б.) ғалымның жетекшілігімен магистрлік диссертацияларын ойдағыдай қорғап шықты. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандарын даярлауға сіңірген еңбегі үшін Гүлнар Инаматқызы бірнеше рет университеттің мақтау қағаздарын, 2012 жылы «Үздік ұстаз» төсбелгісімен, 2014 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Құрметті Гүлнар Инаматқызы, Сізді 70 жас мерей тойыңызбен құттықтаймын! Отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыс, ұлдарыңыз бен немерелеріңіздің қызығын көріп, ұзақ ғұмыр кешіңіз! Ұжымда қадірлі, беделді орныңыз бар тұлғасыз. Сіздің салған сара жолыңызды жалғастырушы шәкірттеріңіз көп болсын! Білім мен ғылымды дамытуда шығармашылық табыс тілеймін!
104 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ БАҚЫТЫН БАСТАУЫШТАН ТАПҚАН ҒАЛЫМ Әзия ЖҰМАБАЕВА, Абай атындағы ҚазҰПУ, Бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Өмірдің негізгі екі қағидасы бар: уақытты барлығына тең үлестіру және талпыныспен қажырлы еңбек ету. Менің мақаламның кейіпкері осы қағидаларды теңдей ұстап, еліне ұлағатты еңбегімен танылып жүрген ұлағатты ұстаз, әдіскер-ғалым, білікті оқулық авторы, аяулы ана, жанашыр туыс, сүйікті әже. Ол – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Уайсова Гүлнәр Инаматқызы. Әу баста алғашқы еңбек жолын Гурьев (Атырау) педагогикалық институтының бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын кафедрасынан бастаған Гүлнәр Инаматқызы әлі күнге дейін осы салада жемісті қызмет етіп, сапалы мамандар шығаруға белсенді араласуда. Бір айтатын нәрсе – кейіпкерімнің бүкіл педагогикалық қызметінің бастауыш білім беру мәселесіне арналуы кездейсоқ еместігі. Кезінде әкесі Инамат пен анасы Збира Ойыл бойындағы Қазбек ауылында бастауыш сынып мұғалімдері болғанын Гүлнәр Инаматқызынан естуім бар еді. Әке-шешенің өнегесі мен ұстаздық қызметін көріп өскен бала Гүлнәрдің мұғалім мамандығына деген қызығушылығы сол кезде басталғаны сөзсіз. Кейіннен 1984-1990 жж. Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту бөлімінде кіші ғылыми қызметкер боп істеуі де жоғарыда айтқаныма дәлел бола ала-
105 Гүлнәр Уайсоваға арналады ды. 1990 жылдан осы кезге дейін Абай атындағы ҚазҰПУда үздіксіз 34 жыл болашақ бастауыш білім педагогтерін даярлауға қатысуы, кіші мектеп жасындағы балаларға оқулық жазуы – әдіскер-ғалым Гүлнәр Инаматқызының табандылығы мен қайсарлығының нәтижесі. Гүлнәр Инаматқызы – өз саласын, яғни тілдің теориясы мен оны оқытудың әдістемесін жетік меңгерген, жан-жақты энциклопедиялық білімі бар тұлға. Мұндай сапалық қасиет иесін 1990 жылы білімнің қара шаңырағы Абай атындағы ҚазҰПУ-ға жұмысқа шақыру мақсатты түрде жоспарланған еді. Ол кезде Абай атындағы ҚазПИ ректоры К.А.Касымовтың 1986 жылдың 1 тамызындағы №485 бұйрығына сәйкес құрылған Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультетінің профессор-оқытушы құрамы жаңадан қалыптасып жатқан болатын. 1987/88 оқу жылынан бастап аталмыш факультетке декан боп келген Ромсейіт Мұханбетжанұлы Қоянбаев кафедра меңгерушісі Сағира апайға (С.Р.Рахметова) оқытушылық қызметке бастауышқа қатысы бар мамандарды тарту мәселесін жүктеді. Мамандықтың алғашқы түлектері – мені мен Бидананы (Б.Қабатай) кафедраға оқытушылық қызметке алып қалды. Сағира апай жан-жақтан бастауышқа қатысы бар мамандарды іздей бастады. Міне сол кезде Гүлнәр апайымыздың кандидатурасы мақұлданып, «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасына аға оқытушылық қызметке қабылданды. Жаңадан ашылған «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының әр пән бойынша типтік бағдарламасы, соған сәйкес оқу бағдарламалары болмағандықтан, профессор-оқытушылар құрамы бірінші кезектереспубликалық деңгейдегі құжаттарды жасаудан бастады. Мұндай күрделі жұмысты Гүлнәр Инаматқызы кафедра ұжымымен (Қараев М.Ә., Көпжасарова М.Д., Абдрахманов Т., Алмаханова Х., Қарабаева А., Нұржанова Ш.Ә., Қдырбаева А.А.,Туғанов А.Т., Тулегенова Ф.Г., Оспанов Т.К.Касенов Е.Р., Жұмабаева Ә.Е., Қабатаева Б.Т., Ә.С.Тотанова, Б.М.Қосанов, Г.И.Уайсова, О.С.Сатқанов, А.А.Джундыбаева, Р.К.Бекмағамбетова,
106 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ И.Л.Ленская, А.Қ.Асарбаев, Ұ.Қ.Қияқбаева, Ж.Т.Қайыңбаев, Ф.А.Садыкова, Д.А.Азимбаева, Д.К.Кушимов, Г.Г.Хисамиева) бірлесе отырып атқарды. Типтік және оқу бағдарламалары Абай атындағы ҚазПИ жанындағы республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінде бекітіліп, басқа да оқу орындарының басшылыққа алатын негізгі құжатына айналды. Типтік және оқу бағдарламаларының негізінде пәннің оқу құралдары жазыла бастады. Нәтижесінде білім алушылар пәннің оқу-әдістемелік кешенімен 100 пайыз қамтамасыздандырылды. Гүлнара Инаматқызы БОПӘ мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілі», «Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі» (Рахметова С.), «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы», «Көркем мәтінді тілдік талдау әдістемесі» пәндерінің типтік бағдарламаларын ғана жасап қойған жоқ, әріптестерінің жұмыстарын сауаттылығы мен стилі жағынан дұрыстап, көмекке келді. Гүлнәр Инаматқызы жоғары оқу орнында қызмет істей жүріп, қоғамның білім жүйесін реформалау бағытындағы жұмыстарына белсене атсалысты. Атап айтқанда, оның «Бастауыш класта қазақ тілін оқыту тұжырымдамасы», «Қазақ тілінің жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты» (бастауыш саты), «Қазақ тілінің 1- 4 сыныптарға арналған оқу бағдарламалары» секілді мемлекеттік деңгейдегі құжаттардың жетекші авторы ретіндегі сіңірген еңбегі ерекше болды. Оның жетекшілігімен (әрі авторы) дайындалған 2, 3, 4 сыныптардағы «Қазақ тілі» жаңа буын және жаңартылған мамұндағы оқулықтарына республика мұғалімдері мен әдіскер мамандар жоғары баға берді. Әсіресе, 1997 жылы құрастырылған Қазақ тілі бағдарламасына (I-IY сынып) (Ізғұттынова Р, Жұмабаева Ә.) тілді қарым-қатынас құралы ретінде танытуды, мәтін арқылы шәкірттердің байланыстырып сөйлеуі мен пәнаралық байланысты жүзеге асыруды, сөз мағынасымен жұмыс арқылы сөздік қорды байытуды көздейтін «Тіл және сөйлеу», «Мәтін», «Сөз мағынасы» тарауларының енгізіліп, олардың
107 Гүлнәр Уайсоваға арналады білім мазмұнының анықталуы қазақ тілі білімі саласында үлкен жаңалық болды. 1998 жылдан бастап осы кезге дейін өндірістегі 2-4-сынып «Қазақ тілі» оқулықтарында бұл тақырыптар қарастырылып, оқыту жүйесіне толық енді. Осындай жаңашылдықтың басында Гүлнәр апайымыз тұр. Белгілі бір ұжымға келген соң кез-келген адам өзінің сөзі мен әрекеті үндесетін орта іздейді. Сол ізгілікке толы орта Гүлнәр Инаматқызымен «әріптес – әріптес», «апа – сіңлі», «жеңге – қайын сіңлі» қарым-қатынасы деңгейінде жүзеге асып, жақын туыстай нәтижеге жеткізіп отыр. Гүлнәр Инаматқызының болашақта бастауыш білімнің ғылымы мен әдістемесі бойынша алар асуы, шығар шыңы, жетер жетістігі уақыттың еншісі мен өзінің қажырлы еңбегінің арқасында болмақ. Оған айқын мақсатпен, ұшқыр оймен, жүйрік қаламымен жетері сөзсіз! Бұл жолда мерейтой иесіне тек сәттілік тілеймін!
108 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ ӨМІР БАСПАЛДАҚТАРЫ Жұпат АСТАМБАЕВА, Бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы, PhD Педагогика және психология институты Бастауыш білім беру кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Уайсова Гүлнар Инаматқызы бүгінде 70 жасқа толып отыр. Университетте 1991 жылдан бері жұмыс жасап, болашақ бастауыш білім педагогтерін даярлауда ерен еңбек етіп, бар күші мен білімін сарп еткен әдіскер-ғалым жайлы ой толғамақпын. «Гүлнар Инаматқызы кім?» сұрағының айналасында ойланып, осы мақаланы жазуға бел будым. Біріншіден, Гүлнар Инаматқызы – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алып жатқан білім алушыларға арналған Үлгілік (типтік) оқу бағдарламасының авторы. Әдіскер-ғалымның қатысуымен бакалавриатқа арналған 7 және магистратураға арналған 1 үлгілік (типтік) оқу бағдарламасы әзірленді. «Қазіргі қазақ тілі», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы», «Көркем мәтінді тілдік талдау әдістемесі» пәндерінен әзірленген оқу бағдарламалары болашақ бастауыш сынып педагогінің игеруіне тиіс білім мазмұнын айқындап берген. Екіншіден, Гүлнар Инаматқызы – «Бастауыш білім беру» бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған оқу құралдарының авторы. Ғалым-әдіскердің ЖОО студенттеріне арналып жазылған оқу құралдары, атап айтсақ «Лексикологияны оқыту әдістемесі» (2005 ж), «Қазіргі қазақ тілі» (2007 ж), «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әді-
109 Гүлнәр Уайсоваға арналады стемесінің тарихы» (2013 ж), «Шағын жинақты мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен әдістемесі» (Ж.Астамбаева) (201 2ж), «Шағын жинақты мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі» (Г.Сәдуақас), «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» (Ә.Жұмабаева) (2019 ж), «Қазіргі қазақ тілі негіздері» (2023 ж) оқу құралдарының мазмұны болашақ педагогтің тіл білімі ғылымының қыр-сырын үйренуге бағытталған. Үшіншіден, Гүлнар Инаматқызы – болашақ ғалымдардың жолын ашқан ғылыми жетекші. Гүлнар Инаматқызының жетекшілігімен бір кездегі «Әліппенің» авторларының бірі Ізғұттынова Рәбиға 2005 жылы «Мектептің бастауыш сатысында қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту әдістемесі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаса, 2021 жылы «Бастауыш білім беру пәндерін меетапәндік тұрғыда оқыту» тақырыбында Жұмабаева Жәзира докторлық диссертация қорғады. Гүлнар апайдың ғылыми әлеуеті өте жоғары, магистранттарымен және докторанттарымен бірге ғылыми мақалаларды, диссертациялық жұмыстарды талқылап, Ұлттық кітапхананың диссертациялық залында отыратынын да білеміз. Ғылыми жетекшілік ететін білім алушылардың материалдарды іздестіруіне, қажет мәселені іріктеп алуына бағыт беріп, тіпті отыра қалып, жұмыстарын сол жерде компьютерде жөндеп отырғанын да көргенбіз. Төртіншіден, Гүлнар Инаматқызы – ұлағатты ұстаз. Бұл өмірдің бұлтарысы көп, бұралаң ұзақ жолында таңдаған мамандығының қыры мен сырын шебер меңгерген білімді де білікті маман Ол кісі – өз мамандығын аса жақсы көретін, білгенін жас ұрпаққа жеткізуге даяр, адал қызметкер. Дәріс сабақтарына тыңғылықты әзірленіп (ЖОО-нда 33 жыл еңбек етіп, өз пәнін егжей-тегжей, жоғары деңгейде игергенімен), таныстырылымдарын алдын-ала даярлап, қоңырау соғылғанға дейін ертерек барып, компьютерін қосып, әзір отырады, әр мәселені тәптіштеп, студенттердің құлағына құйып береді. «Қазақ тілі негіздері» пәнін бір ғана семестр көлемінде білім алушыларға игертіп шығарады. Оны біз аралық бақылау кезінде, қорытынды бағалаудың бағасын қояр
110 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ кезде студенттерді бір-бірлеп кафедраға шақырып, қойған сұрақтарына студенттердің берген жауаптарынан байқаймыз. Гүлнар апай кафедрамыздың мықты аудармашыларының бірі, кейде кейбір сөздердің нақты аудармасын білмей жатсақ немесе аударған сөйлемнің қарабайыр болмай, оқығанда тілге оралымды, түсінікті, жатық болуын қалап, қарап беруін өтінетін кездерім де бар. Кейде бірігіп отырып, тұжырымдап, ортақ мәмілеге келіп, әп-әдемі, түсінікті тілде құрылған, «айналасы теп-тегіс» болатын сөйлем құрап шығарамыз. Бесіншіден, Гүлнар Инаматқызы – еліміздің болашағы бүлдіршіндерге арналған «Қазақ тілі» пәнінен мемлекеттік стандарт, үлгілік оқу бағдарламасы мен оқу-әдістемелік кешеннің авторы (1998-2018 жылдары авторлық топ жетекшісі де болған). Әдіскер-ғалымның оқулықтары 1998 жылдан қазірге дейін қолданыста жүр. Бірнеше баспадан шыққанымен, республика деңгейінде жылда сан жетпес сараптамадан сүрінбей өтіп, тілдері шұбарланып, өз тілінде тілдесе алмайтын бастауыш сынып оқушыларының тілін «сындырып», сауатты оқу мен жазуға баулып жүрген ана тіліміздің жанашырларының бірі де осы Гүлнар апайымыздың қатысуымен әзірленген «Қазақ тілі» оқулықтары. Бірнеше ұрпақ жазылған «Қазақ тілі» оқулығының өзіндік ерекшелігі де бар: бастапқы оқулықтарының негізгі көтерген мәселесі – дамыта оқыту технологиясы болса, кейінгілері түрлі жаттығу түрлерін қамтыған, атап айтсақ, жағдаяттық жаттығулар, жаңа материалды оқушылардың өздері «ашатын» жаттығулар, шығармашылық бағыттағы жаттығулар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаттығулар, жазбаша қарым-қатынас жасау түрлері (хабарландыру, құттықтау, сауалнама, т.б.) көпшілік алдында сөйлеуге үйрету, стиль түрлері (баяндау, сипаттау, суреттеу тәсілдерді, бейнелі, айшық сөздерді қолдану). Алтыншыдан, Гүлнар Инаматқызы – сапарлас, сырлас әпке. Гүлнар апай екеуіміз бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, «Атамұра» баспасынан шыққан оқу-
111 Гүлнәр Уайсоваға арналады лықтардың мазмұнымен оларды таныстыру, оқулықтарды насихаттау мақсатында іссапарға шығып, Қазақстанның бірнеше қалаларын араладық. Екеуіміз бір бөлмеде (нөмірде) бірге жатып, бірге тамақтанып, бірге асхана мен «жеуге келетін» тағам іздейтінбіз (екеуіміздің де асқазанымыз ауырады, сондықтан кез келген тағамды жей алмаймыз). Гүлнар апайдың оқулықтың мазмұны жайлы оқитын дәрістері мен таныстырылымдарын бірге тыңдап отырып, жаңа оқулықтың артықшылықтары мен оқушыларға білім, тәрбие беруде, білік пен дағды қалыптастыруда алатын орны мен маңызын өте жақсы біліп алдым десем артық айтқандық емес. Осы оқулықтардағы жоғарыда айтылған оқыту технологиялары мен түрлі стильдердің, тілдің барлық салаларын оқытудың бастапқы жолының салынғанын байқадым. Гүлнар Инаматқызынан сапарлас болған кезде көп нәрсені үйрендім. Өз оқулығының мазмұнын жан-жақты білгенімен, ертеңгі болатын семинарлар не тренингтерге әзірлену кезінде оқулығын ашып, қарап, таныстырылымымен байланыстыра қайталап, кейбір жерлерін түртіп алып отырады. Гүлнар апайдың арқасында сөздіктермен жұмыс жасаудың қажеттігін түсіндім. Соңғы жылдары біздің оқыған кездегідей емес, кейбір сөздердің орфографиясы тіліміздің сингармонизм заңына бағынбай қалды ғой. Оқулыққа берілетін кейбір сөздер мен сөз тіркестерінің жазылуын «Орфографиялық сөздіктен» алу қажеттігін де үйреткен Гүлнар апай. Сапар кездері апай екеуіміз көп сырласамыз, бір-біріміздің отбасымыз, туыстарымыз жайлы, басымыздан өткен қилы кезеңдерден сыр шертеміз. Ол кісі маған ақыл айтып, тіпті бағыт беріп отырады. Менің кейбір артық кеткен кездерімде алдымен үндемей қалады да, артынан, ретін тауып түзетіп отырады. Ол кісінің айтқан ақылдарын, ескертпелерін үнемі есімде сақтап, келесіде қайталамауға тырысамын. Жетіншіден, Гүлнар Инаматқызы – достары, құрдастарының УайГүлнары. Гүлнар апайдың достары, курстастары мен құрдастарының арасында «Гүлнар» атты қыздар көп болған екен. Сондықтан марқұм ағамыздың достары
112 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ Гүлнарларды тектерімен атайтын көрінеді. Біздің апайымыз кез келген ортада, достарының арасында өте сыйлы екенін сапарлас болған кезде көрдім. Қай қалада болмайық, апайымыздың достары, курстастары, сыныптастары, замандастары дәм татқызып, аса құрметпен күтіп жіберетін. Гүлнар апайдың арқасында мен елімізге танымал ғалымдар, ақындар, тілшілер, әншілермен таныс болдым, кейбіреуімен дастарқандас та болдым, әсем әндерін, әдемі әзілдері мен орақ тілді тілшілердің от көсеген сөздерін ұйып тыңдадым. Сегізіншіден, Гүлнар Инаматқызы – адал жар. Гүлнар апай жолдасының бақилық болғанына 18 жыл өтсе де, сүйіп қосылған жан-жарын – «Тлешкасын» асқан сағынышпен әлі күнге еске алады. Жолдасы жайлы жылы естеліктер айтады: «өте білімді, жан-жақты азамат еді, онымен кез келген ғылым саласы бойынша, кез келген тақырыптың айналасында пікір алмасуға болатын еді. Бір мәселе жайлы сұрай қалсаң, лезде жауап беретін, «оны қайдан білесің?» десем, «оқыдық қой, соны да білмейсін бе?» деп жымиятын еді. Мықты энциклопедист болды, біреулердің жазып бергенін түннің бір уағына дейін отырып, түзетіп отыратын, кейде кейбір ғалымдардың жазғанына «қарны ашып», кейіп отыратын. Қаншама аудармалары бар еді. Өзге елдің шығармаларын аударғанда, өзіміз де мәдениеттенетін боламыз» дейтін еді, асыл азаматым!». Ағамыз 49-ақ жасында кенеттен өмірден озғанда, «өзөзіме әзер келдім, басымды көтеріп, жүре алмаспын, «Тлешкамсыз» қалай өмір сүрер екем, менің бар байлығым – Өзі еді ғой» деп, «артында қалған ұлдарымыз, немерелерімізге бас-көз болайын деп көтерілдім» деуінен Гүлнар апайдың жан-жарына деген махаббатын, оның ізін басар ұрпақтарының болашағынан алаңдағаны, жарының жазылмай қалған еңбектерін, асыл мұрасын жинақтап, таратуды көздегенін байқауға болады. Осы өзіне берген сертті орындап, Гүлнар Инаматқызы 2007 жылы ағамыз жайлы жазушылардың, ғалымдардың, әріптестері мен дос-жарандарының естеліктерін және өзінің бұрынырақ шыққан шығармалары мен аяқталмай қалған қолжазбаларын қамтыған «Біздің Тілеу-
113 Гүлнәр Уайсоваға арналады хан» атты еске алу кітабын шығарды. Тоғызыншыдан, Гүлнар Инаматқызы – асыл ана, аяулы әже. Екі ұл тәрбиелеп, оқытып, аяқтандырып, олардан 5 немеренің қызығын көріп отыр. Немерелерін мектепке апарып, олармен үй тапсырмасын бірге орындап, математиканы қайтадан қайталап оқып жатқан жайы бар. Кейде маған: «Жұпатшка, мына есепті не тапсырманы қарап жіберші. Қызым былай орындап еді, дұрыс емес пе деп, сеніңкіремей отырмын. Кейбір тапсырмаларды орындауда өзім дүдәмал болып қаламын» деп жазады. «Бала өскенше, немере өлгенше» деген осы шығар. Жұмыс арасында немересін мектепке апарып, мұғалімдерімен пікірлесіп те үлгереді. Сөз соңында, Гүлнар Инаматқызының мен білмейтін қырлары көп шығар. Бірақ менің білетін Гүлнар апайым – біреуге ғылыми кеңесші не жетекші, біреуге ұлағатты ұстаз, енді біріне жанашыр әпке, келесісіне ақылшы дос бола білетін, беделді тілші, кәсіптік деңгейі жоғары әрі теоретик, әрі әдіскер ғалым. Гүлнар Инаматқызына қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, шаңырағына шаттықтың орнауын, Алланың шексіз қолдауын тілеймін!
114 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДАҒЫ ПАРАСАТЫ БИІК ТҰЛҒА Бауыржан Сейтбекұлы СЕЙДАХМЕТОВ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Кім-кімнің болса да өз өмірінде замандастарының, дос-туыс, ағайындарының, ұстаздарының ішінде адамгершілігіне тәнті ететін, өзін де, өмір жолын да өнеге, құрмет тұтатын, жақсы көретін, оның алдында басын иетін адамдары болады. Менің де өмірімде ұстаз, туған апайымдай жақын болып кеткен Гүлнар Инаматқызы. Қазақта «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген ұлағатты сөз бар. Отыз жылға жуық әріптес болып, сыйлас жаннан туысқа айналған Гүлнар апайым бүгінде жетпістің сеңгіріне шығып отыр .Сол себептен апайымның күнде айтыла бермейтін қандай қырына тоқталсам да, артықтық етпес. Өйткені Гүлнар апайым білім мен ғылымдағы, педагогикалық-әдістемелік еңбектері мен оның адами игі қасиеттерін таңды таңға асырып баяндауға болатындай тұлға. Тегінде адами игі қасиеттер – адалдық, адамгершілік, кісілік, кішілік, қарапайымдылық пен қайырымдылық сынды сапалық белгілердің орны ерекше екендігі белгілі. Сондықтан жақсы қызмет, үлкен жұмыс, биік мәнсап – бәрі өткінші; бүгін бар, ертең жоқ дүниелер. Ал халыққа керегі, кейінгі ұрпаққа өнеге боларлығы – адамгершілік, адами қасиет, кісілік келбет пен бекзаттық болмыс бітім. Бұлар адамның ана сүтімен беріліп, өзімен бірге мәңгі бірге жүретін асыл белгілер. Мен үшін Гүлнар Инаматқызы – осындай асыл қасиеттердің барлығын бір бойына сіңіре білген өнегелі өмір
115 Гүлнәр Уайсоваға арналады иесі. Жалпы «ұстаз» атты ұлы ұғымға сай болу үшін ұстаздық жолды мұрат тұтқан жанның бойында бірін бірі толықтырар үш қасиет тоғысуы шарт. Меніңше, оның біріншісі – телегей теңіз терең білім, екіншісі – өмірімен өзектес, өзінің таңдаған мамандығын жетік меңгерген біліктілігі, үшіншісі – өз ортасына сыйлы бола білген кісілік келбеті. Міне, осы үш қасиетті Гүлнар апайымның бүкіл болмыс бітімінен анық байқадым. Біріншісі – білімділігі. Гүлнар Инаматқызын білімділігін кейінгі шәкірттері түгілі, арысы өзін оқытқан ұстаздары, берісі бірге оқыған курстастары мен қатар жүрген әріптестері түгел мойындаған. Гүлнар Инаматқызы – өз бойындағы білімді ұстаздық қызметі арқылы шәкірт санасына құя білген жан. Ғалымдығы мен ұстаздығының таразы тең, ғылыми зерттеулері, бастауыш білім беру саласындағы оқулықтары мен ұстанымдары жас ұрпақты тәрбиелеуде, білімалушылардың жеке тұлға ретінде дамытудағы алатын орны ерекше. Бүгінде өзім де ұстазбын. Талай ұстаздың дәрісін тыңдап, ақыл-кеңесін алдым. Ішінде данасы да, шаласы да болды. Шынын айтсам, шәкірт жанын дәл Гүлнар апайдай баурап, аялай білген ұстаз кездестірген емеспін. Бұл – асыра мақтау да, өтірік көлгірсу де, артық дәріптеу де емес, ерекше тәнті болудан туған, шын көңілден шыққан шынайы ризашылық. Расында да, Гүлнар апай ақыл парасаты мол, ұстаздық еңбекке саналы құштарлықпен келген, бар шәкіртіне мейірім шуағын тең бөлген, айрықша жаралған жан. Гүлнар Инаматқызы жасынан қазақи тәрбиесі қанық, ұлттық ұстанымы берік ортада өскен, кісілік пен кішілік өнегесін көп көрген, гуманистік қасиеттердің маңызы мен рөлін ерте түсінген ұрпақтың бірегей өкілі. Туған жердің топырағынан, қоршаған ортаның әсерінен, адамның өзінің қабілет-қарымынан дарыған ерекшеліктерінен адамды тануға болады. Гүлнар Инаматқызының кісілік келбеті – ә дегеннен-ақ
116 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ көзге түсетіні қарапайымдылығы. Кісілігі бар кісінің ортасына сыйлы болары бесенеден белгілі. Өйткені кісілік – адамдық қасиеттің көрсеткіші. Гүлнар апай ұстаған кісілік кілті – «сыйлы боламын десең, сыйлай біл». Апайымның кісілік сапасын анасының ақ сүтімен беріліп, ұлтының ұлы рухынан дарыған деп білем мен. Гүлнар Инаматқызы өз ұлтының дәстүр-салтын, әдет-ғұрпын өте терең білетін, жантәнімен қадір тұтатын жан. «Ақырын жүріп анық басқан» Гүлнар Инаматқызының болмысы өзіне Алла берген қадір-қасиеті – терең ой иірімдерін «нұрлы ақыл», «ыстық қайрат»,«жылы жүрекпен» қабылдай білуінен айқын көрінеді.Адамның рухани дамуының ең жоғарғы биігі – кемелдену. Адам бойындағы кемелдену жанның тазалығына, білімнің тереңдігіне, дене, тән тәрбиесі мен ой, рухани байлықтың егіз сипатын сақтай отырып, тұлғалық қалпын үздіксіз жетілдіруіне байланысты. Гүлнар Инаматқызы адами қасиеттерге ие тұлға ретінде ұжымының, әріптестерінің, шәкірттерінің, замандастарының құрметіне бөленген тұлға. Өзінің саналы ғұмырын жас ұрпаққа тәлім мен білім беруге, педагогика ғылымына және бастауыш білім беру саласының дамуына сіңірген белсенді еңбегі мен ғылыми ізденістері, бастауыш білім беру үдерісінде тың жаңа әдістемелерді қолдану шеберлігі озық ойлы маман. Білім нəрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісінің көрсеткіші оның шəкірттері. Бəйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шəкірті үшін ұстаздың қуанышы елестетуге келмейтін сезім. Бұл сезімді ұстаз ретінде сезініп те жүрмін. Ғылымның биігі – қайталанбас биік, қайталанса да басқа бір қырынан толықтырылатын, жетілдірілетін биік, ұмытылмас тарих екендігі ақиқат. Оқытушылық, ұстаздық қызметте биік белестерді еңсеріп, ғылыми-педагогикалық нәтижелерімен өнеге өрнегін салады. Гүлнар Инаматқызы – өмірлік мол тәжірибесін, ұстаздық парасатын, тәрбиелік тәлімін, сергек те зерек әрі зиялы да зерделі ғұмырын, өнегелі өмір
117 Гүлнәр Уайсоваға арналады жолын ғылымға – жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз. Қорыта айтқанда, өзінің өнегелі ұстаздық жолымен, адамгершілік қасиеттерімен Гүлнар Инаматқызы – үлкенге де, кішіге сыйлы жан. Жүзінен мейірім шуағы төгілген Гүлнар апай қашанда өзінің қарапайымдылығымен, сабырлылығымен, еңбекқорлылығымен, парасат-пайымымен өз ортасына үлгі, ұстаздық ұлағаты, адамдық қасиеті жоғары жан, әріптестеріне де, шәкірттеріне де, замандастарына да өнеге болған ұлықты ұстаздардың бірегейі. Отбасының ұйытқысы, немерелеріне мейірімді әже болып қана қоймай, Гүлнар Инаматқызы жолдасының жағдайын жасап, адал жар болды. Ағамыздың өмірден ерте озғанына қарамастан, ер азаматқа бергісіз ірілігі, сөзі мен ісінің үйлесімді ұстанымы, еменнің иір бұтағы секілді, ешкімнің ыңғайына жығылмай, жөнсіздік атаулының бәріне қайыспай турасын кесіп айтатын турашылдығының арқасында көзінің ағы мен қарасындай екі ұлына өмірден өз орнын табуына бағыт- бағдар беріп, әулетінің шамшырағы болып отыр. Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Гүлнар Инаматқызын мағыналы 70 жасқа алып жетті. Біле білгенге 70 жас – қарттық жас емес, қазыналы жас. Сіз осы кемелдікке көз қызықтырар тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырған жайыңыз бар. Ендігі жерде сексеннен асып, тоқсанға тоқтамай, жүзге жетіңіз. Жасыңызға жас қосып, әулетіңіздің амандығы мен ауызбіршілігін қызықтап жүре беріңіз. Жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, шыққан биігіңізден түспей, білім әлемінің тарихында есіміңіз алтын әріппен жазылсын.
118 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ, ӘДІСКЕР-ҒАЛЫМ, ПАРАСАТТЫ ТҰЛҒА Ұлбосын Қозыбайқызы ҚЫЯҚБАЕВА, Абай атындағы ҚазҰПУ, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Тыныс-тіршілігімізде жанымызда жүрген ғалымның парасат биігін аңғара да, бағалай да бермейміз. Белгілі бір ғалым туралы ой толғап, еңбегі мен өмір жолын сараптай бастасақ, оның тегіне, өскен, қалыптасқан ортасына көз жібере отырып, ғалымның адами болмысын тани бастайтынымыз ақиқат. Өйткені әрбір ғалымның өзіне тән ғұмыр жолы, өмірбаяны, атқарған еңбегі, көрген бейнеті мен татқан зейнеті, алған асуы, жеткен биігі әркімнің өмірінде әрқилы. Оны сырт көз өздерінше бағалап жатады. Сондағы жалпының іздейтіні біреу: ол – кісілік келбет пен азаматтық тұлға. Өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде қалыптасқан, терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттерімен шәкірттерінің ғана емес, әріптестерінің ортасында да сыйлы, ешқашан атақ пен даңққа бас имейтін, ғалыммын деп кимелеп төр менікі демейтін, ой-өрісі кең, адамгершілік, ұстаздық, ғалымдық жолы бір төбе Гүлнар Инаматқызы туралы мерейлі мерейтойында ізгі ниетпен лебіз білдіруді өзімнің парызым деп есептеймін. Гүлнар Инаматқызымен 1990 жылы «Бастауыш мектепте оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» факультетіне
119 Гүлнәр Уайсоваға арналады жас маман болып жұмысқа орналасқан күні таныстық. Міне, биыл 34 жыл болды. Гүлнар Инаматқызымен әріптес ретінде ғана емес, отбасымызбен туысқан, бауыр ретінде етене араласып, туысқаннан артық сыйластықтамыз. Таныстығымыздың алғашқы күнінен бастап Гүлнар Инаматқызының бойынан «адамдық», «ұстаздық», «ғалымдық» жолды мұрат тұтқан, өз мамандығын дұрыс таңдаған білікті маман иесі екенін, өз ортасына сыйлы кісілік келбеті мен тектілігін байқадым. Шындығында, Гүлнар Инаматқызы өзінің өрелі ойымен, ғылыми, педагогикалық, әдістемелік еңбектерімен, ұстаздық тәжірибесімен, өнеге боларлық тағылымды істерімен, әріптестері мен шәкірттерінің нақ ортасынан өзінің заңды тұлғалық, ғалымдық орны қалыптасқан ардақты ұстаз, білікті маман, іргелі ғалым. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» - деп ұлы Абайдың айтқан ұлағатты ойлары, ғибратты сөздері Гүлнар Инаматқызына арналғандай. Өйткені Гүлнар Инаматқызы ақыл, ғылым, ар, мінездің төртеуін де тал бойына тең ұстап, өзінің өмірлік ұстанымына айналдырған ғалым. Уайсова Гүлнар Инаматқызы ұстаздық мамандықты жете меңгерген, жоғары оқу орнында бастауыш сатыда қазақ тілін оқытудың жаңа бағыттарын айқындауда, білім беру бағдарламаларын заман талабына сай жетілдіруде іргелі жұмыстар атқарып жүрген әдіскер- ғалым. Уайсова Гүлнар Инаматқызы 1978 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетін бітіріп, өзінің кәсіби еңбек жолын Гурьев педагогикалық институтынан бастап болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда үздіксіз еңбек етіп келеді. Гүлнар Инаматқызы 1980 жылы Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының өндірістен қол үзіп оқитын аспирантурасына кабылданды. Аспирантураны тәмәмдағаннан кейін аталған институттың
120 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ бастауышта оқыту методикасы бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып істей жүріп, өзінің әдістеме ғылымына деген бейімділігін арқасында, 1990 жылы Абай атындағы Еңбек Қызыл ту орденді пединститутына, қазіргі таңдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне қызметке ауысады. 1990 жылдан бастап еліміздегі білім беру жүйесіндегі реформалау бағытындағы тың бастамалар мен ізденістерге белсене атсалысты. Атап айтқанда, Гүлнар Инаматқызының «Бастауыш класта қазақ тілін оқыту тұжырымдамасы», »Қазақ тілінің жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты» (бастауыш саты), «Қазақ тілінің 1-4-сыныптарға арналған оқу бағдарламалары», Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілінің типтік бағдарламасы» секілді мемлекеттік деңгейдегі құжаттардың жетекші авторы ретіндегі сіңірген еңбегі ерекше болды. Г.И.Уайсованың жетекшілігімен (әрі авторы) дайындалған 2, 3, 4-сыныптардағы «Қазақ тілі» жаңа буын оқулықтарын бастауыш мектептің мұғалімдері мен әдіскер мамандары қолданып, жоғары бағалап отыр. 12 жылдық мектептің бастауыш сатысына арналған қазақ тілінің мемлекеттік білім стандартын, бағдарламасын дайындауға да белсенді түрде атсалысты. 12 жылдық мектептің 2,3,4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» байқау оқулықтарын авторлық құрамда жазды. Республикалық Оқулық орталығы мен республикадағы жүзден аса тәжірибелік мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері тарапынан бұл байқау оқулықтары да өте жоғары бағаланды. Гүлнар Инаматқызы 1993 жылы «Қазақ мектептерінде ана тілінің лексикасын оқыту әдістемесі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын жоғары деңгейде қорғағанын да ерекше атап өтуге болады. Гүлнар Инаматқызы бастауыш сыныптан бастап қазақ тілін қарым- қатынас құралы ретінде танытуды, мәтін арқылы шәкірттердің байланыстырып сөйлеуі мен сөздік қорын байыту және пәнішілік интеграцияны іске асыру қажет-
121 Гүлнәр Уайсоваға арналады тігін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеген ғалымдардың көшбасшысы болды. Соның нәтижесінде қазіргі танда бұл идея жүзеге асырылып, оқыту жүйесіне толық енді. Ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, жоғары оқу орны оқытушысы болып еңбек еткен жылдарының барлығында да өзінің білімі мен кәсіби шеберлігін шыңдап, республикалық, халықаралық конференциялар мен мерзімді басылымдар арқылы жаңа көзқарастары мен озық тәжірибесін бөлісіп отыратын Г.И.Уайсованың авторлығымен 150-ден аса ғылыми-әдістемелік еңбек жарық көрген: оның ішіндегі 12-сі мемлекеттік деңгейдегі нормативтік құжат, 22 оқулық пен 36 оқу-әдістемелік құрал, 36-сы ғылыми мақала. Шын мәнінде, педагогика ғылымының оның ішінде бастауыш білім беру саласының ерекше өркендеуіне, мәртебесінің биіктеуіне зор үлес қосқан Гүлнар Инаматқызының ұлағатқа толы ұстаздық, ғалымдық өмір жолы кімге де болса ғибрат. Гүлнар Инаматқызының ғылыми көзқарастары, әдістемелік ой-пікірлері мен ұстанымдары бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің сан алуан мәселелеріне қатысты жазылған оқулықтарында, ғылыми мақалаларында жан жақты баяндалғанын оның ғылыми еңбектерінде дәлелденген. Гүлнар Инаматқызы өзінің ғылыми бағыттағы ойлары мен пікірлерін, ұсыныстарын ашық білдіріп, көзқарасын нақты дәлелдейтін – әдіскер-ғалым. Шынында да, қазіргі жоғары оқу орнының педагогтары тек өз пәнінің терең білгірі болуы ғана емес, тарихи танымдык, философиялық, педагогикалық-психологиялық сауаттылықты ғана емес, саяси-экономикалық білімділік пен ақпараттықтық сауаттылықты да талап етілуде. Гүлнар Инаматқызының білім мен ғылым саласында бәсекеге қабілетті маман даярлауда атқарып жатқан игі қызметтері мен дүниетанымдық көзқарастары, шығармашылық қадамдары соның бір дәлелі. Гүлнар Инаматқызы өз саласының білікті де білгір маманы, шебер ұстаз. Әрбір істі аса жауапкершілікпен бағамдай білетін, шәкірттеріне қатаң талап қоя білетін талапшыл жан.
122 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ Жоғары оқу орнында болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау жолында қара нардай адал қызмет етіп келе жатқан ғылым мен білім саласының шынайы жанашыры. Абай атамыз: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», – деген ғой. Сол үш қасиетті де мен Гүлнар апайымның бойынан көре аламын. Гүлнар Инаматқызы – біздің әрқайсысымыздың ішкі сырымызды түсінетін, әрбір қиын сәттерде ақыл айтудан еш жалықпайтын және ашуды ақылға жеңдіре білетін әріптесіміз ғана емес, рухани ұстазымыз. Гүлнар апайымның тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана, сүйікті әже, барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін рухы таза, ой-өрісі биік, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жарататын, жүрегі жылы, көңілі – дарқан адам. Жолдасы өмірден ерте өтіп, өмір сынақтарына бетпе-бет келсе де мойымастан, тағдыр жолындағы сындардан сүрінбей өтіп келе жатқан аяулы да қайсар ана. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне білім беріп қана қоймай, әрбір білімалушының бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін калыптастыруға, шәкірттерінің жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертіп жүрген Гүлнар Инаматқызын мерейлі 70 жас мерекесімен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасында өсіріп отырған ұлдары мен балдай тәтті немерелерінің қызығы мен қуанышын көріп, ұстаздық жолда қанаты талмай, шәкірттерінің алғысына бөлене берсін деп шынайы ізгі тілегімді білдіремін.
123 Гүлнәр Уайсоваға арналады МЕН ҮЛГІ АЛАР ЖАН Гүлбану СӘДУАҚАС, Абай атындағы ҚазҰПУ, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Барлық жағынан үлгі алатын адамдар азайған шақта, алдыңда үлгі көрсетіп, өнеге тұтатын жанның болғаны қандай жақсы! Құдайға шүкір, өмір жолымда жүріс-тұрысымен, іс-әрекетімен, сөйлеген сөздерімен жақсы жаққа бағыттап, тәрбиелеген ұстаздарым көп болды. Сондай адамдардың әрқайсысының жақсы қасиетін өзіме жұқтыра алдым. Ғылымдағы әріптестерімнің бірі, ерекше құрметтейтін Гүлнар Инаматқызы – сондай жанның бірі және бірегейі десем де болады. Гүлнар апай туралы жазу маған оңай болмай отыр. Әдетте бірге оқығандар курстас, бір ұжымда жұмыс істейтіндер жақсы сыйласатын әріптес болып қалуы мүмкін. Гүлнар Инаматқызы – мен үшін орны бөлек адам. Мен білетін сүйікті ұстаз, әдіскер-ғалым, аяулы ана Гүлнар Инаматқызының ғылым жолы да сәтті болды. 1973-1978 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетінде оқып «филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы» біліктілігімен бітіріп шықты. Қазақтың нар тұлғалары К.Аханов, М.Балақаев, М.Томанов, Т.Сайрамбаев сынды ұстаздардан білім алды. Жолдамамен барып бұрынғы Гурьев (Атырау) педагогикалық институтының БОПӘ кафедрасында аға оқытушы болып жұмысқа қабылданды. Аталған институтта екі жыл жұмыс істеген соң, аспирантураға жолдама алды. 1980-1984 жж. Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми зерттеу институтының күндізгі бөлім аспиранты болды. Аспирантураны бітіргеннен кейін, 1984-1990 жж. аталған институттың мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту бөлімінде кіші
124 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1990 жылдан бастап осы кезге дейін Абай атындағы ҚазҰПУ Бастауыш білім беру кафедрасында қызмет етіп келеді. Гүлнар Инаматқызы 1993 жылы «Қазақ мектептерінде ана тілінен лексиканы оқыту әдістемесі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін иемденді. 2007 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры болды. Апайдың қашанда ізденгіштігі, білімінің молдығы, табандылығы, қазақ тіл біліміне деген құштарлығы әр кезде-ақ көрініс тауып, бір-біріне үнемі сабақтасып жатады. Әдіскер-ғалым 1998 жылдан 2018 жылға дейін қолданыста болған бастауыш сынып «Қазақ тілі» оқулықтарының авторлық топ жетекшісі және сол жылдардағы бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты мен Қазақ тілі бойынша оқу бағдарламаларының авторларының бірі болды. Білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін әрқашан сапалы оқулық қажет болса, пән оқулықтарын түзу үшін, ғалымның не маман педагогтің қолына құлшынып қалам алуы ғана жеткіліксіз. Іс жүзінде атына заты сай оқулық жазу – орасан қиын іс, ал оған қойылатын талаптар – өз алдына бір ғылым. Оқулық теориясын, оқулық жазуға қойылатын дидактикалық талаптарды үңіле зерттеп, сол негізде жазбақшы оқулығына қатысты тыңғылықты әзірлік жұмысын жүргізбей тұрып, кім де болса, төтеден киілігіп, сапалы оқулық жазып шығам десе, онысы – күпіршілік деп айтар едім. Француз педагогі А.Шоппе: «Оқулық – ұлтты қалыптастырушы феномен», – деп бекер айтпаған. Оқулық жазудың машақатын басынан өткерген әйгілі ғалым, академик А.Колмогоров оның қиындығын жаңа бір реактивтік ұшақ құрастырып шығумен теңеген екен. Әсіресе, еліміз егемендік алып, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болғаннан кейін дамыта оқыту идеясына негізделген тың тұрпатты жаңа буын оқулықтарын мектепке енгізудің саяси жағынан да әлеуметтік-экономикалық жағынан да оңтайлы болғанын уақыт көрсетті. «Ел болам десең, бесі-
125 Гүлнәр Уайсоваға арналады гіңді түзе» деп М.Әуезов айтқандай, мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтап тұруы, қауіпсіздігі үшін бүгінгі оқушылардың санасын қалыптастыру мақсатында жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері дүниеге келді. Осы кезеңде белгілі әдіскер-ғалымдар Г.И.Уайсова, А.Е.Жұмабаевалардың авторлығымен бастауыш сыныптарға арнап жазылған «Қазақ тілі» оқулықтарының маңыздылығы ерекше болды. Олай дейтін себебіміз, оқу-тәрбие үдерісінде оқушы тұлғасының қалыптасуы ана тілі арқылы жүзеге асырылатындықтан «Қазақ тілі» оқулықтарына қойылатын талаптар да жоғары болатын. Бұл оқулықтардың ерекшелігі, біріншіден, бұрынғы оқулықтарда «Сөйлеу» тарауы өзге тақырыптардың ең соңында оқытылатын болса, енді «Мәтін» тақырыбына жалғас «Сөз», «Сөз таптары» тақырыптарынан бұрын өтілетін болды. Тақырыптардың бұлай орналасуы «Сөйлемге» қатысы берілген білімді кейінгі тақырыптарды оқыту барысында бекітіп, кеңейте түсуге, әрі оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамытуға мүмкіндік береді. Екіншіден, оқулыққа «Тіл және сөйлеу» тақырыбы енгізілді. Мұнда тіл адамдардың өзара сөйлесу, түсінісу, пікір алысу құралы екенін байқатуға арналған жаттығулар, сөйлеудің тек адамға ғана тән құбылыс екенін аңғарту т.б. мақсатындағы тапсырмалар берілді. Яғни тіл және сөйлеу туралы іс жүзілік тұрғанда қарапайым түсінік қалыптастыру мақсаты қойылды. Сонымен қатар оқулыққа «Мәтін» тақырыбының енгізілуі оқушылардың сөйлеу дағдысы мен машығын қалыптастырудың негізгі бола отырып, өтілген тілдік құбылыстың лексикалық және грамматикалық жақтарын тереңірек түсініп, талдай, жинақтай білуіне, олардың өзара бірлікте болатынын аңғартуға мүмкіндік береді. «Мәтін» тақырыбында оның не екені туралы алғашқы түсінік беріліп, одан әрі мәтіннің бөліктері, түрлері іс жүзілік тұрғыда ғана таныстырылады. Мәтіндегі ойды анықтау, оған ат қойғызу, мәтіннің әр бөлігі қандай жолдан бастап жазылатынын байқату; тірек сөздер, берілген тақырып бойынша мәтін құрату жұмыстары ұсынылды. Мәтінмен жұмысты, яғни оқушылардың сөйлеу
126 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ (жазу) дағдыларын дамыту ісін оқу жылы бойында үздіксіз жүргізу көзделді. Бұрынғы оқулықтарда «Сөз» тарауы аясында сөз құрамы туралы тақырыптар қарастырылатын да, сөз мағыналарымен жұмыс жүргізу мүмкіндігі ескерілмейтін еді. Енді жаңа оқулықта «Сөз» тақырыбы бойынша сөздің белгілі бір заттың, сын-сапаның, қимылдың т.б. атауы екенін, әрбір сөздің өзіне ғана тән мағынасы болатынын, сөз мағыналары әр алуан екенін (мәндес, қарама-қарсы, ауыспалы, т.б.) аңғарту мақсатында тапсырмалар мен жаттығулар ұсынылды. Сондай-ақ жаңа оқулықтарда жаттығулардың мағлұматтық, танымдық мазмұнына да ерекше мән берілді. Белгілі ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан граматикалық тапсырмалар барынша мол пайдаланылды. Бұл оқулық өзінің өміршеңдігін көрсете білді және ұзақ уақыт бойы қазақ балаларының сөздік қорын байытып, білімін шыңдады. Мен өзім жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша жазылған «Сауат ашу», «Қазақ тілі», «Ана тілі» оқулықтары авторларының бірі ретінде ұстаздарыммен (Г.И.Уайсова, А.Е.Жұмабаева) бірге жұмыс істеу бақыты бұйырғанын ерекше алғыспен еске аламын. Алғаш рет ұстаздарым маған оқулыққа автор болуға ұсыныс білдіргенде, менің ұзақ жылдар мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасағанымды ескерсе керек. Оқулық жазудан хабары жоқ, бірақ құштарлығы басым мен бірден келістім, алайда оқулық жазу табандылықты, уақытты алатынын ол кезде білмейтінмін ғой. Кейде жұмыс уақыты аяқталған соң үшеуміз керекті материалдарды іріктеп, ұзақ уақыт отырып қаламыз. Бұндайда мен шыдай алмай, шаршағанымды айтып кетіп қалатынмын. Ондай кезде маған күліп қойып, біраз уақыт жұмыс жасайтындықтарын айтып, бастаған істерін жалғастыра беретін. Үйге келіп кейінірек хабарласқанымда, әлі жұмыс істеп отырғандықтарын айтқанда қатты қысылатынмын. Олардың бағыт-бағдар берулерінің арқасында оқулық жазудың қызығы мен қиындығын біртіндеп меңгере бастадым десем де болады. Менің алғаш рет авторлық құрамда (А.Е.Жұмабаева,
127 Гүлнәр Уайсоваға арналады Г.И.Уайсова) жазуға қатысқан оқулығым – «Сауат ашу» болды. «Сауат ашу» пәні оқу-әдістемелік кешенінің мақсат-міндеттері, мазмұны мен құрылымы оқушылардың оқушылардың тілдік сауаттылығын қалыптастыруға бағытталды. Бұл тілдік дағдыларды қалыптастыруда сөйлеу әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) мақсатты түрде жүзеге асыру маңызды болып табылады. Оқушының алған білім, біліктерін өмір жағдайына қолдана алуға мүмкіндік беретін тілдік дағдылардың түрлері және мазмұнын (диалогтік сөйлеуі, көпшілік алдында сөз сөйлеуі, жазбаша қарым-қатынас, топтық қарым-қатынасқа түсе алуы) меңгеру көзделді. Оқулықта көлемді жерді алып тұрған да – тыңдалым материалдары болды. Диктор арқылы үнтаспаға жазылған тыңдау мәтіндері тек білімділік мақсатты ғана жүзеге асырмайды, сонымен қатар мәнерлеп сөйлеудің үлгісі бола алады. Демек, бала тілді алдымен тыңдап, қайталап айтады, сөз мағынасын түсіне бастайды, уақыт өте келе сөздік қоры байиды, оқиды және жазады. Оқулықта көлемді орынды алып тұрған «тыңдалым» материалдарына қатысты ата-аналар тарапынан «Сауат ашу» оқулығы әріп үйретпейді, кітапты ашқан бойда бала бірден оқып кетуі керек екен, бірінші әріп үйренбей ме? деген сияқты түсінбеушіліктер болды. Оқулықта «тыңдалым» материалдарының берілу себебі – кейде техникалық ақауларға байланысты (жарықтың сөнуі, тыңдатқыш құралдардың істен шығуы т.б жағдайларда) мұғалім өзі оқып беру үшін берілді. «Сауат ашу» оқулығы баспадан шығып, қолданысқа енгенде сын да айтылып жатты. Кейде орынды, орынсыз айтылған сындар адамның жүйке жүйесіне салмақ салатыны бар. Ондай сынды алғаш рет естігенде қатты абыржып, ашуланып, бәрін тастап ендігәрі оқулық жазбайтындай болғаным да рас. Сол кезде осы апайларымның сабырлылықтарына, өз ісінің нағыз мамандары екендіктеріне тағы көзім жетті. Берілген сынға дәйекті жауаптарын жазып, түсіндіріп, кейін сол адамдар оқулық мазмұны мен құрылымын түсінген соң, айналасындағыларға оқулықтың жай ғана кітап емес, оның
128 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ құрылымдық ерекшеліктері болатынына тоқталып, түсіндіріп айтқанын көргенде қуанғаным рас. Кейінгі жылдары жаңартылған мазмұндағы оқытылып жүрген 2-4 сыныптарға арналған «Қазақ тілі» (А.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақас) оқулықтарында тілдік оқу материалдары идеялық-тақырыптық, көркемдік-эстетикалық қағидалар негізінде жүзеге асырылған. Оқулықтың тек пәндік білім мен білік қана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталуы да оның ерекшелігі болып саналады. «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес оқулық оқу материалдарының негізіне тілдік білім және сөйлеу алынған. Қазақ тілін оқытуда сөйлеу аспектісіне ерекше мән беріліп, тіл және сөйлеу бірліктері (сөз, сөйлем, мәтін), кез келген грамматикалық категория (сөз құрамы, сөз таптары, сөйлем мүшелері) оқушылардың сөйлеу әрекетін дамытуға бағытталып сұрыпталғанын көреміз. Оқулықтағы (сұхбат алу; құттықтау және шақыру қағаздарын, нұсқаулық, хабарландыру жазу; мәтіннің тірек сөздерін табу; тірек сөз бойынша мәтін құрастыру; ұсынылған көрнекілік бойынша мәтін мазмұнын баяндау) сияқты оқу тапсырмалары балаларды жазбаша қарым-қатынасқа үйретуге бағытталған. Ал зерттеушілікке үйрету мақсатында берілген «Біздің жобамыз» айдары бойынша материалдар оқушылардың өздігінен ізденіп, дереккөздермен жұмыс істей алуына негізделіп берілген. 2021 жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Ана тілі» оқу-әдістемелік кешенін жазу барысында да Гүлнар Инаматқызымен авторлық құрамда бірге жұмыс жасадым. Әдіскер-ғалым Г.И. Уайсованың жетекшілігімен жазылған «Ана тілі» оқулығы (Г.Т.Сәдуақас, А.Бесірова) интеграцияланған оқулық болғандықтан, онда әрбір тақырып оқу мәтіндерінен басталып, одан әрі соған орайластырыла грамматикалық тақырыпқа қатысты жаттығулар мен тапсырмалар берілген. Мұндай тапсырмалар арқылы бағдарламадағы оқу мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, оқушылардың өзіндік ойлауын дамыту, өз ойларын емін-еркін жеткізуге үйрету көзделген. Оқулықта берілген тапсырмалар оқушы-
129 Гүлнәр Уайсоваға арналады лардың жаңа ақпаратты алдын ала ойланып, саналы түрде меңгеруіне қолайлы етіп жасалған. Мәселен, «Дыбыстар мен әріптер» тақырыбында бірінші жаттығуда сурет бойынша жұмыс жасап, табиғатта әр алуан дыбыс болатыны байқатылса, екінші жаттығуда сол дыбыстар мен тіл дыбыстарының ерекшеліктері туралы қысқа ғана түсінік беріледі. Солар арқылы оқушылар жаңа ақпаратты қабылдап, өздіктерінен қорытынды жасайды, содан соң ғана ереже беріледі. Одан кейін берілген ұғымды бекіту жаттығулары (мұнда оқушыны ойлантатын, өздіктерінен ізденіске түсіретін тапсырмалар т.б.) бала жасына орай ұсынылған. Осындай жүйе оқулықтың өн бойында жалғасын тапқан. Оқулықтағы «Айт, құрастыр», «Ойлан, тап» шартты белгісімен берілген шығармашылық тапсырмалар мен жаттығулар оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Гүлнар Инаматқызының оқулық жазуда көрген-түйгені, тиянақтылығы және тәжірибесінің молдығы әр кезде байқалып тұрады. Апай ширақ, ісіне өте жауапты, жұмысты созып жүрмей тез аяқтағанды жақсы көреді. Кейде оқулыққа байланысты редактордың ескертпесі бола қалса, бізге қалдырмай өзі-ақ барып бар шаруаны тындырып тастайтын. «Ана тілі» оқулыған жазу барысында үлкен, көлемді материалдарды бала тіліне жақын, оқығанда түсінікті, жып-жинақы етіп ықшамдау да сол кісінің мойнындағы жұмыс еді. Бұл кісінің тағы бір қасиеті оқулық жазу барысында берген идеяңды жандандырып, әрқандай өзгерістер мен түзетулер енгізіп, бір ізге түсіріп, әдемі етіп үйлестіре білуінде. Біз кейде кейбір сөздердің жазылуына қатысты дау туғанда немесе авторлар туралы ақпаратты интернеттен тауып жаза саламыз. Ол кісі арнайы сөздіктерді қарап, интернеттегі ақпаратпен салыстырып, оқулыққа берілген материалдың қатесіз жазылуына барынша назар аударатын. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған, оның әзірлеген әдістемелік еңбектері қазіргі уақытта мектеп практикасында кеңінен қолданыс табуда. Бүгінде Гүлнар Инаматқызы тек мектеп оқулықтарының ғана авторы емес, әдіскер-ғалымның бастауыш оқыту педа-
130 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ гогикасы мен әдістемесі мамандығы студенттеріне арналған «Лексикологияны оқыту әдістемесі» (2005 ж), «Қазіргі қазақ тілі» (2007 ж), «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» (2013 ж), «Шағын жинақты мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен әдістемесі» (Ж.Астамбаева) (201 2ж), «Шағын жинақты мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі» (Г.Сәдуақас), «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» (Ә.Жұмабаева) (2019 ж), «Қазіргі қазақ тілі негіздері» (2023 ж) оқу құралдары республика көлемінде пайдаланылуда. «Ұлық болсаң, кішік бол» деген қазақтың мақалы апайға арналғандай. Туысына мейірімді, қолы ашық, барымен бөліскісі келіп тұратын – аяулы жан. Екі ұлынан немерелер сүйіп, солардың қызығын көріп отыр. Гүлнар апайдың туысқаншыл екендігін үйіне келіп-кетіп жатқан қонақтардан білуге болады. Қай кезде хабарлассаң да не өзі қонаққа бара жатады немесе үйіне қонақ күтіп жатады. Ағамыз өмірден ерте өтсе де, сол кісінің туыстарын бауырына тартып, өмірдің әр түрлі белестерінде бірге жүр. Гүлнар апай туралы айта беруге болады... Гүлнар апай, бүгінде еткен еңбегіңіздің нәтижесі кафедра ұжымының, өзіңіз дәріс берген студенттер мен ғылымға қанат қақтырған ғалым-шәкірттеріңіздің тарапынан жасалатын риясыз сыйласымдылықтан, шексіз құрметтен толық аңғарылады. Үлкен ғылым ордасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Бастауыш білім беру кафедрасының жетекшілігімен көрнекті тұлғалардың өмірі мен ғылыми еңбектерін насихаттауға арналған «Тағылымды тарих» сериясының бір басылымының, Сізге арналуы ‒ осы айтқанымыздың дәлелі. Ғылымдағы көзқарастар қайшылығына бола адами қатынасына селкеу түсіретін пенделік, ұсақтықтардан биік тұрудың да шынайы үлгісін әр қадамыңыздан көруге болады. Ақырын жүріп, анық басуға дағдыланғансыз. Үлкенді үлкендей көріп сыйлап, кішіге көрсетер қамқорлығынан жаңылмайтын, Гүлнар Инаматқызы, туған күніңіз құтты болсын!
131 Гүлнәр Уайсоваға арналады ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ Ақтоты АҚЖОЛОВА, Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к. Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға, Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға. АБАЙ Ұстаздық – киелі де қасиетті мамандық. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы да – ұстаздық. Ұстаз шәкірт жүрегіне жол тапқан, жүрегі бала деп соққан мейірбан жан. Өз білімі мен білігін жас буынды тәрбиелеуге арнаған адам. Қалай десек те, ұстаздық – ауыр да бейнеті мен зейнеті қоса жүретін сара жол. Қандай да бір елдің азаматтары неғұрлым білімді болса, сол елдің шоқтығы қашанда биік болатындығы белгілі. Сондай азаматтарға білім шуағын сеуіп, тәрбиелейтін де – ұстаздар. Ахмет Байтұрсыновтың «Мектеп керектері» еңбегінде былай делінген «Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы». Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді педагогика, методикадан хабардар жақсы оқыта білетін мұғалім. Адам тәрбиелеу өте қиын шаруа. Оны бір рет отыз баламен сабақ өткізіп көрген адам ғана түсінеді. Атақты педагог ғалым В.А.Сухомлинский: «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану. Адамның күрделі және қызықты, шым-шытырлығы мол рухани жан
132 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ дүниесіне үңіле беру. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүктеп ұға білу болып табылады», - деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген. Осы аталған қасиеттерді бойына дарытып, Ұстаз деген ұлы атқа лайық бола алған әдіскер ғалым апайымыз Гүлнар Инаматқызы туралы мерейтойы қарсаңында жылы лебіз білдіруді жөн санадық. Белгілі әдіскер ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Уайсова Гүлнар Инаматқызы 1954 жылы 10 ақпанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған аулында дүниеге келген. 1971 жылы Қарабау орта мектебін бітірген. Бір жыл «Энгельс» атындағы совхозда жұмыс істеп, 1972 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің даярлық курсына қабылданып, 1973 жылы осы университеттің қазақ филологиясы факультетіне оқуға түседі. 1978 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетін филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы біліктілігімен бітіреді. Ол өзінің еңбек жолын сол жылы жолдамамен Гурьев (Атырау) педагогикалық институтының БОПӘ кафедрасында аға оқытушы болып бастады. Аталған институтта екі жыл жұмыс істеген соң, аспирантураға жолдама алады. 1980- 1984 жж. Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми зерттеу институтының күндізгі бөлім аспиранты болып, аспирантураны бітіргеннен кейін, 1984-1990 жж. аталған институттың мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. 1990 жылдан бастап осы кезге дейін қарашаңырағымыз Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Бастауыш білім беру кафедрасында қызмет етіп келеді. Ол -бастауыш білім беру мамандарын даярлауда үлкен еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз ғалым. Гүлнар Инаматқызы 1993 жылы профессор А.Т.Қайдаров-
133 Гүлнәр Уайсоваға арналады тың жетекшілігімен сол кездегі Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің арнайы диссертациялық Кеңесінде «Қазақ мектептерінде ана тілінен лексиканы оқыту әдістемесі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты. Оған 2007 жылы Абай атындағы ҚазҰПУдың бастауыш білім беру кафедрасының профессоры атағы берілді. Ғалымның жүзден астам еңбегі жарық көрген. Оның ішінде Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының бакалавр, магистрант дайындау бағыттары бойынша ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, бағдарламалары, типтік бағдарламалары, жоғары оқу орындары студенттеріне арналған «Лексикологияны оқыту әдістемесі», «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» атты оқу құралдары бар. Ғалымның көптеген оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдары республика көлемінде кеңінен сұранысқа ие. - Қазіргі қазақ тілі (1-бөлім) ҚазҰПУ, 2007 - Қазіргі қазақ тілі (2-бөлім) ҚазҰПУ, 2007 - Шағын жинақты мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен әдістемесі. – Алматы, 2012. - Қазіргі қазақ тілі негіздері. «Lem» баспасы, 2018. - Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Қарағанды, «Meder Group» ЖШC, 2019. Әдіскер ғалымның бастауыш сыныптарға арналған мектеп оқулықтарын жазу ісінде де еңбегі бір төбе. Авторлар бірлестігімен бірге 1998 жылдардан бастап, «жаңа буын» оқулықтарының соның ішінде, бастауыш сыныптарға арналған «Қазақ тілі», «Ана тілі» оқулықтарын жазып, мектеп оқушыларының сауатын ашу ісінде де алдыңғы қатарда болды. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жазылған төл оқулықтарының бұған дейінгі жазылған оқулықтарға қарағанда жетістіктері көп болды. Профессор ұстазымыз 26
134 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ жылдан бері осы бастауыш сыныптарға арналған оқулықтар жазудың майталман шеберіне айналып, мектеп мұғалімдеріне арналған «Диктанттар жинағы», «3-кластың Қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау», «Қазақ тілінен дидактикалық материалдар (3-сынып)», «Қазақ тілі оқыту әдістемесі (Жалпы білім беретін мектептің 4-сынып мұғалімдеріне арналған)», «Мәтінмен жұмыс жасауға арналған дидактикалық материалдар (Қазақ тілі 2-4 сыныптарға арналған әдістемелік құрал), т.б. көптеген оқу-әдістемелік құралдар жазды. Сонымен қатар Гүлнар Инаматқызы бастауыш сыныпта морфологияны тұлғаға бағдарлап оқыту тақырыбындағы ғылыми-зерттеушілік жұмыстарымен де үзбей айналысып келеді. Оның дайындаған ғылым кандидаттары мен философия докторлары (РhD), магистранттар шет елдер мен республикамыздың түкпір-түкпірінде қызмет етіп жүр. Г.Уайсованың жетекшілігімен шәкірті Жұмабаева Жазира Аманжолқызы «Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту» атты докторлық диссертациясын сәтті қорғап, қазіргі таңда жас ғалым осы оқу жылында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыратын ғылыми-жобасын жеңіп алып, зерттеу жұмысын орындауда. Гүлнар Инаматқызы «Ізгілік шапағатымен, ақыл-парасатымен танылған ұстаз» атты көрнекті ұстаз, профессор, бастауыш мектептегі қазақ тілін оқыту мәселесінің теориялық, әдістемелік, әдіснамалық мәселелерін зерттеу бағытында өзіндік ғылыми мектеп қалыптастырған Сағира Рахметоваға арналған естелік мақаласында 1990 жылдың қоңыр күзінде ақ Жайықтың ару қызын кафедраға жұмысқа келуге шақырғанда «кандидаттық диссертациямды әлі қорғаған жоқпын деп жүрексініп жүрген кезінде, қорғамасаң, қорғайтын боласың, қорғатамыз» деген Сағира апайдың сөзі қанат бітіріп, қуаттанып, бәріне үлгергені айтылған екен. Содан
135 Гүлнәр Уайсоваға арналады бері жылдар өтсе де Абай университетіндегі «Бастауыш білім беру» кафедрасында аға оқытушылықтан, профессор деңгейіне көтерілген абыройлы, жастарға үлгі болатын еңбек жолы, қаншама аққан тер, еткен еңбек жатыр. Осындай парасатты алдыңғы толқын аға, апалардың ізін жалғастырып, олардан көргені мен тоқығанын артынан ерген әріптес іні-сіңілдеріне үйретіп келе жатқан жайы бар. Кафедраға алғаш келгеннен Гүлнар апайдың кішіге деген сыйластығын, қолындағы барымен, жиған-терген білімімен бөліскісі келіп тұратын шынайы қамқорлықты, жылы жүректі байқайсың. Гүлнар Инаматқызының асыл жары халқы «ақұдай, айналайынын» тастамайтын Арал, Қазалы өңірінен болғандықтан кейде жеңеше деп еркелеп, кейде шешіліп сырыңды айтатын сіңлі болып та, сырлас жанға айналасың. Гүлнар Инаматқызы – отбасында көзінің ағы мен қарасындай екі ұлын ер жеткізіп, аяқтандырып, бүгінде немерелерінің балдырлаған бал тілін қызықтаған асыл әже, аяулы ана. Бар өмірінің мәні жастарды оқу мен тәрбиеге баулуға арнаған аяулы ұстаз. Еңбек жолында Гүлнар Инаматқызы әдіскерлік шеберлігін де шыңдай түсті. Студенттерді оқыту мен тәрбиелеуде үнемі жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып, мұғалімдердің шығармашылық ізденісін дамытуға баса назар аударды. Жастар еңбегінің тиімділігін арттыру мәселесіне де жете көңіл бөлді. Сол жолда сәтті дүниелерді өмірге әкелу үшін профессор үлкен ғылыми тұрғыда негізделген жоспар құруға аса мән беретін. «Жақсы идея болмайынша, жемісті іс болмайды» деген қағидамен сабақтың жаңа үлгілерін өмірге енгізіп, барлық істі халық педагогикасымен, түрлі заманауи озық технологиялармен байланыстыра жүргізді. Әр шәкірт жүрегінен жол тауып, әрқашан олар тарапынан ыстық ықыласқа бөленіп отырды. Соның нәтижесі ретінде «Үздік ұстаз» төс белгісімен марапатталды. Ол – «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбел-
136 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ гісімен, ҚР БжҒ министрінің «Құрмет грамотасымен», ҚР білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін БжҒ министрінің алғысымен марапатталған ғалым ұстаз. Қазақ халқы – әу бастан тәрбиеліден тәлім, ғалымнан ғибрат, өнерліден өнеге алып, баланы болашағымызға балаған, ұрпақ тәрбиесіне, ұлт келешегіне ерекше көңіл бөлген ел. Ендеше, қаншама шәкіртті ізгілікке баулып, абзал қасиеттерімен жан-дүниемізді парасат-пайым өрісіне жетелеген Гүлнар Инаматқызының білім нұрының қызметшісі болуымен қатар, әр кеудеге ізгілік шамын жағатын лаулаған жалын иесі екеніне әрбір оның алдынан өткен жүректер куә. Жаны жайсаң, шындықтың шыт пердесін ту етіп көтерген, қайсар да турашыл ұстаз бүгін өз шәкірттерімен бірге тыныстап, олардан байланысын үзбеген. Олай болса, ұстазымыз Гүлнар Инаматқызы Уайсова міне, 70 жастың жотасына көтерілді. Жай көтеріліп қана қойған жоқ, жолында кездескен небір ауыр қиыншылықтардың жүгін мойымай көтеріп, өзіне бағындыра білді. Әрдайым өскелең жас ұрпақтың болашағын ойлап жүретін ғалым ұстаз Гүлнар Инаматқызын осынау мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, мол шығармашылық табыстар тілеймін.
137 Гүлнәр Уайсоваға арналады ГҮЛНАР АПАЙҒА Гүлнара ОМАРОВА, Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы, PhD Ата жұрт – Атыраудың атырабы, Тайсойған – текті дала топырағы Тудырған тәлімді қыз бүгінгі күн Гүлзар боп жайқалады жапырағы. Тамсанып табиғатқа, жан-жағына, Қарабау-қара шаңырақ қалды ауылда. Қаймағын қазақ тілдің қалқып жаттап, Асықты Алатаудай арманына. “Тәліммен тал бесіктен тел өскен” деп Есті қыздың еңбегін ел ескермек. Ғылым сүйіп, ғибратты ғалым болып Алынған талай қамал, белестер көп. Оқулық – оқ жетпейтін білім -десте Сақтайтын ұлылардың үнінде есте, Өзіндік өрнекпенен қосылдыңыз Ғажайып ғұмыр беріп, ғылым- көшке! Байыппен үн қатасыз баяу ғана, Салмайсыз сұхбаттасқа қаяу -жара. Түтіні түзу шыққан отбасында Атанып асыл әже, аяулы ана! Келін боп Сыр -Алаштың анасына, Оқулық жазып қазақ баласына Тарихта қалсын алтын әріптермен Атыңыз аңыз болып даласына! Ие боп болашақтың бағасына!
138 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ СУРЕТТЕР СЫР ШЕРТЕДІ
139 Гүлнәр Уайсоваға арналады Әдіскер-ғалым, п.ғ.к., профессор УАЙСОВА Гүлнәр Инаматқызы – 70 ЖАСТА ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ
140 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ 140 Гүлнәр Уайсоваға арналады Гүлнәрдің ата-анасы Гүлнәрдің бала кезі, 1969 Анасы Забира, Арал, Руслан Гүлнәр, Тілеухан және әкесі Инамат пен Арал 1983
141 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХГүлнәр Уайсоваға арналады СТУДЕНТТІК КЕЗЕҢ 3 курс, 1976 1 курс, 1973 5 курс, 1978
142 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ 142 Гүлнәр Уайсоваға арналады Інілері Ерболат, Қалқаман Гүлнәр Уайсова – жұбайы Тілеуханмен
143 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХГүлнәр Уайсоваға арналады Ұлдары Арал, Әсет Ұлы Арал, немерелері Назерке мен Әлия Келіні Дариға, немерелері Дархан, Айнара
144 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ 144 Гүлнәр Уайсоваға арналады Достарымен бірге , 2020 ж. Тілеухан, Гүлнәр, Клара 2004 Жазушы Қадірбек Сегізбаев
145 Гүлнәр Уайсоваға арналады 145 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ Конференцияда, Анкара қаласы Ұжыммен табиғат аясында Шәмшия Көпбаевамен
146 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ 146 Гүлнәр Уайсоваға арналады Сағира Рахметқызының тойында Республикалық олимпиадада Әріптестері Гүлнәр мен Әзия Институт алдында
147 Гүлнәр Уайсоваға арналады ҰСТАЗ ШӘКІРТ КӨЗІМЕН
148 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН ҒАЛЫМ Рабиға Отарбайқызы ІЗҒҰТТЫНОВА, «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының» жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Менің Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми зерттеу институтына қызметке тұрып, ғылыми жолға түсуіме себепкер болған адамның бірі – Уайсова Гүлнар Инаматқызы. Содан бері (1990 ж) осы апаймен бірге бастауыш сыныптың «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша стандарттары мен бағдарламаларын жасауға қатыстық. Гүлнар Инаматқызы осы бағытта жаңашыл маман ретінде жан-жақты танылған ғалым десем артық емес. Гүлнар Инаматқызы бастауыш сыныптан бастап қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде танытуды, мәтін арқылы шәкірттердің байланыстырып сөйлеуі мен сөздік қорын байыту және пәнішілік интеграцияны іске асыру қажеттігін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеген ғалымдардың көшбасшысы болды. Атап көрсетсек, еліміз егемендік алғаннан кейін білім беру мазмұнын ұлттық-этнопсихологиялық тұрғыда жаңарту мәселесі қолға алынды. Осы бір аса жауапты міндетті атқаруға білім беру мазмұнымен айналысып жүрген көптеген әдіскер-ғалымдар атсалысты. Солардың қатарында Г.И.Уайсованың еңбегін ерекше атаған жөн. Гүлнар Инаматқызы жаңа буын оқулықтарын әзірлеу барысында жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің тұжырымдамасын, жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, сауат ашу, қазақ тілі оқу
149 Гүлнәр Уайсоваға арналады бағдарламаларын жаңаша қөзқараспен, тың идеяларлармен, ғылыми жаңалықтармен шығармашылық тұрғыда дайындау жұмыстарына белсене қатыстып, үлкен үлесін қосты. Ғалым Г.Уайсованың «Жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін» әзірлеуде бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасына қосқан нақты ғылыми жаңалықтарын айтар болсақ, біріншіден, «Тіл және сөйлеу»; екіншіден, «Сөз мағынасы»; үшіншіден, «Мәтін» тақырыбының енуі болып табылады. Қазіргі уақытта бұл идея іске асырылып, оқыту жүйесіне толық еніп, білім беру мазмұны жағынан, әдістемелік-инновациялық тұрғыдан өңделу, толықтыру, жаңартылу мәселелерімен өміршеңдігін байқатып отыр. «Мәтінмен жұмыс оқушылардың сөйлеу дағдысын мен біліктілігін, тілдік обьектінің лексикалық және грамматикалық жақтарын тереңірек түсініп, талдай және жинақтай білуге, олардың өзара бірлікте болатынын аңғаруға мүмкіндік береді», - дейді ғалым. Тілдік материалдарды мәтінмен жұмыс арқылы меңгертуде орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесінің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық сипаты ескеріліп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге аса мән берілгенін байқауға болады. Қысқаша айтқанда, оқушылар ана тілінің нәзік иірімдерін, тілдің терең мағынасын, сөз даналығын, танымдық-сезімдік жақтарын жан-жақты ұғынып, ана тілінде еркін, сауатты, мәнерлі, дәлме-дәл, әсерлі де жүйелі сөйлей білуіне күш салынады. Бір байқағаным, Гүлнар Инаматқызы туралы «сауатты, мықты филолог» деген теңеу сөз көп айтылады. Әлбетте, бұған ғалымның ізденімпаздығы, жаңашылдығы, еңбекқорлығы, шығармашылығы дәлел бола алады. Гүлнар Инаматқызы Уайсованың тәлімгерлік еңбегін атап айтуды жөн көремін. Әріптес ретінде, ғылыми жетекшім ретінде Гүлнар апайдың осы кәсіби, адами қасиеттерін жоғары бағалаймын. Өйткені біздерді тұжырымдама, стандарт, оқу бағдарламаларын әзірлеу барысында авторлық құрамға
150 ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ қосып, айтып-үйрету, түсіндіру-іздендіру жағынан көп пайдасын тигізіп, ғылыми-шығармашылық істерге тартуда терең адами қасиетін, жағымды үлгі, мол тәжірибе көрсетіп келе жатқан тұлға. Ғалым Уайсованың бойында кеңпейілділік, адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, жанашырлық адами қасиеттері қашанда әрбір іс-әрекетінен, адамдармен қарым-қатынасынан, шығармашылық еңбектерінен көрініс тауып, айналасын тәнті етіп жүреді. Гүлнар Инаматқызы, еңбегіңіз еселі, мерейіңіз үстем бола берсін! Сізге деген шәкірттік алғысымыз шексіз! Деніңізге саулық, шығармашылық шабыт, отбасыңызға бақыт пен береке тілеймін! ҰСТАЗЫМА Эльмира УАЙДУЛЛАҚЫЗЫ Қауымдастырылған профессор, PhD доктор Жүрегі кең, жаны жомарт, өрелі, Әппақ қардай, тым өзгеше Әлемі. Ұстаздықтың ұлы жолын таңдаған Гүлнар апай қандай көркем, әдемі. Әлі есімде ең алғаш рет көргенім, Студентпіз, үлгі ететін көргенін. Нәп-нәзік болмысы мен мінезі Баурап алды шәкірттердің жүрегін. Қазақ тілін, мәнін, құнын санамызға сіңірген, Әрбір шәкірт әлеміне үңілген. Жан-дүниесі жаңа туған сәбидей Тазалығы нұр жүзінен төгілген. Үлесі мол, қосқан ғылым-білімге, Мақсаты айқын, арманы асқақ өмірде.