51 1.9. Нейрондық желілерді жіктеу дық желілердің ең басты артықшылықтарының бірі. Х желі кейбір Х кіріс векторының қалаған (немесе өзімен сәйкес) Y векторының шығыс векторын құруды оқытады. Нейрондық желіні оқыту – кіріс белгісі өткеннен кейін бізге қажетті шығысқа желі бойынша өзгеруі мен салмақты коэффициенттерді теріп іздеуі. Бұл анықтамада оқыту – салмақты коэффициенттер мен нейрондардың межелік деңгейлерін анықтауды білдіреді. Нейрондық желі – мәшинелік оқыту алгоритмдерінің бірі. Ол ЖНЖ-ның жіктеу белгілері бойынша желіде мұғаліммен оқытылған, желіде мұғалімсіз оқытылған деп бөлінеді. Тағы бір жіктеу белгісі – ЖНЖ-ның атқаратын міндеті. Бұл белгіге сәйкес барлық желі болжамдау (есептік), жіктеу (топтау) және ассоциативтік болып бөлінеді. Соңғылары есепті шығарғанда бейнелерді тану үшін қолданылады. Кез келген нейрондық желіні осы ұсынылған белгілері бойынша жіктеуге болады. 1. Жасанды нейрондық желілерді жіктеуге болатын белгілерді ата. 2. Көпқабатты персептронның кіріс қабаты қандай функцияларды атқарады? 3. Тікелей таралу желісінің сигналын сипатта. Білу мен түсіну Деңгейлік тапсырмаларды орында. А деңгейі. Көңіл күйді анықтауға арналған бейнежазбадан нейрондық желіні төмендегі белгілері бойынша сипатта: • қабатының саны бойынша; • байланыс түрі бойынша; • оқыту алгоритмі бойынша; • шешілетін есептердің санаттары (мәндері) бойынша. В деңгейі. Интернетті қолданып, қарапайым нейрондық желі құрастыр. Осы желіні сипатта. Қолдану Алматыкiтап баспасы
Жасанды интеллект 1-бөлім. 52 1. Кері таралу алгоритмі қандай жағдайда жұмысын аяқтайды? 2. Неліктен бейнелерді тану үшін кері байланысты желі қолданылады? 3. Қателердің кері таралу желілерінде неліктен мұғаліммен оқыту жүзеге асырылады? 4. Кейбір кластардың параметрлері мен жаңа нысан жақындығы бойынша белгілі кластың параметрлеріне жүйеленетін алгоритмдік мәшинелік оқыту қалай аталады? Есіңе түсір. 1. Интернет-ресурстарды қолданып, нейрондық желілердің түрлерін анықта. Осы тақырыпқа таныстырылым дайында. 2. «Нейрондық желіні жіктеу» тақырыбында 6-10 сұрақтан тұратын тест дайында. Топта өз нейрондық желілеріңнің жіктелуін ұсынып, талдаңдар. Үй тапсырмасы Топтық жұмыс Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар С деңгейі. Интернет-ресурстарды қолдан. Мысалы: https://www.autodraw.com https://www.remove.bg/ https://www.captionbot.ai/ https://quickdraw.withgoogle.com/ Ұсынылған нейрондық желілерді қарап, кестені толтыр. Желі атауы Қабатының саны бойынша желі түрі Байланыс түрі бойынша желі түрі Оқыту алгоритмі бойынша желі түрі Шешілетін есептердің мәндері бойынша желі түрі Алматыкiтап баспасы
53 RBF нейрондық желісін қандай мақсатта қолдану керектігін; MS Excel-дің қандай функциялары RBF нейрондық желісін жүзеге асыратындығын білесің. MS Excel кестелік процессорында RBF нейрондық желісінің моделін құруды үйренесің. Нейрондық желіні құруға арналған көптеген әдістер бар. Ең көп тараған әдіс – Python, Java, С++ сияқты программалау тілдерін қолдану. Қарапайым RBF нейрондық желіні MS Excel-дегі кестелік процессорда құруға болады. Бұл желі жіктеу есептерін шешуде қолданылады. Класс – жіктеу жүйесіндегі белгілі топты кейбір белгілеріне қарай топтастыру. Радиалды-базистік жүйенің функциясы тікелей таралу сигналының нейрондық желісін ұсынады. Ол аралық (жасырын) радиалды-симметриялық нейрондардан тұрады. Радиалды-базистік функциясының жүйесінде жасырын нейрондар таңдалған орталық пен осы орталықтың маңайындағы нөлдік емес мағынаны қабылдайтын функцияларды жүзеге асырады. RBF нейрондық желісінің жұмыс алгоритмін қарастырайық: 1) нейрон бірнеше кіріс каналдары арқылы сигнал/ақпарат қабылдайды; 2) әр кіріс сигнал/бірігу, нақты салмағы бар/қарқындылық, биологиялық нейронға синаптикалық белсенділігінің сәйкестігі бар торап арқылы өтеді; 3) әрбір нейронға сигналы бір межелі мағына беріледі; 4) шаманы алу үшін нейронды белсендіретін өлшенген кіріс саны есептелінеді; 5) белсенділік сигналы белсенділік функциясы арқылы өзгереді де, шығыс сигналы алынады. Үлгілер туралы ақпарат кіріс қабатынан p нейроны бар және қалып (шаблон) болатын жасырын қабатқа беріледі. Жасырын қабаттың әрбір нейроны Х кіріс сигналы туралы толық ақпаратты алып, функцияны белсендіруді есептейді: MS EXCEL-ДЕГІ НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІНІ ЖОБАЛАУ 1.10 Бүгінгі сабақта: 1.10. MS Excel-дегі нейрондық желіні жобалау Алматыкiтап баспасы
Жасанды интеллект 1-бөлім. 54 , xi – кіріс векторының үлгісі, яғни wij – нейрондардың салмағы, σ – нейрондарды белсендіру функциясының параметрі. Шығыс қабат үйретуші деректердің әр класынан бір нейронға ие. Осы қабаттың кез келген нейронына үйретуші сәйкес класына қарай нейрон үлгілерінен байланыс жүреді. Әр шығыс нейрон нейрон қабаттарының үлгілерімен байланысты қарапайым wj жауап мағынасына жинақтауды орындайды, сондықтан осы екі қабат арасындағы байланыс салмағы 1-ге тең. RBF желісі үшін көпқабатты персептрон желілері жағдайдағыдай оқыту қажет болмайды, өйткені нейрон саны мен салмағы үйретілетін мәліметтермен бірге берілген. Жүйе құрылғаннан кейін, белгісіз вектор-үлгіні желі кірісіне беруге болады. Нәтижесінде желі арқылы тура өткен шығыс нейрон жиынтық белсенділік мағынасы бар класты көрсетеді. Нейрондық желінің кестелік моделін құру үшін, келесі алгоритмдерді орындау қажет: 1. Берілген тапсырмаға сәйкес сипаттамалар мен үлгінің негізгі белгілері бар деректер қорын мысалдармен құру; 2. Барлық деректер жиынтығын екі ішкі жиынтыққа бөлу: үйретуші және тестік (қажет жағдайда тағы бір ішкі жиынтық – растаушы) қосылуы мүмкін. 3. Берілген есепке сәйкес жүйе белгілерін таңдау; 4. Желінің кірісіне ұсына алатындай деректерді өзгерту (бұл үшін үйреншікті әдістер нормалау, стандарттау, т.б. қолданылады); 5. Шығыс мағынасының кодтау жүйесін таңдау. 1-суретте RBF жүйесінің кестелік моделі көрсетілген. RBF жүйесін құру алгоритмін MS Excel кестелік процессорында қарастырайық. 1. Оқыту іріктелімі – вектор-үлгілер екі белгімен сипатталады және үш кеңістік класқа бөлінген диапазоны В4:С19. 2. |х| Евклид қашықтығы формула бойынша есептелінеді: Егер MS Excel-ді қолданса, онда бұл формула D4 ұяшығында былай жазылады: Алматыкiтап баспасы
55 1.10. MS Excel-дегі нейрондық желіні жобалау =ТҮБІР (көбейтіндінің мәні (B4:C4; B4:C4)); 3. Класс бағаны үлгі бойынша (G4:D19) толтырылады. 4. w1 мен w2 аралықтарында олардың мөлшерленген координаттары (белгілері) x1 |x| мен x2 |x| формулаларымен есептелінеді. Е4 пен F4 ұяшықтарына B4/D4 және = С4/ D4 формуласы енгізіледі де, автотолтыруды (автозаполнение) қолданып, аралығы (Е4: F4) толтырылады. 5. Аралықтардың ұяшықтары φi мен ∑φi нейрондық қабат үлгілерін және сонымен қатар RBF желісінің шығысын да модельдейді; Белсендіру функциясы төмендері формула бойынша есептеледі: 1-сурет. RBF нейрондық желісінің кестелік үлгісі Оқыту іріктелімі φi функциясы бар H бағаны мынадай формуладан тұрады: =EXP ((көбейтіндінің қосындысы (E4:F4; E23:F23)-1)/ A23^2)). Формуланы көшірген кезде Е23:F3 аралығы мен А23 ұяшығы абсолюттік сілтеме болуы керек. 6. A23 ұяшығында σ функциясының параметр мағынасы мен нейрондардың қабат үлгілерінің белсенділігі сақталады, яғни өзгерту арқылы желінің қорытындылайтын қабілетіне әсер етуге болады. Белгісіз үлгінің класын анықтау 1. Белгісіз үлгінің деректерін толтыру кезінде, тек x1, x2 мәндері ғана ендіріледі. 2. |х| Евклид қашықтығы формула бойынша есептелінеді: =ТҮБІР (көбейтіндінің қосындысы (В23:C23; В23:C23). Алматыкiтап баспасы
Жасанды интеллект 1-бөлім. 56 3. Ұяшықтағы Е23 пен F23 мәндері Е4 пен F4-ке ұқсас есептелінеді. 4. G25:H28 аралығын толтыру керек. Функцияның аргументі ретінде H26:H28 аралығында СУММ ЕСЛИ (ЕГЕР ЖИЫНТЫҚ) функциясы қолданылады (2-сурет). Диапазон (ауқым) – Класс бағаны – G4:G19 Өлшемшарты (критерий) – Σϕi Диапазон – жиынтықтау – ϕi бағаны (Н4:Н19) Формуланы көшірген кезде G4:G19 бен Н4:Н19 диапазондары абсолюттік сілтеме болуы керек. Белгісіз үлгінің класы СМЕЩ (ЫҒЫСУ) функциясының көмегімен анықталады, яғни көрсетілген қашықтықта орналасқан ұяшықты не диапазон ұяшығын қайтарады (3-сурет): Функция дәлелдері: Сілтеме – G25 ұяшығы Жол_бойынша_аралас (Смещ_по_строкам) – жол саны. Сол жақ жоғарғы ұяшық нәтижесі тиісті ұяшыққа негізделу үшін, жоғарғы мен төменгі жолдарды санау керек. Диапазондағы ұяшықтардың көрсетілген элементтерін іздеуді орындайтын ПОЗИЦИЯЛЫҚ ІЗДЕУ (ПОИСКПОЗ) функциясы қолданылады және диапазонындағы осы элементтің салыстырмалы позициясын қайтарады. Осы функцияға аргумент ретінде Н26:Н28 диапазондарынан ең жоғарғы мәнді табу керек. Н26:Н28 деректер ауқымын қа рас ты р - 2-сурет. СУММ ЕСЛИ функциясының аргументі 3-сурет. СМЕЩ функциясының аргументі Алматыкiтап баспасы
57 1.10. MS Excel-дегі нейрондық желіні жобалау ғанда, салыстыру түрі – 0, яғни аргументке тең бірінші аргумент табылады (4-сурет). Баған_бойынша_аралас (Смещ_по_столбцам) – бағандар саны. Сол жақ жоғарғы ұяшық нәтижесі тиісті ұяшыққа, яғни Н26:Н28 диапазонына негізделу үшін, жоғарғы мен төменгі бағандарды санау керек. Мына формула шығады: =СМЕЩ($G$25;ПОИСКПОЗ(МАКС($H$26:$H$28);$H$26: $H$28;0);0). ∑φi H23 ұяшығында мына формула бойынша есептелінеді: =СМЕЩ($H$25;ПОИСКПОЗ(МАКС($H$26:$H$28);$H$26: $H$28;0);0). Бұл кестелік модельді оңай түрлендіруге әрі кеңейтуге болады. Ол үшін: 1. Жаңа оқу моделін қосып, нөмір енгізу, белгілері мен қосылатын оқу үлгісінің класын енгізу керек. 2. Сипатталатын жаңа вектор-үлгіні енгізу керек. Үлгілерді жіктеу нәтижесі мен RBF желісінің қасиеттерін жинақтау σ параметрінің мәніне қатты тәуелді. σ мәнінің RBF желісін сипаттау әдісін таңдауға әсері: • σ аз болғанда RBF нейрондық желісі жақын көршісін іздеу әдісі арқылы үлгілерді жіктейді; • σ аралық мәнінде жақын көршісімен қатар алыс көрші үлгілеріне де жіктеу нәтижесі әсер етеді, бұл жағдайда желі жіктеуіш (классификатор) сияқты жақын көршілерге орташалау жұмыс істейді; • σ→∞ бойынша әрбір шығыс нейронының жауап беру мәні оқу үлгілеріне сәйкес кластың санына асығады, бұл оқу үлгілердің өзара орналасу орнына тәуелді емес, RBF желісі жинақтау қасиетін мүлде жоғалтады. Аралық саланың мәнінде σ нәтижесін жіктеу тек өзара орналасқан оқу үлгілерін ғана емес, сонымен қатар олардың әр кластағы санына да тәуелді. 4-сурет. ПОИСКПОЗ функциясының аргументі Алматыкiтап баспасы
Жасанды интеллект 1-бөлім. 58 1. Нейрондық желілерді жобалаудың қандай әдістерін білесің? 2. RBF желісін қандай мақсаттарда қолдануға болады? 3. RBF желісін жобалау алгоритмін MS Excel кестелік процессорында сипатта. 1. RBF желісін MS Excel кестелік процессорының көмегімен жобалаудың қандай артықшылығы мен кемшіліктерін атай аласың? 2. Қажетті ұяшықтарды қалай жылдам толтыруға болады? Бұл жағдайда формулада нені өзгерту қажет? 1. Денешынықтыру сабағы үшін топты анықтауға арналған нейрондық желіні келесі белгілер бойынша құрыңдар: созылмалы ауруы барлардың саны, 1-ден 10-ға дейінгі шәкіл бойынша дене дайындығын бағалау, аурудың пайда болуы бойынша қауіп-қатер тобына кіру (1-ден 5-ке дейінгі шәкіл бойынша). Үш медициналық топ болады: негізгі, дайындық және арнайы. 2. Жіктеуге байланысты өзің есеп ойластырып, оқыту іріктеліміне қажетті белгілерді анықта. Деңгейлік тапсырмаларды орында. А деңгейі. MS Excel кестелік процессорында параграфта сипатталған нейрондық желіні құр. В деңгейі. Таңдау іріктеліміне бірнеше жаңа үлгіні қос. Тағы бір белгісіз үлгіні қосып, оның класын анықта. С деңгейі. Оқыту іріктеліміне тағы екі белгіні қосып, белгісіз үлгінің класын анықта. Жаңа кластар мен нысан белгілерін оңай қосуға болатын RBF желісін MS Excel кестелік процессорында қалайша жобалауға болады? Топта талдаңдар. Үй тапсырмасы Топтық жұмыс Білу мен түсіну Қолдану Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар Міне, MS Excel кестелік процессорындағы нейрон желісін құру мүмкіндіктерімен таныстық. Осы жіктеуішті пайдаланып, оқу базасының жиынтығына негізделген ондаған, жүздеген белгілер мен мыңдаған үлгілерді сипаттайтын жіктеу үлгілерінің практикалық есептерін шешуге болады. Алматыкiтап баспасы
59 1. 11–1.12. Практикум жасанды интеллектіні, интеллектуалдық деректерді талдауды әзірлеу кезінде мұғаліммен оқыту әдістерін қолдануды; MS Excel электрондық кестелерінде қарапайым нейрон желісін жобалауды үйренесің. Сен мәшинемен оқыту әдістерімен таныстың. Әртүрлі интеллектуалдық жүйелерді әзірлеу үшін, негізінен Python, R, MATLAB, Java, C++ сияқты программалау тілдері қолданылады. Бірақ кейбір қарапайым алгоритмдерді Excel кестелік процессоры арқылы да жүзеге асыруға болады. Ол кіріктірілген функциялардың көмегімен әртүрлі есептеулерді орындауға, график құруға мүмкіндік береді, шешімдерді іздеу, т. б. функциялары да бар. Нейрондық желілер 1-тапсырма. Келесі оқыту іріктелімін жіктеп, жіктеу есептерін шығару үшін, RBF нейрондық желісін құр. Өнім Тәттілігі Қытырлауы Класы Апельсин 8 4 Жеміс Банан 10 1 Жеміс Бұршақ 2 5 Көгөніс Жүзім 8 5 Жеміс Алмұрт 9 6 Жеміс Жасыл бұршақ 4 7 Көгөніс Асшаян 2 2 Протеин Сәбіз 8 10 Көгөніс Ет 1 1 Протеин Қияр 2 9 Көгөніс Жаңғақтар 4 5 Протеин Балық 1 2 Протеин Ассүттіген жапырағы 2 8 Көгөніс Балдыркөк 3 10 Көгөніс Ірімшік 2 1 Протеин Алма 9 9 Жеміс «MS EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫНДАҒЫ ДЕРЕКТЕРДІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ТАЛДАУ ҮШІН, НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДІ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ МӘШИНЕЛІК ОҚЫТУ АЛГОРИТМІН ҚОЛДАНУ» ПРАКТИКУМЫ 1.11 1.12 Бүгінгі сабақта: Алматыкiтап баспасы
Жасанды интеллект 1-бөлім. 60 Мұнда өнімдердің сапасы (тәттілігі мен қытырлауы) 10 балдық шәкіл бойынша бағаланады. Аталған өнімдердің әрқайсысы жатқызылатын тип (класс) белгілі. Жаңа өнімді таңдап, жаңадан құрылған нейрондық желінің көмегімен оны жікте. Жіктеу есебін шешуге арналған K-жақын көршілер әдісі 2-тапсырма. 1-тапсырманың оқыту іріктелімін қолданып, өнімді жіктеу қажет. Шешуі: Егер абсцисс осі бойынша тәттілікті, ал ординат осі бойынша қытырлауды жіктейтін график салсақ, онда графиктегі нүктелерді (өнімдерді) кластарға бөлуге болады: – сол жақ жоғарғы бұрышына көгөністер (қияр, сәбіз, ассүттіген жапырағы, балдыркөк) топтастырылады; – олар қытырламайды әрі тәттілерге жатпайды; – сол жақ төменгі бұрышына протеинге бай өнімдер (ет, асшаян, ірімшік, балық, жаңғақтар) орналастырылады; – олар қытырламайды әрі тәттіге жатпайды; – оң жақта жемістер (алма, алмұрт, жүзім, апельсин, банан) топтастырылған; – олар басқа кластармен салыстырғанда дәмді, бірақ қытырлауы әркелкі. График жасау үшін: 1. Excel-де кесте жаса. 2. А1:С17 аралығын ерекшеле. Нүкте диаграммасын таңда. 3. Пайда болған диаграмманы ерекшелеп, Конструктор → Деректерді таңдау (Выбрать данные) бұйрығын орында. Ашылған Деректерді таңдау терезесіндегі Легенда элементтері (қатары) аумағынан барлық деректер қатарын жой (1-сурет). 1-сурет. Деректерді таңдау Алматыкiтап баспасы
61 1.11-1.12. Практикум 4. Қосу (Добавить) батырмаcын қолдана отырып, Қатардың өзгеруі диалогтік терезесіндегі Мән Х деген өріске В2:В17 диапазонын таңда, ал Мән Y өрісіне С2:С17 диапазонын таңда (2-сурет). 5. Мәзірдің Конструктор → Диаграмма элементтерін қосу командасының көмегімен осьтердің атауын қос. 6. Жазу диапазонына А2:А17 ұяшықтарын қосып, деректер жазбасын қос. Мынадай график шығуы керек (3-сурет). 3-сурет. Өнімдерді бөлудің нүктелі диаграммасы 2-сурет. Деректерді өзгерту Тапсырма: Жаңа өнім ұсынылды, мысалы, қызанақ, оның тәттілігінің көрсеткіші – 5, қытырлауы – 4. Осы өнімнің класын анықта. 1. Жаңа парақ ашып, кестені соған көшір. 2. F1 ұяшығына жаңа өнімді, G2 мен G3 ұяшықтарына тиісті мәндерді енгіз. 3. Кестеге жаңа нүкте қосу үшін, 4-қадамда сипатталған ісәрекеттерді орындау қажет, ол үшін Х мәні мен Y мәні өрістеріне тиісті G2 мен G3 ұяшықтарын көрсет. 4. H1, I1, J1 ұяшықтарына Арақашықтық, Ранг, Белгі деген тиісті мәтінді енгіз. 4-сурет. Жаңа өнімнің класын анықтау Тәттілігі Алматыкiтап баспасы
Жасанды интеллект 1-бөлім. 62 5. Төмендегі формуланы қолдана отырып, H бағанында қызанақтан әрбір өнімге дейінгі арақашықтықты есепте: мұнда: x1 – В2:В17 диапазонындағы деректер; x2 – G2 ұяшығы (абсолюттік сілтеме болады); y1 – C2:C17 диапазонындағы деректер; y2 – G3 ұяшығы (абсолюттік сілтеме болады). 6. Дәреже бағанында жақын көршілерді іздеп табуға арналған РАНГ формуласы қолданылады. РАНГ (сан; сілтеме; рет): • Сан – ранг анықталатын сан; ранг – H бағанындағы мән анықталатын сан. • Сілтеме – сандардың тізіміне берілген түсіндірме (сандары бар ұяшық диапазоны) – Н2:H17 диапазоны. • Рет – реттеу тәсілін белгілейтін сан (егер дәлелдің мәні «рет» нөлден басқа кез келген сан болса, санның рангі Microsoft Excelде өсу тәртібімен сұрыпталған тізімге берілген сілтеме секілді анықталады), сондықтан 0-ден басқа кез келген санды таңдаймыз. 7. J бағанына D бағанынан алынған деректерді көшір. 8. Өнім санатын k-жақын көршілер арқылы анықта. L1 ұяшығына k-көршілердің мәтінін енгіз. L2:L5 диапазонын 1-ден 4-ке дейінгі сандармен толтыр. 9. M1 ұяшығына Белгі мәтінін енгіз. М2:М5 ұяшықтарына ВПР функциясын (мәнді сатылай іздеу) қолданамыз. Бұл функция (VLOOKUP – ағылшын тіліндегі нұсқасы) ол элементтерді кестеден немесе диапазондағы жолдардан іздеген кезде қолданылады. ВПР (ізделінді_мән; кесте; баған_нөмірі; аралық_қарау) • Ізделген мән – функцияны шеткі сол жақ бағаннан табуы тиіс L2 (…) деген тауар атауы. • Кесте – H2:J17 диапазоны алынатын кесте (формуланы көшірген кезде оны абсолютті сілтеме арқылы көрсету қажет). • Баған_нөмірі – кестедегі мән алынатын бағанның реттік нөмірі, 5-сурет. Ранг функциясы 6-сурет. ВПР функциясы Алматыкiтап баспасы
63 1.11-1.12. Практикум 1-сурет. «Жыланқияқ жіктелімі» оқыту үлгісі Гүл тостағаншасының жапырағы Жапырағының ұзындығы Гүлдің класы 5,8 1,2 ris-setosa 5,4 1,3 ris-setosa 5,3 1,5 ris-setosa 5,4 1,5 ris-setosa 5,7 1,5 ris-setosa 6,4 4,3 ris-versicolor 6,6 4,4 ris-versicolor 6,0 4,5 ris-versicolor 6,1 4,6 ris-versicolor 7,0 4,7 ris-versicolor 6,8 4,8 ris-versicolor 7,2 5,8 ris-virginica 7,2 6,0 ris-virginica 7,4 6,1 ris-virginica 7,9 6,4 ris-virginica 7,7 6,7 ris-virginica Өздігінен орындауға арналған тапсырмалар А деңгейі 1-тапсырма Параграфтың 1-тапсырмасын үлгі ретінде қолданып, екі кірісі бар нейрондық желіні жобала. Оқыту іріктелімін өзің анықта. 2-тапсырма 2-тапсырманы үлгі ретінде қолданып, жаңа өнімдерді таңдап, олардың кластарын анықта. В деңгейі 1-тапсырма «Жыланқияқ жіктелімі» оқыту іріктелімін қолдана отырып (1-сурет), RBF нейрондық желісін құрып, белгісіз үлгілердің класын анықта. 2-тапсырма «Жыланқияқ жіктелімі» оқыту іріктелімін қолдана отырып (1-сурет), график жаса. KNN әдісімен келесі гүлдердің класын анықта: Гүл тостағаншасының жапырағы Жапырағының ұзындығы 4,3 1,1 4,9 4,5 5,6 4,9 5,6 3,6 5,1 1,9 5,7 4,1 бізге Белгі бағаны қажет, сондықтан бұл – 3 нөмірлі баған. • Интервалмен_қарау – бұл өріске тек екі мәнді енгізуге болады, олар: ЖАЛҒАН немесе АҚИҚАТ: егер 0 немесе ЖАЛҒАН (FALSE) мәні енгізілсе, іс жүзінде бұл тек «дәл сәйкестікті іздеуге рұқсат етілген» дегенді білдіреді, яғни егер функция кестеде көрсетілген мәнді таппаса, онда ол #Н/Д «деректер жоқ» деген қатені шығарады. егер 1 немесе АҚИҚАТ (TRUE) мәні енгізілсе, онда бұл «дәл емес, жуық сәйкестікті іздеуге рұқсат етілген» дегенді білдіреді. K параметрі формуласымен анықталады, мұндағы N – нысан саны. Алматыкiтап баспасы
Жасанды интеллект 1-бөлім. 64 2-сурет. «Клиенттер» оқыту іріктелімі Клиенттің коды Жасы Кіріс, мың теңге Класы 1 18 75 1 2 22 150 1 3 30 70 1 4 32 120 2 5 24 110 1 6 25 90 1 7 32 140 2 8 34 150 2 9 22 90 1 10 40 300 2 11 23 130 1 12 31 210 2 13 21 160 1 14 42 230 2 15 20 120 1 С деңгейі 1-тапсырма Сен жарнама компаниясында жұмыс істейсің делік. Сенде клиенттердің аты-жөні, жасы, табысы, клиенттердің белгілі бір класқа жататындығы туралы деректер бар. Бірінші класқа жататын клиенттерге арналған басқа, ал екінші класқа жататын клиенттерге арналған басқа ұсынысың бар. Сенде жаңа клиенттер туралы деректер бар. Оларға қандай жарнамалық ұсыныс жіберу қажеттігін анықтау керек. «Клиенттер» оқыту іріктелімін қолданып, нейрондық желі құр. Жаңа клиенттің класын анықта. Жасы Кірісі, мың теңге 21 100 32 195 48 320 36 130 24 210 2-тапсырма «Клиенттер» оқыту іріктелімін қолдана отырып, кесте жаса әрі KNN әдісімен адамдардың класын анықта (2-сурет). Алматыкiтап баспасы
65 1.13-1.14. Жобалық іс-әрекет Жоба тақырыбы Жоба үшін тақырыпты келесі әдістер арқылы анықтауға болады: дербес; мұғалімнің ұсынысы бойынша; оқулықта көрсетілген тақырыптарды таңдау арқылы. Жобаның құрылымы Жоба бойынша күнделік жүргізу. Титул беті (мақсаты, міндеттері, жобаның аннотациясы). Негізгі мазмұны. Жобаны қорғау (жобаның таныстырылымы). Жоба бойынша жұмыс кезеңдері 1. Жобаның тақырыбы мен мақсатын анықтау. 2. Міндеттерді бөлу, ақпарат жинау үшін, дереккөздер тізімін жасау. 3. Міндеттердің құрамдас бөліктерін қарау, олардың шешімін табу үшін іздену. 4. Тұжырымдарды ұсыну. 5. Жұмыстың нәтижесімен таныстыру. 6. Рефлексия. (Өзіңе жоба тақырыбы ұнады ма? Неліктен? Жаңа білім алдың ба? Егер алсаң, ол қандай сипатта болды? Сұрақты зерттеу барысында қай кезеңде қандай қиындықтар кездесті? Адамның ақыл-ойы мен жасанды интеллектіге байланысты тағы қандай сұрақтарың бар? Нені зерттегің келеді?) Жоба тақырыптары: • MS Excel кестелік процессорында нейрондық желілерді әзірлеу. • Python тілін қолданып, нейрондық желілерді құру. • Нейрондық желілердің конструкторларын онлайн талдау. • Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған жасанды интеллект: негіздеу, дәлелдеу, нәтижелер. • Қолданымдағы интеллектуалдық жүйелерді талдау, оларды бағалау, сараптама жасау. • Мәшинелік оқытудың эволюциясы, технологиялардың болашағы мен шектеулері. 1.13 1.14 ЖОБАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ Алматыкiтап баспасы
Жасанды интеллект 1-бөлім. 66 • Жасанды интеллектіні әзірлеуде «мұғаліммен оқыту» әдісі ең көп қолданылатын салалар. Бұл жобаны жеке не кішігірім топ (2-3 адам) болып орындауға болады. Міндетті шарты: жоба файлдарын сақтауға арналған бұлтты қоймаларды қолдану (жобаға арналған материалдар, блог түріндегі жоба күнделігі мен таныстырылым мұғалім түсініктеме бере алуы үшін «бұлтта» сақталады). Жобаға қажетті өзекті сұрақтардың үлгісі: Жасанды интеллект адамзаттың болашағына қандай бағдар береді? Компьютер адамның барлық іс-әрекеті мен ойын дәл орындай ала ма? Интеллектуалдық жүйе адамды басқара ала ма? Адам ағзасы мен компьютер құрылысының ұқсастығы неде? Нейрондық жүйелерді жобалауда қандай әдістер ең тиімді әрі ұтымды? MS Excel кестелік процессорында нейрондық жүйелерді әзірлеуде қандай шектеулер бар? Жоба жұмысын бағалау критерийлері (Критерийлер сыныпта талқылау барысында өзгеруі мүмкін, ол жобаны қорғау алдында біржола бекітіледі). 1. Таңдап алынған жоба тақырыбының өзектілігі мен құндылығы. 2. Материалдардың тақырыпқа сәйкестігі, олардың құрылымы, тақырыпты толық ашуы. 3. Жобаның таныстырылымы (жұмыс кезеңдерін сипаттау, таңдау уәждемесі, техникалық құралдардың сипаттамасы, өз жұмысына талдау жасау). 4. Шешендігі, топ алдында сөйлеген кездегі реттілік, қосымшаларды безендіру сапасы. 5. Жобаны дербес орындау деңгейі. 6. Тақырыпты толық ашу деңгейі. 7. Жобаның көтерген мәселесін шешу үшін әртүрлі қосымшаларды қолдану. 8. Жобаның мазмұнын ашудағы нақтылық пен ықшамдылық деңгейі. Алматыкiтап баспасы
67 Қысқаша шолу Жасанды интеллект – информатика мен ақпараттық технологиялар саласының бір бағыты. Оның негізгі міндеті – компьютерлік желілер мен ақпараттық технологиялардың көмегімен адам сияқты ойлау және әрекет ету. Жасанды интеллектіні күшті және әлсіз деп екіге бөледі. Әлсіз ЖИ нақты уақыт режімінде жұмыс істей алады, ол мәліметтерді тек шектеулі мәліметтер жиынтығынан алады. Өзіне тиесілі нақты бір мәселенің ғана шешімін таба алады. Виртуалды көмекшілер, Google аудармашысы және басқа да табиғи тілдерді өңдеу құралдары бұған мысал болады. Күшті ЖИ дербес компьютерге алынған Жасанды интеллект бөлімі ақпаратты қызығып оқып, виртуалды әлемде не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Жасанды интеллектінің оқу үдерісінде өз бетінше білім алу мүмкіндігі мәшинелік оқытуға байланысты. Мәшинелік оқыту (МО) – компьютерге тікелей программалауды қажет етпестен үйренуге мүмкіндік беретін жасанды интеллект (ЖИ) саласы. Тапсырманы орындау үшін, МО компьютерге өз бетімен оқуға арналған мәліметтерді қолданып, шешу бойынша қадамдарды жасауға мүмкіндік береді. Компьютерде неғұрлым көп дерек болса, соғұрлым тиімді үйренеді әрі уақыт өте келе өзінің дәлдігі мен өнімділігін арттыра отырып, «ақылды» болады. Мәшинелік оқыту түрлері: мұғаліммен, мұғалімсіз, мұғалімнің жартылай қатысуымен, негіздеп оқыту. Мәшинелік оқытудың әр түрі оқыту үшін қандай мәліметтер ұсынылатындығына байланысты. Мәшинелік оқытудың негізгі міндеттері: жіктеу, болжау, тенденцияларды анықтау, кластерлеу мен аномалияларды анықтау. Мәшинелік оқытумен жұмыс жасаудың түрлі алгоритмдері бар, мысалы, қарапайым байес алгоритмі (жіктеу үшін қолданылады), жақын көршілер әдісі. Нейрондық желілер геометриялық фигураларды немесе кластерлік нысандарды тану сияқты анық емес және күрделі мәселелерді шешу үшін қолданылады. Жасанды нейрондық желілер (ЖНЖ) жасанды нейрондардан тұрады, олардың әрқайсысы – биологиялық нейронның жеңілдетілген моделі. Жасанды нейрон көптеген кірістерден сигнал қабылдайды, оларды бір жолмен өңдейді әрі нәтижені басқа жасанды нейрондарға жібереді. Жасанды нейрондар арасындағы байланыстар синапс деп аталады. Синапстың бір параметрі – оның мәніне байланысты салмақ коэффициенті бар, ол бір нейроннан екіншісіне ауысқанда пайда болады. Енгізілген ақпарат өңделіп, нәтижеге айналады, ал нейрондық желіні оқыту әр синапс үшін осындай салмақ коэффициентін тәжірибелік таңдауға негізделеді, бұл қажетті нәтижеге әкеледі. Жасанды нейрондық желілер мәтін, дыбыс, сурет пен бейнелерді таниды. Желіні енгізу кезінде жағдайдың сипаттамалары қабылданады, олар өңделіп, жіктеледі, ал шығарылған кезде желі шешім қабылдайды. Нейрондық желілерді жіктеу қабаттар саны бойынша, байланыстар түрі бойынша, оқыту алгоритмі бойынша, шешілетін тапсырмалар класы бойынша жүзеге асады. «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» БӨЛІМІНЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ Алматыкiтап баспасы
2-бөлім. 68 3D модельдеу «виртуалды және кеңейтілген шынайылық» не екенін; виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың мақсатын білесің. Виртуалды шынайылық – виртуальная реальность – virtual reality, VR Кеңейтілген шынайылық – дополненная реальность – augmented reality, AR Аралас шынайылық – смешанная реальность – mixed reality, MR Қазіргі уақытта виртуалды және кеңейтілген шынайылық технологиялары технологиялық мүмкіндіктер көзіне айналды. Кеңейтілген және виртуалды шынайылық технологиялары инженер, сәулетші, дизайнер мен риэлторларға арналған программалық өнімдерде жобалау, мамандарды оқыту және қайта даярлау үшін, кеңінен қолданылады. Кеңейтілген және виртуалды шынайылық технологиялары білім беру мен медицинада да қолданылады, олардың негізінде оқыту программалары мен тренажерлер әзірленеді, медицина аппараттары жобаланады және ота жасалады. Виртуалды шынайылық Виртуалды шынайылық (virtual reality, VR) – шынайылықтың компьютерлік моделі немесе қандай да бір жағдайды қалпына келтіру. ВИРТУАЛДЫ ЖӘНЕ КЕҢЕЙТІЛГЕН ШЫНАЙЫЛЫҚ 2.1 2.2 Бүгінгі сабақта: Негізгі ұғымдар: VR техникалық құралдары арқылы қолданушыға көру, есту, иіс сезу, дәм сезу сияқты оның сезімдері арқылы берілетін әлемді (нысандар мен субъектілер) бейнелейді. Виртуалды шынайылық әсерге де, әсерге деген реакцияға да ұқсайды. Басқаша айтқанда, виртуалды шынайылық – заманауи компьютерлік технологиялардың көмегімен құрылған цифрлық әлем. Виртуалды шынайылыққа арнайы гаджеттер арқылы «енуге» болады. Негізгі мақсаттар: • ойын, ойын-сауық, бейне, 3D фильмдер, т.б. елестететін шынайылықты жасау және жетілдіру; • өмір сүру сапасын жақсарту; • шынайылық имитациясын жасай отырып, адамдардың белгілі бір дағдыларға машықтануы (мысалы, ұшқыштарға арналған симулятор). Алматыкiтап баспасы
69 «Виртуалды шынайылық» термині 1980 жылдардың ортасында таралды. Бұл терминді америкалық ғалым, виртуалды шынайылық технологияларының көшбасшысы Джарон Ланье қолданысқа енгізген. Кеңейтілген шынайылық «Кеңейтілген шынайылық» терминін 1990 жылы Boeing әуеғарыш корпорациясының зерттеушісі Том Коделл ұсынған. 2.1.-2.2. Виртуалды және кеңейтілген шынайылық Кеңейтілген шынайылық (augmented reality, AR) – бар шынайылыққа компьютермен модельденген жақсарту қабаттарын салатын технология. Кеңейтілген шынайылық қосымшаларда жасалған әрі мобильді құрылғыларда қолданылады. AR-дің ең танымал модельдері: футбол ойынының телевизиялық көрсетілімі кезінде қақпаға жақын жердегі ойыншының орналасуын көрсететін түрлі түсті сызық; айып соққысынан қақпаға дейінгі қашықтық көрсетілген нұсқарлар; хоккей ойыны кезінде «қақпаға енген» шайбаның ұшу траекториясы да осыған мысал бола алады. 1994 жылы Р. Милгрэм мен Ф. Кишино аралас (гибридті) шынайылық немесе шынайылық-виртуалды континуумы моделін ұсынды (1-сурет). Аралас шынайылық виртуалды континуум аясында нақты және виртуалды әлем нысандары бір уақытта бірге тіршілік ететін және өзара әрекеттесетін жүйе ретінде анықталған. Бұл модельдегі аралық буындар – кеңейтілген шынайылық пен кеңейтілген виртуалдылық. Кеңейтілген шынайылық нақты әлемге жақын, ал кеңейтілген виртуалдылық виртуалды әлемге жақын. 1-сурет. Аралас шынайылық моделі Толық шынайылық Кеңейтілген шынайылық (AR) Толық виртуалдылық (VR) Кеңейтілген виртуалдылық (VR) Аралас шынайылық Алматыкiтап баспасы
3D модельдеу 2-бөлім. 70 Бұл модельдің негізгі элементтері 2-суретте берілген. Виртуалды шынайылық (VR) Кеңейтілген шынайылық (AR) Аралас шынайылық (MR) Айырмашылығы Мақсаты Виртуалды шынайылық өзін жеке қалыптастырады, оны толықтай компьютер басқарады. Кеңейтілген шынайылық нақты әлеммен өзара әрекеттесудің жаңа қабаты ретінде цифрлық суреттер, графика немесе сезім сияқты виртуалды компоненттерді қосу арқылы тәжірибені арттырады. Виртуалды нысандарды шындыққа толықтай қосу арқылы интербелсенді орта жасайды. Технологиялары Кеңейтілген және виртуалды шынайылық технологиялары үш компонентті қамтиды: (CGI), 360° табиғи орта панорамасының бейнежазбасын қамтиды не CGI-ді панорамалық бейнежазбамен үйлестіреді,болып жатқан жағдай шынайы екенін білдіретін 3D дыбыстарымен толықтырылған. Программалық жасақтамаға цифрлық суреттердің мазмұнын талдауға мүмкіндік беретін компьютерлік көру сияқты жасанды интеллект технологиялары. 2-сурет. Аралас шынайылық моделінің элементтері Толық шынайы - лық - бізді қоршаған ның бәрі Виртуалды шынайылық - цифрлық әлем Кеңейтілген шынайылық - виртуалды элементтері бар нақты әлем Кеңейтілген виртуалдылық - нақты әлемнің физикалық элементтерімен толықтырылған виртуалды әлем 1-кесте Виртуалды, кеңейтілген және аралас шынайылықтардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары Алматыкiтап баспасы
71 2.1.-2.2. Виртуалды және кеңейтілген шынайылық 1-кестенің жалғасы Берілу тәсілі Виртуалды шынайылық қолданушыға дулыға немесе пульт арқылы көрсетіледі. Бұл жабдық адамды виртуалды шынайылықпен байланыстырады, нақты әлемді имитациялай отырып, қарастырылып отырған ортада өз іс-әрекеттерін бақылауға және басқаруға мүмкіндік береді. Кеңейтілген шынайылық көмегімен нақты әлемнің түсін өзгерту үшін, ноутбук, смартфон және планшет сияқты мобильді құрылғылар барынша көп қолданылады. Бұл – цифрлық суреттер мен графиканың өзара әрекеттесуі. Аралас шынайылықтың әртүрлі формаларын қабылдау үшін, голографиялық және толықтай ену деген екі түрлі құрылғы қолданылады. Голографика – голограммаларды қолдану арқылы қоршаған ортаны көруге мүмкіндік беретін мөлдір көзілдірік. Толықтай ену (батыру) көзілдіріктерінде VR гарнитураларына ұқсас мөлдір көзәйнек бар, олар сені нақты әлемнен толық қорғайды, бірақ бақылауға арналған камералары болады. Өзара әрекеттестігі Шынайы әлем бұғатталған және қолданушы цифрлық ортаға толығымен енген. Адамның ортасын өзгертпейді, тек оған жасанды элементтер әкеледі. Цифрлық контент кеңістікке қосылмаған. Көруші оларды шынайы ретінде қабылдайтындай өздерінің орындарына бекітілген виртуалды заттар ендіріледі. Сенімділікті арттыру мен нақты әлемдегі виртуалды нысанмен өзара әрекеттесу – аралас шынайылықтың негізгі кезеңдері. Ұқсастығы Қолдануы Ойын индустриясы Денсаулық сақтау саласы Туризм саласы Маркетинг Кеңейтілген және виртуалды шынайылық технологиялары Кеңейтілген және виртуалды шынайылық технологиялары құрылғы, программалық қамтамасыз етілім мен контент (мазмұны) деген үш компоненттен тұрады. Виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың түрлі құрылғыларын қарастырайық (3-сурет). Виртуалды шынайылық құрылғылары Дулыға мен көзілдірік. Дулыға кигенде қолданушының көз алдында екі дисплей орнайды. Шорлар (жыпылықтағыш) сыртқы жарықтың түсуінен қорғайды, стереоқұлаққаптар, кіріктірілген акселерометрлер мен датчиктер де бар. Дисплейде үшөлшемді ортаның шынайы қабылдауын қамтамасыз ете отырып, бір-біріне қатысты аздап ығысқан стереоскопиялық бейнелер көрсетіледі. Алматыкiтап баспасы
3D модельдеу 2-бөлім. 72 Виртуалды шынайы лық бөлмелері. Суреттер бөлменің қабырғаларына тікелей көрсетіледі, көбінесе бұл Motion Parallax 3D дисплей түрінде болады. Олардың көмегімен қолданушы көлемді затты көреді, себебі экранда қолданушының экранға қатысты күйіне байланысты жасалған виртуалды нысанның арнайы проекциясы жасалады. Қосалқы гарнитуралар. Ақпараттық қолғаптар мен джойстиктер қолданушының кеңістіктегі жағдайы мен оның әрекетін жақсы анықтауға көмектеседі. Өзге құрылғылар. Оларға аяққа арналған түрлі платформалар мен жүгіру жолдарын жатқызуға болады. Қолданушы аяғының қозғалысын бақылай алады, ал жол болған жағдайда нақты әлемдегі кедергілерге тап боламын деп қауіптенбей-ақ, кеңістікте еркін қозғала алады. Кеңейтілген шынайылық құрылғылары (4-сурет). «Ақылды көзілдірік» пен дулығалар. Компьютерлік көру технологиясының көмегімен кіріктіріліп орнатылған датчиктері мен камералары бар автономды және жинақы құрылғылар қолданушының айналасындағы кеңістікті талдауға, ондағы бағдарлауға арналған кеңістік картасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мобильді құрылғылар. Кез келген заманауи смартфон немесе планшет кеңейтілген шынайылық құрылғысы бола алады, оған тиісті программаны орнату жеткілікті. Нысандарды тану үшін, көбі3-сурет. Виртуалды шынайылық құрылғылары Үстелүсті дулығалары Жүгіру жолы Аяқ платформасы Мобильді гарнитуралар VR автономды көзілдіріктері Виртуалды шынайылық бөлмелері Қосалқы гарнитуралар Алматыкiтап баспасы
73 2.1.-2.2. Виртуалды және кеңейтілген шынайылық 4-сурет. Кеңейтілген шынайылық құрылғылары Мобильді құрылғылар «Ақылды көзілдірік» Интербелсенді стендтер мен дүңгіршектер несе таңбалау шы технология қолданылады. QR-код, генерацияланған нүкте, логотип, компьютерлік көру және адамдарды тану таңбалаушы қызметін атқаруы мүмкін. Кеңейтілген шынайылықта кескінделетін интербелсенді стендтер мен дүңгіршектер. Құрал әртүрлі көрмелерде, сату саласында кеңінен қолданылады. Стендтер мен дүңгіршектер белгілі бір мәнмәтінде қойылады. Виртуалды және кеңейтілген шынайылықты қолданатын салалардың көбейіп жатқанына қарамастан, оларды жаппай қолдануды шектейтін бірқатар кемшіліктер де бар (2-кесте). 2-кесте Виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың кемшіліктері Кемшіліктері Сипаттау Аппараттық қамтамасыз ету Виртуалды шынайы лық ортасында өнімдерді қолдануға арналған үлкен немесе ыңғайсыз гарнитуралар. Кеңейтілген шынайы лықта шолу бұрышы кішкентай. Сапалы контенттің кемшілігі Нақты нысандар мен құбылыстарды виртуалды әлемге тасымалдау кезіндегі ғылыми дәлдік тұрғысынан жіберілген қателер; дұрыс пысықталмаған әлем (тұтастықтың болмауы, элементтер арасындағы қате кеңістіктік қатынас). Құрылғылар құнының қымбаттығы Көптеген компаниялардың өнімін пайдалану үшін, арнайы дулыға мен көзілдірік сатып алу керек. Мобильді құрылғылар, дулығалар мен көзілдіріктердің қарапайым нұсқасы жарамайды. Қауіпсіздік Дербес деректерді және құпия ақпаратты қорғау тетігінің болмауы. Программалық қамтамасыз ету Контенттің нақты платформаға немесе құрылғыға бейімділігінің жеткіліксіздігі шынайылықтың екі түрі үшін де өзекті. Алматыкiтап баспасы
3D модельдеу 2-бөлім. 74 Apple негізінде жұмыс істейтін құрылғы Android негізінде іске қосылмайды. HTC Vive пен PlayStation VR де осындай. AR және VR программаларының бәрі кроссплатформа негізді емес, бұл оларды қолдану мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді. Қолданушыға әсері Жүрек айну, бас айналу, бас ауруы, көздің шаршауы, бағдардың жоғалуы, нақты әлем нысандарымен шатастыру қаупі бар. Бірақ осы кемшіліктерге қарамастан, виртуалды және кеңейтілген шынайылық біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып барады. Sephora, Nestlé және Jaguar Land Rover компаниялары жеке кеңес беру, тауарлардың шығуы туралы ақпарат немесе олардың өнімдеріне арналған қосымша қызметтер ұсыну үшін, AR-мен тәжірибе жасады. Ал Ikea компаниясы AR-ды өз қосымшасына толық шоғырландырды, соның арқасында қолданушылар үйлерінде жаңа жиһаздың қалай орналасатынын көре алады. AR-ға деген қызығушылық күн санап өсуде. Apple компаниясының бас атқарушы директоры Тим Кук сұхбатының бірінде: «AR күніне үш рет тамақ ішу сияқты маңызды болады», – деп мәлімдеген еді. Жақында Facebook әлеуметтік желілердегі 3D нысандарын цифрлық модельдеуге байланысты жұмыс жоспарын жариялады, соның арқасында қолданушылар жаңалықтар легіне және достармен тілдесуге жаңа мүмкіндіктер алады. 1. «Виртуалды және кеңейтілген шынайылық» деген не? 2. Виртуалды және кеңейтілген шынайылықты қолдану бойынша мысалдар келтір. 3. Виртуалды шынайылыққа «ену» үшін қандай құрылғылар керек? 4. Виртуалды шынайылықты өмірде қалай қолданып жүрміз? Мысалдар келтір. Білу мен түсіну Деңгейлік тапсырмаларды орында. А деңгейі. Кестені толтыр. Виртуалды шынайылық Кеңейтілген шынайылық Визуалдау құрылғылары Суреттің түпнұсқасы Қоршаған орта Болашағы/жаңа қыры Бар немесе жоқтығы Қабылдау Қолдану 2-кестенің жалғасы Алматыкiтап баспасы
75 2.1.-2.2. Виртуалды және кеңейтілген шынайылық В деңгейі. «Виртуалды және кеңейтілген шынайылық» кестесін толтыр. Қолдану саласы VR-ді қолдану тәсілі AR-ді қолдану тәсілі Спорт Медицина Білім беру Өнеркәсіп Сауда Киноиндустрия С деңгейі. Венн диаграммасын қолдана отырып, виртуалды және кеңейтілген шынайылықты салыстыр. 1. «Виртуалды және кеңейтілген шынайылық эволюциясы» хронологиялық тізімін жаса. 2. Кеңейтілген шынайылықтың санаттары, яғни ойын-сауық, саяхат, тұрмыста қолдану бойынша қосымша таңда. Оның белгіленуін, артықшылығы мен кемшілігін сипатта. 3. «Виртуалды және кеңейтілген шынайылық» тақырыбы бойынша ұғымдар мен анықтамалардың сәйкестігіне тапсырма жаса. 1. Неліктен виртуалды шынайылықтың болашағы зор деп ойлайсың? 2. Адам қызметінің қандай да бір саласын таңдап алып, сол салада виртуалды шынайылықты қолданудың артықшылықтарын көрсет. 3. Адам қызметінің қандай да бір саласын таңдап, сол салаға кеңейтілген шынайылықты қолдану мүмкіндігін айт. 4. Қалай ойлайсың, бұл модельдер кеңейтілген және виртуалды шынайылықтармен қалай байланысқан? Топта талқылаңдар. 1. Қай салада виртуалды шынайылықты, ал қай салада кеңейтілген шынайылықты көп қолданады? 2. Аралас шынайылықты қолданатын саланы атаңдар. Үй тапсырмасы Топтық жұмыс Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар Алматыкiтап баспасы
3D модельдеу 2-бөлім. 76 виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың адамның психикасы мен денсаулығына әсерін; виртуалды және кеңейтілген шынайылық технологияларының болашағы туралы білесің. Иммерсивтілік – иммерсивность – immersive Бұқаралық ақпарат құралдары мен интернеттен иммерсивтілік1 туралы оқыған болуың мүмкін. Сарапшылар жаңа дәуір – иммерсивті есептеулердің дәуірі келді деп есептейді. Соңғы 30 жылда технологияның дамығаны соншалық, пернетақта мен тінтуірдің көмегімен басқарылатын мәшинелердің орнына саусақпен басқаруға болатын экрандар, бұйрығыңды түсінетін «ақылды қондырғылар» пайда болуда. Виртуалды және кеңейтілген шынайылық дене қимылы мен көзқарас сияқты табиғи тәсілдердің айналасында құрылған сценарийлерді ұсынып, мобильді экранға бағытталған назарымызды айналамыздағы нақты немесе симуляциялық әлемге аудартып, қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтерді (1-сурет). Күнделікті өмірде виртуалды және кеңейтілген шынайылық технологияларын қолданудың негізгі бағыттарын қарастырайық (2-сурет). Кез келген жаңа технологияны енгізу адамның жаңа ортаға бейімделуін көздейді. Виртуалды шынайылық барлық сезім мүшелеріне әсер ете алады, осылайша виртуалды әлемді барынша шынайы етеді. Алайда адам қабылдайтын ақпараттың ең жоғарғы көлемі (80%-дан 90%- ға дейін) көру мүшесінен келіп түседі екен, сондықтан виртуалды, 2.3 2.4 ВИРТУАЛДЫ ШЫНАЙЫЛЫҚТАҒЫ АДАМ Бүгінгі сабақта: Негізгі ұғымдар: Виртуалды және кеңейтілген шынайылықтардың не екенін есіңе түсір. Виртуалды және кеңейтілген шынайылық технологияларын пайдалануға байланысты қандай мәселелер бар? 1 Иммерсивтілік – адамның психологиялық жай-күйін қамтамасыз ететін ортаның технологиялық бөлігіне тән қасиеті. Oндағы адамның ішкі «Мені» өзін қандай да бір ортамен қоршалған белгілі бір ортаға еніп, онымен өзара әрекетке түскендей қабылдайды. Алматыкiтап баспасы
77 1-сурет. Өзара әрекеттесу технологияларының эволюциясы 2.3.-2.4. Виртуалды шынайылықтағы адам 2-сурет. VR мен AR-ді қолдану бағыттары Аударма Білім Қосылған қаптама Мобильді ойындар VR мен AR-ді қолдану бағыттары Сатып алар алдында қолданып көру Қарапайым тапсырма- ларды орындау Геолокация Нұсқаулықтар Аппараттық қамтамасыз ету Интерфейс Интерфейс Құрылғылар меңзер шерту енгізу тач свайп сөйлеу ым-ишара көзқарас көңіл күй «Ақылды экрандар» Түйсікті өзара әрекеттесу кеңейтілген және аралас жүйелердің негізгі міндеті – адамның көз торында виртуалды әлемнің табиғи бейнесін қалыптастыру. Виртуалды шынайы лық технологиясы қоршаған ортаға ешқандай қатысы жоқ виртуалды әлемді қалыптастырады. Көзбен біз тек виртуалды әлемді қабылдаймыз. Бұл әлем бізді жан-жағымыздан қоршайды. Біз жан-жаққа қарап, басымызды бұрып, қозғалып, осы өзгерістердің бәрін сезе аламыз. Яғни біз виртуалды әлемге толығымен енеміз, табиғи қабылдауды басқа сезу мүшелері арқылы визуалды қабылдаудың сәйкессіздіктері ғана жоя алады. Мысалы, біз виртуалды әлемде жоқ нақты қабырғаға соғыламыз немесе виртуалды баспалдақтан төмен түсіп келе жатып, тегіс еден үстінде құлаймыз. Алматыкiтап баспасы
3D модельдеу 2-бөлім. 78 Сондықтан виртуалды және шынайы әлемнің арасындағы алшақтық мәселесі үнемі туындап отырады. Кейбір адамдар үшін виртуалды шынайылық ойындармен байланысты. Әсіресе танымал жанрлар – RPG21 және басты кейіпкерден тұратын шытырман оқиғалы ойындар. Мұнда адам виртуалды әлемге толығымен еніп кетеді. Бұл ойындар шынайы өмірден алшақтап, бір сәтке қиындықты ұмытуға мүмкіндік береді, ал қарапайым компьютерлік ойындарда мұндай мүмкіндік жоқ. Адам виртуалды әлемге толығымен еніп, басқаша өмір сүреді деуге болады. Бір жағынан бойыңды еркін ұстап, қиындықтарды ұмытасың, сондай-ақ жаңа сезімді бастан кешіресің, бірақ оның теріс тұстары да бар. Виртуалды шынайылықтың психикаға тигізетін әсері әлі күнге дейін егжей-тегжейлі зерттелмеген, бірақ кейбір фактілер қазірдің өзінде белгілі. Виртуалды әлем тәуелділік тудырады, кейбір адамдар жаңа сезімге бөлену үшін бәрін, тіпті ұйқыны да ұмытады. Виртуалды әлемге үйір адам өзінің кейіпкерінің рөліне терең еніп кетуі мүмкін, бұл оның шынайы өмірдегі мінез-құлқына әсер етеді. Сондай-ақ адам уақытты ұмытып, шын өмірден бейхабар болып қалады. Осындай әсерлерге қарамастан, адамның денсаулығы виртуалды шынайылықтан зардап шегуі мүмкін деп пайымдауға болмайды. Психикалық бұзылуларды VR арқылы емдеу жолында түрлі зерттеу жүргізілуде. Оның көмегімен күйзеліске шалдыққан адамдарды емдеуге болады. Сонымен қатар виртуалды шынайылық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін аса қажет болуы мүмкін. Ойындарда басқа ойыншылармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ өзінің арманын орындауға мүмкіндік бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдар осы виртуалды әлемге еніп, барлық шектеу мен қиындықтарды бір сәтке болса да ұмытып кетеді. VR технологиясы себепсіз қорқынышты, күйзелісті емдеу үшін, диагностикада қолданылады, сондай-ақ жадты, зейінді және кеңістіктік ойлауды жаттықтырады (3-сурет). 2 RPG – компьютерлік рөлдік ойындардың түрі, онда ойыншы ойдан шығарылған кейіпкер рөлінде ойнайды. 3-сурет. VR технологиясын медицинада қолдану Алматыкiтап баспасы
79 2.3.-2.4. Виртуалды шынайылықтағы адам 1. Кестені толтыр. Адамның денсаулығына тигізетін оң әсері Адамның денсаулығына тигізетін теріс әсері Виртуалды шынайылық Кеңейтілген шынайылық 2. Интернеттен информатика, физика, химия мен биология пәндері бойынша қандай виртуалды зертханалар бар екенін анықта. Олардың тізімін жаз. 3. Интернет ресурстарын қолдана отырып, виртуалды және кеңейтілген шынайылық нарығын зертте, болашағына болжам жаса. Деңгейлік тапсырмаларды орында. А деңгейі. Виртуалды «өмірдің» оң мен теріс жақтарын салыстыр. В деңгейі. Елордамыздың әсем жерлеріне виртуалды тур жасап, алған әсеріңді жолжазба ретінде жаз. С деңгейі. «Виртуалды ойынға тәуелділіктің алдын алу» тақырыбына буклет жаса. 1. Зерттеу мен ойын-сауық салаларында виртуалды технологияларды дамытуға не кедергі? 2. Білім беруде виртуалды және кеңейтілген шынайылықтарды қолданудың тиімділігі туралы өз ойыңды айт. Оқу үдерісін қызықты әрі тартымды ету үшін, виртуалды және кеңейтілген шынайылықтарды қалай қолдануға болатындығына ұсынысыңды жаса. 3. Ұсынылған схеманы қарастырып (1-сурет), өзара әрекеттесу технологияларын дамытудың келесі кезеңін болжа. 1. Күнделікті өмірге виртуалды және кеңейтілген шынайылықтарды ендірудің қауіп-қатерін талқылаңдар. 2. «Виртуалды және кеңейтілген шынайылық бағыттары» бойынша 2-суретке өз пікіріңді білдір. Оған тағы не қосу керектігін айтып, сонан соң оны топта талқылаңдар. Үй тапсырмасы Топтық жұмыс Қолдану 1. Күнделікті өмірде виртуалды және кеңейтілген шынайылық технологиялары қолданылған негізгі бағыттарды атап көрсет. 2. VR-дің медицинада қолданылуына мысал келтір. 3. Смартфондарда кеңейтілген шынайылықтың қандай түрлері қолданылады? Білу мен түсіну Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар Алматыкiтап баспасы
3D модельдеу 2-бөлім. 80 виртуалды тур; 3D панорамасын; виртуалды тур мен 3D панорама жасау үшін қандай программа керектігін; виртуалды тур мен 3D панорама қалай жасалатынын білесің. Панорамалық фотосурет – панорамная фотография – рanoramic photography Сфералық панорама – сферическая панорама – VR photography 3D панорама – 3D панорама – 3D panorama Виртуалды тур – виртуальный тур – Virtual tour Технологиялардың дамуына байланысты үйде отырып-ақ компьютерден немесе смартфоннан дүниежүзінің кез келген жеріндегі музей мен көрме залдарын аралау мүмкіндігі пайда болды. Виртуалды турлар – ақпаратты ұсынудың ең тиімді әрі сенімді тәсілдерінің бірі. Олар қызықты виртуалды экскурсия жасауға мүмкіндік береді. Адам соның ішінде жүргендей сезімге бөленеді. Бейнежазба немесе фотосуреттердің қарапайым топтамасына қарағанда, виртуалды тур интербелсенді. Саяхат барысында қандай да бір нысанды жақындатуға немесе алыстатуға, айналдырып қарауға, интерьердің жеке бөлшектерін егжей-тегжейлі зерттеуге, панораманы алыстан көруге болады. Бір панорамадан екіншісіне ауысуға, мысалы, жеке бөлмелерде, т.б. серуендеуге мүмкіндік бар. Осының бәрінен өзіңе ыңғайлы қарқынмен асықпай өтесің. 2.5 3D ПАНОРАМА ЖӘНЕ ВИРТУАЛДЫ ТУР Бүгінгі сабақта: Негізгі ұғымдар: Панорамалы фотосурет – шолу жасау ауқымы үлкен фотосурет. Суретке түсіру кезінде бірнеше түсірілім жасалады да, фотоаппарат немесе оған қоса берілген программа оларды бірыңғай панорамаға біріктіреді. Сфералық панорама – панорамалық фотосуреттің бір түрі. Ол компьютерде (арнайы программа көмегімен) көрсетуге арналған. Алматыкiтап баспасы
81 2.5. 3D панорама және виртуалды тур Сфералық панораманың негізін сфералық немесе куб проекциясындағы көптеген жекелеген кадрлардан жиналған сурет құрайды. Сфералық панорамаға тән ерекшелік – қоршаған кеңістікті толығымен көрсету үшін мүмкіндігінше кең аумақ қамтылады. Егер сфералық немесе куб проекциясының суретін сфераға немесе кубқа салатын болсақ, 3D панораманы аламыз (1-сурет). 1-сурет. Сфералық және куб проекциялары 3D панорама – сфераға немесе кубқа проекцияланған панорамалы фотосурет. Оны шолу нүктесін қозғалту арқылы қарау ға болады. 3D панорамаға фототүсірілім жасау Бір виртуалды панорама жасау үшін камераның әртүрлі көлбеу бұрышында суреттер топтамасын жасайды. Графикалық файлды 3D панорамаға түрлендіру Бұл мақсатта әртүрлі программалар қолданылады. Фотосуреттерді өңдеу Сапалы түсірілген әрі біріктірілген 3D панорама қосымша өңдеуді қажет етпейді. Ал қажет болған жағдайда оны кез келген графикалық редактормен жасауға болады. 3D панораманы біріктіру Біріктіру арнайы программада жүргізіледі. Біріктіргеннен кейін барлық фотосуреттерді программа эквидистанттық (бірдей қашықтықтағы) проекцияда бір графикалық файлда жасайды. 1-схема 3D панораманы жасау кезеңдері 3D панорама сфераның немесе кубтың ішінде қарастырылады. Бұл 3D фигураны айналдыра отырып, бақылау нүктесін өзгертуге, ал фокустық қашықтықты өзгерту масштабты басқаруға мүмкіндік береді. Алматыкiтап баспасы
3D модельдеу 2-бөлім. 82 3D панорамаға арналған сфералық проекция жасау үшін қоршаған кеңістікті түгел суретке түсіріп, арнайы программада біріктіру керек. Куб проекциясын сфералық түрлендіру арқылы алуға болады. Сфералық панорамаларды қараудың заманауи программалары қолданушыға қайда қарау керектігін таңдауға, өзін қызықтыратын нысандарға жақындауға мүмкіндік береді. Сфералық проекцияның сыртқы түрі тұтас, түйісу нүктелері немесе бір бейнені екіншісіне жапсырған кезде көрінетін сызықтары жоқ. Кәдімгі фотосуретті жинағанда мұндай әсерге қол жеткізе алмайсың. Фотопанорамаларды арнайы шолғыштар арқылы көруге болады. Java-аплеттің қолдауы болғанда немесе арнайы плагинді орнатқан жағдайда фотопанорама түрлерін интернет-браузерден де көруге болады. Сфералық 3D панорамалардың артықшылығы 3D панораманың интербелсенділік және ақпараттылық деген екі маңызды қасиеті бар. Интербелсенділік. Дәстүрлі фото немесе бейнежазбадан (видеодан) айырмашылығы – 3D панораманы көру кезінде сен белсенді көрерменсің. Тінтуір, пернетақта, мобильді құрылғы болған жағдайда саусақпен 3D панораманы кез келген бағытқа бұруға болады. Ал дәстүрлі фотосуреттер мен бейнежазбада мұндай қызмет түрі жоқ. Онда фотограф немесе оператор назарын неге аударса, тек соны ғана көре аласың. Ақпараттылық. Өзіңе ыңғайлы жылдамдықпен үйдің ішін мұқият қарауға мүмкіндік береді. Виртуалды тур Виртуалды тур – бірнеше панорамалық фотосуреттің (сфералық не цилиндрлік) жиынтығы. Бір панорамадан екінші панорамаға белсенді аймақтар (оларды байлау нүктелері немесе өту нүктелері деп атайды) арқылы өтеді. Осы белсенді аймақтарда тікелей суреттерде бейнеленген зат, сонымен қатар турдың жоспары есепке алынады. Виртуалды тур фондық музыкамен, әдеттегі фотосуреттермен, бейнероликтермен, flash-роликтермен, турлардың жоспарымен, түсіндірмелермен және байланыс ақпаратымен толықтырылуы мүмкін (2-сурет). Алматыкiтап баспасы
83 2.5. 3D панорама және виртуалды тур 2-сурет. Виртуалды тур Виртуалды турда кәдімгі фотосуреттерді интербелсенді қарау сипатымен ерекшеленетін фотопанорамалар негізге алынған. Виртуалды турды қолданушы белсенді аймақтар арқылы немесе тур картасын басшылыққа ала отырып, панорамалар арасында қозғала алса, тіпті қызықты болады. Виртуалды турды жасау процесін үш кезеңге бөлуге болады. Олар: нысанды суретке түсіру, алынған суреттерді өңдеу және виртуалды турды түпкілікті құрастыру. Виртуалды турлар басқа арнайы қосымшаларда (турларды құрастырушыларда) алдын ала құрылған фотопанорамалардан жиналады. Жеке фотопанорамалар өзара оларға бөлінген белсенді аймақтар (фотопанорамалардағы арнайы аумақтар) есебінен біркелкі ауыса отырып байланысады. Олар тек бір панорамадан екіншісіне ауыстырып қана қоймай, нысандар туралы қосымша ақпаратты бейнелеу үшін де қолданылады. Белсенді аймақтар технологиясы виртуалды келушінің назарын панораманың жекелеген бөліктеріндегі ақпаратқа аударуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар виртуалды турға үй-жайлар және қолданушыларға өздерінің тұрған жерін анықтауға мүмкіндік беретін, навигаторлардың интербелсенді жоспарлары енгізілуі мүмкін. Турды жоспар бойынша, өту нүктелері бойынша немесе жобаны жасау кезінде анықталған жоспарға сәйкес автоматты түрде қарауға болады. Виртуалды турларды да интернет-браузерден, сондай-ақ әрбір тур құрастырушысы үшін ерекше виртуалды турларды арнайы шолушылардан көруге болады. Виртуалды турларды жасауға арналған программалық қосымшалар Турларды құруға арналған программалар түсінікті интерфейспен және жұмыс істеу кезіндегі ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Алматыкiтап баспасы
3D модельдеу 2-бөлім. 84 Бұл саладағы көшбасшы – америкалық IPIX Corporation компаниясы (http://www.ipix.com). Ол – виртуалды тур технологиясының авторы. Оның программалық өнімдері көбінесе турларды әзірлеу кезінде қолданылады. Алайда басқа компаниялардың балама нұсқалары да бар. Олар да жақсы нәтиже алуға мүмкіндік береді, бірақ әлдеқайда арзан. Сондай-ақ виртуалды турларды тегін құрастырушылар да бар, бірақ мұндай программалардың мүмкіндіктері шектеулі. 3D панорамаларды онлайн режімде жасау мүмкіндігі бар. Онлайн-сервистер фото саны мен олардың мөлшеріне шектеу қояды, сондықтан олардың мүмкіндіктері компьютерге орнатылған программалармен салыстырғанда шектеулі. Image Composite Editor Image Composite Editor (ICE) – Microsoft Research Computational Photography тобы құрған панорамалық бейнелердің кеңейтілген редакторы. Программаның ресми сайты https://www.microsoft.com. Microsoft Image Composite Editor программасының негізгі мүмкіндіктері 2-схемада берілген. Түрін анықтай отырып панорама құрудың автоматты алгоритмі Алынған суреттің ауқымды аймағы бойынша автоматты түрде кесу Тегіс, цилиндрлік және сфералық проекцияда панорамалар жасау Камера қозғалысының бірнеше түрін қолдау Пуассон жылдам алгоритмін қолдану арқылы экспозицияны араластыру Шығу форматтарының кең спектрін қолдау: HD Viev, Silverlight Deep Zoom, TIFF, JPEG, PNG, т.б. 2-схема IСE мүмкіндіктері FreeDEXpano FreeDEXpano – Adobe Flash Player көмегімен панорамалар, виртуалды турлар, VR нысандар мен интербелсенді таныстырылымдар жасауға арналған тегін программа. Программаның тегін нұсқасын http://pano.3dex.ru/download.html ресми сайтынан жүктеп алуға болады. FreeDEXpano көмегімен компьютер арқылы жеке панорамаларды немесе толыққанды виртуалды турларды көріп, оларды сыртқы тасымалдаушыға жазып алып, достарыңа көрсете аласың. Панораманы кез келген интернет-парақшаға кіріктіре орнатуға болады, интернетті қолданушылардың бәрі оны көре алады. Алматыкiтап баспасы
85 2.5. 3D панорама және виртуалды тур FreeDEXpano-ның артықшылықтары 3-схемада берілген. Қолжетімділік панорамаларды тарату үшін қосымша программа қажет емес. Интербелсенді Панорамаларды толық экранға ашып көруге, пернетақта, тінтуір немесе батырмалардың көмегімен панорамаларды көруді басқаруға, виртуалды тур сахналары арасында және сыртқы интернет сілтемелерге өтуге мүмкіндік береді. Көпплатформалылық Windows, Mac немесе Linux 32 және 64 bit негізінде жұмыс істей алады. Әмбебап Көру үшін Adobe Flash Player v.9 және одан да жоғары нұсқаларда қолданылады. Тегін жеке, сондай-ақ коммерциялық мақсатта емін-еркін қолдануға болады. 3-схема FreeDEXpano-ның артықшылықтары Жасалған панорама интернет арқылы тарату үшін де, компьютерде көру үшін де қолданылады, кез келген HTML парақшасына кіріктіріліп орнатылуы да мүмкін. Сондай-ақ XML көмегімен икемді баптауға, FreeDEXpano GUI көмегімен бірыңғай SWF файлға компиляциялауға (құрастыруға) болады. Плагиндер жүйесі кез келген функцияны қосуға және барлық элементтердің сыртқы түрін өзгертуге, ал трафик үнемдеу үшін қолданылмайтын модульдерді өшіруге мүмкіндік береді. 3D панорама немесе виртуалды тур жасау үшін программаларды өзің таңдайсың. Қарапайым 3D панорамаларды жасап үйрену қиын емес. Күрделі интербелсенді виртуалды тур жасау – көп еңбекті қажет ететін процесс, өйткені жасалған 3D панорамалардың сапасы соған байланысты болады. 1. «3D панорама» деген не? 2. «Виртуалды тур» деген терминге анықтама бер. 3. 3D панораманы жасау кезеңдерін ата. 4. Виртуалды тур мен 3D панорама қалай өзара байланысқан? 5. Сфералық 3D панораманың артықшылықтарын ата. 6. Виртуалды турлардың артықшылықтары неде? Білу мен түсіну Практикалық тапсырма FreeDEXpano программасын қолдана отырып, оқу кабинетінің (сынып бөлмесінің) панорамасын жаса: Қолдану Алматыкiтап баспасы
3D модельдеу 2-бөлім. 86 1-ҚАДАМ. Кез келген ыңғайлы жерден (программаның жүктелген нұсқасы бар бумадан) жаңа бума аш. Кабинеттің сол, оң, алдыңғы мен артқы жақтарын, төбесі мен еденін фотоға (2-сурет) түсіру қажет. Ол бумаға freedexpano.swf бумасына *.jpg форматындағы панорама суретін көшір. 2-ҚАДАМ. freedexpano.swf деген файлдың атауын өздеріңе ыңғайлы кез келген атауға өзгерт, мысалы, klass.swf. Панорама суретінің атауын өзгерт, ол «klass.swf» деген файл атауынан басталып, «_» белгісі арқылы жақтың атауымен аяқталуы керек. Панораманың алдыңғы жағы үшін файлдың атауы «klass«+»_front» → «klass_front.jpg» болады. Суреттерді автоматты түрде анықтауға арналған жақтардың атауы бекітілген: «_front» – куб панорамасының алдыңғы жағына арналған; «_left» – сол жаққа арналған; «_right» – оң жаққа арналған; «_back» – артқы жаққа арналған; «_top» – жоғарғы жаққа арналған; «_bottom» – төменгі жаққа арналған. 3-ҚАДАМ. klass.swf файлын іске қос, өзің жасаған панорама көрініп тұратын Adobe Flash Player терезесі ашылады. Дайын панораманы мұғалім мен сыныптастарыңа көрсет (егер қателесіп, файлдарды қате атасаң, freeDEXpano-ны іске қосқан кезде «Images loading error» деген хабарламаны көресің. Файлдардың атауын тағы тексер). Онлайн-құралдарды қолдана отырып, Нұр-Сұлтан қаласы көшелерінің фотопанорамасын жаса. 1. Жарнамалық бизнесте виртуалды турларды қолданудың артықшылықтарын ата. 2. Бір саласын таңдап, онда 3D панорама мен виртуалды турды қолдану мүмкіндіктерін бағала. 3. Виртуалды тур мен 3D панорама бір-бірімен қалай байланысады? Ойыңды айт. Сфералық панорама мен виртуалды турларды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылаңдар. 1. Виртуалды тур жасауға арналған программалық қосымшалар жарнамасының буклетін жаса. 2. Өз мектебіңнің панорамасын жаса. 3. «3D панорама мен виртуалды турлар» тақырыбында ұғымдар мен анықтамалардың сәйкестігі бойынша тапсырма әзірле. Үй тапсырмасы Топтық жұмыс Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар Алматыкiтап баспасы
87 2.5. 3D панорама және виртуалды тур Панораманы қалай түсіреді? Панорамалық түсірілім жасау үшін, нодальді нүктенің айналасында фотоапаратты бұрып, ретімен түсіресің. Қатар орналасқан суреттер жалпы аумақтың 20% ауданын алуы қажет. Дәл осы аумақтардың талдауы программаға барлық кадрды бір панорамаға құрастыруға көмектеседі. Панорамаларды түсіру кезінде не істеу қажет? • Фотоаппаратты қолмен орындау режіміне келтір (Ол М белгісімен белгіленеді). • Анық көрінетін режімге қой. Түсірілім барысында панораманың бастиегінсіз түсірілген кадрларды есте сақтап, суреттерді жауып отыру қажет. Солдан оңға, жоғарыдан төмен қарай түсір (1-сурет). 3D панорамасы үшін фотоға түсіру кезінде қандай талаптарды орындауды; программалық қамтамасыз етілімді қолдана отырып, 3D панорамасын құруды үйренесің. Панорамалық фотосурет – панорамная фотография – рanoramic photography Сфералық панорама – сферическая панорама – VR photography 3D панорама – 3D панорама – 3D panorama IMAGE COMPOSITE EDITOR ПРОГРАММАСЫНДА 3D ПАНОРАМАСЫН ҚҰРУ 2.6 Бүгінгі сабақта: Негізгі ұғымдар: 1-сурет. Панорама үшін дайындалған фотосуреттер Алматыкiтап баспасы
3D модельдеу 2-бөлім. 88 • Барлық нысан анық түсуі үшін, анық көріну режімін (фокустауды) қолмен бапта. • Фотосуреттердің айқындылығы жақсы болуы үшін, диафрагманың санын ең жоғарғысына қой (мысалы, F9.0). • Жарықты есепке ала отырып, ISO режімін орнат. • Суретте жарыққа шағылысқан немесе тым қошқыл аумақтар болмайтындай түзету керек. Егер экспозицияның (жарықтың түсірілу уақытын) өзгергенін бұғаттамаса, онда жеке фотосуреттердің параметр лері мен ISO бірдей болмайды да, панораманың кейбір тұстары жарыққа шағылысып немесе күңгірт тартып қалады (2-сурет). 3-сурет. ICE программасының нұсқасын таңдау терезесі Image Composite Editor программасын орнату Программаны Microsoft ресми сайтынан жүктеп алу. Microsoft сайтын ашу. Сайт бойынша Іздеуді (Поиск) қолданып, research-ті ашу, сонан соң іздеуге ICE-ді енгізіп, программаның қажетті нұсқасын таңдау керек (3-сурет). 2-сурет. Дұрыс түсірілмеген панораманың нәтижесі ICE программасында панорама құру Панорама үшін фотосуреттер дайын болған кезде оларды жинау керек. Программаны орнатқаннан кейін Windows-тың Басты мәзірінде оның белгісі пайда болады. Программаны қосқанда терезе пайда болады (4-сурет). Алматыкiтап баспасы
89 2.6. Image Composite Editor программасында 3D панорамасын құру Программа интерфейсі Әрбір жеке қосымша беттің мәні мен функциясы (қызметі): • New Panorama from Image фотосуреттен панорама құру үшін қолданылады. • New Panorama from Video бейнежазба негізінде панорама құру үшін қолданылады. • Open Panorama алдында сақталған ICE жобасын ашуға мүмкіндік туғызады. Панораманы құру Панораманы құру үшін, фотосуреттердің негізінде New Panorama from Image батырмасын бас. Панорама үшін қажетті фотосуреттер бар буманы таңдау қажет, осыдан кейін диалогтік терезе ашылады (5-сурет). Фотосуреттерді таңдағаннан кейін, олар программа терезесінде көрінеді (6-сурет). 4-сурет. Image Composite Editor программасының интерфейсі 5-сурет. Фотосуретті таңдауға арналған диалогтік терезе 6-сурет. Программаның таңдалған фотосуреттер терезесі 7-сурет. Камераның қозғалысын таңдау Бұл кезеңде камераның қозғалысын таңдауға болады (7-сурет): • Auto-detect: үнсіздік бойынша құ рыл ғы. Бұл режімде ICE бейнедегі кадрларға немесе келтірілме суреттерге сүйе не отырып, камераның қозғалысын автоматты түрде анықтауға тырысады. • Planar motion: ICE режімін таңдау барысында қандай да бір бұрмалаусыз, Алматыкiтап баспасы
3D модельдеу 2-бөлім. 90 түзету жасамай суреттерді кесіп өтуді көздейді. Фотосуреттердің мөлшерін өзгертуге және айналдыруға ғана болады. • Planar motion with skew: Planar motion режіміне ұқсас, одан бөлек қисайған суреттерді түзетуге болады. • Planar motion with perspective: бұл режім алдыңғы режімдердің барлық қызметін атқарады, сонымен қатар көріністің бұрмаланған тұстарын жөндейтін қызметпен толықтырылған. Мұндай режім жазықтық панорамасын түсірген кезде тек бір нүктеден ғана қолданылады. Алыс бұрышында геометриялық формалар кәдімгідей бұрмаланады, бірақ бұны осы режім жөндейді. • Rotation motion: кеңінен танылған режім. Ол камера орналасқан нүктенің айналасында айналған кезде қолданылады. Келесі қадам панораманы біріктіреді. Ол – STITCH. Нәтижесінде желімделген сурет шығады (8-сурет). Бұл кезеңде панораманың проекция түрін таңдауға болады (9-сурет). 8-сурет. Stitch операциясының нәтижесі 9-сурет. Проекция түрі Тиісті режімді таңда. Режімді ауыстырған кезде өзгерістер автоматты түрде жүреді. Таңдалған панораманың түріне қарай тінтуір мен тордың көмегімен суреттің формасын өзгертуге болады. Суреттің бағдарын да өзгерте аласың. CROP батырмасын басып, суретті автоматты түрде немесе қолмен кесуге болады. Бұл кезеңде панораманың жетпей тұрған бөліктерін толықтыруға болады, ол үшін Auto Complete функциясы қолданылады. Компьютер орналастырылған пиксельдерге сүйене отырып, панорамада пайда болған бос жерлерді қандай өрнек және суреттермен Алматыкiтап баспасы
91 2.6. Image Composite Editor программасында 3D панорамасын құру толтыруға болатындығын болжайды. Бірақ бұл инс трумент тек шектеулі жағдаяттарда ғана жұмыс істейді. Осы функцияның көмегімен күрделі емес бөліктердің кішкентай аумағын толтыруға болады. EXPORT – ең соңғы кезең. Бұл бетте сақталатын панораманың форматы, т.б. баптау түрлері таңдалынады (10-сурет). Құрылған панораманы сақтау үшін, Export to disk батырмасын басу керек. Егер файлдағы программаның жобасына өзгеріс енгізгің келсе, Сақтау (Сохранить) батырмасының көмегімен (11-сурет) немесе стандартты Ctrl+S пернесімен сақтайсың. Файл жобасы spj форматында сақталады. 10-сурет. Файл форматын таңдау 11-сурет. Программаның құралдар тақтасы Параграфта баяндалған программалық қамтамасыз етілімде немесе кез келген, мысалы, http://www.dermandar.com ресурсынан материал дайындап, сфералық панорама құр. 1. Панораманы түсірудің қандай ережелері бар? 2. Панораманы түсіру алгоритмін айт. 3. Панораманы құрудың негізгі кезеңдерін ата. 1. Панораманы құруда бақылау нүктесі не үшін қажет? 2. ICE программасымен жұмыс істеудің қандай ерекшеліктері бар? 3. ICE программасының артықшылықтары мен кемшіліктерін ата. 4. Қандай жағдайда 3D панорамасын, ал қандай жағдайда виртуалды турды қолданған дұрыс? Графикалық файл форматтарының негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылаңдар. ICE программасын қолданып, сфералық панорама құр. Үй тапсырмасы Топтық жұмыс Білу мен түсіну Қолдану Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар Алматыкiтап баспасы
3D модельдеу 2-бөлім. 92 pano.3dex.ru ресми сайтынан программа жүктеп алу керек. Панораманы сақтағаннан кейін қарапайым жеке панорама үшін freeDEXpano GUI программасын қолдануға болады. Программаны қолмен немесе арнайы графикалық интерфейсі бар freeDEXpano GUI 2 программасының көмегімен баптауға болады. Турларды құруды қолмен баптаған дұрыс. Программа freedexpano_gui_2_2_2 файлының көмегімен қосылады. Сфералық панораманың суретін импорттау керек (1-сурет), ол алты суреттен тұратын кубтық панорама болып өзгереді. Программаның негізгі беттерін қарастырайық: программалық қамтамасыз етілімді қолданып, 3D панорама мен виртуалды тур құруды үйренесің. 3D панорама – 3D панорама – 3D panorama Виртуалды тур – виртуальный тур – Virtualtour ВИРТУАЛДЫ ТУР МЕН СФЕРАЛЫҚ ПАНОРАМАНЫ FREEDEXPANO GUI ПРОГРАММАСЫНДА ҚҰРУ 2.7 1-сурет. freeDEXpano GUI 2 программасы Бүгінгі сабақта: Негізгі ұғымдар: Алматыкiтап баспасы
93 2.7. Виртуалды тур мен сфералық панораманы freeDEXpano GUI программасында құру Суреттер Кубтық панораманың жақтарын бейнелеу Мұнда кубтық панораманың жақтарын бейнелеуге арналған 6 терезе орналасқан. Суретті таңдау үшін, тиісті терезені шертесің. Баптауды жеңілдету үшін жоғарғы мен төменгі терезелерде ең жоғарғы (максималды) және ең төменгі (минималды) көру бұрышы әдепкі қалпы бойынша көрсетіліп тұрады. Егер айналуға шектеу қою режімі таңдалынса, онда барлық терезелерде суреттің жартысы көлегейленеді. Көруші көру бұрышы мен қарау бағытын қалай баптаса да көре алмайды. Сондай-ақ бастапқы қарау бағыты көрсетіледі. Таңдалған суретті тазалау үшін, тиісті суреттің × белгішесін басу қажет. Превью (кішірейтілген сурет) Егер осы опция қосылып тұрса, онда роликті жариялаған кезде жүктеуге дейінгі кішірейтілген негізгі ақ-қара түсті суреттер түрлендіріледі. Көрініс режімін (сценаны) баптау (2-сурет). 2-сурет. Көрініс режімін (сценаны) баптау Алматыкiтап баспасы
3D модельдеу 2-бөлім. 94 Бастапқы қарау бағыты – роликті ашу кезіндегі қарау бағыты. Ол вертикаль бағыт бойынша -900-тан (төменге қарау) 900-қа (жоғары қарау) өзгеруі мүмкін. Горизонталь бойынша -7200-тан 7200-қа дейінгі аралықта. Қарау бұрышы – freeDEXpano программасы көрушіге суретті жақындатуға және алыстатуға мүмкіндік береді. Бастапқы қарау бұрышынан көруші суретті мейлінше жақындатады немесе барынша алыстата алады. Қарау бұрышын шектеу режімі 3600-қа толмайтын панораманы құру кезінде қолданылады. Сен бірнеше фото түсірдің делік, немесе көруші бір толық айналымнан көп емес панораманы көргенін қалайсың. Ол үшін қарау бұрышын шектеу режімі қолданылады. Шектеудің әдепкі қалпы өшірілді, оны белсендіру үшін тиісті жалаушаны қондыру керек. Горизонталь бойынша 7200-тан -7200-қа дейін. Ең үлкен мәні – -900-тан 900-қа дейін. Бейнелеу Бұл баптаулар панораманың суретін салуға қажет (3-сурет). 3-сурет. Сурет салу Сегменттердің саны – сурет салуға арналған кубтың әрбір жағы бөлінеді. Қарау бұрышында роликтердің төмен мәнінде аралықтар кең, ал үлкен мәнінде тар болады. Үлкен мәндер панораманы көру барысында процессордың үлкен қарқынмен жүктелуіне әкеп соғады. Алматыкiтап баспасы
95 2.7. Виртуалды тур мен сфералық панораманы freeDEXpano GUI программасында құру Панорама мен қарау бұрышының пропорциясын ескере отырып, мәндерді таңдау және аралықтар болмайтындай ең кіші мәнді орнату қажет. Ең кіші мән = 1. Ең үлкен мән = 16. Әдепкі қалпы бойынша = 8. Жүктеу индикаторы Бұл баптаулар жүктеу индикаторының сыртқы түріне жауап береді. Жүктеу индикаторының түсін еркін таңдауға болады. Айналу қосымша беті 4-суретте берілген. 4-сурет. Айналу қосымша беті Бұл баптаулар қарау кезінде панораманың автоматты түрде айналуына жауап береді. Роликті жүктеу кезінде айналу. Егер осы опция таңдалса, онда роликті жүктеу барысында автоматты түрде айналу қосылады. Көруші айналуды өзі өшіріп, қайтадан қоса алады. Айналмай тұрып кідіру. Панорама айналмай тұрып, өтетін уақытын секундпен көрсетеді. Жылдамдық – мәні 1-ден 100-ге дейін жететін панораманың айналу жылдамдығы. Тінтуір (5-суретті қара). Бұл баптаулар тінтуірдің көмегімен панораманы көру кезіндегі басқаруға жауап береді. Айналу жылдамдығы тінтуірді жылжыту барысында қаншалықты жылдам айналғанын көрсетеді. 0-ден кем мәнде панорама қарама-қарсы жаққа айналады. Алматыкiтап баспасы
3D модельдеу 2-бөлім. 96 5-сурет. Қосымша бет. Тінтуір Өшу баптауы тінтуірді жібергеннен кейін, панораманың инерция бойынша қанша айналатынын көрсетеді. Мән үлкен болған жағдайда айналу да ұзағырақ болады. Тінтуірдің дөңгелегімен жақындату баптауы ролик тінтуірдің айналдыру дөңгелегіне қалай әрекет ететініне жауап береді. Мүмкін болатын нұсқалар: • жақындату/алыстату қолданылмайды; • жақындату/алыстату тек толық экранды режімде ғана қосылған; • жақындату/алыстату үнемі қосылып тұрады. Меңзер Бұл баптау көру кезінде меңзерді қолдануына жауап береді, жүйелік меңзердің орнына қолданылады. Қосымша меңзерді қолдану. Егер опция қосылып тұрса, онда панораманы көрсету кезінде жүйелік меңзер өшіріліп, қолданушы белгісі көрінеді. Батырмалар Бұл баптаулар батырмалардың орналасуы мен оның қасиеттеріне жауап береді. Әдепкі қалып бойынша батырмалар бапталған, қажет болғанда керексіз батырмаларды жасырады, орындарын ауыстырады. Скриптілер Бұл бөлімде панорамада қолданылатын скриптілер көрсетіледі. Скриптілер әдепкі қалпы бойынша бапталған, бірақ оларды өзгертуге болады. Алматыкiтап баспасы
97 2.7. Виртуалды тур мен сфералық панораманы freeDEXpano GUI программасында құру Жарияланым Жобаның аты. Жобаның сақталған аты көрсетіледі. Барлық суретті бір SWF файлына жазу. Егер опция өшіп тұрса, онда жоба файл баптауында және ойнатқыш файлының SWF форматында суреттердің бірнеше файлы түрінде жазылады. Егер опция қосылып тұрса, онда жоба бір SWF файлына жазылады. Flash құру Бұл батырманы басқан кезде диалогтік терезе – Буманы шолу (Обзор папок) ашылады да, жобаны сақтауға арналған бума таңдалынады. Жобаның аты жазылғаннан кейін ғана батырма белсенді болады. Өзің белгілеген жерде жобаны сақтағаннан кейін, freeDEXpano программасы толығымен бапталады және компьютерден көрсетуге, интернетте, т.б. web-беттерде жарияланым жасау үшін дайын болады. Плагиндерді қолдану – қолмен баптау Бар панорамаға бейнежазба жасайтын, оны дыбыспен сүйемелдейтін, қалқымалы сөз бейнелейтін, хотспот қосып, белсенді аумақтар құратын, т.б. кіріктіруге болатын плагиндер бар. Жаңа плагиндерді қосу үшін, баптау файлында бірнеше ат беру керек. Егер программаға бір плагин қосылса, онда кіріктірілгендердің бәрі автоматты түрде өшеді. Осыған байланысты, егер сыртқы плагинді қолданбақ болсаң, онда өшкен кіріктірілгендердің орнына қосымша сыртқы плагиндерді қосу керек, мысалы, мынадай: • pano_f10_3 (Adobe Flash-ті қолданып, суреттер салу); • mouse_inert (тінтуірдің көмегімен көруді басқару); • toggles_default (қарапайым ауыстырып-қосқыштар); • buttons_default (қарапайым батырмалар); Плагиндердің құрылымы ашық, сондықтан Action Script 3 тілін қолданып, өзіңнің жеке плагиніңді жазуыңа болады. Файл аттары және олардың орналасуы freedexpano.swf файлын өзіңе қолайлы жерге орналастырып, оған басқа ат қоя аласың. Баптау файлдарын автоматты түрде жүктеу үшін, freedexpano. xml файлы freedexpano.swf файлы орналасқан бумада болуы тиіс. Алматыкiтап баспасы
3D модельдеу 2-бөлім. 98 Егер freedexpano.swf-тің атын өзгерткен болсаң, онда freedexpano. xml-ды да солай атау керек. Суреттері бар панорама файлдарын өзіңе қолайлы жерге орналастыруға болады әрі оларға кез келген атты қоя аласың. HTML-беттеріне программаны салу кезінде баптау файлының аты программа файлының атынан өзгеше болуы тиіс және файл суреттері секілді басқа сайтта орналасады. Плагин файлдары өзіңе ыңғайлы кез келген жерде орналасады, олардың атын өзгертуге болады. Плагин нұсқасы мен өзіндік атын білу үшін, оны қосу керек. 1. Интернет-ресурстарды қолданып, 3D панорамасы мен онлайн виртуалды турын құру туралы ақпарат тауып оқы. Осы программаларға шолу жаса. 2. Бірнеше (3-4) сфералық панорама құр, мысалы, кабинет, кітапхана, асхана, мектеп холы. 1. FreeDEXpano GUI программасының артықшылықтары мен кемшіліктерін ата. 2. FreeDEXpano мен freeDEXpano GUI программаларын салыстыр. Үй тапсырмасы Білу мен түсіну Қолдану Сарамандық жұмыс А деңгейі. Құрылған сфералық панораманы қолданып, freeDEXpano GUI программасының көмегімен 3D панорама құр. В деңгейі. А деңгейінің тапсырмасын орында. Өзіңнің панорамаңды былай бапта: бұрылып қарауды шектеу, жақындату/алыстату тек толық экранды режімде мүмкін болуы тиіс. С деңгейі. В деңгейінің тапсырмасын орындап, батырмалар мен скриптілердегі баптауларды өзгерт. Солға, оңға, төмен, жоғарыны көрсететін меңзерлерді алып тастап, тек панораманы «+» – жақындату, «–» – алыстату батырмаларын қалдыр. Топтық жұмыс Қандай жағдайда freeDEXpano программасын, ал қандай жағдайда freeDEXpano GUI программасын қолданған дұрыс? FreeDEXpano мен freeDEXpano GUI программаларын салыстыр. Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар Алматыкiтап баспасы
99 Хотспоттарды құру Хотспоттар – панораманың белгілі бір жерінде көрсетілетін әрі онымен бірге айналатын суреттер. Хотспотқа арнайы әрекет берілуі мүмкін (мысалы, хотспот есіктің жанында орналасқан. Оған басқан кезде көрші бөлмеге өтіп кетесің). Роликтің тереңдігін, орны мен тұнықтығын баптауға болады. XML freeDEXpano файл баптауына, тікелей оның қолданылуы жоспарланған көріністе (сценада) қосылатын хотспотты құру үшін, плагин қолданылады. Хотспотты құру үшін, Блокнотты ашып, келесі программалық кодты құр: <hotspot side="right" x="50" y="70" icon="a" alpha_out="65" alpha_down="100" alpha_over="85" action_up="script_scene1" z_index="10"/> <script id="script_scene1"> <scene id="scene1"/> </script> Бұл кодты сақта. Оны кейінірек XML файл баптауында көшіріп алу керек. Осы программалық кодты қарастырайық. hotspot – хотспот баптауындағы тарау аты. Әр тарау басқан кезде өзінің әрекетімен бір хотспот қосады. Егер бірнеше хотспот құру керек болса, онда соған сәйкес тарау саны қосылады. side – хотспот байланатын кубтық панораманың жағы. 3D панорама мен виртуалды турды хотспоттармен бірге құруды үйренесің. «МЕКТЕП БОЙЫНША ВИРТУАЛДЫ ТУР ҚҰРУ» ПРАКТИКУМЫ 2.8 Хотспот – хотспот – hotspot 2.9 Бүгінгі сабақта: Негізгі ұғымдар: 2.8-2.9. «Мектеп бойынша виртуалды тур құру» практикумы Алматыкiтап баспасы
3D модельдеу 2-бөлім. 100 x – панораманың шетіндегі суреттегі горизонталь орналасқан жері, оған хотспот байланады. Мәні пайызбен көрсетіледі. «0» – суретті сол жақ бойынша түзету; «100» – оң жақ бойынша түзету. y – панораманың шетіндегі суреттегі вертикаль орналасқан жері, оған хотспот байланады. Мәні пайызбен көрсетіледі. «0» – суретті жоғары жақ бойынша түзету; «100» – төменгі жақ бойынша түзету. Alpha – пайызбен көрсетілетін хотспоттың тұнықтылығы. «100» – толық тұнық емес (мәні әдепкі қалпы бойынша); «0» – толық тұнық. Мәні автоматты түрде үш параметрге беріледі: alpha_out, alpha_over, alpha_down. Егер оларға әртүрлі мән берілсе, онда бұл параметрлерді қолданғанда мыналар есте болуы керек: alpha_out – меңзердің оған бағытталмаған кезіндегі хотспоттың тұнықтылығы. alpha_down – басқан кездегі хотспоттың тұнықтылығы. alpha_over – меңзердің оған бағытталмаған кезіндегі хотспоттың тұнықтылығы. action_up – ID скрипт, басқан нысанды жібергеннен кейін орындалады. Қолдану мысалы – хотспотты басқаннан кейін басқа көрініске ауысу (басқа панораманы көру): <action_up="script_scene_1"/> <script id="script_scene_1"> <sceneid="scene_1"/> </script> z_index – роликтегі элементтердің көріну ретін басқарады. Мектеп бойынша виртуалды турды құру 1. «Мектеп бойынша тур» бумасын құр. 2. Алдында құрылған мектеп холы, кітапхана, асхана, т.б. сфералық панорамасын қолдана отырып, енді freeDEXpano GUI программасында панорама құр. 3. Құрылған панорамаларды осы бумада сақта. 4. Үнсіздік бойынша жасалған freeDEXpano файлдарының атын «холл», «кітапхана», «асхана», «кабинет» деп өзгерт. XML конфигурациясының файлдарына да осындай атаулар берілуі керек. 5. Суреттері бар панорамалар бумаға сәйкес аттары бар Images бумасында сақталуы тиіс (1-сурет). Алматыкiтап баспасы