Султаналиева Жанна Кудайбергеновна, Жанибекова Арайлым Асилхановна, Якупова Салтанат Нурлановна БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ШАРТТАРЫ Оқу-әдістемелік құрал Шымкент – 2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ШАРТТАРЫ Оқу-әдістемелік құрал Шымкент – 2024
2 УДК 373.3 ББК 74.202.4 Б 26 «Түркістан» орта мектебі ЖШС атындағы мектептің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланып, басылымға ұсынылды. Хаттама №7, 28 ақпан 2024 ж. Пікір жазғандар: Бипенова Н. – Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінің педагог-психологы, педагог-зерттеуші. Шамадиева Н.У. – «Түркістан» орта мектебінің бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары, педагог-шебер. Құрастырғандар: Султаналиева Жанна Кудайбергеновна, Жанибекова Арайлым Асилхановна, Якупова Салтанат Нурлановна Султаналиева Ж.К., Жанибекова А.А., Якупова С.Н. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ШАРТТАРЫ : Оқу-әдістемелік құрал. -Шымкент: «Нұрлы Бейне» баспасы, 2024. -112 бет. ISBN 978-601-7133-81-8 Оқу-әдістемелік құралы жалпы және орта білім беретін оқу орындарының мұғалімдері үшін арналған, оқу жұмыс жоспарының талаптарына сәйкес құрастырылған. Мұнда бастауыш сыныптарды оқытудағы дидактикалық принциптер, дидактикалық материалдардың тиімділігі, бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетінің қалыптасу деңгейімен байланысты болатын оқытудың тиімділігінің артуы, бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін дамытудың шарттарының құрылымдық-мазмұндық моделін жасау, танымдық іс-әрекеттердің өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін айқындау болашақ ұрпақтың денсаулығы мен біліміне көп көңіл бөлінген. Оқу-әдістемелік құрал ұстаздар үшін тиімді, қосымша оқулық ретінде ұсынылып отыр. ISBN 978-601-7133-81-8 УДК 373.3 ББК 74.202.4 © Султаналиева Ж.К., Жанибекова А.А., Якупова С.Н., 2024 © «Нұрлы Бейне» баспасы, 2024
3 КІРІСПЕ Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім берудің алғашқы сатысы. Соған сәйкес бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің міндетті мемлекеттік стандарты жетілдірілді. Мемлекеттік стандартта дамыта оқыту ұстанымына сәйкес білімнің теориялық деңгейін көтеру, оқу-әрекетін қалыптастыруда білімнің танымдық, шығармашылық ролін мақсат етіп қояды. Пәндерді оқыту арқылы ұлттық және әлемдік тәлім нәрімен сусындаған, болашақ халық игілігін жасайтын азамат тәрбиелеу. Ал міндеті- оқушылардың танымдық деңгейін кеңейту, шығармашылық және еңбек біліктерін, қабілеттерін дамыту, рухани байлықты дамытуға жағдай жасай, салауатты өмір салтын насихаттау. Соның негізінде ұшқыр ойлы, жаны сұлу, тәні сау, шығармашы-лықпен ойлай білетін дара тұлғаны тәрбиелеуге ұмытылуымыз қажет. Оқушылардың оқу-танымдық іс- әрекетін, белсенділігін қалыптас-тыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденісіне, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқушылардың оқу – танымдық іс – әрекеті – күрделі процесс. Ол іс – әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды. Оқу – танымдық іс – әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіламалдарынан тұрады. Оқу үрдісі оқушылардың оқу- танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу - танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Танымдық белсенділіктің орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүміндік беретін ақыланықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді
4 ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың белсенді танымды іс- әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Оқу үрдісі оқушылардың танымдық әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Демек, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру- оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор.
5 1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 1.1.Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық ісәрекетін қалыптастырудың қоғам үшін маңызы Оқушылардың белсенді танымды іс- әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Оқушылардың танымдық белсенділігі мына үш белгіге тән: 1. Оқу- танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты; 2. Оқу-танымдық әрекеттің интеллектуалдық сипаты; 3. Оқу-танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты. Сондай-ақ, танымдық белсенділігін дамыту тиімділігі мынадай жетекші фактормен анықталады: Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу; Оқу үрдісінде мәселелік оқытуды кеңінен енгізу; Материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету; Бірте-бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол жеткен табыстарды «нығайтуды» қамтамасыз ету, т.б. Сабақ беруде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға қойылатын негізгі талаптар: Оқушыларға қойылған оқу міндеттерінің мәні әрқашан түсінікті болуы керек, олар оқытудың мақсатын түсіну керек. Сабақ мәселе қоюмен басталу керек және оқушылардың алдыңғы тәжірибелеріне, олардың білім жүйесіне сүйене отырып жүргізілуі керек. Мұғалім оқушылардың оқытылатын материалға қызығушылығын арттыру үшін барлық тәсілдерді пайдалануы керек. Оқушылардың белсенділігінің маңызды шарты оқыту процесіндегі өзін-өзі бақылау мен өзін- өзі бағалау болып табылады. Сондықтан да оларды осындай қызметке қажеттілік пен дағды қалыптастыру мұғалімнің бірден бір міндеті болып табылады. Өзінөзі бақылау мен өзін- өзі бағалау қазіргі оқыту технологиясының міндетті элементі болуы қажет.
6 Білімді саналы және белсенді меңгеруде басты рөл жарқын үлгілерді белгісіз оқушының қосымша оқу материалын пайдалануы арқасында көрініс табатын қызығушылыққа беріледі. Саналылық және белсенділік принциптерін жүзеге асыру үшін оқылатын материалдың тек мазмұнына ғана емес, сондай–ақ оқыту процесінің өзіне де қызығушылық қалыптастыру қажет. Оқушыларға тек жаңа ақпарат алу ғана емес, сонымен қатар оқу, оларға таным процесінің өзі де қызық болуы керек. Бұл ережелерді сақтау жалған білім жинақтауды емес, сенімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқыту үрдісінде оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуі тиіс. Оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейлеріне тоқталатын болсақ, оның ең жоғарғы деңгейі танымдық міндеттерді өз бетінше қоюмен, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын болжаумен және өз бетінше айқындаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Ал орташа деңгей жоғары деңгейдің кейбір элементтерінің оқытушының көмегімен орындалатынымен сипатталады, мұнда мұғалім танымдық тапсырма беріп, оның шешуін бақылауы немесе оқушыға шешу тәсілдері көрсетуі тиіс. Төменгі деңгейде оқушыға белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана танымдық әрекетін ынталандыруға, белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың негізіг факторларына оладың өз мүмкіндігін сезінуі, оқушылардың өз таңдауымен жұмыс істеуі, оқу үрдісіне баланың өз әрекетінен қанағаттануы; оларға мұғалім тарапынан қойылатын талап пен қабілеттерінің сәйкес болуы; мұғалімнің өзіндік жұмысты ұйымдастыра алуы, т.б. жатады. Бұл факторлар оқу мотивтерінің өрісін кеңейтіп шығармашылық әрекетіне негіз қалайды. Қабілеттер оқушыға дайын түрде берілмейді, ол оқыту барысыда жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Оқу, білім алу қабілеттерінің деңгейі әр оқушыда әр түрлі болғандықтан, мұғалім танымдық тапсырманы беру кезінде оны ескеруі тиіс. Төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру үшін білімді меңгерудің мынадай мақсаттары керек: 1. Мақсатты қоя алу (мақсатты түсіндіру); 2. Мақсатты жүзеге асыра білу (орындалатын бөлігі)
7 3. Нәтижені бағалай алу (бақылау, баға). Бүгінгі мектептерде тек қана екінші буын –орындалатын бөлім ғана жүзеге асады. Сондықтан да ол мектеп тәжірибесінде кең таралған, өйткені мұғалім оны оңай қолдана алады. Мақсатты қоя білуге тоқталсақ, онда ол мақсаттың тек қана жекеленген, бөлек, бірбірімен бірікпеген оқу үрдісінің мұндай түрі оқушылардың өз қызметін бақылап, оған баға беріп, нәтиженің тиімділігін қалыптастырмайды. Басқаша айтқанда, оқушының танымдыққа емес, тіпті оқу үрдісіне деген қызығуының артуы екіталай. Осы көрсетілген үш элементтің жүзеге асырылуы үшін оқу пәні ішкі ой ерешеліктеріне, яғни, ол ойдың даму тарихы мен қалыптасуына, сонымен қатар әр оқу пәні – жалпы білім жүйесінің тек бір ғана бөлігі екенін түсінгенде ғана іске аспақ. Яғни, қазіргі заманғы оқу үрдісінің мазмұнына деген көзқарас оның диалектикалық дамуында ғана қарастырылуы керек. Басқа сөзбен айтқанда, пәндік білім беру жүйесінің негізінде диалектикалық қайшылық, яғни, бір жүйеде нақты пәнді алсақ, білім беру жүйесінің дамуына мүмкіншілік беретін қозғаушы күш деп қарастырылады. Бастауыш сынып оқушыларында ұғынатын түсініктер оның маңызын жаттап алып көптеген жаттығуларды, есептерді орындағаннан емес, оларды түсіну арқылы ғана болады. Танымдық белсенділік барысында логикалық ойлауы дами бастайды. Сонымен, оқушылардың танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: 1. Білімді өз бетінше алуы және оны түрлі жағдайда қолдана білуі; 2. Іргелі білімдерге қол жеткізу; 3. Танымдық тапсырмаларды шешу біліктері; 4. Өзбетіндік оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі; 5. Тұтас педагогикалық үрдісте мұғалімнің оқуы мен мақсатты өзара әрекеті; 6. Әрекетке бейімделуі мен өзін- өзі бақылау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім тарапынан ұйымдастырушылық пен дұрыс басшылық және оған оқушылардың өздері белсенділік танытпағы ләзім. Ал оқушылардың жеке басының дамуына белсенді болуы үшін оны қажетсінуі, ізденуі, бағдарлай білуі, зерттеу біліктері болуы қажет. Бұл жерде оқушылардың қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етудің, сол жолда ізденісін, талабын ұштап, білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше.
8 1.2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестерін зерттеу Сынып оқушыларының танымдық әрекеттері бірдей емес. Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, оқу процесін құру педагогтың шеберлігіне байланысты. Ол үшін педагог жас ерекшеліктеріне қарай әдіс-тәсілдерді қолданып, таным процестерін зерттеу керек. Өз бетінше ойлайтын, дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін осы жаста танымдық процестерді дамыту өте маңызды. Егер белгілі бір тақырыптарды үйретуге компьютер пайдаланса, онда бейнелеу өнеріне бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесі тиімді болуы мүмкін, себебі: 1. оны пайдалану мұғалім әрекеттерін оңтайландырады; 2. қазіргі кездегі видеотехника құралдарын, түсті, графиктерді, дыбысты пайдалану арқылы жағдайлар мен ортаның айырмашылығын модельдеуге болады және оның барысында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттері дамиды; 3. ол оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра түседі. Оқу, санау, жазу машықтарын игеріп барған баланың өзі, кейде ынтасы түсіп оқуға қызығушылығы болмайтын кездері болады. Оның негізгі себебі, сабаққа зейінін шоғырландыра алмай, селқос, салдыр – салақ, оқу материалдарын қалай болса –солай тыңдайтын, үй тапсырмасын өз бетінше орындау кезінде логикалық ойлауы, есте сақтауы, таным процестері өз дәрежесінде толық дамып, жетілмегендіктен, яғни оқу әрекетін меңгермеген деп есептелінеді. Зерттеу материалдары және әдістері: - Бастауыш сынып оқушыларының танымдық танымдық процестеріне зерттеулер жүргізу әдістерін жинақтау; - Бастауыш сынып оқушыларының танымдық танымдық процестеріне зерттеулер жүргізу; - зерттеу нәтижелері бойынша алдын алу және дамыту жұмыстарын ұйымдастыру; - баланың танымын дамыту, ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру, танып білуге қызығушылығы мен құштарлығын арттыру; - баланың сөйлеу тілі мен ана тілін таным және ойын әрекеті негізінде дамыту; - баланың дұрыс дыбыстауын, байланыстырып сөйлеуін, қатынас мәдениетін, сауат ашу негіздерін игеруге даярлау;
9 - танымдық және ақпараттық құзыреттіліктерді қалыптастыру. Нәтижелер және талқылау Балаға берілетін сұрақтар үш түрлі болады: Зерттелетін пәндерге байланысты тікелей сұрақтар, мысалы: "Сен сурет салуды жақсы көресің бе?" Мазасыздану, үрейлену қауіпін бәсеңдететін жанама сұрақтар, мысалы: "Егер үстел үстінде маркерлер жатса сен не істер едің?" Диагностикалық интервью ұзаққа созылмауы және жалықтырмауы керек. Баланың жасына және диагностика міндеттеріне сай әртүрлі тәсілдерді қолдану қажет. Осы мақсатпен ойыншықтар, қағаздар, қарындаштар, маркерлер қолданған дұрыс, өйткені балалар өз сезімін сөзбен сипаттай алмайды, оларға оны суретте көрсету оңай. Баламен алғашқы танысуды өткізген соң, психодиагностикалық тексеруді бастауға болады. Психодиагностикалық жұмыстардың негізгі принциптері: Баланы диагностикалық тексеруге арналған мүмкіндігінше қысқа әдістемелік тәсілдер- экспресс әдістеме түрінде, бала тұлғасының белгілі бір сферасын тез зерттеуге ыңғайлы болғаны дұрыс. Баланы диагностикалық тексеру алдында онымен алғашқы байланысты орнату үшін, кез келген тақырыпқа диагностикалық интервью жүргізу ұсынылады. Әдетте, мұндай сауалнамалар төмендегідей құрылыммен ерекшеленеді: кіріспе: баланы ынтымақтастыққа тарту, "көңілін көтеру"; баланың еркін сөйлеуі; жалпы сұрақтар беру: "Сен өзің туралы маған бірдеңе айта аласың ба?», «Біз екеуіміз аздап таныс болдық. Енді мен мынаны білгім келеді. Сен балалармен қалай ойнайсың?» т.б толық зерттеу: бала өзін еркін сезінетіндей жағдай жасау және балаға құрмет білдіре отырып, қорытынды жасау; Күтілетін нәтиже o Бастауыш сынып оқушыларының танымдық танымдық процестеріне зерттеулер жүргізу әдістері жинақталады; o Бастауыш сынып оқушыларының танымдық танымдық процесстеріне зерттеулер жүргізіледі; o зерттеу нәтижелері бойынша алдын алу және дамыту жұмыстарын ұйымдастырылып, жоспарланады;
10 o зерттеу нәтижелерін басты назарға ала отырып, оқу – тәрбие процесі, әр баламен жүргізілетін жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылады. o Әр оқушыға диагностикалық зерттеу картасы құрылады. Балалардың жас ерекшелігіне сай әдістер таңдалады. Зерттелуші оқушыларға рет-ретімен есте сақтаулары үшін төрт топтағы сөздер беріледі.Мұғалім бірінші қатардағы сөздерді ретімен,арасына 4-5сек. салып оқиды.(дыбыстық есте сақтау) 10cек. соң оқушылар естерінде сақталған сөздерді жазады.10 мин. Кейін мұалім екінші қатардың сөздерін тақтаға жазады. Оқушылар үнсіз оқып, соңынан есте сақтағандарын жазады (көріп есте сақтау) 10 мин.соң оқушыларға үшінші қатардың сөздері беріледі:мұғалім сөзді оқиды, ал оқушылар осы сөздерді іштерінен қайталап жазады, содаң соң есінде қалғандарын қағаз бетіне түсіреді.(дыбыстық есте сақтау). Аз ғана үзілістен соң төртінші бағандағы сөздер беріледі. Бұл жолы мұғалім тақтада жазылған сөздерді оқиды,ал оқушылар әрбір сөзді сыбырлап қайталайды. Содан соң естерінде қалған сөздерді қағазға түсіреді. (көру,есту, есте сақтау) -2 сыныптарға 5 сөз, 3-4 сыныптарға 10 сөз Міне, осындай бірнеше танымдық процестерге байланысты зерттеулерді қолданғанда сұрақтар туындайды. Зерттеу не үшін қажет, мұғалімнің оқу үрдісінде қандай нәтижеге жеткізеді. Оқу-танымдық іс-әрекет - бұл арнайы баланың өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және оқитындар меңгеретін іс - әрекеттер түрлері болып табылады. Оқу-танымдық іс-әрекет педагогикалық процестің құрамды бөлігі. Оқу-танымдық іс-әрекетке, педагогикалық процеске баланың әлеуметтік болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы, педагогикалық психология т. б. қарастырады. Оқу - танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруда балаларды ғылымдар, білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен қаруландыру, ақыл - ой, ерік - күш жігерін, психикалық процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс - әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру тәсілдерін зерттейді.
11 Танымдық іс-әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі - баланың үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді баланың оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл - ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді. Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы балалардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, бала жеке тұлғасының қалыптасуына негіз болaды. Тәрбиеші мен бала арасындағы бірлескен қарым - қатынастың маңызы ерекше. Баланың ой - пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады, мұнда бағыт - бағдар беру, істің дұрыс - бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт. Баланың танымдық ынтасын құптау, оған сенімділік таныту - оның мінез - құлқында тұрақтылықты, өзін - өзі бағалауды, ерік әрекетінде батылдық пен табандылық, ұстамдылық пен сабырлылықты, өзіне - өзі талап қоя білуді, үйретеді. Баланың танымдық іс - әрекет құрылымын: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық және шығармашылық іс - әрекеттен тұрады. Бала қоғам өмірінде маңызды іс - әрекетке дайындалып жатқандықтан, оның оқу - танымдық әрекеті болашақ кәсіби әрекетінің дидактикалық бейнесі болуы керек. Сондықтан баланың іс - әрекеті бағытталған, ал оның әлеуметтік және танымдық белсенділігі оның өмірлік жолын анықтаудағы ұмтылысы болып табылады. Сонымен қатар, балалардың іс - әрекет ерекшелігіне: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы (білім, білік және дағдыны игеру, жеке қасиеттерінің дамуы); оқу нысанының ерекше сипаты (ғылыми білім, болашақ қызметі туралы ақпарат және т. б.); бала іс - әрекетінің жоспарлы жағдайда өтуі (бағдарлама, оқыту мерзімі); оқыту құралдарының болуы - кітаптар, лабораториялық құрал - жабдықтар, болашақ кәсіптік еңбектегі модельдер, техникалық құралдар, т. б. жоғары
12 интеллектуалды жүктеме (емтихан, сынақ тапсыру, ғылыми жұмыс қорғау, т. б.) жатады. Балалардың танымдық белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенді оқу - танымдық іс - әрекетінің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі балалардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Демек, балалардың оқу - танымдық белсенділігін қалыптастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажеттілігі туындайды. Баланың белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болатындығын айтты. Олар: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз - бала әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл - қозғалыстары, практикалық әрекеттері, тәрбиешіге зейін қойып қарауы, т. б.). Баланың ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандай да болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес. Баланың танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында баланың танымдық белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас - ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет. Баланың қабылдауы, негізінен тәрбиешінің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Балалардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай етіп даярлық жұмыстары жүргізіледі. Балалардың оқу - танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Баланың өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. Балалардың оқу - танымдық іс - әрекетін белсендіруде оқу материалының маңыздылығы дәрежесіне қарай, оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына да фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісінде қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және балалардың осы мазмұнды игеруіне және оны практикада қолдануына қызмет ететін мәліметтер қамтылады.
13 Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып, балалардың оқу - танымдық іс - әрекетін белсендірудің шығармашылық әлеуетін көтерудің маңызы зор. Жаңа технология үрдістерінің талабы - балаларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, балалардың іс - әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу - танымдық іс - әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу. Белгілі бір дәрежеде оқу - танымдық іс - әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік жүйенің (мазмұн, әдіс - тәсілдер, оқыту формасы, оқыту құралдары) өзара байланысы негізінде оқу - танымдық іс - әрекет міндеттерін жүзеге асырылуын талап етіледі. Оны оқу - тәрбие үрдісінде қолдану үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс: 1. Баланың өзіндік жұмыстарының жоғары формасы болып табылатын олардың өз еркімен жаңа амал - тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстарына басты назар аударылуы тиіс. 2. Жаңа педагогикалық технологияны қолдану балалардың оқу - танымдық белсенділігін арттырып, өзін - өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді. Оқыту үрдісінде баланың оқу - танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін барлық қажетті шарттарды: білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды, қажетсінуді қалыптастыратын шарттарды, өзін - өзі бейімдеу шарттарын, проблемаларды шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуге тиіс. Оқу - танымдық белсенділіктің деңгейлерінің даму барысы дәл анықталуы, мүмкіндігінше неғұрлым дәл бақылау өлшемдеріне ие болу үшін қажет. Бұл адамның «ішкі» мүмкіндіктерін «сыртқы» факторлар арқылы жарыққа шығару нәтижесінде жүзеге асады. Балалардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын епті пайдалана отырып, жаңашыл ұстаз белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда балалар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және тәрбиешідеріне сұрақ қоя алуы; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған балаларды оқытуы; үлгерімі нашар балаларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін - өзі тексеру үшін,
14 өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін жағдайлар ойластыруы; танымдық міндеттерді шешімнің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, өз бетінше үздіксіз білім алудың қажетті жағдайы ретінде оқу - танымдық белсенділікті қалыптастыру болып табылады. Алайда, балабақшатерде баланың осы қасиеттерін дамытуға байланысты бағытталған балалардың өзіндік жұмысының жүйесі әзірге қалыптасқан жоқ. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады. Танымдық әрекет - шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл - ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде балаларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады. Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың даму үрдiсi шапшандайды. Бiз бұл жерде Л. В. Занковтың идеясын негiзге алдық. Ол баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай отырып, жүргiзу қажет деген ұсынысын зерттеуiмiзге басшылыққа алдық. Тарихи ескерткiш мұраларға жүргiзiлген саяхат - сабақтар мен эксурсиялар баланың танымын қалыптастыруда негiзгi орын алатынын практика барысында айқын байқадық. Әртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары бастауыш сынып балаларының ынтымақтастығын жетiлдiре түседi. Бұл туралы психолог Л. С. Выготский «Дербес жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол өзi шеше алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке көтерiледi…», - дейдi. С. Төрениязова «Балабақша балаларын оқу - тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негiздерi» атты ғылыми - зерттеу
15 жұмысында баланы дамытуда бiлiм мен тәрбие негiзгi орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды: - психикалық дамуға - баланың мiнез - құлқының, ерiк - жiгерiнiң, қабiлетiнiң дамуы; - денелiк дамуға - дене бiтiмiнiң өз жасына сай болуы; - рухани дамуға - баланың iшкi жан дүниесiнiң сырттан әсер ететiн күшпе өзара бiрлiгi; - әлеументтiк дамуға - өздерi өмiр сүрiп отырған қоғамдық ортаға үйлесе дамуы; - жалпы дамуға - баланың жан - жақты үйлесiмдi дамуы, - деп қорытындылай келе, балаларын дамытудың ғылыми - теориялық негiзiн айқындай отырып, топ балаларымен жүргiзiлетiн жұмыстардың тиiмдiлiгiн арттыруға ойын жұмыстарының тиiмдiлiгiн нақтылайды. Балабақшада оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын - балалар әрекетінің бір түрі. Балаларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым - қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді. Ойын - оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде әс - әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады: Ойын - сауық Коммуникативтік немесе қарым – қатынастық Диагностикалық (ойын барысында өзін - өзі тану) Коррекциялық (өзін - өзі түзету) Әлеуметтендіру Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары балалардың өздігінен жұмыс істеуге, танымдық қабілетін дамытуға үйретеді. Балаларды ұлттық танымдылыққа тәрбиелеудің нақты жолдары төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:
16 а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім - тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал - мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану; ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы балалардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру; б) дидактикалық ойындар арқылы балаларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындары балалардың ой - өрісін қалыптастыратын, білгірлікке шындайтын бірден - бір құрал болып есептеледі. Ол балалардың бос уақытын көңілді өткізіп, денсаулықтарын шындай түсуімен бірге халықтың салт - дәстүрін, тілін дамытуға көмегін тигізеді. Ойындардың жіктемесін жасауда біз оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық мотивациялық аспектісін негізге алдық. Енді, біз әрбір сабақта балалардың оқу - танымдық іс - әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайық. Қазақ тілі сабақтарында балалардың оқу - танымдық іс - әрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі. «Сөйлем» тақырыбын өту барысында «Сөз қуаласпақ», «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», т. б. дидактикалық ойындар қолдану балалардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. «Сөз таптары», «Сөйлем түрлері» тақырыптарын өту барысында тірек сызбалар да балаларға ерекше әсер етіп, оқуға деген құштарлықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыруға себепші болады. Ана тілі сабақтарында балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда шығармашылық сипаттағы тапсырмалар ерекше мәнге ие болады. Сонымен, ана тілі сабақтарында балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін басты назарға алатын нәрсе: -өлең шығаруға үйрету; -ұйқасын тапқызу, сөзбен - сөзді байланыстыру; -ой тастау. деректермен молая түседі.
17 Оқу үрдісіндегі «есеп» балалардың танымдық белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет. Баланың математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында математика сабағын түрлендірудің маңызы зор. Таңертең тұрғанда күн дене жаттығуынан басталатынын сияқты сабақты «ой жаттығуларынан» бастауды әдетке айналдырдым: -Жылдың жетінші айын ата. -Бағдаршамның қай түсі жанғанда тоқтау керек? -Мұрын адамға не үшін керек? -Есік қандай геометриялық фигура? Мұндай сұрақтар балалардың назарын бірден сабаққа аударып, белсенділіктерін арттырады, зейінділігін қалыптастырады Осындай тапсырмалардан кейін нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейірімді, өзін - өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.
18 2. БАСТАУЫШ СЫНЫПОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС- ӘРЕКЕТТЕРІНДАМЫТУТӘСІЛДЕРІ 2.1.Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін дамыту арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру Қазіргі таңдағы негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған, жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу. Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру оқушылардың білімді, дағдыны меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады. Ойлау дегеніміз – ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін процесс. Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта-ықыласы, құштарлығы болуы керек». Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым — логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.
19 Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. «Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский. Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру. Кейбір зерттеулерде оқушының танымдық белсенділігі – бұл интеллектуалды және кәсіптік дайындыққа бағытталған үздіксіз оқу үрдісі, оқу тиімділігі мен оқытудың ғылымилығы деңгейін оптималдандыру ретінде түсіндіреді. Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.Әйтседе бұл баланы қайткенде де, неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды. Бастауыш сыныптағы оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән – ана тілі. Ана тілін үйрету – сөздерді түсініп, меңгеріп оқу, жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйрену мен қатар, бала сансыз көп ұғымдарды, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін де меңгереді. Ана тілін оқып-үйрену арқылы олар Қазақстанның мәртебесін көтере туған халқының өткені мен бүгіні, болашағы жайында мол мағлұматтар ала отырып, танымдық, тәрбиелік, білім-дағдыны үйренері хақ. Өтілетін әр сабақ белгілі бір мақсатқа құралған, оқушы танымы мен дүниетанымын қалыптастыра отырып, шығармашылыққа баулуы тиіс.
20 Ол үшін мұғалім күнделікті сабаққа жете ізденіп,жаңа технологияны шебер пайдаланса,сабақ өз мақсатына жеткен шығармашылыққа бағдарланған, оқушы дүниетанмын байытатын бірден-бір сабақ болар еді.Қай сабақ болмасын «мынау оның білімдік жағы,мынау тәрбиелік жағы»деп бөліп жаруға болмайды.Себебі білім мен тәрбие-әркез егіз үрдіс.Шебер мұғалім осы екі қасиетті оқушы бойына дарыта оқыта отырып ,оқыту әдісін,жаттықтыру жұмысын, қолданылатын көрнекілік түрлерін оқушының жас ерекшелігін ескере отырып,қабілеті мен ынтасына қарай таңдай білсе,өзі көздеген мақсатына жетеді. Оқушылардың шығармашыл қабілеттерін әр түрлі әдіс тәсілдерін қолдана отырып арттыруға болады. Олар мынадай: 1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау; 2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру; 3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар, т.б) 4. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу; 5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту; 6. Мәтін кейіпкерлеріне мінездеме беру; 7. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру; 8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау. Осындай әдіс–тәсілдерді үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу – оқушыны шығармашылық бағытта дамуына жете мән беруі болып табылады. Бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастағы сезім байланысын орнатып, үйлесімділікке қол жеткізуге Ш. Амонашвалидің мұғалімдерге берген кеңесін берген кеңесін де басшылыққа алуға болады. Ол:«Педагогикалық процесте баламен тіл таба білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңіліндегісін айтуға мұрсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді. Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының қозғалысымен үйлесім тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім
21 шығармашылығымен ұштасып кетеді. Мұндай жағдайда рухани тұтастық папайда болады» — дейді. Шығармашылықпен айналысқан оқушының ойы жүйрік, тұғыры биік азамат болып қалыптасады. Ана тілімен қатар қазақ тілі сабағы да сөзбен жүргізілетін жұмыс сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлауға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады. «Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға, бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда» деп Абай атамыздың сөзімен айтар болсақ, шығармашылық қабілеті дамыған баланың көкірегі сезімді, көңілі ояу боларына дау жоқ. Бұл жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді.Оқушыны шығармашылыққа баулу,өз еңбегінің нәтижесін көруге,оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады.Егер шығарматьшылық оқушының жас кезінде бағалы бағдар болып қалыптаспаса онда болашақта да оның қалыптасуы екіталай. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабынан туындайтын қажеттілік. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіндігіне байланысты. Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы қалыптастыруға бағытталған шақтар түрлері төртке бөлінеді: «танымдық, коммуникативтік, шығармашылық әдіснамалық».
22 Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы арттыруда шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор. Мұндай түрдегі сабақтардағы түрлі оқу жұмыстары оқушының шындық белсенділігін арттырып, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін, яғни материалының негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалмен салыстыру оларды белгілі жүйеге топтастырады және қортындылау жасау сияқты амалдарды дайындауға үйренеді. Шығармашылық сабақтардың жоспарын жасауда оқушының шығармашылық әрекетінің бағдарына сәйкестендіріп, олардың қабілетері, ескерілуі тиіс. Оқушылардың шығармашылық әрекетін тудыратын сабақтарды өткізу жоспары мен кезеңдерін қарастырамыз. Шығармашылық сипаттағы сабақтардың жоспарын жасау үшін тақырыбы, мақсаты, әрекет түрі және нәтижелері бір-біріне жуық байланысты сабақтарды топтастырып, таңдап алуға болады. Жалпы бағдарламада көрсетілген пәндік сабақтардың әр тарауында жететін жетістіктері негізінде оқушылар білім алуда нәтижеге жетеді. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруді мұғалім алдына мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді. Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға мықты болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет. Шығармашылық жұмыстарды мынадай тәртіппен орындауға болады: мақсаты жұмыс барысы, алынған нәтижелері бойынша өзіндік ұстауы, сондай-ақ оқушылардың пікірлері енгізіледі, таңдаулы жұмыстардың авторларына қорғау қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі жүргіземін, жұмыс мектеп көрмесіне қойылады немесе шығармашылық жұмыс жинақта жарияланады т.б. Шығармашылық жұмысты мына жоспар бойынша көркемдеуге болады: 1. Тақырып, оқушының және жетекшінің аты – жөні, сыныбы, мектебі, жылы. 2. Тақырыптың өзектілігі. 3. Негізгі идеясы, мақсаты.
23 4. Жұмыс мазмұны, жоспары. 5. Жұмыс орындауда туындалған проблемалар, қиындықтар және оның шешілуі. 6. Жұмыс қорытындысы және оның практикалық мәні. 7. Жұмысқа өзіндік талдау, өзіндік баға беруі. Шығармашылық ай қорытындысы бойынша ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі. Осындай шығармашылық жұмыс барысында оқушының бұрыннан білетініне жаңа мәліметтер қосылып, тәжірибесін практикада қолдану білігі қалыптасады. Сонымен, бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын, дамыта түседі. Мұғалім өз сабағын шығармашылықпен өткізе алса, өзінің білімін сарқып жұмсаса, үнемі ізденіс үстінде болса –білім сапасы қазіргі талапқа сай болады. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға да ұстаз екені де баршаға белгілі. Шығармашылық — бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты.
24 Алтынсариннің мұғалім міндеттері туралы, қалай оқыту керек, қалай оқу керек деген талаптары біздің зерттеулерімізде маңызы болды. Ы.Алтынсарин бойынша оқытудың жеке әдіс - тәсілдеріне: а) оқыту әдісі - бұл баланың білімге құштарлығын оятатын, кейіннен өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол; ә) сабақта баланың ойәрекетін жаттықтыру. «Маңыздысы, оқушының өз бетінше ойлана білуі». Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп.Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру. Баланың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын тәрбиелеу ана тілі арқылы жүзеге асады .Ал ана тілін оқыту арқылы шығармашылық іс - әрекетті қалыптастыру дегеніміз - өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Осыған орай В.В.Давыдов: «Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктерді оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі - оқуға құштарлық, ынталылық» - дейді. Ал шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашып көрсету. Осы міндеттерді орындауға мұғалімге бірден-бір керегі – дұрыс, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалану.Мен өз тәжірибемде жаңа технологияларды қолдану арқылы біраз нәтижеге жеттім. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы қалыптастыруға бағытталған шақтар түрлері төртке бөлінеді: «танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, әдіснамалық». Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы арттыруда шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор. Мұндай түрдегі сабақтардағы түрлі оқу жұмыстары оқушының шындық белсенділігін арттырып, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін, яғни материалының негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалмен салыстыру оларды белгілі жүйеге топтастырады және қорытындылау жасау сияқты амалдарды дайындауға үйренеді. Шығармашылық сабақтардың жоспарын жасауда оқушының шығармашылық әрекетінің бағдарына сәйкестендіріп, олардың қабілеттері, ескерілуі тиіс. Шығармашылық сипаттағы сабақтардың
25 кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді. Сабақ тақырыбы бойынша түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады: 1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну; 2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру; 3. Ертегіні ұжым болып тыңдау; 4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру; 5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, ролмен ойнату; 6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру. Әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлерін анықтаймын. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді Шығармашылық ай қорытындысы бойынша ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі. Осындай шығармашылық жұмыс барысында оқушының бұрыннан білетініне жаңа мәліметтер қосылып, тәжірибесін практикада қолдану білігі қалыптасады. Екінші сыныпта Б.Сокпақбаевтың «Бурыл ат» әңгімесін өткенде жылқының жасына қарай аталуын және ат әбзелдерінің атауларын мынадай кестеге толтыруға болады. Жылқы жасына, түріне қарай: Құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал, дөнен, бесті, қулық, бие, ат, жоспарын жасау үшін тақырыбы, мақсаты, әрекет түрі және нәтижелері бір-біріне жуық байланысты сабақтарды топтастырып, таңдап алуға болады. Жалпы бағдарламада көрсетілген пәндік сабақтардың әр тарауында жететін жетістіктері негізінде оқушылар мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға мықты болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, сәурік; Құнан - екі жасқа толып, үш жасқа аяқ басқан еркек жылқы малы; Дөнен – үш жасқа толып, төрт жасқа аяқ басқан жылқы; Ат табу қажет. Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр білім алуда нәтижеге жетеді. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруді мұғалім алдына мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне
26 әбзелдері: Жүген, қамшы, тізгін, тартпа, үзеңгі, ер, тоқым, құйысқан, өмілдірік; Үзеңгі – атқа міну үшін ер-тұрман әбзелінің аяқ салатын бөлігі; Тартпа – ер-тоқымды ұстап тұратын бел тартпа; Өмілдірік – аттың омырауында бел тартпаны ұстап тұратын әбзел. Оқушылар жылқының жасына, түріне қарай қалай ажыратылатынымен, ат әбзелдерімен танысады және сөздік жұмысы да қоса жүргізіліп кетеді. Әр сөзге мұғалім көмегімен түсініктеме беріледі. Баланың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында бала өзінің бұған дейінгі білетін амал-тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Танымдық қажетсіну ізденімпаздыққа апаратын жол екендігін, оқушы шығармашылық әрекетке қажетсінбейінше сапалы білім алу мүмкін еместігі белгілі болғандықтан, оқушылардың өзінің интеллектуалдық, жеке дамуына кедергі келетін факторларды анықтау мақсатында төмендегідей тест пайдаландым: «Ана тілі» пәнінен орындаған шығармашылық жұмыстары оқушылардың ойлау, мәтін құрастыру қабілетінің, өлең шығаруға да төселіп қалғандықтан сөздік қорының молдығын көрсетті. Өз тәжірибемде шығармашылығын дамытуда мынадай мәселелерге көзім жетті. - Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянды; - Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланды; - Оқуға ынта-ықыласы артты; - Бір-бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренді; - Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренді; - Өз ойын қағазға түсіруді үйренді; - Оқушының жеке басын, ұжымды сыйлауға үйренді. Көрсетілген әдіс-тәсілдер бастауыш сыныптарға тиімді екендігіне көзім жетті. Осыларды пайлану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бірбірін тыңдай білуге үйретеді. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев мұғалімдердің ғылымның сарқылмас көзін ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты. Іс- тәжіребиелерді қорытындылай келіп, мынадай түйін түюге болады:
27
28 1. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың қызығушылығы артады. 2. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі. 3. Оқушының дарынды тұлға, шығармашылық шеберліктері шыңдалғандығының нәтижесін көруге болады. 4. Қазіргі заман талабына сай тұлға қалыптасады. 5. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс- әрекетке қабілеттері артады. 6. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата- аналармен ынтымақтасуға көмегі тиері сөзсіз. 2.2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетінің құрылымы Елімізде оқушылардың оқу – танымдық іс-әрекеттерін белсендіру мәселесіне байланысты соңғы кездері зерттеулердің мынадай бағыттары дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады: оқыту үрдісінде танымдық қабілеттерін жетілдіру мәселелері. А.Е.Абылқасымова т.б. Т.С.Сабыров жеке тұлғаға бағытталған білім берудегі жаңа педагогикалық технологиялармен оқыту үрдісін жетілдірудің маңызды аспектілері. Оқушылардың танымдық іс-әрекеттеріне арналған теориялық әдебиеттерді талдағанда, әдіскерлер мен педагогика ғылымының қайраткерлерінде, оның көптеген аспектінде бірлік жоқ, оның ішінде оқу үдерістеріедегі бастауыш сынып оқушыларының танымдық ісәрекеттерінің мәнін түсінуде де бірізділік жоқ. Танымдық iс-әрекетке оқушының оқу үдерiсiне қатысу дәрежесіне байланысты психикалық үдерiстердiң белгiлi деңгейiн жатқызады, яғни шын мәнінде танымдық iс-әрекеттің қалыптасуы оқушылардың бар танымдық күштерiнiң мобилизациясы ретiнде айтылды. М.Н.Скаткин «оқытуда танымдық iс-әрекеттердi белсендiру - бұл оқушылардың ойларының белсендi жұмысы» дейдi, әсiресе, олардың ойынша, оқыту үдерiсiндегi танымдық iс-әрекеттің қалыптасуында ойлаудың дамуы жетекшi рөл атқарады. Берiлген пiкiрлерде олар логикалық ойлау мен даму қажеттілігін оқушылардың танымдық iс-әрекеттерінің құралдарын құру және идеяларын дамытуды жоспардың бiріншi бетiне шығаруға тырысады.
29 Бұл жұмыстар, оқу процесiнде оқушының тұлға ретiнде қалыптасуына қажет болатын белсендiлiк, дербестiк, шығармашылық, әдiс, талаптылық, қызығушылық,өз бетiмен бiлiм алуға қабiлеттiлiгi секiлдi окушының жеке қасиеттерiнiң дамуымен байланысты болу керек. Сонымен қатар ол сабақта оқушылардың танымдық iсәрекеттерінің өзгерiп отыру қажеттiлiгiн танымдық iс-әрекетті қалыптастырудың маңызды шарттары деп есептейдi. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз – оның жүйке жүйесіндегі функционалдық мүмкіншіліктерінің, психикалық пройестерінің, адамгершілік қасиеттерінің, білімінің, қөзқарастарының, оқу қабілетінің адам баласы жасаған материалдық жеке рухани байлықты игерудің және сол байлықты келешекте жасаудың даму тарихын айтамыз. Еліміздегі және алыс жақын шетелдердегі философтардың және ойшылдарының ой – пікірлері бойынша дүниетанымды қалыптастыратын себептерге мыналар жатады: а) дүниетаным адамның қажеттіліктері мен мұқтаждарын қозғаушы және қоршаған ортадағы іс - әрекетті, бағыт – бағдарды реттеуші қызмет атқарады және адамның жас, психологиялық өзіндік ерекшеліктеріне, оның өмірлік ұстанымдарына байланысты болады; ә) дүниетаным адамның іс - әрекетін, мінез – құлқын реттеушісі, сенім мен мұратының тірегі әрі көрсеткіші болып саналады; б) дүниетаным жеке адамды, тұлғаны дамытудың басты факторы болып табылады; в) дүниетаным білім. Оқудың міндеті - табиғат, қоғам және оқушының психикалық үдерістерінің даму заңдылықтарын оқушы санасын ендіру. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді.Оқу жұмысын танымдық ісәрекеттердің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады. Танымдық iс-әркеттердің бас әрекеттер секiлдi мотивациялық және операциялық жақтары болады. Таным барысын ғылыми түсінуден педагогиканың теориясы мен тәжірибесі үшін шығарылатын басты қорытынды-оқушылар берік және ықпалды білімді ұжымдық қоғамдық пайдалы іс-әрекетте өз қабілеттерін нақтылайды, жетілдіре түседі. Қоғамдық прогресс ғылымның ықпалынан, оқытудың жаңа міндеттері мен озат тәжірибесінің жинақталуынан оқыту талаптары дамиды, нақтыланады, жетіле түседі. Білім беру және оқыту теориясы оқыту барысындағы, оқушылардың саналылығы, белсенділігі, өзбеттілігі, білім мен біліктерінің беріктігі, ұғынықтылығы және әрекеттілігі талаптарын қамтиды. Бұл талаптардың орындалуы оқушылардың оқу материалдарын түсінуге,
30 өткенді жаңамен байланыстыруға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға өз пікірлерін дәлелдеу ұмтылысынан көрінеді. Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығуының өзіндік мазмұны, ерекшеліктері зерттеушілер үшін қиыншылық тудырады. Өйткені, танымдық қызығудың қалыптасуы және дамуы жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатын өте күрдел үрдіс. Жалпы алғанда, қызығудың қалыптасуы бала айналысатын ісәрекетке және жеке өмір тәжірибесіне байланысты болады. Сондықтан да баладағы танымдық қызығудың даму деңгейі тек нақты жасқа байланысты деп те қарастыруға болмайды. Бір жастағы балаларда тұрақтылығы, бағыттылығы, мазмұны жағынан бірдей емес, қызығу болуы мүмкін. Балалар жасына байланысты осы мәселені зерттеу бірқатар кеңестік ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған: Н.Рыбникова, Л.Гордон, Беляева, Ц.Цветкова, Л.Моневцова, Н.Постникова, К.Романова, Р.Римбург, П.Сирбиладзе (мектепке дейінгі кезең), И.Шевченко (жеткіншек жас), В.Ильина, В.Иванова, Н.Костина, Л,Рожина, (ересектер жасы). 60-жылдардың басында бастауыш мектеп оқушылары бойынша А.Абдуллаева, М.Морозова, ЧоЧун Синь, Ф.Гусеинова, (бастауыш сынып оқушылары қызығуының жүйесін зерттеу), А.Дусавицкий (оқушылардың танымдық қызығулары дамуына оқыту құралдарының әсері), Л.Скалярский (үлгерімі нашар оқушылардың танымдық қызығулары дамуының ерекшеліктері). М.Шеломенцова (бастауыш мектеп жасында танымдық қызығудың дамуында ғылыми көркем кітаптардың ролі) еңбектері шықты. Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуы ойын іс- әрекетімен байланысты болып келсе. Бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Бұл қызығу жоғары сыныптарда нығайа түседі. Психология - педагогика ғылымдарының мәліметтеріне сүйенсек, қажеттіліктің ішкі түрткісі субъектінің байланысты іс-әрекеті мен өмір сүру себебі болып табылады. Танымдық әрекет қажеттілік арқылы жүзеге асады. Өзінің тіршілік және рухани қажеттілігін өтеу үшін оқушы дүниені танып білгісі келеді. Алайда ол өзі үшін ешбір мәні жоқ нәрсеге қызықпайды. Оқушының қызығуы мен құндылық бағдары тығыз байланысты. Оқушы өзі үшін құнды, әрі қажетті нәрсеге, мәселен, оқу пәніне қызығады. Кейіннен бұл нәрсе (пән) оқушы іс-әрекетінің мақсатына, қозғағыш күші-мотивіне айналуы мүмкін. Осыған орай,
31 кейбір ғалымдардың қызығуды оқушының дербес іс-әрекетке жұмыс мотиві ретінде қарастырады. Бұл жайында Б.Теплова «жақындағы мақсатқа жетіп, алыстағы мақсатты көздейді» - деп түйіндейді. Ал, Н.Морозова «Іс-әрекет көздеген пайдалы мақсатқа жетуге түрткі болады» - дейді. А.Леонтьевтің пікірінше, танымдық қызығу бір нәрсеге ерекше зейін қою арқылы эмоция тудыру. Психологтар Л.Божович, Н.Морозова,Л.Славина себептің екі негізгі құрамын көрсетеді: 1.Оқушылардың оқу іс-әрекетіне түрткі болатын қоршаған ортасы; 2.Мазмұндық және үрдістік сипаттан тұратын, оқу іс-әрекетінің өзі түрткі болатын таным қызығуы; Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жү зеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтерден бүкіл оқыту - тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс-әрекет түрі - оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, ес, зейін, қиял, ойлау) дамиды. Қызығу - айналадағы заттар мен құбылстарды аса белсенділікпен танып, терең білуге бағытталған,адамның сезім дүниесін қозғайтын бір шама тұрақты жеке дара ерекшелігі. Қызығу - бір нәрсені ерекше таңдап соған құлай берілу. Адамды еліктіріп, өзне тартқан нәрселердің бәріде қызығудың объектісі. Қызығу - бұл оқушының объекті немесе құбылысты меңгеруге ұмтылысында белгілі әрекет түрін игеруде көрінетін танымдық қажеттену формасы. Танымдық қызығу шарты игеріп жатқан пәніне болған эмоционалды қатынасынан байқалады. В.С.Выготскийдің пікірінше: «қызығу бала әрекетінің табиғи қозғаушы күші, ол тумадан берілген құштарлық, бала әрекетінің оның тума қажеттерімен сәйкестігін аңдатады. Сондықтан оқу процесіндегі басты талап - барша тәрбие жүйесі дәл анықталған бала қызығуларының негізінде құрылуы тиіс». Ескертетін жайт: оқу сеп-түрткілерінің арасында аса маңыздысы танымдық қызығу. Мектеп өмірінде үш-төрт жылда сеп-түрткілер үлкен өзгерістерге түседі. Оқушылардың өздеріне тән жалпы оқуы мен оқу пәндері болған танымдық қызығулары пайда болады.Белгілі психологтар В.С.Выготский ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту процесінде жетіледі. Тәрбие мен оқыту дамуды алдына
32 салып отырады. Оқыту үдерісінде дамыта және тәрбиелей отырып жеке адамның таным қабілеті мақсатқа сәйкес жетіледі. Оқудың осындай басты міндеттерінің бірі -шәкірттердің таным-қабілетін дамыту. Дамытып оқыту - бұл оқушылардың таным іс-әрекетін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Дамытып оқытудың міндеті - оқушының «ең таяу зонасын» жасау. Оқушының «ең таяу зонасын» мұғалімнің «ең таяу зонасына» сәйкестендіру. Таным қабілетін дамыту туралы Ресей ғалымдарының ұсыныстары мен пікірлері бар. Олардың идеяларының мәні мынада: 1.Таным қабілетінің дамуы - бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту үдерісіндегі мақсаттылық іс-әрекеті. 2.Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жайындағы оқулықтыі рөлі. 3.Оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру. 4.Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы - оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдарының бірі. Оқушылардың таным белсенділігі оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде практикада пайдалана білуге, үйренуге бағытталған оқушының істейтін саналы іс-әрекеті. Шығармашылық қызығушылық шығармашылықпен ойлау қабілеті сияқты өзінің дамуында жекелеген іс-әрекеттерден тұрады. Олар: белсенділік, іс-әрекеттегі бастамашылдық, дербестік, эмоционалдық түрде көріну, ерекшелікке ұмтылыс, қызығушылықтың көріну сипаты, жоғары бағаланатын іс-әрекет деңгейінің типі, ынтаықыластың бір жерге шоғырлануы жатады. Бастауыш оқыту жүйесіндегі мұғалімдердің оқушыларды шығармашылыққа баулуының әдіс-тәсілдеріне мыналарды жатқызуға болады: тақырыпты мазмұнан сай жинақтау; арнаулы бір тақырыпта пікір-талас туғызу; сөз жұмбақ құру, шешу; шығарма, шағын әңгіме мәтінін құрау; әңгімелердің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу,ат қойғызу; қиялдау арқылы сурет салғызу, ролге бөліп оқыту; ұнатқан кейіпкерге мінездеме беру, осы әңгімені мазмұнына, мағынасы кері әңгіме құрау; мазмұндама түрлерін жазу; адасқан сөзді орнына қою.
33 1-кесте Оқу танымдық іс-әрекет 1. Оқушылардың оқу танымдық белсенділігін арттыру. 2. Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру. 3. Ойлау белсенділігін,шығармашылық қабілетін арттыру 4. Оқу-танымдық біліктерімен дағдыларын жетілдіру. 5. Ғылыми дүниетанымын және адамгершілік-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру. Мұғалім іс-әрекеті компоненттері Оқу жұмысының мақсатын белгілеу Оқушыға беретін материалдың мазмұнын анықтау Меңгерілетін материалдарға оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру Оқу-танымдық іс-әрекетте жағымды көңіл күй орнату Оқушылардың оқу әрекетін бақылау және реттеу Оқушының оқу-танымдық шығармашылығын дамыту Оқушы іс-әректі компоненттері Оқуты міндеттері мен мақсатын түсіну Оқу-танымдық іс-әрекетке қызығулық мотивтері Жаңа материалды,негізгі сұрақтарды түсіну Оқу материалдарын талдау, саралау, оны практикада қолдану Оқу-танымдық іс-әрекетте ерік күшжігерін және эмоционалдық қатынасын көрсету. Оқу-танымдық іс-әрекетті реттеу және өзін-өзі бақылау Өзінің оқу-танымдық шығармашылық нәтижелерін бағалау
34 2-кесте. Оқушылардың оқу-танымдық дүниетанымын жетілдірудің мазмұндық нобайы (моделі). Компоненттер Өлшемдері Көрсеткіштері Мотивациялық Танымдық іс-әрекетке ұмтылу; білімді меңгеруге құндылық қатынасы; танымдық ісәрекетті қажетсінуі мен тұрақты ызығушылығы 1. өздігінен білімді меңгеруге қызығушылығы; 2. өзінің танымдық белсенді іс- әрекетін қоғамдық құндылық бағдары ретінде түсіну; 3. қоршаған әлемнің танымдық мәнін,білімді меңгеру мен іс- әрекет белсенділігінің ықпалды бірлігін сезіну 4. жаңашылдыққа ұмтылу, білім, білік, дағдысын жетілдіруге тұрақты қызығушылығы Мазмұндық Қоршаған дүниенің бір тұтастығы және әлемдік білім кеңестігі туралы білімі;білімді әлеуметтік құндылық ретінде түсінуі. 5. пәндік және танымдық әлем туралы ғылыми білімі; 6. өзінің танымдық білім кеңес- тігін құруда белсенді ісәрекет тәсілдерін меңгеруі; 7. өзінің шығармашылыққа қызығушылық білімін жетілдіру арқылы қоғамдағы маңызды мәселелерді саналылықпен түсі- нуі; Процессуалдық Оқу-танымдық ісәрекетте белсенділік танытуы; тапсырмаларды орындауда ізденімпаз,білімін жаңа жағдайда қолдану біліктілігі;ұжымдық танымдық іс-әрекетте ойлау белсенділігінің болуы және рефлексия жасауы. 8. өзін дамытуға,ғылыми білі- мін қалыптастыруға ұмтыл- дыруы; 9. танымдық ізденімпаздығының болуы және ісәрекетті шығармашылық сипатта ұйымдастыруы; 10.Жауапты шешім қабылдауда ойлау белсенділігінің жоғары деңгейін көрсету: 11.өз әрекетіне және танымдық білімді меңгеруде рефлексикалық бағытының қалыптасуы.
35 ррКпгОпМппПюОдНЕНТТЕР ӨЛШЕМДЕР Интерактивті оқыту әдістеріне қызығушылықтың, дұрыс қатынастың болу, олардың білім сапасын жетілдірудегі қажеттілігін түсіну Бастауыш сынып оқушыларының ісәрекетінің мәні, ерекшеліктері және интекрактивті оқыту әдісі негізінде білім сапасын жетілдіру туралы білімі Интерактивті оқыту әдісі негізінде ісәрекетті жүзеге асыру бірлігі мен дағдысы К Ө Р Е Т К І Ш Т Е Р -мұғалім іс-әрекетінің нысаны болып табылатын тұтас педагогикалық үдеріс туралы білімі; -жалпы білім берудің мақсаты, міндеттері, мазмұны,әдістәсілдері,ұйымдастыру формалары туралы білімі; -білім алушылардың іс-әрекетін басқарудағы мқғалімнің білімділігі мен шеберлігі туралы білімі; - интерактивті оқыту әдістерін жасау жолдары мен мүмкіндіктері туралы білімі. - білім сапасын жетілдірудің қоғамдық мәнін саналы түрде сезіну; -білім сапасын жетілдіруге ынтасының болуы; - білім сапасын жетілдіруге қажетті білім, білік пен дағдыларды игеруге қызығышылықтың болуы; - Интерактивті оқыту әдістерінің білім сапасын жетілдірудегі маңыздылығын түсіну; - Интерактивті оқыту әдістерінің тұлғалық мәнін түсіну 3. Іс-әрекет 2. Мазмұндық 1. Мотивациялық С - интерактивті оқйту әдістері негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыра білу; -педагогикалық үдерісті басқара білу; -жалпы білім беруді жобалау; -ғылыми-зерттеу іс-әрекетімен шұғылдану білігі
36 Мотивациялық компонент- оқу-танымдық іс-әрекетте оқушының ғылыми білімді меңгеруге құштарлығы, жаңашылдыққа белсенді ұмтылуы, танымдық қызығушылығы мен шығармашылық дербестікке саналы талаптануы, өзінің меңгерген білімін құндылық бағдары ретінде түсінуі. Мазмұндық компонент - әлемнің бір тұтас бейнесін танымдық талдау тұрмысында терең түсінуі, оқу-танымдық іс-әрекетте білімдік кеңестігін құру, шығармашылық ойлау арқылы ғылыми білімді меңгеруі, проблемалық тап-сырмалар мен мәселелерді нәтижелерге жетудің әдіс-тәсілдерін және оның оңтайлы жолдарын меңгеруі, білімді танымдық белсенділікпен меңгеруді басты бағдар деп түсінуі. Процессуалдық компонент - жеке тұлғаның оқу-танымдық ісәрекетте ізденімпаздық танытып, белсенді ойлауын қалыптастыру арқылы интеллектуалдық білім шеберін кеңейтуі; өзінің танымдық ісәрекетіне рефлексивтік бағытының болуы және өзінің білім мен білік, дағдыларын жаңа жағдайда ұтымды пайдалана білуі. Оқушылардың белсенділігінің арттырудың жаңа формаларын епті пайдалана отырып, жаңашыл ұстаз белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда оқушылар өз пікірінде тұр алуы; пікір таластар мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және мұғалімдеріне сұрақ қоя алуы; жолдастарының жауаптарын түзетуі; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін-өзі тексеру үшін өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін жағдайлар ойластыруы; танымдық міндеттерді шешімнің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы; Көптеген зерттеушілердің пікірінше, өзбетінше үздіксіз білім алудың қажетті жағдайы ретінде оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыру болып табылады. Алайда, мектептерде оқушының осы қасиеттерін дамытуға байланысты бағытталған оқушылардың өзіндік жұмыстарының жүйесі қалыптасқан жоқ. Сондықтан, оқу үдерісінде мынадай өзгерістер қажет: 1. оқушының оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған жұмыс көлемін арттыру; 2. оқу-бағдарламалық материалды ұйымдастыруда құрылымдық әдісті табу;
37 3. мұғалімнің бақылаушы, бағалау-реттеуші қызметін қайта қарау; 4. оқу-пәндерінде мазмұнды-операциялық білім мен оқутанымдық дағдыларды енгізу жолдарын табу; Оқу-танымдық белсенділік оқушы іс-әрекетінің сапасы ретінде көріне отрып,үнемі ізденіп белсенді әрекет ететін жеке тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінің деңгейі, бағытты мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне тікелей байланысты. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, оқу материалының түсініктілігі, мазмұндылығы, оқытуды ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалім мен оқушылар арасында субъектті қарым-қатынас орнату. Сонымен қатар, педагогтар репродуктивті, формальді-логикалық ісәрекет түрін шығармашылық іс-әрекетке айналдырып қолдануды жұмыс тәртібіне енгізу. Оқушылардың танымдық қызығушылықтары негізінде шығармашылық қабілеттерін, ойлауын дамытуда педагогтар алдына мынадай шарттар қойылады: Таным қызығушылығын дамыту шарттары: - интеллектуалдық қысым және интеллектуалдық тартыстар жағдайын туғызу; - шығармашылық және зерттеу іс-әрекеттері бар сабақтар ұйымдастыру; - өзіндік таным мен зерттеу дағдыларының қалыптасуына ықпал ету; - оқушылардың танымдық бастамалары мен өз бетінше жұмыс істеулеріне қолдау көрсету немесе мақтау, мадақтау. Таным белсенділігін дамыту шарттары: 1. әрбір оқушы үшін даму жұмысының траекториялары; 2. әрбір оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсетудегі жоғары педагогикалық іс-әрекет; 3. білім беру үрдісінің ерекше формалары мен білім берудің спецификалық мазмұнының сипатын беретін арнайы педагогикалық жағдайлар. 4. Шығармашылық ойлауды дамыту шарттары: 5. шығармашылықтың тууына ішкі кедергілерді жою; 6. жұмыс істеу барысында оқушы зейінін ақыл-ойға шоғырландыру; 7. қиял ширақтығын қолдау; 8. жалпы шығармашылық іс-әрекетке бағыт-бағдар беру.
38 Психологиялық және педагогикалық зерттеулер мен бастауыш мектепте жұмыстың тәжірибесі оқушылардың шығармашылық қабілетін ойын негізінен бастап дамып қалыптасатынын дәлелдейді. Ойын барысында оқушылардың қиялдары дамып, шығармашылық қабілеттері белсенді түрде артады. Сондықтан қандай да болмасын ұйымдастырылған іс-әрекет мектепте ойын негізінде жүзеге асырылады. Жоғарыда аталған педагогикалық іс-әрекет бағыттары ең алдымен педагогтың өзінің шығармашыл болуын талап етеді. Педагогтың жеке шығармашылығы ең алдымен оның өзін-өзі танытуға деген қажеттілігімен сипатталады. Яғни ол педагогтың кәсіби іс-әрекеттегі мүмкіндігін толық аша білуге ұмтытылысынан туындайды. С.Л.Рубинштейн айтқандай, адамды жеке тұлға ретінде танытатын оның бойындағы бар қасиеті ғана емес, сонымен қатар оның өзін танытуға деп қойған мақсатына ұмтылысы да ерекше қасиеттерінің бірі болып табылады. Осы орайда педагогтардың шығармашылық кәсіби іс-әрекетке деген қажеттілігінің туындауына ықпал ететін мынадай шарттарды атауға болады: 1. өз-өзіне іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарау; 2. қайшылықтарды жеңе білу; 3. рефлексияға қабілеттілік; 4. өзінің жеке тұлғалық кәсіби қасиеттерін танып білу; 5. іс-әрекеттің біріккен түрін қолдана білу Шығармашылыққа негізделген тапсырмалар үлгісі. Пән тапсырманың мақсаты. Шығармашылық бағыты. Күтілетін нәтижесі. Тіл дамыту. Таныс ертегінің сызбалық үлгісін (модель) құрастырып, сол бойынша жаңа ертегі ойлап шығару арқылы сөйлеу техникасын дамыту. Кейіпкерлердің өзара қарым – қатынастары мен әрекеттерін белгілеуді және сол негізінде оқшылар жаңа ертегіні өздері ойлап табады. Құрастырған үлгі бойынша оқушылар шығармашылығы негізінде кейіпкерлері алуан түрлі болып келетін ертегілердің пайда болуы. Математика. Математикалық ұғымдарды қалыптастыра отырып, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
39 Шығармашылық негізінде тапсырма шешуінің әртүрлі жолдарын анықтайды. Оқушылардың қабылдау, ойлау, қиялдау, танымдық қызығушылықтары негізінде шығармашылық қабілетін тапсырмаларының қайталанбайтын жауаптпрының шығуы. Сауат ашу. «Қ» дыбысына байланысты тізбек сөз, жаңылтпаш, жұмбақ, өлең шумағы ішінен сөздерді, сөз дыбысты даралап танымдық, шығармашылық негізінде дыбысқа байланысты сызбаға сәйкес сөз, сөйлемдер құрайды. Оқушылардың жылдам ойлап, шешімін таба білуі. Іс-әрекет нәтижесін тілмен жеткізе білуі. Бейнелеу. Пейзажды бейнелеу барысында байқағыштық, қиялдау сезімдерін дамыту. Көркемдік, танымдық қызығушылықтары негізінде шығармашылық қабілеттерін арттыру. Ойластырған тақырыпты түс және әртүрлі дәстүрден тыс бейнелеу құралдарын пайдаланып мәнерлі орындауға үйренеді. Қиялдау, үйлестіру қызығушылықтарының дамуы негізінде шығармашылық жұмыс істеу қабілеттерінің артуы. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға, танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілетіне деген мотивациясын арттыру үшін оқу үрдісі ерекше түрде ұйымдастырылуы тиіс. Қазіргі кезде кез келген сабақ немесе сабақтар жүйесі мынадай нобай (модуль) арқылы құрылады. 1. мұғалім мақсатты құрастырады,бірақ бағалардың өлшеуішін түсіндірмейді; 2. мұғалім алдына қойған мәселелерді қалыптасқан мақсаттарды элементі ретінде қарастырады; 3. қалыптасқан мақсаттарға жету құралдары мен әдістерін мұғалім өзі таңдайды, яғни ол мақсатқа жетудің бірнеше әдісін ұсынады, сондықтан біз мақсатқа жетудің әдістерінің көпнұсқалығы туралы айтуымызға болады; 4. жаңа тапсырманы меңгеріп, қорытындылау үшін оқушылар өз бетінше мұғалімнің ұсынған жаттығуларын орындайды; 5. мұғалім орындалған жұмыстарды бағалап,оқушылардың білім деңгейін тексереді, ары қарай бұл цикл жалғаса береді. Осы нобайды (модельді) талдап, біз мынадай қорытындыға келдік: қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқу-тәрбие үрдісі
40 барысында білімді жинақтау болып табылады (дағдылар, шеберліктер). Ал бұл білім жүйесінің заңды нәтижесі ретінде қажет болған жағдайда алған білімін (дағдыларын, шеберлігін) қолдана алатын жеке тұлға болып саналады. Алайда, адамзаттың бүкіл өмірі бойы жиналған білімі мен ілімі соншалықты көп, терең. Сондықтан қазіргі оқыту үрдісінде оның бәрін оқушыларға жекізу қиындап бара жатыр, тіпті мүмкін емес десе де болады. Ендеше, оқушылардың танымдық қабілеті негізінде шығармашылық қызығушылығын арттырып, олардың оқуға деген ынтасын көтеру керек. Мұны шешу үшін оқушы кез келген әдіспен берілген дайын білімді жаттап алуға бағытталған селсоқ тыңдаушы ғана болмай, керісінше ол өзіне керекті жаңа білімді іздеп, қажет болған жағдайларда оны қолдануға ұмтылуы тиіс. Мынадай жұмыс механизмын қарастырып көрелік: оқушы жаңа білімді жақсы баға алу үшін өз бетінше,не өзінің сыныптасымен, не топта (3-4адамнан) жұмыс істеу керек делік. Өз бетінше жұмыс істеу барысында жаңа материалды негізгі еске сақтаудан өзге тағы да басқа еске сақтаудың түрлері қосылады көзбен көру, есту, қайталау,т.б. Біздің ойымызша, бастауыш сынып оқушылардың танымдық мотивациясын арттыру үшін білімді меңгерудің мынадай нобайы (моделі) керек: 1. мақсатты қоя алу (мақсатты түсіндіру); 2. мақсатты жүзеге асыра білу (орындалатын бөлігі); 3. нәтижені бағалай алу (бақылау,баға). Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының көптеген мәселелеріне түбегейлі өзгерістер енгізіп, қайта құру қажеттілігі туады. Солардың бастамаларының бірі, мұғалім мен оқушы, мұғалім мен мектеп басшылары мен педагог арасындағы қарым-қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет. Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы-талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу, жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге, жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
41 Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады. Білімсіз қандай болса да, іскерлік мүмкін емес. Мысалы: сауатты жазу үшін граматтикалық ережелерді білу керек. Өлшеу сызғышын, секундомерді пайдалану үшін физика біліміне сүйену қажет. Дағды - бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру. Мысалы: тез оқу дағдысы - жүйелі түрде жаттығу нәтижесі. Сонымен оқу үдерісінде білімнің, іскерліктің және дағдының өзара байланысы, бірлігі оқушылардың таным қабілетінің (зейін, байқағыштық, ес, қиял, ойлау) дамуына мүмкіндік туғызады. Оқыту екі жақты процесс,онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық іс-әрекеттері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі. Оқушылар сабақта түрлі іс-әрекеттерінің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады. Бұл оқу процесі. Оқу - бұл оқушылар іс-әрекеттерінің яғни объективті әлемді танудың ерекше формасы. Оқыту процесінің қозғаушы күштері оқытудың барысында қойылатын таным мен практикалық міндеттері мен оқушылардың нақты білімі мен іскерлік дәрежесі және ақыл-ой дамуының арасындағы қайшылық. Егер қойылған міндеттерді шешуге оқушылардың шамасы келмесе, онда қайшылық оқытудың және дамудың қозғаушы күштері бола алмайды. Қайшылық қозғаушы күштері ретінде пайда болуы үшін қажетті шарт, ол оқушылардың ықтимал мүмкіндіктеріне сәйкес келуі қажет. Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар: оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары. Дамытып оқыту - бұл оқушылардың таным іс-әрекетін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Осының негізінде олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту керек. Оқыту жеке адамның білімін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңызды құралы. Оқытудың бірнеше түрлері бар: түсіндірмелі-иллюстративті оқыту, проблемалық оқыту, бағдарламалап оқыту т.б. Оқу – мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Баланың оқу әрекеті - күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой
42 еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті оның қабілеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т.б. психикалық үрдістер мен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек. Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аудару керек. Ең алдымен, баланың өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Егер бала әр бір оқу жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін,ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды)беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналығы артады. Оқу жұмысының мақсат – міндеттері сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалана білуге,өз әрекетін қадағалауға (бақылауға), бағалауға қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландыруға маңызы өте зор. Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеру олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады.Оқу әрекетінің белгілі құрылымы мыналар: 1. Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар); 2. Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл амалдары); 3. Бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы); 4. Бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы). Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады. Ойлау - баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстырады, заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау - нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау - белгілі міндетті теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Ойлау әрекеті өзінен-өзі қалыптаспайды. Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан (операциялардан) тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдар жасау т.б.
43 Бастауыш білім жүйесінің өзгеріске ұшырауына Л.А.Занков, Д.Б.Эльконин, С.М.Языков, А.А.Люблинская және т.б. ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі себеп болды. Аталған дидактиктер мен психологтардың пікірлері төрт жылдық бастауыш білімнің дәстүрлік мазмұны оқушылардың интеллектілік, танымдық дамуын жасанды түрде тежеп отыр,шын мәнінде олардың танымдық мүмкіндігі анағұрлым жоғары деген қағидаға тоқталды. Сондықтан, білім мазмұнын өте жеңілдетіп жібермей, қиындата отырып оқыту керек деп дәлелденді. Ең негізгі мақсат – тәрбиелей отырып, дамыта оқыту деп белгіленді. Педагог ғылымдардың зерттеулерінің нәтижесінде оқушылардың танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеті қаншалықты деңгейде екендігі дәл анықталмағанымен, оның даму сатылары нақтыланған, танымдық қажеттіліктер мен қызығулардың байланысы, танымдық және шығармашылық қызығудың мәні мен өзіндік ерекшеліктері ашылған. Дегенмен, қазіргі бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуы негізінде шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселесі мына жағдайды есепке алу керектігін көрсетеді: - қазіргі алынатын мәліметтердің осыдан біраз уақыт бұрын алынған мәліметтерден өзгеше болуы. - белгілі дәрежеде жаңа оқу бағдарламалары, оқулықтары бастауыш оқытудың теориялық және ғылыми деңгейінің жоғарлауы. - сонымен қатар қоғамымыздың рухани мәдениетінің өсуі де ықпал етеді. Мектепте бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген бақылаулар нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуы мен қабілетінің мынадай көрсеткіштері байқалады: - білім алуға және оны меңгеруге тырысу; -жаңаны білуге ұмтылыс; - танымдық іс-әрекетте еріктің болуын қалайды; - бос уақытын пайдалана білу; Қазіргі таңда бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейде екендігін анық көруге болады. Өйткені қазіргі оқушылардың таным, ақыл-ойының дамуы бұрынғы оқушылармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Оқу үрдісінде жаңа технологиялардың қолданылуы, ғылым мен техниканың қарыштап дамуы мұның бірденбір себебі. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін, белсенділігін,
44 қызығушылығын дамытуда жетекші рөлді мұғалім атқарады. М.Данилов танымдық тапсырмаларды беруде мұғалімдерге мынадай қағидаларды ұсынады: - танымдық тапсырмалардың пән мазмұнынан бастау алуы; -маңызды тапсырманы орындауға нақты жағдайларды құру үшін оқушылардың даму деңгейін, олардың дайындығын ескеруі; - тапсырмалар мазмұны оқушылардың ойын елестетуі мен қабылдауын, танымдық қызығушылықтары негізінде шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажетті ақпараттардан тұруы; - оқушылардың оқу қызметін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайды қалыптастыру; - оқушыларды тапсырмаларды шешуге үйрету, оларды алдымен мұғаліммен, ұжыммен жұмыста бірте-бірте өз бетінше жеке қызмет жоспарына ауыстыруға қажетті тәсілдермен қаруландыруы. Жан-жақты талант иесі М.Жұмабаев «Педагогика» [58] еңбегінде бастауыш мектепте әдеби қабілеттілікті қалыптастырудың кейбір әдістерін көрсеткен. Ұлы ағартушымыз ұсынып отырған оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың барлық кезеңінде, яғни оқушыға оқиға, сюжет, образ, көркемдік шешім таба алмай қиналғанда, мұғалімнің меңзеу әдісі көмекке келуі керек. Бұл - мұғалімнің де шығармашылық қабілетінің сынға түсер шағы. Тәжірибемізді байқағанымыздай «Қазақ тілі» сабағында ұтымды уақыт тауып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Мұғалім мәтіннің өн-бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек. Кейбір практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады. Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, психологиялық саралығы, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап ары қарай жалғастыра беруге болады. Қазіргі кезде қоғамға қажетті мамандықтар тез бейімделуді, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ойлау қабілетін қиындықтан шыға білуді, адамдармен тіл табыса білу өнерін қажет етеді. Бұл қасиеттердің барлығы да шығармашылық жолдан бастау алады.
45 2.3Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс - әрекетін қазақ – тілі пәнінде дамыту жолдары Педагогика ғылымында мектептер мәселесіне арналған жалпы педагогикалық, жекелеген әдістемелік зерттеулер әлі де жеткіліксіз болып отыр. Осыған байланысты мектептер мен сыныптарда қалай оқыту керектігі жөнінде мәселе бойынша педагогика-психологиялық зерттеулер, ғылыми тұжырымдамалар өте қажет. Мектептің негізгі белгілерінің бірі сыныптағы оқушылардың қызығушылығында. Ғылым-әдіскерлердің зерттеулері және мектеп мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесі оқушылар саны 10-нан кем болатын сыныптарда оқыту әдістемесіне айтарлықтай өзгеріс енгізу керектігін дәлелдеп отыр. Мектептерде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді етуде маңызды рөл атқаратын дифференциалды және даралап оқыту мен оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмыстарын ұйымдастырудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар сыныптарды қабілеті жоғары, орташа және төмен топтардың барлығында да оқушылар болады. Ал оқушылар саны аз сыныптарда оқушылардың барлығы осы топтардың біреуіне ғана енеді немесе әрбір топта бір-бірден ғана оқушы болуы мүмкін. Оқушылар саны аз сыныптарда әрбір оқушы мұғалім бақылауында болады да, әр оқушы дара ерекшелігін,танымдық қызығушылығын есепке алып, жеке-дара тапсырмалар беруге, әрбір оқушының оқу материалын қалай меңгеретінін біліп отыруға, мінезқұлқын, қабілетін, даму деңгейін зерттеп білуге мүмкіндіктер мол. Сөйлем–ойды айтудың негізгі формасы. Сондықтан ол 1- сыныптан бастап оқытылады. 1-кластың оқушылары сөйлемді сөзден, сөйлеуден ажыратады. Сөйлем соңында дауыстың бәсеңдейтінін, нүкте қойылатынын біледі. 2-сыныпта балалардың сол білімі дамытылады. Оның үстіне сөйлемдердің хабарлы, сұрайлы, лепті болатыны, олардың тыныс белгілері, сөйлемдегі сөздердің байланысты, сөйлемнің тұрлаулы мүшелері (бастауыш, баяндауыш) жайында алғашқы мағлұматтар беріледі. Бұл тақырып бойынша алғашқы сабақты балалардың бұрынғы білімін қорытуға лайықтап ұйымдастыру керек. Балалар алдымен сөйлем сөзден құралатынын, сөйлемдегі әр сөздің бөлек жазылатынын білсін. Соңынан хабарлы сөйлемнің айтылуы, соңына нүкте қойылуы, бас әріптен басталып жазылатын жаттығу жұмыстарын орындау кезінде түсіндіріледі. Сұраулы, лепті сөйлемдер бұрын оқылған текстерде талай рет
46 кездескен. Бірақ оларға балалардың назары аударылмаған еді . Хабарлы сөйлем–сөйлемнің жеңіл түрі. Оны тану, білу 1-сыныптан басталады. Онсыз жыл бойы сабақты дұрыс ұйымдастыру мүмкін емес. Сұраулы сөйлемдер әсіресе мұғалімнің сабақ беру әдетіне жиі кездеседі.Мұғалім сұрақ қояды, балалар сұраққа жауап береді. Осыған үйренген бір бала сұраулы сөйлем құрап , екінші бала оған жауап берсе (және керісінше), хабарлы сөйлемнен сұраулы сөйлемді айырып түсіндіруге келетін дұрыс жол болмақ. Сұраулы сөйлем жайындағы сабақты осылай бастап, сұраулыдан кейін сұрақ белгісі қойылатынын , оның таңбасын балаларға білдіріп алып, кітаптағы жаттығуларды орындауға кірісуге болады. Жаттығу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде оқушылар сұраулы сөйлемнің хабарлы сөйлемнен басқаша айтылатынын, соңына сұрақ белгісі қойылатынын, сұраулы сөйлемде қайда, қанша, не,кім сияқты сөздер, ма,ме..сұрау шылаулары болатынын біліп,өз беттерімен сұраулы сөйлемдер құрай алатын болуы керек. Лепті сөйлемді ондай терең оқытуға көп уақыт жұмсамаса да болады. Оның табиғатын түсіну хабарлы, сұраулы сөйлемнен гөрі балаға ауыр тиеді.Оның үстіне баланың тілін дамытуда, оқулықта ондай сөйлемдер онша жиі кездеспейді. Сондықта 2сыныпта лепті сөйлемдердің жиі кездесетін айқын түрлері ғана практикалық жұмыс үстінде таныстырылады. Сөйлем жайында олардың басқа да берілетін білімнің жалғасы-«сөйлемдегі сөздердің байланысы» деген тақырып Бұған дейін оқушылар сөйлемнің сөзден тұратынын біледі де, бірақ сөзден сөйлем құраудың басты шартыөзара байланысы-әдейілеп оқытылмады. Енді оқушылардың назарын соған аударған жөн. Ол үшін сөйлем жайында оқушылардың бұрын білгендерін қорытып еске түсіретіндей сұрақтар қоюға болады. –Біз ойымызды білдіру үшін сөйлейміз. Сөйлеу неден тұрады? (Сөйлеу сөйлемнен тұрады) –Сөйлем неден тұрады?(Сөйлем сөзден тұрады) –Жазуда сөйлемдердің соңына қандай-қандай белгілер қойылады? (Хабарлы сөйлемнен соң - нүкте, сұраулы сөйлемнен соңсұрақ белгісі, лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады. Осылай сұраққа жауап ретінде оқушылардың сөйлем жайындағы бұрынғы білімін қорытқаннан кейін, сөйлемдегі сөздердің байланысын білдіру жұмысы басталады.Сөйлемдегі сөздердің байланысы мағыналық және тұлғалық жағынан қарастырылады. Оны 2-сынып оқушыларына айтып түсіндіру ерте болар. Бірақ солай екенін сұрақтар қою арқылы, сөздердің жалғауларын түсіріп айту, түсірілген
47 жалғауларды дұрыс қойдыру арқылы сөздер байланысын аңғартуға болады.Соңында оқушылар сөздер өзара байланысу арқылы ғана сөйлем құрайтынын білсін. Бастауыш пен баяндауыш сондай өзара байланысқан сөздер тобы екенін, бастауыш сөйлемнің кім? не? туралы айтылғанын білдіретінін, баяндауыш оның ісі, қимылы екенін оқушылар дұрыс түсінетін болыу қажет. Бастауыш мектепте қазақ тілінің грамматикасын емлесін оқытуда ерекше ескерілетін бір жай–оқушылардың сауатты болу қамы. 2-сыныпта оқылатын сабақтардың көп мақсаты бір оқушылардың сауатын арттыруға тіреледі. Кейбір тақырып алдымен сол мақсатқа бағындырылып өтілетін болса, кей тақырыпты оқытуда орфаграфиялық пунктуациялық ережелерді оқушыларға білдіру қосымша міндет деп саналады. Соның бәрінде оқығанды пысықтау, бақылау, оқушылардың білімін сынау мақсатымен әр түрлі диктант жұмыстары жүргізіледі. Оның түрлері мұғалімдерге аян. Сондай-ақ 3- сыныпта мазмұндама жазуға баса көңіл аударылу қажет. Бастауыш сыныптарда сөйлемнен мағлұмат беру жұмысы мынадай түрде жүргізіледі: 1. Оқушылардың сөйлем туралы грамматикалық ұғымын қалыптастыру, онда сөйлемнің өзіндік негізгі белгілері қарастырылады; 2. Сөйлемнің құрылымы, оның жасау жолдары меңгеріледі. Сөйлем құрамындағы сөздер, сөз тіркестері, сөйлем мүшелерінің жалаң, жайылма түрлері зерттеледі; 3. Айтылу мақсаты мен интонациясына қарай дұрыс құрастыра білу үйретіледі; 4. Сөйлемдегі сөздерді дәл қолдана білу дағдысы дамытылады; 5. Оқушылар сөйлемді жазбаша түрде дұрыс құруды, оны бас әріппен бастап жазып, аяқтаған жерде тиісті тыныс белгісін қою машығы меңгертіледі. "Сөйлем" туралы ұғым 1-сыныптағы Әліппе кезеңінде бақылау, талдау-жинақтау әдістері бойынша тәжірибелік жолмен танытыла бастайды. Бұл тұста мұғалімнің түсінік сөзі, сөйлем құру, оны айыру жұмысындағы практикалық үлгісі жетекші рөл атқарады. Көрсетілген сурет бойынша ойлатып, сөйлем құратып үйретеді. 1-сыныптың "Ана тілі" оқулығында "Сөйлем", "Сөйлемдегі сөздердің байланысы" деген арнайы тақырып берілген. Балалар сөйлемнің не екенімен, сөйлемнің
48 бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылатынымен және сөйлем соңында нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі қойылатынымен танысады. Сонымен қатар сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы білуге болатынын үйренеді. Мысалы : Көк ту желбіреді. 1. Ту қайтті? - Ту желбіреді. 2. Қандай ту? - Көк ту, т. б. Осылайша балалар сөйлем туралы ықшам ережелерді үйренеді. Мұғалім индукциялы әдіспен сол ережені балалардың өздеріне шығартады. Бағдарлама бастауышы зат есімнен, баяндауышы етістіктен болған жалаң сөйлемді, одан әрі үш-төрт сөзден тұратын жайылма сөйлемді де (термин түрінде емес) үйретуді ұсынады. Осы жағдайға байланысты сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысты айтылатыны, әр сөзге сұрақ қойылатыны, сол сұрақтар арқылы сөйлемдегі сөздердің байланыстары табылатыны жаттығу жұмыстарымен меңгертіледі. Сонда сөйлемде "Кім? He?" деген сұрақ қойылатын сөз бар екені оқыушының бұрынғы біліміне негізделіп түсіндіріледі. Ал, заттың қимылын, ісін білдіретін сөздердің "Не қылды? Не істеді? Қайтті?" сияқты сұрақтарға жауап беріп тұрғаны ұғындырылады. Бұл кезеңде балалар сөйлемнің айтылу интонациясына мән бере отырып, сөйлемді айту кезіндегі дауыс ырғағының, шапшаңдығының, дауыстың бәсең не қатты болуының айтылатын ойға қатысты екенін білетін болады. 2-сыныпта оқушылар сөйлем тақырыбынан меңгерген соң осындай білім дағдыларын жаңғыртады. Сөйлемнің хабарлы, лепті, сұраулы болып бөлінетінін, олардың тыныс белгілерін игеріп, сөйлемдегі сөздердің байланысын тауып үйренеді. 3-сыныпта сөйлем мүшелері туралы түсінік беріледі. Сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты, түрлаусыз мүшелерді тауып үйренеді. Жалаң және жайылма сөйлем түрлерін меңгереді. Сөйлем мүшелерінің байланысуын сызба арқылы көрсетеді. Мысалы: Шешей отты көсеумен көседі. Көсеумен кесек-кесек тезек төседі. 4-сыныпта сөйлем туралы білімдері кеңейтіле түседі. Сөз тіркесі, жай және құрмалас сөйлем, сөйлем мүшелері, сөйлемнің біріңғай мүшелері, олардың тыныс белгісі туралы мағлұмат беріледі. Білім - дағды беру ісінде сөйлем мүшелерінен грамматикалық талдаудың тигізер пайдасы көп. Талдау жұмысы сөйлемдегі сөздердің мағынасы мен формасын ажырату үшін, олардың өзара байланыстарын табу
49 үшін жүргізіледі. Бұл тұрғыда сұрақ қоя білудің маңызы күшті. Сөйлемдегі сөздердің байланысу түрлері мен сөйлем мүшесі алшақ емес. Себебі, сол бір-бірімен байланысып жатқан сөздерді сұрақ қою арқылы бір-бірімен байланысын анықтаймыз. Әрбір сөйлемдегі толық мағыналы сөздер дара күйінде де, күрделі күйінде де келіп, белгілі сұраққа жауап береді. Негізгі ойды білдіріп, не негізгі ойды толықтырып, пысықтап, анықтап, дәлелдеп тұрады. Сөйлемнің бұл тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері жан-жақты талдаулармен, жаттығулармен дәлелденеді. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері – бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі ойға негіз болады. Бастауыш баяндауышпен тығыз байланысты. Бастауыш пен баяндауышты сөйлем ішінде талдағанда, алдымен қай мүшені бұрын табу керек деген ой тұрады. Кейбір мұғалімдер алдымен бастауышты тауып алады, кейбір мұғалімдер баяндауыштан бастап талдайды. Әсіресе, теменгі сынып оқушылары осындайлардан кейін бастауыштың сұрағымен бірден бастауышты тауып алады. Алайда, баяндауыш сөйлемдегі ойды аяқтап тұратын болғандықтан, баяндауышсыз сөйлем болмайды. Соның өзінде баяндауышты тауып алу қиын емес. Сөйлемдегі баяндауыштың орны тұрақты. Ол хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің соңында тұрады. Баяндауыштың орын тәртібі өлең мәтіндерінде ауысып кетіп отыруы шартты. Кейде оқушылар осыған қиналады. Ондай жағдайда өлең жолдарын қара сөзге айналдырып көрсе, баяндауыш өз орнына, сөйлем аяғына орналаса кетеді. Мысалы: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып дымқыл тұман жерді басқан (Абай). Өлеңнің бірінші тармағында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, әсіресе, баяндауыштың орын тәртібі өзгерген. Өлең тармағын қара сөзге айналдырсақ: Аспанды түсі суық бұлт қаптайды, немесе түсі суық сұр бұлт аспанды қаптайды, – деп айтуға болады. Өлең сөйлемдерін сөйлем мүшесіне талдау кезінде осы сияқты қара сөзге іштей айналдырып, ойланып тұрып талдаса, сөйлем дұрыс талданады Бастауыш ең негізгі мүше болғанымен, сөйлем ішінде баяндауыш сияқты міндетті, тұрақты бола бермейді. Кейбір сөйлемде бастауыш айтылмаса да баяндауыш арқылы жасырын тұрған орнын оңай тауып алуға болады. Бастауыш пен баяндауыш табылғаннан кейін, тиісті сұраулар бойынша түрлаусыз мүшелер ажыратылады. Сөйлем мүшелеріне талдау кезінде оқушылар ең әуелі сөйлемдегі қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөзді табады. Оған "He істеді? Неғылды?