The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

2-сыныпқа арналған онлайн форматындағы музыка пәні оқулығы

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by akerkeabitova, 2023-11-23 05:12:44

2- сынып оқулық

2-сыныпқа арналған онлайн форматындағы музыка пәні оқулығы

Keywords: Музыка, 2-сынып, оқушы, балаларға арналған.

101 1. Ән дегеніміз не? Әнші деп кімді айтады? 2. «Учитель» кімнің күйі? 3. Фортепиано аспабы туралы әңгімеле. 4. «Музыкалық ертегі» дегенді қалай түсіндің? 5. Ер Төстік пен оның достары туралы әңгімеле. 6. Фраза деген не? 7. Хор деген не? «А капелла» қандай мағына береді? 8. Сал-сері деген кім? Өзің білетін сал-серілерді ата. 9. Екпін деген не? Қандай екпін түрлерін білесің? 10. Қандай музеймен таныстық? Онда қандай аспаптар жинақталған? 11. Музыкалық дыбыстарды жазатын белгі қалай аталады? 12. Халық ауыз әдебиеті деген не? 13. Қазақтың көне музыкалық аспаптарын ата. 14. Дауылпаз аспабын сипатта. 15. Қобызшы Ықылас Дүкенұлының қандай күйлерін білесің? 3. Мақалдардың мағынасын түсіндір. Жаздың бір күні – қыстың мың күні. Қаз келсе, жаз келеді. 4. Өлеңнің ұйқасын келтіріп, өз ойыңнан әуен шығарып, орында. ... келді жарқылдап, Қаздар келді ... . Гүлге қонды ... Қос ... қалтылдап. 5. Ер Төстіктің сұрақтарына жауап бер. Сен жыл бойы музыка туралы мағлұмат алдың. Олай болса, менің сұрақтарыма жауап бер. қаңқылдап жаз қанаты көбелек АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


102 1. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі еліміздің қай қаласында орналасқан? 1) Алматы 2) Семей 3) Атырау Біліміңді тексер 2. Ықыластың күйлерін ата. 1) «Алатау», «Сарыарқа», «Балбырауын» 2) «Жез киік», «Қасқыр», «Кертолғау» 3) «Әсем қоңыр», «Тойбастар», «Жеңіс» 3. Сыбызғы қандай аспап? 1) ағаштан, қурайдан жасап, үрлеп ойнайды 2) темірден, күмістен жасап, тілшігін қозғап ойнайды 3) ағаштан жасап, шертіп ойнайды 4. «Нар идірген» кімнің күйі? 1) Сармалай 2) Қорқыт 3) Құрманғазы 5. Көне ұрмалы аспап: 1) жетіген 2) қобыз 3) дауылпаз АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


103 Қымбатты оқушым! Міне, бір жыл бойы «Музыка» оқулығын оқып, аяқтап отырсың. Музыка сабағында дүниетанымыңды дамытып, ой-өрісіңді кеңейтіп, музыка саласындағы біліміңді жетілдірдің. Музыкалық шығармаларды тыңдау, әнді орындау кезінде әсерлі сезімде болдың. Үйренген әндеріңнің мазмұнынан, тыңдаған музыканың сазы мен үнінен адамгершілік, ізгілік, елжандылық сияқты қасиеттерді өз бойыңа дарыттың. Музыканы бәйтерекке теңеуге болады. Бәйтеректің тамырындай, музыканың тамыры да терең. Олар: халық музыкасы, халық әні, халық күйі, халық әуендері. Бәйтеректің діңгегіндей музыканың да діңгегі бар. Ол – музыка өнері. Ал бәйтеректің ұшар басы – музыканың көңіл күйі, дыбыс күші, динамикасы, жылдамдығы және дыбыс бояуы. Мәуелі музыка бәйтерегі МУЗЫКА халық әні халық күйі диминуэндо дыбыс бояуы музыка тілі дыбыс күші халық музыкасы жылд ма ыд қ көң лі күй динамика крещен до халық әуендері АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


104 Глоссарий ән әуені, сөзі бар көркем туынды. Ән мазмұны, орындалуы, құрылымы жағынан әртүрлі болады. Ән музыка тілінде «вокал» деп аталады. (Вокал – «әндету», «әуенді орындау» деген мағынаны білдіреді.) әнші әнді орындайтын адам вокалдық импровизация бастапқы әуенді дамытып, түрлендіріп орындау. Импровизация – итальян тілінде «суырып салу» деген мағынаны білдіреді дауылпаз көне ұрмалы аспап. Салтанатты жиындарда, қадірлі қонақтардың құрметіне немесе жорыққа шыққан кезде қағылған. Шанағының сыртын мүйізбен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндеп жасайды динамика дыбыстың күшін азайту немесе арттыру дәрежесі. Шығарманың мазмұны динамикалық белгілер арқылы көрсетіледі. Динамикалық белгілер итальян сөздерінің бас әрпімен белгіленеді Форте f – қатты, күшті Пиано p – ақырын, жай Меццо-форте mf – орташа күшпен Меццо-пиано mp – ақырын Фортиссимо ff – өте күшті, қатты Пианиссимо pp – өте ақырын, жай АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


105 жар-жар үйлену тойында орындалатын ән. Онда жас жұбайларға ізгі тілектер айтылады жарапазан тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Ол рамазан айында орындалады жетіген жеті ішекті шертпелі аспап. Бетінде үн беретін ойықтары бар. Жеті ішегіне тиек ретінде жеті асық қойылған екпін шығарманы орындау кезіндегі жылдамдық қарқыны. Музыкалық шығарманың екпіні итальян тіліндегі атаумен белгіленеді. Екпіннің негізгі 3 түрі қалыптасқан: 1) жай екпін – largo, lento, adagio т.б. 2) орташа екпін – andante, moderato т.б. 3) жылдам екпін – аllegro, vivo, рresto т.б. ксилофон соқпалы музыкалық аспап. Тізілген ағаш пластинкаларды таяқшамен соғу арқылы дыбыс шығарады лига қатар орналасқан ноталарды өзара байланыстыратын белгі ( ) мажор музыкадағы көңілді дыбыс минор музыкадағы мұңды дыбыс музыкалық бейне кейіпкерлердің мінез-құлық, ісқимылының музыкалық дыбыстар арқылы жеткізілуі музыкалық ертегі ертегі желісінің музыкалық дыбыстармен, әнмен, түрлі музыкалық сүйемелдеумен әрленіп орындалуы музыкалық жылдамдық (темп) музыканың тез, жай, орташа орындалуы музыка тілі оқиға желісін музыканың көмегімен көркемдеп жеткізу АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


106 нота латын тілінде «белгі» дегенді білдіреді. Яғни музыкалық дыбыстарды қағаз бетіне жазатын белгі. Ноталар нота сызығына жазылады. Олар бес сызықтан тұрады. Ноталар сызықтың бойында, сызықтың арасында және қосымша сызықтарда жазылады. Нота сызығы төменнен жоғары қарай саналады октава аталуы бірдей екі нотаның аралығы ортеке қазақтың халық биі. Оның жеке биші және бишілер тобы орындайтын түрлері бар сазсырнай үрлеп ойналатын аспап. Сазбалшықтан жасалып, отқа күйдіріліп, кептіріледі сыбызғы бірнеше ойығы бар үрмелі аспап. Қуыс талдан, қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады тайтұяқ соғып ойналатын қазақтың ұлттық аспабы. Ән, күйлерді орындау кезінде тайтұяқпен сүйемелдейді фермата дыбысты ұзақ созып орындау үшін қолданылатын белгі ( ) фольклор халық шығармашылығы: жыр-толғау, терме, аңыздар, ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар фортепиано клавишті-ішекті музыкалық аспап. Фортепианоның «рояль» және «пианино» деген екі түрі бар хор вокалдық музыканы орындаушы әншілер тобы шертер үш ішекті көне шертпелі аспап АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


107 Музыкалық терминдер Асатаяқ – қазақ халқының көнеден келе жатқан музыкалық аспабы. Асатаяқтың басына темір сақиналар мен салпыншақтар ілінеді. Асатаяқты ырғап, сілкіп, шайқап ойнайды. Атауы бірдей екі нота аралығы октава деп аталады. Әнді айтқанда тыныс алу әуеннің сипатымен үйлесуі тиіс. Әннің қарқынына жылдамдығы сай болуы керек. Вокалдық импровизация – бастапқы әуенді дамытып, түрлендіріп орындау. Импровизация сөзі итальян тілінде «суырып салу» деген мағынаны білдіреді. До нотасы 1-сызықтың астындағы қосымша сызықшада жазылады. Ре нотасы 1-сызықтың астында жазылады. Жетіген – жеті ішекті шертпелі аспап. Бетінде үн беретін ойықтары бар. Жеті ішегіне тиек ретінде жеті асық қойылған. Ксилофон – соқпалы музыкалық аспап. Тізілген ағаш пластинкалар түрлі биіктікте дыбыс шығаруға негізделген. Оларды таяқшамен соғу арқылы музыкалық дыбыс шығарады. Таяқшаның басы ағаштан, резеңкеден немесе пластиктен жасалады. Қобыз – екі ішекті, ысқышты аспап. Ол қайың, арша сияқты ағаштардан тұтас шауып жасалады. Төменгі бөлігі терімен қапталып, тиек қойылады. Қобыздың ішегі жылқының қылынан тартылады. Қазіргі қобыз түрі төрт ішекті. Беті жабық, шанағы оюланған. Жылқы қылының орнына сым тағылады. Ля нотасы 2 және 3-сызықтың ортасында орналасады. Мажор – музыкадағы көңілді дыбыс, минор – мұңды дыбыс. Мажорлы дыбыс ашық-жарқын шығады. Ал минорлы дыбыс бәсең, жабырқау естіледі. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


108 Ми нотасы нота сызығының 1-сызығында жазылады. Мотив – музыкалық шығарманың ең кіші бөлігі. Музыкалық ойды, шығарманың мазмұнын ашуға бағытталған қысқа әуен. Музыкалық жылдамдық (темп) – музыканың тез, жай, орташа орындалуы. Ноталар нота сызығына жазылады. Нота сызығы бесеу болады. Ноталар сызықтың бойында, сызықтың арасында және қосымша сызықтарда жазылады. Нота сызығы төменнен жоғары қарай саналады. 5 4 3 2 1 Ноталарды жазбас бұрын нота сызығының басына кілт қойылады. Ол скрипка кілті немесе соль кілті деп аталады. Өйткені кілт 2-сызықтан басталады. 2-сызықта соль нотасы орналасқан. Си нотасы 3-сызықтың бойында жазылады. Соль нотасы 2-сызықта орналасады. Тембр – дыбыстың сапасы, оның «бояуы». Тембр арқылы көңіл күйді (қуаныш, реніш) білдіруге болады. Фа нотасы 1 және 2-сызықтың ортасында орналасады. Фраза (сөйлем, өрнек) – музыкада бірнеше мағынаға ие ұғым. Ол аяқталған әуен мен музыкалық ойды білдіреді. Шертер – үш ішекті, шертпелі аспап. Пішіні домбыраға ұқсас. Шанағы көн терімен қапталған. Ырғақ – музыкалық шығармадағы әртүрлі дыбыс ұзақтығының алма-кезек ауысып келіп отыруы. «Ырғақ» сөзі «үйлесімділік» деген мағына береді. Әр музыкалық шығарманың өзіне тән ырғақ түрлері болады. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


109 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна Ltd, 2005. – 656 б. 2. Б. Жүсіпов. Жиделі-Байсын күйлері. – Алматы: Ғылым, 2000. – 288 б. 3. З.С. Жәкішева. Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары. – Алматы: Алматыкітап, 2008. – 232 б. 4. П. Шегебаев, С. Елеманова. Қазақ музыка әдебиеті (Дәстүрлі кезең). – Астана: Фолиант, 2015. – 144 б. 5. Т. Бекхожина. Қазақтың 200 әні. – Алматы, 1972. – 230 б. 6. Б.Г. Ерзакович. У истоков казахского музыказнания. – Алматы: Наука, 1987. 7. И. Нүсіпбаев. Мектеп вальсі. Алматы: Өнер, 2006. – 206 б. АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


110 МАЗМҰНЫ І. Өзім туралы Өнерлі оқушым! .........................................................3 1. Музыка шаңырағы .................................................6 2. Мен оқушымын ......................................................8 3. Ана тілін сүйемін .................................................10 4. Мен кішкентай әншімін ........................................12 5. Мен музыка жазамын ...........................................14 Біліміңді тексер .......................................................16 ІІ. Менің отбасым және достарым 6. Отбасы альбомы ...................................................20 7. Қорқыт – күй атасы ..............................................22 8. Менің достарым ...................................................24 9. Ертегі – достық мекені ..........................................26 Біліміңді тексер .......................................................28 ІІІ. Менің мектебім 10. Мектебім – әнім ..................................................32 11. Музыкалық ертегі бейнесі ....................................34 12. Музыкалық жылдамдық ......................................36 Біліміңді тексер .......................................................38 ІV. Менің туған өлкем 13. Музыкадағы кейіпкерлер .....................................42 14. Өнерлі достар .....................................................44 15. Туған өлкемнің әуендері ......................................46 16. Асқақтаған бәйтерек ...........................................48 Біліміңді тексер .......................................................50 АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


111 V. Дені саудың жаны сау 17. Шынықсаң шымыр боласың .................................54 18. Қазақ халқының дәстүрлі ойындары .....................56 19. Ойқастаған ортеке ...............................................58 20. Қызық жұмбақ айнала ........................................60 Біліміңді тексер .......................................................62 VІ. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті 21. Салтымызды қадірлейік ......................................66 22. Жарапазан .........................................................68 23. Музыка және салт-дәстүр .....................................70 24. Әдептілік әні ......................................................72 25. Хор өнері ...........................................................74 26. Мерекелік әндер мен күйлер .................................76 Біліміңді тексер .......................................................78 VІІ. Қоршаған орта 27. Табиғат – алтын ұямыз ........................................82 28. Музыкадағы табиғат көріністері ...........................84 29. Туған өлкемнің табиғаты .....................................86 30. Табиғатты қорғаймыз ..........................................88 Біліміңді тексер .......................................................90 VІІІ. Саяхат 31. Музыкалық аспаптар музейіне саяхат ...................94 32. Музыкалық аспаптар сыры ..................................96 33. Көңілді аспап .....................................................98 34. Жайдары жаз жайнайды .................................... 100 Біліміңді тексер ..................................................... 102 Қымбатты оқушым! ................................................ 103 Глоссарий ............................................................. 104 Музыкалық терминдер ........................................... 107 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................. 109 АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


МУЗЫКА Бастауыш білім беру деңгейінің 2-сынып оқушыларына арналған оқулық Басуға 14.06.2022 ж. қол қойылды. Пiшiмi 70х100 1 /16. Есептiк баспа табағы 3,77. Шартты баспа табағы 9,10. Офсеттiк басылым. Әрiп түрi «DS SchoolBook». Офсеттiк қағаз. Таралымы 20 000 дана. Тапсырыс № 3166. Сапасы жөнінде мына мекемеге хабарласыңыз: Қазақстан Республикасы, «АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ» ЖШС, 050012, Алматы қаласы, Жамбыл көшесi, 111-үй, тел. (727) 250 29 58, факс: (727) 292 81 10. e-mail: [email protected] Сапа және қауіпсіздіктің барлық стандартына сай. Сертификаттау қарастырылмаған. Сақтау мерзімі шектелмеген. Оffiулыffi басылымы МУЗЫКА Учебник для учащихся 2 класса уровня начального образования Подписано в печать 14.06.2022 г. Формат 70х100 1 /16. Уч.-изд.л. 3,77. Усл.печ.л. 9,10. Печать офсетная. Гарнитура «DS SchoolBooks». Бумага офсетная. Тираж 20 000 экз. Заказ № 3166. С претензиями по качеству обращаться: Республика Казахстан, ТОО «АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ» 050012, г. Алматы, ул. Жамбыла, 111, тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10. е-mail: [email protected] Соответствует всем стандартам качества и безопасности. Сертификация не предусмотрена. Срок годности не ограничен. Учебное издание Уразалиева Молдир Аббасовна Омарова Салиха Касымхановна Умарова Магфира Сулеймановна Әдіскер / Методист – Ф.С. Лекерова Редакторы / Редактор – Ә.Б. Орынбаева Корректоры / Корректор – К.Т. Алипаева Дизайн – Е.С. Жзбаев Суретін салған / Художник – Б. Болатов Мұқаба / Обложка – А. Трысбеков Беттеуші / Верстка – С.М. Ахметова QR – Н. Усманова Кітаптарды «АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ» ЖШС-ның кітап дүкендерінен сатып алуға болады. Нр-Слтан ffiаласы: Иманов көшесі, 10, тел.: (7172) 53 70 84, 27 29 54; Б. Момышұлы даңғылы, 14, тел.: (7172) 42 42 32, 57 63 92. Алматы ffiаласы: Абай даңғылы, 35/37, тел.: (727) 267 13 95, 267 14 86; Гоголь көшесі, 108, тел.: (727) 279 29 13, 279 27 86; Қабанбай батыр көшесі, 109, тел.: (727) 267 54 64, 272 05 66; Жандосов көшесі, 57, тел.: (727) 303 72 33, 374 98 59; Майлин көшесі, 224 «А», тел. (727) 386 15 19; Төле би көшесі, 40/1, тел.: (727) 273 51 38, 224 39 37. Интернет-дүкен: www.flip.kz Сауда бөлімі, тел.: (727) 292 92 23, 292 57 20. e-mail: sale1@almatуkitap.kz Кітаптар мен басылымдар туралы мағлұматтарды www.almatykitap.kz сайты арқылы білуге болады. Оқулықты пайдалану туралы деректер № Оқушының аты-жөні Оқу жылы Оқулықтың жағдайы Жылдың басында Жылдың соңында 1 2 3 4 5 Қытайда басылды / Отпечатано в Китае C&C Joint Printing Co., (Beijing) Ltd. No.3 Donghuan North Road, BDA, Beijing, 100176, China АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


Click to View FlipBook Version