The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Қазақ тіліндегі көмекші етістіктің табиғаты

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Фатима Алтаева, 2024-02-28 02:20:19

Қазақ тіліндегі көмекші етістіктің табиғаты

Қазақ тіліндегі көмекші етістіктің табиғаты

101 затқа, амал-әрекетке атау болатын мағынаның кіші элементі де бақалынбайды. Осы себептен де А.Ысқақов «Септеуліктер өздерінің жоғарыдағы қазіргі қазақ тіліндегі әуелгі лексикалық мағыналарынан алшақтай-алшақтай келе бірте-бірте семантикалық дербестіктерінен де я бүтіндей, я жартылай немесе бүтіндей айырылып, әр қилы дерексіз грамматикалық мағыналарды білдіру үшін қолданылатынкөмекші сөздерге айналғандықтары», - айтылады. Дегенмен А.Ысқақов септеулік шылауларда лекикалық мағына мүлде жоқ демейді. Сайын, үшін, шейін, дейін, қарай, гөрі сияқты шылауларды жеке тұрғанда ешқандай тиянақты ұғымды білдіре алмайды деп отырып «солай бола тұрса да, олардың көмескі немесе бұлдыр болса да себеп я мақсат, мезгіл я бағыт, шек я ара, даралау я саралау сияқты әр түрлі абстракт ұғымдарды білдіретін дерексіз сөздерге айналған, белгілі нышаналары әрқилы грамматикалық мағыналар есебінде көрініп, сезіліп отырады», - деген. Демек, А.Ысқақов өте көмескі болса да ондай мағынаның барлығын мойындайды. Бірінші, септеулік шылаулардың коммуникативтік қызметі лексикалық мағынасымен ғана емес, синтаксистік қызметімен байланысты да анықталады. Олар белгілі бір септік жалғаулы сөзге тіркесіп келеді де, сол септік жалғауының мағынасын тиянақтайды. Мысалы, М.Балақаев үйге барайық және үйге таман барайықдеген екі меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерін салыстыра отырып, олардың мағыналас екендігін, бірақ соңғысының мағынасы нақтылау екендігін көрсетеді. «Сол дәлдік үйге сөзінен кейін таман шылауын айтудан туып тұр», - дейді. А.Ысқақаов бұл қасиетті дейін септеулігімен байланысты айтады. Яғни Біздің шахталардың жайын Алматыға дейін жазып жүрген кім? деген мысалдағы дейіналып тасталса, шахтаның жайын Алматыға ғана жазғаны аңғарылады, ал дейін қосылса шахтаның жайын жергілікті аудандық, қалалық, облыстық мекемелерге жазғаны байқалынады дейді. Көмекші есім, көмекші етістік пен септеулік шылаулардың өн бойында өздеріне ортақ бір белгі бар, ол белгі бір аналитикалық формамен қатысты болады. Әрине аналитикалық форманы кең түсінуге болады. Мысалы, сөздердің күрделенуі арқылы жаңа сөз жасау тәсілін де аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасау жүйесі деп атаймыз.


102 Аналитикалық форма түсінігін тар көлемде де түсінуге болады. Яғни сөздердің тіркесі арқылы грамматикалық мағына білдіру тәсілі. Жоғарыда талданылған көмекші сөздер, біріншіден, белгілі бір толық мағыналы сөзге қатысты болып соның мағынасын нақтылап тұрады. Екіншіден, үшеуі де өздері қатысты болған толық мағыналы сөздің белгілі бір септік жалғауында тұруын талап етеді. Мысалы, көмекші есімдер ілік септікті зат есімдермен тіркессе, көмекші етістіктер негізінен көсемше, есімше формалы етістіктермен тіркеседі. Ал септеулік шылаулар болса, өзінің алдындағы толық мағыналы сөздің белгілі бір септік жалғауында тұруын талап етеді. Үшіншіден, жоғарыда талданылған көмекші сөздердің үш тобы да өздерінің лексикалық мағына дербестігінен ажыраған, өздері тіркескен атауыш сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналарын толықтырып тұратын сөз есебінде қолданылады. Яғни белгілі бір сөзге қатысты болып, соның мағынасы аясында қолданылады. Екінші бір сөзбен айтқанда, толық мағыналы сөздің мағына аясында қолданылады. Демек, сол сөздің аналитикалық формасы болады. Көмекші сөздердің ішінде таза синтаксистік қызмет атқарып, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру үшін қолданылған және бір тобы да бар. Олар – жалғаулық шылаулар. Жалғаулық шылауларда бұрынғы лексикалық мағынаның ұшпағы ғана сақталынған. «Жалғаулықтар да нақтылы нақтылы ұғымды білдіре алмайды. Олар дербес лексикалық мағыналары дерексізденген, бірақ өздеріне тән ерекше семантикалық мағыналары мен абстракт грамматикалық қызметтері бар шылау сөздер», - деп анықтама берген болатын А.Ысқақов. Жалпы жалғаулық шылаулардың мағынасын жеке сөздерге байланыстыруға болмайды. Мысалы, Жақсы ат пен тату жолдас - бір ғанибет. Мысалымызда пен жалғаулығы ат, жолдас сөздеріне бірдей қатысты болып тұр. Әрине, барлық жалғаулық шылау сөзбен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыра бермей, бірыңғай мүшенің бір сыңарының мағынасымен байланысты тек құрмалас сөйлемді ғана емес текстегі жай сөйлемдерді ұштастыру қызметінде де қолданылады. Мысалы, Жол қашық, жел қатаң, әрі ызғарлы, күн кеш болып барады. Мал


103 дүниенің шын иесі – осы кісі. Ендеше бәріміз де әженің төрелігіне тоқтайық. Жоғарыда айтылған пікірлерден мынадай қорытынды шығаруға болады. Біріншіден, көмекші сөздер де – толық мағыналы сөздер сияқты тұлға жағынан тұрақты, лексика-грамматикалық мағыналары бар сөз. Екіншіден, көмекші сөздердің лексикалық мағынасы толық мағыналы атауыш сөздердің мағынасындай емес, дерексізденген, өзінің дербестігін жоғалтқан. Сондықтан көмекші сөздер өздері жеке тұрып белгілі бір зат не ұғымның атауы бола алмайды. Үшіншіден, көмекші сөздің лексикалық мағына дербестігі барлығында бірдей болмайды. Белгілі бір топ көмекші сөздерде лексикалық мағына дербестігі күшті, атауыш сөздерге жетеғабыл болса, екінші бір тобында лексикалық мағына мен грамматикалық мағына тең түсіп жатады; үшіншіден бір тобында лексикалық мағына грамматикалық мағынаның жетегінде болады. Сөздердің күрделі құбылыс екендігін дәлелдеп жатудың қажеттілігі болмаса керек. Сонымен бірге сөздер бір-бірімен белгілі бір сипатымен өзара байланысып жатса, екінші бір қасиеттерімен бірі екіншісінен ажырасып жатады. Бірнеше сөздердегі ортақ белгілер оларды өзара байланыстып, тіл элементтерінің белгілі бір жүйе ретінде өмір сүруіне жағдай жасаса, айырмашылықтары олардың өздерінің жеке тәуелсіздігінің, дербестігінің бар екендігін көрсетеді. Тілші ғалымдар сөздің бұл екі қасиетінің бар екендігін, қатар өмір сүретіндігін мойындайды. Жалпы тіл білімінде сөз мағынасы, тұлғасы, сөйлемдегі қызметі туралы сөз болғанда, олардың айырмашылығын көрсетумен бірге, жалпы жақтарын да көрсету мақсат етіледі. Сондай жалпы белгілері негізінде сөздерді топтастырудың бір үлгісі - сөз тобы болып табылады. Тарихи грамматика мәселесімен қызыққан авторлардың барлығы дерлік көмекші сөздің бір кездерде толық мағыналы атауыш сөз болғандығын мойындайды. А.Ысқақов қазақ тіліндегі сөздерді даму дәрежесіне қарай 4 сатыға бөледі: 1)дербес сөздер 2) көмекші сөздер 3) шылау сөздер 4) қосымша. Тілдің грамматикалық формаларының дамуы тіл дамуының заңдылықтары негізінде іске асады. Ол біріншіден, адам ойын нақтылы,


104 дәл беру талабы болса, екіншісі – экономия заңдылығы. Жалпы тіл дамуында да, бірнеше заңдылықтардың барлығы анық. Бұл заңдылықтардың барлығы бірдей бір элементтің дамуында әрекетке түспеуі де, біреуінің не бірнешеуінің қатар ықпал жасауы да мүмкін. Дегенмен тілдің коммуникативтілік талабы тілдің үздіксіз жетіліп отыруын қажет етеді. Көмекші сөздердің дүниеге келуінде де осы талаптың қызметі мол. Грамматикалық мағына да лексикалық мағына сияқты обьектив дүниені бейнелейді. Бірақ адамзаттың білімінің, өмір тәжірибесінің дамуымен бірге өзін қоршаған дүние туралы да көзқарасы өзгеріп, жаңа фактілермен байып отырады. Адам санасындағы өзгеріс оның өмір сүру формасы болып саналатын тіліне де ықпал жасайды. Кез келген тілде грамматикалық мағына берудің түрлі жолдарының болуы ықтимал. Түркі тілдерінде соның ішінде қазақ тілінде де, грамматикалық мағына берудің ерекше жолы бар. Солардың ең негізгісінің бірі - қосымш– арқылы болса, екіншісі – көмекші сөздер арқылы беру. Түркі тілдер синтетикалық тіл болғандықтан да грамматикалық категориясын белгілеп тұратын – қсымшалар. Сонда көмекші неге керек болды деген сұрау туатыны анық. Көмекші сөзер қосымшалар арқылы беру мүмкіндігі болмаған мағыналық нақтылықты білдіру талабынан туған. Мысалы, Айымнан қанша қашықтаған сайын сонша ішімнен жақсы көре түсетінмін деген сөйлемдегі сайын шылауының мағынасын дәл беретін қазақ тілінде бірде-бір қосымша жоқ. Халықты жаңа дінге қаратып жүргенде Құтайба атты кісі Қашқарға шейін келіп халықты исламға көндіргенде, бұлар да ислам болдық депті. Мысалымыздағы шейін шылауын алып тастап Қашқарға келіп деп қолдансақ та болады, бірақ Абай көздеген мағына шықпайды. Абай тексінде Құтайба Ираннан Орта Азияға бастырып кіргенде Қашқарға дейінгі аралықты толық жаулап алғандығын, өзі басып алған жердегі халықтарды мұсылман дініне енгізгендігін айту мақсаты бар. Егер Қашқарға келгенде дейтін болсақ, онда осы аралықты қамту мағынасы болмайды. Нақ осындай нақтылық тек септеулік шылауларда ғана емес, функционалды көмекшілердің мағынасында да бар. Мысалы, Сол әскер тауды өрлеп талай жүрді. Судың басы бір құзар шатқа кірді


105 дегенде судың басы тіркесіндегі бас сөзінің мағынасы тек нақтылаумен ғана шектеліп тұр. Яғни судың жоғарғы, басталатын бөлшегі деп тұр. Сәлден соң төбемізден тағы да оқпан ұшса екен деп өзімтілей бастадым деген мысалымызда ұшса екен тіркесі армандау, қалау мағынасын білдіреді. Қалау райдың айтқым келді, барғың келеді сияқты тіркесімен салыстыруға болады, бірақ бұлар арасында мағыналық айырмашылық бар. Ол – бастадым. Тілей бастадым аналитикалық формалы етістіктің білдіретін мағынасы – амал-әрекеттің басталыну деңгейде екендігі анық, бірақ түркі тілдерінде бірде-бір қосымша амал-әрекеттің орындалу деңгейін білдірмейді. Сондықтан, айта бастады, айтуға кірісті, айтып келе жатыр еді дегендер осы амал-әрекеттің басталыну деңгейін білдіру талабы негізінде пайда болған деген пікірге келуімізге толық болады.


106 ҚОРЫТЫНДЫ Қазақ тілінде көмекші етістіктердің бай семантикасы,оның аналитикалық етістік құрамындағы қызметі бірнеше зерттеулерге ұйытқы болғаны мәлім.Біз аталған ғылыми жобада көмекші етістіктерге байланысты зерттеу жүргізген ғалымдардың, атап айтқанда, Ы.Мамановтың, А.Ысқаковтың, Н.Оралбайдың, М.Оразовтың, А.Алтаеваның, Ж.Масалиеваның, М.Жолшаеваның т.б.ғалымдардың көмекші етістіктерге, оның топтастырылуы мен тіркесімділік қасиетіне, аналитикалық формант құрамындағы грамматикалық семантикасына, амал-әрекеттің өту сипатына байланысты сан-салалы мағыналық реңктерін зерделеген ой-пікірлерін басшылыққа ала отырып жетекші етістік пен көмекші етістіктің тіркесімділігінің аспектуалды семантикалық категория болып танылатынын түсіндік. Қазақ тіл білімінде семасиологиялық бағыттағы зерттеулердің көпшілігі лексикалық семантикаға тоқталады да, грамматикалық семантика мәселесі енді-енді сөз болуда. Етістік категориялары, соның ішінде көмекші етістік табиғаты, оның аналитикалық етістік, аналитикалық формант құрамындағы қызметі мен алуан түрлі мағыналық реңктері, сондай-ақ амал-әрекеттің орындалу, өту сипатын білдірудегі көмекші етістіктің орнын айқындауға әрекет жасадық. Бүгінгі таңда көмекші етістікті аналитикалық форманттардың бай семантикалық реңкі, амал-әрекеттің орындалуының кең ауқымда қарастырылуы, оны функционалді грамматика теориясы негізінде зерделеу қажеттілігінтуғызып отыр. Көмекші етістікті аналитикалық форманттар арқылы берілетін амалдың өту сипатының аспектуалдылығы функционалді грамматика тұрғысынан қарастырылу қажет сияқты. Соныменбірге етістіктің аспектуалдық семантикасы жайлы да зерттеуге сұранып тұрған мәселелер жетерлік. Біз келешекте аталған ғылыми зерттеу жұмысымызды кеңейтіп, осы айтылған мәселелер төңірегінде зерттеу жұмысын жалғастыру ниетіндеміз. Қорыта келгенде, көмекші етістікті аналитикалық форманттардың грамматикалық семантикасын зерделей келіп, төмендегідей түйін


107 жасадық: түркітанымда және қазақ тіл білімінде көмекші етістіктер табиғатын терең бағамдай отырып, зерттеуші-ғалымдар еңбектерімен таныса отырып, керек жерлерін пайдаландық; көмекші етістіктерді топтопқа бөліп қарастырған еңбектерді саралап, көмекші етістіктердің дербес мағыналы етістікпен тіркесу мүмкіндігін және түрлену ерекшелігін айқындап, көмекші етістіктің аналитикалық етістік құрамындағы қызметін көрсеттік, көмекші етістікті аналитикалық форманттардың грамматикалық семантикасын ажыратып, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынантақырыпқа сай іріктеліп алынған 100- ге тарта көмекші етістікті аналитикалық форманттардың грамматикалық семантикасын ажыратуға талпыныс жасадық, мысалдармен дәйектеуге тырыстық.Қазақ тіліндегі аналитикалық етістіктің, аналитикалық форманттың грамматикалық семантика жасаудағы, мағына реңктерін берудегі мүмкіндігі өте жоғары.


108 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. Насилов Д.М. Проблемы тюркской аспектологии. Акциональность.- Лен.: Наука, 1989.-208 с. 2. Зализняк А., Шмелев А.Д. Введение в русскую аспектологию. - М.: Языки русской культуры, 2000.-224 с. 3. Жолшаева М.С. Қазақ тіліндегі етістіктер және аспектуалды семантика. – Алматы. 2011. -288 б. 4. Юлдашев А.А. Аналитические формы глагола в тюркских языках . – Москва : Наука, 1965. -275 бет. 5.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. -Алматы. 1992. -448 б. 6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 1966. – 362 б. 7. Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. 1-том, – Алматы: Ғылым, 1967. -265 б. 8. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілі жөнінде зерттеулер. – Алматы. 1982. 9. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі, етістік. – Алматы. 1966.-154 бет 10. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Ана тілі,1991 -348 11.Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары - Алматы. 1975.-136 б. 12.Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының құрылысы мен мағыналары. – Алматы. 1979 13. Оразов М. Көмекші сөздер. 2-кітап. – Ташкент. 1997.-168 б, 14. Оразов М. Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері. – Алматы. Мектеп, 1980. -162 б 15.Хожиев А. Туликсиз феьл. – Тушкент, 1973 16.Маралбаева С. Семантика процесности и способа ее выражения в казахском языке АКД., Алматы. 1991.-27 б. 17. Алтаева А. Көмекші етістіктердің семантикасы. – Алматы. 2006.-141бет 18. Масалиева Ж. Қазақ тіліндегі толымсыз көмекші етістіктер. – Шымкент. 2005.-101бет


109 19. Маманов И., Вспомогательные глаголы в казахском языке. – Алматы.1949 20. Современный казахский язык.– Алматы.1962 21. Қазақ грамматикасы. Астана. 2002 22.Ахмеджанова З.К., Функционально-семантическое поле русского и казахского языков. – Алматы.1989 23. Момынова Б.Қ., Саткенова Ж.Б. Қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2014.-274 бет. 24. Әуезов М. Абай жолы роман-эпопеясы. – Алматы. Жазушы. 1- том, 2006


110 МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ............................................................................................3 1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТІҢ ТАБИҒАТЫ 1.1 Көмекші етістіктердің танылуы, оның тілдегі орны, зерттелу аясы..........................................................................5 1.2 Көмекші етістіктерді топтастыру........................................13 2 ЕТІСТІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫ 2.1 Көмекші етістіктің аналитикалық етістік құрамында қолданылуы....................................................................................24 2.2 Көмекші етістіктің грамматикалықсемантикасы................39 2.3 Қалып етістіктер......................................................................63 2.4 Етістіктің шақтары..................................................................76 2.5 Көмекші сөздер .......................................................................94 ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................106 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................108


111 Құрастырғандар: Есимбекова А.Д., Жолдасова Б.А., Мусапирова Б.Б., Алтаева Ұ.А. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТІҢ ТАБИҒАТЫ Орта және кәсіптік білім беретін оқу орындарына арналған оқу құралы Басуға 30.12.2022ж. қол қойылды. Қалыбы А4. Қаріп түрі «Таймс». Көлемі 7,0 шартты баспа табақ. Таралымы ____ дана. «LTD trade» баспасында басылды. Тапсырыс №3012 Алматы қаласы


112


Click to View FlipBook Version