ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
A)Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға сын айтқызу үшін
B)Ермек Тұрсыновты таныстыру үшін
C)Отандық фильмдерге талдау жасау үшін
D)Ермек Тұрсыновтың фильдерін жарнамалау үшін
E)Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін
15. Қай жауап 1-бөліміннің мазмұнына сәйкес келіп тұр.
1. Ермектің режиссер болуына сценарийді өзі жазуы септік болды.
2. Ермектің режиссер болуына кездейсоқ жағдай себепкер болды.
3. Ермек Тұрсынов еркінен тыс режиссер атанды.
A)Біріншісі
B)Үшеуі де бұрыс
C)Үшіншісі
D)Екіншісі
E)Үшеуі де дұрыс
16. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы Ермек Тұрсыновтың айтқан сын
сөзіне сәйкес келеді?
A)Көз – қорқақ, қол – батыр.
B)Қорыққан мен қуанған бірдей.
C)Ер сыншысы – елі.
D)Жылтырдың бәрі күміс емес.
E)Михнат болмай, рахат болмас.
17. Ермек Тұрсыновтың адами қасиеттері туралы қандай ой түюге болады?
A)Ол – жауапкершілігі жоғары және өз ісіне адал адам.
B)Ол – Америкада тәжірибе жинақтаған режиссер.
C)Ол – өз сценарийлеріне кино түсіріп жүрген танымал режиссер.
D)Ол – білімі мен тәжірибесін ұштастыра білген адам.
E)Ол –отандық киноиндустрия саласын дамытуға күш салған адам.
18. Отандық кино жағдайы туралы қай бөлімде ой қозғайды:
A)Екінші
B)Бірінші
C)Үшінші
D)Барлығы
E)Төртінші
19. 3-бөлімде Ермек Тұрсынов Тимур Бекмамбетовке қатысты не айтады?
A)сын
B)алаңдау
C)ой-пікір
D)күмән
E)мақтау
20. Ермек Тұрсыновтың айтуынша, неге кинодраматургтың дайын фильмге
көңілі толмайды?
A)Кинода режиссердің көзқарасы басым болғандықтан
B)Режиссер жұмысын өте жоғары бағалағандықтан
C)Драматургтің жауапкершілігі басым болғандықтан
251
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
D)Бар атақ режиссерге тиеселі болғандықтан
E)Актерлердің ойыны ұнамағандақтан
46-НҰСҚА
Жиһанкез өзінің қыпшағын еш уақыт тастаған емес. Қыпшағының қос ішегі
алыста қалған туған жердің шерменді үнін қозғап, өткен күндерді, албырт жас
шағын, от басында тұрып ән салған қыпшақтың жас сұлуларының әсем әндерін,
айлы түндердегі жер солқылдатқан сарбаздар биін еске салатын. Сондайда ол
музыка жайлы кітабын бітірсе, туған жерін есіне түсірер осынау сұлу сезімді
мұңлы саздардан айырылып қалатындай боп қорқатын.
Туған жерін еске алғанда оның көңілін ылғи жабырқау мұң басатын. Әсіресе
соңғы жылдарда мүлде торлап алды. Туған жеріне бір қиялмен шарлап келмей
көңілі орнына түспейді. Әрине, жер ортасынан асқан шақта ғұмырының жартысын
білім қуып жат өлкеде тентіреумен өткізген жанның көкірегінде болар табиғи
сағыныш еді бұл.
1. Мәтіндегі ойға сәйкес келетін мақал-мәтелді табыңыз.
A)Көшерін жел, қонарын сай біледі.
B)Мың асауға бір тосу.
C)Ерді ел теңгерер.
D)Жамандық қөрмей жақсы болмас.
E)Туған жердей жер болмас.
2. Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған.
A)қыздар туралы
B)кітап туралы
C)аспап туралы
D)ән туралы
E)би туралы
Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа
келген мысық оған тыныштық бермепті.
Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ
табанымен жаншып өтті. Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа:
– Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп
жүрсің? – дейді. Мысық тәкаппарлана:
– Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! –
дейді.
Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта
тығылып жүретін болыпты.
Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай
кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып,
ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген
сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін
болыпты.
3. Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.
252
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
A)Тату-тәтті өмір
B)Мысық пен тышқан
C)Ұйқышыл мысық
D)Жаңа дос
E)Қулығын асырған тышқан
4. Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай
A)Ептілігі
B)Шыдамдылығы
C)Тапқырлығы
D)Батылдығы
E)Шапшаңдығы
5. Тышқанның дұшпанын анықтаңыз
A)Батыл
B)Айлакер
C)Өркөкірек
D)Жалқау
E)Мақтаншақ
6. Мәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз.
A)Жалғыз қаздың үні шықпас
B)Ежелгі дұшпан ел болмас
C)Досы көпті жау алмайды
D)Екі қошқардың басы бір қазанда піспес
E)Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас
Әмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі.
1336 ж. Кеш ауылында туылған. Жақсы тәлім алған Әмір Темір 1370 ж.
Самарқантта таққа отырып Мәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге
дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны басып алды.
Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі
Самарқантта. Өте данышпан және ұлы әмірші болған. Өте көп медресе және
кітапханалар аштырған.
Шағатай мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің әкімі болған әкесі Тарағай –
атақты Нақши шейхы Әмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. Әмір Күлал Әмір
Темірге шәкірттерінен Шәмсәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады.
Самарқанттағы кесенесінде бас жағында ешқашан жанынан ажырамаған ұстазы
Мир Береке, дәл алдында Әмір Күлалдың баласы Омар жатыр. Әмір Темірдің
жастық шағында бір қақтығыс кезінде аттан құлап оң аяғы зақымданып, жарамай
қалады. Оң қолының екі кіші саусағы сынады. Осыған байланысты, әсіресе
дұшпандары оны Тимур – Ланг (парсыша –Ақсақ Темір) деп атап кетеді. Оның
үстіне 1941 жылы Кеңес Үкіметі тарапынан қабірі ашылған кезде, 1,70 метр
бойымен, оң аяғы ақсақ болған денесін көреді. Қабірінің сыртында «Мазарымды
ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады» деп жазылғаны
айтылады. Қазба жұмыстарының ертесіне Гитлер Кеңес үкіметіне шабуылдайды.
Әмір Темір 34 жасында Белх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан
болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (Күреган – ханның күйеу баласы)
253
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
атағымен танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс
ханның ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші
болып Ұлы Түрік хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның
орынсыз жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау
көрсеткен Алтын Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін
құлатты. Бұл, тарихшылардың айтуынша, Әмір Темірдің ең үлкен қателігі болды.
Осының арқасында орыстар осы жерлерге дейін жайылып үлкен мемлекет құра
алғаны айтылады.
7. Мәтіннің стилі қандай?
A)Ресми іс-қағаздар стилі
B)Ғылыми стиль
C)Ауызекі сөйлеу стилі
D)Көркем әдебиет стилі
E)Публицистикалық стиль
8. Әмір Темірге неліктен Гурган атағы берілді?
A)Шыңғыс ханның ұрпағына үйленгендіктен
B)Түрік қағанатын басқарғандықтан
C)Қиратқан қалаларын қалпына келтіргендіктен
D)Белх билеушісі болғандықтан
E)Жошы ұрпағымен отбасын құрғандықтан
9. Мәтінге сәйкес орыстар неліктен жер көлемін ұлғайтып, үлкен мемлекет
құра алды?
A)Әмір Темір Анадолыны басып алғандықтан
B)Әмір Темір Ұлы Түрік хандығын басқара алмағандықтан
C)Әмір Темір орыстарға жаулап алған жерлерін бергендіктен
D)Әмір Темір Алтын Орданы құлатқандықтан
E)Әмір Темір Орта Азияны билей алмағандықтан
10. Үзіндіден Әмір Темірдің қандай қасиетін көруге болады?
«Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады»
A)Ақылды
B)Саясаткер
C)Білімді
D)Батыр
E)Көріпкел11. Әмір Темірдің қабірі қай жерде орналасқан?
A)Қайтыс болған жерінде
B)Туған жерінде
C)Жорықта жүрген жерінде
D)Таққа отырған жерінде
E)Басып алған жерінде
12. Әмір Темірге неліктен Ақсақ Темір аты берілген?
A)Егде шағында соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан
B)Аяғы кем болып туылғандықтан
C)Соғыс кезінде аяғына оқ тигендіктен
D)Дұшпандары жек көргендіктен
254
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
E)Соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан
Жуықта Шығыс Қазақстанның Катонқарағай және Күршім аудандарында 50-
ден астам сұңқар мен ителгі еркіндікке жіберілді. Кезінде контрабандалық жолмен
шетелдерге өтіп кеткен құстар аймаққа Біріккен Араб Әмірлігінен әкелініп отыр.
Дубай қаласындағы экологиялық агенттіктің бұл жобасы әлемде 18 жыл көлемінде
жүзеге асырылып келеді. Осыған байланысты құрылған арнайы қор «Қызыл
кітапқа» енген және жылдан-жылға азайып бара жатқан сұңқарлардың санын
қалпына келтірумен айналысады. Арабтар аңшылыққа пайдаланатын құстарды
еркіндікке жіберу жөніндегі жобасын бұған дейін Қырғызстан және Пәкістан
елдерінде жүргізген. Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл ауқымды экологиялық шараға
Қазақстан да қатысып отыр. Басына сәлде киіп, ақ киімге оранған арабтардың
Алтай өңіріне келуі – күнде бола бермейтін оқиға. Сондықтан болар, қонақтардың
әрбір әрекеті мен жүріс-тұрысын бақылау көпшілік үшін қызықты болды.
Саятшылық пен құсбегілік қазақтың қанына сіңген өнер болса да, арабтардан
үйренетін тәжірибе көп. Олар сұңқарды аса қасиетті құс санағандықтан, Араб
Әмірлігінде онымен тек ақсүйектер ғана саятшылық құратын көрінеді. Сонымен
бірге, арабтың ежелгі дәстүрі бойынша, аңшылыққа 2 жыл пайдаланылған құс
міндетті түрде еркіндікке жіберіліп отырған. Өйткені, адамзат баласы жабайы
табиғаттағы сұңқар мен ителгі санының азаюына залал келтірмеуі тиіс. Қазір
әлемнің бірқатар елдерінде жүзеге асырылып отырған осы экологиялық бағдарлама
да дәстүрдің негізінде жасалыпты.
Біріккен Араб Әмірлігіне құдай көптеген табиғат ресурстарын берген.
Сондықтан да біз жабайы табиғатқа зиян келтірмеуіміз және құстың санын
көбейтуге болашақта да өз үлесімізді қосуымыз қажет. Арабтардың аңға шығу
дәстүрі бойынша сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп тұрған.
Өйткені соңғы 10 жылда сұңқарды браконьерлік жолмен аулап, шетелге
сататындар көбейіп кетті.
– Мәселен, бүгін біз бостандыққа ұшырып жатқан құстардың барлығы біздің
елдегі контрабандашылардан тәркіленген, – деді бізге берген сұхбатында
экологиялық жобаның үйлестірушісі Мұхаммед Салих.
Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі
бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа
жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед
Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім және
Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке
бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең
бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе
дейді. Өйткені, өткен жылы ғана Шығыс Қазақстанның дәл осы аймақтарында 17
сұңқарды ұстап, шетелге өткізбек болған Египет пен Сирия мемлекетінің
азаматтары ұсталған болатын.
– Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз
жеткіздік. Бұл өңірдің табиғаты сұңқар және ителгі сияқты құстарға өте қолайлы.
Олардың жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең
бастысы, құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, – дейді
255
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль-
Баварди.
Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар
қаржы жұмсап келеді. Мәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы
құстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар оның әрқайсысына құны 2 мың
доллар тұратын электрондық қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық
күннен қуат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да
бақылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін
ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылық машығын есіне түсіруі үшін
қажет.
13. Мәтінде кейіпкер көзқарасы қай азатжолда бейнеленген?
A)2
B)5
C)1
D)3
E)4
14. Неліктен сұңқарды ұшырғаннан кейін соңынан көгершінді ұшырған?
A)Құстардың серіктесіп ұшуы үшін
B)Көгершінмен салыстыру үшін
C)Машығын еске түсіру үшін
D)Оларды жарыстыру үшін
E)Сұңқарға көмектесу үшін
15. Неліктен Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға
қыруар қаржы жұмсап келеді?
A)Құстардың ортаға бейімделуі үшін
B)Құстарды табиғи жолмен тамақтандыру үшін
C)Құстарға қолайлы жағдай туғызу үшін
D)Құстардың жасыл алқапқа тигізер пайдасы үшін
E)Құстардың бостандықта таралуы үшін
16. Соңғы азатжолдың төртінші азатжолға қатысы қандай?
A)Ойды сипаттайды
B)Ойды баяндайды
C)Ойды дамытады
D)Ойды қорытындылайды
E)Ойды суреттейді
17. Мәтіннің бірінші азатжолы қандай мақсатта берілген?
A)Араб Әмірлігімен бірге жұмыс жасауды насихаттау
B)Ақсүйектердің саятшылық өнерін дәріптеу
C)Экологиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы мәлімет беру
D)Құсбегілік қазақтың ұлттық өнері екендігін жеткізу
E)Құстарды еркіндікке жіберу туралы мәлімет беру
18. Мәтін не туралы?
A)Сұңқарлар өмірі
B)Саятшылық
256
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
C)Құстарды қорғау
D)Ителгілердің өмірі
E)Аңшылық
19. Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз
1.Қаржылық көмек
2.Мемлекеттік қолдау
3.Жоба жетекшісінің көзқарасы
4.Еркіндікке босату
5.Экологиялық жоба
A)2.4.1.3.5.
B)5.4.2.3.1.
C)3.1.5.4.2.
D)5.3.1.2.4.
E)1.4.5.2.3.
20. Мәтін мазмұнына сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.
A)Жоба қаражат тартуды көздеді
B)Құсбегілікпен арабтар сәндік үшін айналысты
C)Құстардың арнайы емделу орталықтары бар
D)Аңшылықпен тек қазақ халқы айналысады
E)Бұл жер табиғаты құс өсіруге қолайсыз
47-НҰСҚА
Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты.
Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты
айтылған болар.
Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде
шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ.
Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс
құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда
шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді.
Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне,
Зайсан көлі бұрын осындай еді.
1. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?
A)Көл толқындарының бұйралығына байланысты
B)Көлдің әдемілігіне байланысты
C)Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты.
D)Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты
E)Көк толқындардың жылдамдығына байланысты
2. Екінші абзацта не туралы айтылған?
A)Қамысты құрақтағы құстар туралы
B)Көлдің көлемі туралы
C)Көл атауы туралы
D)Көлді мекендейтін жәндіктер туралы
257
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
E)Көлдегі балықтар туралы
1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли
табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған
туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш
көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды.
2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі.
Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды.
Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай.
Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін
дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да
шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан
тапжылмай отырды.
3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге
келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты.
3. 1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды?
A)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына
B)Ауданға баратын адамның болмағанына
C)Ертең сабаққа баратынына
D)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне
E)Туфлиінің жыртылғанына
4. Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді?
A)Қырсыққан жігіт мал таппас.
B)Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді.
C)Өтірік айтқаннан өлген артық.
D)Қалауын тапса қар жанар.
E)Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің.
5. Айдос неліктен жылап жіберді?
A)Ата-анасына сенбегеніне ренжіп.
B)Сабақты айтпай, тисті баға алғанына.
C)Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне.
D)Туфлисіз қалғанына ренжіп.
E)Жаңа туфли әпергеніне қуанып.
6. 2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды?
1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды.
2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді.
3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды.
A)Үшінші
B)Барлығы дұрыс
C)Барлығы теріс
D)Бірінші
E)Екінші
1. Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. Сол
себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады.
258
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
2. Бір қызығы, сәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның
мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. Деректерге сүйенсек, қыста ынталы,
талапты балалар дүниеге келеді. Кілең жуан дыбыстардан тұратын қатқыл есімнің
қойылуы олардың осы қасиетін одан әрі ұштап, дамыта түседі. Желтоқсанда туған
балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаңтар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ
болады. «Бірақ қыста туған сәбилер есейгенде өздерінің қырсықтығының кесірінен
ешкіммен сыйыса алмай қиналады. Олар әрдайым елдің алдында болғысы келеді.
Егер сіз оның табиғат берген қатал мінезін жұмсартқыңыз келсе, жұмсақ есім
таңдаңыз» дейді экстрасенс Заман Сыпатаев.
3. Сыпатаевтың айтуынша, көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал,
әсершіл. Олардың көбі тумасынан дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. Осы
жасқаншақ, жігерсіз жұмсақ мінезі олардың көшбасшы болуына кедергі.
Сондықтан қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн.
4. Жазда туған балаларға, негізінен белсенділік пен тәкаппарлық, батылдық
тән.
5. Күзде туған балалар өте әмбебап, алғыр және сабырлы. Не істесе де, көп
ойланып-толғанады. Бірақ мінездері жеңілтектеу. Оларға ат таңдау соншалықты
қиын емес, себебі күзгі балалардың табиғатына ештеңе әсер етпейді.
6. Заман мырза жалпы балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескеру керектігін
айтады. Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. Ары қарай,
мағынасына көңіл бөлу керек. Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық,
ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. Ал балаңыз ұл болса және сіз
оның болашақта қажырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып
өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаныңыз абзал. Ең бастысы,
өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Есімін де соған қарай таңдаңыз. Ат қою
– өте жауапты іс. Сонымен қатар әр бір ата-ана өз баласының бақытты, табысты
болуына және үйлесімді өмір сүруіне ықпал ете алады.
7. Мәтіндегі мәліметке сәйкес балаға ат қояр кезде нені ескеру керек?
A)Есімнің дыбысталуын
B)Есімнің әдемілігін
C)Сөздердің тіркесуін
D)Әріптердің санын
E)Сөздің жаңалығын
8. Үшінші бөлімнің соңғы сөйлемі бойынша есім таңдаңыз
A)Қайсар, Батырхан
B)Дана, Сабыржан
C)Жамал, Ақылгүл
D)Қымбат, Әсем
E)Жібек, Меруерт
9. Баланың мінезінің қалыптасуына әсер ететіндер
A)Есімі мағынасы мен дыбыс саны
B)Жыл мезгілі мен есімінің дыбысталуы
C)Ай атауы мен есімінің дыбысталуы
259
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
D)Ата-ана таңдауы мен ауа-райы
E)Ауа райы мен жыл мезгілі
10. Қандай пікір мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келеді?
A)Есімді ай атауына байланысты қойған жөн.
B)Есімді заманына сәйкестендіріп қойған жөн.
C)Балаға әдемі естілетін есім таңдаған жөн.
D)Есімнің мағынасына назар аударған жөн.
E)Есімді құрметті адамдарға қойдырған жөн.
11. Қандай мезгілде туған балалардың мінездері бір-біріне қарама-қайшы?
A)Күз-қыс
B)Қыс-көктем
C)Көктем-күз
D)Жаз-күз
E)Қыс-жаз
12. Қай кезеңде туған балалардың мінезін қатқыл есім өзгерте алады?
A)қыста
B)көктемде
C)жазда
D)барлық мезгілде
E)күзде
Сіздің назарыңызға 2 мәтін ұсынылады. Бірінші мәтін – әлем чемпионы,
қазақстандық Геннадий Головкиннің журналистерге берген сұхбаты. Екіншісі –
Геннадий туралы танымал спортшылардың айтқан пікірлері.
Геннадий Головкиннің сұхбатынан
(1)«Рингтен тыс жерде менің басқа өмірім бар. (2)Рингтен басқа жерде мен
жай ғана қарапайым жігітпін. (3)Ал, спорт менің жұмысым, сондықтан мен оған
өте жауапкершілікпен қараймын. (4)Мәселен, мен кеңседе қызмет етсем, ол жерде
де дәл солай істер едім. (5)Шаршы алаңға шығу – бұл ойын емес. (6)Мен өз
жұмысымда 100 пайыз қырағы болуым керек. (7)Өзімді осы 34 жасымда 25
жасымдағыдай сезінемін. (8)Ал 40 жасымда осы спортта қала алам ба? (9)Мен
Құдай емеспін. (10)Мүмкін, мен осы кездесуден кейін спорттық мансабымды
аяқтайтын шығармын. (11)Бұл – бокс. (12)Ал дәл қазір мен өзімді өте жайлы әрі
сергек сезінемін», – деген боксшының сөздерін Daily Mail басылымы келтірді.
Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен
Леннокс Льюис, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадий әлемдегі
үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин.
Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы: Головкин – бұл күш. Егер, ол
Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді.
Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы: Хулио Сезар
Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал қазір маған Геннадий GGG
Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы.
Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы: Головкин – әлемнің
үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді.
260
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы: Геннадий Головкин –
Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы.
Кіші Рой Джонс, 4 салмақ бойынша кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы:
Геннадий Головкин бокстағы – «құбыжық». Ол орта салмақтағы – жас Майк
Тайсон.
Андре Берто, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадийдің қолы –
балға секілді. Қарсыластарын тек нокаутқа жіберуге арналған сияқты. Оның
қарсыластары қанша жерден бетін жауып қорғанғанымен, бәрібір нокаутқа
ұшырайды.
Кен Хершман, HBO президенті: Меніңше, Геннадий Головкин – бокс әлемінің
жұлдызы. Геннадийде қазір барлық мүмкіндік бар. Біріншіден, ол өте мықты,
екіншіден ол кез-келген боксшымен салмақ дәрежесіне қарамай жұдырықтасуға
дайын.
Фредди Роуч, америкалық бапкер: Мен Головкин туралы жақсы сөздерді жиі
естимін. Ол үздік боксшы, бірақ оның жекпе-жектерін көрмеппін. Оның жекпе-
жектеріне HBO телеарнасы қызығушылық танытып, түсіріп жүр. Демек, ол –
әлемнің мықты боксшыларының бірі.
Владимир Кличко, украиналық боксшы: Меніңше, Геннадий сияқты адам
боксқа керек. Ол жеңіске өз күшімен жетіп жүр, ешқандай жасанды жеңісі жоқ.
Оны жұрттың бәрі біледі. Бокс жанкүйерлері оны құрметтейді.
13. Берілген мәтіндерді публицистика стиліне жатқызуға бола ма?
A)Екеуі де жатады
B)Тек екіншісін
C)Екеуі де жатпайды
D)Тек біріншісін
E)Бұл дидарластық сөз
14. Келесі тұжырымдардың қайсысы мәтіндерге сәйкес келеді?
1. Осы кездесудің жеңіспен аяқталатыны айқын.
2. Осы кездесудің жеңіліспен аяқталатыны айқын.
3. Геннадийдің өз қабілеті мен күшіне сенімі мол
A)2-ші дұрыс
B)3-ші дұрыс
C)1-ші дұрыс
D)1-ші мен 3-ші дұрыс
E)барлығы дұрыс
15. Геннадий қай спортшының талғамының өзгеруіне себепкер болды?
A)Адриан Гонсалез
B)Шугар Рэй Леонард
C)Андре Берто
D)Джим Лэмпли
E)Владимир Кличко
16. Бірінші мәтіндегі 7-сөйлемге сәйкес келетін тұжырым?
1. Шынықсаң, шымыр боласың
261
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
2. Денсаулық – байлықтан да қымбат
3. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер.
A)Тек үшіншісі
B)Тек екіншісі
C)Бірінші мен екіншісі
D)Екеуі де бұрыс
E)Тек біріншісі
17. 1-мәтіндегі 8-10-сөйлемдер автордың қандай көңіл күйін білдіреді?
A)Алаңдаушылығын
B)Ренішін
C)Сенімділігін
D)Қорқынышын
E)Болжағыштығын
18. Сұхбаттағы қандай жауап Геннадийдің бойындағы негізгі қасиетті
сипаттайды?
A)Тым қарапайым
B)Қырағы
C)Еңбекқор
D)Аса ұғымтал
E)Тәуекелшіл.
19. Қандай спортшылар Г.Головкинді М.Тайсонға ұқсатты?
A)Леннокс Льюис, Адриан Гонсалез
B)Андре Берто, Фредди Роуч
C)Владимир Кличко, Фредди Роуч
D)Кіші Рой Джонс, Джим Лэмпли
E)Шугар Рэй Леонард, Джим Лэмпли
20. Спортшының парызы туралы бірінші мәтіннің қай сөйлемінде берілген?
A)Бірінші.
B)Оныншы
C)Төртінші
D)Он екінші
E)Үшінші
48-НҰСҚА
Айнабұлақ! Мыңбұлақ!
Өміргетұңғышкелгенімдедүниедетеңдесіжоқнәрлісуыменменішомылдырған,
меніжуындырғанбұлақ. Мен алғашсуынішкен, меніәлдилепсүйген, мағансенген,
туғанжерімМыңбұлақ... Біз де сүйек, еттенжаралғанжанбыз.
Біздіңжанымыздытебірентесоққанжүрекболаттанқұралғанемес, бірақбіздіңжүрек –
оттыжүрек. Оныңотыболаттыерітіп, жаңқадайжандыратын от.
Біздіңжүрегіміздеқауіп-қатердікөтеріп, өлімдіжеңетінбіржарық – анасүтінақтап,
туғанелді, Отанымыздысүюсезімі. Бізде ер атасы – махаббат, өміртасы – халық, ел
намысы – ер қолында. Бізнамыстыелдіңұлымыз. Жеңілмескүшімізсонда.
1.Мәтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не?
262
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
A)Жүрек
B)Мыңбұлақ
C)Намыс
D)Махаббат
E)Айнабұлақ
2.Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің түйінін ашып тұр?
A)Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі
B)Ерлік пен еңбек – егіз
C)Талапты ерге нұр жауар
D)Ерлік тәрбиеден туады
E)Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас
1. Сізге, ардақты және құрметті, жақсы көретін аяулы ініміз Халиулла
мырзаға, бізден, ағаңыз Ибраһимнен және барлық ата-аналарыңыздан, аға-іні,
жеңгелеріңізден көп-көп дұғай сәлемдер жолдадық.
2. Құдайға шүкір, осы күнде өзің көрген жандар тегіс аманбыз.
Сізбен бірге бізге хат жазған Қамаридден моллаға көптен-көп сәлем дегейсіз.
Сізге хат жазуға уақытын бөлген және басқа да әрбір жақсылықтары алла
тағаладан қайтсын, Аягөзге келген уақытта почта жүргелі тұр екен, сіздің
хаттарыңызды көрген соң, көңіліміз жай тапты және сізге жол қаржыға отыз теңге
жібердім.
3. Жаңа Семейге мағлұм еткен уақытыңызда құдайтағала қаласа ат
тағайындармыз. Тәтеңіз 1 білімнің қайнар бұлағын үйренгенің турасында
бекқуанып жатыр. Әрқашан құдайтағалаға сиынып талап қыла көрсін дейді.
Хатыңыз тиісімен ешбір тоқтамайынша Аягөзге келіп осы хатты жаздық.
Әрдайым деніңіз сау болып, абыройлы болыңыз. Ғұмырыңызды тілеп хат жазушы
ағаңыз Ибраһим Құнанбайұлы деп білесіз. Тағы да көп-көп сәлем.
3.Берілген мәтін қай стильде жазылған?
A)Ауызекі сөйлеу стиль
B)Ресми ісқағаз стилі
C)Ғылыми стиль
D)Публицистикалық стиль
E)Көркем әдебиет стилі
4.Хаттың 1-бөлімі арқылы жазған адам туралы не айтуға болады?
A)Ардақты адам
B)Бауырмал адам
C)Талапшыл адам
D)Құрметті адам
E)Танымал адам
5.Неге хатта Қамаридден моллаға алғыс айтылды?
A)Себебі Халиулла молламен бірге тұрады.
B)Себебі Қамариден молла хат тасиды.
C)Себебі молла Халиуллаға хат жазуға көмектеседі.
263
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
D)Себебі Қамариден молладан ат мінеді.
E)Себебі хат Қамариден моллаға арналған.
6.Халиулланың ісі туралы қандай бөлімде айтылған?
A)Екінші
B)Бірінші
C)Үшінші
D)Екінші және үшінші
E)Барлығында
І. Еліміздің әр қаласында театр бар. Бір Алматының өзінде 10 мемлекеттік
және он шақты жекеменшік театр бар екен. Ал осы мәдениет ошақтарына
оқушыларымыз барып жүр ме? Қазір театрға көрерменді көбіне әкімшілік жолмен
жинайтыны жасырын емес. Ал егер балаларға арналған қойылымдарға көрерменді
арнайы жинап әкелмесе ше? Қанша адам келер екен?
Театрдағы көрермен мәселесі төңірегінде Астана қалалық «Жастар»
театрының әдеби қызметкері Назерке Жұмабайды әңгімеге тартқан едік.
− Қазір театрға балалар өз еріктерімен келеді дей алмаймын. Әрдайым
ұйымдастырумен жинаймыз. Әсіресе, қуыршақ театрларына қазақ балаларының
қызыққанын көрмеппін.
ІІ. Баланың таным-түйсігін кеңейтуде қуыршақ театрларының алар орны
үлкен. Бізде де, өзге елдерде де балабақша жасынан бастап, бүлдіршіндерге
қуыршақтармен көрініс қою бағдарламаға енгізіледі. Аты солай аталып тұрған соң,
бұл театрларда тек қуыршақтармен жұмыс жасайды деп ойлайтындар бар. Олай
емес. Бұл өнер ошақтары балалардың санасына отбасына деген сүйіспеншілікті,
еліне, жеріне патриоттық сезімді қалыптастыратын қойылымдарды да сахналайды.
Бірақ осы қуыршақтар әлеміне қазақ балаларының көптеп ағылып жатқанын
байқай алмадық. Мысалы, Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының 200
адамдық орны бар. Қойылымдары екі тілде де қойылады. Орысша
қойылымдарында залдың кем дегенде жартысы толып отырады. Ең қызығы,
алдыңғы қымбат билеттер бірінші сатылып кетеді. Ал қазақша қойылымдарға ары
кетсе 30 адам келеді. Оның өзінде де ата-аналар ең арзан билеттерді алуға
тырысады. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген
түсінік қалыптасқан.
ІІІ. Бүгінде қазақтар шетелге жиі саяхаттайды. Біріккен Араб Әмірліктерінен
Алматыға қарай ұшаққа отырарда қасымдағы жеткіншек қазақ баланы сөзге
тарттым. «Ал, арабтардың әмірліктерінен не көріп қайттың?» деп сұрадым. Сол
кезде 12-13 жас шамасындағы баланың жауабына көңілім толмай қалған еді. Бар
айтқаны – ана шетіндегі жағажай, мына шетіндегі жағажай, биік-биік ғимараттар,
дүкендер… Өзім танысқан бірнеше мұражайды атап едім, «бармадық» деп басын
шайқады. «Сонда бұл халық туралы не біліп қайттың?» деп сұрадым. Тағы да
мардымды жауап бере алмады. Сонда бір елге барып тұрып, мәдениеті мен
тарихымен танысуға қызықпағандары қалай? Тіпті, тілін түсінбейтін болсаң да,
шетелдің театрына бас сұғып қайтсаң, көп жайды аңғарып қайтуға болады.
Мәселен, Сеулде фольклорлық «Nanta» атты театр бар. Билетінің бағасы біздің
театрлардан он есе қымбат тұрады. Алматыдағы балалар спектакльдерінің билет
264
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
құны – 400-600 теңге, Астананың Жастар театрында балалар билеті – 300 теңге. Ал
«Nanta» билеті шамамен 5000 теңге көлемінде. Соның өзінде, екі барғанымда да
үлкен залда бос орын болмады. Атауы «ретсіз дыбыстар» деген мағынаны беретін
бұл театрға кәрістер үш жасар баласын да ертіп келеді. Ал бізде актер болуды
армандайтын кей бала театр көрмей өседі…
IY. Шыны сол, қазақтар бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін
қоса бермейді. Күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, ұл-қыздарын анда-санда болса
да, театрға ертіп баруды ойластырмайды. Қажет көрмейтіндері де бар.
7.Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?
A)Зерттейді
B)Дәлелдейді
C)Суреттейді
D)Нақтылайды
E)Сипаттайды
8.Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлеммен сәйкес келеді?
A)Қуыршақ театрының қойылымдары сапасыз.
B)Бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қою керек.
C)Елімізде театр санын арттыру керек
D)Театр билетінің құнын өсіру керек
E)Шетелде демалудың өзі – бір бақыт
9.Автордың мақаласына түрткі болған жағдай
A)Ата-аналардың қамқорлығын көрсету
B)Театр қызметкерін таныту
C)Театрдың ішкі тіршілігімен танысу
D)Өнер ордасына балалардың сирек баруы
E)Өнер ошақтарының санының аздығы туралы
10. «Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…»
Автордың айтпақ ойы қандай?
A)Өнер ошағына үлкейген кезде бару керек.
B)Кішкентай балаға театр қызық емес.
C)Кез келген арманға қол жеткізуге болады.
D)Актер болу үшін театрға бару міндет емес.
E)Баланы жасынан мәдениетке үйрету керек.
11.«Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген
түсініктің орын алуына не себеп?
Ата-аналардың...
A)Немқұрайлық танытуынан
B)Қаражатының жоқтығынан
C)Мәдени орынды сыйламауынан
D)Бағасы бір деп ойлауынан
E)Өресінің таяздығынан
12.Үшінші азатжолда автордың қандай көңіл күйі берілген
A)Күмәнданады
B)Немқұрайлық
265
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
C)Дегбірсізденеді
D)Алаңдаушылық
E)Таңқалушылық
Қазақтың кино сүйер қауымына танымал кинодраматург, режиссер Ермек
Тұрсыновтың телеарнаға берген сұхбаты ұсынылады
Бұдан кейін кино түсірем бе, білмеймін...
– Кино әлеміндегі алғашқы қадамдарыңыз қандай болды?
1.–1992-93 жылдары Америкада жүргенімде режиссер ретінде алғашқы
дебютім болды. АҚШ-тың Юта штатында Солт-Лейк-Сити деген қала бар. Сол
жердегі кино мамандарына бірнеше сценарий жазып бергенмін. Бір күні кино
түсіру алаңына келсем, режиссер жоқ екен. Стив деген продюсер бар еді,
материалды өзімнен артық ешкім білмейтінін алға тартып, фильмді қолға алуымды
сұрады. Қысқасы, кино алаңына итергендей етіп шығарды. Бұл кездейсоқ жағдай.
Мен режиссер емеспін, негізгі мамандығым – кинодраматург. Сөйтіп басталып
кетті. Бірнеше бейнеролик түсірдім. Олардың тапсырысымен әлеуметтік жарнама
түріндегі екі фильм түсірдім. Алматыға қайтып келгеннен кейін де сценарий
жазуды тоқтатқан жоқпын. «Мұстафа Шоқайды» жаздым. «Қазақфильмнің»
президентінің орнына Анар Қашағанова келгенде Ақтан Арым Құбат деген қырғыз
режиссеріне берген «Келін» сценарийі бойынша түсіруді «Материалды өзіңнен
артық ешкім білмейді, әрі бастағаннан кейін аяғына жеткізу керек» дегенді айтып,
кино түсіру алаңына итергендей етіп шығарды. Кейбіреулер режиссерлік үшін
күресіп жүрсе, мен мәжбүрліктен қолға алдым. Сөйтіп аяқ астынан режиссер
болып шыға келдім.
– Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз? Сіздің бойыңызда
режиссерлік қасиет басым ба, әлде кинодраматург ретінде мықтысыз ба?
2. – Драматург бола жүріп, көптеген сценарий жаздым. Режиссерге бересің.
Кейін кино шыққанда қарасаң, көңілің толмайды. «Әттеген-ай!» дейтін тұстары
көп болады. Сценарийді жазғанда бір киноны көз алдыңа елестетіп отырасың.
Кино шыққанда қарасаң, сенің алдындағы суретіңмен сабақтаспайды, мүлдем
басқа жаққа кетіп қалады. Ештеңе айта алмайсың. Өйткені, режиссердің көзқарасы
басқа. Бірнеше рет сценарийлерім ойлағанымдай емес, мүлдем басқа кино болып
шыққанда ішімнен өкініп жүрдім. Жалпы, режиссер ретінде біреудің жазған
сценарийін түсіре алмаймын. Тек қана өзімдікін түсіремін. Егер бір жерден қате
кетсе, тек өзіңнен көресің. Ең бастысы – жауапкершілік. Өзіңе, өз ісіңе деген
жауапкершілік. Ешқандай тапсырыспен жұмыс істемеу керек. Жұмысты қолға
алдың ба, оны жоғары кәсіби дәрежеде істеу керек. Өз шығармашылығыма баға
бере алмаймын. Бірақ, кәсіби дайындықпен келгенім анық.
3. Жауапкершілік дегеннен туады, бір киноға шамамен екі жылдай уақыт
кетеді. Бұл аз уақыт емес. Ал менің досым Тимур Бекмамбетов жылына төрт кино
түсіреді. Тимурды жақсы көремін. Мәскеуде жүргенде жақын араласатынбыз. Өте
дарынды, мықты жігіт. Бірақ, оның кинолары жеңілтек. Көбінесе компьютерге
сүйене отырып жасалады. Бұл адамның интеллектісіне байланысты нәрсе емес.
Мұнда техникалық, технологиялық интеллект басымдыққа ие болып тұр.
266
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
4. Қазір кино түсіру еріккеннің ермегіне айналып кетті. Жақсы кино көргенде
адам қуануы керек. Ал қазіргі біздің киноларды көргенде қуана алмайсың. Өйткені,
деңгей түсіп кетті. Еліктеу көп. Өз ойымыз жоқ. Жұртты күлдіргіміз келеді.
Күлкінің өзі де түкке тұрмайтын болып шығады. Ойсыз. Күлкінің өзінің ар
жағында ой болуы керек. Ал қазіргі кинолардағы күлкі – «аха-ха, иха-ха». Бұл
дүниелер, яғни соңғы жылдары кино деп түсіріліп, кино ретінде көрсетіліп жүрген
дүниелер – кино емес. Баян Есентаева, Нұртас Адамбайлардың түсіріп жүргендері
кино деуге келмейді. Мейлі ғой, түсіре берсін. Бірақ, басын ашып алу керек,
олардікі ешқандай да кино емес. Басқа нәрсе. Жанрын өзгерту керек шығар,
бәлкім. Бұлардың ең басты ойы – ақша жинау. Ал нағыз өнер адамы ақша үшін
жазбайды. Мұхтар Әуезов Абайды ақша үшін жазған жоқ. Шәкен Айманов, Сұлтан
Қожықовтар ақшаның құнын білетін, бірақ ақша үшін жазбайтын. Ал қазіргілер о
бастан-ақ ақшаны бірінші орынға қояды. Қазіргі кинолардың кино дегеннен гөрі
бизнес жобаға келетіні сондықтан болса керек. Киноның аты да өзгерді қазір. Кино
түсіруге бел будың ба, бүкіл жан-дүниеңмен соған берілесің, үлкен дайындықпен
кірісесің. Басында қорқасың. Ылғи сол. Ал кино біткеннен кейін ауырасың. Өзім әр
кинодан кейін 3-4 айдай ауырамын.
13.Отандық кино жағдайы туралы қай бөлімде ой қозғайды:
A)Барлығы
B)Төртінші
C)Бірінші
D)Екінші
E)Үшінші
14.Сұхбат қандай мақсатпен алынды?
A)Ермек Тұрсыновтың фильдерін жарнамалау үшін
B)Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға сын айтқызу үшін
C)Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін
D)Отандық фильмдерге талдау жасау үшін
E)Ермек Тұрсыновты таныстыру үшін
15.Ермек Тұрсыновтың адами қасиеттері туралы қандай ой түюге болады?
A)Ол – Америкада тәжірибе жинақтаған режиссер.
B)Ол – өз сценарийлеріне кино түсіріп жүрген танымал режиссер.
C)Ол – білімі мен тәжірибесін ұштастыра білген адам.
D)Ол – жауапкершілігі жоғары және өз ісіне адал адам.
E)Ол –отандық киноиндустрия саласын дамытуға күш салған адам.
16.Ермек Тұрсыновтың айтуынша, неге кинодраматургтың дайын фильмге
көңілі толмайды?
A)Бар атақ режиссерге тиеселі болғандықтан
B)Кинода режиссердің көзқарасы басым болғандықтан
C)Драматургтің жауапкершілігі басым болғандықтан
D)Режиссер жұмысын өте жоғары бағалағандықтан
E)Актерлердің ойыны ұнамағандақтан
17.Қай жауап 1-бөліміннің мазмұнына сәйкес келіп тұр.
267
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
1. Ермектің режиссер болуына сценарийді өзі жазуы септік болды.
2. Ермектің режиссер болуына кездейсоқ жағдай себепкер болды.
3. Ермек Тұрсынов еркінен тыс режиссер атанды.
A)Үшеуі де дұрыс
B)Біріншісі
C)Екіншісі
D)Үшіншісі
E)Үшеуі де бұрыс
18.3-бөлімде Ермек Тұрсынов Тимур Бекмамбетовке қатысты не айтады?
A)алаңдау
B)күмән
C)мақтау
D)сын
E)ой-пікір
19.Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы Ермек Тұрсыновтың айтқан сын
сөзіне сәйкес келеді?
A)Михнат болмай, рахат болмас.
B)Қорыққан мен қуанған бірдей.
C)Ер сыншысы – елі.
D)Көз – қорқақ, қол – батыр.
E)Жылтырдың бәрі күміс емес.
20.4-бөлімде автор кімге кино туралы ойын өзгерту керек деп кеңес береді?
A)Ақтан Арым Құбатқа
B)Тимур Бекмамбетовке
C)Нұртас Адамбаевқа
D)Американдық Стивке
E)Анар Қашағановаға
49-НҰСҚА
Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты.
Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты
айтылған болар.
Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде
шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ.
Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс
құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда
шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді.
Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне,
Зайсан көлі бұрын осындай еді.
1. Екінші абзацта не туралы айтылған?
A)Қамысты құрақтағы құстар туралы
B)Көлді мекендейтін жәндіктер туралы
C)Көлдегі балықтар туралы
268
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
D)Көл атауы туралы
E)Көлдің көлемі туралы
2. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?
A)Көл толқындарының бұйралығына байланысты
B)Көлдің әдемілігіне байланысты
C)Көк толқындардың жылдамдығына байланысты
D)Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты
E)Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты.
1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли
табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған
туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш
көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды.
2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі.
Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды.
Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай.
Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін
дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да
шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан
тапжылмай отырды.
3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге
келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты.
3. 1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды?
A)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына
B)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне
C)Ертең сабаққа баратынына
D)Туфлиінің жыртылғанына
E)Ауданға баратын адамның болмағанына
4. Айдос неліктен жылап жіберді?
A)Сабақты айтпай, тисті баға алғанына.
B)Жаңа туфли әпергеніне қуанып.
C)Ата-анасына сенбегеніне ренжіп.
D)Туфлисіз қалғанына ренжіп.
E)Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне.
5. 2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды?
1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды.
2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді.
3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды.
A)Екінші
B)Үшінші
C)Бірінші
D)Барлығы теріс
E)Барлығы дұрыс
6. Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді?
A)Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің.
269
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
B)Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді.
C)Қырсыққан жігіт мал таппас.
D)Өтірік айтқаннан өлген артық.
E)Қалауын тапса қар жанар.
І. Еліміздің әр қаласында театр бар. Бір Алматының өзінде 10 мемлекеттік
және он шақты жекеменшік театр бар екен. Ал осы мәдениет ошақтарына
оқушыларымыз барып жүр ме? Қазір театрға көрерменді көбіне әкімшілік жолмен
жинайтыны жасырын емес. Ал егер балаларға арналған қойылымдарға көрерменді
арнайы жинап әкелмесе ше? Қанша адам келер екен?
Театрдағы көрермен мәселесі төңірегінде Астана қалалық «Жастар»
театрының әдеби қызметкері Назерке Жұмабайды әңгімеге тартқан едік.
− Қазір театрға балалар өз еріктерімен келеді дей алмаймын. Әрдайым
ұйымдастырумен жинаймыз. Әсіресе, қуыршақ театрларына қазақ балаларының
қызыққанын көрмеппін.
ІІ. Баланың таным-түйсігін кеңейтуде қуыршақ театрларының алар орны
үлкен. Бізде де, өзге елдерде де балабақша жасынан бастап, бүлдіршіндерге
қуыршақтармен көрініс қою бағдарламаға енгізіледі. Аты солай аталып тұрған соң,
бұл театрларда тек қуыршақтармен жұмыс жасайды деп ойлайтындар бар. Олай
емес. Бұл өнер ошақтары балалардың санасына отбасына деген сүйіспеншілікті,
еліне, жеріне патриоттық сезімді қалыптастыратын қойылымдарды да сахналайды.
Бірақ осы қуыршақтар әлеміне қазақ балаларының көптеп ағылып жатқанын
байқай алмадық. Мысалы, Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының 200
адамдық орны бар. Қойылымдары екі тілде де қойылады. Орысша
қойылымдарында залдың кем дегенде жартысы толып отырады. Ең қызығы,
алдыңғы қымбат билеттер бірінші сатылып кетеді. Ал қазақша қойылымдарға ары
кетсе 30 адам келеді. Оның өзінде де ата-аналар ең арзан билеттерді алуға
тырысады. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген
түсінік қалыптасқан.
ІІІ. Бүгінде қазақтар шетелге жиі саяхаттайды. Біріккен Араб Әмірліктерінен
Алматыға қарай ұшаққа отырарда қасымдағы жеткіншек қазақ баланы сөзге
тарттым. «Ал, арабтардың әмірліктерінен не көріп қайттың?» деп сұрадым. Сол
кезде 12-13 жас шамасындағы баланың жауабына көңілім толмай қалған еді. Бар
айтқаны – ана шетіндегі жағажай, мына шетіндегі жағажай, биік-биік ғимараттар,
дүкендер… Өзім танысқан бірнеше мұражайды атап едім, «бармадық» деп басын
шайқады. «Сонда бұл халық туралы не біліп қайттың?» деп сұрадым. Тағы да
мардымды жауап бере алмады. Сонда бір елге барып тұрып, мәдениеті мен
тарихымен танысуға қызықпағандары қалай? Тіпті, тілін түсінбейтін болсаң да,
шетелдің театрына бас сұғып қайтсаң, көп жайды аңғарып қайтуға болады.
Мәселен, Сеулде фольклорлық «Nanta» атты театр бар. Билетінің бағасы біздің
театрлардан он есе қымбат тұрады. Алматыдағы балалар спектакльдерінің билет
құны – 400-600 теңге, Астананың Жастар театрында балалар билеті – 300 теңге. Ал
«Nanta» билеті шамамен 5000 теңге көлемінде. Соның өзінде, екі барғанымда да
үлкен залда бос орын болмады. Атауы «ретсіз дыбыстар» деген мағынаны беретін
270
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
бұл театрға кәрістер үш жасар баласын да ертіп келеді. Ал бізде актер болуды
армандайтын кей бала театр көрмей өседі…
IY. Шыны сол, қазақтар бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін
қоса бермейді. Күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, ұл-қыздарын анда-санда болса
да, театрға ертіп баруды ойластырмайды. Қажет көрмейтіндері де бар.
7. Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлеммен сәйкес келеді?
A)Қуыршақ театрының қойылымдары сапасыз.
B)Шетелде демалудың өзі – бір бақыт
C)Елімізде театр санын арттыру керек
D)Театр билетінің құнын өсіру керек
E)Бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қою керек.
8. Автордың мақаласына түрткі болған жағдай
A)Өнер ошақтарының санының аздығы туралы
B)Өнер ордасына балалардың сирек баруы
C)Театр қызметкерін таныту
D)Ата-аналардың қамқорлығын көрсету
E)Театрдың ішкі тіршілігімен танысу
9. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген
түсініктің орын алуына не себеп?
Ата-аналардың...
A)Мәдени орынды сыйламауынан
B)Бағасы бір деп ойлауынан
C)Өресінің таяздығынан
D)Немқұрайлық танытуынан
E)Қаражатының жоқтығынан
10. Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?
A)Суреттейді
B)Сипаттайды
C)Дәлелдейді
D)Зерттейді
E)Нақтылайды
11. «Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…»
Автордың айтпақ ойы қандай?
A)Актер болу үшін театрға бару міндет емес.
B)Кез келген арманға қол жеткізуге болады.
C)Кішкентай балаға театр қызық емес.
D)Өнер ошағына үлкейген кезде бару керек.
E)Баланы жасынан мәдениетке үйрету керек.
12. Үшінші азатжолда автордың қандай көңіл күйі берілген
A)Алаңдаушылық
B)Дегбірсізденеді
C)Күмәнданады
D)Немқұрайлық
E)Таңқалушылық
271
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
Аптап ыстықта саялайтын жер іздеп саябақтағы отырғыштардың біріне
бұрылдым. Орындыққа отырмақ болып беттегенімде, көзім сұмдық жағдайдың
куәгері болды. 3-4 жасар ұл бала қоқыс тастағыш жәшікті тіміскілеп жүр. «Бұл
кім? Не қылған бала?» деген сауалдарға жауап іздеу мақсатында баланы бақылап
біраз отырдым. Қарасам, бұл бала жалғыз емес екен. Әр-әр жерде орналасқан
қоқыс жәшігін ақтарып, азық іздеп жүрген тағы да екі ұл бала мен кішкентай қызға
көзім түсті. Киген киімнің олпы-солпысы шыққан, кір қожалақ. Көкейде маза
бермей тұрған сансыз сұрақ мені бір орында отырғызбады. Қолыма бір-екі нәрсе
алған соң, аяңдап біреуінің қасына бардым. Жемге келген көгершіндей қалған
үшеуі де қасыма жетіп келді. Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге
болады. Қолымдағыны ұсынған соң, бұл балалардың ата-анасының қайда жүргенін
білгім келді. Сұрасам, «Білмеймін...» деп күмілжіп мұңды дауыспен жауап қатты.
Осыдан соң жағдайдың бәрін түсіндім. Басымды еріксіз изедім де орындыққа қайта
отырып, ары қарай бақыладым. Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің
үстіне отыра сап, жапа-тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы
сумен басты. Іштеріне сәл де болса бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына»
кірісті.
Мұндай оқиғаны алғаш көруім. Бұдан кейін не ойларыңды да білмейді екенсің.
Ата-анасы ащы судың жетегіне еріп, балаларды ақша табуға, азық табуға
мәжбүрлейді екен, бұл – сол жерде жүрген қала тұрғынының сөзі. Айтуынша, бұл
жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. Күнделікті елдің қалған-құтқанын
жеп, қарындарын тойдыратын көрінеді.
Бұған дейін көшедегі бомждарды көріп, осындай өмірді таңдаған өзі, енді
өзінен көрсін деуші едік. Ал енді мына балаларға не айтуға болады?! Адам ата-
ананы таңдап алмайды. Сол бір жауапсыз жандардың кесірінен бақытты шақтарын
көшеден азық іздеумен алмастырып жүргендері өте өкінішті-ақ... Оқушы біткен
жазғы демалыстың аяқталмауын тілеуде. Ал, мына балалардың екеуі мектептерін
аңсап жүр. Арнаулы мектепке баратындардың ол жерде киер киімі ұқыпты,
тамақтары тоқ, жатар орны таза. Мектеп жасына толмаған қалған екеуі ше? Олар
не күн көреді? Жазда, жарайды, әрбір қарағаш оларға сая, кез-келген шүберек киім.
Қыста ше? Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма? Жоқ әлде,
көмусіз аң-құстың азығына айналар ма екен? Бұл тұста қылышты кімге сілтерімді
де білмеймін. Бала тәрбиесіне қарамайтын ата-анаға ма, жоқ әлде тек екеуді
қамқорлығына алған үкіметке ме? Ата-анадан енді қайыр жоқ, ол белгілі жайт!
Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз
тілек осы!
13. Мәтіндегі «жауапсыз жандар» тіркесі кімдерге бағытталған?
A)Балалардың әке-шешелеріне
B)Қоғамдық ұйым басшыларына
C)Мектеп мұғалімдеріне
D)Әлеуметтік орталық өкілдеріне
E)Үкімет басындағы азаматтарға
14. Мәтіннің үшінші абзац мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз
A)Шынайы тілек
272
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
B)Саябақ
C)Жолы болмаған балалар
D)Күнкөріс
E)Тұрақты мекен
15. Мәтіннен кейіпкердің ой толғамын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
A)Бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған.
B)Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады.
C)Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма?
D)Іштеріне бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті.
E)Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты.
16. «Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа -
тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты» деген сөйлем
кішкентай қыздың қандай әрекетін көрсететінін болжаңыз.
A)Жек көрушілігі
B)Жиіркеніші
C)Өкініші
D)Сенімділігі
E)Шарасыздығы
17. Мәтіннің екінші абзацына қандай тақырып сәйкес келеді?
A)Саябақтағы оқиға
B)Азық іздеген төртеу
C)Қараусыз қалған балалар
D)Мейірімсіз ана
E)Жас балалар
18. «Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен.
Мендегі жалыз тілек осы!» деген сөйлем автордың қандай сезімін көрсетеді?
A)Балаларға жақсы тілек айту
B)Балаларға қол ұшын беру
C)Үкіметке үміт арту
D)Балалардың өміріне алаңдау
E)Балалардың тағдырын шешу
19. Кейіпкер не себептен балаларды бақылап отырды?
A)Балалардың кім екендігін анықтау үшін
B)Балалар әрекеттеріне қызыққандықтан
C)Балаларға қол ұшын беру үшін
D)Балалар әрекеттерінен жиіркенгендіктен
E)Балалардың әрекеттерін құптағандықтан
20. Саябақ балалардың өмір сүру мекеніне айналғандығы туралы көзқарас
кімнің атынан айтылады?
A)Саябақтың күзетшісі айтады
B)Демалушылардан естиді
C)Өздері қатарлас балалар айтады
D)Қаңғыбас адамдар айтады
E)Жергілікті тұрғындар айтады
273
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
50-НҰСҚА
Айнабұлақ! Мыңбұлақ!
Өміргетұңғышкелгенімдедүниедетеңдесіжоқнәрлісуыменменішомылдырған,
меніжуындырғанбұлақ. Мен алғашсуынішкен, меніәлдилепсүйген, мағансенген,
туғанжерімМыңбұлақ... Біз де сүйек, еттенжаралғанжанбыз.
Біздіңжанымыздытебірентесоққанжүрекболаттанқұралғанемес, бірақбіздіңжүрек –
оттыжүрек. Оныңотыболаттыерітіп, жаңқадайжандыратын от.
Біздіңжүрегіміздеқауіп-қатердікөтеріп, өлімдіжеңетінбіржарық – анасүтінақтап,
туғанелді, Отанымыздысүюсезімі. Бізде ер атасы – махаббат, өміртасы – халық, ел
намысы – ер қолында. Бізнамыстыелдіңұлымыз. Жеңілмескүшімізсонда.
1. Мәтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не?
A)Айнабұлақ
B)Мыңбұлақ
C)Махаббат
D)Намыс
E)Жүрек
2. Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің түйінін ашып тұр?
A)Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас
B)Ерлік пен еңбек – егіз
C)Ерлік тәрбиеден туады
D)Талапты ерге нұр жауар
E)Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі
Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі
125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі
қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз
болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте
қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды.
Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның
оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім,
аязға өте төзімді жануар.
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың
арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем
мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10-
15-тен топтанып жүреді. Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз
туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс.
Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-
жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан
Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен
будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын шығарды.
3. Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған?
A)Мүйізі үлкен болғандықтан
B)Суыққа төзімді болғандықтан
C)Саны жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан
274
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
D)Меринос қойымен будандастыратындықтан
E)Егіз төл беретіндіктен
4. Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты?
A)Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады
B)Арқардан төрт түлік түрін шығарды
C)Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді
D)Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті
E)Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады
5. Арқар қандай жерлерді мекендейді?
A)Шөлейт жерлерді
B)Құмдауыт ойпаттарды
C)Жазық даланы
D)Егіс алқаптарын
E)Тау бөктерлерін
6. Арқардың негізгі жауы нелер?
A)Қос аяқтылар.
B)Үй жануарлары.
C)Шөп қоректілер.
D)Ет қоректілер.
E)Сүт қоректілер.
1. Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. Сол
себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады.
2. Бір қызығы, сәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның
мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. Деректерге сүйенсек, қыста ынталы,
талапты балалар дүниеге келеді. Кілең жуан дыбыстардан тұратын қатқыл есімнің
қойылуы олардың осы қасиетін одан әрі ұштап, дамыта түседі. Желтоқсанда туған
балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаңтар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ
болады. «Бірақ қыста туған сәбилер есейгенде өздерінің қырсықтығының кесірінен
ешкіммен сыйыса алмай қиналады. Олар әрдайым елдің алдында болғысы келеді.
Егер сіз оның табиғат берген қатал мінезін жұмсартқыңыз келсе, жұмсақ есім
таңдаңыз» дейді экстрасенс Заман Сыпатаев.
3. Сыпатаевтың айтуынша, көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал,
әсершіл. Олардың көбі тумасынан дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. Осы
жасқаншақ, жігерсіз жұмсақ мінезі олардың көшбасшы болуына кедергі.
Сондықтан қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн.
4. Жазда туған балаларға, негізінен белсенділік пен тәкаппарлық, батылдық
тән.
5. Күзде туған балалар өте әмбебап, алғыр және сабырлы. Не істесе де, көп
ойланып-толғанады. Бірақ мінездері жеңілтектеу. Оларға ат таңдау соншалықты
қиын емес, себебі күзгі балалардың табиғатына ештеңе әсер етпейді.
6. Заман мырза жалпы балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескеру керектігін
айтады. Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. Ары қарай,
мағынасына көңіл бөлу керек. Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық,
ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. Ал балаңыз ұл болса және сіз
275
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
оның болашақта қажырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып
өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаныңыз абзал. Ең бастысы,
өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Есімін де соған қарай таңдаңыз. Ат қою
– өте жауапты іс. Сонымен қатар әр бір ата-ана өз баласының бақытты, табысты
болуына және үйлесімді өмір сүруіне ықпал ете алады.
7. Қандай пікір мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келеді?
A)Есімнің мағынасына назар аударған жөн.
B)Есімді құрметті адамдарға қойдырған жөн.
C)Есімді заманына сәйкестендіріп қойған жөн.
D)Балаға әдемі естілетін есім таңдаған жөн.
E)Есімді ай атауына байланысты қойған жөн.
8. Мәтіндегі мәліметке сәйкес балаға ат қояр кезде нені ескеру керек?
A)Сөздердің тіркесуін
B)Есімнің әдемілігін
C)Әріптердің санын
D)Сөздің жаңалығын
E)Есімнің дыбысталуын
9. Қандай мезгілде туған балалардың мінездері бір-біріне қарама-қайшы?
A)Қыс-жаз
B)Қыс-көктем
C)Көктем-күз
D)Жаз-күз
E)Күз-қыс
10. Баланың мінезінің қалыптасуына әсер ететіндер
A)Есімі мағынасы мен дыбыс саны
B)Ай атауы мен есімінің дыбысталуы
C)Жыл мезгілі мен есімінің дыбысталуы
D)Ауа райы мен жыл мезгілі
E)Ата-ана таңдауы мен ауа-райы
11. Үшінші бөлімнің соңғы сөйлемі бойынша есім таңдаңыз
A)Жібек, Меруерт
B)Қайсар, Батырхан
C)Дана, Сабыржан
D)Қымбат, Әсем
E)Жамал, Ақылгүл
12. Қай кезеңде туған балалардың мінезін қатқыл есім өзгерте алады?
A)барлық мезгілде
B)көктемде
C)жазда
D)күзде
E)қыста
Аптап ыстықта саялайтын жер іздеп саябақтағы отырғыштардың біріне
бұрылдым. Орындыққа отырмақ болып беттегенімде, көзім сұмдық жағдайдың
куәгері болды. 3-4 жасар ұл бала қоқыс тастағыш жәшікті тіміскілеп жүр. «Бұл
276
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
кім? Не қылған бала?» деген сауалдарға жауап іздеу мақсатында баланы бақылап
біраз отырдым. Қарасам, бұл бала жалғыз емес екен. Әр-әр жерде орналасқан
қоқыс жәшігін ақтарып, азық іздеп жүрген тағы да екі ұл бала мен кішкентай қызға
көзім түсті. Киген киімнің олпы-солпысы шыққан, кір қожалақ. Көкейде маза
бермей тұрған сансыз сұрақ мені бір орында отырғызбады. Қолыма бір-екі нәрсе
алған соң, аяңдап біреуінің қасына бардым. Жемге келген көгершіндей қалған
үшеуі де қасыма жетіп келді. Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге
болады. Қолымдағыны ұсынған соң, бұл балалардың ата-анасының қайда жүргенін
білгім келді. Сұрасам, «Білмеймін...» деп күмілжіп мұңды дауыспен жауап қатты.
Осыдан соң жағдайдың бәрін түсіндім. Басымды еріксіз изедім де орындыққа қайта
отырып, ары қарай бақыладым. Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің
үстіне отыра сап, жапа-тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы
сумен басты. Іштеріне сәл де болса бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына»
кірісті.
Мұндай оқиғаны алғаш көруім. Бұдан кейін не ойларыңды да білмейді екенсің.
Ата-анасы ащы судың жетегіне еріп, балаларды ақша табуға, азық табуға
мәжбүрлейді екен, бұл – сол жерде жүрген қала тұрғынының сөзі. Айтуынша, бұл
жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. Күнделікті елдің қалған-құтқанын
жеп, қарындарын тойдыратын көрінеді.
Бұған дейін көшедегі бомждарды көріп, осындай өмірді таңдаған өзі, енді
өзінен көрсін деуші едік. Ал ендімынабалаларға не айтуғаболады?! Адам ата-
ананытаңдапалмайды.
Солбіржауапсызжандардыңкесіріненбақыттышақтарынкөшеденазықіздеуменалмас
тырыпжүргендеріөтеөкінішті-ақ...
Оқушыбіткенжазғыдемалыстыңаяқталмауынтілеуде. Ал,
мынабалалардыңекеуімектептерінаңсапжүр.
Арнаулымектепкебаратындардыңолжердекиеркиіміұқыпты, тамақтарытоқ,
жатарорны таза. Мектеп жасынатолмағанқалғанекеуіше? Олар не күнкөреді?
Жазда, жарайды, әрбірқарағашоларғасая, кез-келгеншүбереккиім. Қысташе?
Қақағанаяздаүсіпөлсе, бұлардыіздейтінжан бар ма? Жоқәлде, көмусізаң-
құстыңазығынаайналармаекен? Бұлтұстақылыштыкімгесілтерімді де
білмеймін. Бала тәрбиесіне қарамайтын ата-анағама, жоқәлде тек
екеудіқамқорлығынаалғанүкіметкеме? Ата-анадан ендіқайыржоқ, олбелгіліжайт!
Үкіметендімынаекеуді де далағақаңғытпайқарамағынаалсаекен.
Мендегіжалызтілек осы!
13. «Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен.
Мендегі жалыз тілек осы!» деген сөйлем автордың қандай сезімін көрсетеді?
A)Балалардың өміріне алаңдау
B)Балаларға жақсы тілек айту
C)Балалардың тағдырын шешу
D)Үкіметке үміт арту
E)Балаларға қол ұшын беру
14. Мәтіннің екінші абзацына қандай тақырып сәйкес келеді?
A)Саябақтағы оқиға
277
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
B)Мейірімсіз ана
C)Жас балалар
D)Қараусыз қалған балалар
E)Азық іздеген төртеу
15. «Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа -
тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты» деген сөйлем
кішкентай қыздың қандай әрекетін көрсететінін болжаңыз.
A)Жек көрушілігі
B)Өкініші
C)Сенімділігі
D)Жиіркеніші
E)Шарасыздығы
16. Саябақ балалардың өмір сүру мекеніне айналғандығы туралы көзқарас
кімнің атынан айтылады?
A)Демалушылардан естиді
B)Өздері қатарлас балалар айтады
C)Жергілікті тұрғындар айтады
D)Саябақтың күзетшісі айтады
E)Қаңғыбас адамдар айтады
17. Мәтіндегі «жауапсыз жандар» тіркесі кімдерге бағытталған?
A)Әлеуметтік орталық өкілдеріне
B)Балалардың әке-шешелеріне
C)Мектеп мұғалімдеріне
D)Қоғамдық ұйым басшыларына
E)Үкімет басындағы азаматтарға
18. Кейіпкер не себептен балаларды бақылап отырды?
A)Балаларға қол ұшын беру үшін
B)Балалар әрекеттерінен жиіркенгендіктен
C)Балалардың әрекеттерін құптағандықтан
D)Балалардың кім екендігін анықтау үшін
E)Балалар әрекеттеріне қызыққандықтан
19. Мәтіннің үшінші абзац мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз
A)Жолы болмаған балалар
B)Саябақ
C)Тұрақты мекен
D)Шынайы тілек
E)Күнкөріс
20. Мәтіннен кейіпкердің ой толғамын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
A)Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма?
B)Кішкентайқызтоғынарықтағысуменбасты.
C)Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады.
D)Іштеріне бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті.
E)Бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған.
278
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
51-НҰСҚА
Жиһанкез өзінің қыпшағын еш уақыт тастаған емес. Қыпшағының қос ішегі
алыста қалған туған жердің шерменді үнін қозғап, өткен күндерді, албырт жас
шағын, от басында тұрып ән салған қыпшақтың жас сұлуларының әсем әндерін,
айлы түндердегі жер солқылдатқан сарбаздар биін еске салатын. Сондайда ол
музыка жайлы кітабын бітірсе, туған жерін есіне түсірер осынау сұлу сезімді
мұңлы саздардан айырылып қалатындай боп қорқатын.
Туған жерін еске алғанда оның көңілін ылғи жабырқау мұң басатын. Әсіресе
соңғы жылдарда мүлде торлап алды. Туған жеріне бір қиялмен шарлап келмей
көңілі орнына түспейді. Әрине, жер ортасынан асқан шақта ғұмырының жартысын
білім қуып жат өлкеде тентіреумен өткізген жанның көкірегінде болар табиғи
сағыныш еді бұл. (100 сөз)
Ә.Әлімжанов «Ұстаздың оралуы»
1. Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған?
A)аспап туралы
B)кітап туралы
C)би туралы
D)ән туралы
E)қыздар туралы
Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа
келген мысық оны жегісі келіп тыныштық бермепті.
Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ
табанымен жаншып өтті. Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа:
–Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп
жүрсің?-дейді. Мысық тәкаппарлана:
–Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! – дейді.
Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта
тығылып жүретін болыпты.
Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай
кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып,
ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген
сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін
болыпты.
2. Мәтіндегі ойға сәйкес келетін мақал-мәтелді табыңыз?
A)Көшерін жел, қонарын сай біледі.
B)Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
C)Мың асауға бір тосу.
D)Жамандық қөрмей жақсы болмас.
E)Туған жердей жер болмас.
3.Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.
A)Ұйқышыл мысық
279
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
B)Жаңа дос
C)Тату-тәтті өмір
D)Қулығын асырған тышқан
E)Мысық пен тышқан
4. Мәтіннен мысықтың қай қасиеті байқалады?
A)Өркөкіректігі
B)Мақтаншақтығы
C)Айлакерлігі
D)Жалқаулығы
E)Батырлығы
5. Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай
A)Батылдығы
B)Шыдамдылығы
C)Шапшаңдығы
D)Тапқырлығы
E)Ептілігі
6. Мәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз.
A)Ежелгі дұшпан ел болмас
B)Жалғыз қаздың үні шықпас
C)Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас
D)Екі қошқардың басы бір қазанда піспес
E)Досы көпті жау алмайды
1.Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. Сол
себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады.
2.Бір қызығы, сәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның
мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. Деректерге сүйенсек, қыста ынталы,
талапты балалар дүниеге келеді. Кілең жуан дыбыстардан тұратын қатқыл есімнің
қойылуы олардың осы қасиетін одан әрі ұштап, дамыта түседі. Желтоқсанда туған
балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаңтар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ
болады. «Бірақ қыста туған сәбилер есейгенде өздерінің қырсықтығының кесірінен
ешкіммен сыйыса алмай қиналады. Олар әрдайым елдің алдында болғысы келеді.
Егер сіз оның табиғат берген қатал мінезін жұмсартқыңыз келсе, жұмсақ есім
таңдаңыз» дейді экстрасенс Заман Сыпатаев.
3.Сыпатаевтың айтуынша, көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал,
әсершіл. Олардың көбі тумасынан дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. Осы
жасқаншақ, жігерсіз жұмсақ мінезі олардың көшбасшы болуына кедергі.
Сондықтан қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн.
4.Жазда туған балаларға, негізінен белсенділік пен тәкаппарлық, батылдық
тән.
5.Күзде туған балалар өте әмбебап, алғыр және сабырлы. Не істесе де, көп
ойланып-толғанады. Бірақ мінездері жеңілтектеу. Оларға ат таңдау соншалықты
қиын емес, себебі күзгі балалардың табиғатына ештеңе әсер етпейді.
6.Заман мырза жалпы балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескеру керектігін
айтады. Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. Ары қарай,
280
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
мағынасына көңіл бөлу керек. Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық,
ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. Ал балаңыз ұл болса және сіз
оның болашақта қажырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып
өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаныңыз абзал. Ең бастысы,
өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Есімін де соған қарай таңдаңыз. Ат қою
– өте жауапты іс. Сонымен қатар әр бір ата-ана өз баласының бақытты, табысты
болуына және үйлесімді өмір сүруіне ықпал ете алады. (267 сөз)
7. Мәтіндегі мәліметке сәйкес балаға ат қояр кезде нені ескеру керек?
A)Сөздің жаңалығын
B)Әріптердің санын
C)Сөздердің тіркесуін
D)Есімнің дыбысталуын
E)Есімнің әдемілігін
8. Қай кезеңде туған балалардың мінезін қатқыл есім өзгерте алады?
A)қыста
B)көктемде
C)жазда
D)барлық мезгілде
E)күзде
9. Үшінші бөлімге сәйкес қандай есімдер қоюға болады?
A)Жамал, Ақылгүл
B)Дана, Сабыржан
C)Қымбат, Әсем
D)Жібек, Меруерт
E)Қайсар, Батырхан
10. Қандай пікір мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келеді?
A)Есімді ай атауына байланысты қойған жөн.
B)Балаға әдемі естілетін есім таңдаған жөн.
C)Есімнің мағынасына назар аударған жөн.
D)Есімді құрметті адамдарға қойдырған жөн.
E)Есімді заманына сәйкестендіріп қойған жөн.
11. Қандай мезгілде туған балалардың мінездері бір-біріне қарама-қайшы?
A)Қыс-жаз
B)Жаз-күз
C)Қыс-көктем
D)Көктем-күз
E)Күз-қыс
12.Мәтіндегі ойға сәйкес жаңа туған балаға ненің әсері көп?
A)Ата-ана таңдауы мен ауа-райының
B)Есімі мен күн мезгілінің
C)Жыл мезгілі мен есімінің қатқылдығы
D)Ай атауы мен есімінің қатқылдығы
E)Ауа райы мен жыл мезгілінің
281
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
Сіздің назарыңызға 2 мәтін ұсынылады. Бірінші мәтін – әлем чемпионы,
қазақстандық Геннадий Головкиннің журналистерге берген сұхбаты. Екіншісі –
Геннадий туралы танымал спортшылардың айтқан пікірлері.
Геннадий Головкиннің сұхбатынан
(1)«Рингтен тыс жерде менің басқа өмірім бар. (2)Рингтен басқа жерде мен
жай ғана қарапайым жігітпін. (3)Ал, спорт менің жұмысым, сондықтан мен оған
өте жауапкершілікпен қараймын. (4)Мәселен, мен кеңседе қызмет етсем, ол жерде
де дәл солай істер едім. (5)Шаршы алаңға шығу – бұл ойын емес. (6)Мен өз
жұмысымда 100 пайыз қырағы болуым керек. (7)Өзімді осы 34 жасымда 25
жасымдағыдай сезінемін. (8)Ал 40 жасымда осы спортта қала алам ба? (9)Мен
Құдай емеспін. (10)Мүмкін, мен осы кездесуден кейін спорттық мансабымды
аяқтайтын шығармын. (11)Бұл – бокс. (12)Ал дәл қазір мен өзімді өте жайлы әрі
сергек сезінемін», – деген боксшының сөздерін Daily Mail басылымы келтірді.
Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен
Леннокс Льюис, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадий әлемдегі
үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин.
Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы: Головкин – бұл күш. Егер, ол
Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді.
Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы: Хулио Сезар
Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал қазір маған Геннадий GGG
Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы.
Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы: Головкин – әлемнің
үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді.
Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы: Геннадий Головкин –
Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы.
Кіші Рой Джонс, 4 салмақ бойынша кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы:
Геннадий Головкин бокстағы – «құбыжық». Ол орта салмақтағы – жас Майк
Тайсон.
Андре Берто, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадийдің қолы –
балға секілді. Қарсыластарын тек нокаутқа жіберуге арналған сияқты. Оның
қарсыластары қанша жерден бетін жауып қорғанғанымен, бәрібір нокаутқа
ұшырайды.
Кен Хершман, HBO президенті: Меніңше, Геннадий Головкин – бокс әлемінің
жұлдызы. Геннадийде қазір барлық мүмкіндік бар. Біріншіден, ол өте мықты,
екіншіден ол кез-келген боксшымен салмақ дәрежесіне қарамай жұдырықтасуға
дайын.
Фредди Роуч, америкалық бапкер: Мен Головкин туралы жақсы сөздерді жиі
естимін. Ол үздік боксшы, бірақ оның жекпе-жектерін көрмеппін. Оның жекпе-
жектеріне (Геннадий) HBO телеарнасы қызығушылық танып, түсіріп жүр. Демек,
ол – әлемнің мықты боксшыларының бірі.
Владимир Кличко, украиналық боксшы: Меніңше, Геннадий сияқты адам
боксқа керек. Ол жеңіске өз күшімен жетіп жүр, ешқандай жасанды жеңісі жоқ.
Оны жұрттың бәрі біледі. Бокс жанкүйерлері оны құрметтейді. (323 сөз)
Қазақпарат. nur.kz›kk/1095649-gennadiy-golovkin-turaly-alem
282
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
13. Берілген мәтіндерді публицистика стиліне жатқызуға бола ма?
A)Екеуі де жатпайды
B)Тек біріншісін
C)Бұл дидарластық сөз
D)Тек екіншісін
E)Екеуі де жатады
14. Геннадий қай спортшының талғамының өзгеруіне себепкер болды?
A)Владимир Кличко
B)Адриан Гонсалез
C)Джим Лэмпли
D)Шугар Рэй Леонард
E)Андре Берто
15. 1-мәтіндегі 8-10 сөйлемдер автордың қандай көңіл күйін білдіреді?
A)Қорқынышын
B)Болжағыштығын
C)Сенімділігін
D)Ренішін
E)Алаңдаушылығын
16. Келесі тұжырымдардың қайсысы мәтінге сәйкес келеді?
1. Осы кездесудің жеңіспен аяқталатыны айқын.
2. Осы кездесудің жеңіліспен аяқталатыны айқын.
3. Геннадийдің өз қабілеті мен күшіне сенімі мол
A)2-ші дұрыс
B)3-ші дұрыс
C)1-ші дұрыс
D)1-ші мен 3-ші дұрыс
E)барлығы дұрыс
17.Спортшының парызы туралы бірінші мәтіннің қай сөйлемінде берілген?
A)Бірінші.
B)Төртінші
C)Оныншы
D)Үшінші
E)Он екінші
18. Қандай спортшылар Г.Головкинді М.Тайсонға ұқсатты?
A)Андре Берто, Фредди Роуч
B)Леннокс Льюис, Адриан Гонсалез
C)Кіші Рой Джонс, Джим Лэмпли
D)Владимир Кличко, Фредди Роуч
E)Шугар Рэй Леонард, Джим Лэмпли
19. Бірінші мәтіндегі 7-сөйлемге сәйкес келетін тұжырым?
1. Шынықсаң, шымыр боласың
2. Денсаулық–байлықтан да қымбат
3. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер.
A)Бірінші мен екіншісі
283
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
B)Тек үшіншісі
C)Тек біріншісі
D)Тек екіншісі
E)Екеуі де бұрыс
20. Қандай жауап Геннадийдің бойындағы негізгі қасиетті сипаттайды?
A)Еңбекқор
B)Қырағы
C)Тәуекелшіл.
D)Аса ұғымтал
E)Тым қарапайым
52-НҰСҚА
Бақ ішінде адам болмайтын. Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда.
Тек таңертеңгі және кешкі шақтарда Гхутахтың көк жасыл жазығына қарай
алыс таулардан қоңыр салқын самал ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін.
Алайда, мұнда бағбан боп келгеніне бір жұмадай ғана болған, бұ дүниенің күйкі
тірлігімен қоштасқан жиһанкез жан үшін ең ләззатты сәт таң алдындағы
әупілдектің құлақ құрышын қандырар махаббат ынтығына толы, құпияға толы әні
болатын. Осындай шақтарда ол ұйқысы қанып, төңірекке рахаттана көз жіберетін
де, бұлақтағы тастай суға жуынып, басқа жұмысқа отырмас бұрын қолына
қыпшағын алатын. Қос ішекті термелей отырып, әупілдек әніне құлақ тосқан күйде
таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің
жазбаларын жалғастыруға әзірленетін.
Сайраған құстар әні оны көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап
жазуға итермелейтін. Парақ-парақ қағаздар бетінде музыкалық ноталардың толып
жатқан белгілері жазылған. Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, әр
дыбысқа дәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз
бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол
үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен
музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет.
(174 сөз)
Ә.Әлімжанов « Ұстаздың оралуы», «Жазушы» Алматы
1.Бағбанды ең ерекше күйге енгізетін сәтті белгілеңіз
A)Қоңыр салқын самал желдің соғуы
B)Бұлбұлдың таңғы үнін естуі
C)Әупілдектің сиқырлы әніне елтуі
D)Таңғы жұпар ауамен тыныстауы
E)Құстардың сайраған үніне таңдануы
2.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз.
1.Сайраған құстар әні оның музыка жайлы кітап жазуына кедергі болатын.
2. Алыс таулардан соққан қоңыр самал жел ескенде ғана құстар улап-шулап
қоя беретін
A)Дұрыс жауап жоқ
284
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
B)Тек екіншісі
C)Екеуі де бұрыс
D)Екеуі де дұрыс
E)Тек біріншісі
Күн көңіл күйді көтеріп, күйзелістің алдын алады. Өз кезегінде, көңіл күйге
жауап беретін заттар иммундық жүйені күшейтеді. Ультракүлгін сәулелер ағзада
жүріп жатқан көптеген процестерді – тыныс алу, зат алмасу, қан айналу мен
эндокриндік жүйенің жұмысын күшейтеді. Бұдан өзге, күн сәулесінің әсерінен
ағзамыз D дәруменін өндіреді.
Қызық дерек: Күн сәулесінің әсерінен синтезделетін D дәруменінің мөлшері
мына факторларға байланысты: сәуле толқынының ұзындығы мен терінің әуелгі
пигменттігінде. Күн астында таңертең және күн батарда жүрген пайдалы, сонымен
қатар, тері неғұрлым қара торы болса, күн сәулесі әсерінен D дәрумені соғұрлым аз
өндіріледі.
D дәрумені кальций мен фосфор минералдарын сіңіруді реттейді. А дәрумені,
кальций және фосформен бірігіп, ағзаны суық тиюден, көз және тері ауруларынан
қорғайды. Тіс кариесі мен қызыл иек патологиясының алдын алады, сүйектердің,
омыртқаның беріктігіне жауап береді, остеопороздан қорғайды. Алайда бұл ағзаны
осы дәрумендермен қамдау үшін шыжыған күннің астында жата беру керек дегенді
білдірмейді. Ағзада D дәруменінің қажетті деңгейін қалыпта ұстап тұру үшін жаз
айларында аптасына 2-3 рет 5-15 минут қол мен бетті күнге қыздырып алса
жеткілікті.
(161 сөз)
3.Жаз мезгілінде қай уақытта күн көзіне шыққан пайдалы?
A)8 сағаттық жұмыс уақытынан кейін
B)Жұмыс уақытының ортасында
C)8 сағаттық жұмыс уақыты кезінде
D)Түскі үзіліс кезінде
E)Кеш батқаннан кейін
4.Жаз айларында қанша уақыт күнге қыздырыну керек?
A)Аптаның төрттен бір бөлігін, бір сағаттың екіден бір бөлігін
B)Апта бойы, бір сағат толық
C)Аптаның екіден бір бөлігін, бір сағаттың үштен бір бөлігін
D)Аптаның үштен бір бөлігін, бір сағаттың төрттен бір бөлігін
E)Аптаның бестен бір бөлігін, бір сағаттың үштен бір бөлігін
5.D дәрумені адамның сөйлеу мүшесінің қайсысына пайдалы?
A)Жақ
B)Тіл
C)Таңдай
D)Тіс
E)Ерін
6.Қандай теріде күн сәулесі әсерінен болатын D дәрумені көп өндіріледі?
285
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
A)Қара түсті
B)Сары түсті
C)Торы түсті
D)Баран түсті
E)Қоңыр түсті
2014 жылғы Қазақстандық кинолардың шымылдығын ашқан «Фуга»-дан
кейін Баян Есентаеваның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көпшілік қауымның
назарына ұсынылды. Сол кинокартина жайында жазылған мәліметтермен
мұқият танысып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Нұрлан. Фильмнің прокаты 8, 9, 10 наурыз күндері мерекелік демалысқа
келгеннен соң, сол күні дәл оған ғана емес барлық киноларға, барлық
кинотеатрларда түнгі 12-ге дейін билет болмай, «Ханшатырдан» ең соңғы сеансқа
билет барын біліп, соған кіруге тура келді.
«Абайлаңыз, сиырдың!» жарнамасы әлеуметтік желілерде біраз сайрап тұрды.
Пиар қадамдардың бірі болу керек, «Абайлаңыз, сиырға!» мүлдем билет жоқ»
деген жазбалары бар суреттерді де көрген боларсыздар. Содан халық «бұл неткен
кино екен» деп мерекеден кейін де кинотеатрға ағылып жатты. Мен де соның бірі
болдым...
Жанерке. Қазіргі уақытта отандық фильмдердің сапасы «уааау» деуге
келмейді ғой. Бірақ осы олқылықтың орнын толтырып, орысша-қазақша аралас
болса да қолына алып жатқан Баян Есентаеваға тек рақмет айтамыз! Не дегенімен,
фильм түсіру кез келгеннің қолынан келе бермейді, үлкен еңбекті, шыдамдылықты
қажет етеді. Оны түсінетін бар, түсінбейтін бар.
Гүлмайра. Шетелдік фильмдерді көріп өскен ұрпақ бәрібір шетелмен
салыстырамыз да, «жаман, нашар» деп бағалай саламыз. Әрине қазір 3D-ны қойып
шетелдік фильмдер Imax-тан көрсетіп жатқанда, іштері ашып солай бағалайды да:
«Неге біздікілер солай жасай алмады?» деген ой келеді. «Қазақфильм» бастаған
Қазақстанның киногерлері бұған: «Техника жоқ, маман жоқ, қаржы жоқ»-деп
ақталады да қояды. Бірақ біз жыл өткен сайын үмітімізді үзбейміз, әр қазақстандық
фильм шыққан сайын ол алдыңғысынан жақсы болар деп барудамыз. Кино
түсірушілер жылдан-жылға көрермендердің көңілін қалдыра бермейтін шығар
деген үміттеміз. Әлеуметтік желілерде «Ел арна» жабылып, содан үнемделген ақша
жаңа керемет бір фильмге жұмсалғалы жатыр деген шын-өтірігі аралас әңгіме
тарады. Сол шын болса, келесі жылы 8 наурызда керемет бір рецензия жазатын
шығармын!
P.S. Фильмді көргеніме бір аптадай уақыт өтсе де рецензия жазуға деген
шабытым қазір ғана ашылды. Шындығында бұған бүгін желіге шыққан Арман
Дүйсеновтің «Сен жайлы» туындысы әсер етті. (288 сөз)
Керек Инфо. Киностан.
7.Нұрланның пікірінен нені білуге болады?
A)«Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көп көрермен жинай алғанын
B)«Абайлаңыз, сиыр!» атты фильміне жиналған қауымның риза болғанын
C)«Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмінің жарнамасынан да мықты болғанын
D)«Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмінің өте сәтті көрсетілім болғанын
286
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
E)«Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмінің көрерменнің көңілінен шыққанын
8.Үшінші пікірден Гүлмайраны қалай сипаттауға болады?
A)Гүлмайра – кино майталманы.
B)Гүлмайраның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильміне көңілі толды.
C)Гүлмайра «Абайлаңыз, сиыр!» фильмін мүлде көрген жоқ.
D)Гүлмайра – отандық киноның жанашыры.
E)Гүлмайра – қазақстандық фильмдер туралы бейхабар.
9.Қандай жауап Жанеркенің берген бағасымен сәйкес келеді?
1. Баян Есентаеваның бұл картинасы сәтті шыққаны - сөзсіз.
2. Фильмге түскен актерлер өз кейіпкерлерін жеткізе алды.
3. «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі тіл мәселесін көтерді.
A)Бірінші мен үшінші
B)Тек бірінші
C)Барлығы теріс
D)Тек үшінші
E)Барлығы дұрыс
10.Қай көрермен жаңа кинофильмге оң баға берді?
A)Нұрлан
B)Гүлмайра
C)Нұрлан мен Гүлмайра
D)Нұрлан мен Жанерке
E)Жанерке
11.Берілген мәтіндер не туралы?
A)Баян Есентаеваның жетістігі туралы
B)«Абайлаңыз, сиыр» фильміне берілген баға
C)«Абайлаңыз, сиыр» тұсаукесерінің сәтті өтуі туралы
D)«Қазақфильм» киностудиясының жетістігі туралы
E)Отандық киноиндустриясының бүгінгі жағдайы туралы
12.Қазақ киноиндустриясының қандай жағдайы туралы сөз қозғалды?
A)Салаға бөлінетін қаржының дұрыс игерілмейтіні
B)Отандық кинолардың шетелдік туындылардан кем еместігі
C)Қазіргі қазақ фильмдерінің өзекті мәселелерді көтергені
D)Кино саласының қажетті деңгейде дамып келе жатқанын
E)Киноның сапасынан гөрі желілердегі жарнамаға көп көңіл бөлу
Қазақтың кино сүйер қауымына танымал кинодраматург, режиссер Ермек
Тұрсыновтың телеарнаға берген сұхбаты ұсынылады
Бұдан кейін кино түсірем бе, білмеймін...
-Кино әлеміндегі алғашқы қадамдарыңыз қандай болды?
1.-1992-93 жылдары Америкада жүргенімде режиссер ретінде алғашқы
дебютім болды. АҚШ-тың Юта штатында Солт-Лейк-Сити деген қала бар. Сол
жердегі кино мамандарына бірнеше сценарий жазып бергенмін. Бір күні кино
түсіру алаңына келсем, режиссер жоқ екен. Стив деген продюсер бар еді,
материалды өзімнен артық ешкім білмейтінін алға тартып, фильмді қолға алуымды
сұрады. Қысқасы, кино алаңына итергендей етіп шығарды. Бұл кездейсоқ жағдай.
287
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
Мен режиссер емеспін, негізгі мамандығым – кинодраматург. Сөйтіп басталып
кетті. Бірнеше бейнеролик түсірдім. Олардың тапсырысымен әлеуметтік жарнама
түріндегі екі фильм түсірдім. Алматыға қайтып келгеннен кейін де сценарий
жазуды тоқтатқан жоқпын. «Мұстафа Шоқайды» жаздым. «Қазақфильмнің»
президентінің орнына Анар Қашағанова келгенде Ақтан Арым Құбат деген қырғыз
режиссеріне берген «Келін» сценарийі бойынша түсіруді «Материалды өзіңнен
артық ешкім білмейді, әрі бастағаннан кейін аяғына жеткізу керек» дегенді айтып,
кино түсіру алаңына итергендей етіп шығарды. Кейбіреулер режиссерлік үшін
күресіп жүрсе, мен мәжбүрліктен қолға алдым. Сөйтіп аяқ астынан режиссер
болып шыға келдім.
–Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз? Сіздің бойыңызда
режиссерлік қасиет басым ба, әлде кинодраматург ретінде мықтысыз ба?
2. –Драматург бола жүріп, көптеген сценарий жаздым. Режиссерге бересің.
Кейін кино шыққанда қарасаң, көңілің толмайды. «Әттеген-ай!» дейтін тұстары
көп болады. Сценарийді жазғанда бір киноны көз алдыңа елестетіп отырасың.
Кино шыққанда қарасаң, сенің алдындағы суретіңмен сабақтаспайды, мүлдем
басқа жаққа кетіп қалады. Ештеңе айта алмайсың. Өйткені, режиссердің көзқарасы
басқа. Бірнеше рет сценарийлерім ойлағанымдай емес, мүлдем басқа кино болып
шыққанда ішімнен өкініп жүрдім. Жалпы, режиссер ретінде біреудің жазған
сценарийін түсіре алмаймын. Тек қана өзімдікін түсіремін. Егер бір жерден қате
кетсе, тек өзіңнен көресің. Ең бастысы – жауапкершілік. Өзіңе, өз ісіңе деген
жауапкершілік. Ешқандай тапсырыспен жұмыс істемеу керек. Жұмысты қолға
алдың ба, оны жоғары кәсіби дәрежеде істеу керек. Өз шығармашылығыма баға
бере алмаймын. Бірақ, кәсіби дайындықпен келгенім анық.
3. Жауапкершілік дегеннен туады, бір киноға шамамен екі жылдай уақыт
кетеді. Бұл аз уақыт емес. Ал менің досым Тимур Бекмамбетов жылына төрт кино
түсіреді. Тимурды жақсы көремін. Мәскеуде жүргенде жақын араласатынбыз. Өте
дарынды, мықты жігіт. Бірақ, оның кинолары жеңілтек. Көбінесе компьютерге
сүйене отырып жасалады. Бұл адамның интеллектісіне байланысты нәрсе емес.
Мұнда техникалық, технологиялық интеллект басымдыққа ие болып тұр.
4. Қазір кино түсіру еріккеннің ермегіне айналып кетті. Жақсы кино көргенде
адам қуануы керек. Ал қазіргі біздің киноларды көргенде қуана алмайсың. Өйткені,
деңгей түсіп кетті. Еліктеу көп. Өз ойымыз жоқ. Жұртты күлдіргіміз келеді.
Күлкінің өзі де түкке тұрмайтын болып шығады. Ойсыз. Күлкінің өзінің ар
жағында ой болуы керек. Ал қазіргі кинолардағы күлкі – «аха-ха, иха-ха». Бұл
дүниелер, яғни соңғы жылдары кино деп түсіріліп, кино ретінде көрсетіліп жүрген
дүниелер – кино емес. Баян Есентаева, Нұртас Адамбайлардың түсіріп жүргендері
кино деуге келмейді. Мейлі ғой, түсіре берсін. Бірақ, басын ашып алу керек,
олардікі ешқандай да кино емес. Басқа нәрсе. Жанрын өзгерту керек шығар,
бәлкім. Бұлардың ең басты ойы – ақша жинау. Ал нағыз өнер адамы ақша үшін
жазбайды. Мұхтар Әуезов Абайды ақша үшін жазған жоқ. Шәкен Айманов, Сұлтан
Қожықовтар ақшаның құнын білетін, бірақ ақша үшін жазбайтын. Ал қазіргілер о
бастан-ақ ақшаны бірінші орынға қояды. Қазіргі кинолардың кино дегеннен гөрі
бизнес жобаға келетіні сондықтан болса керек. Киноның аты да өзгерді қазір. Кино
288
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
түсіруге бел будың ба, бүкіл жан-дүниеңмен соған берілесің, үлкен дайындықпен
кірісесің. Басында қорқасың. Ылғи сол. Ал кино біткеннен кейін ауырасың. Өзім әр
кинодан кейін 3-4 айдай ауырамын. (500 сөз)
13.Қай жауап 1-бөліміннің мазмұнына сәйкес келіп тұр.
1. Ермектің режиссер болуына сценарийді өзі жазуы септік болды.
2. Ермектің режиссер болуына кездейсоқ жағдай себепкер болды.
3. Ермек Тұрсынов еркінен тыс режиссер атанды.
A)Екіншісі
B)Үшеуі де дұрыс
C)Біріншісі
D)Үшіншісі
E)Үшеуі де бұрыс
14.Ермек Тұрсыновтың айтуынша, неге кинодраматургтың дайын фильмге
көңілі толмайды?
A)Себебі драматургтің жауапкершілігі басым болады.
B)Себебі актерлердің ойыны ұнамайды.
C)Себебі бар атақ режиссерге тиеселі болады
D)Себебі кинода режиссердің көзқарасы басым болады.
E)Себебі режиссер жұмысын өте жоғары бағалайды.
15.Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы Ермек Тұрсыновтың айтқан сын
сөзіне сәйкес келеді?
A)Жылтырдың бәрі күміс емес.
B)Михнат болмай, рахат болмас.
C)Қорыққан мен қуанған бірдей.
D)Ер сыншысы – елі.
E)Көз – қорқақ, қол – батыр.
16.3-бөлімде Ермек Тұрсынов Тимур Бекмамбетовке қатысты не айтады?
A)сын
B)алаңдау
C)мақтау
D)күмән
E)ой-пікір
17.Отандық кино жағдайы туралы қай бөлімде ой қозғайды:
A)Екінші
B)Төртінші
C)Бірінші
D)Барлығы
E)Үшінші
18.Ермек Тұрсыновтың адами қасиеттері туралы қандай ой түюге болады?
A)Ол – Америкада тәжірибе жинақтаған режиссер.
B)Ол –отандық киноиндустрия саласын дамытуға күш салған адам.
C)Ол – өз сценарийлеріне кино түсіріп жүрген танымал режиссер.
D)Ол – білімі мен тәжірибесін ұштастыра білген адам.
E)Ол – жауапкершілігі жоғары және өз ісіне адал адам.
289
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
19.4-бөлімде автор кімге кино туралы ойын өзгерту керек деп кеңес береді?
A)Абайға
B)Шәкенге
C)Сұлтанға
D)Нұртасқа
E)Мұхтарға
20.Сұхбат қандай мақсатпен алынды?
A)Отандық фильмдерге талдау жасау үшін
B)Ермек Тұрсыновты таныстыру үшін
CБаян Есентаева мен Нұртас Адамбайға сын айтқызу үшін
D)Ермек Тұрсыновтың фильдерін жарнамалау үшін
E)Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін
53-НҰСҚА
Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты.
Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты
айтылған болар.
Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде
шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ.
Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс
құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда
шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді.
Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне,
Зайсан көлі бұрын осындай еді.
1. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?
A)Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты.
B)Көлдің әдемілігіне байланысты
C)Көл толқындарының бұйралығына байланысты
D)Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты
E)Көк толқындардың жылдамдығына байланысты
2. Екінші абзацта не туралы айтылған?
A)Көл атауы туралы
B)Көлдің көлемі туралы
C)Қамысты құрақтағы құстар туралы
D)Көлдегі балықтар туралы
E)Көлді мекендейтін жәндіктер туралы
1. Сізге, ардақты және құрметті, жақсы көретін аяулы ініміз Халиулла
мырзаға, бізден, ағаңыз Ибраһимнен және барлық ата-аналарыңыздан, аға-іні,
жеңгелеріңізден көп-көп дұғай сәлемдер жолдадық.
2. Құдайға шүкір, осы күнде өзің көрген жандар тегіс аманбыз.
Сізбен бірге бізге хат жазған Қамаридден моллаға көптен-көп сәлем дегейсіз.
Сізге хат жазуға уақытын бөлген және басқа да әрбір жақсылықтары алла
тағаладан қайтсын, Аягөзге келген уақытта почта жүргелі тұр екен, сіздің
290
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
хаттарыңызды көрген соң, көңіліміз жай тапты және сізге жол қаржыға отыз теңге
жібердім.
3. Жаңа Семейге мағлұм еткен уақытыңызда құдайтағала қаласа ат
тағайындармыз. Тәтеңіз 1 білімнің қайнар бұлағын үйренгенің турасында
бекқуанып жатыр. Әрқашан құдайтағалаға сиынып талап қыла көрсін дейді.
Хатыңыз тиісімен ешбір тоқтамайынша Аягөзге келіп осы хатты жаздық.
Әрдайым деніңіз сау болып, абыройлы болыңыз. Ғұмырыңызды тілеп хат жазушы
ағаңыз Ибраһим Құнанбайұлы деп білесіз. Тағы да көп-көп сәлем.
3. Халиулланың ісі туралы қандай бөлімде айтылған?
A)Бірінші
B)Екінші және үшінші
C)Үшінші
D)Барлығында
E)Екінші
4. Неге хатта Қамаридден моллаға алғыс айтылды?
A)Себебі хат Қамариден моллаға арналған.
B)Себебі Қамариден молла хат тасиды.
C)Себебі Қамариден молладан ат мінеді.
D)Себебі молла Халиуллаға хат жазуға көмектеседі.
E)Себебі Халиулла молламен бірге тұрады.
5. Хаттың 1-бөлімі арқылы жазған адам туралы не айтуға болады?
A)Талапшыл адам
B)Бауырмал адам
C)Танымал адам
D)Ардақты адам
E)Құрметті адам
6. Берілген мәтін қай стильде жазылған?
A)Ресми ісқағаз стилі
B)Көркем әдебиет стилі
C)Ауызекі сөйлеу стиль
D)Публицистикалық стиль
E)Ғылыми стиль
Әмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі.
1336 ж. Кеш ауылында туылған. Жақсы тәлім алған Әмір Темір 1370 ж.
Самарқантта таққа отырып Мәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге
дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны басып алды.
Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі
Самарқантта. Өте данышпан және ұлы әмірші болған. Өте көп медресе және
кітапханалар аштырған.
Шағатай мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің әкімі болған әкесі Тарағай –
атақты Нақши шейхы Әмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. Әмір Күлал Әмір
Темірге шәкірттерінен Шәмсәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады.
Самарқанттағы кесенесінде бас жағында ешқашан жанынан ажырамаған ұстазы
291
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
Мир Береке, дәл алдында Әмір Күлалдың баласы Омар жатыр. Әмір Темірдің
жастық шағында бір қақтығыс кезінде аттан құлап оң аяғы зақымданып, жарамай
қалады. Оң қолының екі кіші саусағы сынады. Осыған байланысты, әсіресе
дұшпандары оны Тимур – Ланг (парсыша –Ақсақ Темір) деп атап кетеді. Оның
үстіне 1941 жылы Кеңес Үкіметі тарапынан қабірі ашылған кезде, 1,70 метр
бойымен, оң аяғы ақсақ болған денесін көреді. Қабірінің сыртында «Мазарымды
ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады» деп жазылғаны
айтылады. Қазба жұмыстарының ертесіне Гитлер Кеңес үкіметіне шабуылдайды.
Әмір Темір 34 жасында Белх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан
болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (Күреган – ханның күйеу баласы)
атағымен танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс
ханның ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші
болып Ұлы Түрік хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның
орынсыз жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау
көрсеткен Алтын Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін
құлатты. Бұл, тарихшылардың айтуынша, Әмір Темірдің ең үлкен қателігі болды.
Осының арқасында орыстар осы жерлерге дейін жайылып үлкен мемлекет құра
алғаны айтылады.
7. Үзіндіден Әмір Темірдің қандай қасиетін көруге болады?
«Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады»
A)Ақылды
B)Саясаткер
C)Көріпкел
D)Батыр
E)Білімді
8. Әмір Темірге неліктен Гурган атағы берілді?
A)Белх билеушісі болғандықтан
B)Шыңғыс ханның ұрпағына үйленгендіктен
C)Жошы ұрпағымен отбасын құрғандықтан
D)Қиратқан қалаларын қалпына келтіргендіктен
E)Түрік қағанатын басқарғандықтан
9. Мәтіннің стилі қандай?
A)Публицистикалық стиль
B)Ауызекі сөйлеу стилі
C)Ғылыми стиль
D)Көркем әдебиет стилі
E)Ресми іс-қағаздар стилі
10. Әмір Темірдің қабірі қай жерде орналасқан?
A)Таққа отырған жерінде
B)Басып алған жерінде
C)Қайтыс болған жерінде
D)Жорықта жүрген жерінде
E)Туған жерінде
11. Әмір Темірге неліктен Ақсақ Темір аты берілген?
292
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
A)Соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан
B)Аяғы кем болып туылғандықтан
C)Егде шағында соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан
D)Дұшпандары жек көргендіктен
E)Соғыс кезінде аяғына оқ тигендіктен
12. Мәтінге сәйкес орыстар неліктен жер көлемін ұлғайтып, үлкен мемлекет
құра алды?
A)Әмір Темір Ұлы Түрік хандығын басқара алмағандықтан
B)Әмір Темір Алтын Орданы құлатқандықтан
C)Әмір Темір Анадолыны басып алғандықтан
D)Әмір Темір орыстарға жаулап алған жерлерін бергендіктен
E)Әмір Темір Орта Азияны билей алмағандықтан
1. Мидия, Лидия, Вавилония және Египетті басып алған парсы патшасы Кир
ендігі кезекте өзіне көмектескен сақ жеріне көзін алартады. Кең далада емін-еркін
жүріп өскен сақтардың күш-қуатын білетін Кир массагеттер жерін айламен өз
қарамағына өткізуді қарастырады.
2. Бұл кезде сақ патшасы қайтыс болып, елді оның жесірі Томирис басқарып
тұрған еді. Осы сәтті жақсы пайдаланғысы келген Кир елшісі арқылы Томириске
құда түсіп, әйел қылып алғысы келетінін білдіреді. Бірақ Томирис Кир өзіне емес,
массагеттер патшалығына құда түсіп отырғанын түсініп, оның ұсынысынан бас
тартады.
3. Тарихи аңыздарға қарағанда, Кир Томиристің жауабына қанағаттанбай,
әскерлеріне жарлық беріп, соғысқа дайындала бастайды. Жауынгерлеріне қажетті
азық-түлік, қару-жарақ өткізу үшін Аракс (қазіргі Арыс немесе Сыр өзені болуы
мүмкін) өзеніне көпір салуға құрылысшыларына әмір береді. Өзенге көпір
салынып, жеріне қауіп төнгенін сезген сақ патшасы:
– Мидия патшасы! Сен өз патшалығыңды билеп алсаң да жетеді. Біздің жерге
көзіңді тікпе. Соғыспай-ақ қояйық. Ал бұл айтқанға көнбесең, көпір салып әуре
болмай-ақ қой. Егер сақ жерінде соғысқың келсе, біз үш күндік жерге шегінейік.
Сендер еш алаңсыз өзеннен өтіп алыңдар. Оған да көнгің келмесе, онда сендер үш
күндік жерге шегініңдер, біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, – деп
елші арқылы сәлем айтады.
4. Уәзірлерімен ақылдаса келе Кир сақ жерінде соғысуды қалайды. Томирис
айтқан уәдесі бойынша үш күндік жерге шегініп, парсы әскерлеріне Аракс өзенінен
өтуге мүмкіндік береді. Бірнеше күндерден кейін парсылар мен сақтардың
барлаушы топтары кездесіп, қиян-кескі арпалыс басталады. Қайшыласқан айқаста
Томиристің ұлы Спаргапис бастаған сақ жауынгерлері жеңіске жетеді. Бірақ бұл
уақытша жеңіс еді. Спаргапистің ержүрек сарбаздары парсы әскерлерінің аз ғана
тобымен қақтығысқан болатын.
5. Алғашқы жеңісті тойлап отырған Спаргапис әскерінің үстіне Кирдың негізгі
қолы келіп, көбін қырып жіберіп, біразын тұтқынға алады. Тұтқындардың
арасында Спаргапис те бар еді. Мұны естіген Томирис шұғыл түрде Кирге елші
жіберіп:
293
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
– Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба! Сендер ашық
айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Кир, енді сен менің
ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды кайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт.
Бұған құлақ аспасаң, Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен
сені қанға тұншықтырамын, – деп өз сәлемін жеткізеді.
Кир Томиристің сөзіне мән бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына
алып келген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды.
Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары
қояды.
6. Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы жорығын
бастайды. Екі жақтың да жауынгерлері шегінбестен ұзақ уақыт соғысады.
Ақырында сақтар жеңіп, парсы әскерінің тас-талқанын шығарады. Жан алып, жан
беріскен осы қақтығыста Кир патшаның өзі де бақилық болады. Парсы
патшасының мәйітін тапқызып, басын алдырған Томирис: «Сен менің ұлымды
зұлымдықпен мерт етіп, мені тірідей өлтірдің. Сондықтан да сені қанға
тұншықтыруға ант берген едім. Енді сол қанды тойғаныңша іш», – деп, кесілген
басты қанға толы торсыққа салуды әмір етеді. Сақтардың әйел патшасы өз антын
еш бұзбастан орындаған екен.
13. Неліктен Томирис Кирдің ұсынысынан бас тартты?
A)Соғысқа дайын болғандықтан
B)Парсы жерінде тұрғысы келмегендіктен
C)Елінің тәуелсіздігін ойлағандықтан
D)Өзі ешкімге тәуелді болғысы келмегендіктен
E)Кирді ұнатпағандықтан
14. Спаргапистің намысшылдығы қай азатжолдан көрінеді?
A)Үшінші
B)Төртінші
C)Бірінші
D)Бесінші
E)Екінші
15. Спаргапистің жеңісі неліктен уақытша жеңіс саналды?
A)Қиян-кескі ұрыс болғандықтан
B)Жаудың шағын тобымен соғысқандықтан
C)Батырлар жеңісін тойлағандықтан
D)Соғысқа азғана әскерін қатыстырғандықтан
E)Соғыс күші жетіспегендіктен
16. Кир неліктен Томириске құда түсті?
A)Сақ елін иеленгісі келді
B)Қамқор болғысы келді
C)Спаргаписті қолға түсіру үшін
D)Байлығына қызықты
E)Сұлулығына көзі түсті
17. Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?
A)Ойды тұжырымдайды
294
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
B)Ойды дамытады
C)Ойды пайымдайды
D)Ойды қорытындылайды
E)Ойды салыстырады
18. Томирис неліктен парсы патшасының мәйітін іздетті?
1. Патшаның өлгеніне көз жеткізу үшін
2. Сертін орындау үшін
3. Ұлының кегін алу үшін
A)Үшіншісі дұрыс
B)Барлығы дұрыс
C)Біріншісі дұрыс
D)Барлығы бұрыс
E)Екіншісі дұрыс
19. Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?
A)Мидия патшасының ақылдылығын дәріптеу
B)Кирдің жеңісін мақтан ету
C)Спаргапистің соғыстағы жеңісін үлгі тұту
D)Парсы патшасының батылдығын насихаттау
E)Сақ патшасының ержүректілігін өнеге тұту
20. Кир қандай патша?
A)Батыл
B)Ақымақ
C)Ашкөз
D)Ақылды
E)Ержүрек
54-НҰСҚА ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс
жауап беріңіз».
Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктіңбірі. Қазақ «құмырсқадай
қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді
бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп,
бұқараға жеткізіп отыр.
Құмырсқалардызерттейтінғылым – мирмекологиядепаталады. Осы
мирмекологмамандардыңқұмырсқадайтынбайталаптанып,
қайнағантіршіліктізерттеуінәтижесіндебізгеолартуралыкөптегенқызықтыдеректерб
елгіліболды. Құмырсқажержүзіндееңкөптарағанжәндік.
Әлемдегіеңқұрметтімимекологтардыңбірі Эдвард Уилсонныңесебібойынша,
бүгін жербетінде 10 квадрилиион,яғнионның 15 дәрежесіндейқұмырсқа бар екен.
Жан басынашаққанда, бірадамға миллион құмырсқадан келеді, ал
жалпыүлесібарлықадамныңүлесіндей. (96 сөз)
295
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс
жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған
жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға,
дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
1. «Құмырсқадай құжынаған» тіркесінің мағынасына сай келмейтін
қатарды көрсетіңіз.
A) Көп,быжынап кетті
B) Нөпір болды, ығы-жығы
C) Қаптап кетті, қайнады
D) Қажырлы, еңбекқор
E) Қайнаған, қалың
2. Мәтіннің тақырыбы қандай?
A) Жәндіктер туралы
B) Құмырсқалар илеуі туралы
C) Құмырсқалар достығы
D) Құмырсқалар еңбегі
E) Мирмекологтар туралы
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс
жауап беріңіз».
Күн көңіл күйді көтеріп, күйзелістің алдын алады. Өз кезегінде, көңіл күйге
жауап беретін заттар иммундық жүйені күшейтеді. Ультракүлгін сәулелер ағзада
жүріп жатқан көптеген процестерді – тыныс алу, зат алмасу, қан айналу мен
эндокриндік жүйенің жұмысын күшейтеді. Бұдан өзге, күн сәулесінің әсерінен
ағзамыз D дәруменін өндіреді.
Қызық дерек: Күн сәулесінің әсерінен синтезделетін D дәруменінің мөлшері
мына факторларға байланысты: сәуле толқынының ұзындығы мен терінің әуелгі
пигменттігінде. Күн астында таңертең және күн батарда жүрген пайдалы, сонымен
қатар, тері неғұрлым қара торы болса, күн сәулесі әсерінен D дәрумені соғұрлым аз
өндіріледі.
D дәрумені кальций мен фосфор минералдарын сіңіруді реттейді. А дәрумені,
кальций және фосформен бірігіп, ағзаны суық тиюден, көз және тері ауруларынан
қорғайды. Тіс кариесі мен қызыл иек патологиясының алдын алады, сүйектердің,
омыртқаның беріктігіне жауап береді, остеопороздан қорғайды. Алайда бұл ағзаны
осы дәрумендермен қамдау үшін шыжыған күннің астында жата беру керек дегенді
білдірмейді. Ағзад
D дәруменінің қажетті деңгейін қалыпта ұстап тұру үшін жаз айларында
аптасына 2-3 рет 5-15 минут қол мен бетті күнге қыздырып алса жеткілікті.
(161 сөз)
http://bilim-all.kz/article/3818-ZHaz-mezgilinin-densaulyqqa-paidasy--men-qandai-
qaupi-bar
296
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
3. Жаз мезгілінде қай уақытта күн көзіне шыққан пайдалы?
A) Кеш батқаннан кейін
B) 8 сағаттық жұмыс уақытынан кейін
C) Түскі үзіліс кезінде
D) 8 сағаттық жұмыс уақыты кезінде
E) Жұмыс уақытының ортасында
4. Жаз айларында қанша уақыт күнге қыздырыну керек?
A) Аптаның үштен бір бөлігін, бір сағаттың төрттен бір бөлігін
B) Апта бойы, бір сағат толық
C) Аптаның екіден бір бөлігін, бір сағаттың үштен бір бөлігін
D) Аптаның бестен бір бөлігін, бір сағаттың үштен бір бөлігін
E) Аптаның төрттен бір бөлігін, бір сағаттың екіден бір бөлігін
5. Қандай теріде күн сәулесі әсерінен болатын D дәрумені көп
өндіріледі?
A) Торы түсті
B) Қоңыр түсті
C) Қара түсті
D) Сары түсті
E) Баран түсті
6. D дәрумені адамның сөйлеу мүшесінің қайсысына пайдалы?
A) Тіс
B) Тіл
C) Ерін
D) Жақ
E) Таңдай
297
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс
жауап беріңіз».
Әмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі.
1336 ж. Кеш ауылында туылған. Жақсы тәлім алған Әмір Темір 1370 ж.
Самарқандта таққа отырып Мәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге
дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны басып алды.
Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі
Самарқандта. Өте данышпан және ұлы әмірші болған. Өте көп медресе және
кітапханалар аштырған.
Шағатай Мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің әкімі болған әкесі Тарағай –
атақты Нақши шейхы Әмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. Әмір Күлал Әмір
Темірге шәкірттерінен Шәмсәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады.
Самарқандтағы кесенесінде бас жағында ешқашан жанынан ажырамаған ұстазы
Мир Береке, дәл алдында Әмір Күлалдың баласы Омар жатыр. Әмір Темірдің
жастық шағында бір қақтығыс кезінде аттан құлап оң аяғы зақымданып, жарамай
қалады. Оң қолының екі кіші саусағы сынады. Осыған байланысты, әсіресе
дұшпандары оны Тимур – Ланг (парсыша -Ақсақ Темір) деп атап кетеді. Оның
үстіне 1941 жылы Кеңес Үкіметі тарапынан қабірі ашылған кезде, 1,70 метр
бойымен, оң аяғы ақсақ болған денесін көреді. Қабірінің сыртында «Мазарымды
ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады»деп жазылғаны
айтылады. Қазба жұмыстарының ертесіне Гитлер Кеңес үкіметіне шабуылдайды.
Әмір Темір 34 жасында Белх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан
болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (Күреган - ханның күйеу баласы) атағымен
танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс ханның
ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші болып Ұлы
Түрік хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның орынсыз
жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау көрсеткен Алтын
Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін құлатты. Бұл,
тарихшылардың айтуынша, Әмір Темірдің ең үлкен қателігі болды. Осының
арқасында орыстар осы жерлерге дейін жайылып үлкен мемлекет құра алғаны
айтылады.
(278 сөз)
http://bilim-all.kz/article/3120-Amir-Temirdin-qaitys-boluy
7. Әмір Темірдің қабірі қай жерде орналасқан?
A) Басып алған жерінде
B) Таққа отырған жерінде
C) Жорықта жүрген жерінде
D) Туған жерінде
E) Қайтыс болған жерінде
298
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
8. Әмір Темірге неліктен Ақсақ Темір аты берілген?
A) Дұшпандары жек көргендіктен
B) Соғыста аттан құлап, қолын жарақаттағандықтан
C) Соғыс кезінде аяғына оқ тигендіктен
D) Аяғы кем болып туылғандықтан
E) Соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан
9. Мәтіннің стилі қандай?
A) Ауызекі сөйлеу стилі
B) Публицистикалық стиль
C) Ресми іс-қағаздар стилі
D) Ғылыми стиль
E) Көркем әдебиет стилі
10. Орыстар неліктен жер көлемін ұлғайтып, үлкен мемлекет құра
алды?
A) Әмір Темір Орта Азияны билей алмағандықтан
B) Әмір Темір Анадолыны басып алғандықтан
C) Әмір Темір орыстарға жаулап алған жерлерін бергендіктен
D) Әмір Темір Алтын Орданы құлатқандықтан
E) Әмір Темір Ұлы Түрік хандығын басқара алмағандықтан
11. Үзіндіден Әмір Темірдің қандай қасиетін көруге болады?
«Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап
болады»
A) Батыр
B) Көріпкел
C) Саясаткер
D) Білімді
E) Ақылды
12. Әмір Темірге неліктен Гурган атағы берілді?
A) Шыңғыс ханның ұрпағына үйленгендіктен
B) Белх билеушісі болғандықтан
C) Түрік қағанатын басқарғандықтан
D) Жошы ұрпағымен отбасын құрғандықтан
E) Қиратқан қалаларын қалпына келтіргендіктен
299
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс
жауап беріңіз».
Аптап ыстықта саялайтын жер іздеп саябақтағы отырғыштардың біріне
бұрылдым. Орындыққа отырмақ болып беттегенімде, көзім сұмдық жағдайдың
куәгері болды. 3-4 жасар ұл бала қоқыс тастағыш жәшікті тіміскілеп жүр. «Бұл
кім? Не қылған бала?» деген сауалдарға жауап іздеу мақсатында баланы бақылап
біраз отырдым. Қарасам, бұл бала жалғыз емес екен. Әр-әр жерде орналасқан
қоқыс жәшігін ақтарып, азық іздеп жүрген тағы да екі ұл бала мен кішкентай қызға
көзім түсті. Киген киімнің олпы-солпысы шыққан, кір қожалақ. Көкейде маза
бермей тұрған сансыз сұрақ мені бір орында отырғызбады. Қолыма бір-екі нәрсе
алған соң, аяңдап біреуінің қасына бардым. Жемге келген көгершіндей қалған
үшеуі де қасыма жетіп келді. Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге
болады. Қолымдағыны ұсынған соң, бұл балалардың ата-анасының қайда жүргенін
білгім келді. Сұрасам, «Білмеймін...» деп күмілжіп мұңды дауыспен жауап қатты.
Осыдан соң жағдайдың бәрін түсіндім. Басымды еріксіз изедім де орындыққа қайта
отырып, ары қарай бақыладым. Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің
үстіне отыра сап, жапа-тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы
сумен басты. Іштеріне сәл де болса бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына»
кірісті.
Мұндай оқиғаны алғаш көруім. Бұдан кейін не ойларыңды да білмейді екенсің.
Ата-анасы ащы судың жетегіне еріп, балаларды ақша табуға, азық табуға
мәжбүрлейді екен, бұл – сол жерде жүрген қала тұрғынының сөзі. Айтуынша, бұл
жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. Күнделікті елдің қалған-құтқанын
жеп, қарындарын тойдыратын көрінеді.
Бұған дейін көшедегі бомждарды көріп, осындай өмірді таңдаған өзі, енді
өзінен көрсін деуші едік. Ал ендімынабалаларға не айтуғаболады?! Адам ата-
ананытаңдапалмайды.
Солбіржауапсызжандардыңкесіріненбақыттышақтарынкөшеденазықіздеуменалмас
тырыпжүргендеріөтеөкінішті-ақ...
Оқушыбіткенжазғыдемалыстыңаяқталмауынтілеуде. Ал,
мынабалалардыңекеуімектептерінаңсапжүр.
Арнаулымектепкебаратындардыңолжердекиеркиіміұқыпты, тамақтарытоқ,
жатарорны таза. Мектепжасынатолмағанқалғанекеуіше? Олар не күнкөреді?
Жазда,жарайды,әрбірқарағашоларғасая, кез-келгеншүбереккиім. Қысташе?
Қақағанаяздаүсіпөлсе, бұлардыіздейтінжан бар ма? Жоқәлде, көмусізаң-
құстыңазығынаайналармаекен? Бұлтұстақылыштыкімгесілтерімді де білмеймін.
Бала тәрбиесіне қарамайтын ата-анағама, жоқәлде тек
екеудіқамқорлығынаалғанүкіметкеме? Ата-анаданендіқайыржоқ, олбелгіліжайт!
Үкіметендімынаекеуді де далағақаңғытпайқарамағынаалсаекен.
Мендегіжалызтілек осы! (365 сөз)
http://massaget.kz/blogs/oy_tolgaular/18005/
300