Кешірдім 52 Пайғамбардікі, не қай шыншылдікі не қай шәћидтікі?» - дейді. Алла Тағала: «Бұл ақысын бергендікі», - дейді. Ол: «Иә, Раббым! Ондай ақы иелері кімдер? деп сұрайды. Алла: «Оның иесі сенсің!» Ол: «Не нәрсеммен ие боламын?» - дейді. Алла Тағала: «Өз бауырыңа деген кешіріміңмен ие боласың», -дейді. Әлгі адам: «Иә, Раббым! Расында мен оны кешірдім!» -дейді. Алла Тағала: «Онда бауырыңды қолынан жетектеп жәннатқа кіргіз!» - дейді.
iqup 53 Кешірімнің дәрежелері «Егер жабайылар секілді өмір сүргілерің келмесе, бір-біріңді кешіріңдер» Золя Э. Кешіру, кеңшілік таныту, ғафу ету, елемеу – араларында терең мағыналы айырмашылық бар сөздер. Алайда бұл сөздер адамның тазалығын ластайтын, жан сұлулығынан айыратын, біраз күшін сарқып тастайтын, өміршеңдігін тежейтін жандүниедегі ластықтан арылуға көмектесу тұрғысынан алып қарар болсақ, бір мағынаны білдіреді. Яғни, адамды рухани азаттыққа жеткізу тұрғысынан қарағанда мағыналас сөздер. Рухани азаттыққа жету ұғымы аталмыш сипаттардың жүрегіңді, ақыл-ойыңды тазалап, қатігездік, іштарлық, қыңырлық құрсауынан азат етуге көмектесуді мақсат етеді. Осындай ұғымдар рухани азаттыққа яғни, адам жанына зиян келтіретін қажетсіз сезімнің зілінен, жағымсыз сезімнің құрсауына түсуден арылуға көмектеседі. Ерекше жеңілдік сезінуге сеп болады. Сондай-ақ аталмыш ұғымдар адам жанын
Кешірдім 54 пайдасыз сезімдермен шұғылдандырмайды, керісінше жетілдіреді. Өмірдің өткен-кеткенін ойлап жүрген жүрек жетіле алмайды. Өткен өмірдің өкпесін жібере алмаған жан болмысы, мақсаты, ой-пікірі таяз жан болмақ. Өрлеу мен даму адамгершілік қасиеттері жетілген жанды қажет етеді. Лайықсыз жерге жуымайды. Болмашы, пәс нәрсеге, мейлі, ол іс-әрекет болсын немесе ой болсын, тіпті сезім болсын, оған қарай тартатын әрбір заттан алыс болады. Кешірімді болуға толық әдеттену үшін, ол жолда міндетті түрде үш істі орындауың керек: Бірінші: Өзіңе, болмысыңа көзқарасыңды түзеу Бұл өзіңді, оған қоса тәніңдегі, жаныңдағы сипаттарыңды жақсы көру арқылы орындалады. Өзіңдегі қателіктерге кешіріммен қарау арқылы, бойыңдағы кемшіліктерді және әлсіз тұстарыңды қабыл алу арқылы орындалады. Сонымен қатар бойыңдағы рухани қуатты ояту арқылы жүзеге асады. Егер адам мұны тыңғылықты орындаса, нәтижесінде екінші іске аман-есен, байыппен жетеді. iqup
iqup 55 Екінші: Өзгелерге кешіріммен қарау Бұл іс саған зиян келтірген әрбір адамды тіпті, оны жазалауға күшің жетіп тұрса да кешіріп, оларды ойыңнан, сезіміңнен шығарып тастау арқылы жүзеге асады. Егер адам осыны орындаса, одан сайын байсалданып, көркемдігі арта түседі. Осы екі қасиет бірін-бірі демегенде іштен де, сырттан да көркем мінезділік келеді. Адам бәлкім, бойындағы кемшіліктерге көз жұмып, керісінше өзгенің кемшілігіне мүлдем кешіріммен қарай алмауы мүмкін. Нәтижесінде өзгелермен қақтығыс орын алуы ықтимал. Болмаса керісінше, кейбір адамдар өзгелердің кемшіліктерін қабылдап, өзінің кемшіліктерін мойындамауы мүмкін. Ақыры іштей арпалысқа түсіп, өзін-өзі жазғырып, сөгіп, өмірдің сәнінен, қызығынан айырылып қалуы ғажап емес. Өз кезегінде мұндай әрекет жетістікке жетуге, ісінің жемісін көруге, өзін де өзгелерді де жақсы көруге мұрша бермейді. Адамдарға кешіріммен қарауың оған емес, бірінші кезекте өзіңе жасаған жақсылығың болып саналады. Өзгелерге кешіріммен қара. Олар саған қарсы істеген әрекеттерін ұғынбай, түбінде жасаған жамандықтарының құрбаны болуы мүмкін. iqup
Кешірдім 56 Үшінші: өмірде орын алған жайттарға кеңшілікпен, кешіріммен қарау Адам өмірінде жанын жаралайтын, жанын ауыртатын қиын сәттерді, жайттарды басынан кешіруі мүмкін. Мәселен, мал-мүлік тапшылығын көріп, қатты тарығуы ықтимал. Сонымен қатар денсаулығына байланысты небір қиыншылықтарды да басынан өткерген болар. Жалғасуына өте зәру болған қарым-қатынас әп-сәтте үзілуі мүмкін. Біреудің дөрекілік танытуы, қоғам тарапынан қыспаққа алыну, қуғындалу, артынша жалғызсырау сияқты т.б. жағдайларға тап болуы мүмкін. Өмірде кездесетін жайттарға кеңшілікпен, кешіріммен қарау қиыншылықтардан өтіп, жан жарасын іштей емдеу арқылы жүзеге асады. Өзің басқарып отырған өміріңнің жауапкершілігін абыроймен арқалап, өткен шақтың тұтқыны болмау арқылы жүзеге асады. Өміріңнің алғашқы он жылдығындағы жан ауыртпалықтарын жиырма жасыңа дейін сақтап, жиырма жылдық жан ауыртпалықтарын отыз жасыңа дейін сақтап, сосын ішіңде қордаланған жан жарасын қырық және елу жасыңа дейін арқаласаң, онда халің мүшкіл. Өміріңді ғафу ету, кешірімшіл болу, кеңшілік ету сияқты ізгі қасиеттермен жаңартуың қажет. Сосын осы қалыппен өміріңнің соңына дейін ғұмыр кешуің керек. iqup
iqup 57 Өміріңнің ойранын шығаратын мұндай керітартпа өмірлік салтты тоқтат. Оны келесі ұрпаққа жеткізбе! Саған тумысыңнан немесе қоршаған ортаңнан жұққан мұндай жаман әдет өзіңмен аяқталсын. Оны өзгеге жуытпа! Американдық атақты қос жазушы доктор Уэйн Уолтер Дайер мен Линн Лаубер «Менің ұлы ұстазым» атты бірге шығарған еңбектерін өте керемет оқиғамен аяқтаған. Қысқасы, ол оқиғада Райн есімді жігіттің басынан кешірген оқиғасы баяндалған. Райн әкесіне сәби кезінде бауырларымен бірге тастап кеткеніне ашуланып жүреді. Райн: «Бразилияны мекен ететін матис тайпасының көсемі бір күні терең мағыналы сөз айтқан, алайда мен оны кейінірек түсінген екенмін. Матис көсемі: «Ешкім жыланның шаққанынан өлмейді. Бірақ шаққан соң қаныңа араласып, бойыңнан шықпай қалған жыланның уы өлтіреді. Ол уды бойыңнан шығарып тастауды үйренбесең, ақырында түбіңе жетеді. Дегенмен, ең абзалы сол уды толықтай қабылдап, кешегі күні қатерлі у болған сұйықтықты дауаға айналдыруың», – деп ақылын айтқан», – дейді. Бұл бір жағынан алып қарағанда қарапайым әңгіме болып көрінеді. Алайда басқа жағынан алсақ, өте керемет айтылған ой. Өміріңнің көп бөлігін ойрандаған жайттарға және қиыншылық көруіңе, жаныңды жаралауға себеп болған оқиғаларға ой жүгіртіп, оларды өзгертудің жолын табу – сенің нағыз ұлы ұстазың. Саған бұйыратын нығыметтердің ең ұлысы. Бізді қоршаған
Кешірдім 58 әлемге, сондай-ақ, өзімізге қатысты ұстанымымыз, міне, осындай болған жөн. Өміріңде қандай жайттар орын алмасын, оларды өмір жолыңдағы кедергілермен қоса қабыл ал. Біраз уақыттан соң, өмір жолыңдағы әрбір кедергі бойыңда оңайлықпен тұрғызыла қоймайтын ұлы нәрсенің қалануына себеп болғанын ұғынасың.
iqup 59 EXERCISE Қағаз алып, оны үшке бөл. Бірінші бөлікке бойыңдағы ұнатпайтын барлық дүниені жаз. Екінші бөлікке ойыңа оралған сайын, жаныңа бататын жағымсыз естеліктерді, жайттарды, істерді жаз. Үшінші бөлікке кешіргің келіп жүрген адамдарды немесе есіңе алған сайын көңіліңді түсіретін адамдарды жаз. Бұл жаттығуды жазып отырып орындаудың маңыздылығына көңіл бөл. Сұрақтарыңа ойша жауап берумен шектелме. Бұл жаттығу іс жүзінде кімге және неге кешіріммен қарай алатыныңды анықтауың үшін қажет. Ой, іс-әрекетіңді шашыраңқы етпей, дұрыс бағытпен, айқын мақсатпен алға жылжып отыруың үшін керек.
І LEVEL Кешіру
Кешіру 62 Өзіңді бағалау мен кешіру Кешіру мықтылардың ісі. Әлсіздер кешірімді бола алмас. Махатма Ганди Өзін бағалау мен кешірімді болудың арасында тығыз байланыс бар. Сен өзіңді бағалаған сайын адамдарды мейілінше кешіріп, оларға кеңпейілділік танытасың. Эгодан, яғни өзімшіл болудан аулақ тұрасың. Әрине, өзімшіл болмаған дұрыс. Адам өзін-өзі қаншалықты төмен бағалаған сайын кешіру, кеңшілік қылу оған соншалықты ауыр тиеді. Алайда ол бұл ізгі жол арқылы, кешіру ұғымын, пайымын берік ұстану арқылы өзін өте жоғары бағалап, кемелдене түседі. Адамдармен жиі араласқан сайын, оларды жақсы тани бастайсың. Адам баласының жаны, болмысы туралы оқыған сайын, олардың түрлі, ала-құла екенін түсіне бастайсың. Адам өзін-өзі бағалау тұрғысынан үш түрге бөлінеді. • Бірінші түрі: өзін шектен тыс бағалайтын адам. • Екінші түрі: өзін тиісінше бағаламайтын адам. • Үшінші түрі: өзіне дұрыс баға бере алатын адам.
iqup 63 Өзін шектен тыс бағалайтын адам «Кешір деп, кешіре алмай тұрған кезде айтады» Өзін шектен тыс бағалайтын адам бойында эгосы, яғни менмендігі шектен тыс көрініс табады деген сөз. Көп жағдайда мұндай адам қоғамда мансапқа, беделге ие. Өзгелерден мақтау естуге әдеттенген. Бала кезіндегі тәлім-тәрбиесінде шектен тыс еркелету - мінезін бұзған. Бірақ әрбір мансапты, беделді адам өзінің бағасын асырып жібереді деп айтуға келмейді. Өмірде адамның өзін асыра бағалауына, дандайсынуына итермелейтін себептер болуы мүмкін. Дегенмен мұның өзі - жағымсыз қылық. Ал ең жағымсызы – себепсіз туған астамшылық. Ислам діні мұндайға үзілді-кесілді тыйым салған. Имам Муслимнің «Сахих» жинағындағы Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз: «Алла қиямет күні үш пендемен сөйлеспейді, оларды тазартпайды және оларға қарамайды. Сондай-ақ оларға ауыр азап бар», – деп сол үшеуінің арасында тәкаппар кедейді атаған. Дандайсынуына себеп жоқ бола тұра өзін өзгеден
Кешіру 64 жоғары санаған адамды меңзеген. Пақырдың қолында түгі болмаса да тәкаппарланып, өзін асыра бағалауына итермелейтін нендей себеп болмақ? Өзін шектен тыс бағалайтын адам төмендегі сипаттарымен танылады: • Сын-пікірді немесе насихатты қабылдамайды. Әрдайым өзінікін дұрыс деп санайды. • Іс-әрекетінде асыра сілтеушілік байқалады, әсіресе, түймедейді түйедей етіп көрсетуге шебер. • Өзгелерге үстемсініп, дандайсып қарайды. Оның үнемі: «Олар мені тыятындай кім еді?! Сендер маған насихат айтатындай кімсіңдер?! Сен маған үйрету үшін келдің бе?!» – деп жатқанын естисің. • Бойындағы тәкаппарлық пен масаттану шегінен шығып, барлығынан өзіне ерекше мәміле, қарымқатынас жасауын талап етеді. Адамдар оған үнемі лайықты құрмет көрсетпейді деп санайды. • Өзін маңызды тұлға сезінеді. Ал қалғандары оны бақылап, сол сияқты болғылары келеді деп есептейді. Серіктері қызғанышпен қарайды деп ойлайды. • Кешіруді, кеңшілікті танытудың жолын білмейді. Керісінше, қатыгездік пен іштарлықтың былығына батып күн кешеді. Әрдайым қате-кемшіліктерін кешірілетін, болмашы іс санайды. Ал өзгелердің қате-кемшіліктерін болса, кешірілуі мүмкін емес ауыр іс көреді.
iqup 65 • Еңсесін даңғойлана көтереді. Құдды ісініп тұрғандай болады. Басын менменсіп жоғары ұстайды. • Өзімшілдікті, менмендікті білдіретін сөздерді жиі қолданады. Өзі жайлы, басынан кешірген оқиғаларын жиі айтады. Сондай-ақ өзі ғана сөйлегенді жақсы көреді.
Кешіру 66 Өзін бағаламайтын адам «Кешіру ашудан, жек көруден және рухани тұрғыда шаршаудан сақтайды» Өзін бағаламайтын адам «шектен тыс сүмірейген адам» деп аталады. Себебі мұндай адам өзін өте төменгі дәрежеге дейін түсіре алады. Егер мәселе бұдан ары қаралса, шүбәсіз, оның өзіндік бағасы, сыйы жоқ десе де болады. Болмысы жоқ затпен тең. Ондай адам өзінің ой-пікірін ашық айта алмайды. Қоғаммен біте қайнаса алмай, тұйықтала береді. Өзінің ішкі жалынын, көркін, өзіне деген сенімін жоғалтқан жан. Ол әрдайым күмәнмен күн кешеді. Әрбір нәрсеге күмәнмен қарайды. Өзінің мүмкіндігіне, қабілетіне шек келтіреді. Адамдардың біреуі оған көркем мәміле, қарымқатынас жасаса, күмәндана бастайды. Тіпті тағдырында бұйырған жақсылықтарға күмәнмен қарайды. Кибербуллингке ұшыраған адамның болуы - қоғамды тоқырауға әкеп тірейді. Бала өзінің жақындары тарапынан орынсыз сынға алынса немесе күлкіге ұшыраса, өзге балалармен орынсыз салыстырылатын болса, түбінде тоқырауға ұшырайды. Бала тәрбиесіндегі
iqup 67 мұндай әдіс-тәсілдер пайда бермейді, керісінше, психикасына қатты зақым келтіреді. Өзін бағаламайтын адам, бәлкім, өсіп-жетілетін шағында тұлғалық дамуына зақым келтіретін, нашар қарым-қатынасты немесе жиі жәбір көрген болуы мүмкін. Айналасында қолдау көрсетер ешкімді таппауы немесе өзін құтқаруға жеткілікті пайым-парасаты болмауы, дұрыс қарым-қатынастың түзілмеуі де әсер етуі мүмкін. Адамдардың басым көпшілігі көп жағдайда өзін асыра бағалап жіберіп немесе бағалай алмай жатады. Өзін бірқалыпты ұстап, шектен шықпай бағалай білетін адам кемде-кем. Өзін төмен санайтын адам мынадай анық сипаттармен танылады: • Өзгелерге өзін басынуға, уақытын алуға, мал-мүлкін қолды қылуға жол береді. Көп жағдайда мұндай әрекеттерге қарсылық білдірмейді. «Жоқ» деп айтуға қиналады. • Мақтауды мүлдем қабылдамайды. Егер оған киімкешегінің әдемі екенін айтсаң, саған киімінің қарапайым екенін айтады. Егер оған бір істе тапқырлық танытқанын айтсаң, саған біртүрлі қарап, сөзіңді жоққа шығарады. Сені түзеп, сосын іс-әрекетінде қате-кемшілік жіберген жерлерін түсіндіре бастайды.
Кешіру 68 • Кішіпейіл болуды алға тартып, сөзінде өзін орынсыз кішірейте береді. Өзі туралы: «Ақымақпын, тез үйрене алмаймын», – деп айтады. Егер онымен тартыссаң, кішіпейілділік және адамның өз қадірін білу жайлы айтылған сөздердің бәрін жаттап алады. Алайда ол өзін түсіреді. Өз қадірін білмейді және өзін бағаламайды. • Өзіне сенімсіз екені анық білініп тұрады. Сенімсіздігі сөзінен, дауыс ырғағынан, отырысынан, жүрісінен көрінеді. Көп жағдайда тұйық жүреді. • Үнемі өзінен жоғары тұрған адамдарға қарайды. Олармен өзін салыстырып, солар сияқты болуға немесе оларды басып озуға жасқанады. Өзінің өсетініне, озатынына сенбейді. • Өзінің жетістіктеріне қуануы қиын. Қандай іс бітірсе де барлығын қалыпты жағдай деп санайды. Бойынан ешбір айбын мен алғырлық көрінбейді. • Өзі туралы армандаудан, өзіне үміт артудан қорқады. Әрдайым қарапайым санаттағы адамдар қатарында күн кеше беруді қалайды.
iqup 69 Өзін бағалайтын адам Орынды сөйлейтін адам кешірім сұрауға мәжбүр болмайды. Фатих Сұлтан Мехмед Өзін бағалайтын адам астамсынған немесе төмендетілген адам сияқты емес. Ол - әр нәрсенің ыңғайын тапқан тұлға. Шектен шықпайды. Мұндай тұлға өзінің бағасын, қадірін біледі. Ол өзінің дәрежесін асыра көтеріп немесе өзін төмен түсіріп, ауытқымайды. «Мутаффифин» сүресінің 1-3 аяттарында: «Өлшеутартуда кемітушілерге өкініш болсын! Солар, қашан адамдардан өлшетіп алса, толық өлшеп алатындар. Ал егер өздері өлшеп немесе тартып беретін болса, кемітеді», – делінген. Негізінде, өлшеу-тарту - тек таразыға, сауда-саттыққа ғана қатысты емес. Керісінше, өзіңді және өзгелерді бағалауға да қатысты. Өзін дұрыс бағалайтын адамдар өздеріне де, өзгелерге де бір өлшеммен, яғни әділдік пен ынсаптылық өлшемімен қарайды. Өз хақысын толық алып, адамдардың хақысын кемітпейді. Өзіне дұрыс баға бере алатын адамның мысалы Юсуф пайғамбардың оқиғасынан анық көрінеді.
Кешіру 70 «Юсуф» сүресінің 55-аятында: «Мені осы жердің (елдің) қазыналарына (жауапты) етіп қой. Расында, мен (бұл іске) өте жауаптымын, (ол істің) білгірімін», – делінген. Юсуф пайғамбар өзінің сипаттарын, қабілеттерін толық сеніммен, анық айтып тұр. Мұндай сипатты ашық айту - тәкаппарлық емес әрі қабілеттерін жасырып тұрған жоқ. Керісінше, бұл лауазымға өзінің лайық тұлға екенін білгендіктен, сипаттары мен қабілеттерін ашық айтқан. Мұның нәтижесі келесі аяттарда анық көрінеді. Аталмыш сүренің 92-аятында: «Бүгін сендер жазғырылмайсыңдар. Алла сендерді кешірсін. Ол мейірімділердің ең мейірімдісі», – делінген. Яғни «сендер бүгін сөгіске тартылмайсыңдар, айыпталмайсыңдар» деген мағынада айтылған. Юсуф пайғамбар бауырларының қате-кемшіліктерін солай жаба салды. Мұндай кеңшілік өзін дұрыс бағалай білетін адамнан ғана көрінеді. Өзін дұрыс бағалай білетін адам - жетілген, есейген тұлға. Ондай тұлға балаға тән есерлік, әуейілікке бой алдырып, асығыстық танытпайды. Шектен тыс салмақты көрініп, паңданбайды. Расында, адам балалық шағында айтқанның, үйреткеннің бәрін қабылдайды. Ал орта жаста өзгелердің айтқаны мен үйреткенінің бәрін қабылдай алмай қалады. Тіпті мәселе оның игілігіне тікелей қатысты болса да, ол мәселеге деген көзқарасын, қарым-қатынасын оңайлықпен өзгерте қоймайды. Алайда өзін дұрыс бағалаған адам жас жігіттей жаңарып, жаңғырып тұрады. Естігенін түсініп, әр нәрсенің мәніне терең бойлай алады.
iqup 71 Егер өздеріне дұрыс баға берген тұлғалар туралы мысалдарды көбірек білгің келсе, онда оны пайғамбар қиссаларынан, қазақтың ғұлама ойшылдарының, алаш тұлғаларының еңбектерінен, өмір жолдарынан ізде. Өйткені олар - Алланың аманаты мен қоғамның міндетін арқалаған, таңдаулы ізгі жандар. Мұндай тұлға төмендегідей сипаттармен танылады: • Алғысты қуана қабыл алып, өзгеге де алғысын білдіреді. • Өз жетістіктерін ұлғайтып көрсетуге тырыспайды. Кішірейтіп те көрсетпейді. Керісінше жетістіктерін орнымен бағалап, лайықты өлшемін береді. • Сын-пікір мен насихаттарды дұрыс қабылдайды. Сын мен насихатты тәлім алудың мүмкіндігі деп біледі. Және оны тұлғасына тағылған мін деп санамайды. • Өзгелерге шектен шығуға, тұлғалық құқықтарды бұзуға жол бермейді. Алайда оларға қателіктерін әдеппен, көркем мінез-құлықпен барынша көрсетуге тырысады. • Өзіне, өзгелерге кешірімді болып, өмірдегі жағдайларға кең қарайды. Алайда бір істеген қателігін екінші рет қайталамауға тырысады. Осындай ынсапты тұлға болуды қаласақ, бұған жетудің екі жолы бар. Үшінші жол жоқ. Өзін бағаламайтын адам осы түсінігінен арылып, өзіндік бағасын көтергені жөн. Өзін асыра бағалайтын адам болса, тұлғалық өлшемін бір мәрте тексеріп, айналасына зер салғаны абзал.
Кешіру 72 Өзін бағалай алмайтын адам «Кекшілдік – өзгенің қателігін кешіре алмаудың ішкі көрінісі» IQUProject Кімде-кім өзінің тұлғалық деңгейін көтеруді қаласа, онда төмендегі насихаттар мен нұсқауларды орындасын: • Өзіңнің ізгілікке, жақсылыққа деген құлшынысыңды оятатын сөздерді жиі айт. Ойыңа келген пікірлерді қадағалап, сүзгіден өткізіп отыр; • Өзіңді өзгелермен салыстыруды тоқтат; • Жағымсыз, нашар адамдардан аулақ бол. Ондайлардан, әсіресе, осындай рухани сауығу кезеңінде сақтан. Достықтың түрін анықтап, достарыңды іріктеуге тырыс; • Өзіңнің жетістіктеріңді жазып жүретін күнделігің болсын. Мейлі, оған азғантай жетістіктерің болса да жазып жүр. Бұл адам жанына құлшыныс береді, демеу болады;
iqup 73 • Ізгі, абзал саналған істермен айналыс. Жаңа қабілеттеріңді ашып, шеберлігіңді шыңда; • Бақыттың қайнар көздерін ізде. Сені бақытқа жеткізер тетіктерді таба біл; • Азғантай істерде де пікіріңді білдір. Егер өзіңді бағалағанда әділ болсаң, ынсапты тұлғаға айналасың. Өз кезегінде бойыңа кеңшілік қылуға, кешірімшіл болуға күш-қуат біткенін сезінесің. Ал өзін асыра бағалайтын адамға келсек, өзінің астамшылдығын ынсапты деңгейге түсіруді қалаған адам мына насихаттар мен нұсқауларды орындасын: • Өзгелердің пікірлерін сұрап, оларды кейбір шешімдерді қабылдауға қолданып, олардың сынпікірлерін, насихаттарын пайдалана білсін; • Өзгелерге өз қызметіңді ұсын; • Жақындарыңа өзгеруге талпынып жатқаныңды білдір. Қаласаң олардан осы іске көмектесулерін сұра. Ынсапты тұлға болуға талпыну - іс жүзінде дерттен сауығу кезеңіне қатты ұқсайды. Мұндай сауығу кезінде адам эго, яғни менмендік уынан, өзін асыра бағалаудан, бойға сіңіп қалған т.б. улардан арылуы керек. Өзіңді сауықтыру кезінде бойыңдағы рухани жағымсыз дерттердің небір белгілерін табуың мүмкін. Алайда қажымай, шынымен өзгерісті қалап талпынсаң, рухани кедергілердің бәрінен өтесің.
Кешіру 74 Өмірде өзіңді асыра бағалағаныңды көрсетіп қалатын жағдаяттар көп. Сол сияқты өз бағаңды түсіріп жіберген жайттар да бар. Осы тұлғалық үш деңгейдің арасында қалып, өзіңе: «Осы тұлғалардың ішінде менің шынайы тұлғам қайсысы?» – деген сұрақпен абдырап қалуың мүмкін. Өз бойыңнан сені билеп-төстеп, іс-әрекетіңе ықпал етіп тұрған тұлғаны ізде. Өзіңнен өзгенің насихатын қаншалықты дәрежеде қабылдай алатыныңды сұра. Өзгелердің қате-кемшіліктеріне сезіміңнің қалай құбылатынын сұра. Осы тәсілдерді білу арқылы, осы нұсқауларды өзіңе өлшем ету арқылы, өміріңдегі өткен жайттарға талдау жасау арқылы өзіңнің шынайы тұлғаңды тани аласың. Тұлғамды жетілдіріп жатырмын ғой деген есеппен босаңсып кетпеуіңді сұраймын.
iqup 75 EXERCISE Түрлі жағдайларда бойыңнан көрінген төмендегі тұлғаларға талдау жаса: • Өзін асыра бағалайтын тұлға; • Өзін бағаламайтын тұлға; • Өзін дұрыс бағалайтын тұлға. Осыдан кейін бойыңда ынсапты тұлғаның сипаттары басым болуы керек деген шешім қабылда. Бұл жол сенен көп уақытты, қажырлы еңбекті талап ететінін білгін. Дегенмен, бұл сенің өмірлік жолыңа айналуға әбден лайық іс.
Кешіру 76 Өзіме қалай кеңшілік қыламын? «Өмір мені кешіруден гөрі, кешірім іздеуге үйретті» IQUProject Қате әрекетімен немесе салғырттығымен, кемшілігімен және басқа да істерімен өзіне әділетсіздік істемеген ешкім жоқ. Өйткені біз өзімізге көп әділетсіздік етеміз. Өзімізді кейде тіпті жарға жығып жататын кездеріміз де болады. Әбу Бәкір Алла елшісіне: «Маған намазымда оқып жүретін дұға үйретіңізші», – дейді. Алла елшісі: «Аллаһым, шынында мен өзіме өте көп зұлымдық жасадым. Ал күнәларды тек Сен ғана кешіресің. Мені кешірші және мейірім етші. Шынында Сен өте кешірімдісің және мейірімдісің», – деп айт», – дейді. Міне, бұл өзіңе дұрыс қарым-қатынас жасаудың ең абзал үлгісі. Өйткені өзіңді шектен тыс жазғыра беру адам жанын тежейді. Оған зақым келтіреді. Ешқандай жетістікке жеткізбейді.
iqup 77 Өзіңе дұрыс қарым-қатынас жасау - оны тәрбиелеуге қатысты қабылдаған құр шешіміңнен ғана тұрмау керек. Керісінше, өзіңді тәрбиелеуге септігін тигізетін бүкіл құрал, тәсіл жан-жақты қолданылғаны жөн. Психолог Гай Уинч «Алғашқы рухани жәрдем» атты кітабында: «Өзіңе кеңшілік қылуды өз жаныңмен бәстесу (вызов) деп елестетуіңе болады. Бұл тәсілден үміт етілетін нәтижелер, сөзсіз, күш-жігердің жұмсалуына тұрарлық. Соңғы зерттеулер адамның өзіне кеңшілікпен қарауы - өзін шектен тыс кінәлі сезінуден сақтайтынын анықтаған. Сондай-ақ, мұндай тәсіл бір адамның алдында қателік істеп қойғандықтан одан қашқақтамауға көмектеседі. Бұл да өмірден ләззат алуға деген жігерімізді арттырады. Өзімізді шектен тыс жазалауға немесе нәтижесі бізді құлдырауға апаратын тәсілдерді қолдануға жол бермейді. Өзімізге қажет кезде кеңшілік қылмаған шақта басымыздан кешіретін ең ауыр сезім ол – шектен тыс жаныңды жегідей жеп, кінәлі сезіну. Салдарынан бұл сезім тұлғаның ықыласын құртады. Күш-жігерін тауысады. Өмірде ашылып, жетілуге, қуануға жол бермейді. Бұл мәселенің ақырында жасайтын ең бірінші қадамымыз, ол – әрекетімізден туындаған жауапкершілік пен ісіміздің салдарын мойынмен көтеру. Адамның өзін есепке алуы - өте маңызды іс. Өйткені сахаба Омар: «Ертең есепке тартылмас бұрын өз-өздеріңді есепке тартыңдар», – деген. Расында, өзіңді есепке тарту күнделікке ұқсайды. Өзіңді
Кешіру 78 қадағалап жүруіңді, тиянақтылығыңды білдіреді. Сондай-ақ тұлғаны жетілдіруге, кемелдендіруге көмектеседі. Себебі, сен өзіңді құр жазалау, жазғыру үшін есепке тартпайсың ғой. Керісінше, өз тұлғаңды дұрыстау, түзеу мақсатында есепке тартасың. Өзіңді есепке тарту әрекеті қателігің үшін өзіңді жазғырудан ғана тұрмайды. Керісінше, оң нәтиже беретін әрекеттеріңді нығайта түсіп, олардың біршамасын дамытудан тұрады. Сен қателікті ешқашан қайталамауға және қатеңді түзейтін істі істеуге нық сенімді болуың жеткілікті. Бұған сенімді болған кезіңде, бойыңдағы кертартпа жағымсыз сезім қайта оянбас үшін өзің үшін қуана біл!
iqup 79 EXERCISE Оң өзгеріс сыйлайтын іс-тәжірибе. Өміріңде орын алған жағдайлардың бірін таңда да соған іс-тәжірибе жүргіз: • Бойыңдағы белгілі бір сипатқа немесе өзіңе ұнамаған бұрынғы әрекетіңе кеңшілікпен, кешіріммен қара; Өзіңе ұнамсыз бір сипатыңды немесе бұрын істеп қазір көңіліңді көншітпейтін әрекетіңді анықта. Сосын «осы мәселеде өзіме кеңшілікпен, кешіріммен қарауым керек» деп шеш. Өзіңе осы сәтте ең абзал таңдау жасағаныңды айт. Кеңшілігіңді жария етіп, оң әрекетке бағыттауға шешім қабылда; • Өзге адамдардың өздеріне кеңшілік етуіне көмектес. Оған не айтатыныңды, оны қалай қанағаттандыратының туралы жақсылап ойлан. Сосын оған не үйренгеніңді айт. Не болмаса оған пайдалы бір кітапты таңдап, соны оқуға кеңес бер.
ІI LEVEL Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең
Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең 82 Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең «Кешіруді уақыт келе үйренбейді, сенің өкпең өзгелерге бәрібір болғанда үйренесің» IQUProject Біреудің саған жасаған жамандығы белгілі бір ұнамсыз кезеңді басыңнан кешіруге себеп болады. Сол кезде бойыңда жағымсыз, ауыр сезім пайда болып, артынша күтпеген келеңсіз сезіммен аралас жанайқай шығады. Тек саған жасалған жамандықтар ғана мұндай жағымсыз әсер бермейді. Тіпті өміріңдегі түйіткілді мәселелер, ұмыта алмаған реніш, өкпең секілді ойыңды бұзатын барлық дүние осындай жағымсыз шақты бастан өткертеді. Ұмыта алмай, ішіңде жиналған ренішіңнен, өкпеңнен арылудың ең абзал жолы ол – кешірімді болу, өміріңде болып жататын жайттарға көну. Алайда кешірімді болуға, өмірлік жайттарға көнуге, келісуге құр шешім қабылдаумен шектеліп, әрекетке көшпеу сенің жан айқайыңды арттыра түседі. «Кешірейін бе, әлде кешірмейін бе?» деп абдырай бастайсың.
iqup 83 Психология ілімінде «сезімнің құбылуы» деп аталатын термин бар. Бұл термин сыртқы факторға жауап ретінде бір сезімнен екінші сезімге ауысуды білдіреді. Осы арқылы әуелгі сезім басылып, оның орнын жаңа сезім басады. Сезімдік құбылуға қатысты мысалдар күнделікті өмірімізде жиі қайталанып жатады. Мәселен, бала үйіне кешігуі мүмкін. Сонан соң анасы оған қоңырау шалады. Бірақ бала анасының қоңырауына жауап бермейді. Сол сәтте ананың бойында баласына алаңдау, оған уайымдау сезімі оянады. Бала үйіне аман-есен оралса болды, ананың уайымдау, алаңдау сезімі әп - сәтте ашуға, жазғыруға, баласын жазалау сезіміне ауысады. Міне, бұл «сезімдік құбылу» деп аталады. Сезімнің басты 4 түрі бар. Бізден осы сезімдерді бақылай білу, оларды бұзып алудан сақтау және қадағалау талап етіледі. • Жақсы көру сезімі: бұл - адам баласының бойындағы ең жоғарғы сезім. Алайда бұл сезім бір тарапқа ғана байланған кезде бүлінеді. Жақсы көріп тұрсаң, «өзгелерді құлай сүйетін адам қатарынансың ба, жоқ па?» деген сұрақ арқылы өзіңді тексер. Егер жақсы көргенде құлай сүйетіндерден болсаң, онда сол сезіміңді қадағалап, түзеп, жақсарту үшін бір қадам артқа шегінгенің жөн. Сезіміңді жарға жығатын емес, өрге көтеретін сезімдердің қатарында болуың керек.
Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең 84 • Жек көру сезімі: бұл сезім барлық адамның бойынан көрініс табады. Жек көру сезімі мүлде болмайтын адам жоқ. Алайда адам жек көргенде шектен шығып, бұл сезімін орынсыз көрсетсе, жек көру сезімі адам бойындағы өзінің негізгі қызметінен ауытқыған болады. Егер сен жек көргенде шектен шығатын, мөлшерін білмейтін адамдар қатарынан болсаң, онда мұндай сезім сені түбінде тозаққа түсіретін есікке апарады. Нәтижесінде өмірің қиындап, өмірдің көркін жоғалтасың. • Ашу сезімі: негізінде, бұл сезім, кейбір адамдар ойлағандай, жағымсыз сезім емес. Өйткені ашу - бұрыс әрекетке қарсылық білдірудің жолы. Расында, ашу - сенің мазаңды қашырған нәрсенің бәрін өзгерту үшін бойыңда пайда болатын күш. Алайда ашуды өз орнымен білдірсең ғана жөн болмақ. Ал егер сен жындының ессіздігі оянған кезде ашуға бой алдыратын адамдардан болсаң, онда ашуыңды дұрыс бағытқа бұра біл. Осылайша ашуды пайдалы жаққа бағыттай алатын көркем мінезді жанға айналасың. • Қорқыныш сезімі: қорқу - сенің сақтанғаныңды, есендікке жеткізер жолдарды іздегеніңді, қорыққан дүниелеріңе қарсы оң әрекеттерге баратыныңды білдіретін сезім. Кімде-кім өткен сәтсіздіктерінен қорықпаса, өткенінен ешқашан ғибрат алмайды. Ал кімде-кім сүрінген кездерінен қорықпаса, ешқашан дамып, жетілмейді. Десе де сәтсіздіктен
iqup 85 қорықпау да, қалыпты нәрсе. Алайда, ең жаманы – бойыңдағы қорқынышыңды одан сайын ұлғайтып, әсірелеп, соңында «қорыққанға қос көрінедінің» күйін кешуің. Егер сен шектен тыс қорқынышқа бой алдыратын адамдардан болсаң, онда өзіңді тексеріп ал. Осылайша қорқынышты көрінген дүниелер сенің жүйкеңді, күшіңді соншалықты тауысуға тұрарлық па, жоқ па, соған көзіңді жеткізесің. Қорқыныш сезімі сенің шабытың мен әрекетіңді тұсамауы керек әрі ешкімнің жүрегіңе үрей салуына жол берме!
Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең 86 EXERCISE Телефоныңа жадыңнан өшпеуіне көмектесетін түрлі нұсқауларды жазып жүр. Бұл нұсқаулар түрлі уақыт аралығында саған қажетті әрекеттерді есіңе салып тұрады. Нұсқаудың тақырыбын «Қазір мен не сезіп тұрмын?» деп ата. Нұсқаулық есіңе түскен сайын, өзіңен не сезіп тұрғаныңды сұрайсың. Егер іштей, мәселен, «қуаныш сезіп тұрмын» деген жауап естісең, онда өзіңнен «бұл қандай қуаныш?» деп сұра. Ол қуаныштың пайда болу себебін, түп - тамырын анықтау үшін, іштей талдау жүргіз. Бұл жаттығу қиын жағдайлардың өзінде сезімдеріңді басқара алу қабілетіңді күшейтеді.
iqup 87 Түймедейді түйедей қылма Адам тізе бүгіп өседі IQUProject Осы тұста бұл айтылғандардың кешіру мен кеңшілік қасиеттерімен қандай байланысы бар дерсің? Біз адамның өзіне немесе өзгелерге, өмірдегі жағдайларға кешіріммен, кеңшілікпен қарауды тек іште керітартпа сезімдер, жан айқай пайда болған кезде ғана көрсетпей тұрамыз. Ал керітартпа сезімнің бәрінен арылып, келеңсіздіктерден сауыққан соң, кешіру мен кеңшілікке әл-қуатымыз пайда болады. Кешіру мен кеңшілік арқылы жүрегіңді жуып-шайып, ондағы қаңыраған жан әлеміңді қалыпқа келтіресің. Бұл - дұрыс, берік қағида. Егер өміріңді осы қағидаға сай құрсаң, онда сенің тұлғаң берік болмақ. Ал тұлғаңды жағымсыз сезімдерге, рухани ретсіздік, жүйесіздікке толы әрекеттерге сай түзесең, онда сенің тұлғаң бос болып, қай кезде де құлдырай салуға әзір тұрасың. Бар екенін мойындамаған, оның барына сенгің келмеген нәрсеңді өзгерту мүмкін емес. Сезімдік жан
Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең 88 айқай, күйгелектік деген ұлғайтып көрсетуге тұрмайтын жайтқа әсіре қарсылық танытуың. Яғни, бүйректен сирақ шығаруың. Ал «түймедейді түйедей етіп» сезімге берілмеуі – бұл адамдардың аз бөлігі ғана түсінетін нағыз өнер. Сол үшін сезімдеріңді, өткен әрекеттеріңді ой елегінен өткізіп, басыңнан өткен жағдайларда ұстамсыздыққа, күйгелектікке бой алдырдың ба, жоқ па соған қара! Парасатты адамдар - егер өмірдегі түрлі жайттардың ауқымды етіп көрсетілуі, түбінде, дау-дамайға, бүлікке әкеп соғарын сезсе, болған жайтты ішке бүгіп, оларды болмашы оқиға етіп көрсету өнерін меңгерген нағыз шебер жандар. Сол сияқты олар ел назарынан тыс қалған қажетті мәселелердің маңыздылығын көрсетеді. Ал мұндай маңызды оқиғаларды, мәселелерді елге білдіру, түбінде, жақсылыққа, оң нәтижеге жеткізеді, яғни, соңы оң нәтижемен аяқталатын істі ел игілігі үшін маңызды етіп көрсету және соңы бүлікке ұласар істі ел игілігі үшін түймедей ету. Бұл тәсіл өмірде болған жағдайға қарай қолданылады. Жағдайдың ауқымын дұрыс бағалап, әсірелеусіз сол тоқтамға келу мақсатында қолданылады. Күйгелек, мазасыз адамдардың бойындағы сипаты, тіпті, сөздерінен де көрінеді. Ондай адамдар саған қандай да бір оқиғаны жеткізген кезде оны тым әсірелеп, тіпті, әсірешілдігі сезімінен, жай-күйінен анық байқалады. Мәселен, ондай жандар «пәленшенің бір сөзі көңіліме қаяу түсірді» деген сөзбен шектелмей,
iqup 89 тіпті, «пәленше мені өлтірді» деп жеткізеді. Алайда сөздерінің басым бөлігі жағдайды ушыққандай етіп көрсетуі түбінде, өтірік болып жатады. Болған жағдайды шешілмейтіндей, ауыр қылып суреттейді. Күйгелек (суетливый, беспокойный) адамның белгісі ойының шашыраңқылығынан байқалады. Яғни, ашулануына немесе қайғыруына не түрткі болғанын нақты білмейді. Өмірінде өткен жайттарды қазбалап, сосын шешімі табылмаған негізгі мәселені білмей әуреге түседі. Шығар шешімді іздеп дал болады. Сондай-ақ күйгелектігі көтеріңкі даусынан, дауыс ырғағынан байқалады. Ойының, сезімінің, мақсаттарының шашыраңқы болуынан білінеді. Сезімге бой алдыратын күйгелек адам өзінің бағытын айқындай алмайды. Өмірін дұрыс басқармайды. Өмірінде басқаруына берілген екі құралды, яғни, сезімі мен ой-санасын ұтымды пайдалана алмайды.
Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең 90 EXERCISE • Өмірде болған түрлі жайттарға күйгелектік, мазасыздық танытасың ба, жоқ па өзіңді тексер; • Әр нәрсенің байыбына барып терең ой жүгіртуді, деміңді терең алуды, яғни, сезіміңді орнымен тежей білуді үйрен; • Алған әсерлеріңді, сезімдеріңді параққа түсір.
iqup 91 Сезім әсерлерін іште сақтамау «Ақылды адам ақымақтықтарды тез кешіреді» IQUProject Адам күнде ризалық, ашулану, жақсы көру, жеккөру, қорқу сияқты түрлі сезімдерді, әсерлерді басынан кешіреді. Оның ішінде шығаруды қажет ететін көп сезім, әсер бар. Әсерлерді шығару тек жағымсыз сезімдермен байланысты емес. Тіпті жағымды әсерлермен де байланысты. Жағымды сезімдерді де шығара білуің керек. Әсерлерді ішке бүге беру қуатыңды тежеп, іштей қыса береді. Кешіру іштегі жиналған жағымсыз әсерлерді шығарып тастауды қажет етеді. Артық әсерлер адам бойына жинала береді. Жалғыз кешірумен оны кетіре алмайсың. Келеңсіздіктерді ойыңан, сезіміңнен алыстатып, ішті босату керек. Сол үшін өзімізге, өзгелерге немесе өмірдегі жайттарға қатысты пайда болған жағымсыз сезімдерден құтылмасақ, бұл арқылы біз жағымсыз сезімдерге үймежүйме қоқыс сияқты ішімізде жиналуына жол береміз.
Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең 92 Қоршаған ортаңды тазартуға құлықты болғаныңдай, ішкі әлеміңді де қатігездіктің ластығынан, жағымсыз жайттарды ойға ала беруден тазарт. Ондай жағымсыз сезімдерді ішімізге жинай беретін болсақ, бізді сабамыздан шығаруға, біреудің айтқан бір сөзіне немесе білдірген көзқарасына немесе жүгі жеңіл өткінші оқиғаға бола уайымға түсіп, ашуға булығуымызға жол ашамыз. Сол үшін біз жағымсыз сезімдеріміздің қай жақтан соғарын, олардың тудыратын себептерін білуіміз керек. Жағымсыз сезімдер сүрінгенде, іс-әрекеттеріміз нәтиже бермегенде немесе бұрыс әрекеттерге бой алдырып, өзімізді жазғырғанда оянады. Мұндай сезімдер адам бір орында тоқырап өспей, өз тұлғасына лайық баға бермей, не өзін есепке алмаған кезде, өзіміз бен өзгелер туралы бұрыс сенім қалыптасқанда пайда болады. Бәлкім жағымсыз сезімдер өзгелердің саған деген қарым-қатынасынан немесе белгілі бір оқиғалардың себебімен басталып, сезбесең де, саған біртіндеп әсер етуі мүмкін. Тіпті, ойларың мен өткен өміріңдегі жайттардың әсерінен де шығуы мүмкін. Аталмыш жағымсыз сезімдер қалай пайда болса да, маңызды бір ақиқатты білгенің жөн. Яғни, өміріңнің жауапкершілігін өзің көтеруің керек. Өмірде қандай жағдай орын алса да, сен ынсаптылыққа бейімделіп, жетіле түсесің. Сол кезде жеке бас тіршілігіңмен қатар үлкен жауапкершіліктерді де көтере аласың. Біз айтқан маңызды ақиқат, яғни, өміріңнің жауапкершілігін өзің көтеру ақиқаты, нәпсі тарапынан
iqup 93 өте үлкен қарсылыққа тап болады. Өйткені адам баласы табиғатынан сәтсіздігін біреуден немесе бір нәрседен көруге үйір. Өміріңнің жауапкершілігін өзің көтеруің - тізгінді өз қолыңа алып, басқарып, оны дұрыс жаққа бағыттауыңды білдіреді. Нағыз күш – өміріңді өзің басқарып, өзгенің я нәпсіңнің жетегінде кетпеуің. Нағыз әлсіздік – өзгенің, нәпсіңнің жетегінде кетіп, өз өміріңді басқара алмауың. Кешірімділік кешірімді болуға тырысу арқылы, ал білім білім алу арқылы келетінін үнемі есіңде ұста. Егер ниетің өзің мен өз жаныңның арасын түзеу және өзің мен өзгелердің арасын түзеу болса, Жаратушыдан жәрдем бұйырады. Расында, ішіміздегі жағымсыз сезімдер жиылған орынды босату үшін, біріншіден, олардан арылу қажет. Сонан соң ішіміздегі сол босаған орынды кешіріммен толтыруымыз керек. Аталмыш рухани жаңғырудың мысалы: лас суға толған ыдысты босатып, ішін жақсылап жуып, таза, тұщы суға толтырып, одан өзің де және өзгелер де пайда алатын су сияқты. Бұл тұрғыда Алла Тағаланың мына бір аятын оқығанымыз жөн: «Олар ашуларын жұтушылар, адамдарды кешетіндер. Алла жақсылық істеушілерді жақсы көреді» (3:134). Бізге ызамызды, ашуымызды жұта салу қиынға соғып, мұндай ізгі іске жетер жолды білмеуіміз мүмкін.
Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең 94 Алайда ішіңе бүгіп жүрген сезімдеріңнен арылуың - Алла қаласа, осы деңгейге жетудің жолы. Ішке жиналып қалған сезімдерден арылудың жолдары түрлі болады. Алайда біз маңыздыларына ғана тоқталайық: • Өміріңдегі келеңсіз жағдайды немесе оқиғаны айт. Бұл тәсіл көкейдегі ойларды, іштегі сезімдерді шығарып, оларды бүге бермеу үшін қажет. Дей тұрғанмен бұл тұста мән беретін бір мәселе бар: Ішіңді кернеген ашуызаңды біреуге айтар болсаң, ол адам адал жан болуы керек. Ол сенің ашуыңды тарқатып, ойыңды түсінбей ашуыңның үстіне ашу қосатын жан болмағаны дұрыс. Болмаса біреуге ойларыңды, сезімдеріңді айтудың орнына бүкіл ойыңды, көзқарасыңды, сезімдеріңді параққа түсіруіңе болады. Содан оны белгілі бір уақытқа дейін бір шетке қоя тұр. Басыңнан өткен барлық жағдай басылған соң, параққа жазғаныңның бәрін оқып, сыннан өткізіп, олардан арылудың жолын ізде. • Әр нәрсенің байыбына барып, терең ой жүгіртуге және терең дем алуды, яғни, сезімдеріңді орынды тежей білуге машықтан; • Денені шынықтыратын немесе бойыңдағы күшті физикалық түрде шығаратын жаттығуларды жаса; • Жоғары зейінді, зияткерлікті қажет ететін түрлі жаттығуларды орында. Мұндай жаттығулардың арасында өзің ұнатқан, әуестенген жаттығулар болса тіптен жақсы;
iqup 95 • Жағымсыз сезімдерден арыл. Оларды мүлдем ұмыт. Өміріңдегі келеңсіз жайт немесе оқиға басқа адамдардың өмірінде де болады деп, өзіңді соны бақылаушының немесе куәгердің орнына қой; • Өміріңде орын алған жайтты, оқиғаны шамаң келгенше, болмашы етіп көруге тырыс. Көңіліңе қатты алып, әсірелеме. Бұл жерде мән беруіміз қажет бір мәселе бар. Ол - жағымсыз сезімдерден, ойлардан арылудың жолдары бірнешеу. Оған демалу, ой жүгірту, сүйікті іспен айналысу сияқтылар жатады. Сондай-ақ келеңсіз жайт немесе оқиға орын алған кезде бір қадам артқа шегініп, яғни, тағдырға көніп, терең дем алу, көңіліңе жайлы қалыпта тұру, отыру, жату сияқты әрекеттер жатады. Мұндай жағдайда болған оқиғадан кейін келеңсіздіктерден арылудың жолдары бар. Мысал ретінде, дене шынықтыру жаттығуларын жасау, жағымсыз әсерлерді біреуге айту немесе оларды параққа түсіру сияқты тәсілдерді қолдануға болады. Бұл тұста ескертетін тағы бір мәселе бар: Басыңнан кешірген жайтты, оқиғаны айтқың келсе, ең абзалы, оны айтудағы мақсатыңды айқында. Жеткізгенде тиімді тәсілді таңда. Бір нәрсені басыңнан кешірген кезде, тұлғаңның жетіле түскенін, кемелденіп жатқанын есіңнен шығарма. Ең бірінші, ішіңе бүккен сезімдерді дұрыс тәсілмен шығар. Себебі іштей күйзеліске жол бермеуің керек. Әйтпесе, кешірімді болу саған қиынға соғады.
Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең 96 Мен және Кешірім «Ақымақ кешірмейді де, ұмытпайды; аңғал кешіреді де ұмытып кетеді, ақылды адам кешірсе де ұмытпайды» IQUProject Көпшілігімізде кешірім мен кеңшілік ұғымдарына қатысты қарама-қайшы пікірлер қалыптасқан. Өйткені олар бұрыс сенімге бой алдырып, қанағат етуге тиіс құндылықтарды місе тұтпайды. Шын мәнінде, адамдардың басым көпшілігі пенделерге кеңшілік етуді, кешірімді болуды қателіктеріне көз жұма қарау, еш нәрсе болмағандай жүру, сонан соң олар жасаған әрекетті ұмытып, олармен қарым-қатынасты әдеттегідей жалғастыра беру деп түсінеді. Алайда кеңшілік, кешірімнің нағыз ұғымына келсек, ол – ойыңды, сезімдеріңді біреудің билеуінен, ойыңа, сезіміңе біртіндеп ықпалын жүргізуден азат ету дегенді білдіреді. Кеңшілік пен кешірімнің салдарын ұғынбастан, түбегейлі бас тартқан кезде, құдды өзгелердің де саған кеңшілік, кешірім танытпауын, өміріңе, тағдырыңа
iqup 97 көнбестікті таңдағандай боласың. Бір күні сен де біреудің саған кеңшілік, кешірім етуін қаларсың, бірақ, сол сәтте оған қайшы әрекетке тап боласың. Сонда кезінде өзің танытқан кеше алмауды көріп, бойыңда жағымсыз сезім туады. Ешбір адам қате-кемшіліктен пәк болмайды. Шайтан кешірімеуге, іштарлыққа итере береді. Құранда: «(Уа, Мұхаммед!) Құлдарыма: «Ең көркем сөзді сөйлесін. Өйткені шайтан олардың араларына іріткі салады. Расында, шайтан адам баласына анық дұшпан», – деп айт!» – делінген. Сол үшін ойыңды, сезіміңді жеткізген кезде әрдайым ең жұмсақ сөзді, ең жағымды сөйлемді таңда. Шайтанның үнемі ой салатынын естен шығарма. Ол сенің ең жағымсыз қылық көрсеткеніңді, өте дөрекі сөз сөйлегеніңді қалайды. Кешіру баршамыздың бойымыздағы шектен шыққан менмендіктің деңгейін түсіруге мол септігін тигізеді. Егер саған кезінде көптеген қиындық көруіңе себеп болған адамды жолықтырсаң, нәпсілеріңді басу үшін ішкі реніш сезіміңді ірке ұстап, оған ең бірінші өзің сәлем бер. Оған жұмсақ сөйле. Мейлі, бұл әрекетің шын жүректен болмаса да, уақыт өте адамдардың қатекемшіліктерін, іс-әрекеттерін ұмыта бастайсың немесе елемейтіндей дәрежеге жетесің. Мұндағы ең басты ғибрат – ондай адамдармен жолыққан сайын, жаныңа зақым келтіретін түрлі келеңсіздіктерді ішіңе жинамау.
Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең 98 Егер бұлай істеуге шамаң келмесе, онда көкейіңде оған қатысты жаман ой түймеуің, ішіңдегі солақай сезімдеріңді тежей білуің, артынан ғайбаттамауың жеткілікті. Ал егер бұл да ауыр тисе, белгілі бір уақытқа дейін ондай адаммен жолықпа. Адамның бойындағы менмендік үнемі әр нәрсені билеп-төстеуді іздейді. Әрбір істі әсірелеуге үйір. Жайына, ісіне мән берілмесе, ісін ұлғайтып жеткізеді. Басынан кешіргенін өте үлкен етіп көрсетуге үйір. Салдарынан сені де, өзгелерді де шаршатады. Ақыры шынайы болмысыңнан, руханиятыңнан, ішіңдегі сәуле шашқан нұрыңнан алыстатады. Ішіңдегі менмендігің әдетте: «Мен қалайша мұны басымнан кешірдім? Пәленшенің маған мұндай қатынас жасауына дәті қалай жетті? Мұнысын ешқашан кешпеймін. Тірі тұрғанымда іс-әрекетін бетіне баспай қоймаспын», – деп сөйлейді. Алайда ақиқатына келсек, мұндай жағдайда адам менмендігін доғарып, менмендіктен туған теріс әрекеттерін байқамайынша, тек өзін-өзі ғана бақытсыз етеді. Негізінде, сен анаңнан пәк күйде туыласың. Уақыт өте өмірдегі түрлі жайттарды бастан кешіп, бойыңда менмендік пайда болады. Өміріңдегі әрбір жайт, оқиға менмендігіңе әсер етіп, ішіңдегі «менге» орын қалдырасың. Салдарынан өзгелермен сол менмендігіңе сай мәміле түзесің. Әрекеттерің бойыңдағы өзіңе тән менмендігіңнен туатын болады. Кей кездері
iqup 99 менмендік, тіпті, адам санасы мен ішіндегі кәміл нұрын тұмшалайтындай деңгейге жеткізеді. «Эго», яғни менмендік сені рухани кемелденуден, саулықтан бүркейтінін үнемі есіңде ұста. Менмендік өмірімізде өткен қайшылықтарды жеңуге мұрша бермейді. Біз сүйетін нәрсеміздің бір бөлшегі ретінде есептеген дүние жоғалғанда, ауырсынуымызға итермелейтін де - сол менмендік. Эгоңа тиесілі дүниенің көлемін білуің үшін, ең дұрыс шешім ол – эгоңды ақыл нұрына билету. Сонда ғана эгомыз болған оқиғаларды, істерді әсірелемей, оларды бізге жанымызға батпайтындай етіп көрсетеді. Ішіңде біз айтқан ақыл нұрын оятпайынша, өзіңе және өзгелерге ешқашан кеңшілік, кешірімшілдік таныта алмайсың. Өмірдегі жайттарға, оқиғаларға басқа қырынан қарап көр. Сонан соң сол сәтте ісіңді эгоңа сүйеніп әрекет еттің бе әлде ақыл нұрына сүйеніп әрекет еттің бе, соған назар сал. Мұны білу жеңіл, алайда іс жүзінде жүзеге асыру қажырлы еңбекті қажет етеді. Іс-әрекеттеріңнің себебін өзіңнен сұра. Одан қандай пайда көретініңді сұра. Сол әрекеттерің эгоңды семіртіп жатыр ма, әлде басқа қасиетіңді дамытып жатыр ма, соны сұра. Қандай іс, жайт орын алса, іс-әрекетіңнен ұстамдылық таныта алатыныңды байқа. Адамның жаны шынайы қиналған сәттерде эгодан арылудың үлкен мүмкіншілігі туады. Немесе күнделікті
Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең 100 ой-санадан жаңа, кемел ой-санаға көшудің мүмкіншілігі бұйырады. Шын мәнінде, өлім мен өмірдің арасында болатындай оқиғаны, жағдайды басынан кешірген адамдардың немесе ауыр дертті, індетті көрген адамдардың өмірдегі істерге, жайттарға көзқарастары өзгереді. Сол кезде олар эголарынан толықтай арылып, өздерінің шынайы болмыстарына сай өмір сүре бастайды. Соған ұқсас жағдайларды басынан кешірген адамдардан өзің сұрап көр. Саған ондай ауыр кезеңді, міндетті түрде, бастан кешу қажет емес. Негізінде, сен бұдан да ұлы дүниеге, яғни ақыл нұрының жаныңа терең бойлап, өміріңді ең ұлы ұғыммен, құндылықпен өмір сүруге мұқтажсың. Драмаға толы ойлар, анығында, ішіңдегі жасанды эгоны семірте түскеннен басқа ешнәрсе істемейді. Сені өміріңде болған жайттармен келіспеуге шақыратын ішкі дауысың және сол дауысқа еріп өзгелерге қарсы көрсеткен әрекеттерің эгоның, яғни менмендіктің дауысы. Сені өзге адамға қарама-қайшы көзқараспен қарауға итермелеп жүрген нәрсенің бәрі сол эго дауысын күшейте түседі. Егер біз пайғамбарлардың болмысына қарасақ, бойларында жасанды эго жоқ екенін байқаймыз. Мәселен, пайғамбарымыздың киімінен тартып тұрып: «Ей, Мұхаммед! Сендегі Алланың мал-мүлкінен маған да бер», – деп айтқан бәдәуи жайлы хадиске қарайықшы. Пайғамбарымыз оған жымиып, сұрағанын беруді бұйырады. Ал Мұса пайғамбар хұтпа айтып тұрған
iqup 101 кезде қауымынан біреу: «Жер бетіндегі ең білімді кім?» – деп сұрайды. Ол: «Мен», – деп жауап береді. Сонда Алла Тағала оған бір ізгі адамды жолықтырып, одан білім алу үшін екі теңіздің қосылған жеріне баруды бұйырады. Ол жайлы «Юсуф» сүресінде : «Бұл маған Раббымның үйреткенінен», – деп айтылады. Әрқайсымыздың ішімізде эгоның барына келісеміз. Алайда бойымыздағы эго әр түрлі болады. Асыл дініміздің тағылымдарын, пайғамбарлардың қиссаларын, әдет-ғұрыптарымызды терең түсіну арқылы кемел тұлға болуға ұмтылатын рухпен өмір сүре аламыз. Ардақты пайғамбарымыз: «Уа, Алла! Расында, мен Сенен қайыр-жақсылықтарды істеуді, теріс істерді тәрк етуді, міскіндерді жақсы көруді сұраймын», – деп дұға тілеген. Шын мәнінде, міскіндерді жақсы көру - жанашырлықты, өзара мейірбандықты арттырудың, бойдағы жөнсіз эгоны немесе шегінен асқан эгоны басудың жолы. Алайда эгоның барлық деңгейі жаман емес. Керісінше, эго сені билей бастаған кезде ғана жаман саналады.