51 Амал-әрекеттің орындалу этапына тоқталған орыс ғалымдары да бұл фазаның бар екендігін мойындайды. Қазіргі қазақ тілінде бұл фаза, негізінен, аналитикалық форманттар арқылы беріледі. Олар мыналар: -а бастаы, -а жөнелді, -ып сала берді, -ып жүре берді, -ып қоя берді, -ып келе жаттты, -ып келе жатыр еді (екен), -ып бара жатыр, -ып бара жатыр еді (екен) . Мысалы, омырауыныңбәрін ағыл-тегіл қан жапқан Қареке Пұшарбайдың көз алдында шауып келе жатып, жұмырлана құлады. (М.Ә) Амал-әрекеттің басталыну фазасын білдіретін екінші аналитикалық формант -ып кел. Кел етістігі толық мағыналы етістік қызметінде қолданғанда қозғалу, оның ішінде бағыттық қозғалысты білдіретін етістік болып саналдады. Мысалы, Жау деген осы! Қорқытып келмей құшағын жайып, қуантып келеді деп пе ең! (М.Ә)кел етістігі көмекші етістік қызметінде қолданғанда (-ып келді аналитикалық формантының құрамында) Бірнеше мағыналық реңті білдіреді. Сол мағыналық реңктің бірі –амал-әркеттің басталыну фазасы. Амал-әрекеттің басталыну фазасын білдіру үшін -ып бер, -а бер аналитикалық форманттары да қолданылады. Н.Оралбаева бұл аналитикалық формантты қимылдың созылуын, қайталануын білдіретін аналитикалық форманттар қатарына қос қан. Бұл аналитикалық форманттың - айта түс, -жаза түс дегенде амал-әрекеттің созылыңқылығын білдіретіндігі сыр емес. Бірақ қазақ тілінің материалдарында амал-әрекеттің басталуын да білдіретіндігін байқауға болады. 3. Амал-әрекеттің орындалу үстіндегі фазасын білдіретін аналитикалық формалардың саны аздау. Олар отыр, тұр, жатыр, жүр, кел, бар көмекші етістіктерінің қатынасу арқылы жасалынылады. Олар -ып жүр, -ып тұр, -ып жатыр, -ып жүр, -ып кел, -ып бар.Мысалы,үлкен Семейге, Затонға,Жоламан жатағына ғана емес, хабар тарап жатыр (М.Ә)Н.Оралбаева бұлардың қатарына ып келе жатыр , -ып бара жатыр аналитикалық форманттарын қосады. Қазақ тіліде бұл фазаның синтетикалық ормалары да бар. Мысалы: мала , –меле, қыла, -кіле, -ала, -еле, - ыңқыра, -іңкіре т.б. Амал-әрекеттің орындалу үстіндегі фразасын білдіретін аналитикалық форманттардың
52 барлығы да, біріншіден, амал-әрекеттің атылып жатқан кезде болып жатқандығын; екіншіден амал-әрекеттің аяқталынбағандығын, бірақ басталынғандығын білдіретін, үшіншіден созылыңқылығын не қайталанатындығын, не болмаса дүркін-дүркін болатындығын білдіретін реңке ие болады. 4. Амал-әрекеттің аяқталу фазасын білдіретін аналитикалық форманттар мынлар: -ып бол, -ып шық, -ып кет, -ып қой, -ып қал, - ып бар, - ып кел, ып болып қал т.б. бұл аналитикалық форманттар амал –әрекеттің толық аяқталғадығын аяқталуға жақын қалғандығын немесе аяқталуға бет алғандығын білдіреді. Мысалы, дәл осы кезде, бұлардың қасына үсті-басы шылдырлап, сарт-сұрт басқан біреу келіп қалды (М.Ә). Амал-әрекеттің орындалу тәсілінің мағына аумағы кең. Біз етістіктің фунционал категориясының асына амал-әрекеттің қалай орындалғандығын білдіретін тездік, сылбырлық, баяу, немқұрайлы, жол –жөнекей, қосымша, бірден орындалған, кездейсоқ, тосаттан, бір не бірнеше қайталану, созылыңқы, шек қою, амал-әрекеттің орындалу не орындалмауын байқау сияқты толып жатқан мағынаны еңгіземіз. Етістіктің бұл функционалды категориясын қазақ тіл білімінде Н.Оралбаева, З.Қ.Ахметжанова және С.И.Маралбаевалар өздерінің ғылыми еңбектеріне арқау қылған. Қимылдың уақытпен арадағы байланысы тілде шақ категориясы арқылы көрінеді. Қимыл уақытқа қатысты бірнеше аспектіден қарастырылады. Уақытпен өлшегенде түрлі көлемде болатын ісәрекеттің уақыт бойындағы әр қилы ішкі өту ағымы қимылдың өту сипты категориясының мазмұнын құраса, орындалу мерзімі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты шақ категориясы көрсетеді. Қимылдың өту сипатына ең жақын келетін де осы етістіктің шақ категориясы. Шақ ұғымы адам санасында қандай да бір іс-әрекеттің өту кезеңімен байланысты түсінікті қалыптастырады. Шақ көрсеткіштері жалғанған етістік мағынасына өзгеріс енгізбейді, тек қана қимылдың жүзеге асу мерзімін ғана көрсетететін грамматикалық сипатқа ие болып келеді. Деңгейлік грамматика аясында қарастырылатын морфологиялық
53 шақ категориясының көрсеткіштері қимылдың өту мерзімін, уақытын нақты, дәл көрсете алмайды, тек жалпылама білдіреді. Болмыстағы уақыт пен тілдегі шақ ұғымын тең деп қарауға болмайды. Іс-әрекет белгілі бір уақытқа орындалатындығы даусыз, тілде оның өту мезгілі абстрактылы түрде сөйлеу кезімен өлшенеді. Сөйлеп тұрған сәтте болып жатқан қимылды осы шақ, алда болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болған қимылды өткен шақ білдіреді: Боқырау өтіп, күзектегі ел күземін де а л ы п б о л д ы (М.Ә). Ал кең ұғымдағы шақ категориясы темпоралдылық деп аталады. Оның тұрпат межесі тек грамматикалық формалармен ғана тұйықталып қалмай, тілдің басқа деңгейлерін де қамтиды. Мәселен, мезгіл мәнді сөздер қимылдың өту уақытын нақты да дәл көрсетілетіндігімен ерекшеленеді.: Абай бағанадан бері Тоғжанға бет алдынан қараса, қазір көбінесе қырынан көрініп отыр(М.Ә). Етістік категориялары, соның ішінде аналитикалық етістік, аналитикалық формант, аналитикалық формант құрамындағы көмекші етістіктің қызметі, амал-әрекеттің орындалу, өту сипаты мәселесі, оның берілу жолдарының аналитикалық формалары туралы зерттеулерге жоғарыда тоқталып өттік. Амал-әрекеттің орындалу тәсілінің мағына аумағы кең. Етістіктің бұл функционалды категориясын қазақ тіл білімінде Н.Оралбаева, З.ҚАхметжанова және С.И. Маралбаевалар өздерінің ғылыми еңбектеріне арқау қылған. М.Оразов «Көмекші сөздер» деп аталатын еңбегінің екінші кітабында функционалді грамматика аясында қарастырылатын грамматикалық формалардағы нәзік мағыналар мен ауытқуларды негізге алу керектігін ескертеді. Сөйтіп қазақ тілінің материалдарына сүйене отырып, етістіктің аналитикалық форманттарының көбінесе көп мағыналы болып келетіндігіне, кейбіреулерінің мағына құрамында қосымша мағыналық реңктердің де болатынын айтады. Ғалым осы еңбегінде аналитикалық форманттардың мағыналық реңктеріне тоқтала келіп, оларды он жеті топқа бөліп қарастырады . Біз төменде М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан тақырыпқа сай іріктеліп алынған 100-ге тарта сөйлем ішіндегі көмекші етістікті аналитикалық форманттардың грамматикалық семантикасын
54 ажыратып, профессор Н.Оралбайдың еңбегі негізінде төмендегідей топтарға бөліп қарастырдық. 1. Қимылдың жасандылығын білдіретін аналитикалық форманттар қимылды шынында да жасамай, бірақ оны жасаған сияқты етіп көрсету – негізгі лексикалық мағынаға үстелетін реңк екенін көрсетеді. Қимылдың жасалуындағы бұл ерекшелікті жасанды қимылды білдіретін тәсіл деп санайды. Оның көрсеткіші -ған бол аналитикалық форманты арқылы беріледі. Бұл тәсіл түркі тілдеріне көп тараған. Бұл форманттар тіркесі етістіктің грамматикалық категорияларымен толық түрленбейді. Көбіне ол жедел өткен шақ, не келер шақ, ауыспалы, осы шақ және келер шақ, бұйрық райда(оқыған бол, оқыған болды, оқыған болмақ,т.б) ғана қолданылады. Мысалы, Бала көңілі, тым құрыса, сонысымен уанған болсын (М.Ә. 27). Бетіне су бүркіп, үшкіріп:- Кет бәлекет, кет! Көш, баламнан көш! – деп, батып бара жатқан қып- қызыл күнге қаратып қойып, бірдеме ем істеген болды(М.Ә. 48). Қалай болса, Абай бұл күнге шейін өмірінде дәл осы Барлас, Байкөкше баян еткен дастан, жырларға барабар ешнәрсе есітпеген сияқты болды (М.Ә. 53). Алғаш төсек тартып жатысымен-ақ денесін жер тарта бергендей болды да, бетін суыққа салды. 2. Жетімсіз қимылды (прерванность действия) білдіретін аналитикалық формант арқылықимылдың жасалуға жақындап барып, тіпті жартылай жасалып, аяғына жетпей тоқтауы, үзілуі, жасалмауы – өмірде бар құбылыс. Қимылдың жасалуындағы осы ерекшелікті білдіретін түркі тілдерінде тұрақты формант бар, ол -а жазда, -деп көрсетеді. Мысалы, Ол Абайды, тіпті, қағып кете жаздады . Қамысбай өзі де аттан жығыла жаздады. Бұл форманттың осы мағынада башқұрт, татар, өзбек тілінде кездесетін және салт, сабақты етістіктерге талғамай тіркесе беретінін құлай жаздады, кетіп қала жаздады, көгере жаздады,ери жаздады, ұра жаздады, жырта жаздады, қаға жаздады тіркестері арқылы көрсетеді: -жазда формантының тағы бір ерекшелігі деп зерттеуші оның болымсыздық жұрнақтарын қабылдамайтын, өз мағынасында болымсыздық мағына білдіретін, түрлену жүйесінде етістіктің жедел өткен шақ, ауыспалы өткен шақ формасында қолданатынын айтады. Аталған форманттың етістіктің қалау, бұйрық,
55 шартты райлар бойынша түрленбеу себебін, бұл форманттағы қимыл субьектінің әдейі жасайтын қимыл емес, қимылды жасауға жақындатып барып, оны субьект өздігінен тоқтатпайтынын, қимыл кездейсоқ әсерінен болатыны деп түсіндіреді . 3. Қимылдың бағыт мақсатын білдіретін аналитикалық форманттар арқылы қимылдың субьектіге меншіктелуін білдіреді. Олар: –п ал, -п бер.Анығында -п ал форманты амалды субьектінің өзіне меншіктеуін білдірсе, -п бер форманты, керісінше, амалдың өзге субьектіге меншіктелуін білдіру мағынасында жұмсалады. -п ал аналитикалық форманты тіркескен етістік етістіктің барлық категориялары бойынша түрлене береді. Мысалы, Тобықтының осы жуандары малы аз ғана Керейден сол екі өзенді жылма-жыл қона жүріп, тартып алмақ ниетте болатын . – Ал өзің? – десіп, қау-қауласып тұрған жұрт қолды-қолына бір-бір кесек тас көтеріп алыпты [М.Ә, 38]. Енді жыламасқа, көз-жасын ешкімге көрсетпеске бекініп, іштен қатты түйсініп алған. Сонысы қазір тереңдетіп, қатты түйіліп алыпты [М.Ә. 83]. Аз-ақ уақыттың ішінде қалың-қалың топырлар Жігітектің қырық кісісін тағы да ұйпап, жеңіп алды . Қазірде ала көлеңкеде кәрі әжесі байқап отыр - ән тоқтай қалса, кішкентай қыз қарақаттай қап-қара көздерін ашып алады[М.Ә. 101 Құнанбай қатты сұрланып алып, түрулі тұрған есіктен алыстағы көк адырға қадалып отырып, ернін жыбырлатты да, баяу ғана бата қылды . Бөжейдің екі қызы да бастарындағы бөркін тастап, қара салыны шорт байласып алыпты Тәкежан ол екеуіне үлкен кісіше зіл тастап, әуелі боқтап алды . -п бер форманты қазақ тілінде әбден қалыптасқан, орныққан, қимылдың субьектіден басқа біреу үшін жасалатынын білдіреді. Бұл формант қимылдың біреуге бағытталуын білдіргенде, сабақты етістікпен тіркеседі. Мысалы,айтып берді, баяндап берді, оқып берді . – Базарға ертіп бар да, шешелеріне, інілеріне алатын базарлығы болса, өзің таңдап алып бер! – деген .Тілмаш Ақбасқа Абай сөздерін аударып берді. 4.Қимылдың ерекше ынтамен жасалуын білдіретін аналитикалық формант арқылы қазақ тілінде қимылдың жасалуына субьектінің қатысын анық көруге болады. Өмірдің өзінде кейбір қимыл немқұрайды
56 жасалса, екінші бір қимыл бар ынта-жігермен жасалуы мүмкін. Бұл құбылыс тілде дәл беріледі. Н.Оралбаева өмірде болып жатқан қимыләрекеттің бірде немқұрайды, бірде ерекше ынтамен жасалуы мүмкін екенін–п бақ аналитикалық форманты арқылы көрсетеді. Түркі тілдерінің ішінде көп кездеспейтінін, қазақ тілінің бай семантикасын танытатын -п бақ аналитикалық форманты іс-әрекеттің орындалуына субьектінің ерекше ынта-ықыласын танытады. Мысалы, істеп бақты,білдірмей бақты, шыдап бақты,айтып бақты. 5. Қимылдың немқұрайды жасалуын білдіретін аналитикалық формантарқылысубьектінің кейбір іс-әрекетке ынта қоймай немқұрайды қарап, жол-жөнекей жасалуын білдірсе -а сал, -а отыр, -е жүр форманттары қолданылады. -а сал форманты қазақ тілінің ерекшелігін танытады. Мысалы,бере сал, айта сал, келе сал, кіре сал, оқи сал. -а сал форманты қазақ тілінің өзіндік ерешелігіне жатады деуге болады. Себебі, зерттеуші бұл форманттың өзге түркі тілдерінде кездеспейтіндігін, қазақ тілінде қимылдың іске асуын міндетті деп санамайтынын, сондай-ақ қимылдың немқұрайды жасалуын білдіретінін, субьект де, сөйлеуші де ол қимылдың жасалуына ерекше назар аудармайтынын айтады. -а сал форманты салт, сабақты етістікті талғамай қайсысына болсын тіркесе беретінін айтады. Мысалы,Басына қап сияқты бірдеңені жаба салды . Күрең құнаншығардың семіздігі сол алғыстарын естеріне қайта салды. Бұл форманттың граматикалық категорияларға түрленуге қабілетті екенін және бұнымен ұқсас күрделі етістіктің тілде кездеспейтіндігін айтады. Қимылдың жол-жөнекей және немқұрайды жасалуын-а отыр, -а жүр форманттары да білдіреді. Мысалы, сөйлей отыр, айта жүр, оқи отыр, көре тұр, ақылдаса отыр, біле жүр, т.б. Аталған формант салт, сабақты етістіктермен тіркесіп, түрлі грамматикалық категорияларда түрлене береді. Ай астында әрлі-берлі сенделіп, көп аяңдап жүрд і(М.Ә). Бұл форманттардың грамматикалық семантикасы М.Жолшаеваның зерттеулерінде жан-жақты талданған . 6.Қимылдың күтпеген жерден жасалуын білдіретін аналитикалық фортанттың 3 түрін зерттеуші Н.Оралбай айқындаған. Олар: -а қой, -а кет, -а қал; Бұл форманттар басқа да түркі тілдерінде,
57 қарақалпақ, өзбек, татар, якут тілдерінде кездеседі.-а қал форманты қимылдың шұғыл жасалуын білдіп, көбіне қимылдың шұғыл жасалуын білдіріп, көбіне салт етістіктермен тіркесетін, сабақты етістіктермен сирек кездесетінін айтады. Мысалы, Құнанбай кеп түскенше жапырлап сөйлеп, күлісіп, әзілдесіп жатқан әйелдер Құнанбайға Майбасар кеп есік ашқанда жым-жырт бола қалды . Оспан қалт етіп аңырып тұра қалды . Жұрттың бәрі амалсыз иіріліп тұра қалып, ақ таймен Оспанның арпалыс майданына қарады. -а қой форманты қимылдың жеңіл, бірденжасалуын білдіреді. Көбінесе сабақты етістіктермен қолданылу ерекшелігін көрсетеді. Зерттеуші бұл формадағы аналитикалық етістік грамматикалық категорияларға толық түрлене алатынын айтады. Мысалы, біле қойды, көре қойды. -а кет форманты қимылдың оңай, ойда жоқта, кенеттен жасалуын білдіреді. Мысалы, жабыса кетті, отыра кетті.-а кет аналитикалық формантының күрделі етістіктен мағынасы жағынан ажыратылатынын көрсетеді; яғни -а кет аналитикалық формантының құрамындағы элементтер өз мағынасынан айырылған, күрделі етістік құрамындағы сыңарлары лексикалық мағынасын сақтаған.Бұл аналитикалық форманттың салт етістіктермен жиі тіркесіп, келісе кетті, жантая кетті, отыра кетті, жата кетті, шұрқыраса кетті деген мысалдарда көрінетінін және осы аналитикалық форманттарға ұқсас, тілдегі күрделі етістіктердің бар екенін, олардың мағыналық айырмашылығын талдап көрсетеді.Автор күрделі етістіктің екі сыңарындағы етістік не бірімен – бірі қатарласа, немесе біріншісі жол-жөнекейнемқұрайды жасалатын қимылдан құралған күрделі қимылдың атын білдіреді – дейді . 7. Қимылдың қысқа, батыл жасалуын білдіретін аналитикалық форманттар:-п таста, -п жібер, -п түс, -п қал; Бұл форманттардың қарақалпақ, татар тілінде кездесетінін және аналитикалық форманттардың ішкі мағыналық айырымдары бар екенін зерттеуші төмендегідей көрсетеді: - п таста форманты көбіне қимылдың қысқа, батыл, нық жасалуын білдіріп, көбінесе сабақты етістікпен тіркессе, -п таста форманты жетекші етістікке амалды құлшына, жігерлене мүдірмей тез істеуді білдіретіндей реңк жамайды. Мысалы, Бұйрықтарын шолақ
58 айтып, көштерін тоқтатып тастады .Таңертеңгі аяздан қырауытып тұрған жалы мен жонын бір уыс шөп алып сипап, сүртіп тастады . Әрдайым тізгінін созып жіберіп, басын шұлғып тастап, көңілді аяңдайтын Аймаңдай бүгін, тіпті, жеңіл басып, дәл жел қайықтай лыпып тұр екен. Құнанбай «жетті доғар» дегендей ишарат қылды да, Қарабасты тоқтатып тастады -п жібер форманты қимылдың тез, батыл, тиянақты жасалуын білдіреді. Зерттеуші -п жібер аналитикалық формантының көбінесе адамның психикалық процестерімен байланысты салт етістіктермен жиі қолданылуын айқындаған. Және де –п жібер форманты көбіне сабақты етістікке, кейбір салт етістіктерге тіркесетінін айтады. Мысалы, Жоғарыдағы төрт жігіт Қодар денесін қаумалап, ілгерілі – кейінді толқытып тұрып, бір кезде тастап жіберді . Іштен тағы да бір үлкен, ауыр толқыны бүктеліп, булығып кеп, бала жүрегін жаныша ұрғанда, ол бұрынғысынан да қатты, аса қатты бір өксікпен, солқылдап жылап жіберді [М.Ә. 43]. Сол шабыс қосылды ма, болмаса өзінің бала көңілінің сенделуі сондайма, Абай бір уақытта жылау үстінде лоқсыплоқсып булығып кеп, құсып-құсып жіберді -п түс форманты қимылдың кенеттен, тез жасалуын білдіреді. Зерттеуші бұл аналитикалық форманттың қазақ тілінде онша жиі қолданылмайтынын және де қолданылған жағдайда салт етістікке де, сабақты етістікке де тіркесетінін айқындаған. Мысалы, Тағы бір тықырдың болатынын біліп, шешесі тұрып болғанша Оспан төсектен ырғып түсіп... Түйе шөккенде Қамқа серейіп сұлық түсті де, Қодар өлмеген екен, бүктеліп түсті [М.Ә]. Манас қолынан екі Жігітек құлап түсті [М.Ә. 79]. Қамысбайдың қамшысы сермелген бойында Бөжейдің арқасына төне бергенде, біреу келіп, өз денесімен Бөжейді жаба бере, құлап кеп түсті. -е түс форманты еліктеуіш сөздерден жасалған құранды етістіктермен жиі қолданылып, тез өткен қимылды білдіреді. Мысалы, Абайдың саласы ұзын, ашаң қолын Аймаңдай аттың қазіргі жалы кере түсті [М.Ә. 125]. Тоғжан шай ішіліп болса да, дастарқанды жиғызбай, күлімсірейтүседі[М.Ә. 143]. Осы жөнін айыра сұрап кеп, Абайдың Тәкежан болыспен туысқан екенін білгенде, адвокат, әсіресе, таңырқай түсті.Құнанбай шешесінің ажарын сезді де, жуаси түсті. а түс
59 формантының қимылдың үдеуін, созылуын, жалғасуын білдіруі контексте айқындалады: Смағұл да кеп Оспанға жабыса түсті . - п қал қимылдың қысқа бір рет жасалуын білдіреді. Зерттеуші, бұл форманттың тек сабақты етістікке тіркесетінін және тілде сирек кездесетінін айқындаған. Мысалы, Астыртын хабармен Құнанбайдың үлкен аулына Ырғызбай, Топай, Жуантаяқтардың көп ірі кісілері жиналып қалған[М.Ә. Осыны үлкенді-кішінің әрқайсысы: «Бұл қалай? Неліктен?» - десіп, сұрасып жүргенде, түс кезінде Бақанас бойына бір өзгеше хабар шұғыл кеп қалдыОсы аналитикалық форманттардың ішкі мағыналық ерекшелігін бір-бірнеше айырмасын Н.Оралбай былай деп жинақтап көрсеткен: -п сал қимылдың батыл тиянақты жасалуын; Мысалы, Қара шашын тарқатып, екі иініне жайып салған -п қал қимылдың қысқа бір рет жасалуын; -а түс екі мағынада: қимылдың өте тез қысқа жасалуын және қимылдың созылуын, үдеуін, жалғасуын білдіреді. Қимылдың өте тез, қысқа жасалуын белгілі етістіктермен тіркескенде ғана береді: (жағасынан) ала түсті, айқаса түсті, міне түсті, шаншыла түсті, -а түс формантының мағынасы –а кет формантымен синонимдес екенін көрсетеді. Қимылдың батыл, қысқа жасалуын білдіретін -п жібер, -п қал форманттары роман-эпопеяда өте жиі қолданылғаны, ал -е түс, -п таста форманттары сиректеу қолданылғаны байқалады. Жалпы М.Әуезов қолданысында аналитикалық формантты етістіктер өте мол. 8. Қимылдың жасалуына шек қойылуды білдіретін аналитикалық формант: -а тұр. Зерттеуші бұл форманттың тек қимылдың жасалуына шек қойылатын мағынада тұрақты қалыптасқанын, оған ұқсас күрделі етістіктің жоқ екенін айтады. Көбінесе бұйрық райда, келер шақта (күте тұр, оқи тұратын, бере тұрсын, жата тұрар, жата тұрмақ) қолданылатынын көрсетеді. Осы формантқа ұқсас -а отыр, -а жүр форманттарымен салыстыра отырып, -а тұр формантының шектік мағынасын көрсетеді. Мысалы, Смағұл құлжаны таба алмай, аузымұрнына қымыз кетіп, шашалып, ықылық атып, тағы бақыра тұрды. Келгендер Құнанбай мен Алшынбайдың екі жағынан жарыла отырды. 9. Қимылдың жасалуға бейімдігін білдіретін аналитикалық форманттар іс-әрекеттің орындалуға дайын тұрғанын көрсетеді. Олар:
60 -ғалы отыр, -ғалы жат, -ғалы тұр, -ғалы жүр, -йынде форманттары арқылы беріледі. Зерттеуші Н. Оралбаева осы форманттар жөнінде Т. Қордабаев, Ы. Маманов еңбектерін негізге ала отырып пікірайтады.Шақ көрсеткіші деп зерттеуші Н. Оралбаева: «Қимыл келешекте орындалуы тиіс сияқты болып көрінеді, бірақ бұл форманттар әлі жасалмаған, жасалуға бейімділігін, жасауға дайын тұрған қимылды білдіреді дейді. Мысалы, жүргелі отыр, жүргелі жатыр, жүргелі тұр, айтқалы жүр.Бірақ дәл бұл жолы жалған намыс дегенді айтып, ағайынның обалына қалғалы отырған Тәкежанға болыспасын йын (-айын) де аналитикалық форманты қимылдың жасалуға дайын екенін, субьектінің қимылды жасауға бейімділігін көрсетеді. Мысалы,ұйықтайын деп еді,жер құрғайын деді; күн ашылайындеді 10. Қимылдың динамикалық қалыптан статикалық қалыпқа көшуін білдіретін аналитикалық формант: -п қал. Зерттеуші қимылдың дамудан тұрақты бір қалыпқа көшуі де – оның жасалуындағы өзіндік бір ерекшелік екендігін айтады. Мысалы, отырып қалды, тынып қалды, ойланып қалды Ол жалғыз-ақ, « дарға асу» деген жерде, ішінен бір түрлі тіксініп қалды «Екі жарты бір бүтін болайық. Кімге сенеміз? Иық сүйесіп күн көрейік» деп, Құтжанға құран оқи келгенде Қодар Жәмпейіске зарын шақты да, қолынан ұстап қалды.Бірақ дәл осы кезде, үнсіз тұрған жиын жақтан жапыр-жұпыр дауыстар естіліп қалды.Былқ етіп құлап жығылды да, талған бойында жерде сұлқ етіп жатып қалды. Бүгін қойды кеш сауып болған ба, немене ымырт жабылып қалыпты . Ол ұлғайып еті ауырлап қалған [М.Ә. 50]. Түсіп Бөжейге келіп басу айтып, қолын бөгеп қалды. Себепсіз жымия күліп, осы топты Абай көше ортасында аңырып, тосып қалды. Өзі де Зеренің қасына отырып қалды [М.Ә. 132]. Келесі күні, айтқанындай Құнанбай, Бөжейлер бар нөкерлерімен тұтас кеп, ошарылып қалды. 11. Бір қимылдың соңынан ілесе екінше қимылдың жасалуын білдіретін аналитикалық формант -е сала, -а сала, -а салып (келе сала, келе салып, айта салмақ, айта салыпты) форманттары. -а сала, -а салыпформанттың негізгі грамматикалық ерекшелігі деп зерттеуші оның түрленбейтін, соңынан еш морфеманың тіркеспейтіндігін, бір қимылдың соңына іле жасалатынекінші қимылдың бар екенін ескертеді.
61 Мысалы, Тәкежанның қанжығасында бір сары ала қаз, екі үйрек бар екен, барлық бала соны көре сала...Енді басын көтеріп ала сала, қасындағы бір баланың тымағын жұлып алып, теріс киіп жіберіп, сақылдап күліп, ақ тайды тебініп кеп алды . 12. Қимылдың созылуын, қайталануын білдіретін аналитикалық формант: -е бер, -е түс, -а түс. Қимылдың жасалуының ұзаққа созылуын білдіру дүние жүзіндегі тілдердің көбінде бар. Ғалым қимылдың ұзаққа созылуы, не үстелу, не әрі жалғасу, не қайталану түрінде кездесетінін айтты.-е бер форманты түркі туыстас тілдерге кең тараған -е бер аналитикалық форманты қимылдың созылуын әрі қайталануын көрсетіп, салт, сабақты етістіктермен бірдей тіркеске түсіп, барлық грамматикалық категорияларда түрленеді Мысалы, Абай Ақбаспен амандасып отыра беріп, үлкен бөлменің ішіндегі кітаптарға қарады [М.Ә. 356]. - Абайша сүңгимін, - деп, саяз жерге етбетінен жата қалады да, артын тоңқитып, мөңкіген тайдай, екі аяғын шаншыта береді [М.Ә. 180].Тәкежанмен бірге барлық топ қозғала берді [М.Ә. 189]. -е түс форманты қимылдың күшеюін, әрі қарай созылуын білдіреді. Бұл формант та етістік талғамай тіркеске түседі. Мысалы, Осы жөнін айыра сұрап кеп, Абайдың Тәкежан болыспен туысқан екенін білгенде, адвокат, әсіресе, таңырқай түсті [М.Ә. 356]. Қайта оның ғазабын арттыра түседі [М.Ә. 167]. Смағұл да кеп Оспанға жабыса түсті [М.Ә. 91]. Тоғжан шай ішіліп болса да, дастарқанды жиғызбай, күлімсірей түседі [М.Ә. 143].Құнанбай шешесінің ажарын сезді де, жуаси түсті[М.Ә. 168]. 13. Қимылдың ерекше қарқынмен (күшпен) жасалуын білдіретін аналитикалық форманттар:-п кеп жібер, -п кеп қал. Бұл күрделі аналитикалық форманттары арқылы қимыл өте қысқа, көбіне бір рет жасалады.Мысалы,итеріп қалу-итеріп кеп қалу,қағып жіберу-қағып кеп жіберу,жылап кеп қалды, күтіп кеп қалды-п кеп жібер – күрделі аналитикалық формант көбінесе бір мағынада ғана қолданылады (тартып кеп жіберді, қағып кеп қалдым). -п кеп қал форманты ерекше қарқынмен, күшпен жасалатын қысқа қимылды (соғып кеп қалды, жіберіп кеп қалды) білдіреді. Құнанбай атына қамшы басып жіберіп,
62 омыраулатып келді [М.Ә. 68]. Роман-эпопеяда аталған форманттармен қолданылған сөйлемдер кездеспеді. 14.Қимылдың жасалуының асығыссыздығын білдіретін аналитикалық формант: -а жатар. Бұл мағынаны -а жатар форманты білдіреді.Мысалы, көре жатар,біле жатар, үйрене жатар,айта жатар,сұрай жатар,санай жатар,құптайжатар,сынай жатар, көрісе жатар, ол салт етістікпен сирек қолданылады: болыса жатар,кездесе жатар,т.б.Қимылдың жасалуымен байланысты бір ерекшелік қимылдың жасалуының кейіндетілуі, асығыссыздығы. Мысалы, көре жатармыз, айта жатармыз.Бұл мысалда көру, айтуқимылыкейіндетілген, ол асығыс емес.Қимылдыңжасалуының ассығыссыздығын білдіретін -а жатыраналитикалық форманты тілде жиі қолданылмайды, көбінесе сабақты етістікпен тіркестер құрайды: көре жатар, біле жатар, сұрай жатар, санай жатар, көрісе жатар; -а жатарформанты үнемі етістіктің болжалды келер шақ формасында ғана қолданылып, өзге грамматикалық категорияларда түрленбейтіндігі көрсетілген . Қорыта келгенде, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы көркем сөздің, көркем сөз қолданыстың шеберханасы іспетті. Онда сөздің, тілдің мәйегі болып табылатын етістік, көмекші етістіктер аналитикалық форманттар, әр қырынан көрінген. Әсіресе көмекші етістікті форманттар жазушының ойын, айтайын деген сөз қолданыстарын айшықтап, мағыналық иірімдерін неше түрлі бояулармен өрнектеуге себін тигізгені байқалады. Роман-эпопеядағы көмекші етістікті аналитикалық форманттардың қолданылу жиілігіне назар аударсақ-п қал; -а ал; -п жібер форманты өте жиі қолданылса, - п кеп жібер, -п кеп қал; -п ғалы отыр, - п ғалы жүр, - ғалы жат, -ғалы тұр, -йынде аналитикалық форманттары сирек қолданылатыны байқалды.
63 2.3 Қалып етістіктері Адамзат атаулының қай-қайсысы болсын жатқан я тұрған я жүрген я отырған жағдайда ұшырасады және олардың амал әрекеті сол аталған қалыптың бірінде жүзеге асады. Осындай табиғи күй жағдайлардың атауы есебінде жұмсалатын етістіктер қалып етістіктер деп аталады. Оларға жатыр тұр, жүр, отыр, етістіктері жатады. Біріншіден бұл төрт етістік (жатыр, тұр, жүр отыр) өзді- өзіне тән түрткілікті лексикалық мағыналарын толық сақтап, барлық лабараториялық формаларда түрленіп, синтаксистік қызмет түгел атқарып отыратын негізгі етістік есебінде қолданылады. (ат қорада тұр, сіз жүре беріңіз, сәби төсекте жатыр, үлкендер есік алдында отыр тб) Екіншіден бір төрт етістіктің әрі жетекші етістік ретінде қызмет атқару қабілеттері де түрлену жүйесінде бірыңғай болғанымен олардың лексикалық мағыналары, басқа-басқа, мысалы Наизатасының басында бір кісі тұр, Найзатасының басында бір кісі отыр, Найзатасының басында бір кісі жүр. Найзатастың басында бір кісі жатыр дегендердей төрт етістіктің мағынасынан төрт түрлі қалып ашық түсініледі. Тыныш тұрған адам едім, тыныш отырған адам едім, тыныш жүрген адам едім,тыныш жатқан едім деген сөйлемдерде де қалып етістіктерінің амалдары орындары қызметтері бірдей болғанымен олардың сипатамалары басқа-басқа. Сондай-ақ Абызал сурет көріп тұр. Абызал сурет көріп жүр. Абызал сурет көріп отыр. Абызал сурет көріп тұр. Абызал сурет көріп жатыр десекте, суретті Абызал олбекть сурет амал процесі көр бәрінде де біреу-ақ, бірақ роцестің өту, қалыпты сипаты бөлек-бөлек екеуі соңғы етістіктерден айқын көрінеді. Қалып етістіктерінің семетикалық айырмашылықтары олардың жетекшілік қызметі ғана емес, көмекшілік қызметіне де не тежеп не парықсыз қолданбайтындай шетке қойады. Мысалы жаңбыр жауып тұр немесі жаңбыр жауып жатыр деуге де болады. Әрине екеуінің мағынасынан да туу процесінің жақында я алыста болуын білдіру жағынан айырмашылық бар . Деген мен, жаңбыр жауып тұр я жаңбыр жауып отыр деуге болмайды. Ендеше бұл етістіктердің қай жерде қолданылмау машығына қатысты ерекшеліктері ең алдымен олардың семетикалық сипатына байланысты.
64 Үшіншіден тіліміздегі өзге етістіктердің негіздері әрдайым бұйрық райдың екінші жағына тән мағыналы білдіріп, сол қызметте жұмсалса қалып етістіктері әр бұйрық райдың екінші жағының айнасы түрі есебінде (сен тұр,сенатор, сен жүр, сен жат,) әрі ашық райдың үшінші жағының формасы есебінде қызмет етеді(ол тұр, ол отыр, ол жүр, ол жатыр) Төртіншіден тіліміздегі өзге етістіктердің негіздері жіктік жалғауда тікелей қабылдамаса, қалп етістіктері жіктік жалғауды тікелей қабылдамаса қалп етістіктері жіктік жалғауды тікелей қабылдап нақты осы шақ қызметті атқара береді. Мысалы мен тұрмын, сен тұрсың. Осы ерекшелік олардың анаметикалық етістік құрамында көмекші болғандар да сақталады. Мысалы мен түстеніп тұрмын, сен күліп тұрсың. Бесіншіден. Логикалық және практикалық талапқа қарай тіліміздегі өзге етістіктерге етіс жұрнақтары қосыла береді ол қалып етістіктерімен өзге етіс формалары жасалғанмен(отырғызды, жүргізді) здік етіс жасал-майды (тұрғызды отырғызды емес) Алтыншыдан тіліміздегі басқа етістіктердің негіздеріне толымсыз көмекші етістіктер жетіспейді. Ал қалып етістіктері негіздеріне бұл көмекшілер тіркесе береді. Мысалы тұр еді, жүр еді, отыр еді, жатыр еді, тұр екен, жатыр екен, жүр екне, (келе еді немесе оқы екен дейді) Бұл төрт етістіктің өздерінің негізгі мағыналары мен қызметтерін атқарумен бірге бір жағынан ампл әрекеттің даму кезеңі( фазасын) өту сипстың білдіруге дәнекер болса, екінші жағынан етістіктің нағызосы шақ катигориясын қарауға негіз болады. Бұл қатардағы етістіктер қимыл-қозғалыс, амал-әрекетті атамайды, заттың қалпына, күйіне қатысты белгілерді, атап айтқанда, бір күйден екінші күйге, бір қалыптан, екінші қалыпқа ауысуын, өзгеруін атайды. Өз ішінен үш топқа жіктеуге болады: 1. Сапалық қалып етістіктері: көгеру, азаю, көбею, ағару, қалыңдау, ұзару, сөну, жану, шіру, т.б.; 2. Жанды заттардың қалып-күйін білдіретін етістіктер: азу, толу, семіру, жантаю, ұйықтау, ояну, ауру, өлу, ісу, жүдеу, шаршау, арықтау, т.б.; 3. Статикалық қалып етістіктері: отыру, тұру, жүру, жату.
65 Сезіну етістіктері. Бұл етістіктерде сезім мүшелері арқылы түйсіну мағынасы бар. Өз ішінен төмендегі топтарға бөлінеді: 1. Көру етістіктері: қарау, тесілу, көру, телміру, көз қырын салу, сығалау, көзін алмау, қараңдау, ағараңдау, көздеу, т.б.; 2. Есту етістіктері: тыңдау, есту, құлақ салу, құлақ түру, құлаққа жету, т.б.; 3. Иіс етістіктері: сасу, мүңку, аңқу, иістену, мұрынды жару, т.б.; 4. Терімен сезіну етістіктері: тоңу, жаурау, қышу, ұю, т.б.. Ойлау етістіктері. Адамның ойлану әрекетін білдіретін етістіктердің басқа ЛСТ-ғы етістіктерге қарағанда саны аз: ойлау, еске түсіру, ойдан шығару, түсіну, аңдау, аңғару, ескеру, есііне алу, есіне салу, басы қату, басы айналу, т.б. Көңіл-күй етістіктері. Бұл қатардағы етістіктер адамның психологиялық және эмоциялық қалпымен байланысты қимыләрекеттерді білдіреді. Өз ішінен екіге бөлінеді: 1. Психологиялық көңіл-күй етістіктері: ұялу, қысылу, тартыну, бетінен оты шығу, абыржу, сескену, қорқу, т.б.; 2. Эмоциялық көңіл-күй етістіктері: ұнату, жақтыру, еркелеу, ардақтау, әлпештеу, ғашық болу, қаплану, ашулану, ренжу, жылау, долдану, мейірі түсу, мұңаю, т.б Дыбыс-сес, бейнелеу етістіктері. Бұл қатарға еліктеу сөздерден қалыптасқан етістіктер жатады. Өз ішінен бірнеше топқа бөлінеді: 1. Дыбыстық еліктеу етістіктері: арпылдау, күркілдеу, маңырау, боздау, өкіру, сыңсу, гүрілдеу, сарқырау, тарсылдау, сыңғырлау, гүрс ету, сарт ету, т.б.; 2. Бейнелеуіш етістіктер: жарқылдау, ербию, далбаңдау, теңселу, көлбеңдеу, кілт ету, жалп ету,т.б. Өсіп-өну етістіктері. Бұл қатардағы ЛСТ-қа тірі организмдердің өсіп жетілуімен, дамуымен байланысты қимылдарды атайтын сөздер жатады: балалу, боталау, күшіктеу, туу, құлындау, жұмыртқалау,
66 босану, бала көтеру, өсу, бүр ашу, гүлдеу, түйіндеу, пісу, жетілу, ер жету, балиғатқа толу, қартаю, т.б. Табиғи құбылыстарға байланысты қимылдарды білдіретін етістіктер: бұлттану, борандату, бұрқасындату, нөсерлету, желдету, қас қараю, т.б. Субъектив мәнді етістіктер: азсыну, менсінбеу, білгішсіну, масаттану, т.б. Қарым-қатынас етістіктері. Бұл қатардағы ЛСТ-ты түрлі заттардың (әсіресе адамдардың) сан алуан қарым-қатынасына байланысты қимылдарды білдіретін етістіктер құрайды. 1.Теңестіру етістіктері: теңеу, салыстыру, шендесу, дәл келу, т.б.; 2. Иелену мәнді етістіктер: иелену, ие болу, меншіктеу, тәуелдеу, иемдену, еншілесу, ұрлау, жымқыру, алу, беру, т.б.; 3.Сәлемдесу, қоштасу етістіктері: қол беру, амандасу, қоштасу, қол алысу, бас изеу, танысу, т.б.; 4.Құрметтеу етістіктері: құрметтеу, алақанға асалу, ізет көрсету, арқаға қағу, сыйлау, өбектеу, бәйек болу, мәймөңкелеу, т.б.; 5. Өктемдік жүргізу мәнді етістіктер: әмір жүргізу, билік ету, бір шыбықпен айдау, бас ию, ырқына көну, құлақ асу, тізе бүгу, ауанына көшу, т.б.; 6.Көмектесу мәнді етістіктер: қол ұшын беру, жәрдем қылу, болысу, сөзін сөйлеу, аузына ақ тамызу, қамқор болу, т.б.; 7.Жауласу және достасу мәнді етістіктер: тайталасу, керісу, қызыл шеке болу, алқымынан алу, кесе көлденең тұру, дұшпан болу, елдесу, ауыз жаласу, татуласу, т.б.. Етістіктің лексика-семантикалық ерекшеліктері олардың басқа сөздермен лексика-семантикалық байланыс орнатуына әсер етеді. Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері. Етістік – қимылды білдіретін грамматикалық мағынаға ие. Етістіктің бұл мағынасы – оны жеке сөз табы ретінде тануға негіз болатын мағына. Алайда етістік сөйлемде ешқашан таза етістік мағынасымен қатыспайды, үнемі басқа грамматикалық мағыналармен қоюланып қолданылады. Ал бұл грамматикалық мағыналарды етістіктің негізіне
67 (лексикалық мағына беретін бөлігіне) қосылатын сөз түрлегндіруші түрлі морфологиялық тұлғалар ғана үстей алады. Ендеше етістік – сөйлемде түрленбей қолданылмайтын сөз табы. Бұл – етістік түбірінің бірінші ерекшелігі. Яғни, басқа сөз таптары сөйлемге түрленіп те, түрленбей де қатыса беретін болса, етістік түрленбеген жағдайда, сөйлемнен орын ала алмайды. Етістік – өзін түрлендіруші тұлғаларға ең бай сөз табы. Етістікті түрлендіруші тұлғалар қанша көп болса да, етістікке белгілі бір тәртіппен қосылады. Етістікті түрлендіретін тұлғаларды түбірге қосылу ретіне, тәртібіне қарай төрт қатарға жіктеп алуға болады: Бірінші қатарды етістік түбірге алдымен жалғанатын етіс жұрнақтары құрайды. Етіс жұрнақтары бірінің үстіне бірі жалғана алады. Екінші қатарда етістікке кейде тікелей түбірге (негізге), кейде етіс жұрнақтарынан кейінгі кезекте қосылатын (-ңқыра, - іңкіре күшейтпелі етістік жұрнағы деп танылатын қосымшаны және қимылдың өту кезеңдері мен амалдарын білдіретін аналитикалық форманттарды есепке алмағанда) болымсыз етістік жұрнағы тұрады. И Маманов етіс және болымсыз етістік қосымшаларымен түрленген етістіктерді модификациялық етістіктер деп атаған. Үшінші қатарды кейде етістікке тікелей қосылатын, кейде етістікке етіс немесе болымсыз етістік жұрнағының бірінен кейін қосылатын есімше, көсемше, тұйық етістік (қимыл есімі), шақ, рай, модаль тұлғалары құрайды. Етістік сөйлемде қолданылғанда осы қатардағы тұлғалардың тек біреуін ғана қабылдайды және бұл қатардағы тұлғалардың бірінсіз сөйлемде қолданылмайды. Бұл қатардағы тұлғалар етістіктің функционалдық тұлғалары деп аталады. Төртінші қатарда етістік тиянақты баяндауыш мүше қызметінде жұмсалғанда, үшінші қатардағы тұлғалардың бірінен кейін қосылатын жіктік жалғау тұрады. Сондықтан етістік түбірінің екінші грамматикалық ерекшелігі шығады: етістік түбірі тікелей жіктелмейді, тек шақ, рай, модаль тұлғаларының бірін қабылдап барып жіктеледі. Дегенмен жіктік жалғау бұйрық рай мағынасын бергенде етістіктің негізіне тікелей қосылады, сондай-ақ статикалық қалып
68 етістіктері де өз бойында ашық рай (осы шақ) мағыналары бар болғандықтан, жіктік жалғауын тікелей қабылдай алады. Етістіктің аналитикалық формалары. Ертеректегі әдебиеттерде көріп қалды үлгісіндегі сөз тұлғаларына да және барып келді үлгісіндегі сөз тұлғаларына да күрделі етістік термині қоллданылып келді. Алайда бұлардың табиғаттары бірдей емес, бірі – аналитикалық тәсілмен түрленген сөздің тұлғасы да, екіншісі – аналитикалық тәсілмен жасалған күрделі сөз. Бірінші мысалда дербес лексикалық мағына көр етістігінде ғана бар, қал етістігі ешқандай лексикалық мағынаны білдірмейді, ол алдындағы көсемшемен бірігіп, дербес мағыналы етістікке қимылдың кенеттен болғандығын білдіретін грамматикалық мағына жамаған. Ендеше –п қал екі морфемадан құралған бір сөз түрлендіруші аналитикалық тұлға. Ал мұндай жолмен түрленген сөздер аналитикалық формалы сөз болып табылады. Екінші мысалдағы лексикалық мағына барып кел бөлігі арқылы берілген, мұнде жеке-жеке алғанда дербес мағыналы бару және келу етістіктері тіркесу арқылы солардың лексикалық мағыналарынан тұратын үшінші бір күрделі лексикалық мағына қалыптасқан. Ендеше барып кел – аналитикалық тәсіл арқылы жасалған тіркесті күрделі сөз. Табиғаттары екі басқа сөз тұлғаларын бір терминмен атауға болмайды, олардың екеуін де күрделі сөзге жатқызу дұрыс емес. Сондықтан аналитикалық тәсілмен түрленген сөздерді сөздің аналитикалық формасы (немесе аналитикалық формалы сөз) деп атаймыз, ал аналитикалық тәсілмен жасалған сөздерді күрделі сөз деп атай береміз. Аналитикалық сөз формалары тек көмекші сөздің қатысуымен қалыптасады. Көмекші сөз болмаған жерде, аналитикалық формант та, аналитикалық сөз формалары да болмайды. Бірақ көмекші сөздің бәрі аналиткалық сөз формларын қалыптастыра бермейді, кейде аналитикалық тәсілмен жасалған туынды сөзді қалыптастыруы мүмкін. Мысалы, жарқ етті, еңбек қыл деген мысалдарда еліктеу сөз бен зат есімге көмекші етістіктер тіркескен. Бұлар аналитикалық формалы сөзге жатпайды, аналитикалық тәсілмен жасалған тіркесті күрделі сөзге жатады. Аналитикалық формалы сөздің төрт белгісі болады: 1.Сөздің аналитикалық формасы белгілі бір грамматикалық категорияның парадигмалық жүйесіне енуі керек;
69 2. Әрбір аналитикалық формалы сөздің дербес лексикалық мағынасы, сол лексикалық мағынадан туындайтын сөз табы ретіндегі жалпы грамматикалық мағынасы және көмекші сөз (немесе қосымша мен көмекші сөз) арқылы берілетін категориялық грамматикалық мағынасы болады; 3. Аналитикалық формалы сөз көмекші сөздер және аналитикалық форманттар арқылы жасалады; 4.Сөздің аналитикалық формасы белгілі бір сөз табына жататын сөздердің басым көпшілігінен жасала береді. 5. Қазақ тіліндегі аналитикалық формалы сөздерді үш түрлі құрамда кездестіруге болады: 1.Дербес сөз+қосымша+көмекші сөз (қара+п қал-ды, үй+ге қарай); 2.Дербес сөз+көмекші сөз (жүр еді); 3.Көмекші сөз+дербес сөз (өте жақсы). Аналитикалық тәсілмен түрленген етістіктерді етістіктің аналитикалық формалары деп те, аналитикалық формалы етістіктер деп те, тіпті кейде аналитикалық етістікер деп те атай береміз. Етістіктің аналитикалық формалары етістіктің аналитикалық форманттары арқылы ғана қалыптасады. Аналитикалық формант дегеніміз – қосымша мен көмекші сөзден тұратын белгілі бір сөз табының қандай да бір грамматикалық категориясына жататын грамматикалық мағынаға ие күрделі морфологиялық түрлендіруші тұлға. Етістіктің аналитикалық форманттары құрамына қарай кемінде екі морфемадан, немесе одан да көп морфемалардан құралуы мүмкін. Мысалы, Алақаныма қыса қойдым. Мен шықшыттан періп кеп жібердім. Етістіктің лексика-грамматикалық және грамматикалық категориялары. Етістік – сөз таптарының ішіндегі грамматикалық категорияға ең бай сөз табы. Етістіктің грамматикалық категориялары лексика-грамматикалық категориялар және таза грамматикалық категориялар деп екіге бөлінеді. Етістіктің лексика-грамматикалық категорияларына салттылық-сабақтылық, етіс және болымдыболымсыздық категориялары жатады. Ал сипат, шақ, рай, модаль категориялары етістіктің таза грамматикалық категориялары болып табылады.
70 Салттылық-сабақтылық, етіс және болымды-болымсыздық категорияларының лексика-грамматикалық категория деп танылуына осы категорияларды құрайтын грамматикалық мағыналардың тікелей лексикалық мағынамен байланысып жатуы, немесе осы категориялардың тұлғаларын етістікке қосқанда оның лексикалық мағынасына азкем өзгеріс енуі себеп болған. Ал таза граммаатикалық категориялардың мағыналары – лексикалық мағынаға тікелей байланысты емес, сөз табы ретіндегі грамматикалық мағынаның үстіне жамалатын мағыналар. Етістіктің есімше, көсемше және қимыл есімі мен қимыл иесі тұлғалары жеке-жеке грамаатикалық категорияларды құрамайды, бұлар етістіктің ерекше түрлері деп танылады. Рас, есімше мен көсемше шақ категориясының грамматикалық мағыналарын білдіреді, сол категорияның формалық көрсеткіші деп танылады, бірақжеке өздері грамматикалық категория бола алмайды. Етістіктің лексика-грамматикалық категорияларының, оның ішінде салттылық-сабақтылық және етіс категорияларының грамматикалық мағыналарын дұрыс ажырату үшін етістіктің зат есімдермен қарым-қатынастарына, дәлірек айтқанда, етістік атайтын шындық өмірдегі қимылдың зат есім атайтын шындық өмірдегі заттармен қарымқатынастарына үңіліп, сипатын ашып алайық. Етістік қатарына жататын тілдегі сөздер өмірдегі әралуан қимыл-қозғалыстарды, амаләрекеттерді, қалып-күйлерді атайды. Ал бұл аталған белгілер (қимылқозғалыстар, амал-әрекеттер, қалып-күйлер) затқа ғана тән. Зат болмаған жерде, аталған белгілер де болуы мүмкін емес. Ендеше зат пен қимыл, қимыл мен зат бір бірімен тығыз диалектикалық байланыста болады. Өмірдегі зат пен қимылдың, немесе қимыл мен заттың байланыстарын үш түрлі қарым-қатынас ыңғайында тануға (көруге) болады. Біріншіден, зат қимылдың иесі болады, немесе, керісінше айтсақ, қимыл заттың не динамикалық-процестік, не статистикалыққалыптың белгісі болып табылады. Зат пен қимылдың мұндай қатынасын субъектілік қатынас деп танимыз. Мысалы, Бала оқыды деген сөйлемде бірінші сөз (зат есім) арқылы зат аталған, екінші сөз (етістік) арқылы қимыл-әрекет аталған. Зат пен қимылдың қарымқатынасына үңілсек, зат қимыл-әрекетті атқарушы, яғни қимылдың субъектісі болып тұр. Ал қимыл заттың предикаттық белгісі болып тұр.
71 Сондықтан қимылды атқарушы затты логикалық субъекті деп атаймыз. Жоғарыдағы логикалық субъектіні атаған зат есім әрі грамматикалық бастауыш қызметінде тұр. Бұлардың орындарын ауыстырып қолданып, синтаксистік қатынастарын өзгерткенмен, олардың арасындағы логика-семантикалық қатынас өзгермейді: Оқитын бала ... Мұнда етістік предикат-белгіден анықтауыш белгіге айналғанмен, зат есім бастауыш (сөйлемдегі баяндауыш арқылы берілетін іс-әрекет, жай-күйдің иесін білдіретін тұрлаулы мүшеден) анықталушы сөзге ауысқан, бірақ зат пен қимылдың араларындағы логика-семантикалық қатынас өзгерген жоқ, бала – өзіне анықтауыш болып тұрған етістіктегі қимылдың иесі, етістік – сол зат жасаған қимыл. Екіншіден, зат қимылдың объектісі болады. Объекті – субъектінің қимылы тікелей немесе жанама қамтитын, қамтыған зат. Мысалы, Нұржан дәптерді Әсемге берді деген сөйлемдегі қимыл (беру) мен заттардың (Нұржан, дәптер, Әсем) қарым-қатынастарына үңілсек, Нұржан деген зат қимылды жасаушы зат (қимылдың субъектісі) болады да, қалған екі зат (дәптер мен Әсем) беру қимылы қамтиған заттар боалды. Атап айтқанда, дәптер – қимылдың тура объектісі, Әсем – жанама объектісі. Басқаша айтсақ, беру қимылы жасалу барысында дәптер деген затты қозғалысқа түсірді (дәптер Нұржаннан Әсемге өтті), сондай-ақ Әсем деген затқа бағытталды. Зат пен қимыл арасындағы осындай қарым-қатынастарды объектілік қатынас дейміз. Қимылдың объектілері өз ішінен тура объекті (қимыл тікелей қамтитын заттар) және жанама объекті (қимыл жанама қамтитын заттар) болып екіге бөлінеді. Жанама объектілер өз ішінен адресат-объект, адрес-объект, адресант-объект және құрал-объект болып жіктеле алады. Үшіншіден, зат пен қимыл өзара көлемдік қатынастарда байланысады. Зат пен қимылдың көлемдік қатынасы, негізінен, кеңістік ішінде, атап айтқанда, зат қимылдың кеңістіктегі орны, мекені, бағыты ретінде көрінеді. Қандай қимыл болмасын уақыт пен кеңістіктен тысқары жасалмайды. Яғни, қимыл жасалар болса, белгілі бір уақыт ішінде, шектеулі мерзім аралығында өтеді, сондай-ақ белгілі бір көлемдегі кеңістікті қамтып, жүзеге асады. Заттар қимылдың сол кеңістіктегі орны: адресат-мекені (бағыт-бағдары), нақты мекені, адресант-мекені болып табылады. Мысалы, Омар Алматыдан Семейге келді деген сөйлемдегі Алматы – келу қимылының кеңістіктегі басталу
72 орны, адресант мекені, Семей – сол қимылдың бағыты, кеңістіктегі аяқталар нүктесі, яғни, адресат-мекені. Зат пен қимыл арасындағы қатынасты мекендік қатынас деп атуға болады. Зат пен қимыл арасындағы субъектілік қатынас, бір жағынан, етістіктің етіс категориясының мағыналарына, екіншіден, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің, бастауыш пен баяндауыштың мағыналық қарым-қатынастарына арқау, негіз болады, объектілік қатынас, бір жағынан, етістіктің салттылық-сабақтылық категориясының мағыналарына, екіншіден, сөйлемнің толықтауыш мүшелерінің мағыналарына арқау, негіз болады. Ал зат пен қимылдың арасындағы мекендік қатынастар тек сөйлем мүшелерінің, оның ішінде, мекен пысықтауыштардың, мағыналарын құрайды. Салттылық-сабақтылық категориясы. Салттылық-сабақтылық категориясы етістіктің салттылық және сабақтылық мағыналарынан тұрады. Етістіктің салттылық-сабақтылық мағыналары – етістікке арнайы грамматикалық тұлғалар қосылмай-ақ, етістік негізі арқылы берілетін, дәлірек айтқанда, етістіктің лексикалық мағынасынан шығатын мағыналар. Кез келеген етістіктің түбірі немесе негізі не салт мағыналы, не сабақты мағыналы болып келеді. Салттылық-сабақтылық мағыналар грамматикалық мағына қатарына жатады. Мысалы, оқы етістігі арқылы аталтын қимыл – тура объектіні (тікелей қамтитын затты, кітап, газет, жазу, т.б.) қамтып жасалатын қимыл. Қимылдың осы ерекшелігі оның алдымен лексикалық мағынасын қалыптастыратын негізгі бір компонентке (семаға), одан әрі сабақтылық мағынасына (грамматикалық мағынасына) негіз болады. Семантикасында осындай қасиет бар етістіктерді сабақты етістіктер дейміз. Ал кел етістігінде мұндай қасиет жоқ. Кел қимылы тура объектіні қамтымай-ақ жасалатын қимыл, тіпті бұл қимылдың жасалуына тура объекті мүлдем қажет емес. Сондықтан кел етістігінің лексикалық мағыналдарын құрайтын мағыналық компоненттердің ішінде «тура объектіні қамту» семасы жоқ. Кел етістігінің лексикалық мағынасындағы осы ерекшелік оның салттылық мағынасына негіз болады. Сонымен, лексикалық мағынасында «тура объектіні қамту» семасы бар, грамматикалық мағынасы арқылы тура объектіні атайтын сөзді қажет ететін етістіктерді сабақты етістік, лексикалық мағынасында «тура объектіні қамту» семасы жоқ, грамматикалық мағынасы
73 арқылы тура объектіні атайтын сөзді қажет етпейтін етістіктерді салт етістік дейміз. Салт етістіктердің тура объектіні қажет етпеу және сабақты етістіктердің тура объектіні қажет ету мағыналары етістіктің салттылық-сабақтылық категориясының мағыналарын құрайды. Етістіктердің салттылық-сабақтылық қасиеттерін айқындау үшін олардың семантикасына көңіл бөлуден гөрі тіркесімділік қабілеттеріне назар аудару – кеңінен қолданылып жүрген тәсіл. Сондықтан оқулықтар мен мәселеге қатысты әдебиеттерде «табыс септігіндегі сөзді (кейбірінде – тура толықтауышты) қажет ететін етістікті сабақты етістік дейміз», «табыс септігіндегі сөзді (кейбірінде – тура толықтауышты) қажет етпейтін етістікті салт етістік дейміз», «табыс септігіндегі сөзбен байланыса алатын етістік – сабақты етістік, табыс септігіндегі сөзбен байланыспайтын етістік – салт етістік» үлгісіндегі анықтамалар беріліп жүр. Ендеше сабақты етістіктердің табыс септігіндегі сөзбен тіркесу қабілеті, салт етістіктердің олармен тіркеспеу қасиеті – етістіктердің салттылық-сабақтылық мағыналарынан туындайтын синтаксистік құбылыс. Сонымен, сабақты етістіктер арқылы аталатын қимылдардың тура объектіні қамтып жасалу қасиеті сол сөздердің лексикалық мағыналарында «тура объектіні қамту» мағыналық компонентінің (семасының) орын алуына негіз болады. Бұл мағыналық компонент өз кезегінде етістіктердің грамматикалық сабақтылық мағынасына негіз болады. Ал сабақтылық мағына, келесі кезекте, осы қатардағы етістіктердің табыс септігіндегі тура толықтауышпен синтаксистік байланыс орнатуына себеп болады. Сөйтіп, тілдің әр түрлі деңгейіндегі (лексикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына, синтакситік байланыс) сабақты етістіктерге қатысты ұғымдар бірінен бірі туындайтын, біріне бірі байланысп жатқан құбылыстар болып табылады. Бұл құбылыстардың бәрі зат пен қимылдың арасындағы объектілік қатынастан бастау алып жатады. Зат пен қимыл арасындағы объектілік қатынастың мазмұны етістіктің етіс категриясының тұлғалары арқылы, дәлірек айтқанда, етістікке етіс тұлғалары жамаған грамматикалық мағыналар арқылы өзгеруі мүмкін. Атап айтқанда, етіс қосымшалары арқылы салт етістік сабақтыға, сабақты етістіктер салт етістікке айналып кетеді.
74 Етіс категориясы. Етіс – қимыл мен субъект арасындағы әр алуан қатынастарды білдіретін мағыналардан тұрады және ол мағыналар арнайы грамматикалық формалар (етіс жұрнақтары) арқылы қалыптасады. Етістің қимыл мен субъекті арасындағы қатынастарды білдірумен қатар, қимыл мен объект арасындағы қатынастарды өзгерту қасиеті бар. Қазақ тілінде етістің төрт түрі бар: 1. Өздік етіс. Қосымшасы: -н,- ын, -ін. Мысалы: жуын, киін, таран, т.б.; 2. Өзгелік етіс. Қосымшалары: а) –ғыз, -гіз, -қыз, - кіз. Мысалы, жүргіз, айтқыз, жеткіз, т.б.; ә) –дыр, -дір, -тыр, -тір. Мысалы, келтір, толтыр, күлдір, т.б.; б) -ыр, -ір, -ар. Мысалы, өшір, шығар, татыр, т.б.; в) –т. Мысалы, оқыт, тойлат, кекет, т.б.. 3) Ырықсыз етіс. Қосымшалары: а) –н,- ын,-ін. Мысалы, білін, тазалан, т.б.; ә) -л, -ыл, -іл. Мысалы, қозғал, жинал, т.б.. 4) Ортақ етіс. Қосымшасы: -с, -ыс, -іс. Мысалы, жинас, салыс, т.б.. Өздік етіс. Өздік етіс – субъектінің қимылы сол субъектінің өзін қамтығанын білдіретін етістің түрі. Мысалы, Бала пәлтесін киді деген сөйлемдегі қимылды атаған сөз – ки етістігі, кию қимылының логикалық субъектісі – бала, сөйлемде бұл затты атаған сөз бастауыш қызметінде тұр, аталған қимыл қамтыған объект-зат – пәлте, бұл сөзді атаған зат есім тура толықтауыш қызметінде тұр. Енді сөйлемдегі етістікке өздік етіс жұрнағын қосып, сөйлемді қайта құрастырайық: Бала киінді. Енді киіну етістігі арқылы аталған қимылдың субъектісі мен объектісін анықтап көрейік: киіну қимылын жасаған – бала, яғни логикалық субъекті өзгерген жоқ, ал осы киіну қимылының объектісіне келсек, яғни, қимыл қамтыған зат – баланың өзі болып тұр. Басқаша айтсақ, кию қиымылының логикалық субъектісі – бала, объектісі – пәлте болса, киіну қимылының субъектісі де, объектісі де – бала. Бұл мағына етістікке өздік етіс жұрнағын қосу арқылы алынды. Ендеше өздік етіс
75 дегеніміз – қимылдың субъектісі де объектісі де бір зат екенін білдіретін етіс болып шығады. Өздік етісті анықтауда етістіктің негізі білдіретін қимылдың логикалық субъектісі мен объектісін анықтап алып, оны етіс жұрнағы жалғанғанн кейінгі етістік атаған қимылдың субъектісі мен объектісімен салыстыру әдісін қолданамыз. Мысалы, таран, боян, т.б. Таран етістігінің негізі – тара: бұл қимылдың логикалық субъектісі – кез келген зат (адам) бола алады, ал объектісі – шаш, немесе тарауға келетін басқа заттар; тара етістігінен алынған таран сөзі атайтын қимылдың логикалық субъектісі де - кез келген зат (адам) бола алады, бірақ тарану қимылы енді шаш, немесе тарауға келетін басқа заттарды емес, субъектінің өзін қамтығанын көреміз, яғни тарану әрекетінің субъектісі мен объектісі – бір зат. Сол сияқты бояну әрекетінің субъектісі – қыз десек, объектісі – сол қыздың көзі, шашы, беті, т.б. болуы мүмкін. Ал бояну әрекетінің субъектісі мен объектісі – қыздың өзі, өйткені бояну әрекетін қыз өзіне жасады. Етістіктің өздік етіс тұлғасы тек сабақты етістіктерден ғана жасалады. Дегенмен сабақты етістіктердің бәрі бірдей өздік етіспен түрлене бермейді. Тек тура объектісін атайтын зат субъектінің бөлшегі немесе меншігі болатын етістіктерден ғана өздік етіс формасы қалыптасады. Мысалы, бояу қмиылының тура объектісі болатын бет, көз, шаш, т.б. қимылды жасаушы адамның бөлшегі- дене мүшелері, кию қимылының тура объектісі – киімнің түрлері –субъектінің меншік заттары. Салт етістіктер өздік етіс жұрнағын қабылдамайды. Белін буынды, шашын таранды сияқты етістіктің негізі атайтын қимылдың тура объектілерін өздік етіс тұлғаларымен тіркестіріп қолдана беруге болады, бірақ бұл – қазақ тілінің сөйлеу нормасына сай емес, стильдік мақсаттағы нормадан ауытқу болып табылады. Өздік етіске беріліп жүрген анықтамалардың бірі – «қимылды субъекті өзіне жасағанын, немесе өзі үшін жасағанын білдіретін етістің түрі өздік етіс деп аталады». Мұндағы «субъекті қимылды өзі үшін жасағанын білдіретін етіске» сұран, қаран, ойлан, тебін, көрін, т.б. с.с. қатардағы етіс тұлғасындағы сөздер жатқызылып жүр. Бұл етіс тұлғаларындағы етістік арқылы аталған қимылдарда субъектілер әрі объекті ретінде көрінбейді. Яғни, субъектінің қимылы өзін қамтымайды.
76 Есесіне қимылды субъекті өзі үшін жасағанын байқаймыз. Өзі үшін сұранады, өзі үшін қаранады, өзі үшін ойланады, т.б. Өздік етіс жұрнақтары кейде етістік тудырушы құранды жұрнақ құрамында кезедседі: намыстан, ауыздан, т.б.. Сондай-ақ бүгінгі таңда түбірін анықтау қиындаған сөздердің құрамында да ұшырасады; оян, үйрен, т.б. 2.4 Етістің шақтары Қазақ тілі сөз таптарының жүйесімен ерекше орын алатын сөздер – етістік. Етістік – тіліміздегі сөз топтарының ішіндегі ең күрделі және қорымы ең кең граматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика–семантикалық сипатымен, бай лексика – граматикалық формаларымен, кең синтаксистік қызметіне байланысты. Етістіктің лексика–семантикалық сипатының өрісті болатын себебі – ол семантика мен тек субектінің іс - әрекетін ғана емес, қоғамда ұшырасатын, табиғат ауқымында, адамның абстракты ойы мен санасы арқылы туатын көптеген амал, әрекет, іс – қимыл, қозғалыс, жай, күй т.б. процестерді, сол процестерге қатысты ұйымдарды түгел қамтиды. Есімдерге қарағанда, етістіктердің лексика–граматикалық мағыналары да, граматикалық мағыналары да әр алуан, сөйлемді атқаратын қызметі ерекше. Етістіктің лексика–граматикалық формаларының бай болатын себебі –ол формалар амал -әрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін, олардың өту сипатын, яғни бағыты, ақрқыны, тынуы тәрізді жайларды бағдарлатады, яғни етістік формалары осы және өзге де әр түрлі құбылыстардың көрсеткіші ретінде қызмет етеді. Етістік тобын құрайтын сөздер іс -әрекет, қимыл –қозғалыс, күй тәрәзді толып жатқан құбылыстарды, белгілі мезгілдік сипаттарды белдіреді. Осының бәрінде де етістік сай-салалы динамикалық процестерді адам санасында абстракцияланған жүйелі тілдік материалдар негізінде жеткізеді. Оқы, жүр, байқа, жүгір, келдік тәрізді етістік тобын құрайтын мыңдаған лексикалық единицалар белгілі іс (оқы, жүр), әрекет (жүгір, байқа), қалып (келдік) т.б. құбылыстарды білдіріп, нақтылы мағыналары есім сөздермен ұштасып жатады.
77 Етістіктен етістік тулыратын, есімнен етістік тулыратын синтетикалық, аналитикалық тәсілдердің жүйелерін, олардың нақтылы үлгі – нұсқаларын қосқанда етістік деп аталытын сөз табының орасан бай категория екені ашыла түсетінін көреміз. Форма байлығы жағынан етістікке өзге бірде бір сөз табы, солардың ішінде формасы ең бай салаланатын зат есімнің өзі бара- бар келе алмайды. Етістіктің лексика-семантикалық, лексика граматикалық және граматикалық категорияларынан айқын көруге болады. Мәселен, етістіктің сөз тудыру жүйесі, ол жүйенің неше түрлі формалармен қатар, өзіне ғана тән сөз түрлендіретін формалары бар. Шақ, рай, етіс, амалдарадың жүзеге асу сипаты сияқты жүйе –жүйе категориялар –етістіктің семантика жағынан ең бай формалары, сондай – ақ, етістіктің өзге семантикалық және морфологиялық формаларынан мазмұндары да, тұрпат-түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын категориялары бар. Бұлар, бір жағынан, етістікті басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін формалар болса, екіншіден, солармен ұштасытыратын айрықша функциялары бар категориялар. Бұл аталған формалармен жарыса өмір сүріп, тіркестегі өзге сөздердің мазмұнына өзінше үлес қосып, қажетіне қарай, олардың формаларына да өзгеріс енгізіп отыратын болымдылық және болымсыздық, сабақттылық және салттлық, категориялары бар. Етістіктің осындай әр қилы категорияларының мағыналары да, синтаксистік қызметтері де, әдетте, сол етістіктің өзге формалармен және өзге сөз таптарына тән сөздермен қарым-қатынасқа түскенде айқындалады. Етістіктің кейбір формаларының сөйлемнің барлық мүшелері есебінде қолданылуы сияқты граматикалық құбылыстар тек сөйлем ішінде, сөз тіркесі ауқымда анықталады. Етістіктің граматикалық категориясының бірі –шақ. Етістік амал - әрекет ұғымдарының атаулары я сол ұғымдары білдіретін сөздер болатындықтан, оған тән сөздер, қашанда, белгілі дәрежеде мезгіл ұғымдармен байланысты болады. Өйткені, амал-әрекет, қимыл, қозғалыс атаулының барлығы да үнемі белгілі бір мерзімде жүзеге асырылады. Мезгіл ұғымына байланыстармай етістікті және сөз табыс деп тануға да, анықтауға да болмайды. Олай болса, шақ категориясы етістікті өзге сөз топтарынан әрі ерекешеліктерін, әрі ажырататын ең негізгі граматикалық категория болып есептеледі.
78 Қазіргі қазақ тілінде шақ категориясы, басқа да категориялар сияқты, бірте –бірте дамып, мазмұны жағынан да, формалары да үнемі жетіле отырып қалғандықтан, өзіне лайық орынққан жүйесі бар аса бай граматикалық категория. Етістіктің кимыл, іс-әрекетті білдіретіндігі белгілі, ал іс-әрекеттің, қимылдың орындалу, жүзеге асу мезгілі, уақыты болады. Қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезімен немесе сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың ету мезгілін білдіру етістіктің шағы деп аталады. Шақ, кез, сәт, уақыт, мерзім сөздері – мезгілдін синонимдері. Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдын мезгілі, шақтық мағынасы мынадай болуы мүмкін: 1) үнемі қайталанатын, дағдыға айналған іс-қимыл, сөйлеп тұрган кезде болып жатқан қимыл, іс-әрекет; 2) сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен кимыл, іс-әрекет; 3) сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін әйтеуір болуға тиісті қимыл, ісәрекеттер. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды (Ы. А.). Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі (А.). Енді бүгін қарасам, Айналам бақыт кең жатыр. Бірімен-бірі туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр (Ж. Ж.). Бұл сөйлемдердегі салғызды, қалмайды, құлпырар, жатыр етістіктері мезгіл (шақ) мағынасын білдіруі жағынан бірдей емес. Салғызды, деген салғызу кимылының сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткенін білдірсе, қалмайды, құлпырар етістіктері қалмау, құлпыру қимылдарының әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын, ал жатыр етістігі бұл қимылдың сөйлеп тұрған сәтте болып отырғанын білдіріп тұр. Бірақ мезгіл мағынасы бар сөздің бәрі бірдей шақ мәнін білдіре бермейді. Мысалы, кеше, бүгін, ертең, биыл сияқты сөздер мезгілдік мән білдірсе де, олардың шақтық қасиеті жоқ. Өйткені бұл сөздерде шақтық мағынаны білдіріп тұратын грамматикалық тұлға жоқ. Демек, шақтык мағына сөздің жалпы мағынасынан ғана көрінбейді, ол мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық тұлға болу керек. Сондай-ақ ондай сөздердің мезгілдік мәні шақтық жағынан кейде айқын да бола бермейді. Мысалы, бүгін, биыл деген сөздер сөйлеп тұрған кездегі мезгілді білдіретін сияқты. Егер бүгін, биыл, отыр десек, мезгілдік мағына — сөйлеп тұрған сәтті білдіреді. Ал бүгін, биыл отырған (отырыпты) дегеңде өткен мезгілді, бүгін, биыл, отырар (отырмақ) болса, әлі
79 болмаған мезгілді білдіреді. Міне, осыдан анық көрінетіндей, шақтық мағына жекелеген мезгілдік мәндегі сөздер арқылы емес, етістіктің грамматикалық тұлғасы арқылы беріледі. Етістіктің шақтары есімше, көсемше тұлғалары мен етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті және -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Шақтық мағына осы тұлғалар арқылы дара етістікте де (кел-іп-ті, кел-ер), күрделі етістікте де (келіп отыр, келіп кет-кен, келіп кет-пек) беріліп отырады. Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі. Соған сәйкес етістіктің шақ түрі де үшеу. Сөйлеп тұрган сәтке байланысты яғни сол сәтте болып жатқан қимылды осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен шақ білдіреді. Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол аркылы жақтық мағына берілді. Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен (есімше, көсемше және арнайы шақ жұрнақтарына) кейін жалғанады: оқы-ған-мын, оқы-р-сың, бар-ып-ты, бар-ды-м, бармақ-сың т. б. Күрделі етістікте жіктік жалғау оның құрамындағы көмекші етістікке жалғанады: сөйлеп отыр-ған-сың, сөйлеп отыр-ар-мын. Шақтар: 1. Осы шақ 2. Келер шақ 3. Өткен шақ Шақ категориясы – етістіктің басты қасиеті. Мұнда болатын формалардың көпшілік іс -әрекеттің әр түрлі шақта болуы. Шақ категориясы белгілі бір форомалар арқылы берілді. Ұимылдың, жай –күйдің, белгілі бір уақытта, мерзімді болатыны, болғандығы, болып жатқандығы сол бойынан аңғарылады. Шақ –іс –қимыл, жай –күйдің орындалу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым –қатынасты білдіретін граматикалық категория. Тіл –тілдің граматикасының бәрінде де етістікті үш шаққа бөлу –тіл тағылымы тарихында ерте заманнан бері бар нәрсе. Сондай – ақ әр тілдің ішкі даму ерекшеліктеріне сай әр шақта өз ішінде бөлу тағы бар. Шақ категориясы –белгілі бір формалар арқылы беріледі. Ондағы қимылдың,
80 жай –күйдің өзі белгілі бір уқытта, мерзімде болатыны, болғандығы ие болып жатқандығы сол етістік бойынан аңғарылады. Істің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын не соң, не сол кезде істелуін не істелмеуіне қарай етістіктер белгілі бір жаста, шақта сөз таптарынан негізгі бір ерекшелігі: тыңдап отыр, тыңдамақшы, айтты, болып етістіктері субъектімен, мезгілмен және басқа жағдайларға қарай күрделі де (тыңдап отыр, ұшып келе жатыр), дара етістікте де (айтып) шақ көрінісі байқалады. Осындай етістіктердің шақ көріністері белгі бір морфермалар арқылы берілді де (айт -ты), содан кейін қимыл жағына қарай жіктелер. Сөздердің сөйлем ішінде граматикалық құбылыстары анықталатыны сияқты. Етістіктің кейбір шақ жасайтын қошымшалар сөйлемдегі басқа сөздердің ынғайына, беретін мағынасына қарай бірде осы шақ, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағыналарында ауысып отырады. Мен колхоздан келемін. Мен колхоздан ертең келемін. Сондықтан да тіл білімінде шақ түрлі терминдермен айтылады. Граматикалық шақ категориясында осы шақ, өткен шақ және келер шақ бір–бірімен қимыл, іс-әрекеттің сөйлеу кезіне қатысы жағынан ажыратылады. Демек, сөйлеу кезі (момент речи) әр түрлң шақтардың тірілетін орталығы және оларды бір-бірінен ажыратудың тірегі болып саналады. Осы шақтың формасы сөйлеу кезімен сәйкес келетін қимыл, іс-әрекетті білдірсе, өткен шақтың формасы сөйлеу кезіне дейін болған қимыл, іс-әрекетті, келер шақтың формасы сөйлеу кезінен соң, яғни келешектеге болуға тиісті іс-әрекетті білдіреді. Бір шақтың бірнеше түрі болуы мүмкін. Мысалы, ағылшын, француз, неміс тілдерінде және түркі тілдерінде өткен шақтың өзініің бірнеше түрі бар. Қазақ тілінде оқыдым, оқығанмын деген етістік формаларының екеуі де өткен шақты білдіреді. Бірақ бұлардың өткен шақтық мағыналары бір емес: алдыңғысы жедел өткен шақты білдірсе, соңғысы бұрынғы өткен шақты білдіреді. Тіл білімінде абсолютті шақ (абсолютное время) және қатыстық шақ (относительное время) дегенг терминдер белгілі бір шақтың бірнеше түріне ажыратылуымен байланысты енгізілген терминдер болып табылады. Абсолютті шақ – белгілі бір шақтың сөйлеу кезіндегі сәтті көрсеткіш –шақ белгісі, яғни бұл шақта белгілі бір шақтың сөйлек кезіне қатысты тікелей айқындалады.
81 Қатыстық шақ (13) – сөйлеу кезіндегі уақытпен тікелей қатысты емес, граматикалық тұлғалар арқылы берілетін етістіктің шақтары, яғни қатыстық шақта оның сөйлеу кезіне қатысты тікелей емес, жанама түрде айқындалады. Мысалы, жалпы граматикалық шақ категориясының өткен шақ, осы шақ, келер шақ түрлері шақтың сөйлеу кезіне қатысына қара айқындалса, қазақ тілінде өткен шақтың бұрынғы өткен шақ түрі оның жедел өткен шақ түрі арқылы, яғни с онымен салыстыру арқылы ажыратылады. Көптеген индоевропа тілдерінде өткен шақтың перфект, имперфект, плюскампрофект деп аталатын түрлері де бір-бірінен ажыратқанда, өз ара салыстырылып, біріне-бірінің қатысы жағынан ажыратылады. Түркі тілдері граматикалық шақ категориясына бай тілдерінің қатарынан орын алады. түркі тілдерінде, жоғарыда аталып өткендей, бір шақтың бірнеше түрі бар. Ол түрлердің әрқайсысы белгілі бір шақтың әр түрлі мағыналық ретін білдіреді. Осы жағынан алып қарағанда, әр түрлі мағыналарды білдіретін белгілі бір граматикалық шақ тілдің лексикалық жүйесіндегі көп мағыфналы сөз тәрізді; мысалы, көп мағыфналы сөз әр түрлі лексикалық мағынаны білдірсе, белгілі бір граматикалық шақ та түрлі-түрлі граматикалық мағыналадрды білдіреді. Полисематизмді сөздің сан алуан лексикалық мағыналарының арасында мағыналық байланыс болатындығы және олардың бәрі де негізгі номинативті мағынаның айналасына талаптарындағы сияқты, белгілі бір шақтың да, мысалы, өткен шақтың, түрлі-түрлі граматикалық мағыналарының арасында байланыс болады, олар қаншама әр түрлі болғанымен, жалпылама ортақ граматикалық мағынаға, жалпы өткен шақтық мағынаға келіп тіреледі. Әрине, сөздің көп мағыналығы мен әр түрлі мағынаны білдіретін белгілі бір граматикалық құбылыстың арасына тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. Бұл жерде мұндай салыстыру айқынырақ түсіну үшін жасалып отыр. Шақтарды бір-бірімен ажыратуда қиыншылықтар бар. Ол қиыншылықтар, бір жағынан, шақ мазмұнының бір-бірімен ұштас тығымен, соған орай, шақ формаларының бір –бірімен жіктері ашылғандығымен байланысты болса, екінші жағынан, шақ категория сы мен рай категориясының бір-бірінен мазмұн негізде, форма шегі де ажыратылмағанымен байланысты.
82 Ал шақ пен рай категорияларының бір-бірімен ажыратылуын көбіне логикалық категория мен граматикалық категорияның миластырылып жүргені есебінен деп қарауға болады. Осындай негізгі мәселелердің ғылыми жағынан тиянақталмай, шешілмей келу салдарынан шақтардың да, олардың формаларының да шектерін ашу, оларды топтастыру мәселелріне үлкен қиыншылық туып жүр. Мысалы: «мен айтайын, ол тыңдайды» дегенді етістік формалары (айт-а-мын, тыңда-й-ды) қай шаққа тән, олардың мазмұны қандай екенін дәл осы контекске қарап анықтау мүмкін емес. Сондай-ақ, барар еді; баратын едң; бармақ еді; барған едің; барашақ еді; барып еді; жығылып қала жаздап барып қалған екен; айтқысы келіп отыр екен сияқты формалардың бәрі де не белгілі бір шаққа, не бірнеше шаққа қатыты екені күмәнсіз. Бірақ солай бола тұрса да, олардың қайсысын қай шаққа жатқызуда айтарлықтай қиындықтар бар. Дегенмен, етістіктің сөйлемде баяндауыш болып қызмет атқаратын формалардың ең негізгі қасиеті шақ ұғымын білдіру болса, бұл формалар да тілдегі замандар бойы дамып қалыптасқан шақ категориясының жүйесінен өздеріне тиісті орындарын алуға лайық. Қазақ тілінің шақ категориясының жүйесі де, өзге тілдердегі сияқты іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым –қатынасты білдіретін граматикалық шақ мағынасына қарай осы шақ, келер шақ, өткен шақ болып үшке бөлінеді. Осы шақ дәл сөйлеу үстінде болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді білдірер. Осы шақтағы етістіктер кейде істің, қимылдың сөйлеуші хабарлап тұрған кезеңнен бұрын басталып, үзіліссіз болып тұратынын да білдірер. Келе жатыр деген мен оқып жүр дегендерді салыстырыңыз. Осы шақ мағыналық ерекшеліктеріне қарай нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ болып екіге бөлінеді. Нақ осы шақта іс - әрекет, жай-күй дәл сөйлеу үстінде болып жатқандығы баяндалады. Нақ осы шақ бірнеше жолмен жасалады. а) отыр, жүр, жатыр, тұр деген төрт етістік жіктеліп, дара күйінде жұмсалады. Мен отырмын, сені тұр-сың; сіздер жүр – сіздер, бала жатыр. Т.б. ә) осы төрт етістік – ып, -іп, -п және –а, -ә, -й тұлғалы көсемшелермен тіркесіп айтылады. Мұндайда отыр, жатыр, жүр, тұр
83 етістіктері екінші орында тұрып, айт-ып, отыр-мыз, кел-е жатыр, оқы-п, жүр, біл-ме-й тұр-сың болып жіктеліп қолданылады. б) Жатыс септіктегі - у тұлғалы қимыл есімдері жүргіз-у де –мін, ізден – у-де сіздер болып баяндауыш қызметінде айтылуда да нақ осы шақ мағынасында жұмсалады. Бұдан басқа –ұлы, -улі тұлғалы етістіктер жеке де жатыр, бұр, отыр, жүр етістіктерімен тіркесіп те 3-жақтық шақ осы шақ мәнін білдіре алады. Бір күрек пен бір қайла керегеге сүйеулі тұр. (Ғ.Мұстафин) Есік жақта тілектестері дір-дір етіп, екі ішкі мен бір арық торпақ та байлаулы тұр (Мүсірепов) Осындағы байлаулы тұр дегенмен іздену – у –де –міз дегеннің айырмасы бар. Соңғы дәл сөйлеу үстінде болып жатқан, сондай-ақ бұрын басталып, осы кезде болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді де білдіре алады. Ауыспалы осы шақ бұрыннан болып келе жатқан, сонымен қатар сөйлеп тұрған тұста болып тұрған іс-әрекетті білдіреді. Бұл шақ – а, -е, -й тұлғалы көсемшелердің жіктеліп айтылуы арқылы жасалады. Бұл тұлға ауыспалы осы шақ мағынасында дара да, -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелермен тіркесіп те жұмсала береді. Мысалы: бар –а, -мын, кел-е-сің (дер), білме-й-сіз (дер), айт-ып бер –е-ді, қайт-ып кел-е-міз т.б. Бұл тәрізді етістіктер келер шақ мағынасында да жұмсала береді. Сол себепті ауыспалы осы шақ деп аталады. Формалық өзгешелігі жоқ бұл тұлғалардың ауыспалы осы шақ немесе ауыспалы келер шақ екендігі контексте белгілі болады. Жаз шыққан соң, әркім өзіне жер барак жасап алушы да болады; ... көмір тегін беріледі. (Мүсірепов). Бұл форма арқылы бұрын орындалған іс жайында да баяндауға болады. Сол ауылда өткен күні ақтың екі офицері кеп, мылтық атып, ауылдан еріксіз ат жектіреді. (Мұқанов). Ауыспалы осы шақ екен сөзімен: өтеді екен, біледі екен болып айтылуда өткен мезгілде болған іс-әрекетті көрсетеді. А.Ысқақов осы шақты грамматикалық сипатынан туатын мағынлық ерекшеліктеріне және оларды білдіретін амал-тәсілдердің
84 қызметтеріне қарай жалпы осы шақ, нақ осы шақ және неғайбыл осы шақ деп үш түрге бөледі. Мұнда өткен шақ пен осы шақтың жігін ажырату үшін сөйлеу кезі, сөйлеушінің тыңдаушыға сөйлеп тұрған сәті (мезеті) шек, шақ формасы сөйлесіп отырған уақыт бойында болатын я болып жататын әрекет, тыңдай жүріп жататын амал-әрекетті білдіреді. Қазақ тілінде осы шақ категориясының арнаулы морфологиялық көрсеткіштері жоқ. Бірақ етістік жүйесінде оның қилы-қилы мағыналарын білдіруге икемделіп, замандар бойы сол қызметтерді атқару нәтижесінде әбден орнығып, қалыптасқан грамматикалық амалтәсілдер бар. 1. Жалпы осы шақ етістік негізіне көсемшенің –а (-у-й) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Өйткені, бұл форма, контекстегі қызметіне қарай, сөйлеп отырған кезде болатын амал-әрекетті де (байқайсың ба, күн қызып келеді) үнемі істелетін кәсіби және басқа күнбе-күнгі әрекетті де адамзатқа, ғаламзатқа тән үйреншікті, дағдылы жалпы қимыл, қозғалыс, амал, әрекет, істі де (ит үреді, құс ұшады; сиыр мөңірейді; шөп өседі; жел еседі; бала күледі; әнші ән салады; мұғалім бала оқытады) білдіре береді. 2. Бұл форма тек жалпы осы шақ мағынасында ғана емес, жалпы іс-әрекетті тыңдаушысының көз алдында бұрын болғандай, қазір болып жатқандай және келешекте шүбәсіз болатындай етіп суреттеп көрсету үшін жұмсала береді. Сол себептен бұл форма, әдетте, ауыспалы шақ формасы деп те аталады. 3. Нақ осы шақ көсемшенің өткен шақ (-ып, -іп, -п) және осы шақ (-а,-е,-й) түріндегі етістік формасына жатыр, жүр, тұр, отыр деген жайкүй етістіктерінің біреуі тіркесу арқылы жасалады. Мысалы, айтып отырмын; көріп тұрмын; оқып жүр; келе жатыр т.б. Жалпы осы шақ пен осы шақ мағыналарының айырмашылықтарын мына мысалдан да аңғаруға болады: мен келемін дегеннен келу процесі тек жалпы аталғаны аңғарылса, мен келіп тұрмын; мен келіп жүрмін; мен келіп жатырмын; мен келіп отырмын дегендерден келу әрекеті жалпы түрде емес, ситуация нақтыланып аталатыны көрінеді. Бірақ бұл 4 етістік тек нақ осы шақ мәнін ғана білдіріп қоймайды. Олар шақ осы шақ мағынасын тек тікелей жіктеліп тұрғанда ғана білдіреді. Бұл төрт етістік амал-әрекеттің белгілі бір қалыпта (тұрған, отырған, жүрген, жатқан) ұзақ, уәдік-создық, өзгеріссіз дәйім болатынын білдіретін-
85 діктен, өткен шақта да, келер шақта да, рай түрлеріне де, субстантивтеліп те жұмсалады. 3. Неғайбыл осы шақ екі түрлі аналитикалық формант арқылы жасалады. Оның біріншісі - көсемшенің келер шақ (-ғалы, -гелі...) формасындағы етістікке (барғалы, келгелі) жатыр, жүр, тұр, отыр етістіктерінің бірі тіркеседі де, соңғы көмекшіге жіктік жалғау тікелей жалғанып жасалады (мысалы: барғалы отырмын; жүргелі отырмысың? Аттанғалы жатырмыз, көргелі тұрмыз, оқуға түскелі жүрсіңдер ме? екіншісі – йын дер (-йін деп) форманты жалғанған етістіктің бірі тіркеседі де, оған жіктік жалғау тікелей қосылу арқылы жасалады. (Мыс, барайын деп отырмын, жүрейін деп тұрмын). Бұл форма келешекте істелмекші болған амал туралы ойды сөйлеп отырған кезде (осы шақта) жүзеге асыратындай етіп көрсетеді. Бірақ, бұл форма да, қажетіне қарай, есімше, көсемше, рай, шақ қосымшаларын қабылдап, осы шақтан басқа да қызмет атқарады (кетіп қалайық деп отыр едік; жүріп кеткелі отырғанда, олар келе қалды; сәті түсейін деп тұрған іс екен; жұмысты бітіріп тастайын деп отырып қалыппын т.б) Ескерту: Оқулықтарды «өсуде дамуда..» формасы осы шақ көрсеткіші саналып жүр. Бұл формада ешқандай да вербалдық мағына болмайтындықтан және оған етістікке тән қосымшалар қосылмайтындықтан, етістіктің шақ формасы ретінде қаралмауы тиіс екендігін көрсетеді М.Серғалиев, А.Айғабылов, О.Күлкеновалардың «Қазіргі қазақ әдеби тілі» атты еңбекте осы шақ – етістіктің сөйлеу кезінде болып жатқан іс-әрекетті білдіретін бір түрі. Осы шақ формасы беретін мағыналарына қарай нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ деп 2 бөлінеді. Нақ осы шақтың арнайы морфологиялық көрсеткіші жоқ. Бұл форма отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері жіктелу арқылы жасалады. Мысалы: Жекеше Көпше Мен отырмын Біз отырмыз Сен отырсың Сендер отырсыңдар
86 Сіз отырсыз Сіздер отырсыңдар Ол отыр Олар отыр Болымсыз түрі жоқ сөзі арқылы жасалады. Мен отырған жоқпын Біз отырған жоқпыз Сен отырған жоқсың Сендер отырған жоқсыңдар Сіз отырған жоқсыз Сіздер отырған жоқсыздар Ол отырған жоқ Олар отырған доқ Егер отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері басқа жұрнақтар қабылдаса, басқа шақты білдіреді. Мен отырдым т.б. Қалып етістіктері осы шақ мағынасында қолданылғанда бірінің орнына бірі синоним ретінде айтыла беруі мүмкін. Мысалы, оқып жүр – оқып жатыр; сөйлеп тұр – сөйлеп жатыр т.б. Бірақ бұл етістіктер қолдануда парықсыз емес. Қар жауып тұр дегендегі қалып етістіктеріне отыр, жүр етістіктерімен ауыстыруға болмайды. Өйткені жатыр, тұр етістіктері қимыл иесі жанды, жансыз зат болғанда айтыла береді. Ал отыр, жүр тек жанды затпен ғана байланысты айтылады. Қалып етістіктерінің қолданылуында бұйрық рай түрінде және ашық райдың осы шақ түрінде және ашық райдың осы шақ түрінде бір-біріне сырттай қарағанда ұқсас болып келетіні бар. Мысалы, сен тұр (жүр, отыр) дегенде бұйрық райдың екінші жағында қолданылып тұр. Ал ол тұр (жүр, отыр, жатыр) дегенде осы шақты білдіреді. Қалып етістіктері (ы/п, - і/п), -а, -е, -й формалы көсемшелермен тіркесіп айтылып, осы шақтың аналитикалық жасалу тәсілін құрайды. Мысалы, айтып отыр; жазып жатыр; келе жатыр; бере тұр. т.б. Ауыспалы осы шақ көсемшенің -а, -е, -й жұрнағы жалғану арқылы сөйлеп тұрған кездегі әрекетті (күн көтеріліп келеді), күнделікті тірлікті (ол мектепте оқиды, Асан қалада тұрады), дағдылы қимыл -әрекетті
87 (сиыр мөңірейді) білдіреді. Етістіктің бұл формасы контекске қарай өткен шақ, келер шақ мағынасында да қолданылуы мүмкін. Сондықтан бұл шақ формасын ауыспалы осы шақ деп атайды. Мысалы, Баяғыда бір кемпір ме шал өмір сүреді дегенде өткен шақты білдірсе, Бұл ұя салып күшіктеген жолбарыс болса, бізге тыныштық бермейді. Тігінде ол осы маңайдан ұзамайды дегенде келер шақты аңғартып тұр. Етістіктің бұл формасын осындай ерекшеліктеріне қарап жалпы осы шақ ерекшеліктеріне қарап жалпы осы шақ деп атаушылар да бар. Оқулықтарда - уда, -уде формалы етістік осы шаққа жатқызылады. Мысалы, егін орылуда. Мал семіруде. Бұл етістіктер де жіктеліп, осы шақтың мағына береді. Алайда, А.Ысқақов «оған етістікке тән қосымшалар қосылмайтындықтан, етістіктің шақ формасы ретінде қаралмауға тиіс» деген пікірді айтады. Ә. Төлеуов осы шақты нақ осы шақ (жалаң нақ осы шақ, күрдері нақ осы шақ), ауыспалы осы шақ деген топтарға бөледі. Мұнда, осы шақ істің сөйлеп тұрған уақытта істелуім де, не істелу үстіндегі кезеңім де көрсететін шақ категориясы. Біз ауыл сыртындағы дөңде отырмыз. Үркер жайды жәшік өзі айтып отыр. Келе жатыр, оқып отыр десек, мұнда келу, оқу қазір сөйлеу мезгілінде болып жатқанын көрсетеді. Жоғарыдағы отырмыз, айтып отыр, келе жатыр сияқты осы шақ жасалу тұлғсына, сөйлемдегі беретін мағынасына қарай нақ осы шақ (отырмыз, айтып отыр), ауыспалы осы шақ (келеді) болып, ең алдымен екіге бөлінеді. Бірақ жоғарыдағы мысалдарда көрсетілгендей, морфологиялық жағынан, бұлардың әрқайсысының жасалу ерекшеліктері әр түрлі. Нақ осы шақ дегеніміз істің дәл сөйлеп тұрған уақытта, кезде істелуін білдіретін етістіктің түрі. Асан мектепте отыр. Ол оқып отыр деген нақ осы шақтың өзі де жасалу тұлғасына қарай жалаң нақ осы шақ (отыр). Кұрделі нақ осы шақ (оқып отыр) болып екіге бөлінеді. Жалаң нақ осы шақ қосымшаның көмегінсіз-ақ өздерінің лексикалық мағынасы арқылы сөйлеу үстінде болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді білдіретін жалаң нақ осы шақ отыр, жатыр, жүр, тұр етістігінің бір өзінен жасалады. Аталған төрт етістіктің басқа да етістіктерден айырмасы – жеке тұрып үш жаққа бірдей жіктеме алады: Ояна кетсем, қасымда сен отырсың. Қойшы деп мен жатырмын.
88 Күрделі нақ осы шақ екі не одан да көп етістіктер аналитикалық тәсілмен бір-біріне тіркесе айтылып, бір-ақ лексикалық ұғымда жұмсалып, бір сұрауға жауап беріп, сөйлемнің бір-ақ мүшесі болады: Жас туған бұзаулар тоңып тұр Қожаштың әкесі қайын-жұртына көшіп келіп жатыр. Осындай екі не одан да көп етістік тіркесе келіп, күрделі осы шақ жасалады. Мұның жасалуы төрт түрлі: а) Жіктік-жақ жалғауы жалғанып, көмекші болған отыр, тұр, жүр, жатыр сөздерін негізгі мағыналы үнемді көсемшеден соң қою арқылы: мен газет оқып отырмын. ә) Бара, келе, апара, әкеле сөздері жатып көмекшісімен тіркесуі арқылы: Баймағамбет келе жатыр. Ол газетке мақала әкеле жатыр. б) негізгі етістік үнемі көсемшелі (-ып,-іп, -п) болып, бара жатыр, келе жатыр, күрделі етістіктері тіркесуі арқылы жасалады. Өндіріс күннен күнге өсіп келе жатыр. в) -лы, -лі жұрнағы қосылып, сындық мәнге ауысқан сөздерге (ілулі, байлаулы) көмекші болып, отыр, жатыр, жүр, тұр тіркелсе; Оған көңіл аударған ешкім жоқ, қол-аяғы әлі байлаулы жаты. Ауыспалы осы шақ. Басқа сөздердің ыңғайына қарай бірде осы шақ, бірде келер шақ мағынасында ауысып жұмсалатын етістіктің түрлері бар: жазып отырмын (осы шақ), жазады (қазір жазады) болып келетін ауыспалы осы шақ жасалу тұлғасына қарай етістіктің түбіріне ең әуелі көсемшенің –а, -е, -й жұрнағы, одан соң жіктік жалғаулары жалғанады: отыр – а, мын, жыр –е, -мін; чөйле –й, -мін, көр-е-сің, сөйлеіңді т.б.Олар жасалу түріне, беретін мағынасына қарай екі түрлі. Мәселен, мен кинодан келемін сөзін сөйлемде келтіріп былай айтуға болады: Мен кинодан келемін десек келемін ауыспалы осы шақ мағынасында болса, Мен жиналысқа сағат екіде келемін десек, келемін ауыспалы келер шақ. Нақ осы шақтың күрделі түрі ауыспалы осы шақтың мағынасында айтыла береді: жүріп келеді, сөйлеп келеді. Жанбота ат үстінде газет оқып келеді.Тұйық етістікке – да, - де қосымшасын қосып, одан кейін
89 жіктік жалғауын жалғау арқылы ауысплы осы шақ жасауға болады. Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді. Мысалы: Ол оқуды бітірді. Мен бұл кітапты оқыдым. Ол кезде сен оннан асқансың. Шалдың бір баласы болыпты. Демалыста оқушылар қалаға баратын. Берілген мысалдағы бітірді, оқыдым, асқансың, болыпты, баратын деген етістіктер бітіру, оқу, асу, болу, бару қимылдарының (ісәрекеттерінің) болып кеткенін білдіріп, өткен шақ мағынасын беріп тұр. Өткен шақ мағынасы мен жасалуына карай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді. Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы жалғану арқылы жасалып, жіктеліп колданылады. Мысалы: Асан домбыра тартты, мен өлең айт-ты-м. Сен үйге келме-ді-ң. Жедел өткен шақтың жіктелу үлгісі. Жақ жекеше көпше I. келдім, айттым, алмадым келдік, айттық, алмадық II.келдің, айттың, алмадың келдіңдер, айттыңдар, алмадыңдар келдіңіз, айттыңыз, алмадыңыз келдіңіздер, айттыңыздаралмадыңыздар III. келді-, айтты-, алмады-. келді-, айтты-, алмады-. Осы кестеден көрінетіндей, жіктік жалғаулары жедел өткен шақ тұлғасындағы етістікке ерекше түрде жалғанады: Жақ жекеше көпше /жақта II жақта III жақта м -ң (анайы түрі) -ңыз, -ңіз (сыпайы түрі)
90 (жалғау жоқ) -қ, -к -ңдар, -ңдер (анайы түрі) -ңыздар, -ніздер (сыпайы түрі) IV. (жалғау жоқ) V. Жедел өткен шақтың жұрнағы (-ды, -ді, -ты, -ті) мен III жақтың жіктік жалғауын (-ды, -ді, -ты, -ті) шатастырмау керек. Бұл қосымшалардың тұлғасы, дыбысталуы бірдей болғанмен, мағынасы, қызметі баска-басқа. III жақ жіктік жалғауы шақ мағынасын білдірмейді, ал жедел өткен шақ жұрнағы жақ мағынасын білдірмейді. Мысалы, барып-ты, бара-ды деген сөздерде соңғы -ты, -ды жалғаулары шақ (жедел өткен шақ) мағынасын беріп тұрған жоқ, қимылдың 3-жақ (ол) арқылы болатынын білдіріп тұр. Бұл сөздердегі шақтық мағына ол жалғаудың алдында тұрған -ып, -а, тәрізді көсемше жұрнақтары арқылы берілген. Керісінше бар-ды дегенде -ды жұрнағы шақ мағынасын (жедел өткен шақта) беріп тұр да, III жақ мағынасын білдіріп тұрған жоқ. Өйткені I және II жақтарда (бар-ды-м, бар-ды-қ және бар-ды-ң, бар-дыңыз, бар-ды-ңдар, бар-ды-ңыздар) да жедел өткен шақ қосымшасы (-ды) сақталады, 3-жақта арнайы жалғау жоқ. VI. III жақтың жіктік жалғауы тек көсемшенің -ып, -іп, -п және - а, -е, й жұрнағынан кейін ғана жалғанады: кел-іп-ті, қара-п-ты, кел-е-ді, қара-й-ды. Ал жедел өткен шақ жұрнағы етістіктің негізгі және туыңды түбірлеріне және етіс, болымсыз етістік тұлғаларына тікелей жалғанады: кел-ді, қара-ды, кел-тір-ді, қара-т-па-ды т. б. 2. Бұрынғы өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылга барыпты. Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады. а) Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады: (мен) бар-ған-мын, (сен) кел-ген-сің, (ол) айт-қан.
91 Бұрынғы өткен шақтың жіктелу үлгісі. Жақ жекеше көпше I. айтыппын, келіппін айтыппыз, келіппіз II. айтыпсың, келіпсің айтыпсыңдар, келіпсіңдер айтыпсыз, келіпсіз айтыпсыздар, келіпсіздер III. айтыпты, келіпті айтыпты, келіпті I. айтқанмын, келгенмін айтқанбыз, келгенбіз II. айтқансың, келгенсің айтқансыңдар, келгенсіңдер айтқансыз, келгенсіз айтқансыздар, келгенсіздер III. айтқан-, келген-, аитқан-, келген-, Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеге немесе -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеге е(еді) көмекші етістігі тіркелуі арқылы да жасалады. Есімше түрінде е көмекші етістігі екен түріңде де тіркеседі. Бұрынғы өткен шақтың мұндай күрделі түрінде е (еді, екен) көмекші етістігі ғана жіктеледі. Бұрынғы өткен шақ күрделі түрінің жіктелу үлгісі. Жақ жекеше көпше 1. оқыған едім (екенмін), оқыған едік (екенбіз) оқып едім оқып едік 2. оқыған едің (екенсің), оқыған едіңдер (екенсіңдер) оқып едің оқып едіңдер оқыған едіңіз (екенсіз), оқыған едіңіздер(екенсіздер) оқып едіңіз оқып едіңіздер 3. оқыған еді (екен), оқыған еді (екен), оқып еді оқып еді Ескерту: Бұрынғы өткен шақтың есімшеден болған (мысалы, білгенмін, оқығансың) және еді көмекші етістігінен кұралған күрделі (мысалы, білген едім, біліп едім) түрлері тұжырымды, айғақты мәнді білдіреді. Ал көсемшеден болған (мысалы, біліппін, оқыгансың) және екен көмекші етістігінен кұралған күрделі (мы-салы, білген екенсің, білген екен) түрі айғақсыз мәнді білдіреді, сөйлеушінің көзі толық жетпейтіндігін байқатады. Сондықтан да бұрынғы откен шақтың бұл түрі ертегілерде жиі кездеседі. Мысалы: Баяғыда бір кемпір болыпты. Оның жалғыз баласы болыпты. Ол бала тентек болып өсіпті т. б. 3. Ауыспалы өткен шақ.
92 Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Асан ауылға жиі баратын. Сен кітапханаға қашан баратын едің? Бірінші сөйлемде бару кимылының болып кеткенін байқасақ, екінші сөйлемде бару қимылының әлі болмағанын, бірак болуға тиісті екекін аңғарамыз, Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, «еді» көмекші етістігімен тіркесіп келіп те (онда «еді» етістігі жіктеледі) жұмсалады. Ал ауыспалы келер шақ тікелей жіктелмейді, тек еді көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады. Келер шақ Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрган сәттен, мезгілден кейін болатынын білдіреді. Мысалы: Ол мектепке ерте бармақ. Сендер үйге келеңсіңдер. Бұл сөйлемдегі бармақ, келесіңдер деген етістіктер бару, келу қимылдарының әлі болмағанын, бірақ келешекте болатынын білдіріп тұр. Келер шақтың түрлері Келер шақ мағынасы мен жасалуына карай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ және ауыспалы келер шақ болып үшке бөлінеді. 1. Болжалды келер шак. Болжалды келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді. Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің -ар, -ер, -р, болымсыз етістіктен кейін -с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: Біз бар-ар-мыз. Сен оқы-р-сың сіздер кел-ме-с-сіздер. Болжалды келер шақтын жіктелу үлгісі. Жақ жекеше көпше I. II. бар-ар-мын, кел-ме-с-пін бар-ар-сың, кел-ме-с-сің, бар-ар-сыз, кел-ме-с-сіз, барар-мыз, кел-мес-піз
93 III. бар-ар-, кел-ме-с-, барар-сың-дар, келмес-сің-дер барар-сыздар, келмес-сіз-дер барар-, келмес-, Ескерту: Болжалды келер шақ — с жұрнағы арқылы болымсыз етістіктен жасалғанда, қимыл, іс-әрекеттің болмауын болжай, күмән келтіре айтудан, білдіруден гөрі жігерлі, үзілді-кесілді мән беруге бейім болады: барма-с-пын, келме-с-пін. Кейде I жақ жіктік жалғауы -пын, - пін ықшамдалып -н түрінде ғана жұмсалады. Мысалы, бар-ма-с-пын — бар-ма-н, сөйле-ме-с-пін- сөйле-ме-н болып та колданыла береді. Мұндай тұлғалы етістіктер поэзияда жиі кездеседі. Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (Абай). 2. Мақсатты келер шақ. Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер шак етістіктің түбіріне -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пак,, -пек жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-пын, Сіз ерте кет-пек-сіз. Етістіктің -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағынын үстіне -шы, -ші жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстеулі (жіктелуі) арқылы да мақсатты келер шақ жасалады. Мысалы: Мен ауылға бар-мақшы-мын. Сен ерте кет-пек-ші-сіз. Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек, және -шы, -ші тұлғалы негізгі етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Ондайда жіктік жалғау емес көмекші етістігіне жалғанады. Мысалы: кел-мек-ші, емес-пін, бар-мақ емес-сің. Мақсатты келер шақтың жіктелу үлгісі. Жақ жекеше көпше I. Бармақпын, бармақшымын бармақпыз, бармақшымыз бармақсыңдар, бармақшысың-дар II. бармақсың, бармақшысың бармақсыздар
94 бармақсыз, бармақшысыз бармақшысыздар III. бармақ-, бармақшы-, бармак,-, бармақшы-. 3. Ауыспалы келер шақ. Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты -а, -е, -й жұрнақты көсемшенің жіктелуі арқылы жасаладьг. Сондықтан ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Мысалы: Ол нағашысының қолында тұрады. Келемін тау ішінде тунделетіп… деген сөйлемдердегі тұрады, келемін етістіктері ауыспалы осы шақ мағынасын білдіріп тұр. Ол ертең тұрады. Ауылға меп кешке келемін деген сөйлемдердегі тұрады, келеміп етістіктері ауыспалы келер шақ мағынасын беріп тұр. Ауыспалы келер шақтык ауыспалы осы шақтан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мәнін білдіретін басқа сөзден де байқалып отырады. Жоғарыдағы мысалдағы ертең және кешке сөздері осындай мән беріп, қызмет атқарып тұр. Мына мысалдарды салыстырып көріңдер. Осы шақ келер шақ Ол мектепте окиды. Ол сабағын кешке оқиды. Бұл жерде ағаш өседі. Ағаш бұл жерде күтсе ғана өседі. Мен ылғи ерте тұрамын. Мен ертең ерте тұрамын. Ол өлең жазады. Өлеңді ол есейгенде жазады. Ескерту: Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақта I жақ жіктік жалғауы (-мын, -мін) кейде ықшамдалып, -м түрінде жалғанады: айт-амын,— айт-а-м, кел-е-мін — кел-е-м, сөйле- й-м. Бірінші жақтың мұндай ықшамдалып қолданылуы көбіне ауызекі сөйлеу тіліне тән. 2.5 Көмекші сөздер Көмекші сөздерге анықтама бергенде оның дербес лексикалық мағынасының болмайтындығын баса айтамыз. Атауыш сөздерден ажыратып, жеке топ ретінде бөліп алғанда да осы мағынасының болмауы себепші болған. Дегенмен де бұл көмекші сөздердің
95 лексикалық мағынасы бар деген тілшілердің пікірін қолдаймыз. Сондықтан да көмекші сөздер деп өздерінің дербес лексикалық мағынасы түрлі дәрежеде солғындаған екінші бір атауыш сөздердің жетегінде келіп, соның мағынасын түрлі дәрежеде тиянақтап келетін, не сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді қызметін атқаратын сөздерді ңтобын айтамыз. Көмекші сөздердің лексикалық мағынасы туралы мәселе тіл білімінде даулы мәселелердің бірі болып табылады. Көмекші сөздердің барлығына бір өлшем қойып, мағынасын анықтау мүмкін емес. Жалпы сөздердің лексикалық мағынасын анықтауда белгілі бір өлшем бар дегенге сенудің өзі қиын. Атауыш сөздердің өзін де мағынасына қарап талдау жасағанда бір өлшем алмаймыз. Көмекші сөздерді сөз деп танитын болсақ, олардың лексикалық мағынасының бар екендігін мойындауымыз қажет. Сондықтан да көмекші сөздердің функциясынан деген дұрыс. Көмекші сөздердің лексикалық мағынасы мен синтаксистік қызметі арасында байланыстың барлығы анық. Көмекші сөздерде лексикалық мағына бар дегенде біз осы толық мағыналы, атауыш сөздердің мағынасымен тең, айырмашылық жоқ екен деп түсінбейміз. Ең басты айырмашылығы сол – көмекші сөздердің лексикалық мағынсы лексикалық дербестігінен айырылған. Нәтижесінде олар сөйлемнің құрамынан тыс, екінші бір сөздің жетегінде ермей қолданылмайтын дәрежеге жеткен. Атауыш сөздер өздерінің мағына дербестігін сақтаған, жеке өздері қолданылып, басқа сөздерге байланыспай-ақ мағына білдіре алады. Алды, арты, жаны, маңы, бастады, үшін, дейін сияқты сөздерді лексикалық мағынасы жоқ болғандығы үшін көмекші сөз деп атамаймыз, олардың дербес лексикалық мағынасын солғындағандығы үшін көмекші сөз деп атаймыз. Екіншіден, көмекші сөздер өзінің алдында тұрған атауыш сөздердің мағынасын толықтырып, таза синтаксистік қызмет атқарады. Бірақ бұл көмекші сөздер жеке тұрғанда лексикалық мағына білдірмейді, лексикалық мағынаға сөйлем құрамында белгілі бір текст ішінде ғана ие болады деу дұрыс сөз емес. Мысалы, іші, қасы, арасы, үшін, дейін, қарай, бата, қолды, алды, ғана, ма сияқты көмекші сөздер қай тіркесте байланысып өзінің мағынасын сақтайды. Сөйлем ішінде
96 байқалынған мағына ауытқуды олардың көп мағыналық сипатымен байланыстыру керек. Салыстыралық, «іші» көмекші есімі арасына, ортасына кіруге болатын мағынасы бар сөздермен тіркесіп келеді де, соның мағынасын тиянақтайды. Үйдің іші , ауылдың іші, орманның іші т.б. Үшін шылауы есім сөздерге тіркесіп келіп мақсат мағынасын үстейді: Оқу үшін келдім, өмір үшін күресті. Бірақ үшін сөзі арнау арнау, себеп т.б. мағыналарды білдіру үшін де қолданылады. Мысалы: Адам тамақ жеу үшін өмір сүрмейді, өмір сүру үшін тамақ жейді. Қасқырды сұрлығы үшін соқпайды, ұрлығы үшін соғады. Оқушылар оқу үшін кітап алды. Кей тілшілер үшін сөзінің себептік, арнау мағынасы контекстен туған мағына деуі мүмкін. Бұл сияқты пікір көп мағыналы атауыш сөздермен байланысты көп айтылған. Біздіңше, контекст мағына жасамайды, керісінше көп мағыналы сөздің мағынасын тиянақтайды. Үшіншіден, көмекші сөздердің көпшілігі белгілі бір грамматикалық категорияның мағынасының аясында қолданылып, сол грамматикалық категорияның аналитикалық формасының құрамында, соның бір сыңары ретінде өмір сүреді. Соңғы жағдай көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ, грамматикалық мағына бар деушілердің негізгі дәлелі ретінде қоланылады. Қазіргі қазақ тілінің материалдарының көрсетуінше, көмекші сөздерді мағына дербестігінің деңгейіне қарай екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа бірде көмекші сөз, бірде толық мағыналы сөз қызметінде қолданылатын көмекші есімдер мен көмекші етістіктерді қоссақ, екінші топқа тек көмекші сөз ретінде қолданылатын шылау көмекшілерді қосамыз. Тіл білімінде бірінші топтағы көмекшілерді функционалды көмекшілер деп те атайды, ал екінші топтағы көмекшілерді нағыз көмекшілер деп те атайды. Шындығында да көмекші есім мен көмекші етістіктердің өздерінің толық мағынасы сыңарынынан әлі толық қол үзіп кете қоймағандығын оңай дәлелдеуге болады. Мысалы, Қазығұрттың басында кеме қалған деген сөйлемде бас сөзі көмекші есім қызметінде қолданылып тұр.Оның адамның дене мүшесімен байланысы барлығы анық. Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде таудың басы, шөптің басы сияқты тіркестермен келетін сөз мағынасын
97 жеке-жеке мағына ретінде беріп, бір сөздің аясында топтастырылған. Біз ағаштың басы, таудың басы, судың басы, сойылдың басы, ауылдың басы сияқты тіркестерде қолданылған бас сөзін атауыш сөз деп есептемей, көмекші есім деп есептейміз. Дене мүше атауларының белгілі бір тіркестерде өздерінің мағыналық дербестігінен ажыралып, көмекші сөз ретінде қолданылуы басқа түркі тілдерінде де байқалынады. Біз жоғарыда көмекші сөздер сөйлемде, сөйлеу кезінде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаратындығын да ескерткен болатынбыз. Сөздердің мағынасы мен синтаксисті қызметі тең емес екендігін және олар арасында белгілі бір байланыстың бар екендігін де ескерту қажет сияқты. Себебі сөздер, грамматикалық формалар сөйлем ішінде ғана өзінің мағынасын толық көрсете алады. Сонымен бірге тілдің ішкі заңдылығына негізделе отырып, айтушы адам ссол сөзді басқа мағыналық реңкте қолдана алады. Мәтіннің қызметінің өзі де осында. Мысалы, атау тұлғалы екі зат есім қабыса байланысса, алдыңғысы соңғысын анықтайды деген заңдылыық бар. Демек қабыса байланысқан екі зат есімнің алдыңғысы синтаксистік қызметін өзгертеді. Ағаш аяқ, қол сағат, темір жол, алмас пышақ деген сөз тіркестерінің бірінші сыңарындағы зат есімдер өздерінің төл синтаксистік қызметін атқарып тұрған жоқ. Заттың неден жасалғандығын, неге арналғандығын, қасиетін білдіріп, заттық мағынасынан ауытқып тұр. Бірақ біз ағаш, темір, алмас сөздерін сын есім деп атамаймыз , зат есім деп атаймыз. Демек, бұл сөздердің мағынасы бір басқа да, сөйлемдегі синтаксистік қызметі, осы қызметпен байланысты білдіретін мағынасы екінші бір түрлі. Көмекші сөздердің де сөйлем құрамында қолданылғанда жаңа мәнді, жаңа грамматикалық қарым-қатынасты білдіруі мағынадан мүлде қол үзді деуге, грамматикалық формаға айналды деуге негіз бола алмайды. Кез келген сөздің, соның ішінде атауыш сөздердің де, грамматикалық мағыналарды білдіру үшін сөйлемде, мәтін құрамында қолданылуы тілдік заңдылықтан тыс жатқан құбылыс еместігі айтылып жүр. Бұл қазақ тілінде де бар нәрсе. Мысалы, жақсылардың жақсысы (күшейтпелі шырай), жігіттің сұлтаны (күшейту мағынасы), оннан екі (бөлшектік мағына), байырғы заманда, келген кезде (мезгілдік мағына) т.б. әрине бұл кезде белгілі бір тіркестер, тіркесу заңдылықтары болады.
98 Ол мәселенің екінші жағы. Жоғарыдағы мысалдарымызды мәтінмен байланыстыра мағынасын анықтасақ өте қызық сементикалық жағдайға тап боламыз. Жақсылардың жақсысы дегенде негізігі сындық мағына екінші (тәуелді жалғаулы) жақсы сөзінде тұр десек, онда бірінші жақсы тек күшейтпелі мағына қосып тұр деуімізге бола ма? Әрине жоқ. Олар тек осы тіркесте, не ондай сөздер осы типтес тіркестерде ғана күшейтпелі мағына білдіреді. Мысалы, сұлулардың сұлуы, күштілердің күштісі т.б. Нақ осындай мағынада жігіттердің жігіті, азаматтың азаматы, аттың аты сияқты тіркестер қолданылады. Қазақ тілінде жақсы, жаман сөздері сөйлем құрамында келіп күшейту мағынасында көбірек қолданылады. Мысалы, жаман-жақсы болады, жаман шаршадым, жаман құмар болды т.б. Көмекші сөздер де мәтін құрамында келіп, сөздердің аналитикалық формасы ретінде, грамматикалық мағына білдіру үшін қолданылады. Кітап оқып отыр, балам қалада оқып жүр дегендер нақ осы шақ мағынасында қолданылып тұр. Оларда осы шақтың грамматикалық формасы -ып отыр, -ып жүр аналитикалық формасы болып есептелінеді. Бұл формалардың осы шақтық мағынада қолданылуына отыр, тұр, жатыр, жүр етістігінің мағынасы себепші болады. Отыр, жүр етістігінің оқып жүр, оқып отыр дегенде амаләрекеттің айтылып тұрған уақытта үздіксіз болып жатқандығын білдірсе, оқып жүр дегенде оқу процесі айтылып тұрған уақытта болмаған болуы да ықтимал. Балам қалада оқып жүр дегенде оқудың ұзақ мерзімге созылатындағы, үздік-создық болатын амалды, бірақ баланың негізгі ісі қалада оқу екендігін білдіріп тұр. Оқып отыр мен оқып жүрді салыстыратын болсақ, біріншісінде осы шақ өте нақты, екіншісінде созылыңқылықпен байланысты осы шақтық мағына беріп тұр. Көмекші етістікті тіркесте, яғни етістіктің аналитикалық формаларында жағдай мүлде басқаша. Етістікті аналитикалық формалардың құрамындағы көмекші етістіктер өзінің толық мағыналы сыңарынан мағына жағынан толық алшақтағандығы байқалады. Нәтижесінде, ал бер, қал, сал, кет, кел сияқты сөздер көмекші етістік қызметінде қолданылғанда амал-әрекет, қозғалу т.б. етістіктеріне тән мағына білдірмейді. Мысалы, Шашымның санап әр ағын, таңырқай
99 берме, қарағым. Санаулы басқан әр адым, Отыздан асып барамын. Міне, тағы ашу келіп алқымыма тығылды, Ақылымның есігінен аттай бере жығылды. Әлі күнге түспей келген картаға, Қыран ған қалықтайтын көгінде. Жоғарыдағы мысалдарда таңырқай берме, асып барамын, аттай берме, түспей келген дегендер етістіктің аналитикалық формасын жасап тұр. Егер берме, бар, бер, кел етістіктерінің негізгі мағынасы мен мына тіркесті мағыналарын салыстырып қарасақ, тікелей байланыс таба алмаймыз. Біздің мысалымыздағы бер (таңырқай берме) тіркесінде амалдың созылыңқылығын білдіреді. Екінші мысалымызда аттай бере тіркесінде қолданылып, амал-әрекеттің, қозғалыстың толық аяқталмағандығын, не іле-шала болғандығын білдіреді. Түспей келген аналитикалық формасының құрамындағы кел етістігі – толық мағыналы етістік ретінде қолданылғанада, қозғалушы адамның не заттың белгілі бір кезге жақындауын білдіретін қозғалыс етістігі. Біз келтірген мысалымызда қозғалу етістігі мағынасында қолданылмай амалдың созылыңқылығын білдіріп тұр. Үшінші аналитикалық форманың құрамында қолданылған бар естістігі де толықмағыналы етістік ретінде қолданылғанда қозғалу етістігі болады да, адамның, заттың ұзақтығы не белгілі бір арақашықтықтағы затқа жақындаудың, не керісінше ұзақтауын білдіреді. Біз келтірген мысалымызда амал-әрекеттің басталу фазасын білдіріп тұр. Жай көзбен қарасақ қарасақ жоғарыдағы толық мағыналы етістіктің мағынасы мен сол сөздің көмекші етістік қызметіндегі мағынасының арасында тікелей байланыс жоқ. Ал ғылыми талдау негізінде араларында байланыс барлығын, соңғы мағынаның тура мағынаның семантикалық даму заңдылығы негізінде қалыптасқандығын көруге болады. Бұндай тарихи семантикалық байланыстың өзі кей көмекші етістіктерде ашығырақ бақалынса, екінші біреулерінде көмескілеу болады. Мәселен, айта бастады, келе бастады дегенде, баста көмекші етістігі өзінің толық мағыналы сыңарынан семантикалық жақтан онша алшақтай қойған емес. Түркі тілін зерттеуші ғалымдар етістіктің аналитикалық формасының құрылымын, морфо-синтаксистік қызметін зерттегендерімен, белгілі бір грамматикалық категорияның құрамына енгізгенімен, олардың мағынасының сыр-сипатын анықтаған емес. Мысалы, отыр,
100 тұр, жатыр, жүретістіктері көсемшенің -а, -е, -й және -ып, -іп, -п формасымен келген толық мағыналы етістіктерге тіркесіп келіп, нақ осы 4 етістіктің мағына үлесіне тие ме? Әлде көсемшенің қосымшасының үлесіне тие ме? Айта отыр, айтып отыр дегендерде мағыналық айрмашылық бар. Н.Оралбаева етістіктің аналитикалық формасының білдіретін мағынасы туралы сөз қозғайды да: -а (-е, -й) ал аналитикалық формасына тоқталады. «Субьектінің жасау мүмкіндігі жеке-жеке алғанда, көмекші (-а, -е, -й) де, ал етістігі мағына білдірмейді. Тіпті ал көмекші етістігі көсемшенің -п форасымен тіркесе (-п, ал) мүмкіндік мағынасын білдірмейді. Мысалы, жүріп ал, айтып ал, көріп ал т.б. олай болса, көсемше (-а, -е, -й) мен ал көмекші етістігі дербес морфемалар емес, олар идиомаланған бір мағынаны білдіруге көшкен, дербестігінен айырылған, бірінсіз-бірі қолданыла алмайды», - деп қорытынды жасалынды. Түркітілдерінде етістіктің түрлі грамматикалық категорияларының құрамында қолданылатын бірнеше аналитикалық форманттар бар. Бұл аналитикалық форманттардың жетекші етістіктермен тіркескенде оларға қосатын мағыналары тұрақты. Сондықтан да А.А.Юлдашев та, Н.Оралбаева да етістіктің аналитикалық форманттарын мағынасына қарай топтастырады. Мұндай мағыналық тұрақтылық аз болса да сақталынуы көмекші етістіктің лексикалық мағынасының үлесіне түседі. Бірақ аналитикалық форма құрамында қолданылғанда, коммуникативтік қызметінің талабына байланысты, грамматикалық мағына – негізгі мағына, лексикалық мағына – қосалқы мағына ретінде бой көрсетіп тұр. Егер ондай мағыналық дербестік болмаса, онда шақ категориясының аналитикалық формасы жоқ қосымшаларынан айырмашылығы болмас еді. Етістіктің аналитикалық формасы туралы, шақ қосымшалары туралы пікір айтқан ғалымдар ондай айрмашылықтың бар екендігін мойындайды. Көмекші сөздердің лексикалық мағынасы туралы пікір айтқан ғалымдардың көпшілігі жалғаулықтар мен демеуліктерде лексикалық мағына жоқ деп айтады. Шындығында да бұл екі екі топтағы көмекші сөздердің лексикалық мағынасының бар екендігін дәлелдеп беру, көмекші есім мен көмекші етістіктерге қарағанда қиынға соғады. Оларда