The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Кітап Атырау облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы «Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның» тапсырысы бойынша шығарылған. Туындыда қазақтың біртуар ақыны Табылды Досымов жайлы естеліктер, өмір жолы туралы деректер және әндері жинақталған.

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Камилла Муратова, 2024-05-28 06:34:24

Т.Досымов, Самала саздар сағымы

Кітап Атырау облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы «Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның» тапсырысы бойынша шығарылған. Туындыда қазақтың біртуар ақыны Табылды Досымов жайлы естеліктер, өмір жолы туралы деректер және әндері жинақталған.

Самала саздар сағымы Табылды Досымов Алматы, 2023


Табылды Досымов. Самала саздар сағымы: шығармалар жинағы. – Алматы: Salem Media Group баспасы, 2023. – 200 б. Кітап Атырау облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы «Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының» тапсырысы бойынша шығарылған. Туындыда қазақтың біртуар бард ақыны Табылды Досымов жайлы естеліктер, өмір жолы туралы деректер және әндері жинақталған. Өлеңдер жинағына туған жер, студенттік шақ, әскердегі кезі, достарға арнау, махаббат пен сағыныш тақырыптары, сондай-ақ әзіл әндері де топтастырылған. Кітапты қолына алған әрбір оқырман талантты композиторды тұлға ретінде тани алады деген сенімдеміз. ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84(5Қаз.) Д64 ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84(5Қаз.) © Табылды Досымов, 2023 © Salem Media Group баспасы, 2023 ISBN 978-601-211-551-2 Атырау облысы әкімдігі Атырау облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы тапсырысымен дайындалды ISBN 978-601-211-551-2


3 Табылды Досымов – қазақтың тұңғыш бард ақыны. Қысқа ғұмырын шығармашылыққа арнаған дара тұлға артынан өшпес мұра қалдырды. Өмір бойы гитараны өзіне серік еткен Табылды Досымов жайлы замандастары мен қаламгерлердің естеліктері аз емес. Өлеңдері кітап болып басылып, осы уақытқа дейін бірнеше кітабы оқырманға жол тартты. Халықтың көңілінен шыққан әндері кең байтақ қазақ елінің рухын көтерді. Бұл жинақта белгілі ақын, композитордың авторлық туындылары жинақталған. Бард әні немесе поэтикалық ән — ХХ ғасырдың ортасында әртүрлі елдерде пайда болған ән жанры. Музыка авторының, мәтіннің және орындаушының бір тұлғада үйлесім табуы, гитарамен сүйемелденуі – аталған ән жанрының басты ерекшелігі болып табылады. Авторлық әннің өкілдерін «бардтар» деп атайтыны да осыдан. Табылды Досымов – қазақтан шыққан тұңғыш талантты бард ақын ғана емес, қазіргі заманның шындығын ашық айта білген жырау. Ол өлеңдерін гитарада өзінің сүйемелдеуімен айтқан. Композитор қазақстандық музыка мен өнердің дамуына елеулі үлес қосқаны сөзсіз. Туындыны шығарудағы басты мақсатымыз – ақынның шығармашылығы мен өмір жолын өскелең ұрпаққа таныстырып, қазақтың дәстүрлі жыраулар мәдениетін қайта қалыптастыру. Бұл жинақ әр оқырманға музыканың осы бағытымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар осы ерекше жанрға жаңа қадам басқан жас ақындарға шабыт беріп, шығармашылықтарын одан әрі дамытуға жетелейді деген сенімдеміз. Кіріспе


5 Досымов Табылды Аяшұлы 1965 жылы 15 шілдеде Индербор кентінде дүниеге келген. 1972-1982 жылдары Шоқан Уалиханов атындағы орта мектепте оқып бітіріп, сол жылы Қазақтың Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің журналистика факультетіне түсіп, 1990 жылы тәмамдаған. 1983-1985 жылдар арасында Германия жерінде әскери борышын өтеп, оқуын қайта жалғастырған сәтте, 1986 жылғы қаһарлы желтоқсан көтерілісіне қатысқан. Сол кезеңде туған жерге оралып, Индер аудандық мәдениет үйінде әдіскер, №5 жылжымалы клуб меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1988- 1990 жылдары қайтадан университеттегі оқуын жалғастырып, журналист мамандығын меңгерген. 1990 жылғы 8 тамыздан Гурьев облыстық теле-радио комитетінде редактор, 1992 жылы Атырау облыстық филармониясында «Желтоқсан жебесі» атты жас дарындар тобының жетекшісі, әншісі, 1990-1993 жылдары Индер аудандық тіл басқармасының Индер ауданы Махамбет атындағы қорығының директоры, 2000 жылдан өмірінің соңына дейін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Табылды Аяшұлы Досымов ұзақ жылдар бойы мәдениет саласында еңбек ете жүріп аудан халқына мәдени қызмет көрсету ісінің сапасын көтеруге, жастарды өнерге баулуга аянбай үлесін қосты. Аудандағы Махамбет пен Мұрат ақындардың ізбасарларын дайындау жолында белсене еңбек етті. Олардың бірнеше жинағының баспа бетіне шығуына, сол арқылы елге, әдеби ортаға танылуларына жол ашты. Әрбір Табылды Аяшұлы Досымовтың өмірбаяны (15.07.1965-18.10.2010)


6 жас талапкерді шығармашылық жолда кездесетін сан кедергіге мойымай, ауыртпалықтарды жеңе білуге үйретті. Ауылда тұрса да олардың үндері мен шығармашылығы республика деңгейіне шығуына жағдай жасап бақты. Өзі де шығармашылығын дамытып, «Жанарымның жарқылы», «Ұнатамын мен сені», Атыраулық компазитор Б.Қохамановпен бірлесе «Жайықтың толқындары» жыр жинақтарын, «Ұнатамын мен сені», «Тәтті мұң» үнтаспаларын шығарды. Табылдының қаламынан туған «Биіктік», «Мен қазақпын», «Атыраудан аттану», «Табылдың әні», «Асан қайғыны аңсау», «Гурий Назарьев ақсақалға ашық хат», «Аманғалидың әні», «Қазақ едім дегенше», «Сәйгүлік» т.б. сан шығармалары халықтың көңіліне қонып, лайықты бағасын алды. Табылды Аяшұлы Досымовтың мәдениет пен өнер жолындағы еңбегі жеміссіз болған жоқ. Ол республикалық «Үкілі үміт» конкурсының дипломанты, 1996 жылы Атырау облыстық Жастар сыйлығының лауреаты атанды. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет комитетінің Құрмет грамотасымен, Атырау облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2008 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Журналисттер Одағының мүшесі. 2013 жылы Атырау облысы «Индер ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.


7 Сөз жоқ, Табылды Досымов – қазақтың тұңғыш барды. Елінің ертеңін ойлап ет-жүрегі езілген есіл ерлердің бірі. Тентек теңіздің таудай толқыны секілді түйдек-түйдек жырларымен Алашты аузына қаратқан ақпа-төкпе ақындардың сарқыты. Табылдының таланты 90-жылдары қазақ қоғамын жалт қаратып, еңсесін тіктеді. Талай қаракөздің дүр рухына от беріп, өткен тарихты кері оралтты. Бозбала жүректің пернесін дөп басып, махабаттың мөп-мөлдір самалын естірді. Біз таудай денедегі нәзік жүректің лүпілін айтулы ақынның лирикалық әндері арқылы сезген едік. Отанын шексіз сүйген пәкизат болмысты шайыр шығармаларының өміршеңдігі жазған өлеңдерінен де бірден көрінеді. Кәдімгі Хакім Абай жырлағандай, айналасы теп-тегіс, жұп-жұмыр. Қорғасын құйған оңқай сақа сынды шып-шымыр. Ару Алматыны дүбірлетіп, туған жеріне мәңгілік туын тіккен ақынның тағдыры да қарама-қайшылыққа толы. Мұндай таланттың өмірінің күрделі болмауы да мүмкін емес-ті. Иә, мәдениет пен өнердің ордасынан жырақтаған шағында әзиз көңілі бұзылып, өз ортасын, атақты “КазГУ городогын” сағынған кездері аз болмаған шығар. Бірақ Дендерінде де, Атырау – Ақ Жайығы бойында да бекзат ақынды сыйлайтын, әнін сүйетін, асылдай қадірлейтін замандастары да жанында жүргенін айта кетуіміз керек. Әр кәлләда бір қиялдың жүйткитініндей, әр досы Тау тұлғаны өзінше ардақтады. Арнасынан асып-тасқан дариядай дарынды дүлдүл бар-жоғы 45 жыл ғұмыр кешті. Бірақ артына қазақтың дүниетанымына толық сәйкес келетін мол мұра қалдырды. Тау тұлға


8 Кез келген жас талант тұңғыш бардтың әндерін сахна төрінде еркін шырқайды. Саңлақ өнерпаздардың өзі гитараның алты шегінен Табыл шығармаларын бозінгендей боздатып, мерейімізді өсіріп жүр. Табылдың көзі тірісінде дәл осылай құрмет көрсетілмеген де шығар. Қателессем, қара орман халықтан кешірім сұраймын. Алмас қылыштың қын түбінде жата бермейтіні секілді Табылдың да айы туып, күні жарқырайтына сенімділердің бірі мен едім. Қазіргі таңда еліміздің сегізқиыр шартарабынан оның кем дегенде екі-үш әнін шырқап, төрт-бес өлеңін білмейтін қандас жоқ. Тіпті, берісі алыс-жақын шетелдегі қаракөздеріміз де, арысы қаны бөлек өзге ұлт өкілдері де тұңғыш бардымыздың жырларын жатқа соғады. Бұл – ақынның шынайы бақыты. Сонымен қатар, Табылдың мәңгілік өмірінің бастауы. Бұл жинақтағы мұра кейінгі ұрпақ үшін Табылдың туған жері – Атыраудың рухани тартуы, болашаққа деген сый-сияпаты. Мәңгілік ғұмыры басталған ғажайып ақынға деген құрмет әр жылдар сайын, әр ғасырлар сайын арта берсін, Такеңнің артындағы ұрпақтарына Тәңір бақ-береке сыйласын деп тілеймін. Табылдың шығармаларын ел жүрегіне жеткізуші қай өнерпаздың да жұлдызы жарқырап, алғыспен өмірлері өріле берсін. Жәнібек Аманиязов, Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының басшысы


9 «Сонау өткен ғасырдың сексенінші жылдардың ортасынан бастап Алматыдағы КазГУ қалашығын Табылды Досымовтың әндері тербеп тұратын. Осы күні ел аузында жүрген «Сәйгүлік», «Ұнатамын мен сені», «Биіктік» және тағы да басқа ондаған туындыларының көбі сол студент қалашығында туып, кейін қазақ даласына кең тарап кетті» – деп жазады Табылдың досы, ақын Әбубәкір Смайылов. Жалпы қазақ даласындағы ән құдіретінің сырын тап басып, тапқан адам некен-саяқ. Көбісі тамсана, таңдай қағумен шектеледі. Бұл бір тылсым дүние. Кенеттен келіп, кеудені жарып шығып жалпақ әлемге тарайтын ән-құдіреттің, бекзат өнердің жұмбағын шешкен кім бар? Табылды Досымов та кешегі Ақан сері, Біржан салдар салып кеткен сара дәстүрге жаңа сипат беріп, жаңа мазмұнмен толықтырып алға жалғастырды деуге әбден болады. Ол бір басына үш өнерді – ақындықты, сазгерлікті және әншілікті тоғыстыра білген тұлға. Біз тек Табыл талантының бер жағын, бетін қалқып қана отырмыз, әйтпесе әлі кәсіби мамандар оған шынайы бағасын бере жатар. Сол сексенінші жылдардың орта шенінде қазақтың талантты ұл-қыздарының басы бір жерде – Алматыда тоғысты. Олар – Светқали Нұржан, Бауыржан Үсенов, Бауыржан Жақып, Гүлнәр Салықбай, Қайрат Әлімбек, Нұрым Ерғалиев, Жұмабай Құлиев, Серік Жанболат, Әміржан Қосанов, Арман Сқабылұлы, Құлтөлеу Мұқаш, Майра Ғұмарова, Әбубәкір Смайылов, Серік Абас-шах, Бекжігіт Сердәлі, Ерсайын Жапақ, Есжан Айнабек және т.б. Сан қырлы талант иесі


10 Бәріне сол бесінші жатақхана пана болып, бәрін бір әуен әлдиледі. Жанында жүрген достарының айтуынша Табылдың жаңа әнінің туғанын тек өзі орындағанда ғана біледі екен. Жұрттың бәрі «Өй, мынау тың дүние ғой!» дегенде барып, көптің пікірін күткендей, күлімсіреп бас изейді екен. Бұл жалпы шығармашылықтың сырт көзді онша қаламайтын, ішкі ирімдері өзіне ғана аян, рухани тұрғыдан алғанда өте нәзік дүние екенін білдірсе керек. Табылды Досымовтың мұрасы әлі толық жиналды деп айта алмаймыз. Окырманға ұсынып отырған бұл кітапта оның сазгерлік қыры ғана сөз болады. Осы жолы Тәкеңнің көпшілікке етене таныс әндерінен бөлек, көп айтыла бермейтін туындыларын да нотаға түсіріп халық назарына ұсынуды жөн көрдік. Сонымен қатар Табылдының Германияда әскери борышын өтеп жүргенде досы Әбубәкірге жазған сарбаз хаттарын, өз қолымен қағазға түсірген бірнеше ән мәтіндерін де қоса жариялап отырмыз. Табылдыдай таланттың қолының табы қалған хаттар оқырмандарға да қызықты болады деген үміттеміз. Енді біртуар өнерпаздың артында қалған мұрасын насихаттап жүрген республикалық қоғамдық қордың жұмысы туралы бір-екі ауыз сөз айта кетейін. «Табылды Досымов атындағы республикалық қоғамдық қор» 2012 жылы Ақтөбе қаласында құрылды. Осы жылдар ішінде демеушілік көрсеткен еліміздің атпал азаматтарының арқасында ақын өнерін паш етуге бағытталған көптеген іс-шаралар өткізіліп келеді. Фестиваль, шығармашылық ән кештері республика бойынша сонымен қатар, Мәскеуде және Қытай Халық Республикасында, көршілес Моңғолия мемлекеттерінде өткізілді. Сонымен қатар, Т.Досымовтың әндерінен тұратын үнтаспалар, естелік кітаптар шығарылды, деректі фильмдер түсірілді. Табылды Досымов атындағы «СӘЙГҮЛІК» республикалық байқауы Ақтөбе қаласында екі жылда бір рет өткізу игі дәстүрге


11 айналды. Бұл байқаудың негізгі мақсаты: – Ерекше өнер иесі, бард ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, – Жас ұрпақтың ақын жазған рухты әндерге деген қызығушылығын арттыру, жаңа есімдерді анықтау, олардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру, – Жастардың бойына поэзия мен музыкаға деген талғамдарын қалыптастыру, үздік авторлық әндер үлгілерін сақтап, дәріптеу, – Гитара аспабында ойнау және ән айту бағытын дамытып, шығармашылық тұлғалар арасында тәжірибе алмасу болып табылады. Республикалық қоғамдық қордың жұмысы әлбетте, мұнымен шектеліп қалмақ емес. Алдағы уақытта да осы бағытта атқарылар жұмыстар мен жоспарлар баршылық. Оны кезі келгенде көпшілікке жария қыла жатармыз деген ойдамын. Желтоқсан айының басында Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазтуғандардан қалған із. Табылды – рух алдаспаны» атты әдеби-танымдық кеш пен Табылды әндеріне арналған «Биіктік» атты керемет концерт өтті. Сол кешке келген қазақтың белгілі ақыны, ғалым Бауыржан Жақып жастық шақтан естелік айта келіп, КазГУ қалашығындағы 5-ші жатақхананың күрделі жөндеуден өткенін және оның журналистика факультетіне қайта берілігенін жеткізді. Баукеңнің айтуынша сол жатақхананың бір бөлмесіне «Мұнда қазақтың тұңғыш бард-композиторы Табылды Досымов тұрды» деген тақтайша ілініпті. «Бәрі өткінші, тек музыка ғана мәңгілік» демекші, әлі күнге дейін КазГУ қалашығын Табылды әндерінің тербеп тұрғаны анық. Болашақта да тербей бермек. Бижан Қалмағанбетов, Т.Досымов атындағы республикалық қоғамдық қордың директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі


Әндер


14 Авторские права © 2022 принадлежат [Правообладатель] Біл - мей - мін жа - на - рың - нан сыр ұқ - тым ба, Орташа, наздана Əл - де се - ні сол сəт - те ұ - мыт-тым ба ™ ™ ө - зің бол - дың əй - те - уір бұл күн - гі(ə) - нім Кө - те - ріп ап ке - тіп ең бұл - қын - ба - дым 6 Ай - ма - ла - уы - ңа, ай - ма - ла - уы - ңа 7 ™ ™ құ - нық - тым ба. 9 2 4 3 4 3 4 2 4 3 4 3 4 2 4 2 4 3 4 3 4 & b b Қыз махаббаты & b b & b b & b b & b b & b b œ™ J œ R œ œ r œ r œ r œ r œ r œ™ R œ R Ô ˙ œ J œ R œ R ˙ œ J œ R œ R œ R œ R œ J ˙ œ R œ R œ R œ R œ J œ R œ R œ R œ R œ R œ R œ R œ R œ R œ R œ J œ R œ R œ r œ R œ R œ R œ R œ R œ R œ R œ œ r œ r œ r œ R œ œ r œ™ r œ R Ô ˙ ҚЫЗ МАХАББАТЫ Әні: Табылды Досымов Сөзі: Фариза Оңғарсынова


15 Білмеймін, Білмеймін, жанарыңнан сыр ұқтым ба, Әлде сені сол сәтте ұмыттым ба. Өзің болдың әйтеуір бұл күнгі әнім, Көтеріп ап кетіп ең, бұлқынбадым, Аймалауыңа, аймалауыңа құнықтым ба?! Білмеймін, Білмеймін, құшағыңда дір еттім бе, Алып ұшып барады жүрек мүлде. Ойлағым да келмеді ештеңені, Ерте ме әлде білмедім кеште ме еді, Тек ұққаным: жан бірге, тілек бірге. Сезімімнің, Сезімімнің қақпасын дара қақтың, Шуағыңды бойыма аралаттым. Бақыт болып мәңгіге келіп бірге, Ағыл-тегіл сезіммен еріттің де, Өзің маған өзім боп бара жаттың.


16 МҰҢАЙМА Әні: Табылды Досымов Сөзі: Жарасқан Әбдірашев Авторские права © 2022 принадлежат [Правообладатель] Сен мұ - ңай - ма қу - а - на - йын мен - да - ғы Байсалды, ойлы Се - ні се - зім ме - ні кө - зің ал да - да 3 ™ ™ Тек біз е - мес а - дас - тыр - ған та - лай - ды 5 ™ ™ Бұл тағ - дыр-дың ай- қыш, ұй-қыш жол - да - ры. 7 3 4 4 4 3 4 3 4 4 4 3 4 3 4 4 4 3 4 3 4 4 4 & b b Мұңайма & b b & b b & b b œ j œ r œ r ˙ œ R œ R œ R œ R œ™ J œ R ˙ œ j #œ r œ r ˙ œ R œ R œ R œ R œ œ™ œ R Ô œ™ œ j œ r œ r ˙ œ R œ R œ R œ R œ jœ™ J œ R ˙ œ J œ R œ R ˙ œ R œ R œ R œ R œ œ œ r ˙


17 Сен мұңайма, қуанайын мен дағы, Сені сезім, мені көзің алдады. Тек біз емес адастырған талайды, Бұл тағдырдың айқыш-ұйқыш жолдары. Өмір бізді жолықтырды, байытты, Желіктірді, болдық бүгін байыпты. Кіналама өзіңді де, мені де, Біздің бұған жастығымыз айыпты. Жүрегіңді шайлықтырып, жасқантып, Алдың рас, демеймін күл, тас, шалқып. Бірақтағы қала көрме қапыда, Қарсы келген бақытыңнан бас тартып.


18 СОЛДАТ САҒЫНЫШЫ Әні мен сөзі: Табылды Досымов Та - би- ғат бе -ріп қой - ған күз - ха - ба - рын Ойлы, сағынышты Мен се - ні күз - ден да - ғы қыз - ға - на - мын 4 Əйт - се де сез-бей - сің ау ө - зің - ді(ой) - лап 7 бұл - қы-нып жү-ре - гім - нің. Бұл - қы-нып жү-ре - гім - нің 10 Бұл қы -нып жү - ре - гім - нің сыз - да - ға - нып 14 ™ ™ Жү - рек - ті а - лып ұш - қан сам - ғай ə - нім 17 се - ні(ой) - лап са - ғы - ныш - тан 21 ™ ™ сар - ға - я - мын сар - ға - я - мын. 1. 2. 23 6 8 9 8 6 8 9 8 6 8 9 8 6 8 & b Солдат сағынышы & b & b & b & b & b & b & b œ r œ r œ œ r œ™ J œ J œ™ œ™ œ™ j œ R œ J ˙™ œ™ j œ r œ j œ j œ™ J œ R œ™ œ™ œ™ j œ R #œ J ˙™ œ™ R œ R œ J œ R œ™ J œ J œ™ œ™ œ R œ™ J œ J ˙™ œ™ j œ r œ j œ r œ™ J œ J ˙™ œ™ j œ r œ j œ r œ™ J œ J ˙™ œ™ j œ r œ j œ r œ™ J œ J œ™ œ J œ J #œ J ˙™ œ J œ J œ J œ™ J œ R œ J ˙™ œ™ œ œ J ˙™ œ J œ J œ J œ™ J œ R œ J ˙™ œ™ #œ œ J ˙™ œ™ #œ œ J ˙™


19 Табиғат беріп қойған күз хабарын, Мен сені күзден дағы қызғанамын. Әйтсе де сезбейсің-ау өзіңді ойлап, Бұлқынып жүрегімнің Бұлқынып жүрегімнің Бұлқынып жүрегімнің сыздағанын. Қайырмасы: Жүректі алып ұшқан самғай әнім, Сені ойлап сағыныштан сарғаямын. Жағалап сайран көлдің сыз кемерін, Сезіп ем күз келерін, күз келерін. Қайыңдар дір етеді қыз денелі, Көңілдің таба алмаймын Көңілдің таба алмаймын Көңілдің таба алмаймын іздегенін. Қайырмасы: Жүректі алып ұшқан самғай әнім, Сені ойлап сағыныштан сарғаямын.


20 МЕН САҒАН ҒАШЫҚ ЕМЕС ЕМ Әні: Табылды Досымов Сөзі: Фариза Оңғарсынова Сен ү - шін со - нау а - лыс - тар - да - ғы е - лес ем Орташа, нақтай О - сын - ша ме - ні ар - ман ғып кел - дің 4 ™ ™ не - ге сен Сыр-тың-нан сү - йіп жү - ре - ті - нім - ді 7 се - зу- ші(е) дің ғой де - ме - сең Мен са - ған ға-шық 11 е - мес ем Мен са - ған ға-шық е - мес ем 14 Мен са - ған ға - шық е - мес ем. 17 2 4 3 4 3 4 2 4 3 4 3 4 2 4 3 4 3 4 2 4 3 4 2 4 2 4 & # # # Мен саған ғашық емес ем & # # # & # # # & # # # & # # # & # # # œ r œ r œ r œ r œ œ r œ r œ r œ r œ œ r œ™ j œ ˙ œ r œ R œ r œ r œ œ r œ R œ r œ r œ œ R œ™ j ˙ œ R œ R œ R œ R œ œ r œ r œ R œ R œ œ R œ R œ R œ R œ jnœ J œ R œ™ J ˙ œ R œ R œ R œ j œ R œ œ r œ j œ™ J ˙ œ r œ r œ r œ j œ R œ œ r œ j œ™ J ˙ œ r œ r œ R œ j œ r œ ˙ œ r #œ™ j œ ˙


21 Сен үшін сонау алыстардағы елес ем, Осынша мені арман қып келдің неге сен. «Сыртыңнан сүйіп жүретінімді сезуші едің ғой» демесең, Мен саған ғашық емес ем. Мен саған ғашық емес ем. Мен саған ғашық емес ем. Бас иген талай бозбалаларға паңдана Асқақтау басып, бақытты болдым. «Сонда да жан-жүрегіңді толтырар бір жан жетпей жүрді ғой» демесең, Мен саған ғашық емес ем. Мен саған ғашық емес ем. Мен саған ғашық емес ем. Бір дауыл сәттің соғарын сезіп жүргенмен, Сен екеніңді, сен екеніңді білген бе ем... Әйтеуір, жаным, «бұл күнде менсіз жүре алмайсың ғой» демесең, Мен саған ғашық емес ем. Мен саған ғашық емес ем. Мен саған ғашық емес ем.


22 Қу - а - ны - шым сен бол - дың Қай - ғы жа - сым Жəй, тебірене Тау - сыл - май - тын мен ү - шін бай мұ - ра - сын 3 Қа - ра жер - ге ас - пан нан ай - ны - ма - сым 5 А - нық ма - ған əй - те - уір ай құ - ла - сын 7 ™ ™ Жа - сын бол - дың сен ма - ған көк - тем - де - гі 9 Жү - ре - гім - мен қақ жар - ған от кеу - де - гі 11 Ке - зік - тір - дім мен бұ - рын қи - я - лым - да 13 ™ ™ Жоқ пен - де - ні та ба(л) - мма- дым. 15 1. 2. 2 4 3 4 2 4 2 4 3 4 2 4 2 4 3 4 4 4 4 4 3 4 2 4 2 4 3 4 3 4 2 4 & # # Махаббатты сезіну & # # 3 & # # & # # & # # & # # & # # & # # œ r œ r œ r œ r œ r œ R œ J œ r œ j œ r ˙ œ R œ R œ R œ R œ R œ R œ J œ J œ J œ J ˙ œ R œ R œ R œ R œ R œ R œ J œ R œ J œ R ˙ œ R œ R œ R œ R œ R œ™ J ˙ œ R œ J œ R ˙ œ R œ R œ R œ R œ R œ R œ J œ R œ J œ j œ R œ œ R œ R œ R œ R œ R œ R œ J œ R œ J œ j œ R œ œ R œ R œ R œ R œ R œ R œ J œ R œ J œ R œ œ r œ J œ R ˙ #˙ œ r œ J #œ r œ МАХАББАТТЫ СЕЗІНУ Әні: Табылды Досымов Сөзі: Фариза Оңғарсынова


23 Қуанышым сен болдың, қайғы, жасым, Таусылмайтын мен үшін бай мұрасың. Қара жерге аспаннан ай құласын, Анық менің әйтеуір айнымасым. Қайырмасы: Жасын болдың сен маған көктемдегі, Жүрегіммен қақ жарған от кеудені. Кезіктірдім мен бұрын қиялымда Жоқ пендені. Күйіп-жанып содан соң алауладым, Ай, Күн барын ұмыттым, самал барын. Сол кезімнен бойыма бір тыныштық, Таба алмадым. Сені ойламай кезім жоқ көзімді ілген, Елжіредім сені аңсап, егілдім мен. Тағдырыма ризамын сен арқылы, Ақ махаббат дегенді сезіндірген. Қайырмасы:


24 АСТАНАНЫҢ АРУЫ Әні мен сөзі: Табылды Досымов Ақ ди - да - рың ай се - нің, ақ ди - да - рың - ай, Жеңіл, ойнақы Се - зе - сің бе кеу - дем - де от күй ба - рын ер - кем - ай, 5 ™ ™ Жү - ре - гім - ді сен не - ге көп қи - на - дың - ай, 9 ақ ди - да - рың - ай! 13 2 4 4 4 2 4 2 4 6 4 & # # # # Астананың аруы & # # # # & # # # # & # # # # œ j œ j œ j œ J œ œ J œ J œ j œ j œ j œ j œ J ˙ œ™ J œ R œ J œ J œ J œ œ J œ J œ J œ J œ J œ œ j œ j œ J œ J œ J œ J œ œ J œ J œ J œ J œ J œ J w œ™ J œ R œ J #œ J ˙™ ˙


25 Ақ дидарың-ай сенің, ақ дидарың-ай, Сезесің бе кеудемде от-күй барын еркем-ай, (Жүрегімді сен неге көп қинадың-ай)2 Ақ дидарың-ай. Қас-қабағың-ай сенің, қас-қабағың-ай, Жанарыңа қарауға жасқанамын еркем-ай, (Ару қызы сен бе едің астананың-ай)2 Қас-қабағың-ай. Назды күлкің-ай сенің, назды күлкің-ай. Назды күлкің кеудемнің жазды бұлтын еркем-ай, (Сүйем деген айтармын сөзді бір күн-ай)2 Назды күлкің-ай. Қыпша белің-ай сенің, қыпша белің-ай. Көжегіне қоянның ұқсап едің еркем-ай, (Екі тілек бір жерден шықса дедім-ай)2 Қыпша белің-ай. Көз қарасың-ай, сенің, көзқарасың-ай, Көрмедің бе қазақтың бозбаласын еркем-ай, Неге сонша жымиып, назданасың-ай, Қайтем сені маңдайға жазбағасын-ай, Көзқарасың-ай, Назданасың-ай Мәз боласың-ай...


26 ҚАРА ГҮЛ Әні: Табылды Досымов Сөзі: Жанат Айтмұқанбетов Ақ гүл де көр - дім, қы-зыл г.л тер - дім ал мұ - ны, Мұңды, орташа көр-ге-нім о - сы, жа-быр-қап кет - ті жан мұ - ңы. 8 Қа - ра гүл тұр - ды қа - уы - зы тұ - рып там - шы - 15 ™ ™ ға, Гүл-дің де сі - рə бо-ла- ды(е) кен ғой, 20 бо - лад е - кен ғой тағ - ды - ры. 27 2 & 4 b b b b Қара гүл & b b b b & b b b b & b b b b & b b b b œ J œ J œ J œ J ˙ œ j œ j œ j œ J ˙ œ™ nœ j ˙ ˙ œ J œ J œ J œ J ˙ œ J œ J œ J œ j œ J ˙ œ™ œ J ˙ ˙ œ J œ J œ J œ J ˙ œ J œ J œ J œ J ˙ œ™ œ J ˙ ˙ ˙ œ J œ J œ J œ œ j J ˙ œ j œ j œ J œ J ˙ œ J œ J œ J œ J ˙ œ™ nœ j ˙ ˙


27 Ақ гүл де көрдім, қызыл гүл тердім, ал мұны, Көргенім осы, жабырқап кетті жан мұңы. Қара гүл тұрды, қауызы тұнып тамшыға, Гүлдің де сірә, болады екен ғой, болады екен ғой тағдыры. Нәп-нәзік болмыс неліктен ғана қаралы, Жалғыз бұл емес, гүл біткен ертең солады. Жәудіреп тұрып қараған сәтте көзіме, Елестеп кетті қаракөз қыздың, қаракөз қыздың, жанары. Қара гүл менің мұңымды жаяр жаршы ма, Аршылар мұңың, қансыра жүрек қансыра, Көз орынында көз емес кейде қарасаң, Қара гүл тұрар қауызы тұнып, қауызы тұнып тамшыға.


28 КЕШІККЕНІҢ ҚАЙТКЕНІҢ? Әні мен сөзі: Табылды Досымов Жү - ре - гі - міз е - гіз - де - сін де - дің бе, Орташа, мұңая Ті - ле - гі - міз те - ңіз де - сін де - дің бе Көп і - ші - нен ме - ні(із) - де - сін де - дің бе Ке-шік-ке - нің қайт - ке - нің Ке-шік-ке - нің қайт - ке - нің Қайырмасы: Күт - се күт - сін тұ - ра тұр - сын де - дің бе Жү - ре - гін - де жыр са - был - сын де - дің бе Əл - де мық - тап бір са - ғын - сын де - дің бе ™ ™ Ке - шік - ке - нің қайт - ке - нің ке - шік - ке - нің қайт - ке - нің Ке - шік - ке - нің қайт - ке - нің 2 & 4 # # # # # # 3 Кешіккенің қайткенің? & # # # # # # 3 & # # # # # # 3 & # # # # # # & # # # # # # 3 & # # # # # # 3 & # # # # # # 3 & # # # # # # & # # # # # # œ j œ j œ j œ œ r œ r œ r œ r œ r œ™ j ˙ œ j œ j œ j œ œ r œ r œ r œ r œ R œ™ J ˙ œ J œ J œ J œ œ R œ R œ R œ R œ R œ™ J ˙ œ R œ R œ R œ R œ™ J œ R ˙ œ R œ R œ R œ R œ™ J œ R ˙ œ J œ J œ J œ œ R œ R œ R œ R œ R œ j œ™ J ˙ œ J œ J œ J œ œ R œ R œ R œ R œ R œ j œ™ J ˙ œ J œ J œ J œ œ R œ R œ R œ R œ R œ™ J ˙ œ R œ R œ R œ R œ™ J œ R ˙ œ R œ R œ R œ R œ™ J œ R ˙ œ R œ R œ R œ R œ™ J œ R ˙


29 Жүрегіміз – егіз десін дедің бе, Тілегіміз – теңіз десін дедің бе, Көп ішінен мені іздесін дедің бе, Кешіккенің қайткенің? Кешіккенің қайткенің? Кешіккенің қайткенің? Қайырмасы: Күтсе күтсін, тұрса тұрсын дедің бе, Жүрегінде жыр сабылсын дедің бе, Әлде мықты бір сағынсын дедің бе, Кешіккенің қайткенің? Кешіккенің қайткенің? Кешіккенің қайткенің? Басқа жанға тұрақтасын дедің бе, Көңілімнен жырақтасын дедің бе, Жүрегімді жылатпасын дедің бе, Кешіккенің қайткенің? Кешіккенің қайткенің? Кешіккенің қайткенің? Қайырмасы: Мәртебемді биіктетсін дедің бе, Өзге қызды сүйікті етсін дедің бе, Өкініштен күйіп кетсін дедің бе, Кешіккенің қайткенің? Кешіккенің қайткенің? Кешіккенің қайткенің?


30 НҮКТЕ Әні: Табылды Досымов Сөзі: Жарасқан Әбдірашев Жо - лық - тым са - ған, о - ңым - нан са - мал Жүрдек ес - кен - ді Қо-рық-тым со - дан би - ік - теу е - кен 3 ™ ™ Мəр - те -бең Ұ-мыт-тым бə -рін Ұ-мыт-тым шу-лы 6 ке - штер - ді ұмы-тыл-ды бү -кіл жар - ты(ə) лем. 9 2 4 3 4 3 4 2 4 4 4 4 4 2 4 3 4 3 4 & # # # # # Нүкте & # # # # # & # # # # # & # # # # # œ r œ r œ r œ r œ œ r œ r œ r œ r œ œ j œ r œ r ˙ œ R œ R œ R œ R œ œ R œ R œ R œ R œ œ™ j œ R ˙™ œ R œ R œ R œ R œ œ R œ R œ R œ R œ œ J œ J ˙ œ R œ R œ R œ R œ Œ œ™ j œ R ˙


31 Жолықтым саған, оңымнан самал ескен-ді, Қорықтым содан, биіктеу екен мәртебең. Ұмыттым бәрін, ұмыттым шулы кештерді, Ұмытылды бүкіл жарты әлем. Махаббат шіркін осынша жаным тез бе еді, Күркіреп күндей өте шықты ғой көктемім. Бейкүнә менің жанымда тұрып, өзгені Армандағаның не еткенің? Сол бір досты енді менен де гөрі жақын қыл, Мөлдір кештерді еске алып бұзба ойыңды. Жатақханаңа жетектеп апаратын кіл, Жолыма нүкте қойылды.


32 ЕЛІК ҚЫЗ Әні: Табылды Досымов Сөзі: Жарасқан Әбдірашев Көз-іл - ді-мін бұл күн - де мен кө- зің мөл-дір ас - па - ным Еркелете, жеңіл жалт қа-ра-тып күл-кің -ме - нен Жа-ра-са-дау қаш - қа - ның ™ ™ Қайырмасы Тоқ-та дей-мін ба - ла-сың ба Ұ-ғын-ған-дай кі - нə - сін Жа-сыл шал-ғын а - ра-сын - да Жай-раң-қа-ғып тұ - ра - сың 2 4 3 4 2 4 2 4 3 4 & # # # # # Елік қыз & # # # # # & # # # # # 3 & # # # # # 3 œ r œ R œ r œ R œ r œ J œ R ˙ œ r œ r œ r œ r œ™ J œ R ˙ œ R œ R œ R œ R œ R œ J œ R ˙ œ R œ R œ R œ R œ™ œ J ˙™ œ R œ R œ R œ R œ J œ J œ J ˙ œ R œ R œ R œ R œ™ J œ R ˙ œ R œ R œ R œ R œ J œ J œ J ˙ œ R œ R œ R œ R œ™ œ œ J ˙™


33 Көңілдімін бұл күнде мен, Көзің – мөлдір аспаным. Жалт қаратып күлкіңменен, Жарасады-ау қашқаның. Қайырмасы: Тоқта! – деймін, – баласың ба?! Ұғынғандай кінәсін, Жасыл шалғын арасынан, Жайраң қағып тұрасың. Қуам келіп көрікті, шат, Көбелегі арманның. Шалынасың елік құсап, Тасасынан талдардың. Қайырмасы: Жетем ұшып ту алыстан, Басылғандай лапылдап. Ал, жүрегім қуаныштан, Жарылуға жақын қап. Қайырмасы:


34 АУЫЛДЫҢ ТҮНІ Әні: Табылды Досымов Сөзі: Гүлнар Салықбаева Бо-йы-ма кет - ті шым-шым-дап та-рап Я - пы-рай нет-кен Сағынышты сезіммен бал-дай əн е - ді Ас-пан-ға тұр-мын ұм- сы - на қа-рап 4 А-уыл-дың тү - ні қан - дай-ə - де - мі Ер-ке -ле-сем де 7 ө - зі - ңе қан-ша де-мей-мін тіп - ті са-ғым- ды(із) де - ші 11 ө - ті - нем қа - зір ө - ті - нем сон - ша 14 ə - нің- ді(үз)-бе - ші ə - нің- ді(үз)-бе - ші. 16 3 4 2 4 3 4 2 4 & b b Ауылдың түні & b b & b b & b b & b b & b b œ R œ R œ R œ R ˙ œ R œ R œ R œ R ˙ œ R œ R œ r œ R ˙ œ R œ R œ R œ R ˙ œ R œ r œ r œ r ˙ œ R œ R œ R œ R ˙ œ R œ R œ R œ R ˙ œ™ J œ R œ R œ™ J ˙ œ R œ R œ R œ R ˙ œ R œ R œ R œ R ˙ œ R œ R #œ R œ R ˙ œ R œ R œ R œ R ˙ œ R œ r œ r œ r ˙ œ R œ R œ R œ R ˙ œ R œ R œ R œ R ˙ œ™ J œ R #œ R œ™ J ˙


35 Бойыма кетті шым-шымдап тарап, Япыр-ай, неткен балдай ән еді. Аспанға тұрмын ұмсына қарап, Ауылдың түні қандай әдемі. Қайырмасы: Еркелесем де өзіңе қанша Демеймін тіпті сағымды іздеші. Өтінем қазір, өтінем сонша, Әніңді үзбеші, әніңді үзбеші. Серпіліп түннің мұңды тұманы, Дегендей жарық қайсыңа жәйлі. Пердесін еппен сырғытып әне, Ай сығалайды, ай сығалайды. Қайырмасы: Шаттықтан тұрмын жылап, егіле, Япыр-ай, неткен ағын ән еді! Құс жолыменен жыр әлеміне Жетектеп кетті тағы да мені.


36 ЖЫРТПАШЫ ХАТТАРЫМДЫ Әні: Табылды Досымов Сөзі: Есенғали Раушанов Ме - нің жаз - ған хат - та-рым ə - лі бар ма Толғана, жəй Ыз - ғар-лы күн жү - рек - ті қа - ры- ған - да 4 Та - бы-нар - ға та - бар-сың кім - ді бол - сын 7 Са - ғы-нар - ға са - ғы-нар - ға Де - ме-сең са - ғы-нар - 10 ™ ™ ға е - е - е - ей е - е - е - 13 ей са - ғы-нар - ға е - ей. 17 9 8 3 4 9 8 9 8 3 4 9 8 9 8 3 4 2 4 9 8 9 8 3 4 12 8 3 4 12 8 3 4 3 4 9 8 3 4 & b b Жыртпашы хаттарымды & b b & b b & b b & b b & b b œ™ J œ R œ J ˙™ œ™ J œ R œ J œ™ J œ R œ J ˙™ œ™ J œ R œ J ˙™ œ™ J œ R œ J œ™ J œ R œ J ˙™ œ™ J œ R œ J ˙™ œ™ J œ R œ J œ™ J œ R œ J ˙ œ™ J œ R œ J ˙™ œ™ J œ R œ J ˙™ œ™ J œ R œ J œ™ J œ R œ J ˙™ œ™ ˙™ œ™ ˙™ œ™ ˙™ œ™ ˙™ œ™ J œ R œ J ˙™ #˙™ ˙™


37 Менің жазған хаттарым әлі бар ма? Ызғарлы күн жүректі қарығанда, Табынарға табарсың кімді болсын, Сағынарға, сағынарға.., Демесең сағынарға, (Е-ей, е-ей, е-ей, е-ей сағынарға, е-ей.)2 Бәрі сонда – не күттім, не тіледім, Нені аңсады риясыз көкірегім. Олар менің бүр ашқан гүлдерім ғой, Гүлдерімді, гүлдерімді.., Өртеме өтінемін, (Е-ей, е-ей, е-ей, е-ей, өтінемін, е-ей.)2 Жағасында жағалай ел қонбаса, Көрікті боп көрінбес көлдер де аса. ...Бір-бір тамшы ыстық жас үзейікші, – Сол екеуі, сол екеуі.., Қосылсын ең болмаса, (Е-ей, е-ей, е-ей, е-ей, ең болмаса, е-ей.)2


38 КҮНІКЕЙ ҚЫЗ Әні: Табылды Досымов Сөзі: Шаһизада Әбдікәрімов Кү - ні - кей қыз-баең күн ас - тын - да - ғы е - дің бе əл - де Орташа, еркелете гүл нə - зік Мұ - ңы - ма ме - нің ұ - лас - тың - да - ғы О - тыр - мын мі - не жыр жа - зып ™ ™ Ү Қайырмасы: - йі - ме қай - там ө - кі - ніп, ты нып сү - йе - мін деу - ге ба - та(ал) - май Тө - ле - ген бо - лып бе - кі - ніп тұ - рып жа - йық - ты ке - шіп ™ ™ ө - те(ал) - май ө - те(ал) - май. 1. 2. 2 4 3 4 & Күнікей қыз & & & & & & œ r œ j œ r œ r œ™ j œ r œ j œ r œ r œ™ j œ r œ j œ r œ œ œ j œ r œ™ j œ œ™ œ r œ j œ r œ œ œ j œ r œ j œ r œ r œ™ j œ r œ j œ r œ œ œ j œ r œ™ j œ ˙ œ R œ J œ R œ J œ J œ R œ J œ R œ œ œ j œ R œ J œ R œ J œ œ œ r œ™ j œ œ r œ j œ r œ œ œ j œ r œ j œ r œ r œ™ j œ r œ j œ r œ œ œ j œ r œ™ j œ œ™ œ r œ™ j ˙


39 Күнікей қыз ба ең күн астындағы, Едің бе әлде гүл нәзік. Мұңыма менің ұластыңдағы Отырмын енді жыр жазып. Қайырмасы: Үйіме қайтам өкініп, тынып, «Сүйемін» деуге бата алмай. Төлеген болып бекініп тұрып, Жайықты кешіп өте алмай. Он сегіз неткен ұяң жас еді, Сырғақтай берем сырғақтай. Аймалап сүйіп қиялда сені, Алдыңда үнсіз тіл қатпай. Қайырмасы: Аша алмай жүрген бала сырым ба, Бозбала шақ па тербеткен? Қара аспан сынды қарашығыңда, Қамығып жүрмін мен көптен. Қайырмасы:


40 ЕШТЕҢЕ ДЕ КЕРЕК ЕМЕС Әні: Табылды Досымов Сөзі: Есенғали Раушанов Дəл о - сы - лай бо - ла - ты - нын Жəй, тебірене ™ ™ сез - гем мен Ғұ - мы - рым 3 Із - дей - мін кіл жал - ғыз -дық - тан 7 Ұм - ты - ла - мын өр - ге кіл е - е - 10 ™ ™ - е - Ба - сым - ды иіп ө - те шы - ғам 13 ™ ™ жо - лық - сам Көр де тұр. 16 2 4 3 4 2 4 & b 3 3 Ештеңе де керек емес & b & b 3 & b & b & b œ j œ j œ J œ œ J œ J œ J œ œ™ J œ R œ ˙ œ œ œ ˙ œ J œ J œ J œ œ™ J œ R œ jœ J œ J œ R œ™ J œ™ œ œ œ R œ J œ R ˙ œ œ œ r œ œ r œ œ œ œ œ™ œ œ œ r œ j œ r œ œ œ™ œ œ œ j œ r œ™ j œ œ™ œ œ ˙


41 Дәл осылай болатынын сезгем мен, Ғұмырым. Сен кеткенмен ештеңе жоқ өзгерген. Тірімін. Қайырмасы: Іздеймін кіл жалғыздықтан торықсам, Ұмтыламын өрге кіл. Басымды иіп өте шығам, жолықсам, Көр де тұр. Өкінетін мәжнүн деп пе ең не мені, Сәтсіздікке кез келген. Ештеңе де керек емес, себебі, Ештеңе жоқ өзгерген. Қайырмасы: Сөйлейді аспан қара жаңбыр тілімен, Сол Алматы, сол өзен. Ағыл-тегіл жылайды рас түнімен, Терезем.


42 ҰНАТАМЫН МЕН СЕНІ 1-нұсқа Әні: Табылды Досымов Сөзі: Мұқағали Мақатаев ұ - на - та - мын мен се - ні де - ген - ме - нен Ойлы, тебірене Көр -ме - ген - ді бас - қа - дан се - нен кө - рем 3 өз о - ба - лың ө - зі - ңе ө - зің - нен көр 5 Ға-йып бол-сам бір кү - ні е - гер де мен 7 ™ ™ ™ ™ ұ - на - та-мын мен се - ні Ар-ма-ным-дай ең - се - лі 10 ө - мі - рім - нің өл - ше - мі Ұ - на - та - мын 12 Ұ - на - та - мын мен се - ні. 14 c 3 4 c c 3 4 c c 3 4 c c 3 4 2 4 c c & b b Ұнатамын мен сені & b b & b b & b b & b b & b b & b b œ R œ R œ R œ R œ™ J œ R ˙ œ R œ J œ R ˙ œ R œ R œ R œ R œ™ J œ R ˙ œ r œ J œ R ˙ œ R œ R œ R œ R œ™ J œ R ˙ œ r œ J œ R ˙ œ R œ R œ R œ R œ™ J œ R ˙ œ R œ J œ R ˙ ˙ œ R œ R œ R œ R œ œ œ R ˙ œ R œ R œ R œ R œ œ œ R ˙ œ R œ R œ R œ R œ™ J œ R ˙ œ™ J œ R œ™ J œ R ˙ œ R œ R œ R œ R œ™ J #œ r ˙ w


43 ҰНАТАМЫН МЕН СЕНІ 2-нұсқа Әні: Табылды Досымов Сөзі: Мұқағали Мақатаев Ұ на - -та-мын мен се ні - де ген - - ме- нен, Ойлы, тебірене Көр ме - - ген - ді өз ге - - ден се нен - кө рем. - өз о ба - -лың ө зі - -ңе ө зің - - нен көр, Ға йып - бол сам - бір тү ні - е гер - - де мен. ™ ™ Ұ на - -та-мын мен се ні, - Ар ма - -ным-дай ең се - - лі. ™ ™ ө мі - -рім-нің өл ше - - мі Ұ на - - та а а - -мын а а - - - а 1. та а - - а - мын, Ұ на - - та -мын мен се ні - 2. & b c b b Əні/Сөзі: Табылды Досымов 2-нұсқа Ұнатамын мен сені... & b b b & b b b & b b b & b b b & b b b & b b b œ r œ r œ r œ r œ j œ r œ œ r œ r œ j œ r w œ r œ r œ r œ r œ j œ r œ œ r œ r œ j œ r w œ R œ R œ R œ R œ™ œ œ œ r œ J œ r w œ R œ R œ R œ R œ J œ R œ œ R œ R œ J œ R w œ R œ R œ R œ R œ™ J œ r œ Œ œ R œ R œ R œ R œ™ J œ r œ Œ œ r œ r œ r œ r œ™ j œ r œ œ j œ j œ j œ œ œ œ œ œ œ j œ œ œ œ r œ r œ r œ r œ™ j œn r œ Œ Ó


44 Ұнатамын мен сені, дегенменен, Көрмегенді басқадан, сенен көрем. Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр, Ғайып болсам бір күні егерде мен. Қайырмасы: Ұнатамын мен сені, Арманымдай еңселі, Өмірімнің өлшемі, Ұнатамын. Ұнатамын мен сені, Арманымдай еңселі, Жүрегімнің бөлшегі, Ұнатамын, Ұнатамын мен сені. Дегеніңнің бәрін де жасап жүріп, Көрсетпеймін өзіңе асау қылық. Сенің ғана еркіңе бас алдырып, Жүре берем, бұ неткен жасандылық. Қайырмасы: Ұнатамын мен сені, бірақ-бірақ, Мейіріңді қайтейін жылап сұрап. Ұнатамын дегенім жасандылық, Саған деген жүрегім құрақ-құрақ. Қайырмасы:


45


46 ШАЛКӨДЕ Әні мен сөзі: Табылды Досымов Жай - қа - ла біт - кен сай - да гүл - де - рің Ойлы, тебірене ™ ™ Жа - ға - лай қон - ған қой - на - уың-да(ел)ім Шал - ™ ™ - кө - - де Шал - -кө де Ар-ма-ным ме - нің Ар - да - ғым ме - нің сен - н - н де де 2 & 4 b b Шалкөде & b b & b b & b b & b b œ J œ J œ J œ J ˙ œ J œ J œ J œ J ˙ œ J œ J œ J œ J ˙ œ J œ J œ j œ J ˙ ˙ ˙ ˙ œ j˙ œ™ œ J ˙ ˙ ˙ ˙ ˙ ˙ œ J œ œ œ ˙ ˙ ˙ œ J œ J œ J œ J ˙ œ J œ J œ J œ J ˙ ˙ œ œ œ ˙ ˙


47 Жайқала біткен сайда гүлдерің, Жағалай қонған қойнауыңда елім. Жауқазын гүлдер жаныма жайлы, Жәннәты жердің жайлауым менің. Қайырмасы: Шалкөде! Шалкөде! Арманым менің, Ардағым менің сенде! Шалкөде! Шалкөде! Сырларым менің Жырларым менің сенде! Асқақ Алатау құмарым ба едің? Асуларыңа шығамын дедім... Асанқайғының арманымысың, Жайлауым менің – жұмағым менің. Қайырмасы:


48 ӨКПЕЛЕМЕШІ Әні мен сөзі: Табылды Досымов өк пе - - ле - ме - е - ші ө ті - - рік -пен де жұ бат - па Орташа, сырлы сезіммен ө зе - - гім - ді өр теп - жаз ба - - йын хат та жы рақ - - тан өк пе - - ле - ме - е - ші ба қы - - тың ал дан - күт бі - рақ Ме нен - де гө рі - мық ты - -рақ өз ге - бар се ні - ұ нат - - қан өк пе - -ле - ме - ші өк пе - -ле - ме - ші 9 8 6 8 9 8 9 8 6 8 9 8 9 8 6 8 6 8 12 8 9 8 6 8 6 8 12 8 & Өкпелемеші & & & & œ j œ j œ j œ œ J œ™ œ j œ j œ j œ œ J œ œ J ˙™ œ j œ j œ j œ œ J œ™ œ J œ J œ J œ œ J œ œ J ˙™ œ j œ j œ j œ œ J œ™ œ J œ J œ J œ œ J œ œ J ˙™ œ J œ J œ J œ œ J œ œ J œ œ J œ J œ J œ œ J œ œ J ˙™ œ™ j œ R œ j œ™ œ™ œ™ œ™ j œ R œ# j œ™ œ™ œ™


49 Өкпелемеші, Өтірік мен де жұбатпан Өзегімді өртеп жазбайын хат та жырақтан. Өкпелемеші, Бақытыңды алдан күт бірақ, Менен де гөрі мықтырақ, Өзге бар сені ұнатқан. Өкпелемеші, өкпелемеші. Өкпелемеші, Өкіндірмеші құрбыңды, Өлеңмен жуып тастармын мен де кірбіңді. Өкпелемеші, Өкпелемеші арманым, Қалайша жігіт болғаным, Өңгере алмасам бір мұңды. Өкпелемеші, өкпелемеші. Өкпелемеші, Өткенде қаздар төбеңнен, Өкінішіңді өлшерсің жырмен, өлеңмен. Өкпелемеші, От болып жанған жүрегің, Өмірден таппай бір емін, Өртенеріне сенем мен. Өкпелемеші, өкпелемеші. Өкпелемеші, өкпелемеші.


Click to View FlipBook Version