The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

жар таңдаудан қателеспеудің жолдары

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by elyakanatovna2, 2023-11-23 05:05:17

некеге дейін

жар таңдаудан қателеспеудің жолдары

Keywords: жігіт, әйел, той, қолдау, ниет

5 жылдың ішінде 1-2 рет қана кешірім сұрадым. Соңғы рет кешірім сұраған кезде ол өзінше болып, бір күн бойы менімен сөйлескен жоқ. Кешке жақын менімен татуласуға гүлін алып келді. Сол кезде мен айттым: -Келісейік, бүгін маған жауап бермедің, байқасаң сен менен кешірім сұрағанда мен ешқашан өзінше болмаймын, ендігі әрі көр де тұр, мен кінәлі болып тұрсам да кешірім сұрамаймын, сен бірінші татуласасың. Екеуміз солай келісіп алдық. Сонымен жігітке ешқашан неге іздемейсің, неге хабарласпайсың, неге менің жағдайымды сұрамайсың, саған бәрібір ма, неге, неге, неге деген сұрақты қоймаймыз. Жігітке ешқашан жалынбаймыз. Өз еркімен хабарласқысы келуі керек. Егер ол хабарласқысы келмесе, демек сіз оған қатты қызық емессіз. Мүмкін кішкене ұнататын шығар, бауыр басқан шығар, тәуелділік бар шығар. Мұның барлығы химия. Менің күйеуім таңнан кешке дейін жұмыста болады. 1 сағат сайын маған хабарласып отырады. Егер ол хабарласпаса, мен оған хабарлама жазамын, бірақ қоңырау шалмаймын. Бізде сондай ереже қалыптасып кеткен. Ол күйеуім мені оған үйреткендігі емес, мен солай күйеуімді үйреттім. Себебі бұл заңдылық. Маған хабарласпай, іздемей жоқ болып кетсе мен оған одан сайын қолым бос емес екенін көрсетемін. Бір күнге жоқ болып кетті ма, хабарласпады ма, қайтадан хабарласқан кезде не дейсіз оған? Бірінші қоңырауын алмайсыз, екіншісін алмайсыз, Некеге дейін... 101


үшінші қоңырауын аласыз да: -Жаным, қалың қалай, бәрі дұрыс па, жоқ болып кеттің ғой. Біраз жаңалықтар жиналып қалды, - деп ештеңе болмағандай айтасыз. Ештеңе болмағандай керемет көңіл-күймен сөйлесесіз. Ол сізге: “неге менен сұранған жоқсың ол жерге баратын кезде, неге маған айтқан жоқсың?” деп айта алмайды. Айтқан күннің өзінде сіздің жауабыңыз дайын тұр. -Кешірші мені жаным, сен өзің қызыққан жоқсың ғой, ал қызықпайтын адамға мен қалай өзім айтамын,-деп жауап бересіз. Сосын әрі қарай сөйлесесіз. -Жаным, кеше күшті болды сен жоқта, күшті жерге барып келдім, құрбым өзінің достарымен таныстырды, аттары осындай екен,- деп айтасыз. Сосын ол жынданады, іші күйеді, ашуланады. Сізге айтады: -Бопты онда, менсіз де өмірің қызық шығар,- деп қоя салады. Сіз ол жерде қайтадан хабарласып: -Не болып қалды, жаным, ренжіп қалдың ба?- деп айтуыңыз мүмкін. Немесе мүлдем оған хабарласпайсыз, жазбайсыз. Еркекке оның сіздің өміріңізде бірінші орында екенін көрсетпеңіз. Сіздің бүкіл уайымыңыз, ойыңыз жігіттің бір қоңырауы екенін көрсетпеңіз. Өзіңіздің самооценкаңызды жедел түрде көтеріңіз! Некеге дейін... 102


Тойға дейін жігітпен не туралы сөйлесу керек? Біріншіден, сіз екеуіңіздің көзқарастарыңыз бен принциптеріңіз бір жерден шығып тұр ма соны анықтап алу керексіз. Себебі ертеңгі тұрмыстық өмірде, көптің айтатыны "Алғашқы 2-3 жылда керемет махаббат боласыңдар. Бір жыл нақты махаббат болады араларыңызда. Одан кейін тұрмыс, нағыз отбасылық өмір, отбасылық мәселелер, көзқарастарың келіспейтін жағдайлар болады. Үйлену оңай, үй болу қиын" дейді. Неден деп ойлайсыздар? Біріншіден, қыздар тұрмысқа шықпай тұрып "мен барлығына да көнемін, осы жігітті жақсы көремін" деп шығады. Бірақ махаббат- химия. Химия сөніп қалуы мүмкін, өшуі мүмкін. Ол үшін сіз ажырасып кетпейсіз ғой? Ертеңгі сіздің сезіміңізді суытатын және қарымқатынасыңызды жамандататын, алыстататын нәрсе - сіздердің келіспеушіліктеріңіз. Келіспеушілік неден басталады? Тойға дейін оның басын ашып алмауында. Яғни сіздер бұл мәселені талқыламадыңыздар. Кім бір-бірінен не қалайтыны жайлы әңгіме құрмадыңыздар. Мысалы, мен тұрмысқа шықпай тұрып, қандай күйеу болуы керек, басты сипаттамаларды өзім үшін шештім. Сипаттамаларды өзіме белгілеп қойдым. Ең басты керек деген 4-5 сипаттама. Қалғандарына көзді жұма қарауға болады, себебі менің идеал деген сипаттамаларыма барлық еркектер келе бермейді ғой. Идеалдар жоқ. Менің сипатым қандай болды? Біріншіден, ол заманауи жігіт. Көбінесе Шымкент, Қызылорда, Ақтау қалаларының қыздары маған жазған кезде, енелері кішкене дәстүрге жақын, күйеулері дәстүрге жақын, жылы сөзді аяуы мүмкін немесе әйелінің жұмыс істеуіне қарсы болуы мүмкін. Міне мен осыдан қорықтым және өзіме басты сипаттама белгіледім. Күйеуім Некеге дейін... 103 ТОЙҒА ДЕЙІН ОСЫ СҰРАҚТАРДЫ ҚОЙЫҢЫЗ


заманауи болуы керек деп ойладым. Ол жұмыс істегеніме, дамуыма, машина айдауыма қарсы болмасын. Өзімнің бизнесім болса, бала күтушісін жалдауым мүмкін, үйіме үй қызметшісін жалдағым келсе өз еркім болатындай, сондай ер адамды қаладым. Ол сипаттама орындалды. Екінші сипаттама - менің балаларымның әкесі сауатты болғанын қаладым. Қазақ, орыс тілінде қатесіз жазып, базалық білімі бар болған адамды қаладым. Ол да бар болды. Үшіншіден, туыскандарына, анасына тәуелді емес жігіт болғанын қаладым. Себебі осы күнге дейін психология жағынан көп қыздарды да, ер адамдарды да тани бастадым. Ерлі-зайыптылар бір-бірін қатты жақсы көріп тұрса да араға ене түсуі мүмкін. Ене деген ол ер адам үшін алтын ереже. Ешқашан ол алтын ережені бұзбайды. Ешқашан әйелі үшін анасынан бас тарта алмайды. Ешқашан әйелін анасынан қорғап қала алмайды. Егер еркек: мама, мама, мама,- деп анасы десе өліп тұратын, айтқан сөзінен шыға алмайтын болса, мен ондайға шыдай алмаймын деп ойладым. Менің анам өзі сондай отбасыға келін болып түсті. Анамның енесі сондай қатал кісі болған, басында анамды мүлдем ұнатқан жоқ. Тек қайтар жылдары ғана кешірім сұрап татуласты. Бірақ енесімен татуласу үшін 20 жыл керек болды. Мен оны қалаған жоқпын. Мен үшін басты принцип менің күйеуімнің анасына тәуелсіз болуы. 18 жастан бастап бөлек тұруы, ақшаны өзі табуы, өз өмірін өзі шешеді. Мен үшін осы үш-ақ басты критерий керек болды. Сіздерге де айтқым келеді. Талқылау керек тақырыптар: •Сіз тұрмысқа шыққаннан кейін жұмыс істегіңіз келеді ме? Сол сұраққа жауап бересіз де, жігітіңізден сұрайсыз: -Мен тұрмысқа шыққан соң жұмыс істегім келеді, сен оған қалай қарайсың? Некеге дейін... 104


ақталатын едім. Сіз де жігітіңізден қазір сұрап көріңіз: -Төркінге жиі, екі аптада бір барып тұратын келіндерге қалай қарайсың? Дұрыс деп ойлайсың ба? Немесе келіндер жарты жылда бір төркінге бару керек па? Сол жағын қалай ойлайсың? - деп көзқарасын сұраңыз. Себебі мен үшін бұл нәрсе маңызды болды. Егер сізге де атаанаңызға барып тұру маңызды болса, соны да сұрай салсаңыз дұрыс болады. •Ақша жағынан мысалы, қазіргі кейбір отбасыларда келіндер өз айлығын енесіне береді немесе күйеуіне береді. Әрбір жаратылған тиынына есеп беріп отырады. Мен оны дұрыс емес деп есептеймін. Кеше өзімнің туған ата-анаммен шай ішіп отырып сөйлестік. Мен айттым "Осындай отбасылар бар екен, келіндер өз енесіне ақшасының барлығын беріп қояды екен, өздері соны қажеттіліктеріне сұрап отырады". Сосын әкем айтады: -Негізі беру дұрыс қой, ол сыйластық, одан ешкім жаман болған жоқ,- деді. Мен: -Білмеймін, мен өз ақшамды өзім ұстаймын. Мен өз табысымды тіпті күйеуіме бермеймін. Анама да бермеймін, үйленгенге дейін де бермейтінмін, үйленгеннен кейін де бермеймін. Менің оларға берген ақшам сыйлық ретінде, дәл солай мен енеме де сыйлық ретінде беретін боламын. Бірақ менің қанша табатынымды, қайда жарататынымды, кімге ақша беріп, кімнен алып жүргенім жайлы ешкім ештеңе білмеуі тиіс. Мен үшін ол өте маңызды,- деп айтып едім, ата-анам үндемей қалды. Осы жайлы мен күйеуіммен де алдын ала сөйлескенмін. -Ақшамды өзім жаратамын ғой, иә? -Әрине өзің жаратасың. -Сен ештеңе сұрамайсың, иә? -Әрине. Міне біз осылай келістік және осы күнге дейін бірде-бір рет: -Қанша ақшаң бар, қанша ақша таптың, қай жерге жаратып жатырсың?-деп менен сұраған жоқ. Мен алдын ала сөйлесіп, келісіп алғаныма ризамын. Сондықтан сіздерде де сондай Некеге дейін... 105


Жай ғана жігітіңізден сұрайсыз: -Қазір кейбір отбасыларда келіндерінің ақшаларын алып қояды екен, сен қалай қарайсың ондай нәрсеге, бұл дұрыс па? Әлде әйел адам өз ақшасын өзі жұмсап, ешкімге ол жайлы есеп бермеуі керек па? Себебі кейбір еркектер "Мен де ақша тауып жатырмын, әйел де ақша тауып жатыр, екеуміздің ақшамыз ортақ, ақша ортақ болуы керек және бір-бірінен жасыру деген нәрсе болмауы керек, мен әйелімнің ақшасын жарата аламын, ол менікін жарата алады" деп ойлайды. Бәрібір бұлай болмайды. Күйеуіңіздің ақшасын сіз одан рұқсат сұрамай жарата алмайсыз. Сондықтан өзіңіздің артық, ешкім білмейтін ақша қалтаңызда жүруі керек. Ол сіздерде заңдылық болсын. Мен үшін тағы маңызды нәрсе - ер адамның әйелді міндеттемеуі. Себебі мен өзімнің отбасымда тұрмысқа шыққанға дейін бір сипаттаманы көрдім. Менің әкем ешқашан анама "Тамақ неге дайын емес, үй неге жинаулы емес, неге үлгермейсің?" деген сияқты сөздерді ешқашан айтпайтын. Мен осы күнге дейін ешқашан әкемнің міндеттегенін естіген емеспін. Тіпті тамағының тұзды екеніне ұрыс болмайтын. Анам қаласа үйді жинайтын, қаламаса жинамайтын. Киімді жуғысы келсе жуатын, жуғысы келмесе жумайды. Дәл осы мен үшін маңызды болды. Тойға дейін өмірлік маңызды нәрселерді екеуара шешіп алу керек. Қазір менің күйеуім тура менің әкем сияқты. Мені ештеңеге міндеттемейді. Мен оған айттым: -Егер маған қиын болып жатса, мен ештеңені жасамай қоямын, көмекші шақырта саламын, сол жинай салады,-дедім. Ол келісті. Егер тамақ дайын болмаса мен "кафеге бара салайықшы" деп айтамын. Үй жиналмаса ол келген кезде жинай беремін немесе келердің алдын 5-10 минут қалғанда жинай саламын. Аллаға шүкір, көз тимесін, осы күнге дейін үйдің шаруасы үшін маған бірде-бір рет сөйлеген жоқ. Тойға дейін екеуміз келісіп алғаннан кейін сондай болып тұр немесе мен өзім сондай адамды таңдадым. әңгіме болғаны дұрыс деп ойлаймын. Некеге дейін... 106


Қаншама нұсқалар болды. Аяқ астынан тұрмысқа шығып кететін жағдайлар болды. Әкеме келіп менің қолымды сұрайтын. Бірақ қазір елестетсем, егер мен соларға тұрмысқа шықсам, менің арманымдағыдай өмір болмас еді. Мен қалағандай отбасыда тұрмас едім. Өзіңнің принциптерің мен көзқарастарыңа сай ер адамды кездестіріп соған тұрмысқа шығу қаншалықты маңызды екенін біліп тұрмын. Әйел адам үшін ол өте маңызды. Себебі біздің бақытымыз бүкіл отбасының бақытына әсер етеді. Әйел адам бақытты болса оның баласы да, күйеуі де, енесі де, туысқандары да бақытты болады. Ал егер әйел адам өміріне көңілі толмаса, өз-өзіне көңілі толмаса ол бірден тәрбиеден көрінеді, күйеуімен және енесімен қарым-қатынасынан көрінеді. Некеге дейін... 107


Маған көбінесе мынандай сұрақтар келеді: •Жігітіммен не туралы сөйлессем болады? •Қалай әңгіме айтамын? •Көбінесе екеуміз 5 минут қана әңгімелесеміз, одан кейін үнсіз қаламыз. Негізі әңгіме айту мәселесі көпшілігінде бар. Себебі әңгіменің айтатын бастамасы жоқ. Айтатын ештеңе жоқ. Біреуден әңгіме естіп қаласыздар, біреуден жаңалық естіп қаласыздар, сол кезде ең бірінші кезекте не істейсіздер? Кез-келген қыз бала бір күшті жаңалық естісе, оны біреуге айтуға асығады. Әсіресе сол жаңалыққа қуанатын немесе таңқалатын адамға соны жеткізуге тырысамыз. Дәл сол сияқты жігітіңізбен әңгіме одан сайын жалындап, қызықты болу үшін сіздің миыңызда айту керек бір жаңалық болуы керек. Егер сіз ешқандай кітап оқымасаңыз, ешқандай жаңалық көрмесеңіз, ештеңемен айналыспасаңыз, қызықпасаңыз әрине сізде айтатын әңгіме болмайды. Адамның миы үнемі жаңалықтарға толы болса, сол жаңалықпен бөліскісі келетін құштарлығы артып тұрады. Не үшін? Себебі адам оқыған, көрген нәрсесін біреумен бөліспесе ұмытып кетеді. Сонымен егер сіз мүлдем әңгіме айта алмасаңыз, әңгімеге жоқ болсаңыз, онда сізде кішігірім информациялық деградация болып жатыр. Деградация дегеніміз білім жағынан, ізденіс жағынан құлдырау. Бірақ психологиялық жағынан әйел адамның айтатын әңгімесі, сөзі көп болса да онымен бөлісе алмауы мүмкін. Ұялу, қысылу немесе оның әңгімелесетін адамы, яғни жігітіңіз тақырыпты мүлдем алып кете алмаса, онда адамның әңгіме айтуға деген құштарлығы бұзылады екен. Менің практикамда әңгімелесушілер өте көп болды. Олар әйел адамдар, үлкен кісілер, ер адамдар, группаластарым. Автобуста, таксиде отырсам да әңгіме құрғанды жақсы көремін. Көбінесе орамалыма сұрақ қояды да, әңгіме басталып кетеді. Мен орамал жайлы әңгіме басталса жақсы көремін. Не үшін? Себебі, Некеге дейін... 108 АРАЛАРЫҢЫЗДА ӘҢГІМЕ ЖОҚ БОЛСА


ғылыми тұрғыда түсіндіргенді жақсы көремін. Орамалды әйелдер 40 жасында қалай жас көрінеді, орамалсыз жүрген әйел адамдар 40 жасында кішкене әжім, шашының жылтыры қалай кеткені соның барлығын дәлел ретінде адамға бөлісемін. Бұл маған өте жағымды. Менің әңгіме құрып отырған адамым одан сайын менімен әңгіме өрбіте бастайды. "Жоқ, орамал тақпай-ақ құр жабық киінуге болмайды ма?" деген сияқты әңгімелер айтып бастайды. Егер менің әңгіме құрып отырған адамым соншалықты ақымақ болса, ешқандай білімі болмаса, егер оған менің әңгімем қызық емес болса онда мен онымен мүлдем сөйлескім келмейді. Бір сөзді 1045 рет қайталайтын, интонацияны дұрыс жеткізбейтін немесе білмесе де білетін түр жасайтын адамдармен әңгімелескім келмейді. Олар талпынса да мен жақтан ештеңе шықпайды. Дәл сондай жағдай сіздің жігітіңізбен болып жатқан жоқ па? Соны анықтаңыз. Егер сіз іш пыстырарлық адам болсаңыз, жігітіңіз сізді ренжітіп алмау үшін немесе сізбен ұрсысып қалмау үшін сізге азырақ хабарласуы мүмкін немесе ешқандай әңгіме айта алмауларыңыз мүмкін. Араларыңызда аздап қызықты әңгімелер болуы үшін не істеу керек? Біріншіден, күнделікті ақпараттық порталдарды оқыңыз. Жігітіңіз неге қызығады, мүмкін көлікке, спортқа, киноға, музыкаға қызығатын шығар, сондай ақпараттық тақырыптарда жаңалық іздейсіз. Ютубқа кіресіз, гуглға жазасыз. Мен мысалы, күніне 2-3 жаңалықты оқып, кешке сол жайлы күйеуіммен талқылағанды жақсы көремін. Екіншіден, бір өзіңізге ұнайтын кітапты оқып бастайсыз. Мүмкін ғылыми, әдеби, экономика, психология, егер үнемі қазақша сөйлесетін болсаңыздар қазақ тілінде кітаптар оқыңыз. Осы кітаптардың күніне 15-20 бетін оқисыз және жаныңыздағы сізді тыңдағысы келетін, сізді тыңдағанды ұнататын адамға қысқаша айтып бересіз. Некеге дейін... 109


Тіл байлығының аздығынан да әңгімеге қызығушылық болмауы мүмкін. Көп нәрсені білесің, керемет әңгіме айтқың келеді, бірақ тіліңмен айтатын кезде екі сөздің басын құрай алмайсыз, сол үшін сізді ешкім тыңдағысы келмеуі мүмкін. Не істеу керек? Тіл байлығымызды дамыту керек. Ең басты керегі ол кітап оқу, кітапты бір рет қана оқымай екі реттен оқу. Бір бетін бір рет тез-тез оқып шықтыңыз. Ал екінші рет оқыған кезде сізге ұнайтын, күнделікті өмірде қолдануға болатын сөздердің астын сызып оқисыз. Мен университетке түспей тұрып, менде күшті жасайтын іс болатын. Көшеде кетіп бара жатқан кезде, орыс тіліндегі плакатқа қарайтынмын. Орысша ұзын қиын сөздерді әріптеп оқитынмын. Себебі, жазған кезімде қате жібермеу үшін. Айтқан кезде есімде сақтау үшін солай қайта-қайта қайталайтынмын. Жолда кездескен кез-келген сөздерге солай жасайтынмын. Кітаптан оқыған сөздерді де солай есте сақтайтынмын. Мүмкін сіздерге де керек болатын шығар. Мен тағы бір ерекшелікті айтқым келеді. Ауызекі сөйлеу стилі бізде әр қала аймағында әртүрлі. Шымкентте "шли" деген сөздер бар. Тағы бір жерде "тұғын, барың, отырың, берген тұғын" деген сөздер қолданылады. Сосын Ақтөбеде "бара қойшиш, істей қойшиш" деген сияқты диалект сөздер бар. Бірақ ол диалект сөздер тек өз қаласына ғана жағымды және қарапайым күнделікті сөздер болып естіледі. Бірақ жігітіңіз басқа қаладан болса немесе сіздің әңгіме құрушы адамыңыз, өзіңіз басқа қалаға жұмысқа тұрсаңыз сізді түсінбеуі мүмкін және біреудің құлағына ол жағымсыз естілуі мүмкін. Мен мысалы мынандай сөздерді ұнатпайтынмын: Қай жаққа бара жатырсың? деген сөзді көбінесе "қаяқа баратсың?" деп айтады. Не істеп жатырсың? деген сөзді "нестеватсың" -деп айтады. Қайдансың?-деген сөзді "қаяқтансың" деп айтады. Міне осындай сөздер естуші адамның құлағына кішкене жағымсыз естіледі. Мен үшін солай болатын. Некеге дейін... 110


Егер сіздің әңгіме айтатын адамыңыз ақымақ болмаса, білімге кішкене құштарлығы бар, айтатын сөзі біліми тұрғыдан, мемлекеттік жаңалықтар, өзінің айналысатын хоббиіне байланысты болса, ол екі жаққа да өте жақсы болады. Өмірлеріңізде мынандай жағдай болды ма? Адаммен 5-10 минут қана сөйлесесің, бірақ күні бойы сол әңгіме туралы ойланып, оның саған айтқан сөзін, сен оған айтқан ақылды сөзіңді ойлайсың да, сол адамға ұқсағың келіп, сол сияқты болғың келеді. Сондай нәрсе болады ма? Менде үнемі болады. Ақылды, білімді адамдармен әңгімелессем менде одан сайын әңгімелесуге шабытым ашылады. Күйеуіммен көбінесе жаңалықтармен бөлісіп отырамыз. Меніңше, сол үшін арамызда іш пысу жоқ. Күніне 10-15 рет маған хабарласады, үйге келген соң тағы 2-3 сағат әңгімелесеміз. Бірақ әңгімеміз бітпейді. Не үшін? Себебі, адамның миы ақпаратқа толы. Екеуіміздікі де толы. Бірақ ол көбінесе машина, бокс туралы қарайды. Соның өзінде менің әңгімемді жалғастырып алып кетеді. Маған ол ұнайды. Менде іш пыстырарлық, әңгімесі маған мүлдем ұнамайтын, қалжыңдай алмайтын, менің талғамымдағыдай әңгімелесушілер өте көп болды. Алдыңғы тақырыптардағы айтқан идеалды жігіттің бір минусы ол-сауатсыздық болды. Біраз нәрсені оқитын сияқты, бірақ ойын тиянақты жеткізе алмайтын. Мен білгеніммен бөлісейін десем, әрі қарай алып кетіп, күштілеп әңгімеге кіргізе алмайтын. Сол үшін маған өте іш пыстырарлық болды. Ол маған хабарласпайтын. Мен де оған хабарласпайтынмын. Көбінесе хабарлама немесе кездесу ғана болатын. Не үшін деп ойлайсыздар? Себебі, айтатын сөз жоқ, әңгіме жоқ. Ол әңгімелесе алмайтын. Сондықтан барлығын өздеріңізден көре бермеңіз, мүмкін бар мәселе жігітіңізден шығар. Әңгіме кез-келген адаммен күшті болады. Некеге дейін... 111


Құрбыңызбен кездескенде біраз әңгіме айтып отырасыздар ма? Бітпейтін тақырыптар болады ма? Соны ойлаңыз. Егер сіз іш пыстырарлық адам болсаңыз, сіздің таныстарыңыз аз, достарыңыз аз, бір жиынға баратын болсаңыз ешкім сізбен әңгімелеспейді немесе сіз бір әңгімені бастағыңыз келсе, үнемі сөзіңізді бөліп тастайды, басқа тақырып айтып кетеді, бір сөзбен айтқанда сізді тыңдамайды. Сіз әңгіме құмарсыз ба, ойыңызды дұрыс жеткізе аласыз ба, тіліңіз бай ма? Соның барлығын осындай белгілерден көруге болады. Ал жігітіңізбен әңгіме болуы үшін алдын-ала жоспар құруға болады. Егер күніне 2-3 рет сөйлессеңіз немесе сағат сайын сөйлессеңіз, ал кездескен кезде бір-біріңізге жай ғана қарап отырмас үшін алдын-ала ойластырыңыз. Қағазға немесе телефонға жазып алсаңыз болады. Сіз қазір оған не айтасыз? Қандай тақырыпты қозғайсыз? Мүмкін ауқымды мәселе шығар, мүмкін өзіңіздің көзқарасыңыз шығар, мүмкін бір тақырыпты талдайтын шығарсыздар. Міне соның бәрін алдын-ала ойластырып алыңыз! Тапсырма: Күнделікті: 1. Nur.kz, zakon.kz, информбюро, tengri news сияқты сайттардан жаңалықтар қарап, сонымен бөлісесіз (жақын, әңгіме айта алатын адамдармен). 2. Жігітіңіз қызығатын дүние жайлы оқисыз, жігітіңізбен бөлісесіз. 3. Кітап бастап, күніне 15 бет оқисыз (досыңызга айтып бересіз). 4. Әр сөзіңізді ойланып, грамотно жазасыз және айтасыз. Әр әріпіне мұқият боласыз. 5. Алдын-ала айтатын әңгімеңізді жоспарлап қоясыз Некеге дейін... 112


Бұл тақырып ер адамның қызын, болашақ әйелін тексеруі жайлы болады. Көбіміз білеміз, ер адамдар әйел адамның құштарлығына қатты қызығады, қараған кезде дене бітіміне қызығады (сексуальность). Меніңше, егер жігіт "мен дене бітіміне, түріне қарамаймын, ақылына, біліміне қараймын" деп айтса, ол өтірік нәрсе. Себебі, біз де жігіттің түріне қараймыз және ер адамдар да міндетті түрде әйелдің түріне қарайды. Оның білімі, ақылдылығы 2-3 кездесуде сыртқа шығады. Егер әйел адамның сұлулығы жігітке тым ұнайтын болса, ол бірінші сізді арзандығыңызға тексереді. Ол не дегеніміз? Ол не төсек қатынасы, не бірден бірінші кездесуде қол ұстасу, бірінші кездесуде құшақтау, бірінші кездесуде сүйісу, бірінші кездесуде төсек қатынасына шақыру. Оның барлығы ер адамның тексерісінен басталады. Егер бірінші кездесуде сіз бірден құшақтауына, қол ұстауына рұқсат берсеңіз, түнде 23:00-00:00- де шақырғанда шыға салсаңыз немесе машинада екеуіңіздің отыра тұруыңызға келіссеңіз, тексерістен өтпей қалуыңыз мүмкін. Ер адам сіз туралы ойын бірден өзгертеді. Ол ойын өзгерткенімен, сізбен әрі қарай кездесуі мүмкін. Бірақ нақты қарым-қатынас құрамын деген мақсатта емес. Не үшін? Себебі, ер адамдар психологиялық тұрғыда анализ жасайды. Егер сіз бірінші кездесуде оған осындай нәрсеге рұқсат берсеңіз, бірінші кездесуде араларыңызда жақындық болса немесе түнде жеке қалуға шыға берсеңіз, демек, ол сіздің алдыңызда солай өтіп жатқан бірінші және соңғы жігіт емес. Яғни оның орнында басқа біреу болса да, сіз солай келісер едіңіз деген сияқты автоматты түрде ой пайда болады. Ол сізбен әрі қарай араласуы мүмкін. Бірақ оның ойында сіздің бағаңыз 2-3 есе түсіп кетеді. Одан кейін сіздің көзіңізше ұятсыз қалжыңдарды айтуы мүмкін. Себебі, сіздің көзіңізше ұялатындай, қысылатындай немесе сіздің көзіңізше өз құнын жоғалтып алуға қорқатындай күйде болмайды. Оның алдында сіздің бағаңыз керемет жоғары емес. Некеге дейін... 113 ЖІГІТ СІЗДІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРЕДІ?


Бұл тексерістен өту үшін не істеу керек? Алғашқы кездесуде кафе немесе көп адамдар бар жерде кездесу керек. Мүмкін кинода, саябақта қыдыруға болатын шығар. Бірақ қараңғы батқаннан кейін емес. Яғни ең бірінші кездесуіңіз кешкі 20:00-21:00-ден кеш болмауы керек. Егер жігіт сізді бірінші кездесуге түнгі уақытта шақырып жатса, демек оның ойы жақсы нәрсе емес. Оның ойында бір шикілігі бар. Қолданғысы келеді немесе сізді жеңіл жүрісті қыз деп ойлайды. Осыны есіңізден шығармаңыз. Сонымен, ең бірінші кездесуде сіз паркта немесе кинода кездестіңіз деп шештік. Енді келесі қадам - ол кез-келген қимылмен қолын сіздің денеңізге тигізгісі келетін болады. Құлап қала жаздау немесе сізді жолдан өтіп бара жатқан кезде қолыңыздан ұстау, кинода өзінің қолын сіздің арқаңызға қою, әдемі сөздер айтуы, "сен әдемі екенсің суретке қарағанда, сен ұялшақ екенсің, бұл маған қатты ұнайды" ,- деген сияқты сөздер айтуы мүмкін. Мен күйеуіме бірнеше сұрақтар қойдым. Ер адамның тексерісі бар ма? Алғашқы кездесуде физикалық тұрғыда жақындық болса қалай қарайды? Ол маған не деп жауап берді деп ойлайсыз? Құшақтасу, сүйісу уақыты ұзаққа созылса, ер адам 2-3 есе қызығушылығын арттырады екен. Қаншалықты көп уақыт жақындатпай жүрсең, соншалықты ол қызыға түседі. Ал қашан болуы керек дедім? Ол "2-3 айдан кейін" дейді. Ең азы бір ай өтуі керек. Бір айдың көлемінде қыз кездесуге шығып тұрсын, бірақ барынша жақындатпауы керек. Егер сіз ер адамды жақындатпасаңыз, қолыңыздан ұстатпасаңыз, онда оның қызығушылығы қатты болады. Ер адамға көңіл бөлуді, физикалық тұрғыдан жақындықты аз берген сайын, оның қызығушылығы арта түседі. Некеге дейін... 114


Ұнататын адамыңды құшақтағың келеді ғой? Қолынан ұстағың келеді. Дәл сол сияқты әр кездесудің алдында ол өзіне мақсат қояды. Ұнататын қызының қолынан ұстағысы келеді, құшақтағысы келеді. Егер ол мақсаты жүзеге асса, яғни сол мақсатына тез жетсе, сізге қолын тез жеткізсе онда оның қызығушылығы бірден жоғала бастайды. Сіздің оның көз алдындағы бағаңыз, құндылығыңыз төмендеп кетеді. Сонымен екінші ереже: бір ай өтпей жатып, сіз өзіңізге оны жақындатпау керексіз. Енді не істеу керек? Ер адамның қызығушылығы одан сайын артады дедік. Бірақ ер адамды ең бірінші физикалық жақындықтан бөлек, интеллектуалды жағынан оны қызықтырып, өзіңізге ғашық қылсаңыз, ол бір айдан кейін қолыңызды ұстаған кезде ол сізден ешқайда кете алмайтындай болады. Бір ай бойы ол сізді армандайды және сізді қолыңыздан ұстамай жатып сізді жақсы көреді. Бір ай деген өте аз уақыт, 2-3 айға дейін шыдасаңыз керемет болатын еді. Бірақ қазір көбісі ер адаммен сөйлесу тұрмақ, бірінші кездесуде төсекке жатып жатыр қыздар, ол әрине өзінің бағасыздығы, өзінің құндылығын жоғалтқандығы. Егер сіз тойға дейін ер адамға беріліп қойсаңыз, тойға асықпайтын болады. Егер сіз тойға дейін әйелдік міндеттеріңізді орындасаңыз, ер адам өзінің құндылығын жоғары ұстайтын басқа қыздарға көзін сала бастайды. Ер адамның көңілін ылғи ыстық қылып ұстайтын әйел адамның үш мәселесі: біріншісі- сексуальность, флирт, құштарлық, екіншісі- ол сіздің интеллектуалды жағыңыз, қанша жерден сұлу болсаңыз да, ақылды емес немесе қызықты емес болсаңыз, ер адам сізді тез-тез қолданып, қолына түсіріп, тастап кетуге ынтық болады. Үшінші нәрсе ол- рухани жағынан сіз оны кешіре алуыңыз, алғыс білдіре алуыңыз, діни мәселе жағынан толық сенімді болсаңыз, онда бұл ер адам үшін өте маңызды болады. Әрине, егер ол бір Аллаға сенетін түзу жолдағы адам болса. Некеге дейін... 115


Жігітпен жүріп жүрген кезде сіз тұрмысқа шығып, оның намаз оқитынын қалайтын болсаңыз, орамал таққыңыз келетін болса, бірақ қазір ол оны істеп жүрген жоқ болса, онда алдын-ала оны тексеру керексіз. Дайын ба, әлде жоқ па? Немесе жігіт қазір намаз оқып жүр, ал сіз намаз оқымайсыз, орамал тақпайсыз. Ертең тұрмысқа шыққан соң, орамал тағасыз, намаз бастайсыз, дінге бет бұрасыз дегендей, сол үшін сіз дайын болуыңыз керексіз. Маған қаншама қыздар: "Күйеуім намаз оқиды және менің никаб кигенімді қалайды" , "Менің орамал таққанымды, намаз оқығанымды қалайды, ал мен қаламаймын, ажырасқым да келмейді, бірақ оқығым да келмейді,- дейді. Сол үшін қазір сіз, мысалы, Ханафи мазхабын ұстансаңыз, ал жігітіңіз қай мазхабта екенін білмесеңіз немесе мүлдем намаз оқымаса онда ойланыңыз. Ертең оны өзгерткіңіз келіп, талап етіп, араңызда үлкен мәселе болмасын. Дін жайлы әңгімені қалай бастау керек? Бірінші қойылатын сұрақ - діннің біліми дәрежесін түсіну. Дінде оның қаншалықты білімі бар? •Мүмкін ол "Намаз оқымасам да болады, менің жүрегім таза ғой" ,- деп ойлайтын шығар. •"Намаз оқығым келіп жүр, бірақ нәпсім жібермейді,- деуі мүмкін. •Немесе "Намаз - парыз, мен оқып жүрмін және Ханафи мазхабында емеспін,- деп айтуы мүмкін. Ал сіз оған келіспеуіңіз мүмкін. Мен не үшін бұл тақырыпты қозғап жатырмын? Себебі, бұл әйел адамның діни көзқарастағы тексерісі. Егер екеуіңіздің көзқарастарыңыз келіспесе, онда кішігірім нәрселерден араларыңызда ұрыс болады. Біріншіден, ол "Орамалды таққан кезде иегіңді жабу керек, кеудеңді жабу керек немесе ниқаб кию керек, қара түс кию керек,- дейді. Ал сіз ашық түсті орамал киесіз. Содан басталады. Ал күйеуіңізді тыңдау керек боласыз. Келесіде күйеуіңіз "Балалар мектепте оқымайды, мектепте орамал тағып жүреді" деп айтуы мүмкін. Ал сіздің көзқарасыңыз кішкене зайырлы. Сол үшін әңгімені осыдан бастау керек. Білу керек нәрсеңіз: оның ұстанатын діни мазхабы. Некеге дейін... 116


"Думай как мужчина" 2012 ж. киносын көру. Психология, қарым-қатынас жағынан қандай пайда алдыңыз, нені түсіндіңіз, соны жазу. Не үшін осы киноны көріп, нені нақты түсіндіргім келгенін келесі тақырыпта айтатын боламын. Некеге дейін... 117 ТАПСЫРМА


Егер сіздің жігітіңіз жеке шекараны аттап кетсе, өзгертуге кеш болса, не істеуге болады? Бұл жерде мен тек қана телефондағы пароль, архивтерді ақтару емес, одан бөлек сіздің жіберіп қойған қателіктеріңізді айтқым келеді. Яғни осыған дейін қаншама тақырыптарды оқып ойланған шығарсыз: “Мен оған әйел болып кеттім ғой, мен артық іс-әрекеттерді жасатып қойдым, мен самооценкамның төмен екенін көрсетіп қойдым, мен қателіктерді жасап қойдым, енді оны қалай түзеймін?"- деген сияқты сұрағыңыз болса, осы тақырыпта мен сізге жауап беретін боламын. Біріншіден, ешқашан қателікті түзетіп, қайтадан қарымқатынасты бастауға кеш емес. Яғни сіз осы күнге дейін оның киімін жуып, үйіне барып тамағын жасап, үйін жинап кетіп жүрсеңіз, анасына сыйлық алып, үйіне барып анасымен танысып жүрген немесе анасы "қонақ келейін деп жатыр, келіп көмектесші" десе жетіп баратын, ренжітіп алуға қорқамын дейтін қыздар бар. Енді не істеу керек? Жай ғана ол істерді жасауды тоқтатасыз. Ең оңай жауабы осы. "Ренжіп қалады ғой" деген сияқты ойларыңыз болуы мүмкін. Негізі манипуляторлар солай ренжиді. Яғни егер сіздің жігітіңіз манипулятор болса, онда ол не істейді? Сізге: -Мына нәрсені істей салшы,- дейді. Сіз: -Жоқ, істей алмаймын, ренжіме, менің өзімнің принциптарым бар, мен көп ойландым осы күнге дейін,- деп жауап бересіз. Ол ренжіп қалады. Ал ренжіп қалса, демек сіздің таңдауыңызды сыйлап жатқан жоқ. Ол сіздің таңдауыңызды қабылдай алмайды. Ондай кезде "Жоқ дедім ғой, жоқ" деп ешкім жауап бере алмайды. Бұл жерде "Жігітім ренжісе де, ренжімесе де, менің таңдауым осы" деп қатып тұратындай тым сенімді болу керек. Жылы айтуға болады. Жаныңызға отырғызып қоясыз да немесе Некеге дейін... 118 ҚАТЕЛІК ЖІБЕРІП ҚОЙСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ОНЫ ТҮЗЕУГЕ БОЛАДЫ?


WhatsApp-тан жазып жібересіз: "Жаным, мен соңғы кездері көп ойланып жүрмін, менің қазір осылай істеп жүргенім (мысалы, телефонды тексерту, Instagram пароль беру, анасына барып көмектесу, тамағын жасап беру немесе төсек қарым-қатынасы болып жүрсе) мен үшін дұрыс емес. Мен жігітпен жүрмей жатып өзіме көп ережелер, көп принциптер қойған болатынмын, мен өзімді бағалы, құнды сезінуім үшін мен осы нәрселерді жасамау керек едім. Сені ренжітіп алмау үшін, сенің көңіліне қарап қана мен өтінішіңді орындап жүргенмін. Бірақ қазір мен олай жасай алмаймын. Сен ренжіме,- деп түсіндіресіз. Егер ол ренжитін болса, ештеңе етпейді. Ең бастысы, сіз сөзіңізде тұрыңыз. Ол ренжіп қалды деп көнпез болмаңыз. Себебі, манипуляторлар солай ренжіп қалады. Сізге күту керек. Бір күн ренжиді, екі күн ренжиді. Сіз жай ғана тақырыпты ауыстырып жіберуге тырысыңыз. -Міне, менің принципім осындай, жаным, маған ренжімеші, мен мұны қаламаймын, мен саған бере алмаймын парольді. Мені түсінгің келсе, онда өзіңнің парольіңді маған бер. Мен сенің атыңнан Instagram-да отырайын. Маған келген сайын мен сенің телефоныңды ақтарайын, картинка, архив бәрін оқып отырайын. Сол кезде сен, мүмкін, түсінетін шығарсың, маған қалай болатынын. Ол келіспейді. Келісетін болса да, келген сайын барлығын өшіріп отыратын болады. "Мен өзімнің самооценкамның төмен екенін көрсетіп қойдым" "Мен оған тәуелді екенімді көрсетіп қойдым. Яғни неге маған хабарласпайсың, неге мені іздемейсің, екі күн өтті сен суып кеттің, бір апта болды кездеспедік, сен маған келгің келмейді ма? Міне, осындай сияқты сұрақтарды қойып, мен оған тәуелді екенімді көрсетіп қойдым. Енді не істеймін?" Некеге дейін... 119


Не істейсіз сіз? Жай ғана солай айтуды доғарасыз. Енді оған төмендегідей сұрақ қоймайсыз. Қайда жүрсің? Кіммен жүрсің? Не істеп жүрсің? Қашан келесің? Ол басында біртүрлі болады. “Неге, ренжіп қалдың ба маған?- деген сияқты. Жоқ, ренжігеніңізді білдірмеңіз. Тіпті ішіңіз күйіп, ренжіп тұрсаңыз да ренжігеніңізді білдіртпеңіз. Себебі, еркек сіздің интонацияңызға, дауыс мәнеріңізге, қас-қабағыңыз, тіпті отырған кезде қалай отырғаныңызға мән береді, ер адамдар қатты психологтар, олар барлығын байқайды. Сіз ренжіп отырсыз ба, әдейі істеп отырсыз ба, соның барлығын байқайды. Сол үшін сіз одан да ақылды, одан да асқан актриса болу керексіз. Сізге бұл не үшін керек? Дәл осы кеңес арқылы ер адамда іштей қорқыныш пайда болады. "Байқаймын, мына қыз мені жақсы көремін десе де, кездесуге шықса да, жаным, күнім деп айтса да, маған тәуелді емес,- деп ойлайды. Тәуелді емес адам не істейді? Кез-келген сәтте жоқ болып кетеді. Кез-келген сәтте айырылысып кете алады. Кез-келген сәтте адамның қателігін көрсе "Мен сені кешіре алмайды екенмін, сау бол,- деп айта салады. Ер адам оны түсінеді. Ал сіз менің кеңестерімді орындамасаңыз, шыдамсыз болсаңыз, сабырлы емес болсаңыз, тәуелді екеніңізді көрсетсеңіз, онда ол не істейді? Ондай кезде ер адам сіздің ешқайда кетпейтіндігіңізге сенімді болады. Ондай кезде ер адам миына не келсе, басына не келсе соны жасайтын болады. Бар болады, жоқ болады, кешірім сұрайды, қателігін қайталайды, боқтамаймын деп, кешке жақын боқтап қояды, темекіні сенің көзіңше тартпаймын дейді, бірақ тартады. Не үшін олай істейді? Себебі, сіз "болды, сөйлеспей-ақ қояйық,- деген әңгімені айтасыз да , 2-3 күннен кейін қайтып келсе кешіре саласыз. Бұл сіздің әлсіз, өзіне сенімсіз, тәуелді екеніңізді көрсетеді. Некеге дейін... 120


Алдыңғы тақырыптардың бірінде "Думай как мужчина (2012)" киносын көріңіздер деген болатынмын. Ол кинода Стив Харвидің ережелерін әрекетке қолдана білген. Дұрыс қолданды ма? Қолдана алмады ма? Бір қыз ер адаммен бір түн өткізгеннен кейін, ол ер адам үнемі жоқ болып кетеді. Бұны қалай түсінуге болады? Түн өткізу деп түсінбей-ақ қойсақ болады. Біз оны қолға жеңіл түсетін қыз деп қабылдайық. Себебі, біздің де өмірімізде сол кездеседі, біз де қолға түсетін қыз бола аламыз. Біздің өмірімізде де жігіттер пайда болып, кішкене сөйлескеннен кейін, бір кездескеннен кейін бірден жоқ болып кетеді. Неге? Себебі, алғашқы кездесуден бастап ер адамдар психолог сияқты қыздың өзін қалай ұстайтынын, өзін қалай сезінетінін біліп тұрады. Бірінші кездесуден бастап анализ жасайды. Нені? Танысқан қыз баланы қолға түсіру оңай болады ма? Әлде қиын болады ма? Өздері үшін соны шешеді. Егер бірінші кездесуден, бірінші сөйлескеннен сіз оның кезкелген өтінішіне келісіп, кез-келген ұсынысына келісіп, қолға оңай түсетініңізді көрсетсеңіз, оған сіз тез қызық емес боласыз. Әйел адам еркек үшін тек екі жағдайда ғана керек болады. Біріншісі, тамақ ретінде, балыққа бару сияқты. Тамақ жеу үшін, өзіңе керек болғаннан кейін ғана балыққа барасың. Екінші нұсқасы - тек ойын үшін, жігіттерге мақтану үшін, көрсету үшін. Бізге бұл керегі жоқ. Бірінші нұсқа болу үшін не істеу керек? Яғни ол сізді керек болғаннан кейін қолына түсіру керек. Ол біріншіден, жігіттің өзіне байланысты. Ол сізбен танысып жатқан кезде қандай ниетпен танысып жатыр? Себебі оның мүмкін әйелі бар, мүмкін қызы бар. Қызы бар жігіттер өздерінің самооценкаларын көтеру үшін көп танысады ғой. Кинодағы келесі күні жігіттердің барлығы жоқ болып кететін қызға қандай ереже көмектесті? "Правило 90 дней" деп тұрды, иә? 90 күн - 3 ай. Егер сіз шыдасаңыз, бізге бір ай да жетеді. Қол Некеге дейін... 121 КИНОДАҒЫДАЙ ӘЙЕЛ БОЛЫҢЫЗ


ұстасудан, құшақтасудан, сүюден, төсек қатынасынан және т.б. интимді тақырыптардан қашуға тырысу керек. Сізге интим жағынан сұрақ қойса, барынша тақырыптан қашуға тырысу керек. Егер интим жайлы жеңіл сөйлесе алатын болсаңыз, бұл кішкене жеңіл жүрісті қызды көрсетеді. Тағы бір әйелдің түрі болды. Ол еркекшора әйел. Өзіне тым сенімді және ер адамға деген планканы жоғары көтеріп қояды. Бұл көрініспен нені жеткізгісі келіп тұр? Ол әйел адамның нәзік бола білуінде. "Менің қолымнан бәрі келеді, мен өзім-ақ барлығына қол жеткіздім, менің жанымда ондай жігіттер керек емес" ,- деп потенциалды жігіттердің өзінен бас тартады. Ал әйел адамның нәзіктігі оның көзқарасынан, жүрісінен, сөйлеген сөзінен көрінеді. Аспаз жігіт алыстан ол қызға қараған кезде, оған жақындауға, танысуға қорықты. Қарым-қатынасы өтіріктен басталды. Не үшін? Себебі, ол өзінің дәрежесі қызға тең емес екенін түсінді. Әйел адам планканы жоғары көтеріп, түрінен нәзік әйел емес екені көрініп тұрды. Менің өзімнің таныс құрбыларым бар, әпкелерім бар. 30 жастан асқан. Бірақ әлі күнге дейін тұрмысқа шыға алмайды. Не үшін? Себебі ұзақ іздеп, ұзақ күтіп қалған, планкалары жоғары. Қазірден бастап сіз ер адамның идеал емес екенін түсінуіңіз керек. Оның әйтеуір бір кемшіліктері болады. Мүмкін карьера жағында, мүмкін анасымен бірге тұратындығында, мүмкін айлығының аздығында немесе мінездің жұмсақтығында, тіпті қаттылығында, жалпы өзіңіз үшін бір минус қателігінде көзді жұмып, қабылдай алатыныңызды түсіну керексіз. Барлық ережеге сай келетін ер адамдар қазір аз. Міндетті түрде ер адаммен алғашқы кездескенде, сақтау керек ереже бар. Ережені көрдіңіздер, иә? Жетістікке жеткен, тәуелсіз әйел несімен ұнады? Өзінің нәзіктігімен, себебі, Стив Харвидің кітабы бойынша ол алғашқы кездесуде жұмыс жайлы сұраған жоқ. Өзінің планкасының жоғары екенін көрсеткен жоқ. Нәзік екенін көрсетіп, жігітті шошытып алмады. Некеге дейін... 122


Осы жерде мен "Счастливая жена" деген кітаптың алғашқы бір тақырыптарында жазылған ережесі жайлы айтайын. Не деп айтады? Ер адамда сыйлап, оған көнетін жерлер бар және көнбейтін жерлер бар. Қай жерлерде көнбеу керек? Біріншіден, егер физикалық тұрғыда қысым көрсетсе, сізге немесе балаңызға (ажырасқан болсаңыз). Түртіп қалу, итеріп қалу деген сияқты. Мұндай кезде көнуге болмайды. Екіншіден, тәуелді болып қалу. Ол ішімдік, нашақорлық, азарт ойындары, карта деген сияқты. Оның барлығы ауруға жатады. Одан емделу өте қиын. Ол міндетті түрде аурухана арқылы, клиника арқылы, психотерапевттермен ғана емделуге болады. Сол үшін бұл нәрселерге көнуге болмайды. "Мен емдеп аламын, мен дұрыстап аламын" деген нәрсе болмайды. Үшіншіден, “хронический изменник” деген қасиеті бар ер адамдарға көнуге болмайды. Егер сіздің күшті қабілетіңіз болса, ондай изменниктарды байқап қоятын боласыз. Тұрмысқа шықпай тұрып сіз бірден танисыз. Оның шынайы бейнесін көресіз. Тұрмысқа дейін де, кейін де, 20 жыл өтсе де, басқа қыздармен танысуын тоқтатпайды. Бұл шынымен де ауру. Олар үнемі соны қалап тұрады. Үнемі біреумен танысып, өзінің самооценкасын көтеріп тұруы керек болады. Егер 2-3 рет біреумен сөйлескенін, танысқанын ұстап алсаңыз, ол сізге ақталып жатса, "ой, ештеңе емес қой, жай дос ретінде ғой, сен түсінбедің" ,- десе, ойлану керек. Демек, ол хронический изменник. Ондайға көнуге болмайды. Келесі көнуге болмайтын нәрсе - вербальное насилие және манипулятор. Вербальное насилие дегеніміз - ұрмай-ақ, соқпайақ, сіздің энергияңызды соратын адам. Сізді бақытсыз қылатын адам. Сарказм, кінәлау соның барлығы вербальное насилие болып табылады. Ондай нәрсеге көнуге болмайды. Ондай адамдар емделмейді. Өзінің күшті, жақсы екенін басқа адамды кемсіту арқылы түсіреді. Бұлардың ешқайсысы жігітте жоқ болса, онда ойлану керек. Мүмкін көзіңізді жұмып қабылдай алатын жерлері бар шығар. Некеге дейін... 123


Әрі қарай кино бойынша талқылайық. Мамасының баласы өзгермейді, дәл солай қабылдау керек, өзгеруі екіталай, өзгеруі өте қиын. Егер сіз мамасының баласымен бірге бас қосып, тұрмысқа шығайын деп жатсаңыз, сіздің ең бірінші мақсатыңыз - оның мамасымен татуласу, достасу. Мамасымен қосылып баласы туралы мақтап та, жамандап та, екеуіңіз бірге сырласа алатындай дәрежеге жету. Сол кезде ғана оның мамасын жеңе аласыз. Егер қазір сондай жігітпен жүріп жүрсеңіз және мынандай ой болса «мен мамасынан тартып аламын, мен оны түзеп аламын, ол мені қаттырақ жақсы көрсе, мамасынан бас тартады, оны үлкен жігіт қылып аламын» деп ойласаңыз, бұл үлкен қателік. Себебі, ер адам ешқашан әйелі мен анасының ортасында тұрмайды. Әлі күнге дейін көзім жетіп жатыр. Енелері ажырастырады, енелері келіндерін жаман күйде көрсетіп, ер адам жақсы көріп тұрған күннің өзінде суып кетіп жатады. Сондықтан сіздің ең бірінші мақсатыңыз - оны анасымен бірге қабылдау. Мамасының баласы деген кім? •Ақшасын, айлығын анасына береді. •Сізге телефон алып беру үшін анасынан ақша, рұқсат сұрайды. •Сізге киім алып беруі үшін анасынан рұқсат сұрайды. •Екеуіңіз киноға кетіп бара жатсаңыздар айтып кетеді. •Бір жерге жұмысқа тұратын болсаңыз күйеуіңізден емес, оның анасынан рұқсат сұрайсыз. •Барлығыңыз бірге тұрғанда үйге қонақты шақыра алмайсыз. Шақыратын болсаңыз анаңыздың алдынан өтіп, қандай адамдар, кімдер келетінін айтып, жеткізіп, сосын барып рұқсатын аласыз. Жалпы айтқанда мамасының баласы ол өте қиын жағдай. Сол үшін сіздерге ойлану керек. Біздің менталитетімізді білесіздер. Қазақтың менталитетінде бірінші орында анасы тұрады, сосын барып бала тұрады, одан кейін ғана әйел тұрады. Сондықтан ойланыңыздар! Некеге дейін... 124


Ер адамды қалай өзіңізге байлап алуға болатыны жайлы лайфхак. Бүгіннен бастап жігітіңізге немесе жаныңызда бар ер адамдарға комплимент айтасыз. Комплиментті тек әйел адамдар емес, ер адамдар да ұнатады. Қандай комплимент? •Оның ерекше екендігі •Ол сияқты адамды әлі кездестірмедіңіз •Oл сияқты ешкім сізге сөз айтқан жоқ •Ешкім бұл жігіт сияқты сізге қараған жоқ •Ол сияқты қолыңызды ұстаған жоқ •Бұл жігіт сияқты сізді кездесуге шақырған жоқ Жалпы өміріңізде осындай керемет, тамсанатын жігітті көріп тұрсыз. Сондай жігіттің бар екеніне таңқалып жатырсыз. Бұндай сөздер ер адамның эгосына жағымды болады. Самооценкасын көтереді, құрметке ие болады. Оларға ең керегі өздерін ерекше сезінуі. Кез-келген ер адамда толымсыз комплекс болады. Ол не? Ол үнемі өзін басқа адамдармен салыстыруы. Тіпті күйеулеріңіз болғанда да, комплиментті жалғастыра беру керек. Сіз оның барлығынан ерекше екенін көрсету арқылы өзіне деген сенімділігін арттырасыз. Бірақ бұл комплиментке сол күннің басқа уақытында тағы бір нәрсені қосу керек. Оған сізбен жолы болғанын білдірту үшін. Сіз сияқты қызды таба алмайтыны жайлы қосу керексіз. Бұл не үшін керек? Ол сіз оның артынан жүгіріп жүріп, сіз одан басқа еркекті көрмейтіндей ойлап қалмасын. Осы сөзіңіз арқылы ер адамға сіз алтын болып, бриллиант болып оның қолына түскеніңізді көрсетесіз. Некеге дейін... 125 КОМПЛИМЕНТ


Егер сіздің жігітіңіз манипулятор болса, былай деп қорқытуы мүмкін: •Егер мені тыңдамасаң, онда айырылысайық. •Егер ол жерге баратын болсаң, онда қоя салайық. •Егер мына нәрсені істемейтін болсаң, онда мен саған хабарласпаймын. Міне, осы сияқты манипуляциялары бар. Енді сіз не істеу керексіз? Егер ең алғашқы манипуляциядан кейін өзіңізді тыңдайтын адам ретінде көрсетсеңіз, яғни “жарайды, жарайды, мен сені тыңдаймын, бастысы ешқайда кетпе, жарайды, мен сенің айтқаныңды орындаймын, бастысы манипуляцияңды жасама” дейтін болсаңыз, онда жігіт әрқашан, кез-келген жағдайда осы манипуляцияны қолданатын болады. Кез-келген іс-әрекетті осылай істеткісі келетін болады. Еркелегіңіз келсе "Сен басыма шығып кеттің, есіріп кеттің" ,- деп тиісе бастайды. Хабарласпай кетсеңіз "Өзінше болып кетіпсің, өзінше болсаң, менде сондай боламын" ,- деп манипуляция жасайды. Ал сіз көнетініңізді көрсетпеңіз. Егер: -Достарыңмен баратын болсаң, онда осы жерден доғарайық,- деп айтатын болса, сіз не деп жауап бересіз? -Жаным, егер біздің осыншама уақыттағы жылы жақсы қарымқатынасымызды менің бір қыдырғаным үшін ғана бәрін тоқтатқың келетін болса, жарайды, сенің айтқаныңдай болсын,- деп айтыңыз. -Қазір менің қыдырғаным үшін мені осылай қорқытып жатырсың. Егер ертең саған тұрмысқа шығатын болсам, мен қалауымды істей алмай қалатын боламын. Демек, сен маған одан да артығын көрсетесің, одан да артығымен қорқытатын боласың. Некеге дейін... 126 ЖІГІТІҢІЗ ҚОРҚЫТА БЕРСЕ, НЕНІ БАЙҚАУ КЕРЕК?


Осылай айту керек және қалауыңызды жасайсыз. Сіздің қыдырғыңыз келеді, бірақ ол "қыдырмай-ақ қойшы, жаным, мен сені қызғанамын,- деп емес, "егер қыдыратын болсаң мен сені тастап кетемін" , "егер қыдыратын болсаң мен сені анаңа айтып беремін" тағы да осы сияқты сөздерді айтып манипуляция жасайтын болса, "жарайды" деп жауап беру керек. Жігіт қалай сіздің манипуляцияға көнбейтініңізді көреді, екінші рет олай істемейтін болады. Екінші рет сізді қорқытпайды. Дәл осы манипуляцияны менің күйеуім жасайтын. Бір күні базарға барғанбыз. Базарда маған “Болшы тез-тез кеттік, не тезірек сатып ал, не үйге қайтамыз" ,- дейді. Үнемі сол сөзді қайталай береді. Ал мен болсам қазір кетіп қаламыз-ау деп уайымдағаннан, соның манипуляциясынан қорқып, заттарды тез алуға тырысатынмын. Мен бір күні шаршап: -жарайды кеттік,- дедім. Ол таңқалып қалды. Ылғи тез-тез заттарды сатып алатын мен, қолыма бір наннан басқа ештеңе алған жоқпын, "жарайды кеттік" дей салдым. Неге бәрін сатып алдың ба?- деп шошып кетті. Мен: -Сатып алған жоқпын, бірақ сен мені қайта-қайта қорқыта бересің ғой, жарайды, сенің айтқанындай болсын,- дедім. Екінші рет тағы солай істедік. Менің туысқандарыма қонаққа баратын кезде, ол тағы да қорқыта бастады. Бір сөзге келіспей қалдық, сосын ол: -Менің ашуыма тие бермеші, әйтпесе мүлдем ешқайда бармай қоямын,- деп мені қорқытты. Бұл да манипуляция. Мен: -Жарайды, барғың келмесе бармай-ақ қояйық, Эльдар барғысы келмеді деп айтамын,- дедім. Осыдан кейін ол ешқашан манипуляцияны қолданған жоқ. Сіздің де жігітіңіз солай істейтін болса, жарайды деп келісуге тырысыңыз. Бір рет келісіңіз, екі рет келісіңіз, үш рет келісіңіз. Ол сосын сізге манипуляцияның өтпейтінін түсінеді. Некеге дейін... 127


Бұл тақырып жігітімен айырылысқысы келіп, бірақ айырылыса алмай жүрген қыздарға арналады. Яғни жігітіңіз сізді бағаламай, құрметтемей, қалай болса солай қарым-қатынас құрып жүрсе, сіз онымен әлі де айырылысып кетпесеңіз, онда бұл тақырып дәл сізге арналады. Біздің планетамызда 3,5 миллиард ер адам бар екен. Қазақстанда 18 миллион адам бар. Оның 9 миллионы ер адам. 9 миллион адам еркек, ал біз болсақ өзімізге ұнамайтын қасиеттері бар немесе түзегіміз келіп, одан жалынып, жалбарынып жүретін ер адаммен әлі де біргеміз. Не үшін біз солай жасаймыз? Біз түкке тұрғысыз жігітпен қосыламыз да, ол бізді адам құрлы көрмейді. Ол бізді бағаламайды. Ал біз оны жақсы көріп, оның мәселелерін шешуге тырысамыз. Ол бірде жоқ болып кетіп, мәселесі пайда болса қайтып келеді. Ал біз әйел адам соған мәзбіз. Ол қиыншылық кезде басқа қыздарға емес, тек сізге ғана келеді. Сосын біз өзімізді ерекше сезінеміз. "Ол маған келіп қиыншылығын айтып, ашылып жатыр, жүрегін ашып жатыр, демек мен оның өмірінде ерекше орын алып жатырмын,- деп ойлаймыз. Жоқ олай емес. Білесіз бе, не үшін ер адамдар көңіл-күйі де, өмірі де, қыздармен қарым-қатынастары да керемет болып жатқан кезде сізге келмейді, ал басына іс түскенде сізді іздеп, құшағыңызға жайыла кетеді. Не үшін? Себебі, сіздің ыңғайлы болғандығыңызда және ер адам өзінің самооценкасын көтеріп, өзінің біреуге керектігін сезінуде. Қарым-қатынасыңыз керемет, егер жігіт жақтан сізге күшті сезім бар болып жатса, әрине, қолдау көрсету өте жақсы нәрсе. Ал егер жігітіңіз бірде бар, бірде жоқ, бірде көл, бірде шөл, қиындық туғанда ғана келіп, күшті болып 1 апта жүріп, қайтадан сол әдетіне басса, онда ер адам сол қиыншылық кезінде өзінің біреуге керектігін сезінгісі келеді. Есіне кім бірінші түсетінін білесіз бе? Ол үнемі қабылдай білетін, үнемі күліп қарсы алып: Некеге дейін... 128 ҚАЙ КЕЗДЕ ЖІГІТТЕН БАС ТАРТУ КЕРЕК БОЛАДЫ?


"Жаным, барлығы жақсы болады, сен маған керексің" ,- деп айта алатын қызды есіне алады екен. Сосын жағдайы жақсарады. Көңіл-күйі көтеріледі. Басқа қыздар бар екенін түсінеді. Солармен таныстық басталады. Сізбен іші пысады, тағы әдетіне басып, жоқ болып кетеді. Егер жігітіңіз қазір сізге бақытсыздық әкеліп жатса, ол манипулятор болуы мүмкін. Енді не үшін сіз оны үнемі қабылдап, кешіріп, сөзіне сенесіз? Көп әйел адамдар "Мен оны жақсы көремін" ,- деп махаббаттарына ысыра салады. Бұл махаббат емес. Бұл әйел адамның табиғатында бар, біреу үшін уайымдау, бауыр басқаннан кейін ол адамды уайымдайсың, сіз де сол адамды түзу жолға қойып, түзеп алғыңыз келеді. Ресейдің фильмдерінде болады ғой, басында жігіт бабник болады, қыздармен көп жүреді, өтірік айтады, сосын аяқ асты қызының сондай керемет, күшті екенін түсініп, қайтып келіп, 180°-қа өзгеріп, отбасыны бірінші орынға қоятын адамға айналады. Міне, біздің сондай арманымыз бар сияқты. Біздің ойымызда тұратыны ол жаман адамнан жақсы адамды шығару керек. Егер біз өмірімізде бір керемет, барлық қасиеттері біздің арманымыздағы жігітке сәйкес келіп тұратын болса, неге екені белгісіз ол адамға қарағымыз келмейді. Бізге керісінше жаман адамды түзеген ұнайды. Ал жақсы адамның түзететін жері жоқ қой, жақсы адам тым іш пыстырарлық, сізді ренжітпейді, жылатпайды, айтқаныңызды істейді, артыңыздан жүгіреді. Қарап тұрсаңыз керемет еркек. Сол сіздің күйеуіңіз болса, арманыңыздағы күйеуіңіз болады. Бірақ біздің бір қырсықтығымыз бар және төмен самооценка. Егер біз ер адамды қабылдай алатын болсақ, кешіре берсек немесе өзіміз бірінші қадам жасай берсек, демек біздің самооценкамыз өте төмен. Егер бірде бар, бірде жоқ жігітпен айырылыспасаңыз, сіздің алдағы бірнеше жылыңыз қалай өтетінін айтайын. Біріншіден, сіздің барлық уақытыңыз, минутыңыз ол жігітті түзеумен өтеді. Некеге дейін... 129


Екіншіден, түзеп жатқан уақыттың барлығында айналаңыздағы бүкіл керемет, красавчик, сіз десе жанын беретін жігіттердің ешқайсысын көре алмай қаласыз. Себебі, сіздің назарыңыз тек қана сізді бағаламайтын жігітте. Сосын жігіт сізді жақсы көремін, екеуміз үйленеміз деп, сізді әйел қылып алады. Әрі қарай не болатынын айтайын. Егер ол жігіт намаз оқымаса, Алладан кешірім сұрамаса, түзелемін деген ниеті болмаса, үйленгеннен кейін жігіт екі есе жаман жақтарын көрсете бастайды. Тойға дейін жақсы болған адам, тойдан кейін сол жақсы болған қасиеттерінің, жақсы амалдарының жартысын жоқ қылады. Тек қана жартысы ғана қалып қалады. Тойға дейін сізге көрсетпеген жаман қылықтарын, тойдан кейін барынша көрсетуге тырысатын болады. Барынша сізден құтылуға тырысатын жігіт сияқты көрінетін болады. Енді ойланыңыз. Қазір сіз қиналып, жылап жатырсыз. Араларыңыз суып кетіп, ол артыңыздан жүгірмек түгілі сізді жүгіртіп қойған. Тойға дейін сіз осындайсыз. Сіз "ертең бір үйде тұрамыз, ол мені күнделікті көреді, таңертең шайын беремін, түнде басқа нәрсесін беремін, сол кезде менен айналшықтап шыға алмай қалады, күнде боянамын,- деп ойлайсыз. Иә, негізі, бұл ойыңыз дұрыс. Бірақ сіз үнемі жаман қасиетке жақсылықпен жауап бере алмайтын боласыз. Неге екенін білесіз бе? Тіпті қазір мен айта аламын, менің күйеуіммен тұрып жатқаныма аз уақыт өтті, соның өзінде ол мені ренжітіп қойса, аяқ асты ашуланып кетсе, сабыр сақтап оған "таспен ұрғанды, аспен ұр" деген мақалды қолдана алмай қаламын. Сіздің қазіргі нашар жігітіңіз ертең тура осы нашар қылықтарын көрсетуді жалғастырады. Сол кезде бетіне күліп, жақсы болып, идеально әйел бола аласыз ба? Тойдан кейін одан сайын истерика басталады. "Неге достарыңа кете бересің? Неге үйде отырмайсың?" - деген сияқты жылайтын сөздеріңіз пайда болады. Некеге дейін... 130


Не істеу керек? Біріншіден, егер жігітіңізді қазір тастай алмасаңыз самооценкаңызды көтеру керек. Қалай сіздің планкаңыз сол жігіттің дәрежесінен сәл жоғары көтеріліп, өзіңіздің самооценкаңыз түзелген кезде, басыңызда идея пайда болады. Өзөзіңізге күле бастайсыз. "Қалай мен осы жігітпен сөйлестім,мен өзімді соншалықты ұмытқаным ба?"- деп күле бастайсыз. Егер де сіздің самооценкаңыз төмен болып, ол жігітпен "болды, мен айырылысамын"деп нүктесін қойсаңыз, мұндай қарымқатынастан құтылғаныңызға әзірге қуанбайсыз. Себебі, сіз салдарынан құтылдыңыз, ал себептен құтылған жоқсыз. Себебі қандай? Ол төмен самооценка. Қазір жігітіңіз өтірікші, бабник, сізді мүмкін ұратын шығар, мүмкін боқтайтын шығар, мүмкін жоқ болып кететін шығар. Осының барлығын түзетіп, артыңыздан жүгіртетін керемет жігіт қылғыңыз келсе, оданда барлығын қазірақ тастаңыз. Себебі, бұл бос уақыт өткізу. Өтірікшілер әрқашан өтірікші болады. Манипуляторлар әрқашан манипулятор болып қала береді. Бабниктер бабник болып қала береді. Ғасырлар бойы әйел адамдар ер адамды өзгерткісі келетін. Бірақ менің байқауымша әйел адам өзі өзгермесе, өзінің көзқарасы өзгермесе бұдан ешқашан нәтиже шықпаған. Яғни өзі бір қалыпта қалып қалады. Төмен самооценка, сенімсіздік, тәуелділік осының барлығы бар, бірақ жігітті өзгерткісі келеді. Бұл нәрседен ешқашан нәтиже шықпаған. Бұл адамнан бас тарту керектігін қалай түсінуге болады? Біріншіден, жүріп жүрген жігітіңізді ата-анаңызға таныстыруға қорқасыз. Жігітіңізді достарыңызға таныстыруға қорқасыз. Таныстарыңызға айтатынын айтып, бетпе-бет кезіктіріп, бір жерде отыруға ұяласыз, қысыласыз, қорқасыз. Сізде қорқыныш бар немесе сіздің жігітіңіз шынымен де ұнамауы мүмкін. Әйтеуір бір жерін, қасиетін ата-анаңыз да, достарыңыз да құптамайды. Барлығының айтатын сөзі бір. Сол кезде сізге ойлану керек. Не үшін оларға бұл жігіт ұнамауы мүмкін? Бірақ сіз жігітті ақтап алуыңыз мүмкін. «Менің ата-анам оны жақын танымайды, олар түсінбейді оны»,-деп ойлауыңыз мүмкін. Сыртынан барлығы жақсы болып көрінеді. Сіз қарым-қатынастың ішінде жүріп, Некеге дейін... 131


махаббатқа көзіңіз байланып жүрген кезде, олар да сіздің жігітіңізге ғашық емес қой? Сондықтан жігітіңізбен танысқан адамдар "ақты ақ, қараны қара" деп айта алады. Факттарға көзіңізді жұмбаңыз. Көзіңізді жаппаңыз. Сүйікті ер адам, сізді жақсы көретін ер адам ешқашан қызды артынан жүгіртіп қоймайды. Жылатпайды, тіпті қыздың жылап жатқанын көрсе жүрегі жарылып, ашуланған түрін жұмсартып, сізді бірден тынышталдыруға тырысады. Егер ұрыс кезінде ол еркекпен ұрсысып жатқандай ауыр сөздер айтып "мен сенімен ұрсысып жатқанда ештеңе көрмей қаламын, өз-өзімді ұстай алмай қаламын" деген сияқты сөздерді айтса, онда бұл ер адам ертеңгі күні қатты ашуына тисе қол көтере алатын адам деп айта аламын. Себебі, сіз өзіңізді ұстап жатырсыз ғой онымен ұрсысқанда, боқтағыңыз келсе де боқтамайсыз, ұрғыңыз келсе де ұрмайсыз. Тіпті жыласаңыз да оны кемсітіп, намысына тиетін сөздер айтпайсыз ғой? Егер сізді жақсы көрсе, ашуына тиіп тұрсаңыз да өз-өзін неге ұстай алмайды? Демек ол сіздің көңіліңізге қарағысы келмейді деген сөз. Оған сіздің көңіліңіз, сыйластығыңыз, құрметіңіз әзірге маңызды емес деген сөз. Немесе тағы бір нұсқа бар. Ұрыстан кейін сіз ешқайда кетпейсіз, көңіліңіз қалса да бәрібір жақсы көріп, әрі қарай татуласып кешіре салатыныңызды біледі. Мүмкін дәл солай сіз бағаңызды түсіріп алдыңыз. Мен түсініп тұрмын, жақсы көремін деген сезіміңіз бар, бауыр басып қалдыңыз, қаншама уақыт өтті, қаншама энергияңызды жұмсадыңыз, байланып қалдыңыз. Сізге қазір сұрақ қойғым келеді. Сізге депрессияда болған ұнайды ма? Стрессте үнемі жүрген, үнемі жылаған, ашуланған сізге ұнайды ма? Кешке жақын ол қоңырауды алмаса, сізге жауап бермесе жынданып, уайымдап, не істеп жатыр, кіммен жүр, қайда жүр, неге хабарласпайды деген сұрақтарға үнемі жауап іздеп, соның аузына қарап отырған ұнайды ма? Сонымен бұл жігітпен айырылысқыңыз келмейтін екі себеп бар. Біреуі төмен самооценка, екіншісі оның махаббатын, сізді құрметтеуін күту. Аяқ астынан ол өзгеріп, сіз жеңетін сияқтысыз. Көп әйел адамдар жалғыздықтан қатты қорқады. Біз жек көреміз жалғыздықты. Бұл жігіттен айырылып қалсақ, басқа ешкімді Некеге дейін... 132


таба алмайтын сияқтымыз. 40-50 жастағы үлкен кісілер емеспіз ғой. Балаларымыз жоқ. Мүмкін беріліп қойған шығарсыз, "мен қазір бұл жігіттен айырылып қалсам, мені ешкім әйел қылып алмайды"- деп ойлайтын шығарсыз. Сол үшін барлық отына да, суына да төзіп жүрген шығарсыз. Немесе ол сізге өтірік айтты: міне 1-2 айдан кейін той,-деп қыздығыңызды алып қойды. Сіз атаанаңызға айтып қойдыңыз. Айырылысқыңыз келеді, бірақ жанындағы себептер өте көп. Мен сізге барлығы уақытша деп айтқым келеді. Біз дәл қазіргі сәттен қорқамыз. Дәл бүгін бізге анамыз ұрысады, дәл қазір бізге туысымыз сөйлейді. Дәл қазір мен қиналамын жігіттен айырылып қалсам. Бірақ біз бір жылдан кейінгі, екі жылдан кейінгі уақытты ойлағымыз келмейді. Ойлаңызшы екі жылдан кейін не болады өміріңіз? Дәл осы жігітпен қиналып жүргендей, әлі солай қиналып жүресіз ба? Не өзгереді? Егер қазір сізге жаман қарымқатынасы бар, сізді қинайтын адамнан бас тартсаңыз, екі жылдан кейін сіз өміріңізді қалай өзгертесіз? Мүмкін осы жігіттен бас тартқаннан кейін, алдыңызға керемет жігіт кездесетін шығар. Сізді бағалайтын, көңіліңізге қарайтын, алақанында ұстайтын, сұратпай-ақ көңіл бөлетін, сізді уайымдап жүретін, сіздің кезкелген арманыңызды орындауға дайын жігіт кездесетін шығар. Дәл қазіргі уақытпен өмір сүрудің қажеті жоқ сізге. Себебі, қазіргі нәрседен қорқатын болсаңыз, ертеңгі керемет бақыттан айырылып қалуыңыз мүмкін. Қазіргі сөйлесіп жүрген жігітіңіз сізбен бірге болуға тұрарлық емес екенін қалай түсінуге болады? Біріншіден, өтірігін көп айтады. Сіз, мысалы, оны тексеруіңіз мүмкін. Қайда болды, кіммен болды? Ал ол сіздің сол шындықты білетініңізді білмей жатып, өтірік айтады. Мүмкін досымен клубта болған шығар. Ал сізге: «Анама көмектестім, телефонды алған жоқпын»,- деп айтады. Мүмкін сізге "жұмыста болдым" деп айтқан шығар. Ал сіз бүгін оған демалыс екенін білесіз. Мүмкін сізге: телефон батарейкасы өшіп қалды,- деуі мүмкін. Ал сіз досыңыздан білдіңіз, қолы бос, сізге хабарласа алады. Яғни сіз біліп қойған кез-келген өтірік. Некеге дейін... 133


Екіншіден, изменадан ұстасаңыз, тіпті төсек қатынасы оларда болмаса да, жай ғана телефонмен танысса, лайк басып, оған "танысайық қарындас" деп жазса, жай кездесіп қалса, кафеде екеуі қол ұстасып отырса, жалпы измена деген - кез-келген басқа қызбен сөйлесіп, қарым-қатынас құруға тырысуы. Бұның барлығын біліп қойып, ол сізге: «мен сені тексердім, сен түсінбей қалдың»,- деген әңгімелерінің барлығы бос сөз. Барлық жігіт 100% бірнәрсені ғана айтады. Ол менікі емес, ол досымдікі. Мен сөйлескен жоқпын, досым сөйлесті. Маған хабарласқан жоқ, досыма хабарласты. Немесе сізге керісінше жау шаптыруы мүмкін. "Не үшін телефонымды ақтарасың? Не үшін менің атымнан кіресің? Қандай құқығың бар мені тексеруге? Мен білгенмін солай жасайтыныңды, әдейі сөйлестім ол қызбен" ,- деген сияқты әңгімелер айтады. Тұрмысқа дейін бір рет сізді алдап, басқа қызбен ұсталып қалса, мен сізге 200% айта аламын, ол тұрмыс құрғаннан кейін сізді алдап, басқа қыздармен сөйлесетін болады. Әрине, егер дінге жақын болып, Алладан кешірім сұрап, ойын толықтай өзгертсе, сондай кезде ғана түзеледі деген ойым бар. Ал басқа нұсқаларда жоқ. Жігіт міндетті түрде әдемі қыздарға бір қараса, үнемі қарайтын болады. Басқа қызбен бір сөйлессе, үнемі сөйлесетін болады. Сіз мұны өзгерте алмайсыз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз. Егер сіз бір жігітпен сөйлесіп, жігітіңіз жасаған қылықты сіз жасасаңыз, жігітіңіз біліп қойғанда ашуланар ма еді? Қызғанар ма еді? Сізбен айырылысып кетер ме еді? Егер иә деген жауап болса, онда бұл 100% измена. Егер ер адам сізге ештеңе бере алмаса, тіпті уақытын бере алмаса, оның көлігі жоқ 27-ге келді, 30-ға келіп қалды, сізге ойлану керек. Студент болса онда көп нәрсе кешірімді. Себебі, студент жігіттердің өмірлері әлі алда. Ол сізге кішкентай сағыз берсе де оған қуануға болады. Артық нәрсені сұрау әзірге керек емес. Ал егер ол оқуын бітіріп, жұмыс істеп жүрген адам болса немесе оқуын бітіріп жұмыс істемейді, ақшасы жоқ, анасымен бірге тұрады, өзіне жауапкершілігін алғысы келмейтін адамнан бас тарту керек. Ақшаны достарынан, картадан, ойыннан, қарыздан, әйтеуір, бір жерден тауып, өз еңбегімен емес біреудің жеңіл табылған Некеге дейін... 134


ақшасымен жүретін жігіт болса, ондай адамнан бас тарту керек болады. Өз таңдауыңыз, өз қалауыңыз. Бірақ мен үнемі айтатын нәрсем - жігітпен жүргенде потенциальды түрде күйеуім деп қарайсыз, иә? Жайдан-жай жүріп жатқан жоқсыз ғой. Егер сіз өзіңізге күйеу таңдап жатсаңыз, міндетті түрде миды қосу керек, жүректі өшіру керек. Ойланатын кезде жүректі, сезімді, махаббатты, бауыр басып қалдым деген нәрсенің бәрін өшіру керек. Тек миды қосу керек. Ол ертең сізге не бере алады? Сіздің жігітіңіз бұрын ажырасқан болса, балалары болса, ал сіз әлі қызсыз. Негізі Құранда да "теңтеңімен" делінген. Егер сіз қазір ажыраспаған қыз, таза болсаңыз, ал жүріп жүрген жігітіңіз ажырасып кеткен, баласы бар, алимент төлеп жүрген біреу болса, онда ондай адамнан бас тарту керек. Өмір бойы қиналғыңыз келмесе, бас тартыңыз. Егер сіздің жігітіңіз ешқашан сізге ақшасын жұмсамаса одан бас тартыңыз. Сіз бір жыл жүріп жүрсіз, жарты жыл жүріп жүрсіз, тіпті сізге бір тиын да жұмсаған жоқ. Кешірім сұрағанда да, кездескенде де далада жүресіздер. Әрине, егер студент болмаса. Бірақ менің күйеуім студент кезінде де қайдан ақша табатынын білмеймін, әйтеуір тиын-тебен тауып, маған келіп, кішкентай дүниелерді жасаса да, арзан болса да менің көңіліме қатты жағатын. Сыйлық болмаса да асханада отырып тамақ жеуіміздің өзі мен үшін өте керемет болатын. Себебі, бұл жігіт жұмысы жоқ студент болса да, ақша тапты. Ал егер жігітіңіз сізден аяйтын болса, қазірдің өзінде аяйтын болса, елестетіңізші, тойдан кейін не істейді? Жалындырып қояды. Қазіргі кейбір еркектерге тіпті керек заттарыңды алдырту қиын. Сондықтан ойланыңыз. Некеге дейін... 135


Сізді қолданып жүрген жігітті қалай тануға болады? Қалай түсінуге болады? Бұны түсіну қиын емес. Біріншіден, ол екеуіңіздің қарымқатынастарыңызға ешнәрсе бермейді. Яғни барлық амалдың инициаторы сіз боласыз. Ол сізге не уақыт бермейді, не сыйлық бермейді, не көңіл бермейді, жалпы айтқанда сіз үшін талпыну болсын, тырысу болсын ештеңе жоқ. Сіз іздесеңіз ғана әңгіме болады. Сіз сұрасаңыз ғана келеді. Сіз жоқ болып кетсеңіз, сізді іздемейді, сұрамайды. Мысалы, оған ренжіп, күні бойы оған хабарласпай қоясыз немесе екі-үш күнге жоқ болып кетесіз. Сол сәтте ол сіздің қырсығып жатқаныңызға екі-үш есе қырсығып, жауап қатпай қояды. Егер ол сізді көндірсе, "өлердей жақсы көремін, сен үшін барлығын жасаймын, қолымнан келгенін жасаймын, үлде мен бүлдеге ораймын"- деген әңгімелерді айтады. Бірақ ісіне келген кезінде ешнәрсе жоқ. Ол тек қана сөзбен сізді жақсы көреді. Ол айтады "мен сені жақсы көремін, ал сосын көлігіңді бере тұршы" немесе "мен сені жақсы көремін, 5000 теңге жібере тұршы, кешке жақын қайтарып беремін" дейді де, мүлдем қайтармауы мүмкін. "Мен сені жақсы көремін" ,- деп бір көмек сұрайды. Егер сіз көмектеспесеңіз, ренжіп, қабағын түйіп, қырсығып жоқ болып кетеді. Мұндай сәттерде сізде интуицияңыз оянады. Интуиция міндетті түрде сізді қолданып жатқанын айтады. Мүмкін сіздер қазір төсек қатынасына түсіп қойған шығарсыздар. Мен сені жақсы көремін, біз екеуміз үйленеміз, мен ата-анама айтып қойдым,- деп көндіруі мүмкін. Мүмкін ата-анасына айтқан шығар. Мынандай жігіттер болады, әрбір сөйлескен қыздың барлығын, анасына айта береді. Бұл ол үшін қалыпты. Ал сіз: "анасына айтты ғой, мені таныстырды ғой, демек шынымен де жақсы көреді, шынымен де екеуміз үйленеміз" ,- деп ойлайсыз. Ол "Мен сені жақсы көремін, мен еркекпін, маған керек ол нәрсе. Сенімен болмасам онда басқа біреумен боламын" ,- деп манипуляция басталады. Некеге дейін... 136 СІЗДІ ҚОЛДАНЫП ЖҮРГЕНІН ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?


Сіз беріліп қоясыз. "Егер сен қыз болсаң, онда маған дәлелде" ,- деген манипуляциясы болады. Қалай сіз оған жыныстық қатынаста беріліп қоясыз, ол бірден сізді қолданатын болады. Не үшін кездеседі? Тек қана өзіне керек нәрсесін алу үшін. Ешқандай кездесу, киноға бару, кафе, ресторан, сыйлықтар, 8 наурыздағы құттықтау, түнгі 00:00-де келіп сізді туған күніңізбен құттықтау, ешнәрсе жоқ. Тіпті уақыт бөлмейді. Ол сізді есіне тек қана төсек қатынасы керек болып қалған кезде түсіреді. Ал сіз одан бас тарта алмайсыз. Сіздің құлағыңызға өтірік әңгімелерді құятын болады. "Менікі ешбір қызға қозбайды, тек саған ғана. Қанша қыздармен болып көрдім, мен сондай жаман жігіт болдым. Бірақ саған келген кезде мен өзгердім. Басқаларға қарай алмаймын. Сені көрсем миым өшіп қалады. Басқа қыздардың барлығы маған жеккөрінішті, төсек қатынасынан кейін мүлдем жек көріп кетемін ондай қызды. Ал сенімен олай емес. Сені құшақтағым келеді. Сені сүйгім келеді"- деген сияқты неше түрлі сөздерді құлағыңызға құюы мүмкін. Мен не үшін қазір төсек қатынасы туралы тақырып қозғап жатырмын? Себебі, маған бірнеше қыз жазды. "Болып қойдым, қазір өкінемін. Болып қойғанның өзінде қазір жігітім келіп тұрады, көрісіп тұрамыз. Мен түсінбеймін мені жақсы көреді ме, әлде қолданып жүрме?". Дәл осы тақырыпты қозғаған себебім осы. Егер сізбен тек төсек қатынасы үшін ғана кездесіп жатса, мысалы, зайырлы көзқарасты жігіттер бар. Сіздің қыз емес екендігіңізге мүлдем көңіл аудармайтын, оларға маңызды емес. Бірақ ондай емес жігіт болса, егер ол өзінің әйелі таза, қыз болғанын қаласа, онда сізді қолданып-қолданып тастап кетеді. Қазіргі жігіттердің екі көзқарасы бар. Біріншісі - зайырлы көзқарас. Яғни оған тойға дейін бола ма, тойдан кейін бола ма маңызды емес. Ал екінші көзқарас- тек қана таза қызды әйел қылып үйге алып келеді. Үйде оның ақ төсегін тексереді. Қыз болып келгендігіне жеңгелері көрімдік сұрайды. Сондықтан егер Некеге дейін... 137


сізге "Мен сені жақсы көремін, екеуміз үйленеміз" ,- деген әңгімелерді айтып, тіпті бір жыл уақыт өтпей ол жігітпен болып қойсаңыз, бірден сізде "мені қолданып жүр" деген ой пайда болады. Қалай тексеруге болады? Алпыс күн бойы оған кешке шықпай, тек қана күндіз шығу. Соны қолданып көруге болады. Бірақ егер қазіргі жігітіңіз жай ғана жарты сағат отырып әңгімеңізді тыңдау үшін келмесе, тек қана жыныстық қатынас үшін ғана келіп, тіпті бір кездесуіңіз ондай қатынассыз бітпесе, онда бұл адам сізді қолданып жүр деген сөз. Яғни оның өмірінде басқа беретін әйел жоқ. Оңай, тегін берілетін тесік ол сіз (сізге жету үшін осылай грубо айтайын). Ертең ол сізді әйел қылып алса да, тұрмысқа шыққанда бетіңізге басады. "Сен маған беріліп қойдың, мен болмасам басқа жігітке де беріліп қояр едің". Немесе "қан болған жоқ" деген сияқты әңгімелері басталып, сізден күмәндана бастайды. Тойға дейін сіз шыдаған жоқсыз. Бағаңызды, құндылығыңызды түсіретін, кінәлайтын сөздерді айта бастайды. Тойға дейін өзінің қыздығын сақтаған қыз бала, еркек үшін өмір бойы бағалы болып өтеді. Біздің қазақи менталитетімізде сол. Сізді қолданып жүргенін тағы қалай түсінуге болады? Егер сіз жұмыс істеп жүрген қыз болсаңыз, ол жұмыс істемей жүрген жігіт болса немесе ақшасы бар, жұмыс істейді, бірақ сізге ешқандай ақша жаратпайды. Кафеге барған кезде не бөліп төлейсіздер немесе сіз ғана төлейсіз. Ол: "Менің ақшам бітіп қалды, мен ұялып жүрмін сенімен кездесуге" ,- деп айтуы мүмкін. Менде бар ғой, менікі сенікі деген болмай-ақ қойсын, біз отбасыдай болып кеттік,- деген сияқты сөзіңізді күтеді. Ол үнемі сіздің көлігіңізді сұрауы мүмкін. Немесе сіздің пәтеріңіз бар және азаматтық неке болып жатса, сіздің үйіңіз үшін сізді қолданып жүруі мүмкін. Ол сізден ақша сұрауы мүмкін. Ақшаны бермесеңіз ренжиді. Немесе жүріп жүргеніңізге 5 жылдан асып кетті, бірақ әлі күнге дейін ол сізге "маған тұрмысқа шықшы, Некеге дейін... 138


үйленейік" деген сияқты ұсыныс жасап жатқан жоқ. Қазіргі кез ол үшін ыңғайлы. Немесе сіз оның запасной вариантысыз. Сізге 100% көмектесетін үш вариант бар, яғни түсінуге көмектеседі. Біріншіден, бұл интуицияңыз. Егер интуицияңыз "бұл ер адам сізді қолданып жатыр, бұл адам сізді жақсы көрмейді, тек бос уақыты үшін ғана сенімен жүріп жүр" ,- деп айтып жатса, тыңдаңыз интуицияңызды. Интуиция бостан бос айтпайды. Екіншісі, егер қарым-қатынастың бүкіл жұмысын сіз жасап жатсаңыз, 80%-ын сіз жасайсыз, ал 20%-ы оның келісуімен ғана өтетін болса, онда ойлану керек. Үшіншісі, егер сізге ешқандай нәзік, жұмсақ махаббатын көрсетпесе, ойланыңыз. "Мен сондай қатты адаммын" ,- дейді. Ешқандай көңіл бөлу жоқ. Ешқандай достарымен кездесуге бірге шығару, үнемі сізді достарынан тығады, ешкімге көрсеткісі келмейді, өтірік қызғанамын дейді, ал негізінде ол сіз туралы ешкімге айтқан жоқ. Сырттай ғана біледі немесе ол сіз туралы айтқандай болады да, бірақ негізінде бірінші қызы туралы айтатын шығар. Сондықтан ойлану керек. Мүмкін мынандай сұрақ туындайтын шығар: Егер оған бәрібір болса, онда неге ол менімен айырылысып кетпейді? Неге ол мені тастап жай ғана нүкте қоя салмайды. Менің жалғыз жауабым: жай ғана оған аяқ асты керек болып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан сізді запасной вариант ретінде ұстап отырады. Не үшін керек болып қалатыныңыз маңызды емес. Төсек үшін ба? Эмоцияналды дәрежеде ма?Қиыншылық туғанда сізге келеді, көмек сұрайды. Мүмкін осы үшін керек болып қалатын шығарсыз. Ал сізбен айырылысатын болса, "басқа қызым бар"-деп тастап кетіп қалса, ол оған керек кезде қайтып оралмауы мүмкін. Орала алмауы мүмкін, яғни сіз оны қабылдамайсыз. Сол үшін сізді алдап, бүгін-ертеңімен тойдырып жүре береді. Ол оған бәрібір емес сияқты өтірік түр жасауы мүмкін. «Мен сені бүгін түсімде көрдім»,- деп айтуы мүмкін. Бірақ мұның барлығы өтірік. Некеге дейін... 139


Бұл тақырыбымыз самооценка жайлы болады. Яғни біз өзімізге деген сенімділік, ер адаммен қарым-қатынастың ең маңызды факторы жайлы сөйлесеміз. Ер адаммен қарым-қатынас құрғанда 90% нәтижелі қарым-қатынас қайдан шығады? Ол әйел адамның самооценкасының күшті болуына байланысты. Егер сіздің қарымқатынасыңызда нәтиже шықпай, не болып жатқаны түсініксіз болса немесе өміріңізге үнемі измена жасайтын жігіттер, сіздің ойыңыздан шықпайтын немесе ренжіте беретін жігіттер кездесе берсе, ең бірінші ойланатын нәрсе не? Ол сіздің самооценкаңыз. Қаншалықты ол жоғары? Қаншалықты өзіңізді жақсы көресіз? Қаншалықты өзіңізге сенімдісіз? Адамның өзін бақытты, бақытсыз сезінуі самооценкаға байланысты деп айтар едім. Неге екенін білесіз бе? Себебі, бақытсыз адамның сөзін тыңдасақ, олар не деп айтады? Менің қолымнан ештеңе келмейді, үнемі нәтижесіз амалдар шығады, бірнәрсені бастасам аяғына дейін жеткізе алмаймын, мені тастап кете береді, мына жігіттен айырылып қалсам басқа ешкім менде болмайды. Жалпы самооценкасы төмен адамның сөздерін айтады. Сол сөздер арқылы ол адам өзін бақытсызбын деп есептейді. Ал бақытты адам не істейді? Айналамдағы самооценкасы ұшып тұрған қыздарға қарап, мен олардың бақытты екенін көремін. Олар ешнәрседен күмәнданбайды. Әрнәрсеге жеңіл қарайды. Ештеңені қиындатпайды. Мысалы, самооценкасы төмен адамның өмірі үнемі қиыншылыққа толы болады, әр кішкентай нәрсеге ашуланып, ренжіп, "неге менімен үнемі осындай болады"- деп, сондай сөздер арқылы самооценкасында, бақытсыздығында арттырады. Ал бақытты адам не істейді? Мысалы мен өте сирек ашуланамын. Мені ашуландыратын тек қана менің шекарамнан біреу өтсе, сол мені ашуландыруы мүмкін. Ал ол дұрыс нәрсе. Самооценкасы жоғары адам тек сол нәрсе үшін ғана ашулана алады. Ал өзіне байланысты емес, сырттағы мәселелерге адам жеңілірек қарауы керек. Мысалы мен талай жағдайларды естідім. Пойызға үлгермей қалды, автобусқа үлгермей қалды, сол үлгермей қалғанның есебінен ол өмірін сақтап қалды немесе жолдан махаббатын кездестіріп қалды, жолдан ақша тауып алды. Некеге дейін... 140 САМООЦЕНКАНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ӘСЕРІ


Кеше бір фраза оқып қалдым: "Екі алған қыз басын төмен түсіріп, көшеде келе жатты. Ал бес алған қыз секіріп қуанып, мектептен қайтып келе жатқан. Күннің аяғында қуанып секіріп жүрген қыз аяғын сындырып алды. Ал екі алған қыз басын төмен түсіріп келе жатып жолдан ақша тауып алды". Әр мәселеге осылай қарайтын болсаңыз, бұл да сіздің самооценкаңызға әсер етеді. Яғни бірінші самооценканы көтеру керек. Соның салдарынан қаласаңыз да, қаламасаңыз да жеңіл қарайтын боласыз. Сіздерге өзімнің отбасымның мысалында түсіндірейін. Күйеуім екеуміз бір-бірімізге қарама-қайшы сияқтымыз. Мен машина айдасам ешқандай жаман нәрсені көрмеймін, яғни менің жолымды біреу кесіп жатыр ма, артымнан біреу сигнал беріп жатыр ма немесе үнемі бағдаршамға түсіп қалдым ба, жоқ, мен ондайды көрмеймін. Менің ашуыма ол тимейді. Себебі, мен бақытты адаммын. Менің самооценкам жоғары. Ал күйеуімді байқасам, ол нәрсе оны шаршатады екен. Әкемде де сондай. Ал анамда самооценкасы сондай жоғары. Ол өзіне қарамайды. Косметологқа барып, әдемі киімдер алып, яғни өзіне ақшаны жұмсамайды. Мен үнемі "самооценкасы төмен адам, ақшасын өзіне аяйды"- деп айтатынмын. Бірақ менің анамда ондай емес екен. Мен сіздерге мұны мысал ретінде келтіріп жатырмын. Самооценканың әрнәрседен пайда болып және жанында ер адам өмір бойы септігін тигізетінін айтқым келіп жатыр. Анам үйде бірнәрсені қаласа істейді, қаламаса істемейді. Әкеммен қырылып, ұрсысып қалса да "мен істегім келмейді"- деп отыра береді. Яғни "қас-қабағына қарап, өз-өзін жұлып жеп, шаршап тұрса да істеу керек, күйеуінің көңіл-күйі түсіп кетеді" деген нәрсе жоқ. Менің әкем соны біледі. Сол мінезін қабылдаған. Сол үшін осы күнге дейін әкемнің біреумен сөйлескенін, басқаға көз салғанын немесе көңіл жарастырғысы келгенін мен естіген жоқпын. Ондай ешқашан болған жоқ. Анамды өте жақсы көреді, бір жерге кетіп қалса іздеп отырады. Мен солай салыстырғым келеді. Некеге дейін... 141


Самооценканың жоғарылығы сіздің жаныңыздағы адамды тартады, себебі сіздің жаныңыздағы адам өзін ерекше сезінеді. Сіздің күйеуіңіз немесе сөйлесіп жүрген жігітіңіз сіздің жаныңызда өзін бағалы, құнды, ерекше екенін сезінеді. Самооценка деген өзіне деген сенімділік. Әр сөзіңізде, жүрісіңізде, көзқарасыңызда, сөйлеп жатқан кездегі дауысыңызда ешқандай діріл, күмән, ойыңыз жеткізе алмау жоқ, оның барлығы сызылып тасталу керек. Тіпті ер адамға қараған кезде, егер ол сізбен танысқысы келсе, екі аяғыңызда нық тұрсыз, ер адамның алдында соншалықты өзіңізге сенімдісіз. Самооценканың жоғарылығы осы. Өзіне деген сенімділік әйел адамға көп нәрсе береді. Өзіне сенімді әйел деген ол құштарлы әйел. Самооценкасы жоғары адам міндетті түрде өзінің кемшілігін басқа адамдарға ерекшелік ретінде көрсете алады. Мысалы, менің бір таныс адамым бар. Ол кішкене "р" әріпіне тілі келмейді, кекештеніп сөйлейді. Ол сол кемшілігінен ұялады. Көп адамдар соның олай сөйлейтініне күледі, мазақ қылады. Ол одан сайын комплекс етіп қабылдай береді. Сол үшін өте аз сөйлейді. Тек таныс, жақын адамдарының арасында ғана сөйлейді. Ал менің дәл сондай туысқан әпкем бар. Ол ешқашан өзінің солай сөйлейтініне сөз қылған жоқ, ұялған жоқ, өзін сондай сенімді ұстайды. Мен ол сөйлеп жатқанда қызығамын. Әдемі сөйлейді. Соған қарап менің түсінгенім, екі адамның қасиеті бірдей, бірақ өзінің сондай қасиетінен ұялатын адамға қарасаң аяп кетесің. Ал екінші адамға қарасаң, өзіне сондай жарасымды етіп көрсетеді. Сондай әдемі етіп көрсетеді. Кемшілік деп те айта алмаймын. Өзіне жарасады. Дәл солай самооценкаңыз жоғары болса, сіз кез-келген кемшілікті ерекшелік ретінде көрсете аласыз. Сіздің сол кемшілігіңізді айтқан кезде, қуанып, риза болып, соны өзіңізге тұрарлықтай етіп қабылдайсыз. Ол кез-келген нәрсе болуы мүмкін. Томпақ болсаңыз, демек формаларыңыз күшті. "Арық қыздарға қарағанда менің етім бар, төсім бар, бұлшық еттерім бар"- деп ерекшелік табыңыз. Томпақ қыздар өзінің ернін, дәу көзін, әйтеуір, бір ерекшелігін тауып жақсы көреді. Некеге дейін... 142


Егер сіздің самооценкаңыз төмен болса, сіз ер адамға дұрыс емес сигнал жібересіз. Ол қандай сигнал? "Мені қолданып, тастап кетуге болады" деген сигнал. Ер адам сізге қарағанда, сіз өзіңізге сенімсізсіз, күмәндісіз, өзіңізге деген махаббатыңыз әлсіз екенін, әр айтқан сөзіңізде дірілдесеңіз, жанында тұрғанына қарап ол бәрін сезіп қояды. Оның ойынша "бұрын жігіттері де болмаған шығар, бірінші болып сөйлесіп жатқан мен шығармын, оның тәжірибесі де жоқ" ,- деп өзімен-өзі анализ жасай бастайды, сіздің бағаңызды төмен түсіретін ойлары пайда бола бастайды. Сізді қолдануға болады деген сигнал оянады. Сол сигналдардың жанында қатар жүретін қандай сөздер? Мен оңай қолға түсетін табыспын, мені оңай қолға түсіруге болады, менімен ойнауға болады, мен барлығына келісе беремін, мен сені кез-келген қателігің үшін кешіре саламын, себебі мен өз-өзімді сыйламаймын. Міне, осындай сигнал ер адамға барады. Ең үлкен қателік - біз сол кемшілігімізді жасырғымыз келеді, сол кемшілігімізді ешкімге көрсеткіміз келмейді және соны жасыру үшін, керісінше, адамдарға сол жайлы айта бастаймыз. Толықтығымыздан ұялатын болсақ, соны жасырғымыз келсе бетіне айта саламыз: "Арықтау керек еді, бірнеше кг. тастау керек еді" ,- деп, өзіңіздің кемшілігіңізді оның көз алдына айта берсеңіз, ол тек қана сол кемшіліктерді көре бастайды. Сіздің толықтығыңызды, сіздің бетіңіздегі безеуді, сіздің орысша сөйлеген кезде қателіктер жіберетініңізді барлығын байқай бастайды. Себебі, сіз өзіңіз соған акцент қойдыңыз, яғни үлкен көңіл бөліп, оған соны жеткіздіңіз. Бізде қандай қателік және қалай жөндеуге болады? Біріншіден, ешқашан өзіміздің ұялатын қасиетімізді адамдарға айтпау. Мысалы, өзіңіз маңдайыңызда безеу тұрғанын көріп тұрсаңыз, ешкімге оны айтпаңыз. Ұялып тұрған нәрсені өзіңіз жеткізесіз ғой айтып, бұл төмен самооценканың белгісі. Ол адам сіз айтпасаңыз оны байқамауы мүмкін. Мысалы, менің құрбым өзінің тісінен және жағынан ұялады. Сондықтан күлген сайын ол аузын жауып күледі. "Не үшін сен қолыңды жауып күлесің?"- деп сұрадық. Ол: "Мен тісімнен ұяламын, менің тісім кішкентай, Некеге дейін... 143


менің жағым кішкене алдыға шыққан" ,- деп айтты. Солай айтқаннан кейін, ол күлген сайын, сөйлеген сайын менің көзім оның жағы мен тістеріне түсіп кетеді ғой. Автоматты түрде рефлекс сияқты. Содан кейін мен байқай бастаймын соның бәрін. Сіз қалай кемшілігіңізді айтасыз және оның не үшін олай екенін айтасыз, адамдар өмір бойы соған көңіл бөліп өтеді. Ер адам әйелге қарағанда не ойлайды? "Фигурасы күшті екен мына қыздың" ,- дейді. Ал фигураға дейін ең бірінші ер адамның көзіне түсетін нәрсе не? Киім. Киім адамды өзіне тартымды етеді. Басқалардан ерекшелендіреді. Өзіне жарасатын киім болса көркін аша түседі. Егер бір ер адаммен танысқыңыз келіп тұрса, ер адамның көңілін өзіңізге аударғыңыз келіп, ерекшеленгіңіз келсе, ең бірінші өзгертетін нәрсе ол сіздің киімініз және киімнің түсі. Ашық, қызыл, көк, күлгін, ақ пен қара түсті, әйтеуір бірнеше киім белгілерінің түстері ортақ болуы, тіпті өзіңізді әдемі емеспін деп есептесеңіз де, ер адам сіздің киінген стиліңізге қарап-ақ ұнатып қалуы мүмкін. Себебі сіз ерекшесіз. Ер адам әйелге қарағанда "немене тісі кішкентай, жағы қисық, мынау 70 кг ғой, 10 кг артық шығар" деп ойламайды. Тіпті томпақ қыздарға қараған кезде, ең бірінші өзінің ұнататын қасиеттеріне қарайды екен. Кемшілікті емес, тек қана артықшылығын. Әйел адамдар басында тек кемшілігін байқайды. Ал ер адамдардың психологиясы ондай емес. Олар көзбен әдемілікті көріп үйреніп қалған. Кез-келген әйел затына қарағанда, өзіне ұнайтын қасиетін іздейді екен. Мүмкін көздері әдемі, мүмкін шашы ұзын, мүмкін бойы немесе фигурасы, кеудесі, қылша белі, әйтеуір, бір ұнайтын қасиетін ғана байқайды екен. Некеге дейін... 144


Самооценканың тым жоғары болуы да жаман. Сіз өзіңізден басқа ешкімді байқамайсыз. Тым жоғары самооценкасы бар адамдар менің өмірімде сирек кездеседі. Неге екенін білмеймін. Мүмкін ол жақсы шығар. Жұлдыздар, танымал адамдар, блогерлер, мүмкін соларда "жұлдыз ауруы" бар шығар. Тым жоғары самооценка деген. Бірақ өзімнің айналамда әлі кездестірген жоқпын. Ал тым жоғары самооценка неге жаман? Себебі ер адам ондай әйелден қашады. Ол өзін оның жанында ешкім еместей сезінеді, жақындауға ұялады, сөйлеуге ұялады. Ол ең алдымен "Маған қарамайтын шығар" ,- деп ойлайды. Сондықтан сіздің самооценкаңыз жоғары болып, өзіңізге сенімді болып тұрсаңыз да, шіреніп ешкімді байқамай, бәрін өзінен төмен санау ол дұрыс емес нәрсе. Тым жоғары самооценка өзімшілдік, менмендікке жатады. Самооценкасы тым жоғары, өзімшіл болып кеткен әйел адам өзін еркектің жанында қалай ұстайды? Тек қана идеалды ер адамдарды ғана таңдайды. Сөйлескен кезде, өтініш айтатын кезде, дос ретінде, тіпті көшеде уақытты білгісі келіп тұрса, әдемі емес, өзіне ұнамайтын жігіттен сұраудан қашады. Себебі, өзін соншалықты жоғары сезінеді. Ол адаммен сөйлесу маған тұрарлық емес деп ойлайды. Оның дәрежесі емес деп ойлайды. Айнаға қарағанда барлық әйел адамдарды өзінен төмен санайды. Айнаға қарап "Мен ең әдемімін, менен әдемі ешкім жоқ" ,- дейді. Өзінің құрбыларының жігіттерін өзін ұнататын сияқты сезінетін болады. Сіз құрбыңызбен және оның жігітімен кездестіңіз делік. Егер сіздің самооценкаңыз тым жоғары болатын болса, оның жігіті, оның күйеуі, сізге бір-екі рет кездейсоқ қараса, сіз өзіңіз туралы тым керемет ойлап, жігіті Некеге дейін... 145 ТЫМ ЖОҒАРЫ САМООЦЕНКАНЫҢ ЗИЯНЫ


мені ұнатып қалыпты ғой деген сияқты артық дұрыс емес ойларыңыз пайда болады. Тым жоғары самооценкасы бар әйел, өзінен төмен деп есептейтін әйелдердің кемшіліктерін айтып отырады. Мүмкін өсек ретінде немесе әңгіме ретінде құрбыларына айтып отырады. Фигурасын, көзін, түрін, жұмысын барлығын мақтанып айтып отырады. Басқа адамды жамандаумен энергетикасы толады. Самооценкасы қалыпты жоғары әйел: 1.Барлық ер адамға сыйластықпен қарайды. Тіпті ер адамның бетін қайтарса да сыпайы жауап береді. Ешқашан дөрекі, суық болмайды. Яғни, онымен танысқысы келген ер адам өз амалы үшін өкініп қалмайды. 2.Айнаға қарағанда өте әдемі әйелді көреді. 3.Барлык әйел затына комплимент айтуға асық болады. Өзінен әдемірек әйелдерге тамсанып қарайды және өзін олардан кем сезінбейді. 4.Ондай әйел тәкаппар емес, оған қадам жасаған ер адам сұлу болмаса да, оған мүмкіндік бере алады. Ол өзінің мүмкіншіліктерін шектемейді. 5.Өзінің бойында өзгертуге болатын, өзіне дәл қазір ұнамайтын жерін өзгертуге тырысады. Жай ғана өзін кемсітіп қарап отырмайды, оның әр қадамы өзін жақсартумен болады. 6.Әдетте оның ер адаммен қарым-қатынасы "дұрыс бағытта". Яғни әйел өзінің кемшіліктерін қабылдай біліп, ер адамның да өзгерте алмайтын қасиеттерін толық қабылдай алады. 7.Самооценкасы төмен ер адамдардан алшақ жүреді. 8.Айналасында ер адамдардан "внимание" көңіл, көзқарас өте көп болады. Себебі ол ешкімді кемсітпейді, ондай әйелмен кезкелген жігіт бір рет болсын сөйлесіп көргісі келеді. Некеге дейін... 146


Самооценка жайлы жалпылама түрде айтып өткім келеді. Самооценканың керегі не? Яғни оған не әсер етеді? Самооценка қарым-қатынасқа қандай септігін тигізеді? Осы жайлы талқылап көрейік. Қарым-қатынастың үш факторын алдыңғы тақырыптарда айтып өткен болатынмын. Оның ең біріншісі - өз-өзіңе деген қарым-қатынас, яғни самооценка. Осы терминнің өзін дұрыстап қарау керек. Самооценка-өзіңді бағалау, құрметтеу деген мағынадағы сөз. Яғни менің айтып өткім келгені, әр адамның өзінің самооценкасы бар, бірақ дәрежесі әртүрлі. Мысалы, сізге біреу "Вечер" деген конфет берсе, сіз оған "рахмет" деп жегіңіз келсе алып, жей саласыз. Бірақ сізге "Merci" берсе, 80 мың теңге тұратын италияндық, әлемде екі ғана түрі бар шоколадты беретін болса, сіз қуана-қуана аласыз ба? Сіз ұялып кетесіз, оны ұят қой деген сипаттамамен жауып қоя саласыз. Ол сізге ұсынып тұр ғой. "Ала ғой, жей ғой" ,- деп ұсынып тұр. Бірақ сіз ол кезде: "Қойшы ұят қой, қымбат емес па" ,- дейсіз. Сіздің өзіңізде ой болады: "Мен бұл шоколадты алатын болсам, орнына бірдеңе қайтару керек, не мен оған ақша беру керекпін, мен оған әлі көмектескен жоқпын немесе қазір алып қойсам, ертең оған көмектесу керекпін. Миымызда сонша сөздер, ойлар, пікірлер қалыптасып кетеді, біз өзімізге бұл шоколадты алмауымыз керек деген сияқты ой қалыптастырамыз. Немесе қарым-қатынаста қыз бен жігіт жүріп жүреді ғой, әлі үйленген жоқ. Жас қыздарға көбінесе айтамын. Егер жігіт бір ерлік қадамға барамын десе, ешқашан жолын кеспеу керек. Жоқ деп айтпау керек. Менің бір жақын құрбым бар. Жігіті сондай романтик, аузын аштыртпайды, кез-келген нәрсені алып береді. Бірақ ол қыз соның барлығын қабылдауға ұялады. Некеге дейін... 147 САМООЦЕНКАНЫ КӨТЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ


Мысалы, қыз айтады: -Маған құжаттарды реттестіруге қаланың шет жағына бару керек, мен соған барамын. -Мен сені апарып тастаймын. -Ой, жоқ, керек емес, жұмысың бар ғой. -Сен үшін жұмысымнан сұранып кетемін. -Мен үшін жұмысыңнан сұранбай-ақ қой. Қыз неге бұлай деп жатқанын білесіз бе?Қыз өз-өзіне бағаны төмен қылып қойды. Жігіт кешке жақын жолай апарып тастаймын десе, онда қыз келіседі. Себебі, оның бағасы сол. Ал егер жігіт "Мен сен үшін жұмысымнан сұранып кетемін, сені сол жаққа апарып тастаймын" ,- деп айтса, қыз бұл баға мен үшін тым жоғары, тым қымбат деп ойлайды. Мен мұндайға тұрмаймын дейді. Ешқашан жолды кеспеңіздер. Сол арқылы сіздің самооценкаңыз жоғарылайды. Бірінші ой - мен бұл нәрсені қабылдаймын. Мен бұған тұрарлықпын. Маған бұл нәрсе керек. Мені бұл қуантады. Не үшін мен жоқ деп айтуым керек? Мысалы, енеңіз: -Мен саған келесі айлығымнан көйлек алып беремін,- дейді. Ал сіз: -Жоқ, керек емес, мама, қойыңыз,-деп айтасыз. Әрине бұл бір жағынан тәрбие. Бірақ екінші жағынан сіз бұл бағаны жоғары етіп қабылдауыңызда. Яғни сіздің ойыңыз сізге айтады: «Бұл сен үшін тым жоғары, сенің дәрежең ондай жоғары емес». Себебі, үнемі біз өзімізді бағаламай, өзімізден аяп жүреміз. Аяу неден? Өзімізге деген қуаныштан, еркелетуден. Мысалы, күйеуіңіз торттың соңғы тілімін қалап тұр. Сіз де оны қалап тұрсыз. Сіз өзіңізден аяйсыз да, күйеуіңізге бересіз. Бұл керісінше болуы керек. Әрине, күйеуіңізге қамқор қолу, оны жақсы көру өте дұрыс нәрсе. Бірақ күйеуіңізге оны көрсетпеу керек. Сіз өзіңіз қалап тұрсаңыз да күйеуіңізге бере салдыңыз. Егер бұны көрсететін болсаңыз, ол өзіңізге қарағанда, мені қаттырақ жақсы көреді деп ойлайды. Әйелдің басына шығып кету деген сияқты нәрселер осы кезден басталады. Сіз Некеге дейін... 148


күйеуіңізге беру үшін, өзіңізден бас тартасыз. Анда-санда өзіңізді жақсы көретініңізді күйеуіңізге көрсету керек. Сіз өзіңізге тортты да аласыз, көйлекті де аласыз. Егер күйеуіңіз сізге балаға ойыншық алуға ақша берсе, сіз ойыншық сатып аласыз, қалған ақшасына өзіңізге косметика алыңыз. Қалған ақшаны қайтарып беру міндетті емес. Маған қыздар айтады "Күйеуім өзіңе көйлек ал" ,- деп ақша береді. Бірақ мен өзіме қимаймын. Одан да үйге керек зат алайын. Ал көйлекті келесі жолы алайын, бәрібір ешқайда шығып жатқан жоқпын ғой. Міне осындай нәрсені кейбір қыздар айтады. Неге олай? Себебі самооценка, өзіңізді бағалау, өзіңіздің бағаңыз төмен деген сөз. Осыны түзеу керек. Өзімізге шешім қабылдаймыз. Менің бағам бұл конфетка емес, менің бағам Merci. Менің бағам арзан балмұздақ емес, менің бағам Mагнат. Мысалы, кейбір қыздар айтады: -Күйеуім ұрмайды, ішпейді, осыған да шүкір. Бірақ ол жұмыс істемейді немесе боқтайды, қыздармен сөйлеседі. Әйел өзінің бағасын белгілеп қойған. -Ең бастысы, ұрмайды ғой, ішпейді ғой. Менің бағам осыншалықты, маған осы ер адам тең,- деп бағасын шешіп қойған. Ал кейбір әйелдер айтады: "Маған ұрмау, шекпеу, ішпеу бұл қалыпты, еркек осындай болуы керек. Оның бағасы жоғары. Ер адам жұмыс істеп, маған үй сатып алып беруі керек. Айына бір рет маған сыйлық жасап тұруы керек. Менің бағам осыдан төмен болмайды. Өз-өзін сыйлайтын әйел адам, қаншалықты ер адамның қарым қатынасы бұл жететінін ойлайды. Біз кейде самооценканы шүкіршілікпен шатастырамыз. "Осыған да шүкір" деген сөзді қолданбайтын жерге қолданамыз. Шүкір, Алла тағала бізге беріп жатқан нәрсеге шүкір. Алла Тағаланың бізге берген денсаулығына шүкір, тірі екенімізге, құлшылық жасап жатқанымызға шүкір. Бірақ ер адамның іс-әрекеттері ер адамның таңдауында. Ер адамнан талап ету керек. Оны аямау керек. Некеге дейін... 149


Менің "Еркекті аямау керек" және "Әйел адамның қателіктері" деген постым бар еді. Қарап шықсаңыздар болады. Осы постты шығарғанда оқырмандар қырылды. Қыздар екі топқа бөлінді. Бір тобында қыздар: -Сонда еркек кешке дейін жұмыс істеп, бізді бағады, ал біз оны аямау керекпіз, ол қалай болғаны? Әйел адам керісінше аяу керек, баптау керек,- деген сияқты сөздер айтты. Ал екінші топ: -Дұрыс, еркекті аямау керек, одан талап ету керек,- деген сияқты нәрселерді айтты. Әр нәрсенің өз шегі және нормасы бар. Еркекті аяу керек деп, толықтай өзіңіз ақша тауып, шеге қағып кететін болсаңыз, онда бұл нормадан төмен. Немесе еркек күні-түні жұмыс істеп жүр. Ал сіз оған тамақ жасағыңыз келмейді. Не үшін? Себебі, мен еркекті аямаймын. Бұл нормадан тым жоғары кетіп қалған. Еркек өз парызын істеу үшін, әйел өзіндік парызынан артық басқа дүниені жасап қоймау керек және талапшыл болу керек. Өзіңіздің бағаңызды нақты ұстап тұру керек. Мысалы, сіз күйеуіңізге немесе жүріп жүрген жігітіңізге айттыңыз: -Мен қазір саңырауқұлақпен пицца жегім келіп тұр,-деп оны жібересіз. Сосын күйеуіңіз немесе жігітіңіз барады да, саңырауқұлақпен пицца емес (ол мүмкін қымбаттау болған шығар немесе мүлдем болмаған шығар), басқасын әкеледі. Ол айтады: -Маргарита бар екен, жаным, маргарита да дәмді ғой,- дейді. Бағасы жоғары, өзіне нық сенімді, самооценкасы жоғары қыз бала не деп айтады? -Жаным, мен маргаританы онша ұнатпаймын. Мен саңырауқұлақпен дедім ба, онда саңырауқұлақпен жегім келеді. Маған ренжіме, өзің маргарита жей бер,-дейді да жемей-ақ қояды. Сонда еркек не ойлайды? Келесі жолы сіз саңырауқұлақпен сұрасаңыз, ол соны әкеліп береді. Себебі, сіздің келісе салмайтыныңызды біледі. Ал бағасы төмен қыздар: -Ештеңе етпейді, бола береді, тіпті, алмай-ақ қойсаң да болады, магазиннен бургер ала саламыз,- деген сияқты сөздер айтып, Некеге дейін... 150


Click to View FlipBook Version