Матай, Садыр рулары
заматта бас кетеді емес пе? Көшпелі шығыс халқы үлкенге де, ханға да
бұлай сөйлемеген. Бұл қып-қызыл өтірік. Жала. Міне, Күшілікті әп деген-
нен жағымсыз етіп көрсету басталды.
Онан соң мынадай ақпар береді: «Найман мен меркіттердің шағын
адамдары Ертістен өтіп, найманның Күшілік ханы ұйғырдың Қарлұғын
басып, Сартауыл жерінің Шүй өзеніндегі Қарақытайдың гүр ханына
барып паналайды» (Мыңғұлдың құпия шежіресі. Алматы, «Өнер», 134-
бет).
Ал Рашид ад-Дин Күшіліктің қиданға келісін екі вариантпен айтады. Бі-
ріншісінде қарақытайларға өз еркімен келді десе, келесіде тұтқынға түсіп
келуі де мүмкін екеніне назар аударады. (Рашид ад- Дин Сборник лето-
писей т 1, ч 2, стр19) Мұнда да Күшілікті тұтқын еді деген емеуірін бар.
Бұл да аса сенімсіз. Себебі, Күшілік сартауыл-қарлұқтардың өлкесін еш
тосқауыл-кедергісіз, соғыссыз басып өтті. Олардың көшіне қарлұқтардың
шабуылдамауы ханзаданың сақадай-сай қарулы қолмен азбай-тозбай
келгенін көрсетеді. Ол басқа заман. Шамасы келсе қарлұқтар оңай олжа-
ны басып қалмаққа күш салар еді. Алайда Күшілікке әлімжеттілік жасал-
маған. Мұршалары жетпегені анық. Мұны Рашид-ад-Диннің білмеуі мүм-
кін емес. Себебі, Рашид кәсіпқой тарихшы, дерек талдаудың сол тұстағы
ең озық ғұламаларының бірі. Амал не, кейде өстіп адалынан да жаңыл-
ған екен. Бірақ біз ақ пен қараның арасына ажырата аламыз.
Таян хан Күшіліктің жоғарыдағы сүйектен өтетін сөздеріне, шежіренің
айтуы бойынша, басу айтумен ғана шектеледі. Бұл не? Бұл-Таян ханды
да әлсіз, баласына да сөйлей алмайтын ынжық етіп көрсету. Бірақ, іле-
шала Таян хан «Шығатын жан мен шырылдаған тән бірдей емес пе!
Олай болса тиісейік» деп майданға түседі. Бұл сөзден Таянның осал
еместігін көреміз. Жанын да, тәнін де аяп тұрған жоқ. Шежіре ертесіне
Таян ханды әжуалап ұстап алды дейді. Ал Рашид ад-Дин Таян ханның
аянбай соғысқанын, ауыр жараланып өлгенін, тіпті нөкерлеріне дейін ті-
рідей берілмей түгел мерт болғанын айтады. Осындай адам босбелбеу,
ынжық бола ма екен?
Қидандардың ханы Жылғу наймандарды жылы қабылдайды. Күшілік-
кеқызын беріп, күйеу бала етіп алады. Күшілік Рашид ад-Дин айтатындай
тұтқынға түскен адамға ұқсамайды. Осыны тарих көзімен деректеп, ас-
тарына үңілсек-қидандардың Көк Түріктермен ежелден аралас-құралас
болғаны, бір тілде сөйлескені, қандас, түбірлес, сыйлас екені көрінеді.
Қидан-қарақытай туралы профессор Тұрсын Жұртбайдың пікіріне назар
салайық: «Қидан мемлекетін кім қалай атап, қай саққа жүгіртсе де, ол
құрамында қоңырат, найман, керей, уақ, арғын, қаңлы, жалайыр, адай,
телеуіт, қыпшақ және де басқа тайпаларды біріктірген қазақ халқы-
ның алғашқы құрамасы...» (Т. Жұртбай Дулыға 2 кітап, Алматы. «Жа-
зушы», 2007 жыл, 190 бет)
51
Найман – Төлегетай:
Қидан-қарақытай мемлекетінің территориясы туралы Т. Жұртбай
«Қиыр шығыстағы Уссури өлкесінен бастап, Орта Азиядағы Әмуда-
рияға дейінгі» ұшы-қиырсыз, аса кең өлкені алып жатқанын айтады.
(Аталған кітап 189 бет) Қазіргі қазақ даласына қарата айтсақ қидандар
Алтай сілемдерінен бас алып, Табағатайдан асып, Жетісуды, Балхаш-
тың терістігі мен Қарқаралы тауларын ішіне алып, Қаратау мен Алатауды
қосып, Жамбыл, Шымкент облысын қамтыды. Бұл өңірде ол кезде және
бүгінге дейін қандай ру-тайпалар отырғанын шамалай беріңіз. Қарақытай
дегендердің кім екенінен ой түйіңіз.
Тумысынан еттірі, ширақ Күшілік тез арада наймандарды, меркіттерді,
керейдің үлкен тобын жинап алып, зор күшке айналады. Қартайған қайын
атасының бар шаруасын мойнына алады. Кейбір дереккөздерге қараған-
да 1211 жылы қайын атасы Жылғуға «Тай шан хуан» (Жоғарғы импера-
тор), ал анасына Хуан тай хоу (жесір император қатын) деген атақтар бе-
ріп, бар билікті қолына ала бастайды. Қоқан-лоқы жасап маза бермеген
Хорезмді майдан үстінде талқандайды. Қашқар, Тұрпанды басып алады.
Бұл екі ортада, 1206 жылы бүкіләлемдік маңызы бар, жер жаһанның
географиясын да, ұлттық құрамын да, мемлекеттер арасындағы ара сал-
мақты да біржола өзгерткен, сарқыны мен қарқыны күні бұгінге дейін же-
тіп отырған оқиға өткен еді. Шығыстағы Көк Түрік жұрты Шыңғысханның
туының астына бірікті, қаған етіп, ақ киізге көтерді. Бұл Тәңірге табынған
көшпелілер өмірінде болмаған жаңалық. Көшпелілер енді бір адамға ба-
ғынды.
Найманның ордасын түзегені Шыңғысханға екі бастан ұнамады. Жебе
ноян бастаған жиырма мың таңдаулы жасақты аттандырды. Абайсыз
қалған Күшілік жандәрмен шегіне соғысып, Тәжікстанның Таулы Бадах-
шанындағы Сарыққолда (кей тарихшыларда - Сарыкөл) Жебе ноянмен
жекпе-жекте 1218 жылы өлді. Найманның соңғы ханының басын Шың-
ғыс қағанға Жебе ноян алып келеді. Сонда, Шыңғыс хан Күшіліктің басын
жуып-тазалатып, қадірлеп, көрнекі жерге қойғызып, ұлдарына көрсете
бүй депті:
– Артында мынадай ұл қалған әкеде арман бар ма! Үйреніңдер! Атым-
ды-белдеуден, қылышымды-белбеуден алғызбай он бес жыл соғысып,
мені шар болаттай шыңдаған осы найман еді. Енді, мына әлемде кім
бар менімен тең тұрып айқасар? Қане кім бар? Қайсар ұлдың басын
ханға лайық құрметтеп, жерлеңдер!
Күшілік Шыңғыстан өзгелерге де «етбауыр» болмаған екен. Тіпті, 1540
жылдары, арада 320 жылдай уақыт өткенде М. Х. Дулати былай деп жа-
зады: «Олар (Күшілік) ханифиттердің таза дінін кәпірлікке айырбас-
тауға мәжбүр етті... Аллаға бас июдің орнына қарғыс атқан сайтан-
ға мойынұсындырды.» (М. Х. Дулати.Тарих и рашиди Алматы, 2003 ж.
320-321 бет.) Тарихшы атамыздың жанына батқаны тек қана дін мәсе-
52
Матай, Садыр рулары
лесі. Басқа жағдайларға тап осынша күйзелмейді. Орта Азияны қанға
бөктірген Шыңғыс жорығын басқыншылық деп қарамайды. «Шыңғысхан
мемлекеттерді жаулап алуға бет алған кезде Кучулуктің жөнсіз бұза-
қылығына тойтарыс беру үшін бір топ нояндарын жіберді. Сол уақыт-
та ол (Күшілік) Қашқарда болатын.» дейді. (Аталған кітап-320 бет)
Сөйтіп, Күшіліктің найман мемлекетін қайта құруға әрекеттенгені үш
ғасырдан соң да қарсылық туғызғанын ұқтық. Күшілік те, Шыңғыс та Ду-
лати үшін ол кезде сырттан келген басқыншы. Екеуі де басқыншы. Енде-
ше, бірінен-бірінің не айырмасы бар? Айырмасы - Дулатидың мұсылман-
шылығында, Күшіліктің Көк Түрік діні - Тәңіршілдікті мемлекетінің ресми
діні етпек болғанында. Көк Түріктердің ата дінін сақтап қалу үшін жанта-
ласуында.
Алдыңғы сөз ту баста Дулати секілді білімді адамның сөзі еместей кө-
рінетін. Тереңірек ойлансам, Дулати қазақ даласынан саналы түрде бас
тартып, жат ел, жат жерге кеткен соң ұлттық сана-сезімінде, болмысында
өзгерістер болған сияқты. Оның үстіне өзі көрмеген, арада 300 жылдан
астам уақыт өткен оқиғаны болған күйінде жазу мүмкін бе? Дулати Кү-
шілік заманын көрмеген, 300 жыл кейін туған адам. Ендеше не кекте-
сін? Бар мәселе Күшіліктің мұсылмандарға қатты қысым көрсеткенінде
жатқаны анық. Мұсылмандар мемлекет ішінде Құран талаптарымен ғана
жүргісі келеді, басқалай билік түрін мойындамайды. Ал Күшілік Мемле-
кеттік Заңдарды алғы кезекке қояды. Дін талабына емес, Заң талабына
бағынатын Мемлекет құрғысы келеді. Өркениетке ұмтылады. Міне, тар-
тыстың нақты себебі. Күшіліктің Дулатиге жақпайтыны.
Сөйтіп, найманның соңғы ханы Күшіліктің өлуімен, Қарақытай мем-
лектінің құлауымен Шыңғыс империясында жаңа кезең басталды. Ендігі
соғыс көшпелілермен емес, қамалы бар, тастап кете алмайтын егісі мен
тамы бар отырықшы халықпен болады. Шыңғыс әскері бұған толық да-
йын емес еді. Ал, Күшіліктің соңында қалған наймандар, керейлер, ар-
ғын, меркіттер, дулаттар, бүгінгі үйсін құрамындағы біршама тайпалар,
қарақытайлар Хорезм, Қашғар, Тұрпанды алған, қамалды елмен қалай
соғысудың тәсілдерін игерген. Ендеше, Шыңғыстың Орталық Азияны
жаулап алуында бұлар алдыңғы сапты бастайды.
Күшіліктің соңында Сарыққолда Жебеден қашып кеткен бір ұлы, және
келіншегі Күңкемен бірге Шыңғыс ордасына жеткен ұлы Сауыс қалды.
Өзге ұрпағы да бар болуы тиіс, одан хабарымыз жоқ. Сауыстан Беден
туады. «Жолбарыс соққан генерал» деп бүкіл қытай таңдай қағатын
батыр осы Беден екен. Қытайланып кетіпті. (Ж. Мырзахан, Күшілік
хан, Үрімжі, 161- 164 бет) Ал, Сарыкөлде қалған ұлдың кейінгі бір ұрқы
- Өкіреш Шал. Екі ортадағы аталарды әзірше көздей алмадық. Бір ғана
деректі Қаракерей Қабанбай батырдың тікелей ұрпағы, шежіреші Ахма-
дидің немересі Қапшырбай Оспанов ақсақалдан естігенбіз.
53
Найман – Төлегетай:
Ол ақсақал:
Атамыз Беден, Екем, Бердім деген,
Соңынан тоғыз ханды жетелеген, - деп Күшіліктің соңындағы үш ұл-
дан тағы да тоғыз хан тарағанын айтып еді. Бұларға қоса Өкіреш Шалға
дейінгі Тоғыс, Тоғым, Тоқта хандар туралы әңгімелесе де, қай атаның қай
буыны екенін дәл көрсете алмаған. Кәсіби тарихшы Ж. Мырзахан жаза-
тын Беден мен Қапшырбай ақсақал айтқан Беден бір адам ба, әлде аттас
адамдар ма? Әлі көп зерттеу керек.
Шыңғысханның алдына қайта орала соқсақ мынадай саяси картаны
көреміз. Сол кезде Азияның шығысында нақтылы Мемлекеттік-хандық
нысандары орныққан екі ғана мемлекет - Найман және Керей мемле-
кеттері болды. Бұлармен шекараласып қырғыз, шүршіт (қытай), тағбаш
(мәнжүр), қидан (қарақытай), қыпшақ мемлекеттері, ары қарай Хорезм
жатты. Кім не десе, о десін, сол кездегі Көк Түрік руларының негізі (көп-
шілігі бүгін қазақ аталады) осы аталған Мемлекеттердің - найман, керей,
қыпшақтардың құрамында немесе ықпалында болғаны даусыз. Мұны
Шәкірім Құдайбердіұлы басын ашып айтып, арғындардың Ойрат атадан
тарайтынын және Шыңғысхан тұсында найманның құрамында екенін жа-
сырмай, бүкпей жазды. (Шакарим Кудайбердыулы. Родословная тюрков,
киргизов, казахов и ханских династий. Алматы «Жазушы» 1990 г. Стр-77)
Сондай-ақ, найман хандығын паналаған меркіт, ойрат, дөрбен, сал-
жиут, қатаған, адай қатарлы руларды профессор Зардыхан Қинаятұлы
жазып кетті. Осылардың біршамасы бүгін өз атымен жеке шаңырақ ұста-
ды, біршамасы аты өзгеріп найманның құрамында қалды, және де басқа
руларға сіңіп кетті. Келесі бір нәрсені айтпай кетсек сөз түгел болмас.
Найман Мемлекеті құлаған соң Азияның ұшы-қиыры жоқ сайын дала-
сында Шыңғысханға қарсы тұрар қуатты күш қалмады. Кеше ғана ен да-
лада еркін көшіп жүрген ру-тайпалардың бірі түгел қырылып кетті, келесі-
лері Алтайдан таудан асып итжеккенді паналады, адам аяғы аспаған ну
орманына тығылды. Бүгінгі қазақ даласына қотарылғанының санын кім
білген. Ұшқан қыранның қанаты талар осынша шексіз аймақ самайына
ақ түсе бастаған Шыңғыстың дәргейіне жығылды. 1206 жылы Темужинді
қаған сайлап, Шыңғыс хан атады.
М.Х.Дулати Керей мен Жәнібектің Моғолстанның ханы Есенбұқаға ке-
ліп, Қозыбасты сұрап алғанын айтады. Бұл бүгін біз Ұлы Жүз деп жүрген
территориямыз. Ал, бүгінгі Кіші Жүз ол тұста Ноғайлы аталатын. Сон-
да Қазақ Мемлекетін құрған арғын, найман, қоңырат, керей рулары және
жалайырдың бір бөлігі екені анық. Ғалымдарымыз осы тарихи фактіні
айтуға құлықсыз, әлде, жікке түспейік деп көлегейлей ме? Кім біледі,
олары да дұрыс та шығар. Есенбұқа Керей мен Жәнібек бастаған көшке
Қозыбасты бекерден-бекер бере салмағаны анық. Шығысынан қалмақ
күш ала бастағанда елін қорғайтын жасақ керек еді. Мына келгендер ат
54
Матай, Садыр рулары
үстінен түспеген, өңкей сен тұр мен атайын сарбаздар. Бір ғана найман-
матай Қаптағай батырдың аты мың жауға сес.
Сол тұстағы найман тайпалары туралы айтар болсақ - бүгін өзбек,
қырғыз, татар, ноғай, түркімен, тәжік, тыва, алтай, мыңғұл, әзірбайжан,
тағы да басқа елдердің құрамында - қызыл, қара, дүрмен, өкіреш, бос-
торғай, базар, болдай, чантеке, үштай, бүйе, мырза, жуанбұт, көкші, сар,
құран, қашай, қашарқұл, пәс, лақай, малыш, күн, жерде, төртқара, күжі-
гет, нартоқ, ақсауыт, барлас және де басқа аттауларымен осы өсіп-өніп
жатыр. Балталы, бағаналы, көкжарлы, бура, саржомарт, терістаңбалы,
дүрмен, қаракерей, матай, садыр, төртуыл қазақтың құрамында. Ең мол
найман өзбек арасында. Талайымен бірде іздеп барып, келесіде жол үс-
тінде кездестім.
Өзбек тарихшылары Әбілхайырдың өзін өзбектің ханы ретінде мойын-
дамайды. Самарқан Университетінің тарихшыларымен кездескенімде
«Әбілхайыр басқыншы, ол қазақ» деп бой бермеді. Ендеше, Әбілқайыр
1428-1429 жылдары хан сайланса және оны сайлауға негізінен бүгінгі қа-
зақ ру басылары барса, Қазақ хандығының тамыры 1460 жылдары емес,
одан арыда жатыр. Осы Әбілхайырды хан сайлауға найманнан ғана сегіз
Елтұтқасы қатысыпты.
Айтқандайын Шыңғысхан заманында, Күшілік хан уағында, М. Мамы-
ровтың және Т. Сыздықовтардың деректеріне қарағанда, наймандар бү-
гінгі аталарынан өзге бетеге, көшеуіт-күжігет, дало-теле, ақсауыт, найман
керей (бүгінгі қаракерейдің ар жағы секілді көрінеді өзіме), найман қызыл
қаңлы, найман қара қаңлы т. б. болып бөлінген сияқты. Бұлардың арасына
әзірше біз білетін белгілі тұлға Рессейдің Қорғаныс Министрі С. К. Шойгу.
(Ғаламтордан «Современный Тувинский Эпос о Богатыре Шойгу» де-
ген мақаланы ашып оқыңыз. Өте қызғылықты.) Қайсібір оқырман «Кү-
шілік қай Тәңіршілдікті қорғап жүр? Ол кезде найман мен керей християн
емес пе еді?» деген сұрақ қойғанша байыз таппай отырған шығар. Бұған
да шама-шарқымызша жауап берейік. Аптығыңызды сәл баса тұрыңыз.
Неге екенін ішім сезеді, кейбір тарихшы бауырларымыз найманды түп-
түгел «христиан» еткен Рубрукты ғана алдыға тартып, оның алдында-
ғы Карпинидің найманды көпқұдайшыл дегенін айтпай кетеді. Карпини
найманның христиан екені жөнінде бір ауыз сөз қалдырмаған. Өз басым
найман мен керей түп-түгел христиан болды дегенге сенбеймін. Себебі,
батыс тарихшылары бір ғана Рубрукқа сүйенеді. Осыны талдайық.
Шығыстағы несторияндар жайлы дақпырт таралуы Европаға ХІІІ ға-
сырдың басында,1210 жылдардан бері болған оқиға. 1240 жылдардың
мөлшерінде «Давид деген несториян патша мұсылмандармен соғысып
жатыр» деген кесауат шығады. Қызығы-Рим Папасы Християндардың
Нестор тармағын християн емес деп жарлық таратып, христиандардың
қатарынан шағарып тастағанына ол тұста неше ғасыр өткен. Сирияда
55
Найман – Төлегетай:
қалыптасқан бұл христиандар Исусты Құдай емес дейтін. Исус-Исаны
барлық адамдар секілді еркек пен әйелдің төлі, кәдімгі пенде деп қарас-
тыратын. Айта берсек, бұдан да сорақысы бар. Ал, бұл қағида христан-
дықтың негізігі тірегіне тікелей қарама-қайшы еді. Бірақ желіккен хрис-
тияндар Несторияндықты християн емес дегендерін уақытша ұмытты.
Монахтарын аттандырды.
Өзім ойлаймын, осы кезеңде Үгедей хан мұсылман елдеріне, батыс-
қа жорыққа шықты ғой. Угедейді өз тілдеріне аударып, Давидке ұқсатып
жүрген жоқ па екен? Қалай қарасам да Күшіліктің атынан Давидті шығара
алмадым. «Күшіліктің шын аты Давид болуы мүмкін. Күшілік-оның мық-
тылығына, ержүректілігіне, батырлығына қарап сырттан таңылған
есім» дегенді оқып қалдым. Мұны да талдайық. Күшіліктің есімі- шыны-
мен де Давид болса мұны «Мыңғұлдың құпия Шежіресі», Рашид ад Дин,
қарадан-қарап өштесіп жүрген М. Х. Дулати «Міне, ол оңбағынның есі-
мі де шоқынды» деп жазуы тиіс-ті. Бірақ бұларда ондай ақпар жоқ. Үнемі-
«Күшілік» деп атайды. Европаның евроцентристік бағыттағы ғалымдары
жерден жеті қоян тапқандай шулап жазуы тиіс еді. Бірақ олар да ондай
дерек қалдырмаған. Не араб, не Европа ғалымдары мұндай айғақ ұс-
танбайды. Бұл бір. Екінші, Күшіліктің тұсында да, онан соң да найманда
бір де бір христиан есімі кездеспейді. Сол дәуірде жұртқа таныс найман
есімдері-Таян хан, Байбүйрек, Көкеген Сабырақ, Күшілік, Кетбұқа, Келбұ-
қа, Күңке, Гүрбесу, Сауыс, Беден, Екем, Бердім. Христиан түгілі, батысқа
ұқсатар ат жоқ. Демек, Күшіліктің есімі-Давид еді деген найманды қайтсе
де шоқындырудың амалы ғана. Жалған ақпар.
Алғашқы болып жолға П. Карпини аттанды. Ол Пападан «Азиаттардың
арасынан християндар тауып кел» деген нақты тапсырма алғанын Кар-
пиниді зерттеушілер жазып жүр. Мұны қазбаламайық.
П. Карпини осы сапарында расында да наймандардың діні туралы қа-
дап тұрып жазады. «(http://www.hist.msu.ru/)
XVII. Затем мы въехали в землю черных Китаев, в которой Татары
построили сызнова только один город, по имени Омыл. Император
построил здесь дом, в который мы приглашены были выпить, и тот,
кто был там со стороны императора, заставил плясать пред нами
старейшин города, а также двух своих сыновей. Выехав оттуда, мы
нашли некое море, не очень большое, имя которого, так как мы не исп-
росили о нем, нам неизвестно. На берегу же этого моря существует
некая небольшая гора, в которой, как говорят, имеется некоторое
отверстие, откуда зимою выходят столь сильные бури с ветрами,
что люди едва и с большою опасностью могут проходить мимо. Ле-
том же там слышен всегда шум ветров, но, как передавали нам жите-
ли, он выходит из отверстия слегка. По берегам этого моря мы ехали
довольно много дней.; это море имеет довольно много островков, и
56
Матай, Садыр рулары
мы оставили его с левой стороны. Земля же изобилует многими ре-
ками, но небольшими; на берегах рек с той и другой стороны стоят
леса, но необширные. В этой земле живет Орду, старший над Бату;
мало того, он древнее всех князей татарских; там имеется также
орда, или двор, его отца, в котором живет управляющая им одна из
его жен. Ибо у Татар существует такой обычай, что дворов князей
и вельмож они не разрушают, а всегда назначают для управления ими
каких-нибудь женщин и им отдают часть подарков, как обычно давали
их владыкам. После этого мы приехали к первой орде императора, в
которой была одна из его жен; и так как мы еще не видали импера-
тора, то они не захотели нас пригласить и допустить к его орде,
но устроили нам в нашем шатре очень хорошее, по обычаю Татар,
угощение и удержали нас там на один день, чтобы дать нам возмож-
ность отдохнуть.
XVIII. Выехав отсюда в канун дня, посвященного блаженному Петру,
мы попали в землю Найманов; они язычники. В день же апостолов Пет-
ра и Павла там выпал глубокий снег, и мы ощутили сильнейший холод.
Эта земля чрезмерно гориста и холодна, а ровных мест там немного.
(И эти два народа {74} не занимались земледелием, но, подобно Тата-
рам, жили в шатрах; Татары также их уничтожили.) Через эту страну
мы ехали много дней.»
Енді, осы ақпарды шұбалта бермей, қысқарта аударайық. «ҮІІ. Онан
соң біз қарақытайлардың жеріне келдік, ол жерге татарлар бір қаланы
қайта салған екен. Ондан аттанған соң біз үлкен көлге тап болдық...
Осы көлдің жағасында кішірек тау бар, оның тесігі бар көрінеді. Одан
қыста алапат жел соғады екен...». Тарихшылар бұл ежелгі Еміл қаласы
екенін айтып жүр. Көл-ежелгі Итішпес, бүгін Алакөл аталады. Тауы-
Жоңғар Алатауы, тесігі - Жоңғар қақпасы. Аңғардыңыз ба, Карпини
Итішпестің маңын қарақытай жері деді.
«ХVІІІ. Одан аттанған соң киелі Петр күнінің қарсаңында біз найман-
дардың жеріне келдік, олар-көпқұдайшыл («язычыники» ). Бұл елдің же-
рімен көп жүрдік.» (Плано Карпини и Гильом де Рубурук. Путешествие
в Евразиские степи. ИД «Кочевник», Алматы 2003 г. Стр-95) Бұл 1246
жылғы жаз-маусым.
Сөйтіп, П. Карпини найманды християн демеді. Тәңіршілдікке немесе
шаманға саиыды. Көп күн жүргенде бұл монах не бір християн, не бір
шіркеу көрмеген. Найманда не шіркеу, не бір християн жоқ. Найман жері
Алтайдан басталды. Бүгінгі Алакөл, Тарбағатай маңын, одан ары Алтай-
ға дейін қарақытай мекені.
Енді, Карпиниден соң 1253-1255 жылдар Қарақорымға барып қайтқан
Гильом де Рубрук не жазды, соған келейік. Карпини найманнан христиа
таппаған соң қысқа ғана дерегін ұсынғанбыз. Рубрукке көлемді орын бе-
рейік. «(http://www.vostlit.info/)
57
Найман – Төлегетай:
Именно в то время, когда франки взяли Антиохию 68, единовластие
в упомянутых северных странах принадлежало одному лицу по имени
Кон-хам 69. Кон – имя собственное, а хам 70 – обозначение достоинст-
ва, значит же оно то же, что «прорицатель». Всех прорицателей они
называют «хам». Отсюда их государи называются хам, так как в их
власти находится управление народом путем прорицания. Поэтому
в истории Антиохии читаем, что турки послали за помощью против
франков к королю Кон-хаму. Ибо из этих стран явились все турки.
Этот Кон был каракатай 71. Кара значит то же, что «черный», а ка-
тай – название народа, откуда каракатай значит то же, что «черный
катай». И это они говорят для различения их от Катаев, живущих
на востоке над океаном, о которых я скажу вам впоследствии. Эти
катай жили на неких горах, через которые я переправлялся, а на од-
ной равнине между этих гор жил некий несторианин-пастух (pastor),
человек могущественный и владычествующий над народом, именуе-
мым найман (naiman) и принадлежавшим к христианам-несторианам.
По смерти Кон-хама этот несторианец превознес себя в короли, и
несториане называли его королем Иоанном, говоря о нем вдесятеро
больше, чем согласно было с истиной. Именно так поступают нес-
ториане, прибывающие из тех стран: именно из ничего они создают
большие разговоры, поэтому они распространили и про Сартаха, буд-
то он христианин; то же говорили они про Мангу-хана и про Кен- хана
72 потому только, что те оказывают христианам большее уваже-
ние, чем другим народам; и, однако, на самом деле они не христиане.
Таким-то образом распространилась громкая слава и об упомянутом
короле Иоанне; и я проехал по его пастбищам; никто не знал ничего о
нем, кроме немногих несториан. На его пастбищах живет Кен-хан, при
дворе которого был брат Андрей 73, и я также проезжал той дорогой
при возвращении. У этого Иоанна был брат, также могущественный
пастух, по имени Унк 74; он жил за горами каракатаев, на три недели
пути от своего брата, и был властелином некоего [114] городка по
имени Каракорум 75; под его властью находился народ, именовавший-
ся Крит и меркит 76 и принадлежавший к христианам-несторианам. А
сам властелин их, оставив почитание Христа, следовал идолам, имея
при себе идольских жрецов, которые все принадлежат к вызывателям
демонов и к колдунам...»
Бұл монахқа да өлсе де, тірілсе де християн тауып келуді жүктегені
белгілі. Рубурук те дәл Карпинише қарақытайлар, олардың жері туралы
айтады. Сонан соң найман жеріне келгенін хабарлайды. «Бұлар мен ас-
қан тауларда тұрады. Осы таулардың арасындағы бір жазықта нес-
ториян малшы тұрыпты. Ол найман халқына билік жүгрізіпті, өзі аса
қуатты және християн-несторияндардың қатарында екен. Кон-хам
58
Матай, Садыр рулары
өлген соң бұл өзін король дегізіпті және несторияндар оны Иоан ко-
роль деп атапты... Осылайша Иоан король атағы жұртқа жайылып-
ты. Мен оның жайылымдықтарымен жүріп едім, аздаған несторияндар
болмаса өзгелер ол туралы ештеңе білмеді...» (Плано Карпини и Гиль-
ом де Рубурук. Путешествие в Евразиские степи. ИД «Кочевник» Алматы.
2003 г. Стр 146)
Рубуруктың найманның «християн» екені туралы жазғаны осы. Кар-
пини келіп кеткен соңғы жеті жылда, Рубурук келгенше найман аяқ асты
християн бола қалды дегенге, Сіз, сенсеңіз өзіңіз біліңіз. Мен сенбеймін.
Рубруктың шығыстағы християндар туралы жазғандары жүз пайыз өтірік.
Найман тарихында Иоан деген хан болған емес. Тіпті ұқсас ат та кездес-
пейді. Тарихшылар бұл Иоан қытайдың «ван» деген сөзі, керейдің Уаң
ханынының Европаға бұзылып жеткен нұсқасы дейді. Мүмкін. Дүниенің
төрт бұрышынан христиандарды көргісі келетін Рим Папасы дақпыртты
өзі шығарса да таң қалмаймын. Оның үстіне меркіт пен керейдің бір ада-
мын көрмей, басшыларымен, жұртымен сөйлеспей оларды да християн
қатарына қосты.
Күні бүгінге дейін евроцентристік ғалымдардың және осы жалған
ағымға енгендердің жұртқа, ғылымға сіңіріп келе жатқан шып-шылғи өті-
рігі бар. Бұларға сенсек керейдің таңбасы-крест. Християндар кресті "+"
таңбалайды, қазақ айқыш дейді. Ал, керейдің таңбасы-Х ашамай атала-
ды. Міне, бұрмалаушылық.
Менің ойымша Рубрук келген сапары бос болмауы, Папаның алдына
құр қол бармауы үшін әйтіп-бүйтіп христиандар «тауып алған». Әйтпе-
се, найманның патшасы несториян болса Рубрук өл-тіріл найманның сол
несториян патшасын тауып, қайтсе де жолығар еді. Рим Папасының «сә-
лемін» жеткізер еді. Ал Европалық христиан ғалымдар көзге ұрып тұрған
осы өтірікті «көргісі» келмеген. Мен өз пікірімді, екі кітапты, оларға жазыл-
ған түсіндірмелерді әбден саралап, бірнеше қайтара оқып шықаннан соң
жазып отырмын.
Европалық екі монах та жиі-жиі өздері көрген шығыс ұлттарының бір
құдайға-Исусқа сенетінін жазып отырады. Бұл енді адам нанғысыз жал-
ған. Көшпелі шығыс жұрты түгелдей христиан еді дегісі келеді. Өтіріктің
де қисыны болушы еді. Бұлары енді астамдық. Біздің бір құдайымыз - Көк
Тәңірі! Көк Тәңірінің ұрпақтары тек қана бір Тәңірге табынғаны тарихи
шындық. Осы Көк Тәңірді екі монах та қасақана Исус деп қайталай бе-
реді. Білмей емес, біліп отырып жазады. Папаға бірдеңе айту керек қой.
Рубруктың Ком-хан (?) өлген соң оның орнына бір малшы өзін король
жариялапты дегені тіптен өтірік. Найман Мемлекеті 1204 жылы құлап,
Таян хан өліп, Күшілік Қарақытайға өтіп кеткен соң бар билік Шыңғыс
ханға, оның ұрпақтарын тиді. Бұлар, енді, Найман Мемлекетін қайта құр-
ғызып, хан сайлатып қарап отыра ма? Тағы майдан ашса да, найманға
59
Найман – Төлегетай:
мемлекет құрғызбайды, хан сайлатпайды. Хан да жоқ, топырлап жатқан
несториан христиандар да жоқ. Осы жерде тарих ғылымдарының док-
торы, профессор, қытай тарихының жетігі Бақыт Еженханның бір пікірін
келтірмесек, тарихқа қиянат жасайтындаймыз.
- Халықтың арасында қашан да әр түрлі көзқарастағы, әр түрлі діни
ағымдағы адамдар болады. Бүгін де сондай ғой. Қазіргі қазақтың ара-
сынан шығып жатқан өзге дін өкілдері бар. Сол секілді Рубрук келген
кезде найман ішінде аздаған топ несториан тармағын ұстануы мүмкін.
Деректерде Күйік хан монахты қабылдамай қояды. Бұларды Күйік хан-
ның анасы Тұрақын қатын күтіп, демалтады. Осыған қарағанда Тұра-
қын қатынның христиандыққа бір байланысы болуы, нестор ілімі най-
ман арасына жалпы тарамаса да, ішінара орнығуы мүмкін. Ал, барлық
жұртты христиан екен деу түбірімен қате.
Профессор да ой қосты. Тұрақын қатын ұлы Күйік ержеткенше Орданы
жалғыз өзі билеген, бүкіл Империяға сөзі өтетін, адуынды жан, Қағанның
анасы. Ендеше, монахты жылы қарсы алған Тұрақын қатын неге нестор
тармағындағы христиандарды, найманның христиан дінін ұстаған ханын
тауып бермейді? Бүкіл империяны ашса-алақанында, жұмса-жұдыры-
ғында ұстап отырған ханның анасы өз елінде не болып жатқанынан, кім-
дер барлығынан әбден хабардар екеніне дау қайсы. Бар ақпар Хан Орда-
ға жиналады емес пе. Демек, Рубрук жазатындай найман, керей, меркіт
христиандар болса Тұрақын қатын олардың басшысын Ордаға алғызар
еді. Немесе монахтың қасына кісі қосып, найманға жіберуі тиіс. Мұның
бірі де істелмейді. Тіпті, монахтардың өздері де жылышырай танытқан
қатынға христиандарды тауып беруге өтініш те айтпайды. Бұл не сонда?
Мұның себебі, монахтар найман түгел христиан еместігін көздерімен кө-
ріп келді. Европадағы ақпар бос даурықпа екенін анық таныды. Найман
ғана емес, керей мен меркіт те түгелдей христиан болмаған. Профессор
Б. Еженхан қытай деректеріне сүйене қазіргі қазақтың ішіндегі найман,
керей, меркіттен өзге бір рудың сол тұста нестор бағытын ұстанғанын да
айтады. Бұл бүгінгі күннің әңгімесі емес.
Батыстағы Рим Папасының, Европа ғалымдарының найманды шо-
қындыруға сонша құмарлығын түсіну оп-оңай. Көшпелі шығыстағы өрке-
ниетті, әр түрлі билік тармағының нақтылы Иниституттары қалыптасқан,
жазу-сызуы бар жалғыз озық Мемлекет - Найман Мемлекеті. Христиан
басшыларының айтпағы да осы. «Көрдіңдер ғой, осындай дәрежеге тек
қана христиан діні арқылы жетуге болады. Христиан діні ғана жабайы-
лықтан құтқарады. Христиандықты қабылдаңдар» деп жарнама жасауға
лайық. Осындай қитұрқылықты ұқпай, евроцентристік астамшылықтың
шылауынан шыға алмай жүргендерге айтар сөз жоқ.
Күшілік христиандықты да, буддашылдықты да енгізуге ұмтылмаған.
Қолдағаны - Тәңіршілдік. Ол Тәңіршілдікті тастап християн, одан буддашы
60
Матай, Садыр рулары
болды деу Күшілікті тұрақсыз, құбыла беретін етіп көрсетуге бағытталған
амал. Ал, шын мәнінде бұл Күшіліктің бірбеткей, алған бетінен қайтпай-
тын қайсар мінезімен тіпті де үйлеспейді. Күшіліктің бүкіл өмірінде бұл-
ғақтаудың, екі айтудың, біреудің сөзіне ерудің нышаны жоқ. Шыңғыспен
соғысуға бір бекінді, өлгенінше айқасып өтті. Біреудің ығына жүріп, басын
ию Күшіліктің жаратылысына жат. Өлсе де ешкімге тізе бүкпей өлді. Най-
ман мен керей несториян-християн болса, Шәкәрім атамыз арғынды най-
манның құрамында болды деп атап көрсеткеніндей, Найман және Керей
хандықтарының құрамындағы барлық рулар да християн болғаны. Бүгін
бұл рулардың саны ең кемі жиырма шақты. Қажет болса манадан бері
біршамасының атын атадық.
Найманның соңғы ханы Күшілік туралы әлі талай мақала шығар. Мақ-
тар да, даттар да. Мен Күшіліктің бүкіл ғұмырын, қайраткерлігін, қолбас-
шылығын, әлсіздерге өктемдігін, соғысқұмарлығын, мұсылмандарды қан
қақсатқанын және де басқа кереғар, жақсылы, жаманды барлық қасиет-
терін толық қамти алмадым. Ықшамдап ұсынып отырған шағын мақалам
алдағы ірілеу дүниенің негізі болады-ау деген ойдамын.
Камал АБДРАХМАНның осы мақаласының Qazaqstan tarihy порталында-
ғы соңғы нұсқасын мына сілтеме бойынша оқуға болады:
https://e-history.kz/kz/publications/view/5083
61
Найман – Төлегетай:
ӨКІРЕШ ШАЛ КІМ?
Камал ӘБДІРАХМАН,
тарихшы, шежіреші
Мақала 2017 ж. 26 желтоқсанда «Abai. kz» ақпараттық порталында жарияланып,
2018 ж. 12 шілдеде «Фейсбук» желісінде қайта шығарылған.
Атадан балаға ауызекі қалып келе жатқан
шежірелерде ала-құлалық, жаңылыс жиі кез-
деседі. Сондықтан да шежірелерді нақты-
лы факті ретінде алдыға тарту аса дұрыс
емес сияқты. Ұлы бабаларымызды, аса ірі ру
басыларын аңыздан аршып, тарихи дерек-
тер арқылы ғылыми түрде зерттеу аса қа-
жет. Себебі, алдыда өткен аталарымыздың
өмір жолы, әр бабаның тарихы, түптеп кел-
генде, қазақ тарихының бір-бір парағы. Осы
парақтарды түгендесек қазақ халқының та-
рихы толыға түседі.
Сол аталарымыздың бірі, бірегейі - Найман ӨКІРЕШ ШАЛ.
Шежірелердің әртүрлілігіне орай «Өкіреш Шал» кейде - Тоқпан деген
кісінің лақабы. Кейде, Тоқпан - Өкіреш Шалдың ұлы. Өз заманында Өкі-
реш Шалды - «Ақмырза», «Ақсофы» деп те атапты. Қалай деп атаса да
сол шежіредегі «Өкіреш Шал» қазіргі үш-төрт миллионға жуық найман-
ның тең жартысының ұлы бабалары, найманның «Өкіреш Шал» тарма-
ғының бастауы дейді.
Кей шежірелер, шежірешілер барлық Найманды Өкіреш Шалдан тара-
тады. Келесісі үш топқа бөледі:
1. Ергенекті немесе Алтай наймандары (Көкжарлы, Бура, Саржомарт,
Терістаңбалы);
2. Сырдың наймандары немесе Төлегетайдың төрт ұлы (Қаракерей,
Матай, Садыр, Төртуыл);
3. Ұлытаудың наймандары (Балталы, Бағыналы). Қайталап айтамыз
біз шежіре деректерін ғана ұсынып отырмыз. Бұл «нақтысы осы» деген-
дік емес. Жаңылыс болуы әбден мүмкін.
Әзірше дәл жауабымыз жоқ, бірақ айтпасқа тағы болмайды, Шымкент,
Түркістан, Қызылорда қалаларында, сол маңда, Астана түбінде Дүрмен
62
Матай, Садыр рулары
наймандар топтаса орналасқан. Қазақ шежіресіне кірмей қалу себебін,
қазақ хандығы әбден қалыптасып, қазақ руларының шежірелері тұйық-
талған соң қосылған деп топшылаған жөн сияқты. Дүрмендер VІ ғасыр-
дағы найман конфедерацисының құрамында болғаны, ықылымнан бері
найман екені анық. (Е. Сәлімбай. Ата-баба тарихынан, Алматы-2007
жыл, 34 бет). Біз осылардың ішінен Өкірештен - Белгібайға, одан -
Сүйінішке (Сүгірше), одан Төлегетайға (Төле атайға, Төле-Қытай-
ға) түсетін тармағын бөліп алып қарастырмақпыз. Себебі, біз ал-
ды-артын емес, Өкіреш Шалдың жеке басын аңдамақпыз. Әңгіме дара
тұлғасының кім екенін анықтауда.
Мен шежіре бойынша Өкіреш Шалдан тараймын. Алайда атамыздың
«кіндігіненбіз» дегенге күмәндімін. Әрине, Өкіреш Шалдың кіндік төлдері
бар, біреуі мен болуым да ықтимал. Оған дау жоқ. Әңгіме бір жарым, екі
миллион адам туралы. Енді, күдігімді таратып айтайын. Ол үшін атамыз-
дың қай тұста ғұмыр кешкенін анықтау керек. Осыған келейік.
М.Тынышбаев «Әкемнің айтуына қарағанда Төлегетай он алтын-
шы атам» дейді. Бұл маңызды. Тынышбаев шежірені нақтылы тарих
демейді, «айтуынша» деп көрсетеді. Төлегетайдан Өкіреш Шалға дейін
және екі ата бар. Барлығы-18. Бұл мөлшері, әр атаға 25 жылдан бөлсек,
450 жыл. Бұған Белгібай туғандағы Өкіреш Шалдың 93 жасын қосамыз.
Барлығы-543 жыл. М.Тынышбаев 1879 жылғы 12 мамырда туғанын өз
қолымен жазыпты. Демек, 1879-дан 543-ті аламыз. Сонда Өкіреш Шал
мөлшері - 1330 жылдары дүниеге келген. Мүмкін сәл ертерек, не кешірек.
Шежірелерде бір-жар ата ұмытылып қалатыны бар.
Қаракерей Қабанбай батырдың шежіресімен алсақ, ол кісіден Белгі-
байға дейін 12 ата - 300 жыл. Оған Өкіреш Шалдың 93 жасын қосамыз.
Барлығы - 393 жыл. Енді Хан батыр туған 1692 жылдан 393-ті аламыз.
Онда Өкіреш Шал 1299 жылы туады. М.Тынышбаевтың шежіресімен өк-
шелес. Шежіредегі мұндай алшақтықтар қалыпты нәрсе. Сөйтіп, нысана
XIII ғасырдың аяғы немесе XIV ғасырдың басы. Найманның бір тармағы,
шежіреге сай, осы мөлшерде тууы тиіс. Дәл осыған сене алмаймын.
Шежіре ең кемі 6-8 ғасырға жаңылады. Себебі:
1. Найман Мемлекеті VІ-VIІ ғасырда қытайдың жазба тарихына енгені
анық. Орхон жазуларында Қаржаубай Сартқожа дәлелдеген Арық бұқа
мен Семіз бұқа секілді хандар бар.
2. Өкіреш Шалдан - Сүйініш (Сүгірше), Сүйініштен - Төлегетай (Төле
атай), (Төле Қытай). Байқасаңыз Өкіреш-жалқы, Сүйініш-жалқы, Төлеге-
тай-жалқы. Төлегетайдан Қытай да жалқы. Сонда Қытай ХV ғасырдың
аяқ шенінде дүние есігін ашады. Қытайдан (кейде Кітәй, дұрысы Қытай
сияқты) - Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл. Бұлар мөлшері ХVI ғасыр-
да туады. Одан бері бес жүз жылдай уақыт өтіпті. Ендеше, Найманның
63
Найман – Төлегетай:
бір ғана тармағы Қытайдан туған балалар бес ғасырда екі миллионға же-
теғабыл дегенге сенесіз бе? Шыңғысханнан бұрын жасап келе жатқан,
V-ғасырда із тастаған қырғыздар содан бергі 1500 жылда 3 миллионнан
енді асты. Ендеше, Өкіреш Шалдың ұрпақтары ХV ғасырдан бері қан-
ша қауласа да бүгінгі жан сандары-2 миллионға дейін өсуі мүмкін емес.
Бірақ, осынша адам бар. Демек, бізге беймәлім бір құпия болғаны ғой.
Рас, солайы солай. Осы сырды ашу үшін тарих ғылымдарының докторы
Бақыт Еженханның «Найман хандығының мемлекеттік құрылымы» атты
еңбегіне жүгінеміз. («Қазақ Ордасы» 2003 ж. №3).
Ғалым «Найманның әкімшілік атауы – «Шал» деп сенімді жазады, дә-
лелдер ұсынады. «Жамиғат тауарихтың» «Шыңғыс хан» шежіресінде
Найман Күшіліктің әпкелері, қарындастары мен руы туралы әңгімеде осы
сөз бар: «Әмин Шал, Тарту Шал, Таян Шал, Түңге Шал ағайынды. Төр-
теуі де Күшіліктің руынан. Шал-ханзада деген мағына береді. Найман
Таян ханның бір әмірі, әки бегінің аты Титик Шал. Ал осы Титик Шал-
ды «Юань Чао Би-Ши»-да «Титик сақал» деп жазған. Сондай-ақ, «Ляо
ши»-дің «Шалға» берген түсініктемесіндегі «ұл» деген сөзді «патша
ұрпағы ханзада» деп түсіну керек. Бұл наймандарды ханзаданың «Шал»
деп көрсетуімен мағынасы бірдей. Шал немесе сақалдың мәнсап көле-
міне келсек, олардың іс-қимылынан (атқарып жүрген қызметтерінен)
мынаны көреміз: Шал – сыртқа қол бастап шығады; жат ру-тайпалар-
дың істеріне қатысады; ел арасындағы араздықтарды келістіреді; заң-
ды атқарады».
Бақыт Еженханның осы деректерін таратып айтсақ, Шал:
1. Әскербасы. Өз бетінше, дербес шешім қабылдайды.
2. Сыртқы саясат мәселелерін шешеді, шекара қорғанысын басқара-
ды, бодан елдерге билік жүргізеді, ішкі істеріне араласады.
3. Соттың, бидің бар қызметін атқарады. Үкім шығарады, төрелік айтады;
4. Мемлекеттік заңдардың жүзеге асырылуын бақылайды. Заң бұзу-
шыларды айыпқа тартады. (соттайды).
Көріп отырсыздар, «Шал» ханнан кейінгі лауазым иесі. Жеке-жеке са-
ланы басқаратын уәзірлер сияқты емес, мемлекеттің барлық салалары-
на тікелей араласады. Уәзірлерден әлдеқайда жоғары лауазымды адам-
Шал. Ал уәзірден жоғары ханзада екені кімге де болса мәлім. Шалдың
қызмет ауқымы аса кең.
Демек, «Шал», сөз жоқ, хан ұрпағынан. Ендеше сол тұста-ақ Хан басқа-
ратын дербес мемлекет немесе ұлыс болғаны ғой. Ол, не дегенде де, мол
жұрт. Әйтпесе, хандық, мемлекет қалыптаспаса ханзада қайдан болсын.
Бұлай десек, нақты тарихи деректерге жүгінсек, VI ғасырда бар найман
ХІІІ ғасырдың аяғында, табаны жалпақ жеті жүз жылдан соң, өзінен жеті
64
Матай, Садыр рулары
жүз жыл кіші Өкірештен қалай туады? Жеті ғасыр бұрын бар, өз ата-ба-
басына Өкіреш қалай әке болады? Сөз басындағы күдігім осында жатыр.
Өкіреш Шал барлық найманның атасы емес. Өкіреш Шал өзі өмір сүр-
ген кездегі сол тұста, сол маңда топтасқан наймандардың басын қосып,
билеушісі дәлірек сияқты. Оның лауазымын ұлық би дейсіз бе, ұлыс биі
дейсіз бе, кіші патша дейсіз бе, өз еркіңізде. Бұл бір жағы. «Шал» сөзін
саралау осыған алып келді.
Екінші жағы «Өкіреш» не мағына беретінін тапсақ көрінеді. Мұны қазақ
наймандары жадыдан шығарып алған екен. Бірақ Самарқандағы өзбек
наймандары ұмытпапты. Сонымен «Өкіреш» не мағына береді? Баба-
мыз Самарқан маңында дүниеге келіп, сүйегі Самарқаннан отыз шақы-
рым жердегі Үргіт тауының етегінде Өкіреш аталатын ауылда жерленген
дегенді Самарқандық өзбек наймандарынан 2006 жылы естіген едім. Ал
қазақ арасында мұндай дерек жоқ. Осы себепті қолда бар жиған-терген-
дерімізді тереңдете және бір қарадық.
Рашид ад Дин найман мен қидандардың соңғы ханы Күшіліктің таулы
Бадахшанда Сарықол шатқалында өлтірілгенін мыңғұлдардың «алтын
ақша мен асыл тастардың мол қазынысын алғанын» жазады. Демек, Кү-
шілік хан сопа басын алып қашпағаны, ордасымен, жұртымен шегініп,
қазынасын ала жүргені ғой. Ендеше наймандардың алды бүгінгі Тәжік
жеріне келіп орналасқаны көрінді (Расында да қазір Тәжікстанда лақай-қа-
зақ, олардың ішінде өздерін найманбыз дейтін үлкен қауым бар).
Моланың басына жергілікті өзбек өкіреш наймандар жиналып, қызыл
бесжұлдыздан 1988 жылы белгі қойыпты. «Украч қобирстони» деп жа-
зыпты. 2011 жылы өзбек наймандарымен келі-
сіп, темірді алып, орнына биіктігі 3,5 метр, ені
1,5 метр қызыл гранит құлпытас қойдық. Қа-
зақстаннан азаматтар барып ас бердік. Ауыл
жанында Қаранайман, Қызылнайман, сәл әрі-
рек Дүрмен найман ауылдары. Бұларда өзде-
рін Өкіреш Шалдан тарататын өзбек найман-
дары тұрады.
Осы маңда Төртуыл, Жанғұлы, Балталы,
Бағаналы, Садырсай, Қаңлы, Қарақұрсақ, Қа-
ракесек, Зарман, Шанышқылы, Тарақлы, Маң-
ғыт, Жағалбайлы, Қатаған, Балғалы, Сарқұл,
Керейт, Наймансай, Қаранайман табиғи қоры-
ғы, Қанжығалы, Наймансарай, Қарабағаналы,
Шапырашлы, Шанышқылы, Уйшун, Дүрмен,
Қоңырат, Шөмекей, Қият атты қышлақтар ор-
наласқан. Нақ бір қазақ жерінде жүргендейсің.
Осы қышлақтарда «өзбекпіз» дейтін осы рулар
65
Найман – Төлегетай:
тұрады. Бұл біздің көзімізге түскендері. Көне атауларын жоғалтқандары
қаншама екен? Мысалы, Кеңес үкіметі тұсында Өкіреш найман, қаранай-
ман, қызылнайман ауылдарын қосып, «Москва» колхозы атапты, қазір
Әмір Темір атындағы шаруашылыққа ұйысыпты.
Осы наймандар «Укірач» - «Кіші бұқа» деген мағына береді дейді.
«Бұқа» найманның хандық атауының қосымшасы екенін дәлелдеу қажет
емес шығар. Оған VI ғасырдағы найман хандары Арық бұқа, Семіз бұқа,
ХІІ ғасырдағы Инанығ Білге бұқа, ХІІІ ғасырдағы Байбұқа, Тайбұқа, Кет-
бұқа, Келбұқа бабаларымызды айтсақ та жеткілікті. «Кіші бұқа» - «Өкі-
рештің» мағынасы тағы айналып ханзадаға соқты. «Укірач» дегеніміз осы
жерде кіші хандықтың билеушісі дәрежесінде тұр деп пайымдауға келе-
тіндей. Себебі, біз үш жыл араласқан өзбек укірач найман ақсақалдар
Укірач бабаларын Самарқан ғана емес, Таулы Бадахшан, қырғыз, қазақ
еліндегі наймандардың сол кездегі дара билеушісі деген пікірде. Ата жас
кезінде аса ірі әскербасы екен, кейін егделене келе наймандардың ханы.
Аса діндар. Өзі арыдан тартар нағыз қаракөктің ұрпағы-найман хандары-
ның бұтағы. Онда да ар жағын атын атап, түсін түстеп айтады.
- Найманның соңғы ханы Кучулук Таулы Бадахшанда Жебе ноянмен
жекпе-жекте өлген соң, Жебе Кучулук ханның қатын-баласын, іні-қа-
рындастарын түгелдей Мыңғұлға ала кетіпті. Бірақ бір ұлын нөкерле-
рі жасырып қалыпты. Соңыра Кучулук Ханнан қалған осы ұлдың атын
естіп, маңына ат тұяғы жетер жердегі найман жиналып, бір қауым-
ға жетіпті. Мұны Кетбұқа естіп, Улуғ Тауға (Ұлытауға) шақыртады.
Жошыханнан пайза бергізіп, бар найманның билеушісі етіп тағайын-
дайды. Бұл ханзада Өкіреш атаның алды. Өкірач атаның арғы жағы
Кучулук ханның ұрпағы, Кетбұқаның замандасы. Біз Кучулук ханның осы
әулетіненбіз,-дейді қариялар.
Сөйтіп, өзбектер Өкіреш Шал найманның соңғы ханы - Күшіліктің ке-
йінгі ұрпағы екеніне куәлікке жүреді. Осында жан бар. Ешкімге мойынсал
болмай, Күшілік өлген соң бытырап кеткен, Шыңғысханмен он бес жыл
арпалысқан өркеуде найманды ұйыстырып, бас игізу үшін соған лайық
тегің болуы қажет. Сені сонда ғана мойындайды. Мұндай адам Күшілік-
тен қалған бір төл - Өкіреш Шал. Оның үстіне Кетбұқа шақыртса, оның
Ұлытауда отырған, Жошыдан кейінгі Ұлық би кезі. Кетбұқаның найман-
дарға іш тарта, бар найманды бір ортаға жинауға пәрмен беруі заңды. Өзі
найман адамның жанашырлығын түсіндіру қажет емес.
Өзбек қарияларының айтуынша Өкіреш Шал қартайғанда әскерін өкі-
зіпті. Кейінірек Әмір Темір (Ақсақ Темір) Шалға осы маңды сыйлапты.
- Мұнда дихан наймандар тұрыпты. Біз малшы екенбіз. Осында келіп,
тұрақтағалы бері көшпейміз. Малшы наймандар Жизақ, Науаиге қарай
тұрады. Бұл жақта найман көп. Бір ғана Самарқан облысында, ең азы,
бес жүз мыңдаймыз. Бәріміз де тегімізді білеміз. Жалпы өзбек жұрты не-
66
Матай, Садыр рулары
мере, шөберелерінен қыз алып, қыз берісе береді. Біз өйтпейміз. Өзбек
наймандары осылай деді.
Тереңірек үңілсек, «Шал» мен «Өкіреш» бір мағынада тұр - «Ханза-
да». Осы жерде тағы сауал туады. Онда неге қосарлап «Өкіреш-Шал»
дейміз? Жекелеп не Өкіреш, не Шал десе де болғандай екен. Бұл сұрақ-
қа мына сөздер жауап береді. Тоқты-Барлық, Баян-сұлу, Ақ-Шаған, Кел-
те-Мұқыры, Ұрыжар-Мұханшы. Осылардағы барлық - мыңғұл қалмақша,
қазақшасы - тоқты, баянның қазақшасы - сұлу, ақтың қалмақшасы - ша-
ған, келтенің қалмақшасы - мұқыр, Ақшаңқан деп те жатамыз. Мұқаншы-
ны қазақшаласаң - ұры, қарақшы шығады. Бұл да солай. Тілімізде қалмақ
- мыңғұл тіліндегі сөзге қазақшасы қосылып айтылатын тіркестер көптеп
саналады. Кейбір қосарлы сөздер жергілікті диалектіні түсінікті ету үшін
де жүреді. «Шалдың» әуелдегі көне ұғымы, мағынасы ұмытыла бастаған
соң, «Өкіреш» қосылғаны көрініп тұр. Көнесі «шал» сияқты.
Сөз реті келгенде айта кетейік. Г.Н.Потанин наймандардан «Көк бұқа»
аңызын жазып алып, былай деп атап көрсетіпті: «Наймандардың бір бө-
лігі осы күнге дейін өздерін өгіздің ұрпағымыз» дейді. (Ғ.Байназарова
«Қасиетті Түркі елі, Алматы, «Өнер», 66 бет).
Зер салсақ Өкіреш Шалдың ғұмыры үш кезеңге бөлінеді:
1. Әскербасы. Толған ел алдындағы шағы.
2. Жалпы найманның Елтұтқасы. Жұрттың сөзін ұстаған, билік айтқан
шағы.
3. Дінге бет бұруы. «Ақсофы», «Ақмырза» аталуы. Балалары өліп, тұл
қалуы. Үйленуі.
Қазақ шежіресінде осы үш кезеңнің біріншісі жалғыз ауыз «Ешкімге есе
бермеген екен» деген сөзбен айтылады. Өкіреш наймандар Самарқан-
нан Сырға, одан Арқаға, одан Шығыс пен Жетісуға қоныс аударып, алты
жүз жылдай көші-қонмен жүргенде, жаңа ортаға бейімделу барысында
«Өкірештің» найманға ғана тән лауазымдық мағынасы тасаланыпты. Ал
сүйегі жатқан өзбектер есте тұтқан. Бұған найман хандығының бір жола
жойылуы, найманның мемлекеттік лауазымдарының қолданыстан шы-
ғып қалуы да әсер еткені даусыз. Бірақ, 1625 жылға дейін Самарқанда
биліктің бір ұшын ұстап отырған наймандар «бұқаны» пайдаланбаса да,
«Өкіреш»-Кіші бұқаны ұмытпапты. Түпкі мағынасын сақтап қалған. Жеке
хандықтың иесі «бұқа» сол кездегі найман алдымен Алтын Орданың,
одан Ақ орданың құрамындағы бір руға айналған соң соған лайықталып,
кішерейіп «өкірешке» көшкен сыңайлы.
Қазақ тарихында өз орны бар бір бабамыз - Өкіреш Шалдың кім болға-
нын, қай мезгілде өмір сүргенін, атқарған қызметін қолдан келгенше анық-
тауға тырыстық. Тереңдете зерттеуге көпшілік атсалысса жөн болар еді.
67
Найман – Төлегетай:
Екі-үш үн бұрын қазақ тарихымен белсенді айналысып жүрген Мұрат-
бек Мамыров бауырымыз «Өкіреш» атауының қалай шыққаны жөнінде-
гі пікірін ФБ-ке жазған еді. Осыған орай оншақты жыл бұрын жазылған
«Өкіреш Шал» атты еңбегімді ФБ-ке лайықтап, барынша қысқартып са-
лып отырмын. Салыстырып, ойларыңызды айтарсыздар.
68
Матай, Садыр рулары
ТӨЛЕГЕТАЙ БАБА
Төлегетай баба Сүйінішұлы (шамамен 15-ғ-да өмір сүрген) – тарихи
тұлға. Найманның (Ақсопының) шөбересі. Найманнан – Белгібай, одан
Сүйініш. Бұл күнде «Төрт Төлегетай» атанып жүрген Найманның төрт
тайпасы: Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл – Төлегетай бабаның
немерелері. Төлегетай бабаның өз заманында қол бастаған батыр, ел-
дің қамын жеп, бірлігін ойлаған қайраткер болған. Мазары - Жаңақорған
ст-нан 24 км жердегі Ә.Нұртазаев ауылының жанындағы Қылышты ата
әулиенің қорымында.
ТӨЛЕГЕТАЙ ТУРАЛЫ
Р.С.КАРЕНОВ
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
«Қарағанды университетiнiң хабаршысы» журналы, 2014 жыл.
«НАЙМАН» этнонимі жəне найман тайпасының
рулары жөнінде» атты мақаладан алынды.
...1202 жылы Шыңғысхан мен Ван-Хан Бұйрық ханға қарсы жорық
ашты. Қыспаққа төтеп бере алмаған Бұйрық хан əскери қолбасшысы
Жеті Тоғлұқ (жеті тулы) екеуі Оңтүстік Алтайда қолға түсті. Енді бүкіл Ор-
талық Азияда Шыңғысханға бəсекелес тек Таян хан қалды. 1204 жылы
Шыңғысхан Таян ханға қарсы жорыққа аттанды. Наймандар əскері күй-
рей жеңілді. Таян хан шайқас үстінде ауыр жарақаттан өлді. Таян ханның
ұлы Күшлік хан аман қалған шағын топпен майданнан қашып үлгерді [2].
1204 жылы Найман хандығы Шыңғыс хан басқарған əскер шабуылы-
нан күйрей женілгеннен кейін Күшлік хан қазіргі Қазақстанның Оңтүстік
өңіріндегі Қидан (Қарақытай) хандығын паналайды. Көп өтпей сол хан-
дықтың билік тізгінін ұстап, шашылған наймандарды төңірегіне топтап,
69
Найман – Төлегетай:
1218 жылға дейін дəурен сүргендігі жұртқа мəлім. Демек, 15 жылға таяу
уақыт осы хандық Күшліктің билеуінде болған [1;17].
1218 жылы Шыңғысхан Жебе ноян бастаған 20 мың əскерді Күшлікке
қарсы аттандырды.Шыңғысханның əскерінен жеңілген Күшлік хан Бадах-
шанға қашты. Жебе ноян Сарыққолда қуып жетіп, Күшлікті өлтірді. Сөй-
тіп, Найман елінің Шыңғысхан шапқыншылығына қарсы жүргізген жиыр-
ма жылдық қажырлы күресі жеңіліспен тынды [3].
Соңғы ханы Күшлік өлтірілгеннен кейін Найман бірнеше бөлікке бө-
лініп кетті. Алтай мен Ертіс бойын мекендеген Найман рулары моңғол-
дардың жаңа империясына кірді. Наймандардың біразы өздерінің атаме-
кенін тастап Алакөл, Балқаш көлі, Жетісу, Есіл, Сырдария бойына жəне
Ұлытау алқаптарына ауысты. Ал бір бөлігі кейін, Шьңғысхан əулеті мүл-
дем ыдыраған соң, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, т.б. халықтардың
құрамына енді.
Қазақ ішіндегі Наймандар XVII ғасырдың аяғында Қаратау, Əулиеата,
Ташкент өңіріне келіп мекендеді. Наймандардың ата жұрттан аууына
жоңғар қалмақтарының, одан кейінгі тарихи кезеңдердің де əсері үлкен
болды. Олардың Сыр бойын мекендеп, Орталық Қазақстан, Жетісу өңірін
жайлағаны белгілі.
Найман тайпасының руларын анықтау жөнінде
орындалған зерттеулер
Найман шежіресіне қатысты маңызды мəселенің бірі – бұл тайпа өз
ішінде қанша рудан тұрады жəне олар қалай топтасады деген мəселе.
Ғылыми негіздегі шежіренің бір ерекшелігіне оның жүйелілігі жатса керек.
Найман тайпасыньң ішкі ру-тайпалық құрылымын анықтап алмай, онда-
ғы əр рудың құрылымдық жүйедегі орнын анықтамай, рудың таралымын
көрсету толыққанды шежіре болып саналмайды.
«Қазақ ру-тайпаларының тарихы» ғылыми-зерттеу жобасы аясында
жарық көрген «Найман» атты еңбекте (үшінші кітабында):
«XVIII ғасырдың 40-шы жылдарында қағазға түсірілген Найман рула-
рының саны жөніндегі дерек мəліметінен бастап қазіргі күнге дейін əр-
əр жерде баспалардан шығьп жатқан шежірелерде Найман руларының
саны əр түрлі айтылады...
М.Тевкелев өз материалдарында Найман тайпасы он бір рудан тұ-
рады деп айтса, И.Г.Андреев – 9, А.И.Левшин – 9, В.В.Радлов – 10,
Н.Н.Балкашин – 19, Н.А.Аристов – 13, Ш.Құдайбердіұлы – 10, М.Тыныш-
баев – 10, Н.Мыңжан – 9, Х.Арғынбаев, М.Мұқанов жəне В.Востровтар
11 рудан тұратындығын көрсетіп жазады, – делінген [4; 46, 47].
Өзінің жүйелілігімен, толықтылығымен ерекшеленетін шығарма - Мақ-
сұт Қыдырханұлының өлең түрінде жазылған шежіресі [5]. Осы автордың
бір-екі шумақтарына зер салайық:
70
Матай, Садыр рулары
Ер жетіп Төлегетай жігіт болды,
Бақ қонып баяғыдай, орта толды.
Амал не, малы өскенмен бастан ақсап,
Тек қана кіндігінен бір ұл көрді.
Қытай деп, баласының атын қойған,
Кімбілсін, мұндай атты тапты қайдан?!
Ырым ғып өскен жұртты қойған шығар,
(Хабарым азырақ еді осы жайдан).
Басынан Қытайдың да дəурен өтті,
Жігіт боп, кəмелетті жасқа жетті
Қытайдың кіндігінен төрт ұл қалып,
Қайран ер жас күйінде өліп кетті.
Артында жетім қалды төрт баласы,
Көңілі қайғыменен болып дертті.
Сол күнде Төлегетай тірі екен,
Төрт бала тəрбиесі соған өтті.
Төртуыл, Қаракерей, Садыр, Матай,
Төрт Төлегетай» деген сөз содан жетті...
Қазір Найман рулары арасында белгілісі – Қаракерей, Матай, Садыр
жəне Төртуыл рулары. Найманнан – Белгібай (Өкіреш), одан – Сүйі-
ніш, одан – Төлегетай, одан – Қытай (Қынтай).
Қытайдан (Қынтайдан) тарайтын төрт руды (Қаракерей, Матай, Са-
дыр, Төртуыл) Ж.Бейсенбайұлы найманның басты, негізгі руларының қа-
тарына жатқызады [6; 125, 126].
Ақиық ақын Н.Айтұлы өзінің «ТӨЛЕГЕТАЙ» деген дастанында былай-
ша жырлайды [7]:
Сүйініш туады екен Белгібайдан,
Тараймыз ол болмаса енді қайдан?
Рулы елге айналдық содан бастап,
Бұтағын бəйтеректей мəңгі жайған.
Болған соң шеше дана, əке мықты,
Биікке шаңырақты көтеріпті.
Ұлғайған шағында Əлпеш Белгібайға
Сіңілісін Кішілікке əперіпті.
71
Найман – Төлегетай:
Дәлел жоқ қолмен қойған, кімге сенем,
Тұнып тұр тарих қойны сырға терең.
Тыңдасаң ескі жырды деп айтады –
Тоқалдан Сүгірші мен туды Өтеген.
Саралап бес саусақтай əр атаны,
Шежіре елді аузына қаратады.
Сарыжомарт, Балталы мен Бағаналы,
Көкжарлы, Бураны одан таратады.
Анығын ажыратып кім біледі,
Түбіміз бір екені шындық еді.
Найманның тоғызының бесеуі – осы,
Төртеуі – Төлегетай, білдің оны.
Ж.Бейсенбайұлы «Ергенекті наймандардың» шығуы жөнін былай
баяндайды: «Найманнан – Сүгірші, одан – Төлеген, одан – Ұлан батыр,
одан – Қарабек, одан – Ергенекті, одан – Көкжарлы (Бақы), Бура (Бақа-
нас), Сарыжомарт (Байдалы)» [6; 127].
Қалың қазақ ішінде, Орта жүз бен Найман арасында, Сарыжомарт,
Бура, Көкжарлы руларын ортақ атаумен «Ергенекті Найман» деп атаған
[4; 52].
Найман руларының ішінде деректерде жиі кездесетін, көп айтыла-
тын руларға Балталы, Бағаналы рулары жатады. Белгілі шежіретанушы
А.Сейдімбеков (Ақселеу Тарақты) Балталы мен Бағаналының шығу тегі
жөнінде былайша ой өрбітеді: «Далалық ауызша тарихнама» дерегін
салғастыра қарағанда Алтай, Тарбағатай өңірі мен Ұлытау төңіре-
гінде айтылатын шежірелерде айырмашылық кездесіп қалады. Мə-
селен, шығыс өңір шежірелерінде Бағаналыны Сүгірші ұрпақтарынан
таратады:
Сүгірші – Төлеген – Ұлан батыр – Қарабек – Сарыжомарт – Бағана-
лы болып тарайды. Ал, Балталыны Елатадан таратады: Елата (Ел-
тай) – Серікбай – Кетбұға – Балталы. Сонда Балталы мен Бағаналы
бөлек-бөлек екі атадан тарағанымен, қоныстас болып, жұбын жазба-
ған дейді» [8; 92].
Бағаналы руы 1748 жылғы М.Тевкелев мəліметінде, В.В.Радлов шы-
ғармасында, Н.А.Аристов еңбегінде, сондай-ақ Ш.Құдайбердіұлы, М.Ты-
нышбаев, С.Аманжолов, Н.Мыңжан еңбектерінде Найман руларының
басты руы ретінде айтылып отырылса, Балталы руының деректерде кез-
десуі сиректеу. Н.Н.Балкашиннан бастап қана Балталы руының атауы Ба-
ғаналы руымен бірге Найман рулары қатарында айтыла бастайды [4; 53].
72
Матай, Садыр рулары
Бұл екі рудың атаулары олардың рулық таңбасына байланысты пайда
болғандығын ешкім жоққа шығармайды. Балталы руынікі балта – түрінде
болса, Бағаналы руының таңбасы шаңырақты көтеретін бағанның түрін-
де болған.
Барлық зертеушілердің мəліметтерінде, Найман руларының бірі ре-
тінде кездесіп отыратын ру – Терістаңбалы руы. Терістаңбалы руының
атауы – оның таңбасына қарай пайда болғандығы көрініп тұр. Шежіре-
лерде бұл руды Найманның ноқта ағасы деп атайды [4;56].
Қазақ шежірелерінде Сыршейіт (Шірсейіт, Шыршыт) – Келбұғадан, ол
– Елатадан, ал Елата Найманнан тарқатылып көрсетіледі. Кетбұға да,
Келбұға секілді Елатадан тарайтын екі ұлдың бірі.
Келбұға мен Кетбұғаның екі атасынан (Ақтана мен Ақтоғастан) Теріс-
таңбалы руы шығады [6;128].
«Найман» еңбегінде (үшінші кітап) мынандай қорытынды жасалған
[4;60]: Найман тайпасының руларын туыстық белгісіне, орналасуына
жəне таңбасының қойылуына қарай төрт топқа жіктейміз. Олар: Төлеге-
тай, Ергенекті, Ұлытау жəне Терістаңбалы топтары. Бұл рулық топтарға
мынадай рулар енеді:
1. Төлегетай тобына – Қаракерей, Матай, Садыр жəне Төртуыл.
2. Ергенекті тобына – Сарыжомарт, Көкжарлы жəне Бура.
3. Ұлытау тобына – Балталы жəне Бағаналы.
4. Терістаңбалы руы.
Осылайша, Найман тайпасының шежіресіне қатысты жалпылама мə-
селелерді анықтап алғаннан кейін, енді шежіренің нақты мəселелеріне
көшуге болады.
«Төрт Төлегетай» рулар бірлестігі
Төлегетай Сүйінішұлы (шамамен XV ғасырда өмір сүрген) – тарихи
тұлға. Найманның шөбересі (Найманнан – Белгібай, одан – Сүйініш, одан
– Төлегетай). Төлегетай баба өз заманында қол бастаған батыр, елдің
қамын жеп, бірлігін ойлаған қайраткер болған [9].
Төлегетай Сүйінішұлы туралы ең алғаш қалам тербеген адам – кезін-
де Орта Азия халықтарына танымал, Қазан төңкерісінің алғашқы жыл-
дарында Түркістан автономиясының бас министрі болған Мұхамеджан
Тынышбаев. Ол «История казахского народа» атты еңбегінде өзінің Тө-
легетай бабаның 16-шы ұрпағы екенін жариялаған: «По словам моего
покойного отца, мой предок в 16 колене Толегетай был в свое вре-
мя очень известным человеком и управлял своим родом: похоронен в
Узгенте на фамильном кладбище Ходжей. Житель поселка Чаян Чим-
73
Найман – Төлегетай:
кентского уезда Мады Магзум подтвердил это и прибавил, что Толе-
гетай был женат на дочери влиятельного Ходжи» [10].
Тарихта қатты қырғыннан кейін халықта қайта бір ояну, серпілу болып
отырған. Шыңғыс хан заманында аянышты қырғын көріп, осынау Шығыс-
тағы Алтай мен Тарбағатайдан Сыр бойына қоныс аударған наймандар
ортаға ғасырлар салып қайтадан ес жиып, елдік санатын қалпына келтіре
бастаған. Сондағы сол елге тұтқа болған тұлғалардың бірі – Төлегетай
баба.
Сол себепті қазақтың қазіргі белгілі ғалымдарының бірі Əділхан Бай-
батша «Қазақ Даласының ежелгі тарихы» деген кітабында: «Найман елін
Қазақ даласына алғаш 1208 жылы Күшлік хан бастап келгені белгілі.
Күшлік хан 1218 жылы мерт болғаннан кейін, Қазақ даласында жеке
ұлыс болып қалыптасқан наймандарды Төлегетай батыр билегенін
шамалаймыз» [11], – деп толғанады.
Жазушы, тарихшы-ғалым Қойшығара Салғараұлы:
«Шежіреде Найман Орта жүздің түп аталығы Жанарыстың алты
баласының бірі Аққожадан туған баланың аты. Одан – Кетбұға, Бары-
жомарт (Сарыжомарт), Төлегетай...
Төлегетайдан – Қаракерей, Матай, Садыр. Осының Матайынан
туған Қаптағай есімі бүкіл найманның ұранына айналады. Бір қызығы
жекелеп алғанда Төлегетай балаларының өз ұраны бар. Мысалы, Қа-
ракерейдің ұраны – Қабанбай, Матайдікі – Бөрібай, Садырдікі – Алдияр.
Ел ұранына айналған бұл үш есім де XVІІІ ғасырда өмір сүрген нақты
тарихи тұлғалар» [12], – деп жазады өз шығармасында.
Белгілі қазақ ақыны Несіпбек Айтұлы «ТӨЛЕГЕТАЙ» атты ұзақ даста-
нында өз лебізін былай білдіреді [7; 67]:
Төртуыл, Қаракерей, Садыр, Матай,
Атасы төртеуінің – Төлегетай.
Найманның тоғызының төртеуі осы,
Мекені – Жоңғар, Алтай, Тарбағатай.
Шежіре сыр шертеді неше бөлек,
Бір аңыз бір аңызды еселемек.
Бауырында өскеннен соң төрт немере,
Төлекті – Төлек атай десе керек.
Қамқоры ұрпағының Төлек атай,
Атанған келе-келе Төлегетай
74
Матай, Садыр рулары
Қандырған қырық қабат сөздің иін
Икемді қызыл тілдің кереметі-ай!
Төлектен Қытай жалғыз туған екен,
Ес жиып, белін ерте буған екен.
Əрі би, əрі шешен, əрі батыр,
Құс салып, саятшылық құрған екен.
Ардақтап ата салтын бұрынғы адам,
Жолынан кісіліктің бұрылмаған.
Туғанда Аусар би деп атын қойып,
Қытайдай көп болсын деп ырымдаған.
Төлектің бəйбішесі Қожа қызы,
Солай деп баяндайды ел аңызы.
Балаға ат қоярда Ұлы жүздің
Бүй депті дуалы ауыз кəрі абызы:
«Уа, Төке, бата берем, қолыңды жай,
Бүрлесін жас бұтағың тобылғыдай.
Тұқымың қауласын деп Қытай қойдым,
Оңдасын жасы ұзақ боп, жолын құдай!»
Дегендей тарихыңның түбін ізде,
Шежіре ескертеді мұны бізге:
Қытайдың алған жары Анар сұлу,
Үйсіннің қызы дейді Ұлы жүзде.
Келесі бір деректе қырғыз дейді
Мəзбура деген текті бір қыз дейді.
Ұшығын ұстатпайтын көне заман,
Анығын анамыздың білгізбейді.
Мың сөніп үміт оты, мың жанса да,
Үзілмей үні жеткен жыр қаншама!
Бəрінің аруағынан айналайық,
Солардан өсіп-өндік кім болса да...
Бұл күнде Найман рулары ішінде ешқандай дау тудырмайтын, басы
ашық мəселе, ол – «Төрт Төлегетай», немесе «Төлегетайдың төрт ұлы»
деп аталатын рулар бірлестігі. Бұл бірлестікке Қаракерей, Матай, Садыр
жəне Төртуыл руларының енетініне ешкім де дау туғызбайды [4; 52]:
75
Найман – Төлегетай:
1. Қаракерей – Төлегетайдың төрт баласының ішіндегі ең үлкені жəне
саны жағынан да ең көп тарағаны болып есептеледі. Қаракерей руы Бай-
торы жəне Ерторы атты бөлікке жіктеледі [4; 74]:
Қаракерейлердің ішінде тек Байыс, Қожамбет, Байсиық ру бөлімінен
тарайтын бөлімшелердегі адам саны рулық деңгейге жеткен. Сондықтан
да олар жергілікті жерлерде өз алдыларына жеке руға теңеліп жүр.
Қаракерейлердің негізгі тобы ертеде Зайсан уезін, біразы Семей, Өс-
кемен жəне Лепсі уездерін мекендеген. Негізгі кəсібі мал өсіру, аздап
суармалы егіншілік болған. Ертіс өзені мен Зайсан көлінің жағасындағы
жатақтар балық аулау кəсібімен айналысқан. Қабанбай батырдың есімі
Қаракерей руының ұранына айналған. Рулық таңбасы – мүйіз [13; 479].
2. Матай – рулары бірлестігі. Шежіре деректері бойынша, Матайдан
– Аталық, Қаптағай, Кенже рулары тараған.
Аталық батыр (шежіреде көрсетілгендей) Ұлы жүз Бəйдібектің тоқалы
Домалақ енеден туған Ейқызға құда түсіп, үлкен ұлы Шағырға алып бе-
реді. Бұдан тараған тұқым шеше есімімен Қызай аталып өткен. Қызайдан
тараған үрім-бұтақтың атамекені – Қытай Халық Республикасының Шын-
жаң өлкесі [14; 75].
Қаптағайдан екеу: Қияс, Жолдас. Қиястан – Есенкелді, Теке. Жол-
дастан – Көлдей, Жұмай [4; 215]. Ертеде Қаптағайлар Лепсі, Қапал уез-
деріндегі Ақсу, Сарқант жəне Бүйен өзендерінің алқабын, Ешкіөлмес,
Тамшыбұлақ, Көпірлі, Баян-Жүрек, Ордабай деген жерлерді мекендеген.
Ұраны – Қаптағай. Рулық таңбасы Матай рулар бірлестігінің таңбасымен
бірдей [13].
Кенже (Ізбасар) ұрпақтары – Мəмбет, Үмбет. Мəмбеттен – Бозтай, Ақ-
тай, Сұртай. Үмбеттен – Бұланбай, Қартқұл [4; 217]. Бұл аталар Семей
уезіндегі Шар, Қызылсу, Көкпекті, Былқылдақ өзендерінің алқабы мен
Шыңғыстау, Жуантөбе, Салқынтөбе тауларының атырабын мекендеген
[14; 507].
3. Садыр. Үш рулық бөлімге жіктеледі. Олар: Тоң, Шүйе, Шаржетім
(Саржетім) [4; 182].
Садыр руында тайпалық жəне рулық ұран болған. Рулық ұраны –
«Алдияр» болса, тайпалық ұраны (бүкіл Найман тайпасына ортақ ұран)
«Қаптағай» болып саналған [4; 179].
4. Төртуыл (Дөртуыл). Бұл рудан Ақбарақ, Андабарақ, Ақболат ұр-
пақтары тарайды [4; 225].
Төртуылдар кезінде Қаратал, Сарыбұлақ, Қарабұлақ, Ақарал, Қарған
өзендерінің бойын; Жеменей, Көкжота, Маңырақтау аңғарларын, Бозай-
76
Матай, Садыр рулары
ғыр, Құмтөбе құмдарын қыстап, Ақжайлау, Саналы, т.б. таулы жерлерді
жайлаған [15].
Қазіргі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Əбдіғаппар ауылын-
да, Сырдарияның оңтүстік жағасында Төлегетай баба мен атақты дін
иесі, шейх Қылыш датқаның (Қылышты атаның) қабір-кесенесі қатар жа-
тыр [16].
2006 жылы «Қазақ əдебиеті» газетінде партизан-жазушы, Қазақстан-
ның Халық Қаhарманы Қасым Қайсеновтің 86 жасында Төлегетай баба-
сының басына барғандығы жөніндегі мақаласы жарияланды.
Ал Сүйіншінің ұлы, Қаптағайдың атасы – Төлегетай туралы тарихи
мәліметтер аз да болса кездеседі. М.Тынышпаев өзінің 17-атасы болып
келетін Төлегетай найманның көшбасшысы және аса беделді тарихи тұл-
ға болғанын айтады. Жалпы, қазаққа аты мәлім Қылыш қожаның қызын
әйелдікке алғанын баяндайды. Самарқанның әкімі әрі сонда медресе
салдырған Алшын Жалаңтөс батыр қожаның қызын алмақшы болып сөз
салғанда, қожалар Жалаңтөсті қарадан шыққансың деп қыздарын бер-
мейді. Сонда Жалаңтөс өзінің сіңірген еңбегі жағынан Төлегетайдан еш
кем еместігін көлденең тартады. Оның немересі Ерторының Есімханның
(1630 жылы) замандасы болғандығы Төлегетайдың ХV ғасыр шамасын-
да өмір сүргенін растайды. Екінші дәлел Төлегетай мен Қылышты қо-
жаның бір жерге жерленгені, олардың бастарына тамнан күмбез тұрғы-
зылғаны, сондай-ақ, оларды тәуәп етушілер ізінің күні-бүгін сарқылмауы
болып табылады. М.Әмірханов 2005 жылы «Айғақ» газетіне сұхбат беріп,
Төлегетай ұрпақ-тарының қор құрып, бабамыздың Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы аумағындағы көне күмбезінің орнына осы заманғы
сәулет өнеріне сай кесене тұрғызылып жатқанын хабарлады. Сол жыл-
дың соңына қарай салынып біткен кесене бүгіндері ел игілігіне қызмет
етуде.
77
Найман – Төлегетай:
ТӨЛЕГЕТАЙ – ҚЫЛЫШТЫ АТА КЕШЕНДІ – МАЗАРЫ (ХІ-ХІІ ғ.)
Еркебұлан ЕЛЕУОВ,
Қызылорда облыстық тарихи мәдени
ескерткіштерді қорғау мекемесінің
ғылыми қызметкері
«Сыр медиа» ЖШС. 21 маусым 2018 ж
Қылышты ата өз заманының батыры, әрі ерекше қасиетке ие әулие
адам болған деседі. Халық арасына тараған аңызға сүйенсек, көлікті
адам көлігінен түсіп зиярат етпесе өзі немесе аты майып болады екен.
Басына түнеп перзент тілегендер мен кеселденгендерге Алланың кү-
шімен шипа беріп отырады. Қылышты атаның әкесі Камаладдин Мекке-
ден келіп Қырөзгент шаһарының патшасы Әбубәкір Сыдық ұрпағы Ілгі-
мағзұмның қызына үйленеді. Содан көп кешікпей Меккеге қайтып келеді.
Қылышты ата шеше ішінде қалып, өскенде аспаннан қылыш пен ақбоз ат
түсіп, 1001 бәлеге қарсы тұрған. Уәзірлері мен билері алдына келгенде
қылышы күн сәулесіне шағылысып, қылыштың жүзіне қонған шыбын екіге
бөлініп түсе беретін болыпты. Онысы «Кімде-кім адал болмаса осындай
жаза алады» дегені екен. Міне, осыдан бастап Қылышты ата атаныпты.
Қылышты ата туралы «Бабырнама», Камилқан Қаттаевтың «Махду-
ми Ағзам және Дағбед», Ақсақ Темірдің өмірі туралы Шарафиддин Али
Аздидің «Зафарнама» кітаптарында жазылған.
Қылышты ата кесенесі Төлегетай баба кесенесімен қатар Қызылор-
да облысы Жаңақорған ауданы орталығынан 30 шақырымдай қашықтық-
та орналасқан.
Төлегетай – Қылышты атаға өкіл бала болып тәрбиесін алып, қойын
бағады. Бір күні Қылышты ата Төлегетайды сынайды. Сөйтсе сусыз құм
ішінде Төлегетай аса таяғымен жер сызып су шығарып, қой суарып жүр
екен. Баланың жетілгенін біліп, өз қызын беріп күйеу бала етеді.
Төлегетайдан төрт ата Найман тарайды. Қылышты ата дүниеден
өтерінде: «Менің қабатыма Төлекті қойыңдар, зияратқа келген адам
бірінші Төлекке дұға оқып, сосын маған келсін» – деген екен. Шындыққа
жүгінгенде бүкіл Найман ұрпағының түп атасы Төлегетай екендігі негіз-
делуде.
78
Матай, Садыр рулары
Төлегетай бабамыздың шығу тегіндегі
ел аузындағы әңгімеге жүгінсек:
Баяғы жауапкершілік заманда жау қалың қолмен келіп Найманның ауы-
лын шабады. Найман жас кезінде қол бастаған батыр болғанымен, бұл
жау шапқан уақытта жасы сексеннен асқан шағы екен. Бұрын Найман-
дардан қайта-қайта жеңіліп жүрген жаудың ашуланғаны сонша, Найман
шалдан басқа еркек кіндіктіні қалдырмай қырып тастайды. Енді Найман
шалға қандай жаза қолданамыз дегенде, бір қаныпезері тұрып: «Дүниеде
ұрпақсыз өткеннен ауыр жаза жоқ, осыны көзімен көріп азаптанып өл-
сін. Тоқсанға жақындаған шалдың қолынан не келеді, мұны тірі қалды-
райық», – депті. Осы пәтуаға келісіп, жау аттарының басын кері бұрып,
келген жақтарына қарай шаба жөнеліпті.
Осы шайқаста Найман шалдың батыр ұлы Тоқпан да оққа ұшып, жас
келіншегі Ақсұлу да жесір қалыпты. Оның да перзенті жоқ екен. Енді бір
ұрпақтың, бір әулеттің жер бетінен жойылып кету қауіпі туады. Осыны
ойлаған Ақсұлу атасы Найман шалға төркін жұртындағы Тоқсұлу деген
сіңлісін қосады. Тоқсұлу өзінен кіші болғанымен Ақсұлу оны: «Қызеней»
деп атап кетеді. Сонымен, Тоқсұлу жүкті атанып, ұл табады. Көп ұзамай
Найман ақсақал қаза табады. Баланың атын бір әулеттен қалған белгі
ғой деп «Белгібай» қояды (Кейде «Өкіреш» деп те аталады)
Ақсұлу кішкентай қайнысы Белгібай он алтыға толғанша күтіп, өзі отыз
беске келгенде соған қосылады. Белгібай мен Ақсұлудан – Сүйініш, Сү-
йініштен – Төлегетай дүниеге келеді. Ал Төлегетайдан – Қытай, одан –
«Төрт Төлегетай» атанған: Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл деген ұл-
дары дүниеге келеді.
Белгібай Ақсұлудан кейін де бірнеше әйелге үйленген. Олардан: Сү-
гірше, Серікбай, Келбұқа, Кетбұқа деген ұлдар дүниеге келеді. Шежіре
бойынша, тоғыз таңбалы қалың Найман осылардан тарайды. Енді бұ-
ларды таратыңқырап айтар болсақ, тоғыз таңбаның алғашқы төртеуі бәй-
біше Ақсұлудан тараған «Төрт Төлегетай» - Қаракерей, Садыр, Матай,
Төртуылға тиесілі болса, кейінгі үш таңбаны Сүгіршенің Саржомартынан
өрбіген «Ергенекті» - Көкжарлы, Бура, Қарабай иеленді. Соңғы екі таң-
ба - Кетбұқадан тарайтын Бағаналы мен Балталыға тиеді. Ал Келбұқадан
тарайтындарға таңба жетпей қалып, бір ағасының таңбасын теріс басып
«Терістаңбалы» атаныпты. Бірақ оған «Исі Найманның ноқта ағасы»
деген жоғары мәртебе беріліпті.
Төлегетай баба – ХІІ ғасырдың басындағы Күшілік ханның ұрпағы.
Наймандарды жер-жерлерге бөлген кезде Төлегетай ежелгі Өзгент - Түр-
кістан өңіріне жіберіледі. Бұрын да бірінің атағын сырттай білетін Төлеге-
тай мен Қылышты Сыр өңірінде кез болып, бірін-бірі құрмет тұтып өтеді.
Бұл күнде қатар жатқан қос әулие – Қылышты ата мен Төлегетай баба-
ның басына жаңадан келісті қос кесене тұрғызылған.
79
Найман – Төлегетай:
Ал енді Төлегетайдың ұлы, Қаптағайдың атасы – Қытай биге тоқта
лайық: Менің ойымша, Қытайдың атасы Сүйінші ұрпағым қытай сияқты
көп болсын деп ырымдап, жаңа туған немересіне Қытай деп ат қойған.
Бұлай дейтінім, Қытай найман ішінде өскен. Тек Қытайдың ұлы Төлеге-
тайдан тараған, бүгіндері Қытай Халық Республикасында тұрып жатқан
наймандардың бір өзі миллионнан асып-жығылады. Оған Қазақстанда
тұратын бір миллион ұрпағын (мөлшермен) қоссақ, қазақтың 2 миллионы
бір атаның баласы болып шыға келеді. Нақты есеп жүргізетін болсақ, бұл
көрсеткіш бұдан әлдеқайда көп болып шығуы да мүмкін.
Шежіреші Қ.Қанапияұлының пайымдауынша, Қытай жас кезінен шау-
жай қағынды көрмей ер болып есейіп, Найман әкесінің (дұрысы Төлеге-
тайдың - авт.) жолын қуып 18 жасында Қытай би атанған. Қытай бабамыз
қалыңдық таңдап жүріп 25 жасында қырғыз қызы Мазбураны алады. Ар-
ғын Айман батырмен аң аулауға шыққанда өз бүркіті өзіне түсіп, мерт
болады.
Ал Н.Оспанұлының пікірінше, Қытай бір соғыста қаза тауып, оның төрт
баласы Төлегетайдың қолында ержетеді де, «төрт Төлегетай» аталып ке-
теді. Тарақты Ақселеу Жезқазған өңіріндегі Қаражал қаласының түбіндегі
Қытай деп аталатын жерді Төлегетайдың баласы Қытайдың құрметіне
қойылған атау деп қарайды. Оны Сүйінші мен Сүгірші ұрпақтарының бір
бөлімінің Жоңғар шапқыншылығына дейін осы Қытай маңындағы Ақтау,
Қызылтау, Атасу өзені өңірлерін мекендегенін тарихи дерек ретінде алға
тартады.
80
Матай, Садыр рулары
НАЙМАН ТАЙПАСЫНЫҢ ТАРИХИ ІРІ ТҰЛҒАЛАРЫ
Р.С.КАРЕНОВ
Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
«Қарағанды университетiнiң
хабаршысы» журналы, 2014 жыл.
«Найман» этнонимі жəне найман тайпасының рулары жөнінде»
атты мақаладан
КЕТБҰҒА КҮЙШІ – қазақ ұлының тарихында
болған адам. XІІІ ғасырдағы ірі тарихи тұл-
ғалардың бірі ретінде танылған. Ол тарихи
атақты тұлға – Шыңғысхан дəуіріндегі ірі күй-
ші əрі домбырашы, музыкант.
Тарақты Ақселеу «Балталы, Бағаналы ел, аман
бол» атты еңбегінде: «Сөз орайында Кетбұға
жырау əйгілі Шыңғыс ханның оң тізесін басып
отырған биі болғанын, «Ақсақ құлан» сияқты
күйді тудырған ұлы күйші екенін айта кеткен
жөн» [8; 91], – деп жазады.
«Алтын топшы» деп аталатын кітапта: «Кетбұға найман руынан шық-
қан нояндардың бірі еді. Құлағудың ең ірі əскери қолбасшысы болған.
1225 жылы он екі мың əскеді бастап, батысқа Қарақорым жерінен жо-
рыққа аттанган. 1257 жылы оның əскерлері Парсы елін талқандады.
Келесі жылы сəуір айында Арабтардың халифасын тақтан тайдырды.
1260 жылы Сурияға шабуыл жасап, Дамашық қаласын басып алады.
Кетбұға Палестин елінің Аин-халут деген жерінде соғыста қаза бола-
ды», – деп жазады [21].
Кетбұға қазақтың ұлы күйшісі болып қалумен бірге, тарихи кезең өмір-
ге əкелген, ірі тарихи дəуірлердің бірі болған Шыңғысхан кезеңі тудырған
халықаралық, əлемдік деңгейдегі ірі батыр, əлемдік деңгейдегі əскери
қолбасшы, əлемдік деңгейдегі ер жүрек сардар екені де белгілі.
81
Найман – Төлегетай:
ҚАБАНБАЙ БАТЫР (1691-1769) – жоңғарлар-
ға қарсы азаттық күресті ұйымдастырушы кө-
семдердің бірі. Теңдесі жоқ батыр, аса ірі қол-
басшы жəне мемлекет қайраткері.
Азан шақырып қойылған аты – Ерасыл. 1717
жылы Аякөз шайқасында ерекше көзге түсіп, Қа-
банбай батыр атанды. 1723 жылы Түркістан қор-
ғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, кейін
Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қаты-
сып, Абылай ханның бас батырларының бірі бол-
ды. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасын-
да ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін
Дарабоз атанды. 1751 жылы Арқадан Оңтүстік Қазақстанға Қабанбай –
Ханбаба (Барақ сұлтанның үлкен ұлы) жорығы жасалды. Ұлы жүз жаса-
ғын өзіне қосып алған 2 түмен қазақ əскері, Сыр бойы, Шымкент, Сайрам,
Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Ташкентте Төле бидің би-
лікке келуіне көмектесті [22; 364].
ҚАБАНБАЙ БАТЫРДЫҢ есімі бүкіл Қаракерей ұранына айналған.
Шығу тегі: Төлегетай – Қаракерей – Байторы – Мейрам – Байыс –
Байжігіт – Мəмбет – Қожағұл – Қабанбай.
АҚТАМБЕРДІ САРЫҰЛЫ (1675-1768) – жырау,
қолбасы, қазақтың ежелгі жыраулық мектебі-
нің белді өкілі, мəмлегер.
1738-1752 жылдардағы қазақ-қалмақтың қанды
қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. Ес
білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей,
елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен,
қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлері-
нің азаттық құлдық жөніндегі түсініктері, болашақ-
қа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, əді-
летсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді
талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған.
Əсіресе «Күлдір де күлдір кісінетіп...» деп баста-
латын шығармасы [23; 67, 68] – ақынның алдына қойған арманын таныта-
тын патриоттық туынды:
Күлдір де күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екеміз?!
Күдеріден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екеміз?!
82
Матай, Садыр рулары
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екеміз?!
Ор қояндай жүгінтіп,
Аш күзендей бүгілтіп,
Жолбарыстай шұбарды
Таңдап мінер ме екеміз?!
Сол шұбарға мінген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екеміз?!
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екеміз
Жыраудың шыққан тегі: Төлегетай – Қаракерей – Байторы – Мей-
рам Байыс – Сыбан –Бөрі – Бөлтірік – Сары – Ақтамберді.
ҚҰТТЫБАЙ (Қу дауысты Құттыбай) НАРЫН-
БАЙҰЛЫ (шамамен 1700-1770) – би.
Əкесі Нарынбай Жанбөбекұлы – би, батыр, қо-
ғам қайраткері. Ол халыққа от ауызды, орақ тілді
шешендігімен танылып, беделді болған. Сонымен
бірге Тəуке ханның заманында сыртқы жауларға
қарсы соғыстарда батырлығымен де танылған.
Құттыбай билік айтумен қатар, мемлекеттік
саяси қызметтерді де атқарады. Ол 1760 жылы
Абылай жəне Əбілмəмбет хандардың Цинь импе-
раторы Цяньлунге қазақ елшілігін басқарып бар-
ды. Елшіліктің сапары нəтижелі болып, Қытаймен
шекарадағы аймақтарға қазақтардың қоныстануына жол ашылды. Қазақ
саудагерлерінің Үрімжі, Құлжа, Шəуешек қалаларына келіп сауда жа-
сауына рұқсат етілді [22; 538].
Құттыбайдың баласы Байғора, немересі Ақтайлақ билер де əйгілі
адамдар болған. Мысалы, Ақтайлақ би 1773 жылы Əбілпейіз хан мен Бо-
лат сұлтанның атынан Ежен ханға елші болып барған.
Əсіресе Ақтайлақтың ақын ретінде, əрі халықтың ұстазы ретінде ат-
қарған қызметі ерекше. Оның өлеңдері көбіне адам баласының жара-
тылысында кездесетін əр түрлі қасиеттердің сырын ашуға бағытталған.
«Қадірін қашан білерсің?», «Мақтаншақ», «Достық жайында», «Жарасым
жайында», «Əлімдер жайында», «Жақсы мен жаман жайында», «Аласа-
83
Найман – Төлегетай:
ны атқа санама», «Өзімшілдік жəне əдептілік» жайындағы өлеңдері əрбір
адамды жаман қылықтардан аулақ болуға шақыратын ғибраты мол, тə-
лім-тəрбиелік маңызы зор өлеңдерге жатады. Бидің əр жылдары жазыл-
ған өлендерін оқи отырып, ақынның өлеңдері халықтың рухын көтеруге,
адамдардың мінез-құлқын жөндеп, əдепті болуға шақыратынын аңғару
қиын емес:
Тасыма жігіт, тасыма,
Тасыған жетер басыңа.
Жаттан да жақын шығады,
Жатырқап жаттан шошыма.
Бəрін өзім білем деп,
Бекерге лағып жосыма.
Үй менікі дейсіңдер,
Үй артында кісі бар
Білгендерің осы ма?
Ителгідей томсарсаң,
Кім жолайды қасыңа,
Күлме бекер досыңа.
Жақсылыққа қуанып,
Жамандыққа жасыма.
Жақсылық пен жамандық,
Өмірінше тұрмайды,
Бір кісінің басында...
Алысты ойлайтын болжампаз бидің адалдық пен еңбек ұштасқанда
ғана адамның бақытты өмір сүретіндігін, елдің арасындағы көптеген дау-
дамайдың себебі жалқаулықтан шығатынын дөп басып айтқан.
Ақтайлақ бидің шығу тегі: Төлегетай – Қаракерей – Байторы – Мейрам
– Байыс – Сыбан – Жанкөбек – Нарынбай – Құттыбай (Қу дауысты).
ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ (1802-1874) – атақты
ақын, «Зар заман» мектебі өкілдерінің бірі.
Дулат ақын шығармашылығы біз «Зар заман
əдебиеті» деп бөліп қарастырып жүрген əдеби
ағымның көш басында тұр. Ол жасы жағынан да,
əдебиетке келуі жағынан да осы ағымның өкілдері
Шортанбай Канайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Əбубəкір
Кердері, Албан Асан, Нарманбет Орманбетұлы
сияқты марғасқалардың алдында болып есепте-
леді. Сондықтан оны ең бірінші XIX ғасырдағы
84
Матай, Садыр рулары
қазақ қоғамын өз билігінен айырған Ресей патшалығының отарлаушы-
ларына қарсы, қазақ даласындағы əлі де болса дербес хандық биліктің
жойылуына қарсы алғаш үн көтерген, патша билеушілерінің шылауын-
дағы аға сұлтан, ұлықтарды оңдырмай сынаған, сол дəстүрді қалыптас-
тырушы жаңашыл ақын ретінде тануымыз қажет [24].
Сөзімізді түйіндесек,
Жыршының аты жыршы ма,
Əркімнен өлең жаттаса?
Сөз – жібек жіп, жыр – кесте,
Айшығы айқын көрінбес,
Өрнексіз қылып баттаса, – деп өлеңге жоғары талап қоя білген, қазақ
поэзиясының реформаторы Дулат Бабатайұлының жырлары қашанда
келешек ұрпақтың рухани қажеттілігін өтей бермек.
Ақынның шығу тегі: Төлегетай – Қаракерей – Байторы – Мейрам –
Байыс – Сыбан – Жарасқұл – Қойбас – Досым – Ескелді – Бабатай
– Дулат.
ЖАНКІСІ жырау əрі би (1772-1849) – Қоқан
ханына арнап шығарған жырымен кеңінен та-
нылған адам.
Ақын өз жырларында езілген елді қан жылатып,
ауыр салықтар жинап, ешнəрсемен санаспастан
талан-таражға салушылардың жүгенсіздігін өткір
сөздермен ашына айтып бетіне басады:
Өзіңіз қосқан зекетші,
Біздің елде Жұбай бар.
Жұбайдың жүрген жерінде,
Жылау менен ойбай бар.
Жəне оның жолдасы,
Қаратамыз Дадан бар.
Еріп жүрген соңында,
Қырық-отыз адам бар.
Шоңмұрын деген молдасы бар,
Төлеген деген жорғасы бар.
Аттарына жемді салуға
Алты еннен тіккен дорбасы бар...
85
Найман – Төлегетай:
«Келі түсім» деп алады,
«Кеусенім» деп алады.
«Орта зекет» деп алады,
«Құшақ зекет» деп алады...
Жалынды жырау қазақ ішінен шыққан жалдаптардың да елді жау-
ға қосыла тонап жатқанын зор күйінішпен баяндайды. Ол елдің арына
тиіп, халықты ауыр азапқа душар етіп жатқан Қоқан ханының зұлымдық
əрекетін ашына сынайды. Қойдан жуас момындарды бөрідей талап, елді
бүлдіріп жатқанын айтады [25]:
Айтайын десе ұрады,
Ұрмақ түгел қырады.
Қаумалаған көп момын,
Қорлаушыдан құтылар.
Амал-айла таба алмай,
Қарайды да тұрады.
Алдына салып айдайды,
Ашулансаң, байлайды.
Əкімі жоқ қазаққа
Теңдік жоқ деп ойлайды...
Ел ішінде ажарлы
Қыз, қатынды қоймайды,
Жақсыларды сөгеді
Ат үстінен тебеді.
Жанкісі жырау Қоқан жендеттерінің қолынан қаза тапқан.
Ата-тегі: Бағаналы – Шөрешек – Тоңболат – Байкөнек – Игілік – Мұ-
қыш – Сарыаталық – Жауғашты – Тілеке – Асқар – Бөрібай – Жанкісі.
ЕРДЕН САНДЫБАЕВ (1808-1863). Ұлытау өңіріндегі Бағаналы Най-
маннан шыққан белгілі қайраткер. Өз тұсында халыққа кең танымал
болса, кейінгілерге де би, батыр, болыс, аға сұлтан атағымен аңыз
болып қалған.
1840 жылдан бастап біраз жыл Көкшетау округіне қарасты (Атбасар
округі ашылғанға дейін Бағаналылар Ұлытаудағы жер-сумен Көкшетау
округіне кірген) Қызылтаз – Қоқан – Байназар болысын басқарған.
1846 жылдан прапорщик, кейін хорунжий шенін алған. Шоқан Уəлиха-
новпен қатар дауысқа түсіп, соңында Атбасар округінің аға сұлтаны бол-
ған. Ол кісі – арнайы шақырумен Петерборда, патша сарайында болған
құрметті қазақ деген дерек көзі де кездеседі.
86
Матай, Садыр рулары
1862 жылы 16 қарашада тіркелген деректе (345-1-1793) Е.Сандыбаев-
тың хорунжий шені, Анна лентасындағы Алтын медалі, «1853–1856 жыл-
дар соғысы» ескерткіш қола медалі бар деп көрсетілген [26].
Ердекеңнің қадір-қасиетін, ақыл-парасатын сол заманда-ақ қазақтың
үш жүзінің түкірігімен өрт сөндірген шешендері, аспандағы аққуды ал-
дындағы айдынға қондырған күйшілері мен көмекейінен маржан тамған
ақын-жыраулары бағалай да, саралай да білген. Солардың арттарында
қалған асыл мұра арқылы Ерден тұлғасы сан алмасқан саясат ағымы
қанша тұқыртып, тұншықтырса да, бүгінгі күнге өшпей жетіп отыр. Аты-
ғай-Қарауылдың тұяғы жерге тимеген тұлпары Орынбай ақын сыйлас за-
мандасы Ерденнің тұлғасын мəңгі өшпестей, өшірілместей етіп өлеңмен
сомдап кеткен [27; 222]:
Ассалаумағалейкум, батыр Ерден,
Кетіпті бақ-дəулетің асып елден,
Ішінде көп қарғаның бір бүркіттей,
Көзіме көрінесің келген жерден.
Сұңқардың екі мұртың жебесіндей,
Ақылың оман-дария кемесіндей.
Сұрасаң биіктігің мен айтайын,
Күн шалған Алатаудың төбесіндей.
Иілмес қарағайдай терегімсің,
Ақылдың көз жеткісіз зерегісің.
Қазақтың қазақ иісі бар шағында,
Алаштың баласына керегімсің.
Есілдің ұзын бойын келдің жайлап,
Жібектей шалғынына бие байлап.
Керек бай, керек жарлы келсе мейман,
Алдына шығушы едің қойың байлап.
Елге кек, жұртқа намыс іс келгенде,
Жақұттай жанушы едің көзің жайнап.
Уа, Ерден, енді тумас сендей көзел,
Ішінен Бағаналы селдей қайнап.
Сол заманның біртуар дарын иелері, асқан өнерпаздары – Сегіз сері,
Ықылас, Сайдалы Сары Тоқа, Тəттімбет, Шөжелермен де Ерденнің сый-
лас, сырлас-көңілдес болғандығы жайлы көл-көсір мəлімет бар.
87
Найман – Төлегетай:
Қылқобыздың Қорқыт, Қойлыбайлардан соңғы шашағына шаң жұқпа-
ған жүйрігі Ықылас Дүкенұлы «Ерден» күйін оған жағынғандықтан, бағын-
ғандықтан емес, оның бейнесін сағынғандықтан, кемел ақыл-парасатына
табынғандықтан шығарған. Аралас-құралас, қоныстас- жорықтас жатқан
елдің азаматының алып тұлғасына деген қимастық, сыйластық сезімнің
самалы еседі бұл күйден. Сондай-ақ Тəттімбет Қазанғапұлының «Бес төре»
күйі де осы тұста қарадан шыққан хандар атанған аға сұлтандар Жайық-
байдың Ыбырайына, Шорманның Мұсасына, Өскенбайдың Құнанбайына,
Естеместің Есенейіне, Сандыбайдың Ерденіне арналған.
Ерден Сандыбайұлының ата-тек тарылымы: Бағаналы – Шəуешек –
Қызылтаз – Иманəлі – Қожас – Жырық – Сарыбай – Өтеп – Төлек
батыр – Сандыбай батыр – Ерден.
ƏРІП ТƏҢІРБЕРГЕНҰЛЫ (1856-1924). Ақын, ұлы Абайдың дарын-
ды шəкірттерінің бірі.
Бірнеше шет тілдерін меңгерудің арқасында мемлекеттік дəрежеде
тілмаштық қызмет атқарған. 1882-1884 жылдарында Аягөз уезінде, 1884-
1887 жылдарда Қытай Халық Республикасында Ресей консулы Николай
Балкашиннің тілмашы міндетін атқарады. Сондай-ақ Верный, Пішпек қа-
лаларында заң орындарында, байланыс саласында жұмыс істейді. Жəне
жеткіншектерге жетекшілік жасайды.
Жетісу жерінде, қырғыз елінде қаншама қызықты оқиғаларды бастан
кешіреді. Жамбылмен жүздесіп дидарласады. Əріп қолына қалам алған
күннен бастап Абайдан көз жазбаған, Абай дəстүрін бойына жастай сі-
ңірген, аса ірі ақындардың бірі. Əрқашан Абайға ұқсауға талпынып, елдің
мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, Абай ағасынша «екі жаққа бірдей үңіліп»
батыс-шығыс əдебиетінің озық үлгілерінен көп үйренген [28].
Əріптің шығу тегі былайша тарқатылады: Төлегетай – Қаракерей –
Байторы – Мейрам – Байыс – Сыбан – Жанкөбек – Нарынбай – Құт-
тыбай – Байқара – Байсал – Əлі – Тəңірберген – Əріп.
88
Матай, Садыр рулары
НАЙМАН ТОТЕМДЕРІ МЕН ҰРАНДАРЫ
Ғаламтор жүйесінен алынған жазбалар
Бүгінгі өркениетке әр халық өз жолымен келді. Бірақ бар жұртқа ортақ
құндылықтар мен дәстүрлер де болды. Осылардың ең ежелгілері, әрі қа-
сиет тұтқандары әр ұлттың төтемдері мен ұрандары екені тарихи шын-
дық. Этностың тотеміне және ұранына қарай олардың арғы тамырын
анықтауға да болады. Бүгінгі он бір ата НАЙМАННЫҢ жалпы ұраны
- «ҚАПТАҒАЙ», таңбасы - V бақан болғанымен, әр атаның өз Таңбасы
өз Ұраны бар. Бірақ біздер таңбамыздың да, ұранымыздың да найман
ұлысының дәуірлеуі тұстарында немесе тоқырауы кезеңдерінде, діни
ұстанымдарымыздың ауысуы сәттерінде өзгеріске түсіп, заман ағымы-
на қарай ыңғайланғанын аңғара бермейміз. Бар қазақ Көк Бөріні кие
тұтады. Ежелгі замандарда негізгі тотем Көк Бөрі болды.
Мұның негізгі себебтерін қадым замандардан жеткен аңыз-әфсана-
лардан білеміз. ... Шығыстағы бір елге жау тиеді. Жұртты түгел қырып,
бір ер баланың қол-аяғын кесіп жұтқа тастап кетеді. Шырқыраған бала-
ны құртқа-қаншық қасқыр тауып алып, жарасын жалап жазады. Желіні-
нен сүт шығып, баланы асырайды. Бала ер жетіп, құртқа одан он ұл туа-
ды. Он ұлдан тарам-тарам жұрт өреді. Бірі-бүгінгі бізбіз. Ал башқұрттар
сәл өзгеше хикаяттайды. Башбөре деген аңшы қасқыр қуып жүріп, енді
89
Найман – Төлегетай:
атайын дегенде бөрі керемет сұлу қызға айналып кетеді. Екеуі қосылып,
бұлардын бүгінгі башқұрт тарайды. Бөріден тарау - жалпы Түрік әлемі-
не, қазақ жұртына таныс мифологиялық әңгіме. Әп қайсымыз әр түр-
лі атаймыз: бөрі, қасқыр - қазақтар, құрт- түріктер, қашқор, қараашин -
шуаштар. Бөре - шорлар, боро - саха, бэре - татарлар, тағысын тағылар.
Әт ұлт өзін әр түсті бөріден таратады. Біз көкбөріден, келесілер ақбөрі,
сұрбөріден. Қазақ ру, тайпаларының таңбалары қайталанып отырады.
Бұдан біздің қарғақ тамырлы қазақ екенімізді, бір тіннен екенімізді көре-
міз. Қайталанбайтын екі ғана таңба бар. Бірі - МАТАЙДЫҢ бөрі таңбасы.
Осы жағдай көп тарихтан сыр шертетін секілді. Ең алдымен МАТАЙДЫҢ
өте көнеден келе жатқан Көк Түрік ұрпағы, ежелгі НАЙМАННЫҢ бірі еке-
нін аңғартады. Бар түріктің киесі - бөріні иеленуі МАТАЙҒА деген ата-ба-
баларымыздың құрметінің нақты белгісі. Бәріміз де Көк бөріден тарадық,
бәріміз де бөрі таңбаны енші етіп алуға қақылы едік. Таңдау матайға
түсті. Демек, ата-бабаларымыз матайдың Көк Түрік ұрпағы арасындағы
орнын да бізге нақты көрсетіп кетті. Қайталанбайтын екінші таңба - ҚА-
РАКЕРЕЙДІҢ «мүйіз» таңбасы, бұқаның ерекше белгісі. Өткенде Пота-
ниннің «Наймандар күні бүгінге дейін Көк бұқаға табынады, олардың то-
темі бұқа» дегенін жазғанмын. Бұқа феномені найманмен шектелмейді.
Әлемнің алты құрылығының бесеуіндегі жартастарға салынған ең ежел-
гі, ең көп сурет мүйізі қарағайдай бұқа екенін петроглифтерді зерттеуші
жер жаһанның ғалымдары айтып келеді. Антарктидадағы мұз аршылса
одан да бұқа суреті шығып қалар ма еді? Американың үндістері зубрды
әлі күнге қызғыштай қорғайды. Табынады. Дәстүрлі билерін билеп, зубр-
ларды қорғаушы Тәңірлеріне табынып қана бұл жануарды қажеттеріне
қарай ғана аулайды. Біреуін артық алмайды. Европаны зар қақсатқан
викинглер тотемдері етіп бұқаның басын кемелерінің желкендеріне са-
лып жүзді. «Қос мүйізді Ескендір» деп қазақ күні бүгінге дейін Александр
Македонскийді атайды. Расында да Александр екі мүйізді дулығасын
басынан тастаған емес. Қызығы, Ислам ғұламалары Ескендір мен Лұқ-
ман Хакім Пайғамбар ма, жоқ деген сұраққа тиянақты жауап бере алмай
келе жатқандарына 1400 жылдан асты. Міне, бұқа феноменінің адамзат
баласының эволюциясындағы, өсіп-өркендеуіндегі орны. Найманның Ү-
бақан таңбасының төменгі сырығын алып, шаңырақ ілер V бөлігін жеке
қарастырсақ, бұл да мүйізден қаншалықты алшақ тұр? Мұны да мүйіздің
бір нұсқасы десек үлкен қате ме? Енді мынадай сұрақ туады: бұқа және
бөрі таңба найманда қашаннан бар? Шежіре мен ауыз екі дастандарға
сенсек Таңба үлестіру арысы - ХІІІ ғасыр, берісі- ХҮ ғасырда болыпты.
Нақ осыған сене алмаймын. Осы уақыттарға дейін ғұн, сақ, түрік атала-
рымыз Таңбасыз, Ұрансыз жүрді ме? Жауға үндемей, ата-баба аруағы-
нан көмек сұрамай, күш- қайрат алмай шапты ма? Малына таңба бас-
пай, «жиеннің, немеренің бәсіресі» деп құлағына ен салмады ма? Жоқ,
90
Матай, Садыр рулары
таңбасы да, ұраны да болды. Тек өзгеріске ұшырап отырды. Алдымен
Найман Ұлысы, одан Алтын Орданың, одан Ақ Орданың, одан Өзбек
Ұлысының құрамында болдық. Өзбек хан 1325-35 жылдары Өзбек Ұлы-
сының діні Ислам деп жариялап, өзі Гиас ад дин Мұхаммед деген есім
алып, мұсылмандыққа бет бұрды, халқын соңынан ілестірді. Сөйтіп,
ХІҮ ғасырда ғана ресми түрде мұсылмандық жолға түстік. Мұсылман-
ның жол-жоранасы Тәңіршілдікпен қабысатын аса маңызды екі тұсы бар
еді. Біз бір ғана жаратушыға - Көк Тәңірге табынатынбыз. Жаратушы
Көк Аспанда деп пайымдайтынбыз. Осы екі жағдай - исламның да бір
жаратушыға табындыратыны, Пайғамбарымыздың Көке ұшуы Көк Тү-
рік ұрпақтарының Исламды біртіндеп қабылдауына жол салды. Бірақ біз
тасқа ғана емес, матаға, Туға да жан- жануардың суретін салып, солар-
ды тотем тұтқан жұрт едік. Бар Көк Түрік - Көк бөріні, найман - бұқаны,
өзгелер - сиыр, қаршыға, айғыр, қошқар секілді жануарлырды тотем ете-
тін. (Бүгінгі баты өңірлерде күні бүгінге дейін моланың үстіне қошқардың
мүсінін қояды.) Осы ұлттық ерекшелігіміз Исламға жат болатын. Ислам
адамның, тірі жанның суретін салғызбайды. (Түсінбейтінім, Мекке, Ме-
динеде патшаларының, олардың мұрагерлерінің суреттері ілулі тұр. Ал
Египет, БАӘ секілді Ислам дінінің діңгегі саналатын елдердегі Каир, Ду-
бай, Абу-Даби секілді ірі қалаларда қыздар мен жігіттерді салған құжы-
наған жарнама. Діннің қайнаған ортасындағы осы елдерде неге бұлай?)
Исламның осы шартын орындау қажеттігі Көк Түрік, кейін қазақ аталған
біздің аталарымыздың таңбаларын өзгертуге мәжбүр етті. Енді қос әліп,
тарақ, көз, мосы, ашамай, шөміш, көсеу, бағана, балға, қайшы т. б. таң-
балар алынды. Кереметі, осындай діни қысымға қарамастан қаракерей
мен матай таңбаларын сәл өзгертіп, сақтап қалды. Бұқа мен бөрі ұмы-
тылмады. Ислам діні қаншалықты тиым салып, қарсылық көрсетсе де,
«Алладан басқаны ұлықтауға болмайды» десе де Ұрандарымыз - Қапта-
ғай, Алатау, Бәйдібек, Ақжол, Қарасай т. б. болып қала берді. Бұл біздің
ата-бабадан мұраға қалған Ұлттық ерекшеліктеріміз бен басты Құнды-
лықтарымызға деген ерекше құрметіміздің белгісі еді. Нельсон Мандел-
лоның «Тілің мен салт-дәстүріңді, мәдениетіңді жоғалтсаң шекрараңды
аша сал. Неңді қорғайсың?» деген керемет қанатты сөзі бар. Осы ама-
нат қазақ халқы- бізге де ортақ. Ұранымыз бен таңба - тотемдерімізді
сақтау міндетіміз.
91
Найман – Төлегетай:
МАТАЙЛАР
«МАТАЙ» РУ БІРЛЕСТІГІ
Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
МАТАЙ - Орта жүз НАЙМАН тайпасының құрамына кіретін рулар бір-
лестігі...
МАТАЙЛАР Шығыс Қазақстан облысы Шар, Қызылсу, Көкпекті, Был-
қылдақ өзендерінің алқабы мен Шыңғыстау, Жуантөбе, Салқынтөбе тау-
ларының атырабын мекендеген.
Шежіре деректері бойынша НАЙМАН шалдан - БЕЛГІБАЙ (Өкіреш),
одан - СҮЙІНШІ, СҮГІРШІ, ӨТЕГЕН.
СҮЙІНШІден - ТӨЛЕГЕТАЙ (Төлек атай), ал одан ҚЫТАЙ туады.
ҚЫТАЙДЫҢ балалары - ҚАРАКЕРЕЙ, МАТАЙ, САДЫР және ТӨР-
ТУЫЛ.
МАТАЙДАН - АТАЛЫҚ, ҚАПТАҒАЙ, КЕНЖЕ рулары тараған.
Үш Матайдың (Аталық-Кенже-Қаптағай) Ақ туындағы Бөрі таңбасы.
Жетісудағы Ешкіөлместің жартастарынан табылған.
Тудың ұзындығы – 150 см, ені – 70 см.
92
Матай, Садыр рулары
МАТАЙДЫҢ АТАСЫ
«Бабалар сөзі» сериясы, Орта жүз найман шежіресінен
Матайдың үшеу екен бел баласы,
Белгілі байқағанға ел шарасы.
Қаптағай, Аталық пен Кенже деген,
Осы ед Матайдың бұл үш баласы.
Өнімі бұлардың да артық болып,
Болыпты Матай ағаң ел ағасы.
Баласы Қаптағайдың Дәулет, Күшік,
Дәулеттің Қолдас еді бел баласы.
Тоқалынан Қарауыл, Жасық еді,
Бөлінген бәйбіше, тоқал екі арасы.
Қолдас ұлы Асаннан туды Жалаң,
Келмейді сөз қиюы көңіл алаң.
Жалаңнан Қасен тағы жалғыз болып,
Қасен ұлы Жақсылық деген адам.
Баласы Жақсылықтың Сары дейді,
Сөзіңнің айтса кірер әрі дейді.
Бөрібай оның ұлы жұртқа мәлім,
Матайдың ұран қылған бәрі дейді.
Бөрітал Байгісіннен одан бері,
Атаның осы дұрыс дана жері.
Туып ед Дүйсенбай да Байгісіннен,
Қалқабай, Қанекемен төмендегі.
Қанеке ұлы Есімбек, Қожабекпен,
Артылып даражасы найман білген.
Тұрысбек Маманұлы жұртқа мәлім,
Шарасы бұлардың да шабылған кең.
Қаптағай аяқтайды осы жерден,
Ешкімін қалдырмай-ақ бәрін дегем.
Аталықтан үш бала болған екен,
Бұл жерде таратуға жөні келген.
93
Найман – Төлегетай:
Атаның келді осылай мәселесі,
Шығады сөйлей берсе сөз данасы.
Құттыболат, Сүттіболат, Тәттіболат,
Осы еді Аталықтың үш баласы.
Баласы Құттыболат Құтым, Шағыр,
Құтымды таратайын қылсаң сабыр.
Құтымнан Айт пен Құрман 2 ұл туып,
Құтымға қаза берген Жаппар Қызыр.
Артынан Естемес пен Есен туып,
Жастай-ақ Тәңір алып қылған зәбір.
Шағырдан төрт ұл туған екен Қызай,
Ерінен даңқы асып кеткен ұзай.
Бақ қонып Қызай елі шығандап жүр,
Әзелде осылайша жазған Құдай.
Итемген, Меңіс, Дербіс, Бегімбеттің,
Ұрпағы өсіп-өнген жерге сыймай.
Сүттіболаттан Есеней Қамбар дейді,
Саршоқпар бір баласы болар дейді.
Тәттіболаттан Қоңырбай жалғыз болып,
Ел болып өз алдына тарар дейді.
Мұрын, Қызай – қызы еді Домалақтың,
Түсінер білген адам сөздің нарқын.
Шежіре қалдырмастан терген бәрін
Ұлы жүз Бәйдібек бай әкесі еді,
Бейсеқан – бәйбішенің шын аты екен,
Мұрны үлкен болған соң есімделген.
Мұрын, Қызай екеуі бір туысып,
Нәсілі шыққан заты үйсін елден...
94
Матай, Садыр рулары
ЖЕТІ АТА
Қуат Қайранбаев,
Ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі
Қанат қаққан қияға қыран болған Қаптағай!
Ұрпағына мәңгілік жыр-ән болған Қаптағай!
Жөңкіп келген жауларын жәһанамға жөнелтіп,
Қабырғалы Найманға ұран болған Қаптағай!
Әне, солай өткен-ді, әруақты бабамыз,
Тамыр тартқан тереңнен тарихымның бәрі аңыз.
Ел-жұртының қамын жеп, ер үстінде күн кешкен,
Бабалардан жалғасып, болашаққа барады із...
Көкірегі ояуды елі қолдап – «Көсем» дер,
Қайтаратын қашанда жауда кеткен есемді ер.
Есенгелді ұрпағы, Жолан, Асан, Сары би,
Қол бастаған батырлар,
Сөз бастаған шешендер!
Арғымағы қарғыған қиядан да,ордан да,
Баһадүрлер көп шыққан жау тірескен сол маңда.
Дүниеге келіпті Бөрібайдай бабамыз,
Қаптағайдан таратып, жеті атаға толғанда!
Жұрттың жайын ойласа өртенетін өзегі,
Кекке қайрап намысын, елдің мұңын сезеді.
Бейқам жатқан қазаққа қалмақ салған әлекті,
Қыл үстінде тағдыры, қатерлі бір кез еді...
Қауқар болмай тұрарлық жойқын күштің алдында,
«Елім-ай» – лап қазағым батқан кез-ді зар-мұңға.
Ақылымен, айламен ағайынға жол салған,
Жалайыр мен Қоңырат, Найман менен Арғынға!
Қаймықпаған қалмақтың қаһарынан,сұстан да,
Арыстанша айқасқан жау бүйірден қысқанда.
Ер Бөрібай аттанды ұран болып Матайға,
Жекпе-жекте дес бермей қарсы келген дұшпанға!
95
Найман – Төлегетай:
Ерлігіне сүйсініп, қайратына бас ұрған,
Бөрібайдың ұрпағы бірыңғай кіл асылдан.
Асса дағы төгілмес Қыдырәлі кемеңгер,
Дөсет батыр көкжалды ата даңқын асырған.
Қалмақ қашып жерімнен, кеткен кезде жұрттан мұң,
Болашағын елінің болжап біліп, ұққан кім?!
Бөрібайдың жетінші ұрпағы еді түсірген,
Ата заңын Алаштың – Барлыбегі Сырттанның!
Бір арманым толықса, бір дүнием кетті кем...
Қазағымның бүгіні жаймашуақ деп білем.
Өкірештен өрбіген, Төлек шалдан тараған,
Жалғасады ұрпағы тәлім алып тектіден!
Заман басқа, заң басқа,
Алаш бүгін саналы,
Ғылым-білім, өнердің алынды сан қамалы.
«Қаптағайлап» шапқанда баурымның қаны ойнап,
Аттанғанда атына «Бөрібайлап!» – қонады!!!
96
Матай, Садыр рулары
МАТАЙ РУЫНЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
ҚАПТАҒАЙ – батыр, рубасы. 15-ші ғасырда өмір сүрген. Қазақ хан-
дығын құрушы әз Жәнібек ханның және Бұрындық пен Қасым хандардың
жанындағы батырлардың бірегейі бола білген айтулы тарихи тұлға. Бүкіл
НАЙМАН қолының қолбасшысы және руының ҰРАНЫНА айналған.
«Қазақ энциклопедиясының» алтыншы томында және көрнекті жазушы
І.Есенберлиннің тарихи «Алмас қылыш» романындағы деректерде:
«Қаптағай Әбілқайыр хан, Қобыланды батыр және Ақжол қазы, би-
мен тұстас, ХV ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға. Ол Керей мен Әз-
Жәнібек хандармен бірге Қазақ хандығын құрып, нығайтуға қатысқан,
үзеңгілес қаруласы болып, Темір әулетімен Сығанақ, Созақ, Отырар,
Ясы қалаларын азат ету үшін ұрыста мерт болған. Денесі Ташкент
маңына жерленген», - делінеді.
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» кітабында Бұйдаш хан-
ның туы астына кімдердің жиналғанын айта келіп, «Найман жасағын
бастап Қаптағай батыр келді», - деп деректейді.
И.Калашниковтың «Жестокий век» кітабында Қаптағай Батыр
Шыңғыс ханның Пекин мен Шанхай қалаларының арасындағы қытайлар-
ды бағындырған қолбасшы ретінде баяндалған. Ол қазақ халқының дер-
бес мемлекет болу жолындағы күресте «Найзаның ұшымен, қылыштың
жүзімен, білектің күшімен» Алтын Орданың шаңырағын көтеріп, іргесін
берік қорғап, сырттан анталаған көп дұшпанға бел алдырмаған батыр-
лардың бірі.
Ер Қаптағай туралы «Сегіз арыс, тоғыз таңба» деген еңбегінде ақын
Қалихан Алтынбаев: «ХV ғасырдан бастап, «ақтабан шұбырындыға»
дейін бүкіл Найманның ортақ ұраны «Қаптағай» болған. Ол Өзбек хан-
дығын басқарған Әбілқайыр ханнан қазақ ұлыстарын бөліп әкетушілер-
дің біреуі».
Шежіре бойынша, Қаптағайдың ата-тегі былай таратылады: орта жүз-
дің алты арысының бірі Найманнан - Белгібай (Өкіреш), Белгібайдан
Сүйінші, Сүгірші, Өтеген тарайды. Сүйіншіден туатын Төлегетайдың бір
немересі Матайдың баласы. Өз әкесі Қытай 36 жасында қайтыс болған-
дықтан, оның 4 баласын (Қаракерей, Матай, Садыр және Төртуыл) Тө-
легетай бағып өсіреді. Сол се¬бепті оларды Төле¬гетайдың төртеуі деп
атаған.
Қаптағай батырдың азан шақырып қойған атын – Келдәулет, Жандәу-
лет, Қолдас деп әрқилы айтады. Қалың қазақ еліне жанама Қаптағай
есімімен танылған. Тұңғыш жауға шабуылдап шыққан жас жігіт «Қапта-
ғайлап!» ұрандатып, жаудың шебін тас-талқан етіп, жеңіске жеткен. Сол
шайқастан соң ел-жұрты батырды Қаптағай атап кеткен делінеді.
97
Найман – Төлегетай:
«Қаптағай» – моңғол сөзі, олай деп жабайы түйенің бурасын айтады.
Көне түрікте, әсіресе, наймандарда өз батыр-билерін Бұқа, Бура, Қапта-
ғай, Қабан, Барақ, Төбет деп атайтын үрдіс болған.
Оның ұрпақтары Қазан төңкерісіне дейін Жетісудың Ақсу, Сарқан, Бүйен
өзендерінің алқабын, сонау Қаратал, Балқаш жерлерін мекендеген...
Қаптағайдың туыл¬ған жылымен қай уақытта, қалай қайтыс болғаны
жөнінде нақтылық жоқ, әртүрлі деректер айтылады. Бір деректер бо-
йынша Батыр шау тартқан шағында Қазақ ханы Тайыр мен ұйғыр ханы
Абдрашиттің арасындағы болған үлкен ұрыста ауыр жараланып, ақыры
содан мерт болған деседі...
Сол жөнінде және жалпы ҚАПТАҒАЙ батыр туралы толығырақ де-
ректерді сайтымда жарияланған Райыс қажы АРИПЖАНҰЛЫның «ЕР
ҚАПТАҒАЙ» (Найманның ұраны ғана емес, елдіктің шырағы) деген ма-
қаласынан оқуға болады. Сілтемесі: http://bit.ly/
ҚАРА БАТЫР ( 1670-1750). Матайдың Төртқарасы Байқондының
ұрпағы. Нақты аты Ықан делінеді. «Ақтабан шұбырынды» заманында
Ұлытау, Шыңғыстау, Сарысу өңірлеріндегі ұрыстарға қатысқан. Есімі «Ең-
лік-Кебек» трагедиялық шығармасынан белгілі Еңліктің әкесі. Сол жөнін-
де қисса желісінде айтылады:
Атым – Еңлік, мына шал – менің әкем,
Малы көп, бірақ еркек баладан кем.
Жасында бұл да өзіңдей батыр еді,
Қор болып осы күнде әркімге жем....
САРЫ БИ. Әз Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының дипломатиялық
қатынастарына, даладағы және еларалық қоғамдық істерге араласқан
тарихи тұлға.
ҚАПТАҒАЙ батырдың ұрпағы, АСАННЫҢ 6 ұлының бірі, БӨРІБАЙ
батырдың әкесі. Өз әкесі АСАН ақылы асқан батыр, халықты билеген
ақылман, тентекті тезге салған, шынжыр балақ, шұбар төс аталған екен.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тұлғалар атты айдарымен
2011 жылы шыққан «Әз-Тәуке хан» кітапшасында: «1683-1693 жылдар-
да Әз-Тәуке хан Ресейге бес рет елші жібереді. Әз-Тәуке ханның елші-
лері: Сары, Көлдей, Тұманшы батыр, Қабай батыр (Ноғас), Құлтыбай
Аталықов дегендер. Олар осы кезеңде Ресей мен Қазақ хандығы ара-
сындағы байланыстарды жүргізуде белсенділік танытқандар», – деп
жазылған.
98
Матай, Садыр рулары
Белгілі тарихшы ғалым Әбдікәрім Хасеновтың «Қазақ тарихының бес
мың жылдық баяны» атты кітабында (Алматы. 1996 ж.) былай айтылады:
«Қабай елшілігі 1690 жылы Ресейдің Тобольск қаласына барады. Олар-
дың артынша бұл қалаға Бөрібай батырдың әкесі Сары мен бірге Қап-
тағайдың Көлдей атты мырзасы елшілік мәселесімен келеді. (Көлдей
кейініректе Қаптағай ішіндегі бір рудың атына айналған).
Сары мен Көлдей бастаған елшілік орыс елшісі Павел Шарыгинмен
келіссөз жүргізеді. Бірақ қазақ елі ішіндегі кейбір топтар екі ел ара-
сындағы шекара жағдайын шиеленістіріп жібереді. Бұл жайға ашулан-
ған орыс жағының билеушілері қоқан-лоқы жасап, Көлдей мен Сары
елшілігін тұтқынға алады. Сары мырзаның қайын атасы Түрке бидің
қазақ елшілерін өз тарапынан босатып алу үшін қарулы қақтығысқа
барғандығынан да нәтиже шықпады. Олар тұтқында қала берді. Сары
мен Көлдейдің тұтқындық жағдайы баяғыда Сібір жеріндегі Тобыл мен
Ескер қалаларына жақын маңда аң аулап, сейілдеп жүріп, орыс мем-
лекетінің сол жақтағы воеводасының қолына тұтқын болып түскен
Шығай ханның немересі, Оңдан сұлтанның баласы Ораз-Мұхамедтің
тағдырымен бірдей болып шықты. Бұлар да солардың кебін киді. Ораз-
Мұхамед сол жолы қасындағы нөкерлерімен, оның ішінде Жалайырдан
шыққан атақты тарихшы, ғұлама Қадырғали би, қарақшы Ермак күй-
реткен Сібір хандығының бұрынғы ханы Көшімнің інісі Сейтек сұлтан
бар орыстың Тобольск қаласы тұрған жерден бірақ шыққан екен. Сол
жерде «шекара аймағынан астың, орыс мемлекетінің жеріне қарулы
қосынмен келдің» деген желеумен орыстарға тұтқынға түскен еді.
Оларды шығарып алуға жанталасқан Түрке бидің іс-әрекетінен
түк шықпады. Шекарада болып жатқан бұл бейбастық Тәуке ханға
жеткен соң ғана іс оңға басып, Әз-Тәуке тарапынан Түрке бидің саяси
жүгенсіздігіне тиым салынып, екі жақ келіссөзге кірісіп, арада бітім-
гершілікке келді. Тұтқындар жеті жыл өткенде барып қамаудан боса-
тылды. Бірақ, тұтқыннан босатылғандардың арасында Сары мырза
жоқ еді. Ол тұтқында жүріп, өмірден озған еді. Тобольск қаласында
қайтыс болды».
99
Найман – Төлегетай:
***
Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
БӨРІБАЙ БАТЫР қолбасы. (шамамен 1694-
1756/60). 1723-1740 жылы жоңғарларға қарсы
соғыстарда МАТАЙ руы қолын басқарған.
Жалайыр, найман, қоңырат жасақтарының
басын біріктіріп, Сарысу өзені бойына қоныс-
тандырған.
Жоңғар шапқыншылығының ең ауыр кезеңін-
де өз қарамағындағы рулардың жаудан қорғану
ісін ұйымдастырды
Сарысу өзені бойындағы шайқаста қаза тап-
қан. Қожа Ахмет Иасауи кешенінде жерленген
Бөрібай батырдың ерлігі жайлы кезінде Сегіз
сері, Дәстем сал, Жанкісі жыраулар дастандар шығарған.
«Бөрібай (1694-1756/ 1760 ж.ш., Түркістан) – батыр, рубасы. Тегі Най-
ман руының Матай тармағынан шыққан, есімі руластарының ұранына
айналған Қаптағай батырдың ұрпағы. Ауыз әдебиеті нұсқаларында ол
жоңғар басқыншыларына қарсы майдан ашқан қазақтың атақты батыр-
ларының бірі ретінде айтылады. Халықтық шежірелерде Бөрібай батыр-
дың есімі Қаракерей Қабанбаймен қатар аталады. Найман, Жалайыр,
Қоңырат руларынан жасақталған сарбаздарды басқарған». «Қазақ Со-
вет энциклопедиясынан», (8 том, 262 бет).
«Қалмақ басқыншыларына қарсы күресте аты белгілі Бөрібай
батыр Найманнан шыққан», - деп жазылған.
Бөрібай батырдың шыққан тегі: Найман – Белгібай – Сүгірші – То-
лымбек – Сарымырза (Өкірек) – Құрманай – Ернияз – Қарнияз – Сү-
йініш (Шұбартай) – Төлегетай (Төлек ата) – Қытай би – Матай – Кел-
менбет (Қаптағай) – Досан – Жолдас – Есенгелді – Жалаң – Асан
– Сары – Бөрібай», – деп шежіреде таратылады.
Мұсабек Атағозинның қолжазба шежіресінде: «Бөрібай батыр әйел-
дері: Алтын, бәйбішесі Бикен. Оны ел «Бікен» деп атаған. Бікен елі
осы әйелінен таралған ұрпақтар болады. Үшінші әйелінің есімі Жабай»,
– деп жазады. Бөрібай батырдың кіндігінен негізінде он сегіз ұл туған.
«Ел ырысы Бөрібай, жер тынысы Бөрібай, он сегіз ұл кіндіктен маң-
дайына беру-ай» - деген ел ішінде нақыл сөз болған.
БӨРІБАЙ батыр туралы толыққанды деректерді сайтымда жария-
ланған Жемісбек ДУЛАТБЕКҰЛЫның «Ел қаймағын бұзбаған БӨРІБАЙ
батыр» деген мақаласынан оқуға болады. Сілтемесі: https://cutt.
100