The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Бастауыш сынып, посл (3) (1)

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Фатима Алтаева, 2024-03-29 03:26:41

Бастауыш сынып, посл (3) (1)

Бастауыш сынып, посл (3) (1)

100 Дидактикалық материалдарда оқулық дәптерде берілген білім мазмұны мен ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, ұсынылған материалдар баланың өзін қоршаған ортадан алып, оның ұғымына жеңіл, түсінікті, жеткілікті қамтыған. Оқулық дәптердің құрылымы былай түзілген: -Жаңа ұғым, мағлұмат, түсінік беретін материалдар. -Жаттықтыратын тапсырмалар жүйесі. -Өздігінен орындалатын тапсырмалар жүйесі. -Қайталап білімді бекітуге берілетін тапсырмалар. -Салыстыру, толықтыруға берілетін тапсырмалар. -Құрастыруға берілген тапсырмалар. -Сурет салуға, бояуға берілген тапсырмалар. -Баланың белсенділігі мен қызығушылығын арттыратын ізденушілік, шығармашылық деңгейіндегі Тапқышбек, Қарындаш тапсырмалары. -Сондай – ақ оқлық дәптер бала ойын жетелейтін ізденушілік, шығармашылыққа баулитынматериалдар жеткілікті. Берілген тапсырмалар жүйесінің әртүрлілігі баланың үздіксіз дамуына ықпал етеді. Оқулық дәптердің мазмұнын, дидактика ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, ұсынылған баланың өзін қоршаған ортадан алынып оның үғымына жеңіл, түсінікті жеткілікті қамтылған. Сондай – ақ дәптердің мазмұнын салыстыру, теңестіру, толықтыру 1, 2 сандарының пайда болуы, 0 саны, геометриялық материалдар ауыр – жеңіл, сұйық және сусымалы заттарды шартты өлшеуіштермен өлшеу, уақыт өлшеуіштер, бүтінді тең бөліктерге бөлу, таөырыптары мен компютерлік сауатылыққа, дамытушылыққа, түрлі деңгейде берілген тапсырмалар жүйесімен ерекшеленеді. Матеметика оқулық дәптері интеграция ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, баланың біртұтас қабылдауына, құбылыстардың арасында ешқандай шекара жоқ екендігіне көз жеткізеді. Әдістемелік нұсқауда қарапайым математикалық түсініктерді балаға игерту керектігі, қай тапсырма қандай мақсатта берілгендігі, сабақты қалай ұйымдастырып, қандай әдіс – тәсілдерді пайдалану жолдары көрсетіледі. Тәуелсіздігіміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрьиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу – тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүкіндіктермен ресурстарды пайдалануды


101 көздейді. Дегенмен, оқу – тәрбие үрдісінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі әрекеті ойын десек, оқу – тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу таным әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойының мақсаты бағдарламада анықталған белгілі білім білік дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнын ашып береді. Бастауыш сыныпта 6 жастан бастап 12 жас аралығында танымдық іс-әрекетті белсенді дамытуға мүмкіндік бар. Жаңа білім жүйесіне көшудегі өзекті мәселенің бірі-оқыту технологиясын жетілдіру. Оны ізгілендіру және демократияландыру педагогикалықпсихологиялық тұрғыдан сауатты оқушы тәрбиелеу баршаның ортақ ісі. А.Х.Аренова, бастауыш сынып оқушыларының танымдық ісәрекетін қалыптастыру бұл оқу әрекетінің субъектілері ұстаз бен оқушының бір-бірімен қарым –қатынасының бірлігін дәлелдейтін күрделі тұлғалық құрылым, деп анықтама берген. Жаңа оқу технологиясында танымдық іс-әрекетті қалыптастыру басым. Әсіресе математика пәнінде оқушылар үнемі білімділік жаттығуларға ұқсас типтес есептер шығарумен айналысады. Мұндай жаттығулар орындау бір шешім іздеу оны өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Танымдық іс –әрекетті қалыптастыратын жаттығулар оқушының шығармашылық шыңына жетуге көмектеседі. Баланың танымдық іс-әрекетін дамытуды ерте бастан қолға алған жөн. Баланы жүйелі тұрақты ұйымдастырылған танымдық ісәрекеттерін дамытатын тапсырмалармен ойлау мүмкіндігін ең жоғарғы деңгейге жетілдіру керек. Ол күнделікті сабақта біртіндеп жоғарылайтындай болған жөн. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана баланың танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Танымдық іс-әрекетті қалыптастырудағы ең негізгі шарт баланың өзіндік ойлауына еркіндігі болуы. Ол баланың тапсырманы орындауына қызығушылығын арттырады. Баланың өз ойымен қиындықты жеңе білуіне, жаңалық ашуына жағдай жасаған жөн.


102 Бүгінгі күнде оқытудың жаңа технологиялары балалардың танымдық іс- әрекетін дамыту негізінде білім беруді көздейді. Бұл оқушылардың ойлауын, қиялын,белсенділік әрекетінің дамуына көп көңіл бөледі. Бұл оқушыны математика пәніне терең даярлауда оның жеке тұлға болып қалыптасуына ойлау әрекетін дамытып, белсенділігін жетілдіріп, пәнге деген икемділігін,қызығушылығын арттырады. Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін дамытуда ұстаздар алдына мынадай шарттар қойылады: Қызығушылығын дамыту шарттары: Интеллектуалдық өсуіне жағдай туғызу: Танымдық іс-әрекеттері бар сабақтар ұйымдастыру; Өзіндік таным мен зерттеу дағдыларының қалыптасуына ықпал ету; Оқушылардың бастамалары мен өзіндік жұмыс істеулеріне қолдау көрсету немесе мақтау,мадақтау; Логикалық ойлауды дамыту шарттары: Еркін ойлауға жол ашу; Жұмыс істеу барысында оқушының зейінін тұрақтандырып,логикалық ойға шоғырландыру; Қиял-әрекетіне еркіндік бере отырып қолдану; Логикалық ойлау әрекетіне бағыт-бағдар беру; Белсенділікті дамыту шарттары; Әр оқушының еркін дамуына жағдай жасау; Әр оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсету; Білім беру үрдісінің ерекше формалары мен білім берудің мазмұнын өзгертетін жұмыстарды іске асыру ( топтық, жеке, жұппен) Танымдық іс-әрекет белсенділігі проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруге,өзіндік жұмыс ұйымдастыруда жүзеге асады. Оқушылардың өздігінен игерген білімі негізінде пікір алысады,жеке фактілер мен бақылаудан ой тұжырымдауға,талқылауға,өз бетімен шешім қабылдау жолдарын,әдіс-тәсілдерін қарастырады. Танымдық ісәрекеттерін дамытатын жаттығуларды математика пәнінде терең меңгертіп,оны жетілдіру әр ұстаздың шығармашылық ізденісіне байланысты. Математика сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін дамытатын жаттығулар. Таңертеңгі сағат 9-да балық аулауға барған бала кешкі 8-де қайтіп келеді.Бала балық аулауға қанша уақыт жіберген?


103 Қыста үйде тұрған екі жылқыға 20 кг жем осындай мөлшермен беріледі. Осындай мөлшермен 7 сиырға қанша килограмм жем беріледі? Ажардың ағасы әрқайсысы 3 кг болатын 3 шортан балығын алып келді. Ол барлығы неше килограмм балық әкелді? Диастың анасы әрқайсысы 6 килограммнан 18кг табан балық әкелді. Ол неше балық әкелді? Алты –жеті айлық әр ботаға күніне орта есеппен 6 кг пішен беріледі. Күніне 3 ботаға неше килограмм пішен беріледі? Бір жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі? Атыраудан Қарағандыға дейін поезбен 24 сағатта,ал ұшақпен одан 6 сағат бұрын жетуге болады. Автобус неше сағат жүреді? Шұғыланың апасы 18кг бірінші сортты, одан 16 килограмм артық жоғары сортты ұн сатып алды. Шұғыланың апасы барлығы неше килограмм ұн сатып алды? Қатарды жалғастыр: 2,4,6,8,.... 1,3,5,7,...... 1,10,100,1000,..... 1,2,4,8,...... Мына теңдіктерге бір таяқша дұрыс қойылмаған. Қатесін түзе. ХІІ+ІХ =ІІ IV-V=I Х= VII= III X+X=I VI-VII=XI VI-I+V=II Мына сандарды цифрмен жаз. 67 мың.........., 18млн.........., 98млрд............... 45млн............, 8мың..........., 2млрд.........., 756мың................, 802 Разрядтық қосылғыштар түрінде жіктеп жаз. 674 5467 22410 463004 506789


104 Әр сіріңкенің шиінің ұзындығы 4см 5мм. 15 сіріңкенің шиінен метр сөзін қалай шығаруға болады? Барлығы неше тік төртбұрыш және не үшбұрыш бар? 1 «б» сыныбында 27 бала бар. Ұлдардың қыздардан 3-еуі артық. Сыныпта неше қыз бала бар? Жандос 7 дәптер сатып алды. Егер бір дәптер 5 теңге тұрса,ол барлық дәптерге қанша төлеген? Дүкенге әрқайсысы 4 адамнан 5 машина келді. Дүкенге барлығы неше адам келді? Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттің нәтижесі олардың білімді өз бетінше талдап және бір жүйеге келтіре алатын тапсырмаларды орындауы болып табылады.. 2.5. Бастауыш сынып оқушыларың оқу – танымдық ісәрекеттерін дүниетану сабағында дамыту Бастауыш сынып оқушыларына дүниетануды оқытудағы міндет — олардың түсініктерін кеңейтіп, ұғымдарын қалыптастыруда күнделікті жүйелі жұмыс жүргізу. Бұл жағдайда білімді игерудің бірінші кезеңі жеке табиғат құбылыстарын немесе деректерін қабылдау болып табылады. Қабылдау оқушының сенімі арқылы жүзеге асып, танымға ұласады. Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Оқушы бойында дүниетанымды қалыптастыруда адам , қоғам, табиғат туралы білімдер негізгі тірек болады. Адам – қоғам- табиғат арасындағы байланысты және олардың үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып , түсінуі , тануы тиіс. Дүниетану – «дүние» және « тану» деп аталатын екі бөліктен тұрады . Алдымен нені танып – білу керектігін анықтауымыз керек. Сол дүниені танып –білу әдістерімен оларды қаруландыру жолын іздестіріп , тиімді әдіс –тәсілдерін қолдануға тоқталмақпын. Жаратылыстану және дүниетану пәндерінен сабақ берудің әдістемелік негізін салушы Ресей ғалымы Александр Яковлевич Герд «Адамзат барлық нақтылы шынайы білімді оқу арқылы емес


105 бақылаулар, салыстырулар және тәжірибелер арқылы игереді, сондықтан дүниетануда осы үш әдіс құдіретт і» деп атап көрсетті. Бұл әдістер дүниетануды меңгертудің негізі болып қала береді.Жеке тоқталсақ : Бақылау жасау әдісі — біріншіден ,оқушы бойында қоршаған дүниеден нақтылы және бейнелі түсініктер мен ұғымдар қалыптастыруға, соның негізінде бастауыш класс оқушыларының шығармашылық ойлау әрекетін, ауызша және жазбаша сөзін дамытуға мүмкіндік береді Екіншіден табиғи құбылыстардың үздіксіз өзгеруі мен дамуына , табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен заңдылығына , дүниенің біртұтастығына балалардың көзін жеткізеді. Үшіншіден оқушының бақылағыштық,байқағыштық қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік береді, ол зейін тұрақтылығын тәрбиелеп, шығармашылық , танымдық қабілетін арттырады. Сабақта бақылауды іскерлікпен ұйымдастырып, әдістемелік жағынан дұрыс қолдана білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты . Бақылау әдісін сабақта қолдануда төмендегідей жүйені қолданамын. 1 Бақылау өткізуге сай оқу материалдарын іріктеу. 2. Оқушыларды бақылау өткізуге дайындау. 3. Сабақта бақылауға қажетті қарапайым түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру. 4. Бақылаудың мақсатын айқын қоя білу. 5. Күн ілгері бақылауға қажетті тапсырмалар әзірлеп , балаларға тапсырмалар беру. 6. Қажетті жабдықтарды дайындау. 7. Бақылау нәтежелерін жазу, қорытындылар шығару. Бақылау әдісі — өткізілу уақытына қарай бірнеше кезеңдерге бөлініп өткізіледі . 1.Мұғалімнің басшылығымен бақылау. (Оқушылар айналадағы табиғатты бақылауға әлі дағдыланбаған, ондағы өзгерістерді белгілеп алуды әлі білмейтін кезде , көбірек бірінші сыныпта өткізіледі). 2.Жүйелі түрде қысқа мерзімдік уақытша бақылау. (Оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша серуендеу кезінде не табиғат аясында болғанда белгілі бір мезгілде бақылайды Мысалы: жыл мезгіліндегі өсімдіктер өзгерісі). 3.Өздігінен ұзақ уақыттық бақылау (Мысалы: белгілі бір өсімдіктің өсуі, өнуі, көбеюі, тұқымы , жеміс беруі, қурауы. Көктемде,


106 жазда, күзде, қыстағы өзгерістері . Немесе көжектің әр ай сайын өзгеруі). Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін арттыру үшін қолданылатын негізгі әдістің бірі- салыстыру. Өз кезінде Константин Дмитриевич Ушинский « Салыстыру кез келген ұғымның және кез келген ойлаудың негізі болып табылады» деген болатын. Мысалы: Қылқан жапырақты және жапырақты ағаштарды салыстырғанда бірінші- жалпы белгілерін, тамыры, бұтағы, діңі, жапырағын салыстырады. Негізгі айырмашылығы жапырақтарында екендігіне көңіл бөлінеді.. Қылқан жапырақты ағаштың жапырағы қылқан түрінде болатындығы жайлы қорытындыға келеді. Салыстырудағы маңызды қадам – оқушылардың заттың ең маңызды белгілерін айыра білуі болып табылады. Қазіргі кезде салыстырудың тірек сызбалық түрлері кеңінен қолданылады. Мысалы: Венн диаграммасы арқылы салыстыру. Бұнда кез-келген екі зат салыстырылып, олардың ұқсастығы ортаңғы диаграммаға жазылып, айырмашылықтары екі шеткі диаграммаға жазылып, салыстырылады. Венн көрсетуі. Мысалы: Тұқым және жеміс тақырыбын өткенде жемістерді салыстыру. ортақ Жеміс, Сары, өседі …т.б. Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін арттыру үшін қолданылатын негізгі әдістің бір-тәжірибе. Оқушыларға табиғат обьектілерінің қасиеттерін, табиғат құбылыстарының мәнін таныстыру қажет болған жағдайларда тәжірибелер жасаудың үлкен танымдық мәні бар. Дүниетану сабақтарында өткізілетін тәжірибелер кейбір табиғи құбылыстарды класс жағдайларында қолдан қайта жасауға мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалардың қасиеттерімен, сүзу арқылы суды тазартумен, топырақ қасиеттерімен, тұқымның өнуін бақылаумен т.б материалдармен танысу үшін тәжірибелер жасау қажет. Тәжірибелер мұғалімнің көрсетуімен немесе оқушылардың жаппай қатысуымен өткізіледі. Мұғалім тәжірибе жасау үшін төмендегідей дайындық жұмыстарын жүргізеді. 1 .Тәжірибеге қажетті құралдарды дайындау 1. Тәжірибеге қажетті материалдарды іріктеу


107 2. Мұғалім күні бұрын тәжірибені бастан аяқ толық өткізіп байқауы керек . 3. Тәжірибе өткізу кезінде оқушылардың өзін қалай ұстау керектігі жөнінде қауіпсіздік ережелерімен таныстырады . 2. Тәжірибе өткізу мақсаттары мен міндеттерін хабарлайды. 1. Тәжірибенің міндетін шешетін сұрақтарды алдын ала тақтаға жазып қояды. Егер тәжірибе отпен, қышқылмен жүргізілетін болса немесе балалардың орындауы үшін қиын болса, мұғалім өзі тәжірибені жасап көрсетеді. Мұғалім мұндай жағдайда қажетті приборларды балалардың барлығы тәжірибенің барысын көре алатындай етіп, мұғалімнің үстеліне немесе тәжірибелер өткізуге арналған арнайы тұғырға жайғастырады. Жаппай тәжірибе өткізген кезде кезекшілер оқушыларға тәжірибе өткізуге қажетті жабдықтар мен заттарды таратып береді. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен тәжірибені орындайды, соңында оқушылар алынған нәтижелерді талдап, тиісті қорытындылар жасайды. Тәжірибені көрсеткенде немесе жаппай тәжірибе жасау кезінде асықпау керек, барлығын ұқыптылықпен тексеріп, оқушыларға табиғи құбылысты қайта жасау кезіндегі жүйелілікті анықтап түсіндірген дұрыс. Сұрақтарға жауаптар алып, қорытынды шығарып, әңгіме өткізу қажет. Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың осы әдістері- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдайды. Оқушылардың шығармашылығын шыңдап, танымдылық қабілеттерін қалыптастырып, дүниетанымын кеңейтетін бұл әдістерді жүзеге асыру үшін «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиялар мен «Дамыта оқыту», «Топтық оқыту» технологияларын қолдануды тиімді деп есептеймін. және осы технология, стратегияларды сабақ өткізуде жиі қолданамын. Оқушылардың дүниетануға деген ынтасын арттырып, оны дамыту көптеген әдістемелік жұмыстардың нәтежесінде ғана іске асады. Соның ішінде сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз ететін тағы бір әдіс – дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны оқушыларды жан-жақты тәрбиелейтін, оқытатын, шығармашылық белсенділігін арттыратын құралдың бірі деуге болады. Ойын оқушының ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, өтілген тақырыптарды саналы меңгеруге үлкен


108 әсер етеді. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланысты жүргізілгенде дұрыс нәтеже береді. Тақырыпқа сай жүргізілген ойын түрлері, әсіресе, экологиялық, тәрбиелік,табиғатқа шын жанашырлық элементтері болуы оқушының шығармашылық белсенділігін арттыра отырып дүниетануға деген сүйіспеншілігін дамытады.Мұғалім өтілетін тақырыпқа сай ойын түрлерін дұрыс таңдап алуы қажет. Оқушы ойын тәртібін дұрыс меңгерген болса, ойынды бар ынтасымен орындап алған білімін көрсете алады.Білім көрсету дегеніміз – оқушыны қуанышқа бөлейтін, білімнің қажеттілікке айналуы. Дүниетанудан сабақ беру барысында әрбір әдістерді тақырыптың мазмұнына, оқушылардың жалпы дамуына және мұғалімнің өз шеберлігіне сәйкестендіре отырып, пайдалана білуі қажет. Қолданылатын тәсілдің әр қайсысы оқушылардың білімді тиімді игеруіне барынша жәрдемдесе алатындай болуын қадағалау қажет. Оқылатын материалды меңгеруде оқушының қызығушылығын туғызып, танымын кеңейтетін әдістерді қолдана білген жөн. Сондықтан да оқыту жоспарын жобалағанда шәкірттің мүмкіндіктері мен мүдделерін бірлікте қарастыру шарт. Өйткені әрбір тұлға өзінше ойлағысы келетіні, жастық жалынымен бұла күші ізденіске бейім болатындығы ақиқат ,олай болса оқушының шығармашылық қабілетін оятып , оларды өзіндік тұрғыда ойланып әрекеттене білуге баулу, оқудағы белсенділікті көтерудегі тиімділікті арттырып, оның жетіле түсуіне ,білім, білік, дағдысының молаюына ықпал ететін әдістәсілді тиімді қолдану мұғалімнің басты мақсаты.


109 ҚОРЫТЫНДЫ Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» әр баланың жеке қабілетіне қарай танымдық қабілетінің дамуы жеке адамның патриоттық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін дамыту мәселелері мемлекеттік білім саясатының басты ұстанымы екендігі көрсетілген. Осыған орай білім беруді ізгілендіру барысында жеке тұлғаны дамыту, өзіне сенімді, танымдық қабілеті, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат тәрбиелеуде дүниетану пәнінің алатын орны ерекше. Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын дәстүрлі және жаңа технология арқылы оқытудың жаңа бағыты анықталды. Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын дамытуда интерактивті оқыту әдістерін жаңа педагогикалық технологияларға сәйкес ғылыми әдістемелік ұсыныстар тәжірибеге ендіріліп, мүмкіндіктері айқындала бастады. Бастауыш сынып оқушыларының сынып ерекшеліктеріне қарай өтетін сабақ мақсаттары мен міндеттері бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын жетілдіруде жоғары орын алды. «Таным» білім беру аймағын іске асыруда негіз бола алады. Балалардың танымдық процестерін зерттей отырып, баланы дамыту шараларын мақсатты түрде жүзеге асыру арқылы мектепалды даярлық сыныпта оқу – тәрбие үрдісін жүйелі түрде ұйымдастыруға, жоғарыда аталған мақсатқа қол жеткізуге болады. Сабақта ол мұғалімнің пікірін байқап, қадағалап отыруы және ізінше сәйкес қорытынды жасай білуі қажет. Егер балада құбылыстардың байланыстары мен қатыныстарын жалпыланған түрде анықтай алатын ойлау іс-әрекеті қалыптасса, осылардың бәрі қамтамасыз етіледі. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім тарапынан ұйымдастырушылық пен дұрыс басшылық және оған оқушылардың өздері белсенділік танытпағы ләзім. Ал оқушылардың жеке басының дамуына белсенді болуы үшін оны қажетсінуі, ізденуі, бағдарлай білуі, зерттеу біліктері болуы қажет. Бұл жерде оқушылардың қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етудің, сол жолда ізденісін, талабын ұштап, білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Қорыта айтқанда, мектепке психологиялық даярлық балаға сынып ұжымына енуге, ондағы өз орнын табуға, ортақ іс-әрекетке қосылуға көмектесетін оның тұлғалық сапаларын қамтиды.


110 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. https://moluch.ru/archive/88/17451/ 2. https://bilimger.kz/133196/ 3. Мухаммад ибн Муса аль-Хорезми. Астрономические трактаты. - Ташкент: ФАН, 1983.-143 с. 4.https://www.referat911.ru/Pedagogika/balalardy-ou-tanymdy-srekettern/409091-2944589-place1.html 5. Аль-Фараби. Әлеуметтік-этникалық трактаттар.-Алматы.; Ғылым 1975. -211 б. 6. Әлкей Марғұлан шығармалары, Бірінші том, «АЛАТАУ» Баспа-полиграфиялық корпорациясы Алматы – 2007, 143б, 361б 7. Бартольд В.В.Собр.соч.М.,т-ІІ,ч І , стр 814 8. Радлов В.В. Квопросу об уйгурах СПб, 1893, с 126-128 9. Гумилев Л.Н. Хундар, Қазақстан 1998, 528б 10. Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. / Құрастырған: Шәріпов Ә., Дәутов С. - Алматы.: Жазушы, 1989. -319 6. 11. Жұмабаев М. Педагогика. -Алматы.: Ана тілі, 1992.- 160 б. 12. Махмутов М.И. Проблемное обучение. Основные вопросы.- М.; Педагогика, 1975. 368 стр. 13.Спиркин А.Г. Фтлософия:Учебник - М.2001, 816с 14.Леонтьев А.Н Избронное психологическое произведение в 2-х томах Т.1.М. 1983. Лернер И.Я Проблемное обучение - М 1974. 15. Выготский Л.С. Избронные психологические исследования, М. 1956 16. Құнанбаев А. Қара сөздері. - Алматы. 1993. - 92 б. 17. Теплов Б.М Проблемы индивидное различий М, 1961. 18. Рубинштейн С.Л Принципы и рути развитя психологи М, 1959. 19. Шукина Г.И. Роль деятельности в учебном процессе.М.: Педагогика, 1996-182 стр. 20. Шамова Т.И. К вопросом о методах преподования и учения // Сов.педагогика – 1971-№1-с 40-50. 21. Лысенкова С.Н. Методом опережающего обучения: КН. для учителя из опыта работы. –М.: Просвещение, 1988-192 стр. 22. Абылкасымова А.Е. Формирование позновательной самостоятельности студентов-математиков к системе методической подготовке в университете: Автореф.докт.пед.наук. –Алматы, 1995.


111 23. Сабыров Т.С. Оқушы жастардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолданудағы мұғалімдерді даярлаудың теориялық негіздері. П.ғ.д. … дисс.-Алматы, 1996.-80 бет. 24. Қараев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения: Автореф. …докт.пед.наук. 13.00.01-Алматы 1994.-56 стр. 25. Бейсембаева А.А. Гуманизация образования старше класников на основе межпредметных связей: Автореф.дисс. … докт.пед.наук. Алматы 1993. 26. Дарханов Н.А. Педагогические условия активизации познавательной деятельности учащихся (на материале школ одаренных детей): дисс кан. пед. наук. - Алматы, 2000 27. Сарыбеков М.Н. Теория и практика подготовки будущих учителей. Дисс. докт. пед. наук. -Тараз, 1998. 28.Философиялық сөздік. -// Редкол., Р.Н.Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Ақмамбетов, Ж.М.Әбділдин ж.б. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» - 1996ж. 29. Жарықбаев Қ. Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі // Алматы, «Санат» 1995. 30. Қазыбаев С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. // Алматы, 1990. 31. Жарықбаев Қ. Психология. –Алматы, 1982. 32. Жұмабаев М. «Педагогика».-Алматы: «Ана тілі», 1992ж. 33. Давыдов В.В. Проблемы разивающего обучения.-М.; 1986-стр 240. 34. Қазақ тілін оқыту методикасы // Ред: Әуелбаев Ш.-Алматы, 1887ж. 35. Қоянбаев Р.М, Ыбыраимжанов Қ.Т. Педагогикалық сөздік. Түркістан – 2006ж.


112 МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ......................................................................................3 1.БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 1.1.Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың қоғам үшін маңызы...........5 1.2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестерін зерттеу....................................................................8 2.БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ 2.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін дамыту арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру.................................................................18 2.2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетінің құрылымы............................................................27 2.3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін қазақ – тілі пәнінде дамыту жолдары................44 2.4 Бастауыш сынып оқушыларың оқу-танымдық іс-әрекеттерін математика сабағында дамыту тәсілдері........91 2.5. Бастауыш сынып оқушыларың оқу-танымдық іс-әрекеттерін дүниетану сабағында дамыту........................102 ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................107 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................108


111 Құрастырғандар: Султаналиева Жанна Кудайбергеновна, Жанибекова Арайлым Асилхановна, Якупова Салтанат Нурлановна БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ШАРТТАРЫ Оқу-әдістемелік құрал Басуға 27.03.2024ж. қол қойылды. Қалыбы А4. Қаріп түрі «Таймс». Ризографиялық басылым. Көлемі 7,0 шартты баспа табақ. Таралымы дана. «Нұрлы Бейне» баспасында басылды. Тапсырыс №2703. Шымкент қаласы, А. Байтұрсынов көшесі, 15 «Б» e-mail: [email protected] +7 701 77 97 167; 8 (7252) 50 16 21 +7 775 389 18 28: +7 771 144 46 30.


112


Click to View FlipBook Version