Матай, Садыр рулары
СЕРІКБЕК СЕРПЕРБАЕВ
НАЙМАН – ТӨЛЕГЕТАЙ:
МАТАЙ, САДЫР РУЛАРЫ
ТАРИХИ – ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ
ШЕЖІРЕЛІК ЖАЗБАЛАР
1
Найман – Төлегетай:
Кітаптың жазбаларын жинақтап, дайындаған
Алматы облысы, Ақсу ауданының
Құрметті азаматы – СЕРІКБЕК СЕРПЕРБАЕВ
СЕРПЕРБАЕВ СЕРІКБЕК.
«НАЙМАН – ТӨЛЕГЕТАЙ: МАТАЙ, САДЫР РУЛАРЫ». Тарихи-таным-
дық және шежірелк жазбалар. Құраст. С.Серпербаев. /Талдықорған қаласы.
2021. -424 б.
Бұл кітапта жалпы шежіре және оның ішінде қазақ халқының шежіресі
туралы түсініктемелер берілді.
Сонымен бірге қазақ халқының Найман тайпасы мен оның тарихи тұлға-
лары туралы танымдық мақалалар және оның ТӨЛЕГЕТАЙ тармағындағы
МАТАЙ, САДЫР руларының шежірелік таратылымдары жинақталды.
Кітап қалың оқырманға, тарих сүйер қауымға, жастарға арналған.
© С.Серпербаев, 2021
2
Матай, Садыр рулары
ҚЫМБАТТЫ ОҚЫРМАН ҚАУЫМ!
Мен, Серпербаев СЕРІКБЕК Алматы облысы Ақсу
ауданының тумасымын. 1949 жылы өмірге келгенмін.
Қазір Талдықорған қаласында тұрамын. Бүткіл өмірлік
және қызметтік жылдарым туған ауданымда өтті. Еңбек
жолым Ақсу құрылыс техникумында оқытушы болудан
басталды. Соңғы 20 жылдық қызметтік лауазымдарым -
аудан әкімінің бірінші орынбасары, аудандық мәслихат-
тың хатшысы болды. 2015 жылдан зейнеткермін.
2000 жылдардың басынан шығармашылықпен айна-
лыса бастағанмын.
2007 жылы «ауданымыздың ғасырлық тарихына» арналған танымды-
лық тұрғыдағы «АЛТЫН ҰЯМ-АҚСУЫМ» деген кітапты дайындап шығар-
дым. 2011 жылы ауданымыздың 80 жылдығына орай, ол әлдеқайда то-
лықтырылып, жаңаша форматтағы, заманауи дизайндағы «АБЫЗ АҚСУ,
АҢЫЗ АҚСУ, НАҒЫЗ АҚСУ» атты кітапқа жалғасты. Кітап республикалық
қорда тіркелді.
Зейнетке шыққаннан соң да осы бағыттағы шығармашылық жұмыс-
тарымды үзбей жалғастыру мақсатында, интернет жүйесіндегі «онлайн
оқуларға» қатысып, сайттар жасау мен жүргізудің әдіс-тәсілдерін мең-
геріп алдым. Нәтижесінде 2017 жылы сол «АЛТЫН ҰЯМ-АҚСУЫМ» атты
тақырыппен жекелік сайт аштым. Ол еліміздің жеке бір өңірі тіршілігіне
арналған, таза қазақ тіліндегі және кітап-газет форматында жасалған
некен-саяқ сайт ретінде саналады. Қазіргі уақытта оны ғаламтор кеңіс-
тегіндегі қазақ тілді оқырмандарға танымал, толық қалыптасқан құры-
лым болды деп айтуға болады.
3
Найман – Төлегетай:
Сайтты жүргізумен қатар, заманауи электрондық кітаптар дайындау
технологиясын да үйреніп, әр тақырыптағы 15-ке жуық кітаптарым он-
лайн оқырмандарға ұсынылды. Осы тақырыптас «Алтын ұям-Ақсуым-
(Ақсу маршы)» және «Ақсу арулары» деген өлеңдеріме ән шығарылды.
Осындай шығармашылық іс-тәжірибем, 2020 жылдың басында аудан
басшыларының ұсынысына сай, 90-жылдыққа арналған «АРАЙЛЫ ӨЛ-
КЕМ-АҚСУЫМ» және «АҚСУДЫҢ АРДА ТҰЛҒАЛАРЫ» делінген 2 томдық
кітаптарды дайындауда көмегін тигізді.
Енді міне шежірелік тақырыптағы қолдарыңыздағы кітапты баспадан
шығарып отырмын.
4
Матай, Садыр рулары
ОСЫ ШЕЖІРЕ КІТАП ТУРАЛЫ
(КІРІСПЕ РЕТІНДЕ)
Шежіре, (арабша шаджарат-бұтақ, тармақ) – тарих ғылымының ха-
лықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы.
«Уикипедия - ашық энциклопедиясынан»
Қазақ халқы үшін шежіре деген - тек өз аталарының аты-
жөнін білу ғана емес, ол әр кезеңдегі өз тарихи тұлғаларының
қоғамдағы орнын, халық мүддесі үшін атқарған ерен ерліктері
мен ерекше еңбектерін айқындайтын, жете танып-сезіне білуге
көмек ететін тарихи құнды деректер.
Ғасырлар бойы халқымыздың шежіресі, аңыздар мен жыр-
лар сияқты халық ауыз әдебиеті және әр кездердегі ел арасын-
да рулар мен тайпалар тарихын өте жақсы біліп, жадына түйіп,
таратып отыратын “шежіре адамдардың” айтулары арқылы
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп келеді. Әрине, нақты шежірелік де-
ректер қажет етілгенде, ең алдымен, өткен ғасырлардағы қа-
зақ тарихын зерттеуші ғұлама ойшылдардың жазып қалдырған
еңбектері негіз етіліп алынады. Өз кезегінде, сол еңбектерді
талдай-зерттей отырып, оларды басқа да тарихи дереккөздер
арқылы толықтырып, жүйеге келтіріп, баспалық дүниелер ар-
қылы жалғастырып жатқан кейінгі заманның тарихшы ғалым-
дарының еңбектері де баршылық. Мәселен, қазақ руларының
шежірелері тақырыбында жарияланған кітаптар тізімімен (300-
ге жуық) ғаламтор бетінен мына сілтеме арқылы танысуға бо-
лады: http://bit.ly/35SeclB
Олардан басқа да, еліміздің әр түкпірлерінде жекелеген шежіреші
адамдардың да өз ынталарымен белгілі бір тайпалық-рулық шежіре-
лерді дайындап, кітап-кітапшалар ретінде баспадан шығарып таратып
жататындарын білеміз, байқаймыз. Міне, қолдарыңыздағы осы кітап та
солардың қатарындағы шағын шығармашылық дүние.
5
Найман – Төлегетай:
Құрметті оқырман!
Айтылғандарға орай, кіріспе ретінде менің «осы кітапты дайындау
ниетім қалай туындады, не мақсат етілді және ол несімен ерекше-
ленеді?» деген мүмкін болар сұрақтарға түсініктеме бергенді жөн көр-
дім.
Ең алдымен, тәуелсіз мемлекетіміз аясында бүгіндері атқарылу үстін-
дегі «Рухани жаңғыру» үрдісі кезеңінде халқымыздың өз төл тарихын,
соның ішінде асыл мұралық шежірелік дүниелерін, рухани құндылықта-
рын қайта жаңғыртуға және әркімнің өзінің «жеті атасын», ата-әулеттері-
нің шежірелік таратылымын жете танып-білуге деген қызығушылықтары
мен ықыластарының ерекше артқаны байқалып отыр. Соған орай және
жоғарыда айтылған «АЛТЫН ҰЯМ – АҚСУЫМ» сайтымның мақсаты
мен мазмұнына байланысты болса керек, оны жүргізу барысында оқыр-
мандары тарапынан халқымыздың шежіресіне байланысты жазбалар
жариялау туралы ұсыныстар түсе бастады. Шежіре жасау мен оны жүр-
гізудің өте қиын шаруа екенін, ол үлкен жауапкершілікті, ұзақ ізденіс пен
зерттеушілікті, уақыт пен төзімділікті қажет ететін жақсы түсінетінмін. Ол
жеке адам үшін ғана емес, тіпті біріккен адамдар тобына да оңай шаруа
емес білгендіктен, бастапқыда жүрексініп, одан бойымды аулақ ұстауды
жөн көрдім. Алайда байыптай келсем, бұл жұмысты жүргізуге ғаламтор-
дың, ондағы менікіндей сайттардың мүмкіншілігі зор екені байқалды. Со-
ған орай, осы жұмыспен айналысу қажеттілігі жөніндегі ой–ниетіммен,
сайт арқылы сол оқырмандардың өздерімен және де сыйластықтағы бі-
раз шығармашылықкер азаматтармен пікірлестім. Нәтижесінде, батыл-
дық етіп, 2018 жылдың тамыз айынан сайтымда «ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕ-
МІЗ» деген атаумен жеке бөлім жүргізуді қолға алдым.
Оның алғашқы бастаулық мақаласында мынандай ойлар айтылған
еді: «...Сайтымда қолға алынып басталған осы шежірелік жазбаларды
жүргізудегі басты мақсатым - еліміздің әр түкпіріндегі отандаста-
рымыздың еліміз тарихына деген қызығушылықтарын арттыруға ық-
пал ету, ал шежірелік дүниемен бұрыннан айналысып жүрген немесе
қолдарында сондай деректер бар азаматтарға интернеттің, сайт-
тың мүмкіншілігін ұсына отырып, «зерттеулік еңбектеріне» наси-
хаттық қолдау көрсету деп анықтадым.
Осы қолға алған шаруаның өміршеңдігі қалай болатындығын алдағы
уақыт көрсетеді. Бұл жерде, әрине, көпшіліктің (оқырмандардың) қы-
зығушылығы мен қолдауы-демеуі қажет етіледі!
Яғни, шежірелік жазбалар ұсынылып-түсіп жатса, олар жинақта-
лып-реттеліп сайтта жарияланатын болады. Солай-солай, «көп тү-
кірсе - көл» дегендей, әркімдерден «бұлақтай» болып, мәлімет-жаз-
6
Матай, Садыр рулары
балар жиналып жатса, олар неге «шежірелік теңізге» айналмас-қа?
Содан ары оның әр тармақтары бойынша да ортақ шежіре қоры жа-
салатын да болар ...»
Міне содан бері, сайт бөлімінде шежірелік жазбалар үзілмей жария-
ланып келеді. Олар, негізінен 3 тақырып бағытында жүргізілді:
1. АДАМ АТАДАН басталған тарихи кезеңдерде жер бетінің белгілі
бір аймағында тіршілік етіп, өсіп-дамыған, ұрпақтары алмасып өрбітіліп
отырылған ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ қалыптасуымен ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ
құрылуына тікелей негіз болған ру-тайпалар, қауымдастықтар, халықтар
туралы тарихи-танымдық мақалалар;
2. Еліміздің біздің жақ өңірінде (шығыс жағы) жаппай орналасқан НАЙ-
МАН тайпасының, оның ТӨЛЕГЕТАЙ тармағындағы тарихи тұлғалар ту-
ралы танымдық мақалалар;
3. Сол ТӨЛЕГЕТАЙ бабамыздың негізінен Ақсу, Сарқан аудандары
(Алматы облысы) аумағында шоғырланған МАТАЙ, САДЫР балалары-
нан тарайтын рулық «бұтақтарының» шежірелік таратылымдарын жа-
риялау.
Реттеліп, жүйелілікпен жарияланып отырған олардың көпшіліктің кө-
ңілінен шығып жатқаны, сайттың және әлеуметтік желілерде топтасқан
тұрақты оқырмандардың оңды пікірлерінен, комменттерінен байқалып
отырылды. Сондай қолдауларды сезініп және тағы да сол оқырмандар-
дың ұсыныстары түрткі болып, сайтымда жарияланған жазбалар мен
оның мұрағатында жиналып тұрған материалдарды негізге ала отырып,
оларды жеке кітапқа айналдыруды қолға алдым.
Осы кітаптың шежірелік мазмұндағы тарауларына, өзімізге жетене та-
ныс, деректері біршама қолжетімді болып келетін осы МАТАЙ, САДЫР
руларының таратылымдары жинақталды. Кітап, алдыменен, оның де-
ректерін дүркін-дүркін толықтырып, орын алған қателіктерді түзетіп жа-
ңалап отыруға үлкен мүмкіндіктер беретін электронды форматта дайын-
далды. Кітап «Шежіре туралы не білеміз?», «Наймандар туралы»
және «Шежірелік таратылымдар» деген 3 тараудан тұрады. Алдың-
ғы екеуінде берілген мақалалардың авторлары, дереккөздері көрсетіл-
ді. Ал шежірелік тарауындағы жазбалар қолжетімді болған бұрындары
шығарылған тақырыптық кітаптар мен басқа да баспалық туындылар-
дан, өңіріміздегі тарихшы-шежіреші саналатын танымал азаматтардың
ұсынған жазбаларынан және ғаламтордағы «Тумалас» (tumalas.kz) сай-
тындағы деректерден жинақталып құрылды. Одан ары, олар жекелеген
сайт оқырмандарының жіберген өздерінің аталық-әулеттік жазбалары-
мен толықтырылды. (Олардың аты-жөні тиісті тарауларда көрсетілді
және жалпы тізімі кітап соңында берілді).
7
Найман – Төлегетай:
Шежірелік тармақтар әр «аталар» бойынша ең арғы бабаларынан
бастап бүгінгі ұрпақтарына дейін рет-ретімен, аралары үзілмейтіндей
жасалып, айшықталып отырылды.
Мақала соңында ерекшеленіп айтылатын бір жайт, бұл кітап терең
дәрежедегі ғылыми-зерттеулік еңбек немесе жан-жақты қамтылған то-
лыққанды туынды болды деп саналмайды. Сол сияқты, шежірелік тара-
тылымдар деректері, әсіресе адамдардың аты-жөндері нақты дәлдікпен
жазылды деп те айтылмайды. Ол мүмкін де емес еді, өйткені шежірелік
ілімнің елдік деңгейде ортақтаса мойындалған жүйесі қалыптаспаған-
дықтан, оның жазбалары тарихи әр кезеңдегі және әрқилы қолжетімді
болған дереккөздерден, жекелеген әуесқой, ынталы болған азаматтар-
дан, олардың қолжазбаларынан жинақталғандықтан, ұрпақтар тармақ-
тарын тарату арасындағы «сәйкессіздіктер, үзілістер, белгіссіздіктер»,
адам аттары аталуындағы алшақтықтар мен оның жазылуындағы әрқи-
лылықтар мен қателіктер орын алып жататындығы көпшілікке түсінікті
жайт.
Сондықтан да жазбалары осындай шеңберлік ауқымда жинақталып
дайындалған, танымдылық-насихаттық тұрғыда жұртшылық назарына
ұсынылған бұл кітапта да орын алған азды-көпті кемшіліктерге түсініс-
тікпен қарап, халқымыздың шежірелік дүниелерін насихаттауға мақсат-
талған «ортақ терінің бір пұшпағы» ретіндегі жеке бір шығармашылық
дүние болып қабылданғанын қалар едім. Оларды мүмкіндігінше реттеу,
түзету және сәйкестендіру, негізінен әр ата-әулет тармақтарының бүгін-
гі ұрпақтарының өз ниеттері мен ыждағаттарына байланысты болады.
Сол сияқты, шежірелік жазбаларды жүргізу - өмірмен бірге үзілмей жал-
ғаса беретін үрдістік.
Егер көпшілік оқырмандар тарапынан қазақ халқының осы бір жеке
рулық (МАТАЙ, САДЫР) шежірелік таратылымына қызығушылық пен
сұраныстар туындап жатса, бұл жұмысты ары қарай жалғастыра беру-
ге, кітап басылымдарын барынша толықтырып, дүркін-дүркін жаңалап
отыруға замануи мүмкіндіктер өте мол. Әрине, ол алдағы уақыттар ен-
шісінде...
8
Матай, Садыр рулары
I-ТАРАУ. ШЕЖІРЕ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ
«Уикипедия - ашық энциклопедиясынан» алынған мәліметтер
Қазақ шежіресі – тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегін,
таралуын баяндайтын тармағы. Шежіре қазақ, түрікмен, қырғыз, моң-
ғол және т.б. халықтар арасында ауызша сақталған. Бұл халықтардың
көне тарихы жөнінде айтылатын мағлұматтар “шежіре”, “тайра”, “тарих”,
“сееджер” т.б. болып т.б. болып әр түрлі айтылғанымен “сақтау” деген ма-
ғынаны, ал семит-араб тілдерінде “ағаштың бұтағы” деген ұғымды білді-
реді. Яғни, арабтар шежірені ата санаумен тікелей байланыстырса, түр-
кілер көнені есте сақтау – тарихты айтумен, тарихпен бір деп түсіндіреді.
Демек, шежіре біздің аталарымыз үшін тарих қызметін атқарған. Шежі-
решілдік көшпелі қоғам туғызған қажеттілік және көшпелілердің әдет-ғұ-
рып, салт-санасының негізінде туған. Ол халықтың этникалық құрылымын
анықтауға, тұтастығын көрсетуге мүмкіндік беретін төл тарихымыздың
нұсқасы, ұлттық рухани мәдениеттің құрамдас бір бөлігі. Ел арасында
өткен өмір тарихын өте жақсы білген “шежіре адамдар” болған. Олар қа-
зақтың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрін, заңдарын, әдет-ғұрпын,
ай-күн есептерін жақсы білген, көшпелілердің дүниетанымын жете түсін-
ген, небір аңыз-әпсана, жырларды жадында сақтаған. Егер қазақ мәде-
ниеті біртұтас дейтін болсақ, онда шежірені де осылай қарастыруымыз
керек. Яғни, шежіренің ішінде аңыз бен шындық та, ертегі мен әпсана
да, өнер мен ғылым да бар, ал дәстүрлі қазақ мәдениетінен осылардың
біреуін жеке дара бөліп алып қарастыру мүмкін емес.
Этнос және қоғам, мемлекет есебінде қазақтар өз бастауын Ала-
ша ханнан алады. Түркілердің қара шаңырағына ие болып қалған қазақ
елі үшін де, өзге түркі-моңғол елдері үшін де Алаша ханға байланысты
айтылатын шежірелердің орны бөлек. Өз мемлекеттігін, елдігін танығы-
сы келген халықтардың түркі-моңғол, қазақ ішінде сақталған Алаша хан
жөніндегі аңыздарға жүгінері даусыз. Кейінгі орта ғасырлар тарихи оқи-
ғаларын баяндайтын Қ.ш. жалпы түркі-моңғол шежіре дәстүрінің жалға-
сы ретінде қарастырылады. Оның нақты дәлелін ортағасырлық Рашид
ад-Дин, Әбілғазы Баһадүр, Өтеміс қажы еңбектерінен көруге болады.
Далалық түркі-моңғол тайпаларында ерте кезден бері шежірені, тарихи
деректерді хатқа түсіру дәстүрі болған. Мыс., Баһадүр “мен пақырдың
алдында Иран мен Тұранда өткен Шыңғыс ұрпақтарының тарихы жа-
зылған он сегіз байлам еңбек жатыр” деуі осыған айғақ. 15–17 ғ-ларда
дүниеге келген Өтеміс Қажының “Шыңғыс намесі”, Хафиз Таныштың
9
Найман – Төлегетай:
“Шараф-наме-ишахий”, Баһадүрдің “Түрік шежіресі” шығармалары
өткен тарихымыздың елеулі оқиғаларына тоқталып, айшықты ке-
зеңдерін де тыс қалдырмаған. 15–16 ғ-ларға қатысты деректердің
мол жинағы М.Х.Дулаттың “Тарих-и Рашиди” шығармасы болып
табылады. Екі бөлімнен тұратын бұл шығарма Моғолстан мен Қашқа-
рияны мекендеген шағатай тұқымынан тараған хандардың саяси тарихы,
дулат тайпасы және оның Шығыс Түркістанда билік құруы, моғолдардың
тарихына қатысты бірнеше дерек келтіреді. Соның бірі Керей мен Жә-
нібектің соңына ерген жұртымен Моғолстанға қоныс аударғанын және
қазақ атауын өзге жұрт бергендігін жазады. Қазақ елінің тарихын толық-
тыра түсетін келесі бір дерек Махмуд Абдоллах бен Уәлидің “Зубдат
ал-асрары”. Ол қазақтардың орта ғасырлардағы көрші елдермен саяси
қарым-қатынасының оқиғаларына толы. Дегенмен, халықтың төл тарихы
шежіре мұрасында. Көне заманнан бері көшпелі тұрмыс құрып, ауыз әде-
биетімен өмір сүрген қазақ тарихын зерттеуші ғалымдар негізгі дерек кө-
зін шежіреден табады. Ел арасында айтылып келген тарихи оқиғалар 19
ғ-дың соңында қағазға түсіріліп, жинала бастады. Халықтың өткен тари-
хын баяндаған “Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі” деген шежі-
ре кітабының кіріспесінде Ш.Құдайбердіұлы ел ішінен естіген-білгенінен
басқа, көне замандағы түрік, араб, парсы, қытай жазбалары мен орысша
кітаптарды оқығаны жайлы жазады. Шежіре 1911 ж. Орынбор қаласында
басылып шықты.
Бұл шежіре турасында Ә.Бөкейхан: “Мұнан бұрын қазақ шежіресі қа-
зақ тілінде кітап болып басылған жоқ. Шәкерімнің бұл кітабы – қазақ
шежіресінің тұңғышы; қазақ шежіресін білмек болған аға-іні іздегенді
осы кітаптан табасың. Енді мұнан былай қазақ шежіресін жазбақ бол-
ған кісі Шәкерім кітабын әбден білмей қадам баспа” – дейді.
Халық ауыз әдебиетін жинауда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің де еңбегі зор.
Оның қолжазбаларында көп шежіре жазылған. Көпеев: “Біздің бұл қазақ-
та тасқа таңба басқандай анық шежіре жоқ... Естігенін ұмытпайтұ-
ғын, құлағының тесігі бар, кеудесінің есігі бар, ұқпа құлақ жандар болған.
Сондай жандардың айтуымен кеудесі хат, естіген көргені жад болған
қариялар кейінгіге ауыздан-ауыз алып айтумен үлгі-өсиет қалдырған”
– деп халық мұрасының ауызша сақталып келгенін ескертеді. Көпеевтің
шежіресінде қазақ тарихының елеулі кезеңдеріндегі тарихи оқиғаларға
байланысты сақталған аңыз, әңгіме, мақал үлгілері көп. Алайда, Көпеев-
тің көп дүниелері әлі қолжазба күйінде, олар ғыл. тұрғыда зерттеліп, жи-
нақталмаған. Ол тек 2003 ж-дан бастап қана қолға алына бастады.
Жарық көрген құнды шежірелердің бірі – Құрбанғали Халидтың
“Тауарих Хамсасы”. Шағатай тілінде жазылған бұл туындыда қазақ елінің
тарихы, әдет-ғұрпы, “қазақ” этнонимінің шығу тарихы, рулар жөнінде тың
деректер кездеседі. Әсіресе, қазақтың қырғыз аталуы туралы жерлердің
10
Матай, Садыр рулары
біз үшін мәні зор. Қазақтың төл деректерінен басқа қырғыз шежіре ең-
бектерінен де қазақ тарихына қатысты баяндалатын оқиғалар кездеседі.
Мыс., “Тарих, түпкі аталар” деп аталатын 1920 ж. жарық көрген Тоғолоқ
молданың шежіресінде Есіркемеш ұрпағы Түгелбайдың Әулие Атада Ер
Есім ханның еліне араласып, қосылып кеткені жөнінде жазылған әңгіме
бар. Шежірелер қазақта, моңғолда, алты алашта хандар шежіресі болып
басталады. Мұсылман дінінің әсерімен жазылған шежірелер де бар. Қа-
зан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі көптеген ресейлік зерттеушілер шежіре-
ні, тарихты терең түсінбек түгіл қазақ, қырғыз елдеріне бір этнос ретінде
қараған. Тек А.И. Левшиннен бастап қана орыстар қазақ пен қырғыз өз
алдарына жеке-жеке этнос екенін айтады. Қ. ш-н зерттеуге ресейлік ға-
лымдардан Н.А.Аристов, П.И. Рычков, А.И. Тевкелев, Г.Е. Грумм-Гржи-
майло, В.И. Даль, В.В. Бартольд, т.б. көп үлес қосты. 19 ғ. мен 20 ғ-дың
басында Қазақ Шежіресін жасауға Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, М.Сера-
лин, М.Тынышбаев, Н.Наушабаев, т.б. көп еңбек сіңірді. Кеңес заманын-
да шежіре ескінің қалдығы есебінде танылды, оның дамуына тосқауыл
қойылды. Алайда, ғасырлар бойы қалыптасқан шежірешілік дәстүрді
Х.Арғынбаев, С.Толыбеков, С.Мұқанов, В.Востров, М.Мұқанов, т.б. ға-
лымдар жалғастырды. 19 ғ-дың соңында қазақ шежірешілері бірнеше
бағытты ұстанды және ел аузында сақталған, не хатқа түскен мұралар-
ды өңдеп бір ізге түсірді. Құдайбердіұлы батыстық зерттеушілерге бағыт
ұстанса, Халид шығысқа еліктеді. Көпеев қазақ ауыз әдебиетіне сүйенді.
“М.Ж. Көпеев шежіресінің өзге шежірелерден өзгешелігі, ол әрбір
аталарды баяндағанда, сол аталардың тұсында болған оқиғалар ту-
ралы ел аузында қалған ертегі-аңыздарды қоса айтады” деп жазады
С.Мұқанов. Бұл жолды жалғастыру терең білімді, тілді, өнерді, әдебиетті,
еур. гуманитарлық ғылымдарда қарастырылып жүрген ғыл.-зерт. әдісте-
рін, еураз. дүниетанымды қажет етеді. Шежіремен жұмыс істеудің басты
қиындығы – бірнеше дәуірдің тарихы бір-бірімен астасып жататынды-
ғында. Мыс., 15-17ғ. тарихы Көпеев шежіресінде тікелей хандарға қатысты
сипатталады. Ал, шын мәнінде ол жерде әңгіме Қазақ хандығының 15-17 ғ.
тарихы туралы да болып отыр. Сол сияқты Құдайбердіұлы шежіресінде
Қазақ мемлекетінің тарихы мен құрылымы жөніндегі мәліметтер ғыл. тұр-
ғыдан түсіндіруді қажет етеді. Қ. ш-нен кісінің тегі, ата қонысы, қауымға
қосқан үлесі, Отан қорғаудағы орны, меншігі, адами құқығы байқалады.
Ру, бау, сан, тайпа, тұқым, тек, арыс, жүз, жұрт, ел, отан сияқты
халықтың тарихын көрсететін мағлұматтар – шежіренің негізгі өлшем-
дері, тұтас этнос, халық тарихының сырын ашуға бірден-бір қажет де-
ректер. Қазақ халқының ата шежіресі ерте кезден сақталған. Оған “Жеті
атасын білмеген жетесіз”, “Жеті атасын білген ер – жеті рулы елдің
қамын жер, Жалғыз өзін білген ұл – құлағы мен жағын жер” деген аталы
сөздер дәлел бола алады.
11
Найман – Төлегетай:
Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы әркімнің
ата жағынан тегін таратудың нақтылы жүйесі. Қазақ баласы өзінен
бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б. жеті атасының нақты есімдерін кішкен-
тайынан жаттап өседі. Әр ұрпақты шартты түрде 25 жастан есептесек, ол
175 жылды қамтиды. Сөйтіп, адамның жеке басының тағдыры арқылы,
ата тегінің терең тамырларынан мағлұмат береді. Шежіре зерттеушілер:
туыстас немесе көршілес бірнеше отбасы бір қоныста отырса – ауыл,
ауылдас, көрші; іргесі алшақтау болса – жерлес.
Жеті атадан құралғандар (бір атаның кіндігінен тарағандар – қандас;
бір ата 13 атадан асса – ру; бірнеше ру қандастықпен, не ортақ мүдде-
мен біріксе – тайпа; өзара қоғамдасып, жүз болып қауымдасқан тайпа-
лар біріксе – халық немесе ел, оның ішінде өзге ұлт, ұлыстармен сая-
си теңдігі болса – ұлыс, дербес шекара, саяси-экон. тәуелсіздікке қолы
жетсе – мемлекет, тілі мен дәстүрі, мәдениеті, жері, әлеум. рух, жігері,
этн. ерекшелігі ортақтасып, дараланса – ұлт болады деген тұжырымға
тоқтаған.
Сол сияқты “жеті ата”, “ата-бабалар”, “немере ағайын”, “жама-
ғайын”, “қалыс ағайын” деген атаулардың да нақты анықтамасы бар.
Жеті ата: әке, ата, әз ата (бұл үшеуі – аталар), баба, тектік, төркін,
тұқиян (бұл төртеуі – бабалар). Осы жетеуі бірігіп “Ата-бабалар” ата-
лады. Ал 3 ағайын, 15 ұрпақ былайша жіктеледі:
а) Немере ағайын: бала, немере, шөбере, шөпшек, өбере;
ә) Жамағайын: туажат, жүрежат, жекжат, жұрағат, жамағат;
б) Қалыс ағайын: өркен, әулет, зәузат, жаран, қалыс. 15 буынды бұ-
лайша бөлу қазақтардың өзін, ата-бабасын, өткен күнін, болашағын өмір
бойы қадағалап, анықтап отыратынын көрсетеді.
«ЖЕТІ АТА» – бір кісіден тараған аталас қауым
Бала жеті атасын білу керек
• Жеті ата • Жеті ұрпақ
• Бала • Әке
• Әке • Бала
• Ата • Немере
• Арғы ата • Шөбере
• Тек ата • Шөпшек
• Түп ата • Немене
• Баба • Туажат
12
Матай, Садыр рулары
Қ. ш-нде рулар жүзге барып тіреледі. Жүз – тарихи-әлеум. кате-
гория. Ол, біріншіден, байтақ қазақ сахарасында ғасырлар бойы қалып-
тасқан көшпелі шаруашылықтың жер ыңғайына қарай орналасуына бай-
ланысты экон. мұқтаждықтан туған. Әрбір тайпалық одақ қыс қонысын,
жаз жайлауын көшпелі тіршіліктің өзіндік ерекшелігіне орайластырған.
Екіншіден, ел, отан, жер қорғау мүддесінен туындаған. Үшіншіден, жеті
атаға дейін қан араластырмай, тұқым тазалығын сақтау арқылы этнос-
тың генетик. қорын аман алып қалуға бағытталған. Сөйтіп, ол белгілі бір
геогр. шеңберде, белгілі бір ортада ортақ халықтық бақылауға алынған.
Үш жүз бола отырып, қазақ елінің тәуелсіздігін, қазақ жерінің тұтастығын
қорғаған. Ортақ тіл, діл, атамекен халықтың бірлігіне, мүдде бірлігіне қыз-
мет еткен. Қ. ш-ндегі аңыздар жеке тұлғаны қасиетті, киелі етіп көрсетеді.
Бұл Қ. ш-нің тек тарихи дерек қана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақты
ұлтын ұлықтау үшін тәрбиелік мәні болғандығын да аңғартады.
ШЕЖІРЕ – бұл халқымыздың ата тегінің таралуын, шығу тегін дә-
лелдейтін маңызды ақиқаттық жол...
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ
К. БӘТІШҰЛЫ, «Айқап» журналы, 1911 жыл №1
Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам
Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол
заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш, алаш болғанда, Алаша хан болған-
да, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.
АЛАШтан СЕЙІЛХАН, ЖӘЙІЛХАН деген 2 бала туған делінеді.
ЖӘЙІЛХАНнан – МАЙҚЫ би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы –
Майқы би» деген сөз бар. МАЙҚЫ биден – ӨЗБЕК, СЫБИЯН. «Өзбек
- аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған.
СЫБИЯНнан, АЙЫРҚАЛПАҚтан - ҚАЗАҚ, СОЗАҚ.
ҚАЗАҚтан үш бала туады: АҚАРЫС, ЖАНАРЫС, БЕКАРЫС.
Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, не-
сіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр бо-
лып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «ҰЛЫ ЖҮЗ», ортан-
шысына қараған елді «ОРТА ЖҮЗ», кішісіне қараған елді «КІШІ ЖҮЗ» деп
атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді.
СОЗАҚтан - ҚАРАҚАЛПАҚ.
13
Найман – Төлегетай:
Мұнан біраз заман соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Ең-
кейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып,
тұс-тұсына бытырап күнкөруге әуелде таудың оңтүстігінде өзінің отырған
жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнба-
тыс жағына әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып,
жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зар-
лық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен,
Қара көзден мөлдіреп жай келеді.
Мына заман, қай заман, бағы заман,
Баяғыдай бола ма тағы заман?!
Атадан ұл, енеден қыз айырылды,
Көздің жасын көлдария ағызамын.
Мына заман, қай заман, қысқан заман.
Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.
Топырақ пен аспаннан шаң борайды,
Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.
Бізге қысым көрсеттің қатты, құдай,
Қабырғама қара жер батты, құдай.
Жаяу жүрсем табаным ауырады,
Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!
«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрінің білетін се-
бебі осылайша-дүр.
Ұлы жүз АҚАРЫСтан екі бала
ҮЙСІНнен төрт бала – ШАҢЫШҚЫЛЫ, ҚАҢЛЫ, ОШАҚТЫ, ІРГЕНЕКТІ.
ДУЛАТтан төрт бала – БОТБАЙ, ШЫМЫР, СИҚЫМ, ЖАНЫС.
Орта жүз ЖАНАРЫСтан жеті бала – ТАРАҚТЫ, АРҒЫН, ҚЫПШАҚ,
НАЙМАН, ҚОҢЫРАТ, КЕРЕЙ, УАҚ.
Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне бұл жерде
Қыпшақты жазамын. Жанарыстан Ақтымсопы онан Қыпшақ, онан Ақкөбік
алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала: Қара,
Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қы-
14
Матай, Садыр рулары
тайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан,
Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.
Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туа-
ды: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.
Кіші жүз БЕКАРЫСтан АЛШЫН туады, онан Алау батыр, онан Құдуар
тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қал-
ған екен. Құдуардан екі бала: Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қы-
дырқожадан он екі бала Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір,
Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.
Қаракесектен Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті.
Шөменнен Аспан, Бозғұл: Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар:
Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.
Бұл АЛАШТЫҢ барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ
бөтен халықпен шектессе біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бі-
рыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер – біздің
бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан
артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер
деп үміт етеміз.
15
Найман – Төлегетай:
ҚАЗАҚТЫҢ ТҮП АТАСЫ
Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
Қазақтың түп атасы – батыр Түрік,
«Арабсың» деген сөздің түбі шірік.
«Пәленше сахабаның затысың» деп,
Алдаған дін жамылған өңкей жүлік.
Адамның тұқымынан – Нұқ пайғамбар,
Үш ұлы – Хам, Сам, Яфас, міне, осылар.
Яфастың бір баласы Түрік деген,
Өрбіген сонан өсіп талай жандар.
Болады араб жұрты – Самның ұлы,
Біледі шежіренің бәрі мұны.
Түріктің шын аты екен Надұлұше.
Түрік деп неге атанды тыңда соны.
Қарлы Алтай қатты суық тауда жүріп,
От жаққан Надұлұше оймен біліп.
Суықтан сөйтіп елін сақтаған соң,
Түрік деп хан көтерген патша қылып.
Оқ өтпес – түрік деген – темір тұмақ,
Ат қойған ұйқастырып елі тым-ақ.
Жан сақтар темір киім, от ел сақтар,
Емес пе жарасымды, көрсең сынап.
Аталған сөйтіп Түрік Надұлұше,
Ол кезде жылдар өтті мыңдап неше.
Түріктен шыққан талай сайыпқыран,
Жер жүзі тітіренген түрік десе.
Кім білмес баяғы өткен Оғұзханды,
Қаратқан қол астына талай жанды.
Басында Азияны түгел билеп,
Үрім, Парсы, Арабтың да көбін алды.
Жазады талай елдің жазушысы,
«Адамның өзгеше, – деп, – қылған ісі».
340 жыл бұрын пайғамбардан,
Атағы жер жүзіне шыққан кісі.
16
Матай, Садыр рулары
Оғұзхан – Мұғылханның немересі,
Қарахан еді оның өз әкесі.
Ерлігі, естілігі, әділеті,
Әлемде болған емес бір теңдесі.
Айтайын Атилланың қылған ісін,
Сиқыр деп ойлаған жұрт қайрат, күшін.
Азияны түгел билеп, Европаның
Көбі ауған Атилладан қорыққаны үшін.
Атилла – Мұнжықханның баласы еді,
Басы үлкен, кеудесі кең, аласа еді.
1500 жылдай болды өлгеніне,
Оның да қылған ісі тамаша еді.
Қайтейін айта беріп алған жерін,
Атаңның ойға түсір сондай ерін.
Қор болып осы күнде отырсың да,
Қозғалсын өткенді ойлап іште шерің.
Кім білмес кешегі өткен Шыңғысханды,
Жартысын дүниенің түгел алды.
Талайын Европаның бас игізіп,
Қорқытып Қытайға да алым салды.
Қолына туып еді қан уыстап,
Әлемді билейтұғын үлгі нұсқап.
Қойылған Шыңғыстауға соның аты,
Өзенін осы хақан кеткен қыстап.
Ортасын араб, қытай түгел алып,
Азия, Европаға жарлық салып.
Мейірімді, алған елге әділетті.
Кетеді, қарсыласса, қанға малып.
800 туғанын жылға толды,
Темучин атын бұзып, Шыңғыс қойды.
Шыдамды Шыңғыс деген мықты демек,
Отызға келмей тұрып бақыт қонды.
Ол туған Бүлүнжылдық деген жерде,
Рахымды қол астында кірген елге.
17
Найман – Төлегетай:
Не дінге, не ғұрыпқа қол сұқпаған,
Ой жібер, міне, осындай кемеңгерге.
Кешегі Әмір Темір қандай еді,
Әлемге жаққан жарық шамдай еді,
Міне оның туғанына 600 жыл,
Батырдың сайыпқыран маңдайы еді.
Әкесі Тарағай да батыр еді,
Кіші деген жерді билеп жатыр еді.
Ту ұстап Әмір Темір атқа мінді,
Жазасын талай жауы тартып еді.
Шыңғыстың алған жерін о дағы алған,
Болмайды бұл сөзімнің бірі жалған.
Түріктің хан Йылдырым Баязитін
Ағашқа жеңіп ұстап таңып алған.
Дұшпаннан қарсы келсе қан ағызған,
Бір емес мұндай қанды көп ағызған.
Алғанда Асфаһанды көп соғысып,
Жетпіс мың бас сүйектен үй салғызған.
Түріктен талай сабаз батыр келген,
Шыққан ба ондай батыр бөтен елден.
Қытайды шабамын деп бара жатып,
Ол Темір дәл жетпіс бір жасында өлген.
Кім білмес кешегі өткен Тоқтамысты,
Орыстан алым алып, көрдей қысты.
Қазақ пен ноғайлының ақындары,
Едіге, Тоқтамысты жыр қылыпты.
Демеңіз атақтының бәрін де жаз,
Жазуға түгел теріп жетпес қағаз.
Кейінгі айтылатын сөзді тыңда,
Түріктен тағы қандай шыққан сабаз.
Жоғарғы айтқанымды қылсаң пайым,
Құя бер құлағыңа ұққан сайын.
Бұл күнде Стамбулда бөлек тұрған,
Айтайын енді Оспанды түрік жайын.
18
Матай, Садыр рулары
Түріктің Сақа деген бір табы еді ол,
Тауына Гималайдың барыпты ол.
Сақадан қаңлы деген тап бөлініп,
Баруға Үрім жеріне тартыпты жол.
Солардың кеткеніне 700 жыл,
Айтылды біраз одан, оны да біл.
Кез болып кезіп жүріп зор бақытқа,
Қандай бақ берді тәңірі, соны есеп қыл.
Қаңлының ханы болған Қия деген,
Жер алып, ерлікпенен ел билеген.
Ол өліп, жалғыз ұлы ер Сүлеймен,
Сол жерден қайта көшіп, жөнеп берген.
Евфраттың дариясына келіп жеткен,
Су тасып, нөсер құйып асқан шектен.
Алды-артқа қаза келсе қарата ма,
Қапыда ер Сүлеймен суға кеткен.
Талапты тағдыр оған бала берген,
Қайраты, ақылы артық дана берген.
Ер Тұғырыл – Сүлейменнің жалғыз ұлы,
Сол жерде 400 үймен қала берген.
Көшсе де өңкей қаңлы, көшпей қалған,
Ерлікпен маңындағы елді алған.
Бірталай аз уақыт әскер жиып,
Ер Тұғырыл есті батыр деп аталған.
Хан емес, көп әскердің басы болған,
Қартайып сүйтіп жүріп жасы толған.
Орнына Оспан деген ұлы отырып,
Ер Тұғырыл 90 жаста опат болған.
Осы Оспан көп ел алып хан болыпты,
Ақылды, аса айлалы жан болыпты.
Келгенше осы кезге сол ат өшпей.
«Оспанды түрік» деген даң болыпты.
Ұғып ал осы сөзді, жас ұландар,
Өз баурың ол түрік те, осыны аңғар.
19
Найман – Төлегетай:
Құл болып біз қорлықта отырсақ та,
Көп шыққан атамыздан арыстандар.
Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы хан ғой,
Баласы Бату-дағы батыр жан ғой.
Сарт, ноғай, қалмақ, қырғыз, қыпшақ,
Басында бәрі соған қараған ғой.
Орысты алғаш алған Бату өзі
1243 жылдың кезі.
«Сағымға садақ ілген Сайын хан» деп,
Батуға қойылған ат лақап еді.
Батумен бір туысқан Тоқай темір,
Көшпелі Көк орданы сол билеп жүр.
Біздің ел онда қазақ атанған жоқ,
Сарт, ноғай, қазақ, қалмақ – түбіміз бір.
Батудың жұрағаты – Өзбек хан,
Тұсында болған екен ол мұсылман.
«Дін қалды Өзбектен» деген мақал,
Қалмайды әлі күнге аузымыздан.
Темірхан – Тоқайтемір жұрағаты,
Дейтұғын Орманбет хан лақап аты.
Айнытпай атасының орнын басқан,
Түріктің ол дағы бір асыл заты.
1446 жыл келгенде,
Орманбет қаза жетіп ол өлгенде.
Таласып, зор хандыққа ұсақ хандар,
Быт-шыт қып ноғайлыны төрт бөлгенде.
Астрахан, Қырым, Қазан қаласында
Болыпты төрт бөлек хан таласында.
Билеген бергі шетті Әбілқайыр
1450 жылдың шамасында.
Осы кез біздің «қазақ» атанғандық,
Түрікте бір әдет бар ескі заңдық –
Тамызып, қанын сүтке қосып ішіп,
«Анда» деп жасайды екен туысқандық.
20
Матай, Садыр рулары
Туысқа анда болған қарамайды,
Жақын деп қан қосылмай санамайды.
Ішсе де қай ұрумен қанын қосып,
«Бір туған жақыным» деп бағалайды.
Құралған әр рудан қазақ басы,
Анда боп қан қосылған қарындасы.
«Ел болып, өз еркімен еркін жүрген»
Деген сөз – қазақтықтың мағынасы.
Қазақтың Әз Жәнібек ханы болған,
Билеген сыртын ноғай заңы болған.
Арғынның арғы атасы Дайыр қожа,
Дейтұғын бір әділ би тағы болған.
Ол биді Әбілқайыр жақсы көрген,
«Ақжол» деп оң тізеден орын берген.
Қобыланды қара қыпшақ батыр еді,
Намыс қып күндестікпен шайтанға ерген.
Өлтірген аңдып жүріп Ақжол биді,
Қазаққа осы жұмыс ауыр тиді.
Қысасқа Қобыландыны өлтірем деп,
Жар салып, Әз Жәнібек халқын жиды.
Жалынған «үш кісінің құнын ал» деп,
Алмаған «бізге керек емес мал» деп.
Бермеген Әбілқайыр Қобыландыны,
«Мұны өлтірсең, қалған ел бұзылар» деп.
Сондықтан өкпе қылып қазақ көшкен,
Қыпшақты шауып-жаншып, қатты өштескен.
«Шудағы Шағатайдың нәсілінен,
Қараймыз Мұғылтемір ханға» дескен.
Әскерін үшке бөлген Әз Жәнібек,
Ұлы жүз, орта жүз бен кіші жүз деп.
Шағатай тұқымынан Ахмет-Алаш.
Үстінен көшкен елдің тұрған билеп.
Ол кезде қазақ, қалмақ жерге талас,
Болса да тұқымы бір, заты аралас.
21
Найман – Төлегетай:
Ахметті «Әзірейіл алашсың» деп,
Қалмақтар оның атын қойған Алаш.
1500 жыл боларда батыр Шайбақ,
Нәсілін Әмір Темір түгел айдап.
Самарханд пен Бұқарды тартып алып,
Ташкентке де кіріпті көзі жайнап.
Соғысқан Оратөбе деген жерде,
Ұқсаған ағызған қан аққан селге.
«Өзбек – өз ағам, сарт – садағам» деп,
Болысқан сонда қазақ Шайбақ ерге.
Бұл Шайбақ – Әбілқайыр немересі,
Атақты Өзбектің шөбересі.
Өлтіріп Алаш ханды, Ташкентті алған,
Үйірін қайта тапты деген осы.
Баласы Әз Жәнібек – Қасым еді,
Атағы сол соғыста асып еді.
«Қасымның қасқа жолын» сол шығарған,
Ташкеннің алтын тағын басып еді.
Қасымның баласы еді Сығай ханың,
Тұр еді түгел билеп Ташкент маңын.
Сығайдың баласы екен Тәуекел хан,
Айтайын сарт Ташкентті қайта алғанын.
1598 жылдың кезі,
Тұрсынхан Ташкентті алып, сол биледі,
Түрікке сарт атанған хан боп тұрған,
Бұл Тұрсын – Шайбақ ердің тұқымы еді.
Есімхан Тәуекелден туып қалған,
«Есімнің ескі жолы» заң шығарған.
Өлтіріп түн ішінде Тұрсын ханды,
Ташкентті, сартты шауып, қайтып алған.
1600 жылға таянғанда,
Есімхан ескі тағын қайта алғанда.
Айбике, Қоңырбике, Нұрбикені
Олжалап алып келген сол барғанда.
22
Матай, Садыр рулары
Тұрсынды өлтірерде түнде барып,
Күзетшісін есіктің байлап алып.
Есімнің қасындағы бір жыршысы,
Оятқан Тұрсын ханды әнге салып.
Сондай ер бүгін қайда, Құдайым-ау,
Бұл елдің бүйтіп қор боп тұрғаны анау.
Өлмеген Тұрсын ханды оятқанда,
Төлеген жыршысының сөзі мынау:
«Ей, қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын.
Жетім елді жылатып,
Жер тәңірісіп жатырсың,
Хан емессің – қатынсың.
Қазақ келді – қапылсың.
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалың жеткен пақырсың.
Көнбесең де көнерсің,
Иманыңды айт, өлерсің.
Еңсегей бойлы ер Есім
Шашқалы тұр қаныңды,
Алғалы тұр жаныңды,
Кешікпей сонан көрерсің».
Есімнің Салқам Жәңгір баласы еді,
Ол дағы қалың елдің панасы еді.
Жәңгірдің қалмақ қызы қатынынан
Әз Тәуке адамзаттың данасы еді.
Қызы еді Қайып ханның бір қатыны,
Осыдан Уәлібақы туған ұлы,
Әз Тәуке хан болған соң өкпе қылып,
Кетіпті Үргенішке дейін мұны.
Осы еді Абылайдың арғы атасы,
Болмайды бұл сөзімнің еш қатасы,
Абылайдың осы атасы сол жақта өліп,
Хан болған мұнда келіп қара басы.
Бұл жерде Абылайды тоқтатайын,
Қараңдар шежіремнен оның жайын.
23
Найман – Төлегетай:
«Басында Күлтөбенің күнде кеңес»
Жол салған Әз Тәукені сөз қылайын.
Ақылы айдын көлдей тольш тұрған,
«Қасқа жол», «Ескі жолды» толықтырған.
Бекітіп біржолата қазақ заңын.
Жол салып, мінсіз қылып орнықтырған.
Аздан соң жау көбейіп болған қауіп,
Қазақты тұс-тұсынан әр ел шауып.
1552 жылдарында
Шетіне Амудария барған ауып.
Баласы Болат хан боп, Әз Тәуке өлген,
Хан шыққан Нәдір деген парсы елден.
Жан-жағын әлгі Нәдір жалмаған соң,
Қайта ауып біздің қазақ Сырға келген.
Келгені 1700 шамасында,
Қалмақ бар бұрын Сырдың жағасында.
«Әрі отыр», «бері отыр» деп талас шығып,
Болыпты талай соғыс арасында.
Қазақтан, қалмақтан да қандар жауған,
Аз емес өлген адам адыр таудан.
1723 жыл шамасында,
Жеңіліп, әрі жұтап қазақ ауған.
Қазақтар Қаратаудан аса көшкен,
«Ақтабан шұбырынды болды» дескен.
Тұсында Абылайдың қалмақты айдай,
Қорлықтан кек алғаны қалмайды естен.
Жазғанмын ендігісін мұнан бұрын,
Шежіремнің «Еңлік-Кебек» оқы бірін.
Осыған соны қосып жаттап алсаң,
Білерсің түп атаңның барлық сырын.
24
Матай, Садыр рулары
II-ТАРАУ.
НАЙМАНДАР ТУРАЛЫ
Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәліметтер
НАЙМАН
Наймандар – қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі.
НАЙМАНДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
Қытай тарихында сақталынған 9-12-ғасырлардағы «Қидан деректе-
рі» мен «Алтын патшалығының деректерінде (жиншы)» наймандардың
бұрынғы аты «жанбон», «жанбақ», «жәнбагі», «жанбағ» деп жазылған.
Найман атауын қидандар Алтай тауларындағы сегіз өзенді айнала ор-
наласқан тайпаларға берген, кейін осы атпен Найман аталып кетті. Най-
мандар тайпасының тегі туралы мәселе ертеден-ақ тарихшылардың
пікірталасын тудырып келді. Бірқатар зерттеушілер (И.Я. Шмидт, А.М.
Позднева, Д.Оссон, В.В. Бартольд, В.П. Васильев, т.б.) Наймандардарды
моңғол, басқалары (Рашид әд-Дин, Х.Ховарс, П.Поуха, А.Бобривников,
Г.Е. Грумм-Гржимайло, Н.А. Аристов, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан) түркі
тегіне жатқызды. Қазіргі уақытта олардың түркі тектес екендігі толық дә-
лелденген. Көптеген зерттеушілердің пікірінше “найман” атауы моңғолша
“сегіз” деген сөзді білдіреді. “Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі
тілдес халық болды. Олар 8 ғ-дан бастап “сегіз оғыздар”, кейінірек “цз-
бу-бу” одағын құрап келді. “Найман” сөзі оларға көрші халықтардың бер-
25
Найман – Төлегетай:
ген атауы” деп жазды Л.Л. Викторова. Әбілғазының пікірінше: “найман-
дар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық”. “Селенга
тас жазуы” деп аталатын 750 ж. тұрғызылған ұйғыр ескерткішінде, “Ляо
ши” жазбаларында (8 ғ.) сегіз-оғыздар туралы мәліметтер кездеседі. Се-
гіз оғыз жұртын әуелі “найман аймақ” (“сегіз тайпа”) деп 10 ғ-да қидан-
дар атай бастаған деген топшылау бар. Кейіннен моңғол империясының
дәуірлеуі бұл сөздің негізгі атау орнына қолданыла бастауына одан әрі
жағдай жасаған. Зерттеушілер бұл тайпа 10 ғ-дан “найман” деп атала
бастаса да, 13 ғ-ға дейін бұрынғы “сегіз” аты қосарлана айтылып келгенін
алға тартады.
НАЙМАНДАР ӨЗГЕ МЕМЛЕКЕТТЕР ҚҰРАМЫНДА
Наймандар моңғол империясы құрамында.
Сегіз оғыздар қағандығының шығыс бөлігінде орналасты. Шығыс Тү-
рік қағандығы ыдырағаннан кейін олар біраз уақыт Ұйғыр қағандығының,
кейіннен Солтүстік Қытайдан ауып келген қидандардың (Ляо әулеті) қол
астына қарады. Осы кезде сегіз оғыз атауының орнына наймандар сөзі
орнықты. 12 ғ-дың бас кезінде қидандар Цзинь әулетінен (шүршіттер)
жеңіліп, Жетісуға ауған кезде наймандар жеке ұлыс болып қалыптасу-
ға мүмкіндік алды. 12 ғ-дың 2-жартысында олар Орт. Азиядағы ең күш-
ті, жетекші мемл. бірлестіктердің біріне айналып, алыс-жақын елдермен
дипломат. қарым-қатынас орнатты (қ Найман мемлекеті). Осы кезеңдегі
жазба деректерінде наймандар батысында қаңлы, қыпшақ, шығысында
керей, меркіт, теріскейінде қырғыз, оңт-нде ұйғыр, таңғұттармен шека-
26
Матай, Садыр рулары
ралас, қоңсылас болғаны айтылады. Найман мемлекеті құлап, халқы
Шыңғыс хан империясына бағынған соң, олардың біраз бөлігі байырғы
қоныстарына жақын Ертіс, Алтай алқабында орнығып, Үгедей ханның
ұлысына қарады. Шапқыншылықтан ығысқандары Балқаш төңірегіне,
Алакөл маңына, Сыр, Ырғыз алқабына дейін орналасты. 15 ғ-да едәуір
бөлігі Әбілхайыр ханның, кейіннен Мұхаммед Шайбани ханның ықпалын-
да болды. Қалған бөлігі Қазақ хандығын құраған негізгі тайпалармен бір-
ге Моғолстан жеріне ауды. 16–17 ғ-ларда кейбір найман рулары Атбасар,
Ырғыз аймақтарында өмір сүрген. М.Шайбанимен бірге Мауераннахрға
ауған наймандар Сырдарияның төм. ағысындағы Балық пен Мерв ара-
лығы өңірлерінің саяси-әлеум. өмірінде жүзден аса жыл маңызды рөл
атқарды. 1620–25 ж. Хорезмдегі билік үшін болған тартыстан кейін най-
мандар бас сауғалап бір тобы қырғыздарға, бір бөлігі Еділ, Жайықтағы
Ноғай ордасына, енді бірі Бұхар хандығына бағынды. М.Тынышбаевтың
айтуынша, 1680 ж. наймандардың бір тобы Әулиеатадан Ташкентке де-
йін, Арыс пен Сырдария өңірін,Қаратау сілемдерін қоныстана бастаған.
“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдарында наймандардың
көпшілігі қырылып, қалғаны Самарқанд, Бұхар өңірлеріне ығысады. 1726
ж. наймандар Ресей шекарасына жақын келіп, Сәмеке ханның қол асты-
на өткен. Ол қайтыс болғаннан кейін Абылай билігіне қарай бет бұрып,
Алакөл, Зайсан, Алтайға дейінгі алқапқа орын тебеді. Олар қазақ хал-
қының жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық күресіне белсене қатысты. Қазақ
қолы 1750–60 ж. Жетісу мен Алтайды жоңғарлардан азат еткенде най-
мандар Қара Ертіс, Бұқтырмаға дейінгі бұрынғы ата мекенінің бір шетіне
ие болып, сонда түбегейлі орнығып қалды. Бұл қоныстану 1810 жылға
дейін жалғасты. 1917 ж. Ресей үкіметі жүргізген санақ бойынша Ресей
және Қытай империяларының құрамында 830 мыңдай наймандар өмір
сүрген. Наймандар Орт. Азияның өзбек, қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, т.б.
халықтарының құрамына енген.
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҚҰРАМЫНДАҒЫ НАЙМАНДАР
Қазақ халқының шежіре деректері бойынша НАЙМАНДАР ОРТА
ЖҮЗГЕ кіреді. Қазақ халқының құрамындағы НАЙМАНДАРдан: ТЕРІС-
ТАҢБАЛЫ (кейде ЕЛАТА), СҮГІРШІ, ТӨЛЕГЕТАЙ деген рулар бірлестік-
тері тарайды.
ТЕРІСТАҢБАЛЫдан: МӘМБЕТ, РЫСҚҰЛ;
СҮГІРШІден: БАЛТАЛЫ, БАҒАНАЛЫ, ЕРГЕНЕКТІ;
ТӨЛЕГЕТАЙдан: ҚАРАКЕРЕЙ, МҰРЫН, ТӨРТУЫЛ, МАТАЙ, АТА-
ЛЫҚ (кейбір деректерде КЕНЖЕ), САДЫР.
27
Найман – Төлегетай:
Келесі бір шежіре нұсқасында НАЙМАНДАРдан ТОҚПАН, ЕЛАТА,
ӨКІРЕШ таратылады. ЕЛАТАдан: КЕЛБҰҒА мен КЕТБҰҒА; ӨКІРЕШтен:
ТӨЛЕГЕТАЙ және СҮГІРШІ;
ТӨЛЕГЕТАЙдан: ҚАРАКЕРЕЙ, ТӨРТУЫЛ, САДЫР, МАТАЙ тарайды.
СҮГІРШІден: ЕРГЕНЕКТІ, БАҒАНАЛЫ, БАЛТАЛЫ;
ЕРГЕНЕКТІден: КӨКЖАРЛЫ, САРЫЖОМАРТ, БУРА рулары тарайды.
Әр рудың өз рулық таңбасы мен ұраны бар. НАЙМАНДАРДЫҢ ортақ
таңбасы – Y (бақан), ұраны – Қаптағай.
НАЙМАН
НАЙМАН деген сөз туралы да әр түрлі сөз бар. Профессор Березин
«найман деген сөз моңғол тілінше сегіз деген сөз, сегіз ру ел болғандық-
тан айтылған» дейді. Аристов «найман деген Катуни өзенінің бір айрығы
еді, сол өзен атыменен қойылған» дейді. Ескі заманда найман көп ел
болған, Шыңғыс хан тұсында Таң, Бұйрық деген ағайынды екі хан билеп,
екі бөлініп тұрды. Шыңғыс екі ханды да өлтіріп, елін шапқанда, найман-
ның бір бөлегі күнбатысқа қашып барып, осы күнгі моңғол ішінде моңғол
болып қалған наймандар - соның нәсілі. Бұл найманның да көбі жер жү-
зіндегі түрік нәсілдерінде бар.
Орта жүздегі найман, біздің қазақтың ескі сөзінше, Софы мырза деген-
нің нәсілі. Оны Баба мырза деген інісі өлтіргенде, Софы мырзаның тоқа-
лының жалғыз баласы Өкіреш қазақ ішіне көшіпті. Осы сөз Әбілғазы хан-
ның сөзіне тура келеді. Себебі Әбілғазының әкесі араб Мұхамедханды
өлтіріп, «орнына хан қоямын» деп Софы мырза Самарқандтан Хысырау
деген хан нәсілді біреуді алып келгенде, араб Махмұд біліп Хысырауды
өлтіріп, Софы мырзаны өзіне нөкер болып тұрған Софының інісі Баба
мырзаға бергенде, «мен ханға дұшпан кісіні аға қылмаймын» деп өз аға-
сын өзі өлтірді деп жазады. Орта жүздегі найманның бергі аталары тура-
лы жазылған Спасский, Аристов, Маевский деген орыс жазушыларының
сөзінде шатақ қаталары көрінді.
Біздің білуімізше, орта жүздегі НАЙМАН атасы - СОФЫ МЫРЗА,
оның баласы - ӨКІРЕШ, оның үш баласы - ДОМБАУЫЛ, СҮГІРШЕ,
САРЖОМАРТ.
ДОМБАУЫЛ тұқымы жылқысына теріс жағынан таңба басып терістаң-
балы атанды.
СҮГІРШЕнің баласы - ҚЫТАЙ, оның баласы - ТӨЛЕГЕТАЙ, оның
төрт баласы - ҚАРАКЕРЕЙ, МАТАЙ, САДЫР, ТОРТУЫЛ.
ҚАРАКЕРЕЙдің екі баласы - БАЙТОРЫ, ЕРТОРЫ.
БАЙТОРЫның баласы - Байыс және асырап алған Ақнайман.
28
Матай, Садыр рулары
ЕРТОРЫның баласы - Байсиық және асырап алған Қарамолда.
Байыстың бәйбішеден төрт баласы - Мәмбетқұл, Сыбанқұл, Ахмедқұл,
Сары. Мәмбетқұл жас күнінде өкпешіл болып, қыржиып отыра берген-
нен Қыржи атанды. Сыбанқұл Сыбан атанып, Ахмедқұл Ақымбет атан-
ды. Байыстың тоқалынан екі баласы -Тума, Тоқбақ және тоқал асырап
екі бала - Бошатчы, Байғана. Және Байыстың Мақта апай деген бір қызы
Тоқтарқожа дегенге тиіп, Байжігіт, Жанжігіт деген екі бала тауып, Жанжігіт
әкесімен еріп Түркістанға кетіп, Байжігіт мұнда қалған. Сарының қатыны-
ның аты Мұрын екен, Сарының нәсілі сол шешелерінің атымен Мұрын
атанды;
Байсиықтың төрт баласы - Жанғұлы, Меңлібай, Төбет, Ақбелбеу. Бұл
төртеуіменен асыранды Қарамолда нәсілі Семіз найман атанды.
МАТАЙДЫҢ үш баласы - АТАЛЫҚ, КЕНЖЕ, ҚАПТАҒАЙ.
АТАЛЫҚтың қатыны Қызай дегеннің атымен тұқымы ҚЫЗАЙ атанды.
САРЫЖОМАРТтың бәйбішеден - Қаратай және тоқалдың төрт бала-
сы - Бұйдалы, Жансары, Баржақсы, Шайгөз. Бұл төртеуі нағашысы Уақ
ішіне кетіп, күні бүгін ергенекті уақ атанып кетті. Оның себебі, Саржомарт-
тың нәсілі Ергенек таңба салып, ергенекті найман атанып еді. Сол себеп-
тен бұлар Ергенекті атанды. Бірақ халықтың көбі оларды Уақ деп кетті.
САРЖОМАРТтың асыранды баласы - Бура және шешесіне еріп келген
күңінен туған - Балталы, Бағаналы және бір құлы - Көкжарлы.
ТАРИХЫ
Найман туралы деректер оны әуелде Хинганнан Қарпатқа дейін созы-
лып жатқан Ұлы Даланың Ертіс пен Орхон өзендері аралығында ежелден
көшіп жүрген тайпалар қатарында таниды. Ол – сонау жыл санауымызға
дейінгі екінші ғасырлардан бастап дәуірлеп, Орта Азиядан Сары өзенге
дейінгі байтақ аймақты жайлаған Хунну (ғұн) ұлысының, біздің жыл са-
науымыздың бастапқы ғасырларында қытай жазбаларында «теле» деген
атпен әйгеленген байырғы киіз туырлықты қандас тайпалар қауымдасты-
ғының кесек бір сынығы. Әбілғазы жазуынша: «Наймандар – көне жұрт-
тардың бірі, малы мен басы көп өскен халық». Бұл ел VI-VII ғасырларда-
ғы айбынды Түрік қағанаты заманында дүниеге келген ата жазуымызда
Моңғолиядағы қазақ ғалымы әрі қайраткері Қ.Сартқожаұлының дәлел-
деуінше, «Байырқу», «сегіз оғұз» тайпасы түрінде көрініс береді. Бірсы-
пыра ғалымдардың дәлелдеуінше, «оғұз» сөзінің көне Түрк тіліндегі бір
мағынасы тайпа дегенге келеді. («оқ» - тайпа, «з» - жиынтық сан есім).
Ал «найман» моңғолша сегіз деген сөз. Сегіз оғұз жұртын әуелі «най-
29
Найман – Төлегетай:
ман аймақ» («сегіз тайпа») деп Х ғасырда моңғол тілдес қидандар атай
бастаған екен. Кейіннен моңғол империясының дүниеге келіп дәуірлеуі,
бұл сөздің негізгі атау орнында қолданыла бастауына одан әрі жағдай
жасаған еді. Зерттеушілер бұл тайпа Х ғасырдан «найман» деп атала
бастаса да, ХІІІ ғасырға дейінгі бұрынғы «сегіз» аты да қосарлана байқа-
лып келгенін де ортаға тартады. Кезінде Жапон теңізінен Шығыс Түркіс-
танға дейінгі байтақ өңірді қоластына бағындырып, наймандарға да біраз
уақыт билік жүргізген Лияу әулетінің (Ұлы Қидан мемлекеті тарихы тура-
лы жазылған жылнамаларда (Х ғасыр) наймандар батысында (Ертістен
ары) қанлы, қыпшақ, шығысында (Орхон, Тола және Оңғын өзендерінің
алқабы) керей, меркіт, теріскейінде (Селеңгеннің салалары) қырғыз, оң-
түстігінде ұйғыр, таңғұттармен шекаралас, қоңсылас болғаны айтылады.
Рәшид-әд-диннің «Жылнамалар жинағы» мен «Моңғолдың құпия ше-
жіресінің» көрсетуінше, Арғұн өзенінің Хайлар деп аталатын саласы мен
Халқын гол өзені алқабында қоңыраттар мекендеді. Екінші мыңжылдық-
тың бас кезінде осы қоңыраттардан батысқа қарай Керей, Меркіт жеріне
дейінгі аралықта (Онон, Керуленөзендерінің алқабы) хунну, дунхулардың
бір сынығы болып табылатын түрк-моңғол жұрттары да қанатын жайып
өсіп жатты. Ол тайпаларға өздерімен іргелес, кейіннен моңғол тілі деп
ен тағылған тілде сөйлейтін Қидан (осы сөзден «қытай» атауы шыққан)
мемлекетінің үстемдігі мен ықпал-әсері тым етене байқалатын. Түркі тай-
паларының қақ ортасында жатқан осы жұрттардың соңыра моңғол тілді
атанып кетуінің де бір себебі – түп-тегі Ішкі Моңғолиядан шыққан сол қи-
дандардың жегі құрттай дендеп кеткен жойқын ассимиляциясына тығыз
қатысы бар болуы да ғажап емес. (Мұндай мысалды алыстан іздеудің
қажеті де жоқ. Орыс тілі шыңдап ене бастаған жарты ғасыр ішінде, қазақ-
тың жартысына жуығының орыс тілді болып шыға келгені көз алдымызда
ғой). ХІІ ғасырдың басында Ұлы Қидан (Ляо мемлекеті) ыдырап, қидан-
дардың біраз бөлігі Жетісу мен Орта Азияға өтіп, Қарақытай мемлекетін
құрғаны белгілі (1140-1213). Олар кейінірек жергілікті халықтарға сіңісіп
кетті. Ал сол ғасырдың соңына таман Онон, Керулен алқабын жайлаған
тайпалардың арасынан Темүжин сынды жас көсем бастаған қият тайпа-
сы лау етіп көтеріліп, «тарыдай шашыраған моңғолдың басын қосып»,
аз уақытта-ақ маңындағы елді ұйыстыра алған моңғол мемлекетіне ай-
налды. Моңғолиялық қазақ ғалымы И.Қабышұлы Темүжинге Шыңғыс
(Жеңіс) деген есімді еншілеген керейлердің ханы Торы (Торғыл) екенін
айтады. Торыны оған қытайлар берген «Уаң» яки, бір елдің әміршісі лауа-
зымы бойынша Уаң хан деп те атайды. Өзі үлкен бір елдің билеушісі, әрі
әкесі Есугейдің андасы болғаннан кейін Торы бұл есімді «жақсы тілек»,
«жарым ырыс» қылып айтса айтқан шығар. Алайда Шыңғыс хан шап-
қан сайын төске өрлеп, маңайындағы Татар (тата, тетан) мен Қоңыратты
қоластына бағындырып алғаннан кейін, Керей елінің өзіне ауыз салды.
30
Матай, Садыр рулары
Әкесіндей болған Торыны (Уаң ханды) туған жерінен безіндіріп, ақыры
ол найман қарауылдарының қолынан кездейсоқ қаза тапты. Ал ауқатты
Найман мемлекетінің Шыңғыс ханмен шайқастары тарихи жылнамалар-
да жан-жақты жазылып қалған бір хикая.
Темүжиннің әкесі Есүгей батырдың тұсында Найман елін Инанч Біл-
ге қаған билеген еді. «Инанч» - сенімді, «білге» - білгір, кемеңгер деген
сөз. Сол Инанч білгенің заманында наймандар Қидан мемлекетінің (қа-
рақытайлардың) қармағынан құтылып, бостандығын алады. Ол өлгеннен
кейін Найман ұлысы екі баласы байбұқа (қосалқы аты – Тай, Таян. Қи-
дандар оған Дауаң) «үлкен әмірші» (деген атақ берген, сол сөз келе-келе
Таянға айналған) мен Бүйректің таласына түседі. Ақыры ағайынды екеу
арасындағы араздық ұлысты екіге бөліп тынады. Тай хан үлкені болған-
дықтан, әкесінің орнында жазық аймақты, Бүйрек таулы өңірді мекендей-
ді. Наймандар мен Шыңғыс хан әскерінің алғашқы шайқасы 1199 жылы
Алтай өңіріндегі Үліңгір көлінің маңында өткен еді. Онда Шыңғыс керей
ханы Торының шақыруымен одақтас ретінде көмекке келген. Сол жолы
Бүйрек хан ойсырай жеңіліп, өзі Енисей қырғыздарына қашып құтылады.
Арада үш жыл өтпей жатып, олар тағы да шайқас даласында бас қосқан.
Бірақ бұл жолы да Шыңғыс хан мен Уаң ханның тізе қоса қимылдауы
Бүйрек ханның ойсырай жеңілуіне мәжбүр етті. Ол басын әзер сауға-
лап, тағы да қашып құтылды. Бұдан кейін Шыңғыс ханның керейлермен
жауласып, Торы ханның (Уаң ханның) түбіне жеткенін жаңа айттық. Оны
өлтірген Бүйрік ханның ағасы Тай ханның жасауылдары болатын. Сол
хабарға көзі анық жеткен Тай бойын ашу-ыза кернеп: «Күншығыстағы аз
моңғол қыр көрсететінді шығарды. Атасынан асыл жаралған Уаң ханды
алуан түрлі қырмен қорқытып, безендіріп, өлімге душар етті. Сөйтіп олар
бәрін иеленіп, қаған болмақшы ғой, тегі? Күн мен ай аспанды үнемі жа-
рық етіп тұру үшінжаратылған болар. Ал жерде екі қаған бола алмайды.
Ендеше сол аз моңғолды байлап әкелейік», - дейді. («Моңғолдың құпия
шежіресі»). Сонда Тай ханның кіші шешесі Кербез: «Қайтпексің, ол моң-
ғолдар қоңырсыған иісті, қомыт-қомыт киімді емес пе? Әкеліп қайтесің.
Аулап жүргенің жөн ғой. Тек өңі түзу қыз-қатындарын әкеліп, қол-аяғыңды
жуындарап, мал сауғызса жетпей ме?» - дейді. Тай хан маңайындағы
әлі де моңғолдарға бағына қоймаған меркіт, қатаған, дүрбет тайпалары
және бұрын талқандалған керейлер мен татарлардың біраз бөлігімен
одақ құрып, Шыңғыс ханға қарсы жорыққа қамданады. Алайда бұл ха-
барды алысымен, Шыңғыс ертерек қимылдап, одақтастар әскеріне тұт-
қиылдан шабуыл жасап, оларды тас-талқан етеді. Тай хан соғыста қаза
тауып, оның ұлы Күшлік аман қалған жұртын бастап, бұл кезде Алтайдың
солтүстігінде жүрген ағасы Бүйрек ханға келіп паналайды. Осыдан кейін
бүкіл найман елінің қонысы моңғолдың қоластына қараған. «Құпия ше-
жіреде» Тай ханның кіші шешесі Кербез (Күрбесу) ханымды Шыңғыс хан
31
Найман – Төлегетай:
алдына әкелдіріп: «Сен моңғолды сасық депсің ғой. Қандай екен», - деп
өзіне тоқал етіп алғандығы жазылады.
Қанаттас отырған ірі көршілері наймандар мен керейіттерді осылайша
жеңгеннен кейін бұл өңірде енді Шыңғыс ханды тоқтата алатын күш те
қалмаған еді. Аз уақытта ол қазіргі моңғол жеріне сәйкес келетін аймақты
түгел бағындырып алды., 1206 жылы киіз туырлықты көшпелілер Онон
жағасына құрылтайға жиналып, «тоғыз сирақты ақ ту көтеріп», Шыңғыс-
ты Моңғол империясының ұлы ханы етіп көтерді. (Тарихшы И.Қабышұ-
лы сол империя құрылар қарсаңында моңғолдар 200 мың, керейлер 600
мың, наймандар 800 мың болған екен деген дәйек айтады). Осы құрыл-
тайдан кейін Шыңғыс хан Алтайдың күнгейінде әлі де найманның ата-
мекенін қайтарып алуды ойлап жүрген Бүйрек ханға жорыққа аттанады.
Ол бұл кезде ештеңеден хабарсыз Ұлық тау қойнауындағы Сақсу өзенің
бойында аз адаммен аң аулап, сейіл құрып жүрген еді. Қас қылғандай
қалың әскер дәл оның үстінен түседі де, тұтқынға алынып, ата жауы сол
жерде оның басын шабады. Оған паналап жүрген Күшлік аман қалған
елді ертіп Ертіске қарай қашады. Алайда Шыңғыс хан наймандарға бұл
жерде де тыныштық бермейді. 1208 жылы Ертіс жағасында наймандар
мен меркіттердің бірлескен күшін тас-талқан қылады. Одан кейін бұл тай-
палар Жетісуға қарай бас сауғалайды.
Күшлік хан Бесбалық, Тұрфай аймағы арқылы айналып, бір кезде най-
мандарды да билеген Қидан мемлекетінің Орта Азияға келіп жаңғырған
түрі Қарақытай империясының астанасы Баласағұнға жетеді. Бұл дәуір-
де Жоңғар тауынан Иранға дейінгі аймақ осы Қарақытай Гурханына (ұлы
ханына) қарайтын. Наймандардың Таян сынды ханының баласы Күшлік-
ті Гурхан сарайында ілтипатпен қарсы алады. Жилугу Гурхан оған қы-
зын беріп, жақын адамдарының бірі етеді. Бұл шамада Қарақытай мем-
лекетінің әлсіреп, бұған дейін оған бағынышты боп келген Хорезм елінің
елінің дәуірлей бастаған да кезі еді. Шамасы Гурхан Күшлік төңірегіне
жиналуға тиіс наймандарды өз мүддесіне пайдалануды көздеген де бо-
луы керек. Әрі Күшліктің де оған осы тектес уәде бергенін біз Рәшид-әд-
диннің «Жылнамалар жинағынан», Қытайдың «Жол қатынас тарихының
материалдары» атты еңбегінен ұшырастырамыз. Күшлік хан Жилугуге:
«Менің тайпам көп, олар қазір Еміл, Қойлық, Бесбалық жерлеріне келіп
қоныстанып отыр. Маған рұқсат берсеңіз, оларды жинап, олардың күшін
мен сіздерге көмек беремін», - дейді. Гурхан мұны мақұл көріп, оған қа-
ру-жарақ, қаражат береді. Әрине Таян ханның ұлы Күшлік хан Түркістан
аймағына келіпті деген хабар осы маңға Шыңғыс ханның қаһарынан ығы-
сып келген наймандарға қатты әсер етті. Олар тез арада Күшлік ханның
қоластына жиналып, жойқын күшке айналды. Бұл жағдай енді Күшлікті
Гурхан билігін тартып алу ниетіне итермеледі. Және сол кезде талай-
дан андысулы Мұхаммед Хорезмнің Гурханға қарсы шыққанын естуі мұң
32
Матай, Садыр рулары
екен, Күшлік те ойын жүзеге асырмақ боп Қарақытай әміршісіне қарсы
қимылды бастап жіберді. Жасанған әскер қойсың ба, Күшлік көп ұзамай-
ақ өз қайын атасының тағына отырды. Осылайша Шыңғыс хан әскерінен
күйреген (1204 жыл) Найман мемлекетінің соңғы ханы арада сегіз жыл
өтпей жатып, Қарақытай империясының билігін өз қолына алған. Тарихи
деректерде наймандар мен керейлердің несториан дінін (христиан дінін-
дегі бір ағым) ұстанғаны айтылады. Күшлік хан Жилугудің қызы Күнкеге
үйленгенннен кейін несториан дінінен шығып, будда дініне (пұтқа табы-
нушылық) кіреді. Ол кезде Қарақытай мемлекетіндегі жұрттың дені мұ-
сылман дінін ұстанатын болғандықтан, Күшлік хан тарапынан олар «не
несториан, не будда дініне кірсін» деген зомбылық талаптар да қойылып
тұрған көрінеді.
Атамекенінен көтере қуып жіберген найман ханы Күшліктің байтақ
Түркістан аймағында бұлайша дәуірлеп отырғанынан Шыңғыс хан сірә
Шыңғыс хан қол астындағы наймандардың
XIII ғасырда орналасқан жері.
хабарсыз емес-тін. Тек ол бұл кезеңде Қытайды жаулап алу жорықтары-
ның басы-қасында жүрді. Сол жорықтан қайтысымен, Шыңғыс хан 1218
жылы Күшлікке қарсы әйгілі қолбасшысы Жебе ноян басқарған күшті әс-
керін жіберді. Жебе ноян Қарақытай еліне жетісімен, баршаға дін, сенім
бостандығын жариялады. Бұған дейін де өзіне мұсылмандарды қарсы
қойып алған Күшлік шайқастарда шыңдалып келген моңғол әскерлерінің
екпініне төтеп бере алмады. Тас-талқан болып жеңіліп, Алтай тауларына
қарай қашты. Бірақ Жебе ноян оны қойммай қуалап жүріп, ақыры Сары-
көл маңында қолға түсіріп, өлтіріп тынады. Найман елінің Шыңғыс хан-
ға қарсы жиырма жылдай уақытқа созылған қан кешті күресі осылайша
аяқталды. Найман мемлекетінің күйреуі атамекендерінде қалың отыр-
33
Найман – Төлегетай:
ған бұл елдің құрамына кірген рулардың жан-жаққа кең ыдырап кетуіне,
басқа тайпалар арасына сіңуіне әсер етті. Олардың біраз бөлігі байыр-
ғы қоныстарына жақын Ертіс, Алтай алқабында орнығып қалып, Шыңғыс
ханның баласы Үгедей ханның қол астына қарады. Шапқыншылықтан
ығысқандары Балқаш төңірегіне, Алакөл маңына, Сыр, Ырғыз алқабына
орналасты, оңтүстікте Орта Азия хандықтары жеріне дейін жетті.
Бұл өңірде қоныстанған наймандар ХV ғасырдың соңында Мұхаммед
Шайбани ханның ықпалында болды. 16 ғасырда Марыға найманнан
шыққан Қобыз би, Жолым билер әмір жүргізді. Найман Назар би Балх-
ты биледі. Нұраталық көшпелілерді найман Ахметәлі басқарды. Шайбан
тұқымы Бабаханның бір әскербасысы найман Жанмұхаммед би болды.
Шежіреші Әбілғазы найман Сопыр мырзаның 1604 жылы оның әкесі
Араб Мұхаммед ханды өлтіру үшін қастандық ұйымдастырушылардың
бірі болғанын тілге тиек етеді. Осы мысалдардан-ақ наймандардың Орта
Азия аймағында қабырғалы күштердің бірі ретінде әрекет еткенін байқау
қиын емес. Бұл наймандар бірте-бірте жергілікті халыққа сіңісіп, өзбек,
қарақалпақ қауымдастығының бір тармағы болып кетті. Өзбектерде қа-
зақ-найман, қарақалпақта бағаналы, терістаңбалы, қырғызда бүйе най-
ман, күн найман, мырза найман, жуанбұт найман руларының кездесуі
сол араласудың бір нышаны.
Қазақ наймандары 1720 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығынан ке-
йін Орталық Қазақстандағы Тоқырауын алқабынан Алтай мен Жоңғар
тауларына дейінгі аралыққа орналасты. М.Тынышбайұлының айтуынша,
наймандардың 1810 жылы Қарқаралы мен Шыңғыстайды тастап оңтүс-
тікке қарай сырғуы олардың соңғы қоныс аударуы болған еді. Осы тарих-
шы наймандардың саны 1917 жылдың қарсаңында Бұқара мен Қытайда-
ғы руластарын қосқанда 830 мың адам төңірегінде деп көрсетеді. Орта
жүз елдері арасында дәл наймандардағыдай мол таңбаны кездестіре ал-
майсың. Олардың ірі рулық бірлестігі ғана емес, кейде жеке руларының
өзі де дербес ұран-таңбаға ие. Дәл осы ерекшеліктің өзінде оның сонау
бірінші мыңжылдықта «сегіз-оғыз» деп көрініс берген сипатының әсері
болуы да ғажап емес. «Сегіз тайпа» - демек, найман жұрты осынша тай-
падан құралған. Алайда ғылыми деректерде олар туралы анық мәлімет
жоқ.
Тарихи деректерге сүйенсек, «Найман» - қазақ шежірелерінде айтыл-
ғандай жеке адамның аты емес. Алайда халық шығармашылығы оны түп
бабаның есімі етіп, өзін найманбыз дейтін бар руды (олардың арасында
баяғы аласапыран замандарда басқа елдерден келіп сіңіскен жұрттар
бар болса да) сол «шалдан» ғана тарқатып қояды.
Қария сөздер бойынша Найманның кешігіп көрген Тоқпан деген ұлы
ер жеткен кезде Ұлы жүз Дулат бидің қызы Ақсұлуға үйленген екен дейді.
Содан аз уақыт өтер-өтпесте Найманның кемпірі мен ұлы Тоқпан қатар
34
Матай, Садыр рулары
қайтыс болады. Ақсұлу өзі түскен шаңырақтың болашағын ойлап, елі-
не барып, жақын сіңлілерінің бірі Әлпешті сұрап әкеліп, атасына қосады.
Найман Қызейнемен алты айдай ғұмыр кешіп көз жұмады. Екіқабат қал-
ған Әлпеш күн жетіп босанады. Баланың атын Найманнан қалған белгі
ғой деп Белгібай қояды. Оның екінші аты - Өкіреш. Найманның әулие
келіні Ақсұлу атасының жылын бергеннен кейін Қызынейді Найманның
ұлы атасы делінетін Сарманаймен бір туысқан Шумақ дегеннің немере-
сі Елтайға қосады. Оған атамның орнына атам болды деп Ел ата деген
ат қояды. Қызыней одан Серкібай деген ұл табады. Ақсұлу Белгібайды
тәрбиелеп өсіріп, он бес жасқа толғанда қайным деп оған өзі тиеді. Одан
Сүйінше, Сүгірше деген екі ұл табады. Немере сіңлісі Тоқсұлуды кейіннен
әпкеме қолқанат болсын деп бір сіңлісі Қаракөзді Белгібайға қосады. Қа-
ракөзден Өтеген туады. Қазақ шежіресінде бар НАЙМАН осы төртеуі-
нен тарайды да, ТОҒЫЗ ТАҢБАЛЫ НАЙМАН аталады.
НАЙМАН ХАНДАРЫ ЖӘНЕ ШЫҢҒЫС ХАН
Қайрат ЗАРЫПХАН,
шежіретанушы
Abai.kz ақпараттық порталынан, 2 Қаңтар, 2017
Найман хандығы жөнінде арнайы еңбек жазған адам, философия
ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі
қоғам қайраткері болған Сәбетқазы АҚАТАЙ марқұм еді. Одан кейін
ШЫҢҒЫС ХАН туралы жазған ғалым Қайрат ЗАКИРЯНОВ та, өзінің
еңбегінде найман хандары жөнінде дұрыс пікірлерін айтып кетті. Ең
бастысы, әрине, Шыңғыс ханның найман хандарын бірін қалтырмай
жойып жібергені жөнінде айтқаны еді. Яғни, найман хандары тірі тұр-
ғанда Шыңғыс ханның өзін толық қанды хан санай алмағанын айтқан
Қайрат мырза, нағыз тарихи шындықтың бетін ашты десе болады.
Тарихы ауызша тарған халық болғандығымыздан, біздер үшін шежіре
деректері, біздің ата-тегімізді айтып тұрған түпнұсқа болып келеді. Та-
рихымызды шежіресіз айтқанымыз, жәй ғана болымсыз қиял болып ка-
лар. Өйткені, түпнұсқасыз қиялдың ешбір қисыны болмайды. Мәселен,
Олжас Сүлейменов орыстың «кощей» дегенін «көшші» деп қиялына ерік
береді. Ал енді, осы «көшшінің» негізі, түпнұсқасы қайда? Көшпенділер-
ді қашан, кім «көшші» деп атаған еді? Жауап жоқ, яғни түпнұсқа да жоқ.
Ал енді, қазақ шежірелеріндегі Қосайдың, «Манас» жырындағы Қосай-
35
Найман – Төлегетай:
дың, араб еліндегі пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-ның бабасы Қосай-
дың, арабтардағы Қосай тайпасының атаулары осы «кощей» дегеннің
түпнұсқасы болады. Бұл Қосайлар болғанда, біз орысқа не қылмадық?
Сондықтан да, олар Қосайды кощей деп атап кеткен. Қосай дегеніміздің
екі ай дегенді білдіретіні белгілі. Аспанда биылғы жылдай екі ай туғанда
қыпшақтар орыстарға қырғиша тигеннен кейін, олар осы күнге дейін қы-
зарған айдан қорқады. Өйткені, қыпшақтар «қосайлап» ұран салғандағы
шыққан айлардың бірі қызыл болады. Орыстар «Слово о полку Игоре-
ве» деген эпостарында Күннің тұтылғанын жаман ырымға санаған дей-
ді. Анығында, бұл жердегі мәселе Күннің тұтылғандығында емес, кешке
жақын тұтылғанындағы Күннің Айға ұқсап кеткенінде еді. Бұл эпостың
қара сөзбен жазылған «Летописная повесть о походе Игоря Святославо-
вича на половцев в 1185 году» атты нұсқасында: «Когда подошли они к
реке Донцу в вечерний час, Игорь, взглянув на небо, увидел, что солнце
стоит как месяц» деп айтылады. Осымен қатар, Кощейдің аты славян
мифологиясында Айға қатысты аталады. «Лунный Кощей бессмертный»
дейді, «Племя Кощеево спустилось на Землю с Луны» дейді. «Славяно-
Арийские Веды» дерегінде: «...Дажъдбог порушил оплоты Кощеев, что
на ближайщей Луне находились...» деп айтылады. Яғни, бұл жердегі
«оплоты Кощеев», племя Кощеев» дегендері, әрине, «қосайлап» ұран
салған қалың қол қаңлы-қыпшақтарды айтып тұр.
Ал енді, біздің бабаларымыз қаңлы-қыпшақтар, пешенегтер, поло-
вецтер Ай мен Күнге табынған халық еді. Біздер үшін бұл екі аспан жа-
рығының тұтылғандары жаман ырымға саналмайды. «Слово о полку
Игореве» жырында половец дегендердің арбалары жөнінде: «крычатъ
тълъгы полуношы, рци, лебеди распужены» деп айтылады. Яғни, «поло-
вецтердің арбалары үркіген аққулардай қаңқылдайды» дейді. Ал енді,
біздер арғықазақ мифологиясынан, арбаларының қаңқылдағандарынан
(каңғ, каңғ) көшпенділердің ҚАҢЛЫ атанғандарын білеміз. Бұл жердегі
аққуымыз да, қаңқылдаған арбамыз да ҚАЗАҚТЫ білдіріп тұр. Демек,
«Құпия шежіредегі» «хасаг арбалы» қоңыраттардың да сол заманның
өзінде казақ атанып жүргендері болғаны. Аққу дегеніміз мифологияда
патша әулетін білдіреді. Халха-маңғолдар қоңыраттарды Хун+арат, яғни
аққу елі деп те атаған екен. «Слово о полку Игореве» эпосында «пред
полками касожскими» дегендері касогтарды, хасагтарды, яғни кай+сақ-
қазақтарды айтқандары. Түрік қағанаттарынан кейін қаңлы, қаңлы елі
(қанғ+арат-қоңырат) дегендеріміз жужандардың тілінде «теле» атауын
алып кеткен. Теле дегеніміз де арба, орыстардың «телега» деген сөзі
осыдан қалған. Міне, найман хандығын құраған тайпалар осы ТЕЛЕ атты
тайпалар бірлестігінен шыққандар болады. Қаңлы-найман, Төре-най-
ман дегендеріміз осылар. Сондықтан, алдымен ҚАҢЛЫ атауы жөнінде
сөз қозғалық.
36
Матай, Садыр рулары
Махмұд Қашгари қаңлы аталған адамдардың қыпшақтардың арасын-
дағы тектілер екендерін айтқан екен. Шәкәрім қажы: «Стамболдағы Ос-
ман түріктер қаңлы нәсілінен» дейді. Яғни, Осман империясының негізін
қаңлының ішіндегі КАЙЫХАННЫҢ ұрпақтарының құрғандарын айтады.
Бұл жердегі Кайыхан дегеніміз арийледің патшалық Кай әулетін білдіріп
тұр. Кеңес дәуіріндегі зерттеуші ғалым, академик Бартольд: «...мусуль-
манские писатели 12-13 вв. употребляют слово канглы и кыпчак поч-
ти как синонимы» дейді. Өз еңбегінің екінші жерінде Махмұд Қашғари:
«қаңлы – ауыр жүк артылған екі доңғалақты арба» деп түсіндіреді. Раши-
ден болса, қаңлылардың Оғыздың ұрпағы емес екенін айтады. Белгілі
тюрколог Кононовтың «Түркімен шежіресі» атты еңбегінен біздер қаңлы
мен карлықтардың (арғын), қалаштардың түбінің түріктер емес екендерін
түсінеміз. Және де, Рашиденнен, «Оғыз-намэден біздер қаңлы деген-
дердің соғыс арбасының иелері екендерін түсінеміз. Яғни, бұл дерек-
терде олардың арбалары соғысқа қатысты аталады. Демек, түбі түркі
болмаған қаңлы-қыпшақтардың, қоңыраттардың түбінің, Орта Азиядағы
ең алғаш қосаяқты соғыс арбасына ие болған арийлер екендерін түсіне-
міз. Бұлар ұлы көш кезінде Индия, Месопотамияға аумай, Орта Азияда
сақтардың құрамында қалып қалған арийлер болады. Қаңлы деген атау-
дың арбаға қатысын, кейін олардың Теле атанғанынан да түсінеміз. Қа-
зақтың қаңғыру, қаңғыр, қаңғыбас сөздерінің де, осы арбаға қатысы бар.
Яғни, арбаға отырып алып жер аралау деген мағынада. «Қаңғ» дегені-
міз ескіде арба дегенді білдірсе керек. Ал енді, орыстардың эпосындағы
арбалардың қаңғырығын аққулардың қаңқылына теңегендерінен біздер,
олардың аққу елі қазақтарды (қаңлы-қыпшақтарды) жау санағандарын
ұғамыз. «Слово о полку Игореве» эпосын Николай Заболоцкийдің ау-
дарғанында: И на стадо лебедей чуть свет,
Выпускал он соколов десяток.
И, встречая в воздухе врага,
Начинали соколы расправу, - деп айтылады. Бейбі-
тішіліктің символы, құс төресі аққуды жау деп атаған, кезінде аққу-қаз елі
қазақтардың басқыншылығын көрген ежелгі орыстар ғана болар.
«Қазақ ру-тайпаларының тарихын» жазған «Алаш» тарихи-зерттеу
орталығының тарихшылары: «Шежірелік тұрғыдан қарағанда да қазақ
ру-тайпалары тағдырында анықталмаған мәселелер баршылық» деп
өте дұрыс пікір айтқан. Олардың осылай деп айтуларының себебі, ше-
жіре деректерінің әртүрлі баламалар түрінде кездесетіндерінде жатыр.
НАЙМАНДАРДЫҢ шығу тегіне қатысты көптеген негізсіз, ғылымнан ау-
лақ жорамал-жорғылар айтылған. Және де, найман атауына да қатыс-
ты неше түрлі лақап айтылады. «Сегіз-оғыздардың» наймандар емес
екендерін айтатындар да бар. Сондықтан да, «Алаш» тарихи зерттеу ор-
37
Найман – Төлегетай:
талылығының тарихшылары осы неше түрлі жорамал-жоғыларды айта
келе, НАЙМАННЫҢ түбінің ҚАҢЛЫ-ҚЫПШАҚ екендерін тұжырымдайды.
ҚАҢЛЫЛАРДЫҢ енді бір атауының каилар екендері олардың арийлер-
дің патшалық Кай әулетіне қатысын айтып тұр. ҚЫПШАҚ дегеніміз Ка-
ви+шақ, яғни абыз-ақындық сақтар, не болмаса кіші абыз-ақындар деген
мағынаны беріп тұр. Бұл Кавишақ дегеніміз қазақта қыбашақ, кыпшақ бо-
лып айтылып кеткен. Кави дегеніміз бастапқыда арийлерде абыз-ақын
дегенді білдірсе, кейінгі Авестада патшалар әулеті дегенді білдіріп тұр.
Кави дегеніміз де Каи болады. Жоғарғы Бартольдтің қыпшақ пен қаңлы-
ның синонимдер екендерін айтқаны осыдан болған. Демек, ертедегі мұ-
сылман зерттеушілері қаңлы мен қыпшақтың бір массивтің екі атаулары
екендерін білген. Ал енді осы Кай әулеті шежіреде ҚИЯТ деп аталады.
Яғни, бастапқыда Кай+ут, Кей+ут болған атауымыз шежіре деректерінде
Қиятқа айналып кеткен. Найман хандарының тегі осы қият-жырхындар-
дан болады. Керей Нығмет Мыңжанидің айтқанында бұл қият-жырхын-
дар ежелде керейлердің құрамында жүрген. Найман хандары бұрындар
каанбаалы, кейін жағалбайлы атанған қаракерейдің құрамындағы рудан
шыққан. Бұл қият-жырхындар Қарауын деген жерде көшіп қонып-жүріп
қаракерей атанған еді. Біздерде бұларды «хан тайпасы қаракерей» деп
атайды. Енді, осы тайпадан шыққан жағалбайлы жөнінде айталық.
Найман шежіресінде НАЙМАН ШАЛДЫҢ лақап атының ӨКІРЕШ болға-
ны айтылады. Яғни, Найман шал жар төсегіне жатып өкірген соң осылай
атанған дейді. Анығында, ӨКІРЕШ дегеніміз «бұқашық», не болмаса, Ка-
мал Абдрахман ағамыз айтқандай «кіші бұқа» дегенді білдіреді. Алай да,
біз бұл ұғымдардан Өкірешті расында да тайынша болды деп түсінбеуіміз
керек. Бұл жердегі «бұқашық, «кіші бұқа» дегеніміз ұрпақ, тақ мұрагері де-
ген мағынада айтылып тұр. Мәселен, найманның ұлы ханы болған БІЛГІ
БҰҚАНЫҢ иналшық деген атағы болған. Шежіреден хабары жоқтар, әсі-
рересе, тілі мен жағына сүйенген жазушылар осы иналшық деген атауды
инаныш, иланшы деп айтып алады. Анығы, әрине, иналшық – тақ мұра-
гері деген мағынада. Бұл жерде Кай әулетінің тақ мұрагері деп түсінеміз.
«Шық» жалғауы Кай әулетінің ұрпағы деген мағына беріп тұр. Осының
дәлелі Отырарды билеген Қаиыханның иналшық деген атауында жатыр.
ҚАЙЫХАН қыпшақ болған соң, оның Кай әулетіне қатысы ешбір күмән
туғызбайды. Шын аты ЖАҒАНТУДЫ болған бұл Отырардың билеушісінің
Иналшық Қайыхан деген атағы, оның Кай хандар әулетінің тақ мұрагері,
яғни ұрпағы екенін айтып тұр. Осы инал атағына қатысты наймандарды
қырғыздан тараған деп айтатын суайттар бар. Қырғыздағы инал атағы
осы қыпшақтардан келген. Және де, қырғыздардың құрамында найман-
дардың, қыпшақтар мен шапыраштылардың, бұрынғы жалайырлардың
бар екендері тарихта айылған. Олардың мықтылығы осыдан. Мәселен,
шежіре деректері Шапыраштының Абақ, Саяқ деген екі ұлының болға-
38
Матай, Садыр рулары
нын айтады. Абақ - керейлерге сіңген десе, Саяқ - Енисей қырғыздарына
сіңген деп айтылады. Шапыраштыының түбі де қаңлы-қыпшақ болады.
Сонымен, Өкіреш дегеніміздің бұқа әулеті екенін түсіндік деймін. Най-
мандағы АРЫҚ БҰҚА, СЕМІЗ БҰҚА, БІЛГЕ БҰҚА, БАЙ БҰҚА, ТАЙ БҰҚА,
КЕТ БҰҚА деген тарихи тұлағалардың болғаны, Г.Н. Потанинның: «Часть
найманов до сих пор считают себя потомками быка» дегеннін растап тұр.
Бұл жердегі әңгіме, әрине, арийлердің патшаларының бұқа төтеміне қа-
тысын білдіріп тұр. ЖАҒАЛБАЙЛЫНЫҢ шежірелік атасы басты ӨКІРЕШ
– ҚАРА БҰҚА болады. Таңбалары қаракерейдікі. Бұрынғы таңбасын орыс
зерттеушілері «в виде летящей птицы» деген екен. Анығында, бұл таңба
біздер «жеңіс» деп атап жүрген бұқаның мүйіздерін білдіріп тұрған таңба
болады. Қара бұқа дегеніміз сонау Египеттен келе жатқан, маңдайында
үшбұрышты ақ таңлағы бар қасиетті қара түсті бұқа болады. Парсылар-
дың патшалары қастерлеген қанатты қара бұқа да, қасиетті саналады.
(священный бык). Бұл египеттік, сонымен қатар парсылық (арийлік), грек-
тік, румдық Қара бұқаның арийлерге, олардың ұрпақтары жағалбайлыға
қатыстарының дәлелін біздер Алматы облысындағы Тамғалы тастарда-
ғы суреттерден табамыз. Бұл Қара бұқаны египеттіктер Апис деп атаса
европада Хапи деп атаған. Осы Хапиіміз Кави, біздіңше Қаби болады.
Міне осы Апис-Хапи жөнінде Плутарх: «Апис был произведен на свет лу-
чом месяца» дейді. Ал енді, біздер қазақ жеріндегі жоғарғы таңбалы тас-
тардан жалғыз сәулелі Ай Тәңірінің сиыр малымен жыныстық қатынасқа
түсіп жатқанын көреміз. Яғни, Плутархтың айтқанының негізі бізде жа-
тыр. Ежелгілердің ұғымында Қара бұқа даналық пен мемлекетшілдіктің
символы болады. Египеттегі Қара бұқа мүсіндерінде оның маңдайында-
ғы үшбұрышты ақ таңлақтың ұшының төмен қарап тұрғанын көреміз. Бұл
жәй, Қара бұқаның арийлер қасиет тұтқан Ұлы сиыр ананың баласы де-
генді білдіреді. (см. Мифическое значение треугольника). Ал енді, өзбек
жерінде қалған Өкіреш шалға арналған құлпытаста бұл үшбұрыш таңба-
ның ұшы жоғары қарап тұр. Бұл жағдайда таңба «патшалық ұлылықты»
білдіріп тұр. (королевское величие). Бірінші жағдайда үшбұрыш таңба
Айлық дегенді білдіріп тұрса, екінші жағдайда Күндік дегенді білдіреді.
Осыдан біздер бабаларымыздың Ай мен Күнге табынғандарын түсінеміз.
Мәселен, наймандағы Садырлардың таңбасының, басы толған ай кей-
піндегі құйрықсыз сиыр екенін түсінеміз. Құйрықсыз сиырдың патшаны
білдіретінін біздер қазақтардың ең алғашқы мемлекеттері Юечжи-Кушан
(адай-қыпшақ) патшалығының алтын теңгесінен көреміз. Ондағы патша-
ның бір қолында ноқта, екінші қолында Кай әулетінің, кейін Шыңғыс хан
малданып кеткен үш аша таңбасы ұсталып тұрса, артында құйрықсыз
Өкіреш тұр. Міне, осыдан біздер шежіредегі Найман шалдың Өкіреш де-
ген лақаб атының патшалық ұлылылқты білдіріп тұрғанын түсіндік дей-
мін. Яғни, ұлы мәртебелі Өкіреш. Осымен қатар, қазіргі таңда біздердің
39
Найман – Төлегетай:
«шөміш» деп атап жүрген таңбамыздың анығында «ноқта» таңба екенін,
үш аша, яғни түбіне аттың жалы байланған айыр таңбаның жалайыр таң-
ба екенін, және де бұл таңбаның Кай әулетінің таңбасы екенін түсінеміз.
Айыр таңба - Ай Тәңірін білдіреді. Тамғалы тастардан біздер осыны да
көреміз. Ноқта таңба мен жалайыр таңба жөнінде тоқталып жатпаймыз,
өйткені, бұл жөнінде менің жарық көрген бірнеше мақаламда нақты ай-
тылған.
Кай әулетінің өкілі Дубун-Баянның есік алдында жетілген жалшыдан
туған Боданжардың ұрпағы ШЫҢҒЫС ХАН осы әулеттің рәміздері мен
нышандарын малданып кеткенімен қоймай, шежіре деректерінде Кай
әулетінің өкілдерін, яғни кеянидтерді, ноқта таңбалы, жалайыр таңбалы
тектілерді құл-құтандарға айналдыртып жіберген. Казақтардың: «Келе-
лі елде қаңлы бар, қаңылдан хан көтер», «Қаңлыдан өзге хан болмас»
дегендері Кай әулетін айтып тұр. Осымен қатар бабаларымыз: «Қаңлы
көнбей, хан сайланбайды» деген екен. Не болмаса: «Қаңлы отырған жер-
де хан да бата бере алмайды» деп айтылады. Кай әулетінің ұрпақта-
ры найман хандарының батасын ала алмаған Шыңғыс хан, кеянидтерге
жатпайтын керей Оң ханның батасын алған екен. «Батамен ел көгерер»
дегендей, кеянидтердің батасын алмаған Шыңғыс ханның ұрпақтарының
Бұқар жырау айтқандай «құрт-құмырсқа, бақа шаянға» айналып кеткен-
дерінің себебі, оның батасыз хан болғанында жатыр. Найман хандары-
ның бәрін өлтіртіп, Иналшық Қайыханның көмейіне қорғасын құйдыртқан
Шыңғыс хан, әрине, өзінің жалғанаттылығының ізін суытпақшы болған.
Өйткені кеянидтер оның тексіз екенін, яғни ұлы мәртебелі Өкіреш, жа-
лайыр, ноқта ағасы емес екенін жақсы білген. Отырар кітәпханасын жо-
ғалтып жіберген де, Шыңғыс хан болар. Өйткені, онда міндетті түрде Кай
әулеті жөнінде ауқымды деректердің болғаны хақ. Найман хандарының
канцеляриясын басқарған Тататоңғы ұсталғаннан кейін Шыңғыс хан, бұл
хандардың да шежірелік деректерін жоғалтып жіберген. Тексіз Шыңғыс
ханнан «Құпия шежіре» қалғанда, нақты тектілерде шежіре болмаған
дейсіздер ме? Кезінде, алтын тақта отырып, алтын ғасыр өмір сүрген,
мөрлеріне дейін алтыннан соқтырған найман хандарын оның идеологта-
ры шежіре деректерінде үміті өшкен, жалғыз ұлынан айырылып, 90 жа-
сында Белгібайды таптырамын деп жар төсегінде өкірген Найман шалға
айналдырып жіберген.
НАЙМАНДАР ӨЗБЕК ХАНДЫҒЫНЫҢ ДА, КАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ДА
құрылуына белсене қатысқан. Қабдеш Жүмәділ ағамыз найманның ше-
жірелік аталарының бірі ТӨЛЕГЕТАЙДЫҢ Қазақ хандығын құрысқанын
айтып жүр. Бұндай шежіре деректерін ол кісінің қайдан алғаны маған
белгісіз. Анығында, Төлегетай Өзбек хандығын құрысқан тарихи тұлға
болады. «Тарихи Әбилхаир хани» атты деректе Төлегетай – Тунгачук
Тулу ходжа найман деген атпен кездеседі. Бұл жердегі тунгачук дегені-
40
Матай, Садыр рулары
міз – тұңға шік, яғни Батыс өңірін билеген еркін қолбасшы, абыз дегенді
білдіріп тұрса, Тулу дегеніміз Төле, ходжа дегеніміз аңызда айтылғандай,
Қылышты қожаның қызын алып қожа атанғанын білдіріп тұр. Төлегетай
дегеніміз Төле қытай, яғни Күшлік ханның қайын жұрты қарақытайлар
алып қалған баланың ұрпағы. Сондықтан, шежіре дерегінде «қытай» деп
анықталған. Шежіре деректері найман шежіресіндегі Төлегетайдың, Са-
рыжомарттың, Ақсопының маңғыт билеріне барып, тұтқынға түскен Әбіл-
қайыр сұлтанды шығарып алып хан көтергенін айтады. Бұл шешім, Барақ
ханның ұрпақтарымен жауласқан маңғыт билеріне де қолайлы болды.
Шибан ұылысына жататын ӘБІЛҚАЙЫР ханды маңғыт билері осындай
шартпен тұтқыннан босатқан болса керек. Тарихи деректе САРЖОМАР-
ТЫМЫЗ – Сары усман украч (өкіреш) найман, АСОПЫМЫЗ - Ак суфий
найман деп көрсетілген. Бұларды Масхуд бин усман Кухистани Әбілқа-
йырды хан көтерген тоғыз таңбалы найманнан шыққан тоғыз арыстың қа-
тарында атайды. Бұл хандықтың Өзбек аталуына қатысты ғалымдар екі
нұсқаны айтады. Біріншісі, ӨЗБЕК ханның құрметіне десе, екінші нұсқада
бұл хандықтың өздерімен өздері болған соң, өз өзіне бек, яғни өзі бек
дегеннен болған дейді. Анығында, бұл хандықтың аты - тасқа қашалып
жазылып қалған Найман хандығының өз атауы Өзбекке қатысты қойыл-
ған, Әбілқайырды «қуыршақ хан» ретінде наймандар көтергенде. Кейін,
Әбілқайыр хан ер жетіп билікті өз қолына ала бастағанда, наймандар
оған қарсы болып, Жәнібек пен Керей сұлтандарды қолдап, Әбілқайыр-
дың қалмақтармен соғысына қатыспай қойғандарынан кейін, хан қалмақ-
тан жеңіліп абыройдан жұрдай болған. Бұрыннан да жауынгершілігімен
ерекшеленетін Наймандар Шибан ұлысында көп тайпаның бірі болмай,
бірегейі еді. Осының ақыры, найман ҚАПТАҒАЙ бастаған наймандардың
алты алаш тайпаларының басында Шу өңіріне ауып кетуімен аяқталады.
Сондықтан да, Қаптағай батырдың аты Қазақ хандығының негізін сал-
ды деген Жәнібек пен Керей сұлтандармен бірге аталады. Өзбектерде
қалған наймандар, Сопы мырзаның бастауымен Араб-Мұхамед ханды
өлтіріп, оның орнына өздерінің келесі «қуыршағы» Хысрауғазы сұлтанды
қоймақшы болады. Хысрауғазының есімі де оңды еді, өйткені, оның аты
кеянидтік Кей Хосроу патшаның құрметіне қойылған болған. Алайда, үй-
сіндердің опасыздықтарынан бұл жоспар іске аспай қалады. Сопы мырза
жағалбайлының Мырза руынан еді. Қазіргі өзбек едінде қалған найман-
дардың құрамында жағалбайлының бар екені белгілі.
Сонымен біздер, найман хандар әулетінің, яғни кеянидтердің Қазақ
хандығының құрылуының алғышарттарын жасағанын түсінеміз. Қаптағай
батыр мен арғын-наймандар болмағанда, Жәнібек пен Керей сұлтандар-
дың Әбілқайырдан бөлініп кетулері мүмкін болмаған. Шежіреде: «Сарма-
найдан Ақжол, Ақсопы. Ақжолдан Арғын, Ақсопыдан Найман. Ақжолдаса
Арғын қалмайды, Ақсопыласа Найман қалмайды, екеуі Сарманайлап қо-
41
Найман – Төлегетай:
сылса, басқаның тамтығы да қалмайды» деп бекер айтылмаған. САР-
МАНАЙ дегеніміз сары+ман, яғни сары қаңлы, Осман империясын құр-
ғандар екендерін айтып тұр. Каилар, яғни сары қаңлы кеянидтер құрған
Осман империясын монархтар әулеті ретінде әлем мойындаған да, Шың-
ғыс ханның әулетін мойындамаған, мойындамайды да. Гришка Отрепьев
пен Емельян Пугачевтар жалған патшалар әулетін құрмақшы болғанда-
рында осы Шыңғыс ханнан үлгі алған. Иә, менің талай жерде айтқаным-
дай, орыстар біздердің тарихымызды біздерден артық біледі.
ОРТА ЖҮЗ НАЙМАН ШЕЖІРЕСІ
«Бабалар сөзі» сериясы, 32-томы.
"Орта жүз Найман шежіресі" дастанынан үзінділер
Бастайын бисмилла деп сөздің басын,
Жасаған әр пендесін өзі оңдасын.
Өлең қып қызыл тілмен қиыстырып,
Жазайын ата тарих хикаясын.
Әйгілі атақты ақын болмасам да,
Шежіре, бәйіт болып бұл таралсын.
Үш жүздің шежіресі бұл таралған,
Қалмайды ата жөні таралмаған.
Қатесін білгендерің айырасың,
Орынсыз жері болса жарамаған.
Үлгілі шежіремен салыстырып,
Матай Маман, Тұрысбек даналаған.
Байқасам сөзі түрлі көрінеді,
Әр түрлі шежіреден шамалаған.
Мың тоғыз жүз үшінші жыл сентәбірде,
Бұл шежіре көшіріліп содан қалған.
Қолыма жаздым қағаз, қалам алып,
Білгенді жариялап хатқа салып.
Бетінде ақ қағаздың сөзім қалсын, ...
Ұстаған әділдікпен жұртын «қазы-ақ!»
Тартымды адам екенсің қатесі аз-ақ.
Тоқтамыстың шын «қазы-ақ» дегенімен,
42
Матай, Садыр рулары
Атанған сол себепті атам «қазақ».
Бар еді Майқы биде екі бала,
Балалар деп ат қойған Қазақ, Созақ.
Созақтан қарақалпақ бөлінеді,
Осылай шежіреден көрінеді.
Атамыз Қазақтан да үш ұл туып,
Ұрпағы өсіп-өніп келіп еді.
Ақарыс, Жанарыс пен Бекарыс деп,
Үш жүз деп оған есім беріледі.
Ұлы жүз Ақарыстан Дулат, Үйсін,
Қанша жұрт ендігісін өзі білсін.
Бекарыс - ең кенжесі кіші жүз боп,
Бөлініп өз бетімен о да тұрсын.
Осылай шежіреде қалды сөз боп,
Жер-жерге қазақ халқы тараған көп.
Арғын, найман, қоңырат, қыпшақ, уақ, керей,
Бөлініп келе жатыр орта жүз боп.
Сөз берген сөйлесін деп Тәңірім бізге,
Сөз кетер сөйлемесе құла дүзге.
Үш жүзден кең далаға ел тараған,
Ішінде өнім берген орта жүзге.
Бар екен Жанарыстың төрт қатыны,
Айталық мағлұм қылып білсең сізге.
Тарақты үлкенінен жалғыз еді,
Арасы сақ, түстегі бұқан бізге.
Қоңырат, Қыпшақ екінші қатынынан,
Жат болып жаман безер жақынынан.
Ойпырай, жамандыққа жаза көрме,
Құдайдың ешкім қалмас мақұлынан.
Үшінші әйелінен Арғын, Найман,
Таратар білген адам ата ұлынан.
Төртінші қатынынан Уақ, Керей,
Кей адам мұны білмес қапылынан.
Ата жөнін білмеген нәмәрт дейді,
Жарай ма біле тұра жасырынған.
43
Найман – Төлегетай:
Бұл сөзім орныменен тараса екен,
Қараса тамам сөздің сарасы екен.
Найманнан Сарымырза, Шуақ дейді,
Бұл сөзге білмегендер талас екен.
Өліпті Шуақ ерте тұқым қалмай,
Шуақтың Сарымырза ағасы екен.
Бай болып Найман бабам жомарт бопты,
Төрт өгіздің терісі сабасы екен.
Қатын алған кезінде Сарымырза өлген,
Құданың құдіреті тамаша екен.
Бопты өстіп басқа кемтар Найман бабам,
Мәзбура жесір қалған анам екен.
Тұяқ қалмай кете ме деп атамнан,
Қан жұтып жесір келін қапаланған.
«Бір перзент Алла берсе көрер-ау» деп,
Үмітін үзбепті ол Найман шалдан.
Бұл істің қайла бар ма шарасына,
Найман шал келді тоқсан шамасына.
Қан жұтып жесір келін қайғырады,
Ем таппай жүрегінің жарасына.
Арғынның балалары аламыз деп,
Таласқан алты бірдей баласы да.
Тоқтатып өзін-өзі таза жүріп,
Ешкімнің қосылмаған жаласына.
Құдайдан таза отырып тілейін деп,
Мұндай ой Алла салған санасына.
Бір қызды атасына алып берді ол,
Көп малды иен қалған аясын ба.
Ол қатын алысымен жүкті болып,
ұл туған дәл он айдың шамасында.
Балаға Сүгірші деп атын қойған,
Жағау қып жүрегінің жарасына.
Кешікпей Найман бабам дүние салды,
Мәзбура меңгеріпті иен малды.
Өмірін Сүгіршінің күтейін деп,
Жетер деп тірі болса ниет алды.
44
Матай, Садыр рулары
Жалғаннан қайтыс болған бабам Найман,
Сөйлейін хикаясын осы жайдан.
Айырып Найман жөнін таратайын,
Айтпаса жанның бәрі білсін қайдан?
Елетек «қоңыратпен» жиен екен,
Іні боп енші алыпты Найман байдан.
Найманнан соңғы атамыз жас қалған соң,
Жиені Елетекке неке қылған.
Елетектен болыпты төрт-бес бала,
Бәрі де Сүгіршіге іні болған.
Бәрінің Тоқсұлудай анасы еді,
Қалдырмай таратайын шамаша енді.
Балталы, Бағаналы, Найзалы, Терістаңбалы,
Көкжарлы бәрі мұның баласы еді.
Айтады біреу олай, біреу бұлай,
Бұл сөзге білмегендер талас еді.
Анығын шежіреден қарағанда,
Атаның осы дұрыс тарасы еді.
Арада бірнеше жыл кетті өтіп,
Мәзбура Сүгіршіні бақты күтіп.
Сүгірші балиғатқа толған кезде,
Ата ұлы деп некеленді ниет етіп.
Ернияз Мәзбурадан туды дейді,
Мұратқа жеткен екен сабыр етіп.
Баласы Мәзбураның Ернияз-ды,
Теңгеру ғажап емес көп пен азды.
Ақылы Мәзбураның болмағанда,
Тұяқсыз Найман бабам кете жазды.
Баласы Ернияздың Ергенекті,
Қалдырмай баяндайын арғы текті.
Баласы Ергенекті - Сарымұрат,
Бұлар да көп ел болып тарап кетті.
Сүгірші балиғатқа кәміл жетіп,
Алуға бір жас қатын талап етті.
Ақыл сұрап жеңге алған қатынынан,
Сабыр мен танбады ол ақылынан.
45
Найман – Төлегетай:
Мәзбура төркінінен қыз әперді,
Өзінің бір туысқан жақынынан.
Туыпты бұл анамыз Құрманайды,
Бәйіт қып білген адам жұртқа жайды.
Таралған ұрпағынан әулиелер,
Жомарт қып жаратыпты Атымтайды.
Тегін қып жаратқан жоқ осы байды,
Арғы тегін қазақтан деп атайды.
Сусырап шөлдеп келген адамдарға,
Күніне беріп тұрған қант пен шайды.
Еңбегі еш болмайды деген сөз бар,
Іздеген таппай қалмас бір Құдайды.
Баласы Құрманайдың Төлегетай,
Төлегетай лақабы дейді «Қытай».
Құрманай жас кезінде қайтыс болып,
Жасында жетім қапты ол бейшара-ай.
Жасында жетім қалған бабам Төлек,
Семірер жетім көңіл кімге еркелеп.
Қылышқан деген қожаның қойын бағып,
Өсіпті саясында көлеңкелеп.
Қожаның ақырында қызын апты,
Ол төртбұрыш кісі екен дөп-дөңгелек.
Дөртуыл, Қаракерей, Садыр, Матай,
Қожа қызы анамнан туған ерек.
Төрт ру ұрпағынан ел таралып,
Шашыпты, сөйтіп, бұтақ бұл бәйтерек.
Қырғыздан бір қыз алып екі ұл туып,
Қырғыз Шора, Қырықсадақ келсе керек.
Айтайын шежіреден көргенімді,
Ол екеуі нағашысында өссе керек.
Сонымен тоғыз таңбалы найман болып,
Құлашын көп өңірге керсе керек.
Демек, біз – Төлегетай баласымыз,
Таралған бір өзеннің ағашымыз.
Нәсілі екі ананың қожа, қырғыз,
Тегінде қожа, қырғыз-нағашымыз. ...
46
Матай, Садыр рулары
«КҮШІЛІК ХАН» ТУРАЛЫ
КҮШІЛІК ХАН
Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Күшілік хан (1180-1218) - найман Таян ханның үлкен баласы әрі мұра-
гері, найман ханы.
Жаугершілік өмірі. 1204 жылы 15 шілдеде Шыңғыс хан әскерлері мен
наймандар арасында болған "Наху Қон" шайқасы кезінде Күшілік жиыр-
мадан жаңа асқан жігіт болатын. Рашид әд-Дин ел арасында "Күшілік хан
жын-шайтандарды қосақтап саудырып, сүтінен қымыз ашытқан" де-
ген аңыз тарағанын айтады. Осы шайқаста Таян хан бастаған 55 мың
сарбазы бар найман қолы әскери дайындығы күшті Шыңғыс хан әскеріне
қарсы аттанады. Қадырғали Жалайырдың жазуына қарағанда, ұрыс ке-
зінде Таян хан қайтыс болып, наймандар жағы жеңіліске ұшырайды.
Найман жұртының ендігі тағдыры өзіне байланысты болған Күшілік хан
Тамир өзені бойына бекініс салып, Шыңғыс хан қолына қарсылық көрсет-
кенімен, төтеп бере алмай кері шегінеді де, Кемчугтегі ағасы Бұйрық ханға
барып қосылады. 1204 жылы Бұйрық хан Урунгу өзені бойында Шыңғыс
хан әскерімен шайқаста қаза табады. 1205 жылы (сиыр жылы) Шыңғыс
хан Кем асуын асып, Бұқтырма өзенінің бойында Күшілік хан мен меркіт
Тоқтабектің біріккен әскерімен шайқасады. Тоқта бек қаза табады, ал Кү-
шілік хан Бесбалық арқылы шегініп, Шу бойындағы Лиау (Ляо) патшалы-
ғының билеушісі Жилугуға келіп бас сауғалайды. Олардың одақтасуына
"ағайыншылық" байланыс емес, екі елдің басына түскен тағдыр тауқіметі
себепші болса керек. Күшілік хан атамекенінен айырылып, Жетісу асса,
бұл кезде Лиау патшалығы да өзіне сенімді серіктес іздеп, қолдау күтіп
отыр еді. Күшілік хан Жилугудің сеніміне еніп, Лиау патшалығының билі-
гін өз қолына алды.
Күшілік хан 1212 жылы Алтай жорығына аттанып, Алмалықты шапты,
Қашқарды бағындырды. Шыңғыс хан сол жылы Тоғышар мерген бастаған
үш мың атты жасақты қарақытай шекара шебіне орналастырып, Жебе
бастаған 20 мың сарбазды Күшілік ханға қарсы аттандырған ("Моңғолдың
құпия шежіресі"). 1218 жылы Жебе қолымен болған шайқаста Күшілік хан
қаза табады.[1]
47
Найман – Төлегетай:
«КҮШІЛІК ХАН» ТУРАЛЫ
«Бабалар сөзі» сериясы, 32-томы.
"Шыңғыс хан шежіресі" бөлімінен үзінді
... Бөртенің болған екен төрт баласы,
Бәрі де арыстандай ер данасы.
Жошы менен Шағатай, Өгедей боп,
Кенжесі Төле болған бір баласы.
Әскерін алты жылдай машық қылды,
Буыршы, Хасарларды бастық қылды.
Жажырат ханы Жамұқаға шабуылдап,
Халқын қырып табанға жастық қылды.
Үш жылдан соң татармен соғыс ашты,
Адамын қырып-жойып қанын шашты.
Ханын ұстап өлтіріп басын кесті,
Таланып қатындардың құты қашты.
Татардан бір қыз алды Құлан атты,
Адамнан артық туған сын-сымбаты.
Қасынан тастамауға серт береді,
уәдесі екеуара болды қатты.
Төрт жылдан соң керейге қолын салды,
Адамын қырып, бұлап малын алды.
Жәрдем қылған адамға опасы сол
Тірі ұстап Тұғырылдың басын алды.
Онан соң наймандарға шеру тартты,
Қанышер Темучиннің діні қатты.
Бейғам жатқан халықты ойрандап,
Найман ханы Таянның басын шапты.
Таян ханның баласы Күшлік қашты,
Оңтүстік лиау патшалығына қадам басты.
Бұларды лиау патшасы қарсы алыпты,
Ақыры Күшлік оның орнын басты.
Найманды алып, екі жыл демін алды,
Түзімдерін бекемдеп іске салды.
Бір мың екі жүз алтыншы жыл
Онұн өзенге басшыларын жиып алды.
48
Матай, Садыр рулары
– Құрылтай осы жиын болсын, – деді,
Кім болса да сөзіме көнсін, – деді.
Ханның намын «Шыңғыс» деп жария етті,
– Бұл атты бүкіл әлем білсін, – деді.
Қырық төртке шыққан еді осы жылы,
Мұратқа жеткізді деп құрмет қылды.
Жиында «Шыңғыс хан» деп салт өткізіп,
Сайран сап неше алуан ойын құрды.
Орнатты және бекем тәртіптерді,
Тоқсан бес адамға атақ-мансап берді.
Көлемін енді сыртқа кеңейтуге,
Қолбасысын жиып ап қасам берді.
Келер жылы Харлүкке басып кірді,
Қырмандап бүкіл елін бағындырды.
Бір жылдан соң Жошыны аттандырып,
Қалың әскер ойрандап жүріс қылды.
Ойрат, Бурат, Парғұ, ұрсұтпенен
Жанас, Хаңхас, Тобамен соғыс қылды.
Екі жылда жеті елді басып алып,
Жошы да абыройлы бір іс қылды.
Шыңғыс хан әскер күшін жиып алды,
Кезекті оңтүстікке назар салды.
Жұңгоның алтын ханын бетіне алып,
Қалың қолмен қаһарлы ұрыс салды.
Басып өткен елдерді қырып-жойды,
Ағызып қызыл қанға әбден тойды.
ұдайы төрт жылдай соғыс салып,
Алтын патшалықты өзіне алып болды.
Бір мың екі жүз он сегіз жылы болды,
Баяғы қашқан Күшлік ойын бөлді.
Жебемен екі жүз мың қол шығарды,
Жер қайысып оң жаққа және жүрді.
Лиауды да басып кіріп қырмандады,
Есепсіз қаншама адам қырғындары.
Елін жеңіп, Күшілікті ұстап алып,
Оның да шыбын жанын қинап алды.
Мұнымен тағат қылып тоқтамады,
Басқалардың айтқанын құптамады.
49
Найман – Төлегетай:
НАЙМАННЫҢ СОҢҒЫ ХАНЫ – КҮШІЛІК
Камал ӘБДІРАХМАН
Тарихшы, шежіреші.
"Алаш айнасы", 5 Қаңтар 2019 ж.
Жезқазғанда Кетбұқа кемеңгерге ескерткіш қойыл
ғаны бұл бабамызға, сол тұстағы Найман Мемле-
кетіне деген қызығушылық туғызды. Найзағайды
найзасына шашақ етіп, сапысымен жау сапырған
Қетбұқа кемеңгер туралы небір дерек алып, мерей
тасыды, қан ысыды. Осы кезде Кетбұқаның қанды
балақ замандасы, найманның соңғы ханы Күшілік
туралы да ғаламторда әңгіме қозғалып, коментші-
лер арасында пікір талас туды. Бір бауырымыз, тіп-
ті, «Наймандар Шыңғысханның батысқа жылжуын жиырма шақты жыл-
ға тежеді. Мұның не қажеті бар еді?» деп азаттығы, тәуелсіздігі үшін
күрескен наймандар мен Күшілік ханды кінәлауға дейін барыпты. Бұған,
енді, не дерсің?
Осы жағдай ой салды. Күшілік хан туралы не білеміз? «Мыңғұлдың құ-
пия Шежіресі», «Алтын тамыр», Шыңғысхан туралы жазылған кітаптарда
Күшіліктің жастық шағы, Шыңғысханмен соғысханға дейінгі өмірі жайлы
дерек жоқ. Қандай тәрбие, қандай білім алғанынан хабарсызбыз. Бол-
жайтынымыз-ол тұста найман елі шығыстағы жазуы, сызуы бар, кеңселік
хаттама жұмыстары жолға қойылған, мөрді пайдаланған, шет елдермен
елшілер алмасқан, заңнамалары бір ізге түскен жалғыз өркенниетті Мем-
лекет болатын. Осыған қарасақ Күшілік өз тұсындағы ілім-білімді игерген,
мемлекет ісіне жастайынан араласқан, Хан ордасындағы тәрбиеден то-
лық өткен, өзінің де өзгенің де орнын білетін ханзада болуы тиіс.
Алайда, сол тұстардағы мыңғұл және мұсылман елдерінің деректері
Күшілікті тәрбиесіз, дөрекі, берекесіз, қатын тіліне ергіш етіп көрсетуге
тырысады. Араша түсер ешкім жоқтығын пайдаланып, Күшілікті әбден
жерден алып, жерге салады. Қаламдары қалай қисайса, солай бұрады.
Мысалы, Күшілік хан соғыс алдында Таян ханмен ұрыс тактикасы тура-
лы келіспей қалып, былай дейді «Таян хан қатындарша жасқанып, үрейі
ұшуын қарашы! Моңғолдар қайтіп көбейе қалады? Моңғолдың Жамұқа-
ға ерген көпшілігі осы жерде, біздің жақ та емес пе?» деп хан әкесін «Сі-
дік шаптырым жерден арыға бармаған, бұзау өрісінен ұзамаған, кемпір»
деп тілдеді» дейді. (Мыңғұлдың құпия шежіресі. Алматы «Өнер» 1998
жыл,124 бет)
Сол заманда хан тұрсын, үлкенге қарап осылай сөйледі дегенді кім
естіген? Абсолютті монархқа жаңағыдай сөз айтылса, баласы болса да,
50