101 Жоба жасау алгоритмімен танысасың. • Қай тақырыпта жоба жұмысын орындағың келеді? • Құратын жобаң қандай қадамдардан тұрады? • Жобаны компьютерде ресімдеу үшін нені білуіміз керек? Жаңа білім Біз «жоба» дегеннің не екенін білдік. Оны компьютерде ресімдеуді меңгердік. Осы жинақтаған білімді қолдана білу маңызды. Сол үшін нақты бір тақырыпта жобаны жоспарлау алгоритмімен танысайық (кесте). Кесте Жобаны жоспарлаудың негізгі қадамдары Білгім келеді... Жобаның негізгі кезеңдері • Табиғатқа кім зиян келтіреді? • Табиғатты қорғау неліктен маңызды? • Табиғат адамға не береді? • Табиғатты қорғауға қалай үлес қоса аламыз? • Табиғатты қорғаудың қарапайым ережелері неден тұрады? • Қоршаған ортаның ластану себептерін анықтау. • Табиғатты қорғаудың қарапайым ережелерін құрастырып, ұсыну. Менің жобам Менің болжамым, ұсынысым • Табиғатты қорғаудың қарапайым ережелері. • Адамдар табиғатқа өзінің кейбір іс-әрекетімен зиянын тигізеді. Зиян келтірмеу үшін табиғатты қорғау ережелерін сақтау керек. Менің мақсатым Тағы нені білгім келеді? • Сыныптастар мен ересектердің назарына табиғатты қорғаудың қарапайым ережелерін ұсыну. • Адамдардың қандай іс-әрекеттері қоршаған ортаның ластануына әкеліп соғады? Жоба жасау алгоритмімен танысу VI бөлім 30 1 2 3 4 5 6 Алматыкiтап баспасы
102 Жобаны жоспарлаған соң оны төмендегі әдіс бойынша ресімдеуге болады. Жобаның тақырыбы: «Табиғатты қорғаудың қарапайым ережелері». Жобаны орындау барысындағы бөлімдерді көрсет Кіріспе бөлім Жобаның мақсаты Негізгі бөлім 1. Адамның тіршілігі үшін табиғаттың маңызы 2. Адамдар табиғатқа қандай зиян келтіруде? 3. Табиғатты қорғаудың қарапайым ережелері Қорытынды бөлім Жобаны орындау бойынша қорытынды жасау Ақпарат көздерін көрсет Оқулықтар, кітаптар Көрме Интернет, компьютер Тәжірибелерге шолу Мамандардың пікірі Электрондық көрме Бүктеме Табиғатты қорғау ережесін бүктеме түрінде ұсыну Модельдер көрме – выставка – exhibition тәжірибе – опыт – experience Жобаны ұсыну түрі Алматыкiтап баспасы
103 Орында Табиғатқа кімнің қамқорлық жасап, кімнің зиян келтіргенін сурет бойынша анықтаңдар. 1. Табиғатты, қоршаған ортаны қорғаудың қарапайым ережелерін құрастырыңдар. 2. Құрастырған ережелеріңді мәтіндік редакторда теріп, оны сақтаңдар. Қоршаған ортаға әсер Мәтіндік редакторда терген ережелеріңді суретпен безендіріңдер. Ережеге сәйкес келетін екі суретті интернеттен көшіріп қойыңдар. Ойлан Берілген үш суреттің бірін таңда. Осы сурет бойынша қандай тақырыпта жоба жұмысын ұсынар едің? Жоба тақырыбын жоспарлауда 94-беттегі кестені басшылыққа ал. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. 1 2 3 Алматыкiтап баспасы
104 «Билейтін роботты» жинауды үйренесің. • Қазақ халқының және елімізде тұратын этностардың қандай ұлттық билерін білесің? (1-сурет) • Роботты қалай билетуге болады? • «Билеу алгоритмі» ұғымын қалай түсіндірер едің? (2-сурет) Жаңа білім Күнделікті тұрмысымызды алгоритмсіз елестету мүмкін емес. Біздің атқаратын кез келген жұмысымыз белгілі бір алгоритмдерден тұрады. Мысалы, саяхатқа шығудың, робот құрастырудың, сабақ оқудың өз алгоритмі бар. Демек, біздің өмірімізде алгоритмнің маңызы ерекше. Бидің түрі көп. Әр бидің өзіндік қимылы мен іс-әрекеті бар. Оны билеу алгоритмі деуге болады. Билеу кезінде би әдемі көріну үшін, бишінің қателесуіне болмайды. Сол үшін бидің нақты тізбегін, яғни алгоритмін білуі керек. Роботты да биге үйретуге болады. Роботты билету үшін мынадай іс-әрекетті орындауымыз керек: 1-сурет. «Достық» биі 2-сурет. Роботтың биі «Билейтін робот» жасау VI бөлім 31 Алматыкiтап баспасы
105 1. «Билейтін роботты» жинау. 2. Бидің музыкасын (музыкалық файлды) таңдау. 3. Билеу алгоритмін құру. 4. Роботқа арнап программа жазу. «Билейтін роботты» құрастыру үшін 3-суреттегі робот моделін таңдаймыз. Робот тың негізгі құрылғылары: басқару блогы, үлкен қозғалтқыш блоктар және ортақ қоз ғалтқыш блоктар. Билеу командасын беру үшін жанасу датчигін қосамыз (4-сурет). 3-сурет. Билейтін робот 4-сурет. «Билейтін роботты» құрастыру кезеңдері 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 6 10 билейтін робот – танцующий робот – dancing robot Алматыкiтап баспасы
106 Билейтін робот құрастыр. Ол үшін 4-суретте берілген роботты жинау кезеңдерін солдан оңға қарай ретімен орында. Суреттен көріп тұрғанымыздай, билейтін робот негізгі екі бөліктен тұрады. Ол – роботтың кеудесі мен аяғы. Қозғалыс кезінде құлап қалмауы үшін роботтың аяғына 4 дөңгелек қою керек. Орында Роботты қандай музыкаға билеткілерің келеді? Робот билейтін музыканы таңдаңдар. Не үшін сол музыканы таңдадыңдар? Себебін түсіндіріңдер. Таңдаған музыкаға билеген роботтың биін көз алдарыңа елестетіңдер (5-сурет). Өздерің таңдаған робот биінің алгоритмін құрастырып, қағазға салыңдар. Ойлан • «Билейтін роботты» жинаудың мақсаты қандай? • «Билейтін роботты» жинауға қандай бөлшектер пайдаланылған? • Адам мен робот биінің қандай айырмашылығы бар? 5-сурет Берілген ребусты шешсең, қазақ халқының ұлттық биі қалай аталатынын білесің. Қолдан Практикалық жұмыс Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Алматыкiтап баспасы
107 «Билейтін роботқа» арналған программа құруды үйренесің. • Робот биінің алгоритмін ауызша қалай сипаттайсың? • Роботқа билеуге арналған әуенді қалай жүктеуге болады? Есіңе түсір. Өткен тақырыпта «Билейтін роботты» жинау кезінде оған жанасу датчигін орналастырғанбыз. Жанасу датчигінің программа блогы 1-суретте берілген. Бұл датчик іске қосылғанда робот бірден билеп кетпеу үшін қойылған. Роботтың билеу шарты ретінде жанасу датчигін басып-ажырату керек. Жанасу датчигі жұмысының блок-схемасы 2-суретте берілген. «Билейтін робот» программасы VI бөлім 32 Басыпажыратылды ма? Басуды күту Командаларды орындау Соңы 1-сурет. Программа блогы 2-сурет. Жанасу датчигі жұмысының блок-схемасы Келесі қадамда билеу үшін роботқа әуен таңдайық. Ол үшін интернеттен «Балалық шаққа саяхат» (А. Еңсепов) күйін көшіріп алайық. Таңдаған әуенді EV3 роботының программасында өңдеу үшін программаны іске қосамыз. Құралдар (Инструменты) Дыбыс редакторы (Редактор звука) командаларын орындап, әуенді сақтаймыз. Осы әуенге билету үшін робот қозғалысын ауызша сипаттап, алгоритмін жазамыз. Робот биіне арналған алгоритм 1. Жанасу датчигін басып-ажырату арқылы роботқа билеуге команда беріледі. 2. Би әуені ойнайды. 3. Робот қолын жоғары көтеріп, төмен түсіреді. 4. Алға қарай 2 айналымға қозғалады. 5. Қолын жоғары көтеріп, төмен түсіреді. 6. Кері қарай 2 айналымға қозғалады. Жаңа білім Жоқ Иә Алматыкiтап баспасы
108 3-сурет. «Билейтін робот» программасы Робот биіне арналған алгоритм бойынша оның программасын құрып, роботқа салып тексереміз (3-сурет). Орында 3-суреттегі «Билейтін робот» программасын әрі қарай жалғастырыңдар. Программаға қандай блоктар қосасыңдар? Роботтың биін толығымен алу үшін программаны жалғастыру керек. 7. Робот оңға қарай бұрылады. 8. Қолын жоғары көтеріп, төмен түсіреді. 9. Алға қарай 2 айналымға қозғалады. 10. Қолын жоғары көтеріп, төмен түсіреді. 11. Кері қарай 2 айналымға қозғалады. 12. ... . Келесі қадамда «Билейтін роботқа» арналған программаны құрастырайық. Ол үшін жоғарыда құрастырған алгоритмді программаға айналдырамыз. Робот биді бастауы үшін программада жанасу датчигін қолданамыз. Роботқа 3-суретте берілген программаны енгіземіз. Бұл программа іс-әрекетті жоғарыда берілген алгоритм бойынша орындайды. Қолдан Практикалық жұмыс программаны жүктеу – загрузить программу download a program Алматыкiтап баспасы
109 Жобаны дайындау барысын жоспарлайсың. Құрастырған роботты аудиторияға ұсынуды үйренесің. Рөлдік ойындар арқылы өтілген тақырыптарға шағын жобалар дайындайсың. • Жобаны дайындау мен қорғау кезеңдерін білесің бе? • Жоба дайындауда оның қай кезеңдеріне ерекше назар аудару керек? Жобаны орындау барысын жоспарлай біл! Ол үшін: • ең қызықты деп тапқан ақпараттарды бөліп ал; • тақырыпқа сай сурет пен фотосуреттерді жинақтап, дайында; • бөліп алынған ақпараттарды қайта өңдеп, толықтыр; • жобаны ресімде. Жобаны қорғау кезінде назар аудар! Ол үшін: • сыныптастарыңды таңдаған тақырыбыңмен таныстыр; • тақырыпты не себепті таңдағаныңды түсіндір; • мақсат пен міндеттеріңді айқында; • пайдаланған құралдарыңды атап шық; • тақырып бойынша қысқаша шолу жаса; • жобаны орындауда пайда болған ойыңды ортаға сал; • жоба барысында үйренген жаңа білім мен дағды туралы әңгімелеуге дайындал; • жоба қорытындысымен таныстыр. Жобаны қорғау VI бөлім 33–34 жобаны орындау – выполнение проекта – execution of a project Алматыкiтап баспасы
110 Жобаны қорғауда шеберлік таныт! Ол үшін: • көпшілік ортада пікірталас жүргізе білуге; • өз пікіріңді қорғауға; • көпшілікпен ортақ бір пікірге, ымыраға келуге; • қойылған сұрақтарға анық, нақты жауап беруге дайын бол. Ол үшін: • сөйлеу мәнеріңді дұрыс қалыптастыруға; • әртістік қабілетіңді көрсетуге; • тосын сұрақтарға байыппен жауап бере білуге дайын бол. Жобаңның сәтті шығуы қалай бағаланатынын біл! Ол үшін: • жобаны өз бетіңше орындауды; • тақырыпты ашуды; • мәселені ұсынудың өзіндік жолын табуды; • жобаны қорғауда әртістік қабілет танытып, өзіңді дұрыс ұстауды; • қойылған сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап беруді біл. Жобаны қорғау және ұсыну алгоритмін пайдалан. Орында Алматыкiтап баспасы
111 2-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқу барысында Scratch программалау ортасында жұмыс істеумен танысып, роботтармен әртүрлі жобалар жасауды үйрендің. Пернетақтаның құрылысын меңгердің. Мәтіндік редактормен жұмыс істеп, дыбыс өңдейтін программаны игердің. Файлдар мен бумалар туралы білдің. Жоба және оның түрлері, жобаны қорғау туралы білімің кеңейді. Алған біліміңді пайдалану үшін рөлдік тапсырмалар береміз. Берілген тапсырмаларды шағын жоба түрінде дайындап, ұсын. Сенің рөлің – «Цифрлық сауаттылық» пәнінің мұғалімі. Тапсырма. 2-сынып оқушылары үшін компьютерді денсаулыққа зиян келтірмей пайдалану ережесін дайында. Сенің рөлің – журнал редакторы. Тапсырма. «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында балалар журналы «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында мақала жариялауды жоспарлауда. Осы журналдың редакторы ретінде мақаланы мәтіндік редакторда дайындап, ұсын. Сенің рөлің – программалаушы маман. Тапсырма. Сен балаларға арналған мультфильм шығарумен айналысатын танымал компанияның қызметкерісің. Scratch ортасында балабақша балаларына арналған шағын мультфильмнің жобасын дайындап, ұсын. Жобаға дайындық барысында туындаған сұрақтармен танысасың. Практика жүзінде жобаның дайындалу кезеңдерімен танысасың. VI бөлім Қорытындылау. Жобаларды қорғау Алматыкiтап баспасы
112 Сенің рөлің – робот құрастырушы маман. Тапсырма. Роботқа арнап адамның әртүрлі қимыл іс-әрекетін қайталай алатын, сөзбен сипатталған алгоритм дайында. Оның программасының жобасын ұсын. Сенің рөлің – мультимедиалық байқаудың қатысушысы. Мультимедиа – мазмұны компьютердегі дыбыс, бейне, анимациялардан тұратын ақпарат. Тапсырма. Сен қазақтың балаларға арналған танымал өлеңдерінен үздік аудиожазба дайындау бойынша оқушылар арасында өтетін байқауға қатысасың. «Әдебиеттік оқу» пәні сабағында ақындардың өлеңдерінен өзіңе ерекше ұнағанын таңда. Компьютерде микрофонның көмегімен өлеңнің аудиофайлын дайында. Компьютерде «Байқауға» атауымен бума ашып, файлды сол жерге сақта. Компьютердегі аяқталған жобаңа файл ашып, «Менің жобам» бумасында сақта. Жобаны аяқтағаннан кейін дәптеріңе төмендегі сұрақтарға жауап жаз. • Мен таңдаған жобаның тақырыбы. • Мен неге бұл тақырыпты таңдадым? • Жаңадан нені білдім, нені үйрендім? • Керекті ақпараттарды қалай іздеп таптым? • Ақпараттарды қалай сақтадым? • Ақпараттарды қалай тасымалдадым? • Қай нәрсе ұтымды шықты? • Жобадан нені орындай алмадым? • Менің жобаны орындаудан алған әсерім қандай? Алматыкiтап баспасы
113 Глоссарий алгоритм белгілі бір қадамдардан кейін нәтижеге жететін іс-әрекеттердің реті алгоритмді ауызша сипаттау алгоритмді сөз немесе сөйлем жиынтығы түрінде ұсыну ақпарат жаңалық, мәлімет, білім браузер интернеттен ақпарат іздеу үшін компьютерде қолданылатын программа блокнот компьютердегі ең қарапайым мәтіндік редактор блок параметрі блоктарда жазылған деректер бума белгілі бір тақырып не қажеттілік бойынша файлдардың жиынтығы орналасатын нысан датчик роботтың сезу мүшесі; датчиктің көмегімен температура, жылдамдық, жарық, түс, дыбыс және басқаларды өлшеуге болады дыбыс есту арқылы қабылданған ақпарат дыбыстық әсер жасанды түрде жасалған немесе күшейтілген дыбыс дыбыс блогы роботта нота, тон немесе алдын ала дайындалған дыбыстық файлдарды ойнатуға арналған программа Алматыкiтап баспасы
114 дыбыс картасы дыбыстарды өңдеуге арналған компьютер құрылғысы дыбысты өңдеу дыбыс жазбасының бөліктерін жою, әсер беру және ұзарту әрекеттері дыбыс колонкасы дыбыстық ақпаратты шығаратын құрылғы дыбыс көздері өзінен дыбыс шығаратын кез келген дене немесе табиғат құбылыстары жанасу датчигі роботқа арналған датчик; роботтың басқа денелермен жанасқанын не жанаспағанын анықтайтын құрал жарлық (ярлык) компьютердегі файлды, буманы, программаны ашуға сілтеме жоба (лат. «projectus» – «алдын ала») – мұғалімнің бағыттауымен немесе оқушының өз бетінше орындайтын іс-әрекет мәтінді редакциялау терілген мәтінге әріп пен сөз қосу, жою, қателерді түзету меңзер экранда символ пайда болатын орынды жыпылықтап көрсетіп тұратын белгі микрофон компьютерге дыбыстық ақпарат енгізетін құрылғы микшер компьютерде дыбыстық файл орындалғанда, оның әсерін реттейтін программа компьютер ақпаратты өңдеу, сақтау және тасымал дау үшін пайдаланатын құрылғы Алматыкiтап баспасы
115 компьютерлік желі компьютердегі ақпаратты екінші компьютерге тасымалдауға арналған желі контекстік мәзір нысанды тінтуірдің оң жақ батырмасын басқанда пайда болатын командалар тізімі қылқалам сурет салуға арналған құрал құйып бояу (графикалық редакторда) жабық аймақтарды бояуға арналған құрал құлаққап айналаңдағы адамдарға кедергі келтірмей әуен тыңдауға арналған құрылғы ноутбук негізгі құрылғылары ықшамдалған, алып жүруге болатын компьютердің шағын түрі орындаушы алгоритмді орындайтын адам, компьютер т.б. пайдалы ақпарат күнделікті қажеттіліктен туындай тын ақпарат Проигрыватель Windows Media компьютерде дыбысты жазатын, тыңдайтын программа пернетақта компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы планшет программаларды экраннан арнайы қалам немесе саусақ арқылы басқарылатын құрылғы принтер ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы Алматыкiтап баспасы
116 редактор (лат. «editor» – «ретке келтіру» – мәтіндегі қателерді тексеретін, түзететін маман редакциялау терілген мәтінге әріп пен сөз қосу, жою, қателерді түзету реттеуіш (графикалық редакторда) қылқаламның қалыңдығын өзгертетін батырма сервер желідегі басқа компьютерге деректерді жеткі зуге арналған арнайы компьютер сканер бейнелерді компьютерге көшіріп енгізетін құрылғы ұялы телефон сымсыз байланыс жасауға арналған құрылғы тармақталу алгоритмі іс-әрекеттер тізбегінің орындалуы белгілі бір шартқа тәуелді болған алгоритм файл компьютерде атау беріп сақталған ақпараттың жиынтығы шартты алгоритм тармақталу алгоритмінің басқаша атауы цифрлық ақпарат 0 немесе 1 цифрларының тізбегінен тұратын ақпарат цифрлық құрылғы цифрлық ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы web-бет браузермен интернетке кіргенде ашылатын бет web-сайт белгілі бір тақырып бойынша құрылған web-беттер жиыны Алматыкiтап баспасы
117 Пайдаланылған әдебиеттер 1. Бидайбеков Е.Ы. Информатиканы оқыту әдістемесі. – Алматы, 2011. 2. Голиков Д. Scratch для юных программистов. – СПб.; БХВ-Петербург, 2017. 3. Свейгарт Эл. Программирование для детей. – М.; Эксмо, 2017. 4. Жуков И. Компьютер и Интернет с нуля. – М.; АСТ, 2017. 5. Вордерман К. и др. Программирование для детей. Манн, Иванов и Фербер, 2015. 6. Леонтьев В.П. Windows XP. – М.; Медиа Групп, 2007. 7. Валк Л. Большая книга LEGO MINDSTORMS EV3. – Эксмо, 2017. 8. Маржи М. Scratch для детей. Самоучитель по программированию. – М.; Манн, Иванов и Фербер, 2017. 9. Филиппов С.А. Уроки робототехники. Конструкция. Дви жение. Управление. – М.; Лаборатория знаний. 2017. Алматыкiтап баспасы
118 Мазмұны Құрметті оқушы! ...................................................... 3 I бөлім. Компьютерлер мен программалар 1. Денсаулығымызды сақтаймыз ................................ 6 2. Ақпарат іздеу ....................................................... 9 3. Компьютердің енгізу-шығару құрылғылары ...............12 4. Файлдар мен бумалар ........................................... 15 Зерттеу және шығармашылық тапсырмалар ............... 18 II бөлім. Шығармашылық және компьютер 5. Тармақталу алгоритмі .......................................... 22 6. Программалар құруды жалғастырамыз ................... 25 7. Алгоритмді орындау ............................................. 28 8. Жеке кейіпкер жасау ............................................ 30 Зерттеу және шығармашылық тапсырмалар ................ 34 III бөлім. Сөзбе-сөз 9. Пернетақтамен танысу .......................................... 38 10. Пернетақтада жаттығу ........................................ 41 11. Мәтін теруде пернетақтаны басқару ...................... 44 12. Спрайтты пернетақтамен басқару ......................... 47 13. Мәтінмен жұмыс істеу ......................................... 50 14-15. Мультфильм жасау ......................................... 53 16. Зерттеу және шығармашылық тапсырмалар ........... 58 Алматыкiтап баспасы
119 IV бөлім. Мультимедиа 17. Айналамыздағы дыбыстар ................................... 62 18. Дыбыстық әсерлер .............................................. 65 19. Дыбыс жазу ....................................................... 68 20. Дыбысты өңдеу .................................................. 71 21. Практикалық жұмыс .......................................... 74 V бөлім. Роботтехника: датчиктер 22. Роботтың қозғалысы ........................................... 78 23. Робот қозғалысын программалау .......................... 80 24. Роботқа арналған программаны іске қосу ............... 82 25. Роботқа арналған дыбыс ...................................... 85 26. Практикалық жұмыс .......................................... 88 VI бөлім. Роботтехника: «Билейтін робот» жобасы 27. Жоба дегеніміз не? .............................................. 92 28. Жоба идеясының мәтінін теру және редакциялау .... 95 29. Программалар арасында мәлімет алмасу ............... 98 30. Жоба жасау алгоритмімен танысу .......................... 101 31. «Билейтін робот» жасау ..................................... 104 32. «Билейтін робот» программасы ........................... 107 33-34. Жобаны қорғау ............................................ 109 Қорытындылау. Жобаларды қорғау ......................... 111 Глоссарий .............................................................. 113 Пайдаланылған әдебиеттер ...................................... 117 Алматыкiтап баспасы
Басуға 17.06.2022 ж. қол қойылды. Пiшiмi 70х100 1 /16. Есептiк баспа табағы 4,88. Шартты баспа табағы 9,75. Офсеттiк басылым. Әрiп түрi «DS SchoolBook». Офсеттiк қағаз. Таралымы 40 000 дана. Тапсырыс № 3169. Сапасы жөнінде шағымыңыз болса, мына мекемеге хабарласыңыз: Қазақстан Республикасы, «АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ» ЖШС, 050012, Алматы қаласы, Жамбыл көшесi, 111-үй, тел. (727) 250 29 58, факс: (727) 292 81 10. e-mail: [email protected] Сапа және қауіпсіздіктің барлық стандартына сай. Сертификаттау қарастырылмаған. Сақтау мерзімі шектелмеген. Подписано в печать 17.06.2022 г. Формат 70х100 1 /16. Уч.-изд.л. 4,88. Усл.печ.л. 9,75. Печать офсетная. Гарнитура «DS SchoolBooks». Бумага офсетная. Тираж 40 000 экз. Заказ № 3169 С претензиями по качеству обращаться: Республика Казахстан, ТОО «АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ» 050012, г. Алматы, ул. Жамбыла, 111, тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10. е-mail: [email protected] Соответствует всем стандартам качества и безопасности. Сертификация не предусмотрена. Срок годности не ограничен. Әдіскер / Методист – Ф. С. Лекерова Редакторы / Редактор – Л. С. Ахметова Корректоры / Корректор – К. Т. Алипаева Дизайн – Е. С. Жзбаев Суретін салған / Художник – . М. Хасенов Мұқаба / Обложка – Е. С. Жзбаев, А. Б. Т рысбеков, Е. А. Ромахова Беттеуші / Верстка – Г. А. Матаffiбаева QR – Я. В. Константинов Қытайда басылды / Отпечатано в Китае C&C Joint Printing Co., (Beijing) Ltd. No.3 Donghuan North Road, BDA, Beijing, 100176, China Кітаптарды «АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ» ЖШС-ның кітап дүкендерінен сатып алуға болады. Н р-С лтан ffiаласы: Иманов көшесі, 10, тел.: (7172) 53 70 84, 27 29 54; Б. Момышұлы даңғылы, 14, тел.: (7172) 42 42 32, 57 63 92. Алматы ffiаласы: Абай даңғылы, 35/37, тел.: (727) 267 13 95, 267 14 86; Гоголь көшесі, 108, тел.: (727) 279 29 13, 279 27 86; Қабанбай батыр көшесі, 109, тел.: (727) 267 54 64, 272 05 66; Жандосов көшесі, 57, тел.: (727) 303 72 33, 374 98 59; Майлин көшесі, 224 «А», тел. (727) 386 15 19; Төле би көшесі, 40/1, тел.: (727) 273 51 38, 224 39 37. Интернет-дүкен: www.flip.kz Сауда бөлімі, тел.: (727) 292 92 23, 292 57 20. e-mail: sale1@almatуkitap.kz Кітаптар мен басылымдар туралы мағлұматтарды www.almatykitap.kz сайты арқылы білуге болады. Оқулықты пайдалану туралы деректер. Сведения о пользовании учебником № Оқушының аты-жөні Фамилия и имя ученика Оқу жылы Учебный год Оқулықтың жағдайы Состояние учебника Жылдың басында В начале года Жылдың соңында В конце года 1 2 3 4 5 ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ Бастауыш білім беру деңгейінің 2-сынып оқушыларына арналған оқулық ЦИФРОВАЯ ГРАМОТНОСТЬ Учебник для учащихся 2 класса уровня начального образования Кадиркулов Роман Алауович Нурмуханбетова Гулира Кенжеевна Гаипбаева Умида Аппазовна Оffiулыffi басылымы Учебное издание Алматыкiтап баспасы