The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Кешірімділік – адам бойындағы жақсы қасиет, пенде біткенге құрметпен, ізгілік тұрғыдан қарау. Адамгершілік, имандылық сияқты гуманистік ұғымдарға мәндес категория. Адамның оқыс істері мен қоғамға зиянды іс-әрекет жасағаны анықталғанда, оған адами тұрғыдан кеңшілік жасап, залалды істерінің мән-жайын түсіндіру, гуманистік қамқорлық жасау, кеңшілік көрсету – Кешірімділік болып табылады. Мемл. жоғары билік орындары зиянды әрекеттермен, қылмысты істермен айналысқан адамдарға лайықты жаза қолданумен бірге, оны қайта тәрбиелеп жөнге салуға барады. Оларға кешірім жасалады. Күнделікті тұрмыс-тіршілікте қателесіп, іс-әрекеттерінде жіберген жағымсыз қылықтары үшін де адамға Кешірімділік жасалып, оған дұрыс жөн-жосық көрсетіледі. Айыбын мойнына алған, қатесін дұрыс сезініп, оған өкініш білдіретін адамға да Кешірімділік жасалады. Кешірім сұрау – әрбір адамның өзі жіберген қатесін ой-санасымен сезініп мойындауы оның мінезіндегі ерлігі мен батылдығын білдіреді. Кешірімділік – қоғамдағы азаматтардың болашағына сенім артып, оның саналы түрде тәлім-тәрбие алуына қамқорлық көрсетудің көрінісі.

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by ayushagulnur947, 2023-11-27 07:48:16

Кешірімділік

Кешірімділік – адам бойындағы жақсы қасиет, пенде біткенге құрметпен, ізгілік тұрғыдан қарау. Адамгершілік, имандылық сияқты гуманистік ұғымдарға мәндес категория. Адамның оқыс істері мен қоғамға зиянды іс-әрекет жасағаны анықталғанда, оған адами тұрғыдан кеңшілік жасап, залалды істерінің мән-жайын түсіндіру, гуманистік қамқорлық жасау, кеңшілік көрсету – Кешірімділік болып табылады. Мемл. жоғары билік орындары зиянды әрекеттермен, қылмысты істермен айналысқан адамдарға лайықты жаза қолданумен бірге, оны қайта тәрбиелеп жөнге салуға барады. Оларға кешірім жасалады. Күнделікті тұрмыс-тіршілікте қателесіп, іс-әрекеттерінде жіберген жағымсыз қылықтары үшін де адамға Кешірімділік жасалып, оған дұрыс жөн-жосық көрсетіледі. Айыбын мойнына алған, қатесін дұрыс сезініп, оған өкініш білдіретін адамға да Кешірімділік жасалады. Кешірім сұрау – әрбір адамның өзі жіберген қатесін ой-санасымен сезініп мойындауы оның мінезіндегі ерлігі мен батылдығын білдіреді. Кешірімділік – қоғамдағы азаматтардың болашағына сенім артып, оның саналы түрде тәлім-тәрбие алуына қамқорлық көрсетудің көрінісі.

Keywords: адамгершілік,имандылық

IQUP КЕШІРДІМ Алматы, 2022


УДК 159.9 ББК 88.3 О-65 О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы IQUP/Кешірдім. – Алматы: IQUPKZ, 2022. – 168б. ISBN 978-601-06-8634-2 Кітаптан өзіңді, өзгелерді кешіруді, өмірдегі жағдайларды сол қалпында қабылдауды үйренесің. Сондай-ақ еңбек түрлі жаттығуларды қамтиды. Осы сәтті пайдалана отырып қолыммен, сөзіммен болсын зияным тиген жандардан кешірім сұраймын. Ал маған жамандық қылғандарға “Алла мені де, сені де кешірсін” деген тілегім бар. УДК 159.9 ББК 88.3 ISBN 978-601-06-8634-2 ©IQUPKZ, 2022


IQUProject – қазақ қоғамына жанашыр жастар бірлестігінің еңбегі


Біріншіден, IQUP деген IQ-ыңды UPкөтер, жоғарылат, дамыт деген мағына. Зияттылық коэффициенті, IQ (Коэффициент интеллектуальности; ағылшынша Intelligense quotient; IQ) — ақыл-ой дамуының, білімділік пен зеректілік деңгейінің көрсеткіші. Оны арнайы тест арқылы салыстыра анықтайды. Екіншіден, IQUP=АЙҚАП деген мағына. Айқап жайлы қысқаша айтсақ, “Айқап” қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан журнал. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі және тағы басқа актуалды мәселелер қозғалған. Үшіншіден, IQazaq UP - Оян, Қазақ! “Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам! - деген ниеттегі жастар бірлестігі.


Мазмұны Алғысөз ...........................................................................7 Өкпе-реніш .....................................................................9 Балалық шақтағы реніш тарихты өзгертеді..............11 Анаға реніш: «Мені ешкім жақсы көрмейді» ..............13 Әкеге деген реніш: қорғамады, тастап кетті, сыйламады... ..................................................................15 Бауырларға деген реніш: «Ата-анам менен гөрі соны жақсы көрген»...............................................17 Бұрынғы күйеуіне немесе әйеліне деген реніш .........19 Реніштің денсаулыққа әсері.........................................21 Ренішпен қалай жұмыс жасау керек? .........................23 Мені ренжітті...................................................................28 Реніш деген не?...............................................................31 Өткен қателігіңді ұмыт .................................................37 Кешірімді болудың күші................................................43 Кешірімнің дәрежелері ..................................................51 I LEVEL. Кешіру Өзіңді бағалау мен кешіру ............................................60 Өзін шектен тыс бағалайтын адам .............................61 Өзін бағаламайтын адам..............................................64


Өзін бағалайтын адам...................................................67 Өзін бағалай алмайтын адам.......................................70 Өзіме қалай кеңшілік қыламын? .................................74 II LEVEL. Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең...........................80 Түймедейді түйедей қылма..........................................85 Сезім әсерлерін іште сақтамау....................................89 Мен және Кешірім...........................................................94 III LEVEL. Өткеннен сабақ ал Өткеннен сабақ ал..........................................................104 Жаңа өмір бастау............................................................108 Маңызды принциптер...................................................111 Кешірудің сыйы..............................................................114 Не үшін кешірімге мұқтажбыз?....................................119 Қандай істерге кешіріммен қарау қажет? ..................123 Жалғыз таңдау................................................................128 Кешіру әлсіздіктің белгісі ме? ......................................133 Кешірім қуаты.................................................................137 Кешіруге тұрмайтын нәрсе бар ма? ............................142 Кешіруді үйренуге көмектесетін тәсілдер..................146 Нұсқаулық .......................................................................152 Автордан .........................................................................154 Монолог ...........................................................................156 «IQUP» жобасы жайлы...................................................158


iqup 9 Алғысөз Бұл кітап жеті түрлі қағидаға негізделген. Ішіндегі кейбір сөздерге келіспей, қарсылық танытып жатсаң, осы қағидаларды ескер! Бірінші қағида: Кешіру дегеніміз - қарсы тараптың жасаған жамандығын түк болмағандай ұмыта салу емес. Керісінше, оны ойыңнан, санаңнан өшіріп тастау. Ондай жаман іспен шұғылданба! Осы қағиданы ешқашан ұмытпа! Бұл қағида “айтуға оңай” деп сөзді бөлетін жандарға қатысты жауап. Екінші қағида: Өміріңде болып жатқан жағдайлардың барлығы - өзің тілеп алған немесе саған пайда беретін сабақ. Өміріңдегі жағдайлардан сабақ алмастан ысырып тастама. Бұл қағиданы жазып алып, көзге көрінетін жерге қойып қой! «Өмір бізді жақсы көрмейді»,- деп налитындарға осылай жауап берсең болады.


Кешірдім 10 Үшінші қағида: Қайғың қаншалықты ауыр болса да көңіліңе жақын алма! Жүрегіңе жақын қабылдама! Шамаң келгенше ауыртпалықтарға жеңіл қарауға тырыс. Оның да өткінші екенін біл. Алдыңда сені бақытты күндерің күтіп тұрғанын ұмытпа! Төртінші қағида: Көпшілігіміз қиял әлемінде өмір сүргендіктен күйзеліске түсіп жүреміз. Ал ақиқат ортаға кешігіп шығады. “Барлығын білемін, басқалары білмейді”,- деп ойлама. Барлығымыз белгілі бір дәрежеде ақиқатты білеміз. Кейде ақиқаттың бірнеше қыры болады. Көп қазбалай берме, кеңінен ойлан. Бесінші қағида: Егер “меніңді” жеңсең, көп нәрсеге қол жеткізіп, қиындықтарды айналып өтесің. Алтыншы қағида: Сен періште де, хайуан да емессің. Сен - адамсың! Сол адамшылдығыңмен шұғылдан! Өзіңдегі адамдықты қабылда. Әлбетте, қателесесің, жығыласың, айта берсең, шегі жоқ. Әрбір сәттен сабақ ала білуді үйренесің. Өкініш пен қарсылыққа уақытыңды жоғалтпа! Жетінші қағида: Расында, жан тыныштығын кемшіліктерді кешіре алғанда ғана табасың. Ал оған қалай қол жеткізуді білмесең, онда саған қалай қадам жасау керектігін ұсынамыз.


iqup 11 Өкпе-реніш Реніш бар жерде естеліктер болады Біз өзгелерге ренжу арқылы олардың бізге қате қарым-қатынас жасағанын көрсеткіміз келеді. Алайда реніш пен өкпеге толы ойлар өзгелермен қарым-қатынасты ғана емес, денсаулығымызды да құртатынын біле бермейміз. Өкпе-ренішті жинай отырып, бойымызға ауруларды да жия береді екенбіз. Бойымызда пайда болған сырқаттар реніш атаулыны ұмыту керектігін ескертеді. Олай болса, реніш пен өкпелі ойлардың өмірге қалай әсер ететініне қарайық. Әрқайсымыз осы бір жанға жағымсыз «реніш» деген сезімді бастан кешірдік. Әдетте өкпенің бойымыз бен ойымызға қандай із қалдырып жатқанын біле алмаймыз. Алайда бізге жасалған әділетсіздіктің жарасы ешқайда кетпей, ішімізде қалады. Оны көзге ілмей, аңғармаған болғанмен ол үнсіздік бара-бара ұлғайып, өмірімізді улай бастайды. Реніш әр түрлі: Мән-жайды ортаға салып талқылап алған кезде ізі де қалмай жоғалатын өкпе болады. Өмір бойы ішіңе жасырып жүретін реніштер де бар, тіпті ондай ойларды қайда жіберерімізді білмей қалып жату - соның нышаны.


Кешірдім 12 Анаңызға, әкеңізге, жарыңызға немесе әріптесіңізге, өзіңізге, балаңызға, туыстарға немесе достарға деген реніштер бар. Бұл реніштер сыртқа шықпаса өмір бойы жиналып жатады. Ал жиналған өкпе мен реніш бақытты болуға, жайлы өмір сүруге, кеудені керіп демалуға кедергі келтіреді. Ата-анамен қарым-қатынас - барлық нәрсенің діңгегі, атап айтқанда: қарым-қатынас, кіріс, ішкі жағдайдың, қалыптасудың діңгектері. Ескі ренішті кешіргенде: • іштей жеңілдеп қаласыз; • көп мөлшердегі энергияны бостандыққа шығарасыз; • бақытты боласыз; • жаңа жоба жасауға жол ашады; • армандардың орындалуына жол ашылады; • отбасымызды бақытты етеді; • денедегі күш – қуатымыз артады; Ішімізде жатқан өкпе-реніш - ауыр жүк: қап толы тасты арқалап жүргенмен тең. Адам баласы өкпе мен ренішті ұмытып, кешірген кезде өзін кінәлау мен елден ұялу деген сезімдерден арылады. Бойына қуат бітіп, әлдеқайда бақытты ғұмыр кешпек. iqup


iqup 13 Балалық шақтағы реніш тарихты өзгертеді Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер. Василий Сухомлинский Ренішті «балалық сезім» деп те атап жатады. Ал үлкендер біреулер ренжіп қалса, «не болды бала құсап» деп жатамыз ғой. Шынымен де өкпе, реніш сезімдерімен бала кезімізде танысып үлгереді екенбіз. Алайда үлкен бола тұра оны басқаруға күшіміз жетпейді. Ішкі көңіл сезімдері ақылмен басқаруға келмейді, ол өз өмірімен өмір сүреді, адамды игеріп алатын құдіретке ие. Олар уақытқа да тәуелді емес. Басқаша айтқанда, тіпті елу жыл бұрын өтіп кеткен, жанды жаралаған жағдайлар сезімнің ықпалымен орын алғаны анық және ол психикаға уақыт мөлшері жағынан маңызды емес. Елу, жиырма, он жыл бұрынғы болған жағдай қанша жыл өтсе де, әсері жойылмай, адамның өмір тарихына ықпал ете алады.


Кешірдім 14 Өкпе - психологиялық тұрғыдан айтар болсақ, алып күшке ие, тіпті, жылдар бойы адамның өміріне ықпал етіп тұра беретін сезім. Өкпе - ол сезім, шарасыздық пен ашу араласқан сезім. Ашу - психологиялық шекара бұзылғанда көрініс табатын, бірақ адамның ұстамдылығымен тежеліп тұратын негативті күй. Бұл жағдай бала кезден бастау алады. Ата-ана баланың ашуын көтере алмаған кезде, оны басып тастап отырған. Сол кезде бала шарасыздықтан «өзімді қорғау үшін ештеңе істей алмадым-ау» деп өкпелейді. Өкпенің басым бөлігі ескі болады әрі ол адаммен өмір бойы бірге ғұмыр кешеді.


iqup 15 Анаға реніш: «Мені ешкім жақсы көрмейді» Ана жүрегі тым терең, сол тереңдіктен сіз кешірім таба аласыз. Оноре де Бальзак Баланың бойындағы реніш ол құрсақта жатқанда пайда болуы мүмкін, яғни, ата-анасы оны қаламаған кезде, алдырып тастау туралы ойлаған кездеақ, сәби оны құрсақта жатып-ақ сезіп жатады. Осыдан кейін балада «анаға реніш» деген үлкен дерт туады. «Ол мені жақсы көрмейді» деп анасын жазғырады. Бәлкім, мынадай жағдай: «анасы оған суық қарауы; үнемі жұмыстан қолы босамауы; ашушаңдығы; әр істі қатаң қадағалап отыруы; немесе керісінше, аналық міндетіне жауапсыз жан болуы ықтимал. Бәлкім, шектен тыс сынайтын немесе «қалай дұрыс тәрбие берем?» деп сұраған болып, баласын үнемі өзгенің тәрбиесіне беріп қойды ма? Бала кезден келе жатқан өкпе-реніш: баланы ұнатпайтын бақша, лагерге, ата–ананың баланы қаламайтын жаққа жіберуі, жұмысбасты ана аз уақыт


Кешірдім 16 бөлуі, есейіп қалғанда «балам жақсы болсын» деп басқа қалаға оқуға жіберуі, анаға деген сағыныш, одан туған реніш болуы ықтимал. Әрбір адам осы секілді жан жарасын арқалап жүреді, өйткені ешбір ана баласын ол қалағанындай жақсы көре алмайды. Ана баласын қалай жақсы көрсе, бала да анасын солай жақсы көреді. Әйел адам өзін бала күнінде қалай жақсы көрсе, соны ғана бере алады. Шынайы махаббат көрсете алмаған аналар махаббатқа тоя алмаған бала тәрбиелеп, өсіреді. Дегенмен, бұл аксиома «еш нәрсе істей алмайсың» деген сөз емес. Баланың сезіміне көңіл бөлу, оның балалығына немқұрайлы қарамау, балалықпен танытып отырған уайымына бей-жай қарамау, үнемі онымен сөйлесіп отыру арқылы оның дұрыс толып, қалыптасуына көмектесесіз. Сонда ғана бала теріс ықпалда емес, ішкі сезімін ұстамдылықпен тежей алатын адам болып қалыптасады.


iqup 17 Әкеге деген реніш: қорғамады, тастап кетті, сыйламады... Мен өмір сүруді жөн көремін Осы тұста өткенге шолу жасағым келіп тұр. Егер ренішпен қоса тітіркену, ызалану, ашулану, жанның ауыруы секілді күшті сезімдерді сезінер болсаңыз, онда сіздің жан жараңыз өте ескі. Сіздің психикаңыз қаншалықты қорғанбақ болып, сол жерден кетіп қалса немесе ұрыс-жанжал берекені қашырады деп ырымдап жағдайдан шықпақ болса да, кейбір адамдар бәрібір сізді осы сезімдердің тұзағына түсіріп алады. Қатты айтар болсақ, олай қорғанудың пайдасы жоқ, олар одан сайын жаныңды жаралайды, өйткені қанша дайын болсақ та тағдырдың алдында шарасызбыз. Бала әкесінен: «мен сенімен мақтанамын, сен күштісің, қолыңнан бәрі келеді, мейірімдісің» деген сөздерді естігісі келеді. Иә, бала өзінің талантты екенін, бәрін істей алатынын, әкенің мақұлдағанын қалап тұрады. Бұл оған ерекше күш пен сенімділік береді.


Кешірдім 18 Сынайтын, бағаламайтын, немқұрайлы әке баласының таланты мен жетістігін мойындай алмайды, ал баласы болса өмір бойы кемсітілген, мойындата алмаған адам болып өмір сүреді. Мейлі көптеген жетістікке жетсе де сол түсінікпен қалады. Ондай адам айналасынан өзін мойындайтын адамды іздеп, алдынан шыққан беделді адамға жағымпазданып жүретін болады. Өкінішке орай, ондай адамдардың қайта-қайта салы суға кете береді, өйткені оның ішіндегі бостықты ешкім толтыра алмайды. Ол бостықты бала күнінде әкесі, ал өскенде өзі ғана толтыра алады. Өскенде өзін-өзі толтыру деген нұсқа үлкен ерлік пен руханиятпен жұмыс істеуді талап етеді деп айтуға келе ме? Оған көп жыл кетуі мүмкін, ол үшін жаныңның жарасымен бетпе-бет келіп, осы бір жағымсыз сезім жан дүниеңде қаншалықты дәрежеде жиналып қалған болса, соншалықты дәрежеде бастан қайта кешіруге тура келеді. Содан кейін ғана барып бос қалған психологиялық кеңістікті өзін мойындау, өзін бағалау мен өзін сыйлау деген ұғымдармен толтырып тастау керек. Қыз бала мен әке арасындағы қарым-қатынас өте маңызды, өйткені бұл оның болашақ жарымен жасайтын қарым-қатынасына әсер ететін болады.


iqup 19 Бауырларға деген реніш: «Ата-анам менен гөрі соны жақсы көрген» Айтысқан ауыл болмас, Болыспаған бауыр болмас. мақал Бала кездегі реніштің есейгенде де дерт болып жабысатынының бір мысалы - осы. Мұндай өкпе адамның сағын сындырып, өмірге деген көзқарасын өзгертіп жібереді. Әдетте үйдегі балалардың үлкендері кішкентайларға өкпелі болады, өйткені «оларды қаттырақ жақсы көреді» және «мүлде ұрыспайды», ал оларды жерден алып, жерге салып жазалап, ұрсып жатады. Алайда кенжелердің де ренжитін дүниелері бар. Олар өзіне қарай ағылған өзгелердің ашу ағынын қабылдауына тура келеді. Келемежді, қысымды, қорлықты, кейде ұруды да қабыл алуына тура келеді. Егер сен кішкентай болсаң, үлкен ағаң мен әпкең секілді ақылды емессің, күшті емессің, қабілетің де


Кешірдім 20 аз деген түсінік бар. Сені үнемі қатаң түрде бақылап отырған адамның қол астында болудың несі жақсы? Құрандағы «Юсуф пен оның бауыры әкемізге бізден сүйіктірек» деген сөзден ұғарымыз: бір кісінің өз балалары мен қыздарын әртүрлі дәрежеде жақсы көруінде ешқандай әбестік жоқ. Бірақ ардақты пайғамбарымыз мұны білдірмеуді ескерткен. Балаларға деген сүйіспеншіліктің әр қилы болуына тыйым салмаған. Бірақ олардың арасында әділ болуы және олардың арасында бір-бірлеріне дұшпандық туғызбау үшін кісі өз сезімін жасыруы керек.


iqup 21 Бұрынғы күйеуіне немесе әйеліне деген реніш Кісілігін жоғалтпаса - жауыңның қайсыбір иттігін кешіруге де болады. Асқар Сүлейменов Ерлі – зайыптылар арасында бұрынғы жолдасына деген өкпе адамның болашағына қатты әсер етеді. Адам болашағын құра бастағанда бұрынғы өткен істеріне қайтып орала беретін болады. Осылайша секемденіп, қорғанып, өткеннен сабақ алуды ұйғарады. Әлбетте, жаңа әрі бақытты болашақ құру үшін әуелі ескі қарым- қатынастың ізін өшіру керек, яғни ескі діңгекті құлату керек. Кешіру дегеніміз – қоштасу. Ыза және реніш сезімімен, ауырсынумен қоштасу. Өткен жағдаймен тұтастай қоштасу. Қоштаспайды екенсіз, ол сіздің ішіңізде бұғып жатып сізді іріте бастайды. Кешірмеу сізді ренжіткен адамға ештеңе де жасай алмайды және сол сезім сізді іштей мүжи береді.


Кешірдім 22 Қоштасқан екенсіз, демек, шешімге келгенсіз деген сөз. Олай болса, айырылысқан екенсіз, енді оның артынан сөз айту, айыбын ашу мен кек сақтаудың түкке пайдасы жоқ екенін түсінуіңіз керек. Сіздерге лайфхак: Құран аятында айтылғандай, жақсылықпен ажырасу керек. Сізді қарым-қатынастың әйтеуір біткені емес, қалай біткені алаңдатуы керек. Қарым-қатынастан соғыстан қайтқандай емес, керісінше жанашыр жаныңызды ұшаққа/пойызға отырғызып жібергендей оны өміріңізден босатып жіберіңіз. Өкпелі адамдардың тізімін осылай жалғастырып кете беруге болады. Бірақ біз маңызды дегендеріне ғана тоқталдық.


iqup 23 Реніштің денсаулыққа әсері «Кешірім – гүлдердің езілгенде беретін иісі» Кейде өмірдегі жағдайларды өзіміз қалыптастырамыз. Осының салдарынан көптеген дерттер пайда болады. Өйткені дұрыс емес ойлар, атап айтқанда қорқыныштар, қастасу, жек көру, тәкаппарлық, қызғаныш, өзін кінәлі сезіну, көңіл қалуы, разы болмау - жиналып қалған жағымсыз әсерлер мен сезімдерден шығады және олар өте қауіпті. Бір ғана «мені жақсы көрмейді» деген ойдың өзі түрлі ауруға себеп болмақ, өйткені осы қорқыныш сезім өмірге қажет энергия көзін бұғаттап тастайды. Егер адам ешнәрсе сезінбесе және махаббатын көрсетпесе, иммунитеті әлсіреп, көптеген проблема шығып, адамдармен де ренжісе береді. «Мені жақсы көрмейді» деген қорқыныш бала күннен пайда болатынын жоғарыда айтып өттік. Мысалы, әйел адам ішіне бала біткен кезде ол баланы қалап, қаламайтынына күмәнданар болса, сол күмән өмірге келетін сәбиге ықпал етеді. Ойлаңызшы, пандемия


Кешірдім 24 кезінде біреулер тез ауырып қалса, басқалар мүлде ауырған жоқ. Неге деп ойлайсыз? Тұрақты түрде дәрі ішіп отырса да созылмалы ауру қайта - қайта шыға беретін адамдар бар. Неге деп ойлайсыз? Барлық аурулар жүйкеден. Адамдар өздерінің қорқынышының салдарынан ауырады, бір үрейленген адам барлық қорқынышын өмір бойы жинауға бейімделеді, олар өкпеге айнала келе, ең бірінші өзіне, өзінің ұрпағын құрдымға кетіретін үлкен ызаға айналады. Кез келген өкпе мен жағымсыз әсер адамның энергетикалық кеңістігіне зақым келтіреді, осылайша оның барлығы денесінде ауру ретінде көрінеді. Еркін болу, бақытты болу немесе қорқып жүру, ренжіп өту – өз таңдауыңыз.


iqup 25 Ренішпен қалай жұмыс жасау керек? Қай тілде болмасын ең керемет, ең әдемі сөз - «мен сені кешірдім». Стивен Кинг Кейде реніш жан дүниемізді жаулап алғаны соншалықты - әлемді басқа қырынан қабылдай алмай қалатын дәрежеге жетеміз. Айналасындағы адамдарды тек «ренжітетін» және «дені дұрыс адам» деп екіге айырып қана қабылдайтын боламыз. Ондай адам бейне бір жан жарасын әлдилеп, одан айырыла алмай қалғандай көрінеді. «Өкпелі бала» психикасы уақыт өте келе ұлғайып, өмірдің өзге жақтарын бүркемелеп тастайды. Бала күнімізде бәріміздің өкпелеген кездеріміз болғаны анық. Реніш, жоғарыда айтқандай, ашу мен шарасыздықтың қосындысы, оны ашық көрсетуге болмайды. Шарасыздық - өзің үшін күресе алмау, жеке шекараңды қорғай алмау, осылардың барлығы бізді өздігінен құрбандық шегіне әкеледі.


Кешірдім 26 Адам неғұрлым шарасыз болса, соғұрлым ол құбандық шегінде болмақ. Ал құрбандық өзіне физикалық болсын, сезім жағынан болсын зорлық пен зомбылықты тартады. Ренішті былай түсіндірейік: өзгеге өкпесі мен реніші бар кез келген адам сол реніштің құрбаны. Бұл бітпейтін шеңбер, себебі ол өзіне зорлықты тартады да, ренжиді, соның салдарынан өзін қамқорсыз сезініп, жаңа зорлықтарға өзін дайындауды жалғастыра береді. Кей кездері өкпе-реніш адамның өзіне сезілместен түпкі санада сірескені соншалықты, тіпті, оны адамның өзі де сезбей қалады. Ол, тіпті, ренжуді ақымақтық деп немесе оны әлсіздік деп санауы мүмкін (әсіресе, еркектер). Алайда мұндай түсінік жағдайды өзгертуге шарасыз, керісінше, ондай реніш, яғни тасада жатқан өкпе көптеген қиындықтарға жол ашады. Қандай да бір сезімді адам сезіне алмаса, байқай алмаса, ол сезім адамды көбірек басқаратын болады. Реніш өте улы қуатқа ие, сондықтан да оны психосоматикалық аурулардың тізіміндегі «чемпион» деп атауға болады. Көп адамдар жылдар бойы бір дертінен айыға алмай жүреді, ал оның себебі бала кездегі өкпе мен реніште жатқанын біле бермейді. Адамның денесі оның «естелігін» арқалап жүре береді әрі ескі ақауларды жаңа қалпында «еске алғанда» ауырып қала береді. Ренішті түсінудің жолы - оған шынайы көзбен қарап, қалай бар болса солай қабылдау керек. Ол


iqup 27 дегеніміз, өмірдегі кез келген жағдайда бала кездегі ақауды көре білуді үйрену әрі оны басқару. Әлбетте, оған ұзақ уақыт кетуі мүмкін, бәлкім үш жыл, екі жыл да кетуі ықтимал. Нәтижесінде уақыт өте келе жан жарасы емделіп, ақаудағы мазохистік тартымдылықтан арыласыз. Денеңізде де психосоматикалық ауруға шалдықтыратын себеп те қалмайды. Көзіңіз ашылып, өмірдің әдемілігін көргенде ғана өмір сүруге құштарлығыңыз да оянбақ. Бұл тақырып өкпе мен реніш өздігінен жоқ болып кетпейтінін түсінетін жандарға арналады. Оны түсініп, онымен жұмыс жасамаса, тасада жата беретінін түсіну керек. Ендеше, ренішпен қалай жұмыс істеу керек? Кез келген психологиялық мәселе мен жұмыс екі деңгейден тұрады: Біріншісі - мәселеге қатысты менталды материал жазып беру. Ал екіншісі - сол материалдан жағымсыз сезімнің қуатын азайтуға бағытталған қандай да бір материалды пайдалану. Осыдан соң сезім қуаты азайған кезде менталды материалға онша әсерлене қоймайсыз. Нәтижесінде оның болашақта көрініс табуына тосқауыл боласыз. Сонымен қатар, менталды материалмен жұмыс жасау өзіңнің психологиялық жағдайыңа саналы түрде қарай бастауға көмектеседі. Психологияда өкпе, ренішті кешіретін тиімді тәсілдер бар. Ренжімеуді, ренжіткен адамды мәңгі кешіруді қалай үйренеміз? Мүмкін-ау деген реніштерді кешіріп, оларды көңілден кетірумен жұмыс жасау өте маңызды.


Кешірдім 28 Ренжіткенді кешірудің бір тәсілі, сол ренжіткен адамға хат жазу, әлбетте оны қолмен жазуға тура келеді, өйткені ол барлық нәрсені жіктеп жазуға және барлық ренішті сыртқа шығарып тастауға көмектеседі. Жазып болған соң ол қағаз не жыртылады, не өртеледі. Хатты ренжіткен адамға берудің қажеті жоқ. Хат бір парақ қағазға, нақты бір адамға қаратылып жазылуы керек. Хаттың үлгісі: Мен саған ренжулімін, өйткені ...... (барлығын жазу керек, үлкен болсын, кіші болсын барлық ренішті есіңізге түсіріп жазыңыз) Мен сені кешірдім! Сен де мені (ойыңызға не келсе соны жазыңыз: сен туралы жаман ойлағаным үшін, ұрсысқаным үшін, демеу болмағаным үшін, сені бар қалпыңда қабылдамағаным үшін, аз рахмет айтқаным үшін, т.б.) кешір! Сондай- ақ өзімді де кешіремін! Ендігі жерде (болашақта бұл адаммен қандай қатынаста болуды қалайсың соны жаз: үйлесімді қатынас құрып, дос iqup


iqup 29 секілді араласу, бір- бірімізге демеу болып, қадірлеу, т.б.) боламын! Саған рахмет ...... (нақты болған жағдайларды еске түсіріп жазу керек) үшін! Мен сені мына әлемнің бір бөлшегі ретінде жақсы көремін, Құдайдың жерге жіберген таңдаулы адамы ретінде, маған тәжірибе сыйлаған ұстазым ретінде жақсы көремін! Саған рахмет айта отырып, бақытты өмір тілеймін! Егер реніш өте терең болмаса, онда осы жеткілікті. Егер ол терең болса, онда психолог немесе психотарепевттің көмегіне жүгінуге тура келеді.


Кешірдім 30 Мені ренжітті... Ұлы шындықтар әуел баста қорлау болатын. Философтардың даналығына жүгінер болсақ, шығыста бір философ шәкірттеріне: «Адамдар қорлаудың үш түрлі тәсілін қолданады: Сені ақымақсың, құлсың және қабілетсізсің деп қорлайды» деп үйретеді екен. «Егер сендер де сондай жағдайға тап бола қалсаңдар, мына ақиқатты естеріңе алыңдар: ақымақ қана өзгені ақымақ санайды, құл ғана өзгеден құлды іздейді, дарынсыз адам өзгенің қателігі арқылы өзінің дым білмейтінін жасыруға тырысады». Реніш ренжіткен адамның емес, ренжіген адамның жанын қатты жаралайды. Осы әңгімеден мазақ пен ренішті қабылдаудың философиясын түсінуге болады. Реніш - нақақтан- нақақ қорлап немесе ренжіткен кезде ортаға шығатын сезім. Адам ренжіген кезде ренжіткен адамға ызаланса, өзін аяй жөнеледі. Өкпе - есеюге кедергі келтіретін «балалық» сезім. Біз өкпелеген кезде орын алған жағдайға шамамыз жетпейтін инфантильді өзімшілдікке айналып


iqup 31 кетеміз. Мына нәрсені мойындайықшы, біздің мұндай мәселелеріміз баланың мәселесі емес қой, оны тек есейген тұлға шеше алады! Реніш - улы сезім, өзгелерге ренжу қазіргі сәтті құрдымға кетіреді. Ондай жағдайда әлденені өзгертуге немесе өзгелерді сөз етудің орнына өкпенің пайда болу жолдарына тексеріс жасау - ең дұрыс шешім болмақ. Өкпе - ішкі сезімімізге әсер ететін күш. Ол жанармай құйылған бөшкедегі тесіктер секілді сіздің ішкі қуатыңызды тауысып тастайды, сол кезде сезім қуатыңыз тоқырауға ұшырайды. Сонымен қатар реніш асқазан мен ішек жолдарының, жүрек қантамырларының, көздің, тыныс алу жолдары мен онкологиялық ауруларға себепші болады. Өкпе мен реніш айналаны қабылдауға кері әсер етеді, шынысы қисайған көзілдірік секілді болып жатқан жайттардың жағымсыз жақтарын қосып көрсетеді. Сол себепті де қарсы жыныс өкілімен дұрыс қатынас құру қиынға соғады, ойдағы жобаларды жүзеге асыру қиын болады, тіпті, жай ғана өмірден ләззат алу қиын болып кетеді. Адам өкпе мен реніштің пайда болуына қарсы тұра алмайды, алайда олардың өміріне, мінезі мен көңілкүйіне әсер етуіне жол бермеуге қауқары жетеді. Өмірде ренжімеген адам жоқ шығар. Ол уақытша бір сезім болуы мүмкін, кейде адам сол ренішті өмір бойы ұмыта алмай жүруі де ықтимал. Бұл санадан


Кешірдім 32 тыс орын алатын жағдай, яғни адамға ұнамайтын жағдай орын алғанда көрініс табатын әсер. Осы кезде біздің психикамыз бірден кінәлі біреуді тықпалап тұрады. «Егер кінәлі адам осы кезде басқаша әрекет еткенде жағдай қалай болар еді?», «оны неге істеді?», «маған ерегесіп істеді ғой» деген ойлар барлығыңызға таныс болар. Мұндай ойлар сол заматта - ақ өзіңе деген аяныш сезімін оятады, өйткені сізді ренжітті ғой. «Мені ренжітті, аяңдар мені!», осылайша өкпе ұлғая түседі. Ренжіткен адам «ақылды» болса, ренжіген адамның алдында өзінің істеген жақсылығын тізе бастайды. Осы кезде рахметі жоқ айыптаулар басталып, бұрын жасалған жақсылықтар мен көмектер ұмыт қалады. Олар санаға шабуыл жасап, енді реніштің қуат алатын көздері көбейе түседі. Адам өзін аяғаны соншалықты, тіпті қарапайым дүниелерді көре алмайтын жағдайға жетеді. Ренжулі адам өзін өзгелердің зұлымдығы мен арсыздығынан жазықсыз жапа шеккен бақытсыз адам деп санайтын болады. Ренжіткен адам болса, қаһарлы әрі қорқынышты залым әрі жауыз кейпіне енеді. Өкпенің қуаты субұрқақ секілді атқылай отырып адамның күшін тауысады.


iqup 33 Реніш деген не? Кешіру дегеніміз – қоштасу Реніш – негативті әсер, сезім. Ол мидың импульсінің әсерінен «күн тұтылған» аймақтарда пайда болады. Әуелі ол санада пайда болады, бұл жерде жан дүниенің еш қатысы жоқ. Реніш менмендіктің әсерінен қалыптасады. Оның пайда болғанын өзіңді өзгелермен салыстыра бастағаннан аңғаруға болады: «онда бар, менде жоқ», «оның жағдайы менен әлдеқайда жақсы». Бұл сөздер менмендіктің пайда болғанын көрсетеді, яғни өзгенің қолында пайда болған дүние қашанда жақсы болып көрініп, өз өмірінің кереметін көре алмау. Менмендіктің артықшылығы сол, өзгелердің материалдық жағдайын, сырт келбетін, рухани халін көреді де, өзінен жоқ дүниелерді ғана байқайды. Осы кезеңде қызғаныш пен көреалмаушылық деген сезімдер ортаға шығады. Ренжіген адам үнемі барлық нәрсені жасауға құқылы бола тұра шеттетілемін деп ойлап жүреді. Айналасындағылар оған дұрыс қарамайды, ал қарсыласы басқаларды сыйлап, жақсы көреді деген түсінікпен өмір сүреді. Алайда бұл өзін


Кешірдім 34 бөлектеудің нәтижесі, бірақ ақылға қонымсыз әрекет болмақ. Ақыр соңында адам өзінің оқшауланып қалғанынан жапа шегетін болады. Реніштің психосоматикасы Егер адамда ескі реніштері болса, мынандай мәселелерге ұшырайды: • ұйқы безінің зақымдануы (ренішке тез бой алдыратын адамдарда); • жүрек ауруы (жас ұлғайған кезде инсульт пен инфаркқа ұшыратуы мүмкін); • қантамырлардың зақымдануы, қан қысымның жоғары болуы, • өт жолы аурулары; • сезім мүшелерінің ауруы және тағы басқалар. Реніштің физикалық көрінісі созылмалы болған жағдайда, тіпті кішкентай ғана келеңсіздіктің өзі денсаулыққа айтарлықтай зақым келтіруі мүмкін. Қызғаныш пен реніш қосылған кезде онкологиялық ауруға шалдықтыруы мүмкін, ал әйел адамдарда сүт безінің ауруы пайда болады. Егер ренішпен жұмыс жасалмайтын болса, адам ондай мәселелерге жол бергісі келгені деген сөз, ондай жағдайда қанша емделсе де дертінен арыла алмайды. Яғни, мұндай iqup


iqup 35 жағдайда, ең алдымен, реніштің себебін анықтап алу керек. Кешіре білу - адам бойындағы маңызды қабілет. Өте қиын жағдай реніш пен ашудың біріккен кезінде болмақ, ондайда адам бүкіл әлемді жек көріп, өзінің сәтсіздіктеріне айналасындағыларды кінәлап отыратын болады. Мұндай жағдайда адам жағдайдың қиындығына қарамастан, адамдардың демеуінсіз жеткен жетістіктерін қалай әңгімелейтініне назар аудару керек. Өкпелі адам мәселенің негізгі себебін іздегісі келмейді, сондықтан барлық зейінді өзіне аудартады. Реніштен қашу үшін өзіңнен және уайымдарыңнан біраз алыстау керек те, ренжіткен адамды жеке тұлға деп қарап, оның да қателігі мен кемшілігі барын мойындау керек. Өзіңізді ренжіткен адамның орнына қойып қараңызшы, сонда ренжудің түкке қажет емес екенін әрі ренжи отырып ешкімді өзгерте алмайтыныңызды түсінесіз. Өкпе несімен қауіпті әрі онымен қалай күресу керек? Өмірде ренжіте алмайтын, ызаландыра алмайтын, қорлай алмайтын адамдарға жолыққан шығарсыз. Кішкене ғана ескерту жасай алмайтын адамдар болады, көпшілік оларды ренжіту «шыңмен немесе сарқырамамен күресумен тең» деп айтады. Олар не сонда? Тума оптимист талант па әлде жылдар бойы шынықтырылған күшті иммунитет пе? Ондай адамдар


Кешірдім 36 сыйлы болады, кейде оларды қызғанып жататындар да жиі кездеседі. Сыртынан «осы темір ме, ауырмайды екен»,- деген сөздерді де естіген боларсыз. Денсаулық демекші, ондай адамдарды бекер қызғанбайды. Барлық адам интуициясымен сезе алатын қабілетке ие, олай болса біздің денсаулығымыз ішкі дүниеміздің халіне қарай жұмыс жасайтынын ұмытпау керек. Дені саудың жаны сау немесе керісінше! Әрқайсымыз өмірде бір рет болсын ренжіген адамдармыз. Бір рет болса, сол жақсы болар еді! Тіпті кейде байқамай, осы күйге еніп кетіп жатамыз. Өзімізге ренжиміз, тағдырға налимыз, көбінесе айналамыздағы жандарға өкпелейміз. Тіпті өкпе мен реніш денсаулыққа зиян деп айтылып жатса да мән бермейміз. Бауырдың қабынуы мүлде ішімдік ішпеген адамда кездесер болса, ата- анасына деген бала күнгі өкпесінен пайда болғаны. Ал үнемі қатты ренжіп, өзін іштей жеп жүретін адамды рак секілді дертке шалдықтыратыны анықталған. Бұл деген адамның ағзасы іштей мүжіледі дегенді білдіреді. Олай болса, реніш пен өкпені «өзін жеу» деп айтсақ, артық айтпаған боламыз. Реніш - адамның іштей жұтатын қайғысы. Кешіре алмайтын адамның іші бұзылады. Олай болса, не үшін ренжи береміз? Ешкім өзіне жамандық қаламайтыны белігілі, біз «ендеше не істеуіміз керек», «бұл сезіммен қалай күресеміз» деген сұрақтардың жауабын білмейміз. Олай болса, өзімізбен-өзіміз сұхбаттаса отырып бұл сезімді түсініп көруге тырысайық. Бұл сезім


iqup 37 ақыры бізді еркімізден айырады екен, өмір сүруге кедергі болады екен, жағымды әсерден ләззат алуға кедергі келтіреді екен, олай болса бәлкім, бұл артық сезім шығар? Ішіміздегі жараларды реттеп, өткенді сараптап жүріп, уақытымызды босқа кетіріп аламыз. Ең алдымен, мына нәрсені түсініп алуымыз керек. Ренжіген адам өзіне жасалған әділетсіздіктің көзін жоюдың жолдарын іздей бастайды. Оған неғұрлым қатты ренжіп, уайымдай беретін болса, соғұрлым тезірек тылсым бір өзгерістер болып, оның осы жанкештілігіне сыйлық берілетіндей болып тұрады. Бірақ ешқандай сый мен құрмет болмайды, күтпеңіз. Өтіп кеткен реніш пен өкпе — болып қойған жағдайға қарсылық таныту, алайда ол сәтті кері қайтара алмайсың. Олай болса, бос уайымнан ешқандай логика көріп тұрған жоқ шығарсыз? Өткенмен күресудің мәні бар ма? Өткенді өзгерте алмайсың, олай болса өткенмен күресуге жұмсалған барлық энергия өзімізді мүжу мен саулығымызға тигізген зиянымыз ғана болмақ. Міне, өкпе мен реніш құрдым мен уайымға апаратынын түсінген кезде, өзіңіз-ақ осы бір сезімді басқаруға күш саласыз. Ол сезім өзіңіздікі ғой, сізден шығып жатыр. Оны қай кезде өшірсеңіз де, өз еркіңізде. Кейде өзіңді сыйлау, өзіңді қадірлеу деген қарапайым ұстанымның да көмегі көп болады. Бұл мәселені үнділік данагөй Ошо былай жеткізген: «Әлдекім бір тетікті басып қалады, біз мақтанға семіріп, үрленіп кетеміз, басқа тетікті басқанда желіміз шығып,


Кешірдім 38 ренжіп қаламыз. Біреудің сені басқарғаны өзіңе ұнай ма? Осы сұрақ адамды ойландырып, «өз өмірімнің қожайыны өзім, өзімнің сезімімді өзгенің басқаруына жол бермеймін» деген шешім қабылдауына түрткі болатын жалғыз факт.


iqup 39 Өткен қателігіңді ұмыт «Тірісінде кешіре алмаған адамыңның өмірден озғанынан артық ауыр нәрсе жоқ» Семирджян Т. Шын мәнінде, Алланың «Әл-Ғафур» (аса кешірімді) деген есіміне ой жүгірткен адам тыныштықта, қамқорлықта, рақымдылықта, есендікте екенін сезеді. Міне, бұл – көп жағдайда адамның жанына қажет, қол жеткізуге талпынатын таптырмас сезім. Мұсылманға бұйырған нығметтің бір көрінісі – ол өзі сияқты адамға «күнәмді кешірер» деп ешқашан жүгінбеген әрі жүгінбейді де. Сонымен қатар Алла мен өзінің арасына дәнекер қоймаған әрі қоймайды да. Міне, осы сезім мұсылманға жан рахаты мен үлкен сенім сыйлайды. «Хижр» сүресінің 49-аятында: «(Уа, Мұхаммед!) құлдарыма: «Менің аса кешірімді, ерекше мейірімді екенімнен» хабар бер», – делінген. Алланың «Әл-Ғафур» есімінің сенің өміріңде көрініс тауып жатқан тұстарына қарашы. Осы бір ұлы есімнің мәніне терең бойла. Сондай- ақ бұл есімдегі жасырынып тұрған мән мен мағынаны ұғын. Яғни, кешірімді бол!


Кешірдім 40 «Әл-Ғафур» сөзі араб тілінде асырмалы, үстеме мағынасын жеткізу үшін құрылған сөздерге жатады. Ол “көп кешіруші” деген мағынаны білдіреді. Осы тұрғыдан алғанда көп кешірімшілдіктегі асырмалы, үстемелі мән санды да, ауқымды да қамтып тұрғанын көреміз. Яғни, Алла сан жағынан көп әрі түрі жағынан да ауқымы зор күнәларды кешіреді. Бұл туралы «Нәжм» сүресінің 32-аятында: «Ақиқатында, Раббың кешірім етуде аса кең», – делінген. Алайда бұл күнә жасай беруге болады дегенді білдірмейді. Алла адам баласына қателікке ұрынатын, қателіктен қайтатын қасиетпен жаратқан. Сондықтан да адам баласына болмысына сай келетін талаптарды таңдаған. Барлық кемшіліктен пәк Алла Тағала бізге кешіріміне сай болудың, оған жетудің жолын баяндаған. Мұның бәрі адам жанының тыныштық табуы үшін, нәтижесінде әлжуаздыққа, күмәнға, ұйқысыздыққа, рухани тоқырауға шалдықпас үшін берілген нұсқаулық іспетті. «Таһа» сүресінің 82-аятында бұл турасында: «Расында, Мен тәубесіне келіп, иман етіп, ізгі іс істеп, сосын тура жолға түскен жанға аса кешірімдімін», – делінген. Алланың кешіріміне сай болу тәубенің, райдан қайтудың тұрақты болуынан басталады. Мұның артынан сол тұрақтылықтың дұрыстығын көрсететін сенім ілесуі керек. Артынша сол айнымас сенімнің растығы іс-әрекеттен көрініс табуы қажет. Мұның соңы табандылық, туралық және тура жолға түсумен аяқталуы


iqup 41 керек. Міне, жан рахаты мен жан тыныштығын сыйлап, Алланың кешіріміне сай қылатын анық, жеңіл жол - осы. Алланың кешіріміне лайық болу үшін түзелу мен ізгі амал маңызды. Екеуінің де орны ерекше. Бұл туралы «Нахл» сүресінің 119-аятында: «Ақиқатында, Раббың білместікпен еріп, жамандық жасап, содан кейін уақыт оздырмай тәубе етіп, түзелгендерге өзі жар болады. Сенің Раббың шәк-шүбәсіз өте кешірімді, ерекше мейірімді», – делінген. «Әнғам» сүресінің 54-аятында: «(Уа, Мұхаммед!) Қашан саған аяттарымызға иман келтіргендер келсе: «Сендерге амандық болсын! Раббыларың рақымдылық танытуды Өзіне лайық қасиет һәм Өзінің басты ұстанымы қылды. Араларыңнан кімде-кім білмей жамандық істеп, артынан тәубесіне келіп, түзелсе, шүбәсіз, Ол – өте кешірімді, ерекше мейірімді», – деп айт», – делінген. Сондықтан түзелуге талпынып, түзелу мұратыңа айналмайынша, кешірім іздеудің еш пайдасы жоқ. «Бақара» сүресінің 220-аятында: «Алла бұзғыншыны түзелуші жаннан айыра біледі», – делінген. Раббыңнан кешірім етуін тілеген кезде қателесіп бұзған істі түзетуің керек. Бұл туралы «Бақара» сүресінің 205-аятында: «Алла бұзғындықты жақсы көрмейді», – деп айтылған. Бұған жер бетінде орын алып жатқан адам өлтіру, қуғынсүргін ұйымдастыру сияқты материалдық бұзғындық қана емес, адам жанының бұзылуы, адам жанын


Кешірдім 42 жаралау, көңілге қаяу түсіру, қарым-қатынастарды бұзу және т.б. моральдық тұрғыдағы бұзғындықтар кіреді. Жалпы алғанда бұған тұлғаның, қоғамның дамымай қалуына қатты әсер ететін іс-әрекеттер жатады. «Әнғам» сүресінің 54-аятында: «Раббыларың Өзіне рақымдылық танытуды лайық қасиет әрі ұстаным қылды», – делінген. Расында, өзің Раббыңнан сұрап жүрген кешірімің мен өзгеге бере алатын кешірімің – Алланың Өзіне лайық деп тапқан мейірімінен. Алла Өз мейірімінің белгілі бір бөлігі сенің жүрегіңде де көрініс табуын қалайды. «Әли Имран» сүресінің 159-аятында: «(Уа, Мұхаммед!) Сен оларға Алланың мейірімімен жұмсақтық таныттың», – делінген. Яғни Мұхаммед пайғамбарға: «Сенің оларға жұмсақтық танытуың, олардың қатекемшіліктеріне кешіріммен қарауың, мұның бәрі Алланың саған және оларға деген мейірімінен» деген мағынада айтылған. Егер адам Алланың «Әл-Ғафур» есімін таныпбілмесе, істеген қателіктерінен тартқан уайымды, Алланың жазасын ойлағандағы қорқынышты жаны қалай көтерер еді? Өмірін қалайша жаңадан бастай алатын еді? Алланың кешірімінің кеңдігін ұғынбаса, әзиз пенде тіршілігін қалайша жаңғыртсын? «Ғафир» сүресіндегі: «Күнәні кешіруші, тәубені қабыл етуші» деген 3-аятты естімеген жан қалайша тыныш өмір сүре алмақ? Расында, Жаратушысының есімдеріне және бүкіл іс-жағдайын қалтықсыз басқаратын


iqup 43 Оның сипаттарына ой жүгіртумен өмір сүрген адам Жаратушының шеберлігінен өзін қалай басқара білу қабілетінің туғанын білетін болады. Сол үшін нақыл сөздің бірінде: «Кімде-кім өзін таныса, Раббысын таниды», – деп айтылған. Ал, сен өз болмысыңа ой жүгірттің бе? Алла сені жақсы көреді, саған кешірімді, сені қабылдайды. Тіпті барлығы сені тәрк етсе де қатекемшіліктеріңе кешіріммен қарайды. Мұндай ұстаным өзіңді терең түсінуге, өз қателіктеріңді мойындауға, өзіңді орынсыз жазғырмауға көмектеседі. Десе де, бізге керек кезде өзімізді сөгу, жазғыру қажет-ақ. Егер сөгіс пен жазғыру бізді күдер үзуге итермелесе, дұрыс әрекет етуге шамамыз қалмай қалады. Ал бұл өзінөзі жазғырудың шектен шыққанын көрсетеді. Сөгіс, жазғыру жақсы нәтиже бермесе, көркем істер жасауға жетелемесе, онда жазғырудың орынсыз болғаны. Сонымен қатар жағымсыз әдеттен басқа ештеңе емес екенін көрсетеді. Алла әрдайым саған өмірді жаңадан бастауға мүмкіндік сыйлауда. Мұндай мүмкіндік жаныңның жадырап, әрдайым жаңғыруға жігер сыйлайды. Өміріңде жіберген қателіктеріңе бола иініңнен су кетіп, оны заман ақыр көрме! Өйткені Алла күнәнің, қателіктің боларын жазып қойған. Сол үшін Әбу Һурайрадан жеткен хадисте пайғамбарымыз: «Егер сендер күнә істемегендеріңде Жаратқан Ие сендердің


Кешірдім 44 орындарыңа күнә істеп, артынша тәубе ететін қауымды жаратар еді», – деген (Муслим). Алланың «Әл-Ғафур» есімі сәт сайын саған кешегі өткен қателігіңді ұмытып, сәт сайын санаң тазарып, өміріңді жаңадан баста деп айтып тұрғандай. Алланың осы ұлы есімімен бірге өмір сүріп көрші.


iqup 45 Кешірімді болудың күші «Ұзақ әрі өнімді өмірдің сыры – әр кеште ұйықтар алдында барлық адамдарды кешіру» Ландерс Э. Кешірімділік – ерекше бір күш. Ол жүректі тазалайды. Рухты көтереді. Тәнді сауықтырады. Ойға тыныштық сыйлайды. Алайда аталмыш күштің екі түрлі жолмен қалыптасатынын түсінген жөн. Біріншісі, кешірімділікке жетелейтін жігерді қажет етеді. Бұл жігер «қозғаушы күш» деп аталады. Ол сені кешірімділікке итермелеп тұрады. Екіншісі, адам танытқан кешірімділігінен кейін оның жемісін сезінуі керек. Бұл “кешірімділік сыйлайтын күші” деп аталады. Бірінші, яғни “қозғаушы күшке” қатысты мәселе. Қолыңнан келетін істерге өзің қожа екеніңді, өз нәпсіңе және басқалар алдында да кешірімділік танытуға шамаң жететінін білуің керек. Өткен өміріңдегі оқиғаларға, өміріңде орын алып жатқан


Кешірдім 46 түрлі жайттарға, өсіп-өнген ортаңа және т.б. көп дүниеге кеңшілікпен қара. Негізінде, ұстамды болуға, бәрін жаңадан бастауға шамаң жетеді. Бұған тек айнымас сенім, шынайы ниет керек. Өз жаныңа үңіліп, көзіңе тік қарап: «Мен өзіме, басқаларға, өмірімде өткен оқиғаларға кеңшілікпен қарауды қалаймын», – деп айт. Осы сөзді іштей бірнеше рет қайтала. Бұл сөздер жан дүниеңде қайта-қайта жаңғырсын. Қолыңды алқымыңа қойып, даусыңның шығуын қадағала. Бәлкім ұстамды бола алмаудан туған қорқыныштың немесе ұстамды болуға сенімсіздік дауысы үн қатар. Бірақ алған бетіңнен қайтпа! Бәлкім, мұны соңына жеткізуге құлықсыздықты сезінуің де мүмкін. Өйткені бұл нәпсі рахатынан тыс әрекет. Алайда соған қарамастан бұл ұстанымыңа берік бол! Кешірімді болуға бейімделу барысында жан дүниеңдегі кедергілер кеткенше, күн сайын осы ұстанымыңды жалғастыра бер. Егер қысылмаймын десең, жаныңа жақын адамға осы мақсатың жайлы айт! Сыннан өткізер мұндай жайттар мен жағдайлар болмағанда өмірден сабақ алып, дами алмайтыныңа сенуің керек. Кешірімшіл қасиетіңді шыңдайтын өмірдегі сынақтар бастан-аяқ сені тәрбиелеудің алғышарттары мен кіріспелері. Мұндай сынақпен сенің мазаңды қашыру мақсат етілмегенін түсін!


iqup 47 Кешірімді болуға бейімделуге итермелейтін жағдайлар көп кездеседі. Бұл бойыңнан жұмсақтықтың автоматты түрде көрініс табатын жайттар. Сен тек мұндай жағдайда ой жүгіртсең болды, кешірімді болудан келетін жан рақатын сезінесің. Сонымен қатар сын сәтте ұстамдылықтан бұйырар ұлы сыйды есіңе ал. «Нұр» сүресінің 22-аятында: «Алланың сендерді кешіргенін қаламайсыңдар ма?! Алла өте кешірімді, ерекше мейірімді», – делінген. Міне, осы ұғымның бәрі сені ұстамды болуға итермелейтін қозғаушы күш. Екінші: «кешірімді болудың сыйлайтын күшіне» қатысты. Мына тақырыпты оқып отырып, ойыңда «өзіме, өзгелерге, өткен өмірімдегі оқиғаларға кешіріммен қарар болсам нендей нәтиже бермек? Кешірімді болсам, қандай пайда көрем?» деген сұрақ тууы мүмкін. Кешірімді болуға, ұстамды болуға тырысар болсаң, түрлі жемісін көресің. Оның жемісі өміріңнің барлық жерінде көрініс табады. Аталмыш жақсы қасиеттердің оң нәтижесін жаныңнан, денсаулығыңнан, руханиятыңнан, жан дүниеңнен табасың. Оның пайдасын ісіңнің, әрекетіңнің алға басуынан, қарымқатынастарыңның жақсарғанынан байқайсың. Шын мәнінде, өміріңнің әр сәті шеңберге қатты ұқсайды. Қайсысынан бастауды оңайлықпен таба алмайсың. Шеңбердің ортасына дөп түсер болсаң, түбегейлі өзгеріске қадам бастың деген сөз.


Кешірдім 48 Төменде «кешірімді болу ұстанымының» кеңшілікке, азаттыққа бастайтын оң нәтижелеріне тоқталайық. • Кешірімді болу түнде ұйқыңнан айыратын, күндіз көңіліңе қаяу түсіретін, беліңді қайыстыра жүк болып жүрген, сені шаршап-шалдықтыратын жағымсыз сезімдерден азат етеді. Басыңнан ұрыс-керіс өткен кездер есіңде ме? Сол кездері күні бойы не сезіндің? Келесі күні ұйқыдан тұрғаныңда өзіңді қалай сезіндің? Адамдардың көбісі ұрыс-керістен соң шаршау, қалжырау, қимылдың ауырлығын сезінеді. Тіпті ол болмашы ұрыс-керіс болса да. Расында, ұрыс-керіс әлқуаттан айырады. Енді елестетіп көрші, ал егер сезімдер мен ойлар материядан тұрса. Материалдық зақым келтіретін затқа айналса. Осылайша бүкіл жағымсыз сезіміңді дорбаңа салып үнемі арқалап жүрсең. Сезімің жағымсыз болған сайын, салмағы ауырлай берсе, сол жолдан шықпай жүре бересің бе? Бұл жай ғана мысал болғанмен, жағымсыз сезімдердің бізге берер әсері дәл осындай. Кешірімді болу мен кеңшілікті ұстану жан дүниенің, тәніңнің, ақылыңның жетіле түсуіне көмектеседі. Ақыл деңгейінің өсуіне ықпал етеді. Бұл сипаттың жасқа мүлдем қатысы жоқ. Рухани есею мен ақылды болудың жаспен байланысы жоқ. Мәселен, жиырма жастағы жігіттің ақылы қырық жастағы кісіден асып түсуі мүмкін. Керісінше де болып жатады.


iqup 49 Көп жағдайда кешірім мен кеңшілік секілді рухани азаттық сыйлайтын іспен ақыл мен кемелдіктің межесіне жеткен тұлға айналысады. Есесіне оның мұндай оң жолға түсуі оның ақылдылығын, кемелдігін одан сайын арттыра түседі. Нәтижесінде мұндай іс құдды рухани азық алмасу кезеңіне айналғандай болады. Яғни, мұндай сипат адамға жақсылық беріп, ол оны қабыл алып, өзгеге сыйлайды. Ал қатыгездік сезіміне, жағымсыз ойларға батқан жан қай жағынан болмасын жетілмей, ақылға жұтаң болады. Мұндай тұлғаға көрегенділік пен кемелділіктің берер сыйы, міне, осындай. Бұл сипат оң өзгерістерге жетелеп, жетілдіріп, артынша жемісін береді. Нәтижесінде кешірімді адам өз ісінің жемісін жағымсыз сипаттан арыла алмаған жанға қарағанда көбірек көреді. Кешірімді болу адамға жан тыныштығын, есендік сыйлайды. Ондай адамның рухани тұрғыда күштірек екенін, құлшылықтың мақсаттарын тереңірек түсінетінін байқайсың. Ондай жанның жүрегі таза, ойсанасы сау, көңілі тыныш. Кешірім танытуым жасалған жамандықты, ешнәрсе болмағандай ұмытуым керек дегенді білдірмейді. Менің кеңшілік қылуым біреудің жағымсыз әрекетін қабыл алып, оған қалағаныңды істей бер дегенді білдірмейді. Міне, кешірімді болуға қатысты кең тараған қате түсінік көп адамның кешірімді болудан бас тартуына итермелейді.


Кешірдім 50 Атақты профессор, психиатр Томас Стивен Сас кешірімді болу мен кеңшілік туралы: «Ақымақ адам кешіре алмайды әрі өзіне жасалған жамандықты ұмытпайды. Аңғал адам кешірімді болады әрі өзіне істелген жамандықты лезде ұмытады. Ал данышпан адам кешіреді, алайда өзіне істелген жамандықтың, надандықтың себеп-салдарын ұмытпайды», – деген. Шын мәнінде, ерекше кешірім таныту адамды азат етіп, келеңсіз жайттан құтқарады. Хадистегі «Барыңдар! Бәрің азатсыңдар!» деген сөзге ой жүгіртші. Бұл жерде мүшріктердің жазадан немесе қамаудан азат екендері меңзеліп қана қоймай, сонымен қатар, олардың өткен іс-әрекеттері ойға да алынбайтыны мақсат етілген. «Олар ішіміздегі жағымсыз сезімдерімізден азатсыңдар, сөздің астарындағы меңзелген барлық нәрседен азатсыңдар деген» мағынада айтылған. Кешірімді болу мәселесіне ой жүгірту деген өзімді, сезімдерімді, ой-пікірлерімді, уақытымды дұрыс басқару арқылы келеңсіз жайтқа немесе адамға кеңшілікпен қарауымды білдіреді. Міне, осыған тоқталғанымыз жөн. Ойымызды, сезімдерімізді, тіпті өмірімізді бәзбіреулердің басқаруынан немесе ойымыз бен сезіміміз келеңсіз жайттың ықпалына еріп кетуінен сақтануымыз қажет.


iqup 51 «Біз Пайғамбарымызбен отырған едік. Бір кезде пайғамбарымыз еріксіз жымиды, тіпті тістері де көрінді. Сонда Хазрет Омар: Уа, Алланың елшісі! Ата-анам жолыңда құрбан болсын, не нәрсе сені күлдірген?», - дейді. Сонда Пайғамбарымыз: «Қияметте үмметімнен екі адам Алланың алдына тізерлеп келеді. Сонда біреуі: «Иә, Раббым! Бұл бауырымнан маған жасаған зұлымдығының ақысын алып бер», - дейді. Алла: «Бауырыңнан не аласың, оның ешбір сауабы қалмады ғой», - дейді. «Иә, Раббым! Олай болса менің күнәларымды арқаласын», -дейді. Осыны айтқанда Пайғамбарымыз көзіне жас алды. Кейін сөзін жалғастырып: «Ол күн - сондай ұлы күн, адамдар күнәларын біреудің арқалағанына мұқтаж болады. Сонда Алла Тағала ақысын талап етушіге: «Көзіңді көтер де, қара!» - дейді. Әлгі адам: «Иә, Раббым! Мен алтыннан болған зәулім үйлерді, алтыннан болған сарайларды олардың жақұт-маржандармен безендірілгенін көріп тұрмын. Бұл қай iqup


Click to View FlipBook Version