The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

2-сыныпқа арналған онлайн форматындағы музыка пәні оқулығы

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by akerkeabitova, 2023-11-23 05:12:44

2- сынып оқулық

2-сыныпқа арналған онлайн форматындағы музыка пәні оқулығы

Keywords: Музыка, 2-сынып, оқушы, балаларға арналған.

МУЗЫКА Бастауыш білім беру деңгейінің 2-сынып оқушыларына арналған оқулық fiазаffiстан Республикасыны Оffiу-а арту министрлігі сын ан АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ 2022 М.А. Оразалиева, С.Қ. Омарова, М.С. Умарова АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


Шартты белгiлер Оқулықта QR-кодты қолдану бойынша нұсқаулық: 1. Смартфон немесе планшетіңіздің камерасын QR-кодқа бағыттаңыз. 2. Сілтеме пайда болғанша күтіңіз. 3. Керекті ресурсқа өту үшін «ОК»-ді басыңыз. Егер сіздің құрылғыңыз QR-кодты анықтай алмаса, онда QR-кодты оқуға арналған кез келген тегін қосымшаны жүктеп алыңыз. Мысалы, QR Code Reader-ден немесе Google Play Market және AppStore қосымшалар дүкенінен жүктеп алуға болады. Оқу-әдістемелік кешеннің құрамына оқулық, жұмыс дәптерлері мен әдістемелік нұсқау (электрондық нұсқа) кіреді. «Музыка» электрондық оқулығымен баспаның www.topiq.kz web-платформасында таныса аласыз. – сұрақтар мен тапсырмалар Оқулықтағы QR-код үшін оқушыда жеке смартфонның болуы міндетті емес. – тыңдауға және көруге арналған материалдарды (фонохрестоматия) осы QR-код арқылы жүктеп алу – мәтінді оқы – топтық жұмыс – музыкалық сауаттылық – ән орындау – шығармашылық тапсырмалар – есіңде сақта – бейнежазбадан үзінді қара (фонохрестоматиядан) – аудио, бейнематериалдар (мұғалім сыныпта, оқушы үйде пайдаланады) – музыка тыңдау (QR-код арқылы) – сөздік жұмысы QR – оқу мақсаты © Оразалиева М.А., Омарова С.Қ., Умарова М.С. (мәтіні), 2022 ISBN 978-601-01-4763-8 © «АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ» ЖШС, 2022 O-65 МУЗЫКА: Оқулық. Бастауыш білім беру деңгейінің 2-сынып оқушыларына арналған / М.А. Оразалиева, С.Қ. Омарова, М.С. Умарова. – Алматы: АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ, 2022. – 112 бет, суретті. ISBN 978-601-01-4763-8 ӘОЖ 373.167.1 КБЖ 85.15 я71 Оразалиева М.А. т.б. ӘОЖ 373.167.1 КБЖ 85.15 я71 О-65 АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


Өнерлі оқушым! Қолыңа алған «Музыка» оқулығы арқылы түрлі әсем ән үйренесің. Күмбірлеген күй тыңдайсың, аңыз-әңгімелер мен ертегілер оқисың. Халық мұрасы – біздің қазынамыз. Сабақта халық әндерімен танысасың. Белгілі әнші-композиторлар мен олардың шығармашылығы туралы білесің. Сен еліміздің болашағысың. Ұлтымыздың ән-күй мұрасын біл, оларды қадірле. Музыка әлеміне, өнер әлеміне саяхатың сәтті болсын! АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


Музыкалық сауаттылық: музыкалық дыбыстардың көркемдік құралдары; асатаяқ аспабы; фортепиано (рояль, пианино) аспабы; күйші-композиторлар және олардың шығармашылығы. Музыкалық терминдер сөздігі: музыкалық көңіл күй; вокалдық суырыпсалма; музыка шаңырағы; күйші-композитор; халық музыкасы; халық әні; халық күйі. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


ӨЗІМ ТУРАЛЫ Ән орындау және музыканы тыңдап, талқылау: музыкалық дыбыстардың көмегімен ертегі кейіпкерлерінің бейнесін анықтау; әнді екпіні мен ырғағын сақтай отырып орындау; Қазанғаптың күйлерін тыңдап, мазмұнын қабылдау; әнді шулы аспаптардың көмегімен орындау; әртүрлі сипатты әндермен танысу; музыкалық аспаптарды дыбысына қарай ажырату. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


6 1 Музыка шаңырағы Өзім туралы Қазақ халқы үшін шаңырақтың орны ерекше. «Шаңырақ» сөзінің бірнеше мағынасы бар. Шаңырақ – киіз үйдің бір бөлшегі. Шаңырақ сөзі «отбасы», «әулет» деген мағынаны да білдіреді. Музыка шаңырағы – музыка әлемі, өнер әлемі, ғажайып әлем. Музыка шаңырағы әркез ән мен жырға, күйге толы болады. Біз де өз сыныбымызды ән мен күйге бөлейік. 3. Музыка тыңдайық. 1. Сурет бойынша әңгімеле. Музыка шаңырағына саяхат жасайсың. Жаңа ән мазмұнымен танысасың, оны үйренесің. Музыкалық шығармалардың көңіл күйін ажыратасың. 2. Мәтінді оқы. • Сен музыка шаңырағына кімді шақырар едің? Нұрғиса Тілендиевтің күйі «Ата толғауы» • Күйдің орындалу мәнері, оркестр үні саған қандай ой салды? • Қандай музыкалық аспаптардың үнін таныдың? АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


7 4. Ән үйренейік. 6. Жұмбақ шешейік. Киіз үй Музыкасын жазған Ж. Тұрсынбаев Сөзін жазған Қ. Баянбай Шопан үйі аулақтан Қақтырғандай таңдайды, Ауып келген тау жақтан Ақша бұлттан аумайды. Қарап шықтым біртіндеп Жасауларын жарасқан, Төбедегі түндіктен Көрінеді көк аспан. Керегесін түргенде, Самал есіп тұрады. Таңғажайып бұл бөлме Маған қатты ұнады. Еркін ойнай аласың, Киіз үй ғой дұрысы, Тұрғызатын баланы Жоқ ешқандай бұрышы. • Ән мазмұнынан нені білдің? • Әннің әуені қалай орындалды? • Ән саған қандай көңіл күй сыйлады? 5. Әннің алғашқы жолын нота жазбасымен оқы. Нота ұзақтықтарын дұрыс орындайық. Шо- пан ү- йі ау- лақ- тан Төбедегі көзінен күн сәулесі түседі. Бұрышы жоқ төрінен самал еркін еседі. 2 4 АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


8 2 Мен оқушымын Қазанғап Тілепбергенұлы – күйшікомпозитор. Арал аймағында дүниеге келген. «Майдақоңыр», «Өттi-ау дүние», «Көкiл» т.б. күйлері бар. «Учитель» күйінде қазақ балаларының оқу-білімге ұмтылысына күйшінің қуанышты сезімі бейнеленген. 1.«Мен қандай оқушымын?» тақырыбында өзіңе хат жаз. Тірек сөздерді пайдалан. Тірек сөздер: мектеп, үлгілі, талпыну, іздену, достар, ұстаз, сынып, оқу құралдары. Қазанғаптың күйі «Учитель» • Күйді мұқият тыңда. Қатты, ақырын дыбыстарды ажырат. Бұл дыбысталуды қалай суреттер едің? • – форте (қатты), – пиано (ақырын). Осы белгілерді күйдің қай бөлімінде байқадың? Күй тыңдап, күйші-композитормен танысасың. Музыка дыбыстарындағы көркемдік құралдарды ажыратасың. 2. Музыка тыңдайық. ? (1854 –1921) Өзім туралы АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


9 3. Мақалдардың мағынасын түсіндір. 4. Тиісті сөздерді қойып, жұмбақ құрастыр. Оған өз қалауыңмен әуен шығар. Iлулi тұр кең ... , Керегiмді мен ... Жазып алам ... , Сүртем сосын ... . 5. Ән үйренейік. Мен мектепке барамын Музыкасын жазған Н. Әбдінұров Сөзін жазған Қ. Әбілдақызы Таудай биік талабым, Шырқап әнге саламын. Салты менен сәні бар Менде дала, қаланың. fiайырмасы: Қуантуға елімді, Қуантуға жерімді, Қуантуға жүректі Мен мектепке барамын. Елдің атын жазамын, Жердің атын жазамын. Туған тілге тазамын, Батаңды бер, қазағым! алаң өшіріп одан көшіріп • Әннің мазмұны мен әуені сені қандай құндылықтарға жетелейді? Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла. Ұстаздан шәкірт озар. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


10 3 Ана тілін сүйемін Халық музыкасы – ауызекі таралған, авторы белгісіз шығармалар. Оларда халықтың өмірі мен көңіл күйі баяндалады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Тіл – ұлттың жаны, оның бақыты мен тірегі. Әр адам өзінің ана тілін мақтаныш етуі тиіс. Келіңдер, ән шырқайық! Әнді екпіні мен ырғағын сақтап орындайсың. Әртүрлі сипаттағы әндермен танысасың. • «Менің сүйікті әнім мен әншім» тақырыбында ойыңды білдір. 1. Сурет бойынша әңгімеле. Асатаяқ – қазақ халқының көнеден келе жатқан музыкалық аспабы. Асатаяқтың басына темір сақиналар мен салпыншақтар ілінеді. Асатаяқты ырғап, сілкіп, шайқап ойнайды. Өзім туралы АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


11 Халық әні – авторы ұмытылған, ұрпақтанұрпаққа ауызша тараған әндер. Халық күйі – ұлттық музыкалық аспаптарға арнап шығарылған халықтық музыка. А на ті лін с ү й е міз 4. Ән үйренейік. 3. Ән мен күйді тыңдай отырып, сипатын ырғақтық қимылмен, шапалақпен көрсет. Екпіні қандай болды? Күй ырғағына би қимылдарын көрсетуге талпын. Ана тілін сүйеміз Музыкасын жазған К. Дүйсекеев Сөзін жазған Ш. Сариев Мейірі мол балаға, Бар әлемде анаға Басымызды иеміз. Бабамыздың тілі деп, Даламыздың үні деп, Ана тілін, ана тілін, ана тілін сүйеміз. Ақ сүтінен жаралған, Ақ сүтінен нәр алған Анаға бас иеміз. Туған елдің тілі деп, Туған жердің үні деп, Ана тілін, ана тілін, ана тілін сүйеміз. Музыкасын жазған Сөзін жазған Мейірі мол балаға, Бар әлемде анаға Басымызды иеміз. Қазақтың халық әні «Бір бала» Қазақтың халық күйі «Кеңес» 2. Музыка тыңдайық. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


12 4 Мен кішкентай әншімін 1. Сұраққа жауап бер. 3. Жұмбақ шешейік. Сексен бес тілі бар, Әр тілдің Өзіне тән үні бар. Фортепиано – клавишті-ішекті музыкалық аспап. Фортепианоның «рояль» және «пианино» деген екі түрі бар. Фортепианоны 1709 – 1711 жылдары Италияда Б. Кристофори жасаған. Музыка тыңдап, аспаптың тембрін анықтайсың. Фортепиано, рояль аспаптарымен танысасың. • Мектепте музыка сабағы қалай өтеді? • Музыка сабағы саған не береді? Ойыңды білдір. • Музыка адамға не үшін керек? Пікіріңді айт. 2. «Мен кішкентай әншімін» атты шағын концерт ұйымдастырайық. Өзім туралы АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


13 4. Әнді орындап, аспаптардың дыбыс бояуын анықтайық. Қандай аспап? (музыкалық-дидактикалық ойын) 1-оffiушы: Алдымен сен ән тыңда, Тартқан күйді дәл тыңда. Қайсы аспапта ойналды? Тауып көрші қалпында. 2-оffiушы: Әуеніңді тыңдадым, Қиын емес жұмбағың. Танымайды дейсің бе Домбыраның ырғағын? 5. Берілген сөздерді пайдаланып, әңгіме құра. 6. Балалар суреттегі музыкалық аспаптарда қалай ойнайды? • Аспаптарда орындау ерекшелігін сипатта. Қиял, музыкалық аспап, білім, құштарлық, шабыт. домбыра қобыз рояль АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


14 Мен музыка жазамын 5 Музыканы жазатын өнер иесін композитор деп атайды. Музыкалық шығармада қоршаған орта мен табиғат көрінісі жырланады. Музыка адамдарға арналады. Жануарлар әлемі мен тарихи оқиғалар тақырыбында музыка жазылады. Композитордың кім екенін білесің. Қысқа, қарапайым әуен шығарасың. Оны аспаптың көмегімен орындайсың. • Ал сен музыка жазғың келе ме? Өз ойыңнан шағын әуен жазып көр. 1. Суретке қара. Музыка тақырыбында әңгімеле. 2. Мәтінді оқы. 3. Мақалдың мағынасын түсіндір. Өнерлі бала өрге озар, Өнерсіз бала жер соғар. Өзім туралы АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


15 Вокалдық импровизация – бастапқы әуенді дамытып, түрлендіріп орындау. Импровизация сөзі итальян тілінде «суырып салу» деген мағынаны білдіреді. 4. Ұнататын әуеніңе вокалдық импровизация жасап көр. Өз жұмысыңды сыныпта көрсет. 5. Өлең жолдарына өз ойыңнан әуен шығар. • Музыка жазу үшін не қажет? Ойыңды білдір. • Күйшінің күй орындауында қандай ерекшелікті байқадың? • Күйдің көңіл күйі, домбыраның үні саған қандай ой салды? 6. Нұрғиса Тілендиевтің күйі «Бала Мишка» Ана сүті бойды өсіреді, Ана тілі ойды өсіреді. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


16 Біліміңді тексер 2. «Ата толғауы» күйін жазған композитор: 1) Құрманғазы 2) Нұрғиса Тілендиев 3) Тәттімбет 1. Музыка шаңырағындағы өнер түрлерін толықтыр. Музыка шаңырағы ? ? Ән ? 3. Қазанғаптың күйін анықта: 1) «Алатау» 2) «Учитель» 3) «Әсем қоңыр» 4. Фортепиано қандай аспап? 1) ішекті 2) үрлеп ойнайтын 3) клавишті-ішекті 5. Фортепиано аспабы қай елде жасалған? 1) Америка 2) Италия 3) Германия АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


17 6. Асатаяқ қандай аспап? 1) үрмелі аспап 2) ұрмалы аспап 3) ішекті аспап 7. Халық әні дегеніміз: 1) авторы ұмытылған, ауызша жатталып тараған ән 2) ұлттық аспаптарға арнап шығарылған музыка 3) музыка жазатын өнер иесі 8. Қандай ән? Жалғастырып орында. Мейірі мол анаға, ... Басымызды иеміз. ... Даламыздың үні деп, ... сүйеміз. 9. Музыка жазатын өнер иесі: 1) суретші 2) композитор 3) мүсінші 10. Импровизация деген: 1) бастапқы әуенді дамытып, түрлендіріп орындау 2) хормен ән айту 3) әуені, сөзі бар көркем туынды АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


Музыкалық сауаттылық: қобыз аспабының құрылымы; күй шығармасындағы дыбыс күші; Қорқыт ата мұрасы; отбасы туралы әндер. Музыкалық терминдер: музыкалық ертегі; тайтұяқ; биік, төмен дыбыстар; қобыз аспабы; қобыздың ескі және жаңа түрі. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ Ән орындау және музыканы тыңдап, талқылау: дыбыс биіктігін ажырату; суырып салып орындау; қобыз аспабының дыбысын басқа аспаптардан ажырату; әртүрлі сипаттағы әндерді орындап үйрену. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


20 Отбасы альбомы 6 Біз нешеуміз? Музыкасын жазған А. Тоқсанбаев Сөзін жазған Е. Өтетілеуұлы Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуміз. Басбармағым – папам, Балаң үйрек – апам, Ортан терек – ағам, Шылдыр шүмек – мен, Титтей бөбек – сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз. Дыбыс биіктігін анықтайсың. Отбасылық альбом жасауды үйренесің. • Өз отбасыңдағы жақындарыңды әнге қосып орында. 1. Суретке қара. Отбасы тақырыбында әңгімеле. 2. Ән үйренейік. Менің отбасым және достарым АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


21 3. Мақалдың мағынасын түсіндір. Отан отбасынан басталады. 4. Әнді диалог түрінде орындаңдар. Әжеме Музыкасын жазған С. Әшімов Сөзін жазған Қ. Кентай 1-бала: Сен әжеңе не берер ең, Тұрса бәрі қолыңда? 2-бала: Ойланбастан ән төгер ем, Қолға алып домбыра. 1-бала: Сонда әжем: «Сенен асар Әнші жоқ, – дер, – өмірде». Еміреніп мауқын басар, Әнсіз өмір өмір ме?! 2-бала: Әже тыңдап немерені, «Келші, – дейді, – боташым». Алдына алып, ол береді Әженің ақ батасын. Асылбек Еңсеповтің күйі «Балалық шақ» • Әнді диалог түрінде орындау ұнады ма? Әннің мағынасын ашуға диалогтің қандай әсері болды? • Мәтіндегі әжені суретте. 6. Күйдің орындалуын сипатта. Саған қандай көңіл күй сыйлады? • Ата, әже, әке, ана, бауыр туралы қысқаша әңгімеле. • Өз отбасыңның альбомын жасап, достарыңа таныстыр. 5. Музыка тыңдайық. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


22 Қорқыт – күй атасы 7 1. Мәтінді оқы. Қорқыт ата туралы білесің. Қобыз аспабымен танысасың. Оның тембрін ажыратасың. Қорқыт ата – күйші, жырау, қобызшы. Ол 8–9 ғасырларда өмір сүрген. Қорқыт ата – қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші. Оның қобызға арналған «Ұшардың ұлуы», «Башпай», «Желмая» т.б. күйлері бар. Қобыз – ең көне, екі ішекті, ысқышты аспап. Ол қайың, арша сияқты ағаштардан тұтас шауып жасалады. Төменгі бөлігі терімен қапталып, тиек қойылады. Қобыздың ішегі жылқының қылынан тартылады. Аспап табиғи дыбыстарды айнытпай келтіреді. Қазіргі қобыз түрі төрт ішекті. Беті жабық, шанағы оюланған. Жылқы қылының орнына сым тағылады. Ол оркестрлерде қолданылады. 2. Музыка тыңдайық. Қорқыттың күйі «Ұшардың ұлуы» • Күй қандай аспапта орындалды? • Неліктен Қорқыт атаны «күй атасы» деп атайды? Менің отбасым және достарым АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


23 3. Ән үйренейік. Әлди, әлди, ақ бөпем, Сүттей таза, пәк бөпем. Уілдейсің, ақ бөпем, Уілің-әнің жақсы екен. fiайырмасы: Әлди, әлди, әлди-ай, Уілің әсем ән-күй-ай. Ұйықтай қойшы балбырап, Әлди-ай! Ақ әжеңнен жыр тыңдап, Ақын болшы, бөпешім. Алуан-алуан сыр тыңдап, Ақыл қонсын, бөпешім. Ана әлдиі Музыкасы мен сөзін жазған А. Меңжанова 4. Мақалдың мағынасын түсіндір. Әке – асқар тау, Ана – бауырындағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ. • Әннің ырғағы мен мазмұнын «Бесік жырымен» салыстырып көр. Суретпен байланыстырып, әнге талдау жаса. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


24 Менің достарым 8 1. Достарыңды ата. Достарыңды өзіңнің фотоальбомыңа қосасың ба? Себебін түсіндір. 5. Мәтінді оқы. 2. Мәтінді оқы. Сен енді «Ер Төстік» ертегісінің кейіпкерімен дос боласың. Онымен жақынырақ танысу үшін аса мұқият бол. Сабақтағы тапсырмаларды, жаңа әнді дұрыс орында. Ер Төстіктің қасындағы достарымен танысасың. Олар бастан кешкен қызықты оқиғалар туралы білесің. 3. Музыка тыңдайық. «Орман ертегісі» (И. Нүсіпбаев) 4. «Ер Төстік» әнін бірге орындайық. Ер Төстік Музыкасын жазған Б. Әлімжан Сөзін жазған Ж. Маханбетова Ертегінің кейіпкері, Көп қой оның серіктері. Ең мықтысы сегіз ұлдың – Ерназардың Ер Төстігі. Әртүрлі сипатты әндерді музыкалық аспаппен сүйемелдейсің. Ертегі кейіпкерлерінің бейнесін сипаттайсың. Менің отбасым және достарым Ерте заманда Ерназар деген бай болыпты. Байдың сегіз ұлы жұт кезінде жоғалып кетіпті. Ер Төстік атты кіші ұлы АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


25 батыр, ержүрек болып өседі. Ер Төстік сегіз ағасын іздеп табады. Сөйтіп, бәрі ата-анасына аман-есен оралады. 6. Ән үйренейік. Жорық жыры Музыкасын жазған И. Нүсіпбаев Сөзін жазған Д. Қанатбаев Бассаң дала-пернені, Шыға келер жол жырлап. Туған жердің дөңдері Шақырады қол бұлғап. fiайырмасы: Отан мені өсірген, Еріктімін, азатпын. Тар кеудемде көсілген Жайлауы бар қазақтың. Мейлі, түн бе, іңір ме, Мейлі, боран борасын. Толтырамыз дүбірге Аспан мен Жер арасын. 7. Мақалдың мағынасын түсіндір. Сол арқылы тақырыпты қорытындыла. Адам досымен мықты, Ағаш тамырымен мықты. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


26 Ертегі – достық мекені 9 1. Мәтінді оқы. Музыкалық ертегі тыңдайсың. Тайтұяқ аспабымен танысасың. Ер Төстік отбасында бақытты өмір сүріп жатады. Перінің қызы Ер Төстікті қолға түсірмек болады. Жалмауыз кемпір ге тапсырма береді. Ер Төстіктің Шалқұйрық деген аты оның нағыз досына айналады. Қиын кезде ат адамша сөйлеп, иесіне ақыл қосады. Шалқұйрықтың көмегімен Ер Төстік барлық қиындықты жеңіп шығады. Кейіпкердің жеке басына тән ерекшеліктерін музыкада даралап көрсету көркем бейне деп аталады. 2. Суретке қара. Қандай әнді есіңе түсіреді? • 1-сыныпта үйренген тұлпар туралы әнді есіңе түсіріп, орындап бер. • Тұлпардың суретін сал. Менің отбасым және достарым АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


27 3. Музыка тыңдайық. 4. Тайтұяқ аспабымен күйдің кіріспе ырғағын ұрып көрсет. Тайтұяқ – соғып ойналатын ұлттық аспап. Тайтұяқ ән-күйлерді сүйемелдеу үшін пайдаланылады. 5. «Боз жорға», «Конёк-горбунок» шығармаларын Венн диаграммасы арқылы салыстыр. 6. Мақалдың мағынасын түсіндір. Ат қадірін білмесең, Жаяушылық берер жазаңды. • Жылқы малына арналған қандай әндер мен күйлерді білесің? «Конёк-горбунок» балетінен үзінді (Р.К. Щедрин) • Ертегідегі кейіпкерлердің қимылдары музыка әуенімен үйлесе ме? • Ер Төстіктің Шалқұйрығы мен Иванның Конёк-горбунок атын салыстыр. «Боз жорға» (қазақтың халық күйі) • Күй қандай аспапта орындалды? Күй екпіні, ырғағы нені есіңе түсірді? • Дыбыс күшін білдіретін f, p, крещендо, диминуэндоны аңғардың ба? «Боз жорға» АЛ «Конёк-горбунок» МАТЫКIТАП БАСПАСЫ


28 1. «Әжеме» әнінің музыкасын жазған композитор: 1) С. Әшімов 2) И. Нүсіпбаев 3) К. Қуатбаев 4. «Ер Төстік» әнін шулы аспаппен ырғағын келтіріп сүйемелде. ер- те- гі- нің ке- йіп- ке- рі Біліміңді тексер 2. Қорқыт ата кім? 1) күйші, жырау, қобызшы 2) әнші, ақын, жазушы 3) домбырашы, әнші, қобызшы 3. Қорқыттың «Ұшардың ұлуы» күйі қай аспапта орындалды? Суреттен көрсет. Аспапты сипатта. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


29 5. Музыкалық ертегіні сипатта: 1) ертегі желісі музыкалық сүйемелдеумен әрленеді 2) ырғақтық қимылмен ғана орындалады 3) суретпен көрсетіледі 6. Жылқы малына арналған халық күйі: 1) «Ортеке» 2) «Боз жорға» 3) «Кеңес» 7. Тайтұяқ аспабында қалай ойнайды? 1) шертіп ойнайды 2) үрлеп ойнайды 3) соғып ойнайды 8. Ер Төстіктің тұлпары: 1) Құлагер 2) Шалқұйрық 3) Маңмаңгер 9. Қорқыттың күйін ата: 1) «Ботақан» 2) «Желмая» 3) «Аруана» 10. «Біз нешеуміз?» әнін жазған композитор: 1) А. Тоқсанбаев 2) Н. Тілендиев 3) К. Дүйсекеев АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


Музыкалық сауаттылық: жорғаның бейнесі күй тілінде; музыкалық ертегідегі достық бейнесі; күй шығармасындағы екпін. Музыкалық терминдер: музыка тілі; музыкалық бейне; музыкалық жылдамдық; жай екпін; орташа екпін; жылдам екпін. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


МЕНІҢ МЕКТЕБІМ Ән орындау және музыканы тыңдап, талқылау: әнді қарапайым шулы музыка лық аспаптарда сүйемелдеп орындау; қол қимылымен музыкалық дыбыстардың биіктігін ажыратып орындау. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


32 Мектебім – әнім 10 1. Мәтінді оқы. Қарапайым шулы музыкалық аспаптармен әнді сүйемелдейсің. Қол қимылымен музыкалық дыбыстардың биіктігін көрсетесің. Сен ертегі, өлең, әңгімелерді кітаптан оқисың немесе басқалардан естисің. Ал музыка сабағында оларды музыкалық дыбыстар арқылы тыңдайсың. Көркем еңбек сабағында қоршаған ортаның әсемдігі түрлі бояумен бейнеленеді. Ал музыка сабағында түрлі құбылыстар, көңіл күй, табиғат әсемдігі, жан-жануарлардың іс-әрекеті музыка тілі арқылы беріледі. Ырғақ – музыкалық шығармадағы әртүрлі дыбыс ұзақтығының алма-кезек ауысып келіп отыруы. «Ырғақ» сөзі «үйлесімділік» деген мағына береді. Музыкалық шығармалардың өзіне тән ырғақ түрлері болады. 3. Музыка тыңдайық. Қаршыға Ахмедияровтың күйі «Алтын ұя» • Шығарма не туралы? Ойыңды білдір. • Музыкалық шығарма қандай аспапта орындалды? 2. Тиісті сөздерді пайдаланып, өлең құра. Өз ойыңнан әуен шығарып, орындап бер. Оның ырғағын шулы аспаппен сүйемелде. Жазғы демалыс ... , Бірінші қыргүйек ... . Мектепте білім ... Барлық бала ... . келіпті жетіпті бітіпті алуға Менің мектебім АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


33 Мек - те - бім – сәу - лет - ті мек - те - бім 4. Ән үйренейік. 5. Музыкалық шығарманың сипатын ырғақтық қимылмен көрсетіп орында. Мектебім Музыкасын жазған И. Нүсіпбаев Сөзін жазған Н. Әлімқұлов Мектебім – сәулетті мектебім, Өзіңе алғысым көп менің. fiайырмасы: Құшағыңда тек сенің, Білім алып, көктедім, Сәулеленген мектебім, мектебім. Ой-санамыз гүл жарған, Еңбекте де шыңдалған, Сенде қаулап күллі арман, мектебім. Сенде бейне көкте Күн Сәулеленген мектебім, Сәулеленген, сәулеленген мектебім. Көңілден жарқын нұр таралып, Өсеміз өзіңнен нәр алып. fiайырмасы. Мектебім – бақытты көктемім, Ұмытылмас өзіңде өткен күн. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


34 Музыкалық ертегі бейнесі 11 1. Мәтінді оқы. 4. «Епті» сөзін қалай түсінесің? «Ептілік», «епті болу» сөздерімен салыстыр. Ертегі кейіпкерінің музыкалық бейнесін ашасың. Музыкалық бейне туралы ақпарат аласың. Ер Төстік жерастындағы Бапы ханның еліне келеді. Бапы хан оған бір шарт қояды. Шартты орындау үшін Ер Төстік Темір ханның еліне аттанады. Жолда Ер Төстік жаңа достар табады. Ең алдымен танысқан досы – Епті. 2. «Епті» әнін бірге орындайық. Епті Шапшаң, жылдам істері, Арсиған оның тістері. Ертегіде бар Епті, Өнерлі де әдепті. 3. Суретте кім бейнеленген? Ол не істеді? Ойыңды білдір. Менің мектебім АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


35 5. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір. Айла – алтау, ақыл – жетеу, Айлаға ақыл қосылса, Алдырмайтын екеу. Еңбек ептілікті сүйеді. 6. Ептінің музыкалық бейнесін сипатта. «Епті» әнін белгі бойынша қол қимылымен көрсетіп орында. 7. Музыка тыңдайық. Қазанғаптың күйі «Торы жорғаның бөгелек қағуы» 8. Өлеңді мәнерлеп оқы. Тарт күйіңді, домбыра, Төгіл, төгіл, тәтті күй! Тау суындай сылдыра, Желпін, желпін, жел соқтыр! (Ілияс Жансгіров) • Өлең жолдары қай аспапқа арналған? • Домбыра туралы әңгімеле. • Ақынның күй туралы айтқан сөзін қалай түсінесің? Музыкалық бейне – кейіпкер бейнесінің музыкалық дыбыстар арқылы жеткізілуі. Таа Те Те Те Те Таа Те Те Те Те 1-ге 1 ге 1 ге 1-ге 1 ге 1 ге • Осы күйдің ырғағын домбыра қағысымен көрсет. Нотаның ұзақтығын сана. Шап-шаң, жыл-дам іс-те-рі, Ар-си-ған о-ның тіс-те-рі. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


36 Музыкалық жылдамдық 12 Ертегі кейіпкерлерінің музыкалық дыбыстар арқылы қалай бейнеленгенін байқайсың. Музыканың көркем тілімен танысасың. 1. Музыка тыңдайық. Құрманғазының күйі «Сарыарқа» • Бейнежазбадан, күйдің орындалуынан қандай әсер алдың? Қандай музыкалық аспаптарды таныдың? Сипатта. Музыкалық жылдамдық (темп) – музыканың тез, жай, орташа орындалуы. Екпін – шығарманы орындау кезіндегі жылдамдық қарқыны. Музыкалық шығарманың екпіні итальян тіліндегі атаумен белгіленеді. Екпіннің негізгі 3 түрі қалыптасқан: 1) жай екпін – largo, lento т.б. 2) орташа екпін – andante, moderato т.б. 3) жылдам екпін – аllegro, vivo т.б. Құрманғазы Сағырбайұлы – күйшікомпозитор. Қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жиделі деген жерінде дүниеге келген. «Сарыарқа», «Балбырауын», «Кісен ашқан», «Ақбай» т.б. танымал күйлері бар. (1818 – 1889) Менің мектебім АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


37 3. «Желаяқ» әнін бірге орындайық. 2. Мәтінді оқы. Ер Төстік пен Епті жолдас болып келе жатады. Алдарынан аяғына шаңжұқпас жүйрік Желаяқ шығады. Үшеуі дос болады. Желаяқ Дамыл таппай жүгірген, Айналасын бүлдірген. Ұшып-қонған Желаяқ, Елдің бәрін күлдірген. • «Сарыарқа» күйі мен «Желаяқ» әнінің жылдамдығын анықта. • Желаяқтың көркем бейнесін әннің жылдамдығы аша алды ма? Ойыңды дәлелде. 4. Ән үйренейік. Дала Музыкасын жазған К. Қуатбаев Сөзін жазған А. Қалманбетов Қызғалдақты қақ жарып, Кең далада келемін. Айналама таңданып, Қарай-қарай беремін. Көз алдымда көлбеген, Шіркін, қандай далам бай! Тербеледі желменен Қызғалдағы, гүлдері. • «Дала» әнінің екпіні қандай болды? Әннің мазмұны мен екпіні кең-байтақ даланың бейнесін бере алды ма? 5. «Сарыарқа» күйі мен «Дала» әнін не байланыстырады? Өз ойыңды білдіріп, талдау жаса. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


38 1. Музыка тілі дегеніміз: 1) оқиға желісін музыканың көмегімен жеткізу 2) оқиға желісін түрлі бояумен жеткізу 3) оқиға желісін қимыл-қозғалыспен жеткізу 3. «Торы жорғаның бөгелек қағуы» кімнің күйі? 1) Құрманғазы 2) Қазанғап 3) Тәттімбет Біліміңді тексер 2. Берілген ырғақтық суретті шапалақпен соғып көрсет. 4. Дыбыс күшін біртіндеп күшейтетін динамикалық белгі: 1) f 2) p 3) 5. «Мектебім» әнінің музыкасын жазған композитор: 1) А. Меңжанова 2) И. Нүсіпбаев 3) К. Дүйсекеев АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


39 6. Жылдамдық (темп) деген сөздің мағынасы: 1) музыканың қатты, ақырын орындалуы 2) музыканың тез, жай, орташа орындалуы 3) музыканың біртіндеп қатты орындалуы 7. Екпін дегеніміз: 1) шығарманың жылдамдық қарқыны 2) шығарманың дыбыс күші 3) шығарманың дыбыс биіктігі 8. Желаяқтың музыкалық бейнесін қандай жылдамдықпен сәйкестендірер едің? 1) жай екпін 2) орташа екпін 3) жылдам екпін 9. «Сарыарқа» күйін шығарған композитор: 1) Қорқыт 2) Қазанғап 3) Құрманғазы 10. Не істегенін ешкім байқамай қалатын Ер Төстіктің досы: 1) Желаяқ 2) Епті 3) Таусоғар АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


Музыкалық сауаттылық: музыкалық шығармадағы көркемдік құралдар; музыка бейнелерін музыка белгілері арқылы ажырату. Музыкалық терминдер: динамика; лига; фраза. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ Ән орындау және музыканы тыңдап, талқылау: дыбыстың биіктігі мен динамикасын анықтау, оларды ажырату; музыкалық үзінділерді тыңдап, анықтау, қарапайым ырғақтарды ажырату. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


42 Музыкадағы кейіпкерлер 13 Дыбыстың биіктігі мен динамикасын анықтайсың. Музыкалық үзінділерді тыңдап, қарапайым ырғақтарды ажыратасың. Тәттімбеттің күйі «Сылқылдақ» • Күйдің орындалу ерекшелігі туралы әңгімеле. Күйдің динамикасын анықта. Тәттімбет Қазанғапұлы – күйшікомпозитор, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушы. Қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», «Қосбасар» т.б. әсем күйлер шығарған. 1. Музыка тыңдайық. Динамика – дыбыс күшін азайту немесе арттыру дәрежесі. Шығарманың мазмұны динамикалық белгілер арқылы көрсетіледі. Динамикалық белгілер итальян сөздерінің бас әрпімен белгіленеді. Айтылуы Жазылуы Мағынасы Форте f қатты, күшті Пиано p ақырын, жай Меццо-форте mf орташа күшпен Меццо-пиано mp ақырын Фортиссимо ff өте күшті, қатты Пианиссимо pp өте ақырын, жай Динамикалық белгілер (1815 – 1862) Менің туған өлкем АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


43 2. Мәтінді оқы. Ер Төстік, Епті және Желаяқ үшеуі көңілді келе жатты. Алдарынан құлағын жерге төсеп, тыңдап жатқан бір адамды көрді. Бұл Саққұлақ еді. Саққұлақ та Ер Төстіктің тобына қосылады. 4. Музыкадағы кейіпкердің бейнесін музыкалық көркем құралдардың көмегімен сипатта. 3. «Саққұлақ» әнін бірге орындайық. Саққұлақ Жер тыңдаған шапқылап, Құлақтарын тартқылап. Бәрін естіп жүретін Ойнақтаған Саққұлақ. • «Саққұлақ» әуенін қандай динамикамен орындау керек? Ойыңды білдір. ... ... ... Саққұлақ АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


44 Менің туған өлкем Өнерлі достар 14 1. Мәтінді оқы. 3. Ұйқасын тап. Ер Төстік, Епті, Желаяқ, Саққұлақ төртеуі жолдас болып келе жатты. Алдарынан тағы бір адам кездеседі. Ол тауды көтеріп, қайтадан орнына қойып жүр екен. Бұл Таусоғар еді. Ер Төстік пен Таусоғар достасады. 2. «Таусоғар» әнін бірге орындайық. Таусоғар Тау мен тасты көтерген, Жер-жаһанды ол кезген. Қандай алып бар екен Таусоғарға тең келген. Бауыры толған бау, Шыңы биік ... . Музыканың көңіл күйінің ерекшелігін сипаттайсың. Музыкалық үзінділерді тыңдап, лиганың орындалуын үйренесің. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


45 4. Мәтінді оқы. Олар бесеу болып келе жатады. Алдарынан бір үлкен көл көрінеді. Кенет көлдің суы жоғалып кетеді. Сәлден кейін қайта пайда болады. Бұған олар қатты таңғалады. Қараса, көлдің суын ұрттап, қайта төгіп, бір адам отыр екен. Бұл Көлтауысар еді. Ол да Ер Төстікке жолдас болады. Қуанышпен қауышқан, Кісімен тез тіл табысқан, Өзен-көлдің суларын Жалғыз өзі тауысқан. 5. «Көлтауысар» әнін бірге орындайық. Көлтауысар Қуанышпен қауышқан, Кісімен тез тіл табысқан. Өзен-көлдің суларын Жалғыз өзі тауысқан. Фраза (сөйлем, өрнек) – музыкада бірнеше мағынаға ие ұғым. Ол аяқталған әуен мен музыкалық ойды білдіреді. • «Таусоғар» және «Көлтауысар» әуендеріне талдау жаса. Екі кейіпкердің музыкалық бейнесін сипатта. 7. «Көлтауысар» әнінің 1 және 2-фразасын топқа бөлініп орындаңдар. 1-фраза 2-фраза 6. «Таусоғар» әуенін қандай динамикамен орындаған дұрыс? Неліктен? АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


46 Менің туған өлкем Туған өлкемнің әуендері 15 1. Мәтінді оқы. 4. Мәтінді оқы. Ертегі кейіпкерінің музыкалық бейнесін ашасың. Мотив туралы ақпарат аласың. Ер Төстік пен оның достары жолда тағы бір адамға жолығады. Бұл – қиырдағыны көретін Көреген еді. Ер Төстік достарымен бірге сапарын жалғастырады. 2. «Көреген» әнін бірге орындайық. Көреген Жер әлемді төбеден Көрген біздің Көреген. Жарқыраған қос көзі Алысты көрер ер екен. 3. Жұмбақ шешейік. Жарық қылып Қос тоғайдың етегін, Қос шырақ тұр, Айтшы ол не екенін? Жетеуі жеті ай жүріп, Темір ханның еліне жетеді. Темір хан оларды сынамақ болады. Қандай өнерлері барын сұрайды. Ер Төстік пен достары барлық өнерін көрсетеді. Ептінің істегенін ешкім байқамай қалады. Желаяққа ешкім жете алмайды. Саққұлақ ешкім естімегенді естиді. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


47 7. «Халықтар достығы», «татулық», «бірлік» деген сөздер саған қандай ой салды? Мотив – музыкалық шығарманың ең кіші бөлігі. Музыкалық ойды, шығарманың мазмұнын ашуға бағытталған қысқа әуен. • «Ағайынбыз бәріміз» әнінің мотивіне би қимылдарын жаса. 5. Ән үйренейік. Ағайынбыз бәріміз Музыкасын жазған М. Әубәкіров Сөзін жазған Ә. Дүйсенбиев Жақсылыққа, бақытқа Талпынған әр уақытта. Бала біткен дос, бауыр, Болмасын еш тосқауыл. fiайырмасы: Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз. Ортақ болсын асқар тау, Жеміс толы бақша-бау. Болсын жер мен су да ортақ, Болсын бізге ту да ортақ. Таусоғар тауды көшіреді. Көлтауысар көлдің суын ішіп тауысады. Көреген ешкім көрмегенді көреді. Сөйтіп, Ер Төстік шартты орындап, Бапы ханның еліне қайтады. 6. Әннің әуені қандай құндылықтарға жетелейді? Қандай көңіл күй сыйлады? АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


48 Менің туған өлкем Асқақтаған бәйтерек 16 1. Мәтінді оқы. Музыка тыңдап, оны талдауды үйренесің. Кейіпкерлерді сипаттап, суреттей аласың. Ер Төстік достарымен қоштасып, жердің үстіне шығуға беттейді. Жолда ол демалу үшін бәйтерек ағашының жанына тоқтайды. Кенет құлағына шырылдаған балапандардың даусы естіледі. Ер Төстік бәйтерекке өрмелеп бара жатқан айдаһарды көреді. Оны садағымен атып түсіреді. Балапандар аман қалады. Самұрық құс Ер Төстікке алғысын айтады. Қанатына мінгізіп, жердің үстіне шығарып салады. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


49 Нұр-Сұлтан қаласындағы «Бәйтерек» кешенінің салынуына «Ер Төстік» ертегісіндегі аңыз негіз болған. Бәйтерек – өмір ағашы. Ол қазақ халқының тарихы терең, болашағы жарқын екенін бейнелейді. 2. Музыка тыңдайық. «Самұрық» (Б. Әлімжан) 3. Ән үйренейік. Бәйтерек Музыкасын жазған Б. Әлімжан Сөзін жазған Ж. Маханбетова Сан жетпейді бұтақтарын санасаң, Көз тоймайды қаншалықты қарасаң. Әсемдігі, көркемдігі, әр гүлі Көгімдегі көк аспанмен таласқан. fiайырмасы: Гүлдене бер, Бәйтерек, Нұрлана бер, Бәйтерек. Биікке самға, Бәйтерек, Қазағымның жүрегі сен, Бәйтерек. Ұшар басың әркез биік тараған, Әр бұтағың дәріс берген балаға. Мақтанамыз әнге қосып өзіңді, Бәйтерегім, нәр құя бер санаға. Құрманғазының күйі «Балбырауын» 4. Музыка тыңдайық. • Күйдің орындалу екпіні мен динамикасы қандай? Музыканың көркемдеуші құралдары арқылы сипатта. • 12-сабақта тыңдаған Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен салыстыр. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


50 Біліміңді тексер 1. Динамика нені көрсетеді? 1) дыбыс биіктігін 2) дыбыс күшін 3) дыбыстардың байланысын 2. Музыкадағы ең кіші әуен бөлігі: 1) мотив 2) фраза 3) ырғақ 3. Музыкадағы бірнеше мағынаға ие ұғым: 1) әннің әуені 2) фраза 3) шумақ Қатты дыбысталу ? f ? Ақырын дыбысталу ? p ? 4. Дыбыс күшін көрсететін белгілерді топтастыр: АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


Click to View FlipBook Version