The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by asem.zhandoskyzy, 2023-11-24 02:44:04

Цифрлық сауаттылық

Оқулық 2 сынып

Keywords: Сауаттылық

51 Кейіпкерлер арасында диалог ұйымдастыру үшін нақты бір жобаны қарастырайық. «Әке мен бала» жобасы Отанын, елін, туған жерін сүю баланың бойына отбасы мен ұстаздарынан дариды. Scratch программалау ортасында әке мен бала арасындағы диалог жобасын құрастырайық. Жоба құруда Келбет (Внешность) блогының командаларын қолданамыз. 1. Жобаның фоны ретінде даланың суретін таңдаймыз. 1-кейіпкер ретінде баланың, 2-кейіпкер ретінде әкенің суретін дайындаймыз (2-сурет). 2-сурет. Жобаға қажетті фон мен кейіпкерлер 2. WordPad программасында әке мен баланың диалогін тереміз. Баласы: Әке, Отан деген не? Әкесі: Балам, Отан – отбасың, туған жерің, елің! Баласы: Мен туған елімді жақсы көремін! Әкесі: Иә, ұлым, Отаныңды, туған еліңді сүю – сенің парызың! 3. Scratch-ке фон мен кейіпкерлерді енгіземіз. 4. Жұмыс алаңында бала (3-сурет) мен әке (4-сурет) скриптілерін құрастырамыз. Қолдан Практикалық жұмыс келбет – внешность – look айту – говорить – say Алматыкiтап баспасы


52 3, 4-суреттердегі жоба скриптілерін талда. Келбет (Внешность) блогына жататын командалардың тізімін жаса. Бұл командалардың жобадағы қызметін ата. «Әке мен бала» диалогіне тағы бір-бірден сөйлем қосу үшін жоба скриптілеріне өзгеріс жаса. «Әке мен бала» жобасын «d» және «f» пернелері арқылы басқару үшін скриптілерге жасалатын өзгеріс алгоритмін ұсыныңдар. Орында Ойлан 3-сурет. Жобадағы «Бала» скриптісі 4-сурет. Жобадағы «Әке» скриптісі • Екі кейіпкер таңдап ал. Олардың арасында болатын диалогтің мәтінін ұсын. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Алматыкiтап баспасы


53 Scratch-те кейіпкерлер арасында мәтіндік диалог ұйымдастыруды үйренесің. • Мультфильмнің қалай жасалатынын білесің бе? • Scratch-те кейіпкерлерді қозғалту командаларын ата. • Қандай тақырыпта мультфильм жасағың келеді? Барлық бала сурет салуды, ойын ойнау мен мультфильм көруді ұнатады. Scratch-ті пайдаланып, мультфильм жасай аласың. Сонымен бірге кейіпкерлерді дыбыспен де сүйемелдеуге болады. Ол үшін Дыбыс (Звук) блогындағы командаларды қолданамыз (кесте). Кесте № Команда Қызметі 1 Дыбысты ойнатады. Дыбыс кітапханасынан дыбысты қосуға болады (1-сурет). 2 Ойнатуға музыкалық аспап таңдауға болады. Жаңа білім 14–15 Мультфильм жасау III бөлім 1-сурет. Жобаға дыбыс пен әуен қосу Мультфильм жасауды үйренейік. Мультфильм жасағанда алдымен оның не туралы екенін анықтау керек. «Туған жерге саяхат» мультфильмінің жобасын жасаумен танысамыз. дыбыс – звук – sound диалог – диалог – dialog Алматыкiтап баспасы


54 1. WordPad-та мультфильмде пайдаланатын мәтінді теріп, сақтаймыз. Бала: Бұл – Нұр-Сұлтан қаласы. Нұр-Сұлтан: Нұр-Cұлтан – еліміздің астанасы. Бала: Бұл – Алматы қаласы. Алматы: Алматы – еліміздің ең ірі қаласы. 2. Scratch-ке фон мен кейіпкерлерді енгіземіз (3-сурет). 3-сурет. Спрайттарды енгізу 3. Скриптілер жазу алаңына баланың (4-сурет), Нұр-Сұлтан (5-сурет), Алматы (56-бет, 6-сурет) қалаларының скриптілерін орналастырамыз. 4. Спрайттардың айтатын сөздерін мәтіндік редактордан мұғалімнің көмегімен көшіріп қоямыз. Мультфильмнің идеясы. Әкесі мен баласы автокөлікпен саяхатқа шығады. Еліміздің астанасы мен ірі қалаларына тоқтайды. Әр қаланың бір ерекшелігін айтып, оларды таныстырады. Мультфильмге қажетті фон мен спрайттар. Фон: жол бейнеленген қазақтың даласы. Спрайттар: әке мен бала, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары (2-сурет). 2-сурет. Мультфильмге қажетті фон мен спрайттар Қолдан Практикалық жұмыс Алматыкiтап баспасы


55 4-сурет. «Бала» спрайтының скриптілері 5-сурет. «Нұр-Сұлтан» спрайтының скриптісі 5. Спрайттар соқтығысқанда дыбыс ойнауы үшін дыбысты жүктейміз. 6. Спрайттарды кез келген пернемен қозғалтуға болады. 7. Мультфильмнің көрсетілім сәті 56-беттегі 7-суретте берілген. 5 секунд күту Таныстыру әуені. mp3 кез келген батырмасы басылған кезде егер Бала , онда жасырыну Нұр-Сұлтан – еліміздің астанасы. дегенге тиіп тұр ма? дыбысын ойнау дегенді секунд айту 2 Алматыкiтап баспасы


56 7-сурет. Мультфильмнің көрсетілімі «Туған жерге саяхат» мультфильмі жобасының скриптісіне талдау жасаңдар. Саяхатқа тағы бір қала қосу үшін жобаға қандай өзгеріс жасау керек? Орында 6-сурет. «Алматы» спрайтының скриптісі Нұр-Сұлтан – еліміздің астанасы. Алматыкiтап баспасы


57 Ойлан Жаңа мультфильм жасауды жоспарлау үшін төмендегі сұрақтарға жауап бер. 1. Қай тақырыпқа мультфильм жасайсың? 2. Мультфильмнің кейіпкерлері кімдер болады? 3. Мультфильм қандай оқиғалардан тұрады? 8-сурет. Мультфильмдер сайты 1. Төмендегі командалар қай командалық блоктарға жатады? 2. Мультфильм жасауда бұл блоктардың қызметі қандай? 3. Осы блоктарды пайдаланып, қандай жоба ұсынар едіңдер? Ауызша сипаттаңдар. Интернеттен https://erketai.kz/multfilmder/ мекенжайын аш (8-сурет). Бұл сайтта балаларға арналған қазақ тіліндегі мультфильмдер бар. Осы мультфильмдерді үлгі етіп, Scratch-те өз мультфильміңнің жобасын ұсын. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Алматыкiтап баспасы


58 Бөлім бойынша тапсырмаларды орындап, алған біліміңді қорытындылайсың. 1-тапсырма Пернетақтасы бар қандай құрылғыларды білесің? Цифрлық құрылғыларда пернетақталар бөлек жалғанады немесе программада орналасады (мысалы, смартфондар). Төмендегі кестені толтыр. № Құрылғының атауы Пернетақта (бөлек жалғанған/ программалық) 1 ... ... III бөлім Зерттеу және шығармашылық тапсырмалар 2-тапсырма Пернелерді жылдам басуды үйрену үшін (1-сурет), қазақ әріптері бар сөздерден үш түрлі жаттығу құрастыр. Пернелерді неге осылай бірге таңдағаныңды түсіндір. № Пернелер Себебін жаз 1 ақ ақ өс өс (лгі) ... 3-тапсырма. «Менің өлкем» жобасы Жайлау – жазғы қоныс. Көктем мен жаз айларында жайлау ерекше әдемі көрініске енеді. 2-суреттегі жобада жайлаудағы жылқы бейнеленген. Жобаның сөзбен сипатталған алгоритмі мен орындалу сәтін қарап, скриптісін құрастыр. 1-сурет. Пернетақта 16 Алматыкiтап баспасы


59 «Менің өлкем» жобасының сөзбен сипатталған алгоритмі: 1) «s» пернесі басылғанда, жылқы алға қарай шабады. 2) Егер жылқы Сахна шетіне жетсе, қайтадан кері шабады. 3) «k» пернесі басылғанда, жылқы кісінейді. 4-тапсырма «Әжесі мен немересі» жобасы а) Scratch-те әжесі мен немересінің арасындағы төрт сөйлемнен тұратын диалог жобасын құр (3-сурет). 2-сурет. «Менің өлкем» жобасы № Әжесі Немересі 1 ... ... ә) Scratch программалау ортасында әже мен немерені кейіпкерлер ретінде таңда. Олардың арасындағы алдыңғы тапсырмада құрған диалогтеріңді көрсететін жоба құр. Тапсырманы орындауға ұсыныс: «Әке мен бала» жобасына қара (51-бет). 3-сурет. Әжесі мен немересі Алматыкiтап баспасы


60 Сен Сен МУЛЬТИМЕДИА Ортақ тақырып: «Дені саудың жаны сау» IV бөлім дыбыс түрлерімен; компьютердің дыбыс құрылғыларымен; компьютердегі музыка ойнату программаларымен; дыбыстық файлдарды өңдеу программасымен танысасың. дыбыс пен оның түрлерін ажыратуды; дыбысты жазу, ойнату программаларын қолдануды; дыбысты көшіру, жою әрекеттерін орындауды үйренесің. Алматыкiтап баспасы


61 Алматыкiтап баспасы


62 Дыбыс пен оның түрлерін ажыратасың. Компьютердегі дыбыс тыңдау және дыбыс жазу құрылғыларымен танысасың. • Қоршаған ортадан қандай дыбыстарды қабылдайсың? (1-сурет) • Қандай дыбыс түрлерін білесің? (1-сурет) • Дыбысты компьютерден қандай құрылғылардың көмегімен тыңдайсың? (2-сурет) Дыбыс адамға қоршаған ортада не болып жатқанын хабарлайды. Дыбыс тарататын жанды және жансыз денелер дыбыс көзі болады. Оларға адам, аң, құс, автокөлік, дыбыс құралдары, табиғат құбылыстары (жел, жаңбыр, найзағай және басқалар) жатады. «Дыбыс картасы» мен «дыбыс платасы» ұғымдары бір мағынаны білдіреді. Жаңа білім 1-сурет. Табиғаттағы дыбыстар 2-сурет. Дыбыс шығару мен дыбыс енгізу құрылғылары Дыбыс картасы Дыбыс картасын жүйелі блоктың ішіне орналастырады Дыбыс колонкасы Құлаққап 17 Айналамыздағы дыбыстар IV бөлім Дыбыс дегеніміз – есту арқылы қабылданған ақпарат. Микрофон Дыбыс картасы дегеніміз – дыбыстарды өңдеуге арналған компьютер құрылғысы. Алматыкiтап баспасы


63 • Компьютер пайда болғанға дейін дыбыстар қалай сақталған? • Адам дыбыстарды ертеде қалай тасымалдаған? Қазір қалай тасымалдайды? • Ұнататын ән-күйіңді қандай құрылғылардың көмегімен тыңдайсың? Компьютерде дыбысты жазатын және тыңдайтын программалар бар. Сондай программалардың бірі – дыбыс ойнатқыш Проигрыватель Windows Media. Медиа – мәтін, бейне және дыбысты біріктіреді. Төмендегі командаларды ретімен орындап, дыбыс ойнатқыш Проигрыватель Windows Media-ны іске қос (3, 4-суреттер). 3-сурет. Проигрыватель Windows Media Құлаққап – цифрлық құрылғылармен жұмыс істегенде, адамның қолы бос болу үшін ойлап табылған құрал. Дыбыс колонкасының артықшылығы – дыбыс деңгейі мен әмбебаптығы (кез келген цифрлық құрылғыға қоса алу). дыбыс колонкасы – звуковая колонка – speaker box құлаққап – наушники – earphones Алматыкiтап баспасы


64 Іске қосу Барлық программа Проигрыватель Windows Media Пуск Все программы Проигрыватель Windows Media 4-сурет. Дыбыс ойнатқыштың негізгі батырмалары Проигрыватель Windows Media программасын іске қос. 1. Файл Ашу (Открыть) командасын орында. Табиғи және жасанды дыбыс.mp4 файлын ашып, оны тыңда. 2. Табиғи дыбыстарды тыңдағаннан қандай әсер алдың? Алған әсерің туралы әңгімеле. 3. Проигрыватель Windows Media программасы (4-сурет) батырмаларының қызметін өзің тексер. Суретке назар аударыңдар. Дыбыстардың адам денсаулығына зияны бар ма? Пайдалы және зиянды дыбыстарға мысал келтіріңдер. Орында Ойлан • Біз қоршаған ортадан қандай дыбыстарды қабылдаймыз? • Естіген дыбыстарыңның түрін ата. Компьютер мен ұялы телефонда дыбыс тыңдаудың ережесін құрастыр. Ойнату Тоқтату Алға-артқа Дыбысты күшейту немесе бәсеңдету Қолдан Практикалық жұмыс Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Алматыкiтап баспасы


65 Дыбыстық әсерлермен танысасың. • Дыбыстың адамға қандай жағымды және жағымсыз әсерлері бар? (1-сурет) • Айналаңнан қабылдайтын дыбыстардың әсерін сипатта. Мысал келтір. Егер домбыра ішегін шертсек, дыбыс ауада тербеліс тудырып, айналаға тарайды. Домбыра ішектерінің тербелісі дыбыстың туындауына себепкер болады. Ішектің тербелісі ауа арқылы әсем үн болып құлағымызға жетіп, дыбыстық әсер береді. Жаңа білім 18 Дыбыстық әсерлер IV бөлім 1-сурет. Айналамыздағы дыбыстар әсер – эффект – effect дыбыстың қаттылығы – громкость звука – sound volume Домбыра – қазақ халқының екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Әсем музыка тыңдағанда, түрлі дыбыстарды естігенде, телефон қоңырауы шырылдағанда біз дыбыстық әсерлерді сезінеміз. Компьютер пайда болғаннан кейін дыбысты өңдеу жеңілдеді. Бүгінде адамдар үйде отырып, компьютермен дыбыстарды өңдей алады. Дыбыстық әсерлерден жасалған файлдар Өзінен дыбыс шығаратын дене немесе табиғат құбылыстары дыбыс көздері деп аталады. Дыбыс көздері табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Дыбыс көздерінен шығатын дыбыстық әсерлерді компьютерге жазып, файлға сақтауға болады (2-сурет). Дыбыстық әсер – жасанды түрде жасалған немесе күшейтілген дыбыс. Алматыкiтап баспасы


66 2-сурет. Дыбыстық файлдар Компьютерде дыбыстық файл орындалғанда оның әсерін реттейтін микшер программасы бар. Микшерді іске қосу үшін экранның төменгі оң жағында орналасқан дыбыс таңбасын басу керек. Оның көмегімен динамиктің даусын көтеруге немесе бәсеңдетуге болады (3-сурет, ffiызыл ба дарша). 3-сурет. Дауыс микшері 1. Интернеттен табиғи және жасанды дыбыстық әсерлерді компьютерге Дыбыс әсері бумасына көшіріп, сақта. 2. Компьютерден дыбыс ойнатқыш Проигрыватель Windows Media программасын іске қос. Файл Ашу (Файл Открыть) командаларын орындап, дыбыс сақталған буманы аш. 3. Тыңдағың келетін дыбыстық файлды, мысалы Бұлбұлдың даусы.mp3 файлын тінтуірдің көмегімен аш. 4. Проигрыватель Windows Media программасының көмегімен бумаға сақ талған дыбыстық әсерлерді тыңда. Қолдан Практикалық жұмыс Динамиктен, интернеттен т.б. шығатын дыбыстарды микшердің көмегімен реттейді. Алматыкiтап баспасы


67 Орында Ойлан Табиғи және жасанды дыбыс көздерін анықта (5-сурет). Бұл дыбыс көздерінен қандай жағымды және жағымсыз дыбыстық әсерлер аламыз? Себебін түсіндір. «Шудың адамға қандай жағымсыз әсері бар?», «Мектептегі шу деңгейін қалай азайтуға болады?» тақырыбында не білесіңдер? Ойларыңды ортаға салыңдар. Құлаққапты жиі пайдалану адамның есту қабілетін төмендетеді. Сол үшін оларды дұрыс таңдау қажет. Төмендегі құлаққаптардың (4-сурет) қайсысын таңдайсыңдар? Себебін түсіндіріңдер. 1 2 3 4 • Микшер программасының қызметі не? Дыбысты компьютерде тыңдау үшін командаларды қандай реттілікпен орындау керек? • Табиғи және жасанды дыбыс көздеріне үш мысалдан келтір. • Жазық далада жаңғырық шығуы мүмкін бе? Неге? 4-сурет. Құлаққаптың түрлері 5-сурет. Дыбыс көздері Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Алматыкiтап баспасы


68 Компьютерде дыбыс жазатын программалармен танысасың. • Саған қандай әндерді тыңдаған ұнайды? • Дыбыс тыңдайтын құралдар мен құрылғыларды даму кезеңіне қарай сипатта (1-сурет). • Дыбыс жазбасын қандай құрылғылардың (2-сурет) көмегімен тыңдап, сақтайсың? Компьютерде дыбыстарды тыңдауға, жазуға және сақтауға болады. Дыбысты тыңдауға, сақтауға арналған программаның бірі – WavePad (3-сурет, көшіріп алу а сілтеме https://wavepad.ru/). Компьютерге дыбыстық жазбаны микрофон арқылы енгіземіз. Ал дыбысты динамик, колонка немесе құлаққап арқылы тыңдаймыз. Сонымен бірге дыбыстың белгілі бір бөлігін жоюға немесе өңдеуге болады. Жаңа білім 1-сурет. Дыбыс құрылғыларының даму кезеңдері 2-сурет. Дыбысты жазатын және тыңдайтын құрылғылар 19 Дыбыс жазу IV бөлім Алматыкiтап баспасы


69 Іске қосу (Пуск) Барлық программа (Все программы) WavePad 3-сурет. WavePad программасының терезесі Компьютерге дыбыс немесе әуен жазу үшін микрофон керек. WaveРad-та дыбыс жазу үшін программа терезесіндегі Жазу батырмасын (ffiызыл дөгелек) басамыз. Ойнату уақытына қарап дыбыс жазбасының ұзақтығын білеміз. Дыбыс бөлігін ерекшелеп, Жою (Удалить) батырмасын басамыз (3-сурет). жазу – запись – record ойнату – играть – to play WavePad программасын іске қосу жолы төмендегідей: Файлды ашу Ойнату Тоқтату Алға жүргізу Дыбыс деңгейі Жазу Артқа жүргізу Ойнату уақыты Файлды сақтау Дыбысты қию Дыбысты қою Дыбысты жою Алматыкiтап баспасы


70 Компьютерде WavePad программасын іске қос. Келесі командаларды ретімен орында: 1. Жазу батырмасын бас. 2. Микрофонмен «Мен 2-сыныпта оқимын. «Цифрлық сауаттылық» пәні маған ұнайды» деген сөйлемдерді оқы. 3. Тоқтату (Stop) батырмасын басып, дыбыс жазуды тоқтат. 4. Дыбыстық жазбаны файлға Дыбыс.wav атауымен сақта. Ол үшін Файл Қалай сақтаймыз (Сохранить как) командаларын орында. Ойлан Денсаулық туралы үш мақал таңдаңдар. Мақалдардың дыбыстық жазбаларын компьютерде жазу алгоритмін ұсыныңдар. Қандай құрылғылар мен программалар қажет? Оларды қандай ретпен қолдану керек? Өзің қандай әндерді компьютерде немесе ұялы телефонда тыңдағанды ұнатасың? Себебін түсіндір. Суретпен жұмыс. Көпшілік ортада заманауи цифрлық құрылғылармен ән тыңдаудың ережесін құрастырыңдар. Орында • Дыбысты не үшін жазып, сақтауымыз керек? • Жақсы ән мен әуен адамның көңіл күйіне қалай әсер етеді? Қолдан Практикалық жұмыс Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Алматыкiтап баспасы


71 Арнайы программаны пайдаланып, дыбысты жазуды, өңдеуді және тыңдауды үйренесің. • Дыбыстық файлды қалай ашып, өңдеуге болады? • Дыбыстық файлға жазған әуендерді қысқартуға бола ма? Біз алдыңғы тақырыпта WavePad-та дыбыс жазумен таныстық. Дыбысты жазып, оны файлға сақтадық. Енді осы дыбыс файлының қалай өңделетінімен танысайық. Мысалы, екі сөйлемді микрофонда оқып, дыбыс файлын жасадық делік. Дыбыс файлында оқыған бір сөйлемді қалдыру үшін не істейміз? Жаңа білім 1-сурет. WavePad программасының терезесі Дыбысты қиып алу Дыбысты көшіру Дыбысты қою Дыбысты жою 20 Дыбысты өңдеу IV бөлім қою – вставить – рaste қиып алу – вырезать – сut-off Дыбыс жазбасының бөліктерін жою, әсер беру мен ұзарту әрекеттері дыбысты өңдеу деп аталады. Алматыкiтап баспасы


72 WavePad программасында дыбысты қиып алуға, көшіріп қайта қоюға немесе жоюға болады (1-сурет). WavePadта дыбыс өңдеу жолын нақты бір мысал арқылы көрейік. WavePad-та микрофонмен төрт сөйлемді дыбыс файлына жазып, Денсаулық.wav атымен сақта. Адамның ең үлкен байлығы – денсаулығы. Денсаулығым жақсы болсын десең, тазалық сақта. Күнде таңертең жаттығу жаса. Шынықсаң шымыр боласың (4 сөйлем). Дыбыс файлының 2 және 3-сөйлемдері айтылған бөлігінен жаңа файл құр. Ол үшін: 1. Файлды ашып, дыбыс 2 және 3-сөйлемдер арқылы жазылған аралықты тінтуірмен ерекшеле (2-сурет). 2. Ерекшеленген бөлікті Көшіру (Copy) батырмасын басып, көшіріп ал. 2-сурет. Дыбыс бөлігін көшіру 3. Файл (File) – Жаңа файл (New file) командаларымен жаңа файл құр. 4. Көшірген бөлікті Қою (Paste) батырмасымен жаңа файлға қой. Файлды жаңа атпен сақта. Қолдан Практикалық жұмыс Алматыкiтап баспасы


73 Дыбыс жолағынан (3-сурет) төмендегі іс-әрекеттерді орындау алгоритмін көрсетіңдер. Орында 3-сурет. Дыбыс жолағы 1. Жолақтың 5-секундқа дейінгі бөлігін жою. 2. Жолақтың 5-тен 10-секундына дейінгі аралығын қиып алу. 3. Жолақтың 10 секундтан кейінгі бөлігін қиып алу. 4. Жолақтың 5-тен 10-секундына дейінгі аралығынан жаңа файл құру. Төмендегі тапсырмаларды орындаңдар. 1. 4-суретте қандай құрылғылар берілген? 2. Дыбыс колонкаларының арасында жұбы жоқ колонканың нөмірін табыңдар. Дыбыс колонкаларының қайсысы қуатты? Ойларыңды ортаға салыңдар. 3. Колонкалар арасынан сынып бөлмесінде пайдалану үшін қайсысын таңдаған болар едіңдер? Ал үйде ше? Таңдауларыңның себебін түсіндіріңдер. 4-сурет. Дыбыс колонкалары Ойлан • Дыбысты өңдей білу неліктен маңызды деп ойлайсың? • Тыңдау, жазу, өңдеу әрекеттерінің бір-бірінен басты айырмашылықтарын ата. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. 1 2 3 4 5 6 7 8 Алматыкiтап баспасы


74 Дыбысты тыңдау, жазу және өңдеу әрекеттерін қолданасың. • Дыбысты тыңдау мен өңдеуге арналған қандай программалармен таныстың? • Дыбысты файлға сақтау әрекеттерін ретімен ата. • Компьютерде дыбыспен жұмыс істеу үшін қандай құрылғылар болуы керек? 1-тапсырма. Музыка тыңдау Дыбыс ойнатқыш Проигрыватель Windows Media көмегімен ән тыңдау үшін төмендегі әрекеттерді орында: 1. Проигрыватель Windows Media программасын іске қос. 2. Тінтуір көрсеткішімен Файл жазуын шерт. 3. Тізімнен Ашу (Открыть) командасын орындап, терезені аш (1-сурет). 4. Музыкалық файлды таңдап, Ашу (Открыть) батырмасын бас. 5. Проигрыватель Windows Media программасы жұмыс істеп тұрған кезде басқару батырмаларының қызметін тексер. Ол үшін ойнап жатқан музыканың: • дыбысын күшейт; • дыбысын төмендет; • тоқтат; • тоқтаған музыканы қайта ойнат. 1-сурет. Файлды ашу 21 Практикалық жұмыс IV бөлім Қолдан Практикалық жұмыс Алматыкiтап баспасы


75 2-тапсырма. Дыбыс файлын тыңдау және өңдеу 1. WavePad программасын іске қос. 2. Мұғалім ұсынған музыкалық файлды (*.wav) аш. 3. Музыканы тыңда. 4. Тыңдап болған соң өзің ұнатқан 30 секундтық бөлігін қиып ал. Ол үшін төмендегі іс-әрекеттерді ретімен орында: 1. Музыканың ұнаған жерін, мысалы, 30 секунд пен 1 минут аралығын тінтуірмен ерекшеле (2-сурет). 2. Ерекшеленген бөлікке Қиып алу (Cut) батырмасын қолдан. 3. Жаңа файл құр. 4. Қиып алған бөлікті жаңа файлға Қою (Paste) батырмасы көмегімен қой. 5. Жаңа файлға атау беріп сақта. 6. Жаңа файлды ашып тыңда. 2-сурет. 30 секундтық бөлікті қиып алу Алматыкiтап баспасы


76 Сен РОБОТТЕХНИКА: ДАТЧИКТЕР Ортақ тақырып: «Дәстүр және фольклор» V бөлім роботтың үлкен, орташа моторларының блоктарымен; мотор блоктарының жұмыс режімімен; жанасу датчигінің жұмыс режімімен; роботқа арналған программаны әзірлеу кезінде дыбысты пайдаланумен танысасың. роботқа арнап программа құрастыруды; жанасу датчигін қолданып, ауызша сипатталған алгоритм бойынша робот қозғалысын ұйымдастыруды; робот программасын іске қосу үшін жанасу датчигін пайдалануды; аудиофайлдарды роботқа жүктеуді үйренесің. Сен Алматыкiтап баспасы


77 Алматыкiтап баспасы


78 Ауызша түрде көрсетілген алгоритм бойынша роботтың қозғалысын ұйымдастыруды үйренесің. Жаңа білім 1-сурет. Тұсаукесер рәсімі • 1-суретке назар аудар. Қазақ халқының қандай салт-дәстүрі бейнеленген? Әңгімеле. • Тәй-тәй басқан баланың қозғалы- сын робот арқылы көрсетуге бола ма? • Роботты қозғалысқа келтіретін қандай моторлар бар? Есіңе түсір. Роботтың үлкен моторына программа құруға арналған үш программалық блок бар (2-су рет). Олар: 1. Үлкен мотор 2. Моторды тәуелсіз басқару 3. Рульдік басқару 2-сурет. Робот моторын басқару блоктары Қозғалысты градус арқылы рульдік басқару 3 Үлкен моторды уақытпен басқару 1 22 Роботтың қозғалысы V бөлім Моторды айналу саны арқылы тәуелсіз басқару 2 үлкен мотор – большой мотор – big motor Алматыкiтап баспасы


79 Тәй-тәй басқан баланың қозғалысын (1-сурет) робот қозғалысы арқылы көрсетейік. Ол үшін баланың қозғалысын ауызша алгоритммен сипаттайық. Баланың қозғалыс алгоритмін робот қозғалысына ауыстырайық. Бала қозғалысының ауызша алгоритмі (үзінді) 1. Оң аяғымен алға қадам басады. 2. Сол аяғымен алға қадам басады. 3. Тоқтайды. Робот қозғалысының ауызша алгоритмі 1. Оң жақтағы мотор алға 1 секунд қозғалады. 2. Сол жақтағы мотор алға 2 секунд қозғалады. 3. Оң жақтағы мотор алға 2 секунд қозғалады. 4. Тоқтайды. Баланың жүргенін робот қозғалысы арқылы көрсету үшін, 2-суреттегі программалық блоктардың бірін пайдалануды ойластырыңдар. Таңдаған программалық блоктың параметрлерін анықтаңдар. 3-суретке назар аударыңдар. Роботтың жасыл торкөзден қызыл торкөзге жетуінің ауызша алгоритмін құрыңдар. «Алға», «Артқа», «Оңға», «Солға» командаларын қолданыңдар. Мысалы, алға 3 қадам. Орында Ойлан Суреттерде балалардың әртүрлі қозғалыстары сипатталған. Осы қозғалыстардың ауызша алгоритмін қалай сипаттар едің? Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. 3-сурет 1 2 3 Алматыкiтап баспасы


80 Ауызша түрде көрсетілген алгоритм бойынша робот қозғалысын программалауды үйренесің. • Роботты ненің көмегімен басқарады? Есіңе түсір. • 1-суреттегі робот қандай негізгі бөлшектерден тұрады? Әңгімеле. 1-сурет. Робот Жаңа білім Өткен тақырыпта танысқан программалық блоктардың (ПБ) бес түрлі жұмыс режімі бар (2-сурет). Мысалы, роботтың қозғалысын тоқтату және қосу үшін Өшіру (Выключить), Қосу (Включить) режімдері қолданылады. Блокта бұлардан басқа тағы да үш маңызды жұмыс режімі бар. Блоктарда жазылған дерек оның параметрі деп аталады (2-сурет). Робот қозғалысын ұйымдастыруда блоктағы параметрлерді дұрыс таңдау керек. Блок параметрлерін өзгерту арқылы робот қозғалысын тиімді басқара аламыз. Мысалы, 2-суреттегі параметрлер – жылдамдық 50 бірлікке, уақыт 3 секундқа тең. Алғаш жүрген бала алдымен бір аяғын, кейін екінші аяғын аттап басады. Ол үшін роботтың басқан әр қадамын сипаттауға үлкен мотор блогын таңдаймыз (3-сурет). 1-суреттегі роботтың құрылымын қолданамыз. 23 Робот қозғалысын программалау V бөлім 2-сурет. Бес жұмыс режімі Блок параметрлері Қолдан Практикалық жұмыс Алматыкiтап баспасы


81 1. Оң жақтағы мотор алға 1 секунд қозғалады. 2. Сол жақтағы мотор алға 2 секунд қозғалады. 3. Оң жақтағы мотор алға 2 секунд қозғалады. 4. Сол жақтағы мотор алға 2 секунд қозғалады. 5. Тоқтайды. 3-суреттегі роботтың қозғалысында қолданылған әр программа блогының қызметін анықтаңдар. 1. Роботтың қозғалысын жылдамдату үшін блок параметрлерін қалай өзгертеміз? 2. Программада қозғалысты сипаттауға үлкен мотордан басқа блокты қолдануға бола ма? Орында Робот қозғалысының программалық блок-схемасын құр. Ойлан 4-суретте робот қозғалысының схемасы берілген. Осы қозғалысты қалай программалауға болады? Өз жобаңды ұсын. 3-сурет. Қозғалыс программасы 4-сурет. Робот қозғалысының схемасы өшіру – выключить – turn off қосу – включить – turn on Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Алматыкiтап баспасы


82 Робот программасын іске қосу үшін жанасу датчигін пайдалануды үйренесің. • Қазақ балаларының қандай ұлттық ойындарын (1-сурет) білесің? • Өзіңе таныс ойындардың (1-сурет) қайсысын роботпен ойнауға болады? Ойыңды ортаға сал. • Робот адам сияқты түсті, жарықпен жанасуды сезе ме? Жаңа білім EV3 роботы бөлшектерінің құрамына бірнеше датчик енетінін білеміз. Датчиктердің қызметі – қоршаған ортадан алған ақпаратты роботқа ұсыну. 2-сурет. Жанасу датчигі Датчик – роботтың сезу мүшесі. Датчиктің көмегімен температура, жылдамдық, жарық, түс, дыбыс және басқаларды өлшеуге болады. Жанасу датчигінің программалық блогы (3-сурет) 1. Датчикті жалғау порты. 2. Жұмыс режімін таңдау. 3. Өлшеу деректерін енгізу. 4. Шығару. 3-сурет. Программалық блок Роботқа арналған программаны іске қосу 24 V бөлім 1-сурет. Ұлттық ойындар Роботтың программасы датчиктен алған деректерін өңдей алады. Сондай датчиктердің бірі – жанасу датчигі (2-сурет). 1 2 3 4 2 3 1 Алматыкiтап баспасы


83 Жанасу датчигінің жұмыс режімдері 1. Өлшем (Измерение) – Жағдай (Состояние) режімі (4-сурет). Датчик екі жағдайда: басылса – «ақиқат», басылмаса – «жалған» бола алады. 2. Салыстыру (Сравнение) – Жағдай (Состояние) режімі(5-сурет). үш жағдайы бар: 0, 1, 2. Жанасу датчигін басып-ажыратқанда робот орнынан қозғалады. Робот өзіне жанасқан нәрсені сезуі үшін Күту (Ожидание) ПБ-ын таңдаймыз (6-сурет). Жанасу датчигі (Датчик касания) Салыстыру (Сравнение) командаларын орындаймыз. Қажетті программалық блок: 1. Күту (Ожидание). 2. Рульдік басқару (Рулевое управление) (7-сурет). Роботқа арналған программаның толық нұсқасы 7-суретте берілген. 6-сурет. «Күту» блогы Датчик касания Салыстырудың 3 жағдайы: 0 – ажыратылған; 1 – басылған; 2 – басып-ажыратылған. 4-сурет. Жанасу датчигінің жұмыс режімі 5-сурет. Жанасу датчиктерін салыстыру Қолдан Практикалық жұмыс 7-сурет. Робот программасы датчик – датчик – sensor жанасу – касание – touch Алматыкiтап баспасы


84 8-сурет. Жанасу датчигі бар роботты құрастыру Орында Жанасу датчигі бар роботты күнделікті тұрмыста немесе ұлттық ойындардың бірін ойнағанда қолдану бойынша жоба ұсыныңдар. Берілген робот программаларының қозғалыс алгоритмін ауызша сипатта. 1 2 7-суреттегі робот программасы қай алгоритм (сызықтық, тармақталған) түріне жатады? Блок-схема құрастырыңдар. Ойлан • Робот үшін жанасу датчигінің маңызы қандай? • Жанасу датчигінің қызметі адамның қай сезім мүшесіне ұқсайды? Жанасу датчигі бар роботты құрастыру кезеңдері* (8-сурет). 1 2 3 4 5 6 7 *Роботты құрастырудың жалғасын электронды қосымшадан қараңыз. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Алматыкiтап баспасы


85 Роботқа арналған дыбыстық файлды жүктеуді үйренесің. • Қазақ халқы үшін домбыраның (1-сурет) маңызы қандай? • Робот домбырада күй тартып, мақал-мәтел айта ала ма? 1-сурет Жаңа білім EV3 роботының дыбыстық блогы динамиктерді пайдаланып, дыбыс шығарады. Дыбыс блогының көмегімен (2-сурет) роботта нота, тон немесе алдын ала дайындалған дыбыстық файлдарды ойнатуға болады. Дыбыс блогының батырмалары 1. Жұмыс режімін таңдау. 2. Дыбыс файлының атауы. 3. Шығару (3-сурет). Дыбыс блогының режімдері 0 – ойнатуды күту 1 – бір рет ойнату 2 – қайталау 2-сурет. Дыбыс блогы 3-сурет. Дыбыс блогының дыбыс шығару режімі 25 Роботқа арналған дыбыс V бөлім аудиофайлды жүктеу – загружать аудиофайл – download an audio fi le Алматыкiтап баспасы


86 Құрал (Инструмент) Дыбыс редакторы (Редактор звука) командаларымен дыбыс редакторын іске қосамыз (4-сурет). Ашу (Открыть) командасымен роботқа жүктейтін дыбыс файлын ашамыз. Редакторда жұмыс істеу мұның алдында танысқан WavePad программасына ұқсайды. Қызыл батырманы басып, микрофонмен дауыс жазуымызға болады. Дауысты 10 секунд ұзақтыққа дейін жазады. Роботқа mp3, wav кеңейтілімі бар файлдарды жүктейді. 1-тапсырма Тәй-тәй басқан баланың қозғалысын сипаттайтын роботқа арналған программаға «Тәй-тәй» әуенінің жазбасы жүктеледі. Робот программасы 5-суретте берілген. Робот ретінде өткен тақырыптағы робот жинағын қолданамыз. 5-сурет. Робот программасы 2-тапсырма Робот алға жүреді. Кедергіге тап болғанда робот дыбыс шығарып, тоқтайды. Робот программасы 6-суретте берілген. Тапсырмада жанасу блогы мен дыбыс блогын бірге қолданамыз. Робот кедергіге соғылғанда дыбыс беруі үшін жанасу және дыбыс блоктарын өзара байланыстырамыз (6-сурет, жасыл сызыffi). 6-сурет. Робот программасы 4-сурет. Дыбыс редакторы Қолдан Практикалық жұмыс Алматыкiтап баспасы


87 Орында 6-суретте берілген 2-тапсырманың программасын талда. Әрбір блоктың қызметіне түсініктеме бер. 7-суретте берілген программалар орындалғанда роботтың ісәрекеті қандай болады? Роботтың іс-әрекетінің алгоритмін сөзбен сипаттаңдар. 7-сурет. Роботқа арналған жобалар Ойлан Төменде берілген суреттердің бірін таңда. Жанасу датчигі мен дыбыс блогын жеке немесе бірге қолданып, жоба ұсын. Туған өлкемде саяхаттағанды ұнатамын. 1 2 Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Алматыкiтап баспасы


88 Робот программасын әзірлеу кезінде жанасу датчигін және дыбысты қолданасың. • Робот жобасының алгоритмін ауызша сипаттау несімен маңызды? • Роботтың қозғалысына жанасу датчигі қалай әсер етеді? • Роботтың дыбыс блогын пайдаланып, қандай жобалар ұсынар едің? «Көңілді старт» – оқушылардың арасында өтетін ең қызықты командалық спорт жарыстарының бірі. 1-суреттегі команда мүшесі болған баланың жарыс кезіндегі іс-әрекетінің алгоритмін ауызша сипаттайық. Баланың қозғалыс алгоритмі 1. «Старт» командасы беріледі. 2. Бала алдында тұрған белгіге қарай жүгіреді. 3. Белгіге жеткенде, оған қолын тигізеді. 4. «Орындадым» cөзін дауыстап айтады. 5. Белгіге қолын тигізгеннен кейін артына бұрылып, кері қарай жүгіреді. 1-сурет. «Көңілді старт» жарысы Баланың осы қимыл-әрекетін робот арқылы жобалауды іске асырайық. Баланың қозғалысының сөзбен сипатталған алгоритмін роботқа арналған программаға ауыстырайық. 26 Практикалық жұмыс V бөлім Қолдан Практикалық жұмыс Алматыкiтап баспасы


89 Роботтың қозғалыс алгоритмі 1. Жанасу датчигімен роботқа «старт» беріледі. 2. Кедергіге қарай жоғары жылдамдықпен қозғалады. 3. Жанасу датчигі кедергіге соғылғанын анықтайды. 4. «Boing» дыбысын ойнатады. 5. Кедергіден жоғары жылдамдықпен 5 секунд бойы артқа қозғалады. Практикалық жұмысты орындау үшін жанасу датчигі бар роботты құрастырамыз. Оның программасын құруда жанасу, дыбыс және моторды тәуелсіз басқару блогын қолданамыз (2-сурет). 2-сурет. «Көңілді стартқа» қатысатын робот программасы Роботқа арналған жобалық тапсырмалар 1. 2-суреттегі робот программасының блок-схемасын құр. 2. 2-суреттегі программада робот белгімен жанасқанда бұрылмай артпен қайтады. Робот бұрылып, алдымен қайту үшін осы программаға өзгеріс жаса. 3. «Халық ауыз әдебиетін насихаттаушы робот» жобасын ұсын. Жобаның сөзбен сипатталған алгоритмі: 1) Робот 10 секунд қозғалады. Қозғалыс кезінде бір мақал айтады. Тоқтайды. 2) Тағы 10 секунд қозғалып, екінші мақалды айтады. Тоқтайды. қозғалыс алгоритмі – алгоритм движения – movement algorithm Алматыкiтап баспасы


90 Сен РОБОТТЕХНИКА: «БИЛЕЙТІН РОБОТ» ЖОБАСЫ Ортақ тақырыптар: «Қоршаған орта», «Саяхат» VI бөлім жоба жұмысының кезеңдерімен және оларды ресімдеу тәсілдерімен; жобаны орындау қадамдарымен; «Билейтін робот» жобасымен танысасың. программа қосымшалары арасында мәлімет алмасуды; түрлі мәселелерді шешу алгоритмін пайдалануды; «Билейтін робот» жобасын жинауды, оған программа жазуды; «Билейтін робот» жобасын іске қосу үшін жанасу датчигін қолдануды; роботты билету үшін аудиофайл жүктеуді; өзің құрастырған роботты презентациялауды үйренесің. Сен Алматыкiтап баспасы


91 Алматыкiтап баспасы


92 Жоба жұмысының кезеңдерімен және оларды ресімдеу тәсілдерімен танысасың. • Өзіңді қызықтырған тақырыпқа зерттеу жүргізіп көрдің бе? • «Жоба» дегенді қалай түсінесің? • Жинаған ақпаратты компьютерде жүйелеп, көпшілікке қалай таныстыруға болады? Жаңа білім Жинақтаған ақпаратты таныстыруда «Жоба» әдісі қолданылады. Ақпаратты жүйелеп, жобаны дайындау үшін компьютерді пайдалану өте қолайлы. 1-сурет. Жобаны дайындау қадамдары Жоба дегеніміз не? VI бөлім 27 Проблемалық тақырыпты таңдау Іс-әрекетті жоспарлау Жоба дайындау тақырып таңдаудан басталады. Алдымен тақырып бойынша ақпарат жиналады. Ол ақпаратты жүйелеп, қорғау үшін жоба дайындаудың жолдарын білу керек. Жобаны дайындаудың өз қадамдары бар (1-сурет). Жоба (лат. «projectus» – «алдын ала») – мұғалімнің бағыт тауымен немесе оқушының өз бетінше орындайтын іс-әрекет. жобаны қорғау – защита проекта – project protection Көпшілік алдында қорғау Ақпарат іздеу Нәтижеге жету Алматыкiтап баспасы


93 Жобаны орындау кезеңдерінің түрлері: • мерзімі бойынша: қысқа (бір сабақта), апталық, айлық; • орындаушылар құрамы: жеке, топтық. Жобаны орындаудағы маңызды іс-әрекет – ақпарат іздеу. Жобаға керекті ақпарат алу жолдары 2-суретте көрсетілген. 2-сурет. Жобаға ақпарат іздеу Жобаны компьютерде орындау үшін WordPad мәтіндік редакторы мен интернетті бірге қолданған тиімді. WordPad мәтіндік редакторының көмегімен таңдаған жобаның: • тақырыбын; • жоспарын; • қызықты ақпараттарды; • зерттеу нәтижелерін; • қорытындыны; • пайдаланған ақпарат көздерінің тізімін жазамыз. Интернеттен өзіңе қажетті ақпарат пен суретті алып, жобаға орналастыруыңа болады. Жобаны дайындаудың негізгі қадамдарының үлгісі 94-беттегі кестеде берілген. Жобаға қажетті ақпаратты қайдан алуға болады? Алматыкiтап баспасы


94 Білгім келеді ... Зерттейтін тақырып бойынша негізгі сұрақтарды тізіп жаз. Жобаның негізгі кезеңдері Жобаны орындаудың негізгі кезеңдерін ұсын. Менің жобам Жобаның тақырыбын таңда. Қорытынды және ұсынысым Орындаған жобаң бойын ша қорытындыны және ұсынысыңды жаз. Менің мақсатым Жобаның мақсатын анықта. Нәтижені қалай сипаттайсың? Қай түрде ұсынасың? Қағазға түсір. Тағы нені білгім келеді? Жобаны орындау барысында туындаған жаңа сұрақтарды тізіп жаз. Кесте Жобаны орындаудың негізгі кезеңдері Орында Берілген суреттердің бірін таңдап, қандай тақырыпта жоба жұмысын ұсынар едің? Білгім келеді ... Ұсынылған үш суреттің бірін таңда. Ол бойынша жауабын білгің келген негізгі сұрақтарды тізіп жаз. Мысалы: Қоқыс қайдан пайда болады? Ойлан • Жоба дайындау кезеңдерінің қайсысын ең маңызды деп санайсың? • Жоба жасап үйренудің қандай пайдасы бар? 1 2 3 4 5 6 1 2 3 Алматыкiтап баспасы


95 Жобаға қажетті ақпаратты мәтіндік редакторда теруді және оны редакциялауды үйренесің. • Қоршаған орта дегеніміз не? 1, 2-суреттерде не бейнеленген? • Суреттерді салыстырып, қандай тақырыпта жоба идеясын ұсынатыныңды айт. • WordPad-та терген жобаңның қателерін қалай жөндеуге болады? Есіңе түсір. 1-сурет 2-сурет Жаңа білім Ойластырған жобаңды компьютерде ресімдеу қажет. Ол үшін мәтіндік редакторда мәтін теруді және оны редакциялауды үйренеміз. Мәтіндік редакторда терілген мәтін бірден дайын болмайды. Терілген мәтіннің қателері жөнделеді, оған тиісті өз гертулер енгізіледі. Сонда ғана оны дайын деп айтуға болады. Терілген мәтінге әріп пен сөз қосу, жою, қателерді түзету мәтінді редакциялау деп аталады. Мәтінді редакциялау үшін сөзді ерекшелеуді білу керек. Ол үшін: 1. Меңзерді қажетті сөздің алдына қой. 2. Тінтуірдің сол жақ батырмасының үстінен екі рет шерт немесе басып тұрып оңға жылжыт (3-сурет). 3. Cөзді ерекшелеп, батырмадан саусақты ал. 4. Delete немесе Backspaсe батырмасын бас. Жоба идеясының мәтінін теру және редакциялау VI бөлім 28 түзету – правка – еdit ерекшелеу – выделить – highlight Алматыкiтап баспасы


96 3-сурет. Сөзді тінтуірмен ерекшелеу Егер мәтіндегі ерекшеленген «сыныбым» сөзін жою керек болса, онда Delete немесе Backspaсe пернелерін басу керек. Сөздегі қате әріпті ауыстыру үшін төмендегі әрекеттерді орындау керек (4-сурет). 4-сурет. Қате әріпті ауыстыру Мәтіндік редакторда мәтін теру ережелері 1. Әріпті бас әріппен жазу үшін Shift пернесін және сәйкесінше әріпті бірдей басамыз. Мысалы, а А Shift F + A 2. Тыныс белгіден кейін бір бос орын қойылады. Мысалы: Табиғат, құстар. Жануарлар Пробел (Бос орын) 3. Сөздерді бас әріптермен жазу үшін Caps Lock пернесін қосамыз. Caps Lock ТАБИҒАТ, ЖЕР-АНА 1 2 Менің сыныбым Менің сыныбым 1 2 3 Менің сынып|ым Backspaсe Менің сыныб|ым Алматыкiтап баспасы


97 Санжар «Қоршаған ортаны қорғау» жобасының идеясын WordPad-та терді. Санжар мәтін теруді енді үйренген. Оған мәтінді редакциялауға көмектес. Мәтіндегі қателерді тап. Жасаған түзетулерді кестеге түсір. Қоршаған ортаны қорғау Жобода кетрілетін маселе – қоршған ортыны қорғоу. Жобода қоршыған ортанің ластену маселерін аңықтеу, оны қорғау мәселесіне үлкендердің назарын аудару. № Қате сөздер Пернелер Түзетілді 1 Жобода Backspase, а Жобада 2 ... Орында Төменде берілген мәтіндегі өзгерістерді орындау үшін қажетті іс-әрекетпен тиісті пернелерді көрсетіңдер. Мен 1-сыныпта оқимын. Мен оқитын мектеп үлкен. 1. Сөзді толық ауыстыру. 2. Мәтінге сөз қосу. 1-сыныпта 2-сыныпта мектеп сынып үлкен үлкен, зәулім Ойлан • Мәтінді редакциялау үшін қандай әрекеттер орындалады? • Не үшін мәтінді ерекшелей алу өте маңызды? Қолдан Практикалық жұмыс Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орында. Алматыкiтап баспасы


98 Жоба жасауда программалар арасындағы мәлімет алмасуды үйренесің. • Жануарлар мен құстарды қорғауға (1-сурет) қандай үлес қосуға болады? Ойыңды ортаға сал. • 1-сурет бойынша қандай жоба тақырыбын таңдар едің? • Жоба жасау кезінде бірнеше программаны бір уақытта қолдануға бола ма? Мысал келтір. Жаңа білім Жоба жұмысын орындауда ақпарат жинап, оны өңдей білу маңызды. Интернет – жобаның сәтті шығуына көмектесетін ақпарат көзі. Жобаны дайындау барысында мәтін, сурет, аудио және бейнежазбалар да қажет болуы мүмкін. Көп жағдайда жобаға қойылатын суреттерді өңдеу үшін графикалық редактор керек. Тиісті программаларды бір мезгілде қолданып, олардың арасында мәлімет алмаса аламыз. Программалар арасында мәлімет алмасу ерекшелеу, көшіру, қиып алу, қою әрекеттері арқылы жүзеге асады. Бұл әрекет барлық программада бар (кесте). Кесте 1-сурет. Жануарлар мен құстарға қамқорлық Әрекеттер Қиып алу (Вырезать) Көшіру (Копировать) Қою (Вставить) Пернетақтада орындау пернелері <Ctrl+X> <Ctrl+C> <Ctrl+V> Тінтуірмен орындау таңбасы Программалар арасында мәлімет алмасу VI бөлім 29 Алматыкiтап баспасы


99 Интернет пен мәтіндік редактор арасында ақпарат алмасу жолымен танысайық. 1. Компьютерді іске қос. Браузер арқылы интернетке кір. Адрес жолағына іздеу серверін (www.yandex.kz) жаз. 2. Іздеу жолағына Құстарды қорғау деп жазып, Іздеу (Поиск) батырмасын бас. 3. Суретті тінтуірдің оң батырмасымен ерекшеле. 4. Тінтуірдің сол жақ батырмасымен Суретті көшіру (Копировать картинку) батырмасын бас (2-сурет). 2-сурет. Интернеттен сурет көшіру 5. WordPad-ты іске қос. Редактордың жұмыс алаңына тінтуірмен шерт. 6. Қою (Вставить) мәзірін таңда (100-бет, 3-сурет, жасыл ба дарша). 7. Мәзірден Қою (Вставить) батырмасын басып, көшірген суретіңді редакторға қой (100-бет, 3-сурет). Қолдан Практикалық жұмыс ақпарат алмасу – обмен информацией – information exchange Алматыкiтап баспасы


100 3-сурет. WordPad-қа интернеттен сурет қою Орында WordPad-қа қойылған суретке 5 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңдар. Құрастырған мәтіндеріңді мәтіндік редакторда теріңдер. Берілген жануар мен құстың атын интернеттен үш тілде іздеп көр. Назар аудар! Іздеу нәтижесінде алынған деректер мен суреттер бірдей бола ма? Бұлбұл – соловей – nightingale Ақбөкен – сайгак – saiga Ойлан • Программалар арасында ақпарат алмасудың қандай маңызы бар? Алматыкiтап баспасы


Click to View FlipBook Version