ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ Бастауыш білім беру деңгейінің 2-сынып оқушыларына арналған оқулық fiазаffiстан Республикасыны Оffiу-а арту министрлiгi сын ан Р.А. Қадырқұлов, Г.К. Нұрмұханбетова, У.А. Ғайыпбаева АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ 2022 Алматыкiтап баспасы
– талдау Шартты белгілер: – сабақтың мақсаты – практикалық жұмыс QR – бейнематериалдар (мұғалім сыныпта, оқушы үйде пайдаланады) – жұмыс дәптеріндегі тапсырма – шығармашылық тапсырма – қарапайым тапсырма – орташа тапсырма – күрделі тапсырма – топтық жұмыс – ой қозғау сұрақтары – жұптық жұмыс – жеке жұмыс «Цифрлық сауаттылық» электрондық оқулығы баспаның www.topiq.kz платформасында орналасқан. Программалар мен электрондық қосымшаларды жүктеп алуға арналған нұсқаулық Сілтемені көшіріп алу үшін қолыңдағы құрылғыны (смартфон, планшет) QR-кодқа апар. 1. Сілтемені көшіріп ал да, сақтап қой. 2. Сілтемені стационар құрылғыға (компьютер, ноутбук) жібер. Сілтемені кез келген браузерде (Google Chrome, Opera, Mozilla Firefox және т.б.) ашып, файлдар папкасын жүктеп ал. Ол үшін «Сақтау» немесе «Жүктеу» түймесін пайдалан. Папкадан Index.html файлын тауып алып, оның үстінен бас. Оқулықтағы QR-кодты пайдалану нұсқаулығы 1. Смартфон немесе планшеттің камерасын QR-кодқа бағытта. 2. Сілтеме пайда болғанша күт. 3. Керекті ресурсқа өту үшін ОК-ді бас. Егер сенің құрылғың QR-кодты анықтай алмаса, онда QR-кодты оқуға арналған кез келген тегін қосымшаны жүктеп ал. Мысалы, QR Code Reader-ден немесе Google Play Market және AppStore қосымшалар дүкенінен жүктеп алуға болады. – электрондық қосымшадан тапсырма ISBN 978-601-01-4737-9 ISBN 978-601-01-4737-9 ӘОЖ 373.167.1 КБЖ 32.973 я71 Қ14 ӘОЖ 373.167.1 КБЖ 32.973 я71 Қ14 Қадырқұлов Р.А. және т.б. Цифрлық сауаттылық: Оқулық. Бастауыш білім беру деңгейінің 2-сынып оқушыларына арналған / Р.А. Қадырқұлов, Г.К. Нұрмұханбетова, У.А. Ғайыпбаева. – Алматы: АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ, 2022. – 120 бет, суреттi. © Қадырқұлов Р.А., Нұрмұханбетова Г.К., Ғайыпбаева У.А., мәтіні, 2022 © «АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ» ЖШС, 2022 Алматыкiтап баспасы
3 Құрметті оқушы! Жаңа оқу жылында «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқып-үйренуді жалғастырасың. Интернет желісінде жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жолдарымен танысасың. Файлдармен және бумалармен жұмыс істейсің. Тармақталған алгоритмдердің құрылымы туралы білім аласың. Алгоритмді блок-схема, сөз арқылы сипаттайсың. Scratсh программалау ортасында қызықты жобалар құрастырасың. Пернетақтадан спрайтты басқаруды үйренесің. Lego Mindstorms EV3 роботының көмегімен оның қозғалысын ұйымдастырып, робот жобаларын құрайсың. Роботтарға арнап программа жазасың. Сен мәтіндік редакторда мәтінді өңдеумен танысасың. Дыбысты жазу және ойнату программаларын пайдала нуды үйренесің. Дыбыстық файлдарды өңдеу жолдарын білесің. Жобаны құру кезеңдерімен танысып, оны қорғайсың. Сен жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайсың. Оқулықтың электрондық қосымшасы (ЭҚ) бар. Оны QR-кодтың көмегімен жүктеп алуға болады. Осы пәннен алған білімің болашақта саған пайдасын тигізетініне сенімдіміз. Іске сәт! Алматыкiтап баспасы
4 Сен I бөлім КОМПЬЮТЕРЛЕР МЕН ПРОГРАММАЛАР Ортаfl таflырып: «Өзім туралы» браузер терезесімен; компьютердің енгізу-шығару құрылғыларымен; «файл», «бума» ұғымдарымен танысасың. цифрлық құрылғыларды пайдалануда негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтауды; ақпарат іздеу үшін браузерді қолдануды; компьютердің енгізу-шығару құрылғыларын ажыратуды үйренесің. Сен Алматыкiтап баспасы
5 Алматыкiтап баспасы
6 1 Денсаулығымызды сақтаймыз I бөлім 1-сурет 3-сурет. Цифрлық құрылғыларды дұрыс пайдаланбау • Өзіңнің және отбасыңның бақытты сәттерін суретке түсіру үшін қандай құрылғыны пайдаланасың? (1-сурет) • Компьютерге ұқсайтын тағы қандай цифрлық құрылғыларды білесің? (2-сурет) Цифрлық құрылғыларды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйренесің. Цифрлық құрылғыларды дұрыс пайдаланбаудан қандай қауіп туындауы мүмкін? (3-сурет) 2-сурет Алматыкiтап баспасы
7 Компьютерде берілетін ақпарат 0 және 1 цифрларының тізбегінен тұрады. Мұндай ақпарат цифрлық ақпарат деп аталады. Цифрлық ақпаратты компьютердің көмегімен оңай өңдеуге, сақтауға және тасымалдауға болады. Цифрлық ақпаратты өңдеуге арналған құрылғылар цифрлық құрылғылар деп аталады. Оларға ноутбук, планшет, ұялы телефон, цифрлық фотоаппараттар жатады. Жаңа білім Заманауи цифрлық құрылғылар Ноутбук – негізгі құрылғылары ықшамдалған, алып жүруге болатын компьютердің шағын түрі. Ноутбукпен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтаған дұрыс. Жұмыс кезінде пернелеріне сұйық зат төгіп алмау керек. Планшет – программалары экраннан арнайы қалам немесе саусақ арқылы басқарылатын құрылғы. Планшетті ұзақ уақыт пайдалану адамды тез шаршатып, көзге зиянын тигізеді. Ұялы телефон – сымсыз байланыс жасауға арналған құрылғы. Ұялы телефонды үздіксіз қолданудан адамның көзіне зиян келеді. Ұзақ уақыт сөйлесу немесе құлаққаппен ән тыңдау есту қабілетін нашарлатады. Алматыкiтап баспасы
8 Робот тек 0 мен 1 цифрларын біледі. Ол 0 мен 1 цифрларын пайдаланып, 1 мен 200 сандарының арасынан неше сан жаза алады? Баланың және оның ата-анасының іс-әрекетіне талдау жаса (5-сурет). Пікіріңді айт. Тағы басқа қандай цифрлық құрылғыларды білесің? Оларға сипаттама бер. Орында Ойлан Цифрлық құрылғыларды дұрыс қолданудың ережесін құрастырыңдар. Құрастырған ережелеріңнің мазмұнын түсіндіріңдер (4-сурет). 5-сурет 1 2 3 4 5 Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. 4-сурет. Цифрлық құрылғыларды пайдалану Алматыкiтап баспасы
9 • Компьютерлерді өзара байланыстыру не үшін қажет? (1-сурет) • 2-суретке назар аудар. Балалар немен айналысып жатыр? 1-сурет 2-сурет Желіден пайдалы ақпарат іздеу үшін браузерді қолдануды үйренесің. 2 Ақпарат іздеу I бөлім Компьютердегі ақпаратты екінші компьютерге тасымалдауға, оны пайдалануға компьютерлік желі қажет. Интернет сурет, мәтін, бейне түріндегі пайдалы ақпаратты іздеп табуға өте қолайлы. Ақпарат іздеу үшін компьютерде браузер қолданылады (3-сурет). Web-бет – браузермен интернетке кіргенде ашылатын бет (4-сурет). Жаңа білім Ақпарат дегеніміз – жаңалық, мәлімет, білім. Интернет – әлемдегі ең үлкен компьютерлік желі. Белгілі бір тақырып бойынша құрылған web-беттер жиынын web-сайт дейміз. Браузер мен интернеттен web-сайттарды көруге болады (5-сурет). Алматыкiтап баспасы
10 5-сурет. Google Chrome браузері Интернет – ақпарат көзі. Сен интернеттен өзіңе пайдалы ақпарат таба аласың. Адрес жолағы Іздеу жолағы web-бет Браузер программасы Сен «браузер», «web-бет», «web-сайт» туралы не білесің? (3, 4-суреттер) 3-сурет. Браузер түрлері 4-сурет. web-бет Сервер – желідегі басқа компьютерге деректерді жеткізуге арналған арнайы компьютер. Ақпарат іздеуге www.google.kz, www.yandex.kz және тағы да басқа іздеу серверлері пайдаланылады. Пайдалы ақпарат – күнделікті қажеттіліктен туындайтын ақпарат. Алматыкiтап баспасы
11 1) 6-суреттегі цифрлық құрылғыларды атаңдар. 2) Интернет желісінен ақпарат іздеу үшін қайсысын пайдалануға болады? 6-сурет. Цифрлық құрылғылар Балаларға арналған қандай сайттарды білесіңдер? Сайттар тізімін жасаңдар. Мысалы, http://kitap.kz/. Орында 1. Компьютерді іске қос. 2. Google Chrome браузерін тінтуірмен аш. 3. Адрес жолағына Yandex.kz деп жазып, іздеу серверін аш. 4. Сервердің іздеу жолағына керекті ақпаратты жаз. Мысалы, Қазақстан сөзін жаз. 5. Тізімнен ең қажетті деген сайтты аш. Интернетке қосылу алгоритмі Өзің туралы қандай ақпаратты интернетте жариялауға болмайды? Қай сайттағы ақпарат саған пайдалы деп ойлайсың? Себебін түсіндір. Ойлан Қолдан Практикалық жұмыс 1 2 3 Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Алматыкiтап баспасы
12 1-сурет. Компьютердің негізгі құрылғылары Компьютердің енгізу-шығару құрылғыларымен танысасың. • Сенің отбасыңда компьютерді қалай пайдаланады? Компьютердің енгізу-шығару құрылғылары 3 I бөлім • Компьютермен бірге қандай жаңа ма мандықтар пайда болды? (2-сурет) • Компьютердің негізгі құрылғылары (1-сурет) қалай аталады? Олардың қызметін ата. 2-сурет. Мамандық иелері Компьютерді ақпаратты өңдеу, сақтау және тасымалдау үшін пайдаланады. Компьютерлік программаның көмегімен сурет салуға, фильмдер мен мультфильмдер жасауға болады. Түрлі көліктердің және ғимараттардың жобасы мен үлгісі құрастырылады. Компью терге тағы басқа да қосым ша құрылғылар қосылады. Жаңа білім монитор – монитор – мonitor пернетақта – клавиатура – кeyboard Алматыкiтап баспасы
13 Компьютердің қосымша құрылғылары Компьютер құрылғылары ақпаратты енгізу (3-сурет) және шығару құрылғылары (4-сурет) болып бөлінеді. 3-сурет. Енгізу құрылғылары Ақпаратты енгізу құрылғылары 4-сурет. Шығару құрылғылары Ақпаратты шығару құрылғылары Принтер – ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Сканер – бейнелерді компьютерге енгізетін құрылғы. Дыбыс колонкасы – дыбыстық ақпаратты шығаратын құрылғы. Микрофон – компьютерге дыбыстық ақпарат енгізетін құрылғы. Құлаққап – айналаңдағы адамдарға кедергі келтірмей әуен тыңдауға арналған құрылғы. Алматыкiтап баспасы
14 5-суреттегі құрылғылардың қалай аталатынын және қызметін білесіңдер ме? Оларды енгізу-шығару құрылғыларына жіктеп көріңдер. Компьютердің енгізу-шығару құрылғыларын адамның сезім мүшелерімен сәйкестендіріп, оларды салыстыр (6-сурет). Орында 5-сурет. Ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары Ойлан Берілген үлгілер бойынша өзің туралы ақпарат дайындап, оларды мектепке алып бар. Ол үшін компьютердің қай құрылғыларын (3, 4, 5-суреттер) пайдаланасың? Ойыңды ортаға сал. 6-сурет. Адамның сезім мүшелері Жеке сурет Өзім туралы Маған ұнайтын ән 1 2 3 4 5 6 7 8 Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Алматыкiтап баспасы
15 • Файл мен бума туралы не білесің? • 1 және 2-суреттерді салыстыр. Ойыңды ортаға сал. • Үйіңдегі компьютерде өзіңе қатысты файлдар мен бумалар бар ма? 1-сурет «Файл», «бума» ұғымдарымен танысасың. Жаңа білім 4 Файлдар мен бумалар I бөлім 2-сурет Файлдың құрылысы Схема Бірінші сыныпта ақпаратты компьютерде сақтау ды үйрендің. Сенің компьютеріңде сақтаған ақпарат неге бір-бірімен араласып кетпейді? Араласпайтын себебі – компьютердегі ақпарат файл түрінде сақталады. Файл дегеніміз – компьютерде атау беріп сақталған ақпараттың жиынтығы. Файлдың атауы мен кеңейтілімі болады (схема). Файлға атау беру үшін төмендегі символдарды қолдануға болмайды: / \ * ? < > : ” Менің әнім Файлды оңай табу үшін бума (папка) құрады. Бумада белгілі бір тақырып бойынша жиналған файлдар мен бумалар сақталады. Файл кеңейтілімі онда қандай ақпарат сақталатынын көрсетеді. Файлдың атауы Файлдың атауы Менің әнім.mp3 Алматыкiтап баспасы
16 3-сурет. Файлдардың кеңейтілімдері .txt, .docx, .rtf мәтіндік файлдардың кеңейтілімдері .wav, .mid, .mp3 дыбыстық, музыкалық файлдардың кеңейтілімдері .bmp, .jpg, .png графикалық файлдардың кеңейтілімдері .avi, .mpeg, .mp4. бейнефайлдардың кеңейтілімдері 4-сурет. Бума, файл құрылымы а) Бума Жарлық ә) Контекстік мәзір дегеніміз – нысанды ТОБ-мен басқанда пайда болатын командалар тізімі. 6-суретте файлмен және бумамен орындалатын төрт іс-әрекет бейнеленген. Бұл іс-әрекеттерді орындау үшін, файлды не буманы ТОБ-мен шерту арқылы контекстік мәзір шақырылады. Файл немесе бума құру үшін Контекстік мәзірден Құру (Создать) Бума (Папка) командасын таңдап, ТСБ шертіледі (6-сурет, 1-әрекет). Басқа әрекеттер де осылай орындалады. 5-сурет. Тінтуір ТОБ – тінтуірдің оң жақ батырмасы ТСБ – тінтуірдің сол жақ батырмасы Файлды және буманы құруға, көшіруге, жоюға және тасымалдауға болады. Ол үшін файл не буманы тінтуірдің оң жақ батырмасымен (ТОБ) шертіп (5-сурет), контекстік мәзірді шақыр. Ақпарат тек компьютерде ғана емес, басқа да цифрлық құрылғыларда файл түрінде сақталады. Жарлық (Ярлык) – компьютердегі файлды, буманы және программаны ашуға сілтеме. 4 (а)-суретте буманың құрылымы және 4 (ә)-суретте жарлық көрсетілген. Алматыкiтап баспасы
17 1) Файлдар мен бумаларды атауы бойынша ажыратып жазыңдар. 2) Атауы қате жазылған бума мен файлды анықтаңдар. Орында Мәтін.doc Сурет.wav 2-сынып.txt Бейне!.avi Lettet.txt Book Name*2 List:doc 2022 жыл Музыка 2022.bmp Windows.jpg Төмендегі файлдарда қандай ақпарат сақталады? Файлға, бумаға және жарлыққа жікте. Ойлан 1 2 3 4 Файлды немесе буманы құру, көшіру, қою және жою 6-сурет. Файлдарға немесе бумаларға арналған контекстік мәзір 1 3 2 4 Қою Құру Көшіру Жою файл – файл – fi le бума – папка – folder Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Алматыкiтап баспасы
18 Зерттеу және шығармашылық тапсырмалар I бөлім Бөлім бойынша алған біліміңді қорытындылайсың. 1-тапсырма Әлия интернеттен компьютердің құрылғыларын жалғау схемасын көшіріп алды (1-сурет). Бұл схема қаншалықты дұрыс? Әлияға сыныптас досы ретінде схемада кеткен қателерді табуға көмектес. Себебін түсіндір. № Пайдасы Зияны 1 ... ... 1-сурет. Компьютер құрылғыларының жалғануы 2-тапсырма Компьютерді пайдаланудың пайдалы және зиянды жақтарын сипаттауға үш мысалдан келтір. Кестені толтыр. 3-тапсырма Асқар балалар журналынан компьютер туралы қызықты мақала оқыды. Ол мақаланы басқа қалада тұратын досы Ғабитке жіберуі керек. Ол үшін компьютер құрылғыларын қандай ретпен пайдалануы тиіс? Асқарға ағасы (әпкесі) ретінде қандай кеңес берер едің? Алматыкiтап баспасы
19 4-тапсырма Сөздердегі әріптердің дұрыс орналасу ретін тауып, осы бөлімдегі жаңа терминдерді оқы. 1. ФЛАЙ 3. ПЕНТРИР 5. САРНКЕ 2. ЖРЛЫҚА 4. МИФОНКРО 6. УМБА 5-тапсырма 2-суретте төрт мамандық иесі бейнеленген. Олардың еңбегінің өнімін компьютерде қандай файл кеңейтілімімен сақ тауға болады? Осы тізімге өзің тағы үш мамандық иесін қосып, төмендегі кестені толтыр. 2-сурет. Мамандық иелері № Мамандық иелері Файл кеңейтілімі 1 ... ... 6-тапсырма Файл мен бума сияқты байланысқан заттар жұбының нөмірін анықта. Себебін түсіндір. 1 2 3 Алматыкiтап баспасы
20 II бөлім Сен Сен ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕР Ортаfl таflырып: «Менің отбасым және достарым» «тармақталған алгоритм» ұғымымен; «алгоритмді орындаушы» ұғымымен; шарт тексеру командалық блогының түрлерімен; программалау ортасына кірістірілген графикалық редактормен танысасың. программалау ойын алаңына кірістірілген графикалық редакторда кейіпкер жасауды; тармақталған алгоритмді сөзбен және блоксхеманың көмегімен сипаттауды; шарт тексеру командалық блоктарын қолдануды; оқиғалардың тармақталған алгоритмін құруды; тармақталған алгоритмдері бар жобаның скриптісін құруды үйренесің. Алматыкiтап баспасы
21 шарт Иә Жоқ 1-іс-әрекет 2-іс-әрекет Алматыкiтап баспасы
22 Тармақталған алгоритмдермен танысасың. Біздің іс-әрекетіміз әртүрлі шартқа байланысты өзгереді. Мысалы, 1-суретте балалардың жолдан қауіпсіз өту шарты бағдаршамдағы жасыл түстің жануымен байланысты. Егер бағдаршамның қызыл түсі жанса, балалар тоқтап, күтуі керек. Тағы: «Егер далада күн ашық бол са, Марат аулаға ойнауға шығады» деген сияқты жағдайды мысал етуге болады. Жаңа білім Тармақталу алгоритмі – іс-әрекеттер тізбегінің орындалуы белгілі бір шартқа тәуелді болған алгоритм. 5 Тармақталу алгоритмі II бөлім 1-сурет. Жаяу жүргіншілер өткелі • Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Есіңе түсір. • 1-суреттегі екі достың жолдан қауіпсіз өтуі неге байланысты? Олардың іс-әрекетін сызықтық алгоритммен сипаттауға бола ма? • Балалардың бағдаршамның көмегі- мен жолдан өту алгоритмін сөзбен сипатта. Тармақталу алгоритмін шартты алгоритм деп те атайды. Тармақталу алгоритмін сөзбен және графикалық блоксхема түрінде сипаттауға болады. Шартты тексеру блок-схемасы ромб фигурасымен өрнектеледі. Тармақталу алгоритмінің қысқа және то лық түрде жазылуы қолданылады (2, 3-суреттер). егер – если – if шарт – условие – condition Алматыкiтап баспасы
23 Тармақталу алгоритмін түсіну үшін мысал қарастырайық. Мысалды сөз және блок-схема түрінде сипаттауды үйренейік (4-сурет). Батыр бала еш жерге тоқтамай, жолайрыққа жетті. Жолайрықта тұрған үлкен таста сол жаққа жүрсе адасатыны, оң жаққа жүрсе, мақсатына жететіні туралы жазылыпты... Сөзбен сипаттау 1. Жолмен жүру. 2. Жолайрыққа тоқтау. 3. Жолды таңдау. 4. Таңдаған жолымен жүру. шарт Жоқ Иә Іс-әрекет 4-сурет. Блок-схема түрінде сипаттау Оңға бұрылды ма? Мақсатыңа жетесің Иә Жоқ Басы Жолмен жүру Жолайрықта тоқтау Соңы Адасасың Таңдаған жолымен жүру шарт Иә Жоқ 1-іс-әрекет 2-іс-әрекет 2-сурет. Қысқа жазылу түрі 3-сурет. Толық жазылу түрі Алматыкiтап баспасы
24 Қанат пен Самат «Сан жасыру» ойынын ойнады. Ойынды бақылап тұрған досы Арман олардың ойынын ауызша сипаттады. Осы сипаттау бойынша «Сан жасыру» ойынының блок-схемасын құрыңдар. Орында Ойынның ауызша сипаты 1. Достардың әрқайсысы бір саннан ойша жасырады. 2. Ойлаған сандарын айтады. 3. Сандарды салыстырады. 4. Сандар тең болса, онда «тең» деп айтады. 5. Сандар тең болмаса, «тең емес» деп айтады. 5-суретке назар аударыңдар. Далада жаңбыр жауып тұр. Әпкесі мен інісі терезеден далаға қарап тұр. Жаңбыр сәлден соң тоқтайды. Сурет бойынша: • сызықтық алгоритмнің; • тармақталған алгоритмнің блок-схемаларын құрыңдар. Ойлан 5-сурет. Даладағы жаңбыр 1. Сызықтық алгоритм мен тармақталған алгоритмді Венн диаграммасы бойынша салыстыр. 2. Берілген блок-схемаларға алгоритмдер ойластыр. Айырмашылығы Ұқсастығы Айырмашылығы Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Алматыкiтап баспасы
25 Программалар құруды жалғастырамыз 6 II бөлім Шарт тексеру блогымен танысасың. • Scratch-те кейіпкерді сызықтық алгоритм арқылы басқаруға мы- сал келтір. • 1-суреттегі екі достың «Сан жа- сыру» ойынын Scratch-те қалай программалаған болар едің? Ойыңмен бөліс. 1-сурет. «Сан жасыру» ойыны Scratcһ-те ойынның бір кезеңнен екінші кезеңге ауысуы үшін шарт қойылады. Мысалы, кейіпкер 10 ұпай жинаса, келесі кезеңге көшеді. Міне, осындай жағдайлар үшін шарт тексеру блогы қолданылады (2-сурет). Бұл блок шарт тексеру блогының (23-бет, 2-сурет) қысқа жазылуына сәйкес келеді. Шарт жасыл түсті алтыбұрыштың ішіне жазылады (2-сурет). Жаңа білім 3-сурет. Егер блогының толық түрі 2-сурет. Егер блогының қысқа түрі 3-суретте шарт тексеру блогының екінші түрі бейнеленген. Бұл блок шарт тексеру блок-схемасының толық түріне сәйкес келеді (3-сурет, 23-бет). Сенсорлар блогындағы сұрау және күту, жауап командаларын шарт тексеру блоктарына қолдануға болады (4-сурет). программа құру – разработка программы – designing a program әйтпесе егер , онда Алматыкiтап баспасы
26 1. Scratch программасын іске қос. 2. Алдын ала дайындалған екі баланың суретін 5-суретте көрсетілгендей программаға енгіз. 5-сурет. Кейіпкерлерді енгізу Әр кейіпкерге жеке скрип тілер құрастырамыз. 7-сурет. Бала 02 спрайтының скриптісі 6-сурет. Бала 01 спрайтының скриптісі Скриптілерді орналастырып, «Орында» жалаушасын іске қосамыз. Қолдан Практикалық жұмыс 4-сурет. Сенсорлар блогының командалары Команда Команда егер , онда әйтпесе күту секунд күту секунд 2 2 ойлану деп айту айту дегенді секунд ойлану секунд 2 3 Мен қай санды жасырдым? 20 тең тең емес басылған кезде 20 = 20 2 секунд күту Қай санды жасырады екен? дегенді секунд ойлану 2 20 1 секунд күту деп айту басылған кезде Алматыкiтап баспасы
27 Орында Ойлан 8-сурет. «Сан жасыру» ойынының орындалуы Тармақталу алгоритміне арналған, толық аяқталмаған екі скрипт берілген. Осы скриптілерге командалар қосып, есеп құрастырыңдар. Скриптіні толық аяқтаңдар. 1, 2-скриптілер орындалғанда экранға қандай нәтиже шығады? Екі скриптінің жұмысында қандай айырмашылық бар? 1 2 1 2 Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Алматыкiтап баспасы
28 Алгоритмді сөзбен ауызша сипаттауды үйренесің. Кез келген сызықтық немесе тармақталу алгоритмі орындаушыға арнап жазылады. Алгоритмді орындайтын адам, компьютер т.б. орындаушы деп аталады. Алгоритмді сипаттаудың ауызша түріне тоқталайық. Ауызша сипаттау – алгоритмді сөз немесе сөйлем жиынтығы түрінде ұсыну. Дегенмен алгоритмді сөзбен сипаттаудың өз кемшілігі бар. Оның көлемі үлкен, сондықтан түсінуге қиындық тудырады. Жаңа білім 7 Алгоритмді орындау II бөлім • Ата-анаңа қандай көмек көрсетесің? • Үйді жинастыру кезінде өзің орындаған бір жұмыстың ретін айтып бер (1-сурет). 1-сурет. Үйді жинастыру Мысалы, әке мен бала жаяу жүргіншілер өткелінде тұр. Әкесі баласына бағдаршамның көмегімен жолдан қалай өту керектігін түсіндірді (2-сурет). Әкесінің түсіндірмесін ауызша алгоритм түрінде сипатта. Әкесінің баласына бағдаршам туралы түсіндірмесі – Балам, бағдаршамда жасыл шам жанып тұрса, жолдан өтуге болады. Егер қызыл шам жанып тұрса, онда жасыл түстің жануын күт. сөз – слово – word орындаушы – исполнитель – executor Алматыкiтап баспасы
29 Алгоритмді сөзбен сипаттау 1. Бағдаршамның жарығына қара. 2. Қызыл шам жанып тұр ма? Иә. Онда тоқта. 3. Жасыл шамның жануын күт. 4. Жасыл шам жанып тұр ма? Иә. Онда жолды кесіп өт. 2-сурет. Бағдаршам Орында Жұмыртқа қуыру Анасы балаларына жұмыртқа қуыруды үйретіп жатыр (3-сурет). Сурет бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңдар: 1. Жұмыртқа қуырудың сызықтық алгоритмін сөзбен сипаттаңдар. 2. Құрған алгоритмдеріңді тармақталған алгоритмге ауыстырыңдар. Ойлан Жұмыртқа қуырудың тармақталған алгоритмінің блок-схемасын құр. Алгоритмнің сөзбен және блок-схемамен ұсынылуын Венн диаграммасының көмегімен салыстыр. Қайсысы қолайлы? Айырмашылығы Айырмашылығы Ұқсастығы Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. 3-сурет. Жұмыртқа қуыру Алматыкiтап баспасы
30 Scratch-тің графикалық редакторында кейіпкер жасауды үйренесің. 8 Жеке кейіпкер жасау II бөлім • 1-суретке назар аудар. Оқушы қайда асығып бара жатыр? Мектептен үйге қайтқандағы өзіңнің іс-әрекетіңді сипатта. • «Мектептен үйге қайту» жобасының фоны мен кейіпкерін қалай дайын- дауға болады? 1-сурет. Мектептен үйге қайту Scratch ортасында қажетті кейіпкерді қолдан салуға болады. Программа ортасының өз графикалық редакторы бар (2-сурет). Жаңа білім 2-сурет. «Графикалық редактор» терезесі Әрекетті болдырмау Суретті тазалау, қосу, импорттау Суретті басқару Құрал тақтасы Жұмыс аймағы Сызықтың ені Түстер палитрасы Қылқалам Құйып бояу Алматыкiтап баспасы
31 1. Ерекшеленгенді қияды (3-сурет). 2. Спрайтты не көріністі көлденеңінен бұрады. 3. Спрайтты не көріністі тігінен бұрады. 4. Спрайттың центрін өзгертеді. 1 2 3 4 3-сурет. Суретті басқару Қылқалам (Кисть) – сурет салуға арналған құрал. Қылқаламмен сызатын сызықтың қалыңдығын «Сызықтың ені» батырмасын жылжыту арқылы өзгертеді (4-сурет). 4-сурет. Қылқалам құралын қолдану 5-сурет. Құйып бояу Құйып бояу (Заливка) – таңдалған түс бойынша жабық аймақтарды бояу құралы (5-сурет). Фонның суретін салу үшін сурет салу құралдарын пайдалана білу керек (7-сурет). а) Түзу, төртбұрыш, шеңбердің суретін салады. ә) Жабық аймақтарды толық бояйды. б) Өшіргіш. в) Өшіру мен көшіру үшін сурет таңдауға болады. Таңдалған сурет ерекшеленеді де, Ctrl+C пернелері бірге басылады. Графикалық редактормен фонды қолдан салып, сахнаға қоюға болады (6-сурет, ffiызыл ба дарша). Сахнаға фонды салмай, дайын фонды пайдалануға да болады (6-сурет, көк ба дарша). кейіпкер құру – создание персонажа – character сreation 6-сурет Алматыкiтап баспасы
32 Кейіпкердің суретін салайық. Терезеден Жаңа спрайт салу батырмасын басамыз (8-сурет, ffiызыл тіктөртб рыш). 8-сурет. Кейіпкерді салу батырмасы 9-сурет. Кейіпкер 7-сурет. Фонға сурет салу Кейіпкердің суретін (9-сурет) 7-суреттегі (а) фигуралардың көмегімен саламыз. Салған суретті үлкейту немесе кішірейту үшін (в) таңдау құралын қолданамыз. Суретті оңға бұру үшін 31-бет, 3-суреттегі бұру құралын таңдаймыз. Суретті бояу үшін (ә) құйып бояу құралын пайдаланамыз. Егер қателессең, (б) өшіргіш құралын қолдан. Фон мен спрайтты біріктіргенде 33-бет, 10-суреттегі жобаны аламыз. Жобаның скриптісі 33-бет, 11-суретте берілген. Бала қозғалуы үшін спрайтты тінтуірмен шертіп отыру керек. Ол үшін Оқиғалар блогынан Спрайт басылған кезде командасын таңдаймыз. Баланың аяғы жасыл түске тигенде, ол өз қозғалысын тоқтатады. а) Тіктөртбұрыш салу ә) Құйып бояу б) Өшіргіш в) Таңдау Өзің құрған фонды пайдалана аласың (7-сурет). Алматыкiтап баспасы
33 10-сурет. Жобаның орындалу сәті Орында 1. «Мектептен үйге қайту» жобасындағы баланың іс-әрекетінің алгоритмін сөзбен сипаттаңдар. Оны алгоритмнің қай түріне жатқызуға болады? 2. Күнделікті өздеріңе таныс бір іс-әрекетті Scratch-те орындау алгоритмін жоспарлаңдар. Төменде берілген суреттердің бірін таңдаңдар. Scratch программалау ортасының графикалық редакторында салыңдар. Ойлан • Кейіпкерді графикалық редакторда салған кезде қандай қиындық туындады? • Графикалық редактор құралдарының арасынан өзіңе ұнаған 3 құралды ата. Не үшін таңдағаныңды түсіндір. 11-сурет. Жобаның скриптісі әйтпесе басылған кезде егер түсіне тиіп тұр ма? онда қадам жылжу stop бұл скрипт 10 1 2 3 Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Алматыкiтап баспасы
34 Зерттеу және шығармашылық тапсырмалар II бөлім Бөлім бойынша алған біліміңді қорытындылайсың. 1-тапсырма Күнделікті өзіңе таныс іс-әрекеттер бойынша тармақталу алгоритмінің толық және қысқа түрлеріне екі мысалдан құрастыр. Мысалы: Егер компьютерде жұмысты аяқтасақ, онда компьютерді өшіреміз немесе жұмысты жалғастырамыз. № Шарт Нәтиже Скрипт 1 жауап >40 онда 60 қадам алға жылжиды. әйтпесе 30 қадам артқа жылжиды. Ескерту. Спрайт артқа жылжуы үшін «–» таңбасын қою керек. 2-тапсырма Scratch-те шартты тексеру командаларын (толық, қысқа түрі) қолдан. Ол үшін Мысық спрайтына арналған скриптілер құр. Тапсырманы орындау үлгісі: № Шарт Нәтиже 1 20 < жауап онда 30 қадам алға жылжиды. әйтпесе «Алға жүруге болмайды» деп айтады. 30 қадам артқа жылжиды. 2 жауап =15 онда «Сәлем» деп айтады. әйтпесе Сахна бетінен жасырынады. 3 1 0 > жауап онда 10 қадам алға жылжиды. 1 секунд күтеді. «Сау бол!» деп 2 секунд айтады. Тапсырмалар Алматыкiтап баспасы
35 3-тапсырма Суретпен жұмыс істеу 1, 2, 3-суреттердегі оқиғалардың сөзбен сипатталған алгоритмін құр. 4-тапсырма Суретпен жұмыс істеу 1, 2, 3-суреттердегі оқиғалар алгоритмінің блок-схемасын құр. 1-сурет 2-сурет 3-сурет 5-тапсырма Scratch-тің графикалық редакторында автокөлік спрайтын құр. Автокөліктің суретін кезең-кезеңімен сал. - 6-тапсырма Scratch-те автокөлік спрайты үшін сөзбен сипатталған алгоритмнің скриптісін құр. 1. Автокөлік орнынан 100 қадам алға қозғалады. 2. Сигнал береді (дыбыс ойнау командасын қолдану). 3. 2 секунд күтеді. 4. Автокөлік орнынан 50 қадам артқа жылжиды. 5 1 2 3 4 Алматыкiтап баспасы
36 Сен Сен СӨЗБЕ-СӨЗ Ортақ тақырыптар: «Менің мектебім», «Менің туған жерім» III бөлім пернетақтаның құрылымымен; пернелердің қызметімен; Блокнот программасымен; WordPad мәтіндік редакторымен, оның терезесімен танысасың. пернетақтада жаттығу жасауды; Блокнот программасында мәтін теруді; кейіпкерлер арасында мәтіндік диалог ұйымдастыруды; спрайттарды пернетақтамен басқаруды; пернетақтаның көмегімен мәтін теру тілін ауыстыруды үйренесің. Алматыкiтап баспасы
37 Алматыкiтап баспасы
38 • Мәтін жазу және теру құралдарының құрылғылары қалай дамыған? 1-суретке қарап әңгімеле. • Пернетақтада жұмыс істеу ережелерін білесің бе? Пернетақтаның құрылымымен танысасың. Жаңа білім Alt+Shift немесе Ctrl +Shift пернелер жұбын бір уақытта басқанда, пернетақтада жазу алфавиті ауысады. ҚАЗ – қазақ тілі, РУС – орыс тілі, ENG – ағылшын тілі. 9 Пернетақтамен танысу III бөлім 1-сурет 2-сурет. Пернетақта Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. пернетақта – клавиатура – кeyboard перне – клавиш – keys Пернетақтамен әріп, сан, символ және команданы енгізуге болады. Пернетақтадағы Shift, Ctrl, Alt пернелері жеке өзі қолданылмайды. Бұл пернелер басқа пернелермен бірге қолданылып, жаңа командалар алынады. Жасаған фирмасына қарай пернетақтада 101-ден 109-ға дейін перне болады. Екі қолмен жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін пернетақта оң және сол аймаққа бөлінген (2-сурет). Алматыкiтап баспасы
39 Пернетақтаның мәтін теруге қажетті пернелерімен танысайық (3-сурет). 3-сурет. Мәтін теруге қажетті пернелер Кесте Пернелердің қызметі № Перненің атауы Қызметі 1 Esc Соңғы команданы болдырмайды. 2 Enter Жолды енгізуді аяқтап, команданы орындайды. 3 Space Сөздердің арасына бос орын қояды. 4 Backspace Меңзердің сол жағындағы символды жояды. 5 Delete Меңзердің оң жағындағы символды жояды. 6 Бағдаршалар Меңзерді 1 символға оңға, солға, жоғары, төмен жылжытады. 7 Caps Lock Әріптерді бас әріппен жазады. 8 Ctrl, Alt, Shift Басқа пернелердің әрекеттерін өзгертеді. Мысалы, Ctrl + P құжатты басып шығарады. 9 Shift + әріп Кіші әріпті бас әріпке ауыстырады. 1. Компьютерді іске қос. 2. Блокнот программасын іске қос. Ол үшін Жұмыс үстелінде тінтуірдің оң жақ батырмасын бас. Қолдан Практикалық жұмыс Меңзер – экранда символ пайда болатын орынды жыпылықтап көрсетіп тұратын белгі. Блокнот – компьютердегі ең қарапайым мәтіндік редактор. Алматыкiтап баспасы
40 Кестедегі сөздерді теру кезінде қате жіберілген. Осы қателерді тауып, түзету ретін ұсыныңдар. Орында 3. Құру (Создать) Мәтіндік құжат (Текстовый документ) командаларын орында. 1-тапсырма. Пернетақтада мына сөздерді тер: Отан, мектеп, үй 2-тапсырма. Алдымен қате сөздерді тер, содан кейін оларды түзе: калам қалам, сумка сөмке 3-тапсырма. Пернетақтадан мына символдарды тер: . , ! = ? ; «» ( ) % 1 6 9 + 4. Файлға «Сөз» атауын беріп, сақта. 5. Enter пернесін бас. Қате сөздер Пернелер Түзетілген сөздер Кытап Backspace і Кітап Дәптар Жілкы Акку «Пернелер қызметі» тақырыбындағы сөзжұмбақты шешіңдер. Көлденеңінен: 1. Меңзердің сол жағындағы символды жояды. (Backspace) 2. Меңзердің оң жағындағы символды жояды. (Delete) 3. Бас әріппен жазуға көмектеседі. (Shift) Тігінен: 1. Басқа перне қызметін өзгертетін перне. (Ctrl) 2. Соңғы команданы болдырмайды. (Esc) 3. Сөздердің арасына бос орын қояды. (Space) 4. Жолды енгізуді аяқтайды. (Enter) 3 2 1 1 4 2 Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Алматыкiтап баспасы
41 Пернетақтада мәтін теруді үйренесің. Пернетақтаның пернесінде қазақ, орыс және ағылшын әріптері бірге орналасады. Пернені басқанда әріп пен символдарды шатастырмай, жылдам әрі дұрыс теру керек. Ол үшін пернетақтада жаттығу программасын пайдаланған ыңғайлы. Пернетақта жаттығуы программасын интернеттен көшіріп алуға болады. Пернетақтамен жұмыс істеу үшін оның құрылысын білу өте маңызды. Пернетақта бес бөлікке бөлініп қарастырылады (2-сурет). Жаңа білім 10 Пернетақтада жаттығу III бөлім • Өзің оқитын мектебіңді үш сөзбен сипаттай аласың ба? (1-сурет) • Сипаттаған сөздеріңді пернетақтада қалай жылдам теруге болады? • Пернетақтада мәтінді жылдам теруді үйрететін программаларды білесің бе? 1-сурет. Менің мектебім 2-сурет. Қазақша әріптері бар пернетақта Алматыкiтап баспасы
42 Біз пернетақтаның негізгі бөліктерін білдік. Енді Блокнот программасын іске қосып, пернетақтада мәтін теріп жаттығу жасайық. Блокнотты іске қосу үшін мына әрекеттерді орындайық: Іске қосу (Пуск) Барлық программа (Все программы) Стандартты (Стандартные) Блокнот Пернелерді жылдам басып үйрену үшін қолдың саусақтары дұрыс орналасуына назар аудар (3-сурет). 1-жаттығу. Екі әріптен тер (4-сурет). аа лл аа ла ла ал вт вт вт вт вт тв тв вт тв зв вз зв 4-сурет. Блокнотта қатар терілген екі әріп 3-сурет. Қол мен саусақтардың дұрыс орналасуы Қолдан Практикалық жұмыс 1 Басу пернелері: алфавиттік, 4 цифрлық және таңбалық. Басқару пернелері: Esc (эскейп), Enter (энтэр), Shift (шифт), Alt (альт), Ctrl (контрол), Tab, Caps Loсk ... Қызметтік пернелер: F1-ден F12-ге дейін. Меңзерді басқару пернелері: бағдаршалар, Home (хоум), End (энд)... Қосымша сандық пернелер: Num Lock (нам лок) және т.б. 2 5 3 меңзер – курсор – сursor орналасу – расклад – layout Алматыкiтап баспасы
43 Пернетақтада жылдам әрі қатесіз жазу үшін не істеу керек? Пернетақтада жаттығу үшін үш тапсырмадан құрастырыңдар. Құрастырған тапсырмаларға түсініктеме беріңдер. Пернетақтадағы пернелердің басылуы туралы дерек берілген. Сол деректі пайдаланып, терілген әріптер тізбегін табыңдар. Мысалы, 3А2р2а «АААрраа әріптерін тер» деген. Бұл: А әрпін 3 рет, р әрпін 2 рет, а әрпін 2 рет тергенді білдіреді. Орында Мына пернелер ретімен басылғанда қандай сөздер пайда болады? Ойлан 2-жаттығу. Үш әріптен тер. ффф шшш ааа фаш ашф шфш фаа фша как окк аок 3-жаттығу. Төрт әріптен тер. фшал ффшш аалл шфшф шфаа фшал како куку аоуу 4-жаттығу. Пернетақтада жазу ережелерін орындай отырып, оқитын мектебіңді сипаттап жаз. Зәулім, үлкен, кең, жарық, таза, әдемі. 1) 4ғ3і4ү5а 2) 2%5x3k 3) 6Л8с4б5З • Пернетақтада жылдам әрі қатесіз жазу үшін қандай ережелер ұсынар едің? 1 F А У Н К Л Backspace F А Shift ! 1 2 J О N Т Caps Look Backspace H Р У Н Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. + A F Алматыкiтап баспасы
44 Мәтін теруде пернетақтаны пайдалануды үйренесің. Пернетақтамен жұмысты жақсы меңгеру үшін мәтіндік редакторда мәтін теріп үйренейік. Мәтіндік редактордың түрі көп. Солардың арасында кең тараған WordPad мәтіндік редакторымен танысайық (2-сурет). Жаңа білім Мәтін теруде пернетақтаны басқару 11 III бөлім • Өзің оқитын сыныбыңның қандай ерекшелігін атай аласың? (1-сурет) • Құрастырған сөйлеміңді компьютер- де қалай теріп, қалай сақтауға бола- ды? • Компьютерде мәтін теруге арналған қандай программаларды білесің? 1-сурет. Менің сыныбым WordPad-ты іске қосу Пуск Все программы Стандартные WordPad WordPad-та қарапайым құжаттар жасауға болады. Пернетақтадан әріп, цифрларды бассақ, олар редактордың жұмыс алаңында көрінеді. WordPad-та мәтін теріп, сурет пен дыбысты қоюға болады. Редакторды іске қосу үшін мына әрекеттерді орындайсың: Редактор (лат. «editor» – «ретке келтіру») – мәтіндегі қателерді тексеретін, түзететін маман. мәтін – текст – text сақтау – сохранить – save Алматыкiтап баспасы
45 2-сурет. WordPad терезесінің құрылымы WordPad-тың ең жиі қолданылатын құралдары Құжат құру Құжат ашу 1. Мәтіндік редакторды іске қос. 2. Жұмыс алаңының ортасына меңзерді қой. Менің мектебім тақырыбын жаз. 3. Жоғарыда берілген үш сөйлемді абзацтан бастап тер. 4. Жазылған мәтінді Менің мектебім атауымен жұмыс үстеліне сақта. 5. Мәтінді сақтау үшін Файл – Қалай сақтау (Сохранить как) командаларын орында немесе батырмасын бас. Мәзір Терезені басқару батырмалары Құралдар тақтасы Сызғыш Әртүрлі нысандар кірістіру. Мысалы, сурет қою Жұмыс аймағы Қолдан Практикалық жұмыс Менің мектебім Мен 2-сыныпта оқимын. Мектебім маған ұнайды. Мен білім алу үшін күн сайын мектепке баруға асығамын. Құжат сақтау Тақырып Алматыкiтап баспасы
46 Мәтін тергенде пернетақтадағы қазақ алфавитіне тән ә, ө, ұ, ү, і, ғ, қ, ң, һ әріптерінің орналасуын білу керек. Бұл әріптердің пернетақтада орналасқан орнын анықта. Мысалы, ң 4. Орында Мәтіндік редакторда берілген символдарды теріңдер. Кейбір символдар ағылшын алфавитінің орналасуына қатысты. *** !!!***!!!*** ???###???@@@$$$$ ,,,,,,,......... ІІІІҰҰҰҰӘӘӘӘ((((((()))) ҚҚҚ ҺҺҺҺ ҢҢҢ ҮҮҮҮӨӨӨӨӨӨӨ Мәтінді қолмен жазған ыңғайлы ма, әлде компьютерде терген ыңғайлы ма? Венн диаграммасының көмегімен салыстыр. Ойлан Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Айырмашылығы Айырмашылығы Ұқсастығы Алматыкiтап баспасы
47 Scratch ортасында спрайтты пернетақтаның көмегімен басқаруды үйренесің. Scratch ортасында спрайтты пернетақтамен басқаруға арналған командалар бар. Олармен танысайық. Программа ортасының Оқиға блогында оқиғаны перне арқылы басқаратын өз командасы бар (2, 3-суреттер). Спрайтты кез келген немесе нақты бір пернемен басқаруға болады. Мысалы, «а» пернесімен (3-сурет) басқарылады. Спрайтты пернетақтамен басқаруды үйрену үшін келесі бір жобамен танысайық. Жаңа білім 12 Спрайтты пернетақтамен басқару III бөлім • Компьютердегі ойындарды басқару- ға арналған қандай құрылғыларды білесің? 1-суретке қарап әңгімеле. • Тек пернетақтамен басқарылатын ойындарға мысал келтіре аласың ба? • Scratch-те спрайтты пернетақтамен басқаруға бола ма? 1-сурет. Компьютерлік ойындарды басқаруға арналған құрылғылар 2-сурет 3-сурет кез келген а ғарыш нұсқары жоғары нұсқары төмен нұсқары оңға нұсқары солға кез келген а b батырмасы басылғанда Алматыкiтап баспасы
48 Гауһар 2-сыныпта оқиды. Ол күнде таңертең мектебіне асығады. Сабақтан соң үйіне қайтады. Гауһардың осы қозғалысын программалау ортасында жобала. Жобаны орындау үшін «Мектептен үйге қайту» жобасын (8-сабаffi) жетілдірейік. Жобаны пернемен басқа руды үйре нейік. Жобаны орындау үшін бізге не қажет? 1. Фон: өсіп тұрған ағаштар, күн, жол. 2. Спрайттар: 1) мектеп; 2) үй; 3) оқушы қыз (4-сурет). 4-сурет. Спрайттар Фон мен кейіпкерлерді программаның графикалық редакторында салуға болады. Жобаның орындалу сәті 5-суретте берілген. 5-сурет. Жобаның орындалу сәті Алматыкiтап баспасы
49 6-суреттегі жобаның скриптісін талда. Төмендегі өзгерістерді жобаға енгізсек, оның скриптісі қалай өзгереді? 1. Жобаны орындау үшін басқа пернені тағайындау. 2. Қыз мектепке жылдам барып, баяу оралатындай етіп өзгерту. Орында 6-суреттегі жоба скриптісіне 7-суреттегідей өзгеріс жасалды. Скрипт орындалғанда қандай өзгеріс болады? Ойлан Жобаның скриптісі оқушы қыз спрайты үшін жа салған. 1. Жобаны орындау үшін «b» пернесін таңдаймыз. 2. «b» пернесін басып тұрғанда, оқушы қыз үйден мектепке қарай қозғалады. 3. Қыздың кері қайтуы үшін Спрайт 1-дің Спрайт 2-ге жанасуын анықтаймыз. 4. Жанасқанда спрайт 90 градус командасымен кері бұрылады (6-сурет). 7-сурет. Жобаның скриптілері 6-сурет. Жобаның скриптісі спрайтты басқару – управление спрайтом – sprite control Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Алматыкiтап баспасы
50 Scratch-те кейіпкерлер арасында мәтіндік диалог ұйымдастыруды үйренесің. Scratch ортасында кейіпкерлердің арасында мәтіндік диалог ұйымдастыруға болады. Мұндай диалогтерді құру өте маңызды. Мәтіндік диалогтердің көмегімен сөздік, ойын, мультфильмдер жасалады. Ал енді кейіпкерлердің арасында диалог ұйымдастыру үшін Келбет (Внешность) блогының командаларымен танысайық (кесте). Кесте № Команда Қызметі 1 Команда терезесіне жазылған мәтінді ( ) секунд айтады. 2 Кейіпкер мәтінді ( ) секунд айтып, ойланады. 3 Команда терезесіне жазылған мәтінді айтады. 4 Кейіпкер мәтінді айтып, ойланып тұрады. Жаңа білім 13 Мәтінмен жұмыс істеу III бөлім • 1-суретте атасы мен немересі бей- неленген. Олар не туралы әңгімелесіп отыр деп ойлайсың? • Сенің отбасыңда Отан, туған жер туралы әңгімені кімдер айтады? • Scratch-те кейіпкерлердің өзара диалогін құрып көрдің бе? 1-сурет. Атасы мен немересі Алматыкiтап баспасы