1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТІҢ ТАБИҒАТЫ Орта және кәсіптік білім беретін оқу орындарына арналған оқу құралы 2022 жыл
2 УДК 811.512.122 ББК 81.2 Қаз-922 Қ 17 №133 жалпы орта білім беретін мектептің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланып, басылымға ұсынылды. №5 хаттама «27» желтоқсан 2022 ж. Пікір жазғандар: Омар Б. – филология ғылымдарының кандидаты, ОҚПУ филология факультетінің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының доценті. Жақып Г.Х. – №133 жалпы орта білім беретін мектебі Қазақ тілі және әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Құрастырғандар: Есимбекова А.Д., Жолдасова Б.А., Мусапирова Б.Б., Алтаева Ұ.А. Қ 17 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТІҢ ТАБИҒАТЫ: Орта және кәсіптік білім беретін оқу орындарына арналған оқу құралы / Құраст.: Есимбекова А.Д., Жолдасова Б.А., Мусапирова Б.Б., Алтаева Ұ.А. - Алматы, 2022. - 111 бет. ISBN 978-601-7133-34-4 Оқу құралы орта және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы оқитын оқушыларға арналған, оқу жұмыс жоспарының талаптарына сәйкес құрастырылған. Бұл оқу құралында қазақ тіліндегі көмекші етістіктің табиғаты кеңінен ашылып, болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне көп көңіл бөлінген. Бұл оқу құралы оқушылар мен студенттер үшін тиімді қосымша оқулық ретінде ұсынылып отыр. УДК 811.512.122 ББК 81.2 Қаз-922 ISBN 978-601-7133-34-4 © Есимбекова А.Д., Жолдасова Б.А., Мусапирова Б.Б., Алтаева Ұ.А., 2022
3 КІРІСПЕ Сөз таптарының ішінде етістіктің атқаратын қызметі өте ауқымды, сан-салалы. Етістік қарым-қатынас жасаудың, сөйлемнің ұйытқысы. Қазақ тіл білімінде етістік категориясы жан-жақты зерттелген деуге болады. Біздің зерттеу нысанына алып отырған көмекші етістіктер тобы да біршама зерттеулерге арқау болған. Дегенмен, көмекші етістіктер табиғатын тануда, оны меңгеру мен меңгертуде қиындық туғызатын мәселелер де баршылық. Соның бірі деп көмекші етістіктердің аналитикалық етістік құрамындағықызметі мен сан түрлі грамматикалық семантикасын айтуға болады.Ғылыми зерттеу жұмысын жазу барысында көмекші етістіктер жайлы зерттеулер жүргізген Н. Сауранбаев, А.Ысқақов, Ы.Маманов, Н.Оралбай, М.Оразов, А.Алтаева, Ж.Масалиева, М.Жолшаева т.б. ғалымдардың еңбектері негізге алынды. Қазақ тіліндегі көмекші етістіктер көмекші сөздер тобындағы функционалді көмекшілерге жатады. Бірде толық мағыналы етістік қызметінде қолданылса, бірде көмекші сөз қызметінде жұмсалатын мұндай етістіктер жалпы етістік тобында үлкен орын алады. Көмекші етістіктер өзінің лексикалық мағынасынан кейде жартылай, кейде бүтіндей айырылып, өзі тіркескен негізгі етістікке әр түрлі грамматикалық семантика үстейді, негізгі етістікпен қосылып оның грамматтикалық сипатын, атап айтқанда, амал-әрекеттің орындалуының мезгіл-мезетін, шалағайлығын, созалаңдығын, асығыстығы мен жайбарақаттығын, қайталануын, сылбырлығы мен ширақтығын, созылыңқылығын, тосындығын т.б. көптеген мағыналық реңкті , яғни аспектуалды семантиканы білдіреді. Қазақ тіл біліміндеграмматикалық семантика мәселесі көп зерттелмеген. Сондықтан етістік категориялары, соның ішінде көмекші етістік табиғаты, оның аналитикалық етістік, аналитикалық формант құрамындағы мағыналық реңктері, амал-әрекеттің орындалу, өту сипатын білдірудегі көмекші етістіктің қызметін, грамматикалық семантикасынсаралау ғылыми жобаның өзектілігі деуге болады. Бүгінгі таңда аналитикалық форманттармен берілетін амалдың өту сипатын кең ауқымда қарастыру, әсіресе аспектуалды семантиканың, негізінен
4 аналитикалық форманттар арқылы берілетінін зерделеу қажеттілігі де туып отыр. Біз аталған жұмысымызда М.Әуезовтің «Абай жолы» романэпопеясынантақырыпқа сай іріктеліп алынған жүзге тарта көмекші етістікті аналитикалық форманттардың грамматикалық (аспектуалды) семантикасын ажыратуға талпыныс жасадық. Қазақ тіліндегі көмекші етістіктердің аналитикалық етістік құрамындағы қызметі мен бай грамматикалық семантикасын аналитикалық форманттар аясында қарастыру, көмекші етістікті аналитикалық форманттар арқылы берілетін әр түрлі мағыналық иірімдерді, нәзік мағыналық реңктерді ажырату мақсаты қойылды. Аталған мақсатқа жету үшін мына міндеттерді жүзеге асыру көзделді: - түркітанымда және қазақ тіл білімінде көмекші етістіктер табиғатын терең түсініп, түйсіну үшін зерттеуші-ғалымдар еңбектерімен танысып, керек жерлерін пайдалану; -көмекші етістіктердің тілдегі орны мен оның қалыптасу кезеңдерін зерттеушілер еңбектерімен таныса отырып бағамдау; - көмекші етістіктерді топ-топқа бөліп қарастырған еңбектерді саралау; - көмекші етістіктердің дербес мағыналы етістікпен тіркесу барысында аспектуалды семантика жасайтын мүмкіндігін және түрлену ерекшелігін айқындау; - көмекші етістіктің аналитикалық етістік құрамындағы қызметін көрсету; -көмекші етістікті аналитикалық форманттардың грамматикалық семантикасын , демек аспектуалдығын ажырату; -көмекші етістіктің аналитикалық формант құрамындағы грамматикалық семантикасын М.Әуезовтің «Абай жолы» романэпопеясынан іріктеп алынған мысалдармен дәйектеу.
5 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТІҢ ТАБИҒАТЫ 1.1 Көмекші етістіктің танылуы, зерттелу аясы, оның тілдегі орны Етістік – сөз таптарының ішіндегі грамматикалық мағынаға ең бай, ең күрделі, әрі көлемдіжәне атқаратын қызметі жағынан ұшан-теңіз сөз табы.Етістік жүйесіндегі грамматикалық семантикаға өте бай және зерттеугесұранып тұрған мәселелері мол бір топ етістік бар. Ол – көмекші етістіктер. Көмекші етістіктерге қатысты барлық мәселе түгел шешілді дей алмаймыз, бұл тақырып ғалымдар тарапынан әр қырынан, түрлі бағыттазерттелуүстінде. Етістік қарым-қатынас жасаудың, сөйлемнің ұйытқысы болғандықтан грамматикалық категорияға өте бай.Тілге тиек болып отырған көмекші етістіктер морфология аясында біршама зерттелді. Бір ғана морфологиялық аспектінің өзі көмекші етістіктерді түрлі бағыттарда жүйелеп қарастырады. Атап айтсақ, олардың мағынасы (лексикалық, грамматикалық) және тұлғалық ерекшелігі өз алдына, сондай-ақ вид (көрініс, кейде сипат) категориясының көрсеткіші ретінде, ал кейде күрделі етістіктің екінші сыңары ретінде және аналитикалық формалармен байланысты зерттеледі. Осы тұста кейбір даулы пікірлер де кездесіп қалады. Қимылдың өзгеріске түсу процесі – бірден жасалуы, баяу өтуі, созылыңқы, үдемелі, дүркінді, тездік сипаттары, жетімсіздігі мен немқұрайлы немесе ынтамен істелуі, әдейі жасалуы, басталуы мен аяқталу кезеңі белгілі уақыт ішінде орындалатындықтан уақытпен тығыз байланысты қаралады. Іс-әрекетке тән ерекшеліктерді көрсететін қимылдың өту сипаты категориясына қатысты аспектуалдылық термині де қолданылады. Оның шығу тарихы аspect сөзімен байланысты. XIX ғасырдың 30 жылдары пайда болған аspect сөзін алғаш қолданған Рейф деген ғалым оны орыс тіліндегі «вид» (лат. аspektus) терминіне балама ретінде алады. Семантикалық категорияның белгілі бір грамматикалық категорияға (міндетті емес) негізделетіндігін ескерсек, орыс тілінде қимылдың өтуін сипаттайтын категория етістіктің грамматикалық вид категориясын тірек етеді, ал семантикалық категорияның аспектуалдылықаталуын осымен байланыстырады ғалымдар. Бұл туралы деректерді
6 біз орыс ғалымдары Д.М.Насиловтің, А.Зализняк пен А.Д.Шмелевтің және осы тақырып төңірегінде арнайы еңбек жазған тілші ғалым М.С.Жолшаеваның еңбектерінен алдық. Етістік категориясын танып, оны меңгеру мен меңгерту барысында шешімі қиындық туғызатын мәселелер баршылық.Соның бірі – көмекші етістікке байланысты. Көмекші етістік табиғаты,әсіресе оның грамматикалық семантикасы мен аналитикалық етістік құрамындағы қызметі толық әрі түбегейлі зерттелді дей алмаймыз. Оның грамматикалық семантикасы мен түрлену жүйесіндегі, функционалді қызметіндегі зерттеуге сұранып тұрған мәселелер әлі де жеткілікті. Көмекші етістіктер тілдің көне дәуірлерінде толық мағыналы сөз болып,тілдің даму барысында тілдің ішкі заңдылықтарының әсерімен пайда болғандығы зерттеуші ғалымдар еңбектерінде сөз болады. Көмекші етістіктер етістіктің өзінен жасалған, көпшілігі өзінің дыбыстық құрамын сақтап,толық мағыналы қызметінде де,олардан грамматикалық даму нәтижесінде пайда болған көмекші етістік қызметінде де жұмсала береді.Сондықтан да көмекші етістіктер толық мағыналы етістіктер сияқты түрленіп,етістікке қатысты грамматикалық семантиканы білдіреді.Бір ескеретін жайт,толық мағыналы етістіктердің барлығы бірдей көмекші етістік қызметін атқара бермейді. Көмекші етістіктер белгілі бір грамматикалық қосымша жалғана келіп,оның мағынасына қалыптық,шақтық мән үстеп нақтылайды. Сөйтіп көмекші етістік өзінің қимыл-әрекетті тікелей білдіретін лексика-грамматикалық мағынасынан ауытқып, дерексіз грамматикалық мағынасында қолданылады; жетекші етістікке тіркесіп, сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқарады;жетекші етістік білдіретін қимыләрекетті нақтылайды;алуан түрлі нәзік грамматикалық мән үстейді. Көмекші етістік функционалді көмекшілер тобына жатады. Бірде толық мағыналы етістік қызметінде қолданылса,бірде көмекші сөз қызметінде жұмсалатын мұндай етістіктер жалпы етістік жүйесінде үлкен орын алады.Мысалы, мен жергеотырдым деген мысалдағы етістік отырдым не істедім? деген сұраққа жауап беріп,сөйлемнің дербес мүшесі қызметін атқарып, толық мағыналы сөз ретінде
7 қолданылып тұрса,мен университетке қарай жүріпотырдым деген сөйлемдегі отырдым етістігінде бірінші сөйлемдегідей отыру қимылы жоқ,мұндағы негізгі қимыл жүр етістігінде. Отыр етістігі көсемше тұлғалы жүр етістігінің жетегінде келіп,жүру қимылының созылыңқылығын білдіретіндей мән жамап тұр.Демек,көмекші етістіктер алдымен өзінің лексикалық мағынасынан айырылған,одан соң негізгі етістікпен тіркесіп бір мәнде қолданылған,сөйтіп өзі тіркескен негізгі етістікке қосымша реңк мәнін үстеп,оның грамматикалық сипатын айқындап тұр. Сонымен көмекші етістік деп өзінің лексикалық мағынасынан кейде жартылай, кейде бүтіндей айырылып,өзі тіркескен негізгі етістікке әр түрлі грамматикалық мағына үстеп,негізгі етістікпен қосылып оның грамматтикалық сипатын,атап айтқанда,мәнін,нәзік мағыналық реңкін,қызметін,түрленуін білдіретін етістікті айтамыз деген анықтамалар көптеген зерттеуші ғалымдар еңбегінде айтылады. Зерттеуші ғалымдар грамматикалық семантикасы өте бай көмекші етістіктіәр қырынан қарастырған. Көмекші етістіктер XІX ғасырда түркітанушы ғалымдар Н.И.Ильминскийдің, М.Терентьевтің, П.М.Мелиоранскийдің, М.А.Казамбектің еңбектерінде біршама талданып, оған көбінше күрделі етістік құрамында пікір айтқан.Сондай-ақ көмекші етістіктерді топтап,кейбір көмекші етістіктердің лексикалық мағынасынан айрылып көмекшілік қызметте жұмсалатындығын түсіндірген. Түркітаным тарихында көмекші сөздер аз зерттелмеген. Көмекші сөздердің ең жиі және өнімді қолданылатын бір тобы көмекші етістіктерге қазақ тілі өте бай. Қазақ тіліндегі көмекші етістіктер табиғаты морфологиялық бағытта біршама зерттелгенімен, оның аналитикалық етістік құрамындағы қызметі, бірде жетекші, бірде көмекші етістік болып жұмсалуы, сан түрлі семантикалық реңктерді білдіруі төңірегінде зерттеуге сұранып тұрған мәселелер баршылық. Көмекші сөз туралы әңгіме бола қалса,бірден оның не мағына жағынан олқылығы,не форма жағынан жетімсіздігі,не қызмет жағынан шалағайлығы бар екендігі туралы немесе осылардың бәрі бірдей оның басынан түгел табылатындай түсінік ойға келеді.Шындығында, көмекші етістіктердің саны аз болғанымен,тілімізде атқаратын қызметі орасан
8 зор. Олардың көмегі арқасында,мағыналары қаншалықты олқы бола тұрса да,мағынасы толық дербес сөз арқылы білдіре алмайтын неше алуан, өте нәзік семантикалық,грамматикалық абстракты мағыналар жасалып я беріліп отырады.Мысалы, шаршап кеттім және шаршап қалдым,итеріп жіберді және итеріп тастады,айта салдым және айта қойдым,жығылып кете жаздадым және жығылып қала жаздадыдеген етістіктердің бір-бірінен ерекшеленетін нәзік реңк мәндерін тек көмекші етістіктердің жетекші етістіктерге үстейтін мағыналарынан ғана ажырата аламыз. Кеңестік дәуірде көмекші етістіктерді көбіне көп күрделі етістіктер жүйесінде қарастыру елуінші жылдарға дейін созылды.Бұл кезеңдегі зерттеулерде күрделі етістік пен құранды етістікті бір бірінен ажырата алмау,аналитикалық формалы етістіктерді күрделі етістік деп қарастыру орын алды.1963 жылы өткен түркологиялық конференция барысында аналитикалық формалы етістікпен күрделі етістік туралы біршама толымды пікірлер айтылып,бұл екеуінің ара-жігі біршама айқындалды.Түркітанушы ғалымдар арасында көмекші етістіктерді аналитикалық форманттар құрамында алғаш рет кең көлемде зерттеген ғалым А.А.Юлдашев болатын. Алғашында ол етістіктердің сөзжасам тәсіліне көбірек тоқталса, «Аналитические формы глагола в тюркских языках» деген монографиясында ғалым аналитикалық етістік құрамындағы көмекші етістіктердің мағынасы мен қолдану ерекшеліктеріне терең талдау жасаған . Көмекші етістіктерді қазақ тіл білімінде алғаш сөз еткен А.Байтұрсынұлы көмекші етістіктерді құр көмекші, күй көмекші, е көмекші деп бөліп түсіндірді. Мысалы, құр көмекші (бармақ, алмақ т.б.), күй көмекші (жүрмек, тұрмақ т.б.) Ғалым құр көмекші етістіктерге мынадай анықтама береді: лексикалық мағынасы бар көсемшелі негізгі етістікпен тіркескен, алғашқы мағынасынан ажырап, көмекшілік қызметке ауысқанбармақ, алмақ, бермек, кетпек, көрмек, тастамақ, қоймақ етістіктер, – дейді де күй көмекші етістігіне амалдың қалып күйін көрсетеді деп жүрмек, тұрмақ, отырмақ, жатпақ етістіктерін, е көмекші етістігіне е көмекшісін атап түсіндіреді.
9 Профессор Құдайберген Жұбанов 1936 жылы жарық көрген «Заметки о вспомогательных и сложных глаголов» деген еңбегінде қазақ тілінде бірде жетекшілік, бірде көмекшілік мағына беретін, бірде негізгі ұғымда жұмсалатын етістіктерді ажырату қиындығын анықтау мақсатында ғылымға жүйелі ой тастайды. Қазақ тіліндегі күрделі етістіктер мәселесін шешу үшін ғалым сол күрделі етістік құрауға негіз болатын көмекші етістіктерді бірінші кезекте талдайды. Қ Жұбанов «түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде қимылдың жасалуы өте дәл суреттеледі, ол орыс тілінің вид категориясына ұқсайтын сияқты болып көрінеді, бірақ ол вид емес» деп жазған болатын. Ғалым сол кездің өзінде-ақ оның көрініс категориясы емес екенін дұрыс байқаған, бірақ оның қай категория екенін дәл айтқан жоқ болатын.Жұбановтың көмекші етістіктердің қимылдың басталуынан аяқталуына дейінгі аралықтағы іс - әрекеттің түрлі динамикалық ерекшелігі болатынын тап басып айтқан пікірі түркітануда жарты ширек ғасыр уақыттан кейін соң, ғалымдардың ұзақ кереғарлы пікірталасынан кейін ғана орнықты. Көп жылғы зерттеулер Қ. Жұбанов ескертіп кеткен орыс тіліндегі «вид» категориясымен шатастырмауға арналады. Ғалым атап көрсеткен ісәрекет, қимыл барысындағы көмекші етістіктер үстейтін түрлі мағыналық ерекшелігі қазақ тіл білімінде қимылдың өту сипаты категориясы болып қалыптасты.1967 жылғы академиялық грамматикада ол «сипат категориясы» деп аталып, қимылдың ішкі өту шегін білдіретін етістіктің формасы созылыңқыжәне аяқталған сыпатта болады, - деп түсіндірілді . Көмекші етістіктердің даму, қалыптасу жолы біркелкі емес. Көмекші етістіктің көмекшілік қызметке көшуінде және қалыптасуында бірнеше кезеңдерден өткені анық. Осы тұрғыда оларды алғашқы көмекші етістіктер және кейінгі көмекші етістіктер деп бөлу дәстүрі бар.Алғашқы көмекші етістіктер толық мағыналы етістіктердің дерексізденуі арқылы жасалып, күрделі етістік құрамында үнемі қайталанып, бірнеше күрделі етістікке ортақ компонент ретінде жиі қолданудың нәтижесінде дерексізденіп лексикалық мағынасынан айырылса (оқи алады, келе алады), көмекші етістіктен оның түбіріне қосымшалардың көнеруінен тілде жаңа грамматикалық мағынада
10 қалыптасқан көмекші етістіктер кейінгі көмекші етістіктерге (ет, еді, екен, емес) жатады. Күрделі етістіктің ортақ компоненті бірінші компонентпен белгілі қосымша арқылы байланысып, идиомаланған жаңа мағынаға ие болғандықтан, көмекші етістіктің мағынасы қосымшаның мағынасымен тығыз байланыста болады. Дербес етістікке жалғанған қосымша болмаса, оған тіркесіп тұрған көмекші етістік ешқандай мағына бермейді. Мысалы, Қабағын түйіп, екі көзі жалт етіп, жақтырмай қарағаны болмаса, Абай Майбасардай ағаға қатаң жауап айта алмады . Оспан екі аяғын тайдың қос қолтығына тығып ап, шалқалап жатып алды деген сөйлемдердегі айта алмады, жатып алды аналитикалық формалы етістіктер істі істеушінің айту, жату қимылын орындай алатын, не орындай алмайтын қабілеті, мүмкіндігі бар не жоқ екендігін көрсетеді. Бұл мүмкіндік мәні -а,-ал және-ып, -ал аналитикалық форманты арқылы беріліп тұр. Аталған мағынаны -а, және -ал; -ып және ал форманты жеке тұрып бере алмайды. Демек, көмекші етістіктің аналитикалық етістік құрамындағы қызметі де, мағынасы да, қолданылуы да, аналитикалық формантпен байланысты. Өткен ғасырдың орталарында түркі тілдерінде көмекші етістіктер әртүрлі бағытта зерттелінді. Бір топ ғалымдар, Ы.Маманов, А.Хожиев, С.Акбаров сынды ғалымдар көмекші етістіктерді жеке алып, олардың мағынасы мен тұлғалық ерекшелігін сөз етеді. Ал И.Ұйықбаев, А.И.Харисовтар көмекші етістіктерді сипат категориясымен байланысты қарастырса, А.А.Юлдашев, А.Ысқақов, Н.Оралбай, М.Оразов т.б. ғалымдар тарапынан көмекші етістіктер аналитикалық етістік құрамында аналитикалық формантпен байланыстыра зерттелінді. Көмекші етістіктерді топтастыру мәселесі М.Балақаевтың, С.Кеңесбаевтың, Н.Сауранбаевтың, А.Ысқақовтың, Ы.Мамановтың еңбектерінде де айтылған. Н.Сауранбаев көмекші етістіктерге арнайы тоқталмай, күрделі етістіктерді сипаттай келе, күрделі етістіктердің жасалуына үлкен әсер ететін – көмекші етістіктер екендігін түсіндіре келіп, қазақ тіліндегі көмекші етістіктердінағыз көмекшілер,шала көмекшілер,-деп екі топқа бөліп топтастырған. Нағыз көмекшілерге е,де,ет көмекшілері
11 жататынын, мағыналары өте белгісіз болуы себепті,олардың жеке қолданылмайтынынайтады. Нағыз көмекшілер басқа етістіктердің шылауында айтылып та,олардың белгілі бір амалын көрсетеді,болмаса күрделі есім сөзге етістік мәнін береді,-деп айтар едім,ғафу ет,жәрдем етт.бдеген мысалдармен түсіндірсе, шала көмекшілер деп – жеке тұрғанда белгілі мағынасы бар,сонымен қатар кейде келтірінді мағынадақолданылатынетістіктер. Оларға: бол,ал,қал, сал,бер,қой, жібер, кел, қара, көр, тұр,отыр, жатыр, жүр,баста,таста сияқты етістіктер жатады дейді. Мысалы, аман бол,көруге болады, жаза алады, айтып жіберді,жазып тастады,айта сал,ән сал,көріп кел т.б. Ы.Маманов көмекші етістіктерді мағынасына қарай мәнді және мәнсіз деп бөледі.Мәнді көмекші етістіктер деп өз алдына толық лексикалық мағына білдіретін, дербес сөйлем мүшесі бола алатын түбір етістік тұлғасындағы атауыш сөздерді айтса, мәнсіз көмекші етістік деп дербес қызмет атқара алмайтын, кейбіреулерінің лексикалық мағынасы жоқ, кейбіреулерінікі жартылай жоқ,толық мағыналы атауыш сөздермен тіркесіп, соның шылауында қолданылып,тіркескен сөзіне грамматикалық мағына үстейтін е, ет, жазда,де етістіктерін жатқызады . Көмекші етістіктердің грамматикалық сипатын, қолданылу аясы мен жетекші етістікке қосатын семантикалық үлесін және аналитикалық етістік құрамындағы қызметін саралап түсіндірген ғалым А.Ысқақовтың жоғары оқу орнына арналған морфология оқулығынан аналитикалық етістік, аналитикалық форма, аналитикалық формант, көмекші етістік пен аналитикалық формант, көмекші етістіктің түрлері және олардың аналитикалық етістік жасаудағы орны жайлы толық мағлұмат алуға болады .Ғалым аталған еңбегінде көмекші етістіктердің табиғатын, жанжақты қызметін талдай отырып, бұл грамматиканың әрі қызық, әрі қиын мәселесінің бірі екендігін, әсіресе аналитикалық форманттарға байланысты түйткілді мәселелер кездесетінін айтқан болатын. Автор көмекші етістіктерді қызметіне қарай толымды, толымсыз деп екіге бөліп, көмекші етістіктермен жасалған он сегіз түрлі аналитикалық форманттардың сан түрлі мағыналық реңкін ашып көрсетеді. Етістікке байланысты зерттеулерде көмекші етістіктің рай,шақ және аналитикалық формалар құрамында қолданылатыны және күрделі
12 етістік түрлерінде жұмсалатыны айтылады. Қазақ тілінде кез келген көмекші етістік негізгі етістікпен тіркесіп айтыла бермейді, сондай-ақ толық мағыналы етістіктердің де кез келгені көмекші етістік қызметін атқара алмайды. Аналитикалық форма жасайтын көмекші сөз – сөз болып саналады. Оларды жетекші етістікке байланыстыратын форма қажет. Соңғы жағдай аналитикалық форма мен көмекші етістіктерге бірдей болады. Аналитикалық етістік, аналитикалық формант мәселесін өткен ғасырдың екінші жартысында Н.Оралбаева өз зерттеулеріне арқау етті. Оның екі бірдей еңбегі осы тақырыпқа, аналитикалық формалы етістікке арналған. Сондай-ақ ғалым қазақ тілінде есім сөздердің де аналитикалық формасы бар екенін, оның әлі зерттелмей жатқанын айтады. Ғалым аталған еңбектерінде көрсеткендей, аналитикалық формалы етістіктің әрқайсысы белгілі бір грамматикалық категорияның формасы, демек етістіктің аналитикалық формасын жасаушы аналитикалық форманттар – етістіктің грамматикалық категорияларының көрсеткіші болып табылады. Аналитикалық формалы етістік сыңарларының арасына басқа толық мағыналы дербес сөз қосуға болмайды. Мысалы, оның біліп алғысы келіп еді дегенді біліп алғысы келіп оның еді сияқты қолдануға болмайды. Аналитикалық формалы етістіктің сыңарлары тұрақты болмайды, мұнда тек модель ғана өзгермейді. Мысалы, айта бер – аналитикалық формалы етістік сөйлей бер, көре бер, тыңдай бер, жаза бер түрінде қолданылып, түрлену моделі сақталады да, лексикалық мағыналы сөздер қажетіне қарай өзгере береді, демек -а бер, -й бер модельді аналитикалық формант көптеген аналитикалық етістікке ұйытқы болып тұр. Етістік қимылдың қалай өткенін, оның жасалуына байланысты суреттерді, қимылдың басталуынан аяқталуына дейінгі даму сатыларын дәлме – дәл көрсетілу ерекшелігін зерттеуші жығылып қала жаздап барып қалды деген мысалдағы қимылдың әрбір даму сатысының анық көрінетіндігі, егер оны жығылмады деген етістікпен ауыстырғанды тек қимылдың нәтижесі ғана белгілі екендігі айта келе, қимылдың өту сипаты категориясында қолданылған етістіктің аналитикалық форманттары іс-әрекеттің жасалу тәсілі және дамудың сатысын көрсетеді – дейді. Зерттеуші қимылдың өту сипаты категориясының мағынасы қимылдың жасалуына тікелей байланысты болғандықтан, ол етістіктің басқа категорияларының көрсеткішінен түбірге жақын тұрады дап
13 тұжырымдайды. Лексикалық мағынаны білдіретін түбір етістіктен кейін бірден қимылдың өтуін сипаттайтын көрсеткіштердің жалғауын, түбір етістікке аталған қимылдың обьективті өмірде қалай жасалғанын көрсеткеннен кейін ғана, субьектінің көзқарасы, қимылдың өмірге қатысы және қай субьекті жасағанын я жасайтыны көрсетіледі. Қимылдың жасау тәсілін білдіретін көрсеткіштер етістіктің семантикалық топтарына сай қалыптасатынын, яғни қимылдың өту сипаты категориясы көрсеткіштері тілдегі етістіктердің бәріне жалғануы міндетті емес екенін, аталған категорияның негізгі ерекшелігі, етістіктің белгілі семантикалық тобына ғана қатысты болу екендігін айқындайды. Ғалым қимылдың өту сипатты категориясының және дербес категория болып танылуының негіздерін көрсеткен. Қимылдың өтуін білдіретін түрлі мағыналары қамтитын жалпы бір мағынаны айқындайтынын қортындылайды. Ол мағыналар қимылдың жасалу процесін, қалай жасалғанын және қимылдың және қимылыдың қай сатыда, дәрежеде екенін білдіреді – дейді . Қазақ тіл білімінде етістік семантикасын алғаш зерттеген ғалым М.Оразов көмекші сөздерге, соның ішінде көмекші етістіктерге арнайы тоқталып, көмекші етістікті мағынасына қарай: 1)амалдың өту сипатын білдіретін; 2)рай категориясымен байланысты қолданылатын; 3)модаль мағынасын білдіретін көмекші етістіктер деп үш топқа бөліп, және етістіктерді морфологиялық түрлену үлгісіне қарай толымды көмекші және толымсыз көмекші етістік деп қарастырады . Жоғарыдағы зерттеулерге қарағанда көмекші етістіктердің негізгі мәселелері біршама шешімін тапқан. Біз бұл зерттеуде көмекші етістіктердің беретін грамматикалық семантикасы мен аналитикалық етістік құрамындағы кызметіне тоқталмақпыз. 1.2 Көмекші етістіктерді топтастыру Қай дәуірден бастап көмекші етістіктердің қолданыла бастағанына тура жауап беру қиын. Көмекші етістіктерді, соның ішінде қалып етістіктерді арнайы зерттеген ғалым М.Оразов: "Ең көне жазба ескерткіш болып саналатын орхон-енисей жазуларында көмекші етістіктер қолданылған", – деп айтқан.
14 "Көмекші" деген сөзден белгілі бір сөздің мағынасы жағынан олқы болуы немесе тұлғасы жағынан жетімсіздігі туралы ұғым ілесе туатынын А.Ысқақов өзінің морфологияға арналған оқулығында жақсы айтып жеткізген. Осындай оқылық кейде қызметіжағынан да туындайды. Көмекші етістіктің семантикалық, функциялық ерекшелігінің өзі осында. Мұның бәрі олардың мағынасына қатысты туатын түсінік. Көмекші етістіктердің жалпы грамматикалық мағынасымен қатар, жеке грамматикалық мағынасы да болады. Көмекші етістіктердің грамматикалық мағынасы олардың лексикалық мағынасының негізінде пайда болады. Сондай-ақ грамматикалық мағына сөйлеу жүйесіндегі қарым-қатынастарға орай да пайда болады. Демек, көмекші етістіктердің грамматикалық мағынасы жалпы және жеке грамматикалық мағынасы лексикалық мағынасының жалпылануы арқылы жасалып, ешбір грамматикалық тұлғаның қатынасынсыз, абстракцияланудың ішкі заңымен қалыптасса керек . Көмекші сөздердің мағына дербестігі де, қолданылу жиілігі де, қосымшаларды қабылдаумүмкіндігі де бір дәрежеде болмайтындығы жоғарыдағызерттеулерде айтылған. Көмекші етістіктердің осы қасиеттері оның зерттелуінде түрліше көзқарастардың қалыптасуына себеп болған.Көмекші етістікті зерттеген қазақ тілшілерінің көпшілігі екі топқа бөліп, толымды және толымсыз деп атайды. Морфологияның алғашқы авторы, ғалым А.Ысқақов көмекші етістіктердің қолданылу шеңбері де, жетекші етістіктерге қосатын семантикалық үлестері де, түрлену жүйесі және басқа сипаттары да бәрінде бірдей болмайтынын айтқан болатын. Солай болғандарымен де, ортақ сипаттарын ескере отырып,иғалымдар оларды ең әуелі толымды көмекшілер және толымсыз көмекшілер деген екі салаға бөліп қарастырады. Бұл етістіктер кейбір зерттеулерде тұрақты және ауыспалы деп аталады. А.Ысқақов қазақ тіліндегі көмекші етістіктерді толымды, толымсыз деп екіге бөледі де, толымды көмекші етістіктерге: «Толымды етістіктерге бір жағынан негізгі лексикалық мағынасын толық сақтап, дербес грамматикалық функцияларын түгелдей атқарып, етістік атаулыға тән парадигмалық формалардың бәрін қабылдап, жазба
15 тілде де, сөйлеу тілінде де дербес сөз, мүше ретінде қолданыла беретін, солай бола тұра, екінші жағынан, саралама (аналитикалық) етістік құрамында тиісті жетекші етістікте белгілі дәнекер арқылы тіркесіп оған қосымша абстракты грамматикалық мағына үстейтін бір алуан (30 шамалы) етістіктер жатады» – деп түсініктеме береді. Ал толымсыз етістіктерге болса, «Бұл көмекші етістіктердің -е түбірінде қазір толық лексикалық мағына жоқ. Оның тек жоғарыда аталған еді, екен, емес, еміс-еміс формалары ғана болмаса, өзге парадигмалық формалары қазіргі тілден шығып қалған, бұл көмекшілер – мазмұны жағынан да,форма жағынан да шалағай, яғни болымсыз сөздер,бірақ тілімізде айрықша мол функция атқарады» – дейді. А.Ысқақов оларды әрі мағынасы, әрі түрлену жағынан ерекшеленіп жататындығынкөрсетеді. Өзбек тілін зерттеу барысында ғалым А.Хожиев толымсыз көмекші етістіктердің бар екендігін, олардың басқа көмекші етістіктен әрі мағыналық, әрі грамматикалық ерекшеліктерін айта келіп, еді, екен, еміш, емес сөздерін көрсетеді. Бірақ автор оларды көмекші етістік деген жалпы атаудың құрамына енгізуге қарсы болып, оларды жеке бөліп алуды ұсынады. М.Оразов көмекші сөздерге арналған зерттеулерінде аталған ғалымның еңбектерін басшылыққа алған. Түркі тектес тілдердегі көмекші етістіктер де әр қырынан қарастырылған, бірақ түркі тілін зерттеушілер арасында толымды, толымсыз етістіктерді ажыратуда бірізділіктің жоқ екендігін байқауға болады. Толымды, толымсыз көмекші етістіктерді қай ерекшеліктеріне қарап ажыратуға болады дегенде толымды көмекші етістік бірде толық мағыналы етістік, бірде көмекші етістік қызметінде қолданылса, толымсыз көмекші етістіктер тек көмекші сөз қызметінде ғана қолданылады. бірақ бұл көмекші етістіктерді екіге бөлуге негіз бола ала ма? Осыған байланысты М.Оразов ойын былай жалғастырады: толымды көмекші етістіктердің мағынасы туралы, олардың тіркесімі туралы көптеген пікір айтылған болатын. Дегенмен де көмекші етістіктердің мағынасы, қызметі туралы айтылған пікірлердің барлығы даусыз және нақтылы фактілер негізінде айтылған деуге әлі ертерек сияқты. Тіпті тілшілеріміз неліктен бір топ көмекші етістіктер көсемшенің -а, -е, - йжәне-ып, -іп, -пформасымен келген толық мағыналы етістікпен тіркесе
16 алса, басқа біреулері осылардың бір формасымен ғана тіркеседі деген сұрауға жауап бере алмайды. Сондай-ақ көсемшенің екі формасымен тіркескенде мағыналарында азын-аулақ айырмашылық болатынын да ескеру керек сияқты.Қазіргі қазақ тіліндегі бір топ көмекші етістіктер жетекші етістіктермен ғана тіркессе, екінші біреулері әрі етістіктерге, әрі есім сөздерге тіркеседі. Олардың сыр-сипаты туралы да пікір ашық айтылмай жүр. Тіпті көмекші етістікті тіркес пен күрделі сөздердің ара қатынасын анықтау да – шешілмеген мәселе, – дейді. Ғалым А.Ысқақов қазақ тіліндегі күрделі етістіктерді талдай отырып, олардың төмендегідей сипаттары бар екендігін көрсетеді. Бірінші топқа жәрдем ет, ән сал, үлгі қыл, дем ал, бас исияқтыларды жинақтайды да, оларды күрделі құранды етістік деп атайды. Екінші топқа алып кел, алакел, бара кел, алып кет, ала кет, сұрап ал сияқты сөздерді кіргізеді де, оларды жай немесе құрама күрделі етістік деп атайды. Үшінші топқа айта сал, жаза түс сияқты жетекші көмекші етістіктердің тіркесін енгізіп, сараламалы (аналитикалық) етістік, төртінші топқа барып едім, бармақ болды, келетін көрінеді, келетін сияқты,көмекші етістіктері мен жетекші етістіктер тіркесін енгізіп, оларды суреттемелі етістіктер деп атаған. Бесінші топқа бойын аулақ салу, жігері құм болусияқты тұрақты тіркестерді енгізеді . Бірақ бұл үлгіні басқа тілшілеріміз қабылдай бермейді. Мысалы, Н.Оралбаева айта сал, барған екен сияқтыларды етістіктің аналитикалық формасы деп есептейді. Ол ойын толық айтаалмады.Осы сөйлемдегі айта алмады деген – аналитикалық формалы етістік. Ол сөйлемде айтылуға тиісті мүмкіндік модальділігін білдіру үшін қолданылған. Бұл әрине күрделі етістік емес. Н.Оралбаеваның бұл пікірі дұрыс болғанымен,оның өзі де өз пікіріне дәйекті емес. Мәселен,айтып бер тіркесін күрделі етістік десе, тағы бір еңбегінде қимылдың бағыт мақсатын білдіретін аналитикалық форманттар қатарына қосады. Демек күрделі етістік пен аналитикалық формалы етістікті ажыратуда әлі де болса ала-құлалық бар. Мұны кезінде М Оразовескерткенболатын. Көмекші етістіктер өзі тіркесетін негізгі етістіктерге грамматикалық семантика үстеп, етістіктің аналитикалық формасын жасайды. Аналитикалық формалы етістік құрамындағы көмекші етістіктің
17 қызметі сан-салалы. Аналитикалық форма білдіретін мағына тек жетекші сөзге ғана байланысты болмайды, көмекші етістіктер де бұған өз үлесін қосады, сөйтіп толық мағыналы дербес сөз арқылы білдіре алмайтын өте нәзік мағыналарды білдіру үшін қолданылады. Сонымен аналитикалық формалы етістік негізінен толық мағыналы бір етістіктен, оған жалғанатын қосымша мен бір көмекші етістіктен құралып белгілі бір мағынаны білдіреді. Аналитикалық етістік құрамындағы негізгі етістікке жалғанып тұрған қосымша мен көмекші етістіктің бірлігін аналитикалық формант деп атайды. Етістіктің жетпістен астам аналитикалық формантының барлығын Н.Оралбаеважоғарыда аталған еңбектерінде көрсеткен. Аналитикалық формант құрамында көп қолданылатын қосымшаларға көсемше жұрнақтары жатса, есімше мен шартты рай қосымшалары өте сирек қолданылады. Аналитикалық формант сөйлемде, сөз тіркесінде тек дербес мағыналы сөзбен тіркесіп қана жұмсалады. Мысалы, -п қал, а- сал, -а баста, -а түс, -а бар, -п жатыр, -се екен, -п еді т.б аналитикалық форманты жеке қолданыла алмайды, дербес мағыналы етістіктен ( айт-ып қал, бар-а сал, айт-а бастады, айт-а түсті, көр-іп жатыр, бар-са екен) ғана жұмсалады. Демек аналитикалық етістік құрамындағы аналитикалық форманттың екінші сыңары көмекші етістік. Көмекші етістіктің қалыптасып, қолданылуы, мағынасы тек аналитикалық формантпен байланысты. Көмекші етістіктер аналитикалық формант құрамында қолданылғанда, түрлі грамматикалық мағыналарды білдіреді. Атап айтсақ, амаләрекеттің орындалуының мезгіл-мезетін, шалағайлығын, созалаңдығын, асығыстығы мен жайбарақаттығын, қайталануын, сылбырлығы мен ширақтығын, созылыңқылығын, тосындығын т.б. білдіретін көптеген мағыналық реңк үстейді. Амалдың өту сипатының осыншама мағыналық реңктерін амал-әрекеттің орындалу дәрежесімен байланысты анықтап, Н.Оралбаева оны амал-әрекеттің басталуы, орындалу барысы, аяқталуы деп үш сатыға бөледі, ал амал-әрекеттің орындалу тәсілінің он төрт түрін көрсетеді .Амалдың өту сипатын білдіретін аналитикалық форманттар мәселесі,ондағы көмекші етістіктердің орны
18 Н.Оралбаева, М.Оразов, С.Маралбаева, А.Алтаева, Ж.Масалиева, М.С.Жолшаевалардың зерттеулеріне де арқау болған. Көмекші етістіктер етістіктің өзімен де, есім сөздермен де тіркесіп қолданыла беретінін жоғарыда айттық. Бірақ, көмекші етістіктің грамматикалық семантикасы олардың тіркесу мүмкіндігіне қарай ажыратылады. Демек, қазақ тілінде көмекші етістіктер көбіне жеке дара жұмсалмай, есім сөздермен де, есімше және көсемше етістіктермен тіркесіп қолданылады. Мысалы, жәрдем бер, сурет сал, назар сал, көңіл қой, көмек ет, тағзым ет, оқыған еді, сарт ет, келіп еді, келсе игі еді т. б. Көмекші етістіктердің семантикасын саралау барысында А. Алтаева көмекші етістіктің тіркесу мүмкіндігін зерделей келе, есім сөздермен де, етістікпен де тіркесу мүмкіндігіне е, бол, ал, бер, көр, сал, қой көмекші етістіктері ие екендігін, алесімше мен көсемше етістікпен тіркесіп көмекшілік қызмет атқаратын көмекші етістіктерге: баста бақ, жөнел, жібер, таста, бар, кел, кет, түс көмекші етістіктерін жатқызады, сондай- ақ етістіктің барлық формасымен жұмсалуға қабілетті е, бол көмекші етістіктері екенін, барған еді, барар еді, бармас еді, баратын еді, барып еді, бармақ еді, барса еді, барса игі еді, барушы еді, бара жатыр еді деген мысалдармен түсіндіреді . Көмекші етістіктерді арнайы зерттеген профессор М.Оразов көмекші етістіктердің барлығының бір деңгейде және бір қасиетке ие бола алмайтынын, олардың көп функционалды қызметіне байланысты көмекші етістіктерді сөйлем ішінде қолдануына байланысты ғана пікір айтудың дұрыс болатындығын ескертеді. Ғалым көмекші етістіктерді мағынасы мен қызметіне қарай аналитикалық формант жасайтын және құрама күрделі етістік жасайтын көмекші етістіктер деп екіге бөледі. Аналитикалық формант жасайтын көмекші етістіктерге: отыр, тұр, жатыр, жүр, кел, кет, сал, таста, жібер, көр т.б, ал құрама күрделі етістік жасайтындарға: ет, бол, қыл, жаса, істе етістіктерін жатқызады. Толымсыз көмекші етістіктерді арнайы зерттеу нысаны етіп алған Ж.Масалиева көмекші етістіктердің табиғатын тану барысында біршама еңбектенген. Ол көмекші етістіктердің толымды, толымсыз түрлерін
19 алып, зерттеу барысында алты түрлі ерекшелігін нақты мысалдармен түсіндірген. Толымды көмекші етістіктер – өзінің дербес етістік кезіндегі құрамын сақтап, лексикалық мағынасынан айрылған, тек грамматикалық мағына білдіріп, етістікке тән категориялардың көрсеткіші қызметінде қолданылатын көмекші етістіктің бір түрі. Қазақ тілшілері толымды көмекшілерге мына етістіктерді жатқызады: отыр, тұр, жүр, жатыр, ал, бар, баста, бер, бол, біл, біт, жібер, қал, қара, қой, көр, кет, кел, таста, түс, сал, шық, өт. Мысалы, өсіп келеді, қалып кетті, айта түсті, оқи бастады, алмақ болды т.б. тіркестегі келеді, кетті, отырды, түсті, бастады, болды етістіктері өзі тіркескен дербес етістік пен етістіктің әр түрлі грамматикалық формаларымен байланысып іс-әрекет қимылдың жасалуының қай сатыда, қандай дәрежеде екенін білдіріп және қимылдың әр түрлі реңкін көрсетіп тұрған толымды көмекші етістіктер. Толымды көмекші етістіктер дербес етістіктермен белгілі бір қосымшалармен ғана тіркеседі, сондай-ақ толымды көмекші етістіктердің грамматикалық мағынасы сол қосымшалармен біте қайнасып, бірге қалыптасады. Жалпы түркітаным тарихында толымсыз көмекші етістіктердің ерекше бір қасиетке ие екендігі тілшілеріміз тарапынан ерте кезден-ақ айтыла бастаған болатын. Толымсыз көмекші етістіктер туралы айтылған пікірлердің көпшілігі бір-біріне қарама-қарсы да келіп жатады. Зерттеушілердің пікірлерін саралай келе, толымсыз көмекші етістіктердің табиғаты толық ашылды дей алмаймыз, сонымен бірге жалпы көмекші етістіктерге тән ерекшеліктерді анықтауда да алақұлалықтар көп. Өзбек тіліндегі толымсыз көмекші етістіктерді арнайы зерттеген А.Хожиев көмекші етістік пен толымсыз етістіктерді ажыратып, бөлекбөлек қарауды ұсынады. Оның пікірінше, көмекші етістіктер тек жетекші етістіктерге тіркесіп келіп, түрлі грамматикалық мағыналарды білдіру үшін қолданылатын, бірде жетекші, бірде көмекші қызметін атқаратын баста, жүр, кет, ал сияқты етістіктер жатады. Ал толымсыз етістіктер етістіктің грамматикалық формасымен толық түрленбейтін сөздер деп есептейді.
20 Түркітанымда айтылып жүрген пікірлерді қазақ тілімен байланыстырып М. Оразов мынадай тұжырым жасайды: біріншіден, толымсыз көмекші етістіктер сан жағынан көп емес. Олар көне түркі тілдерінде қолданылып эр, ер етістігі негізінде қалыптасқан еді, екен, емес (едім, едің, еді, ем, ең)сөздеріне ғана байланысты қолданылады. Екіншіден, бұл етістіктер есім сөздерге де, етістіктерге де тіркесіп қолданылады. Үшіншіден, толымсыз көмекші сөз қызметінде ғана қолданылады. Олар түркі тілдерінің тарихында толық мағыналы сөз ретінде қолданылса да қазір ол қасиетін жоғалтқан. Төртіншіден, олардың ең негізгісі етістіктерге тән болған грамматикалық категориялардың қосымшаларын толық қабылдамайды. Осы соңғы белгімен байланысты қазақ тілінде толық мағыналы етістік ретінде мүлде қолданылмайтын жазда етістігін толымды көмекші етістік құрамында қарау керек деп есептейді. Біздіңше еді, екен,емес сөздері – көмекші етістіктер. А.Хожиевтің толымсыз көмекші етістіктерді көмекші етістіктерге қоспай жеке бөліп алу керек деген пікірімен келіспейтінін М Оразов былай дәлелдейді: біріншіден, еді,екен, емесдегендер етістікке тән болған шақтық, болымсыздық мағыналарын сақтаған. Салыстырыңыз барған еді, барған емес т.б. Екіншіден, олар есімдер үлгісінде де қосымшалар қабылдамайды. Әрі олардың грамматикалық категорияларына тән болған мағынада да, синтаксистік қызметте де қолданылмайды. Үшіншіден, оларды жеке бір лексика-грамматикалық топ ретінде де бөліп алуға мүмкіндік жоқ. Олардың тек өздеріне ғана тән түрлену үлгісі де, синтаксистік қызметі де жоқ. Екен, еді толымсыз етістігінің жіктеліп барып күрделі баяндауыштың құрамында қолданылуында етістіктің ашық рай формасынан ажыралып жатқан ерекшелік жоқ. Біз толымсыз етістік деп отырған сөздерді шылаулардың қатарына да қосуға болмайды.Толымды көмекші етістіктердің толымсыз көмекші етістіктерден айырмашылығы ретінде толымсыз көмекші етістіктердің есім сөздерге де, етістіктерге де тіркесіп қолданыла беретіндігін көрсетеміз. Зерттеу нысанына алынып отырған тақырып көмекші етістіктердің аналитикалық етістік жасау қызметі мен грамматикалық семантикасы болғандықтан, көмекші етістіктерді аналитикалық формант құрамында
21 алып, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан жиналған мысалдарды талдау арқылы ажыратып көрсетуге тырыстық. Әрбір аналитикалық форманттың өзіне тән мағынасы бар. Соның кейбіріне, толымды және толымсыз көмекші етістіктен құралғандарына тоқталып өтейік: 1.- п ал – форманты негізгі етістікке жалғанғанда субъект өзге істі қоя тұрып, я басқа іске көшпей тұрып, әрекетті әуелі өзі үшін жүзеге асырып алуды қалайтындай мән үстейді: көріп ал, жұлып ал, сыпырып ал, жуынып ал, сөйлесіп ал. Мысалы,Жазықсыз қатын қатты ренжіп, жылап отырып, Зере мен Ұлжанға барғанда, кәрі әже ашу шақырып, күйіп кеп, Тәкежанды алдына дереу шақыртып алып тергеуге алған (М.Ә. 190). - й ал форманты арқылы сол амалдың жүзеге асыру я орындау мүмкіндігін білдірерліктей реңк жасайды. Мысалы, Бірақ әкесі мен өзге ешкімге қарамастан келе Абайды құшақтай алды (М.Ә.13). Абай терезе алдынан атып тұрып,Оспанның анаған бір зорлық қылып келе жатқанын сезіп,алдынан шығып ұстай алды (М.Ә). 2.- п бар форманты амалдың бірте-бірте үдеуін, я бәсеңдеуін білдіретіндей реңк үстейді. Бұл формант өте өнімді, туыстас түркі тілдеріне көп тараған. Бұл формант қимылдың дамуын, өсу процесін білдіреді, әсіресе, ауыспалы осы шақта анық көрінеді. Мысалы, Байтаста үн жоқ,өз бетімен зымғап барады. (М.Ә.5). –п бар форманты етістік талғамайды. Ол салт етістікпен де, сабақты етістікпен де тіркесе береді. Субъектінің кеңістіктегі қозғалысымен –п бар форманты қолданылмайды. Бұл форма көбіне болымды түрде, ауыспалы осы шақта қолданылады.Сондай-ақ , -п бар аналитикалық формалы етістікке ұқсас күрделі етістіктер де бар. Мысалы, алып бар, айтып бар. 3.-п кел форманты жетекші етістікке амалдың бірте-бірте дамуын,я бәсеңдеуін білдіретіндей реңк жамайды. Бұл формант мағынасы жағынан –п бар формантымен мағыналас. –п кел формасындағы етістік көбінесе ауыспалы осы шақта қолданылады, бұл оның мағыналық ерекшелігіне де сай. Мысалы, Оспан қатты жүріп кеп, Абайды таныды да, шұғыл тоқтады (М.Ә.8). Аталған аналитикалық формант болымсыз түрде сирек қолданылады тіпті қолданылмайды десе
22 болады. Мысалы, Сөйткенше, сырттан Оспан кіріп келді (М.Ә.13). Бұл мысалдардағы өріп бара жатқан, кіріп келді сияқты аналитикалық формалы етістіктерді болымсыз түрде қолдануға келмейді. Болымсыз мағынада қолданылғанда, -ма жұрнағы түбір етістікке жалғанады да, одан кейін аналитикалық формант тіркеседі. Мысалы, бармай жатқан, кірмей келді т.б. 4. -й баста аналитикалық форманты жетекші етістікке амалдың басталуын бідіретін мағына жамайды. Мысалы, Құнанбай қасындағы қой көздеу,сұлуша Майбасар старшын болды да, өз достарынан да, Құнанбайдың жақындарынан да ажырай бастады (М.Ә.19). Тілімізде көп қолданылатын еді, ет, екен, емес, толымсыз көмекші етістіктері жетекші етістікке тіркесіп, жиі қолданудың нәтижесінде түрлі аналитикалық форманттар: қалау рай, шақ, болымсыздық категорияларының аналитикалық форманттары қалыптасқан. Бұлардың ішінен еді көмекші етістігініңбасқалармен салыстырғанда өнімділігі жоғары екені байқалады: -ған еді, -п еді, -атын еді, -са еді, -са игі еді, - ғай еді, -ар еді, -мақ еді, -ушы еді, -уде еді т.б. Мысалы, Сайлауға келген ұлық әуелі сол сайлау жағынан бастаса игі еді (М.Ә). Бұл мысалдарды да -са екен формантымен ауыстырып айтуға болады: бастаса екен, қалмаса екен т.б. Бұл аталған көмекшілер алғаш сөйлемде белгілі бір рай формасындағы предикат сөздерге ғана тіркескен, өйткені бұлар арқылы жасалған аналитикалық форманттардың құрамында тек рай жұрнақтары ғана бар. Мысалы, Жаназаға, Бөжейдің жаназасына шақырылмаған Зере, Ұлжандар өлердей күйіп, өзгеше шерлі боп қалған еді . М.Оразов: «Көмекші сөздердің мағынасы өздерінің толық мағыналы сөз қызметінде қолданғандағы мағынасымен тікелей не сатылай байланысты болады. Тікелей байланысты болғанда көмекші етістік пен толық мағыналы етістіктің арасындағы мағыналық байланыс үзілмейді. Мысалы: айта бастады, жазып отыр, кетіп барады, жазып болды, айтып тұр, т.б. Сатылай байланысқанда арадағы мағыналық байланыс үзіліп, көмекші етістіктің мағынасы аналитикалық форманттың құрамынан шыққандай көрінеді. Мысалы: айтып көр, барғым келеді, айтасалды, құлап қалды, айтып шықты, т.б.», - деп жазады кейінгі топтағы көмекші етістіктер аналитикалық форманттың
23 бірінші элементіне мағынасы жағынан өте тығыз байланысты болатындығын айтады. Жалпы алғанда, көмекші етістіктерді көсемше тұлғаларының өзі қажет етіп тұрады. Өйткені көсемше тұлғалары тиянақсыз тұлға саналады және өзінен кейін нақтылаушы, аяқтаушы екінші элемент міндетті түрде болуы керек.Сондай-ақ М.Оразов көмекшілік қызметтегі етістік мағынасының оның лексикалық мағынасымен байланыстың болмауына мынадай тілдік заңдылықтардың да себепші екендігін айтады: үндемеу заңдылығы; мағынаны толық беру, нақтылап жеткізу; грамматикалық формалардың көп мағыналылығынан қашу. Сонымен, көмекші етістіктердің үстейтін мағынасы алдындағы толық мағыналы етістіктің лексика-семантикалық тобына ғана емес, оның тұлғасымен де байланысты болып шығады. Сол себепті де көмекші етістіктердің тіркесін әр тұлға бойынша жеке-жеке алып, жекежеке формант деп танитын пікірді қолдаймыз. Мәселен: – Базарға ертіп бар да, шешелеріне, інілеріне алатын базарлығы болса, өзің таңдап алып бер! – деген (М.Ә. 125). Тілмаш Ақбасқа Абай сөздерін аударып берді деген сөйлемдерде бер көмекші етістігі –ып тұлғасында келген негізгі етістіктермен тіркескенде аяқталған қимылды білдірсе, -а, -е, -й тұлғасында келген етістіктермен тіркесіп, жасалу үстіндегі аяқталмаған қимылды білдіріп тұр.Қимылдың аяқталу мағынасы мен созымды істі білдіретін мағына бер көмекші етістігі мен көсемше тұлғасының тоғысынан пайда болған немесе бұл мағынаны беруге көмекші етістік қана емес, көсемше тұлғалары да қатысқан. Әдетте, -ып-іп, -п тұлғасы созымсыз бірден бітетін мағынаны берсе, -а,-е,-й тұлғасы керісінше, созымды істі білдіретін мағынаны білдіреді. Ойымызды түйіндесек, аналитикалық етістік жасауда көмекші етістіктің орны ерекше, себебі көмекші етістік болмаса аналитикалық етістік те жасалмайды, аналитикалық формант болу үшін көмекші етістік қажет. Көмекші етістіктің грамматикалық сипатқа ие болуының мынадай ерекшеліктері бар. Ең негізгісі, тілдің ішкі даму заңдылығы нәтижесінде дерексізденуі; одан соң оның шыққан төркіні етістік болуы; көмекші етістіктің тіркес құрамында жиі жұмсалуы деп қорытынды жасауға болады.
24 2 ЕТІСТІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫ 2.1 Көмекші етістіктің аналитикалық етістік құрамында қолданылуы Аналитикалық етістік етістік жүйесінде үлкен орын алады. Грамматикалық семантиканың қайнар көзі болып табылатын аналитикалық етістікті жасауда көмекші етістіктің қызметі ерекше. Қөмекші етістік болмаса,аналитикалық етістік те жасалмайды. Сол себепті аналитикалық етістіктің негізгі белгілері болып танылатын аналитикалық формалар да көмекші етістікпен тікелей байланысты. Жалпы, көмекші етістіктердің қызметтерін тани білу, олардың ерекшеліктерін, сипаттарын ажырата білу – қазақ тілі грамматикасының аса бір қызық та, қиын да,маңызды мәселесі. Оның қызықтығы да, қиындығы да мәселенің күрделігіне байланысты. Осы күрделіліктің үлкен бір түйіні аналитикалық форманттарға тікелей қатысты. Ертеректегі әдебиеттерде көріп қалды үлгісіндегі сөз тұлғаларына да және барып келді үлгісіндегі сөз тұлғаларына да күрделі етістік термині қоллданылып келді. Алайда бұлардың табиғаттары бірдей емес, бірі – аналитикалық тәсілмен түрленген сөздің тұлғасы да, екіншісі – аналитикалық тәсілмен жасалған күрделі сөз. Бірінші мысалда дербес лексикалық мағына көр етістігінде ғана бар, қал етістігі ешқандай лексикалық мағынаны білдірмейді, ол алдындағы көсемшемен бірігіп, дербес мағыналы етістікке қимылдың кенеттен болғандығын білдіретін грамматикалық мағына жамаған. Ендеше –п қал екі морфемадан құралған бір сөз түрлендіруші аналитикалық тұлға. Ал мұндай жолмен түрленген сөздер аналитикалық формалы сөз болып табылады. Екінші мысалдағы лексикалық мағына барып кел бөлігі арқылы берілген, мұнде жеке-жеке алғанда дербес мағыналы бару және келу етістіктері тіркесу арқылы солардың лексикалық мағыналарынан тұратын үшінші бір күрделі лексикалық мағына қалыптасқан. Ендеше барып кел – аналитикалық тәсіл арқылы жасалған тіркесті күрделі сөз. Табиғаттары екі басқа сөз тұлғаларын бір терминмен атауға болмайды, олардың екеуін де күрделі сөзге жатқызу дұрыс емес. Сондықтан аналитикалық тәсілмен түрленген сөздерді сөздің аналитикалық
25 формасы (немесе аналитикалық формалы сөз) деп атаймыз, ал аналитикалық тәсілмен жасалған сөздерді күрделі сөз деп атай береміз. Аналитикалық сөз формалары тек көмекші сөздің қатысуымен қалыптасады. Көмекші сөз болмаған жерде, аналитикалық формант та, аналитикалық сөз формалары да болмайды. Бірақ көмекші сөздің бәрі аналиткалық сөз формларын қалыптастыра бермейді, кейде аналитикалық тәсілмен жасалған туынды сөзді қалыптастыруы мүмкін. Мысалы, жарқ етті, еңбек қыл деген мысалдарда еліктеу сөз бен зат есімге көмекші етістіктер тіркескен. Бұлар аналитикалық формалы сөзге жатпайды, аналитикалық тәсілмен жасалған тіркесті күрделі сөзге жатады. Аналитикалық формалы сөздің төрт белгісі болады: 1. Сөздің аналитикалық формасы белгілі бір грамматикалық категорияның парадигмалық жүйесіне енуі керек; 2. Әрбір аналитикалық формалы сөздің дербес лексикалық мағынасы, сол лексикалық мағынадан туындайтын сөз табы ретіндегі жалпы грамматикалық мағынасы және көмекші сөз (немесе қосымша мен көмекші сөз) арқылы берілетін категориялық грамматикалық мағынасы болады; 3. Аналитикалық формалы сөз көмекші сөздер және аналитикалық форманттар арқылы жасалады; 4. Сөздің аналитикалық формасы белгілі бір сөз табына жататын сөздердің басым көпшілігінен жасала береді. Қазақ тіліндегі аналитикалық формалы сөздерді үш түрлі құрамда кездестіруге болады: 1. Дербес сөз+қосымша+көмекші сөз (қара+п қал-ды, үй+ге қарай); 2. Дербес сөз+көмекші сөз (жүр еді); 3. Көмекші сөз+дербес сөз (өте жақсы). Аналитикалық тәсілмен түрленген етістіктерді етістіктің аналитикалық формалары деп те, аналитикалық формалы етістіктер деп те, тіпті кейде аналитикалық етістікер деп те атай береміз. Етістіктің аналитикалық формалары етістіктің аналитикалық форманттары арқылы ғана қалыптасады. Аналитикалық формант дегеніміз – қосымша мен көмекші сөзден тұратын белгілі бір сөз табының қандай да бір грамматикалық категориясына жататын грамматикалық мағынаға ие күрделі морфологиялық түрлендіруші тұлға. Етістіктің аналитикалық
26 форманттары құрамына қарай кемінде екі морфемадан, немесе одан да көп морфемалардан құралуы мүмкін. Мысалы, Алақаныма қыса қойдым. Мен шықшыттан періп кеп жібердім. Қазақ тіліндегі көмекші етістіктердің аналитикалық етістік жасау қызметі мен аналитикалық форманттарын алғаш рет ғылыми негізде зерттей келе ғалым Н.Оралбаева етістіктің грамматикалық категорияларының көрсеткіштерін, бұл категорияның мағыналарының берілу жолының бірі – аналитикалық тәсіл екенін анықтады. Сөйтіп, ғалым қимылдың өту сипаты категориясын етістіктің модалділік, рай, болымсыздық сияқты грамматикалық категорияларына қатысты талдайды .Аталған категория А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» оқулығының 1991жылғы басылымында амалдың өту сипаты деген атаумен берілді. Аналитикалық етістік – етістіктің сыртқы құрылысы жағынан да, мазмұны жағынан да аса бай, қызметі жағынан төтенше өрісті, ерекше категориясы. Бұл категорияға тән әрбір жеке форманың яки жеке-жеке аналитикалық етістіктің лексикалық мазмұны бірінші компонентке, яғнинегізгі етістікке телулі болса, грамматикалық семантикасы мен формалары соңғы екі компонентке, атап айтқанда, жетекші етістіктің қосымшасына және көмекші етістікке байлаулы болады. Аналитикалық етістік я аналитикалық тұлға болу үшін, біріншіден, негізгі етістік, екіншіден, оған қосылатын дәнекер форма, үшіншіден, көмекші қызметін атқаруға тиісті тағы бір етістік қатысуы керек. Егер, осы компоненттер түгел болмаса, аналитикалық етістік жасалмайды. Ендеше, аналитикалық етістік кемі осындай үш компоненттің тіркесуі я бірлесуі арқылы жасалады,- деп жазады А.Ысқақов. Мысалы, оны көріп қалдым, қар жауып тұр, ол бара жатыр деген аналитикалық етістікті сөйлемдердегі етістіктердің негізгі лексикалық мағынасыкөр, жау, бар етістіктерінде болса, оның грамматикалық семантикасы мен формаларының көрсеткіштері –ып қал, - ып тұр, - а жатыр форманттары арқылы берілген. Аналитикалық етістіктің грамматикалық семантикасын білдіріп, оның көрсеткіші есебінде қызмет ететін соңғы екі бөлшегі – көсемшенің жұрнағы мен қөмекші етістік – мағына жағынан да, қызметі жағынан да әрдайым бірлікте жұмсалады да, бір ғана
27 грамматикалық формант ретінде қызмет етеді. Демек, көмекші етістіктерге тән оның ең негізгі қасиеті, оланалитикалық етістік, аналитикалық формант құрамында ғана қолданылуы. Сол себепті олардың мағынасы грамматикалық семантиканың үлесіне тиеді де, оны белгілі бір грамматикалық категорияның грамматикалық формасы деп тану керек. Негізгі етістікке жалғанатын сөз түрлендіруші жұрнақтар мен көмекші етістіктердің тіркесі тіліміздегі іс-әрекет, қимыл-қозғалыс, амалдың жасалуындағы сан-алуан мағына реңктерін білдіретіндігі көптеген зерттеулерде айтылған. А.Ысқақов: «Жалпы алғанда, амалдың өту сипаты категориясы – етістіктің грамматикалық категорияларының қайсысына болса да тікелей қатысты, бәрімен де байланысты категория, сол себепті оның жасалу тәсіліне, оның аналитикалық категорияларының көрсеткіштері түгелдей қатысады деуге болады!» - дейді Қазақ тіл білімінде қимылдың өту сипаты етістіктің аналитикалық форманттары арқылы берілетінін, сондай-ақ аналитикалық форманттарқылы іс-әрекеттің орындалуының түрлі-түрлі мағыналық реңкін саралап, тізіпберген Н.Оралбаеваның еңбегін айрықша атауымыз керек. Қазақ тілінде көмекші етістік табиғатын алғаш зерттеп, ғылыми еңбек жазған М.Оразовтың еңбектерінде көмекші етістікті аналитикалық форманттармен берілетін сан түрлі мағынаны амалдың өту сипаты деген атаумен түсіндіреді. Амалдың өту сипаты категориясының грамматикалық көрсеткіштері – аналитикалық форманттар. Етістіктің аналитикалық формасы көбінесе дербес мағыналы көсемше тұлғалы жетекші етістік пен көмекші етістіктің тіркесінен жасалады. Қазақ тілінде амалдың өту сипаты негізінен аналитикалық форманттар арқылы беріледі. Етістіктің бұл аналитикалық формалары қимылдың өту сипаты категориясының әр түрлі сипаттарын білдіретін арнаулы көрсеткіштер (грамматикалық формалар) болып табылады. Қимылдың өту сипаты категориясында жұмсалатын аналитикалық формалар бірде амал -әрекеттің әр түрлі кезеңдерін (мысалы бастапқы немесе аяқталу кезеңі), енді бірде амалдың орындалу барысындағы қосымша мағыналық реңктерді білдіреді. Н.Оралбаева аналитикалық форманттарды: қимылдың тәсілін білдіретін жәнеқимылдың даму
28 сатысын білдіретін форманттар деп екіге бөледі . М.Оразов “Көмекші сөздер” деген еңбегінде көмекші етістіктердің аналитикалық етістік жасаудағы қызметін былай түсіндіреді: «Амалдың өту сипатын білдіретін грамматикалық формаларды мағынасына қарай екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа амал-әрекеттің орындалу фазасын білдіретін көмекші етістікті аналитикалық форманы кіргізсек, екінші топқа амал-әрекеттің орындалу тәсілін білдіретін аналитикалық форманттарды енгізуге болады», – дейді. Көмекші етістіктердің семантикасын арнайы зерттеген А.Алтаева аналитикалық форманттарды екі топқа бөліп: қимылдың орындалу кезеңін білдіретін аналитикалық форманттар, қимылдың орындалу тәсілін білдіретін аналитикалық форманттар, – деп бөліп қарастырады. Сондай-ақ, қимылдың өту сипаты категориясы процестің белгілі бір кезеңдерін қамтитындығын айта келіп, бұл кезеңді (фазаны) төртке бөліп қарастырады:қимылдың басталу алдындағы кезеңі; қимылдың басталу кезеңі; қимылдың орындалу үстіндегі кезеңі; қимылдың аяқталу кезеңі. Кейбір көмекші етістіктер аналитикалық форма құрамында өзінің мағынасынан мүлде ажырап қалғандай болып көрінеді.Барлық аналитикалық форма білдірген мағына тек жетекші сөзге ғана байланысты болып қоймайды,көмекші етістіктер де бұған өз үлесін тигізеді.Олар аналитикалық форма құрамында мағынасы толық дербес сөз арқылы білдіре алмайтын өте нәзік мағыналарды білдірудегі ерекше тәсіл. Жетекші сөз білдіретін мағынаны айқындап, нақтылап, толықтырып тұрады. Демек, көмекші етістік өзі тіркескен сөзбен бірігіп бір мағынаға ие болады, идиомаланады. Көмекші етістіктер көмекшілік қызметте жұмсалғанда мағына жұрнағын сақтайды, бірақ функциясы өзгереді де,өз мағынасынан тыс формаларда қолданылады. Сол себептен де көмекші етістіктерде лексикалық мағына мүлде жоқ деп кесіп айту қисынсыз.Толық лексикалық мағынасы жоқ, тек еді,екен,емес формалары ғана бар, алайда осы формалары да шалағай болып келетін е түгелдей көмекші қызметке көшкен.Бір кездерде толық мағыналы етістік болғанымен, уақыт өтуіне орай лексикалық мағынасын солғындатып, көмекші етістік
29 қатарына өткен, тіпті жеке қолданылмайтын деңгейде,әрі түрлену парадигмасын шегеріп, түгел көмекші қызметке көшкендер қатарында е мен жазда көмекші етістіктерін айта аламыз.Тарихи тұрғыдан е-нің негізгі тұлғасы «ер» болған дейді ғалымдар. Осы тұлғадан айрылып, «е» тұлғасына көшу жолында бұл етістік нағыз көмекші етістік дәрежесіне өткен. Қолданыстағы көмекші етістіктердің мағыналарын, аналитикалық формант құрамындағы түрлі-түрлі нәзік мағыналық реңктерін ажыратып көрейік:Жалпы түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде әрі толық мағыналы, әрі көмекші етістік қызметінде өте жиі қолданылатын отыр, тұр, жүр, жатыр қалып етістіктері. Қазақ тілшілерінен аталған етістіктер А.Ысқақовтың М.Оразовтың, М.Жолшаеваның еңбектерінде арнайы қарастырылады. Аталған төрт етістіктің көмекші болғандағы семантикалық реңктері жетекші етістік пен көмекші етістіктің араларындағы дәнекерлерге де байланыстылығы, қарап отыр мен қарай отырдың семантикалық дәрежелерінің бірдей еместігін А.Ысқақов айта келіп, -п тұр, -й тұр; -п жүр, -й жүр; -п отыр; -п жатыр, -й жатыр аналитикалық формант құрамындағы айырмашылықтарын көрсетеді. Ең алдымен, бұл төрт етістік (жатыр, жүр, тұр, отыр) өзді-өздіне тән түпкілікті лексикалық мағыналарын толық сақтап, барлық парадигмалық (морфемалық) формаларда түрленіп, дербес синтаксистік қызметін түгел атқарыпотыратын негізгі етістік есебінде қолданылады, - деп ат қорада тұр, сіз жүре беріңіз, сәби бесікте жатыр, үлкендер есік алдында отыр, қорада тұрған, сиырлар өріске беттеді, төрде отырған ақсақал әңгіме айтып отыр деген мысалдармен түсіндіреді, сонымен бірге бұл етістіктердің аналитикалық тіркесте жәрдемші (көмекші) етістік ретінде жұмсалатының мына мысалдармен, күн жауып тұр, қырықтықшылар қой қырқып жатыр, Сәкен хат жазып отыр сияқты мысалдармен түсіндіре келіп, аталған төрт етістіктің әрі жетекші, әрі көмекші етістік болатынын түсіндіреді. 1980 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктер» деген монографиясында М Оразов қазақ тіліндегі отыр, тұр, жүр, жатыр қалып етістіктерінің лексика-семантикалық және грамматика-
30 лық ерекшеліктеріне толық тоқталып, жан-жақты талдау жасаған: Түркі тілдерінде қалып етістіктерінің қолданылу жиілігі мен қолданылу аясы бір дәрежеде емес. Мысалы, қазақ тілінде бұл төрт етістіктің төртеуі де бірдей қалыптық және шақтық мағына білдіреді. Олардың шақ мағынасында да айта қаларлықтай айырмашылық жоқ. Дегенмен олар бірінің орнына екіншісі қолданыла беретін, кез келген контексте синоним бола алатын да сөздер емес. Олардың бірінен екіншісінің айырмашылығы – категориялық мағыналарында емес, өздерінің лексикалық мағыналары мен валенттілік қасиеттерінде. Салыстыралық: бара тұр, отыра тұр; айта отыр, айта жүр; бара жатыр, айтып жатыр (айта жатыр емес) т.б. Егер әр етістіктің мағынасын жеке-жеке алатын болсақ, олардың бірі екіншісінен мүлде өзгеше екендігіне көз жеткізуге болады. Сонда бұлардың басын біріктіріп тұрған элемент түбірге сіңіп кеткен «-ыр» қосымшасы емес пе? Соңғы пікірді дәлелдеу үшін тіл тарихына және қазіргі түркі тілдерінің материалдарына жүгіну керек. Қалып етістіктерін түбір және қосымша морфемалардан тұрады деген пікірді дұрыс дейтін болсақ, онда «отыр» етістігін «отыр», «жатыр» етістігін «жат-ыр»,«тұр» етістігін «тұ-ур; тұ-р», «жүр» етістігін «жү-р не жү-үр» деп бөлген болар едік. Байыптап қарасақ төрт етістіктің де құрамында «ур-р» морфемасы бар.Тіл тарихына тиісті материалдарға көз салып қарайтын болсақ, «ур» өз алдына бір морфема болатыны анық. Пікіріміздің дұрыстығына «жатыр» етістігінің қазіргі күнде де «жат» және «ыр» морфемаларына бөлінетіндігі мысал бола алады. Алдын ала айта кететін бір жайт, «жат» етістігінің қалыптық мағынасы «-ыр» қосымшасын қабылдаған формасында ғана бар. «Жат» етістігіыр қосымшасын қабылдамай тұрғанда қимыл, қозғалу етістігіне жатса, жатыр тұлғасында қолданғанда қалып етістігі болады. Жатетістігі. Бұл етістік ол кездерде қазіргі түркі тілдеріндегідей өте жиі қолданылған, сондықтан олардың мағыналық реңктері де бай емес. Басқа қалып етістіктері сияқты «жат» етістігі де әрі атауыш (жетекші), әрі көмекші етістік қызметінде қолданылған. Басқа түркі тілдерінен де «жатыр» етістігінің қосымшаларға бейімделіп, тұлғалық жағынан ықшамдала бастағанын байқауға болады. Мысалы, қазіргі
31 қарақалпақ тілінде жатыр етістігі сөйлем ішінде алдыңғы ж дыбысын түсіріп, атыр түрінде қолданылады. Мысалы, қыз тақиясына қарамастан, басы ешк бетке қарап сулап, аузы-мұрнынан зирек-зирек қан досып атырған ансын көрип, зәресси ушыуы менен бара қушақлады (Т.Қайыпбергенов) . Отыр етістігі де әрі жетекші етістік, әрі көмекші етістік қызметінде қолданылады. Отыр етістігі тұлғалық құрамы жағынан да онша күрделі емес, тек екі түрлі нұсқасы ғана қолданылған. Біріншісі – толық формасы «олтурур», екіншісі – «л» дыбысынсыз қолданылған түрі. Мысалы, Нахангдан хавф этиб ғаввас эвинда Утурса дурри халис ким келтургай (С.Сароий). Бир малик билан тенгиз курмаған бир жалиб кул кемига кириб ултурди (С.Сароий). Көріп отырғанымыздай бұл екі тұлға мағынасы жағынан онша алшақтай қоймаған . Жүр етістігі. Қолданылу өрісі жағынан «тұр» етістігінен кейінгі жиі қолданылатын қалып етістігі. Бұл етістіктің тіл тарихындағы қызметі мен орны туралы азды-көпті пікір оғыз тілдеріндегі осы шақтың тарихымен байланысты сөз болған. «Жүр» қалып етістігі басқа үш етістік (отыр, тұр, жатыр) сияқты жетекші және көмекші етістік қызметінде қатар қолданылады. «Жүр» көмекші етістігінің «тұр» көмекші етістігінен бір айырмашылығы көсемшенің «-а, -е, -й» тұлғасымен тіркеспейді . Жүр көмекші етістігі үзіліспен орындалатын ұзаққа созылған іс - әрекетті білдіреді: қиналып жүрді, оқып жүрген. Сондай-ақ бұл етістіктердің әрі жетекшілік, әрі көмекшілік қызметіне, тұлғалық құрамы мен қолданылу тарихына, оның шақ категориясымен байланысына, аналитикалық формант құрамындағы қолданысына 1997 жылы жарық көрген «Көмекші сөздер» деген еңбегінде тағы да тоқталады . Соңғы кезде етістіктің табиғаты, оның аспектуалды семантика жасаудағы орны, оған көмекші етістіктің үлесі және аналитикалық формант құрамындағы қызметі және амалдың өту сипаты категориясы М.Жолшаеваның соңғы еңбегінде біршама ашылған. Қалып етістіктері көмекші етістіктердің семантикасын қарастырған А Алтаева еңбегінде де біршама талданған.
32 Отыр, тұр,жүр, жатыр, көмекші етістіктеріарқылыаяқталмаған іс-әрекет мағынасыберіледі. Отыр, және тұр етістіктері -а, -е, -й көсемшелі етістіктен кейін жол-жөнекей жасалған аяқталмаған қимылды (шыққалы отырмын, жүргелі отырмын), -ып, -іп, -п формалы етістіктен кейін қимылдың ұзақтығын (ұшып отырды, жүріп отырды), - қалы, -келі, -ғалы, -гелі формалы негізгі етістіктерден кейін белгілі бір қимылды жасауға әзір тұрғандығын (айтқалы тұр, жүргелі тұр) білдіреді. Тұр көмекші етістігі қысқа мерзім ішіндегі қимылдың орындалу үстінде екенін білдіреді: жауып тұр, жүріп тұр. Тұр көмекші - а, -е, -й көсемшелі негізгі етістікпен тіркескенде іс - әрекеттің уақытша орындалғанын (оқи тұр, отыра тұр, көре тұр) білдіреді. Отыр көмекші етістігінен ерекшелігі деп зерттеуші тұр етістігінің барлық қимылға, яғни адамға қатысты емес қимылға да қолданыла беретінін айтады. Мысалы, Науқастың тілегі бойынша домбыра алғызып, көп-көп күйлер тартып отырды.– Ой, жаратқан тәңір, ақыл иесі болған естиярмен сөйлесіп отыр екем десем жаңылыппын ғой. Бұл дүлейлер тағы бір мол бәлені шақырып отыр ғой. Сол жат қылықтың бетін бүркеу үшін жаңағы жалған шуды басымдатып отыр. Жұмағұлдардың арттарынан қуып отырып, жаңа кешке, аналар Күшікбайға түсіп, шайға аялдағанда, ілгері өтіп кеткен. Балағаздар осы күндерде Қарашаштың ауылына күндіз-түн кісі жіберіп, хабар-ошар алып тұратын..... Жүр көмекші етістігі -а, -е, -й көсемшелі етістіктен кейін келіп, қимылдың жол-жөнекей болғанын немесе ұзақтығын көрсетеді. Мысалы, ОлБазаралыға арнап киім тіккізе жүрді. Бір жағынан Құнанбай болса, екінші жақтан Майбасар жақтар да өз сабақтарын Тәкежанның құлағына құйып жүрді. Әкесі Нұрғанымды тоқалдыққа алғалы, Абай тіпті қашықтап жүр. Жүр етістігінің семантикалық құрылымының өте күрделі екендігін айта келе М.Жолшаева сегіз топқа бөліп береді . Жат көмекші етістігінің -а, -е, -й формасы негізгі етістіктен кейін келгенде істің ұзақтығын, -ып, -іп, -п көсемшелі етістіктен кейін сөйлеп тұрған уақыттағы іс – әрекетті; -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнақтарынан кейін келіп, белгілі істі жасауға дайындық жұмысының болып жатқанын
33 байқатады – дейді. Мысалы, таба алмай жүрмін, келісе алмай жүрмін.Мысалы, Төлепберділер үздік-создық келе жатқан.Анада Базаралы айтып кеткен сөз бен Балағаздардың қылықтары астасып жатыр. Жау алыста деп еркін шауып келе жатқан. Жат көмекші етістігі белгілі уақыт ішіндегі қимылдың үзіліссіз орындалуын білдіретін универсал екендігін көрсеткен: ұйықтап жатқан, жылап жатыр. Заттың қозғалысын көрсеткенін негізгі етістікпен тіркесіп келгенде, іс-әрекеттің әр түрлі уақытта және түрлі жақтармен тізбектеліп орындалатынын (келіп жатты, қайтып жатыр, кіріп жатыр) білдіреді. Қалып етістіктері грамматикалық семантикаға өте бай. М.Жолшаева еңбегінде әр қалып етістігінің семантикалық құрылымы талданып берілген . Қалып етістіктерінің тарихи шығу, қалыптасу жолын арнайы зерттеген М.Оразов қалып етістіктерінің аналитикалық формант құрамындағы қолданылу өрісі бірдей болмайтынын, грамматикалық семантикаға өте бай екенін, олардың нақты мағынасының сөйлем ішінде анықталатынын ескертеді. Бол көмекші етістігі -ып, -іп, -п формалы негізгі етістікке тіркескенде қимылдың аяқталғанын көрсетеді. Мысалы, тігіліп болды, оқып болды, айтып болды. Әбіш өзіне жазылған Павлов хатын да оқып болған. Сондай-ақ амал-әрекеттің жасандылығын да білдіреді. Мысалы, күлгендей болды, айтқандай болды. Бол көмекші етістігі -бақ, -бек, -пақ, -пек, -мақ, -мек формалы етістікпен тіркессе, ол – басқа бір іс жасауға қимылдың аяқталғанын, дайын тұрғандықты білдіреді. Мысалы, алмақ болды, айтып болды, келіп болды, баратынболды. Бұлар Базаралыны тартыс таласына алмақ болды.Бол көмекші етістігі -са, -се формалы етістікпен тіркесіп, аяқталған қимылды, -тын, -тін формалы етістікпен тіркесіп, қимылдың басқа бір іс жасауға әзір болып тұрғанын білдіреді. Мысалы, барса болды, айтса болды, баратын болды, айтатын болды.Бол көмекші етістігі -қандай, -кендей, -ғандай, -гендей аффикстерінің бірімен тіркессе, аяқталған қимылдың болған не болмаған күйіне күдіктеніп қарауды көрсетеді. Мысалы, сарт еткендей болды. Негізгі етістікке -ушы тұлғасы жалғанып болымсыздық жұрнағымен шек қою, тыйым салу мағыналарында білдіреді. Мысалы,
34 барушы болма, айтушы болма.Бол көмекші етістігініңмағынаға бай екендігін М.Оразовта, А.Алтаева да көрсеткен . Кет көмекші етістігі -а, -е, -й формалы негізгі етістікке тіркесіп, аяқталған қимылдың немқұрайды, тез, кенеттен, жол – жөнекей жасалғанын білдіреді. Мысалы, жата кетті, сөйлепкетті. -ып, -іп, -п көсемшелі формадан кейін келіп те аяқталған көріністі білдіреді. Мысалы, қалтырап кетті, жаурап кетті.Кет көмекші етістігі негізгі жат, отыр, жығыл етістіктермен тіркесіп келіп, қимыл иесінің немқұрайдылығын және іс-әрекеттің қалай болса солай орындалғанын (отыра кетті, жата кетті) білдіреді.Ал көмекші етістігі -а, -е, -й көсемшелі негізгі етістікпен тіркесіп, аяқталған қимылдың болу не болмау мүмкіндігін, шапшандығын білдіру үшін қолданылады. -ып, -іп, -п көсемшелі етістіктен кейін қолданғанда қимылдың аяқталғанын және оның субьектінің өзі үшін жасалғанын білдіреді. Мысалы, таныта алды, құйып алды, танысып алды, айқайлап алды. Ал көмекші етістігі - а, -е, -й көсемшелі негізгі етістікпен тіркесіп, іс - әрекеттің орындалу, орындалмау (болымсыз тұлғада) мүмкіндігінің көрсететін күрделі етістікті жіктеп көрсеткен. Есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен тұлғасындағы негізгі етістікпен болу көмекші етістігінң тіркесі қимылдың жалғандығын білдіреді: ұйықтаған, өлген болып жатты. Ал көмекші етістігінің бұл айтылғандардан басқа да бай семантикасы «Көмекші етістіктердің семантикасы» деген еңбекте толық көрсетілген . Қимылдың орындалу шегіне жеткенін бол, қой, шық, таста, сал, жібер көмекші етістігімен келген тіркестер білдіреді және олардың әрқайсысының өзіндік реңктері бар. Мысалы, бол көмекші етістігімен келген тіркес аяқталған көріністің толығымен іске асқандығын көрсетеді: сойып болдым, айтып болдым, жазып болдым. Шық көмекші етістігі қимылдың орындалуы барлық обьектіні бірдей қамтығанын көрсетеді: айтып шықты, беріп шықты, көріп шықты.Сал көмекші етістігі -а, -е, -й формалы көсемшемен тіркесіп, аяқталған қимылдың немқұрайды, жеңіл орындалуын білдіреді (айта салам, бара салам), - ып, -іп, -п формалы негізгі етістікпен тіркескенде сал көмекші етістігі қимылдың шапшандығын білдіреді. Мысалы, айтып салды, шығарып салды. Сал көмекші етістігі кез-келген -а, -е, -й көсемшелі негізгі
35 формалы негізгі етістікпен тіркесіп, қимыл иесінің орындалып жатқан іс - әрекетке немқұрайдылығын (ала салдым, айта салдым) байқатады. М.Жолшаева өзінің 2011 жылы шыққан монографиясында қимылдың созылыңқылығын (ұра берді, жата берді); ешқандай қосымша мағыналық реңксіз берілетінін (отыра берді, тұра берді); амал-әрекеттің қайталануын білдіретіндігін (қарай бердім, бара бердім) көрсетеді. Бер көмекші етістігі амал-әрекеттің жасалу үстіндегі процесін негізгі етістікке көсемшенің - а формасы жалғану арқылы беріледі. Аяқталған қимылды білдіруде бер көмекші етістігі –а, -е, -й формалы негізгі етістікпен тіркескенде қимылдың басталу ұзақтығының қайталануын білдіреді. Мысалы, сала берді, қала берді. -ып, -іп, -п формалы етістіктермен тіркессе, аяқталған қимылдың бағытын білдіреді. Мысалы, оқи берді, айтып берді. Өт көмекші етістігі -ып, -іп, -п формалы негізгі етістікке тіркескенде аяқталған қимылды, -а, -е, -й көсемшелі етістікке тіркескенде қимылдың жол-жөнекей болғандығын білдіреді. Мысалы, айтып өтті, жүріп өтті, қарап өтті.Кел көмекші -а, -е, -й формалы негізгі етістікпен тіркесіп, қимылдың шапшандығын, кенеттен болғанын білдіреді. Мысалы, атып тұра келді, ұшып тұра келді. Бар және кел көмекші етістіктерінің -а (-е, -й) көсемше формасындағы негізгі етістікпен тіркесіп қозғалыстың бағытын білдіретін қимылды көрсетеді. Қал көмекші етістігі -а, -е, -й көсемшелі негізгі етістікпен тіркесіп, тосыннан орындалған қимылды білдіреді. Мысалы: отыра қалды, тына қалды.Кейде -ып, -іп, -п қосымшаларымен эмоциялық реңкті де білдіреді. Мысалы, Әбіш ұялып, күрмеліп қалды. Базаралы оның амандасуын ұнатып қалды [М.Ә]. Іс - әрекет, қимылды орындауға деген ұмытылысты -п көсемшелі негізгі етістікпен көр көмекші етістігінің тіркесі көрсетеді: оқып көр, жеп көр. Қимылдың орындалуындағы өтініш пен тілек мағынасын -а, - е, -й көсемшелі етістікпен көр көмекші етістігінің тіркесі көрсетеді. Көр етістігі өзінің лексикалық мағынасын толығымен жоғалтады. Мысалы, кешіре көр, айта көр, айта көрме. Күрделі көмекші етістік құрамында келіп, іс-әрекеттің орындалмауын өтініп сұраған болымсыз формасында қолданылады: жоғалтып ала көрме, кетіп қала көрме. Де көмекші
36 етістігінің -айын, -ейін, формалы негізгі етістікпен тіркесі қимылдың басталуын білдіреді. Мысалы, қорқайын деді, жаурайын деді.Жазда көмекші етістігінің аяқталған көріністі білдіретін аналитикалық формасымен тіркесіп келіп орындалуға жақын қалған әрекетті білдіретін формасын да зерттеушілер дәлелдеп көрсеткен. Белгілі бір жағдайлар әсерімен орындалмаған іс - әрекеттің жазда көмекші етістігі мен -а, -е, - й көсемшелі негізгі етістіктің тіркесін көрсетеді: өле жаздады, жығыла жаздады. Тілімізде екі (үш я төрт) зат есімнің ешбір дәнекерсіз бір-бірімен тіркесуі үйреншікті құбылыс; бірақ екі етістік дәнекерсіз бір-бірімен ешуақытта тікелей синтаксистік қатынасқа түспейді. Мысалы: айт та бар, әкел де қой, немесе айта бер, айтып бер, әкеле қой, әкеліп қой деп айтуға болғанымен, «айт бар, әкел қой» деп айту грамматикалық құрылысқа жат нәрсе,сондықтан олайша дәнекерсіз айту ләзім емес. Ендеше, осы тіркестердегі –та (-де) шылауы,көсемшенің -а (-е), -ып (- іп) жұрнақтары тіркестердің құлаққа жатық естілуіне де,мағынасының жеңіл түсінілуіне де дәнекер болып тұр.Сол сияқты ұйықтап қалған едім деген аналитикалық тіркесті етістікті алсақ, мұнда ұйықтап қалған деген алғашқы екі компонент тұтас тұлға (ұйықтап қалған) амалдың өту сатысының бір мезетін ғана білдірсе, оған тіркескен соңғы едім компоненті сол мезетті өткен шақта болған әрекет екенін баяндап тұр.Сүйтіп, мұндағы грамматикалық дәнекерлер тек екі я үш етістікті бір-бірімен тіркестіруге ғана дәнекер болмай,олардың мағыналары мен қызметтерін ұштастыруға да себеп болып тұр.Екінші сөзбен айтқанда, бұл дәнекерлер аналитикалық етістік құрамындағы компоненттерді мағына жағынан да, қызмет жағынан да жіктеп, біреулерін негізгі я бастауыш етуге ,біреулерін жәрдемші я қостаушы етуге септігін тигізіп тұр. Мұндай аналитикалық тіркесте орын жағынан бұрын тұрып, дәнекер форманы өзіне тіркеп (я ілестіріп) алатын компонент қана аналитикалық етістіктің негізгі мағынасына ие болады да, жетекшілік істейді; жетекшіден кейін тұрып, оған үстеме мағына жамап, грамматикалық формаларға түсіріп тұратын соңғы етістік дәйім көмекші болып қызмет атқарады. Мысалы: ұйықтап кетті дегендегі
37 жетекші етістік – ұйықтап көмекші етістік – кетті болса ,барған еді дегендегі барған-жетекші етістік, еді- көмекші етістік болады. Н.Оралбайдың 1975 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары» деп аталатын монографиялық еңбегінде аналитикалық етістік құрамындағы аналитикалық форманттарды беретін мағыналарына қарай 14 топқа бөліп қарастырады. Олар: қимылдың жасандылығын білдіру; жетімсіз қимылды білдіру; қимылдың бағыт мақсатын білдіру; қимылдың ерекше ынтамен жасалуын білдіру; қимылдың немқұрайды жасалуын білдіру; қимылдың күтпеген жерден жасалуын білдіру; қимылдың қысқа, батыл жасалуын білдіру; қимылдың ерекше қарқынмен (күшпен) жасалуын білдіру; қимылдың созылуын, қайталануын білдіру; қимылдың жасалуына шек қойылуды білдіру; қимылдың жасалуының асығыссыздығын білдіру; қимылдың жасалуға бейімдігін білдіру; қимылды динамикалық қалыптан статикалық қалыпқа көшуін білдіру; бір қимылдың соңынан ілесе екінші қимылдың жасалуын білдіру. Аналитикалық тіркесте жетекші етістік пен көмекші етістіктерді селбестіріп, екеуін бір тұлға (единица) етуге , әдетте, көсемше, есімше, рай жұрнақтары және кейбір көмекші сөздер дәнекер болады. Егер тіркесте ондай дәнекер болмаса , компоненттері бір-бірімен кіріге алмай ыдырап кетеді де, аналитикалық етістік біртұтас тұлғалық (единицалық) мағынадан да , функциядан да айрылып қалады. Аналитикалық етістік пен аналитикалық формант мәселесі А.Ысқақовтың 1991 жылы жарық көрген еңбегінде жаңаша сипат алып, аталған етістік түрлері толық талданып, түсіндірілген. Жетекші (дербес) етістік пен белгілі бір грамматикалық категорияның мағынасын білдіретін көмекші етістіктердің бірлестігі аналитикалық форма деп аталады. Аналитикалык формада негiзгi етiстiк көмекшi етiстiктен бұрын тұрады да, аналиткалық тiркестiң негiзгi мағынасына жетекшілік етеді. Ал, аналитикалық формалы етістіктің құрамындағы көмекші етістік қосымшалар сияқты белгілі бір категорияға тән грамматикалық мағынаны бiлдiріп, сол категорияның морфологиялық көрсеткіші ретінде калыптасады. Аналитикалық формалар, негізінде, жетекші сөз бен аналитикалық форманттардың тіркесіп айтылуы арқылы жасалады.
38 Ондай жасалымда аналитикалық форманы жасаушы аналитикалық форманттардың өзі етістіктің грамматикалық категорияларының көрсеткіші ретінде жұмсалады. Демек, аналитикалық форманттар арқылы жасалған аналитикалық формалар (аналитикалық етістіктер) сол категорияның парадигмасына енеді. Аналитикалық етістікке әр түрлі аналитикалық форманттар қосып, ол сөзді әр түрлі грамматикалық категорияның аналитикалық формасына айналдыруға болады. Мысалы, барса екен, көрсе екен, бара сал, көре сал,барғысы келді, көргісі келді дегенде жетекші дербес сөздердің негізі сол күйінде (бар, көр) сақталған да өзгеріске түсіп әр түрлі аналитикалық форма жасап тұрған тек аналитикалық форманттар ( -са екен, -а сал, -ғысы кел). Етістіктің аналитикалық формасы сөйлеушінің етістікті қалай етіп, қай түрде қолдануына байланысты. Сөйлеушінің қалайша қолдануына сәйкес аналитикалық формалар да әр түрлі болады. Мысалы, барып қалды, көріп қалды, барып қойды, көріп қойды, бара берді, көре берді т.б дегенде, әрбір аналитикалық форманың өзіне тән сөзді әр түрлі грамматикалық мағыналары бар. Бұдан байқалатыны: ең алдымен, әрбір аналитикалық формалы етістік етістіктің белгілі бір грамматикалық категорияның көрсеткіші ретінде жұмсалатындығы. Екіншіден, етістіктің аналитикалық формасы етістіктің белгілі бір категориясының көрсеткіші болып танылатын аналитикалық форманттар арқылы жасалады; үшіншіден, осы аналитикалық форматтар арқылы жасалған аналитикалық формалы етістіктер сол категорияның парадигмасы болады. Қазақ тілінде қимылдың өту сипатын білдіретін белсенді тілдік құралдардың бірі аналитикалық форманттар болып табылады. Аналитикалық форманттар – аналитикалық формалы етістіктердің көрсеткіштері. Тіл білімінде сөздің лексикалық мағынасы мен көмекші сөздің грамматикалық мағына беретін тіркесін сөздің аналитикалық формасы деп атау қалыптасқан. Етістіктің аналитикалық формасы негізгі мағынаға ие етістіктің көсемше тұлғасында келуі мен көмекші етістік тіркесі арқылы жасалады.
39 А.Ысқақов көмекші етістіктердің қатысуымен жасалатын аналитикалық форманттарды 18 деп көрсеткен. Қимылдың орындалу тәсілін білдіретін аналитикалық форманттарды Н.Оралбаева 14 топқа сараласа, С.Маралбаева 5 топқа бөледі. М.Оразов аналитикалық форманттарды 17 топқа, ал А.Алтаева 18 топқа саралаған. Біз өз жұмысымызда Н.Оралбайдың көрсеткеніндей, көмекші етістікті аналитикалық форманттардың жасалу тәсілдерін, мағыналық ерекшеліктерін қарастыра келіп, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясынан алынған мысалдармен дәйектеуге тырыстық. Жалпы көмекші етістіктердің табиғатын танып білу, олардың ерекшеліктерін, сипаттарын ажырата білу қазақ тілі грамматикасының маңызды мәселесі. Қазақ тіліндегі көмекші етістіктерді аналитикалық форманттармен байланыстыра зерттеген Н.Оралбаева көмекші етістіктердің қолданылуы да, мағынасы да, қалыптасуы да аналитикалық формантпен байланысты, өйткені көмекші етістік аналитикалық форманттың негізгі сыңары, тілде ол аналитикалық формант құрамында, онымен бірге ғана қалыптасқан, – деген пікірін басшылыққа алдық. 2.2 Көмекші етістіктің грамматикалық семантикасы Дыбыстық тілдің қыр-сыры мол. Ол адамдардың қатынас құралы ретінде қолданылғанда сол қасиеттерінің кейбіреулерін ғана жарыққа шығаратыны, сөйлеуші не жазушы адамның мақсатына, сөз қолдану шеберлігіне байланысты олардың құбылып, түрленіп отыратыны мәлім. Тілдің бұл қасиетін ғалымдар ерте кезден-ақ біліп, тілдің осы тәрізді қолданылу жағын көбірек зерттеген. Дегенмен сонау көне үнді, грек тіл білімі өкілдерінен бастап, күні бүгінге дейін тілдің көп мәселелері талданып, өз шешімдерін тапқандай болса да, тіл білімінде әлі де талдануы, анықталуы қажетті мәселелер толып жатыр. Заттарға, құбылыстарға ең қарапайым көрінетін ат берудің өзі тек көне грек тіл білімі өкілдері (аналогистер мен аномалистер) арасында ғана емес, қазіргі дәуір тілшілері арасындағы пікір алалығына да себепші болып жүргені анық. Басқа пәндер сияқты, тіл білімі де дамып жаңа сатыға
40 көтерілген сайын оның алдына зерттелуі қажет болған жаңа мәселелер қойылуда. XIX ғасыр мен XX ғасырдың бірінші жартысында қазақ тіл білімі (жалпы түркологияда да) өкілдері, негізінен, грамматикалық категориялардың табиғатын анықтаумен ғана шектелді. Тілдің фонема, лексика салалары болса, оқулықтың талабынан әрі аспай, программа шеңберінен шыға алмады. Тек алпысыншы жылдардан кейін ғана тілдік элементтерді жан-жақты зерттеп, бірінің екіншісімен байланысын анықтау, басқа пәндермен байланыстырып, солардың жетістігін пайдалану сөз бола бастады. Осы бағыттағы жаңа саланың бірі – семантика. Семантика гректің Sёmапtіkоs (белгілеуші) деген сөзінен алынған, қазір сөз мағынасы деген түсінікпен тең дәрежеде қолданылып жүр. Сондықтан да оқулықтарда семантикаға сөз мағынасын зерттейтін лексиканың бір саласы деген анықтама беріледі. Тіл білімінің басқа салаларына қарағанда семасиологияның пән ретінде зерттеле бастау тарихы онша ұзаққа бармайды, ал түркологияда ол өте кенже пән болып саналады. Сол үшін де семасиологияның негізгі мәселелерінің көпшілігі зерттелмеген. Зерттелгендерінің өздері де әрі қарай талдай түсуді қажет өтеді. Семасиологиялық зерттеулердің қиындық туғызатын екінші бір жағы да бар. Ол – түркі тілдерінде семантика терминдерінің әлі де анықтала қоймағандығында. Мысалы, семасиология сөз мағынасын зерттейді дедік. Бірақ сөз мағынасының да күрделі түсінік беретіні, оның лексикалық және грамматикалық мағыналарының бар екені анық. Шындығында да, лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның арақатынасын оқулықтарда салыстырып, айырмашылықтарын санап көрсетумен ғана шектеліп жүрміз. Негізінде олардың айырмашылықтары болғанымен, бастарын біріктіріп, тілдік категория ретінде қолданылуына себепші болатын белгілері де аз емес. Ең басты ортақ белгісі — олардың екеуі де объектив дүниедегі заттар мен құбылыстарға қатысты, оларды өздерінде белгілі дәрежеде сәулелендіріп, адам ойын абстракциялау қызметімен байланыстыболады. Сонымен бірге олардың айырмашылықтары да бар. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның ең басты айырмашылығы – олардыңабстракциялану дәрежесі мен берілу формаларында.
41 Сөз мағынасы объективті өмір сүреді деген пікір бар. Шындығында сөз мағынасының жеке адамға тәуелді болмайтыны анық. Бірақ бұл – сөз мағынасы адамзат қоғамына байланысы жоқ, айналамыздағы заттар (тау, тас, ағаш, өзен, т.б.) сияқты адамдарға мүлде тәуелсіз болады деген сөз емес. Егер сөз мағынасы адамдарға мүлде тәуелсіз болады дейтін болсақ, онда оның адам ойымен (психологиялық құбылыс ретінде), коллективтің әлеуметтік санасымен байланысын жоққа шығарған болар едік. Сондай-ақ, сөз мағынасы тек субъективтік, индивидуалдық сипатқа ие дейтін болсақ, онда сөз мағынасы жеке адамға тәуелді деген қағиданы қолданған боламыз. Шындығында сөз мағынасының құрамында әрі объективтік, әрі субъективтік сипатқа ие болатын мағыналық элементтер бар. Сондықтан да сөз мағынасын көп қатпарлы категория деп атаймыз. Сонымен бірге, сөз мағынасында әрі жалпы универсалдық қасиеттермен бірге жеке адамдарға, индивидке байланысты болған мағыналық элементтердің де бар екенін мойындаған жөн. Соңғы тезисті былай түсінуге болады. Сөз мағынасындағы жалпы универсалды қасиет олардың объективтік сипатынан туады да, жеке тілге, адамға тәуелді болмайды. Нәтижесінде ол мағыналы элемент дыбыстық қабыққа ие болғанда, сол тілде сөйлеуші адамдардың бәріне түсінікті болады түрлі тілдерде сөйлеуші адамдардың өзара түсінісуі, бір мағынаны аудару жолы арқылы екінші бір тілге жеткізу мүмкіндігі туады. Ал жеке-даралық қасиет белгілі бір тілде ғана бар мағынаның болуын, тіпті сол мағынаны қолданғанда сөйлеуші не жазушы адамға тән индивидуалдық сипаттың бар екенін мойындаудан туады. Демек сөз мағынасын: 1) түрлі тілдерге тән универсалды жеке бір тілдің өкілдеріне (не туыстас тілдер өкілдеріне) тән жеке адамдарға тән мағына деп бөлуге болады. Әрине жеке адамдарға тән болған мағына сөздерді қолдану кезінде ғана, белгілі бір контекстерде ғана байқалады. Егер сөз мағынасын әлем тілдеріндегі мағыналармен байланыстыра қарайтын болсақ, онда мағынаның үш түрлі типі бар екеніне көз жеткізуге болады. Біріншісі – дүниедегі тілдердің бәріне де тән, ортақ болып келетін мағыналар. Мысалы, конкретті зат атаулары, кейбір сан есімдер, сын есімдер, т. б. Кей тілдерде бұл сөздердің де мағыналық шеңбері аз болуы, кең не тар мағынада болуы мүмкін, бірақ түрлі
42 тілдерде сөйлеуші адамдардың өзара түсінісуіне осы мағына негіз болады да, бір тілден екінші тілге аударылатыны да осы мағына болады. Салыстырыңыз: қаз. адам, өзб. инсон, орыс. человек, нем. der Мапп, т. б. Сөздердің барлығында да осы типтес мағына бола бермейді. Екінші бір топ сөздер сол тілде сөйлеуші халықтардың әлеуметтік жағдайы, ұлттық ерекшелігіне байланысты мағынаға ие болады. Бұл түрлі құрылымдағы тілдер арасында ғана емес, туыстас тілдер арасында да байқалатын, сол тілде сөйлеуші адамдар ғана түсіне алатын мағына болып саналады. Сол үшін де ондай сөздерді басқа тілге аударғанда сөзбе-сөз беру мүмкіндігі болмайды, тек түсіндіру, суреттеу жолы арқылы ғана беруге мүмкіндік туады. Салыстырыңыз: қазақ тілінде арқан сөзі қолданылады. Орыс тілінде осы сөзге мағынасы жақын веревка сөзі қолданылады, бірақ екі сөздің мағынасы тең болмағандықтан, арқан сөзінің мағынасын бере алмайды. Сондай-ақ, сыбаға, құда табақ, жая, қазы-қарта, құрт сияқты сөздер – тек түркі тілдерінде ғана сөйлейтін халықтарда қолданылатын тағам атаулары. Оны басқа тілге аударғанда түсіндіру жолымен ғана береміз. Домбыра музыкалық аспап ретінде қазақтарға тән болса, қомуз қырғыздарға тән, шертер өзбектерге тән музыкалық аспап. Бұл музыкалық аспаптың атаулары басқа түркі халықтарында да қолданылуы мүмкін, бірақ мағыналарында не қолданылуында ерекшелік бар. Тілдерде кездесетін үшінші бір мағына сөздерді қолдануға байланысты туады да, ол жеке ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың еңбектерінде, тілінде кездеседі. Үшінші мағынаны көпшілік ғалымдар жеке мағына ретінде санамайды. Сөз мағынасының басқа бір қиын жағыда бар. Совет тіл білімінде сөз мағынасы туралы әңгіме болғанда оның объектив дүниедегі заттар мен құбылыстарға байланысы барлығы негіз етіп алынады. Егер сөз мағынасын құрылымдық элементтерімен байланыстыра сөз ететін болсақ, онда, ең алдымен, тілдік мағына мен экстролингвистикалық мағынаны ажырату қажет болады. Экстролингвистикалық мағына элементі ретінде денотаттық (референттік), сигнификаттық, эмоциялықэкспрессивтік мағыналар түсініледі. Бірақ экстролингвистикалық элементтерге тілдерде кездесетін халықтың әлеуметтік, мәдени даму дәрежесімен, ұлттық психологиясымен байланысты болған мағыналық элементтер енсе де, оларға арнайы талдау жасалынбады. Тілдік
43 мағыналық элемент тілдің ішкі құрылымымен қатысты болады да, ол парадигмамен, синтагмамен байланысып жатады. Жоғарыда санамаланған мәселелер ұсынылып отырылған кітапта қолымыздағы бар материалдардың негізінде сөз болады. Тіл біліміне тиісті еқбектерде бұл мәселелер бұрын да азын-аулақ сөз болғаны анық. Біз ол еңбектерге арнайы талдау жасауды жөн көрмедік. Себебі, біріншіден, сөз және сөз мағынасы туралы жазылған еңбектер тізімінің өзі кішігірімкітаптың көлемін алған болар еді. Екіншіден, семасиология мәселелеріне байланысты жазылған еңбектер методологиялық жағынан да ала-құла, бір-біріне қарама-қарсы көзқарастарға негізделген қайшы пікірлерге толы. Сондықтан да оларға философиялық тұрғыдан қайта қарап, тиісті баға беру керек. Бірақ мұның өзі басқа жоспардағы күрделі зерттеуді талап етеді. Үшіншіден, түркологиялық зерттеулерде семасиология толық арнаулы зерттеу объектісі болған жоқ. Осы жағдайларды ескере отырып, қажетті деген жерлерде ғана ғалымдардың пікірлеріне өз көзқарасымызды білдіріп, тиісті жерлерде сынымызды да айттық. Оқулық соңында әдебиеттердің тізімін толық беруге тырыстық. Ондағы мақсатымыз, біріншіден, оқырман қауымның өз бетімен әрі қарай жұмыс істеуіне жағдай жасау болса, екіншіден, автордың пікірін басқалардың пікірлерімен салыстыруға мүмкіндік туғызу еді. Тіл білімінің сөз мағыналарына байланысты болатын біраз мәселелерін сөз етпедік. Мысалы, сөз бен ойдың арақатынасы, тілдің таңбалық сипаты мен мағынасының арақатынасы, т.б. Бұған себеп болған жағдайлар бар. Біріншіден, сөздің оймен не ой элементтерімен байланысы бар екенін тілші, философ ғалымдардың көпшілігі мойындағанымен, арасында айырмашылық бар деп ескерту жасайды. Дегенмен де бұл даусыз мәселе емес. Б.А. Серебренников сөзсіз ой, ойсыз сөз жоқ деген тезисті мойындамайды. Демек бұл екі көзқарастың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін, гнесиологиялық, психологиялық мәселелерді анықтау керек. Тілдің таңбалық сипаты да нақ осындай даулы. Оларды анықтау басқа жоспардағы зерттеу жұмысын талап етіп, бізді тақырыптан ауытқуға мәжбүр етеді. Екіншіден, тілдік ой, ой элементтеріне байланысты мәселелерді тіл материалы негізінде де, философиялық категория негізінде де зерттеуге болады. Мұндай жұмыстар істелініп те жүр. Бірақ оны методологиялық астар беріп зерттеу бар да, үстіртін сөз ету бар. Мұның алғашқысын жүзеге асыру
44 үшін жұмыстың көлемін кеңейту керек те, жалпы тіл біліміне байланысты мәселелерді талқылау қажет. Екінші жолы да ғылымға пәлендей жаңалық әкелмейді. Сондай-ақ, лексико-семантикалық топ мүшелерінің арақатынасы, сөздердің жүйелілік байланыстары (парадигмалық, синтагмалық) автордың басқа еңбектерінде сөз болғандықтан, оған біз тек үлгі ретінде ғана талдау жасадық. Еңбекті оқығанда ескеретін тағы бір жайт – мұнда талданған мысалдар, негізінен түсіндірме сөздіктерден алынды. Автордың қолында қазақ, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, татар, түрікмен, ноғай тілдерінен жиналған қыруар материалдар болса да, сөздіктермен шектелуді жөн көрді, тек қажетті деп есептеген жағдайда ғана көркем әдебиеттерден мысалдар келтірді. Мұндай шешімге келуімізге себеп, біріншіден, сөз мағынасын талдаудағы мағыналық ауытқулардан, екіұштылықтан құтылу көзделді. Екіншіден, көркем әдебиеттерден жиналған мысалдар арқылы мағынаға талдау жасалса, мағыналық реңктердің саны көбейіп, жұмыстың көлемін ұлғайтып жіберетін болды. Сөз мағынасы тіл білімінің барлық саласының өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Қазіргі тіл білімінің қол жеткен табыстарына сүйене отырып, кітапта сөз мағынасын лексикалық, грамматикалық деп екіге бөлдік. Лексикалық мағына құрамындағы элементтер ретінде денотаттық, сигнификаттық, эмоциялық және тіл жүйесі негізінде пайда болатын парадигмалық, синтагмалық мағына элементтеріне талдау жасадық. Қазіргі дәуір тіл білімінде сөз мағынасы жан-жақты зерттелініп жатқандығы анық, бірақ оның дау туғызатын, әлі де болса зерттелінуі қажетті болған жақтарының көп екендігі де анық. Ең алдымен, сөз мағынасын қалай түсінуге болады, оның құрылымдық элементтері бар ма, бар болса олар қандай элементтер деген сұрауларға жауап беру қажет еді. Сөз мағынасы дегенде ойымызға лексикалық және грамматикалық мағыналары келеді. Бұл екі мағына өзара байланысты, екеуі де объектив дүниедегі заттар мен оның түрлі қасиеттерін, заттар арасындағы түрлі қатынастарды бейнелейді. Бірақ бұл екі мағынаны тең санап, араларында айырмашылық жоқ деген қорытындыға келуге болмайды. Оқулықтарда айтылып, жазылып жүрген айырмашылықтар лексикалық, грамматикалық мағыналардың белгілерін салыстырып көрсетуге көмегі
45 тисе де олардың басты айырмашылығын көрсетіп бере алмайды. Олардың басты айырмашылығы деректі, дерексіз не тиянақты, тиянақсыз болуында ғана емес, берілу формаларында, мағыналарының дерексіздену дәрежесінде. Лексикалық мағына түбір морфемалар арқылы берілсе, грамматикалық мағыналар грамматикалық формалар арқылы беріледі. Бұл қағида түркі тілдерінің материалы негізінде жасалынған. Ал басқа тілдерде (мысалы, орыс тілінде) түбір морфемалардың барлығы да бірдей лексикалық мағынаға ие бола бермейді, бұл қағиданы қолдану мүмкін емес. Сөз мағынасының көп қатпарлылығы оның құрылымынан да байқалады. Семасиологиялық зерттеулерде денотаттық мағына, сигнификаттық мағына, эмоциялық-экспрессивтік мағына, стилистикалық мағына сияқты бірнеше мағыналардың барлығы көрсетіледі. Шындығында да мұншама көп түрлі мағына жоқ, бұлар лексикалық мағынаның элементтері. Денотаттық мағына деп бөліп алғанда сөз мағынасындағы объектив дүниемен байланысты мағыналық элементті көз алдымызға келтіреміз, сигнификаттық мағына дегенде адам санасындағы, ойлаумен байланысып жатқан мағыналық элементті түсінеміз. Басқа зерттеулерде арнайы аталынып жүрген стилистикалық мағына сөздің лексикалық мағына құрамына енбейді, сөйлеуші сөйлеу не жазу үстінде сөзден не тілдік материалдардан өз мақсатына байланысты қолданудан туады. Сондықтан да оларды жеке мағыналық элемент дені санауға болмайды. Біздіңше, стилистикалық мағына сөздердің парадигмалық, синтагмалық мағына элементтері мен эмоциялық экспрессивтік мағына мен сөйлемнің модалділігінен туады. Лексикалық мағына бір жағынан объективтік дүниемен байланысып жатса, екінші жағынан адамның ойлау процесімен, оның ұлттық ерекшелігімен, білімімен, тілдік дәстүрімен байланысып жатады. Сондықтан да сөз мағынасынан, белгілі дәрежеде, жеке адамдарға тәуелсіз, ырқына бағынбайтын қасиеттерді табуға болады. Бұл оның денотаттық мағына объектив дүииенің бір бөлшегі бар екендігін көпшілік философтар, логик ғалымдар, тілшілер, психологтар мойындайды. Егер осы объективтік қасиет болмаса, онда тіл адамдардың қатынас құралы болу қызметін атқара алмаған болар еді. Объектив дүниедегі заттар сөз мағынасымен тікелей байланыста
46 болмайды, ой элементтері арқылы байланысады. Сондай-ақ сөз мағынасы объектив дүниенің фото-көшірмесі де бола алмайды. Сигнификаттық мағына болса түйсік арқылы қабылданған объектив дүниедегі заттар туралы информацияға негізделінеді, бірақ бұл екеуі де өзара тең түсіп жатпайды. Сигнификаттық мағына элементтерінде, біріншіден, түйсік арқылы қабылданған информация элементтері болады, екіншіден, сол информация негізінде жалпыланған гнесиологиялық бейне болады, үшіншіден, адам ойының творчестволық жемісі, қызметі болады, төртіншіден, жеке адамның өмір тәжірибесі, білімі, т.б. болады. Демек сигнификат психологиялық құбылыс ретінде қабылданылуы керек те субъективтік қасиетке ие болады. Сигнификативтік мағынаның жалпылаушылық қасиетімен бірге объектив дүниемен байланыстырушы да қызметі бар. Денотаттық мағына мен сигнификаттық мағына элементтерімен бірге сөздерде эмоционалды-экспрессивті мағына элементтері де бар. Бір ескертетін нәрсе сол – эмоция сөздердің барлығының да мағына құрамында бола бермейді. Эмоцияның адамның психологиялық қалпымен, объектив дүниедегі заттар мен құбылыстарға адамның берген бағасымен, т.б. байланысты. Сондықтан да кей ғалымдар эмоцияны сөйлемге тән құбылыс деп санап, сөз мағынасы ретінде мойындамайды. Дегенмен кей сын есімдерде, одағай сөздердің мағынасында эмоцияның бар екендігіне күмән туғызуға болмайды. Денотат та, сигнификат та, эмоция да тілдік категория емес. Егер сөз мағынасы тек денотаттан не денотат пен сигнификаттан ғана құралады дейтін болсақ, онда мағына тіл категориясы болып саналмаған болар еді. Шындығында да сөз мағынасы тілдік категория. Соңғы кездерде осы қасиеттерді ескеріп бейнелік (отражательное) және тілдік мағына деп мағынаны екіге бөлу әрекеті бар. Бұл көзқарасты қолдаушылар да, қарсы шығушылар да бар. Тілдік мағына деп тілдік система негізінде қалыптасқан мағына элементтерін түсінеміз. Түркітану мен жеке түркі тіл білімдерінде ұзақ уақытқа дейін шешімін таппаған мәселелердің бірі – көмекші етістіктермен келген етістіктердің лексика – семантикалық мағыналарындағы өзіндік ерекше табиғатының танылуы. Қимылдың даму процесінде көмекші Ы.Маманов қазақ тіліндегі етістіктің көріністік сипатын бар деп тани отырып, өзіндік ерекшелігі, айырмашылығы бар екенін ескертеді. Орыс
47 тілінде етістіктің көрінісін приставка, аффикстер көрсететінін болса, қазақ тіліндегі етістіктің көрінісін көсемшелі негізгі етістікке тіркескен көмекші етістіктердің мағыналық ерекшелігіне қарай және көсемше формасы қимылдың өту сипатын, оның аяқталмағандығын, ұзақтығын, бір дүркінділігін, кенеттен болуын, аяқталуын білдіреді дейді. Ы.Маманов өз зерттеуінде қазақ тіліндегі көрініс категориясын бар деп танығанымен де оны көмекші етістіктің ерекше қолданысы деп олардың білдіретін мағынасын көрініс категориясына жатпайтынын айтқан. Ғалым «Қазақ тіліндегі көмекші етістіктер» еңбегінде етістіктің көрінісін 2 – ге жіктейді: 1) аяқталған; 2) аяқталмаған. Аяқталған көріністі білдіретін –п формалы негізгі етістікпен көмекші етістіктің тіркесі. Көмекші етістіктерді мағынасына қарай 2 топқа жіктейді: 1) Лексикалық мағынасында аяқталған әрекетті білдіретін көмекші етістіктер: бол, бітір, біт, жет; 2) –п көсемшелі негізгі етістікке тіркескен аяқталуды, бір дүркінділікті, тосындықты, бір сәтті, нәтижелікті танытатын көмекші етістіктер. Мұндай көмекші етістіктерге қал, қой, жібер, кет, сал, шық, таста етістіктерін жатқызады. «Современный казахский язык» деген еңбектеН.Сауранбаев қазақ тіліндегі көрініс категориясы аналитикалық жолмен жасалады, аффикция тәсілі жоқ деп көрсеткен. Аяқталмаған көріністі бол, бітір, біт, қой, кет, жібер, шық, сал көмекші етістіктерімен тіркескен көсемшелі етістіктер, аяқталмаған көріністі отыр, тұр, жатыр, жүр көмекші етістіктерімен тіркескен көсемшелі етістіктер білдіретінін айтқан. Аталған еңбекте қазақ тіліндегі көмекші етістіктермен келген ерекше аналитикалық формалар арқылы танылып, олардың іс-әрекеттің түрлі мағыналарын көрсететіндігі талданған. Ғалым күрделі етістік құрамында көріністік, модальдық және басқа да мағыналарды көмекші етістіктер көрсететінін айтып қазақ тілінде етістіктің көрініс категориясының аффикстік тәсілі жоқ деп санайды. Н.Сауранбаев аяқталған көріністі етістік іс-әрекеттің толық нәтижеге жеткенін, сол сияқты бір дүркінді және бір сәттік қимылды білдіретінін айтқан. Зерттеуші Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі вид категориясын тани тұрса да, оны қимылдың түрлі өту сипатын білдіретін ерекше түрлері – оны глаголы выражающие различные характеристки действия деген
48 тақырыпқа топтаған. Онда бір рет жасалатын қимылды білдіру, қосалқы қимылды білдіру, қимылдың күшеюін, жалғасуын білдіру, қимылды жасауға талаптануды білдіру, белгілі себептен қимылдың жасалмауын білдіру, қимылдың жасалу мүмкіндігінің болу – болмауын білдіру, қимылды жалған жасаған боп көрінуді білдіру, қимылдың жасалуын, қалауды білдіру сияқты тәсілдерді көрсеткен . Бұл қимылдың өту категориясына қазақ тіл біліміндегі алғашқы бетбұрыс болды. 1967 жылғы академиялық грамматикада сыпат грамматикалық категория ретінде көрсетілсе 2002 жылғы «Қазақ грамматикасында» қысқаша түсініктеме беріледі де, аналитикалық форманттар бөлімінде қаралады. Қимылдың өту сипаты етістіктің дербес грамматикалық категориясы ретінде түркітануда және қазақ тіл білімінде XX ғасырдың екінші жартысында ғана танылса да, қимылдың жасалуындағы түрлі ерекшеліктер түркі тілдерін зерттеушілердің назарына ертеден-ақ ілінген. Ы.Мамановтың сыпат категориясына байланысты ойларын сарапқа салғанымызда, ғалым, ең алдымен, сөз мағынасына емес, сөз формасына баса назар аударғанын байқаймыз. Мұны ғалымның мына пікірінен білуге болады: «Қалып етістіктерінде шақтық форма жоқ, тек шақтық мағына бар». Ғалым қалып етістіктерінің бойындағы шақтық мағына оларға телулі шақтық мағына емес, олардың бойында шақтық мағынадан басқа да (айталық, қимыл-күйді білдіру – етістіктік мағына; қимылдың өту сипатын білдіру – аспкетуалдылық мағына т.б.) мағыналар бар. Ғалымның бұл пікірін басқа ғалымдар еңбектерінде айтылмаған ерекше жаңалығы деп атауға болады. Сонымен қатар, көсемше формалы етістіктердің қалып етістіктерімен өзге толымды етістіктер арқылы сыпат категориясын жасауы туралы ойлары аналитикалық формалы етістіктер жайындағы күрделі зерттеуге негіз болған. Қимылдың жасалу кезеңдері мен тәсілі бойынша етістіктерді жіктеуі қазіргі грамматика талаптарына толық сай келмегенмен, функционалды грамматика тұрғысынан құнды пікір екендігін көрсетіп отыр. Функционалды грамматикада қимылдың өту сипаты немесе амалдың өту сипаты деп аталып жүрген ұғым «аспектуалность» терминімен аталады. Қалып етістіктері осы аспектуалдылық мағынаны білдіруде маңызды рөл атқарады. Олар осы функционалды семантиканы
49 беретін бірден бір тілдік құрал болып табылады. Қалып етістіктерінң фунуционалды-семантикалық өріс жасаудағы қызметі функционалды грамматика мамандарының зерттеулерінде айтылып жүр. Бұл айтылғандардан қалып етістіктері тек қана аспектуалды семантика ғана жасайды деуге болмайды. Ол басқа да функционалдысемантикалық өрістерді жасауға қатынасады. Айталық, олар қимылдың өту сипатын білдіруден бұрын, ең алдымен, шақтық мағынаны білдіреді. Дәстүрлі грамматика тұрғысынан олардың құрылымдық функциясы нақ осы шақты білдіру делініп, нақ осы шақты білдіретін тілдік құрал, соның көрсеткіші ретінде қаралып жүр. Алайда бұл оларға берілген біржақты ғана пікір. Өйткені шақ тілдік жүйеде және сөйлеуде екі бағытта қызмет етеді. Аталған етістіктер тілдік жұйеде шақ көрсеткіші болса, сөйлеуде, екі бағытта қызмет етеді. Аталған етістіктер тілдік жүйеде шақ көрсеткіші болса, сөйлеуде, яғни сөйлеу бірлігі – мұны зерттейтін сала функционалды грамматика тұрғысынан одан кең түрде қарастырылады. Ол тек қана нақ осы шақтық мағынаны ғана білдірмейді, сонымен қатар шақтық мағынаның басқа да реңктерін беруге қызмет етеді. Сөйлеудегі шақтық мағына функционалды грамматика тұрғысынан «темпоральность» деген терминмен аталады. Темпоралдылық функционалдысемантикалық өрісін жасауда қалып етістіктерінң өзіндік орны, тиесілі қызметі бар. Олар темпоралдылық категориясының мағыналық қырларын білдіретін тілдік құрал болып табылады. Демек қалып етістіктері Ы.Маманов көрсеткендей бір ғана категорияның тілдік көрсеткіші емес, ол аспектуалды, темпоралды, сондай-ақ басқа да қызметтерде жұмсалады. Көмекші етістіктердің түрлі граматикалық мағыналарды білдіру үшін қолданылуының өзі оның ұзақ даму сатысын басып өткендігін көрсетеді. Олардың төл мағынасының дерексізденуі, аналитикалық форманың құрамында мағынасының идиомалануы кейбір аналитикалық форманттың бірнеше мағыналарды қолданылуына жағдай жасайды. Тіпті кейбір аналитикалық форманттардың бір мезгілдің өзінде бірнеше мағыналық реңтте қолданылып, бірнеше грамматикалық категориның аясына енуіңде ықтимал. Мысалы, ып отыр аналитикалық форманты 1) нақ осы шақтық, 2)амалдың орындалуының нормалы бара жатқандығын немесе екінші сатысын білдіретіндігін Н.Оралбаева жоғарыда аталған екі еңбегінде айтқан. Амалдың өту
50 сатысын білдіретін грамматикалық формалары да мағнасына қарай екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа амал-әреекеттің орындалу фазасын білдіретін көмекші етістікті аналитикалық форманы кіргізсек, екінші топқа амал-әрекеттің орындалу тісілін білдіретін аналитикалық форманттарды енгізуге болады. Амал-әрекеттің орынлалу деңгейін (фазасын) білдіретін аналитикалық форманттардың саны онша көп емес. Алғаш рет бұл туралы И.Е.Маманов қазақ тілі материалдары негізінде сөз қозғаған болатын. Екінші пікір Н.Оралбаеваның еңбектерінде бар. Амаләрекеттің фазасын, амал-әрекеттін орындалу дәрежесімен байланысты анықталатындығы белгілі. Демек олар амал-әрекеттің басталуынан, олардың барысын, аяқталуын білдіреді. Н.Оралбаева амал –әрекеттің орындалу фазасын қимылдың даму сатысы деп атайды да, оны жоғарыдағыдай үш сатыға бөледі. И.Е.Маманов оны алтыға бөледі: 1) дайындалу, 2) амал-әрекетті орындалуға бейімделу, 3) басталу, 4) амал -әрекеттің орындалу үстіндегі, 5) аяқталу алдындағы және 6) аяқталу фазасы дейді. М Оразов амал-әрекеттің орындалу деңгейін төрт фазаға бөліп көрсетеді: 1) амал-әрекеттің орындалуға дейінгі (дайындық) фазасы; 2) басталыну фазасы; 3) амал-әрекеттің орындалу үстіндегі фазасы; 4) аяқталу фазасы 1. Амал-әрекеттің орындалуға дейінгі фазасын білдіретін -йын деп жүр, -йын деп отыр, -йын деп тұр, -йын деп жатыр аналитикалық форманттары да бар. Н.Оралбаева бұны -йын де аналитикалық форманты деп есептейді. -йын (-айын) де аналиткалық форманты қимылдың жасауға дайын екендігін, субъектінің жасауға биімделуін көрсетеді. Қазақ тілі материалдарында -йын (-айын) деп тұр аналитикалық форманты амал-әрекеттің орындалуына жақын екендігін де білдіреді. Мысалы, Астындағы аты теңселіп, құлайын деп тұр. Оған да сенбей, оған да жоныңды көрсетейін дедің бе?(М.Ә). 2. Амал-әрекеттің басталыну фазасын ғалымдарымыздың көпшілігі мойындайды. Мысалы, Н.Оралбаева бұны қимылдың бірінші сатысы десе, З.Қ.Ахмеджанова амал-әрекеттің басталыну этапы дейді.