The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

2-сыныпқа арналған онлайн форматындағы музыка пәні оқулығы

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by akerkeabitova, 2023-11-23 05:12:44

2- сынып оқулық

2-сыныпқа арналған онлайн форматындағы музыка пәні оқулығы

Keywords: Музыка, 2-сынып, оқушы, балаларға арналған.

51 5. «Балбырауын» кімнің күйі? 1) Дәулеткерей 2) Құрманғазы 3) Қазанғап 9. Тәттімбеттің күйін ата: 1) «Балбырауын» 2) «Сылқылдақ» 3) «Сарыарқа» 6. «Бәйтерек» кешені қай ертегімен байланысты? 1) Алдаркөсе 2) Ұр, тоқпақ! 3) Ер Төстік 7. Музыкалық дыбысты көркемдейтін белгілерді дәптеріңе жаз. крещендо диминуэндо лига 2 4 8. Берілген жаттығудағы нота ұзақтықтарын анықта. Дұрыс орындап бер. 10. Ер Төстіктің қиырдағыны көретін досы: 1) Көреген 2) Көлтауысар 3) Таусоғар АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


Музыкалық сауаттылық: спорт туралы әндер; қол қимылдары мен күй екпіні; музык алық дыбысты нотамен белгілейді. Нота сызығы бесеу болады. Музыкалық терминдер: жанр, нота сызығы, скрипка кілті; ұлттық ойындар; «Ортеке» күйі; «Ортеке» биі. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


ДЕНІ САУДЫҢ ЖАНЫ САУ Ән орындау және музыканы тыңдап, талқылау: Қазақстан композиторларының музыкалық шығармаларын тыңдау; әндерге ырғақты қозғалыстар ойластыру; музыкалық шулы аспаптармен сүйемелдеуді үйрену. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


54 Шынықсаң шымыр боласың 17 1. Ер Төстіктің сұрағына жауап бер. Өз ойыңды дәлелде. • Сен спортшыларға қандай шулы аспаппен қолдау көрсетер едің? Мысалы: дабыл, асатаяқ, ысқырық. Қазақстан композиторларының музыкалық шығармаларын тыңдайсың. Әнге ырғақты қозғалыстар ойластырасың. Музыкалық шулы аспаптармен сүйемелдеуді үйренесің. 2. Мәтінді оқы. Салауатты өмір салты дегеніміз – денсаулықты сақтау, нығайту. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп орынды айтқан. Спортпен шұғылдан. Дұрыс тамақтан, жеміс-жидек пен көгөністерді көп же. 3. Үнтаспадан түрлі дыбыстарды мұқият тыңда. Дыбыстарды спорттың қай түрімен сәйкестендіресің? Ойыңды білдір. 4. Музыка тыңдайық. «Чемпиондар әні» (Е. Елгезеков) • Тыңдаған әннің ырғағын, екпінін және дыбыс күшін анықта. Балалар, денсаулықты нығайту үшін не істеу керек? Дені саудың жаны сау АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


55 5. Ән үйренейік. Спорт – біздің досымыз Музыкасын жазған М. Сағатов Сөзін жазған Н. Әлімқұлов Жүйрік болса кім, Күлімдейді Күн, Жарыстарда жүгір алға, ұш! Кәне, сапқа тұр, Допты дәлдеп ұр, Оң жақтан да, сол жақтан, Бізде бар мол күш. fiайырмасы: Спорт – біздің досымыз, Күш-қайрат сыналған. Спорт – біздің досымыз, Бала кезден шыңдалған. Өрлеп мына біз Шыңға шығамыз. Сөз емес қой асқар биік құз! Таңмен күлеміз, Суда жүземіз, Шыңдаламыз әрқашан, Жүлдеміз – жұлдыз! 6. «Спорт» сөзіне екпін түсіріп, дабыл аспабымен сүйемелде. Спорт – біз- дің до- сы- мыз Күш - қай- рат сы- нал- ған АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


56 18 Қазақ халқының дәстүрлі ойындары 1. Ер Төстіктің ойына өз пікіріңді білдір. 3. Ән үйренейік. Нота сызығы туралы ақпарат аласың. Ұлттық ойындармен танысасың. Қазақ халқының дәстүрлі ойындары туралы ән тыңдап, талдайсың. 2. Бейнежазбаны қара. «Ұлттық спорт» (өңдеген Д. Нұржанов) • Бейнежазбадан қандай ұлттық спорт түрлерін таныдың? • Қандай ұлттық музыкалық аспаптың үнін естідің? Ол әнге қандай көркемдік бейне беріп тұр? Сипатта. Соқыртеке Музыкасын жазған Е. Хасанғалиев Ойыншылар (хормен): Соқыртеке, бақ-бақ, Біз айтамыз тақпақ. Мықты болсаң, кәнеки, Бірімізді тап, тап! Соffiыртеке: Мен текемін, бақ-бақ, Қимылдаңдар сақ, сақ. Ал ұстадым, мінеки, Ауызыңа қақпақ. Қазақ халқының дәстүрлі ойындары туралы әңгімелесейік. Барлық бала ойнағанды жақсы көреді. Ойын сенің күш-қуатыңды молайтады. Шапшаңдыққа, дәлдікке және ептілікке үйретеді. Дені саудың жаны сау АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


57 4. Ойын ойнайық! 5. Мәтінді оқы. Соқыртеке – ертеден келе жатқан ұлттық ойын. Ойын үйде де, далада да ойналады. Ойыншылар шеңбер құрып тұрады. Ортадағы көзі байланған бала – соқыртеке. Қалған ойыншылар соқыртекенің қолына түсіп қалмауға тырысады. «Соқыртеке» әніне даусыңмен және ұрмалы аспаптармен импровизация жасап орында. • Музыкалық бейне туралы есіңе түсір. Ноталар нота сызығына жазылады. Нота сызығы бесеу болады. Ноталар сызықтың бойында, сызықтың арасында және қосымша сызықтарда жазылады. Нота сызығы төменнен жоғары қарай саналады. 5 4 3 2 1 Соқыртеке, бақ-бақ, Біз айтамыз тақпақ. Біз енді музыкалық дыбыстармен танысуды бастаймыз. Нота туралы ұғыммен 1-сыныпта таныстың. Енді сол ноталарды нота сызығына орналастыруды үйренесің. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


58 Ойқастаған ортеке 19 1. Мәтінді оқы. Өнерлі адамдар ағаштан теке мүсінін ойып жасаған. Ол кішкене үстел үстіне орнатылады. Текенің дене мүшелері қозғалмалы етіп жасалады. Жіптің бір ұшы теке мүсініне байланады. Екінші ұшы 2. Музыка тыңдайық. Қазақтың халық күйі «Ортеке» • Күй ырғағын қол қимылымен көрсет. Ноталарды жазбас бұрын нота сызығының басына кілт қойылады. Ол скрипка кілті немесе соль кілті деп аталады. Өйткені кілт 2-сызықтан басталады. 2-сызықта соль нотасы орналасқан. Тыңдаған музыканың ерекшелігін сипаттайсың. Әннің ырғағын шулы аспаппен сүйемелдеп, әсемдейсің. Скрипка кілтімен танысасың. күйшінің саусағына кигізіледі. Күйші домбыра тартады. Теке домбыраның қағысына қарай түрлі қимылдар жасайды. Бірде секіреді, бірде жатып-тұрып билейді. Дені саудың жаны сау АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


59 3. Ән үйренейік. Ортеке Музыкасын жазған Ә. Еспаев Сөзін жазған Ш. Смаханұлы Аты шыққан биімен, Мен боламын ортеке. Ойқастаған ортеке, Қой бастаған ер теке. Мен бір билеп берейін, Тұяқтарым сыртылдап. Мен бір билеп берейін, Буындарым былқылдап. Қоңыр тоқты, көк тұсақ, Сен де биле мен құсап. Қарап тұрмай бекерге, Серік болып текеге. • «Ортеке» күйі мен «Ортеке» әнінің жанрлық ерекшеліктерін сипатта. Ән мен күй мотиві ортекенің көркем бейнесін қалай бере алды? 5. Өзіңе таныс музыкалық шығармаларды жанр түріне қарай топтастыр: «Ортеке» күйі, «Қара жорға», «Сылқылдақ», «Ортеке», «Қамажай», «Бәйтерек», «Мектебім», «Учитель». 4. Ұйқасын тауып, өлеңді жалғастыр. Өз ойыңнан әуен шығарып, орындап беруге талпын. Ақ сандықты ... , Тойға шашу ... . Бұл мереке, ... , Көңілді әнге ... . бұл тойда шашайық басайық ашайық Ән жанры Күй жанры Би жанры АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


60 20 Қызық жұмбақ айнала 1. Ән үйренейік. 2. Кестеде берілген ұлттық ойындарды сипатымен сәйкестендір. • Бұл ойындар туралы не білесің? Әңгімеле. Кел, балалар, ойнайық Музыкасын жазған Ә. Еспаев Сөзін жазған Қ. Ыдырысов Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та ойлайық. Қандай жұмбақ болса да, Шешпей оны қоймайық. fiайырмасы: Ал, тыңдаңдар, тыңдаңдар, Асығыстық қылмаңдар. Асықпайық дегенге Бөгеліп көп тұрмаңдар. Бәрің жақсы тыңдаңдар, Бөгеліп көп тұрмаңдар. Жұмбақта бар аспан, көк, Ұшақпенен зырлаңдар. Ханталапай ойлау қабілетін дамытады Аударыспақ білек күшін дамытады Алтыбақан ептілікті көрсететін ойын Көкпар жастардың түнгі ойыны Тоғызқұмалақ ат үстінде ойналатын ойын Ұлттық ойындармен танысасың. Әртүрлі музыканы тыңдап, ерекшеліктерін байқайсың. Дені саудың жаны сау АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


61 3. Достарыңмен бірге қандай ұлттық ойындарды ойнайсың? Бір ойын туралы әңгімелеп бер. 4. Жұмбақ шешейік. Саусақ батпас түтіктен Сандуғаш құс сайрайды. Өңкей сығай екі топта, Таласып жүр бір допқа. Мінсем, Төменге зу етем. Өрлесем, Оны өзім сүйретем. Ноталармен танысып, оларды нота сызығына жазып үйренейік. До нотасы 1-сызықтың астындағы қосымша сызықшада жазылады. сығай АЛ – «мықты, күшті балалар» деген мағынада МАТЫКIТАП БАСПАСЫ


62 Біліміңді тексер 1. Қазақ халқының дәстүрлі ойындарын анықта: 1) бәйге, соқыртеке, хоккей 2) ақсерек-көксерек, көкпар, арқан тартыс 3) теңге алу, мәнерлеп сырғанау, футбол 2. «Ортеке» күйі қай аспапта орындалады? 1) қобыз 2) домбыра 3) дабыл 3. Музыкалық дыбыстарды қандай белгімен белгілейді? 1) нота 2) лига 3) фермата 4. Музыкалық шығармалардың түрлері қалай аталады? 1) жанр 2) мотив 3) фраза 5. «Ортеке» күйі қай жанрға жатады? 1) ән 2) би 3) күй АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


63 6. Нота сызығы нешеу? 1) 4 2) 6 3) 5 10. Ойлау қабілетін дамытатын ойын түрі: 1) Ханталапай 2) Тоғызқұмалақ 3) Аударыспақ 7. «Ортеке» қандай күйге жатады? 1) халық күйі 2) композиторлық күй 3) аңыз күй 8. Ән мәтінін толықтырып орында. Кел, ... , ойнайық, Ойнайық та ... . ... ... болса да, Шешпей оны ... . 9. Ырғақтық суретті шапалақпен соғып көрсет. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


Музыкалық сауаттылық: қазақ музыкасындағы салт-дәстүрлер; жетіген аспабымен танысу; шертер аспабымен танысу. Музыкалық терминдер: жар-жар әндері; беташар әндері; жарапазан; хор өнері; тембр. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


CАЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ Ән орындау және музыканы тыңдап, талқылау: қазақтың салт-дәстүрлерімен танысу. Ондағы халық музыкасының орны туралы әңгімелеу; жар-жар, беташар, жарапазан т.б. салт-дәстүрдің қазақ музыкасында бейнеленуі; салт-дәстүрдің музыка өнерімен байланысын талқылау. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


66 21 Салтымызды қадірлейік 1. Ер Төстіктің сұрағына жауап бер. • «Бесік жыры», «Тұсаукесер» жырларын есіңе түсір. 2. Мәтінді оқы. Адам өмірінде салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың маңызы зор. Әдет-ғұрып адамдардың өмір салтынан туады. Адамның дүниеге келуі, тұрмыс-тіршілігі ән-күйінде жырланады. Ғасырлар бойы осындай әдет-ғұрыптан жиналған әндерді салт-дәстүр әндері деп атайды. «Жар-жар» әні үйлену тойында орындалады. Бұл әнде жас жұбайларға ізгі тілектер айтылады. Қазақтың салт-дәстүрлерімен танысасың. Тыңдаған музыкаға салыстырмалы түрде талдау жасайсың. Музыкадағы екінші нота Ре деп аталады. Ол 1-сызықтың астында жазылады. Балалар, қазақтың қандай салт-дәстүрін білеміз? Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


67 • «Беташар» әні қай кезде айтылады? • Екі әнді Венн диаграммасы арқылы салыстыр. 4. Музыка тыңдайық. Қазақтың халық әні «Беташар» Қазақтың халық әні «Жар-жар» 5. Ән үйренейік. Мен даланың ұлымын Музыкасын жазған Н. Дүкенбаев Сөзін жазған С. Жиенбаев Мен даланың ұлымын, Жас түлектің бірімін. Көкірегін аймалап, Көктеп шыққан гүлімін. Дала таңы арайлы, Ақ сәулелер тарайды. Күннің өзі қызығып, Кең далама қарайды. Мен сүйемін даланы – Дәнге толы алабы. Жазығында мәшине Жұлдыз болып ағады. • Ән мазмұнында туған жердің табиғаты қалай суреттеледі? 3. Ре нотасын аспаппен қосылып орында. до до ре ре ре 6. Ән қандай құрылымда жазылған? Дұрысын таңда. шумақты шумағы мен қайырмасы бар АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


68 Жарапазан 22 1. Мәтінді оқы. Қазақтың салт-дәстүрімен танысасың. «Жарапазан» әніне импровизация жасауды үйренесің. Жарапазан – тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Ол рамазан айында айтылады. Жарапазанды көбіне балалар айтады. Ораза ұстаған жұрт кешке ауыз ашып, көңілдері жадырайды. Сол мезгілде жарапазаншылар әр үйдің тұсына келіп, жарапазан өлеңін айтқан. 2. Музыка тыңдайық. Қазақтың халық әні «Жарапазан» • Әннен алған әсеріңді әңгімеле. • Ән әуені сені қандай ойға жетелейді? • «Жарапазан» әнін қандай аспаппен орындаған дұрыс деп ойлайсың? Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


69 3. Өз ойыңнан әуен шығарып, «Жарапазан» әнін орында. Жарапазан Ассалаумағалайкүм, ақтан келдік, Күн шығып, айы туған жақтан келдік. Біз айтсақ жарапазан – әдет-ғұрып, Оразаң құтты болсын, ұстаған жан! Ми нотасы нота сызығының 1-сызығында жазылады. 4. Жаттығуды бірге орындап, дыбыс биіктігін есіңде сақта. 5. Жарапазанға әуен шығарып, өз өнеріңді көрсет. Жаңа туған Ай еді, Батайын деп барады. Қасымдағы достарым Ән айтуға шығады. до ре ми ми ми Ән айтқанда тыныс алу әуеннің сипатымен үйлесуі тиіс. Әннің қарқынына жылдамдығы сай болуы керек. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


70 Музыка және салт-дәстүр 23 1. Мәтінді оқы. Баяғы заманда бір қарттың жеті ұлы болыпты. Бірде ел шетіне дұшпан әскері жетеді. Қарттың жеті ұлы мұздай сауыт құрсанып, шайқасқа шығады. Бірақ жау саны басым еді. Ағайынды жеті жігіт ерлікпен қаза табады. Қарт тақтайдан бір аспап жасайды. Әр баласы қайтыс болған сайын оған бір ішек тағады. Тиек ретінде асық орнатады. Әр баласына арнап жоқтау күй шығарады. Аспап «жеті» және «ән» сөздерінен «жетіген» аталып кетеді. Қарттың күйлері «Жетігеннің жеті күйі» деген атпен танылады. Жетіген – жеті ішекті шертпелі аспап. Бетінде үн беретін ойықтары бар. Жеті ішегіне тиек ретінде жеті асық қойылған. Ата-бабамыз табиғи заттардан әртүрлі дыбыс шығатынын аңғарған. Олар малдың мүйізін, сүйегін, терісін, ішегі мен қылын өңдеп, түрлі музыкалық аспап жасаған. Салт-дәстүрге арналған ән-жырлардың ырғағын ажыратып, салыстырасың. Фа нотасымен, жетіген аспабымен танысасың. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


71 3. Музыка тыңдайық. Қазақтың халық әні «Бүлдірген» 2. Жетіген аспабының тарихы туралы бейнежазбаны қара. • Сені қандай ақпарат қызықтырды? Жетіген аспабының көне түрі Жетіген аспабының жаңа түрі 4. Жұмбақты шешіп, көңілді әуен ойластыр. Фа нотасы 1 және 2-сызықтың ортасында орналасады. фа до ре ми фа фа фа Асықтары шашылады бетінен, Түзетеміз асықтарды шетінен. Білсең егер айта қойшы, балақай, Бұл қай аспап? Бұл, әрине, ... . • Халық әні туралы өз біліміңді ортаға сал. Әннің көңіл күйі, екпіні және мотиві қандай болды? АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


72 Әдептілік әні 24 1. Мәтінді оқы. Ата-бабамыз өмірдегі жақсылық пен жамандықты саралап отырған. Асыл қасиеттерді бойына сіңіріп, ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырған. 2. Тыйым сөздерді есіңде сақта. • Балалардың қылығын сипатта. 3. Өзің үлкендерден қандай тыйым сөздерді естідің? cоль Соль нотасы 2-сызықта орналасады. «Әдептілік» сөзінің мағынасын түсінесің. Соль нотасымен, шертер аспабымен танысасың. до ре ми фа соль соль соль Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Тізеңді құшақтама! Құстың ұясын бұзба! Есікті керме! АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


73 4. Ән үйренейік. Болайықшы осындай Музыкасы мен сөзін жазған А. Меңжанова Жақсы бала еңбекшіл Ер-азамат болады. Қиындықты жеңіп кіл, Құшағы гүлге толады. fiайырмасы: Еңбекшіл осындай Болайықшы, досым-ай. Таза бала мұнтаздай, Сүйсінеді ел қараған. Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы көрер бар адам. • Ән әуеніне ырғақты қимыл жасап, көркемде. • Ән қайырмасының ырғағын қол шапалақтап көрсет. Шертер – үш ішекті, шертпелі аспап. Пішіні домбыраға ұқсас. Шанағы көн терімен қапталған. 5. Музыка тыңдайық. Қазақтың халық күйі «Желдірме» • Шертер мен домбыра аспаптарының орындалуында қандай ұқсастықты байқадың? • Күйдің орындалуына жылдам, жай, жрдек, асыffiпай, ffiарffiынды сөздерінің қайсысын таңдайсың? Музыкасы мен сөзін жазған 6. Мақалдың мазмұнын аш. Өз ойыңнан ырғақ ойластырып, шулы аспаппен сүйемелдеп орында. Ә-деп пен а-дам-гер-ші-лік а-на ті-лі-нен нәр а-ла-ды. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


74 25 Хор өнері 2. Өткен сабақта үйренген А. Меңжанованың «Болайықшы осындай» әнін хормен орындайық. 1. Мәтінді оқы. Хор – вокалдық музыканы орындаушы әншілер тобы. Хорда әнді қосылып айту бір мезгілде басталып, бірге аяқталады. Тембр – дыбыстың сапасы, оның «бояуы». Тембр арқылы көңіл күйді (қуаныш, реніш) білдіруге болады. • Бейнебаян мен тыңдаған әндердің қандай ұқсастығы бар? 3. Музыка тыңдайық. «Летите, голуби» (И. Дунаевский) «Ақ көгершін» (А. Жұбанов) Бақытжан Байқадамов – композитор. Ол Қазақстанда көпдауысты хорды және аспаптардың сүйемелдеуінсіз ән айтатын а капелла хорын ұйымдастырды. Композитордың «Домбыра», «Айгөлек», «Бөбегім» т.б. әндері бар. (1917 – 1977) Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Музыкаға тән ерекшеліктерді анықтап, ажыратасың. Ля нотасымен және хорда ән салу ерекшеліктерімен танысасың. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


75 Ля нотасы 2 және 3-сызықтың ортасында орналасады. ля до ре ми фа ля ля ля соль 5. Ән үйренейік. Анамызға мың алғыс Музыкасын жазған Б. Ғизатов Сөзін жазған Ж. Өмірбеков Аялаған, баптаған, Асыраған, сақтаған. Сақтандырып күнде еппен, Айтып бәрін үйреткен Анамызға мың алғыс! Ерлік еткен біз үшін, Еңбек еткен біз үшін. Еркелеткен біздерді, Еркіндеткен біздерді Анамызға мың алғыс! Адал бол деп, балдырған, Әділдікке баулыған. Жүрегінде махаббат, Тілегінде мархабат, Анамызға мың алғыс! • Әннің мазмұны мен әуені қандай ананың бейнесін береді? 4. Хорда және жеке дауыста ән айтудың бір-бірінен қандай ерекшелігі бар? 6. Әнді хормен орындауда өз даусыңды бақыла. Анаңа деген сезіміңді қандай дыбыстармен жеткізер едің? (Мажорлы ма, әлде минорлы ма?) АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


76 Мерекелік әндер мен күйлер 26 1. Мәтінді оқы. Наурыз мейрамы 22 наурызда күн мен түн теңеледі. Сондықтан бұл күн жыл басы ретінде тойланады. Бұл күні жұрт бір-бірімен құшақтасып, амандасады. Біріне-бірі береке, молшылық, амандық тілейді. Әр үйде наурызкөже әзірленеді. Әсем ән айтылып, күй төгіледі, би биленеді. Ұлттық ойындар ойналады. Қыстан қалған қоқыс тазаланып, көшеге ағаш егіледі. си Си нотасы 3-сызықтың бойында жазылады. Музыкаға тән ерекшеліктерді ажыратасың. Си нотасымен танысасың. Октава ұғымын білесің. Оны фортепиано аспабында ойнап үйренесің. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


77 3. Ән үйренейік. Наурыз тойы Музыкасын жазған С. Мұратова Сөзін жазған Б. Ысқақов Наурыз тойы – елдің тойы, Көктем тойы – төлдің тойы. Ақ шағала, аппақ үйлер, Араладым күні бойы. Жасасын, – деп, – шіркін Наурыз! Құтты болсын айтты атамыз, Барлық үйге кіріп шығып, Барлық үйден дәм татамыз. Басқа жаққа бармайық деп, Әнімізді арнайық деп, Құстар да ұшып келіп қапты, Осы тойдан қалмайық деп. 2. «До-ре-ми» әніндегі музыкалық дыбыстарды фортепиано аспабында ойнап беруге талпын. До-ре-ми Әні мен сөзін жазған Ө. Байділдаев До-ре-ми, до-ре-ми, Үйреніп аламын, «Фа-соль-ля, соль-ля-си, До-до-до» деп әнге саламын. • Әнді шулы аспаппен сүйемелдеп, би қимылдарын жаса. Шығармашылық жұмысыңды бағала. 4. Отбасыңда Наурыз мерекесі қалай тойланады? Әңгімеле. Октава – аталуы бірдей екі нотаның аралығы. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


78 Біліміңді тексер 1. Үйлену тойында айтылатын дәстүрлі ән: 1) Бесік жыры 2) Жар-жар 3) Тұсаукесер 3. Ми нотасы нешінші сызықта жазылады? 1) 5 2) 1 3) 3 4. Жетіген қандай аспап? 1) үрлеп ойнайтын аспап 2) шертіп ойнайтын аспап 3) ұрып ойнайтын аспап 2. Ре нотасы нешінші сызықта жазылады? 1) 3 2) 2 3) 1-сызықтың астында до доре ре до Берілген нота жазбасын оқы. до ре ми ми ре до Берілген нота жазбасын оқы. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


79 до ре ми фаре доре 5. Берілген нота жазбаны оқып, фа нотасының қай сызықта жазылатынын анықта. 6. Нота жазбаны оқы. Соль нотасы қай сызықта жазылатынын анықта. до сольми ми до 7. Шертер қандай аспап? 1) үш ішекті шертіп ойнайтын аспап 2) ысқышпен ысып ойнайтын аспап 3) ұрып ойнайтын аспап 10. Си нотасы нешінші сызықтың бойында жазылады? Нота жазбасын оқып, анықта. до ми соль силя сиси 8. Вокалды музыканы орындаушы әншілер тобы қалай аталады? 1) оркестр 2) күйшілер 3) хор до ми до соль ля ля ля соль фа ми ре 9. Ля нотасының орналасуын анықта. Нота жазбасын оқы. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


Музыкалық сауаттылық: табиғат туралы музыка; табиғатқа арналған әндер мен күйлер; Ақан сері мен Біржан салдың шығармашылығы. Музыкалық терминдер: табиғат дыбыстары; сазсырнай аспабы; қазақ халқының үрмелі аспаптары. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


ҚОРШАҒАН ОРТА Ән орындау және музыканы тыңдап, талқылау: музыкалық дыбыстар мен қоршаған ортадағы құбылыстарды байланыстыра білу; табиғат туралы музыкалық шығармалармен танысу. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


82 27 Табиғат – алтын ұямыз 2. Мәтінді оқы. 1. Ребусты шеш. Шыққан сөз арқылы сабақтың тақырыбын аш. Музыкалық дыбыстар мен қоршаған ортадағы құбылыстарды байланыстырасың. Табиғат туралы музыкалық шығармалармен танысасың. Табиғат – бүкіл тіршіліктің алтын ұясы. Табиғат адамға мол қазына, байлық, береке сыйлайды. Табиғат – тал бесігің, оны аяла, қорға, тазалығын сақта. Мұны ата-бабамыз бізге өсиет еткен. Қоршаған орта ластанып, уланбауы тиіс. Табиғатты аялап, қорғайық! 3. Музыка тыңдайық. К. Күмісбековтің күйі «Биші қайың» • Күй сазы саған қандай көңіл күй сыйлады? • Қандай музыкалық аспаптардың үнін таныдың? Қоршаған орта АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


83 4. Ән үйренейік. Туған жер Музыкасын жазған К. Дүйсекеев Сөзін жазған Ш. Сариев Жайлау гүлге толатын, Атам, әжем тұратын, Мен ауылды, мен ауылды сүйемін, Мен ауылды, мен ауылды сүйемін. Көше гүлге тұнатын, Папам, мамам тұратын, Мен қаланы, мен қаланы сүйемін, Мен қаланы, мен қаланы сүйемін. Атам, әжем мекені, Папам, мамам мекені, Туған жерді, туған жерді сүйемін, Туған жерді, туған жерді сүйемін. • Ән қандай көңіл күйде орындалды? Мажорлы ма, әлде минорлы ма? Дәлелде. Мажор – музыкадағы көңілді дыбыс, минор – мұңды дыбыс. Мажорлы дыбыс ашық-жарқын шығады. Ал минорлы дыбыс бәсең, жабырқау естіледі. 5. Ұйқасын тап. Музыкадағы 7 дыбысты пайдаланып, шағын композиция құр. Сылдыр қағып, Таудан құлап, Жатыр ағып Мөлдiр ... . АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


84 Музыкадағы табиғат көріністері 28 1. Мәтінді оқы. Музыка тілі мен табиғат құбылыстарының байланысын білесің. Қоршаған орта құбылыстарының музыкалық шығармаларда бейнеленуін байқайсың. Жыл мезгілдерінің ішіндегі ең әсем кезең – көктем мезгілі. Көктемді біз асыға күтеміз. Көктемде күн жылиды, табиғат қайта жаңарады. Қар мен мұз еріп, құстар ұшып келеді. Айнала көк майса шөпке, әдемі гүлдерге бөленеді. Жыл мезгілінің осындай көркем құбылысына музыканттар әсем туындысын арнайды. 2. Музыка тыңдайық. «Апрель. Подснежник» (П.И. Чайковский) «Весенние воды» (С. Рахманинов) • Шығармалардың орындалуын салыстыр. • Қандай аспаптардың үнін таныдың? Мажорлы немесе минорлы дыбыстарды ажырата алдың ба? Қоршаған орта АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


85 3. Ән үйренейік. Жау-жау, жаңбыр Әні мен сөзін жазған Б. Бейсенова Келді, міне, көктемім, Жердің жүзі көктеді. Ақ жаңбырды сыйлады Ақша бұлттар көктегі. fiайырмасы: Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр, Мөлдіреген тамшыларың. Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр, Табиғаттың әні. Жаушы, жаңбыр, тағы да, Күттік сені сағына. Кірсін жердің сәні де, Топырақтың нәрі де. • Әннің өзгеріссіз қайталанатын бөлігі қалай аталады? • Әннің кіріспесінен қандай табиғат құбылысының дыбысын байқадың? Оны қандай шулы аспаптың үнімен беруге болады? 5. Жұмбақ шешейік. Жаңбыр жуды жерімді, Көкте өрмек керілді. • Жұмбақ пен ән мазмұнын байланыстырып, талдау жаса. Ақ жаңбырды сыйлады Ақша бұлттар көктегі. 4. «Жау-жау, жаңбыр» әнінен үзіндіні даңғырамен ұрып көрсет. Ырғақты сезін. Жау, жау, жаң- быр, жау, жаң- быр АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


86 Туған өлкемнің табиғаты 29 1. Мәтінді оқы. Туған өлкеңнің табиғатын жырлайтын музыкамен танысасың. Сазсырнай аспабының үнін тыңдайсың. Қазақтың жері кең-байтақ, табиғаты әсем. Асқар таулары мен мөлдір өзен-көлдері бар. Жайқалған қалың орманы мен астықты даласы көз тартады. Осының бәрін суретшілер түрлі түсті бояумен бейнелейді. Ақынжазушылар шабыттана жыр жазады. Әншілер мен күйшілер табиғат сұлулығына әні мен күйін арнайды. Олар «табиғат туралы ән-күйлер» деп аталады. «Маңмаңгер» (Ақан сері) «Көкшетау» (С. Сейфуллин) • Бейнежазбадан қандай әсер алдың? Әңгімелеп бер. • Әндер қай аспаппен сүйемелденіп орындалды? Екі әнді салыстырып, талдау жаса. • Ән әуенінен мажорлы, минорлы дыбыстар естілді ме? Қоршаған орта 2. Бейнежазбаны тамашала. Музыка тыңда. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


87 3. Көкшетау Қазақстанның қай өңірінде орналасқан? Көкшетау туралы тағы не білесің? Сал-серілер әрі әнші, әрі композитор болған. Олар сөз өнерін де шебер меңгерген. Жүйрік ат мініп, қыран құс ұстаған. Алғыр тазы ит ерткен. Сәнді киім киіп, өнерімен ойын-тойдың көркі болған. Сазсырнай – үрлеп ойналатын аспап. Ол сазбалшықтан жасалады. Отқа күйдіріледі. Бірнеше ойығы бар. Сазсырнайдың үнінен желдің уілі, құмның сусылы естілгендей болады. Ақан сері Қорамсаұлы – ақын, әнші, композитор. Көкшетау өңірінде дүниеге келген. «Балқадиша», «Сырымбет», «Майдақоңыр» т.б. әндері бар. Ақан қыран бүркітіне арнап «Қараторғай» әнін шығарған. «Маңмаңгер» әні желдей жүйрік тұлпары Құлагерге арналған. 6. Ұйқасын тап. Табиғаттың сазындай Ғажап аспап ... . 4. Мәтінді оқы. 5. Музыка тыңдайық. Қазақтың халық әні «Балапан қаз» • Ән қандай аспаптарда орындалды? • Бұл аспаптардың тембрі қалай үндесіп тұр? (1843 – 1913) АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


88 30 Табиғатты қорғаймыз 1. Бейнежазбаны тамашала. Музыка тыңда. 3. Қай суреттегі баланы табиғат қорғаушысы деп атар едің? Табиғатты қорғауға сен қандай үлес қостың? Әңгімеле. Біржан салдың шығармашылығымен танысасың. Табиғат туралы музыкалық шығармаларды тыңдап, талдайсың. «Жайлау» (М. Хамзин) 2. «Айтбай» және «Жайлау» әндерін Венн диаграммасы арқылы салыстыр. • Шығарма қандай аспаптарда орындалды? • Шығармада табиғат бейнесі қалай суреттеледі? Ойыңды ортаға сал. Біржан сал Қожағұлұлы – әнші, композитор, ақын. Қазіргі Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Біржан салдың «Адасқақ», «Ләйлім шырақ», «Теміртас» т.б. әндері бар. (1834 – 1897) Қоршаған орта «Айтбай» (Біржан сал) АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


89 4. Ән үйренейік. 5. Үйренген әнді нота жазбасын оқи отырып, қайталап орында. 6. Мақалдың мағынасын түсіндір. Шулы аспаппен өз ойыңнан ырғақ ойластырып, орындап бер. Сал-серілер – елдің көркі, Орман-тоғай – жердің көркі. Жас дәуірдің түлегіміз Музыкасын жазған И. Нүсіпбаев Сөзін жазған Е. Өтетілеуұлы Бау, бақша, белдер, Орман, тау, көлдер, Көрікті шексіз даламыз. Дәулеті тасқан, Сәулеті асқан, Көңілді ауыл, қаламыз. fiайырмасы: Жадырап күндей, Жайнаған гүлдей – Бақытты біздер баламыз! Өзіміз туған, көбелек қуған Өлкеде өсіп, толамыз. Жалықпай оқып, көңілге тоқып, Білімді адам боламыз. Бау, бақ- ша, бел- дер, ор- ман, тау, көл- дер Дәу- ле- ті тас- қан, сәу- ле- ті ас- қан АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


90 1. «Биші қайың» кімнің күйі? 1) Құрманғазы 2) К. Күмісбеков 3) Қорқыт Біліміңді тексер 2. Музыкадағы көңілді дыбыс қалай аталады? 1) мажор 2) акцент 3) лига 3. Минор қандай көңіл күйді береді? 1) көңілді, ашық 2) жабырқау, мұңды 3) салтанатты, қуанышты 4. Ақан серінің әндері: 1) «Маңмаңгер», «Балқадиша», «Қараторғай» 2) «Көктем», «Сәуір», «Бәйшешек» 3) «Балбырауын», «Сарыарқа», «Алатау» 5. «Көкшетау» әнін кім жазған? 1) П.И. Чайковский 2) С. Сейфуллин 3) Ақан сері АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


91 6. Сазсырнай неден жасалады? Қалай ойналады? 1) ағаштан жасалып, шертіп ойналады 2) саздан жасалып, үрлеп ойналады 3) ағаштан жасалып, ысқышпен ысып ойналады 9. «Жау-жау, жаңбыр» кімнің әні? 1) Б. Бейсенова 2) Ақан сері 3) К. Дүйсекеев 7. Біржан сал кім? 1) әнші, композитор, ақын 2) суретші, көркемдеуші 3) мүсінші 8. Нота жазбасын оқып, нота ұзақтықтарын анықта: 10. Біржан салдың әндері: 1) «Адасқақ», «Ләйлім», «Теміртас» 2) «Маңмаңгер», «Балқадиша», «Көкшетау» 3) «Көктем», «Сәуір», «Бәйшешек» АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


Музыкалық сауаттылық: Халық музыкалық аспаптар музейімен танысу; Ықыластың музыкалық мұрасы; сыбызғы аспабымен танысу; дауылпаз аспабымен танысу; ксилофон аспабымен танысу. Музыкалық терминдер: Халық музыкалық аспаптар музейі; фольклор. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


САЯХАТ Ән орындау және музыканы тыңдап, талқылау: Халық музыкалық аспаптар музейі арқылы музыка әлеміне саяхат жасау; музыкалық шығармадағы халық тіршілігінің бейнеленуін ажырату. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


94 31 Музыкалық аспаптар музейіне саяхат 1. Мәтінді оқы. Халық музыкалық аспаптар музейімен танысасың. Музыкалық шығарманы талдап, талқылауды үйренесің. Алматыда Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі бар. Онда 40-тан астам ұлттық музыкалық аспап қойылған. Музейге халық композиторы, күйшіқобызшы Ықылас Дүкенұлының есімі берілді. Бұл музейді «Бабалар үнінің музейі» деп те атайды. 2. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі туралы бейнежазбаны қара. Аспаптар қатарын толықтыр. Саяхат Ұлттық аспаптар ? ? АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


95 4. Музыка тыңдайық. • Қандай аспаптың үнін таныдың? • Күйдің орындалу жылдамдығы, дыбыс бояуы, дыбыс күші қандай? Талқыла. 3. Музыка тыңдайық. Қазақтың халық әні «Алқоңыр» • «Музыканың менің көңіл күйіме әсері» тақырыбында ойыңды жаз. Ықылас Дүкенұлының күйі «Қасқыр» Ықылас қобызбен табиғат құбылыстары мен жануарлардың дыбыстарын айнытпай салған. Бұған композитордың «Қасқыр» күйін тыңдағанда көз жеткізесің. Ықылас Дүкенұлы – күйші-қобызшы, композитор. Әкесі Дүкен белгілі қобызшы болған. Ықылас 7-8 жасынан қолына қобыз ұстап, әкесі тартқан күйлерді тез игеріп алған. Ықыластың «Қасқыр», «Кертолғау», «Ерден», «Жезкиік» сияқты күйлері бар. 5. Қорқыттың «Ұшардың ұлуы» күйі мен Ықыластың «Қасқыр» күйін салыстыр. Орындалуында қандай ұқсастықты байқадың? (1843 – 1916) АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


96 Музыкалық аспаптар сыры 32 1. Мәтінді оқы. Фольклор туралы ақпарат аласың. Сыбызғы, дауылпаз аспаптарымен танысасың. Фольклор дегеніміз – халық шығармашылығы. Оған жыр-толғау, аңыз бен ертегі, мақал-мәтел, жұмбақтар мен жаңылтпаштар жатады. Халық музыкасы – қазақ фольклорының маңызды саласы. Көне музыкалық аспаптар мен оларға арналған музыкалық шығармалар да фольклорға жатады. Сыбызғы – үрмелі музыкалық аспап. Қуыс талдан, қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Оның бірнеше ойығы болады. Сыбызғы ойықтарынан үрлеу арқылы түрлі дыбыс әуендерін шығарады. 2. Бейнежазбаны тамашала. Сармалай – сыбызғышы, күйші. Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Сыбызғы тартуды ата-бабасынан мұра еткен. Күйлерінде табиғат, адам мен жануарлар дүниесі сипатталады. «Бұлбұл», «Қара жорға», «Нар идірген», «Ақсақ құлан» сияқты күйлері бар. (1835 – 1885) Саяхат Сармалайдың күйі «Нар идірген» АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


97 3. Ән үйренейік. Жауынгер жыры Музыкасын жазған Б. Әлімжан Сөзін жазған О. Асқар Қорғап Отан – қонысты, Болдырмаймыз соғысты. Абыроймен өтейміз Азаматтық борышты. fiайырмасы: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай. Момышұлы Бауыржан, Ер боламыз солардай. Біз боламыз қырағы, Дербес елдің ұланы. Алаңсыз бейбіт еңбектің Шарықтасын жыр-әні. • Өлеңде сөз болатын батырлар туралы не білесің? Әңгімеле. • Батырлық, ерлік, айбынды, ержүрек сөздерінің мағынасын ашып айт. 4. Бейнежазбадан аспаптың үнін тыңда. • Бұл аспаптың үні сені қандай ойға жетелейді? • Дауылпаз аспабын, оның үні мен құрылысын сипатта. Дауылпаз – көне ұрмалы аспап. Қадірлі қонақтардың құрметіне немесе жорыққа шыққанда, салтанатты жиындарда қағылған. Шанағының сыртын мүйізбен, оюөрнекпен безендіріп, сәндеп жасайды. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


98 33 Көңілді аспап Музыкалық шулы аспап – ксилофонмен танысасың. Музыкалық аспаптардың дыбыс бояуындағы ерекшеліктерді ажыратасың. Ксилофон – соқпалы музыкалық аспап. Тізілген ағаш пластинкалар түрлі биіктікте дыбыс шығаруға негізделген. Оларды таяқшамен соғу арқылы музыкалық дыбыс шығарады. Таяқшаның басы ағаштан, резеңкеден немесе пластиктен жасалады. 2. Музыка тыңдайық. «Түрік маршы» (В.А. Моцарт) • Аспаптың қандай ерекшелігін байқадың? • Музыканың екпінін, дыбыс күшін және ырғағын сипатта. 1. Сурет бойынша әңгімеле. Саяхат АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


99 4. «Әуенді тап» музыкалық-дидактикалық ойыны. 3. Берілген сандар бойынша музыкалық дыбыстарды нота сызығына жаз. Аспапта ойнап, шағын композиция шығар. 1–3–5–6–6–5–2–4–3–2–1 1) Жыл бойы үйренген әндерді еске түсір. 2) Саған қандай тақырыптағы әндер ұнады? 3) Ол әндердің ырғағы, екпіні мен мазмұны қалай әсер етті? 4) Қай ән есіңде жақсы сақталып қалды? Неліктен? 5. «Музыка» сөзжұмбағын шеш. 1. «Түрік маршы» шығармасын жазған композитор 2. Қазанғаптың күйі 3. Музыкада бірнеше мағынаға ие ұғым 4. Алматыдағы ... атындағы халық аспаптар музейі 5. Көңілді аспап 6. Музыканы қағазға түсіретін белгі М У З Ы К А до ре ми фа ля си до соль АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


100 Жайдары жаз жайнайды 34 1. Сурет бойынша әңгімеле. 2. Ән үйренейік. Өлеңде қойылған сұраққа жауап бер. Бұл қай кезде болады? Музыкасын жазған Б. Ерзакович Сөзін жазған Ш. Ахметов Өрік, алма, Шие, алша, Жидек, жүзім піседі. Қауын, қарбыз, Қияр, сәбіз Дүкендерге түседі. Астық пісіп, Орақ түсіп, Қырман дәнге толады. Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? Саяхат АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


Click to View FlipBook Version