The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Кешірімділік – адам бойындағы жақсы қасиет, пенде біткенге құрметпен, ізгілік тұрғыдан қарау. Адамгершілік, имандылық сияқты гуманистік ұғымдарға мәндес категория. Адамның оқыс істері мен қоғамға зиянды іс-әрекет жасағаны анықталғанда, оған адами тұрғыдан кеңшілік жасап, залалды істерінің мән-жайын түсіндіру, гуманистік қамқорлық жасау, кеңшілік көрсету – Кешірімділік болып табылады. Мемл. жоғары билік орындары зиянды әрекеттермен, қылмысты істермен айналысқан адамдарға лайықты жаза қолданумен бірге, оны қайта тәрбиелеп жөнге салуға барады. Оларға кешірім жасалады. Күнделікті тұрмыс-тіршілікте қателесіп, іс-әрекеттерінде жіберген жағымсыз қылықтары үшін де адамға Кешірімділік жасалып, оған дұрыс жөн-жосық көрсетіледі. Айыбын мойнына алған, қатесін дұрыс сезініп, оған өкініш білдіретін адамға да Кешірімділік жасалады. Кешірім сұрау – әрбір адамның өзі жіберген қатесін ой-санасымен сезініп мойындауы оның мінезіндегі ерлігі мен батылдығын білдіреді. Кешірімділік – қоғамдағы азаматтардың болашағына сенім артып, оның саналы түрде тәлім-тәрбие алуына қамқорлық көрсетудің көрінісі.

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by ayushagulnur947, 2023-11-27 07:48:16

Кешірімділік

Кешірімділік – адам бойындағы жақсы қасиет, пенде біткенге құрметпен, ізгілік тұрғыдан қарау. Адамгершілік, имандылық сияқты гуманистік ұғымдарға мәндес категория. Адамның оқыс істері мен қоғамға зиянды іс-әрекет жасағаны анықталғанда, оған адами тұрғыдан кеңшілік жасап, залалды істерінің мән-жайын түсіндіру, гуманистік қамқорлық жасау, кеңшілік көрсету – Кешірімділік болып табылады. Мемл. жоғары билік орындары зиянды әрекеттермен, қылмысты істермен айналысқан адамдарға лайықты жаза қолданумен бірге, оны қайта тәрбиелеп жөнге салуға барады. Оларға кешірім жасалады. Күнделікті тұрмыс-тіршілікте қателесіп, іс-әрекеттерінде жіберген жағымсыз қылықтары үшін де адамға Кешірімділік жасалып, оған дұрыс жөн-жосық көрсетіледі. Айыбын мойнына алған, қатесін дұрыс сезініп, оған өкініш білдіретін адамға да Кешірімділік жасалады. Кешірім сұрау – әрбір адамның өзі жіберген қатесін ой-санасымен сезініп мойындауы оның мінезіндегі ерлігі мен батылдығын білдіреді. Кешірімділік – қоғамдағы азаматтардың болашағына сенім артып, оның саналы түрде тәлім-тәрбие алуына қамқорлық көрсетудің көрінісі.

Keywords: адамгершілік,имандылық

Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең 102 ЕXERCISE Сені танымал, белгілі еткен он нәрсеңді, яғни қабілетіңді жаз. Мәселен, көркем жазуға деген қабілетің болып, сол қабілетіңнен айырылып қалсаң, қандай күй кешесің? Мұндай жаттығу бойыңдағы таланттарыңа, қабілеттеріңе немесе мақтаулы лақап аттарыңа алданып, соларға байланып қалудан арылтады. Нәтижесінде қандай да бір дүниеге байланбай, жасандылыққа бой алдырмай, шынайы адами болмысыңа сай өмір сүруіңе көмектеседі.


iqup 103 ПРАКТИКАЛЫҚ НҰСҚАУЛАР • Өміріңде саған қатысты қате-кемшілік жіберген адамды кешіруге шешім қабылда. Кешіруім керек деп шеш. Оның қате-кемшілігін қайталама. Оны ойыңнан шығар. Егер бірінші болып татуласқың келсе, істе! • Пәленшеге немесе қандай да бір оқиғаға, жайтқа қатысты туындаған күйгелектік сезіміңді доғар. Бірнеше сәт үнсіздік сақтап, болған оқиға, жайтқа жаңаша көзқараспен ой жүгірт. Сезімдеріңді, бойыңнан байқаған әрекеттерді параққа түгел жаз. Сосын сол сезімдеріңді дұрыс жаққа бағыттауды үйрен.


ІII LEVEL Өткеннен сабақ ал


Өткеннен сабақ ал 106 Өткеннен сабақ ал «Дұшпаныңды кешір – бұл оларды өміріңнен шығарып тастаудың ең жақсы тәсілі» Уайлд О. Адам дүниеге келген соң өмірінде еркінен тыс түрлі оқиға, жайт орын алуы мүмкін. Ол өміріндегі оқиғаларға, жайттарға әсер ете алмайды. Өзге адамдардың істеген түрлі қиындықтарын немесе олардың салғырттығынан туындаған көптеген келеңсіз жағдайларды көруі мүмкін. Осылайша өмірінде арпалысқа толы кезеңді басынан кешіреді. Нәтижесінде қоршаған ортаға немесе болмысына, болып жатқан оқиғаларға немесе қоғамдағы ережелерге көңілі көншімей, іштей күйіне бастауы мүмкін. Алайда адамның іштей арпалысып күн кешуі, тумысынан бұйырған дүниелермен келіспеуі өмірін төзгісіз тозаққа айналдырады. Нәтижесінде өзіне де, тұрып жатқан қоғамына да көңілі көншімейді. Сен дүниеге келген кезде бұл дүниеге келер уақытыңды, ата-анаңды, руыңды, тіпті, қоршаған


iqup 107 ортаңды, түр-сипатыңды, нәсіліңді немесе сынақ болып берілетін ауруларыңды таңдай алмайсың. Бірақ сен бұл айтылғандарға қарсылық танытасың ба, әлде пешенеңе бұйырған дүниеге келісіп, қабыл аласың ба, соны таңдай аласың. Сен «Алланың саған бергеніне риза бол. Сонда адамдардың ең байы боласың» деген қағидамен өмір сүр. Расында, өзгертуге шамаң келмейтін дүниелерге налу, олардан бас тарту өміріңдегі келеңсіздіктерді арттыра түседі. Назарыңды түзеуге, дұрыстауға шамаң келетін дүниелерге аудар. Бойыңда қауқарсыздық, әлсіздік сезімін тудыратын дүниелерге жармаспа. Өткеніңмен, өміріңдегі түрлі жағдайлармен үйлесімді, келісті өмір сүрудің бірінші қадамы ол – тағдырға риза болып, өзіңді, ісіңнің нәтижесін Аллаға тапсыру. Пешенеңе не жазылса, ол сені айналып өтпейтінін, ал не жазылмаса, саған бұйырмайтынын, тимейтінін ұғын. Иман негіздерін терең ұғыну – ішіңдегі түрлі жан арпалыстан, қорқыныштан, тағдырыңа бойсұнбаудан туған сұрақтардың жауабын табуға көмектесетін өте маңызды фактор. Баянды өмірге деген келесі қадам қолдан келетін, мүмкін істерге ой жүгірту арқылы жасалады. Үмітсіздікке салынып, өмірдегі кедергілерді ғана көріп, қиындықтың аяқталарынан күдер үзумен жүзеге аспайды.


Өткеннен сабақ ал 108 Шын мәнінде, хал-ахуалы бізден төмен және өмірде өте ауыр жағдайға тап болып, қиыншылықтарды өткеруге талпынып жүрген жандарға қарау – тағдырымызға, өмірімізде болып жатқан жайттарға мойынсұнуымызды арттыра түседі. Ал пенденің жағдайы өзінен жақсы адамдарға қарап, олардың да өмірінде болып жатқан сынақтарын назарға алмау – өзін олармен салыстыруға, өзін әлсіз сезінуге, бос әурешілікке салынып, уақытын зая кетіруге, бәлкім, тағдырға риза болмай, ашу-ызаға салынуға итермелеуі мүмкін. Өміріңдегі жайттарға, оқиғаларға мойынсұнудың сыры – басыңнан кешірген әрбір кезеңнің жарқын сәтін көре білуіңде жатыр. Алла сені бақытсыз болуың үшін жаратпаған. Керісінше, қоғамдағы мәртебең мен мүмкіншіліктеріңе сай ұлы аманатыңды орындау үшін жаратты. Сен көтере алмайтын нәрсені жүктемеген. «Бақара» сүресінде: «Алла ешкімге шамасынан тыс нәрсені жүктемейді», – делінген. Бұған толықтай сен, себебі Жаратушы бұтаққа көтере алмайтын жемісті бермейді. Құдай саған жауапкершілік жүктесе, демек сен оны көтеруге қауқарлысың. iqup


iqup 109 Тағдырға мойынсұнудың сыры – өткен шағыңды қазіргі шақта және болашақта өмір сүруге көмектесетін мол тәжірибе деп сенуіңде жатыр. Расында, өткен шағыңнан жиылған мол білім ешқашан ауыстыруға келмейтін қаражатпен тең. Өткенге күйінбе, бірақ өткеннен сабақ ал. Өткеннен сабақ алу деген - өміріңде жиған тәжірибелеріңді қысқаша жазып шығу. Өмірлік тәжірибеңді өзің үшін және өзгелер үшін жаз. Оларды параққа түсір. Өйткені өмірлік тәжірибе - құнды дүние. Өміріңдегі маңызды, ғибратты сәттер жазылуға лайық.


Өткеннен сабақ ал 110 Жаңа өмір бастау Нағыз жомарттық – рахмет айта білмегенді кешіру IQUProject Қандай да бір нәрсеге көңіл бөлу сол нәрсенің құнын, маңыздылығын арттырады. Сол үшін көкейіңе жаман ой келген сайын, оны жақсы оймен алмастыр. Көңіліңді жақсы нәрсеге бұр. Көптеген жақсы ой арқылы жаман ойлардан арыл. Жамандықты жақсылыққа алмастыру арқылы жүзеге асатын жағымсыз әсерлерден арылу ұстанымына жүгін. Бұл ұстаным «Һуд» сүресінің 114-аятында: «Расында, жақсылықтар жамандықтарды жояды», – деп көрсетілген. Бойыңдағы жақсы қасиеттерің жаман сипаттарыңды басып, ізгілігіңді арттыруға көмектеседі. Егер тыныштыққа толы өмір сүргің келсе, байсалдылық танытуды үйрен. Байсалды жандармен жиі отыр. Өміріңен сабақ алуды, барға қуана білуді игере біл. Жақсылықтар күйгелектік, асығыстық сияқты бойыңдағы жаман сипаттардың жойылуына әсер етеді. Бәрінен бұрын өзіңді қабыл ал, яғни, Алла саған


iqup 111 сыйлаған болмысыңды қабыл ал. Өйткені сен Алла берген болмысыңды, тұлғаңды қабыл алып, оған көңілің көншіген сайын, өміріңде оң өзгерістердің бірінен соң бірі көрініс таба бастағанына куә боласың. Ақиқатында, сен болып жатқан шынайы өміріңді қабыл алғың келмейді. Алайда оны қабыл алу - сенің міндетің. Тіпті қазіргі өміріңді жасап, онымен сүретін де өзің. Оны өзгертетін де өзің. Сенің сүріп жатқан қазіргі шағың оқиғалар мен өмірдегі жағдайларды, тіпті адамдарды да есте сақтаудан басқа еш нәрсе емес. Олардың көрінісін бейнелейтін де өзің. Өміріңде сол дүниелердің көрінісін өзгертіп, олардың сәнін келтіріп, әсірелей алуың - қуантарлық жайт. Өміріңде саған ұнамайтын кісі пайда болған кезде, ол туралы ой-санаңды, көзқарасыңды өзгертуге мүмкіндігің бар. Мәселен, оны әлсіз күйге түскенін немесе сырқаттанып қалғанын бір сәт елестетіп, оған деген жанашу сезіміңді оята аласың. Болмаса саған қатігез болып көрінген адамның бір сәт күлімсіреп, мейіріммен балаларын ойнатып жатқанын елестет. Бұл қорқыныш сезімінен арылуға көмектеседі. Осылайша онымен шынайы болмысыңа сай мәміле түзесің. «Ол да мен сияқты адам, қорқатын еш нәрсе жоқ» деген ой түйесің. Кешіруге, кеңшілік етуге деген шама-шарқымыз артып немесе кеміп отыруы мүмкін екенін түсінуіміз керек. Кешіру де - шеберлік. Мұның мысалы дамытып, бір қалыпта ұстап отыруды қажет ететін басқа да шеберліктер сияқты. Бұлшық еттеріңді өсіргенің сияқты


Өткеннен сабақ ал 112 рухани күшіңе де көңіл бөлуді ұмытпа. Сонда ғана қатекемшіліктерді кешіп, оларды елемей, жақсылық істеп, ұстамдылық танытып, парасаттылыққа ие боласың. Кешірім мен кеңшілікке негізделген өмірді бастау жігер мен еңбекті қажет ететін пайым. Бұл пайымды жүзеге асыруың үшін, өміріңе арылуды қажет ететін жарамсыз, ескі-құсқы әдеттердің орнына жаңа әдеттерді енгізуің керек. Шынайы ниет пен қалау – өмірді дұрыс қалыптастырып, оған оң өзгеріс сыйлайтын басты негіз. Кері әсерлерден туған жан арпалысына, қиыншылыққа толы өмірден жаның қысылған кезде, әр нәрсенің межелі жерінде тоқтауға шынайы ниет білдіруден басқа жолың жоқ. Ішіңдегі қажетсіз жан арпалыс арман-мақсатыңды ұрлап, қуатыңды сарқығанын байқаған кезіңде, жаңа тұрмыс-тіршілікке көшіп, армандаған өмірді соған негіздей бастайсың. Дұрыс өмірді бастау көрегенділік пен байсалдылықты қажет етеді. Көрегенділік алдағы мақсаттарыңды айқындау үшін керек. Байсалдылық сол мақсаттарды орындау үшін маңызды. Алдыңа жаңаша, биік мақсаттарды қоймастан, оларды жүзеге асыруға шынайы ниет білдірместен, жаңа тұрмыс-тіршілікті бастай алмайсың. Өткен шақтан келе жатқан ескі әдеттер, бұрынғы тұрмысың жаңаша тіршілік етуіңе көмектесе алмайды. Сондықтан уақыт оздырмай өзгеруің керек.


iqup 113 Маңызды принциптер «Кешіре алмайтын адамдарды жек көремін» Ницше Ф. Көп жағдайда бәріміз өмірдегі жағдайларға, әлемге деген көзқарасымызды өзгертуге тырысамыз. Бұл қоршаған ортаға, дүниеге қатысты ескі ұстанымнан бөлек жаңа ұстанымды, көзқарасты қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Бізді бүгінгі жағдайымызға жеткізген ескі ұстанымымыз - дұрыс ұстанымды қалыптастырмайынша, қол жеткізгіміз келген ертеңгі мақсатқа жеткізбейді. Адамдармен кешірім мен кеңшілікке негізделген өмір құруың үшін, жаңа ұстаным қалыптасуы керек. Ендеше, солардың ең маңыздыларына тоқталайық: • Пенде әрбір айтар сөзін ойламайды. Әрбір ниетін, ойын айта бермейді. Әрбір істер ісін ойламайды. Әрбір ниетін, ойын істей бермейді; • Адамдар қажеттіліктерін байыппен жеткізетін даналыққа мұқтаж. Нәтижесінде өзіне толық назар аударту үшін, мінез көрсетеді;


Өткеннен сабақ ал 114 • Барлығымыз аталмыш қателікке ұрынамыз. Ешбір адам қателіктен пәк емес; • Қателікті, қателескен адамды кешу, оған кеңшілік таныту сипатын бойымызда дамыта аламыз; • Өмірімізде орын алған, орын алып жататын, алдағы уақытта орын алатын барлық жайт белгілі бір хикметпен болады. Біз одан сабақ алып, одан мән іздегеніміз жөн. Өмірімізге маңызды сенімнің, көзқарастың көбісі бізді күннен күнге жақсырақ өмірге бастайды. Біз көптеген ұстанымдарды тәлім-тәрбиеден соң келтірдік. Ал қазір өмірге қажет ұстанымдар туралы ойланып, солар арқылы өмірімізге оң өзгеріс әкелудің жолын қарастырамыз. Жекелей алғанда, жеке басыңа деген қатынасыңды, жалпы алғанда, өміріңе деген қатынасыңды жақсарту үшін, дұрыс ұстаным қалыптастырудың жайын ойла. Өмірлік ұстанымдарың өзің жететін нәтижелерге әсерін тигізеді. Өмірлік ұстанымдарың құдды әлемге қарайтын айнаң сияқты. Ол өткен шақтағы жағдаяттардан жиылған білім мен тәжірибелерге сай адамдар мен өмірлік жайттарға дұрыс қарауға көмектеседі. Бұл айнаң таза болса, ол арқылы әлемді көркем түрде көресің. Кейде сол айнаң шытынап, кірлеуі мүмкін. Сонда сен оны тазалауды немесе ауыстыруды қажет етесің.


iqup 115 Өзіңнің көптеген наным-сенімді ұстанып жүргенің есіңде болсын. Оның жартысы жақсы, ал екінші жартысы бұрыс болуы да мүмкін. Өзіңнің ұстанымыңды тексер. Оны қайдан алғаныңа қара. Ол өмір иіріміндегі ұзақ сапарға жарайтын ұстаным ба, әлде мақсатарманыңнан, жеткің келіп жүрген шынайы өмірден бөгейтін ұстаным ба, соған мән бер. Өйткені бүгінгі жағдайыңа жеткізген ұстанымдарың ертең өзің қалаған мақсатыңа жеткізбеуі мүмкін. Сонда көбірек қуат, табандылық сыйлайтын, түбінде баянды, тыныш өмірге жетелейтін ұстанымдарды қажет етуің мүмкін.


Өткеннен сабақ ал 116 Кешірудің сыйы «Бәрін кешір – уақытыңды үнемдейсің» Asik Қателікті кешіруді, оған көз жұма салуды, кеңшілік етуді ұстанымына айналдырған адамға кешірімнің берер сыйы бар. Кешірімді болу кейбіріміздің көзіне қаймықпай қарауға күш береді. Мен біреудің қателігін, ал ол менің қателігімді кешпейінше, бір-бірімізге ешқашан сүйіспеншілікпен, жанашырлықпен қарай алмаймыз. Кешіру бізге таза рух пен бос нәрсемен шұғылдандырмайтын, пайдасыз нәрсеге ермейтін зейін сыйлайды. Өрлеу мен кіршіксіз әлемге жетелей түседі. Кешірудің жеткізер мақсаттары - биік, одан туатын қалау, ниет жоғары. Біреудің теріс әрекетіне килігу немесе өзгеден өш алу сияқты нашар сипаттардан сақтайды. Құранда Алла тағала біздерге кешірімнің формуласын ұсынған: «Ғафу етіп, кеңшілік жасасын. Әлде Алланың сендерге кешірім еткенін қаламайсыңдар ма? Алла өте кешірімді, ерекше мейірімді».


iqup 117 Бұл - нендей ұлы сый. Бұдан ұлы құрмет бар ма?! Аяттағы «қаламайсыңдар ма?» деген сөздің астарында нендей жұмсақтық пен жақсылыққа жігерлендіру жатыр. Әрине, қалаймыз. Ең ғажабы, адамның бауырына ғафу етуін Алланың бізге ғафу етуімен байланыстырған. Мұнда шексіз үстемдік пен ұлылықтың иесі Раббымыздың бізге үйретіп тұрған тәрбиелік ұлы тәсілі бар. Баршаға үлгі болатын ең ұлы қасиеттер Аллаға тән. Мәселен, балалар өзара ұрысқан кезде аналары тату болуға шақырып балаларының біріне: «Сен қателескен кезде сені кешіргенімді қаламайсың ба?» – дейді. Мұнда бағыт-бағдар бар, яғни, жаза амалдың түріне қарай беріледі. Қате-кемшіліктен пәк ешкім жоқ. Түбінде барлық адам кешірімге ілінуді қалайды. Бүгін сен адамдарға кешіріммен қарасаң, ертең олардан кешірімді үміт етесің. Кешірімді болудың бізге сыйлайтын ең көркем сыйы – бір-біріне демеу болатын, бірімен-бірі тату өмір сүретін қоғам. Нәтижесінде ондай қоғам қатекемшілікке кешіріммен қарайды. Әділетсіз адамға әділетсіздіктен арылуға көмектеседі. Қателескен адамға кеңшілік жасап, оны ортасына қосады. Ал азаматтарының түзелгеннен соң да, қате-кемшіліктерін ұмытпайтын қоғамдар, негізінде, өз-өзіне қылмыс жасаған болады. Өйткені ондай қоғам айналасына кекшіл, қоршаған ортасынан тыс қалған азамат қалыптастыралы.


Өткеннен сабақ ал 118 Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл.) Сол уақытта алауыздық нағыз достыққа айналып кетеді. Кешірім - кешірім жасаушының дәрежесін көтеріп, барар орнын ұлық етеді. Кешірімді адам біреуге зиян тигізуді жек көреді. Ол біреуге көмек беруге дайын тұрады. Кімде-кім кешірімді болса, ол адам бұл дүниеде бақытты, ал ақыретте жомарттыққа қол жеткізеді. Сондықтан да бұл сипат ислам дінінде де көркем мінезділіктің шыңы болып табылады. Бұл жайлы қазақтың бір туар тұлғаларының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы былай дейді: Біреудің мінін кешірсең, Құдай да сені кешеді. Бірін де қылмай есірсең, Төбеңді әлі-ақ теседі. Көңілі жұмсақ адамның, Күрмеуін тағдыр шешеді. Пейілі жаман адамның, Орыны дайын деседі. Қате-кемшілік қай кезде де, қай заманда да орын алған. Алайда қоғамның өз қатесін мойындап, қылмысы үшін жазасын тартқан азаматын кешпеуіне мүлде болмайды. Қоғам қателескен азаматын кемсітпей, керісінше, ортаға қосу керек. Ондай азаматты жек көріп, сыртқа теппеуі қажет. Сонда ғана мұндай қатынас қоғамға өштесіп, онда өмір сүруден жиренетін,


iqup 119 кешірімшілдіктің құндылықтары мен ұстанымдарын білмейтін азаматты тәрбиелеп, керісінше, кемел ортаны қалыптастырады. Пайғамбарымыздың заманында болған қанша оқиғаны естідік. Ол замандағы сахабалар қоғамында қандай да бір адам жазасын өтеген бойда, адамдар бірбірімен араласа кететін. Күнәсі үшін кемсітілмейтін. Мәселен, бір сахаба шарап ішуді доғармағаны үшін жазасын өтеуге әкелінгенде, сахабалардың бірі: «Мынаның доғарар түрі жоқ қой! Бұған Алланың лағынеті болсын!» – деп, айтып қалады. Сонда Пайғамбарымыз: «Оны лағынеттемеңдер! Алланың атымен ант етемін. Мен оның Алла және Оның елшісін жақсы көретінін білемін», – деп түзейді. Шын мәнінде, күнделікті өмірімізде мұндай жағдай жиі кездеседі. Әлеуметтік байланыс құралдары қоғамдағы азаматтарының қателіктерін жасырудың орнына жария етіп жатады. Қоғамда өзгелердің қатекемшіліктерін көрген кезде, адамгершілік көрсететін адамдар кемде-кем. Қоғаммен бірге күн кешіп жүрген қандай да бір азамат қате-кемшіліктен өзін ада санап, біреудің сүрінгенін аңдып, оған қуанатындай, қателігін тапқанды жетістік санайтындай деңгейге түспесін. Керісінше, мұндай жағдайда әрдайым ең дұрыс сөз сөйлейтін, ең көркем ұстаным білдіретін азамат бол. Құрандағы қағидаға сай әрдайым сөздің ең көркемін сөйлеуге тиіспіз.


Өткеннен сабақ ал 120 Кешіру мен кеңшілік ету сипаты адамға өзімен келісетін және келіспейтін кісімен үйлесімді мәміле түзуіне көмектеседі. Бұл сипат психиканың байсалдылығын көрсететін қабілеттер қатарына жатады. Мұндай сипатқа ие адам аз. Мұндай психологиялық байсалдылыққа ие жандар барлық адаммен жетістікке, мәмілегерлікке негізделген байланыс түзеді. Осылайша өздері де, өзгелер де пайда алады. Ал аталмыш сипатқа ие емес жандар шолақ қатынас негізінде күн кешеді. Пайдасы жеке басынан аспайды. Өзгелерге пайда тигізе алмайды. Кешірудің кешіретін жанға сыйлайтын есенсаулығынан бөлек, олардың көп жағдайда бітімгер, мәмілегер, өзіне де, өзгеге де үйлесімді қатынас жасайтынын байқайсың. Өзгелермен салыстырғанда жан саулығына бай екенін көресің. Өмірдегі түрлі оқиғалардан туындайтын келеңсіздіктерден алыс болады. Түйіткілдерді кешіріммен, кеңшілікпен шешеді.


iqup 121 Не үшін кешірімге мұқтажбыз? «Қуанышың аз уақытқа созылсын десең, кек ал, ал ұзағынан сүйіндірсін десең, кешір» IQUProject Егер өмірде ғафу ету, кешіру ұғымдары болмағанда не болар еді? Егер біз адам жанымен байланысты мұндай ұғымдарды білмегенімізде немесе мұндай ұғымдар ой-санамызда мүлдем болмағанда қандай күйде болар едік? Өміріміз, ой - өрісіміз, іс-әрекетіміз, қоғамымыздың жағдайы, көтерер ауыртпалығымыздың ауқымы қандай болар еді? Мұндай өмірге ары қарай төзе аламыз ба? Алла Тағаланың бізге сыйлаған нығыметтерінің бірі – өмірімізге кешіру сынды құндылық берді. Мұны адам жаны құп көріп, қабыл алатын ұғымдардың біріне айналдырды. Тіпті, бұл ұғымды мәжбүрліктен емес, адамның өз еркімен ұмтылатын сипат қылды. Содан Алла бұл нығыметін толықтырып, оны шариғи ұғымдардың қатарына қосты. Адамзатқа бұл сипатты ұнамды етті. Құран аятында: «Кешірулерің тақуалыққа


Өткеннен сабақ ал 122 жақынырақ», – делінген. Бұл жерде әділетсіздікке ғана кешірім таныту емес, сонымен қатар шариғат бекіткен құқығың ескерілмеген кезде кешірім танытуың меңзелген. Кешіру - үлкен кемелдіктің белгісі. Адамның абыройын асқақтатады. Кешірімді болу ұғымынан алыс қоғам қатігез қоғам саналады. Ондай қоғаммен өмір сүру - қиынның қиыны. Яғни, жағымсыз қасиеттерге белшесінен батқан қоғам. Өйткені адам жағымсыз қасиеттерге бой алдырған сайын, теріс, жөнсіз іс-әрекет көрсетеді. Кешірімді орнықты, байсалды, ынсапты жан ғана танытады. Құранда: «Үлкен күнәлардан һәм арсыздық атаулыдан іргелерін аулақ салғандар ашуланған кезде, кешірімділік танытады», – деген аят бар. Көбіне адам баласы ашуын білдірген соң, ызаға толы іс-әрекеттер көрсеткен соң барып, кешірім танытып жатады. Алайда біз бірден кешіруге дағдыланып, бұл сипатқа сай ісәрекет етудің жолын түсінуіміз керек. Ол жол Құранда былай көрсетілген: «Алайда кімде-кім сабыр етіп, кешірімділік танытса, шүбәсіз, бұл табандылықты талап ететін істерден», – делінген. Яғни, адамға оңайлықпен бұйырмайтын, еңбекті қажет ететін салмақты істер шынайы ниетсіз, табандылығы жоқ адамдар арқылы жүзеге аспайды деген мағынада. Сен біреуді кешірген кезде, ең бірінші ұтатын - өзің. Өйткені сен сені алаңдататын, мойныңа жүк болатын, ақыл-ойыңды шаршататын барлық дүниелерден құтыласың. Ішің жағымсыз сезімге, ренішке толы болса


iqup 123 немесе жек көріп тұрсаң немесе кек қайтарғың келіп тұрса, қандай да бір ісіңе кірісе алмайсың. Жаның жақсы көру, риза болу көгіне көтеріліп самғамайынша, істеген ісіңнен өнімді нәтиже шығара алмайсың. Біз нашар мінез батпағына аунап жатып алып, ескі әдетке толы кезеңнен шықпай, түбінде, рухани тоқырауға түспес үшін, кешірімді болуды үйренуге мұқтажбыз. Кешірімді болуға зәруміз. Өйткені біз өмірімізді күн сайын жаңартып отыруды қажет етеміз. Әрине, оны кешірім етумен жаңартқанымыз жөн. Шын мәнінде, бір рет қана берілетін өмірді талас-тартысқа толы кезеңмен өткізбегеніміз жөн. Өмір - өте терең алаң. Өмірді пайдасыз, ұтымсыз дүниеге жұмсамау керек. Өмір қас - қағым сәттен де тез өте шығатын нығмет. Сол үшін кешірімді болуды үйренсек, игі болмақ. Қазіргі таңда қоғамның қателескен, жаңылған азаматын жек көріп, әрбір адамның әлеуметтік желіде оны сынап, мінеп жазба қалдырып жататынына куәміз. Мінеп, сынап жазба қалдырғанда өзінің де қате-кемшілікке бой алдыратынын ұмытып кететіні өкінішті - ақ. Әрбір адам қателескен азаматты мінегені соншалық, тіпті, оның отбасына тіл тигізеді. Сынның астында қалған ондай азамат қоғам алдында ақталуға, әрине, дәрменсіз болады. Нәтижесінде жақындары онымен бірге өмір сүруден қысылады. Мұндай жөнсіз әрекетке бой алдырған кезде, шүбәсіз, Мырзамыздың бізге өсиет еткен мейірім, жанашырлық сияқты адами


Өткеннен сабақ ал 124 құндылықтардан айырыламыз. Мәселен, пайғамбарға арақ ішіп қойған адам әкелінген кезде, арақтан тыю мақсатында оны ұруды бұйырады. Сонда сахабалар: «Арамызда оны қолымен, аяқ киімімен, киімімен ұрғандар болды. Жазасын алған кісі кетіп бара жатқан кезде, бір ер адам: «Бұған не болған?! Алла оны қор қылсын!» – деп айтып қалады. Сол кезде пайғамбарымыз: «Бауырларыңа қарсы шайтанға жәрдемші болмасаңдаршы», – деп айтты», – деген. Қоғамдағы ара қатынас сақталып, жақсылық пен ізгілік үзілмей, бір-бірімізді жақсы көріп, бірігіп қоғам құрып, құлшылықтарымызда, іс-әрекеттерімізде бір қарыс болса да бірімізден біріміз алшақтамай бір сапта күн кешу үшін, кешірімді болуға мұқтажбыз. Расында, ғафу ету, кеңшілік таныту сияқты рухани құндылықтарды үйреніп, оны үйретуге, қоғамға оны дұрыс ұғым ретінде жеткізе білуіміз қажет. Аталмыш рухани құндылықтардың жеке тұлғаға да, қоғамға да берер оң нәтижесін түсіндіргеніміз жөн. Біз бұл өмірде жалғыз өмір сүріп жатқан жоқпыз. Мен қоғаммен, қоғам менімен бірге күн кешіп жатыр. Сол себептен бір-бірімізге ғафушыл, кешірімшіл, кең болып, жаңадан түлеп шығуымыз керек.


iqup 125 Қандай істерге кешіріммен қарау қажет? «Арзан сөздерді дереу кешіре салу керек» Достоевский Ф. Өмірімізде біз дағдыланып қалған ескі ой-өріс, іс-әрекет көп. Біз оларға белгілі бір мақсат үшін емес, олардың өмірімізде бар болғанына әдеттенгенбіз. Кейде біз осы бір маңызды мәселенің есімізге салынуын қажет етеміз. Біз әдеттенген ескі ой-өрістің немесе ісәрекеттің жалғасын табуы, оны өзгертудің қажеттілігін бізге ұмыттырады. Бұл еңбегіміз арнайы осы тақырып үшін әзірленген десек болады. Өмірде «қандай да бір жайтқа ашулану керек» деген пікірге әдеттеніп қалуың мүмкін. Белгілі бір адамды кешірмеймін немесе бір кісінің саған көрсеткен іс-әрекетін, бойындағы сипатын мүлде қабыл алмаймын, деген пікірге үйреніп қалуың мүмкін. Өзіңді шектен тыс кінәлі сезіну әдетінен арыла алмауың мүмкін. Осындай жағдайда өзіңді, жан дүниеңді қайта түзеуге тырысып, уақыт өте ұмыт қалған бойыңдағы өзіңе белгілі кемшілікке назар аударуың мүмкін.


Өткеннен сабақ ал 126 Күш-жігер салмайынша, кешірімді болу қиын. Жақсы қасиетке жету жолында талпынарсың. Бірде кешірсең, бірде оны кешіре алмай қалуың мүмкін. Алайда өміріңнің соңына дейін берілме! Кешірімді болу үшін, күн сайын өз нәпсіңмен күрес. Сонда кешіру қасиеті бойыңда біртіндеп қалыптасып келе жатқанын байқайсың. Кешірім таныту кей жағдайда жеңіл болып, ал кей кездері көрсете алмай, қайтадан кері кетуің мүмкін. Бірақ сен ешқашан берілме. Кереғар сезімнен туған жан жарасын, жүрек дертін емдеп, өзіңнің болмысыңды, тұлғаңды қабыл алып, өз түр-сипатыңа және өміріңе, сүріп жатқан күніңе риза болуың үшін, кешірімді болуға бар күш-жігеріңді сал. Жаныңды жаралаған барлық ауыртпалыққа кешіріммен қарауға тырыс. Нәпсіге жақпайтын қандай да бір жайттан, іс-әрекеттен, сын-пікірден ауырсынуың, мазаң қашуы – кешірімшіл болуға мұқтаждығыңның белгісі. Өткен шағыңдағы қате-кемшіліктеріңе, мазаңды қашырған ауыртпалықтарға, өмірде жағымсыз әсер қалдырған дүниелерге кеңшілікпен қара. Болмысыңды, тұлғаңды қабыл алып, оған кеңшілікпен қарамайынша, өзіңді жақсы көре алмайсың. Өмірде белгілі бір себептің, жағдайдың әсерімен саған қаталдық танытқан ата-анаңа, мұғалімдеріңе кешіріммен қара. Бәлкім олар, сен ешқандай қателік істемесең де, білместікпен, пендешілікпен саған


iqup 127 қаталдық көрсеткен шығар. Сен сол кезде олардың мұндай іс-әрекетке барған себебін түсінбеуің де мүмкін. Алайда сен қазір олардың іс-әрекеттеріне мың түрлі жауап іздеп, оларды ақтайтындай пайымпарасатың қалыптасуда. Қандай да бір пенделердің жағымсыз оқиғаларын естіп, оларға жек көрініш сезімің оянған соң, оларды іштей кешіре біл. Саған зиянын тигізбеген ондай бейбақтарға кешіріммен қара. Олардың істегендерінен ішіңді кек кернесе де, өштесу керек деген ойдан аулақ бол. Бір кісі туралы жағымсыз оқиғаны немесе достарыңнан бірінің нашар әрекетке бой алдырғанын естігеніңе бола, жек көріп, іргеңді аулақ салу – трагедия. Бұл мәселені түсінуің үшін, олардың пендешілікке бой алдырғаны сияқты кезінде сен де пендешілікке бой алдырғаныңды есіңе алуың жеткілікті. Достарыңа кешірімді бол. Егер олардың саған зияны тисе, оларды сені сыннан өткізер өмірдің бірнеше кезеңдері деп біл. Олармен өткізген өміріңнің шақтарынан сабақ ал. Сені алдаған адамдарға да кешіріммен қара. Ал егер оларды кешіре алмасаң, онда оларға өмірдің саған берген сабағы және өмірден алған тәжірибең ретінде қара. Өміріңдегі өткен келеңсіз оқиғаларды іште сақтаудың қажеті жоқ. Жаныңа ауыр тиген өткен оқиғаның қайталануына жол бермеуге тырыс. Оны


Өткеннен сабақ ал 128 қайта-қайта еске алып, өзгелерге айта берме. Жеке бас сәтсіздіктеріңді еске ала берме. Жиырма жыл, отыз жыл, қырық жыл, тіпті елу жыл өтсе де, жанын жаралаған бұрынғы оқиғаларды қайта-қайта еске ала беретін адамдарды білемін. Олар әр кез өткен жан жарасының бетін ашып, асқындырып, оны қан мен іріңге айналдырады. Өткенді айта берме. Сонымен қатар еш нәрсе болмағандай ұмытып та кетпе. Өткеннен сабақ ал. Өйткені мүмін адамды жылан екі мәрте шаға алмайды. Яғни, бір істеген қателігін қайталамауға тырысады. «Адамдардың маған істегендерін ешқашан ұмытпаймын» деп айтқан небір уәделеріңді қой. Сен олардың істегендерін ұмыт, бірақ сақтан. Сақтықсыз құр ұмыта салу зардабын тигізуі де мүмкін немесе оң нәтижемен аяқталуы да мүмкін. Бұл енді таңдауыңа қалдырылатын іс. Басыңнан кешіріп жатқан жайттарға кеңшілікпен қара. Туып - өскен кездегі өмірлік жағдайларды, оқиғаларды тек Алланың тағдыры деп түсін. Негізінде, біз тағдырда жазылған жақсылыққа иман келтіріп, ал онда жазылған жамандыққа иман келтіруді ұмытып жатамыз. Өміріңде өткерер түрлі жағдай, оқиға сені жетістікке жеткізіп, өміріңе ерекше көрініс береді. Егер ол болмаса, өмірің еш ерекшелігі жоқ жай бір оқиға болмақ. Ата-бабаларыңа да кешіріммен қара. Олар өз уақыттарына сай ең абзал шешім қабылдады деп түсін. Қазіргі таңда ата-бабаларыңның себебімен зая болды


iqup 129 деген дүниелерге кеңшілікпен, кешіріммен қара. Олар бір жерден көшті ме немесе бір жерді қоныс етті ме, қандай да бір әдет-ғұрыпты ұстанды ма әлде одан айырылды ма, олардың саған қалдырған геніне, қандай да бір істерді елемеді ме, әлде оған мән берді ме, мұның бәріне түсіністікпен қара. Кешірімді болу жаныңмен біте қайнасып кетсін. Тағдырыңда жазылған нәрсе сені айналып өтпейді. Ал тағдырыңда жазылмаған нәрсе саған бұйырмайды, тимейді. Кешірім танытудан басқа амалың қалмаған кезде, кешіре біл. Басыңнан кешірген кері әсерлерді қабылдап, одан сабақ ал. Өмірді қиындыққа, сынаққа жасымай сүр. Жағымсыз ой мен сезімнің бойыңа тараған уы ешқашан саған дұрыс шешім қабылдауға мұрсат бермейді. Бәлкім сен кереғар ой-пікірлердің санаңа орнығып алғанын ұмытып кетуің мүмкін. Алайда сен қазір бар пайымыңды, ой-санаңды кешірім ұғымына бағытта. Осылайша сен асыл жаратылысыңа, әуелгі сау болмысыңа ораласың.


Өткеннен сабақ ал 130 Жалғыз таңдау «Адам ауырған кезде кімді кешіру керектігін жүрегінен іздесін» Asik Бәлкім, өзіңмен іштей бірнеше мәрте сөйлесіп, кешірім таныту мүлде оңай емес деген ойға тоқтаған шығарсың. Мен сенімен бұл мәселеде келісемін. Бұған дәлел-дәйектемеміз де бар. Мәселен, Әнәс ибн Мәликтің бір сахабаның оқиғасы туралы жеткізген хадисте пайғамбарымыз үш күн қатарынан әлгі сахабаның жәннаттық екеніне куәлік етеді. Сонда Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас оның артынан еріп барып, онымен үш күн жүреді. Алайда Абдулла оның күнделікті амалынан артық бір амал істегенін көрмейді. Түнгі намаз да оқымайды. Бірақ ол түнде оянып, төсегінде аунақшыған кезде, өте үстем әрі аса ұлы Алланы зікір етіп, ұлықтайды. Осылайша таң намазына тұрғанша жалғасады. Абдулла оның тек жақсы сөз сөйлегенін ғана естиді. Үш күн өткен кезде Абдулла аталмыш сахабаның амалын азсына бастайды. Содан Абдулла одан: «Ардақты елші айтқан дәрежеге сені не жеткізді?» – деп сұрайды. Ол: «Өзің


iqup 131 көрген нәрсе ғана. Мен әр күні түнде ұйықтамас бұрын мені ренжіткен барлық адамды кешіріп, ешбіріне реніш сақтамай ұйқыға кетемін. Алланың олардың біріне берген жақсылығын қызғанбаймын», – деп жауап береді. Абдулла: «Сені бұл дәрежеге жеткізген осы екен ғой. Біздің шамамыз келмей жүрген амал осы», – дейді. Расында, кешірімді бола беру адамға оңай емес. Дей тұрғанмен бұл кешіре алудың мүмкін екенін жоққа шығармайды. Кешіре білу үздіксіз жан тәрбиесін, нәпсімен күресті қажет етеді. Ынсаптылыққа «эго» араласқан кезде барлық нәрсе ауыр көрінеді. Ынсаптылық танытқан кезде «эго» жоқ болып кетуі керек. Адамның бойындағы «эгоға» тән өзіндік дәреже бар. Ол дәрежені ешкім жоққа шығара алмайды. Ал енді «эгоның» дәрежесі түсіріліп, оған аз көңіл бөлінген кезде бұл нәпсіге оңай соқпайды. Егер жағымсыз ойлар мен сезімдер жиналып, ұмыту ұзаққа созылса, кешіру де қиынға соғады. Әр күніңдегі теріс пиғылдардың бетін сол күні жабуды үйрен. Тіпті сәт сайын пайда болған кереғар әсерлерді сол сәтте ұмытып кет. Ертеңгі күн - жаңа күн. Жаңа өмір жаңарған сәттен құралады. Өмірдегі өрескел жағдайдан туған сезімді немесе жағымсыз ойды ішіңде ұзақ уақыт сақтаған сайын, одан арылу ауырлай береді. Дер кезінде кешіріп, уақыт оздырма.


Өткеннен сабақ ал 132 Кешірімді болуың өткен мәселелерді жауып, оны ойыңнан толықтай шығарып, жүректе орнығуына жол бермеу арқылы жүзеге асады. Әрине, басында кешіру ауыр болады. Алайда уақыт өте ой-санаң, жүрегің саған пайда бермейтін нәрседен гөрі пайдалы нәрсеге қолданылатын ең үлкен, ең бағалы нығымет екенін түсінесің. Жүрегің мен ойыңдағы әлі еш нәрсе орнықпаған орынды қалай бағалайсың? Мәселен, меншігіңдегі жерді ерекше мақсатқа арнап, мүлкіңнің ішінде орны айырықша, өзгеше болса оны ешқандай бағаға сатпайсың. Сол сияқты асыл жүрек пен ерек сана өзіне кез-келген нәрсені тегін орнықтырып, өзін төмен бағаламайды. Керісінше, ондай асыл нәрсе лайықты тұлғаға лайықты бағамен лайықты орын береді. Өмірдегі түрлі жайт, оқиға, кездестірген түрлі адам барлығы бірдей жүрегіңде, ой-санаңда орын алуға лайықты емес. Әркез өзіңе үңіл. Басыңнан кешірген қандай да бір оқиға, жағдай жүрегімде немесе ойсанамда орын алуға лайық па әлде жоқ па, тексер. Сол сияқты өмірде кездестірген қандай да бір адам есіңде, жүрегіңде қалуға лайықты ма, соған да мән бер. Кешірмеуің оң өзгеріс әкеле ме, әлде тек өзіңе ғана зиян тигізесің бе, соған қара. Мәселен, саған зиян тигізген кісіні алдыңа әкеліп, оған қандай шара қолдансаң да, түбінде, зиянынан құтылатыныңды білсең, сол сәтте не істер едің?


iqup 133 Сен сол сәтте кешіруді таңдайсың. Пікіріме келісесің ғой? Сенде басқа таңдау жоқ. Өйткені бұл - асыл жүрегіңе, өте бағалы ой-санаңа сай келетін жалғыз таңдау. Кек қайтаруға қанша құлшыныс пайда болғанымен, егер күш-жігеріңді, өз қадіріңді білсең, өшпенділігің біртіндеп басылады. Сол үшін ғұламалар: «Кек қайтаруға шама бола тұра, кешірім таныту нағыз мәрт жандардың сипатына жатады», – деген. Өйткені кек алуға, күш көрсетуге шамаң жете тұра ғафу етуің дәрменсіз күйде кешіріп қалудан әлдеқайда артық. Ашуыңды басқарудың, ызаңды тежей білу жолдарын үйрене бастаған кезде, кешіру оңай болады. «Әл-Имран» сүресінің 134-аятында: «Нағыз тақуалар – кеңшілікте де, таршылықта да Алла жолында садақа бергендер, ашу қысқанда ашу-ызасын жұтқандар һәм адамдарға ғафушыл болғандар. Алла ізгілікке жаны үйір жандарды жақсы көреді», – делінген. Ашу қысқан сайын, дәрет алып, намазға тұра қал. Жан дүниең, руханиятың Алланың «әл-Ғафур», яғни «өте Кешірімді» деген есімімен байланыс түзіп, Ұлы Жаратушының осынау қастерлі есіміндегі қасиетті ұғыммен күн кешіп, әрдайым сол есімге жүгініп, мінәжәт етсең, кешірімшіл болуды тілеп жалбарынсаң, кешіре салу саған жеңіл болады.


Өткеннен сабақ ал 134 Пәленше кісіге дұға тілеу, тысқа шығу, ешбір әрекетке бармау арқылы ашуыңды басу сияқты нәпсіні билеудің тәсілдерін пайдаланып, имандылық, руханиятқа жетелейтін қадамдармен жүрсең, кешіре салу саған оңай болады. Кешіруді үйренудің ең бірінші тәсілі ол – ашуды баса білу. Кешірімділік кешірімді болуға тырысумен, ал білім оны үйрену арқылы бұйыратынын есіңе түсір. Егер ықыласты болсаң, одан кейін саған ешнәрсе қиын болмайды. Құран аятында: «Жақсылық пен жамандық тең болмайды. Сен жамандықтың қарымын ең көркем жақсылықпен қайтар. Сонда қас дұшпаның жан досыңа айналады. Алайда ондай кемелдікке сабырлық танытқандар ғана қол жеткізеді. Сондай-ақ оған ізгіліктен үлесі мол жан ғана қол жеткізбек. Егер сені шайтан түртіп азғырар болса, дереу Аллаға сиын! Расында, Ол бәрін естуші, бәрін білуші», – делінген. Егер кешірімді болу мен кеңшілік таныту жеңіл, ал жамандықтың қарымын жақсылықпен қайтару оңай болғанда, мұның сыйы жәннат болмас еді. Расында, кешіру мәселесі оңай емес. Дей тұрғанмен бұл сабырмен, табандылықпен жүзеге асады.


iqup 135 Кешіру әлсіздіктің белгісі ме? «Өздерін жақсы көрмейтін адамдар кешіре де алмайды». IQUProject Өткен оқиғаның естелігімен немесе кереғар оймен өмір сүріп, одан арылуды қаламаған адам, шын мәнінде, өз нәпсісінің тұтқыны саналады. Кешірмеу мен кеңшілік танытпауың ғұмырыңның бірнеше жылын тамұқ ішінде өткізгеніңді көрсетеді. Өзің арылғың келмей жүрген сол тамұқтың кілті өз қолыңда. Ең қызығы, өмірде жағымсыз амалдар, қажетсіз әрекеттер, есе алудың сәтін күтіп үнемі аңду арқылы өзін келеңсіз ойдың, сезімнің құрсауына түсіретін адамдар бар. Шын мәнінде, «кешіру мен кеңшілік таныту - әлсіздіктің белгісі» деген ой қоғам ішінде басым. Алайда ақиқатына келсек, кешіру мен кеңшілікті тек бүкіл істің тізгінін қолында ұстай білетін күшті адамдар ғана танытады. Кешіре салу әлсіз жандарға ауыр. Ал күшті жандарға жеңіл.


Өткеннен сабақ ал 136 Кешірімді болудың күшін сол ұғымды дұрыс түсінген кезде сезінесің. Кешірім танытуың өз құқықтарыңнан бас тартуды немесе аңқаулыққа салынып, мың рет опық жеуіңді білдірмейді. Кешіру - қорлық немесе қандай да бір пенденің көрсеткен тәкаппарлығының құрбанына айналу емес. Кешіруге күш ретінде қарауың үшін, санаңда ол туралы жаңаша түсінік қалыптасуы қажет. Кешірудің күші өмірдегі қандай жағдайда да кешірім еткеніңде көрінеді. Алайда барлық жағдайға бірдей кешіре беруге болмайды. Кейде кешірімді болуың күш саналады. Ал кейде екінші тарап кешіріміңді әлсіздік санап, сені істемеген қателікті мойнына ала салатын әлжуаз көрсе, кеңшілік танытпайсың. Сен кешірудің қашан күшке айналатынын, ал қашан әлсіздік саналатынын жақсылап түсінуің керек. Кеңшілігің оң нәтижемен аяқталатынын көріп тұрсаң, кешірім ет. Ал кеңшілігің себепті бұзғындық тек арта түсетінін көрсең, кешірме. Барлық істі өлшейтін ақыл таразың болсын. Басыңа түскен әрбір істі сонша күшімді алуға лайық дүние ме, әлде елемеуге болатын дүние ме деп, ойша таразыла. Ал егер оны елемеуге шамаң келмей жатса, онда оның маған түсірген салмағын қалайша азайтсам екен деп, іштей шешімін ізде. Мазалаған істің нәтижесін әлемдердің Раббысына тапсырып, ойымнан қалай шығарсам деген жауап ізде. Сол істің әсерінен пендешілік сезімдердің бойымда қордалана беруін қалайша тоқтатсам екен, уының таралуына жол бермесем екен деп ойлан. Әрбір


iqup 137 істі байыпты түрде қолға алып, пендешіліктің уынан біртіндеп айығудың жоспарын түз. Құран аятында: «Тақуа жандарға шайтаннан қандай да бір азғыру келсе, Алланы еске алады да қырағылық танытады», – делінген. Сені ашу қысқан кезде, аталмыш аятты еске түсіріп, басшылыққа ал. Сонда көкірек көзімен әрбір істің ақиқатын, нәтижесін көресің. Бірде Әбу Бәкір кедей Мұстах есімді бір мұқтажға үнемі жәрдем беріп тұратын еді «Ифк оқиғасы» деген атпен белгілі болған оқиғада Айша анамы зға жала жабушылардың ішінде Мұстах та бар болатын. Ардақты пайғамбардың жұбайы Айшаға жала жабушылар арасында Мұстахтың да болғанын естіген кезде Әбу Бәкір бұдан былай оның жанұясына көмектеспеуге ант ішеді. Әбу Бәкірдің жәрдемі тоқтап қалған кезде Мұстахтың жанұясы бейшара халге түседі. Бұл Мұстах Айша анамыздың немере бауыры еді. Ғалымдарымыз мына аяттың осы оқиға кезінде түскендігін айтады: «Араларыңдағы молшылық пен дәулетке ие болғандар жақындарына, міскіндерге, мұхажирлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін! Ғапу етіп кешірсін. Алланың сендерді iqup


Өткеннен сабақ ал 138 кешіруін қаламаймысыңдар ма? Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді!». Ардақты Мұхаммед Әбу Бәкірді шақырып: – Саған Алла Тағаланың кешірімі керек пе? – деп, жоғарыдағы аятты оқып береді. Сонда Әбу Бәкір: – Әлбетте мен Алланың кешіруін қалаймын! – деді де, антын бұзып әрі мұны бұзғандығы үшін кәффаратын да өтеп барып Мұстахтың жанұясына жәрдем етуін жалғастырды. Себебі, ол Алланың кешіріміне лайық болу үшін кешірімшіл бола білу керектігін түсінген еді.


iqup 139 Кешірім қуаты Қателігіңді мойындауға батылың жеткенде ғана, оған кешіріммен қарауға болады. Брюс Ли Біз кешіру тақырыбы төңірегінде не айтсақ та, әрдайым кешірімге іс жүзінде жеткізетін тәсілдерді қажет етеміз. Бұл тәсілдер теорияны практикаға қолданатын шынайы құралға айналдыруға көмектеседі. Өмірлік ауыртпалықты қалай еңсеріп, кешірімді болуға дағдыланамыз? Бұл бір сәтте бола салатын нәрсе емес. Керісінше, тар әлемнен кең әлемге көшуіңе мол септігін тигізетін рухани практика арқылы жүзеге асады. Расында, кешірім әлеміне кіру үшін, күшті құлшынысты итермелейтін шынайы ниет қажет. Сол сияқты кешірімді болуға кесімді шешім керек. Сен кешірімді болуға шынайы ниет еткен бойда, өзің үйренсіп қалған ескі ойдан өзгеше көзқарастарға сүйеніп, жаңаша ойлана бастайсың.


Өткеннен сабақ ал 140 Әуелі өзіңді үнемі біреудің қателігінің құрбаны ретінде сезінуіңе түрткі болатын ескі ой-пікірден арыл. Өміріңнің қожайыны өзің екеніңді, өміріңді өзің басқарып, оған өзің жауапты екеніңді ұғын. Қандай да бір тақырып туралы ұнамсыз әңгіме айта беруді доғар. Өзгелерге керексіз тақырыпты қайталап айта берме. Бұрынғы естеліктерді қайта-қайта еске түсіре берме. Осы айтылған нұсқаудың кері әсері санаңда орнығып, оны ойлай беруден құтылуға мол септігін тигізеді. Өзің кешіргің келіп жүрген адамдармен арадағы болған жағдайдан немесе басыңнан өткен келеңсіз оқиғадан ғибрат ал. Мұның бәрін параққа түсір де, өте бағалы қазынаң деп біл. Егер бұрынғы келеңсіз оқиға қайталанса қалай әрекет етесің, өткен оқиғадан жақсылап сабақ алдың ба, ол қандай тәжірибе сыйлады, соған қара. Өмірден сабақ алмайынша, сынақ көре беруің - өмір заңдылығы екенін түсін. Өткен сынақтар қайталанса, таң қалма. Өйткені мұнда сен әлі түсінбеген хикметтің бары анық. Егер сенің кеңшілігіңді іздеген адаммен бетпе-бет келіп, оны кешіре алмасаң, оның жақсы қасиеттерін іздеуге тырыс. Бар көңіліңді жақсылықтарына аудар. Немесе оған дұға тіле. Өйткені дұға жүрегіңде бауырмалдық сезімін оятады. Басында оған дұға тілегеніңде, бәлкім, жақтырмайтын шығарсың, алайда бірте-бірте оған жүрегің жібіп, ғафу ете аларсың. Ал егер адамның жақсы жағын көре алмасaң, онда оны мүлдем есіңе алма. Мұндай жағдайда: «Алла,


iqup 141 әділетсіздіктен ашынып сөйлеген адамның сөзін айтпағанда, ашық айтылып көңілге қаяу түсіретін сөзді ұнатпайды. Қандай да бір жақсылықты жария істесеңдер де, жасырын істесеңдер де немесе (өздеріңе істелген) жамандықты (есесін қайтаруға шамаларың жете тұра) кешетін болсаңдар, біліп қойыңдар, Алла өте ғафушыл, аса құдіретті», – деген аяттарды есіңе ал. Ондай адамға, шамаң келгенше, махаббат пен кешірім қуатын бөлуге тырыс. Көзіңді жұмып, шын жүректен: «Бауырым, сені кештім», – деп айтуың жеткілікті. Ал егер онымен араласқың келмесе, онда оған жақсылық, есендік атаулының бәрін тілеп, Алладан өміріңде жолықпауын сұра. Кешірім ұғымы санаңа терең орнығып, пайдасын жақсылап ұғынғаныңша осылай істей бер. Өзгелер жайлы сыртынан ұнамсыз әңгіме айту, тіпті, адамдар оны білмесе де, араларында алауыздық тудырады. Адам өзге кісінің оған қарсы ішіне бүккен сезімдерін, айтпастан-ақ, ұғады. Мәселен, әйел кісілердің бір-бірлерімен бас қосқан жиындарындағы күйеулері, бала-шағалары туралы айтқан жағымсыз әңгімелері араларындағы қарым-қатынасқа кері әсерін тигізеді. Өйткені ондай әңгімеден пайда болған сезімдер бойға кіріп, сіңіп жатқан жағымсыз қуат қана. Мен ұйымдастырған курстардың бірінде курсқа қатысқан әйел кісілерді өмірде ұрсысып қалған адамдар туралы бір аптадай ондай әңгіме айтпауға шақырдық. Ең қызығы, олардың қарым-қатынастары өте керемет дәрежеде түзелген. Мәселен, мен де бұл


Өткеннен сабақ ал 142 іс-тәжірибе арқылы өзімді сынап көрдім. Жұмыс орнымдағы жетекшімнің мінез-құлқын жақтырмай, іс-әрекеттерін жиі сынға алған кезімде, ол менімен араздасып, жұмыста жайсыз жайлар көбейді. Расында, ислам діні маңызды себептер болмаса, ғайбат айтуға тыйым салған. Істеген қателігіңнің көлеміне қарай өзің ренжіткен кісіден кешірім сұрай біл. Бұл тұрғыда ынсапты бол. Шынайы түрде кешірім сұра. Бір рет, екі рет, үш рет кешірім сұра. Үмітіңді үзбе. Ал егер ол сенің кешіріміңді қабыл алмаса, деміңді ішіңе терең ал да, оған ойлануға уақыт бер. Бұл аралықта оны мазалама. Оның саған ашулану себебін түсінуге тырыс. Келесі жолы оның ашуын тудыратын себептерге жол берме. Оған өзіңнің баяғы тұлға емес екеніңді, шынайы түзелгеніңді көрсет. Бейбітшілікте күн кешуді қалаcаң, айналаңа кешірімді болуға күш-жігеріңді жұмса. Алайда өмірде бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Біз пенде болғандықтан, қателесеміз. Кейде бір-бірімізді ренжіткен кезде, қалай кешірім сұрау керектігін, кешіргенімізді қалай білдіруді білмей жататын кездеріміз де болады. Өткен олқылықтың орнын толықтыруға, бір жіберген қателікті екінші рет қайталамауға деген ниетіңмен қатар, сен алдыңғы тақырыптарда айтылған нұсқауларды осы мәселеде де қолдана аласың. Жағдай талап етсе, кешірімді бірнеше рет сұра. Ренжіген кісі сенің шынайы өкінгеніңді, өзгергеніңді көрсін.


iqup 143 Расында, бәрімізге көркем түрде кешірім сұрауды үйрену керек. Құр өкінішті білдіретін сөздерді айту, кешірім сұрау жеткіліксіз. Кешіріміңнің қабыл алынуына септігін тигізетін тәсілдер бар. Кейде адамдар біздің қателігімізді түсінбей, оны келесі жолы да қайталауымыздан немесе олардың көңіл-күйін сезіне алмауымыздан қорқып, кешірімімізді қабыл алмай жатады. Мұндай жағдайда олардың реніштен туған көңіл-күйлерін шынайы ұғынып, сезімдеріне құрметпен қарауымыз керек. Содан кейін олқылығымыздың орнын толтыратын, қателігімізді жуып-шаятын оң іс жасауымыз керек. Біз олар үшін мүлдем күтпеген қателікке барғанымызды мойындағанымыз жөн. Бұл мәселеге байланысты бәлкім көкейіңде «Егер мен татуласқым келіп жүрген кісі басқа жаққа кетіп қалса, яки мен оның қайда екенін білмей немесе, ол адам бұл дүниеден өтіп немесе сол сияқты т.б. себептерге байланысты оны таба алмай қалсам, қол қусырып отырамын ба, әлде бір әрекет етем бе?» деген сауал туған болар. Есіңде болсын! Қандай жағдай болмасын, оның шешімі табылады. Ал егер қалаған шешіміңді таба алмасаң, ол кісі үшін дұға тілеп, оған деген пейіл-ниетіңді жақсарт. Көңілін көншіту үшін оның атынан қайырымды іс, яғни, садақа бер. Ал егер ол өзінің атынан қайырымды іс істегеніңді білмесе, шүбәсіз, Алла сенің шынайы ниетіңді, жүрегіңнің тазалығын білетінін түсін.


Өткеннен сабақ ал 144 Кешіруге тұрмайтын нәрсе бар ма? «Егер дүниеде кешірілмейтін нәрсе болса, ол да - кешіре алмау болар еді» Asik Бұл мәселе терең тыныс алып, оған жан-жақты қарауыңды талап етеді. Сонымен қатар кешіру - азаматтық, әлеуметтік түрлі факторларға байланысты қабылданатын адамның жеке шешімі екенін білген жөн. Мәселен, сен кешіруге болады деп санаған істі, өзге біреу кешірілмейтіндей көруі мүмкін. Сенің көзқарасыңда кешіруге лайық болмайтын істер бар шығар. Алайда қандай да бір ұнамсыз істер, жағдайлар саған толассыз дау-дамаймен күн кештіріп, өміріңнің шырқын бұзуға лайықты емес қой. Мазаңды қашыруға лайықсыз мұндай кереғар істерден зейініңнің, сезіміңнің, тәніңнің қуаты түбінде таусылып, бітіп қалмай ма?!... Өзіңе сұрақ қойшы! Өмірде сен кешіріммен, кеңшілікпен қарай алатын қандай істер, әрекеттер


iqup 145 бар? «Кешірім бере алмаймын»,- деп ойлаған адамдардың көбісі - өздеріне зиян келтірген кісілердің сырқаттанғанын, аянышты халге түскенін немесе өлім сәтінде жатқанын көрген кезде ғана кешіру сезімдері оянған. Ал енді сенің кешірім сезімің қашан оянады? Сен кешірім танытуың үшін қандай қайғылы жағдай орын алуы керек? Көңіліңе жақпаған жағдай соған тұрарлық па? Егер сен зұлымдыққа ұшырап, қарымтаңды қайтарғың келсе, онда мына бір аятқа сай әрекет ет: «Расында, кімде-кім зұлымдыққа ұшыраған соң, есесін шариғатқа сай қайтарса, міне, соларға айып жоқ». Алайда кешірімді болу - адам баласының көпшілігі жете бермейтін өте биік дәреже, нағыз мәрт іс. Адам баласына кешіру нығыметі берілмегенде қоғамда «қанға қан» ұстанымы орнайтын еді. Ондай ұстаным орнаған әлем хаосқа айналар еді. Дегенмен, біз аталмыш ұстанымнан бұрын Алла Тағаланың сөзіндегі мына бір ұлы ұстанымды білгеніміз жөн: «Жанға жан (нақақтан-нақақ кісі өлтіргенді өлім жазасына бұйыру), көзге көз (нақақтан-нақақ көз шығарғанның көзін шығару), мұрынға мұрын (нақақтаннақақ мұрын бұзғанның мұрнын бұзу), құлаққа құлақ (нақақтан-нақақ құлақ кескеннің құлағын кесу), тіске тіс (нақақтан-нақақ тіс сындырғанның тісін сындыру) және сол сияқты (адам тәнін) жарақаттаудың барлық түрінде осылай бірге-бір қысас жасалады. Ал кімдекім қысас жасап кек алмай-ақ кешірім етсе, бұл ол


Өткеннен сабақ ал 146 үшін күнәларының өтемі болады. Кімде-кім Алланың түсіргенімен үкім шығармаса, міне, солар - нағыз залымдар», – делінген. Егер де барлық адам бір-бірінен қысас ала беретін болса, расында, бұл әлемде өмір сүру қиындайтын еді. Сондықтан Алла Тағала аяттың соңғы жағында: «Ал кімде-кім қысастық жасап, кек алмай-ақ кешірім етсе, бұл ол үшін күнәларының өтемі болады», – деп, қажет кезде кешірім танытып отыруға шақырады. Шын мәнінде, адам баласы табиғатынан өз «эгосының» есесін жібермейтіндей етіп жаратылғаны рас. Алайда аталмыш аяттағы кешірімділік ішіндегі «эгосы» асып-тасып, кешіруден бас тартқандарға қаратып айтылған. Жер бетінде тепе-теңдік орнау үшін, аятта қамтылған ұғымдар заң болып бекітілген. Мәселен, «Менің жанымды жаралаған адамдар ертең Жаратушының алдында есепке тартылады. Мен оларды ешқашан кешпеймін», «Бір күні сен де келерсің, сонда мен де кешірмеспін» деген сөздерді ел арасында кім таратып жүргенін білмеймін. Алайда сен қоғам ішінде кешірім мен кеңшілік ұғымын жүрген ортаңда насихаттап жай. Ал егер кешірімді болуға шамаң жетпей жатса, онда толықтай кешіргіш адам болуға тиісті емессің. Сенен талап етілетіні – кешірімшіл болу үшін нәпсіңмен үнемі күрес, арпалыс, кешіруге барынша тырыс.


iqup 147 Қандай да бір кісінің олқылығына, нашар әрекетіне үнемі төзімділік танытуға міндетті емессің. Бірақ қолдан келгенше кешіріп, кеңшілік танытқаның абзал. Кешіре алатыныңа сенімді бол. Өмірдің қысқа сапар екеніне сен. Оны меланхолиямен, қатаңдықпен өткізбе.


Өткеннен сабақ ал 148 Кешіруді үйренуге көмектесетін тәсілдер «Кек алған адам түбінде өкінеді, ал кешірген адам - ешқашан». Дюма А. Шын мәнінде, кешірім сапарына терең бойлап, бұл сапарда көздеген мақсатқа жету үшін, рухани практикалық тәсілдердің маңызы зор. Бұл мұратқа жету үшін қолданатын ең әуелгі тәсілің – кешірімді болуға ниетің, яғни, ойланбастан шынайы құлшыныс білдіруің керек. Расында ашу – адам баласына тән, бәрімізге ортақ сезім. Алайда әр адамның ашуланғаннан кейінгі жағдайлары әр түрлі. Әдетте адамдардың ой - сезімдері ұқсас келеді. Адамның қандай да бір нәрсеге қатысты көрсеткен іс-әрекеті оның көңіл-күйіне, ой-санасына сай болады. Адамдардың арасында ашуланып, артынша кешірімшілдік танытатын немесе ашуланып, ашуы одан сайын өршелене түсетін немесе ашуланып, бірнеше жыл өтсе де кешпейтіндер кездеседі.


iqup 149 «Шура» сүресінде кешірімге лайық адамдардың сипаты былай бейнелеген: • «Сондай зор күнәлардан, арсыздықтардан сақтанғандар, • ашу кернеген кезде өздері кешірім е т к е н д е р ; • Раббыларының үндеуін қабыл алып, намазды толық орындағандар, • өзара істерін кеңеспен жүргізгендер және өздеріне берген несібелерін тиісті орындарға жұмсағандар; • Бір зұлымдыққа тап болса, жұмыла жәрдемдескендер; Бір жамандықтың қарымы дәл сондай жамандық болмақ. Сонда кім кешірім етіп, жарасса; онда оның сыйлығын Алла береді. Ол қиянатшыл залымдарды жақсы көрмейді; • Егер біреу зұлымдық көргеннен кейін әділ түрде өшін алар болса, оларға тағар сын болмайды; Алайда кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, сауабы зор іс атқарған болады». Құран адамға тән сезімдердің ең маңыздысы және күнделікті өмірде жиі бой алдырып қоятын «ашу» сезімін қалай баяндағанына қарашы. Құран «ашуды» баяндаумен шектелмеген. Керісінше, iqup


Өткеннен сабақ ал 150 аталмыш сезімдердің түрлеріне біртіндеп тоқталған. Өмірде жай ашуды көрсету мен зұлымдық, жамандық көруіңнің арасында парық бар. Дей тұрғанмен мұның бәрі кешірім танытпауға итермелейтін фактор саналады. Бірақ Құран сенің адамгершілігіңді ескеріп, саған жамандықтың қарымтасын қайтаруға немесе кешірім танытып, қоғамды түзетуге таңдау берген. Сосын құқығың тапталған кезде, есеңді алып, шектен шықпасаң, саған айып жоқ екенін баяндаған. Дегенмен, бұл да сабырлықты, кешіруді қажет етеді. Кешірімді болу, ғафушылық, кеңшілік сияқты ізгі істер табандылықты, жігерді қажет етеді. Сен аталмыш ізгі істерде, Құдай қаласа, табандылық таныта алатыныңа шәк жоқ. Бір досымның айтуынша, ол «Егер ақылыңның аясын білгің келсе, онда сені қандай істер ашуландыратынына қара» деген нақыл сөзді оқыған кезде, әрбір болмашы іске ашулана салуды доғарған. Расымен, іс жүзінде сенің ойыңа, ішкі сезіміңе әсер етіп, тәніңнің, жаныңның, ойыңның құбылмалығын тудыратын істер дерт сияқты. Бұл - сенің тұлғаңды, оның шынайы бейнесін анықтайтын үлкен көрсеткіш. Түркі халықтарының нақыл сөздерінің бірінде: «Ашудың басылмауы - шоқты біреуге лақтыру ниетімен қолға ұстау сияқты. Бірақ, әуелі, сол шоққа өзің күйесің», – делінген. Расында, кешіру - адам жанына ауыр іс. Әлбетте, жеңіл емес. Сол үшін саған, Алланың қалауымен,


iqup 151 кешірімді болуға жетуіңе көмектесетін біршама практикалық нұсқауларды ұсынамыз: • Көптеген жағымсыз істің емі – руханият. Сондықтан Алладан жүрегіңдегі жек көрініш сезімін алып тастауды сұра. Өзің кешіре алмай, кеңшілік таныта алмай жүрген кісіге дұға тіле. Басында бұл саған ауыр болса да, оған жақсылық, игілік тіле. Сен жаныңның мұны біртіндеп қабылдай бастағанын, сонымен қатар жағдайдың оңалғанын байқайсың. Өйткені дұға тек жақсылық әкеледі; • Сенің ақыңа қатысты қате-кемшілік жіберген кісіге жанашырлық таныт. Бәлкім, ол қателік істеген кезде, пайым-парасатқа немесе сау санаға ие бола алмаған шығар. Қате-кемшілігін, күнәсін жеңе алмаған шығар; • Оңаша қалсаң да қателескен кісі жайлы тек жақсы сөз айт. Оған есендік пен кешірім қуатын төк. Оған қайыр-жақсылық тіле. Бұл тұрғыда нәпсіңе бой берме. Өйткені нәпсі жаратылысынан иесінің ізгі болуына кедергі жасауға тырысады. Нәпсі өз иесінің тек эгосы, мәртебесі, үстемдігі туралы ойлағанын қалайды; • Хат жазып, оған өзің қиянат көрген кісі туралы баяндап, сосын жыртып таста; • Ғафушылдық, кешірімді болу туралы оқиғалар жайлы оқып, өзіңді кешірімшіл болуға ынталандыр. Кешірімнің сыйы туралы оқы. Жүрегіңде шамаң келгенше реніш, өкпе, ыза сияқты т.б. жағымсыз


Click to View FlipBook Version