The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Бастауыш сынып, посл (3) (1)

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Фатима Алтаева, 2024-03-29 03:26:41

Бастауыш сынып, посл (3) (1)

Бастауыш сынып, посл (3) (1)

50 Қайтті?" сұрақтарын қояды. Осы сұрақтарға жауап беретін сөз баяндауыш болады. Баяндауыштың асты екі рет сызылады. Сөйлемдегі қимыл, іс-әрекеттің иесін анықтап оған "Кім? Не?" сұрақтарын қойып, сол сұрақтарға жауап берсе, бастауыш болады. Оның астын бір сызықпен сыз. Сөйлемдегі өзге сөздерге сұрақ қояды, олар тұрлаусыз мүшелер, астын ирекпен сызады. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсетеді. Мысалы: Оқушылар серуенге шықты. Синтаксистік талдауда балалар мәтінде неше сөз бар екенін, сөйлемде кім я не жөнінде айтылып тұрғанын, сөйлемнің түрін анықтайды. Біріңғай мүшелі сөйлемдерді талдағанда схемамен көрсетулеріне болады. Оқушылар синтаксистік талдауға біртіндеп, жаттығуларды орындау барысында үйренеді. Оған әдетте пунктуациалық жаттығулар да қосылады. Олардың ішінде мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, оны түсіндіру жүзеге асыруда орфографиялық жаттығулардың рөлі ерекше, емле жаттығуларының түрі сан алуан. Олар үйретілетін орфограммаға сәйкес әрі оқушыларды сауаттылыққа дағдыландыру жұмысының сипатына лайық қолданылады. Барлық орфографиялық жаттығуларды көшіріп жазу, диктант, орфографиялық талдау секілді үлкен үш салаға бөлеміз. Орфографиялық талдау қазақ тілі сабағында жүргізілетін басқа жұмыстармен қатар жасалынады. Ол, әсіресе, грамматикалық талдау және диктант жұмыстарына байланысты жүреді. Емлелік талдау үш жолмен: берілген мәтінді талдау, мұғалім тексеріп берген оқушының жұмысын талдау, мұғалім берген тапсырманы ауызша талдау жүргізіледі. Бірінші түрде талдау жасағанда оқушыларға "неліктен осылай жазылған?", екінші түрде "неліктен осы түзетілгендей етіп жазылу керек?" келесі түрде талдау жүргізгенде "Қалай жазу керек?", т.б. пысықтағыш сұрақтар қойылады. Орфографиялық талдау дұрыс жазу ережелерін оқушыларға меңгерту құралы болып табылады. Ол білімін бекіту, өткенді қайталау үшін де тиімді. Емлелік талдау әр сабақ сайын біршама уақыт жүргізіліп отырады. Оның әдісі де түрліше.Талдауға үйретудегі жаттығу жұмыстарының маңызы өте зор.Талдау үнемі тек таза фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік түрде емес, қажетіне қарай, тақырыптың сипатына карай аралас талдау да қолданыла береді.


51 Талдау, әсіресе, балалардың білімін есепке алғанда жиі жүргізіледі. Бастауыш сыныптарда сөздерді кұрамы жағынан талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді. Сөздің түбір, жұрнақ, жалғау сияқты әрбір элементі сөзге өзінше мән береді, осы жеке сөздердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын тудырады. Морфеманы, соның ішінде жұрнақты айыра білудің бала тілін жетілдіруде мәні зор. Өйткені, бұл жаңа сөздер жасауға, сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуіне мүмкіндік береді. Мысалға, сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады: - алдымен мүмкіндігіне қарай негізгі түбірді, онан әрі туынды түбірді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады; - белгілі бір сөздің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысын жүргізу керек; - туынды сездер мен негізгі түбірді ажырату барысында олардың мағынасына назар аударылады. Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығуларды талдау жұмыстары сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуге үйренеді. Жаттығу жұмыстарының барысында оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді, жалғаулардың түрлерін меңгереді, оларды ауызша, жазбаша сөйлегенде дұрыс, орынды қолданатын болады. Сөйлем мүшелеріне талдағанда әуелі сөйлемнің түрін, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін ажыратады. Сұрауларын қояды, тиісті сызықпен белгілейді. Сөйлемдегі сөздерді топтау барысында бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құрайтынын ескертіп отыруымыз керек. Мысалы: Құстар жылы жаққа ұшып кетті деген сөйлемде құстар ұшып кетті – сөйлем, ал, жылы жаққа – сөз тіркесі. Фонетикалық жаттығулардың міндеті – балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалардың дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету. Мұндай жаттығулар арқылы кейбір балалардың тілін тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу қайсыбір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе с мен ш, р мен л, ж мен з дыбыстарын шатастырып айту сияқты кемшіліктері жойылады. Мұндай кемшіліктер оқуға да, жазуға да зиян келтіретіні сөзсіз. Бастауыш сыныптарда фонетикадан берілетін мағлұматтар мен фонетикалық жаттығулар тек дұрыс жазу, емле үшін ғана пайдаланып қоймайды, сонымен қатар баланың әдеби тілінің нормасын сақтап


52 оқуға үйренулері үшін де пайдаланылады. Оқу сабақтарында, баланың жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоэпиялық қателер, теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі кейбір дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады. Тілімізге басқа тілдерден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалық жаттығулар арқылы үйретіледі. Оқушылар грамматикалық жаттығулар арқылы грамматикалық терминдерді анықтайды, индуктивтік жолмен есте қалдырады. Оқушыларға грамматикадан саналы терең, тұрақты білім беру жаттығу, дағдыландыру жұмыстары арқылы іске асады. Жаттығу нәтижесінде алған білімдерін практикада тез және дәл қолдана алу дағдысына үйренеді. Білім нақтыланып қана қоймайды, өз беттерімен жұмыс жасауға, талдауға, салыстыруға жұмыс жасауға үйренеді. Жаттығулар ауызша және жазбаша болады. Жаңа дыбысты, жаңа әріпті үйрету сабағының үлгісі. 1-сыныпта сөз таптары жайында бастапқы түсінік алса, алдағы уақытта сөз таптарын жүйелі түрде оқыту мақсаты қойылады. Сондықтан бірден зат есім, сын есім, сан есім, етістік деп атамай, 1- сыныпта аталғанындай басталады да, артынан солардың грамматикалық үйреншікті атаулары беріледі. Осылайша есім сөздерді 2- сынып оқулықтарына білдірудің мақсаты морфологияны жүйелі түрде білдіруге алғашқы саты ғана емес, сондай-ақ бұл тақырып оқушылардың тілін дамытуға да көмегін тигізеді: сөз байлығын молайтады, ой өрісін кеңейтеді, сөйлем құрауды үйретеді. Сөз– сөйлем құраудың материалы. Сондықтан бұл тарау бойынша жұмыс жүргізгенде, оқушы сөйлем ішіндегі көрікті сөздерді дұрыс танып, ол сөздерге сұрақтарды дұрыс қоя алатын болсын. Сөздерге сұрақ қоя отырып айыруды керемет күшке айналдырмау керек. Әдетте мұғалімдер балаға сөз, сөйлем мүшелерін танытқанда, пәленди сұраққа жауап болатындар, мысалы, зат есім болады, не бастауыш болады деп жатады, Ол дұрыс емес. Дұрысы-керісінше: зат есім, сын есім бастауыш, баяндауыш болғандығынан белгілі сұраққа жауап болады. Алдымен сұрақты қоя білу керек. Жеке сөзді оқшау алып, оған қойған дұрыс сұрақтың өзі оқушыны қара дүрсіндікке үйретеді. Асылында сұрақ қойылған сөздің өзі екінші сөзбен байланысып жатады. Оқушыларды сұрақ қоя білуге үйреткенде, осы жағдай естен шықпау керек. Сонда оқушылар біртіндеп сөйлемдегі сөздердің байланысын дұрыс түсінетіндей мүмкіндік болады. Оқушыларды бұған үйрету оңай емес. Сөздердің әрбір граматикалық тобына (зат


53 есім, сын есім, сан есім, етістік) сұрақты дұрыс қоя білуді жыл бойы үйретуден жалықпау керек. Зат есімге қатысты алғашқы сабақ заттың атын түсіндіруден басталады. Аталатын заттар балаларға бұрыннан таныс, әрі анық болу керек. Сол сияқты зат есімнен басқа сын, сан есімдерді, етістіктерді оқыту сабағын бірден оқулықты ашудан бастамай, оқулықта айтылмаған бірақ мұғалім ретінде тауып айтуға тиісті түсініктен бастау керек. Оқулықтың әр параграфы жаттығудан басталады. Сол жаттығулардың басы мұғалімнің алдын ала жүргізген жұмыстарының табиғи жалғасы болуға тиіс. Зат есімді оқыту. Бұл тақырып заттарға сұрақ қоюдан басталады. Кім? кімдер? не? нелер?сұрақтарының ерекшеліктері түсіндіріледі. Зат есімге сұрақ қойдырып машықтандыру керек. Одан бұрын мәтінді оқытып, оның мазмұнын айттырғанда, көшірткенде, тіл дамыту, дұрыс жаздыру мақсаттар қойылатыны түсінікті. Сонымен қатар зат есімді сөйлем ішінде танудың мәні зор. Сондықтан сұрақты сөйлемдегі сөз бен сөздің тіркескен тобына лайықтап қойдыру керек. Тақырыпты оқытқанда суретпен жұмыс жүргізудің мәні зор. Ондағы мақсат-адам туралы кім? Басқа жандыжансыз заттар туралы не? деген сұрақтар қойлатынын түсіндіру. Содан кейін ережелерді оқып қана қоймай, берілген мысалдарды талдап түсіндіру жөн. Зат есімді оқытудағы тағы бір мақсат–балаға әр алуан болатынын, мағыналық тобын, жігін, ара қатынасын білдіру. Одан әрі сұрақтар, көп нүктелер орнына зат есім болатын есімдерді құратып жаттықтыру керек. Зат есімнің көпше түрі. 2-сыныптың оқушылары жүзге дейін санап, төрт амалды, икс (х) қатысты небір қиын есепті шығара алады. Ол балаларға бір үйрек үш үйректен көп еместігін, бір алмадан төрт алмының көп екенін ұғыну қиын емес. Бірақ сол оңай есепке құрылған жекеше, көпше дегенді ұғындыру үшін сурет астына сол тұлғадағы зат есімдерді қатар жазып, мағыналарын сурет арқылы дәлелдеп , оңай түсіндіру, көптік тұлғаның не үшін жалғанатынын аңғарту керек болады. Соларды түсіндіріп алып , зат есімдер көпше, жекеше тұлғада жұмсалатыны, заттың көптігін білдіру үшін түбірге көптік жалғау жалғанатыны ерекше ереже ретінде берілді. Бала бұл арада жекешені көпшеге, көпшені жекешеге айналдыра білумен қатар, көптік қосымшаның (қосымшалардың емлесі) түрлі дыбыстық варианттарын дұрыс жалғап, дұрыс жаза алатын болсын. Содан кейін


54 текстерден зат есімнің жекеше, көпше түрлерін айырып, оларға сұрақтарды дұрыс қоя алатын болу керек. Сын есімді оқыту барысында «Заттың санын білдіретін сөздер» деген тақырып оқушының сын есім туралы бұрын алған түсінігін кеңейтіп түсіндіруге арналған. Мұнда сын есімдерді жікке бөліп таныту, сын есімдерді, зат есімдермен дұрыс тіркестіре білу, негізгі, туынды сын есімдерді айырту талабы қойылады. Сын есімді оқытқанда оған обьекті болатын сөздері мол текстерді пайдаланған жақсы нәтиже береді. Мысалы: Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер, Қызыл гүлдер, көк гүлдер... сияқты тексті алдық дейік, сонда осындағы гүлдер сөзіне қандай сұрақ қойылады? Ол қандай есім? Қандай тұлғада? деген сұрақтарға жауап алынғаннан кейін, екінші қатардағы гүлдер деген сөзін екі жерде екі түрлі сыны айтылғанын оқушы аңғаратын болсын, соларды салыстырсын, қызыл, көк сөздерді заттың түсін білдіретін сын есімдер екенін айтсын . Сол мысалдағыдай басқа сындар мен заттар қатарын оқушының өзі–ақ қарастыра алады. «Заттардың түсін білдіретін тағы қандай сөздерді білесіңдер?» деген сұраққа мүдірмей дұрыс жауап қайыра білген оқушы оған дейінгі сабақты дұрыс түсінген дейміз. Ойланбай, сөздердің мағыналық байланысына қарамай, кез келген затпен кез келген сын есімді тіркестірудің дұрыс еместігіне оқушының көзі жетсін. Сонда ғана «керекті сөздер» дегеннен басқа да сын есімдерді оқушының өзі затпен тіркестіріп айта алады. Үлгі бойынша берілген сын есімдерді оқушылар зат есімдерге қатыстырып айтуға тиіс. Тиісті зат есімдерді оқушылардың өздері атайды. Олар нақты заттар болғаны дұрыс. Сонымен, сол сын есімдер тіркесе алатын да, тіркесе алмайтын да заттар болатынын бала білсін. Мысалы, семіз қой, семіз сиыр деуге болады, ал семіз ағаш, семіз кітап деуге болмайды, жуан ағаш, қалың кітап дейміз. Осындай баланың да күлкісін келтіретін оғаш мысалдарды айтудан қашпау керек. Мұндай мысалдар ойшыл, сезімтал, талғампаз болуға итермелейді. Сондай-ақ балалар екі затты салыстырып-қалың кітап, жұқа кітап, кішкене кітап,үлкен кітап, үлкен кесе, кіші кесе, шыны кесе, шай кесе сияқтыларды айтуы мүмкін. Олар дұрыс болғанмен , баланың затқа тән көп сынының қайсысын бұрын айтып, оны дұрыс тани алуында үлкен мән бар. Сондықтан салыстырған екі затты


55 атағанда, жұқа, қалың кітап, үлкен кесе, шай кесе дегені –ең дұрысы.


56 Сын есімдерді сұраққа қарап танумен қатар, заттың түсін, тамақтың дәмін білдіретін мағыналық тобын айыруымыз керек. Сын есімнің мағыналық тобын сөйлем ішінде танып, бірін екіншісінен айырып, жеке сөйлемдерді көшірту керек. Мұндай тапсырманы балалар класта орындайтын болсын. Ол үшін мұғалім алдын ала жеке сөйлемдерді балаларға оқытып –Болат, бірінші сөйлемде сын есім бар ма? Болса, қайсы? Үлкен сөзі қай сөзге қатысты? Портрет қандай сөз? Оларға қандай сұрақтар қойылады? –дегендей сұрақтар қойып, сын есім мен зат есім топтарын талдап, айқындап алу керек. Содан кейін заттың түсін, көлемін білдіретін сын есімдері бар сөйлемдерді екіге бөліп жазады. Зат есімдерге қатысты болатын сын есімдерді, сын есімге қатысты зат есімдерді таптырту, оларды тіркестіре білуге үйрететін жаттығулар жүргізу тиімді. Сондай-ақ жаттығулардың ерекшеліктерін ескере отырып, балаға сын есімдердің қызметі заттардың сындықсапалары болу екенін білдіру керек. Бұл сыныпта туынды сын есім туралы бастапқы мағлұмат берілуге тиіс. Сондықтан бірер қосымшалар арқылы жасалған туынды сын есімдерден түсінік беріледі. Сан есімді оқыту. «Заттың санын білдіретін сөздер» 2- сынып балаларына математика сабақтарынан да жақсы таныс. Олар сан есімдер қатысты әр алуан қиын есептерді шығара алады. Бірақ олар 3,5,12,35 сияқты сандарды қосу, алу көбейту амалдарының обьектілері ретінде, санау таңбалары ретінде ұғынады. Ал олардың сан есім екенін, затқа қатысты сөздердің граматикалық тобы екенін жөнді ұқпайды. Оқулықта осылар ескеріледі де, сан есімдер негізгі есім сөздердің бірі ретінде баяндалады. Әзірге бұл сыныпта сан есімнің есептік, реттік, түрлерінен бастапқы мағлұмат беріледі.Ол үшін сан есімдерге неше?, қанша?, нешінші? деген сұрақтарды қойдыру арқылы сан есімдердің сол екі түрін танытамыз. Жаттығуларда берілген материалдарды игеріп, тапсырмаларды дұрыс орындау нәтижесінде оқушылар ережелерді жадында сақтап, жүзге дейінгі дара, күрделі сан есімдерді әріптермен дұрыс жаза алатын болуға тиіс, есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге қатар, соңғыларының тұлғалық варианттарын есептік сандарға дұрыс жалғай алатын болсын. Оқушыларға есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдыру талап етіледі. Содан кейін берілген сөз тіркестерін бала оқып шығып, олардың құрамында есептік сан есімдер мен зат есімдер бар екенін түсініп алғаннан кейін, олардағы сан есімдерді реттік сан


57 есімдерге айналдырып айтып, олардың айырмашылығын айта алатын болсын. Сонда ғана «Қандай сұрақ қойылыды?» дегенге баланың беретін жауабы осы айырмашылықты түсінгендігінің белгісі болмақ. Етістіктерді оқыту. «Заттың қимылын білдіретін сөздер» жайында балалар 1-сыныпта аздап мағлұмат алған болатын бірақ етістіктің үлкен сөзбен табын құрайтыны, заттың әр алуан іс-әрекетін, қимыл процесін білдіретіні, т.б граматикалық сипаттары әлі оларға түсініксіз. 2-класта да балалар бұл ерекшеліктерді жақсы білсін дейміз. Ол үшін алдымен етістікті таныту жағы ескеріледі. Етістікті оқытқанда сұрақ-жауап сөйлемдер арқылы заттың қимылын білдіретін сөздерге баланың назарын аударып, не істейді? Деген сұраққа жауап болатын етістіктерді таныту керек. Бұған бірден кіріспей, мәтіндерді балаға оқыта салып, көшірте қойғанмен іс бітпейді. Сұрақтардың жауаптарында етістік балаға айдан анық болуға тиіс. Оқушыларды осылай етістіктерді танытуға жетектей отырып, ережесін оқытса, бірден түсінікті болады. Одан әрі біраз жаттығулар ережелерде айтылғандарды бекітуге арналған. Сөйлем ішіндегі етістіктерді балалардың өздеріне таптыру көзделеді. Кел, жастар Күл де ойна Кел, жастар, Жолдастар! Осы сияқты оңай мысалдан бастаймыз. Оны бала көшіріп, етістіктердің астын сызғанда, ондағы кел, күл, ойна сөздерінің кімге айтылғанын да білсін етістіктерді текстен таптырудың методикалық оңай жолы деп сұрақ қоюды айтамыз. Мұғалім оны етістіктің ісәрекет, қимылды білдіру мағыналарымен ұштастыра алса, жүргізілген жұмыстар өз мақсатына жеткен болып есептеледі. Бастауыш сыныптарға арналған бағдарлама педагогикалық үрдісті жаңаша қарауды талап етеді. Дәлірек айтсақ, мұғалім сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін ойластырумен шектелмей, оқушының деңгейіне қарай әрекетіне мән беруі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет. Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылады. Оқушылардың жаттығу, есеп тапсырмаларды өз беттерімен орындай алуларына жете көңіл бөлулері керек. Жаттығулар – оқушылардың білімін бекіту, біліктері мен дағдыларын дамыту мақсатына қызмет ететін әдістемелік тәсілдер немесе машықтандыру тапсырмаларының жүйесі. Ойлау амалдарын меңгеру, білімдерді берік және саналы


58 игеру мақсаттарында пайдаланылады. Жаттығулар жүйесінің тізбектілігі, қол жетерлігі, қолданушының реттілігі зор рөл атқарады. Оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру үшін ойын-жаттығуларды пайдалануға болады. Бұл – пәрменді тәсілдердің бірі. Мұндай грамматикалық ойын-жаттығулар оқушылар арасында жарыс түрінде өткізіледі. Ойында мұғалім ойнаушының да басқарушы (төреші) қызметін атқарады. Жаттығуларды орындау барысында әрбір оқушыға сынып алдында өз білімдерін іскерлігі мен дағдыларын көрсету міндеті қойылады. Ойын-жаттығулар мағынасыз ермекке айналмайтын әдеттегі жаттығулар тәрізді болуы керек. Демек, оған өзгеше түрде берілетін оқу жаттығулары алынады. Оқушылар көбінесе қиындау, бірақ грамматика жөніндегі білімдерін бекітуге, орфография мен пунктуациядан мықты дағдылар қалыптастыруға, тілдерін жетілдіруге қажетті тапсырмалар алады. Грамматикалық ойынға арналған жаттығулардың өз ерекшелігі болады. Әдетте, оларға оқушыларды жұмысқа көбірек қамтитын, олардың белсенділігін туғызып, жарыстың нәтижесін айқын көрсететін жаттығулар таңдап алынады. Грамматикалық ойын – жаттығуларының әдеттегі жаттығулардан ерекшелігі ол – оларды оқушылар зор белсенділікпен, бар ынтасымен орындайтын болуы тиіс. Ойын-жаттығуларды үйреніп жатқан материалды ұғыну сабағында да, сол сияқты үлкен тақырыптарды қамтып, талдай қорытындылайтын қайталау сабағында да қолдануға болады. Мұғалім сабаққа әзірленгенде жаттығулар түрінің санын, оларға берілген уақытын айқындауы керек. Көптеген әдіс-тәсілдерге елігіп, ойынды өткізуге керекті уақытты шектеуге болады. Қазақ тілін бастауыш сыныпта оқытудың басты әдісі – тілдік фактілерді бақылату және талдау. Бұл оқушылардың ойлау қызметін күшейтеді. Оқушылардан ереже мен анықтамаларды саналы түрде түсіну, әрі есте сақтау талап етіледі. Мысалы, салыстыру әдісі жаңа тілдік құбылыстар бұрын өтілген тілдік құбылыстармен салыстырылып, олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық белгілері айқындатылады. Қазақ тілі сабағында түрлі жаттығулар орындау арқылы тиісті ережені дәлелдеу, тұжырымдау жұмысы жүргізіледі. Сөйтіп, оқушы ережені білумен бірге оны өздігінен мысал келтіріп дәлелдеуге үйренеді. Бұл үшін мұғалім оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамытып, өтілген тақырыптан


59 өздіктерінен қорытынды шығара алатындай етіп қалыптастыру керек. Бұл жөніндегі К.Д.Ушинскийдің «Оқушы тілдік құбылыстарды мұғалімнің басшылығымен өзі байқасын, грамматикалық ережені немесе ұғымды, мүмкін болғанынша өздері қорытсын, балалардың ойөрісін жетілдіру үшін грамматиканың басты мәні де осында», – деген пікірі өз маңызын жойған жоқ. Сөйтіп, тіл сабақтарында оқушылар сөйлемді сөзге, сөзді буынға, дыбысқа ажыратуды үйренеді, сөйлем құрамындағы сөздерді синтаксистік қызметіне қарай сөйлем мүшелеріне, лексикалық мағыналарына қарай сөз таптарына ажырата алатын болады; сөз құрамы жайында түсінік алады; өз бетімен сөйлем құрап жазуға, өз ойын ауызша да, жазбаша да дұрыс айтып жеткізуге дағдыланады Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен орфограммаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте қалдырады), жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім оқушыларға грамматикадан саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да кездескен құбылыстарына «тасымалдай» алатын жаттығу әдістерін білуге тиіс. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Оның тиімділігін біршама ғалымдардың еңбектері мен іс-тәжірибелері дәлелдейді. Орыс ғалымы прфессор А.В.Текучев жаттығу жұмыстарының тиімділігіне төмендегіше баға береді: «Жаттығуды грамматикадан өтілген теориялық материалды түсіндіруді сипаттайтын әдіс деп қарауға болмайды, ол – тілден ұйымдастырған сабақтың қажетті бөлімі және айырып қарауға келмейтін тарауы. Егер орыс тілін оқытуда жаттығуды қолданбай білім беретін болса, ол өмірден, практикадан нақтылы тілдік материалдардан қол үзген құрғақ теориялар болып шыққан болар еді». Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерімен жұмыс жасауға, ойлау қызметіне дағдыланады; өйткені, оқушылар жаттығу процесінде үздіксіз анализ-синтез жасайды, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстырады, жалпылайды, сөйтіп жаттығу арқылы білім жүйеленеді. Бастауыш сыныпта жаттығулар әр түрлі көркем мәтіндерден тұрады. Грамматикалық жаттығулар, оқушылар-дың


60 қандай материалмен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық болып бөлінеді. Фонетикалық жаттығулардың міндеті – балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалардың дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету. Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір балалардың тілін тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу, қайсы бір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе «С» мен «Ш», «Р» мен «Л», «Ж» мен «З» дыбыстарын шатастырып айту сияқты кемшіліктері жойылады. Мұндай кемшіліктер дұрыс оқуға да, жазуға да зиян келтіретіні сөзсіз. Бастауыш сыныптарда фонетикадан жаттығулар тек дұрыс жазумен қатар, балалардың әдеби тіліміздің нормаларын сақтап оқуға үйренулері (орфография) үшін де пайдаланылады. Оқу сабақтарында, балалардың жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоэпиялық қателер, теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі, сөз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады. Сонымен қатар тілімізге басқа тілдерден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалық жаттығулар арқылы үйретіледі. Морфологиялық жаттығулардың мақсаты – ана тілінің жаттығулар құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады: 1) Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар; 2) Сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар. Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулардың сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін морфемаларды саналы түрде меңгеріп алудың мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді, сөздің мағыналы әрбір элементі – түбір, жұрнақ, жалғау – бұлардың әрқайсысы өзінше сөзге мән береді, ал осы жеке мәндеодің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын тудырады. Морфемаларды соның ішінде жұрнақты айыра білудің балалардың тілін жетілдіру үшін де мәні бар. Өйткені бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді. Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады: 1) алдымен, мүмкіндігіне қарай, негізгі түбірлерді, одан әрі туынды түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады; 2) белгілі бір сөздің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін сол негізгі түбірден жасалған туынды сөздермен


61 салыстыру жұмысы ескеріледі; 3) туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады. Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуге үйретеді. Бұл жөнінде К.Д. Ушинский: «Баланың тілі шығып, сана сезімі өсе келе ол сөйлеуге (сөздерді қолдануға) үйренеді; оның ақыл-ойында түрлі грамматикалық формалар, сөздер күнделікті тәжірибе, үлгі арқасында өздігінен-ақ грамматикалық топтарға бөлініп қалыптаса бастайды; грамматиканың міндеті – сол тәжірибе нәтижесін қорытып, тілдегі құбылыс заңдарын жүйемен беру», - деген болатын. Жаттығу жұмыстарының барысында оқушылар әрбір сөз табының ерекшеліктерін саналы түсінеді, септік, жіктік, тәуелдік, көптік жалғауларын меңгереді, оларды қолдана алады. Сөз таптары бойынша жүргізілетін жаттығулар: 1) мәтіннен керекті сөздерді тапқызу; 2) керекті сөздерді қосып өздіктерінен сөйлемдер немесе әңгіме құрастыру; 3) Сөздің мағынасын түсініп, сөйлемдегі қызметін байқату; 4) сөздің лексикалық жағынан болсын, қалай өзгеретіндігін аңғару; 5) Мағына және тұлға жағынан қандай ұқсастық, айырмашылық барын салыстыру арқылы анықтау; 6) ұқсас сөздерді топтастыру; 7) Байқаған құбылыстары жөнінде жеке-жеке қорытындылар шығару сияқты жұмыстарды қамтиды. Синтаксистік жаттығуларға әдетте пунктуациялық жаттығулар қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері құрастырған сөйлемдер мен текстерге қажетті тыныс белгілерін қойып, түсіндіру. Оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға жалпы мына сияқты талаптар қойылады: 1. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуды орындарлық білімі болу шарт. 2. Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынын, оның қандай пайдасы барлығын түсінсе ғана, оны саналы орындайды. Жаттығуларды түсініп орындағанда ғана белгілі бір дағды қалыптасады. 3. Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріліп берілу шарт, өйткені бір


62 сарынды жаттығу оқушылардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін нашарлатады. 4. Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындатылып отырылуы шарт. 5. Жаттығу жұмыстары тек таяуда ғана өтілген материалдарға негізделмей, бұрын өтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек. 6. Бір жаттығу ұзаққа созылмауы тиіс. Әсіресе балалардың жасы неғұрлым кіші болған сайын жаттығу да қысқа болып, жиі-жиі қайталауға негізделеді. 7. Творчестволық жаттығулар көбірек болуы қажет. 8. Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс. 9. Жаттығулар оқушы ойына әсер етуі жағынан аналитикалықсинтетикалық болғаны жөн: яғни, грамматикалық талдау, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер мен мәтіндер құрастыру; салыстыру арқылы ұқсастық пен ерекшеліктерді табу, топтау; өз пікірлерін дәлелдей алып, білгендерін жалпы қорытынды шығара білу, т.б. 10. Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың оқудан алған білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, (яғни зейін қойып тыңдай білу, жатқа жаза білу, қажетті деректерді оқулықтан, сөздіктен қарап таба білу). Жаттығу жұмысының негізгі мақсаты – грамматикадан алған білімді жазу практикасында пайдалана білуге икемделу. Грамматикалық ережені түсіну оны практикада іске асыра білу процесінде жүзеге асады. Анықтама ережені оқушылардың түсінуі материалды меңгерудің алғашқы бастамасы ғана. Жаттығу неғұрлым мол орындалса, оқушылардың материалды меңгеруі де соғұрлым жеңілдейді. Жаттығулар орындалу сипатына қарай: 1) көру сезімі арқылы, 2) есту сезімі арқылы орындалатын жаттығулар деп бөлінеді. Көру сезімі арқылы орындалатын жаттығуларға көшіріп жазу жұмыстары жатады, есту сезімі арқылы орындалатын жаттығуға негізінде диктанттарды жатқызуға болады. Көру сезімі мен есту арқылы орындалатын жаттығу ішінде сөзді дұрыс айту және оны дұрыс жазу сияқты эстетикалық элементтерге қоса, сезімдік қабылдаулар ойлау қызметімен ұштасып отырады. Көру сезімі арқылы көшіріп жазу жұмысында мынаны ескеруге тура келеді: егер тексті көшіріп жазу керек болса, онда өтіліп отырған орфограмма көру сезімі арқылы қабылданбайды, оны оқушы ережені ескере отырып, ойлау арқылы табады, ал сөйлемдердегі басқа сөздерді көру сезімі арқылы көшіріп жазады.


63 Ойлау процестерін дамыту сипаттарына қарай жаттығуларды былайша топтастыруға болады: 1) талдау түріндегі жаттығу; 2) текст құрау үшін сөйлемдерді қайта құру немесе өздігінен құру жаттығулары; 3) ұқсас немесе қарама-қарсы формалар бойынша жұмыс. Жаттығудың бұл түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан да оларды белгілі бір сабақта ұштастыра отырып, жаттығу орындату тәсілін жан-жақты түрлендіріп отыруға да болады. Жаттығу орындатудың бір түрі басқа түрлерімен алма-кезек ауыстырылып отырады. Орындауға ұсынылатын жаттығулар дұрыс іріктеліп, оны орындату жолдары дұрыс белгіленуі және жұмыс шебер ұйымдастырылуы қажет. Жаттығу іріктеуде және оны орындату тәсілдерін белгілеуде шамамен мына сияқты талаптар ескерілуі тиіс: - берілген жаттығу оқушылардың белсенді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасай ала ма; - жаттығу класс оқушыларының шама-шарқына лайық па; - көру және есту сезімдері сезімдері қаншалықты қатыстырылуы ойластырылған ба; - жаттығу есте сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ете ала ма; - көзделіп отырған нақтылы мақсатқа жетуге жаттығу қаншалықты үйлесімді (ол мақсаттарға анықтама ережені қайталау, орфограмманың жазылу сипатын берік сақтау, нақтылы жағдайларға байланысты ережелерді ауыстыра қолдану т.б. жатады). Жаттығуға байланысты қандай жұмыс түрлерін жүргізу оқушылар алған орфографиялық дағды дәрежесі мен дәл сол кезде қойылып отырған мақсатқа негізделеді. Егер жаңа өтілген ережеге қорытынды жасалып, ол ережеге байланысты әлде де жаттығуға түсу, еске берік сақтау қажет болса, онда грамматикалық және орфографиялық талдау жасай отырып, көшіртіп жазғызу керек. Егер оқушыларға емлелік қиындықтарды тапқызу мақсат етіп қойылса, онда мына сияқты жұмыстар жүргізуді ұсынуға болады.1) жазылуы қиын сөздерді теріп көшіру, 2) ауызша талдау, 3) өз жазғандарын өзі тексеру. Жаттығудың түрі көп, себебі ол өтіліп жатқан тақырыптарға тікелей байланысты болып келеді. Түріне қарай дидактикалық мақсаттары, әдістемесі де нақты жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Ғалым Қ.Жолымбетов жаттығу жазғызудың дидактикалық талаптарын төмендегіше сараптайды: «Жаттығудың әржақтылығы және қайталай жаттығу. Тақырыпты өту кезіндегі жаттығумен


64 шектеліп қалуға болмайды. Келесі сабақтарда немесе келесі тақырыптарды өту кезінде де қайталана жаттықтырылуы керек. Сондай-ақ кластағы оқушыларға арнайы тапсырма беру жолымен жаттығу орындату оқу процесіндегі тиімді тәсіл болып табылады». Оқушының қандай білім алып жатқанын анықтау – мұғалімнің кәсіптік төл ісі. Әр уақытта жұмыстың сапа жағын да, сан жағын да есепке алу керек. Оқушылар мынадай тапсырманы орындады, мынадай материалдар бойынша жұмыс істеді деп құр санын ғана анықтай беру жеткіліксіз болады. Баға – оқушы еңбегінің жемісі. Журналға қойылған баға қашанда объективті әрі ықпалды болуы керек. Оқушы өзінің жұмысына қойылған бағадан қай жері жақсы, қай жері жаман, қай жерінде кемшілік бар екенін, көңілін неге көп аударуы қажет екенін, қайткенде білімді толық меңгере алатынын біле алады.Оқушының біліміне лайық бағадан артық қойылған баға да, кем қойылған баға да оның біліміне, мінез-құлқына теріс әсер етеді. Мысалы, мұғалім қаталдық көрсетіп, кем баға қоятын болса, мұндай жағдайда оқушылардың көңілі қалады, жұмыс істеуге ынтасы болмайды, жақсы оқуға ұмтылмайды. Мұғалім оқушыға бағаны дұрыс қою үшін, олардың біліміне қоятын талаптарды жақсы білуі керек. Кейбір жағдайларда қойылған бағаға түсінік беруге тура келеді. Оқушының істеген жұмысына, берген жауабына «үш» қойылған болса, бұл бағадан артық баға қоюға бөгет болып тұрған қандай кемшіліктері бар және оны жою үшін оқушы не істеуі керек екенін, қандай жауаптарға «4» не «5» қойылатынын жалпы сыныпқа айтып отыру өте пайдалы. Өйткені оқушылар олардан қандай білім сапасын талап ететінін мысалдар арқылы түсінетін болады. Бағалау – бұл барынша кең түсінік. Баға – бағалаудан келіп шығатын сандық жиынтық, оқушыларды жақсы оқуға, сауатты, білімді болуға жетелеп отыратын мұғалім қолындағы қуатты құралының бірі. Оқушылардың білімін, дағдыларын бағалаудан бұрын сол берілген білімнің қабылдануын, дағдының қалыптасуын бақылаған жөн. Бақылау арқылы мұғалім «балаға не берді, бала дағдыны қалай қалыптастырды, білімді қалай қабылдады, кемшілік неде және кімнен?» - деген сияқты сұрақтарға жауап іздейді. Сонымен бақылау – педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық іс-әрекетін меңгерудің негізгі түрі, сол қызметті атқаратын оқыту процесі. Білім, тәрбие, жеке адамның қалыптасуы басқарусыз болмайды. Көп жағдайда кейбір ғалымдар «білімді бақылаусыз, баланың өзінің қабілетіне лайықты ғана беру


65 керек» - дейді. Бұл бір жағынан дұрыс. Бала білімді ерікті түрде алуы керек екені даусыз. Бірақ сол «ерікті» білімнің өзі қай деңгейде қабылданып жатқанын қалай білуіміз керек? Әрине мұнда бақылау міндетті түрде керек. Бақылау – жаза емес. Бақылау мәдениетті жүруі тиіс. Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, ыстық сезіммен «көмектесейін» деген ниет білдіруі керек. Оқушы бір нәрсені түсінбесе оны ұрыспай, балағаттамай, өрескел мінез танытпай көмектескені жөн. Бала алған білімді игеруі және баянды етуі бойынша, оқу процесі барысында неге көңіл бөлу керек, қай жерде кемшілік жіберді, сол кемшілікті қалай түзету қажеттігін білгені дұрыс. Оқыту процесін ұйымдастырудың нәтижесі білімді бақылаудан тексеруге дейін, одан оның нәтижесін бағалау арқылы белгіленеді. «Бағалау» деп оқушылардың жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім берушілік және тәрбиелік мәні бар Білім берудің мағынасы оқушылар объективті білім алады, ойөрісі кеңиді, дүниетанымы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді, өз білімдерін өздері тексереді. Тәрбиелік мағынасы өз білімдерін өздері тексеру барысында әділеттілік, қайырымдылық, еңбекқорлық, дербестік, ұжымшылдық, татулық, жолдастық, достық тағы басқа жеке адамға тән қасиеттер қалыптасады. Бағалаудың тағы бір артықшылығы – мұғалім оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеру сапасын тексеріп қана қоймай, оларға ойлау тәсілдерін, алған білімді қолдану жолдарын үйретеді, кемшіліктерді дер кезінде жоюға көмектеседі. Оқушының білімін бағалауда мына жағдайларды ескеру керек: а) Оқушы білімінің жетістіктері мен кемшіліктерін дәлелдеп талдау. Осы тұста мұғалімнің дөрекі болмай, баланың көңілін қалдырмай, балаға құлшыныс беретіндей талдау жасағаны жөн; б) Бағаға әділ болу керек. Мұнда көңілшектік, сараңдық, қаталдық жасауға болмайды. Ағайын, таныстық, тағы басқаға жол бермеу керек; в) Баға – тәрбие құралы. Сондықтан бағаны қатып қалған қағида ретінде пайдалануға болмайды. Бағаны дәлелдеп, баланың көзін


66 жеткізіп, керек болса баланың өзі бағалайтын дәрежеде пайдаланған жөн; г) Білім туралы бағаны баланың тәртібіне қоюға болмайды; д) Бағаның көп болғаны жақсы. Сол бағаларды қосып, жалпы ортақ шамаға бөліп, балл ретінде берген өте қолайлы. Ұстаз жаңа сабақ өту үшін өткен сабақты талдайды, ой түйіндейді, кемшіліктерді ескереді. Сондықтан да білімді бақылау, тексеру, бағалау – оқу прцесінің өте қажетті бөлігі. Бақылау, тексеру, бағалау – жазалау әдісі емес. Бұл оқу мен оқытудың нәтижесін білу. Жалпы білімді тексеру мен бағалау жөнінде екі түрлі пікір бар. Олар: а) оқушылардың білімін бағалау мен тексеруден бас тарту, бағасыз оқыту. Әрине олар бұл ойды шетелдіктердің еңбектеріне немесе жаңашыл-ұстаздардың еңбектеріне сүйене отырып айтуда. Бұған жартылай келісуге болады тек бағалау мен тексеру дұрыс жүрмей, жазалау әдісіне көшкен кезде ғана оны қолдауға болады. б) Оқушының білімін әр уақытта тексеріп бағалау керек. Себебі шетелдіктер жылына 1-2 рет бүкіл өтілген бағдарлама бойынша тест жүргізеді. Ал В.Ф.Шаталов сияқты жаңашыл ұстаздар баға қоймаса да, баланың қалай дамып, қалай үлгеруін іштей қадағалап отырады. Қалай болған күндн де білімді бақылау, тексеру, бағалау керек. Бағалау мен тексерудің қызметі: - бақылау жасау – бұл ұстазға да, шәкіртке де тиімді; - оқыту – өткен сабақты пысықтау, білімді дамыту, кеңейту, пікір таластыру, баланың өсуін көру; Білімді тексерудің және бағалаудың бірнеше түрлері бар. Олар: - күнделікті тексеру; - қорытынды тексеру. Бір тақырыпты, бөлімді өткеннен кейін жалпы тақырып, тарау, бөлім бойынша тексеру; - жекелеп (даралап) сұрау. Мұны күнделікті және қорытынды тексеруде де қолдануға болады. Даралап тексерудің ұтымдылығы – баланың білімін мұқият тексеруге болады. Бірақ оның кемшілігі бір сабақта 3-4 баладан артық жауап бере алмайды. Жекелеп сұрауға уақыт көп кетеді; - топтап тексеру (фронтальный) немесе құрама жауап беру. Мұны да күнделікті тексеру мен қорытынды тексеруде қолдануға болады. Бұл тексерудің ұтымдылығы – көп баладан жауап алуға болады. Оның қолайсыздығы да бар. Бұл түр арқылы білімді терең тексеруге болмайды;- жазбаша үй тапсырмасын тексеру;


67 - есеп; - тест. Кейінгі кезде тест арқылы тексеру жиі қолданылып жүр. Білімді тек тексеріп қоймай оны бағалау керек. Білімді бағалаудың оқулық мәні мен тәрбиелік мәні қатар жүреді. Тәжірибелі ұстаздар бұл қызметті өз дәрежесінде өткізе алады. Бірақ жас ұстаздар бұл орайда көптеген кемшіліктер жіберуі мүмкін. Олар: - шектен шыққан көңілшектіе немесе барлығына жоғары баға қою; - шектен шыққан сараңдық. Оқушыларды баға арқылы бағындыру. Сондықтан бағаға әділдік керек. Алғыр баланы сабаққа дұрыс дайындалмаса, баға арқылы жұмыс жасату керек. Баға – баланың ойлау қабілетінің нәтижесі. Ойлау қабілеті зор балаға тереңірек және көбірек тапсырма беру керек. Сөйтіп ол баланы жақсы оқуға әрі қарай жетелеп үйрету қажет. Кейінгі кезде шетелдік ғалымдар 1-2 сабақтан үлгермесе де баланы келесі сыныпқа көшіру керек деген ой тастауда. Бірақ бұл бізге жарамайды. Себебі ол біздің оқушыларымыздың сана-сезіміне, бағаның құндылығына сәйкес емес. Сондықтан оқушының білімі бағалану керек. Бізде баға 5 балдық, ал шетелдіктерде баға 10-100 балға дейін. Негізінде бағаның көп балды болғаны дұрыс, бұл – әділеттіліктің кепілі. Оқушылардың білімін тексеру, бағалау үй тапсырмасына, оның көлеміне байланысты. Мәселен, әр түрлі пәндер бойынша оқушыларға үй тапсырмасы беріледі. Оның бір күндік көлемі орта есеппен алғанда 4-5 сағаттан кем болмайды. Егер осы сағат санына оқушының мектептегі күнделікті оқитын 4-5 сабағын қоссақ, оның жұмыс күні 9-10 сағатқа созылады. Сондықтан ұстаздар үй тапсырмасының көлемін шектегені жөн. Мәселен, ғалымдардың айтуы бойынша бастауыш сынып оқушыларына 1-1,5 сағат, орта буын оқушыларына 1,5-2,5 сағат, ал жоғары буын оқушыларына 2,5-4 сағат көлемінде орындалатын тапсырма берілуі тиіс. Сабақтың ең негізгісін, қиынын оқушының мектепте өткені жөн. Осы нұсқау орындау бастауыш сынып мұғаліміне, сынып жетекшісіне, не мектеп директорының орынбасарына жүктеледі. Ұстаздар оқыту процесін ұйымдастырып және оның нәтижесін бағалау барысында сабаққа қойылатын талаптарды орындағаны жөн. Олар: - әрбір сабақтың мақсаты, мазмұны, құрылымы, құралдары ұстазға белгілі болу; -


68 әрбір сабақтың дидактикалық міндетін ойластыру; - шамадан тыс тапсырма бермеу; Атақты психолог В.С.Мерлан жазғандай: «Адамға жеңетіндей болып жүру қашан да жарасымды... Оқушының іскерлігін жоғары бағалау оған үлкен моральдық қанат бітіреді және бақыт алып келеді». Демек, баға оқушы рухын көтеріп, оның оқуға ынтасын арттырады. Оқушылар күн сайын мектепке баға алу үшін өзін жолдастарының арасында беделді болып жүру үшін, үйдегі және мектептегі дайындығы үшін баға алғысы келеді. Баға арқылы оқу процесіндегі оқушы еңбегі мен мұғалім міндеті бақыланады. Тек осылайша көптеген тәрбиелік істер атқарылады. Бір аптада 18 сағат сабақ өткен мұғалім жобамен 200-дей баға қояды, бұл деген «3», «4», «5»-терді ғана журналға қатарластырып қоя беру емес, мәселе бағалардың әсерлі болуында. Мұғалім сөз жүзінде басқаша бағалап, журналға одан басқа баға қойса, онда сөз жоқ мұғалімнің оқушы алдындағы беделі түкке де тұрмайды. Кейде баға оқушыны қанағаттандырмайды, сондай кезде мұғалімнің сөзі, жауапқа лайықты пікірі ауадай қажет. Баға – бағалаудан келіп шығатын жиынтық! Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Топқа берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға үйренеді. Топқа берілген сқраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп қорғай білуге мүмкіндік ала алады. Осының дәлелі ретінде 2 сыныбында өткен "Зат есімді қайталау" тақырыбын мысалға алдық. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Зат есімнен алған білімдерін пысықтау. Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Сауатты таза жазуға дағдыландыру. Дамушылық: Тапсырмаларды орындау арқылы, оқушылардың тұрғысынан ойлауын дамыту. Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығамашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: үлестірмелі суреттер, карточкалар, плакат, маркер т.б. Сабақтың түрі: қайталау. Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, "Көрнектілігі", "Топтастыру", "Бес жол өлең","Галереяны аралау" стратегиялары. Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру.


69 Оқушыларды берілген саны бойынша номерлеп, 4 топқа бөліп отырғыздым. Қызығушылығын ояту, «Ой қозғау». Білесіңдер Кім? Не? Деген сұрағын Сөйлемдегі ой иесі боламын. Не істейді? Сұрағымен көркейемін, толамын. Жұмбақты оқушылар (зат есім) деп шешеді де мына сұрақтарға жауап береді. - Зат есім дегеніміз не? - Зат есімге қанда сұрақтар қойылады? - Зат есімге мысал келтір. - Мағынаны түсіндіру. а) (әр топ берілген сұрақтарға бірнеше мысалдар жазып оқуы керек). 1 топ: Кім? (әнші, ақын, оқушы, дәрігер ,...) 2 топ: Кімдер? (балалар, күйшілер, малшылар,...) 3 топ: Не? (ауыл, кітап, қоян, шелек,...) 4 топ: Нелер? (дәптерлер, бақалар,...) ә) «Суретті билет» ойын арқылы. (әр топтың оқушыларына сурет беріледі, оған сұрақ қойып атынатайды.Топтағы оқушылар ақылдаса отырып, қалған бір суретке шағын әңгіме жазады.) Оқулықпен жұмыс. «Ой толғаныс». 1 топ: 307 – жаттығу. 2 топ: 308 – жаттығу. 3 топ: 309 – жаттығу. 4 топ: 310 – жаттығу. Тест (сауалнамалық) жұмыс (4 топқа үлестірмелі карточкалар беріліп орындалады). « Бес жол өлең » стратегиясы. 1 топ: тоқылдақ 3 топ: кітап 2 топ: түлкі 4 топ: Абай. «Көрнектілігі» стратегиясы. (әр топ плакатқа зат есімге байланысты сурет салады да, бір оқушы өз тобының суретін қорғап айтып шығады). «Галереяны аралау» стратегиясы. (Тақтаға ілінген суретті аралап қарап, оқушылар өз пікірлерін жазады).


70 Жұмбақ шешу. «Ой толғау». (әр топтан бір оқушы жұмбақ айтады да, келесі топ оны шешіп, сөйлем ойлап айтады). «Топтастыру стратегиясы». Ой толғау. Біз бүгін не үйрендік? Зат есім туралы не білгеніңді айт? Зат есім мысал келтір. Үйге тапсырма: Ережені білу. 311-жаттығу. Зат есімді тауып астын сызу. Бағалау: оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, бағалаймын. Сабақты қорыту кезінде оқушылардың сабаққа қатысуы, ынтасы, білімділігі туралы шолу жасадым. Стратегияларды жүйелі қолданып, үнемі орынды пайдалана білсек, оқушылар өз ойын еркін айтып, қорытынды жасай алады. Шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланады. "Жақсыны көрмек үшін" – дейді дана халқымыз. Сондықтан жақсы әдіс ұстаздар қауымына дарып, болашағына қызмет етсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Педагогикалық іс – тәжірибелі практикамда сабақ өту барысында осы аталған жаңа ақпараттық технологияларының элементтерін қолдандым. Мысалы, Венн дмаграммасы, орталықтарға болу бес жолды өлең, жұпта талқылау, инсерт. Соның ішінде қазақ тілі пәні бойынша ақпан айының 27 – ші жұлдызында өткен сабағымның үлгісі мынадай. Сабағымның тақырыбы – Етістік. Бұл сабақта оқытудың жаңа технологияларының мынадай элементтерін қолдандым: «Қызыңушылықты ояту», «Орталықтарға бөлу», «Деңгейлік тапсырмалар беру», «Венн көрсеткіші»,«Инсерт». Сабақ жоспарының үлгісі мынадай. Күні: 27.02.04ж Пәні: Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Етістік. 334 – 334 жаттығулар. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушылардан сөз таптары туралы алған білімдерін, яғни ережелерін сұрап алған білімдерін пысықтап, жаңа тақырып сөз табының бірі етістіктітүсіндіре отырып, өмірмен байланыстырып,


71 мысал келтіріп оқушы санасына қалыптастырып, білімдерін кеңейте түсу. 2. Дамытушылық. Оқушыларға етістікті түсіндіре отырып, суреттер арқылы деңгейлік шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын байыту, дамыту. 3. Тәрбиелік. Оқушыларды дұрыс сойлеп білуге, өз ойларын нақты әрі ашып айта білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аукцион сабақ. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: Ережелер жазылған плакаттар, ребус. Етістікке байланысты суреттер, касса, түрлі хайуанаттардың ойыншықтары. Қолданылатын технология: Тәй – тәй бағдарламасы. Пән аралық байланыс: Дүниетану, математика. Сабақтың барысы: 1. Психологиялық дайындық кезеңі: Балаларды түгелдеп, сабаққа назарын аудару. Сабаққа дайындықтарын тексеру. 2. Үй тапсырмасын тексеру. - Ал енді, балалар үйге не берілді? - Ереже жаттау. - Ал енді балалар сөз таптары дегеніміз не? - Зат есім дегеніміз не? - Жалпы есім нешеге бөлінеді? - Жалпы есім деген не? - Жалқы енмсім деген не? - Жекеше зат есім деген не? - Көпше зат есім деген не? - Жарайсындар балалар ережені жақсы жаттап келіпсіңдер. 3. Қызығушылықты ояту. - Балалар мынау не нәрсе? - Қорапша. - Қорапшаның жаны барма? - Жоқ. - Қорапшаға сұрақ қойыңдаршы?


72 - Бұл не? - Балалар осы қораптың ішінде бір нәрсе бар, соны табайықшы? - Қане тақтаға кім шығады? - Оқушы теріс қарап тұрып қолын қорапқа салып, оқушылардың сұрақтарына жауап береді. - Ал енді балалр қораптағы не нәрсе екен? - Күшік - Күшік затпа? - Күшік деген сөзге сұрақ қояйықшы? - Бұл не? - Зат есімнің қай түрі? - Жалпы есім. - Жекеше ме, көпше ме? - Жекеше. - Күшік не істейді? - Үреді, жүреді, жатады, тұрады, тамақ ішеді, ұйді күзетеді. - Біз қандай сұрақ қойдық? - Не істеді? Қайтті? - Біз күшіктің іс әрекетіне қимылын білдіретін сөздерге қандай Сұрақ қойдық? - Не істеді, Қайтті? - Сонымен балалар бүгінгі біздің жаңа тақырыбыз етістік. Сөз табының бірі. 4. Жаңа сабақ. Ал енді балалар етістік деген заттың іс - әрекетін әрине жанды заттардың іс – қимылын білдіретін сөздерді және не істеді, қайтті деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктің анықтамасын оқып, оқушыларға түсіндіремін. Ал енді, балалар бәріміз мына жаққа қарайықшы. Бізге бүгін бір дүкенші апай қонаққа келіпті. Оның дүкені "ғажайып хайуанаттар" дүкені деп аталады екен. Балалар жануарлар неше топқа бөлінеді? - Үй жануарлары, жабайы жануарлар. -Енді біздің дүкенші апайымыздың дүкенінде көптеген әдемі де ғажайып хайуанаттардың ойыншықтары бар екен. -Сендер дүкенен ойыншық алғанды ұнатасында ма? - Ал біздің ойыншық сатып алатын ақшамыз жоқ қой, енді не істейміз? - Енде ше біз бұл ойыншықтарды өз білімімізбен сатып алайық.


73 - Ал енді, балалар біз үш орталыққа бөлініп, жарысып өз білімімізбен ойыншық жинап жарысайық. - Оқу орталығы, жазу орталығы, өнер орталығы. - Балалар дүкенші апайдың кассасында түрлі цифрлар қойылған екен. Сол цифрларды рет ретімен алып, тапсырмасын орындайық. -Суретке қарап, әр орталық білімдерін, яғни етістікке байланысты іс – қимыл жасасын. Оқушылар оларға сұрақ қойсынү. 5. Ауызша жаттығулармен жұмыс. - Балалар кітаптарымыздың 123-ші беттің 334- жаттығуды ауызша орындаңдар. - Суретке қарап отырып, етісттіке байланысты сөйлем құрап сұрақ қояйық. - Бала ағаш жарды – не істеді? - Аймен гүлге су құйды – не істеді? - Айнұр ойнады – не істеді? - Әже ұршық иірді – қайтті? - Ұршық иірді. Белсене қатысқан оқушылар дүкенен орйыншық алады. 6. Сергіту сәті. Дүкеншінің келесі тапсырмасы 335- жаттығу. Күн күледі – не істейді? Жер түледі – қайтті? (Көктем) Қалың киімді ұнатады – қайтеді? Шешіндірсең жылатады – қайтеді? Бірінші болып дұрыс жауап берген оқушы дүкенен бір ойыншық алады. Дүкеншінің келесі тапсырмасы 336- жаттығу. 7. Тақтамен жұмыс. Қарамен жазылған сқздердің астын сызып, өлеңді көшіріп сұрақ қойындар. Ағам жылқы бағады – не істейді? Атам пішен шабады – қайтеді? 8. Дәптермен жұмыс. Ал енді балалар, Дәптерімізді ашайық Қолға қалам алайық Салақтықтан қашайық Әдемі етіп жазайық.


74 Қай топтың оқушылары жылдам әрі әдемі етіп жазса, ойывншықпен марапатталады. 9. Шығармашылық жұмыс. 1- деңгейдегі оқушыларға суретті парақ таратылып беріледі, олар етістікке байланысты сөйлемдер құрайды. 2- деңгейдегі оқушылармен жұмысты топпен жасаймын, әр топтан бір оқушы шығып суретке қарап іс – қимыл жасайды. Ал қалған оқушылар бұл оқушының қимылына сұрақ қойып, жауап беріп етістіктерді атайды. 10. Жаңа сабақты бекіту. - Балалар сонымен, біз қандай жаңа тақырыпты өттік? - Етістік. - Етістікке қандай сұрақтар қойылады? - Не істеді? Қайтті? әр оқушыдан мысал келтіріп сұрақ қойып не туралы айтылғанын қорытындылап беремін. -Сонымен балалар, бүгін біз сөз таптарының бірі етістікті өттік. Етістік не істеді, қайтті, не қылды деген сұрақтарға жауап береді екен. - Бүгінгі жаңа сабақ түсінікті ме? - Иә - Біздің дүкенші апайымыз сынып оқушыларының бәріне риза болды, ойыншықтар ұнады ма? - Иә. 1-сынып. Сөйлеу туралы түсінік. Тіл және сөйлеудің бірлігі, тілдің қатынасы құралы, ойдың көрінісі екені туралы түсінік. 2-сынып. Ауыз екі және жазбаша сөйлеу, ауыз екі сөйлеу мәнерлілігі және тілдің ерекшелігі. 3-сынып. Тіл мәнерлілігінің құралы. Ауыз екі және жазбаша сөйлеудің ұқсастықтары мен ерекшеліктері. Әдеби тіл туралы түсінік. 4-сынып. Сөйлеудің адам сезімінің әрекетіне әсері. Әдеби тілдің мәні мен маңызы. Қазақ тілі - бастауыш мектептегі негізгі де маңызды пән имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі. Қарым-қатынас жасау мен дүниетану құралы баланың интелектісі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Тіл-ақиқатты танытудың басты құралы. Философиялық және психологиялық әдебиеттерде тілсіз ойдың тумайтыны нанымды айтылады.


75 Сайып келгенде тіл қоғам мүшелерінің бір-бірімен түсінісу және адамның сезімімен көңіл-күйін білдіру құралы ретінде маңызды қызмет атқарады. Сондықтан бастауыш мектептен бастап ана тілін оның әр алуан өмірлік қызметін ғылыми негізде танытудың қажеттігі мақсатты түрде алға қойылды. Тілдің тәрбиелік мәні өте жоғары болып табылады. Ана тілін жақсы меңгерген оқушы көркем әдебиетті қызыға оқып көркем өнер үйірмесіне құмарта қатысып адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасап тіл табысуға деген бейімділігі қалыптасып мәдени өрісі қоғам талабына сай түседі. Оқушылардың мектептегі қазақ тілін оқып үйрену әрекеті жасампаздық сипатқа ие. «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральді, дүниетанымды сезіне бастайды. Сөйлеу машығында оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды игереді, ақыл ойы сөйлеу дағдаларын жетілдіреді. Қазақ тілін дұрыс меңгермеген оқушы басқа пәндерді де ойдағыдай үйрене алмай не ойын қағаз бетіне түсіре алмай қиналады. Аса көрнекті педагог К.Д.Ушинский қазақ тілінің білім берудегі ролі туралы: «Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыс ғылымдарын және математиканы үйренген кезде теореманы немесе математикалық есепті өз сөзімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты өзекті пән екені түсінікті емес пе?» - деп атап көрсетеді. Қазақ тілі пәні оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен танымдық қызығушылықтарын арттырудың бірден-бір жолы. Қазақ тілі оқулығында шығармашылық тапсырмалар мен күрделірек тапсырмалар оқулықта арнайы шартты белгімен көрсетілген. – шығармашылық тапсырмалар – күрделірек тапсырмалар Мұндай тапсырма түрлерінің саны - 162. Оның күрделірек тапсырмалары- - 47. Енді осы тапсырмаларды мағынасына қарай бірнеше топтарға бөлейік және тоқталып өтейік: 1.Әңгімелеп беру.


76 Әңгімелеп беру - шығармашылық қабілетті дамытуда үлкен үлес қосады. Оқулықтың 5-6 беттерінде оқушының логикалық ойлау, сөйлеу мәдениетін, сөздерді дұрыс әрі нақты айта білуге арналған. Туған жерің туралы әңгімеле. Жазғы демалысты қалай өткізгенің туралы әңгімелеп бер деген тапсырмалар берілген. 2.Сөз мағынасын түсіндіру. Сөз мағынасын түсіндіру - шығармашылық қабілетті дамытудың бастамасы. Осындай тапсырмалардың біреуіне тоқталып өтейік. Оқулықтың 38-бетінде «Шабандоз» дегенді қалай түсінесің деген тапсырма берілген. Бұл сөзді түсіндіру үшін бала ойланады,қалай түсінетінін айтады. Яғни бала өзінше жаңалық ашады. 3.Оқулықта мәтін мазмұнына сай келетін мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш ойлап жаз деген тапсырмалар берілген. Егер бала мақал немесе жаңылтпаш, жұмбақтарды білмесе оларды құрастыра алмайды. Сондықтан әуелі осындай тапсырмалардан бастаған жөн. Кейін мұғалім оларды құраудың тәсілдерін үйретіп өздеріне құратып бір-біріне сәйкестендіріп айтуға үйретеді. 4.Әңгімені,ертегіні жалғастыру. Оқыған әңгіменің немесе ертегінің аяғын өз қалауынша жалғастырады. Бастауыш сынып оқушыларының қимылын дамытатын жұмыстың түрі. 5.Әңгіме құрау, шығарма жазу, сөйлем құрау, әңгімеге ат қою, әңгімені мазмұндау. Мұндай жұмыс түрлері алғашқыда сурет бойынша әңгіме құраудан басталады. 6.Емлеге байланысты өз пікірін білдіруге өлеңдер ұйқастыруға, ребус құрауға, сурет салуға, диалогты жалғастыруға да тапсырмалар берілген. Мұндай тапсырмаларды орындау арқылы олардың танымдық қызығушылықтарын артып шығармашылық қабілеті дамиды. 7.Не білесің? Оқулықты Абай және осы әңгіменің авторы жайлы білетініңді айт деген тапсырма. Сонымен қатар оқулықтың 116 бетінде Қазақстанның қай аймағында мұнай өндіріледі деген сұрақ берілген. Бұл жерде оқушы естігенін немесе оқығанын айтады. Бүкіл оқушылар өз білетіндерін айтып шығады. Кейін өздеріне білгендерін ой қорытып дәптерге жазып алады. 1. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырып түсетін күрделірек тапсырмалар сұрақ түрінде 5-уі берілген мысалы:


77 Ә.Марғұлан кім? Мұндай сұрақтан кейін оқушы ойланып қалады. Шынымен ол кім деген ой туады. Сыныпта білетін оқушы болса жауап береді. Ал егер жауап бермесе үйге тапсырма ретінде беріледі. Оқушы ізденеді, үлкендерден сұрайды, яғни осы сұрақтың жауабын білуге деген қызығуңшылығы оянады. Әрине бұл жерде оларда талпыныс тудыруда мұғалімнің атқаратын ролі зор. 2. Оқулықта оқушылардың сөздік қорын молайтып сөз мағыналарын дұрыс ұғынып, сөздерді орынды жұмсай білу дағдысын қалыптастыруға айрықша назар аударылады. Сөз мағынасына қатысты жүргізілетін жұмыс оқулықтың өн бойында үздіксіз беріліп отырған. Сөз мағынасын түсіндіруде 16 тапсырма берген. Мысалы: «Ерулік» сөзінің мағынасын түсіндір. Дәулет, бояу сөздерінің мағынасын түсіндіру т.с.с. Мұндай тапсырмаларға мұғалім арнайы сөздік дәптер арнап қойса балалар сол сөздің мағынасын айтып қана қоймай жазып та алады. 3. Сөйлем құрауға 16 тапсырма берілген. Бұл тапсырмада барлық оқушылардың сөйлем құрағаны дұрыс. Бір оқушы сөйлем құрап қалғандары жаза салмау қажет. Себебі әрбір оқушы өзі ойланып сол сөздерінің мағынасын түсініп сөйлем құрайды. Мысалы: комбайн, соқа, дән сепкіш сөздерінің бастауыш болатындай етіп сөйлем құрастыру.(56 бет) 4. Мәтінді мазмұндау оқулықта ертегінің мазмұнын айт (50 бет) деген тапсырма берілген. Бұл жерде оқушы өзі оқып түсінгенін айтып береді. Өз бетінше жұмыс жасайды. Мұндай тапсырманы керек жеріне қолданып отырғаны дұрыс. 5. Өтілген емлеге тақырыптарға грамматикаға қатысты тапсырмалар саны-20. Мысалы: оқулықтың 10-бетінде қарамен жазылған І әріпін қосып айт, сөз соңында болатын өзгерісті түсіндір. Етістіктер қандай сөз таптарынан жасалған? Мұндай тапсырмаларды ойын ретінде беруге болады. 6. Мәтінмен жұмыс жасауға 4- тапсырма берілген. Мысалы: оқулықтың 106-бетінде мәтін неше бөліктен тұрады? Мәтінге ат қой. Бұл тапсырмалар оқушының қиялын дамытуда негізгі рол атқарады. Қазақ тілі бұрынғы оқулықтармен салыстырғанда күрделірек. Себебі онда жоғарыда айтылғандай шығармашылық және танымдық тапсырмалар берілген. Мұндай тапсырмаларға мән беріп әрбір сабақтарда қолданып қажет жерінде толықтырылып отырылса, оқушыларда шығармашылық қабілеттер дамиды.


78 Бұл оқулықтың тағы бір жаңалығы әрбір жаңа тақырыпты өткенде оқушының сол өтілгелі отырған тілдік ережелер мен түсініктерді саналы түрде ұғынып солардан өзі қорытынды жасайтындай материалдар мен тапсырмалар берілген содан кейін ғана ережелер мен мағлұматтар ұсынылған. Оқушылардың түсінгендерін баянды ету үшін оқулықта ережеден кейін тағыда бірнеше жаттығу беріледі. Бастауыш сыныптарда тілден берілетін білім негізінен ісжүзілік тұрғыда болып келеді. Яғни жаттығулар негізі қызмет атқарады. Сондай-ақ жаттығулардың білімділік, танымдық мазмұнына да ерекше мән беріледі. Қазіргі қазақ тілі пәні ойлау қабілетін арттыруға шығармашылықпен жұмыс жасай білуге бағытталатыны айтылды. Оның себебі өз тілінің қыр-сырын толық меңгермеген жас ұрпақ келешек ұлттың өміршеңдігінің айнасы. Осы пәнді оқу арқылы басқа пәндерді үйренуге жол ашылады. Қазақ тілі - біздің ана тіліміз. Қазақ тілін оқу арқылы оқушылардың рухани деңгейі артады. Қазақ тілі пәнін оқып үйрену барысында балалардың өздерінің сөйлеу дағдылары да ұштала түседі. Олар өз ойларын ауызекі және жазба түрінде бейнелеп,өзгелердің сөзін толық түсінуді үйренуі, өз пікірін айтуда еркін сөйлеу қабілеттеріне ие болады және тіл туралы материалдар осы тілді қолданудың ең жақын үлгісі болып табылатыны әдеби туындылар жеке-жеке бөліктері арқылы түсіндірілетін тіл теориясы осының бәрі қазақ тілі пәнінде интегривті ұштастырыла меңгеріледі. Сонымен бірге қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін толықтырып, байытып жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етеді. Жас жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагог-мамандарға үлкен жүк артады. «Тәлім-тәрбие мен оқыту ісінің нәтижесі іс-әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді» - деген Ы.Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі уақытта да маңызды болып отырғаны да осының айғағы. Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үдерісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологиялардың жете меңгеріп, оның оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Жаңа технологияны жетік меңгерту сонымен қатар мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің


79 қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Мысалы: Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтардың «Дамыта оқыту», Ж.Қараевтың «Деңгейлеп саралау» технологиясы, М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясы, Джордж Соростың ашық қоғам институты «Сорос Қазақстан» қоры арқылы келген. «Сын тұрғысынан ойлауды, оқу және жазу арқылы дамыту» технологиясы, «Ынтымақтастыққа оқыту» технологиясы т.б. Мен оқытудың ұтымды әдістерін, соның ішінде «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасынан жұмыс жасау арқылы алған білім негізін дамыта отырып тәжірибеге енгізу жұмыс істеуге құштарлық туғызып білім беруде нәтижеге жеткізетінін байқадым. Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз - оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса,енді ізденуші, ойланушы,өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда жетекші рөл атқарады. Қазіргі уақытта білімді, қабілетті, әдепті, іскер, мейірімді мұғалім ғана оқушы сына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім бере алады. Ол үшін оқыту мен білім берудегі жаңалықтарды жылдам қабылдап,оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік таныту - әрбір мұғалімнің міндеті. Балада мектеп жасына дейінгі жастың соңына қарай үлкендердің әсерімен мектептегі оқуға деген қызығу қалыптаса бастайды. Осыған


80 байланысты бастауыш мектеп жасында баланың алғаш мектепке келген күнінен бастап оларды не қызықтыратынын, олардың қызығуының өзіндік ерекшеліктері қандай болатынын, сабаққа қалай қызығатынын жан-жақты білу үшін оқу тәрбие жұмысын жақсы ұйымдастырып, жақсартудың, оқу үлгерімін арттырудың маңызы зор. Бала оқуға, сабақты үлгеруге, жалпы білімге қызығып тұрса, оқудағы іс-әрекеті сәтті болады,білімді де сапалы меңгереді. Баланың оқу пәніне тәрбие жұмысына қызығуы болмаса, онда «оқудың да тәрбиенің де» нәтижесі дұрыс болмайтыны түсінікті. Сондықтан қызығудың оқушылардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына ықпалы зор. Осы қызығушылық негізінде шығармашылық қабілеттерін дамыту қажет. Шығармашылық деген қызығушылықтарды қалыптастыру үшін олардың үш типологиялық айырмашылықтарын білу қажет. Қызығушылықтың дамуы үш сатыдан тұрады. Олар: әуестік, құмарлық және таза қызығушылық. 1. Әуестік-әдеттен тыс, таңқаларлық, күлкілі нәрселерге бала бойында уақытша байқалатын сырттай қызығушылық. 2. Құмарлық-қызығушылықтың күрделі сатысы. Мұндай нысанамен, «объектімен» тереңірек танысуға, бір қатар сұрақтарға жауап іздестіруге ынта-ықылас пайда болады. 3. Нағыз қызығушылық - бұл іс-әрекеттің бір немесе бірнеше бағытындағы тұлғаның танымға деген тұрақты ұмтылысы. Шығармашылық бұл адамның өмір шындығына өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып,өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес,жаратушы да. Ол өзін-өзі жетілдіруге де, өзінен-өзі жойылуға да қабілетті. Адамның өзі болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, терең де жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы толық қанды өмір сүру үшін рухани күш берубілімнің мақсаты. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдістәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиетін, қабілеттін дамытып, шығармашылығын,талантын ұштайтын болып ұйымдастыру қажет. Сонда ғана мектеп оқушыларының өз өміріне өзгерістерін енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиелеп шығады.


81 Оқушыларының қабілеттері 2түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жиналған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы - баланың өзін-өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кезкелгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Бұдан 2,5 мың жылдай бұрын өмір сүрген қытай философы Конфуций, грек ғалымы Платон (б.ғ.д.427-347) дарынды балаларды патша сарайында арнайы тәрбиелеген,ең алдымен оларды көркемөнер түрлеріне үйреткен. Олардан дарынды ақын,суретші шықсын деген мақсат тұтпаған, өз ұлтын, мемлекетін өркендететін білімді, алғыр болашақ данышпан шәкірттер тәрбиелеу үшін бірінші кезекте балалардың сезімталдығын, ойын тілін дамытуды қолға алған. Олай болса, оқушыға сөз өнерін бастауыш сыныптан бастап меңгерту қазақ педагогикасының да алға қойған мақсаттарының қазығыболуы тиіс. Неліктен сөз өнері? «Әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу суреттен, біреудің поэзиядан, әйтеуір искусствоның бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмарланбайтын адам болмайды,» - дейді М.Жұмабаев. Ол шығармашылықты төмендегідей кезеңдерге бөледі. Шығармашылық Балабақша кезеңі (3-5жас), бастауыш мектеп кезеңі (6-9жас), орта кезең (10-15 жас), жоғарғы кезең (16-18жас). 9-10 жастағы оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу өте қиын кезең, әрі мақтау сүйгіш, мұғалім жетегінде тез көнгіш таптырмайтын тамаша қасиеттері бар кезең. Бастауыш сынып оқушылары осы кезеңге жатады. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытуда оқушының танымдық қызығушылықтары негізінде шығармашылық қабілеттерін дамытуды жүзеге асыру жолдарын төмендегідей етіп бөлуге болады: Баланың қиял елес белсенділігін арттыру арқылы. Баланың сөйлеу шеберлігін арттыру арқылы.


82 а) Өлең құрастыру. ә) жұмбақ құрастыру Шығарма жаздыру арқылы. Бейнелеу әрекеті мен саз өнерін үйлестіру тәсілдері арқылы баланың шығармашылығын дамыту. Нақты заттарды пайдалану арқылы баланың шығармашылығын дамыту. Қабілеттердің дамуы бұған басты екі сатыдан өтеді. Алғашында жаңғыртылатын бейнелер нақты объектіні тым тұспалмен сипаттайды, детальдарға кедей болады. Оларда объектілердің өзгерісі мен іс-әрекеті, олардың өзара байланысы көрсетілмегендіктен бұл бейнелер статистикалық болады. Мұндай бейнелерді жасау (оның үстіне мазмұны жағынан өте нақты) сөзбен сипаттауда немесе картинаны талап етеді. 2-сыныптың соңында одан кейін 3-сыныпта екінші саты басталады. Алдымен бейнелердің белгілері мен қасиеттерінің саны айтарлықтай көбейеді. Олар бірқатар толық тиянақтыланады, бұл негізінен оларда сол объкетілердің іс-әрекет элементтері мен өзара байланыстарының жаңғыруы есебінен болады. Бірінші сынып оқушылары көбінесе қандай да бір өтіп жатқан объектінің бастапқы және ақырғы жайын ғана елестететін болса, 3- сынып оқушылары объектінің көптеген аралық жағдайларды тура тексте көрсетілгені сияқты да және сол әрекет сипатына қарай жобалап та нәтижелі елестете және айтып бере алады. Шығармашылық қабілеттерінің негізгі өлшемдерінің бірі - білімді жаңа жағдайға тасымалдай білу қабілетін қалыптастыратын ойын. Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің дәрежелерін анықтаудың әдістемесін қарастырайық. Білім беру практикасында оқушылардың білім сапалылығын бақылаудың түрлі әдістері бар. Көбінесе ауызша сұрау мен жазбаша бақылау жұмыстары кеңінен таралған. Ауызша сұрауға билеттер, ал жазбашаға есеп беріледі. Бұл мұғалімге оқушының оқу материалының қалай қабылдағаны туралы мәлімдеме алуға көмектеседі. Ал оқушыларға зерттеліп жатқан материалды терең ұғынуына көмектеседі. Бірақ, бұл бақылау әдістері білім сапалылығына баға беруге жеткіліксіз болып табылады. Жазбаша бақылау жұмыстарын оқыту үдерісін белсендіруге қолдануға болады. Бұл мұғалім мен оқушыға білімді игерудің осал жерлерін көрсетеді. Оқушының оқу пәндерін игеруінің сапалылығының объективті бақылауының шешу жолдарын


83 қарастырайық. Оқушылардың білім, білік және дағдыларды игеруінің дәрежелерін (еліктеуіш, репродуктивтік, іздену-орындаушылық және шығармашылық) анықтау үшін арнайы тест керек. Тест – игеру көрсеткіштерін тексерудің маңызды құралы кеңдігі қазіргі кезде дәлелін тауып отыр. Тест берілген дәрежедегі оқушылардың танымдық іс-әрекетіне байланысты тапсырмадан және оның жауаптары эталонынан, үлгілерінен тұрады. Қазақ тілі сабағымда "Блокты сызбамен оқыту әдісін" – басшылыққа ала отырып оқытуға болады. Сөйлем мүшелерін талдауға берілген сызба нұсқаларды үлгі ретінде пайдаландым. Бастауыш ─────── Қ - дың ойдың, Кім? Не? Кімдер? Бастауыш ══════ Не істеді? Қайтті? Толықтауыш и м иесін білдіреді - ды білдіреді, ойды аяқтайды - ды есім баяндауышты есім ------------------- Кімге? неге? кімді? нені? Пысықтауыш ы сөздер мен толықтырады - дың мезгілін, мекенін ˉ ˙ ˉ ˙ ˉ ˙ ˉ ˙ ˉ ˙ ˉ Қашан? Қалай? Қайда? л бағытын, мақсатын, себебін Анықтауыш Кімнің? Ненің? Қандай? - дың меншігін сандық, сындық Тұрлаусыз мүшелердің түрлерін және олардың белгілеулерін ажырата білуге үйрету. Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыра түсу үшін төмендегі тұрлаусыз мүшелердің ұқсастығы мен айырмашы-лығын "Венн диаграммасына" түсіру арқылы одан әрі дамыта түседі. Мысалы: Зәулім ағаштың үзіліп түскен сары жапырақтары ауада қалқып жүр.


84 Осы сойлемдегі тұрлаусыз мүшелерін тауып, оларды диаграммаға енгізеді. Сабақта бәрінің оқуға деген белсендігін қолдау үшін өз оқушыларыңды жақсы біліп, оларға мұхият болу, шаршағандығын дер кезінде аңғарып, жұмыс қабілетін сақтап қалу үшін көңілін басқа жаққа аудара білу қажет деп ойлайды. Түсіндіре басқару, үлгі – тірек жұмысы сабақта өтілгендердің бәрін балалардың сезініп, ой елегінен өткізуіне, өз іс - әрекеттерін түсіндіріп, негіздеп отыруына көмектеседі. Міне, соның нәтижесінде барлық оқушылар есептерді шығарып, грамматикалық жаттығуларды орындаған кезде жақсы өисынды мәселелерді перспективалы алдын – ала оқыту оларды жақсы меңгеруге, артта қалушылықты болдырмауға, білімдігі кемістіктер мен ол қылықтарды іс – жүзінде жоюға көмектеседі. Маңызды тақырыптарды оза оқыту – мұның өзі тек терең де баянды білім ғана емес, сонымен бірге уақыт қоры да. Оза оқытудың тиімді әдістерін қолдауда қандай нәтижеге қол жеткіздім деген сұраққа жауапты төмендегі сызбадан көруге болады: Үй тапсырмасын Оза оқыту Әр оқушы өз қызығып, тез не береді мүмкіндігінің деңгейін орындайды де жұмыс істейді Өзара ынтымақтастығын, талғамы, өзін - өзі бағалауы дамиды Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеттерінің қалыптасуын өлшеу және олардың сапалыған бағалау – дидактиканың аса маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Бағалау дегеніміз – щқу-жүйесінің сапалығын қорытындылау екендігі белгілі нәрсе. Объективті бағалау әрқашан өлшемдеу мөлшерінің нәтижесіне сүйенеді. Өлшемдеу жүйесінің бастапқы іс-әрекеті – болжау және оның күшті оспектілерінің бірі – олшеу нәтижесін мөлшерлеу. Бағалау – бұл өлшеу нәтижесінің жалпыламасы. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетінің қалыптасуын өлшемдеу жүйесіне мына компоненттерді жатқызуға болады: 1. Өлшем (оқу танымдылық) объекті 2. Оқу танымдылықты өлшемдеу бірлігі немесе әдісі 3. Оқу танымдылық іс-әрекеттерін өлшеуді іске асыратын


85 педагогикалық жүйе және өлшеу нәтижелерін зерттейтін педагогикалық іс-тәжірибе 4. Мөлшерлеудің статистикалық өңделуі (есебі) Оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша сауаттылық деңгейін анықтау үшін тесттік сұрақтар қолданылды. 1) Жуан буынды сөзді көрсет. а) тісте ә) сіңген б) тамыр 2) Дұрыс жазылған сөзді тап. а) оқыйды ә) ерійді б) сыйлық 3) Берілген сөздердің дұрыс жазылған нұсқасын көрсет. а) Әлиия ә) ою б) тойу 4) «Аурухана» сөзіне қатысты сөзді бедгіле. а) дәрігер ә) оқушы б) мұғалім 5) Артық сөзді белгіле а) үй ә) есік б) аң 5 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. Қазіргі қоғам – жаңа ақпараттық технологиялар дәуірі. ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры, бүгінде ғылымның әр саласын дамыту ақпараттық жаңа технологияларды игерумен тығыз байланысты екендігіне көзіміз жетті. Бастауыш сыныптағы жазба жұмыстарына - мазмұндама, шығарма, диктант жұмыстары жатады. Мазмұндама дегеніміз – белгілі бір шығарманың, мәтіннің мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру. Мазмұндама арқылы оқушының өз ойын жүйелі баяндай алу қабілеті мен байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді.Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің құрылысын меңгертуге, ең бастысы қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді.


86 Мәтін мазмұнын айтып бергенде, оқушылар мұғалімнің баяндағанын қайталап қоймай, мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыруы талап етеді.Атап айтқанда, оқушы жазған мазмұндама мәтініне мынандай талап қойылуы тиіс: 1. Оқушының өз ойы болуы; 2. Өз жанына қосымша оқиға қосуы; 3. Өздігінен қорытынды жасау; 4. Мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни,1 жақ, осы шақ формасында немесе керісінше мазмұндау; 5. Қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқарту; 6. Кеңейте мазмұндау, яғни, мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз (цитата) және эпиграф келтіре отырып мазмұндау; Мазмұндамаға екі баға қойылады: біріншісі жұмыстың мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл шұрайлығы үшін, ал екіншісі грамматикалық сауаттылығы үшін қойылады. Шығарма жазу оқушылардың ғылыми жұмысының алғашқы түрі болып табылады. Ол мұғалімге де, оқушыға да көп міндет жүктейді және жан-жақты даярлықты қажет етеді. Шығарманы жазу көркем мәтінді терең түсіну, өз ойын қисынды, дәлелді, бейнелі түрде баяндау мен тұжырым жасау дағдысын талап етеді. Бұл – әсіресе, жоғары сынып оқушылары алдында тұрған үлкен проблемелардың бірі. Дегенмен, білім негізі бастауыш сыныптардан қалана бастайтын болса, шығарманың алғашқы нұсқалары да 1-сыныптан-ақ жазыла бастайды. Ана тілінде еркін сөйлейтін оқушылар осы кезден бастапақ шығарма жазудың дайындық кезеңінен өтеді. Ол түрлі тақырыпта сөзден сөйлем, сөйлемнен шағын мәтіндер құрастыру арқылы дидактикалық ұстанымдарға негізделе жүргізіледі. «Шығарма» терминін бастауыш мектеп балаларының жұмыстарына қолданғанда, оқушылардың өмірде өз көрген-білгендерін белгілі бір тақырып ауқымында түсінікті түрде, жүйелі әңгімелеп беруін айтамыз. Бастауыш сыныптарда балалардың жазатын шығармаларын мынадай топқа жіктеуге болады: 1) Оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты; 2) Экскурсия бойынша; 3) Өнер саласына (сурет, кино, қуыршақ театрының спектакльдері, т.б.) байланысты;


87 4) Оқушының іс-әрекетіне (ойын, еңбек, т.б.) байланысты тақырыптар. Шығармада оқушылар өз ойларын қандай көлемде көрсетуіне ерікті бола тұрғанмен, әр сыныптағы шығарма көлемінің шамасын белгіледік ( 3-қосымша) Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар: 1) Тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы (оқулықтан көшірмей) толық аша білуі. 2) Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. 3) Міндетті түрде жоспар болуы және шығарма мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен дүйелі баяндауы қажет. 4) Оқушының жұмысы тіл шеберлігіне қарай (сөздік қоры, сөйлем құрылысы, көркем тілі, сезімталдығы) бағаланады. Оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесін негізінен төрт салаға бөліп қарайды: 1) Мазмұндылығы. 2) Ой-пікірдің жүйелілігі. 3) Стилі. 4) Грамматикалық сауаттылғы. Бұлардың қай-қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Шамамен алғанда, шығарманың мазмұндылығына оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыстығы мен бұрыстығы, негізгі ойды жеткізе алуы жатады. Пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы енеді. Тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдердің оралымдылығы, сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөздігі қолдана білуі, сөйлемді дұрыс құруы сияқты мәселелер стильге жатады. Ал емле, тыныс белгілеріне байланысты жайлар грамматикалық сауаттылық тұрғысынан қаралады. Сауалнама Мақсаты: Жазба жұмыстарын орындау әдістерін меңгеру деңгейін анықтау.1. Мазмұндама мен шығарма жұмыстарын қалай орындайсың? А) өз біліміммен Ә) ата-анам, ересектер көмегімен Б) Сыныпта мұғалім көмегімен 2. Шығарма жұмыстарын жазудың қандай түрлерін білесің? А) сурет бойынша


88 Ә) кино, диафильм бойынша Б) топсаяхат бойынша Бастауыш мектепте сабақ беріп жүрген мұғалімдер, көбінесе шығарманы суретті пайдаланып, суретті әңгімелеу арқылы жаздырады. Топпен саяхат бойынша шығарма жұмысын ұйымдастырған тиімдірек. Себебі, табиғат құбылыстарын балалар күнбе-күн көріп, байқап жүргендіктен өздері білетін таныс нәрсені баяндау оларға көп қиындық келтірмейді. Табиғатта болатын өзгерістердің себебін білу арқылы балалардың дүниетанымы кеңейіп, білім қоры артады. Бірақ шығарма жазу дағдысына төселмеген бастауыш мектеп балалары, әсіресе 1-2 сынып оқушылары бақылау арқылы жинаған материалдарын өз беттерімен бірден жазып кете алмайды. Сондықтан оларға мұғалімнің көмегі керек, 1-2 сыныптардағы шығармалардың барлығы дерлік мұғалімнің басшылығымен өткізілетін үйрету шығармасы болып есептеледі. Сабақтың тақырыбы: «Күз» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін артыру. Дамытушылық: Дүниетанымдық, байқағыштық, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу. Туған жер табиғатын аялауға баулу. Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру. Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі І Ұйымдастыру кезеңі. ІІ Жаңа сабақ Ой шақыру. Егіндер жиналады Құстар жылы Ағаш жапырақтары жаққа ұшады сарғаяды Шаруа қысқа жан-жануарлар қамданады қысқа дайындалады


89 Жоспар. 1. Күз келді. 2. Күз мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер. 3. Күз айының тіршілігі 4. Құстардың жылы жаққа ұшуы. ІІІ. Сабақты қорытындылау ІV Бағалау Мұғалім әрбір сабақтың идеялық-ғылыми жағына терең үңіліп, оның өзіндік ерекшелігін жан-жақты аша біліп, практикалық ерекшелігіне баса назар аударып оқушының сауаттылығын арттыруды әрбір сабақтың мақсаты етіп қоя білуі қажет. Диктант жұмыстары неғұрлым түрленіп отырылса, соғұрлым оқушының ынтасы, белсенділігі артатыны сөзсіз. Диктанттың түрленіп жүргізілуінде оқушылар тілдік материалды есте сақтап, көп нәрседен хабардар болады. Мұғалім әр тоқсан ішінде алынған бірнеше бақылау жұмыстарында жіберілген қателерді жинақтап, топтап алып, оған арнайы жаттығулар жүргізіп, қорытындысына тағы да диктант жаздырғаны жөн. Оқушының жазба жұмысында кеткен қателерді сараптауды мына кесте бойынша жүргізуге болады. Қателердің қандай түрі болмасын бәрі де грамматикалық теориялық заңдылықтармен ұштасады. Оқушының сауаттылығын күнделікті тексеріп, қадағалап отыру керек. Оқушы, әсіресе, тыныс белгілерді жазу жұмысын орындау барысында бірден қойып отыруға дағдылануы қажет. Тыныс белгілерін бірден қойып отыруға дағдыландыру мұғалімнің шеберлігіне, яғни, талдау жасай білу ұшқырлығына және орындалатын жазба жұмыстың мазмұнына, құрылымына байланысты. Оқушылардың көркем сөйлеуі де, әдеби тіл нормаларын тартымды, сауатты қолдануы да мұғалімнің шығармашылық, өздік жұмыстарды жүйелі әрі үздіксіз жүргізуіне байланысты. Диктант та әдеттегі сабақтардай оқушыларды түгендеуден, кезекті сабаққа дайындықтарын байқаудан басталады. Яғни, оқушылардың қалам, дәптерлерінің (диктантқа арнаған) парта үстінде дайын жатуы талап етіледі. Бұдан әрі оқушылардың назары тақтаға аударылып, онда күні бұрын жазулы тұрған диктанттың тақырыбын дәптерлеріне жазып алу тапсырылады. Мұғалім, тексті оқымас бұрын, диктант тексін жаздыру тәртібі туралы қысқаша түсінік береді. Түсінік, негізінен, диктантты өткізу, жүргізу тәртібіне байланысты беріледі. Ең алдымен тексті оқу кезінде көлденең сөз, сұрақ болмауға


90 тиіс. Жазу кезінде бірлі-жарым қалып қойған оқушы болса, ол мұғалімнің ісі. Ал кейде, оқушылар тарапынан бір қажетті сұрақ бола қалса, жаздырып жатқан кезекті сөйлемді оқушылар түгел жазып біткеннен кейін қойылу керек. Диктант тексін жаздыру үстінде диктант тексіне сыртқары кездесуі ықтимал көлденең сөздердің көлемі, мазмұны, шамасы оқушыларға алдын ала белгілі болуға тиіс. Ол – тексті жаздыру үстінде мұғалім тарапынан оқушыларға айтылатын ескертпе түріндегі сөздер. Олар «тыңдап алыңдар», «осы сөйлемді қайталаймын»деген сияқты сөздер. Бұл сөздердің өзін жиі пайдалануға болмайды. Ерекше бір күрделі, қиын сөйлемдерді жаздыру ретінде ғана болмаса, бар ынта, зейін диктант тексін жазуда болып отырғанда, текст арасына көлденең сөздің кіруі оқушыларды аз да болса алаңдатады, зейінін бөледі. Екіншіден, өзі жазып үлгере алмай отырған кейбір жаңғалақ балалар жаңағыдай сөздерді (көлденең) ажырата алмай, текспен бірге жазып та қояды. Тексті жазуда қойылатын басты талап – тілдің орфоэпиялық заңдылығын сақтау болып табылады. Оқушылар жұмысының сапасы текстен сөз қалдырмай, үлгіріп, толық жазып шығуымен де айқындалады. Мұғалімнің ең басты міндеттері де осында. Міне, осыдан келіп, тексті жаздырудың жылдамдығына қойылатын талап келіп туады. Диктант жаздыруға кез келген жылдамдықпен қатып қалуға болмайды. Жылдамдық оқушылардың бәрі үлгеріп жазып отыратындай болуы керек. Диктант жаздырғанда оқушыларды жан алқымға алып, асықтырудың қажеті жоқ. Бала еркін, қысылмай, тығылмай жазуы керек. Қысқасы, диктантты жүргізу әдістемесін білмеудің салдары оқушылардың жұмыс сапасына ғана емес, олардың ерік-жігер, зейін қабілеттерін тәрбиелеу істеріне де белгілі дәрежеде әсер етеді. Міне, сондықтан бұл жұмысқа ерекше назар аудару керек. Диктантта жіберілген мынадай қателер есепке алынбайды: -жіберілген қателердің ережесі оқылмаған болса; - сөйлем соңында нүкте қойылмағанмен келесі сөйлем бас әріппен жазылған болса; -жазуға бір сөзді мәтін мазмұнын бұзбайтын екінші сөзбен ауыстырған болса диктантта бір қатеге есептеледі; - егер 2-3 ұқсас емлелік қате жөнделсе; - 2-3ұқсас тыныс белге қателері жөнделсе;


91 - 2-3тасымалдау кезінде алдыңғы дұрыс, кейінгі сөзде бұзылған болса ол қайталанып келсе; - сөйлем ішінде бір сөз бірнеше қайталанып жазылса. Мұғалімдерінің қиналатыны – оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру. Ол үшін көбірек диктанттар жаздырып, тексеріп отыру қажет. Оны тиімді жолдармен жүзеге асырып отырмасаң, қайтарымын бермейтіні ақиқат. Диктант жазу үстінде кейде оқушылар ілесіп жаза алмайды. Қайталап сұрай береді. Уақытты алады. Олар уақытқа қарай кейде 5- 6, кейде 7-8 сөйлемдерден тұрды. Кейде диктант дәптерлеріне, кейде қазақ тілі дәптерлеріне жаза береді. Осындай кезде «Есте сақтау» диктанттын алған жақсы. Ж. Баласағұн өлеңдерінде «Мінезі жаман адамға енді қайтып жуыспа, Тәуір көрген кісінің жалған айтып суыспа» деген өлеңі 1- сынып оқушысына әбден түсінікті, олардың есінде тайға таңба басқандай болып қалатын сөз тіркестері. Қазақ отбасында 6-7 жасар балаға ата-анасы мінезі жаман, тентек, бұзық балаға жолама немесе кімге болса да өтірік айтпа деп ескертеді. Осы тұрғыдан алғанда жоғарыда айталған жолдар олар үшін іздесе таптырмайтын материалдар. Ал, Қожа Ахмет Иассауидың даналық өсиеттері арқылы ақын жалған ғалымдар мен жағымпаздары, екі жүзділерді сынайды: «Жағымпаз жан алғыштар ғалым болды. Сойқанды елге ашық айталмаудан. Ішіме менің дертті жалын толды» - деп келетін толғаулары осы жастағы балалардың еске сақтау қабілетіне лайықты, бұлардың тәрбиелік мәні аса күшті. Бұл жерде айта кететін бір жәйт: 2-сынып оқушылардың баба ұғымын қасиет тұтады. Оның себебі: осы жастағы балаларға әке-шешесі атасының атын ататып, шыққан тегін білуге үйретеді. 2-сынып оқушыларына арналған оқулықтарда өмір туралы қысқаша мәлімет беру қажет. Олардың нақыл сөздері, афоризмдері тәрбиелік жағынан аса тиімді дүниелер. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың білім алуға өз бетімен әрекеттенуі аса маңызды. Осы тұрғыдан ғұламалардың мына сөздерін пайдалану дұрыс секілді: «біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді. Өзің білмесең білгендерден үйрен, үйренгеннен ештеңең кетпейді». Немесе: «Қарап отырғанша бір нәрсеге жарап отыр; кәсіп болмай, нәсіп болмас». Сондай-ақ осы ойлармен Қожа Ахмет Иассауи ойларының сабақтасуы Ахмет Иүгінекидің даналық шығармадағы ақын тәлім-тәрбиенің негізгі адам болуға, кісілікке тәрбиелеу екенін білім алу арқылы басталады деген: «Айтайын білім


92 жайын, құнты бар бол, Ей достым, білімдіге ынтызар бол, Ашылар білімменен, бақыт жолы, Білім ал жолға түсіп бақыт толы. Білімді – алтын, нұры атылатын. Білімсіз – қара бақыр шашылатын... жүрсе де тым шіреніп, Білімсіз жан тірі өлік», - деп, ақын білімсіз адамның адамдық бейнесі болмайтынын көрсетеді. «Бір бала бар – атаға жете туады: Бір бала бар - атадан өте туады; Бір бала бар – атаға жете туады: Бір бала бар – атадан өте туады; Бір бала бар – кері кете туады» деген нақылында қаншама тамаша тағылым жатыр. Оның «Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады, Атадан жаман ұл туса, көшінің ең соңы болады» деген тұжырымдары 8 - 9 жастағы бүлдіршіндерді ұлтының рухани ерекшілігін, салт-дәстүрі мен әдетғұрыпын біле түсуге ынталандыратыны сөзсіз. 2 - сынып оқушыларына ғұламалардың басқа да тағылым сөздерін пайдалануға болады, тек бұларды шәкірттердің ұғым-түсініктеріне сәйкестендіре білсек болғаны. 3 – сыныпта бұдан бұрынғы берілген мағұлұматтарды еске сақтау, пысықтау үшін ортағасырлар ғұламалардың ойлары бойынша атамекенді қастерлеу, үлкенді сыйлау, Отанды қорғау, батырлық жайлы толғауларынан нақты мысалдар келтірілсе, жас буынның бойында абзал қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туады. Мәселен, ақылшы ғұлама ұстаз, әмбе аян әулие бабамыздың өсиеттерінде: «Ақиқатты ары таза сүйе біл, Дүниеқорлар кетсін өзімен, халық қана дүниеге ие бұл», - деп халықты қастерлеуге, қанағатсыздықтан, дүниеқорлықтан аулақ болуға шақырады. IV сыныпта өтілетін «Әдебиет», «Тарих» пәндерінде ғұлама ғалымдар: М.Қашқари, Қожа Ахмет Иассауи, Ахмет Иүгінеки, т.б. ерен тұлғалар жайлы біршама толық мағұлұмат берілгені жөн. Ұлы ағартушы, қазақ әдебиеті мен өнерінің қайраткер ғалым А.Байтұрсынов ағартушылық ой – пікірлері 1911 – 1915 жылдары шыққан "Айқап" журналы мен 1913 – 1917 жылдары Орынборда шыққан "Қазақ" газетінде (ол 5 жыл бойы осы газеттің жауапты редакторы болған) жарияланған мақаларынан айқын көріне бастады. Ол өзінің 1911ж. "Айқап" журналына жазған "Қазақтың өкпесі" атты мақаласында " Өзге жұрттар өнер-білім қуғанда, қазақтыі хандары да, халқы да ғылым, өнерді керек қылмаған. Бірімен – бірі жауласып, басқа берекелі жұмыс ойланбаған. Өзге жұрттар ілгері басқанда, қазақ кері басқан. Ханы надан, халқы надан жұрт мықты мемлекет жанында өз алдында хандық құрып тұра алмапйтын болғандықтан ... хандарымыз халқыменен Ресейге қосылған" деп тарихи шынедықтың бетін ашады. Қалың елі қазағына ұлы ақын Абайша өсиет айтып,


93 шаруаңды күзет, жалқаулықтан арыл, адал еңбек ет, кәсіп үйрен, тер төк ... телміріп алған теңгеден тер сіңірген тиын жұғымды. "Қараған қармап алар" деген қазақтың мақалынұмытпа! Дүниеде елге теңдік, кемге кеңдік беретін, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді үйренейік апғайын!- деп көпке жар салады. Ал 1913 ж. "Қазақ " газетінде жарияланған "Оқу жайы" атты мақаласында мәдениетті елдермен мәдениетсіз, оқу – білімсіз елдерді салыстыра келіп, "Оөусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдар дан кейін оның бар байлығы өнерлі халықтың қолына көшпекші. Мұның себебі бұл заманда не нәрсмен болмасын машинаға айналады. Қазақ пайдаланып отырған шөп шабатын, киім тігетін машиналар, соқа-сайман, арбашана, киім-кешек, ыдыс-аяқ – бәрі де зауыт, фабрикаларда істеліп шыққан. Бұл істеліп шыққан нәрселердің сүйегінен іс ақысы он есе қымбат ... Қазақ басқа жұрттың өнерін қымбатқа сатып алып отыр. Осы заманғы таңқаларлық нәрсеннің бәрі ғылыммен табылған. Адам баласын көкке құстай ұшырған, суда балықтай жүздірген ғылым. Дүниенің бір шетінен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған да ғылым. Отарба откемелерді жүргізген ғылым" деп өнер мен ғылмның жасампаздық күшін паш ете келеді де, қазқтың басқа жұртқа жем болуының, теңдіктен құр алақан қалуының басты себебін А.Байтұрсынов оқусыз надан қалуынан деп санайды. Сондай – ақ өзінің 1913 жылы "Қазақ" газетінде жарияланған. 2.4 Бастауыш сынып оқушыларың оқу – танымдық ісәрекеттерін математика сабағында дамыту тәсілдері Егер көз алдымыздағы сандар біздің көріп тұрған заттардан артық болса оларды танып білу, санау қиынға түседі. Санау негізінен сандарды жаттаудың бірден – бір процессі. Бұл сандарды қабылдауды жаттаушылардың бірден бір көзқарасы. Айтылғандардың ішіндегі екі тәсілде бір – бірін қамтамасыз етіп отыруы тиіс. Арифметика методикасындағы даулы сұрақтардың бірі болып сандық фигуралар болып саналады. Бұл сұрақ негізінде неміс әдебиетінде сандық фигуралардың отаны туралы сөз қылған. Олардың пікірінше сандардың төрт түрлі мәні бар. Олардың бірі балаларға сандық түсінікті жеткізе білу. Екіншісі сандық фигуралар арқылы балалардың қабылдауы. Үшіншісі балалардың сандық фигуралардың есептеуге


94 арналуы. Төртінші мәні сандарды цифрларға айналдыра білуі және бірліктерді сан бойыеша көрсетуі. Арифметиканы үйретуде суреттер көрнекі құрал ретінде қолданылады. Яғни көрнекі құралдар міндетті түрде заттық түрде болғаны жөн. Олардың өмірдегі қалыпты жағдайында жұмыс көрсеткіші ойын арқылы болуы тиіс. Қоршаған ортаны қадағалай отырып балалар, қабылдау мен есептеу жүйесін біртіндеп қабылдап, оқып үйренеді. Қазіргі кезде кіші мектеп жасында бірнеше бағдарлама құрылған, соның бірі ретінде балалық бағдарламасы келесідей: 1) Мақсаты: балалардың танымдық және шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту; 2) Классикалық құрылым: Математикаға дейінгі қызметі Математикаға кезіндегі қызметі - салыстыру; - санау; - теңестіру; - өлшеу; - жинақтау; - есептеу. Логика және математика элементтерін қоса алғанда. 1) Тәсілдермен әдістер: - практикалық (ойын арқылы); - эксперименттік; - модульдік; - қайта қалыптастыру. 2) Дидактикалық құралдар: - көрнекті құралдар (кітаптар, компьютер); - модельдер. 3) Балалар қызметін ұйымдастыру формасы. -жеке шығармашылық қызмет; - топтастырылған шаруашылық қызмет; - оқу ойындық қызмет (танымдық ойындар, сабақтар); - ойындық трентнгтері. Осылардың барлығы дамушы ортаға тіреліп, келесідей көрсеткіштермен айтуға болады: 1) Матеметикалық ойындар: -жазықтықтағы модельдеу ойындары (Пифагор); - бас қатыру ойындары; -жұмбақтар мен әзілдер; - кросвордтар; - ребустар.


95 2) Дидактикалық ойындар – модельдік; - арнайы ұйымдастырылған педагогикалық сабақтар; Дамытушы ойындар. Бұл ойындар ақыл – ой мүмкіншіліктерін шешпеді. Осылайша математика ғылымы қазіргі кезеңге сәйкес баланың тұлғалық дамуына бағытталып отыр. Балаларға Е.А.Носованың айтуынша келесідей мәселелерді айту қажет: 1) түсініктерді таныту 2) Геометриялық формаларды: Дөңгелек, үшбұрыш, тқртбұрыш,бесбұрыш т.б. түзу және қисық сызықтарды таныстыру; 3) Сын есімнің күшейтпелі формаларын түсіндіру – үш заттан таңдап ең үлкен ең ұзын деген сияқты күшейтпелі сындарды түсіндіреміз. 4) Суреттер мен заттарды қатар бойынша орналастыру: - заттардың өсу мөлшері; - заттардың кемуі бойынша; - балалардың күндік тәртібі бойынша адам, жануар, өсімдіктің өсуі бойынша; - ертегінің көркемделуі бойынша. 5) Төрт бөліктен тұратын суретті жинау бойынша; 6) Онға дейін жатқа білу; 7) Саны бойынша орналастыру; 8) Саны бойынша бірдей элементтерді тауып салыстыру үшін; 9) Жүзге дейін жатқа білу; Балалардың математикалық түсінігі методикалық элементерді қалыптастырумен оларды зерттеу нәтижесін байыту мен дамытуға педагогикалық тәжірибе қажет. Қазіргі уақытта ғалымдардың тәжірибесінен балалардың математикалық түсінігін дамыту алға қойылған. Оның негізгі элементтеріне: мақсат, мазмұн, иәсілдер, жабдықтар мен ұйымдастыру формалары жатады. Бар технологияны әр мұғалім түрліше іске асыру мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушы әрекеті, оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі роль атқарады.


96 Белгілі психолог А.С.Выготский: "Оқыту, білім беру, дамудың алдында жүріп отыруы керек. Дұрыс ұйымдастырылған процесс ғана баланың жеке басының дамуын ілестіре алады ",- дейді. Мақсатымыз талабымызға сай, балалардың психологиялық ерекшеліктерін, табиғи қабілеттерін ескере отырып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту. Балалардың сабаққа ынтасын арттыру, ой - өрісін, логикалық ойлау дәрежесін кеңейту. Сонымен бірге экономикалық , эстетикалық, гуманитарлық, халықтық педагогикалық тәрбие беру. Осы жұмыстарды ұйымдастыру барысында мұғалім үшін ең бастысы сабаққа лайықты әдіс, тәсілдерді дұрыс таңдау. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгерудің, содан кейін оны оқу мазмұны, оқушыларды жас және псхологиялық ерекшеліктеріне қарап таңдап пайдаланудың маңызы зор. Әрбір ұстаз өзінің әдістемелік лабораториясына оқытудың жаңа технологияларымен және оны қолдану туралы карта, схемалармен толықтырып отыру керек. Оқушылардың тәжірибені игеру сапалылығын анықтайтын бақылау тесттердің түрлі деңгейлерін қарастырайық. А) бастауыш сынып оқушыларына тестті құрау әдісінің бірінші сатысы: Оқушының игерімділігінің бірінші дәрежесінде біз тестті зерттелген объектіні тануға, ажыратуға және жіктеуге арнадық. Мұнда оқушы есептерді шығаруда көп компоненттерді қолданады. Танысу тестті. 1. Тапсырма (сұрақ) Бұл фигура үшбұрыш болып табыла ма? Мұндай үшбұрыштың суреті көрсетіледі. Үлгі: Ия. Тесттің операция саны Р=1 2. Есеп дұрыс шешілді ме? 5+1=6 Үлгі: Ия. Р=1 3. Плакатта (5 төртбұрыш сызылып) қанша төртбұрыш бар екендігі қойылған сұрақ болсын. Үлгі: 5. Р=5. Жіктеуге арналған тест. 1. Тапсырма: мына сандарды бір атпен атауға қандай сан кедергі болып тұр немесе артық? А) 3; 7; 9; 12; 8. Үлгі: 3 – жоқ, 7 – жоқ, 9 - жоқ, 12 – ия, 8 – жоқ. P=5. 2. 1; 3; 4; 5; 7; 8; 9


97 Мына тізбекте алдыңғысынан екіге үлкен болмайтын сандардың тізбегін жазу үшін қайсы сандарды өшіру керек? Үлгі: 4; 8. Р=2. 3. Мына сандардың қайсылары ұқсас: 30; 74; 40; 81; 50; 60; 70; 95; 37. Үлгі: 30; 40; 50; 60; 70. Р=5. 4. Мына берілген сандарды біртекті қасиеттілігімен ұқсас екі топқа бөліңдер: 345; 591; 765. Р=2. Б) Оқушыларына тест құру әдісінің екінші сатысы (дәрежесі): Бұл екінші деңгейдегі а2 тесттке мыналарды жатқызсақ болады. Есте сақтау немесе қойымдылық тесті. 1-сынып. 1) Мына сандар тізбегіне қарап жетіспейтін сандарды қой: 5, 10, ... ,30, 35. Үлгі: 15, 20, 25. P=3. 2) Мына жазу дұрыс болатындай санды қой. + 3 + 4 = 9 Үлгі: 2. Р=1. Конструктивтік тест. 1) Мына жазу дұрыс болатындай екі санды қосып жаз: < 2) Берілген төртбұрышты екі геометриялық фигура шығатындай етіп кесіндімен бөл. Бұл қандай фигуралар? 3) Мына сандарды 10, 8, 2, 4, 6 қолданып азайтуға мысалдар келтір (жеті амалдар жазылады). Р=7. «Типтік есеп» тесті. 1) Электропоезда 724 адам келе жатқан. Аялдамада 109 адам түсіп, 126 адам пойызға кіреді. Пойыздағы жолаушылар саны қанша? 2) Мына амалды орында: 984 : 3 – (921 - 815) 3) Мына сандарды белгілі бір тәртіппен (заң) бойынша орналастыр: 806, 86, 353. 4) Төртбұрыштың ұзындығы 26 см, бұл оның енінен 8 см-ге үлкен. Төртбұрыштың ауданын тап? В) Оқушыларына арналған III деңгейдегі тест құрастыру әдісі: 7 +7


98 III деңгей 1) Мына сандармен теңдеу құрастырып, оны шешіңдер. 7, 5, 4, х, 8. 2) Бала 14 теңге тұратын затты, қайтымсыз 4 монета ақшамен сатып алады. Бала қандай ақшалар береді? 3) Мына теңдіктер дұрыс болатындай жақшаларды орналастыр: 3 * 4 – 2 = 6 16 – 14 * 2 = 4 16 + 12 : 4 = 7 4) Пошталық конверттің периметрін әр түрлі тәсілдермен тап: Г) Оқушыларға арналған IV деңгейін құрастырудың әдісі: IV-ші деңгейдегі тест оқушылардың шығармашылық икемділігін айқындау керек. Бұндай тестке проблемалық есептер қолданылады. Тесттің IV-ші деңгейде дайын үлгі болмағандықтан оқушылардың шығару сапалалығын тек қана эксперттер тобы ғана айта алады. Мысалы: 1) Ұзындығы бірдей 10 см-ге тең екі сынық сыз. Түрлі жағдайларын қарастыр. 2) Екі төртбұрыш сыз. Біріншінің периметрі 24 см-ге тең. Ал екіншісі одан екі есе кем болсын. 3) Периметрі 16 см-ге тең түрлі төртбұрыштар сыз. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық ойын элементтері арқылы ойындар ойнату оқушылардың өткен сабақ программасын жете түсінуге, терең меңгеруіне теорияны практика жүзінде ұластыруға, баланың ой – санасына терең үңілуіне, баланың өзіндік қорын молайтуға алып келеді. Математика сабағында балалардың қызығушылығын арттыру үшін "Балалар үшін дүкен" ойынын ұйымдастыру да өте қызықты. Мұнда балалар сатып алынатын нәрсенің бағасына тең қосындыны (санның екі ғана емес, үш қосылғыштан тұруы мүмкін) табатын сатып алушылар және "сатып алушылармен" орындалатын тапсырманың дұрыстығын бақылаушы "сатушылар" рольдерін ойнайды. Осы ойын кезіндегі басты мәселе санды есептеу ғана емес, сондай – ақ баланың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру болатынын мұғалімнің есте ұстағаны дұрыс. Ойынның екі түрлі нұсқасын қарастырайық. Бірінші нұсқа: Ауызша жаттығуларды өткізу үшін "Ойыншықтар дүкені" құрастырылады. Бәрі сатушының ұсынған ойыншығын сатып алады. Ол үшін үлкен викторина шынылар ретінде бейнеленеді. Балалар сатып алатын ойыншығының бағасын жинақтайды. Ал сатушы оны қадағалайды. Кімде кім сатып алатын ойыншығының


99 бағасын дұрыс есептесе, сол сатып алушы ойыншықты алады. Мұнда ойынды өткізуге жіберілетін уақыттың жинақы болуына басты назар аударылғаны жөн. Екінші нұсқа: Әркім өзі қалаған ойыншығын сатып алады. Бұл кезде дүкеннің сатылатын ойыншықтары көп, бірнеше бөлімшесі болады. Есептеу дағдысы жақсы қалыптасқан балалар сатушы ролін атқарады. Балалар сол бөлімдерге кіріп, қалаған ойыншықтарын сатып алады, бұл ретте көп уақыт кетеді. Мұғалім үшін қрастыруы бойынша ең қиыны түрлі ойын сабақтарымен саяхат сабақтары болып табылады. Мұндай сабақтарды ұйымдастыру, мұғалімнен бүкіл оқу материалдарын бір тұтас тақырыпқа, бір мақсатқа бағындыруды талап етеді. Сабақтың осындай түрлері қызықты келеді. Ойын баларға сол өтетін сан өлшем мөлшерін аспайды. Және өтілетін сабақ тақырыптан ауытқымайды. Ол оқытудың мотивациялық негізін дамытады. Кәдімгі санамақ таяқшаларын алып, нәрселер, әріптер, сандар, математикалық белгілер, гоометриялық кескіндер, бейнеленген суреттер мен таблицаларды пайдаланып ойын сабақтарын өткізуге болады. Санамақ таяқшаларын алып, оларды әртүрлі етіп құрамалай отырып, балалар "аз", "көп", "сонша" секілді мөлшерге қатысты және "оң", "сол", "жоғары", "төмен", "аралық" сияқты кеңістікке байланысты математикалық ұғымдарды біршама терең түсіне алады. Осыған орай математика сабақтарында 1-ші сынып оқушыларына келесі тапсырмаларды ұсынуға болады. Тапсырма: Таяқшаларды пайдаланып, 1- суретте кескінделген нәрселерді кескіндеуге болады. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 А Ц Х Г Е Н М + - > < Бұл кескіндерді мұғалім балаларда нәрселердің жалпы түрлері, ұқсастықтары, кеңістікте өзара орналасулары туралы түсінік қалыптастыру мақсатында пайдаланады. Бұл есептер оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырып, ұқыптылыққа, жинақылыққа, алғырлыққа, сабаққа белсенділігін арттырады. Мұғалім сабағын неғұрлым көрнекіліктеріді, таблицаларды пайдаланып, ізденушілікпен өтсе, соғұрлым оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенділігін тудырады.


Click to View FlipBook Version