өзінің бағасын төмендетіп тастайды. Сонда ер адам немесе жігітіңіз не деп ойлайды? Келесі жолы сіз сұраған нәрсені алмай-ақ қойса да болады. Сізден сұрамай-ақ қойса да болады. Сіз кез-келген нәрсені жей бересіз. Себебі, самооценка төмен, өзіңіздің бағаңызды төмендетіп тастадыңыз. Самооценканы көтеру үшін не істеу керек? Самооценка өзі бірнеше түрге бөлінеді. Ішкі дүние, сыртқы дүние, келбетке байланысты, адамдармен қарым-қатынасқа байланысты осылай бөлінеді. Ішкі жан дүниедегі самооценка рухани жағынан. Егер сіздің біліміңіз төмен болса, таяз болса самооценкаға әсер етеді. Кейбір қыздар болады, мектепті бітіре салып, күйеуге шығып кетеді, сосын өз-өзін әрі қарай дамытқысы келмейді. Мен күйеуге ерте шығып кету дұрыс емес деген жоқпын. Үйде отырып дамуға болады. Курстардан өтіп, тренингтен өтіп, кітаптар оқып, ер адамға ұнайтын, онымен ортақ тіл табыса алатын тақырыптарда ақпараттар оқып деген сияқты. Қонаққа келген адамдардың кез-келгенімен сөйлесуге болатындай білімге ие болу керек. Ішкі жан дүниенің самооценкасы жақсылап көтеріледі. Есіңізге түсіріңізші, сізде мынандай жағдай болды ма? Бір топ достарыңызбен жиналасыздар. Мысалы, группаластар дейік. Сіз тұрсыз, жаныңызда екі-үш қыз тұр және екі-үш жігіт тұр. Екі-үш қыздың арасында сіз үндемей тұрсыз, ал жаныңыздағы қыз сөйлесіп жатқан тақырыпқа кіріп кетіп, күштілеп әңгіме айтып жатыр, барлығы аузына қарап тыңдап отыр. Ішіңізде қандай сезім болады? Мен де бірдеңе айтқым келеді. Мені де біреу тыңдаса екен деген сияқты бір ойлар болады, иә? -Мыналар не туралы сөйлесіп жатыр екен, осы тақырып туралы оқып алуым керек еді,- деп ойлайсыз. Мысалы, "Алхимик" кітабы дейікші. -Паула Коэльоның "Алхимик" кітабын оқыдыңдар ма?- деп бір жігіт сұрайды. Некеге дейін... 151
Жаныңыздағы қыз: -Иә, оқыдым, керемет философиялық кітап. Мен сол кітапты оқығаннан кейін философия, психология дегенге махаббатым ашылды. Әсіресе мына бетіндегі жерлері,- деп, сол кітапты түсіндіріп кетеді. Сосын ол жігіт пен қыздар бір-бірімен керемет әңгіме құрады. Ал сіз ақымақ болып түсінбей тұрасыз. Сонда ішкі жан дүниеңіз деградацияға ұшырағанын сезінесіз. Бірақ сіз өзіңізге: -Болды, мен енді кітап оқимын, мен енді дамимын, білім жинаймын,- деп өзіңізге айтпайсыз, айтқан күннің өзінде практика жоқ. Әрі қарай жылжымайсыз. Міне осындай сәттерде бір топ адамдар жиналғанда, үйге қонақ келгенде немесе күйеуіңіз екеуіңіз отырғанда сөйлесетін ештеңе жоқ. Не үшін? Себебі, ішкі жан дүниеңіз дегредацияға ұшыраған. Жаңалықтар көрмейсіз, кітаптар оқымайсыз, газеттер оқымайсыз, айналаңыздағы сөйлесетін араласатын адамдар жоқ деген сөз. Деградацияға ұшырамау үшін, жаңа адамдармен танысу керек, әр саладан жаңа адамдармен сөйлесіп, тіл табысу керек. Біреуі дүкенде жұмыс істесін, біреуі бухгалтер болсын, біреуі психолог болсын, біреуі мұғалім болсын, әрқайсысымен сөйлескенде сіз өмірлік тәжірибе жинайсыз. Осы кезде ішкі жан дүниеңіздің самооценкасы жоғарылайды. Сонда сіз мынау не нәрсе екен деп отырмайсыз. Сізбен мұғалім сөйлессе, сізбен дүкенші сөйлессе, сіз оның не айтып тұрғанын біліп тұрасыз. Сіз онымен қандай байланыс орнату керек екенін білесіз. Өзіңізді ыңғайсыз сезінбейсіз Тағы қалай көтеру керек? Рухани жағын дінге жақын болу арқылы көтеруге болады. Өте көп қыздар маған айтады: -Менің ішкі дүнием мазасыз болып жүр. Түнім тыныш емес, күнім тыныш емес, үнемі бірнәрсені уайымдап жүремін, ертеңгі күнім не болмақ, балаларым қалай өседі,-деген сияқты әрнәрсені уайымдап жүремін. Бұл неден? Себебі бұл рухани азықтың жоқтығынан. Рухани азық Құран оқудан, Алла Тағалаға жақын болудан, тахаджуд намаздан, намазда дұға тілеуден жиналады. Некеге дейін... 152
Сіздер өздеріңізге ереже қоя аласыздар ма? Таңертең тұрғанда, ең бірінші, дұға оқу, түнде жатқанда Instagram-ды қоя тұрып, бірінші дұға оқу. Ол дұғада қандай сөздер болу керек? Өзіңізге тілеген және отбасыңызға тілеген сөздер. Яғни "Я Раббым, Алла Тағалам, сен кешірімшілсің, мейірімдісің, рахымшылсың, менің күнәларымды және отбасымның күнәларын кешіре көр және менің рухани азығымды ұлғайта көр. Білімімді арттыра көр. Менің отбасыма бақыт бере көр". Негізі бақыт сөзі өте жалпылама сөз. Алла Тағаладан бірнәрсе сұрағанда, нақты-нақты нәрсе сұрауға тырысыңыздар. Себебі, Алла Тағала бәрін білуші, барлық жағдайымызды жасауға күші бар. Сіз кез-келген нәрсені сұрай аласыз және Алла тағала көмек сұрағанды жақсы көреді. Сол үшін "Я Алла Тағалам, мен жұмыс таба алмай жатырмын, менің бухгалтерлік дипломым бар, менің бухгалтерлік жұмыс табуыма көмектесші"- деген сияқты нақты сұраңыздар. "Таңғы жетіде оянуға күш бере көрші, Алла Тағалам". Міне, осындай дұғаларды айтуға тырысып отырыңыздар. Ішкі жан дүние самооценкасын жаптық. Екінші - сыртқы келбеттің самооценкасы. Егер біздің келбетіміз өзімізге ұнамаса, ол самооценканы бірден төмендетіп жібереді. Көбісі айтады, "менің бетім безеу-безеу, менің бетім түсі мынандай, шашымның қайраттылығы жаман, үнемі орамал тағып жүремін, менің тырнақтарым үнемі өспейді, сынып қала береді, толықпын" ,- дейді. Самооценканың жоғарылығы өз-өзімен жұмыс істеуден басталады. Құр сөзбен ол көтеріліп кетпейді. Егер сіз өзөзіңізге ұнасаңыз ғана, өзіңізді жақсы көресіз. Сізге тырнақтарыңыз ұнамаса, күнде тұзды суға салып тұрыңыз, йодпен бояп қойыңыз, Е витаминін ішіңіз, А витаминін ішіңіз, кальций ішіңіз, өзіңіздің денсаулығыңызға қараңыз. "Үнемі ауырамын да жүремін" ,- деп үнемі шағым айтып, жыламсырап жүргенше, өз денсаулығыңызды өз қолыңызға алыңыз. Қара тмин алып ішіңіз, сіздің денсаулығыңызды жақсартуға септігін тигізетін нәрселерді ғаламторды ашып, оқып пайдаланыңыз. Некеге дейін... 153
Бет терісі сізге ұнамайды ма? Е витаминін міндетті түрде ішіңіз, сутегі тотығымен сүртіп тұрыңыз, крем, маскалар жағыңыз. Неше түрлі бьюти-видеолар қараңыз. Өзіңізге ұнау үшін кішігірім боянып тұрыңыз. Егер өзіңіздің кейпіңізде кемшілік болса, ол кемшілікті түзетуге мүмкіндік бар болатын болса, құр сөзбен емес, іспен соны өзгертуге тырысыңыз. Толықпын, салмағым ұнамайды десеңіз диетаға отырыңыз. Әрбір килограмм тастаған сайын, сіздің самооценкаңыз өседі. Не үшін? Себебі, сіз алдыңызға мақсат қойдыңыз және сол мақсатқа бірте-бірте жетіп жатырсыз. "Мен ақымақпын, мен ағылшын тілін оқығым келеді, бірақ күшім жоқ" ,- деген сияқты сөздер болады. Ағылшын тілін оқимын деп мақсат қойдыңыз ба, күніне 2-3 сөзден жаттап тұрыңыз. Әр күн сайын, алдыға қойған мақсаттарға жеткен сайын сіздің самооценкаңыз өсетін болады. Үй жинадым, күйеуіме тамақ істеп қойдым,- деген сияқты сөздер күнделікті әр адамның істейтін нәрсесі. Бұл ешқандай сылтау емес. Уақытым жоқ деген - сылтау. Сонымен сыртқы келбет тазалықтан басталады. Егер аяғыңызды үнемі кешке жуып, бетіңізге күнде таңертең және кешке 5-10 минут уақытыңызды бөліп, күтім жасап тұрсаңыз самооценкаңыз көтеріледі. Тырнағыңызды дұрыстап, лакпен бояп, өзіңізге қарап жүрсеңіз самооценка көтеріледі. Үйде жүргенде созылып кеткен халат киіп, өзіңізге жараспайтын, бірақ үйде жүрмін ғой деген сияқты жүрсеңіз, ол дұрыс емес. Айнаға қарағанда "шіркін-ай, қандай сүйкімді келіншек"-деп айта алатындай, өзіңізге ұнауға тырысыңыз. Сол кезде самооценка көтеріледі. "Тісім ауырып жүр, қарайып кеткен" ,- деп те айтатын қыздар бар. Содан самооценка, әрине, төмендейді. Жай сөздермен де төмендейді. Тамаққа ақша табасыз ғой, сол сияқты тісіңізді емдетуге де ақша табыңыз. ӨзНекеге дейін... 154
өзіңізден аямаңыз. Бір түскен ақшадан бірден барып жасатып келіңіз. Самооценка бірден көтеріледі. Не үшін? Себебі, сіз өзіңізге жұмсадыңыз. Самооценканы көтеретін нәрсе ол өзөзіңізге жұмсау, өзіңізге құю (ақшалай, энергиямен, эмоциямен). Самооценканың үшіншісі - адамдармен қарым-қатынасқа байланысы. Кейбір қыздар "Мен өзімді жақсы көремін, өзіме деген бағам жоғары, бірақ күйеуім боқтайды, шегеді, менің көзімше дөрекі сөздер айтады, ұрады, мен не істеймін?"-деп айтады. Ал қашан соны бастады? Меніңше, ондай еркектер тойға дейін ондай нәрселерін көрсетіп қойды. Арасында бір-екі боқтап қалды, ал сіз үндемедіңіз немесе ондай-ондай нәрселер болып тұрады ғой деп жаба салдыңыз. Ол үйленгеннен кейін ұратын болса, демек тойға дейін сізді итеріп қалды немесе ол жайлы сіздер мүлдем сөйлескен жоқсыздар, оны танымадыңыз. Жай ғана ол сондай адам. Ол сізге байланысты емес, оның тәрбиесі сондай болып тұр. Сіз сондай нашар адамды өзіңіз таңдадыңыз. Таңдау жасадыңыз. Мен барлығына топырақ шашпаймын. Адамдардың әр түрлері болады. Кейбір адамдардың қарым-қатынасы құрметке, сыйластыққа байланысты. Ал кейбір адамның қарым-қатынасы тәрбиеге байланысты. Сіз өзіңізді қанша жерден құрметтеп, сыйлап тұрсаңыз да, сізге боқтаған, қол көтергісі келген адам ол өзінің тәрбиесіздігінен соны жасап тұр. Егер сіз шектеу қойсаңыз, мысалы, күйеуіңізге айтасыз: "Маған бір саусағыңның ұшы тиетін болса, айтпады деме, мен сені соттап жіберемін". Ол сенетіндей нақты түрде айтыңыз. Солай десеңіз, ол сізге қолын тигізбейді. Немесе ұрып-жығып тастағаннан кейін, барып арыз жазып тастасаңыз, екінші рет ол сізге жақындамайды. Себебі,ол сіздікі құр сөз емес, жай ғана қорқытпайсыз, сіздің дегеніңізді істейтініңізді біледі. Айттыңыз ба, шарт қойдыңыз ба істеме деп, бірақ ол істеп қойса, демек ол жазаланады. Боқтық сөздер немесе қыздармен сөйлесу де дәл сол сияқты. Қарым-қатынастағы самооценка қоршаған ортадағы адамдардың бар жоғына байланысты. Жаныңыздағы достарыңыз үнемі сізге: "Толып кетіпсің ғой, толып кетіпсің ғой" ,- деп айта берсе, сіздің Некеге дейін... 155
самооценкаңыз төмен түседі. Немесе жаныңыздағы күйеуіңіз: "Саған мына қара көйлегің жараспайды, ол сені қап-қара қылып көрсетеді, жасыл көйлек киші" ,- деп сізге айтатын болса, онда самооценкаңыз төмендейді. Немесе жаныңыздағы құрбыңыз: "Қалай-қалай сөйлейтін болып кеткенсің, жағымсыз иіс шығып тұр ғой, мына иіссу жаман екен" ,- деп айтса, содан сіздің самооценкаңыз төмен түсіп кетеді. Не үшін? Себебі, адамды шыныменде критика өзгертеді. Не істеу керек? Ол адамдармен қарым-қатынасты алшақтату керек. Қайта-қайта критика жасайтын достарыңыз болса, ең бірінші онымен сөйлесесіз: "Иә, маған қара түс жараспайтынын білемін, бірақ маған қара түс ұнайды, мен сол көйлекті киемін, маған олай жараспайды деп айтпай-ақ қой, жарайды ма?". Болды. Ол адамның есі дұрыс болса, түсінігі бар болса, ол сізге екінші рет айтпайды. Солай келісімшартқа отырасыздар. Түсінікті ғой? Егер ол өзінің тәрбиесіздігі болса, қайта-қайта кемшіліктеріңізді айта беретін болса онда айту керек: "Сен ренжіме, иә, мен энергиямды құртатын адамдармен араласқым келмейді" ,- деп тіке айтасыз. Немесе жай ғана қоңырауды көтермейсіз, кездесуге шақырмайсыз, ол шақырса бармайсыз. Алшақ жүресіз. Мен не айтқым келіп тұр? Қанша жерден самооценка тек өзіңе байланысты десек те, ол өтірік. Себебі, жанымыздағы адамдардың сөздері бізге әсер етеді. Бөтен адамдардың сөздері сізге әсер етпеуі керек. Танымайтын көшедегі біреу: "Мына қызды қарашы, не киіп алған" ,- деп, айтып өтіп бара жатса, сіз оны естіп қойып көңіл-күйіңіз түсіп, жылағыңыз келіп, басқа киім киіп алсаңыз, демек сіздің сенімділігіңіз жоқ. Бұл нәрсемен жұмыс жасау керек. Ал сіздің күйеуіңіз немесе анаңыз сізге критика айтатын болса, сіздің көңіл-күйіңіз түсіп кетсе, бұл қалыпты. Бұл тым жаман, дұрыс емес нәрсе деп айта алмаймын. Әрине, кез-келген адамның көңіл-күйі осы үшін түсіп кетеді. Көңілсіз жүреміз, бірақ ұзақ уақыт болмауы керек. Жай ғана кейде шектеу қою керек, келісу керек. Некеге дейін... 156
Қағазға жазып шығасыз, мысалы: менің күйеуім маған балаға қарап көмектескенін қалаймын, асханада мен картоп тазалап жатсам, ол пияз ашып жатқанын қалаймын, екеуміз бірге тамақ жасағанымызды қалаймын. Мен өзім сондай нәрсені қаладым. Ал кейбір қыздар керісінше, "күйеуім нағыз ер азамат, әйелдің үй шаруасына араласпағанын қалаймын, тек түздің адамы, ақшаны тауып беретін және мәселені сырттай шешетін адам болса екен" ,- деп ойлайды. Барлығының талғамы әртүрлі. Біреуі үйдің шаруасына араласқанын қалайды, біреуі қаламайды. Соны жазып шығасыз. Бала тәрбиесінде нені қалайтыныңызды міндетті түрде жазып шығыңыз. Ата-енемен тұрғыңыз келеді ма? Біраз жыл өткен соң бөлек шыққыңыз келеді ма? Үйде ақшаны еркек ұстағанын қалайсыз ба немесе әйел ма, енеңіз ба? Тойдан кейін "мына нәрсені өзгерткім келеді" ,- деп психологтарға жазбас үшін, әрбір кішігірім нәрсені жазып шығыңыз. Материалдық жағдайды міндетті түрде. Бизнес ашқанын қалаймын немесе ең бастысы, тамағымды тауып берсе, киімімді алып берсе болды, маған жеткілікті. Немесе сіздің жұмыс істегіңіз келсе, менің күйеуім таңертеңнен кешке дейін төрт қабырғаға қамамай, сыртқа шыққаныма рұқсат беріп, жұмыс істегім келсе істейтіндей, баламен сыртқа шығып, өз білгенімді істеп жүргенімді қалаймын. Міне осылай жазсаңыз болады. Немесе керісінше "мен жұмыс істегім келмейді, тек күйеуім ақша тапқанын қалаймын, ал мен үйде отырамын, үй шаруасымен айналысқым келеді". Оны жазасыз. Күйеуіңіз сізді қатты еркелеткенін қаласаңыз, оны жазыңыз. Мысалы, мен өзім күйеуім мені қатты еркелеткенін, нәзік, жұмсақ, ерке қарым-қатынасты қаладым. Ал қазір менде Аллаға шүкір, сондай қарым-қатынас. Некеге дейін... 156 ТАҢДАУ ЖАСАУДА ҚАЛАЙ ҚАТЕЛЕСПЕУ КЕРЕК?
Ал кейбіреулердікі керісінше. Менің әпкем бар, ол мүлдем олай еркелеткенді жақсы көрмейді. Өзі қатты адам болған соң, жігітінің де сондай адам болғанын қалайды. Сіз ол нәрсені де анықтау керексіз. Себебі, ертеңгі күні сіздің жігітіңіз 25 жыл бойы қатты мінезді, ешкімді еркелетпейтін, Шымкенттік (Шымкенттің жігіттері қатал болады деп естідім, практикада көргенмін), жұдырықты, мен еркекпін деген сияқты атауы бар жігіт, ал сіз оған: "Маған жаным, күнім деп айт, мені еркелет, күнде сүйіп, күнде құшақта, алақаныңда ұста" ,- деген сияқты сөздерді айтып тағы психологқа жазасыз. Бұл мәселеде де алдын-ала нені қалайтыныңызды білу керексіз. Мінезіне келген кезде бірінші кешірім сұрағанын қалайсыз ба? Әлде қырсығып қалатын ер адамның мінезіне көне аласыз ба? "Менен кешірім сұрағанын қаламаймын" ,-деп ешкім айтпайды ғой. Кейбір қыздар бар, қырсықтығына көнеді. Себебі, әйел адамның өздері жұмсақ болады. Ал егер әйел адамның өзі қырсық болса, еркек те қырсық болса, онда 2-3 апта өтіп кетеді, екеуі де бір-біріне қырсығып жүреді. Себебі, жұмсаратын адам жоқ. Сондықтан егер ол қырсық болса, сізде көну керексіз. Қазір оның мінезін білесіз ғой, сондықтан өзіңізге түсінуге мүмкіндік беріңіз, ер адамның мінезі сіздің мінезіңізге сәйкес келеді ма? Соны да қағазға жазасыз. Оның бірінші кешірім сұрағанын қалаймын. Бірінші мені жақсы көрді. Бірінші қадам жасады тағы сол сияқты. Тойға дейін жігіт қыздың артынан жүгіреді, бірінші кешірім сұрайды, бірінші қадам жасайды, ал тойдан кейін, бала туғаннан кейін өзгеріп кетеді. Мәселе туындайды. Әйел адамның өзі қарымқатынасты өзгертеді. Тойға дейін әйел адамның ештеңе ойламайтын, әдемі балалық кезі, жастық шағы, гүлдей құлпырған кезі, сондықтан еркек сол әйеліне ғашық еді. Ал бала туылғаннан кейін мәселелер пайда бола бастайды. Тұрмыстық мәселелер, материалдық жағдай, Некеге дейін... 157
қабағы түйілу, ұнамайтын заттардың көбеюі және тағы сол сияқты. Сондықтан осындай себептерден қарым-қатынастың бұзылуы басталады. Сол үшін еркек өзгерді дейді. Бірақ мен сіздерге айтайын, еркек өзгерді себебі, бірінші әйел адам өзгерді. Неге екенін білесіз бе? Себебі, әйел адам бала туады, үйде отырады, әйел адам бүкіл үйдің мәселелерін ойлайды, сол себепті бірінші әйел өзгереді. Еркекке бәрібір болады. Еркек түздің адамы. Келеді, тамағын ішеді, ұйықтайды, жұмысқа кетеді, онда мәселе жоқ. Сондықтан еркекке қандай қарым-қатынас берсеңіз, көзіне нені көрсетсеңіз, соған сеніп, еріп жүре береді. Өмір критикасыз болу керек. Қағазға осының барлығын жазып аласыз да, бастысы жазып жатқан кезде қазіргі кездесіп жатқан жігітіңізді ойламау керек. Себебі, көбінесе жақсы көрген адамның қасиеттері сізге ұнамаса да қағазға жазып қоясыз. Ол жігітке қатты бауыр басып қалдыңыз, жақсы көресіз. Әр күн сайын, сөйлескен сайын, кездескен сайын ұрсыса бересіз, себебі ол да артқа бармайды, сіз де артқа бармайсыз, ешкім кішіреймейді, ешкім жұмсармайды, бәрі қырсық, бәрі дөрекі, көнетін адам жоқ. Сондықтан әйтеуір бірнәрсе сізге ұнамайды, бірақ айырылысқыңыз келмейді. Міне, осындай кезде сізге қағазға барлығын жазып шығу керек. Мұның барлығы не үшін керек? Сіз тұрмысқа шығардың алдында қателік жасамауыңыз үшін. "Мен оны жақсы көремін, барлығына көнемін" ,- дейсіз. Маған қатты ұнайтын бір фраза бар: ер адам тойдан кейін әйел адам өзгермейді деп ойлайды. Әйел адам тойдан кейін еркекті өзім өзгертіп аламын деп ойлайды. Бұл шындық. Өмірлік тәжірибемнен білемін. Практикада кездескен қыздардың әңгімесінен білемін. "Тойға дейін де ол сондай бабник болған, қыздармен хат жазысқанын ұстап алғанмын, бірақ ол әрқашан кешірім сұрайтын, мені қайтарып алатын. Мен үйленгеннен кейін қоятын шығар деп ойладым. Себебі біз төсекте боламыз ғой. Оның баласы туылады ғой. Бір үйде тұрамыз"- деп, өзі Некеге дейін... 158
үшін еркекті ақтап алады. Біз қыздар сондаймыз. Қанша жерден көзімізге кемшіліктері тұздай себіліп тұрса да көрмейміз. Не үшін әйел адам өз-өзін солай құрбан етіп жатыр? Басынанақ соған көнген. Жігіті телефонын алады, галереяға кіреді, WhatsApp- қа кіреді, қыздармен сөйлескендерін оқиды, суреттерін ақтарады, инстаграмға кіреді, не нәрсеге лайк басты, не нәрсеге лайк басқан жоқ бәрін тексереді. Қысқасы өмір емес, азап. Соған көніп отыр. Маған айтады: -Мен курсыңызға қатысайын деп едім, не істесем болады?-дейді. Мен айттым: -Біріншіден, сөйлесу керек. Ол тексерте ма? Ер адам мен әйел адамда айырмашылық бар. Әйел адам өзінің самооценкасын бір адам үшін түсіре алады, өзгерте алады, жұмсарта алады, шекарасын сызып тастай алады немесе мүлдем шекарасын алып тастай алады. Жақсы көретін адамы үшін өзін ұмытады. Ер адамдар ондай емес. Ер адамның шекарасы "қытай қорғаны" ғой. Оны жарып шыға алмайсың, қанша ұрыс-керіс, төбелес болып жатса да жылап, көз жасың ағып кетсе де еркек өзінің қалауынан ешқашан бас тартпайды. Мысалы, сол телефонға келетін болсақ. Сіздің телефоныңызды тексереді, ал сіз соның көзінше: -әкелші маған, телефоныңды тексерейін, сенде не бар, не жоқ" ,- деп, соның көзінше телефонын алып, достарымен сөйлескен хаттарын оқып, галереяға кіріп, суреттерін қарайсыз, кімге лайк басты, кімді қабылдады, "мына қызды неге қабылдағансың, өшіріп таста" ,- деп отырсаңыз, қай еркек ондайға рұқсат береді? Еркек өзінің шекарасын нақты тұрғыза алады. Қызды өліп жақсы көрсе де, ешкімді өткізбейді. Немесе рөлдері ауысып кеткен жұптар болады. Қыз жігіт сияқты, ал жігіт қыз сияқты. Сондай кезде тексертуі мүмкін. Ер адамды телефонын тексеру жағынан болсын, басқа жақтан болсын оны ештеңеге күштей алмайсың. Шарт қоя алмайсыз. Ол өте қиын нәрсе. Ол одан сайын қырсыға бастайды. Некеге дейін... 159
Жай ғана сөйлесіп жатқан кезде: -Сен не үйге кешкі 19:00-де келесің, не мынадай нәрсе болады (өз шартыңызды)" ,- деп айтып көріңізші, әрине олар көнбейді. Сондықтан бірінші еркектен көру дұрыс емес. Бірінші өзіңізден көріңіз, кемшіліктеріңізді, шекараңызды, самооценкаңызды, онымен бірге өзіңізді қалай ұстайсыз? Көп мәселелерде сіз қандай нәрсеге жол берсеңіз, жігіт сізбен сондай қарым-қатынасты ұстанады. Сіз жол берсеңіз, ол сол жолмен жүре береді. Рұқсат берген нәрсені еркек жасай береді. Сіз: -Мен рұқсат берген жоқпын, мен одан олай істемеуін өтіндім, ол бәрібір де қоймайды,- деп айтуыңыз мүмкін. Неге қоймайтынын білесіз бе? Себебі, ол сізге ұнамайтын нәрсені істесе де, сіз бәрібір оны жақсы көріп, жалғастырып жатырсыз, бәрібір де оны кешіресіз, бәрібір оның жанында қаласыз, сіз бәрібір онымен бірге екеніңізді көріп тұр. Яғни ешқандай айырмашылық жоқ. Сізге ұнамайтын нәрсені жасаса да, жасамаса да айырмашылығы жоқ. Алдын-ала жақсылап ойланыңыздар! Некеге дейін... 160
Бұл тақырыпта ер адамға нені бере алатыныңыз жайлы сөз қозғаймыз. Не үшін бұл жайлы айтамын? Себебі, екі жақтан теңдік болу керек және әйел адамның артында өзіне деген сенімділігін арттыратын қасиеттер болу керек. Мысалы, сіз әдемі емес, кейбір жерлерінде кемшіліктері бар жігітпен сөйлесіп жүріп, бірақ оның көлігі, жақсы жұмысы болса, көзіңізге оның кішкентай кемшіліктері ілінбейді. Тіпті өзгерткіңіз келетін жақтары болса да, сізге бере алатыны көбірек болған соң, әрі қарай сөйлесе бересіз. Дұрыс па? Ер адамдарда да сондай ой болады екен. Мүмкін сіздің бет келбетіңіз, дене бітіміңіз немесе дауысыңызда бір кемшілік бар болуы мүмкін. Бірақ сіздің бере алатын тұстарыңыз көбірек болса, ер адам кемшіліктеріңізге көзін жұма қарайды. Оның ішіне не кіруі мүмкін? Сұлулықтан басқасының бәрі кіреді. Дене бітіміңіз, бетіңіздегі ямочкаңыз, әдемі тіс - оның ешқайсысы кірмейді. Оған тек қана сіздің қасиетіңіз, мінезіңіз және материалдық тұрғыдағы жағдайыңыз. Оның ішінде карьераңыз керемет болуы мүмкін. Мамандығыңыз қызықты болуы мүмкін. Немесе сіз балаларды қатты жақсы көруіңіз мүмкін, көлігіңіз бар, мүмкін жеке үйіңіз бар шығар. Мүмкін сіз махаббатты ерекше бере алатын шығарсыз. Кейбіреулері жақсы көрсе де білдіре алмайды. Бұл адамның кемшілігі деп білемін. Ал сізде мүмкін махаббат сезімі ерекше амалмен көрсетілетін шығар. Мүмкін тамақты керемет дайындайсыз. Мүмкін көңілдісіз, тез тіл табысасыз, адамдармен тез танысып кетесіз, отбасыңыз керемет шығар. Тағы да мұның ішіне келтіре беретін нұсқалар өте көп. Бүгінгі тақырыптың тапсырмасы дәл осы орайда болады. Некеге дейін... 161 ЖІГІТІҢІЗДЕН АЛУДЫ ЕМЕС, БЕРУДІ ОЙЛАДЫҢЫЗ БА?
Қағаз алып, қағазға жазасыз. Ең кем дегенде 10 қасиет. Оның ішінде бет әлпетіңіз, түріңіз жатпауы керек. Мен айтып өткендей кемінде 5 қасиет мінезі жағынан болсын. Ал 5 қасиет ол өмірлік нәтижелеріңіз, қол жеткізген керемет нәтижелеріңіз болуы керек. Ер адамдарға да бұл өте маңызды. Сіз ер адамның жетістіктеріне қарайсыз, нәтижелеріне көз саласыз, оның мінезіне, салыстырмалы түрде анализ жасайсыз. Кемшіліктері қанша, артықшылықтары қанша? Болашақта менің күйеуім болса қандай болады? Балаларға қалай қарайды? Осындай анализді ер адамдар да жасайды екен. Адамды жақсы көрсең, бүкіл кемшіліктерімен қоса жақсы көресің деп айтады ғой. Бірақ алғашқы кездесулерде сіз адамға ғашық болып, оны барлық кемшіліктерімен жақсы көріп қалмайсыз ғой? Бірінші сізде адамның жақсы жақтарын көру басталады. Ер адамдар да да дәл солай. Сол үшін сіз нақты өзіңіз жайлы, самооценканы көтеру үшін, сенімділікті арттыру үшін нені бере алатыныңызды нық білу керексіз. Алдыңғы самооценка тақырыбымызға бұл өте керемет мүмкіндік болады (самооценканы көтеруге). Себебі өзіңізге күмән арта бастаған кезде бірден қағазға қарап, өзіңіздің артықшылықтарыңызды оқып айта аласыз: менімен кез-келген ер адам бақытты бола алады, менімен кез-келген ер адам бірге болғысы келеді. Сіздердің ең бірінші жасап бітіретін тапсырмаңыз қағазға немесе телефонға жазсаңыз да болады. Тіпті сіздің өте иманды, белсенді, білімді болуыңыз, мүмкін отбасыңыз ұйымшыл шығар, ата-анаңыз күшті жерде жұмыс істейтін шығар. Мұның барлығы мен нені бере аламын деген қасиеттердің ішіне жатады. Некеге дейін... 162
Самооценка тақырыбын жалғастырып, ер адамның төмен самооценкасы және өзіне сенімсіздігі жайлы тақырыпты қозғаймын. Ең біріншіден, ондай ер адам не істейді? Оның мақсаты - сөйлесіп жүрген қыздың самооценкасын төмен түсіру, қазір екеуі тең тұр ғой, әйел адамның самооценкасы оныкінен төмен болуы керек. Бұл не үшін жасалынады? Ер адам өзінің сенімділігін қыз баланың алдында көтермелеу үшін. Ол сонымен не істейді? Ол барынша сөйлесіп жүрген әйел басқа ешкімге керек емес екенін көрсеткісі келеді. Ешкім оған қарамайтынын, оған ешкім қызықпайтынын миына құя бастайды. Дәл осы арқылы ол әйел адамның өзіне сенімсіздігін, самооценкасын төмен түсіріп, өзінің сенімділігін арттырады. Оның сөздері өтірік. Егер сіздің жігітіңіз дәл осылай төмен самооценкасы бар жігіт болса, оның сөздеріне сенбеуіңіз керек. Не үшін? Егер оның сөздері рас болса, ол сізбен жүрмес еді. Ол сізбен сөйлеспес еді. Көбінесе төмен самооценкасы бар ер адамдар сол тұстарын отбасы құрғаннан кейін көрсете бастайды. Әйел адамды ешқайда шығармайды, ештеңемен айналысқызбайды, құрбыларымен сөйлескізбейді, жұмыс істеткізбейді, үйде отырғызып қояды. Барлық жерден шектеу қояды. Қызғанамын деп өтірік айтуы мүмкін. Бірақ барлық жерден шектеу қойып, әйел адамның дамуына, самооценкасына әсер ететін сөздер айтатын болса, демек ер адам өзіне сенімсіз. Оның ең басты мақсаты - әйел адамды деградацияға ұшырату. Себебі ол қорқады. Егер әйел адамның таныстары көп болса, самооценкасы жоғары болып кетсе, "маған қарамай қояды, ол мені тыңдамай қояды, ол жаңа таныстарды көру арқылы менің шынайы бейнемді көріп, мені ұнатпай қалуы мүмкін, менің авторитетім түсіп кетеді" , - деп ойлап, содан қорқады екен. Дәл осы нәрсе тұрмысқа шықпай жатып, сізді әйел қылып алмай жатып көрініп қалуы мүмкін. Себебі қазір маған көп Некеге дейін... 164 СЕНІМСІЗ, ТҰРАҚСЫЗ ЖІГІТТІҢ БЕЛГІЛЕРІ
келіншектер:"ешқайда шығармайды, ештеңені көргізбейді, барлығынан шектеу қояды, ал өзі болса керек жеріне барады, керек адамдармен сөйлеседі, екеуміздің теңдігіміз жоқ" ,- дейді. Бір жағынан қызғанышы бар шығар. Бірақ қызғаныштың ар жағында жасырын тұрған сенімсіздігі бар. Адамның өзіне деген сенімсіздігі. Әйел адам одан да жақсы ер адамды көріп қала ма, оданда күштірек жігітті кездестіріп мені салыстыра ма" ,- деген қорқынышы. Өзіне сенімді, самооценкасы жоғары ер адам ешқашан шектеу қоймайды. Дәл қазір жігітіңізбен сөйлесіп жүрсеңіз, достарыңызбен қайда шығу керек болса да жібереді, 5 минут сайын хабарласып "не істеп жатсың, кімменсің, суретіңді жібер" ,- деп, өзіне деген сенімсіздігін көрсететін қылықтарын жасамайды. Самооценканың төмендігі неден көрінеді? Ер адамға 100 рет хабарласып, басқа қыздармен сөйлессе немесе группаластары болса оған қатты қызғанышын көрсетіп, өзінің төмен, бағалы емес екенін көрсетіп қояды. Дәл осы іс-әрекеттер ер адамның бойында да көрінеді. Қазір ойланып есіңізге түсірсеңіз болады. Не үшін ол сізге барлық нәрседен шектеу қояды? Бір жаққа шығатын болсаңыз, ол үнемі хабарласып, іздеп, есеп бер деп сізден талап ете ма? Бұл да кішкене қызғаныштың артында тұрған сенімсіздіктің белгісі болады. Өзіне сенімділігі мықты, самооценкасы жоғары ер адам кез-келген компанияда өзін бос, жеңіл, еркін сезінеді. Яғни онда ешқандай сенімсіздік болмайды. Жанындағы таныс емес адамдардың қасына барса, жеңіл тіл табысып кете алады және сіз ұсынған мекемелерге, күшті бір жерлерге ешқандай күмәнсіз бара береді. Егер ол жаңа таныстықтардан қорықса, мысалы қонаққа баруға, жаңа орындардан қысылатын болса, өзін сіздің жаныныңызда керемет әңгімешіл, ашық, өзіне сенімді болып көрінеді де, ал басқа адамдардың жанында бірден өшіп қалса, демек ол ер адамның өзіне деген сенімділігі жоқ деген сөз. Некеге дейін... 165
Байқаған шығарсыздар, әр топта, компанияда әдемі емес, бойы кішкентай немесе толық ер адам болса да, өзіне сенімділігі арқылы сексуально көрінеді және кез-келген адам соның жанында болғысы келеді. Менің группамда ондай ер адамдар көп болатын. Сабақты оқымайды, үнемі кешігіп келеді, бет әлпеті де ондай бір әдемі деп айтпайсың. Бірақ оның өзіне деген сенімділігі мол. Кез-келген адаммен кез-келген жағдайда ойын ашық жеткізеді. Бір мәселе туындап қалса, ең бірінші сол адамға барып, мәселеңді айтып, одан кеңес сұрағың келіп тұрады. Ондай адамның жанында өзіңізді ерекше сезініп қаласыз. Адам өзіне сенімді болса, өзінің статусын компанияда, топта өзгерте алады екен. Өзіне сенімсіз ер адам тіпті сізді ұнатып тұрса да, алғашқы қадам жасауға тырыспайды. Оны бірнәрсе ұстап тұрады, оның ойы бойынша сіз бас тартасыз немесе алғашқы қадам жасайды, бірақ сенімсіз болып тұрады. Сіз бір рет бас тартқаннан кейін сізге екінші рет қайтып келмейді. Мен айтамын ғой, қоян мен қасқыр болу керек деп. Сіз қоян болып өз позицияңызды күшті ұстанып бастайсыз, бірақ ер адам ол позицияны "мені ұнатпай қалды, мені жақтырмай қалды" ,- деп қабылдайды. Сіздің бағаңыз жоғары деп ойлаудың орнына "мына әйел өзінше, тәкаппар екен, мені жақтырмайды, қырсығып қалған" ,- деп қабылдап, артыңыздан жүгіргісі келмей қалады. Яғни мүмкіндікті қолданбайды. Әрі қарай жалғастырудың орнына, дәл сол қиындықтан қашып кетеді. Тапсырма 1.Жазыңыз: Ер адамға нені бере аласыз? Ең азы 10 шақты болу керек. 2.Өзіңіздің таныс ер адамның төмен самооценкасын неден байқадыңыз? (әке, аға, группалас және т.б) Некеге дейін... 166
Бұл тақырып ер адамның материалдық жағдайы туралы болады. Мені де бұрын бұл тақырып қызықтырды және тұрмысқа шықпаған кез-келген қыздың, әйелдің ойында осындай сұрақтар болады. Тіпті жігіт жақсы, қарым-қатынасы да ұнайды, жұмыс істеп жүр. Бірақ кедей немесе қазір студент деген сияқты ойландыратын сұрақтар сіздерді мазалауы мүмкін. Мен ер адамдардың әйел адамдарды кінәлайтын сөздеріне жауап қатқым келеді. Сіз, мысалы, бір жігітпен сөйлесіп жатқан кезде, егер ол сізге "қыздардың барлығы қазір ақшаға қарап кетті, машина қарап кетті, барлық қыздар сондайға қарайды" ,-деп айтып бастағанда қалай жауап беруге болады? Маған сондай ұнамсыз, кінәлайтын сөздерді айтып бастағанда бірден орындарына қойып тастайтынмын. Әйел адамның ер адамның жағдайына қарауы ол өте дұрыс нәрсе. Неге екенін білесіз бе? Себебі, әйел адам өзін ойлап тұрған жоқ. Болашақты, ертеңгі күнін, отбасыда пайда болатын баланың жағдайын арнайы ойлайды. Сол үшін ер адамның жағдайына қаласа да, қаламаса да қарау керек. Ер адамдар "әйелдер ақшаға қарайды, ақшасы бар жігітке тұрмысқа шығады, ақшасы жоқтарға тіпті басын бұрмайды" ,- деп айтады. Бұл сөздер әлі де ешқандай нәтижеге жетпеген және нәтижеге жеткісі келмейтін еркектің сөзі деп білемін. Мен дәл осылай кез-келген ер адамға айтар едім. Егер жігіт әйел адамды дәл солай кінәлайтын болса, демек ол өзінің жағдайына көңілі толмады деген сөз. Мүмкін қолын ұнататын әйелге әлі жеткізе алған жоқ. Біреуді өзіне қаратқысы келеді. Біреумен қарым-қатынас құрғысы келеді. Бірақ дәл оған ұнайтын қыздар қарамайды. Неге екенін білесіз бе? Себебі, ол тек қана "жақсы көремін, бақытты боламыз" ,- деген сияқты сөзбен ғана қаратқысы Некеге дейін... 167 МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАҒДАЙҒА НЕГЕ ҚАРАУ КЕРЕК?
Ал қазіргі қыздар, әйелдер өте ақылды және мен бұны дұрыс нәрсе деп есептеймін. Ақылды болу керек. Құр сөзге, құр әңгімеге сенуге болмайды. Ер адамның жағдайына қанша жаста қарау керек? Потенциалына қарау керек пе? 19-20 жастағы жігітке: -Неге машинаң жоқ, неге үйің жоқ?- деп айта алмаймыз ғой. Себебі ол өмірге енді ғана қадам басып келе жатыр. Алда әлі оқуы бар, бітіруі бар, жұмысқа орналасуы бар. Бірақ осы жерде бірнәрсені қарап кету керек. Ер адам мектеп бітіргеннен шамамен 25 жасқа дейін студент қатарында жүреді. Бірақ сол қатарда жүргеннің өзінде ол ата-анасынан 18 жасқа толса болды, ақша алмауы керек деп есептеймін. Бұл менің өмірлік принципіме айналды. Қандай да бір потенциалды күйеу бола алатын нұсқаны қарастырып жатсаңыз да, міндетті түрде сізде бір ереже тұру керек. Ол қандай ереже? 18 жастан бастап, өз күнін өзі көре алуы. Бұл не деген мағынаны білдіреді? Бұл ер адамның өзі үшін жауапкершілікті алуы. Егер ол сол жастан бастап өзіне жауапкершілікті алатын болса, өзіне жауап бере алса, демек біраз жыл өткеннен кейін өзінің қасына келетін әйеліне де, болашақта туылатын балаларға да жауап бере алады деген сөз. Менімен келісесіз бе? Қазіргі жігітіңіз жұмыс істеп жүрсе де ата-анасынан ақша алса немесе жап-жас 20 жастағы студент "менде оқу бар ғой" ,- деп сылтауратып, ақшаны анасынан алса немесе құр шәкіртақыға қарап отырса, онда ойланатын жайт. Ойланып қарап отырсам, менің группаластарымның ешқайсысы ата-анасынан ақша алмапты. Барлығының жұмысы болды. Оқуға үлгеріп жатты, бірақ бірінші кезекте олардың ойларында "ата-анама тәуелді болып қалмау" деген ой тұрды. Олар оқып жүріп, ақшасын қарындасына, бауырына, үйдегі кішкентайларына жіберуге тырысатын. Ер адам былай тұрсын, менің құрбыларым үшінші курста даяшы болып жұмыс істеп жүріп, ақша тауып, ата-анасына тәуелді болмауға тырысатын. Некеге дейін... 168
Бұл дегеніміз өзі үшін жауап бере алатын және жауапкершілікті алатын адам деген сөз. Менің принципіп дәл осындай болды. Мектеп кезінен бастап мен осы нәрсені ойлаймын. Сіздерге де осы жайлы ойлану керек. Егер қазір сөйлесіп жүрген жігітіңіз болса немесе танысып жатсаңыз, дәл осы мәселені байқаңыз. Жігіт 26 жастан асты дейік. 25-26 және әрі қарай жастар қосыла берген кезде, ер адамның қандай нәтижеге жеткеніне қарау керек. Себебі, ер адам тіпті 40 жасқа келіп айтуы мүмкін: -Мен бизнес бастайын деп жатырмын, осындай жоспарым бар, ертең бәрін шашып тастаймын, ақша деген көп болады,- деп, құр сөзбен алдап жүруі мүмкін. Ал негізінде оның ешқандай жылжуы жоқ. Бүгінгі күніндегі тауып жатқан тамағына шүкір деп, сонымен шектеліп отыр. Маған ол ұнамайды. 27 жасқа толған жігіттің міндетті түрде, ең болмағанда, ескі болса да көлігі болуы керек. Қаланың ішінде жүретін, ауылдан ауылға баратын деген сияқты. Себебі оның 27 жаста әлі отбасы жоқ, баласы жоқ, бар-жоғы өзіне ғана жауап беріп жатыр. Өз басын ғана алып жүр. Ертең сол жаста сізді әйел қылып алуы мүмкін. Екеуіңіз үйленесіздер, сол кезде жалғыз болған кезде ештеңеге жетпеген адамның мойнына әйелі, баласы, анасы, әкесі, арасында туыстары бар, міне, солар мойнына артылған кезде қолынан бірдеңе келіп, керемет нәтижеге жетеді деп ойлайсыз ба? 30-ға келіп қалған жігіттен мен кемінде тұрақты жұмысты күтемін. Қайта-қайта ауыса бермейтін, бірде анда, бірде мұнда жүріп ақша тауып жүргенді мен құптамаймын. Ол тұрақсыздық. Тұрақтылық міндетті түрде болуы керек. Некеге дейін... 169
"Материнский инстинкт" жайлы айтып кетейін. Ол әр қыз балада кішкентай кезінен бастап бойында сіңірілген және өмір бойы өзімен бірге болып кететін инстинкт. Ол ер адаммен сөйлесіп жүрген кезде көз алдында екі жігіт тұрса, тіпті егер кедей жігітті жақсы көріп тұрса да оған кішкене материалдық жағдайы дұрыс, жұмысы тұрақты, кішкене бизнесі бар жігіт сөз салып тұрса әйел адам ойланады. Көбісі айтады: -Егер сен жігітті жақсы көріп тұрсаң, сен ойланбас едің. Сен бірден кедейді таңдайтын едің. Ақшасы бар адамға мүлдем қарамас едің,- деп, қыз баланы кінәлай бастайды. Бұл жағдай сенің басына түспегенше сен түсінбейсің. Сенің алдыңда: -Жақсы көремін кедей жігітті, бірақ ертеңгі күніміз қандай болады?- деген қорқыныш тұр. Ал екінші жағында ақша мәселесі тұр. "Ертең мен баламды мектепке бере аламын, балабақшаға бере аламын, курстарға жазылады, ертең балам не ішем, не жеймін демейді, қосымша жұмыс істеп, баламды қиналып өсірмеймін. Құдай сақтасын, бір жағдай болып қалатын болса, артымда тым болмаса бір нәрсе қалады" ,- деген сияқты мүмкіншіліктерді алдын ала ойлап отырады. Тіпті сөзбен, тілмен жігітке айтпаса да бұл оның ойының дәрежесі. Инстинкт деген сол нәрсе. Өзіңізді кінәлаудың қажеті жоқ. Егер сізге ақшасы бар жігіт қаттырақ ұнап тұрса, жағдайы жоқ ер адам ұнамай тұрса, бұл нәрсенің жамандығы жоқ. Ер адамның жағдайына қарау дұрыс. Не үшін? Себебі, ер адам жағдайын өзі дұрыстай алса, ол автоматты түрде біздің көз алдымызда авторитеті өседі. Автоматты түрде біздің көз алдымызда құрметті, сыйлы, жауапкершілігі мол ер адам болып көрінеді. Ер адамдар да әйел адамдарды солай кінәлайды. Олар да әйел адамды дәл солай таңдай алады. Мысалы, ауылда ешнәрсеге қол жеткізбеген, оқымаған қыз бала тұрса немесе карьера Некеге дейін... 170
қуған, өз көлігін сатып алған, өзінің үйі бар әйел адам тұратын болса, ер адам кімді таңдайды деп ойлайсыз? Кімге бірінші көзі түседі? Әрине, карьера қуған, өз-өзіне жауап бере алатын, сенімді әйел адамға қарайды. Біз де: -Ер адамдардың барлығы түрге ғана қарайды, дене бітімге ғана қарайды,- деп айта аламыз. Ол расында да солай. Ер адам, ең біріншіден, әйелдің дене бітіміне және бет әлпетіне қарайды екен. Бұл рас нәрсе. Себебі әйел адамның бойында да бұл нәрсе бар. Осы тақырыпты қозғағаннан кейін сұлулыққа, еркектің түріне қарау керек пе, бұл маңызды нәрсе ме? Кез-келген адам өзінің жанындағы сүйіктісі сұлу болғанын қалайды. Бір жағынан бұл да инстинкт. Ертеңгі сіздің ұрпағыңыз сұлу болады. Іштей сіздің күйеуіңіз әдемі болса балаларымыз екеуміздің сұлулығымызды алып әдемі болады деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ менің ойымша, егер жігіт жағдайы жақсы, сіздің асты-үстіңізге түсетін болса, потенциальды күйеу ретінде барлық шарттарыңызға келіп тұрса, түріне қараудың керегі жоқ. Себебі, сіздің түріңіз орнында тұрған жоқ. Жылдар бойы ол өзгереді. Ер адамның түрі де өзгере бастайды. Бірақ қарым-қатынас ер адамның бет әлпетіне қарағанда 4-5 есе маңыздырақ келеді. Арман Қуанышбаевтың уағызында ер адам маймылдан сәл әдемірек болса жетеді деп айтып еді. Мен соған келісемін. Ер адамның қатты әдемі болуы керегі жоқ. Өзіңізге сұлу болғаны жағымды, әрине. Бірақ тіпті әдемі емес күйеуіңіз болса да оған көзіңіз үйреніп кетеді, сізге бәрібір болады. Ең бастысы қарым-қатынасы дұрыс болса болды. Сіздерге тапсырма. Қағазға жазуыңызға болады. Қазір сөйлесіп жүрген жігітіңіз болса, оның қанша жаста екенін жазасыз және оның материалдық жағдайын, қандай нәтижеге қол жеткізді соны жазасыздар. Себебі, жазған кезде ойланатын түйсік пайда болады. Тақырыпты қозғамағанша көз Некеге дейін... 171
қуған, алдыңызда ақпарат ретінде, ойландыратын дүние ретінде көрінбейді. Жазу керек. Өзіңіз жақсы көргеннен кейін "ештеңе етпейді, екеуміз қол жеткіземіз" ,- деп ойлайсыз. Бірақ маған көп қыздар, әйелдер, келіншектер жазады. Махаббатты ойлап, "екеуміз бәріне қол жеткіземіз, мен оған көмектесемін, мотивация беремін" - деген ой әйел адамның ойы. Ал еркек қаламаса ше? Егер оған бәрібір жеткілікті болса ше? Егер ол ата-анасына үйреніп, сеніп қалған болса ше? Ондайлар көп қой. Бәрін қатырамын, бәрін істеймін, бәріне жетемін,-деп қызды алып алады да, үйіне отырғызып қояды. Қыз бала миына ой тастайды: Қашан бөлек шығамыз? Қашан ақша жинаймыз? Қашан үйге бастапқы ақша саламыз? Қашан көлік аламыз? Қашан жұмысыңды ауыстырасың? Қашан карьералық өсу болады? Осының барлығы басталған кезде арада ұрыс пайда болады. Не үшін? Себебі, әйел адам алға ілгері жылжығысы келеді де, ал ер адам алға жылжығысы келмейді. Ер адамға барлығы жеткілікті болып саналады. Осы тұрғыда екеуара мәселелер пайда болады. Сол үшін тұрмысқа дейін: Бұл ер адамда потенциал барма? Өзіне жауап бере алады ма? Сөзінде тұрады ма? Қандай нәтижеге жетті? Материалдық жағдайы қандай? Ертең бізді асырай алады ма? Жұмысы тұрақты ма? Осындай тағы да басқа дүниелік сұрақтарға жауабыңызды алу керексіз. "Махаббат болса болды, екеуміз қол ұстасып барлығына бірге жетеміз" ,- деген ол керемет сөздер. Ол өте күшті сөздер. Маған бұл сөздер әрқашан ұнайтын. Бірақ уақыт өте келе бұл сөздің мән-мағынасы жойылып келе жатқандай. Некеге дейін... 172
Иә, біздің ата-анамызға бұл сөздер кәдімгідей мотивация болатын. 20-30 жыл бұрын біз туылмай жатып, ата-анамыздың қолында түкте болған жоқ қой? Қазір ондай жағдай емес. Адамдар өзгерді, жастар өзгерді. Біз қазір сол 50 жастағы адамдардың әңгімесін тыңдасақ айтуы мүмкін: -бірге жетесіңдер, барлығына да бірге жетесіңдер,- деп айтуы мүмкін. Ал қазіргі жас жігіттердің түрлеріне қарасаң сенімділік жоқ. Мен осы адамға 100% сенемін, ол ертең мені аштан қалдырмайды,- деп айтуға қорқамыз. Қазір тіпті атаанамыз да бізге не деп айтады? "Оқып ал, дипломыңды ал, ертең Құдай біледі не болып қалатынын, өз күніңді өзің көретіндей бол, ешкімге сенбе,бір өзіңе ғана сен" ,- деп бізге қазірдің өзінде миымызға құйып жатыр. Сондықтан сіздерге берер кеңесім, ер адамның жағдайына қарау дұрыс. Жасына қарай оның жеткен жетістігіне қарау керек. Ол сіздердің ең бірінші принципіңіз болуы керек. Мен айтатын ереже - тұрмысқа шығар алдын жүрекпен, сезіммен, эмоциямен ойламау керек. Тұрмысқа шығатын кезде ең біріншіден мимен, оймен, санамен шешім қабылдау керек. Себебі, жүрек Құдай біледі ертең не істеп қоятынын. Жүрекке сенім жоқ. Егер ер адам сізді тым болмаса бір рет сатып кетсе, сіздің жүрегіңіз де сөніп қалады. Адамға 100% сенуге болмайды. Бір Аллаға ғана сену керек. Тәуекел ететін кезде де, артықшылықтары мен кемшіліктерін қарау керек, салыстыру керек. Көзді жұма кете салу ол менің ойымша үлкен қателік. Ойлану керек. Тапсырманы орындап жазыңыздар. Жігіті жоқ қыздар бар болса, бөлек тапсырма. Ер адамның жағдайына қатысты шарттарды жазу керек. Мысалы: сіздің қазір жасыңыз 22-де немесе 23-те болса, жағдайына қарай шартты жазасыз. Ер адам менен үш жасқа үлкен болу керек. 26-да. Оның тұрақты жұмысы болу керек. Көлігі, үйі болмаса бұл қалыпты. Немесе міндетті түрде болуы керек, мен үшін бұл шарт. Соның бәрін жазып шығыңыз. Некеге дейін... 173
Манипуляторлардың 7 приемы бар. Үнемі кешігу. Манипуляторлар ең алғашқы приемын неге кешігу арқылы жасайды? Себебі сіз оны күтесіз. Ал күтсеңіз, демек ойлайсыз. Егер ойласаңыз ол тәуелділікке апарады. Бұл адамға байлану. Адамды күту арқылы ол сізді мойынсұнушылыққа үйретеді. Мойынсұнушылық бұл қарым қатынаста оның сөздеріне, кемшіліктеріне, қателіктеріне үйрете бастайды. Басында 10 минутқа кешігеді. Сосын 15 минутқа, кейін қоғамдық орындарда 1 сағатқа дейін күттіріп қояды. Қанша жерден сіз оған: -Ұнамайды, олай істеме, мен екінші күтпеймін,- деген сияқты сөздерді айтсаңыз да ол бәрібір сізді күттіріп осыны жалғастыратын болады. Кешігіп келген манипулятор ең бірінші сізге комплимент айтады. Аяқ астынан пайда болады да, комплимент арқылы немесе сыйлық арқылы өзінің кешіккенін осылай жуып-шаяды. Бірақ бәрібір соны істеуді жалғастырады. Екіншісі - қол жеткізбеушілік. Ол сіздің миыңызда, ойыңызда, мүмкін телефонда үнемі байланыста бар. Бірақ өміріңізде ол жоқ. Өміріңізде ол үнемі қолы бос емес, жұмыста жүретін, уақыты жоқ адам. Бірақ ешқашан ол өзінің жұмыста екенін дәлелдеп бермейді. Жұмыс болмаса онда спорттық жаттығулар, үйірмелер, әйтеуір үнемі бітпейтін ісшаруаларды ғана айтады. Манипулятордың бұл жердегі мақсаты-сіздің үмітіңізді өшірмеу және онымен кездесу, бос уақытын сізге арнау үшін сізді қалатқызу (яғни, сіздің қалауыңыз арқылы). Мұндай сәттерде қыз әдетте өзінің көмегін ұсына бастайды. "Мен саған көмектесейін, егер қолың бос болмаса орнына істеп берейін" ,- деген сияқты сөздерді айтады. Манипулятор үнемі өзінің қолы тимейтіндігін, үлгермей жатқанын, жұмыстың көп екендігін айта беретін болады. Негізінде сіз манипуляторға Некеге дейін... 174 МАНИПУЛЯТОР ЖІГІТТІ ҚАЛАЙ ТАНИМЫЗ?
көмектесіп жатырмын деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ олай емес. Сіз оған көмектесіп жатқан жоқсыз, сіз оның көңіліне таласып жатырсыз. Егер бұл қайталана беретін болса, сіз оның орнындағы міндеттерін үнемі орындап жүресіз, ал манипулятор әрқашан қолжетімсіз болады, өміріңізге келмейді немесе өте сирек пайда болатын болады. Ақыр соңында истерика, айқай-шу, ұрыстар болады. "Неге келмейсің? Неге көңіл бөлмейсің?"- деген сияқты әңгімелер пайда болады. Ал манипулятор өзінің жоқтығымен сізді жазалайтын болады. Тым жақсы сөйлесіп жатқан кезде оған ұнамсыз нәрсені жасасаңыз, мүмкін ол сізге бір өтініш айтады: -Маған мына нәрсе керек болып тұр жасап берші. Сіздің бас тартқаныңызға ол бірден 2-3 күнге жоқ болып кетеді. Телефонды бір көтермесеңіз, керісінше ол 1 күнге хабарласпай немесе телефонды көтермей жоқ болып кетеді. Ал егер оған ұнайтын, оның сұраған өтініштеріне дұрыс жауап бере алсаңыз, өтініштерін орындасаңыз, онда манипулятор сізді өзіне жақын тарта бастайды. Яғни сөйлесіп, жылы сөздер айтып, арасында кездеседі. Бірақ бір қателік жасасаңыз немесе ол манипулятордың өтінішіне көнбесеңіз немесе бір қоңырауын көтермей қойсаңыз, ол сізді жоғалып кетіп жазалайды. Манипулятордың келесі приемы - симуляция болезни. Яғни манипулятор не істейді? Ол ауырған адамның кейпін танытады. Не үшін олай істейді? Оның мақсаты кішкене үзіліс алып, сізбен араласпай, жаңа адамды тауып сонымен уақыт өткізу үшін. Бірақ сізге не деп айтады? Ол сізді алдайды. -Мен ауырып жатырмын, менің қызуым көтеріліп үйдемін, кешкі сағат 20:00-ге таман мен дәрі іштім, мен ұйықтаймын,- дейді. Егер 20:00-ден кейін сіз оған хабарлассаңыз ол телефонын көтермейді. Егер ол хабарлама жазып "жатамын" демесе де, ол оянған соң "мен ұйықтадым"- деп айта салады. Негізінде ол жай ғана сізге ауырып жатқанын жібереді де, ал өзі жаңа қызбен сөйлесіп, приемдарын қолданып бастайды. Некеге дейін... 175
Симуляцияның екінші техникасы. Сіз онымен кездескеңіз келсе: "Мен дәріңді аламын, жеміс-жидек алып сені емдеймін, сорпа қайнатып беремін, қызуыңды түсіремін" ,- деген сияқты көмегіңізді ұсынасыз. Ал манипулятор не дейді? -Жоқ, керек емес, жаным, менің мұндай түрімді көргеніңді қаламаймын. Мен өзім жалғыз болғым келеді. Әйтпесе сағанда жұғып кетеді,- деп, қашқақтай бастайды. Ер адам ешқашан жалғыз ауырмайды. Ер адам ауырса жанында міндетті түрде әйел адамдар жүреді. Анасы, әпкесі, әйелі, қызы бәрі жүреді. Бұл манипулятордың өтірік маскасы. Сіз үйіне барып, есіктің алдында тұрып, тамақпен келіп есігін қақсаңыз, ол үйде болса да есікті ашпайды. Кейін сіз кетіп қалған соң: -Сен келдің ба, мен білмедім, қаттырақ ұйықтау үшін дәрі ішіп едім, мүлдем ештеңе естіген жоқпын,- дей салады. Немесе үйінен кетпей қойсаңыз жарты сағат күттіріп қойып, жарты сағаттан кейін есікті ашады. -Ұйықтап жатырмын,- деп айта салады. Келесі манипулятордың приемы - үнемі сөз беру арқылы сізді үміттендіру. Сөйлесіп жүрсіз, кездесіп жүрсіз, бірақ әлі де үйленбейсіздер, әлі де ата-анасымен таныстырған жоқ немесе сіздің ата-анаңызбен танысқысы келмейді. Не үшін? Себебі үнемі бірнәрсе жетіспей жатыр немесе бір шарт орындалу керек. Оның айтатын сөздері мынандай: "Кішкене карьералық өсу болсын, кішкене айлығымды көтерейін үйленеміз, машинамды алайын үйленеміз, оқуымды бітірейін ата-анаммен таныстырамын, сен оқуыңды бітір сосын танысамын" ,- деген сияқты үнемі алдағы бір кедергілерді айтып сіздің қалауыңызды орындамайды. Яғни қашқақтай бастайды. Басында ол тек қана қол жеткізбейтін шарттар болуы мүмкін. "Көлігімді алайын, ақшамды жинап алайын, үйге ремонт жасап алайын" ,- деген сияқты әңгімелерді айтады. Немесе "Менің інім үйленсін, ағам үйленсін, жеңгеміз баласын тусын" ,- тағы сол сияқты сөздерді айтады. Әрі қарай ол шарт қоюы мүмкін. Мысалы, ол ұзын көйлек кидіруі мүмкін, ал сіз ондайға қарсысыз, дінге жақын емессіз. Ол мынандай шарттарды айтуы Некеге дейін... 176
мүмкін: "Ұзын көйлек кимесең мен сені әйел қылып алмаймын. Себебі маған ондай әйел керек емес. Менің айтқанымды тыңдау керек" ,- дейді. Әйел адам манипулятордан шаршап, айырылысқысы келіп, құрбыларына шағым айтып: -Мен шаршап кеттім, нүкте қоямын, күш жоқ, бізден ештеңе шықпайды, мен онымен бірге бола алмаймын, бәрібір ол өзгермейді,- деген сияқты сөздерді айтып айырылысып кетуі мүмкін. Құрбылары мынандай сөздер айтады: -Сен соншама жақсылық жасадың, талай көмектестің, сен үнемі қолдау көрсеттің, онда мәселе болған кезде оның жанында табылған тек қана сен болдың, сен онымен айырылысып кетесің, ол 1-2 аптадан кейін түсінеді сенен жақсы қыз жоқ екенін, сенен жақсы қызды ол таба алмайды, ол саған қайтып келеді,- дейді. Сол арқылы біз өз-өзімізді тыныштандырамыз. "Менің қандай жақсылық жасағанымды ол түсінер. Мені жоғалтып алғаннан кейін ол түсінеді" ,- деп ойлаймыз. Бірақ білесіз бе? Манипулятор үшін орнын баса алмайды дейтіндей қыздар жоқ. Манипуляторлар сізді тастап екіншісіне баруы мүмкін. Себебі оларда үнемі қосалқы нұсқалар (запасной вариант) бар. Манипуляторлар тіпті телефондарын ұстатпайды, қаратпайды. Үнемі блокқа қойып қояды немесе сіздің жаныңызда болғанда белгісіз номерлерді, сақталмаған номерлерді көтермейді. Үнемі кім хабарласып жатыр деп қорқады. Мүмкін оның басқа қыздары шығар хабарласып жатқан. Сіздің жаныңызда болғанда телефоны үнемі дыбыссыз режимде тұрады. Себебі оның сізден жасыратын дүниесі өте көп. Ондай адамды сіз тастап кетсеңіз, ол сізге: "оралшы, қайтып келші" ,- деп артыңыздан жүгірмейді. Ол манипуляциясын әрі қарай жалғастырады. Қандай манипуляция? Ең бірінші ісәрекеті- сізді елемеу. Ол осы арқылы сіздің эмоцияңызды бақылайды. Некеге дейін... 177
Көбісімізді қызықтыратын нәрсе - жігітімізді туысқандарымызбен қашан таныстыруға болады? Өзіміз жігіт жақпен қашан танысуымызға болады? Бұл негізі өте күрделі сұрақ деп айтпаймын. Жай ғана белгілі бір ережелерді ұстану керек болады. Ол қандай ереже? Біріншіден, сіз өзіңіздің сезіміңізге емес, ер адамның сезіміне 100% сенімді болуыңыз керек. Ал біз әдетте қалай істейміз? Ер адам бізге қатты ұнайды, біз оны 100% жақсы көретінімізді білеміз, ол адаммен айырылыспайтынымызды білеміз және бұл адамнан басқа ешкімді өзіміздің күйеуіміз ретінде көре алмаймыз. Тек қана осы себеп үшін жігітті өзіміздің туысқандарымызбен таныстыруға тырысамыз. Яғни осындай қадам жасаймыз. Бірақ бұл дұрыс емес. Тіпті сіз 100% өзіңіздің ол жігіттен бас тартпайтыныңызға, махаббат мәңгі болатынына және осы адам сіздің идеальды күйеуіңіз болатынына сондай бір ойпікірлеріңіз, сезімдеріңіз айтып тұрса, бірінші кезекте сіз не істеу керексіз? Ең басында сіз жігіттің сізге деген нақты сезімін білу керексіз. Яғни ол сізді 100% таңдап тұр ма, сізді сатып кетпейді ме, алдамайды ма, сіз үшін жаман қасиеттерін өзгерте ма немесе өзгертпесе де сіз оны өзгерткіңіз келіп, ертең сіз ойлағандай болмай шыға ма? Соның барлығын бірінші ойлау керек. Араларыңызда ең аз дегенде 6-8 ай өту керек. Егер сіз қыз бен жігіт болып жүріп жүріп, күнделікті сөйлесіп, кездесулер болып жатса, кемінде 6 немесе 8 ай өту керек. 6-8 айдың өзі аз. Көбісі 1-2 айдың өзінде танысуға жақсы көзқараспен қарайды. Бұл жерде жігіт тезірек үйленгісі келеді немесе үй іші қайтақайта үйлен деп қоймаған соң, ата-анасымен таныстырғысы келеді. Некеге дейін... 178 АТА-АНАМЕН ҚАЛАЙ ЖӘНЕ ҚАШАН ТАНЫСТЫРУ КЕРЕК? ЖІГІТТІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРЕМІЗ?
Енді не істеу керек? 6 ай өтті делік. Оны тексеретін тестіңіз болу керек. Мен әдетте жатақханада тұрғанда құрбыларымның сөйлесіп жүрген ер азаматтарымен танысып, оларды тексеретінмін. 90% жігіттер менімен танысып, кездесуге шақырып, номерімді сұрайтын. Бұл өте жаман болды. Бір жағынан алдын-ала біліп қойғаны да жақсы болды. Қазір менің ол құрбыларым күйеуге шығып кеткен, күйеулері бар, біреуінің баласы бар. Сондықтан ең дұрыс нәрсе ол жақсы, сенімді құрбыңыз болса сол құрбыңыз арқылы жігітті тексеріп алу керек. Келесі ережелер ол өзіңіз сол адаммен танысып сөйлеспеу керексіз. Не үшін? Себебі, ер адамдар ақымақ емес, олар сіздің мотивіңізді түсініп қояды. Не арқылы? Сіздің сөйлеу мәнеріңіз арқылы, қалжың арқылы немесе номерді сұраса дәл сол сәтте сіз телефонмен сөйлесе алмай қаласыз. Не үшін? Себебі дауысыңыздан танып қояды. Не істеу керек? Құрбыңызға айтасыз. Келесі екінші ереже- бір апта немесе екі апта шыдау. Жарты сағаттық тексеріс деген ол өтірік нәрсе. Не үшін? Себебі, ер адам өтірік кейіп танытады. Ондай біздің практикамызда болды. Жігітті тексеріп жатқан кезде ол бірден номерімді сұрап, кездескісі келіп, комплименттер айтып, қызым жоқ деген әңгімені айта бастады. Сосын менің құрбым шыдамай кетті. Ол өзінің көңілсіз сөйлесуі бойынша білдіріп қойды. Себебі біліп тұрасың ғой сенің жігітің қазір басқа біреумен, басқа қызбен танысып жатыр. Ал сіз телефонмен: -жаным, күнім, сағынып кеттім,- деп қалай айтасыз, иә? Ол үшін сіз актриса болу керексіз. Сөйтіп ол шыдамай жігітіне айтып қойды. Мен білемін, сен басқа қызбен танысайын деп жатсың, сен оны кездесуге шақырдың,- дейді. Бірақ жігіт бәрібір өтірік кейіп танытады. Ол айта салады: мен білгенмін, сен мені тексеріп жатқаныңды. Болды. Сіз ештеңе істей алмайсыз. Дәлелдей Некеге дейін... 179
алмайсыз. Сіз одан не жай ғана бас тартасыз, не күмәнға түсіп кетесіз "ол расымен білді ма екен, әйтпесе олай тез танысып, тез номер сұрамас еді ғой" ,- деп күдіктене бастайсыз. Сол үшін менің ең басты екінші ережем ол-кемінде бір апта шыдау. Бір аптаның уақытында сіз білдірмейсіз. Келесі үшінші ереже- сіздің құрбыңыздың онымен қалай сөйлесу керегі және қандай сұрақтар қою керегі. Бірінші танысқан кезде ол WhatsApp-тан таныспау керек. Яғни номеріңізді біреуден алдым деген әңгіме болмайды. Менің күйеуім мені солай тексергісі келген. Номеріме хабарласты, бір жас жігіт болып, өзінше күшті комплименттер айтып, ал мен негізінде телефонмен ешқашан таныспайтынмын. WhatsApp-пен де таныспайтынмын. Мен оған сұрақтар қоя бастадым: Қайдан көрдің? Қайдан номер алдың? Нақты қандай киімде болдым? Сағат қаншада? Қай көшеде? Ал ол танысып жатқан жігіт жауап бере алмай қалды. Түк те айта алмай қалды. Мені тексеріп жатқанын түсіндім. Мен оған әдейі "Кел, кешке кездесейік" ,- дедім. Күйеуіммен бірге келетін шығар деп ойлағанмын ғой. Ал күйеуім менің екінші ережемді ұстанған жоқ. Ол шыдамады. Кездесуге дейін келген жоқ. Маған хабарласып бірден айтып қойды. Мен сені тексеріп жаттым,- деп айтып қойды. Енді әрі қарай жалғастырайық. Сіздің құрбыңыз оған не деп айту керек? Біріншіден WhatsApp-та таныспайсыз. Ең жақсы нәрсе- Вконтакте немесе Instagram. Ең бастысы, сіздің және құрбыңыздың ортақ достарыңыз, ортақ Некеге дейін... 180
лайктарыңыз, бір универде оқуыңыз, мүлдем екеуіңіздің байланысыңыз болмау керек. Себебі, ол қызға сұрақтар қояды. “Қайда оқисың? Қайда істейсің? Қайда тұрасың? Мені қайдан таптың?”- деген сияқты. Ол міндетті түрде қыздың достарына кіреді, сізбен ортақ не бар екенін іздейді. Сондықтан соның барлығын бірінші тазалау керек. Ұқсастықтар бар жерді айтпау керек. Кішкене өтірік айтуға тура келеді. Бір университетте оқысаңыз, басқа университетті айту керек. Кездесейік десе сол университеттің айналасындағы бір орында кездесу деген сияқты нәрселерді айту керек. Бұл менің үшінші ережем. Төртінші ереже- қандай сұрақтар қою керек? Құрбыңыз алғашқы 2-3 күнде: "Қызың бар ма? Біреумен сөйлесіп жүрсің ба? Қызың болды ма?"- деген сияқты сұрақтарды қоймау керек. Яғни тез қойылған сондай сұрақ күдікке әкеледі. Жігітіңіз бірден күдіктене бастайды. "Не үшін менімен танысып жатырсың? Таныстың демек қызың жоқ қой? - деген сұрақтар қойылмауы керек. Алғашқы 2-3 күн сіздің құрбыңыз онымен не туралы сөйлесу керек? Хобби туралы, қызығушылық туралы, қалжыңдар, анекдоттар сондай нәрселер болуы керек. Аудиозаписьтерді міндетті түрде жіберіп тұру керек. Яғни өзінің шынайы адам екенін көрсету үшін. Бұл менің төртінші ережем. Бесінші ереже- егер жігітіңіз құрбыңызбен танысса, сөйлесіп кетсе онда екі апта уақыт өткеннен кейін кездесуге шақыру керек. Егер жігіт бірінші кездесуге шақырса, онда құрбыңыз "жарайды" деп екінші шақырғанда шығуға болады. Құрбыңыз шығады. Бұл уақытта сіз өзіңізді ұстайсыз. Сізде таңдау болады. Не құрбыңыз екеуі кездескенде сол сәтте сол жерге келіп екеуін ұстау немесе оны жай ғана тастау. Өзіңіз үшін шешесіз. Некеге дейін... 181
Өтінемін қыздар, егер жігітіңіз тексерістен өтпесе: "Махаббат қой, жақсы көріп қалдым ғой, бауыр басып қалдым ғой, сүйемін" ,- деген сияқты сөздер арқылы өзіңізді алдамаңызшы. Жігітті тастаңыз да кете беріңіз. Өміріңіз әлі алда. Бес бала туып тастап, сосын барып түсінбегеніңізге қуаныңыз. Бұл тексеріс міндетті түрде керек деп ойлаймын. Егер сіз оны күштілеп тексере алмасаңыз, жігітіңіз сізге ренжиді. Бірақ жақсы көрсе, ол сізді кешіреді. Бір күн, екі күн ренжиді да, кешіре салады. Сондықтан не істеу керек? Менің ең алғашқы ережем ол - артыңыз ашылып қалмау керек. Өтінемін тексерістен өтпеді ме, оны тастаңыз. Ештеңені оған дәлелдеудің де керегі жоқ. Себебі, кез-келген еркек өзінің кінәсін ақтап алады. Оның барлығы өтірік әңгіме. Мен күйеуімді талай рет тексергім келді. Ол жай ғана қара тізімге салып тастайтын, таныспайтын болды. Ешқандай жолын таппайсың. Ол танысқысы келмейді немесе мен оны тексерейін десем, ол бірден маған көрсетеді: -Маған осындай қыз жазып жатыр,- дейді. Маған бірден көрсететін және жасыру болмайтын. Еркек жақтан сондай нәрсе болу керек. . Болды тексерістен өтті. Ол қызбен танысқан жоқ. "Менің қызым бар ренжіме" ,- деп ол қыздың бетін қайтарып тастады. Сіз қуандыңыз. Бәрі керемет. Енді не істеу керек? Мынадай сұрақтарыңыз туындайды. Бірінші жігіт жақпен танысу керек па? Әлде жігітті бірінші өз жағыңмен таныстыру керек па? Ең бірінші өзіңізге сұрақ қойыңыз. Қашан тұрмысқа шығуға дайынсыз? Егер оқуыңыз бар болатын болса, 2-3 жылдан кейін болатын болса онда дәл қазір танысудың керегі жоқ. Себебі, танысу бұл тойға қадам. Тойға қадам деген соң, сіз: "Менің сабағым бар, анам жұмыс істе деп айтқан" ,- деп айта алмайсыз. Онда не үшін ата-анасымен таныстыңыз? Туысқандарымен, Некеге дейін... 182
ата-анасымен таныстыңыз ба, тойға қадам бастыңыз деген сөз. Жақын арада, бір жылдың ішінде той болады деген әңгіме. Өзіңізге шешім қабылдаңыз. Жақын арада, бір жылдың ішінде той болатынына келістіңіз делік. Ең бірінші жігіт сіз жақпен емес, сіз жігіт жақпен танысуыңыз керексіз. Не үшін? Себебі, сіз оның анасы қандай екенін, әкесі қандай екенін, отбасының бір-бірімен қарымқатынасы қандай екенін, сізге деген көзқарасы қандай екенін, соның бәріне анализ жасап алуыңыз керек. Бұл өте маңызды нәрсе. Мен алдыңғы тақырыптарда айтып кеттім, бұған дейін менде қарым-қатынас болған. Мен тұрмысқа шығып кете жаздадым. Бірақ ол мамасының баласы болды. Мен оны қалай білдім? Мен бірінші жігіт жақпен таныстым. Жігіт жақсы болды. Бірақ анасымен, әкесімен, әжесімен, қарындасы, інісімен танысқаннан кейін мен түсіне бастадым, олардың үйінде бастық - анасы және әжесі. Бастықты бәрі тыңдайды, үй сатып алған анасы, жұмыс істейтін анасы. Әкесі үйінде отырады екен, жұмыс істемейді. Менің сол бұрынғы жігітімнің анасына қатты тәуелді екенін түсіндім. Содан кейін нүкте қойдым. Себебі, анасы маған өзінің үйіндегі ережелерін түсіндірді. Мені қызықтыратын сұрақтарды анасына қойдым. Жігіт біз бөлек шығамыз, қалада тұрамыз, сен оқуыңды бітіресің деген сияқты неше түрлі әңгімелерді айтуы мүмкін. Ал маған жігіттің анасы не деп айтты? Алғашқы бір-екі бала туғанша менімен тұрасыңдар, менің келінім алғашқы екі баланы туғанша жұмыс істемейді, келінімді қаржыландыратын мен, төсемесіне дейін мен алып беретін боламын, себебі мен келін болғанда маған ешкім алып берген жоқ, мен қаржылай қиналдым, сол үшін келінімді ақша жағынан қыспаймын, керек нәрселеріне беріп тұрамын,- деді. Бірақ ол әрі қарай: мына нәрсе маған байланысты, асхана ісіне араласпаймын, әжеңмен бірге тамақ жасайсың,- деген сияқты нәрселерді айтып бастады. Мен олардың үйінде үнемі көп адамдар, көп қонақтар болатынын түсіндім. Маған ол нәрсе ұнамайды.Танысқаннан кейін 1-2 ай сөйлесіп жүрдік. Мен артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыра бастадым. Некеге дейін... 183
ата-анасымен таныстыңыз ба, тойға қадам бастыңыз деген сөз. Жақын арада, бір жылдың ішінде той болады деген әңгіме. Өзіңізге шешім қабылдаңыз. Жақын арада, бір жылдың ішінде той болатынына келістіңіз делік. Ең бірінші жігіт сіз жақпен емес, сіз жігіт жақпен танысуыңыз керексіз. Не үшін? Себебі, сіз оның анасы қандай екенін, әкесі қандай екенін, отбасының бір-бірімен қарымқатынасы қандай екенін, сізге деген көзқарасы қандай екенін, соның бәріне анализ жасап алуыңыз керек. Бұл өте маңызды нәрсе. Мен алдыңғы тақырыптарда айтып кеттім, бұған дейін менде қарым-қатынас болған. Мен тұрмысқа шығып кете жаздадым. Бірақ ол мамасының баласы болды. Мен оны қалай білдім? Мен бірінші жігіт жақпен таныстым. Жігіт жақсы болды. Бірақ анасымен, әкесімен, әжесімен, қарындасы, інісімен танысқаннан кейін мен түсіне бастадым, олардың үйінде бастық - анасы және әжесі. Бастықты бәрі тыңдайды, үй сатып алған анасы, жұмыс істейтін анасы. Әкесі үйінде отырады екен, жұмыс істемейді. Менің сол бұрынғы жігітімнің анасына қатты тәуелді екенін түсіндім. Содан кейін нүкте қойдым. Себебі, анасы маған өзінің үйіндегі ережелерін түсіндірді. Мені қызықтыратын сұрақтарды анасына қойдым. Жігіт біз бөлек шығамыз, қалада тұрамыз, сен оқуыңды бітіресің деген сияқты неше түрлі әңгімелерді айтуы мүмкін. Ал маған жігіттің анасы не деп айтты? Алғашқы бір-екі бала туғанша менімен тұрасыңдар, менің келінім алғашқы екі баланы туғанша жұмыс істемейді, келінімді қаржыландыратын мен, төсемесіне дейін мен алып беретін боламын, себебі мен келін болғанда маған ешкім алып берген жоқ, мен қаржылай қиналдым, сол үшін келінімді ақша жағынан қыспаймын, керек нәрселеріне беріп тұрамын,- деді. Бірақ ол әрі қарай: мына нәрсе маған байланысты, асхана ісіне араласпаймын, әжеңмен бірге тамақ жасайсың,- деген сияқты нәрселерді айтып бастады. Мен олардың үйінде үнемі көп адамдар, көп қонақтар болатынын түсіндім. Маған ол нәрсе ұнамайды.Танысқаннан кейін 1-2 ай сөйлесіп жүрдік. Мен артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыра бастадым. Некеге дейін... 184
Анасы мені жиі қонаққа шақыра бастады және анасы мен туралы көп ақпараттар жинады. Менің ата-анам кім? Менің туыстарым қандай? Қай жақта тұрамын? Қай жақта оқыдым? Руым қандай? Мен жақта тұратын болғаннан кейін ол бүкіл ақпаратты жинап, бәрін біліп, тіпті менің нағашыларыма дейін "сол қызды аламыз, сендердің қыздарыңмен сөйлесіп жүр" , - деп айтып қойған. Одан айырылысып кеткеннен кейін, менің нағашыларыммен (Мирас пен Құралай) олар кездесіп қалған ғой, сол жерде: "Сіздердің қыздарыңыз менің баламды тастап кетті, менің баламнан да әдемірек, ақшасы көп біреуді тауып алған шығар" ,- деп, неше түрлі сөздерді айтып тастаған. Мен мұның барлығы уақытша мәселе екенін білдім. Ұят деген нәрсе әрқашан ұмытылады. Ұятқа байланысты тақырып ары кетсе максимум 2-3 ай ғана, одан кейін бүкіл ел тынышталады. Мен соны түсініп, көзді жұма салдым. Ол былай тұрсын нағашыларым оны анама айтып берді. "Сенің қызың жігітпен жүріп, оны тастап кетіпті, анасымен танысыпты" ,- деп айтыпты. Анам оны маған айтады. Қазір ол тақырыпты ешкім қозғамайды, көтермейді. Ол жігітті мен әкеммен таныстырып қойғанмын. Міне, бұл менің үлкен қателігім. Сіздерге сол қателіктерді қайталамас үшін айтып жатырмын. Бірінші жігіт жақпен танысасыз. 1-2 ай сөйлесіп жүресіз. Артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырасыз. Егер туысқандары ұнайтынына сенімді болсаңыз, кейін өз жағыңызбен таныстыруға болады. Мен ақымақ болып әкеммен таныстырып қойғанмын. "Менің досым" ,- дедім. Әкемді жұмыстан алып кетіп, үйге дейін апарып тастадық. Бірақ екеуі отырып танысқан жоқ. Тек менің досым дедім. Соның өзі әлі күнге дейін мен үшін ұят. Қатты ұяламын. Барлық ережелер осындай. Некеге дейін... 185
Өз ата-анаңызбен таныстырған кезде алдын-ала не істеу керек? Ата-анаңызды дайындау керек. Кемшіліктерін айтпаңыздар. Ата-анасы ажырасқан немесе қайтыс болып кеткен, тағы да басқа кемшіліктерін айтпайсыз. Тек қана жақсы жақтарын айтасыз. "Ал қалғанын жігіттің өзінен сұраңыздар" ,- деп айтасыз. Бұл не үшін керек? Себебі алдын-ала кемшіліктерін айтатын болсақ, ол жігітті танысуға шақырғанда тек қана жаман жақтарын байқайтын болады. Менің күйеуімнің ұлты басқа екенін білді. Соның өзінде қарсылықтар болды. Менің ата-анам қатты қарсы болды. Күйеуім келіп, ата-анаммен танысқаннан кейін екеуінің де беті бері қарады. Жігіттің жақсы екенін білгеннен кейін ғана оның ата-анасы ажырасқан екеніне көнді, анасымен тұрмайтынына көнді, ұлты басқа екеніне көнді, мамандықсыз жұмыс істеп жатқанына көнді. Көп нәрсеге көнді. Себебі, ең алғашқы танысқанда жігіт оларға қатты ұнап қалды. Ең басты ереже: ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛСАҢЫЗ, ЖҮРЕГІҢІЗ ЕМЕС, МИЫҢЫЗ ЖҰМЫС ЖАСАСЫН! ЖІГІТТІҢ ҚАЛАУЫ, ЖІГІТТІҢ ӨМІРІ ЕМЕС, СІЗДІҢ ҚАЛАУЫҢЫЗ, СІЗДІҢ ӨМІРІҢІЗ СІЗ ҮШІН БІРІНШІ ОРЫНДА БОЛСЫН!!! Некеге дейін... 186
Жігіт сізге қазіргі кезде мазалайтын нәрсе туралы айтып жатқан кезде оны бөлмей, мұқият, белсенді түрде тыңдаңыз. Тыңдау дегеніміз - бұл кедергі жасамау, назарыңызды басқа жаққа бұрмау, кейде кейбір жайттарды сұраңыз немесе қысқаша түсініктеме беріңіз, бірақ ешқандай жағдайда Мен кітабымда да, блогымда да жігіт- аңшы, қыз баланы жаулау керек деп үнемі айтамын. Тек мен емес, кез-келген психолог осылай айтады, бұл шындық. Инициативаны әрдайым ер адам білдіруі керек. Сіздің жаулап алудағы рөліңіз - аңшыңызға жүзіңізді көрсетіп, оны осы орманда сізден артық, бағалы, қымбат жануар жоқ екеніне сендіру. Содан кейін ер адамды өзімен бірге бақытты өмірге бірге апару ғана қалады. Сонымен, ер адамды қалай жаулап алып, өзіңізге ғашық етуді білмес бұрын нені есте сақтау керек? 1. Менің осы тарауда ұсынатын кеңестерімнің барлығын тек басы бос, бойдақ ер адаммен тексеріңіз! Бұл менің маман ретінде және біреудің жары ретіндегі өтінішім. 2. Егер сіз тым алысқа кетіп, еркектің орнына тым белсенділікті көрсете бастасаңыз (сіз ер адамға ЕРКЕКТЕРДІҢ әдіс-тәсілімен жете бастасаңыз, қоңырау шалып, кездесулерге шақырып, сыйлықтар беріп немесе оған кафеде ақша төлеп), сіз бәрін бүлдіресіз. Содан кейін мен сізге ескертпедім деп шағымданбаңыз. 3. Нақты 12 кеңес болады. Бұл амалдарды жиі емес, бірақ үнемі жасап тұру керек. Ең дұрысы аптасына 1 амал. СОНЫМЕН НАҚТЫ АМАЛДАР: 1. Некеге дейін... 187 ЕР АДАМДЫ 90 КҮНДЕ ЖАУЛАП АЛУДЫҢ ТЕХНИКАСЫ
ақылсынып, кеңес беруге тырыспаңыз. Мүмкін сіз онымен күнделікті әңгімелесіп жүрген шығарсыз, бірақ мен ер адам үшін өте маңызды тақырыпты айтамын. Бұл жұмыстағы қиындықтар, жаман естеліктер немесе оның бизнесі туралы әңгіме болуы мүмкін. Ол бірнеше сағат тоқтамай, ішіндегімен бөлісіп ашылуы мүмкін. Сіздің міндетіңіз - осы уақытта алаңдамай көңіл бөлу. Иә, ер адамдар да кейде ашық сөйлесіп, ішіндегін шығара алады, ал оны тыңдай алатын әйел жігітке ерекше әсер қалдырады. Егер сіз оның әңгімесі 3 сағат созылса да, қызығушылықпен тыңдай алсаңыз, маған сеніңіз, бәлкім, сіз оның өміріндегі алғашқы жалықпай тыңдап отырған әйел боларсыз. Ол мұны өмірінің соңына дейін есінде сақтайды және сізбен тағы да сондай керемет қарым-қатынас жасай алатын сәтті асыға күтеді. Бұл 1: 0 есебімен сіздің пайдаңызға айналады! 2. Ер адам сіздің ашуланатыныңызға морально дайын болған кезде ашуланбаңыз. Яғни, бұл қандай да қателік жасап қойса (кездесуге немесе үйге кешігіп, сіз үшін маңызды күнді ұмытып, сіздің қасыңызда басқа әйелмен сөйлесіп) сізден стандартты әйелдік мінез-құлықты күте алады: көз жасын төгу, айқайлау, ыдыс-аяқтарды ұру, заттар жинап, кетіп қалу, ұрсысу. Бірақ, сіз оны таңқалдырып, жоғарылағы әрекеттердің бірін де жасамаңыз! Ол шокта болады(он в шоке будет). Себебі, сіз ондай ештеңе жасамайсыз. Сіз оған жай ғана сабырмен оның сізге жағымсыз екенін түсіндіріп бересіз. Бірақ сіз жылауға және ренжуге ниет білдірмейсіз, өйткені сіз оны барлық кемшіліктермен толығымен қабылдайсыз. Ол сізден мұндай реакцияны күтпейді! Сондықтан сіздің мінезқұлқыңыз ер адамға жағымды тосын сыйға айналады, оны ол міндетті түрде бағалайды. Ал келесі жолы ол мұндай жаман істер жасамауға тырысады. Сізде тағы бір балл бар. 3. Дәмді тамақтандырыңыз. Сіз әрине, оған үнемі тамақ жасап бересіз, бірақ осы 3 айда кем дегенде бір рет оған ерекше, таңқалдырарлық тағам дайындаңыз. Өз қолыңызбен. Некеге дейін... 188
Махаббатпен. Ең дұрысы, тәтті тағам дайындап беріңіз, өйткені десерт - адамның көңіл-күйін көтереді, оны мейірімді етеді, бұл оған да, сізге де пайдалы болады. Бұл торт немесе эклер, ерекше тоқаштар болуы мүмкін. Ол дүкеннен сатып ала алмайтын нәрсе. Бұл кенеттен жасалатын тосынсый болсын. Одан не ұнайтынын сұрамаңыз, таңқалдырыңыз. Сіздің ер адамыңыз өз қолымен жасаған, күтпеген дәмді сыйлықты ұзақ уақыт есінде сақтайды. Сіздің қоржыныңызда тағы бір балл бар. 4. Оған адам ретінде және маман ретінде тәнті болғаныңызды көрсетіңіз. Ер адам сізге өзінің жетістіктері туралы немесе жұмысының нәтижесін көрсететін сәтте шын жүректен таңданыңыз! Таң қалуыңыз 5-10 минутқа созылса тіпті керемет. Толқыныстан, қуаныштан, таңданудан көзіңізден жас шығарып жіберсеңізде артық етпейді. Сол күн бойы 20-30 минут сайын бірнеше рет оның таланты мен жетістігіне таңданғаныңызды білдіріп отырыңыз. Бұл уақытта жігіт қысылып "Жай жасай салғанмын, бұны барлығы да жасай алады" деп ұяла түседі. 5. Төсекте не ұнайтынын және не ұнатпайтыныңызды өз еркегіңізге айтыңыз. Егер сізде жақын интимді қарым-қатынас болса немесе олар енді басталса, ер адамға жыныстық қатынаста не ұнайтынын айтуды ұмытпаңыз. Олар әйелден не ұнататынын сұраудан қорқады. Епсіз, тәжірибесіз болып көрінуден қорқады. Бірақ егер сіз өзіңіз жыныстық қатынасқа түсер алдында айтсаңыз, ол сізге өмірінің соңына дейін ризашылық білдіреді! Дұрыс емес нәрсе істеп жатырмын деп ойламайтын болады. Оның еркек ретінде өзін-өзі бағалауы жоғарылайды. 6. Қызығушылықтарыңызды көрсетіңіз және айтыңыз. Бұл амалды айына 2-3 рет, басқаларымен қатар жасаған жөн. Өйткені, ер адам үшін бірдеңе туралы құштарлықпен айтатын әйелден артық тартымды ештеңе жоқ. Сіз жаңа көйлек тіктіңіз бе? Мұны өз еркегіңізге көрсетіңіз және эмоциямен қалай тырысқаныңызды, барлығын қаншалықты мұқият жасағаныңызды айтуды ұмытпаңыз. Некеге дейін... 189
Сіз жаңа сурет салдыңыз ба? Сіз қызықты кітап оқыдыңыз ба? Аспаздық шедевр дайындадыңыз ба немесе жылдың мәмілесін жаптыңыз ба? Бұл туралы ер адамға жеке-жеке айтуды ұмытпаңыз (хатта немесе телефон арқылы емес) және қуаныш, бақыт эмоцияларымен. Ал ер адам сіздің айтқаныңыздан бір сөз түсінбесін, бірақ ол келетін энергияны сезінеді. Ол сізден сергектік зарядын алады және ол сізді өз жетістіктерімен таң қалдырғысы келеді! Сіздің дәл осы эмоцияңызды көру үшін таң қалдыруға тырысатын болады. Нәтижесінде сіз оның музасына айналасыз, бұл оны ерліктерге итермелейді. 7. Сіз оның өмірлік мақсаттарына пайдалы бола алатындығыңызды және бұл мақсаттар сізді де қызықтыратынын көрсетіңіз. Оның тауға шыққанды ұнататынын естідіңіз бе? Сіз де қызығатыныңызды білдіріңіз. Сіздің ер азаматыңыз құрылыспен айналысатынын білдіңіз бе? Оған үй салуға дайын достарыңыз бар екенін айтыңыз. Ол сізбен бизнес құру жоспарларымен бөлісті ме? Сіз де дәл осы бизнеске идеяларыңызды қосыңыз. Ерлер практиктер. Олар тек әдемі, талантты, көңілді ғана емес, сонымен бірге өзінің өмірлік мақсаттарын онымен бөлісе алатын әйелді кездестірген болса, онда оны мұндай қадір-қасиетке ие емес басқа әйелге айырбастауы екіталай. 8. Сіз оны толықтай қабылдайтындығыңызды көрсетіңіз, кемшіліктерді қабылдаңыз және оны түзетуге тырыспаңыз. Егер сіздің ер адам түнде қорылдаса, құлақшын сатып алып, қасында ұйықтаңыз. Егер ол достарымен сыра ішуді ұнатса, осы күндері достарымен бірге кафеге барыңыз. Ер адам әрқашан жақсы әзілдей бермейді, әсіресе бейтаныс адамдардың алдында? Қалай болғанда да, әзілдері өтпей қалса да, оның әзілдеріне күліңіз. Өзін еш өзгертпестен қабылдайтын әйелдерді ер адамдар алтыннан да жоғары бағалайды. Некеге дейін... 190
9. Оның пікірі мен шешімі әрқашан басты орында болатынын көрсетіңіз, әрине, егер оның өміріне қатысты шешім болса. Сонымен бірге, ер адамға өз өміріңізге қатысты шешімдерді өзіңіз қабылдайтындығыңызды түсіндіріңіз. Сіздің ер азаматыңыз жұмысын немесе кәсібін өзгерткісі келе ме? Оны қолдаңыз, ол ақымақтық немесе қаржылық жағынан тиімсіз деп айтпаңыз. Ол жеке өсу тренингіне барғысы келе ме? Барлық мәліметтерді мұқият және сүйсініп тыңдаңыз (ақыры, кез-келген адам дамығысы келмейді және бұл теледидар алдында шорты киіп, сыра ішкеннен гөрі 1000 есе жақсы, келісесіз бе?). Ол сізге құрбылармен отырыстан үйге қайт дей ме, еш дауласпай келісіңіз. Сіздің ер азаматыңыз тілін алғаныңызға қаншалықты қуанышты әрі көңілді болатынын өзіңіз көресіз. Сіздің мақсатыңыз - жағымды эмоцияны тудыру. 10. Одан көмек сұраңыз. Мүмкін сіз бұл мәселені күн сайын қайталайтын шығарсыз, бірақ мен қазір сіз үшін өте маңызды көмек туралы айтып отырмын. Көмегін алғаннан кейін, іштей қуанышпен, ризашылықпен «Рахмет, қымбаттым! Сіз болмасаңыз, мен оны ешқашан жасамас едім!», - деңіз. Бұдан кейін ер азамат сізге өте керек адам екенін сезінеді. 11. Оның достары мен отбасына әрдайым жақсы көзқараста болыңыз. Егер сіздің ер адам сізді өзінің достарымен немесе ата-анасымен таныстыруға шешім қабылдаса, оларға ұнауға тырысыңыз! Жақсы, мейірімді, көңілді және ілтипатты болыңыз. Себебі достармен және ата-аналармен кездесу - бұл сынақтың бір түрі. Олар бұл жағдайда сізді тексереді. Егер сіздің жақын досыңыздың бірі де, анаңыз да сізге ұнамаса, ол сізді әйел ретінде таңдайтын мүмкіндігі мүлдем азаяды. Сіз оның отбасын да, достарын да сол күйінде қабылдауыңыз керек. Оларды қандай-да бір түрде сынамаңыз. Сіздің ер азаматыңыз бен оның отбасы мен достарының арасында ешқашан араласпайтындығыңызды білдіріңіз. Некеге дейін... 191
12. Сіз оның бостандығын шектемейтіндігіңізді көрсетіңіз. Ер адамға оны 24 сағат бойы байлап, бақылап отырмайтыныңызды түсіндіріңіз. Сіз оның жеке кеңістігін бағалайтындығыңызды және құрметтейтіндігіңізді көрсетіңіз. Егер ер адам сізді ұнатса, сонымен бірге сіз оны өзіңізге байлауға тырыспасаңыз, ер адам сізге қайта-қайта оралады. Міне, еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынастың психологиясы осындай. Қорытынды: 1. Сіз әйелсіз! Сізге ер адамға белсенді түрде қол жеткізудің қажеті жоқ. Ешқашан! Тек қызықтыру үшін, оны қызықтырып, жақсы жағынан қоздыру керек, сонда ол өзі сізге қол жеткізе бастайды. 2. Барлық ұсыныстарды қарапайым түрде орындаңыз. Ер адамның көңіл-күйін сезінуге тырысыңыз және осы көңілкүйге бейімделіңіз, әйтпесе ешқандай әсер болмайды. 3. Барлық іс-әрекеттер тұрақты болуы керек, бірақ күнделікті емес, әйтпесе ер адам зерігеді немесе ол оған үйренеді, бұл одан да жаман. Идеал аралық - 7-14 күнде бір рет. 4. Ер адамның қолыңызға түскенін сезсеңіз, бұл сізге демалуға болатындығын білдірмейді. Еркектің бойына жағымды эмоциялардың өсуін тудыратын, өзіңізге деген қызығушылығын үнемі сақтай отырып, босаңсымайтын жаңа әдістер ойлап табыңыз. Сондай-ақ есіңізде болсын: егер бұл амалдардан ештеңе шықпаса, бұл СІЗДІҢ ер адам емес! Бұл жай ғана тағдыр емес. Мен сізге осы 90 күнде болатын қазынаны бағалай алатын басқа, қолайлы адамды іздеуді ұсынамын. Мен сіздің жетістікке жететініңізге сенімдімін! Некеге дейін... 192
Кітаптың соңына да келіп қалдыңыз, енді «қандай жігітті таңдаймын? Қандай адаммен бақытты боламын?» деген сұрақтар сізді мазаламайтын шығар. Тұрмысқа шығу оңай, той жасау оңай, бірақ үй болу қиын. Тұрмысқа шықпай тұрып өзіңіздің принциптеріңізді ұмытқан болсаңыз, тұрмысқа шыққаннан кейін сізді барлығы таптап тастайды. Бұл сіздің мәңгілік есте сақтайтын ұраныңыз болу керек. Бізді кішкентайымыздан «отбасының бақыты-әйелдің қолында» деп үйретеді, бірақ мен сіздерге бұл сөзді тұрмысқа дейін айтпаймын. Дәл қазір «мен оны бақытты қылуым керек» деп емес, «Бұл адам мені ертең жылатпай, құлатпай бақытты ете алады ма?» деп ойдлауыңыз керек. Әйелдің статусына қарай ер адам өзін соған тең ұстайды. Сондықтан соңына дейін оқып шыққан кітаптың әр бөлімін, әр сөйлемін есте сақтап, әрқашан қолданып жүріңіз. Мен сізге сенемін, сіздің таңдауыңыз- сіздің болашағыңыз. Және соңғы сөйлемімді сізге ерекше махаббатпен, ілтипатпен аяқтағым келеді. Егер өзіңізге жақсы жігіт кездескенін қаласаңыз, егер тұрмысқа сәтті шыққыңыз келсе, онда өзіңіз сол криетрияға сай болуға тырысыңыз. Себебі Аллаһ Тағала Әділетті. Сіздің қалағаныңыз, іздегеніңіз болмайды, сізге лайықтысы ғана болады, осыны ұмытпаңыз. Сізге тек жақсылық тілеуші құрбыңыз- Сабира. Некеге дейін... 193 ҚОРЫТЫНДЫ
Сабира Нурпеисқызы НЕКЕГЕ ДЕЙІН... Корректоры, көркемдеуші дизайнер: Шыхыева Мәдина Алламұратқызы