Мүмкін күйеуіңіз шынымен де әдейі ұмытып кеткен шығар. Сырттай түр көрсетіп, менің әйелім мені әдейі ұмытып кетті деп ойласын, ал мен жұмыстан кейін бір тосын сый жасаймын деуі мүмкін. Ал ол шынымен ұмытып кетсе, сіз оған астарлап есіне түсіресіз. "Сен маған сыйлық сыйламадың, екі ай бұрын айттым ғой, ал сен ұмытып кеттің" деген әңгімелермен сіз қарым-қатынасты құртып, келешекте тағы да ұмытып кететіндей жағдай тудырасыз. Таңертең тұрғанда: -Жаным, мен сені білемін ғой, бәлкім, жұмыстан кейін бірнәрсе дайындап қойған шығарсың,- деп айтасыз. Ол: -Не үшін дайындаймын, қызықсың сен осы,- деген секілді сөздер айтады. Сіз: -Жақсы, жарайды, мен сені білемін ғой,- деп тағы айтасыз. Сосын күтіңіз. Жұмыстан кейін ол міндетті түрде сыйлық әкелу керек. Оның есіне түсу керек. Себебі, сіз сендіңіз ғой. Ал ол сіздің сеніміңізді ақтағысы келеді. Егер тіпті осындай сөздерден кейін де ол ұмытып кетсе, демек оның не қаржылай жағдайы жоқ немесе оның сізге деген реніші бар. Онымен ашық сөйлесіңіз. Мүмкін ол сыйлық сыйлау дұрыс емес деп ойлайтын шығар. Сіздерге тағы да тапсырма. Бүгін немесе ертең кешіктірмей одан бірнәрсе сұрайсыз. Осы менің ережелерім бойынша сұрайсыз. Бірінші кезекте оған керек нәрсені бересіз, 3-4 күн бұрын оны дайындаймыз, негативтен шығып, күліп жүреміз, ренішті, қабағыңызды түйіп жүруді, критиканы ұмытыңыз. Өзіңізді тәрбиелеуді үйрену керек. Өз-өзіңізді қолға алмасаңыз, нәпсіңізді тәрбиелемесеңіз оны сізге ешкім үйретпейді. Сонымен 3-4 күн бойы оны дайындайсыз, соңғы күндері оған кішкене астарлап ой тастаймыз (намёк). Мысалы, сіздің йогурт жегіңіз келеді, киім алғыңыз келеді, иіссу алғыңыз келеді немесе күйеуіңіздің жағдайы келетін болса шуба сұраңыз. "Менің клубникалық йогуртты жегім келіп тұр, көптен бері жегім келіп жүр еді" деген сияқты ой тастайсыз. Кейін күтіңіз, мүмкін күйеуіңіз сізге жақсы, керемет сыйлық сыйлайтын шығар. Гүл жайлы айтыңыз. Гүл ең жақсы нұсқа. Некеге дейін... 51
-Соңғы рет қашан гүл алғанымды ұмытып қалдым, жаным, білесің бе, сен маған ұсыныс жасаған кезде күшті роза сыйлап едің ғой. Сол кездерді аңсап кеттім,- дейсіз немесе тағы сол сияқты ойларды айтасыздар. Бірақ міндетті түрде ереже болсын. Сосын 3-4 күн оны сыйлық сұрауға дайындап жатқанда, рахмет айтуды, алғыс айтуды үйреніңіз. Еркек үшін ең маңызды нәрсе - алғыс айту және оны қадірлеу. Біз әйелдер көп нәрсені міндет көреміз. Ол қоқысты шығарса, есікті ашса, суыңызды төгіп берсе, балаға қараса оның барлығы оның міндеті ғой деп қараймыз. Сол үшін біз рахмет айтуды көп кезде ұмытып кетеміз. Бір іс жасап берсе, "жарайсың, рахмет, сен болмасаң кім жасап береді" деудің орнына, "неге мына жерді қаздың, неге басқа тамақ алып келдің, мен саған қара нан дедім ғой, сен ақ нан әкелдің, мен саған қаймақ әкел дедім, ал сен қаймақ әкелмедің, сен үнемі ұмытып кетесің" деген сияқты сөздер айтасыз. Осындай сөздердің барлығын тастаймыз. Кезкелген оның көмегіне рахмет айтуды ұмытпаңыз. Шынайы, құшақтап, бетінен сүйіп, ол сіздің күйеуіңіз, түнде бірге ұйықтайтын адамыңыз, жан-жарыңыз, сіз одан ұялмау керексіз. Рахмет айтуға қысылмаңыздар. Егер біз алғыс айтып үйренсек және өтінішті сұрай ала білсек біздің көп мәселелеріміз шешілер еді. Өтініш сұраған кезде қызыңызға қараңыз. Кішкентай қызыңыз болса әкесінен қалай сыйлық сұрайды, қалай тәтті сұрайды? Кішкентай қыздар еркелеп сұрайды ғой, міне соны қадағалап қарап, қызыңыздан үйреніңіз. Некеге дейін... 52
-Мариновать етеміз 3 күн (тақырыпта толық айтылған). -Раxмет айтып, эмоцияны көрсетіп үйренеміз. Әр ісіне, көмегіне раxмет айтамыз. -Күйеуіңізден бір өтініш сұрайсыз, ЕРКЕЛЕП. (тәттілер, сыйлық, гүл, өзіңіз білесіз) -Үй шаруасына көмектесуге күйеуіңізден өтініп сұрайсыз. Көмекші сөздер: Сен көмектеспесең, менің қолымнан келмейтін сияқты. Мен үлгере алмай жатырмын, маған осыны жасауға көмектесші. Сенің күшің көп қой, көтеріп апарып берші. Әр ісіне “раxмет” деп бетінен сүйеміз. Некеге дейін... 53 ТАПСЫРМА
Үлкен қателік - анасы (мамочка) болу. Біз киімдерін үтіктейміз, қарны ашып қалмаса екен деп тамағын жасап береміз, киімін жуып береміз, жұмысқа кешігіп қалмасыншы деп таңертең бетінен сүйіп, ерте оятамыз. Бұл қамқорлық, иә? Қамқорлық дұрыс нәрсе. Қамқорлық қарым-қатынасты жақсартады. Ер адамның махаббатын оятады. Бірақ қамқорлық пен шектен шығып кету деген нәрсенің айырмашылығын білуіміз керек. Көбіміз оның анасы болып кетеміз. Мысалы, күйеуіңіз үнемі бірнәрсені ұмытып кетеді (туған күндерді, несие төлеуді, белгілі уақытты, кілтті). Сосын біз не істейміз, оның есіне саламыз. Анасы сияқты есіне түсіреміз. "Тағы да кілтіңді ұмытып кетпе, сен өмірі ұмытып кетесің ғой" деп айтамыз. "Бүгін анаңның туған күні ғой, анаңның туған күнін ұмытып кеттің ба?" немесе "Менің туған күнім ғой, неге ұмытып кете бересің?" - деп, дауысымыз ананың тоны сияқты болады. Анаңыз сізге қалай ұрысады? Критика жасап ұрсады, иә, минусыңызды айтып ұрысады. Негізі біз мұны жек көргеннен емес, ұрсысып қалғыңыз келгеннен емес, жақсылықты қалағаннан кейін солай айтамыз. Жақсы болсын, ұмытып кетпесін, келесі жолы есінде сақтап қалсын деп сөйлейміз, ұрысамыз. Кетіп бара жатқан кезде: -Есікті жауып кетуді ұмытып кетпе, ұмытып кете бересің ғой сен. -Сен тағы ұмытып кеттің ба? -Тағы да кешігіп қалдың ба? -Кешікпейтін күнің бар ма сенің? Өзіңіз байқап жатқан шығарсыз, есіңізге түсіп жатқан болар. НЕГЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БАСТАЛҒАННАН КЕЙІН АРАДА ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ? Некеге дейін... 54
Егер ол үнемі ұмытып кетсе не істеу керек? Анасы болмау керек, хатшы болу керек. Хатшы қалай сөйлейді? Ол айтады: -Сейсенбі күні кешкі сағат 18:00- де кездесуіңіз бар. Ұмытып кетпеңіз. Жұмсақ сөйлейді. Біз де хатшы сияқты сөйлеуіміз керек. -Жаным, кілтіңді ұмытып кетпе, жарай ма?- деген сияқты жұмсақ сөйлеуіміз керек. Бұл жерде ең маңыздысы дауыс мәнері. Сөзімізді, тілімізді жұмсартып, майдалатып, анасы сияқты емес, әйел сияқты нәзік, жұмсақ сөйлеп үйренуіміз керек. Есіне салу да үлкен еңбек. Ер адамның өзі істей алатын нәрселері бар. Мысалы, сіз ауырып қалсаңыз, ол өзіне тамақты ысыта алады. Сіздің барып тамақ ысытқаныңыз міндетті емес. Оның өзінің қолы бар, қарны ашып қалса тамақты табады. Оны жаман үйретіп қоясыз. Мысалы, сіздің қолыңыз мүлдем босап жатқан жоқ. Қонақтар келіп жатыр. Ол келіп "киімімді үтіктеп бер" дейді. Сіздің асығып, үлгере алмай жатқаныңызды көріп тұр. Егер сіз оны үйретіп тастасаңыз, ол ренжуі, ашулануы мүмкін. "Сен маған үтіктеп беруің керек, ол сенің міндетің, барлық нәрсені қойып, сен менің затымды бірінші істеуің керек" деп айтуы мүмкін. Ал үйретпесеңіз, қарым-қатынастың ең басында қалай басталды солай кете береді. Ең басында: «Жаным, күнім, алтыным, қарашы мен үлгермей жатырмын. Қонақтар жарты сағаттан кейін келеді. Мен барлығын істеп үлгеруім керек. Өтінемін өзің үтіктей салшы. Келесі жолы мен саған үтіктеп беремін» деп келісіп аласыз. Келесі жолы қолыңыз бос болмаған кезде, ол бәрібір қазір өзің істей салшы деп айтады дейді де, өзі істей салады. Тамақты ысыта салады, киімді үтіктей салады, кір киімдерді машинаға сала салады. Біз кір киімдерді үйдің ішінен өзіміз іздеп жүреміз, иә? Себебі, біз өзіміз сондай нәрсеге үйреттік. Қарым-қатынастың басында қалай үйретесіз ер адамды, ол солай қабылдайды және соны ереже деп ойлайды. Некеге дейін... 55
Сосын біраз уақыт өткеннен кейін бұл ереже бұзылса, ол ашуланады: -20 жыл болды ғой осыны істеп келе жатқаныңа, не көрінді аяқ астынан, ауа-райы сияқты өзгеріп кеттің құбылмалы болып. Не болды саған?-дейді. Сіз өзіңізді кінәлайтын боласыз. Бұл кеңестер қарым-қатынасты енді бастап, енді үйленіп жатқан адамдарға жақсы болады. Ал көп жылдар бойы немесе бес жылдан көп тұрмыс құрған қыздарға бұл әрине қиын болады. Кеш емес, үйретуге болады. Бірақ ешқашан күйеуіңіз бірнәрсені ұмытып кеткенде дауысыңыз дөрекі болмасын, жұмсақ, майда, нәзік сөйлеңіз. Кемшіліктерін айта бермеңіз. Ер адамға қай кезде сөйлеу керек екенін білу керек, тәсілдерін білу керек. Күйеуіңіздің мінезін білесіз ғой, қай кезде сөйлеу керек, қай кезде сөйлемеу керек, қай кезде үндемей қалу керек, қай кезде айту керек деген сияқты. Сіздерге айтар кеңестерім осы. Некеге дейін... 56
Ер адам әйел адамның өмірінде бірінші орында тұрмауы керек. Ер адамның өмірінде сіз өзіңізді үшінші орында деп қойсаңыз, яғни мен еркектің өмірінде басты емеспін, мен үшінші орында тұрамын деп, өз-өзіңізге бекітсеңіз, сіздің самооценкаңыз төмен түсіп кетеді. Ер адам сізбен пікір таласпайтын болады, сізден ақыл сұрамайды, сізге керек пе, керек емес пе, бұл оны алаңдатпайтын болады. Себебі, сіз оған өзіңіздің орныңызды білдіртіп қойдыңыз. Еркекке әрқашан өзіңіздің бірінші орында тұрғаныңызды білдірту керек. Қалай? Ашумен, ұрыспен емес, еркелікпен, әдемі қызғанышпен. Мысалы, сіз оның бір әйелге қарағанын көріп қойдыңыз немесе бір қыз оған қарап жатыр, жазып жатыр, хабарласып жатыр. Сіз өзіңіздің ол қыздан жоғары дәрежеде екеніңізді сөзбен және іспен, көзқараспен оған білдірту керексіз. Мысалы: -Жаным, анау қыз неге сонша қарап жатыр қайта-қайта саған, сен оған қарайсың деп ойлап жатыр ғой деймін, иә?- деп күле саласыз. Бір жағынан сіз қызғанып жатырсыз, бірақ бір жағынан сіз оған: -Ол сенің талғамыңдағы емес, сен оған тіпті қарамайсың ғой, оның мүлдем мүмкіндігі жоқ, себебі мен одан жүз есе жақсымын, екеумізді салыстыршы, мен одан мың есе асып түсемін ғой, әйелі менен қызғанады деп ойлап жатқан шығар,- дейсіз. Сіз оған өзіңіздің бірінші орында тұрғаныңызды көрсетуіңіз керек. ЖІГІТТІ ӨМІРІҢДЕ ҚАНДАЙ ОРЫНҒА ҚОЮ КЕРЕК? Некеге дейін... 57
•Сен оған қарадың ба? •Сен оған күлдің. •Ол саған хабарласты ма? •Ол саған күлді. •Сен оған жауап бердің. •Неге күлесің? Осы сөздер арқылы сіз еркектің өмірінде үшінші орында тұрғаныңызды білдіртесіз. Сіз өзіңіздің самооценкаңызды төмен қойып қойдыңыз. Еркек оны бірден сезіп қояды. Олардың интуициясы біздің интонациямызға, сөзімізге, қызғаныш кезінде жылағанымызға, эмоциямызға қарап біздің самооценкамызды сезіп қояды. Егер самооценкаңыз шектен тыс төмен болса, онда еркек сізбен дөрекі сөйлесетін болады. Бізбен ұрсысқан кезде дөрекі сөйлесетін болады. Ұратын болады, боқтайтын болады. Кешке достарымен сіздің көңіліңізге қарамай қала салатын болады. Не үшін? Себебі, ол сезеді, сіздің самооценкаңыз төмен. Сіз осыған жол бердіңіз. Ол үшін не істеу керек? Кез-келген уақытта еркекке сөйлейтін сөзіңізді бақылаңыз. Қандай сөздер айтып жатырсыз? Истериканы, қызғанышты, ұрыс-керісті кішкене нәрсе үшін бастап жатырсыз ба? Жай ғана бақылаңыз, сөзіңізде самооценкаңыздың төмендігі көрініп тұр ма? Алдын-ала айтатын сөздеріңізді саралап алыңыз. Сөздеріңіз оған қалай естілетінін бақылаңыз. Бір қызбен сөйлескенін байқасаңыз, өзіңіздің ол қыздан жүз есе әдемірек, ақылдырақ, күштірек екеніңізді күйеуіңізге айтыңыз. -Қалай ғана мына қызбен сөйлесіп жатырсың, мен одан жүз есе жақсымын. Сен соны таңдадың ба? Жақсылап ойлан, жарайды ма, жаным? Мына қызбен сөйлескеніңді екінші рет көріп қойсам, сен сол қызбен қаласың, ал мен сенің жаныңда қалмаймын. Сондықтан таңдау жаса, жаным, жарайды ма?- деп айту керексіз. Некеге дейін... 58
-Сен онымен сөйлесесің ба? Сен мені жақсы көрмейсің ба? Мен кетемін,- деп, мен сені жоғалтып алуға қорқамын деген сияқты сөз интонацияңыздан білінбеу керек. Оны еркелеткен кезде махаббатпен еркелеткеніңізді байқауы керек, олсыз өмір сүре алмайтыныңызды емес. Кез-келген жағдайда сіз одан бас тарта аласыз. Себебі, сізде жақсы самооценка. Егер ол сізбен жаман қарым-қатынаста болса, боқтаса, ұрса, басқа қызбен сөйлесіп жүрсе, сіз оны көтере алмайтыныңызды білуі керек. Егер сіз еркектің өмірінде үшінші орында болуым керек деп қабылдасаңыз, еркек сізді ондай қатты маңызды адам емес деп ойлайды. Мысалы, сіз оған мені базарға апарып келші деп айтсаңыз, сосын досы СТО-ға апарып келші десе, ол бірден "менің әйелім ғой, ол кешіре салады, ол ренжімейді, оның самооценкасы төмен, ол автобусқа отырып бара салады, одан да мен досымды СТО-ға апарып келейін" деп ойлайды. Білесіз бе неге екенін? Себебі, біз оның өмірінде үшінші орында екенімізді білдірттік. Нағыз әйел еркелетіп, нәзік сөзбен, көзқарасымен мақтау арқылы, ұрыспай-ақ өзінің бірінші орында екенін білдіртеді. Егер шынымен де сізді бағаласа еркек үйде жатса, машинасы аулада тұрса, сіз автобуспен жүрмейсіз. Ол міндетті түрде сізді таксиге отырғызады немесе өзі апарып тастайды. Ол сіздің шаршамауыңызды қалайды. Не үшін? Себебі, сіз оның өмірінде бірінші орындасыз. Сіз оған өзіңіздің самооценкаңызды жоғары етіп көрсеттіңіз. Сосын ол ойлайды "менің әйелім нәзік қой, ол сондай көркем мінезді әйел, ол базарда жүрген әйелдер емес әркіммен салғыласып, автобуста тұратын. Жоқ, ол ондай әйел емес. Ол өзін-өзі бағалайды, өзінөзі құрметтейді, ондай әйелді алақанымда ұстау керек". Міне еркек осылай ойлау керек. Некеге дейін... 59
Сіз өзіңізге "Мен ешқашан біреудің өмірінде үшінші, төртінші, алтыншы орында тұрмаймын. Мен бірінші орында тұрамын" деп айтыңыз. Бірақ мен бірінші орында тұрамын деп қырсығып, ұрсысып, "сен досыңды таңдадың ғой" деп, ол жерде қырылысып тұрмаңыз. Оны жай ғана үндемей жеткізу керек. Еркек сіздің ісіңізге қарап өзінің қателігін түсінетіндей болуы керек. Мысалы, ол досын таңдады. Сіз оған айтыңыз: -Жарайды, егер досыңды таңдайтын болсаң, маған таксиге 2000 теңге берші, мен автобуспен барсам, бірнәрсені жоғалтып аламын. Ал сіз міндетті түрде жоғалтып келіңіз: -Мен автобуспен жүріп едім, әмиянымнан 20 мың теңге түсіп қалды. Автобуста ұрлайды екен, мен жүре алмаймын автобуспен, менің аяғым ауырады, онда әзір сен мені машинамен алып барып келмейінше, азық-түліксіз отырайық. Жаным, кешір, әрине, мен олай істей алмаймын. Менің күйеуім бар, менің күйеуім маған көмектескені қалаймын, сен мені жақсы көресің ғой, иә, мен де сені жақсы көремін, онда, қане, сен мені базарға апарып тастайсың. Еркелеп, нәзіктікпен айтыңыз. Ал ол: -Досыммен келісіп қойдым, досыма барамын,- деп айтса, сіз: -Жарайды, онда келесі жолы апарасың. Ендеше бүгін менің барғым келіп тұрған жоқ. Келесі күні айтасыз, тағы бас тартты ма? Ол кезде де бармайсыз. Біз шыдамсызбыз, бәрінің тез біткенін қалаймыз. Еркек ойламаса, біреуден қарыз алады. 1-2 күн кешіккенге шыдамайды әйел адам, тіпті, несие күйеуінің атында болса да. Ал еркекке бір апта бойы, “несие төлеңіз” деп хабарласа берсе, еркек екінші, үшінші айда ойланады. Ал бізге бәрін тындырып тастаған ұнайды. Біз нәзік бола алмаймыз. Еркек міндетін Некеге дейін... 60
атқармаса, әрине, біз нәзік бола алмаймыз. Бүкіл шаруаны өз мойнымызға аламыз. Еркектің табиғаты ол-қорғау, жауапкершілікті өз мойнына алу, нағыз батыр болу, жанындағы нәзік жанды қорғау. Біз сол ұйықтап жатқан табиғатын ояту керекпіз. Ол бірден оянып кетпейді.Бір ауыз сөзден керемет болып кетпейді. Оған уақыт керек. Сабырлық керек. Шыдамдылық керек. Еркектің міндетін ол өзі мойнына алмайынша жасамау керек. Некеге дейін... 61
Әлі де қыз бен жігіт болып сөйлесіп жүрген қыздарға немесе қазір тұрмысқа шығып кеткен, қыз бен жігіт кездегі өмірін еске түсіріп жүрген қыздарға арналады. Жігіт - қасқыр (аңшы), ал қыз - қоян. Қасқыр қоянның артынан жүгіреді. Дәл солай қыз бен жігіт екеуі бір-бірімен араласып жүрген кезде, егер қоян қасқырдың артынан жүгіретін болса, онда қарым-қатынас бұзыла бастайды. Себебі, ондай заңдылық жоқ. Онда ол махаббат, қарымқатынас емес, ол кезде жай жігіт (қасқыр) қашады, қыз (қоян) артынан жүгіреді. Біраз уақыттан кейін қыз ашулана бастайды: -Сөйлесейікші, сен неге маған көп көңіл бөлмей кеттің, неге арамыз суып кетті, сен байқамайсың ба? - деген сияқты қыздың әңгімелері басталады. Ал жігіт қаша бастайды. Себебі түсіндіре алмайды. Оны мен сіздерге түсіндіріп бере аламын. Қыз әр қадам сайын еркекке жақындай бастайды, ал еркекке бұл ыңғайсыз, кезкелген еркекке бостандық керек. Айналасы бос болу керек. Сол кезде ол өзінің әңгімесін сол қызбен толтырғысы келіп, өзі қызға жақындайды. Ал егер бос жерді қыз есік қақпай, біреудің кеңістігіне кіріп кетіп, жігіттің артынан қуа бастаса, өзі сол бос кеңістікке кірсе, еркек бос кеңістікті көрмей қалады. "Сенің жаныңда болайыншы, мен сенімен сөйлесейінші, кездесейінші, маған келші, маған сыйлық сыйлашы" деп естіледі жігітке. Ол оған ұнамайды. Жігітке қызды өзі шақырғаны ұнайды: -Бүгін шықшы кездесейікші. -Бүгін шыға алмасаң, онда ертең кездесейікші. -Ертең де болмаса, тым болмаса бір күніңді маған бөлші. Міне осындай болу керек. ЖІГІТІҢІЗДІҢ СЕЗІМІ СУЫП КЕТКЕНДЕ ҰСТАНАТЫН ЕРЕЖЕЛЕР Некеге дейін... 62
Ал егер жігіт ә дегеннен-ақ, қыз "иә, иә кездесемін, келе бер" деп тұрса, бір қоңырау шалғаннан-ақ бірден көтерсе "мен сенің қоңырауыңды күтіп отырдым" деп тұратын болса, онда ол қарым-қатынас емес. Не істеу керек? Ресейде Мила Левчук деген психолог бар. Соның парақшасын қосымша оқып жүрсеңіздер болады. Маған оның "масленица” деген техникасы қатты ұнайды. Егер жігітіңіз сізден алшақтап кетсе, сізге көңіл бөлмесе сіз оған жабыса бастадыңыз деген сөз. Сіз оның кеңістігіне кіріп кеттіңіз. Ал ол өзінің кеңістігін босатқысы келіп жүр. Ол не үшін хабарласпағанын түсіндіре алмайды. Достарына кетіп қалады, ал сіз кездесейік десеңіз сізге уақыт таппайды. "Жұмыстан келдім, шаршап тұрмын" деп қашады. Масленица техникасы Бүгіннен бастап ол сізге хабарласса екінші қоңырауын қабылдайсыз. Бірінші қоңырауын қабылдамайсыз. Екі рет қоңырау шалса ғана өзіңіз хабарласыз. Немесе екінші қоңырауын көтеруге болады және араларыңыз жақсы болып кетпейінше 5-10 минуттан артық сөйлеспейсіз. Бұл шамамен 1- 2 апта уақыт алады. Барынша сабырлы болуға тырысыңыз. Stories-ке өзіңіздің күнделікті өміріңізді салып тұрасыз. Өзіңіздің әдемі болып түскен суретіңізді, әдемі киіммен, каблукпен, жігітіңіз танымайтын адамдармен. Жай ғана сауда орнына кіріп бір адамға айтасыз: - Маған біреумен суретке түсу керек болып тұр, сізбен суретке түсейінші,- деп, түсіп алсаңыз болады. Ол танымайтын адаммен Stories-ке суреттер саласыз. Не үшін? Бұл оның қызығушылығын тудырады. Ол сіздің стористеріңізді көргенде міндетті түрде сұрайды: -Кімменсің, қайда жүрсің, неге маған айтпайсың? Сол кезде сіз ренжімеңіз, ұрысудың керегі жоқ, сіздің ұрысуға, ренжуге уақытыңыз жоқ екенін көрсетіңіз. Соңғы кездері бос емес екеніңізді көрсетіңіз. Ол сізге сізден алыстап кеткенін көрсеткісі келіп тұр ғой. Бірақ сіз бұл жерде масленица техникасы арқылы керісінше сіз одан алшақтап кеткеніңізді Некеге дейін... 63
көрсету керексіз. Ол сізге неге маған айтпағансың десе, сіз: -Жаным, ренжімеші, сіздің қолыңыз босамайды деп ойладым, сіз бәрібір жібересіз ғой, сол үшін айтпай-ақ қойдым, мазаңызды алмайын деп шештім,- деп құтыла саласыз. Ол сізге ұрсып жатса, онда сіз: -Жарайды, кешірші, келесі жолы мен саған айтамын,- деп жылы жауып қоя салыңыз. Ары қарай ұрсып кетудің керегі жоқ. "Кешке қарай мен саған келемін, шық" - деп, жігітіңіз кездесуге шақырады. Аптасына екі күн ғана кездесесіз. Мысалы, күнде кездесіп жүрсеңіз, аптасына 2-3 рет қана кездесесіздер. Егер екі аптада бір кездесіп жүрсеңіз, онда қиын болады, ол кезде кездесуден бас тарту керек. Ол: -Менің бүгін қолым босады, кездесіп сөйлесейікші, саған бірнәрсе айтқым келіп тұр,- дейді. Мен түсінемін, оны жақсы көргеннен кейін көңілдеріңіз ауып, шыққыңыз келіп тұрады, бас тарту қиын болады. Бірақ осындай техникадан кейін жігітіңіз бірден есін жия бастайды. Бірнеше апта шыдай тұрыңыз. Сонымен жігітке айтасыз: -Менде ертең емтихан, бүгін мүлдем қолым тимейді, ренжімеші. Менің кездескім келіп тұр, әрине, бірақ менің қолым босамайды, ертең болсыншы,- деп айтасыз. Ол "ертең менде жұмыс қой" деп айтуы мүмкін. "Ал менде сабақ" деп жауап бересіз. Неге сіз өзіңіздің уақытыңызды жігіт үшін босатасыз, ал ол өзінің уақытын сіз үшін босатпайды? Сол үшін екі-үш рет бас тарту керек. Кездескен кезде, кездесулеріңіз егер бұрын 4-5 сағат жүрсеңіздер, онда екі сағатқа қысқартыңыздар. Сағатқа қарап, екі сағат өтіп кетіпті ғой дейсіз. Құрбыңызға немесе анаңызға айтып қойыңыз, сізді хабарласып шақырып алсын. Некеге дейін... 64
Өзіңіз қоңырауды бірінші қоюыңыз керек. "Жаным, ренжімеші, ыдыс жууым керек еді, мен саған қайта хабарласамын" деп қоя салыңыз. Бірақ артынша оған хабарласпайсыз. Ол өзі хабарласуы керек. Сізге айтады: -Сен маған хабарласамын дедің ғой? -Жаным, ренжімеші, мен ұмытып кетіппін, ыдыс жуғаннан кейін маған құрбым хабарласты, оның мәселелерін шештік. Ол әдейі қырсығып істеп жатқаныңызды біліп қоймасын. Сол кезде барлығы жақсы болады. Егер ол сіздің қырсығып осындай техника жасап жатқаныңызды біліп қойса, онда ол одан сайын қырсығады. Ол да сізге хабарласпай қояды. Сосын екеуіңіз екі жақта жүресіздер. Кездесуге бір күн шығасыз, келесі күні кездесуге өзіңіз шақырмайсыз. Шыдай тұрыңыз. Жігітке мына сұрақтарды қоймайсыз: "Қайдасың?" деген сұрақтың орнына "Не істеп жатырсың?" "Қашан келесің?" орнына "Мен сені көргім келіп тұр" немесе "Мен сені сағынып кеттім" "Келші, кездесейікші" деген әңгімені айтпаңыздар. "Кіммен жүрсің?" деп қоймаймыз сұрақты. "Кіммен жүрсің, жаныңда кім бар? Ол жерде не істеп жатырсың?" деген сұрақты қоймаңыз. Қызығушылық танытпаңыз. Қарым-қатынаста көбінесе еркек сұрақ қою керек. Еркек көп сұрақ қойып, оған жауапты аз алса, сол кезде оған қиын болады. Сол сұрақтарға жауап тапқысы келеді. Кіммен жүрсің деп сұрақ қойса: "Асимамен, Қасиетпен, Зәуремен" деп нақты жауап бермеңіз. Ол сұрақ қойғанда 4-5 есе аз жауап беріңіз. -Қыздармен жүрмін. -Қандай қыздар? -Сен танымайсың оларды. Некеге дейін... 65
-Қайда жүрсің? -Жай жүрміз сыртта. -Ненің жанында жүрсің? -Нақты бір жерде жүрген жоқпыз, жай өтіп бара жатырмыз. Жауап беруге қашыңыз. Ол сізге хабарласқан кезде әңгіме тез біту керек. Ешқашан телефонмен және ватсаппен қарымқатынасты талқыламаңыздар және ұрсыспаңыздар. Бетпе-бет отырып сөйлескен дұрыс. Сол кезде эмоция, айтқыңыз келген сөздер жақсырақ жетеді. Бетпе-бет кездескен кезде азырақ ұрсысамыз. "Мен сенімен бүгін сөйлесуім керек, бүгін кел шешейік" деген әңгімені айтпаңыздар. Ол сізді кездесуге шақырсын, сіз шығыңыз, сол кезде ойыңыздағыны айтасыз. Егер араларыңыз дұрыс болмай жүрсе, онда 1-2 аптаға тоқтай тұрайық деп өзіңіз айтыңыз. Сол 1-2 аптада да, осы масленица техникасын қолдануға болады. Жай ғана оған хабарласпайсыз, жазбайсыз. Ал Stories-те бүкіл уақыттарыңызды қызық етіп өткізесіз. Ол сізге хабарласқанында, сізде "жай жатырмын, жай отырмын, ішім пысып кетті" деген жауап болмауы керек. Ол сіз бос уақытыңыздан жігітіңізге уақыт бөліп жатқаныңызды түсінуі керек. Жігіт осы уақытты бағалау керек. Сіздің іш пысқаннан сөйлескеніңіз жарамайды. "Жалғызсырап жүрмін, жалғызсырап жүргендеймін" деп не үшін айтады қыздар? Себебі, олардың өмірінде жігіттен басқа айналысатын ісі жоқ, уақыты тек жігітке ғана арналған. Кітап оқу, әртүрлі видеолар көру, курстарға жазылу, марафондар, мастер класстар, қыздармен кездесу, достармен кафеде отыру, жұмысқа орналасу және тағы да басқа нәрселермен уақытты өткізуге болады (жігітті ойлауға қолыңыз тимейтіндей). Менің кеңесім осы. Некеге дейін... 66
Жігіт - қасқыр, қыз - қоян. Қасқырдың артынан қоян жүгірмейді. Егер ондай жағдай болса қыз жігіттің территориясына кіріп кетеді. Ал ер адамға бостандық керек! Қарым-қатынастағы ереже: Масленица (Жігіт сізден алшақтап кетсе): 1. Қоңыраудың біріншісін көтермейсіз, екіншісін көтересіз. 2. Тұтқаны сіз бірінші қоясыз. 3. Әңгіме 10 минуттан аспау керек. 4. Әр сөзіңіз, әр әңгімеңіз еркелеп айтылу керек, ешқандай суықтық танытпайсыз. 5. Stories-ке жаңа сурет, жаңа видео салып тұрасыз. 6. Stories-ке жігітіңіз танымайтын адамдармен түсесіз. 7. Ол ұрыс шығарғысы келгенде, еркелеп тақырыпты жабасыз да, трубканы қоясыз. 8. Тек жігіт қана кездесуге шақыру керек. Бірақ ол шақырған күніне емес, келесі күнге шығасыз. Немесе шақырған уақыты бойынша келіспейсіз, өзіңіздің бос уақытыңызды айтасыз. Тіпті ішіңіз пысып үйде жатсаңыз да. 18:00 келем десе: - Жоқ, жаным, мен тек қана 19:00 шығамын. - Неге? - Оған дейін істейтін шаруам бар. - Сонда шаруалар меннен де маңызды ма? - Ну, мен саған неге мен бос кезде, күндіз келмейсің демеймін ғой. Сенікі сияқты менде де шаруаларым бар. Ренжімеші, жаным. - Онда келмеймін, достарым келеді. - Ааа, әрине, жаным, ештене етпейді. Қыздар караокеге барайық деп еді, солармен бара саламын. Некеге дейін... 67 НАҚТЫ АМАЛДАР
9. Кездесулеріңіз әдетте 2 сағат болса, сіз 1 сағатқа ғана шығыңыз. 1 сағат болса, жарты сағатқа шығыңыз. Не үшін? Себебі, аз алған сайын, одан да көп алғысы келетін болады. Передозировка болса, ұзаққа жоғалады. Сол үшін, наоборот, кішкене ғана сағындырып, жеткізбей, ертерек бітіру керек бәрін. 10. Осының барлығын қырсығып, әдейі істеп жатқаныңызды көрсетпеңіз! Себебі, еркек бәрін сезіп қойса, бұл техника ешқандай әсер бермейді. ЖҰМБАҚ БОЛЫҢЫЗ. БАРЛЫҚ СҰРАҚТАРЫНА ЖАЛПЫЛАМА ЖАУАП БЕРІҢІЗ. Некеге дейін... 68
2- ереже. ЖІГІТІҢІЗ СІЗДЕН ҚАШЫП ЖҮРМЕСЕ, СУЫП КЕТПЕСЕ ТӨМЕНДЕГІ ЕРЕЖЕНІ ҰСТАНУҒА БОЛАДЫ. Барлығы екі жақтан тең көңіл болу керек. 1- қоңырау жігіттен. 2- қоңырау сізден. 3- қоңырау жігіттен 4- қоңырау сізден. Егер сізден кейін хабарласпаса, өзі іздемегенше күтіңіз. WhatsApp-тағы ереже дәл сондай. Үнемі жігіт жазу немесе үнемі қыз жазу деген нәрсе жоқ. Егер жігіт сізден қашпаса, суып жүрмесе, екі жақтан тең көңіл болу керек. 1 рет ол жазады. Келесі де сіз жазасыз. Егер сіздің жазғаныңыздан кейін іздемесе, өзі бастағанша күтіңіз. Егер ол хабарласқанда сіз бос емес болсаңыз немесе ол бос болмаса, алдын-ала уақытты келісіп таңдаңыздар. Мысалы, -Мен 12:00 босаймын, сол кезде маған хабарлассаң болады. 12-де жігіт хабарласса, сол кезде сұраңыз, қаншада мен хабарласайын немесе 16:00-де босап саған өзім жазамын деңіз. Уақыты келгенде ол алдын-ала хабарласу керектігін білетін болады. Егер 12де оның қолы бос болып хабарласамын деп, бірақ ұмытып кетсе, ренжудің орнына келесі уақытты айтасыз. Бірақ сол уақыттан басқа кезде телефонды алмайсыз. Солай сөзінде тұруға септігіңізді тигізесіз. Тек қана жігіт жақтан бәрі болу керек деген нәрсе жоқ. Қыз жақтан көңіл жігітіттікінен кішкене аздау болу керек. Некеге дейін... 69
Бұл техникадағы ең басты ереже - әдейі істеп жатқаныңызды білдіртпеу. Сіз білдіртпеу керексіз. Еркектер өте ақылды, олар өте қырсық. Егер сіздің әдейі суып жатқаныңызды, әдейі алыстап жатқаныңызды, әдейі көңіл бөлмей жатқаныңызды сезсе, соның барлығын екі есе етіп сізге қайтарғысы келеді. Жігіт сізге қырсығып 2-3 күнге жоғалып кетеді, сізбен араласпай қояды, сөйлеспей қояды. Сосын сіз де "Мен техниканы жасап жүрмін, ал оған бұл әсер етпейді" деп түсінбей қаласыз. Не істеу керек? Махаббатыңызды барынша көрсету керек. Аз ғана берген көңіліңізде, аз ғана бөлген уақытыңызда күні бойы бере алмаған махаббатыңызды, қамқорлығыңызды беріп үлгеруіңіз керек. Күні бойы хабарласпайсыз, ал сізге хабарласқан кезде суық болып сөйлесіп, өзінше болып отырсаңыз, бұл дұрыс емес. Ондай кезде техника жүзеге аспайды. Еркек одан сайын қырсығып қалады. Сонымен жігіт хабарласты, телефонды бірінші қоңырауын алмай, екінші қоңырауын алатын болсаңыз: -Жаным, алтыным, сізді сағынып кеттім ғой, телефонды алғаным жақсы болды, әйтпесе жаңа естімей қалдым, келесі жолы алуға тырысамын,- деп барынша ақталуға тырысыңыз. -Сағынып кеттім сені, көргім келеді, сенің парақшаңа кіріп суреттерді қарап отырғанмын, менің жігітім әдемі екен ғой деп ойлап отырмын,- деп жылы сөздер айту керек. Міндетті түрде комплименттер айтып үлгеру керексіз. Міндетті түрде ер адамға кездейсоқ болып жатқанын дәлелдеу керексіз. Ол: -Үнемі үлгеріп жүрдің ғой, енді қалай үлгермей қалдың,- деп айтуы мүмкін. -Иә, неге сенбейсің маған, шын айтамын,- деп ақталу керексіз. Міне осылай бірнеше уақыт жалғасуы керек. Ең бастысы еркекке бұл техниканы білдіртіп қоймаңыз. Некеге дейін... 70 МАСЛЕНИЦА ТЕХНИКАСЫ
Сөйлесіп жүрген жігіт сізге сурет салуға, киінуге, боянуға, қонаққа баруға, т.б нәрселерге рұқсат бермейтіндей күйеуіңіз емес. Шектеулерді қойғысы келсе онда күйеуінің міндеттерін мойнына алуы керек. Мысалы, ол сізбен неке қиған жоқ. Бірақ күйеуі рұқсат бермейтін нәрселерге рұқсат етпей бастайды. Не істеу керек? Егер сіз оны тыңдағыңыз келсе, запреттерін қабылдап, оған күйеуіңіз ретінде қарағыңыз келсе, біріншіден, ең маңызды нәрсе еркек тек қана запрет беретін күйеу бола алмайды ғой. Онда ол күйеуінің басқа да міндеттерін мойнына алу керек. Күйеуі ғана оған запрет бере алады, күйеуі ғана киім алып бере алады, кез-келген нәрсемен қамтамасыз ете алады. Егер жігіт бірдеңені бұйырып, бас тартып, менің рұқсатымды аласың деген сияқты күйеуі ғана айта алатын міндеттемелерді сізге айтса, онда ол басқа да күйеудің материалдық міндеттерін мойнына алу керек. Сонда ол күйеудің жағдай жасау, барлығына көмектесу, мәселелерін шешу, киім алып беру, тамақпен қамтамасыз ету деген сияқты міндеттерін мойнына алмайды да, ал бірнәрсеге рұқсат бермей қою деген нәрсені мойнына алады екен. Бұл әділетсіздік. Барлығын бірге мойнына алсын. Күйеу болғысы келіп тұр ма, онда соңына дейін күйеу болсын. Неке қимасаңыз да ол өзін нағыз еркек, нағыз күйеу болып сезіну керек. Сондықтан, егер сіз жігітіңізден үнемі рұқсат сұрап, әр қадамыңызды айтып, киіміңізге дейін, сторисіңізге дейін соның бақылауында болатын болсаңыз, сізде материалдық көмек сұрауға толықтай құқығыңыз бар. "Сонда маған бірнәрсеге рұқсат етпейтін кезде ғана күйеуім сияқты боласыз, ал сізден көмек сұрасам, ақша сұрасам сонда менің күйеуім бола алмай қаласыз ба? Бұл әділетсіздік" деп айтуға сіздің хақыңыз бар. ЖІГІТ ЖАҚТАН “ЗАПРЕТТЕР” БОЛСА, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? Некеге дейін... 71
Бүгінгі тақырыпты "флирт" деген термин сөзден бастағым келеді. Себебі, көп қыздар жігітке қандай қыздар ұнайды деп сұрайды. Мен негізгі үш қасиетін алдыңғы тақырыптарда айтып кеттім. Енді тым салмақты қыздар жайлы ой қозғағым келіп тұр. Қыздардың көбісі өзінің бағалы, құнды, анау-мынау қыз емес екенін көрсеткісі келіп кішкене салқынқанды болады. Бірақ сіздерге айтқым келеді, ер адамды қатты, суық, салмақты қыздар өте аз қызықтырады. Ер адамға қандай қыздар ұнайды дедік? Флиртовать ете алатын қыздар ұнайды. Флирт деген ол не? Флирт - еркелік, ойын арқылы қылықтарыңызды жеткізу, ауыр мінезді емес, жеңіл болу. Біз ер адаммен жаңадан танысқан кезде алғашқы әңгімелерде көбінесе жігіт көп сөйлейді, ал қыз болса суық болады. Ер адамның басында хабарласып, одан соң аз хабарласып кетуі немесе мүлдем хабарсыз кетуінің себебі, ол ер адамның шошып қалуында, қорқуында. Неден? Ер адамдардың барлығы салмақты әйелдерден, қыздардан қорқады, шошып қалады. Себебі, ер адамдардың ақкөңілділігі және жеңіл ойлауы. Байқасаңыздар, көбінесе бір-біріне қайшы келетін жұптар бірге жүреді. Ақкөңіл, көп сөйлейтін жігітпен салмақты қыздар. Кішкене салмақты жігіттердің жанында ақкөңіл, көп әңгіме айтатын, көп күлетін қыздар жүреді. Сіздің жаныңыздағы жігіт басында салмақты болғанымен, уақыт өте келе ашыла бастайды. Бірақ ер адамды өзіңізге байлап алу, бауыр бастыру ол эмоцияны сыйлау дедік, иә? Ал эмоцияны флирт арқылы әдемі әрі ерекше етіп сыйлауға болады. Менде флирт табиғатымда болатын. Университетте бірінші курстан бастап кіммен сөйлессем де ойнап, еркелеп, майысып, күліп тұратынмын. Ол менде автоматты түрде жүзеге асатын. ФЛИРТТІ ҚОЛДАНА БІЛГЕН ӘЙЕЛ- ЕРКЕКТІҢ АРМАНЫНА АЙНАЛАДЫ Некеге дейін... 72
Психологтар, ғалымдар, эксперименттер ер адамдардың қандай қызды таңдайтынына эксперимент жасап статистикасын шығарған екен. Бірінші жігіттерге салмақты, байсалды, ұстанымды, бірқалыпты, көп күле бермейтін қыздарды ұсынды. Екінші нұсқаға флиртовать ете алатын, үнемі күлімсіреп, жылы-жылы сөздер айтатын қызды ұсынған. Бұл нұсқаларды ер адамға көрсеткен. Соңында ер адамдардың барлығынан өмірлік жар ретінде қайсы қызды таңдайтындарын сұраған. Көп жігіттер "өмірлік жар ретінде, мүмкін, бірінші нұсқаны таңдар едік, бірақ бірінші нұсқадағы қыз бізге іш пыстырарлық болатынына 100% сенімдіміз. Ал екінші қыздан біз үнемі қорқатын боламыз" деп айтқан екен. Не үшін қорқасыңдар?- деп сұрайды. Көбісінің жауабы: «екінші нұсқадағы қыз кішкене ұшқалақтау, көп жігіттер сондай қыздарды ұнатады, сондықтан біз екінші нұсқадағы қызды әйел қылып алатын болсақ, көп жігіттер оған жабысып, ұнатып қалады ма деп содан қорқамыз»,- депті. Бірақ жігіттердің негізгі ойлары түсінікті, иә? Бәрібір жігіттерге жеңіл мінезді, ақкөңіл, қалжыңдай алатын қыздар ұнайды. Мен сіздерге қазір сұрақ қойғым келеді. Жанымда күйеуім тұрса да, менің энергиям тым көп болғаны сонша, танымайтын адамдармен де флиртовать етіп тұрамын. Мен басында мұның флирт екенін білген жоқпын. Тек табиғатым сондай деп ойладым. Бірақ көп қыздар "сен еркекке еркелеп, ойнап тұратын сияқтысың" деп көп айтатын. Сосын мен флирттің не екенін іздене бастадым. Ол - ер адаммен сөйлескен кездегі қабағыңыздың, көзқарасыңыздың ашық болуы, күлкіңіздің кішкене жұмсақ болуы, сөйлегеніңіздегі еркелегеніңіз және міндетті түрде қалжыңдап сөйлеуіңіз. Кезкелген әңгімеге қалжың сөздерді айтсаңыз, соның өзі флирт болып саналады. Некеге дейін... 73
Қазір жігіттеріңіз бар болса немесе біркездері жігіттермен сөйлесіп, кездесуге барсаңыздар, телефонмен сөйлесіп жүрсеңіздер, өздеріңізді қалай ұстайсыздар? Дауыс мәнері қандай? Еркелеп сөйлейсіз бе? Қалжыңдай аласыз ба? Мен мектепте оқып жүргенде ондай болған жоқпын. Мен ешкіммен сөйлеспейтін қыз болғанмын. Бірақ біздің сыныбымызда 2-3 қыз болған, барлық жігіттер солардың айналасында жүретін. Үнемі сол 2-3 қызды кездесуге, туған күнге шақыратын, үнемі солардың жанында әңгіме айтып тұратын. Мен қазір соның не үшін екенін түсініп жатырмын. Себебі, ол қыздардың кішкентай жасынан бастап әйелдік энергиясы дамыған және жігіттер сол энергияны сезген. Жігітпен алғаш танысып, араласып келе жатасыздар. Сіз салмақты тақырыптар қозғай бастайсыз. Саясат, экономика, біреудің отбасылық өмірін немесе отбасы болғанда әйел қандай болу керек, еркек қандай болу керек, бала тәрбиесі т.б терең философиялық, ойландыратын тақырыптарда әңгіме қозғайтын болсаңыз, ер адам одан шошып қалуы мүмкін. Болашаққа деген жоспарыңыз, ер адамнан нені күтесіз, оның барлығы адамды ойландырып жібереді. Қарым-қатынасты бірінші жеңілдікпен бастаған дұрыс. Флиртовать ету әдетте тек басында болады. Ал егер сіз энергияңызды керемет қолдана алатын қыз болсаңыз, тіпті 1-2 жыл өтсе де, өз жігітіңізбен бірінші рет көрісіп тұрғандай күнделікті флирт жасай алсаңыз, ол жігіт сізден ешқашан да суып кетпейді, қызығушылығын жоғалтпайды. Себебі, флиртовать ете алатын әйел, қыз, жігітке ең маңызды нәрсені бере алады. Ол не нәрсе? Ол жігіттің сіз үшін ерекше екенін сезіндіру, үнемі осы қызды жоғалтып аламын-ау деген қорқыныш. Әйел адам белгісіз жұмбақ болуы керек. Ертеңгі сөзі, ертеңгі мінезі еркекке белгісіз болу керек. Сіз еркекке флирт жасап бастағанда, ол басында ләззат алады, ортасында үйренісуге тырысады, бірақ арасында ашуы келіп, жындануы мүмкін. Некеге дейін... 74
Мысалы, менің күйеуім әлі күнге дейін маған үнемі "сен басқа ер адамдармен сөйлесуге ынтықсың" дейді. Білесіз бе неге олай айтады? Себебі, мен сатушылармен, көшедегі үлкен аталармен сөйлескен кезде жеңіл сөйлесемін, қалжыңдай салуға тырысамын. Бұл менде автоматты түрде орындалады| (қасымда күйеуім болса да). Сосын маған ашуланады. Білесіз бе не үшін? Еркек қорыққан кезде ғана ашуланып, ұрыс шығарады. Ол не сізбен айырылысу үшін не сізді жоғалтып алуға қорыққаннан үнемі ұрысатын болады. Осы екі ғана себеп бар. Мүлдем флиртовать ете алмайтын қыздарға беретін кеңесім: махаббат жайлы романтикалық, комедиялық кино көру. Сіздерге ұсынатын фильмдерім: "Красотка" , "Блондинка в законе" , "Отпетые мошенницы". Бұл фильмдерде қалай ер адамдарды бағындыру керек, қалай өзіне қарату керегі жайлы көрсетіледі. "Очень плохая училка" , "Как отделаться от парня за 10 дней" - комедиялық кино. Осындай киноларды көріп, кішкене болса да флиртовать ете алатын қасиеттеріңіз дамуы мүмкін. Қалай ойлайсыз, жігітке үнемі күліп жүретін, үнемі қалжыңдайтын, өзін жеңіл сезінетін қыз ұнайды ма немесе хабарласқан сайын көңіл-күйі жоқ, үнемі ештеңеге көңілі толмайтын, үнемі еркектен бірнәрсені қалайтын қыз ұнайды ма? Бірінші нұсқа дұрыс. Себебі, ешкімге ауыр мінезді, ауыр көңілді, ауыр сөздері бар адам ұнамайды. Үнемі өзін адамның жанында жеңіл, көңілді, ашық сезінгің келеді. Жігіт сізге түнде хабарласса да, таңертең хабарласса да, сіз онымен бірқалыпты, көңілді, қалжыңдап сөйлесетініңізді түсінсе, ол сізге хабарласудан қашпайтын болады. Себебі, оған сізбен араласу жағымды болады. Ал егер сіз үнемі ол хабарласқан сайын оны ойландырып тастайтын болсаңыз, келесі хабарласқанда ол ойланады: -Не істеймін, мүмкін керек емес, хабарласпасам тағы ренжиді, хабарлассам тағы бастайды қазір,- дейді. Некеге дейін... 75
Қарым-қатынасты ауырлатудың керегі жоқ. Алғашқы сөйлескенде де өзінше болудың керегі жоқ. Ал біраз уақыт өткеннен кейін флиртовать етуді тоқтатпау керек. Себебі, флирт екеуіңізді байлап тұрады, еркекті сізге тәуелді қылады. Некеге дейін... 76
Қазір жігітіңізбен нақты үйленетіндей болып жүріп жүрсіз. Ол қай уақыттан басталады? Мен үшін ол 6 айдан басталады. Сізге мүмкін 1 айдан кейін, 2-3 айдан кейін болуы мүмкін. Жігіт сізге қашан той туралы, үйге келін қылып алып барамын деген сияқты әңгімені бастағанда, сіз осы уақытта ер адамның ертең күйеу болғанда қалай болатынын елестетіп, ойлануыңыз керек. Бұл әзіл емес. Сізде өзіңізді кінәлі сезініп, менікі дұрыс емес, мен жігіт үшін өзгеру керекпін деген сияқты ой әзірге болмауы керек. Не үшін? Себебі, үйленгенше сізді жігіт алуға тырысады. Сіз оған тұрмысқа шығуға тырысып жатқан жоқсыз, жігіт сізді алуға тырысып жатыр. Яғни бар күшін, өнерін, жеті қырын көрсетіп, жігіт сізді өзіне қаратып, осы қыз маған тұрмысқа шықса екен деп, барлық жақсылығын жігіт көрсетуі керек. Қыз өз тарапынан күшті келін болатынын көрсетіп: -Мен үйде отырамын, мен жұмыс істемеймін, мен сенің айтқаныңды тыңдаймын, сенімен бірге тұрамын, сиыр сауамын,- деп ер адамға барлық жағынан идеалды әйел бола алатынын, оның жары бола алатынын көрсетпеуі керек. Қазір 21-ғасыр, жастар қазір тіпті бір үйде тұрады. Азаматтық некеде тұрады. Мен ондайға қарсымын. Азаматтық неке деген ол не? Егер жігіт неке қиғанға дейін отбасылық тұрғыдан қажеттіліктерді ала алса, ол онда біріншіден, көз алдында әйелінің құндылығын жоғалтады, екіншіден, үйленуге асықпайды, үшіншіден, сізге қызығушылығын жоғалтады, "бұл менен ешқайда кетпейді" деп ойлайды. Еркек қызды әйел қылып алуға барынша асығу керек. Некеге дейін... 77 ТОЙҒА ДЕЙІН ТИЫМ САЛЫНАТЫН АМАЛДАР
Ол айтады: -Жұмыстамын, қарным ашып кетті. Сіз: -Менде кілтің бар ғой, қазір мен барып сізге тамақ жасап беремін,- деп, оған тамақ жасап берсеңіз, киімдерін жуып, үйін жинап, еденін жуып, ол анасымен таныстырып қояды және сізге анама барып көмектес дейді, ал сіз бірден жетіп барасыз сол үйдің келіні сияқты, бетіңіз ашылмаса да, бұл мүлдем дұрыс емес нәрсе. Сіз бірден құндылығыңызды жоғалтып аласыз. Еркек бірден дөрекі бола бастайды. Айырмашылығын байқаңыз. Оның өмірлік жарының міндеттерін тойға дейін орындап бастасаңыз, оның айтқанынан 100% шықпай, дүкенге барсаңыз да айтып, толықтай оған тәуелді болып, киген киіміңізге дейін барлығын оған айтып есеп беру, мұның барлығы әйелдің міндеттері. Сіз осының барлығын орындап бастасаңыз, ол сізге үйленуге асықпайды. Сіз білмейсіз ғой, ол расымен де сізді әйелі етіп алады ма? Осыдан кейін әртүрлі мәселелер басталады, ол сізге өтірік айта бастайды, сізбен дөрекі сөйлесе бастайды. Ал сіз оны тастай алмайсыз. Не үшін? Себебі, енді бәрі кеш. Сізде қорқыныш пайда болады. Тіпті сіз оны жақсы көрмесеңіз де немесе қатты ренжітіп қойса да сіз одан бас тарта алмай қаласыз. Міне, сол үшін айтқым келеді, ертеңгі күнді сіз нақты білмейсіз. Сөйлесіп жүрген жігіт тойдың күнін белгілеп, ата-аналарыңызды келістіріп, әкеңізбен келіп таныспағанша, әйелдің міндеттерін жасауға міндетті емессіз. Ол міндетке келіссеңіз, өмірім құрыды дей беріңіз. Себебі, сыйластық кетеді, құрмет кетеді, ол сізге кішкентай қызға қарағандай қарамайды. Ал бұл сізге керек пе? Сосын сен өзгеріп кеттің, басында басқаша едің, ал қазір басқасың деген сұрақтар туындай бастайды. Не үшін өзгеріп кетеді? Себебі, әйелі беретін нәрсені, қызы болып сіз беріп жатырсыз. Барлық мәселе осында. Некеге дейін... 78
Қолжетімді қыз деген жігіттермен сөйлесетін қыз емес. Ер адамға көп мүмкіндік беретін қыз. Ерте құшақтауға, кездесуге бара салуға, өзінің жігіті бар бола тұра басқа жігіттермен қарым-қатынас құрып кетуіне рұқсат бере беретін қыз. Қолжетімді деп төсекте болатын және құшақтасуға, сүйісуге тез рұқсат беретін қыздарды айтады. Ал жай ғана ер адаммен тек қана контакт орнату, меніңше, қолжетімді қыз болу емес. Мен өзімнің сөйлесіп жүрген жігіттерімнің арасынан олардың айырмашылығы неде, кім кімнен жақсырақ, қайсысы маған күштірек келеді, кім мені қаттырақ сыйлайды, құрметтейді, кім мен үшін бәріне дайын деген сияқты сұрақтардың барлығына саралап жауап бере алдым. Жігітпен жүру ол үлкен жауапкершілік. Бір жігітпен жүрсеңіз басқаларға көз сала алмайсыз, басқамен қарым-қатынас құрып кете алмайсыз. Ал егер жай бір адаммен таныссаңыз, ол әлі жігітіңіз болған жоқ және сіз келісім берген жоқсыз. Сондықтан сізде тағы бірнеше адаммен танысып, олардың мінездерін тану және қайсысымен ыңғайлы болатынын ойлануға мүмкіндік бар. Сіз миллион жігіттердің арасынан өзіңізге ыңғайлысын мінез бойынша, өмірлік көзқарас бойынша таңдау керексіз. Сол кезде ғана, тіпті жігіт сізді тастап кетсе де, сіз онымен айырылысқыңыз келсе де, жүрекке ауыртпашылық түспейді. Себебі, ол жалғыз адам емес, бұдан кейін де адам болады, бұған дейін де адам болды, таңдаулар миллион, сізде оларға қарап ешқандай қорқынышыңыз болмайды. Сізге жазып жүрген жігіттер (ухожёр) сіздің жігітіңіз емес. Мен ешқашан жазып, сөйлесіп жүрген жігіттерді өзімнің жігітім деп санаған жоқпын. Ал ол жігіттер маған не істейтін? Олар мені міндетті түрде жұмысқа апарып тастайтын, үйге дейін апарып тастайтын. Некеге дейін... 79 ҚОЛЖЕТІМДІЛІК (ЛЕГКОДОСТУПНОСТЬ) ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ҚАЛАЙ БҰЗАДЫ?
Мен анама "менің досым, жақында таныстық, сол мені үйге дейін апарып тастайды" деймін. Арамызда міндетті түрде шекара болатын. Ол тағы не істей алады? Ол сізге ешқандай есеп бермейді, бірақ күніне 2-3 рет хабарласып, жағдайыңызды сұрай алады. Сізді әртүрлі тәттілермен қуантуы мүмкін, кездесуге шақырады. Сіз сол уақытта жігіт жайлы ойланасыз, оны тани бастайсыз. Қыз бен жігіт болып жүріп жүрген кезде ережені айту қиын. "Маған мынау ұнамайды, менің жігітім мұндай нәрсе істемеуі керек, сен мені бақылама, мен өзім білемін" деп айта алмайсыз. Себебі, сіз оған келісіп қойдыңыз. Ал жігіт қамқорлық танытып, сізге жазып жүрген кезінде, жігіт білуі керек, әзір ол сіздің жігітіңіз емес екенін. Сіз оған өз талаптарыңызды айта аласыз. -Маған мені тым қатты ұстайтын жігіттер ұнамайды, себебі өзімнің жұмыстарым көп, хоббиім бар, көп жерлерге барамын, ал сен оған қалай қарайсың, қызыңа нені рұқсат етесің, нені рұқсат етпейсің,- деген сияқты нәрселерді алдын-ала келісіп алыңыз. Егер жігіт өзі қарым-қатынас басталмай тұрып, сізге рұқсат бермей жатса, ойлану керек. Бір жігітке жабысып қалмау керек. Қазір жүріп жүрген жігітіңіз бар болса, сіздерге алдын-ала таңдау жасау керек. Мен оны толығымен қабылдаймын (жаман қылықтарынан басқа). Айырмашылығын түсініңіз. Жаман қылықтары немесе жағымсыз қалыптасып кеткен қарымқатынасы болса, ал осы қасиеттері тек өзіне байланысты ғана болса, онда сіз міндеттісіз оны толығымен қабылдауға. Өзінің өміріне өзі жауап береді. Өзінің денсаулығына, достарына, ақшасына өзі жауап береді. Не оны қабылдайсыз, не қабылдамайсыз. Оның кітап оқығысы келмейтінін қабылдайсыз немесе қабылдамайсыз. Ал сізге тікелей қатысты дүниелерді сіз өзгерт деп талап етуге хақыңыз бар. Себебі, ол тікелей сізге байланысты. Мысалы, сіздің жаныңызда темекі шегіп тұрса, сізге зиян ғой. Сондықтан сіз одан талап ете аласыз: Некеге дейін... 80
-Маған менің жанымда сіздің темекі тартқаныңыз ұнамайды, не темекі тартпаңыз немесе мен қазір үйіме кетіп қаламын. Шекараны қорғау керек. Тағы нені өзгерт деп талап ете аласыз? Оның сіздің көзіңізше боқтауы. Екеуіңіз ұрсысып жатқан кезде сізді кемсітпеуін, ауыр сөздер тигізбеуін талап ете аласыз. Егер ол мен осындаймын, мені осылай қабылда деп айтса, демек ол өзгергісі келмейді. Өзгерту керек нәрсе бар, өзгертпеу керек нәрсе бар. Қазір оның әдеттерін қағазға жазып, шешіп алыңыз. Айырмашылығын анықтап қараңыз. Бірінші бағанға оның жаман әдеттерін, екінші бағанға оның сізге деген қарымқатынасын жазып, салыстырып, саралап көріңіз. Мүмкін ол өтірік айтатын шығар, басқа қыздармен сөйлесетін шығар, сізге дөрекі сөйлейтін шығар немесе келемін деп сізге сөз беріп, келмей қалады, тағы сол сияқты. Барлық жаман әдеттері сізге қатысты нәрсе болса, онда бұл жаман және жауапкершілігінің жоқтығы болып табылады. Некеге дейін... 81
Маған көп қыздар жазады: -Сабира ханым, жігітіммен айырылысып 2 айға жоқ болып кетіп еді, енді қайта пайда болып үйленеміз деп жатыр, бұл дұрыс па? -Сабира ханым, жігітім 8 наурызға ештеңе бере алмаймын, ақшам жоқ, 15 наурыз тойлайық деп жатыр, бұл дұрыс па? -Сабира ханым, маған қатын деп сөйлейді, ей деп дөрекі сөйлейді, бұл дұрыс па? Міне, осындай сұрақтар көп қойылады. Мен сіздерге нақтылап түсіндіріп кетейін. Біріншіден, ол принципіңізге байланысты, әр әйел адамның, қыз баланың өзінің дәрежесіне тең принциптері болады. Ол принциптер ешқашан өзгермеуі керек. Яғни басқа адамның пікіріне байланысты болмауы керек. Жігіт 2 айға жоқ болып кетсе, сосын қайтып келсе, ол не істеуі керек? Ол бірінші жақсылап кешірім сұрауы керек, не үшін жоқ болып кеткенін түсіндіруі керек. Ол сіздің сеніміңізді қайтарып алуы керек. Жай ғана келіп, екеуміз үйленеміз деп айтпауы керек. «Бұл мен үшін өмірлік принцип, қарым-қатынас принципі. Мен соны өмір бойы ұстанамын» деп өзіңіз шешуіңіз керек. Осындай мәселе туындағанда сіз басқа адамдардан "бұл дұрыс па?" деп сұрамауыңыз керек. Себебі, бұл мен үшін дұрыс болмауы мүмкін. Бірақ самооценкасы төмен, оның кез-келген дөрекі сөздерін қабылдай беретін қыз үшін бұл дұрыс болуы мүмкін. Құрбыңыз дұрыс десе сіз үшін де дұрыс, психолог дұрыс емес десе сіз үшін де дұрыс емес болып қалады. Бұл мүлдем дұрыс нәрсе емес. Сіз қазір өзіңізге не керектігін білмесеңіз, тұрмысқа шыққаннан кейін, үлкен мәселелер туындайтын болады. Себебі, сіз бір кездері күйеуіңіздің сөздерін қабылдап "жарайды, менікі дұрыс емес" деп тұрасыз да, басқа кезде бір постты оқып аласыз, сол постта жазылған нәрсені принцип қылып аласыз. Некеге дейін... 82 НЕГЕ СІЗ ПРИНЦИПТЕРІҢІЗГЕ ҚАРСЫ ШЫҚПАУ КЕРЕКСІЗ?
Ал бұл сіз үшін принцип болмайды. Бұл біреу істе дегеннен кейін ғана істейін деп жатқан нәрсеңіз. Күйеуіңіз сізге дөрекі сөйлеген кезде, сіз де қарсы шығып, шекараңыз жайлы айтып басқа нәрсе қозғап кетесіз. Бұл сіз үшін принцип бола алмайды. Тек бір парақшадан оқып алған нәрсе. Менің істеп жүргенім дұрыс емес нәрсе екен ғой деп ойлайсыз, бұл тек посттың мағынасы ұмытылып кеткенше ғана сақталатын болады, 1-2 аптадан соң қайтадан барлығы қайталанатын болады. Сондықтан қазірден бастап менің принциптерім қандай деп өзіңізге сұрақ қойыңыз. Мысалы, сізде қазір "менде арақ ішпейтін күйеу болуы керек" деген принцип. Сіз жігітіңізбен жүріп жүрген кезде ол бәлкім ішпейді, темекі шекпейді. Ол сіздің принципіңіз сондай екенін біледі. Жігітпен жүріп жүрген кезде принциптеріңізді айтуды ұмытпаңыз. Қарымқатынас басталмай тұрып, оған барлығын айтуыңыз керек. -Жаным, сен ішесің ба, ішіп көрдің ба, ішкің келеді ма? Сондай сұрақтар қоясыз. Ол сізге: -жоқ, мен мүлдем ішпеймін,- деп айтады. Бір жылдан кейін ол арақ ішіп бастайды немесе сіз оның арақ ішетінін біліп қоясыз. Ол сізді алдап жүрді немесе қазір алдағысы келіп жатыр. Сіз принципіңіз бойынша оған айтасыз: -Жаным, білесің бе, мен саған айтқанмын, мен мұндай адамды қабылдай алмаймын, мен намаз оқимын, менің отбасым оқиды, ал менің күйеуім сондай болатын болса менде береке болмайды, түсініп тұрсыз ғой?- деп айтасыз. Бірақ ол сіз үшін алкогольды тастамаса немесе осыған байланысты мәселелер туындаса, сіз еркек үшін өз принципіңізді сындырмау керексіз. Егер қазір сіз принциптеріңізді сындырсаңыз, өмір бойы принциптеріңізді сындырып жүретін боласыз. Сіз өзіңізді сындырып жүретін боласыз. Қазір "жарайды, енді тек мерекелерде ғана ішеді ғой" деп оны кешіріп, көзіңізді жұма қарасаңыз онда сіз принципіңізді сындырдыңыз. Некеге дейін... 83
Сосын жігітіңіз "мына қыз ішетін адаммен ешқашан жүрмеймін деп айтып еді, өзі менімен жүріп жүр, демек басқа да принциптерін мен үшін сындыра салады" ,- деп ойлайды. Үйленгеннен кейін сіз жұмыс істеп жүрсеңіз, ол сізге айтады: -Жаным, жұмысыңды таста, мен сені қамтамасыз етемін, жұмыстан шық. Сіз жұмыста қалуды қаласаңыз да, өз-өзіңізді сындырасыз. Отбасы болу өте қиын. Тойға дейін бұл жайлы сөйлеспесеңіз, принциптеріңізді сындыру керек боласыз. Сондықтан бұл өте маңызды. Ешқашан да күйеу маникюр, педикюр, марафон, курстарға апта сайын ақша беріп тұрмайды. Не үшін? Себебі, ол орташа деңгейде айлық алатын, орташа жағдайда өмір сүреді. 200 мың теңге айлық алса, оның жартысы коммуналдық төлемге, пәтерақыға, енеңізге, балаларға кетеді. Ол ойлана бастайды: "мен қазір оған шашын қию мен тырнағын бояуға 10 мың теңге беретін болсам, ол келесі айда тағы да сұрайды, қазір мен оған жоқ деп айтамын" дейді. Сосын сіз өзіңізді сындырасыз, сындырдыңыз және әр ай сайын сындырып отыратын боласыз. Сіз сұрайсыз, ол бермейді. Әр ай сайын сіз "бекер жұмыстан шығып кеттім, бекер өз принципімді сындырдым" деп ойлайтын боласыз. Ал сіздің күйеуіңіз сізді басқа жерден де сындыра бастайды. Ол енді ұзын ки, қысқа киме, орамал тақ, өзіңнің туысқандарыңа барма, анаңмен күнде телефонмен сөйлеспе, құрбыларыңмен кездеспе т.б жағдайлар бойынша сізге рұқсат бермей, сізді сындырады. Сондықтан өзіңіз үшін не нәрсе дұрыс, не нәрсе дұрыс емес екенін шешіп алыңыз. Ешқашан сол принциптеріңізді өзгертпеңіз. Некеге дейін... 84
Ер адамды баурап алу үшін, оны өзіңе байлап қоятындай қандай тілде сөйлесу керек? Оның өз техникалары бар. Жігіт - аңшы. Ол қыз балаға өзі жеткісі келеді. Қызды өз өмірінде жүлделі жеңіс ретінде көреді. Жеңісті алу үшін көп қиындықтардан өтеді. Ол қиындықтар: •Сіздің бос уақытыңызды күту •Сіздің қашан кездесе алатыныңызды күту •Сіздің иә деген жауабыңызды алу •Сіздің сеніміңізге кіріп, бауыр басу Міне, осының барлығы сізге жету үшін жасалынатын амалдар. Ол тойға дейін де, тойдан кейін де сіз үшін тырысатын болады. Жігітіңіз өмір бойы сізден көңілі суып кетпей, үнемі қызығып жүруі үшін не істеу керек? Біріншіден, ер адам өзін ерекше сезінгісі келеді. Ол басқа жігіттермен салыстырғанын қаламайды. Сондықтан жігітпен сөйлескенде: «анау досым, мынау бұрынғы жігітім, құрбымның жігіті, құрбымның күйеуі» деген сияқты сөздерді ешқашан айтпаңыз. Салыстырғыңыз келсе тек жақсы жағымен салыстырыңыз. Мысалы: -Қарлығаштың күйеуі 8 наурызға сыйлық бермепті, біртүрлі көрінеді ғой, ұялып кеттім, қандай жақсы сен романтиксің, маған көңіл бөлесің, жұмыс істемесең де амалын тауып маған сыйлық бердің, сыйлық алмаған ол біртүрлі ғой, қандай жақсы сен ондай емессің,- деп, салыстырмалы түрде айтқыңыз келсе тек мақтап айту керек. Ол бірінші ереже. ЖІГІТПЕН ҚАЛАЙ СӨЙЛЕСУ КЕРЕК? Некеге дейін... 85
Екіншіден, басқа адамдардан ол өте ақылды, өте білімді, сондай әзілқой екенін сезгісі келеді. Ер адамның эгосы қыз балаға қарағанда өте жоғары болады. Егер ер адам қыздың, әйелдің жанында өзін күшті, ақылды, өзін кез-келген мәселені шешіп тастайтын адам сияқты сезінбесе, ол басқа қызды іздейтін болады. Ең бірінші ер адам әйелден іздейтін нәрсе ол- эмоциялық жағдай. Яғни қыздың жанында өзін эмоциялық тұрғыда толыққанды сезінгісі келеді. Ер адам қыз баладан энергия алады. Энергияны қыз бала беруі үшін, сіз өзіңіз толыққанды болуыңыз керек. Қыз балада энергетикалық сосуд болады. Ол сосудты әртүрлі нәрселермен толтыруға болады. Біліммен, хоббиларыңызбен, өзіңізге ұнайтын киноны көріп уақыт өткізу, яғни бұл өзөзіңізді дамыту, уақыт өткізу. Жігітіңізбен емес. Тек қана құрбыларызбен, анаңызбен, туысқандармен немесе жалғыз өзіңіз өткізетін уақыт. Сосудты сол арқылы ғана толтыруға болады. Үнемі даму үстінде болу, самооценканы көтеру осының барлығымен сосудты толтыра аласыз. Жалғыз жүрсеңіз де, жігітіңіз жоқ болса да сол сосуд сізде толып тұруы керек. Сосудтың толып тұрғанын қалай сезесіз? Мысалы, сіздің жігітіңіз жоқ болғаны үшін өзіңізді кем сезінбеуіңіз керек. Менің жігітім жоқ Біреумен жүргім келіп жүр Біреумен қарым-қатынас құрғым келіп жүр Барлығының қол ұстасып жүрген жігіттері бар Мен де солай қол ұстасып жүргім келіп жүр Барлығына жігіттері сыйлық береді Мен де солай сыйлық алғым келеді. Міне осындай ойлар нені білдіреді? Сіз өзіңіздің сосудыңызды жігітпен толтырғыңыз келіп тұр деген сөз. Ал бұл дұрыс емес! Сіз осы күйде жігітпен жүріп Некеге дейін... 86
бастайтын болсаңыз, сізде "қанша жігітпен жүрсем де, барлығы аяғында жоқ болып кетеді, неге олай?" деген сұрақтар пайда болады. Сіз сосудыңыз бос күйде жігітпен қосылғаннан кейін жігітке энергетиканы берудің орнына, сіз өзіңіз сол энергетиканы ала бастайсыз. Маған көңіл бөл Сыйлық бер Менімен кездес Инстаграмыңның паролін бер Неге ана қызға лайк басасың Неге мына қыздарға тіркелесің Ана қызбен араласпа Осындай сұрақтармен, осындай ойлармен сіз жігітіңіздің энергетикасын сора бастайсыз. Егер жігіт сізге көңіл бөлмесе, сіздің сосудыңыз бос болып тұра береді. Сіз одан сайын оған жабыса бастайсыз. Ол кейін жай ғана жоқ болып кетеді. Бұл дұрыс нәрсе емес. Сондықтан, ең бірінші сіздің энергетикалық сосудыңыз, бос уақытыңыз, араласып жүрген адамдарыңыз, көңіл-күйіңіз жігітіңіздің бар-жоғына байланысты болмауы керек. Ешкіммен жүрмесеңіз де бақытты болуыңыз керек. Қазіргі қыздар немен айналысатынын білмейтіні соншалықты, жалғыз қалмауы үшін ғана жігітпен жүреді. Себебі, жалғыз қалудан қорқады, іші пысады. Үнемі біреумен сөйлесіп отыруы керек, үнемі біреуге көңіл аударғысы келеді. Жігіт өзі толықтай жеке тұлға болғаннан кейін, жанында толықтай жеке тұлға қыз болғанын қалайды. Екеуі бір-бірін толықтырады. Ал өзі толықтай жеке тұлға жігіт, сосуды бос қызбен қарым-қатынас құрғанда, жігіт толыққанды энергетикасын қызға беріп жібереді, ал өзі бос және түсініксіз күйде қалып қалады. "Не істеп жүрмін мына қызбен?" деген ойы пайда болады. Сондықтан ол "Мен бұл қыздың жанында өзімді керемет сезінбеймін, өзімді пайдасыз сезінемін, Некеге дейін... 87
себебі, кездессек тек құшақтасып, сүйісеміз болды, басқа істейтін ештеңе жоқ. Біз ештеңені талқыламаймыз. Біздің айтатын әңгімеміз жоқ. Біз кездескенде сағынышымызды физикалық тұрғыдан ғана емес, интеллектуалдық тұрғыдан да баса алмаймыз" деп ойлайды. Өзі анықтай алмайды не үшін айырылысқысы келетінін және сізге түсіндіріп бере алмайды. Сізге "Мен өзімнің не қалайтынымды білмеймін" деп айта салады. Егер жігіт солай айтса, сіздің жаныңызда өзін керемет, ақылды, романтик, нағыз еркек сияқты сезінбейді. Сіздің жаныңызда өзін тек қана сізді ренжіте беретін біткен адам ретінде сезінетін болады. Ал жігітке бұл ұнамайды. Ол өзін керісінше күшті сезінуі керек. Ер адам қызбен не үшін жүреді? Эмоционалдық жағдайы күшті болуы үшін ғана қызбен бірге болады. Ал қыздар сол махаббатымен бөлісу үшін, энергетикасын беруі үшін жігітпен бірге болады. Бір-бірімен энергия алмасу ол өте дұрыс нәрсе. Мысалы, ток өзінің күшін беру үшін, +, - болуы керек. Егер екеуі де + немесе - болса ток бармайды. Дәл сол сияқты жігіт пен қыз да + пен - болады. Энергия алмасады. Бірақ көбінесе жігіт өзінің энергетикасын толтырады. Енді не істеу керек? Қалай жігіттің энергетикалық жағдайын күшті етуге болатынын айтайын. Біріншіден, ол жасанды болмауы керек. Яғни сіз өтіріктен қолдан жасап алып, оны ақылды деп ойламасаңыз да "сен сондай ақылдысың" деп комплимент айтып тұрсаңыз, бұл жүзеге аспайды. Немесе ол әдемі емес болса, бірақ сіз оның түріне қарап "жаным, сен сондай әдемісің" деп айтсаңыз, жігіт сіздің өтірік айтып жатқаныңызды біліп тұрады. Бұлай жасауға болмайды. Энергетикаңызды толықтырыңыз. Қалай? Самооценкаңызды Некеге дейін... 88
көтеру қарым-қатынаста ең басты орынды алады. Самооценкаңызды көтерсеңіз, сол самооценкаға байланысты басқа да тармақтар кетеді. Хоббиіңіз болады (тоқу, сурет салу, кітаптар оқу, кітап жазу, анкета толтыру, тамақ жасау, торт пісіру т.б). Сериал қараудың өзі хоббиіңіз болуы керек. Сералды тек бос уақытыңыз болған үшін ғана емес, энергетикаңызды толтыру үшін көрсеңіз, онда сіз өзіңізді сондай бақытты сезінетін боласыз. Сондықтан хоббиіңізді табыңыз, міндетті түрде хоббиіңіз болуы керек. Үшіншіден, көңіліңізді көтересіз. Сіздің киноға баруыңыз, киімдер сатып алуыңыз, балмұздақ жеп келуіңіз, кафеге баруыңыз, соның барлығы жігітпен өткізген уақыттан тыс көбірек болуы керек. Яғни кафеге барсаңыз тек қана жігітпен барасыз, киноға барсаңыз, тек қана жігітпен барасыз, киім алсаңыз, тек қана жігітпен барып аласыз. Жоқ, олай болмауы тиіс. Себебі, сіздің энергетикалық сосудыңыз тек жігітпен ғана толады. Ол дұрыс нәрсе емес. Сосудты толтырып тастадыңыз, енді не істейсіз? Сол сосудты толықтыру арқылы жігітке тәуелділіктен арыласыз. Тәуелділіктен арылғаннан кейін жігітіңізбен сөйлескенде көзқарасыңыз өзгереді. Үнемі критиканы қоя бастайсыз. Жігіт сізбен сөйлескен сайын өзін нашар адам сезінбеуі керек. -Сен маған қарағанда достарыңа көбірек уақыт бөлесің, қалаға келсең бірінші достарыңа барасың, сосын маған келесің, сен құпияларыңды бірінші анаңа айтып бересің, сосын маған айтасың, - міне осының барлығы оған "сен жамансың, қалай жүріп жүрмін сен сияқты адаммен" деген сияқты болып жетеді. Ол өзінің бос сосудын толтырғысы келеді, сосын басқа қыздармен сөйлесіп бастайды. Міне, осыдан кейін қыздарда "не үшін ол басқа қыздармен сөйлеседі, ол қызқұмар, не жетпейді оған" деген ойлар пайда бола бастаса, менің сөздерімді еске алыңыздар. Жігіт өзінің қызынан комплименттер естімесе, өзін күшті сезінбесе ол өз-өзін көтере алмайды. Некеге дейін... 89
Егер қызы оны шаршата берсе, энергетикасын сорып тастаса, тек қана ұрсып, ренжісе берсе осының барлық салдарынан жігіт өзінің самооценкасын түсіріп алады. Ол самооценканы көтеру үшін Instagram-дағы әдемі қыздарға жаза бастайды немесе әріптестерінің құрбыларымен кездесе бастайды. Ер адаммен қыз бала жүріп бастаған кезде, қыздардың көздері жайнап, сол жігітінен басқа ешкімді көрмей, махаббаттары күшті болып, сондай ерекше сезімде жүреді. Ешқандай ұрыскеріс жоқ, бір-бірін әлі танымайды. Күнде таныған сайын бауыр басып керемет болады. Жігіт сол қарым-қатынастың бас жағында өзін бір еркек сезінеді, сол қызды жалғыз өзі бақытты ете алатын адам ретінде сезінеді. Бұл қарым-қатынастың басында болатын нәрсе. Ал қазір күнде ұрыс, күнде критика, реніш. Сосын ол өзін нашар адам сезінеді. Сол кезде өзінің самооценкасын көтеру үшін басқа қыздарға жаза бастайды. Себебі, олармен енді сөйлесіп бастағанда, ол қыздар сіз сияқты бақыттан басы айналып, бір-бірін танымай, оның самооценкасын көтеріп, жалғыз идеалды еркек сол сияқты екенін жігітке сездіреді. Жігіт солай 2-3 қыздан энергетикасын толтырады, самооценкасын көтереді, кішкене жақсы болады. Сосын бір айдан кейін сізге қайтып келеді. Себебі, ол сіздің жаныңызда қандай нашар адам болғанын ұмытып кеткен. Қайтып келген соң, сіз сол бұрынғы нәрсені айта беретін болсаңыз, нашар адам екенін қайтадан көрсете бастасаңыз, ол тағы да қашып кетеді. "Бұл әлі өзгермепті ғой, баяғы жартас сол жартас" деген сияқты ойда болады. Өміріңізде қандай жігіт болса да, алғашқы немесе соңғы жігітіңіз болса да, өзіңізді ұмытпаңыз. Үнемі өзіңіз дамыңыз. Үнемі өзіңіздің принциптеріңізді еске салып отырыңыз. Үнемі шекараны қорғай біліңіз. Үнемі самооценкаңызбен жұмыс жасап жүріңіз. Некеге дейін... 90
"Тәуелді болып бара жатқан сияқтымын, қолым тым бос болып кетті" деген сияқты ойлар пайда бола бастағанда, өзіңізге стоп деп айтыңыз. Жігітіңіздің парақшасына қайта-қайта кіре беруді қойыңыз, онлайн отыр ма, қашан шығып кетті осының барлығын іздестіріп тексеруді қойыңыз. Өзіңізбен жұмыс жасап бастаңыз. Себебі бұл бір белгі болып саналады. Өміріңізде жігіттен басқа да айналысатын істер көп. Дамыңыз, дамыңыз, тағы дамыңыз. Бір орында тұрмаңыз. Өміріңіздегі жалғыз қызығушылық жігіт болмасын. Сіздің өміріңізде жігіттен басқа түк қызық жоқ екенін қалай білуге болады? Телефонға не үшін кіресіз? WhatsApp-қа не үшін кіресіз? Егер жігіт үшін ғана кіретін болсаңыз, онда сіз төмендеп, құлдырап кеттіңіз, жігіт сізден жақында қашып кетеді немесе қашқысы келіп жүр, жай кетуге себеп таба алмай жүр. Осыны жақсылап ойлаңыздар! Некеге дейін... 91
Некеге дейін...
Ер адаммен алғашқы кездесуде өзіңізді қарапайым ұстауға тырысу керек. Көп қыздар керісінше ойлайды. Сіз кез-келген әңгімеде сөйлесе алатын ашық, ақкөңіл, бірақ ұялшақ болсаңыз оны өзіңізге керемет қарата аласыз. Ең алғашқы кездесуде екеуіңіз көріскенде ол сіздің қолыңыздан ұстап амандасуы мүмкін, жарайды, бұлай жасауға болады. Сіздің көзқарасыңыз зайырлы болса қолынан ұстап амандасасыз. Ары қарай не істеу керек? Кездесудегі алғашқы қадамдарды әрқашан ер адам жасайды. Мысалы, кафеге барсаңыз оның есік ашуын, киноға баратын болсаңыз оның билет алуын, орын таңдауын, қандай кино көретінін өзі таңдағанын күтіңіз. Алдыда ер адам жүруі керек. Сіз артта жүресіз немесе екеуіңіз бірге қатар жүресіздер. Менюді ашып, тамақ таңдаған кезде өзіңізге ұнайтын нәрсені аласыз және жігіт шотты төлеуі керек. Кез-келген кездесуде, 4- 5 жыл жүріп жүрсеңіз де ер адам ақысын төлеуі керек (кино болсын, киім болсын). Ешқашан ер адамның көзінше әмияныңызды көрсетпеңіз. "Мен төлей салайын, менде бар" деп айтпаңыз. Ең бірінші кездесуден кейін ер адам сізді таксиге отырғызып және таксиге төлеуі керек. Бұл нәрсе өте маңызды. Егер ол жағынан ешқандай іс-әрекет көрмесеңіз, астарлап ой тастаңыз. Такси шақырып бересің бе? Немесе такси ұстап бересің бе? Егер такси ұстап беріп, бірақ таксистке ақшасын төлемесе, онда ойлану керек. Мүмкін ол ондай қатты джентльмен емес. Алғашқы кездесуде барлық сұрақты жігіт немесе барлық сұрақты қыз қоюы керек деген заңдылық жоқ. Некеге дейін... 93 АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕМІЗ?
Ол сізге бір сұрақ қойса: -Қай жерде оқыдың? Сіз жауап беріп: -Ал, сенше?- деп, ары қарай өзіңіздің сұрағыңызды қоясыз. Ол сұраққа жауап берді және келесі сұрақты ол қою керек. Қызығушылықты тең қатарлы көрсету керек. Әзірге сіздер қыз бен жігіт емессіздер, тек кездесіп, сөйлесіп жүрсіздер. Алғашқы айларда кездесуге ер адам өзі шақыруы керек. Сіз ешқандай ой тастамайсыз. Кездескім келеді, көргім келеді,- деп айтпайсыз. Кездесуге тек қана жігіт шақырады. Алғашқы кездесуге қайта оралайық. Не туралы сұрауға болады? Ең алғашқы кездесуде мүлдем тойдан кейінгі әңгімені, тойдан кейінгі болашақ жоспарларыңызды айтуға болмайды. Алғашқы бір айдың көлемінде отбасылық тақырыптарды жігіт өзі бастамаса қозғамаған дұрыс. Егер жігіт бастамаса, сіз де қозғамаңыз. Біріншіден, бұл ер адамдарды шошытып алуы мүмкін. Екіншіден, сіз барынша тұрмысқа шығуға асығып жатқан қыз сияқты көрініп қаласыз. Оның ішіне мынадай сұрақтар кіреді: •Қанша бала болғанын қалайсың? •Үйіңде нешінші баласың? •Бөлек шығасыңба әйеліңмен? •Кенжесісің ғой, қара шаңырақта қаласыңдар ма? •Анаңның мінезі қандай? •Қай жерде жұмыс істейсің? •Жұмысыңды ауыстырғың келмейді ме? •Қашан үйленетін ойың бар? Жалпы айтқанда тойға байланысты сұрақтар қойылмауы керек. Оның орнына сіздің қоятын сұрақтарыңыз жалпылама болуы керек. Некеге дейін... 94
Ең алғашқы кездесуде өзіңіз туралы аз мәлімет берілуі керек. Білесіз бе не үшін? Себебі, ер адам сізді қатты танып кетпеуі керек. Әр көрген сайын сіз туралы бір ғана мәліметті білсе, оған жеткілікті болады. Ол оның қызығушылығын одан сайын арттырады. Сізді кездесуге шақыра бергісі келетін болады. Білмейтін дүниені қайта білгің келеді ғой?! Міне, дәл солай сізге қойылған сұрақтарға сіз жайлы аз білуі үшін қашқақтап, жалпылама, нақты емес мәліметтер беруге тырысыңыз. Мысалы мынандай сұрақтарға: Нені ұнатасың? Нені көресің? Қандай тамақ жақсы көресің? Қандай кино көресің? Бұл бір фишка деуге болады. Оқылмаған кітап болыңыз. Ол кітапты көбісі оқи ала бермейді. Сіздердің әңгімелеріңіз көбінесе қазіргі болып жатқан мәселелер, жаңалықтар, бір-біріңіздің хоббиларыңыз, қызығушылықтарыңыз, жұмыс туралы сөйлесуге болады, яғни, қандай жұмыс істейтіндеріңіз жайлы. Егер саясат жайлы сөйлесе алсаңыз, онда саясатты қозғауға болады. Физика, психология, ер мен әйел адамның психологиядағы айырмашылығы туралы сөйлесіңіз. Бірде батл ұйымдастырыңыз, көзқарастарыңыз бір-бірімен келіспеуі мүмкін. Бірінші кездесулеріңіз барынша қызық әңгімеге толы болуы керек. Егер танысу ғана болса, онда ол танысуды WhatsApp-пен де жасай аласыздар. Ал кездескен кезде ол танысудан керемет эмоция алмайды. Ал эмоцияны алмаған адам, екінші рет сол нәрсені қайталағысы келмейтін болады. Үнемі керемет эмоцияны алатын адамға ол наркотик сияқты. Наркотикті қолдана бергің келеді, ала бергің келеді. Сіз оған керемет әңгіме алаңын құрыңыз. Некеге дейін... 95
Сөйлесуге болмайтын тақырыптар: •Бұрынғы қарым қатынас •Тойдан кейінгі арман, жоспарлар •Өзіңіз жайлы тым жеке ақпараттар Сөйлесуге болатын (көбінесе күлкілі,жеңіл өтетін әңгіме айту дұрыс) тақырыптар: •Фобиялар, қорқыныштар. Бала кездегі, мүмкін ересек кездегі. Бұл тақырыптар қалжың мен күлкіге толы болады. •Жасырын талант. Мүмкін сіз әдемі өлең айтасыз, керемет торт пісіресіз, ал жігіт судың астында 2 минут ауасыз тұра алатын шығар? •Жұмбақтар. Бұл интеллект пен логиканы тексеріп, қалжыңдап алуға мүмкіндік. •Кітап жайлы. Жігіттің кітап оқи ма, білімі бар ма, соны тексеріп алуға болады. •Хобби жайлы, болашақтағы карьера жайлы •Идеал қыз, идеал жігіт сен үшін қандай болу керек? •Өте көп ақшаң болса, оны қайда жұмсар едің? •Мінез жайлы сөйлесуге болады. •Қызғаншақсың ба? Сені қандай мәселе қызғандыру мүмкін? Майда нәрсе ме немесе міндетті түрде дәлелі бар нәрсе ме? •Адамдарға тез сеніп кетесің бе немесе оған ұзақ уақытың кете ме? •Сен ашушаң адамсың ба, сені тез ашуландыруға бола ма? •Проблеманы қалай шешуге тырысасың? Аяқ асты ма әлде ұзақ ойланып па? •Қандай жаман әдеттерің бар? Одан құтылғың келе ме? Некеге дейін... 96
Адамның жеке уақыты, өзіне ғана тиесілі дүниесі болады. Жеке өзінің әлемі болады. Оған не кіреді? Сіздің жеке меншік заттарыңыз, телефон, киім, жеке қалған уақытыңыз, жұмысыңыз, әлеуметтік желіңіз және т.б. жеке өзіңізге қатысты дүниелер. Жігітке пароль беруге болады ма? Жігіттен пароль сұрауға болады ма? Мен қарсымын. Себебі, біріншіден, ол жеке өзіңіздің әлеміңіз, екіншіден, ол өзіндік мәселелерге алып келеді. Ол сіздің кішкентай шекараңыз білінбейтін. Ал адам сол кішкентай шекарадан өтетін болса, басқа да сізге тиесілі нәрсенің барлығын менікі деп қабылдайтын болады. Ары қарай сіздің уақытыңыз, киіміңіз, сөзіңіз, іс-әрекетіңіз, жүріс-тұрысыңыз барлығы оның сөзімен, рұқсатымен, қадағалауымен ғана өтуі керек. Яғни сіз затсыз, сол зат оған ғана тиесілі деп қабылдайтын болады. Оның барлығы кішкентай ғана шекарадан өтуден басталады. Елестетіңіз, ол сіздің атыңыздан кірді, ол сіздің тіркелген адамдарыңызды тексереді, сізге тіркелген адамдарды тексереді, салған суретті, жазған пікірді, сақталған фотоларды, лайк басқан посттарды жалпы айтқанда барлығына көңіл бөліп, тексеріп сізге айта бастайды, сұрай бастайды. Бұл ұрысқа алып келеді және сіз оған ақтала бастайсыз. Ақтала бастасаңыз, демек, сіз өзіңіздікін дұрыс емес деп есептеп, қателігіңізді мойындап тұрсыз деген сөз. Сондықтан бұл өте дұрыс емес нәрсе. Қыздардың арасында болатын өз құпиялары бар, көретін қалжыңдары, оқитын посттары бар. Сіз қазір оның сіздің атыңыздан кіріп отқанын, барлық архивті оқып, тексеріп отырғанын біліп отырасыз, ашыла алмайсыз. Сіз өзіңіздің жеке меншік нәрсеңізді қолдана отырып, өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз. Бұл дұрыс емес. Әйел адамдардағы қателік - жігіттің жеке өз әлеміне өтіп кету. Жігіт таңертеңнен кешке дейін достарымен жүруі мүмкін, ойын залында болуы мүмкін, компьютер ойнауы мүмкін, т.б. нәрселермен уақытын өткізіп жатқан кезде, жеке әлеміне кіріп ренжиді қыздар. Некеге дейін... 97 ЖІГІТ ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚОЛ СҰҚСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? (ПАРОЛЬ СҰРАСА)
Әр адамның жеке уақыты тек өзіне тиесілі. Ол сізбен 24 сағат бойы байланыста болуға міндетті емес. Егер ол досымен болса, демек уақытын тек досымен ғана бөлісіп отыр. Егер компьютер ойнап жатса, демек тек өзіне ғана уақыт арнап жатыр. Бұл жерде қыз баланың ренжуі орынсыз. Дәл солай жігіттер ренжуі мүмкін. Мысалы, мен үнемі сіңілімнің үйіне барамын. Мен келгенде үнемі жігіті ашуланады. Себебі мен тоқтамай 3-4 сағат бойы әңгімелесемін. Арасында жігітіне жазып, хабарласып тұрады, бірақ соның өзінде "Неге маған кеш жауап бересің? Сабира келсе өзгеріп кетесің. Сабира келсе маған жауап бере алмай қаласың. Сенің хатыңды қанша уақыт күтемін" , міне осындай сөздері арқылы ренішін жеткізеді. Тек қана оған көңіл бөлгенін қалап, ашуланып, ақыры соңы ұрыспен аяқталады. Ол дұрыс емес нәрсе. Жігіттің өзі де достарымен отырғанда, анасымен отырғанда немесе үйіне келсе, бірден көңіл бөлуін азайтып, жанымда адамдар бар деп сөйлеспей қояды екен. Өзі істей алмайтын нәрсені басқалардан талап етеді. Ешқашан біреудің шекарасын аттамаңыздар және басқа адамның сіздің шекараңыздан аттауына жол бермеңіздер. Оның ішіне телефон да, телефонның паролі де кіреді. Ол сіздің телефоныңызды алып, ақтарып, тексеріп, кіммен сөйлестің, кімге жаздың, галереяда қандай суреттер бар?- деп, оның барлығын тексеруге құқығы жоқ. Ол сіздің жеке меншік затыңыз. Неге сен достарыңның жанында менімен сөйлеспейсің? Неге компьютер ойнап жатқан кезде маған жауап бермейсің? Мені ұмытып кетесің. Міне, осындай сөздерді айтып, ренжитін болады. Некеге дейін... 98 .
Жігіт өзі сөйлескісі келіп, іздегісі келіп, бар ынтасымен қалап өзі хабарласқанын қалайсыз ба? Сіз ренжісеңіз де, ренжімесеңіз де, сіздің қолыңыз бос па , бос емес па бәрібір жай ғана өзі іздеп хабарласқанын қалайсыз ба? Оған ренжіп ұрысып, айғайлап, "неге мені іздемейсің онда айырылысайық, не қарым-қатынас бұл, бірде барсың, бірде жоқсың" деген сөзден кейін ғана ол сізге хабарласып, жазып тұрады. Біраз уақыттан кейін қайтадан басталады, ол жоғалып кетеді. Сіздерге бұл жағымды ма? Әйел адам еркектің хабарласуын, іздеуін, көңіл бөлуін күштеп, мәжбүрлеп сұрап алып жатқан сияқты. Қарымқатынас деген ондай нәрсе емес. Білесіз бе, махаббат, қыз бен жігіттің арасындағы қарым-қатынас деген не? Ол - бостандық, өз еркімен сізді қалауы, сізді іздеуі. Біреудің ұрысқаны арқылы емес, сіздің оған жалынғаныңыз үшін емес, сіздің оған айтқан сөздеріңізден кейін іздегені емес. Жай ғана өз еркімен іздегісі келеді. Қарым-қатынас деген сондай болуы керек. Тіпті ұрсысып қалсаңыздар да солай іздеуі керек. Ешқашан оны мәжбүрлеп іздеуіне ондай қарым-қатынасқа келіспеңіздер. Ол махаббат емес. Іздегісі келмесе демек, ол сағынған жоқ, демек, сіз жігітке қызық емессіз. Демек сіз жігітті соншалықты қатты қызықтыра алмадыңыз. Өз еркімен іздемесе, демек ұмытып кетеді. Демек сізден де қызығырақ оның жұмыстары бар, достары бар,хабарласатын адамдары бар. Сізден де маңыздырақ өмірінде бірнәрсе бар. Қазір оны мәжбүрлеп жатқан шығарсыз. Бірақ үйленгеннен кейін өмір бойы осылай болады деп ойламайсыз ба? Өмір бойы осы адамның артынан жалынып жүргіңіз келеді ма? Некеге дейін... 99 ЖІГІТІҢІЗ СІЗДІ ІЗДЕМЕЙ КЕТСЕ, НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ?
Әйел адамның самооценкасы ең бірінші орында тұруы керек. Әйел өзі үшін ең бірінші орында. Өзіне деген махаббаты, өзіне деген құрметі, өзіне деген сыйластығы бірінші орында тұруы керек. Өзіңізді қатты жақсы көруіңіз керек. Сізге біреудің жазуы, сіздің мәжбүрлеуіңізбен жүзеге аспауы керек. Мен мысалы өзімді қатты жақсы көремін. Мен ешқашан еркектің артынан жүгірген емеспін. Бір рет қана болды, мен екі күн жылап, ең бірінші махаббатыммен 16 жасымда сөйлесіп бастадым. Арамызда ешқандай артық нәрсе болған жоқ, ең бірінші сөйлесіп жүрген жігітім, барлығына көзімді жұмып тек сонымен ғана бірге боламын, соған ғана тұрмысқа шығамын деп бүкіл арманымды құрып тастағанмын. Мен бірнәрсеге кінәлі болып қалдым, сосын ол қатты боқтады, мен естімеген сөздерді айтты. Мен екі күн оған жалындым. Қазір ойлап жатырмын, қандай ақымақ болғанмын. Қазір күлкім келеді. Одан кейін "мен неге оған жалыну керекпін, ол маған керек емес" деп ойладым. Себебі сол кезде мен психологияны оқып бастағанмын. Мен сол жігітті тастадым, ол 1 аптадан кейін артымнан жалынып, жалбарынып, үйімнің алдынан күтіп алып, ал менің ол кезде самооценкам көтеріліп кеткен. Ол "күтіп аламын, алып қашамын" деп артымнан талай жүгірді. Мен басқа жігітпен сөйлесіп кетіп, соның суретін көрсеттім, сосын барып бір-ақ қойды. Менен 5 жасқа үлкен болатын. Одан кейін мен ешқашан еркектің артынан жүгірмеуге, артынан кешірім сұрап жалынбауға уәде бердім. Егер менен қателік кетіп тұрса, 1-2 хабарлама жазып жіберемін: "кешірші менікі дұрыс емес болды, мен түсініп тұрмын өз қателігім" деймін болды. Егер содан кейін жігіт қыз сияқты майысып өзінше болып қырсығып тұрса, болды керек емес, сау бол, мен одан кейін оған жалынбаймын. Мен тіпті күйеуіме солай айттым. 5 жыл таныспын күйеуіммен. Некеге дейін... 100